77
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі Орындаған: Жетекшісі:

kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

  • Upload
    others

  • View
    4

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі

Орындаған: Жетекшісі:

Page 2: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

Жоспар

І. Кіріспе бөлімҚазақ халық ертегілеріІІ. Негізгі бөлім

А)) ЕртегілерӘ) Халық ертегілернің бала дүниетанымын қалыптастырудың маңызы Б)) халық ертегілеріВ) ) Ертегі туралы түсінікС) Ертегілер түрлері Д) МысалЕ) Мысалдарды оқытуПрактикамен байланыстыруОзық тәжірибелі мұғалімдердің сабақ жоспарлары

ІІІ. Қорытынды бөлім1.Әдістемелік нұсқау2.Пайдаланылған әдебиеттер.

Page 3: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

Қазақ халық ертегілері

Page 4: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

Ерте, ерте, ертеде... жазу-сызу, кітап оқу болмаған заманда біздің ата-бабаларымыз, әйгілі жыршыларымыз өздерінің ойдан шығарған қиял әңгімелерін, тарихи оқиғаларды ұрпақтан-ұрпаққа ауызша мұра етіп қалдырған. Оларға қазақтың халық ертегілері жатады.    Ертегілер - халықтың ауыз әдебиетінен мол орын алады. Шынайы және ойдан шығарылған ауызша тараған оқиғаларды ертегі дейміз.       Ертегілер көбінесе ауызша айтылатын болғандықтан, оны ерте замандағы көркем әңгіме деуге де болады. Жыршылардың қызықты, үлгі-өнегеге толы ертегілерін естуге еңкейген кәріден, еңбектеген балаға дейін жиналып, тыңдаған,естерінде сақтаған.      Ертегілерден біздің бабаларымыздың тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін көреміз. Ертегілерде жауыздық пен әділдік, қастық пен достық, жамандық пен жақсылық күресіп, ақыры, соңғылары жеңіп шығады. Халық қиялының нәтижесінде ғылым мен техника қарыштап өсіп, аспанға ұшатын, айға қонатын корабльдер, теңіз астында бірнеше ай жүзетін сүңгуір қайықтар, жер шарының әр түпкірінен хабар алатын телетайп, телеграф, телевизорлар, жер астындағы метролар, т.б. ойлап табылды. Бұл - халықтың ой-қиялының іске асуы, адамның ақыл-ойының керемет күші.     Ертегілердің негізгі кейіпкерлері хан, оның уәзірі, шал, кемпір, мерген, тазша, қойшы, өнерпаз жігіттер, дәулер, мыстан-жалмауыз кемпірлер, айдаһар, самұрық құс, т.б. Жағымды кейіпкерлер өз жолында қорқынышты құбыжықтарға, алдырмас кедергілерге тап болады. Ер Төстік, Нан-батыр, Әбдірахман патшалар тіптен жер асты әлеміне де түсіп кетеді... Еркемайлар сиқырлы күштердің көмегімен өліп, қайтадан тіріледі. Ал Күнікей қыз оттан күймей аман шығады...    Қазақ ертегілері адамды сиқырлы күштерімен таңқалдырады: Самұрық құстың алыптылығы, адамша сөйлейтін Шалқұйрық, жәндіктер де бар... Бұл ғажайып кейіпкерлер ертегіден ертегіге «көшіп» жүреді. Ертегі мен кейіпкерлердің аттары әртүрлі, сюжеттері ұқсас бола береді. Құрметті балалар! Сіздер қазір біздің ертегі Бәйтерегіміздің негізі Самұрық құс пен оның балапандары  жайлы аңызға сапар шегесіздер. Елбасымыз да балалық шағында сіздер сияқты  «Ер Төстік» ертегісін қызыға оқып, есіне сақтаған. «Ер Төстік» ертегісінің әсерімен ғажайып «Бәйтерек-Астана» кешенін салдырды. Қымбатты жас дос! Батыл да тапқыр, батыр Ер Төстік және Хасанмен  бірге жасаған виртуалды ертегілер әлеміндегі саяхаттарыңызға сәт-сапар тілейміз!

Page 5: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

Ертегілер.

Халықтың фольклорлық шығармаларының бір мол саласы – ертегілер. Қазақ халқы ертегіге бай елдердің бірі. Қазақ фольклорындағы ертегілердің сан алуан түрлері бар. ХІХ ғасырдан бастап қазақ ертегілерінің ғажап та, көркем үлгілерін В. Радлов, Г. Потанин, И. Березин, А. Алекторов, П. Мелиранский, Ш. Уәлиханов сияқты беделді де белгілі ғалымдар жинап, жариялай бастады. Қазақ фольклорының кейбір нұсқалары “Дала уалияты”, “Айқап”, “Туркистанские ведомости”, “Туркистанкая газета”, т.б. мерзімді баспасөз бетінде жарияланып келді.

Page 6: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

Қазақ фольклоры Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов сондай-ақ М. Әуезов, С. Сейфуллин еңбектерінен де мол орын алғаны бар. Кейінгі кезде қазақ ертегілерін зерттеуге М. Әуезов, Қ. Жұмашев, Е. Ысмайыловтар белсене араласты. Қазақ ертегілерін тақырыбына қарай бірнеше топқа бөлуге болады. Олар а) мифологиялық, (қиял-ғажайып) етегілер; ә) хайуанаттар (жан-жануар) жайындағы ертегілер; б) тұрмыс – салт ертегілері. А) Қиял-ғажайып ертегілер тым ерте замандарда адам табиғат сырын толық түсініп болмаған кезде туған. Мұнда өмір көрінісі аздау болады. Мифологиялық ойлау адамдардың топ-топ болып орман, тау-тас үңгірлерін мекендеп жүрген кезеңінен бастап туса да ғажап емес. Күн, ай, от судың жойқын күштерінің сырына түсінбеген алғашқы қауым адамдары табиғатқа сиынып, табынған: бірінен қорықса, бірін қастерлеген. Оларды адамша ойлап, әрекет жасайтын құбылыстар деп ұққан. Кейбір елдерде киелі аңдарға сиыну дәстүрі де болған. Қиял – ғажайып ертегілердің сюжетінде адам иланбайтын, көңіл сенбейтін сан түрлі қызық-қызық оқиғалар болатыны рас, бірақ бұған қарап халықтың ертедегі творчествалық күштерінде бей-берекет жалған көріністер басым болды деп ойлауға болмайды. Мейлі, көз көріп, құлақ естімеген неше түрлі суреттер бола берсін, ол халықтың сергек санасын, этика, эстетикалық көз-қарастырып бүркемелей алмайды. Бұл тектес ертегілер қазақ халқының өмір тарихымен бірте қос өрім қатар жасасып келеді, мұнда халықтың бесіктегі бала, бозбала, жігіт ағасыездері айқын бейнеленген. Фольклордың өзіне тән табиғаты бар. Соның ішінде қиял-ғажайып ертегілердің өз заңы, өз тәсілдері бар. Мәселен, әйелдердің көпшілігі “ай десе аузы, күн десе көзі” бар шетінен сұлу болып келеді. Олардың тұрған жері мұз тауының ар жағында, оң тауының бер жағында. Аспандағы жұлдыздай алыстағы аруды алып келуге кәдімгі қарапайым шаруаның өзі атанады. Сол жолаушы жалғыз өзі не көрмеді: жыландар елі, аждаһа, айдаһарлар ордасы. Ол неге осыншама қауіпті жолға шықты? Әлбетте, сұлуды сүймеске2.

Қиял-ғажайып ертегілердің басты бір ерекшеліктері - өмір үнемі қозғалыста көрінеді. Бір орында тұрған зат болмайды: от тауы, мұз тауы, ұшқан құс, жүгірген аң, сұлулар еліне жол тартқан жолаушы бәрі бір нүктеден шығып, екінші бағытқа бет алып бара жатады. Аң адамға, адам аңдарға кездеседі. Олардың арасында жамандық пен жақсылық үшін күрес бір сәтке тоқтамайды. Өте ерте дәуірде пайда болған ертегілерде адамның сұлуықұстың әдемісі, сән-салтанаттың сарайы бұлар көбінесе перілер елінде деп бейнеленеді. Олардың мекені көбінесе жер асты, не су асты болып келеді. Соған орай тоғыз қабат жердің, тоғыз түрлі теңіздің астына перінің сұлу қызын іздеп, жер үстінен біреу аттанады. Оның да жолы тым ауыр. Сондай

Page 7: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

жұмбақ елді тауып, ақыры арманына жететін тағы да шаруаның бейнетшіл баласы болып көрсетіледі. Халықтың неше түрлі қызық таңғажайып аңыздарды шығару себебі - бір жағы діни нанымдарға байланысты болса, екіншіден, өзіне жұмбақ, жауабын іздеген заңдылықтарға жұмбақтық сипат берген. Мысалы, дөңгелек жердің арғы жағында не бар, ол нендей затқа сүйеніп тұр. Міне, осы сұрақтың төңірегінде жерді ұстап тұрған көк өгіз, мамонт, тасбақа сияқты мифтік ертегілерінде айтылатын осындай беймәлім үлкен жәндіктерді әдетте батырлар өлтіреді, олардың денесінен – жер, сүйегінен –тау, қанынан-өзен, көзінен күн мен ай, тісінен- жартастар жаратылған деп дәлелдейді. Бұлар өте ерте дәуір қоғамының сенім-нанымдары. Олар табиғаттағы әрбір заттың екі сипаты бар деп қараған: ой мен күн, аспан мен жер, құрғақшылық пен су, құс пен бауырымен жорғалаушылар, ақ пен қара. Мұндай көне дәуірдегі логикалық жіктеу-жер үсті және жер асты, онда мекендейтін адамдар мен перілер деп екіге бөлуге әсерін тигізген. Бір ғажабы сол, қиял-ғажайып ертегілерде еңбек пен еңбекке құштарлық өте жиі көрсетіледі. Жатып ішер жалқауды адамның қоры деп сипатайды. Ол ауру секілді өмірге масыл. Бұның қарама-қарсы ұғымы –еңбек сүйгіштік. Адам бесіктен түскен бетте қолын жерге тіреп еңбектейді, өзіне-өзі қызмет көрсетеді, өрістен жылқы қайырады, үйінде от жағады. Осының барлығы тынымсыз тірліктің, қозғалыстың белгісі болып табылады. Ондай адамадарды ертекші дегеніне жеткізуді, бақыттың балаң болуы құсын соның бөркіне қондырады, жаннан асқан сұлу қызды соған жар етіп қосады. Осының бәрі еңбектің арқасында болған нәтиже, кімде-кім еңбек етсе, сол адам өзін бақыттымын, өмірлімін деп санауға болады деген сенімді аңғартады. Фольклорлық сюжеттерде үздіксіз ағып жатқан суға ау тастап телміріп отыратын кім, әлбетте кедей шаруа. Асылы, ау жастау дегеніміз ауға не түсер екен деп күту ғой, сол секілді қарапайым халық та өмірге ау тастаған, бірақ соған ілінгені шамалы болған. Мейлі, өмірде кедейдің күткен арманы

орындалмаса да, ең құрыса өзі шығарған ертегіде өзін-өзі алдасын ба, жоқ. Кедейдің құрған ауы судан бос көтерілмейді, не үлкен алтын балық, не ділдә толған сандық, не сұлу бала жатқан жәшік шығады. Ақыры жәшіктен шыққан бала елге ақылы асып хан болады, әрі өзін құтқарып қалған кедейді мұратқа жеткізеді. Асылы, қиял, фонтазия араласқан ертегілерде бәрі өзіне -өзі орнамайды, орнататын адамның қолы. Еңбек иесінің қолындағы сәнді тұрмысын, сұлу қызын тартып алу үшін араға ханның іштарлық қызғанышы араласады, кедейдің отбасы бірлігін бұзу үшін олардың күшін әлсіретіп, алыс жолға жібереді. Тапсырмасы – шаһардың сәулесімен жарқырататын гауһар тас тауын әкелу. Мұндай сапарға бармаймын, ондай гауһарды таба алмаймын

Page 8: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

деп шаруа да кері шегіншектемейді, сен сынасаң мен сыныңа татимын деп ханның қаһарына қарсы жүреді, өмірдің ағымынан қорықпайды, қайта ағысы қатты толқынға қарсы жүзеді. Адам және жер, жер және адам деген мәселеде: дүние о баста неден жаратылады деген сұраққа фольклорлық шығармалар әр түрлі жауаптар бермек болады. Дүние судан ба, оттан ба, неден жаратылды? Жұмбақтың шешуі әр алуан, бір ертегілер айтады: алдымен дүние қараңғы болған, содан аоң жарық жаратылған дейді. Мәселен, жарық және қараңғылық деген үғым о бастан ақ философия мен дінің риторикалық басты сұрақтары болған, соған жауап беруге әрқайсысы әр түрлі болжамдар айтқан дейді. Ф.Энгельс “табиғат диалектикасы” деген еңбегінде Халықаралық мифтерде күн мен түннің, суық пен жылылықтың, қараңғылық пен жарықтың алма-кезек ауысу құбылыстарын түсіндіргенде, жарық қараңғылықпен күреседі, түннен перде түріп күн шығады, жылылық суықтықты ерітеді, жаз қысты жеңеді. Дүние осылай алма-кезек қозғалыста көрінеді. Сол сияқты жоғарыды аты аталған ертегілерде басты кейіпкер қараңғылықтан халықтың көзін ашу үшін жер астындағы жасырын жатқан отты әкеледі. Ол от кейде жеті басты жалмауыз кемпірдің қолында (“Қара үйрек”) болады, оның барған адамға қоятын талабы мынау: “Бармағыңнан бір сорғысаң, от беремін, болмаса от бермеймін”, - дейді. Бақсақ, от үшін адамзаттың күресі қазақ халқына да оңайға түспеген. Соны іздеп тапқанға шейін тыным таппаған, әрекет істеген, жол жүрегі, әйтеуір ақыры қолына отты түсірген. Бұл адамзатқа от әкелген ошақты көне дәуірдің кейіпкері Прометейді еске түсіреді. Прометей адамдарға ғылым мен қолөнерді берумен бірге, Гефест құдайдың ұста дүкенінен от ұрлап, оны адамзаттың қолына табыс еткен. Зевс құдай бұған ашуланады. Зевс айтады: егер адамзаттың қолына от тисе, олар құдайларды мойындамайды, сондықтан отты адамзатқа апарған Прометейді жартасқа таңып жазалау керек деп үкім етеді. Прометейдің бауырын бүркіт күнде келіп шоқиды. Осындай азаптан Прометейді Геракл

құтқарады. Прометейдің адамзат үшін жасаған жақсылығын бейнелеу үшін ХҮШ ғасырдағы Италия суретшісі Пьетро Стаджи мрамордан оның суретін ойып жасаған. Осы тектес от әкелу оқиғасы қазақстанға қалай келеді, оған кім қай жерден, қандай қиындықтармен әкеледі деген аңыз-ертегілердің бірнешеуі екенін ескере кеткеніміз келеді. Қазақ ертегілерінде отбасылық салттардың кейбір әлсіз жақтары да сыналады, оған көбінесе әйелдердің қанғыштығы аңқаулығы себеп болды деп түсіндіреді. Соның барлығын білдіретін жалмауыз кемпірлер. Ол сұлуларды арбайды, жолдан тайдырады. Бұқара халық осындай мінездерді сынай отырып, отбасы бірлігін, тұтастығын сақтауға ерлі-зайыптардың сақ,

Page 9: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

сергек болуына үндеп отыр. Ұсқынсыз, тұрпайы кейіпкерлерге жататын образдардың бірі- бойы бір қарыс, сақалы қырық қарыс шал. Заттың сыртқы өлшемі, оның биіктігі мен тереңдігі, қаттылығы мен жұмсақтығы бәрі түйсікке әсерін тигізетін құбылыстар. Адамдар әрбір өлшемнің атқаратын міндеті бар, ол ішкі рухани салмақтың сыртқы көрінісі деп қараған. Мәселен,бойы бір қарыс, сақалы қырық қарыс дегенде адамның азған, әлсіреген түрін елестетеді. Бұлар күнделікті қарым – қатынасына іштарлықтың ролін ойнайды. Олар нендей іске араласпасы да рәсуасын кетіреді, бүтінді бөлшектейді, әрі ыдыратады. Ендігі бір пікір дегеніміз не?. Бақыт пен байлық туралы армандағанда, іздеп-іздепп шаршаған халық оны қолы жетпейтұғын, әуеде ілініп тұрған тылсым секілді елестейді, ол кейде жүзік түрінде, кейде аттың қылы, құстың қауырсыны ретінде кездеседі. Сол бір бақыт іздеген адамға аттаған қадамын ілгері бастырмайтұғын айдаһар, жезтырнақтар тағы бар. Бақыттың, байлықтың жатқан жері жеті қабат жер астында, оған жолаушы жігіт кездейсоқ кездеседі: түн, енді не істеу керек, көрге паналайды. Шұқылап отырса, ар жағынан жанып тұрған гауһарды көреді, арғы жағын ашса, үйдің төрт қабырғасы толған алтын. Соны алмақ болады, бірақ жеті басты жылан ысқырып алдынан шығады, ақыры адам жеңіп, бақ дәулетті күреп қайтады. Әркім де бақытты болғысы келеді, ал бақыт ағып жатқан судың бетімен қалқып жүрмейді, ол еңбекпен, қайратпен келмек, оны іздемек керек.

