Upload
others
View
35
Download
0
Embed Size (px)
Citation preview
SAPAR
2-бет.
2-бет.
№51(19729) 11 СӘУІР, БЕЙСЕНБІ 2019 ЖЫЛ
1929 ЖЫЛДЫҢ 1 ШІЛДЕСІНЕН ШЫҒАДЫ WWW.SYRBOYI.KZҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ
2 « 3 «
BÚGІN
GІ SA
NDA
4 «
ÚNDEÝGE ÚNQOSTY
BALALAR JULDYZYN JAQQAN «JULDYZAI»
TІLEKTESTІK
Гүлжазира ЖАЛҒАСОВА.СБ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс
сайлауын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасы Консти ту циясының 41бабының 31тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастырушылық, материалдықтехникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.
4. Облыстардың, НұрСұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларының әкімдері сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін дер кезінде жасауды және дұрыстығын қамтамасыз етсін, Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін шешуде жанжақты көмек көрсетсін.
5. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ.ТОҚАЕВ
НұрСұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 9 сәуір № 18
Қымбатты Отандастар!Бүгін елімізге және әрқай
сымызға қатысты аса маңызды Үндеу жариялап отырмын.
Еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Прези дентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдадым.
Мен бұл жауапты шешім бойын ша Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен ақыл дастым.
Парламенттің қос палата спикері мен, ПремьерМинистрмен кеңес тім.
Конституциялық Кеңестің келісіміне жүгіндім.
Парламенттегі партия жетекшілерімен кездестім.
Кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдау – өте маңызды әрі қажетті қадам.
Біз Елбасымыздың арқасында тәуелсіз, қуатты мемлекет құрдық. Қазақстан халықаралық жүйеде өзіне лайықты орнын алды. Бізді ықпалды және белді мемлекет ретінде бүкіл әлем мойындайды.
Қазіргі таңда тарихи кезеңді бас тан өткеріп отырмыз.
Жоғары билік заңды және бейбіт жолмен ауысты. Бүкіләлемдік қоғамдастық осы оқиғаны тү сі ністікпен және құрметпен қабылдады.
Мемлекет басшысы ретінде мен өзімнің міндетімді және жауап-кершілігімді терeң сезінемін.
Президент лауазымына кіріскеннен бастап өңірлерді аралап жүрмін. Халықтың көңіл-күйін жақсы білемін. Зиялы қауым мен, еңбек ұжымдарымен, бизнес өкілдерімен, инвесторлармен, халықаралық тұлғалармен кездестім.
Біз Елбасының сара жолымен жүреміз. Халқымыз – бір тұтас. Тәуелсіздігіміздің ең жоғары құн-дылығы ретінде мемле кеті міз дің іргесі мығым. Алдағы Президент сайлауы осыған дәлел болуы керек.
Сондықтан, елдегі қоғамдықсая си келісімді қамтамасыз етіп, ал-ға басу үшін, әлеуметтікэконо микалық мақсатміндеттерді лайық ты жүзеге асыру үшін бізге айқындық қажет. Оның үстіне, әлемдегі ахуал бұлыңғыр болып тұр. Бұл Ота нымыздың қауіпсіздігіне сынқатер әкелуі мүмкін.
Ішкі және сыртқы саясаттағы
са бақтастық пен тұрақтылықты сақ тап, Елбасы ұсынған әлеу мет-тік бағдарламаларды ойдағыдай сәт ті әрі тиімді іске асыруымыз керек.
Ол үшін аталған тағдырлы шешімді қабылдадым.
Мұндай шешім тек халықтың тікелей еркімен сайлауда қабылдануы қажет.
Қазақстан – демократиялық мемлекет. Президент халықтың таңдауымен сайланады.
Мен, Мемлекет басшысы ретінде, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін! Бұл – менің берік ұстанымым!
Алдымызда зор міндеттер тұр. Мен халқымызға, яғни Сіздерге сенемін.
Қадірлі Отандастар!«Алтау ала болса, ауыздағы
кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дейді дана халқымыз.
Алдағы сайлауға баршаңызды барынша жауапкершілікпен қарауға шақырамын.
Еліміздің келешегі, әр отба-сы мен әр азаматтың тағдыры Сіздердің шешімдеріңізге тікелей байланысты!
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ҮНДЕУІ
ҚАРЫМДЫ ҚАЛАМГЕРЖАҢА ҚЫЗМЕТТЕБауыржан Жұмаханұлы еңбек жолын
«Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінен бастаған. 8 жыл бойы аталған басылымда тілші, аға тілші, аудармашы, бөлім меңгерушісі болып еңбек етті. Одан кейін ҚазҰУда ағартушылықпен айналысты.
Әр жылдары Қызылорда мемлекеттік университетінің проректоры, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, ҚР ҰҒА Әдебиет және өнер институтының аға ғы лыми қызметкері, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінде департамент директоры, «Астана хабары» газеті бас редакторының бірінші орынбасары, «Айқын» газетінің бас редакторы болды. Қызылорда облысы әкімі аппаратына, «Қазақ газеттері» ЖШСна жетекшілік жасады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары, Тіл комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі болды. Ал, 2013 жылдан бері Қазақстан Республикасы Президенті баспасөз хатшысының орынбасары қызметін атқарып келді.
Қазақ әдебиеті мен журналистикасында өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан қаламгердің жаңа қызметіне сәттілік тілейміз.
«Сыр медиа» ЖШС ұжымы.
Арнайы делегация алдымен халықтың әлеуметтік әлсіз тобына арнап үйлер са
лынып жатқан «Бәйтерек» шағын ауданына барды. Көпбалалы отбасылардың бас
пана мәселесін шешу үшін облыс әкімдігі «Баламекен» жобасы аясында Болат Өтемұратовтың жеке қорымен бірге игі істі қолға алған еді. Жұмыс комиссиясы анықтаған өте қолайсыз жағдайда өмір сүріп жатқан 150 отбасы көп ұзамай жаңа шағын ауданда қоныс тойын тойлайды. Оның 50і – жергілікті бюджет, 100і аталған қор қаражаты есебінен бой көтермек.
– Баспананың 1 шаршы
метрі – 70 мың теңгеден. Сонда 65 шаршы метрлік бір пәтердің құны 4,5 млн теңге болады. Әрқайсысында асхана, жатын, қонақ бөлмелері бар. Белгіленген мерзімге қарай инженерлік инфрақұрылым жүргізу жұмысы аяқталады. Сондайақ, әрбір отбасыға баубақша егу үшін 6 сотық жер телімі бөлінеді, – деді Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.
Пленарлық отырысқа облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, Түркия, Германия, Канада, Оңтүстік Африка, Кения, Уганда, Филиппин және еліміздің барлық өңірлерінен өкілдер, отандық және шетелдік ЖОО студенттері, магистранттары, докторанттары мен ғалымдары қатысты. Студенттер сарайының фойесінде «Әлем таныған Елбасы» атты кітап көрмесі жұмыс істеді. Онда Елбасының әр жылдары шыққан кітаптары, ол туралы жазылған әдебиеттер, материалдар қойылды.
Аймақ басшысы әлемдік өркениет көшіндегі Қазақстанның әрбір жетістігі Тұңғыш Президенттің есімімен тығыз байланысты екенін атап өтті.
– Мемлекеттігіміз нығайды, шекарамыз бекіді, экономика еселеп өсті, мәдениетіміз марқайды, тіліміз өз тұғырына қонды, қоғамның барлық салалары бұрынсоңды болып көрмеген деңгейге көтерілді, досымыз сүйініп, дұшпанымыз күйініп қарайтын әлем нің еңселі елдерінің қатарына қосылдық. Елба сының кемеңгер бастамасымен бас қаламыз Сары арқа төрінен орын алды, жаңа Қазақстаннның, жаңа экономиканың, жаңа қоғамның іргесі қаланды. Еліміздің толайым табыстарына Сыр халқының қосқан үлесі зор екенін мақтанышпен айта аламыз, – деді облыс әкімі.
Сондайақ, тәуелсіздік жылдарындағы Қызылорда облы сының даму қарқыны, жетекші салалардағы жетістіктер сөз болды.
– Ұлт Көшбасшысының «Тәуелсіздік жыл дарындағы жетістікті бір ғана Қызылорда облысынан көруге болады» деген сөзі киелі Сырдың келбетін айқындап тұр. Бүгінде аймағымыз көптеген салалар бойынша республикада көшбасшылар қатарында келеді. Әсіресе, инвестиция тартуда, өңдеу өнеркәсібін дамытуда, құрылыс салуда, әлеуметтік дамуда біз көптеген жетістіктерге қол жеткіздік,– деді Қ.Көшербаев.
Облыс әкімі халқымыздың үштен бірін құрап отырған жастарға «ағадан – ақыл, ініден – ізет» деп жөн көрсетіп, үдеден шыққандарына үміт пен сенім қатар артылатынын айтты. Расында, білімнің қуатына тең келетін басқа рухани күш жоқ. Білім бар жерде даму, өрлеу, кемелдену үрдісі толастамайды. Елімізде Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап білікті мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесіне баса назар аударылып келеді.
Серіктестікке қарасты газеттерге барлық аудандық редакцияларда және «Сыр медиа» ЖШС-ның баспасөз бөлімінде (С. Бейбарыс көшесі, 4 «А» мекен-жай-ында) жазылуға болады. Ұжымдық және аталған мекен-жайға келуге мүмкіндігі жоқ оқырмандарға бөлім қызметкерлері барып қызмет көрсететінін еске саламыз.
Баспасөз – 2019ҚАДІРЛІ ОҚЫРМАН!
«Сыр медиа» ЖШС қарасты мерзімді
басылымдарға 2019 жылдың екінші жартыжылдығына жазылу науқаны
басталды.
Ел және жаһан жаңалықтарын, жедел әрі нақты
ақпараттыгазет сайтынан да
таба аласыз.
ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ – ӘЛЕУЕТТІ КӨТЕРУБелгілі
публицист, ғалым, Сыр елінің перзенті Бауыржан Омаров Қазақстан Республи касы Президен тінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
БІЛІМНІҢ ҚУАТЫНА ЕШБІР РУХАНИ КҮШТЕҢ КЕЛМЕЙДІ
Қызылордада ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы ұйымдастырған «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» жылжымалы көрме жобасы аясында «Н.Назарбаев: Болашақ бүгіннен басталады» тақырыбында халықаралық ғылымипрактикалық конференция өтті. Шараның модераторы, кітапхана директоры Әмірхан Рахымжанов конференцияда баяндама жасаушылар биылғы Жастар жылында жастарды қолдау мен жанжақты дамыту туралы мәселелерді талқылайтынын атап өтті.
Назерке САНИЯЗОВА,Мөлдір ҚАЛЫМБЕТ. СБ
Қазақстан Республикасы Премьерминистрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған Үкімет мүшелері Елбасы тапсырған «Әлеуметтік қамқорлық» шараларын іске асыру мәселелерін пысықтау мақсатында жұмыс сапарымен Сыр өңірінде болды.
ІС БАСТАҒАННЫҢ ҚАДАМЫІЛГЕРІ БАСАР
САЙЛАУШЫЛАР НАЗАРЫНА!Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының
2019 жылғы 9 маусымға тағайындалуына байланысты сайлаушылар назарына төмендегідей мәлімет беріледі:
Облыстық сайлау комиссиясының орналасқан мекенжайы: Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, №1, Облыстық басқармалар үйінің 3қабатындағы №№337, 338 кабинеттері, байланыс телефондары: 605434, 605436, 605578, электронды поштасы [email protected] Қызылорда облысы әкімінің ресми интернетресурсы сайты.
Сайлау комиссиясының құрамы: А.Жүнісов – төраға, Қ.Наурызбаев – төрағаның орынбасары, А.Сырлыбаева – хатшы, мүшелері: Ә.Дәрмағамбетов, Ә.Ерсұлтанов, Б.Бердәулетов, М.Балабаев.
Облыстық сайлау комиссиясы.
«Nur Otan» партиясы об лыстық филиалында өткен қабылдауға Амангелді Ниталиев ұлы Асылдың денсаулығына қатысты мәселемен келген. Себебі, созылмалы гемодиализ дер тіне шалдыққан ұлы үнемі қымбат дәрі саналатын әрі шетелден тапсырыспен әкелінетін «Rocaltrol» (Кальцитриол) дәрі сін қабылдауы қажет. Сондықтан, ол бұл дәріні «Тегін меди циналық көмек көрсетудің кепіл дендірілген көлемі» тізіміне қосуды сұрады.
Қабылдауда ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева бұл дә ріні тізімге енгізу туралы ұсы нысты ми нистрлік қарастыратынын жет кізді. Әлеуметтік мәсе лелер кезек күттірмей орындалу қажет тігін атап өткен вицеминистр жауапты тұлғаларға бұл мәселені шешуді тапсырып, Амангелді Файзуллаевтың ұлы Асылға ма тер иалдық көмек көрсету керегін айтты.
Ал 2017 жылдан бері қамқорлық үйін паналаған, үш баланың анасы Гүлфариза Тілегенова баспаналы болуына ық пал етуді сұрады. Үшінші сә биінің денсаулығына байланысты жұмысқа шыға алмай жүрген Гүлфаризаның жол дасы бірнеше жылға бас бостандығынан айрылған. Қазіргі уақытта балаларға бері летін жәр демақылар мен басқа да әлеу меттік қолдаулар үшін құжат тар дайындалуда. Гүлшара Әб діқалықова жалғызілікті ана ға атаулы әлеуметтік көмек көр сетілетінін айтып, баспана мәселесі мен балаларының құжаттарын реттеуді жауапты мекемеге тапсырды.
Қоғамдық қабылдауға алты
баланың анасы Зарина Хамзатова жары өмірден өткен соң, қиын жағдайда қалғанын айтып, жұмысқа орналасу туралы өтінішін жеткізді. Бұл мәселеге қатысты облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдар ла малар басқармасының бас шы сы Талғат Дүйсебаев қажетті құ жат тар дайындалғанын атап өтті. Сондайақ, демеушілер көмегімен көп балалы ананың үйіне газ жүргізілген. Жұмысқа орналасу туралы өтінішпен келген ана арнаулы білім алмаған екен. Вицеминистр жауапты тұлғаларға Заринаны жұмысқа орналастыруға көмектесу керегін айтты.
Ал Қармақшы ауданының тұрғыны Зоя Боранбаева есімді азаматша Ұлы Отан соғысының ардагері, «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері, әкесі Бекпан Боранбаевтың атын Қармақшыдағы Алдашбай ахун ауылындағы мектепке беру туралы ұсыныс айтты. Бұл орайда Гүлшара Наушақызы мектепке белгілі бір тұлғаның аты берілерде қоғамдық пікір ескеріліп, құжаттар қара латынын жет кізді.
Мұнан соң қабылдауда бол ған І топ көз мүгедектері Тұр сынкүл Есмағанбетова, Батыр хан Исаханов, Бауыржан Еспенбетов тұрғынүй мәсе лесінің шешілуіне ықпал жасау ды сұрады.
Халықтың әлауқатын арттыру, осы бағыттағы өзекті мәселелердің оң шешілуіне ықпал ету мақсатындағы қоғамдық қабылдауда Гүлшара Әбдіқалықова барлық мәселе жауапты тұлғалардың назарында болатынын айтты.
БАР МӘСЕЛЕ НАЗАРДА БОЛАДЫ
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова облыстағы жұмыс сапарының соңында азаматтарды жеке қабылдады.
BILІK 2№51 (19729) 11 сәуір, бейсенбі 2019 жылwww.syrboyi.kz
ÚNDEÝGE ÚN QOSTY
1-бет
1-бет
– Жаңаша ойлап, шешім қабылдай алатын креативті тұлғаны, өзінің елі мен жерінің, ана тілінің жанашырын даярлау, бүгінгі қоғамнан лайықты орнын табатын бәсекеге қабілетті, еңбекқор жастардың қатарын арттыру – баршамызға ортақ міндет. Себебі, еліміздің тұтқасын ұстайтын да, Мәңгілік ел ететін де – сіздер!– деді аймақ басшысы өз сөзінде.
Биыл Елбасы кітап хана сының оқыту семинартре нинг тері «Болашаққа жол әр қай сымыздан басталады» тақы рыбына арналған дәрістерден басталды. Конференция да баяндама жасаған кітапхана директоры Ә.Рахымжановтың айтуынша, өтіп жатқан халық аралықпрактикалық кон ференция мақсаты – жастарды қолдау бойынша Елбасы бастап берген басымдықтарды жүзеге асыру жолдарын талқылау, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету. Ол Сыр елінің арғыбергі тарихына шолу жасап, Тәуелсіздік жылдарында қол
жеткізген табыстарды, әсіресе, руханият саласындағы күллі елге үлгі боларлықтай бастамаларды жоғары бағалады.
– Жас ұрпақпен жұмыс жасау
Елбасы кітапханасының маңызды бағыттарының бірі бол ған дықтан, жас көшбас шы лардың «Елжанды жастар – ел намысы» атты кездесу кеші, «Жастар – ел тірегі» атты тақырыптық
көрме өтті. Заманауи суретшілер, мүсін шілер, сәндікқолданбалы өнер шеберлерінің, өнертану шы лар дың байқауы жарияланды, – деді ол.
«Рухани жаңғыру» орта лық сарап
тама кеңесі төраға сының орынбасары, профессор Ерлан Арын «маңызды конференцияның Қызылордада өтуі кездейсоқтық емес» деп атап өтті. Тақырыпқа орай бірнеше ұсыныстар айтты.
– Жастарға арналған шара лардың әлеуметтік негізін «Жас отбасы», «Жас маман», «Жас тар ұйымдары» сынды фокустоптарға бағыттаған дұрыс. Ұйым дастырылмаған, ауылда тұра тын, жұмыссыз жастармен жұмысты күшейту керек. Тұл ғаның қоғам алдындағы «Атааналық борыш», «Кәсіби міндет», «Туған жерге борыш» сияқты патриотизм формаларын қалып тастыру қажет, – деді профессор.
Халқымыздың 21 проценті жастар болғандықтан, еңбек ұжым дарында олардың үле сін арттыру маңызды. Сон дайақ көптеген елдердің тә жірибесінде бар «Студентжас тар күнін» белгілеуді, сол күні еліміздің оқу орындарында студенттер қатарына қабыл дау шарасын өткізуді, үздіктерге арнайы стипендия та ғайындауды
ұсынды. Оған қоса «Дарын» Мемлекеттік Жас тар сыйлығының мәртебесін, материалдық ынталандыру сыйақысының көлемін арттыру, «Болашақ» бағдарламасының форматын қайта қарастыру туралы ойларымен бөлісті.
Конференцияда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік уни вер ситеті ректорының мін детін атқарушы Бақытхан Әбдікәрімов, Корея Респуб ли касы халықаралық білім беру ұлттық институтының оқыту шысы Ким И Ен, Болгарияның София қаласындағы Ұлттық және әлемдік экономика уни вер ситетінің профессоры Желев Паскал Неделчев, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінің профессоры Гүлшат Нұрымбетова, ҚМУ студенті Жайдар Дүйсенғали баяндама жасады. Шетелдік ғалымдар өз елдері мен Қазақ стан дағы жастар саясатына қа тысты ұқсастықтар мен айырмашылықтарға талдау жасады.
Түс ауа шара секциялық отырыстармен жалғасты.
Сонымен қатар, әлеуметтік жағынан аз қамтылған көп балалы от ба сыларға арналған жал дамалы тұрғын үй бағдар ла масын іске асыруға қосымша 3,6 млрд теңге бөлінді. Бұл 470 пәтерлік 10 үй са луға мүмкіндік береді. Жалпы, биыл облыста 1966 пәтерді құрайтын 45 көпқабатты баспана са лынбақ. Олардың басым бөлі гі мұқтаж азаматтарға бөлінеді.
