4
« 11 маусым, бейсенбі 2020 жыл №86 (19962) Қызылорда облыстық қоғамдық-саяси газет 1929 жылдың 1 шілдесінен шығады e-mail: [email protected] / www.syrboyi.kz БАСПАСӨЗ - 2020 6 айға жекелер үшін/3500 тг. Мекемелер үшін /4500 тг Құрметті оқырман! Екінші жартыжылдыққа жазылу басталды ПРЕЗИДЕНТ ОБЛЫС ӘКІМДІГІНДЕ ПАРЛАМЕНТ ӨҢІР ӨНДІРІСІ ҮКІМЕТ b S 2 3 4 4 САЯСАТ ПРЕСС-ТУР АБАЙ – 175 ТҰЛҒА S b – Соңғы тәулікте 19 дерек тір келді. Оның симптомды жаңа жағдайының төртеуі емхананың скринингінен, біреуі қарым қатынас арқылы, ал симптом сыз 14 жағдайдың екеуі ақылы тест сынамасынан, 10ы қарым қатынастан және екеуі емхананың скринингінен анықталды, деді ол. Сондайақ, осы кезге дейін ви рус жұқтырғандармен байланыста болған 5445 азамат анықталды. Оның 3271і тікелей қарымқа тынаста, 2174і жанама байланы ста болған. Ал сауығып шыққандар саны – 304. «СБ» ақпарат. 304 адам аурудан айықты Сәрсенбі күні аймақта коронавирус инфекциясымен тіркелген симптомды науқастар саны 471-ге жетсе, симптомсыз 67 азамат анықталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусаметов мәлімдеді. А бай шығармалары ғасырлар биігінде А.МАМИННІҢ ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысы Асқар Маминнің есебін тыңдады. Қазақстан Президентіне биылғы 5 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес жұмыстары және санитарлық- эпидемиологиялық ахуалды жақсарту жөнінде есеп берілді. Мемлекет басшысына дағдарысқа қарсы шаралардың жүзеге асырылуы, 2020 жылдың соңына дейін эконо микалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жос пардың орындалуы және 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының әзірлену барысы туралы баяндалды. Асқар Мамин ҚасымЖомарт Тоқаевқа корона вирус пандемиясының салдарынан әлемдегі іскерлік белсенділіктің бірден төмендеуіне байланысты биылғы қаңтар мен мамыр аралығында ұлттық экономиканың өсу қарқыны, былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда, 1,7% төмендегенін айтты. Үкімет басшысының мәліметі бойынша, экономиканың бірқатар салаларында, атап айтқанда, таукен өндірісі, өңдеу, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету салаларында, сондайақ, негізгі капиталға инвестиция тарту бағытында өсімнің оң қарқыны байқалады. Асқар Мамин барлық сала бойынша көктемгі егіс жұмыстарының толық аяқталғаны туралы да мәлімет берді. Бұдан бөлек, ПремьерМинистр Президентке халықты жұмыспен қамтамасыз етудің кешенді шарала ры биыл еліміздің 1,22 миллион азаматын қамтитынын жеткізді. БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Үкіметтің және Есеп комитетінің 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарады. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин атап өткендей, бөлінген және жұмсалған бюджет қаржысы халқымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталып, нақты әлеуметтік- экономикалық мәселелерді шешуі керек. Өткен жылы жалпы ішкі өнім өсімі 4,5% құрап, сыртқы сауда айналымы 97 млрд долларға жетті. 2,7 млн қазақстандықтың еңбекақысы өсті. «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асы ру және аймақтарды дамытуда 13 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салуға мүмкіндік берді. Мәжіліс депутаттарының айтуынша, былтыр бұл мақсаттарға 663 миллион теңге бөлінген. Алай да, бұл қаражаттардың игерілмеуі 100 пайызды құрады.Үкімет есебінде мұның себебі қаржыландырудың басқа көздерін пайдалану мүмкіндігіне байланысты осы қаражатқа сұраныстың болмауымен түсіндіріледі. Сондайақ, талқылау барысында әлемдік дағдарыс жағдайындағы әлеуметтікэкономикалық даму мәселелерін шешудің жаңа тәсілдеріне деген қажеттілік туралы айтылды. АКТИВТЕРДІ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында «Самұрық- Қазына» ҰӘҚ» АҚ активтерін жекешелендіру мәселелері қаралды. Жекешелендірудің 20162020 жылдарға арналған кешенді жоспарына «СамұрықҚазына» ҰӘҚ» АҚның 167 активі енгізілген, олардың ішінде қазіргі уақытта 138 актив бойынша тармақтар орындалды. 21 компания да өткізу және тарату/қайта ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Халықаралық капитал нарықтарындағы жоғары құбылмалылыққа, энергия тасығыштарға бағалардың төмендеуіне және әлемдік экономиканың өсу қарқынының бәсеңдеуіне байланысты «ҚазМұнайГаз», «Air Astana», «ТауКен Самұрық», «Qazaq Air», «СамұрықЭнерго», «Қазақстан темір жолы» және т. б. бірқатар стратегиялық активтерді бәсекелі ортаға беру мерзімін 20212023 жылдарға ауыстыру туралы шешім қабылданды. – Төртінші пән ретінде гео графия мен математиканы таңдап отырмын. Бұйырса, қаржы немесе маркетинг саласында еңбек еткім келеді. Сол үшін көп оқып, көп білу керегін түсінем. 8сыныптан бастап мұғалімдеріміз таңдаулы пәндерге бейімдеді. Ай сайын сы нама тест тапсырдық. Нәтиже жа ман болған жоқ. Алдағы сынақта осы деңгейден түспесек екен, – дейді кейіпкеріміз. Әйгерім Ұлттық бірыңғай тестілеуді 27 маусым күні қаладағы №2 «Мұрагер» мектебінің ба засында тапсырады. Облыста жауапты науқанға осындай 9 пункт дайын. Оларда 6020 мек теп бітірушінің 5172сі сынақтан өтуге ниетті. – ҰБТ 22 маусым күні Шиелі ауданында басталып, 1 шілде күні Қызылорда қаласында қоры тындыланады. Ол үшін Сырдария ауданы мен Байқоңыр қаласынан басқа жердің бәрінде тестілеу пункттері жабдықталды. Сыр дариялық талапкерлер облыс орталығына, байқоңырлық бітіру шілер Ақай елді мекеніне барады. Түлектерді тасымал көлігі, жатын орын және асауқатпен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 15,9 млн теңге бөлінді, – дейді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Берік Жәнібеков. Карантин болған соң биылғы ҰБТ жылдағыдан өзгерек. Ерек шелігі – санитарлықэпидемиоло гиялық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Түлектер әуелі зарарсыз дандыру туннелінен өтіп, қолын, аяқ киімдерін тазартады. Ма мандар кіреберісте дене қызуын бақылаған соң тест тапсыруға медициналық бетпердемен кіре ді. Әлеуметтік арақашықтық сақталады. Бұл, ең алдымен, тү лектердің қауіпсіздігі үшін қажет. Адамдар көп шоғырланбас үшін атааналар ҰБТ өтетін ғимаратқа кірмейді. Оның орнына тестілеу процесін үйде отырып ақ онлайн трансляция арқылы бақылай алады. Ал «Digital Agent» қосымшасы кез келген адам үшін қолжетімді. ҰБТ өткізу ережесі бұзылған жағдайда мобильді қосымшаның көмегімен фото бейнежазбаны тікелей жібере алады. 1414 немесе 1424 телефон нөмірлеріне хабарласса да болады. Одан әрі тиісті шара қолданылады. Облыстағы тестілеу пункт терінің 2уі – Қармақшыда. Олар да 563 мектеп бітірушінің 511і сынақ тапсырмақ. Бірі Жосалыдағы №250, екіншісі Ақайдағы №99 мектептің базасында орналасқан. Ақайдағыға жергілікті және Байқоңырдан, Төретамнан түлектер барады. Пункттер барлық қажеттілікпен қамтамасыз етілді. Тамақ, жа тын орын, тасымал мәселесі түгел дерлік шешілді. Бір сөзбен айтқанда, балаларды қабылдауға дайын, – дейді аудандық білім бөлімінің бас маманы Назен Баһадүрова. Оған балама болатын немесе ұқсас өндіріс елімізде жоқ. Зауыт аз қалдықты өндіру технология сына негізделген. Шикізатты мақ сатты өнімге ауыстыруды 99,9% деңгейде жүзеге асырады. Мұн да 200ден астам адам жұмыспен қамтылған. «СКЗU» ЖШС құрылымына күкірт қышқыл цехы, энерго кешен, қосалқы бөлімшелер, коттедж қалашығы, күн электр станциясы кіреді. Ауқымды за уыт күкірт қышқылын өндіргенде шығатын будан электр қуатын өндіреді. Энергокешеннің қуат тылығы 12 МВтны құрайды. 2013 жылы зауытты іске қосқаннан кейін электр қуатына деген сұраныс артуына орай, кәсіпорын аумағында сағатына 420 кВт электр энергиясын өндіретін күн электр станциясы салынған. Күн сәулесінен алынған энер гия вахталық қалашық пен кәсіпорынның әкімшіліктұрмыс тық кешенінің электр қуатына де ген қажеттілігін толық өтеп отыр. Энергетика министрлігі Атом дық және энергетикалық қада ғалау мен бақылау комитетінің облыс бойынша аумақтық департаменті хабарлағанындай, «СКЗU» ЖШС күкірт қышқылы зауытының энергокешені 2019 2020 жылдың күзгіқысқы кезеңін апатсыз режимде өткізуде. 7 маусымдағы ақпаратқа сәйкес, электр энергиясының орташа тәуліктік өндірісі 12,3 МВтны құрайды. Оның ішінде зауыттың жеке тұтынуы 4,5 МВт болса, желіге 4,8 МВт (ВЛ35 кВ, Л3– 3,9МВт, Л4 –3,9,Л57–0) электр энергиясы беріледі. Желіге жеткізілетін электр энергиясы, басқа энергия көз дерінің электр энергиясымен салыстырғанда арзанырақ. Соған байланысты «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ электр энергиясының техно логиялық үдерістеріне жұмса латын шығындарды жабу үшін сатып алады. Бұл энергия көзі күкірт пайда лану қоры көлемінің нормативтік талаптарына сәйкес келеді. Сон дайақ серіктестіктің бір ай бойы үздіксіз жұмыс істеуін қам тамасыз етеді. «СБ» ақпарат. – Сыр елі өзіңіз секілді пара сатты да ұлағатты азаматтарға бай. Аймағымыздың темір жол саласының дамуына зор үлес қостыңыз. Осы са ланың ғылымитехникалық жұмысына белсене қатыс тыңыз. 35 жыл теміржол са ласында еңбек етіп, көптеген тәжірибелі шәкірттер тәр биелеп шығарғаныңыз үшін алғыс білдіреміз. Карантиндік шектеулер үлкен шаралар өт кізуге мүмкіндік бермеуде. Мерейтойыңыз құтты болсын. Еңбек жолыңыз жастар үшін әрқашан өнеге, – деді облыс әкімі. Жиында өңір басшысы мерейтой иесіне облыстың Құрмет грамотасын табыстап, иығына шапан жапты. Теміржол саласының ардагері Қазбек Рахметов Оразбай Әбішевтің зейнет керлікке шыққаннан кейін де қоғамдық жұмыстарға бел сене араласқанын, кейінгі буынға өнегелі жол көрсетіп, ізбасарларына бар білгенін жалықпай үйретіп келе жатқанын жеткізді. Сондай ақ, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев адалдық пен адамгершілікті бірінші орынға қоятын, қарапайымдылықты өмірлік қағидасына айнал дырған парасатты жанның өмір жолын үлгі етті. Оразбай Әбішев 1930 жылы 10 маусымда Сыр дария ауданының Бірқазан ауылдық округінде дүниеге келген. 19491951 жылдары Қызылорда теміржол учи лищесінде оқып, еңбек жо лын 1951 жылы паровоз жөндеу депосында слесарь қызметінен бастаған. Сіңірген еңбегі үшін О.Әбішевке 1981 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Ғұмырының 52 жылын теміржол саласы на арнаған маман екі мәрте «Ленин» ордені, «Қазақстан Республикасының тәуелсіз дігіне 10 жыл» мерекелік медалі және «Құрметті те міржолшы» төсбелгісімен ма рапатталған. Қызылорда қаласының Құрметті азаматы Оразбай Әбішұлы – Қазақ ССРнің еңбек сіңірген жастар тәлім гері. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚның Консультативтік кеңесінің мүшесі. Оның есімі Қазақ ССРнің «Алтын кітабына» енген. ХАБАРЛАНДЫРУ Қызылорда облыстық мәслихатының кезектен тыс 46сессиясы 2020 жылғы 16 маусымда сағат 16:00де Облыстық мекемелер үйінің (Бейбарыс Сұлтан к., 1) ахуалдық орталығында бейнеконференц байланысы арқылы өткізіледі. Сессияның күн тәртібіне мына мәселелер ұсынылады: 1. «Қызылорда облысы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 51 шешіміне өзгеріс енгізу туралы. 2. Қосымша мәселелер. Облыстық мәслихат. ЭНЕРГОКЕШЕН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР Жаңақорған ауданында орналасқан «СКЗ-U» ЖШС- ның қызметі «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ-ға қарасты уран өндіруші кәсіпорындардың күкірт қышқылға деген қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған. Бұл кәсіпорын – 2010-2014 жылғы Үдемелі индустриялық- инновациялық даму бағдарламасы аясында салынған, озық үлгідегі өндіріс. 22 маусымда басталады Назерке САНИЯЗОВА, «Сыр бойы». S b Әйгерім Ерсін – биылғы түлектердің бірі. Ол Қызылорда қаласында орналасқан №4 дарынды балалар мектеп-интернатын бітірді. 11 жыл бойы жиған білім көрсеткішін дәлелдейтін уақыт таяп келеді. Басқа талапкерлер сияқты Әйгерімнің де көңілінде қобалжу бар. Әйтсе де, үміт алдамайтынына сенімді. МЕРЕЙТОЙ ИЕСІН ҚҰТТЫҚТАДЫ Кеше облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Социалистік Еңбек Ері Оразбай Әбішевті 90 жасқа толу мерейтойына орай құттықтап, Сыр жұртшылығының жылы лебізін жеткізді. ҰБТ Сара АДАЙБАЕВА, «Сыр бойы». Т еңізді өлкедегі тірлік К еудедегі жауһардың көз арбаған жарқылы Байқоңыр қаласын дамыту – басты назарда

