8
[email protected] (Соңы 2-бетте) №93 (3118) 30 қараша 2018 www.zanmedia.kz Қоғамдық-саяси, құқықтық газет Бүгінгінің бас тақырыбы МЕРЕКЕ ЕЛ ЕСІНДЕ САҚТАЛУЫ ҮШІН НЕ ІСТЕГЕН ЖӨН? О Й Т А Л Қ Ы 1 желтоқсан – Тұңғыш Прези- дент күні. Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалап, шекарасын ше- гелеп, болашаққа бағыт- бағдар беруде Тұңғыш Пре- зиденттің халық алдындағы еңбегі зор. Бұл күнді біз қалай тойлап жүрміз? Неге мән беріп, нені ескерусіз қал- дырып жатырмыз? Жал- пы, Президент күнін ел есінде қалдыру үшін не істеуге болады? Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА, ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері: – Елбасымыз соңғы жылдары өзінің «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» деген мақалаларын тектен-тек жазып жатқан жоқ. Себебі, қазір бізде патриотттық сезім мен ұлт- тық рух ақсап тұр. Патриоттық жыр, патриоттық іс жетіспей жатыр. Елге өнеге боларлық өнер адамдары тойдың әнін шырқап, халықты тойдырып жіберді, шыны керек. Ал, патри- оттық ән мүлдем назардан тыс қалған сияқты. Және бұл кәдімгідей көрер көзге көрініп тұр. Бар әрине, бірақ, бірен-саран ғана. Міне, сол ел арасында ерлік жасаған, бейбіт күннің батырларын бәлкім дәл осы күні марапаттаса оң әсер қалдырар ма еді?! Немесе алдын ала патриоттық шығармалар бәйгесін жариялап, Елбасы күні жеңімпаздарын анықтап, оларға кәдімігідей қомақты жүлде беріп, марапаттаса... Бұл да елдің, өсіп келе жатқан өскелең жастың көкейінде ерлік жасауға деген құлшыныс туғызатын шара. Әйтеуір ұлы даланың ұлттық рухын көтеретін нәрселерге көбірек мән берілсе құба-құп. Ел сонда жыл бойына Елбасы күніне ерлік жасағысы келіп тұрар ма еді?! Әзімбай ҒАЛИ, саясаттанушы: – Біз қазір тек қана мажорлық саясат ұстанып, мемлекеттің аяқталған істерін ғана айтамыз. Көп елдерде Президенттерін өзі барда, мақтайды да, көзі кеткен соң жамандайды не оны мүлдем еле- мей, тарихта болмағандай, ол жайлы жақ ашпай қояды. Яғни, ұмытуға, ұмыттыруға тырысады. Мысалы, көршілес Өзбекстанды алсақ, тұңғыш Президенті Ислам Каримовті кезінде қалай дәріптеді?! Есесіне қазір не атын атамайды, не бір жақсы ісін дәріптеп, мақтамайды. Тек қазіргі басшыны мақтауға көшкен. Сондай келеңсіздікке жол бермес үшін біз тек сылап-сипап, жақсыны ғана атап, жарамсақтана бермей, Президент күнінде бітпеген жұмыстарды, елдегі көңіл толмайтын салаларды да айтуымыз керек. Мысалы, Тәуелсіздік алғалы отыз жылға жуық уақыт өтсе де, елімізде тіл мәселесі әлі ойдағыдай шешілген жоқ. Бірақ, есесіне бізде экономи- калық-әлеуметтік жағдай көрші елдермен салыстырғанда көш ілгері. Қазақстан, шүкір, ешкіммен соғысып жатқан жоқ, сепаратизм қаупі сейілді дегендей. Бес жарым ғасырлық тарихы бар қазақ хандығының қанша астанасы болғанын кім білсін?! Дегенмен, соңғы жүзжылдықтағы қазақ елінің астаналары туралы тарихи деректер жетерлік. Өткенге ой жүгіртіп қарайтын болсақ, қазан төңкерісінен кейін 1920 жылы РСФСР құрамындағы Қырғыз Автономиялық Республикасы болып құрылған еліміздің тұңғыш астанасы – Орынбор қаласы болған екен. Орынбор ол кезде Алтайдан Оралға дейінгі аумақты қоныстанған қазақ жерінің құрамында. 1925 жылы Орта Азия елдеріндегі ұлттық аумақтарды межелеу нақты- ланып, осыған орай бұрын Түркістан Автономиялық Республикасының құрамына енген Жетісу мен Сырдария облыстары және Қарақалпақ Автономиялы облысы Қазақ Автономиялық Республикасының құрамына қосылды. (Соңы 3-бетте) (Соңы 3-бетте) Байқау «Заң газетінің» детектив шығармаларға байқау жария- лағанына төрт айдың жүзі болды. Қазір не көп, байқау көп! Бірақ, біздің шараның олардан бітімі де, мақсаты да бөлек еді. Өйткені, біз шытырман оқиғалы шығарма жазуға әуестерді ынталандыруды ғана емес, Кемел Тоқаевтан кейін тоқырап қалған кенже жанрдың бойына қан жүгіртуді көздеген болатынбыз. Америкалық Forbes журналы жыл сайын әлем жазушыларының қанша табыс табатынын есептеп шығарады. Дәстүрлі зерттеуге сай, 2017 жылы қалтасын қалыңдатқан 10 үздіктің көшін детектив, фантас- тика жанрында қалам тербейтін жазушылар бастаған екен. Ал, бізде бұл жанрлардың бәрі ақсап жатыр. Шынында да, детектив шығарма- ларымен танымал болып, миллио- нерлер сапына қосылған шетелдік қаламгерлерден біздің жазушы- лардың несі кем? Осындай қы- мыздың орындалғаны емес пе?! Енді міне межелі уақыт ішінде қоржынымызға түскен 72 шығар- маға үңіліп отырып бастамамы- здың дұрыстығына көз жеткізген жа йымыз бар. Бәйгемізге елге белгілі жазушылар да, көпшіліктің назарына іліге қоймаған студент жастар да қатысып, бақ сынады. Жақсы хабар құлаққа тиісімен бас- тамамызды қолдап, тілектестігін білдіріп жатқан жандар да бар- шылық. Ал, Алматы қалалық соты- ның ұжымы жанашырлығын сөз- бен ғана емес, қаржылық қолдау тұрғысынан көрсетуге ниетті екенін білдірген еді. Осылайша «Заң» ме- диа-корпорациясы» тағайындаған 1 млн теңгелік жүлде қоры Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрға- зы Әбдіқанов қосқан 5 бағалы ын- таландыру сыйлығымен толықты. зықты мәліметтерді алға тартқанда өзгелерге ой салып, танылмаған таланттардың тұсауын кесуді мұрат тұттық. Әрине, қазақ детективінің королі атанған Кемел Тоқаевтың жолын жалғаймын дегендерге, де- тектив арқылы таныламын, қаржы табамын дегендерге «Заң газеті» жариялаған байқау түрткі болса, нұр үстіне нұр. Осы қадамымыз арқылы шытырман шығармаларға деген қызығушылықты оятып, жақсы дүниелердің жазылуына себепші болсақ, біздің мақсаты- ЖҮЛДЕГЕРЛЕР АНЫҚТАЛАР КҮН ЖАҚЫН «ХАН — ШАҢЫРАҚ, ХАЛЫҚ — УЫҚ» ОТАНЫМЫЗ ӨРКЕНДЕЙ БЕРСІН! Қазақстан Республикасының Тұң ғыш Президенті күні мерекесі елі міз дің заманауи тарихында айрық ша орынға ие. 1991 жылдың дәл осы күні алғашқы Жалпыхалықтық сайлау қоры тындысы бойынша Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің Тұңғыш Президенті болып сайланды. Елбасы сайлаушылардың 98,7% даусына ие болды. Қазақстандықтардың мұндай ынтымақбірлігі мемлекетіміздің қар қынды дамуының мызғымас негізін қалады. Мұны тәуелсіздік жетістіктерінің тарихы айқын дәлелдейді. Антиядролық бастамалар, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары ның, БЭК, ЭКСПО2017 құрылтайлары, БҰҰның Қауіпсіздік кеңесі мен ЕҚЫҰ ға төрағалық ету елімізді күллі әлемге танытып, зор құрметке бөледі. Бұл Қа зақстанның халықаралық деңгейдегі айшықты жетістіктерінің бір бөлігі ғана. Әлеуметтікэкономикалық салада да қол жеткізген табыстарымыз аз емес. Елі мізге 300 миллиард АҚШ долларынан астам шетелдік инвестиция тартылды. Жаңа елордамыз — Астана бой көтерді. Бір шаңырақтың астында 130дан ас там этнос өкілдері татутәтті өмір сүріп, еңбек етуде. Бұл халқының қолдауы на ие болған Мемлекет басшысының сарабдал саясатының жемісі. Тұңғыш Президенттің тікелей қамқор лығының арқасында әлемдегі барлық стандарттарға сай келетін тәуелсіз сот жүйесі қалыптасты. Ұлт жоспары шең берінде жүргізілген реформалар сот тарды қолжетімді әрі жедел ете түсті. Сот сатыларының саны қысқарды, судьяларға қойылатын талаптар күшейді. Жоғарғы Соттың жанынан Халықаралық кеңес, Инвестициялық алқа мен Сот төрелігі академиясы құрыл ды. Сот залдары аудиобейне жазба құрылғыларымен 100%ға жабдықталды. 2018 жылғы 5 қазанда Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жол дауында көзделген шаралар елімізді одан әрі дамытуға зор серпін беруде. Осы мақсатта сот жүктемесін азайту, сот ісін жеңілдету, судьялар құрамына ең үздік заңгерлерді тарту бойынша нақты ісшаралар қолға алынуда. Осы реформалардың басты мақсаты — қоғам ның сотқа деген сенімін арттыру. Сот жүйесі экономикамыз бен әлеуметтік әлауқатымызды арттырудың қозғаушы күшіне айналуы тиіс. Мұны Елбасы мен барша қазақстандықтар күтуде. Осы мереке қарсаңында сіздерге ашық аспан, құтбереке мен бастама ларыңызға сәттілік тілеймін! Байтақ Отанымыз Қазақстан одан әрі көркейіп, гүлдене берсін! Жақып АСАНОВ, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Лебіз

«ХАН — ШАҢЫРАҚ, ХАЛЫҚ — УЫҚ»zanmedia.kz/wp-content/uploads/2018/11/Zan93.pdf · [email protected] (Соңы 2-бетте) Қоғамдық-саяси, құқықтық

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: «ХАН — ШАҢЫРАҚ, ХАЛЫҚ — УЫҚ»zanmedia.kz/wp-content/uploads/2018/11/Zan93.pdf · zangazet@mail.ru (Соңы 2-бетте) Қоғамдық-саяси, құқықтық

[email protected]

(Соңы 2-бетте)

№93 (3118) 30 қараша 2018www.zanmedia.kz Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

Бүгінгінің бас тақырыбы

МЕРЕКЕ ЕЛ ЕСІНДЕ САҚТАЛУЫ ҮШІН НЕ ІСТЕГЕН ЖӨН?ОЙТАЛҚЫ

1 желтоқсан – Тұңғыш Прези-

дент күні. Тәуелсіз Қазақстанның іргесін

қалап, шекарасын ше-гелеп, болашаққа бағыт-

бағдар беруде Тұңғыш Пре-зиденттің халық алдындағы

еңбегі зор. Бұл күнді біз қалай тойлап жүрміз? Неге мән беріп, нені ескерусіз қал-

дырып жатырмыз? Жал-пы, Президент күнін ел есінде қалдыру үшін

не істеуге болады?

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА, ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері: – Елбасымыз соңғы жылдары өзінің «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» деген

мақалаларын тектен-тек жазып жатқан жоқ. Себебі, қазір бізде патриотттық сезім мен ұлт-тық рух ақсап тұр. Патриоттық жыр, патриоттық іс жетіспей жатыр. Елге өнеге боларлық өнер адамдары тойдың әнін шырқап, халықты тойдырып жіберді, шыны керек. Ал, патри-оттық ән мүлдем назардан тыс қалған сияқты. Және бұл кәдімгідей көрер көзге көрініп тұр. Бар әрине, бірақ, бірен-саран ғана. Міне, сол ел арасында ерлік жасаған, бейбіт күннің батырларын бәлкім дәл осы күні марапаттаса оң әсер қалдырар ма еді?! Немесе алдын ала патриоттық шығармалар бәйгесін жариялап, Елбасы күні жеңімпаздарын анықтап, оларға кәдімігідей қомақты жүлде беріп, марапаттаса... Бұл да елдің, өсіп келе жатқан өскелең жастың көкейінде ерлік жасауға деген құлшыныс туғызатын шара. Әйтеуір ұлы даланың ұлттық рухын көтеретін нәрселерге көбірек мән берілсе құба-құп. Ел сонда жыл бойына Елбасы күніне ерлік жасағысы келіп тұрар ма еді?!

Әзімбай ҒАЛИ, саясаттанушы: – Біз қазір тек қана мажорлық саясат ұстанып, мемлекеттің аяқталған істерін ғана айтамыз. Көп

елдерде Президенттерін өзі барда, мақтайды да, көзі кеткен соң жамандайды не оны мүлдем еле-мей, тарихта болмағандай, ол жайлы жақ ашпай қояды. Яғни, ұмытуға, ұмыттыруға тырысады.

Мысалы, көршілес Өзбекстанды алсақ, тұңғыш Президенті Ислам Каримовті кезінде қалай дәріптеді?! Есесіне қазір не атын атамайды, не бір жақсы ісін дәріптеп, мақтамайды. Тек қазіргі басшыны мақтауға көшкен. Сондай келеңсіздікке жол бермес үшін біз тек сылап-сипап, жақсыны ғана атап, жарамсақтана бермей, Президент күнінде бітпеген жұмыстарды, елдегі

көңіл толмайтын салаларды да айтуымыз керек. Мысалы, Тәуелсіздік алғалы отыз жылға жуық уақыт өтсе де, елімізде тіл мәселесі әлі ойдағыдай шешілген жоқ. Бірақ, есесіне бізде экономи-

калық-әлеуметтік жағдай көрші елдермен салыстырғанда көш ілгері. Қазақстан, шүкір, ешкіммен соғысып жатқан жоқ, сепаратизм қаупі сейілді дегендей.

Бес жарым ғасырлық тарихы бар қазақ хандығының қанша астанасы болғанын кім білсін?! Дегенмен, соңғы жүзжылдықтағы қазақ елінің астаналары туралы тарихи деректер жетерлік. Өткенге ой жүгіртіп қарайтын болсақ, қазан төңкерісінен кейін 1920 жылы РСФСР құрамындағы Қырғыз Автономиялық Республикасы болып құрылған еліміздің тұңғыш астанасы – Орынбор қаласы болған екен. Орынбор ол кезде Алтайдан Оралға дейінгі аумақты қоныс танған қазақ жерінің құрамында. 1925 жылы Орта Азия елдеріндегі ұлттық аумақтарды межелеу нақты-ланып, осыған орай бұрын Түркістан Автономиялық Респуб ликасының құрамына енген Жетісу мен Сырдария облыс тары және Қарақалпақ Автономиялы облысы Қазақ Автономия лық Респуб ликасының құрамына қосылды.

(Соңы 3-бетте)

(Соңы 3-бетте)

Байқау

«Заң газетінің» детектив шығармаларға байқау жария-лағанына төрт айдың жүзі болды. Қазір не көп, байқау көп! Бірақ, біздің шараның олардан бітімі де, мақсаты да бөлек еді. Өйткені, біз шытырман оқиғалы шығарма жазуға әуестерді ынталандыруды ғана емес, Кемел Тоқаевтан кейін тоқырап қалған кенже жанрдың бойына қан жүгіртуді көздеген болатынбыз.

Америкалық Forbes журналы жыл сайын әлем жазушыларының қанша табыс табатынын есептеп шығарады. Дәстүрлі зерттеуге сай, 2017 жылы қалтасын қалыңдатқан 10 үздіктің көшін детектив, фантас­тика жанрында қалам тербейтін жазушылар бастаған екен. Ал, бізде бұл жанрлардың бәрі ақсап жатыр. Шынында да, детектив шығарма­ларымен танымал болып, миллио­нерлер сапына қосылған шетелдік қаламгерлерден біздің жазушы­лардың несі кем? Осындай қы­

мыздың орындалғаны емес пе?! Енді міне межелі уақыт ішінде қоржынымызға түскен 72 шығар­маға үңіліп отырып бастамамы­здың дұрыстығына көз жеткізген жа йымыз бар. Бәйгемізге елге белгілі жазушылар да, көпшіліктің назарына іліге қоймаған студент жастар да қатысып, бақ сынады. Жақсы хабар құлаққа тиісімен бас­тамамызды қолдап, тілектестігін білдіріп жатқан жандар да бар­шылық. Ал, Алматы қалалық соты­ның ұжымы жанашырлығын сөз­бен ғана емес, қаржылық қолдау тұрғысынан көрсетуге ниетті екенін білдірген еді. Осылайша «Заң» ме­диа­корпорациясы» тағайындаған 1 млн теңгелік жүлде қоры Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрға­зы Әбдіқанов қосқан 5 бағалы ын­таландыру сыйлығымен толықты.

зықты мәліметтерді алға тартқанда өзгелерге ой салып, танылмаған таланттардың тұсауын кесуді мұрат тұттық. Әрине, қазақ детективінің королі атанған Кемел Тоқаевтың жолын жалғаймын дегендерге, де­тектив арқылы таныламын, қаржы табамын дегендерге «Заң газеті» жариялаған байқау түрткі болса, нұр үстіне нұр. Осы қадамымыз арқылы шытырман шығармаларға деген қызығушылықты оятып, жақсы дүниелердің жазылуына себепші болсақ, біздің мақсаты­

ЖҮЛДЕГЕРЛЕР АНЫҚТАЛАР КҮН ЖАҚЫН

«ХАН — ШАҢЫРАҚ, ХАЛЫҚ — УЫҚ»

ОТАНЫМЫЗ ӨРКЕНДЕЙ БЕРСІН!

Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті күні мерекесі елі­міз дің заманауи тарихында айрық­ша орынға ие. 1991 жылдың дәл осы күні алғашқы Жалпыхалықтық сайлау қоры тындысы бойынша Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің Тұңғыш Президенті болып сайланды. Елбасы сайлаушылардың 98,7% даусына ие болды. Қазақстандықтардың мұндай ынтымақ­бірлігі мемлекетіміздің қар­қынды дамуының мызғымас негізін қалады. Мұны тәуелсіздік жетістіктерінің тарихы айқын дәлелдейді.

Антиядролық бастамалар, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары­ның, БЭК, ЭКСПО­2017 құрылтайлары, БҰҰ­ның Қауіпсіздік кеңесі мен ЕҚЫҰ­ға төра ғалық ету елімізді күллі әлемге таны тып, зор құрметке бөледі. Бұл Қа­зақ станның халықаралық деңгейдегі ай шық ты жетістіктерінің бір бөлігі ғана. Әлеу меттік­экономикалық салада да қол жеткізген табыстарымыз аз емес. Елі­мізге 300 миллиард АҚШ долларынан астам шетелдік инвестиция тартылды. Жаңа елордамыз — Астана бой көтерді. Бір шаңырақтың астында 130­дан ас­там этнос өкілдері тату­тәтті өмір сүріп, еңбек етуде. Бұл халқының қолдауы­на ие болған Мемлекет басшысының сараб дал саясатының жемісі.

Тұңғыш Президенттің тікелей қамқор­лығының арқасында әлемдегі барлық стандарттарға сай келетін тәуелсіз сот жүйесі қалыптасты. Ұлт жоспары шең­берінде жүргізілген реформалар сот­тарды қолжетімді әрі жедел ете түсті. Сот сатыларының саны қысқарды, судья ларға қойылатын талаптар күшей ді. Жоғарғы Соттың жанынан Халықаралық кеңес, Инвестициялық алқа мен Сот төрелігі академиясы құрыл ды. Сот залдары аудио­бейне жазба құрылғыларымен 100%­ға жабдықталды.

