8
№23 (4189), 29.03.2016, сейсенбі www.mediaovd.kz Газет 1933 жылдан бастап шығады РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ ЖІГІТТІҢ ЖАқСЫСЫ – САРЫАРқА САқШЫСЫ АймАқ АйШығы БАС пРоКуРАТуРА ЖіТі БАҚЫЛАйДЫ КИіКТЕРДі ҚоРғАу ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГізіЛЕДі «Bek Air» әуекомпаниясы ұшағының апатты жағдайда қонуына қатысты іс Бас прокуратураның жіті бақылауында. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасының ресми өкілі Әділет Тоқтамысов мәлім етті. «Бұл факт сот алдындағы тергеу амалдарының бірыңғай реестріне ҚР ҚК 344-бабының 1-бөліміне сәйкес тіркелді. Қылмыстық іс Бас көлік прокуратурасының арнайы прокурорларының өндірісіне алынды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді ол. «Қазіргі уақытта прокуратура органдары- на ұшақ жолаушыларынан ешқандай шағым түскен жоқ. Жолаушылар прокуратура орган- дарына және Азаматтық авиация комитетіне шағымдана алады. Бұл арыздар «заңды және жеке тұлғалардың шағымдарын қарау тәртібі туралы» заңның аясында қаралатын болады», – деп түйді сөзін ресми өкіл. Айта кетейік, 27 наурыз күні «Bek Air» авиакомпаниясының «Фоккер-100» типті әуе кемесі «Қызылорда-Астана» бағдарымен рейс орындауы барысында шассидің алдыңғы тіреу тағанының істен шығуына байланысты апаттық жағдайда жерге қонған болатын. Кесте бойынша ұшақ Астанаға 09.45-те қонуға тиіс болатын. Алайда, штаттан тыс жағдайда өрт шығу қаупін мейлінше азайту қажет болды. осыған байланысты ұшақ әуеде қосымша 50 ми- нуттай уақыт ұшып жүрді. осы уақыт аралығында Астана әуежайы өрт болу қаупінің алдын алу мақсатында ұшу-қону жолағын көбікке толтырды. Қосымша 7 өрт техникасы мен 4 жедел жәрдем көлігі әзірленді. Ұшақ 10.36-да қонды. Ұшақ бортында 116 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болды. Жапа шеккендер жоқ. Әуежайдың, қаланың шұғыл қызметтерінің үйлесімді жұмысы мен әуе кемесі экипажының жоғары кәсібилігін атап өткен жөн. Қазіргі уақытта ИДМ арнайы комиссиясы құрылды. зерттеу нәтижесі кейінірек хабарлана- тын болады. Ауыл шаруашылығы министрлігі киіктерді қорғау бойынша жалпы қадамдарды әзірлеп жатыр. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. «Ауыл шаруашылығы министрлігі киіктерді бра- коньерлерден қорғау, жануарлардың санын есеп- ке алу және олардың көші-қонын мониторингілеу шараларын жүзеге асырады. осы ретте ведомство тарапынан киіктерді қорғауды қамтамасыз ету тұрғысында заңнамалық шаралар қабылданды. Биылғы қаңтарда мемлекеттік органдармен бірлесе кеңес өткізіліп, оның қорытындысы бойынша киіктерді қорғау бағытында жалпы қадамдарды әзірлеуге негізделген хаттамалық шешім қабылданды», – делінген ҚазАқпарат агенттігінің сауалына жауап берілген хабарла- мада. 2015 жылы бұл бағытта Қазақстан және шетелдің ғылыми ұйымдары мен арнайы зерт- ханалары киіктердің өткен жылғы қырылу себебін анықтаумен айналысты. осы орай- да, жануарлардың қырылуының мән-жайын анықтау бойынша негізгі үйлестіруші жұмыстарын Білім және ғылым министрлігі Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу инсти- туты атқаруда. «Бұл ретте киіктердің аурулары бойынша проб- лемаларды зерттеу, олардың қырылу себебін анықтау және инфекциялық аурулардан жануар- ларды қорғау тұрғысындағы тиісті ұсыныстарды әзірлеу БғМ құзыретінде», – делінген ведомство хабарламасында. «Жақсыменен өткізген жарты сағат, жаманның өтіп кеткен ғұмырындай» десек, әлем чемпионымен болған 1 сағаттық жаттығу қарағандылық сақшыларының жүректеріне жігер, қолдарына қуат сыйлады. Әлемнің екі мәрте чемпионы, 2012 жылғы олимпиада чемпионы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері, Вэл Баркер кубогының иегері Серік Сәпиев Қарағанды қалалық ішкі істер басқармасының жол-патрульдік полиция полкінің жеке құрамымен кездесіп, тәртіп сақшыларына шеберлікті шыңдау сағатын өткізді. Қарағандылық полицейлердің жеке құрамының кәсіпқойлығы мен әскери сапасын жоғарылату мақсатында атақты боксшы бір сағат көлемінде бокс өнерінің қыр-сырын үйретіп бақты. ол нағыз кәсіпқой спортшы ретінде бірден сөзден іске көшті. Боксшы ретінде Серік Сәпиев – қатал жаттықтырушы екенін байқадық. полицейлердің қозғалыстарды мінсіз жасағандарын бақылап, бірнеше рет қайталап жасауға мәжбүрледі. Тәртіп сақшылары өздерінің ал- дында нағыз әлем чемпионы тұрғанына сене алмады. Егер полицейлерде бокс- тан осындай ұстаз болса, билік өкілдеріне қаскүнемдер қарсылық көрсетуге әрекеттенсе, аяғы немен аяқталатынын ойлануы қажет. Серік Сәпиев болса: «Бұл маған жасалған үлкен құрмет, шеберлігімнің бір бөлігін қоғамдық тәртіпті қорғау саласына жұмсағаныма мақтанамын. Құқықтық тәртіп өкілдері өз істерінің мықты кәсіпқойлары болуы үшін боксқа деген қызығушылықты арттырып, өз дағдыларыммен бөліскім келеді», – деді. өз кезегінде өзінің және полктің жеке құрамы атынан Қарағанды қалалық ііБ жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция полкінің командирі, полиция полковнигі Сымбат Төребеков өткізілген шеберлік сыныбы үшін алғыс айтты. Шеберлік сабағы соңында әлем чемпионы полиция қызметкерлерімен естелік суретке түсті. Қуаныш МЕДЕуБАЕВ, Қарағанды облысы ЖіГіТТің ЖАҚСЫСЫ – СЕРіК СӘпИЕВ БоЛСА, САРЫАРҚА САҚШЫСЫ СоғАН ҰҚСАМАҚ БоЛАР?! «ЖАҚСЫДАН ҮйРЕН» ДЕГЕН ДАНА хАЛҚЫМЫзДЫң ТӘМСіЛі оСЫЛАй БоЛСА КЕРЕК. ЕлБАСЫ ҰлТТЫқ БАНК ТӨРАҒАСЫН қАБЫлдАдЫ Астана мен Әбу-даби бауырлас қалалар болады ТАЯу уАҚЫТТА БіРіККЕН АРАБ ӘМіРЛіКТЕРіНің ЕЛоРДАСЫ АСТА- НАМЕН ӘРіпТЕСТіК ҚАТЫНАСТАР оРНАТуғА НИЕТТі. БҰЛ ТуРА- ЛЫ ҚР-Нің БАӘ-ДЕГі ЕЛШіСі ҚАйРАТ ЛАМА ШАРИФпЕН КЕзДЕСу БАРЫСЫНДА МуНИЦИпАЛИТЕТ іСТЕРі БойЫНША ДЕпАРТАМЕНТТің БАСШЫСЫ (ӘБу-ДАБИ ҚАЛАСЫНЫң МЭРі) АВАйДА МуРШЕД ӘЛ МАРАР МӘЛіМ ЕТТі. Қос қала арасындағы бауырластық байланыстар екіжақты қатынастарды дамытудың тиімді құралы болып табылады. Қалалар арасындағы муниципалдық әріптестік сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық байла- ныстарды нығайтуға жәрдемдесетін болады. ҚР елшісі Қ.Лама Шариф қазіргі кезде Астананың 42 бауырлас қалалармен және әріптестермен шарттық қатынастары жолға қойылғанын атап көрсетті. Екі астана арасындағы туысқандық қатынастарының айғағы – қазірдің өзінде Астанада салынып жатқан көпфункционалды «Әбу-Даби плаза» кешенінің және Шейх халифа атындағы қазақ-әмірлік зияткерлік орта мектебінің құрылысы. Астана мен Әбу-Дабидың жемісті ынтымақтастығының көрінісі 2015 жылғы 28 қазанда Астанада алғашқы қазақстандық-әмірлік бизнес- форумы және осы жылғы 16 ақпанда БАӘ астанасында Әбу-Даби сауда- өнеркәсіптік палатасы мен Астана қаласы әкімдігінің екінші қазақстандық- әмірлік «БАӘ және Қазақстан: бір-біріне қарай қозғалыс» бизнес-форумның өтуі болды. Әбу-Даби муниципалитеті істері жөніндегі департамент Біріккен Араб Әмірліктерінің жергілікті өзін-өзі басқару органы. Әбу-Даби муниципалитеті 1962 жылы құрылған болатын. 1969 жылы БАӘ президентінің жарлығымен қаланың алғашқы муниципалдық кеңесі тағайындалды. Департамент халыққа кешенді қызмет көрсетуге, тиісті жоспарлауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ жол желілерін, қалаға техникалық қызмет көрсетуге, ауыл шаруашылығын дамытуға және әртүрлі салалардағы қоғамдық нарықтарды құруды реттеуге жауап береді. КЕШЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАзАРБАЕВ ҰЛТТЫҚ БАНК ТөРАғАСЫ ДАНИЯР АҚЫШЕВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ. КЕзДЕСу БАРЫСЫН- ДА Д.АҚЫШЕВ ЕЛБАСЫНА ҰЛТТЫҚ БАНКТің ҚАзіРГі ҚЫзМЕТі, СоНДАй-АҚ, ЕЛДің ҚАРЖЫ НАРЫғЫНДАғЫ АхуАЛЫ ТуРАЛЫ БАЯН- ДАДЫ. БҰЛ ТуРАЛЫ АҚоРДАНЫң БАСпАСөз ҚЫзМЕТі хАБАРЛАДЫ. Қазақстан президенті қаражатты қазіргі уақытта ұлттық валютамен сақтау халық үшін тиімді екенін айтты. «Теңге бойынша пайыздық мөлшерлеме жоғары, ал шетел валютасындағы салымдарда ол әлдеқайда төмен. Еліміздегі барлық сатып алу, сату операци- ялары және еңбекақы төлемдері ұлттық валютамен жүзеге асырылады. Негізгі тауарлардың бағасы тұрақты. Сондықтан қаражатты теңгемен сақтау барлық жағынан тиімді. халықтың ұлттық валютаға көбірек ден қойғаны маңызды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Д.Ақышев наурыз айында валюта нарығындағы ахуал тұрақталғанын атап өтті. «Мұнай бағасы, сауда серіктестеріміз болып саналатын елдердегі валюта бағамы сияқты пәрменді сыртқы ықпалдар тұрақталды. осындай жағдайда биылғы ақпан айынан бері теңге нығая бастады, бұл үдеріс осы айда жалғасты. Біз ұлттық валюта бағамындағы ауытқу айтарлықтай төмендегенін және оның 1,6 пайызға нығайғанын байқап отырмыз», – деді Ұлттық банк төрағасы. Сонымен қатар Д.Ақышев салымдарды долларсыздандыру үрдісі басталғанын айтты. «Ел тұрғындары мен кәсіпорындар ұлттық валютадағы салымдарын біртіндеп көбейте бастады. осы айда бұл үрдіс күрт жеделдеді», – деді Ұлттық банк төрағасы. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тап- сырма берді.

Сақшы №23 (4189)

Embed Size (px)

DESCRIPTION

Сақшы №23 (4189) 29.03.2016

Citation preview

Page 1: Сақшы №23 (4189)

№23(4189),

29.03.2016, сейсенбі

www.mediaovd.kzГазет 1933 жылдан бастап шығадыГазет 1933 жылдан бастап шығады

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

ЖІГІТТІҢ ЖАқСЫСЫ – САРЫАРқА САқШЫСЫАймАқ АйШығы

БАС пРоКуРАТуРА ЖіТі БАҚЫЛАйДЫ

КИіКТЕРДі ҚоРғАу ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГізіЛЕДі

«Bek Air» әуекомпаниясы ұшағының апатты жағдайда қонуына қатысты іс Бас прокуратураның жіті бақылауында. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасының ресми өкілі Әділет Тоқтамысов мәлім етті.

«Бұл факт сот алдындағы тергеу амалдарының бірыңғай реестріне ҚР ҚК 344-бабының 1-бөліміне сәйкес тіркелді. Қылмыстық іс Бас көлік прокуратурасының арнайы прокурорларының өндірісіне алынды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді ол.

«Қазіргі уақытта прокуратура органдары-на ұшақ жолаушыларынан ешқандай шағым түскен жоқ. Жолаушылар прокуратура орган-дарына және Азаматтық авиация комитетіне шағымдана алады. Бұл арыздар «заңды және жеке тұлғалардың шағымдарын қарау тәртібі туралы» заңның аясында қаралатын болады», – деп түйді сөзін ресми өкіл.

Айта кетейік, 27 наурыз күні «Bek Air» авиакомпаниясының «Фоккер-100» типті әуе кемесі «Қызылорда-Астана» бағдарымен рейс орындауы барысында шассидің алдыңғы тіреу тағанының істен шығуына байланысты апаттық жағдайда жерге қонған болатын.

Кесте бойынша ұшақ Астанаға 09.45-те қонуға тиіс болатын. Алайда, штаттан тыс жағдайда өрт шығу қаупін мейлінше азайту қажет болды. осыған байланысты ұшақ әуеде қосымша 50 ми-нуттай уақыт ұшып жүрді. осы уақыт аралығында Астана әуежайы өрт болу қаупінің алдын алу мақсатында ұшу-қону жолағын көбікке толтырды. Қосымша 7 өрт техникасы мен 4 жедел жәрдем көлігі әзірленді.

Ұшақ 10.36-да қонды. Ұшақ бортында 116 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болды. Жапа шеккендер жоқ.

Әуежайдың, қаланың шұғыл қызметтерінің үйлесімді жұмысы мен әуе кемесі экипажының жоғары кәсібилігін атап өткен жөн.

Қазіргі уақытта ИДМ арнайы комиссиясы құрылды. зерттеу нәтижесі кейінірек хабарлана-тын болады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі киіктерді қорғау бойынша жалпы қадамдарды әзірлеп жатыр. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі киіктерді бра-коньерлерден қорғау, жануарлардың санын есеп-ке алу және олардың көші-қонын мониторингілеу шараларын жүзеге асырады. осы ретте ведомство тарапынан киіктерді қорғауды қамтамасыз ету тұрғысында заңнамалық шаралар қабылданды. Биылғы қаңтарда мемлекеттік органдармен бірлесе кеңес өткізіліп, оның қорытындысы бойынша киіктерді қорғау бағытында жалпы қадамдарды әзірлеуге негізделген хаттамалық шешім қабылданды», – делінген ҚазАқпарат агенттігінің сауалына жауап берілген хабарла-мада.

2015 жылы бұл бағытта Қазақстан және шетелдің ғылыми ұйымдары мен арнайы зерт-ханалары киіктердің өткен жылғы қырылу себебін анықтаумен айналысты. осы орай-да, жануарлардың қырылуының мән-жайын анықтау бойынша негізгі үйлестіруші жұмыстарын Білім және ғылым министрлігі Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу инсти-туты атқаруда.

«Бұл ретте киіктердің аурулары бойынша проб-лемаларды зерттеу, олардың қырылу себебін анықтау және инфекциялық аурулардан жануар-ларды қорғау тұрғысындағы тиісті ұсыныстарды әзірлеу БғМ құзыретінде», – делінген ведомство хабарламасында.

«Жақсыменен өткізген жарты сағат, жаманның өтіп кеткен ғұмырындай» десек, әлем чемпионымен болған 1 сағаттық жаттығу қарағандылық сақшыларының жүректеріне жігер, қолдарына қуат сыйлады.

Әлемнің екі мәрте чемпионы, 2012 жылғы олимпиада чемпионы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері, Вэл Баркер кубогының иегері Серік Сәпиев Қарағанды қалалық ішкі істер басқармасының жол-патрульдік полиция полкінің жеке құрамымен кездесіп, тәртіп сақшыларына шеберлікті шыңдау сағатын өткізді.

Қарағандылық полицейлердің жеке құрамының кәсіпқойлығы мен әскери сапасын жоғарылату мақсатында атақты боксшы бір сағат көлемінде бокс өнерінің қыр-сырын үйретіп бақты. ол нағыз кәсіпқой спортшы ретінде бірден сөзден іске көшті. Боксшы ретінде Серік Сәпиев – қатал жаттықтырушы екенін байқадық. полицейлердің қозғалыстарды мінсіз жасағандарын бақылап, бірнеше рет қайталап жасауға мәжбүрледі. Тәртіп сақшылары өздерінің ал-дында нағыз әлем чемпионы тұрғанына сене алмады. Егер полицейлерде бокс-тан осындай ұстаз болса, билік өкілдеріне қаскүнемдер қарсылық көрсетуге әрекеттенсе, аяғы немен аяқталатынын ойлануы қажет.

Серік Сәпиев болса: «Бұл маған жасалған үлкен құрмет, шеберлігімнің бір бөлігін қоғамдық тәртіпті қорғау саласына жұмсағаныма мақтанамын. Құқықтық тәртіп өкілдері өз істерінің мықты кәсіпқойлары болуы үшін боксқа деген қызығушылықты арттырып, өз дағдыларыммен бөліскім келеді», – деді.

