41
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда 12 жылдық білім беру мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығы Әдістемелік құрал Астана 2013

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын … · 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы

  • Upload
    others

  • View
    84

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын … · 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда 12 жылдық білім беру мазмұнының кіріктірілуі мен

сабақтастығы

Әдістемелік құрал

Астана 2013

Page 2: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын … · 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама).

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда 12 жылдық

білім беру мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығы. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 41 б.

Ұсынылып отырған әдістемелік құралда оқушылардың функционалдық

сауаттылығын қалыптастыруда 12 жылдық мектептің білім беру деңгейлеріндегі оқу пәндерінің мазмұндық бағыттары, білім мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығын іске асыру жолдары берілген.

Бұл әдістемелік құрал жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері мен оқытушыларына, мұғалімдерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институттарының мамандарына, орта мектептің оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары мен мұғалімдеріне арналады.

© Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013

2

Page 3: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын … · 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы

Кіріспе Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруі

үдерісінде еліміз үшін маңызды болып табылатын стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы және т.б. функционалдық дағдылар мектеп қабырғасынан қалыптасады.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілді [1]. Ұлттық жоспар Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту іс-қимылдарының мақсаттылығын, біртұтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етуге бағытталып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үдерісін мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтиды [2].

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да анық көрсетілген [3]. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр. Осыған орай алған білімдері негізінде әрекет етуге қабілеттілік пен даярлықты білдіретін құзыреттіліктерді қалыптастыру үздіксіз білім беру жүйесінің маңызды буыны болып саналатын жалпы білім беретін орта мектептердегі әрбір пәнді оқытудың да басым бағыттарының бірі болып табылады.

Функционалдық сауаттылық оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін және оқушылардың өнімді жұмысының көрсеткішін білім деңгейі ретінде қарастырады. Бұл деңгей өмірдің әртүрлі саласындағы тапсырмаларды шешуде мектептік білім мазмұнының қолданбалық сипатына және оқушылардың игерген біліміне негізделеді. Сондықтан, қоғамдағы өмірлік пен практикалық іс-әрекеттердің дағдылары мен әлеуметтік іс-тәжірибені меңгеру үшін оқушылардың білім алу барысында негізгі және пәндік құзыреттіліктері қалыптасуы тиіс.

3

Page 4: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын … · 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы

Оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыруға негізделген 12 жылдық білім беру жүйесінің мақсаты – құзыретті тұлғаны, яғни өзінің білімі мен іскерлігін пайдалана отырып, өздігінен әртүрлі мәселелерді шеше білуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Құзыреттілік тұрғыда білім беру білім мазмұнының тұлғалық бағдарын нығайтуға және оны едәуір практикаға бағыттауға мүмкіндік береді. Сондықтан құзыреттілік тұрғыдағы білім беру шеңберінде білім көлемінің ұлғаюына қарағанда, әрекеттердің жан-жақты тәжірибелерінің меңгерілуі басымды болып табылады, яғни әртүрлі жағдайлардағы іс-әрекеттер мен амалдардың жекелей жинақтары кеңейтіледі.

Біріккен Ұлттар Ұйымының «Білім бәріне ортақ» атты бағдарламасына сай зерттеулерде функционалдық сауаттылық әр азаматтың міндеті ретінде қарастырылып, әрмен қарай кәсіби сауаттылықпен жалғасатыны анық айтылған [4]. Функционалдық сауаттылыққа бейімделу, оның қалыптаса бастауы бастауыш мектептен бастау алады. Қазірде олар оқитын пән оқулықтарының мазмұны көбіне алғашқы сауаттылықтан басталып, әрмен қарай дамып, жүйелене түседі. Алайда, оны алдымен пән ұстазы ескеріп: «Игерілетін білім, білік, дағдылардың қайсылары функционалдық сауаттылыққа жол ашады? Олардың басқалардан ерекшелігі неде?» деген сүрақтарға өздері жауапты қарап, шәкірттердің санасына сіңірудің әдіс-тәсілдерін жан-жақты қолдануды басшылыққа алуы орынды. Ол үшін функционалдық сауаттылыққа жататын білімдер мен біліктердің, әсіресе, жиі қолданылатын іс-әрекет түрлерінің өзара тәуелділігін, бірімен бірінің үндестігін оқулықтардағы мазмұнының мәтінімен байланыстыру қажет.

Осыған орай 12 жылдық білім беруде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша білім беру деңгейлеріндегі оқу пәндері білім мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығын іске асырудың негізгі жолдарын анықтау өзекті мәселе болып табылады.

Сонымен қоса білім беру деңгейлеріндегі оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша біртұтас әдістемелік жүйенің жасалуын талап етеді. Ол білім берудің мақсатынан бастап оқытудың түпкі нәтижесіне дейінгі аралықтағы компоненттердің бірлігі арқылы жүзеге асуы тиіс. Сондықтан мақсатқа қол жеткізудің басты құралы саналатын білім мазмұнын білім беру деңгейлерінде оқушының функционалдық сауаттылығына негіздеп құру тиімді болмақ.

Қойылып отырған мәселенің шешімдерінің бірі ретінде, яғни оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда 12 жылдық мектептің білім беру деңгейлеріндегі оқу пәндерінің мазмұндық бағыттарын анықтауға арналған әдістемелік құралы ұсынылады.

Әдістемелік құралда оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы оқу пәндерінің мазмұндық бағыттары, білім беру деңгейлерінде білім мазмұнының кіріктірілу мен сабақтастықты жүзеге асыру жолдары, бейіндік мектептегі базалық және бейіндік білім мазмұнының кіріктірілу ерекшеліктері, мектептік ғылыми жобалар және оларға қойылатын талаптар берілді.

4

Page 5: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын … · 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы

1 Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру-дағы оқу пәндерінің мазмұндық-әдістемелік бағыттары

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру қазіргі таңда оқыту жүйесіне

қойылып отырған әлеуметтік сұраныс талаптарымен сай келу үшін бастауыш сыныптардан бастап оқушылардың коммуникативтік, ақпараттық және проблемалардың шешімін табу және тағы басқадай негізгі құзіреттіліктеріне бағытталып жүргізілгенде ғана оң нәтижелерге қол жеткізуге болады.

12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы функционалдық сауаттылық алдын ала жүйеленіп, реттеліп берілуіне жол ашатын стандарттар мен оқу бағдарламаларындағы күтілетін нәтижелердің көпшілігі функционалдық сауаттылықтармен сәйкестелуін қажет етеді.

12 жылдық білім беруге көшу Қазақстан Республикасының қазіргі білім беру саясатының келесі бағыттарын іске асыру жолымен қазақстандық білімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуді көздейді [5]:

− барлық азаматтарға сапалы білім алуы үшін бірдей мүмкіндіктерді ұсыну; − қазақстандық патриоттыққа, адам құқықтары мен бостандығына

құрметпен қарауға, азаматтық жауапкершілікке және құқықтық сана-сезімге тәрбиелеу;

− ұлттық мәдениетке құрметпен қарауға, толеранттыққа, басқа мәдени бастауларға қатысты ашықтылыққа тәрбиелеу;

− қоғамда табысты әлеуметтену қабілеттілігін қалыптастыру; − оқушылардың оқу жүктемесін білім беру сатысының әр деңгейдегі жас

ерекшелік мүмкіндіктерімен және психофизиологиялық даму заңдылықтарымен өзара байланыстыру;

− жеке білім беру траекториясын қалыптастыру мүмкіндіктерін беру; − жалпы орта білім беру деңгейінде оқытуды бейіндендіру; − тілдерді деңгейлеп оқытуды енгізу және көптілді тұлғаны қалыптастыру; − оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту. Оқытудың 12 жылдық моделіне көшу шеңберінде білім беруді жетілдірудің

жоғарыда көрсетілген бағыттарын жүзеге асыру білім беру мазмұнының когнитивтік, аксиологиялық және іс-әрекеттік компоненттерін кіріктіру негізінде жаңартылған мазмұндағы стандарттарды әзірлеу мен енгізуді ұйғарады.

Білім беру стандарттарын инновациялық тұрғыда әзірлеуде негізгі екпін оқушылардың оқу жүктемесін саралауға арналады, яғни оларға өзіндік ұстаныммен құрылған жекелей білім алу траекториясы негізінде оқу материалын меңгеру мүмкіндігі ұсынылады. Сондықтан 12 жылдық білім беру мазмұнын іріктеудің теориялық-әдіснамалық негіздерін тұлғалық іс-әрекеттік тұрғыда оқытуды іске асыру шеңберінде анықтаған жөн. Ол білім берудің білімге бағдарланған, тұлғаға-бағдарланған және жүйелі-әрекеттік (құзыреттілік) парадигмаларының жүйелі жиынтығын береді [6].

12 жылдық білім берудің негізгі мақсаты – қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, сондай-ақ, қоғам

5

Page 6: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын … · 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы

пайдасына қарай өз мүмкіндігін толығымен жүзеге асыруға дайын, білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту [7].

Осы тұрғыда 12 жылдық оқыту моделінің жаңартылған білім мазмұнына қойылатын талаптар былайша тұжырымдалады: Қазақстан қоғамын әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуда жаңа ғылыми білімдер мен басымдылықтарды енгізу; білім берудің жасампаздық және футуристік (әлеуметтендіруші) сипатын күшейту; көптілді оқытуды енгізу; білім беру мазмұнының когнитивтік, аксиологиялық және іс-әрекеттік компоненттерінің арақатынасын үйлестіру; оқу материалдарын білім беру деңгейлері арасында үлестіру және олардың сабақтастығын қамтамасыз ету; мазмұнның ұлттық және аймақтық компоненттерін кеңейту.

Қазақстандық қоғамның көпмәдениеттілік жағдайында ізгілік дүниетанымдық ұстанымдарды, ұлттық-мәдени құндылықтарды, қоршаған әлемге эмоционалдық-құндылық қарым-қатынасты қамтитын білім мазмұнының аксиологиялық компонентін кіріктіру негізінде оның тәрбиелік әлеуетін күшейту мәселесі ерекше мәнге ие болады.

Білім беру мазмұнына аксиологиялық компонентті кіріктіру оқу материалдарын іріктеу мен ұсынуда ұлттық-мәдени құндылықтардың көрініс табуын көздейді. Сондықтан білім мазмұнына аксиологиялық компонентті кіріктіру негізіне «Мәдени мұра» ұлттық-стратегиялық бағдарламаның нәтижелерін енгізген жөн.

Оқушылардың мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыратын және дамытатын білім мазмұнының іс-әрекеттік компонентін кіріктіру оның практикалық және қолданбалық мазмұнын күшейтуге септігін тигізеді.

Білім беру мазмұнына іс-әрекеттік компонентті кіріктіру оқушылардың өмірлік іс-әрекеттерінде әртүрлі міндеттерді шешу біліктерін дамытуға, практикалық жағдайларда тиімді және әлеуметтік бейімделу үдерісінде тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін шығармашылық және практикаға бағытталған оқу материалдарының берілуін ұйғарады.

Білім беру мазмұнындағы когнитивтік компоненттер оқушының базалық білімді меңгеруі барысында білімдік және іс-әрекеттік дайындығын қамтамасыз етіп, білім жүйесіндегі пәндік құзыреттіліктерді дамытуға, яғни оқу пәні шеңберінде білім, іскерлік, дағдыларды меңгертуге бағытталады.

Білім беру мазмұнындағы аксиологиялық компоненттер Қазақстан Республикасы Конституциясына, тәртіп сақтау ережелері мен заңдарына құрмет көрсетуін; белсенді азаматтық ұстанымын, жоғары патриоттық сезімін көрсете білуінен, өз Отанына қызмет етуге және оның мүддесін қорғауға дайын болуын; мемлекеттік тілді және өз ана тілін білуінен, қазақ халқының және Қазақстан аумағында өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына құрметпен қарауын; өз елінің, туған өлкесінің табиғатын сақтауға және көркейтуге ұмтылуынан,

6

Page 7: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын … · 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы

қоршаған ортаны қорғауда белсенділік танытуын; салауатты өмір салтын ұстануынан, өз қауіпсіздігі мен айналасындағы адамдардың қауіпсіздігін сақтауға үйренуін; адамдармен қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуынан, этикалық нормаларды сақтай білуін; өздігінен білім алуға, өмірден өз орнын табуға және жасампаз еңбекке ынта-ықыласы мен қабілеттілігін; үлкендерге құрметпен, кішілерге қамқорлықпен қарап, айналасына мейірімді, кішіпейілді бола білуін; әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін дұрыс бағалай алуынан, қоғамға жат құбылыстарға, идеологиялық, діни ағымдарға және заңды бұзушылық әрекетке қарсы тұра білуін қамтамасыз етеді [8].

Білім беру мазмұнындағы іс-әрекеттік компоненттер оқушының адамзат қоғамының өркендеуі үшін ғылыми жетістіктерді пайдалану аясы мен ғылым негіздері бойынша жүйелі білімді меңгеруін; ғылыми ақпаратты талдай, өңдей, жинақтай және қолдана білуін; таным, жобалау, құрастыру, зерттеу және шығармашылықпен қолдану әдістерін меңгеруін; заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеруін; жоғары деңгейдегі коммуникативтік қабілеттілігі мен көптілді мәдениеттілігін қамтамасыз етеді.

Осы талқылаулардан білім беру мазмұнындағы аксиологиялық және іс-әрекеттік компоненттер білім жүйесіндегі негізгі құзыреттіліктерді дамытуға бағытталып отырғанын көруге болады.

Оқушылардың алған білімдерін практикалық жағдайларда тиімді және әлеуметтік бейімделу үдерісінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктер жүйесін меңгеруі олардың функционалдық сауаттылығы дамуының нәтижесін береді.