Халық ертегілерінің бала дүниетанымын қалыптастырудың маңызы

Халық ертегілерінің бала дүнетанымын қалыптастырудағы маңызы аса зор. Қазақ фольклорындағы ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі - ертегілер. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тараған мол мұра. Оның осы дәуірге дейін жетуі ертекшілермен тығыз байланысты.Халық арасында үлкен беделге ие болған ертекшілер ертегіні шебер орындаған.Жаңадан ертегілік сюжетті тудырып толықтырып отырған. Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі мен арман-тілегін, қиялын, даналығын, ғасырлық өмір тәжірибесін көреміз.

Page 10: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

Ертегінің қай түрін алсақта ол баланың ой-қиял ұшқырлығын күшейтеді, мінез-құлқын, ерік - жігерін қалыптастырады. Сондықтанда ертегіні оқытуда оның жанрлық ерекшелігін ескеріп. тәрбиелік мақсатына айрықша көңіл бөлгеніміз жөн. Дүниеге ғылыми көзқарастың қалыптасуы ұзақ және күрделі үрдіс. Балалық шақтан балаларды қоршаған болмысқа дұрыс түсінікті тәрбиелеу қажет. Әрине, бала қоршаған ортамен өзі-ақ танысады. Дегенмен отбасы, балабақша және мектептің жұмысы балада болмысқа деген белсенді танымдық қатынасты оятуға бағытталуы керек.Болмысқа танымдық қатнасты ояту мен тәрбиелеудің бір жолы -өмірді тікелей бақылаудан басқа танымдық әдебеттерде жатыр.Бүгінгі күні оқытуға қойылып отырға талаптардың бірі-өмір шындығын балаларға халық ауызекі шығармашылығы арқылы көрсету, оның негізінде балалардың ой-өрісін, қиялын, эстетикалық және адамгершілік сезімдерін дамыта отырып, олардың халық шығармашылығына сүйіспеншілігіқ еңбек сүйгіштікке деген көзқарастарын арттыру болып табылады.Егер халық ертегілеріне педоагогикалық-психологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ мұның жас өспірімдерге танымдық әсері жоғары. Халық ертегілерінің таңдаулы үлгілері ғасырлар бойы жасалған халық шығармашылығы болғандықтан оның ішінен көркем тіл де,терең ой да,тамаша үздік кейіпкерлер де табылады. Оның осы сияқты аса жоғары идеалық көркем қасиетін балалардың санасына жеткізу үшін бұлардың да өзіне лайық оқып үйрену жолдары әдіс амалдары бар, мысалы ертегілерді алатын болсақ, ол ел аузында ғасырлар бойы сақталып айтылып әңгімеленіп келеді. Ал осы ертегілер арқылы бала айналасындағы өмірді, адамдарды кеңірек танып ұстанымдылыққа еңбек сүйгіштікке ие болады. Ертегі бала ойында сақталу үшін түрлі жолдар арқылы жүргізуге болады;Ертегі оқу. Мұнда сол ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп соның көңіл-күйін образ арқылы бейнелеп беру. 2.Пантомима ойыны. Ешқандай сөз айтпай сол кейіпкердің қимылдарын көрсету.З.Суретпен жұмыс. Әр түрлі жәндіктер бейнеленген суреттер немесебір ертегідегі барлық қимылдарды суреттер арқылы көрсету. Баланың табиғат туралы білімдерін кеңейтіп табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып, қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Сабақта үнтаспа, бейнетаспа суреттер көрнекілікті пайдалану әңгімелесу, түсіндіру.Табиғаттың әсемдігін көріп сезіне білу балалардың өмір тәжрибесін байытып, олардың эстетикалық талғамын дамытады. Туған жерге деген ыстық сүйіспеншілігін күшейтеді. Халық ұғымында табиғат деген сөз Жер - ана.туған жер, атамекен сөздері түрінде көп айтылады.

Page 11: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

Бастауыш мектеп жасында балдырғандар шын мағынасындағы оқырмандар емес, олар тек тындаушылар, көрушілер ғана. Оларға арналған шығармалар қысқа да ықшам жазылған суретті кітапшалар түрінде беріледі. Бұл жастағы балаларға арналған әдебиет жанры жағынан көбіне жеңіл сюжетке құрылған шағын шығармалар, хайуанаттар жайында жазылған әңгімелер белгілі оқиға не ойын түрлеріне құрылған өлеңдер, ертегілер болып келеді. Бұл жастағы балдырғандарға арналған шығармалардың тақырыбы көбінесе табиғат әлемінен, өзін қоршаған күнде көріп жүрген оқиғалардан алу керек. Тілі жеңіл, сөзі ойнақы болып келеді.1) Балалардың психологиясына зерттеу жасағанда,олардың ойлау түсіну қаблеттін суреттеліп,отырған оқиғанның керкем обрыздың нақтылығын дәлдігін өз өмірінің аймаласынан алуды қажет етеді.2) Әңгімеленіп отырған оқиғаның барысында мерзімі болуы шарт. Баланың ішкі дүниесіне ой-санасына бірден әсер ететін күшті де мағыналы бейнелер алу керек. Балаларды өмірдің жақсы болашағына қанағатандырып,шарықтатып отыру қажет.3) Балалар әдебетінде оқиғаны және адам характерін суреттеу,әдістерінің динамикасы ерекше болады.4) Балалар жаратылысының көркем көріністерін, пейзажды шебер суреттеуді ұнатады,оған сүйсіне қарайды.соны айналасынан іздейді.5) Балалар әдебеті шығармаларының мазмұны идеясы оларды еңбекке, ғылымға әр қилы мамандықтарды игеруіне үлес қосады.Ертегілердің танымдық-тағлымдық рөлі К.Ушинский Д.Макаренко, В.Сухамлинский еңбектерінде ерекше көрініс тапқан. Аса көрнекті педагог В.Сухамлинский өзінің педагогикалық қызметінің өн бойында мектеп оқушыларын тәрбиелеу және дамыту мәселелерімен шұғылданды. Ол ертегілерсіз дворчествасыз, қиялсыз толық мәнінде тәрбие жүзге аспайды деп саналады. Жалпы қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналып баспаға шығуы XIX ғасырдың II жартысынана басталады деуге болады. Бұл ретте Ш.Уәлиханов, Т.Потанин, В.Радлов, Э.Диваев, И.Березин, А.Алекторов және т.б аталуға болады. Кейінгі кезеңде қазақ ертегілерін зерттеуге М.Әуезов, М.Ғабдуллин, С.Садырбаев, С.Қасқабаев және басқалардың қосқан үлесі елеулі болды.Белгілі қазақ жазушысы академик М.Әуезов қазақ фольклористерінің арасында алғашқылардың бірі болып ертегілерге былай деп анықтамасын берді: "Ертегі деп бояғы замандағы елдің дүниеге көзқарасын білдіретін, я сол көзқарастың белгілі ізін көрсететін онан соң, елдің белгілі санатын білдіретін арнаулы үлгі айтатын жамандықты жерлеп жақсылықты айтқан, ойдан шығарған көтерме әңгімені айтады.

Page 12: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

Баланы еңбекке тәрбиелеуде отбасы мүшелері үлкендерінің еңбекке деген көзқарасы,еңбек істеу әрекеті әсер етеді. Баланы еңбек сүйгіштікке тәрбиелеуде, өнерге баулуда ауыз әдебиеті күшті құрал болған. Айталық,мерген,мал тапқыш, еңбек сүйгіш өнерлі жандар жайында балаға ертегі, әңгіме, өлең-жыр айтып беру арқылы баланы еңбек ардагерлерін қадірлеуге ал оған қарама-қарсы еңбек сүймейтін арамтамақ жатып ішер жалқау деген жиркенішті сезімге тәрбиелеуге болады. Өз ұрпақтарының тәрбиесі ерлі-зайыптыларға,ата-әжелерге ортақ іс,жауапты міндет болған. Көбіне ата-әжелер есте жоқ ерте замандағы, ауыздан-ауызға тарап келген ертегілер арқылы бала тәрбиесіне көңіл бөлген.Балаға адамдық қасиеттің нәрі ертегі арқылы ана сүтімен қоса сіңіріледі.Өйткені, оныңжаны күнәдан пәк, таза, көңілінде күдік жоқ. Бәріміз де жақсы жанға жайлы, одан рахат табатын ертегіні тыңдап, сол ертегілерден адам бойына керектінің бәрін сіңіріп өстік. Бала жанын қоректендіретін рухани қор - айналадағы барлық табиғат болмысы, жанды мақлұқтың бәрімен табыстыратын, терең де таң ғажайып сырларға толы ертегілер. Бала бойына тамаша қасиеттер мен адалдықты, мейрімділікті, имандылықты егетінде осы –ертек Ертегі - ауыз әдебиетінің көлемді саласының бірі. Ертегілер -бірнеше ғасырлардың жемісі. Ертегінің негізгі бір саласы қиял-ғажайып ертегілері. Бұларда өмірде болмайтын нәрселер туралы әңгімелер қозғалады. "Ұшқыр кілем","Адам жеңбек Айыртас батыр"т.б қиял-ғажайып ертегілердің де өзінше мәні үлкен. Ертегілерідің ішіндегі көне түрінің бірі - хайуанаттар жайлы ертегілердің балаға берері көп. Адамды қоршаған табиғаттың әрбір бөлшегі соныңтыныс-тіршілігі қызықты әрі жұмбақ. Мектепте сабақ үстінде кім хайуанаттар, еңбек және өнер жайында ертегілер біледі деген ойын арқылы балаларға тиянақты мағлұмат,тәлім-тәрбие беруге болады. Ертегінің бір түрі-тұрмыс салт ертегілері.Бұл ертегіде көбінесе елдің бақташылық тұрмыс - тіршіліктері суреттеледі.

Еңбек мәнін биік бағалайтын "Қотыр Торғай","Кім күшті?", "Қуыршақ" сияқты балаларға арналған қысқа ертегілердің мазмұны да аса қызық тартымды. "Кім кім күшті?"ертегісінде мұздан күшті нәрсе жоқ деп ойлайтын қырғауыл, одан жаңбыр, жер, шөпдоқты, қасқыр, осылардың бәрінен оқтың күшті екенін айтады. Ал оқтан мылтық пітесін жеп қоятын тышқақ тышқанның ін қазып,алты баптан ауыруды сүйреген құмырсқа күшті болып шығады. Өйткені ол еңбек сүйгіш "ұйымшыл". Ал "Мақта қыз бен мысық" және "Қотыр торғай" оқиғалары еңбекпен тікелей байланысты.

Page 13: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

Балаларды табиғатпен байланыстыратын ертегілердің бірі -"Орманға қар не үшін керек" деген ертегіні алуға болады.Оны оқушыларды рольге бөлу арқылы оындауға болады. Яғни рольге бөлу арқылы олардың жадында жақсы сақтап"алып қалады. Ертегі баланың ой-өрісін дамытуда үлкен үлес қосады. Жамандық пен жақсылықты ажырата алады, табиғат жайлы ертегілер баланың табиғатқа қамқор болуға;оны аялап қорғауға үгіттейді.Қазақ ертегісінің ең мол түрі - шыншыл ертегілер. Мұндағы ертегі кейіпкерлері қиял- ғажайып ертегілердегі сияқты қиялдан туған емес.күнделікті өмірден еңбек адамдарынан алынған. Мысалы; "Аяз би", "Тазша бала", "Ұр тоқпақ","Атамтай Жомарт"т.б ертегілер жатады.Қазақ халқы балаларға табиғат туралы өз білгенін үйретуді мақсат етіп,оны ретті жерде жүзеге асырған. Табиғат адамның ақыл-ойы мен тәрбиесінің сарқылмас қайнар көзі екендігін көре білген. Бар өмір тіршілігі табиғатқа болып,оның аясында өмір сүргеннен соң адам баласы өзі туып өскен жеріне деген сүйіпеншілік пайда болады. Батырлар жыры - ел - жұрттың арманы сыртқы жаулардан қорғанып, тыныштықта өмір сүру. Бұл, әсіресе ерте кездегі жаугершілік замандарда оңай болмаған. Сондай жағдайда халық ел қорғайтын хас батырларды аңсаған. Олардың батырлық қаһармандық істерін мадақтап жырға қосқан. Алғашқыда батырлардың бір ерлігі ғана айтылса, кейін басқа да жорықтар жалғасып, оқиға тізбегі өрбітілген. Сөйтіп, халық шығармаларының көлемді де көрнекті тағы бір түрі батырлар жыры пайда болған. Жырды өзі шығарып, өзі айтушы адамды жырау деп, ал жырды айтушы, таратушы адамды жыршы деп атады. Балаларға ертегілердің түрлері көп. Батырлық - эпостық, хайуанаттар жайында, тазша бала, өтірік өлең. Ал батырлық ертегілер арнайы жанрда қарастырылып жүр. Міне, сол дәстүр негізінде қазақ фольклористері соңғы жылдары батырлық ертзп жанрын бөліп алып, оны қиял-ғажайып ертегімен новеллалық ертегінің сондай-ақ қиял-ғажайып ертегімен қаһармандық эпостың аралығындағы жанр деген пікірге келді.

Қазақтың батырлық ертегілері екі сипатта болады. Бірі - көне заманда туған миф пен хикаялар, нанымдар мен ғажаиып ертегілер негізінде пайда болып дамыған көркем ертегілер. Мысалы, "Ер төстік", "Керқұла атты Кендебай " сияқты классикалық фольклор үлгілері. Бұл қиял - ғажаиып ертегілерінен кейінгі жанырдың үлгілері. Сол себепті мұндаи архаикалық элементтер көп. Екінші - қаһармандық эпостық ертеп түріне айналған нұсқалары. Олардың ішінен бір жағынан көне түрлері яғни жырға жақындай, бірақ толық ертепге аиналып үлгірмеген шығармалар бар. Ал екінші жағынан классикалық батырлар

Page 14: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

жырының қара сөзге ауысқан үлгілері кездеседі. Мысалы; "Қабанбай батыр", "Алпамыс алып"," ЕрТарғын шығармаларын атауға болады. Көптеген ертегілер мынадан деп басталады;Ерте,ерте,ертеде ешкіжүні бөртеде.Қырғауыл жүзі қызылда, Балақ жүні ұзында Атақты бір бай боптыТөрт түлігі сай болыпты,- деп басталатын ертегілердің құлақ күйінде барлық байлық дүн дүниесі сайлық алдамшы көңіл жайлық түптің - түбінде ұрпақ игілігінің қасында түкке тұрғысыз екендіпн бабаларымыз бастан-ақ өсиет етіп ерекше ескерткендей. Бабалар дәстүрін тәуелсіздік алған алғашқы күннен бағдарлы басшылықа алынган іргелі егемен еліміз, мұрагерлер мүдесін үнемі назарда ұстаумен келеді.Әлем балалар әдебетінің 50 томдық асыл қазынасынан қазақ тілінде басып шығаруды жедел қолға алуда соның бір айқын айғағы шытырманы көп мына заманда адалдық, мейрімділік, іскерлікке, отан сүйгіштік, бауырмалдыққа баулитын ертегілер.

