96
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚАЗАҚСТАН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ Ж А Р Ш Ы ЖУРНАЛЫ АЙ САЙЫН ШЫҒАТЫН ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ЖУРНАЛ 1992 ЖЫЛДАН БАСТАП ШЫҒАДЫ (№280-281) 5-6 МАМЫР- МАУСЫМ Алматы 2016

Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

  • Upload
    others

  • View
    26

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

ҚАЗАҚСТАН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ

Ж А Р Ш Ы ЖУРНАЛЫ

АЙ САЙЫН ШЫҒАТЫН

ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ

ЖУРНАЛ

1992 ЖЫЛДАН БАСТАП

ШЫҒАДЫ (№280-281)

5-6 МАМЫР-МАУСЫМ

Алматы

2016

Page 2: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Ақылдастар алқасы

Ақылдастар алқасының төрағасы НАМЕТОВ А.М., ветеринария

ғылымдарының докторы, профессор,

ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі

Ақылдастар алқасы

төрағасының орынбасары

КЕНЕНБАЕВ С.Б., ауыл

шаруашылығы ғылымдарының

докторы, профессор, ҚР ҰҒА

құрметті мүшесі

Ақылдастар алқасының мүшелері

А.М. Абдыбекова, ветеринария ғылымдарының докторы;

Т.Е. Айтбаев, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корреспон-

дент-мүшесі;

Қ.Ж. Аманжолов, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор;

Н.Ә. Әмірғалиев, география ғылымдарының докторы;

Р.К. Бекбаев, техника ғылымдарының докторы, профессор;

Б.Р. Ирмулатов, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент;

Г.Н. Қайырова, биология ғылымдарының кандидаты;

Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, ҚР АШҒА

президенті, РАШҒА академигі;

Г.Т. Мейірман, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі;

Б.М. Мұқанов, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор;

Р.А. Оразалиев, биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА, РАШҒА,

УАҒА академигі;

С.Ы. Өмірзақов, техника ғылымдарының докторы;

Ж.Ә. Паржанов, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор;

А.С. Рзалиев, техника ғылымдарының кандидаты;

Ш.С. Рсалиев, биология ғылымдарының докторы;

А.С. Сапаров, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы;

Т.Ч. Тултабаева, техника ғылымдарының докторы;

И. Үмбетаев, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корреспон-

дент-мүшесі, ҚР АШҒА академигі

Журнал Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат

министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінде

30.10.2009 ж. есепке алынып, №10448-ж куәлігі берілген

Page 3: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

М А З М Ұ Н Ы

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 3

Мақта және күріш шаруашылығы

Үмбетаев И., Қостақов А. Мақта дақылын зиянкестерден биологиялық әдіспен

қорғаудағы мәселелер

Umbetaev I., Kostakov A. Pressing questions of fight against the wreckers of cotton plant

by a biological method

12

Өсімдік шаруашылығы. Селекция. Мал азығы өндірісі және жайылым

Қалмағамбетов М.Б., Жылқыбаев Ә.К., Майкотов А.Н. Сауын сиырлар рационын

арнайы дайындалған азық қоспаларымен толықтыру

Kalmagambetov M.B., Zhylkybayev A.K., Maikotov A.N. Replenishment of dairy cows

diet specially prepared food additives

17

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Бекбатыров М.Б., Оспанова С.О. Органикалық заттардың минералды қоректік

элементтердің құрамына әсері

Bekbatyrov M.B., Ospanova S.O. Effects of organic substances on the mineral composition

of food items

23

Бекбосынова А.С., Нургалиев С.И., Нургалиева М.Б. Қостанай облысында

күнбағыс кешенін қорғау

Bekbossynova A.S., Nurgaliyev S.I., Nurgaliyeva M.B. Sunflower range of protection in

Kostanai Region

27

Сыдық Д.А., Сыдыков М.А., Алагозова С.С. Күздік дәнді дақылдарға қолданылған

жүйелік гербицидтердің арамшөптерге әсері

Sydyk D.A., Sydykov M.A., Alagozova S.S. Impact in applying systemic herbicides on

weeds of winter crops

31

Тәттібаев Х.Ә., Қалдарова С.М. Қазақстанда ирригацияның шетелдік технология-

лары мен техникалық құралдарының орнын ауыстыру жолдары

Tattibayev H.A., Kaldarova S. M. Ways of replacement technologies and facilities of irri-

gation in Kazakhstan

39

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

Аманжолов Қ.Ж., Ахметова Ғ.М. Мәрмәрлі ет өндірудің технологиясы

Amanzholov K.Zh., Akhmetova G.M. Marbled meat production technology 44

Тажиев Қ.П., Қарымсақов Т.Н., Өмірзақов Б.Ө. Қазақстанның сүт шаруашылық-

тарында өндірілетін сиыр сүтінің сапасы туралы

Tadjiev K.P., Karimsakov T.N., Umirzakov B.U. Quality cow's milk produced on dairy

farms Kazakhstan

55

Page 4: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

М А З М Ұ Н Ы

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 4

Шотаев А.Н. Қазақтың биязылау ұзын жүнді қой тұқымының отарларында

тізбекаралық шағылыстыру әдісімен жаңа генотип шығарудың генетикалық-

селекциялық негізі

Shotaev A.N. Genetic-selection basis for the creation of new genotypes by cross lines in

flocks Kazakh floor rune fine breed of sheep

61

Паржанов Ж.Ә., Байбеков Е., Абдукаюмов С. Қаракөл қойларының экологиялық

типтерінің күйге келуі және төлшеңдігі

Parzhanov J.A., Baibekov E., Abdukayumov S. Fertility and fecundity of ecological types

of Karakul sheep

69

Құс, балық және ара шаруашылығы

Сәрсен Ж., Қаден Д., Манап Ж., Сабырова М. Қаз балапанын өсірудегі жылу мен

жарық режимін сақтаудың маңызы

Sarsen Zh., Kaden D., Manap Zh., Sabirova M. Theimportance of regime of heat and

lighttogrowing of goslings

72

Самбаев Н.С. Қызылорда облысы аумағындағы көлдер жүйесінің гидрохимиялық

жай-күйі

Sambayev N.S. Hydrochemical state of the lake system on the territory of Kyzylorda region

80

Қалымбетова М.Т. Кіші Арал теңізіндегі су түбі омыртқасыздарының жағдайы

Kalymbetova M.T. State macrozoobenthos on the Small Aral 83

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және ұқсату

Жумабекова А.Б., Умиралиева Л.Б. Ұйытқылардың нан сапасын қамтамасыз етудегі

маңызы және олардың түрлері

Zhumabekova A.B., Umiralieva L.B. The importance of starter cultures in ensuring the

quality of bakery products and their types

89

Page 5: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

ҚР АШМ АҚПАРАТЫ

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 5

ҚР АШМ 2016 жылғы бірінші тоқсандағы қызметінің қорытындысы

http://mgov.kz/kz/

2016 ж. І тоқсандағы қорытындысы бойынша, жалпы ауыл шаруашылығы

өнімінің көлемі былтырғы жылға қарағанда 2,9%-ға ұлғайды және 317,8 млрд тең-

гені құрады. Осы өсім мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемінің ұлғаю қаржысы

есебінен 3% (303,6 млрд теңге) қамтамасыз етілді. Ауыл шаруашылығының негізгі

инвестиция көлемі 22,1%-ға ұлғайды және 25,5 млрд теңгені құрады.

Қазіргі таңда Қазақстанның оңтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде көктем-

гі егістік жұмыстары жүріп жатыр. Оның ішінде дәнді дақылдар 963,4 мың гектар,

майлы дақылдар – 586,1 мың гектар, көпжылдық шөптер – 190,8 мың гектар, көкө-

ніс-бақша дақылдары – 160,2 мың гектар, картоп – 84,3 мың гектар, қант қызылша-

сы – 10,1 мың гектар және мақта 90,0 мың гектар аймақта егілді.

Жедел мәліметтерге сүйенсек, республиканың Ақтөбе облысынан басқа бар-

лық аймағында және аймақтық басқармаларда 2016 ж. 16 мамырға дейін егістік

науқаны тоқтаған. ҚР АШМ мен ҰЭМ бекіткен ағымдағы жылдың көктемгі егістік

жұмыстарын жүргізуге арзандатылған 366,8 мың тонна ЖЖМ жеткізілу қамтама-

сыз етілді.

2016 ж. ауылшаруашылығы дақылдары 21,6 млн га алқапты құрайтындығын

еске саламыз. Дәнді дақылдар 15,2 млн га, майлы дақылдар – 1,9 млн га, малазық-

тық дақылдар – 4 млн га, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп – 411 мың га ал-

қапта орналастырылатын болады.

«ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыру жалғасуда.

Оған 773 мың ІҚМ басын қамту арқылы 11 мың шаруашылық қатысады. 2016 ж.

І тоқсанында «Сыбаға» жобасы шеңберінде 10 мың ІҚМ бас сатып алынды. Жайы-

лым жерді игеру жұмыстары жалғасуда. 1,8 млн гектар жайылым жерді айналымға

салу үшін қазіргі таңда 848 құдық қазылуда. Ағымдағы жылы 600 құдық енгізіледі.

«Ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы» заңын жүзеге асыру барысын-

да ауыл шикізаттарын дайындау және қайта өңдеу үшін 10 өндіріс кооперативінің

қызметі ұйымдастырылды.

«Астық туралы» заңның бағыты дұрысталды, астық қолхаттарының ақпарат-

тық электронды жүйесі құрылды және астық нарығындағы субъекті арасында тү-

сіндіру жұмысы жүргізіліп жатыр.

Фермерлер жоғары өнімді жаңа сұрыптарға қол жеткізуі үшін сұрыпты сы-

нау жүйесін ырықтандыру бойынша нормативтік-құқықтық база қалыптастырылды.

ЭДЫҰ ұсынысы шеңберінде Ұлттық банкімен техникалық көмек көрсету ар-

қылы ҚР өсімдік шаруашылығына параметрлік (индекстік) жүйені енгізу бойынша

шартқа қол жеткізілді.

Азық-түлік қауіпсіздігі және ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі Ислам

ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) министрлер конференциясының 7-сессиясы шең-

берінде Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы (АҚИҰ) құрылды. Соны-

мен қатар, БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) офисі

ашылды. FAO 2016 ж. техникалық көмек ретінде 1,05 млрд теңгені бөліп отыр.

Топырақтың гидромелиоративтік жағдайын жақсарту және суландыру жүйе-

сін қалпына келтіру үшін Ислам Даму Банкінің 300 млн доллары тартылмақ.

ҚР АШМ баспасөз қызметі

+7 (7172) 555-765

[email protected]

Page 6: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

ҚР АШМ АҚПАРАТЫ

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 6

Қазақстанда «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы аяқталды

http://mgov.kz/kz/

Жыл сайын мамыр айында су жағалауларының аумақтарын жинау мен ба-

лық шаруашылығы су айдындарын тастанды желілерден тазарту мақсатында «Таза

су айдындары» табиғат қорғау акциясы өткізіледі.

Осы жылы акцияға орта-арнаулы және жоғарғы оқу орындарының студент-

тері, әкімдіктер, қоғамдық ұйымдар, су айдындарын жалдаушылар қатысты.

Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша республиканың су ай-

дындарынан 110 км-ден астам қараусыз желі табылып, 552 тоннадан астам тұрмыс-

тық қалдық алынды. Салыстыру үшін: 2015 ж. 128,8 км желі қағып алынған және

3850 тонна қоқыс тасып әкетілген болатын.

ҚР АШМ Орман және жануарлар дүниесі комитеті акция қорытындысы бо-

йынша акцияға қатысушыларды мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен мара-

паттамақ.

Анықтама: ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 ж. 16 қаңтардағы бұй-

рығына сәйкес, балық аулау жібінің диаметрі 0,5 миллиметрден кем және ұя-

шықтарының мөлшері 100 миллимерден кем емес (торының конструктивтік адымы

50 миллиметрден кем) синтетикалық нейлондық немесе басқа да полиамидті моно-

жіптен басқа балық аулау құралдары рұқсат етіледі. Сондай-ақ, осы желілер

2015 ж. сәуірде Еуразия Экономикалық Комиссиясы шешімімен Кеден Одағы аума-

ғындағы тасымалдауға тыйым салынған тауарлардың тізбесіне қосылған болатын.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі

+ 7 (7172) 55-57-65

[email protected]

www.minagri.gov.kz

Елбасы Астана қаласының жасыл аймағын аралады

http://mgov.kz/kz/

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев 2016 ж. 20 маусымда

Астана қаласының жасыл аймағын аралады.

Аталған шара аясында ҚР Президенті «Жасыл аймақ» РМК «Ақ қайың» ор-

ман тұқымбағының арборетумы мен ағаш тұқымының плантациясы жұмыстарымен

танысты.

Қазіргі уақытта Астана қаласының жасыл аймағы аумағына отырғызылатын

көшет материалдарының қажетті мөлшерін өсіру үшін жыл сайын 30 тоннадан

астам ағаш-бұта жемісі жиналады, қайта өңделгеннен кейін одан 3 тоннадан астам

тұқым алынады.

Бұл жағдай «Ақ қайың» орман тұқымбағы аумағында тұқымдық немесе қо-

салқы ағаштардың вегетативтік бұтағы болып табылатын өсімдіктердің арнайы

сызбасы бойынша өсірілген тұрақты ағаш тұқымдары плантацияларының ұйымға

қажеттілігін тудырады.

Ағаш тұқымының плантациясы егу сапасы жоғары сұрыпты және таңдаулы

тұқымдарды (ағаштың барлық өмір сүру аралығында) алу үшін қажет. Бүгінгі күні

Page 7: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

ҚР АШМ АҚПАРАТЫ

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 7

ағаш тұқымының плантациясында 155 га алқапты алып жатқан 50 мың дана ағаш-

бұта тұқымдарының 61 түрі бар.

Ағаш тұқымының плантациясынан жиналған тұқымдар Астана қаласының

жасыл аймағы көшеттерінің күрделі табиғи-климат жағдайында жемісті және тұ-

рақты болуына ықпал етеді.

Сондай-ақ , 2002 ж. «Ақ қайың» орман тұқымбағының аумағында Астана қа-

ласының жасыл аймағы жағдайындағы ағаш және бұта тұқымдарын сынап көру

мен аудандастыру жөніндегі жұмыстарды кеңейту үшін арборетум құрылған бола-

тын, оған ағаш пен бұтақтардың 115 түрінің тұқымдары жиналған. Арборетумде

жиналған тұқымнан ағаш тұқымының плантациясы үшін отырғызу материалдары

өсіріледі.

Астана қаласының жасыл аймағын құру елорда төңірегінде жабайы жануар-

лардың дамуына ықпал етті. Бүгінгі күні жасыл аймақ екпелерінде марал (марал

қоршауында), бұлан (2 дарағы анықталған), елік, суыр, дала қарсақтары, ондатр,

қоян мен кішкентай тышқандар мекен етеді. Ал құстардан балқарағай торғайы, сұр

шіл, сұр сандуғаш, көк қарға, жасымық, шиқылдақ, мәскеу торғайы (московка) жә-

не қырғауыл бар. Осылардың ішінде жасыл аймақ құрылғаннан кейін бұлан, елік,

қоян, сұр шіл және қырғауыл пайда болды. Өткен жылы 150 қырғауыл табиғатқа

жіберілсе, биыл жасыл аймақ екпелеріндегі жануарлардың қатарын тағы 150 қыр-

ғауыл толықтырмақ.

Анықтама: 1997-2016 жж. аралығында Астана қаласының жасыл аймағы-

ның алқабы жалпы 75,1 мың га құрады, оның ішінде қала шетінен құрылған

14,8 мың га алқап Астана қаласы әкімдігінің теңгеріміне берілді. 2016 ж. төменде

көрсетілген бағыттарға көшет отырғызу жүргізілді.

Бірінші кезең бойынша (ықтырма жасау тәсілімен) Астана қаласының бес

шақырымдық аймағында жалпы аумағы 1 410,8 га, оның ішінде:

– Батыс бағытында – 1 081,0 га;

– Шортанды бағытында – 329,8 га.

Ал екінші кезең бойынша ықтырмааралық кеңістіктегі желектер алаңында

2683,7 га, оның ішінде:

– Майбалық көлі айналасында – 437,9 га;

– Қарағанды бағытында – 540,4 га;

– Шортанды бағытында – 1 705,4 га.

Болашақта Астана қаласының жасыл аймағына Ақмола облысы Ақкөл ауда-

нының орманын біріктіру жоспарланып отыр.

Астана қаласының жасыл аймағында туризм мен рекреацияны дамыту мақ-

сатында 2014 ж. «Жасыл Аймақ» РМК «Қызылжар» орманшылығы аумағында ала-

ңы 3 га Сафари паркі (тор қоршауы) құрылды. Бүгінгі күні Сафари паркінде 13 да-

рақ марал және бір дарақ американдық кермарал есепке алынған.

2015 ж. Сафари паркінің аумағын 300 га-ға дейін кеңейту бағытында өткен

мемлекеттік сараптама бойынша бұдан ары жабайы жануарлардың басы мен түрін

көбейту жобасы әзірленді. Сондай-ақ, Сафари паркінің аумағында қорықшылардың

үйлері мен ветеринарлық шаруашылық үй-жайлары бар.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі

+7 (7172) 555-765

[email protected]

www.minagri.gov.kz

Page 8: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

ҚР АШМ АҚПАРАТЫ

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 8

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметовтің

халыққа есеп беру кездесуі

http://mgov.kz/kz/

Алматы облысында республиканың аудандық және облыстық әкімдіктерін

бейнеконференция байланысы режиміне қоса отырып, ҚР Премьер-Министрінің

орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметовтің қоғам өкілде-

рімен есептік кездесуі өтті.

Кездесуге ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, салалық одақтар мен

қауымдастықтар, барлық деңгейдегі қоғамдық кеңес мүшелері, партия және кәсіп-

одақ ұйымдары, орталық және жергілікті атқарушы органдар қатысты. Атап айт-

қанда, есепті 350 қатысушы залда, 1 700-ден аса қатысушы бейнеконференция бай-

ланысы арқылы тыңдады. Соған қоса, Министрліктің ресми сайты (mgov.kz) мен

«Bnews.kz» АА тікелей эфир ұйымдастырды.

Кездесу барысында Асқар Мырзахметов Қазақстанның агроөнеркәсіптік ке-

шенінің 2015 жылға арналған негізгі даму бағыттары мен мекеменің ағымдағы

жылға арналған міндеттерін баяндап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Оның есептік ақпаратына сәйкес, былтырғы жыл агроөнеркәсіптік кешен

үшін жақсы көрсеткіштермен аяқталған. 2015 жылдың қорытындысы бойынша

ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 3,4 пайызға ұлғайып, 3,3 трлн теңгені

құрады. Бұл ретте республикалық өндіріс көлемінде ең үлкен үлестік салмақ Ал-

маты, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарына

тиесілі.

Министрдің айтуынша, аграрлық сектор бизнеске тартымды болып ауыл ша-

руашылығы тауарын өндірушілердің (АШТӨ) агроөнеркәсіптік кешендегі (АӨК)

мемлекеттік саясатқа деген сенімдері артып келеді. Бағыттың болашағы бар екеніне

ауыл шаруашылығына құйылып жатқан инвестиция, оның ішінде АШТӨ-нің өз

қаржысының 80%-ды құрауы дәлел.

Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру бойынша жұмыстар атқарылды.

Нәтижесінде бидайға деген ұсыныс пен сұраныс көлемі теңесіп, ол ауыспалы егісті

енгізуге, жемдік астық, майлы, малазықтық дақылдар мен жалпы бақша дақылдары

аумағын кеңейтуге мүмкіндік берді. Алайда, егін науқанының қорытындысы бо-

йынша, 2016 ж. бірқатар облыста меморандумдардың индикативті көрсеткіштеріне

қол жеткізілмей қалуы күтілуде. Осыған байланысты А. Мырзахметов әкімдіктерді

меморандумдарда қарастырылған жоспарлық көрсеткіштерді орындау жұмысын

жандандыруға шақырды.

Министр жылдың аяғына дейін субсидияға қатысты ескі қағидалардың күші

жойылмайтынын айта кетті. Субсидиялардың тиімсіз түрлерінен тиімді түрлеріне

көшу бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында министрлік Мәжіліс депутаттары,

бизнес, ғылым, қоғамдық ұйым өкілдерінің, сондай-ақ әкімдіктер мен басқа да ме-

млекеттік органдардың қатысуымен жұмыс тобын құрды.

Халықты жеміс-жидек өнімдерімен және ерте пісетін көкөніспен қамтамасыз

ету үшін министрлік қарқынды бақтарды отырғызу бойынша АӨК субъектілерінің

шығынын өтеуде. 2014 жылдан бері «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның қатысуымен жалпы

Page 9: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

ҚР АШМ АҚПАРАТЫ

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 9

алаңы 670,2 гектарды құрайтын 10 жоба пайдалануға беріліп, 756,1 гектарды құ-

райтын 12 жоба мақұлданды. Бұдан басқа, 2014 жылдан бастап АШТӨ-нің жылы-

жай жабдықтарын сатып алуға жұмсалған шығыны өтеле бастады. Осылайша, соң-

ғы екі жылда жалпы 1,3 млрд теңгеге 30,8 гектар жылыжай субсидияланды.

Ішкі нарықты негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету жағдайын

талдау 2015 жылдың қорытындысы бойынша 80%-ды құрайды. Бұл ретте күріш,

қой еті, тауық жұмыртқасы, бидай ұны, нанмен қамтамасыз ету 100%-ды құрайды.

Сонымен бірге, ішкі тұтынымдағы отандық өнімнің үлесі жекелеген тауар-

лар бойынша әлі күнге төмен деңгейде қалып отыр. Министрдің айтуынша, өзін-өзі

қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер өңдеуші кәсіпорындардың қант, құрғақ сүт, са-

ры май мен қатты ірімшік өндіру үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға

кеткен шығынын өтеу арқылы шешіліп отыр. Мәселен, 2015 ж. бюджеттік субси-

диялар көлемі шамамен 2,6 млрд теңгені құрады.

Жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының саны

көбейді. Генофонның біртіндеп жақсаруы мен жануар өнімділігінің артуы байқалу-

да. Нәтижесінде, 2015 ж. 16 мың тоннадан астам ет пен ет өнімдері, оның ішінде

6,4 мың тонна тоңазытылған сиыр еті экспортталды.

Кооперацияны дамыту шеңберінде сүт өндіру мен өңдеуді жоғарылату үшін

700 сүт қабылдау пунктін құру жоспарлануда. Бұл ауыл тұрғындарын айтарлықтай

көлемде жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

Аталған нәтижелер «Агробизнес-2020» бағдарламасында көзделген АӨК-ні

мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру нәтижесінде қамтамасыз етілді.

«Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында жыл сайын АӨК-ні мемлекеттік қолдау

көлемі ұлғаюда. 2015 ж. АӨК-ні субсидиялау көлемі 173,3 млрд теңгені құрады,

бұл 2014 жылға қарағанда 18,1%-ға көп. 2016 ж. АӨК-ні мемлекеттік қолдау көлемі

182,7 млрд теңге деңгейінде жоспарлануда.

Агроөнеркәсіптік кешенге жұмсалатын шығынның едәуір бөлігі, атап айт-

қанда, 2011 ж. 32 млрд теңгеден 2016 ж. 155,2 млрд теңгеге дейінгі немесе 4,9 есе-

лік көлем жергілікті атқарушы органдарға берілгендігін атап өткен жөн.

2015 ж. ормандарды толықтыру мен орман өсіру көлемі 60,2 мың гектар ай-

мақта жүргізілді. Бұдан басқа, Астана айналасында жасыл белдеу құру жұмысы

жалғасуда. Оның жалпы алаңы 73 мың гектарға жетті. Шығыс Қазақстан облысы-

ның аумағында жабық тамырлы жүйемен көшет отырғызу материалдарын өсірудің

жаңа технологияларын қолданатын заманауи орман тұқымы кешені қолданысқа ен-

гізілді.

30 гидротехникалық құрылысты салу және реконструкциялау арқасында Қа-

зақстанның алты облысында суармалы жерді сумен қамтамасыз ету жақсартылды.

Сонымен бірге, су беру сенімділігін жақсарту үшін жалпы халық саны 75,1 мың

адамды құрайтын 31 елді мекенде сумен жабдықтауды жақсартуға мүмкіндік

берген 432,6 км су құбыры желісі реконструкцияланды және салынды.

Осы және басқа да сумен қамтамасыз ету мақсатына 2014 ж. 42,1 млрд теңге,

2015 ж. бар болғаны 37,7 млрд теңге бағытталған. Алайда, бөлінген қаражат су ша-

руашылығы инфрақұрылымын қалпына келтірудегі бүкіл қажеттілікті қамтуға

мүмкіндік бермейді. Оның үстіне, елімізде сумен қамтамасыз ету жүйесінде айқын

тепе-теңдік жоқ. Мысалы, оңтүстік облыстарда АШТӨ үшін судың 1 текше метрі

Page 10: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

ҚР АШМ АҚПАРАТЫ

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 10

тиынға бағаланады (ОҚО-да судың бір текше метрі 0,2-0,8 теңге, Жамбыл облы-

сында – 0,2 теңге, Қызылорда облысында – 0,3 теңге), ал Павлодар облысында су-

дың 1 текше метрі 16 теңгені құрайды.

Осылайша, экономикалық негізделген тарифтер суды үнемдеудің негізгі те-

тігі болып табылады. Осыған байланысты, Ауыл шаруашылығы министрлігі жеке

және халықаралық инвестициялар тартуды жоспарлап отыр, алайда кепілдендіріл-

ген пайданы тек қана дұрыс тарифтік саясат қана қамтамасыз ете алады. Бұл жо-

балардың негізгі мақсаты су саласын бюджетке тәуелділіктен біртіндеп ажыратып,

инвестициялық тартымдылықты жақсарту болып табылады.

Бүгінгі қалыптасқан жағдайда АӨК-нің негізгі мақсаты – ауыл шаруашылы-

ғында еңбек өнімділігін, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын, ауыл шаруа-

шылығы кооперативтеріне кірген фермерлердің үлесін, қолданыстағы суармалы

жер алаңын ұлғайту арқылы экономикалық өсімнің қозғаушы күші болу.

Анықтама: 2015 жылдан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне әр

түрлі алаңнан 12 136 өтініш келіп түсіп, шамамен 95-і өңделіп, шешілді. Мәселен,

Ауыл шаруашылығы министрінің ресми блог-тұғырманасына 2015 жылдан осы

күнге дейін 475 сұрақ келіп түсті. 2015 жылдың қаңтарынан 2016 жылдың 22 мау-

сымына дейін азаматтар мен заңды тұлғалардан 1 361 жазба өтініш түсті. Facebook

әлеуметтік желісінде «Неге және неліктен АӨК-де?» тобы ашылған. Осы топта же-

ліні қолданушылар өз сұрағын қойып, министрліктің қызметкерлерінен жедел жа-

уап алады. Бүгінгі күні топқа 271 адам қосылған. Осы күнге дейін топтың мүше-

лерінен 212 сұрақ түсті.

Ауыл шаруашылығы министрлігінде 1417 – «сенім телефоны» жұмыс істей-

ді. Осы телефон бойынша әрбір азамат өзін толғандыратын сұрақтарды қоя алады,

сондай-ақ АШМ жүйесіндегі мемлекеттік қызметкерлер тарапынан орын алған сы-

байлас жемқорлық, қорқытып алушылық, сөз бұйдаға салу фактісін хабарлай ала-

ды. Бүгінгі күні қоңыраулар журналында азаматтардың 118 өтініші тіркелген.

ҚР Жер кодексіне енгізілген түзетулер нәтижесінде орын алған жағдайға

байланысты Call-орталық (телефоны 1434) құрылды. Осы күнге дейін 9 924 қоңы-

рау тіркелді.

Бұдан басқа, барлық қатысушыға өз сұрақтарын қою үшін Алматы облысы-

ның ғимаратында арнайы жәшіктер орнатылды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі

+7 (7172) 555-765

[email protected]

www.minagri.gov.kz

Page 11: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

ҚР АШМ АҚПАРАТЫ

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 11

Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы мәселелері талқыланды

http://mgov.kz/kz/

ҚР Үкіметінің отырысында ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету

және жеке қосалқы шаруашылықтарды пайдалану арқылы агроөнеркәсіп кешені

өнімдерінің өндіріс көлемін арттыру және азық-түліктік қауіпсіздігі мәселелерін

шешу шаралары талқыға салынды.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мырзахметов «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасының қара-

жаттарын сүт қабылдау пункттері және отбасылық бордақылау алаңдары құрыла-

тын ауыл шаруашылығы кооперативтерін ұйымдастыруды кредиттеуге бағыттауды

ұсынды.

Ол сүт пен еттің 70-80%-ы жеке қосалқы шаруашылықтарда өндірілетінін

атап өтті, ал қайта өңдеуші кәсіпорындар тек 60% ғана жүктелген. Бұл жеке қо-

салқы шаруашылықтардан ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау мен тасымал-

дауға арналған инфрақұрылымның жоқтығымен байланысты.

Қолданыстағы сүт зауыттары қуаттылығының жүктелуін қамтамасыз ету

үшін 3 жыл ішінде 668 сүт қабылдау пунктін құру жоспарланған, ол өз алдына же-

ке қосалқы шаруашылықтардан 380 мың тонна сүтті жинауды және өткізуді қам-

тамасыз етеді.

Ұсынылған шараларды жүзеге асыру нәтижесінде 160 мыңнан астам адам

жеке қосалқы шаруашылықтардан тұрақты негізде сүт тапсырудан алатын кіріспен

қамтылатын болады. Сүт зауыттарының қуаттылығы 64%-дан 84%-ға дейін көбе-

йіп, бұл өз алдына қайта өңделген өнімнің өндірісін 30%-ға дейін арттыруға мүм-

кіндік береді.

Бағдарлама 2 100 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді және жыл сайын

1 млрд теңгеден астам салық түсімдерімен қамтамасыз етеді.

Екінші өзекті бағыт ретінде отбасылық бордақылау алаңдарын құру ұсыныл-

ды. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарды жеңілдетілген жағдаймен бұқа және

азықпен қамтамасыз етуге кредиттеу қарастырылады.

Бағдарлама шеңберінде 100 мың тонна сиыр еті өндірілетін 32 мың отбасы-

лық бордақылау алаңын ашу жоспарланған. Үш жыл ішінде 65 мыңнан астам үнемі

қызмет істеп тұратын жұмыс орыны құрылатын болады. Қайта өңдеуші кәсіпорын-

дардың жүктемесін 61%-дан 95%-ға дейін жеткізу жоспарланған.

Құрылатын ауыл шаруашылығы кооперативтері қосымша басқа да бағыттар-

мен, мысалы жүн және тері дайындау, жеміс-көкөніс дайындау, ара шаруашылығы,

отбасылық құс шаруашылығы, тауарлы балық шаруашылығымен айналыса алады.

Бағдарламаны жүзеге асыру үшін «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы

және «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ қаражаттары тартылатын болады.

Отырыс қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасының Премьер-Ми-

нистрі ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыру бо-

йынша облыс әкімдіктеріне тиісті тапсырмалар берді.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі

+7 (7172) 555-765

[email protected]

Page 12: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Мақта және күріш шаруашылығы

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 12

ӘОЖ 632.937

МАҚТА ДАҚЫЛЫН ЗИЯНКЕСТЕРДЕН БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСПЕН ҚОРҒАУДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР

И. ҮМБЕТАЕВ, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы,

ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, А. ҚОСТАҚОВ, ауыл шаруашылығы

ғылымдарының кандидаты

«Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

e-mail: [email protected]

Түйінді сөздер: мақта қозасы; зертхана; биологиялық әдіс; мақта көбелегі; трихограмма; энтомофаг; зиянкес.

Мақтаның өнімділігін жоғарылатудың маңызды буындарының бірі –

оны зиянды организмдерден тиімді қорғау. Қазіргі таңда тиісті кезеңдердегі

қолайсыз ауа райы жағдайы, арамшөптер мен аурулар, сонымен қатар

көптеген сорғыш және кеміргіш зиянкестер, әсіресе мақта көбелегі (Helico-

verpa armigera Hubn.) зиянкесі дақылдың өнімділігіне айтарлықтай кері әсе-

рін тигізуде.

Жоғарыда аталғандай, ең қауіпті ауыл шаруашылығы зиянкестерінің

бірі – мақта көбелегінің жұлдызқұрттары мақта қозасына үлкен зақым

келтіреді. Оңтүстіктің табиғи-климаттық жағдайына жақсы бейімделген ол

мақта өскіндері пайда болғанға дейін арамшөптермен, жоңышқамен және

көкөніс дақылдарымен қоректенеді. Шанақтар пайда болған кезде мақта

көбелегі жас жапырақтарға жұмыртқа салады. Осыдан бастап зиянкестің

шығын келтіру кезеңі басталады.

Зиянкес бір маусым ішінде 3 немесе 4 ұрпақ беріп дамиды. Дамуына

қолайлы температураның төменгі мөлшері 12-15°С, жоғарғысы 34-38°С

аралығында.

Мақта көбелегі зиянкесіне қарсы күрес қолда бар барлық құралды

пайдалана отырып кешенді түрде жүргізілуі керек. Қазіргі кезеңде химия-

лық препараттарды қолданудан зиянкестермен бірге олардың табиғи энто-

мофагтарының жойылуынан, зиянкестің келесі кезектегі ұрпағының саны

күрт артуы байқалуда, бұл, өз кезегінде, химиялық қорғау шараларын бір-

неше рет жүргізуге мәжбүрлеуде. Бұл жағдайда зияндылығы жағынан ке-

йінгі дәрежелі зиянкестер табиғи жауының жойылуынан негізгі зиянкеске

айналуда. Оған бұрын айтарлықтай зиян көрсетпеген мақта битінің (Aphis

gossypii Glov.) соңғы жылдары жаппай көбейіп, зиянкес бөліп шығарған

шіренің салдарынан мақта талшығының сапасы төмендеуі мысал бола

алады.

Page 13: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Мақта және күріш шаруашылығы

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 13

Бүгінгі таңда мақта алқаптарында өсімдікті қорғаудың химиялық әді-

сінен бөлек, ішінара биологиялық әдіс те қолданыла бастады. Оның тиім-

ділігі көптеген факторға байланысты. Энтомофагтарды өсіру бойынша жұ-

мыстардың алдағы бағытын анықтау үшін биоәдіс тиімділігінің мөлшерін

анықтау қажет. Үлкен тәжірибелік маңызға ие осы сұрақтың жауабын тап-

қанда, биоматериалдардың қажетті көлемін шығарып қана қоймай, оның

сапасын және тиімділігін арттыруға да болады.

