6
45 (10644) 7 қараша жұма 2014 жыл баянта Газет 1931 жылғы 4 қыркүйектен шыға бастады Газет 1931 жылғы 4 қыркүйектен шыға бастады БАЯНАУЫЛ АУДАНДЫҚ ГАЗЕТІ redakciyabayantau redakciyabayantau@mail.ru @mail.ru у АБЫЗ БАБА МƏШҺҮР ЖҮСІП ТІЛЕКТЕС БОЛҒАН Былтыр Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша Қазақстанда «Еңбек күні» мереке- сі қыркүйектің соңғы жексенбісіне белгіленген бола- тын. Мемлекет басшысының «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру» туралы идеяларының шеңберінде өнімді еңбекке ынталандыру , жастар арасында жұмысшы кəсіптерін насихаттау мен жұмысшы əулеттерінің көпжылдық дəстүрлерін нығайту мақсатындаосы«Еңбеккүні» биылбіздіңоблысымызда тұңғыш рет өтіп, Баянауыл мемлекеттік ұлттық паркі де оны жақсы жалғастырды. Бұған арналған жиынға облыстық орманшылық шаруашылығы кəсіподақ ұйымының төрағасы Большакова Вера Алексеевна, сондай-ақ, еңбек əулеттерінің ісін жалғастырушылар арнайы қонақ ретінде қатысты. Сонау 1945 жылы орман шаруашылығы болып құрылған осы мекемеде талайлардың ересен күш-жігерімен маңдай терлері қаншама десеңізші! Бертінде мұнда басшылық еткен Рубцов (1958-65 ж.), Т .Мақажанов (1967-73 ж.), А.Қажмағамбетов (1973-74 ж.), Р .Теміровтерді (1974-86 ж.) баянауылдық байырғы тұрғындар жақсы білуге тиіс. 1985 жылы ұлттық табиғи парк Республика бойын- ша мемлекеттік қорғауға еніп, ұлттық саябақтың ал- ғашқы директоры да осы кісі болған еді. Əсіресе,1986 жылдан бастап 13 жыл бойы Қ.Құсайынов басқарған кездерде көптеген ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізуге тура келді. С.Размазин (2000-2003ж), он жыл бойы Т .Қасен басқарып, қай-қайсылары болмасын талай сын сағаттарда өздерін абыройлы қызметтерімен көрсете білгендері жөнінде осы Баянауыл ұлттық мемлекеттік саябақтың бүгінгі директоры Болат Дүйсенбайұлы Рахметов көпшілікке айтып берді. - Солтаналин əулеттерінен Байқошқар атамыз ор- ман шаруашылығында ертеден жұмыс істесе, баласы Нағым ақсақал сол дəстүрді жалғастырып, 41 жыл еңбек етіп, зейнеткерлікке шықты. Нағым ақсақал- дың балалары да əке жолын қуған. Сол сияқты еңбек жасаған өтілдері 110 жыл болған Солтаналиндер əулетінің ізін Ислам немересі жалғастырып отыр. Нұрғазин Əбікен ақсақалдың əулеті 110 жылдық өтілінің 34 жылын баласы Секен атқарып келеді. 28 жыл еңбек еткен ақсақал Жұмағұлов Рахметтің неме- ре-жиендері Рахметов Қабиболла мен Жанболаттар ізін жалғастыруда. Шұғайыпов Жаңабай ақсақал жəне баласы Сағаттың қызметтерін жалғастырғандарына - 60 жыл, Теміров Бейсенбай ақсақалдың əулеті - 67 жыл, Досжанов Ермекбайдың əулеті - 69 жыл, Медов Магамед əулеті - 95 жыл, жалғастырушысы баласы- Хамзат . 1950 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Имановтар əулетіне - 86 жыл, қазір баласы Қасымтай бөлім басшысы болып істейді. Баласы Бірлік, ата жолын қуған немересі Тасболаттың атасы Жетпісбаев Салықтың əулетіне де 98 жыл. Ал, Əбікенов Кəмалидің əулетінің еңбек өтілі - 108 жылды құрап отыр. Күншуақовтар əулеті 140 жылдық өтілді құрады. Осы лекте, Белгібаев, Мусин, Елубаев, Бадығұлов, Лозбин, Теміровтерді атауға болады. Кезінде осындай еңбектерімен ел алғысына бөленген кейбір Əбілбеков Болат , Күншуақов Мұрат , Əбікенов Қуантай сын- ды азаматтарымыз арамыздан кетіп қалды. Міне, бүгінгі күнде немере- шөберелері ата-бабаларының еңбек жолдарын жалғастырып келе жатқан əулетті тұлға- ларымыздың арқасында таби- ғатымыз көркейіп, жас ұрпаққа мұра болып қалды. Қайсыбір қоғамда болсын өнімді еңбектің маңызы зор. Осындай мəртебеге жеткен жандар əр ортада бар. Еңбек мерекесі дəл осындай қызметіне қалтқы- сыз қызмет еткен адамдарды ардақтап, қоғамға үлгі болуға бағытталған бастама болғандығын айтып, Қ.Күншуақов, М.Садықов, В.Степочкин, Ж.Шақпақбаев, Қ.Мадиндердің еңбектері мақтауға тұрарлығын жеткізді. Жиын барысында əулеттік еңбек еткен Солтаналин, Күншуақов, Теміровтердің ісін жалғастырушы ұрпақтары марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Сондай-ақ, осы мекемеде қызмет етіп, еңбек сапасын жақсартуға қомақты үлес қосып жүрген- дерге сый-құрмет көрсетілді. Орман шаруашылығы саласында 50 жылдан аса қажырлы еңбек еткен Болат Əбілбаев, М.Күншуақов, Қуантай Əбікенов, Ақылбек Қажмағанбетов, Қадылбек Айнағұлов сынды ағалар еске алынды. Саябақ қызметкерлері үшін жаз жəне күз мезгілдері ең негізгі жауапты маусымдар болып табылады. Олар орманды жəне далалы алқапты өрттің қызыл тілінен құтқаруға байланысты жұмыстар жүргізіп, міндеттері əдеттегіден еселене түседі. Бұған қоса, жыл сайын Жасыбайға демалысқа келетін жүз мыңнан аса демалушылар легі қарбалысты күшейтеді. Əсіресе, күтпеген өрт апатын қадағалау оңай емес. Сондықтан, табиғатты қорғаушылар дамыл таппайды. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі жастар арасында табиғатты қорғауға, туған жерінің тарихын білуге көп көңіл бөліп келеді. Адамзаттың назарын қоршаған ортаны қорғауға аудару , өсіп келе жатқан жас ұрпақты табиғатты аялауға үйрету мақсатын көздеген түрлі шаралар жиі өткізіледі. Əсіресе, мектеп ұжымдарымен бірлескен іс-шара-лар, Республика деңгейінде жүргізілген жобалар да аз емес. Осыдан екі жыл бұрын Шымкент қаласында өткен жас орманшылар жарысында С.Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Абылай Əбішев пен Алтынай Қайролланың 3-ші орын алуы, Мəскеу қаласындағы сайыстан жүлдегері атануы да осының айғағы болар. Былтыр Ресей мемлекетінде өткен Х Халықаралық жасөспірім орманшылар сайысына 29 елден 35 жоба қатысты. Қазылар алқасының құрамында Ресей, Жапония, Канада, Бразилия сияқты алпауыт елдердің академиктері мен ғылым докторлары қатысыпты. Осы сайысқа Қазақстан Республикасының атынан Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Еламан қатысып, жұмысын еркін қорғап, қазылар алқасы тарапынан қойылған барлық сұрақтарға мүдірмей жауап бергенін жетекшісі, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің кешендер мен нысандарды қорғау бөлімінің басшысы Ж.Дүйсекеев мақтанышпен айтты. Өйткені ол, өз туған жерінің жанашыры ретінде, аудандағы Жасы-бай көлін антропогендік əсердің ғылыми тұрғыдан баяндап беріп, халықаралық шараның қорытындысында ІІІ орынға ие болуы, ауданымыз үшін үлкен мақтаныш. Мұнда жетекшісінің көп ізденісті еңбегінің нəтижесі де болғандығы түсінікті. Еңбек күнін атап өту үлкен мəртебелі іс. Түрлі салада еңбек етіп, еліне елеулі үлестерін қосып жүр- ген азаматтар қай салада болсын баршылық. Сол себепті олардың еңбектерін бағалау əбден орынды. Əрине, бұл еңбек адамының беделін арттыруға бағытталып, олардың еңбек жолдарын насихаттаудағы аса маңызды қадам.. Л.ТЕМІРТАСҚЫЗЫ, «Баянтаудың» арнаулы тілшісі. ОРМАНШЫЛАР - ТАБИҒАТТЫҢ ОРМАНШЫЛАР - ТАБИҒАТТЫҢ ЖАНАШЫРЛАРЫ ЖАНАШЫРЛАРЫ «Еңбек күні» мерекесінің мəні ҚҰРМЕТТІ БАЯНАУЫЛДЫҚТАР - СІЗДЕРДІ АУДАН ӨМІРІ ҚЫЗЫҚТЫРСА, ТЕГІС ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР БАЯНТАУҒА”! БАЯНТАУЖазылу бағасы жеке тұлғалар үшін 1 жылға 1000 теңге, мекемелер мен ұйымдарға 2500 теңге. Газетке тікелей редакцияға келіп, немесе жергілікті ауылдық, кенттік округтер арқылы жазылуларыңызға болады. Біздің мекен-жайымыз: Сəтбаев көшесі, 49 үй. Телефондарымыз: 9-15-50, 9-20-24.