Халық ертегілері

Халық ертегілері - халық өмірін бейнелейтін фонтастикалық негізге құралған оқиғалы көркем шығарма. Онда еңбекші халықтың ғасырлар бойы жасап келген өмір тәжрибесі, оның мәденетімен салты, әдеті мен ғұрпы, шаруашылық кәсібімен түрлері, тілінің шебер ерекшеліктері қамтылған. Табиғаттың адам баласына жұмбақ болып келген неше алуан қызметі айтылады. Үстем тап өкілдерінің зұлымдық қастандық әрекеттері халық ертегілерінің негізгі өзінің тыңдаушысына ақыл -парасаты баяндайды. Адам

Page 15: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

арманның жарқын болашағына қол сілтейді. Өмір күресіне бастайды. Ол сондықтан "халық жанның айнасы" - деп атаған.Халық ертегісінің ішінде балалардың сүйіп оқитын олардың жас еркшеліктеріне тән мұралар өте көп, халық ертегісі ғасырлар бойы балалардың ықыласын өзіне қызықтыра тартып, жас жанына әсер беріп көңілін шаттық күлкіге бөлеп қуантады. Халық ертегілерінің бай фонтастикалық балалардың ойына қозғау салып, өмірдің неше алуан қияпатын танытады, сана - сезім, ақыл - ой қызметінің ерте дамуына, ерте қалыптасуына жәрдемдеседі. Халық ертегісін балалардың сүйіп оқитын барлық ықыласынасы сүйсіне тыңдайтын, оның ғасырлар бойы ұрпақтан -ұрпаққа айтылып, әбден текшелеп халықтың тапқыр ой -пікірлері жинақталып, әрі көркем, әрі жеңіл тілмен берілетіндігінде. Халық ертегілерінің балаларды қызықтыратын тағы бір ерекшелігі ондағы адам бейнелері барлық жағынан әбден жетілген болады. Кейіпкерлердің ең терең, ең айқын және көркемдігі жағынан әбден жетілген түрлері, типтері фольклорда, еңбекші халықтың ауыз әдебетінде жасалған. Көптеген халықтардың ертегілерін атап айтуға болады. Мәселен; "Тоғыз құйрықты ақ түлкі" Қытай халық ертегісі, "Тылсым Тауыс" Үнді ертегісі,"Ата мұра" Парсы ертегісі. Міне, бұлардың бір-бірінен ерекшеліктері әр халық өз тұрмыс тіршілігіне қарай ертегілер, аңыз, әңгімелер пайда болады. Халық ертегілері ішінде балалар арасында кең тарағаны, әсіресе сүйіп тыңцайтын хайуанаттар жайындағы ертегілер. Табиғат жайында ең бай матералдар, кең түсініктер балаларға алғаш осы хайуанаттар жайындағы ертегілер арқылы берілеген "Бармақтай бала","Қотыр торғай", "Мақта қыз бен мысық". Хайуанаттар жайында айтылатын ертегілер кейіпкерінің өзі қызық. Сол күлкілі, қызық кейіпкерлердің өмір сүру өмірге икемді болуы жолындағы қақтығыстармен қарым -қатнастар олардың айла - тәсілдері жас өспірімдерге өмір жолын танытады. Кішкентай, болымсыз тіршілік иөлерінің өмірге икемділігін, жеңгіштігін көрсету тақырыбы балаларға арналған қазақ ертегілерінің барлығына да ортақ. Бұл ертегілер балалардың ой - санасын оятып, олардың өздерінің күш -жігеріне сене білуге, тапқырлыққа баулиды, мақсат жұртына жетуге үйретеді. Хайуанаттар жайындағы ертегілердің қай түрін алсақ та балалардың ұғымына сай, түсінуі жеңілде, күлкілі қызық болып айтылады. Хайуанаттар жайындағы ертегілерде балаларды қызықтырарлық және оларға ой саларлық екі түрлі сипат бар, бірінші олардың мінез өзгешеліктерін, сырт көріністерін, күн көрісін байқайды. Есіту арқылы олар енді тікелей білуге, зерттеуге құштарланады. Екінші, хайуанаттар жайындағы ертегілер арқылы соны мысал ете отырып, адамдар арасында болатын тартыстардың сыр-сипатын байқайды. Үстем тап

Page 16: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

өкілдерінің қарапайым момын елді қалай алдайтынын, арбайтынын, күш көрсетіп қанайтынын неше алуан зұлымдық әрекеттері жасайтынын біледі. Сондықтан халықтың шығармалары ішіндегі хайуанаттар жайында айтылатын ертегілер түгел дерлік балалар фолькулорының мұрасы деп қараймыз. Бұған "түлкі мен тауық" деген ертегіні мысал етіп көрейік. Бір түлкі жортып, тамақ іздеп келе жатып, биік ағаш басында отырған тауықты көреді де, бұл тауықты алдап, қақпаныма түсірейін деп ойлайды. Түлкі:-Тауығым, биікте неге отырсың? Тілімді алсаң, жерге түс, дос болайық, осы жерде намаз оқып алайық, ойнап - күлейік -дейді. Тауық:- Рас айтасың, түлкім, бесін намазының мезгілі болып қалды, анау жерде имам жатыр, оята ғой -дейді. Жердегі тауықты жеймін ғой деп жүгіріп барса,бір тазы ұйықтап жатыр екен, тұра түлкіні қуады. Түлкі қаша жөнелді. Тауық оны намазға шақырады "Байтал түгіл бас қайғы", тазы түлкіні қуып жетіп, алқымынан алады. "Біреуге ор қазба, өз басыңа келер" деген апырмай, тауық қандай түлкі қандай түлкіні тауық па еді алдағандай. Осының өзі балаларға үлгі өнеге боларлық терең ойлар айтылған.

Ертегі туралы түсінік

Ертегі - ауыз әдебиетінің ықылым заманынан келе жатқан көне де мол мүрасы. Оның ертегі деп аталуының өзінен де, сол сияқты ертегілердің «Бұрынғы өткен заманда, ерте-ерте, ертеде» деп басталуынан да оның атам заман туындысы екенін аңғару қиын емес.

Ертегілерде халық басынан кешкен, ғасырлар ізі жатыр. Оларда еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғүрпы, елдік тарихы, қилы-қилы қиын асулары, халықтың мүң шері, арман-мұраты бейнеленген

Page 17: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

Барлық елдің ауыз әдебиетінен мол орын алған және халықтың

жазу-сызу өнері болмаған кезінде ауызша шығарған күрделі

шығармасының бір түрі - ертегілер. Ертегілер көбінесе, қара сөз

ретінде айтылатындықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған көркем

әңгімесі деп қараймыз.

Халық әдебиетінің басқа түрлері секілді, ертегілер де адам баласының

еңбек-кәсіп ету, тұрмыс тіршілік құру тәжірибесіне байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатындығын толық түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял еткен; өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Бұл жөніндегі ұғым-түсініктерін, нанымы мен сенімін әңгімелеп айтатын болған. Сөйтіп ертегі-әңгімелердің алғашқы үлгілері туған. (Халық шығармасының бұл түрі «ертегі» деп аталуының өзі-ақ, онда аитылатын әңгімелердің есте қалмаған ерте заманда туғандығын анғартады).

Бертін келе, әкономиканың ілгері дамуы, қоғамдық карым-қатынастардың алға басуы, адам баласының дүние танымының, ой-өрісінің, сапа-сезімінің үлғайып өсуі жалпы халық шығармаларына, соның ішінде ертегілерге көп әсер, еткен. Осы негізде ертегілердің алғашқы үлгілері әр түрлі өзгерістерге үшырап, жаңа ертегілер туа бастаған және онда адам баласының арман-мүддесін, ой-санасы, болашақтан күтетін үміті суреттелген. Осы ретте туған ертегілерден адам баласының тұрмыс-тіршілігі, өмірі, ісі басты орын алады, қоғамдық мәні бар мәселелер көтеріледі. Бұлардың бәрін халық ертегілері көркемдеп суреттеу, образдар арқылы бейнелеген.

Бұл секілді жағдайларды қазақ ертегілері де басынан кешірген деуге болады. Алайда, қазақ ертегілерін сөз еткенде, біз оның ең алғашқы үлгілері, олардың мазмұны, көркемдік дәрежесі қандай болғандығы жағын анықтап айта алмаймыз. Өйткені ол ертегілер алғашқы айтылу қалпын сақтай отырып, біздің дәуірімізге жеткен емес. Ауыз әдебиетінің басқа түрі секілді, ертегілер де ауызша шығарылып, ауызша тарағандықтан әр түрлі өзгерістерге үшыраған, бір ертегіге бірнеше ертегінің әңгімесі қосылып араласқан. Бергі заманда туған ертегілер ерте заманда шыққан кейбір ертегілердің алғашқы үлгілерін олардың оқиғаларын бойына жинай да жүрген.

Page 18: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

Осыған байланысты тағы бір жайды ескерте кетелік. Қазақ тілінде ауызша айтылып келген ертегілердің барлығын бірдей қазақ халқы шығарған жоқ. Қазақ ертегілерінің ішінде ағайындас-аралас, көршілерден, атап айтқанда: орыс, қырғыз, өзбек, Түркімен, қарақалпақ халықтарынан алынған, бізге сіңісіп кеткен, өзіміздің төл- тумамыз болған ертегілер де бар. Бұл алуандас ертегілер кездейсоқ түрде келіп енбеген. Ол қазақ халқымен көршілердің арасында көп заманға созылған әкономикалық, ағайын-достық қарым-қатынастардың негізінде енген. Сөйтіп, қазақ халқы бұл ертегілердің жалпы мазмұнын алып, мәнерлеп әңгімелеген, өзінің тума шығармасы етіп жіберген. Сондықтан да біз оларды қазақ халқының ертегісі деп қарауға тиістіміз.

Ертегіге бай елдердің бірі - қазақ халқы. Қазақ фольклорындағы ертегілердің сан алуан түрлері бар. XIX ғасырдан бастап, қазақ ертегілерінің ғажап та көркем үлгілерін В.Радлов, Г.Потанин, И.Березин, А.Алекторов, П. Мелиоранский, Ш. Уәлиханов, Ә.Диваев сияқты белді де белгілі ғалымдар жинап, жариялай бастады. Қазақ фольклорының кейбір нұсқалары «Дала уалаяты», Айқап», «Туркестанские ведомости», «Тургайская газета», т.б. мерзімді баспасөз бетінде жарияланып келді. «Образцы народной литературы тюркских племен» атты 10 томдық жинақтарында В.В. Радлов қазак, қырғыз, ұйғыр, өзбек, әзербайжан сияқты кептеген Тұркі тайпалардың әпостық жырлары мен ертегілерін молынан жариялаған. Сонымен қатар қазақ әпосы мен ертегілерін жинап бастыру ісінде башқұрт ғалымы, профессор Әбубәкір Диваевтың еңбегі де елеулі.

Осы аталған адамдар сол кезде Орынборда, Омбыда, Казаньда, Астрахань мен Ташкентте шығатын газет-журналдар бетінде қазақ ертегілерін үнемі жариялап отырады. Олар өздері жинаған ертегілерді не орысша, не қазақша бастырады, кейде бір тілде ғана шығарады. Ертегілерді қазақ тілінде шығаратын болса (тілі қазақша әрпі орысша), онда қысқаша

мазмұнын орысша аударады. Бұлардың жинаған материалдары өткен ғасырдың бесінші жылдарынан бастап, «Дала уалаяты» газетінде, Торғай облыстық ведомосында», «Ақмола облыстық ведомосы, «Орынбор газетінде», «Орынбор губерниялық ведомосы, «Астрахань газетінде» т.б. үзбей басылып тұрады. Қазақ ауыз әдебиетінің, соның ішінде ертегілердің көптеген үлгілері, әсіресе, Омбы мен Орынборда шығатын газеттерде молырақ жарияланады.

Жоғарыда аталған адамдардың ішінен қазақ ертегілерін жинап бастыруда айтарлықтай еңбек еткендер - А. Алекторов, Пантусов, А.

Page 19: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

Васильев, Б.Дауылбаев, М. Досымбековтар. Олар ел арасынан жинаған материалдарын төрт-бес газетке бастырып отырған және жеке жинақ етіп те шығарған. Мысалы, Алекторовтың жинаған ертегілері Омбы, Астрахань, Орынбор газеттерінде үнемі жарияланып келген және ол бір ертегіні бірнеше жерде бастыратын болған. Кейіннен ол өзі жинаған ертегілерін кітап етіп 1898 жылы «Киргизская хрестоматия» деген атпен екі тілде Орынборда шығарған.

Қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін ел арасынан жинау ісіне белсене араласқан және бұл жөнінде асқан үкыптылық жасаған адамның бірі Н. Пантусов болды. Ол жетпісінші жылдардан бастап қазақ елінің көп жерін аралайды, қазақ тілін үйренеді және жүрген жерінде ауыз әдебиеті нүсқаларын жазып алып отырады, жинаған материалдарын орыс тіліне аударады. Оның материалдары, көбінесе, «Дала уалаяты» газетінде (орысша аты «Киргизская степная газета») екі тілде үзбей жарияланып Тұрады. Кейіннен ол «Қазақ-қырғыз» тілін үйренушілерге көмекші материалдар» және «Қазақ халық әдебиетінің үлгілері» деген атпен 1899-1909 жылдар арасында (әрпі орысша, сөзі қазақша) жеті жинақ шығарады. Олары Қазан қаласында басылады. Бұл жинақтарға казақ ертегілерінен көп материалдар енеді.

Қазақ ауылдарын көп аралаған, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, баспа жүзіне шығаруда бірсыпыра еңбек сіңірген адамның бірі -А. Васильев. Оның жинаған материалдары «Дала уалаяты» газеті мен «Торғай облыстық ведомосында» екі тілде үзбей басылып Тұрады және «Қазақ ауыз әдебиетінің үлгілері» деген атпен 1897 жылы «Торғай облыстық ведомосының елу шақты нөмірінде көптеген ертегілер басылады. А. Васильев жинаған «Үлгілер» 1896 жылы Орынборда (сөзі қазақша, әрпі орысша) жеке кітапша болып шығады. 1900 жылы «Дала уалаяты» газетінде «Бозжігіт», 1901 жылы «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жарияланды. Бұл екеуін де жинап, газетке бастырған А.Васильев болды. Қазақ ертегілерін жинау, баспа жүзіне шығару жөнінде советтік дәуірде бірсыпыра жұмыстар істелді. Егер Октябрь революқиясына дейін бұл істі жеке адамдар ғана жүргізсе, советтік дәуірде оған ғылыми-зерттеу мекемелері қатысады, мемлекет тарапыпан каржы бөлінеді. Мүнымен қатар, советтік дәуірде қазақ ертегілері орыс тіліне аударылып бірнеше рет жеке жинақ болып шықты. Бұл жөнінде қазақстандық жазушы Л.В.Макеев пен профессор В.Д.Сидельниковтың еңбектерін айрықша атауға болады.

Октябрь революқнясына дейін қазақ ертегілерін ел арасынан жинап алушылар болса да, оны ғылыми тұрғыдан баяндайтын үлкенді-кішілі еңбектер болмады. Бұл ретте Потанин, Васильев, Диваев, Мелиоранский

Page 20: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

т.б. бірен-саран ғана мақалалар жазып, пікірлер айтқан. Олар көбінесе қазақ ертегілерін жинау керектігін сөз етті.

Қазақ фольклоры Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, А. БайТұрсынан, сондай-ақ М.Әуезов, С. Сейфуллин еңбектерінен де мол орын алғаны бар. Алайда 30-40 және 50-жылдары казақ совет әдебиетінде халық мұрасынан безу, оның басым көпшілігі байлар мән үстем тап өкілдерінің ықпалынан туған шығармалар деп түсіну бел алды.

Алпысыншы жылдары Қазақ ССР Ғылым академиясының әдебиет және өнер институты қазақ ертегілерінің екі томдық жинағын жарыққа шығарды. Бұл іске дайындық жұмысы 1945-1946 жылдарына жасала бастағанды. Алайда 1947 жылғы партия қаулысына байланысты бұл игі бастама аяқсыз қалған еді.

Кейінгі кезеңде қазақ ертегілерін зерттеуге М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, Е.Ысмайыловтар белсене араласты. М. Ғабдуллин, Б. Кенжебаев, Х.Сүйіншәлиев, С. Садырбаев, С. Касқабасовтардың қосқан үлесі де елеулі.

Қазақ ертегілерінің қай түрі болса да замана елегінен өтіп, халық санасына сіңіп кеткен сюжеттер. Онда бір елден екінші елге ауысып, төл сюжет болып жүрген мотив-образдар да аз емес. Ертегінің түтынушылары қоғамның түрліше тобынан шыға береді. Төменгі тап ортасынан шыққан ертегілерде сатира, демокартия сарыны елеулі болатынын кезінде М. Әуезов жақсы айтқан болатын. Сонымен бірге қазақ ертегілерін тек қана феодализм дәуірімен түйықтап, оны 1868 жылғы реформадан да кейін туғызу ертегі генезисін кенжелету ме дейміз. Шыншыл ертегілер антифеодалдық сарында болған десек, сол жеткілікті.

Қазақ ертегілерін тақырыбына қарай бірнеше топқа бөлуге болады. Олар: а) мифологиялық (қиял-ғажайып) ертегілер; ә) хайуанаттар (жан-жануарлар) жайындағы ертегілер; б) реалистік (Тұрмыс-салт) ертегілері.

Ертегілер түрлері

Қиял - ғажайып ертегілер

Бұл ертегілер тым ерте замандарда, адам табиғат сырын толық түсініп болмаған кезде туған. Мұнда өмір көрінісі аздау болады. Мифологиялық ойлау адамдардың топ-топ болып орман, тау-тас үңгірлерін мекендеп жүрген

Page 21: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

кезеңінен бастап туса да ғажап емес. Ол дәуірдегі адамдардың нанымдары, ойлау дәрежесі өте анайы болған. Күн, ай, от судың жойқын күштерінің сырына түсінбеген алғашқы қауым адамдары табиғатқа сыйынып, табынған: бірінен қорықса, бірін қастерлеген. Оларды адамша ойлап, әрекет жасайтын құбылыстар деп үққан. Мұндай сәби мифология тарихы үнді, грек, араб елдерінде көбірек сақталған. Кейбір елдерде киелі аңдарға сыйыну дәсТұрі де болған. Қазақтың мифологиялық ертегілері бұдан кештеу, матриархат пен патриархат дәуірінің ауысу кезеңдерінде туса керек. Аңшылық салты өмір сахнасынан шыққан кезде адамдар аң-қүстардың сырын танып, біліп, олар жайында сан-салалы образдар тудырған. Жалмауыз, мыстан кемпір, жезтырнақтар матриархат дәуірінің ұғым-нанымдары болмақ. Аңшылық кәсіп ер адамдардың әрекетімен көбірек байланысты болғандықтан, алғашқы ру қоғамының салт-санасы қалыптасып, жұбайлы неке туады. Бұл кезеңде туған қиял-ғажайып ертегілерінде адамға жат барлық күштермен күресушілер - мергендер, батырлар болып көрінеді.