САЯСАТ ПРЕСС-ТУР АБАЙ – 175 ТҰЛҒА 2 3 4 411 маусым, бейсенбі 2020 жыл 86 (19962) Қызылорда облыстық қоғамдық-саяси

  • Upload
    others

  • View
    21

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: САЯСАТ ПРЕСС-ТУР АБАЙ – 175 ТҰЛҒА 2 3 4 411 маусым, бейсенбі 2020 жыл 86 (19962) Қызылорда облыстық қоғамдық-саяси

«

11 маусым, бейсенбі 2020 жыл

№86(19962)

Қызылорда облыстық қоғамдық-саяси газет • 1929 жылдың 1 шілдесінен шығады

e-mail: [email protected] / www.syrboyi.kz

БА

СП

АС

ӨЗ

- 2

020

6 айға жекелер үшін/3500 тг.

Мекемелер үшін /4500 тг

Құрметті оқырман!Екінші

жартыжылдыққа жазылу басталды

ПРЕЗИДЕНТ ОБЛЫС ӘКІМДІГІНДЕ

ПАРЛАМЕНТ

ӨҢІР ӨНДІРІСІ

ҮКІМЕТ

bS2 3 4 4

САЯСАТ ПРЕСС-ТУР АБАЙ – 175 ТҰЛҒА

Sb

– Соңғы тәулікте 19 дерек тір­келді. Оның симптомды жаңа жағдайының төртеуі емхананың

скринингінен, біреуі қарым­қатынас арқылы, ал симптом­сыз 14 жағдайдың екеуі ақылы

тест сынамасынан, 10­ы қарым­қатынастан және екеуі емхананың скринингінен анықталды,­ деді ол.

Сондай­ақ, осы кезге дейін ви­рус жұқ тырғандармен байланыста болған 5445 азамат анықталды. Оның 3271­і тікелей қарым­қа­тынаста, 2174­і жанама байланы­ста болған.

Ал сауығып шыққандар саны – 304.

«СБ» ақпарат.

304 адам аурудан айықтыСәрсенбі күні аймақта коронавирус инфекциясымен

тіркелген симптомды науқастар саны 471-ге жетсе, симптомсыз 67 азамат анықталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусаметов мәлімдеді.

Абай шығармаларығасырлар биігінде

А.МАМИННІҢЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысы Асқар Маминнің есебін тыңдады. Қазақстан Президентіне биылғы 5 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес жұмыстары және санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды жақсарту жөнінде есеп берілді.

Мемлекет басшысына дағдарысқа қарсы шаралардың жүзеге асырылуы, 2020 жылдың соңына дейін эконо­микалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жос­пардың орындалуы және 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының әзірлену барысы туралы баяндалды.

Асқар Мамин Қасым­Жомарт Тоқаевқа корона­вирус пандемиясының салдарынан әлемдегі іскерлік белсенділіктің бірден төмендеуіне байланысты биылғы қаңтар мен мамыр аралығында ұлттық экономиканың өсу қарқыны, былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда, 1,7% төмендегенін айтты. Үкімет басшысының мәліметі бойынша, экономиканың бірқатар салаларында, атап айтқанда, тау­кен өндірісі, өңдеу, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету салаларында, сондай­ақ, негізгі капиталға инвестиция тарту бағытында өсімнің оң қарқыны байқалады.

Асқар Мамин барлық сала бойынша көктемгі егіс жұмыстарының толық аяқталғаны туралы да мәлімет берді. Бұдан бөлек, Премьер­Министр Президентке халықты жұмыспен қамтамасыз етудің кешенді шарала­ры биыл еліміздің 1,22 миллион азаматын қамтитынын жеткізді.

БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Үкіметтің және Есеп комитетінің 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарады. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин атап өткендей, бөлінген және жұмсалған бюджет қаржысы халқымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталып, нақты әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуі керек.

Өткен жылы жалпы ішкі өнім өсімі 4,5% құрап, сыртқы сауда айналымы 97 млрд долларға жетті. 2,7 млн қазақстандықтың еңбекақысы өсті. «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асы­ру және аймақтарды дамытуда 13 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салуға мүмкіндік берді.

Мәжіліс депутаттарының айтуынша, былтыр бұл мақсаттарға 663 миллион теңге бөлінген. Алай да, бұл қаражаттардың игерілмеуі 100 пайызды құрады.Үкімет есебінде мұның себебі қаржыландырудың басқа көздерін пайдалану мүмкіндігіне байланысты осы қаражатқа сұраныстың болмауымен түсіндіріледі. Сондай­ақ, талқылау барысында әлемдік дағдарыс жағдайындағы әлеуметтік­экономикалық даму мәселелерін шешудің жаңа тәсілдеріне деген қажеттілік туралы айтылды.

АКТИВТЕРДІ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ активтерін жекешелендіру мәселелері қаралды.

Жекешелендірудің 2016­2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына «Самұрық­Қазына» ҰӘҚ» АҚ­ның 167 активі енгізілген, олардың ішінде қазіргі уақытта 138 актив бойынша тармақтар орындалды. 21 компания­да өткізу және тарату/қайта ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Халықаралық капитал нарықтарындағы жоғары құбылмалылыққа, энергия тасығыштарға бағалардың төмендеуіне және әлемдік экономиканың өсу қарқынының бәсеңдеуіне байланысты «ҚазМұнайГаз», «Air Astana», «Тау­Кен Самұрық», «Qazaq Air», «Самұрық­Энерго», «Қазақстан темір жолы» және т. б. бірқатар стратегиялық активтерді бәсекелі ортаға беру мерзімін 2021­2023 жылдарға ауыстыру туралы шешім қабылданды.

– Төртінші пән ретінде гео­графия мен математиканы таңдап отырмын. Бұйырса, қаржы немесе маркетинг саласында еңбек еткім келеді. Сол үшін көп оқып, көп білу керегін түсінем. 8­сыныптан бастап мұғалімдеріміз таңдаулы пәндерге бейімдеді. Ай сайын сы­нама тест тапсырдық. Нәтиже жа­ман болған жоқ. Алдағы сынақта осы деңгейден түспесек екен, – дейді кейіпкеріміз.

Әйгерім Ұлттық бірыңғай тестілеуді 27 маусым күні қаладағы №2 «Мұрагер» мектебінің ба­засында тапсырады. Облыста жауапты науқанға осындай 9 пункт дайын. Оларда 6020 мек­теп бітірушінің 5172­сі сынақтан өтуге ниетті.

– ҰБТ 22 маусым күні Шиелі ауданында басталып, 1 шілде күні Қызылорда қаласында қоры­тындыланады. Ол үшін Сырдария

ауданы мен Байқоңыр қала сынан басқа жердің бәрінде тес тілеу пункттері жабдықталды. Сыр­дариялық талапкерлер облыс орталығына, байқоңырлық бітіру­шілер Ақай елді мекеніне барады. Түлектерді тасымал көлігі, жатын орын және ас­ауқатпен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 15,9 млн теңге бөлінді, – дейді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Берік Жәнібеков.

Карантин болған соң биылғы ҰБТ жылдағыдан өзгерек. Ерек­шелігі – санитарлық­эпи де мио ло­гиялық талаптар қатаң сақ та луы тиіс. Түлектер әуелі зарар сыз­дандыру туннелінен өтіп, қолын, аяқ киімдерін тазартады. Ма­мандар кіреберісте дене қызуын бақылаған соң тест тапсыруға медициналық бетпердемен кіре­ді. Әлеуметтік ара қашықтық сақ талады. Бұл, ең алдымен, тү­лектердің қауіпсіздігі үшін қажет.

Адамдар көп шоғырланбас үшін ата­аналар ҰБТ өтетін ғимаратқа кірмейді. Оның орнына тестілеу процесін үйде отырып­ақ онлайн трансляция арқылы бақылай алады. Ал «Digital Agent» қосымшасы кез келген адам үшін қолжетімді. ҰБТ өткізу ережесі бұзылған жағдайда мобильді қосымшаның көмегімен фото­бейнежазбаны тікелей жібере алады. 1414 немесе 1424 телефон нөмірлеріне хабарласса да болады. Одан әрі тиісті шара қолданылады.

Облыстағы тестілеу пункт­терінің 2­уі – Қармақшыда. Олар­да 563 мектеп бітірушінің 511­і сынақ тапсырмақ.

– Бірі Жосалыдағы №250, екіншісі Ақайдағы №99 мектептің базасында орналасқан. Ақайдағыға жергілікті және Байқоңырдан, Төретамнан түлектер барады. Пункттер барлық қажеттілікпен қамтамасыз етілді. Тамақ, жа­тын орын, тасымал мәселесі түгел дерлік шешілді. Бір сөзбен айтқанда, балаларды қабылдауға дайын, – дейді аудандық білім бөлімінің бас маманы Назен Баһадүрова.

Оған балама болатын немесе ұқсас өндіріс елі мізде жоқ. Зауыт аз қал дық ты өндіру технология­сына не гізделген. Шикізатты мақ ­сат ты өнімге ауыстыруды 99,9% дең гейде жүзеге асырады. Мұн­да 200­ден астам адам жұмыспен қамтылған.

