19

ірімшіктің түрлері

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: ірімшіктің түрлері
Page 2: ірімшіктің түрлері

Жоспары:1. Ірімшік ұғымы2. Қатты ірімшіктер

А) Швейцар ірімшігі,Б) Голланд ірімшігі В) Латыш ірімшігі Г) Ресей ірімшігі

3. Жұмсақ ірімшіктер:А) ДорогобужБ) Десерт ақ ірімшігіВ) Рокфор

4. Балқытылған ірімшіктер:А) Тұздалған ірімшіктер

5. Ашытылған сүттен жасалған ірімшіктерА)Жасыл ірімшік

Б)Әуесқойларға арналған

Page 3: ірімшіктің түрлері

Ірімшік (сыр)— сүтті арнайы өңдеуден өткізу арқылы алынатын жоғары калориялы неғұрлым сіңімді тағамдық өнімдерінің бірі . Әзірлеу және пісіру кезінде ол микробиологиялық, ферментативтік тағы басқа процестерден өтеді, соның нәтижесінде, дайын өкім сүтпен салыстырғанда дәмі және нәрлілігі жағынан едәуір құнды қасиеттерге ие болады. Ірімшіктің нәрлілік құндылығы құрамындағы ақуыз (25%-ке дейін) пен майы (30%-ке дейін) молдығымен, сондай-ақ аса бағалы амин қышқылының, В, РР тобындағы А витаминдерінің, пантотен қышқылдарының, кальций және фосфор тұздарының көптігімен ерекшеленеді. Ірімшік барлық жастағы адамдарүшін пайдалы. Оның құрамындағы нәрлі заттарды организм түгелге жуық (98—99%) сіңіреді. Құрамында май мен ақуыздардың болуына байланысты ірімшік калориялылығы 2500—4500 ккал аралығында. Ірімшік сиырдың, қойдың және ешкінің сүтінен жасалады. СССР-де ірімшіктің 150-ден астам түрі өндіріледі. Сүттің сапасына, оның өңделу жайына және технологиялық дайындау әдістеріне байланысты дәмдік қасиеттері, жұмсақ-қаттылығы және сыртқы түрі жағынан әр түрлі болып келетін ірімшіктер алынады. Осындай белгілеріне қарап ірімшікті мәйекті және балқытылған деп бөледі. Мәйекті (сычужные) ірімшіктердің өзі қатты, қаттылау, жұмсақ, тұзды және қышқыл болып келеді.

Page 4: ірімшіктің түрлері

Ірімшіктің майлылығы құрғақ затпен салыстырғанда 20%-тен 60%-ке дейін болады (ірімшіктің майлылығы оның құрамындағы ылғалға байланысты өзгеріп отырады, сондықтан майлылықты құрғақ зат арқылы белгілеу келісілген). Қатты ірімшіктің майлылығын көрсету үшін оның сыртына майлылықты білдіретін цифрлары бар казеиннен жасалған ерекше пластинкалар жапсырылады, не ірімшіктің сыртына штамп (марка) басылады. Майлылығы 50%-тен кем емес ірімшіктерге басылатын штамптың формасы — төрт бұрышты, ал 45% тен кем түспейтіндерінікі — сегіз бұрышты. Штампта майлылықтан басқа заводтың нөмірі және сол заводтың орналасқан жері көрсетіледі. Жұмсақ, қышқыл және балқытылған ірімшіктердің майлылығы туралы мәлімет олардың сыртқы қабына жазылады.

Page 5: ірімшіктің түрлері

Олар толығымен (96%) адам организміне сіңеді. Сыр құрамында минералды заттар (кальций тұздары, натрий тұздары және т.б.), А, В, Е, В,, В2, РР витаминдері бар. Сыр калориялығы 100 грамға шаққанда 250— 400 ккал-ды құрайды. Сыр сапасы әр түрлі факторларға тәуелді, ең алдымен, ол қолданылатын шикізат — сүтке байланысты. Сыр өндіру үшін қолданылатын сүт тығыздығы 1,027 г/см3 дейін, қышқылдылығы — 16—18Т, май мен ақуыз қатынасы — 1,24-тен 1,08-ге дейін, кальций мөлшері — 125 мг% болу керек. Сүтті нормалап 71—72°С температурада пастерлейді. Содан кейін сүтке кальций хлориді ерітіндісін қосады, ол сүттің мәйекті ферментпен ұйытылуын жақсартады. Сыр қамырына қыста сары түс беру үшін сүтке суда еритін аннато бояуын қосады. Дайындалған сүтті 33°С температураға дейін қыздырады да, ашытқы қосады, ал кішкенеден кейін мәйекті фермент қосады. Оның әсерінен сүтте үю процесі жүреді, оның ұзақтығы шикізат түріне байланысты 25—90 мин-қа созылады. Ұйытындыдан сарысудың артық мөлшерін алып тастайды, белгілі бір типті және сапалы сыр алу және ары қарай өтетін биохимиялық процестер жүру үшін қажет сарысу мөлшерін қалдырады. Сарысу сонымен бірге сүт қанты көбірек жойылса, сыр жетілудің микробиологиялық процестері баяу жүреді жөне керісінше. Сарысуды ұйытындыдан жою сыр дәндерін кесу және араластыру, сыр массасының температурасын өзгерту және сарысу қышқылдылығын өзгерту арқылы жүргізіледі. Ұйытындыны механикалық пышақтармен кеседі, нәтижесіңде сыр дәндері — жұмсақ ақуыз түйірлері түзіледі.

