8
№90 (3215) 26 қараша 2019 ZANMEDIA.KZ Қоғамдық-саяси, құқықтық газет [email protected] (Соңы 3-бетте) БҮГІНГІНІҢ БАС ТАҚЫРЫБЫ ДІН-ДІҢГЕК МӘСЕЛЕ (Соңы 6-бетте) (Соңы 3-бетте) Шыны керек, соңғы жылдары елімізде екпеден бас тартатындардың саны еселеп көбейіп барады. Статистикаға сенсек, елімізде екпеден бас тартқандардың саны 14 мыңға жуықтаған көрінеді. Жалпы, екпеден бас тартатындардың 45 пайызы бұл қадамға басқалардың үгіттеуі арқылы барса, 43 пайызы діни-наным сеніміне орай, 6 пайызы ел ішіндегі жағымсыз ақпараттардың салдарынан екпеден теріс ДӘЛ ҚАЗІР ЕЛІМІЗДЕ ЕКПЕ САЛУДЫ МІНДЕТ- ТЕУ ҮЛКЕН ДАУҒА АЙНАЛЫП ТҰР. ПАРЛАМЕНТТЕ ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТҚАН ЖАҢА ЗАҢ ЖОБАСЫ БО ЙЫНША, БҰДАН БЫЛАЙ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИ- КАСЫ АЗАМАТТАРЫНА ЖӘНЕ ЕЛ АУМАҒЫНДА ТҰРАТЫН ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫНА ЕКПЕ САЛДЫРУ МІНДЕТТЕЛМЕК. ЯҒНИ, ЗАҢ ЖОБАСЫ ОСЫ БАП- ПЕН ҚОСА ҚАБЫЛДАНСА, ЕКПЕНІҢ ҚАНДАЙ ДА БІР ТҮРІНЕН БАС ТАРТҚАНЫҢЫЗ ҮШІН БАЛАЛАРЫҢЫЗ БАЛАБАҚША МЕН МЕКТЕПКЕ АЛЫНБАЙТЫНЫ БЫЛАЙ ТҰРСЫН, ЗАҢ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРУІҢІЗ ӘБДЕН МҮМКІН. МӘЖІЛІСМЕН БЕКБОЛАТ ТІЛЕУ- ХАННЫҢ АШУЫНА ТИІП ОТЫРҒАН ЗАҢ ЖОБАСЫНА ХАЛЫҚТЫҢ ДА АЙТАРЛЫҚТАЙ БӨЛІГІ ҚАРСЫЛЫҚ БІЛДІРІП ОТЫРҒАНЫН ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ПІКІРЛЕР АҢҒАРТАДЫ. қарсымын» деп, екпені міндеттеуге үзілді- кесілді қарсылығын білдірді. Осы орайда екпеден бас тарту ұрпақты сақтау жолы ма, әлде жұқпалы ауруға жол ашу ма деген сауал туындайды.Айта кетер жайт, биыл елімізде 10 мыңнан аса адам қызылшамен ауырған көрінеді. Деректерге сүйенсек, оған екпе алмаған әрбір үшінші бала шал- дыққан. Еліміздегі жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі элементі – дербес бюджет. Оның мақсаты мәселелерді шешуде өзін-өзі басқару органдарының тәуелсіздігін арттыру. Бұл ауылдық округтердің қаржылық жағдайын нығайтуға, бюджеттің қаражатын халықтың мүддесіне сай тиімді бөлуге, ауылдық жерлердегі адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұрын бюджеттік жүйе үш деңгейден, яғни, республикалық бюджет, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеті және аудандық бюджеттен тұрған. Енді 2018 жылдан бастап бюджеттің жаңа IV-деңгейі енгізілді. Ойталқы Өткен жылдың қаңтарынан бастап тұрғындар саны екі мыңнан асатын елді мекендерде ІV-деңгейлі бюджет енгізіліп, сәйкесін- ше аталған қаржы көзі сол аймақтың игілігіне жұм- салып, қызығын ауыл халқы көруі керек-тін. Олай болса, төртінші деңгейлі бюджетке ілінген елді ме- кендердің атқамінер аза- маттары аталған қаржы- ны қалай иегеріп жатыр? Есебін өздері айтсын. (Соңы 3-бетте) Ескелді ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ, Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының әкімі: – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен қолға алынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98-қадамына сай, елімізде 2018 жылдан бастап аудан- дық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округтердің дербес бюджеті енгізілді. Бұл дегеніміз, халық саны екі мыңнан асатын елдімекендердің гүлденуі- не, сол өңірлердің кейбір кем-кетігін өздері толтыруына берілген зор мүмкіндік. Төртінші деңгейлі бюджеттің енгізілгеніне аса көп уақыт бола қойған жоқ. Соған қарамастан, халық саны елу мыңнан асып жығылатын ұзынағаштықтар бүгінде аталған игі бастаманың жемісін татып та үлгерді. Мысалы, бұрын жыл басында ауданнан бөлінген бюджетті бір счетпен, бір бағыт бойынша ғана жұмсай алатынбыз. Ал, төртінші деңгейлі бюджетте мұндай шектеулер жоқ.Төртінші деңгейлі бюджет негізінен жеке және заңды тұлғалардың көлік салығы, жер салығы, мүлік салығы мен жеке табыс салығы секілді түсімдерден құралады. Сәйкесінше, біз тұрғындардың салықтық түсімдерін өз бетімізше жұмсауға құқылымыз. Жұмахан ЕҢКЕБАЙҰЛЫ, Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының хатшысы: – Жергілікті өзін-өзі басқарудағы төртінші деңгейлі бюджет халық саны екі мыңнан асатын ауыл-аймақтарды экономикалық тұрғыда дербес дамытуға бағытталған. Бір жағынан бұл жергілік- ті атқарушы биліктің іскерлік мүмкіндігін шыңдауға таптырмас мүмкіндік болып отыр. Яғни, ауыл әкімдері тұрғындардан тікелей түскен салықтық түсімдерді сол өңірдің қажеттілігін өтеуге тиімді жұмсай білулері тиіс. Өз кезегінде, бұл салық төлеушілердің белсенділігін арттырады деген үміт зор. Өткен жылы қолға алынған реформаға байланысты төртінші деңгейлі бюджет көзін игерудің заңдық тетіктері шешілген бола- тын. Атап айтқанда, Бюджет, Салық, Азаматтық кодекстерге, «Мемлекеттік мүлік туралы», «Қазақстан Республикасындағы жер- гілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жарна- ма туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. ТӨРТІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БЮДЖЕТ ТИІМДІ МЕ? ЕКПЕНІ МІНДЕТТЕУ ЕКІҰДАЙ ОЙҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ айналады екен. Және халықтың 6 пайызы екпенің сапасына күмәнмен қарайтын- дықтан оны салғызуға қорқады. Дәл қазір екпеге қатысты осындай алыпқашты пікірлер көп таралып тұрғанда екпені мін- деттеу қаншалықты дұрыс?! Мәжілісмен Бекболат Тілеухан «Екпені міндеттеу адамның құқығына қол сұғу. Ата Заңда көрсетілген құқығын бұзу... Мен вак- цинаға қарсы емеспін, оны міндеттеуге «Заң» Медиа-корпорациясы» ЖШС ұжымына ЛЕБІЗ Халықаралық лаңкестік – XXI ғасырдағы адам- зат тағдырына төнген басты қауіп-қатерлердің бірі. Террор – бұл жаппай үрей мен қорқыныш сезімін ояту арқылы қоғамдық сана мен қоғамдық психологияға әсер ету. Сондай-ақ, зорлық пен күш көрсету арқылы мақсатқа жету және қоғамдық пікір тудыру жолымен өзімен санасуға көндіру. Терроршылардың идеологиялық ұстанымы үрей- мен және қорқыту жолымен діндер мен өркениет- тер арасында сенімсіздік пен өшпенділік отын жағуды көздейді. Адамзат тарихында террорлық әрекет уақыт пен кеңістік аясында әрқилы пішін мен мазмұнда болды. ҚАРЖЫНЫ ДҰРЫС ЖОСПАРЛАМАУ АУЫЛДАРДЫҢ ДАМУЫНА ТҰСАУ ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕСТЕ ҚОҒАМНЫҢ ҚОЛДАУЫ МАҢЫЗДЫ ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! Сіздерді қазақстандық ақпарат құралда- ры арасында өзіндік орны бар «Заң газеті» мен «Юридическая газета» басылымдары- ның 25 жылдық мерейтойымен шын жүрек- тен құттықтаймын. Осыдан ширек ғасыр бұрын белгілі заң- гер Нағашыбай Шәйкенов негізін қалаған корпорация бүгінде өскен, өркендеген. Құқықтық саланың тамыршысы болып отырған ұжым қазір қос басылымнан бөлек, «Заң» және «Фемида» журналдарын шыға- рып, заң ғылымының дамуына үлес қосу- да. Ал zanmedia.kz ақпараттық порталы қоғамдық-саяси, құқықтық жаңалықтарды жедел жеткізуімен, терең сараптама, та- нымдық мақалалар ұсынуымен көпшілікке танымал. Осы уақыт ішінде мемлекеттілікті нығайтып, құқықтық мәдениетті қалыптас- тыруға қосқан үлестеріңіз үшін, қоғамға шынайы ақпарат ұсынып, салалық журна- листиканың ілгерілеуіне ықпал еткендеріңіз үшін ұжымға алғысым шексіз. Қазақстан- ның өркендеуі жолында қаламдарыңыз мұқалмай қызмет ете беріңіздер! Бүгінгідей мерейлі сәтте зор жауапкер- шілікті қажет ететін кәсіп иелеріне шығар- машылық табыс пен кәсіби өрлеу тілеймін! Құрметпен, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен АБАЕВ

БҮГІНГІНІҢ БАС ТАҚЫРЫБЫ ҚАРЖЫНЫ ДҰРЫС ...ZANMEDIA.KZ Қоғамдық-саяси, құқықтық газет 90 (3215) 26 қараша 2019 [email protected]

  • Upload
    others

  • View
    50

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: БҮГІНГІНІҢ БАС ТАҚЫРЫБЫ ҚАРЖЫНЫ ДҰРЫС ...ZANMEDIA.KZ Қоғамдық-саяси, құқықтық газет 90 (3215) 26 қараша 2019 zangazet@mail.ru

№90 (3215) 26 қараша 2019ZANMEDIA.KZ Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

[email protected]

(Соңы 3-бетте)

БҮГІНГІНІҢ БАС ТАҚЫРЫБЫ

ДІН-ДІҢГЕК МӘСЕЛЕ

(Соңы 6-бетте) (Соңы 3-бетте)

Шыны керек, соңғы жылдары елімізде екпеден бас тартатындардың саны еселеп көбейіп барады. Статистикаға сенсек, елімізде екпеден бас тартқандардың саны 14 мыңға жуықтаған көрінеді. Жалпы, екпеден бас тартатындардың 45 пайызы бұл қадамға басқалардың үгіттеуі арқылы барса, 43 пайызы діни-наным сеніміне орай, 6 пайызы ел ішіндегі жағымсыз ақпараттардың салдарынан екпеден теріс

ДӘЛ ҚАЗІР ЕЛІМІЗДЕ ЕКПЕ САЛУДЫ МІНДЕТ-ТЕУ ҮЛКЕН ДАУҒА АЙНАЛЫП ТҰР. ПАРЛАМЕНТТЕ ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТҚАН ЖАҢА ЗАҢ ЖОБАСЫ БО­ЙЫНША, БҰДАН БЫЛАЙ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИ-КАСЫ АЗАМАТТАРЫНА ЖӘНЕ ЕЛ АУМАҒЫНДА ТҰРАТЫН ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫНА ЕКПЕ САЛДЫРУ МІНДЕТТЕЛМЕК. ЯҒНИ, ЗАҢ ЖОБАСЫ ОСЫ БАП-ПЕН ҚОСА ҚАБЫЛДАНСА, ЕКПЕНІҢ ҚАНДАЙ ДА БІР

ТҮРІНЕН БАС ТАРТҚАНЫҢЫЗ ҮШІН БАЛАЛАРЫҢЫЗ БАЛАБАҚША МЕН МЕКТЕПКЕ АЛЫНБАЙТЫНЫ БЫЛАЙ ТҰРСЫН, ЗАҢ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРУІҢІЗ ӘБДЕН МҮМКІН. МӘЖІЛІСМЕН БЕКБОЛАТ ТІЛЕУ-ХАННЫҢ АШУЫНА ТИІП ОТЫРҒАН ЗАҢ ЖОБАСЫНА ХАЛЫҚТЫҢ ДА АЙТАРЛЫҚТАЙ БӨЛІГІ ҚАРСЫЛЫҚ БІЛДІРІП ОТЫРҒАНЫН ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ПІКІРЛЕР АҢҒАРТАДЫ.

қарсымын» деп, екпені міндеттеуге үзілді- кесілді қарсылығын білдірді. Осы орайда екпеден бас тарту ұрпақты сақтау жолы ма, әлде жұқпалы ауруға жол ашу ма деген сауал туындайды.Айта кетер жайт, биыл елімізде 10 мыңнан аса адам қызылшамен ауырған көрінеді. Деректерге сүйенсек, оған екпе алмаған әрбір үшінші бала шал-дыққан.

Еліміздегі жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі элементі – дербес бюджет. Оның мақсаты мәселелерді шешуде өзін-өзі басқару органдарының тәуелсіздігін арттыру. Бұл ауылдық округтердің қаржылық жағдайын нығайтуға, бюджеттің қаражатын халықтың мүддесіне сай тиімді бөлуге, ауылдық жерлердегі адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұрын бюджеттік жүйе үш деңгейден, яғни, республикалық бюджет, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеті және аудандық бюджеттен тұрған. Енді 2018 жылдан бастап бюджеттің жаңа IV-деңгейі енгізілді.

Ойталқы

Өткен жылдың қаңтарынан бастап тұрғындар саны екі мыңнан асатын елді мекендерде ІV-деңгейлі бюджет енгізіліп, сәйкесін-ше аталған қаржы көзі сол аймақтың игілігіне жұм-салып, қызығын ауыл халқы көруі керек-тін. Олай болса, төртінші деңгейлі бюджетке ілінген елді ме-кендердің атқамінер аза-маттары аталған қаржы-ны қалай иегеріп жатыр? Есебін өздері айтсын. (С

оңы

3-б

етт

е)

Ескелді ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ, Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының әкімі:

– Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен қолға алынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98-қадамына сай, елімізде 2018 жылдан бастап аудан-дық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округтердің дербес бюджеті енгізілді. Бұл дегеніміз, халық саны екі мыңнан асатын елдімекендердің гүлденуі-не, сол өңірлердің кейбір кем-кетігін өздері толтыруына берілген зор мүмкіндік.

Төртінші деңгейлі бюджеттің енгізілгеніне аса көп уақыт бола қойған жоқ. Соған қарамастан, халық саны елу мыңнан асып жығылатын ұзынағаштықтар бүгінде аталған игі бастаманың жемісін татып та үлгерді. Мысалы, бұрын жыл басында ауданнан бөлінген бюджетті бір счетпен, бір бағыт бойынша ғана жұмсай алатынбыз. Ал, төртінші деңгейлі бюджетте мұндай шектеулер жоқ.Төртінші деңгейлі бюджет негізінен жеке және заңды тұлғалардың көлік салығы, жер салығы, мүлік салығы мен жеке табыс салығы секілді түсімдерден құралады. Сәйкесінше, біз тұрғындардың салықтық түсімдерін өз бетімізше жұмсауға құқылымыз.

Жұмахан ЕҢКЕБАЙҰЛЫ, Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының хатшысы:

– Жергілікті өзін-өзі басқарудағы төртінші деңгейлі бюджет халық саны екі мыңнан асатын ауыл-аймақтарды экономикалық тұрғыда дербес дамытуға бағытталған. Бір жағынан бұл жергілік-ті атқарушы биліктің іскерлік мүмкіндігін шыңдауға таптырмас мүмкіндік болып отыр. Яғни, ауыл әкімдері тұрғындардан тікелей түскен салықтық түсімдерді сол өңірдің қажеттілігін өтеуге тиімді жұмсай білулері тиіс. Өз кезегінде, бұл салық төлеушілердің белсенділігін арттырады деген үміт зор.

Өткен жылы қолға алынған реформаға байланысты төртінші деңгейлі бюджет көзін игерудің заңдық тетіктері шешілген бола-тын. Атап айтқанда, Бюджет, Салық, Азаматтық кодекстерге, «Мемлекеттік мүлік туралы», «Қазақстан Республикасындағы жер-гілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жарна-ма туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

ТӨРТІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БЮДЖЕТ ТИІМДІ МЕ?

ЕКПЕНІ МІНДЕТТЕУ ЕКІҰДАЙ ОЙҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ

айналады екен. Және халықтың 6 пайызы екпенің сапасына күмәнмен қарайтын-дықтан оны салғызуға қорқады. Дәл қазір екпеге қатысты осындай алыпқашты пікірлер көп таралып тұрғанда екпені мін-деттеу қаншалықты дұрыс?! Мәжілісмен Бекболат Тілеухан «Екпені міндеттеу адамның құқығына қол сұғу. Ата Заңда көрсетілген құқығын бұзу... Мен вак-цинаға қарсы емеспін, оны міндеттеуге

«Заң» Медиа-корпорациясы»

ЖШС ұжымына

ЛЕБІЗ

Халықаралық лаңкестік – XXI ғасырдағы адам-зат тағдырына төнген басты қауіп-қатерлердің бірі. Террор – бұл жаппай үрей мен қорқыныш сезімін ояту арқылы қоғамдық сана мен қоғамдық психологияға әсер ету. Сондай-ақ, зорлық пен күш көрсету арқылы мақсатқа жету және қоғамдық пікір тудыру жолымен өзімен санасуға көндіру. Терроршылардың идеологиялық ұстанымы үрей-мен және қорқыту жолымен діндер мен өркениет-тер арасында сенімсіздік пен өшпенділік отын жағу ды көздейді. Адамзат тарихында террорлық әрекет уақыт пен кеңістік аясында әрқилы пішін мен мазмұнда болды.

ҚАРЖЫНЫ ДҰРЫС ЖОСПАРЛАМАУ АУЫЛДАРДЫҢ

ДАМУЫНА ТҰСАУ

ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕСТЕ

ҚОҒАМНЫҢ ҚОЛДАУЫ МАҢЫЗДЫ

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!Сіздерді қазақстандық ақпарат құралда-

ры арасында өзіндік орны бар «Заң газеті» мен «Юридическая газета» басылымдары-ның 25 жылдық мерейтойы мен шын жүрек-тен құттықтаймын.

Осыдан ширек ғасыр бұрын белгілі заң-гер Нағашыбай Шәйкенов негізін қалаған корпорация бүгінде өскен, өркендеген. Құқықтық саланың тамыршысы болып отырған ұжым қазір қос басылымнан бөлек, «Заң» және «Фемида» журналдарын шыға-рып, заң ғылымының дамуына үлес қосу-да. Ал zanmedia.kz ақпараттық порталы қоғамдық-саяси, құқықтық жаңалықтарды жедел жеткізуімен, терең сараптама, та-нымдық мақалалар ұсынуымен көпшілікке танымал. Осы уақыт ішінде мемлекеттілікті нығайтып, құқықтық мәдениетті қалыптас-тыруға қосқан үлестеріңіз үшін, қоғамға шынайы ақпарат ұсынып, салалық журна-листиканың ілгерілеуіне ықпал еткендеріңіз үшін ұжымға алғысым шексіз. Қазақстан-ның өркендеуі жолында қаламдарыңыз мұқалмай қызмет ете беріңіздер!

Бүгінгідей мерейлі сәтте зор жауапкер-шілікті қажет ететін кәсіп иелеріне шығар-машылық табыс пен кәсіби өрлеу тілеймін!