Пайдалы жәндіктердің қандай жағдайда өнімді сақтай алатынын не-

месе оларды қорғауға дәрменсіз болатынын анықтау аса маңызды болып

табылады. 2011-2012 жж. зиянкестер аз болғандықтан, улы химикаттар аз

қолданылды. Ал 1978, 1998, 2004 және 2010 жылдардағыдай зиянкестердің

жаппай таралуы орын алған жағдайда биоәдіс оған қарсы тұра ала ма не-

месе олардың зақым келтіруін айтарлықтай дәрежеде баса ала ма?

Биоәдістің тиімділігіне қатысты басқа да қырлары бар. Биозертхана-

ларда өсірілетін пайдалы жәндіктердің белсенділігі табиғи жағдайда тір-

шілік ететін зиянкестерге қарағанда біршама төмен болады. Биозертха-

наларда 22-26°С температурада және ауаның 75-80% ылғалдылығы жағда-

йында өсірілген трихограммалардың (Trichogramma pintoi Voeg.) көп бөлігі

жаздың 42-45°С ыстығына төзе алмай опат болады. Олардың тек 30-45%-ы

ғана зиянкестерді 2-3 күн бойы жойып, «жұмыс істей» алады.

Мұндай жағдайда бракон (Brakon hebetor Say.) жақсы көрсеткіш көр-

сетеді. Алайда, оны өсіріп көбейту оңай жұмыс емес. Сонымен бірге, 1978,

1998, 2004 және 2010 жылдардағыдай зиянкестердің жаппай таралуы орын

алған жағдайда мақта егістігінің әрбір гектарына 1 200-1 800 дана энтомофаг

қажет болады. Мақта көбелегіне қарсы күресу – өзекті мәселе, өйткені 100

өсімдікте 9 жұмыртқа және жұлдызқұрт байқалғанда, зиянкестің экономи-

калық зияндылық шегі (ЭЗШ) түзіледі (А.О. Сағитов, Ж.Д. Исмұхамбетов,

Б.Ә. Дүйсенбеков, Н.Қ. Кашкенов, 2009).

Трихограмма өндіру бойынша көрші мемлекеттерде көптеген типті

механикаландырылған жүйелер құрылуда. Олардың әрбірі 10 бокстан тұ-

рады және жұмыс сапалы жүргізілген жағдайда астық күйесі жұмыртқасы-

ның бір күнде орташа 250 грамын, ал 360 күнде 90 мың грамын (9 кг) алуға

болады. Алынған барлық жұмыртқаның 11 мың грамы арпаны зарарлауға,

ал қалған 79 мың грамы трихограмма алуға жұмсалады. Бірақ, соның 80%-

ы, яғни 63,2 мың грамы осы энтомофаг ұрпағын береді, оның үштен бірі

зертханаларда қолданылып, қалғаны егістіктерге жайластырылады. Мұндай

нәтижеге тек жыл бойы үздіксіз бір қарқында жұмыс жүргізген жағдайда

ғана қол жеткізуге болады.

Ал біздің жағдайда басым жүйелер үздіксіз жұмыс жүргізбейді; түрлі

себепке байланысты тәртіп бұзылады. Трихограмма қараша, желтоқсан

және қаңтар айларында диапаузамен алынады да, жұмыс ақпан, наурыз

айларында қайта жаңғыртылады. Кейбір зертханаларда жұмыс қаңтарда

Page 14: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Мақта және күріш шаруашылығы

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 14

басталады. Бұл жағдайда трихограмманың жоспарланған көлемін өндіру

мүмкін емес, бір ұрпақ алу үшін 48-60 күн қажет.

Сондықтан жұмыс тамыз айында тоқтап қалып, қаңтарда қайта бас-

талатын зертханаларда дайындалатын трихограмманың көлемі 2-4-5 мың

грамнан аспайды, бұл 1 000 га мақта егістігі үшін жеткіліксіз болып табы-

лады. Өйткені, жаз айларында мақталықтарға бұл энтомофаг кемінде 9 рет

жіберіледі. Демек, 1 000 га мақта алқабына 9 мың грамм (9 кг) трихограмма

қажет болады.

Зиянкестің әр ұрпағына қарсы үш реттен, жалпы оның бір жылдағы

үш ұрпағына ең кемінде 9 рет, ал кейбір зиянкес көбейген жылдары 12 рет-

ке дейін биоагенттерді жіберу қажет. Сонда ғана 1 000 гектар мақталықта

зиянкестермен толыққанды биологиялық күрес шаралары жүргізілді деп

есептеуге болады.

Қазір мақта дақылы егілетін аудандарда қалыптасқан көзқарас бо-

йынша, өніп-өсу кезеңінде мақталық алқапқа 2-3 рет биоагенттер жіберілсе,

осы алқапта зиянкестерге қарсы толық биологиялық күрес шаралары жүр-

гізілді, мақтаның көсек құртынан құтылуға болады деп саналып жүр. Бұл –

жаңсақ пікір. Жоғарыда аталғандай, биоагенттермен бір алқапты өңдеу

саны 9-12 мәрте болуға тиіс. Зиянкестермен биологиялық күрес – қол күшін

өте көп талап ететін тәсіл. Сонымен қатар, аталған күрес әдісіндегі жүргі-

зілетін жұмыстар өте мұқият және талап дәрежесіне сай атқарылмаса, оң

нәтиже алынбайды.

Мақта көбелегіне биоагенттерді қолдануда мақтаның шанақтану ке-

зеңінен бастап өнімді жинағанға дейін зиянкестің сан мөлшеріне анықтау

жүргізіледі. Бұл үшін мақта егістігінің екі диагоналы бойынша әрқайсы-

сында 5 өсімдіктен келетін 20 сынаманы бірдей белгілеп, оларды нөмірлеп,

жалпы саны 100 мақта өсімдігін белгілейді. Әрбір 5 күн сайын бұл өсім-

діктегі жұмыртқа, жасына қарай жұлдызқұрттардың саны, түріне және даму

фазасына қарай энтомофагтардың саны тексеріліп, есептеледі. Орта есеппен

әрбір 30-35 гектарға бір бақылаушы есепші (обследователь) керек болса,

онда бір Мақтаарал ауданы бойынша 2 500-2 700 бақылаушы болу керек.

Сонда ғана зиянкестер туралы нақты мәлімет алып, соның нәтижесінде

тиімді күрес жүргізуге болады.

Биозертханаларда технологиялық жүйелер неліктен үздіксіз жұмыс

жүргізбейді және олардың әрбірінен 43-45 мың/г трихограмма алынбайды?

Себебі әр түрлі. Кейде арпа, басқа да керекті азықтар жоқ немесе олардың

сапасы төмен, қыс кезінде көбінесе жылыту жүйесінде ақау болып, құрыл-

ғылар істен шығады. Бұл жерде алдын ала болжауға болмайтын жағдайлар

жайында сөз болып отыр. Жұмыстың бір айға тоқтауы міндетті түрде

жалпы жылдық нәтижеге кері әсерін тигізеді; трихограмманың жобаланған

мөлшерін алу мүмкін болмайды. Бір механикаландырылған жүйедегі био-

зертханада жыл сайын 43-45 мың грамм (43-45 кг) трихограмма дайындауға

Page 15: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Мақта және күріш шаруашылығы

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 15

болады. Бірақ, түрлі себептерге байланысты бұл биоматериалдың жылына

алынатын мөлшері 14-15 мың грамнан (14-15 кг) аспайды.

Биозертхананың жұмысына кері әсер етуші төмендегі себептерге

ерекше назар аудару керек:

1. Трихограмманың көбеюіне ситотрога көбелегінің ауруы (қойма

таты) кері әсер етеді. Алдын алу шараларын жүргізу жұмыстың еріксіз тоқ-

тап қалуына алып келеді;

2. Жоғарыда аталғандай, қыста кейде жылыту жүйесі істен шығады.

Ал жазда ауаның жоғары температурасы ситотрога көбелектерінің жұмырт-

қа салуын төмендетеді;

3. Трихограмманы өсіруге қолда бар механикаландырылған жүйе-

лердің техникалық ақаулығы кері әсерін тигізеді.

Механикаландырылған жүйеде құрылымдық жеткіліксіздіктер нәти-

жесінде бокстарды, контейнерлер мен кассеталарды, сондай-ақ жапқыш-

тарды ашып-жабуда ситотрога көбелектерінің 15-20% өнімі жоғалады. Егер

бір бокста кене пайда болса, ол қалғандарына да жұғады. Барлық боксты

кенеден тазарту және қайта өнім алу үшін бір ай уақыт қажет. Биозерт-

ханаларды электр қуатымен қамтамасыз етуде үзіліс болмауы керек. Әрбір

биозертханада дербес астық қоймасы салынуы; бұл жерде аралығы үш

айдан мезгіл-мезгілімен фумигациялау, яғни улы газдармен қойма ішін

түтіндетіп, залалсыздандырып отыру қажет.

Биологиялық қорғау тиімділігінің толық көрінбеуі бірқатар себепке

байланысты болады, олардың ішінде ең маңыздылары:

энтомофагтармен жұмысты жыл бойы жүргізбеу;

жабдықтар мен техникалық талаптарға жауап беретін сапалы шикі-

заттың жоқтығы;

биозертхана қызметкерлерінің биологиялық материалдар көбейтуге

байланысты арнайы білімінің болмауы;

бракон өсіруге арналған облыстық, ауданаралық биозертханалар-

дың үлгілік жоба бойынша салынбауы;

браконды өсіруде сапалы аналық материалдар дайындау бойынша

және оларды шаруашылық биозертханаларымен қамтамасыз ету бойынша

орталықтандырылған орындардың болмауы;

жаңа әзірлемелердің енгізілуін және шаруашылықтар тарапынан

қолданылуын бақылаушы қызмет, яғни шаруашылықтарды қажетті құжат-

тармен қамтамасыз етіп, ғылымды ауыл шаруашылығы өндірісімен өзара

байланыстырушы қызметтің құрылмауы.

Мақта қозасын мақта көбелегінен биологиялық қорғау тиімділігін

арттыру үшін бүгінгі таңда біздің ойымызша төмендегі іс-шараларды жүр-

гізу тиімді болады:

Page 16: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Мақта және күріш шаруашылығы

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 16

мақта көбелегінің саны аз болған жағдайда биологиялық агент-

термен тиянақты жұмыс жүргізу;

мақта көбелегінің саны көп болған жағдайда алдымен трихограм-

маны қолдану, содан соң жас жұлдызқұрттарға қарсы инсектицидті қо-

сымшалары жоқ микробиологиялық препараттар қолдану;

мақта көбелегінің орта жастағы алғашқы жұлдызқұрттарына қарсы

бракон жіберу;

мақта қозасы сорғыш және кеміргіш зиянкестер кешенімен бір уа-

қытта зақымдалған жағдайда микробиологиялық препараттарды қолдану;

көбелектердің қыстайтын қорын төмендету үшін кеш егілген жү-

гері, көкөніс және басқа дақылдар егісіне күзде энтомофагтар жіберу.

Аталған биологиялық агенттерді ізбе-із кешенді қолданған жағдайда

мақта көбелегіне қарсы химиялық препараттар қолданудың қажеттілігі

болмайды.

Келешекте өсімдік зиянкестерімен биологиялық күресті тек қана

мақтада ғана емес, сонымен қатар бау-бақша, көкөніс, малазықтық дақыл-

дарда және жылыжайда қолдануға толық мүмкіндік бар.

Түйін

Мақалада Оңтүстік Қазақстанның суармалы егіс жағдайындағы мақта

дақылының зиянкестерімен биологиялық күресудегі өзекті мәселелер кел-

тірілген.

Резюме

В статье приведены актуальные проблемы биологической борьбы с

вредителями хлопчатника в условиях поливного земледелия Южного Ка-

захстана.

Summary

To the article some issues of the day of biological fight are driven against

the wreckers of cotton plant terms of watering agriculture of South of Ka-

zakhstan.

Page 17: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Өсімдік шаруашылығы. Селекция. Мал азығы өндірісі және жайылым

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 17

ӘОЖ 636.2(574)+637.5/62

САУЫН СИЫРЛАР РАЦИОНЫН АРНАЙЫ ДАЙЫНДАЛҒАН АЗЫҚ ҚОСПАЛАРЫМЕН

ТОЛЫҚТЫРУ

М.Б. ҚАЛМАҒАМБЕТОВ, ауыл шаруашылығы ғылымдарының

кандидаты, Ә.К. ЖЫЛҚЫБАЕВ, биология ғылымдарының кандидаты,

А.Н. МАЙКОТОВ, кіші ғылыми қызметкер, магистрант

«Қазақ мал шаруашылығы және мал азығы өндірісі ғылыми-зерттеу

институты» ЖШС

e-mail: [email protected], [email protected]

Түйінді сөздер: сүттілік кезеңі; рацион; премикс; ғылыми-шаруашылық тәжі-

рибе; физиологиялық тәжірибе; азық; микроэлементтер; дәрумендер; қорек-

тік заттардың игерілуі.

Шаруашылықтағы жем-шөп қорын сапалы дайындап, дұрыс сақтап,

алдын ала өңдеуден өткізіп, қажетті мөлшерде және ара қатынаста малға

берумен қатар, сол берілген азықтан мол өнім алу үшін, желінгеннен кейін-

гі ас қорыту және зат алмасу барысындағы олардың өзгерістерін жете зерт-

теп, қажетті бағытта өрістеуіне ықпал жасау керек. Малды азықтандыруды

жетілдірудегі негізгі бағыт малдың қоректілік қажеттілігін мейлінше кеңі-

нен анықтап, мүмкіндігінше толығымен қамтамасыз ету болып табылады.

Ол үшін мал азықтандыруды жиырмадан астам мұқтаждық көрсеткіші

бойынша тетіктеп, зат алмасуына қажет әр қосындыны жеке-жеке белгілеп,

мал азығымен толық жеткізу көзделеді.

Азықтандыру рационының құндылығына, ең алдымен, оның құрылы-

мына кіретін жем-шөп түрлерінің қатынасы, құрғақ зат мөлшері мен оның

қоректік және биологиялық пәрменді заттарға қаныққандығы және ол зат-

тардың биологиялық тұрғыдан бағалылығы жатады. Биологиялық пәрменді

заттарды зат алмасу барысындағы ыдырау мен түзу кезінде тотығу-тотық-

сыздану реакцияларына қолайлы жағдай туғызып, мал өніміне оңтайлы

әсер ететін қоспалар ретінде қабылдау қажет. Азық қоспаларын малды қо-

ректендіру барысында ұтымды пайдалану шаруашылықтағы азық қорының

сапасына байланысты. Мал азығында қоректік заттар мен жекелеген мине-

ралды элементтердің, дәрумендердің тапшылығынан немесе ара қатына-

сының бұзылуынан зат пен энергия алмасуы тежеліп, соның нәтижесінде

мал организмінде метаболикалық өзгерістер орын алады [2].

Page 18: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Өсімдік шаруашылығы. Селекция. Мал азығы өндірісі және жайылым

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 18

Сауын сиырларды толыққұнды азықтандырудағы негізгі факторлар-

дың ішінде минералды заттармен және дәрумендермен қоректендіру жағ-

дайы маңызды роль атқарады. Дәрумендер мен минералды заттардың ролі

ірі қалалардың өнеркәсіп орталықтары маңында орналасқан, жайылым жағ-

дайы жоқ немесе жайылым көлемі аз шаруашылықтардағы сауын сиырла-

рын азықтандыруда байқалады [1].

Малдың организмі дұрыс жұмыс істеуі үшін, оған минералды заттар

мен дәрумендер кешені қажет. Минералдар мен дәрумендер организмге

жеткілікті мөлшерде және ара қатынаста түскен жағдайда ғана олардың

физиологиялық әсері жоғары болады.

Организмдегі дәрумендер мен минералды заттардың тапшылығын

жою үшін азық рационын премикспен байыту тиімді болып саналады [3].

Зерттеу жұмысының мақсаты – сүттіліктің алғашқы жүз күнінде

сиырларға арналған минералды-дәруменді премикстерді дайындап, өнді-

рістік жағдайда сапасын анықтау.

Қойылған мақсатты іске асыру үшін 2 ғылыми-шаруашылық және

физиологиялық тәжірибе ОҚО «Қазына-Жер» ЖШС асыл тұқымды қара-

ала голштин сиыр тұқымдарына үшінші сүттіліктің сарқа сауу кезеңінде

жүргізілді.

Сиырлар ұқсас жұп әдісі бойынша жасы, тірі салмағы, тұқымы, бұзау-

лаған уақыты, өнімділігіне байланысты топтарға бөлінді. Ғылыми-шаруа-

шылық тәжірибелердің сызбасы 1-кестеде көрсетілген.

1. Тәжірибе сызбасы

Топ Мал

саны, бас Азықтандыру жағдайы

Бірінші тәжірибе

Бақылау 8 НР + стандартты премикс (зауыттың рецептісі бойынша)

I тәжірибелік 8

НР + №1 премикс – тәжірибелік (сиырлардың

рационындағы микроэлементтер мен дәрумендердің

тапшылығын есепке ала отырып дайындалған)

II тәжірибелік 8 НР + №2 премикс (микроэлементтер мен дәрумендердің

мөлшері тәжірибелік премикске қарағанда 25% жоғары)

Екінші тәжірибе

Бақылау 12 НР + стандартты премикс (зауыттың рецептісі бойынша)

Тәжірибелік 12 НР + №2 премикс (микроэлементтер мен дәрумендердің

мөлшері тәжірибелік премикске қарағанда 25% жоғары)

№1 премикс сиырлардың рационындағы микроэлементтер мен дәру-

мендердің жетіспеушілігін ескере отырып жасалған. №2 және №3 пре-

микстер де жетіспеушілікті ескере отырып жасалған, бірақ микроэлемент-

Page 19: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Өсімдік шаруашылығы. Селекция. Мал азығы өндірісі және жайылым

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 19

тер мен дәрумендердің мөлшері, сәйкесінше, 25 және 50% жоғарылатылған

(2-кесте).

2. Премикс рецептілері (1 тоннаға есептелген)

Компонент

Стандартты

(қалыпты)

премикс

№1 премикс №2 премикс №3 премикс

Микроэлементтер, г

Марганец 386 400 500 600

Мыс 632 675 844 1013

Мырыш 4 897 2 764 3 455 4 146

Кобальт 297 176 220 264

Йод 76 167 209 251

Дәрумендер

А, млн МЕ 2 000 2 069 2 586 3 104

D, млн МЕ 200 230 287 345

Бидай кебегі, кг 1 000 дейін 1 000 дейін 1 000 дейін 1 000 дейін

№1 тәжірибелік премикске дәрумендер мен микроэлементерді енгізу

Ресей АШҒА нормалары мен тұрақты азық рационындағы мөлшері ара-

сындағы айырмашылықтар ескере отырып жүргізілді.

Зерттеулердің нәтижесінде сиырлардың рационына минералды-дәру-

менді премикстерді қосу қоректік заттардың қорытылуына оң әсерін тигіз-

гендігін көрсетті.

Бірінші тәжірибеде II топтағы малдың рационындағы қоректік зат-

тардың қорытылу коэффициенті бақылау және I топтағы сиырларға қара-

ғанда жоғары болды: құрғақ зат бойынша 2,06 және 1,68%; органикалық

заттар 2,46 (Р<0,05) және 1,53%; шикі протеин 2,84 (Р<0,05) және 1,55%;

шикі май 2,13 және 1,48%; шикі клетчатка 2,48 және 1,49%; АЭЗ 2,36 және

1,50%. Тәжірибелік топтағы АЭЗ-тың қорытылуында бақылау тобымен

салыстырғанда аса өзгешелік болмады (0,38% ғана).

Екінші тәжірибеде бақылау тобының сиырлары ұқсас жұптарға қара-

ғанда рационындағы құрғақ затты 1,12%, органикалық затты 0,89%, шикі

протеинді 2,19% (Р<0,05), шикі майды 1,02%, шикі клечатканы 1,13% көбі-

рек қорытты. Сол себепті, рационмен №2 минералды-дәруменді премиксті

қабылдаған сиырлар протеин, май, АЭЗ, клечатканы жақсы қорытты, өз

кезегінде ол сүттің түзілуінде қосымша энергия көзі болып табылады.

Физиологиялық тәжірибе кезеңінде барлық малда азот теңгерімі оң

нәтижеде, бірақ оның игерілуі бойынша тәжірибелік топтардың арасында

кейбір айырмашылықтар болды.

Page 20: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Өсімдік шаруашылығы. Селекция. Мал азығы өндірісі және жайылым

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 20

Бірінші тәжірибеде II тәжірибелік топтағы сиырлар I топтағы сиыр-

ларға қарағанда қабылданған және қорытылған азотты 2,08 және 1,96%

тиімді игерді және I тәжірибелік топқа ұқсас топтармен салыстырғанда

4,20% және 4,28% тиімдірек пайдаланды.

Екінші тәжірибеде тәжірибелік топтағы сиырлар бақылау тобындағы

малға қарағанда нәжіспен азотты 5,97% (Р<0,05) көбірек, ал сүтпен 4,41%

(Р<0,05) азырақ шығарды. Азотты бақылау тобындағы сиырлар 3,86% жақ-

сы қорытты, бұл анықталған көрсеткіш (Р<0,05) ұқсас жұптарға қарағанда

аз. Бақылау тобындағы сиырлар қабылданған және қорытылған азотты,

тиісінше, 1,63 және 0,71% тиімдірек қолданды.

Малдың организміндегі зат алмасу мен энергия алмасу үдерістері бір-

бірімен тікелей байланысты, ал соның ішінде энергия рационның маңызды

көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Бірінші тәжірибеде II тәжірибелік

топтың сиырлары бақылау және I тәжірибелік топтағы ұқсас жұптарға

қарағанда рационындағы қолданылған энергияны, сәйкесінше, 3,01 және

1,90% көбірек қорытты.

Бақылау тобындағы сиырлардың зат алмасу деңгейі I тәжірибелік

топтағыға қарағанда 3,18% (Р<0,01) төмен, II тәжірибелік топтағыға

қарағанда 8,31% (Р<0,001) аз болды.

Сүтті өндіруде алмасу энергиясын барынша тиімді қолданған II тә-

жірибелік топтағы сиырлар болды, ал ол, өз кезегінде, бақылау және I тә-

жірибелік топтағы сиырларға қарағанда, сәйкесінше, 2,10% және 1,34% көп.

Екінші тәжірибеде бақылау тобындағы мал тәжірибелік топтарға қарағанда

энергияны 3,68% көбірек жұмсады. Бақылау тобындағы сиырлар сүтті өнді-

руде алмасу энергиясын тиімді қолданды, бұл көрсеткіш тәжірибелік топта-

ғыларға қарағанда 1,28% төмен. Сол себепті, сиырлардың рационына қо-

сылған №2 минералды-дәруменді премикс алмасу энергиясының көбеюіне

және жалпы алғанда азотты тиімді қолданып, энергия алмасуға тиімді әсер

етті.

Физиологиялық тәжірибеде барлық топтағы сиырларда кальций мен

фосфор теңгерімі оңтайлы болды. Бұл өз кезегінде малдың макроэлемент-

термен толығымен қамтамасыз етілгенін көрсетеді. Бірінші тәжірибеде

II тәжірибелік топтағы мал I тәжірибелік топтағы және бақылау тобындағы

құрдастарына қарағанда сүтпен бірге кальцийді 15,45; 5,51% және фосфор-

ды 13,16; 2,62% (Р<0,05) көбірек шығарды. II тәжірибелік топтағы сиырлар

кальций мен фосфорды I тәжірибелік және бақылау тобындағы сиырларға

қарағанда 1,83 және 1,84% жақсы пайдаланды. II тәжірибелік топтағы мал-

дың кальций мен фосфорды сүтке қолданудағы басымдылығы айқындалды.

Бақылау және тәжірибелік топтағы сиырлар мөлшерлегенде кальцийді

22,99%, ал фосфорды 28,27% қолданса, бұл көрсеткіш II тәжірибелік топта

2,24 және 2,06% жоғары болды. Екінші тәжірибеде бақылау тобындағы

сиырлар сүтпен бірге кальцийді 5,09%, фосфорды 4,91% көбірек бөлді.

Page 21: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Өсімдік шаруашылығы. Селекция. Мал азығы өндірісі және жайылым

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 21

Бақылау тобындағы мал азықпен қабылдаған кальций мен фосфорды

1,15 және 1,08%, соның ішінде сүтке 1,08 және 1,38% тиімді қолданды. Сол

себепті, рационмен бірге дәрумендер мен микроэлементер мөлшері 25%-ға

жоғарылатылған премиксті қолданған сиырлар рациондағы минералды

заттарды тиімді пайдаланды. Дәрумендер мен микроэлементтердің мөлше-

рін көбейту сүт өнімділігінің жоғарылауына септігін тигізеді (3-кесте).

3. Тәжірибелік топтардың сүт өнімділігі

Көрсеткіш Топтар

Бақылау тобы I тәжірибелік II тәжірибелік

Бірінші тәжірибе

Сүттілік кезеңінің

100 күнінде, кг 1 958,07±44,41 2 061,87±79,16 2 230,96±52,83

Сүттің майлылығы, % 3,79±0,14 3,89±0,09 3,97±0,06

Белоктың мөлшері, % 3,31±0,04 3,32±0,05 3,34±0,06

Сүт майы, кг 78,26±1,78 82,35±3,16 89,13±2,11

Сүт белогы, кг 68,35±1,85 70,28±1,33 74,98±1,72

Екінші тәжірибе

Көрсеткіш Бақылау тобы Тәжірибелік топ

Сүттілік кезеңінің

100 күнінде, кг 2 239,76±44,84 2 079,88±71,28 2 091,80±33,03

Сүттің майлылығы, % 3,96±0,10 3,92±0,13 3,91±0,07

Белоктың мөлшері, % 3,34±0,06 3,32±0,04 3,30±0,06

Сүт майы, кг 89,61±1,79 83,20±6,85 83,67±1,32

Сүт белогы, кг 75,58±1,93 72,96±1,22 70,62±1,68

Бірінші тәжірибе жүргізу кезеңінде II тәжірибелік топтағы сиырлар-

дан бақылау тобына қарағанда майлылығы 4% сүт 272,89 кг (13,94%) кө-

бірек алынды және I тәжірибелік топқа қарағанда 169,09 кг (8,20%) артық

сүт алынды.

II тәжірибелік топтағы сиырлардың рационында №2 премиксті енгізу

барысында сүттің майлылығы I тәжірибелік және бақылау тобындағы сиыр-

ларға қарағанда, тиісінше, 0,08 және 0,18% жоғарылады. Тәжірибедегі мал-

дың сүтіндегі ақуыздың мөлшерінде айтарлықтай айырмашылық болған

жоқ, бірақ көрсеткіштерді есептегенде өзгешелігі II тәжірибелік топтың

пайдасына тиді. I тәжірибелік топтағы сиырлардан 4,70 кг (6,68%) ақуыз

алынды. Екінші тәжірибеде бақылау тобындағы сиырлардан 4% сүт

147,96 кг немесе 7,07% көбірек алынды. Сонымен қатар, осы малдан тә-

Page 22: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Өсімдік шаруашылығы. Селекция. Мал азығы өндірісі және жайылым

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 22

жірибелік топтағыларға қарағанда сүттің майлылығы мен ақуыз, тиісінше,

5,94 кг (7,10%) және 4,96 кг (7,02%) артық алынды.

Зерттеу нәтижелері сиырлардың сауын сүтін арттыру кезеңінде ра-

ционға №2 минералды-дәруменді премиксті енгізу қоректік заттардың қо-

рытылуына оң нәтиже беретінін, энергия, азот, кальций, фосфордың алма-

суына және сүт өнімділігін жоғарылату, сүттің негізгі компоненттерінің қа-

жетті деңгейде болуына әсерін тигізгенін көрсетті.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Калашников А.П., Щеглов В.В. и др. Нормы и рационы кормления

с.-х. животных. Справочное пособие. – 3-е издание переработанное и

дополненное. – 2003. – 456 с.

2. Омарқожаұлы Н. Малды тиімді азықтандырудың ғылыми негіз-

дері. Монография. – Алматы, 2005. – 8-24 б.

3. Петрова Ю.А. Обмен азота и молочная продуктивность лактирую-

щих коров при скармливании минерального премикса, обогащенного кри-

тическими аминокислотами // Кормление с.-х. животных и кормопроизвод-

ство. – 2012. – №10. – С. 32-35.

Түйін

Сарқа сауу кезеңінде минералды-дәруменді премиксті сиырлардың

азық рационына қосу қоректі заттардың қорытылуына оңтайлы әсерін тигі-

зеді, сонымен қатар сүт өнімділігін және сүт құрамындағы негізгі компо-

ненттердің шығымын арттырады.

Резюме

Показано, что введение в рацион коров в период раздоя минерально-

витаминного премикса оказывает положительное влияние на переваримость

питательных веществ, а также повышает молочную продуктивность и вы-

ход основных компонентов молока.

Summary

Introduction to the diet of the cows during milking the mineral-vitamin

premix has a positive effect on the digestibility of nutrients and increases milk

yield and yield of the major components of milk.

Page 23: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 23

ӘОЖ 631.81/.87

ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ МИНЕРАЛДЫ ҚОРЕКТІК ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ ҚҰРАМЫНА ӘСЕРІ

М.Б. БЕКБАТЫРОВ, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты,

С.О. ОСПАНОВА, кіші ғылыми қызметкер

«Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу

институты» ЖШС e-mail:[email protected]

Түйінді сөздер: ауыспалы егістік; органикалық заттар; сидералды дақылдар.

Топырақтағы өсімдіктер мен өлген жәндіктердің қалдықтары екі ба-

ғытта өзгеріске ұшырайды. Біріншіден, олар микроорганизмдердің әсерінен

ыдырап, шіріп, жай минералдық қосылыстарға ажырайды. Екіншіден, олар-

дың қалдығы микробтардың әсерінен күрделі биохимиялық өзгерістерге

ұшырап, тұрақты органикалық зат – қарашірік пайда болады. Топырақтағы

органикалық заттар оның құнарлылығының негізі болып табылады. Әр

түрлі дақылдар өздерінің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты және

қолданған агротехникалық шараларға қарай топырақта түрлі мөлшерде

өсімдік және аңыздық қалдықтар қалдырады. Суармалы егіншілікте топы-

рақтың құнарлылығына ең тиімді әсер ететін дақыл – жоңышқа және жасыл

тыңайтқыш ретінде қолданылатын сидералды дақылдар [1].

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ суармалы егіншілік

бөлімінде жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарында 5-6 танапты шөпті-

дәнді-отамалы ауыспалы егістіктерінде органикалық заттарды жинақтаушы

ретінде 2 және 3 жылдық жоңышқа дақылы зерттелді [3].

Жоңышқаның ең басты қасиеті – ол селбесу (симбиоз) негізінде түй-

некті бактериялардың көмегімен ауадағы бос азотты сіңіру ерекшелігіне ие,

яғни азот жинақтаушы болып табылады. Мысалы, 3 жылдық жоңышқаның

өсімдік қалдықтарында 294 кг дейін азот, 62 кг фосфор, 55 кг калий болады.

Бұлардың бәрі органикалық күйде болады. 3 жылдық жоңышқадан кейінгі

топырақта өсімдік қалдықтарының мөлшері 146 ц/га дейін жинақталуы

мүмкін, бірінші жылы қолайлы жағдайларда қалдықтардың ыдырауы 60%-

ға дейін, екінші жылы 70%-ға жетеді және үшінші жылы толығымен аяқта-

лады. Бұл жағдайда негізгі қоректік элементтер құрамы ұлғаяды [2].

Page 24: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 24

3 жылдық жоңышқадан соң топырақтағы нитрат құрамы 46 мг/кг

болды. Жоңышқа қыртысынан кейін күздік бидай себілді, көктемде топы-

рақтағы нитрат құрамы 120 мг/кг құрады. Күздік бидайдан соң қытайбұр-

шақ себіледі, бұл кезде топырақтағы нитрат мөлшері 94 мг/кг. Жоңышқадан

кейін 3-жылы күздік бидай егісінде нитрат құрамы 64 мг/кг жетті (1 және 2-

кестелер).

1. 2 жылдық жоңышқа егілген 5 танапты ауыспалы егістің 0-30 см топырақ

қабатындағы жылжымалы қоректік элементтердің мөлшері

Дақыл NO3 P2O5 K2O

көктем күз көктем күз көктем күз

2 жылдық жоңышқа 26 - 26 - 374 -

Топырақ қыртысы бойынша

жоңышқадан кейінгі күздік

бидай

71 60 26 26 505 316

Қытайбұршақ 64 130 48 41 342 300

Күздік бидай 80 40 20 25 280 307

Екіжылдық жоңышқадан соң топырақтағы нитрат құрамы 26 мг/кг,

топырақ қыртысы бойынша күздік бидайда нитраттың мөлшері 71 мг/кг,

топырақ қыртысының аудармасы бойынша қытайбұршақ дақылында

64 мг/кг және 3 жылдық топырақ қыртысында қытайбұршақтан соң егілген

күздік бидайда 80 мг/кг болды.

2. 3 жылдық жоңышқа егілген 6 танапты ауыспалы егістің 0-30 см топырақ

қабатындағы жылжымалы қоректік элементтердің мөлшері

Дақыл NO3 P2O5 K2O

көктем күз көктем күз көктем күз

3 жылдық жоңышқа 46 - 35 - 365 -

3 жылдық жоңышқадан

кейінгі күздік бидай 120 120 37 19 486 280

Қытайбұршақ 94 137 55 48 316 308

Күздік бидай 64 57 26 31 310 264

Бұл көрсеткіштер бойынша жоңышқаның өсімдік қалдықтары азот-

тық қоректілікті арттырады, сонымен қатар қарашірік мөлшерін кемітпей,

керісінше ұлғайтқандығын көрсетеді (3-кесте).

Page 25: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 25

3. 2 және 3 жылдық жоңышқа қыртысының 5-6 танапты ауыспалы егістіктің

0-30 см топырақ қабатындағы қарашірік мөлшеріне әсері

Дақылдар Қарашірік, % Дақылдар Қарашірік, %

5 танапты ауыспалы егістік 6 танапты ауыспалы егістік

Арпа+жоңышқа 2,08 Арпа+жоңышқа 1,92

2 жылдық жоңышқа 2,08 2 жылдық жоңышқа 2,08

Күздік бидай 2,15 3 жылдық жоңышқа 2,14

Қытайбұршақ 2,08 Күздік бидай 2,31

Күздік бидай 2,00 Қытайбұршақ 2,25

3-кестеде көрсетілгендей, жоңышқа егісіне дейінгі бастапқы қараші-

рік мөлшері 1,92% болды. Екіжылдық жоңышқадан кейінгі күздік бидай

егістігінде қарашірік құрамы 2,15%-ға дейін ұлғайды, ал үшжылдық жо-

ңышқадан соң 2,31%-ға жетті. 2 жылдық жоңышқадан кейін қарашірік мөл-

шері бастапқыға қарағанда 2%, 3 жылдық жоңышқадан соң 2,24% көбейді.

