8
№3 (4169), 12.01.2016, сейсенбі www.mediaovd.kz Газет 1933 жылдан бастап шығады РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ 62 ЖОБАНЫ СƏТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРДЫҚ 10 ҚАҢТАР – ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАН КҮНІ Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Сенат Бюросының отырысы бо- лып, онда Парламенттің жоғары палатасы кезекті отырысының күн тəртібі белгіленді. Сенаторлар төрт заң жобасын қарауды жос- парлады. Депутаттардың талқысына Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі Келісімінің Баптарын, Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру жəне Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Өнімді ин- новацияларды ынталандыру жобасы), Білім беру саласындағы кемсітушілікке қарсы күрес туралы конвенцияны жəне Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобала- ры шығарылады. 2016 жылғы 14 қаңтарда болатын Палата отырысының күн тəртібіне депутат Төлеубек Мұқашевты Парламент Сенатының Əлеуметтік- мəдени даму жəне ғылым комитетіне ауысуы туралы мəселе де енгізілді. СЕНАТ 4 ЗАҢ ЖОБАСЫН ҚАРАЙДЫ МƏЖІЛІС БІРҚАТАР ҚҰЖАТТЫ ТАЛҚЫЛАЙДЫ Таяуда Парламент Мəжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыповтың жетекшілігімен палата бюросының жаңа жылдағы алғашқы отырысы өтті. Онда палатаның алдағы жалпы отырысының күн тəртібі бекітілді. Бұл туралы Мəжілістің баспасөз қызметінен хабарланды. Бюро бекіткен күн тəртібіне сəйкес, де- путаттар талқысына бірқатар халықаралық құжат ұсынылмақ. Атап айтқанда, Чехия мен Қазақстан арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау жəне салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама, Қазақстан мен Үндістан арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау турады заң жобалары депутат- тар қарауына жатады. Сондай-ақ, осы күні Қазақстанмен энер- гия тиімділігін арттыру бағдарламаларына жəне жастар корпусын дамытуға арналған бір донордың Траст қоры əкімшісі ретінде əрекет етуші Халықаралық Қайта Құру жəне Даму Банкі арасындағы грант туралы (Жастар корпусын да- мыту жобасы) келісім мақұлданады деп күтілуде. Жобаның мақсаты – жастардың, əсіресе, əлеуметтік тұрғыдан осал топтарының қоғамдастық өміріне тартылуын ынталандыру, сондай-ақ, қоғамдастықтың игілігі жолындағы қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту бағдарламалары арқылы олардың өмірлік маңызды дағдыларын дамыту болып табы- лады. Жалпы отырыста ілеспе құжаттармен төлемдер жəне төлем жүйелері, коллекторлық қызмет, халықты жұмыспен қамту туралы заң жобалары бойынша қорытынды əзірлеу мерзімі тағайындалатын болады. Кездесу барысында сөз алған Мемлекеттік хатшы Қазақстан ЕҚЫҰ-мен бірлескен 62 жоба- ны сəтті жүзеге асырғандығын мəлімдеді. Айта кетейік, кездесу ЕҚЫҰ өкілінің дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай ұйымдастырылған болатын. Шара аясында тараптар Қазақстанның ЕҚЫҰ бағытындағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалына жəне болашақ перспективаларына қатысты кең ауқымды мəселелерді талқылап, өңірлік жəне халықаралық күн тəртібіндегі өзекті мəселелер бойынша пікір алмасты. «Біз Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық жөніндегі ұйымының Астана қаласындағы бағдарламалар Офисімен өте ынтымақтаса жұмыс жүргізу үстіндеміз. Мұндай жұмыстарымыз, əсіресе, Офис Басшысы Наталия Заруднаның жетекшілігімен жан- дана түскендей. Айталық, соңғы жылдың өзінде Қазақстан аталған ұйыммен сан салалы бағыттар бойынша 62 жобаны бірлесе жүзеге асырыпты. Оның ішінде, иммиграция, экономи- ка жəне адам құқының қорғалуын қамтамасыз ету мен аймақтардағы өңіраралық мəселелерді тиімді шешуге қатысты семинар-кеңестер ұтымды ұйымдастырылды. Əсіресе, ауыл əйелдеріне қатысты атқарылған шаруалардың нəтижесі көңіл көншітерліктей. Экология мен «Жасыл экономикаға» өту жолдарын ел, жұртқа кеңінен таныстырып, түсіндіру жұмыстарының жоспары да ойдағыдай орын- далды. Сондықтан да осы сəтті пайдалана отырып, Наталия ханымға елімізде бізбен бірге білек сыбана табысты еңбек еткені КЕШЕ АҚОРДАДА МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫ ГҮЛШАРА ƏБДІҚАЛЫҚОВА ЕУРОПАДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖƏНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӨНІНДЕГІ ҰЙЫМЫНЫҢ АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАЛАР ОФИСІ БАСШЫСЫ НА- ТАЛИЯ ЗАРУДНАМЕН КЕЗДЕСТІ. БҰЛ ТУРАЛЫ BAQ.KZ ХАБАРЛАДЫ. үшін Қазақстан Республикасы атынан зор алғысымды білдіргім келеді», – деді Гүлшара Наушақызы. Сонымен қатар, соңғы жылдары ЕҚЫҰ Астана қаласындағы бағдарламалар Офисінің ұйымдастыруымен Ұйым хатшылығының жəне ЕҚЫҰ құрылымдық бөлімшелері басшылығының Қазақстанға бірнеше сапары, елімізде жəне ше- телде түрлі форматтағы жəне деңгейдегі əскери- саяси, экономика-экология жəне адами өлшемдер салаларында бірқатар іс-шара өткізді. «Менің 4 жылғы қызметімнің барысын- да Қазақстанда ел басшылығының рефор- маларын жүзеге асыру мүмкіндіктерінің бар екендігіне көзім жетті. Осы уақыт ішінде ЕҚЫҰ- ның Қазақстандағы өкілдігі көптеген жұмыс атқарды. Біз еліміздің барлық өңірінде 200-ден астам түрлі жобаны жүзеге асырдық. 16 мыңға жуық түрлі сала өкіліне тренингтер өткіздік. Біздің қолдауымызбен қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық орындаушы заң жоба- лары, əкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық жəне басқа кодекстер қабылданды. Сондай-ақ, ақпараттың қолжетімділігі туралы маңызды заңдар жиынтығы қабылданды. Біз 4 жыл бойы дəл осы заң жобасына белсенді түрде қолдау көрсеткен едік. Жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, жергілікті өзін-өзі басқару ту- ралы заңдарға да өз үлестерімізді қостық. Ең бастысы, біз мемлекеттік орган мен азаматтық қоғам арасындағы сенімді арттыра түстік. Елдегі жобалардың барлығы осы сенімнің арқасында жүзеге асты», – дейді Наталия Зарудна. Еске сала кетейік, кеше Наталия Заруднаның дипломатиялық миссиясы аяқталды. БІЗ – БОЛАШАҒЫ БІР ҰЛТПЫЗ Кездесу барысында Мəжіліс қызметінің негізгі бағыттары талқыланды. Бұл туралы кеше Ақорданың баспасөз қызметі хабар- лады. ЕЛБАСЫ МƏЖІЛІС ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Суретті түсірген Бауыржан ЖУАСБАЕВ Мемлекет басшысы Парламенттің Бес институционалдық реформаны жүзеге асы- руды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету ісі жөнінде жемісті жұмыс жүргізгенін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев, сондай-ақ, бүгінде депутаттардың алдында маңызды міндеттер тұрғанын, қазақстандықтардың əл-ауқаты солар- ды табысты жүзеге асыруға байланысты екенін айтты. 1991 жылдың 16 желтоқсанында өзін əлемге тəуелсіз мемлекет ретінде жариялаған Қазақстан, Қарулы Күштерден бұрын ең бірінші кезекте Ішкі əскерлерді құрды. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған азаттыққа қол жеткізген Қазақ елі өз мемлекеттілігін сақтауда ішкі тыныштық пен тəртіптің аса маңызды екендігін осылай аңғартса керек. 2014 жылдың 21 сəуірінде Президент Жарлығымен Ұлттық ұлан боп өзгерген құқықтық тəртіп əскерінің құрылғанына биыл – 24 жыл. Жоғарыда аталған дəстүрлі шара Астана қаласындағы «Қазақстан» орталық концерт залында арнайы осы төл мереке қарсаңында өткізіліп отыр. Мəні бөлек мəдени шараға –Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, күш-қуат ведомстволарының, комитеттер, департаменттер, ІІМ Орталық аппаратының басшылары, ардагер- лер, БАҚ өкілдері, астаналық гарнизонның əскери қызметшілері, елорда тұрғындары мен қонақтары шақырылды. Айта кетелік, 9 қаңтар күні концертке дейін əскердің Ақмола гарнизонына қарасты 3660 жəне 6636-əскери бөлімдерінде күзгі шақырылым сарбаздары Əскери ант қабылдаған еді. Гала- концертті Отанға ант берген жас жауынгерлердің ата-аналары да тамашалады. Шараның концерттік бағдарламасында Эльмира Баққали, Мұрат ДƏЛ ОСЫНДАЙ АТАУМЕН 9 ҚАҢТАР КҮНІ «ҚАЗАҚСТАН» ОРТАЛЫҚ КОНЦЕРТ ЗАЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ ƏН-БИ АНСАМБЛІ МЕН ОРТАЛЫҚ ОРКЕСТРІНІҢ VIII ГАЛА-КОНЦЕРТІ ӨТТІ. ҰЛАНДЫҚТАР БИЫЛҒЫ КОНЦЕРТТІ ЕЛ ТƏУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАДЫ. қайраткерлері мен Қазақстан эстрадасының жұлдыздары, халықаралық байқаулардың лау- реаттары өнер көрсетті.Сондай-ақ, «Азия дау- ысы» жəне «Славянский базар» халықаралық байқауларының лауреаты Маржан Арапбаева, ансамбльдің фольклорлық тобы, Қазақстан халқы Ассамблеясының вокальдық тобы көпшілікке өнерлерін паш етті. Кеш қонағы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Вайнах» чешен-ин- гуш орталығының би ансамблі «Достық» биін Тəуелсіздікке тарту етті. Биылғы репертуар өзінің жан-жақтылығымен ерекшеленді: эстрадалық, академиялық, дəстүрлі əндер шырқалып, бейбітшілік пен бірлік тақырыптарына көбірек ден қойылды. Концертке Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ұлттық ұлан Əн-би ансамблінің бастығы Рахметжан Шамуратов пен Ұлттық ұлан Орталық оркестрінің бастығы Дархан Рахымғалиев көркемдік жетекшілік жасады. Концерт басында кеш қонақтары фойеде ұйымдастырылған Ұлттық ұланның қызметтік- жауынгерлік тыныс-тіршілігі жайлы фотокөрмемен, бейне жəне баспа өнімдерімен танысты. Шара соңында жиналған қауымға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың атынан ықылас гүлі тарту етілді. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының баспасөз қызметі Нұрғазиев, Естай Мұқашев, Еділ Құсайынов, Ғайни Жұмашева, Асхат Таушев, Бауыржан Тұрғұмбаев сынды елімізге еңбек сіңірген өнер

Сақшы №03 (4169)

Embed Size (px)

DESCRIPTION

Сақшы №3 (4169) 12.01.2016

Citation preview

Page 1: Сақшы №03 (4169)

№3(4169),

12.01.2016, сейсенбі

www.mediaovd.kzГазет 1933 жылдан бастап шығадыГазет 1933 жылдан бастап шығады

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

62 ЖОБАНЫ СƏТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРДЫҚ

10 ҚАҢТАР – ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАН КҮНІ

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Сенат Бюросының отырысы бо-лып, онда Парламенттің жоғары палатасы кезекті отырысының күн тəртібі белгіленді. Сенаторлар төрт заң жобасын қарауды жос-парлады.

Д е п у т а т т а р д ы ң т а л қ ы с ы н а А з и я Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі Келісімінің Баптарын, Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру жəне Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Өнімді ин-новацияларды ынталандыру жобасы), Білім беру саласындағы кемсітушілікке қарсы күрес туралы конвенцияны жəне Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобала-ры шығарылады.

2016 жылғы 14 қаңтарда болатын Палата отырысының күн тəртібіне депутат Төлеубек Мұқашевты Парламент Сенатының Əлеуметтік-мəдени даму жəне ғылым комитетіне ауысуы туралы мəселе де енгізілді.

СЕНАТ 4 ЗАҢ ЖОБАСЫН ҚАРАЙДЫ

МƏЖІЛІС БІРҚАТАР ҚҰЖАТТЫ ТАЛҚЫЛАЙДЫТаяуда Парламент Мəжілісінің Төрағасы

Қабиболла Жақыповтың жетекшілігімен палата бюросының жаңа жылдағы алғашқы отырысы өтті. Онда палатаның алдағы жалпы отырысының күн тəртібі бекітілді. Бұл туралы Мəжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Бюро бекіткен күн тəртібіне сəйкес, де-путаттар талқысына бірқатар халықаралық құжат ұсынылмақ. Атап айтқанда, Чехия мен Қазақстан арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау жəне салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама, Қазақстан мен Үндістан арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау турады заң жобалары депутат-тар қарауына жатады.

Сондай-ақ, осы күні Қазақстанмен энер-гия тиімділігін арттыру бағдарламаларына жəне жастар корпусын дамытуға арналған бір донордың Траст қоры əкімшісі ретінде əрекет етуші Халықаралық Қайта Құру жəне Даму Банкі арасындағы грант туралы (Жастар корпусын да-мыту жобасы) келісім мақұлданады деп күтілуде.

Жобаның мақсаты – жастардың, əсіресе, əлеуметт ік тұрғыдан осал топтарының қоғамдастық өміріне тартылуын ынталандыру, сондай-ақ, қоғамдастықтың игілігі жолындағы қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту бағдарламалары арқылы олардың өмірлік маңызды дағдыларын дамыту болып табы-лады. Жалпы отырыста ілеспе құжаттармен төлемдер жəне төлем жүйелері, коллекторлық қызмет, халықты жұмыспен қамту туралы заң жобалары бойынша қорытынды əзірлеу мерзімі тағайындалатын болады.

Кездесу барысында сөз алған Мемлекеттік хатшы Қазақстан ЕҚЫҰ-мен бірлескен 62 жоба-ны сəтті жүзеге асырғандығын мəлімдеді. Айта кетейік, кездесу ЕҚЫҰ өкілінің дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай ұйымдастырылған болатын.

Шара аясында тараптар Қазақстанның ЕҚЫҰ бағытындағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалына жəне болашақ перспективаларына қатысты кең ауқымды мəселелерді талқылап, өңірлік жəне халықаралық күн тəртібіндегі өзекті мəселелер бойынша пікір алмасты.

« Б і з Е у р о п а д а ғ ы қ а у і п с і з д і к ж ə н е ынтымақтастық жөніндегі ұйымының Астана қаласындағы бағдарламалар Офисімен өте ынтымақтаса жұмыс жүргізу үстіндеміз. Мұндай жұмыстарымыз , əс іресе , Офис Басшысы Наталия Заруднаның жетекшіліг імен жан-дана түскендей. Айталық, соңғы жылдың өзінде Қазақстан аталған ұйыммен сан салалы бағыттар бойынша 62 жобаны бірлесе жүзеге асырыпты. Оның ішінде, иммиграция, экономи-ка жəне адам құқының қорғалуын қамтамасыз ету мен аймақтардағы өңіраралық мəселелерді тиімді шешуге қатысты семинар-кеңестер ұтымды ұйымдастырылды. Əс іресе, ауыл əйелдеріне қатысты атқарылған шаруалардың нəтижесі көңіл көншітерліктей. Экология мен «Жасыл экономикаға» өту жолдарын ел, жұртқа кеңінен таныстырып, түсіндіру жұмыстарының жоспары да ойдағыдай орын-далды. Сондықтан да осы сəтті пайдалана отырып, Наталия ханымға елімізде бізбен бірге білек сыбана табысты еңбек еткені

КЕШЕ АҚОРДАДА МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫ ГҮЛШАРА ƏБДІҚАЛЫҚОВА ЕУРОПАДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖƏНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӨНІНДЕГІ ҰЙЫМЫНЫҢ АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАЛАР ОФИСІ БАСШЫСЫ НА-ТАЛИЯ ЗАРУДНАМЕН КЕЗДЕСТІ. БҰЛ ТУРАЛЫ BAQ.KZ ХАБАРЛАДЫ.

үшін Қазақстан Республикасы атынан зор алғысымды білдіргім келеді», – деді Гүлшара Наушақызы.

Сонымен қатар, соңғы жылдары ЕҚЫҰ Астана қаласындағы бағдарламалар Офисінің ұйымдастыруымен Ұйым хатшылығының жəне ЕҚЫҰ құрылымдық бөлімшелері басшылығының Қазақстанға бірнеше сапары, елімізде жəне ше-телде түрлі форматтағы жəне деңгейдегі əскери-саяси, экономика-экология жəне адами өлшемдер салаларында бірқатар іс-шара өткізді.

«Менің 4 жылғы қызмет імнің барысын-да Қазақстанда ел басшылығының рефор-маларын жүзеге асыру мүмкіндіктерінің бар екендігіне көзім жетті. Осы уақыт ішінде ЕҚЫҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі көптеген жұмыс атқарды. Біз еліміздің барлық өңірінде 200-ден астам түрлі жобаны жүзеге асырдық. 16 мыңға жуық түрлі сала өкіліне тренингтер өткіздік.

Біздің қолдауымызбен қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық орындаушы заң жоба-лары, əкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық жəне басқа кодекстер қабылданды. Сондай-ақ, ақпараттың қолжетімділігі туралы маңызды заңдар жиынтығы қабылданды. Біз 4 жыл бойы дəл осы заң жобасына белсенді түрде қолдау көрсеткен едік. Жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, жергілікті өзін-өзі басқару ту-ралы заңдарға да өз үлестерімізді қостық. Ең бастысы, біз мемлекеттік орган мен азаматтық қоғам арасындағы сенімді арттыра түстік. Елдегі жобалардың барлығы осы сенімнің арқасында жүзеге асты», – дейді Наталия Зарудна.

Еске сала кетейік, кеше Наталия Заруднаның дипломатиялық миссиясы аяқталды.