Патриархат дәуірінде адамды ең басты киелі күш деп ұғыну үстем болған. Табиғаттың тілсіз күштерін мифтік ойлаумен образдап соған адам әрекетін қарсы қоятын қиял - ғажайып ертегілері осы ізде туған. Мұндай ертегілерде реалдық адам образдары мен мифтік образдар қаз-қатар суреттеледі. Ондай сюжеттердің қазақ ертегілеріндегі үлгілері - «Ер Төстік», «Еділ-Жайық», «Құламерген», «Аламан мен Жоламан», «Күн астындағы Күнекей қыз», «Алтын сақа», «Керқүла атты Кендебай», т.б.

Кейбір ертегілерде де ат иемдену, мал асыраудың іздері де айқын байқалады. Малшылық кәсіптің өзі аңшылық дәуірінен басталған еді. Ертегілерде бұрынғы магиялық ұғым, матриархат дәуірінің салт санасына қарсы күрес бастайтын Ерназарлар емес, Ер Төстіктер. Көп жайда оларды аты да жоқ, тек «бала деп аталады» (Тазша бала).

Қазақтың қиял- ғажайып ертегілерінде адамға жамандық ойлап жүретін мифтік образдардың бірі - жалмауыз кемпір. «Еділ-Жайық» ертегісінде ол адамға үстемдік етсе, «Алтын сақада» баладан жеңіліс табады. Жалмауыз кемпір табиғатының өзінде де елеулі өзгерістер бар. Мысалы, матриархат дәуірінде өндіріс күштері төменгі дережеде болғандықтан, адам етін жеу, алпысқа келген әкені өлтіру үрдіс болған. Оның ізі «Еділ - Жайық» ертегісінде бар. Ондағы жалмауыз қора-қора малы болса да, адам етін жейді.

Кенже туған әпостық жырлар мен қазақ ертегілерінде олар жалмауыз емес, патриархат дәуірінің батыр, мергендеріне қарсы күресіп жүретін, төтелей қауіптен гөрі айла-сиқыры көп, адамды алдаусырата келіп қолға түсіретін хандардың қол шоқпары ретінде көріне бастайды. Бұл кездегі аты - мыстан. Бірақ олардың матриархат кезеңіне тән басты белгісі үдайы

Page 22: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

сақталып отырады. Мысалы, ешбір ертегі, не әпостық жырда мыстандардың ер адамнан шыққандығы туралы дерек жоқ. Олар жұбайлы некені білмеген."Мүны олардың ерге шықпайтын, бала тумайтын қырық қызының табиғатынан да байқаймыз.

Ер Төстік, Кендебай, Аламан, Желім батырдың өзі ең алдымен аталық қоғамның ұйытқысы болған жұбайлы өмір, от басы үшін күреседі. Олардың жаулары әр салалы болып, табиғат, жалмауыз кемпір, диюлер, тіпті хандар ортасынан да табылып отырады. Мысалы, Аламанның алтын шашты әйелін хан мыстанды жұмсап, қолға түсіреді. «Қүла мерген» сюжетінде жұбайлы некенің ұйтқысын бүзушы дәулер болса да, мерген батырлар адамға жат барлық күштерді жеңіп отырады, Осы күресте ертегінің басты кейіпкеріне болысып, достық ықылас көрсететін жаңа мифтік образдар туады (Желаяқ, Таусоғар, Көлтаусар, Жарғаққұлақ, т.б.). Бұлар көбіне адам тұлғасында көрінетін мифтік образдар. Олар ертегінің бас қаһармандарына ұзақ сапарға шыққанда ғана қосылып, көбіне қыз үзату үстіндегі бәйге, күресте көрінеді. Мұндай образдар орыс ертегілерінде де бар (Ветрогон, Горокат т.б.).

Адам әрекеті күшейген сайын оның достары қүс (самұрық), қүмырсқадан да табыла бастайды. Адамның киелі күш екенін айту үшін ертегі күміс кездік, семсер, садақ сияқты сиқырлы құралдарды адам бойына телиді. Бұл - темір қолданудың қуатын көрсету болмақ.

Өмір ілгері басқан сайын, ит, түлкінің де қызметі жіктеле бастайды. Мысалы, «Күн астындағы Күнікей қыз» ертегісіндегі көк төбет адам жейтін болса, «Алтын сақадағы» иттер адамның досы. Кейде пері қыздары өз сиқырын адам (батыр) пайдасына қолданады. Оған - Күнікей қыздың, ханды қасқырға, уәзірлерді түлкіге айналдыруы куә. Адам енді тілсіз күштердің, түрлі-түспен тұлғаға ене алатын сиқырмен де жан салып күреседі. Табиғат сырын танып білу тереңдей түседі. Мифтік ойлаудың астарында табиғат, өмір құбылыстарын адам әрекеті, еңбек үстінде танудың белгілері бар.

Сонымен, мифтік образдар табиғатында адам ойының сәби, жетілмеген кезіндегі ой-нанымдарының таңбасы басым дейміз. Оны бірде ертегі мазмұнындағы қайшылық десек, бірде образдық ойдың фольклорға тән жемісі деп білеміз. М. Горький сөзімен айтар болсақ, халық қиялы сан-алуан мифтік образдарды ойлап шығарып, солар арқылы табиғат сырын, өмір мақсатын танып білуге тырысқан.

Матриархат пен патриархат арасындағы қайшылықты білдіретін қазақтың мифтік (қиял-ғажайып) ертегілері - «Алтын сақа», «Күн

Page 23: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

астындағы Күнікей қыз», «Жерден шыққан Желім батыр», «¥шар ханның баласы», «Аламан мен Жоламан», «Керқұла атты Кендебай», «Ер Төстік», «Еділ - Жайық». Бұл ертегілерде тотемизм сарыны азайған.

«Алтын сақа» ертегісінен бақташылық өмір суреті көрініс тапқан. Ішінде тотемдік ұғым да бар. Мысалы, жалмауыз кемпір қуып жеткенде, екі түлкі келіп, бірі оның тісін, бірі кетпенін алып кетеді. Баланың сәлемін қарғалар емес, қарлығаш ғана оның бес төбетіне жеткізеді. Бес төбет жалмауыз кемпірді де, оның артынан іздеп келген қызын да өлтіреді.

Осы сарын «Сырттандар» ертегісінде тіпті айқын. Асылы бұл ертегі бөрі, ит тотемін символдау болса керек. Мұндай ертегілер қазақ фольклорында аз емес.

«Желім батыр», «Күн астындағы Күнікей қыз» ертегілерінде тартыс жұбайлы неке жолындағы күреске негізделген.

Ал ертегіде кемпірдің үш баласы болады. Олардың екеуі өліп, кіші баласы дәуді жеңеді. Қүдыққа жауып тастаған дәумен шешесінің көңілі жарасып, содан Желім батыр туады.

Жерден шығу ертедегі Тесік тау (Отүкен) аңызын мегзейді. Тұрік қағанаты кезінде Могилан өзінің алтынын киік, тай, қой, бүзау Түрінде құйғызып, шатыр астындағы көгалға малша Тұрғызып қоятын болған. Күнікей ертегісіндегі алтын мүйіз киік, «Бозінгендегі» басы алтын, күйрығы күміс бота Тұрік қағанаты заманында туады. Мұндағы құмырсқа - тотем.

Аламан мен Жоламан, Құламергендер ылғи дәу, мыстандармен күреседі. Осы мазмұндас мифологиялық ертегілерде қала, қамал, құдық (зындан) оқиғасы және кездеседі.

«Ұшар ханның үш баласы» ертегісінде айдаһар тотемінің ізі бар. Мұндай мифология шығыс ертегілерінде көп болса да, бұл ертегі қазақтың төл ұғымынан туған. Айдаһардан қызды арашалап қалу батырлар жырында да кездесіп қалады. Ертегідегі Жандыбатыр күн (пері) қызын іздеп, екі айдаһарды, көлтаусар дәуді өлтіріп, Зәузәмір дейтін пері қызын алады. Тартыс жұбайлы некенің орнығу кезеңінен хабар береді. Мұндағы балаға болысатын жүлдызшы, кітапшы, суға түскен семсерді табатын дәулер Желаяқтар сияқты адамға дос. Матриархат дәуірінің мифінен мыстан мен Сары өзенді шайқайтын дәу бар. Дәузәмір «Оғызнамадағы» Күнсүлуға үқсас. География мен ұғымдар шеңбері өте кең. Айдаһар, мыстан, дәу ерте замандарға кетсе, жүлдызшы, кітапшы - Соғда, Қытай, Тибет елдерінің ұғымына бейім, Сиқырлы семсер темір қолданудың туғандығын білдіреді.Түрік қағанатында

Page 24: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

темір табу IV ғасырдан бар десек, оқиға Алтай - Қытай қарым-қатынасын мегзейді. Ұ шар - бірде Сібір тайпаларының аты болса, бірде Сібір ханы - Ишбара. Жандыбатыр ылғи ғана жаяу жүреді. Оның мәнісі мал шаруашылығының туа қоймағандығында болса да ғажап емес. Бұл қазақтың мифологиялық ертегілерінің ішіндегі көнелерінің бірі. Мифологиялық ертегілердің бір жағында жалмауыз кемпірлер, дәулер, Тұрліше тотемдер, екінші жағында солармен күреске түсіп жүретін мергендер, аты жоқ балалар, Ер Төстік, оның Желаяқ, Таусоғар, Көлтаусар сияқты достары жүреді. Бұлардың ғашық қыздары көбіне пері болып келеді. Кенжекей ақ қасқыр қызындай сәуегей, ол мыстан, Бекторы, Шойынқұлақ жамандығын күн бұрын сезеді. Қыз біткеннің сиқыры, олардың әлеуметтік типі көп жағдайда бұлдыр. Проблемасы тек Жанды батыр, Ер Төстіктердің төңірегіне құрылған. Ғашықтық қыздар емес, ерлер, бала батырлар басында. Мифологиялық ертегілердің бас қаһарманы - мерген балалар. Олар бірде кемпір мен шал, бірде бай, бірде хан баласы, кейде атасы жоқ, тек кемпір баласы делінеді. Кендебай, Қазанғап деген кедейдің баласы. Ол мифтік патшаға (пері патшасына) түтқын болған Мергенбайды қүтқарып, пері қызына үйленеді. Оның жолындағы бөгет - жеті басты дәу, арыстан, жалмауыз кемпір, ең үлкені - адам перісі. Мұның бәрі де миф. Қияли ертегіде ат иемдену, мал шаруашылығы туа бастаған. Қүйрығы алтын, жүні құндыз қүлындар да мифтік жылқылар. Осы мазмұндас ертегілерде хандар бейнесі де бар. Олардың өздері де көп жайда мифтік образдар болып келеді. Кендебай «өзімдікі» дегенді білмесе, хандар бәрін «өзімдікі» дейді. Мифтік ертегілерде реалдық өмір суреттері аз, бұлдыр. Мифологиялық ертегілердегі жамандық пен жақсылық көбіне табиғат пен адам арасындағы тартыстарға құрылады. Тұрліше тотем, миф ортасында реалдық адамдар - мергендер мен бала батырлар - арал сияқты болып көрінеді. Ертегі сюжеттерінің локалдық шеңберде көрінуі арыда емес, қоғам бақташылық кәсіпке көшкен кезде туған сияқты. Ертедегі мифологиялық ертегілердің нанымдық-географиялық, өмірлік шеңбері кең де шексіз. Күн, жер, Тұрмыс суреті, кәсіп, нанымдар қазақ ертегілеріне ғана тән емес. Оларды Қытай, Алтай - Саян, Иран, Үнді, грек, орыс мифологияларымен де ұқсатуға рет бар.

Тылсымдау, сиқырлау, жәділеу, самұрықпен ұшу, теңіз кешу, айдаһармен алысу, жеті басты жалмауыз, адам етін жейтін кемпірлер үнді ертегілерінен алынған ба дейміз. Жамандық пен жақсылық, жеті пәле Иран елінің ұғымдарынан да көрініс тапқан. Ол замандарда политеистік наным бүкіл Азияға ортақ болған. Мысалы, «Қорқыт ата кітабы» сюжетіндегі

Page 25: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

Төбекөз дәу «Одиссеядағы» Полифемге үқсас. Скиф-сақ дәуірінен қалған Желаяқ (Ветрогон). Көлтаусар (Опивало яки Объедало), Таусоғар (Горокат) шығыс-батысқа бірдей ортақ. Жабайылық, аңшылық, бақташылық өмір сатыларын, космолгия, тотемизм, зороастризм, дуализм, монотеизм нанымдарын басынан өткермеген елдер кемде-кем.

Жан-жануарлар туралы ертегілер

Мифологиялық ертегілерден кенже туған, тақырыбы жан-жануарлар туралы болса да, реалистік сипаты бар қазақ ертегілерінің бір саласын хайуанаттар жайындағы сюжеттер дейміз. «Қазақ ертегілерінің» бірінші томына бұл тақырыптағы сюжеттен он үш, екінші томына жиырма бес ертегі енген-ді. Бүгінде бұл ертегілер барынша толық күйінде жарық көріп отыр. Олардың өзін мал шаруашылығына («Бозінген») және хайуанаттарға байланысты туған («Сырттандар», «Арыстан мен түлкі») ертегілер деп екі салаға бөлеміз. Соңғысында араб, үнді жүртының «Мың бір түн», «Қалила мен Димна», «Тотынама» сияқты сюжеттерінен алынған ертегілер де бар.

Қазақтың бақташылық өмірінен туған ғажап ертегілердің бірі -«Бозінген» сюжеті. Мұндағы Бағланбай малының қүты болған Бозінгенді тумады деп, бір шал мен кемпірге бақтырады. Бозінген басы алтын, қүйрығы күміс бота туғанда, кемпір мен шал інгенді бір керуеншілерге сатып жіберіп, ботасын алып қалады. Қысқа ғана ертегінің көп жері ботасын жоқтап жылаған Бозінгеннің зарлы сөздеріне құрылған. Бағланбайдың екі баласы Бозінгеннің даусын танып, оны ботасына қосады. Малды, әсіресе түйе түлігін қасиет түтқан қазақ халқы бұл түста ботасын сүйген Бозінгенді үлкен образға айналдырған.

Бозінгеннің зары - монолог түрінде берілген. Онысы - жоқтау:

Жаралғанннан жасымнан,

Үстіме кілем жамылдым.

Күйіп, жанып сабылдым.

Көрер күнім бар ма екен.

Тартып беру бала үшін,

Мен ботамды сағындым.

Бұдан әрі өзі жат қолына түскен Бозінген үшқан қүстардан, түнде жортқан жапалақтан ботасының дерегін сүрайды. Иесі түйені қүтқарып, ботасын алып келе жатқанда да Бозінген оны көруге асығып, адамша

Page 26: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

мүңданып, көз жасын төгеді. Малды қадір түтқан қазақ ұғымында түйенің бала сүюі адамға үқсас болып шығады.

Мал күту мен еңбек мәнін биік бағалайтын «Қотыр торғай», «Кім күшті?», «Қуыршақ» сияқты жас балаларға арналған қысқа ертегілердің мазмұны да аса қызық, тартымды. Кім күшті? ертегісінде мүздан күшті нәрсе жоқ деп ойлайтын қырғауыл, одан жаңбыр, жер, шөп, тоқты, қасқырдың, осылардың бәрінен оқтың күшті екенін айтады. Ал оқтан мылтық пілтесін жеп қоятын тышқан, тышқаннан ін қазып, алты батпан ауырды арқалап, жеті батпан ауырды сүйреген қүмырсқа күшті болып шығады. Өйткені ол - еңбек сүйгіш, үйымшыл. «Тепең көк» ертегісінде сараң байдың кедейленген үш баласына малдан қалған жалғыз көк тай олжа түсіреді.

Ауырып жатқан кемпір-шалға дәрі шөп іздеп шығатын қошқар мен теке - кедейдің сүйенер қолқанаты. Олар жолай Тұрлі жыртқыш аңқарға жем бола жаздаса да, дәрі шөптерді тауып келіп, өз иелерін ажалдан қүтқарады. «Мақта қыз бен мысық» ертегісінде мал баққан елдің баласы жасынан-ақ сол тірлікті қадірлей бастайды. Қазақ ергегілерінде төрт түлік мал адамның қүты, досы, тірегі ретінде суреттеледі.

Қазақ фольклорында жабайы аңдар жөнінде айтылатын ертегілер де көп. Оның көркем үлгілері «Қазақ ертегілерінде» жарияланып келеді. Тақырыбы жағынан күлдіргілеу болып келетін бұл ертегілер («Түлкі, қойшы, аю», «Түлкі мен бөдене», «Арыстан мен түлкі») көп жайда Тұрлі аңдар мінезін танытып қана қоймай, сол мінездер арқылы қоғам өміріндегі әлеуметтік теңсіздікті де көрсетеді. Қу асығып, адамша мүңданып, көз жасын төгеді. Малды қадір тұтқан қазақ ұғымында түйенің бала сүюі адамға үқсас болып шығады.