2018 жылғы 5 қазанда Мемлекет бас шы сының Қазақстан халқына Жол­дауында көзделген шаралар елімізді одан әрі дамытуға зор серпін беруде. Осы мақсатта сот жүктемесін азайту, сот ісін жеңілдету, судьялар құрамына ең үздік заңгерлерді тарту бойынша нақты іс­шаралар қолға алынуда. Осы реформалардың басты мақсаты — қоғам­ның сотқа деген сенімін арттыру. Сот жүйесі экономикамыз бен әлеуметтік әл­ауқатымызды арттырудың қозғаушы күшіне айналуы тиіс. Мұны Елбасы мен барша қазақстандықтар күтуде.

Осы мереке қарсаңында сіздерге ашық аспан, құт­береке мен бастама­лары ңызға сәттілік тілеймін! Байтақ Ота ны мыз Қазақстан одан әрі көркейіп, гүл дене берсін!

Жақып АСАНОВ,Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының төрағасы

Лебіз

Page 2: «ХАН — ШАҢЫРАҚ, ХАЛЫҚ — УЫҚ»zanmedia.kz/wp-content/uploads/2018/11/Zan93.pdf · zangazet@mail.ru (Соңы 2-бетте) Қоғамдық-саяси, құқықтық

№93 (3118) 30 қараша 2018

[email protected] 1 ЖЕЛТОҚСАН – ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ

(Соңы. Басы 1-бетте)

Бүгінгінің бас тақырыбы

Пікір

Отбасылық соттың ықпалы зорЖоғарғы Соттың бастамасымен отбасылық соттың тәжірибеге ен-

гізілгеніне көп уақыт өте қойған жоқ. Соған қарамастан, пилоттық жобаға қатысты жақсы пікір, игі тілектерді жиі естиміз. Себебі, отбасылық құн-дылықтардың ұмыт болуынан туындап жатқан мәселе көп. Соның ішінде некенің бұзылуы, бала алдындағы жауаптылықтың төмендеуі, ата-анаға деген құрметтің жоғалуы сынды түйткілдер кім-кімді де мазаламай қой-майды. Әрі мұндай «нәзік» мәселелерді жалпы сотта емес, арнайы сотта қараудың маңыздылығы да күннен-күнге өз дәлелін тауып отыр.

Кез келген мемлекеттің іргетасы шағын отбасындағы тәрбиеден, тәртіп-тен, ұстанымнан бастау алады. Заман ағымына қарай елдердің заңы, саяса-ты өзгеруі мүмкін, ал отбасылық құндылықтан ғасырдан-ғасырға жетеді. Өкініштісі сол, мызғымастай, ұмытылмастай көрінетін осы құндылықтардың кейінгі кезде әлсіреп, солғын тартып бара жатқаны шындық. Қазақы отбасын-да қыздың өз үйіне қайтып келуі үлкен ұят саналатын еді. Ал қазір үйленбей жатып екі жаққа кететін жастар көп. Оларды ата-ананың наласы, тойға

кеткен шығыны еш ойландырмайды. Өзімшіл жастар тіпті өз балаларының тағдырына да бас ауыртып отырған жоқ. Соның кесірінен бүгінде ажырасу мәселе болудан қалды. Осының бәрі, айналып келгенде, ежелгі салт-сананың жойылып, қазақы ғұрыптың ескерілмей бара жатқанын аңғартады.

Бірақ, солай екен деп ажырасуға да, жартыкеш отбасындағы балалар тәрбиесіне де салғырт қарауға болмайды. Асығыс шешім қабылдап, енді ғана бой көтерген шаңырағын ортасына түсіргелі отырған жастарға ой салу, әрбір отбасын сақтап қалу қоғамның міндеті. Отбасылық сотты құрудағы негізгі мақсат-міндет те осы.

Отбасылық соттар өркениетті елдерде бұрыннан бар. Алғашқы отба-сылық сот Жапонияда 1947-1948 жылдары қалыптасқан. Оның артынша Жапониядан кейін Францияда, Англияда, Бельгияда, Люксембурте, АҚШ-та жұмысын бастаған. Жапонияда отбасылық сот аудандық соттың қызметіне ұқсас, ол құзыры бойынша жасы 14-20 аралығындағы кәме-летке толмаған құқықбұзушылар және осы жас аралығындағы әлеу меттік әлсіз тұлғаларға қатысты, тәуелсіз сот болып табылады. Біздің елімізде осыдан он жыл бұрын кәмелетке толмағандар ісін қарайтын маман-

дандырылған соттардың бой көтергені белгілі. Ювеналды соттар ауыр және аса ауыр қылмыстардан бөлек, қылмыстық істер мен 14 санаттағы азаматтық істерді қарайды. Солардың қатарында баланың тұрғылықты жерін анықтау, ата-ана құқығынан айыру, бала асырап алу, алимент өндіру, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты барлық әкімшілік істер бар. Ал неке бұзу, мүлікті бөлу, отбасылық зорлық-зомбылық секілді мәселелер жалпы соттар талқысына түсетін. Дамыған елдердің отбасылық соттарын-да жанұялық дау-дамайдың барлығы бір ортада шешіледі. Сондықтан, мұндай соттарға отбасылық құқыққа қатысты сауаты терең, көргені көп судьялар іріктеліп алынады. Өйткені, қазы ерлі-зайыптылармен, бала-лармен жұмыс істей білуі керек. Бұдан бөлек, мұндай сотта медиаторлар, психологтар бірге жұмыс жүргізгені жөн. Жалпы, отбасылық соттар жұ-мысы бір жүйеге түсер болса, балалар болашағына қатысты талай түйткіл шешімін табады, отбасылық құндылықтар қалпына келеді деген үміт бар.

Толқын ДАЛАБАЕВА,Алматы қаласы Әуезов аудандық №2 сотының судьясы

Осыдан кейін ел астанасы шалғай-дағы Орынбор қаласынан Сыр бойын-дағы Ақмешітке қоныс аударған еді. Сол тұста астананы Ташкенге, не Шым-кентке ауыстыру туралы мәселе көтеріл-ген екен. Егер елордамыз Ташкенге қо-ныстанғанда ежелгі шаһар қазақ елінің құрамында қалары анық-ты. Бірақ та, солақай саясатшылардың араласуымен астана Ақмешітке ауып кете барған. Ақмешіт атауының Қызылорда болып өзгеретін кезі де осы тұс болатын.

Астананың ауысуында астар барҚазақ елінде кіші төңкеріс жүргізіп,

халықты қынадай қырған қандықол Голощекин басқарған кезде ел аста-насы 1929 жылы орысы қалың Алма-тыға ауыстырылды. Жалпы, астананың көшірілуінің астарында қай кезде де үл-кен саяси мән жататыны белгілі. Ғасыр-лар бойы орталық болған Мәскеу ден астананы Нева өзенінің жағалауында батпақтың үстіне тұрғызылған жаңа қала – Петербургке көшіргендегі ұлы Петрдің мақсаты орыс мемлекетін им-перияға айналдырып, Балтық теңізіне шығатын аумақтарды шведтерден тартып алу болғаны мәлім. Яғни, аста-наның көшірілуінің астарында қашанда ел мүддесін көздеген үлкен саяси мақ-сат-мұрат тұратыны анық. Сол секілді 1991 жылы ата-баба армандаған тәуел-сіздігімізді алған күннен бастап астана-ны орталық аумаққа көшіру мәселесіне Елбасының үлкен мән бергендігін түрлі деректерден жақсы білеміз. Тәуелсізді-гімізді алған алғашқы жылдарда халық сүйсініп оқитын, оқырманы көп «Қазақ әдебиетінде» Оралхан Бөкейдің ел астанасын Ақмолаға көшіру жөніндегі ой-пікірінің жариялануы тектен-тек емес еді. Яғни, астананы орысы қалың солтүстік өңірге ауыстыру қажетті-гін Елбасы сол тұста-ақ сезініп, бұл мәселеге көңіл бөле бастаған сияқты. Өйткені, КСРО тарар тұста оның соңғы президенті Горбачевтың Қазақстанның солтүстіктегі бес облысы Ресейдікі деген сандырағы мен қазақтың нанын жеп,

аяғын теуіп кеткен Солженицынның «Ресейдің көсегесін қалай көгертеміз» деген тақырыппен үлкен басылымдарда жарияланған мақаласында қазақ елінің солтүстігі түгел орыс жері болатын де-ген пікірдің айтылуы тәуелсіздігін жаңа алған республикамыз үшін ел тұтас-тығын сақтау жайын ойлау қажеттігін алға тартқаны анық.

Тәуекелдің түбі игіАстананы Қазақстанның қақ орта-

сында жатқан орысы қалың Ақмолаға көшірудің астарында ел тұтастығын сақтау, тәуелсіздігін жаңа алған мемле-кетіміздің іргесін бекіту, ұлтаралық жан-жалдардың шығып кетуіне жол бермеу сияқты саяси мүдделер болғаны көзі ашық, көкірегі ояу кім-кімге де белгілі жай. Сол тұста қазақтардың ешқашан мемлекеттігі болмаған, тәуелсіз мемле-кетін құра алмайды деп сәуегейсігендер де аз болмаған. Тың игеру кезінде өсіп, өркендеген солтүстіктің аграрлы-ө-неркәсіпті аймақтарын Ресейге қосу-ды көксейтіндер сырттан да, іштен де шығып жатты. Солтүстік облыстардағы қазақтардың аздығы, елді мекен, жер-су атауларының жаппай орысшалануы – бәрі де тәуелсіздігін қалыптастыруды қолға алған жас мемлекеттің іргесін нығайтуға қажетті батыл шаралар жа-сауды алға тартқаны даусыз. Осындай тұста батыл шешім қабылдап, эконо-микалық қиындықтарға қарамастан, ел астанасын көшіруді қолға алу айтуға ғана оңай шаруа болғандығы анық.

Астана көшіріледі екен деген сыбыс шыққан кезде-ақ оған қарсы адамдар жан-жақтан үн көтеріп жатты. Ел газеті атанған «Егемен Қазақстанда» біреу астана Ақмолаға көшірілсе, іргелес Қытай еліміздің ең шұрайлы өлкесі – Жетісуды Алматымен қоса тартып алады деп те жазғаны есте. Осындай қарсылықтарға қарамастан, астананы облыс орталығы болған провинциялық қалаға көшіру үлкен тәуекелді қажет еткен, батыл қадам еді.

2001 жылы Есілдің сол жағала-уынан жаппай құрылыс салына баста-ды. Алғашқылардың қатарында бүгінде Ақпарат министрлігі отырған ел ара-сында «зажигалка» аталып кеткен биік ғимарат та бар. Бәйтерек бой көтерді.

Есілдің жағасынан хан Кененің атқа мінген айбарлы ескерткіші тұрғызылып, уақыт үндестігімен сәулетті биік үйлер ертегідегі сыйқырлы қуаттың күшімен тұрғызылғандай көз алдымызда әп-сәт-те өсіп жатты. Қысқа мерзім ішінде Есіл-дің жағалауынан бой көтерген әсем қала Елбасының ерік-жігерімен, болашақты бағамдар байсалды ақыл-парасатымен дүниеге келгені анық-ты. Негізі тарих-ты жасайтын қалың тобыр емес, жеке тұлғалар. Көпті бастап, бағыт-бағдар беретін, болашаққа жетелейтін де сол заманынан оза туған тұлғалар екендігін тарих әрдайым көрсетіп келеді.

Шындыққа айналған ертегі

Оқта-текте жолым түсіп Астанаға барған сайын бейне шет елдердің кино-ларынан көретін үлкен қалаларда жүр-гендей әсер аламын. Аспанмен астасқан биік сәнді ғимараттар, бір-біріне ұқса-майтын сәулеті мен сәні бөлек үйлер, субұрқақтар мен көз жауын алар гүл-зарлар, ертегі кейпкерлерін бейнелеген тас мүсіндер – бәрі де сиқырлы таяқтың күшімен қас-қағымда пайда болған ертегінің қаласындай әсерге бөлейді. Сонау Целиноград атанған кезден білетін бұл шаһардың бүгінгі бейнесі үнемі таңдандырып, таңдай қаққызу-мен келеді. Тағы бір жағымды құбылыс – бұрын 90 пайыздан астамы орыс болған шаһарда қазір қазақтардың саны 77 пайыз екен. Сөйтіп, бұл қазіргі заманғы сәулетті, сәнді қала қазақыла-нып, қазақ елінің шынайы астанасына айналды.

Астана – бұл болашақ өз биігіне ұмтылған жаз қазақ мемлекетінің айбы-ны мен арман-мұраты іспетті және Аста-на – бұл қазақ мемлекетін қалыптасты-рып, тәуелсіздігін нығайтқан, дамыған озық елдер санатына қосуға ұмтылған Елбасының ерік-жігері мен болашаққа деген құлшынысынның көрінісі. Елбасы мен Елорда егіз ұғым екендігі туралы ел арасында айтылып жүрген сөздердің астарында осындай шындық жатқаны анық.

Қалкөз ЖҮСІП,«Заң газеті»

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

ӘЛЕМ БАСШЫЛАРЫ ҮШІН ҮЛГІ

Президент күні біздің елімізде 2012 жылдан бері арнайы мерекеленеді. 2011 жылы Парла-

мент Сенатының отырысында 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні деп белгіленгені есімізде. Себебі, дәл осы 1-желтоқсанда Қазақстан халқы бірауыздан таңдау жасап, Тұңғыш Президенттікке Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаған болатын.

Халықтың басын қосатын, елдің бірлігін арттыратын мерекелерге бір атаулы күннің қосылғаны дұрыс. Оның үстіне, президентін қадірлеп, еңбегін бағалауды, атын тәуелсіздік тарихында қалдыруды мақсат еткен мемлекет-тер баршылық. Мәселен, Америка құрама штаттарында ақпан айының үшінші дүйсенбісі президент күні болып белгіленген. Аңыз адам Джордж Вашингтонның құрметі-не бағышталған бұл мереке 1885 жылдан бері тойланып келеді. Исландия мен Ангола да елбасыларын дәріптеген елдер қатарында. Сонымен бірге, көршілес мемлекет-тердің де өз басшыларына деген ілтипатын арнайы мереке арқылы білдіретінін байқаймыз.

Биыл алтыншы жыл біз Президент күнін атап өтіп жатырмыз. Бұл мейрам қазір тарихты түгендейтін, елба-сының айналасында мемлекеттің тұғырын биіктетуге үлес қосқан алыптарды ардақтайтын әдемі дәстүрге айналып отыр. Өйткені, елбасы біреу болғанымен, қолдайтын халық болмаса, ақыл қосатын биі, батыры, кеңесшісі болмаса елдің қалаулысына айнала алмас еді. БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун: «Президент Назарбаев әлемдік саясаттағы бітімгер саясаткер. Оның саяси шешімдері әлем басшылары үшін үлгі болуы тиіс» десе, Ресей Пре-зиденті Владимир Путин: «Нұрсұлтан Әбішұлы саясатқа ерте келген. Ол сонау кеңестік кезеңдегі биліктің өкілі. Менің таң қалдыратыны – ерте уақыттан бері саясатта жүргенімен – ол өте жаңашыл адам. Ол ұқыпты әрі әділ басшы. Қазақстан үшін Назарбаев – тарихи тұлға. Ол қазақ халқы үшін Тұңғыш Президент қана емес, ол қазақ мемлекетінің негізін қалаушы» деп жоғары баға берген. Шындығында, қазақтың өз басшысымен, Президентімен мақтанатын, үлгі тұтатын жөні бар.

Пан Ги Мун айтқандай Елбасының бітімгер, бейбіт-шілікті жақсы көретінін әр қадамынан аңғаруға болады. Оның ұлттар мен ұлыстар арасына алтын көпір болып, Қазақстан халқы Ассамблеясын құруға мұрындық болуы, аз ұлттардың өз тілінде білім алып, өз дәстүрін сақтауына қолдау көрсетуі елдегі татулықтың тірегі іспеттес. Ұлт пен ұлттың арасын жалғап жүретін дана басшы 1-наурызды алғыс айту күні етіп жариялап, қазақтың да кеңпейілділі-гін, дархандығын өзге ұлттардың бағалауы, осылайша достықтың нығаюына ниетті екенін көрсетті. Өз еліміз тұрмақ, Астананы Сириядағы соғысты тоқтатудағы келісім алаңына айналдыруы Елбасының татулықты қалайтынын көрсететін бірден бір дерек.

Айгерім ТИЛЕПОВА,Алматы қаласы Жетісу аудандық №2 сотының

судьясы

ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЕЛЕУЛІ КҮН

Елдігімізді, ел бірлігімізді мақтан тұтып, ма-дақтайтын елеулі де, ерекше мереке бар.

1-жел тоқсан Тұңғыш Президент күнін еліміз айрық-ша атап өтіп келеді.

Тәуелсіз еліміздің іргетасын қалап, кірпішін нықтап, шекарасын шегелеп, кемел келешегі мен болашағына бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің ел алдындағы еңбегі ұшан-теңіз. Халық үшін атқарған қызметті, келешек ұрпақ үшін төккен терді, әрине, қалың бұқара құптайды да, бағалайды да.

Елбасы өзінің әрбір Жолдауы мен терең мағыналы мақалаларында қазыналы терең тарихты саралап, әлем-дегі алпауыт елдермен иық тірестіретін күннің де алыс қалмағанын айтып келеді. Ұлттық эконо ми ка қарыштап дамуда. Бақ пен байлық тұнған ен даланың рухты ұрпағы болашаққа аршынды қадаммен адымдап барады. Өріс пен өрлеу де, өркендеу мен даму да ұлттың ұлы мұраты болып тұр. Елбасының алға қойған мақсаты да осы. Ке-меңгер басшы мен бірлікшіл, бекемшіл халқы тұрғанда алынбайтын асу, бел мен белес жоқ.

Елбасы қасиетті Отанымызды өркендету жолында ел-дегі тұрақты лық пен бейбітшілікті темірқазық етіп алды. Темірқазық адал жолдан адастырған жоқ. Ертеңі жарқын елімізді шолпан жұлдыздай жарқырап алға бағыт көрсетіп тұр. Бүгінде еліміз Еура зия кеңістігінде стратегиялық қуаты күшті, экономикасы дамыған, болашағы зор мемлекет ретінде мойындалып отыр. Ендеше, мереке құтты болсын, еліміздің бейбіт болашағы баянды болсын!

Т.СМАЙЛОВА,Шымкент қалалық сотының судьясы

ДЕРЕК пен ДӘЙЕК

«ХАН — ШАҢЫРАҚ, ХАЛЫҚ — УЫҚ»

Page 3: «ХАН — ШАҢЫРАҚ, ХАЛЫҚ — УЫҚ»zanmedia.kz/wp-content/uploads/2018/11/Zan93.pdf · zangazet@mail.ru (Соңы 2-бетте) Қоғамдық-саяси, құқықтық

[email protected]

№93 (3118) 30 қараша 2018 3

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА, ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері: Әзімбай ҒАЛИ, саясаттанушы:

Сауалнаманы әзірлеген Мәриям ӘБСАТТАР, «Заң газеті»

Ал, менің арманым – Президент күні деген негізі бүтін халыққа қажет жақсылықтарды жариялау күні болса. Мүмкін «Қытай қазақтарының елге келуіне жол ашылсын» деген сияқты ма немесе «Зейнеткерлердің зейнетақысы, қызметкерлердің жалақысы, студенттердің шәкіртақысы екі есе өссін» деген қаулы шыға ма, яғни, елдің әл-ауқатын арттыратын, көңіліне қуаныш ұялататын нақты бір жақсылық жасалса қандай кере-мет. Сол сияқты, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға және көпбалалы, әл-ауқаты төмен отбасыларға осы күні баспана кілті табыс етілсе. Яғни, ойламаған жерден халық осындай бір тосынсыйға кенеліп, қуанса... мерекенің мәртебесі артпай ма? Мысалы, күні кеше тариф туралы жаңалықты жұрт сондай бір қуанышпен қабылдады ғой. Себебі ол халықтың әбден шымбайына батқан мәселе. Айтайын дегенім, сол сияқты, халық көптен шешімін күтіп жүрген бір мәселеге осы күні нүкте қойылса. Әйтеуір бүтін қазақ бала-

Яғни, плюстер мен минустар қатар айтылуы керек. Тек қана бірыңғай жақсылықтарды айта беру де біржақтылық болып табылады.

