41
1 БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ТУРИЗМІ ЖƏНЕ ЭКОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫ Облыстық «Шырайлы мекен Шыңғырлау» туристік-өлкетанулық экспедициясының ЕСЕБІ «Орал қаласы - Жымпиты ауылы (Сырым ауданы) - Егіндікөл ауылы - Аққұм массивіҚоңыр ауылы - Қарағаш Торатбас ауылы- Шоқайтерек - Торатбас тауы - Қыз емшек тауы - Шыңғырлау ауылы - Орал қаласы» маршруты бойынша жорықтың қорытынды ЕСЕБІ Маршруттық бет 78,79, 80 Топ жетекшілері: Альмуханова Р.С Кайрлиева К.Ж. Ғайнеден Т.Ғ. қосымша білім беру педагогтары. Орал қ.- 2018 ж.

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ......9 4. Жорықтың ұйымдастырылуы (Белгіленетіндер : жорықтың мақсаты

  • Upload
    others

  • View
    58

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ......9 4. Жорықтың ұйымдастырылуы (Белгіленетіндер : жорықтың мақсаты

1

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ТУРИЗМІ ЖƏНЕ ЭКОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Облыстық «Шырайлы мекен Шыңғырлау» туристік-өлкетанулық экспедициясының

ЕСЕБІ

«Орал қаласы - Жымпиты ауылы (Сырым ауданы) - Егіндікөл ауылы -

Аққұм массиві– Қоңыр ауылы - Қарағаш – Торатбас ауылы- Шоқайтерек - Торатбас тауы - Қыз емшек тауы - Шыңғырлау ауылы - Орал қаласы» маршруты бойынша жорықтың қорытынды ЕСЕБІ

Маршруттық бет №78,79, 80

Топ жетекшілері: Альмуханова Р.С Кайрлиева К.Ж. Ғайнеден Т.Ғ. қосымша білім беру педагогтары.

Орал қ.- 2018 ж.

Page 2: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ......9 4. Жорықтың ұйымдастырылуы (Белгіленетіндер : жорықтың мақсаты

2

Мазмұны

1.Жорық жөніндегі анықтама мəліметтері....................................................5 2.Құрал-жабдықтар............................................................................................6 3.Маршруттың жалпы картасы......................................................................8 4. Жорықтың ұйымдастырылуы.....................................................................9 5.Өлкетанулық материалдары......................................................................12 6.Жорық қорытындысы.................................................................................30 7. Бейнесуреттер..................................................................................................31

Page 3: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ......9 4. Жорықтың ұйымдастырылуы (Белгіленетіндер : жорықтың мақсаты

3

«Жалпақ жұртынды игі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын,табиғатын танудан адамдарды ардақтаудан басталады»

Н.Ə.Назарбаев

Бағыты: экспедициялық іздестіру-зерттеу

Экспедицияның мақсаты: жас ұрпақты азаматтыққа жəне

патриоттыққатəрбиелеу, өлкетану ісіне баулу, рухани - мəдени мұраларды сақтау, тарихын танып білу, экологиялық ахуалымен, жағдайымен танысу,өлкеміздің жеті кереметін зерттеу жəне ішкі туризмді дамыту.

Page 4: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ......9 4. Жорықтың ұйымдастырылуы (Белгіленетіндер : жорықтың мақсаты

4

Жорық бағдарламасы

Page 5: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ......9 4. Жорықтың ұйымдастырылуы (Белгіленетіндер : жорықтың мақсаты

5

1. Жорық жөніндегі анықтама мəліметтері

А) маршрут төлқұжаты Саяхат ауданы: Шыңғырлау ауылының тарихын танып білу.

1. Маршрут тізбегі: «Орал қаласы - Жымпиты ауылы (Сырым ауданы) - Егіндікөл ауылы -Аққұм массиві– Сарқырама - Шоқайтерек - Торатбас тауы - Қыз емшек тауы - Шыңғырлау ауылы - Орал қаласы»

2. Маршруттың жалпы ұзындығы: 850 шақырым 3. Жорықтың болу ұзақтығы:11 сағат 4. Жорықтың уақыты: 14-16 маусым 2018 жыл. 5. Туризм түрі: авто-жаяу (экспедиция) туризмі 6. Қиындық дəрежесі: далалық жорық. 7. Маршрут МКК қаралды: 13..06. 2018 ж.

Маршруттық бет № 78,79.80

Топ мүшелері

№ Аты, жөні, əкесінің аты Туған жылы Топтағы міндеті Туристік шеберлігі

1 Аманкелді Е. 2007 Фотограф 3

2 Ескалиева А. 2004 Аспаз көмекшісі 3

3 Қадыров А. 2004 Өлкетанушы 3

4 Гиззат Ə. 2005 Эколог 3

5 Мухамбетова Д. 2002 Казначей 3

6 Құлымжанова А. 2003 Климатолог 3

7 Тлегенова Ф. 2004 Зоолог 3

8 Қайратов Е. 2004 Командир көмекшісі 3

9 Габдулина Д. 2005 Мəдениеттанушы 3

10 Калиев А. 2004 Командир 3

11 Тынышқалиева А. 2004 Биолог 3

12 Хамидуллин Т. 2005 Тарихшы 3

13 Геният А. 2005 Мəдениеттанушы 3

14 Рамазанов А. 2005 Топограф 3

15 Аманғалиев Мирас 2005 Географ 3

16 Гиззатқызы Айзере. 2008 Биолог 3

17 Серік Р. 2003 Өлкетанушы 3 18 Тналиева А. 2003 Фольклорист 3 19 Максутова Д. 2003 Тарихшы 3 20 Мутиғоллин О. 2003 Ботаник 3

Page 6: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ......9 4. Жорықтың ұйымдастырылуы (Белгіленетіндер : жорықтың мақсаты

6

21 Тналиева А. 2003 Геолог 3

2. Құрал-жабдықтар

Жөндеу құралдары Медициналық дəрі дəрмектер

Атаулары Саны Атаулары Саны

Ине 3 Стерилді бинт 2

Тебен ине 2 Мақта 200гр

Жіптер орамы 2 Лейкопластарь 2

Кендір жіп орамы 1 Градусник 1

Изолента 2 Йод 1

Əмбебап желім 2 Маргансовка 1

Қайшы 1 Зеленка 1

Біз 1 Медициналық спирт

200гр

Аммиак 1

Анальгин 2

Парацетамол 2

Антигриппин 2

Нафтозин 1

Валидол 1

Жгут 1

Page 7: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ......9 4. Жорықтың ұйымдастырылуы (Белгіленетіндер : жорықтың мақсаты

7

Жүктің салмақтары

Атаулары Азық түлік 1 адамға топқа Ескертпе

Азық түлік 1 кг 6 кг

Топтық жабдықтар 5 кг 30 кг

Жеке жабдықтар 6,5 кг 39 кг

Барлығы 12,5 75 кг

Рұқсат етілген жүктің салмағы бір ер балаға: 15, бір қыз балаға 7 кг

Page 8: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ......9 4. Жорықтың ұйымдастырылуы (Белгіленетіндер : жорықтың мақсаты

8

3) Маршруттың жалпы картасы

Page 9: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ......9 4. Жорықтың ұйымдастырылуы (Белгіленетіндер : жорықтың мақсаты

9

4. Жорықтың ұйымдастырылуы

(Белгіленетіндер: жорықтың мақсаты, жорықта шешілетін міндеттері, жалпы техникалық дайындық, қауіпсіздік техникасын жалпы ұйымдастыружəне сақтандыру т.б.). Экспедицияның басты мақсаты:жас ұрпақты азаматтыққа жəне патриоттыққа тəрбиелеу, өлкетану ісіне баулу, рухани - мəдени мұраларды сақтау, өлкеміздің тарихи жерлерін зерттеу. Жас ұрпақ өмірдің тікелей жалғастырушы өкілі ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағымыз. Өткенді білу –өркениет белгісі, ұлт тарихы, ел тарихы, ел болмысы, ұрпақ тəрбиесі. Елжандылық рух тəрбиелеу жастарды ерлікке, отансүйгіштікке,арнамысты қорғауға, адамгершілікке баулиды. Осы тұрғыда ала отырып, облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі жəне экология орталығының ұйымдастыруымен «Орал қаласы - Жымпиты ауылы (Сырым ауданы) - Егіндікөл ауылы -Аққұм массиві– Сарқырама - Шоқайтерек - Торатбас тауы - Қыз емшек тауы - Шыңғырлау ауылы - Орал қаласы» маршрутымен облыстық «Шырайлы мекен Шыңғырлау» туристік-өлкетану экспедициясына қосымша білім беру педагогтары Альмуханова Райгул Сағынғалиқызы, Кайрлиева Куралай Жауынбайқызы, Тоты Ғайнеденқызы жетекшілігімен жас өлкетанушылар үйірмесінен 21 оқушы қатысты жəне 850 шақырым 11 сағат жол жүру уақытын қамтыды.

Саяхат күні Уақыты Оқиға сипаттамасы

14.06.2018 08:00 ОБЖТжЭО алаңына жиналып, Сырым ауданы Жымпиты ауылына қарай жолға шықтық. Оқушылардың жиналып болмау себебіне байланысты, бағдарламада белгіленген уақыттан жарты сағатқа кеш қозғалдық. Сурет-1.

9:40 Қазақстаның жалпы ұлттық киелі орындары «Жұмағазы хазірет- Дəдем атаға» жетіп, бірінші атаның басына барып шырақшы Жұмағазы хазірет ата туралы əңгімелеп берді. Сосын,Сырым шыққан төбеге соғып оқушыларға сұрақтар қойып тарихы туралы мəліметтері айтылды. естелік фотосуретке түстік. Сурет-2

Page 10: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ......9 4. Жорықтың ұйымдастырылуы (Белгіленетіндер : жорықтың мақсаты

10

.

11.20 12.00 Сырым ауданы Ж.Досмұхамбетов атынлағы ЖОББМ-нің музейіде ардагерлерінен өмірлері, мектептің мəдениеті мен тарихы туралы айтып толыққанды мəліметтер жинақтап. Сосын əрі қарай Алаш музейі «Күнбатыс Алаш ордасының құрылғанына 100 жыл» толуына орай музейіне экскурсия жасалды. Оқушылар мен естелік фотосуретке түстік. Сурет-3, 4

13:00 Түскі ас уақыты.

14:00 Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылына аттандық.

16.30 Егіндікөл ауылына жетіп,мектеп музейне экскурсия жасап, ауыл маңындағы Бұлаққа барып суын ішіп бір тыңығып алыдық. Музей қызметкері бұлақ тарихимен таныстырды. Онымен қоса судан өтіп Аққұмға барып өз көздерімен аққұмды көріп тарихын айтып берді. Əрі қарай Құныскерей үңгіріне барып тарихы туралы тереңнен мағұлмат берді. Құныскерей ысық руының батыры болған А.Имановтың қол басшысы болғандығы туралы айтып кетті, фотосуретке түстік.

Сурет-5,6,7

17:00 Кешкі ас əзір болғанша ер балалар ауылдың спорттық аланында футбол ойынының ойнады.

19:00 Кешкі ас.

21:00 Кешкі ас ішіп алып "Жасыл желкен" жазғы демалыс лагерінің оқушыларымен кездесу өткізіліп, алау жанында гитарамен өлең айтып, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатты.

Page 11: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ......9 4. Жорықтың ұйымдастырылуы (Белгіленетіндер : жорықтың мақсаты

11

22:00 Балалар жатуға əзірленді.

15.06.2018 8:00 Таңғы ас уақыты.

9:00 Егіндікөл ауылынан - Шыңғырлау ауданының Қоңыр ауылы арқылы, Ақсуат ауылының орманды алқабында орналасқан Сарқырамаға Сарқырамаға апаратын жайын жолмен жолға шықтық.