Мал күту мен еңбек мәнін биік бағалайтын «Қотыр торғай», «Кім күшті?», «Қуыршақ» сияқты жас балаларға арналған қысқа ертегілердің мазмұны да аса қызық, тартымды. Кім күшті? ертегісінде мүздан күшті нәрсе жоқ деп ойлайтын қырғауыл, одан жаңбыр, жер, шөп, тоқты, қасқырдың, осылардың бәрінен оқтың күшті екенін айтады. Ал оқтан мылтық пілтесін жеп коятын тышқан, тышқаннан ін қазып, алты батпан ауырды арқалап, жеті батпан ауырды сүйреген қүмырсқа күшті болып шығады. Өйткені ол - еңбек сүйгіш, үйымшыл. «Тепең көк» ертегісінде сараң байдың кедейленген үш баласына малдан қалған жалғыз көк тай олжа түсіреді.

Ауырып жатқан кемпір-шалға дәрі шөп іздеп шығатын қошқар мен теке - кедейдің сүйенер қолқанаты. Олар жолай түрлі жыртқыш аңдарға жем бола жаздаса да, дәрі шөптерді тауып келіп, өз иелерін ажалдан қүтқарады. «Мақта қыз бен мысық» ертегісінде мал баққан елдің баласы жасынан-ақ сол

Page 27: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

тірлікті қадірлей бастайды. Қазақ ергегілерінде төрт түлік мал адамның қүты, досы, тірегі ретінде суреттеледі.

Қазақ фольклорында жабайы аңдар жөнінде айтылатын ертегілер де көп. Оның көркем үлгілері «Қазақ ертегілерінде» жарияланып келеді. Тақырыбы жағынан күлдіргілеу болып келетін бұл ертегілер («Түлкі, қойшы, аю», «Түлкі мен бөдене», «Арыстан мен түлкі») көп жайда Тұрлі аңдар мінезін танытып қана қоймай, сол мінездер арқылы қоғам өміріндегі әлеуметтік теңсіздікті де көрсетеді. Қу түлкіге, ақымақ арыстанға халық ертегілері сықақ, сын қолданған. Кейде бұл ертегілерді қара сөзбен айтылған мысал десе де болғандай. Бұл реттен «Түйе, арыстан, қасқыр мен түлкі» ертегісінің айтары тіпті терең. Түйе еңбекшілер образын берсе, түлкі, қасқыр, арыстан - қанаушылар бейнесін суреттейді.

Хайуанаттар туралы кейбір ертегілерге адам образы қосыла бастайды. «Мақта қыз» бен «Қотыр торғай» оқигалары еңбек процесімен тікелей байланысып жатады. Қотырын ауыртқан шеңгелді торғай ешкіге шағады, шеңгелді ешкі жейді. Тілін алмаған ешкіні қасқырға шағады, сөйтіп торғай екеш торғай да өзінің кегін жоқтайды. Мұның айтары - нашарға қиянат жасама, өзіңнен зор шықса, көзің шығар деген әділет идеясы болмақ. Тым кішкене куыршақтың өзі де әділет адамы, батыр, «Бозінген», «Тепең көк» ертегілері тірліктің қамын айтады.

Хайуанаттар ертегілерінде сатира сарыны да бар. Мысалы, «Түлкі мен маймыл ертегісінде маймылдың ақымақтығы, түлкінің қулығы дәріптеледі. Маймыл - баққүмар, ол патша болсам дейді. Соны түлкі қақпанға түсіріп, «басыңа тепкілесең кетпейтін бақ қонды деп мазақ етеді. Түлкі қай елде болса да ақылды, қу аңнан саналған. «Түлкі мен қасқыр» ертегісінде қорқау қасқыр қыс айында түлкіден балық алып жемек болса, ол «балық өзенде көп, суға қүйрығынды салып отырсаң, балыққа молығасың» дейді. Қасқырдың құйрығы мұзға қатып қалып, суатқа келген шаруалардан таяқ жейді, қүйрығы мұзда қалады. Қасқыр - қорқаулау, ақылсыздау аң. «Кәрі арыстан» ертегісінде сол тойымсыз қаскырдың өзіне де зауал туады. Арыстан қартайып, жүре алмайтын болған кезде, патшамыздың көңілін сүраймыз деп барлық андар келеді. Келмегені қасқыр болыпты. Түлкі оны арыстанға шағып, мерт қылады. «Түлкім, түлкім, тілімді жеші» деген арыстанға, ол: «амандық болса, көтеншегінді де жермін», - дейді.

Арыстан образында хан, патшаларының да сыны бар. Осы ретпен хайуанаттар жөніндегі ертегілердің аяғы шыншыл ертегілермен жалғасып келеді.

Page 28: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

Халықтың мегзеп отырғаны бір ғана аңдар арасында жайлар емес, әлеумет өміріндегі теңсіздіктер, содан қүтылу -күн көріс, өмір сүрудің шарты дейтін меже болмақ.

Шыншыл ертегілер

Бұл ертегілер өмір шындығына жақын, ішінде реалдық адам бейнелері басым. Олар кейде өмір шындығынан алынып, бас қаһармандары патша, уәзір хан болып келеді. Мысалы. «Хан мен уәзір», «Өнеге», «Ақылды етікші» ертегілерінің бас қаһармандары күндіз тақта отырса, түнде үстіне жаман киім киіп, шаһар аралап жүретін патша мен оның уәзірлері. Мұндай ертегілерде хан әділ болып көрінеді. Бірақ көп жайда патшалар жауыз адам ретінде суреттеледі. Мысалы, «Ақылды етікші» ертегісінде хан ешкім өз пайдасын ойлап еңбек істемесін деп бүйрық береді. Мүны күндіз-түні етік тігіп, бала-шағасын зорға асырап жүрген етікші енбек адамдарына тиімсіз сол үшін ақылсыз ханның ісі дейді.

Бізге шыншыл-реалистік ертегілердің қазақ өмірінен алынған нүсқалары мәндірек. Мұндай ертегілердің бас қаһармандары ақылды қарт, тапқыр жігіт, қаңбаң шал, тоғыз Тоңқылдақтан зорлық көретін Шіңкілдек, айлалы тазша, қойшы, кедей, жауыз, бай, сұғанақ молда, тойымсыз ұры болып келеді. Олардың көбісі - халық ортасынан шыққан қарапайым адамдар. Көптеген ертегілердің рухында сын-сықақ сарыны бар. Олардағы жамандық пен жақсылықтың аңғарынан біз түрліше реалдық адам мінездерін ғана емес, қоғам өміріндегі теңсіздік суретін, халықтың әділет, жақсы өмірді іздеген арман-мүдделерін де жақсы байқаймыз.

Қазақтың реалистік ертегілерінің ең марқаларының бірі -«Алпысқа келгеннен ақыл сүра» сюжеті болуға тиіс. Бұрын жүрт өзінің алпысқа келген әкесін өлтіретін болса, бұл ертегілердегі ақылды қарт елдің ең қадірлі адамына айналады. Бұл аталық қоғам салтының нығаюын көрсететін құбылыс.

«Жақсылық пен жамандық», «Үш ауыз сөз» ертегілері мінез, мораль тақырыптарына құрылған. Жамандық жаяу келе жатып, Жақсылықтың атын мініп өзін жаяу қалдырып кетеді. Бірақ табиғатынан ақылды Жақсылық бай қызын иемдеп, мүратына жетсе, ақылсыз Жамандық қасқыр мен арыстанға жем болады.

«Үш ауыз сөз» ертегісінде жас жігіт ақылды қарияға бір үйір жылқы беріп «суын ішкен қүдыққа түкірме», «оң қолың ұрысса, сол қолың арашашы болсын», «ертеңгі асты тастама» дейтін үш ауыз өсиет үйренеді. Бала елден кетіп, бір ханға қызметке Тұрады. Оған хан әйелі ғашық болып, мазасын алады. Бала әйелдің дегеніне көнбеген соң, әйел баланы ханға жамандайды.

Page 29: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

Хан баланы ертеңгісін от жағарларға жұмсап: «Кім бұрын келсе, соны пешке тығып жіберіңдер» деп әмір береді.

Таңертең қабын арқалап бара жатқан балаға бір кемпір жолығып, ертеңгі асты татып кет дейді. Сол екі арада баланы көргісі келіп пешханаға келген ханымды от жағарлар өртеп жібереді. Сөйтіп бала бір өлімнен аман қалады, мүрат-мақсатына жетеді,

«Екі жетім» ертегісінде өгей шешенің қиянаты, «¥р тоқпақ» ертегісінде үрылардың өзі ұратын тоқпақтың астында қалғаны суреттеледі. «Үрлық түбі - қорлық» деген ғибрат осыдан келіп шығады.

Шыншыл-реалистік ертегілерде ең әділ, ең ақылды адам халық ортасынан шығады. Мұның ғажап үлгісі - Аязби». Хан өзінің қырық уәзіріне адамның, қүстың және шөптің жаманын тауып әкеліңдер дегенде, адамның жаманына Аязби ілігеді. Бірақ оның жамандығы ақылында емес, тұрмысында, кедейлігінде. Ақыры ол өз заманының нағыз зерек, ақылды адамы болып шығады. Меңсұлуға үйленіп хан болады. Ол кісі болғанда да асып-таспайды, «аяз әліңді біл» деп өзіне-өзі ақыл салып отырады. Сондай ақылды да әділ адамға ханың қырық уәзірі қарсы болады. Аязби ертегісінде халық үстем тап адамдарын, олардың қараулығы мен ақылсыздығын әжуа еткен.

Қазақтың реалистік ертегілерінде қоғамның төменгі тобынан шыққан «кішкене қаһармандар» (М. Горъкий) тіпті көп. Олар бірде қаңбақ шал, бойы бір қарыс, Шіңкілдек түрінде кездессе, бірде хан мен байларды алдап түсіретін тазшалар түрінде әңгімеленеді. Қаттырақ соққан жел үшырып әкететін қаңбақ шал балық аулайды, еңбек сүйгіш. Бірақ күніне екі балық ауласа, соның бірін түлкі тартып жейді. Ақыры ол өзінің ақыл-айласымен үш дәуді жеңіп шығады, түлкіден де солардың қолымен кек алады.

Зорлаушылардан жапа көрушіні айыруда «Тоғыз Тоңқылдақ - бір Шіңкілдек» ертегісінің айтары көп. Сырт қарағанда зорлық бәйбішенің тоғыз үлы мен тоқалдан туған Шіңкілдек арасында болатын сияқты. Түптеп келгенде бұл күштілердің әлсіздерге істеген қиянаты болмақ. Әлсіздерге болысу - қазақ ертегілеріне тән халықтық белгілердің бірі.

Қазақ ертегілерінен көрінетін әлсіз образдардың бірі - тазша. «Тазша бала» ертегісінде бала сараң байдың майын алып, патшаның қазынасына түседі. Бірақ өзін таптырмайды. Сол патшаны мазақ еткен екінші патшаны түтқындайды. Сөйтіп ол ханның өз істегенін өзіне істейді.

Шындығында, ертегі айту еріккеннің ермегі емес, жастарды сөз өнерінің қыры мен сырына жаттықтырып тәрбиелеу мектебі болып саналған. Мәселен, ертеде казақ ауылына келген әр қонақтан "қонақ кәде" талап етіп,

Page 30: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

қонақтың өзі білетін ертегі, аңыз әңгімелерді қисынына келтіріп айтып беруін қалауы, ал оны ауылдың үлкен-кішілерінің кірпік кақпай тындап ләззат алуы, жастарды ауызекі сөз өнеріне тәрбиелеудің бірден-бір мектебі болған. Неше түрлі ғажайып уақиғаларға құрылған ертегілердің жігін келтіріп, тартымды етіп айтып беру, әр әпизодтың арасынан қыл өтпестей етіп байланыстыру, кейіпкерлеріне мінездеме беру, оларды тындаушының көз алдына елестетерліктей етіп бейнелеп бере білу, әр кейіпкердің мінез-қүлқы мен іс-әрекетіне қарай сөз сараптау, тілдік сипаттау таба білу, ертегі айтушыдан мол өнерді, тіпті айтқыштық шешендікті, әрі дикторлық, әрі ораторлық шеберлікті талап етеді. Демек, ертектің тартымды, қызықты, тыңдаушыға әсерлі болуы оны айтушыға байланысты. Жастарды ертек айта білуге үйрету де халықтың сөз өнеріне тәрбиелеудегі өнеге мектебінің рөлін атқарып келген.

Бала тілін жан-жақты дамытып, қалыптастыруда қазақ халқының ауызекі шығармашылығының маңызы өте зор. Халық ауыз екі шығармалары әсем түрде құрылған жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, ойын өлеңдер, ертегі, аңыз-әңгіме, мақал-мәтелге бай. Осы бай мүраның қай түрін алсақ та балаға ана тілін меңгертіп, сөздік қорын молайту арқылы, байланыстырып сөйлеуге, тілінің грамматикалық құрылымын қалыптастыруда, дыбыстық қателіктерді жоюда, шығармашылық ойлауын дамытуда баға жетпес құралдар болып табылады.

Халықтық әсем сөз өрнектері балалар түсінігіне лайықты, тілге орамды, көркем әдеби тілмен жазылған. Сазда халық әуенімен айтылатын бесік жырларынынң сан-алуан түрлері, түсау кесу жырлары ойнақы тілмен жазылған санамақтар, ойын өлеңдері балалардың жас ерекшеліктеріне қарай тиімді пайдаланылса, баланың тіл әлеміне деген қызығушылығы артып, ана тілден байлығын меңгертуде үлкен қызмет атқарары сөзсіз. Қай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның басталуы, аяқталуы болады. Ертегі тілінің көркемділігі, қызғылықты оқиғалар желісінің баяндалуы образдардың шебер суреттелуі баланың ертегі дүниесіне қызығушылығын арттыра түседі.

Ертегілерді баланьщ тындауы, естіген ертегі мазмұнын қайталап айтып беруі, баланың сөздік қорьш молайтып, байланыстырып сөйлеу тілін дамытьш, тілдің грамматикалық құрылымын меңгеруде ғана емес, ерлікке, достыққа, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық сияқты адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге, әстетикалық талғамын, қиялын дамытуға мүмкіндіктер беріп Тұрлі жауыздық, зүлымдық иелері арқылы жамандықтан жирендіреді.

Page 31: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

Ата-ана бала түсінігіне лайықты мектеп жасына дейінгі балалар ушін тек қиял-ғажайып және хайуанаттар туралы ертегілер оқылатындығын ескергені жөн. Сәби балаларға (3-4 жас) ертегілерді ауызша әңгімелеп айтып беріп, ал ересек балаларға (5-6 жас) оқығанды тыңдатып және әңгімелету әдістерін жүргізуге болады. Себебі мектеп жасына дейінгі баланың жас кезеңдеріне қарай психикальщ даму ерекшеліктерін ескеретін болсақ бала үшін ұзақ уақыт оқылған ертегіні зейін қоя отырып тыңдау қиынға соғады.

Ертегіні тындату арқылы балаға жан-жақты тәрбие беріп, дамытумен бірге, оқығанды шыдамдылықпен тыңдай білуге ұстамдылыққа үйрете аламыз, Әсіресе, ертегіні сюжетке қатысты түрлі-түсті суреттерді, картиналарды пайдалану арқылы әңгімелесу баланың қызығушылығы мен әстетикалық талғамын арттыра түсуде мол мумкіндіктер береді. Бала үшін сурст арқылы ертегі мазмұнын айтып беру, шығармашылық ойлауын, ұзақ уақыт есте сақтау қабілетін де дамытады.

Ертегілердегі балаларды аса қызықтыратын тағы бір жәйт-кейіпкерлердің аса айқын, дәл суреттелетіндігінде, олардың әрекеттері, іс-қимылы, мінездері қатты әсер етіп отырады. Тіпті жағымсыз кейіпкерлердің өздері де ақымақтығымен, қулығымен балаларды таң-тамаша қалдырады.

Халық ауыз әдебиетінің үлгілері тақырыптық, көркемдік жағынан түрлі болған сияқты, сабактардың мазмұны, өткізу жолдары, орындайтын тапсырмалары да әр алуан келеді. Оқу үрдісі басқа түрде жүргізілетін мектептердегі әдебиет сабақтары негізінен кіріспе сөзбен басталады. Мұғалімнің кіріспе сөзі білімділік, тәрбиелік, көркемділік талапатарына сәйкес, тілі ұғымды, мазмұны шағын әрі әсерлі болуы шартгы. Кіріспе сөзді тек баяндау тәсілімен ғана емес, кейде сұрақ койып, оқушылардың өздерін қатыстыра отырып өткізуге болады. Ертегілермен тантыстыруға арналған сабақты кіріспе сөзбен бастаған мұғалім: "Ертегі — халық, өмірін суреттейтін фантастикалық оқиғаларға құрылған көркем шығармалар. Ертегілер - үрпақтан-үрпаққа ауызіпа таратылып, ұзақ ғасырлар бойына толықтырылып, жетіліп келген халық ауыз әдебиетінің ең бір көркем түрі. Ертегілер өзара бірнеше түрге бөлінеді"- дей келе, оқушыларды әңгімеге тартып, төмёндегідей сұрақтар қояды.