Құр мадақтау бізге енді жараспайды, керісінше, алда тағы қандай жұмыстар бар, нені ойдағыдай атқара алмадық, қандай мәселелер шешілмей, кезекте тұр деп, артымызға көз тастап, алға жоспар құру керек. Осы Елбасы күніне орай ел тәуелсіздігін алғалы бері әлі шешімін таппай келе жатқан мәселелер төңірегінде талқылаулар, конференциялар ұйымдастырылса оң болар еді. Әрі бұл мереке елдің есінде жүрсін десек, бұл күні ұйымдастырылатын шаралар бір күнмен шектеліп қалмағаны жөн.сына керек игі іс жасалса... Сонда ғана халық шынында «биыл қандай жақсылық жасалар екен?» деп елеңдеп, жүректері дүрсілдей

осы бір күннен ұлы оқиға күтіп жүрер еді.

ОЙТАЛҚЫ

(Соңы. Басы 1-бетте)МЕРЕКЕ ЕЛ ЕСІНДЕ САҚТАЛУЫ ҮШІН НЕ ІСТЕГЕН ЖӨН?

Байқау

1 ЖЕЛТОҚСАН – ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ

1991 жылы 1 желтоқсан күні Қазақстан-ның тарихында алғаш рет Бүкілхалықтық президенттік сайлау өтіп, осы сайлауда халқымыз тарихи таңдау жасап, Нұрсұл-тан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстанның Тұңғыш Президенті етіп сайлады. Осыған байланысты 2011 жылғы 14 желтоқсан-дағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңмен 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекесі бо-лып белгіленді. Бұл күнді мерекелеудің негізгі мақсаты – қоғамды елдің Тәуелсіздік жылдарында және қазіргі уақытта іргетасы болып табылған Мемлекет басшысы-ның идеясы мен саясатының айналасына топтас тыру. Еліміздің Тұңғыш Президенті КСРО күйреген қиын кезеңде, Қазақстан жерінің тұтастығын сақтай отырып, елдің іргесін сөкпей, татулық пен бірлікті, достық пен ынтымақты ту етіп көтеріп, тәуелсіз және жасампаз Қазақстан мемлекетін құрып, қалыптастырды. Мемлекет құру жо-лында осындай толағай тірліктер атқарған Елбасымыздың құрметіне Президент күнін атап өту орынды.

1993 жылы 12 мамырда «Егемен Қа-зақстан» газетінде Нұрсұлтан Назарбаев-тың «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» атты тарихи еңбегі жарияланып, онда Қазақстан халқының бірлігі мен тыныштығын, қоғамның саяси тұрақтылығын қамтамасыз етудің мәсе-лелері көтеріліп, елдегі қоғамдық-саяси жағдай терең талдана келе тәуелсіздікті нығайтудың кілті халықтың идеялық топ-тасуында екені айтылған болатын. Осы мақаланың өзегіне айналған мәселелерді орындау мақсатында 28 мамырда Тұңғыш Президент бастамасымен Оңтүстік Қа-зақстан облысындағы Ордабасы тауында XVІІІ ғасырдың аса ірі мемлекет қайраткер-лері Төле биді, Қазыбек биді және Әйтеке биді еске алуға арналған «Береке басы – бірлік» атты жиын өткізілді. Бұл жиынды Елбасымыз ашып: «Үш ұлы бабамыз сонау бір қилы кезеңде осы Ордабасының биігіне шығып, ой толғаған екен. Осы Ордабасы биігінде киіз туырлықты қазақ атаулы ауыз-

бірлікті болуға серттесіп, Әбілқайырдай бас сардарды сайлап, ата жауға аттандырып салған екен... Енді сол бабалар алып берген кең-байтақ өлкемізді түгел көркейту – бү-гінгі біздер мен ертеңгі жеткіншектердің үлесіне тиіп тұр. Азаттыққа жетер жолдың қаншалықты ұзақ, қаншалықты тауқыметті екенін көрдік. Ал азаттықты баянды ете білудің де оңай шаруа емес екенін түсіне бастадық. Бүгінгі жиын сол жаңылмаған-дығымыздың, адаспағандығымыздың куәсі. Біздің де ойлағанымыз – бірлік», – дегені ел-жұрттың есінде.

Елдің бірлігі мен ынтымағын сақтау жо-лында толағай тірлік атқарған Президентті қалай құрметтесек те жарасады. Судьялар-дың Президент Жарлығымен тағайында-латынын ескерсек, соттар үшін бұл мере-кенің мән-маңызы бұдан да арта түсетіні анық. Орайы кеп тұрғанда айта кетейін, 2016 жылы 28 мамырда сол кездегі ОҚО сотының төрағасы Н.Шәріповтің бастама-сымен, облыс әкімінің орынбасары және мәслихат депутаттарының қатысуымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізген «БИЛЕРГЕ ТАҒЗЫМ» атты дәстүрлі вело-шеру Шымкент қаласындағы Бәйдібек би ескерткіші алаңынан басталып, Ордабасы тауында аяқталған-ды. Сонда Ордабасы ауданының тұрғындары 1993 жылғы 28 мамырда Елбасы өткізген жиынды ерекше тебіреніспен естеріне алып және содан бері мұндай ауқымды іс-шараның өтпегенін айтып, «БИЛЕРГЕ ТАҒЗЫМ» велошеруін ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірген еді.

Жеті жылдан бері соттарда Тұңғыш Президент күні облыс, қала соттары та-рапынан жоғары деңгейде аталып келеді. Мысал ретінде, сондай маңызды іс-ша-ралардың кейбіреуін атап өтсем, бұдан үш жыл бұрын Тұңғыш Президент күніне орай ОҚО сотында сот жүйесі ардагер-лері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен ақын-жазушылардың, студенттердің қаты-суымен Н.Назарбаев кітаптарының көрмесі ұйымдастырылып, «Назарбаев оқулары: Тәуелсіз сот билігін қалыптастырудағы Пре-зиденттің рөлі» тақырыбындағы конферен-

ция жаңа форматта қызықты өткен еді. Ал, 2016 жылы «ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ» атты іс-шара аясында облыс судьялары киелі Қазығұрт шыңына шығып, ту тіккені туралы БАҚ өкілдері жарыса жазған бо-латын. Биыл жаңадан құрылған Шымкент қалалық сотының төрағасы Е.Рахымбеков мемлекеттік мерекеге ақпараттық қолдау көрсету мақсатында, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары, мамандары жергілікті теле-радиоларға сұхбат беріп, мақалалар жазуды тапсырып, ол матери-алдар баспасөз беттерінде жариялануда. Мереке қарсаңында Қажымұқан атындағы Орталық стадионда Шымкент қалалық соты мен Түркістан облыстық сотының су-дьялары мен сот қызметкерлері арасында Спартакиада өтті. Оған екі өңірдің сотта-рынан 200-ден астам қызметкер қатысып, спорттың 8 түрінен (мини-футбол, волей-бол, шахмат, үстел теннисі, жеңіл атлетика, т.б.) сайысты. Спартакиада соңында біз екі соттың арасындағы бұл жарыста Достық жеңді деген қорытындыға келдік. Сонымен қатар, қалалық сотта мерекеге арналған салтанатты жиналыста, мемлекеттік қыз-метке алғаш қабылданған қызметшілер-ден ант қабылдау, сот жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерін марапаттау және өзге де шаралар өткізу жоспарланған.

Мақаламның соңында Қазақстан-ның Тұңғыш Президенті барша әлемдік қоғамдастық мойындаған тұтастай бірқа-тар ғаламдық бастамалардың авторы екенін атап өткім келеді. Және еліміздің бүгінгі таңда бейбіт өмір сүріп жатқан-дығы да Елбасымыздың халықпен бірлесіп тынымсыз атқарған еңбегінің ең басты жетістігі деп білемін. «Елі еріне, ері еліне» сенген мемлекетіміз бен Елбасымыздың мәртебесі әлем елдері алдында әрқашан биіктей берсін!

Қабыл ДҮЙСЕНБИ, Қазақстан Журналистер

одағының мүшесі, «Тіл жанашыры» құрмет

белгісінің иегері

АҚЫЛДЫ БАСШЫ АДАСТЫРМАЙДЫ

Сан ғасырлық тарихында талай қиындықты басы-нан өткерген қазақ елін бүгінде әлем х а л қ ы т ә у е л с і з жас мемлекет деп т а н и д ы . А л о н ы небары 27 жыл-д а ж е р - ж а һ а н ғ а танытып, өзге ел-дермен терезесін т е ң е у д е Т ұ ң ғ ы ш Президентіміз Нұр-сұлтан Назарбаев-тың еңбег і ұшан теңіз.

Е л б а с қ а р у д а ерекше шеберлік танытып, әлемнің сақа саясаткерлері-нің өзін таң қал-дырған Қазақстан президентінің ха-лықаралық сахнада да беделі жоғары. Оның татулықты ту еткен сындарлы саясаты әлемге үлгі. Жуырда, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарық көріп, он-дағы айтылған құнды дүниелер тағы да әлемді елең еткізді. Ол бүгінгі ұрпаққа ақыл, келер ұрпаққа өсиет боларлық жаз-басында кеңістік пен уақыттың өлшемі жайлы терең пәлсапа-лық ой қозғайды. Соның ішінде ғасырлар бойы ата-бабамыз «найзаның ұшымен, білектің күшімен» қорғаған жеріміздің қадір-қасиеті, кеңдігі, сол ұлан-байтақ ен даланы мекендеген елдің тарихы жайлы сыр шертеді. Әсіресе, өркениеттің отаны ұлы даланың тарихына қатысты ой орамдары, кез келгенімізді толғандырары, рухтандырары анық.

«...Қазақстан тарихы да жеке жұрнақ та рымен емес, тұтас-тай қалпында қа зіргі за манауи ғылым тұрғысынан қа рағанда тү сінікті болуға тиіс. Оған қа жетті дәйек те ріміз де жеткілікті. Біріншіден, қосқан үлестері кейінірек сөз болатын протомем-лекеттік бір лес тік тердің дені қазіргі Қазақстан аума ғын да құрылып, қазақ ұлты этногенезінің не гізгі элементтерін құрап отыр. Екіншіден, біз айтқалы отырған зор мә дени жетістіктер шоғыры даламызға сырт тан келген жоқ, керісінше, көпшілігі осы кең байтақ өлкеде пайда болып, со дан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралды. Үшіншіден, кей-інгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер біздің баба ла ры-мыз дың өз заманындағы ең озық, ең үздік тех нологиялық жаңалықтарға тікелей қа тысы бар екенін айғақтайды» – деген Елбасының сөзі барша қазақстандықтардың кеудесіне мақта-ныш сезімін ұялатып, әлемге өзіміздің кім екенімізді танытатын кездің келгенін айтып тұрғандай.

Елбасы мақаласында айтылғандай, жабайы жылқыны қолға үйретіп, ұшы қиырына көз жетпейтін жерді иеленіп, сол даланы қорғау үшін ғасырлар бойы аттан түспеген ата-ба-бамыздың тарихы тереңдеп жазуды, өндіре зерттеуді қажет етеді. Бес қаруын сайлап, темірден түйін түю өнерін ойлап тапқан да осы ұлы даланың халқы екенін мойындайсың. Осы-ның бәрі тарихын білмеген елдің тамырынан айырылатынын ұқтырып, бізге үлкен жауапкершілік жүктеп тұрғандай әсерде қалдырады.

Сол сияқты, Елбасы бұл мақаласында «Қазіргі киім үлгісінің базалық ком поненттері Дала өркениетінің ерте ке зеңі нен та-мыр тартады. Атқа міну мә де ниеті салт атты жауынгердің ық-шам киім үл гісін дүниеге әкелді» – дей келе, төрт түлік малдың ғана емес, басқа жан-жануарлардың өнімдерін кәдеге жарату ісі де осы ұлы даладан бастау алатыны жайлы дәйекті дерек-тер келтіреді. Бір сөзбен айтқанда, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы ұлы дала ұрпақтарын тәрбиелеудің таптырмас құралы деуге болады.

Қайрат САРСЕКЕЕВ,Астана қалалықмамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы

ЖҮЛДЕГЕРЛЕР АНЫҚТАЛАР КҮН ЖАҚЫН

Байқау шартында атап көрсеткеніміздей, 25-қарашада шығармаларды қабылдау тоқтады. Детектив жанрына сәйкес ке-летін, редакция қойған талап деңгейінен шыққан шығармалар бүгінгі күнге дейін газет бетінде жарық көргенінен көзі қарақты оқырман хабардар. Дегенмен, халқымыздың асықпайтын сырбаз мінезін осы тұста тағы байқадық. Соңғы айда редакцияға жолданған шығармалар саны алдыңғы үш айдағыдан да асып кетті. Мұндай жағдайда көңілден шыққан шығарманың бәріне газеттен орын табу қиын. Сондықтан, қазылар алқасы кейінгі келген шығармалармен түпнұсқада танысатын болады.

Ал, енді жүлде қалай беріледі? Біз бұл шараға ерекше дайындалдық, әр автордың туындысын ұжым болып оқып, көпшілік талқысына салдық. Ақыры кеңесе келе жүйріктерге берілетін жүлде қорына аздаған өзгеріс енгізген едік. Соған орай детектив шығармалар байқауының жеңімпазына 500 мың теңге, екінші жүлде иесіне 200 мың теңге, ал үшінші жүлдеге лайықты үш үміткердің әрқайсысына 100 мың теңгеден ұсынуды жөн деп таптық. Марапаттау рәсімі 12-желтоқсанға жоспарланып отыр. Үміткерлердің ендігі тағдыры қазылардың қолында.

Айнұр СЕМБАЕВА,«Заң газеті»

(Соңы. Басы 1-бетте)

БЕРЕКЕ БАСЫ — БІРЛІК

Page 4: «ХАН — ШАҢЫРАҚ, ХАЛЫҚ — УЫҚ»zanmedia.kz/wp-content/uploads/2018/11/Zan93.pdf · zangazet@mail.ru (Соңы 2-бетте) Қоғамдық-саяси, құқықтық

4 №93 (3118) 30 қараша 2018

[email protected]ТАРАЗЫМінбер

Е Л Б А С Ы Н Ұ Р С Ұ Л Т А Н НАЗАРБАЕВ «ҚАЗАҚ СТАН – 2050» СТРАТЕГИЯСЫН­ДА АЗАМАТТАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУДЫҢ БАСТЫ ТЕТІГІ РЕТІНДЕ СОТ ЖҮЙЕСІН ОДАН ӘРІ ЖАҢҒЫР ТЫП, НЫҒАЙТУ ҚАЖЕТТІГІН АТАП ӨТКЕН БОЛАТЫН. СОНЫМЕН ҚА­ТАР, МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ІСТІ ҚАРАУ ТӘРТІБІНІҢ ТА­РАПТАР ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ ӘРІ ЖЫЛДАМ БОЛУЫ, ОЛАРДЫ ТАТУ ЛАСТЫРУҒА БАҒДАР­ЛАНУЫ ЖӘНЕ ПРОЦЕСТІК ТАЛҚЫЛАУДЫҢ БАРЛЫҚ САТЫСЫНДА ҚАЗІРГІ ЗА­МАНҒЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР­ДЫ КЕҢІНЕН ҚОЛДАНУ БҮ­ГІНГІ КҮННІҢ ТАЛАБЫ ЕКЕНІН ЕСКЕ САЛҒАН­ДЫ.

«100 нақты қадам: баршаға ар-налған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспа рын дағы 11 қадам сот жүйесінің қызметіне ті келей қатысты десек, құ-жаттың 16-қа дамын іске асыру мақса-тында 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап сот төрелігін жүзеге асы рудың үш буынды жүйесіне көшу бе кітілді. Жаңа үш буынды сот жүйесінің құ рылымы келесідей белгіленген болатын, яғни: бірінші саты – аудандық (қалалық) және оларға теңестірілген соттар (ау-данаралық экономикалық, әкімшілік, ювеналдық, гарнизондардың әскери сот тары); апелляциялық саты – облыс-тық және оларға теңестірілген соттар (Астана мен Алматы қалаларының соттары, Қазақ стан Республикасы-ның Әскери соты); және кассациялық саты – Қазақстан Республи касының Жоғарғы Соты.

Бұдан бұрын кас сациялық саты облыстық деңгейде де бол ғаны мәлім. Ал, Жоғарғы Сот қадағалау функ-циясын жүзеге асырып келді. Қазір касса циялық саты облыстық соттардан шыға рылып, Жоғарғы Соттың сатысы ретінде бекітілді. Сәйкесінше, Жоғарғы Соттың қадағалау ал қасы таратылды. Бұл еліміздің сот жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру мақса-тында жасалған сәтті қадам десек, қателеспейміз.

Бүгінгі күні қылмыстық істер мен аза маттық даулар аудандық және оларға те ңестірілген соттарда қарала-ды. Олар дың сот актілері заңды күшіне енгенге дейін облыстық және оларға теңестірілген сот тар дың апелляция-лық сот алқалары ұйға рым дарды, үкімдерді (шешімдерді) қайта қарауы мүмкін. Сот актісі заңды күшіне енген соң, оны тек Жоғарғы Сотта касса-циялық тәртіппен қайта қарауға мүмкін болады.

Бірінші сатыдағы соттардың үкім-деріне, шешімдеріне апелляция беру мерзімінде адам дар облыстық не-месе оларға теңес ті рілген соттарға шағымдана алады. Осы орай да, апел-ляциялық шағым берген адам дар мемлекеттік бажды төлемейтінін айт-қанымыз жөн. Жаңа Қылмыстық-про-цестік кодекске және Азаматтық про-цестік кодекске сәйкес, апелляциялық сатыда іс терді сот алқасы қарайды және оның құра мына үш судья кіреді. Алайда, мұндай тәр тіпке мәні бойынша қаралмаған немесе оңай латылған іс жүргізу тәртібімен қарал ған істер жат-пайды. Судьялардың осы ал қалы құра-мы істі неғұрлым объективті қа рау және қателер жібермеу үшін құрылғаны анық. Бұрын қолданыста болған Қыл-мыс тық іс жүргізу кодексі және Азамат-тық іс жүр гізу кодексі бойынша істерді судья бір өзі ғана қарайтын. Ол кезде апелляциялық сатыдағы бір судьяның

ҮШ САТЫЛЫ СОТ — ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН ЖҮЙЕ

Қазіргі таңда жаһанданудан пайда болған отбасылық проблемалардың шешімін табу өзекті мәселеге айналып отыр. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» бағдарламасына сай, еліміз әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қа-тарынан көрінуді мақсат етуде. Осы себепті, мемлекетіміз БҰҰ әйелдер құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңей-ту және қорғау саласындағы негіз қалаушы құжаттарына, 2015 жылы БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына

қосылды. Ал, ондағы 17 мақсаттың 12-сі гендерге байланысты. Әйелдерді кемсітушіліктің барлық нысанын жою туралы конвенцияның ережелерін орындау барысы туралы баяндамалар қорытындыларында БҰҰ Комитеті әйелдер мен ерлер үшін құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігі мәселелері бойынша елдегі заңнамалық базаның құрылуына оң баға берді.