14:00 Əулие қыздың жеті құдығының суы қосылған Сарқырама көліне келіп қызытап шомылып, Бұл жерде қасиетті Қыз əулие бұлағы орналасқан. Қыз əулие бұлағының суын ішіп шөлімізді басып алып, Шыңғырлау балалар мен жасөспірімдер саяхаты жəне экология орталығының директорының орынбасары Мереке Жақсылықұлының ауыл тарихы туралыаіыз əңгімелерін тыңдап, Торатбас ауылына жол тартып, бивуак құрып орналастық. Келесі күні оқушыларды Торатбас таудың басына шығарып, Қыз емшек тауын тамашалап мағұлматтар жинақтады. Сонымен қатар Торатбас ауылында Бұланты өзені бойында 1729 жылы Аңырақай жазығында болған шайқастарға қатысқан батыр Құттығай Сатыпалдыұлы (1702 жыл - 1743 жыл) ескерткішінің басына бардық. Ел аузында тараған деректерімен таныстық. Мұндай ғажап құнды нəрселерді көзбен көріп, қолмен ұстағанда, балалардың патриоттық сезімі бір артылып қалды. Сурет-8, 9,10,11

19:00 Кешкі ас уақыты

20:00 Оқушылар бір - бірімен доп түрлі ойындар ұйымдастырылды

Page 12: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ......9 4. Жорықтың ұйымдастырылуы (Белгіленетіндер : жорықтың мақсаты

12

22:00 Балалар жатуға əзірленді.

16.06..2018

08:00 Таңғы ас уақыты.

09:00 Торатбас ауылынан- - Шыңғырлау аулына жолға шықтық.

11:00 Шыңғырлау аудандық білім бөлімі аудандық балалар мен жасөспірімдер саяхаты жəне экология орталығымен бірлесе экспедиция мүшелеріне "Шырайлы мекен-Шыңғырлау" атты кездесу өткізді. Шыңғырлау ауданының акындары Шотпанов Адақ Танабайұлы, Елемесов Қаршыға Асуұлы, Байболатов Самат Сергейұлы кездесу кезіңде өлең жолдарын арнап, ауыл тарихы туралы аңыздарын əңгімелеп берді. Үйірме оқушылары домбырамен, гитарамен сазды өлеңдерін арнады. Экспедицияның жоспарлы өтуіне үлестерін қосқан Сырым, Қаратөбе, Шыңғырлау аудандық балалар мен жасөспірімдер саяхаты жəне экология орталығының əріптестерімізге алғыс білдіреміз. Сурет-12,13

13:00 Түскі ас іштік. Шыңғырлау саябағына экскурсия жасап, оқушылар еркін демалды. Сурет-14

15:00 Шыңғырлау ауданынан – Орал қаласынан жолға шықтық

15:30 Шыңғырлау ауданынан жанармай бекетіне тоқтадық.

17:00 Бесіндік ас уақыты.

Page 13: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ......9 4. Жорықтың ұйымдастырылуы (Белгіленетіндер : жорықтың мақсаты

13

19:00 Орал қаласына жетіп, ОБЖТжЭО-на келіп тоқтадық.

5.Өлкетану материалдары

Тапсырмалар:

1. Сырым батыр туралы деректер

СЫРЫМ ДАТҰЛЫ (1723-1802) - қолбасшы батыр, би, шешен, 1783-1797 жылдардағы Кіші жүз руларының орыс отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің жетекшісі. Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында дүниеге келген. Тегі - 12 ата Байұлына жататын байбақты руынан. Сырым Датұлының атасы Шолан байбақты руының белгілі батыры болған. Ол батырлығымен, бірбеткейлігімен дараланып, төрелердің қолынан қаза табады. Шоланды төрелер кескілеп өлтіріп кеткенде, төртінші баласы Дат шешесінің құрсағында қалған екен. Шешесі аман-есен босанған соң, төрелермен арадағы зіл ұмыт болмас үшін баланың атын Дат қояды. Ел аузында сақталған əңгіме-аңыздарда Сырым Датұлы тана руының Малайсары, беріш руының Алдар, есентемір руының Есет секілді билерінен бата алған көрінеді. Мұның өзі Сырым Датұлының Кіші жүз қазақтарының арасында өзіндік беделге ие болғанын аңғартады. Асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып, əділдігімен «Бала би» атанды. Сондықтан да Нұралы хан батырды бауырына тартып, оның беделіне арқа сүйеуге тырысты. Ол əуелі Сырымның əпкесіне үйленіп, оған жезде болады, кейін «ақсүйек тұқымы қара халыққа қыз бермейді» деген ата дəстүрін бұзып, Орын деген əйелінен туған қызы - Айғараны батырға қосып, оны күйеу бала етеді. Бірақ патшалық Ресейдің далалық өлкеде əкімшілік-саяси реформа жүргізіп, хандық билікті күшейту арқылы қалың бұқараның Жайық өзенінен өтуіне тыйым салып, шұрайлы жайылым мен өрісінен айырып табиғи құқыларын шектеуі, жергілікті билік органдары арқылы алынатын салық көлемін көбейтуі Сырым Датұлы мен орыс патшасы тағайындаған Нұралы ханның арасын ашып жіберді. Патша əкімшілігінің озбырлығына, хан-сұлтандардың дəрменсіз халіне ашынған батыр рубасыларының қалауымен қолына қару алып, қалыптасқан саяси жүйеге қарсы шықты. Ол өзінің Орынбордың генерал-губернаторы Игельстромға жазған бір хатында: «Сіздердің түрлі əдістермен алдап, қолға түсірген ноғай, башқұрттар сияқты бізге де бұғалық салып, езбекші екендігіңіз белгілі» деп жазады. Бұдан Сырым батырдың қолына қару алып, көтеріліске шығып, басын бəйгіге тігудегі мақсатының айқындығы, халқының мойнына түскелі тұрған сол бұғауды үзуге ұмтылғаны анық аңғарылады. С.Датұлы Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысты. Орал казак-орысы Ф.Куричын 1774 жылы Пугачев əскерінің құрамындағы қазақ жасағын Сырым батыр бастағанын мəлімдейді. Е.Пугачев өлтірілгеннен кейін де ол патша үкіметінің жазалаушы отрядына қарсы күресін жалғастыра берді. Оған генерал Ф.Суворовтың 1775 жылы граф П.Панинге: «Сырым батыр бастаған қырғыздарды қай жерде кез келсе де, қандайлық алысқа қууға тура келсе де оның өзін ұстап алып, тамырына біржола балта шауып немесе сол жерде өлтір дедім, оның басты жолдастарына да осыны істеңдер, əскерлік ант бойынша өздеріңнің күштеріңді де, өз бастарыңды да аямаңдар деп

Page 14: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ......9 4. Жорықтың ұйымдастырылуы (Белгіленетіндер : жорықтың мақсаты

14

тапсырдым» - деген мазмұнда жолдаған баянхаты дəлел. Дегенмен батыр араға уақыт салып Ресей əкімшілігімен келісімге келді. Бұған белгілі дəрежеде 1775 жылы қарашаның 7-інде Ресей Сыртқы істер алқасының Сырымның Еділ-Жайық арасына, Каспий теңізінің жағалауына, Жем-Сағыз атырабына қоныстануына рұқсат берген жарлығы ықпал етті. Бірақ Ресейдің жасаған «кеңшілігі» ұзаққа созылмады, əсіресе, Орал казак-орыс əскерлері қазақтардың жер-су иелену құқыларын кеңейтуге үзілді-кесілді қарсы шықты. Осыған орай 1782 жылы желтоқсанның 27-інде патша үкіметі қазақтардың мал жаюына рұқсат еткен аудандарын енді тек жалға беру туралы жарлық шығарды. Бұл өз кезегінде ұлт-азаттық қозғалыстың қайта өрістеуіне алып келді. 1783 жылы Сырым бейқам жатқан қазақ ауылдарын шауып, кезекті тонауға келген казак-орыс атаманы Чагановтың отрядымен шайқасып, оны ойсырата жеңді. Атаманның өзін тұтқындап, Хиуаға құлдыққа сатып жіберді. Бұл патша əкімшілігіне үлкен соққы еді. Соған орай Орал қаласындағы патша əскері түгел аттанып, сол жылдың күзінде Cырымды қолға түсірді. Бірақ оны Нұралы хан қыруар мал беріп, бірер айдан кейін босатып алды. Түрмеден босағаннан кейін Сырым Табын руының старшыны Тіленші Бөкенбайұлының қолдауымен Oрал казак-орыс əскерімен күресін əрі жалғастырды. Бірақ Нұралы хан бұл жолы Сырымды қолдамайды, қайта оған қарсы шығып, шекаралық əкімшіліктен көтерілісшілерді басу үшін арнайы əскер жіберуін талап етті. Сөйтіп ол былайғы жерде Сырымға қарсы күресте шекара əкімшілігімен бір болды. Міне, осы кезден, яғни 1784 жылдан бастап патшаның отарлау саясатына қарсы күресте ханының да, қарашасының да ортақ ниеттестігіне ие болып келген көтерілісшілер арасына жік түсіп, Сырым бастаған халық қозғалысының күресі енді Əбілқайыр əулетінен шыққан хан мен сұлтандарға қарсы бағытталды. Кіші жүздің көптеген рулары Нұралы ханға бағынбай көтерілісшілер жағына шықты. 1785 жылдың күзінде болған старшындар жиналысы Нұралыны хан деп танудан бас тартты. Келесі жылдың көктемі қарсаңында көтерілісшілердің қысымына шыдамаған Нұралы шекаралық шептегі қамалға қашуға мəжбүр болды. Оның ақыры сол жылы Екатерина ІІ-нің Нұралыны хандықтан түсіру жөніндегі жарлыққа қол қоюына əкеп соқты. Хан тағынан Нұралы кетіп, Ералы отырғанымен де жағдай түзелмеді. Халықтың наразылығы одан сайын күшейе түсті. Сырым бастаған көтерілісшілер енді ашық соғыс қимылдарына көшіп, патша қамалдарына шабуыл жасай бастады. Бірақ олар пəлендей нəтижеге жете алмады. Елек қамалына жасаған шабуылдың сəтсіздігінен кейін Сырым соғыс тəсілін өзгертіп, партизандық əрекеттер жасауға көшті. Шекаралық бекіністерге, сұлтандар мен оларды қолдаушылардың ауылына тұтқиылдан шабуылдап, адамдарын тұтқынға алды. 1797 жылы көтерілісшілердің үлкен бір тобы Ералыдан кейін хан тағына отырған Есімнің ауылына тұтқиылдан шабуыл жасап, ханды өлтіреді. Есім ханның өлтірілуі Сырымға тілектес билер мен старшындардың одан ірге ашуына себепші болды. Есімнің орнына Айшуақ хан сайлағаннан кейін, ол Eсімнің кегін алмақ болып, арнайы отряд жасақтап, Сырымға қарсы аттанды. Соңынан індете қуып, маза бермеген патша экспедициясынан ығысып, Сырым Хиуа хандығының жеріне өтіп кетті. Ел арасына атағы кеңінен тараған батырдан қауіптенген Хиуа ханы оның көзін жоюдың амалын жасады. Ақыры оның есебін тауып улап өлтірді. Бұл жөнінде халық ауызында түрлі əңгімелер айтылады. 1803 жылы Сырым Датұлына арналып ас берілді.