БІЗ – БОЛАШАҒЫ БІР ҰЛТПЫЗ

Кездесу барысында Мəжіліс қызметінің негізгі бағыттары талқыланды. Бұл туралы кеше Ақорданың баспасөз қызметі хабар-лады.

ЕЛБАСЫ МƏЖІЛІС ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Суретті түсірген Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Мемлекет басшысы Парламентт ің Бес институционалдық реформаны жүзеге асы-руды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету ісі жөнінде жемісті жұмыс жүргізгенін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев, сондай-ақ, бүгінде депутаттардың алдында маңызды міндеттер тұрғанын, қазақстандықтардың əл-ауқаты солар-ды табысты жүзеге асыруға байланысты екенін айтты.

1991 жылдың 16 желтоқсанында өзін əлемге тəуелсіз мемлекет ретінде жариялаған Қазақстан, Қарулы Күштерден бұрын ең бірінші кезекте Ішкі əскерлерді құрды. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған азаттыққа қол жеткізген Қазақ елі өз мемлекеттілігін сақтауда ішкі тыныштық пен тəртіптің аса маңызды екендігін осылай аңғартса керек. 2014 жылдың 21 сəуірінде Президент Жарлығымен Ұлттық ұлан боп өзгерген құқықтық тəртіп əскерінің құрылғанына биыл – 24 жыл. Жоғарыда аталған дəстүрлі шара Астана қаласындағы «Қазақстан» орталық концерт залында арнайы осы төл мереке қарсаңында өткізіліп отыр.

М ə н і б ө л е к м ə д е н и ш а р а ғ а – Ү к і м е т мүшелері, Парламент депутаттары, күш-қуат ведомстволарының, комитеттер, департаменттер, ІІМ Орталық аппаратының басшылары, ардагер-лер, БАҚ өкілдері, астаналық гарнизонның əскери қызметшілері, елорда тұрғындары мен қонақтары шақырылды. Айта кетелік, 9 қаңтар күні концертке дейін əскердің Ақмола гарнизонына қарасты 3660 жəне 6636-əскери бөлімдерінде күзгі шақырылым сарбаздары Əскери ант қабылдаған еді. Гала-концертті Отанға ант берген жас жауынгерлердің ата-аналары да тамашалады. Шараның концерттік бағдарламасында Эльмира Баққали, Мұрат

ДƏЛ ОСЫНДАЙ АТАУМЕН 9 ҚАҢТАР КҮНІ «ҚАЗАҚСТАН» ОРТАЛЫҚ КОНЦЕРТ ЗАЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ ƏН-БИ АНСАМБЛІ МЕН ОРТАЛЫҚ ОРКЕСТРІНІҢ VIII ГАЛА-КОНЦЕРТІ ӨТТІ. ҰЛАНДЫҚТАР БИЫЛҒЫ КОНЦЕРТТІ ЕЛ ТƏУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАДЫ.

қайраткерлері мен Қазақстан эстрадасының жұлдыздары, халықаралық байқаулардың лау-реаттары өнер көрсетті.Сондай-ақ, «Азия дау-ысы» жəне «Славянский базар» халықаралық байқауларының лауреаты Маржан Арапбаева, ансамбльдің фольклорлық тобы, Қазақстан халқы Ассамблеясының вокальдық тобы көпшілікке өнерлерін паш етті. Кеш қонағы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Вайнах» чешен-ин-гуш орталығының би ансамблі «Достық» биін Тəуелсіздікке тарту етті. Биылғы репертуар өзінің жан-жақтылығымен ерекшеленді: эстрадалық, академиялық, дəстүрлі əндер шырқалып, бейбітшілік пен бірлік тақырыптарына көбірек ден қойылды. Концертке Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ұлттық ұлан Əн-би ансамблінің бастығы Рахметжан Шамуратов пен Ұлттық ұлан Орталық оркестрінің бастығы Дархан Рахымғалиев көркемдік жетекшілік жасады.

Концерт басында кеш қонақтары фойеде ұйымдастырылған Ұлттық ұланның қызметтік-жауынгерлік тыныс-тіршілігі жайлы фотокөрмемен, бейне жəне баспа өн імдерімен танысты. Шара соңында жиналған қауымға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың атынан ықылас гүлі тарту етілді.

Қазақстан РеспубликасыҰлттық ұланының баспасөз қызметі

Нұрғазиев, Естай Мұқашев, Еділ Құсайынов, Ғайни Жұмашева, Асхат Таушев, Бауыржан Тұрғұмбаев сынды елімізге еңбек сіңірген өнер

Page 2: Сақшы №03 (4169)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20132 е-mail: [email protected]№3 (4169), сейсенбі, 12.01.2016 е-mail:[email protected]

ЖАҢАЛЫҚТАР

,

ƏЛЕМ-АҚПАРАТ

Қытай

Мао Цзэдунның ескерткішін алып тастады

Вьетнам

Франция

Ғарыштан белгісіз шарлар құлады

Естеріңізде болса, газетіміздің өткен санында Қытайдың Хэнань провинция-сында Мао Цзэдунның алтын жалатылған ескерткіші бой көтергенін жазған едік. Енді ол алынатын болды. Тас мүсінді орна-ту шешімі билік өкілдерімен келісілмеген екен.

Биіктігі 37 метрлік монументті тұрғызу үшін жергілікті тұрғындар 460 мың доллар қаржы жинаған. Бұл əрекеттері арқылы олар елді мекен-ге саяхатшыларды көптеп тартуды көздегенге ұқсайды. Дегенмен, кейбір əлеуметтік желі қолданушылары мұны ысырапшылдық жəне койылған жер қолайсыз деп сынға алды.

Айта кету керек, Мао Цзэдун 1949 жылғы азаматтық соғыстан кейін Қытай Халық Республикасын басқарып, бұл қызметте 1959 жылға дейін отырған.

Франция Президенті Франсуа Олланд 10 қаңтарда француз астанасында Республика алаңында 2015 жылғы лаңкестік актілер құрбандарын еске түсіруге арналған рəсімнен кейін Париж собор мешітінде болды.

«Президент мешіт имамы Далил Бубакермен жəне Француздың мұсылман діні кеңесінің бас-шысы Анвар Кбибешпен əңгімелесті», – деп хабарлады Ф.Олландтың төңірегіндегі өкілдер.

Демалыс күндері Францияның бүк іл аумағындағы жүздеген мешіт 2015 жылғы қаңтарда жəне қарашада исламшылар қолынан қаза тапқан отандастарына қайғырған француз-дармен ынтымақтастық белгісі ретінде өздерінің есіктерін айқара ашуға ұйғарды.

«Біз ислам – ашық дін екенін жəне діни ұрандарды жамылып, лаңкестік актілер ұйымдастыратын жəне адамдарды өлтіріп жатқан экстремистермен ешқандай ортақ ештеңеміз жоқ екенін көрсеткіміз келеді», – деді А.Кбебиш.

Мешіттерге келушілердің бəріне шай мен тəттілер ұсынылды, сондай-ақ, олар ислам тари-хы жөнінде дəрістер, діни уағыздарды тыңдады, имамдармен əңгімелесті.

Қоғамдық акцияларға Париж собор мешітімен қатар шағын құлшылық ету орындары да белсе-не қатысты.

Вьетнамның əскери мамандары мен ғалымдары қаңтар айының басында елдің солтүстігіне құлаған белгісіз шарларды зерттеп жатыр. Бұл туралы AFP хабар-лайды.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, сол күні ерекше қатты дауыс естілген. Далаға шыққан олар үш металл сфера тауып алады. Шарлардың бірі алаңға түссе, тағы бірі ғимаратқа құлаған. Дегенмен, ешкім зардап шеккен жоқ. Ең үлкен шардың салмағы – 45 келі, екіншісінікі 6 келі болса, үшінші шардың салмағы – 250 грамм.

Вьетнам Қорғаныс министрлігі нысанның не екенін əлі анықтаған жоқ. Дегенмен, олардың ішінде радиоактивті немесе жарылғыш заттардың жоқ екені белгілі болды. Болжам бойынша, сфералар атмосфераның төменгі қабатында орналасқан ғарыш қоқысы болуы мүмкін.

Вьетнамның осы шарларды зерттеп жатқан əскерилері бұл ғарыш аппараттары Ресейде шығарылғанын айтып отыр. Бұл туралы

Франсуа Олланд мешітте болды

Ең алдымен олар Мемлекет басшысының Бес институционалдық реформасын іске асыруға негізделмек. Қала басшысы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген негізгі заңнамалық өзгерістерге тоқталып өтті. Мемлекеттік аппарат тиімділігін арттыруға бағытталған бірінші рефор-ма мемлекеттік қызметті жаңғыртуға негізделеді. Əкімнің атап өтуінше, бір уақытта қабылданған жəне өзара байланысты мемлекеттік қызмет жəне жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдар, жаңа Мемлекеттік қызметшілердің этикалық кодексі əрбір əкімдік қызметкерінің күнделікті жұмысында басшылыққа алынуы тиіс.

Сондай-ақ, қала басшысы құрылыс саласында да айтарлықтай өзгерістер орын алғанын айтты.

«Атап айтқанда, салынып біткен нысан-дарды қабылдау бөлігінде өзгерістер болды. Енді барлық жауапкершілік тікелей тапсырыс берушіге, мердігерге, сондай-ақ, авторлық жəне техникалық қадағалау ұйымына жүктеледі. Бірақ

Жоспар – жаңа, міндеттер – бұрынғыдайЕЛОРДА ƏКІМДІГІНІҢ 2016 ЖЫЛДАҒЫ БІРІНШІ АППАРАТ ОТЫРЫСЫНДА АСТАНА ƏКІМІ ƏДІЛБЕК ЖАҚСЫБЕКОВ БАРЛЫҚ ҚАЛАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ЖАҢА КҮНТІЗБЕЛІК ЖЫЛДАҒЫ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫН БЕЛГІЛЕП БЕРДІ. БҰЛ ТУРАЛЫ ҚАЛАЛЫҚ ƏКІМДІКТІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНЕН ХАБАРЛАДЫ.

түрлі мемлекеттік комиссиялардың қысқартылуы қалада ғимараттар мен құрылыстар салу кезінде бұзушылықтарды мойындамауға себеп болмауы керек. Жаңа жылда алға жаңа жоспар құрып жа-тырмыз, бірақ міндеттер бұрынғыдай – қалалық қызметтердің қала тұрғындарының игілігіне тиімді жұмыс істеуі, Астанада тіршілікті қамтамасыз ету жəне қаланы абаттандыру, сондай-ақ, елорданың əлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін сақтау», – деді Ə.Жақсыбеков.

«Осы деңгейге жетсе доллар құны 375-378 теңге болуы мүмкін. Мұндай жағдай бола қалса, күрт өзгерісті болдырмау үшін Ұлттық банк бағамның реттелуіне араласуы мүмкін», – дейді сарапшы. Егер мұнай бағасы бір баррель үшін 30 доллар-

Теңге бағамы қандай болады?

САРАПШЫЛАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВАЛЮТАНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ОСЫ АПТАДА ҚАНДАЙ БОЛАТЫНЫН АЙТЫП БЕРДІ. FOREX CLUB САРАПШЫСЫ АНАТО-ЛИЙ АХМЕТОВТІҢ АЙТУЫНША, МҰНАЙ БАҒАСЫ БІР БАРРЕЛЬ ҮШІН 30 ДОЛЛАР БОЛҒАНДА ҒАНА БАҒАМ АЙТАРЛЫҚТАЙ ӨЗГЕРЕДІ.

дан жоғары болса, құнсыздану жай қарқынмен жалғаса береді. Онда апта соңына дейін теңге 360 долларға жетіп қалуы мүмкін көрінеді.

Сондай-ақ, «Альпаридің» бас сарап-шысы Анна Бодрова болса теңге, рубль үшін мұнайдың негізгі фактор болып қалатынын айтты. «Апта өзгерістерге толы болады: Ресейде де, Қазақстанда да қатысушылардың бəрі саудаға қайта оралады», – дейді сарапшы.

Оның айтуынша, теңге мен рубль ап-тасына 2-5 пайызға шикізатқа тəуелсіз құлдырап отырады, бұл – елдің эконо-микасы үшін қалыпты жағдай.

Сондай-ақ, А.Бодрова доллардың теңгеге қатысты бағамы 355-359 теңге аралығында болатынын мəлімдеді. «Бұл бар-жоғы 1,1 пайыз ғана, сондықтан

доллардың ауытқуы бұдан да жоғары болуы мүмкін. Еуро бағамы 381,5-383,9 теңге диапазо-нында болады», – дейді ол.

Сарапшылар теңге бағамының өткен аптадағы жағдайына қатысты ойларын айтты. А.Ахметов өткен аптада теңгенің арзандай түскенін жеткізген еді. «Төрт жұмыс күнінде ұлттық валюта 10 теңгеге арзандады. Сауданың ең төменгі бағасы – 342,98 теңге, ал жоғарысы 359,35 теңге болды», – деді ол.

А .Бодрованың айтуынша , қаңтар айы қазақстандықтар үшін қиындықпен басталды. Доллар 352 теңге деңгейіне дейін тұрақтады.

ЕЛІМІЗДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТҚАН МҮЛІКТІ ЖАРИЯ ЕТУ АКЦИЯСЫНАН ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНА 42,1 МЛРД. ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАНДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНЕН ХАБАРЛАНДЫ.

Министрлік мəліметіне қарағанда, мүліктерді жария ету жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы со-масы 723,4 млрд. теңге құрайтын жылжымайтын мүлікті жария етуі ушін 73 мың 53 өтініш түскен. Соның ішінде 546,7 млрд. теңгеге 61 114 тұрғын үй нысаны, 169,8 млрд. теңгеге 31 697 тұрғын үй емес нысанын жариялау көзделсе, жалпы сомасы 421,1 млрд. теңгені құрайтын 56 мың 62 нысан жария етілді.

Бұдан бөлек, мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына Қазақстанның аумағынан тысқары, шет елдердегі 1 млрд. 44,4 млн. теңге құрайтын 38 тұрғын үй нысанын жария ету бой-ынша өтініш келіп түсіп, сонымен қоса 60 млн. теңге сомасында бағалы қағаздар жария етілді.

Ел экономикасына – 42,1 млрд. теңге

«Ұлттық банктің есебі бойынша екінші деңгейлі банктерде жалпы сомасы 99,9 млрд. теңге ақшаны жария етуге қатысты 195 жинақ шот ашылған. Оның ішінде ақшаны жария еткені үшін алымның бюджетке 3,1 млрд. теңгесін төлей отырып, жинақ шоттан алынғаны 41,3 млрд. теңгені құрады. Ал Қазақстан экономикасына инвестицияланғаны 42,1 млрд. теңгеге жетті», – делінген баспасөз баянында.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ БӨЛІМДЕРІ МЕН ҚҰРАМАЛАРЫНДА 2016 ЖЫЛЫ ОҚУ БІТІРЕТІН КАДЕТТЕРДІҢ ƏСКЕРИ ТАҒЫЛЫМДАМАСЫ БАСТАЛДЫ.

Қорғаныс министрлігі Кадет корпусының үйренушілері іс жүзінде тəжірибеден өтіп, ҚР ҚК əскери бөлімдері мен бөлімшелерінде нағыз қызметті танып-білуге мүмкіндік алмақ. Жарты

Қанша кадет тағылымдамадан өтеді?

жылдан кейін олардың əрқайсысы өз қызметін бастайды.

Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мəліметінше, практикалық сабақтарға екінші курстың 185 кадеті тартылады. Олардың 53-і «Батыс» өңірлік қолбасшылығында, 45 кадет Аэроұтқыр əскерлерінде, 35-і «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында, тағы 52 кадет «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында тағылымдамадан өтеді.

Əскери тағылымдаманың мерзімі екі айды құрайды. Бұл уақыт ішінде болашақ сержант-тар Кадет корпусының қабырғасында алған теориялық, практикалық дағдылары мен шеберліктерін пысықтап, Қарулы Күштердегі шынайы қызметке дайындалуы тиіс.

Биотыңайтқыш шығаратын зауыт салынбақ

ОҚО ƏКІМДІГІ МЕН «LOTUS FOOD» ЖƏНЕ «ORGANIC ALGAE – FERTILIZER» ЖШС ТҮРІК КОМПАНИЯЛАРЫ АРАСЫНДА ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДАҒЫ ИНДУСТРИЯЛДЫ АЙМАҚТА ЖАЛПЫ СОМАСЫ 12 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫН ҚҰРАЙТЫН БИОХИМИЯЛЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШ ПЕН ҚҰРАМАЖЕМ ШЫҒАРАТЫН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ САЛУ ЖӨНІНДЕ КЕЛІСІМ ЖАСАЛДЫ.

ОҚО əкімі баспасөз қызметінің мəліметінше, аумағы 6 гектарды қамтитын жоба келешекте 200-250 адамды жұмыспен қамтып, жылына 10 мың тонна дайын өнім шығаруға қауқарлы болмақ.

Соңғы кездері экологияны бұзатын синтетикалық тыңайтқыштардың көптеп шығарылып жатқаны белгілі. Ал қазақ-түрік əріптестігі негізінде өндірілетін тыңайтқыштар топырақтың физико-

химиялық қасиетін жақсартып, құрамын жетілдіретін болады.

Осы ған б айланыс ты с ин т е ти калық тыңайтқыштардың баламасы ретінде бұдан бы-лай биоорганикалық тыңайтқыштар қолданыла бастамақ. Əлемдік нарықта соңғы 10 жылда биоорганикалық тыңайтқыштарды өндіруді дамыту жұмыстары Еуропада 40 пайызды көрсетті. Бұл өз кезегінде аталған өнімдердің дүниежүзіне қажеттілігін көрсетеді.

Биотыңайтқыштар қолданылып өсірілген ауыл шаруашылығы өнімдеріне халықаралық сапа сертификаты мен «Халал» стандарт сер-тификаты беріледі. Бұл қазақстандық өнімдерді əлем нарығына еш кедергісіз экспорттауға мүмкіндік бермек.