Отбасының функционалдық берік-тігі деңгейіне гендерлік қатынастар моделі елеулі әсер ететінін халықаралық

ТҰРАҚТЫЛЫҚ ТІРЕГІГендер

Сот залынан

ӘР ІСТІҢ АРТЫНДА АДАМ ТАҒДЫРЫ

ТҰР

тәжірибе жоққа шығармайды. Өйткені, гендерлік теңдік деңгейі жоғарылаған сайын, отбасы мүшелерінің тұрмыстық, экономикалық, адамгершілік-тәрбиелік және басқа да функцияларын орын-дау жауапкершілігі, тепе-теңдігі нәти-желі болады. Бұл тұрғыда Қазақстанда маңыз ды шаралар атқарылуда. Мәселен, отбасы міндеттерін еңбек қызметімен ұштастыру мүмкіндіктерін жасау мақ-сатында еңбек заңнамасында ата-ана-лардың икемді жұмыс түрлері мен бала күтімі бойынша демалыс алу құқықта-ры туралы нормалар бекітілген.

Қазақстанның барлық өңірінде зор-

лық-зомбылық құрбандарына тегін ме-дициналық, құқықтық, әлеуметтік-пси-хологиялық, сондай-ақ, уақытша баспана беру қызметтері көрсетілетін дағдарыс орталықтары жұмыс істейді. Арнайы отбасы күні белгіленіп, жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық сайы-сы өткізіледі. Отбасылық қарым-қаты-настарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту жөніндегі 2015–2020 жыл-дарға арналған жалпыұлттық жоспар бекітілді. Ол отбасылық құндылықтар-ды нығайту, саламатты өмір салтын қалыптастыру, Жалпыға бірдей еңбек

қоғамын құру сияқты үш бағыт бойын-ша іске асырылады.

Отбасының табиғи тепе-теңдігі, тыныштығы, ер мен әйелдің өзіне тән қасиеттері, бірін-бірі толықтырып отыруы шаңырақтың шайқалмауына кепіл болса, бұл бірлік өз кезегін-де жанұяның берекесін арттырады. Ал, отбасының тұтастығы мемлекет тұрақтылығының негізі.

Әділет СӘБДЕНБЕКОВ,Алмалы аудандық №2 сотының

бас маманыАЛМАТЫ ҚАЛАСЫ

субъективті пікіріне қатысты процеске қатысушылардың және заңгерлер қоғамдастығының тарапынан көп теген наразылықтар болатын. Апелляциялық саты тараптардың ша ғымдары, не болмаса, прокурордың нара зылығы бойынша бірінші сатыдағы сот ұйға-рымының, үкімінің (шешімінің) заң-дылығы мен негізділігін толық көлемде тек середі. Оның құзыретіне құжаттар-ды зерделеу, жаңа куәгерлерден жауап алу, жаңа дәлелдемелер белгілі бір се-бептермен бірінші сатыдағы сотқа ұсы-нылмаған жағ дайда, оларды қабылдап зерттеу кіреді. Тек серу нәтижесі бойын-ша апелляциялық сатыдағы сот апел-ляциялық тәртіппен про цестік шешім: қаулы немесе жаңа үкім (аза маттық іс бойынша – жаңа шешім) шы ғарады. Сондай-ақ, ол төмен тұрған сот тың шешімін өзгерте алады немесе про-цестік заң наманың нормалары елеу лі бұзылған кезде істі бірінші сатыдағы соттың қайта қа рауына жіберіп, оның күшін жояды. Мы салы, іс соттың заң-сыз құрамында қаралса немесе үкімге, шешімге судья қол қоймаса, жоғарыда аталған рәсімдер жүзеге асыры лады.

Кассациялық сатыдағы соттың құзы ре тіне заңды күшіне енген сот ак-тілерінің заң дылығын тексеру кіреді. Заңда белгі ленген мерзімде құра-мында үш судья бола тын кассация-лық сатыдағы сот берілген өтінішхат уәждерінің шегінде күшіне енген сот актісінің заңдылығын тексереді. Со-нымен қатар, кассациялық са ты дағы сот заңдылықты сақтау тұрғысынан өтінішхаттың шегінен шығып, сот акті сін толық көлемде қарауға құқылы. Осы ереже іс бойынша ақиқатты анықтау ға, заңбұзушылықты жоюға және соттан қорғау сұраған адамның бұзылған құқықтарын толық қалпына келтіруге ықпал етеді. Сот құрылысы жүйесін-дегі осы өз геріс сот процесіне қаты-сушыларды дәлел демелерді ұсыну және өздерінің процестік құқықтарын пайдалану арқылы бәсеке лес тікті қол-данып, неғұрлым белсенділік та ны туға ынталандырады, бұзылған құқықты барынша тез қалпына келтіруге, сот шы ғын дарын азайтуға алып келеді.

Айтылып жатқан деректерге қа-рағанда, соттың үш буынды жүйесі Индонезия, Финляндия, Италия, Фран-ция да көп жылдардан бері қолданы-лады. Мәселен, Фран цияда жалпы және мамандандырылған ювенальдық, те ңіз - сауда, әскери, әкімшілік, сауда соттары жұмыс істейді. Олар бірінші сатыдағы соттар ретінде іс терді қа-райды және шешімдеріне әдет тегідей апелляция лық, кассациялық соттарға шағымдануға құқық берілген. Осындай үлгі еліміздің тәжірибесіне енгізілген-

татуластыру орталықтары және барлық селолық және ауылдық аймақтарда «Билер кеңесі» жұмыс атқарып жатыр. Кәсіпқой және кәсіпқой емес меди-аторлар жұмыс жасауда, оның беріп жатқан нәтижесі күннен-күнге артып келеді. Бұл сот жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, қарапайым халыққа да тиімді болып отыр. Қазірде адамның басы дауға қалса, бұрынғыдай сотқа баруды көздемей, алдымен Билер кеңесіне, не болмаса, медиатор - тату-ластырушыны іздейтін болды. Себебі, сот отырысы шешім қабылданумен аяқталса, дауласушы тараптың бір жағы ұтылатыны хақ.

Медиация заңын онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық істер, әкімшілік істер бойынша қолда-нуымыз да даудың шиеленіс деңгейін төмендету, тараптарды қанағаттанды-ратын шешімге қол жеткізу, бір-бір-лерінің пікірлерін ескере отырып шешім қабылдау қағидасын, яғни, бүгінгі за-манның талабын мейлінше орындау да үлкен септігін тигізуде.

Елбасы тапсырмасы бойынша Жо-ғарғы Сот басшысының сот жүйесіне жаңа технологияларды ендіруі қай жағынан болсын үлкен тиімді нәтиже-сін беріп келеді. Барлық сот мәжілісінің залдары үн-бейнежазба қондырғы-сымен қамтамасыз етілді. Осыған дейін кейбір сот шешіміне қанағаттанбаған тарап істі біржақты қарады деп судья-ның үстінен шағым жазатын жағдай бүгінде жоқтың қасы. Себебі, сот мәжілісінде үн-бейнежазбасы жұмыс жасап, істің қалай қаралғаны жөнінде деректерді толық қамтып отыр. Бұдан басқа, «Төрелік», «Сот кабинеті», СМС хабарлама арқылы сот мәжілісіне шақыру, гибридті электронды пош-та, сот мәжілісін бейнеконференция арқылы қашықтықтан өткізу қалыпты құбылысқа айналды. Енді «SMARTCOT» бағдарламасы іске асуда. Айтылған бағдарлама да істерді қашықтықтан қарап, шешудің бір тәсілі. Қылмыстық істерді қағазға шығармай-ақ, элек-тронды форматта қарауды бастадық.

«Виртуалды сот» жүйесін енгізу, сот отырысы залдарын онлайн режимге көшіріп, қайта жабдықтау Жоғарғы Сот басшылығының жоспарында тұр. Бұл интернет жүйесі арқылы сот оты-рысына кез келген аймақтан қатысып, сот төрелігі жұмысының болашағын болжауға мүмкіндік алу. Міне, осы-ның бәрі артық уақыт пен мемлекеттің қаржы шығындарын үнемдеуге септігін тигізсе, екінші жағынан сот мәжілісіне қатысатын азаматтар үшін өте тиімді, ашық әрі қолжетімді болмақшы.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

А.БАЛМҰХАНОВ,Хромтау аудандық сотының төрағасы

нен бері сотқа шағымданушы-лардың уақыты едәуір үнем-деліп, оңтайлы нәтиже туғызып келе жатыр.

Кез келген сот отырысының негізгі мақсаты – шындыққа жол іздеу. Осы қойылған та-лапқа қарағанда судьялар-дың алдында заңдылықты сақтаумен қатар әділеттілікті қамтамасыз ету міндеті тұр. Бұл тұрғыда судьяның біліктілігі қажет. Мәселен, судья сол дау үшін шешім шығара салмай, алдымен дауласушы тараптар-дың көңіл-күйін терең түсініп алып, заң шеңберінде олардың міндеттері мен құқықтарын және мүмкіншіліктерін түсін-діріп, оларды мәмілеге, яғни, татуласуға шақыруға міндетті. Осы тұрғыда бірінші сатыдағы соттардың атқарып жатқан жұмысы зор. Қазірде облыс ор-талығын айтпағанда, Жоғарғы Сот басшысының қолдауымен аудан орталықтарында, соның ішінде, халыққа қызмет көрсе-ту орталықтарында Соттан тыс

Жан күйзелісі жағдайында адам өлтіру тұрмыстық қылмыстардың бір түрі саналады. Көп жағдайда, мұн-дай қылмыстар уақыт өте келе жүйке жүйесін тозды-ратын, стрестік жағдайға соқтыратын, қызбалы даулы жағдай сипатына ие болатын отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастардың қанағаттандырылмауынан туа-ды. Оған сот тәжірибесінде осы тектес қылмыстарды қарау нәтижесінде көз жеткізуге болады.

Айталық, сотталған аза-матша А. мен жәбірленуші С. Қырғыз Республикасы-ның азаматтары Қазақстанға жұмыс істеу мақ сатында келген. Олардың ортақ екі баласы болып, ел қатарлы шамамен 30 жылдай бір-ге өмір сүргенімен, отба-сыларында отағасының қыз ба мінезіне байланы-сты жиі ұрыс-керіс, өзара түсініспеу шілік, тіпті, қол жұмсау орын алып тұрған. Бұған отағасының ішкілік-ке салынуы да қосылған. Осылайша, отбасылық күй-бең тірліктің барлық ауы-ртпалығы азаматша А-ның мойнына түскен. Бірақ, ол өзінің қиыншылықтары ту-ралы ешкімге тіс жарып ай-тпаған. Әрине, бұл жағдай-дың барлығын олардың ұлы мен қызы өз көзімен көріп, куә болып өскен. Ата-ана-сы Қазақстанға жалдама-лы малшы болып жұмысқа кеткен кезде, олар Қырғыз Республикасында оқуларын

Ляззат ИЛЬЯСОВА,Жамбыл облысы бойынша қылмыстық

істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы, құқық

магистрі

жалғастыру үшін қалған. Сондай отбасылық жанжалдың бірінде аза-матша А. үйінің ас бөлмесіндегі пеш үстінде тұрған пышақпен жәбірленуші С-ға ауыр жарақаттар салып, нәти-жесінде жәбірленуші С. ауруханаға жетпей қайтыс болған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында азаматша А-ның қылмыстық құқықбұзушылық әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексі 99-бабының 1-бөлігімен сараланып, сотқа жіберілген.

Сот жарыссөзі барысында, мем-лекеттік айыптаушы азаматша А-ға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі ҚК) 99-бабының 1-бөлігімен қылмыс-тық қудалау органымен тағылған бас тапқы айыпты жаңа айыптаумен өзгертіп, азаматша А-ның қылмыстық құқықбұзушылық әрекетін Қылмыс-тық кодекстің 101-бабы 1-бөлігіне қайта саралады.

Сот, азаматша А-ға қатысты қыл-мыстық істі осы түпкілікті айып ше-гінде қарап, оны ҚК-тің 101-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп тауып, оған аталған бап бойынша 2 (екі) жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындап, тұрғылықты жері бойынша пробациялық бақы-лау белгіледі. Өйткені, азаматша А. жәбірленуші С. тарапынан өзіне қа-тысты ұзақ жылдар бойы жүйелі түр-

де болып келген зорлық-зомбылық, заңға қайшы бейморальдық әрекет-терді сыртқа білдірмеген. Ұзаққа со зылған психиканы күйзелтетін ахуал әйелді жан күйзелісі (аффект) жағ дайында жұбайына қол жұмсауға алып келген.

Қорыта келе айтарымыз, осы тек-тес қылмыстарды қарағанда адамның аффект жағдайында болғанын, не болмағанын анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеп-тексеру бары-сында міндетті түрде кешенді сот психолого-психиатриялық сараптама тағайындап, оның қорытындысының нәтижесін қылмыстық істі саралау барысында ескеру қажет деп санай-мыз. Ал, тәжірибеде (соның ішінде аталған іс бойынша да) күдіктіге қа-тысты сот психиатриялық сараптама құқық қорғау органдарымен әрда-йым тағайындалғанымен, адамның аффект жағдайында болғанын, не болмағанын анықтауда қосымша сұрақ қою маңызды. Бірақ бұл мәсе-ле көбінесе ескерілмей жатады. Осы тектес қылмыстарды саралау бары-сында құқық қорғау органдарынан қателіктер жиі кездеседі. Осы тұста, әрбір қылмыстық істің артында адам тағдыры тұрғанын әрдайым есте сақтағанымыз абзал демекпіз.

Page 5: «ХАН — ШАҢЫРАҚ, ХАЛЫҚ — УЫҚ»zanmedia.kz/wp-content/uploads/2018/11/Zan93.pdf · zangazet@mail.ru (Соңы 2-бетте) Қоғамдық-саяси, құқықтық

№93 (3118) 30 қараша 2018

[email protected] 5СӘТІ ТҮСКЕН СҰХБАТ– Серік Қазбекұлы, бүгінде

сот үдерісіне азаматтардың қатысуын қамтамасыз ету ар қылы сот қызметінің ашық­тығына, әділдігіне қол жетеді деп үміт артылған алқа би­лер институтына қатысты қоғамда қайшы пікір көп. Ай­тылып жатқан әңгіме мазмұны дамыған елдерде өзін ақтаған бұл құрылым елімізде толық­қанды жұмыс істей алмай тұр­ға нын меңзейді. Шынымен со­лай ма? – Қазақстанда алқабилер соты кон­

тинеталдық үлгіде біраз уақыттан бері

Екіншіден, барлық құқық қорғау органының алқабилер сотына көзқа­расы өзгеруі қажет. Өкінішке қарай, біздегі тергеу органдары түгел дерлік өз істерін алқабилер соты қарағанын қа­ламайды. Өзге емес, өз әріптестеріміз қылмыстық істі қарауға заң саласына қатысы жоқ тұлғалардың білім мен біліктілігі жетпейді деп ойлайды. Олар­дың көбісі алқабилер тек ақтауды ғана біледі деген пікірде. Шын мәнін­де, айыпталушылардың көбі сапасыз жүргізілетін тергеудің құрбаны болып жатады.

Үшіншіден, адвокаттар өз қорға­уындағы азаматтарға алқабилер жа­йында толық түсінік бермейді. Істі алқа билер сотына қаратудың тиімділігі жайлы кеңес ұсынылмайды. Негізінде, сотта істің әділ шешілуі айыптаушы та­рап пен қорғаушы тараптың өз дәлел­деріне сендіру мүмкіндігіне байланыс­ты. Бұл олардың да кәсіби біліктілігінің жоғары болуын қажет етеді. Әрине, алқабилерге үміткерлер де белгілі бір дайындықтан өтуі тиіс. Олар сотта ұсынылатын айғақтардың, берілетін ақпараттардың ақиқатқа сай екенін айқындап, түсіне алатын машықты, зердені игеруі керек.

– Сөзіңізге қарағанда, алқа­билер институтына түбегейлі өзгерістер қажет секілді...– Иә, бүгінде бұл басы ашық мәсе­

ле. Сондықтан, алқабилер сотын ре­формалауды Мемлекет басшысының өзі міндеттеп отыр. Осыған орай, Қа­зақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарында Ал қа билер сотына қатысты нақты ша­ралар айқындалды. Олар үш бағытты қамтиды. Біріншісі, алқабилер қатыса­тын сот саласын кеңейту, екіншісі оның құрамын өзгерту және үшіншісі, бұл сотқа үміткерлер тізімін құру тәртібін жетілдіру.

Бірінші бағыт бойынша алқабилер қатысатын соттар соттылығын кеңей­тудің қажеттігіне бірнеше себеп бар. Оның негізгісі жоғарыда айтылғандай, соңғы бес жыл ішінде алқабилер қа­раған істер қатарының күрт азайып кетуі. Мұндай жағдай биылғы жылдың өткен тоғыз айында да байқалып отыр. Мәселен, өткен жылдың осы мерзімін­де 104 адамға қатысты 55 іс қаралса, ағымдағы жылдың бұл кезеңіндегі көрсеткіш 41 тұлғаға қатысты 31 іс қана болып, екі есеге дерлік кеміді.

Қазіргі таңда алқабилер соттылы­ғына қылмыстық құқықбұзушылықтар­дың 11 құрамы жатқызылған. Олардың ішінде 7 құрам бойынша жазалау шарасы ретінде өмір бойы бас бос­тандығынан айыру немесе өлім жазасы көзделген. Сонымен қатар, 2016 жылы енгізілген он бес жылға дейін бас бос­тандығынан айыруды көздейтін адам ұрлау, адам саудалау, кәмелетке тол­

әдеттерін бұзу сынды әрекеттер алқа­билер тарапынан қаралмайды.

2016 жылдың 1 қаңтарынан ен­гізілген қылмыстық құрам бойынша сот өндірісіне түсетін істердің ешқайсысын алқабилер қарамайды. 2016 – 2018 жылдар аралығында олар бойынша бар болғаны 2 іс қаралды. Осылай­ша, заңнамаға енгізілген алқабилер соттылығын кеңейту мәселесі Елбасы айтқандай сипатқа ие болған жоқ.

– Енді алқабилер сотына қан­дай істер берілмек?– Стратегиялық жоспарда алқаби­

лер сотын азаматтардың барынша кең ауқымы үшін қолжетімді ету мақсатын­да мемлекетті сату, әскери қылмыстар, Бірінші Президенттің өміріне қауіп төндіру, диверсия, лаңкестік актісінен өзге ауыр қылмыстардың барлығын олардың соттылығына жатқызу ұсы­нылып отыр. Алқабилер соттылығы шамамен 40 қылмыстық құрамнан тұратын болады. Олардың қатарында есірткі заттарын аса үлкен көлемде айналымға түсіру, қылмысты ауыр­лататын мән­жайдағы контрабанда, ауыр латпайтын мән­жайдағы қасақана кісі өлімі және тағы басқа қылмыстық әрекеттер бар.

Егер жүктемелерді талдасақ, соттар өндірісінде 2017 жылы Қылмыстық кодекстің 99­бабы 1­тармағы бойын­ша алқабилер соттылығына жатпайтын мән­жайды ауырлатпайтын сипаттағы қасақана қылмыс бойынша 540 іс бол ды. Олардың 479­ы бойынша үкім шықты. Яғни, қылмыстың осы ка тегориясы бойынша алқабилерге жобамен 500 іс берілуі мүмкін еді. Қылмыстық кодекстегі тағы да алқаби­лер соттылығына жатпайтын есірткі заттарының аса үлкен көлемдегі заңсыз айналымы бойынша өткен жылы 385 адамға қатысты 303 іс негізінде үкім шықты. Қылмыстық кодекстің 297­бабы 4­тармағы бойынша 49 адам сотталды. Егер алқабилер соттылығын кеңейткен жағдайда Қылмыстық ко­декстің тек 99­бабы 1 тармағы мен 297­бабының 3 және 4­тармақтары бо йынша ғана жылына оларда қарала­тын қылмыстық істер қатары 800­дей болар еді.