Функционалды сауатты адам қоғамның құндылықтарына сәйкес, қоғамдық ақуалдың қалыптасқан мүдделеріне қарай әрекет етеді. Бүгінгі күнге қажетті мамандықты таңдап дұрыс шешім қабылдап, заманауи ақпараттық технологиялардың тілін біліп кез келген әлеуметтік ортаға бейімделеді. Осы тұрғыда функционалды сауатты адамның негізгі белгілерін тұжырымдауға болады: қоғамдық ортада өмір сүре білетін, тіл табыса білетін, белгілі бір сапалық қасиеттері бар, жалпы негізгі және пәндік құзыреттіліктерді меңгерген адам болып саналады [9].

Негізгі құзыреттіліктер кез келген адамның таңдаған мамандығына қабілеттіліктері мен біліктігіне, бәсекеге қабілетті орта жағдайында өзінің жеке өмірі мен кәсіби жұмысында нәтижеге жетуін түсінуіне мүмкіндік береді.

А.Хуторскойдің пікіріне сүйенсек, құзыреттілік – тұлғаның өзара байланысты сапаларының жиынтығы (білімдер, біліктер, дағдылар, әрекет қабілеттері). А.Хуторской сонымен қатар білімділік компетенцияларын да көрсетеді. Білімділік құзыреттілік – бұл оқушының шынайы өмірдегі нысандарға қатысты жеке тұлғалық жөне әлеуметтік-маңызды да өнімді қызметтерін жүзеге асыру үшін қажетті мәндік бағдарлардың, білімдердің, біліктердің, дағдылар мен іс-әрекет тәжірибешілерінің жиынтығы деп қорытындылайды [10].

Құзыреттілік – танымдық, кәсіптік, шығармашылық қызмет атқарудың және өзгелермен эмоциялық-құндылық қатынастар жасаудың әлеуметтік

7

Page 8: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын … · 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы

тәжірибелерін меңгеріп, азаматтық қоғам жағдайында өмір сүруге қабілеттілік болып табылады деген айқындама қорытылып шығарылды [11].

Сонымен қатар, негізгі құзыреттілік – бұл мемлекеттің орта мектепті бітіруші тұлғаның сапасына МЖБС-да және оқу бағдарламаларында көрсетілген білім беру нәтижелері түрінде қоятын талаптары.

Мектеп бітірушінің негізгі құзыреттіліктері оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту нәтижесі ретінде белгіленіп, мынадай түрлерге бөлінген [2]:

− басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті); − ақпараттық (өзіндік танымдық қызметке қабілеті немесе өмір бойы білім

ала білуі); − коммуникативтік (қазақ, орыс және ағылшын (шет) тілдерінде ауызша,

жазбаша және нәтижелі қарым-қатынас жасауға қабілеті); − әлеуметтік (әлеуметтік өзара іс-қимыл жасауға қабілеті); − тұлғалық (өзіндік іске асыру, өзін-өзі жетілдіру, өмірлік және кәсіби өзін-

өзі анықтау, төзімді болу қабілеті); − азаматтық (қазақстандық сана-сезім мен мәдени ұқсастық негізінде өзінің

отаны үшін жауапкершілікті сезіну қабілеті); − технологиялық (тиімді пайдалану деңгейінде технологияларды, оның

ішінде ғылыми, сандық технологияларды пайдалану қабілеті). Бұл құзыреттіліктер оқушылардың функционалдық сауаттылығының

құраушысы болып, оқушының әртүрлі өмірлік салаларда тиімді өмір сүруіне мүмкіндік беретін дағдылары мен қабілеттерін қамтамасыз етеді.

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасына (Programmer for International Student Assessment – РІSА) сәйкес «Функционалдық сауаттылық» ұғымы білім беру саласында келесідегідей жаңа басымдықтарды айқындайды: мектепте алған білімдерін өмірлік жағдаяттарда қолдана білу, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей білу және алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білу, өзінің болжамдарын ұсыну және зерттеулер жүргізу, өзінің ойын негіздей білу және т.б. қабілеттерін қалыптастыру болады [12].

Функционалдық сауаттылықты түсінудің басқа да жолдары бар: адамның жақсылық пен тілектестік рухында тәрбиеленуі үшін қарым-қатынас мәдениетін, жеке кәсіби дайындығын, кәсіби технологиялық дайындығын қамтамасыз етеді.

Жеке тұлғаның басты функционалдық сапасы белсенділік, шығармашылық пен ойлауға қабілеттілік және стандартты емес шешімдер қабылдай алуы, өзін-өзі дамытуға, өздігінен оқуға, өз білгенін іске асыру болып табылады.

Осы тұрғыда оқушылардың функционалдық сауаттылығы өмірден алатын білім, білік және дағдыларды адам жұмысының әртүрлі саласындағы алуан түрлі тапсырмаларды шешудің, еңбек өнімділігі мен әлеуметтік-экономикалық дамудың тұтас алғандағы әлеуметтік қатынастардың оқушының меңгеретін білім мазмұнымен байланысы арқылы қалыптасады.

8

Page 9: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын … · 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы

12 жылдық мектепте оқушылар білім мазмұнын бастауыш білім беру, негізгі орта білім беру, жалпы орта білім беру (бейіндік мектеп) деңгейлері бойынша сабақтастықпен меңгереді. Әр білім беру деңгейлерінде базалық білім мазмұны білім салаларындағы сәйкесінше оқу пәндерінің мазмұнымен жүзеге асырылады.

Бастауыш білім мазмұнын жеті білім саласы құрайды: «Тіл және әдебиет», «Математика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Өнер», «Технология», «Дене шынықтыру».

Негізгі орта білім мазмұнын жеті білім саласы құрайды: «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Өнер», «Технология», «Дене шынықтыру».

Жалпы орта білім мазмұны жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша бейіндік оқытуға негізделіп, базалық білім мазмұны әр бағыт үшін біркелкі болады және оны алты білім саласы құрайды: «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Адам және қоғам», «Жаратылыстану», «Технология», «Дене шынықтыру».

Барлық білім салалары сәйкесінше оқу пәндерін қамтиды: 1) «Тіл және әдебиет» білім саласына енетін пәндер: «Сауат ашу (оқу,

жазу)», «Әдебиеттік оқу», «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» (қазақ тілінде жалпы білім беретін ұйымдар үшін, оқыту тілі қазақ тілінде емес жалпы білім беретін ұйымдар үшін), «Орыс тілі», «Орыс әдебиеті» (орыс тілінде жалпы білім беретін ұйымдар үшін), «Орыс тілі», «Орыс әдебиеті» (қазақ тілді және басқа да орыс тілді емес жалпы білім беретін ұйымдар үшін), «Шетел тілі». Қазақстан аумағында тұратын этностың тілінде оқытатын жалпы білім беретін ұйымдарда «Тіл және әдебиет» білім саласына осы этностың «Ана тілі мен әдебиеті» қосымша енеді. Нақты этностың шоғырланып орналасқан жерлерінде олардың тілін оқыту мәселесін шешу білім саласындағы жергілікті атқару органдары құзырына беріледі. «Ана тілі» («Ұйғыр тілі», «Өзбек тілі», «Тәжік тілі») мен «Әдебиет» («Ұйғыр әдебиеті», «Өзбек әдебиеті», «Тәжік әдебиеті») пәндері үлгілік оқу жоспарының инварианттық компонентіне енеді;

2) «Математика және информатика» білім саласына енетін пәндер: «Математика», «Алгебра», «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия», «Информатика»;

3) «Жаратылыстану» білім саласына енетін пәндер: «Дүниетану», «Жаратылыстану», «География», «Биология», «Физика», «Химия»;

4) «Адам және қоғам» білім саласына енетін пәндер: «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық», «Өзін-өзі тану»;

5) «Өнер» білім саласына енетін пәндер: «Музыка», «Бейнелеу өнері»; 6) «Технология» білім саласына енетін пәндер: «Еңбекке баулу», «Сызу»,

«Технология»; 7) «Дене шынықтыру» білім саласына енетін пәндер: «Дене шынықтыру»,

«Алғашқы әскери дайындық». 12 жылдық мектептің білім беру деңгейлеріндегі білім салалары бойынша

оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктері мен мазмұндық-әдістемелік бағыттары бар.

9

Page 10: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын … · 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы

«Тіл және әдебиет» білім саласында оқушылардың функционалдық сауаттылығы олардың қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілі мен шетел тілін ұлтаралық қатынас ретінде сөйлесу дағдыларын игеру; мемлекеттік тілді, өзінің халқының мәдениеті мен әдебиеттік мұралары мен ұлттық құндылықтарын өзін-өзі дамыту мен өз мұмкіндігін іске асыруда шығармашылықпен пайдалану дағдыларын игеру; ана тілін грамматикалық нормаларға сай оқу, дұрыс жаза алу дағдыларын игеру; тілдік тұлғаның әлеуметтік-қоғамдық ортада сөйлесім әрекетінің түрлерін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім) өзінің мақсатына қарай еркін қолдана алу; сөздерді шынайы қарым-қатынастық жағдаятта қолдана білу; сөзді басқа сөздермен үйлестіру; сөз құрау; өмірлік жағдайларда іс-әрекеттер жөнінде нақты және қысқаша сөйлесу қабілеттерімен анықталады.

Оқушылардың бұл саладағы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін білім беру деңгейлеріндегі тіл және әдебиет пәндерінің мазмұнына әрекеттік сипаттағы келесідегідей білімдерді кіріктіру қажет:

– қазақ тілін мемлекеттіліктің негізгі көрсеткіші және отансүйгіштікті, азаматтық жауапкершілікті арттыру, полилингвистикалық білім беру мақсатында жүргізу;

– шынайы өмірмен байланысты, табиғи қарым-қатынас тудыратын аутентикалық оқыту мен әрекеттікті қалыптастыру;

– лингвомәденитанымдық аспектілер бойынша әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, оқу-еңбек шеңберлерінде лексикалық тақырыптарды бөлу және әр тақырыпты тілдік, қатысымдық-сөйлесімдік, мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімдеріне жіктеу;

– қазақ, орыс және шетел тілдері бойынша коммуникативтік, тілдік, лингвистикалық және әлеуметтік мәдени құзыреттіліктерді қалыптастыру;

– сауатты жазбаша және ауызша сөйлеуді дамыту; – этноаралық қатысымда табысты сөйлесуді жүзеге асыру біліктігін

қалыптастыру; – әдебиеттердің адамгершілік және гуманитарлық құндылықтарын

пайымдау арқылы белсенді азаматтық борышты қалыптастыру; – типологиялық әдеби байланыстарды анықтау арқылы әртүрлі

халықтардың дәстүрлерін ұлттық танып білу мен толеранттық қатынасты қалыптастыру;

– оқушылардың оқуға қызығушылықтарын, эстетикалық талғамдарын, бейнелік ойлауларын дамыту және оларды өздігінен мәтін жасауда қолданып шығармашылық қабілетін дамыту;

– оқушылардың ойындағысын пәннің мазмұнындағы функционалдық сауаттарымен байланыстырып, жазбаша жұмыстарды: эсселер, мазмұндамалар, шығармалар т.б. жазып немесе жаңа нысандар жасап шығару;

– жазбаша жұмыстарды, түрлі біліктерді, құзыреттіліктерді қажет ететін өздік жұмыстар мен тапсырмаларды іс жүзінде орындау; глоссарий, эссе, кең көлемді зерттеу жұмысының нәтижесін жазу, есептер және шағын диссертациялар, әр түрлі бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып күрделі презентациялар құрастыру.

10

Page 11: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын … · 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы

Тілге қатысты функционалдық сауаттылық – тілдік ережелерді түсіну – тілдік нормаларды сақтау – іс-әрекет тәсілдерін меңгеру болады.

Тілді меңгеруде грамматиканың орны ерекше, өйткені онсыз ойды жинақтап сөйлемге айналдыру, байланыстырып жеткізу мүмкін емес. Сондықтан грамматика толыққанды тілдесімге жетудің құралы ретінде қарастырылады. Грамматикалық дағдыны қалыптастыру функционалдық бағытта грамматикалық форма мен функцияны бірлікте үйрену арқылы грамматикалық ережелерді толық игеру, жағдаяттық және шартты сөйлесу жаттығулары негізінде іске асады. Білім мазмұны қазіргі қоғамдық сұранымға сай болуы үшін ол оқушының өмірі мен қоршаған ортасына жақындатылуы тиіс.

«Математика және информатика» білім саласындағы оқушылардың функционалдық сауаттылығы олардың мәліметтерді құрылымдай білу; математикалық қатынастарды бөлу; математикалық модельдерді құру және оларды талдай білу және түрлендіре білу; алынған нәтижелерді түсіндіріп беру; ақпараттық-коммуникативтік технологияның мүмкіндіктерін шығармашылық-пен және өнімді пайдалана білу қабілеттерімен анықталады. Басқаша айтқанда, оқушылардың математикалық функционалдық сауаттылығы күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді шешу үшін математика мен ақпараттық технологияны тиімді қолдана білуге мүмкіндік жасайды.

