8
№44 (4210), 16.06.2016, бейсенбі www.mediaovd.kz Газет 1933 жылдан бастап шығады РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ сЛеТ КоМИССИЯНЫҢ АТАУЫ өЗГЕРТІлдІ ТӘлІМГЕР ТӘЖІРИБЕСІ КЕН ОРНЫН БіРЛЕСЕ зЕРТТЕйДі Қызметке жаңа кіріскен жас қызметкерлерді кәсіби шыңдау мен жауапкершілігі мол ортаға бейімдеудің маңызы өте зор. Ол үшін әр жас маманға білікті тәлімгерді бекіткен жөн. Тәлімгердің мол тәжірибесі, оның бағыт-бағдары мен оқып-үйретуі теориялық білімді нақты өмірде қолдануда таптырмайтын құрал екені даусыз. Себебі, жас қызметкерлердің ұжымға тез сіңуіне, Анты мен қызметтік борышына адал болуына тәлімгердің көмегі зор. Слетке Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі С.Молдашев пен Ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полиция подполковнигі Ә.Шудабаев, қызмет еткеніне бір жыл толмаған жас қызметкерлер, сондай-ақ, олардың тәлімгерлері қатысты. Шараның басты мақсаты – жас қызметкерлерге адамгершілік және патриоттық тәрбие беру болып табылады. Салтанатты шараны ҚАзАҚСТАН РЕСПуБЛИКАСЫ ПРЕзИДЕНТі ЖАНЫНДАғЫ СЫБАйЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КүРЕС МӘСЕЛЕЛЕРі ЖӨНіНДЕГі КОМИССИЯНЫң АТАуЫ ӨзГЕРТіЛДі. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңның қабылдануына байланысты Президенттің Жарлығымен комиссияның аты өзгертілді. Енді ол ҚР Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия деп аталатын болады. Комиссия құрамынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты Сүлейменов Қайырбек Шошанұлы шығарылды», – деді кеше Ақордада комиссия отырысын ашқан Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова. Мемлекеттік хатшы өз сөзінде бүгінгі оты- рыс барысында білім беру саласындағы сы- байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бой- ынша қабылданған шаралар, Ұлттық қор қаражатын пайдалану ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар, мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтингін қалыптастыру мәселелері бойынша қабылданған іс-шаралар талқыланатындығын атап өтті. Комиссия отырысына бейне селекторлық режімде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссиялардың мүшелері, білім департаменттерінің басшылары және жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты. Гүлшара Әбдіқалықова 3 жылда білім беру саласының 386 қызметкері жемқорлық құқық бұзушылыққа барғаны үшін сотталғанын айтты. «Жемқорлыққа қарсы стратегияда қазақстандық қоғамның жемқорлыққа қарсы әдебі мен мәдениеті «Мәңгілік ел» идеологиясы тұрғысында қалыптасуы тиіс. 5 институттық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» Ұлт Жоспарында Мемлекет басшысы білім беру мәселесіне айрықша мән берген. 5 жыл ішінде білім беру саласына мемлекеттік шығыстар 2011 жылғы 1 трлн. теңгеден 2015 жылы 1,37 трлн. теңгеге дейін өсті», – деді Г.Әбдіқалықова. Мемлекеттік хатшы білім беру саласындағы жемқорлыққа қарсы қолданылып отырған шаралардың әлі де жеткіліксіз болып отырғандығын баса айтты. Мәселен, қаржылық бақылау комитетінің 2014-2015 жылдар мен 2016 жылдың 1 тоқсаны кезеңдеріне жүргізген тексеру нәтижесінде заңнаманың 116 млрд. теңгеге бұзылғаны анықталған. «Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы, бюджет заңнамасын бұзғаны үшін 1040 лауа- зымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тар- тылып, білім беру саласының 386 қызметкері жемқорлық құқық бұзушылыққа барғаны үшін сотталды», – деді ол. Жиын барысында Бас прокурор Ж.Асановтың, Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышевтің, Қаржы министрі Б.Сұлтановтың, Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің, Мемлекеттік қызмет істері министрі Т.Донақовтың баяндамалары тыңдалды. Алматыда қысқы Универсиада-2017 ны- сандарына қауіпсіздік тұрғысынан тексе- ру жүргізілді. Бұл туралы Алматы қалалық Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі департаменттің баспасөз қызметінен ха- барлады. «Алматыда адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға төнуі мүмкін қауіп- қатерлерді болдырмау мақсатында Алматы қаласы әкімінің тапсырмасын орындау үшін Қысқы универсиада-2017 нысандарын- да радиологиялық және токсикологиялық қауіпсіздік бойынша зертханалық-аспаптық зерттеу жүргізілді. Медеу ауданындағы 3000 мың орындық Мұз аренасы мен 12 000 мың орындық Мұз сарайы және 5000 орындық атлетикалық қалашықтағы тексеру жұмыстарын Алматы қаласының тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі департаменті және «Ұлттық сараптама орталығы» РМК жүргізді», – делінген хабарламада. Жүргізілген зертханалық-аспаптық зерттеу- лер, яғни дозиметрлік бақылау, бөлмелердің ауасында радон құрамы мен оның ыдыраған өнімдерінің мөлшері, құрылыс материалдары мен басқа да бұйымдардың радиоактивтік деңгейі өлшенді. зерттеу қорытындысы бой- ынша олардың Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарының талаптарына сай екендігі анықталды. Ақтөре ҚуАНЫШЕВ, Атырау облысы АТЫРАу ОБЛЫСЫ МАМАНДАНДЫРЫЛғАН КүзЕТ ҚЫзМЕТі БАСҚАРМАСЫНДА ЖАС ҚЫзМЕТКЕРЛЕР МЕН ТӘЛіМГЕРЛЕРДің СЛЕТі ӨТТі. алғысөзімен ашқан басқарма бастығы С.Молдашев жаңадан тағайындалған қызметкерлердің кәсіби қызметте бейімдеуде тәлімгерлер институтының орны ерекше екенін атап өтті. «ішкі істер органдары қызметкерлерінің бой- ында азаматтық-құқықтық дүниетанымды оң жолға қойып, қазақстандық патриотизмді дамыту, Анты мен қызметтік борышына адал жандарды тәрбиелеу – міне, біздің ең бірінші қолға алатын мәселеміз осылар», – деді ол. Ал, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Шудабаев жас мамандарға өткен өмірінен, қызмет өткерген жылдарынан нақты мысалдар келтіріп әсерлі әңгімелеп берді. Шара барысында батальон командирлері мен тәлімгерлер құрамы ба- яндама жасап, күнделікті қызметте кездесіп отырған жас қызметкерлерге қатысты өзекті мәселелерді тілге тиек етіп, жас мамандардың біліктілігін арттыруда тәлімгерлердің алатын орнының ерекшелігіне ерекше тоқталды. Слетке қатысқан жас қызметкердің бірі, полиция кіші сержанты Қ.Өтесінов жас мамандардың атынан сөз алып: «ішкі істер органдарында қызмет ететінімді мақтан тұтамын, тәлімгер-ұстаздарымыздан үйренетініміз әлі де көп, сіздердің алдарыңызда елімізге ішкі істер саласына адал қызмет етуге уәде береміз» – деді. Слет барысында жас қызметкерлерді отансүйгіштік және адамгершілік- эстетикалық тұрғыда тәрбиелеу мақсатында арнайы экскурсия да ұйымдастырылды. Қызметкерлеріміз тарихи жерлерге, атап айтқанда, Атырау қаласындағы «Жеңіс саябағына» жаңадан салынған тәжік-ауған шекарасындағы жауынгерлік қимылдарға және әскери қақтығыстарға қатысушыларға арналған ескерткіш алаңын, Атырау облыстық ііД музейін, тарихи-өлкетану мұражайларын аралады. Сонымен қатар, Атырау облы- сы Махамбет ауданындағы жеті ханның жерленген жері – көне Сарайшық қаласының орнына барып, өлкенің тарихымен жақынырақ танысып, жан- жақты мағлұматтар алды. АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА БОЛғАН ЛАңКЕСТіК ШАБуЫЛ САЛДАРЫНАН зАРДАП ШЕККЕН АзАМАТТАРғА КӨМЕК ҚОЛЫН СОзу МАҚСАТЫНДА ҚЫзЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕйЛЕР ҚАН ТАПСЫРу ШАРАСЫН ӨТКізіП, ЕЛіМіз үШіН ҚИЫН СӘТТЕРДЕ БүКіЛ ҚАзАҚСТАН ХАЛҚЫМЕН БіРГЕ ЕКЕНДіКТЕРіН КӨРСЕТТі. Игі шара Қызылорда облыстық ішк і істер департаментінің ұйымдастыруымен маусым айының 13-15 күндері аралығында өтті. Шараның басты мақсаты – қанды оқиғада көз жұмған құрбандарды еске алу және ауыр қазаға ұшыраған отбасылардың қайғысына ортақтасу, зардап шеккен азаматтарға көмек қолын созу болып та- былады. 13 маусым күні таңғы сағат 9-дан бастап полиция қызметкерлері облыстық медицина орталығына жиналып, өз еріктерімен қан тапсыр- ды. Қамқорлық акциясына түске дейін барлығы 50-ге жуық қызметкер қатысып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің «қиналғанға қол ұшын бер» принципін басшылыққа алатындықтарын дәлелдеді. қызылорда облыстық ІІд баспасөз қызметі игі іс қиналғанға қол ұшын бер парламент Мәжілісінің жалпы отыры- сында «1998 жылғы 6 шілдедегі қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хатта- маны ратификациялау туралы» заң жоба- сы мақұлданды. Бұл келісім Қазақстан мен Ресейдің, олардың уәкілеттік тұлғалары арасындағы Құрманғазы (Қазақстан) кен орнын, Центральный және Хвалынское (Ресей) кен құрылымдарын, Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің түбін бірлесіп иге- ру бойынша қызметтің құқықтық негіздерін бекітеді. «2015 жылы екі ел басшылары Центральный геологиялық құрылымын жете барлау құқығын бөлу жөніндегі өзгерістерді қамтыған хаттамаға қол қойған болатын. Центральныйдың құрылымы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде, Ақтау қаласының оңтүстік батысына қарай 150 шақырым, Астрахань қаласынан 440 шақырым қашықтықта Ресей секторында орналасқан. Жұмыс учаскесіндегі су тереңдігі 350-500 метрді құрайды. Ресей тарапының алдын ала деректері бойынша құрылымда 90 млн. тонна мұнай, соның ішінде С-1 санаты бойынша - 6 млн. тон- на, С-2 санаты бойынша 84 млн. тонна мұнайды құрайды», – деді Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов. Оның айтуынша, өзгерістер негізінен Ресейдің Жер қойнауын пайдалану жөніндегі федералдық агенттігінің бірлескен кәсіпорынына «Нефтегазовая Компания Центральная» ЖШҚ жете барлау жүргізуге ли- цензия алуға уәждемелік бас тартуға қатысты болып отыр. Ресей заңнамасына сәйкес, жете барлау бөлігінде шектеулер белгіленген. Атап айтқанда, геологиялық зерттеулерге қатысты жалпы мерзімі мен барлауды ұзарту мүмкіндігін қарастырмайды және бес жыл мерзімге беріледі. «Осыған байланысты хаттамаға өзгерістер енгізіліп отыр. Тұтастай алғанда, Центральный құрылымын игеру Каспий теңізінің солтүстік бөлігін игеру кезіндегі геологиялық ақпараттар алуға, қазақстандық кадрлар үшін жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Бұл теңіз жобаларында жұмыс істеген кезде кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін шыңдайды. Қаржыландыруды Ресей тарапы толықтай өзіне алады», – деді Ә. Мағауов. уНИВЕРСИАДА НЫСАНДАРЫ ТЕКСЕРіЛДі

Сақшы №44 (4210)

Embed Size (px)

DESCRIPTION

Сақшы №44 (4210) 16.06.2016

Citation preview

Page 1: Сақшы №44 (4210)

№44(4210),

16.06.2016, бейсенбі

www.mediaovd.kzГазет 1933 жылдан бастап шығадыГазет 1933 жылдан бастап шығады

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

сЛеТ

КоМИССИЯНЫҢ АТАУЫ өЗГЕРТІлдІ

ТӘлІМГЕР ТӘЖІРИБЕСІ

КЕН ОРНЫН БіРЛЕСЕ зЕРТТЕйДі

Қызметке жаңа кіріскен жас қызметкерлерді кәсіби шыңдау мен жауапкершілігі мол ортаға бейімдеудің маңызы өте зор. Ол үшін әр жас маманға білікті тәлімгерді бекіткен жөн. Тәлімгердің мол тәжірибесі, оның бағыт-бағдары мен оқып-үйретуі теориялық білімді нақты өмірде қолдануда таптырмайтын құрал екені даусыз. Себебі, жас қызметкерлердің ұжымға тез сіңуіне, Анты мен қызметтік борышына адал болуына тәлімгердің көмегі зор.

Слетке Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі С.Молдашев пен Ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полиция подполковнигі Ә.Шудабаев, қызмет еткеніне бір жыл толмаған жас қызметкерлер, сондай-ақ, олардың тәлімгерлері қатысты. Шараның басты мақсаты – жас қызметкерлерге адамгершілік және патриоттық тәрбие беру болып табылады. Салтанатты шараны

ҚАзАҚСТАН РЕСПуБЛИКАСЫ ПРЕзИДЕНТі ЖАНЫНДАғЫ СЫБАйЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КүРЕС МӘСЕЛЕЛЕРі ЖӨНіНДЕГі КОМИССИЯНЫң АТАуЫ ӨзГЕРТіЛДі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңның қабылдануына байланысты Президенттің Жарлығымен комиссияның аты өзгертілді. Енді ол ҚР Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл мәселелері жөніндегі комиссия деп аталатын болады. Комиссия құрамынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты Сүлейменов Қайырбек Шошанұлы шығарылды», – деді кеше Ақордада

комиссия отырысын ашқан Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова.

Мемлекеттік хатшы өз сөзінде бүгінгі оты-рыс барысында білім беру саласындағы сы-байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бой-ынша қабылданған шаралар, Ұлттық қор қаражатын пайдалану ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар, мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтингін қалыптастыру мәселелері бойынша қабылданған іс-шаралар талқыланатындығын атап өтті.

Комиссия отырысына бейне селекторлық режімде облыстардың, Астана және Алматы

қалаларының әкімдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссиялардың мүшелері, білім департаменттерінің басшылары және жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты.

Гүлшара Әбдіқалықова 3 жылда білім беру саласының 386 қызметкері жемқорлық құқық бұзушылыққа барғаны үшін сотталғанын айтты.

« Ж е м қ о р л ы қ қ а қ а р с ы с т р а т е г и я д а қазақстандық қоғамның жемқорлыққа қарсы әдебі мен мәдениеті «Мәңгілік ел» идеологиясы тұрғысында қалыптасуы тиіс. 5 институттық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» Ұлт Жоспарында Мемлекет басшысы білім беру мәселесіне айрықша мән берген. 5 жыл ішінде білім беру саласына мемлекеттік шығыстар 2011 жылғы 1 трлн. теңгеден 2015 жылы 1,37 трлн. теңгеге дейін өсті», – деді Г.Әбдіқалықова.

Мемлекеттік хатшы білім беру саласындағы жемқорлыққа қарсы қолданылып отырған шаралардың әл і д е жетк і л і к с і з болып отырғандығын баса айтты. Мәселен, қаржылық бақылау комитетінің 2014-2015 жылдар мен 2016 жылдың 1 тоқсаны кезеңдеріне жүргізген тексеру нәтижесінде заңнаманың 116 млрд. теңгеге бұзылғаны анықталған.

«Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы, бюджет заңнамасын бұзғаны үшін 1040 лауа-зымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тар-тылып, білім беру саласының 386 қызметкері жемқорлық құқық бұзушылыққа барғаны үшін сотталды», – деді ол.

Жиын барысында Бас прокурор Ж.Асановтың, Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышевтің, Қаржы министрі Б.Сұлтановтың, Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің, Мемлекеттік қызмет істері министрі Т.Донақовтың баяндамалары тыңдалды.

Алматыда қысқы Универсиада-2017 ны-сандарына қауіпсіздік тұрғысынан тексе-ру жүргізілді. Бұл туралы Алматы қалалық Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі департаменттің баспасөз қызметінен ха-барлады.

«Алматыда адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға төнуі мүмкін қауіп-қатерлерді болдырмау мақсатында Алматы қаласы әкімінің тапсырмасын орындау үшін Қысқы универсиада-2017 нысандарын-да радиологиялық және токсикологиялық қауіпсіздік бойынша зертханалық-аспаптық зерттеу жүргізілді. Медеу ауданындағы 3000 мың орындық Мұз аренасы мен 12 000 мың орындық Мұз сарайы және 5000 орындық атлетикалық қалашықтағы тексеру жұмыстарын Алматы қаласының тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі департаменті және «Ұлттық сараптама орталығы» РМК жүргізді», – делінген хабарламада.

Жүргізілген зертханалық-аспаптық зерттеу-лер, яғни дозиметрлік бақылау, бөлмелердің ауасында радон құрамы мен оның ыдыраған өнімдерінің мөлшері, құрылыс материалдары мен басқа да бұйымдардың радиоактивтік деңгейі өлшенді. зерттеу қорытындысы бой-ынша олардың Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарының талаптарына сай екендігі анықталды.

Ақтөре ҚуАНЫШЕВ, Атырау облысы

АТЫРАу ОБЛЫСЫ МАМАНДАНДЫРЫЛғАН КүзЕТ ҚЫзМЕТі БАСҚАРМАСЫНДА ЖАС ҚЫзМЕТКЕРЛЕР МЕН ТӘЛіМГЕРЛЕРДің СЛЕТі ӨТТі.