– Алқабилер қарауына адам­ды өлімге душар еткен қыл­мыс тарды беру жайлы ұсыныс ай тыл ды. Бұл қаншалықты дұрыс?– Иә, алқабилер соттылығына бір­

тіндеп адамды өлімге душар еткен қылмысты қосу ұсынылып отыр. Мәсе­лен, Бас прокуратура олардың қара­уына адам өліміне қатысты барлық қылмысты беру қажет дейді. Олардың ішінде ашу үстінде адам өлтіру, абай­сызда, арты өлімге соқтыратын денсау­лыққа қасақана зиян келтіру, өлімге ұшыратқан жол­көлік оқиғасы және

– Ал, екінші бағыт бойынша жүзеге асырылатын алқаби со-тына үміткерлер санын азайту тиімді болады деп ойлайсыз ба?– Жоғарғы Сот бұл институтты үміт­

керлер саны мен алқабилер санын қысқарту арқылы реформалау ды ұсы­нып отыр. Бүгінгі алқабилер алқасын қалыптастыру жүйесі тиімді емес. Неге алқабилер саны он немесе он екі болу керек? Алқа билер көп болған сайын шешім әділ немесе жүйе тиімді жұмыс істейді деген ешқандай ғылыми негіз жоқ. Сондықтан, алқабилер алқасын алты адамға дейін азайту ұсынылып отыр. Қолданыстағы заң бойынша он алқа мүшесі, жиырма бестен кем емес үміткер болуы керек.

Мұның сыртында 2007 жылы қа­былданған заң бойынша мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызмет­керлері алқаби бола алмайды. Сол сияқ ты соттар тәжірибеде дәрігерлерді, педагогтарды, көлік жұмыскерлерін алқабилер міндетін атқарудан боса­тады. Өйткені, мамандардың мұндай категориясы алқаби болу үшін ұзақ уақыт тікелей міндеттерінен босай алмайды. Осы аталған сотқа қатыса алмайтын топ біздің қоғамның елеулі бөлігін құрайды. Сондықтан, алқаби үміткерлерінің саны едәуір азаяды. Қазір алқаны он негізгі және қосымша екі мүше арасынан таңдау керек бола­тындықтан, тәжірибеде алқабилерді таңдау үрдісі ұзақ мерзімге созылады. Ал, бұл сәтте сотталушы қарауылмен сотта отырады. Осы тұрғыда алқаби­лер санын азайту алқаны тез құруға мүмкіндік беретін жағымды фактор болмақ.

Басқа елдерден мысал келтірсек, АҚШ­та алқабилер он екі адамнан тұруы тарихи себептерге байланысты болған. Бірақ, АҚШ­тың Жоғарғы

соты 1970 жылы Уильямс ісі бойынша шешім шығарғанда, федералдық Кон­ституция негізінде штатта қылмыстық іс бойынша алқабилерді алты адамнан толықтай құруға болатыны жөнінде қаулы қабылдады.

– Тек қана алқа мүшелеріне үміткерлерді азайту немесе оның соттылығын арттыру арқылы бұл соттың тиімділігін көтеру мүмкін емес сияқты... Алқабилердің сот үдерісіндегі орнына да, үкімдерінің пәрмен­ділігіне қатысты да сындарлы жаңа көзқарастар қажет секіл­ді...

– Иә, дұрыс айтасыз. Алқабилер со­тын сот өндірісін одан әрі жетілдірмей дамыту мүмкін емес. Осы ретте, шы­нында да, қоғамның белгілі бөлігінде егер алқабилер соттылығын кеңейтсек, онда ақтау үкімдері артып кетеді деген пікір өршіп тұр. Бірақ, алқабилердің қатысуымен шығарылған ақтау үкім­дерінің көпшілігінің күші апелляциялық тәртіппен жойылады. Мәселен, 2016 жылы жеті адамға қатысты 6 ақтау үкімінің төртеуі жойылды. Негізінен, бұған үміткерлердің өз туысқандары­ның соттылығын, яғни, олардың алқа соты міндетін атқаруға кедергі жасай­тын ақпаратты жасыруы себеп болуда.

Осыған байланысты ақтау үкім­дерінің күшін жоюдың негіздерін азайту ұсынылып отыр. Соған орай, Қылмыс­тық процессуалдық кодекстің 8­бабы­на «Егер сот үдерісіне қатысушылар басты сот талқылауында алқабилер құрамын жасақтауға, алқабилердің қарауына жататын мәселелерді қалып­тастыруға келіссе, сот пікірталастарын өткізуде қылмыстық­процессуалдық заңның бұзылуына жол берілмесе, онда ақтау үкімдері көрсетілген не­гіздер бойынша бұзылуға жатпайды» деген өзгеріс енгізу керек.

Бұл елеулі түрде ақтау үкімдерінің ойдан шығарылған негіздер бойын­ша бұзылуын шектер еді. Тоқ етерін айтқанда, алқабилер соты азаматтар құқын Ата Заң талаптарына сай қорғау­дың мүмкіндігі ғана емес, қоғамда әділеттілікті қалыптастырып, азамат­тардың мемлекет саясатына деген сенімін қалыптастырудың пәрмен­ді тетігі. Сондықтан, бұл институтты әлемдік талаптарға сай дамыту кезек күттірмес маңызды міндет.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Айша ТҰРМАҒАНБЕОВА,

«Заң газеті»

Бұдан жиырма жеті жыл бұрын Қазақстан Рес публикасының Тұңғыш Президенті Нұр-сұлтан Әбішұлы Назарбаев ел халқына жақсы күндерге бірлік пен татулық, іскерлік арқылы жетуге болатынын айтқан болатын. Елбасы ай-тқандай, еліміз бүгінде тыныштық пен достықтың нәтижесінде әлем мойындаған мемлекеттермен терезе теңестірді. Тәуелсіздіктің жиырма жыл-дығында Парламент депутаттары 1-желтоқсанды Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні етіп бел-гілеуге бастама көтергені есімізде. Бастама қолдау тауып, 2012 жылы 1-желтоқсан күнтізбеге мерейлі мереке болып енді. Яғни, ҚР заңына толықтыру

енгізу: «Қазақстан Республикасындағы мереке-лер» заңымен бекітілді. Содан бергі жеті жылда бұл мейрамның маңызы артып, халықтық шараға айналғанына куә болудамыз.

Өткенді еске алсақ, Мемлекет басшысының таққа отыру салтанаты ежелгі халықтық дәстүр-лермен айшықталды. Ұлт көшбасшысы бабалар жолымен ақ киіз үстінде ант беріп, ел ақсақал-дарынан бата алды. Осы тарихи шарада Елбасы: «Бүгінгі күн – қазақ елінің шежіресіне мәңгі енетін күн. Тарихтың талай бұралаң белесінен өтіп, жетіп отырмыз. Бәрін де көрген халықпыз, бәріне көнген халықпыз. Елім үшін, халқым үшін, Қазақстаным

ҰРПАҚ ЖАДЫНДА МӘҢГІ ЖАҢҒЫРАР МЕЙРАМПайым

елімізді гүлденген мемлекетке айналдыру бағы-тында қабылдаған сындарлы шешімдері мен батыл қадамдарын зерттеп, зерделеу бағытында нақты шаралар жасалып, «Назарбаев оқулары» жас ұрпақ өміріне дендеп енді. Еліміздің ең ірі қаласы Алматы-дан Тұңғыш Президент атына көше берілді. Қазіргі таңда Иордания, Шешенстан, Татарстан, Түркияның бірнеше қаласында Нұрсұлтан Назарбаев атындағы көшелер бар. Тұңғыш Президент күні мерекесі жаңғырудың, жаңашылдықтың белгісі ғана емес, өткеннің өнегесі, ұлының ұлағаты.

Нұркен ЖЕКСЕМБИЕВ,Шымкент қаласы

әл-Фараби аудандық сотының төрағасы

үшін тарихтың қай сынағына да тәуекелге бас тігуге дайынмын» деді. Көк байрағымыз көкке көтерілді. «Тарих толқынында» кітабындағы: «Мен Елбасы болсам да, Қазақ деген атасын ардақтап, анасын сый-лаған, әруағын қастерлеп, Алласына сыйынған елдің бір перзентімін» деуі ұрпаққа үлгі.

Тұңғыш Президенттің ел тізгінін ұстаған күні қа-зақ тарихында алтын әріптермен жазылған күн деуге толық негіз бар. Өйткені, азаттық алған жылдар ішін-де Елбасы мемлекетімізді әлемдік қауымдастыққа та-нытты. Ел шекарасы нықталып, дүниежүзінде алғаш болып ядролық қарудан бас тарттық.

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы-ның әрбір кезеңі Елбасының атымен тікелей байла-нысты екені даусыз ақиқат. Ұлт Көшбасшысының

жұмыс істеп келеді. Бұл институтты ен­гізудегі басты мақсат – азаматтарды сөт төрелігін жүзеге асыруға тарту. Себебі, өзге елдердің тәжірибесі алқабилер соты азаматтардың құқықтық санасын көтеріп, қылмыстың алдын алуға оң ықпал ететінін көрсетіп отыр. Бұл ин­ститут қазақ халқына жат дүние емес. Алқабилер соты бағзы замандарда қара қылды қақ жарған, әділдігімен даңқы асқан билер сотының заманауи үлгісі. Ол уақытта билер соты дауды шешудің жалғыз мүмкіндігі болса, бү­гінде бұл институт сот төрелігін жүзеге асырудың балама тәсілі. Сотталушыға өз ісін алқабилерге қарату құқығының ұсынылуы Ата Заңымыздағы азаматтың өмірі, құқы мен бостандықтары еліміз­дің басты құндылығы екенін білдіреді.

Жиырма жыл ішінде алқабилер белгілі деңгейде қалыптасты деп сенім­мен айтуға болады. Халықтық сот көп­теген қылмыстық істерді қарауда заң­ның, әділеттің үстемдік құруына белгілі деңгейде атсалысып келді. Әсіресе, бұл институт 2010­2013 жылдары қар қынды жұмыс істеді. Осы жылдары алқа билер екі жүз бен төрт жүзге жуық аралықта істер қарап, шешім шығарды. Жалпы, қоғам бұл институттың қажет­тігін түсініп, оң қабылдады.

– Алайда, соңғы жылдары алқабилердің бұл белсенділігі төмендеп кетіпті. Бір кездері жылына 339­ға дейін іс қараса, былтыр мәселен, бар­жоғы 55 іс қараған. Бұған Жоғарғы Сот та алқабилер мәселесі сөз болған жиында олар қарайтын істер құрамының заңнамалық негізде азайтылуы себеп делінді. Нелік­тен мұндай шешім қабылданды? Бұл алқабилер инс титутының тиімді жұмыс іс тей алмауының салдары емес пе?– Иә, расында 2013 жылы тиісті

заңнама негізінде алқабилер сот­тылығы өзгеріп, олар қарайтын қыл­мыстық істер құрамы қысқартылды. Бұл құжат қабылданғанға дейін өте ауыр қылмыс бойынша барлық істерді қарап келген алқабилер, нақтырақ айтатын болсақ, қазіргі таңда сот өлім жазасы немесе өмірлік бас бос­тандығынан айыру жазасы кесілетін қылмыстар бойынша ғана жұмыс істейтін болды. Осыған байланысты олар қарайтын істер саны күрт қысқар­ды. «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары аясында бұл олқылық ескеріліп, онда алқабилер соттылығын арттыруға қатысты нақты шаралар айқындал­ды. Солардың негізінде қабылданған тиісті заң бойынша алқабилер қарай­тын қылмыстық істер төрт құраммен толықтырылып, 13­ке жеткізілді. Бұл да аз. Бірақ, осы құрамдар бойынша түсетін істер де толықтай алқабилер­де қаралмай отыр. Көптеген қылмыс

бойынша істер бұл соттың құзырына берілмейді.

– Бәлкім, бұл сотқа азамат­тар сенбейтін шығар? Қалай дегенмен де, оның мүшелері заң саласының мамандары емес қой. Әлде, мұның басқа себебі бар ма?– Негізі, алқабилер соттылығына

қатысты мәселе қайта қаралуы тиіс. Бұл соттың қарауына адамзаттың қа­уіпсіздігі мен бейбітшілігіне, мемле­кеттің конституциялық құрылысы мен тұрақтылығына қарсы қылмыстан өзге барлық ауыр қылмыс берілуі керек. Бұл біріншіден.

Серік ӘБНӘСІРОВ, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы:

«ТЕРГЕУ ОРГАНДАРЫ ӨЗ ІСТЕРІН АЛҚАБИЛЕР

СОТЫ ҚАРАҒАНЫН ҚАЛАМАЙДЫ»

мағандарды қылмысқа тарту, оларды саудалау сынды төрт қылмыстық құрам бар. Бірақ, алқабилердің қатысуымен, негізінен, Қылмыстық кодекстің 99­бабы 2­тармағы бойынша қарасты­рылатын қылмысты ауырлататын жағдайдағы қасақана кісі өлтіру әре­кеті қаралады. Сирек жағдайда ғана Қылмыстық кодекстің 120­бабы 4­тар­мағы бойынша, зорлау және жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері бойынша қозғалған сот өндірістеріне қатысады. Қылмыстық құқықбұзушылықтың қал­ған құрамдары, атап айтқанда, гено­цид, агрессивтік соғысты тұтандыру немесе жүргізу, соғыс заңдары мен

тағы басқа қылмыстық әрекеттер бар. Ағымдағы жылы Ресейде алқабилер соттылығын кеңейтуге бағытталған реформа басталды. Бұл шараның мәні істердің көп бөлігінің аудандық сотқа берілуінде болып отыр. Олар негізі­нен біліктіліктің болмауынан адамды өлімге ұшырату және абайсызда ажалға соқтыратын дене жарақатына қатысты қозғалатын істер. Ал, АҚШ­та қылмыс­тық істердің дені соттың осы саласында қаралады. АҚШ­тың Жоғарғы соты 1968 жылы шығарған шешімге сәйкес, алты айдан көп мерзімге бас бостан­дығынан айырылған айыпталушы алқа билерде іс қаратуға құқылы.

Page 6: «ХАН — ШАҢЫРАҚ, ХАЛЫҚ — УЫҚ»zanmedia.kz/wp-content/uploads/2018/11/Zan93.pdf · zangazet@mail.ru (Соңы 2-бетте) Қоғамдық-саяси, құқықтық

№93 (3118) 30 қараша 2018

[email protected] ТЕМІРҚАЗЫҚ

Сарап

Медиация

ТАҢДАУ ЕРКІ ТАРАПТАРДА

ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ҚАРАУДЫҢ

ҚИЫНДЫҒЫ КӨП

Ел боламын десек, татулық пен бірліктің байрағы басымыздан биік тұруы ләзім екен. Өйткені, ағайын-ның арасында дау көбейсе, сырттағы жаудың алақанына шарт түкіріп, бе-рекесіздікке жол беріп, өзімен-өзі жауласа бастаған, бірлігі жоқ елді бөліп-жарып алып кетуге дайын тұра-тындығы, онымен қоймай шоққа май құйып, маздатып жандыруға даяр тұра-тыны айқын. Қазақты туралай шауып келіп алған жау болмағанмен, ағайын арасын араздастырып алған дұшпан алыс емес екен. Міне, сондықтан, ел егемендігінің іргесін бекітіп, тәуелсіздік туының мәңгі биік тұруына еңбек етуге тиіспіз. Ол үшін әр азаматқа бір-ақ жол бар. Ол – татулық. Өзара татулық пен өзге елдер арасындағы татулық болса керек. Қоғамдағы татулық пен тұрақтылықтың маңыздылығы сот төрелігін жүргізуші әрбір судьяның кәсіби жұмысымен тікелей байланы-

Нарықтық қарым-қатынас кезінде еңбек дауларының көптеп туындайтыны заңдылық. Оның үстіне, азаматтардың құқықтық тұрғыдан өсуі, өз мүддесін қорғауға ұмтылуы жұмысшы мен жұмыс беруші арасында келіспеушіліктердің орын алуына түрткі болады. Бұрынғыдай жұмыс беруші не айтса соны орындап, бас шұлғып отыратын заман келмеске кетті. Бұл дұрыс та. Өйткені, зайырлы мемлекетте әр аза-маттың еңбегі бағалануы тиіс.

Дегенмен, өмір болған соң еңбек дау-ларының туындайтыны шындық. Мұндай даулар ұжымдық және жеке деп екіге бөлінеді. Еңбек дауларының бәрі екі са-тыда қаралады. Яғни, жұмыс берушінің әрекетіне көңілі толмаған, қызмет бары-сында құқығы тапталған азаматтар енді шағымын бірден сотқа жолдай алмайды. Тәртіпке сай, тараптардың келісімімен еңбек дауларын ең әуелі келісім комисси-ясы қарауы тиіс. Келісім комиссиясы де-ген сырттан жасақталған топ емес. Оған жұмыс беруші мен жұмысшылар ақыл-даса келе өз арасынан теңдей көлемде өкілдер ұсына алады. Осы өкілдер ішінен іріктеліп, келісім комиссиясының төраға-сы мен хатшысы сайланады. Келісім комиссиясының міндеті – екі жаққа тиімді, екі тараптың көңілінен шығатын, құқығын бұзбайтын шешім қабылдау. Келісім комиссиясы түскен өтінішті үш күн ішінде қарауы тиіс. Ал, комиссия шешімі шыққаннан кейін тараптардың оны орындауы міндет. Егер шешім үш күн ішінде орындалмаса, қызметкер келісім комиссиясының шешімімен келіспесе, үш айдың ішінде еңбек дауы бойынша сотқа арыздануға құқылы.

Әрине, еңбек дауларының сотқа жет-пей өзара келісіммен аяқталғаны тиімді. Бұл жұмыс берушінің де, жұмысшының да жүйкесіне салмақ түсірмей, мәселені шығынсыз, әбігерге түспей шешудің кепілі. Ал, іс сотқа түскен соң оның заң талабы-на сай қаралатыны түсінікті. Жалпы, сот тәжірибесіне көз салатын болсақ, азамат-тар жұмыс берушінің демалыс күндері жұмыс істеткеніне, белгіленген мерзімнен тыс жұмыс істеуге міндеттегеніне көңілі толмай, үстемеақы талап ете отырып, құқығын соттың қорғауын сұрайды. Алай-да, мұндай істер азаматтар қалағандай оң шешілмейді. Себебі, үстеме жұмыстарға тартуға қызметкердің жазбаша келісімі керек. Келісім болғанда ғана жұмыс беруші қарауындағы азаматтың жұмыс істеуіне жол береді. Әрі оған арнайы бұйрық шыға-ды. Егер қосымша жұмыс істегісі келмесе, жұмысшыны ешкім оған итермелей ал-майды. Яғни, белгіленген мерзімнен тыс, кешкі уақытта қалып жұмыс істегендердің де өзіне ақы өндіруі қиын. Өйткені, ол белгіленген мерзімде тапсырманы толық орындауға үлгермеген соң кешке қалып, жұмысын аяқтауы мүмкін. Осыдан көріп отырғанымыздай, талапкер тарапынан үстеме жұмысқа тартылғаны жөнінде дәлелдемелерді тапсыру қиындыққа соға-ды. Сондықтан, азаматтар жұмысқа қабыл-данғаннан бастап еңбек келісімшартының дұрыс рәсімделіп, өз міндеттемелерін ыждағаттылықпен түсініп, заңды құқықта-рын біліп жүруі тиіс.

Гүлжан ИМАНСЕРИКОВА,Алматы қаласы Әуезов аудандық

№2 сотының судьясы

сты. Татулықтың болуы сот жүктеме-лерінің азаюына алып келетін болса, ел арасындағы татулық – тыныштық пен бейбітшіліктің тіреуі.

