8
№34 (4200), 7.05.2016, сенбі www.mediaovd.kz Газет 1933 жылдан бастап шығады РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ (Соңы 2-бетте) РУХЫ БИІК ЕЛДІҢ – АЙБЫНЫ АСҚАҚ Ішкі істер органдарының, қылмыстық атқару жүйесі, төтенше жағдайлар бөліністерінің барлық ардагерлерін, қызметкерлерін жəне Ұлттық ұланның əскери қызметшілерін, ІІМ оқу орындарының тыңдаушылары мен курсанттарын, сондай-ақ, олардың отбасы мүшелерін Отан қорғаушы күнімен жəне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығы мерекесімен құттықтаймын! Отан қорғаушы күні өз елін сүйетін жəне Отанға қызмет етуге өмірін арнауға дай- ын ел азаматтарының барлық ұрпақтарын біріктіретін жалпыхалықтық мереке болды. Бұл күн Ұлы Отан соғысындағы жеңімпаздардың жəне Отанымызды қорғаушының қазіргі ұрпағының əскери дəстүрлерінің сабақтастығы болып табылады. Ал, 9 мамыр күні – шын мəнісінде тарихымыздың ең жарқын, айбынды жəне салтанатты кезеңіне жатады. Бұл Жеңіс – адамзат рухының қатал сынағына айналған зұлмат соғыстағы бірлік пен жауынгерлік достастықтың жеңісі болатын. Біздің халқымыздың сұрапыл соғыс жылдарын- да көрсеткен ерлігі, батырлығы жəне еңбектегі қажырлығы игілікті ұрпақтарының жадын- да мəңгі сақталып, тəуелсіз Отанымыздың бүгінгі жəне болашақ қорғаушысы үшін шексіз адалдықтың айрықша үлгісіне айналмақ. Қазақстандық полиция, қылмыстық атқару жүйелері, төтенше жағдайлар қызметкерлері жəне Ұлттық ұланның əскери қызметшілері сонау қаһармандық жылдардың даңқты дəстүрлерін қасиетпен сақтап, оны арттыра түсетіндігіне, құқықтық тəртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауда өз қызметтік жəне жауынгерлік борыштарын абыроймен орындайтындықтарына сенім білдіремін. Баршаңызға мықты денсаулық, мол бақыт, ашық аспан жəне Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс тілеймін. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы ҚАСЫМОВТЫҢ 7 мамыр – Отан қорғаушы күні жəне Ұлы Жеңістің 71 жылдығы мерекесімен ҚҰТТЫҚТАУЫ «Мереке қарсаңында біз дəстүр бойынша өз өмірін əскери қызметке арнаған ең үздіктерге жоғары атақтар тапсырамыз. Сіздер күн-түн де- мей, тəулік бойы қызмет ететін ерекше мамандықты таңдадыңыздар. Сіздер Отанымыздың қауіпсіздігін нығайтуға зор үлес қосып келесіздер», – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде республикамызда тиімді армия қалыптасқанына, қару-жарақпен жабдықтау бағдарламасы табысты жүзеге асырылып, əскери қызметшілердің əлеуметтік жағдайына қамқорлық көрсетіліп жатқанына назар аударды. «Елдің қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне жауапты барлық құрылымның кəсіби деңгейі күннен-күнге өсіп келеді. Бұл ретте ге- нералдар мен офицерлерге айрықша маңыз беріледі. Жауынгерлік машық пен шеберлікті арттыру, əскерлердің өмірі мен құқық қорғау органдарының жұмысында сапалы өзгеріс жасау сіздердің көшбасшылықтарыңызға байланысты. Сіздер бүкіл жеке құрамға жəне жас əскери қызметшілерге үлгі бола отырып, жауынгерлік абырой мен батылдық дəстүрінің сақтаушысы болуға тиіссіздер. Халық сіздердің қызметтеріңіз бен іс-əрекеттеріңізге қарап бүкіл Қарулы Күштерге баға береді. Сіздерге ең қымбат нəрсе – азаматтардың бейбіт өмірін МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТАЯУДА ЖОҒАРЫ ƏСКЕРИ ЖƏНЕ АР- НАУЛЫ АТАҚТАР, СЫНЫПТЫҚ ШЕНДЕР ТАПСЫРУ РƏСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ. ЕЛБАСЫ ӨЗ СӨЗІНДЕ ЖИНАЛҒАНДАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫ КҮНІМЕН ЖƏНЕ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДАҒЫ ЖЕҢІСТІҢ 71 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ АҚОРДАНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ХАБАРЛАДЫ. сақтау жəне Тəуелсіздік табыстарын қорғау сеніп тапсырылған», – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті елдің қауіпсіз əрі бейбіт дамуы ғана оның əрі қарай өркендеуінің кепілі болатынын айтты. «Армия – өз орнын ешқашан тастап кетпейтін мəңгілік қарауыл» деген сөз бар. Мен сіздерге жоғары атақ бере отырып, бұдан ары да əскери борыштарыңызды лайықты атқаратындарыңызға, Отанымызға мінсіз қызмет ететіндеріңізге сенемін. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық тəртібі мен конституциялық құрылымын қорғау үшін бар күш-жігерлеріңізді, білімдеріңіз бен тəжірибелеріңізді жұмсайтындарыңызға сенімдімін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Рəсім барысында авиация генерал-лейтенанты əскери атағы Н.Орманбетовке; вице-адмирал əскери атағы Ж.Жанзақовқа; Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-лейтенанты арнаулы атағы А.Күреңбековке; 2-сыныпты мемлекеттік əділет кеңесшісі сыныптық шені Ж.Асановқа; генерал-майор əскери атағы Л.Əлшекеновке, Д.Ділмановқа, Н.Қашағановқа, С.Нұрахметовке, Ж.Омарқұловқа, М.Сатовқа, авиация генерал-майоры əскери атағы А.Айымбетовке, Н.Кəрбеновке; ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы А.Дүйсебаевқа; сыртқы барлау генерал-майоры арнаулы атағы К.Əденовке, Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы А.Əшімбекұлына; полиция генерал-майоры арнаулы атағы ІІМ Əкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепехаға; 3-сынып- ты мемлекеттік əділет кеңесшісі сыныптық шені М.Қайыбжановқа, С.Нұрпейісовке, Ұ.Патсаевқа берілді. ҚҰРМЕТ ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ БИЫЛ – 71 ЖЫЛ. ЗҰЛМАТ СОҒЫС ӨРТІН КӨЗІМЕН КӨРІП, АЗАБЫН БАСТАН ӨТКЕРГЕН АРДАГЕРЛЕРДІҢ, ҚАН МАЙДАН- ДА ШЕЙІТ БОЛҒАНДАРДЫҢ, ОҚ ПЕН ОТТЫҢ АРАСЫНДА АМАН ҚАЛҒАНДАРДЫҢ ҚАЙ-ҚАЙСЫСЫ ДА ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ. Уақыт өткен сайын ардагерлеріміздің қатары сиреп барады. Сондықтан арамызда жүрген соғыс ардагерлеріне сый-сияпат жасап, өмірден өткен ардагерлердің рухын еске түсіріп, құрмет көрсету бүгінгі буынның парызы екенін жəне болашақ ұрпақтарымызға өшпес үлгі екенін ұмытпауымыз керек. Осы тағылымды жанынан тастамаған көлік полицейлері Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Мəскеу қаласында Ұлы Жеңіс күніне арналған алғашқы əскери шеруге қатысқан соғыс ардагері Иван Караваевтың отбасына барып, қарт жауынгерге құрмет көрсетті. Иван Караваев – Ұлы Отан соғысының І жəне ІІ дəрежелі ордендері, Қызыл жауынгер белгісі орденінің иегері, соғыс жəне тыл ардагері. Отан қорғаушы күні жəне Ұлы Жеңістің 71 БҮГІНГІ БУЫННЫҢ БОРЫШЫ жылдығын мерекелеу қарсаңында ІІМ Көліктегі ІІД басшылығы мен департаменттің Ардагерлер кеңесі бірлесе отырып ұйымдастырған шара барысында көлік полицейлері Иван Дмитриевичті мерекесімен шын жүректен құттықтап, оған ақшалай жəне азық-түлік себетін сыйлады. Бүгінде соғыс ардагері 91 жаста. Жүре алмауының салдарынан оның үйден шығуға мүмкіндігі шектеулі. Сол себепті ардагермен кездесу оның өз үйінде өтті. Денсаулығының нашарлығына қарамастан Иван Дмитриевич өзінің бұрынғы əріптестерін құшақ жай- ып, қуанышпен қарсы алды. Бұл күні жылдағы дəстүр бойынша майдангер кеудесінде ордендері мен мадальдар тағылған салтанатты киімін киіпті. «Ұлы Жеңіс күні – екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Отан қорғаған ержүрек батырларымыздың мерекесі. Біз Сіздердің қаһармандықтарыңыздың алдында бас иеміз жəне арамызда үнемі сергек күйіңізде күліп-ойнап жүре беріңіз, жақындарыңыздың аман болып, жаныңызда қамқор болсын», – деді Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ербол Шаймерденов. Ол сондай- ақ, ардагерге ұзақ ғұмыр мен зор денсаулық тіледі. Иван Караваев 1925 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. 1943 жылы артиллерия училищесін бітіргеннен кейін Украина майданына жолданды. Ол осы құраммен Днепрден Прагаға дейін, сондай-ақ, Болгария, Венгрия, Австрия, Чехия жəне Словакия елдерін жаудан азат етуге қатысты. Кеңес əскерлері Жеңіске қол жеткізген соң аға лейтенант Иван Караваев, фашистерді жеңген майдандас жолдастарымен бірге Қиыр Шығысқа Манчжурияны азат етуге үлес қосты. Артынша Германияның Подстам қаласына Кеңес əскері тобына жіберіліп, онда тағы да жеті жыл қызмет атқарды. Ол Мəскеу қаласында Ұлы Жеңіс күніне арналған алғашқы əскери ше- руге қатысқан майдангер. 1952 жылы Қазақстанға оралды. Соғыстан кейін ұзақ жылдар бойы Отанға қызмет етті. Бүгінде көлік полициясының зор мақтанышы. 20 жылға жуық Көліктегі ішкі істер қызметінде жұмыс істеді. Əріптес қонақтармен қоштасар алдында отставкадағы поли- ция полковнигі оларға көрсеткен құрметтері үшін алғысын білдіріп, қызметтеріне үлкен табыстар тіледі. Көліктегі ІІД баспасөз қызметі Даңқты əскеріміз асқақтай берсін!

Сақшы №34 (4200)

Embed Size (px)

DESCRIPTION

Сақшы №34 (4200) 7.05.2016

Citation preview

Page 1: Сақшы №34 (4200)

№34(4200), 7.05.2016, сенбі

www.mediaovd.kzГазет 1933 жылдан бастап шығадыГазет 1933 жылдан бастап шығады

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

(Соңы 2-бетте)

РУХЫ БИІК ЕЛДІҢ – АЙБЫНЫ АСҚАҚ

Ішкі істер органдарының, қылмыстық атқару жүйесі, төтенше жағдайлар бөліністерінің барлық ардагерлерін, қызметкерлерін жəне Ұлттық ұланның əскери қызметшілерін, ІІМ оқу орындарының тыңдаушылары мен курсанттарын, сондай-ақ, олардың отбасы мүшелерін Отан қорғаушы күнімен жəне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығы мерекесімен құттықтаймын!

Отан қорғаушы күні өз елін сүйетін жəне Отанға қызмет етуге өмірін арнауға дай-ын ел азаматтарының барлық ұрпақтарын біріктіретін жалпыхалықтық мереке болды. Бұл күн Ұлы Отан соғысындағы жеңімпаздардың жəне Отанымызды қорғаушының қазіргі ұрпағының əскери дəстүрлерінің сабақтастығы болып табылады.

Ал , 9 мамыр күні – шын мəніс інде тарихымыздың ең жарқын, айбынды жəне салтанатты кезеңіне жатады. Бұл Жеңіс – адамзат рухының қатал сынағына айналған зұлмат соғыстағы бірлік пен жауынгерлік достастықтың жеңісі болатын.

Біздің халқымыздың сұрапыл соғыс жылдарын-да көрсеткен ерлігі, батырлығы жəне еңбектегі қажырлығы игілікті ұрпақтарының жадын-да мəңгі сақталып, тəуелсіз Отанымыздың бүгінгі жəне болашақ қорғаушысы үшін шексіз адалдықтың айрықша үлгісіне айналмақ.

Қазақстандық полиция, қылмыстық атқару жүйелері , төтенше жағдайлар қызметкерлері жəне Ұлттық ұланның əскери қызметшілері сонау қаһармандық жылдардың даңқты дəстүрлерін қасиетпен сақтап, оны арттыра түсетіндігіне, құқықтық тəртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың к о н с т и т у ц и я л ы қ қ ұ қ ы қ т а р ы м е н бостандықтарын сақтауда өз қызметтік жəне жауынгерлік борыштарын абыроймен орындайтындықтарына сенім білдіремін.

Баршаңызға мықты денсаулық, мол бақыт, ашық аспан жəне Отанымыз – Қазақстан Р е с п у б л и к а с ы н ы ң и г і л і г і ж о л ы н д а ғ ы қызметтеріңізге табыс тілеймін.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі, полиция

генерал-полковнигі Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы ҚАСЫМОВТЫҢ

7 мамыр – Отан қорғаушы күні жəне Ұлы Жеңістің

71 жылдығы мерекесіменҚҰТТЫҚТАУЫ

«Мереке қарсаңында біз дəстүр бойынша өз өмірін əскери қызметке арнаған ең үздіктерге жоғары атақтар тапсырамыз. Сіздер күн-түн де-мей, тəулік бойы қызмет ететін ерекше мамандықты таңдадыңыздар. Сіздер Отанымыздың қауіпсіздігін нығайтуға зор үлес қосып келесіздер», – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде республикамызда тиімді армия қалыптасқанына, қару-жарақпен жабдықтау бағдарламасы табысты жүзеге асырылып, əскери қызметшілердің əлеуметтік жағдайына қамқорлық көрсетіліп жатқанына назар аударды.

«Елдің қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне жауапты барлық құрылымның кəсіби деңгейі күннен-күнге өсіп келеді. Бұл ретте ге-нералдар мен офицерлерге айрықша маңыз беріледі. Жауынгерлік машық пен шеберлікті арттыру, əскерлердің өмірі мен құқық қорғау органдарының жұмысында сапалы өзгеріс жасау сіздердің көшбасшылықтарыңызға байланысты. Сіздер бүкіл жеке құрамға жəне жас əскери қызметшілерге үлгі бола отырып, жауынгерлік абырой мен батылдық дəстүрінің сақтаушысы болуға тиіссіздер. Халық сіздердің қызметтеріңіз бен іс-əрекеттеріңізге қарап бүкіл Қарулы Күштерге баға береді. Сіздерге ең қымбат нəрсе – азаматтардың бейбіт өмірін

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТАЯУДА ЖОҒАРЫ ƏСКЕРИ ЖƏНЕ АР-НАУЛЫ АТАҚТАР, СЫНЫПТЫҚ ШЕНДЕР ТАПСЫРУ РƏСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ. ЕЛБАСЫ ӨЗ СӨЗІНДЕ ЖИНАЛҒАНДАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫ КҮНІМЕН ЖƏНЕ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДАҒЫ ЖЕҢІСТІҢ 71 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ АҚОРДАНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ХАБАРЛАДЫ.

сақтау жəне Тəуелсіздік табыстарын қорғау сеніп тапсырылған», – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті елдің қауіпсіз əрі бейбіт дамуы ғана оның əрі қарай өркендеуінің кепілі болатынын айтты.