алғысөзімен ашқан басқарма бастығы С.Молдашев жаңадан тағайындалған қызметкерлердің кәсіби қызметте бейімдеуде тәлімгерлер институтының орны ерекше екенін атап өтті. «ішкі істер органдары қызметкерлерінің бой-ында азаматтық-құқықтық дүниетанымды оң жолға қойып, қазақстандық патриотизмді дамыту, Анты мен қызметтік борышына адал жандарды тәрбиелеу – міне, біздің ең бірінші қолға алатын мәселеміз осылар», – деді ол. Ал, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Шудабаев жас мамандарға өткен өмірінен, қызмет өткерген жылдарынан нақты мысалдар келтіріп әсерлі әңгімелеп берді.

Шара барысында батальон командирлері мен тәлімгерлер құрамы ба-яндама жасап, күнделікті қызметте кездесіп отырған жас қызметкерлерге қатысты өзекті мәселелерді тілге тиек етіп, жас мамандардың біліктілігін арттыруда тәлімгерлердің алатын орнының ерекшелігіне ерекше тоқталды. Слетке қатысқан жас қызметкердің бірі, полиция кіші сержанты Қ.Өтесінов жас мамандардың атынан сөз алып: «ішкі істер органдарында қызмет ететінімді мақтан тұтамын, тәлімгер-ұстаздарымыздан үйренетініміз әлі де көп, сіздердің алдарыңызда елімізге ішкі істер саласына адал қызмет етуге уәде береміз» – деді.

Слет барысында жас қызметкерлерді отансүйгіштік және адамгершілік-эстетикалық тұрғыда тәрбиелеу мақсатында арнайы экскурсия да ұйымдастырылды. Қызметкерлеріміз тарихи жерлерге, атап айтқанда, Атырау қаласындағы «Жеңіс саябағына» жаңадан салынған тәжік-ауған шекарасындағы жауынгерлік қимылдарға және әскери қақтығыстарға қатысушыларға арналған ескерткіш алаңын, Атырау облыстық ііД музейін, тарихи-өлкетану мұражайларын аралады. Сонымен қатар, Атырау облы-сы Махамбет ауданындағы жеті ханның жерленген жері – көне Сарайшық қаласының орнына барып, өлкенің тарихымен жақынырақ танысып, жан-жақты мағлұматтар алды.

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА БОЛғАН ЛАңКЕСТіК ШАБуЫЛ САЛДАРЫНАН зАРДАП ШЕККЕН АзАМАТТАРғА КӨМЕК ҚОЛЫН СОзу МАҚСАТЫНДА ҚЫзЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕйЛЕР ҚАН ТАПСЫРу ШАРАСЫН ӨТКізіП, ЕЛіМіз үШіН ҚИЫН СӘТТЕРДЕ БүКіЛ ҚАзАҚСТАН ХАЛҚЫМЕН БіРГЕ ЕКЕНДіКТЕРіН КӨРСЕТТі.

Игі шара Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдастыруымен маусым айының 13-15 күндері аралығында өтті. Шараның басты мақсаты – қанды оқиғада көз жұмған құрбандарды еске алу және ауыр қазаға ұшыраған отбасылардың қайғысына ортақтасу, зардап шеккен азаматтарға көмек қолын созу болып та-былады.

13 маусым күні таңғы сағат 9-дан бастап полиция қызметкерлері облыстық медицина орталығына жиналып, өз еріктерімен қан тапсыр-ды. Қамқорлық акциясына түске дейін барлығы 50-ге жуық қызметкер қатысып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің «қиналғанға қол ұшын бер» принципін басшылыққа алатындықтарын дәлелдеді.

қызылорда облыстық ІІд баспасөз қызметі

игі іс

қиналғанға қол ұшын бер

парламент Мәжілісінің жалпы отыры-сында «1998 жылғы 6 шілдедегі қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңіз інің солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хатта-маны ратификациялау туралы» заң жоба-сы мақұлданды.

Бұл келісім Қазақстан мен Ресейдің, олардың уәкілеттік тұлғалары арасындағы Құрманғазы (Қазақстан) кен орнын, Центральный және Хвалынское (Ресей) кен құрылымдарын, Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің түбін бірлесіп иге-ру бойынша қызметтің құқықтық негіздерін бекітеді.

«2015 жылы екі ел басшылары Центральный геологиялық құрылымын жете барлау құқығын бөлу жөніндегі өзгерістерді қамтыған хаттамаға қол қойған болатын . Центральныйдың құрылымы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде, Ақтау қаласының оңтүстік батысына қарай 150 шақырым, Астрахань қаласынан 440 шақырым

қашықтықта Ресей секторында орналасқан. Жұмыс учаскесіндегі су тереңдігі 350-500 метрді құрайды. Ресей тарапының алдын ала деректері бойынша құрылымда 90 млн. тонна мұнай, соның ішінде С-1 санаты бойынша - 6 млн. тон-на, С-2 санаты бойынша 84 млн. тонна мұнайды құрайды», – деді Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов.

Оның айтуынша, өзгер і стер нег і з інен Р е с е й д і ң Ж е р қ о й н а у ы н п а й д а л а н у жөніндегі федералдық агенттігінің бірлескен кәс іпорынына «Нефтегазовая Компания Центральная» ЖШҚ жете барлау жүргізуге ли-цензия алуға уәждемелік бас тартуға қатысты болып отыр. Ресей заңнамасына сәйкес, жете барлау бөлігінде шектеулер белгіленген. Атап айтқанда, геологиялық зерттеулерге қатысты жалпы мерзімі мен барлауды ұзарту мүмкіндігін қарастырмайды және бес жыл мерзімге беріледі. «Осыған байланысты хаттамаға өзгерістер енгізіліп отыр. Тұтастай алғанда, Центральный құрылымын игеру Каспий теңізінің солтүстік бөлігін игеру кезіндегі геологиялық ақпараттар алуға, қазақстандық кадрлар үшін жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Бұл теңіз жобаларында жұмыс істеген кезде кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін шыңдайды. Қаржыландыруды Ресей тарапы толықтай өзіне алады», – деді Ә. Мағауов.

уНИВЕРСИАДА НЫСАНДАРЫ ТЕКСЕРіЛДі

Page 2: Сақшы №44 (4210)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20132 е-mail: [email protected]№44 (4210), бейсенбі, 16.06.2016 е-mail:[email protected]

ЖАҢАЛЫҚТАР

ƏЛЕМ-АҚПАРАТ

Германия

Тайланд

Босқындар лагеріне оқ атылды

Жастар неге жұмыссыз?Франция

Темір-терсек жейтін қария

Үкімет басшысы Ақтөбе облысына барды

ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ КƏРІМ МƏСІМОВ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ PRIMEMINISTER.KZ ХАБАРЛАДЫ.

Ақтөбе қаласына Премьер-Министр Кəрім Мəсімов басқарған Үкімет делегациясы келді.

К.Мəсімов əуежайға келген бойда оның қауіпсіздік жүйесімен танысып өтті. Сондай-ақ, əуежай стендінде теміржол вокзалының қауіпсіздік жүйесі ұсынылды.

Белгілі болғандай, Ақтөбе қаласындағы қай ғылы оқи ғалардан кей і н Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша əуежай, теміржол вокзалы, адамдар көптеп жиналатын орындарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Сондай-ақ, Кəрім Мəсімов қаланың Батыс-2 шағын ауданында болып, 200 пəтерлі тұрғын үйдің жəне 320 орындық балабақшаның құрылысы барысымен танысты.

Балабақша МЖƏ тетігі аясында салынып жатқанын айта кеткен жөн. Мектепке дейінгі мекеме жаңа ойын құрылыстарымен жəне зама-науи балалар жабдықтарымен жабдықталады.

Жобаның жалпы қ ұны 1 млрд . т ең г е .Өңір басшылары К.Мəс імовке тұрғын үй бағдарламасы мен МЖƏ жобаларын жүзеге асы-ру барысы туралы мəлімдеді. Облыс əкімдігінің мəліметіне сəйкес Мемлекет басшысының бас-тамасымен ағымдағы жылы өңірдегі тұрғын үй құрылысына Ұлттық қордан 19,2 млрд. теңге бөлінген.

А қ т өбе қ ала сының Жұмыспен қ ам т у орталығын аралау барысында Премьер-Министр «Жұмыспен қамтудың жол карта-сы-2020» бағдарламасын жүзеге асырумен жəне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметімен танысты.

Бұдан өзге Кəрім Мəсімов жедел медициналық жəрдем ауруханасында болып, 2016 жылғы 5 маусымда лаңкестік акт кезінде зардап шеккендермен кездесті. Осында Премьер-Министр лаңкестердің шабуылдауы нəтижесінде жаралан ғандарды құ тқару ға қа тысқан медициналық қызметкерлерге алғыс хаттарды табыстады.

КЕШЕ ПАРЛАМЕНТ МƏЖІЛІСІНІҢ ЖАЛПЫ ОТЫ-РЫСЫНДА ПАЛАТА ДЕПУТАТТАРЫ «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖЕР КОДЕКСІНІҢ ЖЕКЕЛЕ-ГЕН НОРМАЛАРЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСЫН ЖƏНЕ «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР КОДЕКСІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ» 2015 ЖЫЛҒЫ 2 ҚАРАШАДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛУІН ТОҚТАТА ТҰРУ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫН ЕКІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАДЫ. ЕНДІ ҚҰЖАТ ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ТАЛҚЫСЫНА ШЫҒАРЫЛАТЫН БОЛАДЫ.

Мəжіліс депутаты Сергей Звольскийдің ай-туынша, заң жобасын талқылау барысында депутаттар тарапынан жер қатынастарын рет-теуге бағытталған басқа да бірқатар ұсыныс келіп түскен. Соның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мəселелері де бар. Алайда, оны бастама жасаған депутат-тар кейіннен өздері алып тастады.

«Біз жер заңнамасына қатысты заңнамалық өзгерістер енгізу мəселесіні тек ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша құрылған Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның отырыс-тары аяқталғаннан кейін ғана қарастырамыз деп шештік. Комиссия жергілікті жұртшылықтың пікірлерін, өңірлердегі мəселелерді терең

қарастырып, талқылауға кіріскен. Осыған байланысты, қаралып отырған заң жобасында Мемлекет басшысының мамыр айындағы мо-раторий туралы Жарлығын іске асыру тетіктері ғана қамтылып отыр», – деді С.Звольский.

Заң жобасы жер заңнамасының кейбір нор-маларын қолдануға мораторий енгізу туралы ҚР Президентінің ағымдағы жылғы Жарлығын орындау мақсатында əзірленген. Аталған заң жобасымен ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін «ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жəне Жер кодексінің бірқатар нормалары тоқтатылады. Атап айтқанда кодекстегі шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды т ұ л ғ а л а р ғ а ж а р ғ ы л ы қ к а п и т а л ы н д а ғ ы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, шетелд ік заңды тұлғалардың үлес і елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау шарттары мен уақытша жерді пай-далану құқығын берумен, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының азаматтарына жəне мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығындағы жер учаскелеріне жекеменшік құқығын берумен байланысты нормаларының қолданысқа енгізу мерзімі тоқтатылады.

Мораторийді қарастыратын заң жобасы

ҚАЗАҚСТАНДА ЖҰМЫССЫЗ АДАМДАРДЫҢ КӨП БӨЛІГІН ЖАСТАР ҚҰРАП ОТЫР. ОСЫҒАН БАЙЛАНЫСТЫ ЖҰМЫССЫЗ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ КЕШЕ АҚТӨБЕДЕ ДЕНСАУЛЫҚ ЖƏНЕ ƏЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРІ ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА МƏЛІМДЕДІ.

Жұмыссыздарды жұмысқа орналастырып, елде жұмыспен қамтылуды қамтамасыз ету үшін бірқатар мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Солардың арасында «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы ерекше танымал.

Т.Дүйсенованың айтуынша, биылғы жылы бұл бағдарламаға 100 млрд. теңге бөлінді, соның ішінде сəуір айында 63 млрд. теңге жұмыссыздар мен өздігінен қызмет етіп жүргендерге көмек көрсету үшін қосымша түрде жіберілді.

А қ т өбе о блысында жұмыспен қ а м т у д ы ң т ү р л і м е м л е к е т т і к бағдарламаларымен 20 мыңға жуық жұмыссыз адамды қамту жоспарланып отыр, бүгінде 8 мың адам қамтылған.

О с ы л а й ш а , А қ т ө б е қ а л а л ы қ ж ұ м ы с п е н қ а м т у о р т а л ы ғ ы н ы ң мəліметтерінше, биыл «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жұмыссыздарды шағын несиелендіруге бөлініп отырған сома өсірілген.

Жұмыспен қамту орталығының мəліметтерінше, 1 маусымда Ақтөбеде 891 жұмыссыз адам есепте тұр, соның ішінде жартысынан көбі – жастар.

Еске сала кетейік, кеше Ақтөбеге Премьер-Министр Кəр ім Мəс імов

б а с қар ғ ан Ү к і ме т д еле г ация сы к елд і .Делегацияның құрамында Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымов, Денсаулық сақтау министрі Тамара Дүйсенова, Ұлттық экономика министр і Қуандық Бишімбаев, Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, Білім жəне ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиева, Ұлттық ұланның бас қолбасшысы Руслан Жақсылықов, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков, Қаржы вице-министрі Руслан Даленов, сенатор Елеусін Сағындықов бар.

АЛДАҒЫ ҮШ ТƏУЛІКТЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІГІНДЕ НӨСЕР ЖАҢБЫР МЕН БАТЫСЫН-ДА АПТАП ЫСТЫҚ КҮТІЛІП ОТЫР. БҰЛ ТУРАЛЫ «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК МАМАНДАРЫ ХАБАРЛАДЫ.

Оңтүстікте – жаңбыр, батыста – ыстық

«Ауа райының өзгеруі республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында байқалады, мұнда оңтүстіктен өте жылы жəне Батыс Сібірдің солтүстік аудандарынан салқын əрі ылғалды ауа массалары «кездеседі». Осындай «кезде-су» қуатты түйдек-жаңбырлы бұлттылықтың өрістеуіне жол беріп, сонымен бірге жаңбыр, кей жерлерде, əсіресе, таулы аудандарда нөсер жаңбыр күтіледі, бұршақ түсуі жəне ауа температурасының көптен күтілген төмендеуі ықтимал», – делінген хабарламада.

Республиканың батысын қоспағанда қалған бөлігінде суық атмосфералық ағындардың əсерімен кей жерлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауып, ауа температурасының аздап төмендеуі болжанып отыр. Қазақстанның батыс облыстарына тропикалық ауа райы келіп жетті. Алдағы үш тəулікте мұнда өте ыстық жəне құрғақ болып, ең жоғары температура 33-41 градусты көрсетеді.

ҚАЗАҚСТАНДА МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЖЫЛЫНА 17,5 МЛН. ТОННАҒА ЖЕТЕТІН БОЛАДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ КЕШЕ ЕЛОРДАДА ӨТКЕН «ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ МҰНАЙДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ЖƏНЕ МҰНАЙ ХИМИЯСЫ» АТТЫ ҮШІНШІ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ КОНФЕРЕНЦИЯ БАРЫСЫНДА ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ МАҒЗҰМ МЫРЗАҒАЛИЕВ МƏЛІМ ЕТТІ.

Вице-министр өз сөзінде еліміздегі Атырау, Шымкент жəне Павлодар мұнай өңдеу за-уыттарын жаңғырту жұмыстарының жүргізіліп жатқандығын еске салып өтті.

«Жаңғыртуды аяқтау біздің ағымдағы ашық түсті мұнай өнімдері импортына тəуелділігімізді толығымен шешуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, К4 жəне К5 сыныпты өнімдерді шығаруды жолға қояды. Мұнан бөлек, мұнай өңдеу көлемін қазіргі уақыттағы жылына 15 миллионнан 17,5 миллион тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді», – деді М.Мырзағалиев.

Айта кетерлігі, Атырау зауытын жаңғырту осы жылдың соңында аяқталса, ал Шымкент пен Павлодар зауыттарын жаңғырту келер жылға жоспарланып отыр.

Жылына 17,5 млн. тонна мұнай

Азық-түлік қауіпсіздігін арттырады

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІ НАРЫҒЫН АҚПАРАТТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕСІ (AMIS ) ƏЛЕМДЕГІ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН АРТТЫРАДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ ЕЛОРДАДА ЖҮЙЕНІ ТАНЫСТЫРҒАН ФАО (БҰҰ АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖƏНЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ҰЙЫМЫ) КЕҢСЕСІНІҢ ЭКОНОМИСІ НАТАЛЬЯ МЕРКУШЕВА МƏЛІМ ЕТТІ.

«AMIS бағаның күрт көтерілуіне үкіметтің реакциясы ретінде құрылған еді. Өздеріңізде жақсы білесіздер, 2008-2010 жылдары баға күрт көтеріліп кетіп, мұндай дағдарысты жағдайда бізде нарықтардың ақпараттық жүйесіндегі көптеген проблемалардың бар екендігі білінді», – деді ол.

Оның атап өту інше, Қазақстанды қоса алғанда əлемнің жетекші 20 астық экс-порттаушы елдерінің Ауыл шаруашылығы министрлігі құрған AMIS азық-түлік тауар-лары нарығы туралы шынайы ақпараттарды арттырудағы үкіметаралық тұғырнама саналады жəне дағдарысты жағдайда саяси шараларды үйлестіруді жақсарта түседі.

Н.Меркушеваның түсіндіруінше, AMIS-тің рес-ми ашылуы 2011 жылдың қыркүйегінде Римде жасалды.

Төменгі Саксония орналасқан немістің Л и н г е н қ а л а с ы н д а б о с қ ы н д а р ғ а арналған орталыққа пневматикалық винтовкадан оқ жаудырылды. Бұл тура-лы Reuters агенттігі хабарлады.

Лагерьде тұрған екі адам: македониялық бес жасар қыздың аяғынан жараланды жəне 18 жастағы сириялық зардап шекті. Екеуі де ауруханаға жеткізіліп, оларға медициналық көмек көрсетілді.