Жоңышқа басқа дақылдарға қарағанда терең тамыр жүйесі арқылы

3 м тереңдікке дейін еніп, қолжетімсіз қосылыстардан фосфорды жинақтап,

оны топырақтың беткі және үстіңгі қабатына шығаруымен топырақтағы

органикалық күйдегі фосфор мөлшерін 60 кг-ға жеткізеді. Өсімдік пен та-

мыр қалдықтары минералдық қосылыстар деңгейіне дейін ыдырау нәтиже-

сінде жылжымалы фосфор мөлшерін арттырады (1 және 2-кестелер). 2 жыл-

дық жоңышқадан соң топырақтағы жылжымалы фосфор бастапқы

мөлшерінен (26 мг/кг) топырақ қыртысының аудармасы бойынша қытай-

бұршақта 41-48 мг/кг дейін артты, 3 жылдық жоңышқадан соң жылжымалы

фосфор мөлшері 48-55 мг/кг дейін жетті.

Үшінші жылы фосфор мөлшері бастапқыға қарағанда 20-25 мг/кг-ға

азайды.

Алғы дақылдарға байланысты ауыспалы калий мөлшері көктем мез-

гілінде ауысып отырады (360-370 мг/кг аралығында болды). Топырақ қыр-

тысы бойынша 3 жылдық жоңышқадан кейін күздік бидайда ауыспалы ка-

лий мөлшері 490 мг/кг артты, топырақ қыртысы бойынша 2 жылдық жо-

ңышқада 500 мг/кг-ға дейін ұлғайды. Топырақ қыртысының аудармасы бо-

йынша 2-жылы қытайбұршақ егіліп, ауыспалы калий мөлшері 3 жылдық

жоңышқада 316 мг/кг дейін, ал 2 жылдық жоңышқада 342 мг/кг кеміді. То-

пырақ қыртысын пайдалану бойынша 3-жылы ауыспалы калий мөлшері

264-280 мг/кг болды. Ауыспалы калийге алғы дақыл ғана емес, топырақ

ылғалдылығы да әсер еткені байқалды.

Ауыспалы калий ылғал топырақта артып, құрғақ топырақта ауыспай-

тын күйде бекітілетіндігі белгілі. Сондықтан маусымдық динамикада көк-

темде ауыспалы калий мөлшері 400-500 мг/кг жетсе, күзде 250-400 мг/кг

құрағандығы байқалды. Ауыспалы калий мұндай мөлшердегі топырақ дәнді

Page 26: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 26

және отамалы дақылдар үшін орташа және жақсы қамтамасыз етілген бо-

лып есептеледі.

Қорыта келгенде, мақалада айтылған ауыспалы егістіктер арқылы

дақылдардың тамыр және аңыз қалдықтары түзетін органикалық заттардың

топырақтағы минералды қоректік элементтерінің құрамына тигізетін әсерін

реттеуге болады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Воробьев С.А., Лощаков В.Г., Болкунов А.С. Методика по изучению

севооборотов на орошаемых землях. – М.: ТСХА, 1991. – 28 с.

2. Елешев Р., Бекмаганбетов А. Агрохимия. – Алматы: Кайнар, 1989.

– 150-151 б.

3. Кененбаев С.Б., Иорганский А.И., Турешев О.Т., Сулейменова М.Ш.

и др. Технологическая модель и алгоритмы агрокомплекса получения по-

тенциально возможных урожаев полевых культур при биологизации оро-

шаемого земледелия, обеспечивающих воспроизводство плодородия почвы

и получение экологически чистой продукции: Рекомендации. – Алмалыбак,

2008. – С. 20.

Түйін

Мақалада 2 және 3 жылдық жоңышқа, қытайбұршақ, күздік бидайдың

тамыры және аңыздық қалдықтар түзетін органикалық заттардың топы-

рақтың минералды қоректік элементтерінің құрамына әсерін зерттеу жұ-

мысының нәтижелері көрсетілген.

Резюме

В статье представлены результаты исследований влияния корневых и

пожнивных остатков 2- и 3-летней люцерны, сои, озимой пшеницы на сос-

тав и содержание элементов минерального питания почвы.

Summary

The article presents the results of the work on the impact of root and stub-

ble 2 and 3 year alfalfa, soybeans, winter wheat on the content of mineral ele-

ments of the soil.

Page 27: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 27

ӘОЖ 632.934.1

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА КҮНБАҒЫС КЕШЕНІН ҚОРҒАУ

А.С. БЕКБОСЫНОВА, ғылыми қызметкер, С.И. НУРГАЛИЕВ, зертхана

меңгерушісі, М.Б. НУРГАЛИЕВА, аға ғылыми қызметкер

«Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

е-mail: [email protected]

Түйінді сөздер: өсімдіктерді қорғау; аурулар; зиянкестер; тұқымды улау; арамшөп; гербицидтер; күнбағыс.

Күнбағыс егісінің фитосанитарлық жай-күйін басқару негізінен

агротехникалық шаралар мен химиялық өсімдіктерді қорғау құралдарымен

жүзеге асады. Күнбағыс көптеген ауру түрімен және зиянкестермен зақым-

дануға бейім, сондықтан фитосанитарлық жағдайды ескере отырып, инте-

грацияланған өсімдіктерді қорғау жүйесін қарастыру қажет.

Күнбағысқа келесі аурулар тән: ақ шірік, сұр шірік, жалған ұндық

шық, тат, фомоз. Ақ шірік барлық вегетациялық кезеңінде байқалады, бірақ

неғұрлым қарқынды жетілуі – күнбағыстың даму кезі. Сұр шірік өскіндерді,

жапырақ, гүлдерін, көбіне себетті зақымдайды. Шіріктің бәрі өсімдіктің

тартылуын, сабақтарының сынуын тудырады. Жалған ұндық шық жапы-

рақтарды, сабақты, себетті зақымдайды. Ауру 3-4 жұп жапырақ пайда бол-

ғанда, өсімдіктер өсуі артта қалған кезде, өнімділігі төмендегенде көрінеді

[1, 2]. Күнбағыс егісін фитопатологиялық зерттеу нәтижесінде өсімдік сы-

намаларын есепке алу және іріктеу жүргізілді [3]. Күнбағыс ауруларымен

және зиянкестермен күресу шараларын тұқымды улау, өсімдіктерді химия-

лық препараттармен өңдеу қамтиды (1-кесте).

Тұқымды улау деген – ең маңызды профилактикалық фитосанитар-

лық қабылдау. Бірақ, оның тиімділігі таңдап алынған препараттарға ғана

емес, егілетін тұқымдардың сапасына да байланысты. Себу үшін ірі, бір-

келкі және өнгіштігі 100%-ға жақын тұқымды пайдаланады.

ПМ-10 машиналар тұқымдарды дәрілеу және инкрустация үшін пай-

даланылады.

Күнбағысқа үлкен зиян келтіретін зиянкестер: шыртылдақ қоңыз жә-

не қара денелі қоңыз (сымқұрт және жалған сымқұрт), шабан қоңыз, күнба-

ғыстың сүген қоңызы, күнбағыстың қан көбелегі, дала шілделігі, шалғын

көбелегі, өсімдік биті, өсімдік қандаласы.

Page 28: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 28

1. Тұқымды өңдеуге арналған препараттар

Әрекет етуші зат,

саудалық атауы,

препараттық

нысаны, мазмұны

Препараттың

шығын

мөлшері (л/т,

кг/т, л/га,

кг/га)

Зиянды нысан Қолдану ерекшелігі

ТМТД, с.с.к. (тирам

400 г/л) 4-5

Ақ және сұр

шіріктер, зеңденуі,

пероноспороз

Улау тұқым 12-15 күн себуге

дейін немесе алдын ала

жүргізіледі. Жұмыс

сұйықтығының мөлшері

8-10 л/т

Винцит, с.к.

(тиабендазол 25 +

флутриафол 25г/л)

2

Фомопсис, ақ шірік

(тамыр шірігі),

тұқымның зеңденуі

Улау тұқымды

ылғалдандырудың немесе

себер алдында жүргізіледі.

Жұмыс сұйықтығының

мөлшері 10 л/т

Апрон Голд, с. э.

(металаксил-м 350

г/л)

3 Пероноспороз,

жалған ақ ұнтақ

Улау тұқымды себер алдында

жүргізіледі. Жұмыс

сұйықтығының мөлшері 10-

15 л/т

Күнбағыс егісінің химиялық өңдеуі (2-кесте) зиянкестер зияны эконо-

микалық табалдырықтан жоғары болған жағдайдағы көбеюін басқа тәсіл-

дермен болдырмаған кезде ғана жүргізіледі. Зиянкес ошақтарын дер кезінде

анықтау өлкелік аралықпен шектелуге жиі мүмкіндік береді.

2. Егістікті өңдеуге арналған инсектицидтер

Әрекет етуші зат,

саудалық атауы,

препараттық нысаны,

мазмұны

Препараттың

шығын

мөлшері

(л/т, кг/т,

л/га, кг/га)

Зиянды нысан Қолдану

ерекшелігі

Децис, э. к.

(дельтаметрин 25 г/л) 0,25 Шалғын көбелегі

Өсіп-өну кезеңінде

бүрку

Децис-экстра, э. к.

(дельтаметрин 125 г/л) 0,05 Шалғын көбелегі

Өсіп-өну кезеңінде

бүрку

Фуфанон, э. к. (малатион

570 г/л) 0,6-0,8

Қандала, өсімдік

биті

Өсіп-өну кезеңінде

бүрку

Өсімдіктердің өсуін қатты әлсірететін күнбағыс сұңғыласы – өсімдік

тоғышары. Оның өскін тұқымының сүйрігі тамырға жабысып, өсімдік-иесі-

нің есебінен қоректенеді.

Күнбағысты жалпы қорғау шараларына мынаны жатқызуға болады:

ауыспалы егісті сақтау, талаптарды орындау, тұқым улау, шаруашылықта 2-

3-ші сортты немесе будан, сұңғылаға тұрақтылығы және өніп-өсу кезеңінің

ұзақтығы бойынша ажыратылатын тұқым өсіру.

Page 29: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 29

Арамшөптерді өскіндер қалыптасқан кезде, сондай-ақ оның өсіп-

өнуінің екінші кезеңінде, генеративтік органдар салынған кезде жою күн-

бағыс үшін маңызды.

Біржылдық астық тұқымдас арамшөптер: түкті тары, күрмек тарысы,

итқонақ, ақ алабұта, шырмауық таран.

Топырақтық гербицидтерді дақылды себуге дейін немесе өскін шық-

пай тұрып қолдану бұл мәселені шешуге мүмкіндік береді. Тиімділігі жоға-

ры гербицидтер мен олардың қоспаларын пайдалану егісті таза күйде ұс-

тауға мүмкіндік береді.

Гербицидтермен жаппай өңдеу тұқымды себер алдында 7-10 күн жүр-

гізіледі: Ураган-форте 500, с.е. (ғ.д.р. 1,2-1,8 л/га), Раундап 36% с.е. (ғ.д.р.

1,5-2,0 л/га).

Біржылдық және қосжарнақты дәнді арамшөптер өскін шықпай өңде-

леді, мысалы: гербицид Гезагард 500, с.к. (ғ.д.р. 2,0-4,0 л/га).

Өсіп-өну бойынша біржылдық және көпжылдық дәнді арамшөптерге

қарсы Фюзилад-форте 150 к.э. (ғ.д.р. 0,75-1,0 л/га) препаратымен өңдеу

өткізіледі.

Күнбағысты өңдеуге тек тіркелген және рұқсат етілген препараттар

қолданылады (3-кесте).

3. Күнбағыс егісінде қолдануға рұқсат етілген гербицидтер

Гербицид

Шығын

нормасы,

кг/га, л/га

Қандай

арамшөпке қарсы

Мерзімі мен

енгізу тәсілдері

Дуал Голд 960, э.к.

(С-метолахлор, 960 г/л) 1,3-1,6

Біржылдық астық

тұқымдас және

кейбір

қосжарнақтылар

Себуге дейін немесе

өскіндерді өңдей

отырып, боронамен

бояп топыраққа енгізу

Трифлокс, с.д.т.

(трифлуралин, 480 г/л) 2,0-5,0

Біржылдық астық

тұқымдас және

кейбір

қосжарнақтылар

Себуге дейін өңдей

отырып,

культиватормен бояп

топыраққа енгізу

Гезагард 500 с.к.

(прометрин, 500 г/л) 2,0-4,0

Біржылдық және

қосжарнақты

дақылды

Өскіндерге дейін

Фронтьер Оптима, 72%

э.к.(диметенамид,

720 г/л)

1,2

Біржылдық және

қосжарнақты

дақылды

Өскіндерге дейін

Фюзилад Форте 150 э.к.

(флуазифоп-п-бутил,

150 г/л)

0,75-1,0

Біржылдық және

көпжылдық астық

тұқымдас

Өсіп-өну кезеңі бойы

Раундап, 36% с.е.

(глифосат, 360 г/л) 1,0-4,0 Барлық түрі

Күзде және көктемде

дегелектің өсуі кезінде

Page 30: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 30

Күнбағыстың біржылдық арамшөптерін жоюға арналған топырақ

гербицидтері: Дуал Голд 960, э.к., Трифлокс с.д.т., Фронтьер Оптима 72%

э.к. және т.б., өскін шыққаннан кейін қолданылатын гербицид – Фюзилад

Форте 150, э.к..

Фронтьер Оптима, 72% э.к. және Дуал Голд 960, э.к. топырақ герби-

цидтерінде күшті ұшпа кемшілігі болмайды, олар топырақты дереу жабуды

қажет етпейді (5 см артық бітеу). Гербицидтерді ПОУ, ОН-400, НОМ-630

және басқа штангалық сепкіштермен енгізеді, олардың агрегатында топы-

рақты бітеуді қамтамасыз ететін топырақ түзуші құралдары бар. Агрегат-

тардың қозғалыс жылдамдығы 6-8 км/сағ.

Гербицидтерді үнемді, таспалы тәсілмен себумен бір мезгілде енгіз-

генде жолақ бойымен ені 30-35 см қатарды өңдейді, бұл гербицидтің гек-

тарлық шығын мөлшерін екі есе азайтады. Гербицидтер ОПШ-15, ОП-200-

2-01, ӘЖ, ПОМ-630 штангалық сепкіштермен енгізіледі, олар жеке-жеке

және барлық штанганың әр бүріккіш сұйықтығының белгіленген нормасын,

сондай-ақ себудің біркелкілігін мұқият реттейді.

Солтүстік Қазақстанның орманды аудандары үшін күнбағыстың

жиын-терін алды десикациясын қолдану ұсынылады. Ол үшін Реглон Супер

150 с.е. себу керек, препараттың шығыс нормасы – 2,0 л/га. Себу себетше-

нің күреңденуі басында болады. Десикация жинауды 8-10 күн ерте бастауға

және ақ пен сұр қоздырғыштардың зияндылығын азайтуға мүмкіндік бе-

реді. Десикациядан кейін дән ылғалдылығы 12-16%-ға дейін төмендейді.

Комбайн өнімділігі 1,5 есе артады, тұқым жоғалту азаяды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Бородин С.Г. Пивень В.Т. Котлярова И.А., Шуляк И. Грибные бо-

лезни подсолнечника // Защита и карантин растений. – 2006. – №5. – С. 20-

23.

2. Долгова Е.М., Иванченко К.А. Защита подсолнечника: белая гниль

// Защита и карантин растений. – 2008. – №2. – С. 108.

3. Қостанай облысында күнбағыс өсіру бойынша ұсыныстар. – За-

речное, 2012. – 31 б.

Түйін

Күнбағыс – Қазақстандағы негізгі майлы дақыл. Біздің елімізде өнді-

рілген барлық өсімдік майының шамамен 90%-ы күнбағыстың үлесіне

келеді. Түрлі елдердің сарапшылары күнбағыс майы адам тамақтануында

жетекші орынға тиесілі деп есептейді. Күнбағыс – бағалы бал шырынды

өсімдік.

Page 31: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 31

Резюме

Подсолнечник – основная масличная культура в Казахстане. Из всего

вырабатываемого в нашей стране растительного масла около 90% прихо-

дится на долю подсолнечника. Многие специалисты из разных стран счи-

тают, что подсолнечному маслу должно принадлежать ведущее место в

питании человека. Подсолнечник – ценный медонос.

Summary

Sunflower – the basic olive culture in Kazakhstan. Of all produced in our

country vegetable oil accounts for about 90% of sunflower share. Many experts

from different countries believe that the sunflower oil should belong to the

leading place in human nutrition. Sunflower – a valuable honey plant.

ӘОЖ 631.5.559.21;633.11;632.954

КҮЗДІК ДӘНДІ ДАҚЫЛДАРҒА ҚОЛДАНЫЛҒАН ЖҮЙЕЛІК ГЕРБИЦИДТЕРДІҢ АРАМШӨПТЕРГЕ ӘСЕРІ

Д.А. СЫДЫҚ, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы,

М.А. СЫДЫКОВ, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты,

С.С. АЛАГОЗОВА, магистр

«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

e-mail: [email protected]

Түйінді сөздер: күздік бидай; тікелей себу; арамшөп; гербицид.

Оңтүстік Қазақстан өңірінде дәнді дақылдардың егістік алқаптарында

біржылдық және көпжылдық арамшөптердің көптеген түрі кездеседі. Күз-

дік бидайды тікелей себу технологиясында кездесетін аса зиянды біржыл-

дық арамшөптерге қарақылтық, кәріқыз, жабайы қызғалдақ, жабайы бұршақ

және т.с.с., ал көпжылдық арамшөптерге егістік қырыққабат, қызғылт укекі-

ре, жантақ, егістік тікенқурай және т.с.с. өсімдіктер жатады.

Зерттеу жүргізілген жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының дәнді

дақылдар егістігінің фитосанитарлық жағдайларын анықтау үшін шаруашы-

лықтардағы дәнді егіс танаптарына экспедицияға шығып, зерттеу жұмыста-

ры жүргізілді. Егіс алқаптарына фитосанитарлық баға беру мамыр айының

алғашқы күнінен ортасына дейін егіс алаңдарын зерттеп, аралап көру арқы-

лы атқарылды, өйткені дәл осы мезгілде негізгі және қауіпті арамшөптердің

Page 32: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 32

кездесуіне баға беруге мүмкіндік болады. Зерттеудің нәтижесі бойынша не-

гізгі кездесетін арамшөптер анықталды.

Оңтүстік Қазақстан облысының аумағын 4 аймаққа бөле отырып, дән-

ді дақылдардың арамшөптермен ластану дәрежесіне сипаттама берілді.

Бірінші аймақ: Тянь-Шань тауының батыс омыртқа жоталары. Бұл

аймақ Түлкібас, Сайрам, Төле би және Қазығұрт аудандарының шығыс бө-

лігіндегі дәнді дәнді дақылдар егісін қамтиды.

Екінші аймақ: Орталық аймақ. Бұл Сарыағаш және Ордабасы аудан-

дарының дәнді дақылдар егіс алаңының аймағын құрайды.

Үшінші аймақ: Бұл аймаққа Арыс және Түркістан аудандарының қи-

ғаш тегістігі кіреді.

Төртінші аймақ: Қызылқұм аймағына Шардара және Отырар аудан-

дарының тәлімі дәнді дақылдар егісі жатады.

Оңтүстік Қазақстанда күздік бидай егістігін ластайтын негізгі біржылдық

және көпжылдық арамшөптер

Біржылдық арамшөптер

1 2 3

Қазақша атауы Орысша атауы Латынша атауы

Жабайы арпа немесе

«қарақылтық» Дикий ячмень Hordeumspontaneum

Жабысқақ қызылбояу Подмаренник цепкий Galiumaparine

Егіс қышасы Горчица полевая Sinapisarvensis

Ит қызғалдақ Мак самосейка Papaverrhoeas L

Жатаған теміртікен Якорцы стелящиеся Tribulusterrestris

Жабысқақ қызылбас Прицепниклипучковый Caucflislappyla

Қаңбақ Перекати поле Salsolaruthenica

Жабайы бұршақ Горох полевой Pisumarbensis

Тау шырмауығы Горец вьюнковый Poligonum convolvulus

Қойтікен (шошқа тікен) Дурман обыкновенный Daturastramonium

Егістік қанатжеміс Ярутка полевая Thlaspiarvesis

Иіссіз түймедақ Ромашка непахучая Matricariainodera

Жұмыршақ Пастушья сумка Capsella bursa- pastoris

Алабұта Марь белая Chenopodium album

Жабайы тұрып Редька дикая Raphanusraphanistrum L.

Көпжылдық арамшөптер

Егістік қырыққабат Полевая капуста Brassica campestris

Сасық сарықурай Ферула вонючая Ferula assa

Page 33: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 33

Кестенің соңы

1 2 3

Сарықурай сасыр Ферула широкрылая Ferula foetida

Жатаған бидайық Пырей ползучий Elytrigiarepens

Кәдімгі жусан (қараот) Полынь обыкновенная Artemisia vulgares

Қызғылт укекіре Горчак розовый Acroptilonrepens

Жуан жемісті есекмия Софора толстоплодная Sophorapachycarpa

Мия түйетабан Софора парнолистная Sophoradifolia

Жантақ Колючка верблюжья Alhagicamelorum

Шырмауық Вьюнок полевой Convolvulus arvensis

Мия Солодка Clucurchigaglabre

Егістік қаулен Осот полевой Sonchusarvensis

Ажырық Свинорой Cynodondactylon

Атқұлақ қымыздығы Шавель конский Rumexcontertus

Шайқурай Зверобой Hypericum

Әр түрлі агроқұрылымдардың егістіктеріндегі арамшөптермен ласта-

ну дәрежесін тексеру кезінде бірінші аймақтың ылғалмен қамтамасыз етіл-

ген тәлімі жер жағдайында астық тұқымдас дақылдары мен көпжылдық

шөптесін өсімдіктер егістігінде арамшөптердің біржылдық және тамыр са-

бақты өсімдіктер кездесетіні байқалды (1-кесте). Агроқұрылым басшылары

мен мамандары 1995 жылмен салыстыра қарағанда барлық егіс алқабының

ластану дәрежесінің жоғарылап кеткенін мәлімдеді.

Екінші аймақ – ылғалмен қамтамасыз етілмеген тәлімі жер жағдайын-

да (Сарыағаш және Ордабасы аудандары) соңғы жылдары арамшөптердің

саны мен түрі жағынан көбейгені дәлелденді. Бұл аймақтың астық тұқым-

дас дақылдары мен көпжылдық шөптесін өсімдіктер егістіктері тамырат-

қыш және тамырсабақты арамшөптердің негізгі түрлерімен ластанған. Бір

айта кететін жағдай, соңғы жылдары күздік бидай егіс алқаптарын жабайы

арпа немесе «қарақылтық» және егістік қырыққабат арамшөптерімен ласта-

нуы қарқынды болып, жылдан-жылға ұлғайып көбеюде.

Үшінші аймақтың (Арыс, Түркістан аудандары) дәнді дақылдар егіс-

тігінде негізінен құрғақшылыққа төзімді арамшөптер кездеседі. Көпжыл-

дық арамшөптерден жантақ, қызғылт укекіре, егістік тікенқурай және т.б.,

ал біржылдықтардан егіс қышасы, қарақылтық, егістік қанатжеміс, жабыс-

қақ қызылбас және т.с.с. таралған.

Төртінші аймақтың (Қызылқұм және Шардара аудандары) күздік би-

дай дақылының егістігін өте қатты ластайтын раң (эфемер) тектес арамшөп-

тердің кездесетін түрлері – кәдімгі қараот, қойтікен және т.с.с

Page 34: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 34

Тәжірибе танабында 30-ға жуық арамшөп түрі кездесті, соның ішінде

егістікті жиі ластайтын түрлері төмендегілер болды: көпжылдықтардан қыз-

ғылт укекіре, жантақ, мия, шайқурай, егістік қаулен, егістік қырыққабат жә-

не т.с.с., ал біржылдықтардан – жабайы бұршақ, жабайы арпа немесе «қара-

қылтық», жабайы қызғалдақ, жабысқақ қызылбояу және т.с.с. Өсімдіктер

саны бір шаршы метр алаңда 86-181 данаға дейін кездеседі.

Бұл арамшөптердің ауыл шаруашылығы өндірісінде орта және кіші

шаруа қожалықтарының егіс алқабы өнімдерін 40-60 пайызға төмендететіні

анықталды.

Тәжірибе танабында жиі кездесетін қауіпті арамшөптердің биология-

лық қасиеттерін бақылау нәтижесінде олардың өздеріне тән ерекшеліктері

айтылды.

Қызғылт укекіре (Асroptilon repens) – тамыры тік тереңге кететін,

күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық арамшөп. Өсімдіктің

тамыр жүйесі жақсы жетілген, сабағы тіке өседі. Ылғал көп жыл бойы 50-

60 см жетіп, қызғылт реңді гүл ашады. Өсімдік тұқымымен және тамыр

бүршігі өркенімен көбейеді. Ауа райы жылып, қызған сайын, өсімдік күшті

өсіп-сабақтанып, бидайдың өсіп-дамуына кедергі келтіріп, күйдіріп жібе-

реді.

Жабайы арпа (Hordeum spontaneum) – бұл өсімдік мәдени арпа дақы-

лының ата-тегі. Биологиялық ерекшелігіне байланысты тұқымының өніп-

өсіп шығуына дейін, өзінің көлемінен он есе көп ылғалды қажет етеді. Сол

себепті, ол мәдени екпе дақылдарға қарағанда 10-12 күн кеш шығады, ал

қыстап шығуға өте төзімді және түптенуі де күшті. 1 дәннен 4-6 сабаққа де-

йін шығарып, бас байлап, тұқым береді. Бұл өсімдіктің ерекшелігі – саба-

ғының жұмсақтығы, бірақ жатқан сабағы дән беріп үлгереді, дәнді дақыл-

дардан 10-15 күн ерте пісіп жетіледі, дәні тез төгілгіш. Арамшөп тұқымы-

мен кебейеді. Бұл өсімдік дәнді дақылдарға өте ұқсас, өніп-өсу кезеңінде

жапырағының жалпақтығына қарап қана ажыратуға болады. Қарақылтық

арамшөбінің түптену кезеңі басталар алдында Топик 080 э.к. гербицидін

0,4-0,5 л/га мөлшерінде пайдаланғанда, жапырақтары бұралып, өсіп-дамуы

тоқтап, өсімдік ауырып, өспей тұрып қалғаны байқалды. Егер ол түптеніп,

түтікше шығару кезеңі басталған кезде гербицидпен өңдегенде, жоқ дегенде

бір бас шығарып, дән беріп үлгеретіндігі анықталды.

Жабайы бұршақ (Pisum arbensis) – бұршақ тұқымдасына жататын

біржылдық шөптесін өсімдік. Гүлі ақ түсті, дән қауашағында 3-4 дана дән

болып, толық піскен кезінде қауашағы жарылып, төгілу арқылы көбейеді.

Дәні қара-қоңыр, қосжарнақты, сопақша дөңгелектеу, бидай дәнінен сәл ға-

на ірі болып келеді. Өсімдік ылғалды көп қажет етеді де, ылғал жақсы түс-

Page 35: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 35

кен жылдары 50-60 см өсіп, дәнді мол байлайды. Дәнді дақылдардан 15-20

күн ерте піседі, егіс алқаптарын қатты ластайды.

Жабысқақ қызылбояу (Galium aparine) – рияндар тұқымдасына жа-

татын қыстап шығатын біржылдық шөптесін өсімдік. Арамшөп бойының

биіктігі төмен, тұқымының сыртында майда жабысқақ тікені бар, тұқымды

өте көп байлап, сол арқылы көбейеді. Сәуір айының I онкүндігінде гүл

ашып, мамыр айының III онкүндігінде тұқымы пісіп жетіледі де, егіс алқа-

бының топырағын қатты ластайды. Дәні сопақша, бидай дәнімен бірдей бо-

лады, бойы төмен болуына байланысты, ары-бері жүрген техниканың басып

жаншуы, мал тұяғының әсері арқылы шашылып-төгіліп көбейеді.

Егістік қырыққабат (Brassica campestris) – тамыр сабақты арамшөп.

Өсімдік тек тұқымдарымен ғана емес, топырақтың аударылатын қабатын-

дағы тереңде жатқан тамыр қалдықтары арқылы да көбейеді. Жазда тұқым-

дары толық піскенде, кез келген бағытқа желмен домалап ұшады. Пісіп же-

тілген тұқымдары өздігінен төгіліп, егістік алқаптың ластануы жоғарылай-

ды. Арамшөп өте өсімтал.

Көпжылдық арамшөптердің биологиялық ерекшеліктеріне байланыс-

ты көпшілігінің тамыр жүйесі өте жақсы дамыған, сол себепті топырақтың

терең қабатындағы ылғалды мәдени екпе дақылдардан бұрын өзіне сіңіріп,

өнімділікке кері әсерін тигізеді. Сондықтан жаңадан жасақталған қысқа ро-

тациялы ауыспалы егіс жүйесінде ұсынылған агротехнологиялық және хи-

миялық күрес іс-шараларын ұтымды пайдаланып, егіс алқаптарының ласта-

нуын күрт төмендетуге, арамшөптердің өсіп-дамуына үлкен тосқауыл жа-

сауға болатыны дәлелденді.

Себілген масақты дақылдарға көктемде жүргізілетін дала жұмыстары-

ның ерекшелігі ұсынылған агротехнологиялық шараларды қысқа мерзімде

ұтымды пайдалана отырып қарқынды жүргізу, ауа райының қолайлы кезде-

рінің әрбір сағатын тиімді пайдалануды талап етеді. Сондықтан көктем ке-

лісімен істелетін барлық агротехнологиялық шараны сапалы орындау тех-

никаның дайындығына, орындаушы топтың ұйымшылдығына және қуат

күштері мен жұмыс құралдарын тиімді пайдалануға тікелей байланысты

болмақ. Алдымен жаздық дәнді дақылдарды себумен қатар, күздік егіске

азот тыңайтқышымен 35-50 кг/га әсер етуші зат есебінде үстеп қоректенді-

рілуге тиіс. Күздіктің түптену кезеңінде міндетті түрде ылғал жаба тырма-

лаумен арамшөптерге қарсы гербицид пайдаланудың талап етілетіндігі

анықталды.

Топырақты өңдемей, күздік бидайды тікелей себер алдында тұқымды

«МЭРС» биотыңайтқышымен, «Сизам» микроминералды тыңайтқышымен

ерте көктемде үстеп қоректендіріп, ылғал жауып тырмалап, егістікті герби-

цидтермен өздеріне тиеселі мөлшерде өңдегенде аса зиянды арамшөп түр-

Page 36: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 36

лерінің 80,1-95,1% аралығында жойылуына және арамшөптің басқа түрле-

рін 76,7% азайтуға мүмкіндік жасады. Яғни, жүйелік гербицидтердің бір-

жылдық және көпжылдық қосжарнақты арамшөптерге қарсы өте тиімді еке-

ні анықталды. Ескере кетерлігі, соңғы кезде шығарылып, өндіріске ендіріп

жатқан гербицидтердің басым бөлігі арамшөп өскінінің жапырағы мен саба-

ғына тиісімен диметиламин тұздары 2,4Д әсер етеді де, ал дикамба топырақ

құрамына сіңіп, тамыр жүйесі арқылы өсіп тұрған арамшөпке және болашақ

өскінге 2-3 апта көлемінде әсер ететіні айқындалды. Гербицид қолданған

соң 2-3 тәуліктен соң арамшөптердің жапырақтары бұралып, өскіндері жер

бетіне жатып қалады, бірақ алғашқы кезде көкшіл түсін сақтайды, дегенмен

ары қарай өсіп-даму үдерісін тоқтатады. Бақылаулар көрсеткендей, арам-

шөптердің толық жойылуы 14-16 тәулікке созылады.

Осы кезде егістікте кеңінен кездесетін біржылдық және көпжылдық

қосжарнақты жабайы бұршақ (Pisum arbensis), шырмауық (Convolvulus ar-

vensis), жабысқақ қызылбояу (Galium aparine), егістік қырыққабат (Brassica

campestris), қызғылт укекіре (Acroptilon repens), жантақ (Alhagi camelorum),

атқұлақ қымыздығы (Rumex contertus), кәдімгі қараот (Artemisia vulgares),

мия, жуан жемісті есекмия (Sophora pachycarpa), ит қызғалдақ (Papaver

rhoeas L), алабұта (Chenopodium album) және астық тұқымдас арамшөптер –

қарақылтық (Hordeum spontaneum), жатаған бидайық (Elytrigia repens),

ажырық (Cynodon dactylon) және т.с.с арамшөптер өніп-өсуін жалғастырып,

күздік бидайдың өсіп-дамуына кері әсерін тигізіп, олардың дүркіреп тез

өсіп жатқаны байқалды. Әсіресе, жабайы бұршақ пен жабысқақ қызылбояу

күздіктің сабағына оралып, масақ шығар алдында дәнді дақылдың масақ

бастарын төмен қарай иіп, биіктеп өсуін тежейтіні анықталды. Жоғарыда

айтылған арамшөптер табиғаттың келеңсіз жағдайына тез бейімделіп, дәнді

дақылдармен бәсекелестікте жайқала өсіп, топырақ құрамындағы ылғал мен

қоректік заттарды ұтымды пайдаланатыны, күздік астықтың дамуын тежеп,

масақтағы дән саны мен салмағын күрт төмендететіндігі байқалды.

Күздік бидайды тікелей сеуіп, ерте көктемде түптену кезеңінде тыр-

малап және арамшөптерге қарсы Валсамин 1,2 л/га мөлшерінде 250-300 л/га

судағы ерітіндісін трактордың аспалы немесе тіркемелі бүріккішімен егіс-

тікте қолдану оң нәтиже берді.

Күздікті тікелей сеуіп, гербицид пайдаланған нұсқаларда жүргізілген

есеп бойынша арамшөп санының бастапқы кезеңінде 108,4-122,7 дана/м2

болып, массасы 685,1 г/м2 болғандығы анықталды. Бұл көрсеткіштер герби-

цид пайдаланып, күздіктің түтіктену кезеңінде саны жағынан 22,1 дана/м2

азайып, массасы 120,3 г/м2, ал өнімді жинар алдындағы есептеулер нәтиже-

сінде саны жағынан 3,3 дана/м2

азайып, массасы 32,0 г/м2 кемігендігімен

ерекшеленді. Яғни, күздік бидайды тікелей сеуіп, гербицид қолдану салда-

Page 37: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 37

рынан арамшөптердің бастапқы кезеңге қарағанда өнімді жинау кезеңіне

дейін саны және массасы жағынан кеміп, пайдаланылған гербицидтің әсер

ету пайызы жоғары болғаны анықталды. Нәтижесінде, күздік бидайдың

өсіп-дамуына арамшөптер бәсекелестік жасай алмай, топырақтағы пайдалы

ылғал қоры мен бар қоректік затты негізінен күздік дақыл тиімді пайдала-

нып, өсуін жалғастырды. Күздік бидай егісі өсіп-өну кезінде арамшөптен

таза болып, үстеп қоректендіру нәтижесінде қарқынды өсіп, топырақ құра-

мындағы жинақталған пайдалы ылғалды ұтымды пайдаланып, жоғары өнім

құрылымын қалыптастырып, гектар түсімі 24,5 ц/га жетті. Ал тұқымды

«МЭРС» биотыңайтқышы және «Сизам» микроминералды тыңайтқышымен

өңдеп сепкен нұсқаларда өнім деңгейі 22,3 және 21,6 ц/га құрағандығы

анықталды.