Одан кейін Үкімет мүшелері қаланың Жап-пасбай батыр көше сіндегі жаңа пәтерде тұрып жатқан көпбалалы ана Нұргүл Көпбергенованың қонысында болды. 6 ба-ланы бағып-қағып отыр-ған «Күміс алқа» иегері мұнда Титов қыстағындағы апатты жағдайдағы жатақ ханадан былтыр көшіп келген.
– Елімізде халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруына мүмкіндік жасалғанын көріпбіліп жүрміз. Өзіміз де осындай мүмкіндікке ие болып, жаңа баспанаға қолымыз жетті. Осы үшін ел ағаларына алғысым шексіз, – деді көпбалалы ана.
***Делегация сапары «Дос-
тық үйіндегі» Елба сының «Әлеуметтік қамқорлық» шара ларын пысықтауға ар-налған басқосуға жал ғасты. Оған көпбалалы аналар, әйелдер кеңестері, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени бірлестіктер мен әртүрлі сала өкілдері қатысты.
Кездесудің алғысөзінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Nur Otan пар тиясының ХVІІІ съезінде Тұңғыш Президент жүктеген стратегиялық міндеттердің маңызын атап өтті.
– Елбасы кез келген елдің дамуы бірінші кезекте адамдарының өмір сүру сапасымен өлшенетінін тұжырымдады. Бүгінгі күні өңірде 800 мыңға жуық адам тұрады. Әрбірінің байқуатты, тұрмыс деңгейінің жақсы болуы біз үшін аса маңызды. Сондықтан табысы төмен азаматтардың, әсіресе, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі және жалғызбасты аналардың әлеуметтік жағдайын арттыру – әрдайым назарда, – деді аймақ басшысы.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес көпбалалы және көмекке зәру отбасыларды республикалық, жергілікті бюджет есебінен қосымша қолдау шаралары үшін 20192021 жылдарға арналған өңірлік әлеуметтік «Жол картасы» қа былданды. Онда қо сымша әлеу меттік қолдау, мек теп жасындағы балалардың қоғамдық көліктерде жеңіл дікпен жүруіне, ыстық тамақ, киімкешек, дәрідәрмек және тұрғын үймен қамтылуына мүм кіндік беру, мектеп жасына дейінгі балалардың бала бақшамен қамтылуын суб си диялау тетіктері қарастырыл ған. «Жол карта сындағы» шараларды жүзеге асыру үшін 2 млрд теңге қаржы бөлу көзделіп отыр.
Әлеуметтік тұрғыда қорғалмаған отбасыларды баспанамен қамту мақсатында облыс әкімдігінің бастамасымен 2017 жылы «Орда» аймақтық «Жол картасы қабылданды. Ол бойынша 500 мың теңге
көлеміндегі кепілді жарна арқылы бастапқы 20 проценттік жарнасыз тұрғын үй алуға мүмкіндік бар. «Жол картасы» аясында апатты үйлерде тұрып келген 474 отбасы пәтерлі болды. Өткен жылы Қызылорда қа ласының сол жағалауында же ке құрылыс салушылардың қа ра жаты есебінен 14 көп қабатты тұрғын үй немесе 604 пәтер пайдалануға берілді. Пә тер лер бағасы қолжетімді, әр шар шы метрі – 120 мың теңгеден.
Тұрғындармен кездесуде делегация мүшелері Мемлекет басшысының табысы төмен отбасыларды қолдау, көмекке мұқтаж азаматтардың тұрғын үй мәселесін шешу, білім беру, денсаулық сақтау сынды тапсырмаларын орындаудың
негізгі бағыттарын түсіндірді. Үкімет басшысының орын
ба сары Гүлшара Әбді қалықова осы бағытта елі міз де атқарылып жатқан шара лар әлеуметтік саясатты жетілдіруге бағытталғанын жеткізді.
– Елбасы айтқандай, экономикадағы жетістігіміз әрбір адамның өмір сүру сапасымен байланысты болғанда ғана біз алға жылжимыз. Қазіргі кезде жұмыс 3 бағытта жүргізілуде. Біріншісі – тұрмысы төмен азаматтарға көрсетілетін көмектің жаңа әдістемесін ұсыну. Екіншісі – медицина мен білім са ласындағы қызмет сапасын арттыру. Үшінші бағыт – баспана мәселесі, – деді вицепремьер.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев «Әлеу мет
тік қамқорлық» шара ларының орындалу барысына тоқталды.
– Елбасы тапсырмасына сәйкес, биыл шілдеден бастап бюджеттік мекемеде жұмыс істейтін, оның ішінде ең төменгі жалақы алатындардың еңбекақысы орта есеппен 15тен 30 процентке өседі. Осылайша кем дегенде 1 млннан астам адамның жалақысы көбейеді. Слесарь, сантехник, электрмонтер се кілді жұмысшылардың табысы орта есеппен 25 про центке өседі. Оған қоса, ауылдық, қалалық әкімдік терде халықпен тікелей байланыста еңбек ететін қызметкерлердің еңбек ақысы көтеріледі. Болжам бой
ынша олардың саны 75 мыңнан жоғары, – деді министр.
Көпбалалы, тұрмысы төмен отбасыларға көмек – басты назарда. Осы жылдың сәуіріне дейін атаулы әлеуметтік көмек көлемі 50 процент шамасында болса, енді ол 70 процентке артып отыр. Яғни, бұған дейін 14849 теңге алып келген отбасылар үшін аталған сома 20789 теңгеге көбейді. Айта кетейік, бүгінде елімізде 830 мыңнан астам адам әлеуметтік көмек алады. Оның 60 мыңнан астамы – қызылордалықтар.
Кездесуде Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова, Денсаулық сақтау вицеминистрі Ләззат Ақтаева, Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұр ғын үйкоммуналдық шаруа шылық комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов салаларда атқарылып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді. Үкімет мүшелері жиын соңында тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, мәселелері бойынша жергілікті жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар жүктеді.
***Аймаққа сапар бары-
сында ҚР Премьер-ми нистрі-нің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев «Жан-Арай Жем» серіктестігінің жұмысымен танысты.
Тәулігіне 80 тонна құрама жем өндіріп, күріш салысын өңдейтін зауытта 150ден аса жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпорында зертхана, ұн тартатын диірмен мен макарон шығаратын өндіріс бар.Мұнда қалдықсыз технология терең меңгерілетінін байқау қиын емес. Сонымен қатар агрокешен соңғы жылдары құс шаруашылығын дамытуға ерекше назар аударып отыр. Қазір серіктестік 7 мыңға жуық қаз бен үйрек балапанын өсіреді. Осылайша, тұтынушылар эко логиялық таза құс етімен қамтамасыз етілуде. Бұл ретте өндіріс орнының басшысы Бақдәулет Мақашев жүйелі жұмыс әрі қарай жалғасын табатынын алға тартты, ал үкімет мүшелері атқарылған ауқымды істерге оң бағасын берді. Әрі қарай меймандар серіктестіктің мәжіліс залында өткен басқосуға қатысты. Қала, аудан әкімдері, өндіріс орындары, бизнес құрылымдары, кәсіподақ ұйымдарының басшылары жиналған шарада әлеуметтік және кәсіпкерлік салаға маңыз берілді.
ҚАЗАҚСТАНРЕСПУБЛИКАСЫПРЕЗИДЕНТІНСАЙЛАУ КҮНІ
Қазақстан Президентінің халыққа арнаған Үндеуін зор қанағатпен тыңдадым. Мұны Президент саяси партиялардың және қос палаталы Парламенттің төрағаларымен келісіп, бірауыздан осындай шешімге келіп отыр.
Мен мұны өте орынды деп санаймын. Себебі, қазіргі ел басшысы Президент міндетін атқарушы болып отыр. Бұл Елбасы өз өкілеттілігін тоқтататынын жариялаған соң Қазақстан Республикасының
Конституциясына сәйкес жасалған шешім еді. Ендігі жерде елімізді халық даусымен сайланған Президентіміздің басқару қажеттігі айқын. Сондықтан, Үндеуде айтылған басты мәселе жаз айында бүкілхалықтық сайлау туралы болды. Бұл да дұрыс шешім. Жаз айы жалпы жұрттың қолы көктемгі жұмыстардан босап, бірер ай тыныстайтын кезі.
Біздің мемлекетіміз бүгінде әлемдік деңгейдегі өркениетке енген елдермен тере
зе теңестіріп, алға қарыштап келеді. Бұл – әрине, ең біріншіден Қазақстанның Тұң ғыш ПрезидентіЕлбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұзақ жылғы күрескерлігі мен сарабдал саясатының арқасында мүмкін болған жетістік.
Еліміз мұнан әрі де осы жолмен дамып, өсіпөркендей беретініне кәміл сенеміз.
Серік ДҮЙСЕНБАЕВ,облыстық ардагерлер
кеңесінің төрағасы.
Бұл жаңалықты естіп, тәуелсіз қазақ елінің кешегісі мен бүгінгісіне біраз ой жүгірттім. Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаевтың үндеуінен көңілге түйген көп нәрсе бар. Ел тыныштығы ең басты орында. Бұл үндеу – еліміздің бағытын айқындай түсетін тарихи оқиға.
Өзім Өзбекстан, Қырғызстан, Армения, Ресей тәрізді мемлекеттерде болып, ондағы қай саланың болмасын дамуын біздің елмен салыстырып көрдім. Біз көп сала бойынша ілгері тұрмыз. Ендігі жерде осы ынтымақты сақтай отырып алға қарай адымдай беру асыл мұратымыз болмақ.
Президент сайлауы әділ әрі үлкен ұйымшылдықпен өтеді деп сенеміз. Қазақстан – әлем назарында. Сол себепті, қазақстандықтар бұл сайлауда да өзінің мызғымас бірлігін көрсетеді деп білемін.