Оқиға жексенбі күні орын алды. Алайда, по-лиция бұл туралы қазір ғана жариялап отыр. Құқық қорғаушылардың пікірінше, бұған терезесі босқындар орталығына қарайтын 21 жастағы немістің қатысы бар деген күдік бар. Куəгерлердің сөзіне қарағанда, оның үшінші қабаттағы пəтерінен мылтықтан оқ атылған. Полиция оның үйін тінтіп, қару мен оқтарын тəркіледі.

Автобус өртеніп кеттіБангкоктағы Суваннапхум əуежайына

бара жатқан жолаушылар автобу-сы өртеніп, небəрі бірнеше минуттың ішінде жанып кетті. Жүргізуші есікті ашып, жолаушыларды қауіпсіз жерге шығарып үлгерді. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, оқиға əуежайға баратын жолда орын алған. Бангкок агломерациясының бір бөлігі болып табылатын Самутпракан провинциясынан келе жатқан 20 жолаушысы бар автобус қозғалыс кезінде өртене бастады.

Жалын тез таралды. «Өрт сөндірушілер келгенше автобус жалынға оранды. Абырой болғанда, жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ», – деп хабарлады Таиланд астанасының аумағында орналасқан Латкрабанг аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары. Өрттің шығу себептері анықталуда.

Францияның Гренобль қаласының тұрғыны Мишель Лотитоның тамақтану тəсілі өте ерекше екен. Ол күнделікті тағам ретінде пардон, əйнектер мен ме-талдарды жейді.

Бұлай тамақтануды француз 1959 жылдан бастаса керек. Гастроэнтерологтар оның бұл əдісіне таңғалғандарын жасырмай отыр. Қария тіпті бір күнде бірнеше келі қатты металдарды жеуден тайсалмайтын көрінеді.

Өз елінде оның лақап аты – Monsieur Mangetout, яғни «барлығын жейміз» деген мағынада. Оның айтуынша, 1966 жылдан бері 18 мотоцикл, 15 арба, сонымен қатар, супермаркеттің сөрелерінен екі төсек пен екі шаңғы, аздаған каллориясы бар ұшақ пен компьютер жепті. 1997 жылдың қазан айына дейінгі жеген темірлерінің салмағы 9 тоннаға жеткен.

Page 3: Сақшы №44 (4210)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 3е-mail: [email protected]№44 (4210), бейсенбі, 16.06.2016 е-mail:[email protected]

УАҚЫТ ТЫНЫСЫ

ЕСЕП БЕРУ

Мұндай мазмұндағы кездесулер қоғамның əр азаматының елімізде қалыптасқан жағдай, тыныштық к е п і л і н е а й н а л ғ а н п о л и ц и я қызметкерлерінің жұмысы жөніндегі п і к і р і н ашық б і лу ге мүмк інд і к береді. Себебі халық пікірі – по-лиция жұмысын бағалаудың басты өлшемі. Ал Ішкі істер министрлігі халықпен кері байланыс орнату жəне полиция қызметкерлері жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету саяса-тын мықтап ұстанған. «Тіпті, осы мақсатта Ішкі істер министрлігінің сайтынан бөлек министр блогы жұмыс істеп тұр. Министрлік сайты-нан учаскелік полиция пункттерінің мекенжайы, ұрланған ұялы телефон-дар жəне əкімшілік құқық бұзушылық бойынша айыппұлдар жəне т.б. ту-ралы толыққанды мағлұмат алуға болады. Тұрғындар интернет пор-тал арқылы мазалаған сұрақтарын қойып, тиіст і көмек-кеңес алып келеді», – деп мəлімдеді Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы. Сонымен бірге, Ішкі істер министрлігінде күнделікті ішкі істер органына қатысты БАҚ беттер індег і жарияланымдарға мониторинг жүргіз іліп отырады. Алайда, бұл полиция қызметкерінің а ш ы қ т ы ғ ы н қ а м т а м а с ы з е т у мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың б ір парасы ғана. Соңғы жылдары полиция жұмысының ашықтығы мен халық сенімін жаулап алу жұмыстарына көп көңіл бөлініп жүргенін көріп отырмыз.

«Полиция көпке дейін Кеңес Одағы жүйесінің құрсауынан шыға алмады. Осы күнге дейін олардың жұмысы қылмыстың ашылу көрсеткіші жəне қылмыс санының қысқаруы бойын-ша ғана бағаланды. Бұл полиция қызметкерлерін жұмыс көрсеткіштерін асыра сілтеп əрі қылмыс санын барын-ша қысқартып көрсетуге итермеледі. Алайда, бұл жүйе келмеске кетті», – деген ведомство басшысы полиция қызметкерінің жұмысына баға беру тəртібінің де өзгергенін тілге тиек етті. Айтуынша, Ішкі істер министрлігі Бас прокуратурамен бірлесіп поли-ция жұмысына баға беру жүйесіне өзгерістер енг із іп, нəтижесінде соңғы 3-4 жыл ішінде қылмыстар жөнінде арыз-шағымдардың тіркелуі толық қамтамасыз етіліп келеді. Бұл еліміздегі қылмыстылықтың толық көрінісін көруге мүмкіндік беріп отыр. Сондай-ақ, жыл ба-сында қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу кодекстерінің жаңа нұсқасы қолданысқа енгізілуіне байланыс-т ы а р ы з - ш а ғ ы м д а р д ы қ а р а у қатаңдатылған. «Қазіргі күні заңмен тергеу алды тексеру амалдары алынып тасталды. Егер де, бұрын қылмыс туралы келіп түскен арыз-шағымдар бойынша тергеу алды тексеру жүргізіліп, қылмыстық іс қозғалғаннан кейін ғана ресми түрде тіркелген болса, бүгінде арыз-шағым бірден қылмыс ретінде тіркеледі. Заңнамадағы бұл жаңашылдықтар қылмыс статистикасының күрт арту-ына алып келді. Мəселен, 2010 жылы 131 мың қылмыс тіркелген болса, 2015 жылы бұл сан 330 мыңнан асып жығылды. Алайда, бұл елімізде криминалдық жағдай ушығып тұр деген сөз емес», – деген ІІМ бас-шысы республикамызда қылмыстық ахуалдың тұрақты екенін жеткізді.

Полиция генерал -полковниг і аймақтардағы ІІД басшыларының халықпен есептік кездесу өткізулері жұмыстың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге үлес қосады деп отыр. Бұл ішкі істер органдары жұмысының ашықтығын қамтамасыз етумен қатар оларды халыққа бір табан жақын ете түсіп əрі кері байла-ныс орнатуға мүмкіндік береді.

Халық алдында есеп берген ми-нистр заңға қайшы келген ішкі істер органдарының қызметкерлері де тəртіптік жазаға тартылатыны жөнінде тарқатып айтты. Мұндай фактілердің тіркелетінін жоққа шығармаған ол соңғы статистикалық сандарды сөйлетті. «Статистикаға сүйенсек, ағымдағы жылы ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңсыз əрекеттері жөнінде 10 мыңға тарта арыз-шағым келіп түскен, барлық арыз-шағым бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп, ішкі істер органының 65 қызметкері қылмыстық, 279 қызметкері тəртіптік жазаға тартылып, 10 қызметкер

ҚЫЗМЕТ АШЫҚТЫҒЫНА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ, ПОЛИЦИЯ ГЕНЕРАЛ-ПОЛКОВНИГІ ҚАЛМҰХАНБЕТ ҚАСЫМОВ ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІНДЕ ДҮЙІМ ЕЛДІ ДҮРЛІКТІРГЕН АҚТӨБЕДЕГІ ЛАҢКЕСТІК ƏРЕКЕТТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЖАН-ЖАҚТЫ МƏЛІМДЕМЕ ЖАСАП ҚАНА ҚОЙМАЙ, ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖƏНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТƏРТІПТІ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТҚАН ШАРАЛАР ЖӨНІНДЕ ҚҰЛАҒДАР ЕТТІ.

жұмыстан бо са тылды» , – д еп мəлімдеді. Ол сондай-ақ, жыл ба-сында ішкі істер органы жұмысына қатысты сұрақтарды қарайтын ІІМ жанынан Қоғамдық кеңес жəне облыстардағы департаменттер жа-нынан консультативтік-кеңесші орга-ны құрылғанына да тоқталды. Кеңес құрамына қоғам қайраткерлері , елімізге танымал тұлғалар, ардагер-лер мен құқық қорғау, халықаралық жəне республикалық қоғамдық ұйымдардың өкілдері енді.

ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚЫЛМЫСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

Есеп беру кездесуінде азаматтардың сұрақтарына жауап бермес бұрын, министр елімізге лег-легімен ағылып жатқан мигранттар жайы, көрігі қызып тұрған есірткі бизнесі жəне шешімін таппай келе жатқан жасөспірімдер қылмысына кең інен тоқталды. Елімізде есірткі бизнесімен күрес өзектілігін жоғалтпай отырғанын айтқан ведомство басшысы мұның басты себептерін атап өтті. «Ауған героинінің еліміз арқылы тасымалда-нуы жəне Шу алқабында есірткі уыты бар жабайы қара сораның өсуі есірткі бизнесінің өршуіне себеп болып отыр. Өткен жылдың өзінде 3 мың есірткі қылмысы тіркелді, заңсыз айналым-нан 35,4 тонна есірткі тəркіленді», – деді министр. Сондай-ақ, көші-қон жағдайын сөз еткен Қалмұханбет Қасымов елімізге ағылушылардың қысқармай отырғанын алға тарт-ты. Мысалы, өткен б ір жылдың ішінде 1 млн. 30 мың адам елімізге келіп-кетсе, биыл жыл басынан бері елімізге 523 мың шетелдік келген. Оның 47 мыңы əкімшілік жазаға тартылса, 4,7 мыңнан астамы елден қуылған.

О л « а с қ ы н ы п » т ұ р ғ а н ж а с ө с п і р і мде р қылмыс ына д а алаңдаушылық білдірді. Қолданылған шараларға қарамастан жасөспірімдер қылмыстық əрекеттерін доғаратын емес. Оған қоса, қылмыстардың

полковнигі. Айтар болсақ, өткен жəне осы жылы жасөспірімдер қолымен 4 мың қылмыс жасалды. Оның 23-і адам өлтірген, 55 – қарақшылық, 568 – кісі тонау, 71 – ауыр дене жарақатын салу, 325 – бұзақылық, 2124 – ұрлық. Жасөспірімдер қылмысымен күресті күшейту үшін əкімдердің қолдауымен «полиция мектеп инспекторлары» институтын жетілдіріп жатыр. Қазір мектеп əкімшілігімен, ата-аналар комитеттерімен тығыз байланыс орнатқан 2168 инспектор жұмыс істеуде.

Жалпы алғанда, жыл басынан бері ішкі істер органдары шамамен 940 мыңға жуық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарлама қаралған. Оның 60 пайызы ұрлық-қарлыққа қатысты болса, оның 25-28 пайызын ұялы телефон ұрлығы құрайды. Өкінішке сол, ұрлықтың алдын алу бойынша жұмыстардың тиімді жүйесі қалыптастырылмай келеді. Азаматтардың бұл бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстарға көңілдерінің толмауы да сондықтан деседі.

«Бүгінде ұялы телефон ұрлығы өршіп тұрғаны жасырын емес. Ал əлемнің көптеген елдерінде ұялы телефондар мүлдем ұрланбайды. Өйткені, ол елдерде ұялы теле-фон ұрланғаннан кейін бұғатталып қалады да, ұрының еш қажеттілігіне жарамайтын қу темірге айнала-ды. Содан да олар ұялы телефон-

ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ –ЖЕМІСТІ ЖҰМЫС

Ішкі істер органы саласында бұл жыл жергілікті полиция қызметінің құрылуымен маңызды болды. Биыл Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұ с ы н ғ а н « 1 0 0 н а қ т ы қ а д а м » Ұлт Жоспарының 30 -қадамына сəйкес қоғамдық тəртіпті қорғап, т ұ р м ы с т ы қ қ ы л м ы с қ а қ а р с ы т ұ р а т ы н Ж е р г і л і к т і п о л и ц и я қызметі құрылды. Айта кететіні, бұл ретте учаскелік полиция ин-спекторлары ұсақ бұзақылыққа мүлдем төзбеушіл ік қағидатын қалыптастыруда негізгі басымдыққа ие. Атап айтқанда, оларға өздеріне тиесілі əкімшілік аумақты тəртіпке келтіру жəне тұрғындарды құқық бұзушылықтар туралы құлағдар ету м індет і жүктелген. Бүг інде тəртіп бұзушылыққа бейім 160 мың адам учаскелік инспекторлардың бақылауында тұр. Учаскелік инспек-т о р л а р қ ы л м ы с т ы ң а ш ы л у ы -на айтарлықтай септіг ін тиг із іп келеді. Оған жыл сайын учаскелік инспекторлардың қатысуымен отыз мыңға жуық қылмыстың ашылып жүргені дəлел.

Дегенмен, министрдің айтуын-ша, учаскелік инспекторлардың əлеует і əл і де толық пайдала-нылмай отыр. «Олай дейтініміз, учаскелік инспекторлар тұрмысы төмен отбасылармен тиісті деңгейде п р о ф и л а к т и к а л ы қ ш а р а л а р жүргізбейді. Содан да отбасылық жанжалдардың с оңы қай ғылы аяқталып жатады. Ол аз деген-дей, учаскелік инспекторлардың м а с к ү н е м д і л і к п е н і ш і м д і к к е с алынудың алдын алу бойын -ша атқарып жатқан жұмыстары да айтарлықтай нəтиже бер і п отырған жоқ», – деді өз сөзінде Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы. Оған себеп: аймақтардағы учаскел ік инспекторлардың жұмыс жағдайы да жасалмаған, жұмыс орындары соңғы технологиямен жабдықталмағанын а й т п а ғ а н д а , и н т е р н е т п е н д е қамтамасыз ет ілмей отыр. Бұл учаскелік инспектордың жұмысына кедергі келтірмей қоймайды.

Сонымен қатар , соңғы кезде полицейлердің қоғамдық тəртіпті күзету мен көшедегі қылмыспен күрес бағытындағы жұмысының нəтижесі арта түскен. Полицейлер тұтастай алғанда аймақтағы криминогендік а х у а л д ы с а у ы қ т ы р а т ы н ұ с а қ құқық бұзушылықты анықтап, жо-лын кесуде белсенділік танытып келеді. Бұл туралы айтқан ведом-ство басшысы: «Алайда, қоғамның барлық азаматтары түгел ондай талаптарға мойынсұнып отырған жоқ. Сондықтан қызмет бабындағы полицейлерге қарсылық көрсету деректерінің жиілеп кеткенін айтуға мəжбүрмін. Полицейлерге бағынбай оларды балағаттағандар жəне күш көрсеткендердің бəрі қатаң əкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын айтқым келеді», – деді.

АҚТӨБЕДЕГІ АРПАЛЫСЖұртшылықты Ақтөбедегі соңғы

оқиғалар мазалап отырғаны жасырын емес. Осыдан 10 күн бұрын ашылған министрліктің call-center-не келіп түскен сұрақтардың дені Ақтөбедегі оқиғаларға қатысты болып отыр. Сол себептен, министр осы оқиғаға байланысты мəлімдеме жасады. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің ұйымдасқан қылмыспен күрес, діни экстремизм, терроризм, ауыр жəне аса ауыр қылмыс түрлері бойынша күресуде олжасыз емес екенін айта келе ол: «5 маусымда біз Ақтөбеде діни экстремизм мен лаңкестікке тап болдық. Дін атын жамылғандар «жиһад» жасамақ болып, Ақтөбедегі

ірі қару-жарақ дүкендері мен Ұлттық ұланның 6655 əскери бөліміне ша-буылдады. Ең сорақысы, лаңкестікті ұйымдастыру кезінде бұл топта бастапқыда 45 адам болған. Бірақ олар «жиһад» жариялап, пəтерден шыққан кезде 19 адам бас тартқан. Оқиға басында келіскен 29 адам «Паллада» қару дүкеніне келген, бірақ, жолай тағы үш адам қылмыс жасаудан бас тартқан, дүкенге кіргенде тағы бір адам райынан тай-ып, топтан бөлініп кеткен. Ал қалған 25 адам осы лаңкестікті жасап отыр. Оқиға толығымен бейнекамераға түсіп қалған», – деді министр халық алдында берген есебінде.

Қ . Қ а с ы м о в а т а п ө т к е н д е й , олардың негізгі мақсаттары – қару-жараққа қол жеткізу, колониялар мен мемлекетт ік ғимараттарда теракті ұйымдастыру болды. Алайда, Ұлттық ұлан əскерилер і қару -жарақ қоймасына шабуыл жасаған лаңкестерге тойтарыс беріп таста-ды. «Өкініштісі сол, сол мезетте əскери бөлімше аумағын күзетіп тұрған əскери қызметкерлер қарудың жеңіл түрімен жарақтанғандықтан қаскөйлерге қарсылық көрсете ал-мады. Салдарынан Ұлттық ұланның 3 əскери қызметшісі мен 5 бейбіт тұрғын қаза тапты. Жəне 7 əскери қызметші мен 12 полицей жарақат алды. Қазірг і уақытта терактіге қатысқандардың барлығы ұсталды жəне кейбірінің көздері жойылды. Белгілі болғандай, бүлік шығарған лаңкестерд ің 7-у і бұрын сотты болған. Бүгінде Ақтөбедегі жағдай тұрақталды, алаңдауға еш негіз жоқ», – деді өз сөзінде Ішкі істер министрі.

Оның айтуына қарағанда, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Ақтөбедегі теракті кезінде қаза болғандар мен жарақат алғандардың отбасыларына көмек көрсету бойын-ша шаралар қабылдануда.