«СКЗ­U» ЖШС құрылымына күкірт қышқыл цехы, энерго­кешен, қосалқы бөлімшелер,

коттедж қалашығы, күн электр станциясы кіреді. Ауқымды за­уыт күкірт қышқылын өндіргенде шығатын будан электр қуатын өндіреді. Энергокешеннің қуат­тылығы 12 МВт­ны құрайды. 2013 жылы зауытты іске қосқаннан кейін электр қуатына деген сұраныс артуына орай, кәсіпорын аумағында сағатына 420 кВт электр энергиясын өндіретін

күн электр станциясы салынған. Күн сәулесінен алынған энер­гия вахталық қалашық пен кәсіпорынның әкімшілік­тұр мыс­тық кешенінің электр қуатына де­ген қажеттілігін толық өтеп отыр.

Энергетика министрлігі Атом­дық және энергетикалық қада­ғалау мен бақылау комитетінің облыс бойынша аумақтық депар таменті хабарлағанындай, «СКЗ­U» ЖШС күкірт қышқылы зауытының энергокешені 2019­2020 жылдың күзгі­қысқы кезеңін апатсыз режимде өткізуде. 7 маусымдағы ақпаратқа сәйкес, электр энергиясының орташа тәуліктік өндірісі 12,3 МВт­ны құрайды. Оның ішінде зауыттың жеке тұтынуы 4,5 МВт болса,

желіге 4,8 МВт (ВЛ­35 кВ, Л­3–3,9МВт, Л­4 –3,9,Л­57–0) электр энергиясы беріледі.

Желіге жеткізілетін электр энергиясы, басқа энергия көз­дерінің электр энергиясымен салыс тырғанда арзанырақ. Соған байланысты «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ электр энергиясының техно­логиялық үдерістеріне жұмса­латын шығындарды жабу үшін сатып алады.

Бұл энергия көзі күкірт пайда­лану қоры көлемінің нормативтік талаптарына сәйкес келеді. Сон­дай­ақ серіктестіктің бір ай бойы үздіксіз жұмыс істеуін қам­тамасыз етеді.

«СБ» ақпарат.

– Сыр елі өзіңіз секілді пара­сатты да ұлағатты азаматтарға бай. Аймағымыздың темір­жол саласының дамуына зор үлес қостыңыз. Осы са­ланың ғылыми­техни ка лық жұмысына белсене қа тыс­тыңыз. 35 жыл теміржол са­ласында еңбек етіп, көптеген тәжірибелі шәкірттер тәр­биелеп шы ғар ғаныңыз үшін алғыс біл діреміз. Карантиндік шек теулер үлкен шаралар өт­кізуге мүмкіндік бермеуде. Мерейтойыңыз құтты болсын. Еңбек жолыңыз жастар үшін әрқашан өнеге, – деді облыс әкімі.

Жиында өңір басшысы мерейтой иесіне облыстың Құрмет грамотасын табыстап, иығына шапан жапты.

Теміржол саласының ар дагері Қазбек Рахметов Оразбай Әбішевтің зейнет­керлікке шыққаннан кейін де қоғамдық жұмыстарға бел­сене араласқанын, кейінгі буынға өнегелі жол көрсетіп, ізбасарларына бар білгенін жалықпай үйретіп келе жатқанын жеткізді. Сондай­ақ, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев адалдық пен

адамгершілікті бірінші орынға қоятын, қарапайымдылықты өмірлік қағидасына айнал­дырған парасатты жанның өмір жолын үлгі етті.

Оразбай Әбішев 1930 жылы 10 маусымда Сыр­дария ауданының Бірқазан ауыл дық округінде дүниеге келген. 1949­1951 жылдары Қызылорда теміржол учи­ли щесінде оқып, еңбек жо­лын 1951 жылы паровоз жөндеу депосында слесарь қызметінен бастаған. Сіңірген еңбегі үшін О.Әбішевке 1981 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Ғұмы рының 52 жылын теміржол саласы­на арнаған маман екі мәрте «Ленин» ордені, «Қа зақстан Республикасының тәуел сіз­дігіне 10 жыл» мерекелік ме далі және «Құрметті те­мір жолшы» төсбелгісімен ма­рапатталған.

Қызылорда қаласының Құр метті азаматы Оразбай Әбішұлы – Қазақ ССР­нің еңбек сіңірген жас тар тәлім­гері. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ­ның Кон суль тативтік кеңесінің мүшесі. Оның есімі Қазақ ССР­нің «Алтын кітабына» енген.

ХАБАРЛАНДЫРУҚызылорда облыстық мәслихатының кезектен тыс

46­сессиясы 2020 жылғы 16 маусымда сағат 16:00­де Облыстық ме кемелер үйінің (Бейбарыс Сұлтан к., 1) ахуалдық орталығында бейне­конференц байланысы арқылы өткізіледі.

Сессияның күн тәртібіне мына мәселелер ұсынылады:1. «Қызылорда облысы әкімдігінің дербес құрамын

келісу туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 51 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

2. Қосымша мәселелер.Облыстық мәслихат.

ЭНЕРГОКЕШЕН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰРЖаңақорған ауданында орналасқан «СКЗ-U» ЖШС-

ның қызметі «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ-ға қарасты уран өндіруші кәсіпорындардың күкірт қышқылға деген қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған. Бұл кәсіпорын – 2010-2014 жылғы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында салынған, озық үлгідегі өндіріс.

22 маусымдабасталады

Назерке САНИЯЗОВА,«Сыр бойы».Sb

Әйгерім Ерсін – биылғы түлектердің бірі. Ол Қызылорда қаласында орналасқан №4 дарынды балалар мектеп-интернатын бітірді. 11 жыл бойы жиған білім көрсеткішін дәлелдейтін уақыт таяп келеді. Басқа талапкерлер сияқты Әйгерімнің де көңілінде қобалжу бар. Әйтсе де, үміт алдамайтынына сенімді.

МЕРЕЙТОЙ ИЕСІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Кеше облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Социалистік Еңбек Ері Оразбай Әбішевті 90 жасқа толу мерейтойына орай құттықтап, Сыр жұртшылығының жылы лебізін жеткізді.

ҰБТСара АДАЙБАЕВА,«Сыр бойы».

Теңізді өлкедегітірлік

Кеудедегі жауһардыңкөз арбаған жарқылы

Байқоңыр қаласын дамыту – басты назарда

Page 2: САЯСАТ ПРЕСС-ТУР АБАЙ – 175 ТҰЛҒА 2 3 4 411 маусым, бейсенбі 2020 жыл 86 (19962) Қызылорда облыстық қоғамдық-саяси

ФОРУМ

АЙБЫН SAIASAT Sb2 www.facebоok.com/syrboyi.kz/ https://twitter.com/syrboyi www.instagram.com/syrboyikz№86 (19962) 11 маусым, бейсенбі 2020 жыл

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылдың 8 сәуіріндегі қаулысымен ҚР Пре­

зидентінің «Байқоңыр» кеше­ніндегі арнаулы өкілі қызме­тін қоса атқаратын болып таға йындалдым. Тағайындалған сәт тен бастап Байқоңыр қаласында тұрғындарды жеке мәселелер бой­ынша қабылдадым. Кездесуде тұр ғындар тарапынан негізінен тұрғын үйлерді жекешелендіру, коммуналдық қызметтің жоғары тарифі және әлеуметтік мәселелер көтерілді. Бұл орайда қаланың өзекті деген мәселелеріне тоқталып өткім келеді.

Бірінші. Коммуналдық қызмет тер тарифі.

Газбен жабдықтау. 2019 жылдың сәуірінде ҚР Президенті Қасым­Жомарт Тоқаевтың Мәскеу қаласына жұмыс сапары кезінде ҚР және РФ Энергетика министрлері «Байқоңыр» кешенін газбен жабдықтау туралы келісімге қол қойған болатын. Осы келісім ая­сында қалада көпқабатты тұрғын үйлер мен орта және шағын биз­нес нысандары газдандырылды. Бүгінгі таңда барлық тұрғын үй табиғи газға қосылды (23 үй 20427 пәтер). Қызылорда облысы бойын­ша табиғи газдың бірыңғай тарифі төлемі текше метріне 20,7 теңге.

Сумен жабдықтау және су та-рату. 2016 жылы су құбырларының (85 процент) және сарқынды су жүйелерінің (97 процент) (тиісінше 81,4 және 106,2 шақырым) тозығы жетуіне байланысты олардың бір бөлігі жалға беруден шығарылып, жарақтандыру жұмыстарын жүргізу үшін Қызылорда облысының коммуналдық меншігіне 7 жыл мерзімге берілді.

Жұмыстарды республикалық бюджет есебінен 2020 жылдан бастап кезеңімен 2023 жылға дейін техникалық­экономикалық негіздемесін жасай отырып жүзеге асыру көзделген бола­тын. Үстіміздегі жылы «Байқоңыр қаласының сумен жабдықтау және су тарату «Бір кезең. Бір кезек» жо­басын жүзеге асыру басталуы керек еді. Бірінші кезеңнің құны 896700 мың теңгені құрап, 11,4 шақырым сарқынды сулар жүйесін жаңғырту көзделді. Өкінішке орай, аймақтар дамуының 2020­2025 жылдарға арналған мемлекеттік даму жоспа­рында Байқоңыр қаласын дамыту бойынша жобаларды жүзеге асыру көзделмеген болатын. Біз бұл тура­лы ҚР Орталық Атқару органдарын сумен жабдықтау және су тарату жүйелерін жарақтандырудың Ре­сей Федерациясы бюджеті есебінен жоспарланған Абай, Гагарин даңғылдары, Королева, Шумнико­ва көшелері автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарымен байланы­сты екенін хабардар еткен болатын­быз.

Жылу энергиясы. Жылу энер­гиясын қалалық жылу­электр жүйесі өндіреді, ол қымбат мазут отыны­мен өндіріледі. Қала тұрғындары жылу үшін 12 ай ақы төлейді. Қала әкімшілігі бұрын жылу­электр жүйесін жарақтандыру мақсатында Қазақстан жағына шектеулі уақытқа қаржыландыратын шартпен беру туралы ұсыныс жасаған болатын. Біз жоба қымбат болғандықтан бас тарттық. Қазіргі таңда Ресей тарапы жылу­электр жүйесін Ре­сей бюджеті есебінен 2020 жылға дейін газға көшіру мәселесін қарастыруда.

Сонымен бірге біздің та­рапымыздан газбен жұмыс істейтін автономды­модульді қазандықтардың құрылысын әрбір шағын аудан бойынша жүргізу қажеттігі айтылған болатын.

Электр энергиясы. Электр энергиясы тарифтерін төмендету үшін біз Ресей тарапына Байқо­ңырдың энергетикалық жүйелерін Қызылорда облысының комму­налдық меншігіне беру тура­лы ұсыныс жасадық. Тұтастай алғанда, біз Байқоңыр қаласының инфрақұрылымдарын жалдық меншіктен алуға мүдделі емеспіз, әңгіме Байқоңыр қаласының тұрғындарына тарифті төмендету жөнінде ғана болып отыр.

Екінші. Жекешелендіру. 1995 жылдың 23 желтоқсанындағы ҚР және РФ арасындағы «Байқоңыр қаласының мәртебесі және оның атқарушы билік органдарын қа­лыптастыру мен мәртебесі тура­лы» келісімге сәйкес Байқоңыр қала сындағы нысандар мен мүлік­тер жекешелендіруге жатпай­

ды. Мәселенің өзектілігін ескере отырып, Қызылорда облы сының әкімдігі Байқоңыр қаласының әкім шілігімен бірлесе отырып, Байқоңыр қала сындағы Қазақстан азамат тарының пәтер лерін жекеше­лендіру тетіктерін қалып тастыра бастады.