Page 15: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ......9 4. Жорықтың ұйымдастырылуы (Белгіленетіндер : жорықтың мақсаты

15

«Жас тұлға» үйірмесі Габдулина Диляра

2. Қазақстанның жалпы ұлттық киелі орындары - «Жұмағазы хазірет –

Дəдем ата» туралы не білесің?;

Батыс Қазақстан өңірінде «Дəдем ата» деген атпен де əйгіл Жұмағазы хазірет Тəңкеұлы ХІХ ғасырда өмір сүрген дін ғұламасы. Ел аузында сақталған аңызға қарағанда ол Түркістан шаһарында білім алып, Қожа Ахмет Ясауи дүрбесінде имамдық қызмет атқарған. Содан кейін туған жеріне оралып, мешіт-медресе ашып, елге рухани білім таратқан. Əулие дүниеден өткен соң да басынан ел-жұрт арылмайтын зиярат орнына айналған. Бүгінде «Дəдем ата» жеке қоры ресми тіркеліп, зиярат орнында мешіт, қонақ үй салынған. «Киелі жер» дегенде біздің Батыс Қазақстан облысында көбіміздің көз алдымызға Самара-Шымкент күре жолының бойында, Орал қаласынан Жымпитыға қарай 80 шақырым қашықтықта орналасқан əулие Жұмағазы хазірет қорымы келе қалады. Хазіретті жергілікті халық «Дəдем ата» деп те атай береді. Күре жолмен ағылып жатқан көліктер əулиеге құрмет білдіріп, оның зират тұсына арнайы тоқтап, дұға бағыштап, жол жиегіндегі жəшікке тиын-тебенін салып өтеді. Əулиенің басы алыс-жақыннан əулиенің басына арнайы зиярат етіп, түнеуге келгендерден арылмайды, Шəкəрім атамыздың сөзімен айтқанда «Анық асыл – əулие» деп сенетіндердің бəрі Жұмағазы хазіретті əулие деп аса құрмет тұтады. Осындай құрмет тұтушы жандардың бірі, Жұмағазы əулиенің насихатына үлкен үлес қосып жүрген республикамызға танымал журналист Қазыбек Құттымұратұлы фейсбук парақшасындағы 01.10.2017 жылғы жарияланымда Жұмағазы хазірет туралы мол мəлімет-дерек келтіреді:

«… Жұмағазы хазіреттің қай кезде өмір сүргені, нақты деректері белгісіз. Ақиқаты – ол кісінің Кіші жүздің Жетіру бірлестігіне кіретін тама руынан екендігі. Жергілікті шежіреші Ким Ахметовтің «Жетіру шежіресі (тама, табын жəне кердері рулары)» атты кітабында (Орал қаласы, 2004 жыл, ISBN 9965-681-03-1, 13-14 беттер) Төлектен Мəтен, Мəтеннен Тəнтем, Тəнтемнен Тəуке, Тəукеден Жұмағазы хазірет деп таратады. Автор «Тəнтемді ертеден елі «Дəдем» атап кеткен, сол Дəдем тек тамалар емес, Батыс беттегі аяқ жетер жердегі қалың мұсылман қауымына аты белгілі əулие, атақты хазірет еді. Осы күндері оның жатқан жері – Қараоба Бұланы келім-кетімнен арылмайды. Ерекше қасиетіне сенген ұрпақтары аруағына табынады. Оның қыс қыстауы Қараоба бетте болғанымен, жаз жайлауы Оңтүстік Батыс жақтағы Қауыз, Тамасай деп аталатын кең жазық болған.

Жұмағазы хазіреттің өмір сүрген уақытын болжауға нақты мəлімет беретін деректің бірі – əулиенің анасына өз қолымен қойған құлпытас. Жұмағазы хазірет бұл ескерткішті өз анасы Айсұлу Тəнке зайыбына арнап қойған, марқұм 1875 жылы 78 жасында өмірден өткен. Сонда əулиенің анасы 1798 жылы туған адам болып шығады. Бұған қарап хазіретті ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында туған деп айтуға болады. Жұмағазы хазіреттің анасына қойылған құлпытас мəтіні тұңғыш рет «DANA.kaz» журналының 2013 жылғы № 5(6) санында жарияланған болатын.

Page 16: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ......9 4. Жорықтың ұйымдастырылуы (Белгіленетіндер : жорықтың мақсаты

16

Жұмағазы хазірет жас кезінде біраз жыл Түркістан қаласында, Əзіреті Сұлтан Қожа Ахмет Яссауи мешітінде əрі білім алған, əрі қызметінде болған көрінеді. Мұны бізге хазіреттің ұрпағы Ғарифолла Баймұрат-ұлы айтып берді.

– Бабамыздың көптеген қолжазбасы, пəлсапалық трактаттары болған екен. Кешегі аласапырандарда жоғалып кеткен. Бір дерегі шыға ма деп Астрахань, Орынбор, Алматы архивтеріне сұрау салып көрдім. Əттең, əзірге ештеңе табылмай тұр, – дейді Ғарифолла.

Бүгінде Жұмағазы хазірет «Дəдем ата» есімімен көбірек танымал. Бұл атаудың шығу тегі де өте қызық.

Хазірет зираты жатқан қорым əкімшілік бөлініс жағынан бүгінде Сырым ауданы, Шолақ-аңқаты ауылдық округіне қарайды. Бұл округ (орталығы Тоғанас ауылы) – бұрын «Правда» газеті атындағы кеңшар атанған əйгілі шаруашылық болатын. Егіні мен мал шаруашылығын қатар дамытып, бүкіл Одаққа əйгілі болған осы кеңшарды ұзақ жыл Виктор Шубин деген азамат басқарған. Оның «Социалистік Еңбек Ері» атанып, кеңшардың «миллионер ұжымға» айналуына да осы Жұмағазы хазірет əулиенің шарапаты тигендігін жергілікті жұрт жыр қылып айтады.

Жұмағазы хазіреттің тікелей ұрпағы Ғарифолла Баймұрат-ұлы 2009 жылдың 25 маусым күні Батыс Қазақстан облыстық департаментінде «Дəдем ата» жеке қорын тіркеуден өткізді.– Атамның басына бірнеше жыл бұрын кесене көтердім. Бала күнімде əкем осы жерге алып келіп, «Мынау – сенің атаң! Бірақ, бұл жерден сынық ине алам деп ойлама! Керісінше, қызмет қыл!» деген болатын. Міне, сондықтан əулиенің басына алыс-жақыннан арнап келген халықтың қызметіне өзімді арнап, бірнеше жыл болды, осы жерге көшіп келдім. Бүгінде мұнда күн сайын келіп жатқан адам көп, ал жексенбі күні зияратқа келген халық саны 250-300-ге жетеді, – дейді шырақшы Ғарифолла.

Хазіреттің Үбінияз деген баласынан туған Жамбоздың немересі Ғарифолла Баймұратұлы қазақ халқының əулиеге құрмет, зиярат əдебі туралы білу үшін Қазақстанның əр жеріндегі киелі мекендерді арнайы көріп қайтыпты. «Арыстанбаб, Əзіреті Сұлтан, Шопан ата, Бекет ата секілді жерлерде болдым, ол жердегі зияратшы халыққа жасалған қамқорлыққа көңілім толды. Шіркін-ай, осы жерді де сондай мекенге айналдырсам!» деп армандаған Ғарифолла. Бүгінде шырақшының өз күшімен, жанашырлардың демеуімен зиярат орнында сəулетті мешіт, үлкен қонақ үй көтерілген. Халық күнде келіп, абыр-сабыр болып жатқан киелі мекенде бүгінде электр жарығы, табиғи газ желілері тартылған. Айнала абаттандырылып, су бұрқақ орнатылып, өрнектастар төселіп, көшет егіліп, керемет күйге түскен. Зияратшыларға барлық жағдай жасалған» (Бұл келтірілген мəліметтер Қ. Құттымұратұлының мақаласынан алынғанын тағы бір ескерте кетейін).Атам қазақ «Халық айтса, қалт айтпайды» дейді. Ғарифолла Баймұратұлының қатысуымен болған отырыстардың бірінде «олай болса, ел-жұрттың бəрі киелі жер деп мойындайтын «Дəдем ата – Жұмағазы хазірет» мекенінің əлеуетін неге кеңірек пайдаланбасқа?» деген ойға қалдық. Сөйтіп, рухани жаңғыру, ел бірлігін нығайту, ұрпақтар сабақтастығы бағытындағы қоғамдық шараларды əл-əлеуетімізге қарай осы киелі мекенде өткізіп тұрамыз деп шештік. Əулие атаның басындағы бұндай тұңғыш шара

Page 17: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ......9 4. Жорықтың ұйымдастырылуы (Белгіленетіндер : жорықтың мақсаты

17

2013 жылдың мамыр айында жүзеге асып, «31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне» арналды.

«Жас тұлға» үйірмесі Хамидуллин Темирлан

3. Күнбатыс Алаш орда тарихы

Алашорда үкіметінің батыс қанаты – Күнбатыс

Алашордасының орталығы болған Жымпиты

ауылында Алаш тарихымен байланысты бірнеше

ғимарат сақталған. Оның бірі – Күнбатыс

Алашорданың кеңсесі, екіншісі – ХІХ ғасырға

тиесілі мұсылмандар мешіті. Алаш жұрты

азаттыққа қол созған 1917-1918 жылдары

Алашорданың батыс қанаты ең ұзақ: 19 ай – 578

күн бойы өмір сүрген. Бүгінде Жымпиты ауылында Алаш аллеясы, Алашорда музейі

жұмыс істейді. Қазақтың Ресей патшалығы құрсауынан босаған шақтағы өз жолын іздеу

үдерісіне атсалысқан тұлғалар шоғыры қомақты. Солардың бірі — Батыс Алашорданы

құруға белсене атсалысқан, Ресей империясы округінің орынбасар-прокуроры дəрежесіне

дейін көтерілген, юстиция (əділет) генералы мəртебесіне жеткен Жанша (Жаhанша)

Досмұхамедов. Өкінішке орай, Алашорданың Батыс бөлімі туралы зерттеулер əзірге аз.

Алашорда үкіметі, соның ішінде оның Батыс бөлімі жайында құнды мəлімет беретін

еңбектің бірі «Жизнь национальностей» деп аталған газеттің 1921 жылғы 3 қарашадағы №

20 (118) нөмірінде Тер-Погос Асетисовтың мақаласы жарияланған. Автор қазақ зиялы

қауымының қалыптасу эволюциясына тоқтала келе: «1918–1920 жж. «Алашорда» атты

ұлттық мемлекет құрылып, кейін оның екіге бөліну себебі бірін-бірі түсінбеушіліктен

емес, қазақ жерінің кеңдігінен болды»,— дейді. Осы еңбекте Батыс Алашорда алғашқы

күннен-ақ Орал мен Орынбор казактарымен, башқұрттарымен бірігіп, Кеңес үкіметіне

қарсы жəне елде мобилизация жариялап, əскер құрғаны жайлы мəліметтер берді [1;

16].Тоталитарлық жүйенің толық орнауы отандық тарихнамада 1930 жылдардың

ортасынан 1980 жылдардың соңына дейін Алаш қозғалысы туралы зерттеулер жүргізуге

мүмкіндіктер бермеді. Сондықтан да кейінгі жылдары ел тарихындағы ақтаңдақ беттердің

бірі жəне бірегейі саналатын Алашорда үкіметінің Батыс бөлігін басқарған ұлт қайраткері

Жаһанша Досмұхамедовтің есімін ұрпақ жадында қалдыру мақсатында Оралда Жаһанша

Досмұхамедов атындағы «Қайраткер» қоғамдық қоры құрылды. Қала орталығынан

қайраткерге көше атауы берілсе, Оралдағы педагогикалық колледжге Жаһанша

Досмұхамедовтің есімі берілді.2012 жылы Астанадағы Күлəш Байсейітова атындағы

Ұлттық опера жəне балет театрында Алашорда көсемдерінің бірі Жаhанша

Досмұхамедовтің 125 жылдық мерейтойы аталып өтті. Салтанатты кешке Қазақстан

Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрі Дархан Мыңбай қатысып, сөз сөйледі.

Page 18: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ......9 4. Жорықтың ұйымдастырылуы (Белгіленетіндер : жорықтың мақсаты

18

Министр өткен ғасырдың басында ұлт мұратына қызмет еткен Алаш қайраткерлерінің ел

тарихындағы еңбегі мен олардың өскелең ұрпаққа берген тағылымы жайында айтып өтті.

Ол Алаш қайраткері Жаhанша Досмұхамедов қазақ халқының оқу-білімге ұмтылуына жол

ашып, білім алып жатқан қазақ балаларына стипендия бергізіп, қазақ тіліндегі оқу

құралдарының көптеп шығуына үлес қосқанын, тəуелді болудан құтылудың төте жолы

оқу екенін жақсы түсінгенін жəне өз халқының алдыңғы қатарлы дамыған ұлттар тəрізді

білімге ұмтылғанын, қалағанын тілге тиек етті. Қазақ сахарасындағы ең құнды құжат

Тəуке ханның «Жеті жарғысын» қазақтың тұңғыш заңдар жинағы ретінде көрсетіп, түркі

жұртшылығына дəлелдей білгенін де атады. Шешендігі жайында сөз еткенде, оның шын

мəнінде алғыр ойлы болғанына тоқталды: «Жаhанша Досмұхамедов саясаткер ретінде

Алашорданың Батыс бөлігін басқарып, қазақ сахарасында орныққан саяси жəне

экономикалық ахуалды реттеп отыруға күш-жігерін салды. «Алаштың бірігуіне, Батыс

өңіріндегі Алаш жұртын сақтап қалуға, дамытуға үлкен еңбек сіңірді. Орта Азияда,

Қазақстанда түпкілікті ұлттар мен этностардың мекендейтінін ескере отырып, осы

халықтарды бір-бірімен өзара біріктіру саясатын қолдады. Алаш арысы мемлекет құру

үшін ең əуелі мемлекеттік аппарат қалыптастырудың маңызды екеніне баса назар аударды.