Халыққа есеп беру бейнекон-ференциясына барлық аймақтар қосылып, министрге көкейлеріндегі с ұ р а қ т а р ы н қ о й д ы . Қ а л а тұрғындарымен қатар БАҚ өкілдері қ а тысқан жиында жұртшылық министрді сұрақтың астына алып, о д а н ж о л қ о з ғ а л ы с е р е ж е с і н бұз ғандарға қатысты айыппұл көлемінің қалтаны қағатынынан б а с т а п , і ш к і і с т е р о р г а н ы -на жұмысқа тұру тəртібіне дейін тəптіштеп сұрады. Азаматтардың сұрақтарына жауап берген министр жол ережесінің бұзылуына байла-нысты салынатын айыппұл сол күйі қалатынын жеткізді. Қысқаша жау-ап қайырған ол: «Айыппұл көлемі қысқартуды не болмаса арттыруды қажет етпейді», – деп кесіп айтты. Есеп беру кездесуінде қылмыстық і ст і сотқа дей ін жетк і зе алмай жүрген қызылордалық тұрғын ми-нистрге мəн-жайды толық баяндап, жеке қабылдауына жазылды.

Бейнебайланыс арқылы министрге шыққан ардагер халықтың өтініш-арызына құлақ асқан министрге алғысын білдіре отырып, жергілікті полиция қызметі басшыларының қ а ш а н е с е п б е р у к е з д е с у л е р өтк ізет ін ін сұрады. «Есеп беру мерзімі Үкімет сағатында бекітілетін болады. Бұл кездесулер қалай жəне кімдердің қатысуымен өткізілетіні туралы шешім шығарып əкімдерге тапсырамыз. Бұның бір тəртібі бол-маса көбісі 5-6 адамды жинап алып есеп берген болып жүр», – деп түсіндіріп өтті. Ақтөбегі лаңкестік кезінде ұйымдасып əрекет еткен əскерилердің кəсібилігіне жоғары баға беріп, алғыстарын айтқандар да болды.

Жадыра МЫРЗАХМЕТ, суреттер Ғанибет

ҒАЛЫМБЕКҰЛЫНІКІ

дені алкагольдік ішімдік ішу мен есірткіге есірудің салдарынан болып отыр. Ведомство басшысының ай-туынша, оның үстіне құқық бұзатын жасөспірімдердің барлығын қоғамнан оқшаулау мүмкін болмай тұр, өйткені осындай балаларға арналған арнайы мектеп жетіспейді. «Қазір Білім жəне ғылым министрліг і қарауындағы тəртібі нашар балаларға арналған 420 орындық 8 арнайы мектеп қана бар. Олар Алматы қаласы, Маңғыстау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан. Соңғы 15 жылда бірде-бір мұндай жаңа мектеп ашылған жоқ. Оны айтпағанда, ауыр қылмыс жасаған жасөспірімдерді қылмыстық жауапкершілікке тарту жасына жет-кенше қайта тəрбиелейтін жабық үлгідегі арнайы мектеп республикада біреу ғана», – дейді полиция генерал-

ды ұрлауды «кəсіп» етпейді, та-уып алса дереу иесіне қайтарып береді», – деді министр Алматы қаласының «Қауіпсіз жол қозғалысы қауымдастығы» өкілінің сұрағына берген жауабында. Ол сондай-ақ, те-лефон ұрлығымен күресуде неліктен қауқарсыз екенімізді түсіндіріп берді. «Себебін айтайын, осы жылдары елімізге ұялы телефонның ауқымды контрафактісі кіргізіледі. Егер де, қолды болған ұялы телефонға іздеу жарияланған кезде оны IMEI коды бойынша бұғаттайтын болсақ, онда бір мезетте 50-100 адамның теле-фоны сөніп қалады. Ұялы телефон ұрлығын азайтудың бірден-бір амалы осы, алайда, бұл оңай шаруа емес. Ол үшін ұялы телефондарды бір жүйеге келтіріп, сырттан заңсыз кіргізілетін телефондарғы тыйым салу керек. Бұл бағыттағы жұмыстар басталып кетті», – деді Қалмұханбет Қасымов.

ДЕРЕК ПЕН ДƏЙЕК

«Ауған героинінің еліміз арқылы тасымалдануы жəне Шу алқабында есірткі уыты бар жабайы қара сораның өсуі есірткі бизнесінің өршуіне себеп болып отыр. Өткен жылдың өзінде 3 мың есірткі қылмысы тіркелді, заңсыз айналымнан 35,4 тонна есірткі тəркіленді», – деді министр. Сондай-ақ, көші-қон жағдайын сөз еткен Қалмұханбет Қасымов елімізге ағылушылардың қысқармай отырғанын алға тартты. Мысалы, өткен бір жылдың ішінде 1 млн. 30 мың адам елімізге келіп-кетсе, биыл жыл басынан бері елімізге 523 мың шетелдік келген. Оның 47 мыңы əкімшілік жазаға тартылса, 4,7 мыңнан астамы елден қуылған.

Page 4: Сақшы №44 (4210)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20134 е-mail: [email protected]№44 (4210), бейсенбі, 16.06.2016 е-mail:[email protected]

АЙМАҚ

АЙМАҚ АЙШЫҒЫ

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛРЕСМИ КЕЗДЕСУ

Бұл шараға Қазақстанның барлық облыстарынан келген 100 -ден астам полиция қызметкері қатысты. «Елбасы Ұлт Жоспарында құқық қорғау органдарының жұмысын жақсарту бойынша айқын бағыттар берді. Сіздер, жас қызметкерлер, осы міндеттерді жүзеге асыруларыңыз қажет», – деп атап кетті облыс əкімінің орынбасары Айдарбек Сапаров слеттің ашылу рəсімінде.

25 жасында қылмыскерлер қолынан қаза тапқан милиция қызметкері Ғазиз Есімовтің туған-туыстары ІІМ мен Солтүстік Қазақстан облысының басшылығына ұлдарының есіміне құрмет көрсетіліп жатқаны үшін шын жүректен алғыстарын білдірді. Полицейлермен бірге жас шыр-шаларды отырғызуға «Жұлдыздар тоғысқанда» жəне «Елбасы жолы» кинотуындысындағы басты рөлдерді сомдаған актерлер – Берік Айтжанов, Алдабек Шалбаев, Ғани Құлжанов пен Жанна Қуанышева қатысты.

Облыстық ІІД бастығы, полиция ге-нерал-майоры Берік Білəловтің баста-масымен актерлер жас қызметкерлер слетінде «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмінің тұсаукесеріне арнайы шақыртылды. Шығармашылық кез-десу фильмнің көрсетілімінен соң өткізілмек. Ұйымдастырушылардың

Жиынға судьялар – Б.Дəрібаев, А.Қайыров, Т.Королевская, Бас əскери прокуратурасының өкілі А . А х м е т у л л и н а , Ұ Қ К Ш Қ З а ң б а с қ а р м а с ы басшысының орынба-сары, əділет полковнигі Б.Күнболатов, Ұлттық ұланның Заң басқармасы басшысының орынбаса-ры, əділет полковнигі Ш.Бишенов, ҚР Қорғаныс министрлігінің тəртіптік ж ə н е и д е о л о г и я л ы қ жұмыс бөл ім і н і ң а ғ а о ф и ц е р і Е . С а р б а с о в қатысты.

Басқосуды алғысөзімен ашқан судья Т.Королевская еліміздегі гендерлік саясаттың Конституцияға сəйкес жүзеге асырылып келе жатқанын мəлімдеді. «Конституцияның 14-бабының 2-тармағында: «Тегіне, əлеуметтік, лауазымдық жəне мүліктік жағдайына, жынысына, нəсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез кел-ген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» деп көрсетілген. Қазақстан БҰҰ-ның жəне əйелдердің құқықтарын қорғайтын басқа да халықаралық ұйымдардың Конвенциялары жəне Декларацияларына қосылған. Соның нəтижесінде əйелдердің саяси құқықтарының іске асырылуы, жасырын жəне ашық гендерлік дискриминацияны жеңу ахуалы жоғарылаған», – деп атап өтті ол. Сөз соңында судья Т.Королевская республикадағы əскери соттарда əйел судья бірінші рет 2003 жылы тағайындалғанын, сондай-ақ, қазіргі таңда жұмыс атқарып жүрген 40 судьяның бесеуі нəзік жан екенін атап өтті.

Ал, Бас əскери прокуратурасының өкілі А.Ахметуллина əскери прокура-тура органдарында қызмет атқарып жүрген əйелдер туралы статистикалық мəліметтерді келтіріп, қыз-келіншектердің жұмыс бабында жүктемені ер аза-маттармен бірдей орындап келетінін айтты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар тақырып бойынша пікірлерін білдіріп, Қазақстандағы гендерлік саясаттың негізгі принциптері, басымдықтары мен міндеттерін айқындап өтті.

Дөңгелек үстелге орталық оқытушылары мен тыңдаушылары, сонымен қатар, Қарағанды облыстық ІІД-нің кəмелеттік жасқа толмаған жеткіншектер істері жөніндегі учаскелік инспекторлары қатысты. Шара шеңберінде кəмелеттік жасқа толмаған жеткіншектер істері жөніндегі учаскелік поли-ция инспекторларының қызметін ұйымдастыру тəртібі, білім беру ұйымдары мен оқушылар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру, жастар арасындағы қылмыс мəселелері, сондай-ақ, учаскелік по-лиция инспекторларымен бірге əрекет ету жолдары, кəмелетке томағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту мəселелеріне қатысты тақырыптарда баян-дамалар жасалды.

Жиын барысында полиция капитаны Т.Үмітбаеваның мектеп пен колледж-дерде білім алып жүрген жеткіншектерді қылмыс əлемінен сақтандыруға қатысты жасаған баяндамасы қызу талқыланып, дөңгелек үстелге қатысушылар бұл тақырып жөнінде өз ойларын ортаға салды. Полиция лейтенанты Б.Үрпекованың «Кəмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мəселелері бойынша ІІО қызметтерімен кəмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының бірлесе əрекет ету тəртібі» тақырыбындағы баяндамасына қатысты да көп пікірлер білдірілді.

Басқосу барысында басқа да бөлімше қызметкерлері жұмыс тəжірибесімен бөлісіп, кəмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспек-торы қызметімен байланысты заңнамадағы өзгерістер мен жаңа нормативтік-құқықтық актілерді қолдану ерекшеліктеріне кеңінен тоқталды.

Оқу орталығының тыңдаушылары тəжірибелі қызметкерлермен бетпе-бет сөйлесіп, сұрақтарына жан-жақты жауап алды. Сондай-ақ, олар кəмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары қызметіне қызығушылық танытып, олардың жұмысты ұйымдастыру барысымен, бекітілген əкімшілік аймаққа жəне оқу орындарында қызмет ету шараларымен танысты.

Жиын кезінде ІІО қызметкерлерінің əлеуметтік қамтамасыз етілуі, жұмыс уақыты мен полиция қызметкерлерінің жұмысына қатысты сұрақтар көп қойылды. Жиынды қорытындылаған кəмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Д.Бижанова жеткіншектерді қылмыстық жауапкершілікке тарту мен жазалаудың өзекті мəселе екенін, осыған орай заңдарға жаңа өзгертулер мен толықтырулар енгізілгені жөнінде айтып өтті.

Осындай кездесулер, дөңгелек үстелдерд і өтк ізу Оқу орталығы тыңдаушыларының алған теориялық білімдерін одан əрі нығайтуға көмегін тигізетінін атап өту керек.

Жасұлан ЖАППАСОВ,ІІМ-нің Теміртау қаласындағы Оқу орталығы

ЖАС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ

ПЕТРОПАВЛДА ЕЛ ТƏУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЖАС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕН ОЛАРДЫҢ ТƏЛІМГЕРЛЕРІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЛЕТІ БАСТАЛДЫ. СЛЕТ КЕЗІНДЕ ҚЫЗМЕТТІК МІНДЕТІН АТҚАРУ БАРЫ-СЫНДА ҚАЗА ТАПҚАН ҒАЗИЗ ЕСІМОВ АТЫНДАҒЫ ЖАС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АЛЛЕЯСЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ.

о й ы н ш а , М е м л е к е т б а с ш ы -с ы Н ұ р с ұ л т а н Н а з а р б а е в т ы ң өмір жолы жас полицейлер үшін оң б а ғыт б ер і п , ү л г і б олмақ .Ек і күнде слетке қатысушылар І І М Ұ л т т ы қ ұ л а н ы ж а т т ы ғ у

ротасының қару-жарағы мен ар-найы техникасының көрмесін жəне облыстық ІІД мұражайын, облыс орталығының мəдени мекемелерін т амашалады . Сле т Н .По годин атындағы драма театрында салта-натты жиынмен жəне концерттік бағдарламамен аяқталды. ІІМ Кадр жұмысы департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Руслан Құрымбаевтың айтуынша, бұл іс-шара тəлімгерлермен бірге арнайы өткізілуде. «Өз өмірлерін ішкі істер органдарында қызмет етуге арнап, көптеген кəсіби қызметкерлерді тəрбиелеген аға офицерлер жас ұрпақпен мол тəжірибелер імен бөл ісед і . Б ірлескен і с -шаралар ұрпақтар сабақтастығы мен ішкі істер органдарының жақсы дəстүрлерін сақтауға мүмкіндік береді», – дейді ІІМ өкілі.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Гендерлік саясаттың басты қағидаты

Гүлнəр ШЫНЖАНОВА, Астана қаласы

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ƏСКЕРИ СОТЫНДА «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНДЕГІ ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ.

ТАЛҚЫ

Оқу орталығындағы оң істердің бірі

ІІМ-НІҢ ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ОҚУ ОРТАЛЫҒЫНДА АРНАЙЫ ПƏНДЕР ТОП-ТАМАСЫНДА «КƏМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЛАР ҚЫЗМЕТІ» АТТЫ ТАҚЫРЫП ТАЛҚЫҒА САЛЫНДЫ.

ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН СОТТАЛУШЫНЫҢ БІРІ 2012 ЖЫЛДЫҢ ЖЕЛТОҚСАН АЙЫНДА ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ СОТЫМЕН ҚР ҚК-НІҢ 175-БАБЫ 3-БӨЛІМІ БОЙЫНША ҮШ ЖЫЛҒА БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРЫЛҒАН БОЛАТЫН. ОЛ ОСЫ УАҚЫТҚА ДЕЙІН ЖАЗАСЫН ҚР ҚК-НІҢ 63-БАБЫ БОЙЫН-ША ШАРТТЫ ТҮРДЕ ӨТЕП ЖҮРДІ.

Обалы не керек, сынақ мерзімінде сотталушы өзін жақсы жағынан көрсетті. Сол себепті Орал қалалық про-бация қызметі қалалық сотқа ұсыныс жасап, нəтижесінде сотталған азамат 2014 жылдың тамыз айында мерзімінен бұрын, яғни, 1 жыл 6 айға ерте босатылды. Орал қалалық пробация қызметі есебінен шығарылған кезде оған қайта қылмыс жасамау жөнінде ескертілген болатын. Алайда, ол өзіне көрсетілген сенімді ақтай алмай, бір жылдан кейін қайта қылмыс жасады.

Атап айтқанда, 2015 жылдың қазан айында тағы қылмысқа барып, қалалық соттың үкімімен ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөліміне сəйкес бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кес ілді . Сөйтіп, қайтадан Орал қалалық пробация қызметіне есепке алынды. Бұл ретте сотталушыға жазасын өтеу тəртібі түсіндіріліп, ескертілді. Оның мекенжайына барып, тексеру жүргізгенде ата-анасының екеуі де жұмыс істейтіндігі анықталды. Сұхбат барысында сотталған азаматтың əке-шешесі тəрбие жұмысын күшейтіп, баласын да жұмысқа орналасты-

рып, өздері де екі қолға бір шаруа ыңғайластыратынын айтып қалды. Обалы нешік, ата-анасы уəдес інде тұрып, балаларын жұмысқа орналастырғанымен, темір тордың тіршілігін көріп қайтқан ұл оң жолға түспей-ақ қойды. Профилактикалық мақсатта ата-анасымен бірігіп жасалған барлық жұмыстарға қарамастан, ол қайтадан бірнеше мəрте қылмыс жасады. Сондықтан оның құжаттары Орал қалалық сотына қайта жолданып, жақында сот қаулысымен оралдық тұрғынның жазасының өтелмеген бөлігі 6 ай 9 күн бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазасын жалпы түзеу колония-сында өтеу белгіленді.

Пробация қызметкері ретінде мұны өзгелерге сабақ бол-сын деп жазып отырмын. Жоғарыдағы мысалдан өмірде жаза басқан азаматтың түзеліп кетуіне құқық қорғау органдары тарапынан қанша жағдай жасалғанымен, сотталушының мұны дұрыс түсінбегенін анық аңғаруға болады. Ол өзіне берілген мүмкіндікті дер кезінде тиімді пайдаланбай, тағы да қылмыстық істерге ұрынып, өзіне-өзі қысастық жасады, тағдырын теріс бағытқа бұрды. Тəртіпті бірнеше рет бұзып, өткенінен сабақ алмай жүргендерге заң аяушылық жасамайды. Алды-артын ой-ламай, қылмысқа қайта барған тұрғын бүгінде бармағын тістеп, тиісті жазасын өтеуде.

Самат НАРЫШЕВ, Орал қалалық пробация қызметі

МАМАН ПІКІРІ

Тəртіп бұзғандарға – жаза қатаң

МƏСКЕУДЕ ТМД ЕЛДЕРІ ПЕНИТЕНЦИАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ

ТМД елдер і Пенитенциарлық қ ы з м е т б а с ш ы л а р ы к е ң е с і н і ң Мəскеуде өткен алғашқы отыры-сына ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы, əділет гене-рал-майоры Бауыржан Бердалин

қатысты. Сонымен қатар, отырыс жұмысына Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы коми-тет төрағасы-Атқарушы хатшысы Сергей Лебедев, Ресей Жазаларды орындау федералды қызметін ің

директоры Геннадий Корниенко, Беларусь, Қырғызстан, Армения, Тəжікстан елдерінің өкілдері де қатысты.

Жиын барысында ТМД Атқарушы хатшысы Сергей Лебедев кеңестің пенитенциарлық қызметтерд ің к ө п ж а қ т ы ө з а р а і с - қ и м ы л ы н қамтамасыз ету үшін құрылғанын м ə л і м е т т і . Қ ұ қ ы қ қ о р ғ а у органдарының жұмысы туралы баяндай келе ол ТМД елдеріндегі к р и м и н а г е н д і к ж а ғ д а й ғ а бақылаудың сақталуы – басты нəтиже екендігіне баса назар ау-дарды.