2020 жылдың 21 қаңтарында ҚР Президентінің «Байқоңыр кеше­ніндегі арнайы өкілі Б.Б.Намаев пен Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы К.Д.Бусыгин Байқоңыр қала сын дамытудың ұзақмерзімді бағ дарламасына қол қойды. Осы бағ дарламаның мақсатына сәйкес жеке шелендіру, жалға алып жеке­шелендіру мәселелері ше шілетін болады. Екі тараптан жеке ше­лендіру мен оның құқықтық аспек­тілерін толық айқын даған соң біз бұл мәселені «Байқоңыр» кешені бойынша қазақстан­ресейлік үкі­мет аралық комиссияның кезекті мәжілісіне енгізетін боламыз.

Бұған қосымша біз Байқоңыр қаласы тұрғындарын – Қазақстан азаматтарын «Ба қытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасына тартуды көздеп отырмыз. Бұл бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптың бірі – ҚР Заңы бойын­ша тиісті категорияларға сәйкес тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды жергілікті атқарушы органдардың есеп ке алуы болып табылады. Осы­лайша бағ дарламаға қатысушының мәртебесі тиісті құ жатпен айқындалатын болады. Бірақ қалада қазақстандық тиісті тіркеу органда­ры болмағандықтан, азаматтардың мұндай мүм кіндігі жоқ. Бұл мәселенің көптеген заңдылық түйткілдері бар, сондықтан ол ба­рынша егжей­тегжейлі шешуді та­лап етеді. Осыған орай Қызылорда облысының әкімдігі Қазақстан Орталық атқарушы органдары­мен бірлесіп, Байқоңыр қаласы тұрғындарының мәртебесін айқындайтын тұрғын үй қатынасына байланысты нормативті­құқықтық актілерге өзгеріс енгізу мәселелерін қарастыруда.

Үшінші. Еңбекпен қамту. Тұтастай алғанда, халықты

жұмыспен қамту мемлекеттік деңгейде бақылауда тұр. Халықтың еңбекпен қамту деңгейін ұлғайтып, жұмысты азайту үшін мемлекеттік «Еңбекпен қамту жол картасы­2020» бағдарламасы қабылданған. Бағдарлама аясын­да әлеуметтік­мәдени нысандарды күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу қолға алынды. Олардың тұрғын үй­коммуналдық және жол инфрақұрылымына қатысы бар. Аталған жұмысқа негізінен жұмыссыз болып тіркелген жергілікті тұрғындар тартылуда.

Бұған қосымша Байқоңыр қаласы және оған таяу жатқан Төретам мен Ақай елді мекендері бойынша өнімді еңбекпен қамту «Еңбек» бағдарламасы жүзеге асы­рылды. Бағдарламаны жүзеге асы­руда қажетті мамандықтар бойынша оқытуларды жаңа бизнес идеяларға мемлекеттік гранттар бөлінеді,

жастарға арнайы жұмыс орындары ашылады. Сонымен бірге кейбір кәсіпорындарда жұмыс орындары қысқаруының алдын алу жөнінде шаралар жүргізілуде жұмыс сағатының қысқартылуы есебінен жұмыс орындары сақталуда.

Қала экономикасы бірыңғай ғарыш саласына бейімделген. Бірақ

қазір ұшырылымдар саны қыс­қарып, ғарыштық бағдарламалар оң тайландырылуда. Бұл ғарыштық кәсіпорын салаларындағы адамдардың қысқаруына әкеп соқтырды. Аталған мәселені шешу үшін Байқоңыр қала сында Қармақшы ауданы әкімдігінің еңбекпен қамту орталығы қызмет істейді. Қазіргі таңда орталыққа жұмыс іздеп 1551 адам өтініш білдірген. Ресми жұмыссыз болып 967 адам тіркелсе, олардың 275­і жұмысқа орналастырылды.

Қазақстан кәсіпорындарына жұ мысқа тұрғызылған Байқоңыр қала сының тұрғындары айлықтың аздығына, қаладағы коммуналдық қызмет төлемі қымбаттығына ша­ғым данады. Бағаны рубльден тең­геге ауыстырғанда қымбатшылық, әсіресе, әлеуметтік қолдауға қатысты азаматтардың тұрмысында барынша қатты сезіледі. Бұл орай­да аз қамтамасыз етілген отбасыла­рына олардың жиынтық табысын ескере отырып, облыс деңгейіндегі өлшемде көмек тағайындау барын­ша өзекті мәселенің қатарына жата­тынын атап өткіміз келеді. Аталған мәселені ескере отырып, Қызылорда облысының әкімі облыстық жұ­мыс пен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бас қар­масына Байқоңыр қаласы тұрғын­дарының тұрғын үй жәрдемақы мөлшерін 2020 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап ұлғайту­ды тапсырды.

Халықты әлеуметтік қамту ба­рынша өзекті мәселенің қатарына жатады. Өкінішке орай, Қазақстан Рес публикасының заңдылығында Байқоңыр қаласында облыстық басқар маның қалалық бөлімін ұстау көзделмеген. Осыған байла­нысты аталған бағыттағы жұмысты Қармақшы ауданы әкімдігінің әлеуметтік қамсыз дандыру және еңбекке орналастыру секто­ры атқарады. Біз бұл сектордың жұмысын жандандыратын бола­мыз. Жеке ғимаратта мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жұмыс істеуіне ыңғайлы қондырғылар ор­наластырылатын болады. Сондай­ақ осы ғимаратта мүгедектер қоғамы секілді қоғамдық ұйымдарды орна­ластыру көзделуде.

Қаланың инфрақұрылымын ұстап тұру мәселелері төңірегінде мынаны айтқым келеді. Ресей Фе­дерациясы «Байқоңыр» кешенін жалға алу шарты бойынша жалға алынған ны сандарға күрделі жөндеу жүргізуді, жа рақ тандыруды өз есебінен жүргізуге тиіс. Бұл орай­да қала әкімшілігі тиісті деңгейде жұ мыстар жүргізіп жатқанын атап өткім келеді.

Қазақстан Республикасының Байқоңыр қаласы әлеуметтік­мә­дени әлеуетінің сақталуына мүдделі болған дықтан, сонымен бірге халықтың тұрмыс жайлылығын жақсарту мақса тында «Байқоңыр» кешені бойынша қазақстан­ресейлік үкіметаралық комис сияның бесінші мәжілісінде Қазақстан жағынан қаланың даму бағдарламасына бөлі нетін қаржы тәртібі мен шарты айқындалған болатын. 2019 жылы Қазақстан тарапынан «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 50 пәтерлік бес үй салынды. Қазіргі таңда барлық пәтерлер қаланың қазақ стандық тұрғындарына бө­лініп берілді. Аталған жобаны жүзеге асыру нәтижесінде тұрғын үйге деген сұраныс азайып, ол қаланың әлеуметтік жағдайына оңды ықпалын жасады. Қазіргі таңда Байқоңыр қаласында тұрғын үйге Қазақстан Республикасының 1200­ден астам азаматы кезекте тұр. Осыған орай уәкілетті органға «Нұрлы жер» бағдарламасы бойын­ша тағы да бес көпқабатты тұрғын үй құрылысын жүргізуге тапсырыс жасалды.

Байқоңыр қаласы аумағына жіберуді оңтайландыру.

Тиісті келісімге сәйкес Байқоңыр кәсіпорындар мен ұйымдардың және азаматтардың жұмыс істеп тұруына қатысты айрықша қауіпсіз режимдегі қала болып табылады. 2019 жылы қала әкімшілігімен келісімге сәйкес Байқоңыр қаласына оның тұрғындары мен басқа аймақтардан келетін қонақтарға қатысты, оның ішінде қайғылы жағдайға байланы­сты шараларға, демалыс, мейрам, жұмыс күндері келетіндерге рұқсат беру оңтайландырылды.

«Байқоңыр» АЭА құру туралыҚазақстан мен Ресейдің

өңіраралық ынтымақтастығы XV форумының қоры тындысы бой­ынша (2018 ж. Петропавловск) ҚР Үкіметіне Ресей жағымен бірлесіп, «Байқоңыр» АЭА құру мәселелерін талқылау тапсырылды.

«Байқоңыр» АЭА құрудағы ба­сты мақсат халықаралық ғарыш пор­тын құру, жоғары технологиялық бәсекелі өнімдер инновациялық өнеркәсіп өндірісін құру, оның ішінде машина құрылысын, ғарыш саласын, электрониканы, химия және жеңіл өнеркәсіпті, артықшылықтары мен салық жеңілдіктері ескерілетін туризмді дамыту болып табылады.

Бүгінгі күнге АЭА құру тура­лы концепция және ҚР мен РФ Үкіметтері арасында «Байқоңыр» АЭА құру туралы келісім жоба­лары дайындалған. Концепция мен Келісім жобалары Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарына (мүдделі министрліктерге) келісім жасауға жіберілді. Концепция мен Келісім жобалары мемлекеттік органдарда келісілгеннен кейін Ресей жағына жіберілетін болады.

Төретам кенті мен Ақай ауылдық округіне қатысты

Алдағы болатын Үкіметаралық комиссия отырысының күн тәртібіне «Жалға берілген кейбір жер учаскелерін босату» туралы мәселе енгізіледі. Оған Төретам кентінің нақты орналасқан аумағы 322,6 га, Ақай ауылының нақты аумағы 371,4 га және Төретам кентімен Ақай ауылының айналма жолдарын жалға беру аймағынан шығару мәселелері кіреді.

2018 жылы ҚР және РФ мем­лекеттік органдарының бекіт кен жоспар­кестесіне сай жал ға беруден босатылатын жер учас келері бой­ынша ресейлік және қа зақстандық мүдделі мемлекеттік ор гандар қатысуымен далалық зерттеу жұ­мыстары жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша жалға беруден босатыла­тын жер аумақтарының жал пы ау­даны 2898,2 гектарды құрады.

Осы жылдың 19 мамырында Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы К.Д.Бусыгинмен жұмыс бабында кездесіп, онда жер учаскелері бойынша жоғарыда айтылған проблемалар сөз болды. Кездесу нәтижесімен учаскелерді жалға беруден босату бойынша бір ұйғарымға келдік.

Бүгінгі күнге Төретам кенті мен Ақай ауылын Байқоңыр қаласының құрамына кіргізу мәсе­лесі қаралмайды. Аталған елді ме­кендердің тым жақын орналасуы қиын жағдай болып есептелмейді, керісінше дамуға мүмкіндік беретін қосымша артықшылықтар болып саналады.

Төретам мен Ақай елді мекен­дерінің көптеген тұрғындары Байқоңыр қаласы аумағында кәсіп­керлікпен айналысады. Келісімге сәйкес осындай тұрғындарға қалаға кіруге жеңілдіктер жасалған. Төретам мен Ақай тұрғындары мен олардың көліктеріне 2 жылға рұқсат қағаз беруге елді мекендерге тіркелгендігі негіз болады.

Ал енді Төретам мен Ақай елді мекендерін электр энергия­сымен қамтамасыз ету мәселесіне келейік. Төретам мен Ақай елді мекендеріндегі подстанциялар мен электрмен жабдықтау желілері өткен ғасырдың 50­60 жылда­ры пайдалануға берілген. Қазіргі күндері тұрғындарды тұрақты және сапалы электр энергиясы­мен қамтамасыз ету үшін оларды қайта жаңғырту жұмыстары ба­сталды. Қуаттылығы әртүрлі 30 шақты жаңа трансформаторлық қондырғылар орнату көзделген. Бұл мақсатқа «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 2,1 млрд теңге бөлінген (подстанцияларды жаңартуға – 1,2 млрд теңге, электр желілерін реконструкциялауға – 915 млн теңге). Бұл жұмыстарды жылдың соңына дейін бітіру жо­спарланып отыр.

Мұнан бөлек, «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде Төре там кентінде 4, Ақай ауылдық окру­гінде 3 көшені жөндеуден өткізу жоспарланған.

Сол секілді біз Төретам мен Ақайды байланыстыратын Бармин көшесін жалға беруден босатқаннан кейін жөндеуден өткізуді жоспар­лап отырмыз.