Қазақ халқының бірлікке, тату-лыққа, кешірімділікке ұмтылу мінезі ата-дәстүрден келе жатқандығы жыл басы – Наурыз мейрамындағы «Көрі-су» дәстүрінен немесе «Амал мере-кесінен» айқын байқалады. Бұл ретте, үлкені мен кішісі, алысы мен жақы-ны қауышып, көрісіп, бауырласып, жыл бойы жол берген кемшіліктерін кешірісіп елдесіп, қуанышқа бөленіп жатады. Осындай ерекше татулықты дәріптейтін құжат бүгінгі «Медиация туралы» заң болса керек. Бізге таңсық атаумен аталса да, ел арасына ізгілік жолымен еніп келе жатқан медиация-лық татуласу жолы жанданып, про-цестік нормаларға енгізіліп, қолданыс-тағы міндеттерін атқаруда. Сонымен бірге, азаматтық норма татуласудың

балама жолдарын алға тартуда. Ай-талық, партисипативтік – екі жақтың кәсіби қорғаушыларының (адвокат-тарының) татуласуы, медиациялық – кәсіби медиатор мен кәсіби емес медиатордың татуластыққа шақыруы, судья медиатордың дауласушы тарап-тарды сотқа дейін немесе сот талқыла-уы кезеңіндегі татуластыру құзырлығы немесе тараптардың өзара бітімгер-шілікке келуі түрінде жүзеге асуда. Яғни, дауласушы жақтар татуласудың қандай болмасын жолын таңдау еркі заңды негіздерде толық қолдауға ие.

Аудандық соттың статистикалық мәліметтерін өткен жылдың он айымен салыстыра отырып алсақ, өткен жылы бұйрықтық өндірісті қоспай қаралған істерді санағандағы 178 істің 21-і та-туласумен аяқталған болса, яғни, 11,7 пайызы, ал биылғы жылы осы шамалас 173 істің 33-і бойынша татуластыққа қол жеткізіліпті. Яғни, өткен жылдың

осы мерзімімен салыстырғанда татула-су деректері едәуір көбейе түскен.

Төреліктің төресі бір соттың қо-лымен бітпейтінін, ол тек қана тарап-тардың сол татуластыққа келу пе йілімен және де іске қатысушылардың бірі бо-лып табылған жағдайда мемлекеттік органдардың түсіністікке келуімен де тікелей байланысты екеніне тоқталмай өтуге болмайды. Ағымдағы жылдың 10 айында жұбайлар арасындағы неке дауына қатысты 31 азаматтық іс қара-лып, аяқталса, оның ішінде 19 азамат-тық іс тараптардың татуластығымен ме-диация тәртібінде қысқартылған, яғни меже 61,2 пайызды құрап отыр. Бұл 19 отбасының ғұмыры сақталып қалды деген сөз. Ағымдағы жылдың 10 айын-да татуластықпен медиация тәртібінде және бітімгершілікпен тоқтатылған істердің санат көрсеткіші – жұбайлар арасындағы неке дауы – 19, жол-көлік оқиғасынан келген шығынды өндіру –

2, қолхат бойынша қарыз сомасын өн-діру – 1, сыйға тарту шартын бұзу – 1, сату және сатып алу келісімшарттарын жарамсыз деп тану – 1, жер дауы – 1, алимент өндіру – 8 істі құрап отыр.

Қазақстан Республикасының Жо-ғарғы Соты тарапынан ұсынылып оты-рған Жеті түйін бағдарламасының да негізгі салмағы осы ел дауының азаюын, халық бірлігінің арқасында баянды болашақ тұтқасына ие болуын қалайды. «Бірлігі бар елдің белін еш-кім сындырмас» деген дана жұртымыз үшін татулықтың төрі елдіктің жолы екенін, сот төрелігі ең алдымен дауға тап болғандардың мүддесін қалпына келтіруші төрелік екенін үнемі есте сақтауымыз қажет.

Нұртуған ТҰРЖАНОВ, Маңғыстау облысы Түпқараған

аудандық сотының төрағасы

Халықтың құқықтық сауаты өсті дегенді жиі айтамыз. Десек те, жұрт-шылықтың сол сауатын өз орнымен қолдануға ынтасы жетпей жататын кездер жеткілікті. Әсіресе, құқықтық саладағы жаңа бастамаларды қол-дауға, қолдануға ынта төмен. Со-ның бір мысалы ретінде алқабилер сотын алуға болады.

«Алқабилер туралы» заң Қазақ-станда 2006 жылдан бері қол-данылып келеді. Одан бөлек, Мем-лекет басшысының «100 нақты қадам» –Ұлт жоспарындағы 21-қа-дамда «Алқабилер соты қолданы-латын салаларды кеңейту. Заңды түрде алқабилер соты міндетті түр-де қатыстырылатын қылмыстық істердің категорияларын анықтау қажет» деген тапсырма бар. Яғни, халық өкілдерінің сотқа қатысып, төрелік алаңында өз ұстанымын қорғауына мемлекеттің өзі мүд-делілік танытып отыр. Осындай қолдаудың арқасында алқабилер қараған істер саны 2007 жылы 36 болса, 2013 жылы 189-ға дейін өскен. Әрине, бұл өте жақсы көр-сеткіш емес. Дегенмен, жыл өткен сайын өсім бары байқалады. Және біз мұнымен шектеліп қалмауымыз керек. Сондықтан, алқабилер инс-титутына қызығушылық тудыра-тын, олардың жұмысын белсенді қолдануға итермелейтін тетіктер қарастырылғаны жөн. Себебі, алқабилер – халық өкілі. Олар сот отырысына қатысу арқылы үшін-ші биліктің беймәлім тұстарына үңіліп, судьяның көзге көріне бер-

мейтін қыруар жұмысынан хабар-дар болады. Куәларды сұраудың, қос тарапты тыңдаудың, өтірік пен шындықтың ажыратудың қанша-лықты қиын екенін түсінеді. Заңды қолданудың ауыртпалығын сезі-неді. Мұның өзі сот беделін көте-руге жасалған нақты қадам.

Соңғы кезде алқабилердің көме-гіне жүгінуге айыптылардың көп ниет білдіре бермейтіні, бұған қоса, алқаби ретінде сот отырысына қа-тысуға қарапайым азаматтардың да белсенділік танытпайтыны бай-қалады. Сондықтан, айыпталушы-ларға істерді алқабилердің қаты-суымен қарау мүмкіндігін түсіндіру, прокурорлар мен адвокаттардың, сондай-ақ, алқабилікке кандидат-тардың кәсіби деңгейін арттыру қажет. Осы ретте алқабилердің өз құқықтары мен міндеттерін біліп қана қоймай, қолдана алуы, сон-дай-ақ, адам тағдырын шешудегі рөлі мен жауапкершілігін түсінуі ай-рықша маңызды. Ең бірінші, айыпты орындығына отырғандардың алқа-билер көмегіне жүгінбеуінің аста-рына үңілейік. Мұнда көзге көрініп тұратын ең басты себеп – халықтың әлі күнге алқабилер туралы білмеуі. Шын мәнінде бұл институт жайында азаматтар басына іс түскенде ғана біліп жатады. Ал, өзі жақсы түсін-бейтін алқабилерге кім өзінің тағды-рын таразылатқысы келеді дейсіз? Сондықтан, алқабилер қатысатын қылмыстық істердің категорияла-рын анықтап қана қоймай, оны түсіндірудің шеңберін де кеңейткен

жөн. Бұл істі ішкі істер, прокуратура, адвокатура, сот құрылымы бірлесе атқарғанда ғана жұмыс нәтижелі болмақ.

Екінші себеп, айыптылар алқа-билердің қатаң үкім шығаруынан, эмоцияның ырғағында кетуінен жасқанады. Сол себепті, олар істің халық өкілдерінің қатысуымен емес, бұрынғыдай сот отыры-сында қаралғанын тәуір көреді. Сондай-ақ, алқаби болуға ынта танытпайтындар да баршылық. Алқабилік еткендерге қаржы төле-нетінін, жұмыстан қалуына рұқсат берілетінін білмейтіндер де бар. Бұл да үнемі ескерілуі керек. Со-сын судьялар қауымы алқабилер тізімінің дұрыс жасалмайтынын да жиі айтады. Тізімді жаңартып, толықтырып отыруда да кемшілік кездеседі. Шақырылған азаматтар арасында бұрын сотты болғандар-дың кездесуі, тіпті, дүниеден өткен жандардың да қатарда жүруі сол кемшіліктің бір көрінісі. Әрине, мұндай кемшілікпен алқабилер со-тының отаны саналатын Англия да бетпе-бет келіп отыр. Бірақ, соған қарап бес жүз жылдық тарихы бар көне әділдік институты өз жұмысын тоқтатпайды. Бізге де дамыған ел-дер тәжірибесінен тағылым алып, төрелік алаңындағы тың жобаларды әрі қарай жетілдіре беру керек.

Нұргүл БАТЫРХАН,Алматы қаласы

Жетісу аудандық №2 сотының судьясы

Айтарым бар!

АҚИҚАТ АЛАҢЫ

Меже

Кәсіпкерлер жеңілдікке иеҚызылорда қалалық Әділет басқармасы Дүние­

жүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индикаторын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл кәсіпкерлер, мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін жасалады.

ҚР Үкіметі отырысының хаттамасымен Дүние­жүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индикаторының көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі шаралар жоспары бекітілген. Оған сәйкес, ҚР Әділет министрлігі төрт көрсеткіш бойынша жұ­мысты орындауға жауапты, атап айтқанда: «меншік құқығы», «әкімшілік реттеуді даулаудағы заңнаманың тиімділігі», «даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі» және «зияткерлік меншікті қорғау».

Қазақстанда кәсіпкерліктің еркіндігін қамтамасыз

ететін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік шарт­тар мен кепілдіктерді айқындау, кәсіпкерлік субъек­тілері мен мемлекеттің өзара іс­қимылына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеу үшін 2015 жылғы 29 қазанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан На­зарбаев 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген Кәсіпкерлік кодексіне қол қойды. Бұған дейін кәсіпкер­лік жұмысын реттейтін нормативтік­құқықтық актілер көп болды. Ал жаңа кодекске кәсіпкерліктің белсенді дамуына құқықтық жағдай жасайтын тетіктер толық топтастырылған.

Бұдан басқа, кәсіпкерлікке қатысты жағдайды тү­бегейлі жақсарту мақсатында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңы қабылданды. Оған сәйкес, кәсіпорындар құру процедурасы жеңілдетілді. Шағын және орта бизнес субъектілері заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мем лекеттік тіркеу және тіркеу үшін бюджетке алым

төлеуден босатылған. Шағын және орта бизнес субъ­ектілеріне жататын заңды тұлғаларды электрондық үкіметтің веб ­ порталы арқылы мемлекеттік тіркеу уақыты да өтініш берілген сәттен бастап бір жұмыс күніне дейін қысқартылды.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жоғарыда аталған веб­портал арқылы өзгерістер мен толықтыру­ларды тіркеу, сондай­ақ заңды тұлғаны тарату мүмкін­дігі пайда болды. Сондай­ақ, «Қазақстан Республика­сының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға сәйкес, заңды қызметін тоқтатуды тіркеу үшін әділет органдарына ұсынылатын құжаттар тізбесінен кедендік баждар, салықтар және кедендік алымдар бойынша берешектің жоқтығы туралы анықтама алынып тасталды.

Тағы да айта кететін мәселе, электронды үкіметтің www.egov.kz порталында шағын және орта бизнес

субъектілеріне кәсіпорынды тіркеген кезде бір мезгілде ҚҚС есебіне тұру, банктік шот ашу және қызметкерді жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыру келісім­шартын жасауға мүмкіндік беретін мемлекеттік қызмет жұмыс жасайды. Осылайша бизнесті электронды тір­кеу шығындарын оңтайландырып, процедуралар мен мерзімдерді айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік туды. Бұрын кәсіпкер ең алдымен заңды тұлғаны тіркеуі, шот ашу үшін банкке тіркегені туралы анықтаманы апаруы, кейін ҚҚС бойынша есепке қою үшін мемлекеттік кірістер органына, сондай­ақ, қызметкерді міндетті сақтандыру келісімшартын жасау үшін сақтандыру компаниясына баруы тиіс болған.

М.БИСЕМБАЕВ, Қызылорда қаласы Әділет басқармасының

басшысы, Қазақстан Заңгерлер одағының мүшесі

Page 7: «ХАН — ШАҢЫРАҚ, ХАЛЫҚ — УЫҚ»zanmedia.kz/wp-content/uploads/2018/11/Zan93.pdf · zangazet@mail.ru (Соңы 2-бетте) Қоғамдық-саяси, құқықтық

№93 (3118) 30 қараша 2018

[email protected] 7

ТАРАТУ

Алматы қаласы Тел.: 8(727) 292-29-27, 292-40-89, факс: 8 (727) 292-29-92

E-mail: [email protected]

Астана қаласы Абай көшесі, 78, 105-кеңсе.Тел.: 8 (7172) 52-02-11

ЖАРНАМА БӨЛІМІ:

«ЮрСлужба» ЖШС, Көкшетау қ., М.Горь-кий көшесі, 37, 107-бөлме. Тел.: 8 (7162) 25-77-17.

«Версия-Пресс» ЖШС, Павлодар қ., Естай көшесі 40. Тел.: 8 (7182) 32-47-67, 32-49-04

«Айди» ЖШС, Қарағанды қ., Жамбыл кө-шесі, 11. Тел.: 8 (7112) 42-00-71.

Қалиасқаров Нұрлан Нұрғисынұлы ЖК, Петропавл қ., К.Сүтішов көшесі, 58, 30-бөлме, 3-қабат.Тел.: 8 (7152) 46-02-57, ұялы тел.: 8 (777) 572-29-91, 8 (701) 315-54-59.

ЖАРНАМА ҚАБЫЛДАЙТЫН ОРЫНДАР:

Михеева Ольга Станиславовна ЖК, Қос-танай қ., Гоголь көшесі, 110, ВП 67 (Чехов- Гоголь көш. қиылысы), Тел.: 8-714-2-50-97-07, ұялы тел.: 8-7758847211, 8-7053506918.

«Озат-1» ЖШС, Ақтөбе қ., Алтынсарин көшесі 31. Тел.: 8 (7132) 40-41-05, ұялы тел.: 87774348344 және Ақтау қаласы.

ИП «SAPA KZ» Атырау қаласы, ұялы тел.: 87781063779, e-maіl:zan-at@maіl.ru.

Ершова Людмила ЖК, Шымкент қ., Жел-тоқсан көшесі, 20 б.

«Назар-1 фирмасы» ЖШС («РУТА» ЖА), директоры Кривилова Татьяна Ивановна. Шымкент қ., Г.Иляев көшесі, 47 (Шаймер-денов к. бұрышы) RBK банктің жанында, Тел.: 8 (7252) 53-40-48. WhatsApp : +7-705-705-31-31. E-maіl: nazar.reklama@gmaіl.com

«Юридическая фирма «Консультант» ЖШС Орал қ., Л.Толстой көшесі, 28. Тел.: 8 (7112) 50-88-05.

«Реклама» ЖШС, Орал қ., Достық-Дружба даңғылы, 182. Тел.: 8 (7112) 50-47-34.

ИП «Сагидоллина Б.», 1 Теміржол вокза-лы, Р.Зорге көшесі 8, «Лина» шаштаразы. ardawka_94@maіl.ru, Тел: 87058762218.

«Компания Жете» ЖШС, Талдықорған қ., ш/а, Молодежный 3-үй, 1-п. Тел.: 8(7282) 24-29-66, 87058147221.

ЖК Гавриленко И.И., Қостанай қ.,пр. әл-Фараби 119-үй, 407-А бөлме. Тел/факс: 8 (7142) 53-63-21.

«Жас Отау» ЖК Қыдырбаева Н.Н. Қызыл-орда қ., Әйтеке би көшесі, 27. Тел.: 26-45-89, ұялы тел: 8 (777)402-28-28; 8 (700) 332-24-78

ЖК Тажибаева, Тараз қаласы, Қойкел-ді көшесі 158 а, ХҚО аумағы. Ұялы тел.: 87017268772, 87054422939.

ИП Новоселова, Петропавл қаласы, Қа-зақстан Конституциясы көшесі, 28-үй, 1-қа-бат. Тел.: (87152) 46-74-77.

«Версаль Бизнес», Атырау қаласы, Сырым Датов көшесі, 35-үй, «Сырым Тобе» БО, 102-бөлме. Тел.: 32-14-29, 30-65-24, ұялы тел.: 8701 920 45 38.

ЖК «Выдай», Өскемен қаласы, 60. Тел.: 8(7232) 578414, ұялы тел.: 87772256506.

ЖК «KAIROS», Алматы қ., Жібек жолы көшесі, 55, Алма сауда орталығы, 4-қабат, 419в-бөлім, 426-нүкте. Тел.: 2714939, ұялы тел.: 8707-705-9222 Emaіl:kaldybayeva@maіl.ru.

Көзқарас

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мемлекеттілік негізін қалады, елімізді дүниежүзіне танытты және де әлеуметтік-эко-номикалық дамуға қол жеткізді. Ішкі және сыртқы саясатты саралап отырған Елбасы биік парасат-пайы-мымен, ерекше іскерлігімен әлемдік мінберлерде абыройға ие болып, Қазақстанды күллі әлемге танытты. Ғалам мойындаған жаңа елорда – Астана салынып, тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді. Сондай-ақ, мемлекеттік рәміздеріміз бен Ата Заңымыз паш етілді.

Отанымыздың өркендеуіне, эко-номиканың қарыштап алға басуына және дамыған 30 елдің қатарына енуіне нақты бағыт-бағдар беретін Елбасымыздың жыл сайынғы ха-лыққа Жолдаулары береке-бірлі-гіміздің, тіршілік-тынысымыздың бастауындай құнды құжаттарға айналды. Еліміздің қарыштап да-муы ұзақ мерзімді жоспарланған «Қазақстан-2030» және «Қазақ-стан-2050» стратегияларынан бастау алады.

Халықаралық көрмелер бюро-сының Бас Ассамблеясында «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесін өткізу

мәртебесін жеңіп алуы да Қазақстан халқын біртұтас мемлекет ретінде тарих көшімен алға жетелеген Елба-сының жеңісі.

Президент басшылығымен елі-міздің сот жүйесінде де үлкен рефор-малар жүргізілуде. Соның арқасында сот жұмысы әлемдік стандарттарға сай қалыптасып келеді десек, қате-леспейміз. Қазірде республика бо-йынша барлық соттар онлайн жүй-е с і а р қ ы л ы б е й н е б а й л а н ы с қ а еркін шығып, бір сотпен екінші сот қарым-қатынас жасай алады.

Осы ретте, Ақтөбе облысының соттарында да «Түнгі сот» пилоттық жобасын іске асыру аясында жұмы-стар атқарылып жатыр. Мысалы, соттарда жол-көлік оқиғалары бо-йынша кейінге қалдыруға болмай-тын әкімшілік құқықбұзушылық тура-лы істерді түнгі мезгілде қарау жолға қойылған.

Республика бойынша соттағы тағы бір жаңалық ретінде «Виртуал-ды сот», «SMART сот» жобалары ая-сындағы іс-шаралар қолға алынды. Бұл жобалар сот төрелігіне кедергісіз әрі қолайлы қол жеткізуді қамтама-сыз етуге бағытталған. Жобаны енгізу соттағы созбалаңды болдырмауға және соттардың жұмысын жеңілде-

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң қабылдаудан, мемлекеттік бағдарлама-лар жасаудан, стратегиялық құжаттар түзуден кенде болып жатқан жоқпыз. Жегіқұртпен күресетін арнайы құзырлы орган да бар. Одан бөлек, әрбір мем-лекеттік мекемеде жемқорлыққа қарсы жоспарлы жұмыстар тұрақты түрде жүр-гізіледі. Бұдан бөлек, сыбайластықтың тамырына балта шабу үшін мемлекеттен арнайы қаржы бөлініп, жағымсыз дерек-терді жасырып қалмай, жемқорлыққа қатысты ақпарат ұсынғандарды ынта-ландыру тетіктері де қарастырылған бо-латын. Осының барлығы мемлекетіміздің сыбайластықтан арылуға мүдделі екенін, жемқорлықты жоюға белесене кіріскенін көрсетеді.

