21
Бинур Абділбаева тарих пәнінің мұғалімі Алматы облысы Райымбек ауданы Біздің өлкедегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс. Сабақтың мақсаты: 1.Біздің өлкеміздегі 1916 жылғы ұлт- азаттық көтерілістің шығу себебі, маңызы жайлы айту. 2. Ұлт-азаттық көтерілістің тарихи әдеби шығармаларда алатын орны және Қарқара көтерілісі туралы естеліктерді айта отырып дамыту. 3. Оқушыларды өз Отанын сүюге тәрбиелеу. Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы Сабақтың түрі: Конференция сабақ Көрнекілігі : Қазақстан Республикасы және Кеген ауданының картасы, Ереуілтөбе ескерткіші суреті, суреттер. Пайдаланылған әдебиеттер : М.Әуезов «Қилы заман» Т .Жұртбаев«Бейуақ» Қарқара айбаты/ құжаттар мен материал - дар жинағы/ Жетісу, Қазақ батырлары ,Қарқара газеті материалдары, Парасат журналы. Сабақтың жоспары : 1.1916 жыл Қарқара көтерілісі / тарихшы сөйлейді / 2. Қарқара көтерілісі туралы естелік әңгімелер / оқушылар зерттеушілер/ Қазақ халқы қадымша жыл қайырудан бергі дәуірде халықтың елдігін, ездігін, ерлігін сынайтын үш

45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view1932 – 1933 жылдары 100 мыңнан астам балалар есепке алынып балалар үйіне орналастырылды

  • Upload
    others

  • View
    20

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view1932 – 1933 жылдары 100 мыңнан астам балалар есепке алынып балалар үйіне орналастырылды

Бинур Абділбаева тарих пәнінің мұғалімі Алматы облысыРайымбек ауданы

Біздің өлкедегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.

Сабақтың мақсаты: 1.Біздің өлкеміздегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің шығу себебі, маңызы жайлы айту. 2. Ұлт-азаттық көтерілістің тарихи әдеби шығармаларда алатын орны және Қарқара көтерілісі туралы естеліктерді айта отырып дамыту. 3. Оқушыларды өз Отанын сүюге тәрбиелеу.Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағыСабақтың түрі: Конференция сабақКөрнекілігі : Қазақстан Республикасы және Кеген ауданының картасы, Ереуілтөбе ескерткіші суреті, суреттер.Пайдаланылған әдебиеттер : М.Әуезов «Қилы заман» Т.Жұртбаев«Бейуақ» Қарқара айбаты/ құжаттар мен материал

- дар жинағы/Жетісу, Қазақ батырлары ,Қарқара газеті материалдары, Парасат журналы.

Сабақтың жоспары : 1.1916 жыл Қарқара көтерілісі / тарихшы сөйлейді / 2. Қарқара көтерілісі туралы естелік әңгімелер / оқушылар зерттеушілер/ Қазақ халқы қадымша жыл қайырудан бергі дәуірде халықтың елдігін, ездігін, ерлігін сынайтын үш кезеңді басынан кешті. Ол 1. «Жарық дүниеге келгенде қан уыстап туған » Шыңғысханның шапқыншылығы;2. Елді еңіретіп « ақтабан шұбырынды » еткен жоңғар ойраны;3.Ең талмауытты – талмалы тұсы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің қарсаңы. Тарих қазақ жұртының шаңырағын үш рет шайқалтты. Халық жадында үш заманға үш қарғыс ат тағылды. 1.«Ойран заман» 2.«Зар заман» 3.«Қилы заман». Міне осы «Қилы заман » кезеңінде қоғамдағы тұрақсыздық, әлеумет-тік әділеттілік жолындағы күрес, шаруашылық жүргізудің ескі әдістерінің әлсіреуі , теңсіздіктің етек алуы Россияның алыс аймақтарына да әсерін тигізді. Қазақстанның жерінде күрес оты лаулады. Торғайдағы, Жетісудағы көтерілістермен қатар таулы өңірде де халықтың ақ патшаға деген өшпенділігі ашу болып арнаға түсті. Қарқара көтерілісіне оның басталуына қоғамдағы қалыптасқан жағдай әсерін тигізді. Ең алдымен патшаның ел ішіндегі отарлау саясатының, халықты езіп – жаншудың, алым-салықтың тағы басқа қанаудың күшейе түскендігі себеп болды. Қарқара көтерлісінің шығуына патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы тыл жұмысына қазақ балаларын алу туралы жарлығы сылтау болды. Жарлық халықты дүр