Құрметпен,ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен АБАЕВ

Page 2: БҮГІНГІНІҢ БАС ТАҚЫРЫБЫ ҚАРЖЫНЫ ДҰРЫС ...ZANMEDIA.KZ Қоғамдық-саяси, құқықтық газет 90 (3215) 26 қараша 2019 zangazet@mail.ru

2 №90 (3215) 26 қараша [email protected]ҚҰҚЫҚ

СЕМИНАР

Кездесу

Қызылорда қалалық Полиция басқармасы-ның бастығы, полиция подполковнигі Дәулет Беркімбаевтың бастамасымен Ә. Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінде ювеналды инспекторлардың мектеп және колледж ди-ректорларымен кездесуі өтті.

Кездесуге 54 мектептің директорлары мен тәрбие жөніндегі орынбасарлары шақырылды.

Шараның мақсаты – жасөспірімдер ара-сындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, мек-теп пен полиция органдарында профилакти-калық есепте тұрған девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерді бақылау мәселелерін бірлесіп

шешу, сондай-ақ, өз балаларын тәрбиелеу ісінде ата-аналардың жауапкершілігін арттыру болып табылады.

Кездесу барысында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Дәулет Сүлейменұлы сөз сөй-леді. Өз сөзінде ол мектеп директорларынан және басқа да оқу орындары директорла-рынан, сондай-ақ, ата-аналардан мектептен тыс және түнгі уақытта оқушыларға бақылауды күшейтуді сұрап, бұл бағытта тиісті шаралар-дың жүргізіліп жатқанын айтты.

Одан әрі басқарма бастығының бірінші

орынбасары, полиция полковнигі Жаукеев Ердәулет Баянбайұлы баяндама жасап, ба-лалар мен жасөспірімдердің жеке қауіпсіздік шараларына, қоғамдық орындарда және көшелерде жүріс-тұрыс ережелеріне ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

Өз кезегінде мектеп және колледж дирек-торлары бірлескен алдын алу шараларын өткі-зу жөнінде өтініш білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар шешімдер қабылданды.

Қызылорда қалалық

Полиция басқармасыныңбаспасөз қызметі

«БАНК ОМБУДСМЕНІ» –СӘТТІ ЖОБА

Талқылауға Жоғарғы Соттың судьясы Ұлбосын Сүлейменова, Банк омбудсмені Ерсерік Сиырбаев, судьялар, банк фили-алдарының басшылары мен заңгерлері, адвокаттар, сақтандыру компаниялары-ның, коллекторлық агенттіктердің өкіл-дері және медиаторлар қатысты.

Облыстық сот төрағасы Н.Қайырбе-ков сөйлеген сөзінде Қазақстанда аз ғана уақыт кезеңі ішінде өзінің тиімділігін көр-сеткен сот жүйесін жаңғыртуды жүргізу, дауларды реттеудің жаңа институттарын енгізу сәтті жүзеге асырылғанын атап өтті. Спикердің айтуынша, сақтандыруға қатысты даулар санын азайту мақсатында ағымдағы жылдың шілде айында өңірде «Сақтандыру омбудсмені» пилоттық жо-басы іске қосылды. Осы жоба аясында, төрт айдың ішінде келіп түскен 25 дауды омбудсман тараптардың сотқа жүгінуінсіз шешкен.

Бітімгершілік рәсімдерді дамытудың перспективалық бағыты Банк омбудсмені болып табылады. Әлемдік тәжірибеде дау-дамайдың 80 пайызы омбудсменге шағым жіберу кезеңінде шешіледі екен. Қалған 20 пайызында, егер қаржы ұйымы мен клиент келісе алмаса, онда дау сотта шешіледі.

Статистика бойынша, азаматтық сот дауларының едәуір бөлігін (17,5 пайызын) қарыз алушылар мен кепілгерлер жеке тұлғалардан кепілге салынған мүліктен өндіріп алу туралы талап-арыздар құрай-ды. Н.Қайырбеков банк омбудсменінің мақсаты өзара тиімді шешім әзірлеу арқылы қарыз алушылар мен банктер арасындағы банктік қарыз шарттарынан туындайтын келіспеушіліктерді сотқа дейін реттеу екенін еске салды.

Жоғарғы Сот судьясы Ұ.Сүлейменова банк дауларының алдын алу туралы айта келе, осы дауларды шешуге қатысты бі-тімгершілік рәсімдерді дамытудың өзек-

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

ЖАСӨСПІРІМДЕР БАҚЫЛАУСЫЗ ҚАЛМАУЫ ТИІС

тілігі мен келешегін сөз етті. – Республика соттары өткен кезеңде

банктік қарыз шарттарымен байланысты 88 мыңға жуық талап-арызды қарады, оның ішінде, тараптардың татуласуы нәтижесінде 4 700 іс тоқтатылды. Яғни бұл істер сотқа жүгінбестен, сотқа де-йінгі тәртіппен шешілуі мүмкін болатын. Шығыс Қазақстан облысының судьяла-рында Сақтандыру омбудсмені инсти-тутын енгізу бойынша жағымды жұмыс тәжірибесі бар. Банк омбудсменінің жұ-мысы перспективалы және алдағы уақыт-та өзінің тиімділігін көрсетеді, – деді жоба жайлы Ұ.Сүлейменова.

Ал банк омбудсманы Е. Сиырбаев өз қызметі туралы ақпараттармен таныстыр-ды. Ол жүргізілген іс-шаралар, сондай-ақ, 2019 жылы банктік қызметке қатысты

даулар бойынша 2 758 өтініш және ипо-текалық қарыздар бойынша 1 651 өтініш келіп түскеніне тоқталды.

Облыстық соттың судьясы Ғабдулхай Ситдиков банктік даулар бойынша сот тәжірибесі туралы сөз етті. Оның пікірін-ше, қарыз алушылардың берешек сома-сымен келіспеуі көбінесе банк жүргізген берешек есебін түсінбеуге негізделген. Спикер осыған байланысты қарыз алушы-лардың банктік қарыз шарттарының талаптары бойынша банктердің түсіндіру жұмыстарын, сондай-ақ, келіспеушілік-терді реттеу үшін банк омбудсменіне жүгіну құқықтарын күшейту қажет екенін атап өтті.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар банк омбудсманын тарта отырып банк дауларын сотқа дейін реттеу бойынша іс-қимылдар алгоритмін, қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсы-нымдар мен ұсыныстар әзірледі.

Шығыс Қазақстан облыстық

сотының баспасөз қызметі

Заңдылықты қамтамасыз ету – ортақ міндет

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Полиция департаментінің тергеу және алдын ала тергеу бөлімшелері, криминалдық полиция, сонымен қатар, департаменттің қалалық, аудандық полиция бөлімдерінің басшыларымен семи-нар-кеңес өткізді. Аталмыш кездесуде Қылмыстық процестік кодекстің қылмыстық сот iсiн жүргiзу тiлi туралы 30-бабы талаптарының сақталуы және бұлтартпау ша-раларын тағайындауда қылмыстық-процестік заңнаманы бұзушылық мәселелері талқыланды.

Кеңеске Ақмола облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары Медет Бердімұратов, Ақмола облысы прокурорының орынбасары Владимир Ма-лахов, Ақмола облыстық соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Раджаб Даминов, Ақмола облыстық сотының судьясы Әскербек Жакулин, Көкше-тау қаласы мамандандырылған тергеу сотының төрағасы Ілияс Кәкім және тергеу сотының судьясы Арман Жақыпов қатысты.

Облыстық соттың төрағасы Д.Әміров қылмыстық қудалау органдарының қызметкерлерімен алдын ала тергеу барысында жіберілетін қателіктерді, жекеше қаулылар бойынша шаралар қолдану мәселесін, бұлтартпау шараларының мерзімін ұзарту және қылмыстық істерді тергеу барысында заң талаптарының сақталуы, айыптау актілері мен әкімшілік хаттамаларды дайындау сапасы, материалдарды мемлекеттік тілде жүргізу, сотқа дейінгі медиацияны жүргізу және басқа да мәсе-лелерді талқылады.

Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Рад-жаб Даминов қылмыстық қудалау органдарының іс-қимылы мен шешімдерінің шағымдарын қарау мәселелері бойынша сөз сөйледі.

Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы Ілияс Кәкім қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаттарын қа-рау кезінде туындайтын мәселелерді айтып өтті.

Кеңеске қатысушылар соттың заңды талаптарының сақталуы мен орын алған заңбұзушылықтарды жою ұйымдастырылған шаралардың негізінде жүзеге асаты-нын атап өтті.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі

арада жүзеге асырылуын едәуір дәрежеде қамтамасыз етті.

Сонымен қатар, тәжірибе көр-сеткендей, мұндай құқықбұзу-шылықтарды жасаған адам дар бүгінгі таңда да жазадан тыс қа-лып отыр. Мұның өзі тұрмыс-тық зорлық-зомбылық бойынша профилактиканы жүзеге асыруға ықпал етіп отырған жоқ.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңда тараптар татуласқан жағдайда іс бойынша іс жүргізуді қысқартуды судьяға міндеттейтін норманың болуы бұған белгілі бір дәрежеде ықпал етеді. Осы санаттағы істер тоқтатылған кезде соттар тараптардың өз ықтияр-ларымен ерікті түрде татуласуын анықтайды. Алайда, істі тоқтату туралы ниет білдіру іс жүзінде шынайы татуласуды білдірмейді.

Тұрмыстық зорлық-зом -былыққа ұшыраған әйелдер өз-дері үшін не балаларының бола-шағы үшін алаңдап, қандай да бір теріс салдардан аулақ болу мақсатында татуласу туралы жаз-баша келісімге амалсыздан, тіпті шарасыздықтан қол қояды. Өйт-кені, әкімшілік қамауға алынған адамның ерте ме, кеш пе, әйтеуір

үйге қайтадан оралатыны белгілі. Көбінесе бұрын да жауап-

тылыққа тартылған адамдардың сот процесіне қайтадан шақы-рылғанын байқауға болады. Судья үшін оларды таныстырудың тіпті қажеттілігі де тумайды.

Жәбірленуші тараптардың татуласуына байланысты істі тоқтатуға жазбаша өтініш болған жағдайда судья үйінде талай рет жанжал шығарған адамдарды жа-залау мүмкіндігінен айырылады. Осыған орай, әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты әкімшілік құқық-бұ зушылықтар бір жыл ішінде бірнеше рет қайталанып жасалған жағдайда, жәбірленушінің ерік білдіруіне қарамастан, судьяға кінәлі адамды әкімшілік жауап-тылықтан босату міндетін емес, қайта оны жазаға тарту құқығын беру орынды болып табылады.

Кейде әйелдер ұрып-соғуға төзіп, көнетін жағдайлар да ұшы-расады. Бұл олардың күйеулеріне, бірге тұратын адамдарға матери-алдық тұрғыдан тәуелді болуына, ал енді бір жағдайларда күйеуінің отбасындағы жалғыз асыраушы болуына немесе тіпті оның та-

бысы зайыбының жалақысынан едәуір асып кетуіне де байланыс-ты орын алып жатады.

Осындай себептер байқалған кезде әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланыс ты кінәлі адамға материалдық тұрғы-дан немесе өзге де тәуелді әйелге қатысты саралаушы белгіні көз-деп, құқықбұзушылықтар диспо-зициясында мұндай іс-әрекеттер үшін санкцияны қатайту ұсыны-лады. Мұндай жағдайда кінәлі адамға тәуелділік ҚР ӘҚБтК-нің 57-бабы нормаларында көзделген ауырлататын мән-жай ретінде есепке алынбауға тиіс.

Жүктілік жағдайындағы не дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі әйелге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланыс-ты құқықбұзушылық жасаған адамдарға тағайындалар жаза туралы да ерекше атап өту қа-жет. Соған байланысты аталған санаттағы құқықбұзушылықтар бойынша, яғни, дәрменсіз күйде немесе жүктілік жағдайында екені көрінеу белгілі әйелге қатысты жасалған құқықбұзушылықтар бойынша саралау белгілері қарас-тырылуы мүмкін деп санаймыз.

Әкімшілік құқықбұзу шы лық-ты алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде жасау жауаптылықты ауырлататын мән-жай болып табылатыны белгілі. Сонымен қатар, тәжірибе көрсет-кендей, мас күйінде әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зом-былық жасау оқиғалары жиі кез-деседі. Бұл, әрине, жоғары қауіп туғызады.

Осыған байланысты, ҚР ӘҚБ-тК баптарының диспозициясы бойынша алкогольден, есірткіден немесе уытқұмарлықтан масайып, осындай құқықбұзушылықтар жасаған адамдар үшін санкция-ның жоғары мөлшерін көздей оты-рып, саралау белгісін қарастыру ұсынылады.

Аталған ұсыныстарды жүзеге асыру Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында алға қойылған тапсырмалардың жүзеге асуына ықпал етеді деген сенім мол.

Расул ҚАРАҒАЕВ,Алматы аудандық сотының

судьясыНҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ

САРАП ІСТІ ТОҚТАТУҒА КЕЛІСУ ШЫНАЙЫ ТАТУЛАСУДЫ БІЛДІРМЕЙДІМЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ

ТОҚАЕВ ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ-НА АРНАҒАН ЖОЛДАУЫНДА ЗАҢНАМАМЫЗДЫ ІЗГІЛЕНДІРУГЕ КӨБІРЕК МӘН БЕРІП, АЗАМАТ-ТАРДЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰҚЫҚТАРЫН НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛДЫРҒАНЫМЫЗДЫ АЙТА КЕЛІП, БІРҚАТАР ҚЫЛМЫС ТҮРЛЕРІНЕ ЖАЗАНЫ ҚАТАЙТУ ҚАЖЕТ-ТІГІН ТАПСЫРҒАН БОЛАТЫН. ОЛАРДЫҢ ІШІНДЕ ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАРСЫ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМ-БЫЛЫҚ ПЕН БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЖАСАЛА-ТЫН ҚЫЛМЫСТАР ДА БАР.Әйелдерге қарсы тұрмыстық

зорлық-зомбылыққа байланысты әкімшілік істермен күн сайын кез-десетін құқық қорғау органдары-ның қызметкерлері мен судьялар мұндай құқықбұзушылықтардың таралуының көп жағдайда жасы-рын сипаты болатынын жақсы біледі. Мысалы, мұндай құқық бұзушылықтарға денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірумен, ұрып-соғумен, балағат сөздер айтумен, адамға тиісіп қорлаумен, кемсітумен байланысты және от-басылық-тұрмыстық қатынастар-да жасалатын басқа да құқыққа қарсы іс-әрекеттерді жатқызуға болады.

Құқық бұзушының зайыбы, онымен бірге тұратын әйелдер, соның ішінде, ажырасып кеткен

әйелдер негізінен осындай тұр-мыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары болып табылады.

Әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазалау-дың бұлтартпастығын қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы заңнама бірнеше рет өзгергені жұртшылықтың есінде. Атап айт-қанда, ұрып-соғумен және ден-саулыққа қасақана жеңіл зиян келтірумен байланысты жаза-лар қылмыстық заңнан әкімшілік құ қықбұзушылық туралы заңға бірнеше рет «көшті» және қайта-дан бұрынғы қалпына келтіріл-ді. Осындай теріс қылықтардың қазіргі уақытта Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көрініс табуы жазаның бұлтарт-пастығын және сот төрелігінің тез

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ НҰРЛАН ҚА ЙЫР БЕКОВ «БАНК ОМБУД СМЕНІ» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТЕТІГІН ТАЛ ҚЫЛАУ БОЙЫНША «ДӨҢ ГЕЛЕК ҮСТЕЛ» ӨТКІЗДІ.

Page 3: БҮГІНГІНІҢ БАС ТАҚЫРЫБЫ ҚАРЖЫНЫ ДҰРЫС ...ZANMEDIA.KZ Қоғамдық-саяси, құқықтық газет 90 (3215) 26 қараша 2019 zangazet@mail.ru

3№90 (32144) 26 қараша [email protected]

Сауалнаманы әзірлеген К.ЫСҚАҚОВА, «Заң газеті»

(Соң

ы. Б

асы

1-б

етт

е)

Өткен жылдың соңында Ұзынағаш ауылдық әкімдігінде 30 миллион тең-ге үнемделіп, біз ауылдағы екі субұрқақты қалпына келтірдік. Бұдан бөлек, көшеге әрқайсысы 7,5 миллион теңге тұратын екі ақпараттық LED экран орнаттық. Былтыр Ұзынағаш ауылының жалпы бюджеті 405 миллион тең-гені құраған болса, оның 265 миллионы жергілікті салықтық түсімдерден жи-налды. Біз осы қаражатты үнемдеудің арқасында жоғарыдағы 30 миллионды ауылымыздың қажеттілігіне сай жұмсадық. Әрине, бұл Елбасының төртінші деңгейлі бюджет саясатының жемісі.

Бүгінгі таңда бұл жүйе жергілікті өзін-өзі басқару саласына тың серпін беріп, тұрғындардың да салық төлеуге деген ынтасын арттырып отыр. Кейде сырттан бөлінген қаржы межеленген мақсатқа жетпей қалуы мүмкін. Енді мұндай жағдай орын алса, төртінші деңгейлі бюджеттегі қаражатпен

Ойталқы ТӨРТІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БЮДЖЕТ ТИІМДІ МЕ?

Нәтижесінде, аудан, қала, ауыл, кенттерінің өз бюджеті деген ұғым пайда болып, оның тиімділігі күн сайын арта түсуде. Жоспар бойынша 2020 жылдан бастап бюджеттің бұл жүйесі басқа да ауыл-аймақтарға қолжетімді болады. Әзірге алғашқы нәтиже жаман емес. Мұны төртінші деңгейлі бюджеттің игілігін көріп отырған жергілікті билік өкілдері де растайды деп ойлаймын.

2018 жылы Талғар қаласы мен ауылдық округтер бюджетінің барлық кіріс көлемі – 2 млрд 44 млн 21 мың теңгені құрады. Оның ішінде, салықтық түсім-дер – 1 млрд 756 млн 690 мың теңгеге тең болды. Ал, төртінші деңгейлі бюджетті құрайтын жеке табыс салығы – 713 млн 801 мың теңге болса, мүлiкке салынатын салық – 50 млн 153 мың теңге, жер салығы – 46 млн 468 мың теңге, көлiк құралдарына салынатын салық – 943 млн 257 мың теңге,

Ескелді ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ, Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының әкімі:

Жұмахан ЕҢКЕБАЙҰЛЫ, Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының хатшысы:

кем-кетігімізді толтыра аламыз. Ал, осы бюджеттің жұмсалуын кім қадағалайды дегенге келсек, ең алдымен ауданның экономика бөлімі қадағалайды. Мұның сыртында жергілікті өзін-өзі басқару кеңесінің, Ақсақалдар алқасының алдында есеп береміз. Сол сияқты, бұған дейін қандай органдарға есеп берсек, со-лардың барлығы біздің есеп-қисабымызды тексере алады. Бір сөзбен айтқанда, барлығы ашық жүргізіледі.

(Соңы. Басы 1-бетте)

БҮГІНГІНІҢ БАС ТАҚЫРЫБЫ

ҚАРЖЫНЫ ДҰРЫС ЖОСПАРЛАМАУ

АУЫЛДАРДЫҢ ДАМУЫНА ТҰСАУ

МӘСЕЛЕ

ҚОҒАМ

салықтық емес түсімдер – 790 мың теңге, трансферттер – 144 млн 263 мың теңге болды. Жалпы, аудан бюджетінің барлық кірістері мен шығыстары мәслихаттың қатаң қадағалауында болғандықтан, біз халықтың өкілі ретінде әсіресе, төртінші деңгейлі бюджеттің әр тиыны сол өңірдің тікелей да-муына жұмсалуына мүдделіміз.

ЕКПЕНІ МІНДЕТТЕУ ЕКІҰДАЙ ОЙҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ

Бұл аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтер бюджеті. Қазір осындай 1055 бюджет бар. Жуырда Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында осы шара бойынша есеп берген Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтың айтуына қарағанда, 2018 жылы 1 қаңтардан бастап бюджеттің IV деңгейі халық саны 2 мыңнан асатын 1055 ауылдық округте енгізілген. Бұл қазіргі барлық ауылдық округтердің 44 пайызына тең. 2020 жылдан бастап қалған 1 338 ауылдық округ осы жүйеге қосылатын болады.

Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің кірістері 7 түрлі салықтық түсімдерден, түрлі төлемдерден, айыппұлдар мен аудандық бюджеттен бөлінетін трансферттерден құралады. Олар ауыл бюджетіне тікелей түседі. Шығыс бөлігі бойынша 19 бағытта өкілеттіктер пайда болды. Бұдан басқа «Жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі» институты құрылды. Бұл реформаның басты ерекшелігі – жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге тұрғындардың қатысуын кеңейту. Бұған дейін шығыстардың негізгі бөлігін анықтауда дербестік болмай, ол аудандық бюджет аясында анықталып келді. Бұрын ауылдық округ тек шағын қаражатқа ғана иелік етті. Жоғары тұрған аудандық бюджет басымдығын қалыптастырып келді де, жергілікті халық бұл процеске тартылған жоқ.

Бүгінде жергілікті салықтар мен трансферттер ауданның бюджетінен жергілікті өзін-өзі басқару бюджетіне тікелей түседі. Олар шығыстардың негізін қалыптастырады. Салықтарды тікелей өз бюджетіне есептеу кіріс бөлігінің ұлғаюына ықпал еткені сөзсіз. Қазіргі таңда шығыстар мен басымдықтар халықпен бірге талқыланып, анықталуда. Бұл халықтың жиыны сайлайтын жергілікті қоғамдастықтың жиналысы арқылы жүзеге асырылып жатыр.

Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін енгізудің арқасында ауылдық округтердің қаржылық мүмкіндіктері кеңейіп, жергілікті мәселелерді шешуде халықтың рөлі күшейді. Ауылдық округ әкімдері аппараттарының жауапкершілік пен құзыреттілік деңгейі артты. Дегенмен, бұл мәселеде әлі де шешімін күткен тұстар аз болмай отыр. Солардың қатарында, министр Р.Дәленов, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіктері мен функцияларын кеңейту, қосымша салық және төлем түрлерін беру, ауылдық округтер үшін бюджеттік процедураларды жеңілдету қажеттігін айтты. Ауылда кадрлардың жетіспеушілігі мәселелерін шешу үшін мемлекеттік қызметшілерді «Дипломмен ауылға!» жобасына қосу қажеттігін ортаға салды.

Жиын барысында сөз алған депутаттар да бюджеттің жаңа деңгейін енгізу бойынша оң үрдістер қалыптасып келе жатқанымен, кемшіліктердің аз емес екенін айтты. Мәселен, депутат Нұртай Сабильянов бюджетті сапалы жоспарлау және кірістерді ұлғайту талапқа сай емес екеніне назар аудартты. Оның сөзінше, бірқатар әкімдердің аппараты мен мәслихаты бюджет жобасын тұрғындарды қатыстырмай қарайды. Соның бір дәлелі, 2019 жылдың 6 айына жүргізілген талдау 1054 ауылдық елдімекеннің 718-інің жоспарын жасау кезінде салықтық емес төлемдер бойынша түсімдер жоспарланбағанын көрсетті. Мұның сыртында ауылдардың тек 5 пайызы ғана шығыстарды өз кірістері есебінен жаба алған. Осылайша, бюджетті тиімсіз жоспарлау ауылдық елдімекендердің дамуына теріс әсерін тигізуде. Сондықтан әкімдіктер бюджет жобасын және жергілікті маңызы бар мәселелерді қарау кезінде жергілікті қоғамдастықтарды тарта отырып, қаржы құжатын сапалы жоспарлауы қажет. Өз кірістерін ұлғайту үшін кәсіпкерлік субъектілеріне жағдай жасап, жеңілдетілген кредит және субсидиялар беру арқылы мемлекеттік қолдау көрсетуі тиіс.

Сонымен қатар IV деңгейдегі дербес бюджетті енгізу ауылдық округтер әкімдері аппараттарын кадрлармен қамтамасыз ету талабын күшейтеді. Өйткені, кейбір ауылдық округтер әкімдігі аппараттарындағы заңгерлер мен бухгалтерлер штаттағы қызметкерлер емес, олар шартпен қызмет етіп жүр.

Осыған орай орталық мемлекеттік органдарды және әкімдіктерді кадрлармен, әсіресе, білікті бухгалтерлермен, заңгерлермен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін шаралар қабылдап, ауылдық округтер әкімдігі аппараттарының штат санының лимитін қайта қарау қажет. Сонымен бірге «Дипломмен ауылға!» бағдарламасына мемлекеттік қызметкерлер енгізілуі тиіс.

Заңнамалық деңгейде жергілікті өзін-өзі басқаруға коммуналдық меншікті беру және басқару тетігі анықталған болатын. Оған балабақшалар, мәдениет үйлері, автомобиль жолдары, елдімекен көшесі және басқалар жатады. Депутаттардың айтуынша, өкінішке қарай дербес бюджетті енгізу кезінде аудандық коммуналдық меншік ауылдық округтерге мүлдем берілмеген. Бүгінде осындай 307 балабақша мен 273 мәдениет үйінің бар екені белгілі болып отыр. Сондықтан уәкілетті орган мен өңірлердің әкімдіктері коммуналдық мүлікті тиімді пайдалану ісін жолға қойып, коммуналдық меншік объектілерін салу және жөндеу үшін бюджет қаражатын бөлу керек.

Сапалы интернет байланысымен қамтамасыз етуде де олқылықтар бар. Қазіргі таңда 2 мыңнан асатын ауыл, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарында байланыс арналары бойынша өткізу қабілеті 512 Кбит/с-тен кем емес интернет орнатылған. Бірақ интернеттің бұл жылдамдығы ауылдық округтердің бюджетіне қызмет көрсету үшін жеткіліксіз. Сонымен қатар өңірлердің ақпаратына сәйкес 934 ауылдық округте жоғары жылдам-дықтағы ғаламтор жоқ. Тағы бір проблема – ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді уақытылы жаңартудың қиынға түсіп отырғаны. Осы мәселелердің шешілмеуі бюджеттің IV деңгейін жаппай енгізуге кері әсерін тигізеді. Сондықтан Үкімет ақпараттық жүйелерді интеграциялау және мемлекеттік органдардың дерекқорын жаңарту процестерін үйлестіруді күшейтуі қажет.

Айша ТҰРМАҒАНБЕТОВА

Осы орайда ендігі жерде балаларына екпе салдыру құқығын бұзған ата-аналар жауапкершілікке тартылады.

Яғни вакцина еккізбегендер әкімшілік айыппұл төлеуі мүмкін. Ал, екпе алмаған бала инфекция жұқтырса, ата-анасы еміне қаржыны өз қалтасынан шығарады. Одан бөлек, туғалы екпе көрмеген баланы балабақшаға да қабылдамайды. Жалпы, екпе салдыртпағандарды жауапкершілікке тарту әлемнің көптеген елінде бар тәжірибе. Олардың қатарында Франция, Италия мен АҚШ сияқты мемлекеттер

бар. Бүгінгі күні елімізде 19 инфекцияға қарсы вакцинация міндетті. ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин «Халық денсаулығы туралы жаңа кодекске осындай нормалар енгізілу жағы қарастырылып жатыр. Әзірге бұл тек ұсыныс. Талап қатаңдатылса ата-аналардың жауапкершілігі артады деген ойдамыз. Біздің мақсатымыз – аурудың алдын алу. Әсіресе, балалар арасындағы өлім-жітімді болдыртпауға басымдық беріліп отыр», – деді аталмыш мәселе бойынша.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген қағида бүгінде дүние-жүзіндегі денсаулық сақтау саласының басты қағидасына айналған. Осы ұста-нымдағы мемлекеттердің барлығы вак-цинаға жыл сайын миллиондаған қаражат жұмсап, түрлі ауруларға қарсы балаларға егу жұмыстарын жүргізіп келеді. Ауру-лардың алдын алу мақсатында егілетін екпенің алғашқысы нәресте дүниеге келген бойда перзентханада егілсе, одан кейінгілері кезең-кезеңімен 56 жасқа дейін егіліп отырады. Жыл сайын вакцинаның арқасында 3 миллиондай сәби ажал тырнағынан арашаланып, 750 мыңдай балдырған мүгедектік қауі-пінен сақталатыны анықталған. Бұл – мамандардың вакцинасыз кезең мен уақытылы вакцина егіліп жатқан бүгін-гі кезеңді салыстыра келе түйіндеген статистикасы.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйенсек, жыл сайын түрлі сырқаттан көз жұматын адамдардың үштен бір бөлігінің өлімі жұқпалы аурулардан келеді. Сондай-ақ, әлем бойынша 3 миллион сәби қазіргі таңда вакцинасы табылмаған түрлі жұқпалы аурулардан көз жұмады екен. Осылайша, әлем халқы вакцинасы жоқ жұқпалы аурулардан зардап шегіп жатқанда алдын алу вакцинасы белгілі болып тұрған қауіпті дерттерден сақтан-дыратын екпелерге ата-аналардың қарсы шығуы жұқпалы дерттерге қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстарды күрделен-діріп тұр.

Мамандар екпе ектірудің арқасында соңғы жылдары оба, күйдiргi, тырысқақ, конго-қырым қанды безгегі, полиомиелит сынды аса қауiптi жұқпалы дерттер елі-мізде тіркелмегенін айтуда. Ендеше екпеге қатысты теріс көзқарас неге қалып тасты? Алдыңғы жылы елімізде арнайы мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жатыр мойыны қатерлі ісігінің алдын алу үшін адам папилломасы вирусына қарсы вакцина салынып, артынша Павлодар облысы Баянауыл ауданында осы ауруға қарсы егілген екі оқушы қыз аурухананың жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан еді. Бұдан соң халықтың екпеге қарсылығы тіпті үдей түсті. Екпе еккен соң орын алған келеңсіз оқиғалар көпшіліктің екпеге шошына қарауына түрткі болды. Осы орайда әлеуметтік желідегі журналист Мұрат Есжанның ойы көпшіліктің екпеге қатысты ойын дөп басқандай.

– Парламентте талқыланып жатқан

жаңа заң жобасы бойынша, бұдан былай ҚР азаматтарына және ҚР аумағында тұратын шетел азаматтарына екпе салдыру міндеттелетін болады. Яғни, бұл бап қабылданып кетсе, екпенің қандай да бір түрінен бас тартқаныңыз үшін балаңыздың балабақша мен мектепке алынбауы былай тұрсын, заң алдында жауап беруіңіз мүмкін. Демек, бұл – екпе керек пе, жоқ па деген мәселе емес. Мұны қозғап отырған себебім, әлеуметтік желідегі көп замандас талқылануы тиіс негізгі тақырыптан ауытқып, екпе деген ұғымның өзін мақтаумен, яки, даттаумен айналысып кетіпті. Жұмыс

тобындағы талқының видеосына мән берсек, депутаттар Бекболат Тілеухан да, Иван Клименко да «вакцинацияға қарсы емеспіз, міндеттеуге қарсымыз» деп анық айтады. Қарсы болатын жөндері де бар. Неге екенін түсініп көрейік. Әуелі желідегі жазбаларға қарасақ, екпенің оппоненттері түгіл, қолдаушыларының өзі көп жағдайда қауіпсіздік талаптары-ның сақталмайтынын, егілетін баланың толық диагностикадан өткізілмейтінін, кейде сапасыз вакцина әкелінетінін, асқыну себептері содан болатынын айтып жатыр. Ертең міндеттеле қалған жағдайда осының бәрі түзеліп кететініне кепілдік бар ма? Қайта, керісінше, заңға арқа

Темірғали ЖҰМАШ, ҚР ДСМ Туберкулез мәселелері ұлттық орталығының меңгерушісі:

– Менің ойымша, әлі де болса екпеге қатысты анық ақпараттар ха-лыққа жеткіліксіз. Содан кейін халық қарақшылық жолмен шекара асып келген түрлі дискілерді көріп, екпе жөнінде теріс ақпараттың жетегіне еріп жүр. Халық арасында екпенің тиімділігін кеңінен насихаттай түсу керек. Мәселен, соңғы 20 жыл ішінде қызамықпен ауыру 291 есеге, көкжөтел – 21 есеге, дифтерия – 96 есеге, эпидемиялық паротит – 122 есеге төмендеген. Сондай-ақ, екпе егу басталғанға дейінгі уақытпен салыстырғанда балалар арасындағы «В» вирустық гепатитімен ауыру 137 есе азайды. Осы секілді ақпараттар халыққа кең насихатталуы қажет.

Біреудің баласы тәжірибесі жоқ маманның кесірінен қайғылы жағдайға ұрынып қалса бәрі шулатып кетеді, ал, екпенің пайдасын ашып жазуға құлықсыз. Полиомиелит, дифтерия, қызылша секілді көптеген инфекция-лардың таралуы осыған дейін әлемдік медицинада үлкен мәселе болып келген еді. Бүгінде екпе бұл мәселені толығымен шешті. Екпе жасатқан адамдардың тек 5 пайызы ғана дифтериямен ауырады екен. Әлемде им-мунизация жасаудың арқасында жыл сайын қызылшадан, көкжөтелден, дифтериядан, сіреспе ауруы салдарынан өлетін адамдардың саны 2-3 миллионға азайған.

Исламдағы бес парыздың бірі – қажылық рәсімін алайық. Осындай қа-сиетті сапарға шыққалы тұрған қажыларымыз Мекке шаһарына аттанбас бұрын міндетті түрде түрлі ауруларға қарсы екпе салдырады. Бұл қажылық сапарына шығу шарттарының бірі. Мұны салмаған адам қажылыққа бара алмайды. Демек, екпе алу арқылы адам өзін әртүрлі аурулардан қорғайды. Ең бастысы бұл жерде екпенің сапасына қатысты тәртіп пен жауапкершілік қатаңдатылуы керек!

сүйеп, ата-ананың аузын аштырмастан, баланы инеге басу белең алуы ғажап емес. Екіншіден: екпе салар алдында дәрігерден бәрі дұрыс болатынына кепілдік сұрап көрдіңіз бе? Көп адам сұрап көрген. Олар бере алмайды. Қолхат талап етіп көріңізші. Азар да безер болады. Онысы дұрыс. Себебі, екпенің теріс эффект беріп кетпесіне кепіл болу мүмкін емес. Бұған аргумент ретінде вакцинацияның пайдалы жағын тізбелеп, статистика келтіріп кететіндер бар. Ол статистиканы сол әлгі кесапатқа ұшыраған мыңнан бір сәбидің ата-анасына ұқтырып көріңіз. Әрине, кез келген дүниенің

(Соңы. Басы 1-бетте)

оңы мен солы бар, сондықтан да, таң-дау құқығы ата-анада болуы тиіс. Үшіншіден: вакцинацияны міндетте-генмен, оны елдің бәрі жаппай салдыра қояды деген де қисынсыз нәрсе. Керісін-ше, қарсылардың қарасы көбеюі мүмкін. Баяғы кеңес өкіметінің кезінде бұл міндет ті болды ма, ерікті болды ма, ешкім бас ауыртқан жоқ, салу керек деді, салды. Қазір ақпарат қолжетімді жерде. Мәжбүрлеп иландырмақ қиын-дүр. Демек, ауруханаларда қара базар коррупция екпіндей түскелі тұр, – дейді журналист Мұрат Есжан бұл жайлы.

Қалдыбай ДҮЙСЕМБАЕВ

Сіз не дейсіз?

Page 4: БҮГІНГІНІҢ БАС ТАҚЫРЫБЫ ҚАРЖЫНЫ ДҰРЫС ...ZANMEDIA.KZ Қоғамдық-саяси, құқықтық газет 90 (3215) 26 қараша 2019 zangazet@mail.ru

4 №90 (3215) 26 қараша [email protected]ТАРАЗЫ

МАМАН МІНБЕРІ

Шара

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҚОЛДАНУ ДЕҢГЕЙІ ӘЛІ ДЕ ТӨМЕН

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 сотында сот төрағасы Азамат Борамбаевтың төрағалық етуімен «Қазақ тілінің рөлін сот ісін жүргізуде қолдану арқылы күшейту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Сот судьялары, облыстық тілдерді дамыту басқармасы, адвокаттар алқасының, нотариалдық палатаның, екінші деңгейлі банк өкілдері мен жеке сот орындаушылары қа-тысқан шараның мақсаты – сот жүйесін модернизациялау, Прези-дент Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту.

Іс-шараны аша отырып А.Борамбаев еліміз тіл саясатының негізгі мәселелерін атап өтті. Сонымен қатар мемлекеттік тілді да-мыту мен нығайтуға, оның ішінде сот ісін жүргізу тіліне әсер ететін бірқатар факторларға назар аударды. Ол сотқа дейінгі іс жүргізу

мемлекеттік тілді қолдану деңгейі әлі де төмен екеніне тоқталды. Оның пікірінше, бұл тергеу органдарының қызметкерлері мен адвокаттардың қазақ тілін меңгеру деңгейіне байланысты мәселе.

Іс-шараға қатысқан Батыс Қазақстан инновациялық-техноло-гиялық университетінің өкілі, филология ғылымдарының канди-даты, доцент Асан Қайыров қазақ әліпбиінің кириллицадан латын графикасына ауысуы тақырыбында баяндама жасады. Доцент өз сөзінде коммуникациялық кеңістікте бүгінде латын графикасының үлесі басым болып отырғанын айта келе, кириллицадан латын графикасына ауысу уақыт талабы екенін атап өтті.

Шара соңында дөңгелек үстелге қатысушылар сот төрелігін мемлекеттік тілде сапалы жүзеге асырудың маңыздылығын және оны одан әрі жетілдіруде құзырлы органдар жұмыла жұмыс жасау қажеттігіне тоқталды.

Олеся ТАШИМОВА,Орал қаласы №2 сотының

БАҚ-пен жұмысқа жауапты маманы

органдары процестік құжаттарды дайындау кезінде тілдік қағидатты іске асыруды реттейтін құқықтық нормаларды қатаң сақтаулары қа-жеттігін еске салды. Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік тілді қолдану мәселелеріне тоқталып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған шараларды іске асыру бойынша ұсы-ныстарын ортаға салды.

Баяндама оқыған сот судьясы Әлібек Нұрғалиев сот ісін жүргізуде

ҚОСЫМША ЖАЗА ЗАҢДА КӨРСЕТІЛГЕН ШЕКТЕ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ

БІЛІКТІ СУДЬЯЛАРДЫ ДАЯРЛАУ ЗАМАН ТАЛАБЫПАЙЫМ

ҚР Конституциясының барлық адам заң мен сот алдында тең, ешкім де сот үкімінсіз қылмыс жасауда кінәлі деп танылуға жатпайды және қылмыстық жазаға тартыла алмайды деген қағида-ларын басшылыққа ала отырып, соттар қылмыстың түрі мен ауырлығына, ай-ыптының қызметтегі және қоғамдағы орнына қарамастан, әрбір қылмыстық істі заңға сәйкес бұлжытпай шешуі қа-жет екеніне назар аударуы тиіс. Заңның бұзылуын ештеңе де ақтай алмайды. Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттар Қылмыстық кодекстің (ҚК) 52-ба-бында көрсетілген жаза тағайындаудың жалпы қағидаларын бұлжытпай сақтауы керек. Сондай-ақ, сотталушы жасаған қылмыс ауырлығы бойынша қай санатқа жататынын, рецидивтің болуын және оның түрін, сотталушының қылмыстық әрекеті қай сатыда тоқтатылғанын, қылмыстық топ, ұйымдасқан топ немесе қылмыс-тық қауымдастық жасаған жағдай да сот-талушының қатысу дәрежесін, қылмыстық мақсатқа жету үшін оның әрекеттерінің мағынасын және келтірілген немесе кел-тірілуі мүмкін зиянның сипаты мен көлемі-не ықпалын, қылмыстар жиынтығын, жазаны жеңілдететін немесе ауыр лататын жағдайларды, сол қылмыс үшін көздел-ген жазаға қарағанда неғұрлым жеңіл жаза тағайындау немесе шартты соттау негіздерін ескеруі тиіс. Қылмыс жасаған адамдардың жасы кәмелетке толмаған не толғаны, жасы 65-тен асқан ер адамдарға, сондай-ақ, әйелдерге қылмыс тық жаза тағайындаудың ерекшеліктері де аталмыш заңда көзделген ескерілуі тиіс мәселелер.