Зерттеу нәтижелерінің есептеулері көрсеткендей, тәжірибе танабында

арамшөптің жалпы саны 108,4-122,7 дана/м2 төңірегінде ауытқыды. Күздік

бидайды топырақты өңдемей тікелей сеуіп пайдаланған гербицидтің Валса-

мин 1,2 л/га әр түрлі арамшөптерге әсер ету пайызы жоғарылауымен ерек-

шеленеді. Оның ішінде жабайы бұршақ 89,5-93,1%, жабысқақ қызылбояу

89,2-96,0%, егістік қырыққабат 88,8-92,1%, жантақ 79,1-80,6%, қызғылт

укекіре 83,6-88,6% және арамшөптің басқа түрлерінің саны 85,4% пайызға

кемігендігі анықталды. Айта кетерлігі, арамшөптер саны мен түрі тыңайт-

қыштар қолданылуының әртүрлілігіне байланысты болады. Тыңайтқыштар

қолданған нұсқада гербицидтер қолданғаннан соң күздік бидайдың қарқын-

ды өсуі нәтижесінде өсіп-дамуы қалыпты жоғары деңгейде жүрді.

Жалпы, тәжірибе зерттеулері мен бақылаулары көрсеткендей, герби-

цидтерді пайдаланудың уақытын жіберіп алмай, күздік бидайдың түптену

кезеңі басталғанда, арамшөптердің өте жас кезінде пайдаланған дұрыс, өйт-

кені олар нағыз 4-5 жапырақ шығарғаннан соң гербицидтің әсер етуі төмен-

дейді. Сондықтан да егіс алқаптары арамшөбінің өніп-өсу кезеңін бақылап,

дер кезінде гербицидтерді пайдалану оң нәтиже көрсететіндігімен айқын-

далды.

Әрбір жылдық қалыптасқан ауа райы ерекшелігі көктемгі дала жұ-

мыстарын уақтылы және сапалы жүргізуге өзіндік қиыншылықтар туғыза-

тыны белгілі. Атап айтқанда, көктемнің ерте шығуына байланысты жауын-

шашын мөлшерінің аз түсуі, күннің бірден ысуынан құрғақшылық пен

қуаңшылық болып, топырақтың беткі қабаты кеуіп кетуі, қардың тез еруі

мен көктемгі нөсерлі жауын-шашын әсерінен су және жел эрозияларына

ұшырауы ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін едәуір төмендетіп

қана қоймай, топырақтың беткі қабатының құнарсыздануына да әкеп соқ-

тыруда.

Page 38: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 38

Оңтүстік аймақтың ауа райының ерекшеліктерін ескере отырып, ауа-

дан түсетін ылғал жылдық мөлшерден артық болған жылдары пайдаланыл-

ған тыңайтқыштар мен гербицид егістік алқабындағы мәдени екпе дақыл-

дардың өнім деңгейін күрт жоғарылатып, тәлімі егістіктен 35,0-38,0 ц/га

жететіндігі анықталды. Пайдаланылған гербицидтердің әсерінен, яғни арам-

шөбінен тазаланған күздік бидай дақылы егістікке ендірілген тыңайтқышты

өз дәрежесінде тиімді пайдаланып, сапалы да тұрақты өнім қалыптасады.

Керісінше, ауадан түскен жауын-шашын жылдық мөлшерден кем

болған жылдары қолданылған тыңайтқыштарды өз дәрежесінде сіңіре ал-

май, ауа температурасының күрт жоғарылауына байланысты күздік дақыл-

дардың өніп-өсу кезеңі қысқарып, өнім деңгейі төмендейтіндігі дәлелденді.

Егістік алқабы арамшөптерден тазаланғанымен, ылғал тапшылығына ұшы-

рап, өндірілген өнім көрсеткіші 10,0-12,0 ц/га құрайды, масақтағы дәннің

пуш, яғни аш болып қалыптасуы байқалады.

Нәтижесінде, құрғақшылық жылдары гербицид қолданылған танапта

дән өнімділігі 0,5-1,2 ц/га артады. Гербицидтің тиімділігі жауын мол түскен

жылдары еселеніп арта түседі, гектарына 3,5-5,0 ц/га қосымша дән алуға бо-

латыны анықталды.

Түйін

Мақалада Оңтүстік Қазақстанның тәлімі жерінде күздік бидайдың то-

пырақты өңдемей тікелей егіп өсіру кезінде арамшөптермен ластануы және

олармен химиялық күресу шаралары баяндалған.

Резюме

Изучена засоренность посевов озимой пшеницы при прямом посеве и

химические меры борьбы с сорной растительностью на богарных землях

Южного Казахстана.

Summary

In the article the infestation of winter wheat in direct sowing and chemical

measures to combat weeds in the dry lands of Southern Kazakhstan.

Page 39: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 39

ӘОЖ 631.6:628.632

ҚАЗАҚСТАНДА ИРРИГАЦИЯНЫҢ ШЕТЕЛДІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ

ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ОРНЫН АУЫСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Х.Ә. ТӘТТІБАЕВ, С.М. ҚАЛДАРОВА, техника ғылымдарының

кандидаттары

«Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС e-mail: [email protected]

Түйінді сөздер: ирригацияның техникалық құралдары; суармалы егіншілік; ре-

сурстарды үнемдеп жер бетімен суару; жаңбырлатып суару.

Қазіргі кезде Қазақстанның ғалымдары ауыл шаруашылығындағы

бірқатар мәселені шешу үшін суармалы егіншілікті жүргізуде егістік жерді

мелиоративті жақсартудың, ирригациялық жүйелерді жетілдірудің, көкөніс-

терді суаруда су ресурстарын үнемдеу техникасы мен технологияларының

соңғы жетістіктерін пайдалану және т.с.с. ғылыми негізделген әдістер мен

ұсыныстар жасады. Қазақстанда ирригацияның шетелдік технологиялары

мен техникалық құралдарының орнын ауыстыру жолдары ретінде отандық

ғалымдардың ұсыныстары мен ғылыми негізделген әдістердің кейбіреуіне

қысқаша тоқталайық:

1. Әр шаруашылықтың жағдайын ескеріп, топырақтың құнарлы-

лығын қалпына келтіруге, суармалы егістіктің өнімділігін және алынатын

өнімнің сапасын арттыруға бағытталған суармалы егіншіліктің биология-

лық жүйесі.

Суармалы егіншіліктің биологиялануы дақылдардың танаптар бойын-

ша дұрыс орналастырылуы, мәдени өсімдіктерден қалатын сабақтар мен

тамыр қалдықтарының, сидератты дақылдардың жыртылуы арқылы қараші-

рікке айналуы, сондай-ақ өсімдікті биологиялық қорғаудың басқа да форма-

ларына сүйеніп, минералдық тыңайтқыштар мен өсімдікті қорғаудың хи-

миялық құралдарының пайдаланылуын барынша азайтады немесе мүлдем

тоқтатады. Суармалы жерді биологияландыру негізінде шаруашылықтар-

дың тиімділігін тұрақтандыратын жоспарланған деңгейде топырақ құнар-

лылығының сақталуы және қайта жаңғыртылуы, қоршаған орта мен адамға

зиянсыз өнім өндірісі қарастырылады [10].

Суару жағдайында топырақтың құнарлылығына жоңышқа ең жағым-

ды әсерін тигізеді. Жоңышқа танаптық ауыспалы егістердің негізгі компо-

ненті болып табылады. Әдеттегі агротехника барысында бұл дақыл гекта-

рынан 60-100 ц және одан да жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді, айда-

латын топырақ қабатында 17-20 тоннаға дейін құрамында 300 кг астам азот,

120 кг фосфор, 150 кг калий болатын тамыр қалдықтары жинақталады [1].

Page 40: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 40

2. Арнайы топырақ қорғайтын ауыспалы егістер және микросуару-

дың техникалық кешендері (майда дисперсті жаңбырлатып, тамшыла-

тып суару).

Экологиялық қауіпсіздік туралы сөз қозғаған кезде топырақтың ирри-

гациялық эрозиясының жаппай дамуы туралы айтқан жөн. Республиканың

оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы суарылатын егіншілік аймағы күрде-

лі жер бедерімен және үлкен ылдилығымен сипатталатын тау маңындағы

еңіс жазықтарға орайластырылған. Суарма суымен суарудың және оны

қашыртқы суына жіберудің дұрыс ұйымдастырылмауы нәтижесінде, мұн-

дай жағдайда аталған аймақта топырақтың беткі құнарлы қабатының жуы-

лып, шайылып кету түрі байқалады.

Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында конфигура-

циясы әр түрлі болатын тік учаскелерде суды тікелей өсімдіктің тамырына

жеткізіп, суару алқабы бойынша судың біркелкі таралу мәселесін шешуге,

суару үдерісін механикаландыруға және автоматтандыруға, ерекше микро-

климат құруға мүмкіншілік беретін, микросуарудың су ресурстарын үнем-

дейтін жаңа техникалық кешен жасалды [6].

Сонымен қатар, ҚазСШҒЗИ-да бау-бақшаны синхронды импульстік

тамшылата-жаңбырлатып суару жүйесі жасалып, сынақтан өтті. Бұл жүйе

республиканың тау бөктерлік аймағына жақсы бейімделген [3, 5].

Жүйе арнайы гидроаккумуляторларда суды жинақтау және су шығар-

ғыш-тамшылатқыштар немесе жаңбырлатқыш форсункалар арқылы суды

шайқап төгу циклдерінің қайталанатын режимінде жұмыс істейді. Суару-

дың мұндай жүйесінде тәуліктегі судың берілуі өсімдіктің тәуліктік су тұ-

тынуына сәйкес келеді. Бұл судың тереңге кетуіне және керексіз булануға

шығындалуға жол бермейді.

Дәстүрлі суарумен салыстырғанда, мұндай жүйенің негізгі артықшы-

лықтары: суды 2-5 есе үнемдейді, суды тікелей тамыр жүйесіне бергендік-

тен, суару тиімділігі 90%-ға дейін жетеді, суарылатын дақылдардың өнімді-

лігі 30-50%-ға және одан да жоғары мәнге жетеді, сонымен қатар өнім сапа-

сы жақсарды, суарудың басқа әдістерінің энергия шығынымен салыстыр-

ғанда, пайдалану шығынының төмендеуі (70%-ға дейін), ылдилығы жоғары

болатын жерді және төмен өнімді (әлсіз, құмды, құмайт, құнарлылығы қал-

пына келтірілген) топырақтарды игеру мүмкіндігін арттырады.

3. Ауыл шаруашылығы дақылдарын жүйек жоталық әдіспен себу ба-

рысындағы суарудың су ресурстарды үнемдеу технологиясы. «СГНМ 2,8-

НИИВХ» жүйек жоталық техникасы және технологиясы.

Аталған агротехнологияның мәні – бір уақытта жүйек жоталарын қа-

лыптастырып, суару жүйектерін кесіп және өсімдіктің тамыр жүйесі айма-

ғына минералдық тыңайтқыштарды дақылдармен бірге бір уақытта енгізіп,

ауыл шаруашылығы дақылдарын бірнеше тармақпен себу. Танаптың жазық

бетіне қарағанда, жүйек жоталар жақсы жылиды, яғни топырақтың жақсар-

Page 41: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 41

тылған жылулық режимі қалыптасады. Суарып болған соң жүйек жотала-

рында қабыршақ түзілмейді және топырақтың құрылымы бұзылмайды. Мұ-

ның барлығы топырақтың құнарлылығын сақтап, өсімдіктің өсіп-дамуына

ең қолайлы жағдай туғызып, топырақтағы микробиологиялық үдерістердің

әдеттегідей бірқалыпты өтуіне септігін тигізеді [4].

Қарастырылған технология Жамбыл облысында күздік бидайды, жү-

геріні, қант қызылшасын өсіруде ендірілді. Қызылорда облысында аталған

технология күрішті және оның ілеспелі дақылдарын өсіру барысында зерт-

телді [9].

4. Фосфогипс енгізу арқылы біріккен топырақтардың құнарлылығын

арттыру технологиясы оның физикалық-химиялық қасиеттерінің жақса-

руын және суармалы жер өнімділігінің артуын қамтамасыз етеді.

Біріккен топырақтардың өнімділігін арттырудың фосфогипсті енгізу

технологиясы топырақтың сіңіру кешенінің құрамын жақсартады, топырақ-

тардың сіңіру қасиетін 25-35% арттырады, суарма суының қашыртқы суына

кететін технологиялық шығынын 15-20 пайызға дейін төмендетеді, кәрізге

түсетін жүктемені азайтады және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнім-

ділігін 1,5 есеге дейін арттырады.

Технология Оңтүстік Қазақстан облысының 120 га алқабында және

Жамбыл облысының 100 га алқабында бейімделді [7].

5. Тамшылатып суару үшін жер асты суын тартып шығарудың ре-

сурстарды үнемдеу технологиясы. Құбырлардың қаптама бағанасымен

(колонна) суды көтерудің арнайы қондырғысы (УБВ).

Тамшылатып суару жүйесі үшін ұңғыманың қаптама бағанасымен

жер асты суын тартып шығару технологиясы былай жүзеге асырылады:

монтаждық жабдықтың көмегімен арнайы қондырғыға бекітілетін ЭЦВ

батпалы сорғысы қажетті тереңдікке дейін түсіріліп, ұңғыманың қаптама

бағанасына бекітіліп, ұңғыманы сіңіру және айдау аймақтарына бөледі.

Жер асты суының тартып шығарылуы ұңғыманың қаптама бағанасымен

таратушы желіге жіберіліп орындалады [2].

Жер асты суымен тамшылатып суару барысында мұндай технология-

ның қолданылуы мынаған қол жеткізеді:

металдық су көтеру құбырларын 100% үнемдейді;

жүйені пайдаланудағы еңбек сыйымдылығын төмендетеді;

су сақтағыш қабаттың суды беру қабілетін арттырып, осы қабаттың

ластануына жол бермейды.

Қаптама бағанасымен жер асты суын тартып шығару технологиясы

тік кәріздің ұңғымаларында («Тік кәрізді пайдаланудың Жетісай басқарма-

сы»), суару ұңғымаларында («Арыс-Түркістан каналын пайдалану басқар-

масы»), жаңбырлату жүйесінің ұңғымаларында («Суару жүйелерін басқару-

дың Орта Ертіс басқармасы», «Ақсужерастысу») игерілді.

Page 42: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 42

6. Суарудың дискреттік технологиясын орындайтын суды тарату-

дың гидроавтоматтандырылған техникалық құралы (СТГТҚ).

Топырақ құнарлылығын сақтап, қайта жаңғырту, минералдық тыңайт-

қыштарды тиімді пайдалану, осының негізінде ауыл шаруашылығы өнімін

тұрақты өндіру шарттарын құру мақсатында суды дискретті беріп, жер

бетімен суарудың энергия сыйымдылығы төмен, экология тарапынан қа-

уіпсіз комплектілерінің нарықта жоқ өндірістерін ұйымдастыру қажет.

Технологияның мәні мынада: судың суару ағысы екі және одан көп

учаске арасында жүйектер немесе жолақтар арқылы, көп рет, кезектесіп,

дискреттік циклдің (бөліп-бөліп) үзілісімен, учаскенің аяқ жағында су қа-

шыртқы суына жіберілмей, бірнеше тәсілмен таралады. Суару екі кезеңнен

(фаза) тұрады: судың жетуі және ылғалдануы. Су жер бетімен үлкен су шы-

ғынымен, алайда су қабатымен топырақты шайып кетпей, кезекпен беріле-

ді. Алдымен суды құрғақ жүйектермен (жолақтар), кейін ылғалданған жү-

йектермен жіберіп, берілген суару нормасы алқап бойынша, қысқа уақыт

аралығында біркелкі таралғанша суарады. Дискреттік суару барысында

импульстар мен үзілістер қатаң кезекпен жүргізіліп, топырақтың біркелкі

ылғалдануына қол жеткізіледі [8].

Су ресурстарының тапшылығы өсіп, суармалы жердің мелиоративтік

жағдайы нашарлап, мұндағы топырақ құнарлылығы төмендеп жатқан жағ-

дайда суарудың отандық техникалық құралдары мен ресурстарды үнемдеу

технологияларының ендірілуі ерекше қызығушылық танытуда.

Ирригацияның отандық технологиялары мен техникалық құралдарын

пайдалану нәтижесінде суарудың тиімді технологияларын пайдалануда

қиыншылыққа тап болған фермерлік шаруашылықтар мен шаруа қожалық-

тарының әлеуметтік және экономикалық жағдайын жақсартуға мүмкіншілік

туады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Айтбаев Т.Е., Бурибаева Л.А., Нургазиев Р.Е. Изменение водно-

физических свойств темно-каштановой почвы при традиционно-биологизи-

рованной системе удобрения овощного севооборота // Вестник сельскохо-

зяйственной науки Казахстана. – 2009. – №10. – С. 25-30.

2. Ибатуллин С.Р., Калашников А.А., Кван Р.А. и др. Гребневая тех-

нология возделывания озимой пшеницы в Южном Казахстане. – Астана-

Тараз, 2008. – 46 с.

3. Калашников А.А., Жарков В.А., Калашникова Л.П., Гричаная Т.С.

Руководство по эксплуатации модульной системы мелкодисперсного дож-

девания и ее технических средств. – Тараз: ТОО «КазНИИВХ», 2008. – 20 с.

Page 43: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 43

4. Калашников А.А., Жарков В.А., Калашникова Л.П., Гричаная Т.С.

Руководство по эксплуатации системы низконапорного капельного ороше-

ния и ее технических средств. – Тараз: ТОО «КазНИИВХ», 2008. – 24 с.

5. Калашников А.А., Парамонов А.И., Кван Р.А., Калдарова С.М., Гри-

чаная Т.С. Рекомендации по эксплуатации модульной системы микрооро-

шения (микродождевания) в условиях предгорной зоны Казахстана. –

Тараз, 2008. – 32 с.

6. Нурпеисов И.А. Достижения НИР Казахского НИИ земледелия и

растениеводства за 75-летний период // Вестник сельскохозяйственной нау-

ки Казахстана. – 2010. – №5. – С. 3-58.

7. Оспанбаев Ж. Гребневой способ возделывания пшеницы на юге и

юго-востоке Казахстана / Материалы регионального семинара «Гребневая

технология для производства семян и товарного зерна пшеницы в Цен-

тральной Азии». – Алматы, 2-3 октября 2003 г. – С. 8-18.

8. Разработать технические средства гидроавтоматизации водорас-

пределения на элементах оросительной сети: Отчет о НИР (заключитель-

ный) КазНИИВХ. – Тараз, 2008. – 130 с.

9. Рекомендации по гребневой технологии возделывания озимой

пшеницы в Южном Казахстане. – Тараз: КазНИИВХ, 2008. – 40 с.

10. Тейт Р. Органические вещества почвы: Биологические и экологи-

ческие аспекты / Пер. с англ. – М.: Мир, 1991. – 400 с.

Түйін

Су ресурстарының тапшылығы өсіп, суармалы жердің мелиоративтік

жағдайы нашарлап, ондағы топырақ құнарлылығы төмендеп жатқан жағ-

дайда суарудың отандық техникалық құралдары мен ресурс үнемдеу техно-

логияларының ендірілуі ерекше қызығушылық танытуда.

Резюме

Внедрение отечественных технических средств орошения и ресурсо-

сберегающих технологий в условиях нарастающего дефицита водных ре-

сурсов, ухудшения мелиоративных условий орошаемых земель и неуклон-

ного снижения на них плодородия почвы представляет определенный ин-

терес.

Summary

Introduction of home-produced facilities of irrigation and resource-saving

technologies, under growing water resources deficiency, deterioration in amelio-

rative conditions of irrigable lands and steady decline in fertility of the soil on

them is represented a certain interest.

Page 44: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 44

ӘОЖ 621.7.04

МӘРМӘРЛІ ЕТ ӨНДІРУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Қ.Ж. АМАНЖОЛОВ, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы,

Ғ.М. АХМЕТОВА, ғылыми қызметкер

«Қазақ мал шаруашылығы және мал азығы өндірісі ғылыми-зерттеу

институты» ЖШС e-mail: [email protected]

Түйінді сөздер: сиыр еті; мәрмәрлі ет; абердин-ангус; вагью; бұқашық; өгіз-

ше; тайынша.

Осыдан бірнеше ғасыр бұрын Жапонияда сиырдың жаңа тұқымы шы-

ғарылды, оның еті аса қымбат деликатес еді. Вагью деп аталған сиырдың

бұл тұқымын арнайы іріктеп алынған шөппен азықтандырды және оларға

ерекше күтім жасалды. Оларға табынатын мал ретінде ерекше күтім жасап

қана қоймай, малға қараушылар күтіп-бағу кезінде оларға аса мейірімді-

лікпен қарады. Сиырларды күнде сакэ арағымен сүртіп, таңғаларлық болса

да, ерекше сырамен суарған.

Осындай күтімнің нәтижесінде вагьюдің еті аса дәмді және жұмсақ.

Мәрмәрлі еттен алынған 200 грамм бифштекстің бағасы АҚШ-тың 100 дол-

ларынан астам және еттің жұмсақтығына байланысты 1 000 долларға дейін

көтерілуі мүмкін. Вагьюдің ата-тегі ІІ ғасырда Жапониядан әкелінген.

Ресейде алғаш рет мәрмәрлі еттің дәмін татқан адам – Н.С. Хрущев.

Кеңес Одағының Бірінші хатшысы ретінде Америкаға барған алғашқы са-

парында ол сонда өсірілген мал етінен дайындалған стейкті бірінші рет кө-

ріп, дәмін татты. Дәмі Бірінші хатшыны таң қалдырғаны соншалықты, ол

Кремльдегі аспаздардың басшысына осы стейктің рецептін алып, Кеңес

Одағында дайындауды тапсырды. Бас аспаз тапсырысты түгел орындап,

стейк дайындады. Хрущев бұл жұмыстың нәтижесіне риза болмады, өйт-

кені тағам оның күткеніндей деңгейде дайындалмады. Сол кезде мәселенің

тек рецептіде емес, еттің сапасына да байланысты екендігі анықталды. Аме-

рикандықтар стейк дайындауға тек мәрмәрлі етті ғана пайдаланған бола-

тын, әрі ол ет арнайы етті бағыттағы ірі қарадан алынған еді [6, 23].

Осыған байланысты, Хрущевтің бұйрығы бойынша Украинаның сол-

түстігінде толық жабдықталған аса құпия мал фермасы ашылып, оған Ұлы-

британиядан арнайы етті тұқымды ірі қара малдың төлі әкелінді, оларды

өсіру үшін ерекше американдық технология пайдаланылды. Осы техноло-

гияға сәйкес, бұзауларды 8 айлығына дейін анасынан ажыратпай, жайы-

лымда еркін жайып, есейген бұқашықтарды Қырымда орналасқан фермаға

Page 45: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 45

әкеліп орналастырды. Бұл жердің жылы климатында бұқашықтарды байлап,

жүгері мен бидайдан тұратын аса құнарлы азық беріп семіртті. Алынған ет

ұшақпен тікелей Кремльге жіберіліп тұрды.

«Мәрмәрлі ет» атауы мәрмәр тасына ұқсастығына байланысты май-

дың нәзік ұлпаларына сәйкес аталған. Ет аса дәмділігімен ерекшеленеді жә-

не жеңіл қорытылатын тағам болып есептеледі. Қазіргі кезде вагью сиыр

тұқымын Австралияда да өсіреді. Мұндағы фермерлердің пікірінше, сыра

берудің нәтижесі мәрмәрлі етке қызыл шарап ішкен малдың еті сияқты

жұмсақтық бере алмайды. Әрине, Австралия вагьюінің еті, сыраның орнына

шарап бергендіктен, одан ары қымбаттайды. Кулинарлық сапаны бағалау-

шылар тек 100 доллар шығынмен құтыла алмайды.

Мәрмәрлі етті негізгі әлемдік саудаға шығарушылар – АҚШ пен

Австралия. Сиырдың мәрмәрлі етін алудың күрделілігіне байланысты, оның

бағасы да санаға кірмейтіндей дәрежеде (1 кг – 500 доллардан артық) жо-

ғары.

Жапонияда мәрмәрлі еттің 200-ден астам түрі бар, әрқайсысы өнім

шығарылған жердің атымен аталады. Ең танымал сұрып – Кобе қаласында

шығарылған кобе-гю. Жергілікті сиыр етінен дайындалған бұл тағам өте

жұмсақ, аузыңда ериді. Жапондықтарда мынадай мәтел бар: «Кобе етін

тіссіз де жеуге болады».

Мәрмәрлі еттегі азотсыз экстрактивті зат, пантотенді қышқыл мен

биотин ас қорыту мүшелерінің жұмысын жақсартып, секреторлық қызметін

күшейтеді әрі өнімнің жақсы қорытылуына мүмкіндік туғызады. Мұндай

сиыр етінің құрамына жеңіл қорытылатын темір мен холестериннің пайда

болуына жол бермейтін компоненттер кіреді. Мәрмәрлі ет одан да басқа

канцерогенге қарсы қасиетке ие.

Абердин-ангус, герефорд етті ірі қара мал тұқымы дәстүрлі мәрмәрлі

ет өндіруге аса қолайлы деп есептеледі. Қазақтың ақбас сиыры тұқымы

Қазақстанда 1930-1950 жж. шығарылған, Ресейдің Орынбор және Волго-

град облыстарында жергілікті қазақтың және ішінара қалмақ сиырын гере-

форд тұқымымен будандастыру арқылы алынған, көптеген генетикалық

ерекшелігімен және төлінен мәрмәрлі ет алуға мүмкіндіктері жоғары.

Етті ірі қара малы денесіне дәмді зат қорын, әсіресе майды жинау қа-

білетімен ерекшеленеді. Оның ұшасының 75-80%-ы бұлшық ет пен ет тал-

шықтарының арасында орналасқан ет арасындағы жұқа май ұлпаларынан

тұрады. Біркелкі бөлінген май ұлпасының қабаттары, жас бұқашықтар ет

ұлпасының көлденең кесілген мәрмәрлі «ет көздігінің» өрнегі мәрмәр тас-

тың табиғи суреті іспетті. Тағам дайындау кезінде жұқа май ұлпасы ериді,

ол өз кезегінде қуырылып жатқан еттің шырынына айналып, қуырылған ет

адам айтса нанғысыз өте жұмсақ болады [10, 12, 26].

Page 46: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 46

Мәрмәрлі еттің арасында ерекше май өрнектерінің орналасуы етке

жұмсақтық, дәмділік және хош иіс беріп, ет сүйгіш азаматтардың арманына

айналған. Мына жағдайды ұмытпаған жөн: мәрмәрлі ет арасындағы май

ұлпалары жаңа сойылған малдан алынған ұшаны 24 сағат суытқаннан кейін

ғана анық көрінеді. Мәрмәрлі ет суытылмаған жағдайда оның мәрмәрлігі

көрінбейді, сондықтан көп жағдайда оның дәл сондай ет екендігіне көз

жеткізу мүмкін емес. Осыған байланысты көптеген дау-дамай туындайды.

Мәрмәрлі ет болсын, жай ет болсын, сапасын арттыру үшін арнайы

салқындатылатынын ұмытпаған жөн. Суық температураның әсерінен еттің

құрамына кіретін ферменттер ірі ұлпаларды жұмсартып, оның жұмсақты-

ғын арттырады. Әрине, мәрмәрлі еттегі етаралық май 3%-дан аз болса, ол

еттің 3%-дан жоғары ет арасындағы майы бар мәрмәрлі еттен дәмділігі тө-

мен болады [16, 27].

Мәрмәрлі еттің майлылық деңгейі малдың тұқымына, жасына, күйіне

және азықтандырудың деңгейіне байланысты біркелкі емес. Арқаның ұзын

сала етінің мәрмәрлігі жоғарыдағы аталған жағдайларға байланысты 3-12%

аралығын құрайды. Таңғаларлық жағдай – мәрмәрлі және мәрмәрлі емес

еттен жасалған бифштекстің жұмсақтығы мен дәмділігінде ешқандай айыр-

машылықтың жоқтығы. Тек қана суытылған мәрмәрлі ет пен мәрмәрлі емес

еттің дәмділігінде шамалы ғана айырмашылық бар. Зерттеу нәтижелері

мәрмәрлі сиыр етінің дәмділік қасиетін 10%-ға арттыратындығын көрсетті.

Осыған қарағанда, еттің мәрмәрлілік көрсеткіші өнімнің сапалылығын көр-

сетеді деу кәсіби тұрғыда орынсыз. Еттің мәрмәрлілігін жалпы етке бері-

летін бағаның бір көрсеткіші ғана деп есептеу керек [6, 23, 4].

Жапонияда кобе-гю мәрмәрлі сиыр етін өндіру үшін бұқашықтарды

өсірудің ерекше технологиясын қолданады. Кобе-биф – майлы ет, ет тал-

шықтарының ішіндегі майлылығы 30%-ға жуық және ақуыз мөлшері 14-

15% құрайды. Бұл етті аса қарқынды бордақыланған 30-35 айлық бұқашық-

тардан, өгізшелерден және ұрықтанбаған ұрғашы будан абердин-ангус қа-

шарларынан алады [6, 23].

Етті тұқымды ірі қара малдың ұшасында (арқаның ұзын сала етінде)

май ет ұлпаларының арасында кіші бөлшектерден тұрады, бұл май сіңір-

лерді жұмсартып, еттің жұмсақтығын арттырады, етті аса дәмді беби-биф

түріне немесе балалар жейтін диеталық етке айналдырады. Мұндай етті сүт-

ті бағыттағы ірі қара малдан алу мүмкін емес.

Бұқашықтарды туған кезінен бастап ілулі жағдайда өсіреді. Себебі,

май малдың денесінде аса көп жиналмас үшін, жайылымға малды сирек

шығарады, сонымен қатар арнайы ағаштан жасалған таяқшалармен малға

массаж жасайды. Малды өсіру кезіндегі болатын күйзелістен қорғау, адре-

налиннің қанға көп кетпеуі, еттің дәмділік қасиетінің төмендемеуі үшін

барлық жағдай жасалады. Бұқашықтардың күйзелісін, депрессиялық жағ-

Page 47: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 47

дайын болдырмау үшін күн сайын мал фермасында классикалық музыка

ойнап тұрады, бұл өз кезегінде малдың азықты жақсы қорытуына ықпал

етеді. Ет ұлпаларының арасындағы майдың тез өсуі үшін бұқашықтарды

аптасына 3 рет сырамен суарады. Оларды дәл осылай 1 жыл өсіреді.

Мәрмәрлі еттің классикалық мысалы ретінде вагью ірі қара мал тұқы-

мынан алынған әлемге белгілі сиыр етін айтуға болады. Бұл мал тұқымы-

ның генетикалық тұрғыдағы ерекшелігі – ет ұлпаларының арасына май ұл-

паларының көбірек жиналуы. Бұл мал тұқымы жергілікті ірі қара мал тұқы-

мын Ұлыбританиядан әкелінген етті тұқымдардың бұқаларымен будандас-

тыру нәтижесінде алынған. Вагью тұқымының бұқашықтары аз қозғалады,

агрессиялық қасиеті жоқ және сыртқы ортаның келеңсіз жағдайларына

қыңқ етпейді. Бұл бұқашықтарды өсірудің технологиясы кобе етін алу тех-

нологиясынан өзгешелеу.

4-6 айлығына дейін бұзауларды сүтпен қоректендіреді. Одан соң

адамның қатысуынсыз, мал жайқалып өсіп тұрған көк шөппен қоректенеді.

Жайылым мерзімі біткен соң, оларды қабырғасынан дыбыс өтпейтін жеке

қораға қамап, қайыстан жасаған делбеге іліп қояды. Мұны бұқашықтар қоз-

ғалмауы әрі жатпауы үшін жасайды, себебі ет ұлпасының арасындағы май

ұлпасының біркелкі болуы үшін ет ұлпасына үнемі күш түсіп тұруы керек.

Бұқашықтарды іріктелген астықпен азықтандырып, азыққа құштарлығын

арттыру үшін аса сапалы сырамен суарады. Бұқашықты неғұрлым ұзақ бор-

дақылаған сайын, етінің мәрмәрлілігі соғұрлым артады. Азықпен бордақы-

лаудың орташа стандарттық мерзімі 200-300 күн. Етке май жиналуы және

ол өте жұқа түзілуі үшін малға қозғалмалы массаж жасайды, ол малды жай

ғана ұрып тұрғандай әсер беру керек. Мал асты жақсы қорытуы үшін мал

фермасында үнемі Жапонияның классикалық музыкасы қосылып тұрады.

Әрине, бұл технология өте күрделі және қымбат тұрады. Сондықтан

мәрмәрлі етті өнеркәсіп негізінде өндіру мүмкін емес. АҚШ пен Австра-

лияның фермерлік шаруашылықтарында малды бордақылаудың қарапайым

және арзан жүйелері қолданылады. Алғашында малды жайылымда бағады,

содан соң оларды қозғалтпай, астықпен бордақылайды. Бордақылауға жү-

гері мен жемді пайдаланады. Азықпен бордақылаудың орташа стандарттық

мерзімі 120-150 күн. Кейде азыққа құрғақ шарап, сүт және бал қосып бере-

ді. Балмен бордақылау етті қуыру кезінде босаңсытатын және жұмсартатын,

қуырғанда қызғыш қабат пайда болатын қажетті заттардың жиналуына жақ-

сы әсер етеді. Қуырғанда пайда болатын қызғыш қабат еттің құрамындағы

пайдалы заттардың көп сақталуына әсер етеді. Дәл осындай мақсатқа жету

үшін Америкадағы мәрмәрлі ет өндірушілер кей жағдайда арзан химиялық

қоспаларды пайдаланады. Сондықтан Американың «мәрмәрлі еті» өте ар-

зан. Айта кететін жағдай, Американың ауыл шаруашылығы департаменті-

нің барлық стандарты өндірісте бұл қоспаларды тазалауды мәрмәрлі ет өн-

Page 48: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 48

дірісінде толық сақтайды. Мәрмәрлі етті вакуумдау және тасымалдау ере-

желері толықтай сақталады.