«Алғашқы отырыс ТМД елдеріндегі пенитенциарлық жүйе саласының ə р і қ а р а й ғ ы д а м у ы н а н а қ т ы сепріліс береді. Себебі, біздің ортақ тұстарымыз көп, барлығымыздың бұл саладағы тəжірибеміз айтарлықтай мол», – дед і өз сөз інде Ресей Жазаларды орындау федералды қызметінің директоры Геннадий Корниенко.

ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметі

Page 5: Сақшы №44 (4210)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 5е-mail: [email protected]№44 (4210), бейсенбі, 16.06.2016 е-mail:[email protected]

ТАҒЗЫМ

Бұл күні көг імізде желбіреген көк байрағымыз төменге түсіріліп, жер-жерде айдың-күннің аманын-да қаза болған батыр ұлдардың рухына арналған ұлықтау шарала-ры ұйымдастырылды. Бейбіт күнде бүлік шығарған лаңкестік топ Ұлттық ұланның Ақтөбедегі 6655 əскери бөліміне шабуылдады. Өкініштісі, оларға тойтарыс беру кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің əскери қарсы барлау қызметінің əскери қызметшісі, майор Майлыбаев, Ұлттық ұланның Ақтөбе қаласындағы 6655 əскери бөлімінің келісімшарт қызметінің сер-жанты Берікжан Қалиев пен қатардағы жауынгер Досбол Сапар қазаға ұшырады. Одан бөлек, 7 əскери ауыр дене жарақатын алғанын да айта кетейік.

Осыған орай, Ұлттық ұланның бас ғимаратында ҰҰ жеке құрамы, ІІМ жəне Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы, милиция гене-рал-майоры Өмірзақ Болсамбеков, ардагерлер қауымы жəне Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің қатысуымен боздақтарды аза тұту шарасы өтті. Əріптестері қаруланған терроршыларға қасқайып қарсы тұра білген батыр ұлдардың есімдерін ұлықтап, оларды б ір минуттық үнсіздікпен еске алды. Сондай-ақ, ерлікпен қаза тапқан қаруластарының суреттерінің алдына гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Ұлттық ұланның тəрбие жəне əлеуметтік құқықтық жұмыс жөн індег і бас басқарма бастығының орынбасары, полковник Қанат Беляков ел тыныштығы жолын-да жантəсілім еткен жəне жарақат алған жауынгерлердің көзсіз ерліктері жөнінде баяндады.

«Елбасы ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан қызметкерлерінің

БАҚҰЛ БОЛ, БАТЫРЛАР!Жадыра МЫРЗАХМЕТ

ƏСКЕРИЛЕР ЕЛ БАСЫНА КҮН ТУСА КЕУДЕСІН ОҚҚА ТОСУДАН ТАЯНБАЙТЫНДАРЫН АҚТӨБЕДЕГІ ЛАҢКЕСТІК ШАБУЫЛДАР КЕЗІНДЕ ТАҒЫ БІР ДƏЛЕЛДЕП БЕРДІ. ЕСІЛ ЕРЛЕР ЕГЕМЕНДІ ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫ ЖОЛЫНДА БЕЙБІТ ӨМІРДІҢ БАҒАСЫ ҮШІН ЖАНДАРЫН ҚИДЫ. ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН БАС ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНДА БОЗДАҚТАРДЫ АЗА ТҰТУ ШАРАСЫНА ЖИНАЛҒАНДАР ОСЫЛАЙ ДЕДІ. АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА ЖАСАЛҒАН ТЕРРОРИСТІК АКТІЛЕР КЕЗІНДЕ ƏСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕР МЕН АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАЗА ТАБУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ӨКІМІМЕН 9 МАУСЫМ ҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ БОЛЫП ЖАРИЯЛАНҒАН БОЛАТЫН.

ұйымдасқан əрекеттерін жоғары бағалады. Еліміздің тыныштығын сақтап қалу үшін жан алысып, жан беріскен əскери қызметкерлердің есімдері ел тарихында қалары ақиқат. Бұл қаһармандарымыз ел басына күн туғанда ойланбастан кеудесін оққа тосты», – деді өз сөзінде. Айтуынша, қазіргі күні қаза болған жауынгерлер ін ің жақындарына жан-жақты көмек көрсетіліп жа-тыр. Лаңкестік əрекеттер кезінде

Ақтөбеде болған кешегі қырғын ел жұртшылығын əрі-сəрі күйге түсіргені ақиқат. Бүгінгі таңда облыс аумағында жағдай тұрақталса да, халықтың көңілі əлі де болса алаңдаулы. Оның үстіне тұрғындарды лаңкестердің оғынан қорғаймын деп қапыда оққа ұшқан сарбаздардың қыршын ғұмырларының қиылуы да оларды бейжай қалдырмады.

Барлау қызметінің 40 жастағы майоры Даниел Майлыбаев та Ұлттық ұланның Ақтөбедегі əскери бөлімшесіне шабуыл жасалған кезде қапыда оққа ұшты.

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары Мұхамбетқали Сатовтың айтуына қарағанда, қаруланған 17 адам əскери бөлімшеге лап қойған. Олар автобуспен қақпаны бұзып, «Аллаху акбар» деп айғайлаған күйі оқ жаудырады. Лаңкестердің негізгі мақсаты қойманы басып алу болған. Алайда, арам ойларын жүзеге асыра алмапты. Қарауыл бастығы мен 2 əскери қызметші табанды түрде қарсылық көрсеткен. Сарбаздардың оңайлықпен берілмейтініне көз жеткізген лаңкестер əскери бөлімді тастай қашуға мəжбүр болыпты. Шабуыл кезінде алғашқы болып жеке құраммен жұмыс істеп жүрген майор Даниел Майлыбаев оққа ұшқан. Айғай-шуды естіп сыртқа шыққан қарусыз офицерді террористер бірден атып түсіріпті. Екінші болып қатардағы жауынгер Досбол Сапар нысанаға ілінген. Кезекшілікте тұрған сарбаздың қолында бар болғаны резеңке шоқпар болыпты. Қылмыскерлер алдымен оның аяғынан, кейін бетінен атқан. Ал ең соңғы болып Берікжан Қалиев оққа ұшқан.

«Біздің жігіттер ерлік көрсетіп, өздеріне берілген міндетті абыроймен атқарды. Біз үшін бұл орны толмас ауыр қайғы болды. Күш тең болған жоқ. Олар əскери нұсқауға сай əрекет етті. Қылмыскерлер 17 адам еді. Соған қарамастан əскери қызметкерлер тойтарыс бере білді. Бір қылмыскерді өлтіріп, екеуін жарақаттады. Əскери қызметкерлердің 3-еуі қаза тауып, 7-еуі жарақат алды. Қазір үш адам ауруханада жатыр. Майор Майлыбаев пен сержант Қалиевтің артында 4 баласы қалды. Біз оларды ұмытпаймыз. Əрқашан отбасыларына көмектесіп отыра-мыз», – деді Мұхамбетқали Сатов аза тұту жиынында.

Өзіне жүктелген міндеттерді бұлжытпай орындайтын Даниел Майлыбаев əскери саланың тісқаққан офицері болды. Күндіз-түні тек қызметті ғана ойлаған оның алар асуы əлі алда еді. Қызметте жауапты, шын досқа адал бола білді.

«25 мамыр күні Даниел екеуміз кездескен едік, – деп еске алады марқұмның досы Болат Қаражорғаев. – Мен жұмыстармен Оралға барғанымда Ақтөбе арқылы өттім. Жолда келе жатқанымда Даниелге телефон арқылы хабарластым. Көптен көрмеген досым бұған қатты қуанды. Кездесуде біз өткен шақты сағына еске алыстық. Бала кезден бірге өскен достарды, сыныптастарды əңгімемізге арқау еттік».

Оның айтуынша, Даниел өте ашық жігіт болыпты. Екі дос кезінде көрші тұрып, балабақшаға бірге барған екен. Даниел 13 жасында Алматы облысына қоныс аударғанымен, олардың достық қарым-қатынасы осы уақытқа дейін сақталған көрінеді.

«Біздің үйдің қасында шағын тоған болатын. Біз бала кезімізде сонда шомылдық. Шамамен 7-8 жасымызда мен абайсызда суға батып кете жаздадым. Мені көрген бойда Даниел бірден көршілерді көмекке шақырып, ажалдан құтқарып қалған еді. Ол өз уақытында Қызылжардағы əскери училищені оқып бітірді. Əскери бөлімдерде жұмыс істеді. ҰҚК арнайы курсынан өтіп, кейін сол жаққа жұмысқа тұрып, арнайы барлау бөліміне бекітілді. Оның соңында əйелі, үш баласы қалды. Тіпті, кенжесі əлі бір жасқа да толған жоқ. Олар Алматы облысының Талғар қаласында тұрады», – деді Болат Қаражорғаев.

P.S. МАРҚҰМДЫ АҚТЫҚ САПАРҒА ШЫҒАРЫП САЛУ РƏСІМІНЕ КЕЛГЕН ƏРІПТЕСТЕРІ Д.МАЙЛЫБАЕВҚА ҚАЙТЫС БОЛҒАН СОҢ ПОДПОЛКОВНИК ШЕНІ БЕРІЛГЕНІН АЙТТЫ.

Сұлтан ҒАЛЫМБЕК

Қамшының сабындай қысқа болған ғұмырында қатардағы сарбаз Досбол Сапар Ақтөбеде лаңкестермен болған атыс барысында жора-жолдас, за-мандастарына үлгі боларлық ерлік көрсетті. Жау жағадай алғанда тайса-лу дегенді білмеген жауынгер есімі ел есінде ұзақ сақталары анық.

Небəр і 19 жастағы сарбаз Досбол Ерк інбекұлы өткен жылдың күз інде əскерге алынды. Отан алдындағы боры-шын өтеуді парызы санаған ол əскерге баруға өзі құлшыныс білдірген. Əлбетте, баланың бұл ұмтылысына ата-анасы да қарсы шықпай, кəмелеттік жасқа толған ұлдарын Отанның тыныштығын күзетуге аттандырады. Осылайша, ол ата-ананың аманатын арқалап кете ба-рады. Əскери үлгідегі киім ұлдарының сымбатына жараса кететінін ата-анасы да мақтан тұтып айтып жүретін. Оның мектеп қабырғасында оқып жүргендегі əскери үлгідегі киім киген суреттері де сақталыпты.

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы Көксу ауылдық округі Айдаркөл елді мекенінің тумасы Досбол Сапар 6655 əскери бөліміне шабуыл жасалған күні алдыңғы шептен табылған. Ұлттық ұлан батыс аймақтық басқармасының басшысы Əлішер Əбдірасылдың айтуынша, Досбол сол күні əскери бөлім аумағын дамыл-сыз күзетіп тұрған. Басқалар сияқты ол да арнайы броножилет киіп, қарумен жарақтанған да екен. Кенеттен террор-шылар кіріп келіп оқ атқан кезде оқ Досболдың бетіне жəне аяғына тиген.

қаза тапқан əскери қызметшілердің мүрделері туған жерлеріне жеткізіліп, маусымның 7-8 күндері жер қойнауына тапсырылды. Жерлеу рəсімдеріне Ұлттық ұлан офицерлері мен ішкі істер органдарының қызметкерлері материалдық көмек ретінде біркүндік жалақыларын аударды. Сонымен қоса, Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы жергілікті атқарушы органдармен б ірлес іп, 5 маусым күні Ақтөбе қаласында жауынгерлік міндетін орын-

дау барысында қаза болған əскери қызметшілердің жанұяларын тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, басқарма бастығының орынбасары өз сөзінде антқа адалдық танытып, сын сағатта сыналған айбынды əскерилердің ерлігі елеп-ескерусіз қалмай, олар Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы тарапынан үкіметтік наградаға ұсынылатынын айтып өтті.

Өз кезегінде əріптестері өр рухты ұлдардың өшпес ерліктерінің алдында бас ие отырып, сөз сөйледі. ІІМ жəне Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы, милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков қара жамылып отырған əскерилердің отбасылары, туған-бауырларының қайғыларына ортақтасып, соңғы демі шыққанша Отанын қорғаған оғландардың оңтайлы əрекет еткендерін баса айтты.

«Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан қызметкерлері əскери-жауынгерлік т апсырмаларды əрдайым тап -тұйнақтай орындап келеді. Айбынды əскеріміз, қырағы қорғаушыларымыз барда бейбітшілік баянды болады. Дей тұрғанмен, бұдан былай мұндай жағдай елімізде қайталанбауы тиіс. Көршілес елдерде болып жатқан жан-жалдар, атыс-шабыстың арты немен аяқталып жатқанын көріп отырмыз», – дей келе оқыс жағдайда офицерлердің ұйымдасып, ұтымды əрекет еткендерін сөз етті. – Əскерилер Ұлттық ұланның 6655 əскери бөліміне қару-жарақпен жарақтану мақсатында шабуылдаған лаңкестік топқа тойтарыс беріп, жос-парларын күл талқан етті. Əйткенмен де, салдарынан үш бірдей сардардан айырылдық. Бүгінде ауыр, орны толмас қайғыға душар болған отбасылардың қасіреті – бұл күллі қазақ халқының қайғысы. Бейбіт елдің тыныштығын бұзғысы келіп жүрген əсіредіншілдер мен теріс пиғылды содырлар біздің мызғымас бірлігімізге, уақыт сы-нынан өткен достығымызға сызат түсіре алмайды», – деді қабырғасы сөгіле сөйлеген ардагер. Қаралы ми-тингке қатысушылар қаза болған қазақтың қайсар мінезді ұлдарының құрметіне өздері тұрған елді мекендегі көшелердің атауы берілу керек дегенді айтты.

Майор МАЙЛЫБАЕВ

Қатардағы сарбаз Досбол САПАРАлған ауыр жарақатынан тілге келместен сол жерде көз жұмды.

Ата -ананың батыр болады де ген ұлдарының бақилық болғаны бүтіндей бір отбасының ғана емес, күллі қазақ жұртының қабырғасын қайыстырды. Сұм хабар ана жүрегіне ауыр соққы болды. Досболды жерлеу рəсімінде анасының есінен танып, өзіне келе алмай жатқанын көру кім-кімге болса да ауыр тиді. Жау қолынан мерт болған жауынгерді ақтық сапарға шығару рəсіміне ауылдастары, жақын ағайынынан бөлек, Оңтүстік Қазақстан облысының əк ім і Бейб іт Атамқұлов пен Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары Мұхаметқали Сатов, ОҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері мен Шымкент əскери комиссариатының əскери қызметкерлері қатысты. Олардың барлығы осындай батыр ұл тəрбиелеген ата-анасына алғыстарын білдіріп, жұбату сөздерін айтты.

Өр мінезді ұлды өмірге əкелген анасы Жұлдыз ұлын əскерге кеткеннен кейін көрмеген, ал əкесі Еркінбек Əбдіқадыров былтыр күзде ұлының Ант қабылдау рəсіміне қатысу үшін Ақтөбеге келіп, қуанышты сəттің куəсі болған. Бұл əке мен баланың соңғы жүздесуі еді. Əйтсе де, қару асынып, əскер қатарында борышын абыроймен өтеп жүрген ұлдары үнемі үй-ішімен хабарласып, хал-жағдайының жақсы

екенін айтып отырған. Əкесімен соңғы рет сөйлескенінде де еш алаңдамауларын сұрап, əскерден оралатын айы-күн і жақындағанын сөз етіпті.

Досболдың əскери борышын абыроймен өтеп, туған жеріне аман-есен оралғаннан кейін спортпен шұғылдану жоспары болған екен. Əскер оның спортқа де-ген сүйіспеншілігін еселей түссе керек. Сарбазбен мектепте бірге оқыған сынып-тастары, замандастарының айтуынша, ол бала күннен бауырмал, байсалды, қайырымды, өжет, зерек, алғыр, шымыр бала болған. Үлзада Ұзақбай марқұм сы-ныптасы туралы көзіне жас ала отырып сыр шертті. Оның айтуына қарағанда, Досбол ат құлағында ойнайтын шабандоз болған. Отан алдындағы антына адал болған боздақ өзін болашақта темірдей тəртіпке бағынатын əскери қызметкер ретінде де көрген екен. Бірде əкесіне осы əскери бөлімде келісімшарт негізінде қызмет етуге қалғысы келетінін айтыпты.

Сарбаздың тағы бір сыныптасы: «Досбол достарының арасында сыйлы, атына заты сай азамат еді. Бауырмалдығы өз алдына, достыққа адал, жан баласына жақсылық тілеп тұратын», – дейді. Осыдан-ақ оның жарқын бейнесі достарының көз алдында мəңгі сақталып қалатынын болжай беруге болады.

Жан АЙБЕК

Мұсылман дүниесі Оразаға дайындыққа кіріскен шақта Ақтөбе жұртшылығы аспаннан жай түскендей күй кешті. Жексенбінің жаймашуақ күнінде түс ауа діннің атын жамылған бір топ лаңкес қаладағы 6555 əскери бөлімінің қару-жарақ қоймасын басып алмақ болып шабуыл жаса-ды. Бірақ теріс пиғылды жандардың жоспарлары жүзеге аспады. Қарулы қақтығыс кезінде осы бөлімнің кіші сер-жанты, келісімшарт бойынша қызмет атқарушы Берікжан Қалиев оққа ұшты.

Арсыз ажал, опасыз қаза! Қазақ мұндайда жұбатқанда «Артында бар оңалар» деп сабырға шақырып, басу айтады. Біз бұл сөзді бүгін көкірегіміз қарс айырыла, қабырғамыз қайыса отырып айтуға мəжбүрміз. Өйткені, ол сүйікті Отанының тыныштығы жо-лында туғандары, отбасы мен балаларын бір сəт естен шығарып, қылмыскерлермен қарулы қақтығыста олардың қолынан мерт болды.