45 (10644) 7 қараша жұма АБЫЗ БАБА МƏШҺҮР ЖҮСІП · PDF fileорда аз ғана уақыт өмір сүрді. Бір ... «Ақын халық» атанған

  • Upload
    ngodiep

  • View
    293

  • Download
    13

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: 45 (10644) 7 қараша жұма АБЫЗ БАБА МƏШҺҮР ЖҮСІП · PDF fileорда аз ғана уақыт өмір сүрді. Бір ... «Ақын халық» атанған

№45(10644) 7 қараша жұма

2014 жыл

баянтаГазет 1931 жылғы 4 қыркүйектен шыға бастадыГазет 1931 жылғы 4 қыркүйектен шыға бастады

БАЯНАУЫЛ АУДАНДЫҚ ГАЗЕТІ

[email protected]@mail.ru

уАБЫЗ БАБА МƏШҺҮР ЖҮСІП ТІЛЕКТЕС БОЛҒАН

Былтыр Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша Қазақстанда «Еңбек күні» мереке-сі қыркүйектің соңғы жексенбісіне белгіленген бола-тын. Мемлекет басшысының «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру» туралы идеяларының шеңберінде өнімді еңбекке ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кəсіптерін насихаттау мен жұмысшы əулеттерінің көпжылдық дəстүрлерін нығайту мақсатында осы «Еңбек күні» биыл біздің облысымызда тұңғыш рет өтіп, Баянауыл мемлекеттік ұлттық паркі де оны жақсы жалғастырды. Бұған арналған жиынға облыстық орманшылық шаруашылығы кəсіподақ ұйымының төрағасы Большакова Вера Алексеевна, сондай-ақ, еңбек əулеттерінің ісін жалғастырушылар арнайы қонақ ретінде қатысты. Сонау 1945 жылы орман шаруашылығы болып құрылған осы мекемеде талайлардың ересен күш-жігерімен маңдай терлері қаншама десеңізші!Бертінде мұнда басшылық еткен Рубцов (1958-65

ж.), Т.Мақажанов (1967-73 ж.), А.Қажмағамбетов (1973-74 ж.), Р.Теміровтерді (1974-86 ж.) баянауылдық байырғы тұрғындар жақсы білуге тиіс.

1985 жылы ұлттық табиғи парк Республика бойын-ша мемлекеттік қорғауға еніп, ұлттық саябақтың ал-ғашқы директоры да осы кісі болған еді. Əсіресе,1986 жылдан бастап 13 жыл бойы Қ.Құсайынов басқарған кездерде көптеген ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізуге тура келді. С.Размазин (2000-2003ж), он жыл бойы Т.Қасен басқарып, қай-қайсылары болмасын талай сын сағаттарда өздерін абыройлы қызметтерімен көрсете білгендері жөнінде осы Баянауыл ұлттық мемлекеттік саябақтың бүгінгі директоры Болат Дүйсенбайұлы Рахметов көпшілікке айтып берді.

- Солтаналин əулеттерінен Байқошқар атамыз ор-ман шаруашылығында ертеден жұмыс істесе, баласы Нағым ақсақал сол дəстүрді жалғастырып, 41 жыл еңбек етіп, зейнеткерлікке шықты. Нағым ақсақал-дың балалары да əке жолын қуған. Сол сияқты еңбек жасаған өтілдері 110 жыл болған Солтаналиндер əулетінің ізін Ислам немересі жалғастырып отыр. Нұрғазин Əбікен ақсақалдың əулеті 110 жылдық өтілінің 34 жылын баласы Секен атқарып келеді. 28 жыл еңбек еткен ақсақал Жұмағұлов Рахметтің неме-ре-жиендері Рахметов Қабиболла мен Жанболаттар ізін жалғастыруда. Шұғайыпов Жаңабай ақсақал жəне баласы Сағаттың қызметтерін жалғастырғандарына - 60 жыл, Теміров Бейсенбай ақсақалдың əулеті - 67 жыл, Досжанов Ермекбайдың əулеті - 69 жыл, Медов Магамед əулеті - 95 жыл, жалғастырушысы баласы-Хамзат. 1950 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Имановтар əулетіне - 86 жыл, қазір баласы Қасымтай бөлім басшысы болып істейді. Баласы – Бірлік, ата жолын қуған немересі Тасболаттың атасы Жетпісбаев Салықтың əулетіне де 98 жыл. Ал, Əбікенов Кəмалидің əулетінің еңбек өтілі - 108 жылды құрап

отыр. Күншуақовтар əулеті 140 жылдық өтілді құрады. Осы лекте, Белгібаев, Мусин, Елубаев, Бадығұлов, Лозбин, Теміровтерді атауға болады. Кезінде осындай еңбектерімен ел алғысына бөленген кейбір Əбілбеков Болат, Күншуақов Мұрат, Əбікенов Қуантай сын-ды азаматтарымыз арамыздан кетіп қалды. Міне, бүгінгі күнде немере-

шөберелері ата-бабаларының еңбек жолдарын жалғастырып келе жатқан əулетті тұлға-ларымыздың арқасында таби-ғатымыз көркейіп, жас ұрпаққа мұра болып қалды.Қайсыбір қоғамда болсын өнімді еңбектің маңызы

зор. Осындай мəртебеге жеткен жандар əр ортада бар. Еңбек мерекесі дəл осындай қызметіне қалтқы-сыз қызмет еткен адамдарды ардақтап, қоғамға үлгі болуға бағытталған бастама болғандығын

айтып, Қ.Күншуақов, М.Садықов, В.Степочкин, Ж.Шақпақбаев, Қ.Мадиндердің еңбектері мақтауға тұрарлығын жеткізді. Жиын барысында əулеттік еңбек еткен Солтаналин,

Күншуақов, Теміровтердің ісін жалғастырушы ұрпақтары марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Сондай-ақ, осы мекемеде қызмет етіп, еңбек сапасын жақсартуға қомақты үлес қосып жүрген-дерге сый-құрмет көрсетілді.Орман шаруашылығы саласында 50 жылдан аса

қажырлы еңбек еткен Болат Əбілбаев, М.Күншуақов, Қуантай Əбікенов, Ақылбек Қажмағанбетов, Қадылбек Айнағұлов сынды ағалар еске алынды.Саябақ қызметкерлері үшін жаз жəне күз мезгілдері

ең негізгі жауапты маусымдар болып табылады. Олар орманды жəне далалы алқапты өрттің қызыл тілінен құтқаруға байланысты жұмыстар жүргізіп, міндеттері əдеттегіден еселене түседі. Бұған қоса, жыл сайын Жасыбайға демалысқа келетін жүз мыңнан аса демалушылар легі қарбалысты күшейтеді. Əсіресе, күтпеген өрт апатын қадағалау оңай емес. Сондықтан, табиғатты қорғаушылар дамыл таппайды.Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі жастар

арасында табиғатты қорғауға, туған жерінің тарихын білуге көп көңіл бөліп келеді. Адамзаттың назарын қоршаған ортаны қорғауға аудару, өсіп келе жатқан жас ұрпақты табиғатты аялауға үйрету мақсатын

көздеген түрлі шаралар жиі өткізіледі. Əсіресе, мектеп ұжымдарымен бірлескен іс-шара-лар, Республика деңгейінде жүргізілген жобалар да аз емес. Осыдан екі жыл бұрын Шымкент қаласында өткен жас орманшылар жарысында С.Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Абылай Əбішев пен Алтынай Қайролланың 3-ші орын алуы, Мəскеу қаласындағы сайыстан жүлдегері атануы да осының айғағы болар.Былтыр Ресей мемлекетінде өткен Х Халықаралық

жасөспірім орманшылар сайысына 29 елден 35 жоба қатысты. Қазылар алқасының құрамында Ресей, Жапония, Канада, Бразилия сияқты алпауыт елдердің академиктері мен ғылым докторлары қатысыпты. Осы сайысқа Қазақстан Республикасының атынан Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Еламан қатысып, жұмысын еркін қорғап, қазылар алқасы тарапынан қойылған барлық сұрақтарға мүдірмей жауап бергенін жетекшісі, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің кешендер мен нысандарды қорғау бөлімінің басшысы Ж.Дүйсекеев мақтанышпен айтты. Өйткені ол, өз туған жерінің жанашыры ретінде, аудандағы Жасы-бай көлін антропогендік əсердің ғылыми тұрғыдан баяндап беріп, халықаралық шараның қорытындысында ІІІ орынға ие болуы, ауданымыз үшін үлкен мақтаныш. Мұнда жетекшісінің көп ізденісті еңбегінің нəтижесі де болғандығы түсінікті.Еңбек күнін атап өту үлкен мəртебелі іс. Түрлі

салада еңбек етіп, еліне елеулі үлестерін қосып жүр-ген азаматтар қай салада болсын баршылық. Сол себепті олардың еңбектерін бағалау əбден орынды. Əрине, бұл еңбек адамының беделін арттыруға бағытталып, олардың еңбек жолдарын насихаттаудағы аса маңызды қадам..

Л.ТЕМІРТАСҚЫЗЫ,

«Баянтаудың» арнаулы тілшісі.

ОРМАНШЫЛАР - ТАБИҒАТТЫҢ ОРМАНШЫЛАР - ТАБИҒАТТЫҢ ЖАНАШЫРЛАРЫЖАНАШЫРЛАРЫ

«Еңбек күні» мерекесінің мəні

ҚҰРМЕТТІ БАЯНАУЫЛДЫҚТАР - СІЗДЕРДІ АУДАН ӨМІРІ ҚЫЗЫҚТЫРСА, ТЕГІС ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР “БАЯНТАУҒА”!

“БАЯНТАУ”

Жазылу бағасы жеке тұлғалар үшін 1 жылға 1000 теңге, мекемелер мен ұйымдарға 2500

теңге.

Газетке тікелей редакцияға келіп, немесе жергілікті ауылдық, кенттік округтер арқылы жазылуларыңызға болады.

Біздің мекен-жайымыз: Сəтбаев көшесі, 49 үй.

Телефондарымыз: 9-15-50, 9-20-24.