Австралия еті негізінен Азия және Таяу Шығыс нарығына шығары-

лады, сондықтан бұл етті біздің дүкендерден табу мүмкін емес, ал АҚШ-

тың өнімі жер шарында кеңінен таралған [12, 27].

Шөппен бордақылау деген – малды етке сойғанға дейін жайылымда

бағып өсіру. Бұл жағдайда еттегі май аз болады. Бұл технология бойынша

малды өсіру кезіндегі негізгі мақсат мәрмәрлі ет алудың генетикалық мүм-

кіндіктеріне байланысты.

Бұқашықтарды сойғаннан соң ұшасын -6°+2°С-та 2-3 апта бойы суы-

тады. Осы кезде еттегі ферменттер ет талшықтарын жоятын химиялық үде-

рістерді тездетеді әрі ол етті жұмсартып, дәмділік сапасын тұрақтандырады.

Етті суыту дымқыл немесе құрғақ болады.

Дымқыл түрде суыту арқылы жетілдіру әдісінде ет 0°С-қа дейін суы-

тылғаннан соң вакумм пакетке салынады. Бұл үдеріс оттегінің қатысуын-

сыз, өндірушілердің технологиясына байланысты 10-21 күн аралығында

өтеді.

Етті суыту камерасында құрғақ жетілдіру көп еңбекті қажет етеді.

Оны тоңазытқыш камерада ілулі қалпында қажетті температурада ұстайды.

Еттің сыртында майы немесе терісі қалады, теріні ет жетілген соң алып тас-

тайды.

Қазіргі таңда мәрмәрлі ет – сирек кездесетін тағам. Жапонияда дас-

тарханға қойылатын еттің барлығы – жай жейтін тағам емес, ол нағыз шы-

ғармашылық өнер. Бұл нағыз шынайы өнерде Жапония діни ұғымының не-

гізгі принципі синто жүзеге асады: «Табиғатты жақсартудың қажеті жоқ,

онымен бірге болу керек». Мәрмәрлі еттегі негізгі мәселе – оның мәрмәрлі

өрнегінде емес (ол шын мәнісінде ыстық температураның әсерінен көрінбей

еріп кетеді), оның қайталанбас дәмінде әрі ауызда тез еруінде. Мұндай же-

тістік тек жапон сиырларының жай сиырлардан принципиалды тұрғыдағы

айырмашылығында. Бұл сиырлар қысқа аяқты, денесі ұзын, тығыз қара жүн

қылшығы басқан, биік тауларда өсетіндіктен суық қанды, желіні болмайды

(оларды сауын сиыр ретінде пайдаланбайды), тірілей салмағы – 500 кг

жуық. Еттің мәрмәрлілігі мен ерекше дәмділігінің құпиясы – осы малға тән

ерекше генетикасында. Бұл малдан алынатын майдың еру температурасы

40°С-қа жуық, ол Еуропа сиырларының тұқымынан алынатын майдан 20°С

төмен.

Бұл май дене температурасында ериді, сондықтан ауызда ерігендей

сезіледі. Бұл жағдайды алғаш рет Американың теңізшілері ХІХ ғасырдың

аяғында, Жапонияға шетелдік қонақтардың келуіне рұқсат берілген соң

Кобэ қаласының портына келгеннен кезде байқаған. Балық жеуден әбден

жалыққан олар жергілікті ірі қара малдың біреуін союды сұраған, нәтиже-

Page 49: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 49

сінде жапондық сиыр етінің жұмсақтығына, дәміне таң қалған. Осыдан ке-

йін олар бүкіл әлемге ерекше жұмсақ ет туралы хабар жеткізген. Бұған де-

йін буддизмнің енуіне байланысты, мың жыл бойы Жапонияда ірі қараның

етін жеуге рұқсат етілмеген.

Мәрмәрлі еттің белгісі ағылшын тілінде порттың атына байланысты

«Kobe beef» немесе «Кобэ еті» деп аталған. Жердің атына байланысты, бұл

еттің дәмін алғаш рет татқан адамдар осылай атап кетті. Бұл бірінші дұрыс

емес стереотип еді. Шет елдерде көптеген адам француз шампанын «жар-

қыраған шарап» деп атайды. Өйткені, Шампан деп аталатын жерде өнді-

рілген.

Кобэ биф (кобэ еті) де солай, өзіне тән исімен және қайталанбас жұм-

сақтығымен ерекше, бұл мал тек Кобэ портының маңында ғана өсіріледі.

Шындығында, жапон сиырларында, Жапония ашылғанға дейін, мәрмәрлі

еттің гендік деңгейі бірде жоғары, бірде төмен болды, ал майы төмен темпе-

ратурада еритін еді. Жапония үкіметі дамушы ел ретінде қоғамның барлық

саласын батыстандыру бағытына көшкен кезде ет жеуге ресми тұрғыдан

рұқсат берілді. Осыдан кейін Жапонияға Еуропадан, Америкадан, Австра-

лиядан сиыр әкеліне бастады. Оларды мал басын көбейтуге және асылдан-

дыруға пайдаланды, олардың бұқаларымен жергілікті малдың сиырларын

будандастыру жұмыстары басталды.

Біраз уақыт өткен соң, бұл селекциялық жұмыстардың нәтижесі бел-

гілі болғаннан кейін, Жапония сиырларының өзіне ғана тән тегі будандас-

тыру үдерісін және туыстық будандастыруға төтеп бере алмайтындығы

анықталды. Шетелден әкелінген ірі қара малына қызығушылық таныту аяқ-

талған соң, жапон сиырларының тектік қорын қайтадан бастапқы қалпына

келтіру қолға алынды. Осы жағдайда ең бағалы сиыр мищима (Ямагучи

префектурасының солтүстік-батысынан 40 км) болып есептелді, себебі бұл

сиыр Еуропадан әкелінген бұқашықтармен ешқашан будандастыруға түс-

кен емес еді. Қазіргі таңда Жапониядағы ең белгілі ірі қара мал тұқымда-

ры – таджима, мищима, тоттори, хирощима.

Екінші стереотип: ғаламтордағы мақалаларда үнемі мәрмәрлі ет ту-

ралы жазылады әрі сиырлардың сырамен суарылатыны туралы айтылады.

Атап айтқанда, сиырға сыраны өмірінде бір-ақ рет, онда да аз мөлшерде, ие-

сі малды ет комбинатына жібергелі жатқан кезде, қоштасар алдында береді.

Жапонияда тарихи қалыптасқан жағдай бойынша, мал қораны үйімен жал-

ғастырып, бір шатырдың астына салған. Малдың иесі мен отбасы мүшелері,

сиырлары бір үйде тұрған, осылайша малды қыстың суығынан аман сақтап

отырған. Жалпы шаруа адамы отбасы қажеттілігіне 1-2 сиыр ғана ұстаған,

оларға үй малы ретінде қараған. Жапонияда туған-туыстары үшін өлімге

мойын ұсынған отбасы мүшесіне немесе ұшқыш-камикадзеге соғысқа соң-

Page 50: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 50

ғы аттанар кезінде сакэ арағын берген. Дәл осылай, сиырға да қоштасар

алдында сыраға шамалы су қосып беретін болған.

60-70 жылдары Жапонияның нарығында өндіріс көлемі шағын фер-

мерлер жеткізіп тұрған өнімінің аздығына байланысты фермалар құра бас-

тады. Бұл фермаларды бір мезгілде бірнеше жүз бас ірі қара мал, негізінен

Хёго префактурасынан әкелінген таджима тұқымы құрады. Осы фермаға

инвестиция салған компания жарнама ролигін шығарды, онда сиырларды

сырамен суаратыны және массаж жасайтыны көрсетілген.

Мұның барлығы тек жарнама тәсілі ғана болатын. Себебі, сыра да,

классикалық музыка да еттің хош иісіне немесе дәміне әсер етпейтіндігі

белгілі. Сыраны сиырдың тәуліктік рационына қосымша беруі олардың

тамаққа деген тәбетін арттыру үшін, ал массаж таудан төмен Мацудзаки

жазығына түскен малдың еті атрофияға ұшырамас үшін жасалатын болған.

Өйткені, тау жағдайына үйренген сиырларға төменгі жазықта тау жайылы-

мындағы жағдайды жасай алмайды. Нәтижесінде, Мацудзаки жазығында

өсірілген мал етінің майлылығы жоғары, еттің мәрмәрлілік суретінде де ақ

май мол.

Жапондықтарға Мацудзаки жағдайында өсірілген ет ұнайды, өйткені

олар жұмсақ етті ұнатады. Жапон сиырларының майы Еуропа елдері сиы-

рының майындай емес. Майында қанықпаған май қышқылдарының мөлше-

рі көп болғандықтан, жапон сиырларынан алынған еттің майы денсаулыққа

пайдалы (май денсаулыққа зиян дегендердің де денсаулығына зияны жоқ).

Әлемдегі қазіргі мал өнімдерінің әртүрлілігі адамның түрлі дәм сезі-

мін алуға ұмтылуына, әр түрлі және жаңа тамақты ұнатындығына байла-

нысты. Малды өсіру технологияларын тәжірибеден өткізу, етті өндіру және

өңдеу нәтижесінде ірі өнеркәсіп иелері өнімдердің жаңа түрлерін алады,

олар әлемдік нарыққа шығады.

Мәрмәрлі ет сатушылар үшін аса бағалы, бұл жердегі бәсекелестікті

айтпаса да түсінікті. Қазір мәрмәрлі ет Жапония, Канада, Америка, Австра-

лия, Германияда өндіріледі. Әрбір елде аттестациялау жүйелерінің айырма-

шылығы бар, сондықтан бұл мәселе мамандар арасында көптеген түсінбеу-

шілік туғызады. Мысалы, жапондықтар нағыз мәрмәрлі ет деп Жапонияда

өндірілген етті айтады, өйткені малды өсіру технологиясы, тіпті азығы да

басқа елдерден өзгеше.

Мәрмәрлі ет мейрамханаларға мол пайда түсіреді, сондықтан өнімнің

шынайы сапасы туралы айту коммерциялық тұрғыдан тиімсіз. Айта кету

керек, жақсы дайындалған мәрмәрлі ет нашар дайындалған майсыз еттен

дәмдірек. Бұл еттің бағалылығы оның мәрмәрлілігінде, яғни етаралық май

қабаттарының сапасында. Егер еттің мәрмәрлілігін А және В категорияла-

рына, 1-ден 5-ке дейін (А5-top of the top) бөлсе, Мәскеудің мейрамханала-

рында А2 және А3, сирегірек А4 категориялы мәрмәрлі етті кездестіруге

Page 51: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 51

болады. Бұл еттің 1 килограмын сатып алу бағасы 140-180€ құрайды. Вагью

тұқымды сиыр етінің соңғы сапалық көрсеткішінің алдындағы деңгейдегі

етін, мысалы, Австралиядан табуға болады. Аса сапалы деңгейдегі етті тек

Жапониядан ғана табуға болады. Себебі, бұл етті өндірудің әдістерін Жа-

пония ғана пайдаланады, ал басқа елдерге бұл әдістерді пайдалануға рұқсат

жоқ.

Еуропаға мәрмәрлі ет аса қатал түрде белгілі бір мөлшерде ғана әке-

лінеді. Бұл етті Еуропаға жеткізу арнайы квота бойынша «белгіленген» жә-

не алдын ала бөлініп, көп жылға бекітілген квота бойынша жүзеге асады.

Мәрмәрлі ет бас аспазға ешбір кемшілігі жоқ ерекше деликатестерді

Жапония, Америка, Еуропа мен Азия елдері ас үйлерінің тамақ дәстүрі бо-

йынша жасауға мүмкіндік береді. Әрине, мәрмәрлі еттен жасалатын тамақ

бұрынғысынша ең белгілі және кең тараған тамақ түрі – классикалық стейк

болып қала береді. Көп ғасырлық тарихы бар дәстүрлі стейктер «стрип-

лойн», «рибай», «филе-миньон» өз деңгейінде қала бермек.

Жалпы еттің мәрмәрлілігі – етті ірі қара малдың тез жетілгіш тұқы-

мына тән белгі. Бұл белгі қоршаған орта әсерінің арқасында ғана жүзеге

асады. Егер дәл осындай белгісі бар малдың дұрыс өсуіне, дамуына, жеті-

луіне қарқынды технологияны пайдалана отырып бағытты өсіруге жағдай

жасалмаса және мал әр түрлі тәсілдерді пайдалану арқылы бордақыланбаса,

бұл белгінің генетикалық әлеуеті толық жүзеге аспайды. Көптеген елде

мәрмәрлі ет алу үшін арнайы етті бағыттағы малдың тірілей салмағын 500-

ден 800 кг-ға дейін жеткізіп барып сояды. Бұл – әлемдік бәсекелестіктің

шыңы. Демек, ол қандай дәрежелі мәрмәрлі ет алу қажеттілігіне байла-

нысты.

Сондықтан шаруашылық жағдайында етті ірі қара мал төлінен мәр-

мәрлі ет алу үшін оның өсу және даму ерекшеліктерін толық пайдалана

отырып, толымды тәуліктік азықтандыру рациондарын дәмді заттармен

қамтамасыз еткен абзал. Бұл жағдайда арқаның ұзын сала етіндегі ақуыз-

дың мөлшері 19,41-21,94% құрайды. Арқаның ұзын сала етінің биология-

лық құндылығы жоғары болады. 15-18 айлық төлде арқаның ұзын сала етін-

дегі оксипролин амин қышқылының мөлшері 48,8-64,59 мг%, триптофан

амин қышқылының мөлшері 321,4-397,44 мг%, ақуыздың сапалық көрсеткі-

шінің мөлшері, тиісінше, 6,59-6,15 құрайды. Бұл – әлемдік стандарттың ең

жоғары деңгейіндегі көрсеткіш. Мұндай көрсеткіш тек жас төлден алына-

тын ұшаның салмағы 250-350 кг аралығында болған жағдайда ғана мүмкін

болмақ.

Арқаның ұзын сала етінің мәрмәрлілігін және оның биологиялық құн-

дылығын анықтау мақсатында көптеген ғалым зерттеу жұмыстарын жүргіз-

ді. Зерттеулердің нәтижесінде оның майлылығы (мәрмәрлілігі) ірі қара мал-

дың тұқымына, жасына, жынысына, тірілей салмағына және қоңдылығына

Page 52: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 52

байланысты 0,3-14,16% болатындығы дәлелденді. Осыған байланысты ТМД

елдерінде және Қазақстанда өсірілетін етті ірі қара малдан мәрмәрлі ет алу-

ға болатындығы белгілі болды [1-36].

Қазақстан жағдайында да жоғары дәрежелі мәрмәрлі ет алуға бо-

латындығы Мал шаруашылығы және ветеринария ҒИО ғалымдарымен бір-

лесе жүргізілген жұмыстардың әрі Қазақ мал шаруашылығы және мал азы-

ғы өндірісі ҒЗИ ғалымдарының көп жылғы зерттеулерінің негізінде толық

дәлелденіп отыр.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Аманжолов К., Таджиев К., Тамаровский М. Как увеличить мяс-

ную продуктивность и качество мяса молочного и комбинированного скота.

// Поиск. – 2005. – №3. – С. 177-179.

2. Аманжолов К.Ж., Мелдебеков А.М. Качество мяса пород казахская

белоголовая, галловейская и санта-гертруда // Сельское хозяйство

Узбекистана. – 2001. – №6. – С.14-15.

3. Аманжолов К.Ж., Мелдебеков А.М. Производство говядины и

кожевенного сырья высокого качества в Казахстане. – Алматы, 2001. –

164 с.

4. Аманжолов К.Ж., Мелдебеков А.М., Терешкин А.В., Тамаровский М.В.

Мясная продуктивность бычков-кастратов помесей галловейской породы //

Резервы повышения продуктивности скотоводства и свиноводства в Респу-

блике Казахстан. – Алматы: Ғылым, 2002. – С. 199-202.

5. Аманжолов К.Ж., Өмірзақов Б.Ө. Оңтүстік-шығыс аймақтағы қа-

зақтың ақбас сиыры тұқымы бұқашықтарының ет өнімділігінің көрсеткіш-

тері // Жаршы ғылыми-теориялық және практикалық журналы. – Алматы:

2006. – №10. – 33-35 б.

6. Аманжолов Қ.Ж. Әлемдегі дамыған елдерде ет сапасын арттыру-

дың жолдары // Жаршы. – 2015. – №9 – 56-64 б.

7. Амерханов Х., Горлов И., Левахин В. Хозяйственно-биологические

особенности русской комолой породы скота // Молочное и мясное ското-

водство. – 2011. – №6. – С. 22-25.

8. Барлубаев А.С. Рост, развитие и мясные качества чистопородных

черно-пестрых и голштинизированных бычков разных генотипов: Автореф.

дисс. … к. с.-х. н. – Астана, 2008. – 27 с.

9. Бельков Г.И., Панин В.А. Мясная продуктивность бычков-кастра-

тов симментальской, красной степной пород и их помесей с лимузинской

породой // Доклады Российской академии сельскохозяйственных наук. –

2010. – №5. – С. 33-35.

10. Бельков Г.И., Панин В.А. Показатели мясной продуктивности ли-

музинских, симментальских и помесных бычков в зоне Южного Урала //

Аграрная наука. – 2010. – №7. – С. 23-24.

11. Бисембаев А.Т. Повышение мясной продуктивности крупного ро-

гатого скота казахской белоголовой породы путем прилития крови

Page 53: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 53

герефордской породы канадской селекции: Автореф. дисс. … к. с.-х. н. –

Астана, 2010. – 22 с.

12. Бозымов К.К., Насамбаев Е.Г., Абжанов Р.К., Ахметалиева А.Б.

Мясная продуктивность молодняка крупного рогатого скота казахской

белоголовой породы разных генотипов // Аграрная наука. – 2012. – №4. –

С. 25-26.

13. Гиниятуллин Ш.Ш. Мясная продуктивность и качество мяса

быков черно-пестрой породы разных генотипов // Зоотехния. – 2010. – №6.

– С. 11-12.

14. Горлов И., Кузнецова Е., Ранделин Д., Комарова З. Использование

новых кормовых добавок для повышения мясной продуктивности

молодняка // Молочное и мясное скотоводство. – 2011. – №8. – С. 17-18.

15. Горлов И.Ф., Кайдулина А.А. Влияние кастрации на формирование

мясной продуктивности и качество мяса у быков калмыцкой породы //

Зоотехния. – 2011. – №12. – С. 15-17.

16. Гудыменко В., Винаков Д. Мясные качества двух-, трехпородного

скота // Молочное и мясное скотоводство. – 2010. – №6. – С. 17-19.

17. Дубровин А.И., Мамбетов М.М., Кудашев И.Я., Баева З.Т. и др.

Эколого-пищевая оценка мяса бычков разных пород, откармливаемых на

рационах с избыточным содержанием тяжелых металлов // Зоотехния. –

2012. – №4. – С. 14-16.

18. Ержигитов Е.С. Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағы шаруа қо-

жалықтарында экологиялық таза сиыр етін өндіру технологиясы: а. ш. ғ. к.

… дисс. автореф. – Алматы, 2010. – 32 б.

19. Кибкало Л. Выращивание бычков в молочный период // Животно-

водство России. – 2013. – №4. – С. 45-48.

20. Кибкало Л., Бычков В. Каких бычков лучше откармливать // Жи-

вотноводство России. – 2012. – №3. – С. 43-45.

21. Кибкало Л., Матвеева Т. Влияние породной принадлежности быч-

ков на качество мяса // Молочное и мясное скотоводство. – 2013. – №3. –

С. 17-18.

22. Легошин Г.П., Могиленец О.Н., Афанасьева Е.С., Дзюба Н.Ф.,

Саморукова Ю.М. Комплексная оценка мясной продуктивности, качества

туш и мяса молодняка крупного рогатого скота // Зоотехния. – 2009. – №9. –

С. 30-32.

23. Майлибаев М.Х., Ахметова Г.М., Ержигитов Е.С., Аманжолов К.Ж.

Технология производства мраморного мяса по-японски. Информационный

обзор. – Алматы: ТОО «Жания Полиграф», 2013. – 12 с.

24. Маркова И. Сравнительная оценка мясной продуктивности и ка-

чества мяса бычков различных пород // Молочное и мясное скотоводство. –

2013. – №5. – С. 8-9.

25. Өмірзақов Б.Ө. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы шаруа қожа-

лығында өсірілген ірі қара бұқашықтардың ет өнімділігі: а. ш. ғ. к. … дисс.

автореф. – Алматы: 2008. – 30 б.

26. Панин В.А. Мясная продуктивность помесных бычков-кастратов //

Аграрная наука. – 2011. – №3. – С. 19-21.

Page 54: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 54

27. Сало А., Попов В., Королев В., Поберухин М., Ранделин Д. – Стрес-

соустойчивость и мясная продуктивность чистопородных и помесных быч-

ков // Молочное и мясное скотоводство. – 2010. – №6. – С. 15-16.

28. Сейтмуратов А. Мясная продуктивность кастратов казахской бе-

логоловой породы при различной технологии выращивания, нагула и от-

корма: Автореф. дисс. … к. с.-х. н. – Алматы, 2009. – 32 с.

29. Стенькин Н.И., Ульянов Г.И. Белково-жировой концентрат в со-

ставе комбикорма при откорме бестужевских бычков // Зоотехния. – 2008. –

№11. – С. 17-18.

30. Тюлебаев С., Карсакбаев А. Продуктивные качества симменталь-

ских маток разных генотипов и их герефордских сверстниц // Главный зоо-

техник. – 2011. – №9. – С. 34-42.

31. Швагер О. Оценка мясной продуктивности бычков разных гено-

типов // Молочное и мясное скотоводство. – 2008. – №4. – С. 18-20.

32. Шевелева О., Лысенко Л. Эффективность выращивания молодня-

ка породы обрак в условиях Северного Зауралья // Главный зоотехник. –

2010. – №11. – С. 34-40.

33. Шегебаева А.А. Әулиекөл тұқымы төлінің ет өнімділігіне жасы-

ның, жынысының және піштіруінің әсері: а. ш. ғ. к. … дисс. автореф. –

Алматы, 2010. – 24 б.

34. Nigel, Austin. Angus beef in Australia // The story of angus in Aus-

tralia. – 2008. – ISBN 9780646483511 (hbk). – P. 113-124.

Түйін

Мәрмәрлі ет – етті ірі қара малдың тез жетілгіш тұқымына ғана тән

белгі. Ол белгі тек қоршаған орта әсерінің арқасында жүзеге асады. Бұл

малдың генетикалық әлеуетін іс жүзінде толық пайдаланудың қажет екен-

дігін көрсетеді.

Резюме

Мраморность мяса – это признак скороспелого мясного скота. Дан-

ный признак проявляется благодаря влиянию окружающей среды. Это воз-

можно при полном проявлении генетического потенциала животных.

Summary

Marbling of meat – is a sign of maturing beef cattle. This feature appears

to be due to environmental influences. It is possible with the full manifestation of

the genetic potential of the animals.

Page 55: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 55

ӘОЖ 636. 22/28. 082

ҚАЗАҚСТАННЫҢ СҮТ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНДА ӨНДІРІЛЕТІН СИЫР СҮТІНІҢ САПАСЫ ТУРАЛЫ

Қ.П. ТАЖИЕВ, Т.Н. ҚАРЫМСАҚОВ, Б.Ө. ӨМІРЗАҚОВ, ауыл

шаруашалығы ғылымдарының кандидаттары

«Қазақ мал шаруашылығы және мал азығы өндірісі ғылыми-зерттеу

институты» ЖШС e-mail: [email protected]

Түйінді сөздер: сиыр; сүт сапасы; зерттеу; сүттің химиялық құрамы; көр-

сеткіш; өнім; сауу технологиясы.

Қазіргі таңда дүние жүзіндегі барлық мемлекетте жоғары сапалы сүт

және сүт өнімдерінің өндіріп, халыққа ұсыну өнім өндірушілердің негізгі

мақсаты, міндеттерінің ең бастысы болып есептеледі. Осыған бәрі тал-

пынады әрі ұмтылады.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің 2016 ж. Жолдауында өндірілетін өнім-

дердің сапасына аса қатты көңіл бөлу керек екендігін атап айтып, тапсырма

берген болатын. Оның үстіне, Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына

мүше болуы елде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы әлем-

дік стандарт талаптарына сай болуын міндеттейді.

Негізінде сүт шаруашылығында өндірілетін сүттің сапасы көптеген

әсерге, атап айтқанда, малдың саулығы, оны ұстап-бағу, азықтандыру, сауу

жағдайы, сауылу кезеңдері, қоршаған орта, микроклимат көрсеткіштері,

сауу технологиясы, сүт сапасын тексеру-қадағалау жұмыстарын ұйымдас-

тыру, үйлестіру мәселелеріне тікелей байланысты.

Қазақстан шаруашылықтарында, мүмкіндігіне қарай, сүт өндіруде әр

түрлі технология қолданылады. Оның сүт сапасына да әсерін тигізетіні

белгілі. Бірақ, технология талабы дұрыс сақталған жерде сүт сапасы жоғары

болмақ. Осыған орай, сүт сапасын жақсартумен қатар, өндірілетін сүт мөл-

шерін елге толық жететіндей етіп өндіру жұмыстары да жандандырылуы

қажет.

Қазақстан халқы 2020-2025 жылдарға дейін 17 миллионнан 18-20

миллионға жетеді деп болжасақ, оны сүт және сүт өнімдерімен медицина-

лық қалыпты мөлшермен қамтамасыз ету үшін жыл сайын 6 885-8 100 мың

тонна сүт өндірілуі қажет.

Осыншама сүт өндіру үшін, жергілікті отандық сүтті сиыр тұқым-

дарын іріктеп-сұрыптап, бағыттап өсіру және оларға жетілген технология

тәсілдерін дер кезінде ертерек әрі кеңінен пайдалану қажет. Сол арқылы

сиырдың сүттілігін арттырып, бірінші қарқынды кезеңдік бесжылдықта әр

Page 56: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 56

сиырдан сауым мезгілінде 3 500-4 000 кг, ал екінші кезеңдік бесжылдықта

4 000-4 500 кг сүт сауатындай мүмкіндікке қол жеткізу керек. Оған мүмкін-

дік бар, бірақ жоспарлы түрде жұмыла бағытталған жұмыстар жүргізілуге

тиіс.

Жеке мал негізінде ірілендірілген бірлестіктер құрып, жүйелі өнім

өндіру тәсіліне көшу керек. Сонда ғана алдағы мақсат толығымен орында-

лып, Қазақстан халқы таза, қоспасыз отандық сүт және сүт өнімдерімен

қамтамасыз етілетін болмақ. Бұл, әрине, сүт шаруашылығы саласының

алдындағы амбициялық жоспарлы міндет. Бірақ, бір сәтке де сүт сапасын

қадағалау жұмыстарын бәсеңдетуге болмайтыны белгілі.

Осыған орай, келешекте шаруашылықтарда өндірілетін сүт сапасын

қадағалап отыру үшін, 2014 ж. Ауыл шаруашылығы министрлігі республи-

калық Палата арқылы ғылыми-зерттеу институттарына, университеттерге

барлық өндіріліп жатқан сүт сапасын тексеруге тапсырма берген еді.

Бірінші кезеңде 80 сүт шаруашылығында сүттің химиялық құрамын

тексеру белгіленді. Осы тапсырмаға сай, мал шаруашылығы және мал

азығы өндірісі ҒЗИ зертханасында Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан,

Павлодар, Қызылорда облыстарының 35 шаруашылығындағы сиыр сүтінің

сапасы тексерілді. Бұл жерде институт қызметкерлері сүт құрамын тұқым-

ға, типке бөлмей, оның жалпылама орташа көрсеткішін дайындаған бо-

латын.

Сүттің тексеруге белгіленген үлгілерін әкелу шаруашылықтардың өз-

деріне жүктелген еді. Дегенмен, сүт үлгісін алып, сақтап, зертханаға алып

келу жолдары, әдістері дұрыс игерілмегендіктен, барлық үлгіні зертхана

қызметкерлерінің алып келуіне тура келді.

Сондықтан 2014 жылдың соңына қарай Қазақ МШжМАӨҒЗИ ғалым-

дары осы мәселе бойынша әдістемелік ұсыныстар шығарып, елге ұсынды.

Бұл ұсыныстарға барлық жұмысты (сүт үлгісін алу, консервілеу, сақтау,

тасымалдау, сараптама жасау) жүргізудің қысқаша жолдары берілген.

Қазақстандағы сүт шаруашылықтарының бәрінде бірдей сиырды ба-

қылай саууға, сүт үлгісін алуға толық жағдай жасалмаған. Сауылатын сиыр

сүті мөлшерін анықтап тұратын сүт өлшегіш құралдары жоқ. Сиыр сауу

технологиясы әр түрлі: біреулері бұрынғы түтік арқылы сүт жіберетін са-

уын шелекке сауады; екіншілерінің сауын залында сауу қондырғысы (па-

раллель, ёлочка және т.б.) болса, үшіншілері роботпен сауу технологиясын

қолдануда. Осыған байланыстын сүт сапасы да түрліше болып жатады.

Негізінде, жиналған сүттің сапасы, химиялық көрсеткіштері оған

анық әрі толық баға беруге жарамайды. Бұл орташа есеппен алынған көр-

сеткіш болады. Себебі, ол сүттің ішінде жаңадан бұзаулап қосылған немесе

суалтуға дайындалған, желініне суық тиген, бірақ білінбей жүрген сиыр-

лардың да сүті болуы мүмкін.

Page 57: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 57

1. Қазақстандағы базалық сүт шаруашылықтарында өндірілетін сиыр сүтінің

химиялық құрамы көрсеткіштері (Қазақ МШжЖӨҒЗИ зертханасы)

Об

лы

с

Ша

ру

аш

ыл

ық

Ма

л с

ан

ы

Сүттің химиялық құрамы көрсеткіштері

ма

йл

ыл

ы-

ғы

, %

ақ

уы

з, %

сом

ати

ка

-

лы

қ т

ор

ша

,

мы

ң/с

м3

ка

зеи

н,

%

ла

кто

за, %

құ

рға

қ з

ат,

%

ҚМ

СҚ

*,

%

нес

епн

әр,

мг/%

Алм

аты

«А

дал

АӨ

К»

АҚ

84

2

3,9

0,1

6

3,3

0,2

2

18

10

2,8

0,0

6

4,5

0,0

7

12

,64

±0

,10

8,7

0,3

0

62

±1,7

«Х

ильн

и-

чен

ко

» Б

С

51

0

4,2

0,1

2

3,4

0,4

43

12

2,7

0,0

4

4,5

0,0

4

13

,04

±0

,14

8,8

0,4

3

83

±1,1

«А

лм

аты

»

АШ

ӨК

11

61

3,7

0,1

4

3,2

0,5

87

80

2,6

0,0

5

4,4

0,0

5

12

,26

±0

,12

8,5

0,0

9

61

±1,9

«Б

айсе

рке-

Агр

о»

ЖШ

С

17

1

3,9

0,0

8

3,2

0,5

29

40

2,7

0,0

7

4,5

0,0

5

12

,61

±0

,40

8,7

0,1

2

86

±1,5

Қы

зыл-

ор

да

«Р

ЗА

Асы

л

түлік

»

ЖШ

С

56

0

3,5

0,2

3,2

0,0

5

24

72

2,5

0,0

4

4,2

0,0

5

11

,92

±0

,16

8,3

0,0

5

57

±1,4

Қо

стан

ай

«Б

атал

ин

-

ско

е»

ЖШ

С

50

7

3,7

0,1

1

3,1

0,0

4

47

60

2,5

0,0

3

4,1

0,0

3

11

,95

±0

,13

8,2

0,0

4

53

±0,5

4

Шы

ғыс

Қаз

ақ-

стан

«К

амы

ши

н-

ско

е» Ш

Қ

14

53

4,1

0,3

8

3,4

0,2

5

48

56

2,9

0,2

3

4,6

0,4

8

13

,08

±0

,61

8,9

0,3

6

54

±1,0

Пав

ло

дар

«К

ир

ов

аты

нд

ағы

»

ЖШ

С

46

2

3,6

0,1

2

3,4

±0

,07

62

50

2,8

0,0

7

4,3

0,0

5

12

,3±

0,0

3

8,6

0,1

4

20

±1,3

Ор

та

есеп

пен

56

66

3,8

0,1

6

3,3

0,0

4

50

62

2,7

0,0

9

4,4

0,1

6

12

,55

±0

,21

8,6

0,1

4

59

,6±

1,3

Ескерту: ҚМСҚ* – майсыздандырылған құрғақ сүт қалдығы

Page 58: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 58

Республиканың 5 облысында орналасқан 8 базалық шаруашылықтағы

сиыр сүтінің зерттелген химиялық құрамы 1-кестеде беріліп отыр.

Бұл жерде үш түрлі тұқым, оның ішінде сиырдың отандық қоңыр, қа-

ра ала, қызыл ала сүлелеріне жататындары да есептелген.

Шаруашылықтарда сиыр сүтінің жалпы химиялық құрамы қалыпты

деңгейде болды. Дегенмен, соматикалық торшалардың саны бір миллион-

нан жоғарылары да кездеседі. Оның, әрине, бірнеше себебі де бар. Шаруа-

шылықтарға сараптамалық ақпаратпен ұсыныстар да айтылған. Барлық

шаруашылықтағы (Киров атындағы шаруашылықты қоспағанда) сүт құра-

мында несепнәр мөлшері нормадан екі еседен артық болып шықты (1-кес-

те).

Кестеде берілгендей, несепнәр мөлшері орта есеппен 53-83 мг/% ара-

лығында болды. Мұның өзі малды азықтандырудағы кемшіліктерді көрсете-

ді. Себебі, қалыпты мөлшер бойынша несепнәр сиыр сүтінде 15-35 мл/%

аралығында болу керек. Сүттің майлылығы, ақуызы, қанты – бәрі мөлшер-

лік деңгейде. Орта есеппен, зерттелген 5 666 бас сиыр сүтінің майлылығы

3,87%, ақуызы 3,31%, казеині 2,77%, лактозасы 4,48%, соматикалық торша-

лары 500 мың/см3, яғни қалыпты деңгейде, ал несепнәр нормадан 70% жо-

ғары болды.

«Хильниченко» және «Камышинское» шаруашылықтарында алынған

сиыр сүтіндегі құрғақ зат мөлшері ең жоғары қалыпты деңгейден сәл асың-

қырап тұрғандығын (13,04-13,08) айта кету керек. Ал «Рза» және «Баталин-

ское» шаруашылықтарында өндірілетін сүттің құрғақ заты қалыпты мөл-

шерге сәл жетпей тұр (11,92-11,95). Бұл көрсеткіштердің түрлі жағдайға

байланысты болатындығы белгілі. Дегенмен, негізінен оған азықтандыру

деңгейі, сауым мерзімі көбірек ықпалын тигізеді.