Тұрғындардың интернетке қол­жетімділігін қамтамасыз ету мәсе­лесі де пысықталуда. Қызылорда облысының әкімі тарапынан «Қазақ телеком» АҚ­ға Төретам және Ақай елді мекендерін толық­тай ин тернетпен қамту жөнінде тапсырма берілді.

Жалпы алғанда, Байқоңыр қа­ласын дамыту мәселесі облыс әкі­мінің бас ты назарында. Бұған дейін аталып өткендей, 2020 жылдың 21 қаңтарындағы «Байқоңыр» ке­шеніндегі ҚР Президентінің ар­найы өкілі мен Байқоңыр қаласы әкім шілігінің басшысы «Байқоңыр қала сын дамытудың ұзақмерзімді бағ дарламасына» қол қойған бола­тын.

Сонымен қатар, проблемалық мәселелердің шешімін табуды же­делдету мақсатында Қызылорда облысы әкімдігі тарапынан «Байқоңыр қаласын әлеуметтік­эко но микалық дамытудың жол картасы» жобасы дайындалып, ҚР Премьер­Министрінің орынбасары мен Байқоңыр кешені бойынша ҚР және РФ арасында мемлекетаралық комиссияның тең төрағасы Р.В.Склярға келісімін алуға және әрі қарай бекітуге жіберілді. Бұл жол картасы жоғарыда аталған мәсе лелермен қатар Байқоңыр қаласы әкімшілік заңдылығы аума­ғында салық салу, валюталық бақылау, білім беру, денсаулық сақтау, экологиялық реттеудің шешімі мәселелерін де қамтиды.

Қазіргі кезде бүкіл әлем ко­ронавирус эпидемиясымен күрес жүргізе отырып, қиын кезеңдерді өткеруде. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы мамандарының пікірінше, күзге таяу оның екінші толқыны басталуы мүмкін.

Соған байланысты, коронави­рус инфекциясына қарсы күрес­тің нәтижелі көрсеткіштеріне қарамастан, босаңсуға әлі ерте, өйткені ҚР аумағында әлі де карантиндік режим сақталуда.

Байқоңыр қаласы тұрғындарын, өз денсаулықтарының қауіпсіз­дігін қамтамасыз ету үшін жайба­рақаттыққа салынбай, сани тарлық­гигиеналық талаптарды сақтауды, яғни бетперде тағып, қолдың ги­гиенасын сақтап, арақашықтықты ұстанып, аса қажеттілік болмаса, көпшілік жиналған орындарға бар­мауын жеткізгіміз келеді.

Серік СҮЛЕЙМЕНОВ,облыс әкімінің

орынбасары.

БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫН ДАМЫТУ – БАСТЫ НАЗАРДА

ТАҒАЙЫНДАУ

Облыс әкімінің өкімімен Шав-рова Елена Николаевна облыстық қаржы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Елена Шаврова 1971 жылы туған. Қазақ мем лекеттік бас қару академиясын «эконо­мист» ма мандығы бойынша бі тірген.

Еңбек жолын 1993 жылы облыстық қаржы бас қармасының экономисі ретінде бастаған.

1994­2013 жылдары облыс тық қаржы бас­қар ма сы ның жетекші және бас экономисі, сектор меңгерушісі, бөлім бас тығының орын­басары, бөлім басшысы жауапты қызметтерін атқарған.

2013 жылдан осы кезге дейін аталған басқарма басшысының орынбасары лауазы­мында қызмет атқарып келді.

ОБЛЫСТЫҚ ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

БРИФИНГ

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Өрт негізінен қа уіпсіздік ере желерін ескермеу, тұрмыстық пешті дұрыс қолданбау, баланың отпен ойнауы, әдейі өрт қою, тұрмыстық газды ашық қалдыру және электр құралдарын дұрыс пайдаланбаудан шыққан.

Ал, орман қоры аума ғындағы өрттер тұр­ғын дардың, жеке шаруа шылық иелерінің жерін абаттандару, қураған шөпті өртеу кезіндегі ұшқыннан тұтанған.

Нақты айтар болсақ, объектілерде 14, тұрғын үй секторында 116, авто көліктерде 34, дала мен орманда 35, өзге де 2 өрт оқиғасы тір келген. Сонымен қатар 5 ай ішін де көмірқышқыл газы­нан 10 адам уланған, қаза болғандар жоқ. Өрт қауіпсіздігі саласы бойынша 239 нысан тек­серілді. Нәтижесінде өрт қауіпсіздігі талапта­рын бұзу фактілері анықталды. 250 жеке және заңды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Жоспардан тыс бақылау бағытында тексеру жұмыстары жүр гізіліп, нұсқама талаптарын орын дамаған мекеме басшыларына 7 хаттама тол тырылып, сотқа жолданды.

Департамент қызмет кер лері өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында тұр ғындар ара­сында түсін дірме шараларын жал ғастыруда.

Жыл басынан бері облыс бой-ынша 201 өрт оқиғасы болды. Салдарынан 4 адам тілсіз жаудың құрбанына айналды. Материалдық шығын 10 705208 теңгені құраған. Бұл туралы өңірлік коммуникаци-ялар қызметінде өткен брифинг-те облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынба-сары Руслан Қайрақбаев мәлімдеді.

Жыл басынан бері өңірде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 52 427­ге жетті, оның 46 297­сі жұмыс жа­сап тұр. Жұмыспен қамтылғандар саны 2,3%, өндірілген өнім көлемі 10%­ке өскен. Биыл «Еңбек» бағдарламасы аясында шағын не­сие беру үшін 3353,4 млн теңге бөлінген. Қазір ауылдық елді мекендерге бөлінген қаржы есебінен 127 жоба несиелендірілді. Қалаға бөлінген қаржы бойынша несиелендіру жұмыстары шілде айында басталмақ.

«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасын іске асыруға бөлінген 1,7 млрд теңге 3,4 млрд теңгеге дейін көбейді. Субсидия және кепілдік беру құралына тиісті қаражат қарастырылды. Жыл басынан бері субсиди­ялау арқылы 38 жоба қаржыландырылып, 22 жоба қолдау тапты. Бағдарлама аясын­да қайтарымсыз грант беру үшін де қаржы бөлінді. Сонымен қатар былтырдан бері өңдеуші өнеркәсіп саласын дамытуға ба­ғытталған «Қарапайым зат тардың экономика­сы» үкіметтік бағдарламасы іске асырылуда.

Кәсіпкерлерге қолдау және сапалы қызмет көрсету мақсатында «Бір терезе» қағидасы негізінде 1 шілдеден бастап «Бизнеске арналған Үкімет» бірыңғай сервис орталығы іске қосылмақ.

БІРЫҢҒАЙ СЕРВИСОРТАЛЫҒЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов кәсіпкерлікті дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы туралы айтып берді.

Коммуналдық қызмет тарифтері бойыншасалыстырмалы кесте

Ком.қызмет Өлшем бірлігі

НДС қоса есептегендегі тарифіБайқоңыр қ. Қызылорда қ. Айырмашылығы

рубль теңге теңге теңге %Жылу 1 Гкал 1690 9734 2800 6934 71Ыстық су 1 м3 100 576 145 431 75Ауыз су 1м3 23 137 45 92 67Электр 1 кВт/сағ 4 26 17 9 34

Page 3: САЯСАТ ПРЕСС-ТУР АБАЙ – 175 ТҰЛҒА 2 3 4 411 маусым, бейсенбі 2020 жыл 86 (19962) Қызылорда облыстық қоғамдық-саяси

33 КӨШЕ ЖӨНДЕЛЕДІ

Биыл Арал қаласында 33 көше жөнделетін болады. Барлығы 22 шақырымнан асатын көшелердің құрылысына республикалық бюд-жеттен 660 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Үлкен жобаға «Арал құрылысы» ЖШС мердігер болып анықталған. Қазіргі таңда мердігер мекеме аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы аталған жол жөндеуге 43 адамды жұмысқа қабылдап үлгеріпті.

– Бүгінгі күні 5 көшенің астыңғы қабаттары тегістеліп жа-тыр. Құрылыс материалдары да­йын. Алдағы аптада асфальт жа-бындыларын төсей бастаймыз. Барлық жұмыстар кезең­кезе ңімен әрі уақытында бітетін болады, –

дейді аудандық тұр ғын үй­комму-налдық шаруа шылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Амантай Тас­қынбаев.

Бұдан өзге аудандық маңызы бар «Ескіұра елді мекеніне кіре-беріс автожолының» құрылысы-на 99 млн 452 мың теңге қаржы бөлініп, жұмыстары басталатын болады.

Тағы қуанатын жаңалық, ау-дан орталығындағы Абай көшесін абаттандыру жұмыс тарына рес­публикалық бюджеттен 110 млн теңгеден астам қаржы бөлініпті. Бас мердігер – «Наурыз құрылыс» ЖШС. Аталған мердігер аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 14 адамды жұмысқа қабылдап, абат-тандыру шараларын бастап кеткен.

– Жол жиегіне 4 мыңнан аса бордюр тастары қойылып, көгал-дандыру жұмыстары жүр гізілетін болады. Қа ладағы басты көшенің бірі болғандықтан, арнайы үш LED экран орнатамыз, – дейді жауапты мердігер мекеменің басшысы Нау-рызбай Тынымбаев.

ҚҰНАРЛЫ СҮТТІҢ ҚҰРҒАҚ ТҮРІАралда индустриялық аймаққа

тағы бір ірі жоба орналасыпты. Қазіргі күні «Qazaq Camel» ЖШС­ның түйе сүтінен құрғақ ұнтақ дайындау зауытының құрылысы басталып, іргетасын құю жұмыста-ры аяқталуға таяу. Жалпы құны 1 жарым млрд теңгеден асатын за-уыт аумағы бір гектар жерді алады. Жылына 130 мың тонна сүт ұн-тағын өндіретін кәсіпорын іске қо-сылғаннан соң 25 адамды тұрақты жұмысқа қабылдамақ.

– Өздеріңізге белгілі, ау­данға қарасты ауылдардың басым көпшілігі түйе асырайды. Зауыт жұмысы аяқ талысымен әр ауылдан сүт қабыл дайтын пункттер ашамыз. Мысалы, ол ауылдардың қатарын-да Қаратерең, Қамбаш, Аралқұм, Қарақұм, Тоқабай, Сексеуіл, Ши-жаға және Құ ланды елді мекен-дерінен түйе сүтін қабылдайтын орын дар нақтыланып отыр, – дейді аталған құрылыстың бақы лаушысы Қуантқан Аташпаев.

Аталған зауыт Түркістан, Жамбыл облыстарында ашылған. Ал біздің аймақта тұңғыш қолға алынған, азық­түлік бағытындағы нысан биыл қыркүйек айында пай-далануға беріледі деп күтілуде. Ең маңыздысы, түйе сүтін емдік сусын ретінде пайдаланатын жергілікті тұрғындарға бұл зауыттың ашылуы өте тиімді болса керек. Өйткені, түйе саууды кейбір малшы ағайын

болмаса, көбісі ұмыта бастаған. Енді түйелі азаматтар аруана сүтін зауытқа өткізіп, кәсіп көзіне айнал-дырмақ ниетте.

40 ПӘТЕРДІҢ КІЛТІ ҚАШАН БЕРІЛЕДІ?Мамыр айында аудан әкімі Мұх-

тар Оразбаевтың өзі барып іргета-сын қалаған қаладағы №2 шағын ауданы аумағындағы 10 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды. Мұн-дағы әр үй 4 пәтерден, бір қабаттан тұрады. Яғни, салынатын он үйде 40 пәтер болса, соның жартысы екі бөлмелі, ал қалғаны үш бөлмелі пә-терлер. Мақсат – өз үйіне қол жет-кізгісі келетін аудан тұрғындары-ның мәселесін шешу. Яғни, аталған жобаның қаржысы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен» келісім­шарт негізінде облыстық бюджет есебінен бөлінген. Жаңа баспа-наға аталған банк арқылы кезекте тұрған салымшылар ғана қол жет-кізе алады.