Соттардың назары ауыр және аса ауыр қылмыс, әсіресе, қылмысты ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық бо-лып жасаған, коррупциялдық қылмыстар жасағаны үшін кінәлі болып танылған, сондай-ақ, бұрын сотталған, бірақ, түзел-гісі келмейтін адамдарға заңда көрсетіл-ген жазалаудың қатаң шараларын міндетті түрде талқылап, қолдануға аударылады. Судья қылмыстың ауырлығын анықтау тәртібін реттейтін ҚР ҚК-нің 10-бабының талаптарын, сондай-ақ, нақты қылмыс-тық әрекетті, яғни, кінәнің түрін, себебін, тәсілін, жасаған қылмыстық жағдай мен кезеңін, одан болған ауыртпалықты, сотталушылардың әрқайсысының қыл-мысқа қатыстылығының дәрежесі мен сипатын ескере отырып жасалған қыл-мыстың қоғамға қауіптілігінің дәрежесін анықтайды. Егер іс бойынша үкім шыға-рып қойғаннан кейін сотталған адамның тағы басқа да қылмыстар үшін айыпты екені, оның біреуі үкімді шығарғанға дейін, ал басқалары үкім шығарғаннан

кейін жасалғаны анықталса, екінші үкім бойынша жаза ҚК 58 және 60-баптарын қолдана отырып, яғни, алдымен алғашқы үкім шығарылғанға дейін жасалған қыл-мыстар жиынтығы бойынша, одан кейін ҚР ҚК 58-бабы 6-бөлімінің ережелері қолданылады, сосын алғашқы үкім шыға-рылғаннан кейін жасалған қылмыстар жиынтығы бойынша жазалар анықталып, түпкілікті жаза үкімдер жиынтығы не-гізінде тағайындалады. Мұндай жағдайда соттар бұрынғы үкім бойынша тағайын-далған жазаның өтелмеген бөлігінің мөл-шері мен түрін белгілеуі және көрсетуі тиіс. Жазаның өтелмеген бөлігі ҚР ҚК 60-бабының негізінде жаңа үкім бойынша тағайындалған жазаға түгелдей немесе ішінара қосылады.

Бұрынғы үкім бойынша тағайын-далған жазаның өтелмеген бөлігін ішіна-ра қосып үкімдердің жиынтығын қол-данғанда, егер қорытынды жаза жазаның осы түріне белгіленген ең жоғарғы шек те тағайындалмаса, сот үкімінде осындай шешім нің қабылданғанын дәлелдеу ке-рек. Бұрынғы үкімдегі жазаның өтелме-ген бөлігін ішінара қосқанда қорытынды жаза қалайда мөлшері жағынан жаңадан

жасалған қылмыс үшін тағайындалған жазадан да, бұрынғы үкім бойынша өтел-меген жазадан да жоғары болуы керек.

Егер сотталушы сынақ мерзім ішінде жаңадан қылмыс жасаса, сот жаза ны үкімдердің жиынтығы бойынша таға-йындау мәселесін талқылаған кезде ҚР ҚК 64-бабы 4-бөлігінің талаптарын еске-руге міндетті. Бұл орайда аталмыш ко-декстің 60-бабы ережелері сот жаңа қыл мыс үшін жаза тағайындаған кезде бұрынғы үкімдегі шартты соттылықты жою туралы шешім қабылдаған жағдайда ғана қолданылады. Егер де сот абайсыз немесе онша ауыр емес қасақана қылмыс туралы істі қараған кезде бұрынғы үкім-дегі шартты соттылықты қалдыру туралы тұжырымға келсе, онда жаза тек жаңа қыл мыс үшін тағайындалады.

Жазаларды қылмыстардың жиынтығы бойынша немесе үкімдердің жиынтығы бойынша толық не ішінара қосқан кезде соттар Қылмыстық кодекстің 61-бабын-да бекітілген мерзімдерді қосу кезінде оларды белгілеу тәртібі ескерілуі тиіс. Бұл баптың мәніне сай, бұрынғы үкім бойынша тағайындалған өтелмеген қо-сымша жаза түгелдей немесе ішінара

орындауды кейінге қалдыру мерзімі өтіп кеткеннен кейін және сотталушыны ҚР ҚК-нің 72-бабы 3-бөлігіне сай, жазасын өтеу үшін тиісті мекемеге жібергені тура-лы соттың ұйғарымы заңды күшіне енген-нен кейін жасалса, сот жаңа қылмыс тың жазасын белгілеп алып, ҚР ҚК-нің 60-ба-бында көрсетілген жазаны үкімдердің жиынтығы бойынша тағайындаудың ере-желерін қолдануға міндетті. Егер жаңа іс жөніндегі үкім қабылданған кезге дейін, сот сотталушыны жазасын өтеу үшін тиісті мекемеге жіберу мәселесін заңға сай шешпеген болса, онда сот тек жаңа қылмыс үшін жаза тағайындайды.

Негізгі және қосымша жазаларды үйлес тіре білу оны даралап көрсету прин-ципін дәйекті түрде жүзеге асыруға және жаза ның мақсатына жетуге көмектеседі. Осыған байланысты соттар үкім шығарған кезде әр іс бойынша, әсіресе, ауыр, аса ауыр, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жаса ған адамдарға қосымша жаза қолдану қажеттілігі мәселесін қарауы қажет.

Қылмыстық заң баптарының санкция-ларында қосымша шаралар қолдану неме-се қолданбау мүмкіндігі айтылған болса, онда соттар оны тағайындау туралы

жаза ретінде көзделмесе де тағайындалуы мүмкін. Мұндай жазаны қолдану туралы шешім қабылдағанда, үкімнің қорытынды бөлігінде ҚР ҚК-нің тиісінше 41 немесе 50-бабына сілтеме жасалынады.

Қосымша жазалар сотталушыны кінәлі деп таныған заң баптарында көрсе-тілген шекте тағайындалады. Егер қо-сымша жаза ҚР ҚК-нің 41 немесе 50-бап-тарының негізінде қолданылса, оның мерзімі заң бойынша жазаның осы түріне белгіленген шектен аспауы керек.

Егер бірінші сатыдағы сот бірнеше үкім бойынша жаза тағайындағанда бір жазаны басқаларға сіңіруді заңға қайшы немесе ҚР ҚК-нің 60-бабы 2-бөлігінің ережелеріне сәйкес жазаның өтелме-ген мерзімін қосуға мүмкіндіктің жоқ-тығынан қолданса, апелляция немесе қадағалау сатысындағы сот соңғы үкім бойынша берілген жазаны жеңілдеткен жағдайда бұрынғы үкім бойынша беріл-ген жазаның өтелмеген бөлігін ішінара немесе түгелдей қосып жіберуге құқылы. Бірақ, қорытынды жаза оған кейінгі саты-дағы соттың енгізген өзгертулерінен кейін де үкім бойынша тағайындалған жазаның мөлшерінен аспауы керек.

мәсе лені қарап, қабылданған шешімнің дәлел дерін үкімнің дәлелдеу бөлігінде міндетті түрде көрсетуі тиіс. Ал қосымша жаза қолданылмаған жағдайда бұл тура-лы үкімнің қорытынды бөлімінде ондай сілтеме жасалмайды. Кінәліні сот таған кезде қылмыстық заңның баптарында қосымша жаза қолдану міндетті деп та-былса, сот оны ҚР ҚК-нің 55-бабында көрсетілген шарттар болған жағдайда, ҚР ҚК-нің 55-бабына сілтеме жасай отырып қабылданған шешімнің дәлелдерін үкімде міндетті түрде келтіре отырып, қолдан-бауы мүмкін. Айыппұл, мүлікті тәркілеу сияқты қосымша жаза түрлері тек егер олар сотталушыны кінәлі деп таныған Қылмыстық кодекс баптарының диспози-цияларында қосымша жаза ретінде көздел-ген болса ғана қолданылуы мүмкін. Белгілі бір лауазымды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға құқығынан айыру, арнайы әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатикалық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру қо-сымша жаза ретінде ҚР ҚК-нің Ерекше бөлімінің қылмысты дәрежелеген бабында

жаңа үкім бойынша тағайындалған дәл сондай қосымша жазамен бірігеді, бұл қосымша жаза қосымша жазаның дәл осы түрі үшін белгіленген мерзім шегінде тағайындалады.

Егер алғашқы үкім бойынша адам бас бостандығынан айыруға, түзету жұмыста-рына немесе орындалуға жататын басқа да жазалар бойынша сотталса, ал екінші үкім бойынша жаза ҚР ҚК 63-бабын қолдана отырып тағайындалса, онда сот жазаларды қосқан кезде олардың бөлек орындалатынын үкімде көрсетуі тиіс. Бұл орайда шартты соттау қолданылған үкімдегі сынақ мерзімі алғашқы үкімдегі жаза қай мекемеде орындалатынына қара-мастан, үкім күшіне енген кезден бастап есептеледі.

Егер сотталған адам бұрынғы үкімді орындауды кейінге қалдырған кезде басқа қылмыс жасап қойса, сот жаңа қылмыс жасағаны үшін тағайындаған жазаға, ҚР ҚК 60-бабына сай, бұрынғы үкім бойын-ша өтелмеген жазасын қосуы тиіс. Он-дайда бұрынғы үкімді орындауды кейінге қалдыруды бұзу туралы қаулы қабылдау-дың керегі жоқ. Егер жаңа қылмыс үкімді

Құқықтық мемлекет құрудағы маңыз-ды мақсаттардың бірі қылмыстылықпен күресті күшейту екені белгілі. Бұл салада қылмыстық заңдарды реформалау, оның нормаларын қоғам дамуына сәйкестен-дірудің маңызы өте зор. Қоғамда қылмыс-тың алдын алуға судья қылмысты дұрыс саралау, дәлелдемелерге және қылмыс-кердің жеке басына баға беру, оған тағай-ындалуы тиіс жазаның мөлшері мен түрін анықтау, яғни, әділ сот төрелігін жүзеге асыру арқылы ықпал етеді. Осы тұрғыда сот төрелігін жүзеге асырушы судья ның білімділігі, тәжірибесі мен біліктілігі жоғары болуы тиіс.

Болашақ судьяларды дайындау, олар-дың біліктілігін арттыру, білім берудің инно вациялық, жаңа жүйелерін, судьялық әдепті жетілдірудің жаңа әдістерін енгізу үшін озық ғылыми жетістіктерді пайдала-ну керек. Осы орайда білікті кадрлар даяр-луға бағытталған сот оқуының жүйесі сот органдарының кадрларын дайындау және қайта даярлау жөнінде қазіргі кәсіби оқы-туды, судьялардың білімін және кәсіби деңгейін арттыру жөніндегі шараларды одан әрі жетілдірмек. Себебі, әлеумет-тік-экономикалық саладағы өзгерістер білім беру жүйесіне, қолданылып жүрген нысандар мен әдістердің қазіргі заманға бейімделуіне жаңа талаптар қояды. Осы

мақсатта сот оқуы саласында ҚР Жоғарғы Соты жанындағы академия нысаналы жұ-мысты жүзеге асыруы тиіс.

Еліміздегі кәсіптік білімнің, оның ішін-де сот білімінің маңызы бағдарламалық сипаттағы бірқатар мемлекеттік құжаттарда құқықтық саясаттың маңызды буыны және оны іске асыру тетігі ретінде көрсетіледі. Сот білімінің маңыздылығы мен рөлі Пре зидент Жолдауында, Қазақстанның бәсе кеге қабiлетті елдердің қатарына кiру стра тегиясында қарастырылған.

Халықаралық стандарттар мен норма-тивтерді, жетекші ғалымдардың, қоғам-дық ұйымдардың, көпжылдық прак-тикалық тәжірибесі бар заңгерлердің қатысуымен отандық, шетелдік заңи және педагогикалық практиканы пайдаланып, судьяларды кәсіби дайындау негіздерін әзірлеу үздіксіз оқытуды дамыту дың стра тегиялық бағыты болып табылады. Сот жүйесіне жоғары білікті мамандарды дайындау құқықтық реформаның көпте-ген мәселесін шешуге, сот құзыреттілігі, этика, кәсібилік, сот жүйесінің тәуелсізді-гі мен ашықтығы салаларында барынша жоғары стандарттарға жетуге жағдай

жасайды. Осы мақсаттарды табысты іске асыру үшін кешенді шаралар жүйелі түр-де жүзеге асырылуы тиіс.

Сот қызметін кәсіпқой кадрлар-мен қам тамасыз ету саласында елеулі ілгері леу байқалатынын айта кету керек. Алайда, сот оқуын жетілдіру, Қазақстан Рес пуб ликасындағы білімді жаңғырту бағ дар ламасының тұжырымдамалық ереже лерін ескеріп, сот жүйесі үшін кадр-ларды дайындау сапасын арттыру мәселе-

лері өзекті болып қала бермек. Тұтастай алғанда, судьялардың әртүр-

лі машықтар мен тақырыптар бойынша қосымша оқуына қол жеткізуін қамта-масыз ету қажет. Ғылыми-білім беру ұйым дарында қосымша оқытуды іске асыру ды қамтамасыз ету үшін судьяларды жер гілікті жерлердегі ғылыми-білім беру ұйым дарының жанында оқыту, судьялар-ды оқытуды Жоғарғы Сотпен келісілген және Сот төрелігі академиясы бекіткен

күнтізбелік жылға арналған перспектива-лық жоспарға сәйкес жүргізу және сот жүйесінің қызметін қамтамасыз ететін органдар қызметшілерінің біліктілігін арт тыру керек.

Мемлекет басшысының Жарлығы-на сәйкес айрықша мәртебеге ие Сот төрелігі академиясы судьялық кадрлар-ды даярлауда оқу, ғылым және әдісте-мелік салалар бойынша негізгі қағи-даларды әзірлеп, енгізеді. Сондай-ақ, мамандарды даярлаудың жаңа бағыт-тарын айқындап, оларды оқытудың мерзімдері мен түрлерін белгілейді. Осылайша, академия оқытудың мазмұ-ны мен оқыту қызметін ұйымдастыру ды дербес жүзеге асырады.

Судьялар корпусының кәсіби деңгей-іне қазіргі заманның қоятын талабы күн өткен сайын артып келеді. Сондықтан болашақ судьяларды даярлау ең жоғары стандарттарға сәйкес жүргізілуі керек.

А.БОЛАТАЕВ,

Текелі қалалық сотының жетекші маманы

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

Айдарбек ЗАМБАЕВ, Жамбыл облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы

Page 5: БҮГІНГІНІҢ БАС ТАҚЫРЫБЫ ҚАРЖЫНЫ ДҰРЫС ...ZANMEDIA.KZ Қоғамдық-саяси, құқықтық газет 90 (3215) 26 қараша 2019 zangazet@mail.ru

5№90 (3215) 26 қараша [email protected] ТЕМІРҚАЗЫҚ

Қабылдау

«Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» демекші, қателеспейтін адам болмайды. Ал сол қателескен азаматтардың кемшілігін бетіне басып, тұқыртып, қоғамнан аластауға асықпаған дұрыс. Олардың да жақыны, туыстары бар. Қанша қыл­мыс жасаса да туыстары оларды күтеді, жаман­дыққа қимайды, өмірді жаңаша бастайтынына сенеді. Жазасын өтеушілердің туыстары «Азамат­тарды қабылдау күнінде» осы секілді сан сауалын түзеу мекемесінің басшыларына қойып, тұшымды жауап алып жатады.

Жалпыреспубликалық бірыңғай азаматтарды қабылдау күні барысында Жамбыл облысы бо­йынша Қылмыстық­атқару жүйесі департаменті ЖД­158/1 мекемесінің бастығы, әділет подпол­

ковнигі Бауыржан Сауранбаев бірқатар азамат­тарды қабылдады.

Қабылдауға келген азамат Б.Абиров жазасын өтеуші жұбайының ІІ­топтағы мүгедектігі бойынша анықтамасының мерзімі аяқталатынын ауызша ха­бардар етіп, бұл мәселені тексеру комиссиясының қайта қарауын өтінді. Келесі кезекте өтінішімен жүгінген А.Алтенова құжаттарды қайта рәсімдеу үшін аталған мекемеде жазасын өтеуші жолдасы­ның атынан сенімхат берілуін сұрады.

Қабылдауға келгендерді мұқият тыңдаған мекеме бастығы Бауыржан Әбуұлы сотталғандар мен айыпталушылардың құқықтарының бұзылма­уы және олардың денсаулығы қатаң қадағалауда екенін баса айтып, жеке қабылдауға келген аза­

ӨТІНІШТЕР ЗАҢҒА СӘЙКЕС ҚАНАҒАТТАНДЫРЫЛАДЫ маттардың өтініштері заңға сәйкес қанағаттанды­рылатынын жеткізді.

Мекеме бастығы Б.Сауранбаевтың айтуынша, республика көлемінде өткізіліп жатқан мұндай шара мемлекеттік органдардың қарапайым ха­лықпен байланысын арттыра түсуіне өз септігін тигізеді.

– Республикалық бірыңғай азаматтарды қа­былдау күні аясында көкейіндегі сан сауалға жау­ап таппай жүрген бірқатар азаматтарды қабылда­дық. Жалпы, мұндай шара барысында тұрғындар өздерін мазалаған сұрақтарына заң жүзінде жауап ала алады, – деді шара жөнінде Б.Сауранбаев.

Нұржан КҮТІМБЕТОВ,Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті

ЖД-158/1 мекемесі бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауынан біз осыны түй-сінеміз. Мемлекет басшысы Жолдауда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Бес институцио-налды реформа мен Ұлт Жоспарын» толыққанды жүзеге асыруды басты назарда ұстау қажеттігін нақтылады.

Онда біздің сала бағытында азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы да айтылады. «Сот және құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар – азаматтары-мыздың құқықтарын қорғаудың және олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы. Сот шешімдерінің сапасын арттыру үшін бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыру қажет», – деген ел Президенті салаға қатысты басым бағыттарға тоқталды.

Кей кісілер заңның ел дамуына қатысы қанша-лықты деуі мүмкін. Рас. Бұрын қала тұрғындары арасынан тазалыққа мән бермейтіндер көптеп та-былатын. Қадам аттаған сайын темекі тұқылы мен ас-ауқаттан босаған бірреттік ыдыстарды көше бойынан көретінсіз. Қызылордаға бес жыл кел-меген адамның көзқарасын сұрасаңыз, кәдімгідей таңданып қалады. Қазір жұртшылық қоқысты дұрыс тастамаудың өзі тәртіпбұзушылық екенін, ол үшін заң алдында жауап беретінін ұғынды. Әдепкі кездері ұсақ бұзақылық әрекеттері үшін ісі сотқа жолданған азаматтардың қарасы қалың еді. Қазір бейнекамералар бәрін қаз қалпында түсіретініне көзі жеткен. «Тәртіпке бас игеннің құл болмайтынын» түйсінген, яғни құқықтық сауаттылығы артқан. Осы арқылы біз қала мәде-ниетіне зор үлес қостық.

Сондай-ақ, кей мәселелерде біз халықтың құқын қорғаймыз деп, соңы балаларымыздың болашағына нұқсан келер жағдайлардағы жазаны да жеңілдетіп жібергенімізді Президент өз Жолда-уында ашық айтты.

– Біз шамадан тыс қудалау шаралары мен сот төрелігінің қатаң жазалау тәжірибесінен бас тарт-тық. Алайда, елімізде ауыр қылмыстардың саны азаймай тұр. Біз заңнамамызды ізгілендіру ісіне көбірек мән беріп, азаматтардың негізгі құқықта-рын назардан тыс қалдырдық.

Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе, балаларға қатысты қылмыс-тарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажет. Бұл мәселені шешуді Парламентке және Үкіметке тапсырамын, – деді Қ.Тоқаев Жолдауда.

Адами әрекетке жатқызуға келмейтін бұл мәселені айтудың өзі жаныңа батады.

Бұған дейін де сот тек жазалаушы органға айналды деген сын да айтылды. Заң шеңберінде барлық адам бірдей. Құқықтық саланың ерекшелі-гі де сол. Жазылған заңнан артық қадамға бара алмайсың. Барсаң, өзің жазаланасың.

– Сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. Орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық ак-тілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама

жүргізу ісін қайта қалпына келтіру қажет. Бұған сарапшылар мен қоғам өкілдері де атсалысуы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасалған мекеменің бірінші басшысының жа-уапкершілігін заңнамалық және нормативтік тұрғыдан нақты белгілеу керек, – деді Президент халыққа Жолдауында.

Сыбайлас жемқорлықты бір-біріне қамқорлық деп түсінетіндер азаймай отыр. Президенттің қоғамды дендеген бұл дерттен арылуымыз керек-тігін ерекшелеп айтқанында да зор мән жатыр. Мұндайға бейім жандардың құзырлы органдарда жұмыс істеуге хақысы жоқ. Қазақта «ет сасыса тұз себеді, тұз сасыса не себеміз» деген мән-мағына-лы қанатты сөз бар емес пе?

Тағы бір айта кетерлігі, маңызды құжатта заман талабына сай тиімді мемлекет, азаматтар-дың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қарқынды дамыған және инклюзивті эко-номика, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі, қуатты өңірлер – қуатты ел деп аталатын негізгі 5 бағыт айқындалды. Азаматтардың арман-мақ-сатын, талап-тілегін ескере отырып, алдағы күнге бағдар беруді көздеген стратегиялық құжатта қоғам қауіпсіздігін нығайту мәселесі алдыңғы орынға қойылған. Соның ішінде, жоғарыда атап өткендей, қарапайым азаматтардың құқығы мен бостандығын мінсіз қорғаудың кепілдігін нығайту мәселесі ерекше назарға алынған.

Сот саласында бұл бағыттағы жұмыс әлдеқа-шан басталып кеткен. Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов 2019 жылды «Сот төрелігін жү-зеге асыру бойынша сапа жылы» деп жариялады. Сапалы жұмыс істеп, ел мүддесіне орай еңбек ету – әрбіріміздің парызымыз. Бұл – бұған дейін сапасыз жұмыс болды деген сөз емес. Әйткенмен, кеткен кемшіліктерді сарапқа салып, ой елегінен өткізіп, істі дамыту керегін түйсіндік.

Осы күні сот шешімдеріне қойылатын та-лапты қатайтып, судьялардан өз шешімдерін ха-лыққа түсінікті, ұғынықты етіп жазуға, сонымен қатар, әрбір судья өз шешімін қарапайым түрде түсіндіруге талап қойғанынан тұтас Қазақстан хабардар. Сол себепті, аталған Жолдауда да сот шешімдерінің сапасын арттыру үшін бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыру қажет екені айтылған. Сондықтан, Мемлекет басшысы судья мен қарапайым азаматтар арасында кедергісіз диалогтың орнауы тараптардың құқықтық сауа-тының артуына, сотқа деген сенімнің нығаюына, даукестіктің төмендеуіне айтарлықтай әсерін тигізетініне баса мән берді.

Мемлекеттік қызметкер мен қарапайым ха-лықтың арасында алынбас қамал болмау керек. Өйткені, барлығымыздың ісіміз халықпен тікелей байланысты. Жұмыстың сапалы жүруі әрбір істі мұқият түсіне орындағанымызға байланысты. Қарапайымдық – бұлжымас қағидаға айналған абзал.

Қазақстан дамыған өркениетті елдердің қа-тарына қадам басқалы қашан. Десе де, көштің жүре түзелетіні секілді, біздің болашаққа алған бетімізде даңғыл жол жатыр. Барлық сала Жолдау-да айтылған міндеттемелерді орындай келе сол даңғылға түседі деген сенімдеміз.

Қазақстан Республика-сының Сыбайлас жемқор-лыққа қарсы іс -қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Көкшетау қа-ласына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар мекеме, ұйымдарда болып, жұрт-шылықпен, оның ішінде, жастармен кездескен бо-латын. Агенттік төрағасы Көкшетау қалалық сотына арнайы ат басын бұрып, сот-тың жұмысымен жан-жақты танысты.

Сотқа деген халық сенімінің артуы, ең алдымен, судьялардың жемқорлық сияқты бүгінде қоға-мымызды меңдеп алған дерттен аулақ болуымен келетіні белгілі. Өтпелі жылдардың ауыр кезеңінде тәуелсіз еліміздің сот билігінің іргесі қалана бастаған тұста сот атына кір келтірген, қызметін қалта толтырудың құралы ретінде пайдаланған судьялардың көп болғаны жасырын емес. Содан бо-лар сотқа деген халықтың сенімі де біршама азайып кеткен еді.

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН РЕФОР-МАЛАРДЫҢ АЯҚСЫЗ ҚАЛҒАНЫ ЖОҚ. БАСТАМАЛАР БИЛІК ПЕН ҚАРАПАЙЫМ ХАЛЫҚТЫҢ АРАСЫН ЖАЛҒАП, ОРТАҚ МАҚСАТҚА ЖҰМЫЛДЫРЫП КЕЛЕДІ. СО-НЫҢ ІШІНДЕ СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ МЕМЛЕ-КЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ОҢТАЙЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІНЕ ЖІТІ КӨҢІЛ БӨЛІНГЕНІН АЙТА КЕТКЕНІМІЗ ЖӨН.

Мемлекеттік қызмет алу кезінде қолдан жасалған кедергілерге тап болып, уақыт жағынан да, қаржы жағынан да ұтылған халықтың билікке сенімі төмен-дейтіні сөзсіз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылғандай, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қалыптастыру үшін жоғарыдағы кемшіліктерді жою керек. Бұл талап жылжымайтын мүліктерді тіркеуде де ескеріліп отыр.

Шындығында, мемлекеттік қызмет алу кезінде жұмысты қолдан қиындату құқықтық сауаты төмен азаматтардың таныс іздеп, шаруасын сыбайластық арқылы шешуіне жол ашады. Бір құжат үшін бірнеше мекеменің есігін жағалап анықтамалар алу, ұзын-со-нар кезекке тұру жұмыс істейтін азаматтарға үлкен қолбайлау.

Соған орай жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеуде ең алдымен осы түйткілдерді заңды түрде

реттеудің тәртібі нақтыланды. Алдымен «Жылжы-майтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы» заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, қызмет көрсету уақыты жеделдетілді. Бұған қоса, азаматтар бір құжат алу үшін бұрынғыдай бірнеше мекемеден анықтама жинау азабынан құтылып отыр. Өйткені, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпора-циясы бір терезе қағидатымен жұмыс істеп, көптеген мемлекеттік қызметтерді бір орталықтан көрсететіні белгілі.

Ал мүлікті тіркеу қызметі былтырдан бері осы корпорацияның құзырына өткен. Соның арқасын-да жылжымайтын мүлікке қатысты ақпараттарды азаматтар бір орталықтан алып, жұмыстарын оңтайлы шешуіне мүмкіндік туды. Мұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы жасалған үлкен соққы десек те болады. Әсіресе, мүлікті электронды тіркеудің жолға қойылуы адам факторын азайтатын, сәйкесінше жемқорлықтың жолын кесетін оң өзгеріс. Жаңа тех-нологияларды енгізу арқылы сыбайластыққа тосқа-уыл қоятын мұндай жаңашылдықтар алдағы уақытта да жалғасын таба береді.

Нұрзат САУРАМБАЕВ,Алматы қаласы Әділет департаменті

жылжымайтын мүлікті тіркеу басқармасының бас маманы

ЖОЛДАУҒА – ҚОЛДАУ!

ӨРКЕНИЕТКЕ ЖАСАЛҒАН ЖАҢА ҚАДАМ

ЕЛІМІЗДІҢ ОСЫДАН ОН-ОН БЕС

ЖЫЛ БҰРЫНҒЫ ЖАҒДАЙЫ МЕН

ҚАЗІРГІСІ САЛЫСТЫРУҒА КЕЛ-

МЕЙДІ. ТӘУЕЛСІЗДІК АЛҒАНЫ-

НА КӨП УАҚЫТ ӨТЕ ҚОЙМАҒАН

ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАҒДАЙЫ

ҚАЛАЙ БОЛАР ЕДІ?! АЯҚҚА ТҰРЫП,

ӘЛЕМДІК АРЕНАДАН ӨЗІНДІК ОР-

НЫН АЙШЫҚТАП, ҚАЛЫПТАСУ

ДЕГЕНІҢІЗ ШИРЕК ҒАСЫРДЫҢ

ІСІ ЕМЕС. БҰЛ, ТІПТІ ЖҮЗДЕГЕН

ЖЫЛҒА КЕТУІ ҒАЖАП ЕМЕС ЕДІ.

АЛ АЗ УАҚЫТТА ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ

ҮШІН ДАМУДЫҢ ТИІМДІ ТЕТІГІН

ТАУЫП, МЕМЛЕКЕТТІК МҮДДЕНІ

ҚАШАНДА БИІК ҚОЙҒАНДА ҒАНА

ІСТІҢ НӘТИЖЕСІ БОЛАДЫ.

Б.ЕЛШІБЕКОВ,Қызылорда облысы

мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы

ОҢ ҚАДАМ

АГЕНТТІК ТӨРАҒАСЫ ФРОНТ-ОФИС

ТЫНЫСЫМЕН ТАНЫСТЫДегенмен де, сот саласындағы

жүргізіліп жатқан қайта құру-лар сот жүйесін теріс пиғылды адамдардан тазартып, сот кор-пусын білікті де өз жұмысына адал судьялармен толықтыруға мүмкіндік жасады. Бұған бір жағы сот қызметін электрондық нұсқаға көшіру, соттың ашықтығын қамта-масыз ету шараларының да тигіз-ген ықпалы аз болмағаны анық.

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров қо-нақтарға қалалық сотта ашылып, жұмыс істеп жатқан соттың жаңа фронт-офисін таныстырып, онда келушілер үшін қажетті жағдай-дың қалай жасалғанын көрсетіп, баяндап берді. Мұнда азаматтар кеңес ала алатын медиатордың, прокурордың және адвокаттың кабинеттері орналасқан. Мәсе-лені сотқа дейін шешудің маңыз-дылығы, татуластыру рәсімдерін түсіндіру бағытында азаматтар-мен жүргізіліп жатқан жұмы-стар туралы баяндаған облыстық соттың төрағасы бейне және та-спаға жазудың электронды жүй-есімен жабдықталған сот оты-

рысы залдарымен таныстырды. Қазіргі күні сот мәжілістерінің бәрі осындай бейне-дыбыс жазба-мен қамтамасыз етілген залдарда өтеді. Бұның өзі екі тараптың да заңбұзушылыққа жол бермеуіне жағдай жасайды.

Соттар әкімшісінің басшысы Данияр Сапарбек фронт-офистің азаматтар үшін жұмыс атқару принциптерін түсіндіріп, соттың кеңсе жұмысында электронды технологияларды қолдану, атап айтқанда, «Сот кабинеті», «Ақпа-раттық орталық», «QR-код» және соттардың жұмысын бағалау бо-йынша азаматтар арасында сауал-нама жүргізу туралы жан-жақты айтып өтті.

Агентт ік төрағасы Алик Шпекбаев сотқа келушілермен әңгімелесіп, олардың сотқа де-ген көзқарастары туралы сұрап білді. Соттардың ашықтығы, тұрғындармен кері байланыс, азаматтар, сондай-ақ, адвокаттар мен медиаторлар үшін ыңғайлы жағдайлар жасау – бұның бәрі сот қызметінің сапасы мен жеделдігін арттырып, халықтың сотқа деген

сенімін нығайтатын жайт-тар. Агенттік төрағасы осы мәселелердің қаншалықты шешілгеніне назар аударды және азаматтарға сот қызметі қолжетімді болып, оларға ешқандай кедергі жасалмауы қажеттігін атап өтті.

Алик Шпекбаев судья-лар мен сот қызметкерлері-не соттарға деген халықтың сенімділігін арттыруға және сыбайлас жемқорлық құқық-бұзушылық жасауды болдыр-мауға тілектестігін білдірді.

Қалкөз ЖҮСІП,«Заң газеті»

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

КЕСЕЛ

ЖҰМЫСТЫ ҚОЛДАН ҚИЫНДАТУ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ АШАДЫ

Page 6: БҮГІНГІНІҢ БАС ТАҚЫРЫБЫ ҚАРЖЫНЫ ДҰРЫС ...ZANMEDIA.KZ Қоғамдық-саяси, құқықтық газет 90 (3215) 26 қараша 2019 zangazet@mail.ru

6 №90 (3215) 26 қараша [email protected]ӘЛЕУМЕТ

(Соңы. Басы 1-бетте)

Адамзат тарихында террор ұлттық, діни, саяси, экономикалық, әскери мүдделерге жету жолында пайдаланылды.

XX ғасырдың басындағы социалистік бағыт-тағы төңкерістер салдарынан ақ террор мен қызыл террор миллиондаған адамдардың өмірін жалмағаны белгілі. Қазіргі алмағайып заманда террор алпауыт елдердің геосаяси және геоэ-кономикалық мүдделерінің шиеленісуі нәтиже-сінде ықпал жасау мен қоқан-лоққы көрсетудің жаңа құралына айнала бастағаны жасырын емес.

Терроризм идеологиясының саяси, ұлттық, діни, нәсілдік, қылмыстық түрткілерінің ара-сынан соңғы жылдары діни сеніммен байланыс-ты көріністер жиілеп кетті.

Алайда 2019 жылы наурызда Жаңа Зеландия-ның Крайстчерч қаласындағы екі мешітте және Шри-Ланкадағы үш шіркеуде болған террор-лық қылмыс индивидуалды түрде жасалды. Бұл қылмыс тар діни сенімді бетперде ретінде қолданатын трансұлттық топтардың әрекеттері туралы пайымдауға негіз. Діни түрткідегі тер-рорлық идеология фанатизм және ксенофобтық өшпенділіктен туындайды.

XXI ғасырда да діни сенімнің ғибадаттық және сыртқы (имидж) белгілері діни мораль мен құндылықтық өлшемнен басым түсіп отырғаны аңғарылады. Таяу Шығыстағы мұсылмандар мен иудейлер, Солтүстік Ирландиядағы проте-станттар мен католиктер, Үндістандағы инду-изм ұстанушылары мен мұсылмандар, Мьянма, Шри-Ланка, Филлипин елдеріндегі дінаралық қақтығыстар терроризмнің діни түрткілері ту-ралы зерделеуге негіз болады. Діни түрткідегі терроризм идеологиясының мәні – о дүниедегі мәңгілік эвдемонизм (жанаттағы бақыт) және мәңгілік гедонизм (жанаттағы ләззат) жолын-да өзі мен өзгелерді құрбан ету. Лаңкесшінің мінез-құлқының түрткісі бұл дүниелік құн-дылықтар емес, о дүниелік бақытқа жетелейтін – борышқа адалдық таныту. Жанкешті терроршы үшін құрбан болу мәндік кредо. Жалған діни идеологияны ұстанушылар азап шегу мен бұл дүниені тәрк ету жолымен құрбан болуды экзи-стенциялық борыш деп қабылдайды. Жалған-діни ұйым мүшелерін оңалтуда адам өмірінің мән-мағынасы және адамның өзі мен отбасы, қоғам алдындағы борышы туралы дүниекөзқа-расын қалыптастыру маңызды мәселе.

Контртеррорлық операция жүргізудің себеп-терін қоғамға дұрыс түсіндіру қоғамда дүрбелең туғызуы мүмкін жалған ақпараттардың тара-луына тосқауыл қою, әлеуметті тыныштандыру, террорлық шабуылдан зардап шеккендерге құқықтық, медициналық, психологиялық және басқа да көмек беру түрінде жүргізілуі тиіс.

Қоғамның тұрақтылығына нұқсан келтіріп, елді дүрбелеңге салған мұндай қылмыс жаса-ушыларға жаза әр елде әрқалай. Мәселен, Еу-ропа елдерінде террорлық қылмыс жасағандар арнайы оқшау ғимараттарда жазасын өтейді. Израиль мен Ресейде терроризм бабымен сот-талғандар мерзімінен бұрын босатылмайды.

Терроризммен тиімді күресу үшін қоғам

ДІН-ДІҢГЕК

ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕСТЕ ҚОҒАМНЫҢ ҚОЛДАУЫ

МАҢЫЗДЫ

ЖАРНАМА

Лоттар саны 312 – Лот бойынша сауда-саттықты жүргізу әдісі – ағылшындық. Қадам – 5%.

Лот № 1 - Server HP/BLc3000 Platinum CTO Enclosure, бастапқы баға: 1 551 407,20 теңге

Лот № 4 - Жоғары нақтылы проектор 4800 ANSI + проекторға арналған төбеге ілінетін кронштейн, бастапқы баға: 326 165,28 теңге

Лот № 5 - Сервер (AP9465, ПО AP95100, N/A), бастапқы баға: 1 220 868,32 теңге

Лоты № 6,7 - Сервер 813198-B21 HPE BL460c G9 E5v4 10/20Gb FLB CTO Blade, бастапқы баға: 899 384,64

Лот № 9 - Сервер Dell PowerEdge R430 Rask Chassis, бастапқы баға: 352 720,48

Лоттар № 11, 12 - Сервер Fujitsu (PY RX2520 Ml 2.5), бастапқы баға: 837 810,40

Лот № 13 - Сервер HP/BL460cGen8/2/Xeon/E5-2680/2.7 GHz/128Gb/P220i/512MB, бастапқы баға: 770 224,00

Лот № 15 - Сканер Canon image Formula DR-6010C, бастапқы баға: 431 118,24

Лот № 16 - жиналыс үстелі Eucalyptus арт DC504 VAR, бастапқы баға: 1 060 670,24

Лоттар № 22, 23, 24, 25, 26, 27 - Технологиялық жабдықтар (AR3100), бастапқы баға: 363 074,88

Лоттар № 28, 29, 30 - Технологиялық жабдықтар (AR3150), бастапқы баға: 517 112,96

Лот № 31 - Еденге арналған кондиционер Almacom (Inventer), бастапқы баға: 560 400,96

Лоттар № 32, 33 - Еденге арналған кондиционер Almacom (Inverter), бастапқы баға: 462 151,20

Лоттар № 34, 35 - Сыртқы ауаны баптайтын қондырғы ACCD75216 Condenser 1 Fan Single Circuit, бастапқы баға: 913 528,00

Лоттар № 36, 37 - Сыртқы ауаны баптайтын қон-дырғы ACCD75216 Condenser 1 Fan Single Circuit, бастапқы баға: 901 803,84

Лоттар № 38, 39, 40 - Дәл кондициялау жүйесі (ACAC75009 ), бастапқы баға: 296 819,04

Лоттар № 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48 - Дәл кондициялау жүйесі (ACCD75207), бастапқы баға: 1 768 299,68

Лоттар № 49, 50, 51 - Дәл кондициялау жүйесі (ACCD75216 ), бастапқы баға: 604 708,16

Лоттар № 52, 53, 54 - Дәл кондициялау жүйесі (ACRD101), бастапқы баға: 2 183 440,00

Лот № 55 - Кепілдендірілген жүйе қалқаны -ЩГП-1, бастапқы баға: 356 901,44

Лот № 56 - Кепілдендірілген жүйе қалқаны -ЩГП-2, бастапқы баға: 445 811,52

Лот № 57 - 16 арналы бейнетіркеушісі, бастапқы баға: 369 762,40

Лот № 58 -Түтін шығару ДПЭ-7 (2цм), бастапқы баға: 861 735,84

Лоттар № 59, 60 - МПТ 65-100-33 ЭМ (Хладон 227еа), бастапқы баға: 636 088,32

Лоттар № 61, 62 - МПТ 65-100-33 ЭМ Хладон 227еа, бастапқы баға: 479 840,48

Лоттар № 63, 64 - МПТ 65-100-33 ЭМ Хладон 227еа, бастапқы баға: 467 887,84

Лот № 65 - Қауіпсіздік жүйесі құралы, бастапқы баға: 389 979,52

Лот № 66 - Күзетке арналған теледидар, бастапқы баға: 396 335,52

Лоттар № 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78, 79, 80, 81, 82, 83, 84, 85, 86 - 16 арналы желілік бейнемагнитафоны DS-7716NI-E4/16P, бастапқы баға: 739 968,32