«Армия – өз орнын ешқашан тастап кетпейтін мəңгілік қарауыл» деген сөз бар. Мен сіздерге жоғары атақ бере отырып, бұдан ары да əскери борыштарыңызды лайықты атқаратындарыңызға, Отанымызға м інс і з қызмет етет індер ің і з ге сенем ін . Елд ің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық тəртібі мен конституциялық құрылымын қорғау үшін бар күш-жігерлеріңізді, білімдеріңіз бен тəжірибелеріңізді жұмсайтындарыңызға сенімдімін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Рəсім барысында авиация генерал-лейтенанты əскери атағы Н.Орманбетовке; вице-адмирал əскери атағы Ж.Жанзақовқа; Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-лейтенанты арнаулы атағы А.Күреңбековке; 2-сыныпты мемлекеттік əділет кеңесшісі сыныптық шені Ж.Асановқа; генерал-майор əскери атағы Л.Əлшекеновке, Д.Ділмановқа, Н.Қашағановқа, С.Нұрахметовке, Ж.Омарқұловқа, М.Сатовқа, авиация генерал-майоры əскери атағы А.Айымбетовке, Н.Кəрбеновке; ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы А.Дүйсебаевқа; сыртқы барлау генерал-майоры арнаулы атағы К.Əденовке, Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы А.Əшімбекұлына; полиция генерал-майоры арнаулы атағы ІІМ Əкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепехаға; 3-сынып-ты мемлекеттік əділет кеңесшісі сыныптық шені М.Қайыбжановқа, С.Нұрпейісовке, Ұ.Патсаевқа берілді.

ҚҰРМЕТ

ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ БИЫЛ – 71 ЖЫЛ. ЗҰЛМАТ СОҒЫС ӨРТІН КӨЗІМЕН КӨРІП, АЗАБЫН БАСТАН ӨТКЕРГЕН АРДАГЕРЛЕРДІҢ, ҚАН МАЙДАН-ДА ШЕЙІТ БОЛҒАНДАРДЫҢ, ОҚ ПЕН ОТТЫҢ АРАСЫНДА АМАН ҚАЛҒАНДАРДЫҢ ҚАЙ-ҚАЙСЫСЫ ДА ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ.

Уақыт өткен сайын ардагерлеріміздің қатары сиреп барады. Сондықтан арамызда жүрген соғыс ардагерлеріне сый-сияпат жасап, өмірден өткен ардагерлердің рухын еске түсіріп, құрмет көрсету бүгінгі буынның парызы екенін жəне болашақ ұрпақтарымызға өшпес үлгі екенін ұмытпауымыз керек.

Осы тағылымды жанынан тастамаған көлік полицейлері Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Мəскеу қаласында Ұлы Жеңіс күніне арналған алғашқы əскери шеруге қатысқан соғыс ардагері Иван Караваевтың отбасына барып, қарт жауынгерге құрмет көрсетті.

Иван Караваев – Ұлы Отан соғысының І жəне ІІ дəрежелі ордендері, Қызыл жауынгер белгісі орденінің иегері, соғыс жəне тыл ардагері . Отан қорғаушы күні жəне Ұлы Жеңістің 71

БҮГІНГІ БУЫННЫҢ БОРЫШЫжылдығын мерекелеу қарсаңында ІІМ Көліктегі ІІД басшылығы мен департаменттің Ардагерлер кеңесі б ірлесе отырып ұйымдастырған шара барысында көлік полицейлері Иван Дмитриевичті мерекесімен шын жүректен құттықтап, оған ақшалай жəне азық-түлік себетін сыйлады.

Бүгінде соғыс ардагері 91 жаста. Жүре алмауының салдарынан оның үйден шығуға мүмкіндігі шектеулі. Сол себепті ардагермен кездесу оның өз үйінде өтті. Денсаулығының нашарлығына қарамастан Иван Дмитриевич өзінің бұрынғы əріптестерін құшақ жай-ып, қуанышпен қарсы алды. Бұл күні жылдағы дəстүр бойынша майдангер кеудесінде ордендері мен мадальдар тағылған салтанатты киімін киіпті.

«Ұлы Жеңіс күні – екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Отан қорғаған ержүрек батырларымыздың мерекесі. Біз Сіздердің қаһармандықтарыңыздың алдында бас иеміз жəне арамызда үнемі сергек күйіңізде күліп-ойнап жүре беріңіз, жақындарыңыздың аман болып, жаныңызда қамқор болсын», – деді Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ербол Шаймерденов. Ол сондай-

ақ, ардагерге ұзақ ғұмыр мен зор денсаулық тіледі.

Иван Караваев 1925 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. 1943 жылы артиллерия училищесін бітіргеннен кейін Украина майданына жолданды. Ол осы құраммен Днепрден Прагаға дейін, сондай-ақ, Болгария, Венгрия, Австрия, Чехия жəне Словакия елдерін жаудан азат етуге қатысты. Кеңес əскерлері Жеңіске қол жеткізген соң аға лейтенант Иван Караваев, фашистерді жеңген майдандас жолдастарымен бірге Қиыр Шығысқа Манчжурияны азат етуге үлес қосты. Артынша Германияның Подстам қаласына Кеңес əскері тобына жіберіліп, онда тағы да жеті жыл қызмет атқарды.

Ол Мəскеу қаласында Ұлы Жеңіс күніне арналған алғашқы əскери ше-руге қатысқан майдангер.

1952 жылы Қазақстанға оралды. Соғыстан кейін ұзақ жылдар бойы Отанға қызмет етті. Бүгінде көлік полициясының зор мақтанышы.

20 жылға жуық Көліктегі ішкі істер қызметінде жұмыс істеді.

Əріптес қонақтармен қоштасар а л д ы н д а о т с т а в к а д а ғ ы п о л и -

ция полковнигі оларға көрсеткен құрметтері үшін алғысын білдіріп, қызметтеріне үлкен табыстар тіледі.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

Даңқты əскеріміз асқақтай берсін!

Page 2: Сақшы №34 (4200)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20132 е-mail: [email protected]№34 (4200), сенбі, 7.05.2016 е-mail:[email protected]

ЖАҢАЛЫҚТАР

РУХЫ БИІК ЕЛДІҢ – АЙБЫНЫ АСҚАҚ

тарымыз үшін керемет өнеге. Сондықтан біз ерекше көзге түскен отандастарымызға мемлекеттік наградалар тапсырамыз. Елдің қарқынды дамуы, азаматтарының т ы н ы ш т ы ғ ы , қ а з а қ с т а н д ы қ патриотизмнің нығаюы – біздің парызымыз осы», – деді Мемлекет басшысы.

Ш а р а б а р ы с ы н д а ə с к е р и жəне қызметтік міндетін атқару барысындағы көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін «Fokker-100» əуе

(Соңы. Басы 1-бетте).

С о н ы м е н қ а т а р , М е м л е к е т басшысының Жарлығымен əскери жəне қызметтік міндеттерін атқару ке з і нде ерл і к пен батылдық көрсеткен, сондай-ақ, ұлттық қауіпсіздік пен елдің қорғаныс қаб і лет і н қамтамасыз ету ге , заңдылық пен қоғамдық тəртіпті нығайтуға елеулі үлес қосқан бір топ əскери қызметші, құқық қорғау органдары мен ұлттық қауіпсіздік қ ы з м е т к е р л е р і Қ а з а қ с т а н Республикасының Мемлекеттік наградаларымен марапатталды. 43 адам орденмен, 63 адам ме-дальмен жəне 2 адам Қазақстан Республикасының Құрмет грамота-сымен атап өтілді.

Н ұ р с ұ л т а н Н а з а р б а е в жиналғандарды Отан қорғаушы күнімен жəне Ұлы Жеңістің 71 жылдығымен құттықтады.

«Ұлы Отан соғысы – ұмытылмас тарих сабағы. Бір жағынан, ол бізге əлемнің нəзіктігін еске са-лады . Ек і нш і жағынан , адам рухының беріктігі мен қуаттылығын көрсетеді. Отанымызды қорғай білген, бізге бейбіт өмір сыйлаған жерлестеріміз осындай болған. Сол соғыстың қаһармандарының есімі тарих парағына мəңгі жа-зылып қалды. Б ізд ің парызы-мыз – елдің қауіпсіздігін сақтау, биыл 25 жылдығын атап өтетін Қ а з а қ с т а н н ы ң Т ə у е л с і з д і г і н қорғау», – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті ел аза-маттары ширек ғасыр уақыт бойы тұрақтылық пен келісімде тату от-басы ретінде өмір сүріп жатқанына назар аударды.

«Бірақ бейбіт күнде де ерлікке орын бар. Ұшақты алдыңғы шассисіз қондыра білген əуе кемесінің командир і Дмитрий Родинн ің ерліг ін бүкіл қазақстандықтар біледі. Ол өзінің кəсіпқойлығының арқасында 121 адамның өмірін сақтап қалды. Мен бұл əрекетті үлгі тұтуға лайық қаһармандық деп санаймын. Сондықтан оған «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдадым. Полковник Игорь Кармыков сел кез інде барлау-іздеу тобын тікұшақпен эвакуациялады. Өмір іне қау іп төнген 10 адамды құтқарып қалды. Мемлекет оның еңбегін ІІ дəрежелі «Айбын» орденімен атап өтеді. Рота командирі Фархад Тағырбековтің арқасында 40 əскери қызметші аман қалды. Оған «Ерлігі үшін» медалі беріледі», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы ерлігімен ерекшеленген басқа да адамдар-ды атап өтті. «Өз басын қатерге тігіп, адамдарды өрттен құтқарған Данияр Қалиев ерен ерл ікт ің үлгісін көрсетті. Сондықтан «Ерлігі үшін» медалімен марапатталады. Арамызда ел қауіпсіздігін нығайтуға зор еңбек сіңіріп жүрген өзге де аза-маттар бар. Халықаралық деңгейде танылған мерген қызымыз Əсем Жəкенованы ерекше атап өткім келеді. Ол бүгін «Жауынгерлік ерл і г і үш ін» медал іне лайық деп танылды», – деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев өз басын қатерге тігіп, сарбазын кеудесімен қорғап қалған жəне көп жарақат алған Қайрат Үмбетовтің ерлігіне де тоқталды. Ол осы ерлігі үшін «Халық қаһарманы» атағымен марапатталды.

Қазақстан Президенті ерлік пен қаһармандықтың осындай үлгісі елімізде аз емес екеніне ризашылық білдірді.

«Көбіңіздің өз ерліктеріңізді а й р ы қ ш а н ə р с е д е п санамайтындарыңызды білемін. Сіздер үшін парыздың бəрінен биік тұратынын көрсетулеріңіз екі есе бағалауға лайық. Бұл – бүкіл еліміз үшін, қазіргі кезде ар-намыс үлгісі қажет болып отырған жас-

бастығының бірінші орынбаса-ры С .Асановқа , Мемлекетт і к күзет қызметін ің департамент бастығы Н.Жұмабаевқа, Қорғаныс министрлігі 10228 əскери бөлімінің командирі Р.Жансейітовке, Қарулы Күштері Əуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы Бас штабы бастығының орынбасары Ə.Ыбыраевқа, Ұлттық қауіпсіздік комитет і «Арыстан» қызмет і бастығының бірінші орынбасары Ф.Қаменовке, Ұлттық қауіпсіздік

кемесінің командирі Д.Родинге, Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының штаб бастығы – 6505 əскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары Қ.Үмбетовке «Халық қаhарманы» атағы берілді.

I дəрежелі «Даңқ» орденіне Ұл т тық қ а у і п с і з д і к к омите т і

т ө р а ғ а с ы н ы ң о р ы н б а с а р ы Н.Білісбеков, Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, полиция гене-рал-лейтенанты Марат Демеуов, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Бас хатшысының орынбасары А.Жанқұлиев, Павлодар облысының прокуроры М.Жөргенбаев ие бол-ды.

І I дəрежел і «Даңқ» орден і М е м л е к е т т і к қ ы з м е т і с т е р і министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынба-сары Т.Татубаевқа, Қорғаныс министрлігі 14776 əскери бөлімі БАƏ жəне Кувейт жəне Катар мемлекеттеріндегі əскери атташесі қызметін қоса атқарушы Е.Оразовқа тапсырылды.

I дəрежелі «Айбын» орденімен Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин, Қорғаныс министрлігі 14776 əскери бөлімі к омандир і н і ң о рынба с ары – орталық бастығы С.Ізтілеуов мара-патталды.

ІI дəрежелі «Айбын» ордені Ұлттық қорғаныс университеті

комитеті Шекара қызметі жеке 1-ші авиациялық базасының командирі И . Кармыковқа , Ұл т тық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 5572 əскери бөлімінің командирі В.Пузикке, Мемлекетт ік күзет қызметінің департамент бастығы К.Тұрсынбаевқа берілді.

«Ерлігі үшін» медалі ІІМ Қостанай облысы Тө т енше жа ғдайлар департаменті Қостанай қаласы №3 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Д.Қалиевке, ІІМ Астана қалалық Ішкі істер департаменті Ж о л - п а т р у л ь д і к п о л и ц и я с ы полкінің полицейі Б.Қарымбаевқа, р о т а к о м а н д и р і – Қ о р ғ а н ы с министрлігі 29011 əскери бөлімі штаб батальоны командирін ің орынбасары Ф.Тағырбековке тап-сырылды.

«Жауынгерл і к ерл і г і үш ін» медалімен Қорғаныс министрлігі 44736 ə скери бөл ім і арнайы мақсаттағы барлау ротасының м а м а н ы ( б а р л а у ш ы - м е р -г е н ) Ə . Ж ə к е н о в а , Қ о р ғ а н ы с министрлігі 21751 əскери бөлімі авиациялық эскадрильясының командирі А.Құлбасов, Қорғаныс министрлігі 85395 əскери бөлімі танк батальонының командирі Д . М ұ х а м е т ж а н о в , Қ о р ғ а н ы с м и н и с т р л і г і 3 6 8 0 3 ə с к е р и б ө л і м і з ы м ы р а н - т е х н и к а л ы қ д и в и з и о н ы н ы ң к о м а н д и р і М.Смағұлов наградталды.

Ғани АТЫМТАЙ

Page 3: Сақшы №34 (4200)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 3е-mail: [email protected]№34 (4200), сенбі, 7.05.2016 е-mail:[email protected]

УАҚЫТ ТЫНЫСЫ

ТАҒЫЛЫМ

6 МАМЫРДА ҚЫЗМЕТТІК ПАРЫЗЫН ОРЫНДАУ КЕЗІНДЕ ҚАЗА ТАПҚАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНЫҢ ƏСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ МОНУМЕНТІНЕ ГҮЛ СЕБЕТТЕРІН ҚОЮ РƏСІМІ ӨТТІ.

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ – ЕЛДІК ПАРЫЗ

Салтанатты рəсімге Ішкі істер м и н и с т р л і г і н і ң б а с ш ы л ы ғ ы м е н ж е к е қ ұ р а м ы , Ұ л ы О т а н соғысының ардагерлері мен ішкі істер органдарының зейнеткерлері қатысты.

Қатысушылар қызметтік пары-зын өтеу кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлері мен Ұлттық ұлан əскери қызметшілерін үнсіздікпен еске алды. Ардагерлер жəне шақырылғандар алдында Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов, Ішкі істер органда-ры мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің қазақстандық кеңесінің төрағасы, полиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков сөз сөйледі.