Оқушылардың бұл саладағы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін білім беру деңгейлеріндегі математика және информатика пәндерінің мазмұнына әрекеттік сипаттағы келесідегідей білімдерді кіріктіру қажет:

– қажет жағдайда анықтамалық материалдарды және қарапайым есептеу құралдарын пайдаланып дәрежелерді, радикалдарды, логарифмдер мен тригонометриялық функцияларды қамтитын формулалар бойынша практикалық есептеулерді шешу;

– қарапайым математикалық моделдерді құрастыру және зерттеу; – нақтылы тәуелділіктерді функцияның көмегімен сипаттау және зерттеу,

оларды графикалық түрде көрсету; – нақтылы үдерістерді графиктермен түсіндіру; – геометриялық, физикалық, экономикалық және басқадай қолданбалы

есептерді, соның ішінде математикалық анализ апаратын қолданып ең үлкен және ең кіші мәндерді табуға арналған есептерді шешу;

– диаграмма, графиктер түрінде берілген нақтылы сандық мәліметтерді талдау, статистикалық сипаттағы ақпараттарды талдау;

– оқыған формулалар мен фигуралардың қасиеттері негізінде күрделі емес практикалық жағдайларды зерттеу (моделдеу);

– қажет жағдайда анықтамалық материалдарды және есептеу құралдарын пайдаланып практикалық есептерді шешу барысында нақтылы объектілердің ұзындықтарын, аудандарын және көлемдерін есептеу;

– қолданбалы сипаттағы математикалық есептерді шешу құралы ретінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды меңгеру;

11

Page 12: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын … · 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы

– жазбаша жұмыстарды, практикалық, зертханалық тәжірибелерді, түрлі біліктерді, құзыреттіліктерді қажет ететін өздік жұмыстар мен тапсырмаларды іс жүзінде орындау.

Қазіргі уақытта «Жаратылыстану» білім саласы пәндерінің Қазақстан мектептерінде оқытылуы заманауи талаптардан кенже қалғанын және осыған орай бүкіл білім жүйесінде кешенді шаралар қабылдау қажеттігін көрсетіп отыр. Кейбір фактілермен қатар оқушылардың жаратылыстану ғылымы бойынша білім деңгейлерінің жеткіліксіздігі пән мазмұнының тым теорияландырылып берілуімен, оқытудың практикалық өмірлік сұраныстары-мен және одан әрі кәсіби әрекеттерімен байланыстың әлсіздігімен негізделеді. Осының салдарынан оқушылар жобалаудың практикалық біліктері мен дағдыларын жеткіліксіз меңгеріп, химиялық үдерістерді моделдеу, химиялық өндірістегі тиімді және инновациялық технологияларды мен олардың өнімдерін пайдалану туралы ақпараттарды аз қабылдайды.

Сондықтан «Жаратылыстану» білім саласындағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша білім мазмұнын жаңартуды келесі жолдармен жүзеге асырылуды ұсынамыз [13]:

– химия, биология және физика ғылымдарының, инновациялық технологиялардың жаңа жетістіктерін енгізу;

– қазақстандық компонентті кеңейту; – Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуын негізге ала отырып,

оқытудың өндірістік, технологиялық үдеріспен байланысын ірілендіру және жаратылыстану өндіріс саласындағы болашақ кәсіби кадрларды дайындау;

– оқушылардың экологиялық мәдениетін дамыту, олардың табиғат пен минералды ресурстарға, туған өлкесінің өсімдіктер мен жануарлар әлеміне ұқыптылықпен қарау және өз елінің табиғи байлығын қорғау мен көбейту негізінде жаратылыстану саласында білім берудің экологиялық құраушысын кеңейту;

– мектептегі жаратылыстану-ғылыми білімді жетілдіру сәйкесінше пәндердің оқу бағдарламаларын күрделендіру арқылы жүзеге аспауы тиіс, керісінше оқыту үдерісі оқушылардың практикалық және зерттеушілік дағдыларын дамытуға, оқу жобаларын орындаудағы креативтілік ойлауын қалыптастыруға, алған білімдерін болашақ кәсіби қызметтерінде қолдана білуге дайындауға бағытталуы тиіс;

– өздігінен орындайтын тәжірибелік, эксперименттік жұмыстарды сан түрлі әдістер мен технологияларды қолдану арқылы функционалдық сауаттылықтарға жататын бөлігіне ерекше мән беріп, жүйелеп үйрету;

– жазбаша жұмыстарды, практикалық, зертханалық тәжірибелерді, түрлі біліктерді, құзыреттіліктерді қажет ететін өздік жұмыстар мен тапсырмаларды іс жүзінде орындау.

Осы айтылғандардан оқушылардың жаратылыстану саласы бойынша функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру үшін білім беру деңгейлеріндегі жаратылыстану пәндерінің мазмұнына әрекеттік сипаттағы келесідегідей білімдерді кіріктіру қажет [13]:

12

Page 13: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын … · 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы

– химиялық элементтер мен заттардың, сонымен қатар химиялық реакцияларды қорыту және топтастыру;

– күнделікті өмірде бізді қоршаған химиялық, физикалық, биологиялық құбылыстарды, әртүрлі заттар мен азықтарды қауіпсіз және тиімді пайдалану;

– химиялық технология және полимерлер өндірісі, жаңа құрылыс және құрастыру материалдары, тұрмыстық химия, фармакология, ауыл шаруашылығы және биотехнология және т.б. облыстарындағы алғашқы практикалық дағдыларының болуы тиіс;

– жаратылыстану пәні бойынша практикалық жұмыстарды жобалау, моделдеу және орындау, диаграммаларды, рекация теңдеулерінің схемаларын оқи білу;

– байқау немесе өлшеу нәтижелерін кестелер, графиктер көмегімен көрсету;

– моделдердің көмегімен қоршаған әлемдегі табиғи құбылыстарды түсіндіру, мәліметтерге талдау жасау негізінде қорытынды жасау;

– жаратылыстану аймағындағы зерттеулердің негізгі ерекшеліктерін түсіну; – алған білімдері негізінде жаратылыстану-ғылыми құбылыстарды

түсіндіру немесе суреттеу, сонымен қатар өзгерістерді болжау; – қорытынды шығару, оларды талдау және негіздемесін бағалау үшін

ғылыми дәлелдеулерді және мәліметтерді пайдалану; – физикалық шамаларды анықтау (өлшеу), болжамдарды тексеру; – Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік географиясы

арқылы қазіргі кездегі ұлттық саясаты және экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық, демократиялық дамуын; қазіргі әлемдегі орнын; мемлекеттік саяси және конституциялық дамуын; мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын; экономикасы, болашағы, қауіпсіздігі және қазіргі геосаяси жағдайын; ішкі және сыртқы саясатын; дүниежүзілік бәсекеге қабілеттілігі; әлемдік қауымдастықтағы алатын орнын меңгеру;

– жазылым бойынша глоссарий, эссе, кең көлемді зерттеу жұмысының нәтижесін жазу, есептер және шағын диссертациялар, әр түрлі бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып күрделі презентациялар құрастыру;

– оқылым бойынша блиц-аударма, мәнерлеп оқу, презентация бойынша нақты сұрақтарға жауап беру; оқушылар Қазақстанның сыртқы саясаты туралы ауызша презентация жасау;

– тыңдалым бойынша дәріс, аудио жөне видеотаспаларды тыңдау (оқулықтарға қосымша ретінде авторлар түрлі аудиоматериалдар әзірлеу керек), сыныптастарының ауызша жүмыстарын тыңдау, диалог, монолог құрастыру, рөлдік ойындарға қатысу, тренинг, пікірсайыстарға қатысу.

«Адам және қоғам» білім саласындағы оқушылардың функционалдық сауаттылығы олардың жалпыадамзаттық, ұлттық-тарихи және әлеуметтік-мәдени құндылықтарға әділеттілікпен, адалдықпен, тілектестікпен, жауапкершілікпен қарай білу; өзінің азаматтық патриоттық ұстанымын және құқықтары мен міндеттерін заңнама мен қоғамдық нормаға сәйкес сақтай білу; отбасында, ұжымда, қауымда әлеуметтік ролін орындай білу; көпмәдениетті қоғамда өмір сүру мен қарым-қатынас жасай білу; өздігінен оқу, өз мүмкіндігін

13

Page 14: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын … · 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы

іске асыру, өзінің кәсіби бағытын анықтау; адамның физикалық және рухани денсаулығын, ақыл-ой жұмысын қолдау үшін салауатты өмір салтын жүргізу қабілеттерімен анықталады.

Оқушылардың «Адам және қоғам» саласы бойынша функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру үшін білім беру деңгейлеріндегі білім мазмұнындары қоғамдық-қызметтік, ғылыми-дүниетанымдық, саяси, құқықтық, құндылық-коммуникативтік, экономикалық, экологиялық, тәни құзыреттіліктерге сәйкес әрекеттік сипаттағы білімдерді кіріктіруді қажет етеді.

Аталған құзыреттіліктер төмендегіше негізделеді: − қоғамдық-қызметтік құзыреттілік индивидтің кәсіп таңдап, өмірлік

қызмет атқара алуын білдіреді. Ол адамның тағдырын айқындайды, өмірінің материалдық жөне рухани жақтарын негіздейді;

− әлеуметтік құзыреттілік индивидтің қоғам өмірінде болып жатқан үрдістердің мағынасын дұрыс ажыратып, қажетті шешім қабылдай білуін көрсетеді. Адам қоғамдық қызметін өз деңгейінде атқара алуы үшін оған отбасында толық материалдық және психологиялық атмосфера жасалуы керек. Жетістіктің қандайы болса да, отбасындағы жағдайларға тәуелді болып отырады;

− ғылыми-дүниетанымдық құзыреттілік адамзаттың тарихи тәжірибелерін молынан меңгеріп, оларды өмірлік практикада қолданып, дұрыс әрекет ете білу үшін жеткілікті деңгейде ғылым негіздерін меңгеру қажеттігін, интеллектуалдығын анықтайды;

− құндылық-коммуникативтік құзыреттілік адамның әлеуметтік мәнділік екендігін, сондықтан ол жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды меңгере отырып, айналадағы өзге адамдармен мәдениетті қатынас жасай алуын көрсетеді;

− саяси құзыреттілік азаматтық қоғам мүшесінің саяси және азаматтық белсенділігін шарттандырады;

− қүқықтық құзыреттілік индивидтің өз құқықтарын пайдалана отырып, құқықтық қоғамда өмір сүре білуін айғақтайды;

− экономикалық құзыреттілік нарықтық қатынас жағдайында әр адамның меншік иесі болуына және бизнеспен айналысуына қажетті жағдайлардың қамтамасыздығын көрсетеді;

− экологиялық құзыреттілік әр адам денсаулығы үшін өзін қоршаған ортаның таза болуын та лап ету қүқығын жүзеге асыру деңгейін көрсетеді;

− тәни қүзыреттілік жоғарыда аталған өмірлік құзыреттілктерді меңгеру үшін адамға қажетті денсаулық, физиологиялық жетілу, салауатты өмір салтын айқындайды.

«Өнер» және «Технология» білім салаларындағы оқушылардың функционалдық сауаттылығы олардың кеңістіктік өнерлерді көркемдік елестету, көркемдік-шығармашылық, көркемдік бейнені құрастыру; көркем сезімін, шығармашылық қиялын, кеңістік ой-өрісін, эстетикалық талғамы мен құрастырушылық; технологиялық білім, еңбек білігі мен дағдысын, іс-әрекетті жоспарлау және ұйымдастыру; түрлі материалдарды (табиғи материалдар және

14

Page 15: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын … · 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы

т.б.) көркем өңдеу; түрлі материалдармен жұмыс істеу; ақпаратты іздеу, қайта өзгерту, сақтау, жүйелеу және қолдану үшін практикалық іс-әрекетте және күнделікті өмірде алған білім мен білігін пайдалану; жобалау, моделдеу, құрастыру; жеке гигиена ережесін сақтау, материалдар және құралдармен қауіпсіздік жұмыс тәсілін қолдану; өндірістің инновациялық технологиялары мен қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық құралдарды пайдалана білу; танымдық және практикалық іс-әрекеттер дағдыларының қалыптасу; жалпыадамзаттық және ұлттық мәдени игіліктерді игеру арқылы оқушылардың эстетикалық дүниетанымы қалыптасу; оқушылардың негізгі өнер түрлерін (музыка, бейнелеу өнері, театр, хореография және т.б.) және өзіндік көркемдік іс-әрекетін түсіну және меңгеру қабілеттерімен анықталады.

Сонымен, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы жаңартылған білім мазмұнының инновациялық сипаттамасын мынадай мазмұндық-әдістемелік бағыттармен көрсетуге болады [14]:

− білім беру мазмұнының когнитивтік, аксиологиялық және әрекеттік компоненттерін кіріктіру;

− білім берудің негізгі мақсаттары білім берудің құндылық бағдарларының жүйесі арқылы анықтау;

− білім берудің баламалылығы және оның саралануын қамтамасыз ету; − білім беру мазмұнының тәрбиелік әлеуетін оның аксиологиялық

компоненттерін кеңейту арқылы күшейту; − білім беруде практикаға бағдарланған жаңа білім мазмұнын енгізу,

денсаулықсақтаушы технологиялар, ашық ақпаратты-білім беру ортасын қалыптастыру және т.б. жүзеге асыру;

− білім мазмұндарында позитивті мәтін, глоссарий, сөздік, мағыналық сөздік, шығармашылық және қолданбалы маңыздылығы жоғары тапсырмалар, зерттеу жұмыстарының тақырыптары, кейбір технологиялар мен әдістерді қолдану бойынша нұсқаулықтар, критериалды бағалаудың әдістемесі мен дескрипторлары туралы материалдар, кейбір сабақтарға қатысты технологиялар мен сценарийлерінің үлгісі, жекелеген тақырыптарға қатысты ақпарат көздеріне сілтеме, аудио және бейне қосымшаларды беру.

Жалпы алғанда, оқыту түрлері: сабақта білім алу, эксперименттер немесе практикалық жұмыстар жасау, есептер шығару, жаттығулар орындау т.б. бәрінің басын біріктіріп, жүйелі ойлап дұрыс шешім қабылдауға әкелетін де функционалдық сауаттылықтар, өйткені нағыз білім саналы түрде жауаптылықпен қабылдап, түсініп, оны орнымен қолданудан туады.