«Берікжанның жұмыр жүрегі жақсылыққа ұмтылушы еді», – дейді анасы Гүлжиян. «Армандары көп болатын, – дейді құдай қосқан қосағы Нұрсұлу Шайхоллақызы. – Келісімшарт бойынша əскер қатарында қызмет еткен ол болашақта да өмірін əскермен байланыстырмақшы еді. Əскери жоғары оқу орнына түсіп, сардар болуды көксейтін. Алды 15, соңы 2 жастағы ұл-қыздары Гүлайна, Мейіржан, Əділ мен Гүлдананың қызықтарын көрсем деп арман-дайтын».

Батыр Беріктің денесі сəрсенбі күні жер қойнына берілді. Марқұмды арулауға Батыс Қазақстан облысының Жəнібек ауданы-на қарасты Жақсыбай кентінің тұрғындары ғана емес, облыстың

қала, ауыл кенттерінен қабырғасы қайысқан жұртшылық жинал-ды. Марқұмның отбасы, туған-туысқандарына көңіл айтушылар қатарында облыс əкімі Алтай Көлгінов, Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының басшылары мен Ақтөбедегі 6555 əскери бөлімінің өкілдері болды. Қаралы митингіге жиналғандар алдын-да қабырғасы сөгіле сөйлеген облыс əкімі А.Көлгінов: «Берікжан Отанын қорғау жолында мерт болды. Сіз еліміздің нағыз патриоты, Отан солдатын тəрбиелеп өсірдіңіз. Бауырымыздың есімі біздің есімізде мəңгі сақталады», – деді батырдың анасы Гүлжиянды иығынан қапсыра жұбата тұрып.

Отан өзінің сүйікті перзентін ешқашан ұмытпақ емес. Осынау қиын-қыстау шақта жергілікті атқару органдары марқұмды жер-леу тəрəкулеріне арнап қаржы бөлсе, мемлекет атынан аймақ басшысы отбасына қомақты қаржы салынған конвертті табыс етті. Қаралы митингіде бұдан кейін сөз алған №6555 əскери бөлімі бастығының орынбасары Бақберген Əнешев Берікжан Қалиевті мемлекеттік наградаға ұсынғандарын айтса, Жəнібек ауданының əкімі Наурызбай Қарағойшин қаһарман жігіттің туып-өскен ауылында бір көшенің атын беру туралы өкілетті органдарға тиісті ұсыныспен шығатындарын жеткізді. Ал, таяуда ғана БАҚ облыс əкімі Алтай Көлгіновтің Берікжан Қалиевтің от-басына Орал қаласындағы жаңа бой көтерген шағын ауданнан үш бөлмелі пəтер берілгенін, марқұмның жары Нұрсұлудың сол маңайдағы мектепке жұмысқа, балаларының шағын аудандағы мектепке жəне балабақшаға орналастырылғанын жарыса хабар-лады.

Айтқадыр ТІЛЕУОВ

Кіші сержант Берікжан ҚАЛИЕВ

Page 6: Сақшы №44 (4210)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20136 е-mail: [email protected]№44 (4210), бейсенбі, 16.06.2016 е-mail:[email protected]

АРДАГЕР

Абзал азамат – 19 жыл Қазақ КСР Ішкі істер министрінің бірінші орын-басары болған, жауынгерлік Қызыл Жұлдыз, екі мəрте «Еңбек Қызыл Ту» орденінің, «Ерлігі үшін» жəне тағы басқа 14 медаль иегері, КСРО Ішкі істер министрлігі мен Қазақ КСР Ішкі істер министрлігіне еңбегі сіңген қызметкер, милиция генерал-майоры Нұрылла Алмағамбетов тірі болғанда биыл 8 наурызда 96 жасқа толар еді.

Кіндік қаны 1919 жылы Қызылорда облысының Жалағаш ауданына қарасты Бұқарбай батыр (бұрынғы Қызылту колхозы, Калинин сов-хозы) ауылында тамған Нұрылла Алмағамбетов əуелі Қызылорда қаласындағы орта мектепті кейін Қызылорда медициналық училищесін « ф е л ь д ш е р » м а м а н д ы ғ ы м е н аяқтаған. Алматы денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің білімін жетілдіру институтының курсын аяқтаған соң ол Алматыда денсаулық сақтау бөлімінде жауапты қызметтер атқарады. 1938 жылы Қызыл əскер қатарына шақырылып, 1939 жылы Фин соғысына қатысады.

Ұлы Отан со ғысы бас талар -да ол Ақтөбеде құрылған 101-ші Ұлттық жеке бригаданы жасақтауға қатысып , ерекше бронепойыз бөліміне əуелі аға-əскери фельдшер, кейін бөлімнің əскери медициналық қызметінің бастығы, санитарлық ротаның командирі ретінде Калинин, Прибалтика, Төрт інші Украина майданындағы қанды шайқастарға, Псков облысы, Белорусь, Латвия, Литва, Эстония жəне Шығыс Еуропа елдер ін жаулардан азат етуге қатысады. 1942 жылдың аяғында Ногинск қаласына жеткізілген қазақ солдаты Жоғарғы Қолбасшысының құ зырында ғы 39 -шы ə с керд і ң қарамағына еніп, Мəскеуді қорғауға да қатысқан еді.

Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы Журналистер одағының мүшес і Рысбай Кəрімнің «Елім деп соққан жүре г і » а т ты к і т абында 101 -ші ұлттық бригада командирінің орынбасары, қызылордалық май-ор Мусса Сəдібеков 1942 жылдың 24 желтоқсанында Қызылорда облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Төлебаевқа жазған ха-тында: «Менің жерлесім Нұрылла Алмағамбетов жауынгерлер арасын-да үлкен беделге ие. Ол ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсетіп, ұрыс даласында жараланған 30 жауын-герге медициналық көмек көрсетіп, оларды майдан даласынан алып шығып, ерлік көрсетті. Осы ерлігі үшін ол Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды. Əлі алда Жеңіс күніне дейін талай ерліктер жасай беретін болады», – деп жазады. 1943 жылдың наурызында Ржев асуынан кейінгі шайқастардан кейін, батысқа қарай жорық жолдарын бастаған Н.Алмағамбетов атақты «Багратион» операциясына қатысып, Беларусь жерін неміс басқыншыларынан азат етеді. Полоцк қаласын жаудан босатқан шайқаста ол көрсеткен ерлігі үшін Жоғарғы Бас қолбасшы И.В.Сталиннің Алғыс хатымен жəне «Ерлігі үшін» медалімен марапатта-лады.

Сол кездердегі шайқастарды еске алған қаруласы, соғыс ардагері, отставкадағы полковник Кəкен Əбенов: «Нұрылла күні-түні ұйқысыз, демалыссыз жаралы жауынгерлердің өмірі үшін күресті. Оларды тірі алып қалу үшін білімі мен тəжірибесін аямады. Жаудан «т іл» əкелуге жасақталған арнайы командаға ол б ір інш і шақырылатын. Фин соғысында осындай тапсырмаларды орындаудағы оның тапқырлығы, бай тəж ірибес і , ержүрект і л і г і ескерілген еді», – деп жазды («Ради жизни», №6, наурыз 1996 жыл). «Санитарлық рота алдыңғы шептегі ұрыстарға, қолма-қол шайқастарға қатысып, жауған оқтың арасын-да жаралыларға дəрігерлік көмек көрсетіп, оларды ұрыс даласынан шығарып жататын. Сондықтан да олардың міндеттері жауапты əрі күрделі болатын», – деп жазады майдан əскер қолбасшылары.

А.Михиннің «Біз жеңу үшін қаза болдық» атты Ржев шайқасына арналған еңбегінде төмендегі жол-дар бар: «Біз Ржевке жерде жатқан қаптаған адам өліктерін баса оты-рып жылжыдық. Ол жердегі 200-250 шақырымды құрайтын Ржев асуындағы айқастар барысында көптеген өлім алқаптары мен шоқ-тоғайлар пайда болды. Жаз, ыстық желсіз күн, алдымызда өлім алқабы. Ол жерде шайқаста болмаған адам мыңдаған сасыған адам өліктерін де, қаптаған, құжынаған құрттарды

АҒАНЫҢ ДАРА ЖОЛЫҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫНДА СҰЛУ СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ ЖАҒАЛАУЫНАН БАСТАЛЫП, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ ҒИМАРАТЫНА КЕЛІП ТІРЕЛЕТІН КӨШЕ СЫР ЕЛІНІҢ ТУМАСЫ, ОСЫ ӨҢІРДІҢ ТҰҢҒЫШ ГЕНЕРАЛЫ НҰРЫЛЛА АЛМАҒАМБЕТОВТІҢ ЕСІМІМЕН АТАЛАДЫ.

да көзіне елестете алмайды, түсіне білмейді. Жердегі адам өліктері үш қатардан тұрады. Олардың үстінен телефон кабелі жүргізілген, ол үзілсе оны қалай да болса жалғау керек. Мəйіттердің үстімен еңбектеп мінуге мəжбүрсің. Ал олар 3 қабат болып қалған, ісініп жарылуға айналған. Кейбіреулері жарылып үлгірген. Жүрек ауыртатын жиіркен ішт і , жағымсыз, адам өліктерінің қолаңса сасыған иісі бүкіл алқапты алып жа-тыр. Снаряд жарылғанда еріксіз осы мəйіттер астына тығыласың, денең үрейден түршігеді.

Снаряд жарықшақтары ұшып өтісімен жан-айқаймен орныңнан тұрып, жалма-жан үстіңді қағып, алға ұмтыласың. Жау жоғарыда өте ыңғайлы позицияда орналасқан. Б і зд ің орналасқан жер оларға жақсы көрінеді жəне оларға ату өте ыңғайлы, бұл жерді айналып өте алмайсың».

Ржев асуындағы шайқас Кеңес азаматтарының есінде «Ржев ет турағышы» деген атпен қалды. Бұл соғысты немістер де қорқынышпен еске алады екен. Қазір бұрын жазыл-май келген ұғымдар пайда болды. Соның бірі – «Ржев түбіне айдап алып барды». Бұл шайқаста Кеңес əскерлері əскери техника мен адам саны бойынша өте көп шығынға ұшырады, ал немістер аз шығынмен қаланы тастап шықты. Шабуылмен қалаға к ірген Кеңес əскерлер і немістің тастап кеткен бос қала мен əскери техникаға ұқсатып, көз қылып орналастырған «арьергардқа» тап болған.

Бұл «Буйвол» операциясы – немістердің əскер санын шығыннан жəне қоршауда қалу қаупінен аман алып қалу үшін жасаған тактикасы екен. Бұны қазіргі таңда немістердің Ұлы Отан соғысындағы көрсеткен асқан əскери шеберлігі, ұтымды жоспарланған шегіну операциясы деп бағалап жүр. Əлемнің көптеген мемлекеттерінің əскери оқу орын-дарында немістердің бұл тəжірибесі арнайы оқытылады екен.

Ржев-Вяземск операциясы Кеңес Одағы басшылығының бақылауында

болды. Жау Мəскеуден бар болғаны 150-200 шақырымда Ржевте мықты плацдарм құрған. Ржев қаласы 1943 жылдың 3 наурызында босатыл-ды, ал 4 наурызда Ұлыбритания Премьер-министр і У .Черчилль Сталинге құттықтау хат жолдаған. Қаз ірг і Ресей тарихшыларының деректеріне сенсек, Сталин бүкіл Ұлы Отан соғысы барысында бір-ақ рет шайқас болған жерге барған екен. Бұл 1943 жылдың 3-5 тамыз күндері. Соғыс шығыны туралы əр-түрлі деректер бар. Қаза болған, із-түзсіз жоғалғандар саны 392 554, жарақат алғандар саны 768 233, тұтқынға түскендер саны 63 700-ге жеткен. Ал тарихшы П.Кривошеев өлгендер саны 433 037, тұтқынға түскендерімен бірге саны 605 984 болған деп көрсетіп жүр. Шайқасқа дейін қала мен оның төңірегінде 20 мың адам тұрса, шайқастан кейін 150 адам, соғысқа дейінгі 5443 үйден 297 үй қалған екен. Шайқас салдары-нан келген зиян 1,5 млрд. рубльді құраған. Бұл сол кездегі есеппен орасан шығын болып есептеледі. Ұлы Отан соғысының ардагері, жа-зушы В.П.Астафьев «Прокляты и убиты» кітабында: «Біз оларға өзен тола қан ағыздық жəне оларды тау-тау өліктермен көміп тастадық» деп жазады.

Қазіргі ресейлік тарихшылар бұл алапат қырғынға ол шайқаста кезек-пен-кезек басшылық жасаған Жуков пен Коневті кінəлауда. Ржевте Бас қолбасшы болған Жуков өз мемуар-ларында бұл шайқасқа бар болғаны

бірнеше жолдар ғана арнаса, Конев ол тақырыпты айналып өтіп, мүлдем ештеңе жазбайды. Бұл шайқаста Кеңес əскерлері жеңгенімен техни-ка мен адам саны өте көп шығынға ұшырап, ауыр зардаптарға душар еткен.

Ржев шайқасының Нұрылла ағаға тікелей қатысты деректерді интер-нет беттерінен іздеп, оны қазақ тіліне аударуға көп көңіл бөлдік. Майдан даласында қаншама адам жер жастанғанда, соғыстың басы-нан аяғына дейін қатысып, қаншама қиыншылықтарды көріп, майдандас-тарын, достарын ұрыс алаңынан алып шығып, кейбіреулерін жер-леп, қаншама рет жаны күйзеліске ұшыраған Нұрылла ағаның елге аман-есен оралуы оны ата-бабасының аруақтары мен періштелердің же-беп-желеп, қорғап жүруінен деп түсінуге болады. «Қанша қырғын болса да ажалды өледі» деген бе-

кер айтылмағанына тағы бір көз жеткізгендей боласың.

Осындай қиян-кеск і ұрыстар кезінде Н.Алмағамбетов бірнеше рет жараланып, контузия алып, екінші топтағы мүгедек атанған. Алайда, ол майдан алаңында əскер қатарында қала берді. Соғыс аяқталғаннан к е й і н ө з і н і ң к о м а н д а л ы қ құрамымен Н.Алмағамбетов Шығыс Германияның Оңтүстік Саксониядағы Кетен қаласына əкімшілік қызметке жіберіледі. Соғыстан кейін жауынгер 2 жыл бойы Германиядағы Кеңес əскерінің қатарында саяси жетекші, кейін өзі қызмет атқарған құрамының медицина қызметінің бастығы болып қызмет атқарды. Соғыс аяқталғаннан кейін Германияда нацистік топ-тар шабуылдарына тойтарыс беріп, қираған ғимараттарды қалпына келтіру, халықты бейбіт өмірге бейімдеу, дəрігерлік көмек көрсету, халық шаруашылығын қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыруда офицер Н.Алмағамбетов іскерлік қабілетін көрсете білді.

Нұрылла аға елге 1947 жылы орал-ды. Бейбіт өмірге араласып, əуелі облыстық денсаулық сақтау бөлімінде эпидемиологиялық науқастарға қарсы күрес секторының меңгерушісі лауазымын атқарған ол кейін 1948 жылы Қызылорда облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, Қызылорда қалалық партия комитетінің хатшы-сы лауазымдарын атқарды.

1955 жылы Мəскеудегі КОКП ОК жанындағы жоғары партия мектебін аяқтаған соң, Сырдария өзенінде са-

лынып жатқан Қызылорда плоти-на құрылысына парторг қызметіне тағайындалды. Соғыстан кейінгі ел тұрмысын түзеу үшін Сыр елінің күріш алқаптарын арт-тырып, оны сумен қамтамасыз ету жұмыстарымен айналысты. Сырдария өзенінің көктемдегі көп суды реттеу үшін бұл құрылыстың стратегиялық маңызы бар еді. Өзіне сеніп тапсырылған бұл жұмыста да Н.Алмағамбетов бар күш-жігерін жұмсап, алдыңғы қатардан көрініп, өзіне жүктелген сенімді ақтай білді. 1956 жылы плотина құрылысы аяқталған соң мемлекеттік қауіпсіздік ор-гандарын партияның кадрла-рымен нығайту саясатына бай-ланысты ол Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметіне жіберілді. Бұл қызметте ағамыз 6 жыл еңбек етіп, Мəскеудегі ҰҚК бір

жылдық курсын бітірді. Осы кездері ол мемлекеттік қызметпен қатар Өскемен қалалық партия комитетінің мүшесі, қалалық Кеңестің депутаты секілді қоғамдық жұмыстарды бел-сене атқарды.

Нұр-ағаның бұл қызметі сол кездегі елдегі саяси-əлеуметтік жағдайларға байланысты еді. Елде түрмеде жа-засын өтеп жатқан адамдарға ам-нистия жариялап, бостандыққа шығарған болатын. Олардың көбісі тың игеруге Қазақстанға ағылып келіп жатты. Олардың ішінде ре-цедивистер, қоғамда ауыр қылмыс жасаушылар, қылмыскерлер көп бо-латын. Олармен бейбіт өмірде жұмыс жүргізу, қоғамның тыныштығын сақтау күн тəртібінде тұрған өзекті мəселелердің бір і болды. Оның үстіне елдегі қауіпсіздік органдары тарапынан жаппай қуғын-сүргін тоқтатылып, партия тарапынан қатаң бақылауға алынды. Осы жағдайды ескерген үкімет ІІМ Орталық ап-паратын нығайту мақсатында білімді, тəжірибелі, өмірдің ыстық-суығын көрген кəсіби мықты кадр-лармен толықтыруды көздеді. Бұл талапқа майдангер, ҰҚК басшысы қызметін мінсіз атқарған 43 жастағы Н .Алмағамбетов сəйкес кел іп , Қазақ ССР ІІМ-нің бірінші орынба-сары қызметіне жіберіледі. Өзіне сеніп тапсырылған бұл қызметті ол 19 жыл абыроймен атқарды. Ол министрліктің үлкен де жауапты, ауқымды саласын басқарып, тергеу, БХСС, еңбекпен түзеу (лагерьлер, колониялар, түрмелер), құрылыс, өртке қарсы күрес қызметтері са-ласына жетекшілік етті. Əсіресе, Н.Алмағамбетов еңбекпен түзеу мекемелер і нде г і б ұрын сот ты болғандарды қайта тəрбиелеу, олар-ды қоғамға бейімдеу, тұрмыстық ж а ғ д а й ж а с а у с ы н д ы ө з е к т і мəселелерді республика көлемінде шешті. Ол түзеу колониялары мен мекемелеріндегі бас бостандығынан айырылған азаматтарды халық шаруашылығының түрлі салалары бойынша өндіріске тарту, еңбекке баулу, сол арқылы халық тұтынатын өнімдер шығару, мамандықтарға оқыту секілді маңызды сұрақтарды алға тартып, шаруашылық орында-рын ұйымдастырып, жүктелген сала-ны өмір талабына сай басқара білді.