АСТАНАДА «ХАС САНАТ» ӨНЕР ГАЛЕРЕЯ-СЫНДА ВЕНЕЦИАНДЫҚ СУРЕТШІ ЛУИДЖИ РАВАНЬЯННЫҢ «VENICE BY ME» КӨРМЕСІ АШЫЛАДЫ. ӨНЕР ГАЛЕРЕЯСЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ХАБАРЛАУЫНША, ЛУИДЖИ РАВАНЬЯН ПАДУЯДА ТУҒАНЫМЕН ӨЗІН БАЙЫРҒЫ ВЕНЕЦИАНДЫҚПЕН ДЕП СА-НАЙДЫ, ӨЙТКЕНІ, ОНЫҢ ОТБАСЫ БҮКІЛ ƏЛЕМГЕ ТАНЫМАЛ ОСЫ МƏДЕНИЕТ ЕСКЕРТКІШІ-ҚАЛАСЫНАН ШЫҚҚАН.

Луиджи Венецияда тұрады жəне жұмыс жа-сайды, оның шығармашылығы осы қаламен тығыз байланысты. Арнайы білім алмаған тума талант, бірақ ол Падуядағы елеулі оқу орын-дарында жəне Болоньедегі Көркемсурет ака-демиясында кескіндемеден курстарға барып

«Venice by me»Луиджи Раваньянның көрмесі осылай аталады

жүрді, сөйтіп, бұрынғы кəсіпкер кəсіби суретші мансабын бастады. Ол кескіндемемен, фотосуретпен, поэзиямен, əдебиетпен айналыса-ды. Луиджи Кельнде (Германия), Падуяда жəне Венецияда (Италия) бірнеше жеке көрмесін өткізді.

Астана қаласындағы «Хас Санат» өнер галереясындағы көрме «Venice by me» деп аталады. Бұл көрменің негізгі əуендері сүйікті қаласының та-нымал образдарымен жігерленуден т у ғ а н . Л у и д ж и д і ң к ө п т е г е н шығармасы қаланың көрнекті орын-дарымен аталған – Үлкен арна, Риальто көпірі, Базилико Сан Марко жəне тағы басқалар.

жергілікті Vientamnet.vn басылымы жазды. «Бұл сəтсіз ұшырылған спутниктің салдары бо-луы мүмкін», – деді жергілікті профессор Нгуен Хоа Сон.

Айта кетейік, мұндай шар Жер бетіне бұған дейін де құлаған болатын. 2015 жылдың қарашасында осыған ұқсас шар Испанияның оңтүстігінен табылса, мамыр айының соңында жəне шілдеде мұндай нысан Қостанай облысы-нан табылды. Сол кезде ғалымдар мұның ғарыш кемесінің бөлшегі екенін айтқан болатын.

Page 3: Сақшы №03 (4169)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 3е-mail: [email protected]№3 (4169), сейсенбі, 12.01.2016 е-mail:[email protected]

УАҚЫТ ТЫНЫСЫ

ТАҒАЙЫНДАУЛАР ТАҒЗЫМ

Тоқсанның төріне шыққан қария

Батыс Қазақстан облысы мəслихатының кезектен тыс 30-сессиясы өтіп, онда Батыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымына үміткердің кандидатурасын мақұлдау туралы мəселе қаралды.

Гүл шоқтары мен сыйлықтарды табыстай отырып, ІІД Кадр жұмысы басқармасының бастығы Жандос Дəрішев сұрапыл соғыстың қиын-қыстау кезінде Жеңіс сағатын жақындатқаны үшін ардагерге ыстық ықыласын білдірді.

Осындай айтулы күнмен ме-рейтой иесін Астана қалалық ІІД Ардагерлер кеңес ін ің төрағасы Есім Таңабергенов те құттықтап, қарт майдангерге денсаулық тіледі.

Б а қ ы т ж а н С е й і т ж а н о в 1926 жылдың 3 қаңтарында Көкшетау өңірі Қызылсая ау-ылында дүниеге келген . 1944 жылдың қарашасында майданға шақырылған жас жігіт сұрапыл соғыстан аман-есен еліне оралып, еліне қызмет етуін жалғастырады.

Отты жылдардан соң офицер Бақытжан Сейітжанов ішкі істер органын-да қызметін бастайды. 1951 жылы Көкшетау облысы Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі басқармасында бөлімнің жедел уəкілі ретінде қызмет атқарып, кейін милиция подполковнигі Көкшетау облыстық Ішкі істер басқармасында Қылмыстық іздестіру бөлімі бастығының орынбасары лауазымында қарқынды еңбек етті. Ішкі істер органына 36 жыл өмірін арнаған ардақты ардагер қонақтарға жылы лебізін білдіре отырып, жас полиция мамандарына азаматтардың құқықтары мен Отанның тыныштығын қорғау жолында күш-жігер мен табандылық тіледі.

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі

Жақында Ішкі істер департаментінде өткен жылдың 12 айына арналған Қоғамдық кеңестің атқарған жұмысы қорытындыланды.

Қоғамдық кеңес отырысының жұмысына ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ерлан Жұмаділов, көрнекті қоғам қайраткерлері, облыс мəслихатының өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылығы, ІІО жəне Ұлттық ұлан Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Шығыс Қазақстан облыстық ІІД бастығының кеңесшісі Нұрлыбек Үдербаев қатысты.

Отырысты ашқан Қоғамдық кеңес төрағасы Аманкелді Қажыбаев күн тəртібіне қойылған өзекті мəселелерге тоқталып өтті. Қоғамдық кеңес отырысының қатысушылары бүгінгі кезеңде кеңес алдында тұрған əртүрлі мəселелерді талқылап, 2016 жылы алда тұрған жұмыстардың ауқымын анықтады жəне ағымдағы жылда атқарылған жұмысты атап өтті. Отырыс қатысушыларының талқылаған сұрақтары тек құқық қоғаушылардың қызметімен шектелмей, соны-мен қатар, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру жəне толеранттық рухын тəрбиелеуге қатысты өзекті мəселелер де қозғалды. Жиын соңында жыл бойы кеңес жұмысына белсенді қатысқан шараға қатысушылар Құрмет грамотасымен марапатталды.

С о л т ү с т і к Қ а з а қ с т а н облыстық ІІД Əкімшілік поли-ция басқармасы жарақат сала-тын қаруды тапсыру жөніндегі 12 ай бойы жүргізілген акция-ны қорытындылады. Бұл іс-шара ел аумағында 2015 жылдың 1 қаңтары мен 2016 жылдың 1 қаңтары аралығында өткізілген болатын.

2015 жылы облыс аумағында жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды ерікті түрде өтеулі негізде тапсыру акциясы өткізіліп, 765 бірлік қару тапсырылды. Оның 323-і жарақат салатын, 442-і газды-жарақат салатын қару. Акция барысында облыс тұрғындарына мемлекет тарапынан 37 млн. теңгеден астам өтемақы төленді. Қару иелері заң бұзбас үшін тəртіп сақшылары 12 ай бойы олардың барлығына ескерту жасап, қыруар жұмыс атқарды.

«Қазіргі уақытта жарақат салатын қаруды тек күзет құрылымдары қызметтік қару ретінде қолдана алады. Жеке тұлғалардың аталған қаруларды ұстауына тыйым салынған. Басты мақсат – мұндай қару түрлерінің қатысуымен болатын қылмыс санын азайту», – дейді облыстық ІІД Əкімшілік полиция басқармасы ли-цензиялау жəне қару айналымын бақылау бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Еркін Хамзин.

Полицейлердің айтуынша, 2015 жылы жарақат салатын қаруларын ішкі істер органдарына тапсырмаған азаматтар 2016 жылдың басынан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ. ҚР Қылмыстық кодексінің 289-бабына сəйкес 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қарудың жарақат салатын түрлерінің заңсыз айна-лымы үшін азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Дəл осы баптың екінші тармағының санкциясымен 2000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл салу, не түзету жұмыстары, не 1 жылға дейін бас бостандығын шектеу, не 1 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделеді.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ БАСШЫЛАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҰЛТ ЖОСПАРЫНЫҢ 30-ҚАДАМЫНА СƏЙКЕС БЕС ИНСТИТУТТЫҚ РЕФОРМАНЫ ҚҰРУ БОЙЫНША ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ЖƏНЕ ЖЕРГІЛІКТІ ҚАУЫМДАСТЫҚҚА БАҒЫНЫСТЫ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІН ҚҰРУДЫ АНЫҚТАДЫ. МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАП-СЫРМАСЫН ОРЫНДАУ БАРЫСЫНДА 2016 ЖЫЛҒЫ 1 ҚАҢТАРДАН БАСТАП ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ МƏСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛДІ.

Жергілікті полиция қызметінің негізгі міндеттері – құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тəртіпті сақтау, жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстық құқық бұзушылықтың жолын кесу, алдын алу, тұрмыстағы қылмыстық əрекеттерге қарсы іс-қимыл жасау, əкімшілік құқық бұзушылық бой-ынша өндіріс жəне қылмыстық əрекет бойынша хаттама түрінде сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізу.

Жерг іл ікт і полиция қызмет ін ің құрамына учаскелік полиция инспек-

торлары жəне олардың көмекшілері, кəмелетке толмағандар ісі жөніндегі инс-пекторлар, табиғатты қорғау бөлінісінің қызметкерлері, арнайы қабылдау жəне қабылдап-тарату орнының қызметкерлері, жол-патрульдік полиция қызметкерлері, сондай-ақ, əйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөліністің қызметкерлері кіреді.

Бұл ретте Ішкі істер министрлігі жүйес ін ің б і рыңғайлылығы мен т ұ т а с т ы ғ ы с а қ т а л а д ы , с е б е б і , жергілікті полиция қызметі ішкі істер

органдарының құрылымында қалады, а л оның қызме т керлер і қ ұ қық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық мəртебесіне ие болып қала береді.

Жергілікті полиция қызметін құру – бұл штатты қайта құру емес, алдымен оның жұмысын жаңа бағытта қолға алу. Бұл жаңалықтың басты ерекшелігі – өңір іміздег і құқықтық тəртіпт і сақтаудағы жергілікті атқарушы жəне сайлау органдары жауаптылығының жаңа деңгейі.

О сы з аң ғ а с əй ке с ішк і і с т е р органдарының жергілікті полиция қызметі бастығының лауазымына үміткерлердің кандидатурасын келісу рəсімін өткізу мəслихат құзыретіне енгізілді. Осыған орай аймақтарда жер г і л і к т і п олиция қызмет і н і ң бастықтары тағайындалуда.

АСТАНА ҚАЛАСЫ бойы жетекшілік қызметте, қоғамдық тəртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөліністерін басқарған.

Жергілікті полиция қызметінің басшы-лары өз жұмыстары бойынша жергілікті халық пен мəслихат алдында есеп береді.

Жалпы алғанда елордада жергілікті полиция қызметінде 1,5 мыңнан астам полиция қызмет атқарып, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тəрт іпт і сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстық құқық бұзушылықтың жолын кесу, ал-дын алу, əкімшілік құқық бұзушылық істері өндірісі бойынша жəне қылмыстық əрекеттер бойынша протоколды форма-да сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асы-рады.

Е л о р д а ə к і м і н і ң ө к і м і м е н жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Бақытжан МАЛЫБАЕВ тағайындалды. ІІД жеке құрамына оны ведомство бастығы, поли-ция генерал-майоры Амантай Əубəкіров таныстырды.

Былтыр желтоқсанда мəслихаттың келісіміне жергілікті полиция қызметінің жетекшісі лауазымына Астана қалалық ІІД Əкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Бақытжан М а л ы б а е в т ы ң к а н д и д а т у р а с ы ұсынылып, елордалық мəслихат депу-таттары бірауыздан қолдаған болатын.

Бақытжан Малыбаев 1969 жылы дүниеге келген. ҚР ІІМ Алматы заң институтын тəмамдаған. Біраз жылдар

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Сессия жұмысына Батыс Қазақстан облысының əкімі жəне оның орынба-сарлары, Орал қаласының əкімі, облыс əкімі аппаратының жəне құқық қорғау органдарының басшылары, депутат-тар, аудандық мəслихат хатшылары, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Мəслихат се с сиясында Батыс Қазақстан облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы лауа-зымына Орал қалалық ІІБ бастығы, полиция полковниг і Манарбек ҒАБДУЛЛИННІҢ кандидатурасы ұсынылды.

Б ұ л л а у а з ы м ғ а М а н а р б е к Серікқалиұлын тағайындау туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ұсынба берді, ал облыс əкімі өз кезегінде оның кандидатура-сын қолдап, одан əрі ұсынды. Облыс депутаттары полиция полковнигі

М.Ғабдуллинді жергілікті полиция қызметінің басшысы лауазымына тағайындауға бірауыздан келісім берді.

Манарбек Ғабдуллин 1969 жылы 29 қ арашада Ба тыс Қа зақ с т ан облысының Ақжайық ауданына қарасты Тайпақ ауылында дүниеге кел ген . М .Өтем і с ұлы атындағы Б а т ы с Қ а з а қ с т а н м е м л е к е т т і к университетінің заңгер мамандығы бойынша түлегі. Ішкі істер органда-рында 1994 жылдан бері қызмет етіп келеді.

Ішкі істер органдарындағы еңбек жо-лын Орал қалалық ішкі істер бөлімінде учаскелік полиция инспекторы лауа-зымынан бастап, кейін аға учаскелік полиция инспекторы, əкімшілік полиция қызметі бөлімі бастығының орынба-сары, Орал қалалық Ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары лауазымда-рында жұмыс жасады. 2006-2013 жыл-дары облыстық ІІД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының, кейін Əкімшілік по-лиция басқармасының бастығы бо-лып қызмет етті. Манарбек Ғабдуллин басшылық лауазымда 2006 жылдан бері қызмет етуде. 2013 жылғы сəуір айынан бері Орал қалалық Ішкі істер басқармасының бастығы болып қызмет жасады.

ҚАРУ-2015

Бір жылда 800-ге жуық қару

2015 ЖЫЛЫ ЖАРАҚАТ САЛАТЫН ҚАРУЛАРЫН ПОЛИЦИЯҒА ТАПСЫРҒАН СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА 37 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕНДІ.

ЕЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСШЫЛЫҒЫ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖƏНЕ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНЫНЫҢ АРДАГЕРІ БАҚЫТЖАН СЕЙІТЖАНОВТЫ 90 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ-МЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ.

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС

ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫƏйгерім ҚАМЗАҚЫЗЫ, Шығыс Қазақстан облысы

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ІІД ЖАНЫНАН ҚҰРЫЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ӨТКЕН ЖЫЛЫ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ.

Бүгінде мемлекеттік органдардың жем іст і қызмет ін ің элементтер і ішіндегі кең тарағаны бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс бағдарламасы болып табылады. БАҚ-пен əрекеттесу – бұл қорытындысында м е м л е к е т т і к о р г а н н ы ң и м и д ж і құралып, ведомствоның жұмысы жай-ында қоғамдық пікір қалыптасатын халықпен əрекеттесу деген сөз. Сондықтан БАҚ-пен əрекеттесу, объективті ақпаратты тарату, маңызды іс-шараларды жариялау мəселелері бойынша ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлерін дайындау істеріне бірінші кезекте көңіл бөлінеді.

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде осындай маңызды тақырыпта ағымдағы жылдың бірінші сабағы өтті. Оның барысында департамент басшылары мен маманда-

САБАҚ

Бұқарамен байланыс жанданадыБалқия ЖƏНІБЕКОВА, Солтүстік Қазақстан облысы

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТЖ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖƏНЕ ВЕДОМСТВОҒА БАҒЫНЫСТЫ БӨЛІМДЕРДІҢ БАСШЫЛАРЫМЕН БАҚ-ПЕН ӨЗАРА ƏРЕКЕТ ЕТУ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША САБАҚ ӨТТІ.

рына БАҚ-пен жұмыс істеудің ережелері мен тəртіптері түсіндіріліп, ІІМ ТЖК аумақтық органның құзыреттілігіне кіретін мəселелері бойынша журнали-стермен тиімді əрекеттесу жайында нұсқаулықтар берілді. Сондай-ақ, сабақ SAI – телефониясын қолданумен аймақтық режимінде өткендіктен, б ұ л қ а ж е т т і а қ п а р а т т ы а л у ғ а облыстың аудандық өрт сөндіру жəне ТЖ бөлімдерінің қызметкерлері де мүмкіндікке ие болды.

БАҚ-қа ақпаратты беру қалай жүргізіледі, соның ішінде, ТЖ орны-нан баспасөз баяны, фотосуреттер мен бейнематериалдарға қойылатын талаптар қандай, дəйексіз неме-се толымсыз ақпараттан қандай нəтиже болады – осы жəне басқа да сұрақтарға мемлекеттік тіл жəне ақпарат тобының бас маманы Евгений

Журавлев нақты да толық жауап берді. Бұдан басқа мемлекеттік ор-ган өк і л і н і ң э тикасын , ауызек і сөйлеу мəдениетін, құзыреттілігін, психологиялық аспектілерін еске-ре отырып, ол тележурналистерге сұхбат беру туралы департаменттің қызметкерлеріне өзінің қызметтік тəжірибесінен кеңестер берді.

Д ə р і с б а р ы с ы н д а о қ ы п -үйренушілердің назары мемлекеттік қ ы з м е т к е р л е р д і ң д а й ы н д ы қ дəрежесін əлемдік стандарттарға д е й і н ж о ғ арыл а т у д ы , х а л ық қ а көрсетілетін қызметтердің сапасын үнемі жетілдіруді көздейтін Ұлт жоспа-ры – бес институттық реформаларды іске асыру бойынша 100 нақты қадам бағдарламасына аударылды.

«БАҚ-тың, Интернет кеңістігінің к өме г і мен х алықпен к ер і б ай -ланыс орна тылады . Қа з ақ с т ан Республикасының мемлекеттік ор-гандары мен ведомствоға сен ім арттырылады. Біздің міндетіміз – осы қарым-қатынасты іскерлікпен жəне кəсібилікпен орнату. ІІМ ТЖК имиджін көтеруге ұдайы жұмыс істеу болып табылады», – деді дəрісін қорытындылаған Евгений Журавлев.

Ішкі істер министрінің ұсынысымен Алматы қаласы əкімінің өкімі жəне қалалық мəслихаттың шешімімен қалалық ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы тағайындалды. Бұл лауазымға бұған дейін Алматы қалалық ІІД Əкімшілік полиция басқармасының бастығы қызметін атқарған полиция подполковнигі Жасұлан БАЙКЕНОВ лайық деп танылды.