15

Page 16: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын … · 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы

2 Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру-дағы сыныптар мен білім беру деңгейлері арасында оқу пәндері мазмұнының сабақтастығы

Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың

әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.

Функционалдық сауаттылықтар жүйесін құрастыру білім алуға апаратын білім беру деңгейлерінің әрбір пәндегі біліктер мен құзыреттіліктерді іріктеп, олардың өзара сабақтастық байланысын айқындаудан басталады. Ал функционалдық сауаттылықты құрайтын нысаналар, ұғымдар, ұстанымдар, ережелер, заңдылықтар, біліктер, құзыреттіліктер т.б. бірінен-бірі туындайтын немесе үндесетін жүйе ретінде қарастырылып, әр оқу жылында және білім беру деңгейлерінде олар толыға, тереңдей түседі және оларды білім берудің нәтижесі ретінде нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы түрде білім беру деңгейлері бойынша анықтап алу қажет.

Бастауыш білім беру деңгейі баланың жеке тұлға ретінде адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң ынтасы мен іскерлігін: негізгі мектептің білім мазмұнын меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталып, таным әрекетіндегі жеке қабілеттері мен шеберліктерінің дамуын, функционалдық сауаттылығының қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Негізгі орта білім беру деңгейі оқушылардың ғылым жүйесінің базалық негіздерін меңгеруге, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке тұлға ретінде өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытталып, жоғары рухани-адамгершілік қасиеті мен функционалдық сауаттылығының қалыптасуын, бейіналды дайындықтың іске асырылуын қамтамасыз етеді.

Жалпы орта білім беру деңгейі жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша бейіндік оқытуға, саралау, кіріктіру және білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлауға бағытталып, оқушылардың табиғат, қоғам және адам туралы біртұтас, аяқталған білім жүйесін меңгеруін, функционалдық сауаттылығының дамуын, тұлғаның интеллектуалдық, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз етеді.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығы орта мектеп оқушысының белгілі бір деңгейдегі білімінің жиынтығымен, соның негізгі құзыреттіліктерін білуімен, соны тиімді қолдана білетіндігімен қалыптасады.

Осыған орай, біз 12 жылдық мектептегі оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру нәтижесін және оқушылардың дайындық деңгейін анықтайтын негізгі құзыреттіліктердің білім беру деңгейлері мазмұнында сабақтастықпен жүзеге асырылуын тұжырымдадық [10, 11, 15, 16, 17] (1-кесте).

16

Page 17: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын … · 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы

1 кесте – 12 жылдық мектептегі оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру нәтижесін анықтайтын негізгі құзыреттіліктердің білім беру деңгейлеріндегі сабақтастығы

№ Негізгі құзыреттіліктер

Білім беру деңгейлерінде негізгі құзыреттіліктердің үздіксіз қалыптасу нәтижелері Бастауыш білім беру Негізгі орта білім беру Жалпы орта білім беру

1 2 3 4 5 1. Тұлғалық

құзыреттіліктер (өзіндік іске асыру, өзін-өзі жетілдіру, өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтау, төзімді болу қабілеті)

− қоршаған әлемді көре білу және түсіне білу, оған бейімделу қабілеттілігі; − өзінің іс-әрекеттерінің мақсаттары мен міндеттерін, олардың нәтижелерін жорамалдай білуі; − қоршаған әлемде пайда болған міндеттерді шешу тәсілін қабылдай, ұсына, таба білуі; − өзінің іс-әрекеттері мен оның нәтижелерін бағалай білуі; − зерттелмегенді танып білуге ықылас көрсетуі; − адамның оң және теріс қасиеттерін ажырата білуі; − өзінің тұлғалық оң қасиеттерін дамытуға ұмтылуы; − өзінің қадір-қасиетін сезінуін көрсете білуі; − әлеуметтік ортада эмоционалды оң микроклимат жасай білуі; − жас ерекшеліктеріне сәйкес логикалық ойлауды меңгеруі; − жас шамасына сәйкес әртүрлі әлеуметтік рөлдерді орындауға қабілеттілігі, қоғамның мүшесі ретінде өзін елестетуі;

− қоршаған әлемге бейімделу, қалыптасқан құндылықтар тұрғысынан жағдайды әділ бағалау қабілеттілігі; − жеке дамуы траекториясын құрастыру және оны жүзеге асыру бойынша өз іс-әрекеттерін жоспарлай білуі; − пайда болған мәселелерді шешудің қолайлы жолын таба білуі және оны маңындағы адмдармен талқылай білуі; − өзінің іс-әрекеттері мен оның нәтижелерін әділ бағалай білу қабілеттілігі, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуы; − адамның мінез-құлқын бағалауда жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды ескере білуі; − өзінің тұлғалық оң қасиеттерін, лидерлік қабілеттерін дамытуға ұмтылуы; − өзінің қадір-қасиетін сезінуін, өз елінің азаматтық борышын көрсетуі; − этикалық өзін-өзі ұстаумен әлеуметтік ортада эмоционалды оң микроклимат жасай білуі;

− өзінің әрекеттері мен істері үшін мақсатты және мағыналы бекітімдерді таңдай білуі; − өзін-өзі тануға, қазіргі заманғы адамға қажетті тұлғалық сапаларды дамытуға қабілеттілігі; − психологиялық сауаттылығы; − ойлау мәдениетін меңгеруі; − қоғамдағы өзінің рөлі мен орнын түсіне білу қабілеттілігі; − пайда болған жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай білу қабілеттілігі; − салауатты өмір салтын жүргізуі және үгіттеуі; − өзінің қауіпсіздігін сақтай білу ережелерін білуі; − өзінің жеке құндылық сезімін және өз елінің азаматының құндылық сезімін көрсете білуі; − өздігінен білім алу, өзін-өзі іске асыру, жасампаз еңбектену қабілетінің болуы; − физикалық, рухани және интеллектуалды өзін-өзі дамыту қабілетінің болуы; − эмоционалды өзін-өзі басқару және өзін-өзі қолдау қабілеттілігі;

Page 18: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын … · 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы

1-кестенің жалғасы 1 2 3 4 5

− өзінің қауіпсіздігін сақтай білу ережелерін меңгеруі; − салауатты өмір салтын түсінуі; − шығармашылық жұмыс түрлеріне ұмтылуы; − адамның физикалық дамуына белсенді қатысуы; − өнер түрлеріне және нақты объектіні зерттеуге ықылас танытуы.

− іс-әрекеттері мен қылықтарының логикалық негізділігін көрсету; − жас шамасына сәйкес әртүрлі әлеуметтік рөлдерді саналы орындау; − өзінің қауіпсіздігін сақтау ережелерін сақтай білуі; − салауатты өмір салтын жүргізе және насихаттай білуі; − ғылым негіздерін танып білу мен қосымша дамыту үдерісіндегі жобалау-зерттеу әрекетіне қатысуы; − адамның физикалық дамуына белсенді қатысуы; − өнер түрлеріне мен ғылым салаларына ықылыс танытуы.

2. Әлеуметтік құзыреттіліктер (әлеуметтік өзара іс-қимыл жасауға қабілеті)

− ұжымның қоғамдық, әлеуметтік-еңбектену өміріне белсене араласуы; − қоғамдық қатынастардың үйреншікті жағдайларында шешім қабылдай білу қабілеттілігі; − қоғамдағы жалпыадамдық және ұлттық мәдениеттің, этномәдениеттік құбылыстар мен салттардың негіздерін, жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдегі мәдениеттілік негіздерін білуі;

− қоғамдық қызметтер, әлеуметтік-еңбектену саласы, отбасылық қатынастар мен міндеттер аймақтарындағы экономика мен құқық білімдерін меңгеруі; − бейіналды даярлық облысында тереңдетілген және кеңейтілген білімдер мен практикалық дағдыларды меңгеруі; –қоғамдық қатынастар саласындағы үйреншікті мәселелерді шешу кезінде әлеуметтік білімдерді қолдана білуі;

– қоғамдық қызметтер, әлеуметтік-еңбектену саласы, отбасылық қатынастарда, экономика және құқық мәселелері мен өзін-өзі анықтауда білім мен тәжірибені меңгеруі; – қоршаған әлемдегі стандартты емес мәселелерді шешу барысында әлеуметтік білімді қолдана білу қабілеттілігі; – жалпыадамдық мәдени жетістіктері, ұлттық ерекшеліктері, этномәдениеттік құбылыстар мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмір салттары негізінде танып білу мен іс-әрекет тәжірибесін иеленуі;

18

Page 19: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын … · 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы

1-кестенің жалғасы 1 2 3 4 5

− қазақ халқының және Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына құрметпен қарауы; − мемлекеттік тілге құрмет таныту және күнделікті сөйлесу құралы ретінде оны меңгеруі; − орыс тілін күнделікті сөйлесу құралы ретінде және ағылшын тілін тұрақты сөйлесу формуласы деңгейінде меңгеруі; − қоршаған ортаны, туған өлкесінің, өзінің елінің табиғатын қорғауда белсенділік көрсетуі; − айналадағы адамдармен қарым-қатынас жасауда этикалық нормаларды сақтауы; − отбасы мүшелеріне және айналадағы адамдарға мейрімділік, кішіпейілдік танытуы; отбасылық дәстүрлерді құрметтеуі, отбасында өз міндеттерін атқаруы.

− қоғамдағы жалпыадамдық мәдениеттің жетістіктері және ұлттық мәдениеттің, этномәдениеттік құбылыстар мен салттардың ерекшеліктері, отбасылық және әлеуметтік өмірдегі мәдениеттілік негіздері туралы білімдерді меңгеруі; − қазақ халқының және Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына құрметпен қарауы; − мемлекеттік тілді меңгеруі және мемлекеттік тілді Қазақстанда сөйлесу құралы ретінде пайдалануға саналы оң көзқарасының болуы; − танып білу, өзін-өзі дамыту, мәдени алмасу, ғылыми-техникалық прогресстің жетістік-тері туралы ақпараттарды алу құралы ретінде орыс тілін және басқа елдермен мәдениаралық байланыс орнату, ақпараттар алу құралы ретінде ағылшын және басқа да шетел тілдерін меңгеруі; − қоршаған ортаны, туған өлкесінің, өзінің елінің табиғатын қорғау және байыту тұрғысында белсенділік көрсетуі;

– қазақ халқының және Қазақстан-дағы ұлыстардың тарихына, мәдени-етіне, салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына құрметпен қарауы; – мемлекеттік тілді сөйлесу құралы ретінде пайдалануға оң көзқарастың болуы, оны танып білу, мәдени және әлеуметтік әрекеттесуде пайдалана білуі; – танып білу, өзін-өзі дамыту, мәдени алмасу, ғылыми-техникалық прогрес-стің жетістіктері туралы ақпараттар-ды алу құралы ретінде орыс, ағылшын және басқадай шетел тілдерін меңгеруі; – қоршаған ортаны, туған өлкесін, Отанын қорғауда белсенділік көрсетуі; – адамдармен сөйлесуде жоғары мәдениеттілікті, этикалық нормалар-ды сақтауды көрсете білуі; – отбасында өзін ұстау этикасын білуі, өзінен жасы үлкен адамдарды сыйлауы және кішілерге қамқорлық, отбасы мүшелері мен қоршаған адам-дарға жақсылық пен қайырымдылық көрсетуі; – әлеуметтік ортаны дұрыс бағалауы, қоғамға жат құбылыстарға, идеоло-гиялық, діни ағымдарға және заңды бұзушылық әрекетке қарсы тұра білуі.

19

Page 20: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын … · 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы

1-кестенің жалғасы 1 2 3 4 5

− адамдармен сөйлесуде жоғары мәдениеттілікті, этикалық норма-ларды сақтауды көрсете білуі; − отбасында өзін ұстау этикасын білуі, өзінен жасы үлкен адамдарды сыйлауы және өзінен кішілерге қамқорлық көрсетуі, отбасы мүшелеріне және қоршаған адамдарға жақсылық пен қайырымдылық көрсетуі; − қоғамға жат қылықтарға қарсы тұрып, әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін дәл бағалай білуі; идеологиялық, заңға қайшы және діни сипаттағы іріткі жасаушылыққа төзімсіздік танытуы.

3. Азаматтық құзыреттіліктер (қазақстандық сана-сезім мен мәдени ұқсастық негізінде өзінің отаны үшін жауапкершілікті сезіну қабілеті)

− өз елінің азаматы ретінде Отаны үшін мақтаныш сезімін танытуы; − дүние жүзі картасындағы өз елінің орналасқан орнын білуі; − ұлттық батырларды және негізгі тарихи оқиғаларды білуі; − өз елінің жетістіктеріне ықылас таныту; − өз елінің әнұранын білуі, мемлекеттік рәміздерді сипаттай білуі, ҚР Конституциясына құрмет көрсетуі, күнделікті қарым-қатынас деңгейінде мемлекеттік тілді меңгеруі;

− елде болып жатқан оқиғаларды дәл қабылдау, жоғары этикалық құндылықтар, азаматтық және патриоттық негізінде ұжымдағы өз рөлін ұғыну қабілеттілігі; − азаматтық-қоғамдық іс-әрекеттер аймағындағы білімдерді меңгеруі; − өзінің әрекеттері мен қылықтары үшін әлеуметтік-мағыналы бекітімдерді таңдай білуі; − ҚР Конституциясын, заңдары мен құқықтық тәртіпті білуі және сақтауы;

– қоршаған әлемді дұрыс қабылдауы, жоғары этикалық құндылықтар, азаматтық және патриоттық негізінде қоғамның саналы өмірінде өз орнын таба білуі; – азаматтық-қоғамдық іс-әрекеттер аймағында білім мен тәжірибелерді меңгеруі; – өзінің әрекеттері мен істері үшін мақсатты және мағыналы бекітімдерді таңдай білуі; – ҚР Конституциясына, мемлекеттік рәміздерге, мемлекеттік тілге құрмет көрсетуі, заңдарды және құқықтық тәртіптерді сақтауы;

20

Page 21: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын … · 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы

1-кестенің жалғасы 1 2 3 4 5

− өз Отанына қызмет етуге және оның мүдделерін қорғауға дайын екенін, патриоттық сезімін көрсете білуі; болып жатқан әлеуметтік оқиғаларға ықылас танытуы.

− мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді білуі; − белсенді азаматтық бағытты, жоғары патриоттық сезімді, өз Отанына қызмет етуге және өзінің жас шамасы мүмкіндігі мен әлеуметтік қатынастар аралығында оның мүддесін қорғауға дайындығын көрсете білуі; − болып жатқан әлеуметтік оқиғаларды дәл қабылдай білуі, қоғамның мүдделерін қорғау тұрғысында әртүрлі өмірлік жағдайларға қырағылық танытуы; саяси жүйеге ықлыс танытуы.

– белсенді азаматтық бағытты, жоғары патриоттық сезімді, өз Отанына қызмет етуге және оның мүддесін қорғауға дайындығын көрсете білуі; – болып жатқан әлеуметтік оқиғаларға баға бере білуі, мемлекеттің мүддесін қорғау тұрғысында әртүрлі өмірлік жағдайларда шешім қабылдай білуі; – саяси жүйені түсіне білуі және бағалай білуі.

4. Ақпараттық құзыреттіліктер (өзіндік танымдық қызметке қабілеті немесе өмір бойы білім ала білуі)

− жеке компьютермен жұмыс істеудің (компьютердің негізгі құрлғыларын) бастапқы дағдаларын меңгеруі; − қоғам өміріндегі ақпараттың рөлін түсінуі; − ақпараттық үдерістер ағымының заңдылықтарын ескере білуі; − ақпараттарды талдау және бағалау дағдыларын меңгеруі.

− сыртқы құралдармен және аспаптармен (наушниктер, колонкалар, принтер, сканер, сандық фотоаппарат, мультимедиялық проектор) жұмыс істеудің техникалық дағдыларын меңгеруі; − ақпараттың әртүрлі құралдарымен (ЭОҚ, ЭОБ, мультимедиялы энциклопедиялар мен анықтамалықтар, Интер-ресурстар) жұмыс істей білуі; − ақпаратты өздігінен ала, талдай, өңдей, жинақтай, түрлендіре, пайдалана, сақтай және тарата білуі;

– қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен ақпараттарды табу, талдай және іріктей білуі; – алған ақпаратты құрылымдай және жүйелей білуі; – сыни байыпты ақпарат негізінде саналы шешім қабылдауға даяр болуы; – ғылымдар негізі және ғылыми жетістіктердің қолданылу аймақтары бойынша білім жүйесін меңгеруі; – ақпаратты өздігінен талдау, өңдеу, іріктеу, жүйелеу, түрлендіру, сақтау, тасымалдау және оқу қызметінде пайдалану әрекеттерін білуі;

21

Page 22: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын … · 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы

1-кестенің жалғасы 1 2 3 4 5

− одан әрі өздігінен білім алу үшін ақпараттық технологиялар көмегімен алынған ақпараттың маңыздылығын арттыру тәсілдерін меңгеруі; − әртүрлі пәндер бойынша есептерді шешу үшін ақпараттық және телекоммуникативтік техно-логияларды (online, қашықтықтан оқыту, e-learning) қолдана білуі; танып білу, моделдеу және құрылымдау әдістерін меңгеруі.

– танып білу, модельдеу, құрастыру әдістерін меңгеруі; – оқу қызметі үдерісінде өңделген ақпаратты қолдана білуі; оқу қызметінің алға қойған мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес таңдап алынған материалдарды топтастыра білуі.

5. Басқарушылық құзыреттіліктері (проблеманы шешу қабілеті)

− жас шамасы мүмкіндігі аралығында ұжымдағы және отбасындағы оқу, қоғамдық және еңбек қызметін жоспарлай білуі; − ұжымда ұйымдастырушылық біліктігін көрсете білуі; − алдағы іс-әрекеттерді және олардың нәтижелерін көре білуі; − іс-әрекетті жүзеге асырудың басқа әдістері мен тәсілдерін қолдана білуі; − қоғамдық өмірдегі жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білуі; − қоршаған әлемдегі қатынастардың көптігін, өзара байланыстарды түсіне білуі; − шығармашылық әрекеттерге ұмтылуы.

− ұжымның қызметін жоспарлай және ұйымдастыра білуі; − әртүрлі өмірлік жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білуі және баламалы мүмкіндіктермен салыстырмалы түрде таңдап алған шешімді негіздей білуі; − базалық өзара байланыстарды, қатынастардың көптігін логикалық елестетуі, күрделі жағдайларды пайымдауы, білімді практикалық іс-әрекеттерде пайдалануы, алынған ақпараттарды шығармашылықпен өңдей білуі; − аналитикалық және жаңашыл ойлауға, жобалау-зерттеу әрекетіне белсенді қатысу қабілетін көрсетуі;

– жоспарлаудың және іс-әрекеттерді ұйымдастырудың нақтылы болашағымен өз мүмкіндіктерін ұштастыра білуі; – әртүрлі өмірлік жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білуі; – баламалы мүмкіндіктермен салыстырмалы түрде таңдап алған шешімді негіздей білуі; – лидерлік қасиеттерді көрсетуі; – базалық өзара байланыстарды, қатынастардың көптігін көруде тұжырымдамалық ойлауды иеленуі, күрделі жағдайларды пайымдауы, білімді практикалық іс-әрекеттерде пайдалануы, алынған ақпараттарды шығармашылықпен өңдей білуі; – аналитикалық және жаңашыл ойлауға ие болуы, жаңашыл қызметке ұмтылуы;

22

Page 23: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын … · 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы

1-кестенің жалғасы 1 2 3 4 5

− алға қойылған мақсатқа жету үшін, іс-әрекеттің мақсатын (күтілетін нәтижені) анықтап және тактикалық әрекеттер таңдай білуі; шығармашылық көзқарастарды жасай және енгізе білуі.

– әрекеттердің стратегиясын анықтай білуі және нәтижелерді болжай білуі; шығармашылық көзқарастарды жасай және енгізе білуі, оларды басқаларға оқыта білуі.

6. Коммуникативтік құзыреттіліктер (қазақ, орыс және ағылшын (шет) тілдерінде ауызша, жазбаша және нәтижелі қарым-қатынас жасауға қабілеті)

− күнделікті қарым-қатынас аясында қазақ және орыс тілдерін пайдалана білуі; − үйреншікті күнделікті қарым-қатынас жағдайында ағылшын тілінде қарапайым қатынас жасай білуі.

− тұрмыстық және оқу саласы қатынасында қазақ және орыс тілдерін пайдалана білуі; − күнделікті қарым-қатынас аясында ағылшын тілін пайдалана білуі.

– оқу және өмірлік міндеттерді шешу үшін ауызша және жазбаша қатысымдардың әртүрлі тіл құралдарын пайдалана білуі; – коммуникативтік міндеттерді дұрыс шешуге әртүрлі стилдер мен жанырларды таңдай білуі; – оқу және әлеуметтік мәдени қарым-қатынас жағдайларында өнімді әрекеттесуді жүзеге асыра білуі; – қатысымдық іс-әрекеттерде өзінің қатысуын бағалай білуі және осының негізінде өзіндік түзетулер жасай білуі; – тұрмыстық, оқу, мәдениет және бейіндік бағыттағы салалар іс-әрекеттерінде қазақ, орыс тілдерін пайдалана білуі; – күнделікті қарым-қатынас және бейіндік оқыту аясында ағылшын тілін пайдалана білуі.

23

Page 24: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын … · 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы

1-кестенің жалғасы 1 2 3 4 5

7. Технологиялық құзыреттіліктер (тиімді пайдалану деңгейінде технологияларды, оның ішінде ғылыми, сандық технологияларды пайдалану қабілеті)

− адамның еңбек іс-әрекеттін механикаландыру және атоматтандырудың бастамасы ретінде еңбектің қол құралдарын пайдалану мен қол еңбек технологияларын (құрал-саймандарды) меңгере білуі; − объектілерді моделдеу, тұлға жасамдау және құрылымдау (бүтінді бөліктерге бөлу, элементтерді бүтінге қосу, бөліктердің өзара орындарын құрамдастыру, жаңа элементтер жасау және т.б.) тәсілдерін меңгеруі; − ақпаратты графиктік тәсілмен визуалдау және бейнелеп көрсетуді және проекциялық әрекет элементтерін меңгеруі.

− еңбекті механикаландыру мен автоматтандыру негіздерін меңгеруі; − негізгі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеруі және оларды танып білу әрекеттерінде қолдана білуі; − ақпаратты графиктік құралдармен бейнелеп көрсетуді және проекциялық әрекеттің негіздерін меңгеруі, оларды зерттеу іс-әрекетінде пайдалана білуі; − күнделікті өмірге өнім әкелетін ең жаңа технологиялар туралы шоғырланған жаратылыстану ғылымы білімдерін меңгеруі.

– таңдап алған оқу бағдарының (жалпы орта білім беру деңгейінде) аясындағы өндірістік қызметінде пайдаланылатын негізгі технология-лардың жалпы сипаттамаларын білуі; – оқу қызметінің аясындағы зерттеуді құрастыру мен жобалауда қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы; жобалық іс-әрекеттер негіздері мен ақпараттарды берудің графикалық құралдарын меңгеруі және оларды зерттеу қызметтерінде пайдалануы.

24

Page 25: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын … · 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы

Кестеде көрсетілген негізгі құзыреттіліктер мен олардың қалыптасу нәтижелері, яғни оқушылардың білім беру деңгейлеріндегі меңгеретін біліктерінің сабақтастығы олардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үдерісінде маңызды болып табылады.

Сонымен қатар, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру оқу пәндерінің мазмұндары арқылы және сабақтарда оқушылардың өмірлік дағдыларын дамытудың басты шарты болуы тиіс.

Пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына (БЕД) сүйене отырып, оқу пәндерінің мазмұны арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі ойлау дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге асады. Ойлау дағдыларын қалыптастыру және дамыту құралдарына тапсырма түрінде берілген пәндік БЕД жатады, ал ұйымдастыру формасына – проблемалық жағдайлар жатады. Осыған байланысты, ойлау дағдыларының өзі БЕД-тердің құзыреттілікке көшуінің құралы ретінде қызмет атқарады, яғни функционалдық сауаттылығы.

1-сурет – Функционалдық сауаттылықтың мазмұны

Осы тұрғыда әлемдегі мектептік білім берудің тиімділігін салыстырмалы бағалау жүргізетін РІSА зерттеулері де негізгі құзыреттіліктерді үш бағыт бойынша анықтайды, яғни тестілеу барысында функционалдық сауаттылықтың үш саласы бағаланады: оқудағы сауаттылық, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық [18].

Page 26: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын … · 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы

Оқудағы сауаттылық – оқушылардың тілдің әртүрлі бірліктерімен (дыбыс, сөз, сөйлем) жұмыс жасау, оларға сипаттама беру, тіл көмегімен әртүрлі мәтіндерді құрастыру және олармен жұмыс істеу, жазбаша мәтіндерді түсіну және олардың мазмұнын өзінің білімі мен мүмкіндіктерін дамытуға пайдалану қабілеті.

Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық – ғылыми білім негізінде қоршаған әлемді танып білу және оларды жаратылыстану-ғылыми құбылыстарды түсіндіруде, бақылау мен тәжірибелерге негізделген қорытындылар алуда білімді қолдана білу қабілеті.

Математикалық сауаттылық – күнделікті өмірдегі математиканың рөлін анықтау және түсіну; сандық ақпараттарды оқу, түсіндіріп беру және талдай білу, негізделген математикалық пайымдаулар айту және математиканы практикалық және танымдық проблемаларды шешуде пайдалану қабілеті.

Математикалық сауаттылықты қалыптастыру нәтижесі болатын құзыреттілікті деңгейлерге бөлуге болады:

1) Бірінші деңгей (еске түсіру деңгейі) – таныс жағдайда белгілі фактілерді, үйреншікті тәсілдерді қолдану, математикалық объектілер мен қасиеттерді танып білу, үйреншікті рәсімдерді орындау, белгілі алгоритмдер мен техникалық дағдыларды қолдану, үйреншікті, таныс өрнектер және формулалармен жұмыс істеу, есептеулерді тікелей орындау;

2) Екінші деңгей (байланыстарды орнату деңгейі) әдеттегідей болмаса да, бірақ оқушыларға таныс немесе ең аз дәрежеде ғана белгілінің шегінен тыс, есепті шешу бойынша репродукциялық әрекеттерден құрылады. Математиканың қай бөлімінің материалын және қандай таныс әдістерді қолдану керек екенін есептің мазмұны еске түсіреді. Әдетте бұл есептерде, есепте суреттелген жағдайды әр түрлі түсінулер арасында байланыстар орнатуды немесе есептің шартындағы берілгендер арасында байланыс орнатуды ұсынатын, есептің шешуін түсіндіруге талаптар көп.