Зұлпыхар СЫЗДЫҚОВ,«Заман ата» шаруа қожалығының
төрағасы.
Президент ҚасымЖомарт Тоқаев Қазақстан халқына ар наған үндеуінде кезектен тыс сайлау туралы шешім қабыл дағанын жеткізді. Бұл шешім бүгінгі таңда маңызды әрі қажетті шара деген пікірдемін. Сайлаудың болғаны дұрыс. Транзиттік кезең сәтті аяқталып, президент міндетін тұрақты ат қаратын адам сайланғаны жөн.
Сондықтан да әрбір қазақстандық саналы түрде сайлауға қатысуы қажет. Сайлау менсіз де өтеді деген оймен сырт қалуға болмайды. Өзінің конституциялық құқығын пай даланып, елдің бірлігін сақ тайтын, Қазақстанның одан әрі өркендеуіне жұмыс істейтін адамды таңдап дауыс беруі тиіс.
Президент үндеуінде алдағы сайлауға Қазақстан халқын ба рынша жауапкершілікпен қарау ға шақырды. Еліміздің келешегі, әр отбасы мен әр азаматтың тағдыры халықтың шешіміне тікелей байланысты екенін айтты. Олай болса, еліміздің болашағы үшін маусым айының 9да біріміз қалмай сайлау учаскелерінен табылайық.
Райкүл БАЙНАЗАРОВА,«Қазақстандық салалық білім және ғылым
қызметкерлерінің кәсіптік одағы» облыстық қоғамдық бірлестігінің төрағасы,
облыстық мәслихат депутаты.
Мемлекет басшысының кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жайлы үндеуі ел мен халық мүддесіне жауап беретін аса маңызды шешім деп есептеймін. Бүгінгі қадам еліміздің гүлдену жолында діттеген мақсатқа қол жеткізу үшін Қазақстанда тұратын барша халықтың күшжігерін бір
арнаға тоғыстыру десек те болады. Бұл біздің бұрынғыдан да қуатты болу мүмкіндігімізді арттырады. Әрине, ол үшін мемлекеттің, қоғам мен барша азаматтарды топтастыра жұмылдыра отырып, бірлік, келісім мен тұрақтылықты сақтай білу ауадай қажет.
Еліміздің келешегі, әр отба
сы мен әр азаматтың тағдырын айқындайтын сайлауға әр адам үн қосады деп сенемін.
Жандос БАЗАРТАЙ,облыстық «Азаматтық
Альянсы»қауымдастығының
төрағасы.
Кезектен тыс Президент сайлауын өткізу уақыт және қоғам талабы деп түсінемін. Теледидардан Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаевтың үндеуін тыңдадық, көңілге түйген көп нәрсе де бар. Тәуелсіз қазақ елінің кешегісі мен бүгінгісін салыстырып, көп ой түйгендей болдым. Білім мен ғылымда озық ойлы оқушыларымыз әлемде топ жарып жүр. Еуропа мен басқа
құрлықтағы теңдессіз оқу орнын бағындырған шәкірттер бізде көп. Мәдениет пен әлеуметтік ахуал қарыштап дамуда. Болашақта да біздің тәуелсіз Қазақстанның алар белесі зор деп сенемін. Бізге ең бастысы – ел тыныштығы. Бұл үндеу еліміздің бағытын айқындай түсетін тарихи жағдай.
Шындап келгенде, бәріміздің елдегі демократиялық мәдениеттің орнығып, қалыптасуына
қосар үлесіміз бар. Сондықтан да әрбір қазақстандық саналы түрде сайлауға қатысуы қажет. Осы ынтымақ пен бірлікті сақтай отырып, алға баса беру біздің басты ұстаным болуға тиіс.
Мөлдір АҚЫНБЕКОВА,С.Сапарбеков атындағы
№125 жалпы орта мектеп мұғалімі.
МҰРАТЫ БИІК МӘҢГІЛІК ЕЛМІЗ
МАҢЫЗДЫ ӘРІ ҚАЖЕТТІ ШАРА
БАСТЫСЫ – ЕЛДІҢ ТЫНЫШТЫҒЫ
ЕЛ КЕЛЕШЕГІНЕ АРНАЛҒАН ҮНДЕУ
АЛАР АСУЫМЫЗ АЛДА
ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ –
БІЛІМНІҢ ҚУАТЫНА ЕШБІР РУХАНИ КҮШ ТЕҢ КЕЛМЕЙДІ
9МАУСЫМ –
– Елбасы Нұрсұлтан Назар-баев «Nur Otan» партиясының кезекті ХVІІІ съезінде жаңа әлеуметтік шараларды жүзеге асыру жөнінде Үкімет пен әкім діктерге тапсырма берді. Мемлекет басшысы халықты осы бағыттағы жұмыстармен ке ңінен таныстыру және шаралардың жүзеге асырылуын бақылау қажеттігін айтқан бола-тын. Біз түсіндірме жұмыстарын батыс өңірлерден бастадық. Мақ сатымыз – жергілікті жер-де түйіні тарқалмаған мәселені шешу. Басты өзгерістерді үш топқа бөліп айтсақ, соның біріншісі – көмекке мұқтаж, көп балалы отбасыларға қолұшын беру. Ең төменгі айлық та бысы бар азаматтарды қолдау. Екіншіден, баспанамен қам ту мәселесін назарға алу, ме дициналық, білім беру қызметтерінің сапасын көтеру. Үшінші, өңірлерді дамыту. Кә сіпкерлікті дамыту да шет қал мақ емес. Осы ретте айта кетейін, түрлі кәсіпорындарда жалақы берешегі мәселесін бол дырмауға айрықша көңіл бө лінуі керек. Төменгі табыс дең гейінде айлық алып жүрген тұр ғындардың жалақысын арттыруға күш салуды да ұмыт пау қажет. Бұл бастамаға еліміздегі көптеген компания қолдау білдірді. Игі іске Қызылорда об-лысы кәсіпкерлері де үн қосады деген сенімдеміз, – деді Үкімет басшысының орынбасары.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау, оның ішін де олардың уақытылы және лайықты жалақы алуы на жағдай жасау мәселесін тарқа тып айтты. Министрлік жалақы бой ынша берешекті өтеудің нә ти же лілігін арттыру мақсатында мем лекеттік еңбек инспектор ла рының ұйғарымын сот орын дау шылардың атқару құжатта рының тізбесіне қосуды ұсынғанын, бұл оларды сот шешімдерімен теңестіруге және оның мәжбүрлеп орындалуын қам тамасыз етуге мүмкіндік беретінін жеткізді.
– Бүгінде ел экономикасының түрлі салаларындағы 165 мың кәсіпорында 6,6 млнға жуық адам жұмыс істейді. Министрліктің алдында тұрған бі рінші кезектегі міндет – жұмысшылардың еңбек
құқықтарын қорғау, оның ішінде уақытылы еңбекақы төлеу. Жалақы бойынша берешекті өтеу мәселесі бақылауда. Өткен жылы қабылданған шаралар нәтижесінде 32 мыңнан астам адамның құқығы қорғалып, 3,2 млрд теңге жалақы қарызы төленген. Сыр өңірінде берешек компаниялар мен кәсіпорындар саны көп емес екен. Бірақ, алдағы уақытта орын алған азкем
түйткіл толық шешімін табады деген үміттеміз, – деді Бердібек Сапарбаев.
Сөз соңында Бердібек Машбекұлы жергілікті билік өкілдерін еңбек қатынастарын реттеу мәселесін назардан тыс қал дырмауға шақырды. Мони-торинг жүргізіп, қызметкерлерді қысқарту және оларды жұмысқа орналастыруды бақылау қажетті деңгейде жүргізілу керектігін тағы бір қаперге салды.
***
Мұнан кейін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүл шара Әбдіқалықова мен Білім және ғылым министрі Күләш Шамши динова ның қатысуымен «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтында жиын өтті.
20162019 жылдарға арналған білім беру мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының облыста жүзеге асырылуын талқылаған жиын-да облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов аймақтағы білім саласының дамуы жайлы баяндады. Елдің ертеңгі тізгінін қолға алар жастардың қажетті білім алуы үшін мемлекет тара-пынан бар жағдай жасалғанын, осы қолдау нәтижесінде Сыр жастары халықаралық, респуб ликалық білім додаларында топ жарып жүр генін алға тартты. Сонымен қатар ҰБТда түлектердің сенімге селкеу түсірмей жүргенін мақтанышпен жеткізді.
– Оқу ошақтары сандық техно логияға ерекше ден қоюда. Электронды кітап, ин тер актив ті карта мен тақта, ав то маттандырылған күнделік жүйесі секілді ресурстар білім сапасын арттыру тұрғысында пайдала-нылып келеді. Болашақ тың дүниелерді меңгергендердің қо лында. Осыны ескерген об-лыс басшылығы балаларды ерте бастан уақыт пен шығынды үнемдейтін технологияға бағыттауды қолға алды. Бүгінгі таңда STEM жүйесі бойынша ІТ және робототехника сы-ныптары қолданысқа берілуде. Жастардың шетелден білімін жетілдіріп келуіне де жағдай жа-салуда. Оның ішінде Қазанның «Иннополис» университетімен орнаған келісімнің маңызы зор. Мәскеудегі «Сколково» инновациялық орта лығымен де ынтымақтастық орнатылуда. Со нымен қатар, облыс та 36 жас тағы балалар толықтай бала бақшамен қамтылды. Соңғы 5 жылда өңірде 69 білім беру мекемесі салынып, колледждердің 80 проценті дуальді жүйеге көшті, – деді Руслан Рүс темұлы.
Әрі қарай шарада мұғалімнің қоғамдағы беделі мен рөлін арттыруға бағытталған «Мұғалім мәртебесі туралы» заң жо-басы талқыланды. Сондайақ, 1 маусымнан бастап ұстаздар қауымының жалақы мөлшері 30 процентке артатыны да ай-тылды. Кездесу барысында Сырдария ауданындағы №35 мектеплицейдің ағылшын тілі мұғалімі Айдана Жәкиева білім беру жүйесіндегі реформа-лар, жас мамандарға арналған бағдарламалар табысты жүзеге асып жатқанын тілге тиек етті.