Жалпылама жиналған сүт көрсеткіштеріне, оның ішіндегі соматика-

лық торшаларға қарай барлық сиырдың сүті жақсы деп ешкім де айта ал-

майды. Нақты айту үшін, әрбір сиырдың сүтін жеке-жеке тексеру қажет. Бі-

рінші кестеде әр сиыр сүтін жеке тексеріп барып, шаруашылықтар бойынша

орташа шығарылған көрсеткіштер берілген.

Сонымен, селекциялық жұмыстар жүргізілетін асыл тұқым малын өн-

діріп, көбейтетін шаруашылықтарда мүмкіндігінше ай сайын сүт мөлшері

мен сапасын тексеріп отыру керек. Тұқымдық мал өсіретін шаруашылық-

тарда кемінде төрт мерзімде сүт сапасын, ай сайын сиырдың сүтін бақылап,

сауу арқылы анықтау қажет.

Тапсырма бойынша, 30 мыңға жуық сиыр сүті тексеріліп, оның жал-

пы мөлшері физиологиялық деңгейде екендігі анықталды. Бірақ, көптеген

шаруашылықта сүт құрамындағы соматикалық торша саны 500 мыңнан ас-

тамы 30,3%, ал миллионнан асатындары 17,3% шамасында болды. Яғни,

бұл соңғы сан осынша сүттің сапасы өте төмен екендігін көрсетеді және ке-

Page 59: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 59

лешекте сүт сапасын жақсарту бағытында көптеген жұмыс жүргізуді талап

етеді.

2-кестеде сүт сапасы салыстырмалы жақсы базалық шаруашылық

«Камышинское» асыл тұқымды мал зауытындағы сүт құрамындағы сомати-

калық торшалардың мөлшері берілді.

2. «Камышинское» асыл тұқымды мал шаруашылығындағы қызыл ала сүтті сиырлар

сүтінің соматикалық торшалар мөлшеріне қарай стандартқа сәйкестігі

Шаруашылық

Соматикалық торшалар мөлшеріне қарай сиыр саны, бас

500 мыңға

дейін

500-1 000 мың

аралығында

1 000 мыңнан

артық барлығы

сиыр

саны,

бас

%

сиыр

саны,

бас

%

сиыр

саны,

бас

%

сиыр

саны,

бас

«Камышинское» 199 69,6 69 24,13 18 6,3 286

«АБЗ» 180 65,0 82 29,60 15 5,4 277

«Малиновка» 193 67,0 77 26,74 18 6,2 288

«ТОО-2» 158 85,4 24 12,97 3 1,6 185

«Березовка» 129 56,1 89 38,70 12 5,2 230

«Пругутто» 154 82,4 28 14,97 5 2,7 187

Барлығы: 1 013 69,72 369 25,39 71 4,89 1 453

Берілген кестеден «Камышинское» шаруашылығындағы өндірілетін

сүттің 95 пайызы сорт талаптарына сәйкес екендігі көрінеді. Оның ішінде

70 пайызы жоғары сапалы сүтке жатады. Соматикалық торшасының саны

миллионнан асатын сүт үлгілері 4,89% ғана болды. Ол үлгілер суалуға кете-

тін немесе жаңа туған, әлі сүті толық қалыпқа келмеген сиырлардан алынуы

ықтимал.

Келешекте дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарына сай сапалы

сүт өндіру үшін, сауын малды бағудың жүйелері толық жетілдіріліп, ағза

талабына сәйкес келетін жағдайда ұсталуға, санитарлық-гигиеналық деңгей

жақсартылып, өндірістік топтағы сауын сиырлар бірыңғай ұсталып, басқа-

ларымен араластырмай сүт өндірілуге тиісті.

Мүмкіндігінше ай сайын сүт мөлшерін өлшеп, сапасын тексеріп оты-

ру қажет. Кем дегенде тоқсан сайын әр жеке сиыр сүтінің химиялық құрамы

тексеріліп, кемшілігі болса, жөндеп отыру керек. Сонымен бірге, сүтті тек-

серу арқылы мал азығын да бақылап, сүттің құрамындағы химиялық зат-

тардың мөлшеріне қарап азықтандыруды реттеуге болады.

Қазақстанда өндірілетін барлық сүттің химиялық құрамын келісім-

шарт бойынша тексеріп отыруға ғылыми-зерттеу институттарындағы зерт-

ханалардың мүмкіндігі бар. Сондықтан келешекте Қазақстан халқына жо-

Page 60: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 60

ғары сапалы таза сиыр сүтін ұсынуға мүмкіндік бар деп сенеміз және соны

жүзеге асыруға сүт өндірушілерді шақырамыз.

Түйін

Мақалада Қазақстан Республикасы шаруашылықтарында өндірілетін

сиыр сүтінің сапасы, оның химиялық құрамының көрсеткіштері, соматика-

лық торша мөлшері туралы зерттеу нәтижелері берілген. Зерттелген сүттің

құрамындағы барлық негізгі көрсеткіш қабылданған мөлшер деңгейінде,

тек несепнәр ғана мөлшерден 70% жоғары. Сүт құрамындағы соматикалық

торша мөлшері 500-1 000 аралығында 82,7%, ал қалғандары 1000 мың/см3-

ден жоғары болды.

Резюме

Даны результаты исследования качества, химический состав коровье-

го молока, производимого в молочных хозяйствах Республики Казахстан,

уровень содержания в нем соматических клеток. Во всех исследованных

партиях основные показатели проб молока были в пределах принятых норм.

Из числа исследованных образцов молока с уровнем содержания сомати-

ческих клеток от 500 до 1 000 тыс/см3 было 82,7%, а у остальных – более

1000 тыс/см3.

Summary

The article presents the results of research quality, the chemical compo-

sition of cow's milk produced by dairy farms in the Republic of Kazakhstan, the

level of somatic cells in it. In all studies, the main indicators of batches of milk

samples were within accepted norms. Among the tested samples at a level of

milk somatic cells from 500 thousand to 1 000/cm3 was 82.7%, and the rest were

more than 1000 thousands/cm3.

Page 61: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 61

ӘОЖ 636.32/38.082

ҚАЗАҚТЫҢ БИЯЗЫЛАУ ҰЗЫН ЖҮНДІ ҚОЙ ТҰҚЫМЫНЫҢ ОТАРЛАРЫНДА ТІЗБЕКАРАЛЫҚ

ШАҒЫЛЫСТЫРУ ӘДІСІМЕН ЖАҢА ГЕНОТИП ШЫҒАРУДЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ-СЕЛЕКЦИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

А.Н. ШОТАЕВ, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы

«Қазақ мал шаруашылығы және мал азығы өндірісі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

Қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты

e-mail: [email protected]

Түйінді сөздер: қой; аталық тізбек, кросс тізбек; генотип; тұқым; жүн;

өнімділік; өзгергіштік; салмақ; іріктеу; сұрыптау.

Қазақстанда ерте пісіп-жетілетін, қазіргі өндірістің сұранысына сәй-

кес биязылау ұзын жүнді, мол және жоғары сапалы ет беретін қой шаруа-

шылығының негізін жасау ғылыми-зерттеу шеңберінде ХХ ғасырдың 40-

жылдарының соңында басталып, мейлінше мақсатты және қарқынды жүр-

гізілгені 60-90 жылдар болды. Осы кезең ішінде еліміздің әр түрлі аймағын-

да шетелдік бағалы етті-жүнді қой тұқымдарының қошқарларын пайдалану

негізінде жаңа үлгідегі және жоғары өнімді асыл тұқымды, жергілікті жем-

шөп пен табиғат-климат жағдайына бейімделген тез пісіп-жетілетін етті-

жүнді қой тұқымдары шығарылды. Атап айтқанда, олар: дегерес, қазақтың

етті-жүнді қойы, ақжайық және қазақтың биязылау ұзын жүнді қой тұқым-

дары еді.

Қазақтың биязылау ұзын жүнді қой тұқымын шығарудан бұрын алға

мынадай теориялық және тәжірибелік алғышарт қойылды: біріншіден, шы-

ғарылған қойдың тұқымдық қасиеті бай, құнарлы болу үшін, ол алдымен

көп тұқымды болуы шарт. Екіншіден, алынған күрделі будандардың бойын-

да буданастыруға қатысқан барлық тұқымның ең жақсы деген қасиеттері

биологиялық өзара үйлесімін табу керек.

Ең бастысы, алынған күрделі будандарға аналық ретінде пайдаланыл-

ған қазақтың биязы жүнді қойларының жергілікті табиғат-климат жағда-

йына бейімделу қасиеттерінің сақталуы өте қажет деп есептелді. Осылайша,

экологиялық селекцияның негізі салынды. Қолданған әдістің тағы бір басты

ерекшелігі, тұқымды шығару мерзімін мейлінше қысқарту үшін, қолдағы

бар генетикалық-селекциялық құнды зерзат болып саналатын, будандас-

тыруға қатысатын барлық (линкольн, ромни-марш, бордерлейстер және

тяньшань) тұқымның қошқарларын бір мезетте пайдалану қажет деп ше-

шілді.

Page 62: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 62

Сонымен бірге, елімізде осы тұқымдарды ары қарай жақсартуға пай-

даланатын генетикалық-селекциялық зерзаттың аздығы да кері әсер етуде.

Әсіресе, осы бағыттағы қой шаруашылығын дамытуда үлкен маңызы бар

мәселе – шет елдерден әкелінетін селекциялық зерзаттар, яғни, асыл нәсілді

малдың мүлдем келмеуі өзінің теріс ықпалын тигізуде. Сондықтан ғалым-

дар көп жылдан бері тұқым іші аралық селекция жұмыстарымен ғана айна-

лысып келеміз. Осы жағдайда тұқым іші аралық селекциялық белгілердің

өзгергіштік ауқымының тарылғаны байқалды және ол селекциялық жұмыс-

тардың нәтижесін әлдеқайда төмендетуде.

Осыған байланысты, ерте пісіп жетілетін қазақтың биязылау ұзын

жүнді қой тұқымын ары қарай дамыту, жетілдіру мен сақтап қалу және

оның генетикалық-селекциялық негізгі белгілерінің өзгергіштік ауқымын

кеңейту мақсатында, тізбекаралық (кросслиния) әдісімен жаңа байытылған

генотипті селекциялық топ шығарудың генетикалық-селекциялық негізі қа-

растырылып, аталық тізбектегі қошқарларды басқа тізбектегі аналықтармен

тізбекаралық шағылыстыру мәселесі туындады және ол іске асырылуда.

Аталып отырған мәселе елімізде осы уақытқа дейін айтарлықтай зерт-

телмегенін атап өткен жөн. Бұл жағдай аталған қой тұқымының соңғы кез-

дері шығарылып, өндіріске енгізілгенімен тікелей байланысты. Сондықтан

аталық тізбекаралық шағылыстыру жүргізіле қоймаған. Ұсынып отырған

зерттеу қой шаруашылығында және осы саланың дербес генетикасында ал-

ғаш жүргізіліп отырғандықтан, жаңа бағыт болып саналады (сызба). Осыған

байланысты, бұл зерттеудің нәтижесі бәсекеге лайық болуы әбден мүмкін.

Тізбекаралық шағылыстырудың сызбасы

Бұл жұмыс бұрынырақта қазақтың биязылау ұзын жүнді қой тұқымы

шығарылған және осы малды ары қарай өсіру мен сақтап қалуда негізгі

асыл тұқымды шаруашылық болып саналатын Алматы облысының Қырбал-

табай өндірістік кооперативінде жүргізілген болатын. Ол кезде Қырбалта-

бай өндірістік кооперативінде өсірілетін қазақтың биязылау ұзын жүнді қой

♂ 1-тізбек

♀ 1-тізбек ♀ 2-тізбек ♀ 3-тізбек

Алынған мал топтарының өсімталдығы, өміршеңдігі, өсіп-дамуы, өнім деңгейі және

генетикалық-селекциялық белгілерінің өлшемдерімен қатар басқа да селекциялық

маңызды көрсеткіштері зерттеледі

Page 63: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 63

тұқымы негізінен өнімі жағынан жоғары деңгейдегі мал тұқымдары қата-

рына жататын.

Тәжірибедегі қой отарларының малы негізінен дене бітімі орташа бо-

лып қалыптасқанымен, тірі салмағы бойынша етті-жүнді бағыттағы қой

тұқымдарына қойылатын талаптарға толығымен сәйкес келеді (1-сурет).

Негізгі қошқарлардың жасына байланысты тірі салмағы 82,2-91,2 кг, олар-

дан қырқылған жүн 6,5-5,5 кг, жүн ұзындығы өте жақсы 12,7-13,7 см, жүні

56-50 сапада болды (1-кесте).

1. Қазақтың биязылау ұзын жүнді қой тұқымының өндіруші қошқарларының аталық

тізбегіне байланысты өнімділік деңгейі

Қошқардың

нөмірі

Аталық

тізбек

Тірі

салмағы,

кг

Қырқылған

жүн, кг

Жүн

ұзындығы,

см

Жүн

сапасы

43462 І 82,2 5,8 13,7 50

34438 І 83,7 5,6 13,1 50

43383 І 91,4 6,2 13,5 50

43456 І 83,9 6,1 13,8 50

43687 І 86,5 6,3 13,5 50

2010 ІІ 91,5 6,5 13,5 50

3341 ІІ 90,0 5,9 12,7 56

6195 ІІ 86,1 5,5 13,1 56

6507 ІІ 91,2 6,3 13,2 56

9421 ІІІ 90,2 5,5 13,5 56

7425 ІІІ 89,2 6,0 12,9 56

2011 ІІІ 90,1 6,2 13,4 50

2645 ІІІ 91,1 6,1 13,2 50

Саулықтар мен бір жастағы тұсақтардікі де соған сәйкес: 54,3-61,9 кг;

4,0-4,5 кг; 12,5-13,9 см; 40,4-41,6 кг; 2,9-3,6; 13,7-13,9 см (2-кесте).

Осы зерттеу үшін 2013 ж. үш аталық тізбектің әрқайсысынан 30-40

бас аналық қой және 13 бас негізгі өндіруші қошқар таңдап алынған еді.

Олардың өнімдік сапасы 1-кестеде келтірілген.

Page 64: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 64

1-сурет. 4 жасар №43393 қошқар. Тірі салмағы – 91,4 кг, қырқылған жүн салмағы –

6,2 кг, жүн ұзындығы – 14,5 см, жүн сапасы 50

2. Қазақтың биязылау ұзын жүнді қой тұқымының аналықтарының аталық тізбегіне

байланысты өнімділік деңгейі

Жасы

n

Тірі салмағы,

кг Жүн ұзындығы, см Қырқылған жүн, кг

M± m M± m M± m

І тізбек

1 жыл 26 40,4 ± 0,3 13,8 ± 0,12 2,87 ± 0,06

2 жыл 28 54,3± 0,4 13,0 ± 0,13 4,5 ± 0,09

Ересек 21 58,6 ± 0,2 12,2 ± 0,11 4,21 ± 0,07

ІІ тізбек

1 жыл 22 41,6 ± 0,4 13,9 ± 0,2 3,66 ± 0,07

2 жыл 31 56,5 ± 0,5 13,6 ± 0,14 4,2 ± 0,06

Ересек 17 61,9 ± 0,3 12,5 ± 0,13 4,08 ± 0,1

ІІІ тізбек

1 жыл 23 40,8 ± 0,4 13,7 ± 0,12 3,74 ±0,05

2 жыл 27 58,4 ± 0,5 12,9 ± 0,09 4,22 ± 0,08

Ересек 22 61,4± 0,3 12,5 ± 0,15 4,0 ± 0,1

Page 65: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 65

Жалпы, қазіргі кезде қазақтың биязылау ұзын жүнді қой тұқымы ана-

лықтарының аталық тізбегіне байланысты өнім деңгейі айтарлықтай жақсы

деңгейге жеткен. Олардың тірі салмағы 58-60 кг, оның орташа өзгергіштігі

4,9-7,0%. Қырқылған жүн салмағы аталық тізбегіне байланысты 3,8-4,5 кг

болса, жүн талшықтарының ұзындығы 12,0-13,2 см және осы бағыттағы мал

тұқымдарының өнім деңгейінен әлдеқайда жоғары. Алынған деректерден

бұл тұқымның генетикалық әлеуеті әлдеқайда жоғары екені көрінеді. Бұл

генетикалық-селекциялық тұрғыдан қарағанда, келешегі бар маңызды көр-

сеткіштер болып саналады (2-кесте).

Қошқарлардың ата-тегінің шығуымен қатар, ең негізгісі, ұрпағының

сапасы арқылы дәлірек және ертерек бағалауға, оларды ертерек, жасырақ

кезінде және ұзағырақ пайдалануға мүмкіндік туындайды. Ерте пісіп-жеті-

летін мал тұқымдарының қошқарларын ертерек ұрпағының сапасы арқылы

бағалау экономикалық және селекциялық тұрғыдан қарағанда өте тиімді

және пайдасы мол (2-сурет). Ерте пісіп-жетілетін мал тұқымдары үшін тап-

тырмайтын бұл әдіс олардың еттік өнімін арттыруда оң нәтиже беретінін

тәжірибелер толығымен дәлелдеді. Ғалымдар бұл жұмыстарды ары қарай

жүргізуге және нақтылауға мүдделі.

Кейбір алдын ала алынған деректерге қарағанда, аталық тізбекаралық

шағылыстыру асыл тұқымды мал басының генетикалық әлеуетін арттыруға

және олардың негізгі селекциялық белгілерінің өзгергіштігін кеңейтуге оң

әсерін тигізетіні анық.

2-сурет. Жайылымдағы негізгі өндіруші қошқарлар

Осы салыстырмалы тәжірибенің нәтижелері 3-кестеде келтірілген.

Қазақтың биязылау ұзын жүнді ерте пісіп-жетілетін қой тұқымының қош-

Page 66: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 66

қарларынан тізбекаралық шағылыстыру арқылы алынған қозылардың туған

кезіндегі тірі салмағы әлдеқайда жоғары (4,05-4,31) кг шамасында болса,

ұрғашы қозылардың салмағы 3,92-4,1 кг деңгейінде болып, ішаралық өз-

гергіштігі 12,5-17,0 пайызға тең болды. Ал осы қозылардың туған кезіндегі

жүнінің ұзындығы 1,19-1,25 см шамасында.

3. Аталық тізбекаралық шағылыстырудан алынған қозылылардың

тірі салмағының өзгергіштігі

Шағылыстыру

түрі

Еркек қозылар Ұрғашы қозылар

n M ± m C n Mn ± m c

Туған кезінде

♂ І × ♀ І 22 4,05 ±0,03 14,4 24 3,92 ± 0,03 12,5

♂ І × ♀ ІІ 25 4,31 ± 0,5 16,2 20 4,1 ± 0,06 15,2

♂ І × ♀ ІІІ 19 4,17 ± 0,03 17,0 26 4,06 ± 0,03 13,1

4,5 айлық

♂ І × ♀ І 17 31,2 ± 0,21 11,3 25 28,1 ± 0,20 14,6

♂ І × ♀ ІІ 20 32,9 ± 0,19 11,0 16 28,7 ± 0,19 12,5

♂ І × ♀ ІІІ 15 30,2 ± 0,22 12,7 22 27,5±0,12 11,7

12 айлық

♂ І × ♀ І 11 49,1 ± 0,48 9,3 21 37,5 ± 0,14 7,7

♂ І × ♀ ІІ 13 52,3 ± 0,50 8,0 19 41,2 ± 0,12 7,1

♂ І × ♀ ІІІ 12 47,6 ± 0,31 6,6 15 39,7 ± 0,15 7,9

Бұлардың айырмашылық көрсеткіштері шамалы болғандықтан, мате-

матикалық дәлдік бола алмайды. Жүн талшықтарының бұйралығын салыс-

тырғанда байқалғаны – орташа және ірілеу бұйралыққа ие қозылардың үле-

сі аталық тізбектегі қозыларға қарағанда әлдеқайда жоғары (7,6-11,0%) бол-

ды. 4-4,5 айлық қозылардың салмағы, тиісінше, 30,2-32,9 және 27,5-28,7 кг

болып, ересек малдың 48-52% салмағына жетіп, өздерінің тез пісіп жетіле-

тін қабілетінің жоғары екенін көрсетті. Жалпы алғанда, қозылардың жүні-

нің ұзындығы 4-4,5 айлық мерзімде 7,2-7,4 см шамасында болып, тәжірибе-

дегі қозылардың тірі салмағы және жүн сапасы жағынан орташа көрсет-

кіштерінде барлық зерттелген кезеңде тегіне қарай айтарлықтай айырма-

шылық байқалмады. Солай дегенмен, олардың өзгергіштік коэффициент-

тері әлдеқайда жоғары және кеңейе түскеніне көз жетті. Көздеген мақсатқа

қол жеткен тәрізді.

Page 67: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 67

3-сурет. Саулықтар отары бір айлық қозыларымен

Аталық тізбекаралық шағылыстрылу арқылы алынған еркек және ұр-

ғашы малдың 12 айлық кезеңінде бағалаудың нәтижесі 3-кестеде берілген.

Осы кестенің деректері тұқым алу үшін қалдырылған бір жасар қошқар-

лардың тірі салмағы 47,6-52,3 кг аралығында екенін және олардың өзгер-

гіштік коэффициенті 6,6-9,3% деңгейге жеткенін көрсетті. Осылардың ішін-

де ең үлкен салмақ мына түрдегі шағылыстырудан алынған малда болды:

(♂ І × ♀ ІІ) – 52,3 кг. Сол сияқты, бір жасар тұсақтардың тірі салмағы да

37,5-41,2 кг шамасында болғаны көрінеді. Осы мал топтарының ішінде ең

үлкен салмақ та сол жоғарыда айтылған шағылыстырудан (♂ І × ♀ ІІ) алын-

ған малдағы топтарға тән екенін айтып өткен жөн.

Жүн талшықтарының жіңішкелігі 4,5 айлық қозыларда 58-56 сапаға

сәйкес болса, 12 айлық кезінде бір сапаға жоғарылағанына көз жетті. Қазақ-

тың етті-жүнді қошқарлары ұрпақтарының бір жастағы жүнінің ұзындығы

12,0-13,2 см болса, қазақтың биязылау ұзын жүнді қой тұқымының қошқар-

ларынан алынған ұрпақтар жүнінің ұзындығы 11,9-13,5 см-ге жетті.

Қазақтың биязылау ұзын жүнді қой тұқымында аталық тізбекаралық

будандастыру осы тұқымның тектік қорына оң әсер етіп, байыта түсті. Бұл

олардан алынған тұқымдардың сапасынан байқалады. Бұл зерттеудің негізгі

жаңалығы – зерттеулердің қазақтың биязылау ұзын жүнді қой тұқымында

алғаш рет жүргізілгені.

Өкініштісі, кейінгі кездері осы мал тұқымдарын сақтап қалу мен кө-

бейту мәселелері тығырыққа тіреліп, сын көтермейтін жағдайға ұшырады.

Оның негізгі себептері – жалпы жүн өніміне, оның ішінде, әсіресе, биязы-

Page 68: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 68

лау ұзын жүнге деген сұраныстың күрт кемуі мен осы жүнді өңдейтін отан-

дық өндірістің жоқтығы, сондай-ақ осы салада туындаған шаруашылықты

жүргізудегі берекесіздік те кері ықпалын тигізуде.

Соңғы деректерге сүйенсек, осы қой тұқымының жалпы саны 20-

22 мың бас шамасында. Аса бағалы элита және І класты малдың саны

600 бас, оның ішінде селекциялық топ 350 басқа жетті (3-сурет). Ал оларды

ары қарай өсіру мен бағалы топтарын сақтап қалу шаруашылықтың әлсіре-

уіне байланысты қазіргі кезде үлкен қиындықтарға тап болып отырғанын

атап өту керек.

Түйін

Мақалада қазақтың биязылау ұзын жүнді қой тұқымын тізбекаралық

шағылыстыру арқылы олардың негізгі селекциялық белгілерін, өнімділігін

арттырумен қатар, өзгергіштік коэффициент деңгейін нақты деректермен

анықтап, әлдеқайда кеңейтуге болатынына сараптама жасалған және дә-

лелденген.

Резюме

Проанализированы и доказаны на конкретном материале возмож-

ность повышения не только уровня основных селекционируемых призна-

ков, но и расширения изменчивости зтих признаков методом кросслинии

казахской полутонкорунной породы овец.

Summary

The article analyzed and proved to the specific material the possibility of

increasing not only the level of selected basic features, but also expand the

variability of these signs by cross line floor fine-fleece Kazakh breeds of sheep.

Page 69: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 69

ӘОЖ 636. 933

ҚАРАКӨЛ ҚОЙЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТИПТЕРІНІҢ КҮЙГЕ КЕЛУІ ЖӘНЕ ТӨЛШІЛДІГІ

Ж.А. ПАРЖАНОВ1, Е. БАЙБЕКОВ

1, ауыл шаруашылығы

ғылымдарының докторлары, С. АБДУКАЮМОВ2, ауыл

шаруашылығы ғылымдарының кандидаты

1«Оңтүстік- Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу

институты» ЖШС, 2Халықаралық Қазақ-Түрік университеті

e-mail: [email protected], [email protected]

Түйінді сөздер: экологиялық типтер; төлшеңдік; құрылым; селекция; жыныс циклі.

Қаракөл қойының қасиетін және елтірісін көп жылғы зерттеу нәти-

жесі қой тұқымының құрылымы күрделі екенін көрсетті. Мұның себебі бұл

қой тұқымы өте кең аймақта өсірілетін болғандықтан. Қой тұқымының құ-

рылымы экологиялық типке, түске, реңіне, елтірілік типтерге, конституция-

сы бойынша топтарға жіктеледі. Бұл аталған құрылым қой тұқымын өсіру

және селекциялық жұмыс кезінде пайда болған.

Сыртқы ортаның әр түрлі жағдайында тұқымдық малды іріктегенде,

генотипі бойынша бір-біріне ұқсамайтын топтар құрылады. Бұл құбылыс,

бір жағынан, осы топтардың сыртқы орта жағдайына бейімделуіне және сол

жердің жайылымына қалыптасуына мүмкіндік береді [1].

Қытайдың Шыңжан өлкесінде әр түсті қаракөл қойларының жұптас-

тыру нұсқасына байланысты төлдегіштігі зерттелген. Мұнда түсі бойынша

әртекті көк × қара жұптастырудағы саулықтардың төлдегіштігі біртекті көк

× көк жұптастырумен салыстырғанда 2,0% жоғары болған. Сонымен бірге,

алынған ұрпақтардың туған кезінен 18 айлық жасына дейінгі шығыны бір-

текті көк × көк жұптастырудан алынған көк ұрпақтарда 4,8%, ал қара түсті

қозыларда 4,5% құраған [2].

Қойлардың төлдегіштік көрсеткішіне оның салмағы, денесінің ірілігі,

қоңдылығы мен күтімі ықпал етеді. Тәжірибеде тірілей салмағы 51-55 кг

саулықтардың төлдегіштік көрсеткіші әрбір 100 бас аналыққа шаққанда

131,8 бас қозы болса, 61-65 кг саулықтардың төлдегіштігі, сәйкесінше,

144,2 бас төлді құрады.

Мал организмін сыртқы ортаның әсеріне қатысты, тиісінше, азықтан-

дыру арқылы өзгертуге болады. Нәтижесінде, ол шаруашылық мақсаттарда

мейлінше жарамды, жұмсалған жем-шөптің қарымтасын қайтаруға барын-

ша қабілетті деңгейге жетеді. Алайда, азықтандырудағы өзгеріс азықтың

әсерімен оның әр түрлі органдарының қызметіне ықпал етеді, бұл малдың

сыртқы түріне де әсерін тигізеді.

Page 70: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 70

Қылшық жүнді қойлардың төлдегіштігін жыл мезгілдеріне қарай

зерттегенде, қой туымын қалыпты кезеңінен ақпан айларына жылжыту ана-

лықтардың қысыр қалуын азайтты. Ерте туған қозылар кеш туғандарына

қарағанда бейімділігімен, өміршеңдігімен ерекшеленеді.

Оңтүстік Қазақстан өңірінде қаракөл қойын қолдан ұрықтандыру нау-

қаны әр түрлі, ол сол экологиялық типтер өсіріліп жатқан жердің табиғи-

климаттық жағдайына тікелей байланысты. Қызылқұм аймағында өсірілетін

экологиялық типтерді қойды қолдан ұрықтандыру науқаны 10 қазаннан бас-

талып, 10 қарашада аяқталады. Арыс-Түркістан аймағында осы науқан

20 қазанда басталып, 20 қарашада аяқталса, Қаратау-Мойынқұм аймағында

1 қарашадан басталып, 1 желтоқсанда аяқталады. Осыған орай, қойды қол-

дан ұрықтандыру науқанына байланысты қаракөл қойының аналықтарының

ұрықтану қабілеттілігі зерттелді (1-кесте).

1. Қаракөл қойы экотиптерінің күйлеу кезеңіндегі ұрықтану сипаты

бас, пайыз есебімен

Экологиялық

тип

Қойды қолдан

ұрықтандыру

науқаны

Аналық,

бас

Саулықтардың ұрық қабылдауы

І циклде ІІ циклде қабылда-

мағаны

Қаратау-

Мойынқұм

1 қараша-

1 желтоқсан 186 87,10 11,83 1,08

Арыс-Түркістан 20 қазан-

20 қараша 175 91,43 8,57 -

Қызылқұм 10 қазан-

10 қараша 162 96,3 3,70 -

Барлығы 523 91,40 8,22 0,38

Қызылқұм аймағындағы аналықтар алғашқы есепке алған жыныстық

циклінде 96,3%, екінші жыныстық циклінде 3,7% ұрықтанды. Ең төменгі

көрсеткіш Қаратау-Мойынқұм экологиялық типінде болды: бірінші жыныс-

тық циклінде 87,10% болса, екінші жыныстық циклінде 11,83%, ал 1,08%

аналық бас ұрықты қабылдамай қалды. Арыс-Түркістан экологиялық типті

аналықтар орта деңгейде болды: бірінші жыныстық циклде 91,43%, екінші

жыныстық циклде 8,57% ұрықтанды.

Тәжірибеде Оңтүстік Қазақстан аймағында өсірілетін қаракөл қо-

йының экологиялық типтерінің төлшілдігі салыстырмалы түрде зерттелді

(2-кесте). Қызылқұм экологиялық типті саулықтары әр 100 бас аналыққа

109,8% төл берсе, Арыс-Түркістан және Қаратау-Мойынқұм типтерінде бұл

көрсеткіш, тиісінше, 7,5 пен 12,0 пайызға төмен болды. Барлық экология-

лық тип бойынша саулықтардың орташа төлшілдігі 103,0% құрады.

Экологиялық типтердің егізділігін зерттегенде, барлық есепке алған

523 саулықтың 20 басы, яғни 3,82%-ы егіз қозы берсе, оның ішінде 85%-ы –

Page 71: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 71

бірінші жыныстық циклде ұрықтанған аналықтар, 15%-ы – екінші жыныс-

тық циклде ұрықтанған аналықтар.

2. Қаракөл қойы экотиптерінің төлшілдігі

бас, пайыз есебімен

Экологиялық

тип

Аналық,

бас

Туған қозылар Қозылардың жынысы

бас 100 бас %

аналықтан

еркек ұрғашы

бас % бас %

Қаратау-

Мойынқұм 186 182 97,8 88 48,4 94 51,6

Арыс-Түркістан 175 179 102,3 91 50,8 88 49,2

Қызылқұм 162 178 109,8 87 48,9 91 50,1

Барлығы 523 539 103,0 266 49,4 273 50,6

Қызылқұм аймағында өсірілетін қаракөл қойлары басқа аймақтағы

қойларға қарағанда егіз қозыны едәуір көп беретіндігі анықталды. Қаратау-

Мойынқұм аймағындағы экологиялық аналықтардың екі басы өлім-жітімге

ұшырады, ол барлық есепке алынған 186 бас малдың 1,08 пайызын құрады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Беляев Д.К. Дестабилизирующий отбор как фактор доместикации:

В кн.: Генетика и благосостояние человечества. – М.: Наука, 1981. – С. 53-

66.

2. Нукен Г. Қытайдың Шыңжан өлкесіндегі әр түсті қаракөл қойлары-

ның селекциялық белгілерінің жұптастыру нұсқасына байланысты өзгер-

гіштігі: а. ш. ғ. к. ... автореф: 04.12.09. – Алматы: ҚазҰАУ, 2009. – 25 б.

Түйін

Мақалада қаракөл қойларының экологиялық типтерінің күйге келу

және төлшілдік көрсеткіштері келтірілген. Қызылқұм аймағындағы аналық-

тар алғашқы жыныстық циклінде ұрықтануы және егіз туу көрсеткіштері

бойынша басқа аймақ типтерімен салыстырғанда алдында болды.

Резюме

В статье приведены показатели полового цикла и плодовитости эко-

логических типов каракульских овец. Овцы кзылкумского типа по показате-

лям полового цикла и плодовитости превосходили маток других регионов.

Summary

The paper presents the performance of the sexual cycle of fertility and

ecological types of Karakul sheep. Sheep Kzylkum type in terms of the sexual

cycle and fertility of ewes surpassed other regions.

Page 72: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Құс, балық және ара шаруашылығы

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 72

ӘОЖ 636.598.08 (045)

ҚАЗ БАЛАПАНЫН ӨСІРУДЕГІ ЖЫЛУ МЕН ЖАРЫҚ РЕЖИМІН САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Ж. СӘРСЕН, Д. ҚАДЕН, Ж. МАНАП, М. САБЫРОВА, магистранттар

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

e-mail: [email protected]

Түйінді сөздер: қаз; балапан; жылу; жарық; температура; люкс.

Жануарлардікімен салыстырғанда, құс организмнің физиологиясы

біршама ерекшеленеді. Зат алмасу жылдамдығы ұшуға мүмкіндік тудыра-

тын энергиямен қамтамасыз етілуі үшін олардың жүрек соғысы минутына

128-340 ретке жетіп, дене температурасын 38-42,2°С аралығында ұстайды.

Бұл температураны ұстауға құс денесін қоршаған, белгілі дәрежеде жылу

ұстаушы қасиеттері жоғары мамық пен қауырсын себеп болса, негізінен

жоғары температура құс денесіндегі зат алмасуының жоғары деңгейде өтуі-

мен қамтамасыз етіледі. Соның салдарынан денесінің метаболикалық сал-

мағына қарай құс азықты көбірек жеп, оның қоректік заттарын жылдам

қорытып, тез игереді.