3) Үшінші деңгей (пайымдаулар деңгейі) өткен деңгейдің дамуы ретінде құрылады. Бұл деңгейдің есептерін шешу үшін, математикалық құралдарды таңдауда белгілі интуиция, пайымдау және шығармашылық, математика курсының әр түрлі бөлімдерінен білімдерді интегралдау, іс-әрекет алгоритмін өз бетінше жасау талап етіледі. Тапсырмалар әдеттегідей берілгенді көп қамтиды, көбіне оқушылардан шыққан нәтижені талдап қорыту, түсіндіру немесе негіздеу заңдылықтарын талап етеді.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын табысты ету үшін, тиімді жұмыс жүйесін құру қажет:

1) әртүрлі оқу пәндерінің тақырыптық материалдарынан тапсырма даярлау керек, оның дұрыс орындалуы білім мазмұнының кіріктірілуін талап етеді;

2) әртүрлі ақпарат дайындау (мәтін, кесте, графиктер) қажет; 3) шығармашылық тапсырмаларды сабақта және сабақтан тыс іс-

шараларда қолдануды арттыру керек.

26

Page 27: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын … · 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы

Сонымен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша сыныптар мен білім беру деңгейлері арасында оқу пәндері мазмұнының сабақтастығын жүзеге асырудың жолдарын тұжырымдаймыз:

− оқушылардың бастауыш сыныпта қалыптасқан функционалдық сауаттылықтар жүйесі келесі сыныптарда да қолданылатынын ескеріп, олардың өзара сабақтастығының сақталуын мұқият қадағалау қажет;

− функционалдық сауаттылықтың маңызын түсінген оқушы әрбір пәндегі берілген білімге қол жеткізудің бірден бір тиімді құралы ретінде қабылдауы тиіс;

− оқу үдерісін ұйымдастыру, өздік жұмыстар мен іс-әрекеттік, практикалық жұмыстар орындату мұғалімдердің негізгі міндетіне айналуы тиіс;

− қазіргі 11 жылдық мектептің мұғалімдері өз пәндерінің көмегімен функционалдық сауаттылықтарды біліктілікпен байланыстырып жалпылауға жауапты болуы тиіс;

− пән мұғалімі жаңадан қосылған функционалдық сауаттылықтардың бұрынғылармен арасындағы байланысын оқу үдерісі кезінде ескертіп отыруы тиіс;

− сыныптан сыныпқа көшкен сайын жаңа пәндердегі молая әрі күрделене түсетін функционалдық сауаттылықтар жүйесін меңгеру және оларды тиімді қолдана білу оқушының мектептегі ең басты жетістігі ретінде қабылдануы заңды құбылысқа айналуы тиіс;

− молая әрі күрделене түсетін функционалдық сауаттылықтар жүйесін оқушылардың жүйелі түрде жадында ұстауын қадағалап, ұмытылғандарды қайта есіне салып, осыған орай тапсырмаларды орындату ұстаздардың басты міндетіне айналуы тиіс.

27

Page 28: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын … · 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы

3 11-12-сыныптардағы оқушылардың функционалдық сауаттылы-ғын қалыптастыруда базалық және бейіндік білім беру мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығы

12 жылдық мектептің орта білім беру деңгейіндегі білім мазмұны саралау,

кіріктіру және кәсібилендіру негізінде жүзеге асырылуды көздейді. 11-12 сыныптарда әлем, қоғам және адам туралы жүйелендірілген түсініктер меңгеріліп, оларды өздігінен кеңейтуге, тереңдете білуге көшу қамтамасыз етілуі тиіс.

Бұл тұрғыда жоғары сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын жүйеге келтіріп дамыту бойынша әлемдік тәжірибенің озық үлгілерін пайдалану оң нәтиже бермек. Әлемнің Германия, АҚШ, Франция, Англия, Жапония, Швейцария т.б. сияқты дамыған елдердің білім жүйесін талдауда көрсеткендей, олардың бәрінде орта мектеп 12 немесе 13 жылға дейін созылып, соңғы 2-3 жылда міндетті түрде бейінді оқыту жүзеге асырылады. Осы елдердің барлығында оқушыларға жалпы білім беру қатар, бейінді оқыту сатысында оларды әрқайсысының жеке интеллектуалдық шығармашылық қабілеттеріне, рухани сұраныстарына бейімдей отырып, даралап, жеке білім бағдарламаларымен оқыту тәжірибелері оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыруға бағытталғаны анықталды [19].

Экономикалық жағынан дамыған елдердегі білім беру жүйесінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша мынадай ерекшеліктері айқындалды [20]:

− білім берудің стандарттары мен оқу бағдарламалары өмірлік маңызды дағдыларды дамытуға, оқушының жеке басының қызығушылығы мен талғамдарын ескеруге, дамытуға, олардың бойында жалпы оқу іскерліктерін қалыптастыруға, сондай-ақ әрбір оқушының және қоғамның мүддесі мен қажеттіліктерін ескеруге, жеке тұлғаны жоғары сапамен оқытуға, тәрбиелеуге және дамытуға бағытталған;

− білім нәтижелері, ақпараттарды өздігінен табу мен өңдеу біліктілігін қалыптастыру, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану, өздігінен даму және өзін-өзі бағалау дағдыларын қалыптастыру оқушылардың жеке мақсаттарымен байланыстырылған.

Әлемдегі озық тәжірибелерді негізге ала отырып, еліміздің 12 жылдық білім беруге көшудегі 11-12 сыныптарда бейіндік оқыту жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағыттары және олардың ішкі бағдарларға бөлінуі бойынша жалпы орта білім беру мазмұнын саралау, жүйелеу, кіріктіру және кәсіптік бейімдеу жолымен оқушылардың қабілеттеріне, бейімділіктеріне, өмірлік қажеттіліктеріне сәйкес жеке білім беру бағдарламаларын таңдап алуына, сапалы білімді игеруіне мүмкіндік беруді мақсат етеді.

Осы мақсатқа сәйкес жоғары сыныптарда бейіндік оқыту барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың басымды бағыттарын тұжырымдауға болады [21, 22, 23, 24]:

28

Page 29: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын … · 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы

– оқушыларының алған білімдерін өздігінен практикалық іс-әрекеттерінде тиімді қолданулары мен өзін-өзі дамытулары үшін құзыреттіліктері мен қабілеттерін дамыту;

– оқушылардың оқу пәндерін оқуға ынта-жігерлерін күшейту, жаңашыл ойлау мен сыни тұрғысынан ойлауды, өздігінен білім алуды қалыптастыру;

– білім беру мазмұнының қолданбалы сипатын күшейту, оқытудың жүйелі-әрекеттік әдістерін пайдалану және оқу-өндірістік іс-әрекеттерді жүзеге асыру арқылы оқушыларға кәсіби-бейімделген оқуды ұйымдастыру;

– жаңа мазмұнды бейіндік пәндер және қолданбалы курстар мен таңдау пәндері арқылы оқушылардың жекелей білім беру траекторияларын жүзеге асыру;

– оқу үдерісінде моделдеуді, жобалау мен құрастыруды іс-жүзінде қолдану дағдыларын дамыту, эксперименттік есептер және өмірлік мәселелерді шешу әдістерін пайдалануды кеңейту;

– кәсіптік мектеп пен өндіріс саласының арасындағы әлеуметтік серіктестікті дамыту жолымен инновациялық технологиялар мен қазіргі заманғы өндірістің бастапқы негіздерін игеруге мүмкіндік жасау;

– бейіндік оқыту мен басқа да кәсіптік білім беру деңгейлерінің мазмұндарын және әдістерін кіріктіру: кадрларды, ақпараттық және ғылыми-өндірістік ресурстарды үйлесімді пайдалану;

– бейіндік мектеп пен бизнестің арасындағы тиімді ынтымақтастықты дамыту: оқыту бағдарламаларын құрастыруда жұмыс берушілердің қатысуы, оқу-өндірістік базасында білім беру үдерісін ұйымдастыру және сабақтың тәжірибелік бөлігін өткізу, оқыту нәтижелерін бағалау, кәсіби мамандықты оқуға және меңгеруге ынталандыру;

– еңбек нарығының сұранысын ескере отырып бейіндік оқытуда бейіндік пәндерді кіріктіру, кәсіпкерлік қызмет дағдыларына бейімдеуді қалыптастыру;

– еліміздің индустриалдық-инновациялық дамуы мен экономикадағы өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, өмірлік келешектерді саналы түрде анықтауға оқушыларды дайындау;

– оқушылардың жаңашылдықпен ойлауын және креативтілігін, өздігінен ғылыми-зерттеу және жобалау іс-әрекеттерін жасау, өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыру;

– ауылдың әлеуметтік жағдайларын ескере отырып, ауылды сақтау мен дамыту мақсатында ауыл шаруашылық мамандықтарының алғашқы деңгейін игерулері үшін ауылдық аймақтарындағы оқушыларға жағдайлар жасау.

Көрсетілген бағыттарды жүзеге асыру арқылы 12 жылдық мектептегі бейіндік оқыту:

– оқушыға тек қана базалық білім алып ғана қоймай, бейімі мен икемділігіне, таңдайтын мамандығына қарай алғашқы кәсіби бағдар береді;

– оқушының табиғат, қоғам және адам туралы біртұтас, аяқталған білім жүйесін меңгеруін, функционалдық сауаттылығының дамуын, тұлғаның интеллектуалдық, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз етеді;

29

Page 30: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын … · 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы

– типтік оқу жоспарының инварианттық компоненттегі базалық пәндер мен жаңа мазмұнды бейіндік пәндер және вариативтік компоненттегі таңдау пәндерімен оқу үдерісін ұйымдастырады.

Базалық пәндер білім беру деңгейлері мен білім салалары бойынша базалық білім мазмұнының жүйелілігін, сабақтастығын және үздіксіздігін; барлық оқушылар үшін білімнің тең мүмкіндігі мен тең қолжетімділігін қамтамасыз етіп, алты білім саласының құрамына енеді: «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Адам және қоғам», «Жаратылыстану», «Технология», «Дене шынықтыру». Осы білім салаларындағы базалық пәндердің мазмұны жалпы орта білім беретін ұйымдардың меншік нысанына, типі мен түріне қарамастан, меңгеруге міндетті, орта білім берудің келесі деңгейлерінде оқуды жалғастыруға жеткілікті болатын білім мазмұнының құрамы мен көлемімен анықталады.

Бейіндік пәндер жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарына және олардың ішкі бағдарларына сәйкес әртүрлі сараланған түрде болады; жаңашыл және практикаға бағытталған мазмұнды қамтиды; бейіндік оқыту аясында жекелей және аралас пәндерді кіріктіру жолымен орта мектеп пен жоғары мектептің бакалавриат бағдарламасындағы сабақтастықты қамтамасыз етеді. Олардың мазмұны білім беру сұраныстарына сәйкес анықталып, қолданбалы сипаты күшейтілген, базалық пәндерді тереңдетіп оқытуға бағытталған, оқушылардың қабілеттерін, жеке бейімділіктері мен қажеттіліктерін ескеріп жіктелген, болашақ мамандығына бейімделген білім мазмұнының құрамы мен көлемімен анықталады.

Бейіндік оқытуда базалық пәндер мен бейіндік пәндер инварианттық компонентке міндетті пәндер ретінде енгізіліп, мазмұндары кіріктіріліп, сабақтастықпен оқушылардың кәсіби бағдарлы білім алуы мен функционалдық сауаттылығын дамытуға, жоғары рухани-адамгершілік және тұлғааралық, этносаралық қатынас мәдениеттерді оқушылардың бойына сіңіруге, тұлғаның өзін-өзі тануы мен өз мүмкіндігін іске асыруын дамытуға, адамгершілік қарым-қатынастың жоғары мәдениеттілігін дамытуға бағытталады.

11-12 сыныптардағы жаратылыстану-математикалық бағыты оқушы тұлғасының интелектуалдық әлеуетін дамыту мақсатында физика-математикалық және химия-биологиялық бағдарлар бойынша білім беруді, оқушылардың логикалық, математикалық, ғылыми-жаратылыстану, инженерлік ойлауын қалыптастыруды, әртүрлі өмірлік жағдайларға және болашақ кәсіби қызметіне қажетті оқушылардың аналитикалық, практикалық біліктері мен дағдыларын жетілдіруді көздейді (2-кесте).

11-12 сыныптардағы қоғамдық-гуманитарлық бағыты оқушылардың гуманитарлық даму ортасын жасау мақсатында филологиялық, тарихи-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық бағдарлар бойынша білім беруді, Қазақстан тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне, құндылықтарына құрметпен қарауды оқушылардың бойында қалыптастыруды, келешекте табысты әлеуметтенуге қажетті тіл-қатынастық біліктер мен дағдыларды жетілдіру үшін тарихи-мәдениеттік, әдебиеттік және көптілді білім беруді көздейді (3-кесте).

30

Page 31: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын … · 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы

Жалпы орта білім беруді бейіндендіру жағдайында мектеп пен жоғары білім берудің сабақтастығын жүзеге асыру мақсатында жоғары мектеп жалпы білім беретін пәндер циклінің жеке пәндері бейіндік оқытудың «Бейіндік мектеп» бағдарламасына кіріктірілетін болады.

Кіріктіру ұстанымы арқылы дүниенің біртұтастығы, оның құбылыстарының өзара байланыстылығы туралы түсініктерді қалыптастыру мүмкіндігі туады.

Осыған орай, қазіргі талаптарға сай оқытуды бейіндендірудің мазмұнын, құрылымын, бағыттарын негіздеуде бейіндік оқытудағы базалық және бейіндік білім беру мазмұнының ерекшеліктерін анықтадық (2, 3-кестелер).