Ол бұл жөнінде «мемлекеттік билік əзірге үстемдік құрған кезде қазақ халқы өзін сақтап

қалу үшін мемлекеттік аппаратқа қол жеткізуі тиіс» деген ұстанымын жұртшылыққа

жария етіп, сол аппараттың қалыптасуына үлкен еңбек етті», — деді министр

[2].Мерекелік жиында Жаhанша Досмұхамедовтің дербес мемлекет құрудағы сіңірген

еңбегі, 1918 жылы мамырда «Ойыл уəлаяты» деп аталатын тұңғыш аймақтық

автономияны жариялағаны, Үкімет төрағасына сайланып, Премьер-Министр жəне Əскери

істері министрі қызметтерінде болғаны аталып өтілді.Алаш қайраткерінің өмірбаянына

қатысты жүргізілген зерттеулер

Бүкіл саналы ғұмырын ұлтының азаттығы жолына бағыштаған Жаhаншаның əкесі

Досмұхамед Жайық өңіріне аты мəлім, дəулетті, көзі ашық, көшелі кісі болыпты. Ал

анасы Рабиға атақты Сырым батырдың елінен шыққан көрегенді, ағайынға қолы ашық,

қайырымды жан екен. Жаншаның асқан шешендігі осы нағашы жұртынан жұққан болуы

мүмкін. Осындай əулетте дүниеге келген Ж.Досмұхамедұлы жастайынан зерек, алғыр

болып өсті. Оның өмірбаянына қатысты соңғы жылдары жүргізілген кейбір зерттеулерге

көңіл бөлген жөн.

Page 19: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ......9 4. Жорықтың ұйымдастырылуы (Белгіленетіндер : жорықтың мақсаты

19

«Жас тұлға» үйірмесі Тынышқалиева Адина

4. Ж.Досмұхамбетов туралы деректер

Жаһанша Досмұхамедұлы – Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, Алашорданың Батыс бөлімшесінің төрағасы, заңгер қазақ зиялысы. Өткендегі тарихымыздың ақтаңдақтарын толық жəне шынайы тұрғыдан қалпына келтіру бүгінгі таңдағы тарих ғылымының негізгі міндеттерінің бірі. Оның ішінде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы ұлттық қозғалыстардың тарихы елеулі орын алады. Бұл ең алдымен Қазақстандағы алаш қозғалысына тікелей қатынасы бар. Алаш қозғалысының басты іске асыруға тырысқан мəселесі азаттық пен ұлттық мемлекет құру болды. Алаш зиялыларының ортақ түсінігі бойынша отарлық езгі жағдайында ұлттық мүддені қолдап, қазақ елінің əлем халықтарымен терезесі тең болып дамуының ең басты көрсеткіші ұлттық мемлекеттің құрылымы еді. ХХ ғасырдың екінші онжылдығындағы аласапыран төңкерістер кезеңінде қазақ халқының жеке ел болу мүддесін көздеп, Досмұхамедовтер автономия құруға ұмтылды жəне сол үшін де олар уақыттың тығыздығына, жағдайдың қиындығына байланысты қазақ жерінің батысында басқарушы аппараты, əскери, орталығы бар, тиісті қаржысы жинақталған, белгілі бір территориясы бар мемлекеттік құрылым жасады. Жаһанша жас кезінен-ақ халқы үшін өте маңызды мəселеге араласып, болашақта үлкен істің басына келетін азамат, тағылымы мол, көргені көп, хылқының өткен тарихынан жан-жақты хабардар ортадан өсіп шыққан адам. Жаһанша 1887 жылы қазіргі Жымпиты ауданындағы Бұлдырты елді мекенінде дүниеге келген. Бастауыш білімді ауылда алып, кейінірек Орал əскери реалдық оқу орнында білімін жалғастырды. Ол оқуды өте зерек оқыды. Училищеден кейін білімін Санкт-Петербург университетінің заң факультетінде жалғастырды. Училищеде Халел Досмұхамбетұлы, Жалмұхаммед Сүйінтұрұлы, Нұрғали Ипмағамбетұлы, Нұрғали Досбайұлы, Ғұбайдолла Бердіұлы, Шабазгерей Көсепғалиұлымен араласты, сырласты. Реальдық училище шəкірттері қаланың көптеген өндіріс орындарында болып, тəжірибе жинақтады. Олар Кондрахинның бағында, Дадонов кірпіш зауытында, Ванюшин диірменінде, Михайлов соборында, Пфейлдің лакрица зауытында болды. Ұстаздарының ішінде Жаһаншаға жақын іш тартатын неміс тілінің мұғалімі Феликс Глизенгер болды. Ол жас шəкіртінің халқыма қызмет ету үшін оқып жүрмін деген жауабына ризашылық білдіріп, “олай болса тарихқа көбірек үңіл, заңдық қағидаларды зертте, халқың үшін қызмет істеугекөп,табандыдайындал”депкеңесберді. 1906 жылы Жаһанша Санкт-Петербургтегі Император университетіне оқуға түсіп, осы кезеңде Императорлық əскери медициналық академияда оқып жүрген Халел Досмұхамбетұлы, Нұрғали Ипмағамбетұлы, Ғұбайдолла Бердіұлымен қайта кездесті. Заң факультетінің профессорларының дəрістерімен қатар Батыс Еуропа елдері заңгерлерінің еңбектері, оған қоса Ресейде шығатын “Вестник права” (1899-1906), “Тюремный вестник” (1893-1917) журналдары мен “Право” заңгерлік газеттерін оқыды. Ол шешендік өнерге ерекше көңіл бөлді. Жаһаншаның шешендік өнері оның ақыл-парасатының жоғарылығы

Page 20: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ......9 4. Жорықтың ұйымдастырылуы (Белгіленетіндер : жорықтың мақсаты

20

кейінгі заңгер мамандығында айқын көрінді. Ол өзінен жасы үлкен, қазақтың арасынан шыққан көрнекті заңгерлердің бірі Бақытжан Қаратаевтың батасын алып, соны өмірде іске асырады. Кезінде Бақытжан жас Жаһаншаға мынандай бата берген болатын: “Балдай тəтті тілің бар, тереңге тартқан ойың бар екен, қазақтың маңдайына біткен айбынды азаматы болғалы тұр екенсің. Халқыңның сөзін сөйлер шешені бол, қол бастайтын көсемі бол”. Өзінің алғашқы қызметін Том округтық сотының прокурорының орынбасарлығынан бастады. Заң органдарында жұмыс жасаған кезінде Жаһанша əділдігімен, кəсіби дайындығымен жəне сатылмайтындығымен танымал болды. Əдеттегідей сол кезеңде қазақтың білімді азаматтарын еліне қызметке жібермей əдісі көрінісін тапқанымен, 1917 жылы Жаһанша Ақжайық өңіріне оралады. Жас Жаһаншаның саяси қызметі мен өміріне Б.Қаратаев, Г.Жетпісұлы, И.Ахметшеұлы жəне Орал облысы қазақтарының атынан 1-ші мемлекеттік Думаның мүшесі болған А.Қалменұлының əсері көп болды. 1917 жылы 19-22 сəуірде өткен облыстық қазақ съезінде (800-ден астам адам қатысты) Жаһанша Орал облыстық қазақ-қырғыз комитетінің төрағасы болып сайланды. Төрағасының ұсынысы бойынша съезд мынандай шешімдер алды: 1. Ресей халықтарын құлдықта, қараңғылықта ұстаған монархия осыдан былай жойылсын; 2. Ресейде Демократиялық Республика орнату идеясын түгел қуаттай отырып, қазақи халқына ұлттық территориялық автономия беруді талап етеді. 3. Қазақ еліне келімсектерді жіберуді тоқтатып, осы кезге дейін пайдаланбай келген монастырьлардың, шіркеулердің, дворяндардың жерлерін қазақтарға себеп-сылтаусыз қайтарылсын; 4. Бұрынғы бюрократтық əкімшілік жүйесі жойылып, оның орнына қазақ жерінде халық сайлаған өкілетті комитеттер құрылсын; 5. Халық ағарту ісін қанағаттанғысыз деп тауып, мұғалімдер съезін өткізу, Оралда гимназия бағдарламасы негізінде қазақ балаларына арнайы оқу орнын ұйымдастырып оны қазақ қаражатына салынған бұрынғы кəсіптік мектептің үйіне орналастыру белгіленсін; 6. Қазақ тілінде газет, кітапшалар шығу шаралары жүзеге ассын. Съезде облыстың қазақ комитетінің құрамына мына адамдар сайланды: Ж.Досмұхамбетов, И.Таңберменов, Х.Тасымов, Т.Сыпырбөлиев, И.Мұқанов, Д.Сарсенбаев, Ғ.Əлібеков, Д.Құсіпқалиев, Б.Жанқадамов, Р.Қаржаубаев, Д.Жұлдызов, Х.Досмұхамбетов, И.Топаев, И.Əбенов, К.Жаленов, Ғ.Есенғұлов, С.Қаратілеуов, Б.Жұманғалиев, С.Омаров, Б.Тілепов. Жаһанша 1917 жылы желтоқсанның 5-13 жұлдыздары аралығында Орынбор қаласында өткен екінші жалпы қазақ-қырғық съезіне қатысып, тез қарқынмен өзгеріп отырған жағдайдағы партия тактикасы мəселелері жөнінде жəне съездің күн тəртібіндегі маңызды проблемалар (автономия, милиция, ұлт кеңесі т.с.с.) бойынша сөз сөйлеп, жарыссөздерге белсенді түрде араласты.

«Жас тұлға» үйірмесі

Геният Асылхан

Page 21: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ......9 4. Жорықтың ұйымдастырылуы (Белгіленетіндер : жорықтың мақсаты

21

5. Егіндікөл ауылының тарихы

Туған жердің тарихы да терең əрі бай. Осынау өлкеде жасаған белгілі адамдар, əулие-əнбие, ишанқазіреттер жайында көнекөз қарт, хабары бар жандардан сұрастырып, деректерін тиянақтап жүретін əке үлгісі біз үшін əдетке айналды. «Əкенің жақсылығы жаман ұлға қырық жылдық азық» дегендей, ауыз əдебиеті-нің асыл қазыналары да, шынайы тарих та бастауларын өлке тарихына қатысты аңыздар, ел жадында сақталған əңгімелерден алатынын түйсіндік. Шежіре қарттардың əңгімелерін тарихшы ғалымдардың еңбектері жəне белгілі жазушылардың тарихи шығармаларымен бір арнаға ұштастыра келгенде, аядай ауылдың арғы-бергі өткені арқылы бір ғана өлкенің емес, тұтас қазақ ордасының тарихынан, тіпті адамзат тарихының көне кезеңдерінен сыр шертерлік деректерді кездестірдік. Оның жарқын мысалына осы мақалада қысқаша болса да нақты тоқталамыз. Зейнеп Қаждамбайқызы 1936 жылы дүниеге келген, тыл ардагері. Ол – Егіндікөл ауылының тумасы. Қарапайым ауыл тұрғыны, зейнеткер Зейнеп апайдың жас күнінде қариялардан естіген ескілікті əңгімелері жоғарыда айтып өткеніміздей, көнеден бүгінге дейінгі тарихымыздың талай кезеңдерінен сөз қозғауға арқау болып отыр. Ендеше, Зейнеп апай ауыл үлкендерінен не туралы естіді екен?.. Зейнеткердің бұл бағыттағы əңгімелері төмендегіше өрбіді. Торғай моласы

Борөткелдің ескі көпірінен арғы жаққа өткенде оң жақ қолда Торғай моласы дейтін мола бар. Соның ар жағында тағы бір карьер бар. Ол сайда емес, ашық жерде орналасқан. Соған бақша еккен кəрістер 3-4 мəшинені қатар тығып қойғанда көрінбей қалады екен. Ол үңгірді əуелде Дəуқарамен соғысатын Бармақ батыр қаздырыпты деп айтатын. Үңгір Бөлек таудың бергі жағында орналасқан. Сол үңгір əлі күнге бар шығар. Көрмегелі 30 жылдан асты. Шалым мəшине айдағанда бірге жүріп талай жерді аралаған едім.