І.Орыс тілі сабақтарында орыс ертегілерінің қандай түрлерімен таныстыңдар?

2.Солардың ішінде қиял-ғажайып ертегілерді атап айтыңдар. Олардың кейіпкерлері кімдер?

Page 32: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

3. Бұл ертегілерде қандай қызықты оқиғалар суреттелген? -деген сұрақтар оқушылардың есіне орыс әдебиеті сабақтарынан білгендерін түсіріп, солардың енді оқитьщ шығармамен байланыстыра қарастыруға жол ашады.

Оқушылардың берген жауаптарын жинақтай отырып мұғалім қазақ ертегілерінің де хайуанаттар туралы, қиял-ғажайып және тұрмыс-салт ертегілері болып үш түрге бөлінетіндігіне тоқталады. Ол өзінің сөзін кітапханадан алған ертегілер жинақтарын жеке кітапшаларды, ертеплердің әр түріне салынған суреттерді көрсету арқылы көркемдеп, толықтырып айшықты жеткізуді ойластырады.

Оқулықта берілген "Ғажайыптар әлемінде" деген мәтінде ертегілерге арқау болған құбылыстар мен жағдайлар айтылып қазақ ертегілерінің негізгі түрлері туралы деректер ұсынылады. "Ертегілердің ең бір тамаша, балаларға қызықты түрі - киял-ғажайып ертегілері" деген түйінді ойдан кейін осы шығармалардағы сан-алуан оқиғаларды басынан кешірген кейіпкерлер жөнінде, олардың қарсыластары мен достарының фантастикалық түрде бейнеленуіне, ертегілердің басталуы мен аяқталуында бірсарындылық болатынына оқушылар көңілін баса аударған жөн. Мәтінді оқып-талдау үстінде балалар басты кейіпкердің өз ата-анасын, ел-жүртын қорғау мақсатында ұзақ жолға шығып, көптеген қиындықтардан өтіп, жеңіске жеткендігімен қатар оның үлкен мен кішіге қайырымды, досына сенімді, адал болатындығына тоқталып, өз беттерімен тиісті қорытынды жасап отырады. Талдау жұмысының бір бөлігі балаларға қиял-ғажайып ертегілерінің көркемдік ерекшеліктерін байқатып-білдіруді көздейді. Осы бағытта оқушыларға төмендегідей сұрақтарды беруге болады:

1. Басты кейіпкер қандай фантастикалық, ғажайып оқиғаларға кездеседі? Осы жағдайларда ол өзін қалай үстайды?2.Ертегідегі ғажайып заттарды атап шығындар? Олардың кандай ғажайып сипаты бар?

3. Басты кейіпкердің қарсыластары кімдер? Олар қалай суреттелтен?

4.Басты кейіпкердің достары мен көмекшілері кімдер? Олардың басты қасиеттері қандай?

Өз жауаптарын оқушылар мәтіннен естіп, соның ішінде кейіпкердің көмекшілері: Саққүлақ, Таусоғар, Желаяқ, Қолтауысардың сипатталуына іс-әрекетіне аса қызығушылықпен тоқталады. Бірлесе отырып оқушылар оларды орыс ертегілеріндегі фантастикалық кейіпкерлермен салыстыру арқылы екі халықтың сөз өнерін ерекшеліктерін жөніндегі түсініктерін тереңдете түсіп, ойларын сөзбен жеткізе білу қабілеттерін жетілдіреді.

Page 33: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

Мәтінді мұғалім өзі бастап оқығаны жөн. Өлеңмен жазылған ертегіні алғаш оқығанда оның әуені мен үйқасын келістіруге тырысып, интонақиалық, ритмикалық жақтардың ерекшеліктерін байқату көзделеді. Ертегінің көлеміне байланысты мұғалім бірнеше шумағын оқып бергеннен кейін ары қарай оқушылар өздсрі жалғастырып оқығанда да ұстаз өлеңді мәнерлеп,оның жолдарындағы дыбыс үндестігін ескеріп отыруды талап етеді.

Сондай-ақ халық ауыз әдебиетіндегі жақсы айтылған ертегінің өзі де жасөспірімдер ғана емес, ересектердің ой-өрісі мен дүниетанымының кеңеюіне тигізетін әсері мол. Мұнда оқушылар бос уақытында әдеби кітаптарды оқи отырып, халықтың қиялға құрылған өмірінен сабак алады. Окушылардың мектеп сахнасында өздері оқыған ертегілерді қойылым ретінде көрерменге көрсетуіне мүмкіндіктері бар.

Мысал

Page 34: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

Мысал – айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көбіне өлең түрінде келетін, сюжетті, шағын көлемді көркем шығарма . Мысалдың тақырыбы сан алуан, кейіпкерлері аң, құс, балық, өсімдік дүниесі, кейде оқиғаға адам да қатыстырылады. Негізгі сюжетке қоса, нақыл түрінде келетін түйіндемесі де болады. Кейіпкерлерді сөйлестіру – диалог тәсілі жиі қолданылады. Баяндауы ширақ, жинақы, тілі қарапайым келеді. Жанры жағынан ғибратты, уағыздық сарындағы дидактикалық әдебиетке жатады, кейде мысқыл-сықақ үлгісіне ауысады. А. Байтұрсынов ақындығының бір қайнар көзі орыс поэзиясында жатыр. Ол орыс ақындарын беріле оқыған. Орыс ақындары А.С. Пушкинді, М.Ю. Лермонтовты, С.М. Надсонды оқып, кейбір шығармаларын аударған. А.С.Пушкиннің «Ат» деген өлеңі, «Данышпан Аликтің ажалы», «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш» ертегілері бар. 1901 жылдан бастап Крылов мысалдарын аударып, сол негізде өзі де мысал жаза бастайды. А.Байтұрсыновтың мысал жанрына ден қоюының үлкен мәні бар. Ондағы моральдық, адамгершілік тағылымын ол қазақ қоғамы үшін аса қажет үлгі деп түсінді. Адам бойында кездесетін намыссыздық, жігерсіздік, алауыздық, жалқаулық пен жағымпаздық, қулық пен зорлық сияқты келеңсіз мінездерді сынау, шенеуге келгенде, ақын мысал жанрын таңдады. Әр түрлі аңдардың аллегориялық бейнесін беріп, олардың арасындағы түрлі қарым-қатынас арқылы ғибратты тұжырымдар жасады. А. Байтұрсынов И.А. Крылов мысалдарының сюжетін сақтағанмен, қазақ тұрмысын танытатын жаңа ойлар қосып молайтады. Мысалы, «Қасқыр мен тырна» түпнұсқада 19 жол болса, аудармада – 76 жол. «Өгіз бен бақа» түпнұсқада 17 жол болса, аудармада – 36 жол. Басқа мысалдар да осындай жолмен аударылған. Ұлттық сипат тек лемінен ғана емес, кейіпкерлер атынан да аңғарылады. «Қасқыр мен мысық»мысалындағы Васька, Степан, Демьян, Трофим аттарын Қоянкөз, Құрамыс, Көпберген бай, Қисықбай деп өзгертіп алады. Бұл тәжірибе А.Байтұрсыновтың аудармашы ғана емес, ұлттық әдебиеттегі мысал жанрын дамытушы болғанын дәлелдейді (сур. 1). Ахмет мысалдарының бір тобы адам бойындағы алауыздық, мақтаншақтық, қайырымсыздық, тәкәппарлық, күншілдік, зорлық, топастық, надандық, қулық, күндестік, үлкенді сыйламау, тойымсыздық, достықты қадірлемеу, жалақорлық, қанағатсыздық сияқты келеңсіз мінездерді мінеуге құрылады. Кейбір мысалдарда тұтас халықтық әлеуметтік мәні бар тақырыптар (отаршылдық, әкімшілдік, зорлық пен зомбылыққа қарсы халық санасына қозғау салатын, қайрат пен жігерге, намысқа шақыратын) қозғалады. Бұған «Қасқыр мен тырна», «Ала қойлар», «Қасқыр мен қозы», «Аңдарға келген індет» т.б. жатады

Page 35: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

Тірек сызба  Енді мысалдарының мазмұны мен автордың айтпақ болған ойына тоқталайық. «Қасқыр мен тырнада» сүйекке қақалып өлгелі тұрған жерінен құтқарған тырнаға қасқыр алғыс айтудың орнына, өзін бас салып, жемек болады. Мысалдағы оқиға көптеген мысалдарға ортақ болғанман, авторлардың әр қайсысы өзінше жазуға тырысады. Ахмет мысалы ұзақ кіріспеден басталады. Қасқырдың тырнаға мақтау – монологін өз жанынан қосады. Мысал соңындағы: Қиссасы Қасқыр, Тырна болды тамам, Мінездес қасқырменен кейбір адам. Басына пәле түсіп, қысылғанда, Жалынып-жалпаяды келіп саған... Қайырды қарап істе адамына, Қарайлас өзіңменен шамалыға Қасқырдай қаражүрек залымдардың Жүрмеңдер түсіп кетіп тамағына, -деген тұжырым қазақылық ұғымға сай келеді Отаршыл әкімдердің момын халыққа істеген қулық, зорлық-зомбылық әрекетін «Аңдарға келген індет» деген көлемді мысалында суреттейді. Аң патшасы арыстан бар аңдарды жинап алып: «Күнәміз көп болған соң, құдай бізге індет жіберді. Менің де күнәм жетерлік, талай қойды қойшысымен жеп едім. Кімнің күнәсі көп болса, жұрт үшін құрбандыққа жанын қисын», - дейді. Бұны жолбарыс, аю, қасқыр бәрі де қолдайды. Әркім өз сырын айтады. Өгіз тұрып: «Бұдан бес жыл бұрынғы аштықта біреудің шөбін рұқсатсыз ұзіп жеп едім», - дейді. Іле-шала, аю, қасқыр: «Япырмай, бұл не деген күнә, тақсыр! Шуылдап қоя берді аю, қасқыр.

Page 36: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

Былғады бір өзі емес, бәрімізді, Біреудің шөбін ұрлап қара басқыр! Соншама не көрді екен, құдай ұрған? Обал жоқ бұл көрімге жұртты қырған. Өзгелер мұнан ғибрат алмас үшін, Жоялық жылдам көзін, етіп құрбан», -деп, өгізді алып ұрып, құрбандыққа шалады, күнәдан тазарсын деп отқа салады. Автор «адамның шөбі түгіл, өзін жеген, тісті мен тырнақтылар аман қалды», «айтуға түсін ашып қаймығамын, біреуге кетті ме деп тілім тиіп», деп аяқтайды. Тауыса алман дүние кебін айтып, санап, Хәкім аз іс ететін ғаділ қарап. Залымдар айран ішіп аман кетіп, Момындар тұтылып жүр шелек жалап.Мысал «Айран ішкен құтылады, шелек жалаған тұтылады» деген халық мақалын еске салады. Ахмет мысалдарында ұлттық мақал-мәтелдер мазмұнына қарай талғампаздықпен қолданылады. Мәселен, «Әлін білмеген әлек», («Өгіз бен бақа»), «Бастан құлақ садаға», («Қасқыр мен тырна»), «Не ексең, соны орасың» («Қасқыр мен мысық»), «Халық айтса қалып айтпайды» («Қарға мен түлкі»), «Жақсылықты басыңа қыл. Басыңнан асса, досыңа қыл» («Қара бұлт») т.б. мақал-мәтелдерді кездеседі. Ахмет мысалдары арқылы қазақ халқын бірлікке, ынтымаққа уағыздайды. «Аққу, шортан һәм шаян» мысалы арқылы алған жүкті үш жаққа тартқан алауыздықты шенесе, «Малшы мен масада» жылан шағайын деп келе жатқанда, шағып оятқан масаның достығын түсінбеген малшыны кінәлайды. Ақын өзін ұйқыдағы халқына достығын ұсынған масаға теңейді.Мысалы, Қазақ – малшы ұйықтап жатқан, Жыланды пәле делік аңдып баққан. Пәленің түрін көрген мен – Сарымаса Халықты оянсын деп сөзбен шаққан. Ойлаймын осы сөз де жетеді деп, Қатты айтсам, сөзім батып кетеді деп, Ұйқысы ашылмаған жұрт өзімді, Қорқамын сары масадай етеді деп. Ақын осы ойын толықтырып жазған өз өлеңдерінің жинағын кейін «Маса» қойды. Крыловқа қол созуына Ахметтің өз айналасына сыншылдықпен қарауы зор себеп болған. Ол өз шығармаларында әшкерелеген ұнамсыз құбылыстарды енді мысал үлгісімен сынап көруге бел байлайды. Крылов суреттеген мінез-құлық, «іс-әрекеттер орыс қауымына ғана емес, қазақ шындығына да тән еді. Ахмет осыны көре білді. Осы жерде орыс-қазақ ақындарының ойлары түйісті. Жаңа сабақты түсіндіруде осы тірек сызбаны пайдаланып, сабақты пысықтауда немесе қорытындылауда студентке венн диаграммасын сызғызу арқылы олардың сабақты қаншалықты түсінгенін білуге болады. Ол үшін

Page 37: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

студент Крылов пен Байтұрсыновтың мысалшы ретінде ұқсастықтарын және жеке-жеке айырмашылықтарын жазып беру керек.  

“Венн диаграммасы” А.Байтұрсынов мысалдарының көбін Крыловтан аударған. Аударған мысалдарын қазақ тұрмысымен байланыстырып, өзіндік ойын қосқан. Мысалы, «Аққу,Шортан һәм Шаян», «Шымшық пен Көгершін», «Өгіз бен Бақа», «Қасқыр мен тырна», «Қарға мен түлкі», «Ағаш», «Айна мен маймыл», «Еменнің түбіндегі шошқа», «Аңдарға келген індет», «Қара бұлт», «Ала қойлар», «Малшы мен маса» т.б.  

Page 38: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

   Топтастыру стратегиясы Осы көрсетілген мысалдары бойынша топтастыру стратегиясын жасап көрсетіп (сур. 3), студенттердің қызығушылғын оятуға болады. Алғашқы бір мысалды оқып, мағынасын ашу үшін бес жолды өлең әдісін пайдаланып түсіндірген жөн. Осыдан соң студенттерге топтастыру стратегиясындағы кез-келген мысал бойынша осы әдіспен жұмыс жасауға тапсырма беріледі. Үлгермей қалғанын үй тапсырмасы ретінде ұсынуға болады. «Түлкі мен Қарға» мысалы1.                   не? Түлкі Қарға2.                   қандай? қу даңғой3.                   не істеді? мақтады ірімшікті түсіріп алды4.                   не үшін? азық үшін мақтанамын деп5.                   жалпы ой түйіндеу. Мақтаншақтықпен мазақ болмау.Суденттерді топқа бөліп, әр топқа бір мысалдан беру керек. Өздері мысалдың мәтінімен танысып, мысалды үшке бөліп ат қойып, жоспар құрады. Бес жолды өлең қатары бойынша талдау жасайды. Мысалға байланысты мақал-мәтелдер сұралады. “Өгіз бен бақа” мысалын білім алушылардың өздеріне оқытып, талдауға ұсыну керек.Не? өгіз бақаҚандай? үлкен кішкентайНе істеді? су ішті су іштіНе үшін? шөлдеген соң еліктепЖалпы ой түйіндеу. Шамасына қарай жұмыс істеу.

Page 39: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

Мысалды үшке бөліп, оқытып, әр бөлімге ат қойып, жоспар құрылады. Мысалы:1.Шаршап, шөлдеген өгіз.2.Еріккен бақа.3.«Әлін білмеген әлек».