Page 2: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view1932 – 1933 жылдары 100 мыңнан астам балалар есепке алынып балалар үйіне орналастырылды

сілкіндірді, қарсы күштің топтасуына жағдай жасады. Патша жарлығы бойынша Қазақстаннан 391065, ал Жетісу облысынан 87000 адам тыл жұмысына алынуы керек еді. Сол бір 1916 жылдың 7 шілдесінде Қарқара-ның төріне Нарынқол-Шарын учаскесінің бастығы пристав Подварков / М.Әуезовтың «Қилы заманындағы » Ақжелке / барлық болыстарды, ауыл ақсақалдарын жинап, патша жарлығымен таныстырды. Елдегі ашық наразылыққа, қозғалысқа Жәмеңке, Ұзақ, Әубәкір, Серікбай, Тұрлығожа секілді ел ақсақалдары басшылық жасайды. Олар майданның қара жұмысынажігіттерді жібермеуге келісім жасап, анттасады.Жәмеңке атамыздың «Берсекбала өледі,бермесек шал өледі» деген сөзі ереуілдің өн бойында ту болып көтеріледі, ұран болады. Шілденің 11-де Қарқарадағы «Айттөбеге » жиналған 1,5 мыңнан астам адам алғашқы шабуылды ұйымдастырады,ереуіл ұзаққа бармады, себебі қарусыз, дайындықсыз болған еді. Ереуіл кезінде патша ұлығының «Қара жұмысқа адам алу жайлы келісеміз» деген өтірік сөзіне сенген көтеріліс басшылары Қарқара жәрмеңкесінде қолға түседі. Көтеріліс басшылары Жәмеңке, Ұзақ бастаған 18 адам 22 шілде күні Қарқарадан Қарақол қаласын-дағы түрмеге қарулы күзетпен айдалып кетті. Оларды патша жендеттері аяусыз жазалайды. Қарқара көтерілісі осылай жеңіліске ұшырағанымен Жетісу жерінде бұл тарихи оқиғаның маңызы ерекше болды. 1926 жылы Қарқара жазығында көтерілістің 10 жылдығы атап өтілді. ОразЖандосов пен Ыдырыс Көшкінов секілді мемлекет қайраткері дәрежесіне көтерілген халықтың адал ұлдары ұйымдастырды. Ереуіл төбеге тас үйді, осыдан кейін көтеріліс болған жер «Ереуілтөбе» деп аталды. 1987 жылы көктемде Ереуіл төбеге ескерткіш орнатылды. Ескерткіште екі қылыштың сабы бір-біріне қаратылып, ұштары жерге қадалған, ортасында Қазақстан туы бейнеленген. Жанынан Кеген ауылындағы өлкетану музейінің бөлімшесі ашылды, онда аудан тарихын баяндайтын материалдар жинақталды. Батырларым, ерлерім Ұрпаққа үлгі болғандай ... ... Қарқара десе Қарқара Жер жоқ мұндай жалғанда, «Ереуіл төбеге» ту тігіп- Қан жұтқызып жауларға.... / ел аузынан / Сабақтың екінші бөлімінде оқушылар өздері дайындап оқып келген материалдары бойынша сөйлейді. Қарқара көтерілісі туралы естеліктер:1 оқушы. Кәрібай Мерекеевтің / Алматы облысының Балқаш, Кеген, Ұйғыр аудандарында партия-совет және шаруашылық қызметінде болған/ Қарқара қаһармандары жайлы айтқаны: Жәмеңке Мәмбетов. Архив құжаттарындағы деректерге қарағанда ол Қарқарадағы оқиғаға байланысты қамауға алынған кезінде 78 жаста болған. Патша әкімдерінің толтырған құжаттарының бәрінде Жәмеңке есімі алдымен аталады. Сексенді алқымдаған жасына