«Отан қорғаушы күнін жəне Ұлы Отан соғысы Жеңіс ін ің жеміс ін тойлау – Қазақстан азаматында өз елі үшін ерекше мақтанышты қалыптастырады, патриотизмді нығайтады жəне Отанға қызмет етуге бағыттайды, өз мамандығы үшін қызметкерлер мен əскери

Ғани АТЫМТАЙ, суретті түсірген Серік ЖОЛДАСПЕКОВ

ЕЛІМІЗДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІС МЕРЕКЕСІН БАРЫНША СƏН-САЛТАНАТПЕН АТАП ӨТУ ДƏСТҮРГЕ АЙНАЛҒАН. ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТА ЕРЛІКТІҢ ЕРЕН ҮЛГІСІН КӨРСЕТІП, БАСҚЫНШЫ ФАШИСТЕРДЕН ЖЕРІМІЗДІ АЗАТ ЕТУ ЖОЛЫНДА ЖАН АЯМАЙ КҮРЕСКЕН, АЛ БҮГІНГІ БЕЙБІТ ӨМІРДЕ ЖАС ҰРПАҚҚА ҮЛГІ-ӨНЕГЕ БОЛЫП ЖҮРГЕН АРДАГЕРЛЕРІМІЗГЕ МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛЕДІ.

Майдангерлердің мерейін өсірді

ИГІ ІС

ІІМ Ішкі істер органдары жəне Ұлттық ұлан ардагерлері қазақстандық кеңесінің төрағасы, милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков пен ІІМ Кадр жұмысы департаментінің бастығы, полиция полковнигі Алтынғали Əбдіғалиев те соғыс жəне ІІО ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтап, сый-сияпаттар көрсетті. Оларға «Жеңіс жолымен» кітабын сыйға тартты.

ІІМ өкілдері алдымен Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне арналған госпитальда ем қабылдап жатқан 91 жастағы Айдархан Байкенов ақсақалдың халін сұрап, мерекемен құттықтады. Отставкадағы милиция полковнигі өзін елеп-ескерген ІІМ өкілдеріне алғыс айтып, мерейі өсіп қалғанын жасырма-ды. Өмірзақ Құспанұлы мен Алтынғали Үсенұлы бұдан əрі тоқсанның төріне шыққан Федор Тюваев пен Иван Зайченконың үйіне де атбасын бұрды. Соғыс ардагерлері өздеріне көрсетілген сый-құрметке балаша қуанып, баталарын берді. Айта кетейік, бұл күні ІІМ өкілдері осындай 11 ардагердің үйіне барып, майдангерлерді мерекемен құттықтады.

«Дана халқымыздың «Қарттары бар ел – қазыналы ел» деген нақыл сөзі бар. Бүгінде, тəубе, ішкі істер органдарында 65 мыңнан астам ардагер бар. Оның ішіне Екінші дүниежүзілік соғыс пен Ауған соғысына қатысқан майдангерлер, Чернобыль апатын көзімен көрген ардагерлер, мүгедектер кіреді.

Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың тапсырмасымен, сондай-ақ, Ішкі істер органдары жəне Ұлттық ұлан ардагерлері қазақстандық кеңесі призидиумы атынан елордадағы соғыс ардагерлерін Жеңіс мерекесімен құттықтап, сый-сияпаттар көрсетейік деген ниетпен олардың үйлеріне арнайы бас сұқтық. Ардагерлеріміздің елге, халыққа сіңірген еңбектері зор», – деді ІІМ Ішкі істер органдары жəне Ұлттық ұлан ардагерлері қазақстандық кеңесінің төрағасы, милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков.

қызметшілердің мақтаныш деңгейін арттырады.

Маңызды бағыт Қазақстан əскері мен қ ұқық қор ғ а у ор г андары дəстүрлерін, қызметкерлердің əскери жəне қызметтік борышын орын-дау кезінде көрсеткен ерліктерін ілгерілету болып табылады», – деп атап өтті Рашид Жақыпов.

Қаза тапқандар туралы естелік іс-шараны аяқтау барысында Астана қаласының Ұлттық ұланы мен по-лиция гарнизонының бөліністері ар-дагерлер мен қатысушылар алдында салтанатты шерумен жүріп өтті. Сондай-ақ, ІІМ-нің клубында «Жеңіс жолдарымен!» фотодеректі көрме ұйымдастырылды.

Сондай-ақ , салтанатты шара соңында Ішкі істер министрі, по-л и ц и я г е н е р а л - п о л к о в н и г і Қалмұханбет Қасымов ел Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен мереке қарсаңында марапатталған бір топ ішкі істер органдарының қызметкеріне марапаттарын өз қолымен табыс

етті. ІІМ-нің акт за-лында өткен мерекелік жиында əскери жəне қызметт ік борышын үлг іл і орындағаны, заңдылық пен құқық тəртібін қамтамасыз е т у д е к ө р с е т к е н б а т ы л д ы ғ ы м е н жанқиярлығы үш і н Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы, полиция ге-нерал-майоры Мұхаран Əміров І І дəрежел і «Даңқ» орденімен ма-рапатталды.

Полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың қолынан

марапат алғандардың қатарында Қарағанды облысы ТЖД-нің же-дел кезекшісі Александр Пахомов та бар. Ол Мемлекет басшысының Жарлығымен ІІ дəрежелі «Айбын» орденін кеудесіне тақты. Ал, Астана қалалық ІІД Жол-патрульдік поли-циясы полкінің полицей-кавалерисі Ерболат Рысбеков пен елордалық ІІД Жол-патрульдік полициясы полкінің полицейі Марал Тұрғымбаев қызмет барысында көрсеткен батылдықтары ү ш і н І І І д ə р е ж е л і « А й б ы н » ордендерімен марапатталды.

Ішкі істер министрі Қ.Қасымов с о н ы м е н қ а т а р , А қ м о л а о б -л ы с ы Т ө т е н ш е ж а ғ д а й л а р департаментінің Көкшетау қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы

Шараға ҚР Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, Республикалық Ардагерлер ұйымы Орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев қатысып, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады. Мекемеге естелікке үлкен диаметрлі қабырға мониторы мен танк техникасының кескіні бейнеленген қылқалам туындысын сыйға тартты.

Шара шымылдығын құттықтау сөзімен ашқан Тамара Дүйсенова: «Ұлы Жеңіс мерекесі – еліміздің батырлық шежіресінде мəңгілікке жазылатын ерекше күн. Сіздердің қайсарлықтарыңыз бен ерліктеріңіз, сондай-ақ, ерен еңбектеріңіз бізге Жеңіс сыйлады. Туған жері үшін өмірін қиған батыр бабаларымыздың есімі ел есінде мəңгі сақталмақ. Соғыстан кейін де сіздер бар күш-жігерлеріңізді еліміздің қайта қалпына келуіне, одан əрі өркендеуіне арнап, ел игілігі үшін аянбай еңбек еттіңіздер. Сіздердің еңбектегі ерліктеріңіз өскелең ұрпаққа зор өнеге», – деді.

Қазіргі таңда Астана қаласындағы қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-əлеуметтік ұйымда 304 адам бар. Оның 4-уі Ұлы Отан соғысы ардагері, оларға теңестірілген 16 азамат жəне 34 тыл еңбеккері бар. Көзі тірі ардагерлер – Олег Линник, Екатерина Тыщенко, Анна Павлова, Андрей Четвериков қартайған шағында қамқорлығына алып отырған мемлекетке, мекеме ұжымына ақкөңілден алғысын ай-тып, қуаныштарына ортақтасқандарына ризашылықтарын білдірді.

Қанды қасапты көрген ардагерлердің б і р і О л е г И в а н о в и ч с ұ р а п ы л жылдардың естелігінен сыр шертті. 1942 жылы запастағы полкке жазылған ол 1943 жылы майданға аттанған екен. Житомир қаласының түбіндегі ұрыста басынан жараланып, елге оралған. «Майданға он бес жасымда аттандым. Жасымды он жетідемін деп өтірік көрсеткеннен кейін ғана мені запастағы полкке жазды. Бір жағы балалық болар. Бірақ, елді қорғау

ҚУАНЫШЫНА ОРТАҚТАСЫП ҚАЙТТЫНұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ, суреттер автордікі

ЕЛ АРАСЫНДА «ҚАРТТАР ҮЙІ» АТАЛЫП КЕТКЕН АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ҚАРТТАР ЖƏНЕ МҮГЕДЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ-ƏЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕ» КММ-ДЕ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ ҚҰРМЕТІНЕ АРНАЛҒАН «ЖЕҢІСКЕ МЫҢ ТАҒЗЫМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ.

деген ұран көкейімізде от болып жа-нып тұратын. Содан алғашқы ұрыста басымнан оқ тиіп қатты жаралан-дым. Краснодарға елге оралған соң анамның қайтыс болғанын естідім. Ол кезеңдер ауыр уақыт еді ғой. Соғысқа қайта оралсам деген тілегіммен Херсондағы əскери теңізшілер дай-ындайтын мектепке оқуға түстім. Оны аяқтаған соң майданға жүк таситын танкерге жұмысқа тұрдым. Осылайша ұрысқа қатыспасам да, оған көмек көрсеткеніме қуанышты едім. Соғыс аяқталған соң денсаулығыма байланыс-ты Ақмола облысына көшіп келдім», – дейді Олег Иванович.

Мекеменің ауласындағы «Ардагер» алаңында өткен шараға «Нұр Отан» партиясы мен ардагерлер ұйымдарының өкілдері, дін өкілдері қатысты. Жиын барысында ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері үшін əскер генералы С.Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» Республикалық мектебінің 83205 əскери бөлімі курсанттарының, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті студенттерінің арнайы салтанатты

марш-шеруі өтті. Қазақ Ұлттық Өнер университетінің студенттерінен құралған оркестр өнер көрсетті. Сонымен қатар, мереке бағдарламасы бойынша меке-ме ауласына жас көшеттер отырғызу рəсімі өтті. Жауынгерлік дала асханасы ұйымдастырылып, ардагерлер мен жиналғандар əскери ас мəзірі – солдат ботқасынан ауыз тиді.

Бұл шараға ІІМ атынан Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі по-лиция полкі да атсалысқан болатын. Шерумен бірге сап түзеп жүріп өтіп, ардагерлерге құрмет көрсеткен по-лиция қызметкерлері Ұлы Жеңіске арналып ашылған тақтаға гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар, ме-реке бағдарламасында қарастырылған мекеменің Тəуелсіздік аллеясына ағаш отырғызу шарасына қатысты. Шараның екінші бөлігінде мекеменің кинозалын-да өткен мерекелік концертте əннен шашу шашып, өнер көрсетті. Концертте сондай-ақ, «Наз» театрының əртістері, №17 мектеп гимназия оқушылары, ме-кеме қызметкерлері де өз нөмірлерін көпшілік назарына ұсынды.

ПАРЫЗ

С е р г е й А в е р ш и н м е н Ш ы ғ ы с Қазақстан облысы ТЖД өрт сөндіру жəне апаттық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Дмитрий Титовке «Ерлігі үшін» ме-дальдарын салтанатты түрде табыс етті. «Жауынгерлік ерлігі үшін» медаліне лайықты деп танылған ҚР Ұлттық ұланының 3660 əскери бөлімі «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөл ін і стер орталығының бөл ім бастығы Əділбек Қабылановтың да мерейі үстем болды.

Жауапты қызметте жанкешт і ерлік көрсетіп, Анттарына адалдық танытқан жігіттерге жоғарғы мара-паттарды ұсынып тұрып полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымов олардың батылдықтары жас буынға үлгі боларына сенім білдірді.

Ал, министрдің бұйрығымен ішкі істер органдарының 518 қызметкері, оның ішінде, ведомстволық на-градалар мен медальдармен 202 қызметкер марапатталды.

ІІМ баспасөз қызметі

Page 4: Сақшы №34 (4200)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20134 е-mail: [email protected]№34 (4200), сенбі, 7.05.2016 е-mail:[email protected]

АЙМАҚ АЙШЫҚТАРЫ

ЌОС МЕРЕКЕ ЌЎРМЕТІ

АСТАНА ҚАЛАСЫ МКҚБЕл тыныштығын күзетет ін Астана қаласы

Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының жеке құрамы Отан қорғаушы жəне Жеңіс күні мерекесіне орай салтанатты сапқа тұрғызылды.

Бұл күндердің егемен еліміз үшін ерекшелігі ұшан-теңіз. Отан үшін отқа түскен ардагерлерге тағзым етіп, оларды еске алуды парыз тұтқан күзет қызметкерлері көк тудың астына бірігіп, биыл да ерлік пен елдікке тағзым етті. Себебі, бұл шара сұм соғыста қаза тапқан жауынгерлерд ің рухы бүг інг і бейб іт заман Отан қорғаушыларының бойында бар екенін айғақтайды.

Салтанатты сапта Мемлекеттік Гимн орындалып, Ту көкке көтерілді. Ішкі істер органдарына жаңадан қабылданған 15 жас қызметкердің салтанатты түрде ант қабылдау рəс ім і өтт і . Ант қабылдау рəс ім ін саптық полиция батальондарының командирлері жүргізді.

Сондай-ақ, мерекелік кеште Ішкі істер министрінің бұйрығымен Ануар Мойлауов, Арман Төлегенов пен Қуанышбай Ілясовке алғашқы орта басшы құрам атақтары салтанатты түрде берілді. Ішкі істер ор-гандарында 1992 жылдан бастап күзет саласында

қызмет атқарып келе жатқан полиция старшинасы Назымбек Сыздықов қызметт ік м індеттерд і адал атқарғаны үшін жəне Қазақстан халқының бірліг і мерекесін, Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеуге байланысты Ішкі істер министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталып, ақшалай сыйақыға ие болды.

Қос айтулы мерекеде қызметтік міндеттерін адал атқарып, жұмыста жоғары нəтижелерге қол жеткізгені үшін Астана қаласы МКҚБ бастығының бұйрығымен 6 қызметкер грамотамен марапатталса, 10 сақшыға алғыс жарияланды.

Басқарма бастығы , полиция полковниг і Оңал Бекеев пен ІІО-ның ардагері, Мамандандырылған күзет қызмет і басқармасы бойынша Ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полиция полковнигі Бе гайдар Майкибаев рухы би і к , айбыны а сқақ қызметкерлерді Отан қорғаушы жəне Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, ант қабылдаған жас буынға алдағы өмірлеріне толағай табыс тілеп, анттарына адал болуға шақырды.

Іс-шара соңында МКҚБ-ның қызметкерлері басшы құрамның алдынан саптық шерумен жүріп өтіп, өздерінің саппен жүру шеберліктерін көрсетті.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ІІДҚос мереке қарсаңында ардагерлерді еске алып, ерліктерін ұлықтау,

ішкі істер органдарында абыройлы қызмет еткен ардагерлерге, оның ішінде соғыс ардагерлеріне зор құрметін таныту мақсатында «Мəңгілік тағзым» атты салтанатты жиын өтті.

АСТАНА ҚАЛАСЫ ТЖДАстана қаласы ТЖД қызметкерлер і ардагерлерд ің қара

шаңырақтарына арнайы атбасын бұрып, құттықтауларын жеткізіп, «Төтенше жағдайлар органы ардагерлерінің қазақстандық ұйымы» АҚ АМФ президиуымы атынан ақшалай қаражат табыс етті.

Ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Бекешов пен департаменттің кадр жұмысы бөлімінің қызметкері А.Сүттібаева бастаған топ алдымен милиция майоры Тукпат Бакишевтің қара шаңырағына бас сұқты. 1925 жылы Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданына қарасты Сібе ауылында дүниеге келген қария Ұлы Отан соғысы жылдары артиллерия полкінің 21-ші гвардиялық дивизиясында радиотелефоншы қызметінде борышын атқарған.

АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ІІДАстана қалалық Ішкі істер департаментінде жыл сайын жақсы

дəстүрге айналған шара аясында Отан қорғаушы күніне жəне Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының жəне ішкі істер органдарының ардагерлерін құттықтады. Қос мереке қарсаңында құрметке бөленген қарт жауынгерлердің бірі– Владимир Кальсин.

