13
«Мұхтар Әуезов – біздің бүгінгі адамзатқа ортақ мәдениет шеруіне қатысуға жолдама алып берген елшіміз» Н.Назарбае в

ұлылық туралы ұлағат 2

  • Upload
    sanvia

  • View
    706

  • Download
    12

Embed Size (px)

DESCRIPTION

 

Citation preview

«Мұхтар Әуезов – біздің бүгінгі адамзатқа ортақ мәдениет шеруіне қатысуға жолдама алып берген елшіміз»

Н.Назарбаев

Әуезовтың шығармалары, әсіресе, - «Абай» романы, қазір совет өлкесінің сыртына да кең жайылып, немістің, чехтың, поляктың, болгардың, қытайдың, тағы бірнеше елдердің тілінде оқылып жатыр. Шығармалары сонша кең жайылуының арқасында Мұхтар Әуезов қазір дүниежүзілік аты бар жазушылардың қатарына қосылды. Қазақ әдебиетінде драматургия жанры, тек, Мұхтар Әуезов қана ашқан жаңалық. Одан бұрын қазақтың ұлттық әдебиетінде ауызға аларлық пьесаның өзі түгіл, исі де болған жоқ.Қазақ драматургиясының алғаш жолын Мұхтар Әуезовтің қаламынан 1917 жылы туған «Еңлік-Кебек» пьесассы тартты.Осыдан басталған қазақ драматургиясының тарихына Мұхтардың өзі жиырмадан астам пьеса қосты. Сәбит Мұқанов.

Мұхаңдай шешен адамды өз басым ғұмырымда көріп білген емеспін.Мінбеде не кафедрада күркіреген өзенше тасып, яки толассыз сіркіреген ақжаңбырша төгіліп тұрушы еді.Және бір кереметі-Мұхаңды енжар тыңдау мүлде мүмкін емес.Өйткені ол жазғанда ғана емес, ауызекі сөйлеген сөзде де ғаламат суреткер болатын.

Зейнолла Қабдолов.

Әуезовтің және бір үлкен ерлігі – қазақ тілінің барша сұлулығы мен құдірет күшін бүкіл әлемге танытып бергені.Ол өз ана тілінің тек мазмұн байлығын ғана емес, үн байлығын,әуез байлығын да жайып салды.Оның шығармаларын оқи отыра біз өз тіліміздің сарқылмас суреткерлік құдіретін, айшықты бояу мен нәзік әуенді бірдей жеткізе алатын икемділігін көріп қуанамыз... Әуезов – нағыз сөз сиқыршысы еді, ол талай өлі сөздерге өмір бітірді, ол құраған сөз тіркесінде сезіміңді жалын боп шарпитын от шашырап тұратын-ды. Тахауи Ахтанов

Мұхтар Омарханұлы Әуезов төтенше құбылыс. Бұл қазақ жерінің өз жомарттығын танытқаны, ал тар заманның өзгеріп мейірімді, жұмсақ қалыпқа енгені. Мұнын осылай болар заңдылығы бар, өйткені халық бастауы сарқылмайды.Ондағы талант- тар толастамайды.

Мүсілім Базарбаев

Мұхтар Әуезов әдебиеттің бізде жоқ саласы-драматургияның іргетасын қалады.Асқан талантты, үлкен білімді, өте ізденгіш жазушының бұл саладағы мұнан елу-алпыс жыл бұрын жазылған тырнақ алды еңбегінің өзі сол кезде-ақ жұртшылық назарын бірден аударды, үлкен бағаға ие болды.Бұл әлдеқалай бере салған баға емес,байсалды, нық көркемдік өлшеуішпен кесіп пішкен әділ баға еді.

Хамза Есенжанов.

Қазақ тілінің көркемдік байлығын, оның ең ежелгі және ең жаңа жалпы адамдық ұғымдарды бейнелеуге құдіреті қаптал жететінін әлемге тұңғыш паш ету сыбағасы Әуезовке тиді.Белгілі себептермен мемлекеттік маңызын жойып, от басы ошақ қасының қатынас құралына ауысып, қоғамдық тұрғыдан пәстеу қалған ата тіліміздің бүгінгі күнмен үндестігін дәлелдеп берді.

Олжас Сүлейменов.

«Ат тұяғын тай басар» дейтін ескі нақыл көркемөнер дүниесіне заң емес.Бір жазушының орнын екінші жазушы баса алмайды, әрбір жазушы өз орнында бағалы. Бұдан былай қақ ортамызда ойылып қалған Мұхтардың орнын өзінен қалған асыл мұрасы ғана толтырады.Мұхтар бізге орнын қалдырған жоқ. Мұхтардай мол, құлашты еңбектер жазу борышын қалдырды, орнын жоқтатпау парызын қалдырды. Ғабит Мүсірепов.

Әлі есімде, әлі көз алдымда Абай немересі Ақылбай әнін Мұхтар өз даусымен,қоңыр үнімен орындап отыр. Мәскеулік қонақтарда, біз де ұйып қалыппыз.Ұлы Мұхаңның тұңғыш ән салған сол бір қоңыр әуені – ең соңғы қайталанбас үндей құлағымда мәңгі құлағымда мәңгі қалып қойыпты.Ол құлақтан еніп жүрекке жеткен ұлы адамның үні еді. Латиф Хамиди.

Сенің өлмес еңбектерің сені әлемдік көркем прозаның таңдаулы өкілдерінің қатарына қояды. Всеволд Иванов

Өмірімде өзіме ұшырасқан адамдардың ішіндегі ең сүйкімділерінің бірі Мұхтар Әуезов. Оның қоладан құйылған будданың дидарындай құпия жүзіне соншалықты жарасып тұратын күлкі табы көз алдымнан бір кетпейді. Илья Сельвинский.