Эпостың әріден келе жатқан бір түрі - мысал. Мысал ескі Грецияда да болған. бірақ мысалдың қайтадан дәуірлеген, кең түрде жайылған кезі XVII-XVIII ғасырларда болды. Мысал дегеніміз шағын ғана шығарма. Көбіне өлеңмен жазылады. Болмысты перделеу түрінде (екінші түрінде) сықақтап суреттейді. Автор өз көзқарасынша адамгершілікке үндейді, мысалдағы қатысушылар адамша сөйлей алатын, адамша күйініп, сүйінетін не айуан, не басқа нәрселер болады. Бірақ қатысушы адам да бола береді: Мысалдардың көпшілігінде-ақ не басында, не аяғында автор пернелеген нәрсенің негізгі мазмұны, автордың айтайын деген адамгершілік ойы болады. Дворян-буржуазия жазушылары мысалды өздерінің қоғамдық адамгершіліктерін үйретудің құралы етіп қолданды. Бұл үйретулер сатираның кімге қарсы жұмсалуын анықтайтын жазушылардың таптық мүддесі болды. Россияда мысал жазушылар - Сумароков, Крылов т.б. Қазақтың жазба әдебиетінде тұңғыш мысал жазушылар Абай мен Нұржан Наушабаев болды. Абай мен Нұржан, бір жағынан, халық әдебиетіне еліктесе, екінші жағынан, шығыс, орыс әдебиеттеріне еліктейді. Нұржан өзінің «Өгіз бен есек» деген мысалын «Мың бір түнге» еліктеп жазған. Абай «Қарға мен түлкі», «Шырылдауық шегіртке» дегендерді Крыловтан еркін аударған. Ал бұлардан кейінгі мысал жағынан Крыловқа, Абайға еліктеушілер Сұлтанмахмұт, Сәбит Дөнентаев сияқты жазушылар болды. Қазақ совет әдебиетінде мысал өлеңдермен шұғылданушылар - Асқар Тоқмағамбетов, Шона Смаханұлы. Мысал жазушының қайсысы болсын адамгершілікке үндейді. Өз кезіндегі әртүрлі оңбағандықтарды мінейді. Орыс халқының даңқты мысал жазушысы Крылов өз дәуіріндегі парақоршылық, қара жүрек ел жегіштік, алдампаз, қулық, екіжүзділік тағы басқа осы сықылды мінез-құлыққа қарсы тәрбиелеп, содан бездіруге тырысты. Мысал біздің совет әдебиетінде де бар. Совет өкіметінің алғашқы кезінде совет жазушылары өмірдің әртүрлі жақтарын мысал етіп, Совет өкіметіне қарсы тапты мысқылдап, оқушыларды оларға қарсы тәрбиелей отырып, өзінің мысалы арқылы жанды, айқын түрде қалың еңбекшілердің алдарында тұрған міндеттерін көрсетті. Сөйтіп, өздерінің мысалдары арқылы революция жұмысына атсалысты. (Д.Бедный, соңғы кезде С.Михалков т.б.)

 

Page 40: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Аққу, шортан, Һәм шаян» мысалы.

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Қазақ халқының бір тума ұлы Ахмет Байтұрсынұлының қазақ әдебиетіндегі орнын таныту. Мысал жанры туралы түсінік қалыптастыру. ә) дамытушылық: Оқушылардың әдеби білік-дағдыларын: ауызша сөйлеуін, мәнерлеп оқуын, түсініп оқуын, өз ойын жүйелі айта білуін, шығарманы талдай алу және шығармашылық қабілеттерін дамыту. б) тәрбиелік: Ахмет Байтұрсынов тұлғасын үлгі ете отырып білімге, ізденімпаздыққа баулу. Мысалдың мазмұнын айқындай келе, ынтымақтастыққа, бірлікке тәрбиелеу. Бейбіт өмірдің тірегі ынтымақ, бірлік, татулық екендігін ұғындыру. Сабақтың түрі: Біріккен сабақ - қазақ әдебиеті, информатика Сабақта қолданылған әдістер: түсіндіру, әңімелеу, іздендіру, талдау, өздігінен білім алу, көрініс, салыстыру, жеке, топтық жұмыс, суретпен жұмыс, сөзжұмбақ шешу, тест, компьютермен жұмыс. Сабақта қолданылған технологиялар: ақпараттық-коммуникативтік технология, ойын технологиясы, сын тұрғыдан ойлау технологиясы. Сабақтың көрнекілігі: а) компьютер,тақта ә)А. Байтұрсынұлы мен И.А. Крылов портреттері. б) тірек - схемалар в)мысал бойынша берілген сюжеттік сурет-слайдттар в) үй жұмысы бойынша оқушылар жасаған презентациялар г)көрініске арналған киімдер Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті, информатика Сабақтың өту барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. 1.Оқушылармен амандасу, сабаққа даярлығын тексеру. 2. Кезекшінің анықтамасы. 3.Информатика кабинетінде жұмыс істеу ережелерін қайталау. Повторение правил ТБ на уроке: 1.Что нельзя делать во время урока? Предположительные ответы детей: - бегать, прыгать, ходить - работать мокрыми руками - близко сидеть к монитору - не обязательно вставать, когда отвечаешь - на клавиатуру ничего нельзя ложить 2. Что можно делать в кабинете? Предположительные ответы детей: - отвечать не вставая - нужно сидеть прямо 3. На каком расстоянии нужно сидеть от монитора?

Page 41: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

Предположительные ответы детей: - нужно сидеть на расстоянии вытянутой руки от монитора 4. В течение урока учащиеся должны проделывать некоторые упражнения для глаз и пальцев рук (если устанут глаза или пальцы рук). ІІ. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру: -Балалар, бүгін біз сабақта қазақтың дарынды ақыны, аудармашы, педагог – ғалым А. Байтұрсынұлының «Аққу, шортан, һәм шаян» мысалымен танысамыз. Ауызша сөйлеу, мәнерлеп оқу, шығарманы талдай алу және шығармашылық қабілеттерімізді дамытамыз. Мысалдың мазмұнын айқындай келе, өмірдің тірегі ынтымақ, бірлік, татулық екендігін түсінесіңдер. ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Берілген тапсырмалар бойынша оқушылар 3 топқа бөлініп жауап береді. /презентация/ І топ – А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы. ІІ топ – Мысал деген не? /тірек-сызбамен жұмыс/ ІІІ топ – «Қасқыр мен тырна» мысалы. /көрініс қою/ І топтың оқушылары А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы өздерінің дайындап келген презентацияларын қорғайды. ІІ топ жалпы мысал жанры туралы айтып, А.Байтұрсынұлының мысалдарына , аудармашы ретінде қандай орыс ақынының мысалдарын аударғанына тоқталады. ІІІ топ «Қасқыр мен тырна» мысалы бойынша көрініс дайындап, шығармашылық жұмыстарын ортаға салады. Көрініс қою. IV. Жаңа материалды түсіндіру: - Бүгінгі сабақтың айдары: «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» - Бұл мақалды қалай түсінесіңдер? - Сендер тек жұмыла, бірге жұмыс жасау арқылы сабақтың мақсатына жетесіңдер. Бүгінгі сабақта барлығымыз бірлесе отырып жұмыс атқарамыз. -Ахмет Байтұрсынов Крыловтың неше мысалын аударған? А.Байтұрсынов И.Крыловтың қырық мысалын аударған. -Мысалдар жинағы қалай аталады? Мысалдар жинағы «Қырық мысал» деп аталады. -Ол кітап қай жылы, қайда басылған? Ол кітап 1909 жылы Петербургте басылған. -Сонымен, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов мысал жанрын қазақ әдебиетіне енгізуші аудармашы-ақындар. Осы адамдардың арқасында мысал жанры қазақ әдебиетіне еніп, дамыған жанр. - Өздерің анықтағандай А. Байтұрсынұлы белгілі аудармашы. Аударма қиын жұмыс. Жай аударма емес өлең сөзді аударма өте қиын, әсіресе мысалдарды аударуда ақынға шеберлік өте қажет. Түн нұсқадан, автордың айтар ойынан алыстап кетпей, өз оқырмандарына ұғынықты етіп жеткізу айрықша шеберлікті, даналықты талап етеді. Бүгін біз А. Байтұрсынұлының «Аққу, шортан, һәм шаян » мысалымен танысамыз.

Page 42: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

- Мысал орысша қалай аталады? - Бұл кімнің мысалы? - Біз бүгін осы мысалдың қазақша нұсқасымен жұмыс жасаймыз. 1.Жаңа сөздерді игеру. - оқушылар құлаққапты киіп, сөздерді аудармасымен екі рет тыңдайды - әр сөзді тыңдап болған соң қайталайды - сөздердің аудармасын орнына дұрыс қояды Компьютерде жаңа сөздер берілген, ал аудармасының орындары ауысып жазылған. Тышқанның көмегімен сөздердің аудармасын орнына қою керек. Учитель информатики: 1. Повторение перехода через Панель задач на текстовый редактор Word; 2. Открытие заготовки «Слова»; 3. Перенести слова на нужные ячейки в таблице. шаян – рак мәз болмады – не были рады шортан – щука ғибрат – назидание, пример аққу - лебедь әуелі – с начало, с перва жегіліп – впряглись бірлік – единство тартты – тянули айқанына көнбеу – не слушаться кейін – назад ынтымақсыз – без согласия машақат - трудность ісің оңбас – на лад твоё дело не пойдёт 2.Мысалмен жұмыс. - Енді мысалмен танысалық. /Өлеңді оқушылар құлаққаптарын киіп, компьютерден тыңдайды. Тыңдап болған соң мәтінді оқиды./ Мәтін: Жүк алды шаян, шортан, аққу бір күн, Жегіліп, тартты үшеуі дүркін-дүркін. Тартады аққу көкке, шаян кейін, Жұлқиды суға қарай шортан шіркін. Бұлардың машақаты аз болмады, Жұмсаса орнына кеп мәз болмады. Тартса да бар күштерін аямай-ақ, Асылы жұк орнынан қозғалмады. Оншама ол жүк артық ауыр емес, Құр сырттан пәлен деу де тәуір емес. Жүк бірақ әлі күнге орнында тұр. Бірыңғай тартпаған соң бәрі тегіс. Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас, Әуелі бірлік керек болсақ жолдас. Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей, Істеген ынтымақсыз ісің оңбас. Оқушылардын экрандарында мысалға байланысты суреттер шығады. Мұғалім мысалдың әр шумағын оқып, оқушылармен бірге суретке қарап талдайды. "Аққу, шортан һәм шаян" мысалында бір затты үшеуі үш жаққа тартып, орнынан қозғай алмаған аққу, шортан, шаянның әрекеті баяндалады. Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бір күн. Жегіліп тартты үшеуі дүркін-дүркін.

Page 43: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

Тартады Аққу—көкке, Шаян—кейін. Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін, — деп басталатын мысалдың өне бойынан аудармашы ақынның шеберлігі анық сезіледі. Аудармада мін жоқ. Аударма емес, қазақтың төл тұрмысынан алынып жазылған өз өлеңі тәрізді. Мысалдың соңынан Ахмет Байтұрсынов оқырманына осы оқиғадан шығатын өз қорытындысын ұсынады. Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас, Әуелі бірлік керек болса жолдас. Бірінің айтқаныңа бірің көнбей, Істеген ынтымақсыз ісің оңбас. Ақынның өз жанынан қосқан бұл түйінді ойы көпшілікке түсінікті әрі нақты өнеге береді. Ахмет Байтұрсыновтың орыс мысалдарын аударудағы негізгі ерекшелігі осында. Яғни ол орыс тұрмысынан алынған оқиғалардың өзін қазақ тіршілігіне соншалықты жақындатуға тырысады. Және сонымен бірге әрбір мысалдың соңында авторлық қорытындысын беріп отырады. 3. Мәнерлеп оқу. Мысалды қазақ тілінде екі қатардан екі оқушы мәнерлеп оқиды. 4. Ойын «Кім жылдам?» Мысалдың орыс тіліндегі аудармасы берілген, ал қазақ тілінде мысалдың әр жолы құрақ қағаздарға жазылған. Оқушылар екі топқа бөлініп І топ 1,2 шумағын, ІІ топ 3,4 шумағын құрақтарды жинап құрастырады. 5.Сөзжұмбақ шешу. Сөзжұмбақты шешкенде тігінен МЫСАЛДАР деген сөзді оқуға болады. Учитель информатики: 1. Повторение перехода через Панель задач на электронные таблицы Excel; 2. Открытие заготовки «Кроссворд»; 3. Переход между ячейками выполнять с помощью курсорных клавиш; 4. Результат можно просмотреть на листе «Оценки» V. Білімдерін бекіту. Тест. Тест жұмысы компьютерде орындалады. Сұрақтарға жауап беріп болған соң қорытындысы бірден шығады. Учитель информатики: 1. Повторение перехода через Панель задач на электронные таблицы Excel; 2. Открытие заготовки «Тест»; 3. Переход между ячейками выполнять с помощью курсорных клавиш; 4. Результат можно просмотреть на листе «Оценки» 1.А.Байтұрсынұлы кім? а/ғалым, ақын ә/күйші, сазгер б/академик, жазушы 2.А.Байтұрсынов қай жылы туды? а/1897 ә/1902 б/1873 3.Оның қандай шығармалары бар? а/ «Қыс», «Жазғытұры»

Page 44: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

ә/ «Әке мен бала», «Асан мен Үсен» б/ «Қырық мысал», «Балаларды оқуға шақыру» 4.Мысал дегеніміз не? а/өлеңмен жазылған аллегориялық шығарма ә/тарихта болған адамдар туралы шығарма б/ертеден келе жатқан халық даналығы 5.Ақын кімнің шығармаларын аударды? а/И.Крылов ә/С.Есенин б/М.Горький 6.Ынтымақ сөзінің синонимін тап а/қиындық, машақат ә/бірлік, татулық б/достық, жолдастық 7. «Қырық мысал» кітабы қай жерде басылып шықты? а/Торғайда ә/Алматыда б/Петербургте V.Жазба жұмысы. Енді мына сөздерге назар аударыңдар, мұнда адамның әр түрлі қасиеттері жазылған. Сендер қалай ойлайсыңдар, біздің қоғамымызға қандай адамдар қажет? Кәне, мына қасиеттерді оқып, қажеттісін белгілейік: 1)еңбекқор 7)ақылды 2)әдепсіз 8)залым 3)мейірімді 9)өз Отанын сүйетін патриот 4)ақылсыз 10)еріншек 5)жалқау 11)сауатты 6)дарынды 12)білімді - Сендерден де осы қасиеттерді көремін деп ойлаймын. VІ. Қорытындылау. - Мысалдың аты: «Аққу, шортан, һәм шаян! - Авторы – А. Байтұрсынұлы. - Аллегориялық образы: аққу, шортан, шаян. - Балалар, олар қайда өмір сүреді? - Олар суда өмір сүреді. - Олар не істемек болды? - Олар жүкті тартпақшы болды. - Олардың жүктері неге қозғалмады? - Өйткені олар бір бағытқа емес, әр жаққа тартты. - Ал, егер олардың бірі күшті болса, не болмақ? - Егер олардың бірі күшті болса сол тартып кетер еді. - Сонда ақын бұл образдар арқылы қандай адамдарды бейнелеп отыр? - Ақын бұл образдар арқылы ақылсыз, тату емес, ынтымағы жоқ адамдарды бейнелеген. - Мұндай бейнелеу қалай аталады? - Мұндай бейнелеу аллегория деп аталады. - Мысалда түйінді ой болады дедік, ол не?

Page 45: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

- Түйінді ой дегеніміз – ақынның айтар өсиеті. - А. Байтұрсынұлының мысалынан түйінді ойыды кім тауып оқып береді? Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас, Әуелі бірлік керек болсақ жолдас. Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей, Істеген ынтымақсыз ісің оңбас. - Сонымен, мысалда түйінді ой шығарманың басында, немесе аяғында беріледі. Мысалдың міндетті түрде тәрбиелік мәні болады. Ол түйінді ой арқылы ашылып, айқындалады. - Мысал бізді неге шақырады? - Мысалдың тәрбиелік мәні балаларды бірлікке, ынтымаққа шақыру. Ақынның айтар ойы ,өсиеті де осы. - Сендер біріге жұмыс жасап өз білімдеріңді көрсеттіңдер. Бірге жұмыс атқарғандықтан барлығыңа баға қоямын. Талаптарыңа нұр жаусын! VІІ. Бағалау. VІІІ. Үйге тапсырма: - Мысалды мәнерлеп оқу, түйінді ойды жаттау

Page 46: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

Тү лкі мен тиін Сабақтың мақсаты: Оқушыларға “Түлкі мен тиін” мысалын  оқып, мазмұнын түсіндіру, Әбдірахман Асылбековпен таныстыру. Мысалды мәнерлеп оқыту,рөлге бөліп оқытуды       үйрету. Сурет бойынша әңгімелету.Сабақтың барысы.1.Ұйымдастыру бөлімі2. Психологиялық дайындық. Мұғалім қызметі. Мұғалім тақтаға іледі. Имандылық-адалдық,”Ала жіптен аттама” Ойлама еш жамандық, досың түгіл жатқа да.Оқушы қызметі. Оқушылар айтады.3. Өз мүмкіндігіңді пайдалан.Мұғалім қызметі. Өткен тақырыпты қорытындылай отырып, сұрақ-жауап арқылы жаңа сабақпен байланыстырдым. Сөзжұмбақтың сұрақтары:1.Өткен тақырыпта не туралы айтылған?2.Қапқа құйылып алынатын зат.3. Сүттің бетіндегі қою зат.4. Піскен сүттің бетіндегі зат.5. Сүт қалай  «ұйықтады»? Ертегі ме? Мысал ма?6. Сүзбеден не жасайды? Сүт қай жануардан алынады? Сүтке бір күні не болады? Ұйытқы деген не?  Сызбадағы-қызыл жолақшадағы сөзді оқысаң, сабақтың тақырыбы ”Түлкі мен тиін” шығады.4.Ой қозғауМұғалім қызметі. Балалар,”Түлкі мен тиін” туралы қандай ертегілер білесіңдер ?Оқушы қызметі. “Арыстан мен түлкі”, “Ешкі мен түлкі”, “Жақсылық пен жамандық” т.б5. Жаңа мағынаны игеру.Мұғалім қызметі. -Балалар,біз жаңа тақырыпты сөзжұмбақ арқылы ашып алдық. Оның авторы Әбдірахман Асылбеков Асылбеков 1938 жылы 1 мамырда Жамбыл облысы Талас ауданының Үшарал ауылында туған. Балаларға арналған алғашқы өлеңдер жинағы 1961 жылы жарық көрді. Қазір “Көзқарас” және “Заңғар” журналында жауапты қызметкер. Өлеңдері “Көктем “ ,”Кәсіптер иесі”.6.Оқулықпен жұмыс .Оқушыларға мысалды өз бетінше оқыту тапсырылады.Мысал ішінен мағынасы түсініксіз сөздерді сұрау. Мұғалім сөздік жұмыс жүргізедіОқушы өз бетінше оқып шығып, танысады. Өздеріне түсініксіз  сөздерді айтады.  7. Жеке оқушымен жұмыс.«Түлкі мен тиін» мысалын рөлге бөліп оқытуды тапсыру. (Оқушылар мысалды рөлге бөліп оқиды).8. Дәптермен жұмыс, сипаттама беру.