өз кезегінде өзінің және полктің жеке құрамы атынан Қарағанды қалалық ііБ жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция полкінің командирі, полиция полковнигі Сымбат Төребеков өткізілген шеберлік сыныбы үшін алғыс айтты. Шеберлік сабағы соңында әлем чемпионы полиция қызметкерлерімен естелік суретке түсті.

Қуаныш МЕДЕуБАЕВ, Қарағанды облысы

ЖіГіТТің ЖАҚСЫСЫ – СЕРіК СӘпИЕВ БоЛСА, САРЫАРҚА САҚШЫСЫ СоғАН ҰҚСАМАҚ БоЛАР?! «ЖАҚСЫДАН ҮйРЕН» ДЕГЕН ДАНА хАЛҚЫМЫзДЫң ТӘМСіЛі оСЫЛАй БоЛСА КЕРЕК.

ЕлБАСЫ ҰлТТЫқ БАНК ТӨРАҒАСЫН қАБЫлдАдЫ

Астана мен Әбу-даби бауырлас қалалар боладыТАЯу уАҚЫТТА БіРіККЕН АРАБ ӘМіРЛіКТЕРіНің ЕЛоРДАСЫ АСТА-НАМЕН ӘРіпТЕСТіК ҚАТЫНАСТАР оРНАТуғА НИЕТТі. БҰЛ ТуРА-ЛЫ ҚР-Нің БАӘ-ДЕГі ЕЛШіСі ҚАйРАТ ЛАМА ШАРИФпЕН КЕзДЕСу БАРЫСЫНДА МуНИЦИпАЛИТЕТ іСТЕРі БойЫНША ДЕпАРТАМЕНТТің БАСШЫСЫ (ӘБу-ДАБИ ҚАЛАСЫНЫң МЭРі) АВАйДА МуРШЕД ӘЛ МАРАР МӘЛіМ ЕТТі.

Қос қала арасындағы бауырластық байланыстар екіжақты қатынастарды дамытудың тиімді құралы болып табылады. Қалалар арасындағы муниципалдық әріптестік сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық байла-ныстарды нығайтуға жәрдемдесетін болады.

ҚР елшісі Қ.Лама Шариф қазіргі кезде Астананың 42 бауырлас қалалармен және әріптестермен шарттық қатынастары жолға қойылғанын атап көрсетті. Екі астана арасындағы туысқандық қатынастарының айғағы – қазірдің өзінде Астанада салынып жатқан көпфункционалды «Әбу-Даби плаза» кешенінің

және Шейх халифа атындағы қазақ-әмірлік зияткерлік орта мектебінің құрылысы. Астана мен Әбу-Дабидың жемісті ынтымақтастығының көрінісі 2015 жылғы 28 қазанда Астанада алғашқы қазақстандық-әмірлік бизнес-форумы және осы жылғы 16 ақпанда БАӘ астанасында Әбу-Даби сауда-өнеркәсіптік палатасы мен Астана қаласы әкімдігінің екінші қазақстандық-әмірлік «БАӘ және Қазақстан: бір-біріне қарай қозғалыс» бизнес-форумның өтуі болды.

Әбу-Даби муниципалитеті істері жөніндегі департамент Біріккен Араб Әмірліктерінің жергілікті өзін-өзі басқару органы. Әбу-Даби муниципалитеті 1962 жылы құрылған болатын. 1969 жылы БАӘ президентінің жарлығымен қаланың алғашқы муниципалдық кеңесі тағайындалды.

Департамент халыққа кешенді қызмет көрсетуге, тиісті жоспарлауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ жол желілерін, қалаға техникалық қызмет көрсетуге, ауыл шаруашылығын дамытуға және әртүрлі салалардағы қоғамдық нарықтарды құруды реттеуге жауап береді.

КЕШЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАзАРБАЕВ ҰЛТТЫҚ БАНК ТөРАғАСЫ ДАНИЯР АҚЫШЕВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ. КЕзДЕСу БАРЫСЫН-ДА Д.АҚЫШЕВ ЕЛБАСЫНА ҰЛТТЫҚ БАНКТің ҚАзіРГі ҚЫзМЕТі, СоНДАй-АҚ, ЕЛДің ҚАРЖЫ НАРЫғЫНДАғЫ АхуАЛЫ ТуРАЛЫ БАЯН-ДАДЫ. БҰЛ ТуРАЛЫ АҚоРДАНЫң БАСпАСөз ҚЫзМЕТі хАБАРЛАДЫ.

Қазақстан президенті қаражатты қазіргі уақытта ұлттық валютамен сақтау халық үшін тиімді екенін айтты.

«Теңге бойынша пайыздық мөлшерлеме жоғары, ал шетел валютасындағы салымдарда ол әлдеқайда төмен. Еліміздегі барлық сатып алу, сату операци-ялары және еңбекақы төлемдері ұлттық валютамен жүзеге асырылады. Негізгі тауарлардың бағасы тұрақты. Сондықтан қаражатты теңгемен сақтау барлық жағынан тиімді. халықтың ұлттық валютаға көбірек ден қойғаны маңызды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Д.Ақышев наурыз айында валюта нарығындағы ахуал тұрақталғанын атап өтті.

«Мұнай бағасы, сауда серіктестеріміз болып саналатын елдердегі валюта бағамы сияқты пәрменді сыртқы ықпалдар тұрақталды. осындай жағдайда биылғы ақпан айынан бері теңге нығая бастады, бұл үдеріс осы айда жалғасты. Біз ұлттық валюта бағамындағы ауытқу айтарлықтай төмендегенін және оның 1,6 пайызға нығайғанын байқап отырмыз», – деді Ұлттық банк төрағасы.

Сонымен қатар Д.Ақышев салымдарды долларсыздандыру үрдісі басталғанын айтты.

«Ел тұрғындары мен кәсіпорындар ұлттық валютадағы салымдарын біртіндеп көбейте бастады. осы айда бұл үрдіс күрт жеделдеді», – деді Ұлттық банк төрағасы.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тап-сырма берді.

Page 2: Сақшы №23 (4189)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20132 е-mail: [email protected]№23 (4189), сейсенбі, 29.03.2016 е-mail:[email protected]

ЖАҢАЛЫҚТАР

ƏЛЕМ-АҚПАРАТ

Брюссель

АҚШ

Жазаларын елімізде өтейді Ынтымақтастық үшін ризашылығын білдірді

Əуежай өз жұмысын 30 наурызда бастайды

Ресей

БАС ПРОКУРАТУРА ҚХР МЕН АҚШ-ТАН ТӨРТ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫ ЖАЗАСЫН ОТАНЫНДА ӨТЕУГЕ ҚАБЫЛДАЙДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ БАС ҚАДАҒАЛАУ ОРГАНЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ СЕРГЕЙ ДОСПОЛОВ ХАБАРЛАДЫ.

«Өткен бес жыл ішінде Қазақстан 152 азамат-ты қабылдады. 2015 жылдың тамыз айынан бері Қытайдан тоғыз жерлесіміз қабылданды, тағы да екеуін жақын арада күтудеміз. 2015 жылдың желтоқсан айында 1993 жылғы Қылмыстық жаза-ны шетелде өтеудің америкааралық конвенция-сына қосылуымызға байланысты Қазақстанға Америка құрлығында жазасын өтеп жатқан азамат-тарымызды аударып алу мүмкіндігі туындап отыр. Мысалға, қазір АҚШ-та əртүрлі мерзімге сотталған екі азаматымызды аударып алу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», – деді С.Досполов.

Оның айтуынша, ағымдағы жылғы наурыз айын-да Қытай тарапы 42 жасар Алматы тұрғынын жа-засын əрі қарай өтеу үшін бізге берді. 2003 жылы ол Үрімжіде адам өлтіру айыбы бойынша ұсталған болатын. 2004 жылы Қытай сотымен өмір бойы

бас бостандығынан айырылып, кейін жаза мерзімі қысқартылды. Ол жазасын Үрімжі түрмесінде өтеп жатқан болатын.

«Осы уақыт ішінде біздер сотталған 265 шетел азаматын бердік, оларды ұстау үшін жұмсалатын 375 млн. теңге шығындалмай, қазақстандық бюджетті үнемдеді», – деп түйді сөзін С.Досполов.

ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ҚУАНДЫҚ ТҰРҒАНҚҰЛОВТЫҢ ПАРЛА-МЕНТ МƏЖІЛІСІ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУЫН БАЙҚАУ ЖӨНІНДЕГІ ЕҚЫҰ/ДИАҚБ МИССИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ БОРИС ФРЛЕЦ МЫРЗАМЕН КЕЗДЕСУІ БОЛДЫ. БҰЛ ТУРА-ЛЫ ОСК БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ХАБАРЛАДЫ.

Кездесуге ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясы басшысының орынбасары Полин Мария Лемос, ОСК мүшелері, сондай-ақ, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның сайлау жəне құқық мəселелері жөніндегі мамандары қатысты.

Ортсайлауком басшысы Б.Фрлец мырзаға ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын байқау жөніндегі жұмысына, сондай-ақ, ұсынған ұсынымдары үшін алғыс білдірді.

«Біз ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның алдын ала тұжырымдар мен қорытындылар туралы мəлімдемесімен мұқият танысып шықтық. Біз миссияның сай-лауды ұйымдастырушылардың адал жұмысын жоғары бағалағанына қуаныштымыз», – деп атап өтті Қ. Тұрғанқұлов.

Е Қ Ы Ұ / Д И А Қ Б м и с с и я с ы н ы ң б а с ш ы -сы өз кезег інде ОСК тарапынан кездесу ұйымдастырылғанына, сондай-ақ, көрсетілген көмек пен ынтымақтастық үшін ризашылығын білдірді.

Кездесу барысында ЕҚЫҰ/ДИАҚБ мен ОСК сарапшыларының өзара іс-қимылын ұйымдастыруға байланысты мəселелер талқыланды.

ЕЛОРДА ƏКІМДІГІНДЕ АПТА САЙЫНҒЫ АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ПАРЛАМЕНТ МƏЖІЛІСІ МЕН АСТА-НА ҚАЛАСЫ МƏСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ, СОНДАЙ-АҚ, НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАРДЫ ӨТКІЗУДІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУДАН БАСТАЛДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ ҚАЛА ƏКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ХАБАРЛАДЫ.

Елорда əкімі Əділбек Жақсыбековтің атап өтуінше, Астана «Нұр Отан» партиясын қолдау бой-ынша ең үздік нəтижеге (85,18%) қол жеткізген. Сайлаушылардың сайлауға қатысу көрсеткіші 75 пайызды құрады, бұл – Астана тұрғындарының азаматтық белсенділігінің жақсы көрсеткіші.

Астананы абаттандыру керекОтырыс барысында қаланы

абаттандыру жəне санитарлық тазарту мəселелері де қаралды. Астана аудандарының əкімдері жол төсемінің жағдайы туралы толық фото-есеп ұсынды. Автомобиль жолдары басқармасына бір айдың ішінде жолдарды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын барынша жүргізу тапсырылды. Бұл мəселе қалалық қызметтердің назарында болуы тиіс деп атап өтілді отырыс барысында.

Елорда əкімінің айтуынша, күннің жылынуына орай қала тұрғындары мен қонақтары саябақтарға, г ү л б а қ т а р ғ а ж ə н е Е с і л д і ң жағалауына жиі баратын болады. Сондықтан бұл жерлерді абаттан-дыруды қолға алу керек. Аудан əкімдіктері мен бейіндік қалалық қызметтер бір аптаның ішінде саябақтар мен аумақтарда қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуі керек.

Бұл ретте бизнес өкілдері өз объектілерінің сырт көрінісіне мұқият болып, қаланы абаттандыруға белсенді қатысуы тиіс. Сонымен қатар, алдағы уақытта ұйымдастырылатын абаттандыру айлығы аясында теміржол маңындағы аумақтарда санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізу қажет.

Қала басшысы көшеде сауда жасау үшін 1000 орын бөлуге де ерекше назар аударды. Ə.Жақсыбеков бұл процестің кəсіпкерлер үшін ең аз бюрократиялық процедуралармен жəне барынша айқын өткізілуі тиіс екендігін атап өтті. Бұл ретте ұйымдастырылған көше саудасының артықшылықтарын биылғы жазда қала тұрғындары мен ШОБ өкілдері сезіне алатын болуы тиіс.

ИДМ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ КОМИТЕТІ «ФОК-КЕР-100» ƏУЕ КЕМЕСІН ТЕХНИКАЛЫҚ АКТІСІЗ ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ САЛДЫ.

«Фоккер-100» ұшағын тексеруді қолға алды

2015 ЖЫЛЫ АСТАНА ҚАЛАСЫНА 130 МЫҢ МИГРАНТ КЕЛГЕН. БҰЛАРДЫҢ 70-80 ПАЙЫЗЫ ЗАҢСЫЗ ЖҰМЫС ІСТЕГЕН. ЯҒНИ, ЕЛОРДАМЫЗҒА ҚОНАҚ РЕТІНДЕ НЕМЕСЕ ТУРИСТ РЕТІНДЕ ТІРКЕЛІП, ЗАҢСЫЗ ЕҢБЕК ЕТКЕН.

Бұл туралы кеше Астанада еңбек миграция-сы жəне адам саудасына қарсы мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өзара əрекеті тақырыбында өткен жиын барысында Астана қаласы бойынша еңбек мигранттарын оқыту жəне қолдау орталығының жетекшісі Қанат Мырқайдаров мəлім етті.

«Жыл сайын Қазақстанға, соның ішінде, Астана қаласына келіп-кететін мигранттардың саны көбейіп келеді. Ал мигранттар – адам саудасына бастайтын ең негізгі фактор. Мигранттардың көбі мемлекетімізде заңсыз жұмыс істеп жүр, яғни, олардың қандай да бір дəрежесі жоқ, жұмыс беруші мигрантпен келісімшарт жасаспайды, тиісінше, мигрант еңбек салығын төлемейді. Ал бүгін ешқандай құжатсыз жұмыс істеп жатқан ми-грант ертең құлға айналып кетуі мүмкін», – деді Қ.Мырқайдаров.

Бұл ре т те Қа зақ с танның Еура зиялық э к о н о м и к а л ы қ о д а қ қ а қ о с ы л у ы е ң б е к

Мигранттар заңсыз жұмыс істеп жүр

миграциясының шекарасын кеңейтіп жібергені анық. Тіпті, сарапшылардың болжамынша, мигранттардың саны екі-үш есеге артады.

«Еуразиялық экономикалық одақ аясында жұмыс күшінің еркін айналымы басталды, одаққа мүше елдердің азаматтары рұқсат қағазына жүгінбей-ақ жұмысқа орналасып жүр. Ал, жал-пы, Қазақстанға келетін мигранттардың көбі Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей мен Беларусь елдерінің азаматтары екенін білесіздер. Мысалы, былтыр Астананың өзіне 130 мыңнан аса мигрант келген. Олардың 70-80 пайызы заңсыз жұмыс істеген. Мигранттардың көбі қонаққа келген-дей болып немесе турист ретінде тіркеліп, ары қарай көлеңкелі экономикада заңсыз, еңбек салығын төлеместен жұмыс істеген», – деді Қ.Мырқайдаров.

Оның айтуынша, қарияларды күтетін, бала бағатын, үй тазалап, жекеменшік нысандарды са-латын, сондай-ақ, ас үйдің жұмысына тартылатын мигранттарды табу да, жазалау да қиын. Себебі, олар жеке адамның үйінде тұрады жəне ең қауіптісі – құлдыққа түсу қаупі де көп. Мысалы, Астана қаласы бойынша Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген үш адам құлдықтан құтқарылған екен.

АЛМАТЫДА 29 НАУРЫЗДА, ЯҒНИ, БҮГІН Ə.ҚАСТЕЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ӨНЕР МУЗЕЙІНДЕ ОСЫНДАЙ АТАУМЕН КӨРМЕ АШЫ-ЛАДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ МУЗЕЙДІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ХАБАРЛАДЫ.

2017 жылы Қазан төңкерісіне жүз жыл толады. Жыл өткен сайын бұл дəуір артта қалып барады, бірақ оның саяси-əлеуметтік, мəдениеттанушылық, философиялық құны əлі де өз бағасын алған жоқ. Осыған байланысты «Кара Гюрла» антикварлық салоны КСРО-ның бұрынғы одақтас республикалары – Қазақ КСР-і, Қырғыз КСР-і, Өзбек КСР-і, Күнгей Кавказ республикала-ры – Грузин КСР-і мен Армян КСР-інің социализм дəуіріндегі туындыларының көрмесін, дəл кеңес кезеңінде қалыптасқан ұлттық бейнелеу өнері мектептерін ұсынады.

Көрмеде Қазақстанның көркемдік мектебін Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткерлері Тоқболат Тоғызбаев пен Борис Пактың, Қазақ КСР халық суретшісі Нағымбек Нұрмұхаммедовтің, КСРО Суретш ілер ода ғының мүшелер і Хамза Қиқымов пен Валентин Ткаченконың, Қырғызстаннан – Қырғыз бейнелеу өнерінің негізін салған КСРО халық суретшісі Сергей Чуйковтың, Еңбек сіңірген мəдениет қайраткері Виктор Тюриннің, Өзбекстанның даңқты суретшілері – Петр Мордвинцевтің, Нығмат Күзібаевтың, Р.Ахмедовтің, Грузияның белгілі шеберлері Р.Тордияның, Михаил Хвитияның жəне басқа да суретшілердің жұмыстары көрсетіледі.

Көрме сағат 17:00-де ашылады.

«Кеңес елдерінің өнері»

«ҚР ИДМ азаматтық авиация комитеті «Бек Эйр» авиакомпаниясының атына компанияның инженерлік-авиация қызметінің басшысына шассидің алдыңғы агрегаттары мен тораптарын жəне шассиді жинау жəне шығару жүйесін бірреттік техникалық тексеруді ұйымдастыру жөнінде нұсқау жіберді. Тиісті техникалық актіні ИДМ ААК мен «Қазаэронавигация» РМК əуе қозғалысын жос-парлау бас орталығына ұсыну қажет. Сонымен қатар, комитет «Қазаэронавигация» РМК ƏҚЖ бас орталығына «Фоккер»-100» əуе кемелерін көрсетілген техникалық актісіз ұшуға жібермеу жөнінде нұсқау берді», – делінген ИДМ Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.