Page 2: 45 (10644) 7 қараша жұма АБЫЗ БАБА МƏШҺҮР ЖҮСІП · PDF fileорда аз ғана уақыт өмір сүрді. Бір ... «Ақын халық» атанған

№45 (10644) 7 қараша, жұма, 2014 жыл БАЯНТАУ2

Біз - бақытты ұрпақпыз. Өйткені, Алаш жұртының арманы болған азаттық таңы атқан жылдардың куəсі болдық. Алаштың мұраты жүзеге асқан осынау қасиетті күн-нен бергі кезеңде мемлекеттілікті қалыптастырудың үлкен үлгісі артта қалып, жаңа Қазақстан тарихының айқын беттері ашылды. Тəуелсіздікке жетуге ұмтылыс жасалды. Осы жолда жандарын қиған азаматтар қаншама. Кешегі Абылай ханнан бастап, Кенесарының, Исатай, Махам беттің де, Амангелді Иманов да көтерілісі осын дай ұлы сезімнен туды. Бертін келе алаш көсемдерінің түпкі мақсаты да осы еді. Алаш арыстары «қазақ өзінің

орнын табуы, бақытты болуы үшін оқуы мен білімі аздық етеді. Ол үшін қазақ тəуелсіз елдің азаматы болуы керек!», деді. Сайып келгенде, Алаш идеясы оқу менен білімді өз алдына қарастырып, «ғасырлар бойғы саясат сіңір ген мешеулік проблемаларынан арылу үшін тəуелсіз мемлекеттің азаматы болуы керексің» дегенді бірінші мəселе ретінде көтере алды. Сөз жүзінде айтып қана қоймай, іске асыруға ұмтылды. Тəуелсіз дік ті уағыздай тын газет ашты. Айқын мақсаттарын іске асыру үшін күресетін партия құрды. Сөйтіп, дербес мемлекетке ұмтыл-ды. Алаш орда мемлекетін құрды. Əрине, Алаш орда аз ғана уақыт өмір сүрді. Бір жағынан Кеңес Үкіметі қыспаққа алып, екіншіден жеке мемлекет болуға қиын-қыстау жағдайда тұрып, еш мүмкіндік болмады. Азаттықты аңсаған Алаш қайраткерлеріның бірі, қазақ халқының сүйікті перзенті, асқан дарынды ақыны, ағартушы, педагогі - Сұлтанмахмұт Торайғыров болатын. Аз жасаса да, соңына аса бай, мейлінше

мол əдеби мұра қалдырған классик ақын, ұлағатты ұстаз, педагог «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды» арман еткен Сұлтанмахмұт Торайғыров бүкіл ғұмырын халық ағарту ісі мен шығармашылыққа арнаған. Ақын еңбектерінде өзі өмір сүрген дəуірдің өзекті мəселелерін, яғни, оқу-ағарту жайын сөз ете отырып, заман сырын, замандас келбетін көркем кескіндей білген. С.Торайғыров - нағыз ағартушы, педагогқа тəн еңбектерінің азабын тартқан жазушы. Ол шындықтың жолымен жүрді. Сұлтанмахмұт Торайғыров Ресей тарихының,

соның ішіншде қазақ халқы тарихының аса бір өр-леу кезеңінде-тарихи дамулар, күрес-көтерілістер, қиян-кескі соғыстар, ұлы революциялар дəуірін-де жасады. Осының бəрі ақынның көз алдында болды; күнделікті қызметіне, шығармаларының тақырыптық мазмұны мен жанр түріне, көзқарасына зор əсер етті, із-таңбасын салды. Шындықтың ауылын іздеп түстім жолға, Разымын не көрсем де осы жолда. Шаршармын, адасармын, шалдығамын, Бірақ бір табармын деп көңілім сонда, - деп

бастады. Өмір бойы осы сертін орындау жолында қызмет істеді. Жарғақ құлағы жастыққа тимей, өзіне, өз халқына өнер, білім, еркіндік, бақыт іздейді.

«Шəкірт ойы» деген өлеңінде: Мұздаған елдің жүрегін Жылытуға мен кіремін, - дейді ақын.

Сұлтанмахмұт. Троицк қаласында мұсылман мектебінде оқып жүріп, өз бетімен діни емес ғылымдардың негізін оқып үйренеді, орыс тілін терең меңгереді, ол Пушкинді, Лермонтовты, Крыловты оқиды. Оның ой-өрісі артады, дүниеге көзқарасы қалыптаса бастайды. Жарық дүниеге 27 жыл ғана қонақ болып,

мəңгілік өмірін рухани мұраларымен жалғаған

С . Т о р а й ғ ы р о в шығармашылығы өз кезеңінің шындық шежіресі ғана емес, бүгіннен болашаққа ұласқан қысқа ғұмырының ұзақ та мағыналы жолы, өнер сапарының өнегелі құбылысы деуге əбден болады. Аса көрнекті қайраткер С.Торайғыровтың əде-

би мұрасының зерттелу тарихына тоқталайық. Сұлтанмахмұт шығармаларын жинау, бастыру, зерттеу ісінің де ұзақ тарихы бар. Ақынның өз басы да, əдеби мұрасы да дау-дамайға көп түскені мəлім. Осындай уақытта ақынның кейбір өлеңдері жоғалды, табылғаны дау туғызды. Қолда барының кейбіріне ұлтшылдық қарғыс таңбасы басылып, қайта жабылды. Сондай шығармасының бірі - «Айтыс» (қала ақыны мен

дала ақынының айтысқаны) аталатын дастаны. Бұл - аяулы ақынның кемел ойлап, кең пішкен шығармасы. Аяқталмауы өкінішті. Мұнда Сұлтанмахмұт егеменді еліміздің тəуелсіздігі, тіл теңдігі, төл өнеркəсіп, ұлттық қорғаныс тəрізді аса ірі жəне көкейкесті мəселелерді сол кезде-ақ 1919 жылы қозғап, тамаша жырлағанын көреміз. Жиырма жеті жасында дерт меңдеп, тағдыр кемесіне ілінген ақын «Тым болмаса екі жыл тұрмадым, іштегіні түгел жарыққа шығара алмай кетіп барамын», - деп, «Айтысты» тəмəмдай алмағанын зор өкініш етіпті. «Айтыс» С.Торайғыров қайтыс болғаннан кейін, советтік заманда 1922 жылы Қазан қаласында белгілі ақын Бернияз Күлеев бастырған «Адасқан өмір» жəне 1933 жылы Қызылордада шыққан «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың толық шығармалар жинағы» кітаптарында жарияланды. Сұлтанмахмұттың қазақ əдебиетіне сіңірген

ұлан-ғайыр еңбегін танып, оның лайықты баға-сын берген-Жүсіпбек Аймауытов. Сегіз қырлы, бір сырлы дарын иесі Жүсіпбек Аймауытов- қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ əдебиетін еуропаша үлгіде қалыптастырушылардың бірі де, бірегейі. Ж.Аймауытовтың Торайғыров мұрасын теру, жинастыру ісімен қалай шұғылданғанын жиырмасыншы жылдардағы баспасөз материалдары негізінде көзге елестете аламыз. «Əдебиет дүниесінде» деген мақалада: «Ел аздап сауаттанып келеді. Ел оқу құралдарынан басқа да оқитын кітаптар, сырлы əдебиеттер сұрай бастады. Жалпы оқушы көбейіп келеді»,-деп қазақ қауымында мəдениетке, оқуға, өнерге ұмтылыстың көрініс бергендігіне іштей қуана отырып, мына мəселені хабарлайды: «Міне, осы тілекті қарсы алып Қазақстан ағарту

комиссариаты «Шығарма жинағын» бастыруға кіріспек. Бұл ниетпен алдымен Абайдың, Сұлтанмахмұттың шығармалар жинағын бастырып шығармақ. Абай шығармаларын жинауды Абайды жақсы білетін, Абаймен қоныстас, Абаймен рулас жас жүйріктеріміздің бірі Мұхтар Əуезовке тапсырғалы отыр. Сұлтанмахмұттың шығармаларын өзімен құлын-тайдай бірге өскен замандасы, досы, қазақтың белгілі жазушысы Аймауытов Жүсіпбекке тапсырғалы отыр». Дəл осы хабар жарияланғаннан соң көп ұзамай тағы да сол «Еңбекші қазақта» Ж.Аймауытовтың «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың сөздерін жинау науқанына ат салысыңыздар» деген үндеу-айдармен ашық хаты жарық көрді. «Ашық хатты» оқығанда, Аймауытовтың Торайғыров ақын өмірін, творчестволық қызметін өте жетік білетіндігіне ден қоясыз. «Ашық

хатта» Ж.Аймауытов ақынның қоғамдағы орны, атқарар қызметі жайлы ой толғаған. Оның пайымдауынша: «Ақын елінің тілі ғой, адал туған ұлы ғой, бүлк-бүлк еткен жаны ғой, жанын жеген ары ғой, айта алмай жүрген зары ғой. Жаннан, ардан безбесе, ақынын қандай ел қастерлемесін». Бар болмыс-бітімімен, кескін-келбетімен, жан-дүниесімен халықтың жоғын жоқтап, мұңын шертуші өнер иесінің келбеті көз алдыңа келеді.

1933 жылы ақын жинағын Жүсіпбек Аймауытов баспаға дайындады. «Сұлтанмахмұт өлген соң (1920 ж) оның шығармаларын он жыл бойы жинап-теріп, баспаға əзірлеп, өмір тарихын жазған Ж.Аймауытовтың еңбегі айрықша екенін баса айту керек. Жүсіпбек болмаса Торайғыровтың толық жинағының шығуы, оның толық өмір тарихын білуіміз неғайбыл еді», - дейді Қайым Мұхамедханов. Бұл-құптарлық пікір. Бір ескертпегіміз, Жүсіпбек Аймауытов Торайғыров жинағын түзу барысында 1922 жылғы «Адасқан өмір» кітабын, қолжазбала-рын, қойын кітапшаларын, күнделік дəптерлерін, фотосуреттерін, туыстарымен, жолдастарымен жазысқан хаттарын, көрген-білгендердің естеліктерін, мақалалары жарияланған газет-журнал сандарын тұтастай, асқан ұқыптылықпен жиып-терген екен.Түйіп айтқанда, бүгінгі ұрпақтың Жүсіпбек

Аймауытовты С.Торайғыровтың шын мəніндегі алғашқы зерттеушісі ретінде тануы заңды құбылыс, қайта құру мен жариялылық заманы туғызған шындық. Сұлтанмахмұт шын мағынасында осы

сөзге татитын ақын. Ол құйрықты жұлдыздай ағып түскен, тұлпар талант еді. Сондықтан Сұлтанмахмұт есімі қазақтың жыр-дариясын құрайтын үлкен, асу, арналы өзенінің бірі болып қалмақ. Ол халық жүрегінен құрметті орын алады. Қазақ əдебиетінің көгінде он-ақ жыл жарқырап

тұрғанмен халық санасында мəңгілік, ұзақ ғұмырлы, əдеби асыл қазына қалдырды. Қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуын қалаған Сұлтанмахмұттың арман мақсаты-бүгінгі күні орындалды. Бейбіт аспанымызда көк байрағымыз желбіреп, тəуелсіздігіміздің орнағаны сан ғасыр бабалар аңсаған арман-мақсаттың орындалуы. «Ақын халық» атанған ата-жұртымыздың алтын күмбезді əдебиетін тіреп тұрған ұлы тіректер болса, соның бірі-Баянауылдың киелі топырағына тамырын жібере тіреп тұрған Сұлтанмахмұт мұрасы.