Page 3: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view1932 – 1933 жылдары 100 мыңнан астам балалар есепке алынып балалар үйіне орналастырылды

қарамастан ел жадында ол еңсегей бойлы, денесі тіп-тік, шоқша сақалды, сопақ бас қария кейпінде сақталған. Ұлық алдында еш сескенуді білмеген дегенінен қайтпаған, мойымас өр мінезді тұлға ретінде елестейді. Сотқа берген жауабында хат танымайтынын, өз кіндігінен тараған бес баласы бар екенін мәлімдейді. Жәмеңкенің Сыдық, Сыдықбек, Смағұл атты ұлдарынан тараған немере, шөберелері бұл күнде Алматы атрабының әр қиырында тұрады. Ұзақ Саурықов - Кеген, Нарынқол өңірінде аты аңызға айналған батыр атанған кісі. Прежевальск уезінің сотына 1918 жылы 5 тамызда берген жауабындаҰзақ жасы 65-те, сауатты, әйелі, жеті баласы бар екенін көрсетеді. Айыпкерден жауап алу протоколында сондай-ақ оның екі рет сотты болғаны, бұдан 18 жыл бұрын ат ұрлағаны үшін, кейін екі жылға кесілгені атап көрсетілген. Ұзақ турашыл, ойындағыны бетке айтатын, қайсар да ер көңілді адам болған. Ж.Қарабаев пен Ә.Жазылбековтың « Көтеріліс көкжалдары » естелігінде Жәмеңке таң бозара дүние салғанда тұла бойын ашу кернеп кейіген Ұзақ қабағын түйіп қатуланып Жәмеңкені құшақтап жоқтау айтады: Жан жолдасым Жәмеңке, Сүйкімді едің әрдайым. Жолдасым сенен ажырап, Қайткенде мен шыдайын. Әрі жолдас, әрі дос. Өстік бірге туғандай Қарақол мәңгі мекенің Торқа болсын жатқан жай.2 оқушы. Құрман Қожахметов.Әкелер ұлағаты. Москва, Алматы, Фрунзе қалаларының мемлекеттік орталық архивтерінде Қарқара көтерілісі жайлы өте құнды құжаттар жатыр. Қарқара көтерілісінің ерлері келер ұрпақтың қамын ойлаған. Ұзақтың «Таңбалы тасында » Серікбайдың «Бөлексазында» Жаңабайдың Қарқара жайлауында кеңестер өтеді. Кеңеске қатысқан кедейлер «Ұзақ, Жәмеңке, Жаңабай, Серікбай елім десе еңіреген ерлерсің! Шеш мынау зар заманның түйінін. Не істейміз?» дейді. 11 шілде күні көтеріліс басшылары «Ереуіл төбеге» келеді, сол жерге ту тігеді. Қарқараның қойын-қойнауы жайлауынан 1000 атты қазақ жиналады, бала бермейміз, бұрынғыдай салық алсын дейді, іс насырға шауып патша адамдары көтерілісті басады, көтеріліс басшыларын қамауға алады. 3 оқушы. С.Қожабековтың « Көзіммен көрген қилы кезең » естелігінен .4 оқушы. С.Байжановтың « Қанды қақтығыстар » естелігінен т.б оқушылар оқығандарын ортаға салды. Түйін: 1991 жылы 14 желтоқсанда Қазақ ССР Ғылым академиясының тарих және этнография институты «Алматы облыстық» кеңесінің аудан орталығы Кегенде ғылыми конференция ұйымдастыруы өлкеміздегі тарихи кезеңді жоғары бағалауы деп есептейміз, осы жылы көтерілістің 75 жылдығы, 2006 жылы 90 жылдығы атап өтілді, бұл елдің Қарқара қаһармандарына деген

Page 4: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view1932 – 1933 жылдары 100 мыңнан астам балалар есепке алынып балалар үйіне орналастырылды

сүйіспеншілігі, құрметі. Туған халқының келешегі үшін бостандық жолында құрбан болғандардың есімдері ешқашан ұмытылмайды.