Мəліметке сай, 2016 жылдың 27 наурызында Астана қаласындағы халықаралық əуежайда «Бек Эйр» авиакомпаниясының «Фоккер-100» ұшағы тап болған апат фактісі бойынша Азаматтық авиа-ция комитеті кезекті рейсті орындау алдында осы тектес алдын алу шараларын жүргізуді қолға алды.

Қазақстанда «Фоккер-100» үлг іс індег і ұшақтарды «Бек Эйр» авиакомпаниясы ғана пайдаланады. Оларда осындай 8 ұшақ бар, оның алтауы Қазақстан аумағында ұшады.

Брюссельде 22 наурыз күні лаңкестік əрекет орын алғаннан кейін жабылған əуежай өз жұмысын 30 наурызда бас-тайды, ал 29 наурызда жарылыстардан кейін салынған уақытша құрылыстарды тексеру жұмыстары өтеді. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

«Ғимарат жəне уақытша құрылыстың инс-пекциясы сейсенбі, 29 наурыз күні өткізіледі. Əуежайда көлемді тексерістер өтіп, соның барысында оның 800-ге жуық қызметкері «қалпына келтірілген ұшу залында рейске тіркеуден өтеді», – делінген хабарламада. Онда, сондай-ақ, соңғы күндері əкімшілік терминал инфрақұрылымының жағдайын бағалап, қалпына келтіру жұмыстарының түрлі сценарийлерін талдау өткені атап өтіледі.

Əуежай лаңкестік əрекеттерден кейін эва-куациялау салдарынан қалып қойған 100 мың бірлік жүкті жіберу немесе қолға беру ісіне кірісті. Əуежай əкімшілігі ондағы сегіз паркинг-те қалдырылған көліктерді иелеріне қайтара бастады. Лаңкестік оқиғалардан кейін онда 6 мыңға жуық көлік қалған.

Сандерс Клинтонды жеңдіСенатор Берни Сандерс Демократиялық

партиядан АҚШ президенттігіне үміткер ретінде кандидатурасын ұсыну құқығы үшін жарыста Хиллари Клинтонды Аляскада жəне Вашингтон штатында жеңді.

Жергілікті телеарна хабарлағандай, Сандерс Аляскада дауыстың шамамен 79, Клинтон 21 пайызын жинаған.

Вашингтон штатында Сандерске дауыстың 77, Клинтонға 23 пайызы бұйырды.

Праймериз, сонымен қатар, Гавая штатында жүргізіліп жатыр, оның нəтижесі кейін белгілі болады.

Вашингтондағы сəтт і кездесулер іне қарамастан, Сандерстің жеңіске жетуі үшін ең кемі Калифорния, Нью-Йорк жəне Пенсильванияда сенімді түрде жеңуі керек. Əлеуметтік сауалдарға қарағанда, олар əзірге Хиллари Клинтонды қолдап отыр.

Ипотека қарыздарын өтеуді ұсынды

Депутаттар жас отбасылардың, егер оларда бала дүниеге келсе, ипотекалық несиесін мемлекет есебінен ішінара өтеуді ұсынды. Одан кейінгі əрбір бала тууы төлемді одан да көбірек қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Lenta.ru «Российская газетаға» сілтеме жасап хабарлады.

«Мұндай схеманы енгізуді біздің сарапшыла-рымыз ұсынуда», – деп мəлімдеді Мемлекеттік думаның əлеуметт ік саясат жөніндег і комитетінің басшысы Ольга Баталина. Ол, сондай-ақ, жас отбасылардың тұрғын үй про-блемаларын шешу үшін ірі кəсіпорындар мен ұйымдардың қатысуымен тұрғын үй-құрылыс кооперативтері құрылуы мүмкін екенін айт-ты, сондай-ақ, жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысы басталды.

Ұсынылып отырған бастамаға Қоғамдық палата мүшесі Елена Тополева-Солдунова түсіндірме берді. «Ата-ана капиталы қазірдің өзінде бұл проблеманың бір бөлігін шешу-ге көмектесуде – оны тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалануға болады. Бірақ бұл қаражат кейде жеткіліксіз болып шығады. Оның үстіне жас отбасылар материалдық жағынан жақсы қамтамасыз етілмегендігін ай-тар болсақ, ипотека олардың қалтасына ауыр соғады», – деді ол басылымға.

Page 3: Сақшы №23 (4189)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 3е-mail: [email protected]№23 (4189), сейсенбі, 29.03.2016 е-mail:[email protected]

УАҚЫТ ТЫНЫСЫ

ҚҰРМЕТ

ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

Владимир Карповичтің құрметіне а р н а л ғ а н ж и ы н д а ə р і п т е с т е р і жүрекжарды тілектерін жеткізіп, ерек-ше ілтипат білдірді. Салтанатты жиынға қатысқан Ішкі істер министрі, поли-ция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымов азаматтық қорғау қызметін жаңа белеске шығарған Владимир Божконың елеулі еңбегіне тоқталды.

Естеріңізге сала кетейік, Владимир Карпович Парламент Мəжіліс ін ің бірінші жалпы отырысы барысында төменгі палатаның спикері қызметіне депутаттардың жасырын дауыс беруі нəтижесінде Мəжіліс Төрағасының орынбасары лауазымына сайланған болатын. Жаңа қызметке ауысуына

Жадыра МЫРЗАХМЕТ, суреттер Серік ЖОЛДАСПЕКОВТІКІ

ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНДЕ ӨТКЕН ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ПАР-ЛАМЕНТ МƏЖІЛІСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ЛАУАЗЫМЫНА ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ВЛАДИМИР БОЖКОНЫ ШЫҒАРЫП САЛУ РƏСІМІ ӨТТІ.

байланысты өткен салтанатты жиында Ішкі істер министрлігінде қызметін үлгілі орындап, азаматтық қорғау қызметінің дамуына сүбелі үлес қосқан Владимир Божко министрдің бұйрығымен «Құқық тəртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.

«В.Божко қызмет еткен жылдары Төтенше жағдайлар комитеті бірталай нəтижеге қол жеткізді, ол алыс-жақын шет елдермен ынтымақтастықты сақтай отырып, азаматтық құтқару қызметін дамудың жаңа сатысына шығарды. Оның азаматтық құтқару қызметінің өркендеуіне қосқан үлесі өлшеусіз. Ол, сондай-ақ, əскери жəне қызметтік борышын адал орындағаны үшін, заңдылық пен тəртіпті қамтамасыз ету, елдің қорғанысын нығайту қызметінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін ҚР Президентінің Жарлығымен II дəрежелі «Айбын» жəне I дəрежелі «Барыс» орденімен марапатталған. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жəне төтенше жағдайлар органдарының құрметті қызметкері Владимир Карпович КСРО, ҚР мен ТМД мемлекеттерінің көптеген медалін кеудесіне таққан. Міне, еселі еңбек оны тағы бір белеске шығарып отыр. Жаңа əрі жауапты қызметіңізге та-быс тілей отырып, бұл салада да Сіздің ішкі қордаланған мəселелердің шешімін табуға көп септігіңізді тигізетініңізге сенім білдіреміз», – деді Қалмұханбет Қасымов.

Азаматтық қорғау қызметі мен Ішкі істер министрлігіндегі қызметін мінсіз орындағаны үшін алғыс айта кел-

ген əріптестері оған жаңа қызметте де жаңа белестерді бағындыруына т ілектестік б ілдірді . «Парламент Мəжіліс і Төрағасының орынбаса-ры лауазымына та ғайындалған Владимир Карповичке көпжылдық еңбегі мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде көрсеткен іскерлігі мен кəс ібил і г і үш ін алғысымды білдіргім келеді. Қай қызметте бол-масын ол еңбекқорлығымен, заңға бағынушылығымен, тəртіпті қатаң ұстанатындығымен биік тұрды. Ол осы

лауазымдарда қызмет еткен жылдары бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде басшылық қызметтерді атқарып жүрген жас ұрпақты тəрбиеледі», – деді өз сөзінде Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, полиция генерал-лейте-нанты Марат Демеуов.

Владимир Божконың қысқаша өмір тарихына тоқтала кетсек, ол 1949 жылы 16 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1971 жылы В.И.Ленин

атындағы Қазақ политехникалық ин-ститутын бітірсе, 1976 жылы КСРО МКҚ Жоғары курстарын тəмамдаған. КСРО Қарулы күштеріндегі қызметінен кейін, 1973-2007 жылдар аралығында қатардағы қызметкерден ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымына дейін қызмет баспалдағымен көтерілді. Ол 2007 жылы комитет төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды. Азаматтардың өмірін

сақтау бойынша тиімді құрылымы бар табысты мемлекетт ік орган құруда қарымды жұмыстар атқарған. Владимир Карповичтің азаматтық қорғау қызмет індег і тоғыз жыл көлеміндег і қалтқысыз еңбегін ің нəтижесінде материалдық-техникалық база нығайтылды: 14 өрт сөндіру депосы, 2 суда құтқару стансасы, 40 күрежолдық медииналық-құтқару пункті салынды. Сонымен қатар,

«Саламатты Қазақстан», «Денсаулық» жəне «Жəрдем» 3 консультативтік-диагностикалық пойызы іске қосылды, 800-ден астам құтқару жəне 21 бірлік авиациялық техника сатылып алынды. Еліміздің барлық аумағында бірыңғай тегін «112» құтқару телефон нөмірі енгізілді. Сондай-ақ, ол басқарған ж ы л д а р і ш і н д е Қ а з а қ с т а н н ы ң құтқарушылары Біріккен ғылыми-техникалық кеңестің, Ресей, Беларусь жəне Қазақстан Төтенше жағдайлар министрліктері алқасының толық мүшесі атанды.

Министрліктің клубында өткен сал-танатты жиынға Төтенше жағдайлар комитетінің, Ішкі істер министрлігі бөліністері мен бірқатар облыстың төтенше жағдайлар департаменті

басшылары, орталық аппарат пен комитеттің жеке құрамы қатысты. Осыншама жыл бірге қызмет еткен əріптестері адамгершілігі бір төбе бас-шы Владимир Божкоға мемлекеттік құрылымдардағы қызметін еске салып тұратын естелік сыйлықтар тарту етті. Шығарып салу кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласып, ТЖК Көкшетау техникалық институтының өнерлі қырандары кештің көркін қыздырды.

Бұл жөнінде кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Қоғамов мəлімдеді.

ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңестің жұмысы ту-ралы егжей-тегжейлі баяндаған Марат Чекешұлы: «Қазіргі күні Қоғамдық кеңес жұмысының маңыздылығы артып отыр. Биыл 1 қаңтардан бас-тап жаңа құраммен жұмысын бастаған Қоғамдық кеңестер Ұлт Жоспарын жүзеге асырудың бір ғана көрінісі. Ұлт Жоспарын жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік органдардың жанынан құрылған кеңестердің жұмысы туралы заң былтыр қабылданды, бүгінде құқықтық алаңда жан-жақты жұмыстар атқарылып жатыр», – деді.

Ішкі істер министрлігі жүйесінде Қоғамдық кеңес 2007 жылы өз жұмысын бастаған болатын. Мемлекеттік құқық қорғау органының осы жыл-дар ішіндегі жинақтаған тəжірибесі Қоғамдық кеңестердің жұмысы жөнінде заң қабылданарда ескерілген. Айтар болсақ, министрлік жанындағы Қоғамдық кеңестің бұрынғы құрамы бұл заң жобасының қабылдануына үлестерін қосып, жо-баны қараған Парламент Мəжілісінің жұмыс то-бына ұсыныстар берген. Бұл жетілген заң жобасы еліміздегі Қоғамдық кеңестердің жүйелі жұмыс атқаруына мүмкіндік береді.

«Жыл басынан бері Қоғамдық кеңес мүшелері құқық қорғау органының жұмысына байланысты маңызды халықаралық, республикалық ғылыми-тəжірибелік шараларға қатысты. Мəселен, жақында Минскіде өткен өлім жазасы мəселесі қаралған жиынға халықаралық сарапшы ретінде қатыстым. Ол жерде мен елімізде қалай жəне қандай тəсілмен өлім жазасына кесу қарастырылатыны туралы баяндадым. Алдымызда елімізді өлім жазасын алып тастаған мемлекеттер қатарына енгізу үшін бірқатар жұмыс күтіп тұр», – деді өз сөзінде Марат Қоғамов. Ол, сондай-ақ, Петропавлға сапары бары-сын саралай келе, Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің жұмысына оң бағасын беріп, олардың тəжірибелерін ел аумағында енгізу туралы ұсыныстарын көтерді. Сондай-ақ, кеңес

төрағасы солтүстік аймақтағы құқық қорғау органы қызметкерлерінің əлеуметтік қорғалуына қатысты қордаланған мəселелерді атап өтті. Бұл топ аймақтағы жергілікті полиция қызметінің жұмысы тиісті бағаланбай отырғанын айтады.

«Мəселен, Петропавл қаласының патрульдік-бекет қызметі батальоны құрамының 90 пайызын облысқа қарасты ауыл-аймақтардан шыққан жастар құрап отыр. Бұл дегеніміз, қалаға алыс ауыл-аймақтардан келген жастар жалдамалы пəтерлерде тұрады деген сөз, яғни, олар айлығын шайлығына жеткізе алмай жүр. Енді бірінің отбасы-лары, бала-шағалары бар», – деді кеңес төрағасы.

Қоғамдық кеңестің құрамы 17 адамнан тұрады, оның 12-сі азаматтық қоғамның өкілдері: биз-нес, денсаулық сақтау, кəсіподақ, БАҚ өкілдері, халықаралық ұлттық қорғау ұйымдарының мүшелері.

Айта кету керек, кеңестің бірінші отырысы өткізіліп, төрағалар сайланды жəне ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарлары бекітілді. Соның нəтижесінде, ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңестің екі комиссия тобы құрылған. Біріншісі, құқықтық шығармашылық қызмет мəселелері жөніндегі комиссия, ол ІІМ-де əзірленетін азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік-құқықтық актілер жобаларын қарайтын болады. Ал екіншісі – ІІМ-де азаматтардың арыздарын қарауға жəне полиция қызметінің айқындығын қамтамасыз етуге байланысты мəселелерді қарайтын топ. Айына екі рет Қоғамдық кеңес мүшелері азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асыратын болады.

Қоғамдық кеңеске ведомстволық сайт немесе «электрондық үкімет порталы» арқылы жүгінуге болады. Сондай-ақ, ІІМ-нің ғимаратында жеке по-шта жəшігі орнатылған. Мұнда келіп түскен хаттар тікелей Қоғамдық кеңестің қарауына беріледі. Қазір азаматтарға қолжетімді орындарда Консультативтік-кеңесші органдардың мекенжайына түсетін арыздар үшін жеке пошта жəшіктері орнатылуда. ІІД-нің веб-сайттарында осы кеңесші органдардың қызметі туралы қосымша бөлім орналастырылған.

Спорт кешені облыс əкімдігінің қолдауымен тұрғызылды. Салтанатты шарада облыс əкімі Алик Айдарбаев жаңа кешеннің тəртіп сақшыларының денешынықтыру дайындығын арттырып, саламатты өмір сал-тын насихаттау мақсатында салынғандығын атап өтті.

«Барлық құқық қорғау органы қызметкерлерін бүгінгідей айту-лы оқиғамен құттықтаймын. Ішкі істер органдарын материалдық-техникалық жарақтандыру са-ласы қоғамдық тəртіпті сақтау, қылмыс деңгейін төмендету мақсатын көздейді. Ендеше, по-лиция қызметкерлері өздеріне жүктелген тұрғындардың сенімін ақтап, өз міндеттерін əділ де адал атқарады деп сенеміз», – деді ол.

«Динамо» спорт кешенінің жаңа ғимараты облыстық ІІД-нің аумағында орналасқан. Екі қабатты ғимаратта волейбол, футбол, бокс, пантратион, қоян-қолтық ұрыспен айналысуға болады. Жекпе-жек, күрес, теннис залдары бар. Сондай-ақ , жаңадан пайдалануға берілген кешенде заманауи жабдықтармен жабдықталған 25 метрлік жабық тир бар. Гардероб, киім ауыстыратын орын, душ бөлмелері жəне тағы да басқа жайлы жағдайлар спортпен шұғылданушылар үшін жасалған.

«Бұл көпсалалы спорт кешені құқық қорғау қызметкерлерінің с п о р т п е н а й н а л ы с у ы н а арналған. Олардан басқа мұнда жас динамошылар да спортпен шұғылдана алады. Сондай-ақ,

БРИФИНГЖАҢА НЫСАН

Қоғамдық кеңестің маңызы артпақ

Жадыра МЫРЗАХМЕТ, сурет Серік ЖОЛДАСПЕКОВТІКІ

ҰЛТ ЖОСПАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ АЯСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖАНЫНАН ҚҰРЫЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНА ТҮСПЕК. ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ЖАНЫНАН 2007 ЖЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖҰМЫСЫ БҮГІНДЕ БІР ЖОЛҒА ҚОЙЫЛҒАН.

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫНДА «ДИНАМО» СПОРТ КЕШЕНІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ. ЖАҢА НЫСАНДА БІР МЕЗГІЛДЕ 150 АДАМҒА ДЕЙІН СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНА АЛАДЫ. БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН ЖАҢА СПОРТТЫҚ КЕШЕННІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ОБЛЫС ƏКІМІ АЛИК АЙДАРБАЕВ ҚАТЫСТЫ.

Ақтауда «Динамо» спорт кешені ашылды

спортшы полицейлер де осында шеберліктерін шыңдайтын бола-ды. Спорт кешенінде бір мезгілде 150 адамға дейін спортпен айна-лыса алады», – деді «Динамо» денешынықтыру-спорт қоғамы төрағасының орынбасары Игорь Садыкин.