Лот № 87 - Ұнтақты автоматты өртке қарсы сөн-діру жүйесі, бастапқы баға: 350 407,68

Лот № 88 - Газды өртке қарсы сөндірудің автоматты жүйесі, бастапқы баға: 910 654,08

Лот № 89 - Газды автоматты өртке қарсы сөн-діру жүйесі, бастапқы баға: 853 264,16

Лот № 90 - Газды өртке қарсы сөндірудің автоматты жүйесі, бастапқы баға: 1 649 765,60

Лот № 91 - Қауіпсіздік жүйесі, бастапқы баға: 912 752,96

Лот № 92 - Қауіпсіздік жүйесі, бастапқы баға: 288 545,60

Лот № 93 - Ыстық дәлізді оқшалау HACS жүйесі, бастапқы баға: 292 640,32

Лот № 94 - Күзеттік теледидар жүйесі (бейне-камера), бастапқы баға: 1 219 135,68

Лот № 95 - Ұнтақты өртке қарсы сөндіру жүйесі, бастапқы баға: 289 266,88

Лот № 96 - Дауыстық ескерту жүйесі және авто-матты өрт дабылы, бастапқы баға: 695 331,84

Лоттар № 97, 98, 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105 - LH46UDEB - 46 кәсіби дисплей + қабырғаға бекіту WMN-46VD, бастапқы баға: 577 211,04

Лоттар № 106, 107 - Байланыс блогы Nexus 2248TP-E with 8 FET choice of airflow/power, бастапқы баға: 1 207 021,76

Лоттар № 108, 109, 110, 111, 112, 113 - Комму-татор Catalyst 2960-X 24 GigE PoE 370W, 2 x 10G SFP+, LAN Base, бастапқы баға: 426 119,68

Лоттар № 114, 115, 116 - Коммутатор Catalyst 2960-X 48 GigE PoE 740W, 2 x 10G SFP+, LAN Base, бастапқы баға: 683 067,84

Лоттар № 117, 118, 119, 120, 121, 122 - Коммутатор Catalyst 2960-X 48 GigE, 2 x 10G SFP+, LAN Base, бастапқы баға: 474 592,16

Лоттар № 123, 124, 125, 126, 127, 128, 129, 130, 131, 136, 137, 138, 139, 140, 141, 142, 143, 144, 145, 146, 147, 148, 149, 150, 151, 152, 153, 154, 155 - Коммутатор Catalyst 2960-X 48 GigE, 2 x 10G SFP+, LAN Base, бастапқы баға: 497 648,48

Лоттар № 156, 157, 158, 159, 160, 161, 162, 163, 164 - Коммутатор Catalyst 2960-X 48 GigE, 2 x 10G SFP+, LAN Base, бастапқы баға: 507 926,72

Лот № 165 - Коммутатор Catalyst 2960-X 48 GigE, 2 x 10G SFP+, LAN Base,бастапқы баға: 388 339,84

Лот № 168 - Жабдықтар Real Presence tabletor microphone Array (устелдік микрофон), бастапқы баға: 742 673,12

Лот № 169 - Негізгі жабдықтар, бастапқы баға: 1 493 248,96

Лот № 170 - Негізгі жабдықтар, бастапқы баға: 1 256 085,60

Лот № 171 - Банкомат Opteva 520 (сер №1520F3315702), бастапқы баға: 833 407,68

Лот № 172 - Банкомат Opteva 522 (сер №1522FH116004), бастапқы баға: 2 111 748,64

Лот № 173 - Банкомат Opteva 562, бастапқы баға: 817 781,44

Лот № 174 - Банкомат Opteva 562 (сер №1562RH149527), бастапқы баға: 817 781,44

Лот № 175 - Банкомат Opteva 562 (сер №1562RH149528), бастапқы баға: 817 781,44

Лот № 176 - Банкомат Opteva 562 (сер №1562RH149531), бастапқы баға: 817 781,44

Лот № 177 - Банкомат Opteva 562 (сер №1562RH154039), бастапқы баға: 1 391 276,32

Лот № 178 - Банкомат Opteva 562 (сер №1562RH154040), бастапқы баға: 1 391 276,32

Лоттар № 180, 181, 182, 183, 184 - Сейфтік депозитарий шкафы, бастапқы баға: 858 480,00

Лот № 189 - Электронды кезек жинағы, бастапқы баға: 686 526,40

Лоттар № 190, 191 - Банкноттарды сұрыптаушы USF-51E2, бастапқы баға: 538 235,04

Лот № 192 - Қауіпсіздік жүйесі, бастапқы баға: 601 390,72

Лот № 193 - Қауіпсіздік жүйесі, бастапқы баға: 429 984,80

Лот № 194 - Қауіпсіздік жүйесі, бастапқы баға: 455 546,56

Лот № 195 - Бейнебақылау жүйесі, автоматты өртке қарсы сөндіру жүйесі, өрт-қауіпі дабылы, бастапқы баға: 753 256,00

Лот № 196 - Бейнебақылау жүйесі, өрт дабылы, автоматты өрт сөндіру, бастапқы баға: 283 289,44

Лот № 197 - Күзет теледидар, күзет, өрт дабылы және қол жеткізу жүйесі, бастапқы баға: 506 408,00

Лот № 198 - СКД QAZAQ BANKI, бастапқы баға: 297 109,12

Лоттар № 199, 200 - Коммутатор Catalyst 2960-X 48 GigE, 2 x 10G SFP+, LAN Base, бастапқы баға: 451 419,36

Лоттар № 201, 202, 203 - Банкомат Opteva 562, бастапқы баға: 786 328,48

Лот № 204 - Банкомат Opteva 562,бастапқы баға: 2 267 552,00

Лоттар № 221, 222 -16 Арналы бейнетіркеушісі, бастапқы баға: 574 368,48

Лоттар № 223, 224 - UPS Conceptpower DPA S2 Upgrade250, 200kVA (160kW) +module 4x50 kVA+батарея корпусы, бастапқы баға: 10 548 200,32

Лоттар № 225, 226 - Сервер Dell PowerEdge R730, бастапқы баға: 4 078 475,52

Лот № 239 - Сервер DELL PowerEdge R730 210-ACXU C3, бастапқы баға: 4 456 884,32

Лоттар № 242, 243 - Сервер Oracle SPARC S7-2., бастапқы баға: 7 460 638,08

Лот № 244 - Сервер Oracle SPARC S7-2L, бастапқы баға: 6 990 000,64

Лоттар № 245, 246 - Сервер Oracle SPARC T7-2.2, бастапқы баға: 26 257 926,24

Лот № 247 - Жиналыс үстелі DC536/ ART.LINE 50/.ART, бастапқы баға: 3 201 283,68

Лоттар № 248, 249, 250, 251 - Кондиционер ACRD101 InRow RD,300mm Air Cooler 220-240V 50Hz, бастапқы баға: 4 051 466,72

Лоттар №252, 253, 254, 255, 256 - Дәл конди циялау жүйесі (ACRD502 ), бастапқы баға: 4 357 688,16

Лоттар № 257, 258, 259, - Дәл кондициялау жүйесі (ACRP102), бастапқы баға: 4 593 273,44

Лот № 260 - Тамақтануды тарату жүйесі, бастапқы баға: 4 310 531,68

Лот № 261 -Газды сөндіруге арналған модуль, бастапқы баға: 4 887 020,32

Лот № 262 - Газды өртке қарсы сөндіру модулі, бастапқы баға: 4 586 722,56

Лоттар № 263, 264 - Газды сөндіруге арналған модуль,бастапқы баға: 4 748 497,60

Лоттар № 265, 266 - Газды өртке қарсы сөндіру модулі, бастапқы баға: 4 724 538,56

Лот № 267 - Күзет теледидар (аппараттық бөлігі), бастапқы баға: 4 951 943,36

Лот № 268 - Автоматты газды өртке қарсы сөн-діру және қайта өнделген газдарды жою жүйесі, бастапқы баға: 3 699 444,00

Лот № 269 - Қауіпсіздік жүйесі, бастапқы баға: 3 528 987,84

Лот № 270 - Басқару және қол жеткізуді шектеу жүйесі (аппараттық бөлігі), бастапқы баға: 40 173 249,76

Лот № 271 - Күзет дабыл жұйесі, бастапқы баға: 15 675 674,56

Лот № 272 - Күзет дабыл жүйесі (бағдарламалық-аппараттық бөлігі Орион), бастапқы баға: 33 270 375,04

Лот № 276 - Коммутатор 4500-{ /WS-C4500{24XIPB-RF, бастапқы баға: 3 975 849,92

Лот № 292 - Жабдықтар Real Presence Group 700-720p (бейнеконференцқосылу), бастапқы баға: 3 937 465,28

Лоттар № 293, 294 - Банкомат Opteva 720 (with ENA) (сер №1720FH123511), бастапқы баға: 6 676 988,64

Лот № 295 - 252 ұяшықты тот баспайтын болаттан жасалған депозитарий,бастапқы баға: 5 901 752,64

Лот № 296 - Банкомат Opteva 562 (сер №1562RH156277), бастапқы баға: 3 704 174,88

Лот № 297 - Land Rover Range Rover (017WW02), бастапқы баға: 20 028 626,24

Лот № 298 - Toyota Camry (086YL02), бастапқы баға: 9 148 447,84

Лот № 299 - Toyota Camry (293BN02), бастапқы баға: 7 823 895,22

Лот № 300 - Toyota Camry (235BN02),бастапқы баға: 7 813 888,32

Лот № 301 - Land Rover Range Rover (017EK02), бастапқы баға: 4 749 648,96

Лот № 302 - Toyota Land Cruiser 100 Vx (880АО02), бастапқы баға: 9 054 746,40

Лот № 303 - Lexus LX 570 (313MK02), бастапқы баға: 21 272 286,56

Лот № 305 - Тұрғын үй, жалпы ауданы 553,6 ш.м., және іргерлес жер телімі 0,14 га, Алматы қ, Алатау ықшам ауданы, Қарғалы кв-лы, 34 үй, бастапқы баға: 198 257 711,68

Лот № 306 -Тұрғын емес ғимарат, жалпы ауданы 3191,7 ш.м., және іргерлес жер телімі 0,0576 га, Алматы қ, Кармысова көшесі 80 үй, бастапқы баға: 643 169 680,16

Лот № 307 - Жер телімі 0,6000 га, Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш с/о, телім.кварталы 057, телім №1437/2, бастапқы баға: 26 708 640,00

Лот № 308 -Жер телімі 1,6000 га, Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш с/о, телім.кварталы 321, телім №1583, бастапқы баға: 36 223 040,00

Лот № 309 - Жер телімі 3,0000 га, Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш с/о, телім.кварталы 057,телім №1437/1, бастапқы баға: 113 290 240,00

Лоттар № 310, 311 - Жер телімі 1,0000 га, Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш с/о,телім.квар-талы 321, телім №1584,телім №1585, бастапқы баға: 24 072 160,00

Лот № 312 -Әкімшілік ғимарат, 49,90 ш.м., Алматы қаласы, Медеу ауданы, Самал-2 ықшам ауданы, 33А үй, бастапқы баға: 33 271 840,00

Кепілді жарна бастапқы бағаның 5% құрайды, қабылдау уақыты 2019 жылғы 5 желтоқ-сандағы сағат 15:00-де аяқталады, оны сатушының ағымдағы шотына аударылуы шарт:

«Qazaq Banki» АҚ Тарату комиссиясы, ЖБК KZ12125KZTJ001300310 «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі» РМК Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығында (филиалына) Алматы қаласы, БСК NBRKKZKX, БСН 950140000367, Кбе - 14.

Өтінімдерді қабылдау және сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу мына мекенжай бойынша жүргізіледі: Алматы қаласы, Төлебаев көшесі, 38/61, «Жетісу» БО.

09:00-ден бастап 18:00-ге дейін күн сайын (демалыс күндері – сенбі, жексенбі). Түскі үзіліс 13:00-ден – 14:00-ге дейін. Аукционға тіркеу ақпараттық хабарлама басылып шыққан күнінен бастап, 2019 жылғы 5 желтоқсандағы сағат 15:00-де аяқталады.

Сатып алынған іске асыру объектілері бойынша төлеу шарттары – сатушы мен сатып алушы-ның арасында сатып алу-сату шарты жасалғаннан кейін, бес банктік күннен кешіктірілмей, Сатып алушы шартта көрсетілген соманы Сатушының ағымдағы шотына аударады және оны растайтын тиісті төлем құжатының көшірмесін ұсынуы тиіс.

Іске асыру объектілерімен танысу, сауда-саттық жүргізу ережелерімен және өзге де ақпаратты ақпараттық хабарлама басылып шыққан күнінен бастап, мына мекенжай бойынша алуға болады: Алматы қ., Төлебаев көшесі, 38/61, «Жетісу» БО, 4-этаж, тел.: +7 (727) 380-39-51.

9. «Qazaq Banki» АҚ Тарату комиссиясы мына мекенжай бойынша орналасқан: Алматы қаласы, Төлебаев көшесі, 38/61, «Жетісу» БО, мүлікті сату бойынша сауда-саттық жоғарыда

көрсетілген мекенжай бойынша 2019 жылғы 6 желтоқсанда сағат 11:00-де өткізіледі.

10. «Qazaq Banki» АҚ Тарату комиссиясы мына мекенжай бойынша: Қарағанды қаласы, Н.Абдиров даңғылы, 25/2, мүлікті сату бойынша сауда-саттықты

2019 жылғы 6 желтоқсандағы сағат 11:00-де өткізеді.

Лоттар саны 2 – Лот бойынша сауда-саттықты жүргізу әдісі – ағылшындық. Қадам – 5%. Лот № 219 – Дизель генераторлы қондырғы AKSA APD 70, зауыттық қаптамада, АВР-мен қоса, бастапқы баға: 1 348 128,32 теңге.Лот № 220 – КПС Glass әйнекті бөліктіргіш, бастапқы баға: 847 322,56 теңге.

Кепілді жарна бастапқы бағаның 5% құрайды, қабылдау уақыты 2019 жылғы 5 желтоқ-сандағы сағат 15:00-де аяқталады, оны сатушының ағымдағы шотына аударылуы шарт:«Qazaq Banki» АҚ Тарату комиссиясы, ЖБК KZ12125KZTJ001300310 «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі» РМК Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығында (филиалына) Алматы қаласы, БСК NBRKKZKX, БСН 950140000367, Кбе – 14. Өтінімдерді қабылдау және сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу мына мекенжай бойынша жүргізіледі: Қарағанды қаласы, Н.Абдиров даңғылы, 25/2.09:00-ден бастап 18:00-ге дейін күн сайын (демалыс күндері – сенбі, жексенбі). Түскі үзіліс 13:00-ден – 14:00-ге дейін. Аукционға тіркеу ақпараттық хабарлама басылып шыққан күнінен бастап, 2019 жылғы 5 желтоқсандағы сағат 15:00-де аяқталады.Сатып алынған іске асыру объектілері бойынша төлеу шарттары – сатушы мен сатып алушының арасында сатып алу-сату шарты жасалғаннан кейін, бес банктік күннен кешіктірілмей, Сатып алушы шартта көрсетілген соманы Сатушының ағымдағы шотына аударады және оны растайтын тиісті төлем құжатының көшірмесін ұсынуы тиіс. Іске асыру объектілерімен танысу, сауда-саттық жүргізу ережелерімен және өзге де ақпаратты ақпараттық хабарлама басылып шыққан күнінен бастап, мына мекенжай бойынша алуға болады: Қарағанды қ., Н.Абдиров даңғылы, 25/2, тел.: 7 776 588 13 34.

ӘРТҮРЛІ

тарапынан қолдауға ие болу өте маңызды. Тер-рорлық идеологияның алдын алу мақсатында идеологиялық жұмыстың тиімділігін арттыру және лаңкестікке қарсы насихат іс-шарасының кешенді әдістемелік жүйесін жетілдіру өзекті. Бұл мақсатта тұлғаның дүниетанымдық, өмір мәндік көзқарастарын қалыптастыру және саяси-әлеуметтік позициясын орнықтыру керек. Лаңкестік идеологиясының алдын алу жұмысында мемлекет үкіметтік емес сектор-дың қолдауына сүйеніп және азаматтық қоғам институттарымен әріптестік қатынас орнатуы тиіс. Терроризмнің алдын алу және онымен күресте азаматтық қоғаммен бірлескен іс-шара-лар – мемлекет және жеке сектор әріптестігінің үлгісі болып табылады. Дерадикализациялау және діни экстремизмнің алдын алу шараларына діни бірлестіктердің мүшелерін және беделді дін лидерлерін тарту да жемісті болмақ. Шет елдік тәжірибені саралау, антитеррорлық жұмыстың озық технологиясы мен тың деректерді жинау, жанкештілердің психологиялық бейнесі мен түрткілік ерекшеліктерін анықтау, индивиду-алды және топтық террорлық қылмыстардың әдіс-тәсілдерін бағалау және талдау радикалды топтардың іс-қимыл әдістерін және террорлық ұйымның нақты мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Антитеррорлық сана қалыптастыру – ең алдымен адамзаттың өмір мәндік экзистенция-лық борышы мен асыл құндылықтарының әмбебаптық парадигмасын айқындаудан баста-луы тиіс. Адамның өмірдің құндылықтық және философиялық мән-маңызын ұғынуы өзгенің өмір сүру және таңдау еркіндігін қабыл алудан басталады. Дәстүрлі діндер адамды екі дүниеде де бақытқа жету жолы мен кілтін адамзатқа ортақ құндылықтар жүйесімен ұсынады. Діннің әлеуетін қоғамдық сана мен ұлттық дүниета-ным, қоғамдық моральдық өнеге мен ұлттың

рухани өрлеуіне қызмет етуге бағыттау қажет. Жаһанданған адамзаттың қоғамдық санасы мен психологиясына, қоғамдық өмір мен адамға діннің және діни институттардың ықпалы өсуде. Демек, зайырлылық пен діндарлықтың өзара әріптестігінің әділетті заманауи тетіктерін даяр-лау қажет.

Зайырлылық қағидасы бойынша мемлекет діни бірлестіктердің әрекетіне араласпауы тиіс. Дегенмен, діни саладағы әлеуметтік қозға-лыстарды өздігімен жіберсек мемлекетімізде клерикалистік саясат басынып кетуі мүмкін. Ал оның жалғасы – дінаралық қақтығыстарға, тіпті соғысқа әкеліп соқтыру қаупі бар. Сол себепті «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама» бойынша, халық арасында мемле-кеттің дін саласындағы саясатын ақпараттанды-ру және түсіндіру жұмыстары Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Мониторинг және талдау» орталығының ұйымдастыруымен жүргізіліп жатыр. Ақпараттық-түсіндіру жұмы-сы – мемлекеттік саясаттың түрлі аспектілері бойынша қоғамдық пікір қалыптастыру мақ-сатында мемлекеттік мекемелердің халықпен жұмыс жүргізу формасының бірі.

Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсін-діру тобының жұмысы елдегі үйлесімді конфес-сияаралық қарым-қатынасты қалыптастыруға және нығайтуға, халықтың діни сауаттылығын арттыруға және діни экстремизм мен террориз-мнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-на-сихаттық жұмыстарды іске асыру тәсілінің бірі болып табылады.

Бағдат БЕЙСЕНОВ, философия ғылымдарының докторы,

Алматы қалалық Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі

РЕЙТИНГ

ҚазҰУ ҒАЛЫМДАРЫН ӘЛЕМ МОЙЫНДАДЫ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Ғылым көш-басшысы – Web of Science Awards-2019» бе-делді жүлдесінің төрт номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, өзінің ғылымдағы жетекші орнын тағы да дәлелдеді. Ұйымдастырушы-лардың айтуынша жоғары рейтингті шетелдік басылымдардағы әрбір бесінші жарияланым қа-зақстандық авторлардыкі – бұл ҚазҰУ ғалымда-рының қосқан үлесі. Тәуелсіз сыйлықты «Web of Science Core Collection» базасына кірген ғылыми

монографиялар авторы ретінде ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов иеленді. Көрнекті қа-зақстандық ғалымның «Экономикалық жоспар-лау, басқару және бюджеттеудегі математикалық әдістер және модельдер» ғылыми еңбегі ең көп сұранысқа ие болғандардың бірі және табысты жалғасын табуда.

Бұл монография экономика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Джон Нэш тара-пынан жоғары бағаға ие болды және әлемдегі ең

ірі «Springer Nature» баспасынан жарық көрді. Ол жоғары сұранысқа ие болған кітаптардың жиынтығына кірді, электронды түрде оны 15 мыңға жуық пайдаланушылар жүктеген. Жуыр-да ғана Жэньминь университеті жанындағы ҚХР жетекші баспасы монографияны қытай тіліне ау-дарып, оның тұсаукесерін әлемдегі ең ірі Бейжің халықаралық кітап көрмесінде жасады.

ҚазҰУ-дың «International Journal of Biology and Chemistry» ғылыми журналы отандық ма-мандандырылған ғылыми басылымдар арасынан үздік шықты. «Үздік жас ғалым» номинациясы бойынша PhD докторы, ҚазҰУ постдоктор-анты Ж.А.Молдабеков танылды. Оның «Web of Science Core Collection» деректер базасына кіретін жоғары рейтингті басылымдарда 42 ғылыми мақалалары бар. «Соңғы жылдары ҚазҰУ өте табысты жұмыс істеп жатыр. Ғылы-ми жарияланымдар жағынан үлкен прогресс бар екенін айтқым келеді. Бұл университет бас-шылығының еселі еңбегі. Әрине, ҚазҰУ-дың орасан ғылыми әлеуеті бар, ғалымдарды қолдау және бірлескен зерттеу жобаларын іске асыру бойынша бірлескен жұмыстарды дамыту біздің алдағы жоспарымыздың бірі болмақ», – деді «Clarivate Analytics» компаниясының Ресей мен ТМД елдеріндегі басқарушы директоры Олег Уткин.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі

Жыл сайын үздік ғалымдар, зерттеу ұйымда-ры мен ғылыми журналдар «Web of Science Award» халықаралық жүл-делердің иегерлері атанады. «Web of Science Core Collection» әлемдегі 34 мыңнан астам журналдарды қамтитын ғылыми жұмыстар көшіріл-ген жетекші дерек-тер базасы болып табылады.

Page 7: БҮГІНГІНІҢ БАС ТАҚЫРЫБЫ ҚАРЖЫНЫ ДҰРЫС ...ZANMEDIA.KZ Қоғамдық-саяси, құқықтық газет 90 (3215) 26 қараша 2019 zangazet@mail.ru

7№90 (3215) 26 қараша [email protected]

Алматы қаласы Ұялы тел.: 8(747)428-26-10Тел.: 8(727) 292-29-27, 292-40-89

E-mail: [email protected]

«GoldKapital» ЖК Абай көшесі, 78, 105-кеңсе.Тел.: 8 (7172) 52-02-11

ЖАРНАМА БӨЛІМІ:

ТОО Арлан-консалтинг, Семей қ., К.Мұхаметханов көшесі, 23 «А». Тел.: 8 (705) 798-58-18

«TRade and service» ЖК, Алматы қ., ш/а Жетісу-3, 55/133.

«ЮрСлужба» ЖШС, Көкшетау қ., М.Горький көшесі, 37, 107-бөлме. Тел.: 8 (7162) 25-77-17.

«Версия-Пресс» ЖШС, Павлодар қ., Естай көшесі 40. Тел.: 8 (7182) 32-47-67, 32-49-04

«Айди» ЖШС, Қарағанды қ., Жамбыл кө шесі, 11. Тел.: 8 (7112) 42-00-71.

ЖАРНАМА ҚАБЫЛДАЙТЫН ОРЫНДАР:

Қалиасқаров Нұрлан Нұрғисынұлы ЖК, Петропавл қ., К.Сүтішов көшесі, 58, 30-бөлме, 3-қабат.Тел.: 8 (7152) 46-02-57, ұялы тел.: 8 (777) 572-29-91, 8 (701) 315-54-59.

Михеева Ольга Станиславовна ЖК, Қос-танай қ., Гоголь көшесі, 110, ВП 67 (Чехов- Гоголь көш. қиылысы), Тел.: 8-714-2-50-97-07, ұялы тел.: 8-7758847211, 8-7053506918.

«Озат-1» ЖШС, Ақтөбе қ., Алтынсарин көшесі 31. Тел.: 8 (7132) 40-41-05, ұялы тел.: 87774348344 және Ақтау қаласы.

ИП «SAPA KZ» Атырау қаласы, ұялы тел.: 87781063779, e-maіl:zan-at@maіl.ru.

Ершова Людмила ЖК, Шымкент қ., Жел-тоқсан көшесі, 20 б.

«Назар-1 фирмасы» ЖШС («РУТА» ЖА), ди-ректоры Кривилова Татьяна Ивановна. Шым-кент қ., Г.Иляев көшесі, 47 (Шаймер денов к.

бұрышы) RBK банктің жанында, Тел.: 8 (7252) 53-40-48. WhatsApp : +7-705-705-31-31. E-maіl: nazar.reklama@gmaіl.com

«Юридическая фирма «Консультант» ЖШС Орал қ., Л.Толстой көшесі, 28. Тел.: 8 (7112) 50-88-05.

«Реклама» ЖШС, Орал қ., Достық-Дружба даңғылы, 182. Тел.: 8 (7112) 50-47-34.

ИП «Сагидоллина Б.», 1 Теміржол вокза-лы, Р.Зорге көшесі 8, «Лина» шаштаразы. ardawka_94@maіl.ru, Тел: 87058762218.

«Компания Жете» ЖШС, Талдықорған қ., ш/а, Молодежный 3-үй, 1-п. Тел.: 8(7282) 24-29-66, 87058147221.

ЖК Гавриленко И.И., Қостанай қ.,пр. әл-Фараби 119-үй, 407-А бөлме. Тел/факс: 8 (7142) 53-63-21.

«Жас Отау» ЖК Қыдырбаева Н.Н. Қызыл-орда қ., Әйтеке би көшесі, 27. Тел.: 26-45-89,

ұялы тел: 8 (777)402-28-28; 8 (700) 332-24-78

ЖК Тажибаева, Тараз қаласы, Қойкел-ді көшесі 158 а, ХҚО аумағы. Ұялы тел.: 87017268772, 87054422939.

ИП Новоселова, Петропавл қаласы, Қа-зақстан Конституциясы көшесі, 28-үй, 1-қа-бат. Тел.: (87152) 46-74-77.

«Версаль Бизнес», Атырау қаласы, Сы-рым Датов көшесі, 35-үй, «Сырым Тобе» БО, 102-бөлме. Тел.: 32-14-29, 30-65-24, ұялы тел.: 8701 920 45 38.

ЖК «Выдай», Өскемен қаласы, 60. Тел.: 8(7232) 578414, ұялы тел.: 87772256506.

ЖК «KAIROS», Алматы қ., Жібек жолы көшесі, 55, Алма сауда орталығы, 4-қабат, 419в-бөлім, 426-нүкте. Тел.: 2714939, ұялы тел.: 8707-705-9222 Emaіl:kaldybayeva@maіl.ru.

ЖАРНАМА

ӘРТҮРЛІ3. Алматы қаласы МАЭС-ның 2019 жыл 15 қарашадағы ұйға-

рымымен, «ArmanOilOperating» ЖШС-не қатысты, банкроттық туралы іс қозғалды. Несиегерлер талаптарын Алматы қаласы МА-ЭС-ның судьясы Е.Е.Бекбаев мырзаға мына мекенжай бойынша ұсына алады: 050008, Алматы қ., Байзақов к., 273 «Б».

11. 18.11.2019 ж. Алматы қаласы мамандандырылған аудана-ралық экономикалық сотының ұйғарымымен (іс № 7527-19-00-2/18702) «ЖК Верзун А.В.» (ЖСН 680707300519, мекенжайы: Ал-маты қаласы, Фучик к-сі, 24-үй) қатысты банкрот деп тану туралы өндіріс қозғалды.

БАНКРОТТЫҚ7. «Ар-Абат» ЖШС (БСН 020940000223), жаңа ЖШС-ін бөлу

жолымен өзінің қайта ұйымдастырылғандығы туралы хабарлайды. Талап-шағымдар хабарландыру жарияланған күннен бастап екі ай мерзім ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады: ҚР, Алматы қ., Бостандық ауданы, Өзтүрік к., 7А үй.

12. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми хабары

Алматы 2019 жылғы 26 қараша

КОЛЛЕКЦИЯЛЫҚ МОНЕТАЛАРДЫ АЙНАЛЫСҚА ШЫҒАРУ ТУРАЛЫ

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Рес публикасының № 2155 Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2019 жылғы 27 қарашада номиналы 500 теңгелік күмістен «Дала қазынасы» монеталар сериясынан «Quraq korpe» коллекциялық монеталарын және номиналдары 200 және 100 теңгелік мель-хиор қоспасынан «Қазақстанның флорасы мен фаунасы» монеталар сериясынан «Kόbelek. Lasiommata maera» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.

«Quraq korpe» монеталарының сипаттамасы:Әйгілі қазақ көрпесінің тарихы ежелден бастау алады: әуелі көрпешені сәбидің үстіне жаба-

ды, одан соң ол түрлі түсті көрпенің үстінен жүгіреді. Ал тағы біреулер бұл көрпені қалыңдықтың жасауына дайындайды. Уақыт өзгереді, бәрімізге таныс әженің көрпесін қолдану да өзгереді. Алуан түрлі ою-өрнектер, кемпірқосақтың барлық түсі – осының бәрі қазақ көрпесі, қолдан жасалған құрақ көрпе.

Монеталар түрлі түсті басу технологиясын қолдана отырып күмістен дайындалды.Монетаның аверсінде орталық бөлігінде «QAZAQSTAN RESPYBLIKASY ∙ REPUBLIC OF

KAZAKHSTAN» деген жазбаның қоршауында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ел-таңбасы орналасқан. Төменгі бөлігінде – монетаның номиналы және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін жазба бар. Монетаны айналдыра – ұлттық ою-өрнек.

Монетаның реверсінде қолдан жасалған құрақ көрпенің бейнесі, «Quraq korpe» деген жазу, соғылған жылы және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан.

Техникалық сипаттамалар:Монеталар 925/1000 сынамды күмістен дайындалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі –

38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 1 500 дана.

Номиналы 200 теңгелік «Kόbelek. Lasiommata maera» монеталарының сипаттамасы:«Мера барқыты» көбелегі Қазақстанның тауларында кездеседі, Кіші, Орта және Орталық

Азияда, сондай-ақ солтүстік Африкада, Еуропада және Батыс Сібірде кеңінен таралған. Латын тіліндегі түр атауы ежелгі грек мифологиясынан алынған және Атланттың қызы – Мерамен байланысты.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) оң жағында жануарлар мен өсімдіктерден құралған коллаж қоршауында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы, сол жақта Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тауар белгісінің (логотипінің) бейнесі және монетаның номиналын білдіретін «200 TENGE» деген жазба орналасқан. Монетаны ай-налдыра «QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI» және «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазбалар.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) интерференциялық құбылмалы бейнелеу-ді және түрлі түсті басып шығаруды қолдана отырып көбелек бейнеленген, монетаның жоғарғы оң жақ бөлігінде «Kόbelek. Lasiommata maera» (латынша түр атауы) орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның атын және соғылған жылын білдіретін «Kobelek 2019» деген жазба.

Номиналы 100 теңгелік «Kόbelek. Lasiommata maera» монеталарының сипаттама-сы:

Монеталардың бет жағында (аверсінде) оң жағында жануарлар мен өсімдіктерден құралған коллаж қоршауында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы, сол жақта Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тауар белгісінің (логотипінің) бейнесі және монетаның номиналын білдіретін «100 TENGE» деген жазба орналасқан. Монетаны ай-налдыра «QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI» және «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазбалар.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) интерференциялық құбылмалы бейнелеу-ді қолдана отырып көбелек бейнеленген, монетаның жоғарғы оң жақ бөлігінде «Kόbelek. Lasiommata maera» (латынша түр атауы) орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның атын және соғылған жылын білдіретін «Kobelek 2019» деген жазба.

Техникалық сипаттамалар:Монеталар интерференциялық құбылмалы бейнелеу технологиясын қолдана отырып

мельхиор қоспасынан дайындалған.1) номиналы 200 теңгелік монеталар мельхиор қоспасынан, «рrооf-like» сапасымен да-

йындалған, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, таралымы – 5 000 дана;2) номиналы 100 теңгелік монеталар мельхиор қоспасынан, «brilliant uncirculated» сапа-

сымен дайындалған, массасы – 11,17 грамм, диаметрі – 31 мм, таралымы – 20 000 дана.Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.Номиналы 500 теңгелік, 200 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар Қа-

зақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ, банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және ай-ырбасталады.

Күміс монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлт-тық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

«Proof-like» дайындау сапасы бар мельхиор қоспасынан дайындалған монеталар кәде-сыйлық ораумен шығарылады.

«Brilliant uncirculated» дайындау сапасы бар мельхиор қоспасынан дайындалған моне-талар арнайы полиграфиялық ораумен шығарылады.

Коллекциялық монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайын-даған.

Коллекциялық монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық аумақтық филиалдарында, сондай-ақ www.nationalbank.kz сайтындағы Интернет-дүкен арқылы сатып алуға болады.

ТАРАТУ6. Республикалық «Отан» қоғамдық бірлестігінің «Бейнеу ау-

дандық кәсіби-техникалық оқу орталығы білім беру мекемесі, БСН нөмірі 130 942 012 429. Өзінің таратылатындығын хабарлайды. Талап-шағымдар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап, екі ай мерзім ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады: 130100, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Бейнеу ау-даны, Бейнеу селосы, Ақшабайұлы көшесі, №8 а ғимараты. Тел.: 8 775 424 32 22, 8 778 387 28 18.

2. Тараз қалалық сотында жетім және ата-анасының қамқорлығын-сыз қалған балалар үйінің түлектеріне арналған облыстық жасөспірім-дер үйінің жасы кәмелетке толмаған 12.01.2002 жылы туылған тәрбиеленушісі Әуелбек Әлібек Мақсатұлының 16.05.1976 жылы туылған анасы Нурашева Умит Есимбаевнаның (ЖСН:760516403043) хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы арызы бойынша азаматтық іс қозғалды. Умит Есимбаевна Нурашеваныңжүрген жерін білетін адамдарға осы жарияланым берген күннен бастап үш ай мерзімде Тараз қаласы, Тұрысов көшесі №7 мекенжайында орналасқан Тараз қалалық сотына (судья А.Калкабаева) хабарлауды сұрайды.

4. «AQPAN ASSETS» ЖШС, БСН 190140010354, жарғы капиталы-ның азайғандығы туралы хабарлайды. Талап-шағымдар хабарлан-дыру жарияланған күннен бастап 1 ай мерзім ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады: ҚР, Нұр-Сұлтан қ., Алматы ауданы, ЖМ Ақ-Бұлақ-2, Амман к., 8 ғим., 208-кеңсе.

5. Өскемен қаласы әкімдігінің «Жаңа Согра» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны «Өскемен қаласы әкімдігінің «Жаңа Согра» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынын оған, Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен-Тәртіп» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынын қосу жолымен қайта құру туралы» Өскемен қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 16 қыркүйектегі № 3729 қаулысына толықтыру енгізу туралы Өскемен қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 16 қазандағы № 4058 Қаулысына сәйкес кәсіпорынның құқықтары мен міндеттерін беру арқылы қайта құру рәсімінің басталғаны туралы хабарлайды.

Қайта құру комиссиясының төрағасыЕкибасов Тимур Шайзадинович – Өскемен қаласы әкімдігінің «Жаңа Согра»

шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ди-ректоры.

8. «Qazaq Banki» АҚ Тарату комиссиясы мына мекенжай бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы, Иманов көшесі, 11, мүлікті сату бойынша сауда-саттықты 2019 жылғы 6 желтоқсандағы сағат 11:00-де өткізеді.Лоттар саны 12 – Лот бойынша сауда – саттықты жүргізу әдісі – ағылшындық. Қадам – 5%. Лот № 205 – Процессор Intel Core i5-6400 (сервер ОРИОН ПРО қауіпсіздік жүйелері), бастапқы баға: 389 795,84 теңгеЛот № 206 – Бөліктіргіш, бастапқы баға: 414 677,76 теңгеЛот № 207 – Өртке қарсы сөндіру жүйесі,бастапқы баға: 1 831 792,48 теңгеЛоттар № 208, 209, 210, 211 - 16 Арналық желілік бейне жазғыш HikvisionDS7716NI-E4/16P, бастапқы баға: 650 891,36 теңгеЛот № 212 – Күзет-өрт дабылы, бастапқы баға: 534 876,16 теңгеЛот № 213 – Күзет-өрт дабылы, өртке қарсы сөндіру және бейнебақылау, бастапқы баға: 1 019 949,28 теңгеЛот № 214 – Күзет-қауіпсіздік теледидары, бастапқы баға: 1 427 522,88 теңгеЛот № 215 – Қауіпсіздік жүйесі, бастапқы баға: 943 718,72 теңгеЛот № 216 – ОРИОН ПРО күзеттік дабыл жүйесі, бастапқы баға: 934 060,96 теңгеКепілді жарна бастапқы бағаның 5% құрайды, қабылдау уақыты 2019 жылғы 5 желтоқсандағы сағат 15:00-де аяқталады, оны сатушының ағымдағы шотына аударылуы шарт: «Qazaq Banki» АҚ Тарату комиссиясы, ЖБК KZ12125KZTJ001300310 «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі» РМК Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығында (филиалына) Алматы қаласы, БСК NBRKKZKX, БСН 950140000367, Кбе - 14. Өтінімдерді қабылдау және сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу мына мекенжай бойын-ша жүргізіледі: Нұр-Сұлтан қаласы, Иманов көшесі, 11.09:00-ден бастап 18:00-ге дейін күн сайын (демалыс күндері – сенбі, жексенбі). Түскі үзіліс 13:00-ден – 14:00-ге дейін. Аукционға тіркеу ақпараттық хабарлама басылып шыққан күнінен бастап, 2019 жылғы 5 желтоқсандағы сағат 15:00-де аяқталады.Сатып алынған іске асыру объектілері бойынша төлеу шарттары – сатушы мен сатып алушының арасында жасалған сатып алу-сату шарты жасалғаннан кейін, бес банктік күннен кешіктірілмей, Сатып алушы шартта көрсетілген соманы Сатушының ағымдағы шотына аударады және оны растайтын тиісті төлем құжатының көшірмесін ұсынуы тиіс. Іске асыру объектілерімен танысу, сауда-саттық жүргізу ережелерімен және өзге де ақпаратты ақпарат-тық хабарлама басылып шыққан күнінен бастап, мына мекенжай бойынша алуға болады: Нұр-Сұлтан қ., Иманов көшесі, 11, тел.: 7 778 3888087.

Page 8: БҮГІНГІНІҢ БАС ТАҚЫРЫБЫ ҚАРЖЫНЫ ДҰРЫС ...ZANMEDIA.KZ Қоғамдық-саяси, құқықтық газет 90 (3215) 26 қараша 2019 zangazet@mail.ru

8 №90 (3215) 26 қараша [email protected]ШЫТЫРМАН

Редакторлар кеңесінің төрағасы – президентДосымбек ӨТЕҒАЛИЕВ

РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:

050012, Алматы қаласы, Х.Досмұхамедұлы көшесi 68 «б»-үй.Қабылдау бөлмесi: 292-43-43; 292-79-61

E-mail: [email protected]«Заң газеті» аптасына 2 рет – сейсенбі, жұма күндері жарық көреді.

Жеке таралым 5455 данаАпталық таралым 10910 дана

Тапсырыс №179 Индекс 65921

Газет Қазақстан Республикасы бойынша таралады

Газетіміздің электронды нұсқасын Zanmedia.kz сайтынан оқи аласыздар.

Газет бетiндегi жарияланым дардың пози циясы мен фактi лерi үшiн редакция жауап бермейдi.

Жарнама мен хабарландырулардың маз мұнына жарнама берушi жауап ты. Жарнама берушi нiң жiберген қа телiгiне байланысты та-лап-тiлектер хабарландыру жарияланған күн нен бастап екi ай мерзiм iшiнде қа былданады.

Газеттi есепке қою туралы №16297-Г куәлiктi 2017 жылғы 12 қаңтар-да Қазақстан Респуб лика сының Мәде ниет және ақпарат министрлiгi берген.

Газеттiң терiмi мен бет қаттау жұ мыс тары «Заң» Медиа-корпорация» ЖШС компьютерлiк орта лығында жа салды. Алматы облысы, Iле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Сейфуллин кө шесi, 2«б», «Принт плюс» ЖШС баспаханасында басылып шығарылды. Тел.: факс. 8 (727) 51-78-27, 8 (727) 51-78-31

Меншiк иесi: «ЗАҢ» МЕДИА-КОРПОРА ЦИЯ»

ЖАУАПКЕРШIЛIГI ШЕКТЕУЛI СЕРIКТЕСТIГI

Бас редакторАйнұр СЕМБАЕВА

Бас редактордың орынбасарыСәкен ҚАЛДЫБАЕВ

Нөмiрдiң кезекшi редакторыЕрлік КЕБЕКБАЙ

Нұр-Сұлтан Айша Құрманғали 8 707 851 91 13.

Алматы Нұрбол Әлдібаев 8 701 357 66 84. Айтақын Бұлғақов 8 705 111 37 21.

Ақмола Қалкөз Жүсiп 8 701 300 14 74.

Түркістан Шадияр облысы Мекен бай ұлы 8 775 733 56 65.

МЕНШIКТI ТIЛШIЛЕР:

БАЙҚАУҒА!

(Cоңы. Басы №89 санда)

Шыны керек, бұған дейін сарапшы-ның айтқан күдігі көкейінде тұрса да, қорытындының іске қандай да бір әсері тиеді деп ойламаған. Оның үстіне, Медеу Есжановтың кінәлі екенін айғақтайтын дәлел жеткілікті. Ең бастысы, ол бірден «қылмысын» мойындаған. Жаттап алған-дай «Қарызымды қайтар деп барып едім. Демесінов дөрекі сөйлеп, тілдегеннен кейін бар пәрменіммен итеріп қалдым. Керегеге барып соғылды да, жүрегін ұстап жанталасып кетті. Не істерімді біл-медім. Адам өлтірейін деген ойым болған жоқ, сеніңізші маған. Бәрі абайсызда бол-ды» дегеннен танар емес. Қазір барса да жас жігіттің осы сөздерді мүдірмей қай-талайтыны анық. Апыр-ай, әлде бұл жігіт Демесіновті ұрамын деп удың жылдам таралуына себеп болды ма екен? Ал, онда у берген кім? Цианидтің ашық саудада болмайтыны белгілі. Студент жігіт уды қайдан алуы мүмкін? Айтпақшы, жаңа сарапшы қандағы цианидтің көлемі үл-кен. Мұндай дозадан адамның тірі қалуы неғайбыл деген жоқ па? Айтпақшы, удың қанша уақытта әсер ететінін сұрамаған екен-ау...

Бірден телефонға жармасқан Бақыт Жексенұлы сарапшының нөмірін іздеп, сөйлесуге асыққан.

– Алло, Төлеу аға! Кедергі келтірген жоқпын ба?

– Әй осы сартмәзір жасағанды қой-майсыңдар! – деген сарапшы әуелі кеңкіл-деп күліп алды. Содан соң:

– Ақыры хабарласқан екенсің, сұ-рағыңды қоя бер! – деді тергеушілердің жайдан-жай қоңыраулатпайтынын біл-гендіктен.

– Төлеу аға, бағанағы іс бойынша ғой. Осы цианид қанша уақытта әсер етеді?

– Лезде! Қанға түсісімен демді та-рылтып, жүректі қысып, айналасы 5-10 минуттың ішінде әкететін жағына әкетіп тынады.

– Солай ма? – Цианид деген ең тез әсер ететін,

ағзаны бірден бүлдіретін у ғой. – Аа, соны білейін деп едім. Рақмет,

аға!– Құрғақ сөз тамақ болмайды. Жар-

тылығыңды қойып, бір келіп кететін жөнің бар сен баланың!

– Айтсаңыз болды, аға....Дереу әсер етеді дей ме? Мына мо-

мақан жігіттің түріне қарасаң удан хабары жоқ секілді. Ал, заңды жақсы білетін жігіт көз алдау үшін жасап отырса ше? Қанша дегенмен, алдын ала ойластырып у беріп өлтірген мен абайсызда кісі өлтіргеннің арасы жер мен көктей емес пе? Жазасы да әртүрлі.

Прокуратурадағылар қайта-қайта ха-барласқан соң іс бойынша есеп беріп, осы аптада айыптау қорытындысы дайын бола-ды деп уәде берген тергеуші сарапшы сөзі-нен кейін істі тағы пысықтап шықпақ бол-ды. Прокурорларды да түсінуге болады. Осы қылмыс тіркелгелі бері не бұларда, не оларда маза жоқ. Демесіновтің туыстары қайта-қайта жаңалық сұрап, істің тез жа-былуын талап етіп қояр емес. «Қылмыскер ұсталды, кінәсін мойындады, енді не күтіп отырсыңдар? Әлде одан ақша алып істі жа-уап тастағалы жүрсіңдер ме? Мен сендерге көрсетем» деп бағана бір мықтысы бұған да сес көрсетіп кеткен.

Тергеу

Бір айдың ішінде қаланың аппақ бала-сы иығы қушиып, жақ сүйегі суалып, көзі шүңірейіп, арықтап-ақ қалыпты. Әне-міне диплом алып, заңгер болам деп отырған балаға мына оқиғаның соққы болып ти-гені анық. Әрине, өзі айтқандай қылмыс-ты абайсызда жасаса әңгіме басқа. Ал, ал-дын ала у сатып алып, қылмысқа есеппен барса жақын он жылда бостандық туралы ойламауына болады. Заңгерлік туралы армандаудың өзі артық.

– Медеу, міне сараптаманың қорытын-дысы! Бұл сенің абайсызда кісі өлтірдім деген түсініктемеңді 100 пайыз жоққа шығарады. Өйткені Демесінов қанға жай-ылған удан көз жұмған.

– Аа, иә...

ТЕК пен ШЕК

– Иә дегенің қалай? Сонда уды сен бердің бе? Мұны неге бірден айтпадың?

– Білмей қалар деп ойлап едім...– Сен болашақ заңгерсің ғой. Мәйітке

сот-медициналық сараптама жасалаты-нын білмедің бе? Ал уды кімнен алдың? Қаншаға сатып алдың?

– Базардан... бір бөтелкесін сатып алдым...

– Цианид ашық сатылатын у емес. Одан да кімнен алғаныңды бірден мой-ында. Әйтпесе, тергеуді әуреге салғаның үшін жазаң қатаңдай береді. Сен өзі удың қандай болатынын да білмейтін сияқты-сың ғой. Цианид деген ұнтақ түрінде бо-лады. Бөтелкемен сатып алдым дегеніңе жол болсын.

– А маған берген адам құтыға дайын-дап әкелген еді...

Әй осында бір шикілік бар. Мына бала бірдеңені жасырып отыр. Қанша қыспаққа алса да сөзінен айнымаған жігіттің ішіндегісін таппаған тергеуші ақыры істі сотқа жолдауға мәжбүр болған.

Төраға қабылдауында

Ее... сотқа күнім түседі деп кім ойлап-ты? Қу жалғыз үшін ғой бәрі. Бір көмегі тиіп қалар деп Алматы қалалық соты төрағасының есігін күзетіп отырысы мынау. Өзін күткізгенге әбден үйренбеген әйел өзін қор санап, іштей мүжіле түскен. Баласы түрмеде деген сөздің өзі қара жер-ге кіргізіп барады.

Атақты ғалымның жесірін сот төраға-сы Нұрғазы Әбдіқанов жылы қабыл-дады. Айғаным апаның өтінішімен ал-дын ала танысқан төраға: «Апа, сіздің кім екеніңізді білемін. Балаңыздың ісін тәжірибелі судья жүргізіп жатыр ғой. Судьяның жұмысына көңіліңіз тола ма?» деп бір қайырды. Содан кейін «Балаңыз қылмысын мойындап отыр. Әрине, жаза тағайындалар кезде оның алғаш қылмыс жасағаны, тәртібі ескеріледі. Оның үстіне, қартайған анасы мен аяғы ауыр әйелі нің жалғыз тіреуі сол екен. Олардың бәрін судья назарында ұстайды. Қылмыстың өтеуі жаза! Ер жігіт өз істегенін мой-нымен көтеруі тиіс» деген төраға ақыл-кеңесін айтып жылы шығарып салды.

...Бұл да буынсыз жерге пышақ ұрған-дай болыпты-ау. Расында, қылмысын мойындап отырған адамға судья не істей алады? Сонда да мұның сөзін бөлмей аяғына дейін тыңдағанын айтсаңшы. Айналайын..

Аяңдап сыртқа беттеген кейуана ерінің сөзін есіне алған. Көреген екен жарықтық. «Тек деген қаннан» деуші еді. Осы баланы асырап аларда күйеуі қатты қарсы болды. «Біреудің баласы саған бала болмайды. Оның әкесі кім, анасы қандай? Бәлкім алқаш, мүмкін алаяқ шығар. Тегі беймәлім адамды қалай бауы-рыңа баспақсың? Қанмен келген дүниені қамқорлықпен өзгертем десең қателе-сесің. Әуре болма! Ертең өзің сорлайсың. Тексізге тәрбие дарымайды» деп қанша қақсады. Тыңдамады. Бесік тербеткісі

келді, бөпенің тәтті иісін иіскегісі келді. Ана болғысы келгені үшін жазықты ма? Мұның айтқанынан қайтпайтынын біл-ген соң күйеуі ұлдың тәрбиесімен бел шеше айналысқан. Апармаған үйірмесі, оқытпаған кітабы, көрсетпеген жері жоқ. Соның бәрі текке кеткені ме? Жиырма жылдық тәрбиеден тексіздіктің дәнінің мықты болғаны ма? Жасын төгіп-төгіп алған әйел келінін де аяйды. Ол байқұс тегі белгісіз жігітке емес, атақты ғалым-ның ұлына тидім деп жүр ғой.

Сот келеді!

Дәл сот болатын күні түнімен уай-ымдаған келіні мерзімінен бұрын толға-тып перзентханаға кеткен. Ұлынан көңілі қалса да, соңғы сөзін естігісі келген Ай-ғаным апа жаттанды жолмен сотқа қарай беттеді. Әне қолына кісен таққан ұлын да алып кірді. Онсыз да боп-боз ұлы қатты жүдеп қалыпты. «Неге кісі өлтірді? Бұлар қай жерден қате жіберді?». Іштей егілген ана өзін-өзі кінәлап әлек.

Судья келгенше ұлының басынан сипап, қолын қысып қалғысы келген. Кеу-десіне басып қойып ойындағысын білсем деген. Бетінен сүймесе басы жастыққа тимейтін жалғыз жақыны еді ғой. Мұның үмітін неге ақтамады? Жол бойы аналық мейірімі оянып, еміреніп келген әйел Ме-деуді көрісімен ойынан бірден бас тартты. Жерге қаратып кетті деді ренжіп. Қанша сағынып, қанша қиналып тұрса да бір тылсым күш баласына жақындатпай, те-жеп тұр. Бір сәтте өзгеріп шыға келген әй-елге темір қоршаудың ар жағында тұрған баласы емес, бөтен адам секілді. Түрмеге кетпей бөтенсініп үлгеріпті. Кейуана өз ойынан өзі шошып кетті. Ойпырмай, егер өзінен туса осылай бір сәтте суынып ке-тер ме еді. Мұнысы қалай?

Міне судья да көрінді. Бойын тіп-тік ұстаған судьяның өз ісінің шебері екені көрініп тұр. Күйеуі екеуінің арманы да баласының судья, адвокат болуын көру еді. Амал бар ма?

Үмітін үзген ана бүгінгі күннің іске бәлендей өзгеріс енгізетініне күмәнді. Әне, баласының үйге кіріп бара жатқа-нын көрген көрші де табылыпты. Қарсы

дүкеннен алынған таспада да баласының үйден шығып келе жатқаны анық бей-неленген. Бұдан артық не айғақ керек? Костюмінің жағасын көтерген баласы ай-наласына жалтақ-жалтақ қарайды. Адам өлтіру оңай деймісің? Күрсінген ана ба-ласының артынан шыққан қызды байқап қалды. Ойпыр-ай мынау өзіміздің Әсем ғой. Қайнағасының кенже қызы. Мұның Медеуімен қатар өскен. Бұл не істеп жүр? Дауысы қатты шығып кеткен сияқты. Залдағылардың бәрі жапырылып бұған қарады. Балғасын тақылдатқаны болмаса

судья да кейуанаға көңіл бөлмей, таспаны тоқтатуды тапсырған.

– Таспаны тоқтатпашы, судья балам! Мынау біздің Әсем ғой. Медеужан, ол сенің жаныңда не істеп жүр? – деді кей-уана аптығып.

– Орныңызға отырыңыз, апа! Сот оты-рысында рұқсатсыз сөйлеуге болмайды. Өтінішіңіз болса адвокатқа айтарсыз!

– Әсем, бірдеңе десеңші! Сен екеуің нені жасырып отырсыңдар?

Шырылдаған әйел судьяға бір, темір тордан үрейлене көз тіккен ұлына бір қа-райды. Артынша жанарымен іздеп жүріп жүзін төмен салып, сот залының соңғы қатарында жасқаншақтап отырған туы-сын тауып алды. Мұның тесіле қарағанын сезінген бойжеткен жасқанып бүгежектеп кетті. «Әй мынау тегін емес!».

Бағанадан өзін қоярға жер таппай отыр ған қыз да осы сөзді күткендей залдың іші у-шу болып кеткенде орны-нан қарғып тұрып «Демесіновті өлтір-ген мен!» деп айғай салды. Көпшілікті тыныштандыр ған судья оқиғаны бұлай өрбиді деп ойламаған. Дегенмен темірді қызған кезде соқпаса болмайды. Қызды дереу сұрақтың астына алған ол прокурор мен адвокат та шындықты ашуға көмекте-сер деген ойда. Бірақ, қыз қамшы салдыр-мады. Өзі де әрең отырса керек.

Мойындау

Небір жаман ойлар санасында жү-гіріп өткен сайын Айғаным өзін қоярға жер таппады. Әсем мұның Медеуімен қатар өсті. Қайнағасының кенже қызы бұлардың үйіне әуес болатын. Өзінің екі ағасымен бір қазанға басы сыймайтын қыз Медеуді ерекше жақын тұтты. Тіпті Медеу үйленгеннен кейін де үйлеріне жиі келіп, мерекелерді бірге қарсы алатын. Ойпыр-ай, әлде... Бұлар ағалы-қарын-дасты емес пе? Ондай жамандыққа бара қоймас... Өз ойынан өзі шоршып түскен Айғаным судьяның шақыруымен мінбеге жақындаған Әсемге күдіктене қарады. Енді ол Медеуді қаныпезер дегенге де келісуге бар. Тек осынша жыл тәрбиелеп, бауырдай болып кеткен қызға Медеуі қи-янат жасамаса болғаны деп тіледі іштей.

...Демесіновті өлтірген мен! Медеудің оған еш қатысы жоқ! – деді Әсем бірден.

– Әсем, үндеме! Ары қарай ештеңе айтпай-ақ қойшы. Қарындасым, өтінемін, – деп шырылдаған Медеудің дауысын залдағы шуға қарамастан Айғаным анық естіді.

– Иә, айта беріңіз!– Қолөнерге бұрыннан жақынмын.

Әшекейлерге жасаған ерекше дизайнда-рым Демесіновке қатты ұнады. Алғашқы еңбектерімді шығарып, қолдау көрсет-кенде талантымды бағалағаны деп ұққан-мын. Сөйтсем, ол кісінің ойы басқа екен. Әкемдей адам ғой. Жамандық жасайды деген қаперімде болмапты. Бірде шетел-дік дизайнерлермен таныстырам деп қала сыртындағы үйіне шақырды. Сол күні...

Әсем әрі қарай сөйлей алмай жылай берген. Зал іші у да шу. Медеуге қатаң жаза сұрап алдыңғы қатарда тізіліп отыр-ған Демесіновтің туыстары да қозғалақ-тап кетті. Судьяның ескертуінен кейін бойын тіктеген Әсем әрі қарай сөзін жалғады.

– Ол жағдайды ешкімге айтпадым. Қорлансам да ертесі жұмысқа бардым. Ал, ол ештеңе болмағандай кешке тағы үйіне шақырды. Бармадым. Келесі күні кабинетінде тосып отырғанын айтты. Елдің бәрі қарап қалған соң кабинетіне барғам. Есікті тарс жапқан ол тағы да жа-быса кетті. Сыртта хатшы отыр, біреулер келіп қалуы мүмкін деп ыңғайсыздануды білмейді. Бұдан артық қорлық бола ма? Кабинеттен жылап шықтым. Жұмыс ор-ныма келген соң алтын-күмістерді тазалау үшін берілген цианид ойыма оралды. Сусынға қосып ішсе сеспей қатырады де-генді естуші едім. Қойманың кілті қолыма тиісімен бірден уды іздедім. Бастықтың ықыласын байқаған көмекшісі менің не алып шыққаныма назар да аударған жоқ. Сол күні Демесіновті кездесуге өзім шақырдым. Екеуміз жалдамалы пәтерге барғанда түс мезгілі еді. Қарны ашып, жа-лаңдап тұрған оның тамағына да, ішетін шырынына да цианидті таусылғанша қостым. Бірақ, адам солай қиналады деп ойламаппын...

– Оңбаған неме! Қанішер! Адам-ды өлтіріп алып мүләйімсіп тұрғанын қарашы, – деп Демесіновтің туыстары орындарынан өре түрегелді. Судья са-бырға шақырған соң ғана орындарына жайғасқан олар Әсемді түтіп жеуге бар.

– Қиналғанын көріп қорқып кеттім, – деді Әсем сөзін жалғап, – Сасқаным-нан бірден Медеуге телефон шалдым. Пәтерге құстай ұшып келген ол тамақтың қалдығын сыртқа тастап, мені үйге алып келді. «Қандай жағдай болса да, кім не айт са да ештеңені мойындама! Сен түрме-ге түспейсің! Абайсызда өлді десек маған әрі кетсе 3-4 жыл берер. Жігіт адамға ол не тәйірі. Ең бастысы, сен бұл қылмысқа амалсыздан бардың. Қорлық көрген қыз-дардың бәрі осылай жасар еді. Қамықпа, – деп сабырға шақырды.

– Бірақ, ол кінәлі емес қой! Құрметті судья, мен оны қалай жазықсыз соттатып қарап отыра алам! – бетін басқан Әсем еңіреп жылап жіберді.

Тәуба

Қателесіпті... Бәсе, ғалым өсірген бала мұндай болмаса керек-ті. Тәрбие текке кетпеген екен ғой. Қарындасының абы-ройын қастерлеген балапаным. Қате ой-лаған анаңды кешірші, – Әсемнің қолына кісен салынғанын алыстан бақылаған Ай-ғаным ұлын құшағына қысқанша асықты.

Шынтағынан түрткілеген құрбысы көз жасына ие бола алмай тұрған Айғанымды жұлқылап әлек.

– Жазған-ау, қуанышың еселенетін болды! Келінің ұл туыпты. Немерелі болдың, – дегенін естігендей. Әрі қарай бәрі бұлыңғыр. Тымырсық залдан сыртқа шығарғанда ғана таза ауамен кең ты-ныстаған әйел өзін көтеріп келе жатқан баласын көрді.

– Тектінің тұяғы... Әкеңнің аруағы риза болатын болды. Қарындасым деп шырылдаған жүрегіңнен сенің, – деді еміреніп.

Анасының денсаулығына алаңдаған Медеу Айғанымның не айтып жатқанын түсінген де жоқ...

Аяла ЗЕЙІНҚЫЗЫ