Page 5: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view1932 – 1933 жылдары 100 мыңнан астам балалар есепке алынып балалар үйіне орналастырылды

Бинур Абділбаева Меркібайқызы № 3 Кеген орта мектебінің тарих пәні мұғалімі

АРАЛ, КАСПИЙ ТАЙПАЛАРЫ ТУРАЛЫ САРАМАНДЫҚ САБАҚ Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың жаңа материалдарды оқулықтан өз бетінше оқып үйренуін ұйымдастыру, оқулық мәтінін саралау, тарихи оқиғаның уақытын біліп қана қоймай оны өзінше айтып беруге төселдіру.

2. Өз пікірін дәлелдеу, тарихи оқиғалар туралы басқа пікірлерді де түсіну қабілетіндамыту және жетілдіру.

3. Экологиялық тәрбие беру және қазақтың тарихын жете білуге үйрету. Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы. Сабақтың әдісі: Оқушының жаңа тақырыппен өз бетінше жұмысы. Сабақтың көрнекілігі : Қазақстан Республикасы картасы, суреттер, сөзжұмбақ, экология кітабы, ҚСЭ. Білім тексеру үш кезеңнен тұрады:

1. Тест.2. Хронологиялық есеп3. Математикалық ойын.

Жаңа сабақ 4 кезеңнен тұрады:1. Сабақтың тақырыбы және мақсаты айтылады- оқулық мәтінімен таныстыру, жұмыстың қалай жүргізілетінін түсіндіру.2. Оқушыларға өз бетінше жұмыс істеу тапсырмалары беріледі. Мұғалім ұйымдастырушы , кеңес беруші.3. Оқушылардың жауаптарын тыңдау, түсінігін тексеру.4. Оқушылармен сөзжұмбақтар арқылы бекіту кезеңін жүргізу, бағалау.

Оқушылардың білімдерін тексеру: 1. Оқушыларға 5 сұрақтан тұратын тест сұрақтары таратылып беріледі. /3 мин/ 2. Тақтаға хронологиялық есеп жазылған плакат ілінеді. «Арал – Азия – Қазақстан » халықаралық комитетінің құрылған жылын тап?

1

9

8

7 -

1. ҚР рәміздері қашан қабылданды?

Page 6: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view1932 – 1933 жылдары 100 мыңнан астам балалар есепке алынып балалар үйіне орналастырылды

2. Шілікті қорымындағы «Алтын қорған» қай жылы қазылды?3. ҚР астанасы Астанаға қай жылы көшті?4. Есіл обасында жерленген сақ ханзадасының жасы?

4. Математикалық ойын / есептер шығарылады /

1- есеп. 1600 санын 4-ке бөліп, оған 1598 санын қосып, Берел қорымында жүргізілген қазба жұмысының уақытын анықтаңыз.

2 – есеп. Б.з.б. ІХ ғасырдан б.з.б. ҮІ ғасырды азайтсаңыз жебелерді қоладан жасау тоқтатылып, темірден қай ғасырда жасай бастағанын білесіз. 3 – есеп. 13 тұрақты санды екіге көбейтсеңіз Есік обасынан қанша таңбадан тұратын жазуы бар күміс тостаған, қасық табылғанын білесіз ? Жаңа сабақ. Оқушыларға тапсырмалар таратылып беріледі.

1. Арал - Каспий өңірінің географиялық жағдайы / оқушыларға экология оқулығы, газет материалы берілген, сұраққа қажетті жауапқа мәтін мен қосымша материалдарды пайдаланып дайындалады./

2. Дай / дах / массагет тайпаларының орта темір дәуіріндегі орналасқан жері жайлы жазба деректерде ...

3. Көне дай және кейінгі адай тайпалары арасында қандай байланыс бар ?4. Дай - массагеттердің шаруашылығы ? 5. Арал - Каспий тайпаларының тұрмыстық заттары ?6. Арал – Каспий өңіріндегі қызықты археологиялық ескерткіштер ?