Маңғыстау облыстық ІІД-нің бастығы, полиция полковнигі Қайрат Дəлбековтің айтуын-ша, «Динамо» спорт кешенінің бұрынғы ғимараты 22 шағын ауданда орналасқан. Жарты ғасырға жуық тарихы бар ғимарат күрделі жөндеуге мұқтаж болатын.

«Құқық қорғау органдары алдында қылмыстың алдын алу жəне жолын кесу бойын-ша үлкен міндеттер тұр. Ал ол үшін кəсіби жəне əскери дайындықты ұдайы артты-рып, спорттық шеберліктерді шыңдап отыру қажет. Жаңа нысанды тұрғызудағы мақсат

да осы. Жеке құрам арасында облыс, республиканың намы-сын халықаралық жарыстарда лайықты қорғап жүрген спорт-шылар көп. Алдағы уақытта да əріптестеріміз «Динамоның» жеңісті тарихын жалғастыра береді деп сенеміз», – деді облыстық ІІД-н ің бастығы Қайрат Дəлбеков.

Спорттық кешеннің салта-натты ашылуында спортшы полицейлер, ІІО ардагерлері, т ү р л і қ ұ р ы л ы м ө к і л д е р і қатысты. Спорт алаңындағы ең бірінші допты облыс əкімі Алик Айдарбаев берді. Осы доппен құқық қорғау органдары ара-сында футболдан жəне волей-болдан чемпионат басталды. Сегіз команда қатысқан жарыс-тарда жаңа ғимараттың іші жанкүйерлер дауысына тұнып тұрды. Ойыншылар жаңа залда ойнағанның өзіндік ерекшелігі барын, əсіресе, ойнауға өте ыңғайлы екендігін жəне жеңіске деген сенім беретінін айтады.

«Осы кешенде біз жаз мезгілінде қоян-қолтық ұрыстан ІІМ-нің чемпионатын өткізетін боламыз. Сол кезде келген қонақтарымыз тек жаңа ғимараттың ғана емес, біздің өлкенің ең басты байлығы жадыраған күн жəне шалқыған теңіздің қызығына ба-татын болады», – дейді «Динамо» денешынықтыру-спорт қоғамы төрағасының орынбасары Игорь Садыкин.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ

Page 4: Сақшы №23 (4189)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20134 е-mail: [email protected]№23 (4189), сейсенбі, 29.03.2016 е-mail:[email protected]

ҚОҒАМ жəне ЗАҢ

АЛҒЫС ХАТЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАУДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК Ардагерлер ықыласы

«МЫҢ ИГІ ІС» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АЛМАТЫНЫҢ БОСТАНДЫҚ АУДАНЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ МҮГЕДЕК ЖАСӨСПІРІМГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАДЫ.

Гүлнəр ЖАМАНҚҰЛОВА, Алматы қаласы

ƏР БАЛА БАҚЫТТЫ БОЛУЫ ҮШІН ЖАРАЛҒАН

15 жасар Азамат Сəтпаевтың ауыр тағдыры Алматының Бостандық аудандық Ішкі істер басқармасының ювенальдық полиция инспекторларын бейжай қалдырмады. Ауыр дерттің салдарынан сол аяғынан айырылған ерекше дарынды əрі зерек жасөспірім қазір балдақ пен арбаның көмегімен ғана қозғалады.

« О н ы ң д и а г н о з ы қ а р а п а й ы м халық арасында «Хрусталь бала» деген атпен мəлім. Сүйектерінің нəзіктігі соншалықты, жиі сынады. Ал сүйектердің сынуы мен жарақаты аурудың асқынуына əкеп соқтырды. Бірнеше жыл бұрын баламның аяғын кесіп тастады. Содан бері отбасымызда қиын кезең басталды. Біз шағын отба-сылар жатақханасында тұрамыз. Шын мəнісінде бұл бөлмелер де біздікі емес. Азаматтан басқа 5 жасар қызымыз бар. Баланы жалғыз қалдыра алмаймыз.

Сондықтан отбасымызда тек күйеуім ғана жұмыс істейді. Алайда, оның тапқан табысы қажетті азық-түлік пен коммуналдық қызмет шығындардан ар-тылмайды», – дейді Азамат Сəтпаевтың анасы.

Қазір Азамат №40 жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбында оқиды. Жеткіншек оқу бағдарламасынан қалып қоймас үшін ұстаздар оны үйге келіп оқытады. Ал бос уақытында бозбала поэ-зиямен жəне сатирамен айналысады. Ол өзі өлең, сондай-ақ, комедиялық жəне сатиралық мазмұндағы пьесаларға (скетч) шағын үзінділер жазады.

«Азамат – өте дарынды бала. Ең бастысы өмірлік қиын жағдайға тап болған ол əрдайым қоғамның қолдауын сезінсе екен дейміз. Бүгін Бостандық ауданындағы бөлімше қызметкерлері Азаматтың отбасына барып, оларға азық-түлік, сондай-ақ, инспекторлардың

өз қаржыларына сатып алынған киім-кешек апардық. Жасөспірімнің неге мұқтаж екендігін біліп, оның нені ұнататынын тыңдадық. Азамат арқылы біз тағдыр талайымен қимыл-қозғалысы шектеулі барлық балаларға өзіміздің ынтымақтастығымыз бен қолдауымызды білдіргіміз келеді. Алдағы уақытта да Азаматқа көмек қолын созып, оған бай-ланысты мəселелерді шешуге қоғамдық ұйымдарды жұмылдыруды көздеп отыр-мыз. Жақында инспекторлар бозбаланы қолданбалы өнер көрмесіне шығарып салады. Мұнда оған жаңа мүгедектер арбасын сыйлаймыз. Сондай-ақ, оның мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған спорт секциясына баруына да мүмкіндік берілді», – деп мəлімдеді Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі ювенальдық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Лейла Əліпбаева.

Полицейлердің айтуынша, акцияның мақсаты – игілікті іс жасау арқылы біреудің қайғысына ортақтасу, сондай-ақ, мұқтаж жандарға жəрдем жасау. «Əр азамат өмірдің қиын жағдайына душар болғандарға мүмкіндігіне орай көмек қолын созуы керек», – дейді полицейлер.

«Біздің қызметкерлер ауыр əрі қиын жағдайда қалғандарға арналған қайырымдылық шаралар өткіз іп, қамқорлық жасайды. Тап осы жағдайда біз ата-аналардың да оларға қоғамның қолдан келер көмегін аямайтынын сезінуін қалаймыз. Қайырымдылық дегеніміз, банк шотындағы реквизиттерді толтыру ғана емес, адамның көңілін сұрап бару, оған не қажет екендігін біліп, керек затта-рын, сондай-ақ азық-түлігін сатып əперу, қажет болған жағдайда мүмкіндігінше заңгерлік кеңестер беру болып табыла-ды. Баланы қадағалап, қамқорлық жасап отыру, тыңдау, əртүрлі кеңестер беру – мұның барлығы да адами құндылықтың кепілі. Азаматтың толыққанды өмір сүруге деген құлшынысы зор. Бала соған талпынады жəне оның алдына қойған мақсатына жетуге мүмкіндігі барына сенеміз», – деді полиция подполковнигі Л.Əліпбаева.

«Дүние бір қисық жол бұраңдаған» болса да, «бақ тайса, ерге дəулет құралмаған» деп барлығын бақтың қонуына, жолдың жазуына жаба салуға болмас. Қоғамдық көліктің тізгінін ұстаған жүргізушінің бағы мен бабы, талабы мен тəжірибесі де келісті болуы тиіс.

Осы қағиданы түсіндіру мақсатында Қарағандының жергілікті полиция қызметінің тəртіп сақшылары қаладағы автопарк басшылары жəне автобус жүргізушілерімен кездесу өткізді.

Кездесуге жүргізушілер мен кондук-торлар жəне депутаттық корпустың өкілдері, жолаушылар тасымалына жа-уапты əкімдіктің өкілі келді. Депутаттық корпус өкілінің жүргізушілер мен кондукторларға айтар өтініші аз емес екені байқалды. Өз кезегінде жолаушы тасымалдаушылар жұмыс жоспарының шамадан тыс жоғары екендігі жəне жұмыс кестес ін ің тығыздығына шағымданды. Жəне жұмыс жоспарының, яғни күнделікті автопарк басшылары-мен белгіленген соманың жиналмай-тынына «жекелей шағын автобустар-мен заңсыз жолаушы тасымалдай-тындар кінəлі» деп ағынан жарылды. Таңғы сағат 5-тен түнгі сағат 10-ға дейін жұмыста жүретін жүргізушілердің өзіндік пікірлері де айтылып жатты. Соның бірі, қаланың коммуналдық шаруашылық басқармасымен қала жолдары мен аялдамаларындағы жол қозғалысы белгілеріне қатысты болды. Себебі, аялдамаларда автобустардың оңтайлы бұрылуына үстемдік беретін жол белгілері жоқтың қасы екен.

Жол қозғалысын қадағалау тəртіп сақшыларының міндеті болса, жол қозғалысының тиімділігі үшін жол жолақтары мен ескертпе белгілермен

Қуаныш МЕДЕУБАЕВ, Қарағанды облысы

«АСЫҚҚАН – ШАЙТАННЫҢ ІСІ» ДЕСЕК ТЕ, КӨЛІКТІҢ ТІЗГІНІН ҰСТАҒАН АДАМ ШАЙТАННЫҢ БҰЙРЫҒЫМЕН ЖҮРМЕЙТІНІ БЕЛГІЛІ. ӨЗІҢ МІНГЕН АВТОКӨЛІКТІҢ ІШІНДЕГІ САПАРЛАС БОЛЫП ҚОСАҚТАЛҒАН ƏР АДАМНЫҢ ТАҒДЫРЫ БІРІНШІ АЛЛАНЫҢ, ЕКІНШІ ЖҮРГІЗУШІНІҢ ҚОЛЫНДА.

жабдықтау қалалық əкімдіктің қызметі екені белгілі.

Ақпан айының ортасы мен наурыз айының ортасына дейінгі аз уақытта автобустардың жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы 2 оқиға орын алған. Тəртіп сақшыларының мəліметтері бой-ынша аталған жол-көлік оқиғаларынан 2 адам қаза болған.

Жерг іл ікт і полиция қызмет ін ің жол-көлік инспекциясы бөлімшесінің бастығы Иван Разуваев: «2016 жылдың 2 айында жолаушыларды тасымал-дауды жүзеге асыратын мекеменің əкімшілігімен 18 кездесу өтті. Онда жолаушыларды тасымалдаумен ай-налысатындармен жол жүру ережесі талаптарын бұзып жол бермеу тура-лы, жол-көлік оқиғаларының алдын

алу сұрақтары бойынша жолаушы-ларды тасымалдаумен айналысатын жүргізушілердің құрамымен əңгімелер өткізілді», – деді. Сондай-ақ, облыстық І ІД басшылығының қатысуымен Қарағанды қаласының əкімдігі, қалалық мəслихат депутаттар жəне көлік ин-спекциясымен келелі мəселелерді шешу үшін атқару жұмыстары өткізілуде.

С т а т и с т и к а л ы қ м ə л і м е т т е р г е сүйенсек, 2016 жылдың есеп беру кезеңінде қоғамдық көліктің қатысуымен қалада 5 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, нəтижесінде 2 адам қайтыс болып жəне 7 адам түрлі санаттағы жарақаттарды алған. Осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін мұндай кездесулер, профилактикалық сұхбаттар жүргізу міндетті шараларға айналмақ.

ИГІ ІС

ТАЯУДА КӨЛІКТЕГІ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ, ПО-ЛИЦИЯ ПОЛКОВНИГІ ЕРЖАН СƏДЕНОВТІҢ АТЫНА АЛҒЫС ХАТ КЕЛІП ТҮСТІ. ХАТ ИЕСІ – АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДАҒЫ НОВЫЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ АРМАНҒАЛИ БИБИТОВ ЕКЕН. ЖЕКЕ КƏСІПКЕР БОЛЫП ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН АРМАНҒАЛИ САҒЫНҒАЛИҰЛЫ БАСЫНАН ӨТКЕН ОҚИҒАНЫ БАЯНДАЙ КЕЛІП, СЫН СƏТТЕ КƏСІБИ БІЛІКТІЛІКТЕРІН ТАНЫТА БІЛГЕН КӨЛІК САҚШЫЛАРЫНА ДЕГЕН РИЗАШЫЛЫҒЫН БІЛДІРГЕН.

«Құрметті Ержан Сапарбекұлы, – деп басталады хат. – 2016 жылғы 14 нау-рызда мен досым Дəурен Ерболатұлымен Алматы-Мəскеу жолаушылар пойы-зында «Алға-Ақтөбе» аумағында №6 вагонның тамбурында ұлты азиялық белгісіз үш тұлға менің 67 мың, досымның 50 мың теңге ақшасы мен «Нокия Х2» маркалы ұялы телефонын ашық түрде тонап кетті. Осы кезде бізге көлік полицейлері келіп, жағдайды анықтады.

Көліктегі Ішкі істер департаментінің үшінші батальон қызметкерлері – по-лиция аға лейтенанты А. Молдағалиев пен полиция старшинасы И.Джуманов кəсіби деңгейде жəне батыл əрекет ете отырып, ізін суытпай қылмыс жасаған үшеуді ұстады.

Мен сіздердің қызметкерлеріңізге сын сəтте міндеттерін адал атқарғандары үшін ризашылық білдіремін. Мұндай жұмыстар жұртшылықтың ішкі істер органдарына деген сенімін арттыра түседі. Отбасымның атынан Сізге қызметкерлеріңіздің тəрбиесі мен адалдығы, жолаушылар пойыздарындағы құқықтық тəртіпті сақтау бойынша өз міндеттерін адал атқарғандары үшін зор алғысымды айтамын».

Теміржолдың белгіленбеген жерінен өту – қазір ең жиі кездесетін əрекет. Жастардың көбі құлаққап киіп алып, жақындап қалған пойыздардың да-былын естімей де қалады. Осындай

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ІІД-НЕ ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ ІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2-ПБ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ КЕЗЕКТІ АЛҒЫС ХАТ КЕЛДІ.

Хатта Тараз қаласының бір топ тұрғыны – Ұлы Отан соғысының, Ауған соғысының ардагері, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, еңбек ардагерлері мен зейнеткерлері департамент басшылығының, барлық жеке құрамның жұмысына табыс тілеген.

Хат мазмұнына үңілсек, хат иелері Ұлы Отан соғысының ардагері, еңбеккер Валентина Петровна Басова əжейге қатысты ауыр қылмыстың алдын алып, кісі өліміне тапсырыс берушіні əшкерелеуде өз міндеттерін адал атқарып, аса ауыр қылмыстың алдын алуда батылдық пен қырағылық танытқан Тараз қалалық ІІБ 2-ПБ-ның барлық қызметкерлеріне, соның ішінде Тараз қалалық ІІБ 2-ПБ бастығының орынбасарлары Е.Мұхатайұлы, Г.Абеков, Б.Удергеновті, КПБ бастығы К.Мусаев, ТБ бастығы С.Уйсенбаев, ТБ тергеушілері А.Сүлейменов пен Н.Мейірмановқа тұрғындардың сенімі мен құрметіне бөленгені үшін алғыс сезімін жеткізуді өтініп сұрап, оларға жəне олардың отбасыларына зор денсаулық, бақыт жəне амандық тілейтіндерін ерекше толқыныспен жазыпты.

Кəріліктен ешкім құтылмайды. Бірақ кəріліктің өзінің мəні бар. Қазақстанның өсіп, өркендеуі, еліміздің осындай тыныш өмір кешуі – бір кездері елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған алдыңғы буын аға-апалардың өмір жолдары, игі істерінің нəтижесі. Иə, елімізде қарттарға үлкен жеңілдіктер берілген, қарт кісіні құт-береке деп танысақ, ардақ тұтсақ – ол ұрпақ көрегендігі. «Төріңнен қарт кетпесін» деген қазақ жасы ұлғайған адамға құрмет көрсетеді. Қарттықтың бүгілген беліне сүйеу болу – парыз. Жүз жауыздықты бір дұрыстық жеңеді. Адам өмірін 150 мың теңгеге бағалаған тапсырыс беруші əйел ендігі өмірін темір тордың арғы жағында өткізбек.

Тəртіп сақшыларының күнделікті адал əрі қоғамдық тəртіпті сақтаудағы қажырлы еңбектері, қарапайым адамдарға қатысты сергек жəне жана-шыр сезімталдығының өзі кез келген мақтауға лайықты екендігін айтып, тұрғындар сырымен бөліскен. Аймақтағы қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тəртіпті, ұлтаралық достық пен татулықты, тұрақтылық пен келісімді дəріптеген осындай полиция қызметкерлері кез келген сəтте көмекке келіп, тұрғындардың емін-еркін өмір сүріп, жұмыс жасауына, қылмыстық қол сұғушылықтан қорықпай, өз қауіпсіздіктеріне сенімді болуы үшін тер төгуде. Сондықтан олардың қоғам алдындағы қадір-қасиеті артып, мерейі үстем болатыны анық.

Қазіргі заманғы қазақстандық полицияның имиджін көтеруге себептесетін дұрыс пікір адамдардың құқық қорғау органдарына деген сенімін жоғарылатады, ал полицияның қылмысқа қарсы барлық іс-қимылдары, жүргізетін алдын алу жұмыстары өзі оң нəтижесін берері де хақ.

Хат иелері, құрметті демалыстағы зейнеткерлер, бұл жайында өте жақсы біледі. Жақсы тəрбиелі, адамгершілігі мол, мейірімді болу, ізет қылу арқылы ғана біз бір-бірімізге көмектесе аламыз.

Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі

Адал міндеті үшін айтылған алғыс

ТАЛҚЫ

ЗАҢДЫ БІЛУ – ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ ДЕГЕН СӨЗ

Гүлнəр МАҒЗҰМОВА

ТЕМІРЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ КҮН ТƏРТІБІНЕН ТҮСПЕЙТІН МƏСЕЛЕЛЕРДІҢ БІРІ. ЖОЛАУШЫ ЖƏНЕ ЖҮК ПОЙЫЗДАРЫНЫҢ АЙНАЛА-СЫНДА БОЛАТЫН ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒАЛАРҒА ТАЛДАУ ЖАСАСАҚ МҰНДАЙ БАҚЫТСЫЗ ЖАҒДАЙЛАРҒА НЕГІЗІНЕН АДАМДАРДЫҢ ӨЗДЕРІ СЕБЕП БОЛЫП ЖАТАДЫ.

қауіпті əрекеттердің алдын алу үшін атқарылып жатқан жұмыстардың бірі – ішкі істер желілік сала қызметкерлерінің жастармен кездесу өткізіп, қауіпсіздік шараларын түс інд іру . Жақында

Алматы-1 стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасының қызметкерлері тем іржол мамандарын даярлай-тын мемлекеттік арнаулы орта оқу орны – Алматы көлік жəне коммуни-кациялар колледжінде болып, кол-ледж студенттерімен теміржолдағы қауіпсіздік шараларын талқылады.

Студенттер алдында сөз сөйлеген Көліктегі Ішкі істер департаменті Ювенальдық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Г.Қарасұлтанова Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы н ы ң

заңдылықтарын бұзу фактілеріне қолданылатын жауапкершіліктер ту-ралы кеңінен əңгімеледі.

«Жолаушы пойыздарының те-резе əйнектерін сындыруды бала-лар тентектік деп түсінеді. Шын мəнінде мұндай əрекет – қылмыс. Тек жолаушы пойыздарының терезе əйнектерін ғана емес локомотивтер мен бағдаршамдардың əйнектерін сындырғаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінде арнайы бап бар. Тіптен, теміржолдың белгіленбеген жерінен кесіп өту де құқық бұзушылық болып

табылады. Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекст ің 559 -бабының 5-тармағы бойынша əкімшілік жазаға тартылады. Өйткені, пойыз өте қауіпті көлік», – деді Г.Қарасұлтанова.

Сондай-ақ, ол колледж студенттеріне Қылмыстық кодекстің де ұрлыққа, тонауға жəне қарақшылыққа қатысты баптарынан кеңінен түсінік беріп, заң тұрғысынан сауатты болуға шақырды.

Кездесу соңында ішкі істер желілік саласының мамандары студенттерге қылмыстық əрекеттерден сақтандыруды насихаттайтын кітапшалар таратты.

Page 5: Сақшы №23 (4189)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 5е-mail: [email protected]№23 (4189), сейсенбі, 29.03.2016 е-mail:[email protected]

ҚЫЗМЕТ

ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ

БІРІККЕН ІСТІҢ БЕРЕКЕСІ БАР

Біздің қоғамда адамдардың айна-ласында болып жатқан қылмыстық о қ и ғ а л а р ғ а б е й ж а й қ а р а й т ы н бойкүйездігі басым екені жасырын емес. Сондықтан адамдардың қылмысқа бірлесе қарсы тұруын жандандыру үшін іске асырылып жатқан шаралар да жыл сайын түрліше сипат алып келеді. Мысалы, өткен жылы қылмысқа қарсы күреске «Көршілер бақылауы» бағдарламасы мен полицияның қоғамдық көмекшілерін тарту белсенді жүргізілсе, үстіміздегі жылы жоғарыда айтқанымыздай Жергілікті полиция қызметі өмірге келді. Жуырда біз Алматы облыстық Ішкі істер департаменті жанындағы Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Марат КҮШТІБАЕВПЕН республикадағы ең ірі облыстардың біріндегі жергілікті полиция қызметінің жыл басынан бергі екі айдағы нəтижесі жайлы əңгімелескен едік.

– Марат Əлімқұлұлы, жергілікті полиция қызметінің атқарған жұмыстарының қандай дəрежеде екені бағаланатын көрсеткіштердің бірі – жол-патрульдік қызметінің көрсеткіші. Жыл басынан бергі екі ай ішінде облыс аумағында 246 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 45 адам қаза тауыпты. Біз бүгін адам өліміне əкеліп соқтыратын жол-көлік оқиғаларына жол ережелерін бұзудан басқа қандай жағдайлар себеп болады деген мəселе жайлы əңгімелессек.

– Əрине, ең бірінші себеп – жол жүру ережелерін бұзу болса, одан кейінгі себеп – автомобиль жолдарының талапқа сай еместігі. Біз бұл бағытта да жұмыс істеп жатырмыз. Мысалы, автожолдарды зерттеу тұрғысында жолдағы кемшіліктерді жою туралы тиісті органдарға 147 ұсыным жіберілді. Тіркелген оқиғаларды сараптасақ жол сапасының нашарлығына байланысты орын алған 22 жол-көлік оқиғасының салдарынан 12 адам қаза болып, 28 адам жарақат алды.

– Сіздердің аумақ арқылы жаз айларында Қапшағай жəне Алакөл, Балқаш көлдеріне ағылатын көліктер саны арта түседі. Ал, осы демалыс орындарына апаратын жолдардың сапасы қандай?

– Əрине, Алматы-Өскемен тас жолының жаңарып жатқаны белгілі. Əзірге бұл жаңа жол Алматы мен Талдықорған қалаларының арасын-да салынып жатыр. Ал, Балқаш пен Алакөлге апаратын жолдардың қауіпті жерлері көп. Мысалы, Алакөл ауданына қарасты аумақта өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жол-көлік

ИКОН ДЕГЕН КІМ ДЕЙСІЗ ҒОЙ? БАСЫНДА ОНЫ ОРЫСТАРДЫҢ ИСУСҚА СЫЙЫ-НАТЫН СУРЕТІ ДЕП ОЙЛАРСЫЗ. АЛАЙДА, ОЛАЙ ЕМЕС. ИКОН – ХАНДІЛЛƏЕВ ЕРКЕБҰЛАН ШОҚАНҰЛЫ, ПОЛИЦИЯ КАПИТАНЫ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ ІСТЕР БАСҚАРМАСЫ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ МҮЛІКТІК ҚЫЛМЫСТАРДЫ АШУ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ.

...КЕШЕ ҒАНА ЖАРҚЫН КҮН КҮЛІМДЕП, БАУ-БАҚШАДА ҚҰСТАР САЙРАП, ӨМІР МАҒАН ҚЫЗЫҚТЫ ДА ƏСЕМ ЕРТЕГІДЕЙ ЕДІ... КЕНЕТТЕН КӨҢІЛІМЕ БҰЛТ ТОР-ЛАП, ҚАНДАЙДА БІР КӨҢІЛТОЛМАУШЫЛЫҚ, РЕНІШ, СЕБЕПСІЗ АШУ КЕРНЕП, КӨҢІЛ-КҮЙІМ ТҮСІҢКІ, ӨЗІМНІҢ ЕШКІМГЕ КЕРЕК ЕМЕСТІГІМДІ СЕЗІНДІМ.

Міне, осылай адам бойындағы депрессия кенеттен пайда болып, кейде өте ұзақ жалғасуы мүмкін. Ол бірден тез өтіп кетеді, не болмаса терең де созылмалы түрде болады. Қандай жағдайда да депрессия – түрлі эмоциялар, елестетулер, еске алулар мен ойлардың жиынтығы. Əдетте, депрессияны бойынан кешіретін адам оның не себептен екендігін анықтай алмай əлек болады.

Депрессиялық жағдайға түскен адам жиі агрессияға (ұрсысуға, қақтығысқа) бейім болады. Сонымен бірге, оның агрессиясы бірінші кезекте өзіне, содан соң жақынына жəне қоршаған ортасына бағытталады. Көп жағдайда жақындары немесе қоршаған ортасы оның бойындағы өзгерістерді түсінбейді де, қабылдай да алмайды. Ал бұл оны көптеген тығырыққа тіреп, соңы суицидке əкеліп соғуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының ішкі істер органы қызметкерлерінің арасында суицид факторы бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Орын алатын суицидтің 90 пайызы экономикалық жəне отбасы-тұрмыстық себептер (ақшалай қаражаттың жетіспеушілігі, өз тұрғын үйінің болмауы, қарыздық міндеттемелер) бойынша жасалғаны жəне табельді қаруды қолдана отырып жасалатын суицид жағдайлары жиілеп кеткенін көрсетіп отыр.

Суициалдық мінез-құлықтың кейбір өзгешеліктері болады. Бірақ олардың аз ғана бөлігі өздерінің қойған мақсатына жетеді. Суициалдық мінез-құлық көп жағдайда демонстративтік, сонымен бірге, байбаламдық сипаттар алады. Психолог-ғалым А.Личконың атап көрсеткеніндей, суицид жасаушылардың 10 пайызы шынайы өлгісі келетін ниет білдірсе, ал 90 пайызы көмекке шақырған жанайқайы болып есептелінеді. Міне, осы жағдайлардың барлығында психолог пен отбасының көмегі қажет. Өкінішке қарай, көпшілік психолог қызметінің не екендігін жəне оның не үшін қажеттігіне мəн бере бермейді. Психологты көп жағдайда психиатрмен шатастырады, сондықтан да оның алдына баруға ұялады. Ал бұл екеуінің арасында айырмашылық бар. Қарапайым сөзбен айтқанда, психи-атр ауруларды емдейді, ал психолог психикалық тұрғыдан сау адамдарға жəрдем береді. Дегенмен, депрессиялық жағдайда адамға көбінесе отбасы мүшелерінің шынайы қамқорлығы, жақындығы, түсіністігі мен демеуі қажет.

Егер Сіз өзіңізге жақын адамда депрессия басталғанын байқасаңыз, оның себептерін анықтауға тырысыңыз. Бұл – болатын қауіпті жағдайдың алдын алуға септігін тигізеді.

Арайлым НАҚЫПОВА, Түркістан қалалық ІІБ кадр жұмысы тобының инспектор-психологы

Гүлнəр МАҒЗҰМОВА, Алматы қаласы

МЕШІН ЖЫЛЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАҢАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРІ БОЛЫП ЕНГЕН ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ НƏТИЖЕСІ ҚАНДАЙ ДЕГЕН СҰРАҚТЫҢ ЖАУАБЫ КҮН ӨТКЕН САЙЫН ЕЛЕУЛІ ІСТЕРМЕН ЕСЕЛЕНІП КЕЛЕДІ. ƏРИНЕ, «БАЛАПАНДЫ КҮЗДЕ САНА» ДЕГЕН СӨЗГЕ СҮЙЕНСЕК, ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯНЫҢ ЖҰМЫСЫНА ТҮБЕГЕЙЛІ БАҒА БЕРУГЕ ƏЛІ ЕРТЕРЕК. БІРАҚ БҰЛ ҚЫЗМЕТТІ ҚҰРУДАҒЫ НЕГІЗГІ МАҚСАТ – ХАЛЫҚТЫҢ ПОЛИЦИЯҒА ДЕГЕН СЕНІМІН НЫҒАЙТУ МЕН ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН БІРЛЕСЕ КҮРЕСУГЕ ДЕГЕН ЫНТАСЫН АРТТЫРУ БОЛСА, БҰЛ МАҚСАТ БІРТІНДЕП ОРЫНДАЛЫП КЕЛЕДІ ДЕСЕК ТЕ БОЛАДЫ.

оқиғасы 5 есеге көбейіп отыр. Демалыс аймақтарына а п а р а т ы н ж о л д а р д ы айтпағанда біздің облыста Алматы мегаполисіне жақын орналасқан 4 аудан мен 1 қала бар. Іле, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Талғар ау-дандары мен Қапшағай қаласының тұрғындары Алматыға барып-кел іп жұмыс істейді. Жуырда ав-томобиль жолдарын ұстау талаптарын орындамағаны үшін 6 лауазымды тұлғаға Қазақстан Республикасы Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 631-ба-бына сəйкес əкімшілік ма-териал толтырылып 180285 теңгеге əкімшілік айыппұл салынды.

– Б ұ р ы н д а р ы ж о л ережесін бұзған жүргізушінің куəлігін жол сақшылары дереу алып қоятын. Сол кезде астын-да көлігі бар адамға бұдан өзге қатал шара жоқ еді. Қазір жол ережелерін бұзу фактілерінің тым көбейіп кетуі осындай қатал жаза-ны жұмсартып жібергеннен емес пе?

– Қазіргі жағдайды өткен уақытпен салыстыра берудің де қажеті шама-лы шығар. Неге десеңіз, Қазақстан Республикасы жыл өткен сайын əлемдегі ең дамыған мемлекеттердің қатарына кіруге ұмтылып келе жатқан мемле-кет. Сондықтан да қай сала болмасын озық елдердің тəжірибесінен тəлім алуы керек. Біз қазір жүргізушілердің куəлігін алып қойғаннан гөрі жүргізуші мəдениетін көтеруге атсалысуымыз керек. Əрине, бұл көлік иелерін мүлде жазасыз қалдыру деген сөз емес.

– Осы жерде жол-патрульдік қызметкерлерінің қандай жағдайда жүргізуші куəлігін алып қоюға құқылы екенін тарата кетіңізші.

– Əкімшілік құқық бұзушылық тура-лы жаңа кодекстің 795-бабына сəйкес жүргізуші куəлігі көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде санкция көзделген жағдайда ғана алынады. Қалған жағдайларда жүргізуші куəлігі əкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылғаннан кейін дереу иесіне қайтарылады.

Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыратын əрекеттерге көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару, жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде басқару жата-

ды, сондай-ақ, өзінің көлігін алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына бер-ген адам да үш жылға көлік жүргізу құқығынан айырылады. Сондай-ақ, он жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға əкеп соғатын əрекет – Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының төртінші бөлігінде көзделген əкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған əрекеттер. Бүгінде жолдың қарсы бетіне шығу салдары-нан орын алып жатқан жол апаты жиі кездеседі. Ал, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шыққан жүргізушілер бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылады.

– Жергілікті полицияны құрудағы мақсат – қылмыстың алдын алуға бірнеше қызметтің күшін біріктіру екені аян. «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» деген сөзді қылмыстық ахуалды жақсартуға бағыттап та айтуға болатын сияқты. Бүгінде осы бірігудің нəтижесі қандай дəрежеде сезіледі?

– Қылмысқа қарсы күресте полицияға қарасты барлық қызметтер бұрын да бірігіп күш жұмылдыратын. Ал, Жергілікті полиция қызметі құрылған соң біріккен істің нəтижесі бұрынғыдан да айқындала түсті десе болады. Мысалы, қылмысты ашудың негізгі үлес салмағы жол-патрульдік қызметіне тигенмен, өткен екі айда ювенальды полиция қызметінің қатысуымен 315, учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен 809 қылмыс ашылды. Сонымен қатар, қоғамдық құрылымдар да қылмыстың алдын алумен қатар,

қылмыстарды ашуға да белсе -не қатысады. Облыс бойынша 379 қоғамдық құрылым қатарына 2500 адам тартылған. Жергілікті поли-ция қызметінің басшылары қоғамдық құрылымдарға тартылған студент-термен, қоғамдық кеңес мүшелерімен жиі-жиі кездесіп, қылмыстың алдын алуға бағытталған мəселелер жайлы пікір алысып отырады. Сондай-ақ, «Сақшы-сарбаз» жасағының да көмегі көп. Мысалы, өткен екі айда «Сақшы-сарбаз» жасағының қатысуымен 38 қылмыс ашылса, қоғамдық кеңестің қатысуымен 259 қылмыс ашылды.

Осы орайда жергілікті полиция мен пəтер иелері кооперативтерінің арасындағы қарым-қатынасты нығайту жұмыстарына тоқтала кеткен жөн. Қазір көптеген адамдар пəтерлерін жалға беріп, өздері басқа жақта тұрады. Ал, пəтер жалдаушылар арасында құқық бұзуға бейім адамдар да жиі кездеседі. Осыған орай учаскелік полиция инспек-торлары пəтер иелері кооперативтерінің басшыларымен үнемі кездесулер өткізіп, қоян-қолтық жұмыс істейді.

– Жасөспірімдер тарапынан бо-латын қылмыстар жайлы айтқанда Е л б а с ы м ы з д ы ң Қ а з а қ с т а н халқына арнаған Жолдауындағы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысты берген тапсырмасы юве-налды полицияның жұмысына бір тың серпін берді десек те болады. Осы тапсырманың орындалу бара-сы қалай?

– Алматы облысында 2 миллион-нан астам тұрғын бар болса, соның 616 мыңнан астамы жасөспірімдер. Ювеналды полиция да жаңа заман та-лабына сай дамып келе жатқан сала. Облыс бойынша 734 жалпы білім беретін мектеп, 69 орта-арнаулы білім беретін жəне 2 жоғары оқу орны бар. Жыл басынан бергі екі айда 1624 жасөспірім ішкі істер органына жеткізілсе, соның ішінде 38-і қылмыстық жаза қолданатын əрекеттерге барғаны үшін ұсталды. Балалар арасындағы қылмыстың алдын алуда кəмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі мектеп инспекторлары мен мектеп басшылығы біріге жұмыс істейді. Қазір көптеген мектеп оқушылары заң талаптарын білмегендіктен əртүрлі құқық бұзушылықтарға барады. Сондықтан да мектеп инспекторлары оқушылармен жиі кездесулер өткізіп, қылмыстық əрекеттерге жол бермеу жайлы əңгіме барысында заң талапта-рын да түсіндіреді. Жыл басынан бері жасөспірімдер арасында 1200-ден астам лекция оқылды. Алайда, есепті мерзім ішінде 1233 жасөспірім əртүрлі əкімшілік құқық бұзушылық əрекеттері үшін ішкі істер органдарына жеткізілді.