Жасұлан Байкенов ішкі істер органдарындағы қызметін 2004 жылы Алмалы аудандық ІІБ-де учаскелік полиция инспекторының көмекшісі болып бастаған. Ал, 2007 жыл-дан бастап ішкі істер органдарының түрлі аудандарында қоғамдық қауіпсіздік құрылымдарын басқарды. Алматы қаласындағы Метрополитен жəне Түркісіб аудандары ІІБ бастықтарының орынбасары лауазымдарын атқарған.

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ

Page 4: Сақшы №03 (4169)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20134 е-mail: [email protected]№3 (4169), сейсенбі, 12.01.2016 е-mail:[email protected]

10 ҚАҢТАР – ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ КҮНІ

Шараны ашқан «Батыс» өңірлік қолбасшысы, генерал-майор Қайрат Ақтанов Отан қорғауда ата-бабаның ерлік дəстүрін жалғастырып келе жатқан Ұлттық ұлан жауынгерлеріне ізгі тілегін білдіріп, қызметтеріне табыс тіледі. Ең бастысы, əскери дайындықты шыңдап, кəсіби шеберлікт і арттыра түсудің маңызы зор.

Бұдан кей ін ардагерлер , отставкадағы подполковник-тер Петр Грибан мен Сергей Арендарь жиналғандарды мере-кемен құттықтады.

Салтанатты жиын барысын-да бірқатар əскери қызметкер үздік қызметі мен табыстары үшін төсбелгілермен, грамота жəне алғыс хаттармен марапатталды.

Айта кетейік, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының əскери қызметкерлері өткен жылы сақшылармен бірге ішкі істер органдарына түрлі құқық бұзушылықтары үш ін 6 мыңнан а с там адамды жетк і зд і . Соның іш інде, 357-с і қылмысқа күд ікт і рет інде , 5691- і əк імшіл іқ құқық бұзушылық жасағаны үшін құрықталды. Əскери топтар 1 атыс қаруын, 3 травматикалық қаруды, 3225 грамнан астам ес іртк і заттарын тəркіледі. ҚР Ұлттық ұланының құрылған күніне орай салтанатты ша-ралар «Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлық əскери бөлімдерінде ұйымдастырылды.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі,Орал қаласы

Тағдырында мың өліп, мың тірілген қастерлі халқымызға тəуелсіздікке қол жеткізу оңайға соқпады. Сондықтан да тəуелсіздіктің мəні де маңызы да біз үшін айрықша. Біз бұл күндерді ұзақ та зарыға күттік. Халықтың өткеніне көз жіберсек, тəуелсіздік жолында ата-бабаларымыз қандай қияметке бармады дейсіз. Ұрпақ болашағы үшін қаншама ерлер басын құрбандыққа тікті. Отарлық езгіге қарсы күрес сан ғасырларға ұласты. Азаттық жолындағы қиылған жан мен төгілген сансыз көз жастың құдіреті шығар, тағдырдың асқақ сыйына Қазақстан қантөгіссіз келді.

Тəуелсіздік алған 16 желтоқсанның ертеңінде Алматыдағы Республика алаңында өткен алғашқы митингіде: «Тəуелсіздіктің біздің бəрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шындап түсу ім із керек. Əлеуетіміздің асуы да, дəулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең-байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып, бірге өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдеріне де мол жетеді. Тарих көші ұзақ. Асықсақ та аптықпайық. Қазақстанның көп ұлтты халқының жұлдызы жоғары болатынына, туған елімізде дəулетті де сəулетті өмір орнай-тынына кəміл сенемін», – деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, тəуелсіздік тарихындағы тұңғыш сөз інде-ақ егеменді ел болу қай-қайсымызға болса да үлкен жауапкершіліктер жүктейтінін айқындап берген еді.

Егемендіктің арқасында тұс-тұста қалған тарихымыз түгенделіп, тілімізге, дініміз бен ділімізге оралдық. Ұлттық салт-дəстүрімізді жандандырдық. Осы тарих қойнауының ішінде қас-қағым сəтті құрайтын уақытта Қазақстанды əлемдегі алыс-жақын елдер саяси

ТЫНЫШТЫЌ КЕПІЛІТАРИХТЫҢ ЖАҢА ЖОЛЫН ЖАЗЫП, ТАБАЛДЫРЫҒЫМЫЗДАН ЖАҢА АТТАҒАН БИЫЛҒЫ 2016 ЖЫЛ ДА ҚАСТЕРЛІ ХАЛҚЫМЫЗ ҮШІН ӨТКЕН ЖЫЛҒЫ МЕРЕЙЛІ БЕЛЕСТЕРГЕ ТОЛЫ КЕЗЕҢДЕЙ АСА АТАУ-ЛЫ, АЙРЫҚША ЖЫЛ. ӨЙТКЕНІ, БИЫЛ ЕЛІМІЗ БІЗГЕ ТАҒДЫР СЫЙЛАҒАН ҰЛЫ БАҚЫТЫМЫЗ – ТƏУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТЕДІ. ƏРБІР ХАЛЫҚТЫҢ САНАСЫНДА ЕҢ ҚАСТЕРЛІ ҰҒЫМ БОЛСА, ОЛ ОСЫ ТƏУЕЛСІЗДІК, ЯКИ ЕЛДІҢ ЕЛДІГІНЕ ДЕГЕН МАҚТАНЫШ. БҰЛ МЕРЗІМ АЗ БА, КӨП ПЕ, БІРАҚ ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ЕҢ ШЕШУШІ ДЕ СЫНДАРЛЫ КЕЗЕҢДЕР ОСЫ БІР ОЙМАҚТАЙ ҒАНА УАҚЫТ ТЕЛІМІНЕ ТИЕСІЛІ.

Іс-шараға өңірлік қолбасшылық офицерлері , келіс імшарт əскери қызметшілер і , сарбаздар, өзара бірлестіктегі іс-қимыл органдарының қызметкерлері жəне Ұлттық ұлан ардагерлері қатысты.

Салтанатты жиынды ашық деп жариялаған «Оңтүст і к» өң ірл і к қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Əлібек Серəлиев ұландықтарды кəсіби мерекелерімен құттықтап, қызметтік-жауынгерлік міндеттерін орындауда көзге түскен əскери қызметшілерді жəне өскелең ұрпақты патриоттық рухта тəрбиелеуге қосқан үлестері үшін Ұлттық ұлан ардагерлерін медальдармен жəне гра-моталармен марапаттады. Қолбасшы өз сөзінде Елбасымыз Н.Назарбаевтың Ұ л т т ы қ ұ л а н ə с к е р і н е е р е к ш е көңіл бөлетінін айта келіп, Астана қаласындағы əскери қалашықты ашу барысындағы: «Сендердің алдарыңда біздің заңдарымызды бұзатын қылмысқа қарсы күресу жəне елдің тыныштығын күзету міндеттері тұр. Сендер біздің Қарулы Күштердің бір бөлігісіңдер. Қажет жағдайда барлықтарың бірлесіп, армия құрамында еліміздің Тəуелсіздігі мен Отанымыздың тыныштығын қорғайтын боласыңдар. Осындай мемлекеттің қамқорлығына сендер өздеріңнің қажырлы еңбектеріңмен, қайтпас қайсарлықтарыңмен жəне Отан алдында тұрған кез келген бұйрықты тапжылмай орындайтындарыңа мен сенімдімін!», – деген сөздерін мысалға келтірді.

т ұ рақ ты , э кономикалық өркендеу жолына түскен сенімді əріптес, келешегі ке-мел мемлекет ретінде мойын-дады. Шекарасы шегенделген, қуатты мемлекетке айналдық. Өз кезегінде, осы мемлекеттің көк туын биіктете түсу міндеті – əрбір Қазақстан азаматына тағдыр сыйлаған ұлы бақыт.

Қауіпсіздік бекемдігі – еңселі елдік кепілі. Ал Тəуелсіздіктің негізгі тірегі де сол мемле-кет ішіндег і тұрақтылық.Тұрақтылық қай жерде бола-ды? Тұрақтылық бірлік болған жерде болады. Біз ел тура-лы айтқанда, ең алдымен, ел

бірлігін айтуға тиіспіз. Егер елдің ішінде саяси тұрақтылық болмаса, əлеуметтік даму болмаса, ол елде ешуақытта да ба-янды даму болмайды. Бұл жерде, тіпті, тəуелсіздік тағылымы туралы айтуға да орын жоқ. Өте қиын. Неге десеңіз, елдің ішкі саяси жағдайы шайқалған жағдайда бəрі де шайқалады. Бұл тəуелсіздікке бірден-бір қауіпті қатер. Ішкі тұрақтылығы сыр берген мемле-кетке сыртқы факторлардың əсер етуі өте оңай. Ал ел бірлігі мықты болған жағдайда ғана мықты мемлекет туралы əңгіме қозғауға орын бар. «Тəуелсіздік тағылымы» дегеннен шығады, мəселен, осынау 25 жылда көпэтностық мем-лекетте ынтымақ негізін шайқалтпай ұстағандықтың өзі – көп жетістік, үлкен табыс, бұл Елбасымыздың да, еліміздің де үлкен бір жеңісі.

Тəуелс ізд ік алған күннен бас-тап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуге қатысты мəселелерді

əрдайым басты назарда ұстап келеді. Тіпті, еліміздің осы күнгі жемісті жолының бастауы болып саналатын «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында Мемлекет басшысы: «Бостандық пен тəуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет. Егер біз өз мемлекеттілігімізден айырылып, егемендігіміздің негіздерін, өз жерлеріміз бен ресурстарымызды қолымыздан шығарып алсақ, бізге кешірім жоқ»,– деп атап өткен бо-латын. Осы орайда айрықша назар аударарлығы Елбасы Н.Назарбаев тəуелсіздік алғаннан кейінгі құқықтық тəртіпті қамтамасыз етуге жіті көңіл бөле отырып, егемендік декларациясы жарияланғаннан кейін небəрі 26 күннен кейін мемлекетімізде алғашқы күш-қуат органы ретінде Ішкі əскерді құрғаны біз үшін мақтаныш жəне мемлекет тара-пынан көрсетілген айрықша сенім. Сол 1992 жылғы 10 қаңтарынан бастап Ішкі əскердің жеке құрамы алға қойылған тапсырмаларды лайықты түрде орындап, жеке адам мен азаматтың конституциялық құқығын, қауіпсіздігін, қо ғам құндылықтарын , мемле -кет тұрақтылығы мен тыныштығын қауіп-қатерлерден жан-жақты қорғау жолындағы жауапты қызметіміз тек құқықтық шеңберде іске асып келеді.

Өткенсіз бүгін жоқ. Тəуелсіздіктің елең-алаң шағындағы өтпелі кезеңнің уақытша қиыншылықтары əлі есімізде. Экономикамыз қарыштап алға дамыған бүгінгідей берекелі кезеңде сондай жағдайлар болып еді десеңіз, кейінгі буын оған мүлдем сенбейтін де шығар. Басқаны айтпағанның өзінде алғы шептегі əскери бөлімшелерімізде

қарапайым ғана электр жарықтарының бірде болып, б ірде болмаған да кездерін бастан өткіздік. Елге адал қызмет етіп, Отан қорғауды ең қастерлі қызмет санаған азаматтарымыз мұндай жағдайларға шыдамдылық пен төзімділік танытты. Олардың күнделікті қызметтік іс-əрекеттерін жүзеге асыруға қажетті барлық ғимараттар бұзылмастан сол қалпында сақталды. Техникаларымыз бен қару-жарақтарымыз да талан-таражға ұшыраған жоқ. Ең басты-сы – сарбаздарымыздың басы аман, бауыры бүтін болды. Мемлекет та-рапынан бізге ең алдымен талайы тағдырдың еншісіне сай бұрынғы Кеңес Одағынан қалған Өскемен, Курчатов жəне Степногорск қалаларындағы стратегиялық аса маңызды объектілерді күзету тапсырылды. Мұнан өзге көптеген түзеу мекемелері мен ел үшін маңызды нысандардың қауіпсіздігі сенімді қамтамасыз етілді.

Сол кезде еліміздің əр түкпіріндегі ə с к е р и б ө л і м д е р д е к ə с і б и мамандықтарын тереңнен игерген əскери қызметшілер көптеп қызмет атқарды. Одақ ыдыраған бойда, олардың басым көпшілігі өздерінің тарихи атамекендеріне қарай атба-сын бұрды. Тіпті, ешкім күтпеген осы қолбайлауды да əскер басшылығы оңынан шеше білді. Жоғары білімді запастағы офицерлерді шақырып, ішкі əскер саласына мамандандырып, білімін жетілдірдік. Олардың барлығы дерлік бүгіндері Ұлттық ұланның са-пында абыройлы қызмет атқарып, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету-ге бір кісідей атсалысуда. Петропавл қаласындағы Ішкі əскер жоғары əскери училищесін Ішкі əскердің Əскери инсти-

туты деп атауын өзгертіп, келешектегі т а ғ д ы р л а р ы н ə с к е р и ө м і р м е н байланыстырғысы келетін жастары-мыз оқуға қабылдадық. Ел мен жердің бүтіндігін ойлаған аға буын əріптестерім сол мезгілдердегі қиыншылықтарға б о с а ң д ы қ т а н ы т қ а н н а н г ө р і , мемлекетіміздің тəуелсіз ел атанғанына шынайы қуанғандарына да куəмін. Президентіміз бен Үкіметіміздің терең түсінулерінің арқасында Ішкі əскерді сан-салалы жағынан дамыту мен жетілдіруге айрықша көңіл бөлінді. Міне, осылайша сындарлы сəттерден сүрінбей өттік. 2014 жылы 21 сəуірде Елбасының Жарлығымен ІІМ Ішкі əскері Ұлттық ұлан мəртебесіне ие болып, жаңа сенім артылды, жаңа стратегиялық міндеттемелер жүктелді. Ең алдымен, тəу етер тəуелсіздігіміздің арқасында бүгінгі Ұлттық ұлан жеке құрамы өздері жүріп өткен 25 жыл ішінде заман талаптарына сай толық, жан-жақты қалыптасты. Біз Ұлттық ұланның құрылған күні – 10 қаңтардағы барлық салтанатты шараларды тəу етер құндылығымыз – Тəуелсіздіктің 25 жылдығына арнап, «Біз – болашағы бір ұлтпыз» атауымен елорда төріндегі «Қазақстан» Орталық концерт за-лынан дүйім жұртшылыққа арналған гала-концертпен бастағалы отырмыз. Алдағы жалғасын табар шаралардың барлығы да елдігіміздің мерейлі белесін ұлықтауға арнала беретін болады.

Қорыта айтқанда, Ұлттық ұлан – тəуелсіздігіміздің тірегі, елдігіміздің қырағы қорғаны. Азаттық туын жықпай, жоғары ұстау ел қорғаған ерлерге сын. Мемлекет басшысының жіті наза-рымен алдағы уақыттары да қорғаныс саласы лайықты дами беретіні сөзсіз, өйткені, біз тарихтан жау іздемеген халық болсақ та, өз іміздің асыл мұраттарымызды жан аямай қорғауды ұғынған ұлы елміз. Бүгінгі əлем елдері небір жайттарды бастан кешіп отырған қым-қуыт заманда, замана ұсынған жаңа қауіп-қатерлер өткелінен елді аман алып өтуді, дамудың даңғыл жолын көрсеткен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, рефор-малар, даму» Жолдауында, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында жаңа міндеттер қойылып, мақсаттар мен межелер айқындалды. Осы игі істерді жүйелі іске асыруда, еліміздің басты бақыты – бірлік пен тыныштықты қорғауда өзге де мемлекеттік органдардың қатарында Ұлттық ұланның жеке құрамы да барлық күш-жігерін, қайрат-еңбегін аянбай жұмсай бермек. Арайлап атқан ақ таңымыз, барша игілік-бақытымыздың бастауы – ел тəуелсіздігі мəңгілік баян-ды болсын.

Руслан ЖАҚСЫЛЫҚОВ,Қазақстан Республикасы

Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы,

генерал-лейтенант

ҚАЖЫРЛЫҚ пен ҚАЙСАРЛЫҚТЫҢ БЕЛГІСІҰЛТТЫҚ ҰЛАН «ОҢТҮСТІК» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 24 ЖЫЛ ТОЛУ ҚҰРМЕТІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ КЕШ ӨТТІ.

Жиын барысында сөз алған Ұлттық ұлан ардагері, отставкадағы пол-ковник Геннадий Фалеев те бар-ша ұландықтарды мерекелерімен құттықтап , оларға жүрекжарды тілектерін арнады.

Марапаттау іс-шарасынан кейін кеш мерекелік бағдарламаға ұласты.

Қауіпсіздікт ің қалқаны, егемен еліміздің қорғаны бола білген Ұлттық ұланның жауынгерлік тарихи жылнама-сы сонау тəуелсіздіктің алғашқы жылда-рында, 1992 жылы 10 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі əскерлері туралы» Жарлығына қол қойғаннан бастап жазыла бастады. Тəуелсіздіктің елең-алаң шағында елдің ертеңі мен қауіпсіздік қамы үшін қабылданған бұл реформалық шаралар бағамының тарихи құндылығы ерекше. Ұлтты ортақ игілікке ұйыту, ел бірлігін сақтау, тыныштықты қамдау, өндірістегі өркенді істерге жол ашудың барлығы да

елін сүйе білген, елдікті бекемдей білген ұлт көшбасшысының ерен еңбегінің жемісі.

2015 жылдың басында «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы» заң қабылданып, Ішкі əскерге Ұлттық ұлан мəртебесі берілді. Тыныштықтың тұғырында тұрған күш-қуат құрылымына заң аясында жаңа арнайы міндеттер жүктелді, қызметтің нақты тармақтары мен мақсаттары айқындалды, əскери құрылымның мəртебесі жоғарылатылды. Ө з д е р і н і ң д а я р л ы ғ ы н , к ə с і б и біліктіліктерін жоғарылату, тəжірибелік білімдерін арттыру арқылы ұландықтар күш-құрылым органдары арасында лайықты орнын алды.

Бүгінде Ұлттық ұлан əскері қоғамдық тыныштықты с а қ т а у , м аңызды мемлекеттік нысандарды қорғау, сотталғандарды күзету мен айдауыл-дау, мемлекет аясында өткізілетін іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету секілді бірқатар өзіне жүктелген міндеттерді табысты орындауда.