Айта кету керек, жаңа үйлерді салушы бас мердігерлер – жергілік-ті «Наурыз құрылыс» және «Арал су құрылысы» ЖШС. Қос мердігер кіріскен құрылыс жұмыстарына ау дандық жұмыспен қамту бөлімі арқылы 50­ге жуық тұрғын тар-тылған. Тұрғын үйлер күзге дейін бітіп, 40 отбасы жаңа пәтерде қо-ныс тойын тойламақ.

– Бұл жерге су, жарық бар-лығы тартылған. Газ құбырын тарту жағын да қарас тырмақпыз. Ал жұмыс шылардың жартысын ау дандық жұмыспен қамту бөлімі арқылы қабылдап отырмыз. Бүгін-де іргетасы толық бітті, енді бір­екі күнде кірпіш қалау жұмыстарын бастаймыз. Ең бастысы, үйлерді уақытында сапалы бітіріп, тұрғын­дарға табыстау, – дейді «Наурыз құрылыс» ЖШС директоры Н.Ты-нымбаев.

Арал ауданында жұмыссыздықпен күрес қарқынды жүргізілуде. Осы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының шеңберінде теңізді өлкеде 604 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Аталған бағдарлама аясында 16 жоба іске аспақ.

Қуанарлығы, жобаны ұтқан мердігерлермен арадағы келісім-шартқа сәйкес, жұмысшылардың кемінде 50%, яғни 600-ден аса адамның 300-ден астамын жұмыспен қамту орталығы арқылы жіберу қарастырылған. Бұл туралы БАҚ өкілдері облыстық ішкі саясат басқармасының үйлестіруімен өткен баспасөз турында тереңірек танысқан едік.

QOǴAMSb 3www.facebоok.com/syrboyi.kz/ https://twitter.com/syrboyi www.instagram.com/syrboyikz №86 (19962) 11 маусым, бейсенбі 2020 жыл

Мамандардың айтуынша, бұ­лайша, яғни, ауру белгілері бар және клини калық белгісі жоқ деп тіркеу халықаралық тәжірибеде, түрлі елдерде қолданылып келеді. Ауру белгілері бар және клиникалық белгілері жоқ деп бөлудің себебі мынада екен. Алдымен ауру белгілері бар науқастарға уақытты ұтымды пай даланып, дер кезінде медициналық көмек көрсету үшін жасалып отыр. Ал клиникалық бел гілері жоқ адамдарды ау мақтық емханалар үй каран тиніндегі жағдайда қашықтан бақылайды. Бұл жөнінде елі­міздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағанбетова арнайы брифингте айтып өтті.

«Симптомсыз және симптомы бар науқастарға эпидемиологиялық тұр­ғыдан тактиканың өзгеруі клиникалық белгілері айқын адамдарға көп көңіл бөлу керектігін көрсетеді. Себебі, халықаралық және қазақ стандық тәжіри бе көр сеткендей, корона вирус­тың симптомдары айқын байқа латын науқастар айна ла сын дағыларға аса қауіпті» деген болатын бас санитар. Оның айтуынша, клиникалық белгілері бар науқас орташа есеппен 3 адамға ауру жұқтырады екен. Алайда, бас санитар симптомсыз науқастардың

да қараусыз қалмайтынын, дерек бо­йынша, үш симптомсыз науқастан тек бір адамға ғана індет жұғуы мүмкін екенін жеткізді.

Ал Дүниежүзілік ден саулық сақтау ұйымының COVID­19 жөніндегі техни­калық менеджері Мария Ван Керкхове коронавирустың кли никалық белгілері жоқ тасы малдаушылардан басқа адамға жұғуы өте сирек кез десетінін айтты. «Біздің дерек терімізге сүйен сек, ауру белгілері жоқ тасы мал дау шының инфекцияны басқа біреуге жұқтыруы екіталай. Ондай жағдай өте сирек кездеседі» деді ол. Сондай­ақ, ол індет белгілері жоқ тасымалдаушыларда аурудың барлық кезеңінде ешқандай симптомдар болмайтынын айтты.

ҚР Денсаулық сақтау ми нистр­лігінің мәліметінше, бүгінгі таңда елімізде тестілеу кезінде күн сайын анықталып жатқан деректердің 60 процентке жуығы бұл – инфекцияны симптомсыз тасымалдаушылар екен. 9 маусымдағы жағдай бойынша жалпы ста тис тикаға қосылмаған 440 коронавирус індетінің белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелген. Жалпы, елімізде қазіргі уа қытта белгілері жоқ тасымалдаушы 2 136­ны құрап отыр.

СИМПТОМДЫ ЖӘНЕ СИМПТОМСЫЗ:ТІРКЕУ ТӘРТІБІНЕГЕ ӨЗГЕРДІ?

Маусым айынан бастап елімізде коронавирус инфекциясын тіркеудің жаңа тәртібі енгізілді. Бұған дейін күн сайын індет жұқтырғандар бойынша статистика жүргізіліп келген болатын. Енді жаңа тәртіпке сәйкес науқастардың жағдайы симп томды және симптомсыз деп тіркелуде.

Айнұр БАТТАЛОВА,«Сыр бойы».Sb

Ауру ошақтарында өзін­өзі оқ­шаулауға жағдайы болмаған қарым­қа-тынастағы 824 адам облыстық ба лаларға арналған туберкулезге қарсы санатория-сында және Қорқыт ата университетінің №5 жатақхана сын да орналасқан каран-тиндік ста цио нарларға оқшауланды. Қалған 2681 қарым­қатынастағы адам үй карантиніне алынып, оларға тұрғы­лық ты жері бойынша қалалық емхана-лар тарапынан медициналық бақылау жүргізілді. Анықталған ошақтарда, яғни, үй­жайларда, подъездерде, аулаларда дезинфекция лық шаралар жүргізілді.

COVID­19 инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары қалада орналасқан меди-циналық ұйымдардың қызмет керлері (инфекциялық аурулар стационарлары, пульмонологиялық стационарлар (бөлім-шелер), стационарлық изоляторлар (симп томсыз науқастар үшін), карантин-дік объектілер (дені сау адамдар үшін), стационарлардың қабылдау бөлмелері, амбулаториялық­емханалық ұйымдар-дың сүзгілері, жедел жәрдем бригадала-ры, ПТР диаг ностиканы жүзеге асыратын зертханалық мамандар, санитариялық­ эпидемиологиялық қызмет қызмет­керлері) айына бір рет (4200 медицина қызметкері) лабораториялық зерттеліп, 10 жағдайда оң нәтиже анықталды. Ста-ционарға жоспарлы және шұғыл емдеуге жатқызу кезінде пациенттер, клиникалық хаттамаға сәйкес жүкті және жаңа туған нәрестелер, гемо диализдегі пациент-тер, ҚАЖ меке мелеріне түсетін адамдар (тергеуге алынғандар, айыпталушылар, соттал ғандар) лабораториялық зерт теу­

мен қамтылып, 7 жағдайда оң нәтиже анықталды.

Қазір қалада блок­бекеттердің алы-нуы, шектеу шараларының жеңілдеуі салдарынан аурушаңдықтың күрт өсуі байқалды. Тұрғындар сақтану шарала-рын объектілерде санитариялық­эпи-демиологиялық талаптарды сақ тамау фактілері орын алуда. Ережелерді сақта-мағаны үшін 2 орта кәсіпкерлік субъек-тісіне хаттама толтырылып, әкімшілік істер сот орындарына жолданды. Бү-гінгі күні ДСМ­нің «Кейбір объектілер-ге жоспардан тыс тексерулер жүргі-зу туралы» бұйрығына сәйкес шағын мик рокәсіпкерліктерді тексеруге және әкімшілік шаралар қолдануға рұқсат етіліп, мониторинг топ қадағалау ша-раларын күшейтті. Қаладағы ірі сауда орындары (сауда үйлері, орталықтар, базарлар), халыққа қызмет көрсету, жұмыспен қамту орындары өкілдеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ха-лықтың көп шоғырланатын жерлерінде антисептик құйылған дозаторлар орна-тылуы, алдын алу шараларын күшейту қажеттілігі айтылуда. Осы орайда об-лыс, қала тұрғындарын сақтық шарала-рын қатаң сақтап, бекітілген талаптарды орындауға шақырамыз. Қауіпті індеттің белең алуына жол бермейік!

Анар НАЗЫМБЕКОВА,қалалық тауарлар мен

көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін

бақылау басқармасыныңбас маманы.

ІНДЕТ БЕЛЕҢ АЛМАСЫН ДЕСЕК...

Бүгінде Қызылорда қаласында COVID-19 инфекциясының аурушаңдық өсімі 7 %-ті құрап отыр. Ауру барлық жас аралығындағы адамдарда және кәсіби топтар арасында орын алуда. Індетке 14 жасқа дейінгі 14 бала шалдықты (6 %).

Мемлекеттік органның атауы

Азаматтарды қабылдауды

жүргізетін адамның аты-

жөні

Азаматтарды қабылдауды

жүргізетін адамның

лауазымы

Азаматтарды қабылдау күндері

Азаматтарды қабылдау уақыты

Мемлекеттік органның

орналасқан жері, қабылдау бөлмесі

Байланыс телефоны

Қызылорда облысының жұмыспен

қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

басқармасы

ДүйсебаевТалғат

Тұрсынұлы

Басқарма басшысы

Дүйсенбі, СейсенбіСәрсенбі, Бейсенбі

Жұма

09:00­13:00, 15:00­19:00.

Қызылорда қаласыБекзатхан Асқар

көшесі №47№ 201 Б бөлме

40­08­16

Қызылорда облысының жұмыспен

қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

басқармасы

АбдукаримовМейрамбек

Жақсылықұлы

Басқарма басшысының орынбасары

Дүйсенбі, СейсенбіСәрсенбі, Бейсенбі

Жұма

09:00­13:00, 15:00­19:00.

Қызылорда қаласыБекзатхан Асқар

көшесі №47№ 201 Б бөлме

27­23­01

Қызылорда облысының жұмыспен

қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

басқармасы

ИбраеваАйгүл Болатқызы

Басқарма басшысының орынбасары

Дүйсенбі, СейсенбіСәрсенбі, Бейсенбі

Жұма

09:00­13:00, 15:00­19:00

Қызылорда қаласыБекзатхан Асқар

көшесі №47№ 311 А бөлме

40­08­17

Қызылорда облысының жұмыспен

қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

басқармасы

ҚалмақоваГаухар

Амангелдіқызы

Басқарма басшысының орынбасары

Дүйсенбі, СейсенбіСәрсенбі, Бейсенбі

Жұма

09:00­13:00, 15:00­19:00

Қызылорда қаласыБекзатхан Асқар

көшесі №47№ 311 А бөлме

27­01­00

«ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК

МЕКЕМЕСІ БАСШЫЛЫҒЫНЫҢ 2020 ЖЫЛДЫҢ МАУСЫМ АЙЫ ЖӘНЕ ІІІ ТОҚСАНЫНА АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ

ТЕҢІЗДІ ӨЛКЕДЕГІ ТІРЛІК

БАСПАСӨЗ ТУРЫ

ҚР Ұлттық Банктен №KZ01vg00000355 лицензиясы берілген

Ержан ҚОЖАСОВ,«Сыр бойы».Sb

– Осында 14 жылдан бері тұрып келемін. Күн жылығанда есік­терезені ашу мүмкін емес­ті. Әсіре-се, балалардың қауіпсіздігі қатты алаңдататын. Қала әкімдігінің бастамасымен көлшікке құм төгілді. Ал-дағы уақытта ойын немесе спорт алаңын салып берсе, қуанар едік, – дейді көпба-лалы ана Жәмила Әбдіжәле-лова.