– Алматы облысы тамылжыған табиғатының арқасында жер

жəннəті атанған өлке. Алайда, қазір сол сұлу табиғаттың сиқын кетіруге деген əуестіктің асқынып бара жатқаны жасырын емес. Осы орайда табиғатты қорғау полиция-сы қандай жұмыс атқаруда?

– Балқашы мен Алакөлінде балығы тулап, сахарасының сəнін сексеуіл келтірген керемет өлкеде Қазақстанның Қызыл кітабына енген аңдар мен өсімдіктер жетерлік. Бірақ сол Табиғат-ананың сұлулығын бағаламайтын қаскөйлер де аз емес. Мысалы, өткен екі айда Алматы облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің мамандары 322 табиғат қорғау заңдылықтарын бұзу фактілерін анықтап, 128 қылмыстық іс қозғады. Солардың бірі – жуырда Іле ауданының аумағындағы Сарытоқым деген жерде Қызыл кітапқа енген 2 жайранды атып алып келе жатқан Жамбыл ауданының тұрғыны ұсталды. Олардың туған жердің табиғатына келтірген зиянын ақшаға шақсақ –1 696 800 теңге. Бұл іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы бойын-ша қылмыстық іс қозғалды. Бұл жуырда болған бір ғана мысал. Жалпы, жыл басынан бері тоғыз мың келіден астам балық, заңсыз дайындалған 30 текше метр ағаш тəркіленді.

Қазақстанда жылдан-жылға азай-ып бара жатқан жануарлардың бірі – киіктер. Киіктің мүйізін көрші Қытай елінде тəп-тəуір ақшаға қабылдайтын болғандықтан киіктер пайдакүнем аңшылардың қарауына жиі ілігеді. Жақында Жамбыл ауданындағы «Ақтерек» бекетінен 274 дана киік мүйізін алып бара жатқан «Сетра» автобусы ұсталды. Табиғат байлығын талан-таражға салушыларды анықтау мақсатында тұрақты түрде өткізіліп тұратын «Табиғат» жедел алдын-алу шарасының маңызы зор. Наурыз айының 14-23 аралығында өткізілген осындай шара кезінде табиғат қорғау заңдылығын бұзудың 139 фактісі анықталып, 126 факт бойынша құқық бұзушылар əкімшілік жазаға тартылды.

Жалпы алғанда құқықтық ахуалдың жақсаруы экономикалық жағдайға тəуелді екені айқын. Осы орайда Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында мемлекетіміздің құқықтық, экономикалық, əлеуметтік тұрғыда да-муын одан əрі арттыру мəселесі кеңінен сарапталды. Сондай-ақ, Мемлекет бас-шысы «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласында да құқық қорғау органдарының жəне бəрінен бұрын полицияның адамдардың мүддесі мен құқықтық тəртіпті нығайту қызметінде тұруына қол жеткізуіміз қажет екенін атап өткен болатын. Біздің бүгінгі мақсат – Елбасының Қазақстан полициясының алдына қойған міндетін мүлтіксіз орындау.

Сұхбатыңызға рахмет.

ӨЗЕКТІ

ӘРІПТЕС КЕЛБЕТІ Суицид – тығырықтан шығар жол емесҚАРАҚШЫЛАРДЫ ҚҰРЫҚТАҒАН ИКОН

1 9 8 3 ж ы л ы 1 шілдеде Түркістан қ а л а с ы н д а дүниеге келгенде Еркебұланды анасы еркелетіп Еконай, Е к о н ы м д е й т і н . Кейіннен балалар арасында ол Екон, одан соң Икон деп аталып кетті.

С о л И к о н о р т а ме к т еп т і б і т і р і п , ж о ғ а р ы б і л і м д і а л ғ а н с о ң 2 0 0 5 ж ы л ы Т ү р к і с т а н қалалық Ішкі істер б а с қ а р м а с ы н а патрульдік полиция ротасының қызметіне жұмысқа тұрады. Жұмыс барысында Еркебұлан əділдігі, іскерлігі, тапқырлығы, батылдығы жəне шапшаңдығымен көзге түскен соң оны басшылық басқарманың криминалдық полиция бөлімінің жедел уəкілі лауазымына ауыстырады. Бұл қызметте де ол қылмыстарды ашуда кəсіби шеберлігін көрсетіп, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізеді. Еңбегі де елеусіз қалмады, уақыт өте келе Еркебұлан сол бөлімнің аға жедел уəкілі қызметіне тағайындалады.

Туған-туыстары ғана емес, қызметтес əріптестері мен достарының арасында да «Икон» атанып кеткен Еркебұлан қылмыс əлемінің қитұрқы амал-тəсіліне тойтарыс беруде білім мен біліктілікті ұштастыра білу керектіг ін жақсы түсінген еді. Шындап келгенде, оны Еркебұлан десе біраз жұрт танымайды да.

Əріптестер арасында беделді бо-лып, аса ауыр қылмыстарды ашуда ұйымдастырушылық қабілетін көрсете

бастаған полиция капитаны осы еңбекқорлығының арқасында Түркістан қалалық Ішкі істер басқармасының криминалдық полиция бөлімінің мүліктік қылмыстарды ашу бөлімшесінің бастығы лауазымына тағайындалады.

Естеріңізде болса, 2015 жылдың к а р а ш а - ж е л т о қ с а н а й л а р ы н д а Түркістан қаласында түнгі уақытта 5-6 адамнан құралған қаруланған қарақшы топ пайда болып, дүйім елді үрейде ұстаған еді. Үш үйге баса-көктеп кіріп, үйдегі адамдарды ұрып-соққан қаныпезерлер қару қолданып, үй иелерінің алтын бұйымдары мен ақшаларын алып кетіп отырған. Осы қылмыстарды ашу мақсатында бөлімше бастығы, полиция капитаны Еркебұлан Ханділлəев əріптестері – полиция май-оры Асылжан Абдрасилов пен полиция аға лейтенанты Диас Балдановпен бірлесіп, күн демей, түн демей жұмыс атқарып, қаруланған қарақшылардың барлығын құрықтайды. Осындай жай ғ ана ана сының ер келе т і п Икон деп қойған танымал есімімен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында үлкен үлесін қосып келе жатқан Еркебұлан Əйгерім атты келіншегі екеуі Байбала мен Ерасыл сынды қос ұл тəрбиелеп отырған үлгілі отбасы. Ұлдарын кішіпейіл болуға, болашақта елге адал қызмет етуге тəрбиелеп келе жатқан отағасы.

Қанат ҚҰЛБАЙМБЕТОВ,Түркістан қалалық ІІБ

бастығының орынбасары,полиция полковнигі

Page 6: Сақшы №23 (4189)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20136 е-mail: [email protected]№23 (4189), сейсенбі, 29.03.2016 е-mail:[email protected]

БҮГІНГІ КҮННІҢ БЕЙНЕСІ

ОТБАСЫ

колл

аж А

қсая

ЖҮР

КЕН

ОВА

НІК

І

Жаңа жылдың алғашқы күні, дəлірек айтсақ, 2 қаңтарда Жамбыл облысында əжетханадан жаңа туған сəби табыл-ды. Байғұс бала Алматы-Ташкент тас-жолы бойында орналасқан əжетхана тесігінен шұңқырға түсіп кеткен екен... Періштесі қақты ма, абырой болғанда, сəби тірі қалыпты. Тауып алған жо-лаушылар бірден жедел жəрдем шақыртқан. Баланы шұңқырдан шығару үшін құтқарушыларға бетон еденді бұзуға тура келген. Жас сəби жылауға шамасы келмей, əрең қозғалып жа-тыпты. Оның анасы – 21 жастағы келіншек болып шықты. Оның тағы бір баласының бар екендігі анықталды. Сондай-ақ, 13 қаңтарда дəл осы өңірге қарасты Ақкөл ауылындағы жол бойы-нан да көлік терезесінен лақтырылғын сəбид ің денес і табылды. Көл ік ішінде босанып қалған бойжеткеннің нəрестесін жанында келе жатқан əжесі жұлып алып, құдды зат секілді жолға тастай салған. Алған жарақатынан нəресте көз жұмады. Оның анасының 16 жастағы мектеп оқушысы екендігі анықталды.

Ал, мəселен, мына оқиғада өз туған баласынан жерінген жас қыздың қылмысы əшкере болған. Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің мəліметінше, 19 қаңтар күні сағат 20.00-де Целиноград аудандық ІІБ кезекші бөліміне Қоянды ауылының 1996 жылғы тұрғыны хабарласады. Ол өз сөзінде таңғы мезгілде қораптан нəресте тауып алғанын жеткізеді. Алайда, жедел іздестіру шаралары барысында хабарлама берген қыздың нəрестенің анасы екені анықталады. Өкініштісі сол, бойжеткеннің ата-ана-сынан жүктілігін жасыру мақсатында осындай қадамға барғаны анықталды. Оның үстінен «көрiнеу жалған сөз жеткiзу» бабына сəйкес қылмыстық іс қозғалды.

Бұдан бірер күн өткенде Маңғыстау облысында жаңа туған шаранасын қоқысқа тастаған безбүйрек анаға іздеу жарияланады. Нəрестенің өлі денесін Ақтау-Атырау тасжолының бойындағы Сарға ауылының тұрғындары тауып, полицияға хабар берген екен. Көкек

«Тіліңді тарта сөйлесең, мұндай жағдайға душар болмас едің ғой. Бəленің бір ұшы өзіңде», – деп бақанын асынып, қызуы тасынып шыға келетін шешейлер де кездеседі.

Мұның соңы енді дауға айналады. Сосын күйеу бала жауға айналады. Дұрысы – «құлақтың тыныштығы ке-рек».

Есті келіншектер күйеуінің қол көтергенін қалыпты жағдай деп есептейді. Себебі, ескіден келе жатқан тəмсіл бойынша «Əйелдің бір иығында шайтан отырады. Оны күнара сабап, қуып отырмаса əйел долыға айнала-ды». Ауылдық жерде қазақы тəрбие көрген келіндер осыған имандай сенеді. Болмашы ұрыс-керістен шаңырағының шайқалғанын қаламайды. Сөз жоқ, қалған көңіл – шыққан жан. Отбасы берекесін бір кетіріп алған жан оны қайта қалпына келтіре алмайды. Шаң-шұң ұрыс үдей түседі. Мұның соңы ажырасуға əкеліп тірейді. Жастай жалғызбасты қалу ешкімге абы-рой əпермейді. Ана тəрбиесін алған қыздар отбасын сақтап қалады. Ал, əзəзілдердің тіліне ергендердің ертеңі бұлыңғыр.

Десек те, Оңтүст ік Қазақстан облысындағы «Сана-сезім» əйелдер бастамалары орталығы басшысының орынбасары Шахноза Хасанованың мəлімдеуінше, оларға көмек сұрап келетін əйелдердің қарасы əжептəуір көп екен . Орталық оларға үш бағытта жəрдем береді. Біріншісі – п с и х о л о г и я л ы қ . Е к і н ш і с і – құқықтық. Үшіншісі – материалдық көмек. Жұбайларынан жəбір көрген келіншектер балаларының тағдырына көбірек алаңдайды. Отбасындағы берекесіздік, күн сайын қайталанатын дау-дамай, ұрыс-керіс балалардың да психологиясына кері əсер етеді. Осыны білетін əйелдер өзі болмаса да балала-ры үшін күреседі. Орталық осындайда олардың тығырықтан шығу жолдарын қарастырады. Ең басты құндылық – от-басын сақтап қалу. Сол үшін де психо-логтар мен дəрігерлер əйелге барынша қолдау білдіреді. Егер білместікпен аяғын шалыс басқан жағдайда алдағы өмірінде мұны қайталамау керектігін

ƏЙЕЛ жəне ƏЛІМЖЕТТІКСабырбек ОЛЖАБАЙ

«ҮЙ БОЛҒАННАН СОҢ ЫДЫС-АЯҚ СЫЛДЫРЛАМАЙ ТҰРМАЙДЫ». БҰЛ – ҚАЗАҚЫ ПСИХОЛОГИЯ. МАСКҮНЕМ КҮЙЕУІНЕН ОҢБАЙ ТАЯҚ ЖЕГЕН КЕЛІНШЕК «ЕЛ-ЖҰРТҚА МАСҚАРА БОЛМАЙЫН» ДЕП ҚАЗАҚЫ ҰЯҢДЫҚҚА САЛЫП, «БАС ЖАРЫЛСА БӨРІК ІШІНДЕ, ҚОЛ СЫНСА ЖЕҢ ІШІНДЕ» ҚАҒИДАСЫНА СҮЙЕНІП, МƏСЕЛЕНІ ЖЫЛЫ ЖАУЫП ҚОЯ САЛУҒА БЕЙІМ. НЕГЕ? ӨЙТКЕНІ, КӨРШІ-ҚОЛАҢҒА МАСҚАРА БОЛҒАНША, ҮЙДЕГІ БЫҚСЫҚТЫ СЫРТҚА ШЫҒАРМАУ КЕРЕК. АЛЫСТАҒЫ ƏКЕ МЕН ШЕШЕ ДЕ КӨЗІ КӨГЕРІП КЕЛГЕН ҚЫЗЫНА ОҢ ҚАБАҚ ТАНЫТА ҚОЙМАЙДЫ. ƏРІ КЕТКЕНДЕ КҮЙЕУ БАЛАНЫ КІНƏЛАР.

ескертеді. «Сана-сезім» əйелдер бас-тамалары орталығына келіп жүгінетін жəбірленуші келіншектер көп ретте отбасын сақтап қалады екен.

Жастықтың желігімен жүріп аяғын қия басып алатын қыздар да көп жағдайда тығырыққа тіреледі. Секектеп жүріп құрсағына шарана бітіп қалғанын өзі де сезбейді. Ал, уақыт өте келе іші біліне бастағанда «Аспандағы айды əперемін» деп жүрген сүйгені асау ат-тай жалт береді. Қыз байғұс шырылдап жігіттің соңынан жүгіреді, жалынады. Ал, жүрегінің жартысына балаған жігітсымағы жылы сөзін айтудың ор-нына қарасын да көрсетпейді. Енді қыз тұңғиыққа терең батады. Əке-шешесіне барайын десе жүзі шыда-майды, дəті бармайды. Егер ол студент болса, құрбылары шошына қарайды. Міне, сонда ол барар жер, басар тау таппай дағдарады. Қазір балалықпен

аяғын шалыс басқан бойжеткендер-ге көмек қолын созатын орталықтар бар. Солардың бірі – «Аналар үйі». Мұнда жас аналарға жап-жақсы көмек көрсетіледі. Психологтар мен дəрігерлер кеңесінен өтеді. Есесіне жас аналар шақалақтарын шырылдатып далаға тастап кетпейді. Қазақта «аузы күйген үрлеп ішеді» деген бар. Бір рет аяғын жаза басқан бойжеткен екінші рет қателеспеуге тырысады. Əрине, оның екінші шырағы жанып жатса қолдау, қуану керек.

«Бөріктінің намысы бір» дегенімізбен, бəзбір желөкпе, өмірді жеңіл түсінетін жігіттерге айтар базынамыз да бар. Біреудің қаршадай қызын қорлап, жы-латып кеткеннен шыққан мүйізің қане? Бойжеткеннің наласы, көз жасы сені алысқа жібере қояды ма? Əрі-беріден соң қарындасыңның тағдырын ойлап көрші. Өзің сияқты бір өктемшіл оны

алдап кетсе не етер едің? Сондықтан бөріктілер қыз сеніміне адал болуы керек дер едік.

Əпербақан, ұр да жық, өз дегені болмаса қайтпайтын қырсық мінезді жігіттердің де бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Əйелі қит етсе болды жуан жұдырығын ала жүгіретіндер де жеткілікті. Ерлердің ең осал тұсы – ішімдік. Аузына арақ тисе отба-сына қырғидай тиетіндерді де көріп жүрміз. Оларға айттың не, айтпадың не, өз дегенінен қайтпайды. Жүрегінде сəуле жоқ мұндайлардан дауасы «құтырғаннан құтылған» дегендей алыс жүру керек. Міне, осындай тұста əйелдерге ҚР «Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы» заңнамасы көмекке келеді. Аталмыш заңнаманың 8,9-бап-тарында əйелдер мен жасөспірімдерге қатысты бірқатар мəселелер де қарастырылған.

Жалпы, статистикаға жүгінсек, зорлық пен қорлықты көп көретін ə й е л д е р м е н ж а с ө с п і р і м д е р екен. Сөзіміз дəлелді болу үшін республикалық статистика мəліметіне жүгініп көрелік. Былтыр 200-ге жуық əйел, 30-ға тарта жасөспірім қыз айуандықпен өлтіріліпті. 220 əйел, 50-ге жуық жасөспірім ауыр жарақат алған. 2500 əйел мен кəмелет жасқа толмаған 170 қыз зорланған. Елімізде педофилдерге қарсы қатаң заң қажет. Қаршадай қызды ал-дап оңашаға шақырып, білгендерін істейтіндерге ауыр жаза қолдану керек-ақ. Сонда ғана педофильдер-ден арыламыз.

Көріп отырсыз, қазір қоғамдағы қорғансыздар – нəз ікжандылар мен жасөспірімдер екен. Ендеше, оларға сіз болып, біз болып көмек көрсетіп, жауқазындай майысқан жаһұттарымызға пана болуымыз ке-рек. Бүгінгі бойжеткен – ертеңгі ана. Ал, балалар – болашағымыз. Адами тұрғыдан алып қарағанда да адам өз болашағына балта шаппауы ке-рек қой. Осы тұрғыда айбалталы айуандарға ортамызда орын болмауы тиіс.

Келген ойдың санама ізгі бəрі,Көкірегімді өкініш сызғылады.Мен өзім-ақ айтар ем бар сырымды,Жібермейді бірақ бұл қыздың ары,

– деп ақын Ақмарал Леубаева жырлағандай, өз ар-ұяты, намы-сы, отбасының тұтастығы үшін барлық сырын ақтаруға қыздың ары жібермейді.