КӨЛІКЕГІ ІІДКөліктегі Ішкі істер департаментінде Ұлы Жеңістің 71 жылдығы

мен Отан қорғаушы күні мерекелеріне орайластырылған салтанатты жиын өтті.

Салтанатты шара қызметтік борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапқан қызметкерлерге арналған «Мəңгі ұмытылмас есімдер» ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Жиналғандар Ұлы Отан соғысы кезінде қаза болған жауынгерлерді бір сəт үнсіздікпен еске алды. Бұдан соң, мерекелік шара департаменттің мəжіліс залында жалғасты.

Көліктегі ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бауыржан Арғынбаев: «Ұлы Отан соғысындағы майдангер жауынгерлеріміздің ерен ерлігі мен тыл ардагерлерінің жанкешті еңбегінің арқасында Ұлы Жеңіске қол жетті. Бұл жеңіс майданда құрбан болған жауынгерлеріміздің асқан ерлігі, қайсарлығы, рухтың беріктігінің куəсі ретінде ұрпақтар санасында мəңгілік сақталмақ. Біз қанқұйлы соғыста қаза тапқан батырларымыз бен бүгінгі ардагерлеріміздің алдында осынау бақытты заманымыз бен еркіндігіміз үшін бас иеміз. Сіздердің өшпес ерліктеріңіздің арқасында келген Ұлы Жеңіс үшін тағзым етеміз. Құрметті ардагерлер, Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, мол бақыт тілейміз», – деген жылы лебізін айтты.Сондай-ақ, Б.Арғынбаев мерекелік жиынға қатысушыларды 7 мамыр – Отан қорғаушы күнімен құттықтап, «Отанымызға қалтқысыз қызмет ету баршамыздың қасиетті борышымыз. Сондықтан ел тыныштығын қамтамасыз ету жолындағы қызметімізді адал əрі жауапкершілікпен орындау басты міндет», – деді.

Шара шеңберінде қызметтік міндетін адал атқарған департаменттің 80-нен аса қызметкеріне ІІМ мен Көліктегі ІІД-нің грамоталары жəне алғыс хаттары табыс етілді. Салтанатты бөлімнен кейін, соғыс жəне тыл ардагерлеріне гүл шоқтары мен сыйлықтар таратылып, мерекелік дастарқан жайылды.І ш к і қ ы з м е т

полковнигі Кальсин Владимир Васильевич 1924 жылы 27 шілдеде К и р о в с к о б л ы с ы , Верхошижимск ауда-ны, Кремянка ауылын-да дүниеге келген. Соғыс басталғанда ол 9-сыныпты тəмамдап, о б л ы с т ы қ ə с к е р и м е к т е п к е о қ у ғ а түседі. Бұл мектептің қ ұ р а м ы н д а 1 9 4 1 жылдың 12 қазаны м е н 1 0 қ а р а ш а с ы аралығында Мəскеуді қорғауға қатысқан. Атыс батальонының командир і болған . 1 9 4 5 ж ы л ы 2 4 ақпанында Шығыс Пруссияда үш мəрте жараланады. Соғыстан кей ін де Владимир Васильевич құқықтық тəрт іпт і қорғауға к ір іседі . 1975 жылы 4 ш і л д е д е н б а с т а п Ц е л и н о г р а д облыстық ІІБ бастығының орынбаса-ры қызметінде жұмыс атқарады.

1980 жылы шекті жасқа толуына байланысты ІІМ органдарынан бо-сатылды. Ұлы Отан соғысы жылда-рында Отан соғысының І дəрежелі екі бірдей орденімен, ІІ дəрежелі Отан соғысының орденімен, екі рет Қызыл Жұлдыз орденімен, «Ерлігі

үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» ме-дальдарымен, Маршал Жуковтың атындағы медальмен, «Мəскеуді қорғағаны үшін» жəне «Құрмет Белгісі», «Парасат» ордендерімен, ІІ жəне ІІІ дəрежелі «КСРО ІІМ үздік қызметі үшін», «КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері» жəне басқа да медальдарымен марапатталған. ІІМ органдарында 37 жылдан астам қызмет атқарды.

Е л о р д а л ы қ п о л и ц и я қ ы з м е т к е р л е р і с а л т а н а т т ы түрде соғыстан кейінгі ғұмырын құқықтық органдарына арнаған ҰОС ардагерлерін мерекелерімен қ ұ т т ы қ т а д ы . К е з д е с у г е Ұ л ы Отан соғысының жəне ішкі істер органдарының ардагерлері Қадан Бекенов жəне Владимир Кальсин шақырылды.

Іс-шара барысында ІІМ министрі Қалмұханбет Қасымовтың атынан құттықтау сөздері оқылды. Жеке құрамның алдында сөз сөйлеген елордалық І ІД бастығы, поли-ц и я г е н е р а л - м а й о р ы А м а н т а й Əубəкіров: «Отан қорғаушы күні т арихымыздың айтулы күн і н і ң қарсаңында , я ғни Жең і с т і ң 71 жылдығымен қатар мерекеленеді. Бүгінгі бейбіт те берекелі заман с ұ р а п ы л с о ғ ы с т ы ң о т ы н к е ш -кен ардагерлерім ізд ің ерліг ін ің арқасы. Қан майданда шайқасқан ардақты ардагерлер ғұмырын ішкі істер органдарында жалғастырып, заңдылық пен құқықтық тəрт іп орнатуда үлес қосты. Тəуелсіздікті сыйлаған ардагерлер ім і з ге ба-сымызды и іп , алғыс айтамыз», – деді. Ал, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Есім Танбергенов арда-герлерге денсаулық пен береке тіледі.

Д ə с т ү р г е с а й м е р е -к е қ ұ р м е т і н е е л о р д а л ы қ І ш к і істер департаментінің қызметте е р е к ш е л е н г е н п о л и ц е й л е р д і ж ə н е а р д а г е р л е р д і м а р а -па т т а у жөн і нде г і І ІМ мен І ІД бұйрықтарына қол қойылды. Ішкі і с т е р о р г а н д а р ы н ы ң б і р қ а т а р қызметкерлер і медальдармен , грамота жəне алғыс хаттармен марапатталды.

Шараға ішкі істер органдарының Ұлы Отан соғысы ардагерлері, соғыс ардагерлерінің туыстары, Қызылорда облыстық Ардагерлер кеңесін ің төрағасы, департамент басшылығы жəне жеке құрам қатыстырылды.

Салтанат ты шара Қазақ с тан Республикасы Əнұраны ырғағымен ашылып, Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қ.Қасымовтың құттықтауы оқылды. Департамент б а с ты ғы , полиция полковни г і Ж.Сүлейменов соғыс ардагерлерін, ж а л п ы і ш к і і с т е р о р г а н д а р ы ардагерлерін Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, бұл соғыста ерлікпен қаза тапқан əр батыр аталарымыздың тарих төрінен орын алатыны жəне ұрпақтары жеңіс алауын сөндірмей, Отан үшін от кешкендерді жүрек түкпірінде ұстайтынын ерекше атап өтті.

Жиын барысында адам өмір ін қорғау кезінде асқан қырағылық пен жанқиярлық танытып, Отан алдындағы антына берік болып,

қызметтік міндетін адал орындағаны үшін Қызылорда қалалық Ішкі істер басқармасы Жерг іл ікт і полиция қызметі жол-патрульдік полиция батальонының полицейі, полиция аға сержанты Нұрлыбек Нұртаев Президент Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен наградталды.

Сонымен қатар, шара барысын-да Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Нұрмұханбетұлының марапаттау жай-лы бұйрығы ресми түрде оқылып, министр бұйрығымен 12 қызметкер марапатталды. Қызылорда облыстық ІІД бастығы, полиция полковнигі Ж .Сүлейменовт і ң б ұйрығымен департаменттің 10 ардагері, сондай-ақ, өз қызметтік міндеттеріне адалдықпен қарап, құқықтық тəртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше көзге түскен департаменттің 100-ге жуық қызметкері марапатталды.

Одан əрі мерекелік іс-шара жас қызметкерлердің ант қабылдау рəсіміне ұласты. Полиция қатарына

жаңа қосылған жас мамандар қызметт і адал жəне абыроймен атқаруға, Қазақстан Республикасы а з а м а т т а р ы н ы ң қ ұ қ ы ғ ы м е н бостандықтарын қорғауға салта-натты түрде ант берді. Қызылорда облыстық ІІД басшылығы поли-ция қызметкерлер ін ің қатарын толықтырған қызметкерлерді ант қабылдауларымен құттықтап, оларға қызметте сəттілік тіледі. Əскери өмірге аяқ басқан жас буынды ай-тулы күндерімен ішкі істер органы ардагерлерінің атынан Ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Пейсов те құттықтап, азаматтық борыштарын абыроймен атқаруларына тілектестік білдіріп, ыстық ықыласын жеткізді.

Іс-шара ескерткішке гүл шоқтарын қоюмен қорытындыланып, шара соңында келген қонақтар естелік суретке түсті.

Сонымен қатар, ардагерлердің құрмет іне мерекел ік дастарқан жайылып, концерттік бағдарлама қойылды.

Қос мерекеде сый-құрметке бөленген ардагердің бірі – ішкі қызмет майоры Иван Заиченко. Иван Афанасьевич 1923 жылы Ақмола облысының Алексеевка ауданына қарасты Рамадан ауылында туған. 1942 жылы Қызыл əскер қатарына шақырылған жауынгер отты жылдары Сталинград маңында 169-ату дивизиясындағы зеңбірек батальонында соғысқан. 1946-1956 жылдары ішкі қызмет органдарында қызмет атқарған қарт жауынгер кездесу барысында өткенді еске алып, тəлімге толы естеліктерін айтып берді.

Бейбіт заманда Целиноград облыстық бөлімшесінің өрт сөндіру күзетінде қызмет атқарған Иван Афанасьевич Ұлы Отан соғысының төсбелгілерімен жəне «Сталинградты қорғағаны үшін», «Жауынгерлік қызметі үшін» медальдарымен марапатталған.

«Жеңіс күні бұл – елімізді біріктіретін, бірлікке шақыратын жəне де жас ұрпақтарды патриоттық сезімге тəрбиелейтін мереке. Астана қаласы ТЖД қызметкерлері болашақ ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған, ел болашағы үшін өз өмірлерін қиған ерлерін ешқашан ұмыт қалдырмайды», – дейді əр ардагерге мерекелік көңіл-күй тарту еткен топ жетекшісі А.Бекешов.

Page 5: Сақшы №34 (4200)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 5е-mail: [email protected]№34 (4200), сенбі, 7.05.2016 е-mail:[email protected]

АЙМАҚ АЙШЫҚТАРЫ

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚАЖДАнт қабылдау – жас мамандардың өміріндегі ең жауапты əрі

ең қастерлі рəсім. Осыған орай Отан қорғаушы мен Ұлы Жеңіс күндері қарсаңында Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД-де жас мамандардың Ант қабылдау рəсімі салтанатты жағдайда өтті.

Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері жəне департаменттің жеке құрамы қатысқан шара Əнұранмен басталды. Департамент бастығының орынбасары, əділет полковнигі Н.Сахатов қоғамның ең қымбат қазынасы – адамдардың тыныштығын қорғау, жазасын өтеушілерді түзелу жолына түсіріп, қоғамға толыққанды адам ретінде қайтару жолында күрделі де

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ МКҚБҰлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Қарағанды

облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының аппарат құрамы Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтап, шаңырақтарына барды.

Сондай-ақ, МКҚБ бөлімшелерінің жас қызметкерлері мерекелік концерт ұйымдастырып, соғыс жылдарындағы əндерді, сонымен қатар, Ұлы Отан соғысына арналған соғыстан кейінгі шығармаларды нақышына келтіре орындады. Мерекеге 50 соғыс ардагері мен мүгедектер, сонымен қатар, тыл еңбеккерлері, қуғын-сүргінге ұшырағандар, батырлардың аналары мен сұрапыл соғыс ардагерлерінің жесірлері қатысты.

Əр ардагерге ерекше көңіл бөлініп, құрмет көрсетілген салтанатты кеште қариялар жас буынға алғыстарын айтып, ел тыныштығы жолындағы қызметтеріне сəттіліктер тіледі.

Концерттік бағдарлама аяқталған соң ардагерлерге ақ дастарқан жайылып, қарт майдангерлер қатал соғыс жылдарын еске алып, естеліктерін əңгімелеп берді. Өз өмірлерін Отаны мен халқына қызмет атқаруға арнаған жас мамандар ардагерлердің тағылым мен тəрбиеге толы əңгімелерін қызыға тыңдады.

« К е л е ш е к ұ р п а қ т ы ң м і н д е т і – с о ғ ы с қ а қатысушылардың ерлігін əрдайым есте сақтау, өткенді ұмытпау. Уақыт зымырап өтіп бара жатыр. Ұлы Отан соғысына қатысушылардың саны күн сайын азайып келеді, олар соғыстан кейінгі уақытта қиын кезеңді бас-тарынан кешті, бұзылған шаруашылықтарды қалпына келтірді, жаңа өмірдің кірпішін қалады. Сондықтан бізге бейбітшілік пен тыныштық сыйлаған адамдар өте қымбат», – дейді шараға ұйытқы болған МКҚБ қызметкерлері.

Келер ұрпақтың баянды бақыты мен ауыр соғыс жыл-дарында бостандық үшін күрескен ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерліктері есімізде мəңгі сақталады.

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ТЖДҰлы Жеңістің 71 жылдығына орай Атырау облысы ТЖД қызметкерлері

Ардагерлер кеңесінде есепте тұрған тыл ардагері Елена Головковамен кездесіп, кейуананың жағдайымен танысып, сый-құрмет көрсетіп қайтты.

Елена Николаевна 1927 жылы 19 қазанда дүниеге келген. 1960 жылдан 1989 жылға дейін Гурьев қаласында орналасқан теміржол ауруханасында медреги-стратор болып қызмет атқарып, жасы ұлғайғанына байланысты зейнеткерлікке шыққан. Теміржол ауруханасының Төтенше жағдайлар комитетіне өтуіне

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТЖДБатысқазақстандық ТЖД Жедел құтқару жасағында Жеңістің 71

жылдығына жəне Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты жи-налыс өтіп, шара барысында департамент қызметкерлері тыл жəне азаматтық қорғау жүйесінің ардагерлерін құрметтеп, құттықтауларын ұсынды.

«Ұлы Отан со ғысы тек ұрыс алаңында қатерлі ізін қалдырған жоқ. Ұлы Жеңіске жету жолында тылдағы еңбекке апаларымыз бен аналарымыз атсалысып, олардың ерен еңбег і мен ерл і г і Жең іст і жақындатуға жұмсалды. Уақытпен санаспай, ыстыққа күйіп, суыққа тоңа жүріп Ұлы Жеңіске өз үлестерін қосқан еді», – деді жиналған қауым алдында сөз алған ТЖД бастығының орынбасары, подполковник Ақылбек Ахметжанов.

Ақылбек Қосманұлы облысымыздың да Ұлы Жеңістің тарихына үлкен үлес қосқаны туралы атап өтті . Он мыңдаған батысқазақстандық майданға аттанып, Отанды жау-дан қорғады. Майданға кеткендер қатарында төтенше жағдайлардың азаматтық қорғау мемлекетт і к жүйесінің қызметкерлері мен өрт сөндірушілер де болды. Өкінішке орай, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатары жылдан жылға сиреп бара жа-тыр. Олардың жарқын бейнелері ал-дында бас иеміз, қазіргі жəне болашақ ұрпақтың мəңгі есінде қалады.