Н.СЕРІКБАЕВА,С.Торайғыров

мұражайының меңгерушісі.

АЛАШ АРЫСТАРЫ: СҰЛТАНМАХМҰТ ПЕН ЖҮСІПБЕК

ҰЛЫЛАР ҮНДЕСТІГІ

2015 жылы елімізде Қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығы аталып өтілмек. Бұл жөнінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының активімен кездесу барысында мəлімдеді.Жиында Мемлекет басшысы

Қазақстанның тəуелсіздігі - тұрақты ұғым, ал, оны сақтау - əрбір азаматтың борышы екенін баса айтты.

- Кезінде америкалық үндістердің көпшілігі түрлі басқыншылар арқылы өз жерлерінен қуылды

немесе жойылды. Тегі үндіс бір кинорежиссерге «байлық бақыт болып санала ма?» деп сұрақ қойылады. Бұған ол: «Өзімде жəне өзгелерде бар бүкіл байлықты мен халқымның бір күндік тəуелсіздігіне берер едім, - деп жауап қатыпты. Сондықтан біздің баршамызға тəуелсіздігімізді бағалаған жөн, - деді Қазақстан Президенті.Осы ретте, еліміздің тарихы тереңде

екенін атап өтті. Нақтысы, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы 1465 жылы

Керей мен Жəнібек алғашқы хандық құрған кезден басталатынын көптің есіне салды. Осылайша, 2015 жы-лы елімізде қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығы кең көлемде аталып өтпек.

- Керей мен Жəнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бəлкім ол бүгінгі ше-карасындағы, бүкіл əлемге осынша танымал əрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасын дағыдай мемлекет

болмаған да шығар. Бірақ сол кезеңдегі басқа барлық мемлекеттер туралы да осылай айтуға болады. Ең бастысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз - бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз. Бүгінде біздің еліміз барлық таяу мемлекеттермен көпғасырлық достық жəне тату көршілестік дəстүрлерін үзген жоқ. Осы қарым-қатынасты əрдайым сақтағанымыз жөн, - деді Елбасы.

ҚАЗАҚПАРАТ.

МЕМЛЕКЕТТІЛІГІМІЗГЕ 550 ЖЫЛ ТОЛАДЫ

Page 3: 45 (10644) 7 қараша жұма АБЫЗ БАБА МƏШҺҮР ЖҮСІП · PDF fileорда аз ғана уақыт өмір сүрді. Бір ... «Ақын халық» атанған

БАЯНТАУ №45 (10644) 7 қараша, жұма, 2014 жыл 3

Адреса: ул.Ак.Сатпаева 154, тел: 8-(718-2)-39-07-38, ул.Лермонтова 109, тел: 8-(718-2)-55-68-88, ул.Кутузова 46, тел: 8-(718-2)-68-73-08, ул.Кутузова 29, тел: 8-(718-2)-78-73-48, ул.Естая 134, тел: 8-(718-2)-68-94-69, ул.1 мая 189, тел: 8-(718-2)-78-73-43, г.Аксу, ул.Астана 44, тел: 8-(718-37)-67-838, с.Теренколь, ул.Ёлгина 88 «а», тел: 8-(718-33)-22-133.

СУ БҰРҚАҚ БУЫРҚАНБАЙ ҚАЛА МА?

Осыдан біраз жылдар бұрын баянауылдағы орталық алаңда тұрқы көрген адамға құбыжықтай əсер қалдыратын, селт ет-

кізерлік сəн-талғамнан жұрдай, көпшілік арасында пішімі қолапай, былайғылар құлаққа түрпідей тиетін тым оғаш мысқыл-əжуаға айналдырып алған су бұрқақтың болғаны əркімдердің əлі де көз алдында болар.

Кімнің аузына қақпақ қоясың? Сол ұсқынсыз дүниені орнатуға мемлекет есебінен мил-лиондаған қаржы жұмсалып, дау-дамайдың кезінде сотқа дейін жеткенін қалай жасырып, жабарсың?Жə, қойшы, болары болды,

бояуы сіңді, дегендей бұған жауапты лауазым иелерінің қылшығы да қисаймағанын жақсы білеміз. Əйтеуір, үкімет-тің талай қаржысы осындай бейберекеттіктің салдарынан желге ұшқан деректері бұл бір ғана емес. Кезінде қыруар қаржы жұмсалып салынған шағын аудандағы «КБМ»-нен бір шелек су алғандарды шырақ алып іздесең де жолықтырмайсың. Қазір сол «КБМ» состиып, жұмбағын тереңге бұғып тұр. Сырттан келгендер жан-жағы темір шарбақпен қоршалып, едəуір аумақты алып тұрған оқ-шау құрылыстың не екенін біл-мей дал болады. Оның жылдар бойы не үшін қаңқиып тұрғаны түбі бір ашылатын болар. Сөйтіп, кезінде көзсіз, есепсіз ысырап жасағандардың тым болмаса тəтті ұйқылары бұзылар. Тек аты өзгерсе де, заты қалған біркездегі

қаржы полициясының құлағына алтын сырға. Оны айтасыз, кел-меске кеткен Кеңес үкіметімен бірге құрдымға түскен Баянауыл-дағы орталық монша əлі күнге дейін сол қалпы. Марат Назарбаев деген соңғы үш жылдан бері қай-та-қайта жеңілдетілген несие алып, ештеңе шығара алмай келеді. Сірə мақсатты несиенің қайда кетіп жатқанын ауданда сұрап-білетін ешбір лауазымды тұлғалардың табылмауы таңқа-ларлық жағдай. Тамыр-таныс-тық, сыбайластықтың жымысқы тəсілі екені қазір тайға таңба басқандай айқын көрініп жатқан жоқ па? Енді су бұрқақ жағдайын жіктеп

көрейік.Əділін айту керек, соңғы

жылдары Баянауылды көркейту жағынан айтарлықтай жұмыстар жүргізілді. Əлі де талай бағдарламалар іске асырылуға тиіс. Орталық алаңға едəуір жерге тақтатас төселіп, көз жауын алғанымен, жылдан асса да көкпар тастайтын қазанға ұқсас ұра сияқты бірдеңе жасалған. Ол күні бүгінге дейін бəз қалпында тұр.

Бұның неге аяқталмағанын мердігер Орал Сартаевтан сұрағанда тағы да қосымша қаражат керектігін айтты. Бастапқыда қабылдап алған Баянауыл ауылдық округінің əкімі Қаниев Азат Бақтанұлы Орал Сартаевтың есебіне алдын ала жасалған келісім-шарт бо-йынша тиісті қаржы аударған бірақ, ол сырғытпаға салып, түрлі сылтаулар тауып жүр. Нені көксейтінін білмеймін, деп аң-таң. Ауа райының күтпеген

құбылысымен шұңқырдың іші көбік қарға толып жатыр. Айналасында жасөспірім балалар қаннен-қаперсіз ойнап жүр. Тіпті, кейбіреулерінің шұңқырдың ер-

неуіне мініп, бірін-бірі қуалап жүргенін көзіміз талай шалды. Бетін аулақ қылсын, жазатайым біреулері мерт болса, кінəлі кім болады? Бұл жағын ойлап жатқан ешкім жоқ. Түбі не болар екен?Баяғыда біреу ет жемесем

жемеймін, етегіңді жап құдағи, деген екен. Су бұрқақ бұрқанған-ша, мердігер мен тапсырыс беруші бірін-бірі жеңгенінше талай жылдар жылжып жүрмесе жарар еді.Əйтеуір, көзге ұрып тұрған

бір дүние. Тізе берсе мұндай олқылықтар аз емес. Мұны ешкім жоққа шығара алмас.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.

КӨЗГЕ ҰРЫП ТҰРҒАН КЕМ ДҮНИЕКӨЗГЕ ҰРЫП ТҰРҒАН КЕМ ДҮНИЕ

Page 4: 45 (10644) 7 қараша жұма АБЫЗ БАБА МƏШҺҮР ЖҮСІП · PDF fileорда аз ғана уақыт өмір сүрді. Бір ... «Ақын халық» атанған

№45 (10644) 7 қараша, жұма, 2014 жыл БАЯНТАУ4КОНКУРС

Павлодар облысы, Баянауыл ауданының əкімдігі жер телімдерін жалдау құқығын сату бойынша ұсынылған жер учаскелеріне конкурс өткізеді.№

р/сУчаскенің

орналасқан жерiЖер учаскесiнiң

нысаналы мақсатыЖер

телімінің көлемі, га

Құқық түрлері

1 2 3 4 5

1Майқайың кенті, солтүстік-шығыс

жағы

Тұрмыстық зат қалдықтарын өңдеу цехының құрлысын жүргізу мен қызмет

көрсету үшін

30Уақытша

4 жыл мерзімге жер пайдалану

2 Майқайың кенті, Чкалов көшесі 7

Дүкен құрылысын жүргізу мен қызмет

көрсету үшін0,0068

Уақытша 4 жыл

мерзімге жер пайдалану

3 Торайғыр ауылыНаубайхана құрылысын жүргізу мен қызмет

көрсету үшін0,063

Уақытша 4 жыл

мерзімге жер пайдалану

4Баянауыл ауылы,

Жаяу Мұса көшесі бойы

Жөндеу базасы құрылысын жүргізу мен қызмет көрсету үшін

0,25Уақытша

4 жыл мерзімге жер пайдалану

5Баянауыл ауылы, Əуезов көшесінің

бойыКірпіш цехін салу мен қызмет көрсету үшін 0,5378

Уақытша 4 жыл

мерзімге жер пайдалану

Жер телімдерін берудің шарты міндетті - түрде мақсатына сəйкес пайдалану.Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттама тізбелерін мына мекен-жайдан алуға

болады: Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Қ.Сəтбаев көшесі, 55 үй, тел: (8-718-40)-9-13-43 жəне өтінімдер 2014 жылғы 05 желтоқсан сағат 18:30-ға дейін қабылданады. Конкурстық өтінімдер салынған конверттер 2014 жылғы 08 желтоқсан сағат

16:00-де мына мекен-жайда ашылады: Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Қ.Сəтбаев көшесі 45 үйдің мəжіліс залында.Ескерту: Заңды тұлғалар жарғының жəне заңды тұлғаны тіркеу туралы

куəліктің нотариалды расталған көшірмелерін қосымша ұсынады.КОНКУРС

Павлодар облысы, Баянауыл ауданының əкімдігі ауданның жер қорынан ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер телімдерін жалға берген кезде конкурсқа ұсынылған жер учаскелеріне конкурс өткізеді.