Барлық құпиясын құндақтап, жүрек түкпірінде ұстайтын көркемдеріміздің шыдам ш ідер і н ү з і п алмайық , бөріктім. Жылы қабағың мен ыстық махаббатыңды арнағанда ғана құшағын саған ашады көріктің. Əйел жаны өте нəзік. Оны бір өкпелетсең морт сы-нады. Қисық қабырғадан жаратылған қимастарымызды қадірлей білейік. Өйткені, олар жер бетіне өмір ұрығын себеді.

КӨКЕЙКЕСТІ

ҰЛЫМЫЗДАН ҰЯТ, ҚЫЗЫМЫЗДАН ҚЫЛЫҚ КЕТТІ МЕ?

Айша БЕКҚЫЗЫ

ҚАҢТАР БАСТАЛА САЛА ЕСТІП-БІЛГЕН: ЕЛІМІЗДІҢ ƏР ӨҢІРІНЕН ШЕШЕЛЕРІ ҚОҚЫСҚА, ДƏРЕТХАНАҒА, КӨШЕГЕ ТАСТАП КЕТКЕН БЕЙКҮНƏ НƏРЕСТЕЛЕР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАР ҚОҒАМДЫ БЕЙЖАЙ ҚАЛДЫРМАҒАНЫ АНЫҚ. ИƏ, СОҢҒЫ КЕЗДЕ ҚАЗАҚСТАНДА ЖАС АНАЛАРДЫҢ ӨЗ БАЛАСЫН ТАСТАП КЕТУ ДЕРЕГІ КӨП ТІРКЕЛІП ЖА-ТЫР. ОНЫҢ ҮСТІНЕ ЭЛЕКТРОНДЫ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ, СҮЙІНШІ СҰРАҒАНДАЙ-АҚ, ЖАМАНАТ ХАБАРЛАРДЫ КЕЗЕК КҮТТІРМЕЙ БІРІНЕН СОҢ БІРІН ЖАРИЯЛАП ЖАТЫР...

ана сəбиін картон қорапқа салып, жөніне кете барыпты. Сəбидің анасы – 38 жастағы келіншектің айтуын-ша, сəби дүниеге өлі күйінде келген көрінеді. Қоғам есін жинай алмай жатқанда Талдықорғанда да кəріз құдығынан шала туған тағы бір өлі нəресте табылды. Бұл туралы Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері мəлімдеді. Олардың айту-ынша, өлі бала 22 қаңтарда Алматы облыстық ауруханасының маңынан табылған. Оны кəріз люктерін таза-лаумен айналысатын компанияның қызметкерлері байқаған екен.

Мамандар жас аналардың өз шара-наларынан безінулерін психикалық ауытқушылықтың əсері деп есептейді. Педагогика ғылымдарының кан-д и д а т ы , п с и х о л о г М е й р а м г ү л Есенғұлованың айтуына қарағанда, босанған аналар қылмысқа уақытша п с и х и к а л ы қ а у ы т қ у ш ы л ы қ т ы ң əсерінен баратын көрінеді. Өз ша-ранасын өлтірген əйелдер сол сəтте аффектілік күйде болады, яғни, өз əрекеттеріне есеп бере алмайды екен. «Кез келген жүкті əйелдің бойында көңіл күй өзгерісінің болуы қалыпты жағдай. Ал кейбір əйелдер бала

туғаннан кейін жан күйзелісін бастан кешуі мүмкін. Оның себебі болашақ анаға босанғанға дейінгі ішкі жəне сыртқы факторлардың қаншалықты деңгейде ықпал етуіне байланысты. Əрбір жүкті əйел психоэмоционалды күйін үнемі бақылауда ұстап жəне дер кезінде қажетті маманнан кеңес алып отырса, бұндай жағдайлардың алдын алған болар едік», – дейді М.Есенғұлова. Сондай-ақ, ата-ана мен бала тақырыбында 11 жылдық тəжірибесі бар психолог-практик Евгения Араджи еліміздегі əйелдердің өз балаларына неліктен аяусыздық көрсететіні жайлы былай дейді: «Еліміздегі қазіргі экономикалық жағдайға байланысты аналардың өз балаларынан бас тартуы көбейді. Б ірақ бұл жағдайдың барлығы қалаусыз жүктіліктің нəтижесінде, не болмаса некесіз дүниеге келген сəбидің қоғамда дұрыс қабылданбай қ алу қ а уп і н ен т у ады . Мұндай жағдайға тап болғандар туыстары-нан жəне жақындарынан қорқады. Сонымен қатар, көпшілігі баланы асырай алмаймын деген ойда бола-ды. Осындай жағдайлар отбасының көмегіне зəру немесе психологиялық қолдауды қажет ететін жандарда болады. Тағы бір себеп ретінде жас-тай босанған əйелдерде болатын гормоналдық өзгерістерді атайық. Əйелдің ағзасында босанғаннан кейін айтарлықтай өзгерістердің байқалатыны, гормоналдық фонның өзгеретіні бəрімізге де белгілі. Əйел баласы қатты күйзеліске ұшырайды. Кей əйелдер бала туғаннан кейін күйзеліске жиі ұшырайды. Оның барлығы болашақ анаға сыртқы жəне ішкі фактордың қаншалықты əсер еткендігіне байланысты. Əдеттегідей, осы уақытта əйел психикасы тұрақсыз болып келед і . Сонымен қатар , қоғамнан шектетіліп қаламын деген қорқыныш мазалайды».

Ал прокуратура мамандары бір ғана Астанада жыл сайын кəмелетке толмаған 70-ке жуық қыз жүкті бо-латынын айтады. Астана қаласы С а р ы а р қ а а у д а н д ы қ п р о к у р а -тура өкілдері балаларға қатысты зорлықтың көбейіп кеткенін хабарлап отыр. «2015 жылдың қорытындысы бойынша елордада 140 балаға қатысты зорлық жасалған, оның 21-і

сексуалдық зорлық. Сараптамадан балаларға қатысты сексуалдық қ ы л м ы с т а р д ы ң е р е с е к т е р д і ң адамгершілігінің жоғалуымен ғана емес, кəмелетке толмағандардың рухани тоқырауына да байланысты. Бұған елордада жыл сайын кəмелетке толмаған 68 қыздың жүкті болуы дəлел», – деп хабарлады Сарыарқа аудандық прокуратурасындағылар. Ведомстводағылар ата-ана өз ба-лаларын тəрбиелеуде міндеттерін тиісті деңгейде орындамайтынын айтып, қынжылуда. «ҚР ҚК 140-ба-бында кəмелетке толмағандарды тəрбиелеу бойынша міндеттемелерді орындамауға 200 АЕК (424 200 теңге) көлемінде айыппұл салу түріндегі жауапкершілікке тарту, не түзету жұмыстарына тарту немесе 180 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту, иə болмаса, 10 тəулікке дейін қамау қарастырылған», – деп хабарла-ды аудандық прокуратура өкілдері. Айтпақшы, біздің қыздардан «үлгі» алды ма, кім білсін, 27 қаңтар күні Қырғызстанның Жалалабад облы-сы Тоқтағұл ауданында жаңа туған шақалағын дəретханаға тастап кеткен əйел ұсталды. Ол баласын дəретхана ішінде босанамын дегенде өзі де шұңқырға түсіп кеткен. Алайда, ол жерден өзі шыққанымен, баласын қалдырып кетіпті. Абырой болғанда жаяу жүргіншілердің бірі бейкүнə сəбиді тауып алып, құтқарушыларға хабар берген. Аудандық балалар ісі жөніндегі комиссия өкілдері нəжіс ара-сынан табылған сəбиді балалар үйіне емес, өз анасына қайтарып беруді жөн көріп отыр. Қырғызстандық əріптестеріміз «Əйелдің осындай қатыгездікке барғанына қарамастан мамандар ұл баланы оған неліктен қайтарып беріп жатқандығы түсініксіз» дейді.

Ақ некеге тұрмай-ақ əлдекімнен бала көтеретін бойжеткендерге таңырқай қарауды баяғыда қойғанбыз. Тіпті, етіміз үйреніп кетті десе де болғандай... Алайда, бұның соңы жақсылыққа апармайтыны белгілі. Бүгінде 18-25 аралығындағы жас қыздар, тіпті, мек-теп оқушылары жүкті болып қалып, онысын жасыру үшін еш шімірікпестен сəбилеріне қол салып жатыр. Баласына бас-көз болады дейтін ата-ана қу тіршіліктің қамымен шапқылап жүр...

колл

аж А

қсая

ЖҮР

КЕН

ОВА

НІК

І

Page 7: Сақшы №23 (4189)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 7е-mail: [email protected]№23 (4189), сейсенбі, 29.03.2016 е-mail:[email protected]

СПОРТ

БОКС

САМБО

ШАҒЫН ФУТБОЛ

ТРЕНИНГ

Қарағанды облыстық ІІД басшылығы мен жеке құрамы жəне Ардагерлер кеңесі ішкі істер органдарының ардагері Сұлтан Амзиеұлы Уақбаевқа жұбайы

ШАКАРҚЫЗЫ Ахлиманыңқайтыс болуына орай қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Жігер жеңіске жетелейді 23 НАУРЫЗ КҮНІ ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ ƏСКЕРИ ИНСТИТУТЫНДА НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ҚАЗАҚША КҮРЕСТЕН «ИНСТИТУТ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ ӨТТІ.

Белдесулер олимпиадалық жүйе бойынша 70 келіден жоғары абсолютті салмақ дəрежесінде өтті. Институт қабырғасынан бозкілемге 32 па-луан шықты. Жарыс шарты бойынша бірінші белдесулерден кейін-ақ қатысушылар қатары сиреп сала берді. Осылайша, таза жеңіспен финалдық кездесулерге шыққан төртеу болды. Солардың ішінен қола жүлдені иелен-ген 4-оқу ротасының командирі, капитан Самат Жапаров болды. Екінші орынды бірінші курс курсанты Ержан Оразбек иеленсе, «Институт барысы» болып 3-курс курсанты Дархан Дəулетов атанды. Жүлдегерлерге марапат-тары мен грамоталарын Спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат директоры Смаил Аманов, Петропавл қаласының күрестен БЖСМ директоры Ғалым Оркешов, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша күрес федерациясының құрметті президенті Бауыржан Құлжанов пен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қазақша күрестің аға бапкері Ислямбек Бекмурзиндер табыс етті. Турнир жеңімпазына чемпиондық шапанды Əскери институт бастығы, əскери ғылымдар докторы, профессор-полков-ник Жұмабек Ахметов жапты.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланыƏскери институтының баспасөз қызметі

Институт барысы

Тренингке қатысқан қызметкерлерге ж е к е - д а р а к ө ң і л а у д а р ы п , жұмыстарындағы тиімділікті арттыруды көздеген мекеме психологтары, өрт сөндіру бөлімінің əр қарауылымен жеке-жеке жұмыс жүргізді. Ауқымды жұмысты жүзеге асыруға Тараз мемлекеттік педагогикалық институтынан келген іс-тəжірибеден өтуші практиканттардың көмегі тиді.

Тренинг барысында қызметкерлер арасында өзара қарым-қатынас, ұжымдық, топтық қатынас деген ұғымдар қалыптастырып, бір-бірімен өзара байланысты күшейту мəселесі сөз болды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» – дегендей қызметтегі бірлік, ынтымақ, достық, өзара қарым-қатынастың мағынасының тереңдігін ұғындыру жəне өрт сөндіру кезінде бірлесе жұмыс істеуді үйретуге үгіттейтін «сеніп құлау», «мен саған сенемін...» жəне басқа да жаттығулар қолданылды. Ішкі эмоционалдық қысымнан арылып, өзін-өзі реттеуге, өз өмірін бағалауға көмектесетін жаттығулар орындалды.

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ІІМ М.БӨКЕНБАЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ЗАҢ ИНСТИТУТЫНЫҢ АУЫСПАЛЫ ҚҰРАМЫ АРАСЫНДА САМБО КҮРЕСІНЕН АБСОЛЮТТІК САЛМАҚТА ЖАРЫС ӨТТІ.

ЛОНДОН ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ, БҮГІНДЕ «АСТАНА АРЛАНДАРЫ» КƏСІБИ БОКС КЛУБЫНЫҢ БАС МЕНЕДЖЕРІ СЕРІК СƏПИЕВ ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ƏСКЕРИ ИНСТИТУТЫНДА БОЛДЫ.

Білім ордасының б а с п а с ө з қызметінің хабар-лауынша, даңқты боксшы институтқа оның ба с тығы , профессор, пол-ковник Жұмабек А х м е т о в т і ң ш а қ ы р у ы м е н барған.

Бұл шара 26 на-урыз күні «Астана арландары» мен « P u e r t o - R i c o Hurricanes» клубы боксшыларының кездесуі алдында өтті. С.Сəпиевпен бірге əскери институтқа «Астана арландары» клубының жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпеков пен команда капитаны Самат Башенов барды.

«Спортшылар институт құрылымымен, курсанттардың тұрып жатқан жерлерімен жəне оқу орнымен, ҚР Ұлттық ұланның Орталық мұражайы филиалының экспонаттарымен танысты. Осыдан кейін əскери оқу орнының конференция залында қолбасшылықпен жəне институттың спортшы курсант-тарымен кездесу өтті», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, елордалық спортшыларға Əскери институттың əскери қызметшілері қол жеткізген спорттық жетістіктер жайында ақпарат берілді.

Өз кезегінде астаналық арландар əскери қызметші спортшыларға оқуда да, спорттық жарыстарда да зор табыстар тіледі. Осыдан кейін олар мемлекеттік рəміздер алдында институт ұжымымен естелік суретке түсті.

И н с т и т у т б а с ш ы л ы ғ ы ж ə н е дене дайындығы кафедрасының профессорлық-оқытушы құрамы, болашақ құқық қор ғау ор ганы қызметкерлерінің дене дайындығына, соның ішінде самбо күресіне үлкен на-зар аударуда.

Жарысқа қатысушы спортшы-лар сапқа тұрғызылып, Қазақстан

Республикасы І ІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі Бағдар Əбуов, институттың тұрақты жəне ауыспалы құрамын Наурыз мерекесімен құттықтап, жарысқа қатысушы спортшыларға спортта жоғары белестерді бағындыруға

сəттілік тілеп, жарысты салтанат-ты түрде ашты. Сонымен қатар, и н с т и т у т т ы ң 2 - к у р с к у р с а н т ы Салықов Дархан «Қазақ жігіттері» атты əнді орындап, спортшылардың жарысқа деген күш-жігерін жани түсті.

Белдесулер жоғары деңгейде өтті. Абсолютті салмақ дəрежесінде болғандықтан, жеңіс тұғырынан салмақ дəрежесі жоғары балуандар табылуға тиіс болған. Əйтсе де, ептілік пен шеберлік те кенже қалған жоқ. Төрешілердің ойынша, күресу кезінде көптеген курсант-спортшы самбо күресінен өздерінің жігерлілігін, жақсы техникалық дене дайындықтарын көрсете білді.

Атап айтсақ, 1-орынды 3-курс кур-санты Ризабек Кенжеғалиев, 2-орынды 3-курс курсанты Ералы Совет иелен-се, 3-орынға 2-курс курсанты Дархан Салықов табан тіреді.

Ж а р ы с с а л т а н а т т ы т ү р д е əуендетілген жоғары көңіл-күйде өтіп, жеңімпаздар жəне жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен жəне грамотамен мара-патталды.

А.МЕРҒАЛИЕВ, Ақтөбе қаласы

Жұмыла көтерген жүк жеңілНазира АҚЫЛОВА, Жамбыл облысы

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ӨРТ СӨНДІРУ ЖƏНЕ АПАТТЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫ АРАСЫНДА СУИЦИДТІК ƏРЕКЕТТЕРДІҢ АЛДЫН АЛУҒА, ҰЖЫМДА ОҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ОРНАТЫП, ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ПЕН АУЫЗБІРШІЛІКТІ АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ.

Табиғат адамның бойына қуат, қөңіліне шабыт ұялататын, денсаулығының сақшысы, жанға дауа шипагері екенін ескеріп, ауа райының қолайлы болу-ына байланысты, кейбір өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамымен тренинг таза ауада жүргізілді. Қызметкерлер де өз тараптарынан белсенділік танытып,

ортақ мəселелері мен олардың шешілу жолдарын талқылап, барынша ашыла түсті. Қазіргі қоғамдағы қарым-қатынас сауаттылығы бəрімізге қойылатын та-лап. Өрт сөндірушінің эмоционалдық қысымнан босап, стрестік күйден арылту жеке құрам арасында қолайлы жағдайдың орнауына, ұжымдық психологияның қалыптасуына ықпал етіп, жұмыстың тиімділігін арттыраты-ны сөзсіз. Олай болса ұжымның тұлға аралық қатынастарды дамытуға оң əсер етуге септігін тигізетін психологиялық тренингтерді жиірек өткізу жеке құрамды жақын тануға да мүмкіндік туғызады.

Олимпиада чемпионы – Ұлттық ұланда қонақта

ФЕСТИВАЛЬ

АЛМАТЫДАҒЫ «ДОСТЫҚ» СПОРТ КЕШЕНІНДЕ ЖЕКПЕ-ЖЕК САЙЫСТАР МЕН ЖАУЫНГЕРЛІК ӨНЕР ҰЛТТЫҚ ТҮРЛЕРІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ. ТƏУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН БҰЛ ИГІ ШАРАҒА ƏЛЕМНІҢ 17 ЕЛІНЕН 1000-ҒА ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСТЫ.

«Бұл фестивальдің мақсаты – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық келісім жəне жалпыұлттық бірлік моделін ілгерілету, жастар арасында спорт пен саламатты өмір салтын на-сихаттау жəне осындай спорттық ша-ралар арқылы жастарды патриоттық рухта тəрбиелеу. Бүгінгі фестивальге əлемнің 17 елінен 1000-ға жуық мықты спортшы қатысуда. Олар өз елдерінің ұлттық жекпе-жек өнерлерін паш ететін болады», – деді Қазақстан корейлері қауымдастығы жастар қозғалысының төрағасы Игорь Ли.