2-кесте – 11-12 сыныптардағы жаратылыстану-математикалық бағыты

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы базалық және бейіндік білім беру мазмұнының ерекшеліктері

Химия-биологиялық бағдар

– базалық мазмұнға кіріктіре «English for specific purposes (ағылшын тілінде)», «Химия (тереңдетілген)», «Биология (тереңдетілген)», «Физикалық химияға кіріспе», «Биохимия және биотехнология негіздері», «Экология және тұрақты даму», «Технологиялық үдерістерді моделдеу» бейіндік пәндерді оқыту арқылы бағдардың даму әлеуеті кеңейтіледі; – коэволюциялық, синергетикалық парадигмаға негізделген химия-биологиялық білім берудің жаңа тұжырымдамасының элементтері енгізіледі; – «табиғат-қоғам-адам-техносфера» мегажүйесін тұрақты және гармониялық дамуын қамтамасыз етудің құндылықтары мен мақсаттарына жетуге бағытталады; – планетарлық ойлауды және экологиялық-гуманитарлық көзқарасты қалыптастырады; – әлемді танып білудің жаратылыстану-ғылыми, гуманитарлық, техникалық және технологиялық, ақпараттық компоненттерін ауқымды кіріктіру негізінде әлемнің тұтас ғылыми бейнесін қалыптастырады.

Физика-математикалық бағдар

– базалық мазмұнға кіріктіре «English for specific purposes (ағылшын тілінде)», «Математика (тереңдетілген)», «Физика (тереңдетілген)», «Астрофизика», «Компьютерлік моделдеу», «Графика және проекциялау» бейіндік пәндерді оқыту арқылы бағдардың даму әлеуеті кеңейтіледі; – білім мазмұнының қолданбалық бағыты кеңейтіліп, тереңдетіледі және оқушылардың логикалық және алгоритмдік ойлауы, танымдық қабілеттері мен практикалық іс-әрекет дағдыларын дамытуға бағытталады; – оқытудың негізгі екі функциясының жүзеге асуы қамтамасыз етіледі: физика-математикалық білім беру; физика, математика мен ақпараттық-коммуникациялық технология көмегімен білім беру; – ақпараттарды іздеу, жүйелеу және тиімді пайдалану дағдылары қалыптасып, жобалау, моделдеу, құрастыру дағдылары дамиды; – оқыту ертерек кәсіптендіруге бағытталады; – өндірістің инновациялық технологиялары мен қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық құралдардың негіздерін меңгереді.

31

Page 32: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын … · 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы

3 кесте – 11-12 сыныптардағы қоғамдық-гуманитарлық бағыты

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы базалық және бейіндік білім беру мазмұнының ерекшеліктері

Филологиялық бағдар

– базалық мазмұнға кіріктіре «Мәдени мұра», «Кәсіби қазақ тілі», «Әлемдік әдебиет», «Шешендік өнер», «Журналистикаға кіріспе» және т.б. бейіндік пәндерді оқыту арқылы бағдардың даму әлеуеті кеңейтіледі; – қазақ, орыс және шетел тілдері бойынша коммуникативтік, тілдік, лингвистикалық және әлеуметтік мәдени құзыреттіліктері қалыптасады; – сауатты жазбаша және ауызша сөйлеу қабілеттері дамиды; – этноаралық қатысымда табысты сөйлесуді жүзеге асыру біліктігі қалыптасады; – әдебиеттердің адамгершілік және гуманитарлық құндылықтарын пайымдау арқылы белсенді азаматтық борышты қалыптастырады; – типологиялық әдеби байланстарды анықтау арқылы әртүрлі халықтардың дәстүрлерін ұлттық танып білу мен толеранттық қатынас қалыптасады; – оқуға қызығушылықтарын, эстетикалық талғамдарын, бейнелік ойлаулары дамиды және оларды өздігінен мәтін жасауда қолданып шығармашылық қабілетін дамытады.

Тарихи-құқықтық бағдар

– базалық мазмұнға кіріктіре «English for specific purposes (ағылшын тілінде)», «Қазіргі әлемдегі Қазақстан», «Қазақстандық заңнама», «Дүниежүзі тарихы», «Этика» және т.б. бейіндік пәндерді оқыту арқылы бағдардың даму әлеуеті кеңейтіледі; – білім мазмұны Егеменді Қазақстанның жетістіктері тұрғысынан жаңартылған болады және мәденилайықтылық принцип пен ұлттық-мәдени құндылықтардың кіріктірілуін есепке алып сұрыпталады; – пәндердің тәрбиелік және әлеуметтендіру әлеуеті күшейтіледі; – мәдени, саяси және құқықтық білімдердің бастамасын игереді; – дүниеге көзқарастық, жалпылама және әдіснамалық сипаттары күшейтіледі.

Әлеуметтік-экономикалық бағдар

– базалық мазмұнға кіріктіре «English for specific purposes (ағылшын тілінде)», «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық герграфиясы», «Қолданбалы экономика», «Әлеуметтану», «Кәсіпкерлік негіздері» және т.б. бейіндік пәндерді оқыту арқылы бағдардың даму әлеуеті кеңейтіледі; – білім мазмұны Егеменді Қазақстанның жетістіктері тұрғысынан жаңартылған болып, әлеуметтік-экономикалық дамуын есепке алып сұрыпталады; – әлеуметтік және экономикалық білімдердің бастамасын игереді; – еңбек және кәсіпкерлік негіздерін ертерек меңгеріп кәсіптендіруге бағытталады.

12 жылдық мектептегі 11-12 сыныптарда бейіндік оқытудың білім мазмұны

оқушылардың мүдделерін, қабілеттері мен қажеттіліктерін есепке ала отырып тиімді педагогикалық жағдайлар жасауды, оқушыларды жоғары оқу орындарының сәйкесінше мамандықтарында кәсіби білім алуға қажетті дайындық деңгейімен қамтамасыз етеді.

32

Page 33: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын … · 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы

4 Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған мектептік ғылыми жобалар

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда мектептік

ғылыми жобалардың ролі зор. Ғылыми жобалар оқушыларды шығармашылықпен жұмыс жасауға, өздігінен ізденуге, ақпарат көздерімен жұмыс жасай білуге, өзінің жинаған білімін өмірде қолдана білуге үйретеді.

Осы тұрғыда оқушылардың ғылыми жұмыстарының негізгі мақсаты мен міндеттерін былайша тұжырымдауға болады:

– дарынды жастардың ғылымға деген қызығушылығын және ғылыми зерттеулер жүргізу машығын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін таныту және дамыту, ғылыми ізденудің әдістерін меңгерту;

– оқушылардың еңбекке шығармашылық тұрғыдан қарауын, өмірлік және азаматтық көзқарастарын қалыптастыру, жоғары адамгершілік қасиеттері мен рухани мәдениетін дамыту.

1999 жылдан бастап оқушылардың республикалық ғылыми жарыстары «Қазақстан-2030 стратегиясында Қазақстан дамуының экономикалық және әлеуметтік модельдері» атты тақырыппен келесі бағыттарда өтіп келеді [25]:

– ғылыми-техникалық прогресс, экономикалық өсудің негізгі буыны (секциялары: физика, техника, Жер және Космос туралы ғылымдар);

– экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық моделдеу (секциялары: математика, қолданбалы математика, экономика, информатика);

– таза табиғи орта – Қазақстан-2030 стратегиясын іске асырудың негізі (секциялар: биология, химия, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау);

– Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары (секциялары: тарих, өлкетану, этномәдениеттану, әдебиет, тіл білімі).

Сонымен қоса «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы республикалық мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша ұсынған ғылыми зерттеулердің басым бағыттары (4-кесте) оқушыларды ғалымдардың шұғылданып жүрген ғылыми мәселелерімен таныстырып, өзекті ғылыми тақырып таңдауға көмектесіп, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруға септігін тигізеді [25].

Ғылыми жобаларды таңдау арқылы оқушылар өзін қызықтырған практикалық мазмұнды тақырыптармен жұмыс жасап үйренеді. Кей жағдайда пән мұғалімдерінің көмегі, ұсынысы арқылы да ғылыми жоба тақырыптарын алуға болады.

Жалпы, ғылыми жобалар сайысына мынадай жұмыстар ұсынылады: 1) ғылымның осы саласындағы фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды және

жеке, бұрын мәлім болмаған жақтарын жариялайтын; 2) практикалық тапсырмаларды шешуде жаңалық енгізетін аппараттар,

модельдер мен аспаптардың конструкциясын ұсынатын, мектептегі эксперименттерді, өндірістік үдерістердің ұтымды пайдалануын жетілдіруге қатысатын;

33

Page 34: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын … · 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы

3) әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталатын экономикалық заңды негіздемесі бар компьютерлік модельдер мен жобалар.

4-кесте – Ғылыми зерттеулердің басымды бағыттарының тізбесі Р-c Физика-математика ғылымдары саласында

1 Математика, информатика мен басқарудың теориялық мәселелері 2 Механика мен машинатанудың теориялық мәселелері 3 Космостық денелер физикасы мен олардың жүйесі: өзара әрекеттесуі мен дамуы. 4 Конденсияланған, газтәрізді орта физикасы мен материалтану мәселелері. 5 Ядро, элементарлық бөлшектер физикасы. Теориялық физика. 6 Дистанциялық зондылау мен космостық технологиялар мәселелері. Химия-технология ғылымдары саласында 7 Табиғи ресурстарды қайта өңдеудің экологиялық таза каталитикалық және

электрохимиялық процестерін және жаңа энергия көздерін жасау. 8 Қазақстанның көміртегісутекті және минералды өнімін кешенді қайта өңдеу. Жаңа

материалдар мен берілген қасиеті бар заттар. Жаңа химия-аналитикалық жүйелер. 9 Жаңа мономерлерді, полимерлер мен синтетикалық және табиғи текті жоғарытиімді

биологиялық активті заттарды жасау. 10 Электрэнергиясы мен жылуды өндірудің энерготиімділігін қөтеру мен экологиялық

сипаттамасын жақсатртудың ғылыми нагіздері. Жану процесі жылу өндірудің және жаңа материалдар мен заттар алудың негізі.

Биологиялық және медициналық ғылымдар саласында 11 Топырақ ресурстары және биологиялық түрлілікті, баланысты қолдану мен

сақтаудың мәселелері. 12 Организмдерді қолдану және өнімділігінің, резистенттілігінің физиологиялық-

генетикалық негіздері. Геном мен тұқым қуалаушы ақпаратты іске асырудың механизмдері. Нуклеинді қышқылдар мен белоктар.

13 Адам денсаулығы мәселелері: профилактиканың, диагностиканың және ауыр науқастарды, ядролық зардап шеккендерді емдеудің жаңа әдістері; аурушаң, әлсіз адамдар үшін дұрыс тамақтанудың ғылыми негіздерін жасау.

Жер туралы ғылым саласында 14 Геологияның, минералды ресурстарды қайта өңдеу мен кешенді игерудің ғылыми

мәселелері. 15 Су ресурстары, гидрогеология мен географияның ғылыми мәселелері. 16 Қазақстанның сейсмикалық жағдайы және сейсмоқорғанысы. Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласында

17 XXI ғасырдың гуманистік құндылықтарының жаңа парадигмасында ұлттық мәдениет пен ізгіліктің қайта өрлеуі. Білімді реформалаудың социологиясы мен әдістемесі, теориясы. Шығармашыл тұлғаның қалыптасуы.

18 Өркениетті процесс пен қазіргі кезең контексінде Қазақстанның мемлекеттік, саяси, әлеуметтік-мәдени дамуының тарихи тәжірибесі. Тарих ғылымының әлеуметтік-болжаушы рөлі.

19 Егеменді Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуы мен құқықтық мемлекеттің құрылуы: теориялық, ғылыми-әдістемелік және қолданбалы аспектілері.

20 Нарықтық қатынастардың қалыптасуы тәжірибесі мен теориясы және экономикалық, ғылыми-технологиялық дамудың қазақстандық моделі: экономикалық, құқықтық, әлеуметтік және экологиялық мәселелер.

21 Ашық жүйелердің эволюциясы (тәртіпаралық)

34

Page 35: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын … · 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы

Сондықтан оқушылардың ғылыми жоба тақырыптарын таңдауда мыналарды басшылыққа алу керек:

1) тақырып оқушыларға қызықты, практикалық мазмұнды, оларды тартатындай болу керек;

2) тақырып орындалатын, шешімі зерттеуге қатысушыларға, өмірдің әртүрлі жағдайларында пайдасы тиетіндей болу керек;

3) оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, жетекші өзі жақсы білетін тақырып аясын таңдау керек;

4) тақырып шынайы болу керек, онда жаңа дүниелер, күтпеген жаңалық, ерекшелік элементтері, қолданбалық сипатта болу керек;

5) тақырып жұмысы ұзақ жылдарға созылмай, тез орындалатындай болу керек;

6) тақырыпты бәрі түсінетіндей болу керек, әрине тақырып оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес келу керек.

Енді оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған бірнеше ғылыми жоба тақырыптарына тоқталсақ.

Физика пәнінен «Жердің жасанды серіктерін ұшыру мәселелері және оны шешу жолдары», «Жылу машиналарының пайдасы мен зияны», «Дәстүрлі емес энергия көздерінің қолданылуы», «Жел күшін пайдаланып тоқ күшін шығару», «Қазақстандағы экологиялық проблемалар және оны шешу жолдары», «Су – энергия көзі» және т.б.;

Математика пәнінен «Қазақстан Республикасының халқының орналасуын математикалық модельдеу», «Экономикалық есептерде туындыны қолдану», «12-13 жастағы балаларға компьютердің әсерінің математикалық моделі», «Автобус аялдамасын орнатудың тиімді тәсілін анықтау», «Тұрмыстағы математика», «Математика және Технология», «Математика және әлеуметтік ғылымдар», «Математика және космостық қашықтықта зерттеу», «Диофант теңдеуін бизнесте қолдану», «Сызғышсыз өлшеулер», «Қазіргі сәулет өнеріндегі киіз құрылысының технологиясы» және т.б.