Құстың өсіп-жетілуіне әсер ететін сыртқы орта жағдайларының ішін-

де жылу режимінің маңызы зор. Өйткені, құстың дене жылуын реттестіру

механизмінің онша жетілмеуінен, олар сыртқы орта температурасының

жылдам ауытқуына тез арада бейімделе алмайды. Құста тер безі болмайды,

ал тамырларының жиырып-кеңейтуші реакциясы әлсіз. Оларда физикалық

термореттестіру жүйесіне қарағанда, химиялық термореттестіру жүйесі

жақсы дамыған. Соның арқасында сыртқа орта температурасына байла-

нысты, құс өз денесіндегі тотығу-тотықсыздану үдерісін реттестіру арқылы

соның барысында пайда болатын жылу мөлшерін көбейтеді не кемітеді.

Терморецепторлары теріде, тіл мен мида, ал термореттестіруші орта-

лығы гипоталамуста орналасқан құстардың жылулық күйзелісіне шалдығуы

түрі мен жасына байланысты ерекшеленеді: балапандардың сақталуы

кемиді, сақа құстың өнімділігі төмендейді. Өсірілетін құс басының көп шо-

ғырлануы мен олардың жылу реттестіру жүйесінің физиологиялық ерекше-

ліктеріне байланысты, құс шаруашылығы мал шаруашылығының жылулық

күйзелісіне шалдыққыш ең сезімтал саласы болып табылады.

Жылумен қатар, құс организміне сыртқы ортаның суықтығы да кері

әсер етеді. Төмен температурада құс денесінің жылуын сақтауға жұмса-

Page 73: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Құс, балық және ара шаруашылығы

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 73

латын энергия үлесі артып, өнім өндіруге жұмсалатын үлесі азаяды. Суықта

денесін қорғайтын ауа қабатын арттыру үшін құс қомданып, қауырсынын

жаяды. Артық дене жылуын құс, негізінен, тыныс алу кезіндегі ылғалдың

булануы арқылы шығарады. Ыстықта құстың жем жеуі кеміп, зат алмасуы

бұзылады, ас қорытуы күрт нашарлайды. Олар көбірек су ішіп, тұмсығын

ашып, жиі демалады. Жылулық күйзелісінен мекиендердің жұмыртқала-

ғыштығы 15 пайызға дейін кеміп, жас құстың салмақ қосуы тежеледі.

Сыртқы орта температурасының, әсіресе, термореттестіру жүйесі қа-

лыптаспаған балапан басының сақталып, өсуіне әсері жоғары екенін ескеру

қажет. Жылулық күйзелісінен олардың өлім-жітімге ұшырауы артады. Ор-

ганизмге оңтайлы температурада құстар жеңіл де жіті қимылдап, жемді

жақсы жеп, қора аумағында біркелкі бөлінеді. Сыртқы орта температурасы

суыта бастағанда, олар қораның жылы жағына жиналып, бірін-бірі жылы-

тып, дене жылуын сақтау үшін топтасып, үймеленеді.

Балапандар өсірілетін қора температурасы 35°С-тан асқанда, бала-

пандар оған шыдай алмай, бас шығыны 10%-дан асып түседі. Мұндай ке-

леңсіз жағдай тұқымдық етті және жұмыртқалағыш бағыттағы балапан-

дарды өсіруде де орын алады. Өсірілетін температураның жоғары болуы

бройлер балапандарына, әсіресе, 20 күндігінен союға дейінгі кезеңде зиян-

ды: олардың ұшасы сапасыздануынан, сойған кезде қауырсынын сыпыр-

ғанда терісі жыртылып, нашар қансызданады, еті қатайып, қара пигмент-

тенеді және етінде келеңсіз биохимиялық өзгерістер орын алады, протеин

мөлшері азаяды [1, 4].

Құс балапанының өсіп-жетілуі мен дамуына жылумен қатар жарық

режимі күшті әсер етеді. Тәуліктік жарық мерзімінің ұзақтығы балапан ағ-

засына физиологиялық тұрғыдан күшті әсерін тигізеді. Жарық пен сәуле-

лендірудің балапан ағзасындағы зат алмасу барысына күшті де терең био-

логиялық әсерін ескере отырып, оларды өсіретін бөлмелердегі жарық мер-

зімі мен қуаттылығының физиологиялық нормаға сай, ағзаға жайлы деңгей-

де болуын қатаң қадағалау қажет.

Жарық мерзімі мен күші, сәулелерінің спектрлік құрамы организм зат

алмасуының жылдамдығы мен деңгейінің адекватты ырғағының пайда

болуына ықпалын тигізіп, балапан салмағының циркадианды өзгеруіне әсер

етеді. Организмнің альтернативті биологиялық ырғағы қолданылған жарық

пен қараңғылықтың (күн мен түннің) ауысу қатынасына сәйкес, бүкіл био-

логиялық жүйесінің функциялық ырғақтығына бейімдейді. Сөйтіп, оның

өсіп-жетілуі мен жыныстық қабілеттілігі қалыптасады.

Арнайы жүргізілген зерттеулерде жетілу кезеңіндегі жарық түсіру

мерзімі кемітілуінің кері әсері балапанның тірілей салмақ қосуының азаюы-

нан байқалған. Әсіресе, жұмыртқалағыштығы жылдан-жылға өсе түсетін

қаз мекиендерінің жарық түсіру бағдарламасын құрғанда, дамуының цир-

Page 74: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Құс, балық және ара шаруашылығы

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 74

каналды фазасымен ғана шектелмей, бүкіл даму кезеңін түгел қамту қажет.

Өйткені, тіршілік жүйелерінің уақыттық құрылымы организмдегі тіршілік

үдерісінің белгілі мерзімдік қайталануымен қатар, оның өзінің бүкіл био-

логиялық ырғағының уақыттық құрылымынан байқалады. Уақытты орга-

низмді қоршаған орта факторы ретінде қараса, организмдегі циркадтық

өзгерістер моделін құрумен қатар, ондағы үдеріс функциясының дамуына

уақыт әсері минимумға дейін әлсіреп, тіпті, нөлдік деңгейге түсіп, ортаның

басқа факторларының (жарықтың) әсері едәуір өсе түседі.

Құс организміндегі биологиялық өзгерістерге ең күшті ықпал етуші

фактор болып қаралатын азықтандырудың әсерін жарық режимімен рет-

тестіруге болады. Жарықтың күші, мерзімі мен сәулелесінің спектрлік құра-

мы құс организміндегі биологиялық ырғақтарға, азықтануға, қоректік зат-

тардың қорытылуына әсер етеді.

Канадада жүргізілген зерттеулерде бройлер топтарына тәулік бойы

қызып жанатын шамдармен 18 лк (І топ) пен 6 лк (ІІ топ) көлемінде жарық

түсіргенде, 9-апталығындағы ІІ топ балапандарының салмағы І топтағы

балапандардікінен орташа 60 г артқан, 3 620 г орнына 3 680 г тартып, басы-

ның сақталуы 1,4% жоғарылаған, аяқ ауруы мен жарақаттануы 11,1%-дан

7,1%-ға кеміген [5].

БҚҒЗТИ-де (ВНИТИП) бройлер өсіруде 1-21-ші күндері біртіндеп

жарық мерзімін 23-23,5 сағаттан 10-10,5 сағатқа азайтып, жарық күшін 1-3

күндері 30-40 люкске, 4-7 күндері 25-30 люкске, 8-21 күндері 15-20 люкске,

22-56 күндері 5-7 люкске жеткізгенде, балапан басының сақталуы 98,1% бо-

лып, тәуліктік салмақ қосымы 26,9 грамға жетіп, 56-күндігінде 1 547 г тарт-

қан. Әр мың бас бройлер балапанын өсіруге жұмсалған энергия шығыны

228 кВт/сағ көлемінде үнемделген [2].

Қора ішіндегі жарық мерзімін жеткілікті ұзарту үшін, күн сәулесімен

тараған табиғи жарық мезгілі мен жасанды жарық көзін қолдану арқылы

құс ағзасының қажеттілігіне сәйкес ұзартады. Қосымша жарықты ымырт

жабыла және таңсәрідегі алакөлеңкеде күндізгі жарықпен жалғасып кете-

тіндей етіп біртіндеп күшейте қосады. Әсіресе, ерте ымырт түсіп, күн кеш

шығатын, түн ұзаратын қыс айларында қосымша жарықтандыру кеңінен

қолданылады.

Зерттеу әдістемесі

Қора ішіндегі температураны бақылау термометрлері бүкіл қора ау-

мағының көлемінде, өсірілетін құс бойының биіктігінде (еденнен қаз бала-

панының арқасына дейінгі 5-8 см биіктікте) орналастырылды. Қора темпе-

ратурасының ауытқуы жағдайында балапандар өсірілген орташа жылу-

лықты көрсететін жұмыс температурасы мына жолмен есептелді:

ЖТ = Тmin + [(Tmax – Tmin)×2/3], С°

Page 75: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Құс, балық және ара шаруашылығы

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 75

мұндағы: ЖТ – жұмыс температурасы;

Тmin – минималды температура;

Tmax – максималды температура.

Өсірілетін балапандарға алғашқы 24-48 сағатта үнемі жарық түсірі-

ліп, содан кейінгі күндері жарық мерзімі мен күші реттеледі де, қорада тек

диаметрі 4-5 м аумағындағы 1 500 басқа шаққанда 80-100 люкс қуаттылығы

келетіндей жарық нүктелері ғана қалдырылады. Бұл жарық нүктелерінің ау-

мағы біртіндеп қораның пайдаланылу аумағына пропорционалды кеңей-

тіледі. Қора ішіндегі жарық режимі мына формуламен есептелді:

N=(S×L) / (Қ×К),

мұндағы: N – шам саны, дана;

S – еден аумағы, м2;

L – қажетті жарық күші;

Қ – шам қуаттылығы, вт;

К – түзету коэффициенті.

Осы есеппен қоршаудың 6 шаршы метріне 6 ваттан келетіндей етіп

еденнен 2 м биіктікте ілінген қуаттылығы 40 және 60 ваттық шамдар еден-

нің әр 1 шаршы метрін құсқа қажетті 14/20 люкс жарығымен қамтамасыз

етті (40/60 вт : 6 м2 2×2).

Жеке қоршаулардағы тәжірибелік бақылау және тәжірибе топтарын-

дағы біркелкі жетілген тәуліктік 200 бастан қаз балапандарына жылу (І тә-

жірибе) мен жарық (ІІ тәжірибе) режимінің әсері мынадай өсіп-даму көр-

сеткіштері бойынша бақыланды:

1. Балапандардың өміршеңдігі – тәжірибе кезеңіндегі басының аман

сақталуы және шығын себебін анықтау арқылы;

2. Балапандардың өсуі – тәжірибелік топтардағы бастардың тәжірибе

кезеңіндегі абсолютті және салыстырмалы өсу жылдамдығы бойынша;

3. Балапандарды өсіру шығыны – тәжірибелік топтардағы балапан-

дарды өсіруге шығындалған жылу мен энергия мөлшерінің өндірілген өнім-

мен ақталуы бойынша.

Зерттеу нәтижесі

Қаз балапанын өсірудегі жылу мен жарық режимін зерттеуді солтүс-

тік өңірде өсірілетін қаз басын асылдандыру ісімен шұғылданатын «Перс-

пектива» ЖШС жүргізді. Шаруашылықта өсірілетін Ақ итальян қазын

асылдандыру ісі 2013-2016 жылдарға құрастырылған селекциялық-асыл-

дандыру жоспарына сәйкес жүзеге асырылуда [3]. Жоспарда еліміздің сол-

түстік өңірінде өсірілетін қаз тұқымдарының тектік қорын сақтап, ұтымды

Page 76: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Құс, балық және ара шаруашылығы

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 76

пайдаланумен қатар қаз басын өсіру технологиясын жетілдіру шаралары

қарастырылған.

Тәжірибелік топтардағы қаз балапандары еденіне 8-10 см төселген

төсеніш үстіне жіберілді. Тәжірибелік топтарға денсаулығы мықты, жұмсақ

қарнының ішіне кіндігі толық тартылған, тұмсығы жақсы пигменттелген,

тығыз мамығы жылтыр балапандар сұрыпталып, еденнің 1 шаршы метріне

4 бас келетіндей тығыздықта орналастырылды. Оларды азықтандыруға

арналған науалардың 1 басқа шаққандағы ернеуі: 1-21-күндік балапандарға

1,5 см, 21-30-күндік балапандарға 2 см көлемінде келді.

Минералдық қосындылар мен қиыршық тастарды олар қосымша

қойылған науалардан жеді. Балапандарды суаратын суарғыштардың ернеуі

1-21 күндік балапандарға 1 см, 21-30 күндік балапандарға 1,5 см көлемінде

келді. Қора ішінің ауасы сыртқы ауа температурасына байланысты балапан-

дардың әр 1 кг тірілей салмағына шаққанда 3-5 м3 көлемінде желдетіліп

тұрды. Бұл қора ішкі ауасының қаз балапандарына оңтайлы 65-70% салыс-

тырмалы ылғалдылығын қамтамасыз етті.

Қора аумағының температуралық режимін, әсіресе, өмірінің алғашқы

күндерінде термореттестіру жүйесі нашар дамыған қаз балапандарын өсір-

генде сақтаудың маңызы зор. Олардың денесінен шығарылатын жылу өн-

дірілген жылу мөлшерінен артатындықтан, өсірілетін қора іші жеткілікті

деңгейде жылытылуы керек. Осыны ескере отырып, 1-зерттеуде тәжірибе

топтары қоршауындағы балапандарды жылыту үшін жылытқыш брудерлер

қолданылды.

Балапандарды жіберерден 24 сағат бұрын қора ішін оларға қажет тем-

ператураға дейін жылытып қояды. Инкубацияланып шығарылған қаз бала-

пандарын алғашқы тәулікте арнайы жылытылған қораға кіргізіп, жылы

жағдайда 15-30 күнге дейін өсіреді: алғашқыдағы 28-30°C қора темпера-

турасын 4-күннен бастап біртіндеп төмендетеді де, апта соңында 25°C, ал

11-күннен бастап 22°C деңгейінде ұстайды. Қоршау ауасының 66-75%

салыстырмалы ылғалдылығында «нүктелеп» орналастырылған брудер ас-

тындағы бастапқы 29-31°С деңгейіндегі температура біртіндеп төмендетіл-

ді: 1-3 күндік балапандарға 28-30°С; 4-5 күндік балапандарға 25-28°С; 6-

7 күндік балапандарға 23-25°С; 8-10 күндік балапандарға 22-24°С; 11-15

күндік балапандарға 20-22°С; 16-30 күндік балапандарға 18-20°С деңгейін-

де болды.

Балапандарды өсірудің температуралық режимін олардың қимылы

мен мінез-құлқына қарап байқауға болады: температуралық режим төмен

болып, балапандар суықты сезінсе, олар жылу іздеп шиқылдап, бір-біріне

немесе жылу көзіне ұмтылады, тіпті, бірінің үстіне бірі шығып кетеді де, ас-

тыңғылары тапталып, тұншығады; температуралық режим жоғары болса,

балапандардың тыныс алуы жиілеп, тұмсықтарын ашып, қанаттарын түсі-

Page 77: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Құс, балық және ара шаруашылығы

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 77

реді. Сондықтан қаз балапанын өсірудегі алғашқы кезеңде олар өсірілетін

қораның температуралық режимінің организмге оңтайлы болуы қатаң қа-

дағаланады.

Қорадағы температураның балапандарға жағымдылығын олардың

бүкіл мәреалды (предстартовый) кезеңіндегі көңіл-күйі мен ахуалын, жүріс-

тұрысы мен қимылын, қора аумағындағы орналасуын бақылау арқылы

байқауға болады. Қорадағы балапандар ширақ болып, сергек қимылдап,

азықты жақсы жесе, демалғанда топтаспай, 3-5 бастан жиналуы қаз қора-

сының температурасы қалыпты деңгейде екенін көрсетеді; тұмсығын ашып,

қанаттарын түсіріп, жиі су ішіп, тынысы тарылып, азыққа зауқы соқпауы

қора температурасының жоғары, яғни ыстық болғанын көрсетеді; көңіл-кү-

йінің төмендеп, қимылының бәсеңдеп, баялауы, селқостанып, қора аума-

ғында біркелкі орналаспай, жылу көзіне не бөлменің жылы жағына немесе

бір-біріне үймелеуі қора температурасының төмен, яғни суықтығын немесе

өтпе желді (сквозняки) көрсетеді.

Қаз балапандардың өсуі мен дамуына жарықтың мерзімі мен қуатты-

лығы әсер етті. Жарық режиміне байланысты олардың тіршілік белсенділігі

өзгеріп, азықтану мен суарылу, демалу мен ұйықтау мерзімі өзгерді. Тәжі-

рибелік топтардағы қаз балапандары қоршауларындағы жарық режимі

олардың физиологиялық нормасына сәйкес: алғашқы аптада тәулік бойы

жанса, одан кейінгі күндері тәулігіне 30 минут қысқартылып, 4 апталық ба-

лапандарға тәулігіне 14 сағатқа дейін қысқартылды.

2-зерттеуде қорадағы жарық көзі ретінде аумағының әр 6 шаршы

метріне 6 ваттан келетіндей етіп еденнен 2 м биіктікте ілінген қуаттылығы

40-60 ваттық электр шамдары қолданылды: І бақылау тобының қоршауында

40 вт:6 м2 2×2 ≈ 14 лк/м

2 болса, ІІ тәжірибе тобының қоршауында 60 вт:6 м

2

2×2 = 20 лк/м2 болды.

Зерттеу әдістемесіне сәйкес жүргізген ғылыми-шаруашылық тәжіри-

бедегі жылу мен жарық режимінің қаз балапанының өсіп-дамуына әсері

кестеде келтірілген.

Шаруашылық тәуліктік қаз балапанын өсіруге отырғызу қорасының

жылулығын өлшеу 24-26°С градус шамасында болғандықтан (І бақылау

тобы), есептеулі мөлшерде қосымша қондырғы қуаттылығын арттыру ар-

қылы жылу температурасы 1-3 күндік балапандарға 28-30°С, 4-5 күндік ба-

лапандарға 25-28°С, 6-7 күндік балапандарға 23-25°С көтерілгенде, алғаш-

қы айдағы басының сақталуы 91,5%-дан 95,0%-ға жетті; бір басының ор-

таша салмақ қосымы 41,8 грамнан 47,2 грамға артып, сақталған басының

жалпы салмақ қосымы бақылау тобындағы балапандардікімен салыстыр-

ғанда 40,5 кг жоғарылып, оларды өсіруге жұмсалған қосымша қуат шы-

ғынының қарымын қайтарды.

Page 78: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Құс, балық және ара шаруашылығы

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 78

Қаз балапандарының өсіп-жетілуіне жылу мен жарық режимінің әсері

Көрсеткіш

Тәжірибелік топтар

Жылу режимі Жарық режимі

І бақылау ІІ тәжірибе І бақылау ІІ тәжірибе

Қаз балапанының саны:

– тәжірибе басында, бас

– тәжірибе соңында, бас

200

182

200

190

200

186

200

191

Өсіру кезеңіндегі шығыны:

– бас

– %

18

9,0

10

5,5

14

7,0

9

4,5

Балапан басының сақталуы, % 91,5 95,0 93,0 95,5

Бір басының тірілей салмағы:

– тәжірибе басында, г

– тәжірибе соңында, кг

95±0,01

1,35±0,1

95±0,01

1,51±0,12

96±0,01

1,59±0,1

96±0,02

1,64±0,2

Балапан басының салмақ қосуы:

– абсолютті, г

– салыстырмалы, %

– орташа тәуліктік, г

1 255

92,7

41.8

1 415

93,7

47,2

1,49

94,0

49,6

1,54

94,2

51,5

Жалпы салмақ қосуы:

– кг

– %

228,4

100,0

268,9

117,7

276,8

100,0

313,2

113,2

Қаз балапандарын өсірудегі жарық күшін 14 лк/м2-ден (І бақылау

тобы) 20 лк/м2-ге (ІІ тәжірибе тобы) жеткізгенде, олардың организміндегі

зат алмасуының жеделдеп, жақсарғаны тәжірибе кезеңіндегі шығыны 7,0%-

дан 4,5%-ға кеміп, ал бір басының орташа тәуліктік тірілей салмақ қосуы

49,6 грамнан 51,5 грамға көтеріліп, тәжірибе тобындағы балапан басының

айлық тірілей салмағы бақылау тобындағы балапандардікінен 150 грамға

артуынан байқалады. Бақылау тобымен салыстырғанда, тәжірибе тобын-

дағы балапандардың салыстырмалы салмақ қосуы, яғни өсу жылдамдығы

90,0%-дан 90,4%-ға өскен.

Қорытынды

1. Қаз балапанының сақталуы мен өсіп-дамуына жылу мен жарық

режимі жан-жақты әсер етеді.

2. Тәжірибелік топтағы балапандардың жылу режимінің оңтайлы

көрсеткіштерінің қамтамасыз етілуі, одан 1-2°С ауытқыған бақылау тобын-

дағы балапандармен салыстырғанда, алғашқы айдағы басының сақталуын

3,5%, абсолютті салмақ қосымын 12,7%, салыстырмалы салмақ қосымын

1,0% арттырды.

Page 79: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Құс, балық және ара шаруашылығы

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 79

3. Жарық режимін бақылау тобындағы 14 лк/м2-ден тәжірибелік топ-

тағы 20 лк/м2-ге жоғарылату балапандардың өміршеңдігін арттырып, бірін-

ші айдағы басының сақталуын 93,0%-дан 95,5%-ға, абсолютті салмақ қосы-

мын 1 490 грамнан 1 540 грамға немесе салыстырмалы салмақ қосымын,

тиісінше, 94,0%-дан 94,2%-ға жоғарылатты.

4. Тәжірибелік топтардағы балапандарды өсіруге қосымша жұмсалған

энергия шығыны балапандардың қосымша қосқан салмақ құнымен ақталды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Агапова 3., Лавреньев В., Иванов А. Оценка поведения племенных

петухов // Птицеводство. – №9. – 1992. – 8-10 с.

2. Асриян А., Адабир А., Тардатьян Г. Способ выращивания бройле-

ров / А.С. 1546029 СССР А01К67/00. 28.02.90. Бюл. – №8.

3. Жүнісов А., Темірбекова Г., Сухов В., Ращупкин В. «Перспектива»

ЖШС Итальян ақ қаз тұқымымен 2013-2016 жж. жүргізілетін селекциялық-

асылдандыру жұмысының жоспары. – Бескөл, 2013. – 12 б.

4. Спиридонов Д.Н., Зевакова В.К., Акопян А.В. Тепловой режим выра-

щивания молодняка // Птица и птицепродукты. – 2012. – №1. – 25-28 с.

5. Newberry R.C., Hunt J.R., Gardiner E.E. Influence of light intensity on

behavior and performance of Broiler chickens // Poultry Science. – 1988. –

Vol. 67. – No 7. – P. 1020-1025.

Түйін

Қаз балапандарының өсуі мен дамуына жарықтың мерзімі мен қуат-

тылығы әсер етті. Жарық режиміне байланысты олардың тіршілік бел-

сенділігі өзгеріп, азықтану мен суару, демалу мен ұйықтау мерзімі өзгерді.

Резюме

Время и мощность света отразились на развитии и росте цыплят. В

зависимости от светового режима изменилась их активность, среда обита-

ния, кормление и питание, время отдыха и сна.

Summary

In the growth and development of the goslings importance of regime of

heat and light.Their survival depends on the activity of the changing light,

nutrition and swarilw, rest and sleep, life has changed.

Page 80: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Құс, балық және ара шаруашылығы

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 80

ӘОЖ 546.4.3

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДАҒЫ КӨЛДЕР ЖҮЙЕСІНІҢ ГИДРОХИМИЯЛЫҚ ЖАЙ-КҮЙІ

Н.С. САМБАЕВ, кіші ғылыми қызметкер

«Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС е-mail: [email protected]

Түйінді сөздер: көлдер жүйесі; минералдану; рН; оттегі.

Республикамыздың кең-байтақ жерінде саны он мыңға жақын су қой-

масы қоры, су айдындары (тоғандар, көлдер) бар. Экологиялық тұрғыдан

алып қарағанда, табиғатта бұл су айдындарының экожүйенің қалыпты да-

муындағы және қоршаған орта, жануарлар әлемін сақтаудағы маңызы

ерекше.

Сырдария өзені Қазақстан шекарасынан алыс, Орталық Тянь-Шань

таулары бөліктерінен, Батыс Ферғана даласынан, Нарын және Қарадария

өзендерінің бірегей қосылуынан бастау алып, Қазақстан аумағында оған

Келес, Қырықкелес және Арыс өзендері қосылады. Оңтүстік Қазақстан

облысына Сырдария өзенінің тиесілі ұзындығы 346 км болса, Қызылорда

облысында 1281 км құрайды. Сырдария өзенінің ағысы Шардара су қойма-

сынан төмен түсіп, өзеннің бұрама және қосалқы кету жолдары болмаған-

дықтан, өзен суы тікелей өтіп, Арал теңізіне жетіп жатады [2].

Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облысында осы аумақты кесіп

өтетін, Сырдария өзенінен бастау алатын бірнеше көл жүйесі орналасқан.

Бүгінгі ғылыми-зерттеу нысаны Қызылорда облысы аумағындағы көлдер

жүйесінің гидрохимиялық жай-күйін талдау болып табылады.

ҚазБШҒЗИ мамандарының ғылыми-зерттеу жұмыстарының басты

мақсаты – су айдындарының гидрологиялық, гидрохимиялық жай-күйін

анықтап, тіршілік ететін гидрофаунаға биоэкологиялық тұрғыдан баға беру.

Зерттеу нәтижелері өзен суы құрамында сульфатты қоспалардың

жиынтығы қазіргі кезеңде 40-45%-ға жетіп отырғанын көрсетеді. Осындай

жиынтық көлемнің өзен суында болуы егістік алқаптардан сульфатты на-

трий мен хлорид ерітінділерінің түсуінен. Өзен суының минералдылығы

ауыл шаруашылығының ағын суы көлеміне байланысты болып, су деңгейі

артқан және азайған кезде өзгеріп отырады [1].

Сырдария өзені суының ағыс көлемі тұрақсыз болып тұрады. Соңғы

алтыжылдық көрсеткіштерді зерттей келгенде, Кіші Арал теңізіне келіп

түскен судың жоғары ағыс көлемі 2010 ж. 9 198 млн м3, төменгі деңгейі

2008 ж. 3 690 млн м3 құрады. 2011-2015 жж. көрсеткіштерімен салыс-

тырғанда, 4 640 млн м³ көлемінде тіркелген тұрақсыздық өлшем көрсет-

Page 81: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Құс, балық және ара шаруашылығы

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 81

кіштерін ажырату қиын емес. Су көлемінің айтарлықтай төменгі деңгейге

жету кезеңі жаз-күз мезгілінде, біріншіден суармалы егістікке көптеп жұм-

салуына, екіншіден жоғарыдан келіп түсетін су ағынына байланысты бо-

лады.

Қызылорда облысы аумағында 10 көл жүйесі орналасқан. Аталған

көлдер су жүйесінің минералдылығын екі топқа бөліп қарауға болады. Бі-

ріншісі – ағысты көлдер (Қамыстыбас, Қараөзек, Жаңадария), екіншісі –

белгілі мезетте қарқынды су тасу кезінде толысып отыратын көлдер (Ақ-

шатау, Телікөл, Қандыарал, Ақсай көлдері) жүйесі. Өзен суымен тікелей

байланыста тұратын көлдердің су құрамы сульфатты-магнийлі-кальцийлі,

ал минералдылығы жоғарылыған сайын, хлор иондары көбейіп, сілтілі ме-

талдардың дәрежесі артады. Ақшатау, Қандыарал, Телікөл, Ақсай көлдері-

нің су алмасу үдерісі біршама қиындау болғандықтан, су құрамы хлоридті-

натрийлі, кей кездері сульфатты-натрийлі-магнийлі болып ауысады.

Зертеу барысында судың рН мөлшері, еріген оттегі, мөлдірлігі анық-

талып, оған осы бақыланған көрсеткіштерге орай негізгі сипаттама беруге

болады. Судағы оттегі мөлшері көктем-жаз айларындағы зерттеу барысын-

да 7,10-8,20 мг/дм3, рН 7,60-8,25, су мөлдірлігі 0,1-1,2 м шамасында болды

(кесте).

Қызылорда облысы көлдер жүйесінің гидрохимиялық орташа көрсеткіштері, 2015 ж.

Көлдер жүйесі Сумен

қамтылуы рН О2, мг/дм3

Тұздылығы,

мг/дм3

Қамыстыбас жоғары 8,10 7,80 2 100

Ақшатау жоғары 8,00 7,70 2 500

Теңіз аумағы, оң

жағалау жоғары 8,25 7,80 3 400

Ақсай орташа 7,80 7,50 1 800

Қуаңдария орташа 7,60 8,10 1 200

Қараөзек орташа 8,00 7,90 980

Жаңадария жоғары 8,10 7,75 1 000

Телікөл төмен 7,50 6,55 5 200

Нансай-Ханқожа орташа 8,05 8,20 1 400

Қандыарал орташа 7,75 7,20 2 100

Осы көлдер жүйесіндегі су тұздылығының қалыптасуы әр типті су-

дың қосылып жинақталуына байланысты түзіліп, әр көлде концентрация-

лық өзгерістерге ұшырай келе және коллоидті түрлі жер жыныстарындағы

материалдарымен байланысып, бір жағынан метоморфизациялық үдерістер-

дің ұдайы өтуі орын алады.

Page 82: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Құс, балық және ара шаруашылығы

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 82

Жоғарыда анықталған көрсеткіштер гидрофауна тіршілігі үшін қо-

лайлы деп саналады. Судағы еріген оттегі мөлшерінің дәрежесі сынама

алынған жердің гидрофизикалық орналасуы мен су асты бедерінің әр ау-

мақтағы тереңдігіне, жалпы фототүзгіштік сипатына қарай ауытқып отыра-

ды [3].

Сырдария өзені суының көлдер жүйесіне тигізетін әсері соңғы жыл-

дардағы зерттеулерге қарағанда өзгеріске ұшырауда. Негізгі су құрамының

өзгергіштік үдерісіне алып келетін коллекторлы-дренажды, пестицид және

метоболитті қосындылар болып табылады. Сырдария суының минералдық

құрамы көктем мезгілінде төмендеп, күзге қарай 1,5 есеге дейін көтеріледі.

Көлдер жүйесі су құрамының гидрохимиялық жай-күйі көктем кезінде ми-

нералдылығы төмен (870 мг/дм3), өзен сумен араласып, седиметациялық

үдерістердің орны болса, күзгі мезгілде минералды, түрлі қоспалары бар су

құрамымен араласады.

Қорытындылай келгенде, Қызылорда облысы аумағындағы көлдер

жүйесінің гидрохимиялық жай-күйі, біріншіден, маусымаралық кезеңде су-

мен қамтамасыз етілуі мен тұрақтануына, екіншіден судағы органикалық

қосындылардың түзілу үдерісіне байланысты болып келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Алекин О.А. Основы гидрохимии. – Л.: Гидрометиоиздат, 1970. –

435 с.

2. Кипшакбаев Н., Юп де Шуттер, Духовный В.А., Мальковский И.М.

и др. Восстановление экологической системы в дельте Сырдарьи и северной

части Аральского моря. – Алматы, 2010. – 46 с.

3. Труды Среднеазиатского регионального научно-исследовательско-

го гидрометеорологического института им. В.А. Бугаева. – Вып.58(139).

Изменение стока р. Сырдарьи под влиянием водохозяйственого строитель-

ства в ее бассейне. – 77-б.

Түйін

Мақалада Қызылорда облысының аумағындағы көлдер жүйесінің ги-

дрохимиялық жай-күйі зерттеліп, Сырдария өзенінің суымен салыстырмалы

түрде тұжырымдалды. Көлдер жүйесінің соңғы жылдардағы су құрамының

негізгі шамалары анықталып, ластану көздері келтірілген.

Резюме

В статье проанализировано гидрохимическое состояние озерных сис-

тем Кызылординской области в сравнительном аспекте с водой реки Сыр-

дарья. Приведены основные свойства качества воды озерных систем и ис-

точники их загрязнения.

Page 83: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Құс, балық және ара шаруашылығы

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 83

Summary

In article are analysed a hydrochemical condition of lake systems Kyzylor-

dinskoj of area, in comparative aspect with water of the river Syrdarija. The basic

properties of quality of water of lake systems and sources of their pollution are

resulted.

ӘОЖ 574.5

КІШІ АРАЛ ТЕҢІЗІНДЕГІ СУ ТҮБІ ОМЫРТҚАСЫЗДАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ

М.Т. ҚАЛЫМБЕТОВА, кіші ғылыми қызметкер

«Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

Арал филиалы е-mail: [email protected]

Түйінді сөздер: макрозообентос; кездесу жиілігі; қоректілік деңгейі.

Макрозообентос үлгілері 2015 ж. көктем-күз мезгілдерінде жүргізілді.

Үлгілерді өңдеу және талдау жұмыстары жалпы қабылданған әдістемелер

мен анықтауыштар арқылы орындалды [1, 3-5]. Макрозообентос биомасса-

сының қоректілік деңгейі С.П. Китаев классификациясы [2] бойынша есеп-

телді.

Макрозообентос. 2015 ж. Кіші Арал теңізін зерттеу кезінде бентос

құрамынан полихета құрттары (1), шаянтәрізділер (1), шыбын-шіркейлер

(7) және моллюскалар (3) анықталды (1-кесте). Түр құрамының 58%-ын хи-

рономидалар құрады. Жоғары жиілікпен кездескендер – полихета құрттары

(77%).

Күз мезгіліндегі таксономиялық құрамның төмендеуіне хирономида-

лардың азаюы себеп болған.

2015 ж. зообентостың күзгі сандық көрсеткіштері көктемге қарағанда

азайды (2-кесте). Себебі, жазда хирономидалар жетіліп, судан шығады. Сан

бойынша екі мезгілде де полихеталар басым болды: 42 және 63%, (суб-

доминант моллюскалар – 21% және 33%). Биомасса бойынша доминант

A. ovata (67 және 84%), субдоминант полихеталар – 9 және 24% құрады.

Page 84: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Құс, балық және ара шаруашылығы

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 84

1. Таксономикалық құрам және Кіші Арал теңiзі макрозообентосының кездесу жиілігi,

2014-2015 жж. көктем-жаз-күз

№ Таксон 2014 ж. 2015 ж.