«Орал өңірі» газетінде жарияланған Науқан атайдың жазушы Құрманғазы Қараманұлына айтқан əңгімесінде мынадай тұстар кездеседі:

«Мың сиыры болған Сақау Торғай дейтін Ысық болған. Егіндікөл, біздің осы өңір, мынау Қалдығайты, анау Қаратөбеге қарай жеккен өгіз, сауған сиыры болулы. 5-6 жүз өгізі болулы ма деймін. Оның баласы Жарылғасын деген болған».

Ал марқұм Тінəлиев Батырбай қарт «Ысықта Сақау Торғай, Ұста Торғай деген кісілер болған. Түйелі, жылқылы бай Жұмалы атам Сақау Торғаймен старшындыққа таласқан. Атам старшындыққа өткен. Сақау Торғай əуелде Тұзтөбе жақта орыстың қарауында жалданып жұмыс жасаған. Кейін еліме қайтамын дегенде қожайыны: «Олай болса, үстіңе ағаштан үй тігем, алдыңа мал салам» деп бір үйір жылқы мен бір табын сиыр берген. Сақау Торғай Жарылғасын қыстауына келіп қыстаған. Жарылғасын қыстауының орындары Қалдығайтының арғы бетінде, Қаракемердің етегінде» деп əңгімелегені бейнежазба түрінде сақтаулы.

Page 22: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ......9 4. Жорықтың ұйымдастырылуы (Белгіленетіндер : жорықтың мақсаты

22

Зейнеп апай өзі əңгімелеген Торғай моласының киелі жер екендігін, оған Торғай ұрпақтары тəу етіп, түнеп келгендігін айтты. Торғай ұрпағы Жонас Өлиярқызы аталмыш мола Ұста Торғай деген үшінші атасының жерленген жері екенін айтты. Оның айтуынша, мола əуелде алты құлақты, көлемді болыпты. Ұста Торғайдың азан шақырып қойылған есімі Қадірберлі екен. Қадірберлі шағын келген, қасқабас сары кісі болғандықтан, Торғай атанып кеткен. Көрік үй ұстап Ұста атанған. Жонас апайдың айтуынша, Жігерленнің Егіндікөл бетіндегі Калинин деген жер Ұста Торғайдың негізгі тұрағы, ал Тұщықара жақтағы Соркөл жайлауы екен. Ұста Торғайдың моласында сынып жатқан бір ғана құлпытас бар. Ондағы жазу жақсы сақталған. Бірақ не жазылғанын бүгінгіден əлі күнге ешкім оқи алмай келеді екен. Жонас апай Ұста Торғай мен Сақау Торғайдың жақын ағайыншылығы жоқ, екі бөлек адамдар екенін айтады. «Сақау Торғайдың моласы Жігерленнің «Қаратөбе» совхозы жағында, «Қалдығайтының» арғы бетінде жалғыз тал өсіп тұрған жерде дегенді бала күнімде үлкендерден еститінмін», — дейді ол (Н. Н.).

Ғабдісəлім молда

Ұштап – жоғарыда айтылған Тасболаттың келіні. Ұштаптың өз əкесі Ғабдысəлім де молда болып, Кеңес үкіметі кезінде Қиылда мешіт ұстаған. Оның мешіті əлі күнге дейін бар. Ғабдысəлімнің қасиетін айтайын. Ілкіде, кілемнің қат кезінде Ғабдысəлім мешітінде жаюлы жатқан төрт кілем болыпты. Содан төрт жас жігіт өзара келісіп, түнде есігі ашық тұратын мешіттен кілемдерді ұрлап, сатып жібермек болады. Төрт жігіт түнде келсе, есік-терезелері түгелдей ақ тас болып ашылмайды. Жігіттер қараңғыда сипалап, «мынаның бəрі тас болып кеткені несі, түнде бекітіп тастайтын болғаны ғой» деп кері кетеді. Ертеңіне Ғабдысəлім молда кілем ұрламақшы болғандарға: «Қарақтарым-ау, бір кілемді сұрасаңдар да беретін едім ғой. Неге түнімен мешітті айналдыңдар, оны аруақ алдыра ма сендерге?» деген екен. Ертеректе Ғабдысəлім молданы шала-шарпы көргенім бар. Ол Қиылда дүкен де ұстады. Ойылға қарай жүргенде бір сайда Нудия дейтін жер бар. Сонда алма ағашы өсті. Ғабдысəлім сол жерде мал баққан кезінде алма ағаштарын қоршап күтіпті.

Сол Ғабдысəлім осы ауылдың тұрғыны Сағынғалиды соғыста тұтқыннан алып шыққан. Ғабдысəлім мен Сағынғали құрдас екен. Екеуі тұтқынға түскенде, Сағынғали: «Енді бəрі де бітті. Артта бала-шаға қалды-ау» дейді. Молда «Əй, құрдас, мен сені алып шығайын. Сен бірақ ешкімге де тіс жарма» депті. «Қалай алып шығасың?» дегенде: «Түн ортасында қолымнан ұстап, көзіңді тас қылып жұм да, өзім белгі бергенше ашпа» дейді. Сағынғали айтқандай жасап, бір мезгілде көзін ашса, кеңес əскерінің ішінде тұр екен. Бұл əңгімені кейінгі уақытта көпшілік алдында Сағынғалидың өз аузымен айтқанына куə болдық.

Биске қауымы

Көлдің ар жағындағы қауым атын иеленген Биске деген кісі Ысықтың Сейтек руынан екен. Аруақты адам болыпты. Ысықтың Болат бөлімінің əйелдері Бискенің атын атамайды. Олар бесік деп те айтпайды. Бесікті «жылдырға» дейді. Қазіргі Биске қауымынан Жігерленге қарай жүргенде бұрын Бəйге оба аталған жер бар. Биске сонда жерленген. Біздің кəрі шешелеріміз де сол Бəйге обаның бауырында қалды. Ол кезде зияратты қазіргідей ақ тастан көтермеген. Кіндік тұсынан жоға-ры аса қоймайтын, езіліп кететін шым тастан салған. Осы күнгі Биске қауымының табаны əуелгіден гөрі көлге таман жылжыған.

Бұлақ басындағы мешіт

Ауылдағы бұлақ көзінің жоғарғы жағында мешіт болған. Біз ол мешіттің орнын көрдік. Сол жерде көрік үй болды. Бізге Мəмбетқали, Төлеген деген ауыл үлкендері: «Мешіт орнын баспаңдар, аяқтарың ауырады» деп ескертетін. Мəмбетқалидың руы – Барамық.

Page 23: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ......9 4. Жорықтың ұйымдастырылуы (Белгіленетіндер : жорықтың мақсаты

23

Сынықшы, молда болды. Кейін мешіт орнына мал сою орнын салды. Бірақ ол пəлендей жұмыс жасаған жоқ.

«Жас өлкетану» үйірмесі Серік Раухан

6. Құңыскерей Кожахметов кім болған?

Батыс Қазақстан даласындағы осы бір үңгір билік тарапынан қуғынға ұшыраған батырға пана болды. Оны барлық жерден іздесе де, «жер астына түсіп кеткендей» еді, аттылы адам қалай жоқ болып кеткенін ешкім түсінбеді. Қалай да ұстап əкелуге не тапқан жерлерінде атып тастауға бұйрық алған қуғыншылар «өзі тығылса да, атын қайда жіберді?» деп, аң-таң болды. Егіндікөл ауылына таяған кезде Қаратөбе ауданы тұрғындарын «Құныскерейдің үңгіріне қалай жетуге болады?» деп сұрастырдық. «Мына бағытқа, – деп қолын сілтеді ер адам, – алға қарай бес шақырымдай жүрсеңіз, табасыз». Біздің сұрағымыз оны таңғалдырған жоқ, бұл жаққа келетіндер жолды жиі сұрайтын болса керек.

Қыраттар жаққа бет алып, атақты Құныскерей Қожахметовке пана болған жерлерге асықтық. Ол адамның образын «Ақ Жайық» трилогиясында Хамза Есенжанов, «Құмдағы із» романында М. Мəжитов, «Жалғыз атты жолаушы» повесінде Қ. Қараманұлы, «Қос батырдың хикаясы» жинағында Қ. Хасанов сияқты жазушылар қолданған. Бұл оқиғалардың ғасырдан астам уақыт бұрын болғанына қарамастан дəуірлестерін əлі де қызықтырады. Бүгінде Атырау облысында Құныскерейді есте сақтау мақсатында қор құрылған, себебі ол 1895 жылы сол кездегі Гурьев уезінде дүниеге келген.

Бірнеше қырды айналып өтіп, жергілікті биліктің тарапынан қуғынға ұшырап, ата-баба жерін тастап қашуға мəжбүр болған адамның қорғанына айналып, өмірін сақтаған үңгірдің аузына да жеттік.Ақсақалдардың айтуынша, Құныскерей қазақ халқының хас батыры, нағыз мақтанышы болған: мығым да алып денелі, жай оғындай тез, ерекше тапқыр, стратег əрі əдіскер, құралайды көзге атқан мерген болса керек. Оның арғы аталары Кіші жүзден – Байұлы-Ысық-Қадыр-ғұл-Тоғызбай-Ерназар.Қожахметов мал өсірумен айналысқан. Белсенді де мақсатшыл, жақсы білім алған ол өз ортасында өте сыйлы болатын; оған келіп кеңес сұраушылар көп еді. Жаханша Досмұхмедовпен, Қуанай Қосдəулетовпен жəне басқа да көзі ашық жандармен араласа жүріп, ол біртіндеп қоғамдық-саяси істер аренасына шыға бастады, Кеңес үкіметінің келуімен большевиктермен қызметтес бола бастады. Көп ұзамай оған болыс хатшысының – Қызылқоға аумақтық округінің (қазіргі көршілес облыстың Қызылқоға ауданы) 30-ауылында ауылнай қызметін береді.1920 жылдың мамырында «Трудовая правда» газетінде мынадай мəлімет жарық көрген: «Құныскерей Қожахметов Гурьев облысын етпен қамтамасыз етуде ерекше көзге түсті, ол – халық арасындағы Кеңес билігінің өте шыншыл, іскер, турашыл сенімді өкілі.1919 жылы халық қажеті үшін Тұзтөбе тұз өндіру орнымен байланыс орнатты».Бірақ тағдырының күрт өзгеріп, қатты өзгеретінін ешкім білмеді. Жаңа биліктің өкілдері əр кез əділ де шыншыл болмайтынын байқады. Кеңес

Page 24: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ......9 4. Жорықтың ұйымдастырылуы (Белгіленетіндер : жорықтың мақсаты

24

үкіметі малы барларға тонаушылық деңгейдегі азық-түлік салығын енгізді. Құныскерей ол кезде ауылдық кеңестің төрағасы қызметінде еді, ол ай сайын халықтан ет, май, жүн жинау бойынша есеп беруі керек болатын. Көп балалы отбасылардың азығы жетпейтінін, сонда да орнатылған нормаларды орындай алмайтынын өз көзімен көріп жүрді. Салық жинаушылар ауылдың əр тұрғынының ауласын аралап, мемлекетке азық тапсыруды талап етіп, кедейлердің соңғы азығына дейін тартып алып, білгендерін жасады. Ең қорқыныштысы, адамдар «халық жауы, контрреволюционер, қастық элемент» категориясына еніп, одан оларға қатаң репрессиялар қолданылды. Құныскерей мұндай шаралармен келісе алмады, көп ұзамай өзі де зиянкестік əрекет жасады деген күдікке ілікті.Жəне де есеп беру үшін Калмыков ауылына барар жолда қайғылы оқиға орын алды. Жолда қонақ үйге қонған ол ауладан қара терге түскен, шаршаған атты көреді. Аттың ұзақ жолдан келгенін түсінді. Үйге кірісімен өткір көзімен аттың иесін жазбай таныды. Оған дейін де Орал жақтан қашқан Олжас деген контрреволюционер-сымақты милиция іздеп жатыр деп естігенді. Түн ортасында аттар дүбірі мен шулаған адам дауысы естілді. Жолаушы мазасы кетіп, тығып қойған мылтығына жабысты. Бірақ Құныскерей оны тоқтатып, өзі шығып, қарайтынын айтты.

