сабақ (10) квадрат

Preview:

DESCRIPTION

 

Citation preview

GeoGebraСабақ 10 Квадрат

Дайындаған: Байназаров Талғат

Пайдаланған ресурс: http://mathandmultimedia.com/2009/11/10/tutorial-3-constructing-

a-square/

Бұл сабақта квадрат салуды үйренеміз

Нүкте және центр арқылы жүргізілген шеңбер құралын таңдаңыз

Графиктер алаңында центр мен шеңбер бойындағы екі нүктені белгілеңіз

Екі нүкте арасындағы сегмент құралын таңдап, А мен В нүктелерін шертіңіз

Перпендикуляр түзу құралын таңдаңыз.А нүктесі арқылы өтетін а кесіндісіне перпендикуляр түзуді салыңыз (рет-ретімен А нүктесін және а кесіндісін шерту арылы)В нүктесі арқылы өтетін перпендикулярды да салыңыз

Екі объектінің қиылысуы құралын таңдап, b түзуін және шеңберді шертіңіз. Олардың қиылысуы болатын D нүктесі пайда болады

Перпендикуляр түзу құралын таңдаңыз

Қатарынан D нүктесі мен b түзуін шертіңіз

Екі объектінің қиылысуы құралын таңдаңыз

Қатарынан е және d тізулерін шертіңіз. Түзулердіңқиылысуы болатын Е нүктесі пайда болады

Суретте көрсетілгендей, С нүктесін, b, d, e түзулерін және с шеңберін жасырыңыз (сәйкес дөңгелектерін шерту арқылы)

Екі нүкте арасындағы сегмент құралын таңдап, төртбұрыш шығатындай нүктелерді кесінді арқылы қосыңыз

Осындай фигура шығу керек

Қозғау құралын таңдап, квадраттың төбелерін жылжытып көріңіз. Не байқадыңыз?

Сақтауға басып, сызбаңызды сақтап қойыңыз