Әлемде сыбайлас жемқорлықты жеңген елдер бар. Яғни, бүгінгі жемқор-лық көріністеріне қарап, дәрменсіздік

танытуға, қолды сілтеуге болмайды. Керісінше, біз Сингапур, Нидерланды-ның үлгісін үйреніп, жемқорлықсыз ел болуға ұмтылуға тиіспіз. Соған орай бү-гінде мемлекеттік қызметкерлердің жал-ақысы көтеріліп, халыққа көрсетілетін қызметтің дені электрондық форматқа ауыстырылып жатыр. Әрине, айлықтың жоғарылығы, жазаның қатаңдығы жемқорларға шектеу бола алмайтынын тәжірибенің өзі көрсетті. Сондықтан, әуелі халықтың санасын өзгертуге күш салған жөн. Сана өзгермей тұрып, сы-байластық жойылады деу қате.

Анел ӨМІРЗАҚ,Алматы қаласы Әділет

департаменті құқықтық түсіндіру жұмыстары және халыққа

заң көмегін көрсету басқармасының инспекторы

Жегіқұрт

Елбасы қамқорлығы ерекше жауапкершілік

жүктейді

Сана өзгермей, сыбайластық жойылмайды

Қазақстан Республикасы Әскери сотының ұжымы Қызылорда об-лыстық сотының төрағасы Қамбар Жұмабайұлы Нұрышевқа анасы

Дәметкен БИСЕНОВАНЫҢқайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

ӘРТҮРЛІ

5. «Әсел-7» ЖШС, БСН: 030340007825, өзінің таратылатынын ха-барлайды. Талап-шағымдар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап екі ай мерзім ішінде мына мекенжайда қабылданады: Қа-зақстан Республикасы, Түркістан облысы, Шардара ауданы, Ақшең-гелді ауылдық округі, Ақалтын ауылы.

14. Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің № 6047 санды 2016 жылғы 19 тамыздағы қаулысына сәйкес. Қалалық білім бөлімінің «Иіркөл» бастауыш мектебі коммуналдық мемлекеттік ме-кемесінің Ережесі. Тасбөгет кенті Иіркөл елді мекенінде орналасқан жер учаскесі кадастрлық нөмері: 10-156-065-050 жер актісі. Қалалық білім бөлімінің «Иіркөл» бастауыш мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі (БСН 001240010204) – өзінің таратылатындығы туралы ха-барлайды. Талап-шағымдар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 2 (екі) ай мерзім ішінде мына мекенжайда қабылданады: Қа-зақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қ., Иіркөл а.о. без названия көшесі, үй н/з.

19. «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислам діни бірлестігінің филиалы «Сымтас» мешіті өзінің таратылаты-ны туралы хабарлайды. Талаптар хабарландыру жарияланған күннен бастап екі ай мерзім ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады: ҚР, 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Шолақсор а., Целин-ная к., 36-үй; ҚР, 050016, Алматы қ., Пушкин к., 12-үй.

20. ШЖҚ «Шиелі су құбарлары» КМК-ны өзінің таратылатындығын хабарлайды. Талап-шағымдар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 2 ай мерзім ішінде мына мекенжайда қабылданады: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, И.Әбдікәрімов көшесі, №11.

2. «СУ-808» ЖШС-не қатысты Солтүстік Қазақстан облысы маман-дандырылған ауданаралық экономикалық сотымен оңалту туралы іc қозғалды.

3. Алматы қаласы атқарушылық округінің жеке сот орындаушысы Мурадов Руслан Гасанович өз қызметінің басталғаны туралы хабарлайды. Лицензиясының № 4580, 2018 жылы 3 сәуірде берілген. Жұмыс уақыты: сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін. Түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін. Азаматтарды қабылдау сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 16:00-ден 17:00- ге дейін. Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Мақатаев көшесі, 117, «Lotos» БO, «А» корпусы, 5-ші қабат, 518-кеңсе. Телефон: +7 777 234 34 35, 8 (727) 346-80-67.

4. «Украинская Агро Техника» ЖШС (БСН 131240024121) барлық қызығушылық білдіруші заңды және жеке тұлғаларға Серіктестік жарғы капиталының 31 000 000 теңгеден 15 500 000 теңгеге дейін азайғандығы туралы хабарлайды. Талаптар хабарландыру жария-ланған күннен бастап бір айлық мерзім ішінде мына мекенжай бойын-ша қабылданады: Ақмола облысы, Көкшетау қ., Уәлиханов к., 197-үй, пошта индексі 020000, тел.: 87017058795, 87071104060.

6. «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» МҚҰ» ЖШС (БСН 140940027214) заңды және нақты мекенжайын «ҚР, Қызылорда облы-сы, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 28 үй»-нен «ҚР, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, 42 үй»-не өзгертті.

7. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 2018 жылғы 16 қарашада MS Office Standart-қа лицензияны сатып алу бойынша Астана қ., Иманов көшесі, 11 мекенжайы бойынша өткізілген тендер қорытындысының өткізілмегендігін жариялайды.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8 (7172) 55-99-79 телефоны бойынша алуға болады.

8. Тендер өткізу тәсілімен сатып алуларды жүзеге асыру туралы хабар-ландыру

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Иманов көшесі, 11, электрондық мекенжайы: [email protected] «Автоматты газды өрт сөндіру жүйесін орнату» сатып алу жөніндегі тендерді өткізу туралы хабарлайды.

Сатып алынатын тауардың толық тізбесі, олардың саны мен толық сипат-тамасы тендерлік құжаттамада көрсетілген.

Тауар жеткізудің талап етілетін мерзімі: 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін.

Тендерге тендерлік құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті қызметті жеткізушілер жіберіледі.

Тендерлік құжаттама көшірмесінің пакетін 2018 жылғы 30 қарашадан бастап келесі мекенжай бойынша алуға болады: 010000, Астана қ., Иманов көшесі, 11, «Нұрсәулет-1» БО, № 511-кабинет және келесі интернет-ресурс бойынша: www.tender.kazagro.kz.

Тендерге қатысу үшін электрондық құжат нысанындағы тендерлік өтінім-дер www.tender.kazagro.kz Қоғамның интернет-ресурсында әлеуетті қызмет-ті жеткізушілерімен ұсынылады.

Тендерге қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2018 жылғы 19 желтоқсан сағат 10:30-ға дейін.

Тендерге қатысу үшін өтінімдер 2018 жылғы 19 желтоқсанда сағат 10:30-да келесі интернет-ресурс бойынша автоматты түрде ашылады www.tender.kazagro.kz.

Тендерге қатысу үшін тендерлік құжаттаманың көшірмесін алған кезде әлеуетті қызмет көрсетуші өкілінің қолында сенімхат болуы тиіс.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы келесі телефон бойынша алуға бола-ды: 8 (7172) 559-979 – Н.К.Кохаев.

10. Қарағанды облысы МАЭС-ның 2018 жылғы 22 қарашадағы ұйға-рымымен «Каруглесбыт» ЖШС-ін, БСН 981040000619, оңалту туралы өндіріс қозғалды. Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға ха-барласуға болады: Қарағанды қ., Октябрь ауданы, 102 есеп кварталы, 17-құрылым.

11. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ (орналасқан орны: Қазақстан Республи-касы, Петропавл қ., Жамбыл к., 215, 10660-1948-АО мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік, БСН 990140000186) кредиторларға, жұрт-шылыққа және акционерлерге Банк ВТБ АҚ ЕБ (Қазақстан), VTB Bank Europe (SE) және VTB Capital plc (Англия) кепілдіктер ұсыну бойынша ірі мәміле жасалғаны туралы хабарлайды.

12. «Ақмола электржелілік үлестіру компаниясы» АҚ (орналасқан жері: Қа-зақстан Рсспубликасы, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылы. Подстанция Жамбыл көшесі, құрылыс 1 А, «Аl Нilаl» Ислам банкі» АҚ ЖСК KZ692460000000001596, БСК HLALKZKZ, БСН 010240000404) ВТБ Банкі АҚ ЕҰ (Қа-зақстан), VTB Bank Europe (SE) және VTB Capital plc (Англия) кепілдік беру жөнінде ірі мәміле жасағаны туралы кредиторларды, қоғамдастықты және акционерлерді хабардар етеді.

15. ЖК Ф.А.О.Гусейновке ЖСН 580402300222, тиесілі: жоғалған бақылау-кассалық аппараты Samsung ER-250RF, зауыттық №980400302, 2005 ж.ш., ЭКР 3102Ф, зауыттық №7144821, 2002 ж.ш., тауарлық чектер кітабы, қолмақол ақша есебін жүргізу кітаптары, тіркеу карточкалары, ККМ паспорты жарамсыз деп танылсын.

16. Астрахан ауданының «Білім бөлімі» ММ және Астрахан ауданының «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ өз ұй-ымдарын қосу арқылы Астрахан ауданы «Білім бөлімі, дене шы-нықтыру және спорт бөлімі» ММ қайта ұйымдастырылатынын хабарлайды. Талап-шағымдар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап екі ай ішінде мекенжай бойынша қабылданады: Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Астрахан а., Әл-Фараби к., 50, жұмыс телефоны 8 (71641) 2-21-38, 2-23-38, 2-36-94.

17. «Орталық-Азия отын-энергетика компаниясы» АҚ, VTB Bank (Europe) SE және Банк (Қазақстан) ЕБ АҚ арасында қарыз алу туралы ірі келісім жасалғаны туралы хабарлайды.

18. Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы, 140000, Павлодар қаласы, Иса Бай-зақов көшесі, 151/2, анықтама үшін телефон (87182) 65-38-82, (факс) 67-52-07, Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Павлодар қаласының №3 емханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Байқау кеңесінің мүшелеріне конкурс жариялайды. Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 140013. Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Украинская көшесі, 38/2 үй, телефон 64-44-50. Кәсіпорын қызметінің мәні: белгіленген тәртіппен берілген және бекітілген медициналық қызмет түрлерімен Павлодар қаласының тұрғындарына білікті көмек көрсету болып табылады; Кәсіпорын қызметінің мақсаты – халыққа алғашқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсету, халықтың денсаулығын қорғау бағдарламаларын орындау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар 1) денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық бейіні бойынша кемінде 5 жыл жұмыс тәжіри-бесінің болуы; 2) денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның бейіні және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) басшы лауазымдағы құқық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы; 3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелік. Мына тұлғалар конкурсқа қатыса алмайды: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар; 2) осы заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабыл-данғанға дейін бір жылдан астам заңды тұлғаның басшысы болып табылатын; 3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған; 4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорынның басшысымен жақын туыстық және сипат қатынастарындағы.

Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар үшін құжаттарды қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарланды-ру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: конкурсқа қатысу туралы өтініш; мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме; еркін нысанда жазылған өмірбаян; жоғары білімі туралы құжаттардың көшірмелері, үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; еңбек кітапшасының (ол болған жағдайда) немесе соңғы жұмыс орнынан еңбек шартының көшірмесі, Қазақстан Республи-касы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылықтың және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың бол-мауын растайтын құжаттар. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби дайындық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсыныстар және т.б.) бере алады. Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылда-нады: Павлодар қаласы, Иса-Байзақов көшесі, 151/2, Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы, тел.65-38-82, облыстық денсаулық сақтау басқармасының персоналды басқару және ұйымдастыру жұмысы бөлімі, № 305 кабинет мекенжайы бойынша бұқаралық ақпарат құралда-рында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қабылданады және хабарландыру жарияланған соң аяқталады. Конкурс Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасында мына мекенжайда өтеді: Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі, 151/2, 4-қабат, конференц-залында, конкурс өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткеннен кейін болады.

13. Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданара-лық экономикалық сотымен «ХПП «ТНС-Экспорт» ЖШС-не қатысты оңалту рәсімін қолдану жөнінде азаматтық іс қозғалған.

ЕЛІМІЗ ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТ РЕТІНДЕ ӨЗ ТАРИХЫН-ДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИ-ДЕНТІ КҮНІН БЕЛГІЛЕДІ.

туге ықпал етеді. Бұл жаңалықтар объективті себептерге байланысты сот отырысына келе алмайтын аза-маттар үшін ерекше маңызды рөл атқаратынын айта кету керек.

Қазіргі таңда ҚР Жоғарғы Соты-ның төрағасы Жақып Асановтың «Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасы шеңберінде пилоттық жобалар-ды іске асыру мақсатында Шалқар аудандық сотында «SMART сот» арқылы сот отырыстары өткізіліп келеді.

Қазақстан бүгінде іргесі берік, ынтымағы жарасқан, экономикасы қуатты, саяси жүйесі сараланған, өз жолы мен болашағын айқындаған, әлемдік қауымдастық алдында бе-делі биік мемлекет. Елбасының жыл сайынғы Жолдаулары әрбір қа-зақстандыққа үлкен әрі тың серпін беріп, ертеңгі күнге деген сенім ұяла-тып, мемлекетімізге адал еңбек етуге құлшынысымызды арттырары сөзсіз.

Ендеше, Елбасының қамқор-лығын сезінген судьялар мен сот қызметкерлері де жаңаша бағытта жұмыс жасап, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауда сапалы еңбегімен және әділ шешімдерімен халық кұрметіне бөлене беретін бо-лады.

Раушангүл АЙТМАГАНБЕТОВА,

Шалқар аудандық сотының жетекші маманыАҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

Page 8: «ХАН — ШАҢЫРАҚ, ХАЛЫҚ — УЫҚ»zanmedia.kz/wp-content/uploads/2018/11/Zan93.pdf · zangazet@mail.ru (Соңы 2-бетте) Қоғамдық-саяси, құқықтық

8 №93 (3118) 30 қараша 2018

[email protected]

– Ақшасы көп байларды қашан жазалап едіңіздер? Әлсіз, кедей қара халыққа ғана шамаларыңыз жетеді. Сот сараптамалық экспертизаның өзін де ақшаға өзгертіп, көк қағазбен жалғыз куәгерді сатып алған болатын. Сот алқасының өзі де қомағай болса, баланың сөзіне кім сенсін?

– Сараптама қорытындысы істі 180%-ға бұрды. Көпке топырақ шашпа! Сабаңа түс! Әділеттілік үшін қалай жан аямай еңбек етіп жатқанымызды сен білмейсің. Одан да маған мынаны айт, әкең сатып алған жалғыз куәгер жоғарыда аталған таксист. Бұл жай ғана сәйкестік пе әлде алдын ала ұйымдастырылған кісі өлімі ме?

– «Не деп тұрсыз? Оның Самат екенін де білмедім. Жолда көлік бұзылған соң кетіп қалдым. Ары қарай оған не болғанын мен қайдан білемін? Салғырт жұмыс істейсіз-дер. Барлық қылмыстарды мойныма іліп, тағы да темір торға қамап тастағыларыңыз

ҚЫЛМЫС ПЕН ЖАЗА

Редакторлар кеңесінің төрағасы – президентДосымбек ӨТЕҒАЛИЕВ

РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ: 050012, Алматы қаласы, Х.Досмұхамедұлы көшесi (бұрынғы Мичурин), 68 «б»-үй.Қабылдау бөлмесi: 292-43-43; 292-79-61 (факс); Астана қаласы, Абай көшесі, 78, 105-кеңсефакс: 8 (7172) 52-02-11E-mail: [email protected]«Заң газеті» аптасына 2 рет – сейсенбі, жұма күндері жарық көреді.

Жеке таралым 5594 данаАпталық таралым 11188 дана

Тапсырыс №184 Индекс 65921

Газет Қазақстан Республикасы бойынша таралады

Газетіміздің электронды нұсқасын Zanmedia.kz сайтынан оқи аласыздар.

Газет бетiндегi жарияланым дардың пози циясы мен фактi лерi үшiн редакция жауап бермейдi.

Жарнама мен хабарландырулардың маз мұнына жарнама берушi жауап ты. Жарнама берушi нiң жiберген қа телiгiне байланысты та-лап-тiлектер хабарландыру жарияланған күн нен бастап екi ай мерзiм iшiнде қа былданады.

Газеттi есепке қою туралы №16297-Г куәлiктi 2017 жылғы 12 қаңтар-да Қазақстан Респуб лика сының Мәде ниет және ақпарат министрлiгi берген.

Газеттiң терiмi мен бет қаттау жұ мыс тары «Заң» Медиа-корпорация» ЖШС компьютерлiк орта лығында жа салды. Алматы облысы, Iле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Сейфуллин кө шесi, 2«б», «Принт плюс» ЖШС баспаханасында басылып шығарылды. Тел.: факс. 8 (727) 51-78-27, 8 (727) 51-78-31

Меншiк иесi: «ЗАҢ» МЕДИА-КОРПОРА ЦИЯ»

ЖАУАПКЕРШIЛIГI ШЕКТЕУЛI СЕРIКТЕСТIГI

Бас редакторАйнұр СЕМБАЕВА

Бас редактордың орынбасарыСәкен ҚАЛДЫБАЕВ

Нөмiрдiң кезекшi редакторыТүймегүл ИБАШЕВА

Астана Айша Құрманғали 8 707 851 91 13.

Алматы Нұрбол Әлдібаев 8 701 357 66 84.

Атырау Құралай Қуатова 8 701 678 9077.

Ақмола Қалкөз Жүсiп 8 701 300 14 74.

Түркістан Шадияр облысы Мекен бай ұлы 8 775 733 56 65.

МЕНШIКТI ТIЛШIЛЕР:

Байқауға!!!

«А.қаласының солтүстік-батысында 500 шақырым жерде кішкентай ғана ауыл бар. Әкемнің үлкен ағасы сол жерде тұрады. Көптен көріспеген туыстарымның үйіне қарай асығыс бет алып, түнделетіп жолға шықтым. Қырсық шалғанда такси бұзылып, жарты жолды жаяу жүруге тура келді. Жол-мен жүрсем, таң ата бір-ақ жететінім сөзсіз. Сондықтан, таудың етегіндегі кішігірім ор-манды кесіп өтпек болдым.

Тас қараңғы. Тым болмағанда айдың жарығы болса, көз алдымда не тұрғанын ажырата алар едім. Алайда қасарысқанда аспанды бұлт торлап, ауа дымқылданып, даланы түгел қалың тұман басқан. Мүлгіген тыныштық одан бетер үрейімді қашырып барады. Тек жүрегімнің соғысын ғана естіп келемін. Әлде, таксиде қала бергенім дұрыс па еді?! Бірақ, әлгі кісінің тесіле қа-расы мына тоғайдың кескін-кейпінен де қорқынышты. Көліктен түсіп, қасынан тез-детіп кетуге тырыстым. Енді қараңғы түнде орманда жалғызбын. Кенет тұла бойымды белгісіз бір сезім билеп кетті: артымнан біреу аңдып тұрғандай. Жанымды шүбе-рекке түйіп, бұрылып қарап едім, ешкім жоқ екен. Соған қарамастан бұл жайсыз сезім бір тыным бермеді. Қараңғылыққа да көзім үйрене бастаған шақта жан-жағымдағы ағаштардан, қанша қарасаң да айырып болмайтын қара түске боялған түсініксіз нәрселерден қорыққаннан жүре-гім жарылып кетердей күй кештім. Үрейімді қашырып дәл алдымда екі көз жарқ ете қалды. Сөйтсем, жапалақ екен. Өзімнің орынсыз қорқынышыма өзім дауыстап күліп жібергенім сол еді, жақын маңнан қасқырдың ұлыған дауысы шықты. Ұлыған сайын маған жақындап келе жатқандай. «Құдайым-ау, ит-құсқа жем болатын бол-дым ба?» деп алды-артыма қарамай жүгіре жөнелдім. Талай мәрте құлап сүрінгенім-мен қоса оң аяғымның сіңірі тартылып, ақсаңдап қалғаным тағы бар. Қанша жүр-генім есімде жоқ. Әйтеуір, ентігіп тоқтаған сәтте сарғайып жерге түскен жапырақтарды басып келе жатқан аяқтың дыбысы естілді. Бұл қасқыр не Әзірейіл болды-ау шамасы. Әлде...