Page 47: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

1. Түлкі мен тиіннің қасиеттерін 3 топқа бөліп,  дәптерге жазуды тапсырамын.2. Тақтаға әр топтан оқушы шығып,берілген тапсырманы салыстырып жазады. Музыка қосып қоямын.Оқушы қызметі. 1 топ. Түлкіге сипаттама — қу, айлакер,арам,өтірікші,мақтаншақ.2 топ. Тиінге сипаттама – жуас,қорқақ,пысық,үркек.3 топ. Ортақ қасиеті – аң, орманда болады, жүнінің түсі бірдей.9. Шығармашылық тапсырма.Мұғалім қызметі. Оқушыларға ой тудыру мақсатында төмендегі сұрақтарға жауап алу. Түлкі мен тиіннің тағы да қандай ерекшеліктері бар? Мысалы: олардың құйрығы не үшін керек? -Балалар, мысалды рөлге бөліп оқып,аңдарға сипаттама беріңдер. Ал,енді мысалдан көрініс көрсетейік.Оқушы қызметі. Түлкіге құйрық жауын алдау үшін керек. Ол жүгіріп келе жатқанда құйрығын оңға бұрса, өзі солға кетеді.Сөйтіп құтылып кетеді екен. Тиінге құйрық ағаштан – ағашқа секіргенде тепе-тендікті сақтау үшін керек. Ұйықтағанда жастық қылып жастанып жатады.11. Сахналық көрініс.Мұғалім қызметі. — Балалар, мысалды рөлге бөліп оқып, аңдарға сипаттама беріңдер. Ал,енді мысалдан көрініс көрсетейік.Оқушы қызметі. Түлкі мен тиін кейпіне еніп,мысалдан көрініс  көрсету.Бекіту тест. Бағалау.Үйге тапсырма. “Түлкі мен тиін” мысалын мәнерлеп оқып келу, мазмұнын айту (түлкі мен тиіннің суретін салу)

Page 48: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

Ақымақ қасқыр

Бір күні жайылып жүрген түйенің қасына түлкі келіп:— Әй, бүкір! Саған менің жерімде жайылуға кім рұқсат берді? Тез арада бұл жерден табаныңды жалтырат! — деп айқайлапты.— Бұл жер неліктен сенікі болуға тиіс? — деп ашуланыпты түйе.— Өйткені, ол маған әкемнен, ал әкеме атамнан мұраға қалған. Егер сенбесең, куәгерді шақырамыз, — дейді түлкі. Сөйтеді де, куә болу үшін қасқырды шақырады.— Оңбаған түйе! Өзгенің жерінде жайылуға қалай батылың барды? Сен кінәлісің, сондықтан, мен сені жеймін! — деп қатуланады қасқыр.— Дұрыс, дұрыс, сен оны жеп қой, — дейді өзіне де олжа түсіп қала ма деп үміттенген түлкі.— Онда неғып тұрсың? Ендеше, ең тәттісінен — тілімнен баста, — деп, түйе ауызын ашады.Қасқыр басын түйенің аузына сұғып, тіліне жармаса бергенде, түйе жағын қысып кеп қалады. Сол кезде қасқырдың басы шіріген жаңғақша тырс ете түседі. Мұны көрген түлкі алды-артына қарамай қаша жөнеледі. Көргендердің айтуынша, түлкі әлі күнге түйеден қашып жүр дейді.

Page 49: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

Екі лақ

Ақ лақ пен Қара лақ әрі жүгіреді, бері жүгіреді. Жан-жағына алақ-жұлақ қарайды. Мына жағы - қалың шілік, ана жағы - қалың бау. Маңайда ешбір қой-ешкі көрінбейді. -        Сен Ақ лақсың, түк білмейтін ақымақсың. Мені әрлі-берлі сүйреп жүріп, ақыры адастырдың. Жаның барында қойды тауып бер! - деп, Қара лақ Ақ лақты бүйірден бір түйіп кеп қалады. Қара лақ бір күн бұрын туған еді. Ол Ақ лақтың ағасы саналатын. Денесі шымыр, жұп-жұмыр, мағдайында екі мүйізі бар. Өзі барып тұрған сотқар, желбас еді. Ақ лақты «бауырым екен» деп аямайтын. Қит етсе «Ақ лақсың - ақымақсың» деп мазақтайтын. Ашуланса болды, мүйізімен бүйірден түйіп қалатын. Өзі және жалақор болатын. Бағана: «Бә-ә, бә-ә! Мына жердің шөбін қара-а!» - деп, қалың шіліктің ішіне бастап келген де өзі болатын. Енді адасқан соң, Ақ лақты жазғырып тұр: -        Ақ лақ - ақымақ! Жаның барда түс дейім алға! - деп, зекіреді Қара лақ тағы да. Ақ лақ әрі ойланады, бері ойланады. Жүрген-тұрған жерлерін еске алады. -        Ұзап кеткен қойды қалай табамыз. Кім біледі, ендігі тау асып, жайлауға жетіп те қалған шығар. Ал жайлауға барар жолды табу да оңай емес. Сонда да жол кесіп көрейін. Бірақ саған айтатын сөзім бар, ешкіммен егеспейсің, айтқанымды істейсің. Осыны орындамасаң, адасып өлеміз, - дейді Ақ лақ. «Өлеміз» деген сөзді естігенде Қара лақ үрейі ұшып қорқып кетеді. Қанша тентек болғанмен, Ақ лақтың тілін алуға уәде береді. Ақ лақ жол бастап, алға түседі. Қалың шөпті олай-бұлай жапырып жүріп отырады. Алдынан жыра кездессе - секіріп өтеді, тас кездессе - қарғып өтеді. Сөйтіп, екеуі бір кезде таудың етегіне ілінеді. Маңайда бір қара көрінбейді. Айнала жым-жырт. Ойда жоқта алдарынан бір Түлкі шыға келеді. -        Түу, өзің бір аппақ қардай, әдемі лақ екенсің. Ағаң да әдемі. Шаршап қалған шығарсыңдар. Біздің үйге соғып, дәм татып кетіңдер. Менің де өздеріңдей екі балам бар, бірге ойнайсыңдар, - дейді Түлкі. Ал өзі ішінен: «Ақ лақ кішкентай екен. Қапысын тауып, осыны жәукемдейін. Бірақ мұны

Page 50: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

көрген ағасы қорқып, қашып кетеді-ау!» - деп ойлайды. Не айтатынын күні бұрын ойлап қойған Ақ лақ былай деп, тіл қатады: -        Түке, әнеки, ана төбенің басында, қара тастың қасында, бізді касқыр күтіп отыр. Ол Қара лақ екеумізді қонаққа шақырып еді. Сізге еріп кеткенімізді көрсе, ашуланады ғой. Қасекеңнің кәрі қатты. Мүмкін өзіңіз де бізбен бірге жүрерсіз.Жарайды, ендеше. Жүре беріңдер, мен арттарыңнан барармын, - дейді де, Түлкі бір қулық ойлайды. Бір кезде алдарынан тайыншадай көкжал Қаскыр кез бола кетеді. Ол аузын арандай ашып, бірден екі лаққа тап береді. Қасқырды көрген Түлкі сайға қарай зытады. -        Қарным ашып келе жатыр еді, мұндай жақсы болар ма! Мен қазір сендерді жеймін! - дейді Қасқыр. -        Қасеке, әнеки, ана төбенің басында, қара тастың қасында, бізді Арыстан күтіп отыр. Ол таудағы жортқан аң, ұшқан құс атаулыға патша болу үшін кеше осында келіпті. Ертеңгі асына екі бұзау, түскі асына екі лақ, кешкі асына екі қозы жейді екен. Сіздің мына қылығыңызды көрсе, ол бұлқан-талқан боп ашуланып жүрер. Тіпті, өзіңізді жазым етер, - дейді Ақ лақ. -        Бә-ә! Әй, Қасқыр! Мына Арыстанды қара-а! Шақырып тұр, - деп, бақырып қоя береді Қара лақ тыныш тұрмай. Қасқыр қатты сасқалақтайды, әрі-бері алақтап тұрады да: -        Бәлесінен аулақ. Бар, жандарыңның барында кетіңдер, түге! - деп жөнімен жүре береді. -        Жүгірген бойымен екі лақ бір таудың басына шығады. Тауға шығып, айналаға қараса, тауды бөктерлей бір қора қой қаптап жайылып келеді, қойдың артында астында аты бар, қасында иті бар қойшы келеді. Қойды көргенде есі шығып қуанғаннан екі лақ «Бә... Бә» деп маңырап қоя береді. Шопан ата жол бастап, бұрын келген Ақ лақты жерден көтеріп алады. -        Мен сендерді ойдан-қырдан іздеп, таба алмай қойып едім. Өздерінің тауып келгенін қарашы. Жарайсың, Ақ лағым, жарайсың! Сені «Ақ лақ - ақымақ» деп мазақтайтындардың өздері ақымақ! - деп, Ақ лақты құшақтап бауырына қысады.

Page 51: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

Қорытынды

Бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамытып, сөздік қорын молайтуда ертегілердің рөлі ерекше.Ертегілерді меңгеруде, солар арқылы дамыту жұмыстарын жүргізгенде мыналарды:- Мәтінді бірінші болып мұғалімнің өзі оқуын;- Өлеңмен жазылған мәтінді оқығанда оның әуені мен ұйқасын келістіре оқуға, интонациялық, тактикалық жақтарының бұзылмауына;- Мәтінді мәнерлеп оқуға;- Мәтіндегі дыбыс үндістігінің бұзылмауына;- Мәтіндегі сөздердің қатесіз дұрыс оқылуына;- Балалардың түсініктерін мейлінше көркем тілмен өз сөздерімен айтып беруіне баса көңіл бөлу керек. Бала тілін жан-жақты дамытып, қалыптастыруда қазақ халқының ауызекі шығармашылығының маңызы өте зор. Халық ауыз екі шығармалары әсем түрде құрылған жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, ойын өлеңдер, ертегі, аңыз-әңгіме, мақал-мәтелге бай. Осы бай мүраның қай түрін алсақ та балаға ана тілін меңгертіп, сөздік қорын молайту арқылы, байланыстырып сөйлеуге, тілінің грамматикалық құрылымын қалыптастыруда, дыбыстық қателіктерді жоюда, шығармашылық ойлауын дамытуда баға жетпес құралдар болып табылады.Халықтық әсем сөз өрнектері балалар түсінігіне лайықты, тілге орамды, көркем әдеби тілмен жазылған. Сазда халық әуенімен айтылатын бесік жырларынынң сан-алуан түрлері, түсау кесу жырлары ойнақы тілмен жазылған санамақтар, ойын өлеңдері балалардың жас ерекшеліктеріне қарай тиімді пайдаланылса, баланың тіл әлеміне деген қызығушылығы артып, ана тілден байлығын меңгертуде үлкен қызмет атқарары сөзсіз. Қай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның басталуы, аяқталуы болады. Ертегі тілінің көркемділігі, қызғылықты оқиғалар желісінің баяндалуы образдардың шебер суреттелуі баланың ертегі дүниесіне қызығушылығын арттыра түседі.Ертегілерді баланьщ тындауы, естіген ертегі мазмұнын қайталап айтып беруі, баланың сөздік қорьш молайтып, байланыстырып сөйлеу тілін дамытьш, тілдің грамматикалық құрылымын меңгеруде ғана емес, ерлікке, достыққа, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық сияқты адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге, эстетикалық талғамын, қиялын дамытуға мүмкіндіктер беріп түрлі жауыздық, зұлымдық иелері арқылы жамандықтан жирендіреді.

Page 52: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

Ата-ана бала түсінігіне лайықты мектеп жасына дейінгі балалар ушін тек қиял-ғажайып және хайуанаттар туралы ертегілер оқылатындығын ескергені жөн. Сәби балаларға (3-4 жас) ертегілерді ауызша әңгімелеп айтып беріп, ал ересек балаларға (5-6 жас) оқығанды тыңдатып және әңгімелету әдістерін жүргізуге болады. Себебі мектеп жасына дейінгі баланың жас кезеңдеріне қарай психикальщ даму ерекшеліктерін ескеретін болсақ бала үшін ұзақ уақыт оқылған ертегіні зейін қоя отырып тыңдау қиынға соғады. Ертегіні тындату арқылы балаға жан-жақты тәрбие беріп, дамытумен бірге, оқығанды шыдамдылықпен тыңдай білуге ұстамдылыққа үйрете аламыз, Әсіресе, ертегіні сюжетке қатысты түрлі-түсті суреттерді, картиналарды пайдалану арқылы әңгімелесу баланың қызығушылығы мен әстетикалық талғамын арттыра түсуде мол мүмкіндіктер береді. Бала үшін сурет арқылы ертегі мазмұнын айтып беру, шығармашылық ойлауын, ұзақ уақыт есте сақтау қабілетін де дамытады. Оқулықта берілген "Ғажайыптар әлемінде" деген мәтінде ертегілерге арқау болған құбылыстар мен жағдайлар айтылып қазақ ертегілерінің негізгі түрлері туралы деректер ұсынылады. "Ертегілердің ең бір тамаша, балаларға қызықты түрі - киял-ғажайып ертегілері" деген түйінді ойдан кейін осы шығармалардағы сан-алуан оқиғаларды басынан кешірген кейіпкерлер жөнінде, олардың қарсыластары мен достарының фантастикалық түрде бейнеленуіне, ертегілердің басталуы мен аяқталуында бірсарындылық болатынына оқушылар көңілін баса аударған жөн. Мәтінді оқып-талдау үстінде балалар басты кейіпкердің өз ата-анасын, ел-жүртын қорғау мақсатында ұзақ жолға шығып, көптеген қиындықтардан өтіп, жеңіске жеткендігімен қатар оның үлкен мен кішіге қайырымды, досына сенімді, адал болатындығына тоқталып, өз беттерімен тиісті қорытынды жасап отырады. Талдау жұмысының бір бөлігі балаларға қиял-ғажайып ертегілерінің көркемдік ерекшеліктерін байқатып-білдіруді көздейді.

Page 53: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

Пайдаланылған әдебиеттер  1. «Мұғалімнің оқу - әдістемелік жұмысқа дайындық деңгейін анықтайтын педагогикалық диагностика» /Құрастырғандар: Л.В. Игнатенко, А.Т.Биболова, Г.Е.Мусабекова. Шымкент 2006 ж.2. С.Қирабаев, Қ.Мырзалиев. Қазақ әдебиеті. Алматы: Мектеп. 2001 ж.3. С.Мақпырұлы, Т.Сыдықов. Қазақ әдебиеті. І бөлім.«Фолиант» баспасы. Астана. 2007 ж.4.А.Байтұрсынов «Ақ жол». Алматы. «Жалын» 1991 жыл.04/03/20113. Қазақ тілін оқыту әдістемесі 1998 ж. С.рахметова4. Ана тілін оқыту әдістемесі. Алматы «Атамұра»- 1998 ж5. Мәнерлеп оқу Алматы «Мектеп» 1982 ж Х. Қожахметовыа6. Бастауыш сынып №3,4- 2002 ж7. Бастауыш сынып 5-2004 ж8. Тәрбие құралы, №1 2005 ж9. Ана тілі оқулығы (1,2,34, сынып)10.Ы.Алтынсарин «Таза бұлақ»11.ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті

стандарттары. Алматы 2003 ж12.Интернет13.Мөлдір бұлақ журналдары

Page 54: kaz-refer.at.uakaz-refer.at.ua/_ld/11/1116_gaN.docx  · Web viewЕ) М. ысалдарды оқыту. Практикамен байланыстыру. Озық тәжірибелі

Пайдаланылған әдебиеттер  1. «Мұғалімнің оқу - әдістемелік жұмысқа дайындық деңгейін анықтайтын педагогикалық диагностика» /Құрастырғандар: Л.В. Игнатенко, А.Т.Биболова, Г.Е.Мусабекова. Шымкент 2006 ж.2. С.Қирабаев, Қ.Мырзалиев. Қазақ әдебиеті. Алматы: Мектеп. 2001 ж.3. С.Мақпырұлы, Т.Сыдықов. Қазақ әдебиеті. І бөлім.«Фолиант» баспасы. Астана. 2007 ж.4.А.Байтұрсынов «Ақ жол». Алматы. «Жалын» 1991 жыл.04/03/2011