Сонымен қатар, фестивальға Қазақстанның Таэквондо федера-циясы, Республикалық жекпе-жек өнерлері одағы, ҚР Каратэ федера-циясы, «Бес қару» федерациясы, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Алматы қаласының этномəдени бірлестіктері мен Алматы қаласы əкімдігінің өкілдері қатысты.

Ең алдымен, елімізде жекпе-жек өнерінің дамуына үлес қосқан бірқатар ар-дагер естелік сыйлықтармен марапатталды.

Одан кейін қазақ күресі, өзбек жекпе-жек өнері, таэквондодан сегізінші Азия біріншілігінің құрама командасы, Шинкиокушин жекпе-жек өнері, капо-эйра, будзинкан ниндзя, айдидо нишио рю, ушу өнерінің майталмандары өз өнерлерін паш етті.

Фестивальдің ұйымдастырушылары – «Қазақстан корейлері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі жəне Президент жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ.

Жауынгерлік өнер фестивалі

ҚазТұтынуОдағының Қарағанды экономикалық университет індег і с п ор т к ешен і нде ө т к ен жарыс Қарағанды облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметі мен «Сарыарқа» ХК, «Шахтер» ФК арасында саламатты өмір салтын насихаттау, полиция имиджін көтеру, жасөспірімдерді денешынықтыру жəне спортпен жүйелі шұғылдануға тарту бойынша қол қойылған меморандумды жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Турнирге «Барусан макина-Ка-захстан» ЖК ЖШС, «№3 Автопарк»

ЖҰЛДЫЗДЫ КЕЗДЕСУАңсаған ТОҚБЕРГЕНОВ, Қарағанды облысы

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ІІД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ МҰРЫНДЫҚ БОЛУЫМЕН «САРЫАРҚА» ХОККЕЙ КЛУБЫ МЕН «ШАХ-МЕТ» ФУТБОЛ КЛУБЫ ЖҰЛДЫЗДАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН БАЛАЛАР ҮЙІ ТƏРБИЕЛЕНУШІЛЕРІНІҢ АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ.

ЖШС, «Антрекот» ет дүкендері желісі, « Г а з о й л » Ж Ш С демеушілік көрсетті.

Спорттық шарада 3 команда өнер көрсетті. Турнирге қонақ ретінде «Шахтер» ФК ойыншы-сы Айбар Нұрыбеков, украиналық легионері Алексей Курилов жəне «Сарыарқа» ХК-ның хоккейшілері қатысты. Балалардың спортқа деген құлшынысын

арттыра түсуге бағытталған турнирге «Құлыншақ» ММ, отбасы типіндегі «Таңшолпан» балалар үй і жəне Н.К.Крупская атындағы балалар үйі командалары қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды «Құлыншақ» командасы иеленді. Екінші орыннан «Таңшолпан» көрінсе, үшінші орынды Н.К.Крупская атындағы балалар үйі қанжығаларына байлады.

Қарағанды қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, поли-ция полковнигі Арман Оразбаевтың айтуынша, спорттық шараның бір мақсаты – саламатты өмір салтын насихаттаумен қатар, жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың алдын алу болып табылады. «Жергілікті спорт жұлдыздарды тарту арқылы жастарды спортқа ынталандырып, футбол мен хоккейге деген қызығушылықтарын оята алсақ, оймыздың іске асқаны», – дейді полиция полковнигі Арман Оразбаев.

Жарыс қорытындысы бойынша қатысушылар грамота, медаль жəне планшет, спорттық сөмке, футболға қажетті құралдардан тұратын бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Page 8: Сақшы №23 (4189)

сөз соңы№23 (4189), сейсенбі, 29.03.2016 е-mail:[email protected]

ШЫҒАРУШЫ және МЕНШІК ИЕСІ:«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС

Басылым 01.06.2006 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №7355 - Г куәлігі берілді• Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді• Қолжазба рецензияланбайды және авторға қайтарылмайды• Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес• Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді• Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді• Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынадыБас директор

Бимаханбет АСАНовКомпьютер және дизайн бөлімінің қызметкері: Ақсая ЖүРКЕНовА Корректор: Нұршакүл ӘШІМБАЕвА Фототілші: Серік ЖолдАСпЕКов

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: [email protected]

БІЗдІҢ РЕКвИЗИТТЕР:ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKXБИН - 051040005963 КБЕ-16«БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

Газет «Сақшы» компьютер және дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «ERNUR» Медиа- холдингі» ЖШС баспаханасында басылды.Индексі: 65395 Таралымы: 15120Тапсырыс: №2363

Нөмірдің кезекшісі: Ғанибет ҒАлЫМБЕКҰлЫ

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ: Бас редактор: Бану ӘдІлЖАНовА Ақпарат бөлімінің меңгерушісі: Ғанибет ҒАлЫМБЕКҰлЫ Аға тілшілер: Жадыра МЫРЗАхМЕТовА, Нұрлан оРАЗҒАлИЕвТілшілер: Гүлнәр МАҒЗҰМовА, Айткен ШӘМШІ,Сабырбек олЖАБАЕв

ҚЫзЫЛоРДА оБЛЫСЫ БойЫНША ҚАЖД ҚАзАЛЫ АуДАНДЫҚ пРо-БАЦИЯ ҚЫзМЕТіНің ЕСЕБіНДЕ ТҰРғАН СоТТАЛғАНДАР АРАСЫНДА өТКЕН АКЦИЯ оСЫЛАй АТАЛДЫ.

Е.СРАЖАТоВ, Қызылорда облысы

Акция

Сен қоғамға керексің!

Құрастырған Ескендір ТасболаТовОйлан, тап!Ұлттық

өнерЕкі

құрлық елі

Шағын әңгіме

Ішімдік түрі

Пәкістан қаласы

Шииттер мемлекеті Тірек

Үгіт Фараб

Әйгілі рок әнші Аян Киіз үй

бөлшегіЯмал-... автон.округы

Бір қора қой ... септігі Хан орын-

дығы

Жазушы Қалихан ...

Тянь-Шань

Шұбар ала түс Қаймығу ... сөйлем

«Сен қоғамға керексің!» шарасы – Мемлекет басшысының Ұлт Жоспарын жүзеге асыру мақсатында қолға алынған бастаманың бірі. Қылмыстық атқару жүйесі комитеті қолға алған акцияға «Нұр отан» партиясының Қазалы аудандық филиалы, аудандық прокуратура, жергілікті жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімі, аудандық жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері де белсенді қатысты. Бұдан бұрын елді мекенде Қазалы ауданы әкімі Н.Шамұратовтың қолдауымен про-бация қызметінің есебінде тұрған азаматтар және олардың отбасы мүшелеріне арналған «Әлеуметтік дүкен» ашылған болатын. Бірлескен акция барысын-да жергілікті құзырлы органдар мамандары осы дүкенге барып, сотталған азаматтардың қажетті киім-кешектермен, аяқ киімдермен қамтамасыз етілуіне ықпал жасады.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам бес институционалдық реформасының 33-қадамында бас бостандығын айыру орындарынан босаған және пробация қызметінің есебіне тіркелген азаматтарды әлеуметтік оңалтуының тиімді жүйесін қалыпқа келтіру, осындай азаматтар үшін арнаулы әлеуметтік қызмет стандарттарын және әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясын қалыптастыру бағыты көрсетілген.

Мәселен, 14 наурыздан бастап департамент және оның ведомстволық бағынысты мекемелері қызметкерлері арасында «Көрісу» салт-дәстүріне арналған тренингтер, облыстық жас құтқарушылар арасында қолданбалы өрт сөндіру спорты бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Бұл шаралар барысында жеке құрамға Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамының пайда болу тарихы және оның қазақ халқы өміріндегі мәні туралы жан-жақты айтылып, түсіндірілді.

Ал, мереке қарсаңында бекітілген аумақтарда сенбілік жүргізілді. Қызметкерлер жарты күн бойы талдарды әктеп, бағаналарды бояп, арықтарды күл-қоқыстардан тазартты. Күннің суықтығына қарамастан қызметкерлердің көңіл-күйлері көтеріңкі болып, шын көңілдерімен жұмыс істеді.

Алда «Жақсылық жаса» акциясы, ардагерлерді құттықтау, жеке құрам арасында спорттық жарыстар өткізу, қоғамдық ұйымдардан қонақтар шақыру арқылы ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу жөніндегі салтанатты іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

пенитенциарлық психологтың беделін арттыру, психологиялық қызметінің ең тәжірибелі және дайындалған қызметкер і н анықтау , с ондай -ақ, психологтардың кәсіби қарым-қатынастарын кеңейтуді мақсат тұтқан байқауға облыс аумағында орналасқан қылмыстық атқару жүйесінің алты мекемесінен он психолог қатысты.

Жең імпаздарды анықтау үш ін қазылар алқасы құрылып , оны М.Қозыбаев атындағы Солтүст ік Қазақстан мемлекеттік университетінің психология кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының канди-даты Амангелді Иманов басқарды. Алқа құрамына облыс прокуратурасы 7-ші басқармасының бастығы, 1-сы-ныпты заңгер Руслан Мамбетов, СҚо әкімдігінің мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта да-ярлау өңірлік орталығының тал-дау бөлімінің меңгерушісі Дмитрий Лазаренко, Солтүстік Қазақстан облысы психоневрологиялық диспансерінің психологы Татьяна Яковлева, «The last hope» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, облыстық қо ғамдық қада ғалау комиссиясының мүшесі Руслан Асаубаев кірді.

Үш кезең бойынша сынға түскен психологтарға белгілі бір тапсырмалар-ды орындау ұсынылды. Мәселен, бірінші кезеңде мамандар өзін және мекемесін сауатты және әдеби көркем тілде та-ныстыруы, жұмысы туралы қысқа әрі нұсқа айтуы қажет болды. Сонымен қатар, қазылар алқасына арнайы кон-тингенттермен тәжірибелік жұмысты ұйымдастырып жүргізу туралы бейне-роликтер көрсетілді.

Тәжірибел ік кезең барысында конкурсқа қатысушылар көрермендермен

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастырудағы басты мақсат – сотталған тұлғаларды жұмысқа орна-ластыру және оларға әлеуметтік қорғау шараларын қөрсету.

Жәрмеңкеге 7 жұмыс беруші – «СзАЦИ», «Голд Бринг», «Инком Шығыс» ЖШС, «Калиева Г.В.», «Абылкасимова Т.Д.», «Рахимов А» ЖК және өК «Корунд» қатысып, олар жұмысшы, аспаз, өңдеуші, сы-пырушы, электрик, сантехник-сле-сарь, жүргізуші, тас қалаушы және тағы да басқа мамандықтар бойын-ша жұмыс орындарын ұсынды.

Жұмыс орындарын іздеу үшін жәрмеңкеге 50-ге жуық адам қатысты. Барлық қатысушыларға «Жұмыспен қамту-2020» жол кар-тасын жүзеге асыру және еңбек нарығының жағдайы туралы кеңес берілді. Тұрақты жұмыс орын-дарына 8 адамға жолдама, 15 адамға консультативтік кеңес беріліп, кәсіптік оқытуға 12 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына

БАйқАу

үЗдІК пСИхолоГ АНЫқТАлдЫ

СоЛТҮСТіК ҚАзАҚСТАН оБЛЫСЫ БойЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРу ЖҮйЕСі ДЕпАРТАМЕНТіНДЕ «Ең ҮзДіК пЕНИТЕНЦИАРЛЫҚ пСИхоЛоГЫ» АТТЫ оБЛЫСТЫҚ БАйҚАу өТТі.

Владимир РупИН, Солтүстік Қазақстан облысы

және залда отырған қолдаушыларымен психологиялық тренингтер өткізді. Екінші кезеңде мамандар қазылар алқасы ұсынған тәжірибелік тапсырмаларды ше-шуге міндетті еді. Бұл тапсырмалардың ішінде ең қиыны теориялық тапсырмалар болды. Дмитрий Лазаренко ұсынған ең қиын тапсырмалардың бірі – белгіленген уақытта фотосуреттегі адамға толық мінездеме беру еді.

Сынақтың соңғы кезеңінде қазылар ә р м е к е м е д е г і п с и х о л о г и я л ы қ б ұ р ы ш т а м а л а р д ы ң р ә с і м д е л у і , п с и х о л о г и я л ы қ ж е ң і л д е т у

бөлмесінің жабдықталуы, сондай-ақ , п сихоло г тардың қызмет т і к құжаттамаларын сапалы жүргізуін бағалады.

Байқау қорытындысы бойын -ша 1-орынды ЕС-164/3 мекемесінің психологы Гүлвира Сейтқасымоваға жеңіп алса, 2 және 3-орындарды ЕС-164/1 мекемесінің психологы Алтынай Әлжанова мен ЕС-164/6 мекемесінің пси-хологы ольга Субботина қанжығасына байлады. Байқау жеңімпаздары мақтау қағаздары және ақшалай сыйақылармен марапатталды.

«Менің отбасым – менің әлемім»

уК-161/4 МЕКЕМЕСіНДЕ СоТТАЛғАНДАРДЫң АРАСЫНДА КөРКЕМСуРЕТ САЛуДАН өТКЕН БАйҚАу «МЕНің оТБАСЫМ – МЕНің ӘЛЕМіМ» ДЕп АТАЛДЫ. ЖАзАСЫН өТЕп ЖҮРГЕН ЖАНДАРДЫң АРАСЫН-ДА СуИЦИДТің АЛДЫН АЛуғА БАғЫТТАЛғАН БАйҚАуғА НИЕТ ЕТ-КЕН СоТТАЛғАНДАРДЫң БАРЛЫғЫ ҚАТЫСТЫ. оЛАРДЫң ЖАС ЕРЕКШЕЛіКТЕРіНЕ ДЕ ШЕКТЕу ҚойЫЛғАН ЖоҚ.

Н.ГуЛЯЕВА, 161/4 мекемесі

Әз-НАуРЫз МЕРЕКЕСіНДЕ ЖАМБЫЛ оБЛЫСЫ ТөТЕНШЕ ЖАғДАйЛАР ДЕпАРТАМЕНТіНДЕ ТҮРЛі САЛТАНАТТЫ іС-ШАРАЛАР өТТі.

Сәуле МҰНАТАЕВА, Жамбыл облысы ТЖД

СЕМЕй ҚАЛАСЫНДА АЛғАШ РЕТ ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРу ЖҮйЕСі пРоБА-ЦИЯ ҚЫзМЕТіНің ЕСЕБіНДЕГі ШАРТТЫ СоТТАЛғАН ТҰЛғАЛАР ҮШіН БоС ЖҰМЫС оРЫНДАРЫ ЖӘРМЕңКЕСі ҰйЫМДАСТЫРЫЛДЫ. БҰЛ ШАРАНЫ ҚАЛА ӘКіМДіГіНің «ЖҰМЫСпЕН ҚАМТу оРТАЛЫғЫ» КММ МЕН пРоБАЦИЯ ҚЫзМЕТі БіРЛЕСіп өТКізДі.

Арайлым ШАЛАБАЕВА, Семей қаласы пробация қызметі

Сурет салу сайысына мекеменің барлық жасақтарынан 204 сотталған қатысып, бақтарын сынға салып көрді. олар байқауға барлығы 113 сурет ұсынды. Суреттер А4 форматындағы бір парақ қағазға салынды. Сотталғандарға сурет салу үшін қарындаштар мен түрлі-түсті бояуларды мекеме қызметкерлері ұсынды. Байқау барысында сотталғандардың сурет салу мәнері, бояу және өрнектеу, сонымен қатар, салынған суреттердің түсініктілігі сарапқа салынды. Шығармашылық сайыс соңында қазылар алқасы салынған суреттерге баға беріп, жүлделі орындарды анықтады. Қазылардың шешімі бойынша ең көп дау-ыс жинаған 7 қатысушыға жүлделі орындар берілді. осылайша бірінші орынды 11-ші жасақ сотталушысы жеңіп алды. ол суретін түрлі-түсті бояумен бояп, көрнекті етіп берген. отбасының әлемін әдемі суреттеген сотталушы түрлі-түсті қарындаштар мен бояғыштарды ұтымды қолдана алған. Салынған суреттің ең маңызды жері – әсем табиғаттың ортасында жайылған үлкен дастарқан, ал кең үстел басында бас қосып отырған бақытты отбасы көрінісі. Суреттің шетінде қазақ үй көрсетіліп, қойлар мен жылқылардың жайылып жүргені де ерекше әсер қалдырды. 2-орынды жеңіп алған 5-ші жасақ мүшесі суретінде ата-анасын, жас тал мен үйін салған. Бұл детальдардың барлығы бір жолақтың бойында салы-нып, айналасының барлығы көкпен белгіленіп, күннің шуағы бейнеленген. Ал, жүлделі 3-орынды қанжығасына байлаған 9-жасақтың сотталушысы ақ параққа тұтастай ұлы мен ата-анасын бейнелеген. Күннің шуағы көрініп тұр. Суретте үй-жай, көлік, ағаш және өсіп тұрған гүлдер бейнеленген. Сайыс қорытындысы бойынша төртінші орынды 12-жасақтың, бесінші орынды 7, алтыншы орынды 3, жетінші орынды 4-жасақтың сотталушылары қанағат тұтты.

СенБілік

Жәрмеңке

ТАЗАлЫқТАН БАСТАлҒАН ТоЙтАғылым

ТүЗЕлУГЕ БЕРІлГЕН МүМКІНдІК

және ақылы қоғамдық жұмыстарға 8 адам жолданды.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысушылар мамандардың кеңесін алып, жұмыс берушілермен бетпе-бет кездесу мүмкіндігін алды.

А й т а к е т е й і к , ж ә р м е ң к е е л президентінің «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының «пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған аза-маттарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін құру» туралы тапсырмасын орындау мақсатында қолға алынып отыр.