Жер уч.

Жер учаскесінің қысқаша

сипаттамасы

Көлемі,

га

Жалға беру

мерзімі, жыл

Жер учаскесінің орналасқан

жерінен (аудан орталығына дейінгі орташа қашықтық)

1 2 3 4 5

1Жайылым, күрең-қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-

9,0

Жалпы көлемі - 510 га, оның ішінде 500 га - жайылым, 10 га -

басқа алқаптар48

Ақсаң ауылдық округінің

аумағы - 90 км

2Жайылым, күрең-қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-

9,0

Жалпы көлемі - 1220 га, оның ішінде 1200 га - жайылым, 20 га -

басқа алқаптар48

Ақсаң ауылдық округінің

аумағы - 60 км

3Жайылым, күрең-қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-

9,0

Жалпы көлемі - 820 га, оның ішінде 800 га - жайылым, 20 га -

басқа алқаптар48

Ақсаң ауылдық округінің

аумағы - 60 км

4Жайылым, күрең-қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-

9,0

Жалпы көлемі - 1550 га, оның ішінде 1500 га - жайылым, 50 га -

басқа алқаптар48

Ақсаң ауылдық округінің

аумағы - 40 км

5Жайылым, күрең-қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-

9,0

Жалпы көлемі - 13000 га, оның ішінде 12000 га

- жайылым, 1000 га - басқа алқаптар

48Ақсаң ауылдық

округінің аумағы - 70 км

6Жайылым, күрең-қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы

- 9,0

Жалпы көлемі - 360 га, оның ішінде 350 га - жайылым, 10 га -

басқа алқаптар48

Ақсаң ауылдық округінің

аумағы - 20 км

7Жайылым, күрең-қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы

- 9,0

Жалпы көлемі - 410 га, оның ішінде 400 га - жайылым, 10 га -

басқа алқаптар48

Ақсаң ауылдық округінің

аумағы - 25 км

8Жайлым, күрең-қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-

10,0

Жалпы көлемі - 6600 га, оның ішінде 6000 га - жайылым, 600 га

- басқа алқаптар48

Құндыкөл ауылдық округінің

аумағы - 40 км

9Жайылым, күрең-қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-

8,0

Жалпы көлемі - 310 га, оның ішінде 300 га - жайылым, 10 га -

басқа алқаптар48

Құндыкөл ауылдық округінің

аумағы - 60 км

10Жайылым,

қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-

7,0

Жалпы көлемі - 11000 га, оның ішінде 10000 га - жайылым,

1000 га - басқа алқаптар

48Бірлік ауылдық

округінің аумағы - 70 км

11Жайылым,

қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-

7,0

Жалпы көлемі - 11000 га, оның ішінде 10000 га - жайылым,

1000 га - басқа алқаптар

48Бірлік ауылдық

округінің аумағы - 70 км

12Жайылым,

қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-

7,0

Жалпы көлемі -1100 га, оның ішінде 1000 га - жайылым, 100 га

- басқа алқаптар48

Бірлік ауылдық округінің

аумағы - 50 км

13Жайылым,

қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-

7,0

Жалпы көлемі - 1840 га, оның ішінде 1800 га - жайылым, 40 га -

басқа алқаптар48

Бірлік ауылдық округінің

аумағы - 60 км

14Егістік, қызғылт

топырақ, бонитетiнiң балы-

7,0

Жалпы көлемі - 510 га, оның ішінде 500 га - егістік, 10 га - басқа алқаптар

48Бірлік ауылдық

округінің аумағы - 70 км

15Жайылым, күрең-қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-

10,0

Жалпы көлемі - 1100 га, оның ішінде 1000 га - жайылым, 100 га

- басқа алқаптар48

Күркелі ауылдық округінің

аумағы - 80 км

16Жайылым, күрең-қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-

10,0

Жалпы көлемі - 1500 га, оның ішінде 1490 га - жайылым, 10 га -

басқа алқаптар48

Күркелі ауылдық округінің

аумағы - 70 км

17Жайылым,

қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-

11,0

Жалпы көлемі - 1303 га, оның ішінде 1300 га - жайылым, 3 га - басқа алқаптар

48Жаңатілек ауылдық округінің

аумағы - 75 км

18Жайылым, күрең-қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-

8,0

Жалпы көлемі - 2700 га, оның ішінде 2640 га - жайылым, 60 га -

басқа алқаптар48

Жаңажол ауылдық округінің

аумағы - 90 км

19Жайылым, күрең-қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-

8,0

Жалпы көлемі - 1700 га, оның ішінде 1680 га - жайылым, 20 га -

басқа алқаптар48

Жаңажол ауылдық округінің

аумағы - 750 км

20Жайылым, күрең-қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-

10,0

Жалпы көлемі - 1500 га, оның ішінде 1490 га - жайылым, 10 га -

басқа алқаптар48

Күркелі ауылдық округінің

аумағы - 70 км

21Жайылым, күрең-қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-

10,0

Жалпы көлемі - 1100 га, оның ішінде 1100 га - жайылым, 100 га

- басқа алқаптар48

Күркелі ауылдық округінің

аумағы - 70 км

22Жайылым,

қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-

8,0

Жалпы көлемі - 750 га, оның ішінде 700 га - жайылым, 50 га -

басқа алқаптар48

Қызылтау ауылдық округінің

аумағы - 50 км

23Жайылым,

қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-

8,0

Жалпы көлемі - 1520 га, оның ішінде 1500 га - жайылым, 20 га -

басқа алқаптар48

Қызылтау ауылдық округінің

аумағы - 50 км

24Жайылым,

қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-

8,0

Жалпы көлемі - 2900 га, оның ішінде 2800 га - жайылым, 100 га

- басқа алқаптар48

Қызылтау ауылдық округінің

аумағы - 50 км

25Жайылым,

қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-

8,0

Жалпы көлемі - 1020 га, оның ішінде 1000 га - жайылым, 20 га -

басқа алқаптар48

Қызылтау ауылдық округінің

аумағы - 60 км

26Егістік, қызғылт

топырақ, бонитетiнiң балы-

8,0

Жалпы көлемі - 510 га, оның ішінде 500 га - егістік,10 га - басқа алқаптар

48Қызылтау ауылдық округінің

аумағы - 80 км

27Жайылым,

қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-

8,0

Жалпы көлемі - 1320 га, оның ішінде 1300 га - жайылым, 20 га -

басқа алқаптар48

Қызылтау ауылдық округінің

аумағы - 40 км

28Жайылым,

қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-

8,0

Жалпы көлемі - 1010 га, оның ішінде 1000 га - жайылым, 10 га -

басқа алқаптар48

Қызылтау ауылдық округінің

аумағы - 60 км

29Жайылым, күрең-қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-

7,0

Жалпы көлемі - 1660 га, оның ішінде 1600 га - жайылым, 60 га -

басқа алқаптар48

Торайғыр ауылдық округінің

аумағы - 50 км

30Жайылым, күрең-қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-

7,0

Жалпы көлемі - 1220 га, оның ішінде 1200 га - жайылым, 20 га -

басқа алқаптар48

Торайғыр ауылдық округінің

аумағы - 50 км

31Жайылым, күрең-қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-

12,0

Жалпы көлемі - 610 га, оның ішінде 600 га - жайылым, 10 га -

басқа алқаптар48

Ұзынбұлақ ауылдық округінің

аумағы - 150 км

32

Жайылым, егістік күрең-

қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-

12,0

Жалпы көлемі - 1600 га, оның ішінде 1000 га жайылым, 500 га - егістік, 100 га - басқа

алқаптар

48Ұзынбұлақ ауылдық округінің

аумағы - 160 км

33Жайылым, күрең-қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-

12,0

Жалпы көлемі - 1010 га, оның ішінде 1000 га - жайылым, 10 га -

басқа алқаптар48

Ұзынбұлақ ауылдық округінің

аумағы - 160 км

34Жайылым, күрең-қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-

12,0

Жалпы көлемі - 3030 га, оның ішінде 3000 га - жайылым, 30 га -

басқа алқаптар48

Ұзынбұлақ ауылдық округінің

аумағы - 150 км

35Жайылым, күрең-қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-

12,0

Жалпы көлемі - 305 га, оның ішінде 300 га - жайылым, 5 га - басқа алқаптар

48Ұзынбұлақ ауылдық округінің

аумағы - 140 км

36Жайылым, күрең-қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-

10,0

Жалпы көлемі - 410 га, оның ішінде 400 га - жайылым, 10 га -

басқа алқаптар48

Сəтбаев ауылдық округінің

аумағы - 110 км

37Жайылым, күрең-қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-

12,0

Жалпы көлемі - 610 га, оның ішінде 600 га - жайылым, 10 га -

басқа алқаптар48

Қаратомар ауылдық округінің

аумағы - 110 км

38Жайылым, күрең-қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-

12,0

Жалпы көлемі - 1210 га, оның ішінде 1200 га - жайылым, 10 га -

басқа алқаптар48

Қаратомар ауылдық округінің

аумағы - 90 км

39Жайылым,

қызғылт топырақ, бонитетiнiң балы-

7,0

Жалпы көлемі - 5500 га, оның ішінде 5000 га - жайылым, 500 га

- басқа алқаптар48

Майқайың кенті аумағы -

70 км

Жер телімдерін берудің шарты - міндетті түрде мақсатына сəйкес пайдалану.Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттама тізбелерін мына мекен-жайдан алуға

болады: Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Қ.Сəтбаев көшесі, 55 үй, тел: (8-718-40)-9-13-43 жəне өтінімдер 2014 жылғы 05 желтоқсан сағат 18:30 дейін қабылданады. Конкурстық өтінімдер салынған конверттер 2014 жылғы 08 желтоқсан сағат 15:00-

де мына мекен-жайда ашылады: Павлодар облысы Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Қ.Сəтбаев көшесі 45 үйдің мəжіліс залында.