Қалалық жер қатына-стары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ғанибек Омаровтың айтуынша, құм төгу ісіне кәсіпкерлер тар-тылған.

– Жұмыс 1,5 ай бойы жүрді. «КамАЗ» көліктері күніне 15­20 реттен қатына-ды. Бұл жерді меншік иелері ертеректе сатып алған. Пай-даланбаған соң 1,5­2 метр тереңдікте ыза су жиналған.

Айналасындағы көршілер соның зардабын тартты, – дейді ол.

Биыл сәуірде «Сәулетте-гі» 5 көлшік көмілді. Қала көлемінде осындай 24 көл-шік бар. Меншік иелеріне жер телімін уақытылы иге-ру керектігі талай айтылған. Ескертуге құлақ аспағандар-дың ісі сотта шешіледі. Ал жер телімі мемлекет менші-гіне өтіп жатса, одан арғы тағдыры қалай болмақ?

– Алдымен, үй кезе-гінде тұрған азаматтарға ұсынамыз. Болмаса, аук-цион арқылы кәсіпкерлік нысанын салуға мүмкін-дік беріледі, – дейді қала әкімінің орынбасары Ерлан Бердібаев.

Сасық көлшіктер негізі-нен «Сәулет», «Саяхат», «әл Фараби», «КБИ» және «Арай» шағын аудандарын-

да орналасқан. Ескеретін нәрсе, мәселенің бір ұшы тұрғындардың өзіне кеп тіреледі.

– Бос алаңға тұрмыс тық қатты қалдық төгу тоқтамай тұр. Жеке меншіктегі жерді тазалауға мемлекет қаржы-сын жұмсау заңдылыққа сәйкес келмейді. Сондықтан кәсіпкерлерге өтініш айтуға мәжбүрміз, – деді Е.Берді­

баев «Қорқыт ата» шағын ауданындағы Жастар көше-сінің тұрғындарымен кезде-суде.

Қала тұрғыны Мұхит Әбдір хановтың айтуынша, көше дегі сасық көлшік ауру көзіне айналған. Аллергия-сы бар адамдардың демалуы қиын даған. Тұрғындар жазда есік­терезені емін­еркін аша алмайды. Үлкендер ойын

баласының соңында жүруге мәжбүр. Өйткені әлгі шұңқы-рға түсіп кете ме деп қорқа-ды. Қордаланған мәселе шешілсе, қорқыныш та сей-ілмек. Жергілікті билік та-рапынан атқарылып жатқан жұмыс осыған бағытталған.

Қала әкімдігінің мәлі­метінше, былтыр – 12, биыл осы уақытқа дейін 18 көл-шікке құм төгілген.

Қызылордадағы көлшіктер қашан жойылады?Қызылорда қаласының «Сәулет» шағын

ауданындағы сасық көлшіктің беті құммен те-гістелді. Иісі қолқаны қабатын аумақ тұрғын-дарының жанайқайы жергілікті билікке жетіп, ол аяқсыз қалған жоқ.

Назерке САНИЯЗОВА,«Сыр бойы».Sb

Сур

етте

рді т

үсір

ген

А.С

АҒЫ

НД

ЫҚ

урет

ті т

үсір

ген

Нұр

бола

т Н

ҰРЖ

АУБА

Й.

Page 4: САЯСАТ ПРЕСС-ТУР АБАЙ – 175 ТҰЛҒА 2 3 4 411 маусым, бейсенбі 2020 жыл 86 (19962) Қызылорда облыстық қоғамдық-саяси

БАС ДИРЕКТОРАманжол ОҢҒАРБАЕВ

қабылдау бөлмесі тел/факс: 8/7242/ 70-00-36, 40-11-10 (1002)

БАС РЕДАКТОРҚуат ШАРАБИДИНОВ

қабылдау бөлмесі – тел: 8/7242/ 40-02-17, 40-11-10 (1007)

Бас редактордың орынбасары – 40-11-10 (1053)Жауапты хатшы – 70-00-81 (1037)

Бөлімдер:руханият және ақпарат – 40-11-10 (1039, 1040)экономика – 40-11-10 (1038, 1033)әлеумет және саясат – 40-11-10 (1034)жарнама – 70-00-52, 40-11-10 (1058) есеп-қисап – 70-00-39, 70-00-38 компьютер орталығы және корректорлар – 40-11-10 (1036, 1035)

Меншік иесі

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Газет аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері) шығады.

Газет Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіАқпарат және мұрағат комитетінде тіркелген. Тіркеу куәлігі №12993-Г, 27.08.2012 ж.

Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газеті ҚР СТ ИСО 9001-2009 «Сапа менеджменті жүйесі» талаптарына сәйкес сертификатталған. Авторларға қаламақы тапсырыс бойынша төле-неді, қолжазба өңделеді және қайтарылмайды. Жариялымдар газеттің түпкілікті көзқарасын білдірмейді. «АҚ» - ақылы қызмет. Жарнама мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Редакция мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 4 “А”. Таралымы 28633 Тапсырыс №810

Газет редакцияның компьютер орталығында қатталып, «Сыр медиа» ЖШС өз баспаханасында басылды. Тел.: 8/7242/ 40-06-68. Газеттің таралымы бойынша 8/7242/ 70-14-08 телефон нөміріне хабарласуға болады.

e-mail: [email protected] / www.syrboyi.kz Кезекші редактор Айнұр БАТТАЛОВА.

www.facebоok.com/syrboyi.kz/ https://twitter.com/syrboyi www.instagram.com/syrboyikz

RÝHANIIAT Sb4 www.facebоok.com/syrboyi.kz/ https://twitter.com/syrboyi www.instagram.com/syrboyikz№86 (19962) 11 маусым, бейсенбі 2020 жыл

ТҰЛҒА

Ғазиза ӘБІЛДА,«Сыр бойы».Sb

Шарада облыстық «Руха-ни жаңғыру» орталығының «Жобалау және ұйымдасты-ру» бөлімінің басшысы Әлима Әбдіхалықова сөз сөйлеп, Мем-лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасыр» ой-толғау еңбегінде Абайды жаңаша танудың қа-жеттілігі, өзіміз тану арқылы ақынның бай мұраларын әлемге таныту мәселесі жақ-сы көтерілгендігін айтып өтті. Ұлтымыздың мәңгілік ел бо-луы жолында бүгінгі тәуелсіз ел жастарының көзқарасын қалыптастыруда ақын шығар-машылығының маңызы зор екенін жеткізді.

Семинарда талқылауға ұсы-нылған «Абай шығармалары ғасырлар биігінде» тақырыбы аясында М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті» бөлімінің меңге-рушісі, профессор Серікқазы Қорабай «Абай поэзиясының ренессанс тық сипаты», Абай атындағы Қазақ Ұлттық педа-гогикалық университеті «Хакім

Абай» ғылыми-зерттеу орта-лығының директоры Жабал Шойынбет «Хакім Абай дана-лығы» тақырыбындағы баянда-малары ақын, ағартушы, аудар-машы Абайдың кемеңгерлік келбетін айқындай түсті. Сол сияқты М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институ-тының бас ғылыми қыз меткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Гүлжаһан Орда өз баяндамасында «Қазір-гі қазақ драматургиясындағы Абай бейнесі» туралы ғылы-ми тұжырымды пікірін біл-дірсе, Қорқыт ата атындағы ҚМУ профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ұлжан Жанбершиева «Әлішер «Науаи мен Абай шығармала-рының үндестігі» тақырыбын-да мазмұнды баяндама жасады.

Кафедра ғалымдары А.Айт-баева, К.Сарышова, К.Қамзае-ва семинарға қатысушылармен өз ойларын бөлісті. Рухани та-нымы мол шараға облыстағы барлық арнаулы орта оқу орын-дары мен мектеп мұғалімдері қатысып, белсенділік танытты.

Абай шығармалары ғасырлар биігінде

Облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы және Қорқыт ата атындағы ҚМУ профессор-оқытушы-ларының ұйым дастыруымен «Абай шығармалары ғасырлар биігінде» тақырыбында республикалық онлайн-семинар өткізілді. Семинар жұмысына белгілі Абайтанушы ғалымдар, әдебиетші ұстаздар қауымы қатысты.

Сыр елінде атадан балаға мирас болған жауһар жырдың қоңыраулы көші – Нұртуған, Нартай, Жиенбай жыр мек-тептері арқылы дамып, өркендеп отыр.

Бүгінгі күннің жыр көшін бастаушы-сы Алмас Алматов «Көрғұлы» музыка-лық эпостық жинағына тек қана Жиен-бай әулетінен 36 мақам-саз әуеннің кірістірілгенін айтады. Осының өзі-ақ Жиенбай жыр мектебінің рухты қуатын көрсетіп тұр.

Біз дәл осы жәдігерліктің тінін жалғап келе жатқан өнер тұлғасы, жырау Арнұр Көшенеев туралы айтпақпыз.

Арнұрдың біз дерегін білетін төртін-ші атасы Дүзбенбет дуалы ауызды кісі болған деседі. Дүзбенбет баласы Жиен-бай өз заманының дарабоз жыршысы, жыраулықтың жампозы атанған өнер иесі.

Ақын Қуаныш Баймағанбетұлының:«Жиенбай жыр дүлдүлі Кетедегі,Шәкірт қып көп шайырды жете-

леді...», – деген сөзін еске түсірсек, жы-раудың биік дәрежесін танимыз.

Жиенбайдың жыраулығы төрт ба-ласының екеуі Рүстембек пен Дастан-бекке дарыған екен. Жиырма жасында Отан соғысына аттанған Дастанбек 1942 жылы Сталинград шайқасында ерлікпен қаза табады. Ақын Рахмет Батырбаев «Сыр ұлына» деген поэмасында:

«Дастанбек дүрдің ұрпағы,Шабыты Сырша шіреген.Әкесі ақын Жиенбай,Гауһарын жырдың күреген.Рүстембек еді ағасы,Пырақ жырау, пірі – өлең», – деп жыр-

лапты. Осылайша, заманының бір заңғар

жырауы жанбай жатып сөніпті.Рүстембек әке жолымен жүріп, өзін

барша жұртқа жыраулық өнерімен мо-йындатады. Рүстембек баласы Көше-нейдің де өмірі тым келте болған. «Азы-рақ жүріп ортаңда, көңіліңде қалсам көбірек» демекші, Мәскеуде оқып жүр-ген өнерпаз қапыда қаза болады, бар-жоғы 27 жаста еді.

Көшеней дидарын көрмеген мыңдаған адамды дүр өнеріне тәнті қылып, қаза қайғысына жылатқан жан. Соның бірі – өзім, былай деп жыр-жоқтау жазғанмын.

Ерен, ерен, ерен күн, Басы бітеу керең күн. Сұңқарымды атқан күн, Сені кімге теңермін? Өзегін өрт шалдырдың, Өлмес мұра өнердің.

Шуақты еді күн қандай,Шуағынан дым қалмай.Қос өкпеме біз сұғып,Он қабырғам сынғандай.Ой түбіне қамалдым,Он бір құлаш зындандай.

Қас-кірпікке мұң қонды,Зарлаған тек тіл болды.Қайғы адамды тірілтсе,Қайта келер күн болды.Арты кеніш болсын деп,Арнұр деген ұл берді...Көшенейдің бірге туған бауыры Би-

дас әкесі Рүстембек жыраудан тәлім алған ізбасар. Көп жыл білім ордаларын-да ұстаздық етті. Мәдениет саласының үздігі атанып, «Ерен еңбегі үшін» ме-далімен марапатталды.

Оның жыр қоржынында «Қобылан-ды», «Алпамыс» сияқты алып эпос-тардан бөлек бірнеше Сыр сүлейінің көлемді терме-толғаулары бар.