Информатика пәнінен «Сурет салу тәсілімен Flash бағдарламасында мультфильм жасау», «Электронды оқулықтың маңызы», «Қазақ ертегілеріне мультфильм жасау», «Адам өміріндегі компьютердің ролі» және т.б.;

Биология пәнінен «Тағам құрамындағы қоспалардың балалар ағзасына әсері», «Сүт өнімдерінің құндылығы», «Қоршаған ортаны экологиялық дағдарыстан алып шығу тәсілдері», «Биологиялық және компьютерлік вирустардың ұқсастығы мен айырмашылығы», «Экологияның адам ағзасына әсері. Адам», «Қазақтың ұлттық тағамы құрттың адам ағзасына әсері» және т.б.;

Химия пәнінен «Химия өңдіріс қалдықтарын жоюдың жолдарын іздестіру», «Химиялық элементтердің адам ағзасындағы қызметі», «Халықтың дәрілік заттарға қолжетімділігінің түрлі аспектілері» және т.б.;

Тарих пәнінен «Жастар саясатының идеологиясының дамуындағы өзгерістер», «Алаш Орда− Сібір үкіметі арасындағы қарым-қатынас», «ҚР сот жүйесін қалыптастырудағы ұлттық билер сотының тарихи сабақтастығы», «Д.А.Қонаевтың тұлғалық қабілетімен саяси қызметі» және т.б.;

35

Page 36: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын … · 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы

Әдебиет пәнінен «Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы үндестік», «Қазіргі жастар поэзиясындағы бейнелілік пен көркемдік шешімі», «Абай және адам құқығы» және т.б.;

Қазақ тілі пәнінен «Көптілділікті дамыту: Қазақ тілі мен ағылшын тілінің әлеуметтік экономикалық ролі», «Астана қаласы маңындағы елді мекендердің атауы», Астана қаласының менсонимдері», «Оралхан Бөкей шығармаларындағы табиғат сыры» және т.б.

Жоғарыда аталған ғылыми жобалардың кейбіреулеріне қысқаша аннотацияларды сынамыз.

«Адам өміріндегі компьютердің ролі». Бұл жобада оқушылар компьютердің даму тарихы, компьютердің құрылысы, есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережелері тақырыптары бойынша алған білімдерін тиянақтап және «Адам өміріндегі компьютердің ролі қандай?» «Қалайша компьютер адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды?» деген сұрақтарға жауап іздей отырып, оны жан-жақты зерттеп, ой-өрістерін, білімдерін тереңдетеді. Сонымен қатар, өз беттерінше ізденіп, проблемалық сұрақтарға талдау жасай білуге және жұмыстарын қорғау барысында сөйлеу мәдениетін дамытуға үйренеді.

«Экологияның адам ағзасына әсері. Адам». Жобада әр өңірдің өндіріс көздері мен орналасу жеріне сай түрлі экологиялық мәселелерді көтеруге болады. Ауа мен судың адам ағзасына тигізетін зияны туралы проблемалар тақырыптың өзегі болмақ.

«Тұрмыстағы математика». Негізгі мақсат сабақтар көлеміндегі тақырыпты игерумен қатар кең ауқымды есептерді шешуді зерттеу. Тұрмыстағы математика есептеріне - қазақ халқының өмірі, әдеп-ғұрыпы, салт- дәстүрлерінің ежелгі көрінісі арқау бола алады. Зерттелінетін тақырып білім алуды жалғастыруға, қазақ педагогикасының математикалық біліміне негіз бола алады. Нәтижеге бағдарланған қазақтың математикалық білім деңгейін айқындауға жәрдемдеседі, математикалық білім оқушылардың танымына жол ашады.

«Қазақтың ұлттық тағамы құрттың адам ағзасына әсері». Бұл жоба қазақ халқының байырғы тағамы – құрттың пайдасын зерттеуге негіз бола алады. Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Бұл тағам ақуыздарға өте бай, адам денсаулығына өте пайдалы. Жобада құртты Қазақстанның ұлттық бренді ретінде әлемдік нарыққа шығаруға болатынын жазуға болады.

Қорыта келгенде, оқушылардың ғылыми жобалар жазып сайыстарға қатысуы олардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мен дамытуда негізгі критерилердің бірі болып табылады.

36

Page 37: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын … · 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы

Қорытынды 12 жылдық мектептің оқушысы нарықтық қатынастар мен ақпараттық

қоғамның өзгермелі жағдайларына анағұрлым дұрыс бейімделген, жүйелі білім негіздерін тәжірибелік іс-әрекеттерге ұштастыра білетін, функционалды сауатты, өмірлік қажетті дағдылары мен кең спектрлі құзыреттіліктері қалыптасқан, өзін-өзі дамытуға, өздігінен табысты өмір сүруге, өзіне және қоғамға пайдалы қызмет атқаруға лайықты тұлға болуы тиіс.

Құзыреттілік тұрғыда білім беруге негізделген 12 жылдық оқыту моделінің білім беру деңгейлеріндегі оқушылардың функционалдық сауаттылығының қалыптасу нәтижесін анықтайтын негізгі құзіреттіліктер:

– оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына, алған білімін кез-келген оқу және өмірлік жағдаяттарда шығармашылықпен пайдалануына, өзін-өзі дамыту мен өзіндік басқаруға дайындауға мүмкіндік береді;

– оқушының адамгершілік және этикалық нормаларға қарсы келмейтін жетістікті шешім қабылдау үшін танымдық және практикалық біліктері мен дағдыларын кіріктіруге дайындығын байқататын білім салалары аралығындағы қабілеттер болып табылады;

– адамның адамгершілік құндылықтары мен ынталарын қалыптастыруға, сондай-ақ әлеуметтік және мінез-құлықтық әрекеттерінің дамуына, алғы шарт болады.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша білім мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығының жүзеге асуы нәтижесінде:

– оқушылар әрбір тақырыптардағы, бүкіл тараудағы білімнің күре тамыры сияқты игерілетін функционалдық сауаттылықтың элементтері арқылы білім мазмұнындағы өзара байланыстарды түсінуіне мүмкіндік туады;

– оқушылар теориялық материалдың зертханалық, практикалық сабақтарда орындалған жұмыстарын, шешкен есептерін нәтижелерімен байланыстырып, функционалдық сабақтастықпен тез әрі терең түсіне алады;

– біртіндеп жоғарылайтын сыныптар арасындағы оқушылардың игерген функционалдық сауаттылықтарының көмегімен бірнеше ғылыми салаларды қамтитын пәндер (тіл және әдебиет, математика және информатика, адам және қоғам, жаратылыстану салаларының) мен пәндер арасындағы үндестікті анықтауға қол жеткізеді;

– өз еліміздің дамып, өсіп, өркендеп, жаңарып, жасарып келе жатқан ұлы бетбұрыс кезеңінде мәдениет, әдебиет, экономиканың, өндіріс пен өнеркәсіп салаларының мәселелерін шешуге мүмкіндік тудырады.

Қортындылай келе, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған білім мазмұнын игерген оқушылардың білімдері мен біліктері өмірлік жағдаяттарда қолдана білуді, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей білуді және алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуді, өзінің болжамдарын ұсыну және зерттеулер жүргізу, өзінің ойын негіздей білуді; іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалануды қамтамасыз етеді.

37

Page 38: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын … · 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы

Қолданылған әдебиеттер тізімі 1. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың

«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы (2012 ж. 27.01.). – Астана, 2012.

2. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары /Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 ж. 25.06 №832 Қаулысымен бекітілген.

3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы /Қазақстан Республикасы Президентінің 2010ж.07.12. №1118 Жарлығымен бекітілген.

4. БҰҰ «Білім бәріне ортақ» атты бағдарламасы, 2001. – Б.5-9. 5. Жұмағұлов Б.Т. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің дамуы //12

жылдық білім беру = 12-летнее образование. – 2010. – №10. – Б.7-10. 6. Дуйсебек А.Т. Современные векторы трансформации методологии и

содержания образования //12 жылдық білім беру = 12-летнее образование. – 2011. – №5. – С.50-53.

7. Садыков Т.С., Абылкасымова А.Е. Методология 12-летнего образования. – Алматы: НИЦ «Ғылым», 2003. – 164 с.

8. Дүйсебек Ә.Т. Құндылық өзгерістері жағдайында білім мен тәрбие мазмұнын жетілдірудің әдіснамалық негіздері //Республикалық ғылыми-практикалық конференция жинағы. – Арқалық: Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, 2012. – Б.24-28.

9. Нұрахметов Н.Н. Нәтижелі білім беру үшін функционалдық сауаттылықтар жүйесін қалыптастыру мәселесі //Қазақстан Республикасы химия және биология мұғалімдерінің съезінің материалдары. – Өскемен: 2012 (28-29 маусым). – Б.21-23.

10. Компетенции в образовании: опыт проектирования: сб. науч. тр. / Под ред. А.В. Хуторского. – М.: Научно-внедренческое предприятие «ИНЭК», 2007. – 327 с.

11. Бұзаубақова К.Ж. Құзыреттілік тұрғыдан білім берудегі білім сапасының мәні //«Шаяхметов оқулары» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Павлодар, 2009. – Б.237-243.

12. Култуманова А.Ж. Международное исследование РІSА: функциональная грамотность школьников //«Оқу әдебиеттерін әзірлеу, сараптама, апробация, мониторинг жүргізу және басып шығару жүйесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жаңғырту» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Астана, 2013 (30 қазан). – Б.31-33.

13. Дуйсебек А.Т. Совершенствование естественнонаучного образования в контексте современных требований //«Білім-Образование» спецвыпуск для I съезда учителей химии и биологии РК «Школьное естественнонаучное образование: общество, наука и технология XXI века». – Усть-Каменогорск, июнь 2012 г. – С.14-16.

14. Дуйсебек А.Т., Туяков Е.А. Модернизация казахстанского образования в контексте общечеловеческих, национальных и личностных приоритетов

38

Page 39: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын … · 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы

//Материалы международной научно-практической конференции «Образование: Традиции и инновации». – Прага, Чешская республика (27.12.2012г.). – С.347-351.

15. Бұшымбаева Қ.Т. 12 жылдық білім беру жүйесінде жаңа түйінді құзыреттіліктерді пайдалану// Қазақ тілі Қазақстан мектебінде=Казахский язык в Казахстанской школе. – 2011. – № 4. – 34-38 б.

16. Андриенко Е.В., Пономарева Е.С. Формирование коммуникативной компетентности учащихся в процессе профильного образования // Педагогика жэне психология = Педагогика и психология (КазНПУ им.Абая). – 2010. – №1. – С.28-32.

17. Афанасьева С.И. Формирование информационной компетентности учащихся в профильных классах //Наука и образование: история, современность, перспективы развития: Сб. докл. междунар. науч.-практ. конф. (15-16 окт. 2010 г.). – Усть-Каменогорск, 2010. – Ч.З. – С.123-128.

18. Результаты международного исследования оценки учебных достижений учащихся 4-х и 8-х классов общеобразовательных школ Казахстана. Национальный отчет. – Астана: НЦОСО, 2013. – 237 с.

19. Смағұлова Г.Қ. және т.б. Шетелдік тәжірибедегі 12 жылдық білім беру //Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ хабаршысы. – Алматы, 2012. – 9 б.

20. Карибаева А.А. 12-летнее образование в странах с переходной экономикой// Абай атындагы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы. Әлем халықтары тілдері сериясы. = Вестн. КазНПУ им. Абая. Сер. Языки народов мира. – 2006. – №1(8). – С.87-89.

21. Муканова С.Д. Концептуальные основы развития профильного обучения в Республике Казахстан //Білім беру мекемесі басшыларыныц аныктамалығы = Справочник руководителя образовательного учреждения. – 2011. – № 8. – С.74-84.

22. Дуйсебек А.Т. Векторы обновления содержания образования в контексте современных мировоззренческих трансформации // Сб.материалов III Международной научно-практической конференции «Теория и практика современного образования». – Санкт Петербург, 20-21 ноября 2012 г. – С.28-34.

23. Дуйсебек А.Т. Современные аспекты обновления содержания школьного образования //Сб.материалов Международной заочной научно-практической конференции «Педагогические и психологические науки: актуальные вопросы». – Новосибирск, 31 октября 2012 г. – С. 36-38.

24. Иванова Н. Теоретико-методологические основы содержания образования в 12-летней школе //12 летнее образование. –2005. – №7. – С.3-15.

25. Оқушылардың ғылыми қоғамдарын ұйымдастыру мен республикалық ғылыми жарыстарын өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар. – Астана: «Дарын», 2009. – 45 б.

39

Page 40: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын … · 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы

Мазмұны

Кіріспе...................................................................................................................... 3

1 Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы оқу пәндерінің мазмұндық-әдістемелік бағыттары...............................................

5

2 Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы сыныптар мен білім беру деңгейлері арасында оқу пәндері мазмұнының сабақтастығы......................................................................................................

16

3 11-12-сыныптардағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда базалық және бейіндік білім беру мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығы...........................................................................

28

4 Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған мектептік ғылыми жобалар.........................................................

33

Қорытынды............................................................................................................... 37

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................... 38

40

Page 41: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын … · 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге орай білім мазмұнындағы

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда

12 жылдық білім беру мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығы

Әдістемелік құрал

Басуға 19.04.2013 қол қойылды. Пішімі 60×84 1/16. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс.

Қаріп түрі «Times New Roman». Шартты баспа табағы 5,0.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМҚК

010000, Астана қ., Достық көшесі 20, «Санкт-Петербург» с.-і. о., 13-қабат.

41