Page 5: 45 (10644) 7 қараша жұма АБЫЗ БАБА МƏШҺҮР ЖҮСІП · PDF fileорда аз ғана уақыт өмір сүрді. Бір ... «Ақын халық» атанған

БАЯНТАУ №45 (10644) 7 қараша, жұма, 2014 жыл 5

Осындай атаумен Ақмектеп ауылдық кітапханасында ұмытыла бастаған (ескі) көне кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханашы Б.Смайылова кітап сөрелерінде тұрып қалған кітаптарды қайта іріктеуден өткізе отырып, сырты ескі болғанымен əлі де мазмұн-мағынасын жоймаған ескі кітаптардан тұратын дəстүрлі емес көрмені оқырмандар назарына ұсынды. Кітап көрмесіне негізінен 1950-1975 жылдары жарық көрген көне əдебиеттер қойылды.Атап айтқанда, орыс, шетел, қазақ

қаламгерлері - Ілияс Жансүгіровтің Ғабит Мүсіреповтің, А.И.Куприннің Оноре де Бальзактің шығармалары көрмеден орын алды. 1962 жылы баспадан шыққан «Халық батыры» тақырыбындағы А.Нұрхановтың Амангелді Имановтың қиын да қызық тағдырына арналған құнды еңбегі кірген. Бұл кітап көрмесінің ерекшелігі

– оны біздің əкелеріміз оқыған. Енді балалары, немерелері оқи-ды. Аталмыш кітап көрмесін ұйымдастыра отырып, оқырмандар арасында «Менің - сүйікті жазушым» сауалнамасын, викториналық ойын жүргізуді жоспарлап отырмыз, - дейді

Б.Смайылова.Жас оқырмандар үшін осындай

көрмелердің маңызы ерекше болары сөзсіз. Оқырмандар Қ.Хамитов, Қ.Тұмайкенов, Г.Оразалина көрмедегі əдебиеттердің бірқатары балалық шақ-тарында сүйіп оқыған туындылары болғанын жеткізді. Қазіргі таңда республикалық

«Мəдени мұра» бағдарламасы аясында ескі əдебиеттер əр түрлі сериялар бойынша баспалардан жаңартылып шығып жатса да, көне кітаптар өзіндік түр-сипатымен, безендірілуімен қым-бат.

Б.ҚАЛИЕВА,Ақмектеп ауылы.

Біздің әкелеріміз оқыған кітаптар

Баянауыл ауданы Ақсаң ауылдық округіне қарасты Қаражар елді мекенінде күзгі жиын-терін жұмыстарының табысты аяқталғанына орай мерекелік шара өткізілді. Ауыл шаруалары шөп шабу жұмыстарын сəтті аяқтады. Мол өнім жинап,

баршамызды қуантты. Сондықтан механизаторлардың құрметіне орай ойын-сауық бағдарламасын өткіздік. Осы шараға Ақсаң ауылдық округінің əкімі Төлеген Смағұлов қатысып, еңбеккерлерді құттықтады, - дейді Қаражар ауыл-дық клубының меңгерушісі Есен Жүсіпбаев. Ауылдық клуб мүшелері шөп шабу жұмыстарының қорытындысына сəйкес

Аман Сансызбаев «Шөп науқанын бірінші бастаған», Иван Яровский «Тəжірибелі механизатор», Қайролла Мусин «Ең жасы үлкен жүргізуші», Айбат Төкенов «Ең жас механизатор» деген аталымдар бойынша марапатталдыСонымен қатар қолдан жинап жасаған трактор иесі Оразбай Шомаков ел

қатарынан қалмай шөп шауып, еңбек еткені үшін «Ең кішкентай трактор иесі» аталымы бойынша марапатталды. Мереке де барысында ауыл өнерпаздары, Рашид Асқаров, Қуандық Көкен, Айым Төкен, Мирагүл Бекмағамбетова, Əлия Радикқызы əн шырқап, клуб меңгерушісі Е.Жүсіпбаев механизаторларға қызықты ойындар ойнатып, көтерінкі көңіл-күй сыйлады. Биыл алғашқы рет өткен шараға 28 ауылшаруашылық қызметкері шақырылып,

құрмет көрсетілді. Болашақта кең көлемде атап өтуді жоспарлаудамыз.

Жуырда аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары Құндыкөл ауылында болып, халыққа орталықтың қызметін ұсынды. Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы С.Ахметжанов

бастаған мамандар ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтің барлық түрін бір жерден алуға мүмкіншілік жасады. Əсіресе, мектеп ұжымына жұмысқа байланыс-ты түрлі анықтамалар қажет болды. Ондай анықтаманы аудан орталығында орналасқан ХҚКО-нан алу үшін жұмыскерлер мен ұстаздар бір күн жұмыстарынан сұранып бару керек еді. Ал, ауылға келген мамандар тізім бойынша барлық қажет анықтамаларды сол жерде рəсімдеп берді. Сондай-ақ, ауыл тұрғындары өздеріне қажет құжаттарды рəсімдеу мəселелері

бойынша сұрақтарына жауап алдыХалыққа қызмет көрсетудің мұндай түрлері жергілікті тұрғындар үшін өте

қолайлы, əрі тиімді. Сондықтан халыққа қызмет көрсету орталығының маманда-рына көрсеткен қызметтері үшін алғыс білдіреміз.

Ə.Марғұлан атындағы ЖОББМ ұжымы жəнеҚұндыкөл ауылының тұрғындары.

Ауыл еңбеккерлерi бiр желпiндi

СIЗГЕ ҚАЛАЙ ҚЫЗМЕТ ЕТЕДI

ХҚКО-на ризамыз

Еңбек түбі - береке

Серік Мұхиденұлы 2003-2004 оқу жылынан бастап Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беретін қазақ гимназия мектебінің автобус жүргізушісі болып жұмыс істеп келеді. Бірақ, біздер үшін ол жай ғана автобус жүргізушісі емес, бірімізге аға, бірімізге

ата болып кеткендей. Мейлі қыстың сары аязы болсын, қара күздің өткір желі болсын ол темір көліктің тізгінін еш жібермей, оқушылар мен ұстаздарының алғысын арқалап келеді. Біле білсек, автобус жүргізушісі қиындығы көп мамандықтардың бірі, өйткені, таңмен

таласа тұрып, кеш батқанға дейін жолаушыларды тасымалдау үшін астындағы көлігінің де жайы жақсы болып, ақаусыз сақадай-сай болуы - жүргізушіге қойылатын басты талаптардың бірі. Жаны жайсаң Серік ағайды барлық балалар да жақсы көреді. Қашан көрсең де байсалды,

бір қалыпты мінезінен ауытқымайтын, барлық оқушылармен емін-жарқын сөйлесіп, əзілдесіп те отырады. Автобустың бір жері істен шығып қалса, Серік ағай оны тез арада жөндей қояды. Себебі ол автобусты жүргізгенше байыз таппайды. Бүгінде Серік ағай жолаушыларын қыс пен күздің суығына тоңғызбай, уақытында үйлеріне жеткізіп отыру үшін аянбай еңбек етіп жатыр. Оған мектеп ұжымы да, ата-аналар да дəн риза. Осындай парасатты адамгершіліктің мол нышаны ескен Серік ағайға зор денсаулық, отбасына бақыт тілейміз.

Е.САЛЫҚОВА,Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім

беретін қазақ гимназия мектебінің тəрбие ісінің меңгерушісі.

КІМ КӨП БІЛЕДІ?

Жас оқырмандардың ой-өрісін, ізденімпаздығын дамыта отырып, оларға оқу-танымдық тəрбие беру мақсатында Ақши ауылдық кі-тапханасында «Кім көп біледі?» атты викториналық сайыс сағаты өткізілді. Қатысушылар екі топқа бөлініп,

«Қанша сөз білеміз?», «Құпия хаттар», «Білесіз бе?», «Кім тез табады?», «Сиқырлы сандар сөйлейді» бөлімдері бойынша өз білімдерін сарапқа салды. Сайысқа қатысқан «Қарлығаш», «Лашын» топтары мақал-мəтел, жаңылтпаш, киелі сандар төңірегінде өз білгендерін ортаға сала отырып, үш, жеті, тоғыз сандарының қадір-қасиеті, қазақ ырымдары жайлы сайысты. Белсене қатысқан Зада Дария, Əдия

Қабиденова, Жəмила Қанапиянова, Махаббат Əбішева, Ахмади Мағжан, Ержан Ұлан т.б. жеңімпаз атанды. Сайысқа жақсы дайындалып қатысқан жастардың дүниетанымдары кеңейіп, рухани жан дүниелері бір серпіліп қалды. Көрермен қауым аталмыш шараға ризашылығын білдіріп, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ, ана тілін насихаттауға

өт-кізілген əдеби-интеллектуалдық «Сөз-мерген» сайысына да жергілікті жастар белсене қатысты. Жастар екі топқа бөлініп, «Артық болмас білгенің», «Мықты болсаң тауып көр», «Жүйрік болсаң озып көр» тақырыптары бойынша берілген тапсырмаларды ойдағыдай орындап, ұпай саны жа-ғынан екі топ өзара тең түсті. Жалпы Ақши ауылында кітапқұмар балалар көп. Олар кітапханада өткізілетін түрлі іс-шараларға белсене атсалысады. Мысалы, «Табиғат - тал бесігім» сурет сайысына, спорт жарыстарына Мəди-на Саябекова, Əбілмансұр Айтбай, Ахмади Қайрат, Сағындық Рамазан, Əдия, Нұрия Қабиденовалар, Ұлан, Ержан, Дина Қалымова тағы басқа балалар белсене қатысып, жүлдегер атанды. Салауатты өмір салтын насихаттау-

ға, туған жерді құрметтеуге құштар жастар – біздің болашағымыз.

Алтынгүл АХТАЕВА,Ақши ауылдық кітапханасының

кітапханашысы.