Көшенейден төрт перзент тараған. Бәрі де жыр айтады. «Домбыраңды қолға ал» десе, тартынатын бірі жоқ. Атадан аманат болып келе жатқан жырау лықтың байрағын түсірмей, байламын босатпай келе жатқан қас жүйрік – Арнұр. Бұл – халықтың бағасы.

Арнұр Көшенеев өнер жолындағы оқуын Алматыдағы Құрманғазы атын-дағы мемлекеттік консерваторияда бастап, Қорқыт ата атындағы Қызыл-орда мемлекеттік университетін бітір-ген. Жыр шы-жыраулардың көптеген байқауларында жүлдегер болған жүй-рік. 2007 жылы Тұрмағамбет шайырдың 125 жылдығына арналған республика-лық жыраулар байқауында бас жүлде «Джип» автокөлігін иеленген. Бұл еліміз бо йынша жыраулар байқауына тігіл-ген ең бірінші қомақты жүлде болатын. Міне, осыдан кейін жыраулар байқауы жиіледі, құзіретті орындар тарапынан көзқарас кеңейді.

Арнұр бүгінде Шәмшат Төлепова атындағы Қармақшы аудандық мәде ниет үйінің директоры болып қызмет етеді. Өнер жанашыры осы қызметке барғалы ауызтұщырлық істердің ұйтқысы болды.

«Аймақтар аламанын» ұйымдасты-

рып, танылмай жүрген аудан көлемінде-гі қанша жас өнерпаздың тұсауын кесті. Аудандық мәдениет және клуб үйлерін-де қазір 1200-ге тарта тұрақты мүшесі бар 90 үйірме жұмыс жасайды. Егер біз осы үйірмелер тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар мен олар жеңіп алған жүлделерді атап-түстесек, соның басын-да жампоз жырау, іскер ұйымдастырушы Арнұр Көшенеевтің тұрғанын айтуға тиіспіз.

Жас мамандар арасындағы «Жас маман – 2019» атты облыстық байқау-да Халық театрының режиссері Ма-дияр Махамбетұлы топ жарып, бас жүлдені иемденді. «Үздік үйірме же-текшісі – 2019» облыстық байқауында МДК меңгерушісі Ғалымжан Шакизада бас жүлде алды. Облыстық «ХХІ Боз-торғай» балалар шығармашылығына арналған байқауында көркемсөз оқудан Ақсұңқар Айдынұлы бас жүлдеге лайық болды. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Ұлағат болсын ұлыңа, ғибрат болсын қызыңа!» атты әжелер ансамбльдерінің облыс тық байқауында «Әжелер» ансам-блі арнайы жүлдемен марапатталды. Облыс тық мәдени-үгіт бригадалары ара-сындағы «Жастары белсенді елдің – ер-теңі жарқын» атты байқауында «Өрлеу» үгіт бригадасы бас жүлдемен оралды.

Аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Айқаракөз» би тобы Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Нұрлы жастар» атты республикалық өнер фес-тивалінде І орын, Шымкентте өткен «Таңғы шұғыла» республикалық байқа-уында І орын, Алматыда өткен «Emotion Dance KZ» республикалық би байқауын-да гранпри жүлдесін жеңіп алды.

Осылай санамалай беруге болады. Елге пайдасы тиген ер жігіттің ертеңі жарқын болары анық. Арнұрдың алар асуы да, атқарар жұмыстары да әлі талай игі сөздің жүйесіне айналар.

Мәдениет саласының үздігі, жауһар жырдың асыл арқауы Арнұр Көшене-евтің жыр қорында эпостық жырлармен бірге, Сыр сүлейлерінің көлемді шығар-малары да бар. Баяғы таңды таңға ұрып жырлайтын жыраулардың көзі ортамыз-да жүргенін білмейміз, кейде. Алайда, алтынның сынығы да алтын, ол жарқы-рамай тұра алмайтын бір сиқыр.

Кеудедегі жауһардың көз арбаған жарқылы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі облыс тық іс-шаралар жоспарына сәйкес интернет-ресурстарда «Тұлға» айдарымен өз саласы бойынша жетістікке жеткен, жастарға үлгі болар-лық азаматтарды танымал ету, қызметін, еңбек жолын жастар арасында насихаттау және ауылдық елді мекендерді мемлекеттік қолдау, ауылдық аумақтарды дамыту туралы материалдарды орналасты-руды және әлеуметтік желілерде ілгерілету ұйымдастырылған еді. Осы орайда 20 ролик дайындалып, facebook, instagram желілеріндегі ресми парақшаларында жарияланды. «Тұлға» айдарының кейіпкер-лері әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда сауалнама жүргізу арқылы таңдалды.

Біз бүгіннен бастап таңдаулы кейіпкерлер туралы мақалаларды ұсынатын боламыз.

Дүйсенбек АЯШҰЛЫ,«Сыр бойы».Sb

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Байтабын» ЖШС 2020 жылдың 10 шілде күні сағат 10.00-де серіктестік құрылтайшыларына жалпы жиналыс өт-кізілетінін хабарлайды. Мекен-жайы: Қызылорда облысы, Жа-лағаш ауданы, Бұқарбай батыр ауылындағы «Байтабын» ЖШС ғимараты.

Күн тәртібінде:1. «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы шаруашылыққа қажетті

ауылшаруашылық техникасын алу жайлы.

«Байтабын» ЖШС әкімшілігі.

Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит депар-таментінің ұжымы және ардагерлер кеңесі департамент ардагері Гүлімбетов Өксікбайға зайыбы

Тамараныңқайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Мұралық істің ашылғанын хабарлайдыҚызылорда облысы, Сырдария ауданының жеке нотариусы

Наза рова Калдыгул Махашовна 2019 жылдың 7 желтоқсанында қайтыс болған азаматша Жаналиева Маржан Молдашовнаның атынан мұралық істің ашылғанын хабарлайды. Мұрагерлер бол-са, мына мекен-жайға хабарласуын сұраймыз: Қызылорда об-лысы, Сыр дария ауданы, Тереңөзек кенті, Алиакбаров көшесі №5, жеке нотариалдық кеңсе.

Қызылорда қаласының жеке нотариусы Досжанов Жа-нымбек Нурекеевич 2019 жылдың 26 қазанында қайтыс болған азамат Жүнісқожаев Еркебұлан Ерсінұлының атынан мұралық істің ашылғанын хабарлайды. Мұрагерлер болса, мына мекен-жайға хабарласуын сұраймыз: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы 62/2, тел.: 23 15 88, 8 777 271 51 48 .

Қызылорда облысының әкімдігі мен мәслихаты, «Nur Otan» пар-тиясының облыстық филиалы, облыстық қоғамдық кеңес және об-лыстық ардагерлер кеңесі Қызылорда облысының Құрметті азаматы, биология ғылымдарының кандидаты, доцент, еңбек ардагері Ақдәу-летова Алма Танабайқызына ұлы

Нұрлыбекұлы Ғалымжанның қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

***

«Ирригация және дре-наж жүйелерін жетілдіру» жобасының екінші ке-зеңіндегі жұмыс тардың негізгі мақсаты – су тасы-малдаушы және суды нор-малап таратуға арналған гид роқұрылымдар мен топырақ асты суының деңгейін реттеуші гидро-құрылымдарды қалпына келтіруге, жақсартуға жа-салған қадам. Ол Қызыл-орда облысымен бірге Ал-маты, Түркістан, Жамбыл облыстарында да жүзеге асырылуда.

Жобаға қатысты біздің облысымызға 9 млрд 377 млн теңге қаражат бөлін-ген. Оның 70 проценті республика бюджетінен болса, 30 проценті Ха-лықаралық қайта құру және даму банкі есебінен қаралған. Бұл Үкімет тара-пынан жер емген шаруаға жасалып отырған үлкен қолдау екенін айту парыз.

Осынша қыруар қаржы-

ны игеру де екінің бірінің оң жамбасына келе бер-месі анық. Мемлекеттік сатып алу жеңімпазы бо-лып танылған Б.Мыханов басқаратын «Мелиоратор» серіктестігі былтырдан бері Жалағаш ауданы шар-уашылықтарындағы ги-дроқұрылымдар жұмысын қолға алып, тынымсыз іс үстінде көрініп келеді. Бұл үшін серіктестіктің әртүрлі 52 техникасы күндіз-түні тоқтамай жүріп тұр. Олар биылғы жылы негізгі жұ-мысқа жалпы қаржының 3 жарым миллиардына жуық бөлігін салатын болады. Ал, 2021 жылдың қазан айын да жоба бойынша атқарылатын барлық мін-дет орындалмақ.

Жалпы, жоба жөнінде түсінік берген Қазақстан Су ресурстары коми-тетінің техникалық кеңес-шісі Нұрлан Кемелбеков былай дейді: «Мұндай жоба мұнан жиырма жыл

бұрын да болған. Сол кез-де мың гектар жерге дәл бүгінгідей жұмыстар жа-салды. Осыған жұмсалған қаржының 70 проценті Дүниежүзілік даму банкі арқылы бөлінді. Кейін ол қаржы-шаруашылық есебі-нен қайтарылды. ПУИД-2 жобасы бойынша жұм-салған ақша шаруашылық есебінен шегерілмейді, ол – мемлекеттің қайтарым-сыз көмегі. Бұл шаруа-шылықтардың егістік жұ мыс тарын кедергісіз жүргізіп, мол өнім алуына, ауыл тұрғындарының әлеу-меттік ахуалын көтеруге жасалған жағдай. Жиырма жылдан бері егістік жер-лерді суландыратын ар-налардың бітеліп, су бар-маған көп жердің тұзданып, тозғаны мәлім. Ал, күрделі проблеманың түйінін ше-шуге шаруашылықтар мен су пайдаланушылардың қар жы лық, материалдық-техни калық мүмкіндіктері

жоқ. Сон дықтан, Су ре-сурстары комитеті өз тең-герімінде тұрған шаруа-шы лықтардың егістік жер лерін, ирригациялық

және коллекторлық-дре-наждық жүйелерді қал-пына келтіру арқылы агро экономикалық және әлеуметтік-экономика -

лық мәселелерді түбегейлі шешіп отыр».

Біздің түсінгеніміз, шаруалар жер пайдалану барысында көптеген кедер-гілерге кездес пей тұрмай-ды. Мұның бәрі ең алдымен өнім түсіміне кері әсер етеді. «Қыс шанаңды жаз сайла» дейтін қағиданың үстімен жүретін бірден-бір қауым егіншілер. «Жаздың бір күні – жылға азық» деп алажаздай кетпенін таста-майтын, етігін шешпейтін шаруаларды мемлекет қай кезде де назардан тыс қал-дырған емес. Пандемияға қатысты жасаған үндеуінде Ел Президенті Қасым-Жо-март Тоқаев: «Көктемгі егіс науқаны мәселелері шешімін тапты. Бұл жұ-мысқа ешқандай кедергі болмауы керек. Ауыл шар-уашылығы министрлігіне және әкімдерге осындай міндет жүктеледі. Осы нау-қанға және өнімді алдын ала сатып алуға 200 мил лиард теңге бөлінді. Соның 70 миллиарды тұқым өндірісін дамытуға, тыңайтқыштар сатып алуға жұмсалады» деген еді. Осы мәлімдеудің өзі егіншілерге көмек беру-дің қаншалықты маңызды екенін айғақтай түсті.

Ал, екінші кезеңі екпін-ді жүріп жатқан ПУИД-2 жобасы еңбеккерлердің жү-гін көтеріскен жүйелі жоба екені анық.

СУ – ТІРШІЛІК ТІРЕГІ

Екінші кезеңнің екпініБұл күндері Қазақстан Рес публикасы Экология, геология және

табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің ПУИД-2 жобасы бойынша Жалағаш ауданының Бұқарбай, Таң, Мәдениет, Аққұм – төрт ауылдық округінің 15123 гектар егістік жерлеріндегі су жеткізу және коллектор жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп отыр.

Дүйсенбек АЯШҰЛЫ,«Сыр бойы».Sb