– Жастарға түрлі мүмкіндік бар. Бұл ретте мемлекет та-рапынан қолға алынған «Ди-пломмен – ауылға!», «Ауыл жастары», «Жастар кадрлық резервi» секілді бірқатар тиімді бағдарламаларды айтуға бо-лады. Мен де «Nur Otan» партиясының «English for Jastar» жобасына өз үлесімді қостым, қазір ауылдық мектеп оқушыларының ағылшын тілін меңгеруіне титтей де болсын көмегімді тигізгеніме қуанамын. Оның үстіне биылғы жылдың «Жас тар жылы» ретінде белгіленуі біз үшін үлкен мәртебе. Бұл жылы маңызды деген мәселелер шешімін табатыны-на, әрбірімізге жігер сыйлайтын жаңашылдықтың орын алаты-нына сенемін, – деді Айдана.
Шара барысында Үкімет мүше лері қатысушылар сау-алдарына жауап беріп, кейбір мәселелердің шешім табуына жұ мыс істейтінін жеткізді.
Суретті түсірген Бағдат ЕСЖАНОВ.
«Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт
апталығы», «Ақмешіт
жастары» және ауданның барлық басылымдарына
хабарландыру орналастырғыңыз
келсе: 70-00-52 телефон ы
арқылы байланысуға болады. E-maіl:
www.syrboyi.kzz 3№51 (19729) 11 сәуір, бейсенбі 2019 жыл BUQARA
Соңғы уақытта банктер, халық, реттеуші және соттар тарапынан көптеген даулар туғызып, талқы ла нып жүрген мәселелердің бірі банктердің жеке тұлғаларға қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты ай сайынғы комис-сияларды өндіріп алуы болып табылады.
Өз міндеттерін іске асыру, оның ішінде қаржылық қызметтерді тұтыну шылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі қаржы нарығында қалыптасатын ахуалға жүйелік талдау, сондайақ, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өті ніштерін талдау негізінде заңна маға тиісті өзгерістер енгізуге бастама жасайды.
Мәселен, 2011 жылдан бастап алына-тын комиссиялардың тізбесін белгілеу, алу, сондайақ, шектеу рәсімдерін реттеу бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізілді.
2016 жылғы 1 шілдеде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есеп теген кезде есепке алынатын, жеке тұлғаға берілген банктік қарызды берумен және оған қызмет көр се тумен байланысты комисси-ялар мен өзге төлемдердің толық тізбесі бе кітілген.
Тізбені енгізгенге дейін қарыз бойын-ша алынатын комиссиялар дың саны 40қа дейін жетті. Комис сиялардың толық тізбесін бекіту олардың санын қысқартуға және оларды атауы мен белгіленуі бойын-ша бірдейлендіруге мүмкіндік береді.
2018 жылғы 16 шілдеден бастап кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық қарыз бойынша жеке тұлға қарыз алушылардың шығыстарын оңтайландыру және қысқарту мақса тында қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты банктік шот жүргізу үшін, сондайақ, қарызды банк тік шотқа есептеу үшін комиссия алуға тыйым салу енгізілді.
2019 жылғы 21 қаңтарда «Қазақстан
Республикасындағы банк тер және банк қызметі туралы» Заңға түзетулер қабылданды, соған сәйкес банктік қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге бай-ланысты банктік шот жүргізу үшін, сондайақ, қарызды банктік шотқа есеп-теу үшін комиссия алуға тыйым салу жеке тұлғалармен тауарларды, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес жұмыстар мен қызметтерді сатып алу үшін жасалған банктік қарыз шарттарына қолданылды. Бұл ретте осы қағида 2019 жылғы 4 наурыздан бастап жасалған жеке тұлғалармен банктік қарыз шарттарына ғана қолданылатындығы белгіленді.
Сонымен қатар, банктер өзінің әлеуметтік жауапкершілігін сезі не оты-рып, қарыз алушы – жеке тұл ғалардың жағдайын жақсарту және олардың борыштық жүктемесін тө мендету мақсатында өз бастамасымен қолданыстағы банктік қарыз шарттары бойынша болашақ кезеңдерге төлемдер бойынша қа рыздарға қызмет көрсетумен байла-нысты ай сайынғы комиссияларды ұс тап қалуды біржақты тәртіппен алып тастау туралы шешім қа был дады.
Ағымдағы жылғы 18 наурыздан бастап 5 банк өз клиенттеріне 2019 жылғы сәуірде қарызға қызмет көрсеткені үшін ай сайынғы комиссияларды алу тәжірибесінің тоқтатылғаны туралы хабарлады.
Осы жұмыстың нәтижелері бойынша комиссиялардың күшін жою банктердің шамамен 180 мың клиентіне қатысты бо-лады және әлеуетті нәтиже сондай кли-енттерге шамамен 30 млрд теңге соманы құрайды деп күтілуде.
Қазақстан Ұлттық Банкі банктер-мен бірлесіп осы бағыттағы жұмысты жалғастыратын болады.
ҚР Ұлттық Банкі Қызылорда филиалы.
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЖеке тұлғаларға қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты жекелеген комиссиялардың
күшін жою
Қызылорда облысының кәсіпкерлер Палатасы келесіні хабарлайды: 2019 жылдың 22 сәуірінен бастап Қызылорда қаласы, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі және Жаңақорған аудандарында «БастауБизнес» бағдарламасы бойынша ақысыз курстарына таңдау басталатынын хабарлай-ды. Курс кәсіпкерлікті жүргізу негіздеріне арналған.
Өз кәсібін ашқысы келетін жұмыссыздарды (жұмыспен қамту орталықтарында тіркеуден өту талап етілмейді) және өзінөзі жұмыспен қамтып отырғандарды, сонымен қатар бизнесін кеңейтуге мүдделі кәсіпкерлерді оқуға шақырамыз.
Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту дың қатысушылары ретінде халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуі немесе тіркелмеуіне қарамастан барлық жұмыссыздар және кәсіпкерлік әлеуеті бар және жоғарыда аталған ауылдық елді мекендер-де және аудан орталықтарында
тұратын өзінөзі жұмыспен қамтығандар, жеке тұлғалар – әрекет етуші және бастауыш кәсіпкерлер (тіркелу уақытынан үш жыл мерзім ішінде) қатыса алады.
Бағдарламаға қатысу үшін тестілеуден өту қажет және оның нәтижелері бойынша оқу топтарына іріктеу жүргізіледі. Ниет білдірушілерді Өңірлік кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдарына/халықты жұмыспен қамту орталықтарына/ ауылдық округ немесе елді мекен әкіміне барып өтінім мен сау-алнаманы толтыруларыңызды сұраймыз.
Өзімен бірге келесі құжаттары болуы тиіс: жеке бас куәлігінің көшірмесі, мекенжай анықтамасы, жеке несие есебі.
Оқыту мерзімі 1 ай. Бағдарлама қатысушыларына шәкірт ақы төленетін болады және оқыту қорытындылары бойынша сертификат табыстала-ды.
Толық ақпарат алу үшін
келесі мекенжайларға хабарласуға болады:
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы: Қызылорда қ., Желтоқсан көшесі, 42, телефон: 8/7242/400981, сайт: www.palata.kz.
Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарының мекенжайлары:
Арал ауданы – Арал қ., Бақтыбай батыр ксі, 46 үй, тел.: 8/72433/79199;
Қазалы ауданы – Әйтеке би кенті – Әйтеке би ксі, 9 «а» үй, тел.: 8/72438/79243;
Қармақшы ауданы – Жосалы кенті, Көшербаев ксі, 36 үй, тел.: 8/72437/79120;
Жалағаш ауданы – Жалағаш кенті, Қазыбек би ксі, 47 «а» үй, тел.: 8/72431/79199;
Шиелі ауданы – Шиелі кенті, Рысқұлов ксі, 5 үй, тел.: 8/72432/79255;
Жаңақорған ауданы – Жаңақорған кенті, А.Иманов ксі, 134 «а» үй, тел.: 8/72435/79120.
Анықтама телефондары: 40-02-02, 40-09-81.
ТЕСТІЛЕУ КЕЗЕҢІНІҢ БАСТАЛУЫ ЖӨНІНДЕ ХАБАРЛАЙДЫ
ҚР Әділет министрлігі «Контрафакт» республикалық акциясын өткізуде.
«Контрафактіге жол бермеу» тақырыбында ең үздік қысқа бейнеролик-ке (vine) жастар арасында 18 жас және одан жоғары, «Зияткерлік меншік және мемлекет2050» тақырыбында үздік эссеге 1416 жас аралығындағы балалар арасында өткізілетін конкурстарға қатысуға шақырамыз!
Өтінімдер 2019 жылдың 30 сәуіріне дейін қабылданады. Конкурс шарттары Әділет департаментінің www.kzl.adilet.gov.kz сайтында орнала-стырылады.
Мекен-жайы: Қызылорда қ., Абай даңғылы, 52, 209-кабинет. Тел.: 8(7242)23-10-08.
Қызылорда облысының Әділет департаменті.
Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бос тұрған шаруашылық жүргізу құқығындағы «Табиғат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының дирек-торы лауазымына орналасуға кон-курс жариялайды.
Кәсіпорынның мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы №60 А үй, анықтама үшін телефон-дары: 8 (7242) 400779, факс 8 (7242) 231901.
Кәсіпорынның негізгі қызме-тінің қысқаша сипаттамасы: Қы зылорда облысында мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы жүйелерін және құрылыстарды күтіп ұстау, пайдалану, сондайақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, табиғат пайдаланудың және орман өсірудің шектеулі режимі бар орман саябақтары, жасыл және қорғаныш аймақтарын құру болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жараты-лыстану ғылымдары (экология, гидрология); ауылшаруашылық ғылымдары (су ресурстарын пай-далану және су ресурстары, агро-номия, зоотехния, орман ресурста-ры және орман шаруашылығы), техникалық ғылымдар және тех-
нологиялар (тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған орта-ны қорғау, құрылыс), әлеуметтік ғылымдар, экономика және биз-нес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе құқық (құқықтану) мамандықтары бойынша жоғары білім.
Мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің бо-луы.
Компьютерлік бағдарлама лармен жұмыс істей білу (Word, Excel, Outlook).
Кәсіби қызметті тиімді ат-қаруға қажетті құзыреттер: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Су кодексін, Еңбек кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл туралы» Заңын, «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын және осы кәсіпорынның қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Сондайақ бекітілген кәсіпорын басшысының біліктілік талап тары мен лауазымдық нұсқаулығының негізінде конкурсқа қатысушылардың кәсіби білімі.
Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген тұлға Комиссияға мы-надай құжаттарды ұсынады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтiнiш;
2) мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде түйiндеме;
3) еркiн нысанда жазылған өмiрбаян;
4) бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерi;
5) еңбек кiтапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшiрмесi не соңғы жұ мыс орнынан жұмысқа қабыл дан ғаны және еңбек шарты ның тоқтатылғаны туралы бұйрық тардың көшiрмелерi;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республика-сы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген нысан бой-ынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзiнiң бiлiмiне, жұмыс өтіліне, кәсiби даярлық деңгейiне қатысты қосымша ақпаратты (бiлiктiлiгiн арт тыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жария-
ланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондайақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с) бере алады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттiк кәсiпорынның бас-шысын тағайындау және аттестат-тау, сондайақ оның кандидатура-сын келiсу» Қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу туралы өті ніштерді беру және құжаттарды қабылдау осы хабарлан-дыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде Қызылорда облысының табиғи ре-сурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында жүргізіледі.
Мекенжайы: 120008, Қызыл-орда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі №1 («Облыстық мекеме-лер үйі») 2-қабат, 232-бөлме.
Анықтама телефоны: 8(7242) 605361.
Қызылорда облысының табиғи ресурстар және
табиғат пайдалануды реттеу басқармасының конкурстық
комиссиясы.
Конкурс өткізу туралы хабарландыру
ӘЛЕУЕТТІ КӨТЕРУ
Министрдің қабылдауына бірнеше адам жазылған, солардың қатарында І топ мүгедегі Сағатбек Сиюов те бар. Ол елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға жанжақты қолдау көрсетілетінін, қажет болған жағдайда олардың мүгедектер арбасы-мен қамтылатынын атап өтті. Бүгінде қолданыстағы заңға сәйкес, мүгедектер арбасы 7 жыл мерзімге бе рілетіні белгілі. Сағатбек осы уақыт аралығында мүге дектер ар-басын бірнеше рет жөндеу қажеттігі туындайтынын айтып, оны беру мерзімін 7 жылдан 5 жылға қысқарту ту-ралы өтінішін жеткізді.
Ал үш баланың анасы Айнұр Әлменова «Нәтижелі жұмыспен қамту және жап-пай кәсіпкерлікті дамытудың 20172021 жылдарға арнал ған мемлекеттік бағдар ламасы» аясында «Қызмет» колледжінде кондитер мамандығы бойынша білім алған. Оқуды аяқтаған соң 252500 теңге грант ұтып, кәсібіне қажетті заттар алған
ол мемлекеттен бизнесін дамыту үшін тағы қандай қолдау көрсетілетінін сұрады.
Сәбиі мүгедек болып дү ниеге келген атааналар ға мемлекет тарапынан жеңіл діктер жасалғаны мен, қиындықтар болмай тұрмайды. Қабылдауда мүгедек бала тәрбиелеп отырған Эль-мира Құдайбергенова да өз өтінішін жеткізді. Өт кен жылы баласы «Бурабай» курортының «Алмаз» са наторийінде сауықтыру мақса тында ем алған. Бірақ бұл қызметтің баласына ғана тегін ұсынылғанын айт қан ана, бірге барған атаана сының да шығындары үшін көмек көр сетілсе деген ұсы нысын жеткізді.
Бердібек Машбекұлы олар дың барлығына заң шеңберінде көмек көрсе тілетінін айтып, жауапты мекемелерге аталған мәселелерді тиімді шешуді тапсырды. Жауап-ты тұлғалардың берген жа-уабына қарап, көтерілген мәселелердің барлығы да на-зарда болатынын аңғардық.
МИНИСТР ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев «Nur Otan» партия-сы облыстық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді.
Айдана ЖҰМАДИНОВА.СБ
ХАБАРЛАНДЫРУ
Шараның мақсаты – 1018 жас аралығындағы мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік белсенділігін, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту.
– Бұл шара өңірімізде 14ші мәрте өтіп жатыр. Жастар жылы мен тұспатұс кел-ген фестиваль “Жұлдызай” жеңіске жетелеуді үйретеді” деген ұранмен бастау алуда. Қазіргі таңда елімізде ерек-ше білім алуға қажеттіліктері бар балаларға барлық жағдай жасалып, қамқорлық та-нытылып келеді. Олардың
болашағына бейжай қарамай, бәріне бірдей мүмкіндіктер ұсынып, кедергісіз келешек қалыптастыруда. Бү гінгі өтіп жатқан шара осының бір айғағы, – деді облыстық білім басқармасының балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы Шолпан Жүнісова.
Фестивальдің аудандық, қалалық іріктеу кезеңінде бар лығы 500ден астам бала өнер көрсеткен. Облыстық іріктеуге оның 130ы қатысып, ән айту, би билеу, әнді ымишаратпен айту, аспапта
ойнау, қолданбалы көркем өнер бойынша сынға түсті. Шығармашылық кеш №6 есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепинтернат балаларынан құралған “Лож-кари” ансамблінің өнерімен ашылып, халықаралық байқаулардың же ңімпазы, аталған мектеп ин тернаты түлегі Ер кебұлан Қуан дықтың ымишарат ті ліндегі әніне ұласты. Өнерпаз балғындар өз өнерлерін барынша нақышына келтіре орындап, көрермен жүрегіне жеткізе білді.
Жеңімпаздар 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай Астана қаласында өткізілетін шараға қатысатын болады. Ша ра соңы фестивальдің ІІ кезеңіндегі балалардың шығарма шылы ғынан ұйымдастырылған сурет, қол өнер көрмесін тамашалауға ұласты.
БАЛАЛАР ЖҰЛДЫЗЫН ЖАҚҚАН “ЖҰЛДЫЗАЙ”А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде
облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен ерекше білім алуға қажеттіліктері бар балалар арасындағы “Жұлдызай” ХІV халықаралық балалар шығармашылық фестивалінің облыстық іріктеу кезеңі өтті.
Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.СБ
Ойымызға ең алдымен осыдан біраз бұрын мүмкіндігі шектеулі кәсіп керлердің өнімдерін көрсеткен «Өзіңе сене баста» атты облыстық көрмебайқау түсті. Байқау барысында қатысушылардың ағаш, то қы ма, сурет, тағам мен көп теген басқа да өнімдерінен көрме ұйымдасты рылған болатын.
Осы шараға қатысқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев:
– Тағдыр тауқыметіне қара мастан, қоғамдағы өз орнын жоғалтпай, өзін де, тіпті өзгені де жұмыспен қамтып отырған азаматтар бар. Олардың әре кеті қоғамды масылдық көз қарастан арыл туға септігін тигізеді.
Дені сау, мүмкіндігі жеткілікті аза маттар тіршілік жасау керек. Сіздер тепсе темір үзер шағында атаанасының зейнетақысына масыл болып отырған кейбір адамдарға үлгі көрсеттіңіздер. Тағдырдың тау қыметін де жеңіп, кәсіппен айналысып, мемлекеттің қолдауын дұрыс пайдаландыңыздар. Сіздерді қазіргі заманның батырлары деуге болады, – деген еді.
Қазір облыста 29353 мүмкіндігі шектеулі адам тіркелген, ал, 18 жасқа дейінгі балалардың саны 4855ті құрайды. Аймағымызда мұндай жандарды қол дау ға бағытталған жүйелі жұ мыс тар жүр гізіліп келеді. Биыл жеке оңалту бағ дарламасын іске асыру үшін об лыс тық бюджеттен 680 млн теңге бөлінген. Бірінші жарты жылдықта жұмыспен қамту орталығы 376 мүм кіндігі шектеулі адамды жалпы жұмыс орындарымен, оның ішінде 148 мүгедек жанды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Бұған қоса талап қылған жанның өз кәсібін ашып, жұмыс істеуі үшін қайтарымсыз грант алуға толық мүмкіндігі бар. Өңірімізде мұндай қайсар жандардың мысалы жетерлік.
Сондай кісілердің бірі жол апатынан зардап шеккен Әсия Сарқұлова қолөнер бұйымдарын, құрақ көрпе, қоржын тігумен, бисерден түрлі кәдесыйлар жасаумен, сурет салумен айна лысады. Болашақта қыз дарға арналған курс ашып, өз өне рін басқаларға да үйреткісі келеді.
Сондайақ, бізге Қазақ соқыр лар қоғамы Қызылорда фи лиа лының директоры М.Қожах ме тов 30 адам
еңбек ететін цех жұмысы туралы айтып берді. Цех жұмысшыларының жартысы мүм кін дігі шектеулі адамдар екеніне қарамастан онда жаса латын көрпетөсек бұйымдары, медициналық халат, жаңа туған нәрес телердің киімдері өз тұтыну шыларын тауып отыр екен. Олардың болашақта басқа да цехтар ашу жоспары бар.
Міне, естіп біліп отырғандарыңыздай, мейлі ол қандай жағдайда болсын, еңбек етемін деген адамға тосқауыл жоқ.