Айдос БАЙШАҒЫРОВ,Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік

қолбасшылығы

Ерлік дəстүрінің жалғасы

«БАТЫС» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫ БАЗАСЫНДА ӨТКЕН МЕРЕКЕЛІК ШАРАҒА ЖЕКЕ ҚҰРАМ, МҮДДЕЛІ ҰЙЫМДАР ӨКІЛДЕРІ, АРДАГЕРЛЕР ҚАТЫСЫП, ҚЫЗМЕТТЕ ҮЗДІК ШЫҚҚАНДАР МАРАПАТТАЛСА, ЖАСТАРҒА ӨМІРІМЕН ДЕ, ӨНЕГЕЛІ ІСТЕРІМЕН ДЕ ҮЛГІ БОЛЫП ЖҮРГЕН АҒА БУЫН СЫЙ-ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ.

Page 5: Сақшы №03 (4169)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 5е-mail: [email protected]№3 (4169), сейсенбі, 12.01.2016 е-mail:[email protected]

ҚЫЗМЕТ

ӘРІПТЕС КЕЛБЕТІ

Құтқарушы болу – бұл қауіпсіздік қызметі емес, өмір сүру дағдысы. Ел ім і зде өз кəс іби деңгей і мен шеберліктерін арттырып, жүктелген қызметтік міндеттерін мүлтіксіз орын-дап жүрген төтеншеліктер аз емес. Солардың бірі – батысқазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар. Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысының құтқару жасағында 77 құтқарушы қызмет жасайды.

Апат айтып келмейді деген сияқты, кім-кім де қандай да бір төтенше оқиғаға тап боларын алдын ала біле алмасы анық. Бірақ, сондай жағдай туғанда құтқарушыларға жүгінетінін жақсы біледі. Ал құтқарушы мамандығы оңай кəсіп емес. Əр құтқарушы осы атақты алу

ЛАЙЫҚТЫ БАҒАСабырбек ОЛЖАБАЙ, Шымкент қаласы

ШЫН МƏНІНДЕ ШЫМКЕНТ ШЫМ-ШЫТЫРЫҚТЫ ШЫТЫРМАН ОҚИҒАЛАР ЖИІ ОРЫН АЛАТЫН ШАҺАР. МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫНЫ БАР АЛЫП ҚАЛАҒА ƏРІ-БЕРІДЕН СОҢ ƏЛЕМНІҢ ТӨРТ БҰРЫШЫНАН КҮНІНЕ МЫҢДАҒАН ЖОЛАУШЫ АҒЫЛЫП КЕЛІП-КЕТІП ЖАТАДЫ. ƏР ЖОЛАУШЫНЫҢ ЖЕКЕ МҮДДЕСІ БАР. КӨП ІШІНДЕ КІМДЕР ЖҮРМЕЙДІ ДЕСЕҢІЗШІ.

Шымкент қалалық ІІБ əл-Фараби полиция бөлімі, міне, осындай ең бір криминогенді ауданда орналасқан. Қаладағы əрбір төртінші қылмыс осы ауданда тіркеледі екен. Осы ретте ауданның тəртіп сақшылары күні-түні кірпік ілмей тұрғындардың тыныштығы үшін қырағы сапта тұрады. Полиция қызметкерлерінің тынымсыз еңбектері нəтижесінде Қой жылы олар бірқатар жетістікке қол жеткізді. Төменде сандар тілімен сөйлеп көрелік.

Əл-Фарабилік полицейлер былтыр 2152 қылмысты ашты. 2015 жылы бұл көрсеткіш 1669 болатын. Демек, қылмыс көлемі 28,9 пайызға өсіп отыр. 2014 жылы сотқа 1504 іс жіберілсе, былтыр бұл көрсеткіш 1989-ға жетіпті. Оның ішінде ауыр қылмыс жасағандарды сотқа өткізу 387-ден 497-ге көбейген. 2014 жылы бұрын қылмыс жасап бұқпантайлап жүрген 612 күдікті қолға түссе, 2015 жылы бұл көрсеткіш 650-ге жетіп отыр. Алдыңғы жылмен салыстырғанда был-тыр жасөспірімдер мен жасы кəмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 29,5 пайызға төмендеген.

2014 жылы 9775 құқық бұзушыға əкімшілік шара қаралса, былтыр бұл

МАМАНДЫҒЫ – МАҚТАНЫШЫ

ҚҰТҚАРУШЫ – ҚОРҚЫНЫШПЕН КҮРЕСУШІТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МЕН ОЛАРДЫҢ САЛДАРЫН ЖОЮ, БІЛІКТІ МА-МАНДАРДЫ ƏЗІРЛЕУ, ТҮРЛІ ҚОҒАМДЫҚ БҰҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРМЕН БІРЛЕСКЕН ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗУ, ХАЛЫҚ АРАСЫНДА ҚАУІПСІЗДІК СА-ЛАСЫНДА ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ – БҰЛ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИТЕТІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТОЛЫҚ ЕМЕС ТІЗІМІ.

ұйымдастырылған. Қоғамдық тəртіпті сақтау жөнінде 40, жемқорлыққа қарсы 2 рет кеңес отырысы өтіп, олар жергілікті тұрғындардың қолдауына ие болған.

Жергілікті тұрғындар мен жергілікті полиция қызметкерлері арасында тығыз байланыс, өзара қарым-қатынас орныққан жағдайда жұмыс жандана-тыны белгілі. Полиция басшылары осы мақсатта жергілікті тұрғындармен 5 рет кездесу ұйымдастырған. Бұл кездесу-лерде келушілер тəртіп сақшыларының күнделікті жұмыстарымен танысқан. Жергілікті тұрғындардың құқықтық б і л і мдер і н к ө т еру мақ с а тымен

Қаладағы өршіп тұрған қылмыстың бірі – пəтер тонау. Осы қылмыстың алдын алу үшін «Көрші назары» атты акция өтіп келеді. Қазақта «көрші хақысы» деген бар. Өзіңді ғана ойлай бермей, көршіңе де көз салып қоюың керек. Міне, сонда көрші пəтеріне ұрлыққа түсетіндер алыстан қашып жүреді. Сонымен бірге, қолы сұғанақ күд ікт ілермен профилактикалық жұмыстар жүргізіп отыру да назар-дан тыс қалмайды. Осы жұмыстардың жемісіндей көшедегі ұсақ қылмыстар мен пəтер ұрлығы күрт азайған.

Полиция бөл ім і соңғы жылда-ры қала əкімінің аппараты, басқа да құқық қорғау органдары, қоғамдық бірлестіктермен қоян-қолтық араласа жұмыс жүргізе отырып, көптеген жедел-профилактикалық іс-шаралардың нəтижесінде үлкен табыстарға жетіп отыр. Айталық, былтыр азаматтардың конституциялық құқықтары жөнінде 18 150 шағым қаралған. Көпшілікпен тығыз қарым-қатынастың нəтижесінде іздеуде жүрген 170 қашқын тұтқындалған. Бұрынғы жылдардан қалған 291 қылмыс ашылған. Кəмелетке жасы толмағандар жөніндегі комиссия 18 іс қарапты.

Бүгінде полиция қызметкерлеріне 21 бірлестікке топтастырылған 241 адам көмектеседі. Былтыр 21 азаматқа 420 мың теңге көлемінде көтермелеу сыйлығы тапсырылған.

Көпшілік көмегіне жүгінгеннің жəне тəртіп сақшыларының белсенді іс-əрекеттерінің арқасында аса ауыр қылмыс түрлері кеміген. Төрт рет кісі өлімі тіркеліп, барлығы да дер кезінде ашылыпты. Зорлық-зомбылық, қарақшылық шабуыл, тонау, бөтеннің мүлкін ұрлау, бұзақылық, қоғамдық орындардағы тəртіпсіздік едəуір азайып отыр.

Əрине, мұның барлығын баяндап шығу біз үшін оңай. Алайда, осындай табысқа жету үшін Шымкент қалалық ІІБ əл-Фараби ПБ басшылығы мен қызметкерлері қаншама тер төкті десеңізші. Мұның ішінде күні-түні тын-бай жұмыс істеу, ізденістер мен біліктілік бар. Қандай да орын алған қылмысты ізін суытпай ашу үшін оқиғаның себеп-салдарын айқындап, күдіктіні алысқа ұзатпай құрықтау жолдарын дəлме-дəл болжай білу керек. Қылмыскер

ұзады дегенше істі ашу қиындай түседі. Сондықтан ізшілер күдіктіні тапқанға дейін ұйқы көрмейді. Мұның сыртын-да енді əр қылмыс орын алған сай-ын тозатын жүйкені қосыңыз. Тəртіп сақшыларының мойындарына қаншама жауапкершілік түсетінін осыдан-ақ пай-ымдай беріңіз.

Б ү к і л б ө л і м д і қ ы р а ғ ы л ы қ қ а , а л ғ ы р л ы қ қ а , т а п қ ы р л ы қ қ а , т а б а н д ы л ы қ қ а , т ə р т і п т і л і к к е , ауызбіршілікке тəрбиелеп отырған Шымкент қалалық ІІБ əл-Фараби ПБ бастығы, полиция полковнигі Нұрмахан Жалғасов жыл қорытындысы бойын-ша Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД сарапшыларының шешімімен «Ең үздік басшы» номинациясына ие болды. Сөз жоқ, бұл оған берілген лайықты баға.

істер басқармасы бастығының бірінші орынбасарына дейін көтерілді. 2008 жылы өндірістегі 25 қылмыстық істі сəтті аяқтап шықты. Оның бірнешеуі ауыр, аса ауыр қылмыстар болатын.

Ерен еңбегі мен іскерлігі, тəжірибесінің молдығы арқа сында Нұрмахан Тоғайбайұлы «Ішкі істер министрлігі саласында үздіксіз қызметі үшін», «Құқық тəртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» медальдарымен, «Ішкі істер органдарындағы үздік қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ, ол Ішкі істер министрінің бұйрығымен «Үздік анықтаушы», «Үздік тергеуші» атақтарына ие болды. Əрине, бұл марапаттаулар оның ішкі істер саласындағы үздік табыстары үшін берілді. Таяуда ол «Ең үздік басшы» атағын да алған болатын.

Бүгінде Нұрмахан Жалғасов үш ұл тəрбиелеп, өсіріп отыр. Үлкені Нұркен Шымкент қаласындағы №17 «Дарын» мектебінде оқиды. Ортаншысы Байкен 6 сыныпта. Ол облыстағы жасөспірімдер арасындағы еркін күрестен бірнеше рет жеңімпаз атанды. Спорт шеберлігіне үміткер. Ал, кенжесі Əділет – төрт жаста.

Нұрмаханмен жолығу мақсатында хабарласқанымызда «кешіріңіздер, кісі өлімі тіркеліп еді, ертең жолығайық» деген. Ертесіне жұмыс аяғында кезде-суге келістік. Оны соңғы алған марапат-тарымен құттықтап, одан соң «кешегі қылмыс ашылды ма?» деп сұрадық.

«Ашылды. Күдікті қамауда отыр. Осы хабарды қазір ғана Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД бастығы, полиция гене-рал-майоры Асқар Оспановқа баяндап келдім», – деді Нұрмахан бізге.

Аса ауыр қылмыс бір тəулікке жет-

көрсеткіш 9893-ке көтерілген. Алдыңғы жылы 19 995 923 теңге əкімшілік айыппұл өндір ілген. Ал, былтыр 21 175 188 теңге айыппұл бюджет қоржынына түсті. Демек, алдыңғы жыл-мен салыстырғанда 1 миллион 179265 теңге артық өндіріліп отыр.

Əл-Фараби полиция бөліміне қарасты учаскелік полиция бекеттерінде 17 қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Олар қоғамдық орындарда, мектептерде, жоғары оқу орындарында жиі болып, қылмыстың алдын алу жөнінде əңгіме-лекциялар өткізіп тұрады. Былтыр қоғамдық кеңес мүшелері 204 жиын өткізіп, əртүрлі мəселелер қарапты. Арнайы кеңестерде жасөспірімдер арасындағы қылмыстан бастап, егде жастағыларға дейін жасайтын түрлі бұзақылықтар қаралған. Отбасылық кикілжіңдер 61 рет талқылынған. Тəрбие жұмыстарына арнап 80 кездесу

журналистерді қатыстыра отырып, ашық есік күндерін жүйелі түрде өткізіп тұру дəстүрге айналған. БАҚ өкілдерінің қатысуымен, сондай-ақ, заңды құрметтей білу жөнінде жастар арасында 7 рет профилактикалық кез-десу өткен. Адамдар тығыз орналасқан жерлерде, қоғамдық көліктерде, басқа да жерлерде орын алатын қылмыстардың алдын алу шаралары жан-жақты жүргізіліп келеді. Рас, соңғы кездері қоғамдық орындар-да қалта ұрлығы тым көбейіп кетті. Бұл, əсіресе, қоғамдық көліктерде жиі орын алады. Солардың алдын алу мақсатымен мемлекеттік мекеме-лер мен жекеменшік фирмалардың қызметкерлері мен жұмысшылары ара-сында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қоғамдық көліктерге «Абайлаңыз: қалта ұрлығы!» деген көрнекі плакат-тар ілінген.

үшін арнайы дайындықтан өтеді – олар-дан физикалық дайындықпен қатар, психологиялық мінез тұрақтылығы да талап етіледі. Құтқару жұмыстары кезінде жедел əрекет ету үшін əр адам сабырлы болуы қажет. Ал құтқарушылар үшін бұл – бұлжымас қағида.

2015 жылғы сəуір айында жеке құрамның 20 құтқарушысы Ақмола облысындағы көктемгі су тасқыны кезіндегі төтенше жағдайлардың з а р д а п т а р ы н ж о ю ғ а қ а т ы с т ы . Құтқарушылар күн-түн демей басқа қызметтің құтқарушыларымен біріге бірнеше күн бойы төтенше жағдайды ауыздықтады, дамбыларды бекітті, адамдарды көшірісті, қажетті азық-түліктерді жеткізіп отырды, үйлері суға

кеткен ауылдық округтер Отаутүскен, Оразақ, Бірлік, Қосшы жəне Тайтөбедегі тұрғындардың құнды заттарын суға кет-кен үйлерден алып шығуға көмектесті. Жасақтың құтқарушылары төтенше жағдайларда суға кеткен аймақтан 62 зардап шегушіні алып шықты.

Б а тыс Қа з ақ с т ан облысының құрлықтық климатының құбылмалылығы небір тосын табиғи құбылыстарды тудыратыны көпке аян. Алайда, құтқарушылар кез келген уақытта жауынгерлік дайындықта əзір тұрады. Олар су тасқыны, су басу кезінде адам-дарды көшіріп, автокөліктерде зардап шеккендерді бұзылған автокөліктің ішінен алып шығып, облыстың автокөлік жолдарында қар тұтқынына тап болған адамдарды жəне техникаларды құтқарады.

Əрб ір құтқарушыдан осындай көптеген қызықты да, қиын сəттер ту-ралы оқиғаларды естуге болады.

Швейкин Алексей жасақта 11 жыл-дан астам уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Ол үлгілі отағасы, екі баланың əкесі. Өзінің қызмет өткерген кезінде бір емес бірнеше өмірді құтқарып қалған. Алайда, ол өзін батырмын деп санамайды. «Шынымды айтсам, қанша адамның өмірін құтқарғанымды санағаным жоқ, менің жұмысымдағы ең бастысы, қиындыққа ұшыраған адамға көбірек көмек беріп үлгерсем болды», – дейді ол.

«Əртүрлі жағдайлар болады. Соның бəрінде де өз мамандығымды сүйетінім жанымды жылытады. Соның айғаға, адамды төтенше жағдайдан құтқарған кезде мені қуаныш сезімі билейді. Ондай кездер көп болады. Мысалы, бір бала велосипедтің рамасына аяғын қысып алды. Əуелі ата-ана өзінің көмегімен шығарғысы келген, алайда болмады, нəтижесінде «112» телефоны бойынша қоңырау шалған. Біз шақыру

бойынша келіп, арнайы құралдармен велосипедтің рамасын кесіп, баланы темір құрасуынан шығарғанда, оның жүзіндегі қуанышты көрсеңіз. Сондай-ақ, балалар қолдарына жиі түрлі сақиналарды, дөңгелек теміршелерді салады, бастарына кастрөлдерді киеді де, олар кептеліп қалады. Осыған байланысты ата-аналарға ескертерім, балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар», – деп өз ойын түйіндеді құтқарушы.

«Сізд ің ойыңызша, құтқарушы дегеніміз кім жəне оның міндеттеріне не кіреді?» деген сұраққа Алексей: «Құтқарушы – бұл əр мамандықтың жақсылығынан, кəсіби біліктілігінен құралған мамандық. Құтқарушы – бұл альпинис, сүңгуір, медицина қызметкері жəне тағы да басқалар. Біз қорқынышпен күресу үшін де парашют-пен секіреміз. Əрине, бəрі орын алған

жағдайға байланысты. Біз есіктің ақаулы құлпын ашудан бастап, табиғи апаттар-ды жоюға дейінгі жұмыстың барлығын жасаймыз. Əрбір қыста адамдарды қар құрсауынан шығарамыз. Қатты жел жəне қар мол кезде ішінде адамдары бар автомобильдер қар құрсауында қалып қояды. Соларды алып шығамыз», – деп жауап берді. «Ең бастысы, батылдық, табандылық, өте күшті ерік күші, жылдам реакция, төзімділік, жауапкершілік. Ақиқатында ең жақсы алғыс – адамға өмірін құтқарғаныңды сезіну», – дейді ол. «Жұмыста ең қиыны не?» деген сұраққа: «Айтуға қиын. Жағдайлар əртүрлі болады. Ең бас-тысы – сасқалақтамау, жедел шешім қабылдап, əрекет етуге қырағылықты сақтау», – дейді көргені мен түйгені көп кəсіби құтқарушы.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Өйткені, жоғарыдағы жемісті жетістіктер Нұрмахандай білікті басшының біліктілігі, талапкерлігі, іскерлігі арқасында келді.

«Қайнар» университет ін ің заң факультет ін б і т і р ген Нұрмахан Тоғайбайұлы еңбек жолын Киров аудандық ішкі істер бөлімінде учаскелік милиция инспекторлығынан бастады. Қызмет бабында түрлі сатылардан өткен ол Мақтаарал аудандық ішкі

пей ашылған. Иə, осының өзінен мұндағы қырағылықты, іскерлікті, еңбекқорлықты жазбай танығандайсыз. Тергеу амалдарына байланысты күдіктіні қалай құрықтағаны жөнінде əз ір ге айтылмайтындықтан бұл жөнінде қазбалап сұрамадық. «Ең үздік басшының» ұжымы өз жұмысын бүге-шігесіне дейін білетініне іштей тəнті болып қойдық.