Үйдің айналасын Біріккен мемлекеттік саяси басқармасы мен милиция қызметкерлері қоршаған, олар жеріне жете талқандалмаған контрреволюционерді іздеп жүргендерін айтты. Олжас бөлмелес көршісіне сенер-сенбесін білмей дал болды. Содан соң шыдай алмай, аулаға атып шығып, жан-жаққа ата бастады. Оны сол жерде атып салды.Оның жанына жара салған тағы бір оқиға орын алды. Оның үйіне қонуға ескі танысы, қазір құдасы болып келетін Ерғали Аязбаев қалды. Ол – ақын, композитор, халық арасында бүлікші атанған, қызылдар үшін контрреволюционер болған. Жаралы Ерғали мен оның екі жолдасы үйде ұйықтап жатқанда Құныскерейдің үйін қоршап алды. Қожайын шыққанда естігені: «Кеңес билігінің жауын үйіңе қондырдың! Сен оны өз қолыңмен бізге бермесең, екеуің де атыласыңдар!»

Ал қазақтар ғасырлар бойы қонақтарын құдайындай сыйлаған. «Не сұрап тұрғандарыңды білесіңдер ме?! Қазақтар қонағын ешқашан да жауына ұстап бермеген! Менің үйімнен шығып, ана қырдан асқан соң ұстай беріңдер. Ал бұлай мен бере алмаймын!» деп чекистерді ырықтандыруға тырысты. Ал қуғыншылар үйге басып кіруге тырысқанда қолына винтовка алған қожайын олардың жолын бөгеді. Атыс басталып, Құныскерей тек қонақтарын қорғауды ойлады. Ал атысу шебері болған ол аудандық милиция бастығы Ырзаны қағып түсірді, ал болыстық комитет төрағасы Зиманды (айтпақшы, ол болашақ академик Салық Зимановтың əкесі) аяғынан жаралады. Бала кезгі досы болғандықтан Зиманды аяды.Біреулер үйілмелі шөпті өртеп, айнала астаң-кестең болды. Қонақтар осы шу мен түтінді пайдаланып, қоршаудан қашып шықты. Олармен бірге қожайын да кетуге мəжбүр болды. Кері қайтуға жол жоқ еді. Ырзаның өлімі үшін оның үйін өртеді, əкесін өлтірді, əйелін тұтқындап, жер аударды, балаларының да тағдыры аянышты болды.Көп ұзамай Құныскерей Кеңес билігіне көңілі толмаған ауылдастарынан жасақ құрды, алайда олар күші көп қарсыластарынан ойсырай жеңіліс тапты. Алайда топ жетекшісі қашып құтылды. Қоян-қолтық ұрыста кездескен қарсыластарының бірі «Бұл адам емес, сайтанның өзі! Мұнымен құдайым енді кездестірмесін!» деп айқайлап жіберді.

Page 25: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ......9 4. Жорықтың ұйымдастырылуы (Белгіленетіндер : жорықтың мақсаты

25

«Жас өлкетану» үйірмесі

Тналиева Аила 7. Аты аңызға айналған Аққұм

Аққұм — құмды алқап. Қаратөбе ауданының Егіндікөл ауылынан 10 километр жерде. Ұзындығы 18 километр, ені 8 километр. Осы жер 10-12 ғасырларда ежелгі қаланың орны болған деген жорамал бар. Халық аңыз-əңгімесі бойынша, ірі сауда орталығына айналған. Ол жергілікті тайпалар арасындағы соғыстар кезінде жойылып кеткен. Археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп (АМ.Панченко, Ғ.В.Кушаев), алтын бұйымдар, əскери құралдар, тұрмыстық құрал-жабдықтар, т.б. нəрселер табылған. Қаратөбедегі өлкетану музейінде Аққұмнан табылған экспонаттар қойылған.

Аққұм туралы аңыз. Ерте, ерте, ертеде атағы аспанға жайылған, сөз сөйлесе елі қостайтын, жауға шықса батыр боп бастайтын өз елінде тыныштық пен еркіндікті теңдей ұстап отырған Алшағыр деген қалмақ ханы болыпты. Оның жауынгерлері елден ерек батыл,өзгеге ұқсамайтын айлакер еді. Алшағыр хан өз елінің бірлігі мен татулығына, күші мен айбындылығына сене отырып, жан-жағындағы елдерді жайпай отырып басып ала беріпті. Жайықтан Алтайға дейінгі жерлерді басып алып, өз үстемдігін жүргізіп отырыпты. Жаулап алған жерлерінің ішіндегі шөбі шүйгін, суы мол Шыңғырлау өзеніне жақын орналасқан құмды аймақтың ортасына өз қамалына салдырыпты. Қамал биік жəне əсем тастармен өрілген көрген адам таңғаларлықтай сəн-салтанатқа ие болыпты.

Алшағырдың осы кезде сұлулығы адам айтса сенгісіз,пенде емес періштедей аққу мойын, сұлу жүзді Аққұм есімді қызы болыпты. Оған əкесінің басқа елдерді зорлықпен жаулап алып, өз қарамағына қаратқаны ұнамады. Қарапайым халықтың көз жасына қалып, қиянаттылықпен жасап отырған жамандығының арты жақсылыққа апармайтынын ақылды қыз сезген еді.

Бірнеше елдерді хас батырларының көмегімен өзіне қаратқан Алшағыр бірде көзі Тоқтарбай деген қазақ жерінде Қыпшақ елінен шыққан малды молынан ұстаған, байлығы өзгеден артылған бір байға көзі түсіпті. Бұл ру туралы ойын білген қалмақ ақсақалдары ханға байдың батыр баласы бар екенін айтып, сабырға шақырады.Егер олардың еліне тиіссең соңында қиындыққа тап боларсың деп болашағын ойлап, тоқтау салады. «Жарты жерді билігіме алғанмен, қайдағы бір байдың баласынан қорқамын ба?» –деп, ақсақалдардың айтқан ескертуін құлаққа ілмей, бар батырын жинап алып, бай еліне шабуыл жасайды. Бақтарына орай, байдың баласы жорыққа аттанып кетіпті. Елінің амандығын ойлаған Тоқтарбай, бірден келісімін беріп, жеңілгендерін мойындапты. Оның бар үміті соғысқа аттанған баласының тезірек оралып, ешқандай қырғынсыз өз елдерін қорғап алады деген сенім еді. Бар ақсақалдар қорқа отырып, қауіп төндіреді деген елдерін ешқандай шығынсыз жаулап келгендеріне мақтанған Алшағыр өз билігіне масаттана түскен еді. Ал Алшағырдың қызы Аққұм əкесінің бұл қылығына ұялатын.

Page 26: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ......9 4. Жорықтың ұйымдастырылуы (Белгіленетіндер : жорықтың мақсаты

26

Осы бір заматта Тоқтарбайдың ел айтып жүрген батыр ұлы Қобыланды жеңіспен елге оралған еді. Елін шауып, əкесін қарамағына алғанын естіген батыр қаны басына шауып бірден қалмақтар еліне аттанып кетеді.

Сары дала, аппақ құмдардан құралған жазықтықтың алқабындағы жалғыз тұрған үлкен қамалды көрген батыр, қас жауының осылар екенін сезіп, келген бойымен бірден шабуылға аттанады. Жанында Сейілдің ұлы Қараман, айбынды Орақ жəне қыз да болса батылдығымен көзге түскен ер ару Қарлыға бар еді. Барысымен қамалдың есігінің алдына тұра қалып Алшағырды айқасқа шақырады. Бармасам қорықты дер деп қамал сыртына аттанады. Осы кезде

Алшағырдың қызы Аққұм əкесінен қиянатқа бармай, мəмілеге келіп, елін қайтарып беруді сұрайды. Қызының бұл мінезін жасықтыққа балаған əке, қызының назына дауыс көтере жауап қатып, өзі қамал сыртындағы Қобыландымен шайқасуға аттанады. Екеуі үш күн, үш түн шайқасады. Ақыр аяғында Алшағыр жеңіліп, сол жерде өлім құшады. Ал хас батырларға балаған жауынгерлерге қамалды тастай салып, өз елдерінен қаша жөнеледі.Ал Алшағырдың қызы əкесінен қанша көңілі қалса да, сол жерде əкесінің жанына келіп, əкесі жасаған бар қиянатқа өзін де кінəлай отырып, өз өмірін қияды. Ал қалмақ елін қазақ батыры Қобыланды өз елі Қараспан тауының жанына көшіріп алып келеді. Содан бері Қобыланды шапқан жер Алшағырдың ақылды қызы Аққұмның есімімен аталып кетті. Аққұм қорығы – Шыңғырлау ауданының көп бөлігін алып жатыр ал қалған бөлігі Қаратөбе ауданына қарайды. Аққұм солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзындығы 18 шақырым, батыстан шығысқа қарай 8 шақырым ендікке созылған құстың сопақша жұмыртқасы тəріздес құмды жоталар. Осы жер ХII-ХIV ғасырларда ежелгі қаланың орны болған деген жорамал бар. Халық арасындағы аңызға сəйкес Аққұм шағылы - Алшағыр ханның шаһары, ірі сауда орталығы болғанға саяды. Аққұм шаһарын Алшағырдан өшін алған Қобыланды қиратқан деген де аңыз бар. Аққұм – аудандағы құм атауы. Аққұм – тарихи жер. «Бұрын осы жерде қала болған, онда Алшағыр ханның ордасы орналасыпты» деген аңыз бар. «Қала ХІІ-ХІV ғасырларда өмір сүріп, кейін шапқыншылықтан қираған» деген жорамал да жоқ емес. Ел арасындағы əңгімелерге сүйенсек, Аққұм шаһарын Алшағырдан өшін алған Қобыланды қиратқан екен дейді. Аққұм туралы «Қобыланды» батыр» жырының Марабай ақын жырлаған нұсқасында да кездеседі. Бұл аңыздың негізсіз емес екендігін археологтардың зерттеулері де растайды. Олар жүргізген қазба жұмыстары нəтижесінде көне ақшалар, көптеген алтын білезік, сақиналар, көне қару-жарақтар – қайқы қылыштар, садақ жебесінің ұштары, қорамсақтар, темір сынықтары, үй тұрмысына керекті заттардың сынықтары табылған.Аққұм өңірін Қобыланды батыр жырындағы сюжеттермен байланыстыратын деректер аз емес. Аққұмнан 60-70 шақырым жерде Қобыланды мазары, Қобыланды ауылы дейтін жерлер бар. Аққұмның тылсым сырын

Page 27: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ......9 4. Жорықтың ұйымдастырылуы (Белгіленетіндер : жорықтың мақсаты

27

тануда онымен қатарлас орналасқан Хан орны, Шəр, Оқ атқан, Шымылдық, Едіге тоғайы, Қаратал, Қарауылтөбе атауларының мəні зор.

«Жас өлкетану» үйірмесі Тналиева Алина

8. Шыңғырлау ауылының тарихы

Құлан тарамысын созып, қыран кереге қанатын жайған ұлан ғайыр қазақ даласының тарихы сан ғасыр шежіресін артқан талай ауыр томдарға жүк болса да,əлі де толық айтылып бітпепті. Əлімсақтан сəйгүлік мініп, сайын дала самалына с үңгіп, еркін сайран салған сақ, сармат бабамыздан бері талай тарих қатталып, туған жер төсіндегі əр тас, əр тау мен əрбір бұта шежіреге айналған – тын. Біздің бұл басылымда əңгіме қылмағымыз да осынау ұлы тарихтың титімдей бір бөлшегі, шежірелі Шыңғырлау өңірінің тарихи мұрасы, көне жəдігерлері мен ежелгі ескерткіштері туралы болмақ. Таң торғайы шырылдап, құланиектеніп қүн шуағы төгілгенде осы өңірдегі төбесін алғаш күн шалатын белгілі биік таулар, ғасыр ескерткіштері, қорымдар мен ескі бейіт – зираттар тарихы бүгінде сол тарихты зерттеуші аға буын ғалымдар, тарихшылар көзімен сыр шертеді. Бүгінгі Шыңғырлау ауданы көлемінде нақты зерттелген, тұжырымдар жасалып, тарихи жəне мəдени мұра мəртебесі берілген 183 археологиялық ескерткіштер жиынтығы бар. Бұлардың барлығы арнайы қатталып, бірнеше тарихи басылымдарға шықты. Дегенмен біз өз оқырманымызға осы жəдігерлерді тарихи деректерге сүйене отырып, тағы бір сарапқа салып өтіп, өз өңіріміздің қазақ тарихындағы өзіне тиесілі орнын анықтап беру. Аталған жəдігерлер ішінде көп жағынан ерекше, бірегей Еуроазиялық дерек болып есептелетін Үлгілі ауылы маңындағы бейітте жəне 2002 жылы əлемдік каталогқа кірген Лебедевка ауылы маңындағы бейіттік кешендер де бар. Бұл маңда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары тас ғасырына жататын тіршілік іздерін, жекелеген тұрақтар мен орындарды, сонымен бірге пластина, микролит жəне нуклеус бейнесіндегі тас құралдарды тауып отыр. Кейінгі кезеңнің ескерткіштері, қола дəуірінен орта ғасырлық дəуірге дейінгі аралықтағы ескерткіштер обалық бейіттер түрінде. Бұл оба- бейіттер Үлгілі елді мекені маңындағы Елекшар қорымында табылған болатын.