Бүгінде елімізде кәсіпкерлікке жанжақты қолдау көрсетіледі. Бұл үшін адамдарды әлеуметтік топтарға бөлмейтін арнайы мемлекеттік бағ дарламалар жұмыс істеп тұр. Айтып отырған бағдарламалардың бірі – «БастауБизнес» жобасы. Осы жо баның кәсіпті жаңадан баста ғандарға берер демеуі бар ма, жобаға қатысудың қандай шарттары бар дегенге келсек, бұл жөнінде облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғ.Жақсылықов былай дейді:
– Қызылордада толық форматты Кәсіпкерлер үйі жұмыс жасайды. Кәсіпкерлер үйінде бизнесті қолдауға арналған барлық институттар: Кәсіпкерлер палатасы, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы, мем лекеттікжеке меншік әріптестік өңірлік орталығы, жобаларға сарап тама жасау орталығы, өңір лік инвес тициялық орталығы» мик
ро қар жылық ұйым, «Ауыл шаруа шылығын қаржылай қолдау қорының» облыстық филиалы, басқа да мекемелер орналасқан. Кәсіп керлер үйі – бизнес өкілдеріне арналған «супермаркет» десем де болады. Бұл жерде кәсіпкерге өзінің бизнес идеясы мен бастамасын жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалған. Яғни, кәсіпкерлер үйіне бизнес идеясымен келген адам кеңес алудан бастап, кәсібін тіркеу, бизнесжоспарын әзірлеу, біліктілігін көтеріп, жобасын қаржыландыру, сүйемелдеу сын ды мемлекеттік қолдаудың бар лық түрлеріне бір жерден қол жеткізеді. Кез келген кәсіпкер үйінен немесе жұмыс кабинетінен шықпайақ қызметтерді 3 күннің ішінде алатын болады. Нәтижесінде бү гінде Кәсіпкерлер үйіне келетін қызылорда лықтардың саны артты.
Палата директорының сөзінен байқағанымыздай, іспен шұғылданамын деген адамның алдымен кәсіпкерлік білімі болуы керек. «БастауБизнес» арқылы кәсібін бастағандар жетерлік. Облысымызда «БастауБизнес» жобасы бойынша белгіленген меже артығымен орындалыпты. Жоспарға сай өңірде 187 кәсіпкерлік нысан ашылуы керек болса, нәтижесінде 358 сырбойылық несие алып, өз бизнесін бастауға мүмкіндік алған. Жалпы бағдарлама аясында мыңға тарта адам қайта оқытылып, кәсіпке бейімделген.
Мәселен, Жаңақорған ауданын
алайық. Аудан бойынша өткен жылы 300 миллион теңгеге жуық несие беріліп, жүзден астам кәсіпкерлік нысандары ашылған. Облыстық кәсіп керлер палатасы аудандық фи лиалының үйлестірушісі Заура Қарабалаева мынандай дерек келтіреді: «Бізде былтыр 195 адам оқытылды, соның ішінде 111 адам қаржымен қамтамасыз етілді, осы «БастауБизнес» жобасы бойынша 6%пен несие алып, жұмыс жүргізіп отыр барлығы. Әсіресе, жастар белсенділік танытып отыр».
Біз әңгіме басын үйде отырған кісілерге немен айналысуға болады деген сұрақтан өрбіткен едік. Бұл бағытта біраз нәрсе түсінікті болды. Нақты айтқанда, кез келген адам Кәсіпкерлер палатасына өтініш білдіру арқылы арнайы кәсіпкерлік негіздерін оқудан өте алады. Мұндай қадам бастауға жеке басының куәлігі, мекенжайының анықтамасы, арызы мен толтырған анкетасы болса жетіп жатыр. Оқу күніге 4 сағаттан 80 сағат көлемінде жүргізіледі.
Оқимын деген адамға облыс орталығында ғана емес, барлық аудан көлемінде де мүмкіндік бар. Сонымен бірге оқу орталықтары техникалық тұрғыдан және ақпарат алу көздерімен толық жарақ тан дырылған.
Жалпы, талаптанған жан мұратына жетпей тынбайды. Қазіргі заманда талаптының жолы даңғыл.
Бала бағу қамымен үйде отырған аналарға немесе мүмкіндігі шектеулі жандарға немен айналысуға болады? Бұл бағытта мемлекет көмегі қарастырылған ба? Редакцияға түскен осындай сұрақтарға жауап іздеп көрдік.
www.syrboyi.kzz 4№51 (19729) 11 сәуір, бейсенбі 2019 жыл
NAZAR
SAN SALA
БАС ДИРЕКТОРАманжол ОҢҒАРБАЕВ
қабылдау бөлмесітел/факс: 8/7242/ 70-00-36 40-11-10 (1002)
БАС РЕДАКТОРҚуат ШАРАБИДИНОВ
қабылдау бөлмесі – тел: 8/7242/ 40-02-17, 40-11-10 (1007)
Бас редактордың орынбасары – 40-11-10 (1053)Жауапты хатшы – 70-00-81 (1037)
Бөлімдер:руханият және ақпарат – 40-11-10 (1039, 1040)экономика – 40-11-10 (1038, 1033)әлеумет және саясат – 40-11-10 (1034)жарнама – 70-00-52, 40-11-10 (1058) есеп-қисап – 70-00-39, 70-00-38 компьютер орталығы және корректорлар – 40-11-10 (1036, 1035)
Меншік иесі
жауапкершілігішектеулі
серіктестігі
Газет аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері) шығады.
Газет Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат инистрлігіАқпарат және мұрағат комитетінде тіркелген. Тіркеу куәлігі № 12993-Г, 27.08.2012 ж.
Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газеті ҚР СТ ИСО 9001-2009 «Сапа менеджменті жүйесі» талаптарына сәйкес сертификатталған. Авторларға қаламақы тапсырыс бойынша төленеді, қолжазба өңделеді және қайтарылмайды. Жариялымдар газеттің түпкілікті көзқарасын білдірмейді. “АҚ” - ақылы қызмет. Жарнама мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Редакция мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 4 “А”.
Таралымы 29257Тапсырыс №550
Газет редакцияның компьютер орталығында қатталып, “Сыр медиа” ЖШС өз баспаханасында басылды. Тел.: 8/7242/ 40-06-68. Газеттің таралымы бойынша 8/7242/ 70-14-08 телефон нөміріне хабарласуға болады.
e-mail: [email protected] / www.syrboyi.kz Кезекші редактор Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.
www.facebоok.com/syrboyi.kz/ https://twitter.com/syrboyi www.instagram.com/syrboyikz
СБ Дүйсенбек АЯШҰЛЫ.
ЖӘРМЕҢКЕ ӨТЕДІ
Жалағаш ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 13 сәуір күні облыс орталығындағы Ә.Қашаубаев көшесінің бойында (Жетікөл көшесімен қиылысы) ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі.
Жәрмеңке 09:00ден 13:00 аралығында өтеді.
Әбдіманап Құтжанов облы сымыздың ауыл шаруа шы лы ғына, әсіресе су шар уа шы лығы саласын бас қаруда еңбегі сіңген азамат еді. Ол сонау 60шы жылдардың басында Жам былдағы гидро мелио ра тивтік институтты бітірісімен туған жер ге оралып, ауыл шаруашы лығының түрлі салаларында мамандығына сай қызмет етті. Еңбегімен ерте танылған азамат осы сала ның түрлі жауапты қызметтерін ат қарды. Әуелі
қатардағы инженер болудан бастап өзінің білік тілігімен көзге түскен маман 19791983 жылдары об лыстық су шаруашылығы басқармасы бас тығының орын басары, «Казглавсель хоз водоснабжение» об лыстық басқармасының бас тығы қызметтерін ат қарды. Кейін облыс тық агро өнді рістік бір лестігінің ауыл шаруа шы лы ғын сумен қамта масыз ету бөлім шесінің бастығы қыз ме тінде болды.
Жемісті еңбегінің нәти же сінде сол кездегі ең беделді қызметтер – об лыс тық партия комитеті ауыл шаруашылығы бөлімі мең ге рушісінің орын басары, сонан соң Жаңа қорған ау дан дық партия ко митетінің екінші хатшысы сынды пар тиялық жауапты қыз меттерді де абыроймен атқара білді.
19922003 жылдары об лыс тық су шаруашылығы басқар масының бастығы болған ол Халықаралық Арал ды құт қару Қоры атқару ко ми тетіндегі Қа зақстан Республикасының өкілі қызметін де атқарды.
Ә.Құтжанов «Қазақс тан ның еңбек сіңір ген ауыл шар уа шы лығы қайраткері», «Құрмет» бел гісі орденінің иегері еді.
Менің Әбекеңмен туыс қандық қаты насым бар. Бес атаның ұрпақтары негізінен Тө менарық қыстағының ба тысындағы «Алмалы» атты жерді иемденген.
Дария Төменарықтан 1012 ша қырым өткеннен кейін ағысын батысқа бұрып «Аққұм» аталатын жерлерді айналып өтіп, Шиелі ауданының жеріне кіреді. Осы диаметрі 1518 шақырым келетін жердің шығыс бөлігі – «Алмалы» аталады.
Бес ата Қараторғайдың қыс тау лары «Алмалыны» айнала орна ласқан. Бүгінгі күнге дейін сол жерлер қыстау салған ата лар дың атымен: Қанай талы, Өмірбек бауы, Сыпатай талы, Адырбай талы, Төке қыстауы, Есімхан қыстауы аталады. Алмалының жері қалың тоғай, арасы толған неше түрлі құнарлы шөп.
Бір жылы жазда «Екпінді» колхо зының күрішін отауға апарды. Егіншілер күріш басынан өз отбасына шақтап жеркепе қазып алған екен. Біздерді әр күрішшінің үйлеріне бөліп берді. Тамағымыз да сол үйдің мойнында. Маса, сона, алақанат – қансорғыштар жаудай. Таңер теңнен түске дейін, түскі астан кешке дейін су ішінде арам шөп жұламыз.