Шара кезінде Ұлы Отан соғысы даласында хабар-ошарсыз кет-кен, қаза тапқан ер-азаматтар бір сəт үнсіздікпен еске алынды. Ардагерлер ұйымының төрағасы

елімізде табысты еңбек етуге барлық мүмкіндік жасалғанын атап өтті. Ал, тыл ардагері Евгения Макеева көрсетілген құрметке ыстық ықыласын білдіріп, соғыс жылдарының кейбір сəттерін еске алды.

Ш а р а с о ң ы д е п а р т а м е н т қызметкерлері əзірлеген концерт-ке ұласты. Концерттен соң Жедел құтқару жасағында жорық ас үйі ұйымдастырылып, мұнда əрб ір қонақ солдат ботқасынан ауыз тиді.

Ермеққали Машанов департамент басшылығын азаматтық қорғау жүйесінің ардагерлері атынан құрмет көрсеткендері үшін алғысын айтып,

Ардагерлер өскелең ұрпаққа соғыс жылдарындағы оқиғаларды айтып, бұрынғы əріптестерімен жəне ескі дос-тарымен кездескеніне қуанды.

қажырлы еңбек үлгісін көрсетуді талап ететін үлкен өмір жолына аттанған жас мамандарды Ант қабылдауларымен құттықтады. Полковник олардың алған білімдерінің талапқа сай болуы іскерліктеріне, жеке бастарының моральдық қадір-қасиеттеріне тікелей байланысты екенін айтып өтті.

Ал, ақ тілектерін жеткізген ардагерлер мекеменің ұжым мүшелерімен етене араласып, үлкенге құрмет, кішіге ізет қағидатын сақтай отырып, бұйрықтар мен нұсқаулықтар талаптарын бұлжытпай орындау – жас маманның келе-шек өмірін айқындайтын, қызметте беделді болып, абырой-атақтарының биіктеуіне бірден-бір себеп екенін айтып, ақ баталарын берді.

Жас маманға тəн алғырлық таныту, тағайындалған тəл імгерлер кеңесін мұқият орындау – бүгінгі ант қабылдаған қызметкерлердің басты міндеттерінің бірі. Мекеменің қоғамдық өміріне атсалысып, жастарға тəн белсенділік көрсете отырып, қылмыстық атқару жүйесінің имиджін арттыру-да бастамашыл бола білу қасиеттері де əр жас маманның бойынан табылуы шарт.

Бұл күні жас буынға айтылған ақ тілектердің бастысы – əрқашан Отанымыз – Қазақстан Республикасына шын берілген, кəсіби біліктілігі жоғары қызметкер болуымен бірге, адамгершілік туын биік ұстайтын азамат болып шығады деген сенім болатын. Ант қабылдаған əр жас маманның бойынан біз осы көрсетіліп отырған сенімді ақтап шығатындай құлшынысты да көрдік. Жас қызметкерлердің мұндай жауапты сəтте өздерін-өздері ұстауы, сергектік танытуы, саптық жинақылық пен ептілік көрсетуі көңілдерге қуаныш, алдағы күндерге деген үміт отын жақты.

ІІМ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ӨКІЛДІКТЕРДІ КҮЗЕТУ ПОЛКІЖеңіс мерекесі қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагері Қадан

Бекенов ІІМ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету полкінің жеке құрамымен кездесті. Ардагерді ортаға алған күзет қызметкерлері қарт майдангерге құрмет көрсетіп, сыйлықтар табыс етті.

байланысты ардагерлер кеңесіне тіркелді. Головкова Елена Николаевна 1944 жылдан соғыс аяқталғанға дейін сол кездегі атауы Гурьев (Атырау) қаласында «Казэнергонефть» мекемесінде тыл еңбеккері ретінде есепке тұрып жұмыс жасаған. Майданнан əкелінген бұзылған автомашиналарды (полуторка) бөлшектеп, əрбір детальдарын тазалап, жуып оларды қайта құрастырып майданға жөнелтіп отырған. Басқа майдангерлер тəрізді күнделікті өмір тыны-сында тауқыметі көп болған. Басында тұрақты баспанасы, алдында əрдайым дайын асы, үстінде жөнді киім-кешегі болмаған. Соған қарамастан, соғыс жыл-дарында берілген нұсқауларды сағатпен есептеспей демалыссыз атқарған. Кейін бейбіт заманда аурухананың жауапты қызметтерінде болған. Қазір зейнеткер. Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 60,65 жылдық мерекелік медальдармен марапатталған.

Тыл ардагерінің көздеріне жас келіп, əжім басқан қолдары дірілдеп, айтқан əңгімелерін тыңдап отырғанда, соғыс туралы кино көріп отырғандай күйге еніп, еріксіз көзімізге жас келді.

Біздер, бүгінгі күннің жастары бақыттымыз. Олай дейтінім, біздер сұрапыл соғысты көрген жоқпыз, бізге сол соғысты көрсетпес үшін аянбай айқасқан, еңбек еткен ардагерлермен бір заманда өмір сүріп, əңгімелерін өз ауыздарынан естіп, алдарына барып, алғысымызды білдіріп, тағзым етіп жүрміз.

Қадан аға ұрыс даласында жасаған ерліктері үшін наградаға ұсынған командирлер ін ің баянхаттарын көзінің қарашығындай сақтаған екен. Солардың көшірмесін осы кезде-суге ала келіпті. Полк командирі Жеңіс жауынгерінің əр іс-əрекеті егжей-тегжейлі жазылған осы тарихи құжатты жеке құрамға оқып берді. Үлгі тұтарлықтай мерейлі сəттерге толы баяндауларды жеке құрам ықыласпен зейін қоя тыңдады. Қарияға ар-нап ұжым өнерпаздары концерттік бағдарлама ұйымдастырған екен. Қадірлі қонақтың құрметіне осы өнерлерін паш етті. Ал одан соң Қадан Бекенұлы қан майдандағы басынан өткерген оқиғаларын майын тамызып айтып берді.

Бүгінде тоқсаннан асқан ақсақал əлі де тың, жүрісі ширақ, айтқан естелік əңгімесі де қызық. Небəрі 17 жасында сұрапыл соғысқа аттанған ол жастығына қарамай майдан дала-сында тайсалмай жаумен шайқасып, көпте ген ерл і к т ер көрсе ткен . Оңтүстік-батыс Украина, Беларусь, Ресей, Молдова, Польша майданда-рында соғысып, 1945 жылдың 2 ма-мырында Берлинді алу операциясына қатысқан екен. Отанын жаудан азат ету жолында екі жерінен жараланған.

Көрсеткен ерліктері үшін бірнеше ме-дальдармен марапатталған. Соғыстан соң елге келгенде ішкі істер саласын-да ұзақ жылдар қызмет етіпті.

«1942 жылы əскер қатарына алындым. Өзім Ақмола облысының Астрахан ауданының тумасымын. Б ізд і б ір інші Алматыға апарды, Алматы жаяу əскер училищесіне жіберді. Пойызбен бір жұмадай жүріп

Снаряд келіп құлап, жараландым. Жеңісті естігенде сенбедік. Артынан жоғарыдан самолеттер ұшып, са-лют атып шуласып, бір-бірімізді құшақтасып, құттықтадық» дейді ар-дагер аға. Жеңіс жауынгерінің ендігі тілегі, сұм соғыстың қайталанбағаны. «Тəуелсіздікті бағалайық. Жұмыс істеген адамға қазір бəрі бар. Біздің көргенімізді бастарыңа бермесін. Тыныштық болсын, насихаттаңдар! Ұрпақтарымыз тек жақсылық көрсін! Біздер алып берген Жеңісті сендер өз ұрпақтарыңа жеткізіп, ерлігімізді дəріптесеңіздер болғаны», – дейді Қадан Бекенұлы.

Сол күні ардагер ағаны Астана қалалық ІІД басшылығы атынан де-партамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Шалданбаев пен Ардагерлер кеңесінің төрағасы Есім Танбергенов бастаған бір топ сақшы үйіне барып құттықтады. Жыл сайын осы мезгілде үйінен қонақ пен құрмет толассыз ағылатынын мақтана жеткізген Қадан аға мен жұбайы Қазиза апа келген қонақтарын дастарқан жайып, қарсы алғанына қуанышты. Дастарқан басында соғыс естеліктері мен жастық сағыныштары шертілді. Қариялардың отасқанына биыл 67 жыл болыпты. 7 бала, 13 немере, жиырма шақты шөбере сүйіп отырған абзал жандар – тек ұрпаққа

бардық. Ол жақта бес ай оқып, курс-ты бітірмей жатып бізді соғысқа жіберді. Қырық екінші жылы шегіну тоқталды ғой, ізінен кейін шабуыл басталды. 30-шы дивизия құрамында соғысқа қатыстым. Менің ең алғашқы ш а б у ы л ы м С о л т ү с т і к Д о н е ц к түбінде болды. Өзенді жүзіп өттік.

ғана емес, ұлысқа да өнеге болып отырған мəуелі бəйтерек іспетті. Ардагерлерге мерекелік сыйлық сыйлап, дастарқанынан дəм татқан департамент басшылығы көнекөз жандарға амандық тілеп тарқасты.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ, Суреттер автордікі

Page 6: Сақшы №34 (4200)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20136 е-mail: [email protected]№34 (4200), сенбі, 7.05.2016 е-mail:[email protected]

ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ – 71 ЖЫЛ

ЖЕЅІСТІ ЖАЌЫНДАТЌАНДАРЖЕҢІС ДЕГЕН СӨЗ АДАМ ЖҮРЕГІН ҚУАНЫШҚА БӨЛЕП, ЖІГЕРІН ЖАСЫНҒА ЖАНИТЫН ҚҰДЫРЕТКЕ ИЕ. ЖЕҢІС ДЕГЕНДЕ ТҰЛА БОЙ-ЫНА МАҚТАНЫШТЫҢ НҰРЫ ТАРАМАЙТЫН АДАМ ЖОҚ ШЫҒАР. АЛ, БҮГІНГІ ҰРПАҚ ҮШІН ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ ОРНЫ ЕРЕКШЕ. СОЛ БІР ЕЛ БАСЫНА КҮН ТУҒАН СҰРАПЫЛ СОҒЫС ЖЫЛДАРЫ ЕЛІН ЖАУДАН ҚОРҒАҒАН ЕРЛЕРДІҢ ЕРЛІК ІСТЕРІ ЖЫЛ САЙЫН ОСЫ ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІНДЕ САНАМЫЗДА ҚАЙТА ЖАҢҒЫРАДЫ. ЕНДЕШЕ, ЕСІМІН ТАҒЫ БІР МƏРТЕ ҰЛЫҚТАП, ЕРЛІГІНЕ ТАҒЗЫМ ЕТІҢІЗДЕР, БҰЛАР – ҰЛЫ ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАН ЖІГЕРЛІ ЖАНДАР...

Жатқамбай ШПЕКБАЕВҰлы Жеңіс күні қарсаңында Шпекбаевтар əулеті де Ұлы Отан

соғысының ардагері, Қызыл Жұлдыз орденінің иегері, соғыста рота командирі болған əкелері Жатқамбай мен аталары Мұсаханның рухына тағзым етеді.

Жатқамбай Мұсаханұлы Алматыдағы мұғалімдер даярлайтын техникумда оқып жүргенде 1939 жылы əскерге алынады да, көп ұзамай соғыс баста-лады. Соғыстың алғашқы кезеңінде-ақ оны алты айлық сержанттық курсқа оқуға жібереді. Ол ең алғаш қанды майданға Украинаның Терновая стан-сасында кіріпті. Ең алғашқы көрген қанды қырғыны болғандықтан ба Жатқамбай ақсақал сол бір соғысқа кірген алғашқы сəттерін ешқашан естен шығарған емес. Харьков қаласына таяу осы бір шағын станса үшін болған ұрыс он үш күнге созылып еді. Алматыда құрылған 38-атқыштар дивизиясының жауынгерлері осы ұрыста асқан табандылық танытқаны соғыс тарихынан белгілі. Терновая стансасын қасық қаны қалғанша қорғаған жауынгерлердің сапындағы аға сержант Жатқамбай келес і ұрысқа Дондағы Ростов қаласында кіреді. Басынан бақайшағына дейін қаруланған неміс əскерінің жойқын күшіне төтеп бере алмай шегіне соғысқан кеңес жауынгерлерінің рухын көтерген қасиетті сөз – «Жеңіс» деген сөз еді. Жатқамбай Мұсаханұлының Сталинград қаласын қорғаудағы ерлігі бүгінгі ұрпақтары үшін мəңгілік мақтанышқа айналған ерлік десе де болады. 1942 жылдың 17 шілдесінен бастап 1943 жылдың 2 ақпанына дейін созылған Сталинград шайқасы кезінде Жатқамбай да жараланып, Саратов қаласындағы əскери госпитальға түседі.

Осы шайқас кезінде Сталинград маңында немістер бекінген бір төбені алудың маңызы зор болды. Полктің

алға жылжуына төбеге бекінген немістер кедергі келтіріп тұрып алады. Оны талқандау міндеті Жатқамбай Шпекбаевтың взводына жүктеледі де, жауынгерлер жер бауырлай алға жыл-жиды. Бірақ көп ұзамай немістердің қарша бораған оғының астында қалған солдаттардың алға жылжуы мүмкін емес еді. Мұндай қиын-қыстау кез-де жауды айламен жеңбесе, адам-дарды текке қырып алу қаупі зор болатыны сөзсіз. Взвод командирі дереу айлаға көшіп, соғыс тактикасын өзгертеді де, ойламаған жерден үш жақтан «уралап» атой салған кеңес əскерлерінің жанкешті шабуылынан сасқалақтап қалған жау əскері лез-де қолға түседі. Командирдің жан алып, жан беріскен шешуші сəтте ұтымды шешім қабылдап, жау ұясын тас-талқан еткен тапқырлығына тəнті болған полк командирі Жатқамбай Мұсаханұлын қысқа мерзімді коман-дирлер даярлайтын курсқа жібереді. Оны аяқтап, кіші лейтенант шенін алған Жатқамбай қайтадан майдан алаңына оралды. Көп ұзамай рота командирі болып тағайындалды. Ал, оның соғыстағы ең алғашқы жоғарғы наградасы – Қызыл Жұлдыз орденін алу кезіндегі ерлігі өз алдына бір төбе. Дивизия командирі кіші лейтенант Ж.Шпекбаевты рота командирі етіп тағайындай салысымен оған жəй сол-датша киінуге бұйрық береді. Əдетте мұндай тапсырма аса қиын кезеңдерде берілетінін білетін командир алдағы шайқастың жауапкершілігін бар жан-тəнімен сезінеді. Өйткені, шабуыл кезінде немістер командир киіміндегіні ең бірінші нысанаға алатын, тіптен жау

қолына түсе қалса да командирлер-ге ең қатаң жаза

тағайындалатын. Дивизия командирінің жаңадан ғана рота командирі болып тағайындалған өзін осындай қауіптен қорғаштаған қамқорлығы оның жігеріне жігер қоса түсті. Расында да Шпекбаевтың ротасы талай боздақтың қаны төгілген, жаны үзілген бекіністі алуда асқан табандылық көрсетті. Рота командирінің «Отан үшін алға!» деп саңқылдаған жігерлі дауысының өзі солдаттардың рухын көтеріп, жеңіс биігіне көтерді. Міне, осы шайқастағы ерлігі үшін Ж.Шпекбаев Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталады.