Мұндағы көне жерлеу ескерткіштері ерте қола дəуірінің (б.з.д. ІІІ мың.ж. екінші жартысында) көне ұра (шұңқыр) мəдениетіне жатады жəне сол уақытта Шығыс Европа мен қазақ даласында, яғни біздің өңірімізде мал шаруашылығы қалыптаса бастаған. Жерлеу ғұрпында обалық тəсіл негізгі салтқа айналған бұл қорымдардағы қабір кешендері Б.Қ. тарих жəне археология орталығы отрядының қызығушылығын тудырды. Мысалы, осы зираттағы №3 қабірдегі қабір шұңқырының құрылысы, қызыл бояумен боялған қаңқа сүйектер, құрал-сайман заттар (мысалы: алқа, бұрамалы сымнан жасалған қола түйреуіштер) біздің өңіріміздің ежелгі тарихы туралы құнды деректер берген болатын. Осыннан табылған қола заттар «қоймасы», найза ұшы, лавр жапырағы пішіндес пышақ,

Page 28: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ......9 4. Жорықтың ұйымдастырылуы (Белгіленетіндер : жорықтың мақсаты

28

шот балта, самай сақина мен самайға тағылатын көп орамды əшекей – балдақ, бұл қабірлердің орта қола дəуірінің жəдігері екенін айғақтайды.

Тарихи терминде прохоровтық жəне щиповтық деген мəдени – хронологиялық кезеңдерге жататын ерте темір дəуірінің ескерткіш обалары да біздің өңіріміздің Лебедёвка ауылы мен Елекшар маңындағы қазбалардан табылып отыр. Оңтүстіктегі Егіндікөл ауылынан Лебедевкаға дейін құлаш жайған Есен-Амантау үстіртіндегі көшпелілер тұрғызған жүздеген обалар, осы үстірттің батысынан шығысқа қарай бір шақырымға созыла орналасқан оба-қорғандар тізбегі мен Лебедевка бейітінің тіктөртбұрышты сағана – ғибадатханалары жатыр. Үстірттің орта тұсында скиф дəуіріне жататын ірі обалар жатыр жəне бейіттердің батысы мен шығысы шеттерінде ғұн дəуіріне жататын шаршы ғибадатханалар да табылып отыр. 1966 жылы оралдық өлкетанушы Б.И.Багриновтың жүргізген қазба жұмыстарынан бастап, күні бүгінге дейін Ғ.А.Қошаев (ОПИ), М.Г. Машкова (КСРО арх. институты) бірлесе жүргізген зерттеулер, бұл жұмыстарды əрі жалғастырған археолог Б.Ф.Железчиков пен В.А. Кригер жұмыстары жəне өткен ғасырдың 80-жылдарында облыстың өлке тану мұражайының қызметкері Б.Райымқұлов, 2002 жылы тарих ғылымының докторы, профессор М.Н.Сыдықовтың жасаған қазба жұмыстары біздің өңіріміздің тарих дамуындағы алар орнын анықтап, мақтаныш сезімін тудырады.

«Жайық жұлдыздары» үйірмесі Тлегенова Фатима

Page 29: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ......9 4. Жорықтың ұйымдастырылуы (Белгіленетіндер : жорықтың мақсаты

29

9. Шыңғырлау ауданының топонимдері

Торыатбас тауы. Торыатбас тауы бор жұрнағы Орал маңы үстірті сілемдерінің оңтүстік – батыс жүйесіне жатады. Оның беткейлері Шыңғырлау өзені аңғарына қарай бағытталған. Бетінде бор кезеңіндегі теңіз жануарларының қалдықтарын кездестіруге болатын жоғарғы борлы шөгінділермен күрделенген. Торыатбас –шағын тау. Шыңғырлау ауданындағы Белогор селолық округінің аумағында, теңіз деңгейінен 211 метр биікктікте орналасқан. Аумағы – 1,6 гектар. Тау етегінде тұшы сулы бұлақ көздері бар əсіресе емдік

қасиеті мол өсімдіктер көп өседі. Тау Марксизм ауылынан солтүстікке қарай 5 километр жерде орналасқан. Белогор ауылдық округінің аумағында жатыр, ауданы 50 га. Ескерткіш типі – ландшафты – геоморфологиялық. Торыатбас тауының атының өзі тарихи ат екендігін білдіріп тұрғандай шырайлы өлкеміз шыңғырлаудың да тарихи жерлері бар екендігін көреміз. Шыңғырлау ауданының Торыатбасы елді мекеніндеескерткіш құлпытастар орнатылған. Бүгінде батырдың жатқан жері көпшілік құрмет тұтып, тəу етер киелі орынға айналған. Туған жер топырағының қасиеті дарыған батырлар өткен өңіріміз патшалық Ресейдің өзі үшін жиып санаса сөйлескен Сырым бабамыздың да ізі түскен мекен, Арынғазы сұлтан, атақты Қаратай сұлтан көтерілістері дүр сілкінткен аймақтың бір бөлшегі. Жоламан, Тіленші ұлының қозғалысына куə болған сайын дала, кешегі Исатай Махамбет бастаған көтерілісте де талай азаттығы үшін қырқысқан қантөгіс шабуыл шайқастар мен Ресейдің сұрқия саясат аренасына айналған еді. Бұл арада тоқтала кететін бір жайыт осы аталған ірі тарихи оқиғалардың кейбір тұстары біздің өңірімізде болғандығын дəлелдейді. Торыатбас тауы беткейлерінде Батыс Қазақстан облысының өзге ешбір жерінде кездеспейтін гүлді ырғайды жлықтыруға болады. Торыатбас тауы, аталуына қарай əрқайсысы тарих қатпарынан шежіре шерткен Қылыш тау, Қалмаққырған, Қыземшек, Жыланды, Ханшатыры, Алақантау төбелері бабалар мұра еткен киелі бойтұмар іспетті. Бұл биіктер туралы тарихи деректер, ел аузында талай аңыз əңгімелер арқау болған. Жергілікті ақын – Жазушылардың өлеңі мен өнеріне шығарма-туындыларына өзек болған бұл таулар Шыңғырлау елінің мақтанышына айналған.

Белогор елді мекен маңайында шоғырланған Ақшат үстірті мен Торыатбас тауы, қолмен қашаған алып табиғат туындысындай.

Ерте Жомарт деген батыр ел арасында өмір сүріпті, Оның астында торы аты болыпты. Сол торы атымен аң аулап, халқына көмек бергенекен. Жомарт батыр аң аулап келген кезде торы атын тарандырып, суарып, бағып күтіпті. Астындағы атының жүйріктігі ұшқан құстай болыпты. Осы аттың сыртынан байлар

Page 30: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ......9 4. Жорықтың ұйымдастырылуы (Белгіленетіндер : жорықтың мақсаты

30

«ойпырмай»- деп таң қалыпты. Осы торы аттың арқасында тоқсан үйлі кедей үйлері тамақтанып,киініп күнкөріпті. Ал байлар болса, бұл атты қызғанып қалай да өлтірудің амалын іздейді. Түнде өлтірмекші болып, бел байлайды. Сол кезде алланың əмірімен күн күркіреп, найзағай ойнайды. Өлтірмекші болған байлар, əлші күннің каһарынан қорқады. Қызғаныш оты неге де болса тоқтатпайды. Уəделескен сертімен торы атты өлтірмекші болып қылышын көптеген кезде, ат тасқа айналады. Жомарт батыр таңертең тұрса, өзінің атына қатты қайран қалады. Аты торы аты тасқа айналған екен. Сол мезетте Жомарт батыр халқын жинайды. Рахатын көріп отырған халық жылап, таудың басына аттың бейнесін көтеріп алып шығарады. Сол күннен бастап, торы аттың аты жоғалмас үшін тау «Торыатбас» деп аталған екен.

Қыземшек тауы. Қыземшек тауы оқшауланған шошақты тау жұрнақтары су мен жел эрозиясына ұшырауынан пайда болған. Тау жұрнағының пішіні қыздың кеудесіне ұқсағандықтан осылай аталған. Қыземшек – аласа тау. Тау жұрнағының абсолюттік биіктігі шамамен 200 метр, ал салыстырмалы биіктігі 25 – 30 метр. Барлық беткейлері көлденең жоғарыдан төмен қарай деуге болатын су қазындыларымен жырымдалған. Төбелер Утва өзенінің оң жағасында Қайыңды ауылынан 2 километр жерде орналасқан. Қараағаш ауылдық округінің аумағында шамамен 20 гектар ауданды алып жатыр. Шыңғырлау ауданы орталығынан бірнеше км қашықтықта орналасқан. Теңі деңгейінен биіктігі 98,2 метр. Тау əк тастарынан құралған, теңіз табаны тартылғанда көтерілген биіктік. Онда əк тастары, теңіз жəндіктерінің мүрделері кездеседі. Шығыс жағы биіктеу, батыс беткейі жайпақ. Ескерткіш типі – геоморфологиялық. Қыземек маңында жыртқыш аңдардан ак каскыр қабан кездеседі, сонымен қатар, қара қарға қара торғай бауырымен жорғалауыштардан сары бас жылан кездестіруге болды.

Ертеде бір қатыгез тұяқ дегеннен бір жалғыз қызы бар екен. Күндердің күнінде қыз да бой жетті, қызым өсті байыған үстіне баии түссем деп армандаған хан қызын бай баласына береді. Қыз болса өзінің сүйіктісі кедей жігітті таңдады. Əкесінің бай баласына қызын бермек болып жүргеннің бір күні қыз естиді, сол кеште сүйікті жігітімен кездесіп болған жайды айтып береді.

Өз сүйіктісімен бақытты болғанды армандаған қыз сол түнде жігітімен қашуға бел байлайды. Бір – біріне ғашық болған екі жас бақытты болатындарына сене отырып туған жерлерін тастап қашып кетеді. Қызының кедей жігітпен кетіп қалғанына хан қатты ашуланады, уəзірлерін шақырып екуін іздеп табыңдар. Ұстап алған жерлерінен өлтіріңдер, уəзірлер ханның бұйрығын орындайды. Жолда жігітпен қызды кездестіріп ұстап алған жерлерінен қатыгездікпен өлтіреді. Бірінші жігітті өлтіріп қылышын лақтырылған жерге тау пайда болады. Ол тау «Қылыш тау» деп осылай аталған екен.

Page 31: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ......9 4. Жорықтың ұйымдастырылуы (Белгіленетіндер : жорықтың мақсаты

31

Екінші қыздың екі анарын кесіп, қорлап өлтірген жерде тағы бір тау пайда болған екен. Ол тау «Қыземшек тауы» деп халық атаған екен. Бұл аңызды ауылымыздың көне көз қариялары осылай деп айтып берді.Шыңғырлау ауданы орталығынан бірнеше километр қашықтықта орналасқан. Қыземшек тауы оқшауланған шошақты тау жұрнағының пішіні қыздың кеудесіне ұқсағандықтан осылай аталған. Қыземшек – аласа тау.