Н . А л м а ғ а м б е т о в ө м і р л і к тəжірибесін қай салада қызмет атқарса да көрсете білді. Оның басшылығымен мыңдаған бұрынғы қылмыскер құрылыс материалдарын, халық тұтынатын тауарларды өндіріп шығарды. Республикада, қалалар мен қыстақтарда тұрғын үйлерді, зауыт-фабрикаларды, өндіріс орын-дарын салды. Осындай тəрбиелік маңызы бар жұмыстардың негізінде к ө п т е г е н б а с б о с т а н д ы ғ ы н а н айырылғандар еңбек тəрбиес ін алып түзеліп, отбасына оралып жатты. Осы жұмыстардың ұйытқысы жəне басшысы бола білген генерал Н.Алмағамбетов соғыс кезеңіндегідей алдыңғы сапта жүрді. Бейбіт күндегі

еңбегі ескеріліп, ол «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды.

Өз міндетін қай қызметте жүрсе де үлкен абыроймен атқарып, ел қорғауда, бейбіт еңбекте қалтқысыз қызмет атқарғаны үшін тұңғыш ге-нерал 40-тан аса марапатқа ие болды, оның ішінде КСРО басшы-сы И.В. Сталиннің Алғыс хаты мен «Ерлігі үшін» медалі, 4 рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, 21 рет Үкіметтің мақтау грамотасы, жауынгерлік Қызыл Жұлдыз ордені, екі мəрте «Еңбек Қызыл Ту» ордені, «Ерлігі үшін жəне тағы да басқа 14 медалі бар. Ол көзі тірісінде КСРО Ішкі істер министрлігіне жəне Қазақ КСР Ішкі істер министрлігіне еңбегі сіңген қызметкер атағына ие болған.

Тауқымет пен қиындықтарды басы-нан кешіріп, елін жаудан қорғауда, бейбіт күндері қылмысқа қарсы күресте қатардағы жауынгерден генералға дейінгі дара жолды жүріп өткен Н .Алмағамбетовт ің өм ір даңғылы келешек жастарға үлгі бо-лары сөзсіз.

Мен де есейген кезде ол кісінің ақыл-кеңестерін естіп өстім. Ол кісінің аты Сыр бойы тарихы, Ұлы Отан соғысы мен ішкі істер ор-гандары туралы тақырыптардағы көптеген кітаптарға енді, əлі де енеді. Сондықтан ол кісінің кімге болса да өнеге болатын өмірбаяны, қиын балалық шағы, Фин жəне Ұлы Отан соғысындағы өшпес ерліктері, соғыстан кейінгі партия, Ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарындағы халық шаруашылығын қалыпқа келтірудегі, заңдылықты сақтаудағы көрсеткен ерліктері айтуға, жазуға, өлең жолдарын арнауға, тіпті, ол туралы фильмдер түсіруге тұрарлық.

Ағаның өмірбаяны, жүріп өткен жолы көптеген шəкірттері үшін ғана емес, құқық қорғау, əскери оқу орындары түлектеріне патриоттық тəрбие беруде маңызы зор.

Ол кісіні алғашқы көргенім əлі есімде. 1978 жылы 9-сыныпта оқып жүрген кезім. Үйімізге қонаққа кел-ген аға маған көп сұрақ қойып, біраз əңгімелестік. Əңгіме ара-сында аға маған КСРО Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары милиция мектебіне оқуға баруым-ды ұсынып, ата-анамның келісімін де алды. Алғашында олардың бұл шешіміне қарсы болып, милиция қызметкері болғым келмеді. Тіпті, ол жаққа бармас үшін орта мектепті бітірер кезде құжаттар жинау бары-сында оқу табелімді əдейі тығып тас-тадым. Соның салдарынан құжаттар Ішкі істер басқармасына кеш тап-сырылды. Кадр қызметкерлер і менің милиция қызметкері болғым келмейтінін байқап, құжаттарымды Қарағанды мектебіне емес, Алматы өрт-техникалық училищесіне тапсы-руымды сұрады. Мен солай істедім. Нұрылла ағаның кейін айтқанын істемегеніне ренжіп, өзіме, əкеме ұрысқаны бар еді.

Əкемнің айтуынша, 1941 жылы Қызылордадағы 1 Май орта мектебін алғашқы түлектер і қатарында аяқтап, соғысқа аттанғанда Нұрылла аға Ақтөбе қаласында əскери жи-ында болған екен. Оны перронда күтіп алып: «Асан бұл бір ғаламат соғыс болады, бір əке-шешеден сен де, мен де жалғыз ұлмыз. Алла тағала екеумізді соғыстан аман-есен қайтуды жазсын, қош бол», – деп аздаған ақша ұстатыпты. Алла олардың тілектерін қабыл қылып екеуі де қан майданнан аман оралды.

Ол кісінің соғыс, милиция қызметі туралы əңгімелері қызықтыратын. Аға сондай-ақ, медицинадан, өнер жəне əдебиеттен жақсы хабардар еді. Қызылордалық жерлестер, Исатай Əбдікəрімов басқа да көптеген Сыр елінің белгілі азаматтары ол кісінің үйінде жиі қонақта болатын.

Өткен жылы Ұлы Жеңіст ің 70 жылдығына орай, облыстық Ішкі істер департаменті ғимаратының алдында орнатылған мəрмəр тақтаға Нұрылла Алмағамбетовтің ес імі қашалып жазылды.

Хұсайын ҚОРАЗБАЕВ, Қызылорда облыстық ІІД

Заң бөлімінің басшысы, запастағы полиция полковнигі

ТҮЙІН. НҰРЫЛЛА АҒАНЫҢ СЫР ЕЛІНДЕ ІЗДЕРІ САЙРАП ЖАТЫР. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ƏР ТҮКПІРІНДЕ ШƏКІРТТЕРІ ЖЕТІП АРТЫЛАДЫ. ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫНДА ДА ОЛ КІСІНІҢ ЕСІМІМЕН АТАЛҒАН КӨШЕ БАР. ГЕНЕРАЛ ОҚЫҒАН ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ МЕН ОБЛЫСТЫҚ ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНДА АСЫЛ АҒАҒА АРНАЛҒАН БҰРЫШ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП, КӨЗІ ТІРІ КЕЗІНДЕ ҰСТАҒАН ЗАТТАРЫ, МУНДИРІ, ОРДЕН-МЕДАЛЬДЕРІ САҚТАУЛЫ ТҰР. ХАЛЫҚ Н.АЛМАҒАМБЕТОВТІ ƏРДАЙЫМ ЖАҚСЫ ЖАҒЫНАН ҒАНА ЕСКЕ АЛАДЫ. ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНЕН ЕШҚАШАН ӨШПЕЙДІ.

Page 7: Сақшы №44 (4210)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 7е-mail: [email protected]№44 (4210), бейсенбі, 16.06.2016 е-mail:[email protected]

СПОРТ

РЕСМИ КЕЗДЕСУ

ФУТБОЛ

ОТБАСЫЛЫҚ БАЙҚАУ

БОЛАШАҚ БАПКЕРЛЕРІМЕН БАСҚОСТЫ

А т ы р а у о б л ы с ы б о й ы н ш а ҚАЖД, өң ірл ік денешынықтыру жəне спорт ба сқармасы жəне облыстық прокуратураның бірлесіп ұйымдастыруымен өткен жарысқа облыстық сот, прокуратура, ҚАЖД, Ішкі істер департаменті, аймақтық адвокаттар алқасы қызметкерлері мен осы мекемеде жазаларын өтеушілерден құралған командалар қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған Атырау облысы бойынша ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы əділет полковнигі Д.Туашев мұндай спорттық шаралар сотталғандар арасында тəрбие жұмысын жандан-дыру, сондай-ақ, спортты насихат-тау мақсатында өткізіліп отырғанын айта келіп, сайысқа қатысушыларға сəттілік тіледі.

Жарыс қорытындысында шағын футболдан 3-орынды Атырау об-лысы бойынша ҚАЖД, 2 -орын-ды сот тал ғандардан құрал ған « Т ұ л п а р » к о м а н д а с ы ж е ң і п

Есімдері елге белгілі спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Білəлов жұмыс орнында қабылдады. «Динамо» спорт қоғамының қатары қазақ спортының өркендеуіне өз үлесін қосып келе жатқан спортшылар мен жаттықтырушылармен толығып келе жатқанына қуаныштымын», – деді Берік Білəлов. Александра Эктова, Елена Парфенова сын-ды жаттықтырушылардың есімдері

ТАЯУДА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ІІД АППАРАТЫ ЖƏНЕ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИ-ЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІНІСТЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ЭСТАФЕТАЛЫҚ ЖҮГІРУДЕН ЖАРЫС ӨТТІ.

Шара ел Тəуелсіздігінің 25 жылдығы жəне 23 маусым – Қазақстан полициясының кəсіби мерекесі қарсаңында ұйымдастырылды. Жарыстар спорттың қызметтік-қолданбалы, жеңіл атлетикалық түрлерінен жекелей жəне командалық эстафеталық сынақтардан тұрды.

Командалық есеп бойынша 1-орынды Криминалдық полиция басқармасы жəне жедел криминалистика саласының қызметкерлерінен құралған құрама команда, 2-орынды Техникалық қызмет басқармасы мен Ақпараттық-аналитикалық орталық басқармасының құрама командасы, 3-орынды Жергілікті полиция қызметінің командасы иеленді.

Жарыс соңында «Тағзым» алаңында жеңімпаз командалар мен жүлдегерлер жарыс кубогымен, дипломдармен жəне бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі

« Ш а х т е р » с п о р т к е ш е н і н д е өткен спорттық жарыстың басты мақсаты – саламатты өмір сал-тын насихаттаумен қатар, ішк і істер органдары қызметкерлерінің д е н е ш ы н ы қ т ы р у д а й ы н д ы ғ ы деңгейін арттыру, қоғам арасын-да полиция қызметкерлерінің оң имиджін қалыптастыру болып табы-лады. Жарысқа Қарағанды қалалық ІІБ №7 полиция бөлімі жəне жол-п а т р у л ь д і к п о л и ц и я п о л к і н і ң қызметкерлері белсене атсалысты. Сайыстың ашылу салтанатында сөз алған Қарағанды қалалық ІІБ бастығының орынбасары, полиция

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТЖД ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ ҚҰТҚАРУШЫЛАРЫ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ ӨЗ БАЛАЛАРЫНА ҚЫЗЫҚТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРДЫ.

Жасақтың орталық базасында өткен мерекелік шарада құтқарушылар мен олардың ұл-қыздары «Əкем, анам жəне мен – спорттық отбасы» атты отбасылық спорттық жарысқа қатысты. Отбасылық командалар шараға арнайы қызықты атаулар, ұрандар мен эмблемалар дайындаған. Байқау барысында «отбасылық пойыз», «суда құтқару» жəне «көшіру», «қапшықпен жарыс» кезеңдері бойынша жарыстар өтті. Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынды жасақтың бас құтқарушысы Болатбек Есқалиевтің отбасы жеңіп алды. Барлық жеңімпаздарға марапаттау қағазы мен бағалы заттай сыйлықтар тапсырылды.

«Менің əкем – құтқарушы» деп аталатын асфальтқа сурет салу жары-сына балалар ерекше ұйымшылдықпен, қызығушылықпен қатысты. Сурет салу байқауында жасақтың бас құтқарушысы Марлен Беркалиевтің қызы Əйгерім үздік суреті үшін марапатталды. Бұл күні жасақтың қызметтік алаңы балалардың түрлі-түсті суреттеріне толып, ата-аналарды бір қуантып тастады.

Отбасылық сайысқа қатысушылардың барлығы суретшіге қажетті түрлі-түсті кітапшалар, қарындаштар, бояулар, борлар мен фломастерлерге ие болды. Жарыс соңында бүлдіршіндер флешмоб ұйымдастырып, аспанға түрлі-түсті шарлар ұшырды.

Мереке соңында қатысушы барлық балаларға тəттілер таратылып, олар Орал өзенінде қайықпен серуендеді.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Мəдина БАЛҒАШОҚОВА, Солтүстік Қазақстан облысы

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ІІД-ДЕ «ДИНАМО» СПОРТТЫҚ ҚОҒАМЫ ҚАТАРЫНА ҚОСЫЛУҒА НИЕТ ТАНЫТҚАН СПОРТШЫЛАР МЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ.

облыстағы жеңіл атлетиканың дамуы мен қалыптасуында қашанда ерекше болып қала бермек.

Е с і м д е р і ө ң і р д е т а н ы л ғ а н жаттықтырушылар жақында еліміздің намысын Олимпиада ойындарында қорғайтын талантты тəлімгерлерін полиция ведомствосы басшысына таныстырды. Қазақстандықтар Рио-де-Жанейрода өтетін спорттық сайыста Олимпиада ойындарының нормативін орындап ел намысын қорғауға жолда-ма алған Маргарита Мукашева, Ирина

Эктова, Екатерина Эктоваға үміт арту-да. Сондай-ақ, Ішкі істер департаменті бастығының қолынан динамолықтың куəліктерін Евгений Эктов, Никита Воробьев, Яков Кужилин секілді облыстың беделді спортшылары да алды.

«Мен үшін 90 жылдық тарихы бар «Динамо» спорт қоғамының мүшесі болу зор құрмет. Үлкен сынақ ал-дында барлық олимпиада ойында-ры қатысушыларына моральдық көмек көрсетіліп келеді. Ішкі істер департаментіне көрсетіп жатқан қолдаулары үшін рахмет айтамыз. Сіздердің, халықтың бізге артқан сенімдерін ақтап шығуға тырыса-мыз», – деді кездесу барысында жеңіл атлетикадан Азия чемпионы, 2012 жылы өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы Маргарита Мукашева.

Кездесу соңында жиналғандар генералмен естелікке суретке түсті. Енді оларды олимпиаданың жауапты кезеңі күтіп тұр. Сондықтан да олар жаттығулары мен дайындықтарын б ір сəтке де бəсеңс ітпек емес . Олимпиада ойындарында мемлекет намысын қорғаушылардың ара-сында Солтүст ік Қазақстан об-лысынан бес спортшы-динамолық бар. Сонымен қатар, велошабан-доз динамолықтар да өздерін ің жаттықтыруларын үдете түсуде. Олардың қатарында Халықаралық дəрежедегі спорт шебері Алексей Луценко мен Артем Захаровты ерек-ше атап өтуге болады.

ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ 24 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ ҚАРСАҢЫНДА ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫН-ДА ФУТБОЛДАН ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

полковнигі А.Маханбетов ішкі істер саласында спортқа ерекше көңіл бөлініп отырғанын, бұдан əрі де осындай игі іс-шаралардың ұдайы өткіз іл іп тұратынын айта келіп, жарысқа қатысушыларға сəттілік тіледі.

«Полиция қызметкерлері арасында спортты серік етіп алып жүргендер жеткілікті. Түрлі жарыстарда да жақсы көрсеткіштерге ие болып жүргендерді де білеміз. Бұл жолы да саламатты өмір салтын ұстанған полиция қызметкерлері спорттық шараға атсалысып, жеңіске белсене ұмтылады деп сенеміз», – деді ол.

Ш а қ ы р ы л ғ а н қ о н а қ т а р с ө з с ө й л е г е н н е н к е й і н қ а з ы л а р алқасының құрамы таныстыры-л ы п , к е з д е с е т і н к о м а н д а л а р анықталды. Қызықты да тартысты өткен сайыс соңында жеңіске жеткен командаларға кубокпен қоса мақтау қағаздары мен құнды сыйлықтар тапсырылды. Атап айсақ, 1-орынды Михайлов ПБ қанжығасына байласа, 2-орын Орталық ПБ-не бұйырды, ал жол-патрульдік полиция полкінің жіг іттері 3-орынға табан тіреді. Б а с қ а к о м а н д а л а р д а қ ұ р қ о л қайтқан жоқ. Барлық командаларға мақтау қағаздары, кубоктар жəне сыйлықтар бұйырды.

Қарағанды қалалық ІІБ баспасөз қызметі

БОСТАНДЫҚ ӨМІРГЕ БЕЙІМДЕУАТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ ҚАРАСТЫ УГ-157/9 МЕКЕМЕСІНДЕ ШАҒЫН ФУТБОЛ ЖƏНЕ ШАХМАТТАН ЖАРЫСТАР ӨТТІ.

алса, жарыс жең імпаздары бо-лып Атырау облыстық Ішкі істер департаменті командасы танылды.Шахмат жарысынан 3-орынды жа-

засын өтеуші К.Валиев, 2-орын-ды жазасын өтеуші Ж.Қуандықов, ал 1-орынды адвокат Т.Мұхатапов жеңіп алды. Жеңімпаздарға мақтау қағаздары жəне бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Атырау облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

ЭСТАФЕТАЛЫҚ ЖҮГІРУ

Қымбат КӨПБАЕВ, Павлодар қаласы

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫ МЕН ПАВЛО-ДАР ОБЛЫСЫ ТЖД «ӨРТ СӨНДІРУ ЖƏНЕ АПАТТЫҚ ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІ» ММ-НІҢ КƏСІБИ ДАЯРЛАУ МЕКТЕБІ «№ 2 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ОЛИМПИАДАЛЫҚ РЕЗЕРВІ» КМҚК ФУТБОЛ АЛАҢЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН СПОРТТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ.