Жатқамбай Мұсаханұлы Днепрді алу кезінде де ерлік көрсеткен командир. Днепрдің екі бетіне орналасқан екі жақтың əскері де өліспей беріспеуге бел байлағандай. Бұл шайқаста да ол басқаратын ротаға ең маңызды тап-сырма – түн жамылып өзеннің немістер бекінген жағына өтіп, сондағы төбе басына пулеметтерін орнату еді. Егер осы тапсырма ойдағыдай орындалса кеңес əскері негізгі шабуылға көшкенде рота мына жақтан оларға қолдау көрсетпек. Бұл тапсырманы орындау үшін рота түн қараңғысын жамылып, өзеннен қайықпен өтуі керек болатын. Кеңес əскерлерінің бұл əрекетін байқап қалған жау жағы өзен бетін барлау барысында самолеттен қару-жарақ тиелген қайықтарға оқ жаудырады. Бұл шабуылдан да аман қалған рота түнделетіп, келесі жағаға асықты. Бірақ Жатқамбай осы маңызды тапсырма-ны орындау кезінде желкесіне бомба жарықшағы тиіп тағы да жараланады.

Ол қырғын соғыста жүріп қазақтың «қырық жыл қырғын болса да ажалды ғана өледі» деген сөзінің тегін айтылмағанына көз жеткізеді. Соғыс кезінде үш рет жараланғанын айтпаған күннің өзінде қаншама рет ажал аузынан аман қалды. Соның біріне ғана тоқталсақ, бірде кескілескен ұрыс кезінде жауын-герлер жау самолеттерінен жауған бомбадан қорғану үшін жерге жата-жата кетеді. Бомба ғана емес, са-молеттен ірі калибрлі пулеметтен атылған оқ та қарша борауда. Шабуыл басылған кезде аман қалған солдаттар біртіндеп тұра бастады. Жатқамбай да ақырындап тұрса, қол-аяғы бүтін, сап-сау екен. Бірақ пулемет оқтары дəл жанына түскенін, тіптен əлі ып-ыстық қорғасын оқтың бірі қолтығының астына, екіншісінің аяқтарының ара-сына түскенін көргенде шынымен де мына тірлікте татар талқанының таусылмағанына тəубе деген. Тағы бірде снаряд жарылып, топырақ астын-да қалғанда да оны аршып алған жа-уынгерлер Жатқамбайдың шинелінің снаряд жарықшақтарынан дал-дұлы шыққанын, бірақ өзінің дін аман екенін көргенде бір таңғалған.

Ол атақты Курск шайқасына да бастан-аяқ қатысып, Белгород, Днепрді алуға, Молдавия, Болгария, Венгрия, Югославия елдерін неміс басқыншыларынан а зат е ту ге қатысып, Ұлы Жеңісті Вена қаласында қарсы алады.

Бірақ Жатқамбай Мұсаханұлына соғыс бітісімен туған жерге оралудың сəті түспеді. Украинада екі жыл əскери борышын өтеуге қалдырылған ол, туған ұясына соғыс басталмай тұрып кеткен-нен жеті жылдан соң бір-ақ оралды.

Жатқамбайдың əкес і Мұсахан Шпекбаев та Ұлы Отан соғысында қаза табады. Жалғызының жолында жанын құрбандық етуге аянбаған əкесі Жатқамбайдың Отан қорғауға аттанып бара жатқанын мақтаныш тұтып «Балам, еліңе абыройлы қызмет ет те аман-сау орал!» деген бұйрыққа бергісіз тілекпен шығарып салып еді. Жалғыз ұлы əскерге алынысы-мен көп ұзамай соғыс басталғанда сыртқа білдірмегенмен іштей жа-нын шүберекке түйіп, тəңіріден Жатқамбайдың амандығын тілеген шығар. Əкесі Мұсахан мен анасы Айман Жатқамбайдан «Алты айлық сержанттық курсты бітірдім, енді

Украина жерінде соғысқа кіргелі тұрмыз» деген хат алғаннан-ақ құдайға жалбарынумен болды. 1942 жылдың басында Мұсаханның өзі де ел қорғауға аттанып кетті. Оны сол кезде «соғыста ұлымды көріп қалармын» деген арман ширата түскені де шындық. Бірақ ба-ласымен бір майданда соғысып жүрген Мұсаханның маңдайына жалғызын бір көріп өлуді жазбапты. Ал, Жатқамбай ақсақал көзі тірі кезінде өзегін өртеген осы бір өкінішін үнемі балаларына ай-тып отырады екен.

Бастан-аяқ сұрапыл соғысқа қатынасып, одан соң əскери борышын өтеп ауылға аман оралған Жатқамбай Мұсаханұлы соғыстан кейін тұралаған ауыл шаруашылығын көтеруге белсе-не кірісті. Азаматтарын қан майданға аттандырып, өздері ерлердің ор-нында еңбек еткен ауылдағы ана-лар мен қыз-келіншектер соғыстан қайтқан солдаттарды үлкен сүйеніш көрді. Мойындарынан ауыр жұмыстың қамыты алынып, бір серпіліп қалды. Жатқамбайдың анасы Айман да жалғызының қызыл қырғыннан аман келгеніне күніне мың шүкіршілік ете жүріп, оны көзінен таса етуді қаламады. Алғашқыда соғыстың алдында оқыған мұғалімдік оқуын жалғастыруды ойлас-тырып көрді де, анасы мен қарындасын тастап тағы да сырт кетуге тəуекел етпеді. Зейнеткерлікке шыққанша адал еңбек етіп, кіндігінен тараған сегіз баласын ержеткізді, əрқайсысын ел сүйсінетін бір-бір азамат етіп тəрбиеледі.

арманы еді. Сол арманын генерал ұлы Алик орындады. Ол атасы Мұсахан Шпекбаевтың Саратов қаласындағы бауырластар зиратына жерленгенін тауып, туған жердің бір уыс топырағын салып қайтты.

1983 жылдың көктемінде Жатқамбай Ш п е к б а е в К у р с к ш а й қ а с ы н а қатысқандардың кездесуіне барды. Алматыға жиналған майдангерлер екі вагон болып батысқа қарай бет алды. Вагон терезесінен қазақтың кең даласына қарап келе жатқан шаштары ағарған, жүздеріне жыл-дар із салған қарт солдаттар бұдан қырық жыл бұрын осы жолмен жап-жас болып майданға жол тартқан сəттерін ойлап келеді. Жатқамбай да ол кезде небəрі он тоғыз жастағы бозбала болатын. Соғысқа емес, Отан алдындағы борышымды өтеймін деп осы жолмен 1939 жылы аттанған еді. Ол өзінің жалындаған жиырма бесін отқа оранған майдан даласында қарсы алды. Алматыдан Ресейдің Курск қаласына жеткенше басқа майдангер-лер сияқты ол да соғыстың шежіре-тарихын шертіп келді. Қос Қызыл Тулы Богдан Хмельницкий атындағы гвардиялық дивизияның жауынгерлері Курск жерін аралап, өздері соғысқан аймақтың танымастай өзгергеніне қуанысты. Қырық жыл бұрын бомбаның астында қалып, тып-типыл болған ауылдардың орнына көз сүйсінетін елді мекендер бой көтергенін көрді. Майдангерлерді автобуспен аралатып

«Алдыңғы арба қалай жүрсе, соңғы арба да солай жүреді» деген қағиданы жады-на тоқыған Жатқамбай балаларының тұңғышы Бақыттың білікті маман болу-ына аз алаңдаған жоқ. Алматыдағы шет тілдер институтын бітіріп, неміс тілінің маманы атанған соң да Бақыттың Мəскеуден аспирантура бітіруіне əкелік қолдау көрсетіп, қолынан келгенше көмектесті. Жатқамбай ақсақал анала-рынан ерте айырылған бауырларының аяқтан тұрып кетуіне жанын салған Бақыт қызы мен күйеу баласы Қалиахметті өле-өлгенше мақтан тұтып, батасын беріп кетті. Ұлдың үлкені Ақылбегі де Мəскеудегі ауыл шаруашылық академиясын бітіріп, бүгінде бір шаруашылықтың шаруа-сын дөңгелетіп жүрген маман. Одан кейінгі ұлы Алик Жатқамбайұлы да Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебін жəне Мəскеудегі РФ ІІМ академиясын бітіріп, ішкі істер саласындағы абыройлы еңбегінің арқасында полиция генерал-майоры атанды. Мəскеу мемлекеттік əлеуметтік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген қара шаңырағының иесі кенже ұлы Мұхтар Жатқамбайұлы да ел абыройына бөленіп жүрген аза-мат. Қыздары да бір-бір мамандықтың иесі ғана емес, бір-бір шаңырақтың ұйытқысы.

Ұлы Отан соғысының ардагері Жатқамбай Шпекбаев т уралы əңгімелегенде оның соғыста опат бо-лып, майдан даласында қалған əкесі Мұсахан жайлы айтпай кету мүмкін емес. Сталинград шайқасы кезінде қаза тапқан əкесінің жерленген орнын табу Жатқамбайдың көкейінде тұнған үлкен

келе жатқанда Жатқамбай ақсақал өзіне таныс төбенің жанынан бейқам өтіп кете алмады. Өйткені, осы жер, осы аймақ үшін оның қаншама май-дандас достары оққа ұшты. Қаншама жас жігіттер кеудесін оққа тосып, Отан қорғау жолында қаза тапты. Сол бір боздақтардың бейнесі көз алдына елестеп, бұрынғы ұрыс даласына жа-саурай қарап тұрған Жатқамбайдың ойын «Жолдас командир» деген дауыс бұзды. Иə...өзін рота жауынгерлері осылай атайтын. Бұл жігіт те кезінде оның ротасында болған жауынгер екен. Екеуі жол бойы майдандағы күндерді еске түсірді. Əсіресе, 1943 жылдың 12 шілдесіндегі Прохоровка маңында болған ұрыс тарихта қалғаны белгілі. Курск даласы күңіренген сол ұрысқа 1100 танк қатысыпты. Бұл шайқаста жау 350 танкісі мен 10 мыңнан астам жауынгерінен айырылғанын бүгінгі ұрпақ тарихтан біледі. Сталинград, Курск, Белгород, Днепр үшін болған қанды шайқастардың бел ортасын-да болған Жатқамбай Мұсаханұлы басқарған рота жауынгерлері өз командирлерін мақтан тұтатын.

Қарт жауынгер, командир Жатқамбай ақсақал 2007 жылы 87 жасында қайтыс болды. Шпекбаевтар əулеті əкелерінің көзі тірісінде Ұлы Жеңіс күнін үлкен мерекеге айналдыратын. Бүгінде оның ұл-қыздары мен немере-шөберелері Отан алдындағы ғана емес ұрпағы алдындағы əкелік парызын да абырой-мен өтеп кеткен əкелерін жыл сайын Жеңіс күнінде еске алып, əруағына құран бағыштап отырады.

Гүлнəр ЖАПАРҒАЛИҚЫЗЫ, Алматы қаласы

Батыр ЖАНАЛИЕВҚос мереке қарсаңында Орал қалалық ІІБ Ардагерлер кеңесінің

төрағасы, милиция подполковнигі Мұрат Куловтың бастамасымен кадр жұмысы бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Нұржан Батанов кеңес мүшелерінің үйлеріне барып, біріне естелік кітаптар, енді біріне ақшалай сыйақы тапсырып, хал-ахуалдарын сұрап, ақ дастарқан ба-сында шүйіркелесіп қайтты.

О л а р б а с с ұ қ қ а н шаңырақтың бірі – Орал қ а л а с ы н д а ғ ы М ұ х и т к ө ш е с і н д е т ұ р а т ы н Ақылбек Жаналиева есімді қария əжейдің үйі. Ардагер Ақылбек ананың жары Батыр Жаналиев қазір бұл өмірде жоқ. Бақилық болған. 1926 жылы дүниеге келген Батыр Күзенұлы – Ұлы Отан соғысының ардагері. Ол – отты жылдары та-л а й қ и ы н д ы қ т ы б а -сынан өткеріп, майдан даласындағы кескілескен ұрысқа қатысып, еліне аман оралған жауынгер. Ішкі қызмет подполковнигі шенімен зейнеткерлікке шыққан Батыр аға ұзақ жыл РУ 170/1 түзеу мекемесінде аға кезекші болып, қызметін мінсіз атқарған. Еңбек өтілінің соңғы жылдарында арнайы комендатура бастығы лауазымымен зейнет жасына жеткен, өзінен кейін қызметке қабылданған жастарға тəлімгер бола білген қызметкер еді. Көзі тірі болмаса да, жолдасы Ақылбек ана отбасының қасында ұрпағын өрбітіп, ардақты əрі нар тұлғалы ата болған Батыр Күзенұлының берекелі ісі мен тыңғылықты ойын, телегей теңіз терең ақылын жас буынға баяндап келеді.

«Ел мүддесін бəрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше. Əр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тəн қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы болды. «Сəуір болмай, тəуір болмас» демекші, жер аяғы кеңіп, кебе бастағанда ардагерлердің үйіне ба-руды жөн санадық», – дейді милиция подполковнигі Мұрат Бисенғалиұлы.

Еңбекпен шыныққан, қандай əдемі теңеуге де лайық қарияларды жылдың қай мезгілі болса да құрметтеуіміз керек.

Гүламан ИСМАҒҰЛОВА, Орал қаласы

Page 7: Сақшы №34 (4200)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 7е-mail: [email protected]№34 (4200), сенбі, 7.05.2016 е-mail:[email protected]

ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ – 71 ЖЫЛ

Байтай БИСЕНБАЕВҰлы Отан соғысы – бұл адамзат тарихындағы ең сұрапыл, əлемді

дүр сілкіндірген, жан түршігерлік қанды қырғын болды. Бұл соғыс та-лай адамның өмірін жалмап, талай отбасын тірегінен айырып, қанша халықты қайғы-қасіретке душар етті. Бұған қан майданда өмірінің жас кезеңдерін өткерген аталарымыздың, солардың тілеуін тілеп, тылдағы бар ауыртпалықты иығымен көтерген аналарымыздың, соғыста ата-анасынан айырылып, жетілгенше жетімдік тауқыметін тартып өскен жеткіншектердің өмірі дəлел бола алады. Тарих беттерінде қанды əріптермен жазылған бұл соғыстың жалыны біздің де отбасымызды айналып өтпеді.

Василий ШАТРОВ Сұрапыл соғыста жері мен елі үшін жанын шүберекке түйіп, кеудесін

оққа тосқан тұлғаларды құрметтеу – барша ұрпақтың парызы. Отан, ке-лер ұрпақ үшін аянбай күрескен кешегі жауынгер, бүгінгі ардагерлердің қатары күн санап сиреп барады. Олар көрсеткен ерен ерлік – ел тари-хында мəңгілік сақталатыны даусыз.

Батыр Бауыржан

Кешегі сұмдық соғыста,Қол бастаған Бауыржан.Бетін алып батысқа,Жол бастаған Бауыржан.Дубосекова түбінде, Жауды жеңген Бауыржан.Намыс оты кеудеде,Берілмеген Бауыржан.Қиын-қыстау кезіңде,Айла тапқан Бауыржан.Соғыс оты шебінде,«Алға» деген Бауыржан.Москваны қорғаған, Қазақ ұлы Бауыржан.Ажал оғын жолдаған,Фашистерге Бауыржан.Ұрыс, соғыс айласын,Жақсы білген Бауыржан.Қол астында мың басын,Сақтап қалған Бауыржан.Жиырма сегіз батырды,Мақтан қылған Бауыржан.Асқан күшті ақылды,Қолбасшысы Бауыржан.Бөгенбайдай айбатты,Жауға шапқан Бауыржан.Қабанбайдай қайратты,Күркіреген Бауыржан.Хан Кенедей қашырып,Жауды қуған Бауыржан.Наурызбайдай асығып,Басын алған Бауыржан.Аман келіп артында,Аты қалған Бауыржан.Адал болып халқына,Аңыз болған Бауыржан.Бар қазаққа үлгі боп,Өмірден өтті Бауыржан.Нағыз қазақ ұлы боп,Өшпейді аты Бауыржан.