Жеті қараңғы түнде рұқсатсыз аяқ бас-қан адамды тірідей қоя бермес орманның да өз иесі бар ма екен? Шошынғаннан буын-буындарым қалтырап, аязда қалған торғайдай дір-дір етіп тұрдым да қалдым. Дыбыс шыққан жаққа «Кімсің? Адамсың ба, хайуансың ба әлде өлім періштесінің өзісің бе?» деп айғайладым. Оным, адам болса, жауап беріп, жүрегім орнығар деген ой. Бірақ, үнсіздік орнықты. Тыныштық тек жыртқыштың шабуыл жасар алдында орнайды да, жемтігін күтпеген жерден бас салатыны бар. Қасқыр болса, қазір атылып, үстіме секірер деп неге болсын өзімді дайындап тұрғанмын. Көзімді тарс жұмып алып, екі қолымды басыма қойып отыра кеттім. Барған сайын жақындап келе жатқан сияқты... Жан дауысымды салып айғайлағаныммен, кім естиді? Кім көмек-ке келеді? Бәлкім, жын-перілер шығар, жалғыз адамды айналшақтап жүрген? «О, Алла, сақтай гөр... сақта!» деп Жаратушыға жалбарындым. Құдайдың атын ести сала, ол аса қатты жылдамдықпен мені айнал-шықтап жүгірді. Қасқыр болса, бірден бас салар еді ғой. Ал мынау, тіпті, адамға да тән емес дауыстар шығарып, тоқтаусыз жүгіріп жүр. «Бисмилләһ» деп айтуға қанша тал-пынсам да, тілім байланып, ырқыма көнер емес. Құлағым шыңылдап, жүрегім дүр-сілдеп, денем қалш-қалш етеді. Таңсәріде көретін қорқынышты түс сияқты, – бірақ, қашан оянарым белгісіз. Жоқ, түстің сон-шалықты шынайы болуы мүмкін емес. Мен, шынымен, ай дала, қара орман ара-сындамын. Ауыл тұрғындарының неге осы орманнан іргесін аулақ ұстайтындары енді белгілі болды. Адамдардың емес, жын-дар мекені екен ғой. Шыдамадым білем, осылай жалғаса берсе, есімнен адасып кететінім анық. «Жетер!» деп жан даусым-мен айғайлап жібердім. Кенет тағы да ты-ныштық орнап қалғандай, бәрі жым-жырт. Жапалақтың дауысы мен желдің гуілі ғана естіледі. Орманнан тірі шыға алмаймын-ау шамасы. Адам яки жын болсын, дәл қасы-ма келгенін сездім.

– «Қасқыр да, Әзірейіл де емеспін. Сонша жан ұшырып айғайлағаның не? Қане, тұр орныңнан!» – деген сөзді естіп, басымды көтерсем, жас жігіт қолын созып тұр екен.

Қайдан және не үшін түнде жалғыз жүр-генімді қанша сұраса да, алғашында тілім байланып жауап бере алмадым. Әбден шошынып қалған болар деп ол да мені көп мазаламады. Шидей арық болғанымен, түрі сұсты, көзі өткір, тарам-тарам тілінген қолдарының саусақтары епті әрі ұзын екен. Әсіресе, жанары жәй адамның емес, талай

жандарды азаптап өлтірген қанішердің көздеріндей. Жындардың адам кейпінде көзге көрінуі мүмкін деуші еді. Бәлкім, бұл жын-пері шығар? Неде болса, жол бойы аңдыған осы деп ой түйдім. Сұстана қарап келе жатқанымды байқап:

– «Бикеш, менен неге сонша қорқып келесің? Мен адамның етін жемеймін. Ба-рар бағытымыз бір сияқты. Оның үстіне, ер азамат ретінде сені шығарып салуға тиіспін. Түнде неге жалғыз жүрсің? Енді сұрағыма жауап беретін шығарсың?..» , – деді.

Мен үндемедім. Бейне бір тарпа бас салып, қойдай бауыздап тастайтындай қорқып келемін. Соны сезсе керек.

– Жақын маңда зират бар. Әруақтардан қорықпайсың ба?– деген сұрағы күдігімді дәлелдей түскендей.

– Өлгендерден емес, тірілерден қорқу керек.

– «Дұрыс айтасың» – деп қарқыл-

дап күлді. Жапалақтың дауысын естіп, оң жағыма бұрыла бергенім сол еді, әлгі адам ғайып болды. Алды-артыма түгел қарадым, – таппадым. Адам ба әлде әруақ па? Күтпеген жерден тағы шыға келе ме деп зәрем ұшты. Қасқыр тағы ұлып жатыр. Ол да артымнан келе жатқан болуы керек. Кенет жоқ жерден қайта пайда болған әлгі ер адам мойнымнан шап беріп ұстап алды да қылғындыра бастады.

Жан беру оңай ма?! Барынша қасары-сып, әлім жеткенше жұдырықпен соғып жатқанда, аяғым тайып, жерге құлап кет-тім. Әйел адам қанша дегенмен әлсіз жа-ратылыс қой. Менің жұдырығым оған еш дарымады, білем. Сонда да, әрекет етіп, өмір үшін күресіп, жан бермеудің амалын жасап бақтым. Ал оның қолдары барған сайын мойнымды қыса түсуде, тіпті, мені қинағаннан жаны рахаттанып жатқандай. Қанға толып кеткен екі көзінен ӨЛІМДІ көрдім. Буындарым босап, бойымнан әл кетіп бара жатқан сәтте қолыма бір үлкен тас ілікті. Басынан 2-3 рет соғып жібердім де қашып құтылдым. Міне, осылай, тергеу-ші мырза. Заң бойынша бұл өзін-өзі қорғау деп аталады.»

– Сен дәл бір проза жазып отырғандай баяндайды екенсің. Ұзақ ойластырған шығарсың? Жазған туындыларыңның біразын оқыдым. Әрине, керемет деп айта алмаймын. Қан, қылмыс, өлім туралы әң-гімелер аса көп оқылмайды. Халық жақсы аяқталатын дүниелерді жақсы көреді. Бірақ, мені бір таңқалдырғаны «Қара тү-нек» әңгімесінде бүлдіршін қыздың көз алдында туған әкесі 8 айлық шаранасын көтеріп жүрген әйелін қалай өлтіргені суреттеледі. Бәлкім, бұл сенің тағдырыңа ұқсас бойжеткеннің бастан кешкені не өз басыңнан өткен қайғылы жағдай, солай ма? Және ең қызығы кейіпкерің де дәл сен сияқты сотта ақталып шыққан әкесін ұй-ықтап жатқанында бауыздап тастаған. Бұл жәй ұқсастық дегенге кім сенеді, Қарагүл? Сені осылай атайын. Қылмыс әлеміндегі есімің осындай емес пе еді?!

– Қайдағы Қарагүл? Мені ол қанішер қызбен шатастырмаңыз! Айттым ғой сіз-дерге мен оны әдейі өлтірген жоқпын. Неге сенбейсіздер? Балалар калониясында отыр ғаным рас. Иә, мен қылмыс істедім және оны мойныммен көтердім. Әкем де солай істеуге тиісті еді, алайда, сіздер оны босатып жібердіңіздер. Қылмыскерді бо-сатқан адамның өзі де қылмыскер.

– Оның рас, темір торға отырғыза алма-дық оны. Куәгерлер жетіспеді.

келеді»,– деп София ашуға булығып, ай-ғайлап жіберді.

– «Таксисті жолда өлтіріп тастадың! Қалай болғанын да баяндап бере аламын. 3 күн бойы құрбандығыңды аңдып жүрдің. Кешкі астан кейін азамат Елеусінов үйінен шығып кеткенде, алдымен, екі баласы мен әйелін өлтіріп, күнделікті көлігімен такси қызметін ұсынып тұратын Қ. көшесінің қиылысына барып оны күттің. Содан кейін қаладан шалғай ауылға апарып салуды өтініп, орман қасына жақындай берген-деріңде, қалтаңнан пышағыңды шыға-рып, тамағын орып жібердің. Болжамым бойынша, марқұмды отбасындағы болған қайғылы жағдайды телефоннан естігеннен кейін өлтірдің. Менің тартқан азабым-ды сен де көр деген ойдан туса керек. Бұнымен қоса, көлігі бұзылып, сирек те болсын жолай өтіп жатқан машиналарды тоқтатып әуре-сарсанға түскен Айдар Жа-рылғасұлы күтпеген жерден қылмысқа куә-гер болып қалған-ды. Сондықтан, артынан орманға қуып бардың да таспен ұрып өлтірдің. Қолыңда суық қару бола тұра, неге таспен ұрдың? Демек, араларыңда біраз айқас болған. Сол кезде қолыңнан пышақ жерге ұшып түседі: қайтадан алуға қолың жетпейді. Бәрібір уақыты таусылса керек, құрбандығың үлкен тасқа шалынып құлайды да қатты екпінмен ағашқа басын соғады, сол есеңгіреген күйінде саған қарсыласуға шамасы келмейді. Оқиға орнына барып, басының мылжа-мылжа-сы шығып жатқан жәбірленушінің денесін өз көзіммен көрдім. Адамды өлтіру үшін бір-екі рет таспен ұрсаң жетіп жатыр. Сен болсаң, соққылай беріп, миын жан-жаққа шашып тастағансың. Артынан таксистті өлтірді деген кінәні арқалату үшін қолына Саматты бауыздаған пышақты ұстаттың. Бұл жолы жақсырақ ойластыра алмапсың. Қолында пышақ тұрған адам қылғындыра ма?», – деп тергеуші айласын асырғанына масаттанды.

– Сіздің не айтып тұрғаныңызды түсініп отырған жоқпын.

– Өтірік көлгірсіме! Бір сағат бойы мыл-жыңыңды естігенім де жетеді!

– Маған қорғаушы жіберіңіздер! Сізбен ары қарай тілдескім келмейді.

– «Жоқ, қанішер ханым, сөзімді аяғына дейін тыңдайсың! Қылмыстық әңгімеле-ріңнің қатарына әкеңнің достарынан қалай кек алғаныңды баяндап жазбадың ба? – дей келе екі суретті алдына тастады. – Айдос Назаров пен Серік Қалижан. Аттары да, жүздері де таныс шығар? Анаң өлгенде

есі кірген бала едің. Үйге жиі келіп жүрген кісілерді ұмытуың мүмкін емес.»

– Бұны маған не үшін көрсетіп отыр-сыз?

– Әкең өлерден бір күн бұрын оқыс жағдайда Серік Қалижан қайтыс болған. Білмеуің мүмкін емес. Әрине, көлігінің те-жегішін сен бұзып тастамаған болсаң...

– «Жетер!!! Баяғыда өлгендердің қанын да арқалатпақсыздар ма? Бұдан әрі шыдай алмаймын. Жайыма қалдырыңыздар!», – деп екі қолымен құлағын тарс бітеп алады. Баланың қылығын істегеніне әрі таңқалған, әрі ашуланған Мұрат үстелді жұдырығымен қойып қалды. Дірілдеп, қалтырап кеткен София өткен күннің елесін тірілтіп, жанын жегідей жеген жегіқұрт – тергеушіге ала көзімен қарап отыра берді, қайтып жұмған аузын да ашпады. Ары қарай тергеуден түк шықпайтынын түсініп, Мұрат сыртқа шығып кетті. Оны көре сала, әріптестері «Не істей-

міз? Қылмысын қалай мойындатамыз?» деп сұрағыштай бастады.

– Білмеймін. Шаршап кеттім. Істеген қылмысынан денең түршігеді. 7 жасар ба-ланы да аямаған.

– «Түріне қарасаң, адам өлтірді деу қиын. Ботадай көздері ... қанішерге емес қайта жәбірленушіге ұқсап тұр. «Қарагүл» екеніне сенімдісіз бе?», – деп жас жігіт сөзге араласты.

– «Ей, ақымақ, есіңнен адасайын дедің бе? Ғашық болып қалғаннан саумысың? «Адам аласы ішінде, мал аласы сыртында.» Қарай гөр өзін! Сенің жұмыс істеп жатқа-ныңа 1 жыл да болған жоқ, ал менің ал-дымнан мынау сияқты», – деп саусағымен қызды нұсқап, – талай бейкүнә адамды өл-тіргендер өткен. Қылмыскерлерді алыстан жазбай-ақ танимын.

– «Мен сөйлесіп көрейін», – деп психо-лог ашушаң тергеушінің айқайынан қашып, бөлмеге кіріп кетті.

Психологқа да өндіріп ештеңе айтпаға-нын Мұрат алдын ала болжап білгендей мырс етті. Кенет сырттан бақылап тұрған тер-геушіге Қарагүл өткір көздерін қадап, «келесі құрбандығым сен боласың» дегендей ыржия күледі. Әйнек іште отырған адамға айна бо-лып қана көрінуі керек. Алайда, талай рет ми-лицияның тергеуінде болған қылмыскерлер бұның әйнек екенін жақсы білетін-ді. Сұлу бойжеткеннің лезде өзгеріп шыға келгенін көріп, Садуақас жағасын ұстады.

– Аға.. аға, ана қыздың сізге қараған қарасын көрдіңіз бе? Мынаның есі ауысқан не ішіне жын кіріп кеткен ғой!

– Жоқ, ол жынды емес! Актерлық ше-берлігін салып, ауру адамның қылығын жасау арқылы жазадан қашып кетпекші.

Психологтың есі ауысқан деген диагноз қойғанын естіп, Мұрат мүлде ашуға мінді.

– «Қанша психологты шақырсаңыз да осы диагнозды қайталап береді. Софияда сирек кездесетін магифреникалық син-дром. Бұндай адамдарда галюцинация жиі болады. Бағана байқаған шығарсыздар: адамды жынға теңегенін. Оны қоғамнан алыстатылған психиатриялық емханада қатаң бақылауда ұстау керек!

– Сен не түсінуші едің? Психологпын дейді ғой. Әділеттілік дегеннің не екенін білесің бе? Қылмыскер лайықты жазасын алуы керек! Ал сен сияқтылардың кесірінен қаншама қанішер жазадан қашып құтылды.

– «Психикалық ауруға ұшыраған қані-шерлер еш себепсіз адам өлтіреді. Егер оның есі дұрыс қанды қылмыскер деп есептесеңіз, не себепті өлтіргенін іздеп табыңыз, – деп

қолына сырт киімін алды да есіктен шығып бара жатып,– Осындайлармен істі болып, сіз де есіңізден ауыса бастапсыз» – деді.

Шындығында да, тергеуші таксист пен оның отбасының мезгілсіз өліміне қатысты болжам жасаса да, сотта оны дәлел ретінде келтіре алуы екі талай. Серікті өлтірген осы қыз екеніне сенімді болғанымен, себебін түсіне алмай дал. Көптен бері қолға түспей жүрген атышулы Қарагүл екені де анық. Үстіндегі киімі түгел қара және куәгерлердің суреттеуіне сәйкес кеудесіне қара тастар-мен көмкерілген гүл бейнесінде түйреуіш тағылған. Құрбандықтарын асқан хайуан-дықпен өлтіруі, істің бір-біріне ұқсастығы осының дәлелі. Бірақ, сұрақтар жеткілікті. Тергеуші жеке кабинетінде отырып, кереге-ге ілінген суреттер мен айғақтарды тағы бір шолып өтті. Ертеңінде таң атпай тергеуге алған Мұрат бойжеткеннің жасаған қылмы-стары жайында сөз қозғады.

– Қарагүл!– Мен сіздерге айттым ғой Қарагүл

емеспін деп. –Жарайды, София Нигматулина дейін. – Енді дұрыс болды. Тергеуші езу тартып күлді де сөзін

жалғастырды.– «Түні бойы ойланып толғанған шы-

ғарсың. Кінәңді мойындайсың ба? Жазаң жеңіл болады деп уәде беремін. Тек... қыл-мыстарыңды мойындап, тізбектеп жаз», – деп алдына қалам мен қағаз қойды.

– Қандай қылмысты?– «О, Алла, қандай дейді ғой. Осы жұ-

мысты қайдан ғана таңдадым десеңші. Ел қатарлы кеңседе отырсам, жүйке жүйе-лерім орнында тұрар еді», – деп мамандық таңдауда шалыс кеткеніне налыды. – Жә, жетер, осы істі соңына дейін жеткізіп, сені түрмеде шірітпесем, Мұрат деген атым өшсін.

– Сен маған мынаны айтшы. Қыркүй-ектің 14-інде кешкі сағат 8-дер шамасында қайда болдың?

– Өзімнің жалдамалы пәтерімде кітап оқып отырдым. Қаласаңыз үй иесі қарт әже дәлелдеп бере алады. Мен бір бөлмесінде ғана тұрамын.

– Қанішерлер туралы кезекті кітапты оқыған шығарсың, – деп бір күліп ал-ға нымен, қыздың дәл бір кеше болған оқи ғадай шапшаң әрі ойланбастан жауап бер гені Мұраттың күмәнін тудырды. Жай адам есіне түсіре алмай, әбігерленеді, тек қылмыскер ғана алдын ала шынайы-лыққа жақын алиби ойластырып қояды деп тергеу ші қылмыс тың ретін санасында бейнелеп, болжам жасай бастады. – Дәл осы уақытта Айдос Назаровқа қастандық жасалды. Ол қазір ауыр халде аруханада ес-түссіз жатыр.

Жәбірленушінің есімін естігенде София-ның өңі сұрланып, бір орнында тыныш оты-ра алмай, аяқ-қолын әлсіз діріл басып еді, «ауруханада» дегенде қолындағы қаламды қалай сындырып тастағанын өзі байқамай қалды.

– Айып етпеңіз! Әдейі емес. Сапасыз болған ғой.

– Қам жеме, сынса тағы бар, – деп төс қалтасынан қаламын алып берді. Бұл әре-кеттің өзі тергеушіге көп нәрсені айғақтай-ды. Басынан атқан сияқты едім, қалай тірі қалды деп таңданып отырған болар деп түйді. – Қарагүл, ой София... есіміңді қай-та-қайта шатастырып ала беремін. Айтайын дегенім, Назаровтың есімін естігенде неге өңің қашып кетті?

– Жоқ. Сізге солай көрінген-ау шамасы. Оны көрмегеніме талай жыл.

– Солай ма? С. көшесіндегі бейнежазба бізге басқаша ой салуда. Оған қастандық жасалған күні сен қасында болдың. Бұған қолдағы материалдар дәлел, – деп енді бастап келе жатыр еді кенет сырттан Садуа-қас кіріп, шұғыл хабар жеткізді.

– Мұрат Төлеуұлы, жаңа ғана орта-лық ауруханадан хабарласып, жан сақтау бөлімінде жатқан Айдос Назаров 1 сағат бұрын бақилық болғанын айтты.

Кісі өлімі – туғандары үшін қайғы, жа-уыздар үшін қуаныш. Қарагүлдің құлағына майдай жаққан жаңалық оны ерекше бақытта бөлеген сынды. Балаша шаттанға-ны соншалық, алақанымен шапалақтап, орнынан тұрып секірмесі бар ма. Өткір қара көздері оқтын-оқтын Мұратқа қада-лып, ойымдағыны іске асырдым деп төбесі көкке жеткендей қуаныштан толқып жүрген бойжеткен осы ісімен ақыры жоспарының соңғы кірпішін қалап, есі ауысқан деген атты өзіне мықтап бекітіп, темір торға емес, психиатриялық ауруханаға тоғытылды. Тергеуші Қарагүлдің құрбандықтарын жіпке тізіп шыққанымен, нақты себептерін атай алмағандықтан, сотта психологтың сөзі басым түсті. Осымен іс біткендей еді, алайда 1 аптадан кейінгі Мұраттың қалта телефонына соғылған қоңырау жабылған істі қайта ашуға себеп болған.

(Жалғасы келесі санда)

Әсем ЖҰМАҚАН

ҚАЛЫҢ ТҰМАН АРАСЫНДА

ҚАЛЫҢ ТҰМАН АРАСЫНДА