Page 6: ірімшіктің түрлері

Қатты сыр жасау үшін сыр дәндерінің өлшемі 3—6 мм, жұмсақ сыр үшін 20— 30 мм болады. Ұнтақталған ұйытындытемпературасын жоғарылату — сыр дәндерінің кебуіне ықпал ететін маңызды фактор. Қатты сырларды екінші рет қыздыру үшін температураны 8—25°С-қа жоғарылатады. Жүмсақ сырларды сыр дәндерін температуралық өңдемей алады. Одан кейін сырды пішіндейді. Ол үшін сыр дәндерін ағаш, металл немесе полимерлі қалыптарға салады. Пішінін бекіту үшін және сарысудың артық мөлшерін жою үшін оны пневматикалық немесе гидравликалық престе престейді. Сыр сапасы оның тұздалуына да төуелді. Ас тұзы сырдың жетілуі кезінде микробиологиялық және биохимиялық процестерді реттейді, дәмін келтіреді, өнім қабығын түзеді, сыр консистенциясына, формасына және шығымына әсер етеді. Тұздаудың бірнеше әдісін қолданады: ұнтақталған тұзбен, тұздықта тұздау және құрама әдіс. Соңғы технологиялық операция жетілу болып табылады. Жетілу кезінде жаңа дайындалған сырдың құрамы өзгереді, өзіндік дәмі, иісі, түсі және консистенциясы мен пішіні қалыптасады. Бұл кезде күрделі биохимиялық процестер жүреді де, сыр массасының құрамының өзгеруін тудырады. Барлық өзгерістер микроорганизмдер бөлетін ферменттер, сонымен қатар мәйекті фермент қатысында жүреді. Сырлар ассортименті алуан түрлі. Сыр түрлері шикізат бойынша, өндіру ерекшелігі бойынша, қасиеттері бойынша ажыратылады. Сүттің ұю әдісі бойынша сырлар мәйекті, сүт қышқылды жөне өнделген болып бөлінеді. Өндіру ерекшелігі мен органолептикалық қасиетіне байланысты мәйекті сырлар қатты, жұмсақ және тұздық болады, олар өз алдына типтер мен топтарға бөлінеді.

Page 8: ірімшіктің түрлері

Қатты сырлар. Бұл ассортимент жағынан кең сыр тобы. Қатты сырларға жоғары ылғалдылық (44%) және салыстырмалы катты консистенция тән.Жұмсақ сырлар. Бұл сыр өндірісінде сыр массасында көп мөлшерде сарысуын сақтауға бағытталады (ірі сыр дәндерін дайындау, екінші рет қыздырмау, өздігінен престелу). Сыр құрамында ылғал жоғары (48—50%) болғандықтан олар тез жетіледі (20—45 күн). Сыр жетілуінде сүт қышқылды стрептококтар мен таяқша фермегатерімен қатар сыр шырышының микрофлорасы мен зең ферменттері қатысады. Жұмсақ сырлар нәзік майлы консистенциямен, жұқа жұмсақ қабығымен, көзшелердің мүлде болмауымен ерекшеленеді. Жетілуге қатысатын микрофлораға толтырғыштар (какао ұнтағы, кофе,жеміс-жидек шырындары, дәмдеуіштер, татымдықтар, ас тұзы) және бояғыштар қолданады. Шикізатты алдын ала ластанудан және жеуге жарамсыз бөліктерден тазарту үшін өндейді, ұнтақтайды және рецептураға сәйкес араластырады. Қоспаға балқытқыш тұздар — фосфор және лимон қышқылының натрий тұздарын қосады. Қыздыру кезінде балқытқыш тұздар сырдағы майдың қорытылуын және ақуыз коагуляциясын болдырмайды. Балқытқыш тұздар сыр массасына енуі үшін 1—2 сағ тұрады, содан кейін 75—90°С температурада балқытады, суытады және орайды.[1]

Page 9: ірімшіктің түрлері

Қатты ірімшіктер: Швейцар ірімшігі, Голланд ірімшігі, Латыш ірімшігі, Ресей ірімшігі

Қатты ірімшіктер. Бұларға: швейцар, голланд, латыш, россия ірімшіктері жатады.Швейцар ірімшігі тобына: швейцар, алтай, совет, карпат, кубань ірімшіктері кіреді.