Сарқырама - Орал маңы үстіртінен бастау алатын Бұлдырты өзенінің бастауында салынған бөген. Сарқырама Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Қарағаш ауылдық округіне қарасты Ақсуат ауылынан солтүстік –шығыс бағытында 4 шақырым қашықтықта орналасқан.Облыс орталығы Орал қаласынан Сарқырамаға дейін-225 шақырым. Аудан орталығы Шыңғырлаудан-115, Округ орталығы Қарағаш ауылынан Сарқырамаға дейін-20 шақырым. Сарқырама бөгені «Қыз Əулие» бұлағынан қоректенеді. Бұл бөгенді 20 ғасырдың басында үйір-үйір жылқысын суару үшін Нармағамбет болыс

Бұлдырты өзенін бөгеу арқылы салдырған. Нармағамбет болыс айналасына терек отырғызып, таудың қиыршық тастарынан сарқырама жасаған. Атырау жерінен балық əкеліп жіберген. Сарқырама-киелі су. Сарқыраманың ауданы-20000 шаршы метрге жуық. Орташа тереңдігі-4 метр. Ең терең жері-6 метр. Суының температурасы- +14-18 градус. Қыста судың бетінде жұқа мұз қатады. Су терең болғанымен, судың түбіндегі балдырларды, балықтарды жай көзбен анық көруге болады. Сарқырама суының шипалық қасиеті бар. Жергілікті халық оның суын тамақ, құлақ, асқазан, қан қысымы, буын ауруларын емдеуге қолданып келеді.

«Əулие қыз» бұлағы туралы аңыз. Бұл аңыз əңгіме біздің ауылға қарасты Ақсуат елді мекеніне байланысты болмақ.Ертеректе осы ауылда бір отбасы өмір сүріпті. Сол отбасының жалғыз қызы болған. Қызы ата-анасының қасында бақытты балалық шағын өткізеді. Бір күні қыз тəтті ұйқыда жатқанда, түсіне əулие ата аян берген екен. Əулие ата ауылдағы бұлақтың көзін ашуын өтінеді-мыс. Қыз осы түс көргеннен кейін, сол бұлақтың көзін ашуға

Page 32: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ......9 4. Жорықтың ұйымдастырылуы (Белгіленетіндер : жорықтың мақсаты

32

кіріседі. Күнде түнгі уақытта қыз өз орнында жоқ болады да ал таңғы жуық өз төсегінде жатады екен. Мұны байқаған анасы қызының тырнағының лас, қолының жарылып жара болғанын аңғарады. Сөйтіп, анасы қызынан қолына не болғанын сұрайды. Қыз басынан өткен оқиғаны анасына баяндап береді. Өзі бұлақтың көзін ашам деп, ауыр дертке шалдығып өмірден өтеді. Осы қыз өмірден өтсе де, бұлақ əлі күнге дейін Ақсуат елді мекеніне бар. Сол қыздың құрметіне бұлақты «Əулие қыз» бұлағы деп атаған. Бұлақтың қасында «Əулие қыз» бейіті орналасқан. Жəне де «Əулие қыз» бұлағының қасынан ешкім екпесе де, ағаш өсіп шығыпты. Бұлақ басына келген меймандар сол ағашқа ақтық байлайды. «Əулие қыз» бұлағы жыл бойы бір күйде тұрады. Бұлақтың суы мөлдір, тап-таза. Бұлақтың суының, жанындағы ақ бордың емдік қасиеті бар. Осы бұлақтың суы-жанның нағыз емшісі. Бір қызығы зерттеушілер зерттегенде бұлақтың құрамынан көп көлемде күміс табылған.

Нармағамбет бөгеті–Жосалы өзенінің үстінде. Нармағамбет болыс бұлақ суына 7 бөгет салған. Екеуі ауыл шетінде. Бөгеттер мал, əсіресе жылқы суару үшін ерекше қажет болған. Сондықтан оны қар мен жаңбыр суы жиналатындай етіп арнайы бөгеген. Нармағамбет болыстың жылқысының үйірінің көптігі соншалық, алды ішіп болған уақытта кейіннен қалған тай-тұяққа су жетпей қалатын болған дейді айтушылар. Сол бөгеттер осы күнге дейін бар. Кей жерлері мүжілгенмен көктемде жиналған қар суын тоғанға толтырып, ауыл малына қызмет етіп тұр.

Ерғұл шағыл - «Ертеде сол жерде Табын, Мұрат, Дес, Есболай руынан шыққан байлар тұрған. Соның ішінде Ерғұл деген бай адам болыпты. Оның үйір- үйір жылқысы болыпты. Бір жылы қыс өте қатты болып, аяғы жұтқа ұласады. «Байдың малы бір жұттық» демекші Ерғұл байдың жылқысы осы жұтта қырылып қалады. Қалың жылқыға қоныс болған бұл мекен содан Ерғұл шағыл аталыпты-мыс»

Шоқайтерек – тылсым табиғаттың

ғажаптығын көрсететін, 6 кісінің құшағы əзер жететін алып бəйтерек. Шоқтыбай тоғайының ішінде орналасқан. Тоғай арасындағы бір биіктікте тұр. Ортасында екі адам еркін орналаса алатын үңгір бар. Қараған көзге басқа ағаштардың атасындай боп елестейді. Көктеген кезде көлеңкісі мол көрікті ағаш.

Халықта Шоқайтерек туралы мынандай аңыз бар. «Ертеде, көп жылдар бұрын Шоқай деген құдіретті батыр қазақ даласының əміршісі болған деседі. Ол əділ батыр болған. Жас кезінде оған өзінің жерін қорғап жүру оңай болған жоқ. Оның жалғызы «Ақтұлпар» деген аты болады. Оны Шоқай «Дала Ханшайымы» деп атаған. Күндер өтіп жатты.

Бір күні батырдың тұрған аймағына басқа рудан жас та, дөкір жігіттер шабуыл жасады. Шоқай олармен соғысты. Соғысқа қатысқан Шоқай қатты жараланады. Жараланғанымен өз жерін қорғап қалады. Жараланған Шоқай бір жіңішке ағаштың көлеңкесіне құлап, қансырап жатады. Ал оның жылқысы Ақтұлпар өз иесіне өзеннен су əкеліп, бетіне шашады. Шоқай жылқысының ақылды екеніне таңданады.

Page 33: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ......9 4. Жорықтың ұйымдастырылуы (Белгіленетіндер : жорықтың мақсаты

33

Бірақ қозғалуға əлі келмейді. Тұлпары оған қамқор болады. Көп ұзамай Шоқай қайтыс болады. Ақтұлпар иесін жас ағаштың түбіне жерді тұяғымен қазып, көмеді. Батырдың зиратын сақтау үшін Ақтұлпар аузымен əкеліп, ағашты суарады. Күндер өте келе Ақтұлпар ағаштың үлкен болып өскенін байқайды. Ағаштың көлеңкесінде рахаттана дем алып жүреді. Батырдың жаны өзінің жанында екенін сезінеді. Ақтұлпар ыстық күннің бірінде əлсіреп, нашарлап сол жерде жан тапсырады». Міне Шоқайтерек атауы осыдан шыққан деседі. Айналасы ашық алаңқай, жасыл кілемдей əр түрлі шепке толы жерде өсіп тұрған алып бəйтерек кім-кімнің де назарынан тыс қалмасы анық. Жуандығына бірнеше адамның құшағы жетпес, 20-25 метрдей биік теректің жасын болжау тіпті мүмкін емес. Тек тілім-тілім «əжімдерінен» аз жасамағанын аңғарасың. Бір ғажабы, табиғат эрозисиясы қанша «мазаласа» да, айналасына бір қураған бұтақ түспеген жасыл жапыраққа толы алып бұтақтары салмақтан ба, жер анаға иіліп, тағзым еткендей тиіп жатыр.

Жергілікті тұрғындардың айтуы бойынша, қай жылдары екені белгісіз, Шоқайтерекке найзағай түсіп, алғашқы ажарынан біршама өзгеріп кеткен. Табиғи апат салдарынан кейін де алып бəйтерек қурап, солып кетпей, бұрыңғы қалпында қалды. Биіктігі өзгеріссіз қалып, көлеңкесі сал, өз орнында мізбаспай тұрғаны оның киелі ағаш екенін айғақтайтындай. Терек түбінде найзағай түскеннен пайда болған адам сыйып кететіндей үлкен үңгір көрінеді, бірақ ол да тереңнен нəр алған теректің қурауына түк те əсер етпеген.

«Жайық жұлдыздары» үйірмесі Есқалиева Алина

Page 34: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ......9 4. Жорықтың ұйымдастырылуы (Белгіленетіндер : жорықтың мақсаты

34

6.Жорық қорытындысы

Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» атты бағдарламасының мақсатына сай өткен экспедиция кезінде оқушылар тарихи орындармен танысып, жергілікті жердің танымал адамдарының өмірі туралы əңгімелер, аңыздар жинақтап, танып біліп, өлкеміздің тарихқа толы құнды жерлерін зерттеп, ішкі туризмді дамыту мақсатымызда өлкетанулық білімдерін көтеріп, үлкен əсермен оралды. Қызықты жорығымыз осымен аяқталып, Шыңғырлау елімен қимай-қимай қоштастық. Əр жеткіншектің бойында туған өлкеміздің тарихына деген қызығушылық оянып, айтылған деректерді, көрген жаңалықтарды зерттеп, зерделеуге ұмтылған талпыныстар жүрек түбінде жатты. Өйткені, Отан, халық, ел, жер деген ұғым өте ауқымды. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұрған ұлы мұрат – міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тəрбиелеу болып табылады. Еліміздің бүкіл халық болып, мемлекет болып құрылу тарихында талай тар жол, тайғақ кешулерді басынан кешіріп үнемі шапқыншылардың шабуылына төтеп берумен өмірін өткізген халқымыз елді, жерді қорғаудың қадірін ерте түсініп, баласына ана сүтімен бірге Отанын сүюге жəне қорғауға тəрбиелеген. Осынау көк туы желбіреген Қазақ елінде бейбіт те тату- тəтті, «Мəңгілік елді» ұрандап өмір сүру бұл бүгінгі ұрпақтың үлесі болып отыр. Осындай қазіргі қазақ жерінде өмір сүру жастарға мақтаныш, мəртебе екені сөзсіз

Page 35: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ......9 4. Жорықтың ұйымдастырылуы (Белгіленетіндер : жорықтың мақсаты

35

7. Бейнесуреттер

Сурет-1. «Шырайлы мекен Шыңғырлау» туристік-өлкетану

экспедициясының ашылу салтанаты.

Сурет-2. «Жұмағазы хазірет - Дəдем атамыздың» құрметіне салынған кесенедеміз.

Page 36: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ......9 4. Жорықтың ұйымдастырылуы (Белгіленетіндер : жорықтың мақсаты

36

Сурет-3. Ж. Досмұхамбетов атындағы мектеп музейіне экскурсия сəтті.

Сурет-4. «Күнбатыс Алаш ордасының құрылғанына 100 жыл» Алаш музейіне экскурсия.

Page 37: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ......9 4. Жорықтың ұйымдастырылуы (Белгіленетіндер : жорықтың мақсаты

37

Сурет-5. Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылына естелік.

Сурет-6. Құныскерей батырдың үңгірі.

Page 38: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ......9 4. Жорықтың ұйымдастырылуы (Белгіленетіндер : жорықтың мақсаты

38

Сурет-7. Егіндікөл ауыл маңындағы Аққұмы.

Сурет-8. Сарқырамада оқушылардың тыңығу сəтті.

Page 39: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ......9 4. Жорықтың ұйымдастырылуы (Белгіленетіндер : жорықтың мақсаты

39

Сурет-9. Орманға бивуак құрып, орналасудамыз.

Сурет-10. Торатбас ауылындағы Құттығай Сатыпалдыұлы ескеркішіне экскурсия.

Page 40: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ......9 4. Жорықтың ұйымдастырылуы (Белгіленетіндер : жорықтың мақсаты

40

Сурет-11. Торатбас тауы

Сурет-12.Шыңғырлау ауданының ақындары Шотпанов Адақ Танабайұлы, Елемесов Қаршыға Асуұлы,

Байбоатов Самат Сергейұлымен кездесу кеші.

Page 41: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ......9 4. Жорықтың ұйымдастырылуы (Белгіленетіндер : жорықтың мақсаты

41

Сурет-13. Шыңғырлау аудандық тарихи – өлкетану музейіне экскурсия.

Сурет-14. «Шырайлы мекен Шыңғырлау» саябағына саяхат.