Бабыр БАҒЫСОВ,Ақмола облысы,

отставкадағы полиция майоры

ЖЫР-ШАШУ

М е н і ң ə к е м – Б а й т а й Бисенбаев 1921 жылы Қармақшы ауданындағы Жосалы қыстағында дүниеге келген. Соғыс басталған уақытта Ақтөбе қаласындағы мұғалімдер даярлайтын инсти-тутта оқып жүрген болатын. Соғысқа дейін əскер қатарында қызмет етуге жарамсыз деген ақ билетіне қарамастан 1942 жылдың көктемінде Ақтөбе қалалық воен-коматы кайтадан комиссияға сал-ды. Комиссия қорытындысы бой-ынша əскери қызметке жарамды деп табылып, Орынбор қаласына жіберілді. Əкем соғыстан аман қайтқанда əлі тың, жады берік болатын. Бізді, яғни балалары мен немерелерін қасына жинап алып, соғыс кезіндегі естеліктерін айтып отыратын. Ол бір сөзінде: «1942 жылы соғыс майданына аттандым. Ол кезде Сталинград үшін қанды шайқас жүріп жатқан болатын. Сол жерде Новосергеевка деген қалашықта алғашқы əскери дайындықтан өттік. Күзге таман біздерді Дон өзенінің жағасына алып барып, онда да бірсыпыра даярлық жұмыстарын жүргізді. Өзенге мұз қатқан уақытта атақты «Дон майданы» деген майдан құрамында Сталинградты солтүстік жағынан қоршау басталды. Бұл қоршау болмағанда Сталинград тағдыры басқаша шешілуі мүмкін еді. Сталинград қоршауы ерекше қиын болды. Өйткені, қоршауда қалған немістер бұзып шығу үшін жанта-ласып жатса, сырттағы неміс əскері қоршауды бұзып құтқарамын деп жанталасып жатты. Сол жерде біз екі жақтан бірдей соққыға ұшырадық. Адам өлігінен аяқ басар жер жоқ. Немістердің өлігі де бізден 15-20 метр жерде жұттан қырылған қой тəрізді құрымдай болып жатты», – деп еске алып отырушы еді.

Міне, осы қанды шайқастан кейін əкеміз Калач қаласына жақындаған к е з д е ж а р а л а н д ы . Ж а р а қ а т ы жазылғаннан кейін екінші рет ұрысқа Харьков қаласын қорғауға қатысты. Соғысқа дейін Харьковта «ХТЗ» трак-

торы шығарылатын. Соғыс басталған соң танк шығаруды басты мақсаттары еткен неміс əскерлері, Харьковты басып алу үшін жанталасып бақты. Осы ұрыста əкем екінші рет жарала-нып, Баку қаласынан бір-ақ шықты. Жарақаты жазылғаннан кей ін , Кутаиси қаласының түбінде госпи-тальден шыққандардан жасақталған 890 таулы-атқыштар полкі құрамында Қырымдағы Керчь плацдармында Керчьті жəне немістерден босатылған 8 шаршы шақырым шамасындағы жерді қорғауға қатысты. Бұл да оңай болмады. Немістер Қырымнан қуып шығуға тырысып бақса, біздікілер одан шықпауға бар күшін салды. Керчьке бару үшін 30 шақырымдай судан өту керек болатын. Осы судың бетімен өту үшін біздікілер 25 адамдық жылдам жүретін катерді пайдаға асырған. Бір күні əкеме Керчьке оқ-дəрі мен ас-су апару жайлы тапсырма берілген. Əкем мінген катер жағаға 20-30 метрдей жақындай бергенде, катерге бомбаның жарқыншағы тиіп, суға батып кетеді. Жүзе білетіндер күздің мұздай суық суынан қару-жарақ, киімімен малтып, жағаға

шығып жатса, жүзу білмейтіндер су түбіне кетіп жатты. Бұл қиындықты да əкем жеңіп, Керчьтегі соғыс алаңында 1944 жылдың 23 ақпанына дейін болған. Тек үшінші рет жарақат алып, 1944 жылдың маусымын-да Сочи қаласындағы госпитальге жеткізіледі. Онда əкемді соғысқа жарамсыз деп тауып, екі жылдың ішінде көрген қиян-кескі азабы үшін «Ерлігі үшін» медалін омырауына тағып, елге қайтарады. Елге келген-нен кейін де əкем жай жатпайды. Сол кезеңдегі білім беру саласының даму-ына өз үлесін қосып, осы жүйеге тың өзгерістер əкелу бағытында талмай жұмыс жасады. Осы еңбегі еленіп, 1961 жылы «Қазақстанның халық ағарту қызметінің озығы», ал 1966 жылы «Республикаға еңбек сіңірген мұғалім» құрметті атағын алды.

Осындай қиындықты көріп, қиян-кескі өмірді бастан өткерген тау тұлғалы тірегіміз отбасында ардақты жар, қамқоршы, жанашыр əке болып, 5 қыз, 3 ұл тəрбиелеп өсірді. Қазіргі таңда, əр баласы бөлек отау тігіп, олардан 27 немере, 21 шөбере өрбіген. Əкеміз «Ұлы Жеңістің 60 жылдық» ме-рейтойын өткізіп, 2005 жылы 84 жасқа келген шағында дүние салды.

Міне, бұл бір адамның ғұмыры. Бізге ісімен де, сөзімен де үлгі болып, бізге Отанды сүюді, ел мен жерді, тіл мен ділді қастерлеуді жадымызға сіңіре білген менің əкемнің өмірі. Əкемнің темірдей тəртібімен өскен, қайсарлығы мен батырлығын көріп, бой түзеген мен, халықтың құқығы мен бостандығының қорғалуы жо-лында қызмет етуді өмірлік мұратым еттім. Ішкі істер органдарындағы қызметімді 1984 жылдың қаңтар ай-ында Қызылорда қалалық атқару комитетінде учаскелік инспектор лауазымынан бастадым. 1988-1995 жылдар аралығында түрлі басшылық қызметтерді атқара жүріп, 1995-2010 жылдар аралығында, яғни 15 жыл көлемінде Штаб басқармасы бастығының лауазымында қызмет етіп, құрметті еңбек демалысына шықтым. Алайда, талай жыл өмірімді

ішкі істер саласына арнағандықтан, бірден ат құйрығын кесіп кете ал-мадым. Сол себепті қазіргі таңда Құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне басшылық етудемін. Ішкі істер органдарындағы абыройлы еңбегім ақталып, Ішкі істер министрінің, облыс əкімі мен департамент бастығының Құрмет грамоталарымен, «Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігіне – 20 жыл» мерейтойлық медалімен жəне 12 мəрте ведомстволық медальдармен марапатталдым.

Қазіргі таңда жұбайымыз екеуміз 3 қызды тəрбиелеп өсіріп, олардан 6 немере сүйіп отырмыз. Үлкен қызым – Нұргүл, ата кəсібін жалғастырып, Ішкі і стер департамент ін ің б ір басқармасында ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор лауазымында қызмет етуде. Атаның қаны мен əкенің тəрбиесімен дарыған қайсарлықты бойына жиған ол кішкентай кезінен-ақ кім болатынын шешіп қойған-ды. Қыз баласы үшін ауыр əрі күрделі жұмыс жүйесіне қарамай ол осы салаға келді жəне қазіргі таңда майор шенінде Отан алдындағы антын абыройлы өтеуде.

Ал кіші 2 қызым мұнай саласын-да жұмыс істейді. Олардың білімі мен біліктері ескеріліп, Хьюстон қаласындағы «Shell» жəне «Shevron» атты атақты мұнай корпорацияларынан шақырту алып, қазіргі таңда сол жақта инженер мамандықтары бойынша жұмыс атқарып, білімдерін шыңдауда. Əрине, кей кезде қыздарымның туып-өскен топырағынан жырақта жүргендерін ойлап қынжылып, сағынатын кездеріміз болады. Алайда, батырдың ұрпақтары шетелде Қазақ елін мойындатып, ақылы мен білімі жағынан ешкімнен кем еместіктерін дəлелдеп жүргендерін ойласам бой-ымды мақтаныш сезімі кернейді. Ең бастысы, олар егемен, бейбіт елдің ұрпақтары, батыр, қайсар рухты ата-бабалары сыйлаған ұлан-байтақ жердің мұрагерлері.

Əмірбек БИСЕНБАЕВ,Қызылорда облыстық ІІД

бөлім бастығы, запастағы полиция полковнигі

Милиция майоры Василий Шатров – 1927 жылы Ақмола облысының Новобратский ауылында дүниеге келген ардақты ардагерлеріміздің бірі. 1944 жылы майданға аттанған Василий Иванович сұрапыл жылдары кавалериялық полктің пулеметшісі болды. 1945 жылғы қаңтар айынан бастап 1-ші Украина май-данында «Зондеркоманда» əскери жасағында болып, украина ұлтшылдарының қарулы жасақтарын жоюға жіберілді. Ұлы Жеңісті жақындатқандар қатарында болған жауынгер Василий Иванович 1945 жылы Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін 1946 жылдың шілдесіне дейін Львов, Ивано-Франковский территориясын-да шайқасты. Ал 1946 жылдың шілдесінде ерекше бөлімнің кейбір бөлімшелері əскерден қайтарылды. Міне, сол бөлімдердің ішінде В. Шатровтың да бөлімі бар еді. Алайда, ол Нижний Тагил қаласындағы танкілік мектепке түсті. Отты жылда-ры ел ертеңі үшін аянбай күресіп, жастық шақтың ең қызық кезеңінде қан май-данда шайқасқан ардагеріміздің бірі Василий Иванович тек 1951 жылғы шілдеде əскерден босатылды.

Осылайша ол туған жеріне оралды. Бейбіт өмірде де халық игілігі, ел ертеңі үшін қызмет етті. Еңбек жолын 1953 жылы Ағадыр бөлімінің теміржол объектілерін қорғау дивизионындағы милиционер лауазымынан бастаған милиция қызметкері 1954 жылы кіші лейтенант атағын алып, Ағадыр стансасындағы ЖПМ қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уəкілі қызметіне тағайындалды. Өмірінің басым бөлігін жанын қатерге тігіп, ел тыныштығы үшін қызмет етумен өткізді. Кейін Қарағанды қаласы əуежайындағы ЖІІБ кезекші бөлімінде аға кезекші инспектор қызметін атқарып, сол жерден зейнеткерлікке шықты.

Василий Ивановичтің еңбегі мен ерлігі елеусіз қалған жоқ. Қарт майдангер «Германияны жеңгені үшін», «Кеңес əскері мен Флотына – 30 жыл» секілді бірнеше медальдармен марапатталған. Ардақты ардагердің ерлігі бүгінгі ұрпаққа үлгі, ал жас мамандарға қалдырған өнегесі мол.

Ж.ТҰРСЫНОВА, Қарағанды-Сұрыптау стансасындағы ІІЖБ

ЖЫР-ШАШУ

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД құрамында майданнан кейінгі өмірін адамдарды өрт пен өзге де төтенше жағдайлардан құтқаруға арнаған ардагерлер бар. Өкінішке қарай, олардың саны жыл сайын кеміп келеді. Жыл басынан бері ғана саналы ғұмырын Отан қорғауға арнаған екі ардагеріміз өмірден өтті...

Мұқатай АЙТБАЕВ жəне Анатолий ОВСЯННИКОВСұрапыл соғыстан кей ін ішк і

істер органдарында жұмыс істеп, Аққайың ауданының мемлекеттік өрт бақылау инспекциясының бастығы лауазымынан зейнетке шыққан Мұқатай Айтбаев үшін Ұлы Жеңіс күні ерекше мереке болатын. Өйткені, дəл 9 мамыр күні қарт май-дангер өзінің туған күнін де атап өтуші еді. Биыл ардақты ақсақал 91 жасқа жете алмай, о дүниеге аттанып кетті.

Соғыс басталған кезде небəрі 16 жаста болған Мұқатай Айтбаев кіндік қаны тамған Аққайың ауданының Үш құдық ауылында майданға тамақ пен киім жөнелтетін жергілікті колхозда еңбек етеді. 1943 жылы кəмелеттік жасқа толуын күтпеген бозбала Қызыл əскер құрамына өз еркімен жазыла-ды. Əскери эшелон оны Самарқанд қаласына оқуға алып келеді. Бұл жерден к іш і к омандир болып шыққан қазақ жігіті ажалмен күнде арпалысқан отты жылдары əскери борышын түрлі қалаларда өтеді. Жауынгер Намаганда, Харьковта, Варшавада жауға қарсы соғысты. Ең алғаш рет минометтік полктің 2-ші взвод командирі Мұқатай Айтбаев 1945 жылдың сəуір айында солдат-тарын Германияға аттандырды. Бір жұма бойы жау қолында қалған Котбус қаласы үшін жан беріп, жан алысып, жеңіске жетті. Қаланы азат ету үшін болған кесілескен ұрыста ол ең алғаш ажалмен бетпе-бет кел-ген еді. Атылған оқтың жаңғырығы, оқталған снарядтар, кеше ғана қасында жүрген жолдастарының өлімі... Осы шиеленіскен майдан кезінде олардың полкіне Гитлердің жеңілгені туралы ақжолтай хабар келеді.

Б е й б і т ө м і р д е д е М ұ қ а т а й Айтбайұлы қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысушы еді. Өмірге де-ген құлшынысы күшті майдангер облыстағы ТЖД-нің ұйытқы болуымен өтетін барлық бастамалардың басы-қасынан табылатын. Жұрт алдына, əсіресе, жас мамандар алдына шығып сөз сөйлегенде оларды үнемі Отанға адал қызмет етуге шақырып отыра-тын. Əр əңгімесінде қарт жауынгер елі мен жері үшін опат болған Ұлы

Отан соғысы ардагерлерінің даңқты ерліктерін де еске салатын еді.

Биыл ортамыздан тағы бір асқар бəйтерегіміз – ардагер Василия Т е р е й к о в с к т е к е т т і . С о ғ ы с басталуға бір жыл қалғанда Қызыл əскер қатарына шақырылған ол Свердловскіде қызмет атқарды. Қан майданда кіші лейтенант шенінде бөлімше командирі бола жүріп жа-уынгер 1942 жылдың қаңтар ай-ында Ленинградты қорғау үшін болған зұлмат соғыстың бел орта-сында жүрді. Екі жыл қатарынан Василий Дмитриевич Гитлерді ұстауға бағытталған қарқынды ұрысқа да үлес қосты. Прибалтиканы азат етуге қатысып, сол жерде Жеңіс туралы қуанышты хабарды естіді.

Ұлы Жеңіст ің 71 жылдығында өртке қарсы қызмет органдарының аға буынын, арамызда жоқ болса да есімі мəңгі есте қалатын асыл ардагерлерім ізд і еске алғымыз келеді . Жүріп өткен өмір жолы өнегеге толы ақсақалымыздың бірі – Анатолий Овсянников. Сұрапыл соғысты басынан аяғына дейін

өткерген ол бірінші жəне екінші Украина майдандарында ұрысқа қатысты. Ал, 1944 жылы Украинаны босату, Корсунь-Шевченков то-бын жою операцияларының бел о р т а с ы н д а ж ү р д і . У к р а и н а майданының əскерлерімен бірге Карпат таулары бөктеріне, сосын КСРО-ның мемлекеттік шекарасы-на жақындады. Соғыс біткен соң Анатолий Дорофеевич Қазақстанға келіп, Батыс Қазақстан облысының Аққайың ауданына қарасты Смирнов ауылында тұрақтап қалады. 1970-1985 жыл аралығында қарт жауынгер Смирнов ауылының №11 ӨҚБ өрт сөндіру қызметінің күзетінде жүгізуші қызметін атқарды.