Швейцар және алтай ірімшігі тау шалғындарына жайылатын сиырлардың сүтінен жасалады. Бұл топтағы ірімшіктерге тән қасиеттер: дәмі тәтті, жаңғақ татиды, хош иісті, кескен кезде дөңгелек және сопақтау келген «көздері» байқалады.

Голланд ірімшігі тобына: голландия (дөңгелек және қырлы), ярославль, кострома, станислав, углич қыр ірімшігі және т. б. жатады. Бұл топтағы ірімшіктер өздерінің болар-болмас қышқыл дәмі және болмашы хош исі арқылы ерекшеленеді, ал ескілерінің исі өткірлеу болады. Қыр ірімшігінің дәмі ащылау келеді, оңай бөлінеді, ал айда кострома ірімшігіне қарағанда қаттылау. Станислав және углич ірімшіктерінің дәмі әлдеқайда қышқыл және хош иісті болады.

Латыш ірімшігі тобына, латыш, волга, краснодар ірімшіктерін жатқызады. Бұл ірімшіктерді әзірлен пісіру кезінде оның сыртқы қыртысында шырыш қалыптасып, ол өнімге ерекше дәмділік және хош иіс беріп тұрады. Латыш тобына ірімшіктердің қышқыл дәмі, өткір исі осы шырыштың ерекшелігіне қарай анықталады.

Ресей ірімшігі тобына: россия, чеддер, шығыс ірімшіктері кіреді. Бұлар басқа ірім- шіктерден сүт қышқылы процесінің жоғары деңгейде болуымен ерекшеленеді. Исі өткір, дәмі қышқыл, жұмсақ, чеддер ірімшігі — оңай бөлінеді.

Page 10: ірімшіктің түрлері
Page 11: ірімшіктің түрлері

Жұмсақ ірімшіктер: Дорогобуж, десерт ақ

ірімшігі, рокфор • Ірімшікгердің дорогобуж тобына:

дорогобуж, медынь, дорожный, калинин, смоленск ірімшіктері және т. б. енеді. Бұл ірімшіктердің бәрі де ащылау келеді, ал смоленск ірімшігінің дәмі аздап саңырауқұлақтың дәміне (шампиньон) ұқсайды, олардың акшылсары шырышпен қанталған, жұқа қабығы болады. Ірімшіктер жұмсақ, майлы келеді.

Page 12: ірімшіктің түрлері
Page 13: ірімшіктің түрлері

Десерт ақ ірімшіктің дәмі ащы, саңырауқұлақтың хош иіс білініп тұрады. Жұмсақ, қолға жұғатындай майлы, сыртқы қабаты ірімшік шырышымен қапталған. Десерт ірімшігін сақтау температура - 50С аспайды. Рокфор қой немесе сиыр сүтінен, сондай- ақ қой мен сиыр сүтінің қоспасынан жасалады. Ірімшіктің дәмі ашқылтым, бұрыш татиды, консистенциясы жұмсақ, майлы, сыртқы қабығының түрі көкшіл-сары болып келеді. Тұздалған ірімшіктер (пісіру және сақтау процесі кезінде оларды тұздыққа салады). Тұзды ірімшіктер қатарына: чанах, тушин, кобий, осетин, брынза, сулугуни т. б. ірімшік түрлері жатады. Тұздалған ірімшіктер қой және сиыр сүтінен, сондай-ақ қой мен сиыр сүтінің қоспасынан жасалады. Ірімшіктің қышқыл дәмі, өзіне тән хош исі болады.