ШАҒЫН ФУТБОЛ

Жарысқа қала мектептерінің мықты деген оқушылары қатысты. Бəсекеге түсушілердің жас санаты 10-12 жас шамасында, əр команда құрамы 5 жəне 4 қосалқы ойыншыдан құралды.

Əр кездесу жолдастық сəлем беру, қол алып амандасу жəне бір-біріне сəттілік тілеу рəсімімен басталды. Ойын барысында бəсекеге түсушілер кəсіби шеберлердің қызығушылығын танытатындай жақсы ойын көрсетті. Кішкентай футболшылар допты еппен үйіріп, финт айналдырды, ал бұл əр ересек адамның қолынан келе бермейтін өнер еді.

Шағын футбол турнирінің қорытындысында жинаған ұпайлар сандары бой-ынша 1-орынды №22 ЖОББМ, 2-орынды №2, №3 ЖОББМ жəне 3 орынды №1 ЖОББМ командалары иеленді, сонымен қатар, мақтан тұтатындай ойын ойнаған №25 ЖОББМ командасы 4-орынға ие болды. Барлық командаларға сыйлықтар жəне турнир жеңімпаздарына «Жас өрт сөндірушілер» кубогы ұсынылды.

Ойын қорытындысы бойынша үздік шыққан ойыншылар номинациялар бой-ынша марапатталды. Мəселен, №2 ЖОББМ оқушысы Азат Ізбасаров ең үздік қақпашы, №22 ЖОББМ-нан Бекзат Али ең үздік шабуылшы, №25 ЖОББМ-нан Мирас Жакупов ең үздік қорғаушы боп танылып, арнайы сыйлықтармен мара-патталды.

Турнир соңында жарыс ойыншылары мен олардың ата-аналары іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыстарын айтып, осындай іс-шараларды жиірек ұйымдастыруы туралы ұсыныстарын білдірді.

Спорттық шараны өткізудегі басты мақсат – балалар мен жасөспірімдерге денешынықтыруды, туризм мен спортты насихаттау жəне онымен айналысуға кеңінен тарту. Жарыстар «Саламатты өмір салты» ұранымен өтті.

Жеткіншектер арасында

Мерекелік шара

Сыр сақшылары сайысты

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің басшылығы мен жеке құрамы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының əскери қызметшісі, қатардағы қызметкер

САПАР Досбол Еркінбекұлыныңқызметтік міндеттерін орындау кезінде қайғылы қазаға ұшырауына орай марқұмның отбасы мен туған-туысқандарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің басшылығы мен жеке құрамы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының əскери қызметшісі, кіші сер-жант

ҚАЛИЕВ Берікжан Ерланұлыныңқызметтік міндеттерін орындау кезінде қайғылы қазаға ұшырауына орай марқұмның отбасы мен туған-туысқандарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің басшылығы мен жеке құрамы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының барлау қызметінің майоры

МАЙЛЫБАЕВ Даниел Ақарысұлыныңқызметтік міндеттерін орындау кезінде қайғылы қазаға ұшырауына орай марқұмның отбасы мен туған-туысқандарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Page 8: Сақшы №44 (4210)

сөз соңы№44 (4210), бейсенбі, 16.06.2016 е-mail:[email protected]

ШЫҒАРУШЫ және МЕНШІК ИЕСІ:«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС

Басылым 01.06.2006 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №7355 - Г куәлігі берілді• Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді• Қолжазба рецензияланбайды және авторға қайтарылмайды• Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес• Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді• Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді• Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуғатыйым салынадыБас директор

Бимаханбет АСАНовКомпьютер және дизайн бөлімінің қызметкері: Ақсая ЖүРКЕНовА Корректор: Нұршакүл ӘШІМБАЕвА Фототілші: Серік ЖолдАСпЕКов

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: [email protected]

БІЗдІҢ РЕКвИЗИТТЕР:ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKXБИН - 051040005963 КБЕ-16«БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

Газет «Сақшы» компьютер және дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «ERNUR» Медиа- холдингі» ЖШС баспаханасында басылды.Индексі: 65395 Таралымы: 13029Тапсырыс: №2876

Нөмірдің кезекшісі: Жадыра МЫРЗАхМЕТовА

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ: Бас редактор: Бану ӘдІлЖАНовА Ақпарат бөлімінің меңгерушісі: Ғанибет ҒАлЫМБЕКҰлЫ Аға тілшілер: Жадыра МЫРЗАхМЕТовА, Нұрлан оРАЗҒАлИЕвТілшілер: Гүлнәр МАҒЗҰМовА, Айткен ШӘМШІ,Сабырбек олЖАБАЕв

Ашық сАбАқАшық есік күні

Құра

сты

рған

Еск

енді

р Та

сбол

аТов

Ойл

ан, т

ап! Ресей

импер-ң шені

Копия Қойшы ... ағаш

... шам

... етік Келбет Одағай сөз

... Айдар... Пастер

Қолөнер бұйымы

Ағылшын футбол-шысы

Жұбай Сәулетті ғимарат

БиоөрісАталас жұрт

Ақиқат

Жігер Ысырап Кіші қажылық

Мемлекеттік тіл аясын кеңейтіп, жеке құрамды отансүйгіштікке тәрбиелеу, ел рәміздерін құрметтеуді, дәріптеуді мақсат тұтқан сабақ барысында әр рәміздің Қазақстан тарихында алатын орны мен мән-маңызы түсіндірілді.

Сондай-ақ, сабақта мемлекеттік қызметкерлердің сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі әдіс-тәсілдер, жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы тыңдаушының туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арт-тырып, өмірде қолдануына түрткі болу басты назарға алынды. Мемлекетіміздің тұғыры болып табылатын рәміздерімізді құрметтеу, оны биікте ұстау мақсатын түсіндіріп берген тыңдаушылар сабақта барынша белсенділік танытты.

Рәміздер күніне арналған ашық сабақта жастардың білімді, білікті болып қалыптасуына, олардың өз елінің шынайы патриоттары болып ержетуіне мемлекеттік рәміздеріміздің тигізетін маңызы зор екені айтылды. Сонымен қатар, қазақ тілі сабағында бойтұмарымыз – рәміздердің азаттығымыздың рухын биіктетіп, арманын асқақтатып, жарқын болашаққа жетелейтіні де нақты мысал-дармен келтірілді.

«Рәміздеріміздің әрқайсысының болмасын мәнінің тереңдігі, еліміздің асқақтығын суреттеп, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыра береді. Ашық сабақтың мемлекеттік рәміздер күніне арналғандығы полиция қызметкерлерінің ойын орамдап, жүйелі сөйлеп, өз бойындағы тұнып тұрған еліне деген сүйіспеншілікті көрсетуге мүмкіндік береді», – дейді шараны ұйымдастырушылар.

«Мемлекеттік рәміздер – ел егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышан-дар. Себебі, рәміздер мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі болып табылады. Халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаhармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер туралы білу, оларды құрметтеу – біздің басты міндетіміз», – дейді сабаққа қатысқан сақшылар.

Еліміздің егемендігін танытатын ресми белгілер – Елтаңба, Туымыз бен Әнұранымызды әр азамат бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат бола-тынына сенімім мол.

Мекемеге келген сотталғандардың туыстарын тіркеу, олармен бірге еріп жүру және қозғалыс бағдары, соны-мен қатар, іс-шараның бағдарламасы алдын ала дайындалған болатын. Қылмыстық атқару жүйесі орган-дарына азаматтардың сенімін арт-тыру мақсатында қолға алынған шара «Әкем, анам және мен – спорттық отбасы» атты эстафета-мен басталды. Спорттық сайысқа қатысып, үздік нәтиже көрсеткендер мақтау қағаздарына ие болып, сыйлықтармен марапат талды . Сотталғандар бұл күні ет жақындары – ата-анасы, балалары, жұбайы, ба-уырлары, апа-аталары, немерелері, асырап алушылармен жүздесіп, бір жасап қалды. «Сотталғандардың ж а қ ы н т у ы с т а р ы м е н к е з д е с у і олардың отбасылық және басқа да әлеуметтік оң байланыстарын қалыптастыруға түртк і болары сөзсіз. Мұндай іс-шаралардың тек сотталғандарға емес, олардың туыс-

Байқауға Арал, Қазалы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған ау-дандары мен Қызылорда қаласынан 18-35 жас аралығындағы жергілікті органдарда қызмет атқаратын 14 мемлекетт ік қызметші қатысты. Өңірлік сайысқа Қызылорда облысы

Осыған орай жақында Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыстық прокуратура бірлесіп сотталғандардың шығармашылық жұмыстарының (картиналар, кәдесыйлар, бұйымдар) көрмесін ұйымдастырған еді. Ал, жақында сотталғандардың қолынан шыққан осы туындылар Петропавл қаласында өткен қайырымдылық балы шеңберінде сатуға шығарылды.

Қайырымдылық шарасына жергілікті атқарушы органдар, депутаттар, үкіметтік емес бірлестіктер, бизнес-қоғамдастығы, этномәдени бірлестіктер өкілдері қатысты. Кеш бойы шақырылған қонақтар облыстың шығармашылық ұйымдарымен дайындалған мәдени бағдарламаларды тамашалады. Кеште Әскери институт курсанттарының орындауындағы вальс, халықаралық жары-стар жеңімпаздарының билері және тағы да басқа әсерлі нөмірлер ұсынылды.

Шара аяқталған соң қайырымдылық аукционы ұйымдастырылды. Аукцион ба-рысында облыстың түзеу мекемелерінің сотталғандары жасап шығарған бұйымдар, атап айтқанда, ағаштан оюланған тіреуіштер, ағаштан әдемі оюланып жасалған ра-ушан гүлдер, оюланған сандықшалар және қобдишалар, сондай-ақ картина-лар, олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың футболкасы, кәсіби боксер Жанат Жақияновтың боксерлік қолғабы секілді бағалы заттар сатылды.

Кеште жиналған 2 миллион теңге шамасындағы қаражат ауыр науқасқа шалдыққан балаларды емдеуге жіберілді. Қайырымдылық шарасына белсене қатысқан Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД түзеу мекемелерінің сотталғандары грамо-талармен және алғыс хаттармен марапат-талды.

ҰлТТЫқ МАқТАНЫШМЕМЛЕКЕТТіК РӘМізДЕР КүНіНЕ ОРАй АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ііД-НЕ ҚАРАСТЫ АЛАТАу АуДАНДЫҚ іШКі іСТЕР БАСҚАРМАСЫНДА ҚАзАҚТіЛіНЕН АШЫҚ САБАҚ ӨТТі.

А.ҚАЛҚАЕВА, Алматы қаласы

ТЕМіР ТОРДА ОТЫРғАН ЖАНДАРДЫң ЖАҚЫНДАРЫМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН үзБЕй, ОТБАСЫМЕН ТЫғЫз БАйЛАНЫСТА БОЛуЫНЫң МАңЫзЫ МОЛ. СЕБЕБі, СОТТАЛғАНДАРДЫң ТуғАН-ТуЫСТАРЫМЕН ЖИі КЕзДЕСіП, ЕМЕН-ЖАРҚЫН СӨйЛЕСуДі ДЕ ОЛАРДЫң Оң ЖОЛғА ТүСіП, ЕРТЕңіНЕ СЕНіММЕН ҚАРАуЫНА СЕП БОЛАРЫ СӨзСіз. ОСЫ МАҚСАТТА ЖАҚЫНДА ҚАРАғАНДЫОБЛЫСЫ БОйЫНША ҚАЖД АК-159/9 МЕКЕМЕСіНДЕ АШЫҚ ЕСіК КүНі ҰйЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

Н.САЛФЕТНИКОВА, Қарағанды облысы

САҒЫНЫШқА ТолЫ КЕЗдЕСУ

тарына, жақын адам-дарына да маңызды», – д е й д і м е к е м еқызметкерлері.

Сотталғандардың бұл күнді көптен әрі е р е к ш е т о л қ у м е н күткен і рас . Ашық ес ік күн і 35 с о т т ал ғ ан т у ғ ан - т уыс тарымен жолығып, сағыныштарын басты. Мекемеге келген 80-жуық адамның 22-сі бала. Балалардың ішінде екі бүлдіршін қызды Теміртау қаласының «SOS Балалар ауылынан» әлеуметтік оқытушысы арнайы алып келді.

Қонақтарды мекеме қызметкерлері қарсы алып, тәрт іпт і сақтауға қажетті нұсқаулықтар берді. Мекеме клубында кездескен сотталғандар мен олардың жақындары кейіннен жазасын ө теп жатқан жандар дайындаған концертті бірге тама-шалады. Сахнаға шыққан сотталған аналар бұл күні балаларына ән арнап, жырларын оқыды. Балалар

да сағыныш пен сырлы мұң толы жырларын аналары мен әкелеріне оқып беріп жатты. Бұл күні әсем ән де орындалды, би де биленді.

К о н ц е р т т і к б а ғ д а р л а м а н ы алғысөзімен ашып берген меке-ме бастығы, әділет подполковнигі Н . Д ү й с е н б е к о в к е л г е н с о т т а л ғ а н д а р д ы ң т у ы с т а р ы н а алғысын білдіріп, игі шараның босқа өтпейтініне сенім білдірді.

Жиналған қауым алдында ерекше күш пен жігер алған сотталғандар өнерлерін ортаға салып бақса, сотталғандардың туыстары осындай маңызды шараны ұйымдастырғаны үшін мекеме әкімшілігіне алғыстарын айтты.

бАйқАу

КөРКЕМСөЗ оқУ ШЕБЕРлЕРІҚЫзЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ іШКі САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫң ҰйЫМДАСТЫРуЫМЕН МЕМЛЕКЕТТіК ТіЛДің ҚОЛДАНЫЛу АЯСЫН КЕңЕйТу, ТіЛ МӘДЕНИЕТіН КӨТЕРу, КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТі НАСИХАТ-ТАуДЫ ЖАНДАНДЫРу, ХАЛЫҚ АРАСЫНАН ТАЛАПТЫ, ТАЛАНТТЫЖАСТАРДЫ ізДЕП ТАБу МАҚСАТЫНДА КӨРКЕМСӨз ОҚу ШЕБЕРЛЕРіНің ОРАЛХАН БӨКЕй АТЫНДАғЫ ОБЛЫСТЫҚ БАйҚАуЫНЫң іРіКТЕу ТуРЫ ӨТТі.

Дана ДОСТАНОВА, Қызылорда облысы

СОЛТүСТіК ҚАзАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОйЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРу ЖүйЕСі ДЕПАРТАМЕНТі «РЕСОЦИАЛИзАЦИЯ: СЕН ҚОғАМғА КЕРЕКСің! ТЫ НуЖЕНОБщЕСТВу! SOCiEty NEEdS yOU!» ЖОБАСЫН ЖүзЕГЕ АСЫРу ШЕңБЕРіНДЕСОТТАЛғАНДАРДЫ ТүзЕТуГЕ БАғЫТТАЛғАН ШАРАЛАРДЫ ҚОЛғА АЛЫПКЕЛЕДі. МҰНДАғЫ БАСТЫ МАҚСАТ – СОТТАЛғАНДАРДЫң ҚОғАМ АЛДЫНДАғЫ ӘЛЕуМЕТТіК ЖАуАПКЕРШіЛіГіН АРТТЫРу БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

Нұрсұлу КӨБЕНОВА, Солтүстік Қазақстан облысы

бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты зК-169/5 мекемесінен Сотталғандар арасында тәрбие жұмыстарын жүргізу бөлімінің жасақ бастығы, әділет лейтенанты Тәуекел Байқадам да қатысып, бағын сынға салды.

Талапкерлер байқауда Оралхан Бөкейдің шығармашылығымен қоса, басқа да қазақтың белгілі ақын-жазушыларының кез келген көркем және драмалық шығармаларынан, өлеңдерінен үзінді оқыды.

Байқауға қатысушылардың өнерін Қорқыт Ата атындағы ҚМу-дың қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика

хАБАРлАНдЫРУІІМ-нің Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі поли-

ция полкі қатардағы және кіші басшы құрам және орта басшы құрамның бос лауазымдарына байқау жариялайды

Қызмет инспекторы, C-SSP-8 санаты, 40 бірлік, С-SV-12 санаты, 20 бірлік.

Лауазымдық жалақысы:

санатЕңбек сіңірген жылдарына байланысты

min maxC-SSP-8 79084 87450С-SV-12 63592 65094

Функционалдық міндеттері: Азаматтардың жеке және мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті қорғау және қауіпсіздікті қамтамсыз ету, қылмыс және әкімшілік бұзушылықты ал-дын алу және болдырмау, қылмысты ашуға және қылмыскерлерді ұстауға қатысу.

Қойылатын басты талап: қатардағы және кіші басшы құрам лауазым-дарына жиырма бес жастан аспаған, орта басшы құрам лауазымдарына 35 жастан аспаған, бойы 170-тен кем емес, тиісті білімі бар және мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтар немесе әскери-оқыту резервін даяр-лау бойынша Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери даярлықтан өткен, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған не-месе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.

Мекенжайымыз: Астана қаласы, Иманов көшесі 21, телефон: 20-19-65, 87015593981; 8775331113; 87788888882 кадр жұмысы бөлімшесі.

кафедрасының профессоры Аман Абасилов, облыстық ішкі саясат басқармасының тілдерді дамыту және әдістемелік бөлімінің басшысы Ләззат Есімова, өңірлік филармония директорының орынбасары Азиза іздіқұлова бастаған қазылар алқасы бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша республикалық байқауға жолда-маны Жаңақорған аудандық жас- тар ресустық орталығының маманы Мұзарап Динара жеңіп алды. Ал, Азиза Гажденбекқызы көркемсөзді нақышына келт і р і п , мәнерлеп оқыған Байқадам Тәуекел, Бекзатхан Ерк інов , Гүлмайра Мусаимова , Марфуға Нұрболатованы ерекше атап өтті.

игі іс

қайырымдылық балынан түскен қаржыбалаларды емдеуге жұмсалады