Ауылға келген соң артымыздан келетін қуғыншыдан қорқып, жасырынып жүрдік. Қуғыншы келмей сабақ басталғанша демалыс болды. Келесі жылдары күріш орағы, жүгері жинау, қой қырқуға бардық. Сегізінші сыныпта көктемді көрші колхоздың жүгерісін егуден бастап өнімін жинап бергенше 89 класта оқи тын ұлқыздар колхоздың клубында, гаражында жатып жұмыс атқардық. Келесі жылы бірінші қыркүйектен он жетінші қарашаға дейін жүгері жинадық.
Колхоздар сонша жұмысқа бір сом да төлемейтін. Есік, терезесі жоқ гаражда жата бере тінбіз.
Әбекең жұмыста онша көзге түсе қоймағанмен, сабақты тия нақты, жақсы оқыды. Мектеп өмірінде болып жататын көпшілік жұмыстарына аралас ты. Жо ғары кластарда комсомол комитетінің хатшысы болды. Класымызда таза «5» деген бағаға оқыған бала болған жоқ. Дегенмен екі ұл, бір қыз жақсы бітірді. Сол үшеуі мектеп
бітірген жылы жоғары оқу орнына түсіп кетті. Сол үшеудің біреуі Әбекең болатын.
Бірге бітірген 16 оқушы ның арасында тұрмысы өте төмен оқушылар болды. Ондай лардың көбісі 7 кластан кейін оқуды қойып, жұмысқа шығып ке
тетін. Солардың екеуі са ба ғын кешкі мектепте жал ғастырып, тоғызыншы класта қайта келіп бізбен бітірді.
Әбекең Жамбыл қаласында оқып, су шаруашы
лы ғының ин женері атанды. Осы салада тынбай атқарған еңбегінің ар қасында өз сала сындағы біраз мекемелерді басқарды. Об лыстық су шаруашылығы меке месінің бас инженері, кейін көп жыл басшысы болды. Адал, қажырлы еңбек Әбе кеңді облысқа белгілі азамат дәре жесіне көтерді. Атақабыройдан кем болған жоқ.
Әбекеңнің әкесі Құтжан ағамыз өз қатарының арасында палуан атанған қарулы кісі болатын. Отан соғысына қатысып, бір саусағын беріп қайтқан ардагер. Қара кетпенмен жақсы тіл табысқан жан еді. Ағайдың палуан ретінде күреске түскенін көрген емеспін, бірақ ауылдас, өзімен қатар Тасполат деген кісінің айтқаны әлі есімде.
«Құтжанды палуан ретінде сынап, көзім жетті. Ол кісі егде тартқан шағында отырған жерінен көшіп, теміржолдың күншығыс жағынан жаңадан үй салды. Үй қабырғасын көтеріп дайын болғанда, не сауда орнында, не совхоз қоймасында бір салар (кругляк) ағаш табылмайды. Маған келіп «құрдас, жұ мысымыз тоқтап қалды, мүм кін болса ақшасына, болмаса ағаш түскенше 8 ағаш бере тұр, дайындаған ағашым жетпей тұр» деді. «Мен ағашты берейін, бірақ сол 8 ағашты осы үйден көтергеннен өз үйіңе жеткенше жерге қойып дем алмайсың. Осыған шамаң келсе, ағаш анау жинаулы тұр. Таңдап ал. Ақшасын алмаймын, шарт осы» дедім. Құтекең сыр берместен сол ағашты көтеріп кетті.
Ол кісімен қатар жұмыс істеуге соғыстың басынан ая ғы на дейін пулемет арқалап жүрген Түйебай атты ағамыз шыдаушы еді. Әбекеңнің үйінде ағайдан артылатын қара жұмыс болмайтын.
Құтжан ағамыз бір өзі 23 кісінің жұмысын атқар ған дық тан, жұмысына қарай жалақы алды. Ол кісілердің басқадан қарызға ақша алғанын көргенім жоқ.
Әбекеңнің анасы Жамал өте балажан кісі еді. Перзенттерінің оқуына барынша жағдай жасады. Балалары асыл киім кимегенмен таза болды.
Біз Әбекеңмен 1975 жылы Қызылордаға көшіп келген соң қайта табыстық. Мұнда бір класта оқыған Зарқұм, қатар оқыған Түгел, Аманкелділер бар екен. Зарқұм Харьков қаласындағы инженерэкономика институтын бітіріп, Теміртауға кар мет комбинатқа келді. Мен Қара ғандыда студентпін. Жазда демалыс кезінде ауылда кездесіп тұр дық. Өмір өткелінде құрдас, замандас тармен талай естеліктердің ізі бар. Алайда, сол естеліктерді бөліскен аза мат тардың бірқатары арамызда жоқ. Ортамызда сапсау жүрген Әбекең де кетті. «Ажал айла таптырмас» деген ғой. Олай дейтінім: жылына екі рет ден сау лығын тексертіп жүрген, тәуіп атаулыға жаны қас, шұбатты да жылытып ішетін Әбекең, Тал ды қорғанда тәуіп бар дегенді естіп соған кеткен. Жолай Шиеліден мұздай су ішіп, тамағы ауырып, соның зардабы ауыр тиді. Амал қанша, «Адамның көздегені емес, Алланың өз дегені болады» деген осы. Облыстың ауыл шаруашылығы, оның ішінде су шаруашылығының дам уы на үлкен үлес қосқан Ә.Құт жа новтың өмір жолы өскелең ұрпаққа өнеге деп білеміз.
Айбас НӘСІПҰЛЫ.
ЖАНЫ ЖАЙСАҢ ЖАН ЕДІ
Әулетіміздің ар дақтысы, ағай ынтуыстың мақтан тұтар аза маты, бауыр ла рының қам қоршысы, отба сы мыздың тірегі, аяулы жар, асыл әкеміз Өмірзақ Сарбалаев 64 жасында осыдан қырық күн бұрын фәниден озған еді.
Әкеміз қоғамның қай саласында болмасын өзіндік орнын таба білген, отбасына алып бәйтеректей сая болған, баянды бағымыздың жалауы боп төбемізден құс ұшырмаған ардақты жан еді. Бұл күндері өмірде жоқ екеніне сену біздер үшін өте ауыр. Ойсыраған орныңызды ешкім де толтыра алмайды, жағып кеткен ошағыңыздың оты ұрпағыңыз барда ешқашан сөнбейді, әкешім.
Жан әке, сіз едіңіз жан шуағы,Шаңырақтың шұғылалы
шамшырағы.
Өзіңіз жоқ болған соң күн көмескі,
Қайткенде көңіл шіркін ашылады.
Жар болсын бәрімізге тәңіріміз,
Сіз салған адастырмас тағылым із.
Ас беріп, дұға қылдық, қабыл қылсын,
Нұрлансын аяттар мен қабіріңіз, – дей оты рып марқұм әкеміз Өмірзақ Сар ба лаевтың қырқы 13 сәуір күні сағат 12.00де “Бәйтерек” мейрамханасында берілетінін барлық ағайынтуыс, құдажекжат, бірге оқыған кластас, курстас жоражолдастарына, ұжымдастарына хабарлай отырып, қасиетті құранның ішінде болуға шақырамыз.
Еске алушылар Сарбалаевтар әулеті.
НҰРЛАНСЫН АЯТТАРМЕН ҚАБІРІҢІЗ
ЖАРАМСЫЗ ДЕП ЕСЕПТЕЛСІНЖарасов Ерболат Амангосовичтің атына ҚР ІІМ Қызылорда
облысы бойынша Қылмыстықатқару жүйесі департаментінен 06.11.2018 жылы берілген ИЛ №01345 қызметтік куәлігі жоғалуына байланысты жарамсыз деп есептелсін.
***Айсынова Гулдана Куановнаның атына 04.06.2016
жылы берілген ЖШС «Астана» Оқуклиникалық орталығы» Қызылорда облыстық филиалында «Кәсіби аурулар» мамандығы бойынша «Кәсіби аурулардың өзекті мәсе лелері» циклы бойынша 23.05.201604.06.2016 ж. аралығында 108 сағат көлемінде біліктілігін арттырғаны туралы №315 куәлігінің түпнұсқасы жоғалуына байланыс ты жарамсыз деп есептелсін.
«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» акционерлік қоғамының әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті Құмкөл кенішіндегі өрт сөндіру бөлімінің жетекшісі Қайрақбаев Сламбек Боданұлына ағасы
Қайрақбаев Нысанбек Боданұлыныңдүниеден озуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл қосын білдіреді.
***Көпбейінді облыстық ауруханасының ұжымы ауру ха
наның шаруашылық бөлімінің автокөлік жүргізушісіТұрабаев Досқали Естайұлының
қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туғантуыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.
ІС БАСТАҒАННЫҢ ҚАДАМЫ ІЛГЕРІ БАСАР
Шараның мақсаты – заманауи инно вациялық технологияларды игеру, жастардың білім сапасын арттыра отырып, бәсекелік қабілетін арттыру. Чемпионат екі бөлім нен тұрды.
Бірінші бөлімде “KazRoboproject – 2019” жобасы бойынша көрме ұйымдастырылса, екінші бөлімде спорттық робо тоте хникалар жарысы болды. Нәтижесінде екі бөлім
бойынша жеңім паз дар анықталып, марапатталды. Сондайақ, сайыс жеңімпаздарына алдағы уақытта өтетін республикалық чемпионатқа жолдама берілді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жыл сайын аталған шараға қатысушылар саны артып жатқан көрінеді. Биылдың өзінде іріктеу
турына аймақ бойынша 336 оқушы қатысуда. Бұл өңірде жастардың мамандықтың басқа түріне бейімделіп, робототехника тілін меңгеріп, ақпараттық технологияны игеруге деген қызығушылықтың артқандығын көрсетіп отыр.
М.ОТАРАЛЫ.
РОБОТОТЕХНИКАДАН ЧЕМПИОНАТ ӨТТІКеше облыстық білім бас қармасы мен “Рухани жаңғыру”
орталығының ұйым дастыруымен Болашақ университетінде робо то тех никадан аймақтық іріктеу чемпионаты өтті.