Page 6: Сақшы №03 (4169)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20136 е-mail: [email protected]№3 (4169), сейсенбі, 12.01.2016 е-mail:[email protected]

БҮГІНГІ КҮННІҢ БЕЙНЕСІ

МӘСЕЛЕ

Алдымызда халықтың санын 2020 жылға дейін 20 миллионға жеткізу межесі тұрғанда жыл сайын дүние есігін ашқан сəбидің де демографиямызға қосар үлесі айтарлықтай. Бірақ, бала туу арқылы халық санын биіктен бір-ақ шығармасымыз тағы белгілі. Бұл межені бағындыру үшін туу көрсеткішін мейлінше арттыруға күш жұмсағанымызбен түрлі апаттардан адам өмірін сақтап қала алмай отырғанымыз өкінішті-ақ. Межені бағындыруға мысықтабандап аяқ ба-сып келе жатқанымызға қарап, алдағы 4 жылдың ішінде халық санын 2,5 миллионға арттыру қолымыздан келер ме екен деген күдікке толы сұрақ туын-дайды. Туу көрсеткіші жоғары болған күннің өзінде өлім-жітім халық санының өсуіне кедергі келтіріп отырған жоқ па?!

КӨЛІК АПАТЫМЕН КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУ КЕРЕК

Қарап отырсақ, адамзат баласына төнген қауіп-қатер бастан асады. Айтып келмейтін табиғи апаттар, төтенше жағдайлар жəне одан қалды көлік қақтығыстарынан қаза табатындардың статистикасы қаралы. Басқасын айтпағанда, тек бір ғана жол-көлік апа-тынан көз жұматындар саны да жетіп артылады. Адам баласына қырғидай тиген көлік апаттары жас талғамайды. Бір өкініштісі сол, жол-көлік апаттары кезінде көбіне жас өмір қыршыннан қиылады екен. Жасың мен кəріңді қатар жұта беретін көлік апаттарының са-нын азайту мүмкін болмай тұрғаны жанға батады. Тіпті, осындай апат-тардан жас өмірді құтқарып қала ал-май отырған шарасыз күйіміз ашын-дырады. Болашағынан үміт күттіретін жеткіншектердің ғұмырын көлік апаты күл-талқан етіп жүргені кім-кімді болса да бейжай қалдырмайтыны рас. Көлік апатын азайту жəне оның алдын алуға бағытталған мардымды істер атқарылып жатса адам өмірін сақтап қалу мүмкіндігі артар ма еді дейсің...

Көлік апатымен күрес күшейтілмесе қалаған көрсеткішке қол жеткізе алмайты-нымыз анық. Ал осы бағытта атқарылған жұмыстар көңіл көншітпей отырғаны да жасырын емес. Тасжолдардағы көлік соқтығысының санын төмендету бағытында ауыз толтырып айтып келген, атқарылған істердің тиімділігіне келгенде күмəнді ой қылаң береді. Шындығында, адамның өміріне қауіп төндіріп тұрған көлік апатын азайту мақсатында атқарылып жатқан жоспарлы істер жанға медеу болмай тұр. Олай дейтініміз, жыл

ҚАРА ЖОЛДАҒЫ ҚАЗА қабырғаны қайыстырып тұр

Жадыра МЫРЗАХМЕТ

ЕЛІМІЗДЕ ЖОЛ АПАТЫНЫҢ САНЫ ЖЫЛ ӨТКЕН САЙЫН АРТПАСА, АЗАЙ-МАЙ ОТЫР. СТАТИСТИКАҒА СҮЙЕНСЕК, ЕЛІМІЗДЕ БІР ЖЫЛДЫҢ ІШІНДЕ 20-22 МЫҢҒА ЖУЫҚ КӨЛІК АПАТЫ ТІРКЕЛІП, САЛДАРЫНАН 2-3 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ АЖАЛ ҚҰШАДЫ ЕКЕН. КӨЛІК АПАТТАРЫНАН ҚЫРУАР АДАМ ЖОҒАЛТУЫМЫЗ ДЕМОГРАФИЯМЫЗДЫҢ ӨСУІНЕ КЕДЕРГІ КЕЛТІРІП ОТЫРҒАН БІРДЕН-БІР ФАКТОР.

Бұл оның мүлкіне де, жеке ба-с ы н а д а қ а т ы с т ы . Е к і н ш і д е н , балалардың мүддесін қорғауға заң жүзінде белгіленетін құқық, мыса-лы, баланың мұрагер болу құқығы да жатады. Құқықты қорғауға баланың құқығын бұзуға жол бермеу үшін күресу мəселесі де қосылады. Ата-аналар өз балаларының заңды өкілі болып табы-лады.

Құқықтары мен заңды мүдделерін қ о р ғ а у ү ш і н б а л а н ы ң қ ұ қ ы ғ ы заңмен бекітіледі. Құқық қорғауды а т а - а н а л а р , б а ғ ы п - қ а ғ у ж ə н е қамқорлыққа алу органдары, сот, прокурор жүзеге асырады. Заң ба-ланы озбырлықтың түрлерінен оның абройын төмендетуден, ата-ана-лар тарапынан болатын қиянаттан қорғайды. Қазақстан Республикасында балалардың мүддесі қорғала оты-рып, ондай ата-аналарды ата-аналық құқықтан жəне баланы бағып-қағуға беруден айыруға байланысты ша-раларды қолдану заңдық тұрғыда қарастырылған. Бала мүліктік құқыққа

Б і р і н ш і қ а ң т а р д а н б а с т а п травматикалық қаруды ішкі істер органдарына өткізбегендер үшін жауапкершіліктің жүгі ауыр болмақ. Заңға бағынбай, суық қаруды үйінде сақтағандарға 4 миллион теңге айыппұл салынады немесе 1 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Алайда, бүгінде қаруды қағынған балалар ғана емес, қыздар да алып жүреді. Жуырда бір бойжеткеннің жол сөмкесінен тапанша табылды. Қаруды не үшін ұстап жүргені белгісіз. «Қорғану үшін сатып алып едім» дейді бойжеткен. Кімнен қорғанады? Не үшін қорғанады? «Керегі болып қалар» деп əр қыз сөмкесіне тапанша салып жүрсе, соңы немен бітеді? Қыздар арасында да аракідік текетірес болып тұратыны жасырын емес.

Ана бір жолы екі қыз төбелесіп, бірінің шашын бірі жұлып, əбден сілкілесті. Оны біреулер телефонға түсіріп таратып жіберген. Ал, бір «боксер» қыз ер баланы бұрыштан бұрышқа тығып ұрғылап жүр. Бұл да қалта телефонында жазулы. Осыны қызық көріп автобустың ішінде тама-шалап келе жатқан жігіттерді көрдім. «Қыздың бəлесін-ай» деп қояды қалта телефонымен ойнап келе жатқан жігіт.

Сонымен, қаршадай қыздардан қорқатын болдық. Сөмкесінен қару шығарып басып қалса тындым дей беріңіз. Ішіңізге пышақ тығып алса да таңдануға болмайды қазір. Мұндай оқиғалар да жиі орын алып тұрады.

Ал, енді жақында бір студент пен екі мектеп оқушысы «Опель Вектра»

көлігін айдап кетіп, қаланың ішіне қалдырған. Өздерінің шаруасына пай-даланып болған соң көлікті тастап кет-кен. Тінту барысында көліктің ішінен «Стражник» тапаншасы табылған. Суық қару ұсталған жеткіншектің біріне тиесілі болып шықты. Полиция қызметкерлері оларды тергеп жа-тыр. Біреудің көлігін не үшін айдап кеткені, тапаншаны не үшін көліктің ішінде қалдырғаны тергеу барысында анықталмақ.

Шымкенттегі колледждердің бірінде студенттер өзара төбелескен. Бір студент ауруханада көз жұмды. Тағы бір мектепте оқушылар төбелесіп, бір оқушыны мерт қылды. Сарыағаш ау-данында да осыған ұқсас оқиға орын алды.

Суық қаруды заңсыз ұстауға жол жоқ. Сондықтан жергілікті тұрғындар қаруларын өз еріктерімен Ішкі істер департаментіне тапсырып та жатыр. Сонда жасөспірімдер қаруды қайдан алады? Гəп осында. Мылтық немесе тапанша көшеде жатпайды. Демек, олар суық қаруды үйлерінен ұрлап алады. Қара базарда қару жасырын жолмен сатылатын да болуы мүмкін. Қалай дегенде де қару балалардың, жасөспірімдердің қолына түспеуі тиіс. Түсе қалған жағдайда олар кино-дан көргендерін істеп, сыныптасына мылтық кезенбесіне кім кепіл? Осы ретте əрбір ата-ана ұл-қыздарының қарумен жүрмеуін қатаң қадағалап отырғандары абзал. Ал, мектеп ұжымы жеткіншектер арасындағы тəрбие жұмысын жандандыруы керек. Ал, полицейлер қарулы қағынғанды қалт жібермейді.

ӘЛЕУМЕТ

АЙТАЙЫН ДЕГЕНІМ...

Бала құқы басты назарда болуы тиіс

АТА-АНАЛАР ӨЗДЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫН ТƏРБИЕЛЕЙ ОТЫРЫП, ОНЫ ҚОРҒАУҒА МІНДЕТТІ. ƏЛІ ЖАСЫ ЖЕТПЕГЕНДІКТЕН, ƏЛІ ҚАБІЛЕТІ ТОЛЫҚ ҚАЛЫПТАСПАҒАНДЫҚТАН БАЛАЛАР ӨЗ МҮДДЕЛЕРІН ӨЗДЕРІ ҚОРҒАЙ АЛМАЙДЫ. СОНДЫҚТАН АТА-АНАЛАР, БІРІНШІДЕН, БАЛАЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУҒА МІНДЕТТІ.

да ие. Ол көбінесе өз ата-аналарының жəне отбасының өзге де мүшелерінің күтіп-бағуы құқықтарына байланысты болмақ. Алименттер, зейнетақы мен жəрдемақылар ата-ананың атына келіп түседі, алайда, ол қаржы ба-ланы күтіп-бағуға, білім беруге жəне тəрбиелеуге жұмсалады. Балаларға қамқорлық жасай отырып, мемлекет бала туған кезде жəрдемақы төлейді. Көп балалы отбасылары түрлі жағынан қорғауға алынған.

Қ Р Б а л а л а р қ ұ қ ы ғ ы н қ о р ғ а у заңының 4-бабында: «Балалардың тең құқықтылығы – тегiне, нəсiлiне жəне қай ұлтқа жататындығына, əлеуметтiк жəне мүлiктiк жағдайына, жынысына, тiліне, бiлiмiне, дiнге көзқарасына, тұрғылықты жер iне , денсаулық жағдайына, балаға жəне ата-анасына немесе басқа заңды өкілдерiне қатысты өзге де мəн-жайларға қарамастан, барлық бала тең құқыққа ие» делінген.

Я ғ н и , б ұ л з а ң б а л а л а р -ды қоғамдағы толымды өмiрге да-ярлау, олардың қоғамдық мəнi бар

жəне шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, əлемдiк өркениеттiң жал-пы адамзатқа тəн құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қа сие т т ер г е , е лжандылық пен азаматтыққа тəрбиелеу, олардың бой-ында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдiк берiлген негiзгi құқықтары мен мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi

Балаларды қорғау– ең алдымен, ба-лалар өмірін, оның құқықтарын, пікірі мен дін бостандығын қорғау. Оны күш көрсетуден, зорлық-зомбылық жасау-дан жəне психологиялық жəбірлеуден қорғау. Балалар еңбегін қанаудан қорғау. Баланың білім алуына, дема-луына, бос уақытын тиімді пайдала-нуына құқығы бар. Адамгершілігі мол ұрпақ өсіріп, əділетті де өркениетті қоғам қалыптастырғымыз келсе, біз – үлкендер осы мəселелерді ескеруіміз тиіс.

Əсел АҚЫЛБЕКОВА, ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы

Қостанай Академиясы мемлекеттік-құқықтық пəндер

кафедрасының оқытушысы, полиция капитаны

ҚАРУЫ БАР ҚАРЫНДАССабырбек ОЛЖАБАЙ

ЖАҢА ЖЫЛ БАСТАЛҒАЛЫ ЕЛДЕГІ БІРҚАТАР ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР КҮШІНЕ ЕНГЕНІ БАРШАҒА БЕЛГІЛІ. СОЛ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ БІРІ – ҚАРУ ҰСТАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ.

бойы оқушылармен жəне жүгенсіз кет-кен жүргізушілермен жүргізілетін жөнге салу жұмыстары оңтайлы нəтиже беріп отырса, статистика бұлай сөйлемес еді. Айталық, 2015 жылдың 11 айында елімізде 17 мың жол-көлік апаты болып, соның салдарынан 2 мыңнан астам адам ажал құшқан. Ең сорақысы сол, жол-көлік апаттарынан балалардың жарақат алуы жəне ажал құшуы артқан. Өткен жылдың өзінде жол-көлік апатта-рынан 195 бала қаза тапқан екен. Көп жағдайда көлік апаты адамның жарақат алуымен ғана аяқталмайтыны анық, апат адамды өмір-бақи мүгедектер арбасына таңып, өмір сүру бақытынан айыруы да əбден мүмкін. Статистика көрсетіп отырғандай, балалардың қатысуымен бо-латын жол-көлік апаттарының 22 пайызы балалардың жарақат алуымен аяқталады екен. Ал автокөліктің астына түсіп, ажал құшатын балалардың жас аралығы 15-19-ды құрап отыр. Бұл дегеніміз, қауіп қылына ілінетіндердің дені мектеп жасындағы оқушылар деген сөз.

Біле білсеңіз, елімізде суицид жəне жол-көлік апаты бала өлімінің негізгі себебіне айналған. Бұл жөнінде

Дүниежүзілік денсауық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілі Мелита Вуйнович мəлімдеді. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінің өкілі Галина Жақсыбекова келтірген мəлімдемеге сенсек, республикамызда суицид бойынша Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстары көш бас-тап тұр, ал жол-көлік апатынан қаза табатындардың саны бойынша Оңтүстік Қазақстан, Алматы жəне Жамбыл об-лыстары көш ілгері келеді екен. Тағы бір айта кететіні, жол-көлік апаттарының салдарынан əйелдерге қарағанда ер адамдар үш есе көп қаза табады деседі.

«Көлік апаттарының 55 пайызын-да жолаушы, ал 26 пайызында жаяу жүргінші зардап шегеді. Жолаушылар мен жаяу жүргіншілер жол-көлік оқиғасы кезінде ең көп қатерге ілігеді. 2014 жылы жол-көлік апатынан 2700-ге жуық адам қаза тапты, қаза тапқандардың көп бөлігін 15 пен 45 жас аралығындағылар құрап отыр. Адам өмірін жалмаған апат санын азайту мақсатындағы атқарылған жұмыстардың нəтижесінде көлік апатынан қаза табатындардың санының қысқаруы байқалады», –

дейді министрлік өкілі. Оның айтуына қарағанда, 2006-2007 жылдары елімізге Еуропадан ескі көліктердің көптеп əкелінуіне байланысты көлік апатының саны да күрт өскен. Көлік санының күрт өсуі апаттар санының артуына əкеп соқтырып отырғанын айтып отырудың өзі артық.

ЕСКІ КӨЛІК ЕСІҢДІ ШЫҒАРАДЫХалықтың əлеуметт ік жағдайы

түзелгелі, адамдар бас-басына көлік алуды əлі де жалғастырып келеді. Қазақстан ТМД мемлекеттерінің ішінде жеңіл көлікпен қамтамасыз етілуі бой-ынша Ресей, Белоруссиядан кейін 3-орын алады. Мəселен, 2014 жылы халықтың көлікпен қамтамасыз етілуі 100 мың адамға шаққанда 25 пайызды құраған еді. Қазақстанда 2011 жылы көлік құралының саны 3 миллион 640 мың болса, 2014 жылы бұл сан 4 мил-лион 227 мыңға жеткен. Соңғы 3 жыл-да көлік құралының саны 16 пайызға артқан. Сырт елден кіргізілетін көліктер мұның қанша пайызын құрап отырғанын бағамдай беріңіз. Себебі, елімізде автоса-лоннан судай жаңа көлік сатып алғаннан гөрі Ресей, Қырғызстан сияқты көрші мемлекеттерден əкелу əлдеқайда тиімді болып отыр. Сондықтан да, жүргізушілер астындағы темір тұлпарын сатып жіберіп, арзанға ауыз салуды əдетке айналдырған. Ал осы ескі көліктердің елімізге көптеп əкелінуі де апаттың арту-ына əсер етпей қоймақ емес. Шетелден кіргізілетін ескі көліктің техникалық талаптарға жауап бермейтінін былай қойғанда стандарттарға сай келмейді. Сырт елден сау тамтығы қалмаған ескі көлікті елімізге кіргізіп, біреудің қалдығын қанағат етіп, арзанға ауыз са-лып жүргендер сақтықты бірінші орынға қоймай, қалтадағы қаражатты үнемдеп қалуды ойлайды.

Көлік апатының жиілеуі елімізде ескі-құсқы көлік құралдарының көбеюімен ғана байланысты емес. Ел ім ізге кіргізілетін ескі көліктерден бұрын, жөндеу көрмеген тасжолдардың сапа-сы да соққы үстіне соққы. Сондай-ақ, жүргізуші мəдениетін қалыптастыруға мейлінше ден қойғанымыздан да ештеңе

шықпаған сияқты. Бұл сөзімізге, Бас прокуратураның Құқықтық статисти-ка жəне арнайы есепке алу жөніндегі комитетін ің баспасөз қызметін ің ұсынған мəліметі дəлел. Жүргізген сараптамаларға сүйенсек, жалпы көлік апатының 90 пайызы жүргізушінің жүгенсіздігінен, һəм, жауапсыздығынан орын алады екен. Өткен 2015 жылдың он екі айында жүргізушінің жылдамдықты шектен тыс асыру себебінен 5634 жол-көлік оқиғасы тіркелген, салдарынан 919 адам қаза тапса, 688 адам түрлі деңгейдегі дене жарақатын алған. Осы уақыт аралығында орын алған апаттардың 7415-і жүргізушінің жаяу жүргіншіні қағып кетуімен тікелей бай-ланысты болып отыр.