Page 14: ірімшіктің түрлері
Page 15: ірімшіктің түрлері

Балқытылған ірімшіктерҚатты және жұмсақ ірімшіктерден, сүзбеден, сиыр майынан т.б. сүт

 өнімдерінен өңделіп жасалады. Кейбір балқытылған ірімшіктерді дайындау кезінде, сондай-ақ әртүрлі қоспалар (томат, қақталған балық және т. б.) мен дәмдеуіштер (бұрыш, зире және т. б.) қолданылады. Басқа ірімшіктермен салыстырғанда, балқытылған ірімшік сіңімділеу келеді. Негізгі шикізат түрлеріне, олардың химиялық құрамы мен өндіру технологиясына байланысты балқытылған ірімшіктер төмендегідей топтарға бөлінеді: қоспасыз және дәмдеу ішсіз ірімшіктер (совет, россия, кострома, латыш ірімшігі, сүрленген колбаса түріндегі), сары май қойылған балқытылған ірімшікт р (углич, невал ірімшігі т. б.); ішінде көсітасы және дәмдеуіші бар ірімшіктер (острый, москва ірімшігі, сондай-ақ томат соусы, дәмдеуіштері бар ірімшіктер); паста тәрізді балқытылған ірімшіктер (Дружба, Волна, Лето, Рокфор, Қышқыл сүттен жасалған ірімшіктер т. б.); балқы тып консервілен ген ірімшіктер (етерильденген, пастерленген), ауа кірмейтін қаңылтыр банкаларға салынған, балқытылған тәтті ірімшік (Шоколадты, Кофелі, Жемісті, Омичка), түстікке арналған балқытылған ірімшіктер (көкөніс тағамдарына арналған, макароннан жасалған тағамдарға арналған ірімшік, ақ саңырауқұлақ, пияз қосылған ірімшік және т. б.) — сұйық және қою тағамға арналған тұздық. Ірімшіктің жоғарыда аталған сорттарынан басқа Совет Одағының республикаларында жергілікті сорттары да жасалады. Олар пісірім дайындау процесінің жеделдігімен және құрамындағы майдың аздығымен (15% дейін) сипатталады.

Page 16: ірімшіктің түрлері

Ірімшіктің жоғары нәрлігі, сіңімділігі, жағымды дәмі мен хош исі, олардың тағамдық қасиетін арттыра түседі, сондай-ақ оны кейбір тағамдарға десерт және тұздық ретінде қолданады. Жұқалан тілінген швейцар ірімшіктері десерт ретінде, әсіресе шай, кофе не какаоға беріледі.Дәмі қышқылдау — дорогобуж, медынь, смоленск жұмсақ ірімшіктерін таңертеңгі асқа, кофе, сондай-ақ сыра немесе жүзімнен жасалған сусын ішкенде қоюға болады. Рокфор адамның тәбетін ашады, сондықтан оны әдетте салқын басытқы ретінде түстік және кешкі тамақ алдында береді, сондайақ өзге де жұмсақ ірі мап ктер секілді сыра және жүзімнен жасалған сусын ішкенде қояды.Алдын-ала кесіліп қойылған ірімшік жел қағып, кеуіл қалады және өзіне тән дәмі мен исін жоғалтады, сол себепті ірімшікті дастарқанға қояр алдында ғана кеседі. Ірімшікті өткір пышақпен кескен жөн. Рокфор ірімшігін жұқалап кесуге келмейді, өйткені ол үгітіліп кетеді, оны кесер алдында пышақты ыстық суға салып жылытыл, алған жөн. Рокфор нанға оңай жағылады. Ұнтақ күйінде жасалған көк ірімшікті немесе кез келген қатты ірімшікті піскен макаронға қосуға, май жаққан бутербродқа себуге болады.

Page 17: ірімшіктің түрлері

Тұздалған ірімшіктер әсіресе Кавказда көп тараған, оларды таңертеңгі немесе кешкі асқа қосып береді. Тұздалған ірімшіктердің ащы дәмін азайту және өте жұмсарту үшін, оларды жіңішкелеп кесіп, қайнаған суға немесе ыстық сүтке салып алады. Ірімшік кеуіл кетпес үшін оны тұтас күйінде ақ түсті дымқыл (суға малынып, сығылған) мақта-матамен, содан кейін сыртынан қағазбен, полиэтилен пленкасымен немесе фольгамен орайды, мат айы тәулігіне 1—2 дүркін сумен мұқият шаю керек. Сондай-ақ ірімшік тұрған ыдысқа бір түйір қант салып, мықтап жауып тастауға да болады. Иісті тез сіңіретін өзге өнімдерден ірімшікті бөлек ұстаған жөн. Аз уақытқа сақтау үшін (5—-7 күн) арнайы жасалған ірімшік салғыштар өте қолайлы. Ірімшік сақтайтын температура 10—120С аспауы тиіс, ең дұрысы тоңазытқышта сақтаған жөн. Жұмсақ ірімшіктерді үй жағдайында 2 күннен артық сақтауға болмайды.[1] [2][3]

Page 18: ірімшіктің түрлері
Page 19: ірімшіктің түрлері

Ашығай сүттен жасалған ірімшіктер. Бұл топқа: жасыл, сондай-ақ әуесқойлар ірімшігі жатады. Жасыл ірімшіктің дәмі өте қышқыл, өзіндік исі болады.