көктем жаз көктем күз

Annelida – сақиналы құрттар / Polychaeta – көпқылтанды құрттар

1. Hadiste diversicolor (O. F. Muller) 91 77 77 73

Insecta – шыбын-шіркейлер / Diptera – қосқанаттылар

2. Chironomus behningi (Goetghebuer) 23 14 9 9

3. Chironomus sp. 27 14 23 18

4. Glyptotendipes gripekoveni (Kieffer) 10 9 9 -

5. Ch. рlumosus (Linne) 41 32 18 14

6. Cryptochironomus sp. 5 14 5 -

7. Pelopia villipennis (Kieffer) 28 - 18 14

8. Ch. dorsalis (Meigen) - - 9 5

9. Tanytarsus sp. (Kieffer) 5 - - -

Mollusca – моллюскалар

10. Abra ovata (Рhil.) 46 50 59 9

11. Dreissena polymorpha (Pall.) - - 5 -

12. Cerastoderma isthmicum (Issel) 5 14 9 5

Crustasea – шаянтәрізділер

13. Paramysis intermedia (Czerniavsky) - - 9 5

14. Palaemon elegans (Rathke) - 9 - -

Барлығы: 10 9 12 9

2. Кіші Арал теңізі зообентос топтарының орташа сандық көрсеткіштері,

2015 ж. көктем-күз

Ағзалар тобы Саны, дана/м2 Биомассасы, г/м2

көктем күз көктем күз

H. diversicolor 108 123 1,0 1,52

A. ovata 85 42 9,72 4,31

C. isthmicum 3 2 0,40 0,11

Chironomidae 55 24 0,21 0,15

Өзге* 6 5 0,33 0,26

Барлығы 257 190 11,63 6,45

Ескерту: * – шаянтәрізділер

Зообентостың Кіші Арал теңізі аумақтары бойынша таралуы бірқа-

лыпсыз (3-кесте).

Page 85: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Құс, балық және ара шаруашылығы

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 85

3. Кіші Арал теңізі макрозообентосының негізгі топтарының саны мен

биомассасының балық аулау кәсібімен шұғылданатын аумақтар бойынша таралуы,

2015 ж. көктем (1), күз (2)

Ау

ма

қ

Ағзалар тобы

H. diversi-

color A. ovata

C. isth-

micum

Chironо-

midаe Өзге* Барлығы

1 2 1 2 1 2 1 2 1 2 1 2

Саны, дана/м2

I 120 20 50 - - - 120 - - - 290 20

II 192 56 160 - 16 - 32 69 - - 400 125

III 67 73 120 - - - 80 38 13 27 280 138

IV 53 93 13 - - 13 13 27 - - 79 133

V 30 40 40 - - - 70 10 20 - 160 50

VI 187 422 128 253 - - 13 - - - 333 675

Ор-

таша 108 117 85 42 3 2 55 24 6 5 257 190

Биомассасы, г/м2

I 0,62 0,13 8,54 - - - 0,40 - - - 9,56 0,13

II 2,46 0,8 16,40 - 2,42 - 0,38 1,18 - - 21,66 1,98

III 0,56 0,69 12,43 - - - 0,11 0,19 0,27 1,60 13,37 2,48

IV 0,27 1,84 1,89 - - 0,64 0,03 0,13 - - 2,19 2,61

V 0,40 0,42 5,98 - - - 0,28 0,01 1,70 - 8,36 0,43

VI 1,52 5,25 13,09 25,84 - - 0,03 - - - 14,64 31,09

Ор-

таша 1,0 1,52 9,72 4,31 0,40 0,11 0,21 0,25 0,33 0,26 11,63 6,45

Ескерту: * – шаянтәрізділер және D. polymorpha моллюскалары

I аумақта (Шевченко шығанағы) макрозообентос деңгейі көктемде ор-

таша болды. Сандық көрсеткіштері бойынша басым болған хирономидалар

мен полихеталар 61%, биомасса бойынша A. ovata моллюскалары – 89%.

Күзде аумақта тек хирономидалар анықталды (саны 20 дана/м2 және био-

массасы 0,13 г/м2) – 40%. Аумақта балық қорегі жоғары деңгейден ең

төменге түсті [2].

Көктемде II аумақта (ортаңғы) зообентостың саны A. ovata моллюска-

лары (40%) мен полихеталардың (48%) дамуына байланысты жоғары болды

(1-сурет). Күзде моллюскалардың анықталмауына байланысты макрозоо-

бентостың саны төмендеді. Доминанттар күзде хирономидала (55%), субдо-

минанттар полихеталар (45%) болды. Биомасса негізін көктемде A. ovata

(76%), күзде хирономидалар құрады (60%). Аумақта балықтың қорек қоры

ең жоғарыдан төмен деңгейге түсті.

Page 86: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Құс, балық және ара шаруашылығы

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 86

III аумақта (Бутакова шығанағы) макрозообентос көрсеткіштері орта-

ша болды. Көктемде сан (43%) және биомасса (93%) негізін A. ovata құра-

ды, күзде сан бойынша полихеталар (53%), биомасса бойынша мизидалар

(65%) болды. Балықтар үшін қорек қоры жоғарыдан төмен деңгейге түскен.

0

50

100

150

200

250

300

350

400

450

I II III IV V VI

аумақ

сан

ы,

дан

а/м

2

0

5

10

15

20

25

би

ом

ассасы

, г/м

2

саны, дана/м2

биомассасы, г/м2

1

0

100

200

300

400

500

600

700

800

I II III IV V VI

аумақ

сан

ы,

дан

а/м

2

0

5

10

15

20

25

30

35

би

ом

ассасы

, г/

м2

саны, дана/м2

биомассасы, г/м2

2

1-сурет. Кіші Арал теңізі зообентосының саны (дана/м2) мен

биомассасының (г/м2) балық аулау кәсібімен шұғылданатын аумақтар

бойынша таралуы, 2015 ж. көктем – 1, күз – 2

Page 87: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Құс, балық және ара шаруашылығы

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 87

IV аумақта (Солтүстік-шығыс) сан көрсеткіштері орташа болды. Екі

мезгілде де сан бойынша полихеталар басымдық көрсетті (саны 67%, био-

массасы 70%), биомасса бойынша көктемде A. ovata (78%), күзде полихета-

лар (70%) құрады. Аумақта балық қорегі біркелкі деңгейінен орташаға

жоғарылады, суқойма ά-эвтрофты типінен β-мезотрофты типіне ауысты [2].

Зообентостың ең төменгі сандық көрсеткіштері V аумақта тіркелді

(Құяр сағасы). Бұл абиотикалық және биотикалық факторларға байланыс-

ты: су тұздылығы, ұлтанның бірқалыпсыздығы және балықтарға жем бо-

луы. Көктемде саны бойынша хирономидалар (44%), биомасса бойынша

A. ovata (72%) басым болды. Күзде саны мен биомассасы бойынша полихе-

талар (80% және 97%) басымдық көрсетті. Балық қорегі орташа деңгейден

«ең төменге» түсті.

VI аумақта көктемнен күзге қарай зообентостың сан көрсеткіштері

2 есе төмендегенімен, биомассасы моллюскалар мен полихеталар арқасын-

да жоғары деңгейден ең жоғарыға көтерілді.

Жалпы, теңіз бойынша макрозообентос деңгейі көктемнен күзге қа-

рай төмендеген, трофтылық деңгейі ά-эвтрофты типінен β-мезотрофты

типке түсті [2].

Соңғы жылдар ішінде 2015 жылдың сандық көрсеткіштері төмен

(2-сурет). Көктемгі биомасса көрсеткіштері 2014 ж. жазғы көрсеткіштеріне

тең. Күзгі көрсеткіштері ең төмен деңгейде болды. Балық қорегі орташа

деңгейге сәйкес.

0

100

200

300

400

500

600

700

800

көкт

ем

күз

көкт

ем

күз

көкт

ем

жаз

көкт

ем

күз

2012ж. 2013ж. 2014ж. 2015ж.

сан

ы,

дан

а/м

2

0

5

10

15

20

25

30

35

би

ом

ассасы

,г/м

2

саны, дана/м2

биомассасы, г/м2

2-сурет. Кіші Арал теңізі зообентосының саны (дана/м2) мен биомассасының (г/м2)

көпжылдық динамикасы, 2012-2015 жж. көктем-жаз-күз

Қорыта келгенде, 2015 ж. зерттеулері бойынша Кіші Арал теңізіндегі

макрозообентостың жайы бірқалыпты.

Page 88: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Құс, балық және ара шаруашылығы

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 88

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Атлас беспозвоночных Аральского моря / Под ред. Ф.Д. Мордухай-

Болтовского и др. – М.: Пищевая промышленность, 1974. – 272 с.

2. Китаев С.П. О соотношении некоторых трофических уровней и

«шкалы трофности» озер разных природных зон: Тез. докл. V съезда ВГБО

г. Тольятти, 15-19 сент. 1986 г. – Куйбышев, 1986. – Ч. 2. – С. 254-255.

3. Методическое пособие при гидробиологических рыбохозяйствен-

ных исследований водоемов Казахстана (планктон, зообентос). – Алматы,

2006. – 27 с.

4. Методические рекомендации по сбору и обработке материалов при

гидробиологических исследованиях на пресноводных водоемах. Задачи и

методы изучения и использования кормовой базы рыб. – Л.: ГосНИОРХ,

1984. – 376 с.

5. Определитель пресноводных беспозвоночных европейской части

СССР / Под ред. Л.А. Кутиковой, Я.И. Старобогатова. – Л.: Гидрометео-

издат, 1977. – 512 с.

Түйін

Мақалада Кіші Арал теңізіндегі су түбі омыртқасыздарының 2015 ж.

зерттеу жұмыстарының қорытындысы көрсетілген. Макрозообентостың

сандық көрсеткіштері бойынша балық қоры көктемнен күз мезгіліне қарай

төмендеп, трофтылық деңгейі ά-эвтрофты типінен β-мезотрофты типіне

түскен.

Резюме

Представлены материалы исследования макрозообентоса Малого

Аральского моря за 2015 г. Значения количественных показателей макро-

зообентоса от весны к осени свидетельствуют о понижении уровня корм-

ности рыб в водоеме и трофности водоема от ά-эвтрофного типа до β-

мезотрофного.

Summary

Materials of research of a macrozoobenthos of the Small Aral Sea for 2015

are presented in article. Values of quantitative indices of a macrozoobenthos

from spring by fall demonstrate lowering of the level of a kormnost of fishes in a

reservoir, and a reservoir trofnost from ά-evtrof type to β-mezotrof type.

Page 89: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және ұқсату

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 89

ӘОЖ 664.654.12

ҰЙЫТҚЫЛАРДЫҢ НАН САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

А.Б. ЖУМАБЕКОВА1, магистрант, Л.Б. УМИРАЛИЕВА

2, техника

ғылымдарының кандидаты

1Қазақ Ұлттық аграрлық университеті,

2«Қазақ өнеркәсіпті қайта өңдеу

және азықтық ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

e-mail: [email protected]

Түйінді сөздер: ұйытқы; бактериялар; ұйытқы микрофлорасы, ұн микрофло-

расы; нан сапасы; ашытқы.

Сүтқышқылды бактериялар тамақ өнеркәсібінің түрлі саласында және

ауыл шаруашылығында кең қолданыс тапқан микроорганизмдерге жатады.

Олар нан пісіруде, әсіресе қара нан өндірісінде, «нанның картоп ауруын»

жоюда аса маңызды роль атқарады.

Нанның дәмі мен иісінің пайда болуындағы басты роль сүт қышқыл-

ды бактерияларға тиесілі, сондықтан нан өндірісінде сүт қышқылды бакте-

рияларды зерттеуге көп көңіл бөлінуі бекер емес.

Бактериялар астықты ұнтау кезінде түседі, олардың саны кебек бөл-

шектерін құрайтын ұнда көп кездеседі. Әдебиет деректерін талдау [1, 4, 7,

18] көрсеткендей, ұнның құрамындағы сүт қышқылды бактериялардың

мөлшері туралы мәліметтер мардымсыз, жалпы микрофлоралардың бар

екендігі сипатталып, тек ара-тұра ғана сүт қышқылды бактериялар туралы

айтылып кетеді. Мысалы, авторлар [7, 18] ұнның ашуын ұндағы қышқыл

түзуші бактериялардың түрлі қышқылдар түзе отырып, ұнның қантын

ашытатын сүт қышқылды және басқа да түрлерінің дамуымен байланыс-

тырады. Ұнда ерекше иіс пен дәм пайда болып, титрленетін қышқылдық

өседі. Бұл жағдай, әрине, өнімнің ылғалдылығы 14-15%-дан аспайтын ұнды

сақтаудың қалыпты шарттарында орындалмауы мүмкін. Соңғы деректер

көрсеткендей [3], ұсақтаудан кейінгі сақтау кезіндегі ұн қышқылдығының

жоғарылауы, негізінен, онда еркін май қышқылдарының жиналуына бай-

ланысты. Микроорганизмдердің мөлшері ұн сортына байланысты болады:

төменгі сортқа қарағанда, жоғары сортта микроорганизмдер аз кездеседі.

В.М. Богдановтың [7] деректері бойынша, сортына қарай ұн микроорга-

низмдердің мынадай мөлшерін құрайды (%, астықтың зарарсыздануына

шаққанда):

Page 90: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және ұқсату

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 90

жоғары сорт - 9-14;

1 сортты бидай ұны – 11-32;

2 сортты бидай ұны – 21-56;

кебектер – 50-ге дейін.

Демек, мұны ұнның сүт қышқылды бактериялармен зарарсыздануы-

ның дәрежесіне жатқызуға болады. Сондықтан қазіргі таңда нан пісіру өнді-

рісінде ұйытқы дайындаудың тәсілдеріне аса көңіл бөлінеді.

Нан пісіру тәжірибесінде сүт қышқылды бактериялар мен ашытқы-

лардың қоспасында немесе тек ғана бактерияларда өсірілетін жартылай фа-

брикаттар – ұйытқылар қолданылады.

Ұйытқылар – қара бидай, бидай немесе бүтін дәнді бидай ұнынан, сүт

қышқылды немесе пропион қышқылды бактериялар мен нан пісіретін

ашытқыдан тұратын қоректік қоспаны ашыту жолымен алынған нан пісіру

өндірісінің қою немесе сұйық жартылай фабрикаты.

Сүт қышқылды бактерияларды жеке-дара микроорганизмдер тобына

біріктіретін негізгі қасиет – ашудың басты өнімі ретінде сүт қышқылын

түзу қабілеті. Сүт қышқылды бактериялар өздерінің дамуы үшін көмірсу-

лардан басқа, амин қышқылдарына, дәрумендерге және өсудің түрлі фак-

торларына зәру. Көптеген түрі үшін оңтайлы белсенді қышқылдық орта

pH 5-6 болып табылады.

Ұйытқылардың сүт қышқылды бактериялары ферменттер кешенін құ-

райтын [5, 6, 8, 12-14, 19], қамырдың қасиеттеріне нақты әсер ететін тірі ор-

ганизмдер болып табылады. Кейбір зерттеушілер [9, 15, 17] оларды ұн орта-

ларының протеолизін, тіпті амилолизін жүзеге асыруға қабілетті деп есеп-

тейді, басқалары [2, 10, 11] сүт қышқылды таяқшалар әлсіз протеолитика-

лық белсенділікке ие деп мәлімдейді.

Сүт қышқылды бактериялар табиғи және өндірістік субстраттарда да-

ми отырып, басқа да микроорганизмдермен күрделі қарым-қатынастарға тү-

седі. Бұл қарым-қатынастардың сипаты көптеген факторға байланысты. Бұл

ретте түрлік тиесілік маңызды роль атқарады. Мысалы, қамыр дайындауда

сүт қышқылды бактериялар мен ашытқылар симбиозда болады, нәтиже-

сінде нан көлемі, оның дәмі мен иісі қамтамасыз етіледі.

Бидай ұйытқыларын дайындалу тәсілі бойынша 4 түрге бөлуге бола-

ды: өздігінше ашитын; ашытқылардың таза дақылдарын араластыру циклін

қолдану; ашытқы және сүт қышқылды бактериялардың таза дақылдарында;

сүт қышқылды бактериялардың таза дақылдарын араластыру циклін қолда-

ну. Ұйытқы алуда ұнды ортаға (қайнатылған, қайнатылмаған немесе қай-

натпа қосылған ұнды суспензия) араластыру циклінде ашытқылардың таза

дақылдарын алдын ала зарарсыздандырылған жағдайда қажетті биомассаға

дейін көбейтіп, көп мөлшерде енгізеді. Оның орнына сығымдалған ашыт-

қыны да қолдануға болады [3, 16].

Page 91: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және ұқсату

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 91

Ұйытқыны ұн мен судың қоспасын жедел ашыту жолымен дайындау

тәсілінің аса күрделі және үдерістің ұзаққа созылуы (6-20 сағаттан 7-10 фа-

за), ұйытқы сапасының тұрақсыздығы сияқты бірқатар кемшілігі бар.

Ұйытқыны дайындаудың эмпирикалық жолмен алынған бұл тәсілі

өте көне бола тұра, ғылыми тұрғыдан негізделген.

1 г ұнның құрамында он мыңнан бірнеше миллионға дейін микроор-

ганизм болады. Микроорганизмдердің сапалық құрамы әр түрлі. Оның құ-

рамында саңырауқұлақтар, бактериялар, актиномицеттер және микроорга-

низмдердің басқа да түрлері кездеседі, бірақ олар аса белсенділік танытпай-

ды. Ұнның 15% төмен ылғалдылығында микроорганизмдердің барлық түрі

аса белсенділік танытпайды, ылғалдылық 40-50%-ға дейін жоғарылағанда

нан пісіру өндірісінің жартылай фабрикаттарында олардың дамуы үшін қо-

лайлы жағдай туады. Ұнның амин қышқылдары, қанты, дәрумендері ерітін-

діге көшіп, микроорганизмдерге қолжетімді бола бастайды. Осы сәттен бас-

тап мекендеу ортасын иелену үшін түрлі микроорганизмдер арасында бәсе-

келестік күрес басталады, нәтижесінде нақты жағдайдағы тіршілікке басқа-

ларына қарағанда жақсы икемделген микроорганизмдер жеңеді.

Сүт қышқылды бактериялар қамыр жағдайына аса икемделген. Басқа-

ларына қарағанда жылдамырақ көбейе отырып, олар басқа микроорганизм-

дердің тіршілік әрекетін басатын сүт қышқылын түзеді.

Алдымен сілтісүйгіш микроорганизмдер (шіріткіш бактериялар және

басқалары), содан соң бейтарап ортаны қалайтын (ішек таяқшалары тобы-

ның бактериялары) микроорганизмдер жойылады. Қышқылдықтың жоғары-

лауына қарай қышқылсүйгіш бактериялар (май қышқылды, сірке қышқыл-

ды және басқалары) өз тіршіліктерін жоя бастайды. Ортаның жоғары қыш-

қылдығын қалайтын бактериялар, ұйытқылардың көптеген түрі (қантты ми-

цеттер мен қантсыз мицеттер), зең саңырауқұлақтары және басқалары тек

аэробты жағдайларда ғана өсуі мүмкін.

Қантты мицеттер факультативті анаэробтар болып табылады, яғни

ұнды жартылай фабрикаттардың оттегісіз жағдайында көбеюге және тір-

шілік етуге қабілетті. Өсіру нәтижесінде анаэробтық жағдайларда жартылай

фабрикаттардың (ұйытқы, қамыр) жоғары қышқылдығында өнетін ашытқы-

лар мен сүт қышқылды бактериялар қалады. Сонымен, ашытқылар мен сүт

қышқылды бактериялардың спиртті, сүт қышқылын жинақтауы және отте-

гінің болмауы оларда бөтен микроорганизмдердің дамуына жол бермейді.

Бұл ретте ашытқылар мен сүт қышқылды бактериялар синергистер болып

табылады [15].

Сүт қышқылды бактериялар мен ашытқылардың таза дақылдарын

қолдану тәсілі. Нан ұйытқысын дайындауда микроорганизмдердің таза да-

қылдарын пайдаланудың теориялық негіздемесі ХХ ғасырдың 20-жылдары

нан ұйытқыларының және қамырдың ерекше микрофлорасын бөліп алу мен

қарқындатудан кейін пайда болды [11].

Page 92: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және ұқсату

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 92

Қазіргі таңда таза дақыл деп бөгде микробтардың қоспасынсыз, бір

жасушадан алынған кез келген микроорганизмнің ұрпағын айтады.

Зарарсыздандырылмаған шикізатты қайта өңдейтін нан пісіру өнеркә-

сібінде таза дақылдар аса маңызды орын алады. Ұн аса бай және түрлі ми-

крофлораны құрайды, онда ашытқылар, қантты мицеттер мен сүт қышқыл-

ды бактериялар аз ғана мөлшерде кездеседі. Сондықтан ашыту үдерісінің

қажетті бағыты ұйытқыға немесе қамырға ерекше микроорганизмдерді енгі-

зуде ғана мүмкін.

Қажетті мөлшерде енгізілген ашытқылар мен сүт қышқылды бакте-

риялардың таза дақылдары басты микрофлораның жылдам да берік тұрақ-

тылығын, қалыпты ашуын қамтамасыз ете отырып, өндірісті кездейсоқтық-

тан сақтауға кепілдік береді. Сонымен қатар, дақылдарды таңдау дайын

өнімнің сапасына белсенді түрде әсер етуіне мүмкіндік береді. Демек, таза

дақылдардың көмегімен микробтардың жұмысын саналы түрде басқаруға

және олардың тіршілігін белгіленген бағытта қолдануға болады.

Сүт қышқылды ұйытқылардың құрамына, әдетте, бірлескен дақыл-

дарда белсенді қышқыл түзушілер (гомоферментативті түрлері) мен көп

ұшқыш қышқылдарды өндіретін (гетероферментативті түрлері) дақылдарды

ендіреді.

Олардың ішінде, қою қара бидай ұйытқылары үшін аса жарамдылары

L. brevis, L. plantarum түрлері. Сұйық қара бидай ұйытқылары үшін сүт

қышқылды бактериялардың төрт түрі – L. plantarum, L. brevis, L. fermenti,

L. casei ұсынылған.

Ұйытқыларда енгізілген таза дақылдарды сақтау және өсіру үшін

оларға қолайлы жағдай жасалады. Тек дұрыс технология орындалғанда ғана

таза дақылдарды қолдану нәтижелері шын мәнінде тиімді болады. Қалыпты

ашыту жағдайында ұйытқыларда ашытқылар мен сүт қышқылды бактерия-

лардан басқа да микроорганизмдердің біршама тобы дамуы мүмкін. Бірақ,

технологиялық үдерісті бұзу ашытатын микрофлораны ығыстырып, нан са-

пасын төмендететін бөтен түрлердің дамуына сирек ықпал етеді.

Ұйытқы негізіндегі белгілі дайындау тәсілі сапа тұрақтылығы жағы-

нан аса сенімді. Ашыған порцияны жаңарту жолымен ұйытқыны ұзақ мер-

зім енгізуге болады (6-12 ай және одан да жоғары). Бұл тәсіл ұйытқыны да-

йындаудың өндірістік циклінде сәтті жүзеге асырылады [19].

Құрғақ лактобактеринді қолдану тәсілі қою қара бидай ұйытқысын

алуға арналған. Құрғақ лактобактерин сұйық нан ұйытқылары үшін дәстүр-

лі қайнатпалы және қайнатпасыз сұйық қара бидай ұйытқысын дайындауда

қолданылады. Сонымен қатар, ол қойылтылған сұйық сүт қышқылды ұйыт-

қылар үшін қолданылады. Құрғақ лактобактерин термофильді ашытылған

қайнатпалар үшін нанның қайнатпалы сорттары мен сұйық ұйытқылар өнді-

рісінде қайнатпаларды ашытуда қолданылады.

Page 93: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және ұқсату

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 93

Құрғақ лактобактерин нан ұйытқылары үшін крем түстес ұсақ саңы-

лаулы таблеткалар түрінде болады. Олар суда жақсы ериді. Салмағы шама-

мен 1 г болатын әр таблеткада сүт қышқылды бактериялардың 10 млрд-тан

кем болмайтын тірі жасушалары кездеседі. Бөтен микрофлора препаратта

болмайды.

Өнеркәсіпте анабиоз жағдайындағы лиофилизирленген микроорга-

низмдерді қолдануда микробтық популяцияны белсендіру үдерісі маңызды

орын алады. Бұл үдеріс регидратацияны (препаратты ылғалдандыру) және

реактивацияны (жасушалық құрылымды қалпына келтіру) құрайды. Реги-

дратация аз ғана уақыт ішінде жасушаларды сумен шаю болып табылады.

Б.А. Фихтенің деректері бойынша, жасушадан тыс су 1-2 минуттың ішінде

жасуша қабырғасы мен цитоплазмалық мембранадан өтеді, ал 8-10 минут-

тан кейін жасушаны толықтай қанықтырады. Бұл ретте су температурасы

аса маңызды. Регидратация кезінде, егер су температурасы аса жоғары бол-

са, жасушалық компоненттер шығынының төмендейтіндігі анықталған.

Мысалы, сүт қышқылды бактериялар үшін регидратацияның оңтайлы тем-

пературалық режимі 40°С-ты құрайды.

МемНӨҒЗИ СПб филиалында 1980-1982 жж. сублимация әдісімен

лактобацилдің таза дақылдарын сусыздандыру бойынша зерттеу жүргізілді.

Таза дақылдар ретінде белгілі ленинградтық штамдар L. plantarum-63,

L. brevis-5, L. brevis-78, L. brevis-l, L. casei-26, L. plantarum-30, L. fermenti-34,

L. delbruckii-76 қолданылды. Олардың барлығы 12 ай бойы тіршілікке қа-

білеттілігін және жоғары қышқыл түзуші белсенділігін сақтай отырып, мо-

нодақылда және аралас дақылда кептіруге жақсы төзетіндігімен ерекшеле-

неді. Бұл сүт қышқылды бактериялардың кешенді құрғақ препараттары

«Нан ұйытқылары үшін құрған лактобактерин» деп аталады (а.с. №730334).

Лиофилизирленген дақылдарды азот атмосферасында құтыларда сақ-

тау қышқылдану үдерістерінсіз жүзеге асады және бактериалды жасушалар-

дың анабиоз жағдайында ұзағырақ болуына ықпал етеді.

Құрғақ лактобактерин үш түрде өндіріледі:

қою нан ашытқылары үшін (L. plantarum-63, L. brevis-5, L. brevis-78

штамдарының қоспасынан);

сұйық нан ашытқылары үшін (L. brevis-1, L. casei-26, L. plantarum-

30, L. fermenti-34 штамдарының қоспасынан);

термофильді ашытылған қайнатпалар үшін (L. delbruckii-76 штамы-

нан) [5].

Ұйытқыны дайындаудың келешекті тәсілі – сүт қышқылды бактерия-

ларды құрайтын консорциумды қолдану. Жұмыстардың қазіргі сатысында

бидай ұнынан дайындалған нан-тоқаш өнімдері үшін пробиотикалық ұйыт-

қы ретіндегі сүт қышқылды бактериялардың белсенді дақылдарының (пе-

диококтардың және лактобацилдердің) негізіндегі консорциум өзекті болып

Page 94: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және ұқсату

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 94

табылады. Бидай нанына арналған сұйық препараттың негізі ретінде Lacto-

bacillus pontis, Lactobacillus paracasei, Pediococcus acidilactici сүт қышқыл-

ды бактерияларының консорциумы қолданылған.

Ұйытқыны консорциумның 50 мл сұйық биомассасын 500 мл ұнды

қоректік қоспамен араластыру жолымен алады, ашыту үшін термостатқа

35ºС температурада 18 сағатқа қойылады.

Пробиотикалық консорциумның биологиялық қасиеттері бидай ұнын

құрайтын ұнды ортада зерттелді.

Нанның бидайлық сорттарын өндіруде сүт қышқылды бактерияларды

қолдануда олардың қышқыл түзуші қабілетін, антогинизмін, сонымен қатар

дайын өнімдердің дәрумендермен қанығу мүмкіндігін ескеру керектігі бел-

гілі.

Күткендей, сүт қышқылды бактериялардың (Lactobacillus paracasei,

Lactobacillus pontis, Pediococcus acidilactici) үш дақылынан құралған кон-

сорциум аса жоғары биологиялық қасиеттерге ие. Консорциум құрамына

бидай және қара бидай ұндарынан бөлінген аса белсенді штамдар енгізіл-

ген.

Қара бидай ұйытқыларын, қара бидай қамырын және олардың түрлік

құрамын ашытатын сүт қышқылды бактериялар мен микроорганизмдердің

тіршілікке қабілеттілігі арасындағы өзара байланыс анықталды.

Сүт қышқылды бактерияларды қолдану арқылы қара бидай ұйыт-

қыларын суықпен консервациялау бойынша тәжірибелер жүргізілді. Бұл

үшін құрамына сүт қышқылды бактериялар кіретін консорциумды қосу ар-

қылы қара бидай ұйытқысы дайындалды. Содан соң, ұйытқы Нейман бо-

йынша 10-12° қышқылдыққа жеткенше тұрғызылды. Одан кейін ол 2 бөлік-

ке бөлініп, суықпен өңделді, яғни -18°С және -40°С температурада тоңазы-

тылды.

Әрі қарай, суықпен өңдегеннен кейін қара бидай ұйытқысын сақтау-

дың оңтайлы мерзімін белгілеу және микроорганизмдердің өміршеңдігін

байқау мақсатында бірқатар егу жүргізілді.

Егулер 7 күнде 1 реттік кезеңмен үш апта бойына жүргізілді. Егу

үшін ұйытқы ерітіліп, содан кейін сынама сумен 1:10 араластырылып, ме-

зофильді аэробты және факультативті анаэробты микроорганизмдердің

мөлшерін анықтау мақсатында қоректік ортаға ендірілді. Бидай ұнынан

нан-тоқаш өнімдерін дайындауда қара бидай ұйытқысы үшін жасалған кон-

сорциум сынамасы консорциумды қолдану нанның сақталу мерзімін 3 тәу-

ліктен 5 тәулікке дейін ұзартуға ықпал ететіндігін көрсетті.

Сонымен, нан пісіруде қолданылатын ашытқыларды дайындаудың

бірнеше тәсілі қарастырылды. Біздің ойымызша, ұйытқылар дайындаудағы

аса оңтайлы тәсіл – сүт қышқылды бактериялардың (Lactobacillus paracasei,

Lactobacillus pontis, Pediococcus acidilactici) үш дақылынан құралған кон-

Page 95: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және ұқсату

Жаршы, №5-6 – 2016 __________________________________________________________ 95

сорциум аса жоғары биологиялық қасиеттерге ие. Консорциум құрамына

бидай және қара бидай ұндарынан бөлінген аса белсенді штамдар енгізіл-

ген. Сондықтан осы штамдар нан өнімдерін өндіруде мұздатылған жарты-

лай фабрикат дайындау барысында төмен температураға төзімді және нан

өнімдерінің микробиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

2. Айджанов М.М. Фортификация муки: гарантия безопасности и сни-

жения рисков // Здоровье и болезнь. – 2005. – №3 (40). – С. 9-16.

18. Арора С.К. Химия и биохимия бобовых растений. – М., 1986. –

256 с.

5. Ауэрман Л.Я. Технология хлебопекарного производства. – CПб.:

Профессия, 2003. – 416 с.

3. Биохимические основы технологии пищевых производств. Симпо-

зиум VIII. – M.: АН СССР, 1962. – 343 с.

9. Бурнштейн А.И. Методы исследования пищевых продуктов. –

Киев: ДМВ гос. мед. из-во УССР, 1963. – 643 с.

8. Ельцова О.П., Ройтер И.М., Витавская А.В. и др. Роль молочно-

кислой закваски в формировании физических свойств пшеничного теста //

Известия высших учебных заведений // Пищевая технология. – 1978. – №3.

– С. 62-65.

4. Казаков А.В. Эуфлорины – истоки жидких форм БАД микробного

происхождения: Сб. матер. межд. науч.-техн. конф. «Пробиотики, пребио-

тики, синбиотики и функциональные продукты питания. Современное со-

стояние и перспективы». – М.: Россия, 2-4 июня 2004. – С. 103-104.

7. Калиева Н.М., Сейдеханов А.С., Витавская А.В., Баймуханова Д.Б.

Повышение пробиотических свойств молочнокислых заквасок при произ-

водстве хлеба: Сб. матер. межд. конф. «Пробиотики, пребиотики, синбио-

тики и функциональные продукты питания. Современное состояние и перс-

пективы». – М.: Россия, 2-4 июня 2004. – С. 24-26.

13. Кислухина О.В. Ферменты в производстве пищи и кормов. – М.:

Дели-принт, 2002. – 336 с.

17. Макарова А.П., Гриневич А.Г. и др. Протеолитические свойства

мезофильных молочнокислых бактерий, изолированных с растительных

субстратов: Биология микроорганизмов и их использование в народном

хозяйстве. – Иркутск, 1977. – С. 104-107.

16. Мосолов В.В. Протеолитические ферменты. – М.: Наука, 1971. –

412 с.

10. Окунцова М.М Специальный практикум по биохимии и физио-

логии растений. – Томск: Томский университет, 1966. – 102 с.

6. Орлюк Т.М. Оптимизация процессов созревания пшеничных полу-

фабрикатов с использованием закваски молочнокислых бактерий: Дисс. …

канд. техн. наук. – Алматы, 2003. – 115 с.

Page 96: Қазақстан Республикасыnasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N5-6-2016.pdf · 2018-08-28 · Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және ұқсату

__________________________________________________________ Жаршы, №5-6 – 2016 96

12. Покровский А.А. Химический состав пищевых продуктов. – М.:

Пищевая промышленность, 1976. – 227 с.

14. Полная энциклопедия народной медицины. – М.: АНО ОЛМА-

пресс, 2000. – 750 с.

19. Работнова И.Л. Материалы к истории технической микробиоло-

гии в СССР. Микробиология хлебопечения // Микробиология. 1954. – Т. 23.

– Вып. 2. – С. 221-227.

15. Рахимова А.К., Витавская А.В., Дудикова Г.Н. Влияние соевой

полиштаммовой закваски на процессы тестоприготовления и качество

хлеба // Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана. – 2001. – №9. –

С. 61-62.

1. Рахманкулова Р.К. Роль молочнокислых бактерий и дрожжей в

формировании хлеба. – М.: ЦНИИТЭИпищепром, 1981. – Вып. 19. – С. 18-

20.

11. Скурихин И.М., Нестерин М.Ф. Химический состав пищевых про-

дуктов. – М.: Пищевая промышленность, 1979. – 245 с.

Түйін

Мақалада нан өнімдерінің сапасын камтамасыз етудің маңыздылығы

және нан пісіру өндірісінде қолданылатын ұйытқылардың түрлері жайында

жазылған. Нан өнімдерін өндіруде белсенді қолданылатын ұйытқыларды

дайындау тәсілдері келтірілген.

Резюме

В статье описываются виды заквасок, изпользуемые в хлебопечении и

их важность в обеспечении качества хлебобулочных изделий. Приведены

различные способы использования заквасок, которые активно используют-

ся при производстве хлебобулочных изделий.

Summary

The article describes the types of starter cultures used in baking and its

importance in ensuring the quality of bakery products. The different ways of

using starter cultures, which are widely used in the production of bakery

products.