Бұл ардагерлердің əрқайсысы өз ісінің маманы, тəлімгер, ақылшы аға, кеудесі қазынаға толы қария. Б із айбынды ардагерлерім ізд ің б ə р і н е б а с и е м і з . Ұ л ы Ж е ң і с үшін, бостандық пен бейбітшілік үш і н , Отанымыз бен бақытты күндер үшін мың алғыс Сіздерге! Е р л і к т е р і ң і з б е н е с і м д е р і ң і з ешқашан ұмытылмайды.

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Page 8: Сақшы №34 (4200)

CӨЗ СОҢЫ№34 (4200), сенбі, 7.05.2016 е-mail:[email protected]

ШЫҒАРУШЫ жəне МЕНШІК ИЕСІ:«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС

Басылым 01.06.2006 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №7355 - Г куəлігі берілді• Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді• Қолжазба рецензияланбайды жəне авторға қайтарылмайды• Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес• Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді• Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді• Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынадыБас директор

Бимаханбет АСАНОВКомпьютер жəне дизайн бөлімінің қызметкері: Ақсая ЖҮРКЕНОВА Корректор: Нұршакүл ƏШІМБАЕВА Фототілші: Серік ЖОЛДАСПЕКОВ

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: [email protected]

БІЗДІҢ РЕКВИЗИТТЕР:ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKXБИН - 051040005963 КБЕ-16«БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

Газет «Сақшы» компьютер жəне дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «ERNUR» Медиа- холдингі» ЖШС баспаханасында басылды.Индексі: 65395 Таралымы: 13221Тапсырыс: №2584

Нөмірдің кезекшісі: Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ: Бас редактор: Бану ƏДІЛЖАНОВА Ақпарат бөлімінің меңгерушісі: Ғанибет ҒАЛЫМБЕКҰЛЫ Аға тілшілер: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА, Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВТілшілер: Гүлнəр МАҒЗҰМОВА, Айткен ШƏМШІ,Сабырбек ОЛЖАБАЕВ

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ЖАРАЙСЫҢ!

Олардың қай-қайсысымен тілдесе қалсаңыз да қамшының сабындай мына қысқа ғұмырды бағалай алмаған өкінішін жайып салады. Бір қолымен бесікті, бір қолымен əлемді тербететін құдыретке ие əйел адамдардың жа-залы болуы – қоғамның жан жарасы екені даусыз. Бірақ, қолымен істегенді мойнымен көтеруге келгенде адам-дарды жынысына бөлуге болмайтыны белгілі.

Айналасы т і кенект і тем ірмен қоршалған шеңбердің іші болғанмен мұнда да əр мереке сайын дуылдаған думан өтеді . Жуырда жыл басы – Наурыз мерекесін тойлаған жа-залы қыз-келіншектердің əуелете салған əндері мен мың бұратылған билеріне қарап көңіл шіркін олардың ешқайсысын да «қылмыскер» деу-ге қимайды. Бір айта кетерліг і , биылғы Наурыз мерекесі жылдағыдан ерекше өтті. Əдетте Наурыз сайын қазақ халқының салт-дəстүрі салта-нат құратын мерекеде əрбір көрініс қойылым ретінде өтетін. Бұл жолы түрмеде шынымен де дүрілдеген той өтіп, сотталушы Анар мен қостанайлық жігіт Мараттың некесі қиылды.

Ж ү р е к к е ə м і р ж ү р м е й т і н і н дəлелдеген екі жастың махабба-тына темір қоршау да кедергі бола алмады. Екеуінің тағдыр жолының түйісуі де ерекше. Ауыр қылмыс жа с а ғ аны үш і н 1 4 жыл ғ а б а с бостандығынан айырылған Анар шеменді жердегі шерменде өмірін

Шара шеңберінде мекеме қызметкерлері қарияларға сотталғандар жасаған дой-бы, шахмат, кеме, домбыра, балдақ сияқты туындыларды тарту етті. «Сен қоғамға керексің!» түрме реформасы негізінде қолға алынған бұл шараның басты мақсаты да осы – жаза мерзімін өтеуші сотталған азаматтардың еңбектерін бағалап, өз қолдарымен жасаған бұйымдарын жұртқа паш ету.

Кеште сөз алған мекеме бастығы Тасболат Шəкенұлы: «Қарттарға қамқорлық жа-сау – халқымыздың санасына терең сіңген қасиет. Елімізде ардагерлерге қамқорлық жасауда ауқымды шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тəжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тəлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, əрқайсыларыңыздың өңіріміздің өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен», – деп жылы лебізін білдірді.

Сый-сияпат табыстау салтанаты сала қызметкерлерінің əн салып, домбыра шертіп, кейіннен Ұлттық ұланның 5547 əскери бөлімінің атқыштар ротасының атқыш жауынгерлерінің өнерін тамашалаумен жалғасты. Шара соңында қариялар қам көңілдерін аулап, қайырымды істерін арнаған ҚАЖД қызметкерлеріне ақ ба-тасын беріп, алғысын жаудырды.

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ІІД-НІҢ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ ТЕМІРЛАН ИХСАНҒАЛИЕВ ЧЕМПИОН ТИТУЛЫН ИЕЛЕНДІ.

Таяуда Астана қаласында аралас күрес өнерінің табыну-шыларына арналған жекпе-жек ұйымдастырылған болатын. «Батыс – Аренасында» ММА бой-ынша Қазақстан чемпионатының финалдық жекпе-жегі жəне «Битва Номадов-7» WMMAA P R O х а л ы қ а р а л ы қ к ə с і б и турнир і ө тт і . ММА аралас жауынгерлік күресі бойынша Қазақстан чемпионатының ж ə не «Б и т в а Номадов - 7» кəсіби турнирінің төртінші фи-налында республиканың спорт клубтарының өкілдері қатысты.

Батысқазақстандық тəртіп сақшысы Темірлан Ихсанғалиев 77,1 келілік салмақ дəрежесінде екі рауд ішінде Кирил Якимовичті тізе бүктіріп, чемпион титулын иеленді.

Темірлан Ихсанғалиев – қоян-қолтық ұрыс бойынша бірнеше дүркін Еуропа чем-пионы (Болгария-2012), жауынгерлік самбо күресі бойынша Əлем чемпионатының қола жүлдегері (Греция-2009), қоян-қолтық ұрыс бойынша Əлем чемпионатының қола жүлдегері (Перу 2014, Ресей-2015), жауынгерлік самбо бойынша Əлем кубогының қола жүлдегері (Ресей-2015), жауынгерлік самбо бойынша Əлем чемпионатының күміс жүлдегері (Марокко-2015), жауынгерлік самбо жəне қоян-қолтық ұрыс бойынша халықаралық дəрежедегі спорт шебері.

«Боз кілемге казақстандық спорт клубтарының мықты өкілдерін шақырған болатынбыз. Номад күресі осымен жетінші мəрте ұйымдастырылып отыр, сондай-ақ, ол ММА қолдауымен өткізілуде. ММА аралас жекпе-жегі елімізде қарқынды дамып келеді», – деді Қазақстан ММА федерациясының президенті Анатолий Ким.

Батыс Қазақстан облыстық ІІД басшылығы мен жеке құрамы əріптестерін осынау жеңістерімен құттықтап, Қазақ елінің намысын қорғау жолындағы еңбегіне толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тілейді.

Батыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

ТҮРМЕДЕ ТОЙ ӨТТІ ДҮРІЛДЕГЕН

Гүлнəр МАҒЗҰМОВА

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЖƏНЕ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАЖД ЖАУҒАШТЫ ЕЛДІ МЕКЕНІНІҢ АУМАҒЫНА ОРНАЛАСҚАН ЛА-155/4 ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІ ЖҰРТ АРАСЫНДА «ƏЙЕЛДЕР КОЛОНИЯСЫ» ДЕГЕН АТАУМЕН ТАНЫМАЛ. ЖАЗА-СЫН ӨТЕП ЖАТҚАН МЫҢҒА ЖУЫҚ ƏЙЕЛДІҢ ІШІНДЕ МОЙНЫНА АДАМ ҚАНЫН ЖҮКТЕГЕНДЕР ДЕ, БІРЕУДІҢ ТАБАН АҚЫ, МАҢДАЙ ТЕРІМЕН ТАПҚАН АҚШАСЫН АЛДАП АЛҒАН АЛАЯҚТАР ДА, ҚАРАҚШЫЛЫҚПЕН ЖƏНЕ АДАМ ТОНАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН НƏЗІК ЖАНДАР ДА БАР.

махаббат деген құдыреттің жарығы нұрландыратынын ойламаған да шығар. Бəрі де өз атына қостанайлық жігіт Мараттан хат келген күннен басталды. Алғашқыда еркіндіктегі еріккен адамның əрекеті шығар деп қабылдаған Анар сыр бере қоймады. Бірақ Мараттан келетін сыршыл сезімге толы хаттар жиілей түскен сайын жүрегіндегі əлсіз бұлқыныс та күн санап алып толқынға айналып бара жатқанын жақсы түсінді. Бір күні өзімен кездесу үшін түрмеге Мараттың өзі келді. Осы бір алғашқы кездесуден соң-ақ əрбір жүздесуді асыға күтетін екеуі жуырда қол ұстасып өмір сүруге бел буады. Енді олар үшін некеге тұру туралы өтініш беру ғана қалған болатын. Көктемнің шуақты күндерінің бірінде Халыққа қызмет көрсету орталығының өкілі арнайы Жауғаштыдағы əйелдер ко-лониясына келіп, кездесу бөлмесінде Марат пен Анардың некесін қиып, қолдарына «Неке туралы» куəлікті салтанатты түрде табыс етті. Түзеу мекемесінде өткен Наурыз мейра-мында қалыңдықтың беташарына тек жазалы əйелдер ғана емес, бірқатар БАҚ өкілдері де куə болды.

Наурыз мейрамының құрметіне өткіз ілген ашық есік күні мұнда келушілердің қарасы да көбейді. Олар темір тордың ар жағында сағат санап жүрсе де нəзіктігін жоғалтпаған қыз-келіншектердің өнеріне тəнті болды. Олар əуелете əн салып, мың бұрала

би билеумен ғана шектелмей сахнаға киетін костюмдерін де өз қолдарымен тігіпті. Əсіресе, бір түсті қызыл көйлек киген қыздар шыққанда мекеменің шағын алаңына қып-қызыл қызғалдақ шашылғандай əсерде болдық.

Ал , қос етек көйлег і төг іл іп , қазақтың қынама бел комзолын ки-ген Татьянаны көргенде осындай көркіне көз тоймайтын бойжеткеннің не үшін отырғанын білгіміз келіп, өнер байқауының арасындағы бір сəттік бос уақытты аңдыдық. Татьяна Зайсуро аңдаусызда адам өлтіргені үшін Қылмыстық кодекстің 103-бабы 3-бөлігі бойынша сотталыпты. Бес жыл алты ай отырған Татьяна енді сегіз айдан кейін бостандыққа шығады екен.

Ашық есік күні əжелерін іздеп кел-ген бүлдіршіндер де, жан жарына асыққан жігіттер де, анасын көргенше тағат таба алмай тықыршыған бала-лар мен əпкесіне немесе сіңлісіне кел-ген бойжеткендердің жан толғанысын

Темірланның чемпиондық титулы

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ

Қарттарым – асыл қазынам

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ ҚАРАСТЫ ЗК-169/5 МЕКЕМЕСІНІҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫ ҰЙЫТҚЫ БОЛҒАН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРА ОСЫЛАЙ АТАЛАДЫ. ИГІ ІС ҚАРТТАР МЕН МҮГЕДЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАЛПЫ ҮЛГІДЕГІ ИНТЕРНАТ ҮЙІНДЕ ӨТТІ.

А.ƏБДРАШИТОВА, Қызылорда облысы

көріп, бостандықтың қадірін тағы бір бағамдағандай болдық.

Аталған шара аяқталар шақта ақпарат құралдарының өкілдері ко-лония ішіндегі «Балалар үйінде» болды. Отыздан аса бүлдіршін мекен етіп жатқан үйге жақындағаннан-ақ сəбилердің дауысы естіліп жат-ты. Біреуі анасының түп етегінен ұстап қалт-құлт етіп ойнап жүрсе, ересектеулері аналарының алдына түсіп алып құлдыраңдап шауып жүр. Таза ауада танаулары пысылдап аналарының құшағында ұйықтап жатқан сəбилер де бар. Өкінішке қарай бүлд іршіндерд ің осы б ір бақытты шақтарының шектеулі екенін ойлағанда амалсыздан жүрек шымыр-лайды. Өйткені, түрме қабырғасында дүниеге келген сəбилер мұнда 3 жасқа дейін ғана ұсталады. Ары қарай сотта-лушы əйелдердің туыстарына беріледі немесе балалар үйіне жіберіледі.

Əйелдер колониясындағы өнер жарысын ұйымдастыруға атсалысқан «Жартас Қазақстан» қоғамдық қорының басшысы Роза Кайгатырова бастаған қор мүшелері өнер сайы-сында жеңімпаз атанған жасақтарға жəне шаңырақ көтеріп жатқан жас отау иелері Анар мен Маратқа сый-сияпат тапсырды. Қазылар алқасы сотталған қыз-келіншектердің тек өнерін бағалап қойған жоқ, олардың киім тігудегі шеберліктерін де ескерді.

ОТАН ҚОРҒАУШЫ ЖƏНЕ ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА, СОНДАЙ-АҚ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТƏУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ СƏУІРДІҢ 15-І МЕН 30-Ы АРАЛЫҒЫНДА АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӨРТ СӨНДІРУ ЖƏНЕ АПАТТЫҚ-ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІНДЕ «ҮЗДІК ТӨТЕНШЕ ЖУРНАЛИСТ» БАЙҚАУЫ ӨТКЕН БОЛАТЫН. ТАЯУДА БАЙҚАУДА ҮЗДІК ШЫҚҚАН БОЛАШАҚ ЖУРНАЛИСТЕР АНЫҚТАЛЫП, САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ МАРАПАТТАЛДЫ.

БАЙҚАУ БОЛАШАҚ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ БІР БЕЛЕСІ

Байқау барысында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің студенттері ара-сында астаналық өрт сөндіруші-құтқарушылар туралы журналистік материалдар ір іктел іп алынды. Шығармашылық сынаққа қатысу үшін кез келген тақырып бой -ынша материал ə з і рлеп , онда астаналық Өрт сөндіру қызметінің

қ ұ т қ а р у ш ы л а р ы н ы ң е р л і к т е р і м е н б а т ы л д ы қ т а р ы ж а й ы н -да сыр шерту қажет еді. Байқау ү ш а т а л ы м , а т а п а й т қ а н д а , « Ү з д і к м а қ а л а » , « А с т а н а л ы қ қ ұ тқарушылардың бейнелер і » ( ф о т о р е п о р т а ж ) ж ə н е « Ү з д і к бейнерепортаж» бойынша өтт і .Б а й қ а у ғ а б е л с е н е қ а т ы с қ а н

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің журналистика факультетінің 1-курс студенті Диана Сапарбекова, 2-курс студенті Інжу Балтабекқызы мен 1-курс студенті Оксана Соцкая ма-рапатталып, «Үздік мақала» аталы-мы бойынша «Үздік төтенше жур-налист» марапатына лайықты деп 1-курс студенті Анель Нысанбаева танылды. Төтенше жағдайлар департамент і н і ң ба сшылығы байқауды ұйымдастыруға б ір кісідей атсалысқан Журналистика факультет ін ің деканы Қайрат Саққа алғысын білдірді.

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі