18
(Соңы 4-бетте). Оймақтай ой Бүгінгі нөмірде: 7-бет 8-бет 10-бет Балтамен жəне пышақ- пен қаруланған екі палести- налық Иерусалимнің шығыс бөлігіндегі синагогаға кел- гендерге шабуыл жасап, 5 израильдікті өлтірсе, 9-ын жаралаған. Жараланғандардың 5-уі əл үстінде. Шабуылдау- шыларды полиция атып өлтірген. Соңғы кездері ғана палестиналықтар əрекетінен 5 израильдік пен 1 шетел азама- ты қаза тапса, өлтірілген палестиналықтардың саны 10-дап саналады. Прагадағы наразылық акциясына қатысушылар Чехия президенті Милош Земанға Ресейдің сөзін сөйледің деген айыппен жұмыртқа жəне қыза- нақ лақтырған болатын. Жұмырт- қаның бірі Чехия президентінің жанында тұрған неміс əріптесі Йоахим Гаукқа барып тиген. Зе- ман Чехия телевизиясына бер- ген сұхбатында Украинадағы оқиғаларды азамат соғысы деп санайтынын айтып, Ресей- ге санкциялар өз еліне де зар- дабын тигізіп отырғанын атап көрсеткен болатын. Ал прези- денттер коммунистік режімнің құлатылуына əкелген «барқыт төңкерісі» оқиғасының 25 жылдығына орай бас қосқан-тын. Таиландта əуеге көте- рілген соң 10 минөт өткенде бортында 9 əскери бар тікұшақ апатқа ұшырады. Əскерилердің бəрі қаза тапқан. Алдын ала нұсқа бойынша, оқиғаға ауа райының қолайсыздығы не- месе қозғалтқыштың істен шығуы себеп болған секілді. Офицерлер Пхаяу провинция- сынан əскери базаға қайтып келе жатса керек. Италия «Ислам мем- лекеті» тобымен күрес үшін 4 жойғыш-бомбалаушы ұшақ пен шабуылдаушы ұшақ аттандырмақ ниетінде. Мұны Италия қорғаныс министрлігіндегілер хабарлады. Ұшақтар операциялар аймағына осы айдың соңына дейін жеткізілмек көрінеді. Əскери əуе кемелері Сирия аумағындағы ұрыс аймағына Кувейттегі əскери базадан ұшырылып апарылмақ. Кейбір дерек көздері Италияның қорғаныс министрлігі ұшақтар жіберу туралы шешімге ел парламентін айналып өтіп барған деген пікір білдіріп отыр. Румыния азаматтары өткен жексенбі күні прези- денттік сайлаудың екінші ту- рында өз таңдауларын жасады. Елдің жаңа президенті болып, оппозициядан үміткер Клаус Йоханнис сайланды. Премьер- министр жəне бірден-бір үміткер саналып келген Виктор Понта өзінің жеңілгенін мойындады. Бірақ ол үкімет басшысы лауа- зымынан кетпейтінін мəлімдеп отыр. Жаңа президентпен күш біріктіре жұмыс істемек. Алайда, ел басшысының жа- ңа премьер-министр тағайын- дауға да құқы бар. Қытайда ел компартия- сының жоғары лауазымды мү- шелерінің бірі Ма Чаоцюньға парақорлықпен айналысты, ұрлық жасады жəне қоғамдық қаржыны заңсыз иеленді деген аса ауыр айыптар тағылды. Тінту кезінде одан 37 килограмм алтын, 68 үйге иелік ететіні туралы құжат жəне 120 миллион қолма- қол юань (20 миллион долларға жуық) табылған. Ма Чаоцюнь ҚХР коммунистік партиясындағы аса ықпалды адамдардың бірі көрінеді. Бірақ оның нақты қандай лауазымда болғаны айтылмай отыр. Ақпарат агенттіктері материалдарының негізінде əзірленді. 24 саєат Төралқа төрағасы Тимур Құлы- баев жəне басқарма төрағасы Абы- лай Мырзахметов кездесу бары- сында Елбасына Ұлттық кəсіп- керлер палатасының құрылған кез- ден бергі қызметінің нəтижелерін баяндап, отандық бизнестің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы əңгімеледі. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет кəсіпкерлікті дамыту мəселелеріне зор көңіл бөлетінін жəне бұл бағытта жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіп отырғанын айтты. – Биыл бизнесті тексеруге жарияланған мораторий аяқталады. Ал келесі жылдың 1 қаңтарынан Еуразиялық экономикалық одақ жұмысын бастайды, соған орай біздің бизнесмендерге жаңа жағ- дайдағы бəсекелестікке дайын- далған жөн. Сонымен қатар, Қазақ- станда бизнестің дамуына «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Сая- саты кеңінен жол ашады. Əрбір кəсіпкер өз өрісін тауып, нарыққа «орналасуы» тиіс, ал Ұлттық па- лата мен мемлекет өз тарапынан соған қажетті барлық жағдайларды жасауы керек. Осы шаралар жаңа кəсіпкерлік құрылымдар мен биз- несте жаңа тұлғалардың пайда бо- луына септігін тигізеді деп үміт- тенемін, – деді Қазақстан Прези- денті. Т.Құлыбаев Ұлттық кəсіпкерлер палатасының қызметін дамыту мен нығайтуда көрсеткен қолдауы үшін Елбасына ризашылығын білдірді. – Ұлттық палатаның барлық басқару органдары, атап айтқанда, төралқа мен басқармасы, сондай- ақ, облыстардағы өңірлік дирек- циялары құрылып, жұмыс істеуде. Төралқаның комитеттерінде жұ- мыс салалық жəне өңірлік қағи- даттар бойынша жолға қойыл- ған. Бас прокуратурамен тығыз байланыс орнатылған. А.Дауыл- баев облыстық прокуратуралардың басшыларымен тоқсан сайын селекторлық кеңес өткізеді, онда кəсіпкерлердің арыздары қаралып, қажетті шаралар қабылданады, – деді төралқа төрағасы. Сондай-ақ, Ұлттық палатаның қызметі бірқатар бағыттарды қамтитыны, соның негізгілері биз- нес-ортаны жетілдіру, мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін талдау, адами капиталды дамыту, бизнестің қаржы ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз ету екені де айтылды. А.Мырзахметов Мемлекет басшысының жаңа Жолдауы дер кезінде жарияланғанын айта оты- рып, оны бизнес қауымдастық зор ықыласпен қабылдағанын жеткізді. – Мемлекеттің қажетті қолдау көрсететініне кəсіпкерлердің сенімі нығайды. Олар қазір салмақты əрі үлкен жұмысқа əзірленуде. Біз үшін басымдығы бар мəселелердің бірі бизнес құқығын қорғау бо- лып табылады. Бүгінгі таңда бізге осы мəселе бойынша 3,5 мыңнан астам арыз келіп түсті, соның əрқайсысы да тіркеліп, тиісінше жұмыс жүргізілуде. 1 қаңтардан бастап жоспарлы тексерудің ор- нына тəуекелді бағалау жүйесі қолданылады. Біз барлық кəсіп- керлерді қалған бір жарым айда əзірленіп, құжаттамаларын тəртіпке келтіруге жəне бекітілген нормалар мен талаптарды жоспарлы тексеріс жоқ кезде сақтауға шақырамыз, – деді Ұлттық кəсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша қаралған мəселелерге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді. Маќсат – жаѕа жаєдайдаєы бəсекелестікке дайын болу ----------------------------------------- Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ. Заманмен үндес заңғар басылым Қазақстанда бүгінде не көп, газет көп. Оның бəрін қадағалап, бəрін оқып жату мүмкін емес. Сондықтан да оқырман көп жағдайда сол көп газеттердің ішінен өзіне ұнайтын бірнешеуін ғана таңдайды. Өз басым бес газетті тұрақты оқимын. Соның бірі – «Егемен». «Егеменнің» тек қана оқырманы емес, тұрақты ав- торымын да. Тұрақты автор болу жай нəрсе емес. Оның негізінде үлкен факторлар жатады. Оның өз тағдыр-тарихы да болады. Яғни, газет пен автор əріптестігі белгілі бір сындардан өтеді. Осыдан үш жыл бұрын «Егеменмен» біз бір сын- нан өттік. Мен «Егеменнің» дəстүрлі бағыт-бағдарына келе бермейтін бір материал ұсындым. «Қиямет-қайым ғасыры» де- ген. Бұл өзі философиялық журналға ұсынатын нəрсе еді. Қазақстанда ондай журнал жоқ болғаннан кейін, «жығылсаң, нардан жығыл» деп «Егемен Қазақстанның» өзіне ұсындым. Баса алмайтын болар деген күдігім басым болды. Күткендей- ақ редакция басшылығы бұл материал төңірегінде көп ойлан- ды. Ақыры басты. Төрт нөмірге қатарынан. Мен таңғалдым. Цензура заманынан күні кеше шыққан басымыз осынау, тым еркін ойларға ерік берген тым бейресми материалды еліміздің бас ресми газеті қалай басқанына таңғалдым. Сонда көзіміз жетті, азат елдің сөзі де азат болаты- нына. Сөйтіп, біздің тым еркін бей- ресми ойларымыз 200 мың та- ралыммен Қазақстанды ара- лап кетті. Республиканың түк- пір-түкпіріндегі газет оқыр- мандарынан қоңыраулар түсе бастады. «Материалды қиып алып қойдық, бала-шағамызбен бірге оқып жатырмыз», деген. Ал Алматы қаласының сол кездегі мəслихат хатшысы Төлеубек Мұқашев (бүгінде сенатор) бол- са, «Егемен Қазақстанның» сол аталмыш материалын ксероксқа көбейтіп, мəслихат депутаттары- на таратып береді. «Оқыңдар!» деп. Мінеки, газет пен біз осын- дай бір сыннан абыройлы өттік. Ең таралымы көп басылым «Егемен» еліміздің рухани тү- леуіне үлкен үлес қосып келеді. Негізінен, жақсылықтың жаршы- сы. Яғни, Қазақстан кеңістігіне тұрақтылық, татулық, достық, ізгілік, шапағат жарығын тарату- шы басылым. Смағұл ЕЛУБАЙ, жазушы. АЛМАТЫ. Шапаєат жарыєын таратќан Облыста кəсіпкерліктің көкжиегі кеңейіп, өнер- кəсіптегі шағын жəне орта бизнестің үлес салмағы жыл өткен сайын артып келеді. Сондай-ақ, кəсіпкерлер біздің өңір үшін тың саланы игеруге талаптанып, жаңа өнімдер өндіруді қолға алу- да. Бұдан бірер жыл бұрын «Велес Актобе LTD» ЖШС дəрі өндіретін цех ашып, пайдалануға берген болатын. Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». – Бұрындары дəрі-дəрмектің басым бөлігін алыс-жақын шетел- дерден алып келдік. Шымкенттегі жалғыз фармацевтика зауыты- нан басқа отандық дəрі-дəрмек өндіретін өндіріс орны жоққа тəн болатын. Елбасы алға қойған міндеттерді жүзеге асырудың тиімді бастамалары, тиянақты жобалары өмірге жолдама ала бастады. Біздің «Велес Актобе LTD» ЖШС-інің дəрі шығаратын зауыты осындай игі ізденістің нəтижесінде өмірге келген кəсіпорын. Бұл осы серіктестіктің «Ақтөбе» əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясымен бірігіп жүзеге асырған жобасы. Біз əуелі өткізу рыногына маркетингтік зерттеу жүргіздік. Соның нəтижесінде біз шығаратын дəрі-дəрмектердің сұранысқа ие екенін бағамдадық. Өндірістік технологияны негізінен өзіміз жасадық. Өнімдерімізді əзірге Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан об- лыстарында өткізудеміз, алда еліміздің барлық қалаларын қамтамасыз етуді ойластыру- дамыз, – дейді «Велес Актобе LTD» ЖШС директоры Гүлнəр Иманалина бізбен əңгімесінде. Бұл өндіріске шикізат шетел- ден, соның ішінде, Еуропа мен Үндістаннан əкелінеді. Жергілікті өндірісшілер жеті түрлі таблетка жəне капсулды дəрілер шығарады. Олардың арасында вирусқа қарсы ацикловир, мидағы қан айна- лымын реттейтін винпоцетин, сондай-ақ, флуконалоздың екі түрі бар. Компания бұдан басқа диареяға қарсы қолданылатын лоперамид, асқазан ауруларының дəрісі – омепразол, доксици- клин өндіріп, тұтынушыларға ұсынып отыр. Қазір бұл кəсіпорын шығаратын дəрілер облыстан да тысқары өңірлерге өткізілуде. Бұл Батыс Қазақстанда дəрілік препараттар шығаратын бірден- бір кəсіпорын болып табылады. Өндіріс орны енді-енді жобалық қуатына шығып келеді. Мұнда өндірілген өнімдерді өткізу ры- ногы кең. Компанияда 16 адам еңбек етеді. Шағын зауыт толық жобалық қуатына шыққанда жы- лына 12 миллион құтыға дейін дəрі шығару көзделуде. Жобаны жүзеге асыруға 140 миллион теңге жұмсалды. Компания үш түрлі дəрілік сироп шығаруды да ойластыруда. Ел тынысы: мың бір мысал Дəрі-дəрмек ґзімізде ґндіріле бастады Үлескерлердің мəселесін шешу үшін дағдарысқа қарсы институт ретінде құрылған «Самұрық-Қазына» жылжы- майтын мүлік қоры бүгінде «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойын- ша баспана мəселесін шешумен айна- лысуда. Эльмира МƏТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан». Аталған бағдарламаны іске асыру шеңберінде жылжымайтын мүлік қоры құрылыс салушылармен Астана, Алматы, Ақтөбе, Тараз қалаларында жəне Алматы об- лысы аймағында тұрғын үй құрылысы жо- балары бойынша қаржыландыру шарттарын жасасты. Ғимараттардың жалпы ауданы 410 мың шаршы метр, оның ішінде жылжымай- тын мүлік қорының тұрғын үйлері 315,57 мың шаршы метр. Бұл жөнінде Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде бо- лып өткен брифингте мəлім болды. «Самұрық- Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басқарма төрағасы Болат Палымбетов: «Елбасы жыл сайынғы Жолдауларында бас- пана мəселесіне ерекше басымдық береді. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» – «Қолжетімді тұрғын үй-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыратын операторлардың бірі. Осы ретте Елбасының тапсырмасын орындауға үлес қосып келеміз. 3000-нан астам үлескерлердің мəселесі шешілді, 1 млн. шаршы метрге жуық тұрғын үй салынды. Ендігі кезекте аталған бағдарлама бойынша көпшілікке ортақ, əртүрлі санаттағы, жалақысы орта, баспанаға мұқтаж жандардың сұранысын қанағаттандыруға арналған бағытты іске асырмақпыз. «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында 15 жоба бойынша баспана салуды қолға алдық. Нəтижесінде, бүгінде Ақтөбе, Тараз қалаларында жəне Алматы облысында жалпы аумағы 150 мың шаршы метрден астам тұрғын үйлер пайдалануға берілді», деді. Тап қазіргі кезде 2150 пəтер бойынша сатып алу құқығы мен жалдау бойынша келісімшарт жасау үшін құжаттар жинау жүргізіліп жатқандығын ай- тып өтті. Сонымен қатар, ол бағдарлама ая- сында пəтерлерді жалдау мен сатып алуға онлайн режімінде интернет арқылы өтінімдер қабылданып жатқандығын хабарлады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық кə- сіпкерлер палатасының басшылығын қабылдады, деп хабар- лады Президенттің баспасөз қызметі. Ќолжетімді баспана ќолжетімді болмаќ Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу мүмкін бо- лып отыр. Ол үшін, құрметті оқырман, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз. Оќырман назарына! №226 (28449) 19 ҚАРАША СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ «Жїрегіне əжім тїсірмеген жан баќытты» Æàëà Аѕыз адам 14-бет Жўмбаќ жолаушы 15-бет Адам жақсыны арман етсе, өмірде бəрі де жақсы болмақ. Максим ГОРЬКИЙ.

Egemen · (Соңы 4-бетте). Оймақтай ой Бүгінгі нөмірде: 7-бет 8-бет 10-бет Балтамен жəне пы шақ-пен қаруланған

  • Upload
    others

  • View
    74

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Egemen · (Соңы 4-бетте). Оймақтай ой Бүгінгі нөмірде: 7-бет 8-бет 10-бет Балтамен жəне пы шақ-пен қаруланған

(Соңы 4-бетте).

Оймақтай ой Бүгінгі нөмірде:

7-бет

8-бе

т

10-бет

Балтамен жəне пы шақ-пен қаруланған екі палес ти-налық Иерусалимнің шы ғыс бөлігіндегі синагогаға кел-ген дерге шабуыл жасап, 5 израильдікті өлтірсе, 9-ын жаралаған. Жаралан ған дардың 5-уі əл үстінде. Шабуыл дау-шы ларды полиция атып өлтір ген. Соңғы кездері ғана палес ти налықтар əрекетінен 5 израиль дік пен 1 шетел азама-ты қаза тапса, өлтірілген палестиналықтардың саны 10-дап саналады. Прагадағы наразылық

акциясына қатысушылар Чехия президенті Милош Земанға Ресейдің сөзін сөйледің деген айып пен жұмыртқа жəне қыза-нақ лақтырған болатын. Жұ мырт-қаның бірі Чехия президентінің жанында тұрған неміс əріптесі Йоахим Гаукқа барып тиген. Зе-ман Чехия телевизиясына бер-ген сұх батында Украинадағы оқиға ларды азамат соғысы деп са най тынын айтып, Ресей-ге санк ция лар өз еліне де зар-да бын тигізіп отырғанын атап көрсеткен болатын. Ал прези-денттер коммунистік режімнің құлатылуына əкелген «барқыт төңкеріс і» оқиғасының 25 жылдығына орай бас қосқан-тын. Таиландта əуеге көте-

ріл ген соң 10 минөт өткенде бор тында 9 əскери бар тікұшақ апатқа ұшырады. Əскерилердің бəрі қаза тапқан. Алдын ала нұс қа бойынша, оқиғаға ауа райы ның қолайсыздығы не -месе қозғалтқыштың іс тен шы ғуы себеп болған се кілді. Офицерлер Пхаяу провин ция-сынан əскери базаға қайтып келе жатса керек. Италия «Ислам мем-

ле кеті» тобымен күрес үшін 4 жойғыш-бомбалаушы ұшақ пен шабуылдаушы ұшақ аттандырмақ ниетінде. Мұны Италия қорғаныс министрлігіндегілер хабарлады. Ұшақтар операциялар аймағына о с ы а й д ы ң с о ң ы н а д е й і н жеткізілмек көрінеді. Əскери əуе кемелері Сирия аумағындағы ұрыс аймағына Кувейттегі əскери базадан ұшырылып апарылмақ. Кейбір дерек көздері Италияның қорғаныс министрлігі ұшақтар жіберу туралы шешімге ел парламентін айналып өтіп барған деген пікір білдіріп отыр. Румыния азаматтары

өткен жексенбі күні пре зи-денттік сайлаудың екінші ту-рында өз таңдауларын жасады. Елдің жаңа президенті болып, оппозициядан үміткер Клаус Йоханнис сайланды. Премьер-министр жəне бірден-бір үміткер саналып келген Виктор Понта өзінің жеңілгенін мойындады. Бірақ ол үкімет басшысы лауа-зымынан кетпейтінін мəлімдеп отыр. Жаңа президентпен күш біріктіре жұмыс істемек. Алайда, ел басшысының жа-ңа премьер-министр тағай ын-дауға да құқы бар. Қытайда ел компар тия-

сының жоғары лауазымды мү-шелерінің бірі Ма Чаоцюньға парақорлықпен айналысты, ұрлық жасады жəне қоғамдық қаржыны заңсыз иеленді деген аса ауыр айыптар тағылды. Тінту кезінде одан 37 килограмм алтын, 68 үйге иелік ететіні туралы құжат жəне 120 миллион қолма-қол юань (20 миллион долларға жуық) табылған. Ма Чаоцюнь ҚХР коммунистік партиясындағы аса ықпалды адамдардың бірі көрінеді. Бірақ оның нақты қандай лауазымда болғаны айтылмай отыр.

Ақпарат агенттіктері материалдарының негізінде əзірленді.

24саєат

Төралқа төрағасы Тимур Құлы-баев жəне басқарма төрағасы Абы-лай Мырзахметов кездесу бары-сында Елбасына Ұлттық кəсіп-керлер палатасының құрылған кез-ден бергі қызметінің нəтижелерін баяндап, отандық бизнестің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы əңгімеледі.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет кəсіпкерлікті дамыту мəселелеріне зор көңіл бөлетінін жəне бұл бағытта жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіп отырғанын айтты.

– Биыл бизнесті тексеруге жарияланған мораторий аяқталады. Ал келесі жылдың 1 қаңтарынан Еуразиялық экономикалық одақ жұмысын бастайды, соған орай біздің бизнесмендерге жаңа жағ-дайдағы бəсекелестікке дайын-далған жөн. Сонымен қатар, Қазақ-станда бизнестің дамуына «Нұр лы Жол» Жаңа Экономикалық Сая-саты кеңінен жол ашады. Əрбір кəсіпкер өз өрісін тауып, нарыққа «орналасуы» тиіс, ал Ұлттық па-лата мен мемлекет өз тарапынан соған қажетті барлық жағдайларды жасауы керек. Осы шаралар жаңа кəсіпкерлік құрылымдар мен биз-несте жаңа тұлғалардың пайда бо-луына септігін тигізеді деп үміт-тенемін, – деді Қазақстан Прези-денті.

Т.Құлыбаев Ұлттық кəсіпкерлер палатасының қызметін дамыту мен нығайтуда көрсеткен қолдауы үшін Елбасына ризашылығын білдірді.

– Ұлттық палатаның барлық басқару органдары, атап айтқанда, төралқа мен басқармасы, сондай-ақ, облыстардағы өңірлік дирек-циялары құрылып, жұмыс істеуде. Төралқаның комитеттерінде жұ-мыс салалық жəне өңірлік қағи-дат тар бойынша жолға қойыл-ған. Бас прокуратурамен тығыз

байланыс орнатылған. А.Дау ыл-баев облыстық прокуратуралардың басшыларымен тоқсан сайын селекторлық кеңес өткізеді, онда кəсіпкерлердің арыздары қаралып, қажетті шаралар қабылданады, – деді төралқа төрағасы.

Сондай-ақ, Ұлттық палатаның қызметі бірқатар бағыттарды қамтитыны, соның негізгілері биз-нес-ортаны жетілдіру, мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін талдау, адами капиталды дамыту, бизнестің қаржы ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз ету екені де айтылды.

А.Мырзахметов Мемлекет басшысының жаңа Жолдауы дер кезінде жарияланғанын айта оты-рып, оны бизнес қауымдастық зор ықыласпен қабылдағанын жеткізді.

– Мемлекеттің қажетті қолдау көрсететініне кəсіпкерлердің сенімі нығайды. Олар қазір салмақты əрі үлкен жұмысқа əзірленуде. Біз үшін басымдығы бар мəселелердің бірі бизнес құқығын қорғау бо-лып табылады. Бүгінгі таңда бізге осы мəселе бойынша 3,5 мыңнан астам арыз келіп түсті, соның əрқайсысы да тіркеліп, тиісінше жұмыс жүргізілуде. 1 қаңтардан бастап жоспарлы тексерудің ор-нына тəуекелді бағалау жүйесі қол данылады. Біз барлық кəсіп-кер лерді қалған бір жарым айда əзірленіп, құжаттамаларын тəр тіп ке келтіруге жəне бекітілген норма лар мен талаптарды жоспар лы тек серіс жоқ кезде сақтауға шақы ра мыз, – деді Ұлттық кəсіп керлер па латасы басқармасының төрағасы.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша қаралған мəселелерге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Маќсат – жаѕа жаєдайдаєы бəсекелестікке дайын болу

-----------------------------------------Суретті түсіргендер

С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

● Заманмен үндес заңғар басылым

Қазақстанда бүгінде не көп, газет көп. Оның бəрін қадағалап, бəрін оқып жату мүмкін емес. Сондықтан да оқырман көп жағдайда сол көп газеттердің ішінен өзіне ұнайтын бірнешеуін ғана таңдайды. Өз басым бес газетті тұрақты оқимын. Соның бірі – «Егемен». «Егеменнің» тек қана оқырманы емес, тұрақты ав-торымын да. Тұрақты автор болу жай нəрсе емес. Оның негізінде үлкен факторлар жатады. Оның өз тағдыр-тарихы да болады. Яғни, газет пен автор əріптестігі белгілі бір сындардан өтеді.

Осыдан үш жыл бұрын «Егеменмен» біз б ір сын-нан өттік. Мен «Егеменнің» дəстүрлі бағыт-бағдарына келе бермейтін бір материал ұсындым. «Қиямет-қайым ғасыры» де-ген. Бұл өзі философиялық журналға ұсынатын нəрсе еді. Қазақстанда ондай журнал жоқ болғаннан кейін, «жығылсаң, нардан жығыл» деп «Егемен Қазақстанның» өзіне ұсындым. Баса алмайтын болар деген күдігім басым болды. Күткендей-ақ редакция басшылығы бұл

материал төңірегінде көп ойлан-ды. Ақыры басты. Төрт нөмірге қатарынан. Мен таңғалдым. Цензура заманынан күні кеше шыққан басымыз осынау, тым еркін ойларға ерік берген тым бейресми материалды еліміздің бас ресми газеті қалай басқанына таңғалдым. Сонда көзіміз жетті, азат елдің сөзі де азат болаты-нына.

Сөйтіп, біздің тым еркін бей-ресми ойларымыз 200 мың та-ралыммен Қазақстанды ара-лап кетті. Республиканың түк-пір-түкпіріндегі газет оқыр-ман дарынан қоңыраулар түсе бастады. «Материалды қиып алып қойдық, бала-шағамызбен бірге оқып жатырмыз», деген. Ал Алматы қаласының сол кездегі мəслихат хатшысы Төлеубек Мұқашев (бүгінде сенатор) бол-са, «Егемен Қазақстанның» сол аталмыш материалын ксероксқа көбейтіп, мəслихат депутаттары-на таратып береді. «Оқыңдар!» деп. Мінеки, газет пен біз осын-дай бір сыннан абыройлы өттік.

Ең таралымы көп басылым «Егемен» еліміздің рухани тү-леуіне үлкен үлес қосып келеді. Негізінен, жақсылықтың жаршы-сы. Яғни, Қазақстан кеңістігіне тұрақтылық, татулық, достық, ізгілік, шапағат жарығын тарату-шы басылым.

Смағұл ЕЛУБАЙ, жазушы.

АЛМАТЫ.

Шапаєат жарыєын таратќан

Облыста кəсіпкерліктің көк жиегі кеңейіп, өнер-кəсіптегі шағын жəне орта бизнестің үлес салмағы жыл өткен сайын артып келеді. Сондай-ақ, кəсіпкерлер біздің өңір үшін тың саланы игеруге талаптанып, жаңа өнімдер өндіруді қолға алу-да. Бұдан бірер жыл бұрын «Велес Актобе LTD» ЖШС дəрі өндіретін цех ашып, пайдалануға берген болатын.

Сатыбалды СƏУІРБАЙ,«Егемен Қазақстан».

– Бұрындары дəрі-дəрмектің басым бөлігін алыс-жақын шетел-дерден алып келдік. Шымкенттегі жалғыз фармацевтика зауыты-нан басқа отандық дəрі-дəрмек өндіретін өндіріс орны жоққа тəн болатын. Елбасы алға қойған міндеттерді жүзеге асырудың тиімді бастамалары, тиянақты жобалары өмірге жолдама ала бастады. Біздің «Велес Актобе LTD» ЖШС-інің дəрі шығаратын зауыты осындай игі ізденістің нəтижесінде өмірге келген кəсіпорын. Бұл осы серіктестіктің «Ақтөбе» əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясымен бірігіп жүзеге асырған жобасы. Біз əуелі өткізу рыногына маркетингтік зерттеу жүргіздік. Соның нəтижесінде біз шығаратын дəрі-дəрмектердің сұранысқа ие екенін бағамдадық. Өндірістік технологияны негізінен өзіміз жасадық. Өнімдерімізді

əзірге Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан об-лыстарында өткізудеміз, алда еліміздің барлық қалаларын қамтамасыз етуді ойластыру-дамыз, – дейді «Велес Актобе LTD» ЖШС директоры Гүлнəр Иманалина бізбен əңгімесінде.

Бұл өндіріске шикізат шетел-ден, соның ішінде, Еуропа мен Үндістаннан əкелінеді. Жергілікті өндірісшілер жеті түрлі таблетка жəне капсулды дəрілер шығарады. Олардың арасында вирусқа қарсы

ацикловир, мидағы қан айна-лымын реттейтін винпоцетин, сондай-ақ, флуконалоздың екі түрі бар. Компания бұдан басқа диареяға қарсы қолданылатын лоперамид, асқазан ауруларының дəрісі – омепразол, доксици-клин өндіріп, тұтынушыларға ұсынып отыр. Қазір бұл кəсіпорын шығаратын дəрілер облыстан да тысқары өңірлерге өткізілуде.

Бұл Батыс Қазақстанда дəрілік препараттар шығаратын бірден-бір кəсіпорын болып табылады.

Өндіріс орны енді-енді жобалық қуатына шығып келеді. Мұнда өндірілген өнімдерді өткізу ры-ногы кең. Компанияда 16 адам еңбек етеді. Шағын зауыт толық жобалық қуатына шыққанда жы-лына 12 миллион құтыға дейін дəрі шығару көзделуде. Жобаны жүзеге асыруға 140 миллион теңге жұмсалды. Компания үш түрлі дəрілік сироп шығаруды да ойлас тыруда.

● Ел тынысы: мың бір мысал

Дəрі-дəрмек ґзімізде ґндіріле бастады

Үлескерлердің мəселесін шешу үшін дағдарысқа қарсы институт ретінде құрылған «Самұрық-Қазына» жылжы-майтын мүлік қоры бүгінде «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойын-ша баспана мəселесін шешумен айна-лысуда.

Эльмира МƏТІБАЕВА,«Егемен Қазақстан».

Аталған бағдарламаны іске асыру шеңберінде жылжымайтын мүлік қоры құрылыс салушылармен Астана, Алматы, Ақтөбе, Тараз қалаларында жəне Алматы об-лысы аймағында тұрғын үй құрылысы жо-балары бойынша қаржыландыру шарттарын

жасасты. Ғимараттардың жалпы ауданы 410 мың шаршы метр, оның ішінде жылжымай-тын мүлік қорының тұрғын үйлері 315,57 мың шаршы метр.

Бұл жөнінде Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде бо-лып өткен брифингте мəлім болды. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басқарма төрағасы Болат Палымбетов: «Елбасы жыл сайынғы Жолдауларында бас-пана мəселесіне ерекше басымдық береді. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» – «Қолжетімді тұрғын үй-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыратын операторлардың бірі. Осы ретте Елбасының тапсырмасын орындауға үлес қосып келеміз. 3000-нан астам үлескерлердің мəселесі шешілді, 1 млн. шаршы метрге жуық тұрғын

үй салынды. Ендігі кезекте аталған бағдарлама бойынша көпшілікке ортақ, əртүрлі санаттағы, жалақысы орта, баспанаға мұқтаж жандардың сұранысын қанағаттандыруға арналған бағытты іске асырмақпыз. «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында 15 жоба бойынша баспана салуды қолға алдық. Нəтижесінде, бүгінде Ақтөбе, Тараз қалаларында жəне Алматы облысында жалпы аумағы 150 мың шаршы метрден астам тұрғын үйлер пайдалануға берілді», деді. Тап қазіргі кезде 2150 пəтер бойынша сатып алу құқығы мен жалдау бойынша келісімшарт жасау үшін құжаттар жинау жүргізіліп жатқандығын ай-тып өтті. Сонымен қатар, ол бағдарлама ая-сында пəтерлерді жалдау мен сатып алуға онлайн режімінде интернет арқылы өтінімдер қабылданып жатқандығын хабарлады.

Мемлекет басшысы Нұр сұлтан Назарбаев Ұлттық кə-сіпкерлер палатасының бас шы лығын қабылдады, деп хабар-лады Президенттің баспасөз қызметі.

Ќолжетімді баспана ќолжетімді болмаќ

З а м а н т а л а б ы н а о р а й жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу мүмкін бо-лып отыр. Ол үшін, құрметті оқырман, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз.

Оќырман назарына!

№226 (28449)19 ҚАРАШАСƏРСЕНБІ2014 ЖЫЛ

«Жїрегіне

əжім тїсірмеген

жан баќытты»

10-бет10-бетÆàëà

Аѕыз адам14-бет

Жўмбаќ жолаушы 15-бет

Адам жақсыны арман етсе, өмірде бəрі де

жақсы болмақ.

Максим ГОРЬКИЙ.

Page 2: Egemen · (Соңы 4-бетте). Оймақтай ой Бүгінгі нөмірде: 7-бет 8-бет 10-бет Балтамен жəне пы шақ-пен қаруланған

19 қараша 2014 жыл

www.egemen.kz2

Сəбит ДОСАНОВ,жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Президент Н.Ə.Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бас-тар жол» атты халыққа Жол-дауын оқығанда менің ой-ыма Уинстон Черчилльдің: «Пессимист мүмкіндік болғанда қиындық туралы, оптимист əрбір қиындықта мүмкіндік жайлы ойлайды» деген сөзі оралды. Алмағайып уақыт, аласапы-ран заман, дөңбекшіген дүние жаһанды жаналқымнан алған аса қатерлі, қиын да күрделі кезеңде Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев өзіне тəн кемел ойлы кемеңгерлікпен уақыттан оза ой-лап, халыққа кезекті Жолдауын əдеттегіден ерте жариялады. Бұл əлемде болып жатқан сая-си хал-ахуалды терең талдап, халық қамы, мемлекет мүддесін ой лаудан туғ ан ерл ік п ен көрегендіктің тағы бір көрінісі. Жолдаудың атының өзі кере-мет – «Нұрлы Жол – болашаққа бас тар жол» Жаһандану ұлттық құндылықтарды жайындай жұтып, жаһан қаржы тапшылығы ғана емес, геосаяси жағдай шиеленіскен күмəні мен тұманы көп, сауалы салмақты, жауабы əлжуаз жолайрықта тұрған тар кезеңде қара бұлтты қақыратқан құдіретті күндей болып жан-жағына жарық шұғыла шашты биылғы Жолдау!

Елбасы Жолдауын алдымен көгілдір экраннан тыңдап, келесі күні ел газеті – «Егеменнен» оқығанда менің ойыма көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған Нельсон Мандела оралды. Бұл тегін емес, оның терең сыры мынада: «Заң алдында бəрі тең. Əлеуметтік жағдайды жақсарту, жұмыспен қамту – басты бағыт. Білімге, мəдениетке жол елдің б ə р і н е а ш ы қ . А д а м д а р д ы тұрмысқа жайлы тұрғын үймен қамту. Елде бейбітшілік пен достық үстемдік құру» дейтін қағиданы қағба етті Н.Мандела. Біздің Елбасымыздың барлық сөздері мен Жолдаулары, бүкіл қызметінің алтын арқауы, асыл арманы осы.

Артық айтты демеңдер, Нұрсұлтан біздің кемеңгер! Ел бағына туған ер, Əр ісін қолдап, демеңдер. Ол ел үшін жанқиярлықпен

ерен еңбек етіп, əркез көрегендік пен ерліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. Бұған дəлел болатын жүздеген, мыңдаған мысалдар-ды тізбелеп, көзіқарақты халық жақсы білетін жайларды қайталап, оқырманның уақытын алмай-ақ қоялық.

Биылғы Жолдау – алтын-нан қымбат асыл сөз! Нақты істерге негізделген құжаттың əр тарау, əр бөлімі тұнып тұрған тұп-тұнық ой. Маған, əсіресе, қатты əсер еткені: «Бесінші. Тұрғын үй инфрақұрылымдарын н ы ғ а й т у . А г л о м е р а ц и я л а р қалыптастыру айтарлықтай тұрғындар ағынымен қатарласа жүреді. Бұл еңбек нарығы мен қалалардың инфрақұрылымына, соның ішінде, тұрғын үй қорына қысым туғызады. Сондықтан, жалға берілетін тұрғын үй қ ұ р ы л ы с ы н а к ө з қ а р а с т ы қайта қараған жөн. Мемлекет əлеуметтік жалдамалы баспа-наны салып, оны тұрғындарға сатып алу құқын бере отырып, ұзақ мерзімді жалға ұсынады. Баспананы тікелей, делдал-дарсыз жəне несиеге барынша төмен пайызбен ұсыну оның сатып алу құнын арзандатуға мүмкіндік береді. Бастапқы жарнаның болмауы мен ипотека үшін төмен пайыздар баспананы қазақстандықтардың көптеген жік тері үшін қолжетімді ете тү-седі. Сондықтан, 2015-2016 жыл-дар ішін де жалға берілетін тұрғын үй құры лысын қаржыландыруды қо сым ша 180 миллиард теңге

со ма сын да ұлғайтамыз», деген сөздер.

Осы тұста Шарль де Голль дің: «Барлық кезде де ең қиын жол ды таңда – онда бəсекелесті кездес-тірмейсің» деген сөзі қалам ұшына оралып тұр. Қиыннан қиялап жол табатын аса ақылман саясаткер əлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту жайлы былай депті: «Бірінші кезекте, бұл – апатты мектептер мен үш ауысымда оқыту проблемаларын шешу. Бұл – біздің Сайлауалды тұғырнамамыздың негізгі индикаторларының бірі. Үшжылдық бюджетте қарас-тырылған қаржы бұл проблема-ны 2017 жылға дейін шешуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан Үкіметке қосымша 70 милли-ард теңге бағыттауды тапсыра-мын. Балалар бақшасының жетіс-пеушілігі – басқа мəселе. Мектепке дейінгі мекемелерде орындар тапшылығын түбегейлі қысқарту үшін 3 жыл бойы қосымша 20 мил-лиард теңге бағыттауды тапсыра-мын. Əкімдер жеке секторды тарта отырып, бұл жұмыспен барынша айналысуы тиіс.

Индустрияландыру бағдар ла-малары шеңберінде базаларында ғылымның экономика салала-рымен жəне мамандар дайын-даумен байланысы қамтамасыз етілетін 10 ЖОО анықталды. Осы мақсаттарға 2017 жылға дейін 10 миллиард теңге бағыттай отырып, осы жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын қалыптастыруды тапсырамын».

Тауына қарай аңы, заманы-на қарай заңы. Алыптар аласар-майды. Сөзі де соған сай, ісі де ірі Нұрсұлтан Əбішұлы бұл жолы да өзі не тəн биіктен көрінді. Бұған Жол дау дағы: «Мен Ұлттық қордан 2015-тен 2017 жылға дейінгі кезеңге жыл сайын қосымша 3 миллиард долларға дейін бөлу жөнінде шешім қабылдадым. Үкіметке бір апта мерзімде Ұлттық қордан қаржы бөлу үшін тиісті шешім дайын-дауды жəне 2015 жылға арналған

республикалық бюджет жобасын-да қажетті қаржыларды ескеруді тапсырамын», деген сөздер дəлел.

Ұлттық қор демекші, оның не үшін құрылғаны да есімізде. Елбасы атап айтқандай, «Оның басты міндеті – тұрақты əлеу мет-тік-экономикалық дамуды қам-та масыз ету жəне экономиканы сыртқы қолайсыз жағдайлардан қорғау. Дəл қазір біздің осы қоры-мызды қажетке жарататын кез келді. Қазақстан өзге елдер дің қателіктерін қайталамай, эконо-микалық өсім үшін ішкі қорын барынша тиімді пайдалануы тиіс.

Əлемдік экономикадағы жағ-дай мынадай, дағдарысты жағ-дайларда алға қойған мақсаттарға қосымша қаржы ресурстарынсыз қол жеткізу айтарлықтай күрделі».

Жолдауда айтылған: «Біздің білім беруді, денсаулық сақтауды, ауыл шаруашылығын дамыту бағ-дар ламаларымыз жалғаса береді. Бұл туралы алдағы жылы Үкімет-тің алғашқы кеңейтілген отыры-сында нақты əңгіме қозғайтын боламыз. «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты – əлем-нің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз», деген сөздер де алшы түсер асыққа құйылған қор-ғасындай көкейге қона кетті.

Елдің көзі елу төбенің астын-дағыны да көреді. Халықты қызыл сөз, құрғақ уəдемен ал-дай алмайсың. Асыл мұрат, алыс жолда Елбасы елді ешқашан алдаған емес. Əрдайым ащы да болса ашығын айтатын, тəтті өтіріктен ащы шындықты артық көретін Нұрсұлтан Əбішұлы бұл жолы да əдетінен жаңылмай алда тұрған қиындықтарды да жайып салды. «Бүгінде бүкіл əлем жаңа сындармен жəне қатерлермен бетпе-бет келіп отыр, – деп қадап айтты Елбасы. – Əлемдік эко-номика əлі де жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс салдары-нан айыға қойған жоқ. Қалпына келу өте баяу жəне сенімсіз қадамдармен жүруде, ал кейбір

жерлерде əлі құлдырау жалғасуда. Геосаяси дағдарыс пен жетекші державалардың санкциялық саяса-ты əлемдік экономиканы қалпына келтіруде қосымша кедергілер ту-ындатуда.

Мен өзімнің тəжірибемнен алдын ала сезіп отырғанымдай, таяудағы жылдар жаһандық сынақ тардың уақыты болады. Əлем нің бүкіл архитектурасы өзгере ді. Барлық елдер осы күрделі кезең нен лайықты өте алмайды. Бұл шептен тек мықты мемле-кеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады. Қазақстан, əлемдік экономиканың бір бөлшегі жəне геосаяси қысымның эпицентріне тікелей жақын орналасқан ел ретінде, барлық осы үдерістердің теріс ықпалына тап келеді. Нəтижесінде не болып жатқанын біз көріп отырмыз: əлемдік нарықтарда баға құлдырауда жəне тұтастай алғанда, экономикалық өсім баяу-лауда.

Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк тарапы-нан 2014 жəне одан кейінгі екі жылда əлемдік экономиканың да-муында болжам төмендеу жағына қарай қайта қаралғаны белгілі. Сондықтан кейбір позицияларды жедел түрде қайта қарап, сондай-ақ, алдағы кезеңдердің жоспар-ларына түзетулер енгізу қажет. Бізде ырғалып-жырғалуға уақыт жоқ. Бүгін айтылатын шаралар-ды 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асыру керек. Біз

теріс үрдістердің алдын алу үшін барлық ықтимал шараларды жедел қабылдауға тиіспіз».

«Халқына бегі, бегіне халқы сенген ел ұзақ жасайды», депті Күлтегін. Нұрсұлтан Əбішұлының: «Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мəңгілік Елді басты бағдар етіп, тəуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажыр лы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Мəңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі», деген сөзі Күлтегіннің жоғарыда айтылған ойымен үндесіп тұр.

Жолдауда айтылған аса терең текті ойлар ұлттық сананы қалыптастырып, ұлттық сананы асқақтатуға, қазақстандық патри-отизмге үндейді.

Өркениетті елдерде мемле-кеттік капиталдың 75 пайызын адам капиталы құрайды. Табиғи ресурстар, өнеркəсіп қорлары, жылжымайтын мүлік екінші ке зекте. БҰҰ даму индексі үш өлшем мен өлшенеді. Олар: білім беру деңгейі, адам өмірінің ұзақты ғы, тұрмыс деңгейі. Биылғы Жол дау осындай өркениетке бас-тайтын «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол».

Біздің басты байлығымыз – елдің бірлігі. Бұл жайлы Президент былай деді: «Ауызбіршілігі қаш-қан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі – бірлік берекесі.

Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кем-сіт пей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азамат-тарға тең мүмкіндік беру арқы-лы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз əрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз.

Алда үлкен де жауапты жұ-мыс тар тұр. Толысқандықтың жаһан дық сынынан өту үшін біздің топтаса білуіміз қажет. Біз барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз! Бір-бірімізге тағатты бо-луымыз керек! Бұлар – Қазақстан болашағының кілті. Этносаралық келісім – өміршеңдік оттегі. Біз дем алған кезде оны байқамаймыз, ол өздігінен болады – біз тек өмір сүреміз. Бірлігіміз бен этносаралық келісімді біздің өзіміз сақтауға тиіспіз. Оны біз үшін ешкім ешқашан сырттан келіп жасамайды».

Нұрсұлтан Əбішұлы Жолдау-дағы жақсы басталған сөзін жа-расымды аяқтады. Көпке жаққан, көкке жақын аса салмақты, асқан салиқалы сол сөз мынау: «2015 жыл – ұлттық тарихымыз ды ұлықтау жəне бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі бе-лестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақ стан халқы Ассамблеясы мен Конс-титуциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер Жаңа қазақстандық патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қа зақ-стан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтас тығы мен бірлігі, татулығы мен ты-ныштығы ең басты назарда.

Ел бірлігі – біздің барша та-быс тарымыздың кілті. Тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл əлемге үлгі. Тəуел-сіздігіміздің 25 жылдық ме-рейтойын жəне халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің əлеуетін əлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапары-мыз сəтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы Жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін».

«Кісіге қарап сөз алма! Сөзіне қарап кісіні ал», депті хакім Абай. Мұхаммед пайғамбардан қалған дана сөздердің бірі: «Шын сөз – құдіретті сөз!» Ұлт бағына туған ұлы тұлға Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың сөзі – «Шын сөз – құдіретті сөз!» Нұрсұлтанның сөзі – алтыннан да қымбат асыл сөз!

Бектас БЕКНАЗАРОВ,Парламент Сенатының депутаты.

Қазіргі кезде еліміз үлкен та-рихи кезеңді басынан кешіруде. Өзге елдерде болып жатқан жағдайларға қарасақ, əсіресе, Украина мен Таяу Шығысқа көз салсақ, ертеңгі күнге деген сенім аз сияқты көрінеді. Өйткені, əртүрлі əлеуметтік жəне саяси жағдайдың ушығуы халықтың ба-сын дал етіп жатыр.

Ал біздің тарихи кезеңді бастан кешудеміз деуімнің астарында үлкен экономикалық, саяси жəне əлеуметтік өрлеу жатыр. Оны күнделікті өмірден көріп те жүрміз. Еліміздің өңірлерінде қызмет ба-бымен жиі болып жүргендіктен байқайтыным, барлық жер-де құрылыстар жүргізіліп, жол-дар салынуда. Соның арқасында жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылуда.

Төңірегіміздегі мемлекеттер-де күрделі жағдайлар орын алып, алда дағдарыстың екінші кезегі келе жатқан тұста Қазақстанда қ о л ғ а а л ы н б а қ ж о с п а р л а р көңілде ертеңгі күнге деген сенім ұялататыны анық. Қазақстан халқын жұмылдырып, нақты бағыт-бағдар берген Елбасының «Нұрлы Жол – болашаққа бас-тар жол» экономикалық саясаты «Қазақстан-2050» Стратегиясының орындалуына апарар жол деп есептеймін. Қазір сондай міндеттер біздің алдымызда тұр. Жолдаудағы айтылған мəселелерді шешуді ұйымдастыру, қоғамды соған жұмылдыра білу – үлкен мəселе.

Өзімнің ішкі пайымдауым-ша, Елбасының Жолдауы бүкіл қазақстандықтар тарапынан қолдау тауып отыр. Себебі, ол əрбір адамның, əрбір отбасының ертеңгі күнге деген сенімі. Жиған-тергені артында қалып, ертеңгі күнінің не боларын білмей, босып жүрген қаншама халықтар бар. Миллиондаған жан жапа шегуде. Сондайларға қарап, Құдайға мың да бір тəубе дейсің.

Қазақстан халқы – əр уақыт-та өзінің алдындағы мақса тын, ертеңгі күнге деген жауап кер-шілігін сезіне білген халық. Соның арқасында Орталық Азия елдерінің ішінде біз оқ бойы озық келеміз. Елбасының алға қойған тапсырмаларын орындаумен алда келе жатқан мемлекеттің біріміз. Елбасының шетелдерге жасаған сапарларын қай кезде қарасаңыз да, алдыңғы қатарлы алып елдер басшыларының жанында жүреді. Менің ойымша, бұл тек Елбасына ғана емес, бүкіл Қазақстан халқына көрсетілген құрмет деп есептеймін.

Біз басындағы бағын бағалай білетін елміз. Бастағы бақтың тағы бір үлкен көрінісі – ол этносаралық татулықты сақтай білу. Жолдауда осы мəселеге ерекше көңіл бөлініп айтыл-ды. Осыншама ұлт пен ұлыстың басын біріктіріп, алға қой ған ортақ мақсатқа жұмылдыра білу – Елбасының ғана қолынан келе тін іс. Біздің міндетіміз – осы бағыт-та əрі қарай жұмыс атқара беру.

Қазір қай мемлекетті қара-саңыз да банк секторындағы қиын дықтарға тап келуде. Ондай қиындықтар бізде де бар. Осын-дай жағдайда аз мөлшердегі үсте-мемен жастарға несиелер беру арқылы олардың баспаналы бо-луына жағдай жасалатын бола-ды. Жаңадан бас қосып жатқан мыңдаған жас баспаналы болып жатса, жұмысы бар болса, олардың ертеңге деген сенімі де ерек болады. Ал ертеңгі күнге деген сенімі бар жастар мемлекеттің, Ел басының саясатын қолдамақ. Жалпы, мем-лекет, Елбасы тарапы нан жасалып жатқан үлкен жұмыстар біздің бүгінімізден ертеңіміз жарқын бо-латынына үміттендіреді.

Бұл ретте, тəртіп мəселесін айна-лып өтуге болмас. Мемлекетімізде тəртіп – үлкен назар аударатын мəселе. «Нұр Отан» партиясының Саяси доктринасында халықтың құқықтық сауатын арттыру мə-селесі өткір қойылған. 2020 жылға дейін қазақстандықтардың 60 пайызға жуығы құқықтық сау-аты жоғары деңгейде болуы ке-рек. Əрбір азаматтың ертеңгі күнге деген сенімі нық болу үшін тəртіпке бағыну шарт. Бауыржан Момышұлының сөзі бар «Тəртіпке бас иген құл болмайды» деген.

Ал сот жүйесі туралы айтар болсам, 2011 жылы Қазақстанның сот жүйесі 140 мемлекеттің ішінде 111-орында болып кел-ген. Елбасының сот жүйесі ашық, қолжетімді жəне жария-лы болуы керек деген талабы талай табыстарға жетеледі. Осы жариялылықтың арқасында Қазақстан халқының сотқа де-ген сенімі артты. Шетелдіктердің зерттеуіне қарағанда, халықтың сотқа деген сенімі 82 пайызды құрап отыр. Қазақстанның сот жүйесі соңғы 3 жылда 111-орын-н а н 8 5 - о р ы н ғ а к ө т е р і л д і . Міне, жұмысты осылай дұрыс ұйымдастыра білудің басында Елбасының өзі тұрғанын реті кел-генде айта кету керек. Мұның барлығы Елбасының тікелей та-лап етуінің жəне дұрыс бағыт беруінің арқасында атқарылған істер. Сондықтан, елімізде тəртіп болатынына сенемін.

Қорыта айтқанда, бізде ертеңгі күнге деген күмəн қалмауы ке-рек. Тек сенімге иек артқанымыз жөн. Жолдаудың мəнін халыққа жеткізгенде осыны əруақытта ұғындырып айта білуіміз керек.

Іске адалдыќ – ертеѕге сенім

Алтыннан ќымбат асыл сґз

Уақытты зая жібергенге өкінетін адам – данышпан.Алигьери ДАНТЕ

ЖАСАМПАЗДЫЌТЫ

«Болашақ экономикасы» секторын дамыту

ЖАЅЄЫРМАЛЫ ЭНЕРГИЯ КҐЗДЕРІ

2015 жылы электр тұтынудың жалпы көлеміндегі жаңғырмалы энергия көздері арқылы өндірілетін электр энергиясының үлесін(жел электр стансалары, күн стансалары, сонымен бірге, қуаты 35 МВт-ға дейінгі су электр стансалары)

1%-дан асыру.

2014 жылы жаңғырмалы энергия көздері арқылы өндірілетін электр энергиясының көлемін жылына (жел электр стансалары, күн стансалары, сонымен бірге, қуаты 35 МВт-ға дейінгі су электр стансалары)

1 млрд. кВт. сағатқа жеткізу

Page 3: Egemen · (Соңы 4-бетте). Оймақтай ой Бүгінгі нөмірде: 7-бет 8-бет 10-бет Балтамен жəне пы шақ-пен қаруланған

19 қараша 2014 жыл

www.egemen.kz 3

Бақытжан КҰРМАНҒАЛИЕВ, «Қазхром» ҰТК» АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауыты №1 балқыту цехының бастығы.

Біз, металлургтер Президенттің сөйлеген сөздерін қашанда аса маңыз бере тыңдаймыз. Себебі, Мемлекет басшысы Н.Назарбаев əрқашан халықтың қамын ойлап, жағдайын түзеудің сара жол-дарын іздейді. Ілгері күндерге деген үмітімізді Елбасының са-рабдал саясатымен сабақтастыру əрбір қазақстандықтың қанына сіңген қасиет болып кеткені де рас. Сөзі мен ісінде алшақтық болмайтын Елбасы бұл жолы да өзіндік ойлау қабілетінің ерекшелігін айқын танытты. Əлемдегі қаржы-экономикалық дағдарыстың салдарын, болып жатқан түрлі тарихи оқиғаларды саралай келе, Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жылдағыдан ертерек елге ұсынуының өзі де Нұрсұлтан Əбішұлының қашанда бір адым алды болжай-тын қасиетін аңғартса керек. Бұл ырғалып-жырғалуды көтермейтін күрделі кезеңдегі уақыт тыны-сын тап басқан қадам болды деу керек.

Сондықтан да болар, əуелі теледидардан көріп, тыңдасақ та Елбасы Н.Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын мерзімді басылым-дардан оқығанша асықтық. Жалт етіп өте шыққан теледидарлық нұсқасынан гөрі басылымдар-дан оқығанымызда мұндағы айтылған асқаралы міндеттердің елдің ертеңі жарқын болуына бағытталғанын тереңірек түсіндік десек артық болмас. Жолдауда еліміздің əр қиырын байланыс-тыратын жолдар салудың, шағын жəне орта бизнесті, индустриялық инфрақұрылымдарды дамытудың жалғастырылатыны туралы нақты көрсетілген. Қаржы-экономикалық дағдарысты халықтың тұрмысына салдарын болдырмай еңсеруге бағытталған қадамдар жасалаты-нына сенім молая түсті. Біз бұл жолғы Жолдаудан əлемдегі бүгінгі нақты жағдайды анық аңғарамыз, болашақта атқарылар істердің ауқымдылығына қарамастан, Елбасының халықтың тұрмысын төмендетпейтіндей шаралар алып жатқаны көңілге қонады. Бұл Жолдауды еліміздің ертеңін еңселі ететін тарихи құжат деу орын-ды. Елбасының болашақты бол-жайтын көрегендігі мен көптің көкей індег ін і дөп басатын көсемдігі бұл Жолдауда да айқын

көрініс тапқанына көзіміз жетіп отыр.

Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк тарапы-нан 2014 жəне одан кейінгі екі жылда əлемдік экономиканың даму болжамы төмендеу жағына қарай қайта қаралғаны белгілі. Сондықтан, кейбір позиция-ларды қайта қарап, сондай-ақ, алдағы кезеңдердің жоспарлары-на түзетулер енгізу қажет. Бізде ырғалып-жырғалуға уақыт жоқ. Бүгін айтылатын шаруаларды 2015 жылдың 1 қаңтарынан бас-тап жүзеге асыру керек. Біз теріс үрдістердің алдын алу үшін барлық ықтимал шараларды қабылдауға тиіспіз, деп атап өтті Жолдауда Нұрсұлтан Əбішұлы.

Біздің компания Мемлекет басшысының Жолдауына сүйене отырып, əлемдік тəжірибеде теңдесі жоқ, озық технология қолданылатын жаңа бірегей өндірісті пайдалануға берді. Бұл – жиырма жылдығын атап өткелі отырған Еуразиялық топтың ғана емес, еліміздің мақтанышына ай-налатын жоғары сапалы көміртекті ферроқорытпа зауыты. Ол толық қуатына көшкенде жылына жоғары сапалы 440 мың тонна өнім беретін болады. Бұл тек металлургия саласындағы инновация ғана емес, Қазақстанның экспорттық əлеуетін арттыратын қуатты кəсіпорын. Жаңа өндірісті іске қосумен бірге, жұмыс істеп тұрған өндірісті де естен шығармаймыз. Дағдарыс жағдайына қарамастан 1 мил-лион теңгеге қондырғы сатып алу көзделуде. Бұл қондырғы үздік техникалық өлшемдерге ғана емес, еңбек қорғау мен экология стандарттарына сай болады. Түйіп айтқанда, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы бізді тың табыстарға, соны жаңашылдыққа жігерлендіреді.

Ақтөбе облысы.

ЖАЛЄАЄАН ЖОЛДАУҚозыкөрпеш ЖАҢБЫРШИН, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы.

Мемлекет басшысының Қа-зақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдаулары еліміздің сая си , экономикалық жəне қоғамдық өмірінде маңызды оқиға болып саналады. Осы Жолдауларда ауқымды міндеттер қойылып, жаңа белестерді бағындырудың жолдары қарастырылады, əлемдік дағдарыстар мен сын-тегеуріндер тұсында таңдап алынған бағы-тымыздың дұрыстығына сенім білдіріледі.

Қазақстанның жаңа эконо-микалық саясатына арналған «Нұр лы Жол – болашаққа ба-с т а р ж о л » а т т ы б и ы л ғ ы Жолдаудың ерекшелігі – Елбасы

күрделі геосая си жағдайда, алдағы бесжылдық еліміздің экономикалық дамуындағы жаңа

кезең болуы тиіс екендігін қадап айтты.

Барша Қазақстан халқы үшін стра тегиялық маңызды құжатта аталып өткендей, жаһан дық қаржы-экономикалық дағда-рыстың салдары белең алған кез-де тек экономикалық саясатты қайта бағдарлап, жеделдетілген индустрияландыруды жүргізіп, инфрақұрылым мен инновация-ны дамыта отырып, жоғары еңбек өнімділігіне қол жеткізгенде ғана Қазақстан қазіргі заманғы сын-тегеуріндер мен қатерлерге төтеп беріп, əлемдік қауымдастықта лайықты орынға ие болмақ.

Президент дағдарыс жағ дай-ында қосымша қаржы ресурста-рынсыз межеленген мақсаттарға қол жеткізудің аса қиынға соғатынын атап өтті. Осыған бай-ланысты, Ұлттық қордан қо сымша

қаражат бөлу туралы шешім қабылданды.

Аталған қаражат жолдарды жəне жалға берілетін үйлерді са луға, апатты жағдайдағы жəне үш ауысымда оқытылатын мектептердің проблемаларын шешуге, ден саулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы жəне тағы басқа мақсаттарға бағытталады деп қарастырылған.

Мемлекет басшысы осы қа-ражатты ұтымды жұмсау мəсе-лесіне баса мəн берді. «Мен құрған комиссия қаржының тиімді жұмсалуын қатаң қадағалап, жеке өзіме баяндап отыратын болады. Əр теңге үшін қатаң сұрау болмақ. Барлық əкімдерге айрықша жауапкершілік жүктеледі», деді Н.Ə.Назарбаев.

Осы бір маңызды міндеттерді ш е ш у ж о л ы н д а е л і м і з д і ң

мем лекеттік қаржылық бақылау органдарының рөлі мен маңызы арта түспек. Тəуелсіз сыртқы мемлекеттік бақылаудың консти-ту циялық органы ретінде Есеп комитетінің жауапкершілігі аясы-на ұлттық ресурстарды басқару, бюджет қаражатын алушылардың қаржы тəртібін нығайту сияқты міндеттер кіреді.

Жаңа Экономикалық Саясатты іске асыру жағдайында Есеп комитеті еліміздің жоғары қаржы бақылау органы ретінде əрбір қазақстандықтың əл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығы мен есептілігін, сондай-ақ оның жұмсалу тиімділігін қамтамасыз ету жөніндегі Елбасы белгілеген міндеттерді іске асыру үшін бар күшін салатын болады.

Татьяна КАГЕРМАНОВА, Шығыс Қазақстан облысы чешен-ингуш этномəдени бірлестігінің төрайымы.

Күллі əлемді қыспаққа алған экономикалық дағдарыс кезінде еліміздің тұрақты əрі қарышты дамуын тоқтатпаудың өзіндік себебі бар. Бұл Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ке-мел ойлылығы, білікті басшылығы мен сындарлы саясатының жемісі деп білеміз.

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы да Жаңа Экономикалық Саясатты құруға бағытталғанын аңдадық. Елбасы айтқандай, əлемдік жағдайларда жиі өзгеріс орын алып жатқан заманда экономикалық тетіктерімізді жетілдіріп отырудың маңызы зор. Бұл орайда тұрғын үймен қамту саласында қабылданатын жеңілдіктер мен халықты əлеуметтік тұрғыдан қолдаудың дүниежүзілік қаржылық дағдарыс белең алған кезде де жалғаса беретіндігі ерекше қуантты. Мұның бəрі жоспарлы экономика мен татулықтың нəтижесі.

Елбасы «Ел бірлігі – біздің барша табыстарымыздың кілті» деген сөзді жиі айтады. Шынында, бүгінгі толассыз айғай-шуға толы дүниеде жұртымыздың жұдырықтай жұмылып, Мемлекет басшысы қалыптаған бағыт-бағдардың үдесінен табылуы – келешегіміздің кемелдігіне бастар жол. Өйткені, Қазақстан – жас қырандай қалықтап ұшып, қарқынды да-мып келе жатқан жас мемлекет. Оның іргетасын Президент басшылығымен ширек ғасырға жуық уақыт бойы берік етіп қаладық. Ендігі мақсатымыз – ең басты құндылығымыз сана-латын бірлігіміз бен тұрақтылығымызды өскелең ұрпақ бой-ына сіңіру болмақ.

Мемлекет билігінде қабылданып жатқан шешімдердің ел ертеңіне тікелей əсері бары сөзсіз. Нұрсұлтан Əбішұлы: «Елдің өркенін білгің келсе, жолына қара», дей келе, ел эко-номикасы дамуының бірден-бір кепілі – облыстар арасындағы əуе жолының, теміржолдың, автокөлік жолының, сондай-ақ, теңіз жолының дамуында екенін айтты. Ұлтаралық келісімді тіршіліктің қайнар көзі саналатын ауаға теңеді. Осы күнге дейін шыққан биіктеріміздің басты себебі бірлігіміз бен ауызбіршілігімізде екенін атап өтті.

Жалпы, Елбасының Жолдаулары қазақстандықтар үшін жаңа белестер мен асуларға жол ашып келеді. Бұл Жолдау да барша қазақстандықтардың жүріп өтер нұрлы жолын айқындап бергендей əсер қалдырды. Мемлекет стратегиясын белгілейтін бас құжаттың Тұңғыш Президент күні мен Тəуелсіздік күнінің қарсаңында жолдануы да барша қазақстандықтардың ертеңге сенімінің нығаюына əсер етеді.

ӨСКЕМЕН.

Альбина ЕЛШИЕВА,Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы.

Мемлекет басшысы Н.Назар-баев «Нұрлы Жол – болашаққа бас-тар жол» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында білім саласына қатысты үш түйткілге ерекше тоқталды. Оның бірі апат-ты жəне үш ауысымда оқытылатын мектептердің жай-күйі болды. Қазіргі таңда облыста 48 апатты деп танылған ғимараттың 32-сінде тиісті шаралар жүргізілуде. Оның сметалық-жобалық құжаттары дайындалып, келер жылдың бюджетіне ұсынылған. Алтауының құрылысын 2016 жылы қолға алу жоспарланған. Бұдан бөлек, үш ау-ысымда оқытылатын 21 мектептің төртеуінің құрылысы салынуда. Алтауының сметалық-жобалық құжаттары дайындалып, келер жылдың бюджетіне ұсынылды. Ал қалғаны кейінгі жылдың еншісіне қалдырылып отыр.

Облыста көпшілікті алаңдатқан осындай білім ұяларын үш жыл-дың көлемінде жою міндет-телген. Алайда, Елбасы Жол дау-ында апатты жəне үш ауысым-да оқытылатын мектептердің құрылы сына үшжылдық бюд жетте

қарастырылған қаржы бұл мə-селелерді 2017 жылға дейін ше-шуге жетпейтінін айтып, Үкіметке қазынадан қосымша 70 млрд. теңге бөлуді тапсырды. Нұрсұлтан Əбішұлының бұл қадамы алдағы жос парланған жұмыстардың белгі ленген мерзім ішінде орын-далатынына сенімімізді арттыра түсті.

Мектепке дейінгі мекемелерде орын тапшылығын үш жылдың ішінде түбегейлі қысқарту үшін қазынадан қосымша 20 млрд. теңге қаралмақ. Елбасы осыншама

қаржыны жай бөліп қана қойған жоқ. Оның тиісті мақсаттарға жұмсалуын жəне жұмыстың тыңғы-лықты атқарылуын жергі лікті əкім-дер мен сала қызметкерлеріне нықтап тапсырды. Жасыратыны жоқ, өңірімізде қоғамның «бас ау руына» айналған балабақша мəселесі күн тəртібінен түскен емес. Əрине, балабақшалар көп-теп ашылуда. Бұған Елбасы қол-дауымен жеке кəсіпкерлер де тартылған.

Алайда, өңірімізге орал ман-дардың қоныс аударуы, бала туу көрсеткішінің жоғары болуына бай-ланысты əлі күнге дейін сұранысты толық қамтамасыз ете алмаудамыз. Бұл мəселені шешуге қазынадан қосымша қаржы қаралатыны бізді қуантты. Алдағы уақытта Жол-дауда аталған бағыттар бойын ша жүйелі жұмыс жүргізетін бола-мыз. Елбасы Жолдауында көз-делген міндеттердің орындалуы халқымыздың əлеуметтік жағдайы-ның өсуіне септігін тигізеді деп ойлаймын. Бүгінгі күнде іске асы-рылып жатқан жұмыстың жемісін біз ғана емес, біздің ұрпағымыз да көретініне мен кəміл сенемін.

ШЫМКЕНТ.

Жарќын істерге жўмылдырады

Ќаржы баќылау органдары маѕызы артпаќ

Келешегіміздіѕ кемелдігіне бастар жол

Болашаќќа айќын баєдар

2015 жылға қарай халықаралық көлік дəлізі

қатынасы бойынша тасымалданатын жүк

контейнерлері пойызының жылдамдығын

10-20%-ға, жолаушылар пойыздарының

жүрдек жол учаскелеріндегі жылдамдығын

20-30%-ға арттыру

КҐЛІК ИНФРАЌЎРЫЛЫММЕН ЌАМТАМАСЫЗ ЕТУ

МАҚСАТТЫ ИНДИКАТОРЛАР

2008 жылдың нақты көрсеткіштеріне қарағанда көлік жəне сақтау қоймалары салалары бойынша жалпы қосылған құнды

38%-ға арттыру

республикалық

жергілікті

Жақсы жəне қанағаттанарлық жағдайдағы автокөлік жолдарының желісі

2008 жылмен салыстырғанда халықаралық əуе қатынасы санын

2,5 есе арттыру

Теңіз айлақтарының өткізу

əлеуеті жылына 16 миллион тоннаға жеткізілді

Теміржол көлігімен Қазақстан Республикасы аумағы бойынша транзиттік тасымал көлемін

10,3%-ға өсіру

Теміржол көлігі негізгі активтерінің

жарамсыздығы 61%-ға дейін төмендетілді

Транзитті бағыттар бойынша тасымалданатын жүк көлемін

19,4 млн. тоннаға дейін арттыру

Page 4: Egemen · (Соңы 4-бетте). Оймақтай ой Бүгінгі нөмірде: 7-бет 8-бет 10-бет Балтамен жəне пы шақ-пен қаруланған

19 қараша 2014 жыл

www.egemen.kz4

Гүлзейнеп СƏДІРҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан».

Брифингте алғаш сөз ал-ған Қазақстан жоғары оқу орындары қауымдастығының төрағасы, экономика ғылым-дарының докторы, профес-сор Рахман Алшанов бүгінде Қазақстан жыл сайын шетел-дерге 126 млн. тонна шикізат шығарып, əлемдегі 182 ел-мен тығыз қарым-қатынас жасап отырғанын, сондықтан елімізден сыртқа тасымалда-натын тауар бағасы төмендеп, басқа бір елден жеткізілетін та-уар құны қымбаттайтын болса,

онда мұның экономикаға, бюд-жетке əсер ететіні даусыз екеніне тоқтала келе, Елбасы өзінің «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында алдағы уақытта болуы мүмкін қиындықтар мен кедергілерді жоюдың жолдарын осы бастан қарастыру қажеттігін алға тар-тып отырғанын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

«Жалпы, қандайда бір дағдарыстың салдарынан əлеуметтік жағдайдың төмен-дейтіні белгілі, – деді профес-сор. – Ең бастысы, Елбасы келер жылы халықтың əл-ауқатының төмендеуіне жол бермеу

мақсатында Үкіметтің алдына қадау-қадау міндеттер қойып отыр. Тіпті, экономиканың қайсыбір саласын көтеру, тұрғындарды жайлы əрі арзан, қолжетімді баспанамен қамту үшін миллиардтаған теңге қаржыны Ұлттық қордан алу қажет деген шешімді сөзін айт-ты. Бұл – батыл шешім».

Журналистермен кез -десуде Алматы қалалық Корей этномəдени бірлестігі төрағасының орынбасары, тарих ғылымдарының докто-ры, профессор Георгий Кан да Жолдауға қатысты өз ой-пікірімен бөлісті.

– «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген м ə ж і л і с і н д е Е л б а с ы н ы ң биылғы кезекті Жолдауын барша тұрғындарға жеткізуінің мəні мен маңызы ерекше. Өйткені, Қазақстан атты ортақ Отанымызда өмір сүріп жатқан əрбір ұлт өкілі түсіне білсе, Елбасы алға қойған міндеттер мен мұраттарды жүзеге асыруға бір адамдай атсалысуы тиіс.

Сондықтан біздер көпұлтты Отанымыздың өркендеуі мен гүлденуі, тұрғындардың баян-ды бақыты мен болашағымыз – жастардың қайғы-мұңсыз өмірі үшін жұмыла еңбек етуіміз қажет. Елбасы ке-зекті Жолдауында осыны мүмкіндігінше əрбір санаға жеткізе отырып, бұлжытпай орындалуы тиісті маңызды міндеттерді ел Үкіметіне жүктеді. Міне, мұның барлығы – ертеңіміздің бүгіннен де жарқын да бақуатты болуы бағытындағы батыл қадам. Бұл – еліміздің ертеңі сараланған құжат, – деді Георгий Ва-сильевич.

Ал Алматы қалалық мəс-лихатының депутаты Əміржан Нəбиев Мемлекет басшысы міндеттеген тұрақтылықты сақтай отырып, шағын жəне орта кəсіпкерлікті өркендету мен инвестиция тарту жұ-мыстары жүйелі қолға алына-тынына тоқталды.

АЛМАТЫ.

Қарағандыда Елбасы Н.Ə.Назар-баевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бас тар жол» атты халыққа Жолдауын талқылауға арналған облыс активінің жиналысы болып өтті. Оған қатысу-шылар жаңа экономикалық саясатқа негізделген міндеттерге байланысты өз ойларымен бөлісті.

Міндет їлкен, мїмкіндік кеѕ

Айқын НЕСІПБАЙ,«Егемен Қазақстан».

Жиынды ашып, сөз сөйлеген облыс əкімі Нұрмұхамбет Əбдібеков Жолдаудың маңыздылығына тоқталып, алға қойылған бас-ты бағыттар бойынша атқарылар міндеттерді саралап, ортаға салды. Онда негізгі басымдық отандық экономиканың өсіміне берілуіне сəйкес, бұл ретте ел индустриясының тірегі əрі көшбасшысы саналатын өндірісті өңірге үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғаны аталды.

Əлемдік экономикадағы жағдай ел эконо-микасындағы құрылымдық реформалар-ды жетілдіруге жəне жаңа сынақтар кезінде тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған қағидаттар мен тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында облыста жан-жақты іс-шаралар қарастырылып, қолға алынғаны баян етілді. Инновациялық-индустриялық дамуды күшейте түсу, қамтымды экономика құру, шағын жəне орта бизнесті қолдау, тұрғындардың əлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту бағытында тың мүмкіндіктер аз еместігі атап көрсетіліп, оны тиімді қолдануға талап барын-ша күшейтілетіндігі айтылды.

Алдағы уақытта, мəселен, Қарағанды – Жезқазған – Қызылорда автожолы салынуы, «Сарыарқа» ЕЭА-да бірлескен кəсіпорындар қатары ұлғаюы, 8 индустриялық аймақта 50-ден астам өндіріс орны құрылуы, жыл сайын 3 балалар бақшасы бой көтеруі, тұрғын үй құрылысы өрістеуі сияқты істер өңір эконо-микасы тынысы мен өмірі өркендеуіне зор серпін беретіндігі көлденең тартылды. Уақыт ырғалып-жырғалуды көтермейді, ал жүктелген міндеттер үлкен, сондықтан аянбай еңбек ету қажет, деді əкім. Осыған байланысты қалалар мен аудандар əкімдеріне нақты тапсырмалар берілді.

Жиында сөз алушылар « Изоплюс Орталық Азия» ЖШС директоры Олег Винокуров, «Мутлу» компаниясының вице-президенті Досмұқасан Таукебаев, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің директоры Зулпа Чумакова, «Gaieх Plus» фабрикасының тігіншісі Дəмегүл Төкенбаева жəне басқалары өз ұжымдары Жолдауды жылы қабылдап, еліміздің көркеюі мен гүлденуі үшін жаңа бағытты қолдайтындықтарын айтты.

ҚАРАҒАНДЫ.

Оралхан ДƏУІТ,«Егемен Қазақстан».

Жамбыл облысының əкімі Кəрім Көкірекбаев «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша өткен об-лыс активі жиналысында аудан əкімдеріне, кəсіпкерлік жəне индустриялық-инновациялық даму басқармасына аталмыш сервистік кешендерді соғу жұмыстарын жеделдетуді тап-сырды.

Ал, жергілікті маңызы бар автожолдарды жөндеу

мен күтіп-ұстауға 2015 - 2020 жыл дар аралығында барлық қаржыландыру көздерінен 16,0 млрд. теңге қаржы қарастырылу жоспарлануда. Соның есебінен 633 шақырым автожол күрделі жəне орташа жөндеулерден өткізілмек. Қазіргі уақытта облыстық маңызы бар «Бірлік – Мойынқұм – Ұланбел» автожолының 61 шақырымында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу басталды. Бүгінгі таңда оның 22 шақырымы пайдалануға берілді. Сонымен қатар, «Луговой» стансасы – Қорағаты-Тəтті» автожолының

43 шақырым бөлігі де орташа жөндеумен қамтылуда.

«Əр жылғы Жолдаудың өз жаңалықтары бар. Дегенмен, жаңа экономикалық саясатқа негізделген «Нұрлы Жол» бағдарламасының тарихи маңызы зор. Өйткені, Елбасы геосаяси жағдайға нақты баға беріп, алыс жəне жақын болашағымыздың бағдарын айқындап отыр. Сондықтан, Жолдау бəрімізді біріктіретін, болашаққа сенімді қадам деп айтуға толық негіз бар. Мемлекет басшысы бөлінген қаржыны ұқыпты, өз мақсатына жұмсауды қатаң бақылауға алуды міндеттеді. Жолдауда көтерілген мəселелерді іске асыру үшін біз бірлесіп жұмыс істеп, бөлінген қаражатты тиімді игеруіміз қажет», дейді облыс əкімі.

Елбасы барлық əлеуметтік міндеттемелерді толыққанды қамтамасыз ету бойынша күрделі де нақты міндет

қойды. Сондықтан, экономи-ка жəне бюджеттік жоспар-лау басқармасы 2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджетті қалыптастыру ба-рысында, бірінші кезекте, білім, денсаулық сақтау жəне əлеуметтік салалардың жо-баларын қаржыландыруды қ а м т а м а с ы з е т у і т и і с . Мемлекет басшысы еліміздің болашағы жастарға, жас от-басыларына арнап қолжетімді үй салу мəселесіне кеңінен тоқталды.

Сондай-ақ, бұл жиында жұмыспен қамту, «Көне Тараз» тарихи-мəдени орталығы құры-лысына жобалық-сметалық құжаттамалар əзірлеу, үш ауы-сымды мектептер мен бала-бақша кезегі мəселелерін оңтайлы шешу жолдары кеңінен талқыланды. Қорыта айтқанда, Жолдауды іске асы-ру облыстың, тұтастай алғанда, еліміздің игілігі үшін əрбір басшыға жеке жауапкершілік жүктеп отыр.

Жамбыл облысы.

Атап айтқанда, БАƏ-нің WAM ақпарат агенттігі (Emirates News Agency) Жолдаудың араб тіліндегі мəтінін тара-тып, тəуелсіз мемлекет орнаған күннен бастап Қазақстанның Тұңғыш Президенті жүргізіп отырған көреген əрі теңгерімді экономикалық, сыртқы саяси жəне конфессияаралық саясатты жоғары бағалады.

Біріккен Араб Əмірліктерінің «Əл-Иттихад» («Одақ») феде-ралдық ресми газеті «Қа зақ стан Президенті мемлекеттің одан əрі дамуына бағытталған жаңа бастамаларға шақырады» де-ген мақала жариялады. Аталған мақалада Қазақстан басшы-сы Н.Ə. Назарбаев өзінің ел халқына арнаған Жолдауында геосаяси қысым мен əлемдік на-рықтарда дағдарыстардың өрші-ген жағдайында ішкі, аймақтық жəне халықаралық мəселелерді ашық түрде қозғап отырған көреген стратег ретінде сипат-талады. Сонымен қатар, басы-лым атап өткендей, Қазақстан Президенті шынайы көшбасшы бола тұрып, өсіп бара жатқан тұрлаусыздық жағдайында қазақстандықтардың əл-ауқатын

арттыру мен халықаралық қауіп-сіз дікті нығайту мақсатында дұ рыс шешімдер қабылдауда жəне алдағы жылдарға ел эко но-микасының өсу көкжиектерін дəл белгілеп беріп отыр.

Елдің тағы бір жетекші басы-лымы – «Əл-Баян» («Жаршы») газеті достас Қазақстанның да-муындағы жаңа кезеңнің белгісі болып саналатын 2015 жылға арналған құжаттың əлеуметтік-экономикалық бағытына ерекше назар аударады.

Дубай Əмірлігінің ресми ба-сылымы Қазақстан басшысының «Жаңа Экономикалық Саясатқа сəйкес, көлік желісі мен инфра-құ ры лымды дамытуға, атап айт-қанда, жаңа автомобиль, темір-жол мен əуе магистральдарын салуға ерекше көңіл бөлінеді» деген сөзін келтіре отырып, ұтым ды шешімнің стратегиялық тереңдігін атап өтеді. «Əл-Баян» газеті өз оқырмандарының на-зарын Қазақстанның одан əрі транзиттік инфрақұрылымның əлемдік желісіне қосылып, əлемдік геоэкономиканың маңызды мүше сіне айналатындығына ау-дарады.

«Егемен-ақпарат».

Ж.Түймебаев өз сұхбаттасын «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясындағы Қазақстанның соңғы жылдардағы жетістіктерінен ха-бардар ете отырып, басты мақсаты кең ауқымды инфрақұрылымдық бағдарламаны іске асыру бо-лып табылатын Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы Жол» атты Жолдауының негізгі бағыттары туралы ба-яндап берді. Осы орайда елші Астана қаласында өткізілетін ЭКСПО-2017 дүниежүзілік мамандандырылған көрмесіне дайындық жұмыстарының барысы туралы да айта отырып, губернатор-ды аталған халықаралық іс-шараға белсенді қатысуға шақырды.

Губернатор М.Кылычлар е к і ж а қ т ы ы н т ы м а қ т а с т ы қ деңгейін жоғары бағалады жəне Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық даму саласы бой-ынша жетістіктерін атап өтті.

«Мен Президент Н.На-з а р б а е в т ы ң б а с т а м а л а р ы -на қашанда қайран қала мын. Қазақ станның жаңа экономи-калық бағдарламасымен қызы-ғып таныстым. «Нұрлы Жол»

бағдарламасының да «Қа зақ-стан-2050» Стратегиясының құрамдас бөлігі болып табылаты-нын ұқтым. Бауырлас Қазақстан болашағының «Нұрлы Жол» бағдарламасымен тығыз бай-ланысы бар екендігіне кəміл сенемін», – деді М.Кылычлар.

Ол, сондай-ақ, 2001 жылдан бері бауырлас қалалар болып табылатын Астана мен Анкара арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын да атап өтті.

«Біз бауырлас Қазақстанның жетістіктеріне ортақтаспыз. Астана Еуразияның жүрегінде салынған, шығыстық коло-рит пен батыстық модернизмді тұтастыратын мегаполис бо-лып табылады. Мен Астананың ЭКСПО-2017 көрмесін барлық сəнімен өткізетініне сенімдімін», – деді Анкара губернаторы.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар Астана мен Анкара арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында жаңа жобаларды ілгерілете беруге уағдаласты.

«Егемен-ақпарат».

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков «Қазақстан үшін Еуроодақ ең ірі сауда-экономикалық əріптес болып табылатынын жəне екі тарап Кеңейтілген əріптестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісім шеңберінде осы əріптестіктің барынша əлеуетін тереңдетуге мүдделі екенін» атап өтті. Сондай-ақ, ол өткен 10 жыл ішінде Қазақстан мен ЕО арасындағы сауда айналы-мы 13 есеге ұлғайып, Қазақстан экономикасындағы Еуропа инвестицияларының көлемі 10 есе артқанына назар аударды.

Сонымен қатар, делегациялар ішкі реформалар, адам құқықтарын қорғау, заң үстемдігі мен тиімді басқару мəселелерін қоса алғанда, саяси ынтымақтастық мəселелерін талқылады. Сонымен бірге, кез-десу барысында энергетика, көлік, қоршаған ортаны қорғау салаларындағы ынтымақтастық бойынша шолу жəне пікір алмасу болып өтті.

Отырыстың күн тəртібіндегі жеке тармақ Орталық Азия бой-ынша Еуропалық одақтың страте-гиясына өзекті сипат беру мəселесі

жəне 2007-2013 жылдардағы бұрынғы стратегияны іске асыру-ды бағалау болды. Қазақстандық делегация басшысының сөзі бойынша, Қазақстан стратегия-ны өңірдің орнықты дамуы үшін қосымша жағдайлар жа-сау құралдарының бірі ретінде қарастырады жəне оны жаңарту қажеттілігі туралы ЕО Кеңесінің 2015 жылғы болашақ төрағасы ретіндегі Латвияның бастамасын қолдайды.

Сондай-ақ, отырыс шеңберінде соңғы жылдары Қазақстанның өңірлік көшбасшы жəне жаһандық қарым-қатынастар жүйесіндегі жауапты əріптес рөлін өзіне бекіткені атап өтілді. Оны «Partnership Instrument» жаңа тетігі шеңберінде Еуропалық одақтың Қазақстанды əріптес ел санатына ауыстыруы жəне елде дамуға ресми көмек агенттігін құру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқаны қуаттайды.

Кездесу соңында тараптар Ынтымақтастық комитетінің кезекті 15-отырысын келесі жылғы күзде Астана қаласында өткізу туралы шешім қабылдады.

«Егемен-ақпарат».

Араб əлемініѕ де назарын аударєан

Əмірліктердің бұқаралық ақпарат құралдары Президент Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы туралы кең көлемде ақпарат таратуда.

Үстіміздегі жылы Ақтөбе қаласында тағы бір дəрі өндіретін кəсіпорын пайдалануға берілді. Оны «ТК Фарм Актобе» ЖШС іске қосты. Қазіргі таңда мұнда жөтелге қарсы си-роп өндіру жолға қойылды. Сондай-ақ, мия мен пертуссин сироптары шығарылады. Бұл дəрілік сироптар тұтынушыларға бұрыннан

таныс, кең қолданылады. Жаңадан іске қосылған кəсіпорынның жалпы құны – 245 миллион теңге тұрады. Аталған қаржының 198 миллион теңгесі «Бизнестің жол кар-тасы – 2020» бағдарламасы аясында несие ретінде берілген. Сондай-ақ, «ТК Фарм Актобе» ЖШС мемлекеттік бағдарламаның инфрақұрылымдық қолдауына ие болды. Зауытқа баратын жолға тас төселіп, су мен

кəріз жүйелері жүргізілді. Компания ди-ректоры Жаңагүл Төреханованың айтуын-ша, қазір мия тамырынан шəрбат дайындау жұмыстарына кірісіп, тұндырып қойған. Отандық өнім болғандықтан, бағасы да ар-зан болмақ.

Міне, бұл кəсіпорындарды өңірде дəрі өндірісі қалыптасып келе жатқанының нақты көрінісі деуге əбден болады.

Жаңадан ашылған кəсіпорындар аяғынан қаз тұрып кеткен соң өнім түр лерін мо-лайтуды да қолға ал мақ. Ақтөбеліктер қазірдің өзін де осы кəсіпорындарда өнді-рілген дəрілердің сапасына риза шылығын білдіруде. Шағын жəне орта бизнестің фар-мацевтика сала сын дамытуға бет бұруын жер гілікті билік те қолдауда. Мұн дай кəсіпорындардың қатары алда да көбейе түсетініне сенім мол.

Ақтөбе облысы.

Бауырлас елдер байламы жоєары

Қазақстанның Түркиядағы елшісі Жансейіт Түймебаев Түркияның бас қаласы Анкараның жаңадан тағайындалған губернаторы Мехмет Кылычлармен кездесті. Кездесу ба-рысында екіжақты жəне өңірлер арасы ынтымақтастығы мəселелері талқыланды.

Ынтымаќтастыќ мəселелеріне арналєан сапар

Брюссельде Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы сауданы дамыту, инвестициялар тарту жəне инвестициялық климатты жақсарту мəселелерін қоса алғанда, екіжақты күн тəртібіне қатысты бірқатар мəселе бойынша дəстүрлі пікір алмасу өтті.

Дəрі-дəрмек ґзімізде ґндіріле бастады

Ержан БАЙТІЛЕС,«Егемен Қазақстан».

Батыр ұлдың ерлігінен кейін қазақ қоғамының түңлігі əлі желпіп тұр. Жеңістің буы басымызды айналдырып, шын таланттың елі үшін ерен іске баруы буыны-мызды босатты. Дегенмен, Ильин-нің жеңіс тұғырында телефонмен сөйлескенін сан-саққа жүгірт кен-дер бар еді. Алтын бала мына сөзі-мен ол əңгімелерге нүкте қойды.

Илья Ильин – Алматыдағы əлем чемпионатынан кейін туған жері Қызылорда облысына келді. Батырға деген халықтың ықыласы ерекше енді. Алдымен əуежайдан сəн-салтанатымен күтіп алды. Чемпионның дидарын көріп, қолын қысып, құттықтауын жеткізгісі келетін халықтың қарасы тым көп. Онан соң Ильинді ата-анасы, жұбайы, бапкерімен қосып облыс басшысы Қырымбек Көшербаев қабылдады.

– Бұрын Ильяны «Сырдың сары баласы» дейтін. Енді бұл өзгерді. Бұдан былай сені «Сырдың ал-тын баласы» дейміз. Өйткені, сен бізді тек алтын жүлдемен ғана қуантып келесің. Өміріңде

бірде-бір рет күміс не қола ме-даль алған кезің жоқ. Алдағы уақытта да, оның ішінде Рио-де-Жанейро Олимпиадасында да осы үрдіс жалғасады деп сенеміз. Ал кешегі əлем біріншілігінде сен зілтемірді көтеріп, рекорд орнатып қана қойған жоқсың. Сол арқылы дүйім халқыңның, Қазақстан атты мемлекетіңнің атын əлемге тағы бір рет танытып, абыройын көтердің. Елбасы өзіңе сенді. Сен сол сенімнің үдесінен əрқашан шығып келесің. Жеңісті жолың алдағы уақытта да осылай жалғаса берсін,– деді Қырымбек Елеуұлы.

Келер жылы Қызылорда қала-сында Илья Ильин атындағы ауыр атлетика орталығының құрылысы басталады. Бұл əлемдік талаптардың барлығына сай келетін, жан-жақты орталық болмақ. Болашақ Илья ның ізбасарлары осы жерде тəрбиеленеді. Несін жасырайық, ке лешекте əлемдік жарыстарды да өткізу жоспарда бар. Өйткені, əлемнің ең үздік зілтеміршісі атан-ған Ильяның туған жерінде жаһан-дық жарыстардың өткені де жара-сымды емес пе?!

– Дəл қазір Балуан Шолақ спорт кешеніндегі жағдайды тілмен

айтып жеткізудің өзі қиын. Бір мүмкіндікті мүлт жібердік. 239 келі бағынбай қойды. Қарсыластарым бірінен соң бірі рекорд жаңартуда. Мінбеге шыққанда халықтың анталаған жүзін көрдім. Көздерінде үміт пен күдік қатар араласып тұр. Барлығының тілегі менің үстімде екенін шын сездім. Сосын елім үшін 242 келі зілтемірді көтеруім керек деп шештім. Шынымды ай-тайын, мен бұл қадамға халқым үшін ғана бардым,– деді Илья кез-десуде.

Рас қой, Илья бұл жолы өз мүмкіндігінің шеңберінен шығып кетті. Көзсіз ерлікке барды. Оның үстіне бір кездері басынан тықымай алған өзбек спортшысы Руслан Нуриддиновтың да екпіні сұмдық болатын. Ол Алматыға Ильяда кет-кен есесін қайтару үшін ғана кел-ген. Батыр ұлдың бапкері Тойшан

Бектемірдің өзі «Руслан 239 келіні көтеріп, демалатын залға келгенде өзін чемпион сезініп жүрді» дейді. «Не бел кетер, не белбеу кетер» де-ген сəт осы еді. Илья бұл сынақтан да үлкен абыроймен өтті.

Елге, Елбасына үлкен алғысын айтқан Илья Қырымбек Елеуұлына қарап: «Сіз бір кездері маған «Сенің жұмысың зілтемір көтеру. Ал біздің жұмысымыз елді көтеру» деп едіңіз. Аймақта үлкен жұмыстардың атқарылғанын білеміз. Осылайша, барлығымыз жан-жақтан елімізді дамытуға, əлемдегі көшбасшы мем лекеттердің қатарына қосы-луына еңбек ете берейік»,– деді.

Айтпақшы, Ильяның əлгі 239 келі салмақты көтере алмай қалғанын бапкерлердің тактикалық қадамына балағандар да бол-ды. Бұған Тойшан Бектемір: «Біз мұндай тəуекелге бара алмас едік.

Өйт кені, таразы басында елдің абы ройы тұрды»,– деп жауап берді.

Қызылордада «ҚазГерМұнай» дейтін біріккен кəсіпорын бар. Осы кəсіпорынның басшысы Медет Кəрім деген азамат. Айтайын дегеніміз, аталған кəсіпорын Рио-де-Жанейро Олимпиадасына дейін Илья Ильинге демеушілік жасай-тын болды. Мұны біз елдіктің белгісі деп қабылдадық. Ал аймақ басшысы даңқты ұлға «Toyota Land Cruiser» автокөлігінің кілтін та-быс етті. Бапкеріне 10 мың доллар көлемінде сыйақы берді.

Кездесуден соң чемпион жур-на листермен сұхбаттасты. Біз Жас-ұлан Қыдырбаевтың жағ дайын сұрадық. «Білесіз бе, Жас ұлан – бүгінде айтылып жүрген «Ильин-нің командасына» қосылған ең ал ғашқы жігіт. Екеуміз бір үйде тұр дық. Бірге жаттықтық. Кеше чемпионатта «оның зілтемір көтергені саған ұқсайды» деп жат-ты. Мен Жасұланның бапкерімін дей алмаймын. Бірақ ол мендегі қасиеттің бəрін дерлік өз бойына сіңіріп жатыр. Айналасы бірнеше жылдың ішінде əлем чемпионы атанды. Ал бұл – үлкен нəтиже», – деді ол.

Жылы жүздесу осылай аяқ-талды. Бірақ Ильяны ұлықтау мұны мен тоқтап қалған жоқ. Өйткені, Қызылорда көшелерінде жүзден аса көлік чемпионды күтіп тұрған. Батыр ұлдың құрметіне ав-тошеру ұйымдастырылды. Шара-ның соңы Орталық алаңда аяқтал-ды. «Илья – чемпион» деп ұран-даған дауыстан құлақ тұнады. Бар лығы батырын ардақтап жатыр. Ел-хал қының алдында тебіреніп сөз сөйледі Ильин. Ал ұлықтау рəсі мі нің соңы мерекелік концерт-ке ұласты.

ҚЫЗЫЛОРДА.

● Мемлекет мерейі

Толаєай туєан жерінде

(Соңы. Басы 1-бетте).

«Жеңіс тұғырында тұрғанда Елбасы қоңырау шалды. Айтыңызшы, қай елдің Президенті спортшысы жеңіске жеткен бетте телефон соғады?! Ол кісі мемлекет шаруасымен айналысып, «Е, Илья жеңген екен ғой» деп қоя салса да болады. Бірақ біздің Мемлекет басшысы олай еткен жоқ. Елмен бірге екенін, жеңіске халқымен қосылып қуанып жатқанын осылай білдірді. Мен арқылы барша қазақстандықтарды жеңісімен құттықтады. Осыдан-ақ Елбасының елге деген жанашырлығын, құрметін, ілтипатын көруге, сезінуге болады». Бұл – əлемнің төрт дүркін, Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Илья Ильиннің туған жеріне келгенде айтқаны.

«Нўрлы Жол» – жарќын болашаќ жолы

Жауапкершілік жїктейді

Орталық коммуникациялар қызметінің Алматы филиалында өткен брифингте бас қосқан қоғам қайраткерлері Елбасының жаңа экономикалық саясаты елдің қаржылық жағдайын қайта қарап, халықаралық деңгейдегі қауіп-қатерлердің алдын алып отырғанын, əсіресе, Ұлттық қордан бөлінген қаражат елдің экономикалық тұрақтылығын сақтап, жаңа жұмыс орындарын ашуға қолайлы жағдай туғызатынын айта келе, Жолдаудағы көтерілген бірқатар мəселеге қатысты сауалдарға жауап берді.

Жамбыл облысында «Батыс Еуропа-Батыс Қы тай» ха лықаралық көлік дəлізі бойында 8 сервистік кешен құрылысы үшін жер телімдері белгіленіп, 2,4 млрд. теңгеге инвестиция тартылады. Нəтижесінде, 160-тан астам жұмыс орындары ашылмақ. Сондай-ақ, жүк жəне жолаушыларды тасымалдау көлемі ұлғаяды. Сырттан келу жəне ішкі туризм түрлері бойынша 85,0 мыңнан астам келушілер облыс аумағы бойынша қолайлы қозғалу мүмкіндігін алады.

Page 5: Egemen · (Соңы 4-бетте). Оймақтай ой Бүгінгі нөмірде: 7-бет 8-бет 10-бет Балтамен жəне пы шақ-пен қаруланған

19 қараша 2014 жыл

www.egemen.kz 5ЗЕРДЕ

– 1965 жылдың маусым айының ортасында Ғ. Мүсірепов бастаған бір топ ақын-жазушылар келді. Олар екі топқа бөлініп біздің оңтүстік аудандар – Фурманов, Казталов, Орда ауданда-рына Ғ.Мүсіреповтің өзі бастап, Хамза Есенжанов, ақындар – Сағи Жиенбаев, Ғафу Қайырбеков, Л.Кривошеев Казталовка өңірінен сапарын бастаған болатын. Бұл жолы осы топ ауданымыздың Құрманғазы кеңшарында кездесу ұйымдастырды. Қазір бұл шаруашылық Орда ауданына қарайды, – деп бастады Есімхан аға өз əңгімесін.

Кездесу селолық клубта өтті. Өздерінің сапарларының жай-күйін айтып, сөз ара-сында Ғабит ағамыз былай дегені əлі есімде:

– Осы биылғы 1965 жылдың мамыр ай-ында атақты заңғар жазушы М.Шолоховтың Мəскеу қаласында 60 жасқа толуына байланысты салтанатты жиын өтті. Сол кездегі барлық одақтас республикалар-дан делегациялар қатысып өздерінің сый-сыяпаттарын беріп жатты. Өзбек, тəжік, түрікмен ағайындар дəстүрлі шапандарын кигізіп қайтты. Біз де шапан ала барғанбыз. Бірақ оны тапсырмай, былай дедім:

– Қазақ халқы атынан, Михаил Алексан -дрович, сізге біз де құрқол келген жоқпыз, сый лық əкелдік. Бірақ оны қазір бұл залға кіргізу қиын. Ол көздері мөлдіреген – ақ бота. Қазақтар ежелгі дəстүрі бойынша ең құрметті қонағына түйе сыйлайды. Ақ бота – достықтың, адалдықтың белгісі. Ол бота өзіңіз жақсы көре тін аймақта, жыл сайын барып құс ататын жеріңізде монтиып жай-ылып жүр, – деген едім.

Мəскеу қаласындағы Кəсіподақтар залындағы қол шапалақтау көпке дейін толас тамады. Мен сендерге мұны айтып тұрғаным – досым М.Шолохов биыл не-месе ендігі жылы осы өңірге демалуға кел-генде сол ақ ботаны табыстауды сендерден қонақ ретінде қолқа салып сұраймын, – де-ген болатын.

Айтқанындай, келесі 1966 жылдың күзінде дəстүр бойынша М.Шолохов Орал облысына келді. Сол кездегі аудандық пар-тия комитетінің бірінші хатшысы Мақсот Исқақов аудандық мəдениет бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істейтін мені шақырып алып былай деді:

– Облыстық партия комитетінің идеоло-гия жөніндегі хатшысы Бисен Жұмағалиев хабарласты. Қазақстан Жазушылар одағының бірінші хатшысы Ғ.Мүсірепов обкомға телеграмма беріпті. М.Шолоховқа уəде етілген ақ ботаны тауып, тапсыру керек екен. Ал оны біздің шаруашылық Құрманғазы кеңшарына тапсыруды жоспар-лап отыр. Біз бір-екі күннен кейін сол жерде М.Шолоховты қарсы алып, ақ ботаны тап-сыруымыз керек. Осы шараға байланысты сізге тапсырма: аудандық мəде ниет саласы бойынша қонақтарға арналған концерттік бағдарлама даярлаңыз. Оркестр өнер көрсетсін. Құрманғазының күйлері орын-далатын болсын. Бұл шараға М.Шолохов зайыбымен келеді, – деп тапсырма берді.

Бір-екі күн ғана қалды. Тапсырманың аты тапсырма. Ол кездің тəртібі бойынша партия айтты, орындайсың. Ұйқысыз екі күн ішінде концерттік бағдарлама əзірледік. Белгіленген уақытында қасында зайыбы Мария Петровна Шолохова, сол кездегі обкомның идеология жөніндегі хатшысы Б.Жұмағалиев, Фурманов ауданының бас-шысы К.Меңдалиев бастаған қонақтарымыз Құрманғазы кеңшарына келіп тоқтады.

Көп кешіктірмей клубта атақты жазу-шымен жұртшылықтың кездесуі бастал-ды. Обком хатшысы Бисен Жұмағалиев құрметті қонақтың бұл жерге келген жағдай-ын түсіндіріп, негізгі мақсат – өткен жылы жазушының 60 жылдығы мерейтойы на Қазақстан жазушылары атынан аталған ақ ботаны тапсыру салтанаты екенін айтты. Сол кездегі шаруашылық партия коми тетінің хатшысы Аманғали Ораз ғұлов жазушының шығармашылығы туралы қысқаша шолу жасады. Жұмысшы Т.Сады қов, мұғалім К.Ермекқалиева да М.Шоло ховтың шығар -маларына тоқталып, күй ата сы Құр манғазы топырағына қош келдіңіз айтты.

Жиналыстың соңында М.Шолохов өзінің сөзін жұртшылыққа арнап, өзім

Қазақстанның байырғы қазақтарының бірімін, себебі, Қазақстан менің екінші Отаным. Мен көп жылдар уақытымды Қазақстанда өткізіп келе жатырмын. Сонау соғыс жылдарында менің отбасым да Орал облысының Приуральный ауданының орталығы Дарьинскіде тұрды. Қазақтар дəм-тұзымен бөлісті. Менің өзімді қарт қазақ-пын (казак емес) деуімнің сыры осында деді. Қазақтың күйшісі Құрманғазы қан дай күрделі композициялық шығарма берген. Шіркін, заманында қажетті білім алса, оның жұлдызы қазіргіден де биік болар еді. Сіздер құрманғазылықтар осындай да рын ды адам-ды орынды мақтаныш етуге құзыр лысыздар деп залды ду шапалақтатып алды.

Бұл жолғы сапарының негізгі мақсаты – қазақстандық досы Ғабит Мүсіреповтің өзінің 60 жылдығына атаған ақ ботасын көру екендігіне тоқталды. Ауданның бас-шылары кездесудің екінші бөлімі – осы ақ ботаны жазушыға тапсыру салтанатының сыртқы алаңда өтетінін хабарлап, ау-дан көркемөнерпаздарының күшімен даярланған концертті көрсеттік. Концертке жазушы, оның зайыбы Мария Петровна да ризашылық білдіріп, осындай сайын даладағы ауылда мынадай тамаша кон-церт көреміз деп ойлаған жоқ едік деп шын таңданыс білдірді. Əсіресе, аудандық мəдениет үйінің жанындағы домбыра оркестрінің Құрманғазы күйлерін орында-уын жазушының зайыбы: «Не деген тама-ша, осындай шығарма жасаған Құрманғазы қандай ғажап!» – деумен болды.

Салтанаттың екінші бөлімі кеңшар орталығындағы алаңда басталды. Обком хатшысы Қазақстан Жазушылар одағының атынан қаламгерге бар салтанатымен жабуланған, көзі мөлдіреген ақ ботаны ноқтасынан ұстатты. Ал қаламгер қазақ дəстүрінен, əдет-ғұрпынан мол хабары бар екендігін білдіріп, былай деді:

– Мен қазақтың түйе малы жөнінде көп естігенім бар. Түйенің ботасын өсіру қиынға соғатын көрінеді. Тіпті алғашқы 40 күн бойы оны жылы жерде ұстап, «көз тиеді» деп ешкімге көрсетпейді екен. Ол, əрине, «көз тиюден» қорыққандығы емес, инфекциядан сақтандырудың амалы шығар. Ботаның көзіне қызықпайтын адам бол-маса керек. Қазақ ақындары жырларын-да сұлуларды ботагөз деп бекер айтпаған шығар. Мен де досым Ғабитке шексіз ризашылығымды білдіріп, осы ақ ботаны өсірген құрманғазылықтарға алғысымды білдіремін. Менің естуімше осында малшы-шопандардың балалары орналасқан мектеп-интернат бар сияқты. Мен бұл сыйлығымды осы мектеп-интернатта тəрбиеленушілерге ұсынғым келеді. Ақ ботаны малшылардың балалары күтіп, қаз басып кеткенше жақсы өсіреді деп ойлаймын. Жəне де бота-ны енесінен айырып алып кету – баланы анасынан айырумен бірдей. Ол мен үшін адамгершілік болмас еді, – деп, ақ бота-ны өзінің жерінде қалдырды. Жазушының кемеңгерлігіне екі жақ та риза болып тарас ты, – деп қорытындылаған бола-тын. Сол күні Саралжын ауылынан қуана шалқып, əрқайсымызбен қол алысып қоштасып, өзінің демалып, шығармаларын жазып, аң аулап, балық ұстайтын, сол кездегі Фурманов ауданындағы «Бірлік» кеңшарына ақжарқын аттанған еді, – деп аға əңгімесін аяқтады.

Есекеңнің əңгімесі мені ой орманын аралатуға жетеледі. Екі ұлы жазушының достығы қандай ғибратты. Ғабит аға жазу-шы досына ақ ботаны сыйға тартуы – хал -қымыздың ұлылығын, дархандығын паш етіп тұрған жоқ па? Ал Михаил Алек сан-дро вич Шолоховтың ақ ботаны мектеп-интер натқа тартуы – қазақтың болашағына тартуы емес пе? Бүгінгі күнде қошеметтер алтынмен апталып жатқанда, жоғарыдағы құрметтің қасында ол «алтындар» қара бақыр болып қалады екен. Ұлылар осындай қасиетімен ұлы болады екен-ау!

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ,Қазақстан Журналистер одағының

мүшесі.

Батыс Қазақстан облысы,Қазталов ауданы.

Алдымен əн, əншілік, оның асқар тау дай өкілдері хақында аз-кем толғаныс. Өнер сан-салалы, əншілік өзінше. Өмір ге көз ашқаннан əнші бо-луды арман дап, мақсатқа жеткен да-рабоздар мил лиондаған тыңдарманға өлшеусіз рухани нəр берумен бірге, қаншама жас талапкердің қиялына қанат бітіріп, алда олардың да əншілік жолды таңдауы на себепкер болғандарын білді ме екен? Əй, қайдам. Ол жезтаңдайлар, мықтағанда, елге қызмет етіп жүрміз деуден аса қоймаған да шығар. Ал, ақиқат əлгіндей. Кейінгі буын əншілер оларды үлгі санап, пір тұтқаны даусыз. Бұл пікірді енді өзіміз білетін дерек-термен дəйектеп көрейік. Мұны бір жағы, кезінде атақтары жер жарғанмен, бүгінде біразын ешкім біле бермейтін, бірлі-жарым көз көргендерден бөлек ешкім ойға алмайтын, есімдері есте қалатын іс-шаралар ескерілмей, елеусіз, атаусыз қалып келе жатқан тұлғалардың аруақ тарына тағзым ету үшін жазып отырмыз.

Айтыңызшы, Лəззат Сүйіндікова ту-ралы естуіңіз бар ма? Сіз болмағанмен, бүгінде жастары алпыс не одан асқан, жетпіс, сексен, тоқсандағы ұрпақ өкіл -деріне ол есім бес саусақтай белгілі екеніне иман кəміл. Олар тек сол күміс-

көмей əншінің жасы ұлғайған соң Па -рижде тұратын қызының қолына ба-рып, ұзақ жылдан соң сонда дүние салғанынан бейхабар болуы ықтимал. Ал, қазір көп айтылмайтын халық əндерін кезінде қазақ радиосы мен теледидардан тамылжыта шырқайтын Лəззат Сүйіндікова есіміне біз со-нау өткен ғасырдағы 50-ші жылдар-дан бастап қанық болатынбыз. Кейін сахнадан талай көріп жүрдік. Көп алдына қарапайым ұлттық киіммен шығатын шағын денелі, жылы жүзді Лəззат əнші бəлсінбей, жер тепсініп тұлданбай, көзге түсудің қитұрқы айла-шарғысына бой алдырмай, інжу-маржан əндерді келістіре шырқаумен шектелетін. Амал қанша, осы күнде сол əншінің өзі ғана емес, ол шырқайтын əндер де ұмытылды. Мұра жинау-шылар бұл жайлы не істеп, не қойып жүргендерін өздері білер. Біздіңше, Лəззат Сүйіндікованың таспаға жазы-лып, алтын қорда сақталған əндері аз болмауға тиіс. Өнер саласының оқу орындарында соларды кəдеге жара-ту артық болмас, сірə. Бірақ жоғары атақтың бəрін еңсерген соң, олар аздай, қалағаныңша ақша ал да, маған диссер-тация жазып бер дейтін əншісымақтар көбейген тұста, көзі тірісінде жөнді ма-рапат көрмеген Лəззат Сүйіндіковаға жоқшы табыла қояр ма екен. Бірдеңе деу қиын, əрине.

Əншілігі кім-кімді де бірден бау-райтын, қай əнді де ерекше мақаммен шырқайтын Сара Мамытованы да біле -тіндер сиреген шығар. Өткен ғасырдағы Отан соғысы кезінде күллі республика-ны аралап өнер көрсететін топ ішінде Сараның өнері мен тұрпаты, адами қасиет тері қазіргі халық əндерін бұзып орындаса да, кереметпіз дейтіндерден əлдеқайда биік болатын. Паһ, шіркін! Оны да күллі қауым төбеге көтерді, ардақтады, əлпештеді. Оқта-текте əндері радиодан беріледі. Оған да тəубе. Бұдан жиырма шақты жылдай бұрын ойда жоқта тұңғыш əрі соңғы рет кездейсоқ жолыққанда жарықтық «ұмытылдық қой» деп күлімсіреген-ді. Əлі солай-ау, тегі. Аса дарынды, ерекше жаралған, Нұрғиса Тілендиев жоғары бағалаған керемет əнші Кенжегүл Сыздықова мен Сара Мамытова жайлы айтып-жа-зып жүретін бір ғана жанашыр болса, ол өзі де нəзік жаратылыс, əйбəт əнші, өнертанушы – Алтын Иманбаева. Арғы-бергі əншілерді ардақтап, насихаттап жүретін Алтынның еңбегі бір төбе. Бірақ бір адамның қолынан барлығы келе берсін бе?

Лəззат Сүйіндікова, Сара Мамытова, Кенжегүл Сыздықова, Хафиза Əбуға -лиева, тағы басқалар тұрмақ, Кеңес өкіметі орнаған жылдардан бастап күллі қазақтың даңқын асырған Қосымжан Бабақов, Ғаббас Айтбаев, Қали Байжанов, Рабиға Есімжанова, Байғабыл Жылқыбаев, Əли Құрманов, Бісміллə Балабеков, Мағауия Көшкінбаев сын-ды əншілердің аттары аталмайтын болғалы не заман. Олармен бірге сол аға-апалар шырқаған «Сапар», «Юран-ай»,

«Молдабай», «Əпитөк», «Қалқа», «Нұркейдің əні», «Зұлқия», «Топайкөк», «Шама», «Əупілдек», «Нақ-нақ», «Қы-зыл бидай», «Бүркітбай» тəрізді əндер де ешкім орындамаса, құлақ естімесе, кел-меске кетті демеске не лаж? Қайсыбірін айтайық, ұмыт болған əншілер де, əндер де толып жатыр-ау, толып жа-тыр. «Желдірмелері» желдей есетін арқалы ақын Иса Байзақов та елден-ерек əнші болғанын кім біледі қазір? Сондықтан да шығар, кейбір деректер-де оның соғыс жылдарында концерт бригадалары құрамында елге шығып тұрды делінетіні. Ал, менің оны 1945 жылы сахнаға шығып, басын біресе оңға, біресе солға бұрып, құйқылжыта əн салғанын көргенім жадымда. Орталау мектепте оқып жүргенде «Əдебиеттік оқу кітабында» «Көк күмбез шатыр ки-ген Зайсан көлі» деген өлеңнің жоғары жағындағы суретінен бірден танып, «ой, мынау баяғы артист қой» дедім жанымда отыратын кластас Немат де-ген балаға. Əдебиеттен сабақ беретін мұғалімге де айттым. Енді жоғарыда айтылғандарға кеңірек тоқталайық.

Соғыс жылдарындағы ахуал қиын-ақ еді. Тұрмыс жүдеу, ішер ас, киер киім тапшы, соғысқа кеткен боздақтардың көбі кері оралмады. Біз тұратын «Ынталы» колхозынан төрт-бес шақырым жерде «Бесқұбыр» МТС-ына қарайтын «1 Май» колхозы бар-тын. Нағашыларым сонда. Жиі барып тұрамыз. Əжемізді көргенше асығамыз.

Соғыс бітетін жылғы көктем. Əкеміз-дің аман-сау екенін білеміз, бірақ қашан келетінін білмейміз. Ойда жоқта үлкен нағашымның менен екі жас үлкен ұлы Бəкір ауылға келді де: «Ертең соғыстан қайтқан бір топ əскер алдымен біздің колхозға келеді екен. Ішінде сенің көкең де болуы мүмкін. Алматыдан əртістер келіпті. Олар Дайраштың бауында кон-церт қояды екен. Бүгін де, ертең де кон-церт болады, соған жүр», – деді маған.

Не тұрыс. Құстай ұштық. Айта кетейін, «1 Май» аудандағы тұрмыс-халі дұрыстау колхоз. Орталық көшеге тас төселген, телефон байланысы бар. Шағын клуб, еңселі мектеп үйі бар. Жеміс ағаштардың барлық түрі өсетін, көлемі он шақты гектарды алып жатқан «Дайраштың бауы» деп аталатын үлкен бауда аудандық жиындар, алыстан келетін атақты əртістердің концерті бо-лып тұрады. Бұл жолы да солай болатын сыңайлы. Нағашыларымның ауылына əп-сəтте жетіп бардық.

Енді кеш батсайшы. Ертеңгі жиын өзінше. Бізге бүгін болатын концерт керек. Ол бола ма, жоқ па, белгісіз. Əлдекімдер əлі əртістер келмепті десе-ді. Күн батып, қараңғылық түсті, күдер үзе бастағанда «болады екен» деген ха-бар жетті. Біз барғанда аядай сахнаның екі жағына екі-екіден май шам қойылып, жұрт жиналып қалыпты. Орындық аз, көп адам жерде отыр. Бір бұрышқа біз де қонжидық. Көзіміз сахнада. Кенет екі ер адам шыға келіп, біреуі қолында домбырасы бар екіншісін таныстыр-ды да, шығып кетті. Домбыра ұстаған, орта бойлы, арықтау, сылыңғыр қара, көз дері күлім қаққан əртіс бірден əуе-лете əнге басты. Бізге оның терме секіл-ді ұзақсонар əнінен гөрі, бет-аузын құбылтып, оқыс қимылдар жасап, сан құ -былта саңқылдаған даусы қызықтау кө -рінді. Ол шақта қол шапалақтаудан гөрі, жер тепкілеп, у да шу басымдау. «Бəре -келде! Қайта шық!» деген айқай-ұйқай.

Əлгі əртіс бəлсінбей, екі-үш рет қайта шығып, тақпақ па, əзіл ме, бірдеңелер айтып, жұртты күлкіге көмумен болды да, кенет бойын тіктеп:

– «Қарлығаш». Орындайтын... – деп əлдекімнің атын атады.

Ол кезде əркім-əркімнен «Қарлығаш» дейтін жаңа əн шыққанын еститінбіз. Міне, енді сол əнді тыңдамақпыз. Кон -церт жүргізуді қолына алған жігіт «Қарлығаштың» авторын да, орындай-тын кім екенін де айтса керек, бірақ, бұл күні де, ертеңіне де «Дайраштың бауын да» болған концертте де ол жағы есте қал мапты.

Сахнаға қалыңдау қара шашын желкесіне түйіп, жеңі шолақ, қоңыр түсті көйлек киген, өңі сұсты, орта бой-лы, қара торы қыз шығып, жұртқа бас изеді де, жанында тұрған музыкантқа көз қиығын тастады. Баян шалқи жөнелді. Іле əн қалықтады. Əн! «Қарлығаш!».

Айтары жоқ, əн де, əнші де керім. Өңі сұсты қара торы қыздың өзін ұстауы, орындау мəнері бұған дейін көріп жүретін əншілерге ұқсамайды, бітім-болмысы басқа, өзгеше. Нəркес көздері жарқ-жұрқ етеді. Көпшілікке сəл-пəл бас иеді, сəл-пəл жымияды.

Əнші қыз көптің сұрауымен «Қар лығашты» екінші рет орында-ды. Бұл жолы ол барынша ширығып, бұрынғыдан да серпіле, құлшына шырқады. Əсіресе, «Құралай көз, қолаң шаш» деген қайырмасына келгенде, екі қолын кезек-кезек алға сермеп, барынша беріліп, шабыттана шырқағаны осы күнге дейін есте, көз ал-дымда. Ашық

дауыс, сұлу үн. Пай-пай! Жүрекпен айту осындай-ақ болар.

Ертеңіне «Дайраштың бауында» тағы да концерт болды. Түс кезінде. Адам көп. Аудан басшылары да келген болу керек. Бірақ...

Ол күні соғыстан оралуы тиіс əскерлер (майданға кеткендерді солай атайтын) келген жоқ. Менің əкемді осын-да күтіп алып, ауылға бірге қайтамыз де-ген үмітім желге ұшты. Əкем содан бір жарым айдан кейін келді (оны «Қызыл ту» стансасында туған інісі Əтембай жəкем екеуміз күтіп алғанбыз).

Нағашыларым тұратын «1 Май» кол -хозындағы концерт əлі күнге есте. Көп жайды кейін білдік. Əрі əн ай тып, əрі концерт жүргізген Иса Байзақовты көру бір бақыт екенін де кейін бағамдадық. Онан соң, Исамен бірге концерттік топта болған анау... «Қарлығашты» шыр қаған... өзі де, əні де əсем, сұсты қыз... Соны сымен есте қалған оның кім еке нін білу ол кезде де, кейінгі ондаған жыл дар да да ойға келген жоқ. Ол түгіл, біз пақыр сахнадан тұңғыш тыңдаған «Қарлығаш» əнінің авторы Ахмет Жұба-нов екенін білдік пе? Əрине, концерт жүргізуші айтқан шығар, бірақ, ол да есте жоқ. Көп нəрсе есте жоқ. Иса Байза-қовтан өзгесі. Онда да, Иса ақынмен əде биет оқулығы арқылы «екінші рет кез дескенде» (Сондай тақырып пен жаз-ған шағын əңгіме бұдан көп жыл бұрын «Бал дырған» журналында жария лан ған).

«Қарлығаш». Біз оны алғаш тыңдаған кезде орындаған кім? Оқта-текте осы сұрақ ойға келетін. Лəззат Сүйіндікова, Үрия Тұрдықұлова, Сара Мамытова... Жамал Омарова... Жо-жоқ, олар емес... Басқалар да емес, онда кім? Егер аман-сау болса, қазір Алматыда тұратын бо-луы да мүмкін-ау.

Кейде осындай қияли ой қылаң бере -тін. Үмітсіз шайтан, күндердің күні... бəлкім...

...Жасы тоқсанға таяп өмірден озған байырғы журналист, белгілі қоғам жəне мемлекет қайраткері Мұса Дінішевпен он алты жыл қызметтес болғанда, өзі айт-паса да, айналадағылардан оның кештеу үйленгені, үш ұлдың анасы – əйелінің оған тұрмысқа шыққанға дейін филар-монияда əнші болғаны, əрі, ол ағайынды Ришат жəне Мүсілім Абдуллиндердің туған əпкесі екені жайлы естіп, кейін бəрімен таныс-біліс, дəмдес болып жүрдік. Мұсекеңнің зайыбы Камила Мұқымқызы Абдуллинамен оқта-текте кездескенде оны бір жерде көрген сияқ-ты бола беретінмін. Қой, мүмкін емес, қайда, қалай көруім мүмкін? Оның үстіне, Камила апай Мұсекеңнің қалауы-мен сонау 1950-жылдардан бастап үй шаруасы, бала тəрбиесімен айналысқан болса. Айтпақшы, оның филармония-да əн ші болып істегені рас па екен? Əн шыр қай ма? Əрине, рас. Ришат пен Мүсілім нің əпкесі əн сала алмай ма? Жəне екі іні сін оқытып-тоқытып, өнерге баулыған болса...

1972 жыл. Мұсекең 60 жасқа то-лып, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамотасымен наградталды. Біз оны 5 май күні жұмысқа келген-де құттықтадық. Мұсекең жұмыстан кейін қызметтестерін үйіне шақырды. Көңілді отырыс. Əзіл-оспақ, əн-күй. Сол күні консерваторияның екінші курсында оқитын Əлібектің пианиноға қосылып салған əндерін бірінші болып тыңдадық. Камила апайға қарап (құдай аузыма салғандай): «Балаңыз əлемге белгілі əнші болғалы тұр екен», – деп қалдым. Камила апай: «Аузыңа май. Бұған дейін Əлібектің əн салатынын ұстазы Шари пова мен Мұса екеуміз ғана біліп, құпия ұстаушы едік. Бүгін сендерге көрсетіп отырмыз»,– деді салқындау үнмен.

Дастарқан басында Жекен Жұма-қанов, Шəрбану Құмарова, Жағда Бабалықов, Қажкен Ахметов, Қуандық Шаңғытбаев, Меңдекеш Сатыбалдиев, Шəрбану Бейсенова, Сағат Əшімбаев, Марат Мəжитов, Владимир Мыльников отырған-ды. Əлібектің əні, менің əлгі сөзімді олар да естіді. Сөйтіп...

Мен:– Апай, жас кезіңізде əнші болғансыз

ба? – дедім тағы да тек отырмай.– Болсақ, болған шығармыз, – дей

салды.– Филармонияда ма?– Филармонияда да, басқасында да... Сол-ақ екен, жұрт апайдан əн

шырқауды өтінді. Апай бəлсінген жоқ. Қазақтың «Бір бала», «Секіртпе», «Əпитөк» секілді əндерін бірінен соң бірін төгіп-төгіп тастады. Па, шіркін! Неткен талғам, неткен сезім! Дауыс қандай! Əлі бұзылмаған, қалпында дерсің. Апай сəл еркінсіп, адуындылау сөйлейді екен. Сирек күледі, жымиюдан аспайды. Ағайынды Абдуллиндердің əпкесі басқаша болсын ба? Ришат та «мен сирек күлетін адаммын» дейтінін талай естігенбіз.

Мені тағы да түлен түртіп:– Апай, «Қарлығаш» кімнің əні? –

дейін, əй-шəй жоқ.– Кімнің əні болушы еді, Ахмет

Жұбановтың əні! – деді таңданғандай қалыппен.

– Онда соны айтыңызшы!– Айта алмаймын, шама жоқ, қонақ

күту оңай деймісіңдер?– Апай, «Қарлығашты» бұрын айтып

па едіңіз?– Айтқанмын. Бірінші болып айт-

тым десем де болады. Немене, саған «Қарлығаш» ұнай ма?

– Ұнайды.– Елге шыққанда да айтқансыз ба?– Айттым дедім ғой, айтқанмын!– Апай, Иса Байзақовты көрдіңіз бе?– Сұрағың көбейіп барады ғой, оны

қайтесің? Талай рет гастрольге бірге шықпадық па? Əнді бабына келтіріп шырқайтын.

– Ол ақын емес пе?– Мен білетін Иса əнші болатын. Солай деген Камила апай асүйге

шығып кетті (қонақ күту қамы шығар, дегенмен, ренжіп бара жатқан жоқ па деген де күдік келе қалды көңілге. Онда, кінəлі – мен, əрине).

Бəлкім, солай, бəлкім, олай емес. Осы үйдің табалдырығын аттағалы ешкім дəл мендей еркінсіген жоқ-ты. Мен тəуекел еттім. Реті келіп тұрғанда көкейдегі түйткілді неге сыртқа шығармасқа деп. Себебі, өзіме мəлім, басқа ешкім білмейді. Білуі мүмкін де емес-ті. Камила апай екі бастан...

1945 жыл. «1 Май». Клуб. Концерт. Иса Байзақов... Əн. «Қарлығаш». Сол жолы оны шырқаған кім? Қарсы алды-мызда отырған Камила апай емес пе? Қисыны келе ме, əлде...

Осы жерде тіл байланды. Біз тұрмақ, атақтары жер жарған екі бірдей інісі Ришат пен Мүсілім, тіпті, «Мəдениет жəне тұрмыс» журналының редакторы, біздің бастығымыз, үй иесі Мұсекеңнің өзі «абайлап» сөйлесетін апайға енді əрі қарай тағы да сұрақ беру, сыпайылап айтқанда, жүрек жұтқандық болар еді. Əйтсе де... Бəрібір...

Ұзақ жыл көңілді күпті еткен сұраққа жауап табылғандай болды емес пе? Қанағат!..

Камила Мұқымқызы Абдуллина, əлбетте, кəсіби əнші. Бұрынғы. Біртуар. Талғам-түйсігі қазақ өнерінің қос жұлдызы – екі інісінен асып түседі дегенді сан мəрте құлағымыз шалған. Ол, əрине, жоғарыда – сөз басында – ат-тары аталған əншілерден бір мысқал кем емес, егер артық болмаса. Əншіліктен ерте қол үзді. Есесіне, қазақ өнеріне есім дері алтын əріппен жазылған СССР халық артисі Ришат жəне Қазақ ССР ха лық артисі Мүсілім Абдуллиндерді қатар ға қосты. Əлемге белгілі əнші, СССР халық артисі Əлібек Дінішевті тəр бие леп өсірді. Бір адам үшін аз ба, көп пе, бағам дай бер. Қайран, Камила апай!

Аға буын əншілер. Алыптар. Ұмытылған деуге болатын аяулылар. Жо-жоқ! Ұмытылмайды... Ешқайсысы! Ешбірі! Ал, енді əңгімемізді солардан бастап, Камила Абдуллинаны еске алу-мен аяқтағалы отырғанымыздың сырын ұққан шығарсыз. Жə, солай болғай!..

Па, шіркін, «Қарлығаш»! Қанша рет тыңдасаң да құлақ құрышы қанбайтын əсем саз. Ахмет Жұбановтың «Абай» операсына еніп, жүрек тербейтін «Қарлығаш». Мəңгі жасайтын əн төресі. Шедевр. Классика...

Ахмет Жұбановқа тағзым. Камила апайға тағзым. Рухтарың шат болсын!

АЛМАТЫ.–––––––––––

Суретте: Камила апай мен ұлы Əлібек Дінішев. 60-жылдар.

Шолоховқасыйланған ақ бота

Жақында редакцияға 80-нің сеңгіріне шыққан, мəдениет сала-сында ұзақ жыл еңбек еткен Есім хан Меңешев аға келді. Қолында ескі су-рет. Ақ ботаның су реті. Атақты жа-зушы М.А.Шолохов тың біздің елге келгендегі сапарына куə болған кісі екен. Ақсақалды əңгімеге тарттым. Ағамыз шешіле сөйледі.

Зəкір АСАБАЕВ, жазушы.

мұғалімге де айттым. Енді жоғарыда айтылғандарға кеңірек

беріліп, шабыттана шырқағаны осы күнге дейін есте, көз ал-дымда. Ашық

Əн тґресі – «Ќарлыєаш».

Оны тўѕєыш орындаєан кім?

Атаќты Ришат жəне Мїсілім Абдуллиндердіѕ əпкесі, Əлібек Дінішевтіѕ анасы Камила Абдуллина еді

Page 6: Egemen · (Соңы 4-бетте). Оймақтай ой Бүгінгі нөмірде: 7-бет 8-бет 10-бет Балтамен жəне пы шақ-пен қаруланған

19 қараша 2014 жыл

www.egemen.kz6 ЖАҢҒЫРЫҚ

Сəлем – сөздің анасы

Ата-бабаларымыз сəлемді сəнге емес, ізет пен инабатқа, үлкеннің кішіге, кішінің үлкенге құрметі деп білген. Бірақ жаһандану дейміз бе, əлде əлемдік өркениеттің көрінісі деп түсінеміз бе, баба-лардан қалған тағылымды үлгілерді қырық құбылтатын болдық. Соның бірі – осы сəлемдесу еді. Іріген іркіттей іртік-іртік болып кеткен сол сəлемдесудің жайын бас газет біраздан бері көтеріп келеді. «Сəлем – сөздің анасы» деген мақалаға орай оқырмандардың ойлы пікірлері редакцияға аз келіп жатқан жоқ. Соның бір парасын «Етжеңдіде» (15 қазан, 2014 жыл) жұртшылыққа ұсынған едік. Бұл жолы да сондай ой-байламдардан тұратын оқырман хаттарын жариялап отырмыз.

Халқымыздың ықылым замандар-дан бергі тарихы мен салт-дəстүрінде келін түсіру елеулі оқиға. Əрбір ата-ананың аңсаған арманы, көздеген тілегі келін түсіру. Ал енді осынау əр шаңыраққа шексіз қуаныш əкелетін бақытты сəтте отауға түскен жас келін оның ұйтқысы мен алтын қазығы, маздап жанар шамшырағы болса дейсің. Келіндермен бірге белгілі бір əулетке ырыс-құт, бақ-береке жəне күннің шуағындай жылулық пен жарасымдылық келіп кіріп, адал сүт еміп

өскен тəрбиелі келін үлкендерге ізетпен иіліп сəлем берсе қандай ғанибет.

Құдайға шүкір жеріміз кең. Сондықтан да еліміздің əр түкпіріндегі келін түсіру салты да бір-бірімен ұқсас келе бермейді. Міне, жасымыз сексеннің жуан ортасынан асып барады. Осы кезге дейін елдің əр қиырындағы бір-бірімен құдандалы болған ағайындарымызды жиі кездестірдім. Əрине, қай жерде де жаңа түскен келінге сын көзбен қараушылар аз болмайды. Олардың үлкендерге жайдары, ашық сəл жымиған күйінде сəлем беруін орынды көретіндер де аз емес. Бұл өте орынды тілек.

Өз басым жалаң бас жүрмейтін, денелерін ашық-шашық ұстамайтын, үлкендер отырған жерде тəртіп сақтап иба лық танытатын келіндерге ризашы -лықпен қараймын. Ортамызда мұндай ізетті келіндер де жиі ұшырасады. Реті келген жерінде қайныларымен əзілдесіп сөзден ұтылмауға тырысатын олардың жеңгелерін айыптаудың да ешқандай жөні жоқ.

Келін – басқа бір əулеттің ұрпағын жалғастырушы. Бала тəрбиесіндегі бас-ты рөл де көбіне соларға жүктеледі. Ал отбасын құрған жас азамат оның асырау-шысы. Халқымыздың салт-дəстүрінде бұл ерекшелік ежелден сақталып келген. Дегенмен, казіргі уақыт осы қалыптасқан санаға əжептəуір өзгерістер енгізіп, келіндердің де қоғамдық қызметке жап-пай араласу үрдісі орныққан кеңестік кезеңде көптеген отбасылар өз ұл-қыздарына орысша тəрбие беру тəртібін орнықтырды.

Сөйтіп, отбасында орысша сөйлеп, орыс мектебін бітірген қыздар келін болып түскен кезде де жаңа барған жерінде тікбақайлау мінез көрсетіп қалатынын байқап жүруші едік. Олардың үлкендерге берген сəлемінің түрі де көңіл көншіте бермейтін. «Здравствуй» деген келін сəлемі бола ма? Дегенмен, ұлттық ой-сана қайтадан жаңғыра түскен бүгінгі кезеңде «Здравствуйдың» орнына келіндеріміздің аузынан «сəлем бердік» деген жылы сөздерді жиі естіп жүргенімізге де шүкіршілік ете аламыз.

Иə, қалай дегенде де казіргі күні барған жеріне тастай батып, судай сіңіп, екі жақтың да мақтанышы болып отырған келіндер жеткілікті. Сөздің анасы осындай келіндерден басталса екен деймін.

ОРАЛ.

Қазір жасым 70-тен асты. Жастық қажыр-лы кезіміз кеңестік кезеңде өтіп, қызметте жүрсек те, ел, ағайын арасында сақталған салт-дəстүр, əдеп-ибадан алшақ кеткеніміз жоқ. Бала кезімізден көріп, сезініп өстік.

Жасырақ кезімде Тұщықұдық деген жер-де 5-6 жігіт болып шоғырланып тұрғанбыз. «Ишанның баласы» деп бір емес, екі рет айда-уда болған, Магадан түрмесін көрген атақты Əбдіжаппар молда келе жатыр екен. Жасы үлкен кісі, əрі ел сыйлаған молданы көрген соң əлгі тұрған жігіттер сəлем бермекке оңтайлана

бергеніміз сол еді, молдекең бізден бұрын «ассалаумағалейкум!» демесі бар ма?! Аң-таңбыз, əзілдеп-ашықтық танытты дейін десек, ол кісі салмақты, салиқалы адам, оның үстіне біздің арамызда онымен əзілдесіп-қалжыңдаса қоятындай да ешкім жоқ – өңшең жас жігіттер.

«Көптің аты – көп, сіздердің жаста ры ңызды қосқанда менен жастарың асып түспей ме?» деді. Молдекең біреуден бірнеше адамның жасы үлкен болатындығын осылай айтқан. Қазақта көлікті, яғни аттылы, түйелі кісілердің де амандасу дəстүр-əдебі бар. Аттылы түйеліге жəне көпшілікке түсіп сəлем береді, қос аттылы екеуі де аттан түсіп амандасуға тиісті. Бұлар амандасудың реті болса, түрі ретінде қос қолдап амандасу қажеттігін ай-тар едім. Шаңыраққа сəлем беріп кіру де – мəдениеттіліктің белгісі. Келіндердің иіліп сəлем етуінің өзі – сыйластықтың, құрметтің, кішіпейілділіктің көрінісі. Сондай-ақ, сəлем берудің қазіргі қолданысында ер адам мен əйел адамға қатысты өзгерісі бар.

Қазір сəлемдесудің сұйылып кеткенін жа-сыра алмаймыз. Көлікте отырған келіндердің жасы үлкенге түсіп сəлем берудің орнына «ата, сəлем етіп жатырмын» деп ырымын жасай салатын сəттері де кездеспей қалмайды. Ал «приветик», «как дела?», «салам» деп қолын көтеріп өте шығу, ал жастардың кездескен сайын жəне қоштасарда бір-бірінің жабысып бетінен сүюі тіпті ерсі.

Өзге тілдерде амандасуды сəн етудің қажеті жоқ, ол тек жосықсыз еліктеушілік деп есептеймін. Бірнеше тіл білген жақсы, бірақ оларды қажетті жерінде қолдану ке-рек. Ретсіз былдырлап-шүлдірлей беру – қауіпті, себебі, бүгінгі жаст ар келешектің тəрбиешілері. Олардың да мойнында ата-ба-ба, ұлт алдындағы жауапкершілік бар, ұлы парыздың салмағын осы бастан сезініп, оны адал атқаруға дайындала беруі тиіс. Қызмет бабында «саламатсыз ба?» деп, ел арасында «сəлем бердік» деп, ал қатар-құрбы «сəлем» деп сыпайы амандасқандары жөн, бірақ негізгі амандасуымыздың тамыры сонау ата дінімізден бастау алып, жоғарыда айтылған қос сөздің аясында жатқанын қашанда жадта ұстауымыз керек.

Алмас ТҰРТАЕВ,Парламент Мəжілісінің депутаты.

Енді қалыптасып келе жатқан замандаста-рымыздың бюрократиялық қасиеттерді бойы-на ерте сіңіріп, өмірді кабинетінің терезесінен ғана танып, қалыптасқанын көргенде өзекті үлкен өкініш өртейді. Неге? Өйткені, ол – осы елдің ертеңі. Ал болашағың саналатын жас өрен қарапайым халықтың жағдайын білмесе, онымен тонның ішкі бауындай араласып кете алмаса, өкінбегенде қайтесіз?! Қызмет бабында, азғантай ғана ғұмырымызда талай адаммен аралас-құралас болдық. Сондай кезеңдерде емен есікті ерте ашқан жас мамандардың халыққа шекесінен қарап, жұртты менсінбей, қолының ұшын беріп, сұрағына ернін жыбырлатып жауап қатқанына куə болып жүрміз. Шынашақтай ғана баланың сексеннің

сеңгіріне жеткен ақсақалға əкіреңдеп жатқанын да естиміз. Түрлі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыратын тетікті орындарда отырған жастардың өз қызметін жүрдім-бардым атқарып, алдына кел-ген адамға жөні түзу сөз айтпай, есікті нұсқаған кездер де кездеседі. Зор білімге иек артудың орнына, қызыл сөз, көбік əңгімеге елірген жастардың мансаптық жолында өлермендікпен алға ұмтылғанын да көрдік. Отан алдындағы міндетті лепірме сөз деп қабылдайтындар да бар. Өндірісте піспей, шаруашылықта бір шырпының басын сындырмай, өнеркəсіптен бейхабар күйінде қызметке қонжиып, сол орынды атасынан қалған мұрадай көретін жастарды да білеміз. Əрине, өскелең ұрпақтың бəрі сондай десек, қателесер едік. Елгезек, елге жаны ашып жұмыс істейтін, үлкен білім жиған жастарымыз да бар. Дегенмен, олар жоғарыда біз сөз еткен замандастарының

кері əрекеттерінен тасада қалып қойып жатады.Бүгінде Қазақ еліне білікті де білімді, алымды

да шалымды жастардың ауадай қажет екені ақиқат. Себебі, олар ертең тетікті жерлердің құлағын ұстайды. Мемлекеттің маңдай терімен құрылған бағдар ла малар мен жобаларды іске асырады. Сондай кезеңдерде бюрократиялық əдетке салып, жұртқа жөнді дұрыс жұмыс көрсетпей отырса, қабылдаған бағдар ламаңнан да, оны іске асырмақ болған адамдардан да пайда болмай қалуы мүмкін. Біз егер Ресей жəне Белоруссиямен иық тіресіп бəсекеге түсеміз, өз нарығымызды кеңейтеміз, Қазақстанда өндірілген тау арды Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберіне шығарамыз десек, онда бұл істе жас мамандардың орны ерек-ше. Бұл ретте олар өздеріне зор жауапкершілік жүктеліп отырғанын сезулері керек. Өйтпеген жағдайда кəсіпкерлер мен кəсіпорындардың жұмысы өнбейді. Осы мемлекеттің бағын аша-тын, жолын даңғыл ететін, Мəңгілік Елге айнал-дыратын жастар. Сондықтан олардың жастайынан шенеуніктік қалыпқа енбей, халыққа қызметші сезініп өскенін қалар едік.

Жамал ОТАШЕВА, көпбалалы ана, еңбек ардагері.

Кемеңгер Абай адам баласының жаман қасиеттерінің барлығын жалқаулыққа апа-рып тіремейтін бе еді? Сол тəрізді жалқаулық секілді жағымпаздықтың да «түбін қазсаң» «ауырдың астымен, жеңілдің үстімен» жүруге бейім, қабілетсіздікке, дарынсыздыққа, тіпті, имансыздыққа бастайды. Өзінің ісіне, білім, білік қарымына сенетін кісі ешкімге де жағымпазданбайды. Қазақта тектілік деген түсінік бар. Текті адам жағымпаз бола алмайды, оған төзе де алмайды.

Жағымпаздық қасиет өзінің малы мен жа-нын, маңдай тер, еңбегін ғана білетін қарапайым жандарға тəн емес. Кездейсоқ болса да қолы шамалы қызметке жеткендер алдындағы бастықтарға жағынып, одан əрі жоғары өрлегісі келеді. Жағымпаздың аяғы тайғанақ келеді, ол жеткен биігінде қалтылдап тұра алмайды. Осы қасиеттің адамдар бойында өршуіне кейде қоғамның өзі «жол беретіндей» көрінеді маған. Қазір ауыл əкімі, аудан əкімі секілді, басқа да қызметтегі балалар жұмыс бабымен жүргенде ақ шашты аналарға, қарияларға сəлем беруді білмейді. Шіреніп тұрып, қарт кісілерге сəлем берсе аттан түсіп қалатындай көрінеді. Енді осы қарттардың арасында бір бай кəсіпкердің, үлкен төренің анасын, əкесін көріп қалса, əлгі кісі жүгіріп келіп, басқа кемпір-шалдарды ысырып қойып, əлгілердің аяғын жерге тигізбей, жал-пылдап амандасып жатады. Сонда басқа қарттар үрпиісіп қалады.

Көпшіліктің алдында жүрген соң ба, жағымпаздық қызметтегі жандардан жиі байқалады. Ол өз қызметіне адал қарамаудың, халықтың жағдайын ойламаудың көрінісі деп білемін. Біз қашаннан ауылда тұрамыз. Тұрмыстық мəселе мазалағанда ауылдан ауданға, ауыл орталығына үйіндегі малын, шиет-тей бала-шағаны тастап бару оңай емес. Асығып келеді. Ауылдың осындай жағдайы аудан орталығында отырған бастықтардың барлығына мəлім. Əрине, олардың белгілі қабылдау күні де болады. Дегенмен, бір келген соң, жұмысын айтып кетейін, қайта-қайта əуре болмайын деп есіктің аузында телміріп отырғанда, өзіндей басқа бір кісі келсе, алдындағы жауапты адам-дар оны бастыққа кіргізіп жібереді. Өйткені, ол бір «мықтының» адамы. Жағымпаздық қайда жатыр?.. Халқымызда «екі шалдың ор-тасында бір бала дана болады, екі баланың

ортасында бір шал бала болады» деген сөз бар. Бұл əркімге айналасы, ортасы ықпал етеді деген мағынаны меңзесе керек. Осыған «айналасында жағымпаздары көп болса, бастықтың ісі шала болады» деп қосып қойғым келеді.

Маған жағымпаздық кері кетудің белгісіндей көрінеді. Жағымпаздар тек материалдық байлықты ғана көреді, олар кісінің рухани байлығын тани алмайды. Көкірегі алтын сандық жандармен бұл қасиеттің жолы бірге емес. Бір құдайы, тойларда болғанда кейбіреулер тіпті, арзандап, алтынды көбірек тағып барғандардан көзін ала алмай, жалпылдап жатады. Ал бар ал-тыны ішінде жандарды жолында тұрса қағып ке-туге бар. Баяғыда жас кезімде бір мекемеге жаңа басшы əйел кісі келіп, соған қатардағы қызметкер «қойыңды қалай айдайын» деп алдына түсіп, жүгірді. Ерсілігі де білініп тұрды. Жаңа басшы əлгі қызметкерді өзіне орынбасар етіп алды. Кеше ғана бірге жүрген жаңа басшымен еншісін қосқандай, екеуінің жұбы жазылмады. Біз көзге ілінуден қалдық, сəлемдеспек түгілі, сəлеміңді алмайтын дəрежеге жетті. Ақырында екеуі ұрысып тарқасты. Басшы лауазымынан кетті, кейін екеуі бірін-бірі танымайтын кісідей жүрді, хабарласпайды да. Мұндай жағдайлар бүгінде де ер-азаматтардың арасында да кездесіп қалады.

Жағымпаздық бен «жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» деген ойдың арасында аспан мен жердей айырмашылық бар. Екеуі екі түрлі нəрсе, салыстыруға, алмастыруға келмейді. Халыққа еңбегі сіңген азаматтарды қолдаса, қолпаштаса несі бар? Оларды күтудің, оларға сый-сияпат көрсетудің өзі айналасына үлгі, ісі кейінгі жастарға өнеге. Менің үлкен атамнан естіген бір сөз осы кезге дейін есімде қалыпты. Ол кісі: «Боларыңда болып өт, боз жорғадай желіп өт, боларыңды білмесең, болған ердің қосын жек» деп отырушы еді. Осыны əулет бетіне қараған атам айтса да, кей-де жағымпаздыққа үндеген сөз бе деп қаламын. Бірақ атамның ойы жақсының жанында жүр дегені болар. Жақсыға жанасу, одан үлгі алу, оны қолдау саналыға жағымпаздық бола қоймас. Ал жағымпаздар жақсыдан үлгі алмайды, олар өздерін жақсымын деп ойлайды. Ар-ұятты жоғары ұстайтын кісі үшін бұл қасиет өте төмен. Ал жағымпаздық судай таза сол ар-ұятты лас-тайды. Менің пайғамбар жасынан асқандағы түйгенім осы».

Қостанай облысы,«Алтын дала» ауылы.

– «Салам», «Қалайсың?» жəне «Привет. Дəл осылай сəлемдесумен қазақы болмыс тан алыстап бара жатқан жоқпыз ба? Бұрын көптен бері бір-бірін көрмегендер төске төс түйістіре құшақтасып, тай-құлындай шұрқырасып жататын. Одан əрі «Мал-жан аман ба?», «Бала-шаға сау ма?», «Үлкендер күйлі-қуатты ма?», «Ауыл-аймақ, бота-тайлақ аман ба?», деп шұбырта жөнелетін. Екіншісі де қалыспайтын, «Көрші-көлем», «Құда- жекжат», «Айнала тегіс аман ба?», десіп, ауыл асып, сон-а-ау басқа қалада оқудың жілігін кеміріп жатқан бала-сына дейін сұрасып, əрең тоқтайтын. Кішкентай бала көшеде жасы үлкен қарияға «Ассалаумағалейкүм, ата!» десе бітті, құйтақандай баланың сəлем бергеніне іші-бауыры елжіреп кеткен ақ күмістей сақалды, сеңгір бөрікті қария: «Уағалейкүмассалам, бар бол, балам! Дəу жігіт бол!», деп сəлемдесудің соңы ақ бата берумен аяқталатын. Бұл – бұрын. Бұрынғының адамдарының осылай амандық-саулық сұрасқанының өзіне ішпей-жемей көңілің тойып қалатын. Бұл амандасу-дан екі адамның бір-біріне деген ыстық пейілі танылып, сол жағымды аура жан-жағындағыларға да əсер ететін.

– «Саламатсыз ба?» «С-саламат-сыз-з...»

Қазақ пен қазақ осылай амандаса-тын болды қазір. Сөздерін тісінің ара-сынан, бейнебір тілі таңдайына жабы-сып қалғандай, қинала, əрең шығарады. Одан əрі сəл ғана кідірсе, екіншісі тарпа бас салып, желімдей жабысып, айрылмай қоятындай, екеуі де үркек атша осқырынып, тезірек бір-бірінен құтылу үшін асығыс өте шығады. Бұл – қазір. Қазіргінің адамдарының амандасуына қарасаң қарның ашып, жүдеп қаласың. Бұл амандасудан екі адамның бір-біріне деген салқын пейілі танылып, сол жағымсыз аура

жан-жағындағыларға да əсер етеді. Адамзат баласы ғылымда, техни-

када үлкен жетістіктерге жетіп, ғалам дамыған сайын, электрониканың арқасында қалалар мен қалалар

жақындаған сайын, жаһанданудың алып құшағы адамдарды епті, темір құрсауына орап алып, қос бүйірден қысқан сайын адамдар бір-бірінен мыңдаған шақырымдарға алыстап бара жатқандай көрінеді кейде. Апам (анамды осылай атайтынмын) «Жақыныңды жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін» деп балаларын – бізді бауырмалдыққа тəрбиелейтін. Мектептің жетіжылдығын əзер бітірген менің данышпан анам ғана емес, бар-ша қазақ отбасында балаға осылай қазақы тəрбие берілген. Сол бауырмал да кеңпейіл қазақ халқының қазақы тəрбиесін ғана емес, əлгі ып-ыстық сəлемдесуін де бүгінгі жаһандану үрдісі темірдей саусақтарымен бізден тартып əкетіп бара жатқандай болады кейде. Ал адамдардың бір-біріне деген қарым- қатынасы «сəлемің түзу бол-сын» дегендей, сəлемдесуден баста-лады емес пе?

Қазіргі кезде сəлемдесудің мына-дай да түрі бар. Көшеде қарсы кездесіп қалған екі таныс адам бір-біріне «Сəлем!», «О, сəлем!» десіп жатады. «Ассалаумағалейкүм» деген сөз бізге араб тілінен енген. ҚазМҰУ-де дəріс берген араб тілі пəнінің оқытушысы Мəрзия Мəженова деген апайымыз

оның мағынасын «Сіздің төбеңізде бейбітшілік тұрсын» деген» деп ұғындырған. Сонда екінші амандасқан адам да «Уағалейкүмассалам», яғни «Сізге де бейбітшілік тілеймін»

деп жау ап береді екен. Бір-біріне «Төбеңнен бейбітшілік төніп тұрсын» деген неткен əдемі сəлемдесу десеңізші! Осыны білген ата-бабалары-мыз ғасырлар бойы осылай сəлемдесіп келді. Ал енді осылай сəлемдесуге қазіргі «уақыт-ақша» деп есептейтін бақайесеп қазақтардың уақыты жетпей, «Ас...» пен «Уағалейкүмас...»-ны алып тастап, «салам» деп қысқа қайырып, қысқартуға ұшыратты. Қалай болғанда да, түсінбейтін шым-шытырық əрі жауабы жоқ сауал көп. Баяғыда ба-тыр бабаларымыз «Армысыз» деп те амандасыпты. Сəлемдесудің бұл түрі сөздік қорымыздан мүлде жоғалып кететіндей қауіптің алдында тұр.

Бүгінгі сəлемдесудің тағы бір түрі – «Қалайсыз?», «Қалайсың». Адам-дардың «уақыты өте тығыздығы» сон-ша, «сəлем-пəлен» демей-ақ, бірден танысының қал-жағдайын сұрап, екі қоянды бір оқпен атуға дайын тұра-ды. Кей біреулердің асы ғыстығы сол, жаның нан бір қора ит қуып бара жатқан-дай, басын шала-пұла изеп өте шығады. Өзің ишарат жасап үлгер ген ше, əлгі нің қоянжонын бір-ақ көре сің де мəумез болған қалпыңда қала бересің.

«Қуырдақтың көкесін түйе сойған -да көрерсің» дегендей, жасы үл кен ересектердің сəлемдесуінің түрі əлгін-дей болғанда, жастардың сəлем десуі тіпті оғаш. Көшеде, жұмыс та, автобус-та бір-біріне «Привет!», «Привет!» деп бас шұлғыс қан қаракөз қазақтың

қыз-жігіттерін көресің. Бұрын ата-ба-баларымыз қос қолын ұсынып, не төс қағыстырып амандасса, қазіргі жас-тар бір қолын жоғары көтеріп, екінші адамның қолына тигізіп, батыстың

киноларында көргенін қайталап əуре. Үлгі алатын үлкендердің (40-50 жас -тағы) амандасу сиқы жоғарыда айтып өткеніміздей болғасын, не болса, соған еліктегіш жас тарды кінəлай да алмай-сың. Ал енді жастарды ата дəстүрден, қазақы болмысымыздан алыстатып бара жатқан сəлемдесудің осынау «үлгілерін» жоюдың жолдары қандай?

Əр сəбиге ата-анасы ес білгеннен бастап жасы үлкен адамға «Ассалау-мағалейкүм» деп қолын беріп аманда-суды үйреткені дұрыс-ау. Екіншіден, кішкентай баласының көшеде жасы үлкен аға-апаларға, ата-əжелерге қалай сəлемдесетінін сырттай бақылап, «Үлкенге сəлемдеспеуің тəрбиесіздік, көргенсіздік» деп ұғындырып отырсақ қайтеді? Үшіншіден, балабақшада, мектепте педагогтар балаға сəлемдесу туралы арнайы сабақ өткізілсе, еш артықтығы жоқ. Педагогтар балабақша тəрбиеленушілерін, оқушыларды көшеге алып шығып, үлкен қарияларға сəлемдестіріп неге үйретпеске?! Бұл ба -лалар үшін де қызықты əрі есте қалар -лықтай əсерлі сабақ болары сөзсіз.

Студент кезім болатын. Бір күні үйге келсем, əкем ренжіп отыр. Бір кезде: «Қарағым, маған пəленшелер қызың тəкаппар ма, бізге амандаспа-ды» деп жатыр, сен осы үлкен кісілерге амандастың ба?», – деді. Қылмыс жасағаннан бетер қысылып: «Көрмей, байқамай қалған шығармын» деп ақталғаным есімде. Əкемнің сол сөзі

маған өмірлік сабақ болғаны сон-дай, əлі күнге үлкен кісілерді көрсем, əкемнің сол ескерту сөзі есіме түседі.

Жаһандану дəуірінде қалалар мен қалалар, мемлекеттер мен мемлекет-тер, ұлтттар мен ұлыстар бір-біріне жақындап, байланыс орнатып жа-тыр. Керісінше адамдар бір-бірінен алыстап, жат болып барады. Басқасы басқа, бір ауылда, бір көшеде тұратын көршілер бір-бірімен сəлемдесуден қалып барады. Құдды бір-бірін таны-майтын, бұрын көрмеген жат адамдай амандаспайды. Неге? Адамдардың бір-біріне мұншалықты жат болуының нен-дей себебі бар? Осы сауал төңірегінде əр кім əртүрлі пікір білдіреді. Сондай пікірлерді екшейтін болсақ, кейбір жандардың психологиялық тұрғыда өзін өзгелерден артық санауы немесе басқа адамдарды өзінше əлеуметтік жікке бөліп қарайтын көзқарасынан пайда болатын тəрізді. Жасы 50, 60 пен 70-ті алқымдаған кейбір ақыл тоқтатқан ағалардың өзінен қызметі мен шені төмендерге немқұрайлы амандасып не-месе мүлдем амандаспайтынын неме-се басын кегжитіп жастардың сəлемін алмайтынын да көріп жүрміз. Ал сол ақсақал, қарасақалдар күні түсетін жоғары лауазым иесінің жасы кіші болса да оған анадайдан шауып ба-рып, алдын орап, «Сəкелеп, Мəкелеп» жал бақтап амандасады. Мұндайда əлгі дөкей сəлемін алса, өзінен бас-тап, бүкіл түп-тұқиянына дейін қал-жағдайын сұрап, иіліп-бүгіліп тұрады. Ата-бабаларымыздың сəлемдесу сал-ты да осындайда есіңе түсе кетеді. Міне, үлкендердің тарапынан қазақы болмысымызға кереғар осындай оғаш мінез-құлықтар оны көрген жастарға да теріс ғибрат бермесе екен деп тілейсің іштей.

Ал сіз қалай сəлемдесіп жүрсіз?..

Атырау облысы.

«Сіздіѕ тґбеѕізде бейбітшілік тўрсын»

Кісілік амандасудан танылады

Қойлыбай ҚАРАЖАНҰЛЫ,Қазақстан халық ағарту ісінің озық қызметкері.

Бўл ўстаным келіннен басталса

Əмірхан ҚАРАСАЕВ,ардагер-ұстаз.

Сəулеш ШƏТЕНОВА, «Кең Жылой» газетінің бас редакторы.

Деѕгейіѕ ќандай, жас маман?

Жаєымпаздыќтыѕ бір тəсілін жасамайыќ

Page 7: Egemen · (Соңы 4-бетте). Оймақтай ой Бүгінгі нөмірде: 7-бет 8-бет 10-бет Балтамен жəне пы шақ-пен қаруланған

19 қараша 2014 жыл

www.egemen.kz 7ҒИБРАТ

Ќазаќтыѕ ќызы болу – їлкен жауапкершілік

– Апа, биыл мерейтойыңыз екен. Құтты болсын! Жаз күніндей жадыраған шуақты жүзіңізді көріп отырып, «жаны сұлу адамдар қартаймайтын шығар» деген ойға келіп отырмыз. Сол рас па?

– Ол жағын білмеймін. Бірақ тағдырыма рахмет! Сүйікті жандардың ортасында сүйікті ісіммен айналысып келемін. Лауазымы биік, жауапкершілігі мол қызметтерде жүріп кейде шаршап-ш а л д ы қ қ а н д а : « З е й н е т к е р л і к к е шыққанда бір тынығармын-ау, дем алып, оқымаған кітап əлемін игеріп, немерелеріңнің шат күлкісіне бөленіп жүрсең, соның өзі кісіге зор бақыт-ау», деп ойлаушы едім. Ол айтарға ғана екен. Үйде бір ай ғана отырдым. Өмір бойы, ертелі-кеш аттан түспей, шауып жүріп жұмыс істеген адам төрт қабырғаға сый-майды екен, елегізіп, біреу іздеп, көмек сұрап қалардай: «Апай қайда жүр?» деп тұрғандай күй кештім. Сонымен бір ай өтісімен-ақ, Ұлттық ғылым академиясының сол кездегі президенті, академик Өмірзақ Сұлтанғазиннің шақыруымен Ғалымдар үйіне дирек-тор болып орналастым. Қазір осында кеңесші болып қызмет етіп жүрмін.

Үйде отырған адам уайымшыл болып кетеді. Менің қартаю жайлы ойлауға уақытым жоқ. Кейде балалар, əсіресе, ағаларың: «Аяғым ауырады» дейсің де, бір жерге барсаң билеп кетесің?» деп қалжыңдайды. Меніңше, адам жа-нын қартайтпауы керек. Жүрегіне əжім түсірмеген жан бақытты.

– Шынымен, апай, сіздің ерік-жігеріңізге тəнтіміз. Қызмет пен от-басын қатар ұштастыру, сөйте жүріп бала тəрбиелеу, қонақ күту екінің-бірінің қолынан келе бермейді. Əсі-ресе, қазақ əйелі үшін. Қиындықты қалай еңсердіңіз?

– Оңай емес. Ол үшін отбасыңның, отағасы, бала-шағаңның қолдауы, көмегі керек. Партияның тынымсыз қызметі өте қарбалас. Соның бəрінде Қамит ағаларың түсініп, үлкен қолдау білдірді. Мұны тағдырдың теңдессіз сыйы деп білемін. Осы жағынан менің жолым болды. Мəскеуде оқып жүріп таныстық. Жанымыз жарасып, отбасын құрдық. Қазақтың қызы болу – үлкен жауапкершілік. Сол ғажап атақты абы-роймен алып жүруге өмір бойы тыры-сып келемін.

– Театр сыншысы Əшірбек Сы-ғай дың «Руханият жоқшысы» деп жазғанын оқып едік. Əдебиет, мəде-ниет, жалпы, руханиятқа жан-тəніңіз-бен ғашық болуыңыздың, үнемі жа-нашыр болып жүретіндігіңіздің сыры неде?

– Мұның сыры – анам Ажарханға байланысты-ау деймін. Ол кісі көне қазақ əдебиетін жақсы білетін, өзі өлең де шығаратын. Бірақ оның бəрі отбасының қуанышы мен мұңына арна-лып қана қала беретін. Күндізгі күйбең тірлік біткен соң, кешке қарай балала-рын жинап алып, өзіне ғана тəн сұлу əуенімен «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», «Лəйлі мен Мəжнүн», «Алпамыс батыр», «Қамар сұлу» хикая-ларын жатқа айтып отыратын. Кейде бір тұңғиық ойларға түскенімде: «Шіркін, анашым сол уақытта оқыса, тоқыса, ши-еттей бала-шаға, біздер мазасын алмасақ, үлкен өнер иесі болар ма еді», деп ар-мандап қоямын. Ал əкеміз Айдархан Бибатыров ата-анасынан ерте айырылып, жетімдіктің тауқыметін көп көріп өскен екен. Сондықтан болар, анамыз Ажархан

екеуі тоғыз бала сүйіп, бойындағы əкелік бар мейірімін бізге үйіп-төкті. Əрқайсымызға келешек тұлға ретінде қарады. Өмірінің соңына дейін бала-ларын «сіз» деп өтті. «Сіздің оқуыңыз қалай?», «Мектепке бардыңыз ба?» деп отыратын, жарықтық. Сүйегі асыл адамдар еді ғой. Сондай жауапкершілік сезімі мен отбасындағы сыйластық осы мінезімнің қалыптасуына ықпал ет-кен шығар, бəлкім. Жалпы, мен əкем мен шешемді іштен туа тұлға болып жаратылған адамдар деп санаймын. Баланың үлкені болғандықтан, «төл ба-сым» деуші еді. Тума-туғанға, көрші-қолаң, үлкен-кішіге шуақтарын шашып жүретін. Ақсақалды қариялар, ақ са-майлы аналардың өзі де қиын-қыстау жағдайда үлкен ілтипатпен: «Айдаш пен Əжікенмен ақылдасайық, олар не көмек көрсетер екен?» деп отыратын.

Тəрбиеде кемшілік кґп– Балалық шағы соғыстың зұл -

ма тымен тұспа-тұс келген ұрпақтың өкілісіз. Бала Ғайникеннің бүгінгі балалардан қандай айырмашылығы бар еді?

– Соғыс бізді шыдамдылыққа, қиындықты қайыспай еңсеруге үйретті. Құдайға шүкір, бəріне көндік. Аштан өлген жоқпыз. Əлі есімде, бала күнімде аяқ киімім болмай, əкем марқұм мектеп-ке көтеріп апаратын. Жылы шұлғаумен аяғымды орап, ешкім көрмесін деп құлқын сəріде мектепке апарып, кіреберістегі пештің жанына отырғызып кететін. Адам жиналғанша сол жер-де тапжылмастан отырамын. Сабақ біткен кезде де дəл сол жағдай: елдің бəрін қайтарып, əкем қас қарая мой-нына мінгізіп үйге алып қайтатын. Ол кезде газетті қойдың етіне айырбастап алатынбыз. Əкем оқып болған соң, оны түнде отырып қиып, дəптер жасап, соған жаздық. Қазір соны немерелеріме айтсам, сенбейді: «Бұлай болуы мүмкін емес. Апа, сен ертегіні жақсы құрастырасың» деп өзімді шегелеп қояды. Бірақ соның бəрін басымыздан кештік. Бізде «Білсек екен, тезірек соғыс бітсе екен» деген ар-ман болатын. Оқу-білімге құштар едік. Ел үшін еңбек етіп, Отанның гүлденуіне барынша үлес қосқымыз келді. Сөйтіп жүріп өстік. Бала күнімізде электр жарығы деген жоқ, кітапты майшаммен оқыдық.

Қазір үй толған кітап, бірақ соны

балаларға оқыта алмаймыз. Қазақтың ешкімге ұқсамайтын педа-

гогикасынан, ата-ананың тектілігінен, өмір көргендігінен тағылым, тəрбие алдық. Қазір жастар қарсы келе жа-тып, амандасу былай тұрсын, «тфу» деп түкіреді ғой. Анамыз үнемі айтып оты-ратын: «Жер қасиетті, киелі. Жер бетінде жүргеніңе қуан, жерді ренжітесің» деп.

– «Тəрбие – тал бесіктен», дейді. Бүгінгі жастардың мінез-құлқына көңіліңіз тола ма?

– Ол рас. Көп нəрсе отбасындағы тəрбиеге байланысты. Мəселен, біздің əке-шешеміз: «Көшеден үлен кісі көрсеңдер, тұра қалып жол беріңдер. Қанша асығып тұрсаңдар да, үлкен кісінің алдын кесіп өтпеңдер. Амандасыңдар!» дейтін. Сол қағида, ақыл санама мықтап сіңіп қалған. Осыдан біраз жыл бұрын Бəйкен аға Əшімовті сонадайдан көзім шалды. Емханадан келе жатыр екен.

Жол берейін деп күтіп тұрсам, аға жа-ныма келгенде: «Ғайныкеш, біреуді күтіп тұрсың ба?» деп сұрады. – «Жоқ, аға, сізді күтіп тұрмын», – деп едім, қолын бір-ақ сілтеді. «Қой, ол ізет баяғыда қалған ғой, – деп өзі күледі. – Жұмысыңнан қалма, жүре бер!» – дейді. Бірақ үнінен ризашылық байқалады. Міне, бұл – тəрбие. Алайда мұның барлығы қазіргі жастарға қалжың, күлкі сияқты. Бүгінгінің жасөспірімдері қоғамдық көлікте де құлағына құлаққап салып, көзін жұмып алып, ешкімді көрмейді, естімейді. Жассың ба, кəрісің бе бəрібір. Тапжылмастан отырып алады. Кейде өзің ыңғайсызданасың. Біз «Қарты бар үй – қазына» деп өстік. Қазір мұның бірі жоқ. Шімірікпестен ата-анасын қарттар үйіне апарып тастайтын жастар баршылық. Бұл да азғындыққа жатады.

– Тəрбиедегі түйткілдің негізгі төркіні неде деп ойлайсыз?

– Бұған енді білімдар болу міндет емес. Бізге осынау мол қазынаны ата-анамыз бір-ақ ауыз сөзімен бойымызға сіңірді. Қазақ аталы сөзге тоқтаған халық қой. Бір ауыз сөзбен қуантуға да, жылатуға да болады. Көпшілігіміз сөздің мағына-мəнін түсінбей барамыз. Алысқа бармай-ақ қояйын. Мəселен, менің немерелерімнің қазақшасынан ағылшыншасы басым. Менімен бірге «Қоғалы-ай» деп əн айтып жүрген балам, Англиядан келгеннен кейін «Қоғалы-айы» да жоқ, «Алтынайы» да жоқ, өзгеріп қайтты. Оны мен қолдан жасаған жоқпын. Бірақ заманның ағымы

солай. Қаймағы бұзылмаған қазақы қалпымызды жүйенің ауысуы, қызмет, күйбеңнің қамы деп жүріп жоғалтып алдық.

– Жоқтың орнын қалай толтырмақ керек?

– Не дейін, айналайын, тəрбиедегі қазақтың сол педагогикасын мүлдем жоғалтып алмай тұрғанда, мектеп бағдарламасына енгізу керек секілді көрінеді де тұрады. Бұл бізге қазір аса қажет. Ғұлама əл-Фарабидің өзі: «Тəрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» дейді. Қазір бəріне жол ашық. Еркіндік. Қайда барам десе де кедергі жоқ. Білім деп шетелге кетіп жатыр. Менің де балаларым сол жақта оқиды. Немерелерімді оқыта жүріп түсінгенім – шетелге кеткен балалардың психоло-гиясы өзгеріп келеді екен. Сол жақтың өміріне ыңғайланып, қайтқысы келмейді. Сондықтан балаларды тым жас кезінде шетелге көп жіберу қауіпті. Əсіресе, қыз баласы өзге ұлттың етегінен ұстап,

қалып қойып жатыр. Ер балалар да ұлт болашағына немқұрайлы қарайды. Бұл біздің қазақтығымыз үшін өте қауіпті.

Бір білерім – баланы не нəрседен де тыйдыра білу керек. Шектен тыс еркіндік жарға жығуы, кейін өкінтуі мүмкін. Бүгінгі балалардың мінез-құлық, өмірге көзқарастарын көріп отырып, осындай ойға келдім. Қазақ деген ерек-ше халық. Талай жылғы тар жол, тайғақ кешуден кейін, ХІХ ғасырда осы қазақы құндылықтарымызды жоғалтып аламыз ба деген қорқыныштан, алаңдаудан туған ой ғой менікі.

Жастар ќатыгезденіп барады

– Əдетте «кеңседе қызмет ететін адамдар қаталдау болады, жанын қатыгездендіріп жібереді», дейді. Комсомол болу, кеңсенің бітпейтін қағаздарымен жұмыс істеу, аттың

жалы, түйенің қомында жүру – мұның барлығы сіздің нəзік жаныңызға қалай əсер етті?

– Ондай мінез əлі күнге дейін бой-ымда жоқ. Кезінде маған: «Сенің сондай ізеттілігің өзіңе қарсы жұмыс істейді. Сəл қаталдау болсаңшы, əйтпесе, тым қолжетімді, аса қарапайымсың. Бүйте берсең өзіңнің иммиджіңді жоғалтып аласың», деп кінəлаушылар да, ақыл айтушылар да болды. Сонда мен: «Жоқ, қателесесіз, мен жоғалтпаймын, керісінше, жоғалтатын адам – мені түсінбеген адам» дедім. Менің бар бол-мысым осы – бауырмал болу.

– Бауырмал болу деген де үлкен бақыт қой...

– Əрине, жастардың бəріне бірдей топырақ шашып, кінəлауға да бол-мас. Дегенмен, қайталап айтамын, көп нəрсе отбасына байланысты. Мейірбандық азайып барады. Ешкім елжіреп тұрмайды. Отбасылардың көбі 1-2 баламен ғана шектеледі. «Осының өзін асырап алайық», деп шыр-пыр бо-лады. Сəби өмірге келсе, бір түп жусан артық шықпаушы ма еді. Əр баланың өзінің несібесі болады. Осы тақ-тұқтық пейілді де тарылтып жіберетін секілді. Жатбауырлық та осыдан басталады-ау. Мəселен, бала күнімізде бізді ата-анамыз қиындыққа да салды, жұмсады да. Бірақ біз көп болдық, бауырмал болдық. Қазіргі ата-аналар баласының маңдайынан құс ұшырмаймыз дейді де, өзімшіл етіп тəрбиелеп шығарады. «Сенен басқа мықты жоқ, өзге үшін

басыңды қатырма» деп санасына сіңіреді. «Мына жалғанда бір өзіңсің, өзің үшін өмір сүр» деп тəрбиелейді. Содан ол бала не үлкенді сыйлауды, не кішіге ізет көрсетуді білмейтін безбүйрек, мейірімсіз болып өседі. Философияда эгоизм, эгоцентризм деген ұғымдар бар. Жан дүниеміз «менмендікке» бой алдырып кетті ме деп ойлаймын. Менмендіктің де ар жағында қоғам үшін, елім үшін, отбасым үшін деген игі бір талпыныс тұрса, ол, əрине, жақсы. Сонда бəлкім қазіргі көзсіз «менді» түсінуге болар ма еді. Жоқ, қазір көпшілігі жеке басының қамын күйттейді. Жастардың көбінде сондай психология. Менің ма-шинам, менің үйім, менің ақшам болу керек деген сынды. Қалғаны күл бол-маса, бүл болсын дейді. Бұл – жаман сезім. Ертеңін елімен байланыстыра ал-мау – болашағымыз үшін үлкен қауіп. Келешектің қамын ойлау, ұлтқа қызмет ету жөніндегі мəселе кейінірек, бастысы «Мен көрген қиыншылықты көрмесін, балам қиналмай, жақсы өссінші» деп шаң жұқтырмаймыз. Осылай шектен тыс аяп, еркелетіп алдық па, көп бала өзінен өзгені ойламайтын болып өсіп келеді. Менің өзім де байқаймын, кейде немерелеріме ұрсайын, «жоқ» деп ай-тайын деймін-ақ, бірақ бəрібір жұм сақ-ты ғыма басып кетемін. Біз аштық ты да көрдік, соғыстан кейінгі жоқшылықты да көрдік. Енді бұл балалар қиындықсыз, бақытты өмір сүрсінші деп ойлаймын. Дегенмен баланы мейіріммен қоса, көп-шіл болуға, қиындықты жеңуге де үйрету керек. Сонда нағыз азамат болады.

– Сіздердің кезбен салыстырғанда қазір мəдениетке, рухани дүниеге деген көзқарас басқа. Іздеушісі жоқ болса, елеусіз қала береді. Соның салдары-нан небір қайраткер тұлғаларымыз еске русіз шаң басқан архивтерде жа-тыр...

– Осы жайт мені де қынжылтады. Қанша еңбегі болса да, еске алатын адамы болмаған соң солай қор болады. Елеусіз, ескерусіз қала береді екен... Біз осы Ғалымдар үйінде үздіксіз концерт-тер ұйымдастыратынбыз. Сонда елдер: «Мына жерді Мəдениет министрлігі жасадыңдар ғой» деп күлетін. Ол кез-де өнерге, мəдениетке деген көзқарас басқа болатын. Жанашыр жандар көп еді. Өзбекəлі Жəнібеков, Камал Смайылов секілді жақсы азаматтар руханияттың басы-қасында жүрді. Қазір ол кісілердің көбі бұл дүниеде жоқ. Талай жақсы мен жайсаң өмірден өтіп кетті. Сағынасың, іздейсің. Бірақ енді ол өмір ғой...

Кейде айтқан сөзіміз зая кетіп жата-ды. Мысалы, мен Өзбекəлі Жəнібековке арналған рухани кешті осы күнге дейін өткізе алмай келемін. Академиктердің қолын қойғызып, əкімшілікке қағаз да апарып бердім. Жауап жоқ. Айтысты, ұлық мейрам – Наурызды қазаққа алып келген сол кісі ғой. Осы бір аяулы есімді қалай ұлықтасақ та жарасады. Бірақ бастамам əлі күнге дейін қолдау тап-пай келеді. Соны шенеуніктер қолдаса, тағылымды кеш болар еді. Халық ағылып келер еді. Бұрын жас кезімізде айтып тастаушы едік. Жас ұлғайған сайын жасқаншақтай береді екенсің. Жастарға еркіндік бердік. Бірақ олар оны қалай ұқсатар екен... күмəн көп. Халықтың қарнының ғана тоқтығын ой-ламау керек. Онымен алысқа бармаймыз. Елдің рухани парасатын тереңдетуді, ру-хани тойдыруды ойлайтын азаматтар көп болса екен деп армандаймын.

– Өзіңіздің де біршама жасқа келгеніңізге қарамастан, Өзбекəлі Жəнібековтей аяулы ағалардың есімін өшірмей, кітабын шығарып, еске алу кешін ұйымдастыруға тырысып жүргеніңіз қарыздан бұрын, ұлтқа, өз қызметіне деген махаббат деп білеміз. Солай емес пе?

– Еліміз бізді сол үшін өсірді ғой. Мен бұрынғы Талдықорған облысының Лепсі өзенінің сағасындағы ат төбеліндей ғана кішкене ауылда өстім. Сонда əке-шешеміз «елге жұмыс істеңдер, азамат болыңдар» деп үнемі құлағымызға құйып отырушы еді. Он балалы үйден шықтым. «Оқуыңды бітірген соң, елге оралып, бауырларыңды асыра, өсір, жеткіз», деп үйретті. Осы бір жауапкершілік сезімі, бауырларға деген қамқорлық сезімі жанымызға мейірім құйған болу керек, үнемі айналадағы адамдарға жақсылық жасағым, қол ұшын бергім келіп тұрады. Оның үстіне жоқшылық, қиыншылық деген де адамды шыңдайды ғой. Қазіргі балалар бақытты. Тамағы тоқ, көйлегі көк. Əсіресе, қаланың балалары не ішім, не кием демейді. Біз кезінде тайға мінсек деп армандаушы едік. Бүгінгінің балала-ры «Мерседеспен» жүреді.

– Сізді не алаңдатады?– Бір күн қарнымыз аш болса да, Құдай

ешқашан рухани аштыққа ұшыратпа сын. Қазір ғалымдарды қолдау жағы көңіл көншітпейді. Жастардың көпшілігі-нің басында баспанасы жоқ. Пəтер ден пəтерге көшіп жүр. Айлықтары аз. 50-60 мың теңге алады. Оны пəтерге төлей ме, бала-шағасын асырай ма? Жүгіріп маған келеді: «Апа, 5 мың – 10 мың бар ма?» деп. Соларды ойлап жүрегім ауырады. Бəріне көмектескім-ақ келеді. Бар лығы балаларым ғой. Бірақ менің қолым нан не келеді? «Əттең, тонның келтесі-ай...» дейсіз еріксіз.

– Əңгімеңізге рахмет.Əңгімелескен

Назерке ЖҰМАБАЙ.

АСТАНА.

Єайникен БИБАТЫРОВА, Ќазаќстанныѕ еѕбек сіѕірген ќайраткері:

«Жїрегіне əжім

тїсірмеген жан баќытты»

Руханияттың айналасында жүргендердің барлығы ізгілікке жаны құштар бұл аяулы жанды жақсы біледі. Əңгіме еткелі отырған кейіпкеріміз Кенен Əзірбаев, Ғабит Мүсірепов, Бауыржан Момышұлы сынды қазақтың біртуар тұлғаларынан бата алған. М.Есенəлиев, Ө.Жəнібеков, Ғ.Мырзағалиев, К.Смайыловтай қайраткерлермен сырлас, пікірлес болды. Поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың: «Əйтеуір басы ауырып, балтыры сыздағанның көбі сол кісіден жан жылуын іздеп келетінін білемін», деуі – бүгінгі біз əңгімеге тартпақ кейіпкердің табиғатына таразы болатындай. Əйтсе де, талай жыл Жамбыл облыстық партия комитетінің хатшысы, министрдің орынбасары сынды жауапты қызметтерді абыроймен атқарған қайраткер ханымның есігін қағуға аздап жүрексінгенімізді де жа-сырмайыз. Əдетте кеңседе қызмет ететін адамдар қаталдау болады, ресми қызмет, былғары орындық, əсіресе, əйелдің сезімтал жанын қатыгездендіріп жібереді дейтін жалпы түсінік қой бізді кейін шегіндіре

берген. Бірақ Ғайникен апа Бибатырова біз ойша елестеткен образға мүлдем кереғар болып шықты. Ғалымдар үйіндегі кеңсесінің табалдырығын аттауымыз, келуіміздің себебін түсіндіре бастауымыз сол еді, кесесі мен шəйнегін ортаға қойып, бар жақсысын алдымызға тосқан ақжарқын апаны сол сəтте-ақ меншіктеп үлгердік. Жүзінен нұр, жүрегінен мейірім төгіп тұрған аса мейірбан жан ə дегеннен көңіл түкпіріне жылылық құйды, тағылымды əңгімесі жанымызды бірден баурап алды. Тосылмадық, керісінше тосырқай барған сезімімізді еркелікке алмастырып, жақсы əңгімені бастап кеттік.

Діни аєымдар журналистер назарында

Елордада Мəдениет жəне спорт министр-лігінің Дін істері комитеті Мəдениеттер мен дін дердің халық-аралық орталығымен жəне Астана қалалық дін істері жөніндегі басқармамен бірге «Экстремизм мен тер-роризм тақырыбын БАҚ-та жариялау əдістері» атты семи-нар өткізді. Оған мемле кеттік органдар мен дінтанушылар қауымдастығының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкіл дері, ғылыми-зерттеу жəне талдау орталықтарының қызметкерлері қатысты.

Сұңғат ƏЛІПБАЙ,«Егемен Қазақстан».

Семинардың негізгі мақ саты қазіргі күні халықаралық қауымдастықта барған сайын өткір сипат алып келе жатқан экстремизм жəне терроризммен күрес жолдарын БАҚ-та сапа-лы жəне кəсіби тұрғыда жариялаудың əдістемелік мəселелерін талқылау, жур-налистерге əдіснамалық көмек көрсету жəне дін саласында жүзеге асыры-луы тиіс мемлекет саяса-тын ақпараттық негізде жетілдіру бойынша ұсыныстар əзірлеу болды.

Семинарды ашқан Бұ қаралық ақпарат құралдарын да діни тақырыпты жариялау бой-ынша əдістемелік кеңестің төрағасы, Мəдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Айдар Əбуов аталған мəселенің маңызына тоқталып өтті. Астана қаласы дін істері жөніндегі басқарманың басшысы Жорабек Дəуренов қаралып отырған тақырып бойынша елор-дада атқарылып жатқан шараларды ортаға сал-ды. «Рухани қоғам əлемі» қоғамдық қоры жəне пси хо-логиялық көмек беру орта-лығының басшысы Лимана Қойшиева «Діни мəселелер жəне БАҚ», Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Əлеуметтік ғылымдар факультеті фи-лософия кафедрасының доценті Есбосын Смағұлов «Рухани қауіпсіздік мəселелері», Мəдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы Талдау жұмысы бөлімінің бастығы Мұқан Исақан «Бұқаралық ақпарат құралдарында діни мəселелердің қамтылуы» тақырыбында тартым-ды баяндамалар жасады. Басқа да көптеген мамандар шығып сөйледі. Мəдениет жəне спорт министрлігі Дін істері комитетінің Дін мəселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу жəне тал-дау орталығының директо-ры Айнұр Əбдірəсілқызы аталған мəселедегі елімізде қолға алынған шаралармен жиналғандарды хабардар етті.

Семинар барысында жас-тардың жиі қолданатын əлеуметтік желілерін ра-дикалды діни идеялар-дан сақтандырудың жол-дары қарастырылып, дін төңірегіндегі ке-зек күттірмейтін өзекті мəселелерді көпшілікке дер шағында, түсінікті етіп жеткізудің əдістері туралы пікір алмасулар өрістеді.

Page 8: Egemen · (Соңы 4-бетте). Оймақтай ой Бүгінгі нөмірде: 7-бет 8-бет 10-бет Балтамен жəне пы шақ-пен қаруланған

19 қараша 2014 жыл

www.egemen.kz8 АшылмАғАн АрАлдАр

Ауыл жақтан: «Терезя апай қайтыс болды», деген хабар келді. Былтыр Ресейдің көршілес Волгоград облысына осы кісіні арнайы іздеп барған едік. «Терезясы кім?» деп отырған шығарсыздар? Әңгімені әріден бастайық ендеше...

Тылсым

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауда-нында Геннадий Оспанов деген дәрігер болған. Көбі есімін қазақшалап Ғафу дейтін. Кейбірі тіпті Құспан, кейде Құсайын деп те атай бер-ген. Керемет білімді, күрделі операцияларды ауылда-ақ жасай беретін әскери дәрігер. Ол алдына келген науқастардың тамырын ұстап та ауруларын айтып беретін болған. Сырқаттарға бір жапырақ қағазға диагнозын жазып, өзінің «Оспанов» деген жазуы бар мөрін соғып береді екен. Саратовтың ауруханасындағы дәрігерлер ол кісінің жазып берген қағазымен қаралуға барған науқастан қайта анализ алмай-ақ, бірден емдеуге қабылдайтын болған. Жәнібектің халқы бұл ағайды әлі күнге құрмет тұтады.

Ауылдағылардың аузынан түспейтін Ғафуды зерттеп жүрген – Жәнібек аудандық «Шұғыла» газетінің редакторы Ахмедияр Батырханов деген азамат. Ол кісінің аузынан да Оспанов жайлы көп мәлімет естідім. Оның өмірі мен қызметі мені қатты қызықтырды. Мың рет естігенше, бір рет көр деп, Ахмедияр аға екеуміз

былтыр Оспановтың көзі тірі кемпіріне барған едік. Терезя деген, міне, сол кісі.

* * *60-шы жылдардың соңында Геннадий

Оспанов Саратовтың Питер ауданында дәрігер болып жүріп, сол жерде тас қашап жүрген сығандардың бір сәбиін өлім аузынан аман алып қалған. Геннадийдің білікті дәрігер екеніне риза болған табор басшысы келер жылы оны Закарпатьеге қонаққа шақырады.

– 1967 жыл. Жаз. Сығандармен бірге маң даладағы маздаған отты қоршай отырмыз. Бас қонағымыз Геннадийге мені қарама-қарсы оттың келесі жағына тұрғызып қойды. Ол маған үнсіз 10-15 минут қарап отырды. Жасы елуден асқан ол маған қарт болып көрінді. Ал мен болсам 14 жастағы бойжеткенмін. Оған ұнатпай қарадым. Бірақ өз ойымды ашық айтуға сескендім. Ал, Геннадий Оспанов болса менің жаратпай тұрғанымды түсінсе керек, кері бұрылып, топтың арасынан шығып кете барды. Мен таборда қалдым. Алайда қуанышым ұзаққа созылған жоқ, – деді күліп Терезя апай бізбен әңгімесінде. – Келер жылы жазда Геннадий Федорович біздің елге тағы да келді. Бұл жолы мені қолымнан ұстап, Қазақстанға алды да жүре берді. Біздің венгр сығандарының бас-шысы ұлын ажалдан аман алып қалғаны үшін мені Геннадий Федоровичке сыйға берген екен. Қарсылық білдіруге дәрменім болма-ды. Себебі, сығандардың заңы бойынша ба-рон мені сол жерде табордан қуып жібереді немесе өлім жазасына кеседі. Сөйтіп, бұрын көрмек түгілі естімеген Қазақстандағы Орал облысының Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылына келдім.

Ғафу мен Терезяның некесінен Марина, Елена, Екатерина, Нина, Ангелина, Сергей, Владимир есімді ұл-қыздары бар. Балаларының барлығы да қазіргі уақытта Мәскеу қаласында болса, Терезя әжей жұбайы жерленген Кайсацк ауылында жалғыз тұрды.

– Үйде Геннадий балаларымен неміс, ағылшын, француз тілдерінде сөйлесіп оты-ратын. Өзі еркін сөйлейтін, балаларын да білімді қылып өсірді. Ұлттарының – қазақ,

руларының қазанқұлақ екенін қайта-қайта ай-тып отыратын, – деп еске алды Терезя.

Аты АңызғА АйнАлғАн ОспАнОв қАндАй АдАм?

Былтыр жоғарыда айтылып өткен Ахмедияр ағаның облысымыздың «Дана» журналы-на Оспанов жайлы мақаласы жарияланды. Автор архив деректерімен нақты зерттеу жа-сады. Ол анықтаған мәліметтер Геннадий Оспанов Ұлы Отан соғысы кезінде II Украин майданы құрамында маршал И.Коневтің қарамағында әскери дәрігер болғанын растай-ды. Соғыс жылдары жараланған жауынгерлер мен офицерлердің аяқ-қолдары іріңдемеу үшін әскери хирургтар жараланған жерді кесіп та-стай беретін болған. Ал Оспанов болса, оқ тиген аяқ-қолды екінші жағынан тесіп, оқты алып, арнайы дәрі-дәрмектермен жуып-шайған, сөйтіп, жараланған жауынгерлердің дене

мүшелерінің кесілмей, аман қалуына әрекет жасаған. Жауынгерлер жараланып жатып, оған Оспановтың ота жасауын өтінген.

Геннадий Оспанов 1946-1960 жыл-дары аралығында Владивосток, Находка қалаларындағы госпитальдерде, әскери кеме-лерде дәрігер бола жүріп, қызмет барысын-да бүкіл Еуропаны аралап, сонымен қатар Солтүстік Америкада, Сахалин және Камчатка аралдарында, Баренц теңізінде, Атлант, Үнді, Тынық мұхиттарында, Жапонияның Хонсю, Хоккайдо аралдарында болған. Ұзақ сапарларға аттанатын әскери кемеде жүріп ол «теңіз ауру-ына» ұшырайды. Приморье өлкесіндегі әскери госпитальде ұзақ жатып науқасынан емделіп шығып, өзінің дерттен айығуына сеп болған дәрігер орыс қызына үйленеді. Одан үш бала-сы болған.

– Геннадий қайтыс болардан бір жыл бұрын Владивосток қаласындағы сол ұл-қыздарына барып келді. «Өз жолымды қуған қызым бары-на ризамын. Нинамен неміс, француз, ағылшын тілдерінде тілдестім. Ол маған қытай және жапон тілдерінде сұрақ қойғанда жауап бере алмадым. 12 ұлттың тілін меңгерген қызыма ризамын. Енді менің арманым жоқ деп келді», – деген еді Терезя апай.

Брежневтің жеке дәрігеріКейін Геннадий Оспанов белгісіз себеп-

термен отбасынан ажырасып, достарының шақыруымен Мәскеу қаласына келеді. Сол кезеңде КСРО Денсаулық министрлігінде қызмет ететін әріптесінің қолдауымен ол Бурденко атындағы әскери госпитальде, кейін «Қызыл крест» қоғамында, содан соң Кремльде Л.И.Брежневтің жеке дәрігер терапеві болып жұмыс жасаған. «Кремльден кету себебім, шы-нымды айтсам, «үлкен кісінің» таңертеңнен кеш-ке дейін қан қысымын өлшеуден жалықтым», – деп ол кезінде күйгенкөлдік Хаумет Сапаровқа айтқан. Өз өтініші бойынша жұмыстан босаған Оспанов Саратов облысына қоныс аударып, сол жақтың ауруханаларында дәрігер болып абы-роймен еңбек еткен. Онда кейіпкеріміз екінші рет украин қызына үйленіп, бес ұлдың әкесі

атанған. Бүгінде

Алексей ға-рыш зауы тында

инженер, Александр құрылысшы, Сергей неміс

тілінен аудармашы, Владимир трамвай жүргізуші болып еңбек етсе, Василий бала күнінде қайтыс болған.

герингтің «ФОрдын» тАқымдАғАнГеннадий Федорович әйгілі вермахт

қолбасшыларының бірі Герингтің жеңіл автокөлігіне ие болған. Ол машинаның да өзіндік тарихы бар. Үкімет Герингтің автокөлігін Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғанда К.Е.Ворошиловқа сыйға берген. Ол кісі машинаны бір генералға сыйға тартқан. Ал, кейін сол автокөлікті жұртқа «Тополя» әнімен таныс Геннадий Колесников иеленген. Содан соң бұл неміс машинасы тоқсаныншы жылдары Жәнібек ауданының Күйгенкөл ау-ылына қарасты Өнеге елді мекенінде тұрған Г.Оспановтың жеке көлігі болған. Кремльден жеке саяжайды алмай кеткен Оспановқа осы көлік сыйға берілген деседі. Оны Геннадий Федоровичтің айдап жүргенін өз көздерімен көргендер әлі күнге бар.

АуылдА ОтА жАсАп, АғылшыншА гАзет АлдырғАн

Өткен ғасырдың 60-шы жылдарының соңында Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылының аумағында Мәскеуден келген геологтар зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Экспедиция құрамында жұмыс істеп жүрген бір орыс ұлты өкілінің басына жоғарыдан құлаған темір тиіп, Г.Оспанов әлгінің айырылған ба-сына ауылда ота жасап, аяғынан тік тұрғызған.

Көзін көргендер Оспановтың шайдың ор-нына қайнатылған су ішіп жүре бергенін ай-тады. Арақ-шарап, сыра дегендерді мүлдем татпаған. Темекі тартпаған. Адам ауырып жатыр деген хабар естіген ол Күйгенкөл ау-ылынан 12 шақырым жердегі Көлтабан, 9 шақырым жердегі Құрсай, 22 шақырым жердегі Өнеге бөлімшелеріне қысы-жазы тәуліктің қай мезгілі болса да жаяулап-жалпылап жүре бер-ген. Көктем шыға дәрілік шөптер теріп, далаға кететін болған. Оспанов садақаларда ауыл молдаларының Құран оқығандарына риза бол-май, өзі оқитын. Ауылдастары әсіресе оның айтқан сөзін қалайда орындайтын қасиетін ерекше айтады. Берген дәрілерін аурулардың ішіп жүргенін қатты қадағалайтын болған.

– 1970 жылы Күйгенкөл учаскелік ауруха-насында жатқан мені құяң ауруынан Оспанов емдеді. Арқамның 12 жеріне ине шаншып, бұл тәсілін оның «блокада» деп атағаны есімде қалды. Содан бері ол сырқат мені мазалап көрген емес, – дейді бүгінде Жәнібек ауылында тұратын зейнеткер Нұрболат Тәжіғалиев.

«Оспанов Т.Жароков кеңшарындағы учаскелік ауруханасында істеп жүрген кезінде ағылшын тілінде шығатын «Moskow news» газетін судыратып оқып отыратын», – деп кезіндегі әріптесі Қансұлу Жамбылова апай жиі айтады.

Жерлестері жыр етіп айтатын Геннадий Федорович Оспанов 1997 жылы 30 желтоқсанда 82 жасында Волгоград облысының Палласовка ауданындағы Кайсацк ауылында қайтыс болған. Сол елді мекенде жерлеген. Бірақ мұсылмандар зираты бүгінде шекараның бер жағында, Жәнібек ауданы аумағында.

* * *Терезяны жерлеуге, анасымен қоштасуға

Мәскеуде үлкен қызметте жүрген ұл-қыздарының бәрі келді. Аспанды жамылып, көк шөпті жастанып, тау-тасты кезіп, басы ауған жағына қаңғып, еркіндікті сүйген сыған халқының қызы қазақтың шаңырағын ұстап, қазақтан ұл-қыз туып, ең сонында оқымысты балаларынан жырақ ауылда қайтыс болды. Ауылдастары мен жәнібектіктер оның атақты Оспановтың жары болғандығы үшін сыйлады.

нұрлыбек рАХмАнОв,журналист.

ОРАЛ.–––––––––––

суреттерде: 1) ғ.Оспанов пен терезя. 1968 жыл. 2) Отбасы. 1982 жыл.

Дiни ұғымдар бойынша, адам жаны тәннен шыққан соң аспанға, бiз бiлмейтiн әлемге ұшып кететiн көрiнедi. Бiз әруақтарды көрмеймiз, бiрақ олар бiздi көредi, тiптi қасымызда жүруi мүмкiн. Қиын сәттерде, мүмкін, желеп-жебеп жүретін болар. Кім білсін? Бұл бiр жағынан қорқынышты болса, екiншi жағынан миға сый-майтын нәрсе. Осыған орай мына бiр оқиға есiме түсiп отыр.

Жақында маған Алматы облысы, Талғар ау-данында тұратын бiр әйел телефон шалды. Ол өз iнiсiнiң осыдан екi-үш жыл бұрын басынан өткен бiр ғажайып оқиғаны әңгiмелеп бердi. Кезiнде әруақ дегенге онша сенбеген ол кiсi осы оқиғадан кейiн тылсым дүниенiң бары-на көзiнiң жеткенiн айтып, iнiсiнiң әңгiмесiн бастады.

«Қайын ағамның саяжайында алыстан келген қонақтарды күттiк. Кешке қарай барлығымыз бiрге қайтпақшы болдық. Неге екенiн өзiм де түсiнбедiм, машинаға оты-ра бергенiм сол, аяқ астынан: «Сендер бара берiңдер. Мен сәл кешiрек жетемiн», – дедiм. Сөйтiп, қонақтарды шығарып салып, саяжай-да жеке қалғым келдi. Қайын ағамның: «Бұл жерде жалғыз өзiң не iстейсiң, жүр бiзбен», – дегенiне де қарамадым.

Олар кеткен соң, бiраз уақыт таза ауамен тыныстап, үйге қайта келiп, сыртқы қақпаны, үйдiң есiгiн жауып қисая кеттiм. Қатты ұйықтап кетiппiн. Түсiмде бiр үлкен, келбеттi кейуана-ны көрдiм. Ол кiсi маған: «Балам, қонақтармен бiрге неге кетпедiң?» — дедi. Жүзiнде бiр мұң бар секiлдi. Дауысы анық естiлдi. Бiраз уақыттан кейiн: «Сен неге жатырсың, төбеден су ағып тұр ғой?» – деп саңқ ете қалған ер адамның дауысынан шошып ояндым. Қарасам, далада шынымен де нөсерлеп жаңбыр құйып тұр. Жел де үдей соқты. Әншейiнде биiктен қорқатын басым сол жолы сатыны жылдам әкелiп, үйдiң төбесiне қалай тез көтерiлiп кеткенiмдi өз iм де сезбей қалдым. Төбеге қарасам, шынымен-ақ бiр шифер ор-

нынан қоз -ға лып кеткен екен.

Су сарылдап үй iшiне ағып жатыр. Жан-жағым қап-қараңғы.

Тездетiп шифердi орнына қоя салдым да, сатымен төмен түсе бастадым. Ортасына ендi жете бергенде, аяғым тайып кетiп, 7-8 метрдей биiктiктен төменде жатқан бетон плитаның үстiне құладым. Алдымен аяғым, сосын маңдайым тасқа соғылды. Орнымнан қозғала берiп ем, оң аяғымның қатты ауырғаны сон-ша, айқайлап жiбердiм. Еңбектеп саяжайдың есiгiне дейiн әрең жеттiм. Ендi не iстемекпiн? Ұялы телефоным құлаған кезде сынып қалыпты. Көршiлерге дейiн сүйретiлiп баруға шамам жетпейдi. Олар үйiнде бар ма, жоқ па, кiм бiлсiн? Қырсық қылғанда электр жарығы да сөнiп қалыпты. Жаңбыр қоятын емес. Қанша қиналғаным белгiсiз, әйтеуiр бiр уақытта ес-түсiмнен айрылып қалыппын.

Түсiнбейтiн бiр сезiм денемдi алып бара жа-тыр. Бiрте-бiрте жаным мен денем жеңiлденiп, тiптi басым мен аяғымның ауырғанын да сезбей, құс секiлдi ұшып үлкен көлдiң орта-сына келiп қоныппын. «Ойбай-ау, мына саз батпақтан қалай шығамын?» – деп ойлағаным сол екен, өзеннiң арғы бетiнен бiр қайық маған қарай жылжыды. Менiң тамағым кеуiп шөлдеп жатыр екенмiн. Тұрайын десем, аяғым сазға батып барады. Сол жағымда тұманның iшiнде азапқа түскен адамдардың аяныш-ты дауыстары естiлдi. Оң жағыма қарасам, әдемi бақ, аппақ киiнген адамдар. Мен бұлқынып, мына саз балшықтан шыға алмай жатырмын. Қорқынышты дауыстар жақындай түскен кезде күштi дүрсiл естiлдi де, артын-ша жатқан жерiмдi үлкен көлеңке басты. Сол мезетте маған бiр түсiнiксiз күш көмек берiп, саздың бетiне шығарды. Осы сәтте келе жатқан қайық маған қарай жақындады. Мен қайықтағы марқұм әке-шешемдi бiрден тани кеттiм. Қасында кiшкентай кездерiнде шетiнеп кеткен сәбилерi бар. Бәрi де әдемi киiнiп алған, жүздерi жарқын. Олар қолдарын созып, менi қайықтарына отырғызып, көлдiң жағасына дейiн әкелдi. Қастарында отырған кезiмде қуанышты сезiммен шаттандым. «Бұлардан қайткенде де айырылмауым ке-рек» – деп ойлап отырмын. «Сендермен бiрге жүрейiн», – деген өтiнiшiме олар көнбедi. Түсiндiрмей-ақ «болмайды» дегендей бас-тарын шайқады. Мен жалынып: «Әке, апа, бауырларым сендердi қатты сағындым, тастамаңдаршы менi!» – деп жылап жатыр

екенмiн. Сол мезетте судың бергi жағындағы бiреулер менi керi қайтарды.

«Тездетiп қалаға, ауруханаға жеткiзу ке-рек, көп қан жоғалтқан», – деген дауыстар-ды естiп оянып кеттiм. Таң атқан. Салбырап қалған аяғым шыдатпай, одан әрi ауырып бара жатыр. «Боже мой, как он до трассы в таком состояний добрался?» — деген орыс әйелдiң сөзiн анық естiп жатырмын.

«Шiркiн-ай, жаңағыдай ләззат, тәттi күйдi қайтадан бастан кешсем ғой!» – деп арман-дадым. Шынымен, осы үлкен даңғыл жол бойына қалай жеткенмiн? Бiреулер ессiз жатқанымда көмектескен ғой дейiн десем, онда олар неге менi жол бойына тастап кет-кен? Мен түнде бiрiншi қабаттағы бөлмеге дейiн әрең өрмелеп келген жоқ па едiм? Кейiн естiгенiм – қақпаның есiгi де өзiм iшiнен жапқан күйi қалыпты. Адам бойынан биiк дуалдың сыртына қалай шыққанмын? Мүмкiн емес, 400-500 метрдей жердегi үлкен жолға өзiм жетуiм. Бұл не деген құпия? Мен көп ойландым. Бiрақ осы жұмбақ жайдың құпиясын аша алмай, әлi күнге дейiн далмын. Дәрiгерлердiң айтуынша, аяғым үш жерден сынып, тобығым шығып, қабырғаларым шы-тынапты, миым шайқалыпты. Ауруханадан үш айдан соң айығып шықтым.

Кейiн қайын ағамның саяжайына қайтадан арнайы бардым. Өзiм қараңғы түнде құлаған жердi мұқият қарап шықтым. Бойымды үрей билеп, жүрегiм мұздап кеттi. О тоба! Мынадай биiктен құлап, қалай тiрi қалғаныма таң қалдым. Асықпай, дұрыстап қарасам, мен құлаған жерден бiрнеше сантиметр жерде үшкiр темiр тұр екен. Ұш ында ме нiң жейдем -

нiң жыртық бө-л i г i қ а л ы п қойыпты. Егер сәл бол ғанда темiр қазыққа қада лады екен -мiн. Темiр қазық қолымды сы-рып өтiптi. Бiр құ дi рет сақтап қалған ғой.

Кейiн қай-ын ағаммен кез-дестiм. Ол кiсi үйдiң, қақпаның

кiлтiн астыңғы қабат-тағы бөлмеден тапқанын айт-

ты. Саяжайға биiк қоршаудан әрең дегенде кiрiптi. Сыртқы қақпаның есiгi iшiнен бекiтiлген. Тағы кеп ойланайын. Сонда мен қалай денемдi көтере алмай, есiмнен танып жа-тып, есiктi ашпастан 400-500 метр жердегi тас жолға жеткенмiн? Осы түсiнiксiз құбылыс осы күнге дейiн менi мазалайды. Ал бұл оқиғадан кейiн қайын ағам саяжайын сатып жiбердi. Себебi, қасындағы көршiлерiнде де осыған ұқсас оқиғалар болған екен. Мен осы жағдайдан кейiн шын ниетiммен ақ жолға түстiм. Алла Тағалаға құлшылық ететiн болдым», – деп аяқтапты әңгiмесiн әлгi әйелдiң iнiсi.

* * *Расында әр адамды: «Өлiмнен кейiн өмiр

бар ма?» деген ой мазалайды. Америкалық ғалым Раймонд Моудидiң 1976 жылы «Өлiмнен кейiнгi өмiр» атты кiтабы шықты. Өз кiтабында Р.Моуди осы сұраққа жауап беруге тырысады.

Р.Моудидiң кiтабы өлiм мен өмiр арасын-да (коматоздық жағдайда) болған адамдардың әңгiмесi негiзiнде жазылған. О дүниеде болып келген адамдардың айтуы бойынша, адам өлген кезде жаны денесiнен бөлiнiп шығып өте мөлдiр қабат болып ұшып кетедi екен. Олар сондай жаймашуақ сезiмге бөленiп, қайтыс болған туыстарымен кездескенде тiптi бiр ра-хат күй кешедi.

Жүрегi 1-4 минут тоқтап қалған адамдардың айтуынша, олар «ана жақтағы» өмiрден қайтып келгiсi келмеген. Көздi ашып-жұмғанша олардың көз алдынан барлық өмiрi өте шығады екен, ал тiрi қалған туыстары туралы ешбiр қайғырмайды. «О дүниенiң» есiгi ашылғанда қайтыс болғандарды аса бiр мейiрiммен қарсы алады екен. Ол мейiрiм көзге көрiнбегенмен, оны әр адам жанымен сезiнетiн көрiнедi. Ал «ана жақта» болып қайтқандар өлiмнен қорықпайды және олардың өмiрге деген көзқарасы күрт өзгередi деседi. Мысалы, бiр бас кесер полициядан қашамын деп оққа ұшады. Ол «о дүниеден» дәрiгерлердiң көмегiмен қайтып оралады. Ауруханадан шыққан соң, өз кәсiбiн тастап, балалар үшiн спорт мектебiн ашып, өзiн-өзi қорғауға үйретедi. Ал Вьетнам соғысының ардагерi «о дүниеден» оралған соң қолына ешқашан қару алмай, соғысқа қарсы бейбiтшiлiк шерулерiн ұйымдастырып тұрған.

«О дүниеден» оралып келгендердің қызықты әңгімелерін сонау 1974 жылы ресейлік ғалым Галина Владимировна Алексеева жазып алған екен. Жан сақтау бөлімінде дәрігер болып істеген Алексеева екі дүние ортасында жатқан адамдардың жүйке жүйесінің өзгеретіндігін байқаған. Жүрегі екі минутқа тоқтап қалған бір әйелдің айтуы бойынша, оның денесі екіге бөлінгендей болады. Денесінен бөлініп шыққан мөлдір қабат дәрігерлердің оны қайткенде де өмірге қайтаруға әрекет жасап жатқанын көріп: «Қинамаңдаршы, мен бір сондай жақсы күйде тұрмын», – дейді. Бірақ оны ешкім естімейді. Бір сәтте ол аппақ тоннелдің ішіне кіріп бара жатқанын сезеді. «Кері қайт, саған әлі ерте» – деген ер адамның дауысын естиді. Сәл уақыттан соң, дәрігерлердің: «Жүрегі қайта соға бастады», – деп айтқандарын естиді. Ауруханадан шыққан соң, өмірге деген көзқарасы мүлде өзгеріп кетеді. Кеңес заманындағы атеистік идеологияға қарамастан әлгі әйел монастырьға кетіп, өмірінің соңына дейін құдайға құлшылық етіпті.

мақсат рсАлин,журналист.

АЛМАТЫ.

Page 9: Egemen · (Соңы 4-бетте). Оймақтай ой Бүгінгі нөмірде: 7-бет 8-бет 10-бет Балтамен жəне пы шақ-пен қаруланған

19 қараша 2014 жыл

www.egemen.kz 9ТАРИХ. ТАҒДЫР.

ТАҒЫЛЫМ

Ғасырлар бойы қазақтың түбіне жетіп келе жатқан үш басты бəлекет бар; оның

бірі – даңққұмарлық, екіншісі – намыс-сыздық, үшіншісі – жалқаулық. Осының үшеуі де ел билеген бай-шонжарлардың ба-сынан табылады. Қазақ бойында бұдан өзге де ессіздіктер толып жатыр. Қара халықтың бəле-жалада шаруасы жоқ, пендешіліктің бітпейтін күйбің тіршілігінен бас көтеріп ой ойлауға мұршасы да жете бермейді.

Бай-манап даңқ қуып əуре. Шенеуніктер пара аңдып əуре.Қара халық жан бағамын деп əуре.Дəл бүгін Дешті Қыпшақ даласында бұдан

бөтен əуре-сарсаң жоқ десе де болғандай.Шоқан бүк түсіп киіз үйдің ашық есігінен

далаға көз салып сұлық жатыр. Алыстан Алтынемел тауы көрінеді. Оқып отырған кітабын ақырын жаба беріп, қайтадан қазақы тірлік туралы толғанысты ойға берілді.

Қара қазақтың қамы үшін билікке таласып еді, болмады. Дала тағылары орысша бауыр жазған төре тұқымын қатарларына жолатпады. Аса талантты түз ұлын патша офицерлері де шет ке қақты. Артынан сөз жүгіртті. Сырт көз-де қорлауға барды. Ашық қастандық жасады. Жолын бөгеді.

Құдай жалғыз, Шоқан жалғыз. Дешті Қыпшақ даласы жалғыз.Сайын дала жетім болатын.Ертеде Қозы-Көрпеш – Баян сұлу мавзолейі-

нің түбінде отырғандағы күпті ойларын есіне түсіргісі келді. Жол күнделіктерінде көргені туралы жазу бар да, сезгені туралы жазу жоқ. Қазақ елі туралы, Дешті Қыпшақ даласының тағды ры туралы да толғанысты бір ауыз сөз кезде с тірмейсіз. Патша полковнигі – əкесі Шың-ғыс жөнінде де мағлұмат жоқтың қасы. Оның неден болатыны Шоқанға да, бүгінгі бізге де бел гілі. Патша саясатын сақтайтын Үшін ші бө-лім нің қаһары бəріне мəлім. Ауызды бағу керек.

Ашық есіктен желіде байлаулы құлынның өрекпуін көріп жатыр. Бие сауымы мезгілі тақағанын сезген құлын бір орнында тұра ал-май бұлқынысқа түскен. Шаруа əйел ағаш шелегін жерге қоя салып, сүйкімді құлынды құшақтап, құлағының түбінен сипалайды. Құла құлын тынши қалып, ернімен əйелдің иығын түрткілеп əуре.

Бұл даланың ерке, қимас суреті еді. Даладан тысқары шықса болды, тыныс-тіршілігі бөлек сол даланы аңсай сағынады. Петербургте өткізген соңғы екі жылда түсінен Дешті Қып-шақ даласы, сол далада еркін күн кешкен қазақ жұрты бір шыққан емес. Бұл аңсау атты қасиетті дерт болатын. Дүниені еркін жаулаған, Рим империясын тізерлеткен Аттиланың, Мысыр мемлекетіне билік жүргізген мəмлүк Бей барыс-тың туған даласын сағына аңсап аһ ұр ған сəт-терін Шоқан жиі еске алады. «Өзге ел де сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», деген қағида ойды қазақтар Бейбарыс арманынан көре ді. Түркілердің ойларын жеке дəптерге тізіп кітап жасау керек деп ойлады Шоқан. Өмірден озған Абылай хан бабасының, патшаға қарсы шабу-ылын қоймаған Кенесары ханның, өз ағасы Садық төренің айтқан сөздері қандай!

Абылай хан өкініші бір төбе. Кенесары өкініші бір төбе! Садық төренің қайтпас қайсарлығы, кекшіл

мінезі бір төбе!.. Ұйқы қашқан, дегбірсіз күндер мен түндер

басталғалы қашан... Əттең, дүние-жалған, таса-дан келіп жабысқан ауыр дерт Шоқанды қатты күйзеліске ұшыратқан. Петербург пен Еуропа кітапханаларында армансыз көміліп отыруды аңсаған тілегі көз ұшынан бұл-бұл ұшты-ау...

Түркі жұртының тарихына ерекше зер салып тексеру, зерттеу асқақ арманы болатын. Əуелі Еуропаның, енді Ресей қойнауынан көшпенділер тарихы мен тыныс-тіршілігі туралы дерек-тер ысырылып ерекше формулярларға түскен, немесе бүтіндей жоғалуға ұшырай бастаған. Шоқанның қырағы көзі бұны соңғы рет Нева жағасындағы қалада болғанында шалып қалып еді. Бірақ дабыра жасамаған. Шулыған қылмай, келесі келгенде қолға түсіремін деп белгі де қойып кеткен. Орыс империясының құрығына ілінген соң-ақ, көшпенділер цивилизациясы тоқырауға түскен. Дала халқының биоритмдік циклының қуаты да қайтқан кез еді.

Есіне Федор Достоевскийдің Семейде айтқан бір сөзі есіне түсіп еріксіз мырс етті. «Шоқан Шыңғысұлы, Сібір жері суық болғаны-мен, шенеуніктері жылы тұрады», деп Федор Михайлович күліп жіберіп еді.

Сегіз қанат үйге жас келіншегі имене еніп, есік алдында тұрып қалды.

– Сізге қымыз дайындатып едім...Шоқан əлі кетіп жіңішкерген қолын үнсіз

созды.Айсары аласы мол қарақат көзін тіктеп

Шоқанға мейірлене қарады. Жарының төсегіне жақындап, созған саусақтарын екі қолымен бірдей ұстап ерніне тосты.

Орысша тəрбиеге бойсұнған Шоқанның мінезі, жүріс-тұрысы, күн ұзақ кітап оқып, қағаз жазған кезі Айсарыға басында таңсық көрінген. Кейін үйреншікті бұл істің үлкен еңбек екенін түсінді. Жарының таңдаған өмірлік жолы азап екенін ұқты.

– Əне, қарашы, дала қалай құлпырады, ə?!. Табиғаттың түрленуін қара!.. Енесін тосқан құла құлын қалай секіреді, ə!.. Алтынемел де сағым буында тербетіліп тұр.

Шоқанның сүйсіне айтқан сөздеріне елтіген Айсары да киіз үйдің есігінен далаға көз салды.

Көз алдында ғажайып дала суреті құлпыра жөнелген.

«Бұл нəзік суреттерді бұрын неге көрмегем!.. – деп ойлады Айсары. Неге?.. Ал Шоқан қандай көреген!..».

Жарының бөлек адам екенін сезген сай-ын Айсары өзін ыңғайсыз сезінетін. Қаншама қысылса да соншама жарын жақсы көре түсетін. «Тəңірім осы қызығымды көп көрмесін», деп тілейтін Айсары.

Далаға оралып, Тезек төренің ауылында қоныстап жатып қалғаннан бері Шоқанның есіне Омбы, қазақ пен қашқар даласы, қырғыз ортасы, білім көзі, билік тағы – Петербург ора-

ла беретін болған. Жанына жақын орыстың білімді, демократ адамдары сонда қалған.

Генерал Черняевтің жауыздығына қарсы шығып, оның ставкасынан кеткен соң-ақ, орыстың ұлтшыл, сыңаржақ офицерлері Шоқанды сыртқа тепкен. Оларды елеген Шоқан да жоқ еді. Есіне жиі алатыны Федор Михайлович Достоевский болатын.

Семейде бірнеше рет кездескенде Федор Михайлович жап-жас қазақ офицеріне ерекше ықылас білдірген. Ол кезде Шоқан Шыңғысұлы он тоғыз жаста ғана еді. Сол Семейден аттанып бара жатып, Шоқан жазушы досына хат жолдаған.

«...Өзіңіз кеткеннен соң мен Сіздің қалаңызда тек бір қонып, келесі күні ертемен жүріп кеткенмін. Ол кеш мен үшін өте көңілсіз болды. Өзімнің сон-шама жақсы көрген жəне өзіме де жақсы ниет білдірген адамдармен айырылысу маған өте-мөте ауыр тиді. Сізбен бірге Семейде өткізген аз ғана күн маған сондай тамаша əсер етті; ендігі менің бар ойым Сізбен тағы бір кездесу. Мен адамның нəзік сезімдерімен, ақ ниеті туралы жазуға шебер емеспін, оның қажеті де жоқ қой деймін: менің Сізге қандай берілгенімді жəне Сізді қандай жақсы көретінімді, əрине, өзіңіз де білесіз...».

Бұл жас қазақ жігітінің жүрегінен шыққан таза ниеті еді. Үлкен жазушы, һас психолог Федор Михайлович жас офицердің жан тебіренісін дəл таныған, ұққан. Сонан да ол Шоқанға өзінің əйгілі сөздерін арнады. Ұлы орыс жазушысының адамгерлік сөздерін қобалжымай, тебіренбей, сүйсінбей оқу мүмкін емес еді.

«...Мейірман достым менің, Сіздің хатыңызды маған Александр Николаевич табыс етті. Сіз мені жақсы көрем деп жазыпсыз. Ал мен Сізге қысылмай-ақ тура айтамын – мен Сізге ғашық бо-лып қалдым. Мен ешуақытта да жəне ешкімге де, тіптен туған ініме де, тап Сізге көңілім түскендей құштарлықты сезген емеспін... Бұған талай дəлел келтіруге де болар еді, бірақ Сізді несіне мақтай берем. Ал енді Сіз менің ақ ниетіме дəлелсіз-ақ сенетін шығарсыз деймін, қымбатты Шоқан жəне бұл тақырыпқа тегі он кітап жазсаң да, бəрібір түк жаза алмайсың. Сезім мен құштарлық дегендер түсіндіруге болмайтын нəрселер... Сізбен арбада тұрып қош айтысып айырылысқаннан кейін, біз бəріміз де күні бойы көңілсіз болдық. Сіз бүкіл жол бойы біздің есімізден бір шықпадыңыз...».

Кеш түсіп, дала салқын тартты. Айсары күтуші əйелге үй ішіндегі ошаққа от жақтырды. Күйеуінің үстіне түйе жүн шекпен жапты.

– Тоңдыңыз ба? – деп сұрады Айсары.– Жоқ. Шам жақшы. Сонан соң анау кітаптар

мен қағаздарды əпер... – Əуелі шəй ішіп жайланып алыңыз.– Жоқ, шəй кейін болсын, Айсары. Мен біраз

кітаптармен оңаша қалайын. Келіншегі көзін төмен салып үйден шығып

кетті. Көз жасын көрсеткісі келмеп еді. Дауысында да өксік тұрған.

«Өзін өзі аямайды. Аяу жоқ қой. Дəл қазір ана қалың кітаптар, таусылмайтын ақ қағаздар не ке-рек?.. Қымыз ішіп, далада серуен құрғаннан артық не бар?.. Көк жорға атына мінуді де қойды. Тіпті, оны бүтіндей босатып, жылқыға қостырып жіберді...».

Шоқан сонау 1856 жылдары Құлжа экспе-дициясы біткен соң жасаған «Құлжа қаласының жоспары», «Қытай империясының Батыс өлке-сі нің картасы», «Балқаш көлі мен Алатау жота-ларының арасындағы кеңістіктің картасы» сияқты еңбектерін тағы бір қарап шығуды ойына алып еді. Оған денсаулығы мұрсат беретін емес. Əрқилы тілдердегі ескілікті карталарды да салыстыра қарауда болатын. Қазақ елі мен Орта Азияның географиясы мен этнографиясы туралы көлемді материалдарды қарастырып шығуының өзі де үлкен ерлік еді.

Өкінішке қарай, сол құрастырған еңбекті кітап қылып шығаруға мүмкіндік болмады. Сол еңбек бойынша География қоғамында Шоқанның оқыған лекциялары қызғылықты өтуші еді-ау. Шығыс Түркістан, Тянь-Шань, Қырғыз елі ту-ралы айтқан еркін əңгімелері мен деректі тарихи оқиғалары аса қатты қызығушылық тудыратын.

Бұл Шоқан Шыңғысұлының Ресей астанасын-да даңқы асқақтап тұрған кезі болатын.

Көне карталарды ақтарып отырған Шоқанның көздегені Дешті Қыпшақ даласының нақты сызба-сы мен тарихын көне заманғы жазбалармен салы-стыра отырып қайта жазып шығу еді. Бұл бабалар жолын саралап, ақиқат тарихты жазуға құлшынуы болатын. Бас штабтың ғылыми комитеті Шоқаннан Қытай империясының картасын түзуді сұрады,

ал бірақ Бас штаб Шоқаннан Дешті Қыпшақ даласының тарихы мен картасын жасауды сұраған емес.

Бабалар жолын қағаз бетінде бекітіп жазып ке-туге Шоқанның денсаулығы жетпеді. Өкінішті. Сол кезеңде оған өзінен бетер өкінген ешкім болмас.

Арманы өлген адам өлі адам екенін, Жетісудағы Алтынемел тауының бауырындағы Тезек төренің ауылында, шалажансар күй кешкен даланың дара дарыны Шоқан Шыңғысұлы Уəлиханов анық ұққан.

Сол ой оны көрге жетелеген. Өзі де таусылуға тақау тағдырына өзі өшпес өрт қойған.

«Қолға алған ісіңізді тастай көрмеңіз – деп жаза-ды Фе дор Достоевский. – Сіздің мəліметтеріңіз өте көп. Сахара туралы мақала жазыңыз... Сіз өз тағ ды-ры ңызды Отаныңызға ерекше пайдалы болған дай етіп, соның игілігіне бағыштауыңызға болар еді.

Мысалы, сахараның не екенін, оның маңызын жəне өз халқыңыздың Россияға қандай қатысы бар екенін Россия халқына түсіндірудің өзі ұлы мақсат, қасиетті іс емес пе?.. Еуропаша толық білім алған тұңғыш қырғыз (қазақ) екеніңізді еске алыңыз. Оның үстіне тағдыр Сізді таза жанды, адал жүректі, абзал адам ғып жаратқан. Артта қалуға болмайды, жоқ, болмайды».

Шоқанға адал қараған орыс достары оны ешқашан сатқан емес. Жас қазақ сұлтанының бой-ынан үздік адамгершілікті, терең білім шуағын таныған ұлы жазушы да онан бауырын жазбаған. Сонан да жазушы жас досын рухтандыра түседі, батыл, белсенді іс-əрекетке шақырады.

«Мен Сізді сондай жақсы көремін, Сіз тура-лы жəне Сіздің тағдырыңыз туралы ұзақ күндер бойы ойланам. Əрине, Сіздің тағдырыңызды мен тек өзімнің қиялымда ғана мəпелеп, əлпештеймін. Бірақ сол қиялдарымның ішінде бір шындық бар, ол шындық – Сіздің өзіңіздің сол тайпаңыздың ішін де еуропалық білімге тұңғыш қолы жеткен адам екендігіңізде. Тек осы оқиғаның бір өзі ғана ға жайып нəрсе жəне соны ұғудың өзі Сізге көп мін деттер жүктейді... Қош болыңыз, қымбаттым жəне өзіңізді құшақтап, он қайтара сүюіме рұқсат етіңіз».

Шоқан далада да, қалада да жалғыздық құрығынан құтыла алмады. Орыстың прогресшіл ғалымдары мен жазушыларының ортасы бір бөлек, царизмнің отаршылдық аппаратын билеп-төстеп отырған реакцияшыл офицерлер мен чи-новниктер бүтіндей бөлек үстем орта болатын.

Генерал Гасфорттың көмекшісі фон Фридрихс-тің қазақ даласын қалай басқарғаны туралы Бас штабтың офицері И.Бабковтің кітаптарында жақсы жазылған. Шартық қарын фон Фридрихс сияқты есерсоқ өзін қазақ даласының жарылқаушы иесімін деп жариялаған. Соның қолтығына Кури, Ивашкевич, Майдель, Нестеров сияқты жыртқыш-парақорлар кірген. Бұлардың бəрі де фон Фридрихстің хатшылары мен көмекшілері болатын. Біраз уақыт өткен соң, қазақ өлкесінің ең үлкен бастықтары Дюгамель мен Кройерус сол жыртқыштарды өз тобырына қосып алды. Қорқаулар қорқау топ жиюға ұста болатын. Шо-қан Шыңғысұлының соңына шам алып түсіп, оған қаскөйлік жасаған осы жауыз тобыр еді. Бұл жөнінде Қырғыз (қазақ) сахара комиссиясының мүшесі А.К.Гейнстің жазбаларына үңілейік. Қолжазбаға көз салайық:

«1865 жылы 17 июль күні комиссия мүшелеріне Дюгамель қонақасы берді, онда Кройерус пен адьютанттар да болды. Əңгіме жалпы мəселе-лердің төңірегінде өрбіді. Уəлиханов марқұмға, сондай адал, кіршіксіз таза адамға, тек патша ағзам қабылдап, бетінен сүйді деп қана қастық істеген Кройерус Шоқан туралы бір-екі ауыз қолайсыз сөздер айтты. Сонда мен оларға: ең жақсы ориенталистер, соның ішінде Ковалевский де Шоқанды тамаша ғалым, қырғыз халқының ең жақсы досы, орыстардың мемлекеттік мүдделері нің қорғаушысы деп санайды ғой дедім. Дюгамельге жəне оның сыбайластарына, өзімнің ойлағанымдай-ақ, мұндай баға сірə ұнамай қалған болу керек», – дейді.

Қазақ өлкесінің жоғары əкімшілік аппаратын-да Дюгамель, Фридрихс, Кройерустармен бірге патша өкіметінің қара ниетті пайдакүнем, қара бастың қамы мен ақшаны ғана көксеген арамзалар болды. Құқықсыз өлкені сүліктей сорған патша жендеттері қазақтарға заңсыздық істеуден тайма-ды, қызмет орындарын пайдаланып оларға қиянат

жасады. Патша чиновниктерінің бар ұмтылысы жүгенсіз озбырлық пен көзсіз парақорлық бола-тын. Бұл отаршылдық аппараттағы чиновник-тердің қылмыстық əрекеттері туралы орыстың прогресшіл жазушылары мен ғалымдары жазу-дай жазған. Ол туралы күйікке толы Шоқанның хаттары да көп болатын. Патшаның отаршылдық аппараты тудырған зұлымдыққа, заңсыздыққа, талаушылыққа, парақорлыққа қарсы Шоқан аян-бай күресті. Сол үшін де Дюгамель, Фрид рихс, Кройерус, Кури Шоқанға қарсы ашық жауыз-дыққа шыққан. Аса талантты сұлтан Шоқан Шыңғысұлының ғылыми бастамаларына сол патша чиновниктері кедергі келтірулерін бір қоймаған. Қашқар экспедициясының тамаша жеңісін, орыс ориенталис-тикасындағы Шоқан ашқан ренессанстік жаңалықты олар жоққа шығаруға ұмтылды. Атбасар округтік приказының аға сұлтаны болып сайлануына да осы патша чиновниктері бөгет жасаған болатын.

Шоқанға патшаның жемір, қорқау чиновниктері де, дала тағылары да бірлесіп ашық күреске шыққанын жас сұлтан ешқашан ұмытпақ емес. Өз халқының санасыз пасық байларына жек көрініштікпен қарағанымен орыс офицерлерін еш кешпеуге ант еткен. Бұл Шоқанның адам сүйгіштік принципіне қарсы болатын. Бірақ Шоқанда басқа жол жоқ еді. Шоқанның ауыр ауруға шалдығуы, осы адам айтса нанғысыз офицерлердің қорлығына шыдай алмауы болатын. А.К.Гейнс 1865 жылы күнделігіне: «Бəрін тастап жалғыздыққа бойұсынса да орыс офицерлері мен чиновниктерінің ашықтан ашық қорлауы, тобықтан қағуы... биылғы жылы Шоқанның түбіне жетті» – деп күйіне жазған еді.

Ал Көшен тоғанының түбіндегі Тезек төренің ауылындағы, албан руының бостандық сүйгіш рухы жанына да, тəніне де сіңіп болған кəдімгі адамдарының жас, ойлы сұлтан Шоқанды патша жансыздары улап, өлтіріп тынды ғой деген сөздері сұлу Жетісу өлкесінен əуелеп бүкіл сахараға қарай кеткен болатын. Шындықты айтуға шама жоқ еді. Ақиқат қашанда шабан қозғалады.

Ошақтағы от сөніпті. Үй іші салқын тартқанын Шоқан енді ғана сезді. Түйе жүн шекпенмен қым-тана түскен ол отқа бірнеше қи сынығын тастады. Салқын қымыздан бір-екі рет жұтты. Бірақ лəззат ала алмады.

Патша чиновниктері Шоқанның Қашқарға барған сапарының мəнін жоғалтқысы келді. Бірақ олар орталарынан, Қашқарияны ашуға тəуекел ететін орыс ғалымын таба алмады. Шығыс Түркістанға орыс пен Еуропа ғалымдарына есік баяғыдан жабық болатын. Қашқар билеушісі белгілі географ Адольф Шлагинтвейттің басын шауып түсіріп, бастардан үйілген пирамида үстіне қойғанын Шоқан өз көзімен көрген. Өзі өлтірген адамдардың басынан пирамида жасаған адамды адам деуге бола ма, деп Шоқан жиі ойлайтын.

Дюгамель мен Фридрихске Қашқарға бару қайда?! Кеуделеріне нан піскен, пасық патша чинов никтері қашқарлықтарды көрсе бұттарына жібе ріп қояр. «Сібір суық, бірақ онда чиновник-тер жылы тұрады», деген Федор Достоевскийдің сөзі дəл осы тұста дəлме-дəл келіп Шоқан күліп жіберді.

Көппен жалғыз алысуға шама келмесін Шоқан енді ұққан. Шындық қанша қасиетті болғанымен, адасқанның алды жөн бола береді екен, əсіресе, уақыттың өзі соған себепкер боп тұрса амал бар ма?..

Орыс генералы Черняевпен текетіреске түскен, дала аристократиясының ой-тілегін қабыл ал-маған, туған-туыспен келіспеген Шоқан Алтын-емелге, аға сұлтан Тезек төренің ауылына, жыраққа кеткен. Туған өлкесі Көкшедегі Сырым-бет ылғи түсіне еніп, жүрегін сыздататын.

Менің ендігі бекінісім, соңғы қалауым Алтын-емел тауы болды деп ойлады Шоқан. Қолымен сырып тастаған ақ қағаздарды қайтадан алдына тартты. Ақ қағазға қадалып ұзақ отырып қалған. Туған елден бауыр жазып, Петербургтен алыс кетіп, ауру меңдеген Шоқан шын жалғыз еді.

Ол өзін ойлаған жоқ, өлім барда қорқыныш жоқ, орындалмай қалған армандарын қимастықпен қинала ойлаудан бір таймаған. Ғұмыр келте болды. Сол ғұмырды қысқартуға өзі де септігін тигізді білем. Бəрі Тəңірдің қолында ғой...

Бұл дүниеде бақұлдасар жалғыз адамы əкесі еді. Əкеге айтар сөз де, ой да көп болатын. Соның

бəрі жиылып келіп орны толмас өкінішке ауысты.

«...Қажыдым, əлсіредім, қан сөлім тау-сылды, құр сүйегім ғана қалды, кешікпей жарық дүниені де көрмейтін болам, оған енді ешқандай шара жоқ. Жетісуға келіп, сорлы Айсарыны елге алып қайтыңыз, оны өзіңіздің назарыңыздан, мархаббатты қамқорлығыңыздан шет қалдыр-ма ңыз. Бұл менің ең соңғы хатым. Қош болың-ыздар, баршаңызды да құшып, аймалаймын. Мұхаммед-Қанапия».

Бұл кезде көктемнің ерте таңы атып та қой ып еді. Үй жинайтын əйел түндікті ашты. Шы мылдық ішінен Айсары, жазу жазып отыр-ған Шоқанға қимай қарап көзіне жас алды. Орны нан жылдам тұрып, жан жарын құшақтап қасына отырды. Күйеуінің əлі кеткен денесі салқын еді.

– Шаршадыңыз ғой, мырзам. – Жоқ, шаршағам жоқ. – Не жазып жатырсыз?.. – Əкеммен қоштастым... Туған жұртым

Сырымбетпен қоштастым. Айсары үндеген жоқ. Бірақ жүрегі тіксініп

қалып еді. – Шəй қойдырайын. – Жоқ, жатамын. Сəл мызғып алайын,

Айсары.– Қазір мен төсек саламын. – Жоқ, əуре болма, осы жерге жата беремін.

Түске жылқыдан көк жорғаны алдырт. Далаға шығамын... Қырға бірге шығайық. Сен де құла жорғаңды алдырт, Айсары.

– Алдыртамын, мырзам, алдыртамын.– Рахмет, қымбаттым!..Айсары жылы жымиып, тұрып қалды.Алтынемелге биыл көктем ерте келді.

Шоқанға да сегіз қанат үй сəуірдің басында тігілген. Ауасы кең жылы үйді Шоқан ерекше ұнатушы еді.

Айсары ошаққа от жақтырды. Шоқанды көрпесімен өзі жылы қымтап жауып тысқа шықты.

Талтүс. Далада көк еркін көтеріліп-ақ кетіпті. Алтынемел тауының етегінде қып-қызыл қызғалдақтар толысып жайнап тұр. Жылы желдің өтінде қызғалдақ басы əнтек қозғалғанда, бүкіл қып-қызыл алқап əдемі қозғалысқа түседі.

Алтынемел тауының басында ақ балақ бүркіт қалықтай ұшып жүр.

Шоқан Омбыдан туған елі Сырымбетке кел-генде, əкесі оған он қанат үй тігетін. Қасына кісі ертпей жүрмейтін Шоқанның қонақтарына де-ген алты қанат үй бөлек тұрушы еді.

Шоқан Сырымбетке келгенде жас сұлтанға сəлем береміз деп келген жандарда есеп бол-майтын.

Қобызшы Қанғожа, əншілер Көке, Шəкен, жыршы Кəрке Шоқанның қасынан табылатын.

Қобыз ойнайтын жас жігіт Төлепбергенді Шоқан өте жақсы көрген. Төлепберген мен əкесі Тулақ қобызшы бірлесіп қобыз ойнағанда Сырымбет тауының қойны-қонышы сыңсыған сиқыр үнге толып кетуші еді-ау.

Алтынемелге келгенде де, Шоқанға Тезек төренің өзі Жетісудың ақын-жыршыларын, сөз ұстаған билерін, алты ай жазда жинап беріп отыратын. Қазақтың өлең-жырын жас ғалымның жазып алып отыруын жаны ұнатқан. «Өнері болмаған ел оңбайды», дейтін көрінеді Тезек төре.

Алтынемелдің биігінде енді екі ақбалақ бүркіт қанаттары күнге шағылысып еркін қалықтай ұшып жүр. Бұл атақты Маман құсбегінің бүркіттері. Шоқан Маманға еріп бір қыс аңға да шыққан.

Шіркін, Жетісудың жаннат жері-ай! Елі де асқан мейірлі, қонақжай. Берем десе Тəңір береді-ау! Қыздары да Айсарыдай сұлу, ұландары да Мамандай апайтөс, ер тұлғалы ақжарқын.

Түні бойы ой ойлаған, қағаз жазған Шоқан бір кезде талмаусырап ұйықтап кеткен.

Қайран Сырымбет, туған жер!.. Сені қайтып көруге жазар ма екен?.. Əлде менің сүйегімді орыс патшасының қанқұйлы офицерлері мен чиновниктері ешкімге көрсетпей, қара жердің қойнына тығып тастай ма? Тезек төренің ауы-лында бірнеше офицерлер біраз күн бұрын келіп қонақ болып жатыр деген. Олар Шоқанға келіп көрінуге асықпады. Оларды көруге Шоқан да асыққан жоқ.

– Мырзам, жүр, далаға шық. Сені көк жорғаң тосып тұр, – деді Айсары.

Үн жоқ. – Мырзам...Айсары аһ ұрды. Шоқан жер төсекте жансыз жатыр еді. Сол күні Көшен тоғанының түбіндегі Тезек

төре ауылын қаралы қайғы басты......Шоқанның əкесі Шыңғыс Уəлиханов 1865

жылдың жазында Сырымбеттен Алтынемелге арнайы керуен жіберді. Сол керуен Айсарыны Сырымбетке алып қайтқан.

...Алтынемелдегі Шоқанның зиратының басына 16 жылдан соң ғана орыс офицерлері тас орнатты. Онда мынандай сөздер жазылған.

«Бұл жерде 1865 жылы дүниеден өткен штабс-ротмистр Шоқан Шыңғысұлы Уəли-ханов тың сүйегі жатыр. Түркістан генерал-гу-бернаторы Кауфман I-нің тілегі бойынша осы ескерткішті 1881 жылы Уəлихановтың ғылым саласында сіңірген еңбегінің құрметіне генерал-лейтенант Колпаковский орнатты».

Генерал-губернатор Екатеринбургтегі атақ ты орыс шеберіне мəрмар тасты қатесіз ойдырды. Мəрмар тас Екатеринбургтен Омбыға, Омбыдан Семейге, Семейден Алтынемелге ұзақ жол жүрді. Мəрмəр тастағы жазудың соңында тағы екі жол жазу болған. Онда: «Бұл құлпытас бəрі міздің сүйіктіміз жəне құрметтіміз марқұм Шоқан Уəлихановқа қойылды», деген сөйлем бар-тын.

Осы жан жүректен шыққан сөздерді Дешті Қыпшақ даласын басқарған парақор, жалақор, месқарын орыс офицерлері мен чиновниктері өшіртіп тастаған. Сонда: «Империяның осын-дай адамдарын көріп отырып, Шоқан бабамыз кімге қызмет істеген?» деп қиналамыз.

Роллан СЕЙСЕНБАЕВ.

АЛМАТЫ.

Алтынемелдегі

соѕєы кґктем

(Эссе-реквием)

Page 10: Egemen · (Соңы 4-бетте). Оймақтай ой Бүгінгі нөмірде: 7-бет 8-бет 10-бет Балтамен жəне пы шақ-пен қаруланған

19 қараша 2014 жыл

www.egemen.kz10

Осы сайттан бірде татар актері Рад -нэр Муратов туралы айтылатын деректі фильм ді көріп қалдық. Бұл есімді көп адам біле бермеуі мүмкін, бірақ «Джентльмены удачи» фильміндегі бір жағы мазақ, бір жағы жеңіл күлкі үшін тудырылған «Васи-лий Алибабаевич» есімімен танылған пер-со наж ды жұрттың бəрі біледі. Аңқау, адал-ды ғымен қоса ақымақ болып көрінетін орта-азиялықтың жеңіл рөлін ол біршама сəтті шығарған.

Аталмыш деректі фильмнен актер Раднэр Муратов Татар автономиялы респуб-ликасының бірінші хатшысы қызметін 13 жыл бойы атқарып, 1957 жылы 52 жа-сында зейнет демалысына шыққан Зиннат Ибатұлы Муратовтың отбасында өмірге келген жалғыз бала екенін білдік. Партия ісіне жан-тəнімен берілген əкесі перзентінің есімін де елден ерекше етіп, сол кездегі үрдіспен «рад» – «радуйся», «н» - «новой», «эр» - «эре» деген сөздерден алып қойған екен. Мұны қазақшаласақ Жаң-за-қу (жаңа заманға қуан) болар еді...

Деректер Раднэр Муратовтың өте көп, атап айтқанда 80-нен артық киноға түскенін, бірақ ойнаған рөлдерінің бəрі де эпизодтық болғандықтан көп фильмдердің титрында оның аты-жөні көрсетілмегенін айтады. Соның бірі Шəкен Айманов 1966 жылы түсірген «Атамекен» («Земля отцов») фильмі екен. Мұнда Раднэр поезда қашып жүрген черкестің рөлінде ойнайды. Есте қалатын емес, бір сəттік қана эпизодтық рөл, тіпті түрі де анық көрінбейді.

Фильмде Р.Муратов туралы əңгіме айтқанның бірі оның досы Анатолий Яббаров есімді татар актері. Бұл да «Джентльмены удачи» фильміндегі эпи зодтық рөлде ойнаған. «Доцент» биік үйдің төбесінен құлатып жіберетін «Митяй» бар еді ғой. Міне, сол «Митяй» осы.

А.Яббаров біршама деректердің қатарын-да Шəкенге қатысты Раднэрдің «өз аузынан» естіген бір əңгімесін де айтып берді. Оның

қысқаша мазмұны мынадай: Шəкен Айманов фильм түсіріп жатқан уақыттарында шағын үзіліс бола қалса өзімен шахмат ойнайтын адам іздейді екен. «Атамекенді» түсіріп жатқанда да солай болыпты. Ойында ештеңе жоқ Раднэр Шəкеннің қарсыласы болып ойынға кірісіп кетеді. Шахматты жақсы ойнайтын ол режиссерді шағын үзілісте 2-3 рет ұтып кетеді.

Осыдан əрі олар əзіл-қалжыңмен жұ-мыс қа кіріседі. Раднэр көптеген эпизод-тық рөлдері үшін фильмдерде аты жазыл-майтынына ренжіп жүреді екен де Шəкеңе өзінің есімін титрда көрсете салуды өтініпті. Оған Айманов жазғызамын деген уəдесін береді. Сонымен, фильм түсіріліп болған соң оны Мəскеудегі Госкинода қабылдау болады. Раднэр де келіп қарап отырады, алайда титрдан өзінің аты-жөнін таппай, ренжіп қалады. Фильмнің ұзын-ырғасы – соғыста қаза тапқан баласының сүйегін туған жерге əкеліп жерлеу үшін немересімен бірге жолға шыққан ақсақал жайлы. Міне, фильм де аяқталып келеді, қария баласының бейітін тауып, оның қабірін құшақтап, көзіне жас алады. Сонсоң сəл шегініп, басы-лып отырады. Осы кезде камера зиратқа қойылған тақтаны анық көрсетеді. Сөйтсе, онда «здесь покоится Раднэр Муратов» деп жазылған екен. Бұл жазуды көргенде Раднэр тіксініп қалады.

Фильмді қабылдау аяқталған соң сол маңдағы ресторандардың бірін де режиссер Ш.Аймановтың ұйым дас тыруымен əдет-тегі д ей банкет болады. Онда Шəкен Рад-нэрді көріп, өзіңді титрдан таптың ба, қалай қатырдым ба деп қалжыңдайды. Одан əрі дастарқан қызуы басталып кетеді. Бір кезде төрде отырған Ш.Аймановқа Госкинодан шақыру келіп, ол жұрттан кешірім сұрап, кетіп қалады. Аздан соң бір адам келіп, оны жаңа ғана машина соғып, тіл тартпастан қаза болғанын жеткізеді...

Міне, əңгіменің ұзын-ырғасы осын-дай. Ол фильмде Р.Муратовты «өлтіріп» қойғаны үшін, демек оның өлімімен ойнағаны үшін Ш.Аймановқа Жаратқанның жазасы жеткен деген ой тудырумен аяқ-талады.

Қазақтың көзіқарақты, көкірегі ояу жандарының бəрі де мұндағы өтіріктерді біліп отыр. Өйткені, қазақ қауымы Шəкен Аймановтың «Атамекенді» түсірген 1966 жылы емес, «Атаманның ақыры» фильмін түсірген 1970 жылы машина соғып қаза болғанын жақсы біледі. Екіншіден, «Атамекен» фильмінде зираттың басында А.Яббаров айтқандай белгі жоқ. Осы фильмді қайтадан қарап шыққанда да «Бауырластар зиратына» қойылған тақтада қайтыс болғандардың тізімі ғана жазылғанын көрдік. Онда басқалармен қатар «Муратов» деген фамилия болғанымен, ешқандай «Здесь покоится Раднэр Муратов» деген сөз атымен жоқ. Демек, Шəкен Айманов ондай тақта жаздырмаған. Үшінші өтірік. «Бауырластар зиратына» қарт (Елубай Өмірзақов ойнаған) жете де алмаған, ол жолда поездан қалып қояды. Əкесінің ба-сына тек баласы (Мурат Ахмадиев) ғана жетіп, мінəжат етеді.

Ендеше, осындай өтіріктер не үшін керек болған?

Бұл тек Раднэр Муратовтың рухына жұрттың назарын аударып, оның «тегін адам емесін» білдіру үшін, қазіргі тілмен айтқанда оған арзан пиар жасау үшін керек болған сияқты. Бірақ сол пиары екінші адамға, яғни қазақтың маңдайына біткен ұлы актеріне қиянат жасап тұр ға нын Яббаров та, деректі фильмді түсір гендер де ойына алмаған. Бұл да сол мəс кеу ліктердің өзгелерді менсінбейтін ерте ден келе жатқан озбырлығының бір көрінісі.

Яббаров осы əңгімесін аузы жеткен жердің бəрінде қайталап жүрген көрінеді. Мəселен, «Бульвар Гордона» деген апталық газетте Людмила Грабенко деген журналистің Раднэр Муратовтың өлімі жайлы мақаласы шықты. Осында берген сұхбатында да А.Яббаров жоға ры да айтылған өтірігін толығымен қайта лайды. Сонымен бірге, ол осы сұхбатта Р.Муратовтың «Возвращение чувств» деген Татарстанның 50 жылдығына арналған фильмде басты рөлді ойнағанын, сол үшін оған Ресей Федерациясының еңбек сіңірген артисі атағын бермекші болғанын, алайда бастық əкесі телефон шалып, оған бұл атақты беруге əлі ерте еке нін айтып, тоқтатып тастағанын ай тып береді. Бұл мысалды келтіріп отыр ған себебіміз, А.Яббаровтың тағы бір өті рі гін əшкерелеу. Біріншіден, бұл фильм түсірілген 1979 жылы Татарстанға 50 емес, 60 жылдық қарсаңы болған еді. Екіншіден, Раднэрдің əкесі Зиннат ол кезде лауазымды қызметтен кеткен (1957 ж), біреуге телефон арқылы бұй рық беруден мүлде қалған зейнет демалысындағы адам. Үшіншіден, Р.Муратовтың өзі де «жас емес», 51-ге келген кезі. Сондықтан бұл əңгі ме лері-нің де шындыққа жанаспайтыны көрі ніп тұр.

Міне, осындай өтіріктерді ресейлік дерек ті фильмдерден жиі көруге болады. Өзгеге емес, өзімізге қатысты тағы бір мысал айта кетейін. Лейтенант Рахымжан Қош қарбаев 1945 жылғы 30 сəуірде Рейхс-тагқа ең бірінші болып ту тіккенде қасында Григорий Булатов деген қатардағы жауынгер болғанын білеміз. Алайда бұлардың еңбегін ескермей, қазаққа үлкен атақты қимай, атыс саябырсыған соң командование грузин өкілі Кантария мен орыс өкілі Егоровқа қайтадан ту тіккізіп, екеуіне Батыр атағын бергенінен де хабардармыз.

Соған күйзелген Булатов салынып ішіп кетіп, ақыры жұрттың мазағына айналады. Оған жеңіл ауызды біреулер «Гриша Рейхстаг» деген мазақ ат береді. Міне, осы Г.Булатов туралы да ресейлік деректі фильм жасаушылар «Гриша Рейхстаг» деген деректі кино түсіріпті. Осы фильмде де... аузы-мұрындары қисаймай Булатовтың командирі болған лейтенантты Қошқарбаев емес, «Сорокин» деп ойдан шығарып алған. Əрине, Ахметов, Қойшыбаев, я басқа фамилияны емес, нақ орыстың табиғи есімін алыпты. Ал, бұған не дерсің?

Бұл да сол кеудесін қаға беретін озбыр-лықтың қалмай келе жатқан ұшқындары. Басқа ештеңе де емес.

Сондықтан да орыс киношыларының деректі деп түсіргендерінің бəріне бірдей сене беруге болмайтынын айтып, «əй дер əже, қой дер қожа» заман болмаған соң, олар өздеріне тиімді етіп, өтіріктің талайын осылай ойына қалай келсе, солай қосып жататынын қандастарымызға білдіргіміз келген еді.

АСТАНА.

Асанқайғы атамыздың осы бір сөз тіркесін естігенімізбен,

мағынасын жете түсіне алмай жүрген жайымыз бар.

«Неге көздің жасы?» деген сұрақ көкейде тұрары анық.

«Ойыл»атауы кайдан шықты? Қандай ұғым білдіреді?

Ғабиден Мұстафиннің «Шығанақ» романында жергілікті

адам дардың айтуларына сілтеме жасап, Ойыл өзені жылда жа-

ға сын су шайып, ойылып опырыла құлап арнасын өзгертеді.

Өзен атауы ойылу деген мағынада айтылған болу керек деп

топ шылайды. Менің айтайын дегенім, заманымыздың заңғар

жазу шысы Ғабиден Мұстафиндей биік адамның пікірін жоққа

шы ғару емес екенін оқушы қауымның түсінуін сұраймын. Біз де

жет пістен асып, сексеннің сеңгіріне қарай қадам басып келе жат-

қан адамдармыз. Осы жылдар ішінде ойылып құлаудан өзеннің

аңғарының өзгергенін байқамадық. Соңғы жылдары су тарты-

лып, ендік көлемінің азайғаны болмаса, арнасы бір қалыпты,

өз бағытында жайлап ағып, жерге құт-береке таратып келеді.

Кеңес Одағы тұсында Моңғол Халық Республикасының

физикалық картасынан Ханхай (əрине орысша) тау жүйесін

көрген едім. Осы орайда Ойыл селосының қасында Қанқай

деген қырат бар. Орта ғасырларда біздің қазіргі аумағымызға

моңғолдар үстемдік жүргізді. Отарлаушы ел жергілікті

жер-су атауларын өз тілдерінде атай береді. Кеңес Одағы

тұсында Новоалексеевка, Богословка, Антоновка деген

атаулар қалай каптаса, сол кезде де осындай жағдай орын

алғаны мына мысалдардан көрінеді. Қобда өзені, Моңғолияда

да осы аттас өзен бар. Ноғайты ауылы, Ноға-моңғолша жа-

сыл түс немесе көкөніс. Моңғолша жер-су атауларының

Қазақстан аумағында біршама кездесетіні баспасөзде жа-

рияланды. Жоғарыдағы ұқсастықта бір байланыс бар-

ау деген оймен Моңғолиядан келген қандастарымыздан

сұрағанымызда Ойылға ұқсас бірнеше сөз келтірді.

Моңғолдық «Уил» деген сөзі «жылау» дегенді білдіреді екен.

Жылау мен бірге жас та шығады. Асанқайғы сол заманға

жақын өмір сүрген адам. Ойыл сөзінің мағынасын біліп,

«Ойыл көздің жасы еді...» деп өзеннің көздің жасындай

мөлдір болғанын, толқымай баяу ағып, таяздау жерінде түбі

көрініп тұратынын меңзеген болуы керек.Моңғолияда «иол» сөзі үкі немесе осыған ұқсас құс атауы

болып келеді екен. Жоғарыда келтірілген қанқай сөзі моң-

ғолша орманды, табиғаты көркем деген мағына береді. Бүгін де

ауылдың жанында Ойыл орман шаруашылығы бар. Жергілікті

адамдар патша заманында егілген дейді. Егілсе егілген шығар...

Бірақ та, əу бастан Барқын құмы жасыл желек ке бөленген бо-

луы керек. Орман-тоғай болған соң, құстардың сансыз түрі

кездеседі. Осы сөз де Ойыл атауына түрткі болса керек.

«Оел» сөзі «шот» деген мағынада. Осы орайда өткен

ғасырдың орта шеніне дейін өзеннің құмдауыт жерінде өсетін

шағыр шөбін тамырымен шотпен шауып отынға пайдалану-

шы еді. Бір кезде аталарымыз да шотпен шағырды шауып

қажетке жаратқан болар. Немесе Ойыл өзенінің бір бұрылысы

шотқа ұқсас болуы мүмкін. Ойлануға тұрарлық жайт, əрине.

Мен моңғол тілінен хабарым жоқ адаммын. Менімен

сөйлескендер моңғол тілінің жетік білгірлері де емес. Тек

ауыз ша формасын меңгергендер. Ниетім болашақ зерттеу-

ші лер ге ой салу, бағыт сілтеу.Амангелді БАҚАЕВ,

Темір ауданының құрметті азаматы.

Ақтөбе облысы.

КӨЗҚАРАС

Тґріне 200 ќонаќ сыйєызып їлгерген «Тїнгі студия»

– «Қонақ аз отырып, көп с ы н а й д ы » д е м е к ш і , « Т ү н г і студияға» бас сұққан қонақтар хал-жағдайларыңызды сұрап келе ме, əлде сынап келе ме?

– «Киіміне қарап қарсы алып, сөз ін е қарай шығарып салу» ежелден халқымызға тəн қасиет. Бағдарламамыз ə деп басталғаннан-ақ қонағымыз студиямыздың ерекше ықыласына, көрерменнің ілтипатына бөлене отырып, сыннан бұрын сырын ақтара жөнеледі. Біздің де мақсатымыз келген қонаққа астарлы сұрақ қойып, шамына тие, шаға сөйлеу емес, əзілмен əсерлі əңгіме өрбітіп, əдемі ойынмен көрерменнің көңілін көтеру.

– Бағдарламаға қатысушы-лардың өздері өтініш жасай ма, əлде эфир кейіпкерлерін алдын-ала таңдап, талғап, «мынау лайықты», «мынау лайықсыз» деп сұрыптап отыратын мамандар бар ма?

– Əрине, бағдарламаның тетігі тек бір ғана адамның қолында е м е с . Ш ы ғ а р м а ш ы л ы қ ұ ж ы м жұмыс істейді . Б ірақ «мынау лайықты», «мынау лайықсыз» деп баға беретін жасқа келген жоқпыз. «Лайықтыларды» халықтың өзі таңдайды, біздің əлеуметтік желідегі парақшаларға өз ойларын айтып, ұсыныс-тілектерін білдіреді. Жаңа бейнебаян түсіріп, шығармашылық жолында қызу жұмыс істеп жатқан эстрада əншілері, композиторлар мен ақындар, білекті спортшыларымыз, ел аузында жүрген басқа да түрлі саладағы танымал мамандарға ес іг іміз əманда айқара ашық. Бастысы, қонағымыздың шығар-ма шылығы, өнері , ерен еңбегі халыққа қызықты əсер қалдырып, үлгі тұтатындай тағылымды болуы шарт. Əр тұлғаның өз көрермені бар.

– Кейбір шоу-бағдарламаларда жүргізушілер жұртты күлдірем деп, өзі күлкілі жағдайға тап бола жаздайтын сəттер кездесіп қалып жатады. Осындай сəтсіздікке тап келген кезіңіз болды ма?

– Əзіл айтып күлдіру оңай шаруа емес, жалпы комедия – ең ауыр жанр. Дұрыс айтасыз, кей əзілдер көрерменнің барлығына бірдей түсі-нікті бола бермейді, сондықтан қал-жыңның бағасын қашанда қара пайым халықтың өзі беріп отыратынын еш-қашан жадымыздан шығармауымыз керек. Біреудің көңілін қалдырған, яки болмаса, өз əрекетіме өзім қысылған өрескел сəтсіздіктер есіме түспей отыр.

– «Түнгі студия» қонақтарының ішінен қайсысын ерекше бөліп айтар едіңіз? Ол несімен есіңізде қалды?

– Бағдарламаға келетін қонақтар, тағы да айтып өтейін, əртүрлі сала-ның танымал өкілдері. Олардың өнер дегі, шығармашылықтағы, қала берді, өмірдегі жолдарына дейін əртүрлі. Мұндай жарқын бейнелерді бір-бірімен салыстырып, бірін екіншісінен бөле-жарғым келмейді. «Түнгі студияға» келген əр қонақты қонақжай қалпымыздан ауытқымай, құшақ жая қарсы алып, ілтипат көрсету тұрақты дəстүрге айналды. Сол себепті де, түсірілім аяқталған соң қонағымыздың ықыласына бөле-ніп, алғысын алу біз үшін үлкен мəр тебе саналады. Студиямызда Қа зақ станның халық əртісі Роза Рым баева, Нағима Есқалиева сын-ды ха лыққа өзінің атын баяғыда-ақ мойындатып үлгерген эстрада жұл-дыздары қонақта болса, ал олар-дың өнері де үнемі айрықша мəн-мазмұнымен, айтар ой, əзіл-қал-жыңымен ерекшеленіп тұрады.

– Бағдарламалар да сирек тағдырлар секілді: мезгілінен бұрын туады, дер кезінде дүниеге келеді жəне уақыттан қалып туады... Осы айтылғанның «Түнгі студия» қайсысына жатады?

– Мезгілінен бұрын туды деп айтар болсақ, ол да дұрыс. Жобаны көпшілікке ұсынып, эфирге шығарар алдында үлкен күмəнім болған еді. «Бұл қалай болар екен?», «Мұны көрермен қабылдай ала ма, жоқ па?» деген сұрақтар қатты мазала-ды. Себебі, «франшиза» бойынша келген жобаларға көрермен тара-пынан түрлі сындар айтылып жатуы заңды құбылыс. Бұл орайда ал-ды мен, «франшизаның» не екенін түсініп алғанымыз абзал. Бұл де-геніміз – қарапайым ұғыммен түсін-діргенде, технология. Кез кел-ген телевизиялық өнімнің өзі де

құ ры лыс материалдарын, я болмаса бас қа да қажетті өнімдер өндіретін ірі өндіріс ошағы іспетті. Қандай істі қолға алсақ та соған қатысты керек-жарақсыз күніміз ұясына қонып, таңымыз тамылжи атуы екіталай десек, телевизиялық өнім де дəл солай. Ол да ірі өндіріс орны секілді міндетті түрде технологияны қажет етеді. Сонымен «франшиза» – ең алдымен білім, қандай да бір көзге көрінген нəтиже арқылы қол жеткен өнім деуге лайық. Бүкіл əлемде кешкілік шоу- бағдарламалар үлкен танымалдыққа ие болып, көрерменнің ілтипатына бөленіп жатыр. Мысалға алатын болсақ, АҚШ-тың «Late Night Show» жобасы, ұлыбританиялық «The Graham Norton Show» жəне Ресейдің «Вечерний Ургант» жобасы əлем назарын өзіне аударған айтулы жобалар қатарында. Осы бағдарламалар желіс інде бұл жобаның да қазақ тіліндегі нұсқасының телевизия төрінен орын алуы құптарлық жағдай жəне əйтеуір бір жүзеге аспай тұрмайтын идея. Бірақ, бағдарламаның алғашқы эфирлерінен кейін-ақ көрерменіміз «Түнгі студияға» өздерінің лайықты бағаларын беріп үлгерді. Міне, сол кезде, дер кезінде дүниеге келген жоба екеніне көзіміз əбден жетті.

–Қалай ойлайсыз, жүргізуші бар лық уақытта көрерменнің көңілін дегісін дөп басып тауып оты руы мүмкін бе?

– Əрине, мүмкін емес. Өйткені, көрерменнің барлығы бірдей емес. Талғамға талас жоқ. Байтақ еліміздің əр өңірінің өзіне түсінікті қалжыңы, өзіне лайықты əңгімесі бар дегендей. Ал отандық телебағдарламаның жүргізушісі жоғарыда аталғандарды ескере отырып, мейлінше халықтың көкейіне жақын болуы шарт.

– Бағдарламаға «келген қонақ пен жүргізуші арасында емін-еркін сұхбат жүреді, белгілі бір тақырып төңірегінде емен-жарқын əңгіме өрбиді» деп сипаттама берілген екен. Осы міндетті өзіңіз қай деңгейде атқарып отырмын деп ойлайсыз?

– Мен еш жасырмай, ашық айта ала мын, мен – журналист емеспін. Сон дықтан, 30 минөт барысында сту-дияға келген қонақпен астарлы əң-гіме өрбітіп, сұхбаттасуға менің түп-теп келгенде хақым да жоқ. «Түнгі студия» – саяси-астарлы əңгіме қоз-ғай тын жоба емес, онда қонақтың шығар ма шылығына лайықты емін-еркін əзіл-шы ны аралас сұрақтар қойылады. Ал баға сын беріп, байыбы-на үңілетін тек қана көзіқарақты көрермен.

– «Түнгі студияның» эфирдегі б а с қ а б а ғ д а р л а м а л а р д а н «мынадай-мынадай айырмашы-лығы бар» деп талдап-таратып айтып беріңізші.

– Əр бағдарлама өз алдына бір төбе. «Түнгі студияның» эфирдегі басқа бағдарламалардан ерекшелігі деп өзіне тəн айдарларын атап өтуге болады. Мысалы, «ойындар ғылымдарының докторы» Дəулет Бижановтың өз көрермені бар. Қонақтармен ойнала тын ойындарда «бүг ін қандай қызық болады екен?» деп көрермен тағат сыздана күтіп отырады. Əрине, жан ды дауыста, əртүрлі аспапта сүйе-мелдейтін музыкалық топ бағдар-ламаның сəніне айналғаны сөзсіз. Келген қонақтар да əсерлі əуеннің ырғағына шыдай алмай билеп, музыканттарға өз ризашылықтарын жеткізіп жатуы өзара үйлесімділіктің жарқын көрінісі екені жəне даусыз.

Əзіл-қалжың реті осындай əсерлі əуенмен өрнектелгенде, көрерменнің күнделікті күйбең тірлікті ұмытып, бір сəт те болсын көңілін сергітуіне мүмкіндік туады.

– Түн жарымына дейін көз ілмей, сіздердің бағдарламаны асыға күтіп отыратын көрерменді алда тағы қандай тосын сыйлар күтіп тұр?

– Бағдарлама қай кезде де мəр-тебелі мейманымызбен қызықты. Сондықтан алдағы уақытта көрер-мен нің сұранысына ие тұлғалар шақырылады деп жоспарлануда. Бағдарламамызға ғаламтордағы қызықты бейнелер арқылы таны-мал болған, көпшіліктің көңілінен шыққан қарапайым көрермендер де қонаққа келуі əбден мүмкін. Мұның бəрі алдағы уақыттың еншісіндегі істер. Егер қазір мен сіздің алдыңызға бүкіл жоспарымды түгел ақтара салсам, «қазы-қартамыз шайнала-шайнала, шандырланып, татымы азайып қалуы» мүмкін. Сондықтан күтіңіздер, «Түнгі студия» эфирінде əлі талай қызық бар.

– Бағдарламаны əзірлейтін шы-ғармашылық топтың жұмысымен етене танысуға құлықтымыз. Мысалы, бір хабарды түсіру үшін оған қанша адам қамтылады, қанша уақытта түсіріліп бітеді...бір жылда қанша хабардың басын қайырып үлгересіздер?

– Міне, қараша айында бағдар-ламаға қатысқан барша достарымыз-бен қауышып, бір жылдығымызды салтанатты жағдайда атап өткелі отырмыз. Бір жыл ішінде 150-ден астам бағдарлама көрерменге жол тартып, 200-ден астам тұлға студиямыздың қонағы болды. Басқа да бағдарламаларға сай шығармашылық топта режиссер, сценарийст, редак-тор, əкімші, т.б. мамандар жұмыс атқарады. Білсеңіздер, бір аптада төрт рет эфирге шығу дегеніңіз оңай шаруа емес.

– «КВН» мен «Түнгі студия-ны» қатар сүйреп келе жатырсыз. Жаныңызға қазір қайсысы жақын?

– Қателесесіз . . . «КВН»-мен қоштасқалы қашан. Бірақ маған «КВН»-ның бергені көп болды. Бүгінде əзіл айтудың астарын, тіпті, көпшіліктің алдында өзімді қалай ұстап, қалай сөйлеу керек екенін мен «КВН»-нан үйрендім десем, артық айтпаспын. ТМД елдері бас қосқан ресейлік сахнада көрерменнің езуіне күлкі үйіре алу деген өте ауыр жүк. Себебі, біз бір елдің намысын қорғап, туын көтеріп келдік. Бізге сенім артқандарды жерге қараттық деп айта алмаймын. «КВН» арқылы да көпшілікке танылдым. Ал, «Түнгі студияның» орны мен үшін мүлде бөлек.

– «Түнгі студия» жүргізушісі б о й ы н а м ы н а қ а с и е т т е р д і ң қайсысы көбірек қонғаны абзал деп ойлайсыз: ұтқыр ой, əдемі қалжың, жеңіл əжуа, тапқырлық, шешендік.. . ары қарай өзіңіз жалғас тырыңыз.

– Осы айтылғандардың бəрі бір адамның басында болуы керек. Оған қоса қонағыңмен бірге мың бұралған биші, күміс көмей əнші, кейде тіпті білекті спортшы, Шумахер сынды жүргізуші болып кетуің де ғажап емес. Ең бастысы, «Түнгі студияның» көрігін қыздырып, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаудан артық не бар?!

ƏңгімелескенҚарашаш ТОҚСАНБАЙ,«Егемен Қазақстан».

жїргізушісі Нўрлан ЌОЯНБАЕВПЕН болєан сўхбатта телевизиялыќ жобаныѕ ґткені, бїгіні жəне ертеѕі туралы ойлар ортаєа салынды

Теледидар терезесі

ЖАЛА

«Ойыл кґздіѕ жасы еді...»

Жақсыбай САМРАТ,«Егемен Қазақстан».

Шəкен Айманов. Бұл есімді айтқанда қазақтың кең даласы, алып сахарасы көзге елестейді. Оның бойына сондай телегей-теңіз өнер, дархандық, кеңдік, жомарттық, мəрттік қонған. Жəне соның бəрін ол асылық сөз айтып, менсін бейтіндерге, нақты ісімен мойын датқан өзгеше құбылыстардың бірі.

Осы арысымызды еске ала отырып, төмен дегі мақаланы жазуға түрткі болған мына жайт еді. Көрші елдің «Ю тюби» сай тынан жақсымыздың атына жала бол маса да жағымсыз сөз айтылды. Сол жан ға батып кеткен соң қолға қалам алдық.

Алыпқашпаның ақиқаты

Page 11: Egemen · (Соңы 4-бетте). Оймақтай ой Бүгінгі нөмірде: 7-бет 8-бет 10-бет Балтамен жəне пы шақ-пен қаруланған

19 қараша 2014 жыл

www.egemen.kz 11ДИДАРҒАЙЫП

Өтеген ОРАЛБАЙҰЛЫ,ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Қазақ жыры қанатын кеңге жая түскен жылдар еді ол. 1971 жыл. Қыстың басы. Қазақ университетінің үлкен залы.

– Кім, айнам, Кеңшілік, кішкене былай, сабыр ет, – деп əдеби кешті жүргізіп отырған ұстазымыз Сұлтанғали Садырбаев ағай көзілдірігін бір алып, бір киеді. Жүзінде сəл қобалжу бардай. Ақын ша-быт шалқұйрығына мініп кеткен, түсетін түрі жоқ:

Нағашы ауылымның арасы бізден бір-ақ қыр,Қозы-лағымыз қосылған шүйгін қырат бұл.Тың көтерген жыл төбенің түбіт көдесін,Тарап əкетті тарақ табанды трактор.

Айызы қанып айбалта темір тілгілеп,Сақталған сүр боп шым топырақтарын

сүргілеп.Құрым іңірде жарқ ете қалып құйрығы,«ХТЗлар» қытықтап қырды жүрді көп.Трактор табанды тоңмойын саясат жас ақынның

арманшыл жүрегінің таза тыңын аяу сыз жыртып барады. Қазақ даласының құрым іңірінің өңірі дар-дар жыртылғандай. Алаш даласын алқалап туған ай да шалқалап кеткендей. (Ол кездегі көңіл шалқыған жырға шарпылған жастық көңіл-ді. Бүгінгі бұл сөз – қазіргі түсініктің көрінісі).

Зал ду-ду. Шартылдай соғылған шапалақ шартарапқа ұшқындап, зал: «оқысын, оқысын, оқи бер» деп гулейді. Сол залдың ішінде, Мархабат көкем айтпақшы, біз де отырыппыз.

Мінберде тұрған ақсары жігіт жүзі жалқын тартып, толқынды шашын талыстай алақанымен асығыс бір қайырып тастап, əрі қарай сілтейді:

Қуанды қарттар жанардан тамшы мөлдіреп,«Көделі жерге көк бидай шығар болды» деп.Боз бие біздің түн жамылып барып сол жерден,Көденің тамырын кірш-кірш шайнады

соңғы рет.

Қартаң мал еді – əкеме біткен артық бақ,Тарпаң мал еді қасқырды өлтірген тарпып қап.Қаңтардан өзін асырап шығып аман-сау,Құлын туатын жылқы көбейтіп, жал жұптап. Өлеңі шалқып, өзегі балқып, жаныңды тар-

тып, тəніңді шарпып əкетіп барады. Алақанға аяу жоқ. Ақын бір кезде дауысын сəл баяула-тып, бірте-бірте ақырын нотаға көшіп, еңселі мінбердің ішіне қарай сұғынып кетті. Енді, оның даусы мінбердің ішінен күмбірлеп естіліп жатыр:

Ақылды жануар соңғы рет келіп сол түні,Таныс көденің тамырын иіскеп, толқыды.Ылғал құм ішінде іркілдеп жатты тамшылар,Ұзатқан қыздың жылағанындай төркіні.Сұлтанғали ағамыз ақырын қозғалып орны-

нан тұрады, көзілдірігі қолында, «Ақындар деген осындай албырт халық қой» деп залға жымия бір қарап, «Кім, айнам, Кеңшілік, басқа ақындарға да кезек берейік» деп оған енді жымия, жұмсақ қарайды. Ақын мінберден шығып келеді. Ақсары өңі нарт тай жанған. Көзі қияда, қолдары ауада, асқақ даусы залдың ішін кернеп, жыр одан əрі шалқиды.

Өлең өрлеп, таралғыны тер буып, үзеңгіні үйіріп, құйысқанға құйылды:

Тамырын тартып қау етіп қырға көк шықты,Сабағын дəннің себелеп жаңбыр көпсітті.Қыр жақтан бірақ көденің иісі сезілмей,Тұшынбай тілі боз биені сол өксітті.

Есті мал қырға егіске барып түскен жоқ,Қыр жақты кетті көкпеңбек барқын

түс меңдеп.Көз қырын қырға қадаған сайын биеде,Көдеге талғақ келе жатты бір күш меңдеп.Ақын «Боз биесін» Қазақ университетінің

белдеуіне əкеліп байлады. Төрде отырған ақын-дар да дүбірге елеңдеп, ауыздығын шай наған тұлпарлардай дүрліге қозғалып, дуылдап сөз қағыстырады.

Төрде отырған төре топ неге абыр-сабыр болғанын біз енді, жылдар өте келе бағам-дап, шығарма шындығының шыңыраудан суырылған ұлттық дерек пен дəйек екенін та-рата айтамыз. Бұл ұлттық-этнографиялық, эссе-естеліктік жыр өзінің өзекжарған ақиқатымен құнды еді. Айта алмайтын кезде айтылуы-мен құнды еді. Ұлттық уыстан сусып шығып бара жатқан қазақ даласының қамкөңіл ойын қапысыз жеткізуімен құнды еді. Табиғи туындының ұлттық құндылығы айқын көрін-ген бұл жыры арқылы Кеңшілік ақын сол кездің өзінде-ақ өз тұрғыластарының алдына атойлап шығып, аламан топты соңынан ертті. Сол боз биеден азаттықты аңсаған ақ кекіл құлын-жырлар туды. Бұл 1971 жыл болатын.

Осы өлеңнің материалына зер салсақ, бəрі қарапайым, қыр қазағының сөзі. Əкеміздің сөзі, анамыздың лебізі. Қарапайым сөздердің бəрін үйіріп, иіріп əкеліп, ақын жүрегінің ыстық балқымасына салғанда, талант руда-сынан бөлінген асыл темір ақын алдаспанына айналып, жарқұл-жұрқыл от шашады. Сол от қазақ жүрегіне шымырлай сіңіп, жан дүниең əлдебір қимас шағыңды есіңе түсіріп, бүгінде қыр басындай қарайып қалған қауымдарда бақи дүниенің базынасын кешіп жатқан ата-анаңның бақытты кезеңдерін ұрлаған ұрын жылдардың ұрлығын қайыра еске салып, жан дүниең əлгі шынжыр табан трактордың аяусыз астына түскендей болады.

Кеңшілік – лирик ақын. Бірақ қысқа өлеңнің ішіне ұзын ой салатын, ұзақ мұң са-латын, ұмытылмас сыр салатын ақын. Қазақ-тың қарапайым сөздерін қалағанынша иіп, қалауынша жазатын ақын. Оған өлең жазу тіптен оңай секілді. Қиналмайды, жоқ іздеп, жон асып, жортып кетпейді. Жан-жағын қар-манып, қапылысқа да түспейді. Жазғысы келсе бол ды, жаза салады. Əрине, оның өлеңдерін оқы ған адам бұлай деп ойламайды, қиыннан қиыстырған шебер шумақтарды дүниеге кел-тіру үшін талай қиналған болар деп ойлайтын болар. Бұған да дау жоқ. Қиналмайтын ақын, құйғытпайтын Құлагер бола ма?

Əрине, бұған қарап, ақын өз ғұмырында – маңдайына жазылған аз ғұмырында барлық шығармасын күліп-ойнап, қиналмай жазып тастады деген біржақты пікір тудырмаса ке-рек. «Жеңіл» жазылған жырлардың астарында ауыр шығармашылық қиналыс, ақындық азап жатқанын біз де біршама білеміз. Бір қызық жайт, Торғай-Қостанай өңірінен шыққан ақын-дардың бəріне тəн бір қасиет – ұшқырлық, шапшаңдық, шалттық, шамырқағандық. Нұрханды айтыс ақыны деп былай қойғанның өзінде, Сырбай мен Ғафудың, Қайнекей мен Сейіттің, Кеңшілік пен Серіктің (Тұрғынбеков), Ақылбек пен Қонысбайдың ұшқырлық қырлары қазақ поэзиясының бір ерекшелігі, қазақ да-ласында ғұмыр кешкен кешегі дүлдүлдердің

ақжарма айтқыштығының айғақ көрінісі. Өздері күліп айтып, ауыздарынан тастамайтын Айсаның айтқыштығы өз алдына бір гəп.

Өлең материалы демекші, Кеңшіліктің бояула-ры табиғи, таза, синтетикалық сілтісі, химиялық қитұрқысы жоқ. Оның өлеңдерінен жаңбырдың иісі, қырдың самалы, даланың жұпары, таудың сабатты демі, орманның шайыры есіп, жусан бүрлеп, тал көктеп, тоғай сөйлеп жатады. Тіпті, оның ақындық жүрісінің өзі ешкімге ұқсамайтын, өзгеше болатын. Данадай өлең жазса да, баладай еркелеп, ағасын құрдас, қатарын сырлас, кішіні мұңдас етіп жіберетін ерекше мінезі бар еді. Өзін кейде тəкаппарлау ұстап келе жатып, бір сəтте мамыражай күйге түсіп, арқа-жарқа болып, кешегі жазған жырының бірер шумағын

лақтырып тастап, сосын тек қана өзіне тəн күлкісімен бір саңқ етіп күліп алып, басын қайтадан тəкаппар ұстап, ұзай беретін.

Ақынға мінез керек екенін айтпаған қаламгер жоқ, біз де соны қайталаппыз. Ақын бізге ең алдымен ақынға тəн мінезімен ұнады. Қазақ поэзиясының үлкен шоғырында өзін өзгелерден бөлек алып шығатын бір қасиет – осы ақындық мінез. Оның өлеңдерін оқып отырғанда сол албырт мінез əркез басын көтеріп, онымен жағаласып, кейде жеңіп, кей-де жеңіліп, сол сəт жүрек қалтасынан жұмыр өлең болып шығып, жаныңды жайсаң самалға толтырып əкетеді.

Жалпы, үлкен поэзияға үлкен мінез керек. Сол мінез Сұлтанғали ағамызды састырған кеште жарқ етіп жұртқа көрінді. Сол мінез оның ақындық қуатын жаңа кезеңдерге көтерумен болды. Сол мінез оның қазақ жырының биігінде мəңгілік қалуын қамтамасыз етті. Сол мінез қазақ өлеңінің мінезіне мінез қосты. Мінін азайтты, мəнін көбейтті.

Ақынның поэтикалық текстологиясын бағам дап қарасақ, ондағы сөздердің бəрі қырдың қыр мызы қызғалдағындай болып көз тартып, əкең айтқан, анаң толғаған өз сөзің, өз теңеуің, өз тіркесің болып жаныңның жайлауы-на жол салады. Кеңшіліктің өз тұрғыластарынан өзгеше етіп тұратын ең негізгі айырмашылығы – поэзиясының қарапайымдылығында, əрі қайталанбайтындығында. Ол жазған сөздерді сен де білесің, бірақ дəл солай жымдастырып, сырластырып, мұңдастырып, қиюын тауып қалай алмайсың. «Ақындық шеберлік» деп өзіміз сырдаң айта салатын теңеу-тіркес осы болса керек. Адалын айту керек, Кеңшілік жастық кезеңдегі еліктеу ендігінен өтпей-ақ бірден өз жолы бар ақын болып қалыптасқан тұлға.

Мұндағы сыр неде? Ақындық ұстаханалық мектепте. Алып даланың көріктей гулеген денесінен бөлініп шығатын əр саз, əр дыбыс, əр сөз оның қаламгерлік шеберханасында ой мен сезімге, албырт пікір мен айшықты астарға айналып, көркем шығармаға айналады. Ақын шығармашылығының тұтас полотносын қарағанда оның поэтикасынан Кейкі батырдың қол мергендігін, Əбдіғаппар ханның албырттығын, қысқасы Торғай топырағының тарихи-географиялық шежіресін, бүгінгі қа зақ поэзиясының болмыс-бітімін то лық көресің. Маған кейде Торғайда туғандардың ақын болмауға қақысы жоқ секілді болып көрінетіні бар.

Торғайдың тамаша тарихы бар. Менің бітірген мектебім – Амангелді атындағы мектеп болатын. Мектептің кіреберісінде Амангелді батырдың кіріп келе жатқандарға өткір жанарымен тесіле қарап, қылышын қыса ұстаған, майлы бояумен салынған үлкен портреті тұратын. Осы көрініс есте қатты қалғандықтан да болар, маған Торғайдан шыққан таланттардың бəрі қылышы қынында жүретін қайраткер жандар болып көрінеді. Торғай даласының ұлан тарихын ұлағаттап оқыдық, ол тарихты талай ұрпақ жаз ды, жаңғыртты. Ал оның жан дүниені баураған жарқын тарихын ақындары көбірек жазды, келістіріп сомдады.

Қаққан алғаш дабылды,Қыр елінің ұланы.Торғай деген кəдімгі,Қазақтың Ленинграды, – деп жазды Сырбай

аға бір кезде. Бұл өлеңді əлгі Амангелді мектебін бітірердегі шығармамда мысалға келтіріп едім, өмірі ұмытпаймын, Торғай даласы туралы ой тербегенде əркез жадымда осы шумақ жаңғырып тұрады.

Осы өлең Кеңшілік ақынмен алғаш кездескен кезімде жарқ етіп есіме түсті. Ол кез – Ленинградтың наны жүріп тұрған кез. Маған сол кезде Кең ағам кең адымдап Ленинградтың тура өзінен келген-дей əсер етті. Сексенінші жылдары ақынның «Ре-волюция перзенттері» деген жаңа жыр жинағы шыққанда ойымда жүрген осы өлең бас көтеріп, Кең ағамды енді тура Лениннің өзімен сөйлесіп келген Əліби Жангелдин сияқты қабылдағаным бар. «Қара қазақ баласын хан ұлына теңгерем» деп арпалысқан баба батырлардың ерлігін қазақ даласы қуана қабылдағанмен, революция деген аласапыран олардың көзқарасын əңкі-тəңкі етіп, ақпен ағарып, қызылмен қызарған аңқау жұртымыз бір-біріне саусақ безеп, саяқ тартқан шақтарды да басынан өткерді. Осының иірім-иіндері, үйірім түйіндері Кең ақынның кемел жырларынан кенен еліне орнымен жол тартты.

Жалпы, Кеңшілік Мырзабеков поэтикасының ішкі динамикасы ырғақ пен əуенге толы. Құйылған сөздері мен құбылған тіркестері дала симфониясына өзінің əуенін үзбей қосып, байытып жатады. Сылаң қаққан сұлу сөздер сыңғырлап, сезімге бойын қайытып, тылсым сəттер түйсікке дендеп түскенде қара сөздің

қасиеті таңдайына татып, маңдайыңа батып, жан ра-хатын сезінесің.

Жағалауда құба тал,Тал арасы жалбыз ғой.Суат жаққа құдаша,Келе жатыр, жалғыз ғой...

Ақ балтыры қозғалса,Ақ көйлегін жел қаққан.Оң аяғын созғанша,Сол аяғын шаң қапқан. Сурет пе, əрине, сурет. Сезім бе, əрине, сезім.

Екеуі егіздескенде, сыр мен сурет негіздескенде, құдашаның ақ көйлегін жыр желі желпіп-желпіп жібереді.

Жағалауға көз салдым,Жақындады бойжеткен.Биыл осы жаз салқын,Тоңазыдым көйлектен. Сіз де тоңазып кеткендейсіз. Жастық шағыңызға

қайырыла жеткендейсіз. Қадала қарап тұр едім,Қай жақтан...біреу қабаққаҚарсыдан шығып қылт етті,Жүрегім менің бүлк етті...Жағаның желі жалбыздыңЖас иісін маған үрлеп тұр. Лирикалық сюжет. Ақынмен бірге оқырманның

жүрегі де бүлк ете қалады. Осындай ғажайып шебер-лікпен, нəзік көркемдікпен, сыршыл иіріммен, мұңшыл мейіріммен жазу Кеңшілік ақынға ғана тəн қаламгерлік қуат. Осындай жауһар жырлар қазақ поэзиясының сыршыл да сезімтал бояуын байытып, ақынның қазақ жырына қосқан үлесін ерекшелендіреді.

Қазақ жырының жан дірілін жазбай танитын Сауытбек Абдрахманов «Жиырмасыншы ғасыр жыр-лайды» атты авторлық антологиясының əр ақынға берген аннотациясында: «Кеңшілік Мырзабеков, басқаны былай қойғанда, «Анар» атты жалғыз өлеңімен-ақ қазақ əдебиетінің тарихында қала ала-тын ақын» деп баға береді. Келіспеске əддіміз жоқ, шынында да бұл ғажайып жыр адамның аппақ та адал сезімін жырлайтын өлмес өлеңдердің қатарында ұлттық антология ғана емес, əлемдік антологияға да сұранып тұрған сұлу жыр. Бұл жырдың туу тарихы, əрине, бізге беймəлім, бірақ таралу тарихы белгілі.

Профессор Зейнолла Қабдоловтың алдында отырған студент емтихан сұрағына мүдіре, кідіре жауап бере бастайды. Сол кезде ұстазы ақын атағы Алматыға жайыла бастаған Кеңкеңді тоқтатып: «Кеңшілік, қане бір өлең оқып жіберші» деп жеңілдік жасайды. Кеңшілікке де керегі осы емес пе?! Саңқылдап ала жөнеледі:

Бар ма екен сенің есіңде,Балқаймақ күндер шайқаусыз.Бұлтиып бір зат төсіңде,Булығып өсті байқаусыз.Қақпақша жағаң күн қағып,Қадалған түймең қатарлай.Кеудеңе кейде ұрланып,Қарайтын едім бата алмай....Екінді құлай еңкуге,Елгезек самал елпілдеп.Жаға мен жеңнен жел гулеп.Жел тиген етек желпілдеп,

Ақ тезек тердік арқаға,Алаша қапшық төркіндеп.Қапшықты қозғап бар дене,Көтере берген сəтіңде.Дар ете түсті əлдене,Көйлегің болар нəтінде.Секемсіз тұр ем алдында,Сескеніп менен қалдың ба?Айдындай тосын мөлт етті,Қос шабақ көлге шолп етті. Оралып өскен балтырға,Он екі мүшең керіктей.Қымсындың неге алдымда,Айыпты тозған көйлек пе,Айымыз басқа тағдыр ма?

Одан соң талай жыл өтті,Ауылыңа талай бардым да.Сəбиіңді көрдім алдыңда,Разы боп сонда отырдың,Айымыз басқа тағдырға.Омыраудың даусын шығарып,Алқа мен шашбау тағынбай,Талшыбық бойың бұралып,Тəнті етпес қимыл табылмай,Томардан түскен шоққа ұқсап,Томсарып көзің жанғанда,Тай-сезіміңе ноқта сап,Тулатпай ұстап алғанда,Жалғанда ешкім жоққа ұсап,Жайлауға бірге барғанда,Кезіккенімді білмеппін,Қадір түн – қайран арманға! Па, шіркін, өлең-ақ қой. Бұл өлеңді тал-

дап жату ұят, комментарий жасау тіпті ерсі. «Бағалап, ұқтырам деп ақын жанын, тақтай сабап жатқандай тақылдадым» деп Жұмекен көкем айтпақшы, бұл өлеңді түсіндірем деп өзеуремей-ақ қояйын. Бастан-аяқ келтіріп, өзім де рахаттанып қалдым. Құйылған сөз, төгілген тіркес, табиғи теңеу, сағыныштың сұлу сызбасы мінсіз өлең мүсіндеп, көңіл дариясына көркем бұлағын құяды. Бұдан артық не керек!

Өлең оқылып болғанда Зекеңнің – өзі де қара сөздің қарагер жорғасы Зейнолла Қабдолов ағамыздың, аялы жанары шоқтай жайнап, жаңа ғана көз алдында құйылып түскендей болған сұлу өлеңге сұқтанып: «Кеңшілік, білімің нашар, талантың тамаша, өзіңе екі, өлеңіңе бес, қорытынды бағаң төрт» деп сынақ кітапшасына қолын мейірлене қойыпты. Бұл оқиға ауыздан-ауызға аңыз боп тарап, өлең қуған көгенкөздердің сан толқынына адаспай жетумен болды. Көзі тірісінде кумирге айналған Кеңшілік ақында мұндай антологиялық асқақ жырлар жетіп жатыр. Жалпы, Кең ағаң нашар жаза алмайтын ақын еді. Өлеңді нашар оқи ал-майтын ақын еді. Кең-байтақ Торғай даласынан парлап ұшып шығып, көгілдір аспанның астын-да қанатын кең жайып, қазақ даласын армансыз асқақ жырлаған бозторғай еді ол.

Оның қаламы қай кезде де тегеурінін танытып, өлеңнің қай жанрында жазса да ақынның өзіндік қолтаңбасын қапысыз танытып, оқырманын тəнті етумен болды. Ақын эпикалық

жанрларға батыл қол ұрды, бауырын жазып, барын салып жазды. Оның қаламынан туған дастандар, тіпті, өлең-очерктер мен газеттің күнделікті мақалалары да жарқ еткен ойы, жалт еткен тіркесі бар дүние болып шыға келетін.

Кеңшілік көкеммен сол жылдарда елімізге ете-не таралған екі газетте қатар қызмет атқардық. Ол – «Социалистік Қазақстанда», мен – «Лениншіл жаста»! Жастар газеті мереке-мейрам күндері ба-рын салып, байрағын көтеріп, құлаш-құлаш арнайы нөмірлерін шығаратын. Сол жылдарда газетіміздің сардар басшысы Сейдахмет Бердіқұлов арнаулы нөмірлердің айқара беттеріне өлең-очерк салуды дəстүрге айналдырған. Ондай кездерде маған көбірек салмақ салынушы еді.

Бір жолы, комсомолдың туған күні қарсаңында, еңбегімен елге танымал бола бастаған, ВЛКСМ съезінің делегаты Назаралиев деген маңғыстаулық жас мұнайшы туралы өлең-очерк жазу туралы тап-сырма алып, Маңғыстау облысына барғанымда, кейіпкерім ауылда болмай шықты. Күтуге уақыт тар. Содан барлық мəліметті мекемесінен алып, көш-құлаш өлең-дастан жазып, арнайы нөмірге жария-ладым. Жазушылар одағының фойесінде Кеңшілік көкеммен кездесіп қалдым.

– Өтеш, мұнайшы туралы жазғаныңды оқыдым. Мен де жақында Маңғыстаудан келдім, сен кейіпкеріңмен кездеспей сыртынан жазыпсың ғой, мұның қалай, – деді дауысын тіктеңкіреп.

– Кеңке, онда тұрған не бар, ағадан үйренген тəсіл ғой, – дедім сөз ауанын өзіне қарай бұрып. Оның да осындай жағдаятын білетін едім. Өзіне ғана тəн күлкісімен бір саңқ етіп күліп алып, басын бірер шайқап жіберіп, «Қайтер екен деп едім, алдырмайсың ғой, жалпы кейде көрмей жазған керемет шығады» деді күлімсіреп. «Менің сендерде шықпағаныма бірталай бопты, менің өлеңдерім жастар газетінің беделін көтермей ме?» деді шалқи сөйлеп. «Менен мық ты ақын бар ма қазір, а?» деп жүзіме үңіле қарады.

«Сізден мықтымын деп жүр ғой Серік пен Тынышбай» дедім қытығына тиіп. «Не дейд?» деп даусы оқыс шығып кетті. Жүзіне қан жүгіріп, бетінің ұшына бір қызғылт сəуле атойлап шықты. Сол кезде бұл толқын өкілдері бір-бірімен жақсы мағынасында тайталасып, таласып, бірде өкпелесіп, енді бірде жара-сып жүруші еді. Жəне осы мінездері өздеріне өзгеше мазмұн беріп, талантты толқынның шығармашылық өмірбаяндарын өзгелерден оқшауландырып тұратын.

«Ақындардың жүрегі – Алланың қа зынасы-дүр» деген сөздің баяны Мұхаммед пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) жеткен деген сөз бар. Осы қазынадан өз үлесін

қапысыз алған қаламгер еді ол. Бірақ алған ол-жасын тақымына басып, тапжылмай жатып алмай, қоржынының аузын кең ашып, жақсы жырға сусаған қазағына қазынасын тарылмай ұсынумен болды. Асқақ жырдың Атымтай жомар ты бола алды. Содан да болар оның ай-наласына жастар да, қатарластары да үйіріліп жүретін.

Қазақ поэзиясына сыршыл өлеңнің сыралғы сазын əкелген Нұрлан Оразалин, қазақ əдебиетінің сындарлы цензурасы болған Əбдіраштың Жарасқаны, тепсініп жыр оқығанда түркілік қимылы жарасып тұратын Темірхан Медетбек, өне бойы саз бен наздан тұратын Тынышбай Рахым, иірімі терең, иіруі бөлек Иран-Ғайып, сері мінезін сертке ұстаған Серік Тұрғынбеков, «Жиырма бесті» салғанда жалы күдірейіп кететін Дəуітəлі Стамбеков, шиыршық атқан шашының өзі Пушкинге еліктегісі келіп тұратын Шөмішбай Сариев, ой, несін айтасыз, жыр көрігін қыздырған, қызуы шалқыған топ еді бұлар. Ең бастысы, бұлар сол кезде қаз-қатар сап түзеген Қадыр Мырза Əлі ағамыздың толқыны мен өздерінен кейінгі үркердей топтың арасындағы алтын көпір ағалар еді.

Асқақ ақынмен алғашқы осы кездесу сол кезде сол залда отырған жүздеген жандардың көңіл көзінде, жүрек жадында əлі қаттаулы тұрған болар деп ойлаймын. Сол күннен бас-тап Кеңшілік Мырзабеков деген жаңа ақын біздің пейіл блокнотымызға өз сызбасын салды. Алпысыншы жылдардағы тегеурінді толқынның жаңа бір жарқын қайырымындай болған алдыңғы толқынның, соцреализмнен сүрлеуін бөлек салуға тырысқан толқынның, көркемдік кестесі мен идеялық ишарасын одан əрі байыта түскен бұл топтың басында құйрық-жалы сүзілген, қара көрсе үзілген, сөз байламы түзілген Кеңшілік Мырзабеков келе жатты.

Біздің поэзия – бай, мазмұнды, қайраткер, заманға сай поэзия. Бұған дау жоқ. Бірақ Кеңшілік ақынның үлесін ортақ қазынаға қоспасақ, оның жүгі əлдеқайда жеңілдеп ке-тер еді. Жыраулық дəстүрден қара үзіп, стан-дартты ойдың құрсауында талай жылдар тұмшаланған тұмса өнердің ту сыртына шығып, халық көкейіндегі мұң мен сырды өзінің жүрек қайнатпасында қорытып, компартияның сұр шекпенінен шындықтың шытын желбіреткен шыншыл ақынның шығармаларын жұртының əлі күнге іздеп оқитыны тегін емес. Сазды сөзге сусаған оқырманның көңіл тартпасында жатқан ақын жинақтарын ешқашан шаң бас пайтыны сондықтан.

Ақын аз ғұмырында көптеген жыр жинақ-тарын беріп кетті. Солардың əрқайсысы ту-ралы арнайы сөз етуге тұрады. Бұл ақын мұрасын зерттеп жүрген, зерттегелі жүрген та-лай жасқа талмай ізденетін жол екені күмəнсіз. Сол жыр кітаптарының ішіндегі тамаша ту-ындылар енді қазақ əдебиетінің өшпес, өлмес қазынасы. Арналы дəстүрлерден бастау алатын поэтикалық эстафета жолағында жүгіріп келе жатқан жыр жүйріктерінің жүрегінде жанған алау сөнбейді. Өйткені, ол алауда халықтық қайнардан тұтанған асыл өнер бар.

«Жазушылар көп жасайды, ақындар ғой ерте өлетін» деп жазған Сырбай Мəуленов шумағы еске түседі бүгін. Жазушы бауырларымыз рен-жімесін, əдебиет тарихында осы дерек көбірек болғандықтан Сырағаң осылай бір айтып таста-ды. Қазақ жырының қанатында зулаған асығыс ақындар бізде аз емес. Саусақ бүгіп санап жату – аруаққа сын болар, оның осылай екенін ойлы оқырман өзі де біліп отыр ғой деген пікірге пейіл беріп, негізгі кейіпкеріме оралайын.

Алпысыншы жылдардағы асау толқын қанды қасап кезіндегі, соғыстан кейінгі ауыр тұрмыс пен жетімдік пен жесірліктің ащы бояу-ын ашырқанбай талғаса, одан кейінгі тыңды тудырған тоңмойын саясат пен тоғышар тірлікті тəрк етпесе де, жарқ етіп, жанды жерінен ұстап жазған Кеңшіліктің кемел таланты өз қатарының көшін қайырымды «Қайролла жазығына» қарай ұзатып салуға ұмтылды. Сол шабысты топтың алдында кекілдерін жел қағып келе жатқан тете-лес ағалардың бірталайы уақыттан да озып кетті.

Кеңшілік ақын да келместің кемесіне мінді. Кеңшілік Мырзабеков пəни дүниеден бақи дүниеге 1989 жылы 43 жасында аттанды. Биыл қайтыс болғанына 25 жыл. Дер шағы еді, ке-мел шағы еді. Тəуелсіздіктің алыс-алыс жарығы енді ғана көкжиекке күлгін сəулесін түсіріп, ақын жүрегі аңсап келетін қуанышты енді сезе бастағанда, албырт жүрек, асау жүрек кенет-тен тоқтады. Егемен күндерге есен жеткенде Кеңшілік ақын қалай шырқар еді, қолтығын жазып, құлашын ашып, құлдилап шабар еді. Оның алғашқы өлеңдерінен бастап еркіндікке ұмтылған көңіл мен ниет айқын аңғарылатын. Өзі де еркін ғұмыр кешкен деп жазғанымызбен, оның бір саусағы ішінде бүгіліп кетті. Мүмкін, сол кездегі жылым жүйеден суынып кетті. Мүмкін, желтоқсанда айдын алаңда қанға бөккен қазақ жастарын көргенде ішіне қатқан кекпен түңіліп кетті. Ақын қайтыс болғанда қоштасу жырын жазған едім.

Тал бойына ұя салып, түлеген,Торғай жаққа ұшып кетті бір өлең.Қар астында қалды босаң қауырсын,Балапан боп шырылдап тұр тірі өлең.

Демі қатты, демікпейтін жыр еді,Сораң менен сортаңға өскен гүл еді.Соғыстан соң шілдехана жасаған,Қызыл тулы қырық алтыншы жыл еді.

Жапырағын жоқтап жатыр тал-емен,Торғай-ойды үркітеді əр елең.Сағыныштың сырнайлары секілді,Сар баладан саз боп шықты қара өлең.

Торғай жаққа ұшып кетті бір өлең,Топыраққа түсіп кетті бір өлең.Жетім бала, жесір жарды ойласам,Тұман басқан Алатаудай түнерем.

Торғай-өлең шырылдайды бұ жақта,Талант-тағдыр түсіп қалды тұзаққа.Жанарында мөлдіреген сағыныш,Жырлары оның барады ұшып ұзаққа.Ақын жер бетіндегі жыр-сапарын аяқтап,

туған Торғайына ұшып кетті. «Шаштым, төгілдім, шайқалдым, өмір сүрдім деп айтармын» деп өткен өміріне резюме тастап кетті.

Ол ақын болып туды, ақын болып ғұмыр кешті, ақын болып өмірден өтті! Басқаша өмір сүре алған жоқ.

ТОРЄАЙДЫЅ БОЗТОРЄАЙЫ

ќазаќ жырыныѕ ќыранына айналып, халќыныѕ жїрегіне ўя салды

Page 12: Egemen · (Соңы 4-бетте). Оймақтай ой Бүгінгі нөмірде: 7-бет 8-бет 10-бет Балтамен жəне пы шақ-пен қаруланған

19 қараша 2014 жыл

www.egemen.kz12

2014 жылдың 17 қарашасында белгілі ғалым, философия ғы-лымдарының докторы, əл-Фараби атындағы ҚазҰУ фило софия кафедрасының профес соры Бекет Ғалымжанұлы Нұр жанов кенеттен дүниеден өтті.

Б . Н ұ р ж а н о в 1 9 4 9 ж ы л ы туды. 1973 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірді. Оның ғылыми-педагогикалық қызметі əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен тығыз байланысты. Еңбек жолын 1977 жылы ассистенттіктен бастаған ол өмірінің соңына дейін осы уни-верситетте қыз мет істеді. 1995-2008 жылдары философия тарихы жəне мəдениеттану кафедрасының меңгерушісі болды. Философия тарихы мамандығы бойынша 1982 жылы кандидаттық, ал 1992 жылы докторлық диссер тациясын Ресей Ғылым академиясының Философия институтында қорғады.

Б. Нұржанов Қазақстандағы мəдениеттану кафедрасының жəне мəде ниеттану ғылымының негізін салған ғалымдардың бірі, алғашқы мəдениеттану оқулығының ав-торы. Заманауи мəдениеттің теориялық мəселелерін зерттеу-мен, қазіргі батыстық мəдениет философтарының көзқарастарын сараптау жəне танытумен ай-налысатын ғылыми мектеп қалыптастырды. Осы мектептің аясында 7 ғылым докторы мен 16 ғылым кандидаты, 1 философия докторын (PhD) дайындап, 10 ма-гистр ғылыми жұмыстарын сəтті қорғатып шықты. Соңғы уақытта қазақстандық ұлттық идея, ұлт мəселесінің заманауи теориялары, ұлттық жəне мəдени бірегейлік мəселелерімен бе лсенді түрде ай-налысты. Магистратура мен PhD докторантурада ағылшын тілінде дəрістер оқыды.

Бекет Нұржанов «ЖОО үздік

о қ ы т у ш ы с ы » м е м л е к е т т і к грантының иегері, 100-ге жуық ғылыми мақалалардың, көптеген жеке жəне ұжымдық моногра-фиялар мен оқу құралдарының авторы. Оның «Əлемдік əдебиет тарихы», «Өнер тарихы», «Ницше философиясы», «Заманауи батыс философиясының жаңа тенден-циялары», «Модерн мен постмо-дерн мəдениеті», «Дерриданың мəдениет философиясы», «Мə-дениет тарихындағы миф пен ри-туал» пəндері бойынша оқыған дəрістері ғылыми тереңдігімен, жаңашылдығымен ерекшеленетін. Оның еңбектері отандық, кеңестік, посткеңестік ғылымда ғана емес, əлемдік философияда айрықша бағаланады. Б.Нұржанов есімі Қазақстанда ғана емес, алыс жəне шетел жұртшылығына да белгілі. Əлемнің бірқатар елдерінде халықаралық конференцияларға қатысып, баяндамалар жасады. 2007 жылдың тамыз-қараша ай-ларында Беркли (АҚШ) Кали-форния университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

Көрнекті ғалым, философ, дос жəне əріптес Бекет Нұржановтың жарқын бейнесі жадымызда əрдайым сақталады.

Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

философия жəне саясаттану факультетінің ұжымы.

Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Халықаралық қоғамдық қайырымдылық қоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» əдеби сыйлығының лауреаты, белгілі жазушы-журналист, «Қазақ» газетінің бас ре-дакторы

Қоғабай СƏРСЕКЕЕВТІҢқайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына орны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі белгілі жазушы, «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналының бас редакторы

Қоғабай СƏРСЕКЕЕВТІҢқайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

«Қуатамлонмұнай» ЖШС ұжымы біріккен кəсіпорын бас директорының орынба-сары Медет Кəрімұлы Құлжановқа ағасы

МҰРАТТЫҢқайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Шəмші Қалдаяқов көшесі, 33-үй.

Тендерге «Ақтөбе мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ теңгеріміндегі мына нысан қойылады:

№ 1 лот - Ақтөбе облысы, Темір ауданы , Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 4 ме-кенжайында орналасқан Темір ауданы бой-ынша салық басқармасының ғимаратындағы жалпы алаңы – 150,0 ш.м. үй-жай. Жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі айына – 70 318 теңге. Кепілді жарна – 28 128 теңге.

Мүліктік жалдау (жалға алу) ақысына коммуналдық қызметтер үшін төлемдер, ағымдағы жəне күрделі жөндеуге ауда-рымдар, нысанға қызмет көрсеткені үшін төлемдер қосылмайды. Бұл төлемдерді жалға алушы тікелей ведомстволық күзетке, пайдалану, коммуналдық жəне басқа да қызметтерге төлейді.

Мүліктік жалға беру шартын жасау мерзімі – 1 жыл.

Тендер талаптары:1) Банктік операцияларды жүзеге асы-

ру үшін (банктердің есептеу-кассалық бөлімшелері, «Қазпошта» АҚ) нысанды пайдалану.

2) Нысан үшін жалдау ақысының ең жоғарғы сомасын ұсыну.

Тендер жеңімпазын таңдау өлшемі:Нысан үшін жалдау ақысының ең

жоғары сомасын ұсынған жəне тендерлік құжаттамада қамтылған барлық талаптарға сай келетін тендерге қатысушы тендер жеңімпазы деп танылады. Қатысушылар ұсынған жалдау төлемінің сомалары сəйкес келген (тең болған) жағдайда, тендер комиссиясының шешімі бойынша тендерге қатысуға өтінімі бұрын тіркелген тендерге қатысушы тендер жеңімпазы болып табы-лады.

Тендер өткізу ережесі:Тендер өтетін күні отырыста тендер

комиссиясы тендерге қатысушылардың өтінімдері бар ішкі конверттерді ашады жəне олардың ұсыныстарын жариялай-ды. Конверттерді ашу алдында комиссия олардың бүтіндігін тексереді, бұл ішкі конверттерді ашу хаттамасында тіркеледі.

Конверттерді ашу жəне ұсыныстарды жа-риялау кезінде тендерге қатысушылар немесе олардың уəкілетті өкілдері қатыса алады.

Тендер қатысушы ретінде тіркеу үшін мыналарды тапсыру қажет:

Тендерге қатысуға өтініш, онда тен-дерге қатысуға үміткердің келісімі жəне тендер шартын орындау бойынша оның міндеттемесі жəне қосарланған конвер-терде сəйкесетін шарттың қорытындысы қамтылуы тиіс.

Сыртқы конвертте мына құжаттар қамтылуы қажет:

1) заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің, құрылтай құжаттардың (құрылтай шарты мен жарғының) көшірмелері жəне салысты-ру үшін түпнұсқаны міндетті көрсетумен салық төлеушінің куəлігі немесе аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері;

жеке тұлғалар үшін – жеке кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куəліктің, жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, салық төлеуші куəлігінің жəне салыстыру үшін түпнұсқаны міндетті түрде көрсетуімен үй кітапшасының көшірмелері немесе аталған құжаттың нотариалды куə-ландырылған көшірмелері;

2) акционерлік қоғамдар үшін – бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінен көшірме-үзінді; жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – серіктестік қаты-сушыларының тізілімінен көшірме-үзінді (серіктестік қатысушыларының тізілімін жүргізу жағдайында);

3) шетелдік заңды тұлғалар үшін

– қазақ жəне орыс тілдерінде нотариалды куəландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттары;

4) кепілді жарнаның аударылғандығын р а с т а й т ы н т ө л е м т а п с ы р м а с ы н ы ң көшірмесі;

5) өтінім беру сəтінде салық берешегінің болмауы туралы салық органынан анықтама.

Ішкі конвертте үміткердің жапсы-рылған конверттегі тендер шарты бой-ынша ұсынысы қамтылуы тиіс.

Ішкі конверт өтінімдер беру сəтінде жабық болуы жəне үміткер оны мөрлеуі қажет.

Өтінімдер қабылдау тігілген түрінде жалға берушінің мекенжайына құжаттардың ұсынылуымен, беттер нөмірленіп жəне соңғы беттеріне қол қойылып жəне мөр басылып расталуы тиіс (жеке тұлғалар үшін – егер мұндай болса).

Өтінімдер қабылдау ақпараттық ха-барлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне 2014 жылғы 9 желтоқ-санда сағат 11.00-де аяқталады.

Кепілді жарна Ақтөбе мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің – БСК KZ160705012170166006, БЖК KKMFKZ2A, БСН 120340000827, ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің банкі, ТБЖ-171, КБЕ 11, ММ коды 2170166 есепшотына енгізіледі. Төлемнің мақсаты – тендерге қатысу үшін кепілді жарна.

Құжаттар қабылдау жəне тендерге қатысушыларды тіркеу тендер өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап Ақтөбе қаласы, Шəмші Қалдаяқов көшесі, 33-үй, 4-қабат, 403-бөлме мекен-жайында жүргізіледі жəне тендер өткі зу-ге дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқ-талады.

Тендер өткізу жөніндегі қосымша ақпаратты 8 (7132) 54-44-54 телефоны арқылы немесе www.gosreestr.кz сайты-нан алуға болады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру нысандарын сату қағидасымен республикалық меншіктегі нысандарды сату қағидасына сəйкес жүзеге асырылады.

Сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукционға мына нысандар қойылады:

1. «Daimler Benz-201» автокөлігі, м/н Х 671 ВS, 1988 ж/ш. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау жəне қадағалау комитетінің «Респуб ликалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының балансындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Крейсер Аврора көшесі, 48. Бастапқы бағасы – 151116 теңге. Кепілді жарнасы – 22667 теңге.

2. «Daimler Benz-190» автокөлігі, м/н Х 855 ВЕ, 1984 ж/ш. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау жəне қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының балансындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Крейсер Аврора көшесі, 48. Бастапқы бағасы – 177125 теңге. Кепілді жарнасы – 26569 теңге.

3. «Toyota Hi Ace» автокөлігі, м/н Х 028 DC, 1996 ж/ш. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақы лау жəне қадағалау комитетінің «Респуб ликалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының балансындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Крейсер Аврора көшесі, 48. Бастапқы бағасы – 361535 теңге. Кепілді жарнасы – 54230 теңге.

4. «Mercedes Benz-280E» автокөлігі, м/н Х 104 ZZ, 1990 ж/ш. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау жəне қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Оңтүстік Қ а з а қ с т а н о б л ы с т ы қ ф и л и а л ы н ы ң балансындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Крейсер Аврора көшесі,48. Бастапқы бағасы – 235124 теңге. Кепілді жарнасы – 35269 теңге.

5. «ГАЗ-53» автокөлігі, м/н Х 104 BD, 1990 ж/ш. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау жəне қадағалау комитетінің «Респуб ликалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының балансындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Крейсер Аврора көшесі,48. Бастапқы бағасы – 368972 теңге. Кепілді жар-насы – 55346 теңге.

6. «Daewoo Racer» автокөлігі, м/н Х 438 ВА, 1993 ж/ш. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау жəне қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының балансындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Крейсер Аврора көшесі, 48. Бастапқы бағасы – 182870 теңге. Кепілді жарнасы – 27431 теңге.

7. «ГАЗ-3110-101» автокөлігі, м/н Х 084 СК,2002 ж/ш. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау жəне қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының балансындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Крейсер Аврора көшесі,48. Бастапқы бағасы – 98741 теңге. Кепілді жар-насы – 14811 теңге.

8. «УАЗ-31512» автокөлігі, м/н Х 439 ВА, 1992 ж/ш. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау жəне қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының балансындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Крейсер Аврора көшесі,48. Бастапқы бағасы – 78714 теңге. Кепілді жар-насы – 11807 теңге.

9 . «УАЗ-315119-017» автокөліг і , м/н Х 982 ВК, 2004 ж/ш. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта жəне су ре-сурстары министрлігінің «Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесінің балансындағы, орналасқан ме-кенжайы: ОҚО, Түлкібас ауданы, Жабағылы ауылы, Абай көшесі, 34. Бастапқы бағасы – 150792 теңге. Кепілді жарнасы – 22619 теңге.

10. «ВАЗ-21213» автокөлігі, м/н Х 047 BW, 2004 ж/ш. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта жəне су ресурстары минис-трлігінің «Ақсу-Жабағылы мем лекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік меке месінің балансындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Түлкібас ауданы, Жабағылы ауылы, Абай көшесі, 34. Бастапқы бағасы – 150792 теңге. Кепілді жарнасы – 22 619 теңге.

11. «ВАЗ-21070» автокөлігі, м/н 518 АЕ 13, 2005 ж/ш. «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК ОҚО филиа-лының балансындағы, орналасқан мекен-жайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Мəделі қожа көшесі, 1г. Бастапқы бағасы – 109053 теңге. Кепілді жарнасы – 16358 теңге.

12. «Audi A6» автокөлігі, м/н Х 321 VF, 2007 ж/ш. ҚР Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК ОҚО филиалының балансындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Төреқұлов көшесі, 2. Бастапқы бағасы – 664392 теңге. Кепілді жарнасы – 99659 теңге.

13. «ГАЗ-3110» автокөлігі, м/н Х 914 AD, 1999 ж/ш. ҚР Қоршаған орта жəне су ресурстары министрлігінің «Қазсушар» РМК шаруашылық жүргізу құқығындағы «Оңтүстікауызсу» филиалының балан-сындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Темірлан тас жол көшесі, н/з. Бастапқы бағасы – 62714 теңге. Кепілді жарнасы – 9407 теңге.

14. «ВАЗ-2106» автокөлігі, м/н Х 014 FP, 2002 ж/ш. Оңтүстік Қазақстан облысы бой-ынша экономикалық қылмысқа жəне сыбай-лас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) балансындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 3. Бастапқы бағасы – 133844 теңге. Кепілді жарнасы – 20077 теңге.

15. «ВАЗ-2106» автокөлігі, м/н Х 017 FP, 2001 ж/ш. Оңтүстік Қазақстан облысы бой-ынша экономикалық қылмысқа жəне сыбай-лас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) балансындағы, орна-ласқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 3. Бастапқы бағасы – 108522 теңге. Кепілді жарнасы – 16278 теңге.

16. «ВАЗ-21099» автокөлігі, м/н Х 016 FP, 2002 ж/ш. «Оңтүстік Қазақстан облысы бой-ынша экономикалық қылмысқа жəне сыбай-лас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) балансындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 3. Бастапқы бағасы – 190398 теңге. Кепілді жарнасы – 28560 теңге.

17. «ВАЗ-21213» автокөлігі, м/н Х 020 FP, 2004 ж/ш. Оңтүстік Қазақстан облысы бой-ынша экономикалық қылмысқа жəне сыбай-лас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) балансындағы, ор-наласқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 3. Бастапқы бағасы – 275278 теңге. Кепілді жарнасы – 41292 теңге.

18. «ВАЗ-21213» автокөлігі, м/н Х 027 FP, 2001 ж/ш. Оңтүстік Қазақстан облысы бой-ынша экономикалық қылмысқа жəне сыбай-лас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) балансындағы, орна-ласқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 3. Бастапқы бағасы – 119084 теңге. Кепілді жарнасы – 17863 теңге.

19. «Иж-Москвич-2717» автокөлігі, м/н Х 009 ВО, 2003 ж/ш. ҚР Əділет министрлігі «Оңтүстік Қазақстан облысының əділет департаменті» мемлекеттік мекемесінің балансындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 16. Бастапқы бағасы – 168490 теңге. Кепілді жарнасы – 25274 теңге.

20. «ВАЗ-21213» автокөлігі, м/н 105 AL 13, 2004 ж/ш. ҚР Қоршаған орта жəне су ресурстары министрлігі «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ балансындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Ғ.Иляев көшесі, 24. Бастапқы бағасы – 90419 теңге. Кепілді жар-насы – 13563 теңге.

21. «ВАЗ-21213-202» автокөлігі, м/н 102 AL 13, 2004 ж/ш. ҚР Қоршаған орта жəне су ресурстары министрлігі «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ балансындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Ғ.Иляев көшесі, 24. Бастапқы бағасы – 53132 теңге. Кепілді жар-насы – 7970 теңге.

22. «ВАЗ-21310» автокөлігі, м/н 107 AL 13, 2006 ж/ш. ҚР Қоршаған орта жəне су ресурстары министрлігі «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ балансындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Ғ.Иляев көшесі, 3. Бастапқы бағасы – 91506 теңге. Кепілді жар-насы – 13726 теңге.

Аукционға қатысушыларды тіркеу хабар-лама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне аукцион басталуға дейін жиырма төрт сағат бұрын 2014 жылғы 4 желтоқсанда сағат 10.00-де аяқталады. Кепілді жарна ОҚО бойынша қазынашылық департаментінің Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ-дегі мына депозиттік шотына төленеді: ИИК KZ930705012170178006, BIG KKMFKZ2A, ММ коды 2170178, БИН 120240016394, КБЕ-11, КНП-171. Банк қызметтері үшін төлем кепілді жарнаның мөлшеріне кірмейді Қатысушының хабарламада көрсетілген та-лаптарды сақтамауы, сондай-ақ сатушының шотына сауда-саттық өткізу туралы хабарла-мада көрсетілген кепілді жарнаның аукцион басталуға дейін 72 (жетпіс екі) сағат бұрын түспеуі Тізілім веб-порталында өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Аукционға қатысу үшін мыналарды көрсете отырып алдын ала Тізілім веб-порталына тіркелу қажет:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда);

2 ) з а ң д ы т ұ л ғ а л а р ү ш і н : б и з -нес сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – БСН),толық атауын, бірінші басшының тегін,

атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда);3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші

деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін;

4) байланыс деректерін (пошталық мекен-жайы, телефоны, факс, е-mail);

5) ұлттық куəландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның жарамдылығы мерзімін көрсете отырып, Тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет. Жоғарыда көрсетілген дерек-тер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға қатысуға өтінімді осы Қағидаға қосымшаға сəйкес нысан бойынша Тізілімнің веб-порталында тіркелу қажет.Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін Тізілім веб-порталында үш минут ішінде сатылатын нысан бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мəліметтердің Тізілім дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі. Тізілім дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəлімет болған жағдайда, Тізілім веб-порталында өтінім қабылдау жəне қатысушыны аукционға жіберу жүзеге асырылады.

Аукционның жеңімпазы сатып алу шартына қол қойған кезде сатушыға са-лыстыру үшін мынадай құжаттардың:

1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, заңды тұлғалар үшін: жарғының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта тіркеу) туралы анық-таманың,

2) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмелерін ұсынады.

Шетелдік заңды тұлғалар қазақ жəне орыс тілдеріндегі нотариалды куəландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттарының электрондық (сканерленген) көшірмелерін ұсынады.

Аукционға қатысушылар аукцион басталуға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдала-на отырып кіреді. Аукцион жекешелендіру нысанының бастапқы құнын аукцион за-лында автоматты түрде орналастыру жолы-мен сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бой-ынша басталады.

Сауда-саттықтың ағылшын əдісі бойын ша аукцион ережесі:

Сауда-саттықтың ағылшын əдісін қолдана отырып аукцион өткізу кезінде жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы алғашқы бағаға тең.

1) егер аукцион залында аукцион бас-талған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі Қағидада белгіленген қадамға жекешелендіру нысанының бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын са-тып алу ниетін растамайтын болса, осы жекешелендіру нысаны бойынша элек-трондық аукцион өткізілмеді деп танылады;

2) егер аукцион залында аукцион бас-талған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі осы Қағидада белгіленген қадамға жекешелендіру нысанының бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растайтын болса, бастапқы баға белгіленген қадамға артады;

3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жи-ырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру нысанының ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса,жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып табылады, ал осы жекешелендіру нысаны бойынша аукцион өткізілген болып танылады. Жекешелендіру нысаны бой-ынша сауда- саттықтың ағылшын əдісімен электрондық аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі. Жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы бағаны ұлғайтудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру нысаны бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аук-цион өткізілді деп танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады. Əрбір сатылған жекешелендіру нысаны бойын-ша аукцион нəтижелері электрондық хат-тамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, аук-цион аяқталғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде Тізілімнің веб-порталында қол қояды.

ОҚО, Шымкент қаласы, Ғ.Иляев көшесі, 24 мекенжайында жеңімпазбен сатып алу-са-ту шартына аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Бұл ретте, аукцион жеңімпазы са-лыстыру үшін түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып көрсетілген құжаттардың көшірмелерін не болмаса нотариалды куəландырылған көшірмелерін сатушыға ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.

Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан жəне 8 (7252) 21-01-59, 21-29-22 телефон-дары арқылы алуға болады.

Жекешелендіру нысандарын сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру нысандарын сату қағидасына сəйкес жүзеге асырылады.

Ағылшын əдісімен аукцион 2014 жылғы 5 желтоқсанда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10.00-ден бастап 17.00-ге дейін www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында өткізіледі.

Сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукционға республикалық меншіктегі мына нысандар қойылады:

1. «Daewoo Nexia» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі 017PK11, 2007 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда об-лысы, Арал ауданы, Қарасақал көшесі, 70. Теңгерім ұстаушы – «Қызылорда облысының прокуратурасы» ММ. Алғашқы бағасы – 74 884 теңге, бастапқы бағасы – 74 884 теңге. Кепілді жарна – 11 233 теңге.

2. «Daewoo Nexia» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі 019PK11, 2007 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда об-лысы, Қазалы қаласы, Счатнов көшесі, 38. Теңгерім ұстаушы – «Қызылорда облысының прокуратурасы» ММ. Алғашқы бағасы – 419 944 теңге, бастапқы бағасы – 419 944 теңге. Кепілді жарна – 62 992 теңге.

3. «Daewoo Nexia» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі 021PK11, 2007 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда об-лысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Қорқыт ата көшесі №2А. Теңгерім ұстаушы – «Қызылорда облысының прокуратура-сы» ММ. Алғашқы бағасы – 420 592 теңге, бастапқы бағасы – 420 592 теңге. Кепілді жарна – 63 089 теңге.

4. «Nissan Maxima» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі 018CS11, 1998 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда об-лысы, Арал қаласы, Т.Есетова көшесі, 6. Теңгерім ұстаушы – Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Қызылорда облыстық соты кеңсесі. Алғашқы бағасы – 886 637 теңге, бастапқы бағасы – 886 637 теңге. Кепілді жарна – 132 996 теңге.

5. «Skoda Octavia A4» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі 019CS11, 2008 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Əйтеке би көшесі, 29. Теңгерім ұстаушы – Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Қызылорда облыстық соты кеңсесі. Алғашқы бағасы – 312 517 теңге, бастапқы бағасы – 312 517 теңге. Кепілді жарна – 46 878 теңге.

6. «Skoda Octavia» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі 014CS11, 2008 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Əйтеке би көшесі, 29. Теңгерім ұстаушы – Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Қызылорда облыстық соты кеңсесі. Алғашқы бағасы – 994 155 теңге, бастапқы бағасы – 994 155 теңге. Кепілді жарна – 149 124 теңге.

7. «Skoda Octavia A4» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі 016CS11, 2008 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Əйтеке би көшесі, 29. Теңгерім ұстаушы – Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Қызылорда облыстық соты кеңсесі. Алғашқы бағасы – 331 385 теңге, бастапқы бағасы – 331 385 теңге. Кепілді жарна – 49 708 теңге.

8. «Skoda Octavia» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі 026CS11, 2007 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда облы-сы, Жаңақорған ауданы, Амангелді Иманов көшесі 107. Теңгерім ұстаушы – Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Қызылорда облыстық соты кеңсесі. Алғашқы бағасы – 938 194 теңге, бастапқы бағасы – 938 194 теңге. Кепілді жарна – 140 730 теңге.

9. «Toyota Camry» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі 016PK11, 2007 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда об-лысы, Шиелі ауданы, Достық көшесі, 11. Теңгерім ұстаушы – «Қызылорда облысының прокуратурасы» ММ. Алғашқы бағасы – 1 684 134 теңге, бастапқы бағасы – 1 684 134 теңге. Кепілді жарна – 252 621 теңге.

10. «Ваз-2106» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N564KP, 2003 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Жібек жолы көшесі, 8. Теңгерім ұстаушы – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «ЗК-169/5 мекемесі» РММ. Алғашқы бағасы – 178 761 теңге, бастапқы бағасы – 178 761 теңге. Кепілді жарна – 26 815 теңге.

11. «Ваз-210994» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі 025CS11, 2008 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Əйтеке би көшесі, 29. Теңгерім ұстаушы – Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Қызылорда облыстық соты кеңсесі. Алғашқы бағасы – 290 229 теңге, бастапқы бағасы – 290 229 теңге. Кепілді жарна – 43 535 теңге.

12. «Газ-31105-120» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N567КР, 2004 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Жібек жолы көшесі, 8. Теңгерім ұстаушы – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «ЗК-169/5 мекемесі» РММ. Алғашқы бағасы – 105 789 теңге, бастапқы бағасы – 105 789 теңге. Кепілді жарна – 15 869 теңге.

13. «Паз-320530» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N313AR, 2003 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Жібек жолы көшесі, 8. Теңгерім ұстаушы – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «ЗК-169/5 мекемесі» РММ. Алғашқы бағасы – 224 166 теңге, бастапқы бағасы – 224 166 теңге. Кепілді жарна – 33 625 теңге.

14. «Daewoo Nexia» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі 022PK11, 2007 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда облы-сы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Абай көшесі, 18А. Теңгерім ұстаушы – Қызылорда облысының прокуратурасы» ММ. Алғашқы бағасы – 562 244 теңге, бастапқы бағасы – 562 244 теңге. Кепілді жарна – 84 337 теңге.

15. «Chevrolet Niva» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N555АЕ, 2005 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ы.Жақаев көшесі, 67 (№4 оқу ғимараты). Теңгерім ұстаушы – Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті. Алғашқы бағасы – 205 245 теңге, бастапқы бағасы – 205 245 теңге. Кепілді жарна – 30 787 теңге.

16. «Газ-2705-14» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N263BB, 2006 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Жібек жолы көшесі, 8. Теңгерім ұстаушы – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «ЗК-169/5 мекемесі» РММ. Алғашқы бағасы – 122 945 теңге, бастапқы бағасы – 122 945 теңге. Кепілді жарна – 18 442 теңге.

17. «Газ-330700-1012» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N508BD, 2005 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Жібек жолы көшесі, 8. Теңгерім ұстаушы – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «ЗК-169/5 мекемесі» РММ. Алғашқы бағасы – 407 016 теңге, бастапқы бағасы – 407 016 теңге. Кепілді жарна – 61 053 теңге.

Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне аукцион басталуға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады.

Кепілді жарнаны төлеу деректемелері: Қызылорда мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің есебіне

KZ690705012170173006, СТН 331000024812, ЖСН 120240012084, BIC KKMFKZ2A, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Қызылорда об-лысы бойынша қазынашылық департаменті, ММ коды 2170173, КНП 171, КБЕ 11, Қызылорда қаласы, Д. Қонаев көшесі, 7А.

Назар аударыңыз! Қатысушының хабар-ламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сатушының шотына сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сауда-саттық басталуға дейін жетпіс екі сағат бұрын түспеуі Тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Аукционға қатысу үшін мыналар-ды көрсете отырып, Тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:

1) жеке тұлғалар үшiн: жеке сəйкестендіру нөмірі (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшiн: бизнес сəйкестендіру нөмірі (бұдан əрі – БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты, əкесінің аты (бар болса);

3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін;

4) байланыс деректері (пошталық мекен-жайы, телефоны, факс, е-mail);

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ-мен қол қойылған өтінімді жекешелендіру нысандарын сату қағидасына сəйкес нысан бойынша Тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет. Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін Тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген сату нысаны бой-ынша кепілді жарнаның түсуі туралы мəліметтердің Тізілімнің дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тек-серу жүргізіледі. Тізілімнің дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəліметтер болған жағдайда, Тізілімнің веб-порталында өтінім қабылдау жəне қатысушыны аукционға жіберу жүзеге асырылады. Тізілімнің дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəлімет болмаған жағдайда, Тізілім веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады.

Тізілімнің веб-порталы автоматты тек-серу нəтижелері бойынша Тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электронды мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

Аукционға жіберілген қатысушыға Тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат етіледі.

Аукционның жеңімпазы сатып алу-са-ту шартына қол қойған кезде сатушыға салыстырып тексеру үшін мынадай құжаттардың:

1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың;

2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не анықтаманың;

заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете оты-рып, олардың көшірмелерін не нотариатта куəландырылған көшірмелерін ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары салысты-рып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.

Сауда-саттықтың ағылшын əдісі бой-ынша электрондық аукцион ережесі

Аукционға қатысушылар аукцион басталуға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдала-на отырып кіреді. Аукцион жекешелендіру нысанының бастапқы құнын аукцион за-лында автоматты түрде орналастыру жолы-мен сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бой-ынша басталады.

1) Егер аукцион залында аукци-он басталған сəттен бастап жиырма ми-нут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі қағидамен бекітілген қадамға жекешелендіру нысанының бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын са-тып алу ниетін растамайтын болса, осы жекешелендіру нысаны бойынша аукцион өткізілмеді деп танылады;

2) егер аукцион залында аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі қағидамен бекіт ілген қадамға жекешелендіру нысанының бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растайтын болса, бастапқы баға белгіленген қадамға артады;

3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жи-ырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру нысанының ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру ны-санын сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру нысаны бойынша аукцион өткізілді деп танылады.

Жекешелендіру нысаны бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі.

Жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы бағаны ұлғайтудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жеке-шелендіру нысаны бойынша сауда-сат-тықтың ағылшын əдісімен аукцион өткізілген болып танылады, бұл ретте бас тапқы бағаның екі қадамға өсуін ке-мінде екі қатысушы жүзеге асырады. Бас тапқы баға – əрбір жекешелендіру нысаны бойынша сауда-саттық бастала-тын баға. Алғашқы баға – тəуелсіз баға-лаушының бағалау туралы есебін ескере отырып, мемлекеттік меншік нысандарын жекешелендіру мəселелері жөніндегі ко-миссия белгілейтін баға.

Əрбір сатылған жекешелендіру ныса-ны бойынша аукцион нəтижелері аукцион нəтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi Тізілімнің веб-порталында қол қояды.

Аукцион нəтижелері туралы хаттама аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру нысанын сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат бо-лып табылады. Қызылорда қаласы, Д.Қонаев көшесі, 7А мекенжайында жеңімпазбен са-тып алу-сату шартына аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспай-тын мерзімде қол қойылады.

Жылжымайтын мүлікті жекешелендіру кезінде Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сəйкес жер учаскесіне құқық сатып алушыға өтеді.

Жер учаскесінің кадастрлық (баға-лау) құнын сатып алушы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сəйкес бөлек төлейді.

Аукцион өткізу туралы қосымша ақпа-ратты www.gosreestr.kz сайтынан жəне (87242) 30 11 64 телефоны арқылы алуға болады.

Бекет Ғалымжанұлы НҰРЖАНОВ

Қазақстан Республикасы, 120008, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ш. Есенов көшесі, 1А мекенжайы бойынша орналасқан «ТОРҒАЙ-

ПЕТРОЛЕУМ» АҚ келесі мүліктерді сатуға ашық конкурс өтетіндігін хабарлайды:№ Конкурс

нысаны(лот-

тардың атауы):

Сатылатын мүліктің саны

Мүлікті қабылдау-өткізу орны

Конкурс-тық

өтінімдерді ұсынудың

ақырғы мерзімі

Конверт-терді ашу уақыты (Астана

уақытымен)

Конверт-терді ашу

күні

Өлшем бірлігі

Саны

1 15-1556-06 маркалы теміржол цистерна

вагондары

Дана 300 Келесі стансалардағы теміржол вагондарының

уақытша тұрақтауына арналған теміржолға

кіретін бағытта: Қазығұрт (коды 698704), Арыс 1 (коды 698004), Шағыр (коды 697406), Сайрам (коды 698803)

2014 жылғы 24 қараша

Сағат 10.00

Сағат 15.00 2014 жылғы

24 қараша

Конкурсқа конкурстық құжаттамаларға сəйкес конкурстық өтінімдерді берген заңды жəне жеке тұлғалар жіберіледі. Сапасы, номенклатурасы, техникалық сипаттамасы конкурстық құжаттамада баяндалған. Конкурстық құжаттаманы алу үшін ресми бланкіде бірінші басшының қолын қою, конкурстың нысанын (лот №), банктік деректемелерді, заңды жəне нақты мекенжайларды, СТН, ҚҚС бойынша есепке тұрғызу куəлігінің № мен күнін, ЖСН/БСН көрсету арқылы хатты жол-дау керек.

Конкурстық құжаттаманы Қазақстан Республикасы, 120008, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ш.Есенов көшесі, 1А, «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ кеңсесі мекенжайы бойынша сағат 8.30-ден 17.00-ге дейін немесе [email protected] электронды мекенжайы бойынша конкурстық құжаттаманы алуға өтінімді ұсынғаннан кейін алуға болады.

Конкурстық өтінімдер Қазақстан Республикасы, 120008, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ш.Есенов көшесі, 1А, «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ кеңсесі мекенжайы бойынша сағат 8.30-дан 17.00-ге дейін қабылданады.

Ашық конкурсты дайындау мен өткізуге жауапты: Асанханов Қайрат Қожабекұлы.Байланыс телефоны: 8 (7242) 26-20-35.

Подлинники следующих правоустанавливающих документов на объекты недвижимости ТОО СП «Кока-Кола Алматы», находящиеся в городе Алматы, в связи с их утерей считать не-действительными:

1) Акт о приемке законченного строительного объекта за № 207 от 10.09.1998 г. с отметкой о государственной регистрации от 23.12.1998 г.;

2) Акт о приемке законченного строительного объекта за № 208 от 10.09.1998 г., с отметкой о государственной регистрации от 23.12.1998 г.;

3) Приказ № 215 от 08.09.2003 г. и Приказ № 92 от 24.09.2007 г. Территориального комитета госимущества и приватизации города Алматы, с отметкой о государственной регистрации от 27.09.2007 г.;

3) Акт приемочной комиссии о приемке построенного объекта в эксплуатацию за № М1160 от 30.05.2011 г., с отметкой органа о государственной регистрации от 09.08.2011 г.

Қазақстандық жастардың спортқа, оның ішінде боксқа деген ынтасы жылдан-жылға артып келеді. Қазақстан Республикасы Бокс федерациясының президенті Т.А.Құлыбаевтың қолдауымен қазақ боксы бүкіл əлемге танымал. Бұл спорт түрі Жамбыл облысында ерекше белең алған. Шу ауданынан шыққан былғары қолғап шеберлері, кезінде бокстан еліміздің бас бапкерлері болған Ю.А.Цхай, С.Төлейбаев, Д.Буданбековтердің ізбасарлары бұл спорт түрін лайықты жалғастыруда. Қазақстан Республикасы Бокс федерациясының вице-президенті Ю.А.Цхайдың бастамасымен ауылдық жерде боксты дамыту, Шу ауданы боксшыларын əлемдік аренаға шығару жəне жас жеткіншектердің осы спортпен айналысуына жан-жақты жағдай жасау мақсатында Шу ауданында боксты дамыту қорын ашты. Қордың құрылтайшылары – А.Р.Қасенов, Қ.Қ.Сыздықбаев, Ғ.Ж.Райсов.

С каждым годом все больше растет интерес казахстанской молодежи к спорту, в частности и боксу. При поддержке президента Федерации бокса РК Т.А.Кулибаева Казахстанский бокс известен всему миру. Этот вид спорта особо развит в Жамбылской области. В данное время хорошо развивается бокс и Шуском районе Жамбылской области. Нынешняя молодежь достойно продолжает путь налаженный выдающимися выходцами из Шуского района, такими как бывшие главные тренера страны по боксу Ю.А.Цхай, С.Тулейбаев, Д.Буданбеков. По инициативе вице-президента Федерации бокса РК Ю.А.Цхая для развития бокса в сельской местности, для выхода на между-народную арену боксеров из Шуского района и создании всяческих условии для при-влечения подростков к этому виду спорта был создан фонд развития бокса в Шуском районе, учредителями которых являются А.Р.Касенов, К.К.Сыздыкбаев, Г.Ж.Райсов.

«№405 авиажөндеу зауыты» акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: ҚР, Алматы қ., Ахметов к-сі, 17, «№405 авиажөндеу зауыты» АҚ-тың Summerside Invesments S.a.r.l. компаниясымен ірі мəміле жасау туралы шешімді Директорлар кеңесі 2014 жылғы 4 қарашада қабылдағаны жөнінде өзінің кредиторларына жəне акционерлеріне хабарлайды. Кредиторлар мен акционерлерді қызықтыратын ақпарат мына телефон арқылы беріледі: 8 (727) 246-60-43, қосымша 147.

Акционерное общество «Авиаремонтный завод №405», находящееся по адресу: РК, г. Алматы, ул. Ахметова, 17, информирует своих кредиторов и акционеров о принятии 4 ноября 2014 года Советом директоров решения: о заключение АО «Авиаремонтный за-вод №405» крупной сделки с компанией Summerside Invesments S.a.r.l. Интересующая кредиторов и акционеров информация предоставляется по тел. 8 (727) 246-60-43, доб.147.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМААқтөбе мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2014 жылғы 10 желтоқсанда сағат 11.00-де мемлекеттік

республикалық мүлік нысанын мүліктік жалға беру жөнінде тендер өткізу туралы хабарлайды

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМАОңтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2014 жылғы 5 желтоқсанда сағат 10.00-ден бастап 17.00-ге дейін www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында республикалық меншіктегі ны-

сандарды сату жөнінде электрондық аукцион өткізу туралы хабарлайды

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, САУДА-САТТЫҚ!Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік

жəне жекешелендіру комитетінің Қызылорда мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті республикалық меншіктегі нысандарды сату

жөнінде сауда-саттық өткізу туралы хабарлайды

Page 13: Egemen · (Соңы 4-бетте). Оймақтай ой Бүгінгі нөмірде: 7-бет 8-бет 10-бет Балтамен жəне пы шақ-пен қаруланған

19 қараша 2014 жыл

www.egemen.kz 13өкілдерінен жасақталған тұрақты а р м и я қ ұ р ы л а т ы н ы н х а б а р л а -ды. 1945 жылы наурызда бүкіл Іле өлкесі гоминдандықтардан тазарты-лып, көтеріліс Шыңжаңның басқа аймақтарында да бел алды. Сол жылы Қалибек əкім бастаған көтерілісшілер Қызылөзен стратегиялық бекінісін ба-сып алып, гоминдандықтардың жолын кесіп тас тады. Боротола – Сайрамкөлде көтерілісшілерге жергілікті қазақтар мен қалмақтар қолдау көрсетті . Үкімет қаулысы бойынша ерікті көтерілісшілер есебінен Ахметжан Қасымидың басшылығымен тұрақты

армия жасақталып, ол туралы 1945 жылы көктемде ресми мəлімдеме жа-салды. Армияда қытайлардан басқа Шыңжаңды мекендеген барлық ұлт өкілдері қызмет ете алатын болды. Əскердің көпшілік бөлігін: ұйғыр, қазақ орыстар құрады. Сонымен қатар, Шығыс Түркістан Республикасы армия-сы құрамына дүнген, моңғол атты ди-визиондарымен бірге сібе атты полкі де кірді. Армия құрамында атты-жаяулы 8 полк пен 6 дивизион болды. Жаудан азат етілген аймақтар мен уездердегі парти-зандар есебінен армия құрамы қосымша полктармен үздіксіз толықтырылып отырды. Шығыс Түркістан Республикасы жеңістерін баянды ету мақсатында Мұзарт асуында Қашқар жақтан төнген қауіпті қырғыз халқының өкілі гене-рал Ысқақбек Муниновтың дивизиясы қорғап тұрды. Іле аймағындағы генерал И.Г.Полиновтың басқаруындағы ди-визия негізгі алғы шепті қорғады. 1945 жылы мамырда полковник Ф.И.Лескин басқарған атты əскер полкі Боротола арқылы Тарбағатай аймағын азат етуге Шəуешек пен Дөрбілжін аудандарындағы партизандарға қосылуға аттанды. Шəуешек азат етілген соң ондағы жергілікті қазақтардан толыққанды атты əскер бригадасы мен жеке атқыштар батальоны құрылып, Шиху аймағында шайқасып жатқан генерал И.Г.Полиновқа көмекке жіберілді. Тарбағатайды азат ет-кен Ф.И.Лескиннің атты əскер бригада-сы 1945 жылы шілдеде Алтай аймағына бет алып, Қобықтағы гоминданның

аса ірі əскери гарнизонын талқандап, қара Ертістің оң жағалауына өтті де қыркүйектің басында Сарысүмбеге беттеді. Осы уақытта қалаларға бекінген гоминдань гарнизондарын əлсірету үшін Дəлелхан Сүгірбаевтың партизандары олардың Үрімжімен арадағы байланы-сын үзіп, жабдықтау жолдарын кесіп тастады.

1945 жылы қыркүйектің ортасында Еренқабырғадан басталып Іле аймағын, Боротола-Сайрамкөлді, Тарбағатай, Алтай аймағы мен Манас өзенін бойлаған майдан шебі қалыптасты. Шыңжаңдағы жағдай бақылаудан шығып кеткенін көрген генералиссимус Чан Кайши 1945 жылы қыркүйекте радиодан сөйлеп «Үш аймақ өкіметінің» жергілікті автономия құқығын мойындап Шығыс Түркістан Республикасы басшыларын Шыңжаңда біріккен Үкімет құруға келіссөздер жүргізуге Үрімжіге шақырды. Шығыс Түркістан Республикасының 12 мыңдық армиясына гоминданның 100 мыңдық қосындары қарсы тұрғанын ескеріп, 1945 жылы қазанда Үкімет делегаци-ясы Үрімжіге келді. Қытай жағынан келіссөзді Чан Кайши Шыңжаңның бастығы етіп тағайындаған генерал Чжаң Чжичжун Шығыс Түркістан Республикасы жағынан Ахметжан Қасыми басқарды. 3 айға созылған келіссөздерден кейін 1946 жылы қаңтарда «11 тараулы келісім» жасалып, біріккен Үкімет құрамы белгіленіп, оған 15 адам жергілікті ұлттардан, 10 адам го-миндань басшылығынан тағайындалды. Тілдер теңдігі, сөз, баспасөз, жиын, ұйым

құру бостандықтары жарияланып, ішкі, сыртқы саудалардың еркіндігі бекітілді. Шығыс Түркістан Республикасы өзінің қарулы күштерін сақтап қалды. 1946 жылы маусымда «11 тараулы келісімді» Чан Кайши бекітті. Шығыс Түркістан Республикасы жағынан біріккен Үкімет құрамына Ахметжан Қасыми, Əбдікəрім Аббасов, Дəлелхан Сүгірбаев жəне тағы басқалары кірді.

1948 жылы Қытайдағы азамат соғысы аяқталу шегіне таяп, гоминдань барлық майданда жеңілістен соң жеңіліске ұшырады. Сөйтіп, Чан Кайшидің Шығыс Түркістан Республикасына қарауға мұршасы болмады. Ал бейбіт жолға түскен «үш аймақ үкіметі» экономикасының дамығаны соншалық, ондағы бағалар Шыңжаңның басқа аймақтарынан 5-12 есе төмен болды. 1949 жылы жазда Қытайдағы гоминданьдықтар түпкілікті талқандалды. Коммунистік Қытай Халық Республикасын жариялау үшін күзде Саяси Консультациялық Кеңес шақырылу ұйғарылды. Мао Цзедун «үш аймақ төңкерісін» қытай төңкерісінің құрамдас бөлігі деп жариялап, Шығыс Түркістан Республикасы делегаттарын Пекинге шақырды. 1949 жылы тамызда Пекинге қарай ұшып шыққан бортында Шығыс Түркістан Республикасының 17 Үкімет мүшесі бар ұшақ Гоби шөлінің үстінде құлап, бəрі мерт болды. Содан соң Қытай астанасына Сайфуддин Азиз бастаған жаңа делегация барып ШТР-дың ҚХР-ға қосылуына келісті. 1949 жылы 1 қазанда Пекинде Тяньанмынь алаңында ҚХР-дың құрылғаны жарияланды да 20 күннен соң Қытай ұлт-азаттық армиясының бөлімдері Үрімжіге кірді. Шығыс Түркістан Республикасының қарулы күштері 1950 жылы қаңтарда Ф.И.Лескиннің басқаруымен ҚХР əскері құрамына 5-ші корпус ретінде қосылды. Осылайша Қытай қазақтарының тəуелсіздік жолындағы күресі нəтижесіз аяқталды.

– Ал аға, енді өзіңіз жайлы айтсаңыз, – дедім мен осы араға келгенде қарияға. – Əскери өмірбаяныңыз қалай басталып, жалғасты жəне қалай аяқталды?

– Сол жоғарыда айтқан 1948 жылы қазан айында бізді, 200 жігітті Майтаудағы бұрынғы гоминдань əскерлерінен қалған казармаларға орналас тырып, № 2 Қобық атты полкінің құрамына алды, – деді ағамыз сəл ойла-нып барып. – Орталықта 2 ай үйретіп, жігіттерді полк бөлімдеріне таратты. Мені кезінде жаудан қолға түскен 82 мм. миномет ротасына жіберді. 1 миномет расчетында 3 əскер болды: біреуі атқыш, біреуі ствол көтеріп көздегіш, біреуі оқ тасушы. Оқ тасушының аты есімде жоқ, ал Қауызбай деген жігіт көздегіш бол-ды. Рота командирі, руы албан, капитан Бектемісов Тайшыман деген азамат еді. 1955 жылы Қазақстанға өтіп, Алматы түрмесінің сая си істер жөніндегі орынба-сары болды. Полкіміздің командирі үнемі сəнді таяқ ұстап жүретін подполковник Мəметхан деген өзбек, комиссарымыз кейіннен белгілі этнограф ғалым, 90 жастан асып қайтыс болған подполков-ник Жағда Бабалықов болатын. Осында небір ерекше азаматтармен қызметтес болдым. Соның бірі – қазіргі ардақты азамат Мұхтар Құл-Мұхаммедтің туған нағашысы, ат фельдшері болған руы тарақты марқұм Ноғаев Зəкəрия еді. Сегіз қырлы, бір сырлы, өзі əнші, дом-бырашы өнерпаз жігіт болды. Маған көп аттың ішінен мініске өте жарамды бір жылқы таңдап берді. Зəкəрияның өзі армияда 1946 жылдан бастап қызметте екен. Содан 1949 жылдың қазан айының басында полкіміз Манас өзенінің бойы-на барып орналасты. Сол жерде Шығыс Түркістан Республикасының ҚХР-ға қосылғанын естідік. Осыдан соң пол-кта өзгерістер болып, желтоқсан айын-да мен қызмет еткен ротаны командирі КСРО-дан келген Мағруф деген татар жігіті Шихуды азат еткен Пышанлық атқыштар полкіне қосты. Одан кейін 1950 жылы 150 сарбазды ішінде 32 қазақ бар командиріміз Əнкежанов Ахметбайдың жетекшілігімен Оспан батырдың шегінген жолын кесуге Тұрфанға апарды. 1951 жылы Оспан тұтқынға түсіп, Үрімжіде атылған соң, біздің əскери бөлімді Ганьсу-Цинхай өлкесіндегі Еренқабырға тауына жіберді. Айдалада ашығып, дəрігер жоқ, ауырып, əрең дегенде 1952 жылы қыста қайтадан Тұрфанға келдік. 1952 жылы нау рызда біздің əскери бөлімді Іле аймағына жіберіп, сол жерде қара жұмысқа жегілдік: канал қаздық, күріш ектік. 1953 жылы қазан айында бөлімшемізді қайта жасақтап Құлжа мен Қорғас бағытына орналастырды. Мен денсаулығыма бай-ланысты 1953 жылы əскерден босап, Бүргентекшедегі əкемнің үйіне оралдым.

Жазуым əдемі, көркем болғандықтан 1954 жылдан 1959 жылға дейін Шəуе-шектегі Кеңес консулдығының Шаған-тоғайдағы бөлімшесінде қызметкер болдым. 1959 жылы Қазақстанға қай-тып, атамекеніміз Қабанбай ауылына орналасып, 1991 жылға дейін ұжымшар, кеңшарларда бригадир, есепші, технолог жəне тағы басқа жұмыс тарды атқарып зейнеткерлікке шықтым, – деп Мұ -қаметқан ақасақал əңгімесін тəмамдады.

Шығыс Қазақстан облысы.–––––––––

Суретте: Мұқаметқан Дайыр-ханұлы. 1948 жыл.

ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА

Алаш арыстары Шығыс Түркістанға барған соң жатпай-тұрмай мектеп-мед ресе ашып ұлт-азаттық жолында үгіт-насихат жүргізді. Бұлардың ісін жергі лікті көзі ашық тұлғалар: Ақыт Үлім жіұлы, Шəріпхан Көгедайұлы, Əбу Құдыш ұлы, Нұртаза Шалғымбаев, Таңжа рық Жолдыұлы, Мақсұт Сасанұлы, Баймол да Қареке, Шарғын Алғазыұлы, Жабық бай Бұлғыншыұлы жəне тағы басқа Кеңес үкіметі қуғынынан Қытайға ауыл-ай ма ғымен ауып барған азаматтар қызу қол дап, ұлтты азат етудің қимылына кірісті.

Міне, осындай іштей де, сырттай да əбден пісіп-жетілген саяси əлеуметтік жағдай Шығыс Түркістандағы жергілікті халықтарды қолына қару алып ұлт-азат тығы үшін атқа қонуға мəжбүр етті. Əсіресе, қазақтар шоғырланып, қоныс танған Алтай, Тарбағатай, Іле өңірлерінің түкпір-түкпірінде халық жаппай атқа қонды. Көтеріліске Алтайда Оспан батыр, Тарбағатай өлкесінің Манас-Сауан жерінде Қалибек əкім, Іле аймағында Əкпар, Сейіт батырлар басшылық етті. Осы көтерілістердің нəтижесінде ХХ ғасырдың бел ортасында бес жылдай (1944-1949ж.ж) өмір сүрген əйгілі Шығыс Түркістан Республикасы өмірге келді. Міне, бұл оқиға қазақ халқының ХХ ғасырда тəуелсіздікке қол созған екінші ірі талпынысы еді. Сол күндердің тірі куəгері, бүгінде Шығыс Қазақстан облысының Қабанбай ауылын-да тұрып жатқан Шығыс Түркістан халық армиясының ең соңғы сарбазы жасы 83-ке келген Құмғанбаев Мұқаметқан Дайырханұлы ақсақалмен кездесіп, ол кісіден сол отты күндердің хикаяларын айтып беруді сұрап едім. Жасы ұлғайса да ағамыз əлі тың, жүріс-тұрысы қунақ, жады таңғаларлықтай екен.

– Мен 1931 жылы 25 маусымда Шың-жаңның Шағантоғай ауданы Үскі елді мекенінде Манағаш – Сартөбе жайла-уында дүниеге келіппін, – деп бастады əңгімесін қария. 1940 жылы 9 жасымда Үскідегі бастауыш мектепке бардым, мұғаліміміз кезінде алаш зиялысы болған Əбенов Мұқатай деген өте білімді кісі еді. Кейіннен Қазақстанға келіп көп жа-сап, бертінде қайтыс болды. Мұқатайдан төрт жыл оқып бастауыш мектепті 1944 жылы аса үздік бітірдім, əсіресе ма-тематика, тарих, əдебиет, табиғаттану сабақтарынан оқушылардың алды бол-дым. Əрі қарай оқуға мүмкіндік бол-май 1948 жылға дейін төрт жыл əкемнің қойын бақтым. Сол жылы қыркүйек айында ағам Ахметханның орынына Шығыс Түркістан Республикасының халық армиясына қатардағы сарбаз ретінде қызметке алындым.

Осы араға келгенде мен: «Аға, осы арадан тарихи шегініс жасап, Шығыс Түркістан Республикасы мен оның арми-ясы туралы кеңінен баяндап берсеңіз?» – деп сұрадым.

– Жарайды, қарағым, – деді əңгіме иесі. – Шыңжаң өлкесінің Кеңес импе-риясы үшін үлкен стратегиялық маңызы болды. Атап айтқанда, мұнда 2000 км ортақ шекара мен аймақтың астанасы Үрімжінің КСРО-ға өте жақындығы ерек-ше есепке алынды. Сондықтан Шыңжаң өлкесіндегі тұрақтылық КСРО-ға ауадай қажет еді. Өзінің ішкі-сыртқы саясатында панисламизм мен пантюркизмге өлердей қас Совет Одағы аймақтағы мұсылман халықтарының ұлт-азаттық жолындағы күресін басып-жаншуда өлкедегі қытай өкіметіне жан аямай көмектесіп отырды.

Себебі, дінге қарсы Кеңес өкіметіне Қытаймен ортада пайда болатын мұсылман мемлекетінің еш қажеттігі жоқ еді. ХХ ғасырдың 20-шы жылдарын-да Шыңжаң халқының 60 пайызы ұйғыр, 7,7 пайызы қазақ болды, мұның сыртында өлкені 60 мың қырғыз, 20 мың тəжік, 15 мың өзбек, 2 мың татар сияқты мұсылман халықтары мекендеді. Қытайлар өлке халқының тек 12 пайызын құрады, мұсылман емес халықтардан 8,7 пайы-зы моңғолдар жəне 30 мың орыс болды.

Кеңес өкіметі бас кезінде əлсіз бол-ғандықтан халықаралық жанжалдан қорқып Шыңжаңды тікелей аннексиялай алмады, бір жағынан өлкеде Жапония мен Ұлыбританияның тікелей мүдделері болды. Кеңес Одағының Шыңжаң

өкіметіне ең бірінші берген көмегі өлкеге қашып паналаған ақ гвардияшылардың Дутов, Анненков, Бакич, Остроухов, Шишкин, Новиков сияқты басшылары-на қысымы еді. Себебі, олардағы 50 мың солдат, офицерлер Бакичтің қол асты-на бірігіп, Қытай үкіметіне бағынбай, жергілікті əскерлердің қаруларын тар-тып ала бастады. Осыған байланысты Шыңжаңның əміршісі Кеңес өкіметінен көмек сұрады. Түркістан майданы мен Шыңжаң өкіметінің арасындағы 1921 жылғы келісім бойынша қызыл армия бөлімдері Шыңжаңға кіріп, 1921 жылы мамыр-маусым айлары мен қыркүйекте Бакичтің армиясын тас-талқан етті. Моңғолияға қашқан Бакич тұтқынға алы-нып, 1922 жылы мамырда Кеңес əскери трибуналының үкімімен атылды.

Екінші рет Кеңес Одағының Шыңжаң-дағы қытай билігін сақтап қалуы 1931-1934 жылдары өлкедегі мұсылман халық-тарының көтерілісін қанға бояп басуға көмектескені еді. 1931 жылы сəуірде Құмыл мен Тұрфанда жəне қазақтар мекен деген Баркөлде Қытай билігіне қарсы панис ламдық жəне пантюркистік ұрандарды көтерген ұйғыр, дүңген, қазақ, моңғол жəне тағы басқа халықтардың көтерілісі бұрқ етті. Оларға көршілес Ганьсу өлкесінен генерал Ма Чжунин бастаған дүнген əскерлері көмекке келді, көтеріліс күш алып алдымен Үрімжіге, онан соң Шиху, Манас, Дөрбілжін, Шəуешекке де жетті. Бұнымен қатар 1933 жылы Қашғарияда ұйғырлар көтеріліп, Шығыс Түркістан Ислам Республикасын жариялады. Шыңжаң өлкесінің жергілікті үкіметі тағы да КСРО-дан көмек сұрады. Кеңес үкіметі көтерілісшілерді басуға белсенді көмектесті. Алдымен Тұрфан ауданында Қытай генералы Шен Шицай бастаған əскерге Жапониямен соғыста Маньчжуриядан шегініп, Кеңес тер-риториясына өткен генерал Ма Дудың бірнеше мың əскерін Моңғолия тер-риториясы арқылы өткізіп, көмекке жіберді. 1933 жылы қарашада Үрімжіден Шəуешекке дейінгі көтерілісшілерді басу үшін Кеңес үкіметі ақ гвардияшылардың атын жамылып бүркенген қызыл гене-рал Волощиннің Алтай жəне Тарбағатай атты екі бригадасын жіберді. Сонымен қатар, Шыңжаң өкіметі жағында соғысып жүрген ақ гвардияшыларға да қаржылай көмек беріп отырды. Бұл жөнінде СОКП орталық комитетінің К.Е.Ворошилов бастаған Саяси Бюро комиссиясын 1933 жылы «Шыңжаңдағы іс əрекет ди-рективасын» қабылдады. Осы құжатта дүнген генералы Ма Чжуин бастаған əскер қосындарын жою, өлкедегі қытай өкіметін сақтап қалу шарала-ры бекітілді. Шыңжаңға кірген Кеңес əскері мен өлкедегі ақ гвардияшылардың қалдықтарына Кеңес мемлекеті сая-си басқармасы шекаралық күзетінің бастығы М.П.Фриновский, кейіннен оны алмастырған И.К.Кручинкин басшылық етті. Сөйтіп, Қытай Шыңжаңдағы билігін əупіріммен сақтап қалды.

1937 жылы қытай-жапон соғысы басталғаннан кейін Қытайды кеңес қару-жарағымен қамтамасыз ететін бірден-бір қауіпсіз маршрут Шыңжаң өлкесі арқылы өтті. Осы мақсатпен сол жылы Қытай жұмысшылары ұзындығы 2925 шақырым болатын Сарыөзек – Үрімжі – Ланьчжоу тас жолын салуды бастады. Бұл жолдың 1530 шақырымы өлке аумағымен өтті. Тас жол Кеңес өкіметінің тарапынан мұқият қорғалды. Бұл үшін қарамағында750 ав-томашинасы бар ерекше əскери бөлім құрылды. Оның құрамында танкистер, артиллеристер, автобатальон, саперлар, байланысшылар, шаруашылық жəне дəрігерлік бөлімдер болды.

Өлкенің басшысы Шен Шицай Кеңес өкіметімен өте күрделі екіжүзді саясат жүргізді. Сталинге жағу үшін ол: «Шың -жаңда өлке өкіметін құлату үшін басшы-сы Үрімжідегі КСРО-ның бас консулы Апресов болып табылатын троцкийшілер ұйымын əшкереледім», – деді. Апресов КСРО-ға шақыртылып алынып атыл-ды. Ал Шыңжаң бойынша басым бөлігі өлкенің көрнекті өкілдері болып табыла-тын бейкүнə 400 адам өлтірілді. 60 мың адам түрмелерге тоғытылды. Сөйтіп, Шен Шицай бір оқпен екі қоян атты. Ол Ста линге: «Троцкийшілердің ұясын талқан дадым», – десе, өз тарапынан: «Осы қауіпті болады-ау, келешекте ұлтты бастайтын осылар-ау», – деп қауіптеніп

небір қасқа-жайсаң оқыған, білімді ұлт көсемдері мен ұлт зиялыларының көзін жойып тынды.

Əккі Шен Шицай 1941 жылы Германия КСРО-ға соғыс бастағаннан кейін Кеңес үкіметінен теріс айналды. Қытайдың орталық өкіметіне бағынбай, одан бөлек саясат жүргізіп, оның дирек-тиваларын орындамаған ол 1942 жылы неміс əскерлері Кеңес жеріне дендеп еніп, Сталинград іргесіндегі Волгаға жеткенде генералиссимус Чан Кайшимен келісімге келді. Шен Шицаймен келісуге 1942 жылы тамызда Үрімжіге Чан Кайшидің əйелі Сун Мейлин ұшып келді. Осыдан соң Шен Шицай Кеңес өкіметімен барлық байланысты үзді, кеңес консулдықтарын, сауда ұйымдарын жапты. Осыдан соң халықты аштық, қайыршылық, адам мен

мал аурулары жайлады. Бұл жөнінде сол кезде Қазақ КСР-інің Зай сан ауданына босып келген Қытайдағы Жеменей уезі-нің қазақтарын оқшаулап ұстап, оларға көмек көрсет кен Қазақстан КП Орталық Комитетінің жауап ты ұйымдастырушысы А.Қарағұлов былайша еске алады:

– Кедейшіліктің асқынғандығы сон-шалық, көптеген адамдар мал терілерінен ғана киім тігіп киінген. Тіпті, фашистік Германиямен соғысып жатқан КСРО-да мұндай кедейшілік жоқ еді. Адамдардың барлығы дерлік қышыма жəне тағы басқа тері ауруларына ұшыраған. Халықтың барлығын бит басып кеткен.

Міне, осындай экономикалық ауыр жағ дайға шыдамаған Алтай аймағының қазақтары 1942 жылы көктемде көтеріліс -ке шықты. 1943 жылға қарай онда бес партизан отряды құрылып, оған түрмеден қашып келген генерал Дəлелхан Сүгірбаев басшылық етті. Шен Шицай Шыңжаң халқына аса ауыр салықтар салды. Салық мөлшері 1944 жылы 1937 жылмен салыс тыр ғанда 7-8 есеге өсті. Халықтың ашу-ыза сына тиіп, шегінен шығарған нəрсе қазақ тардан армияның қажеттілігіне деп 10 мың таңдаулы атты күшпен жинауға əскер бөлімдерін жібе руі болды. Алтай аймағы соғысып жатқан-дықтан бұл ауыртпалық Іле мен Тарбаға-тайдың қазақтарына зіл батпан болып түсті, жылқы бермеген үйге екі аттың құнындай ақшалай айып салынды. Бұл осы өңірдегі қазақтардың қатты наразы-лығын тудырып, арты көтеріліске ұласты.

– Осыған байланысты, – деді Мұқаң, – КСРО Шығыс Түркістан Республикасы

мен оның армиясын құруға кірісті. Өйт кені, бұл өңірде, яғни шекарада оған жат пиғылды құрылымдардың болуы Кеңес Одағына өте тиімсіз еді. Егер де екінші дүниежүзілік соғыста Жапония жеңіліп, Америкамен одақтас капиталистік Қытай күш алса Кеңес Одағы аса қауіпті жаумен бетпе-бет келуі ықтимал-тын. Сондықтан Шен Шицайдың сатқындығынан кейін КСРО өлкедегі ұлт-азаттық көтерілісті пайдала-нып, Шыңжаңда Кеңес Одағына тəуелді мемлекет құрып, Америка мен Қытай экс-пансиясын бұл өлкеге кіргізбеуді көздеді. Осы мақсатпен 1943 жылы ВКП(Б) орталық комитеті Саяси Бюросының мамыр айындағы отырысында Шыңжаң туралы айрықша мəселе қаралды. Соның нəтижесінде Шыңжаң өлкесінде жергілікті ұлт өкілдерінен жəне олардың КСРО-дағы қандастарынан құрылған: «Ұлттық өрлеу топтары» құрылатын бо-лып шешілді. Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Шыңжаңның жергілікті халқымен жұмыс істейтін командирлер мен насихатшылар дайындайтын бірнеше мектеп ашылды. Бұдан соң Шыңжаңның КСРО-мен шектескен аймақтарында 1944 жылдың басында-ақ «Ұлттық өрлеу топ-тары» таратқан үнқағаздар қаптап кетті. 1944 жылы қыркүйекте Іле өлкесінің Нылқы уезінде қазақ Ақпар Есбосынұлы, ұйғыр Ғани Меметбакиев, татар Фатих жəне қалмақ Фуча бастаған халық көтерілісі бас талды. Сол жылдың кү зінде көтерілісшілер уез орталығы Нылқыны бас ып алды. Іле өлкесінің Құлжадағы

қытай гарнизо нының бастығы қалада ешқандай толқу жоқ екеніне кəміл сеніп, көп əскерін Нылқыдағы көтерілісті басуға жіберді. Құлжадағы жасырын революция комитеті Нылқыдағы көтерілісшілерге жасырын хабар жіберіп, жазалаушы-лармен ұрысқа кіріспеуге қаланы та-стап шығып, жасырын жолмен Құлжаға келіп, сондағы қытай гарнизоны ның қалдықтарын жоюға тапсырма берді. Көтерілісшілер Құлжаға үш бағыт: Акпар бастаған қазақтар бірінші, Ғани бастаған ұйғыр лар екінші жəне Иван Шутов бастаған орыс тар үшінші бағытпен шабу-ыл жасады. Сөйтіп, 7 қа рашада Құлжаның өзінің ішінде көтері ліс бас талды. Төрт күннен соң көтерілісшілер орталы ғы Құлжа қаласы деп белгілеп, тəуелсіз Шығыс Түркістан Республикасының дүниеге келгенін жариялады. Үкімет басшылығына Іле аймағының жоғарғы дін басшысы Əлихан Төре Шəкірходжаев тағайындалды. Оның құрамына ұйғырлар: Ахметжан Қасыми, Əкімбек Қожа, Рақымжан Сабырқожаев, татарлар: Мұсабаев, Нəбиев, қазақтар: Орақхан, Əбілқайыр, орыс тар: И.Г.Полинов, Ф.И.Лескин жəне қалмақ Фуча кірді. Іле өлкесіндегі көтерілістің нақты басшы-сы Ахметжан Қасыми еді. Жаңа өкімет өзінің демократиялық бағытта екенін мəлімдеп, Шыңжаңдағы барлық ұлттар мен ұлыстардың тең құқықтығын, барлық діндерді қолдайтынын, барлық мемлекет-термен достық қарым-қатынас орнататы-нын мəлімдеді.

Үкімет жеке қаулы қабылдап, онда Шыңжаңды мекендейтін барлық ұлт

Сол бір жылдар...

ХХ ғасыр – бүкіл дүние жүзіндегі отаршылдыққа күйрете соққы беріліп, бір кездегі азулы империялардың ыдырап, езілген халықтардың ұлт-азаттық жолындағы күрестері нəтижеге жетіп, жаңадан ондаған, жүздеген тəуелсіз мемлекеттер пайда болып, əлемнің саяси картасы айтарлықтай өзгергені арқылы адамзат тарихында елеулі орын алды. Бұл үрдіс қазақ халқын да айналып өткен жоқ. Соның бірегейі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің нəтижесінде 1917-1920 жылдары қазақ даласында 2 жыл 3 ай өмір сүрген Алашорда өкіметі дүниеге келді. Өз үкіметі, баспасөзі, əскері болды. Алайда, Алаш көсемдері күші тең емес жағдайда Кеңес үкіметінің басшыларымен ұлттардың өзін-өзі басқару туралы жəне орталықтың өз құрамындағы ұлттық мемлекеттік құрылымдардың ішкі істеріне араласпау туралы уəделерін алып, большевиктік Ресейдің құрамына ерікті түрде кіруге келісімге қол қойды. Бірақ Кеңес басшылары өз уəделерін орындаған жоқ. Бұрынғы Алаш көсемдерін, Алашордаға қатысы бар дегендерді аяусыз қудалап атып-асты, олардың отбасыларын да аямады. Осыдан қауіптенген зиялы азаматтар, шекараға жақын тұрған аймақтағы бай-бағландар, Алаш əскерінің кешегі сарбаздары Қытай асып Шығыс Түркістанды паналады. Олардың аса көрнектілері: Райымжан Марсеков, Ыбырайым Жайнақов, Иса Тергеусізұлы, Зият Шəкəрімұлы, Ғазез Қалменов, Төлеуғазы Абылайханов, Мырзахмет Оразалин, Молдағали Бектұрұлы еді.

Мұқаметкəрім ОМАРҒАЛИЕВ, зейнеткер, еңбек ардагері.

Page 14: Egemen · (Соңы 4-бетте). Оймақтай ой Бүгінгі нөмірде: 7-бет 8-бет 10-бет Балтамен жəне пы шақ-пен қаруланған

19 қараша 2014 жыл

www.egemen.kz14 ЖҰМЫР ЖЕР

Оның өмірі де өзге де атақты кəсіпкерлердің тағдырына өте ұқсас. Америкаға қоныс аударған ирланд отбасындағы алты баланың үлкені . Детройт қаласының маңындағы Дирборн елді мекенінде дүниеге келген. Кейін осы Фордтың арқасында Детройт əлемнің көлік астанасының біріне айналды.

Фермердің баласы Генри қар-шадайынан бауырларымен бірге ауыр жұмысқа жегілген болатын. Ауыр жұмыстан тауы қайтып, ауыл шаруашылығындағы азап-ты істерді темір тетіктер арқылы атқарып, адам еңбегін жеңілдету жайындағы ойға келген күндері болған. Тіпті азапты жұмыстың жеріндіргені сондай, 15 жасында Форд сүт ішуден үзілді-кесілді бас тартыпты. Ол дағдысын қанша уақыт бойы сақтағаны белгісіз.

Бір қызығы сол 12 жасында ата-анасы Генриге қол сағатын сыйлаған. Көп ұзамай сыйлықты ашып қараған ол бір-бірімен тіркесіп жатқан дөңгелекшелерді көрді. Оны асықпай қарап, жұмыс ырғағы мен іс-əрекетін талай күн бойы тексеріп, зерттесе керек. Кейін сағат жөндеуді үйреніп, 15 жасында шеберге айналды. Арада жылдар өткен соң, тағдырының ауыр сəтінде оған сағат жөндеу көп көмегін тигізді. Осыған орай, оның мынадай пікірі бар: «Кітаптан бəрінің қалай жасалғанын ешкім біле бермейді. Нағыз механик бəрін өзі істеп, үйренуі керек. Механик үшін көлік жасау қандай маңызды болса, жазушы үшін кітап жазу сондай болуы тиіс». Айта кеткен жөн, ол схема-сызбадан ештеңе үйреніп не оқып көрген жоқ. Тіпті өмірлік кəсіптің басын ұстаған кез-де оған келешек көліктің моделін ағаштан жасап көрсетсе керек.

Бүгінгілер отыз жасқа дейін «бала» болып жүрсе, Генри Форд 15 жасында үйінен кетіп, Детройт қаласындағы вагон жасау зауыты-на жұмысқа орналасты. Алайда ұлымен ат құйрығын үзгісі келме-ген əкесі жер алып берді. Уақыт соз-бастан, оған Генри дереу үй салды. 1893 жылы өзі сияқты фермердің перзенті Клараға үйленді. Ізденіс атты құдірет жас жігітті тыныш жатқызған жоқ. Үйдің жанындағы сарайда көптен бері ойлап жүрген мақсатын жүзеге асыруға кірісті. Екі күн, екі түн бойы ұйықтамай, аянбастан еңбек етті. Ақыры алғашқы көлігін жасап шығарды. Оған «Квадроцикл» деп ат қойды. Сөйтіп, Форд АҚШ-тағы жүргізуші куəлігін алғаш алған адам бол-ды. Айта кетерлік жəйт, машина жүргенде, тарсылдап-гүрсілдеп, төңіректегі малды үркіткен. Жол қозғалысына да кедергі келтірген. Алайда ол қаймыққан жоқ. Он жыл бойғы тынымсыз еңбектен соң, жаңа «Квадроцикл» өмірге келді. Соның ізімен «Форд мотор ком-пани» құрылып, оның алғашқы акционерлері: ағаш шебері, екі заңгер, бухгалтер, банкир жəне басқалары болыпты. Ал өндіріс үздіксіз алға баса берді. Жаңа ком-пания алғашқы 15 айдың ішінде 1,7 мың «А моделі» атты машина жасап шығарды. Генри өмірлік мұратына толық жетті. Жаңа көлік қарапайым да сенімді шығып, қолжетімді дүниеге айналды. Алғашқы көлік ең əуелі бар болғаны 200 долларға сатылған. Сұраныс көбейгесін, бағасы екі есеге дейін өсті. 19 жылдың ішінде АҚШ-та «Т моделі» атты 15 миллионнан астам көлік

сатылған. 1913 жылдың соңында «Форд мотор компани» АҚШ-тағы бүкіл көліктің жартысын шығарды.

Басты мақсатын жүзеге асырған Генри Форд енді қоғамға қызмет етуді мұрат тұтты. Мəселен, 1914 жылы 5 қаңтарда сегіз сағаттық жұмыс күні үшін атақты капита-лист жұмысшы мен қызметшінің жалақысын 5 долларға, яғни екі еседен астамға өсірген. Бұған сол кездегі АҚШ-тың халқы таңданған. Ал ол кезде «Форд компани» конвейерінен 10 секөнтте бір ма-шина шығып жатты. Демек, оның жалақыны өсіруі дұрыс. Себебі, ұжымның еңбегі өзін өзі ақтады. Америкалық прагматик Форд көліктегі беріліс қорабын ойлап тауып, өндіріске дереу енгізді. Арнайы жоғары немесе орта техникалық білім алмаған адамның осындай ізденіс арқылы суыры-

лып алға шығуы өмірде үнемі бола бермейді ғой. Сонымен қатар, Форд жұмысшы-қызметкерлерінің салауатты өмір салтын ұстануына мəн берген санаулы қожайынның бірінен саналады. Оның зауытта-рында арақ-шарап ішпейтін, темекі тартпайтын, құмар ойыннан аулақ, ырду-дырдуға құштар емес, тек бос уақытын отбасында өткізетін, қарттығын ойлап, ақша қорын жинайтын жұмысшыларға ғана жоғары жалақы төленсе керек. Ал оларды анықтау үшін зауыт иесінің қатаң тапсырмасымен ондаған ин-спектор жұмысшылардың үйлерін аралап, көршілер мен тумаларының айтқанына құлақ түріп, түрлі тыңшылардың деректерін кеңінен пайдаланыпты. Əйтеуір, тексеруге қатысты ешбір ашу-ыза туып не шағым түспегенге ұқсайды.

Генри Форд тек өз елімен шектеліп қалған жоқ. Бүкіл əлем коммунистерге қарсы шүйліккенде, оның компаниясы 1923 жылы Кеңес Одағында трактор өндірісін құруға көмектесті. Осы адамның тікелей көмегімен салынған Горький (қазіргі Нижний Новгород) қаласындағы көлік зауыты Ресейде əлі күшінде. Сол кəсіпорыннан басқа, бұл кісі «Москвич» жеңіл көлігін жасайтын зауытқа да инже-нер-техник мамандар даярлауға көп септігін тигізген. Тағы бір тосын қылығы – жебірейлерді жеккөрген. Сол сезімнің əсерімен кезінде неміс нацистеріне қаржылай көмек те көрсетіпті. Тіпті оның портреті Адольф Гитлердің Мюнхен қаласындағы штаб-пəтерінде ілулі тұрған екен. Рас, кейін АҚШ-тағы жəне əлемдік қоғамдық пікірдің қысымымен баспасөз

арқылы жебірей ұлтынан кешірім сұрапты. Жасыратыны жоқ, оның бұл қадамына əлі күнге дейін күмəнданушылар көп.

Атышулы кəсіпкер осыдан 90 жыл бұрын, өзінің мол тəжірибесін қорытып, «Менің өмірім жəне жұмысым» атты кітап жазды. Ол тек АҚШ-тың өзінде жүзден астам рет қайта басылып шықты. Өзге елдерде де мол таралыммен жарық көрді. Бұрынғы Кеңес Одағында ғана аз тиражбен басылған екен. Осындай қарама-қайшылығы мол танымал көлік алпауыты 1947 жылы 83 жасында өмірден озды. Үлкен ұлы өзінен бұрын қайтыс болған соң, оның алып көлік им-периясы екінші ұлы Генридің еншісіне тиді. Қазір əлемдегі ең ірі көлік корпорациясының біріне айналып, өнімін дүние жүзінің 30 еліне шығарып отыр.

«Көлік – барлық адам үшін!» өмірлік мұратымен ғұмыр кешкен Фордтың көзі тірі кезіндегі құнды пайымдауларына кезек берсек: «Тың идея немесе ұсыныс қашанда маңызды жəне құнды. Бірақ идея-ны қашанда кез келген адам ой-лап таба алады. Мəселе – идея-ны құр қиял ретінде қалдырмай, оны болмысқа енгізіп, нақты өнім шығарсаң ғана маңызы бар». «Кəсіпкерліктің мақсаты – тек табыс түсіру» деген пікір бар. Жаңсақ түсінік. Кəсіпкерліктің мəні мен мақсаты – қоғамға қызмет ету. Бүкіл ой-өрісім, əрекетім мы-наны жариялауға бағытталған: қоғамға қызмет ету пайда табудан бұрын жүруі тиіс». «Дайын тауар-ды алып сату – кəсіпкерлік емес, ол ұрлықтың мейлінше жоғары немесе төмен түрінің көрінісі». Ол өзі айтқанындай: «...көп ақшаға

қысқа жолмен жетіп, онан да қысқарақ-тынымсыз еңбекпен та-быс таппағандарды» айыптаған жəне түс інуге тырыспаған . Форд банк пен банкирлерге сенімсіздікпен қараған, əсіресе олардың өндіріске арсыздықпен жəне негізсіз араласуына қарсы шықты. Бұл туралы пайымдауы мынадай: «Олар тек ақшаны ой-лайды. Олар үшін кəсіпорын тау-ар емес, ақша шығаратын сияқты. Оларға өндірістің тиімді үдерімін емес, ақша ағынын бақылау ұнайды». Генри Форд банктердің шектен тыс өктемдігін айыптаған. Қазіргі америкалық сарапшы, Нобель сыйлығының экономика саласындағы лауреаты Джозеф Стиглиц Фордтың ойын дамыта отырып, бүгінгі əлемдік қаржы дағдарысының түпкі себебін қаржы секторының қамтушылық қызметтен гөрі, экономиканың дара, жетекші, жоғары табысты са-ласына айналуынан көреді. Жалпы ұлы капиталист Форд ешқашан өзінің мына қағидатынан айныған емес: «Алыпсатарлар басқаратын жəне ақшаны бірінші орынға қоятын компаниялармен байла-ныс жасаудың қажеті жоқ». Бір қызығы сол, оның бір зауытының қақпасының жоғары жағында мынадай сөздер жазылған екен: «Есіңде болсын, Құдай адамды қосалқы бөлшексіз жасаған»... (Мақаладағы кей деректер «Эхо планеты» журналынан (2012 жыл, 6-12 қараша, №46, 6-9 бет-тер) алынды).

Серік ИХСАНҒАЛИ.

Атырау облысы.

Əділ АХМЕТОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Генри Киссинджер АҚШ президенті Ричард Никсонның заманында алдымен Ұлттық қауіпсіздік мəселелері жө-ніндег і кеңесші , соңыра Мем лекеттік хатшы болған. Бұл қызметті ол президент Джеральд Форд кезінде де жалғастырды. Сыртқы сая-сат сардары əрі əлемге əйгілі ғалымның 2012 жылы «On China» («Қытай туралы») атты көлемді монографиясы жарық көрді. Бұл туынды, өзінің аты айтып тұрғандай, 4000 жылдық тарихы бар Қытай өркениетінің қыр-сыры мен сол өркениеттің мыңдаған жылдар бойы өзге ел-дермен қалыптастырған саяси-дипломатиялық жəне сауда-экономикалық ұстанымдары мен бүгінгі ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған.

АҚШ-тың сыртқы саяса-ты мен дипломатиясына ерте араласқан Генри Киссинджер Қытайға о баста президент Никсонның арнайы тапсыр-масымен аттанса, соңғы 40 жыл ішінде 50-ден астам сапар шегіп, құпиясы мол Аспанасты елінің сырт көзге бірден шалы-на бермейтін құндылықтарын жан-жақты таразылай келе, оның ХХI ғасыр əлемінде өте маңызды рөл атқаратынына титтей де күмəн келтірмейді. Сұңғыла саясаткер əрі дипло-мат, сонымен қатар, Қытайдың тарихи-мəдени ұстанымдары мен сол елдің Мао Цзэдуннен бері қарай тұтқасын ұстап кел-ген басшыларының өзге елдер-мен қарым-қатынас жасаудағы сан қилы дипломатиялық əдіс-айлалары мен олардың, əсіресе, бейбітшілік пен соғыс жəне халықаралық тəртіпке қатысты концептуалдық көзқарастарын Батыс өркениетіне тəн төл сипаттармен салыстыра оты-рып, Қытай халқының ұстам-дылығына, ізеттілігіне, от-басы құндылықтары мен мəдениетіне тəнті болғандығын ерекше атайды жəне мына бір ерекшеліктерге назар ауда-рады.

Біріншіден, автор осыдан 40 жыл бұрынғы Қытай мен бүгінгі Қытай арасының жер мен көктей екеніне ерекше мəн беріп, бұл мемлекеттің экономикалық тұрғыдан аса ірі державаға айналғандығын жəне бүгінгі таңдағы жаһандық саяси тəртіптің қалыптасуына орасан зор ықпал етіп отыр ғанын тілге тиек етеді. Со нымен қатар, автор АҚШ-тың екінші дүниежүзілік соғыстан бергі заманда қырғи-қабақ соғыс жүргізуден ал-дына жан салмай келгенін де жасырмайды. Солай бола тұр-ғанмен, дипломат ғалым Қытай мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастардың əлемдік бей-бітшілік пен планета тыныс-тіршілігінің ең түйінді өзегіне айналғанына да ерекше мəн береді.

Е к і н ш і д е н , ж о ғ а р ы д а аталған туындысында автор АҚШ-тың тізгінін ұстаған Ричард Никсоннан бергі 8 пре-зиденті мен Қытайды соңғы 40 жыл ішінде басқарған көшбасшыларының екі ел

арасындағы нəзік қарым-қаты настарды, олардың о бастағы айтарлықтай айыр-машылықтарына қарамастан, асқан шеберлікпен жүргізіп, екі жақтың тарихи мұралары мен ішкі ұстанымдарының əлгі қарым-қатынастарға бөгет бо-луына еш жол бермегенін де тілге тиек етеді.

Ашығын айту керек, атал-мыш қатынастардың өте күрделі болғаны еш күмəн тудыр маса керек. Себебі, екі қоғамның өзіне тəн түбегейлі ерекшеліктері мен қалыптасқан тарихи жəне саяси-мəдени ұстанымдарының қай кезде де кесе-көлденеңдеп, алдан шыға беретінін заңды құбылыс деп қабылдаған жөн.

Ү ш і н ш і д е н , А Қ Ш ө з құндылықтарын бүкіл əлемге таңуды бұрын да, бүгін де өзінің басты міндеті деп са-нап келсе, Қытайдың негізгі ерекшелігі оның сан ғасырлар бойы қалыптасқан терең мə-дениетімен тікелей байланыс-ты. Мұны Генри Кис синд-жер мүлтіксіз дөп басқан. Мə-селен, Қытай қай заманда да ешкімді өз дінін қабылдауға мəжбүрлемеген жəне өз ин-ституттарын да өзгелерге те-лімеген. Бірақ солай бола тұра, Қытайға тəн басты сипат сол, ол өзін о бастан-ақ əлемнің ор-талық патшалығының мұрагері деп есептеген. Сон дықтан да өзге мəдениет өкілдерін вар-варларға теңеген.

Төртіншіден, Қытайдың жоғарыдағылардан туындай-тын жəне бір қағидасына да Генри Киссинджер үлкен мəн бе реді. Ол қағида мынаған саяд ы: «Сыртқа қашқандардың соңынан қума, өз бетімен ке-ліп қосыламын дегендердің бетінен қақпа».

Бесіншіден, Қытай халқы өз императорларын əлімсақтан бері пір тұтқан жəне ол тұлғаларды Құдайдың өкілі деп санаған. Сондықтан да шетелдіктерден əлгі қағиданы дəл солай қастерлеуді талап еткен. Егер шетелдіктер им-ператормен кездесуді мұрат тұтса, олар да жергілікті халық секілді императордың аяғына жығылуға тиісті болған. Егер бұл шарт орындалма-са, бөтен елдің өкілдері мен дипломаттарын императорға жақындатпаған.

Дəл осы тұста: «Өзгелерге дəл сондай биіктен қарай-тындай, Қытай соншама кім еді?» дейтін ойға қонымды сұрақтың туындауы заңды. Əйтсе де əлгі сұраққа жауапты

алыстан іздеудің де қажеті жоқ сияқты.

Айтса айтқандай-ақ, əліп-тің артын бақсақ, соңғы 20 ғасырдың 18 ғасырының ішінде Қытай экономикалық қуаты жағынан болсын, жер көлемі жағынан болсын, халқының саны жағынан болсын əлемнің ең қауқарлы мемлекеті болғаны көзге ұрып тұр. Шындығында да, Қытай, əлемнің ішкі өнімі тұрғысынан, Батыстың кез кел-ген мемлекетінен оқ бойы озық болған. Генри Киссинджер келтірген деректерге қарағанда, 1820 жылдары бір Қытайдың өзі ғана əлемдік ішкі өнімнің 30 пайыздан астамына иелік еткен. Салыстырмалы түрде бұл көрсеткіш сол замандағы Батыс Еуропа мен Шығыс Еуропа жəне Америка Құрама Штаттарының жиынтық ішкі өнімдерінен де асып түскен.

Қытай өркениетінің мыз-ғымастай мықты болуының тағы бір алғышарты осы елдің ұлы ойшылы Конфуцийдің рухани мұраларымен тікелей байланысты екені де күмəн т у д ы р м а й д ы . Ж и н а қ т а п айт қанда, ұлы философ өз ұрпақтарының рақымшылдық пен жанашырлыққа, білім мен іл імге , шыншылдық пен турашылдыққа, тазалық пен пəктікке, ізгілік пен əділеттілікке, еркіндік пен теңдікке, толып жатқан басқа да құнды қасиеттерге деген құштарлықтарының, ең алды-мен, білім мен білікке деген сүйіспеншіліктеріне өрілмесе, бос дүние болып қалатынын ескерткен жəне ең бастысы, əр адам өмірдегі өз орнын бі-луге тиісті екенін өсиет етіп қалдырған.

Халықаралық қатынастар тұрғысынан келгенде де, Генри Киссинджер Батыс əлемінде қалыптасқан дипло-матия мен Қытайдың сыртқы саясаты арасында жер мен көктей айырмашылықтың бар екенін бірден аңғарған. Себебі, империялық Қытай о баста басқа елдермен дипломатиялық байланыс орнатып, шет елдер-де тұрақты елшіліктер ұстауға мүлде құлықты болмаған. Себебі, əлемде өзіне тең келетін өзге өркениет пен мəдениет бар деген түсінік ешуақытта да Қытайдың қаперінде болмаған. Сондықтан да, өзгелерден өзін əрқашан биік қойып, келімсектерді шекара түбінен ғана қарсы алып, тиісті сый-сияпатын жасап, сол жерден тезірек қайтарып жіберуге тырысқан.

Ресми Қытай жазбаларында көрсетілгендей, шетел өкілдері император сарайына мемле-кет істеріне араласу неме-се келіссөздер жүргізу үшін емес, керісінше, императорға мойынсұну үшін, яғни оған тағзым етіп қайту үшін ғана келеді деген түсінік берік орын алған. Сондықтан, Генри Киссинджер айтпақшы, импе-ратор басқа мемлекеттердің басшыларын келіссөз жүргізу үшін емес, керісінше, тек өз билігіне «бас ұрып» келгені үшін ғана қабылдап, өздерімен ала келген сый-сияпаттарына сай жоралғы жасап, шығарып салатын болған.

Халықаралық қатынастар саласында Қытайға тəн жəне бір ерекше сипат өз інің солтүстігі мен батысындағы жапсарлас жатқан Маньчжур, Моңғол, Ұйғыр, Тибет, сол сияқты оңтүстігіндегі Вьетнам мен солтүстік шығысындағы Корея сияқты мемлекеттердің жерлерін басып алуға ешуа-қытта талпынбаған. Есесіне, олармен сауда-саттықты кү-шейтіп, прагматизмге не-гізделген нəзік саясат ұстанып, өзінің олардан əлдеқайда тегеурінді екенін сездіріп, жұмсақ күшпен ғана тізгіндеп отырған.

Осы айтылғанның бұл-тартпас дəлеліндей, Генри Киссинджер Қытайды би-леген Хань династиясы за-манында елдің солтүстік батыс шекарасына қауіп төндірген көршілес тайпаны ауыздықтау үшін билік ба-сындағылардың қолданған бес айласын көлденең тарта-ды. Олардың түйіні мынаған саяды: «Біріншіден, жаудың жанарын алу қажет. Ол үшін оларға көздің жауын ала-тын киімдер кигізіп, сəнді күймелерді сыйға тарту ету ке-рек. Екіншіден, жаудың аузын алу қажет. Ол үшін олардың аузына дəмді тамақ тосу ла-зым. Үшіншіден, жаудың құлағын алу шарт. Ол үшін оларды құлақтан кіріп бой-ды алатын сазды музыкаға бөлеп, əйелдермен арбау қажет. Төртіншіден, жаудың құлқынын алу керек. Ол үшін оларды еңсесі биік үйлерге орналастырып, астыққа толы қамбалар мен жалшылар сый-лау қажет. Ең соңында жаудың санасын алу керек. Ол үшін император келімсектерге өз қолымен ас беріп, шарап іш-кізсе жеткілікті.»

Əрине, тілге тиек ететін не-месе назар аударатын мұн дай дүниелер Генри Кис синджердің туындысында жетіп артыла-ды. Бірақ олар дың бəрін тізіп шығу бір мақа ланың аясында мүмкін емес екені де түсінікті. Алай да мо нографиямен түгел та ныс қан оқырманның тек қана Қытай емес, соны-мен қатар Аме рика Қ ұ р а м а Ш т а т т а -ры ның қыр-сы -рымен де же те танысуы на толық мүм-кіндігі бар.

Əлемде конвейер, яғни, үзіліссіз жұмыс жүйесі қашан өмірге келді? Бұл сұраққа бүгін іркіліссіз жауап береміз. Осыдан екі

ғасыр бұрын АҚШ-та. Оны жүзеге асырған Генри Форд. Əлемге əйгілі «Форд» көлігін шығарған адам. Оның бұл жалғаннан озып

кеткеніне сан жыл өтсе де, адамзат тарихында ұмытылмастай есімі мен ісін қалдырды.

Аѕыз адам

Генри Киссинджер таразылаєан Ќытай

Page 15: Egemen · (Соңы 4-бетте). Оймақтай ой Бүгінгі нөмірде: 7-бет 8-бет 10-бет Балтамен жəне пы шақ-пен қаруланған

19 қараша 2014 жыл

www.egemen.kz 15 Ол бүгін де аңқайып бос аңырап сазарған

кəрі құздың қойнауында түнеп жатты. Өзі бір жатқан қат-қабаты қалың құз тектес осынау адамнан нені болсын күтуге болар еді.

Тəйір-ай, жоқ іздеп жортуылдап жолға шыққаны бір бүгін ғана ма, жо...жоқ бұған дейін де басып өткен хан жолы мен қара жолы, сар жолы мен сара жолы толып жатыр. Құлдилап құлаған ылдиы мен еңісі де, енте-лей ентігіп өрмелеген құз-қиясы да жетерлік сияқты. Ойлап қараса, тіпті өмір дегеннің өзі ылғида бір жоғыңды іздеп сабылу, не күту емес пе екен?

– Күту, үздіге тағатсызданып күткеніңді іздеп табу, – деді түн мейманы түнерулі қабағын сəулелі таң шапағы серпіп ашқандай мейірленіп. – Он екі де бір мүшең бұзылмаған ақаусыз таза бұла күніңде бұлғындай бұлаң ұрып жүріп баурыңа басып, құшып сүйер жар іздейсің. Жаныңмен құлап жолығысар сол аяу-лы жарың жалғанның жарық күніндей ажарына ақылы сай болып келсе деп тілейсің. Аһ, дүние, қарсы алдынан уылжи үлбіреп, иіле күлімсіреп назданған қыз буына масайып құлап түскен жігітте не арман бар екен деші!

Түздің беймаза жанды пендесі бұл ой-ына бір түрлі рахаттана езу тартып елегізе қалды. Көз алдына шүйкедей сары кемпір Кашифа келді... Диірменші ноғайдың қызы сол Кашифаны жайдақ атпен алып қашқан түннен бері де тізбектеліп қаншама жылдар өткен. Шіркін, жас дəурен! Шымыр-шымыр қайнап жүрекке, тек ғашық жүректерге ғана құйылар нұрсың-ау, сен!

Ұмытқан жоқ əлі, жиырмаға енді толған желікті кезі болатын. Жалғыз атты жарлы атан-са да, былайғы жұрт оны еті тірі ер жігіт ретінде қадірлеп, сыйлайтын. Шынында да мұқым Құсмұрын атырабына түйе балуан деген атағы тым ерте жайылды. Бірақ күш бітсе де, елірме жел кеуде бітпеген өзгеше нəзік сезімділігі де бар еді. Əсіресе, малы көп біреудің айтты-рып қойған қалыңдығы Кашифаны көргенде жоталы зор денесі аласарып, қарадай дегбірі қашып, буын-буыны босап, үні шықпай ұйқылы-ояу хал кешетін... Тəтті түс əсерінен айыға алмағандай іштей елегізе маздап, ра-хат бір іңкəрлікпен əлсіреп тыныс алатын... Оның бұл ынтықтық жүрек жалынын қыз да ептеп сезетін... Сақалы етектей боп желбіреген шалға барғанша, Тоғызға батып өлгенім артық деп шерленген Кашифа Төлеумен жолығып, қалайда бір тіл байласуды асыға күтіп жүретін.

Бірде соның сəті түсті. Төлеу жарты қап бидай арқалап, диірменге ұн тартқыза келіп түнеп қалуына тура келді.

Ашық аспан.... Арық жағасы, тақыр жер үстінде шапанын басына жастап жан-тая бергені сол еді, ту сыртынан шылдыр етіп естілген шелек дыбысына елеңдеп ба-сын көтеріп алды. Дəл қыр желкесінде ай нұрына шағылыса көйлегі ағараңдаған қызды көргенде:

– Кашифа! – деп қалды. – Сіз Төлеу ағасыз ба? Ақырын сөйле-

сеңізші, – деп ол үрейлене сыбырлады. – Төлеу қуана басып қасына барды.

Кашифа жүрелей отыра қап бетін басып жы-лады.

– Неге жылайсыз, не болды сізге? – деп Төлеу абыржи бастады.

– Бар үмітім сіз едіңіз, міне, құдайым кезіктірді. Мені алып кетуге ертең əлгі шал келеді. Не істерімді білмеймін. Не де болса айдалада қаңғып өлейін деп, бағана əкемнің бəйге жиренін атшы балаға айтып Кеңсайға апарып байлатқызып қойдым. Ертоқымсыз жайдақ. Енді соған жетуім мұң болып тұр, – деді Кашифа көз жасына булығып.

– Соған жетуіміз керек пе, бар тілегіңіз сол-ақ па. Онда бар қауіпке тіктім басымды! – деп Төлеу Кашифаны қолтығынан демей тұрғызып, маңдайынан иіскеді.

– Атқа арық суының ішімен жүріп жетпе-сек, қолға түсіп ұсталамыз, біздің ауылдың иттері жаман, – деді Кашифа төңірегіне үрейлене қарап.

Бұдан əрі Төлеу бөгеліп тұрмады. Дереу сырт киімдерін тез шешіп, оны Кашифаның қолына ұстатты да, өзі дамбалшаң арық суын белуардан кешіп барып:

– Кел, қалқам! – деді. Қыздың жұп-жұмсақ, нəп-нəзік білегі

мойнына оратылғанда Төлеудің тұла бойы лапылдап жанып қоя берді... Еңіреген ер көңілі енді қарсы алдынан дария жолықса да іркілмеуге бекінді. Оң қолымен арық жағасын сипалай судың ағысымен ілгері қозғалған ол өзін бейне жел қайықша сезінді. Алға асықтырған ағыс екі ғашықтың шын жебеушісіндей əсер қалдырады. Кемінде үш жүз кезден астам арық бойымен жүріп өткен ғашықтар Кеңсайдың алқымындағы тоғайға да көзді ашып-жұмғанша жетті. Байлауда тықыршыған жирен бұларды осқырына қарсы алды.

– Жануар-ай, жеттік пе саған! – деп су-дан шыға Төлеу жиреннің жалынан сипады.

– А, құдай, жолымызды оңғара көр. Жатқа таба етпей, жанымызға сүйеу бол, жаратқан ием! – деген Кашифаның діріл аралас үні де тұнық ауада тұнып ұйып тұ-рып алды.

Бəйге жиренге қарғып мініп, Кашифаны алдына алып, ат тізгінін қолына қыса ұстаған Төлеу қат-қабаты қалың тау жақты бетке алып жүйтки жөнелген...

– Аһ, дариға, қалқаш жалған!... Түн тұтқыны осылайша күңірене күбір етті.

Бұдан кейін қиялына тау сағалап тағы боп əлденеше ай жасырынып жүрген күндері оралды. Өзгеше бейнетті əрі өзгеше тəтті күндер... «Сіз, Төлеу аға, қайраттаныңыз», деп қиылған Кашифаның сөзі оған дем беретін.

Бақтарына жаңа өкімет орнап, жас отауларының түтіні түзу ұшқан... Дегенмен, со бір жыртық жағалы сергелдеңі қалың жыл-дар тауқыметін қазбалай бергеннен не шы-ғады, тек түйсін де қой. Бір тəуірі ғұмырында

жасымаған екен. Жалаңтөстеніп білек сыбану-дан да танбапты. Мұнысына шүкіршілік. Бағзы біреулер таяқпен бүкшеңдеп, əудем жер əрең жылжитын сексен атты селкілдек жаста бұл əлі тың, ат үстінде келеді. Əр күні жатарда «ат тізгінін қолымнан шығармай жатып көз жұмсам-ау» деп тілейтіні тегін емес. Шынында да от басы, ошақ қасы орны ма! Ұлы кеуде өлсе де өрге сүйретіліп өлер болар.

«Бес күншілік пəниде жасып, жəбірленгені көп пе, əлде жігерленіп жалын атқаны көп пе?» – қылға тізіп қайтеді...

...Іш тартып жүрген кенже немересі Айтанға əлі күйінулі. Құр пысықай қаңғалақ неме бұрнағы күні:

– Ата, бүгін кешке орталыққа жолдас баламның туған күнін тойлауға барайын деп едім. Жоқ жылқыларды сіз іздеп келіңізші, жарай ма? – деп тілек еткен-ді.

Тепсе темір үзетін сойталдай бойшаң не-мересіне ата көңілі сонда үрке қараған. Жақсы киініп былқ-сылқ басып жүргенді, қарны тойса қыз-қырқынмен қылжақтаса жыртақтап, секеңдеп билеуді ғана білетін тілі сақау, шөгіп туған ши борбай ұрпақ болармысың деп қауіптенген. Сөйте тұра, оның ессіз еркелігін кешіргендей тырысқан шекесі жазыла жадырап суыт атқа қонған. Енді,

міне, боздағы шыққан боранды түзде өткен-кеткенін еске түсіріп отырғаны.

«Қойыртпағы көп қу өмір-ай!» деп кіжіне шайқатылып, өзіңді-өзің сор түбіне-түпсіз шыңы-рауға тастап жібергің келеді.

Өзгені қойшы, ұжым бастығының анау сары үрпек бауырынан алған жазаны – тұтқындықты ойласа тұла-бойы мұздап, ес-ақылы азынап сала береді. Сақалға жармасқан ол антұрғанның көкірегі көк тірейтін... Екі беті тырсиып сыздаған шиқандай қып-қызыл. Тарбиған ұсқыны күнге борсып күжірейген үлкен сары аюды еске түсіретін. Отыздың жотасына енді ғана иек артқан ол ауылдан асып, аудан чемпионы атанып жер-көкке сыймай жүрді. Аты да көктен түскендей – Шотбай. Сол пəле өткен қаңтар айының ішінде бір жұмыспен кеңсеге соғып, қайта шығып келе жатқанында қарсы алдынан жолыға кетпесі бар ма. Əдетінше ықылық атып:.

– Əй, шал! – деді мұны көрген сəтте-ақ келе-междей кеңк-кеңк күліп. – Сені жасында түйе ба-луан болған дейді ғой, аа... Ал мына менімен бір байқасып көруге қалайсың?

– Қой, айналайын, əкеңдей адаммен арпалы-сып жатқаның ұят емес пе, – деді бұл оған тыжы-рына қарап.

– Қайдағы əкемдейсің, сендей əкені ұрдым басқа! – деп Шотбай жағасынан жұлқа тартып, шап беріп ұстай алды.

– Əй, ант атқан, тарт қолыңды! – деді Төлеу үнін көтере.

– Ой, қорқақ шал, кет əрі, онда, сені бір белде-суге жарай ма десем, – деп Шотбай сол аяғынан қиялай шала итеріп кеп жіберді.

Жерге ентелеп екпетінен құлай жаздап барып бойын зорға тіктеп ұстаған Төлеудің көз оты жарқ ете қалған сонда.

– Тексіз туған ит! – деп ақыра ұмтылған Төлеу Шотбайды жауырынынан бүре ұстап емпелеңдетіп жұлқа тартып алған бетте оң жамбасына салақтата тік көтеріп, онсыз да шойындай ауыр денені жерге солқ еткізіп тастап кеп жіберді. Мұздақтап, көк-сіреу боп қатқан жол тағанына шалқалай құлаған Шотбайдың мұрнынан қан бұрқ етіп, бірден көзі аларып тіл-ауызсыз қалды. Басынан аттап, жөніне кете барған Төлеудің соңынан:

– Құтырған шал, жазым қылды жас жігітті. – Өлтірді, ойбай! – деген бірнеше əйелдің дау-

сы жарыса жаңғырықты. Тұла бойы дір-дір қалшылдап ашу қысқан

Төлеудің жанарына қып-қызыл қан ойнап шықты да, біртүрлі құсаланды... Дəл осы сəтте оған Шотбай ауылдасы емес, майданда көрген неміс офицері сияқтанды.

О, сұмдық-ай, онда да орыс қысының қаһарлы бір күні еді-ау. Қиян-кескі ұрыс жүріп жатқан. Адам өлігінен аяқ алып жүре алмайсың. Атақты Керчь жері қанмен тыныс алғандай... Атайын десе мылтығының оғы таусылған. Окопта қаншалықты тұншығып отыра бермек. Ақыры шыдамы таусы-лып қарғып тұрған. Қарғып тұрған бойда-ақ қақ маңдайына автоматының шүйдесін кезеп түйілген неміс офицеріне арыс танша шапшып бір-ақ

ƏҢГІМЕ ƏЛЕМІ

Қазтай ƏБІШ.

атылған... Мұны күтпеген жау сасқалақтап, авто-матын жерге түсіріп алды. Сөйтіп, нағыз жекпе-жек басталды да кетті. Ə дегеннен қарсыласын алқымынан булықтыра бүріп ұстаған Төлеудің қолы тас боп қатып үлгерген еді. Сереңдеген сирағынан қаусыра шалып оң жамбасына алды да, жерге гүрс еткізіп сұлата жықты. Қолы кеңірдегіне сұғынып кіріп жау тұяқ серпуге шамасы келмеді.

Сірə, Шотбайға да қолы сондағыдай бата тиді ме? «Əй, ит тіршілік. Кейде ителгідей жұ тындырып, кейде инеліктей иілдіріп діңкені құртасың-ау!»

Ауылдағы милиция қабағынан қар жауып:– Бол, тез, отыр машинаға! – деді. Кемпірі

Кашифа:–Төлеу, қызықсың осы, қартайғанда кісіге

соқтығып нең бар. Заңға тартылатын болдың, – деп шыр-пыры шықты.

– Төбемнен тау құлап түссе де көріп алдым! – деп қашанғы əдетінше қарыса тістенді.

Қар алақаншықтап жауып, айнала аязда-тып шаңытқан екінді шағында үсті березент-пен қапталған жүк машинасына отырысымен-ақ бұлар суыт жүріп кеткен... Аудан орталығымен екі аралықтағы жүз жиырма шақырымдық жол бітіп берсеші. Былай шыға башайларының басы тызылдап тоңа бастады. Су пимасын пешке қақтап кептіріп алуға мұршасын келтірді ме. «Қызыл көз, қанды қол қақбасты тез апарып, түрмеге қамаңдар!» деген бастықтың бұйрығы қаңбақтай ұшырып əкеле жатты. Машинаның үстінде үсіп өлсе де бұған жаны ашитын біреудің жоқ екеніне көзі əбден жетті. Десе де, бар үмітін ауданның бірінші хатшысы Қабай Қарсақұлына артты. Соның алдында ғана бар шындықты ай-тып, арылғысы келді. Сыртта ызыңдап ұлыған жел гуілімен тайталаса ширығып, құлағына сонау сарша күзде, қос басында хатшының: «Ақсақал, қандай мұқтаж шаруа-тілегіңіз болса да өзіме келіңіз, көмектесемін» деген сөздері естілгендей болды. Жүрегі бар болғыр əлденеден тіксінгендей арғы ой түбінен суық бір сезім-елес бас көтерді. Қалың жылқыны дүркірете қуып хатшының ал-дынан өткізгенде-ақ оның көзі бүйрек майы бітеу, жаясы оқтаудай боп жұмырланған қара тайға түскен. Тайды шалмамен қолма-қол бұғалықтап, бұлқынтып ұстауын ұстап əкелсе де, көзі қиып союға батпаған. Ал ақ маңдайлы елік хатшының айдалада жолықтырып, қуып жүріп атып алған «жемі». Шотбай сол екі «жемді» де қара пышағын жалаңдата жарғылап «мүшелеп» жайғастырған...

Ойына осы көріністер оралған сайын Төлеудің талыстай кең көкірегі біртүрлі қусырыла түскен. Сондай беймаза, абыржып булыққан халде, түн ішінде аудан ға келіп жеткен. Аудан дегенде кəдімгі қызыл жағалы милициялардың мекені – тор көзді үйден бір-ақ шыққан. Тегі құдайларына қараған болу керек немесе партия мүшесі екенін ескерді ме, əйтеуір мұны бірден түрмеге тоғытып жібер-мей, кезекшінің бөлмесінде қалдырды. Танауы сəңі-рейген, тəпелтек, бұжыр қара кезекші милиционер:

– Ақсақал, бізде жаюлы төсек, ауызға салар жылы-жұмсақ, жал-жая дегендер болмайды. Таң атқанша қасымда отырып қалғисыз. Ертең бұйырса «құтты» орныңызға біржола орналасар-сыз, – деді мекерсіп.

– Иə, балам, болжамыңа бүліне қалар жəйім жоқ. Сақалымды бұлдап, шағына сөйлеу де табиғатыма жат. Тек өзіңнен өтінерім: кісіні қажап, кір жаға шағып сөйлегеніңді доғар. Бұл атаңның бар айыбы ар-намыстың жоқшысы болғандығы! – деді бұжыр қараға түтіп жіберердей тұтана қарап.

Ой қамағы да мазасын кетірді. Əлгі хатшының алдына барғанда, тіпті ішін тарта үдей соқты. Жез тұтқалы есікті ертелетіп келіп күзетуін күзетсе де, күткен үміті ақталмайтындай бір сезімге бой ал-дырды. Сағат дəл тоғыз болды-ау деген шамада мамырлай басқан хатшының төбесі көрінді. Бірақ оның қиықша қысық көзі бұрышта бүрісіп отырған бұдан əріге, алысқа телміріп қадалғандай үстірттеп кетті. Көрсе де көрмегенсіп, жез тұтқалы есікті ашты да, кабинетіне кіріп жоқ болды. Орнынан көтеріле екі қолын кеудесіне қойып сəлем бере иілген қалпында мүлде елеусіз қалғанына Төлеу қатты қорланды. Хатшының соңынан қуа кіріп «Сен, құдай емес, Қабай емессің бе. Сəлем алмау – қай атаңнан жұққан көргенсіздік, ит қылық! Асып-толсаң да, абайла, шырағым!» деп өзінше бір батыра-батыра басу сөз айтқысы келді. Əй, қайдам, «аш бала, тоқ баламен ойнамайды» деген рас. Ол еріксіз ұстамдылық көрсетті. Іштей жасып, қамығып ызаланса да, сыр білдірмегенсіп:

– Айналайын, Қабайға кіріп айтшы, өзіне ғана жеткізер бір ауыз сөзім бар еді, мені азғана уақытқа қабылдасыншы, – деді енді хатшы келіншекке жүгініп.

Обалы қанша, ұяң мінезді ақсары келіншек

тілегін екі етпей, хатшыға кіруін кіріп шықса да, өзі біртүрлі ыңғайсыздана күмілжіп:

– Ата, сізді қабылдауға уақытым жоқ, ауылына қайта берсін, деді Қабай Қарсақович, – деп хатшы келіншек ақырын ғана күрсінді.

Төбесінен тағы бір қара бұлт түйіліп келіп, жаумай өткеніне таңырқай қайран қалып орнынан көтерілген Төлеу:

– Ал, қалқам, аман болайық! – деді ақсары келіншекке ризалықпен қош айтып.

Бір тəуірі бұл сыртқа шыққанда, таңертеңгі сағат онда жүретін автобус əлі қозғала қоймаған екен. Нəр татпаған аш күйінде соған отырып алып ауылға қайтқан.

...Былай аудан орталығынан қашықтап шыға шыңылтыр аязды ашық аспан астында ирелеңдеген дала жолына ерекше ыстық сағынышпен қайта-қайта

қарай берді Төлеу. Десе де көңіліндегі күйік тұманды ой қайтып қана оңайлықпен сейілсін. Ақсүйекке жет-кенде тіпті ауырлай түскен тəрізденді. Ақшағыл тас-тарымен көзге ұрған шоқының бауырына бір кезде кей шоғыры іліне, кей шоғыры іліне алмай қисайып құлай берген құла қырдың көп қазағының ақ сөңке боп қурап қалған бас сүйектері алдынан өре домалап шыға келердей тұла-бойы қатты түршігіп те кеткен-ді. О бастағы Қосөркеш аты ұмытылып, Ақсүйек аталып кеткен осынау шоқының сай-саласындағы адам сүйектері күні кешеге дейін беті жабылмай ашық-шашық жатты емес пе. О, сұмдық-ай, есіне құба қырда тірі жүрген жалғыз құрдасы, сынықшы Мақай айтқан бір сөздер түсті.

– Пəлі, Төке! – деген ол. – Отыз екінші жылғы аштық қырып салған еліңе, отыз жетінің ойра-ны да обына жалманып жетпеді ме. Үн-түнсіз дыбысы шықпай жер жастанған бейбақтарды ойласаң, миыңды қытыр-қытыр шайнап тышқан кемірердей тітіркенесің... Сені анау Қарсақтың баласымен жақсы деп естимін. Біріңмен-бірің жамырай шұрқырасып табысып жатпағаныңмен дəмдес, сыйлас болғанға не жетсін. Сөйтсе де түбі шикіден тартына жүрген жөн. Əкесі бір көр кеуде, рақымсыз таскөз болатын...

– Қой, Мақа, аудан басшысын өйтіп кінəлауға бола ма, əсіресе, екеуміз сияқты қарт большевик-ке мұндай алыпқашты сөздің керегі не? – деп оған қарсы дау айтқан.

Жаратылысынан бірбеткей, өсек сөзбен зауқы жоқ, шыншыл Мақай қаба сақалын қайыра сипап қойып:

– Адал еңбегін сауған ардағым-ау. Бұл ара-да күйгелектене қалатын тіпті де жөнің жоқ. Қабайдың əкесі НКВД болғанын білесің бе өзің? – деп басқаша жайға ойысқан.

– Естуім бар, – деген.– Естуің болса, Ақсүйектің сайында аталас

Саят ақынның басы қалғанын да балаларымыз білуге тиіс. Сары уыздай сөзі, самалдай аңқып ескен əні қандай еді Саяттың! Алты алашқа өлеңімен өрістеп даңқы кеткен ондай жандардың тууы да сирек қой. Сол Саят отыз жетінші жылы жазықсыздан жауапқа тартылып, «халық жауы» ретінде өлім жазасына кесілген нелер боздақ асыл азаматтарға арнап: «Қайғыдан көңіл қарайып, Күнің бір өтсе талтаңдар... Үрейің іште зорай-ып, Қара бір көзден қан тамар. Жақсыңды жатса жəбірлеп; Қайдағы сұмдар қамалап, Араша талап бір-бірлеп...» – деп күңірене жыр толғайды. Оның

осы екі ауыз өлеңін қолма-қол жаттап ала қойған бір жансыз дереу НКВД Қарсаққа ба-рып айтады. Сыныққа сылтау іздеп, тімтініп жүретін Қарсақ төбе шашы тік тұра ашула-нып:

– Солай де, халық жауларын – ел жақсы-лары еді деп сарнаған өлеңшінің өзі барып тұрған қара жүрек жау ғой. Ондай бұлбұлды торға қамап тастап, сазайын тартқызу керек, - дейді де, бұл ойын табанда орындайды.

Алайда, тумысынан от шайнап туған ақын Қарсақтың ішкі қылығын, ұлттық қаннан ада айуандығын бетіне басып, қатты қарсылық көрсетеді. Ақыры елірген мылқау күш қойсын ба, қайран Саятты да қарға құрлы көрмей, көзін жойып тынады. Байқаймын, сол НКВД Қарсақтан қалған тұяқ мына Қабай да кісіге іш бермейтін қатпарлы пəле. Өзге зымияндығын қайдам, анау «Мойынты» қыстағында отыратын шопан Нұриды жындыханаға қаматтырып жібергенін қайтып кешіресің.

Бірде малды ауылдарды аралап, түстене жүріп, «көк суға» лықа тойып алған рай-ком Қабай қалың қопа ішінде қамыс орып жүрген Нұридың інісі Əлиді жабайы қабан екен деп атып салмай ма. Қайта көрер жарығы бар деші, оқ оның оң иығынан тиеді. Сөйтіп өлмей тірі қалғанмен, бір қолды беріп, шолақ Əли атанды да шыға келді. Сол інісінің кемтар болуына тікелей қатысы бола тұрып, түк жаны ашып, шімірікпеген Қабайдың үстінен арызданып, ағасы Нұри аудандағы заң орындарының есігін апталап күзетумен діңкесі құриды. Бірақ ол бүкіл аудан Қабайдың уысында тұрғанын қайдан білсін. Ал бірінші хатшының «бет-беделін» қарашығындай аялап, «намысын» қорғаштап жанталасқан сұлу киімді сұмпайылар əділет іздеген Нұриды «есі ауысқан адам» деп, дəрігерлік жалған анықтама жасатып жындыханаға жіберттіреді. Сау адамды та-мам жындының ішіне апарып тастағаннан өткен қорлық бар ма?! Кейіннен, екі-үш ай-дан соң үйіне қайтып оралған Нұри мүлде тіл-ауызсыз меңіреу болып қалғанын көзім көрді. Ордалы жыландай ысқырынған өңшең құлқын құлы жылмағайларды төңірегіне топтаған Қабайдың «принципті ісі» сол əне. Елді, жерді ойлаған адам ешуақытта ондай қылмысқа бармайды.

Кəрі досы Мақайдың сыр ғып айтқан бұл сөзінде жан бар секілді. Соны енді ғана тереңдеп танығандай. Өйткені, қос басында көрген Қабайы, кабинетіне сыздана, сырт ай-налып еніп кеткен Қабайға мүлде ұқсамайды. Ал əділет айнасы деп сеніп келген жері оған арыстан жатқан түбектей елестеді. Сірə, əлгі Шотбай содырдың жығылған жерінен сау-сəлемет басын көтергені айдан анық. Əйтпесе, құлағына «ауылға қайта берсін» деген сөз қайдан естілсін.

Бұл кезде автобус та ауылға жетіп тоқтаған еді. Абырой болғанда 100 сом айып ақша төлеп, Шотбай жаласынан біржола құтылған.

...Төлеу ақсақал буырқана борандатқан сұрқай түнде өз өмірінің үзік-үзік сəттерін ой елегінен осылайша өткізіп, алда не күтіп тұрғанында өзінше шамалады. Сөйтіп, бой-ын құрыстаған бейжайлықтан сергіп тыныс алғаны сол еді, кенет шалық шалғандай орны-нан атып тұрды. Иығын сүйеп отырған сəкі тас та селк еткендей болды. Жоқ, тапжылмапты. Жануар-ай, бурыл бие иесіне қың-қың етіп жалынғандай қарады. Үсті-басы сауыс-сау-ыс сірескен мұз, қалш-қалш етеді. «И... и... жануарым-ай!» деді иесі біртүрлі аяп. Ойына жазғы салымғы оқиға оралды.

Дəл осы Бозтөбені бөктерлеп келе жатып, жолай əшейінде қай мал болсын аттап аяқ баспайтын «Дөңгелек құйға» батып қалған жерінен мына бурыл биені үш бірдей атпал азамат шығара алмай əуреленіп жатқанына тап келді. Көрген бойда-ақ намыс қысып, ат-тан қарғып түсті. Дереу аяғындағы саптама етігін суыра-суыра салып, аналарға «ой, өңшең шуылдақ, аулақ əрі» деп бұйырды да, өзі құй батпақты тізесінен кешіп барып, тұншығып өлуге айналған биенің құйрығынан бұрай ұстап артқы екі аяғын қаусыра иіп əкеп иығына қондырғанда, жиекке бірақ шығарған. Бүйірін соға жан шақырған жануар дөңгелек көздері жасаурай қарап еді-ау сонда. Ал бұл болса «ата-лап» алғыс айтқан жігіттерге де лəм деп ауыз ашпастан кете барған.

Тек арада екі-үш күн өткенде бурыл биенің соңынан кішкентай жирен құлынның бұл-тылдап шауып жүргенін көріп жүрегі жары-лардай қуанған.

Қазірде, міне, сыралғы жануар тағы бір жанашырлық күткендей. Төлеу толғанып тұр-мады. Ішігін шешті де, жабулап бурыл биенің арқасына жапты. Өзі шолақ тері күртесін қамсау етіп ығына тығылды. Жылы ішіктің əсері ме, бурыл бие құлын күніндегісіндей маужы-рап қорылға басты. Жануар екеш жануардың да тір ліктен қажып талыққан сəтіндегі іші-бауырыңды елжіретерлік өзгеше мұңды, қай-тып орала бермейтін балқаймақ мызғуы ма екен бұл. Иесі жануарының ұйқылы басын көкі регіне ұзақ-ұзақ мейірлене қысты. Тағдыр қаталдығына қаратастай берік, аппақ сақалды ата қазақтың жанарынан кесек тамшылар сыр-ғанап жерге тырс-тырс тамып жатты...

Ертеңінде боран сап басылып, Құсмұрынның ұлы жоталары айнадай мөлдіреген аспан ая-сында аппақ қар жалдарымен тіпті сұлуланып асқақ көрінді. Етектегі тебіннен қалың жылқының жоны қарауытты. Қарт жылқышы шығыс жақ қапталындағы белдер астынан бұйралана будақ-будақ ұшқан көкшіл түтінге күлімсірей қарады. Малдың жоғын ғана емес, жанның жоғын – талайлар-ақ айыры-ла бастаған кісілікті, шынайы адамгершілік пен мейірімділікті, ерлік қасиеттерді іздеп келе жатқан көненің көзі Төлеу əлгі түтіннен көз ала алмай ұзақ тұрды. Ол өз үйінің, туған ошағының түтіні еді. Дүниедегі ең кешірілмес күнə – шыққан тегіңнен, туған ұяңнан көз жа-зып қалу ғой.

Жўмбаќ жолаушы

Page 16: Egemen · (Соңы 4-бетте). Оймақтай ой Бүгінгі нөмірде: 7-бет 8-бет 10-бет Балтамен жəне пы шақ-пен қаруланған

19 қараша 2014 жыл

www.egemen.kz16

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 20 03 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 64-құжат; № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 11, 67-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне əкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) мазмұнында:20-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:«20-бап. Сот талқылауы барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету»;22, 25 жəне 91-2-баптардың тақырыптары мынадай редакция-

да жазылсын:«22-бап. Сот актілеріне шағым жасау бостандығы»;«25-бап. Дауларды төреліктің немесе аралық соттың шешуіне, сондай-ақ медиация тəртібімен шешуге беру»;«91-2-бап. Маманның немесе сарапшының тірі адамнан

үлгiлердi алуы»;мынадай мазмұндағы 105-1-баптың тақырыбымен

толықтырылсын:«105-1-бап. Мемлекеттік баж төлеуді кейінге қалдыру»;111-баптың тақырыбындағы «шығындарды» деген сөз

«шығыстарды» деген сөзбен ауыстырылсын;мынадай мазмұндағы 13-1-тараудың жəне 149-1, 149-2, 149-3

жəне 149-4-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:«13-1-тарау. Істерді жеңілдетілген іс жүргізу тəртібімен қарау149-1-бап. Жеңілдетілген іс жүргізу тəртібі149-2-бап. Жеңілдетілген іс жүргізу тəртібімен қаралатын істер149-3-бап. Істерді жеңілдетілген іс жүргізу тəртібімен қарау

ерекшеліктері149-4-бап. Жеңілдетілген іс жүргізу тəртібімен қаралатын іс бойынша шешім»;160-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:«160-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды қарау»;мынадай мазмұндағы 16-1-тараудың жəне 173-1, 173-2, 173-3,

173-4 жəне 173-5-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:«16-1-тарау. Татуласу келісімі173-1-бап. Тараптардың татуласуы173-2-бап. Татуласу келісімін жасасу173-3-бап. Татуласу келісімінің нысаны мен мазмұны173-4-бап. Соттың татуласу келісімін бекітуі173-5-бап. Татуласу келісімін орындау»;177-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:«177-бап. Сот талқылауының тікелей жəне ауызша жүргізілуі»;222-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:«222-бап. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі

басқару органдарының жəне лауазымды адамдардың əрекеттері (əрекетсіздігі) мен шешімдерін заңсыз деп тану туралы шешім»;

229-баптың тақырыбы алып тасталсын;240-3-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:«240-3-бап. Апелляциялық, кассациялық сатылардағы немесе

қадағалау сатысындағы соттың сот актісінің орындалуын бұру туралы мəселенi шешу»;

мынадай мазмұндағы 257-1 жəне 258-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:

«257-1-бап. Сот отырысын аудио- немесе бейнежазу құралдарымен тіркеп жазу (аудио-, бейнехаттама)»;

«258-1-бап. Сот отырысының аудио- немесе бейнежазбасына жəне қысқаша хаттамасына ескертпелер»;

383-6, 385 жəне 395-1-баптардың тақырыптары мынадай ре-дакцияда жазылсын:

«383-6-бап. Кассациялық шағымды немесе наразылықты қайтару»;

«385-бап. Заңды күшіне енген сот актілеріне өтінішхат беруге, ұсыну енгізуге жəне наразылық келтіруге құқығы бар адамдар»;

«395-1-бап. Сот актісін қайта қарау туралы өтінішхатқа, ұсынуға немесе наразылыққа пікір»;

403-1 жəне 403-2-баптардың тақырыптары алып тасталсын;2) 6-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«3. Істерді шешу кезінде соттың заңды бұзуына болмайды жəне

ол заңсыз сот актілерінің күшін жоюға əкеп соғады.»;3) 14-баптың екінші жəне бесінші бөліктері мынадай редак-

цияда жазылсын:«2. Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап арыз (арыз) берілген тілге

қарай сот ұйғарымымен белгіленеді. Сол бір азаматтық іс бой-ынша іс жүргізу бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады.

Егер істі бірінші сатыдағы сотта қарауға дайындық барысында талапкердің өз өкілі талап арыз (арыз) берген тілді білмейтіндігі анықталса, онда сот талапкердің жазбаша өтінішхаты бойынша сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы ұйғарым шығарады.»;

«5. Іске қатысатын жəне сот ісін жүргізу тілін білмейтін адам істен алып беру туралы жазбаша түрде мəлімдеген сот актілері оған ана тіліне немесе ол білетін басқа тілге аударылып табыс етіледі.»;

4) 15-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«2. Тараптар азаматтық сот iсiн жүргiзу барысында өзiнiң

ұстанымын, оны қорғаудың тəсілдері мен құралдарын дербес жəне сотқа, іске қатысатын басқа да адамдарға тəуелсiз таңдайды. Сот істің нақты мəн-жайларын анықтау мақсатында өз бастамасымен дəлелдемелер жинаудан толық босатылған, алайда тараптың уəжді өтінішхаты бойынша оған осы Кодексте көзделген тəртіппен қажетті материалдарды алуға жəрдем көрсетеді.»;

5) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:«20-бап. Сот талқылауы барысында қауіпсіздікті қамтама-

сыз етуІстің сотта талқылануы соттың қалыпты жұмысын жəне сот

отырысы залында қатысып отырған адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жағдайларда өтуге тиіс. Сот пристав-тары қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жеке басты куəландыратын құжаттарды тексеруді, адамдардың жеке басын жете тексеруді жəне олар сот отырысы залына алып кіретін зат-тарды жете тексеруді жүргізеді.»;

6) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:«22-бап. Сот актілеріне шағым жасау бостандығы1. Сот актілеріне осы Кодексте белгіленген тəртіппен шағым

жасалуы мүмкін. 2. Іске қатысатын адамдардың сот актісін осы Кодексте белгіленген

тəртіппен жоғары тұрған сотқа қайта қаратуға құқығы бар.»;7) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:«25-бап. Дауларды төреліктің немесе аралық соттың

шешуіне, сондай-ақ медиация тəртібімен шешуге беру Сотқа ведомстволық бағынысты, азаматтық-құқықтық

қатынастардан туындаған дау, бұған Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған кезде жəне осы Кодекстің 170-бабының 4) тармақшасына жəне 192-бабына сəйкес, тараптардың келісуі бойынша медиация тəртібімен шешілуі не-месе төреліктің немесе аралық соттың қарауына берілуі мүмкін.»;

8) 30-бапта:бірінші жəне 1-3-бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:«1. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар

тараптары заңды тұлға құрмай кəсiпкерлiк қызметтi жүзеге асы-ратын азаматтар, заңды тұлғалар болып табылатын мүлiктiк жəне мүлiктiк емес даулар жөнiндегi, корпоративтік даулар жөніндегі азаматтық iстердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарын жəне бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін жəне қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы азаматтық істерді қарайды.

Қаржы ұйымдарын жəне бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін жəне қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы істерді қоспағанда, көрсетілген азаматтық істер бойынша талап талапкер шартта не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген дауды сотқа дейін реттеу тəртібін сақтаған кезде қойылуы мүмкін.»;

«1-3. Кəмелетке толмағандардың істері жөніндегі маман дан-ды рылған ауданаралық соттар Қазақстан Республикасының не-ке-отбасы заңнамасына сəйкес баланың тұрғылықты жерін жəне баламен қарым-қатынас тəртібін анықтау туралы; ата-ана құқық-тарынан айыру (құқықтарын шектеу) жəне оларды қалпына келтіру туралы; бала асырап алу туралы; бала асырап алудың күшін жою туралы; кəмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режиммен ұстайтын ұйымдарға жіберу туралы даулар бойынша; кəмелетке толмағандарға қорғаншылық пен

қамқоршылықтан (патронаттан) туындайтын даулар бойынша азаматтық істерді қарайды.»;

1-4-бөлік алып тасталсын;ескерту мынадай редакцияда жазылсын:«Ескертулер. 1. Кəмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандан-

дырылған ауданаралық соттың соттылығына жатқызылған істерді кəмелетке толмаған адамның заңды өкілдерінің өтінішхаты бойын-ша аудандық жəне оған теңестірілген сот қарауы мүмкін.

2. Істі аудандық жəне оған теңестірілген сотқа қарату тура-лы өтінішхат істі сот талқылауына тағайындағанға дейін беріле алады.»;

9) 32-баптың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«8. Қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тартудан, ешқайда кетпеу

туралы қолхат, үйқамақ немесе қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шараларын заңсыз қолданудан не əкімшілік қамаққа алу түрінде əкімшілік жазаны заңсыз қолданудан бұзылған мүліктік жəне мүліктік емес құқықтарды қалпына келтіру туралы талаптар талапкердің тұрғылықты жері бойынша қойылуы мүмкін.»;

10) 35-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«1. Əр жерде тұратын немесе орналасқан бірнеше жауапкерге

қойылатын талап талапкердің таңдауы бойынша жауапкерлердің біреуінің тұрғылықты немесе орналасқан жері бойынша қойылады.»;

11) 36-бапта:екінші бөліктің 3) тармақшасындағы «анықталса;» деген

сөз «анықталса, сот істі басқа соттың қарауына береді.» деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақшасы алып тасталсын;

үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:«3. Істің осы соттың соттылығына жатпайтыны туралы тарап-

тардың арыздарын осы сот шешеді. Істі басқа сотқа беру туралы мəселе бойынша ұйғарым шығарылады. Істің соттылыққа жатпай-тыны туралы тараптың (тараптардың) арызын қанағаттандырусыз қалдыру туралы сот ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табы-лады жəне шағым жасалуға, наразылық білдірілуге жатпайды. Істі бір соттан басқа сотқа беру – осы ұйғарымға шағым жасау мерзімі өткеннен кейін, ал шағым берілген жағдайда шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарылғаннан кейін жүргізіледі.»;

мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:«3-1. Осы баптың екінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген

жағдайларда, істің аудандық жəне оған теңестірілген сотқа соттылығын апелляциялық сатыдағы сот айқындайды.»;

төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:«4. Соттардың арасындағы соттылық туралы дауларды апелля-

ция лық сатыдағы сот шешеді, оның шешімі түпкілікті болып та-былады жəне шағым жасалуға, наразылық білдірілуге жатпайды.»;

12) 37-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«3. Iстердi кассациялық сатыдағы сотта қарауды осы алқа

судьяларының саны тақ (кемінде үш) алқалы құрамы тиісті облыстық жəне оған теңестірілген сот төрағасының не облыстық жəне оған теңестірілген сот төрағасының тапсыруы бойынша кассациялық саты судьясының төрағалық етуімен жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық жəне əкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасында істерді қарауды осы алқа судьяларының саны тақ (кемінде бес) алқалы құрамы көрсетілген алқа төрағасының немесе оның тапсыруы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьяларының бірінің төрағалық етуімен жүзеге асырады.»;

13) 39-бап мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толық-тырылсын:

«6. Істі қадағалау сатысындағы сотта қарауға қатысқан судья осы Кодекстің 386-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда осы істі қарауға қатыса алмайды.»;

14) 41-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«1. Осы Кодекстің 40-бабы бірінші бөлігінің 2) жəне 3)

тармақ шаларында көрсетілген қарсылық білдіру үшін негіздер прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына да қолданылады.»;

15) 47-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толық-тырылсын:

«3. Іске қатысатын адамдар сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында өтініш жолдауға құқылы.»;

16) 49-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«1. Талапкер талап қоюдың негізін немесе нысанасын өзгертуге,

талап қою талаптарының мөлшерін ұлғайтуға немесе азайтуға немесе талап қоюдан бас тартуға құқылы. Талап қоюдың негізін немесе нысанасын өзгерту, талап қою талаптарының мөлшерін ұлғайту немесе азайту істі мəні бойынша қарау аяқталғанға дейін жазбаша арыз беру арқылы жүргізіледі. Талап қоюдан бас тартуға бірінші сатыдағы сот шешім қабылдағанға дейін жазбаша арыз беру арқылы жол беріледі. Жауапкер талап қоюды мойындауға құқылы, бұл жөнінде одан қолхат алынады. Тараптар істі татуласу келісімімен немесе дауды (жанжалды) медиация тəртібімен реттеу туралы келісіммен аяқтай алады, оларға тараптар қол қояды жəне оларды сот бекітеді.»;

17) 57-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«1. Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік органдар

мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары өздеріне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іс бойынша қорытынды беру үшін жəне азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық жəне мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін бірінші сатыдағы сот істі мəні бойынша қарауды аяқтағанға дейін өз бастамасы бойынша, іске қатысатын адамдардың баста-масы бойынша, сондай-ақ соттың бастамасы бойынша процеске қатыса алады.»;

18) 59-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:«7) іске қатысатын адамдардың өтінуімен сот рұқсат еткен,

жоғары заңгерлік білімі бар басқа да адамдар тапсырма бойынша сотта өкіл бола алады.»;

19) 62-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«3. Адвокаттың нақты істі жүргізуге арналған өкілеттігі

сенімхатпен жəне заң консультациясы немесе адвокаттар алқасының адвокаттық кеңсесі беретін, ал ол өз қызметін жеке-дара жүзеге асырған кезде – адвокаттар алқасының төралқасы беретін ордермен куəландырылады.

Адвокаттың осы Кодекстің 61-бабының бірінші бөлігінде тізбеленген процестік əрекеттердің əрқайсысын жасауға өкілеттіктері нотариат куəландырған сенімхатпен немесе нота-риат куəландырғанға теңестірілген сенімхатпен расталуға тиіс.»;

20) 63-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Əрекетке қабілетсіз азаматтар мен толық əрекет қабілетіне

ие емес немесе сот тəртібімен əрекетке қабілеті шектеулі деп танылған адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта олардың ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары, патронат тəрбиешілері немесе оларды алмастыратын басқа да адамдар қорғайды, олар сотқа өздерінің мəртебесі мен өкілеттіктерін куəландыратын құжаттарды ұсынады.»;

21) 66-бапта:бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:«1. Тараптар мен іске қатысатын басқа да адамдар бірінші

сатыдағы сотқа дəлелдемелерді ұсынады жəне олар сот талқылауында зерттеледі.»;

мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:«1-1. Тарап талаптардың немесе оларға қарсы қарсылықтардың

негізі ретінде сілтеме жасайтын əрбір дəлелдеменің мазмұны осы дəлелдеме зерттелетін сот талқылауы барысында ашылуға тиіс.

Адам сот талқылауы барысында ашылған дəлелдемелерге ғана сілтеме жасауға құқылы.»;

үшінші жəне төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:«3. Бірінші сатыдағы сот тараптарға жəне іске қатысатын басқа

да адамдарға істі дұрыс шешу үшін қажетті қосымша дəлелдемелер табыс етуді ұсынуға құқылы.

Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, тарап-та бар дəлелдемелерді бірінші сатыдағы сотқа ұсынбау осы дəлелдемелерді апелляциялық, кассациялық сатылардағы, қадағалау сатысындағы сотқа ұсыну мүмкіндігін жояды.

4. Тараптар мен іске қатысатын басқа да адамдар үшін дəлелдемелер ұсыну қиын болған жағдайда, бірінші сатыдағы сот олардың өтінішхаты бойынша оларға дəлелдемелерді талап етіп алдыруға жəрдем көрсетеді.

Бірінші сатыдағы сот қанағаттандырусыз қалдырған, тарапқа қажетті дəлелдемелерді талап етіп алдыруға жəрдем көрсету тура-лы өтінішхат апелляциялық сатыдағы сот алдында апелляциялық шағымда немесе сот отырысында мəлімделуі мүмкін.»;

22) 71-бап мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:«3-1. Əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша заңды

күшіне енген сот қаулысында белгіленген əкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның кінəсі осы адам жасаған əкімшілік құқық бұзушылықтың азаматтық-құқықтық салдарлары туралы істі қарау кезінде қайтадан дəлелденбейді.»;

23) 91-1-бапта:төртінші бөліктегі «дəрiгердiң немесе басқа», «дəрiгер немесе

басқа» деген сөздер алып тасталсын;бесінші бөліктегі «, дəрiгерде», «басқа» деген сөздер алып

тасталсын;24) 91-2-бапта:тақырып, бірінші жəне екінші бөліктер мынадай редакцияда

жазылсын:«91-2-бап. Маманның немесе сарапшының тірі адамнан

үлгiлердi алуы 1. Судья өзiнен үлгілер алынуға тиiс адамды, сондай-ақ тиiстi

үлгілерді алу туралы ұйғарымды маманға жiбередi. Ұйғарымда осы процестік əрекетке барлық қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi көрсетiлуге тиiс.

2. Маман судьяның тапсыруы бойынша қажеттi əрекеттердi жүргізеді жəне сараптамалық зерттеу үшін талап етілетін үлгілердi

алады. Yлгiлер қапталады жəне мөрленеді, содан кейiн маман жасаған ресми құжатпен бiрге судьяға жiберiледi.»;

төртінші бөлік алып тасталсын;25) мынадай мазмұндағы 105-1-баппен толықтырылсын:«105-1-бап. Мемлекеттік баж төлеуді кейінге қалдыруСот жеке тұлға берген тұтынушылардың құқықтарын қорғау

туралы талап қоюлар бойынша мемлекеттік баж төлеуді сот тиісті шешім қабылдағанға дейін кейінге қалдырады. Сот шешім қабыл-дау кезінде мемлекеттік баж төлеуге байланысты шығыс тар ды өз пайдасына шешім шығарылмаған тараптан алып береді.»;

26) 107-баптың 9) тармақшасы алып тасталсын;27) 108-баптың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«8. Бір немесе екі тарап шығындарды төлеуден босатылған

жағдайда, сарапшылар мен мамандарға тиесілі сомаларды төлеу республикалық бюджет есебінен жүргізіледі.

Сарапшылар мен мамандарға тиесілі сомаларды төлеу тəртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;

28) 109-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«2. Аудармашыларға тиесілі сомаларды төлеу Қазақстан

Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен республикалық бюджет есебінен жүргізіледі.»;

29) 110-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«1. Сот өз пайдасына шешім шығарылған тарапқа іс бойынша

шеккен барлық сот шығыстарын екінші тараптан алып береді. Егер талап қою ішінара қанағаттандырылса, онда шығындар талап-керге сот қанағаттандырған талап қою талаптарының мөлшеріне пропорционалды түрде, ал жауапкерге – талапкердің талап қою талаптарынан бас тартылған бөлігіне пропорционалды түрде алып беріледі.»;

30) 111-бап мынадай редакцияда жазылсын:«111-бап. Өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстарды

өтеу1. Өз пайдасына шешім шығарылған тарапқа сот осы тараппен

еңбек қатынастарында тұрмайтын, процеске қатысқан өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша ол шеккен шығыстарды оның іс жүзінде шеккен шығындары мөлшерінде екінші тараптан алып береді. Ақшалай талаптар бойынша бұл шығыстар талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігінің он пайызынан аспауға тиіс.

2. Егер адвокат тарапқа заң көмегін республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсеткен болса, сот істі қараудың нəтижелерін негізге ала отырып, адвокаттың көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстарды екінші тараптан республикалық бюджет кірісіне өндіріп береді.»;

31) 113-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«2. Егер тараптар татуласу келісімін немесе дауды медиа-

ция тəртібімен реттеу туралы келісімді жасасу кезінде сот шығыстарын бөлу тəртібін көздемеген болса, сот тараптар шеккен сот шығыстарын олардың арасында теңдей бөледі.»;

32) 114-бапта:бірінші бөлік 2) тармақшасындағы «қуынушылар мен жауап-

керлер үшiн кəсiпкерлiк қызметке байланысты емес дауларды қараған жағдайларда тұлғаны заң көмегіне ақы төлеуден жəне өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден толық босатуға жəне оларды бюджет қаражаты есебіне жатқызуға міндетті.» деген сөздер «талапкерлер мен жауапкерлер үшiн кəсiпкерлiк қызметпен байланысты емес дауларды қараған;» деген сөздермен ауысты-рылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

«3) ақталғандарға зиянды өтеу туралы дауларды қараған жағдайларда тұлғаны заң көмегіне ақы төлеуден жəне өкілдік ету-ге байланысты шығыстарды өтеуден толық босатуға жəне оларды бюджет қаражаты есебіне жатқызуға міндетті.»;

үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:«3. Осы баптың бірінші бөлігінің 2) жəне 3) тармақшаларында

көзделген жағдайларда, тұлғаның заң көмегіне ақы төлеуден босату туралы жəне өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы өтінішхатына заң көмегіне республикалық бюджет қаражатынан ақы төлену құқығын растайтын құжаттар мен басқа да дəлелдемелер қоса тіркелуге тиіс.»;

мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:«6. Тарапты адвокаттың заң көмегіне ақы төлеуден босату

туралы соттың немесе судьяның ұйғарымы шағым жасалуға, наразылық білдірілуге жатпайды.»;

33) 128-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«3. Өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы арыз

өзінде процестік əрекет жасалуға тиісті болатын сотқа жазба-ша нысанда не электрондық құжат нысанында беріледі. Сот бұл арызды іске қатысатын адамдардың қатысуымен қарайды, оларға мəселенің қаралу орны мен уақыты туралы хабарланады, алайда олардың келмей қалуы соттың алдына қойылған мəселені шешуге кедергі болып табылмайды.»;

34) 129-бапта:екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:«2. Іске қатысатын адамдар, куəлар, сарапшылар, мамандар

жəне аудармашылар да тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хат, телефонограмма немесе жеделхат арқылы не хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып хабарландырылуы немесе шақырылуы мүмкін.»;

мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын: «5. Егер тарап хабарлаудың оған түспегенін не кеш түскенін

дəлел демесе, тарапты тиісінше хабардар ету – тараптың көрсетіл-ген мекенжай бойынша тұратын отбасының кəмелетке толған мүшелерінің бірі алған, тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберілген хабарлама, телефонограмма не-месе жеделхат, сондай-ақ ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай бойынша не хабарлаудың не-месе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байла-ныс құралдары пайдаланыла отырып, мəтіндік хабарламаның жеткізілгенін растайтын есеп.»;

35) 130-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;36) 140-бапта:2) жəне 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:«2) егер ақшаны өндіріп алу туралы талап орындалу мерзімі

басталған шарттан туындайтын міндеттеменің орындалмауына негізделсе жəне міндеттеменің орындалмағанын борышкер жаз-баша түрде мойындаса;»;

«11) егер кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған міндетті шығыстарға қатысудан жалтарып жүрген үй-жайлардың (пəтерлердің) меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы, сондай-ақ жария шарттардың негізінде нақты тұтынылған көрсетілетін қызметтер (электрмен, газбен, жылу-мен, сумен жабдықтау, телефонның жəне Интернет желісінің, кəбілдік телевизияның көрсетілетін қызметтері, тұрмыстық қатты қалдықтарды тасып шығару) үшін берешекті өндіріп алу туралы талаптар бойынша талап мəлімделген болса;»;

мынадай мазмұндағы 12), 13), 14 жəне 15) тармақшалармен толықтырылсын:

«12) егер берілген сомаларды индекстеу туралы талап мəлімделген болса;

13) егер келісімшарт бойынша əскери қызметшінің бастама-сы бойынша келісімшарт мерзімінен бұрын дəлелді себептерсіз бұзылған жағдайда, əскери қызметті өткеру туралы келісімшартта көзделген біржолғы ақшалай сыйақыны өндіріп алу туралы талап мəлімделген болса;

14) егер шартта көзделген мерзім өткенге дейін өз еркімен қызметін тоқтатқан оқу орындарының курсанттарын оқытуға жұмсалған соманы өндіріп алу туралы талап мəлімделген болса;

15) егер, бала асырап алудың күші жойылған жағдайда, жетім баланы жəне (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала-ны асырап алуға байланысты төленген біржолғы ақшалай төлемді бюджетке қайтару туралы талап мəлімделген болса шығарылады.»;

37) 143-баптың екінші жəне үшінші бөліктері мынадай редак-цияда жазылсын:

«2. Судья сотқа арыз келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде арызды қабылдаудан бас тарту немесе арызды қайтару туралы ұйғарым шығарады.

3. Арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым арыз берушінің осы талап бойынша талап қою жөніндегі іс жүргізу тəртібімен талап қою мүмкіндігіне кедергі келтірмейді.

Сот бұйрығын беру туралы арызды қайтару туралы ұйғарым оны қайтару үшін негіз болған кемшіліктерді жойғаннан кейін қайтадан беруге кедергі келтірмейді.

Сот бұйрығын беру туралы арызды қабылдаудан бас тарту ту-ралы немесе арызды қайтару туралы ұйғарым шағым жасалуға, наразылық білдірілуге жатпайды.»;

38) 144-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«1. Судья сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдауға

жəне егер арыз осы Кодекстің 141-бабының талаптарына сай келмесе, өз ұйғарымымен өндіріп алушыға кемшіліктерді жою үшін үш жұмыс күнінен аспайтын мерзім белгілеуге құқылы.»;

39) 146-баптың бірінші бөлігінің 3) жəне 4) тармақшалары мы-надай редакцияда жазылсын:

«3) өндiрiп алушының тегi, аты жəне əкесiнiң аты (eгep ол жеке басын куəландыратын құжатта көрсетiлген болса), туған күнi, айы, жылы, оның тұрғылықты немесе орналасқан жерi, оның тұрғылықты жерi бойынша тiр келгенi туралы мəлiметтер мен жеке сəйкестендiру нөмiрi немесе, егер өндiрiп алушы заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты орналасқан жерi не Бизнес-сəйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен мəлiметтер, банктік деректемелері жəне бизнес-сəйкестендiру нөмiрi, сондай-ақ егер бар болса, қалалық немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері, электрондық мекенжайы туралы мəліметтер;

4) борышкердiң тегi, аты жəне əкесiнiң аты (егер ол жеке басын куəландыратын құжатта көрсетiлген болса), туған күнi, айы, жылы, оның тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi, оның тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мəлiметтер, оның жұмыс орны туралы мəлiметтер мен жұмыс орнының банктік деректемелері (eгep сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетiлген болса), оның банктік деректемелері мен жеке сəйкестендiру нөмiрi (eгep

сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетiлген болса) не-месе, егер борышкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты орналасқан жерi не Бизнес-сəйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен мəлiметтер (eгep сот бұйрығын шығару тура-лы арызда көрсетiлген болса), банктік деректемелері мен бизнес-сəйкестендiру нөмiрi, сондай-ақ егер бар болса жəне белгілі болса, қалалық немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері, электрондық мекенжайы туралы мəліметтер;»;

40) мынадай мазмұндағы 13-1-тараумен толықтырылсын: «13-1-тарау. Істерді жеңілдетілген іс жүргізу тəртібімен қарау149-1-бап. Жеңілдетілген іс жүргізу тəртібі 1. Сот жеңілдетілген іс жүргізу тəртібіндегі істерді осы т арау-

да белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, осы Кодексте көзделген талап қою бойынша іс жүргізудің жалпы қағидалары бойынша қарайды.

2. Судья жеңілдетілген іс жүргізу тəртібіндегі істерді арыз іс жүргізуге қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде жеке-да-ра қарайды. Жеңілдетілген іс жүргізу тəртібіндегі істерді қарау мерзімі ұзартылуға жатпайды.

149-2-бап. Жеңілдетілген іс жүргізу тəртібімен қаралатын істер1. Жеңілдетілген іс жүргізу тəртібімен: 1) егер талап қоюдың бағасы заңды тұлғалар үшін – бес жүз

айлық есептік көрсеткіштен, дара кəсіпкерлер, жеке тұлғалар үшін бір жүз айлық есептік көрсеткіштен аспаса, ақша өндіріп алу ту-ралы талап арыздар бойынша;

2) талап қою бағасына қарамастан, талапкер ұсынған, жауапкердің ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға жəне (немесе) шарт бойынша берешекті р астайтын құжаттарға негізделген талап арыздар бойынша істер қаралуға жатады.

2. Егер жеңілдетілген іс жүргізу тəртібімен істі қарау ба-рысында үшінші тұлғаның іске кірісуі туралы өтінішхаты қанағаттандырылса, осы тарауда белгіленген қағидалар бойынша қаралуы мүмкін емес қарсы талап қою қабылданса не, егер сот, оның ішінде тараптардың біреуінің өтінішхаты бойынша мынадай:

1) жеңілдетілген іс жүргізу тəртібі мемлекеттік құпияны жария етуге əкеп соғуы мүмкін;

2) дəлелдемелерге олар орналасқан жер бойынша қарап-тексеру жəне зерттеу жүргізу, сараптама тағайындау немесе куəлік айғақтарды тыңдау қажет;

3) мəлімделген талап өзге де талаптармен, оның ішінде басқа да адамдарға немесе осы іс бойынша қабылданған сот актісіне бай-ланысты, басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылуы мүмкін;

4) жеңілдетілген іс жүргізу тəртібімен істі қарау, оның ішінде сот қосымша мəн-жайларды анықтау немесе қосымша дəлелдемелерді зерттеу қажет деп таныған жағдайда, тиімді сот төрелігінің мақсаттарына сəйкес келмейді деген тұжырымға кел-се, сот істі талап қою бойынша іс жүргізудің жалпы қағидалары бойынша қарау туралы ұйғарым шығарады.

3. Істі талап қою бойынша іс жүргізудің жалпы қағидалары бой-ынша қарау туралы ұйғарымда іске қатысатын адамдар жасауға тиіс əрекеттер жəне осы əрекеттерді жасау мерзімдері көрсетіледі. Егер істі талап қою бойынша іс жүргізудің жалпы қағидалары бой-ынша қарауға көшу дəлелдемелерге олар орналасқан жер бойынша қарап-тексеру жəне зерттеу жүргізу, сараптама тағайындау жəне куəлік айғақтарды тыңдау қажеттігінен туындаған жағдайларды қоспағанда, істі қарау ұйғарым шығарылғаннан кейін басынан бастап жүргізіледі.

4. Егер азаматтық құқықтық қатынастардан туындайтын екі та-лап мəлімделсе, бұл ретте, олардың біреуі мүліктік сипатта болса жəне осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарға жатса, ал екінші талап мүліктік емес сипатта болса жəне сот осы талапты жеке іс жүргізуге бөліп алмаса, талаптардың екеуі де жеңілдетілген іс жүргізу тəртібімен қаралады.

5. Жеңілдетілген іс жүргізу тəртібімен басталған, бірақ оны одан əрі талап қою бойынша іс жүргізудің жалпы қағидалары бойынша қаралатын істі қарау мерзімі ұзартылуға жатпайды.

149-3-бап. Істерді жеңілдетілген іс жүргізу тəртібімен қарау ерекшеліктері

1. Осы Кодекстің 149-2-бабының бірінші немесе екінші бөліктерінде көрсетілген іс бойынша талап арыз, арыз жəне осын-дай арызға қоса тіркелетін құжатта р сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында ұсынылуы мүмкін.

2. Сот талап арызды, арызды іс жүргізуге қабылдау туралы ұйғарым шығарады, онда істің жеңілдетілген іс жүргізу тəртібімен қаралатынын көрсетеді жəне жауапкердің немесе басқа да мүдделі адамның он бес жұмыс күні ішінде талап арызға, арызға пікір ұсынуы үшін мерзім белгілейді.

3. Тараптар мəлімделген талаптардың мəні бойынша түсініктемелерді жəне өз ұстанымы негізделген қарсылықтарды қамтитын құжаттарды сот белгілеген мерзімде істі қарап жатқан сотқа ұсынуға жəне бір-біріне жіберуге құқылы. Мұндай құжаттар сот белгілеген мерзімде ашылмаған дəлелдемелерге сілтемелерді қамтымауға тиіс.

4. Егер талап арызға пікір, арызға пікір, дəлелдемелер мен өзге де құжаттар, егер осы құжаттарды берген адамдар көрсетілген құжаттарды сот белгілеген мерзімде өздеріне байланысты емес себептер бойынша ұсына алмағандығын негіздеген жағдайды қоспағанда, сот белгілеген мерзім өткеннен кейін сотқа келіп түссе, олар қаралмайды жəне осы адамдарға қайтары лады. Сот көрсетілген құжаттарды қайтару туралы ұйғарым шығарады.

5. Судья осы баптың үшінші бөлігіне сəйкес дəлелдемелерді жəне өзге де құжаттарды ұсыну үшін сот белгілеген мерзімдер өткеннен кейін тараптарды шақырмай істі жеңілдетілген іс жүргізу тəртібімен қарайды.

Жеңілдетілген іс жүргізу тəртібімен қаралатын істер бойынша алдын ала сот отырысы өткізілмейді.

Сот тараптар ұсынған құжаттарда баяндалған түсініктемелерді, қарсылықтарды жəне (немесе) іске қатысатын адамдардың дəлелдерін зерттейді жəне көрсетілген мерзімдер ішінде ұсынылған дəлелдемелердің негізінде шешім қабылдайды.

6. Істі жеңілдетілген іс жүргізу тəртібімен қарау кезінде осы Кодекстің 23-тарауында жəне осы Кодекстің 189-бабында көзделген қағидалар қолданылмайды.

149-4-бап. Жеңілдетілген іс жүргізу тəртібімен қаралатын іс бойынша шешім

1. Жеңілдетілген іс жүргізу тəртібімен қаралатын іс бойынша шешім, егер осы тарауда белгіленген ерекшеліктерден өзгеше туындамаса, осы Кодекстің 18-тарауында белгіленген қағидалар бойынша қабылданады.

2. Істі жеңілдетілген іс жүргізу тəртібімен қарау нəтижелері бойынша шешімге ол қабылданған күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.

Заңды күшіне енген, бірінші сатыдағы соттың шешіміне, апелляциялық сатыдағы соттың шешіміне немесе қаулысына осы Кодексте белгіленген тəртіппен кассациялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.»;

41) 154-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай ре-дакцияда жазылсын:

«1) талапкер істердің осы санаты үшін дауды сотқа дейін ал-дын ала шешудің шартта немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртібін сақтамаса жəне осы тəртіпті қолдану мүмкіндігі жойылмаса;»;

42) 156-бап мынадай редакцияда жазылсын:«156-бап. Қарсы талап қою1. Жауапкер істі мəні бойынша қарау аяқталғанға дейін

бастапқы талап қоюмен бірге қарау үшін талапкерге қарсы та-лап қоюға құқылы. Қарсы талап қою талап қою туралы жал-пы қағидалар бойынша жүргізіледі. Судья қарсы талап қоюды қабылдау туралы ұйғарым шығарады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген қабылдау талапта-рына сəйкес келмейтін қарсы талап арыз қайтарылуға жатады.»;

43) 160-бап мынадай редакцияда жазылсын:«160-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды

қарау1. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды судья ол сотқа

келіп түскен күні жауапкерге жəне iске қатысатын басқа да адамдарға, төрелiк немесе аралық талқылау тараптарына хабар-ламастан шешеді. Судья талапты қамтамасыз ету туралы арызды қарау нəтижелері бойынша ұйғарым шығарады.

2. Талап арызбен бірге сотқа берілген талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды сот сонымен бір мезгілде азаматтық істі қозғай отырып, жауапкерге жəне iске қатысатын басқа да адамдарға, төрелiк немесе аралық талқылау тараптарына хабарламастан қарайды.

3. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арыз сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында беріледі.»;

44) 163-баптың үшінші бөлігіндегі «мамандандырылған қаржылық сот» деген сөздер «сот» деген сөзбен ауыстырылсын;

45) 169-1-баптың бірінші жəне үшінші бөліктері мынадай ре-дакцияда жазылсын:

«1. Жауапкер сотқа талап қоюға қатысты қарсылықты рас-тайтын құжаттарды, сондай-ақ пікірдің жəне оған қоса тіркелген құжаттардың көшірмелерін талапкерге жəне іске қатысатын басқа да адамдарға жіберілгенін растайтын құжаттарды қоса тіркеп, талап арызға пікірді жазбаша нысанда не электрондық құжат ны-санында ұсынады.»;

«3. Т алап арызға жазбаша нысандағы не электрондық құжат нысанындағы пікірді іске қатысатын өзге адамдар да ұсынуға құқылы.»;

46) 170-бапта:2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:«2) қажет болған жағдайларда жауапкерді шақырады, одан істің

мəн-жайлары бойынша жауап алады, талап қоюға қарсы қандай қарсылықтары бар екенін жəне осы қарсылықтардың қандай дəлелдемелермен расталуы мүмкін екенін анықтайды, жауапкерге оның процестік құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;»;

мынадай мазмұндағы 4-2 ) тармақшамен толықтырылсын:

«4-2) кəмелетке толмаған талапкердің немесе жауапкердің заңды өкілдеріне олардың істі тиісті тараптың тұрғылықты жері бойынша аудандық жəне оған теңестірілген сотқа соттылығы бой-ынша беру туралы өтінішхатпен жүгіну құқығын түсіндіреді;»;

47) мынадай мазмұндағы 16-1-тараумен толықтырылсын:«16-1-тарау. Татуласу келісімі173-1-бап. Тараптардың татуласуы1. Сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, олар ға

дауды реттеуде жəрдемдеседі.2. Тараптар Қазақстан Республикасының заңдарында

белгіленген тəртіппен татуласу келісімін жасасып немесе өзге де татуластыру рəсімдерін пайдалана отырып, дауды реттей алады.

173-2-бап. Татуласу келісімін жасасу1. Тараптар процестің кез келген сатысында жəне сот актісінің

орындалуы кезінде татуласу келісімін жасаса алады.2. Егер заңда өзгеше көзделмесе, тараптардың бірі мемлекеттік

орган болып табылатын жəне егер сот əрекетке қабілетсіз не əрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдардың мүдделері қозғалатын болса, жария-құқықтық қатынастардан туындайтын істерден басқа, талап қою бойынша іс жүргізудің кез келген ісі бойынша татуласу келісімі жасалуы мүмкін.

3. Татуласу келісімі басқа адамдардың құқықтары м ен заңды мүдделерін бұзбауға жəне заңға қайшы келмеуге тиіс.

4. Татуласу келісімін сот бекітеді.173-3-бап. Татуласу келісімінің нысаны мен мазмұны1. Татуласу келісімі жазбаша нысанда жасалады жəне оған

тараптар немесе олардың өкілдері өздерінде сенімхатта немесе өкілдің өк ілеттігін растайтын өзге де құжатта арнайы көзделген татуласу келісімін жасасуға өкілеттіктері болған кезде қол қояды.

2. Татуласу келісімінде тараптардың бір-бірінің алдындағы не-месе бір тараптың екіншісінің алдындағы міндеттемелерінің шарт-тары, мөлшері жəне оларды орындау мерзімдері туралы келісілген мəліметтер қамтылуға тиіс.

Татуласу келісімінде жауапкердің міндеттемелерді орындау ын кейінге қалдыру туралы немесе ұзарту, талап ету құқығын басқаға беру, борышты толық немесе ішінара кешіру не мойындау, сот шығыстарын бөлу туралы шарттар жəне заңға қайшы келмейтін өзге де шарттар қамтылуы мүмкін.

3. Егер татуласу келісімінде сот шығыстарын бөлу туралы шарт болмаса, сот бұл мəселені татуласу келісімін осы Кодексте белгіленген жалпы тəртіппен бекіту кезінде шешеді.

4. Татуласу келісімі татуласу келісімін жасасқан адамдардың са-нынан бір данасы артық данада жасалады жəне оған қол қойылады. Татуласу келісімін бекіткен сот осы даналарының біреуін іс мате-риалдарына қоса тігеді.

173-4-бап. Соттың татуласу келісімін бекітуі1. Татуласу келісімін іс жүргізуінде іс жатқан сот бекітеді. Егер

татуласу келісімі сот актісін орындау процесінде жасалған болса, ол сот актісі орындалатын жердегі бірінші сатыдағы соттың бекітуіне немесе көрсетілген сот актісін қабылдаған сотқа бекітуге ұсынылады.

2. Сот татуласу келісімін бекіту туралы мəселені сот отырысын-да қарайды. Іске қатысатын адамдарға сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланады.

3. Татуласу келісімін жасасқан жəне сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған адамдар сот отырысына келмеген жағдайда, егер осы адамдардан осы мəселені өздерінің қатысуынсыз қарау туралы арыз түспесе, сот татуласу келісімін бекіту туралы мəселені қарамайды.

4. Сот татуласу келісімін бекіту туралы мəселені қарау нəтижелері бойынша ұйғарым шығарады.

5. Егер татуласу келісімі заңға қайшы келсе немесе басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, сот оны бекітпейді.

6. Сот ұйғарымында:1) татуласу келісімінің бекітілгені немесе татуласу келісімін

бекітуден бас тартылға ны;2) татуласу келісімінің шарттары;3) сот шығыстарын бөлу көрсетіледі.Сот актісін орындау процесінде жасалған татуласу келісімін

бекіту туралы сот ұйғарымында осы сот актісінің орындалуға жатпайтыны да көрсетілуге тиіс.

173-5-бап. Татуласу келісімін орындау1. Татуласу келісімін оны жасасқан адамдар осы келісімде

көзделген тəртіппен жəне мерзімдерде ерікті түрде орындайды.2. Ерікті түрде орындалмаған татуласу келісімі татуласу

келісімін жасасқан адамның өтінішхаты бойынша сот беретін атқару парағының негізінде мəжбүрлеп орындатуға жатады.»;

48) 177-бап мынадай редакцияда жазылсын:«177-бап. Сот талқылауының тікелей жəне ауызша

жүргізілуі1. Сот істі қарау кезінде іс бойынша дəлелдемелерді тікелей

зерттеуге: жеңілдетілген іс жүргізу тəртібімен қаралатын істерді қоспағанда, тараптардың жəне іске қатысатын басқа да адамдардың түсініктемелерін, куəлардың айғақтарын, сарапшылардың қорытындыларын, мемлекеттік органдардың жəне жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындыларын тыңдауға, құжаттармен танысуға, заттай дəлелдемелерді қарап-тексеруге, дыбысжазбаларды тыңдауға жəне бейнежазбаларды, кино-, фо-томатериалдарды көруге, өзге де ақпарат өзгерту құралдары ның материалдарымен танысуға міндетті. Қажет болған жағдайларда іс бойынша дəлелдемелерді зерттеген кезде сот маманның кон-сультациялары мен түсіндірмелерін тыңдайды.

Тараптардың жəне іске қатысатын басқа да адамдардың түсініктемелерін, куəлардың айғақтарын, сарапшылардың қорытындыларын, мемлекеттік органдардың жəне жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындыларын тыңдауды сот нақты уақыт режімінде бейнебайланыс арқылы жүзеге асыра алады.

2. Істі талқылау ауызша жүргізіледі. Істі қарау процесінде судья алмастырылған жағдайда істі талқылау басынан бастап жүргізілуге тиіс.»;

49) 180-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«2. Сот сот отырысын аудио- немесе бейнежазу құралдарын

(аудио-, бейнехаттаманы) пайдаланған кезде төрағалық етуші бұл туралы хабарлайды.

Сот отырысын аудио- немесе бейнежазу құралдарын пайда-лану мүмкін болмаған жағдайда, сот отырысының хатшысы сот отырысының хаттамасында мұндай мəліметтерді көрсете отырып, бұл туралы сотқа баяндайды.»;

50) 193-баптың бірінші жəне бесінші бөліктері мынадай ре-дакцияда жазылсын:

«1. Талапкердің талап қоюдан бас тартуы туралы арызы, жауапкердің талап қоюды мойындауы немесе тараптардың татула-су келісімінің шарттары не дауды (жанжалды) медиация тəртібімен реттеу туралы келісімнің шарттары жазбаша түрде беріледі, олар іс материалдарына қоса тіркеледі, бұл туралы сот отырысының хаттамасында көрсетіледі.»;

«5. Сот осы Кодекстің 49-бабының екінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша талапкердің талап қоюдан бас тартуын, талап қоюды мойындауды қабылдамаған, татуласу келісімін немесе тараптардың дауды (жанжалды) медиация тəртібімен реттеу ту-ралы келісімін бекітпеген жағдайларда, сот бұл туралы ұйғарым шығарады жəне істі мəні бойынша қарауды жалғастырады.»;

51) 194-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:«3. Сот іске қатысатын адамдардың түсініктемелерін осы адам-

дар орналасқан жердегі сот арқылы нақты уақыт режимінде бей-небайланыс арқылы алуы мүмкін.»;

52) 199-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«1. Он төрт жасқа толмаған куəдан жауап алу, ал соттың

қалауы бойынша он төрттен он алты жасқа дейінгі куəдан жауап алу да сотқа шақырылатын педагогтың жəне заңды өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі. Көрсетілген адамдар төрағалық етушінің рұқсатымен куəға сұрақтар қоя алады.»;

53) 216-баптың бірінші жəне екінші бөліктері мынадай редак-цияда жазылсын:

«1. Сот шешімі қабылданғаннан жəне оған қол қойылғаннан кейін судья сот отырысы залына қайта оралады жəне сот шешімінің қарар бөлігін жария етеді, шешімге шағым жасаудың тəртібі мен мерзімдерін түсіндіреді.

2. Шешімнің қарар бөлігін жария еткеннен кейін судья іске қатысатын адамдар мен өкілдердің сот шешімінің көшірмесін қашан алуына болатынын хабарлауға міндетті.»;

54) 217-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«1. Бірінші сатыдағы соттың істі мəні бойынша шешетін актісі

шешім нысанында бес жұмыс күні ішінде шығарылады. Шешімнің қарар бөлігі іс материалдарына қоса тіркеледі.»;

55) 219-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«2. Сот істі талапкер мəлімдеген талап қоюлардың шегінде

шешеді.»;56) 222-бап мынадай редакцияда жазылсын:«222-бап. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі

басқару органдарының жəне лауазымды адамдардың əрекеттері (əрекетсіздігі) мен шешімдерін заңсыз деп тану туралы шешім

1. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару орган-дарының жəне лауазымды адамдардың əрекеттері (əрекет сіздігі) мен шешімдерін заңсыз деп тану туралы талап қоюды қана-ғаттандыру кезінде сот дау айтылып отырған əрекетті (əрекет-сіздікті) немесе шешімді заңсыз деп таниды, жеке немесе заңды тұлғаның бұзылған құқықтарын қалпына келтіруді міндеттейді. Нормативтік-құқықтық актіні заңсыз деп тану туралы шешімнің қарар бөлігінде ол қабылданған кезден бастап осы актінің қолданылмайды деп есептелетіні көрсетілуге тиіс.

2. Соттың нормативтік-құқықтық актіні заңсыз деп тану туралы шешімі немесе ол туралы хабарлама нормативтік-құқықтық акт жарияланған бұқаралық ақпарат құралдарында оны қабылдаған (шығарған) органның қаражаты есебінен жариялануға тиіс. Жариялау сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап он күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуға тиіс.»;

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту

мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

(Соңы 17-бетте).

Page 17: Egemen · (Соңы 4-бетте). Оймақтай ой Бүгінгі нөмірде: 7-бет 8-бет 10-бет Балтамен жəне пы шақ-пен қаруланған

19 қараша 2014 жыл

www.egemen.kz 1757) 229-бап алып тасталсын;58) 235-баптың 1-1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«1-1. Соттың қаржы ұйымдарын немесе бас ұйым ретінде банк

конгломератына кіретін жəне қаржы ұйымдары болып табылмай-тын ұйымдарды қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешімдері олар қабылданған күннен бастап заңды күшіне енеді жəне дереу орындалуға жатады.»;

59) 236-бапта:екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:«2. Сот шешiмi заңды күшiне енгеннен кейiн атқару парағы

жазылады, ол өндiрiп алушыға берiледi не оның жазбаша арызы не электрондық құжат нысанындағы арызы бойынша сот оны тиісті аумағы бойынша əділет органына орындау үшiн жiбередi.»;

мынадай мазмұндағы 5-1-бөлікпен толықтырылсын:«5-1. Атқарушылық құжат өндіріп алушыға беріледі не оның

арызы бойынша сот оны тиісті аумағы бойынша əділет органына орындау үшін жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанын-да жібереді.»;

алтыншы бөліктің бірінші абзацы мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:

«Сот шешімінің орындалмау себептері туралы ақпарат электрондық құжат нысанында ұсынылуы мүмкін.»;

60) 240-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:«240-3-бап. Апелляциялық, кассациялық сатылардағы не-

месе қадағалау сатысындағы соттың сот актісінің орындалуын бұру туралы мəселенi шешу

Апелляциялық, кассациялық тəртіппен немесе қадағалау тəртібімен күші жойылған немесе өзгертілген сот актісінің орындалуын бұру туралы мəселені қарауды, егер осы мəселе апелляциялық, кассациялық сатылардағы немесе қадағалау сатысындағы соттарда қаралмаса, күші жойылған немесе өзгертілген сот актісін орындау жері бойынша немесе күші жойылған, өзгертілген сот актісін шығарған бірінші сатыдағы сот-та істің қаралған жері бойынша бірінші сатыдағы сот жүргізеді.»;

61) 240-7-бапта:екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:«2. Санкциялауға жататын атқарушылық əрекеттерді жүргізу

туралы қаулыны сот орындаушысы сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында ұсынады. Қаулыға санкциялана-тын əрекеттерді қолданудың негізділігін растайтын атқарушылық іс жүргізу материалдары қоса беріледі.»;

мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын:«4-1. Сот орындаушысының электрондық құжат нысанында

ұсынылған қаулысына санкция беруді сот судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куəландыру арқылы жүзеге асырады.

Санкция беруден бас тартылған жағдайда, судья электрондық құжат нысанында санкция беруден бас тарту туралы уəжді ұйғарым шығарады.»;

бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:«5. Сот санкциялаған қаулыға, атқарушылық əрекеттерді

жүргізуге санкция беруден бас тарту туралы соттың ұйғарымына осы Кодексте белгіленген тəртіппен шағым жасалуы немесе наразылық білдірілуі мүмкін.»;

62) 241-бап мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:«Тараптардың жəне іске қатысатын басқа да адамдардың

өтінішхаты бойынша шешімнің көшірмесі электрондық құжат нысанында жіберіледі.»;

63) 249-баптың 7) жəне 9) тармақшалары мынадай редакция-да жазылсын:

«7) істі өзінің қатысуынсыз талқылау туралы өтінбеген талап-кер екінші шақыру бойынша сотқа келмесе;»;

«9) талап арызды қайтару туралы арыз берілсе;»;64) 252-баптың бірінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай ре-

дакцияда жазылсын:«6) соттың процестік шешімі;»;65) 254-бап мынадай мазмұндағы екінші абзацпен

толықтырылсын:«Тараптардың жəне іске қатысатын басқа да адамдардың

өтінішхаты бойынша ұйғарымның көшірмесі электрондық құжат нысанында жіберіледі.»;

66) 255-бап мынадай редакцияда жазылсын:«255-бап. Хаттама жүргізудің міндеттілігі Бірінші сатыдағы соттың əрбір сот отырысы туралы, сондай-ақ

отырыстан тыс жасалған əрбір жекелеген процестік əрекет туралы жазбаша нысанда хаттама жасалады не сот отырысының аудио- немесе бейнежазбасы жүргізіледі.»;

67) 256-бапта:бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:«1. Сот отырысының немесе отырыстан тыс жасалған жеке-

леген процестік əрекеттің жазбаша нысанда жасалған хаттамасы істі талқылаудың немесе жекелеген процестік əрекет жасаудың барлық елеулі мəн-жайларын көрсетуге тиіс.»;

екінші бөліктің 4-1), 9), 13), 14) жəне 16) тармақшалары мына-дай редакцияда жазылсын:

«4-1) процестің аудио-, бейнежазбасын жүргізудің мүмкін еместігінің себептерін көрсете отырып, соттың стенографиялауды қолдануы туралы мəліметтер;»;

«9) куəлардың ауызша айғақтары, сарапшылардың өз қорытын-дыларын ауызша түсіндірулері, мамандардың түсініктері;»;

«13) соттағы жарыссөздер мен репликалардың мазмұны;»;«14) шешім мен ұйғарымдардың жария етілгені жəне

мазмұнының түсіндірілгені туралы, оларды түпкілікті нысанда дайындау мерзімдері, оларға шағым жасау тəртібі мен мерзімі түсіндірілгені туралы мəліметтер;»;

«16) түпкілікті нысандағы хаттаманың жасалған күні көрсетіледі.»;

68) 257-бапта:бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:«1. Жазбаша нысандағы хаттаманы сот отырысының хатшы-

сы жасайды.»;екінші бөлік алып тасталсын;бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:«5. Хаттама сот отырысы аяқталғаннан кейін үш жұмыс күнінен

кешіктірілмей, ал жекелеген процестік əрекет туралы хаттама ол жасалғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірілмей дайындалып, оған қол қойылуға тиіс. Күрделі істер бойынша сот отырысының хаттамасы сот отырысы аяқталғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей дайындалып, оған қол қойылуға тиіс.»;

мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:«8. Егер іске қатысатын адамдар ауызша түсініктерге, мəлімде-

мелерге, өтінішхаттарға, қорытындыларға олардың жазбаша мазмұнын қосып берсе, онда хаттамада азаматтық іс материал-дарына жазбаша құжаттардың қоса берілгені туралы көрсетіледі, хаттамада олардың толық мазмұны жазылмайды.»;

69) мынадай мазмұндағы 257-1 жəне 258-1-баптармен толықтырылсын:

«257-1-бап. Сот отырысын аудио- немесе бейнежазу құралдарымен тіркеп жазу (аудио-, бейнехаттама)

1. Ашық сот отырысының барысын тіркеп жазу аудио- немесе бейнежазу құралдарының көмегімен жүзеге асырылады.

Сот отырысының барысында аудио- немесе бейнежазу құралдарын қолдану (аудио-, бейнехаттама) үздіксіз жүзеге асырылады.

2. Сот отырысын аудио- немесе бейнежазу құралдарымен тіркеп жазуды сот отырысының хатшысы жүзеге асырады. Іске қатысатын адамдардың барлығы сот отырысына келмеген жағдайда, процесті аудио- немесе бейнежазу құралдарының көмегімен тіркеп жазу (аудио-, бейнехаттама) жүзеге асырылмайды.

3. Істі талқылауды аудио- немесе бейнежазу құралдарын пайда-лану арқылы тіркеп жазған жағдайда, сот отырысының хатшысы жазбаша нысанда қысқаша хаттама жасайды.

Сот отырысының қысқаша хаттамасында:1) сот отырысының жылы, айы, күні жəне орны;2) сот отырысы басталған жəне аяқталған уақыт;3) істі қарайтын соттың атауы, судьяның, сот отырысы

хатшысының тегі мен инициалдары;4) істің атауы;5) соттың аудио-, бейнежазу құралдарын қолдануы туралы

мəліметтер;6) аудио- немесе бейнежазбаны қамтитын файлдың атауы;7) іске қатысатын адамдардың, өкілдердің, куəлардың,

сарапшылардың, мамандардың, аудармашылардың келгені ту-ралы мəліметтер;

8) іске қатысатын адамдар дəлелдемелер ретінде ұсынған қосымша материалдардың іске қоса тіркелгені туралы мəліметтер;

9) түпкілікті нысандағы хаттаманың жасалған күні көрсетіледі.Сот отырысының қысқаша хаттамасына төрағалық етуші жəне

хатшы қол қояды.Сот отырысының аудио- немесе бейнежазбасын қамтитын

материалдық жеткізгіш пен қысқаша хаттамасы іс материалда-рына қоса тіркеледі.

4. Сот іске қатысатын адамдардың немесе олардың өкілдері-нің өтінішхаты бойынша оларға сот отырысының аудио-, бейнежазбасының көшірмесін ұсынуы мүмкін.

5. Сот отырысының барысын тіркеп жазуды қамтамасыз ететін аудио- немесе бейнежазу құралдарын техникалық қолда-ну тəртібін соттардың қызметін ұйымдастырушылық жəне материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган айқындайды.»;

«258-1-бап. Сот отырысының аудио- немесе бейнежазбасына жəне қысқаша хаттамасына ескертпелер

1. Іске қатысатын адамдардың сот отырысы аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сот отырысының аудио-, бейнежаз-басымен (аудио-, бейнехаттамасымен) жəне қысқаша хаттама-сымен танысуға жəне бес жұмыс күні ішінде сотқа жазбаша ны-санда не электрондық құжат нысанында олардың жазбаларының толық еместігі мен дұрыс еместігіне қатысты ескертпелер беруге құқықтары бар.

2. Сот отырысының аудио-, бейнежазбасына (аудио-, бейне-хаттамасына) жəне қысқаша хаттамасына ескертпелерді қарау осы Кодекстің 259-бабында көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.»;

70) 263-бап мынадай редакцияда жазылсын:«263-бап. Сырттай шешімнің көшірмесін салып жіберу1. Сырттай шешім шығарылған күннен бастап үш жұмыс

күнінен кешіктірілмей оның көшірмесі табыс ету туралы хабар-ламамен бірге жауапкерге жəне талапкерге жіберіледі.

2. Жауапкердің өтінішхаты бойынша сырттай шешімнің көшірмесі электрондық құжат нысанында жіберіледі.»;

71) 272-баптағы «соттылыққа жататын іс бойынша арызбен сотқа» деген сөздер «соттылық бойынша сотқа жазбаша нысандағы не электрондық құжат нысанындағы арызбен» деген сөздермен ауыстырылсын;

72) 274-1-бапта:мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:«1-1. Арызға азаматтың алқабиге кандидаттардың тізіміне

енгізілу жəне алқаби ретінде қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысу құқығының бұзылуы туралы айғақтайтын дəлелдемелер қоса тіркелуге тиіс.»;

екінші бөлік «сотқа» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;

73) 278-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«2. Арыз сотқа осы Кодекстің 3-тарауында белгіленген

соттылық қағидалары бойынша беріледі. Қаралуы аудандық соттардың соттылығына жатқызылған арыздар азаматтың тұрғылықты жеріндегі сотқа не əрекеттеріне дау айтылып отырған мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның, лауазымды адамның, мемлекеттік қызметшінің тұрған жеріндегі сотқа жаз-баша нысанда не электрондық құжат нысанында берілуі мүмкін.»;

74) 281-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«2. Сот отырысының орны мен уақыты туралы тиісті түрде

хабарланған, санамаланған адамдардың қайсыбірінің сот отыры-сына келмей қалуы істі мəні бойынша қарауға кедергі болмай-ды. Бұл жағдайда сот жекеше ұйғарым шығаруға құқылы, осы ұйғарым арқылы көрсетілген адамның сотты құрметтемеушілік фактісі туралы, ал арыз қанағаттандырылған кезде – осы адамның заң бұзушылықтарға жол бергені туралы жоғары тұрған органның немесе лауазымды адамның назарына жеткізеді.»;

75) 286-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«1. Заңға сəйкес келмейтiн нормативтiк құқықтық актiге жəне (не-

месе) жеке қолданылатын құқықтық актiге, сондай-ақ мемлекеттiк органның немесе лауазымды адамның əрекеттерiне прокурордың наразылығын заңсыз акт шығарған немесе заңсыз əрекеттер жасаған орган немесе лауазымды адам не жоғары тұрған орган немесе лауазымды адам қабылдамаған жағдайда, прокурор наразылық білдірiлген актiнi немесе əрекеттердi заңсыз деп тану туралы арыз-бен сотқа жүгiнедi. Сотқа арыз наразылықты қарау нəтижелері туралы хабарлама алынған кезден бастап он күн мерзімде немесе оны қараудың заңда белгіленген мерзімі өткеннен кейін жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында беріледі.»;

76) 293-бап «сотқа» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;

77) 296-баптың бірінші бөлігі «сотқа» деген сөзден кейін «жаз-баша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;

78) 302-баптың төртінші бөлігі «сотқа» деген сөзден кейін «жаз-баша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;

79) 308-1-баптың бірінші бөлігі «ішкі істер органы» деген сөздерден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат ныса-нында» деген сөздермен толықтырылсын;

80) 309-баптың бірінші бөлігі «сотқа» деген сөзден кейін «жаз-баша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;

81) 312-1-баптағы «ерекшеліктерімен мамандандырылған қаржылық» деген сөздер «ерекшеліктерді ескере отырып, ауданаралық экономикалық» деген сөздермен ауыстырылсын;

82) 312-2-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«1. Қаржы ұйымын қайта құрылымдау туралы арызды қаржы

ұйымы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа береді.»;

83) 312-4-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«3. Қаржы ұйымын қайта құрылымдау жүргізу туралы заңды

күшіне енген сот шешімінің көшірмесін сот қаржы ұйымына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жəне аумақтық əділет органдарына жібереді.»;

84) 314-баптың бірінші жəне екінші бөліктері мынадай редак-цияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген жағдайларда жылжымалы затты иесіз деп тану тура-лы арыз осы затты иеленуге кіріскен жеке тұлға тұратын жердегі немесе ұйым орналасқан жердегі сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында беріледі.

2. Жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы арызды коммуналдық мүлікті басқаруға уəкілетті орган сол мүлік орналасқан жердегі сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында береді.»;

85) 317-1-баптың бірінші абзацы «сотқа» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;

86) 317-9-бап «жерi бойынша» деген сөздерден кейін «жазба-ша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;

87) 317-12-бап «сотқа» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;

88) 318-бап «сотқа» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;

89) 321-баптың бірінші бөлігі «сотқа» деген сөзден кейін «жаз-баша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;

90) 324-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«2. Жоғалған құжатты жарамсыз деп тану туралы жəне ол бой-

ынша құқықтарды қалпына келтіру туралы арыз құжатты берген мекеме (тұлға) орналасқан жердегі сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында беріледі.»;

91) 331-1-баптың екінші бөлігі «сотқа» деген сөзден кейін «жаз-баша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;

92) 334-баптың үшінші бөлігі «ішінде» деген сөзден кейін «жаз-баша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;

93) 335-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толық-тырыл сын:

«5. Апелляциялық шағымға Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мөлшерде мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қоса тіркеледі.»;

94) 337-бап 4) тармақшасындағы «берсе (келтірсе) қайтарылады.» деген сөздер «берсе (келтірсе);» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) егер мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат бол-маса, қайтарылады.»;

95) 340-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

«4. Пікір сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат ныса-нында жіберілуі мүмкін.»;

96) 344-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«5. Істі одан əрі жылжыту мүмкіндігіне кедергі келтіретін

ұйғарымдарды жəне шешімнің орындалуын кейінге қалдыру не-месе ұзарту туралы мəселе жөніндегі ұйғарымдарды қоспағанда, апелляциялық сатының жекеше шағым, наразылық бойынша шығарылған ұйғарымы шағым жасалуға, наразылық білдірілуге жат-пайды жəне ол шығарылғаннан кейін дереу заңды күшіне енеді.»;

97) 383-3-баптың бірінші абзацындағы «сотқа жолданады» де-ген сөздер «сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат ныса-нында жолданады» деген сөздермен ауыстырылсын;

98) 383-5-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«3. Кассациялық шағымға Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мөлшерде мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қоса тіркеледі.»;

99) 383-6-бап мынадай редакцияда жазылсын:«383-6-бап. Кассациялық шағымды немесе наразылықты

қайтару1. Осы Кодекстің 383-5-бабында көрсетілген талаптарға сəйкес

келмейтін кассациялық шағым немесе наразылық қаралмай, кассациялық сатыдағы сот судьясының ұйғарымымен оларды берген адамға қайтарылады.

2. Кемшіліктер жойылғаннан кейін кассациялық шағым, наразылық, егер осы Кодекстің 383-4-бабының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өтпесе, қайтадан берілуі мүмкін.»;

100) 383-9-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

«4. Пікір сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат ныса-нында жіберілуі мүмкін.»;

101) 384-баптың бірінші жəне екінші бөліктері мынадай ре-дакцияда жазылсын:

«1. Жергiлiктi жəне басқа да соттардың заңды күшiне ен-ген сот актiлерiн, оларға шағым жасаудың кассациялық тəртiбi сақталған жағдайда, iске қатысатын адамдардың өтiнiшхаттары жəне Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қадағалау тəртiбiмен қайта қарауы мүмкiн.

Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген айрықша жағдайларда, заңды күшiне енген бiрiншi сатыдағы соттың шешiмi неме-се апелляциялық сатыдағы соттың шешiмi немесе қаулысы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы жəне Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша сот қадағалауы тəртiбiмен қайта қаралуы мүмкiн.

2. Мыналар:1) бұйрықтық іс жүргізу істері бойынша;2) жеңілдетілген іс жүргізу істері бойынша;3) татуласу келісімімен немесе дауды (жанжалды) медиа-

ция тəртібімен реттеу туралы келісіммен аяқталған, үшінші тұлғалардың мүдделерін қозғамайтын істер бойынша заңды күшіне енген шешімдер, ұйғарымдар, қаулылар сот қадағалауы тəртібімен қайта қаралуға жатпайды.»;

102) 385-бапта:тақырып мынадай редакцияда жазылсын:«385-бап. Заңды күшiне енген сот актiлерiне өтiнiшхат беруге,

ұсыну енгізуге жəне наразылық келтiруге құқығы бар адамдар»;мынадай мазмұндағы 4-2-бөлікпен толықтырылсын:«4-2. Осы Кодекстің 384-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген

негіздер болған кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың өтінішхаты бойынша шағым жасалып отырған сот актісін қайта қарау туралы ұсыну енгізеді. Өтінішхат ұсынуға қоса тіркеледі.»;

бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:«5. Осы Кодекстiң 393 – 395-баптарында көзделген қағидалар

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуларына жəне прокурордың наразылықтарына қолданылмайды жəне қадағалау сатысында тiкелей қаралады. Сот кеңесу бөлмесінде iстi қадағалау тəртiбiмен қайта қарауға осы Кодекстiң 387-бабын-да көзделген негiздердiң бар-жоғы туралы мəселенi шешедi, со-дан кейiн Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуын немесе прокурордың наразылығын мəнi бойынша қарайды. Көрсетілген негiздер болмаған кезде сот iстi сот қадағалауы тəртiбiмен қайта қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады.»;

103) 386-бап мынадай редакцияда жазылсын:«386-бап. Iстi қадағалау тəртiбiмен қарайтын соттар1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты кассациялық

сатының заңды күшiне енген қаулыларына осы Кодекстiң 385-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдардың

өтiнiшхаттары жəне Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылықтары бойынша, сондай-ақ осы Кодекстiң 384-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынулары жəне Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылықтары бойынша істерді, бiрiншi, апелляциялық сатылардағы соттардың актiлерiн кемiнде бес судья құрамында қарайды.

2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты осы Кодекстiң 384-бабының үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген негiздер бойын-ша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау сот алқасының қаулысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша iстердi қарайды.

Істер кемінде жеті судьядан тұратын алқалы құрамда қаралады.»;

104) 387-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«2. Осы Кодекстiң 385-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген

адамдардың өтiнiшхаттары, сол сияқты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының жəне осы Кодекстiң осы бабының екiншi бөлiгiнде көрсетілген прокурорлардың өз құзыретi шегiндегi бастамасы iстердi талап етіп алдыруға себептер болып табылады.»;

105) 388-баптың бірінші бөлігі «iшiнде» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;

106) 391-бапта:алтыншы бөлік алып тасталсын;мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:«7. Сот актісіне дау айту туралы өтінішхатқа Қазақстан

Республикасының салық заңнамасында белгіленген мөлшерде мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қоса тіркеледі.»;

107) 392-баптың бірінші бөлігінің 6) тармақшасындағы «болса, олар берген тұлғаларға қайтарылуға тиіс.» деген сөздер «болса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

«7) егер сот актісіне дау айту туралы өтінішхатқа мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қоса тіркелмесе, олар берген адамдарға қайтарылуға тиіс.»;

108) 395-бап мынадай редакцияда жазылсын:«395-бап. Қадағалау сатысы сотының отырысын

тағайындау 1. Қадағалау сатысы дау айтылып отырған сот актісін қайта

қарау бойынша қадағалау iсін жүргiзуді қозғау туралы сот қаулысын, ұсынуды, наразылықты алғаннан кейiн тараптарға қадағалау ісін жүргізуді қозғау туралы өтінішхаттың, қаулының, ұсынудың көшiрмелерiн, сот отырысын өткiзу күнін, уақытын, орнын көрсете отырып, iстiң қадағалау сатысында қаралатыны туралы хабарлама жібереді.

2. Қадағалау сатысында iс қадағалау iсін жүргiзуді қозғау тура-лы қаулымен, ұсынумен бiрге істі қадағалау сатысына берiлген не прокурордың наразылығы келiп түскен күннен бастап бiр айдың iшiнде қаралуға тиiс.»;

109) 395-1-бапта:тақырып жəне бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редак-

цияда жазылсын:«395-1-бап. Сот актісін қайта қарау туралы өтінішхатқа,

ұсынуға немесе наразылыққа пікір1. Іске қатысатын адам қайта қарауға қатысты қарсылықты

растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, сот актісін қадағалау тəртібімен қайта қарау туралы өтінішхатқа, ұсынуға неме-се наразылыққа пікірді іске қатысатын басқа адамдарға жəне Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жібереді.»;

мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:«4. Пікір Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жазба-

ша нысанда не электрондық құжат нысанында жіберілуі мүмкін.»;110) 397-бап мынадай редакцияда жазылсын:«397-бап. Істі қарау шектері1. Істі қадағалау тəртібімен қарау кезінде сот бірінші,

апелляциялық, кассациялық сатылардағы жəне қадағалау сатысындағы соттар шығарған сот актілерінің заңдылығын істе бар материалдар бойынша, өтінішхаттың, ұсынудың, наразылықтың дəлелдері шегінде тексереді.

2. Қадағалау сатысындағы сот заңдылық мүдделерін көздеп, өтінішхаттың, ұсынудың немесе наразылықтың шегінен шығуға жəне шағым жасалған, наразылық білдірілген шешімнің заңдылығын толық көлемінде тексеруге құқылы. Сот осы Кодекстің 25 – 29-та-рауларында көзделген істер бойынша бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы жəне қадағалау сатысындағы соттар шығарған қаулылардың заңдылығын толық көлемінде тексереді.»;

111) 398-бапта:бірінші жəне төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:«1. Қадағалау сатысындағы сот отырысы төрағалық етушінің

қандай сот шешімі жəне кімнің өтінішхаты (ұсынуы, наразылығы) бойынша қайта қаралатынын, сот құрамына кімдердің кіретінін жəне іске қатысатын адамдардың қайсысы сот отырысы залына келіп отырғанын хабарлауымен ашылады. Істің қаралатын уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген, өтінішхат (наразылық) берген адамның болмауы сот отырысын жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Iстi қарау кезiнде қадағалау сатысының со-тына прокурордың қатысуы мiндеттi.»;

«4. Істі қадағалау тəртібімен қарау нəтижесінде сот кеңесу бөлмесінде мына шешімдердің бірін қабылдайды:

1) бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардың неме-се қадағалау сатысының шешімін – өзгеріссіз, ал өтінішхатты, ұсынуды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдырады;

2) осы Кодекстiң 387-бабында көзделген негiздердiң болмау-ына байланысты iстi сот қадағалауы тəртiбiмен қайта қараудан бас тарту туралы;

3) бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы жəне қадағалау сатысындағы сот шешімінің күшін толық не бір бөлігінде жояды жəне істі апелляциялық немесе кассациялық сатыдағы сотқа немесе, егер іс апелляциялық сатыдағы сотта қаралмаған бол-са, бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жібереді. Қадағалау сатысындағы сот қаулыда көрсетілмеген не онда жоққа шығарылған мəн-жайларды анықтауға немесе дəлелденген деп есептеуге, қандай да бір дəлелдемелердің анықтығы немесе анық еместігі, бір дəлелдемелердің басқаларынан артықшылығы туралы, істі жаңадан қарау кезінде материалдық құқықтың қай нормасы қолданылуға тиіс екені жəне қандай қаулының қабылдануға тиіс екені туралы мəселелерді алдын ала шешуге құқылы емес;

4) бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы, қадағалау сатысындағы сот шешімінің күшін толық не бір бөлігінде жо-яды жəне талап арызды қараусыз қалдырады не іс бойынша іс жүргізуді тоқтады;

5) іс бойынша шығарылған шешімдердің біреуін күшінде қалдырады;

6) егер материалдық құқық нормаларын қолдануда жəне түсіндіруде қате жіберілген болса, бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы немесе қадағалау сатысындағы соттың шешімін өзгертеді не оның күшін жояды жəне істі жаңадан қарауға бермей, жаңа шешім шығарады.»;

мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:«5. Істі осы Кодекстің 386-бабының екінші бөлігінде көзделген

жағдайларда қарау осы баптың қағидалары бойынша жүзеге асы-рылады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы енгізген ұсынудың дəлелдерін іс бойынша баяндамашы болып табылатын судья баяндайды.»;

112) 403-баптың екінші бөлігіндегі «өтiнiш,» деген сөз «өтiнiшхат, ұсыну,» деген сөздермен ауыстырылсын;

113) 403-1 жəне 403-2-баптар алып тасталсын;114) 406-баптың бірінші бөлігі «сотқа» деген сөзден кейін «жаз-

баша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;

115) 406-1-баптың бірінші бөлігі «нысанда» деген сөзден кейін «не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын;

116) 410-баптың үшінші жəне төртінші бөліктері мынадай ре-дакцияда жазылсын:

«3. Сот ісін жүргізуді қалпына келтіру туралы арыз даудың мəні бойынша шешім не іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарған сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында беріледі.

4. Жоғалтылған атқарушылық іс жүргізуді қалпына келтіру ту-ралы арыз атқару жеріндегі сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында беріледі.»;

117) 426-1-баптың екінші бөлігі «сотқа» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын.

2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы-ның Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 93-құжат; 2013 ж., № 2, 10, 13-құжаттар; № 7, 36-құжат; № 13, 62, 64-құжаттар; № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76, 78-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 11-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 16, 90-құжат):

1) 273-бап мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:«2-1. Тергеуші осы Кодекстің 290-1-бабының екінші

бөлігінде көрсетілген қылмыстар бойынша кəмелетке толмаған айыпталушының заңды өкілдеріне, кəмелетке толмаған жəбірленушінің заңды өкілдеріне жəне өкілдеріне кəмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жатқызылған істі аудандық жəне оған теңестірілген сотта қарату құқығын түсіндіруге міндетті.»;

2) 287-бап мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын:«4-1. Анықтаушы осы Кодекстің 290-1-бабының екінші

бөлігінде көрсетілген қылмыстар бойынша кəмелетке толмаған айыпталушының заңды өкілдеріне, кəмелетке толмаған жəбірленушінің заңды өкілдеріне жəне өкілдеріне кəмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жатқызылған істерді аудандық жəне оған теңестірілген сотта қарату құқығын түсіндіруге міндетті.»;

3) 290-1-бапқа ескерту мынадай редакцияда жазылсын:«Ескерту. Кəмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандан-

дырылған ауданаралық соттың соттылығына жатқызылған істерді кəмелетке толмаған айыпталушының заңды өкілінің, кəмелетке толмаған жəбірленушінің заңды өкілінің жəне өкілінің өтінішхаты бойынша аудандық жəне оған теңестірілген сот қарауы мүмкін.»;

4) 296-баптың үшінші бөлігі мына редакцияда жазылсын: «3. Егер істің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық соттың, қылмыстық істер жөніндегі мамандан-дырыл ған ауданаралық əскери соттың немесе гарнизонның əскери сотының соттылығына жататыны анықталса, ол барлық жағдайларда соттылығы бойынша жіберілуге жатады.»;

5) 301-бап мынадай мазмұндағы 3-2-бөлікпен толықтырылсын:«3-2. Алдын ала тыңдау барысында судья кəмелетке толмаған

сотталушының заңды өкіліне, кəмелетке толмаған жəбірленушінің заңды өкіліне жəне өкіліне олардың істі соттылығы бойынша аудандық жəне оған теңестірілген сотқа беру туралы өтінішхатпен жүгіну құқығын түсіндіреді.»;

6) 391-бап мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын:«4-1. Судья кəмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне жəне

өкілдеріне олардың істі соттылығы бойынша аудандық жəне оған теңестірілген сотқа беру туралы өтінішхатпен жүгіну құқығын түсіндіруге міндетті.»;

7) 396-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықты-рылсын:

«4. Үкімді (қаулыны) қайта қарау туралы аппеляциялық шағымдар, наразылықтар жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілуі мүмкін.»;

8) 400-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырыл сын:«4. Апелляциялық (жекеше) шағым, наразылық беруге арналған

мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтінішхат жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілуі мүмкін.»;

9) 446-1-бап мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:

«7. Заңды күшіне енген айыптау үкімін кассациялық саты-да қайта қарау туралы шағым, наразылық жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілуі мүмкін.»;

10) 460-баптың бірінші жəне 2-1-бөліктері мынадай редакция-да жазылсын:

«1. Заңды күшiне енген үкiмдер мен қаулыларды сот қадағалауы тəртiбiмен қайта қарау туралы жүгінулер өтiнiшхаттар деп ата-лады жəне оларды апелляциялық жəне кассациялық шағым бе-руге құқығы бар процеске қатысушылар жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында бере алады.»;

«2-1. Прокурордың iстi талап етіп алдыру туралы сауа-лын сот ол сотқа келiп түскен күннен бастап күнтiзбелiк жетi күннен кешiктiрмей орындайды. Сауалдар жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында жiберiлуi мүмкiн.

Iс талап етіп алдырылған жағдайда, қадағалау наразылығын келтіру туралы өтiнiшхатты прокурор iс прокуратураға келiп түскен күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қарауға тиiс.».

3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 13, 62, 63, 64-құжаттар; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 2, 10, 11-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 46, 49-құжаттар; № 11, 61, 65-құжаттар; № 14, 86-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мəселелері бойын-ша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 538-бапқа ескерту мынадай редакцияда жазылсын:«Ескертулер.1. Кəмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандан-

дырыл ған ауданаралық соттың соттылығына жатқызылған істерді кəмелетке толмаған адамның қорғаушысының немесе заңды өкілінің өтінішхаты бойынша мамандандырылған əкімшілік сот қарауы мүмкін.

Істі аудандық жəне оған теңестірілген сотқа қарату туралы өтінішхат іс қарауға тағайындалғанға дейін берілуі мүмкін.

2. Егер тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында маман-дан дырылған əкімшілік сот құрылмаған болса, оның соттылығына жатқызылған істерді аудандық (қалалық) сот қарауға құқылы.»;

2) 635-бап мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:«3-1. Əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кез-

де өзіне қатысты əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан кəмелетке толмаған адамның қорғаушысына немесе заңды өкіліне олардың істі соттылығы бойынша мамандандырылған əкімшілік сотқа, ал тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мамандандырылған əкімшілік сот болмаған кезде – аудандық (қалалық) сотқа беру туралы өтінішхатпен жүгіну құқығы түсіндіріледі.»;

3) 643-баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай ре-дакцияда жазылсын:

«5) өтiнiшхаттардың, оның ішінде кəмелетке толмаған адам қатысатын істер бойынша істі кəмелетке толмаған адамның тұрғылықты жеріндегі сотқа қарату туралы өтінішхаттардың жəне қарсылық білдірулердің болуын;».

4. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86–құжаттар; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):

62-баптың 4-тармағында:үшінші абзацтағы «Қазақстан Республикасы Жоғарғы

Сотының,» деген сөздер алып тасталсын; төртінші абзацтағы «Қазақстан Республикасының

Конституциялық Кеңес i ,» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi,» деген сөздермен ауыстырылсын.

5. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық жəне бюджет-ке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат ; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне

«Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 535-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:

«14) мүліктік жəне мүліктік емес сипаттағы даулар үшін соттардың шешімдеріне жəне қаулыларына сот актілерін қадағалау тəртібімен қайта қарау туралы апелляциялық, кассациялық шағымдардан жəне өтінішхаттардан – мүліктік емес сипаттағы талап арызды беру кезінде алынатын мемлекеттік баж мөлшерінің, ал мүліктік сипаттағы даулар бойынша – арыз иесі дауласатын сома негізге алына отырып есептелетін мемлекет баж мөлшерінің елу пайызы.»;

2) 547-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редак-цияда жазылсын:

«1) соттар қарайтын істер бойынша – Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 105-1-бабында көзделген істерді қоспағанда, тиісті арыз (шағым) берілгенге немесе сот бұйрығын шығару туралы арыз берілгенге дейін, сондай-ақ сот құжаттардың көшірмелерін берген кезде;»;

3) 548-бапта:1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-3) тармақшамен

толықтырылсын:«1-3) іс тараптардың татуласу келісімімен аяқталған;»;1-1-тармақтың 2) тармақшасындағы «азайтқан;» деген сөз

«азайтқан жағдайларда, қайтарылмайды.» деген сөздермен ауы-стырылып, 3) тармақшасы алып тасталсын.

6. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) жəне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 6, 28-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне əкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:«18-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу кезінде ерлі-

зайыптылар арасында туындайтын дауларды қарауНекені (ерлі-зайыптылықты) бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың

арасында ортақ мүлікті бөлуге, еңбекке қабілетсіз жұбайын, сондай-ақ кəмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға қаражат төлеуге қатысты туындайтын даулар медиация тəртібімен немесе сот тəртібімен қаралады.»;

2) 37-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:«3. Дау туған жағдайда, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу,

сондай-ақ ерлi-зайыптылардың осы мүлiктегi үлестерiн айқындау медиация тəртібімен немесе сот тəртiбiмен жүргiзiледi.

Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу кезiнде сот кəмелетке толмаған баланың мүдделерін ескере отырып, ерлi-зайыптылардың талап етуi бойынша ерлi-зайыптылардың əрқайсысына қандай мү-лiктің берiлуге жататынын айқындайды. Егер ерлi-зайып ты лардың бiреуiне құны оған тиесiлi үлестен асатын мүлiк берiл се, екінші жұбайға тиісті ақшалай немесе өзге өтемақы алып берiледі.»;

3) 73-баптың 2 жəне 3-тармақтары мынадай редакцияда жа-зылсын:

«2. Ата-аналары бөлек тұратын кезде баланың тұрғылықты жерi мен заңды мекенжайы ата-аналарының келiсімiмен белгіленеді.

Келiсiм болмаған кезде ата-аналардың арасындағы дау баланың мүдделерiн негiзге алып жəне оның пiкiрiн ескере отырып, ата-аналардың талап етуі бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қатысуымен медиация тəртібімен шешіледі немесе оны сот шешедi. Бұл рет-те сот баланың ата-аналардың əрқайсысына, аға-iнiлерiне жəне апа-сiңлiлерiне (қарындастарына) үйiрлiгiн, баланың жасын, ата-аналардың адамгершiлiк жəне өзге де жеке қасиеттерiн, ата-аналардың əрқайсысы мен баланың арасындағы қарым-қатынастарды, баланың дамуы жəне тəрбиесі үшiн жағдайлар жасау мүмкiндiгiн (ата-аналар қызметiнiң түрiн, жұмысының режимін, ата-аналардың материалдық жəне отбасылық жағдайын жəне басқа да осындай жағдайларды) ескередi.

3. Ата-аналар баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыру тəртiбi туралы жазбаша нысанда келiсiм жасасуға құқылы.

Егер ата-аналар келiсiмге келе алмаса – дауды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган, ал оның шешімімен келіспеген жағдайда – дау осы органның жəне баланың ата-аналарының қатысуымен медиация тəртібімен шешіледі немесе оны сот шешедi.»;

4) 183-баптың бірінші тармағы мынадай редакцияда жазылсын:«1. Тіркеу туралы бастапқы акт жазбалары, сондай-ақ жеткілікті

негіздер болған кезде жəне мүдделі адамдардың арасында дау бол-маған кезде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толық-тырулар мен түзетулер енгізуді тіркеуші орган жүргізеді. Мүдделі адамдардың арасында дау болған кезде азаматтық хал актілерінің жаз-баларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу мəселелері медиация тəртібімен немесе сот тəртібімен шешіледі.».

7. «Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 10, 51-құжат; 2007 ж., № 17, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат):

9-бап мынадай редакцияда жазылсын:«9-бап. Дауларды шешуҚаржы орталығына қатысушылардың даулары жəне қаржы

ұйымдарын немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін жəне қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы істер олардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда сот тəртібімен шешіледі.».

8. «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі тура-лы» 2008 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 20, 80-құжат; 2010 ж., № 24, 153-құжат; 2012 ж., № 5, 39-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат):

1) 15-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:«3. Жергілікті жəне басқа да соттың судьясы лауазымына

конкурсқа қатысушылар құжаттарын Кеңеске тапсырғаннан кейін Қоғамдық кеңестің жəне облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын алуға тиіс.

Қоғамдық кеңес пен облыстық соттың жалпы отырысының қорытындылары ұсынымдық сипатта болады.»;

2) 16-бапта:2-тармақтың 4) тармақшасындағы «адамдарға басымдық

беріледі.» деген сөздер «адамдарға;» деген сөзбен ауысты-рылып, мынадай мазмұндағы 5), 6) жəне 7) тармақшалармен толықтырылсын:

«5) мемлекеттік немесе ведомстволық наградалары бар адамдарға;

6) судья лауазымына конкурсқа үш реттен астам қатысқан адамдарға;

7) жоғары білім туралы дипломның орташа бағасының нəтижесі бойынша басымдық беріледі.»;

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:«2-1. Арнайы білімнің болуы мамандандырылған соттар

судьяларының бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеудің қосымша критерийі болып табылады.»;

3-тармақтың 5) тармақшасындағы «болуы ескеріледі.» деген сөздер «болуы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) жəне 7) тармақшалармен толықтырылсын:

«6) мемлекеттік немесе ведомстволық наградаларының болуы;7) судья лауазымына конкурсқа үш реттен астам қатысқаны

ескеріледі.»;3) 17-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші жəне

төртінші бөліктермен толықтырылсын:«Облыстық соттардың төрағалары мен сот алқалары

төрағаларының бос лауазымдарына кандидатуралар, əдетте, жұмыс істеп жүрген судьялар немесе судья лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі бар адамдар арасынан ұсынылады.

Бұл ретте аудандық сот төрағасының, облыстық соттардың төрағалары мен сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың су-дьясы мен алқа төрағаларының лауазымына кандидаттарды іріктеу кезінде кадр резервінде тұрған адамдарға басымдық беріледі.».

9. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақ стан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 9, 43-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):

22-бап мынадай редакцияда жазылсын: «22-бап. Тұтынушылардың құқықтары мен заңды

мүдделерінің қорғалуына құқығыТұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды

тиісті мемлекеттік органдар, сот, төрелік немесе аралық сот өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

Тұтынушы тауарды (жұмысты, көрсетілген қызметті) сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) өз құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықты жою туралы жəне осы бұзушылықтардан тұтынушыға келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеу туралы кінə қойып жүгінуге құқылы.

Егер сатушы (дайындаушы, орындаушы) қойылған кінəға күнтізбелік он күн ішінде жауап бермесе немесе бұзушылықтарды жоюдан жəне келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеуден бас тартса, тұтынушы сотқа жүгінуге құқылы.».

2-бап. Осы Заң, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 13) тармақшасын, 36) тармақшасының тоғызыншы абзацын, 101), 102), 103), 104) жəне 108) тармақшаларын, 109) тармақшасының екінші – төртінші аб-зацтарын, 110), 111), 112) жəне 113) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2014 жылғы 17 қараша№254-V ҚРЗ

(Соңы. Басы 16-бетте).

Page 18: Egemen · (Соңы 4-бетте). Оймақтай ой Бүгінгі нөмірде: 7-бет 8-бет 10-бет Балтамен жəне пы шақ-пен қаруланған

19 қараша 2014 жыл

www.egemen.kz18

Меншік иесі:“Егемен Қазақстан”

республикалық газеті”акционерлік қоғамы

ПрезидентСауытбек АБДРАХМАНОВ

Вице-президент – бас редакторЖанболат АУПБАЕВ

Вице-президентЕркін ҚЫДЫР

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А.

АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kzАлматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – [email protected]

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР:Астана – 8 (717-2) 37-61-21;Ақтау – 8 (701) 593-64-78;Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75;Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70;Атырау – 8 (712-2) 31-74-13;

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91;Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72;Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15;Қызылорда – 8 (701) 772-70-74;Орал – 8 (777) 496-21-38;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11;Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85;Тараз – 8 (726-2) 43-37-33;Шымкент – 8 (701) 362-63-76;Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, [email protected] Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, [email protected]

Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.А

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы

5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мəдениет жəне

ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009

Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы201 715 дана.

Нөмірдің кезекші редакторлары

Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,Динара БІТІКОВА.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 9 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921

Газет мына қалалардағы:010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС,050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС,100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС,110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС,120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС,130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС,030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ,080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС,040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы,070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Думан АНАШ,«Егемен Қазақстан».

Ұлы Абайдың 170 жылдық ме-рейтойы қарсаңында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиа-лы хакім əлемін тануды мақсат тұтқан ізгі бастамаға ұйытқы бол-ды. Таяуда партия филиалы мен об лыстық өнер мұражайының ұйым дастыруымен «Абайды та-нып, біл» атауымен бейнелеу өнері туындыларының байқау-көрмесі өтті.

Биыл бесінші мəрте өткізілген дəстүрлі байқау өңірдегі сурет-шілердің қабілет-қарымын аңда-тады. Облыс орталығында орна-ласқан өнер мұражайындағы көрмеге 33 автор тарапынан келіп

түскен 57 еңбек қойылды. Олардың арасында шығысқазақстандық қылқаламшылардан өзге Павлодар қаласынан келген суретшілер, кəсіби жəне əуесқой суретшілер мен Т.Жүргенов атындағы өнер ака демиясы мен Семейдің Шə-кəрім атындағы мемлекеттік уни-вер ситетінің студенттері де бар.

Қос залдың қабырғасын жа-уып тұрған дала данасының бейнелерінен əр авторға тəн өзіндік қолтаңба, таным мен тал-ғам биігі аңғарылады. Көрмеге келушілерді баурай білген, Абай əлеміне терең бойлаған туындылар санатына Т.Татиевтің «Тау мүсін», Г.Макаровтың «Шыңғыстау», Ғ.Қаржасовтың «Жұмбақ адам», Т.Жұбанышевтің «Қарашоқы»,

И.Журавлевтің «Жаз» атты еңбек-терін айтуға болады.

Көрмені ұйымдастырудың ал-дында барлық суретшілер Абайдың туып-өскен жеріне барып, бір апта ұлы хакімнің ізі қалған жерлерді аралап, арнайы плэнер өткізген екен. Бұл қылқалам шеберлерінің Абай өмір сүрген ортаны, ақын жырлаған табиғатты, ұлы ойшыл-ды толғантқан дəуір тынысын жан-жақты тануына жасалған жағдай деуге болады.

Көрмеге «Сырт Қасқабұлақ – Абайдың туған жері» атты туын-дысын ұсынған Елдар Оразалы есімді абайлық суретші аталған байқаудың ұлттық бейнелеу өнеріне қосқан үлесі зор болғанын жеткізді. Абай мен қазақ атауы

қатар айтылатын егіз ұғым іспетті. Сондықтан, бұл шара жалғасын тапса дейміз, деді ол.

– Мемлекет басшысы «Абай – бүкіл қазақтың бойтұмары» де-ген болатын. Елбасы айтқандай, Абайдың ілімі əр жүректе жат-талып, əр отандасымыз елі мен жерін Абайдай сүйсе, саналы ғұмырын халықты жақсылыққа үйретуге арнаса, жамандықтан жирене білсек, біз де озық ел-дер дің қатарына қосыламыз. «Абай ды танып, біл» байқауының түпкі мəні осында. Қазіргі кез-де өңіріміздің барлық қалалары мен аудандарында Абай оқулары өтуде. Биыл он бесінші рет өткен Абай оқуларына екі мыңға жуық оқушы қатысты. Абайды танып, білуді мектеп партасынан бастау-ымыз керек, – деді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков.

Байқау нəтижесі бойынша, есі мі елге танымал павлодарлық су ретші Қабдыл-Ғалым Қар-жасов тың еңбектері бас жүл дені же ңіп алды. Сондай-ақ, «Порт-рет», «Сюжеттік шығарма», «Мү-сін», «Тарихи нақтылық», «Та қы-рып ты философиялық оқу» жəне «Жас дарын» аталымдары бойын-ша жүлдегер атанған қылқалам шеберлері де марапатталды.

ӨСКЕМЕН.

Оралхан ДƏУІТ,«Егемен Қазақстан».

Құралай сұлу... Шамамен XVIII ғасырдың басы мен XIX ғасырдың аяғында қазіргі Мойынқұм ауданы, Кіші Қамқалы ауылының маңында шикі кірпіштен салынған Құралай сұлудың кесенесін осы жақтағы ел болмаса, былайғы жұрт жақсы біле бермейді. Əрине, ел бұл аруды бүкіл қазақ халқына даңқы кең жайылған, желдірмелетіп кеткенде өлеңнің өткел бермес жүй рігі атанған Иса Байзақовтың «Құралай сұлу» поэмасы арқылы жақсы таныса керек.

Ақын бұл жырында адамгерші-лікті, адал махаббатты жыр етеді. Өткен өмірдің өкінішті, қайғылы кезеңдерін көз алдына елестетіп, жаугершілік замандағы қазақ пен қалмақтың арасында жиі бола-тын қақтығысты, адамдардың зұлымдығын əшкерелейді. «Сей-қын ның бір қызы бар жаннан асқан, Жерде туып, көкте күнмен нұрын қосқан, Хан түгіл, халқы сүйіп Құралайды, Əрдайым, əйелсінбей ақылдасқан», деп суреттейді ақын аруды. Бес жыл бойы қалмақтың тұтқынында болған Келден батырға қонтайшының сұлу қызы қол ұшын созады. Құралайдың анасы қазақ, марқұм шешесі қызының қалайда қазақ жұртына жетуін аманаттап кеткен болатын. Келденге арқа сүйеп, түн жамылып бəйге атта-рымен қашып шығып, арманы-на асыққан ару өкінішке қарай Мо йын құмның маң даласында жыртқыш жолбарыстың тырнағына ілігіп, қапияда мерт болады. Ха-лық аңызы бойынша қырық түйе-мен жүк артып келіп, мазарды салдырған – Келден батыр.

Арада бірнеше ғасыр, қаншама жылдар, уақыт өтті. Уақыт өз деге нін істеп, сəулет өнерінің өзін дік бір сипатымен салынған Құралай сұлудың кесенесі де то-зып, төбесінен су ағып, құлауға аз-ақ қалған болатын.

– 1 9 2 4 ж ы л ы О р ы н б о р

қала сында оқып жүрген жас ақын Иса Байзақов ел аузынан естіген аңыз-əңгімелердегі де-ректерге сүйеніп, «Құралай сұлу» поэмасын жазады, – дейді бұл жөнінде саятшы, этнограф Жапар Сатылғанов. – Кесене тұрған жер ақын поэмасындағы суреттелген жер бедеріне, көлдің келбетіне дəл келеді. Ұмытпасам, 1997-1998 жылдары бұл жерге арнайы барып, кесенені көрген едім. Сол кезде құламаған бір босағасы ғана қалыпты. Нобайы сол аймақтағы кесенелерге ұқсас, биіктігі 3 метрдей болатын. Естуімше, Сəкен Сейфуллин, Роза Бағланова да осы кесенеге келіп, тəу еткен көрінеді. 1982-1985 жылдары Мəскеудегі орталықтың рұқсатымен қазақ құсбегілігіне арналған фильм Мойынқұм ауданында түсірілді. Мен түсірілім жүріп жатқан жұмыс тобының басы-қасындамын. Бір күні сол кезде ауданды басқарып тұрған Айтбай Назарбеков қасыма келіп, құлағыма сыбырлап: «Ана киноға түсірушілерге айтып, Құралай сұлудың кесенесін көрсет, махаббат символы екенін түсіндір. Мүмкін болса бейне-таспаға кесенені де түсіріп алсын, ертең орнын да таппай қалуымыз мүмкін. Киноға тү-сіп, тарихта қалсын. Өскелең ұрпақ тың ұлықтағанына жақсы болады», – деді. Сол сөз көпке дейін ойымнан шықпай қойды. Отырсам да, тұрсам да «Құралай сұлу» аңызы ұмытылмайтындай бір бастама көтеруді ойлап жүрдім. Ақыры 80-жылдардың аяғында Шу бойынан «Құралай сұлу» аңшылық шаруашылығын ашып, бір-ақ тынышталдым. Тəуелсіздігіміздің арқасы, қазір өткен тарихымызды сыбырлап емес, алты Алашқа жар салып айтатын болдық. Кеше қирауға шақ қалған Құралай сұлу кесенесін бүгінде ұлтжанды азаматтар бірлесіп, қайта тұрғызды.

Иə, Мойынқұм ауданының тумасы, күллі түркі тарихын

зерттеуге ықылас танытып жүр-ген Тараз инновациялық-гума-нитарлық университетінің ректоры Ерболат Саурықов бастаған бір-қатар азаматтар, тарихи ескерт-кішті қайта қалпына келтіру жұ-мыстарын қолға алып, жақында кесененің ашылу салтанаты өтті.

– Облысымызда 2000-ға жуық тарихи-мəдени ескерткіш кездеседі. Олардың əрқайсысының өз тарихы бар, – деді кесененің ашылу салтанатында сөз алған Жамбыл облысының əкімі Кəрім Көкірекбаев. – Сақталу сапасы да сан алуан. Дана қазақта: «Мал бақтырар пайдаға, Зекетсіз мал айдама», деген керемет сөз бар. Оны айтып отырғаным, міне, Ер-болат Саурықов мырза бизнеспен айналысып, тапқан қаржысын əруақты, елді, туған жерін сыйлап, бұзылып бара жатқан осындай ескерткішті қалпына келтіруге бағыттап отыр. «Ұғымды ұғар, білім ділер біледі, адам өліп, өмір қай та түледі» дейді. Дүниеден оз-ғанына 250 жыл дан аса уақыт өтсе де бүгін жыр арқауына айналған Құралай сұлудың күмбезін хал-қымен қайта қауыштырып отыр. Ынтымақ-бірлігі жарасқан Мо-йын құм жұртының тілегі мен ниеті қабыл болсын!

Кесененің авторы – Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Айдархан Сихаев. Тарихи-мə-де ни мұраларымыз бен қасиетті орындарды сақтап, қастерлеп, келер ұрпаққа жеткізуге бар күшін салған профессор Ерболат Саурықовқа елдің ықыласы, айтар алғысы ерекше болды. Лайым, ана аманатын арқалап, ар-намысын сатпаған Құралай сұлу кесенесі мемлекеттік мəні бар ескерткіштер тізіміне қосылып жатса, нұр үстіне нұр болар еді.

Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы.

Суретті түсірген Ақəділ РЫСМАХАН.

Қазақстан, Ресей жəне Украина кинема-

тографистері бірлесіп түсірген қазақтың

қаһарман ұлы Қасым Қайсенов жайлы 4

сериялы көркем фильм халықаралық деңгей-

дегі олжаға кенелді. Туындыдағы басты

рөлді сомдаған Қ.Қуанышбаев атындағы

Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалы

драма театрының əртісі, белгілі актер Қуандық

Қыстықбаев Ресейдің бас наградаларының бірі –

«Почетный орден Кузбасса» орденімен марапатталды.

Қ.Қыстықбаевқа награданы Кемеров облысының губернаторы

атынан Кемеров облыстық филармониясының бас директоры

Людмила Пилипчук қазақ театрының сахнасы төрінде табыс

етті. Аталмыш награда қайраткерлігі қоғамдық мойындауға ие

болған азаматтарға табыс етіледі. Онымен қоса наградаға 30 мың

Ресей рублі көлемінде сыйақы тиесілі. Сонымен қатар, ресейлік

делегация «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясына,

коммерциялық телеарна мен театр басшылығына қошемет көрсетті.

«Қасым» фильмі 2013 жылы «Қазақстан» телеарнасынан көрсетілді.

Айта кету керек, «Қасым» фильмі – аты аңызға айналған

барлаушы, қазақтың батыр ұлы Қасым Қайсеновтің біртуар

болмысы хақында. Танымал ресейлік режиссер Леонид Белозорович

пен сценарий авторы Андрей Курейчик фильм желісіне заманауи

кинематография арсеналы - психологиялық қайшылықтар, жойқын

шайқас пен лирикалық көріністер арқылы ерекше реңк берген.

Қ.Қуанышбаев театрында 16 жылдан астам уақыт қызмет етіп

келе жатқан Қ.Қыстықбаев сахна төрінде 30-ға жуық, ал кинода

онға жуық рөлді сомдады. Президент стипендиясының, Астана

қаласы əкімінің «Ең үздік актер» аталымы бойынша грант иегерінің

бұл жетістігі қазақ кино өнерін өзгелердің мойындай бастауының

тағы бір жарқын дəлелі іспетті.«Егемен-ақпарат».

Өмір ЕСҚАЛИ,«Егемен Қазақстан».

Ясная Поляна ауылында поляк мəдениет үйі өз есігін айқара ашып, алғашқы келушілерді қабылдады.

Осыдан 80 жыл бұрын 120 поляк отбасы саяси қуғын-сүргінге ұшырап, Батыс Ук-раинадан Қызылжар өңіріне күшпен жер аударылған болатын. Содан бері олардың ұрпақтары қазақ жерінде өсіп-өніп, тұрақтап қалды. Қазақстанның қарыштап дамуына зор еңбек сіңіріп келеді. Ясная Поляна елді мекенінің 80 пайызын осы ұлттың өкіл-дері құрайды. Мұнда осыдан бірнеше жыл бұрын қоныс аударушылардың мұражайы ұйымдастырылып, қасіретті кезеңнен əрқилы сыр шертетін көптеген экспонаттар мен жəдігерлер қойылған.

Енді оның қатарын құрамында кітапхана, оқу сыныбы бар поляк мəдениеті үйі

толықтырды. Бұдан былай мұнда балалармен қатар, үлкендер де ана тілін меңгеріп, тарихи құндылықтармен жан-жақты танысуға, түрлі мəдени шаралар өткізуге мүмкіндік алады. Дəріс оқу үшін Польшадан арнайы мұғалім алдыртылған. «Тайынша-Астық» ЖШС-нің бас директоры Анатолий Рафальскийдің айтуынша, тіл үйрену үйірмесіне 60-қа тарта адам жазылған.

Сондай-ақ, екі елдің білім министрліктерінің өзара уағдаластығымен мектеп бітірген түлек-тердің Польшаның жоғары оқу орын дарында білім алулары қарастырылған.

Этномəдени бірлестіктің ашылу сал тана-тына Польшаның Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Яцек Ключковски мен облыс əкімі Ерік Сұлтанов қатысып, теледидар мен ноутбук сыйлады.

Солтүстік Қазақстан облысы,Тайынша ауданы.

Өңір өнері

Абай – мəѕгілік таќырыпЌылќалам шеберлері аќын əлемін суреттеді

Ќўралай сўлу

Партизан Ќасым Ќайсенов туралы фильм халыќаралыќ марапатќа ие болды

Біз – қазақстандықтармыз!

Поляк мəдениет їйі ашылды

Гүлзейнеп СƏДІРҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан».

Шынын айтсақ, жүзге келген адам-ға ота жасамақ түгілі, бір ғасыр өмір сүрген қартты көрудің өзі бүгінде таң емес пе. Жуырда жасы жүзге келген ал матылық Ан тонина Гололобова үйін де құлап, жарақат алып, төсек тар тып жатып қалады. Кейуананың бала лары мен немерелері өзі жүріп-тұр ған, ақыл-есі дұрыс аналарының мү ге дек болып қалмауын тілеп, тəуе-кел ге барып, дəрігерге əкеліп көр-се теді. Алматы қаласындағы ірі ем-деу орындарының бірі – Орталық

кли никалық аурухана мамандары жедел медициналық зерттеу жүргізіп, ұзақ жасаған кей уананың оң жақ ор-тан жілігі мойны ның орнынан та-йып, сынғанын анықтайды. Мұндай жағ дайда адам жүре алмай, төсекке таңылады.

Əрине, адамның жасы ұлғайған сайын сүйектерінің қатайып кететіні белгілі. Бұл дəрігерлерге қиындық туғызады. Аурухананың жарақат бөлі мінің білікті хирургтері тəуе кел-ге барып, Антонина Голо лобо ва ға эндопротездеу операциясын жасайды.

Орталық клиникалық ауру-ха насының бас дəрігері Ма рат

Аб дул лаевтың айтуынша, клиника-да мұндай жасы келген науқасқа опе рация бірінші рет жасалып отыр. «Бұл қарт адам төсекке таңылып қалмауы үшін жасалатын соңғы мүм-кіндік, соңғы үміт. Міне, сол үмітті жалғау біздің қолымыздан келіп, сəтті өтті. Жалпы мұндай опе ра ция-лар ауруханада күнделікті жаса лып жатады. Бірақ жүзге келген адамға ота жасау біздің ауруханада ғана емес, қалада да бірінші рет орын алып отыр. Неге десеңіз, жүзге кел ген адам-дар көп кездеспейді. Біз осын дай ота жасайтын басқа ауру ханалардағы əріп тес терімізбен сөйлессек, оларда ең үл кен науқас 94 жаста болған екен. Ал біз дің нау қасымыз жүзде. Əрине, қай опера цияда да дəрігерлер тəуекелге барады. Бұл жерде ескеретін мəселе,

жүз жастағы адамда бірнеше ауру болады. Сондықтан біздің міндетіміз өте қысқа мерзімде ота жасап, одан кейін де кешенді ем жүргізу болды», – деді Марат Шадыбайұлы.

Бұл ретте аурухананың травма-толог-хирургтері А.Шин, Б.Ер ғалиев, Р.Əскеровтің, сондай-ақ, анес тезиолог, белсенді терапия дəрі герлерінің тəжірибесі мен шебер ліктерін атап өту керек. Операция екі сағатқа созылған. Білікті мамандардың қолы жеңіл болып, науқасты емдеп, үйге қанағаттанарлық жағдайда шығарған. Алайда, ұзақ жасаған зейнеткер өз бетінше жүру мүмкіндігіне ие болғанына қуанышты. Дəрігерлерге де ризашылығы шексіз.

АЛМАТЫ.

Ғажап!

Жїз жастаєы кейуанаєа ота сəтті жасалдыАлматыдағы қалалық Орталық клиникалық аурухана

дəрігерлері жасаған эндопротездеу операциясынан кейін бір ғасыр өмір сүрген кейуана үйіне өз аяғымен оралды.

«Егемен Қазақстан».

www.egemen.kzХАБАР-ОШАР

Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №442 ek