ІІІ кезең. Түсініктерін тексеру кезеңі.1. Үстірт пен Маңғыстауға солтүстік далалы – орманды аймақтардан көшпелі

тайпалар қашан келіп қоныстанды ? / б.з.б. ІҮ – ІІ ғ. /2. Дай – массагет тайпаларының қайда орналасқандығы туралы кімнің жазба

деректерінде кездеседі ? / Герадоттың, Парсы патшасы Ксерекстің /3. Б.з.б.І мың жылдықта Арал – Каспий теңізі аралығын қандай тайпалар мекендеген ?

/ Дай, сақ-массагет /4. Апарн тайпасын бастаған Арсақ Парфияның үлкен бөлігі мен Гирканияның

онымен шектес аймақтарын қашан басып алды ? / б.з.б. 248-247 ж. /ІҮ кезең. Бекіту. Сөзжұмбақ. « Арал »

АР

А

Л

1. Дай тайпаларының бірінің көсемі ?2. Каспий теңізінің ежелгі атауы ?3. Арал – Каспий теңізі аралығын мекендеген тайпалардың бірі ?4. Маңғыстау жеріндегі қорым ?

Page 7: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view1932 – 1933 жылдары 100 мыңнан астам балалар есепке алынып балалар үйіне орналастырылды

І қатар№ Аты – жөні Жауап саны Тест бағасы Қойылатын баға 1 Советжанұлы Алмат 1 1 1 1 1 5 52 Кеңес Айгүл 1 1 1 5 534

І І қатар№ Аты – жөні Жауап саны Тест бағасы Қойылатын баға 1 Меркебай Димаш 1 1 1 1 1 5 52 Алмабек Аслан 1 1 3 334

Бағалау сабақтың өн бойында оқушылардың жауаптары есепке алу парағында белгіленіп отырып жүргізіледі.

Үйге тапсырма . Жұмыс дәптерінен 2 ші тапсырманы орындау, баспасөз беттерінен Арал туралы оқып келу.

Page 8: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view1932 – 1933 жылдары 100 мыңнан астам балалар есепке алынып балалар үйіне орналастырылды

Адилбаева Бинур Меркібайқызы«№3 Кеген орта мектеп мектепке дейінгішағын орталығымен» мемлекеттік мекемесіМектеп директорының оқу ісі жөніндегіорынбасары, тарих пәнінің мұғаліміКеген селосыҚонаев көшесі 101 үй2 – 21 - 16 , ұялы тел - 87759325185

Адамзат биігін білекпен емес,Біліммен бағындырудың заманы Н.Ә. Назарбаев

VІ тарау. Қазақстанның мәдениеті ( 1920-1945 жж.)

БІЛІМ

Ғылым

Ақиқат

Парасат Таным

Сана

Логика

Ойлау

Page 9: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view1932 – 1933 жылдары 100 мыңнан астам балалар есепке алынып балалар үйіне орналастырылды

§15 Білім және ғылымСабақтың мақсаты :1920 – 1945 жылдардағы ересектер арасындағы сауатсыздықты жою, халық ағарту ісінің, кәсіптік білім берудің, ғылымның даму үрдістері, ұлт зиялыларының жаңа толқынының өсіп шығуы туралы білу, өлке тарихымен байланыстырып, оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысын тыңдау. Жоспар:1.Ересек адамдардың сауатсыздығын жою.2.Халық ағарту ісінің дамуы.3.Кәсіптік білім берудің жайы.4.Ғылыми - зерттеу жұмыстарының дамуы.5.Өлкеміздің мақтаныштары 1924 жыл – «Сауаттсыздық жойылсын» қоғамы ересектерді сауаттандырумен айналысты.1928 жылы республикада сауаттылар саны 25 пайыз болды, бұл аз еді.1931 жыл – 15 пен 50 жас аралығындағыларды міндетті түрде жаппай оқытуды енгізді. 1939 жыл – республика халықының сауаттылығы 65%-ке жетті.

Білім беруге жұмсалатын қаржы өсіп отырды.

• 1932 – 1933 жылдары 100 мыңнан астам балалар есепке алынып балалар үйіне орналастырылды.

• Қазақ мектептерін дамытуға ұлттық зиялылар ықпалы ерекше болды :• А.Байтұрсынұлы – суретті әліппені, мысал – жұмбақтары жинақтарын;• Ж.Аймауытов – қостілділік және ана тілін оқыту әдістемесін;• Ә.Бөкейханов – география оқулығын;• Қ.Сәтбаев /Том университетінің студенті/ - алгебра оқулығын құрастырды.

1928 жыл12 млн

1932 жыл60 млн

1937 жыл447 млн

1940 жыл682 млн

1930-1931 жылОтырықшы аудандарда Жалпыға бірдей оқу енгізілді 1931 жыл көктем

Көшпелі аудандарда

20 жылдар ортасы

73 татар 40 өзбек 35 ұйғыр 44 неміс Бастауыш мектептер

Page 10: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view1932 – 1933 жылдары 100 мыңнан астам балалар есепке алынып балалар үйіне орналастырылды

1920-1945 жылғы ағартушылар

Page 11: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view1932 – 1933 жылдары 100 мыңнан астам балалар есепке алынып балалар үйіне орналастырылды

1926-1927жылдары зерттеу жұмыстары

бүкіл Қазақстан аумағындастатистикалық–экономикалық,

топырақ - ботаникалық, геологиялық,гидрогеологиялық салаларда жүрді

1932 жыл

КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы базасын құруға жағдай жасалды, құрамында екі сектор-зоологиялық және ботаника секторлары мен Алматыдағы Ботаника бағы болған еді

1935 жыл

1. Геология және тарих секторлары құрылды.2.Қазақ тілі мен әдебиеті және шығармашылық секторлары бар Қазақ ұлттық өнер институты мен ғылыми зерттеу институты қосылды. Геолог ғалымдар табиғи ресурстарының толық зерттелмегеніне қарамастан республиканың одақта:---түсті металдар , барит пен сурьма қоры жөнінен -1-ші;--- мұнайдан – 2ші--- көмірден - 3 ші орын алғанын атап өтті.

Page 12: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view1932 – 1933 жылдары 100 мыңнан астам балалар есепке алынып балалар үйіне орналастырылды

Өлкемізден шыққан ғалымдар

Ақай Нүсіпбеков Кеңес Нүрпейісов Мамыров Нұрғали

Рысмендиев Әрмен Ахметов Әділ Мұрат Қойшыбаев

Сағатбек Медеубеков

Page 13: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view1932 – 1933 жылдары 100 мыңнан астам балалар есепке алынып балалар үйіне орналастырылды

Жоғары оқу орындары

Мектепті бітіріп жоғарғы оқу орнында сабақ беріп жүрген оқытушылар

Page 14: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view1932 – 1933 жылдары 100 мыңнан астам балалар есепке алынып балалар үйіне орналастырылды

Жоғарғы оқу орнындағы мектебіміздің мақтаныштары

Page 15: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view1932 – 1933 жылдары 100 мыңнан астам балалар есепке алынып балалар үйіне орналастырылды

Хронологиялық диктант.

Сауатсыздықты жою қоғамықұрылды

Республикада 25 пайыз сауаттылар болды

Республикада 65 пайыз сауат-тылар болды

100 мыңнан астам балабалаларүйіне орналасты

30 мың адам білім алды

Қазақтыңтұңғыш жоғары оқу орны

Қазақстанда зерттеу қоғамы құрылды

«Жұлдызды сәт» ойыны

1.Тұңғыш ашылған жоғарғы оқу орнынакімнің есімі берілді?

2.Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстанда қанша жоғары оқу орны болды?

3.Қанша арнаулы оқу орны болды?

4.Тараз қаласындағы қазба жұмыстарын кім басқарды?

5.КСРО Ғылым Академиясының қазақ бөлімшелері қашан құрылды?

Үйге тапсырма.

Page 16: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view1932 – 1933 жылдары 100 мыңнан астам балалар есепке алынып балалар үйіне орналастырылды

«ХХІ ғасыр – білім ғасыры» шығарма жазып келу. Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасын оқу,бір ғасыр аралығын

салыстыру.

1930 2030