Жаяу Мұса атындағы балалар өнер мектебінің ұстаздарының құрастыруымен «Баянауылдың əнші-сазгерлері», «Баянауыл, басың биік» атты екі бөлімнен тұратын əдістемелік құрал жинақталды.Кітапшаға Р.Зайытовтың сөзіне жазылған «Каспий» тобының орындауындағы

Лұқпан Жолдасовтың «Баянауыл», Н.Тілендиевтің «Баянауыл вальсі», жергілікті өнер саңлақтары Ж.Мұса, С.Кəрімбаев, Ж.Шəймерденов, З.Солтанбаев, А.Баязитов, Ж.Мұқанов, Қ.Шəймерденованың жəне өнер мектебінің мұғалімдерінің əндері енгізілген. Бұл топтаманың авторлары: В.Шəймерденова, Б.Шайхина жəне Е.Доляк. Өкінішке орай, бұл əдістемелік құралды ұжым қаржы болмағандықтан жарыққа

шығара алмай отыр. Демеп жіберетіндер табылып жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Тағы бір айтатын мəселе - құрастырылған құрал XIX ғасырдың ортасындағы

ұлы өнер майталмандары Жаяу Мұса, Жарылғапберді, Қали Байжанов, Жабай Тоғандықов т.б. бүгінгі күннің əнші-композиторларымен үні жалғасып отырғаны құптарлық-ақ. Өйткені, жастар оны білуге тиіс. Насихатталу да керек. Тіпті, Баянауылда туған жер туралы балалар арасында əн жарысы өткізіліп тұрса

да артық болмас еді. А.ЛЕКЕРОВ.

Өнер мектебi құрастырған əндер топтамасы

Мəдениет

Серiк ағай – балалардың досы

Жақында біз Қазақстан тарихы пə-нінен қазақ-жоңғар қатынасы туралы қызықты тақырыпты меңгердік. Оқыған тақырыбымызды одан əрі игеру үшін ұстаздарымызбен бірге өлкеміздің бірқатар тарихи жерлерін араладық. Саяхатымыз Сабындыкөл жаға-

сындағы үш жүздің басын қосқан əйгілі Абылай ханның көк жартасына барудан басталды. Тарих пəнінің мұғалімі Е.Рақымтаев Абылай хан жөнінде тараған көптеген аңыз-əңгімелер мен əйгілі хан бабамыздың

Саяхат сабағықазақ тарихындағы ал-ған орны жайлы біраз деректерді баяндады. Сонымен қатар, қазақ

жерін сыртқы жаудан қорғаған батырлар ту-ралы да əңгімелеп бер-ді. Баянауыл өңірін жоңғарлардан азат етуде, үлкен ерлік көрсеткен батыр бабаларымыздың бірі - Жасыбай батыр.Біз бабамыз жатқан

асуға барып, оған құр-ан бағыштап, мола басын күл-қо-қыстардан тазарттық. Ұстазымыз Жасыбай батырдың өшпес ерліктері туралы айтып, «Ер Жасыбай» даста-нын оқып берді.Біз саяхат сабағы арқылы, қазақ-

жоңғар заманында өшпес ерлік көрсетіп қаза тапқан, ардақтыларымыз жөнінде тың мəліметтерді білдік. Келешекте осындай пайдасы зор саяхат сабақтары əр сыныптарда ұйымдастырылса екен дейміз.

Лаура СЫЗДЫҚОВА, Баянауыл жалпы орта білім беру

мектеп-интернатының оқушысы.

Page 6: 45 (10644) 7 қараша жұма АБЫЗ БАБА МƏШҺҮР ЖҮСІП · PDF fileорда аз ғана уақыт өмір сүрді. Бір ... «Ақын халық» атанған

ҚҰРЫЛТАЙШЫ: БАЯНАУЫЛ АУДАНЫНЫҢ ƏКІМДІГІ.

МЕНШІК ИЕСІ: «БАЯНТАУ» ГАЗЕТІНІҢ РЕДАКЦИЯСЫ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ.

БАС РЕДАКТОРШ.Д.ШАЛБАЙ.

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:Баспа индексі 140300.Павлодар облысы, Баянауыл ауылы, Сəтбаев көшесі, 49 үй.

Газеттің нөмірі «Баянтау» редакциясында компьютермен теріліп, беттеледі.

Телефондар: 9-15-50 (Бас редактор), 9-20-24 (факс)

Қазақстан Республикасының Мəдениет, ақпарат жəне қо-ғамдық келісім министрлігінің бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы 2002 жылы 29 тамызда №3255-Г куəлігі берілген.Газетті есепке қою туралы Қазақстан Республикасының

Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің №7250-Г куəлігі 2006 жылғы 18 мамырда берілген.Алғашқы есепке қою кезіндегі нөмірі мен мерзімі №64-

09.10.1990 ж.

Қазақстан Республикасы Əділет министрлігі Павлодар облысының Əділет департаменті Баянауыл ауданының Əділет басқармасының заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы 2012 жылғы 21 желтоқсандағы №190-1945-04-ЖШС куəлігі берілген.

Павлодар қаласында, ЖШС «ДОМ ПЕЧАТИ» баспаханасында басылады. Ленин көшесі, 143 үй.

Автордың пікірі редакция көзқарасына сəйкес келе бермеуі мүмкін. Мақалада көрсетілген аќпараттар мен деректерге авторлар жауап береді. Жарнама материалдарының мазмұнына берушілер жауап береді. Редакция оқырмандардан түскен барлық хаттарға тегіс жауап беруді міндетіне алмайды. Хаттар, қолжазбалар рецензияланбайды жəне қайтарылмайды.

Газет аптасына бір рет, жұма күні шығады.ТАРАЛЫМЫ: 1800. Тапсырыс

№45 (10644) 7 қараша, жұма, 2014 жыл БАЯНТАУ6

***С.Торайғыров атындағы аудандық мəдениет үйінде «Құтқарушылар күніне» арналған

мерекелік бағдарлама өтті. Бұдан бұрын аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен судан құтқару тірегі, мектеп ұжымдары алдын-ала дайындалып, құтқарушы қызметкерлер білім ошақтарында оқушылармен кездесіп, төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары туралы бірқатар жұмыстар жүргізген болатын. Сонымен бірге, Ш.Айманов атындағы гимназия мектебінің, З.Ақышев атындағы орта

мектептің, мектеп-интернаттың, «Жас дəурен» орталығының тəрбие ісінің меңгерушілері, мұғалімдері мен тəрбиешілері өз мектептерінде сыныптар арасында тақырыптық шығармалармен суреттер сайысын ұйымдастырған еді. Сол сайыстарда «Үздік» деп танылған жұмыстар мерекелік шара күні аудандық мəдениет үйінде көрмеге қойылды. Төтенше жағдайлар бөлімі мен судан құтқару тірегінің қызметкерлері өз қаржысына «Жас

дəурен» орталығының осы маусымдағы 125 тəрбиеленушісіне тəтті базарлықтар алып, ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды қуантты. Ал, аудандық мəдениет үйінің көркемөнерпаздары мен Ш.Айманов атындағы гимназия

мектебінің, З.Ақышев атындағы орта мектептің оқушылары бұл күні концерттік бағдарламалар ұсынып, көрермендердің ықыласына бөленді. Құтқарушылардың төтенше жағдайлардың алдын алу жұмысына орасан көп көмек

көрсетіп жүрген мектеп ұстаздары мен тақырыптық шығарма мен суретте сайысында жүлделі орындарға ие болған мектеп оқушылары аудандық білім бөлімінің, төтенше жағдайлар бөлімінің марапаттарына ие болды. Мерекелік шарада аудан əкімінің орынбасары А.Дəулетқалиев пен төтенше жағдайлар қызметінің ардагері, зейнеткер Ж.Жанайдаров құттықтау лебіздерін білдірді.Мұндай шаралардың өткізілуі жай ғана концерт пен көрмені тамашалау емес, халық

арасында төтенше жағдайлардың алдын алу, қауіпсіздік мəдениетін қалыптастырудағы тəрбиелік мəні зор іс-шара. Осы шараны ұйымдастырып, жоғары деңгейде өтуіне қолғабыс еткен азаматтарға алғысымыз мол.

С.ДЖАНКУЛОВ, аудандық судан құтқару тірегінің жетекшісі.

***Төтенше жағдайда ауа райының ыстық-суығына қарамастан тосын оқиға болған жерге

бірінші жетіп, қол үшін беретін ол əрине, батыр да батыл құтқарушыларымыз екені бəрімізге мəлім.Құтқарушылар күнінде ауданымызда бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Сондай

шараның бірі Баянауыл жалпы орта білім беру мектеп-интернатында өтті. Сыныптарда тəрбиешілердің ұйымдастыруымен «Құтқарушылар - біздің досымыз»

атты сынып сағаттары өткізілді. Сонымен қатар, оқушылар еңбек сабақтарында ұстаздары Ж.Сабданбеков, Ш.Қамаш жетекшіліктерімен қағаздан, ағаштан əртүрлі макет, қолөнер бұйымдарын жасады.Сонымен қатар, Баянауыл ауданының төтенше жағдайлар мекемесінің мұрындық

болуымен оқушылар арасында көркем шығарма, сурет байқауы ұйымдастырылды. Бұл байқаудың нəтижесінде шығарма сайысы бойынша I орын 11-сынып оқушысы А.Ахмади, II-III орынды 9-сынып оқушылары Қ.Қабен пен Қ.Мұратова алды. Сурет сайысы бойынша I орын 10-сынып оқушысы А.Жөкен, II орын мен III орынды 8-сынып оқушылары А.Мейрам мен М.Абылқас иеленді. Жүлделі орын алғандарға Баянауыл ауданы төтенше жағдайлар қызметінің өртке қарсы бөлімінің басшысы, подполковнигі Т.Ахметов мақтау қағаздарын табыстады. Сонымен бірге, мерекелік шараны өткізуге атсалысқан Ж.Қошановты, Д.Құрманжанованы, Г.Əбдіғомарды, Е.Рақымтаевты, Ш.Қамашты Баянауыл аудандық білім бөлімінің басшысы Р.Жантілиев алғысхаттарымен марапаттады.

Е.РАҚЫМТАЕВ,БЖОББМИ-ның география

пəнінің мұғалімі.

Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беретін қазақ гимназия мектебінде екі жылдан бері «Жас құтқарушылар» клубы жұмыс жасап келеді. Аталған клуб мектепте өмір қауіпсіздігі негіздерін тереңдете оқытуды, құтқару ісінің негіздерін білу, төтенше жағдайларды жою бойынша білік- дағдыларын қалыптастыру, сонымен қатар, төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен адамға алғашқы көмек бере білуді негізгі міндетіне алған. Жақында мектебімізде құтқарушылар күніне

байланысты бірқатар шаралар өткізілді. Аталған іс-шарада онлайн жүйеде оқушылармен «Балалардың жарақат алуларының алдын алу», «Табиғи апаттар кезіндегі қауіпсіздік шаралары» бағытында əңгімелесу-

лер жүргізілді. Оған қоса, аудандық ТЖБ қызметкерлерімен «Өрттен сақтан!», «Төтенше жағдайлардың алдын-алу» тақырыбында кездесу өтті. Мектебіміздің медбикесі «Қауіпті жағдай кезінде жарақат алғандарға алғашқы медициналық жəрдем көрсету» тақырыбында 1-4 сынып оқушыларымен танымдық сабақ өткізді.Сондай-ақ, ТЖБ-нің қызметкері Джанкулов Саит Бектайұлы оқушылармен, мектеп

ұжымымен «Азаматтық қорғау», «Апаттардың алдын-алу» жəне «Қауіпсіз қоғам құру мəдениеті» тақырыбында дəріс оқып, слайд көрсетті.Құтқарушылар күніне арналған мерекелік шарада мектебіміздің «Жас құтқарушылар»

клубының мүшелері 8-сынып оқушылары Тұрсын Жазира, Құсманова Диляра, Мақажанов Дастан, Бектасова Дария, Мүбарак Дариға, Қабылқайыр Дəулет, Ғайниден Жалғас, Сəрсенбай Жансая, Ерсін Кəмила, Арғынбай Азамат, Абай Мадияр өз өнерлерін ортаға салды. Бейнелеу өнері пəнінің мұғалімі Т.Ықыласов сол шарада көрме ұйымдастырды. «Барлық қауіптен абай бол!» атты сурет көрмесінде 7 «а» - сыныбының оқушысы Төлегенова Аяулым жəне 5-сынып оқушысы Шакрат Артоты бірінші орынға ие болды. 6-сынып оқушысы Тілеубай Кəмила І орынды алса, 7 «а» - сынып оқушысы Сағымбекова Дəметкен, 5 «а» - сынып оқушысы Таштаев Аян, 5 «б» - сынып оқушысы Қыстаубай Əділ, Ақмырза Бекболат ІІ орынға ие болды. Ал, Файзолла Аружан, Ахмет Ержігіт, Дулатов Баянбектер ІІІ орынды жеңіп алды. Жеңімпаздарға ТЖБ-нің басшысы мадақтамалар табыс етті.Сондай-ақ, шығарма сайысында 5 «а» - сыныбының оқушысы Əбдіғомар Дариға, 7 «а»

- сыныбының оқушысы Айым Жарқынбекқызы, Мазанова Шəмшия, 10 «а» - сыныбының оқушысы Кенжебек Дана, 7 «б» - сыныбының оқушысы Əбдіғомар Рауан І орын алса, 7 «б» - сыныбының оқушысы Байділда Сəнім, 7 «а» - сыныбының оқушысы Төлегенова Аяулым, 8-сынып оқушысы Айтан Арнұр, 9-сынып оқушысы Шəйкенова Нұрсауле, 5 «б» - сынып оқушысы Файзолла Аружан ІІ орынға ие болды., 7 «а» - сыныбының оқушысы Тұрсын Жалғас, 10 «б» - сыныбының оқушысы Сламбек Айғаным ІІІ орынды иеленіп, мақтау қағазымен марапатталды.Аудандық білім бөлімінің мақтау қағазымен мектебіміздің бейнелеу өнері пəнінің мұғалімі

Т.Ықыласов, «Жас құтқарушы» үйірмесінің жетекшісі Н.Сенбин тəрбие ісінің меңгерушісі Е.Мергенбайқызы марапатталды.

Е.САЛЫҚОВА,Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беретін қазақ гимназия мектебінің

тəрбие ісінің меңгерушісі.

ОБЬЯВЛЕНИЕ Оптика г.Павлодар будет работать в п.Баянаул 10 ноября с 10-00

до 18-00, по адресу ул.Сатпаева 43 (аптека возле банка). Очки для чтения, очки для дали. Изготовление, мелкий ремонт.Тел. 8-705-454-57-44.

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ ЖАНДАР

ХабарландыруЖылы, əрі жайлы «Мерседес Спринтер» шағын автобусымен жолаушылар

тасымалы. 19 жолаушы орыны. Баянауылдан – Павлодарға сағат 06.00-де, Павлодардан – Баянауылға сағат 14.00-де. Күн сайын. Билет бағасы – 1000 теңге. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жол

ақысы тегін. Қала жəне қаларалық. Ұйымдарға қызмет көрсету, коорпоративтік жиындар, тойлар, делегациялар жəне тағы басқа қызмет түрлері. Байланыс телефоны: 8-777-866-56-84. Жанболат.

Былтырғы жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына дайындық аясында «Павлодар облысының мəдениет, мұрағаттар жəне құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі тарапынан 2015 жылы жарыққа шығатын 1945-1947 жылдары майданнан аман-есен оралып, соғыстан кейінгі бейбіт уақытта ауданның елді- мекендерінде еңбек еткен ардагерлеріміз туралы мəліметтерді қамтыған «Жеңімпаздар» («Победители») атты Естелік кітабы жарыққа шығады деп жоспарланған. Осыған орай Баянауыл бөлімінің

мұрағатшылары жұмыс көрсеткіштерінің негізгі түрімен қоса 2013 жылдың мамыр айынан бастап ауданымыздан Ұлы Отан соғысына аттанып, елге оралған ардагерлер туралы ақпараттар жинаумен көп айналысты. Бөлімнің сақтау қорындағы ардагерлердің жеке тектік құжаттары бойынша, ауылдық округтерден, ардагер-лер кеңесінен, қорғаныс істері бөлімінен ардагерлер туралы деректер жинақтады. Ардагерлердің мəліметтері туралы анкеталарды толтырып, фотосуреттерін сканерден өткізіп, облыстық мұрағатқа жіберіп отырды. Осы жұмысты 2014 жыл бойы да жалғастыру мақсатында ауылдық округтердің əкімдері мен мамандарына хат жазылды, телефон арқылы біраз адамдардан сұралды, аудандық газетке мақала жарияланды. Өкінішке орай ауылдардағы көп ардагерлеріміздің аттары ұмытылып, соңында ұрпақтары болса да мəліметтері осы уақытқа дейін облыстық мемлекеттік мұрағатының Баянауыл бөліміне əкелінбе-ді. Тек бір қуантарлығы аудандық газетіміздің осы жылғы 26 қыркүйектегі №39 санында бөлім мұрағатшысы Дана Диқанбаеваның «Жеңімпаздар қатарынан қалмауы тиіс» атты мақаласы жарық көргеннен кейін Қаражар ауылының тұрғыны, зейнеткер ұстаз Шотаева Раушан

Қабдуахитқызы біздің бөлімге келді. Ол кісі өзінің əкесі, Ұлы Отан соғысының жəне еңбек ардагері Қабдуахит Шотаевтың жеке тектік құжаттарын жинап əкелді. Əкесінің жеке тектік құжаттары бойынша біздің бөлімде қор ашылды. Осылайша Раушан Қабдуахитқызының ауылдастарына дабыл қағуымен Қаражар ауылында тұрған ардагер ағаларымыздың балалары келіп, фотопортреттері мен құжаттарын жинап əкелуде. Атап айтсақ Ақжанов Жақыпбек, Закенов Ақыш, Закенов Бапыш, Канафин Сағындык, Құптаев Болат, Шахтаев Əмірхан, Сыздықов Сансызбай, Гетман Иван сияқты азаматтардың құжаттары бө-лімге жеткізілді. Сонымен бірге Қаражар ауылының зейнеткерлікте отырған аға- апаларының бастамасымен Ұлы Отан со-ғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай, ауыл азаматы болған 20 ардагердің есімдері жəне қай жылы туып, қайтыс болған жылдары көрсетіп, өз қаражаттарына мемориалдық ескерткіш тақта орнатуды қолға алғандықтарын айтты. Бұл əрине, үлкен игі іс. Осындай игі шараның басында жүрген Раушан апайымызға үлкен алғыс айтамыз. «Ерлердің ерлігін ұмытпау үшін» игі істі одан əрі жалғастыру баршамыздың міндетіміз. Ел үшін шайқасқан арда-герлеріміз жеңімпаздар қатарында аты аталмай, қалып қоймауы тиіс. Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың басынан өткерген үлкен қасіреті болды. Бүгінде олардың ерліктерін мақтанышпен айта-мыз. Өткенімізді білмесек, болашақтың өзіндік мағынасы жоғалады. Сол үшін майдангерлердің ерліктерін мəңгі жа-дымызда ұстайық.

Г.ШƏКІРОВА,

Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты Баянауыл бөлімінің

басшысы.

Ерлердің ерлігін ұмытпау үшінЕрлердің ерлігін ұмытпау үшін

Утерянное свидетельство индивидуального предпринимателя на имя Смагуловой Айжан Елемесовны (серия 10915, №0119460, от 10.06.2011 г.) считать недействительным. Данное ИП прекращает свою предпринимательскую деятельность.

ТОО «SegaOil Group» уведомляет о передаче проекта ОВОС: раздел «Охрана окружающей среды» рабочему проекту «Строительство автозаправочной станции и сервиса по адресу: п.Баянаул, ул.Айтпакулы» на проведение государственной экологической экспертизы в ГУ «Управление недропользования, окружающей среды и водных ресурсов Павлодарской области». Тел. 8(7187) 22-19-19.

Утерянный договор купли-продажи жилой квартиры на имя Кенжеханова Балта Жакеновича (по адресу с.Баянаул, ул.Рыбалко 1, кв.1) считать недействительным.

Утерянное решение о легализации недвижимого имущества на имя Аубакирова Нурсипат Каирзатовича (№4812 от 07.08.07 г.) считать недействительным.