«Еліміздегі жағдайды Еуропа жəне басқа да мемлекетпен салысты-ра алмаймыз, өйткені, əр мемлекеттің алып жатқан жер аумағы, халықтың тығыздығы, инфрақұрылымдық жүйелері де əрқилы. Тіпті жолдың сапасы да оң əсерін береді. Əлемнің көптеген елдерінде медициналық мекемелер қашықта орналасқан, содан да жетекші клиникалар тікұшақ бөледі. Бұл өз нəтижесін беріп отыр. Оқиға орын алған жерге тікұшақпен ұшып барып, науқастарды дер кезінде медициналық мекемеге жеткізеді. Ал оқиға орын алған жерге тікұшақпен ұшып бару мүмкін емес болған жағдайда жақын маңда міндетті түрде шұғыл көмек көрсететін ауруханалар болады», – дейді «Ортақ жол» қоғамдық бірлестігінің президенті Арсен Шакуов. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысымен əлем бойынша жол апаттары құрбандарының санын 3 есеге кеміту туралы меже қойылған болатын. Жол-көлік апаты құрбандарының санын бірден 3 есе төмендету біздің қолымыздан келеді ме деген күмəнді сұрақ туындайды. Осы орайда сандарды сөйлетіп көрелік, мəселен, осыдан бірер жыл бұрын БҰҰ бір жылдың ішінде Бельгияда – 42115, Португалияда – 33613, Австрияда – 39173 жəне Қазақстанда – 13739 жол-көлік оқиғасы тіркелетінін анықтаған. Алайда, көлік тығыздығы жоғары əлем елдеріндегі жағдай күрделі болғанымен адам шығынының айырмасы жер мен көктей. Айталық, Бельгияда – 944, Португалияда – 885, Австрияда – 679 бол-са, Қазақстанда – 3351 адам қаза тапқан.

P.S. ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖОЛЫНДАҒЫ АТҚАРЫЛҒАН ІСТЕРДІҢ НƏТИЖЕ БЕРМЕУІ КӨЗДЕГЕН МАҚСАТЫМЫЗҒА ЖЕТКІЗБЕЙ ОТЫР. АЛ БІЗДІҢ КӨЛІК АПАТЫ САЛДАРЫНАН АЖАЛ ҚҰШАТЫН БАЛАЛАРДЫҢ САНЫ ЖЕТЕР ШЕГІНЕ ЖЕТІП ОТЫРҒАНЫНА БАС ҚАТЫРҒЫМЫЗ ЖОҚ. БАЛАНЫҢ БАС АМАНДЫҒЫ ҮШІН ҚАРАҢҒЫ КЕЗДЕ ЖАРЫҚҚА ШАҒЫЛЫСАТЫН ҚАПТАМАЛАР ҚОЛДАНУДЫҢ ЖƏНЕ БАЛАНЫ ҚАУІПСІЗДІК БЕЛДІГІМЕН ТАСЫМАЛДАУДЫҢ ҚАУІПСІЗ ЕКЕНІНЕ КӨЗ ЖЕТКІЗСЕК ТЕ, ӨНЕРТАПҚЫШТАРДЫҢ ОҢТАЙЛЫ ҰСЫНЫСТАРЫНАН БАС ТАРТАТЫНЫМЫЗ ҚЫЗЫҚ.

Page 7: Сақшы №03 (4169)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 7е-mail: [email protected]№3 (4169), сейсенбі, 12.01.2016 е-mail:[email protected]

СПОРТ

Бетті дайындаған Ғани АТЫМТАЙ

«ДАКАР-2016»БОКС

ШАҢҒЫ СПОРТЫ

АУЫР АТЛЕТИКА

Өз орындарын сақтап қалды

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКСШЫЛАР ҰЙЫМЫ (IBO) БАРЛЫҚ САЛМАҚ САНАТЫНДАҒЫ ЖАҢАРТЫЛҒАН БОКСШЫЛАР РЕЙТИНГІН ЖАРИЯЛАДЫ. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨКІЛДЕРДЕ ДЕ БІРҚАТАР ӨЗГЕРІС БОЛДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ SPORTS.KZ ХАБАРЛАДЫ.

Ж а н а т Ж а қ и я н о в р е й т и н г т і ң ж е ң і л с алмақта ғы (53,5 келіге дейін) 40-шы орынынан 45-ке түсті. Қанат Ислам бірінші орта салмақ с а н а т ы н д а (69,85 келіге дейін) топ-100-діктегі 81-орнын сақтап қалды. Ал Бейбіт Шүменов бірінші ауыр салмақ (90,7 келіге дейін) рангы туралы табельде 11-орнында қалды, сондай-ақ, Иса Ақбербаев осы рейтингте 35-орынға тұрақтап, екі тармаққа төмендеді.

Полторанин 5-орынға шықты

ҚАЙРАТТЫҚТАР БІРІНШІ ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫН АЛМАТЫДАҒЫ ЖАҢА БАЗАДА ӨТКІЗЕДІ. БҰЛ ТУ-РАЛЫ SPORTS.KZ ХАБАРЛАДЫ.

Жұма күні қысқы демалыста үзіліс жасаған команда жаңа ба-зада жиналып, сенбі күні жаңа бас жаттықтырушы Александр Бородюктың жетекшіл і г імен жаттығу жұмыстарын бастап кетті.

Б ір інш і жиынға Владимир Плотников, Тимур Рудосельский, Бруно Соарес, Жарко Маркович, Бауыржан Исламхан, Михаил Бакаев, Исаэл Барбоза, Жерар Гоу, Ермек Қуантаев, Сито Риера, Сергей Ткачук, Аслан Дарабаев,

«Қанат Шағыров «Africa Eco Race-2016» жарысында абсолютті жеңіске жетті! Қанат, жарайсың! Алға, Қазақстан! Жарық сервис спутниктік байланыс провайдері Иридиум да осы жарыста!» – деп жазды Фейсбукте «Жарық» ЖШС өкілі Данияр Əлібаев.

«#‎АфрикаЭкоРейстегі Жеңіспен! «Mobilex Racing Team» коман-дасы экипажының шабандозы жəне басшысы Kanat Shagirov пен штурман Виталий Евтехов «Africa Eco Race» раллиіндегі абсолютті жіктелімде жеңімпаз! like, like, like, УРА! Қазір барлық экипаж 12-кезеңнің қорытынды жол бағытымен Дакарға бара жатыр, оның нəтижелері есепке алынбай-ды!», – деп қосты Қ.Шағыровтың досы Георгий Роганов.

Айта кетейік, «Дакар» ралли-марафонының жетінші кезеңі өтті. Қатысушылар Уюньнен Сальтаға дей ін 793 шақырым жолды еңсерді. Astana Motorsports коман-дасы кезеңді 15-орынмен аяқтады, турнирдің бас жіктелімінде бір сатыға жоғары көтерілді. Қазақстан экипажы кезеңде 30-орыннан көрініп, жарыстың жалпы есебінде 25-орынды сақтап қалды», – деп хабарлады Astana Motorsports баспасөз қызметі.

ШАҒЫРОВ ҚАРСЫЛАСТАРЫН ШАҢ ҚАПТЫРДЫ

«Астана» президенттік кəсіби спорт клубының өкіл і Артур Ардавичус жарыстың жетінші күнгі əсерлерімен бөлісті.

«Əр күн сайын қызықты жайттар болып тұрады. Бүгінгі күн біреулер үшін сəтті болды, ал біреулерге күрделі. Тау жолындағы иірімдер, қатты тас жолдар. Жаңбыр жауса-ақ болды, жер езіліп шыға келеді, оның үстіне көктайғақ. Енді түзеле бастағанда нөсер құйып кетеді. Ирек жолдың əрбір 50-70 метрі сайын бұрылыс, соның ішінде

шұғыл бұрылыстар да аз емес. Осы учаскеде нөсерге тап болғандар біраз уақытын жоғалтады. Байқап жүрмесең, қауіпті. Кішкентай ғана қателессең, жырадан бір-ақ шығасың. Мартин Колома бүгін көш бастаған еді, басып озам дегенде, көлігі тасқа соғылып, аспасы быт-шыт болды. Екі сағат уақытын жоғалтты», – деді ол.

Сондай-ақ, Артур Ардавичус көрермендер жиналған жер-де жылдамдықты бəсеңдетуге тура келгендерін, сағатына 140

шақырымдық жылдамдықта жүргендерін, жүк көлігінің салмағы 9 тонна екенін еске салып, мұндай жағдайда ауыр көлікті басқару да оңай емес екенін жеткізді. Айтпақшы, «Дакар» жолында бір шабандоз бір көрерменді қағып кетіп, мерт болған көрінеді.

«Мұндай учаскелерде қысымды 4,5 атмосфераға дейін көтереміз, əйтпесе, баллонға саз жабы-сып қалады. Бүгін «алыс» жолға шыққандар шапшаң жүрд і . Төменнен қырқаға беттейміз, содан кейін басты бұрылыс. Бұл арада бұрылуға да мүмкіндік жоқ. Жолда бір Mini жантайып жатыр. Бұл бұрылысты ұйымдастырушылар картаға енгізбеген, онша қауіпті емес деп ойлаған, өйткені, жол жиегіндегі жыраға түсіп кетем деп қауіптенбейсің. Осындай сəттер аз емес!» – деді Astana Motorsports команда көшбасшысы Артур Ардавичус.

«Бұл күрделі кезең болды, – дейді Қазақстан командасының шабандозы Андрей Чередников. – Тау жолындағы бұрылыстар көп, температура да əлденеше құбылады, күн шақырайып тұрады, енді бір мезгілде бұршақ пен қар жауады. Енді демалыстан кейін тағы да нағыз тактикалық жəне жоғары жылдамдықты күрес жолы басталады. Бүгінгі күнгі нəтижелер қатысушылардың топтасып келе жатқанын көрсетеді. Енді нəтижеге ұмтылуымыз керек».

К е ш е қ а т ы с у ш ы л а р 3 9 3 шақырымдық арнайы учас -кемен жүріп өтті. Сальтадан Беленге (Аргентина) дейінг і сегізінші кезеңнің ұзындығы 766 шақырымды құрайды.

БӘРЕКЕЛДІ!

ТАҒЫ ДА МҰЗ АЙДЫНЫ АШЫЛДЫЖЕКСЕНБІ КҮНІ АҚБҰЛАҚ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНА – МҰЗ АЙДЫНЫНЫҢ АШЫЛУЫНА АРНАЛҒАН СПОРТТЫҚ-ОЙЫН САУЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ЖҮЗДЕГЕН АСТАНАЛЫҚ ЖИНАЛДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ ҚАЛАЛЫҚ ƏКІМДІКТІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ХАБАРЛАДЫ.

Таза ауада демалуға, коньки мен сырғанақ тебуге ересектер де, кішкентай бүлдіршіндер де келді. Айта кетейік, мұз айдыны аумағында конькиді жалға алу пункті жұмыс істейді, конькиді жалға алу құны сағатына 500 теңге. Мұз айдыны «Қазақстан» жəне «Барыс» мұз ареналарының ж а н ы н д а а ш ы л д ы , о н д а «Барыс» командасының белгілі хоккейшілерінің мұздан жасалған мүсіндері қойылды.

Ұйымдас тырушылар қ ала т ұ р ғ ы н д а р ы н ы ң а р а с ы н д а

байқаулар мен викториналар өткізді, белгілі эстрада əншілері мен би ұжымдары сахнада өнер көрсетті.

Еске салайық, «Жерұйық» жəне «Арай» парктерінде, сондай-ақ, қалалық əкімдіктің алдындағы алаңда да мұз айдындары бар. Қыс бойы «Хан Шатыр» СОО жанындағы мұз қалашығы , Есіл жағасындағы сырғанақтар жұмыс істейді. Демалыс күндері шаңғыроллерлік трассада өтетін шаңғы жарысына да қатысуға болады.

ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Марат Қожаев əріптестерін жаңа жылмен құттықтап, мереке күндері қала мен елді мекендерде қоғамдық тəртіпті кірпік қақпай күзеткендері үшін алғыс айтты.

Павлодарлық сақшылар отбасыларымен бірге бет қаратпайтын аязға қарамастан мұз алаңына жиналып, көңіл көтерді. Бірі хоккей ойнады, енді бірі балаларымен бірге шаңғы тепті. Түрлі мультфильм кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақармен бірге жаңажылдық қойылымдар қойды. Бұған, əсіресе, кішкентай балақайлар ерекше мəз-мейрам болды.

Бір айта кетерлігі, талантты полицейлер құлақ құрышын қандырар əсем əндерді нəшіне келтіре шырқап, көпшілікке мерекелі көңіл-күй сыйлады.

Бұл кезде əйдік қазандарда өзбек палауы мен жауынгерлік ботқа əзірленіп жатыр еді. Екі иінінен əрең «дем алып» тұрған самаурындар-дан əлсін-əлсін ыстық-ыстық шай құйылып тұрды. Жиналғандар мұндай шараның денсаулыққа аса пайдалы екенін айтып тарасты.

Дені саудың – жаны сау

Сəуле МУСИНОВА, Павлодар облысы

ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ІІД-НІҢ СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНДЕ ІІД БАСШЫЛЫҒЫ МЕН ЖЕКЕ ҚҰРАМЫ ҮШІН ДЕМАЛЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ. АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА САҚШЫЛАР ХОККЕЙ, ШАҒЫН ФУТБОЛ ОЙНАП, ШАҢҒЫ, КОНЬКИ ТЕУІП, ШАНАМЕН СЫРҒАНАДЫ.

ҚАРАҒАНДЫЛЫҚ «ШАХТЕР» КЛУБЫНЫҢ ФУТБОЛШЫСЫ PLAYBOY МОДЕЛІНЕ ҮЙЛЕНУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫС ЖАСАДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ VESTI.KZ ХАБАРЛАДЫ.

«Шахтер» клубының қорғаушысы, болгариялық Пламен Димов өзінің сүйіктісі, модель Благосвета Бонбоноваға үйлену туралы ұсыныс жасады. Ол Maxim мен Playboy журналдарының мұқабасына түскен.

Sportal.bg басылымының мəліметінше, 25 жастағы футболшы ұсынысты Жаңа жыл түнінде жасаған. Əлеуметтік желілердегі жазбаларға қарағанда, қыз «иə» деп жауап бергенге ұқсайды жəне қос ғашықтың жариялаған суреттерінен неке жүзіктерін көруге бо-лады.

«Пламен барлығын керемет ұйымдастырды. Тура түн жарымы болғанда жəне отшашулар атылғанда ол Благосветаның алдында тізерлеп тұрып ұсыныс жасады. Керемет романтика», – деді оқиғаға куə болғандардың бірі.

Айта кетейік, П.Димов өткен маусымды қызылордалық «Қайсар» құрамында бастады жəне екі матч өткізіп, бір ғана гол соғып үлгерді. Жазда ол қарағандылық «Шахтер» клубымен келісімшартын аяқтады, ол бұл клубтың құрамында он матч өткізіп, екі гол соққан болатын.

ФУТБОЛ

«Шахтер» ойыншысы шаңырақ көтереді

«Қайрат» жаттығуды бастап кетті Виталий Ли, Станислав Лунин, Исламбек Қуат, Рифат Нұрмұғамет, Анатолий Тимощук, Ян Вороговский сынды футболшылар шақырылды. Ал қосалқы құрамнан Владимир Грошев , Ойбек Балтабаев , Бауыржан Тəңірбергенов, Дильшат Мұсаев, Айбол Əбікен, Əнуар Жағыппар, Мадияр Райымбек, Нұрлан Даиров пен Рашид Люхай есімді спортшылар ойнайтын болды.

Сонымен қатар, жиынға өткен маусымда алматылық «ЦСКА» қатарында болған «Қайраттың» тəлімгерлері Қасымжан Таипов пен Илья Караваев шақырылды.

Б і р і н ш і ж а т т ы ғ у ж и ы н ы қаңтардың ортасына қарай аяқталады. Одан кейін команда Түркиядағы маусымға дайында-лады.

СЕРБИЯНЫҢ РУМА ҚАЛАСЫНДА ƏЙЕЛДЕР БОКСЫНАН ДƏСТҮРЛІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТІП ЖАТЫР. ЖАҢА ЖЫЛДЫҢ АЛҒАШҚЫ ТҰСАУКЕСЕР БƏСЕКЕСІНДЕ 29 ЕЛДІҢ БОКСШЫЛАРЫ БАС ҚОСҚАН. ƏДЕТТЕГІДЕЙ, ƏЛЕМ ЖƏНЕ ҚҰРЛЫҚТЫҚ ЧЕМПИОНАТТАРДЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ ДЕ БАР.

Еліміздің əйелдер командасының бас жаттықтырушысы Вадим Присяжнюк, жасөспірім қыздар, бойжеткендер құрамасының бас бапкері Ерік Алғабек те тəжірибелі шəкірттеріне сенім артып отыр. Əлем чемпионы Назым Қызайбай, Азия чемпионы Жайна Шекербекова турнирдің ширек финалына шықты. Əттеген-айы, екі дүркін Азия чемпионы Дариға Шəкімова жүлдесіз қалды. Бұл жолы отандасымызға тосқауыл болған – нидерландтық Ноучка Фоунтжин. Алдағы уақытта есе қайтады деп сенейік.

Жеңімпаздардың есімін 12 қаңтар, яғни, бүгін білетін боламыз.

Қыздарымыз жүлдеден қағылмасын...

ШАҢҒЫ СПОРТЫНАН «ТУР ДЕ СКИ» ТУРНИРІ ӨЗ МƏРЕСІНЕ ЖЕТТІ. ЖЕТІНШІ КЕЗЕҢНЕН ҮШІНШІ ОРЫНДА ТҰРҒАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЛЕКСЕЙ ПОЛТОРА-НИН СОҢҒЫ СЕГІЗІНШІ КЕЗЕҢДЕ БЕСІНШІ КЕЛДІ.

Соңғы кезең дəстүрлі түрде Италияның Валь-ди-Фьемме автономиялық облысының Альпе-Чермис та-уында өтті. Шаңғышылар тоғыз шақырымдық жарыс жолын еркін стильде басып өтті.

Кезең жеңімпазы – норвегиялық Мартин Сундбю. Екінші болып оның отандасы Финн Крог келді. Ал ресейлік Сергей Устюгов соңғы кезеңді үшінші болып аяқтады. Төртінші орын тағы бір норвегиялық спорт-шы Питер Нортугаға бұйырса, қазақстандық Алексей Полторанин бесінші орынды иеленді.

Аралдан шығар алыптар...

СЫР ЕЛІНІҢ ТОЛАҒАЙЫ ИЛЬЯ ИЛЬИННІҢ БАПКЕРІ – ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН МЕМЛЕКЕТТІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ ВИЛОРИЙ ВИКТОРОВИЧ ПАК АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ƏКІМІ АБЗАЛ МҰХИМОВПЕН КЕЗДЕСТІ.

Қызылорда əкімдігі баспасөз қызметінің мəліметінше, Вилорий Викторович Пак тарапынан көтерілген мəселелер мен ұсыныс-пікірді аудан əкімі Абзал Сансызбайұлы қолдайтындығын айтты. Тəжірибелі жаттықтырушы кездесуден соң №19 Арал аудандық ОРМБЖ мектебіндегі 2015 жылы ашылған ауыр ат-летика залымен танысып, өзінің мол тəжірибесімен бөлісіп, аралдық жас зілтеміршілерге шеберлік сыны-бын өткізді.

Аудан спортшыларының ауыр атлетикадан биіктерді бағындыруға зор мүмкіндігін байқаған Вилорий Викторович Пак «Ильяның ізін жалғастыратын өрендердің Аралдан да шығатындығына сенімдімін», – деген ыстық ықыласын жеткізді.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ «MOBILEX RACING» ЭКИПАЖЫНЫҢ БАС-ШЫСЫ ЖƏНЕ ШАБАНДОЗЫ ҚАНАТ ШАҒЫРОВ ПЕН ВИТА-ЛИЙ ЕВТЕХОВ «AFRICA ECO RACE» РАЛЛИІНІҢ АБСОЛЮТТІ ЖІКТЕЛІМІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ. БҰЛ ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚТЫ ФЕЙСБУК ПАЙДА-ЛАНУШЫЛАРЫ ХАБАРЛАДЫ.

Page 8: Сақшы №03 (4169)

СӨЗ СОҢЫ№3 (4169), сейсенбі, 12.01.2016 е-mail:[email protected]

ШЫҒАРУШЫ жəне МЕНШІК ИЕСІ:«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС

Басылым 01.06.2006 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №7355 - Г куəлігі берілді• Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді• Қолжазба рецензияланбайды жəне авторға қайтарылмайды• Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес• Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді• Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді• Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынадыБас директор:

Бимаханбет АСАНОВКомпьютер жəне дизайн бөлімінің қызметкері: Ақсая ЖҮРКЕНОВА Корректор: Нұршакүл ƏШІМБАЕВА Фототілші: Серік ЖОЛДАСПЕКОВ

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: [email protected]

БІЗДІҢ РЕКВИЗИТТЕР:ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKXБИН - 051040005963 КБЕ-16«БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

Газет «Сақшы» компьютер жəне дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «ERNUR» Медиа- холдингі» ЖШС баспаханасында басылды.Индексі: 65395 Таралымы: 14135Тапсырыс: №1953

Нөмірдің кезекшісі: Ғанибет ҒАЛЫМБЕКҰЛЫ

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ: Бас редактор: Бану ƏДІЛЖАНОВА Ақпарат бөлімінің меңгерушісі: Ғанибет ҒАЛЫМБЕКҰЛЫ Аға тілшілер: Жадыра МҮСІЛІМ, Жадыра МЫРЗАХМЕТОВАТілшілер: Гүлнəр МАҒЗҰМОВА, Айткен ШƏМШІ,Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ, Сабырбек ОЛЖАБАЕВ

ХАЛҚЫМЫЗДА «ҚЫЗ» ДЕГЕН СӨЗДІҢ ӨЗІ ƏДЕМІЛІК ПЕН СҰЛУЛЫҚТЫҢ СИМВОЛЫ РЕТІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАДЫ. ҚЫЗ БАЛАНЫ ГҮЛГЕ ТЕҢЕП, ОНЫ «ЕЛДІҢ КӨРКІ» ДЕП, НƏЗІК ЖАННЫҢ АЙРЫҚША ƏДЕПТІЛІГІНЕ КӨҢІЛ БӨЛГЕН, ОЛАРДЫҢ ЖҮРЕГІН ЖЫЛЫЛЫҚҚА БӨЛЕП, ЖАНДАРЫН ЖАМАНШЫЛЫҚТАН ШЕТ ҰСТАП ӨСІРГЕН.

Орынбасар УАҚПАЕВ, Қостанай қаласы

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚАЖД-ҒА ҚАРАСТЫ УГ-157/11 МЕКЕМЕСІНДЕ СОТТАЛҒАНДАР АРАСЫНДА ЖАҢАЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ «ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ЕРТЕГІЛЕР ƏЛЕМІ» АТТЫ КАРНАВАЛДЫҚ КЕШ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

Қ.ƏШІРХАН, Атырау облысы

ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒА КЕЗІНДЕ ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗУДАН ПАВЛОДАРЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ДЕ СЫРТ ҚАЛҒАН ЖОҚ. ОЛАР ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ҚҰЮ ОРТАЛЫҒЫНА БІР КІСІДЕЙ КЕЛІП, ӨМІРЛІК ҮЛКЕН МАҢЫЗЫ БАР ІС ЖАСАДЫ.

Сəуле МУСИНОВА, Павлодар облысы

ЖЫР-ШАШУ

...деген екен

ИГІ ІС

БАЙҚАУ

ШАРА

СЫРТ ҚАЛҒАН ЖОҚҚұрсағынан шыққанмын

құнар жырдыңҚұдайым-ау, өлеңге құмар қылдың,Құрсағынан шыққанмын құнар жырдың.Құндақталғам туған жер құрағына,Құндылығын халқымның тұмар қылдым.

Құлагердің өрбігем кіндігінен,Құлынымын, қанатын күн білеген.Құлақ қойсам күйлерге құлшынамын,Құйылады күш-қуат күмбірінен.

Құрықтауға көнбеймін, асау едім.Құлыпталмас есігім, аша бергін.Құралақан емеспін құрметіңнен,Құланиек ақ таңым, ата бергін.Құмдауыттың қына гүл жусанымын.Құла белдің құс болып қу сағымын.

Құлантаза айығып кетер едім,Құшырлана шайнасам құм сағызын.

Құлқынымның келемін құлы болмай.Құр тірлігің жүреді құны толмай.Құдіретті қара өлең, жебей көрші,Құланжортпас даланың ұлын қорғай.

Құмай өлең ұстатпай құйрық жалын,Құшағыма құт болып құйылмадың.Құс жолында жоқ іздеп қиялым жүр,Құса болу, Тəңірден бұйырғаны.

Құба жонға күн қарап қырын бүгін,Құлазуда қу дала, бұлыңғыр күн.Құдайым-ау, өлеңге құмар қылдыңҚұрдымға сіңе көрме, құлын-жырым.

Естеріңізге сала кетсек, 5 қаңтар күні Павлодар мұнай-химия зауытын-да алапат өрт болған еді. Зауыттың полипропилен өнімдерін сақтайтын қоймасында болған өрт кез інде кəсіпорынның екі қызметкері қаза болып, көп адам зардап шеккен бо-латын. Қиын сəтте қолдарынан кел-генше көмек қолын созуға тырысқан керекулік сақшылар қан тапсырып, игі іске бастамашы болды.

Өзгелердің өмірін құтқарып қалуға зор көмегі тиетін қан тапсыру шарасына 50-ден астам полиция қызметкері қатысты.Тəртіп сақшылары өздері тапсырған 450 мл қан мөлшерінің əл үстінде жатқан көптеген жандарға қаншалықты көмегі тиетінін жақсы біледі. Өйткені, донорлар тапсырған қан қаншама адамның өмірін

Бүгінг і таңда Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясында «Иықтан шашы төгілген жерге, күмістен шаш-бау жарасқан белге» дегендей бұрымды қыздарымыз баршылық . Облыстық «Қостанай таңы» газетінің «Қостанай ақшамы» қосымшасындағы «Ақмаңдайлым» бетінде «Бұрымды арулар» атты байқау өткізілген болатын. Аталған байқауға осы оқу ордадан мемлекеттік-құқықтық пəндер кафедрасының оқытушысы, полиция капита-ны Əсел Ақылбекова, оқу процесін жоспар-лау бөлімшесінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Индира Хакимова жəне күндізгі оқыту факультетінің 4-курс курсанты, по-лиция сержанты Айгерім Омарбек қатысты. Бұл арулар бұрымдарының сұлулықтарымен сынға түсіп, бақтарын сынады. Байқау бары-сында аруларымыз суретке түсіп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Байқау соңында, біздің аруларымыз облыстық «Қостанай таңы» газетінің «Қостанай ақшамы» қосымшасында жарияланған «Бұрымды арулар» байқауына қатысып, белсенділік танытқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

Академия бастығы, полиция полковнигі Мирлан Қызылов «Бұрымды арулар» байқауына қатысқан аруларымызды құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Мекемеде жазасын өтеп жатқан əйелдер жаңажылдық мерекені өз деңгейінде атап өтті. Карнавалдық кештің ұзақтығы үш сағатқа созыл-ды. Мерекелік іс-шараны Атырау об-лысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы, əділет полковнигі Д.Туашев өзінің жылы лебізі мен ақ тілегімен ашып берді. Мекеменің тəрбие бөл ім і қызметкерлер ін ің ұйымдастыруымен өткен бұл кештің орны ерекше екені даусыз. Себебі, темір торда ұйымдастырылған əрбір кештің сотталған азаматшалар үшін əсері зор.

Əр сотталған азаматшалармен жеке жұмыс жүргізу – жасақ бастығының бірінші міндеті. Сол себепті де мұндай айтулы мерекелік іс-шаралардың өтуіне жасақ бастықтарының үлесі зор екені айдан анық. Кешке жазасын өтеуші

Ұйымдастырушылардың айтуынша, балалар арасын-да қаншама рет түсіндіру ж ұ м ы с т а р ы н ж ү р г і з і п , дəр і с оқысаң да , олар оны айтарлықтай есінде с а қ т а м а у ы м ү м к і н . А л қауіпсіздік талаптары ту-р а л ы ж а д ы н а м а л а р д ы сайысқа айналдырып, ойын қылып ойнатқанның əсері анағұрлым жоғары екен. Сондықтан да маңғыстаулық т ө т е н ш е ж а ғ д а й қызметкерлері «Ғажайып а л а ң » б а ғ д а р л а м а с ы н ұ й ы м д а с т ы р ы п , тележобадағы нұсқасындай барабан дайындап, сұрақтар əзірлеген. Жаңа жыл кешіне орай жасалған бұл шараға қатысушылар да көп болыпты. Оларға қызықты үлгідегі викториналық сұрақтар алдын ала тара-тылып берілді. Сұрақтарға жауап беруге таласқандар сұрақтарға тыңғылықты дайындалғанын көрсетті.

Одан бөлек, балалар жаңажылдық кешке қатысып, Аяз ата, Ақшақармен би биледі. Əн айтып, тақпақ оқып, сыйлықтар алды.

«Ғажайып алаң» сайысын ұйымдастырушы Маңғыстау облысы ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау жəне профилактикалық қызмет бөлімі мен «Толқын» аула клубы. Ойын соңында жеңімпаздар Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигінің қолы қойылған дипломдармен марапатталды.

Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі

Сақтаған əлімсақтан жырымыз сыр,Тамырын іздеп Ұлытауда ұлымыз жүр.Қашаннан қазақ-түрік туысқан ғой,Көк түрік ұрпағымыз, түбіміз бір.

Бауырға басып сені қысқан едім,Арқама қанат бітсе ұшар едім.Анкара, Анадолы еліне ертең,Ала бар Арқаның ызғар желін.

Айтқансың қазақ əнін əдемі деп,Шаттанар елім Түркі əлемі кеп.Ала бар Арқаның жұпар иісін,Алаштың үшбу үміт сəлемі деп.

Шаттыққа бөленуде шартарабым,Боранын бүркіп төгер қаңтар ағын.Бетіңді қарығанмен аяз бүгін,

Жылытар күн шуағы Анкараның.Жырлаймын көсіліп ғасыр үнін,Барыңды бауырым асыр бүгін.Алаштың асылымен таныс болдың,Ұлытау ұлт ұйтқысы, Ғафур інім.

Көк түрік десем, елім келер еске,Тұраным шалқып жатқан жер емес пе.Алтыннан қымбат маған Алаш жұрты,Ұлытауды тең көремін Эверестке!

Айтылған талай сырлы тілек қалды.Табаққа сыбағаңа сүр ет салдым.Қаңтардың қақаған суығынан,Жылытсын жырым осы жүрекжарды.

Бейбіт ЕҢСЕБАЕВ,Алматы қаласы ТЖД-нің аға офицері, полковник

Қашаннан қазақ-түрік түбіміз бір

(Қақаған қаңтарда түркиялық құтқарушы əріптесім Ғафур Шаштым Ұлытау жеріне келгенде)

қ ұ т қ а р ы п қ а л ы п жатыр. Ал полиция қызметкерлерін ің донор болуы б ір б ұ л е м е с , о л а р м ү м к і н д і г і н ш е ə л е у м е т т і к ш а р а л а р ғ а д а қ а т ы с ы п , ө з беттерінше де қан тапсырып, игі істерден сырт қалмауға тырысады.

Павлодарлық полиция қызметкерлері а р а с ы н д а е ң б і р і н ш і р е т қ а н тапсырғандар да, донор болу əдеттегі дағдыға айналып кеткендері де бол-ды. Өйткені, олардың көпшілігі адам өмірінің донорлық қан жетіспеуінен бір-ақ сəтте үзіліп кетуі мүмкін екенін

жақсы біледі. Қан құю орталығы қызметкерлері де осы азаматтықтары үшін полиция қызметкерлеріне дəн риза. Тəртіп сақшылары əрдайым медициналық тексеруден өт і п , денешынықтырумен айналысып тұратындықтан денсаулықтары да мықты болып келеді. Əрі жас санаты да талапқа сай.

БҰРЫМДЫ АРУЛАР

ТЕМІР ТОРДАҒЫ ЖАҢАЖЫЛДЫҚ КЕШ

САЙЫС

«Ғажайып алаңдағы» тартыс

АҚТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ОҚУШЫ» ОРТАЛЫҒЫНДА «ҒАЖАЙЫП АЛАҢ» САЙЫСЫ ӨТТІ. БАЛАЛАР ТЕЛЕДИДАР АРҚЫЛЫ КӨПКЕ ТАНЫМАЛ БҰЛ ОЙЫНҒА ШЫН КӨҢІЛДЕРІМЕН ҚАТЫСТЫ. ОЛАРДЫҢ ƏРҚАЙСЫСЫ БАРА-БАНДЫ АЙНАЛДЫРЫП, СОНДАҒЫ ТҮСКЕН СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІП, ЖЕҢІМПАЗ АТАНҒЫСЫ КЕЛДІ.

азаматшалар өз идеяларымен тігілген киімдерін киіп шықты. Көптеген ел тойлаған жаңажылдық мереке осылай-ша түзеу мекемелерін де айналып өткен

жоқ. Жаңа жылда жаңаша жаңалық күтетін жаны нəзік арулар бір-бірін құттықтап, жаңа бақыт тілесіп жатты. Өздеріне берілген рөлдерді олар өз деңгейінде сомдап, бір-біріне мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мұндай игі істер сотталған азаматшалардың түзелу жолына түсуінің бірден-бір себепкері болары анық.

Бір жігіттің келіншегі төркіншілдеу көрінеді. Əйтеуір үйде артық-ауыс зат болса, төркініне тасып тоқтатпайды екен. Тіпті, күйеуінің киімдерін де аға-бауырларына беріп жіберетін болса керек. Əлгі жігіт көйлегін іздеп таба алмай қалса, «Жуа-жуа кішірейген соң, ініме беріп жібердім» деп сылтауратады екен. Бір күні жігіт шалбарын іздеп таппай жүрсе, келіншегі «Жуа-жуа тозған соң ағама беріп жібердім» депті. Əбден зығырданы қайнаған жігіт: «Ей, осы сен мені де жуа-жуа кішірейтіп, сіңліңе неге бере салмайсың?!» деген екен.

Жыл сайын қолға алынатын «Қан тапсырып – үміт сыйла» акциясын биыл Қостанай облысы ТЖД-нің Азаматтық қорғаныс басқармасы облыстық Қан орталығымен бірлесіп департамент ғимаратында ұйымдастырды. Іс-шара төтенше жағдайларда зардап шеккен халыққа, сонымен бірге, өмір сүру үшін күресіп жатқан адамдарға шұғыл көмек көрсетуге бағытталған.

Аталмыш акцияны өткізуге Қос танай облысы Төтенше

Қан тапсыру – үміт сыйлау«ҚАН ТАПСЫРЫП – ҮМІТ СЫЙЛА». МЕШІН ЖЫЛЫНА ҚОСТАНАЙЛЫҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАР ОСЫНДАЙ ИГІ БАСТАМАМЕН АЯҚ БАСТЫ. ЖАЛПЫ БҰЛ АКЦИЯ ЖЫЛ САЙЫН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ. БИЫЛ ДА ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАЙЫРЫМЫ МОЛ ІСТЕН ШЕТ ҚАЛМАЙ, ҚОЛДАН КЕЛГЕНШЕ КӨМЕКТЕРІН КӨРСЕТТІ.

жағдайлар департаментінің барлық құрылымдық бөлімшелері біркісідей қатысты. Адамның өмірін сақтап қалуға ешкімнің де немқұрайлы қарамасы анық. «Мұндай іс-шаралар ерікті түрде өткізіледі. Сондай-ақ, азаматтық қорғау қызметінің қызметкерлері қан тапсы-

руды жалпы акциядан тыс уақытта да ұйымдастырып отырады. Төтенше жағдайлар департаменті жəне «ӨС жəне АҚЖҚ» ММ жеке құрамының 40 қызметкері тұрақты до-норлар тізімінде бар. Қан тапсырар бұрын барлық қатысушылар тиісті тексеру-ден өтті, денсаулықтарына шағым жасағандар болған жоқ», – дейді орталық ма-мандары.

Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі