96
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚАЗАҚСТАН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ Ж А Р Ш Ы ЖУРНАЛЫ АЙ САЙЫН ШЫҒАТЫН ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ЖУРНАЛ 1992 ЖЫЛДАН БАСТАП ШЫҒАДЫ (№276-277) 1-2 ҚАҢТАР- АҚПАН Алматы 2016

Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

  • Upload
    others

  • View
    27

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

ҚАЗАҚСТАН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ

Ж А Р Ш Ы ЖУРНАЛЫ

АЙ САЙЫН ШЫҒАТЫН

ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ

ЖУРНАЛ

1992 ЖЫЛДАН БАСТАП

ШЫҒАДЫ (№276-277)

1-2 ҚАҢТАР-АҚПАН

Алматы

2016

Page 2: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Ақылдастар алқасы

Ақылдастар алқасының төрағасы НАМЕТОВ А.М., ветеринария

ғылымдарының докторы, профессор,

ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі

Ақылдастар алқасы

төрағасының орынбасары

КЕНЕНБАЕВ С.Б., ауыл

шаруашылығы ғылымдарының

докторы, профессор, ҚР ҰҒА

құрметті мүшесі

Ақылдастар алқасының мүшелері

А.М. Абдыбекова, ветеринария ғылымдарының докторы;

Т.Е. Айтбаев, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корреспон-

дент-мүшесі;

Қ.Ж. Аманжолов, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор;

Н.Ә. Әмірғалиев, география ғылымдарының докторы;

Р.К. Бекбаев, техника ғылымдарының докторы, профессор;

Б.Р. Ирмулатов, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент;

Г.Н. Қайырова, биология ғылымдарының кандидаты;

Ғ.А. Қалиев, экономика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, ҚР АШҒА

президенті, РАШҒА академигі;

Г.Т. Мейірман, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі;

Б.М. Мұқанов, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор;

Р.А. Оразалиев, биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА, РАШҒА,

УАҒА академигі;

С.Ы. Өмірзақов, техника ғылымдарының докторы;

Ж.Ә. Паржанов, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор;

А.С. Рзалиев, техника ғылымдарының кандидаты;

Ш.С. Рсалиев, биология ғылымдарының докторы;

А.С. Сапаров, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы;

Т.Ч. Тултабаева, техника ғылымдарының докторы;

И. Үмбетаев, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корреспон-

дент-мүшесі, ҚР АШҒА академигі

Журнал Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат

министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінде

30.10.2009 ж. есепке алынып, №10448-ж куәлігі берілген

Page 3: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

М А З М Ұ Н Ы

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 3

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Кененбаев С.Б. Ауа райының жаһандық өзгеруі және оның Қазақстан Республикасы

ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына әсері

Kenenbayev S.B. Global climate change and its impact on the continued development of

agriculture of the Republic of Kazakhstan

11

Сыдық Д.А., Сыдыков М.А. Оңтүстік Қазақстанның суармалы егіншілігінде

минералды тыңайтқыштар мен адаптоген препаратын майбұршақ егісінде

қолданудың экономикалық тиімділігі

Sydyk D.A., Sydykov M.A. Economic efficiency of application of fertilizers and

preparations adaptogen for planting soybeans in irrigated lands in Southern Kazakhstan

17

Ермекбаев Б.Ө., Башкараев Н.А., Есимов У.О. Жатаған укекірені жоюға арналған

3 қабатты культиватор-сыдыра қопсытқыштың эксперименттік үлгісін сынау

Yermekbaev B.U., Bashkarayev N.A., Yesimov U.O. Field trials of the 3-tiered cultivator

experimental sample for eradication of a bitterling repens

21

Үмбетаев И., Махмаджанов С.П., Қостақов А., Гусейнов И.Р. Қарбыз егісіндегі

арамшөптермен агротехникалық әдіспен күресу

Umbetayev I., Mahmadzhanov S.P., Kostakov A., Guseinov I.R. Technology of fight

against weeds on sowing of water-melon

26

Мұхаметкаримов Қ., Кенжеғұлова С.О., Аманова А.А. Ақтөбе хром қосылыстары

зауыты өндірісінің қала топырақтары экологиясына және ауыр металдар

жинақталуына әсері

Muhametkarimov K., Kenzhegulova S.О., Amanova A.A. The impact of the production

plant of chromium compounds Aktobe on the accumulation of heavy metals and on the

environment of urban soils

30

Мәмбетов Б.Т., Майсупова Б.Ж., Досманбетов Д.А., Келгенбаев Н.С., Дүкенов Ж.С.

Жоңғар және Іле Алатауында табиғи өсіп жатқан жабайы алма ағашының өсіп-

дамуын анықтау

Mambetov B.Т., Maisupova B.Zh., Dosmanbetov D.A., Kelgenbayev N.S, Dukenov J.S.

Jungar and the Ile Alatau natural growing in the wild apple tree growth and development

35

Өсімдік шаруашылығы. Селекция. Мал азығы өндірісі және жайылым

Парамонов А.И., Калдарова С.М., Цхай М.Б. Күріш ауыспалы егісіндегі жоңышқа

алқабының булану динамикасы

Paramonov A.I., Kaldarova S.M., Tskhay M.B. Dynamics of evaporation from the alfalfa

field in rice crop rotation

42

Исмаилов Б.Ә. Жоңышқа мен еркекшөптің жаңа сорттарын сынау нәтижелері

Ismailov B.A. The results of strain testing new varieties of alfalfa and wheatgrass 49

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

Әбу А. Ә., Жұманов Қ.Ж., Садыбаев У.Ж., Джанабаев И.Р. Етті ірі қара малдың

индекстік бағалау әдістемесін жетілдіру

Abu A.A., Jumanov K.J, Sadibaev U.G., Janabaev I.R. Improving methods of assessment

index beef cattle

53

Page 4: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

М А З М Ұ Н Ы

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 4

Ирзағалиев Қ., Сұлтанов С. Еділбай және еділбай типтес қой аналықтарының өз

төлінен көбею қабілеті

Irzagaliyev K., Sultanov S. Growth ability on crop of breeding stock and type of Edilbay

sheep

59

Паржанов Ж.Ә. Жайып семірту кезіндегі қаракөл тоқтыларының тірілей салмағының

өзгеруі

Parzhanov J.A. Change of live mass karakul sheep adult in pasture feeding period

64

Құс, балық және ара шаруашылығы

Садвакасов К.К., Ли Д.В., Айтмамбет К.М. Қазақстанда тауарлық балық

шаруашылығын аймақтық мамандандыру сұлбасын жасау үшін пайдаланылатын

экономикалық көрсеткіштерді бағалау

Sadvakassov K.K., Li D.V., Aytmambet K.M. The evaluation of economic parameters

used for designing the scheme of aquacultural regional specialization in the Kazakhstan

68

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және ұқсату

Сұлтанова М.Ж., Шаймерденова П.Р., Чаканова Ж.М., Абдрахманов Х.А., Боровский А.Ю. Зығыр және рапс тұқымдарының кептіруден кейінгі егіндік

сапасының сақталуын зерттеу

Sultanova M.Zh., Shaimerdenova P.R., Chakanova J.M., Abdrahmanov Kh.A.,

Borovsky А. Research on the conservation of sowing qualities of flax and rapeseed after

drying

76

Байкенов А.Ө., Полуботько О.В., Оспанкулова Г.Х. Нативті және тотыққан

крахмалдардың физикалық-химиялық қасиеттерін салыстыру

Baikenov A.O., Polubotko O.V., Ospankulova G.H. Сomparative сharaсteristiсs physiсal-

сhemiсal properties of native and oxidized starсhes

80

Темирова И.Ж., Сакенова Б.А., Турсынбаева Г.Б. Өсімдік майын фракциялаудың

тиімді әдісі

Temirova I.Zh., Sakenova B.A., Tursynbayeva G.B. An efficient method for the

fractionation of vegetable oils

86

Амантаева А.А., Шаулиева К.Т., Фазылова К.Н. Өсімдік шикізатының азықтық

және биологиялық құндылығы

Amantayeva A.A., Shaulieva K.T., Fazylova K.N. Food and biological value of plant

material

90

Page 5: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

ҚР АШМ АҚПАРАТЫ

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 5

«ҚазАгро» ұлттық холдингі банктерді 2016 жылдың

егістік науқанын қаржыландыруға тартады

http://mgov.kz/kz/

«ҚазАгро» ұлттық холдингі 2016 жылдың егістік науқанына дайын-

дықты бастады. Алдағы көктемгі егіс және жинау жұмыстарын қаржылан-

дыру кезіндегі Холдингтің негізгі міндеті – несие ресурстарын алу үшін

отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мүмкіндіктерін ба-

рынша кеңейту. Осы мақсатпен «ҚазАгро» екінші деңгейлі 11 банктің өкіл-

дерімен кездесу өткізді, оның барысында банктердің кеңейтілген филиал-

дары желісін пайдалану арқылы республиканың шаруашылықтары мен

агроқұрылымдарын қаржыландыру мәселелері талқыланды. Әңгіменің жеке

тақырыбы АӨК құрылатын кооперативтік қозғалысты қолдауға ЕДБ-нің

көптеп қатысу мүмкіндігі болды. Кездесу Алматы қаласындағы Қазақстан-

ның қаржыгерлері қауымдастығы алаңында өтті.

Мәлімет үшін, алдағы науқанды өткізуге және жалпы 2016 жылғы

көктемгі егіс жұмыстары барысында аграрларды қолдауға «ҚазАгро» ұлт-

тық холдингі 60 млрд теңге бюджеттік несие қаражатын бағыттауды жос-

парлайды, оларды қарыз түрінде Холдингтің кейбір еншілес ұйымдары мен

екінші деңгейлі банктердің арасында бөлу болжанады. Бұдан басқа, шаруа-

шылықтар мен агроқұрылымдарды қаржыландыруға, сондай-ақ ауыл ша-

руашылығы техникасының лизингіне «ҚазАгро» холдингінің компанияла-

ры меншікті және сырттан тартылған қаражатты бағыттайтын болады. Мы-

салы, 2015 ж. АӨК басты даму институтының егістік пен егін жинауды қар-

жыландырудың жиынтық сомасы бюджеттік несие қаражатын қоса есеп-

тегенде 101,2 млрд теңгені құрады. Сарапшылардың мәліметтері бойынша,

«ҚазАгро» ұлттық холдингі Қазақстандағы барлық бидай өндірісінің 50 па-

йызын қаржыландырды. Жалпы алаңы 6,5 млн га өсірілген және жиналған

егінді есепке алғанда, «ҚазАгро» холдингінің қаражаты есебінен әрбір екін-

ші тонна астық өндірілген.

Банктердің өкілдерімен кездесуде «ҚазАгро» холдингі астық өндіру-

шілер бірлестігінің қызметі мен қаржыландыру механизмін таныстырды

және ЕДБ жаңа клиенттер нарығын – ауыл шаруашылығы кооперативтерін

құру үдерісіне белсенді қатысуды ұсынды. 2015 ж. Ұлттық холдинг коопе-

рациялар негізінде аграрлық шаруашылықтарды біріктіру бойынша пилот-

тық жобаны іске асырған болатын. «ҚазАгроның» бастамасы 100-ден астам

шағын және орта шаруашылыққа дем берді, олар өткен егістік науқанының

алдында СҚО, Қостанай және Ақмола облыстарында – үш аймақтық коопе-

ративтің айналасында бірікті. Жобаны іске асыру ЕДБ қатысуымен жүзеге

асырылды және қаржы институттары өкілдерінің айтуынша, табысты аяқ-

талды.

«ҚазАгро» өкілдері атап өткендей, мемлекет ауыл шаруашылығы

кооперацияларын дамытуға барынша қызығушылық танытуда. 2016 жыл-

Page 6: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

ҚР АШМ АҚПАРАТЫ

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 6

дан бастап кедергілерді алып тастайтын және кооперацияларды ынталан-

дыратын жаңа заң күшіне енді.

Кездесу нәтижесінде банктер Ұлттық холдингтің бастамалары мен

ұсыныстарына қызығушылық танытқанын айтты. Егіс науқанының белсен-

ді кезеңі басталғанға дейін «ҚазАгро» холдингі өңірлерде көшпелі жиындар

өткізуді жоспарлаған, онда даму институтының өкілдері фермерлерге КЕЖ

қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары туралы айтып береді

және аймақтық астық кооперативтерін құру тәжірибесімен бөліседі. Осы

кеңестердің жұмысына ЕДБ аймақтағы филиалдарының басшылары да

қатысады.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ оның құрамына кіретін

компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқаруды қамтамасыз

ету арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі

мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Холдингтің құрамына «Азық-түлік

келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ, «ҚазАгроҚар-

жы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қар-

жылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроМаркетинг» АҚ,

«ҚазАгроКепіл» АҚ кіреді.

«ҚазАгро» холдингі» АҚ Баспасөз қызметі тел: (7172) 705 639, +7 701 460 91 82 [email protected] www.kazagro.kz

Шетелдік инвестициялар үшін Қазақстанның ауыл

шаруашылығы саласы тартымды болып отыр

http://mgov.kz/kz/

«100 нақты қадам» ұлттық жоспарын жүзеге асыру шеңберінде Қа-

зақстан Республикасының заңнамасына жерді жалға беру мерзімін ұлғайту,

салықтық әкімшілікті жеңілдету және шетелдік инвесторлар үшін инвести-

циялық преференцияларды беру бөлігіне өзгерістер енгізілді: шетелдік ком-

паниялар үшін жерді жалға беру мерзімі 10 жылдан 25 жылға дейін артып

отыр, «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде 30-80% мөлшерінде

басым бағыттар бойынша инвестициялық салымдар субсидияланады.

Жағымды инвестициялық климаттың орнауы республикамыздың

ауыл шаруашылығы секторының инвестициялық тартымдылығының артуы-

на себеп болды. Мәселен, 2015 ж. ауыл шаруашылығы секторына құйылған

инвестиция көлемі 167 млрд теңгені құрады.

Халықаралық талаптарға сәйкес, Қазақстанның ветеринариялық қыз-

метінің жаңғыруы 2015 ж. Қазақстанның 9 облысы Жануарлардың саулығы

жөніндегі дүниежүзілік ұйымнан аусылдан аман деген мәртебеге қол жет-

кізді, ағымдағы жылдың мамыр айында осындай мәртебені еліміздің бар-

Page 7: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

ҚР АШМ АҚПАРАТЫ

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 7

лық аймағына алу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл шетелдік ин-

весторлар үшін мал шаруашылығының экспортқа бағытталған өнімдерін

өндіру және қайта өңдеуге қаржы салуға сенімділік орнатады.

Мысалы, қытайлық компаниялар Қазақстанда бірлескен ауыл шаруа-

шылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар (ет, май және азықтық дақылдар,

томат өңдеу зауыттары) мен бордақылау алаңдарын құру және қазақстан-

дық өнімдерді ары қарай экспортқа шығаруға қызығушылық танытып отыр.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі (ары қарай – АШМ) Rifa Holding

Group», «Айцзюй», «CITIC» және «COFCO» қытайлық компанияларын

«100 нақты қадам» ұлттық жоспарына сәйкес (ары қарай – Жоспар) ауыл

шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытуға стратегиялық инвестор-

лар ретінде тарту бойынша жұмыстар жүргізуде.

«100 нақты қадам» ұлттық жоспары шеңберіндегі 61 қадамды жүзеге

асыру мақсатында «Еуразия агрохолдинг» компаниясы және «Rifa Holding

Group» қытай трансұлттық компаниясы аралығында ет кластерін құру бо-

йынша меморандумға қол қойылды.

«Rifa Holding Group» компаниясы Шығыс Қазақстан облысында қуат-

тылығы жылына 17 мың тонна қой және сиыр етін өндіретін ет комбинаты-

ның құрылысына және бір мезетте 50 мың бас ұсақ мал мен 1 000 бас ІҚМ

бордақыланатын алаңдарға қаржылай инвестиция салуға шешім қабылдады.

Кәсіпорынның 80% өнімі Қытайға экспортталуға бағытталатын болады.

Жобаның жалпы құны 7,9 млрд тг бағаланады. «Rifa Holding Group» жобаға

қатысу үлесі 49% құрайды.

Сонымен бірге, компания қазақстандық ет өндіретін бірнеше компа-

ниямен ынтымақтастық орнатуға дайын. Қазіргі таңда «Rifa Holding Group»

компаниясының өкілдері Ақтөбе облысындағы «Актеп», Қостанай облы-

сындағы «Север Агро-Н» және Алматы облысындағы «Архарлы майбүй-

рек» қазақстандық компанияларына аудит жасады.

Анықтама ретінде: «Rifa Holding Group» компаниясы әлемде ар-

найы, соның ішінде тоқыма өнеркәсібі саласындағы жабдықтарды өндіру

және сатумен белгілі. Компания ауыл шаруашылығы саласында бизнесін

2000 жылдардың басында бастап, казіргі таңда Қытай, Австралия және Ар-

гентина елдерінде ет өндіру және қайта өңдеу саласында жұмыстар атқа-

руда. Компания «Евразия агрохолдинг» компаниясымен бірлескен жоба

аясында қазақстандық органикалық сиыр және қой етін Қытай нарығына

шығаруға мүдделі.

Қытайдың инвестициялық жетекші корпорацияларының бірі «CITIC»

Қазақстанның мал шаруашылығы секторын инвестициялауға мүдделеніп

отыр. Қазіргі кезде «Бәйтерек» холдингімен ауыл шаруашылығында инвес-

тициялық жобаларды жүзеге асыруға арналған келісімге қол қойылды. Кор-

порация өнеркәсіптік негізде және бройлер құс фабрикасы бағытында бор-

дақылау алаңдарын салуға мүдделеніп отыр.

Page 8: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

ҚР АШМ АҚПАРАТЫ

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 8

Анықтама ретінде: «CITIC» корпорациясы негізінен инвестиция

және сауда саласында мамандандырылған. Өнеркәсіп секторында Қазақ-

станның компанияларымен белсенді ынтымақтасады.

Қытайдың «AIJIU» өнеркәсіптік тобы Солтүстік Қазақстан облысын-

дағы «Total Impex» ЖШС-мен 58 млн доллар сомасындағы дәнді және май

дақылдарын тереңдете өңдеу бойынша бірлескен инвестициялық жобаны

жүзеге асырады. Зауыттың жобалық қуаттылығы жылына 80 мың т өсімдік

майын, 200 мың т ұн, 200 мың т азықтарды құрайды.

Анықтама ретінде: «AIJIU» компаниясы Қытайдың ауыл шаруа-

шылығы индустриясында мемлекеттік деңгейдегі жетекші кәсіпорын болып

табылады, дәнді және май дақылдарын өндіру мен қайта өңдеуге мамандан-

дырылған. 1,5 мыңнан астам сауда орынынан тұратын жекеменшік сауда-

логистикалық желісі бар.

Компания мен «Еуразия агрохолдинг» бірлесіп, Қызылорда, Шығыс

Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында томат өсіру мен томат өнім-

дерін өндіруге арналған алаңдарда томат өсіру мен томат пасталары өнді-

рісі бойынша кластерлерін құру бойынша жобаларға 80 млн доллардан аса

инвестиция салуға ниеттенуде. Жобаларды бірлесіп жүзеге асыру арқасын-

да томат өндірісін 120 мың тоннаға өсіру жоспарланып отыр.

«COFCO» компаниясы дәнді, майлы дақылдар мен томатты өндіру-

де мамандандырылған ірі азықтық компаниялардың бірі болып табылады.

Компанияның дүние жүзіндегі 140 елде 336 бөлімшесі мен өкілдігі бар.

Компанияның жылдық қаржы айналымы 120 млрд долларды құрайды.

Гонконгтегі «Oriental Patron» қаржылық тобы ПСК серіктестері-

мен бірлесіп, одан ары қытай нарығына өткізу үшін Қазақстандағы ауыл

шаруашылығы өнімдерін тереңдетілген қайта өңдеу бойынша бірлескен

жұмысты дамыту үшін «Қазэкспортастық» қазақстандық компаниясының

дамуына инвестициялар салуды жоспарлауда. Инвестициялардың жалпы

сомасы 500 млн долларды құрайды.

«Oriental Patron» қаржылық тобы соңғы жылдары Қазақстандағы

ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 70 млн доллардан ас-

там қаржы салды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «RifaHoldingGroup»,

«AIJIU», «Еуразия агрохолдинг» «COFCO» жобасы бойынша, «Қазэкспорт-

астық» бірлескен «OrientalPatron» жобасы бойынша ары қарай Қытайдың

экспорттық нарығына шығару мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін

өндіру және қайта өңдеу бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін

қытай компанияларымен бірлескен іс-әрекеттер жоспарына қол қойылады.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі

+7 (7172) 555 765

[email protected]

Page 9: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

ҚР АШМ АҚПАРАТЫ

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 9

Су шаруашылығы нысандарының су тасқыны

кезеңіне дайындығы

http://mgov.kz/kz/

Жыл сайын ақпан айынан бастап маусым айына дейін, ауа райының жағ-

дайына байланысты, Қазақстанның әр түрлі аймақтарында көктемгі су тасқыны

қаупі болады. Сондықтан жыл сайын ҚР Президентінің 19.03.2004 ж. №451

Жарлығына сәйкес, қаңтар айынан бастап ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің

аумақтық бөлімшелері, облыстық төтенше жағдайлар бойынша департамент-

тері мен жергілікті атқарушы органдар мүмкін болатын төтенше жағдайларға

дайындық бойынша іс-шараларды бірлесіп іске асырады.

Осылайша, «Қазсушар» РМК облыстық филиалдары және ҚР АШМ Су

ресурстары комитетінің бассейндік инспекциялары 2016 жылдың тасқын су

мезгілінде ТЖ алдын алу және жою бойынша комиссияларды құру жөнінде

бұйрықтарды бекітті. Әр аймақ бойынша іс-шаралардың орындау мерзімдері

келісілді, олар:

– жағалауды бекіту жұмыстары үшін қорларды, соның ішінде ұсақталған

тас, кесектас, ыдыс-қап, ЖЖМ және т.б. дайындау;

– ТЖД бірлесіп су шаруашылығы нысандарының механикалық жап-

қыштарының жұмыс істеу және суды апатсыз жіберу мүмкіндіктерін тексеруді

өткізу;

– ТЖК, «Қазгидромет» РМК, ҚР АШМ СРК, әкімдіктердің құрылымда-

ры арасында ақпарат алмасу мен үздіксіз байланыс жұмыстарын ұйымдастыру;

– «Қазгидромет» РМК филиалдық желісімен бірлесіп қар жамылғысы

деңгейінің көрсеткіштерін алу және ауа райы болжамының мәліметтері негі-

зінде жібіген су мен т.б. жіберу үшін дайындық жұмыстарын жүзеге асыру.

Күн сайын ҚР АШМ СРК су деңгейі және республиканың барлық су қой-

масының жұмыс режимін, сондай-ақ бассейндер бойынша негізгі су артерия-

лары туралы ақпаратты талдайды.

2015 жылдың көктемгі тасқын су мезгілінде алдын алу бойынша қабыл-

данған іс-шараларға қарамастан, Ақмола облысының инфрақұрылымына зиян

келтірілді.

Жауын-шашынның көп түсуіне және ауа райының күрт жылуына байла-

нысты Аршалы, Астрахан, Атбасар, Бұланды, Ерейментау, Қорғалжын, Цели-

ноград және Шортанды аудандарында төтенше жағдай жарияланды. Нұра өзені

бойынша тасқын су ағыны 2,5 млн м3 құрады.

Су тораптары мен жақын маңдағы елді мекендердің іргелес аумағын су

басты, салдарынан Преображенск су торабының су қорғау аймағының тұтас

қоршаулары бұзылды, жоғарғы және төменгі бъефтердегі жыртылған таспен

бекітілген жағалаудың қорғаныстары шайылып кетті, Нұра-Есіл бассейнаралық

каналының бас бөлігі бұзылды. Кең бидай су торабының төменгі бъефінде сол

жағалау шайылып кетті, жоғарғы кернеулі электр жеткізу желілері тіреуішінің

шайылып кету қаупі төнді. Гидротехникалық құрылыстарға үлкен материалдық

зиян келтірілді, олар 2015 жылдың аяғына дейін «Қазсушар» РМК Ақмола

филиалының күшімен қалпына келтірілді.

Page 10: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

ҚР АШМ АҚПАРАТЫ

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 10

2015 жылдың тасқын суынан кейін гидротехникалық құрылыстар мен ел-

ді мекендердің инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстары Шығыс Қазақ-

стан және Солтүстік Қазақстан облыстарында жүргізілді.

Биыл осы аймақтарда тасқын су қаупі бар. Осылайша, «Қазгидромет»

РМК СҚФ мәліметтері бойынша, қаңтар айында СҚО қар жамылғысының биік-

тігі көпжылдық орташа көрсеткіштерден 1,5 есе, жеке айдындарда 2 есе артты.

«Қазгидромет» РМК ауа райы болжамы мәліметтеріне сәйкес, ақпанда да жа-

уын-шашынның үлкен мөлшері күтілуде. Ал наурыз айының үшінші онкүн-

дігінде температура 5-10 градус жылылықты көрсетеді деп болжануда. Аймақ-

та 2015 жылдың тасқын су салдарынан 7 елді мекендегі 62 үйді және 150-ден

астам саяжай учаскесін су басты. 5 елді мекен аумағынан 286 адам және 750

бас жануар эвакуацияланды. Су тасқынына байланысты 27 автокөлік жолы ар-

қылы өзеннің арнасы асты. Гидротехникалық құрылыстарды қалпына келтіру

жұмыстары да «Қазсушар» РМК күшімен өткізілді.

Бүгінгі күні «Қазсушар» РМК балансындағы, сондай-ақ коммуналдық

және жеке меншіктегі барлық су шаруашылығы құрылысы тексерілді. Су ша-

руашылығы құрылыстарының меншік иелеріне тасқын су мезгілі басталғанға

дейін олқылықтарды жою бойынша ұсыныстар берілді. Алайда, күрделі жөн-

деу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін біршама қаржылық қаражатты

қажет ететін су шаруашылығы құрылыстары ерекше алаңдатады.

ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің баспасөз қызметі Тел.: +7 (7172) 74-92-43 8-707-227-44-37

Сыбайлас жемқорлық бойынша деректерді

1417 телефоны арқылы хабарлауға болады

http://mgov.kz/kz/

Ауыл шаруашылығы министрлігінде 1417 – «сенім телефоны» өз жұ-

мысын бастады. Осы телефон бойынша Қазақстан Республикасының барлық

азаматы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүйесіндегі мемлекеттік қызмет-

керлер тарапынан сыбайлас жемқорлық, қорқытып алушылық, созбалау

(қағазбастылық), азаматтардың заңды ықыласына және құқықтарына шек қою,

ҚР мемлекеттік қызметкерлерінің этикалық кодексі талаптарының бұзылу

деректерін хабарлауға болады. Үндеулер тәулік бойы жұмыс және демалыс

күндері қабылданады. Қазақстанның барлық түпкірінен стационарлық телефон

арқылы шалынатын қоңыраулар тегін.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі +7 (7172) 555-765 [email protected]

Page 11: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 11

ӘОЖ 633.39(574.51)

АУА РАЙЫНЫҢ ЖАҺАНДЫҚ ӨЗГЕРУІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ

ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНА ӘСЕРІ

С.Б. КЕНЕНБАЕВ, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы,

ҚР ҰҒА құрметті мүшесі

«Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу

институты» ЖШС

e-mail: [email protected]

Түйінді сөздер: өсімдік шаруашылығы, егіншілік, ауыл шаруашылығы дақыл-

дары, селекция, күйзеліске тұрақтылық, бейімделу.

Ауа райының жаһандық өзгеруі мәселесі және оның қоршаған ортаға

әсері ХХІ ғасырдың басты мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл – тек

болашақтың ғана емес, қазіргі кезеңнің де өзекті тақырыбы.

Соңғы онжылдықта ғаламшардағы экологиялық-климаттық табиғат

өзгерістерінің саны артты: күйзелістік құбылыстардың (нөсер, бұршақ ұру,

су тасқыны, дауылды жел, қар басу және т.б.) қайталануы ұлғайды. Адамзат

тарихында эрозиялық үдерістерді күшейтетін табиғи факторлардан бөлек,

антропогенді факторлардың да ролі айтарлықтай болған және бола бермек,

бұл, әсіресе, топырақтың және басқа да ауыл шаруашылығы алқаптарының,

жалпы барлық биотүрліліктің (өсімдіктер, жануарлар әлемі және микроағза-

лар) азуына әкеледі. Бүгінгі күні әлемде жыл сайын 10 млн-нан астам егіс-

тік жер пайдаланудан шығуда: эрозиядан – 6 млн га, ауыл шаруашылы-

ғы қажеттіліктеріне бөлінгеннен – 3 млн га, тұздану мен батпақтанудан –

2-3 млн га.

БҰҰ Даму бағдарламасының мәліметтері бойынша, Қазақстанда соң-

ғы 50 жыл ішінде ауа температурасының орташа жылдық мәні 1,5-2,0°С-қа

артты. Экономиканың маңызды секторларының бірі – ауыл шаруашылығы

қазірдің өзінде-ақ суармалы және ауыз су тапшылығын сезініп, соның сал-

дарынан негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары өнімділігінің төмендеуі

байқалуда. Атмосфералық жауын-шашынның азаюы топырақ ылғалы қоры-

ның төмендеуіне әкеледі, бұл көбіне суарылмайтын егіншілік аудандарын-

дағы өнімге қатты әсер етеді. Бұдан басқа, өніп-өсу кезеңінің гидротермия-

лық жағдайларының өзгеруі ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлі ау-

руының, зиянкестердің жаңа шоғырының пайда болуына ықпал етеді. Бұл

да өнім сапасы мен өнімділікті төмендетеді.

Page 12: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 12

Аталған жағдайда ауа райының өзгеруіне бейімделу мәселелері аграр-

лық ғылымдағы зерттеулердің басым бағыты болып табылады. Өйткені,

ауыл шаруашылығы саласы табиғи-климаттық жағдайларға байланысты

болады және азық-түлік қауіпсіздігін тікелей анықтайды.

Әлемдік стандарттарға сәйкес, Қазақстанда егіншілік ауа райының

ерекше қолайсыз жағдайларында жүргізілуде, мұнда негізгі егіншілік ай-

мақтардағы жылдық жауын-шашын мөлшері 200-350 мм құрайды. Соған

байланысты, отандық өсімдік шаруашылығының ауа райы өзгерістеріне

бейімделуі үшін әсері мен мүмкіндіктері бойынша зерттеуді жандандыру,

яғни селекциялық жұмыстарға деген көзқарасты өзгерту керек. Оған қоса,

тек өнімділікті арттыруға ғана назар аударып қоймай, сорттардың күйзе-

ліске тұрақтылығын (құрғақшылыққа, аязға, суыққа, тұздануға және т.б.

төзімділігі) дамытуды да қолға алу қажет.

Сонымен қатар, негізгі ауыл шаруашылығы аймақтарының қалып-

тасқан егіншілік жүйесіне түзетулер енгізу керек. Себебі, климат өзгерістері

өніп-өсу кезеңінің гидротермиялық жағдайларына айтарлықтай әсер етіп,

оның нәтижесі агротехникалық іс-шараларды жүргізудің оңтайлы кезең-

дерін өзгертуге, арамшөптердің өніп-өсу фазаларының жылжуына, зиян-

кестер мен аурулардың өсімдіктерді қорғау амалдарына төзімділігіне және

басқа да жағдайларға әкеледі. Бұл үшін бір ғана тәсіл емес, өзара байла-

ныстағы іс-шаралар жүйесі, егістік алқаптарының (ауыспалы егістер) оң-

тайлы құрылымы, топырақ өңдеуімен егіншіліктің ғылыми негізделген жү-

йесі, өсімдік шаруашылығының кеңінен әртараптануы, егіншілік пен ауыл

шаруашылығы дақылдарын өсіру агротехнологияларының заманауи жүйесі

қажет.

Қазақстанда экологиялық жағдайдың нашарлауы мен ауыл шаруа-

шылығы алқаптарының азуын ескере отырып, ҚазЕжӨШҒЗИ ғалымдары

егіншіліктің заманауи жүйесін ландшафты түрде әзірлеуді ұсынды. Оның

негізі – нақты аймақтар үшін экологиялық теңдестірілген тұрақты агро-

ландшафтарды жасау негізгі алты фактор бойынша егіншілікті экологиялық

қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз етеді:

1. Қоғам қажеттілігі (азық-түлік нарығы);

2. Ауыл шаруашылығы дақылдарының агроэкологиялық талаптары;

3. Өндірісті жеделдету жағдайы;

4. Табиғи жағдай;

5. Шаруашылық бағыты;

6. Табиғатты қорғау талаптары.

Сумен қамтамасыз ету келешекте республика экономикасын дамы-

тудың маңызды шектеуші факторына айналуда. Мұндай жағдай мемлекет-

аралық бөлінуіне, су пайдалануды қатты шектеуге, аймақтық су шаруа-

шылығы жүйесінде өзендердің ағу режимінің өзгеруіне, су қоры сапасының

нашарлауына, суармалы жердің тұздануына байланысты су қоры тапшы-

лығының өсуі салдарынан орын алуда. Жер бетінде, соның ішінде Орталық

Азияда ауа райының жаһандық жылынуына байланысты тұщы су тапшы-

Page 13: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 13

лығының қарқынды өсуі суаратын суды үнемді пайдаланудың жолдары мен

амалдарын іздеуді басты міндет етіп қояды.

Көптеген зерттеу көрсеткендей, дақылдарды тамшылатып суару суа-

руға кететін суды үнемді пайдаланудың тиімді жолы болып табылады.

Тамшылатып суарғанда өніп-өсу кезеңі бойы су өсімдіктердің тамырына

аздаған көлемде біркелкі тарайды және ылғал қатар арасына кетпей, тек

қана өсімдіктерге барады.

Соңғы жылдары ҚазЕжӨШҒЗИ-да Қазақстанның оңтүстік-шығысын-

дағы суармалы жерде танаптық дақылдарды (қытайбұршақ, жүгері, қант

қызылшасы және күріш) тамшылатып суарудың тиімділігін зерттеу бойын-

ша жұмыстар жүргізіле бастады. Зерттеу нәтижелері, әсіресе, күріш пен

қант қызылшасы сияқты суды көп қажет ететін дақылдарды өсіру кезінде

тамшылатып суарудың тиімділігі жоғары екенін көрсетті. Жабынды үлдір

астында тамшылатып суару негізінде күріш өсірудің жаңа табиғат қорғау

технологиясы алғаш рет әзірленуде. Жаңа инновациялық технологияның

маңызы – күріш судың толықтай басылуынсыз және гербицидтерді қолда-

нусыз өсіріледі. Топырақтағы ылғал тапшылығы ең өзекті мәселелердің бірі

болып қалады, яғни қалыптасқан жағдайда өсімдік шаруашылығы секторын

жақсартуға ең алдымен ылғал, топырақ, қуат, қор және табиғат үнемдеуші

технологиялар арқылы қол жеткізу керек. Осы жүйе бүгінгі күні ауыл ша-

руашылығы дақылдарын өсірумен айналысатын фермерлердің өз кәсібін

жүргізуінің негізі болып табылады. Үнемдеуші егіншілік технологияларына

топырақты нөлдік және барынша аз өңдеу жатады.

Қазіргі уақытта топырақты өңдеуді барынша азайту дамудың жаһан-

дық тенденциясына ие, оны егіншіліктің әлемдік тәжірибесі де растап отыр.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің қор үнемдеуші технологияларын

пайдалану көлемі үнемі арта түсуде. Дегенмен, топырақты өңдеуді барын-

ша азайту, әсіресе тікелей себудің барлық мәселесі Қазақстан аймақтары-

ның күрделі агроландшафтты және рельефті ерекшеліктерін есепке алу

аяғына дейін толық зерттелмеген.

ҚазЕжӨШҒЗИ зерттеулерінде таза сүрі және алғы дәнді дақыл бо-

йынша жүретін күздік бидайға топырақты барынша аз өңдеудің нәтижелілі-

гі анықталғанын атап өткен жөн. Бірақ, топырақты нөлдік өңдеу бойынша

күздік бидайды тікелей себу мүмкіндігі төңірегіндегі сұрақ әлі де соңына

дейін зерттелмей келеді. Одан басқа, шетелдік ғалымдардың бірқатар зерт-

теуімен топырақты нөлдік өңдеу ауыл шаруашылығы дақылдарының бар-

лығы үшін бірдей тиімді болмайтындығы анықталды. Осыған байланысты,

топырақты нөлдік өңдеу негізінде малазықтық, дәнді бұршақ, майлы және

жармалық дақылдарды өсірудің қор үнемдеуші технологияларын әзірлеуді

жүргізу қажет. Бұл мәселенің өзектілігі, сонымен бірге, ауыспалы егістік-

тердің жеміс ауыстырушы сұлбаларына қолданылатын осы тектес техноло-

гияларды әзірлеу қажеттілігімен де байланысты.

Бұдан басқа, әлемдік егіншіліктің тәжірибесі ауыл шаруашылығы да-

қылдарын тікелей себу өсімдіктердің тіршілік ету жағдайын түбегейлі өз-

гертетінін көрсетті. Сол себептен Қазақстанның аймақтарында қолданы-

Page 14: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 14

латын топырақты нөлдік өңдеуді теориялық негіздеу үшін топырақтың

агрофизикалық, агрохимиялық және биологиялық қасиеттеріне және жалпы

оның құнарлылығына мұндай өңдеудің әсерін зерттеу қажеттілігі туын-

дауда.

Соңғы жылдары «икемді егіншілік» (гибкое земледелие) концепция-

сы танымал болуда. Ол қуаңшылық аймақтарында егіншілік жүйесін одан

ары жетілдіру жолдарының бірін көрсетеді. Оның негізгі буыны ылғал жи-

науды күшейту бойынша іс-шаралар кешені және осы негізде қалыптасқан

табиғат жағдайларына сәйкес егіс алқаптарының құрылымын оңтайландыру

мүмкіндігі, сонымен қатар топырақты өңдеу, тыңайтқыштарды пайдалану,

өсімдіктерді қорғау амалдары жүйесіне және т.б. түзету енгізу болып табы-

лады. Қолайсыз егіншілік жағдайында бұл факторларды ескеру ылғалмен

қамтамасыз ету деңгейіне икемді әсер етуге, егістікті пайдаланудың құры-

лымын шұғыл өзгертуге және биоклиматтық әлеуетті кеңінен қолдануға

мүмкіндік береді.

Егіншіліктің заманауи жүйелерінің экологиялық қауіпсіздігі мен эко-

номикалық тиімділігін қамтамасыз ету ең алдымен егіншілік жүйесінде

биологиялық факторларды барынша пайдалану және топыраққа антропо-

генді жүктеуді төмендетуді қамтитын егіншілікті биологияландырумен

байланысты. Бүгінгі күні топырақтың құнарлылығын арттыру бойынша

биологияландырудың едәуір қолжетімді факторлары – жеміс ауыстыру

принципімен ауыспалы егістікте дақылдардың құрамы мен кезекпен ауыс-

тырылуы, сондай-ақ сидераттарды және өнімнің тауарлық емес бөлігін ты-

ңайтқышқа пайдалану, органикалық тыңайтқыштар мен симбиотикалық

азот бекіткіштерді кеңінен қолдану.

Ауыл шаруашылығы дақылдары үшін жаһандық жылынудың жағым-

сыз салдарын атмосфераны көмір қышқыл газымен (СО2) байыту есебінен

төмендетуге болады, бірақ бұл ауа райы өзгеруінің жаһандық тенден-

циялары жағдайында АӨК-нің мобильділігі мен тұрақтылығын, сонымен

қатар топырақ құнарлылығын сақтау мен арттыруды қамтамасыз ететін

егіншіліктің бейімделу-ландшафтты жүйелерін игеру жағдайында ғана мүм-

кін.

Ауада СО2 деңгейінің артуы кезінде өсімдіктер құрамында ассимиля-

торлардың жинақталуы көбейетіні белгілі, топырақтың қорек элементте-

рімен қамтамасыз етілуіне байланысты оларды өсімдіктер биомасса синте-

зіне пайдаланады немесе жеке мүшелерінде (тамыр, жапырақ) жинақтайды.

Азоттық қорек төмен болған жағдайда осылай болады. Топырақта азоттың

жетіспеуі өсімдік өркені санының, биомасса жинақталуының, масақтағы

дән санының төмендеуіне әкеледі, репродуктивті мүшелерінің қалыптасуы

жүзеге асатын жауапты кезеңдердің өтуін тездетеді, соның салдарынан

өнімділік төмен болады.

Егіншілік мәдениеті төмен болған жағдайда ауыл шаруашылығы мақ-

сатындағы жердің құнарлылығына жағымсыз әсер ететін негізгі фактор-

лардың бірі болуы мүмкін. Осылайша, солардың көмегімен ауа райы өзге-

руінің жағымсыз салдарын белгілі шамада төмендетуге болатындықтан,

Page 15: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 15

өсімдіктердің минералдық қорек жағдайын оңтайландыру, тыңайтқыш-

тарды нақты және уақтылы қолдану ерекше өзектілікке ие болады. Қазақ-

станның оңтүстік-шығыс жағдайында, негізінен, табиғи құнарлылығы тө-

мен болып сипатталатын ашық қоңыр және сұр топырақта осы топырақ-

тардың құнарлылығын арттыруға және аймақтың экологиялық жағдайын

жақсартуға бағытталған ғылыми зерттеулерді жүргізу қажет.

Ауа райының жылынуы ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкес

жәндіктерінің жайылуына әсер етеді. Соңғы 50 жылда температура мен

зиянкестер спектрінің кеңеюі арасындағы байланыс орнатылды. Фитофаг-

тар көптүрлілігінің кеңеюі жалғасуда (612 зиянкес бар), жаңа штамдар да-

муда. Қазақстан Республикасымен шекаралас мемлекеттерде Ug99 сияқты

сабақ таты жайылуда, олардың дамуы күтіліп отырған қуаңшылық жағда-

йында бидай және арпа егістіктерінде күшейіп кетуі мүмкін; Phytophthora

infestans резистентті патогенін өткен уақытта Ирландияда картоп аштығы

және т.б. туындатқан. Осыған байланысты, орташа температура мен жауын-

шашынның айтарлықтай өсуінің сценарийлері үшін климаттық өзгеріс

ерекшеліктерін білу, сондай-ақ агротехникалық әдістерді қолдану негізінде

зиянкестерді бірігіп басқару, ауыспалы егісті жүргізу және минералдық

қоректі оңтайландыру, биопрепараттарды кеңінен пайдалану, ЭПВ есепке

ала отырып, зиянкес ағзалардың жоғары, орташа, әлсіз дамуы кезінде сара-

лаумен пестицидтерді ғылыми негізделген түрде қолдану, фитопатогендер-

ді диагностикалаудың заманауи молекулярлық-генетикалық әдістерін қол-

дану қажет.

Жоғарыдағы айтылғандарды негізге ала отырып, ауа райының жа-

һандық өзгеруін зерттеудегі негізгі басым бағыттарға мыналар жатады:

ауа райының өзгеруіне тұрақты, түрлі экожүйе мен шаруашылық

жүргізу әдістеріне сай келетін ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа

сорттары мен будандарын шығару;

топырақ өңдеуді барынша азайту (өңдеу тереңдігі мен еселігін азай-

ту). Бұл топырақ ылғалын сақтауға, энергиялық ресурстар шығынын 25-

30% төмендетуге, топырақ құнарлылығын сақтау мен жоғарылатуға және

еңбек өнімділігін 1,5-2,0 есе арттыруға ықпал етеді;

ауыл шаруашылығы дақылдарын тамшылатып суаруды жетілдіру.

Бұл суармалы судың шығынын 35-40% төмендетуді, егістіктерді арамшөп

басу мен олардың аурушаңдығын азайтуды, топырақтың механикалық және

су-физикалық қасиеттерін жақсартуды қамтамасыз етеді;

топырақ құнарлылығын және экономикалық тиімді, бәсекеге қабі-

летті ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіруді қамтамасыз ететін, эколо-

гиялық негізде жүйелік тұрғыдағы позицияда, өнімділікті және қалпына

келтіруші ресурс функциялары мен икемді сұлбасы бар танаптық биология-

ландырылған ауыспалы егістіктерді әзірлеу;

дәстүрлі емес жаңа, осы жағдайға бейімделген ауыл шаруашылығы

дақылдарын іріктеу (өсімдік шаруашылығын әртараптандыру) және оларды

өсіру технологияларын әзірлеу.

Page 16: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 16

Жалпы, аграрлық ғылымды ұйымдастырудың жаңа жүйесінің басқа-

рушылық моделін жасау қажет. Ол кадрлар дайындау үдерісіне бірік-

тірілген, іргелі және қолданбалы ғылым әдістерін үйлестіруге, трансфертте

және алдыңғы қатарлы әлемдік жетістіктердің бейімделуіне және дәстүрлі

және экологиялық нәтижелілігін үйлестіретін егіншіліктің экономикалық

тиімді жүйелерін жасау негізделген болуы қажет. Өзінің ауқымдылығы мен

маңыздылығына қарай, отандық ауыл шаруашылығының ауа райының

өзгеруіне бейімделуі бойынша сұрақтар негізгі басымдылықтардың біріне

айналуы тиіс, оларды аграрлық саладағы ғылыми-зерттеу институттары

базаларында дамыту керек. Біз осы бағытты дамытуды неғұрлым тезірек

қолға алсақ, соғұрлым қажеттіқұзыретке ие боламыз және туындайтын

технологиялық міндеттерді табысты шешуге мүмкіндік көп болады.

Керісінше жағдайда, Қазақстанның ауыл шаруашылығына ауа райының

өзгеруінен келетін қысым ұлғая беретін болады.

Түйін

Мақалада ауа райының жаһандық өзгеруі жағдайында өсімдік шаруа-

шылығы мен егіншілік салаларындағы зерттеулердің негізгі басым бағыт-

тары анықталған: ауыл шаруашылығы дақылдарының күйзеліске тұрақты

сорттары мен будандары; заманауи егіншілік жүйесіне ландшафтты тәсіл

қолдану; топырақты өңдеуді барынша азайту; өсімдік шаруашылығын әр-

тараптандыру; ауыл шаруашылығы дақылдарын тамшылатып суару; био-

логияландырылған ауыспалы егістіктер.

Резюме

Определены приоритетные направления исследований в области

растениеводства и земледелия в условиях глобального изменения климата:

стрессоустойчивые сорта и гибриды сельскохозяйственных культур;

ландшафтный подход в системе современного земледелия; минимализация

обработок почвы; диверсификация растениеводства; капельное орошение

сельскохозяйственных культур; биологизированные севообороты.

Summary

The article identifies the main priorities in the area of crop and farming

research in the conditions of global climate change: stress-proof varieties and

hybrids of agricultural crops; landscape approach in the system of modern

agriculture; minimizing soil treatments; diversification of crop production; drip

irrigation of crops; biologizing rotations.

Page 17: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 17

ӘОЖ 631.113.633.31

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ СУАРМАЛЫ ЕГІНШІЛІГІНДЕ МИНЕРАЛДЫ ТЫҢАЙТҚЫШТАР МЕН

АДАПТОГЕН ПРЕПАРАТЫН МАЙБҰРШАҚ ЕГІСІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ

Д.А. СЫДЫҚ, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы,

М.А. СЫДЫКОВ, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты

«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу

институты» ЖШС e-mail: [email protected]

Түйінді сөздер: майбұршақ; адаптоген препараты; құнарлылық; минералды

тыңайтқыш; өзіндік құн; экономикалық тиімділік.

Ауыл шаруашылығында өндірілетін өнімнің дүниежүзілік және отан-

дық нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру – агроөнеркәсіп өндірісін да-

мытудағы негізгі әрі өзекті мәселе. Соңғы жылдары аграрлық сектордың

экономикасын тұрақтандыру үшін мемлекет тарапынан көптеген іс-шара

жүргізілуде, ал «2006-2010 жж. агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту кон-

цепциясында», 2015 жылғы «Нұрлы жол» бағдарламасында елімізде ауыл

шаруашылығы кешенін, өндірісін нарықтық сұранысты ескере отырып,

одан ары дамыту міндеттелген. Бұл үдерістің жүзеге асуы экономикалық

және экологиялық тұрғыдан негізделген егін шаруашылығы жүйесін тиімді

игерумен және агротехнологиялық жағдаймен тығыз байланысты екендігі

мәлім.

Елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық қатынас талабына сай

ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарын биологиялық ерекше-

ліктеріне байланысты агротехнологиялық жүйесін жасақтап қалыптастыру,

өндірілген өнімнің экономикалық тиімділігін арттыру негізгі мәселелердің

бірі болып отыр. Сондықтан майбұршақ сорттарының биологиялық ерекше-

ліктеріне байланысты минералды тыңайтқыштарды және адаптоген препа-

ратын қолданудың өнімділікке әсері, нарықтық бәсекеге сай, сұранысқа ие

отандық агроөнеркәсіп өндірісінің негізін қалау міндеттеліп отыр.

Қандай да бір ауыл шаруашылығы дақылын өсіру агротехнологиясы-

ның, қолданылған минералды тыңайтқыштардың, жаңа препарат адаптоген-

нің өнімділік көрсеткіші оған экономикалық баға берумен анықталады. Осы

мақсатпен ғалымдар зерттелген Надежда, Сабира, ГС-647 сорт үлгілерін

тыңайтқышсыз өсірілген нұсқада, тек адаптоген препаратын қолданған кез-

де, фосфор тыңайтқышын Р60 кг/га әсер етуші зат есебінде бергенде, фосфор

Р60 кг/га, калий К40 кг/га қолданып, Р60, К40 қосымша адаптогенмен тұқым-

Page 18: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 18

ды өңдегенде, минералды тыңайтқыштарды толық Р60К40N30кг/га беріп, тұ-

қымды адаптоген препаратымен өндегенде, содан соң топырақты терең

жыртуға (25-27 см), егу алдында екі рет өңдеуге, СО-4,2 дәнсепкішімен дән

егуге, арамшөптермен, зиянкестермен күресуге, үстеп қоректендіруге, суа-

руға және т.с.с. жұмсалған шығынды есептеп, жалпы шығын мөлшерін

анықтады.

Зерттеу жұмыстары жүргізілген 2013-2014 жж. бір гектарға кеткен ті-

келей шығын тыңайтқыш қолданылмаған нұсқада 81,2 мың теңге болды, ал

адаптоген ПА-2-1 препаратымен тұқымды өңдегенде жұмсалған шығын

1,3 мың теңгеге жоғарылап, 82,5 мың теңгені құрады.

Адаптоген ПА-2-1 препаратымен тұқымды өңдегенде өнімділік көр-

сеткіші майбұршақтың сорттық ерекшеліктеріне сәйкес 3,2-5,6 ц/га артты,

нәтижесінде бір гектардан алынған шартты таза пайда Надежда және

ГС-647 буданынан 134,4 мың теңгеге жетті. Ал Сабира сорт үлгісінен

118,2 мың теңге таза табыс алынды, яғни тыңайтқыш қолданылмаған ба-

қылау нұсқасымен салыстырғанда әр гектардан алынған таза пайда Надеж-

да және ГС-647 сорт үлгілерінен, тиісінше, 30,2-49,1 мың теңгеге артқаны

байқалса, Сабира сорт үлгісінен таза табыс небары 27,5 мың теңгеге жоға-

рылағаны анықталды.

Демек, адаптоген ПА-2-1 препараты топырақ құрамында бар қоректік

минералды заттарды майбұршақ дақылының қолдануына оң ықпал етіп,

өнімділікті арттырып, әр гектардан алынатын таза табысты жоғарылатқан.

Тәжірибенің топырақты жыртар алдында фосфор Р60 кг/га берілген

нұсқасында әр гектарға жұмсалған шығын 12 мың теңгеге артып, 93,2 мың

теңгені құрады. Бұл нұсқадағы майбұршақ өнімі өсірілген сорттардың био-

логиялық ерекшеліктеріне байланысты 22,1-23,9 ц/га төңірегінде ауытқыды,

яғни адаптогенмен тұқымды өңдеу нұсқасымен деңгейлес болды. Дегенмен,

әр гектардан алынған шартты таза табыс біршама төмен болғаны (105,7-

121,9 мың тенге) анықталды. Демек, фосфор тыңайтқышын қолдануға жұм-

салған шығынның әсерінен алынған таза табыс біршама төмен болып, өн-

діріс тиімділігі 113,4-130,7% төңірегінде қалыптасып, бақылау ңұсқасымен

шамалас болған (105,0-128,3%).

Зерттеу жүргізілген жылдары ең жоғары таза табыс 266 мың теңге

ГС-674 буданын өсірген нұсқада фосфор Р60 кг/га және калий К40 кг/га ты-

ңайтқыштарымен топырақты негізгі өңдеу алдында, сонымен қатар майбұр-

шақ тұқымын егер алдында адаптеген препаратымен өңдегенде алынды.

Осы нұсқада өсірілген Надежда сорт үлгісінен таза табыс 251,6 мың теңге,

ал Сабира сорт үлгісінен 241,7 мың теңге құрап, аталған сорт үлгілерінің

биологиялық ерекшеліктеріне байланысты өндіріс тиімділігі, тиісінше,

270,0; 255,4 және 245,3% деңгейінде қалыптасқан ең жоғары көрсеткішке

жетті.

Page 19: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 19

Демек, қолданылған адаптоген ПА-2-1 препараты ендірілген фосфор

және калий тыңайтқыштарының өсімдікке сіңімділігін жоғарылатты, май-

бұрыштың өнімділігі мен таза табысын еселеп арттырып, өндіріс тиімділі-

гін ең жоғары деңгейге жеткізді (кесте).

Майбұршақ сорт үлгілерінің экономикалық тиімділігі

Тәжірибе

нұсқасы

Сорт

үлгі

Өнім,

ц/га

1 ц өнім-

нің

сатылу

бағасы,

мың тг

1 га-дан

алынған

өнімнің

құны,

мың тг

1 га

кететін

шығын,

мың тг

1 га-дан

алынған

таза

пайда,

мың тг

Тиімді-

лігі, %

1. Тыңайт-

қышсыз

(бақылау)

Надежда 20,6 9,0 185,4 81,2 104,2 128,3

Сабира 19,1 9,0 171,9 81,2 90,7 111,7

ГС674 18,5 9,0 166,5 81,2 85,3 105,0

2. Адаптоген

ПА-2-1

Надежда 24,1 9,0 216,9 82,5 134,4 162,9

Сабира 22,3 9,0 200,7 82,5 118,2 143,2

ГС674 24,1 9,0 216,9 82,5 134,4 162,9

3. Р60

Надежда 23,9 9,0 215,1 93,2 121,9 130,7

Сабира 22,1 9,0 198,9 93,2 105,7 113,4

ГС674 23,7 9,0 213,3 93,2 120,1 128,8

4. Р60К40

Надежда 33,4 9,0 300,6 97,2 203,4 209,2

Сабира 32,0 9,0 288,0 97,2 190,8 196,3

ГС674 34,9 9,0 314,1 97,2 216,9 223,1

5. Р60К40

адаптоген

+

Надежда 38,9 9,0 350,1 98,5 251,6 255,4

Сабира 37,8 9,0 340,2 98,5 241,7 245,3

ГС674 40,5 9,0 364,5 98,5 266,0 270,0

6. Р60К40N30

адаптоген

+

Надежда 37,3 9,0 335,7 103,9 231,8 223,1

Сабира 36,4 9,0 327,6 103,9 223,7 215,3

ГС674 38,8 9,0 349,2 103,9 245,3 236,1

Тәжірибенің фосфор Р60 кг/га, калий К40 кг/га және азот N30 кг/га қол-

данылған нұсқада тұқымды адоптоген ПА-2-1 препоратымен өңдеген кезде

бір гектарға жұмсалған шығын ең жоғары көрсеткішке жетіп, 103,9 мың

теңгені құрады. Осы нұсқадағы өсірілген сорт үлгілері Надежда-37,3 ц/га,

Сабира-36,4 ц/га, ГС-674-38,4 ц/га дән өндіріліп, азот тыңайтқышы қолда-

нылмаған нұсқадан төмен қалыптасқаны анықталды.

Page 20: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 20

Майбұршақты азот тыңайтқышымен бастапқы даму кезінде үстеп қо-

ректендіргенде өсімдіктің өсуі қарқындап, жалпы биомассасының артуына,

биіктігінің жоғарылауына оң ықпал ететіні байқалды, дегенмен дән өнімді-

лігін жоғарылатпады. Нәтижесінде, бір гектардан алынған таза пайда зерт-

телген сорт үлгілерінің биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес 237,8; 223,7;

245,3 мың теңге төңірегінде қалыптасы. Бұл көрсеткіш азот тыңайтқышы

қолданылмаған нұсқадан әлдеқайда төмен, себебі азот тыңайтқышын қол-

дану кезінде жұмсалатын шығын әр гектарға 5,4 мың теңгеге артқан, нәти-

жесінде жалпы 1 гектардан алынған өнімнің құны Сабира сорт үлгісінен

327,6 мың теңге, Надежда сорт үлгісінен 335,7 мың теңге, ГС 674 буданы-

нан 349,2 мың теңге құрап, өндіріс тиімділігі зерттелген сорттардың биоло-

гиялық ерекшелігіне байланысты, тиісінше, 215,3; 223,1 және 236,1% бол-

ды. Яғни, майбұршақ дақылын азот тыңайтқышымен үстеп қоректендіру

экономикалық жағынан тиімсіз болды.

Жоғарыда көрсетілген деректерді сараптай келе, тыңайтқыштарды

жаңа ұсынылған мөлшерде Р60К60 кг/га жерді жыртар алдында танапқа

ендіріп, егер алдында майбұршақ тұқымын нитрогинмен және адаптоген

ПА-2-1 препоратымен өңдегенде гектар түсімі екі есе жоғарылап, әр гек-

тардан алынатын шартты таза пайда тыңайтқыш қолданылмаған танаппен

салыстырғанда 2,5-2,7 есе артып, 251,6-266,0 мың теңгені құрады. Демек,

Оңтүстік Қазақстанның кәдімгі сұр топырақты суармалы жерінде майбұр-

шақ сорт үлгілерінің қоректік заттарға сұранысына байланысты минералды

тыңайтқыштар мен адаптоген препаратын қолдану экономикалық тиімді

агротехникалық жүйе деп тұжырымдауға толық негіз бар.

Түйін

Мақалада Оңтүстік Қазақстанның сауармалы жерінде майбұршақ дә-

нін өсіру кезінде қолданылған минералды тыңайтқыштар мен адаптоген

препаратының экономикалық тиімділігі келтірілген.

Резюме

В статье приведены результаты анализа экономической эффектив-

ности возделывания сои в зависимости от применения минеральных удо-

брений и препарата адаптогена в условиях орошения Южного Казахстана.

Summary

The results of the cost-effectiveness of soybean cultivation, depending on

the use of fertilizers and drug adaptogen under irrigation in Southern Kazakhstan.

Page 21: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 21

ӘОЖ 631.316:632.51

ЖАТАҒАН УКЕКІРЕНІ ЖОЮҒА АРНАЛҒАН 3 ҚАБАТТЫ КУЛЬТИВАТОР-СЫДЫРА

ҚОПСЫТҚЫШТЫҢ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ҮЛГІСІН СЫНАУ

Б.Ө. ЕРМЕКБАЕВ, Н.А. БАШКАРАЕВ, а.ш.ғ. магистрлері,

У.О. ЕСИМОВ, а.ш.ғ. кандидаты

«Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

e-mail: [email protected]

Түйінді сөздер: жатаған укекіре; гербицид; культиватор-сыдыра қопсыт-

қыш; сынау; тиімділік.

Жатаған укекірені тек агротехникалық тәсілдермен ғана жоюдың көп

уақытты қажет ететіндігі ғылыммен және тәжірибемен дәлелденген, ал соң-

ғы кезге дейінгі қолданылып келген гербицидтердің ұзақ әсер ететін қасиет-

тері жоқ екендігін көптеген зерттеу көрсетті, өйткені олар бұл карантиндік

нысанның тереңге тармақталған атпатамырлы тамыр жүйесіне әсер етпей-

ді [3, 4].

Ресми ғылыми деректерді талдау [5], жатаған укекіренің ареалы мен

таралу қарқыны жойылуы қиын бұл атпатамырлы карантиндік арамшөпке

түбегейлі жаңа тәсілдер жасаудың қажет екендігін көрсетуде.

2005-2007 жж. Х.О. Баядилов республиканың оңтүстік-шығысындағы

тәлімі егіншілік аймағында жатаған укекіреге қарсы күресудің кешенді ша-

раларын жасады [1, 2]. «Жолбарыс Агро» ЖШС шаруашылығының шебер-

ханасында бір жүргенде топырақты әр түрлі – 10-12; 14-16 және 18-20 см

тереңдіктерде өңдейтін 3 қабатты культиватор-сыдыра қопсытқыштың тә-

жірибелік үлгісі жасалды. Бірақ, конструктивтік жетілмегендігінен бұл

агрегатпен одан ары укекірені толық жою мүмкін еместігін зерттеулер көр-

сетті. Сондықтан 2010 жылдан бастап ғылыми-техникалық және патенттік

әдебиеттерге шолу жүргізе отырып, ғалымдар тәжірибелік үлгінің тиімділі-

гін жоғарылату үшін, оған гербицидтерді топырақ қабаттарының арасына

енгізетін құрылғыны қолдану қажет деген тұжырымға келді. Бұл, өз кезегін-

де, гербицидтерді арамшөптің негізгі тамыр жүйесі шоғырланған аймаққа

енгізуге, сөйтіп оның топырақтағы тамырларын, өскіндерін және тұқымда-

рын жоятын фитоуытты экран құруға мүмкіндік жасайды.

«Қазақстан Республикасы территориясында қолдануға рұқсат етілген

пестицидтер (улы химикаттар) анықтамасы» тізімінде жатаған укекіреге

қарсы топырақ астына енгізетін арнайы гербицидтер жоқ. Сондықтан та-

наптық тәжірибелерде глифосат құрамдылармен бірге топырақтық герби-

цидтер, яғни сәйкесті прометрин, С-метолахлор және метрибузин негі-

зіндегі гезагард, дуал голд және зенкор сыналды. Гербицидтерді енгізу те-

Page 22: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 22

реңдігі – 10-12, 14-16 және 18-20 см, мөлдектің ауданы – 1 м2, қайталануы

3 мәрте.

Екінші есепке алу кезінде топырақтың үш қабатына енгізілген тәжі-

рибеде сыналып жатқан барлық гербицид жоғары биологиялық тиімділікте-

рін көрсетті. Бірақ, өніп-өсу кезеңінің соңында кейбір мөлдектерде укекіре-

нің жаңа өскіндерінің пайда болғандығы анықталды. Бұл кезде укекіре

өсімдігінің қайта өсуі зерттеліп отырған барлық топырақ қабатында байқал-

ды. Қандай топырақ тереңдігіне енгізгеніне және мөлшеріне қарамастан,

тек дуал голд қана 100% тиімділікті көрсетті. Зерттеліп отырған гербицид-

тердің ішіндегі ең ұзақ әсер ету қасиеті дуал голдта болғанын, ол топыраққа

енгізгеннен кейін 30 күндей өңделген барлық топырақ қабатында сақталға-

нын химиялық талдаулар көрсетті.

«ҚазӨҚжКҒЗИ» ЖШС бастауымен 2012-2014 жж. укекіреге қатысты

бюджеттік бағдарлама бойынша 3 ғылыми мекеме үшін біртұтас бағдарла-

ма жасалды: республиканың солтүстігінің топырақ-климаттық жағдайы

үшін «С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ» АҚ мен «А.И. Бараев атындағы

АШҒӨО» ЖШС және оңтүстік-шығыс үшін «ҚазӨҚжКҒЗИ» ЖШС. Жоба-

ны орындаушылардың барлығынан қаржыландырудың 30% мөлшеріндегі

ақшалай қаражатты гербицидтерді топырақ қабаттары арасына енгізетін

қондырғылармен жабдықталған 3 қабатты культиватор-сыдыра қопсыт-

қыштың эксперименттік үлгісінің техникалық құжаттарын жасау және құ-

растыру үшін «ҚазАШМжЭҒЗИ» ЖШС балансына бөлу туралы шешім қа-

былданды. 2013 ж. агрегат «ҚазАШМжЭҒЗИ» ЖШС базасында жасалды

(1-кесте, сурет).

1. Эксперименттік КПТГ-2,8 үш қабатты культиватор-сыдыра қопсытқышының

негізгі техникалық талаптары

№ Параметрі Көрсеткіші

1 2 3

1. кН класты тракторлармен

агрегатталады 50

2. Құрал түрі Аспалы

3. Алымының ені, м 2,83

4. Жұмыс жылдамдығы, км/сағ 10-ға дейін

5. Көліктік жылдамдығы, км/сағ 15-ке дейін

6. Жұмысшы бөлігі КПН-4, КПШ-5, КПШ-9, КПШ-11

культиватор-сыдыра қопсытқыштарынан

7. Жұмысшы бөлігінің жалпы саны, дана 9

оның ішінде:

- бірінші қабатта 3

- екінші қабатта 3

- үшінші қабатта 3

Page 23: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 23

1-кестенің соңы

1 2 3

8. Өңдеу тереңдігі, см:

- бірінші қабат 10-12

- екінші қабат 14-16

- үшінші қабат 18-20

9. Гербицидті топырақ қабаттары

арасына енгізу тереңдігі, см 14-16

10. Гербицидтің жұмыс ерітіндісінің

құрамы 100-150 литр су + 2-3 литр гербицид

11. Гербицидті топырақ қабаттары

арасына енгізуге арналған қондырма

Гербицидтің жұмыс ерітіндісін топырақ

қабаттары арасына енгізуге арналған

құрылғы 102 -103 л/га енгізілуін қамтамасыз

етіп отыруы қажет. Алаңға шашылатын

ерітіндінің біркелкі тарамауы ±10% аспауы

қажет

12. Аспалы құрылғының жалғанатын

элементтерінің өлшемдері 10677-2001 МемСТ сәйкес

13. Құрал салмағы, кг 1 500

3 қабатты культиватор-сыдыра қопсытқыштың ғылыми тәжірибелік үлгісі

2013-2014 жж. «ҚазЕжӨШҒЗИ» ЖШС және «Жолбарыс Агро» ЖШС

шаруашылығының сүрі танаптарында эксперименттік үлгісінің танаптық

сынақтары, сәйкесінше, 15 және 50 га көлемінде жүргізілді. Сүрі танаптар-

ды жатаған укекіренің бастапқы басуы 12-16 және 21-24 дана/м2 құрады.

Үш қабатты өңдей отырып, бір мезгілде Дуал голд 960, э.к. гербициді 2 л/га

мөлшермен 14-16 см тереңдікке топыраққа енгізіле шашылды. Сүрі танапты

(50 га) укекіренің қатты басып кетуіне қарамастан, гербицидтің биология-

лық тиімділігі 94,0% көрсетті, ал бастапқыда арамшөп басуы аз кезде

(15 га) бұл көрсеткіш 91,6% тең болды.

Page 24: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 24

2014-2015 жж. сүрі танаптан кейінгі 1-дақыл – күздік бидай егістігін

тексергенде, онда зерттеп отырған нысанның бірен-саран өскіндері табыл-

ды.

Республиканың оңтүстік-шығысы жағдайындағы сүрі танаптарда жа-

таған укекірені жоюдағы агротехникалық шаралар тиімділігінің салыстыр-

малы талдауы ұсынып отырған кешенді технологияның артықшылығын

көрсетті (2-кесте).

2. Сүрі танаптарда жатаған укекірені жоюға бағытталған агротехнологиялар

тиімділігінің салыстырмалы талдауы

Технологиялық

операция МТА

АҚШ долларына

шаққандағы шығын Пайдалану

шығыны,

АҚШ

доллары

Отын

шығыны,

л/га капитал

жұмсау үлесі

еңбек

шығыны,

адам.сағ/га

Бір операциялы машинаның технологиялық кешені

Топырақты өңдеу

тереңдігі (см):

10-12

Т-150

+КПШ-5 15,2 0,35 6,0 8,0

14-16 Т-150

+КПШ-5 15,2 0,35 6,3 8,2

18-20 Т-150

+КПШ-5 15,2 0,35 6,5 8,3

Гербицидтерді шашу МТЗ-80+

ОЮК-5,6 5,7 0,67 2,2 4,3

Барлығы - 51,3 1,72 21,0 28,8

Үш қабатты культиватор-сыдыра қопсытқыштың бір уақытта гербицидті топырақ

қабаттары арасына енгізуге арналған құрылғысы кіретін технология (КПТГ-2,8)

Бір мезгілде герби-

цидті топырақтың 14-

16 см қабатына енгізе

отырып, 10-12, 14-16,

18-20 см тереңдіктер-

ді қабатымен өңдеу

Т-150

+КПТГ-2,8 36,4 0,36 12,5 9,2

Барлығы - 36,4 0,36 12,5 9,2

КПТГ-2,8 пайдалану

кезінде шығынның

азаюы, АҚШ долл.

- 14,9 1,36 8,5 19,6

КПТГ-2,8 пайдалану

кезінде шығынның

азаюы, %

- 71,0 20,9 60,0 32,0

Ұсынылып отырған технологияның айқын артықшылығы 2-кестені

талдауда көрініп отыр. Бір операциялы ауыл шаруашылығы техникасын

Page 25: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 25

қолдану кезінде (3 сыдыра өңдеу + гербицид шашу) сүрі танапта жатаған

укекірені жою үшін бір гектарға кететін капитал үлесі 51,3 АҚШ долларын,

пайдалану шығыны 21,0 АҚШ долларын және жанар-жағар май 28,8 АҚШ

долларын құрайды. Ал ұсынылып отырған КПТГ-2,8 культиватор-сыдыра

қопсытқышының бір уақытта гербицидті топырақ қабаттары арасына енгі-

зуге арналған құрылғысы кіретін технологияны қолдану кезінде бұл көрсет-

кіштер, сәйкесінше, 36,4; 12,5 және 9,2 АҚШ долларын құрады, яғни шама-

мен екі еседей аз. Бұл технология кезінде укекіренің тамырларын әр түрлі

тереңдіктерге (10-12, 14-16, 18-20 см) қырқа отырып, сонымен қатар 14-

16 см тереңдікке дуал голд гербицидін енгізгенде, оның биологиялық тиім-

ділігі 91,4-96,0% көрсетті, өз кезегінде бұл сүрі танаптардағы карантиндік

арамшөп – жатаған укекіренің ошақтарын жоя отырып, топырақтың пести-

цидтік жүктемесін азайтады және экономикалық тұрғыдан тиімді болып та-

былады.

Ғылыми тәжірибелерді жүргізу уақытындағы нәтижелер негізінде

алынған патенттер: «Жатаған укекіреге қарсы кешенді күрес тәсілдері және

оны іске асыру құрылғысы», «Агрофитоценоздардағы арамшөп жамылғы-

сына қарсы гербицидтерді топырақ қабаттары арасына енгізуге арналған

қондырғы және оны іске асыру тәсілдері».

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Баядилов К.О. Биологические особенности горчака ползучего в зо-

не обеспеченной богары юго-востока и меры борьбы с ним // Защита и ка-

рантин растений в Казахстане. – Алматы. – 2006. – №2. – С. 30-33.

2. Баядилов К.О. Эффективность агротехнических и химических ме-

роприятий в борьбе с горчаком ползучим на богарных землях Алматинской

области // Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана. – Алматы. –

2007. – №2. – С. 30-32.

3. Захаренко В.А. Состояние и перспективы развития практической

защиты от сорняков, ее научного обеспечения: Материалы третьего меж-

дународного научно-производственного совещания: Научно обоснованные

системы применения гербицидов для борьбы с сорняками в практике расте-

ниеводства. – Голицино, 2005. – С. 11-21.

4. Спиридонов Ю.Я., Сухов В.А., Петров Н.Ю., Кольцов Н.С. Необ-

ходима государственная программа // Защита и карантин растений. – №1. –

2004. – С. 34-36.

5. «Справочник пестицидов (ядохимикатов), разрешенных к приме-

нению на территории Республики Казахстан» полностью соответствует

«Списку пестицидов (ядохимикатов), разрешенных к применению на терри-

тории Республики Казахстан на 2003-2012 гг.» – Алматы: Рекламное Агент-

ство «АНЕС». – С. 200.

Түйін

Гербицидті топыраққа енгізу құрылғысымен жабдықталған 3 қабатты

культиватор-сыдыра қопсытқыштың эксперименттік үлгісі 15 және 50 га

Page 26: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 26

көлемінде Алматы облысының Қарасай және Кербұлақ аудандарындағы

«ҚазЕжӨШҒЗИ» ЖШС және «Жолбарыс Агро» ЖШС шаруашылығының

сүрі танаптарында жатаған укекірені жоюдағы танаптық сынақтан ойдағы-

дай өтті.

Резюме

Экспериментальный образец 3-ярусного культиватора-плоскореза

КПТГ-2,8, оснащенного аппаратурой для почвенного внесения гербицидов

который прошел успешные полевые испытания по ликвидации горчака пол-

зучего на площади 15 и 50 га, в паровых полях ТОО «КазНИИЗиР» и ТОО

«Жолбарыс Агро» Карасайского и Кербулакского районов Алматинской

области.

Summary

The experimental model of a 3-tiered cultivator KPTG-2.8, equipped with

equipment for soil application of herbicide was successfully tested to control a

bitterling repens on the area of 15 and 50 hectares, on fallow fields of Karasai,

Kerbulak districts of the Almaty region.

ӘОЖ 631.52:632.61

ҚАРБЫЗ ЕГІСІНДЕГІ АРАМШӨПТЕРМЕН АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ӘДІСПЕН КҮРЕСУ

И. ҮМБЕТАЕВ, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы,

ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, С.П. МАХМАДЖАНОВ, бөлім

меңгерушісі, А. ҚОСТАҚОВ, И.Р. ГУСЕЙНОВ, ауыл

шаруашылығы ғылымдарының кандидаттары

«Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС e-mail: [email protected]

Түйінді сөздер: қарбыз; өнім; арамшөп; жүйек; өңдеу.

Қарбыз жемісі 5,5-13% жеңіл сіңетін қанттан (глюкоза, фруктоза және

сахароза) тұрады. Жемістегі пектиндер мөлшері 0,68%, ақуыз – 0,7%, каль-

ций – 14 г/%, магний – 224 мг/%, натрий – 16 мг/%, калий – 64 мг/%, фос-

фор – 7 мг/%, темір – 1 мг/%, дәрумендер (тиамин, рибофлавин, ниацин, фо-

лий қышқылы, каротин) – 0,1-0,7 мг/%, аскорбин қышқылы – 0,7-20 мг/%,

100 грамм балдырда 38 килокалорий болса, қарбыздың құрамындағы май

мөлшері 25%-ды құрайды.

Қарбыздың тұқымында линол және пальмитин қышқылы бар, физика-

лық-химиялық қасиеттері бойынша ол миндаль майына ұқсас болып, про-

ван майының орнын баса алады.

Page 27: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 27

Бақша өнімдері адамның тамақтану рационында ерекше орынға ие.

Оны адам басына шаққандағы тұтыну деңгейі айтарлықтай жоғары емес,

бұл өнімнің аз болуына байланысты. Өнімділіктің төмен болуының басты

себептерінің бірі – арамшөптер.

Қолда бар күрес шаралары егістердің ластануын төмендетуді тиімді

қамтамасыз ете алмай отыр, өз кезегінде бұл өнімді толық алу мүмкіндігі-

нен айырады. Сондықтан қолда бар әдістерді жетілдіру, жаңа әдістерді әзір-

леу және соның негізінде бақша дақылдарының арамшөптеріне қарсы күре-

су бойынша өз ішіне қорүнемдеу элементтерін қамтитын ғылыми негіздел-

ген шаралар кешенін дайындау қажеттілігі туындайды.

Зерттеу мақсаты мен міндеттері

Суармалы жерде бақша дақылдарын өсіру технологиясын негіздеу

және жетілдіру, мақсатқа жету үшін мынадай мәселелер зерттеледі: арам-

шөптерге қарсы күрес технологиясының жаңа элементтерінің қарбыздың

өсіп-өнуі мен өнімінің қалыптасуына әсерін анықтау.

Аталмыш іс-шараларды ендіру қарбыз өнімін 20-30% арттыруға, өнім

сапасын жақсартуға және 20-27% қорүнемдеуге жағдай жасайды.

Зерттеулер 2011-2013 жж. «Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерт-

теу институты» ЖШС ғылыми тәжірибе алқабында жүргізілді.

Тәжірибе алқабының топырағы ашық сұр түсті, механикалық құрамы

орташа сазды, орташа сортаңданған. Құрамындағы қарашірінді мөлшері

0,7-0,8%. Зерттеу жұмыстары жүргізілген аймақтың климаты құрғақ, конти-

ненталды. Ауаның жылдық белсенді температуралар қосындысы 3550-

3600oС-қа тең. Үшжылдық ауа райы жағдайлары түскен жауын-шашынның

орташа мөлшерімен сипатталады. Жарты жылдағы түскен жауын-шашын

айлар бойынша былайша бөлінеді: біршама ылғалды айлар – қаңтар, ақпан,

наурыз, мамыр, сәйкесінше, 29,5 мм; 35,4 мм; 85,0 мм; 38,7 мм; 8,9 мм.

Зерттеу әдістері мен нысандары

Қарбызды өсірудің агротехникалық әдістері (зерттеліп жатқаннан

басқа) аталмыш аймақтағы қабылданған ұсыныстарға сай жүзеге асы-

рылды. Қарбыз суармалы жерде өсірілді. Суару жүйектер бойынша жүзеге

асырылды (өніп-өсу кезеңінде 6-7 суару), суару мөлшері метеорологиялық

жағдайға қарай 250-450 м3/га аралығында болды. Өнімнің жиын-терімі пісіп

жетілуіне қарай бірнеше рет жүргізілді.

Қарбыз егісінде арамшөптерге қарсы күресуде орталық тырмалармен

жырту технологиясы қолданылды. Барлық тәжірибе қарбыздың Достық-10

сортымен жүргізілді. Арамшөптерге қарсы күресуде жаңа жұмыс құралда-

рын пайдалана отырып, қопсытқыштың әр түрлі санын қолдану зерттелді:

қолда бар технология (бақылау), орталық тырмалар + 2 өңдеу, орталық тыр-

малар + 1 өңдеу. Егу СЧХ-4Б мақта тұқымсепкішімен жүргізілді, топырақ-

ты өңдеу жұмыстары жүйек қабырғаларын 45º бұрышпен кесетін трапеция

Page 28: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 28

түріндегі ұсақ жүйектер жасауды қамтамасыз етуші 2 жұптан 4 тырма бе-

кітілген КРН-5,6А қопсытқышымен жүргізілді. Тырмалар арасындағы қа-

шықтық 90 см құрайды.

Зерттеулер В.Ф. Беликтің «Методика опытного дела в овощеводстве и

бахчеводстве» (1992) әдістемелігі негізінде жүргізілді. Қарбыз егісіндегі

есептік мөлдек өлшемдері 1,8 × 50, аумағы 90 м2. Егіс тізбегі 1,40 × 0,5 см,

өсімдіктердің қоректену аумағы 0,70 м2. Тәжірибе төрт қайтарымды.

Фенологиялық бақылаулар: қарбыз өскіндері мен арамшөптердің пай-

да болу, арамшөптерде 3-5 жапырақ пайда болу, пәлек жаю, қарбыздың

жаппай пісіп жетілу мерзімдері тіркелді.

Арамшөптердің ботаникалық құрамы мен санының есебі әрбір нұсқа-

да белгіленген алқаптарда жүргізілді. Есептік алқап мөлшері жүйек айма-

ғында 100×50 см, қатараралықтарында жүйектің екі жағында – 100×90 см.

Зерттеу нәтижелері

Жаңа технология бойынша өңдеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі трак-

тор агрегатының жұмыс жылдамдығы 7,8 км/сағ, кәдімгі технология бо-

йынша 5,0 км/сағ құрады.

Жаңа технологияда жүйектердің жанындағы жақсы көрінетін тырма-

лардың болуы тракторды жоғары жылдамдықпен айтарлықтай дәл жүргі-

зуді жеңілдетті. Зерттеліп жатқан технологиялық әдістерді жүргізу тиімді-

лігі арамшөп санын өңдеуге дейін және өңдеуден кейін есептеуде айқын

байқалады. Есептеу өңдеуден 2-3 күннен кейін жүргізілді.

Өсімдік айналасындағы 20-45 см қорғаушы аймақ сақталған + өңдеу

жүргізілген бақылау нұсқасында өңдеуден кейін арамшөп саны 6,3 дана/м2,

арамшөпті жою пайызы орташа 78,8% құрады (1-кесте).

1. Зерттеліп жатқан агротехникалық әдістердің қарбыз егісінің ластануына әсері,

дана/м2

Нұсқа Арамшөп саны, дана/м2 Арамшөпті жою

пайызы,% өңдеуге дейін өңдеуден кейін

Бақылау нұсқасы

тырмалаусыз + 2 өңдеу 29,7 6,3 78,8

Орталық тырмалар +2 өңдеу 29,9 3,2 89,3

Орталық тырмалар + 1 өңдеу 29,5 4,5 84,8

Қорғаушы аймақтың енін 4-6 см-ге қысқартушы орталық тырмалар

қолдану + 2 рет қатараралық өңдеу қатараралықтардағы арамшөп санын

азайтуға ықпал етті, сәйкесінше, олардың жойылу пайызы да артты. Арам-

шөп саны 2 өңдеуден кейін бұл нұсқада 3,2 дана/м2, жойылу пайызы жыл-

дар бойынша орташа 89,3%-ды құрады. Үшінші нұсқада 1 өңдеудің өзі

Page 29: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 29

арамшөптердің жойылу пайызының 84,8%-ға төмендеуіне және барлық өң-

деуден кейін олардың санының 4,5 дана/м2 артуына алып келді.

2-кестедегі мәліметтерді талдау нәтижелері қарбыздың орташа мак-

сималды өнімі орталық тырмалар + 2 өңдеу жүргізілген екінші нұсқада

анықталғанын көрсетті, оның мөлшері 35,7 т/га тең. Одан 3,0 т/га төмен

өнімге қол жеткізген 1 рет өңдеу жүргізілген нұсқа анықталды (32,7 т/га).

Біршама төмен өнім тырмалау жүргізілмеген + 2 өңдеу жүргізілген бірінші

нұсқадан алынды. Мұндағы өнім технологияның жаңа әдістері қолданылған

+ 2 өңдеу жүргізілген нұсқамен салыстырғанда 8,5 т/га төмен болды. Бұл

жағдай бір бірлік алқаптағы арамшөп саны артуының әсерінен қарбыз өсім-

діктерінің өсу мен даму жағдайларының нашарлауымен байланысты орын

алды.

2. Қарбыз өнімі, т/га

Нұсқа

Зерттеу жылдары

2011 2012 2013 орташа

тауар-

лық,

т/га

стан-

дарт-

ты, %

тауар-

лық,

т/га

стан-

дарт-

ты, %

тауар-

лық,

т/га

стан-

дарт-

ты, %

тауар-

лық,

т/га

стан-

дарт-

ты, %

Бақылау

тырмалаусыз +

2 өңдеу

23,4 82,4 28,7 81,6 29,5 80,3 27,2 81,4

Орталық

тырмалар +

2 өңдеу

38,4 93,4 36,2 94,3 32,6 95,5 35,7 94,4

Орталық

тырмалар +

1 өңдеу

34,3 93,2 32,2 93,3 31,6 93,1 32,7 93,2

ЕТЕА05 0,9

0,3

0,49

Егістің ластануы нәтижесінде осыған дейін алынған өнімнің төмендеу

тенденциясы қарбыз өнімінің стандартты шығымын талдауда да байқалады.

Жалпы тауарлық өнімдегі стандартты өнімдер шығымы қаншалықты жоға-

ры болса, өсімдіктердің өсіп даму жағдайы соншалықты жақсы деген сөз.

Қарбыздың стандартты жемістерінің ең көп мөлшері және салмағы (94,4%)

екінші нұсқада (орталық тырмалар + 2 өңдеу), үшінші нұсқада (орталық

тырмалар + 1 өңдеу) – 93,2%. Стандартты қарбыз жемістерінің ең төмен

өнімі бақылау нұсқасында анықталды – 81,4%, яғни зерттеліп жатқан нұс-

қалармен салыстырғанда 11,8-13,0% төмен.

Жылдың және топырақтың жағдайына қарай қарбыз өнімі, қабылдан-

ған заңдылықтарды сақтай отырып, әр жылда өзгеріп отырады. Жылдар бо-

йынша тұрақты өнім алынуымен ерекшелену сипаты қарбыздың Достық-10

сорты үшін оңтайлы жағдай жасалғанын көрсетеді. Ендеше, қарбыз өсім-

діктерінің өсуі мен дамуы және өнім қалыптастыруы оның егіс алқабын-

Page 30: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 30

дағы арамшөп санына тікелей байланысты. Арамшөптермен ластануы аз

болып, ең оңтайлы жағдай екінші нұсқада (орталық тырмалар + 2 өңдеу)

жасалды. Қарбыздың тауарлық өнімі бұл нұсқада ең жоғары, яғни 35,7 т/га

тең болып, стандартты өнімі 94,4% құрады.

Демек, зерттеу жүргізіліп отырған технология қарбыз егістігінде

арамшөптің санын айтарлықтай төмендетіп, сәйкесінше, өнімнің жоғары-

лауына қолайлы жағдай туындатады.

Түйін

Мақалада орталық тырмалар қолдану + 2 өңдеу жүргізу әдісінің егіс-

тіктегі арамшөп санын азайтып, қарбыздың тауарлық жемістерінің мөлше-

рін арттыруға әсері баяндалған.

Резюме

В статье изучено влияние применения технологии центрирующих бо-

розд + 2 культивации на снижение количества сорняков и увеличение уро-

жайности плодов арбуза.

Summary

In the article resulted influence application of technology of centring

furrows + 2 cultivating on the decline of amount of weeds and increase of the

productivity of garden-stuffs of water-melon.

ӘОЖ 630.0.41

АҚТӨБЕ ХРОМ ҚОСЫЛЫСТАРЫ ЗАУЫТЫ ӨНДІРІСІНІҢ ҚАЛА ТОПЫРАҚТАРЫ

ЭКОЛОГИЯСЫНА ЖӘНЕ АУЫР МЕТАЛДАР ЖИНАҚТАЛУЫНА ӘСЕРІ

Қ. МҰХАМЕТКАРИМОВ1, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы,

С.О. КЕНЖЕҒҰЛОВА1, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты,

А.А. АМАНОВА2, экология ғылымдарының магистрі

1С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті,

2Қазақ ұлттық аграрлық университеті

e-mail: [email protected]

Түйінді сөздер: қара-қоңыр топырақ; топырақтың химиялық құрамы; ауыр металдар; қоректік элементтер.

Еліміздің батыс аймақтарының даму жоспарында Ақтөбе қаласына

ерекше көңіл бөлген. Облыс орталығы болашақта өңірдің ең ірі мегаполисі-

Page 31: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 31

не айналуы көзделуде. Бұл жоспардың жүзеге асуы барысында қала халқы-

ның саны күрт өсері сөзсіз. Оған себеп – жаңа жұмыс орындарының ашы-

луы және көптеген өндірістік кәсіпорынның шоғырлануы. Қазіргі кездің

өзінде Ақтөбе қаласы қоршаған ортасының ластану деңгейі бойынша

Қазақстандағы он лас қаланың қатарына кіреді. Басты ластаушылардың бірі

– «Ақтөбе хром қосылыстар зауыты» Акционерлік қоғамы (АХҚЗ). Бұл за-

уыт – жетпіс жылдан астам уақыт бойы хром қосылыстарын өндіретін ең ірі

және жалғыз химиялық кәсіпорын. Зауыттың жинақтау тоғандарында моно-

хроматты шлам, күкіртті натрий, сульфатты шламдардың миллиондаған

тоннасы жинақталған.

Хром өнімдерін алуға қолданылатын шикізат Ақтөбеден 120 км қа-

шықтықта орналасқан Хромтау қаласы жанынан алынады. Сондықтан хром

өнімдерін өндіру барысындағы шикізат алудан бастап, дайын өнімдер шы-

ғарғанға дейінгі технологиялық жүйесінің қоршаған ортасының, әсіресе қа-

ла топырақтарына ұзақ уақытта тигізетін әсерін зерттеп, ғылыми тұжырым-

дап, арнайы ұсыныстар жасау – қазіргі кездегі ғылыми және қолданбалы

тұрғыдан маңызы өте зор өзекті мәселелердің бірі.

Зерттеу нысандары мен әдістемелері

Далалық және зертханалық талдау жұмыстары 2012-2013 жж. жүргі-

зілді. Нысандар – Хромтау қаласы маңының, Ақтөбе қаласы және Қарғалы

елді мекені топырақтары. Аталған нысандар Орал таулары сілемінің оңтүс-

тік бөлігінде теңіз деңгейінен биіктігі 217-223 м тау бөктерінде, солтүстік-

батыста биіктігі 300-350 м аласа таулы жердің оңтүстік-шығыс бөлігінде

орналасқан. Топырақ қабаттарының морфогенетикалық сипаттамалары қа-

зылған кескіндерде анықталып, топырақ үлгілерін алу қабылданған әдісте-

мелер бойынша жүзеге асады.

Топырақ үлгілерін талдауда келесі тәсілдер қолданылды: Жалпы қа-

рашірік – И.В. Тюрин әдісімен; жеңіл гидролизденбейтін азот – И.В. Тю-

рин, М.Н. Кононова әдісімен; жылжымалы фосфор – Б.П. Мачигин әдісі-

мен; алмаспалы калий – жалынды фотометрде: реакция ортасы – потенцио-

метрлік әдіспен; СО2 карбонаттары – газометрлік әдіспен; гранулометрия-

лық құрамы – пипеткалық әдіспен; су сүзіндісі – К.К. Гедройц әдісімен.

Зерттеу нәтижелері

Хромтау қаласының жанындағы хром шикізат кенін өндіретін аумақ-

та топырақ кескіні қазылып, морфогенетикалық белгілері сипатталды. Таң-

далған алқап топырағының гранулометриялық құрамы ауыр құмбалшықты

және балшықты болғандықтан, топырақ үлгілері 0-30 және 30-50 см терең-

діктерден алынды.

Page 32: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 32

Күңгірт қара-қоңыр топырақтың химиялық құрамының көрсеткіштері

1-кестеде көрсетілген. Топырақтың беткі 0-30 см қабатындағы жалпы қара-

шіріктің мөлшері 2,20%, төменгі қабатында 1,59%-ды құрайды.

1. Күңгірт қара-қоңыр топырақтың химиялық құрамы

Тереңдігі,

см

Қарашірік,

%

СО2,

% рН

Қоректік элементтер

Жалпы мөлшері, % Жылжымалы, мг/кг

N P2O5 K2O N P2O5 K2O

0-30 2,20 1,01 8,30 0,126 0,120 0,70 30,8 12,00 400

30-50 1,59 1,53 8,14 0,182 0,076 1,53 29,4 18,00 420

Карбонаттың және жалпы азот пен калийдің мөлшері астыңғы қабат-

та көбейетіні байқалады. Қоректік элементтердің жылжымалы түрлерімен

азот төмен дәрежеде, фосфор көтеріңкі, төменгі қабатта жоғары дәрежеде

қамтамасыз етілген топтарға жатады.

Топырақ-су сүзіндісін талдау нәтижесі бойынша, құрғақ қалдықтың

көрсеткіші 0-30 см қабатта 0,059%, келесі қабатта 0,047% болды, бұл көр-

сеткіштер топырақтың мүлде тұзданбағанын көрсетеді. Сонымен қатар, то-

пырақ кескінінде сода кездеспейді. Аниондардан басым кездесетіні – суль-

фат анионы, катиондардан – кальций катионы. Хромтау кен орнының аума-

ғындағы күңгірт қара-қоңыр топырақтың құрамындағы ауыр металдардың

мөлшері 2-кестеде көрсетілген.

Талдау нәтижелерінен ауыр металдардың беткі және төменгі қабат-

тардағы көрсеткіш мөлшері бір деңгейде екені көрінеді, тек хромның жыл-

жымалы формасының жоғарғы қабатта көп жинақталғаны анықталды

(105,8 мг/кг). Оның себебі, ұзақ уақыт бойы шикізат өндіру барысында

хром майда шаң-тозаңды бөлшектер құрамында физикалық жолмен жинақ-

талған деген тұжырым жасалды.

2. Күңгірт қара-қоңыр топырақтағы жылжымалы ауыр металдардың мөлшері, мг/кг

Тереңдігі, см Zn Pb Cd Cz

0-30 1,3 16,1 1,0 105,8

30-50 1,4 16,6 1,0 90,9

В.А. Ковданың деректері [1] бойынша, қара-қоңыр топырақтардағы

жылжымалы мырыштың мөлшері 18-26 мг/кг, ал зерттеу жүргізілген аумақ-

тағы мырыштың көрсеткіші 1,3-1,4 мг/кг. Бұл дерек – хром шикізатын өнді-

ру топырақ жамылғысының құрамындағы мырыш, қорғасын, кадмийдің

жылжымалы түрлеріне әсерін тигізбейді деген қорытындының дәлелі.

Page 33: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 33

Ақтөбе қаласы сыртындағы бақылау нұсқасы ретінде зерттеу жұмыс-

тары жүргізілген Қарғалы елді мекенінің және АХҚЗ маңындағы топырақ-

тардың (индустриозем) химиялық құрамдарын талдау нәтижелері химиялық

құрамдарын талдау нәтижелері 3-кестеде келтірілген. Кесте деректері бо-

йынша, екі нұсқа топырақтарының 0-20 см қабатындағы жалпы қарашірік-

тің мөлшері бірдей деңгейде (1,20-1,18%) екені анықталды.

3. Зерттеу нысандары топырақтарының химиялық құрамы

Зерттеу

нысаны

Тереңдігі,

см

Жалпы, % Жылжымалы, мг/кг

қарашірік N P2O5 K2O N P2O5 K2O

Қарғалы 0-30 1,20 0,189 0,24 2,06 23 25 197

30-50 1,41 0,173 0,20 1,09 21 23 214

Зауыт

маңы

0-30 1,18 0,182 0,33 1,66 38 42 172

30-50 1,69 0,166 0,29 1,02 36 24 161

Қоректік элементтердің жалпы мөлшері бойынша, Қарғалы елді меке-

ні топырағында жалпы азот пен калийдің (0,189% және 2,06%) көп екені

белгілі болды, ал жалпы фосфорға (0,33%) зауыт маңының топырағы бай

екені анықталды.

Өсімдіктердің жетілуі мен өнімділігі топырақтың жылжымалы эле-

менттерінің мөлшеріне және басқа да қасиеттеріне байланысты екені белгі-

лі. 3-кесте деректері бойынша, нысан топырақтары негізгі қоректік элемент-

термен әртүрлі деңгейде қамтамасыз етілгені анықталды. Нысан топырақта-

ры жеңіл гидролизденетін азотпен және жылжымалы фосформен орташа,

көтеріңкі деңгейде қамтамасыз етілген. Алмаспалы калиймен екі нысан то-

пырағы да нашар қамтамасыз етілген.

Топырақ су сүзіндісінің талдау нәтижесі деректері бойынша, құрғақ

қалдық мөлшері 0,045-0,062% аралығында ауытқиды, сондықтан тұздану

белгісі мүлдем байқалмайды.

Реакция ортасы бейтарап, аниондар құрамында СО32-

кездеспейді.

Жоғарыда келтірілген топырақтарды талдау нәтижелері бойынша, қа-

ла топырағы табиғи аймақ топырақтарымен салыстырғанда химиялық және

басқа да қасиеттерімен өзгешеленетіні анықталды.

Қарғалы елді мекені мен АХҚЗ маңының топырақтары құрамындағы

ауыр металдар мөлшері 4-кестеде көрсетілген.

Анықталған элементтердің мөлшері екі нысан топырақтарында да

беткі 0-30 см қабатта төменгі қабатпен салыстырғанда күрт жоғарылайтыны

анықталды.

Қала шетіндегі Қарғалы елді мекені топырағының құрамындағы ауыр

металдар мөлшері шикізат алынатын Хромтау қаласы маңының топырағы-

на қарағанда мырыш – 48,6, хром 6,75 есе артық, ал қорғасын 2,1 есе артық

Page 34: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 34

екенін көрсетті. Бірақ, мырыштың мөлшері барлық нысан топырақтарында

шектеулі концентрациядан 1,5-5,4 есе жоғары көрсеткішке жеткен.

4. Зерттеуге алынған топырақтар құрамындағы ауыр металдар мөлшері, мг/кг

Зерттеу

нысаны

Үлгі

алынған

тереңдік, см

Ауыр металдар концентрациясы, мг/кг

мырыш кадмий қорғасын хром

Қарғалы 0-30 63,22 1,53 7,5 711,7

30-50 48,22 1,12 5,5 92,32

Зауыт

маңы

0-30 96,75 2,06 22,22 2 230,75

30-50 79,88 1,44 17,15 616,65

Хромның мөлшері бақылау нысаны ретінде алынған Қарғалы елді ме-

кені топырағының беткі (0-30 см) қабатында 711,7 мг/кг мөлшерін құрады,

бұл шектеулі концентрациядан 118 есе артық. АХҚЗ маңының топырағын-

дағы хромның көрсеткіштері 2 230,8 мг/кг екені анықталды, бұл шектеулі

концентрациядан 371 есе артық болғаны.

Қорытынды

Хромтау кен орны аумағы топырақтарында ауыр металдардың ең көп

жиналуы хромның үлесіне тиеді (105,8 мг/кг). Хром шикізатын өндіру то-

пырақ құрамындағы мырыш, қорғасын, кадмийдің жылжымалы түрлерінің

мөлшеріне әсерін тигізбейді.

Қарғалы елді мекені АХҚЗ топырағында жылжымалы хромның мөл-

шері шектеулі концентрациядан 118 және 371 артық болды.

Ақтөбе қаласының экологиялық жағдайын жақсарту үшін, зауыт ма-

ңы топырағының беткі 0-30 см қабатын алмастыру қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Ковда В.А., Якушевская А.А. Микроэлементы в почвах. – М.: МГУ,

1959. – 67 с.

2. Рауце К., Кырстя С. Борьба с загрязнением почвы. – М.: Агро-

промиздат, 1988. – 221 с.

3. Шеуджен А.Х. Биогеохимия. – Майкоп, 2003. – 1 027 с.

Түйін

Хромтау қаласы маңы топырағының 0-30 см қабатындағы қарашірік

мөлшері 2,20%, төменгі 30-50 см қабатта 1,59% құрайды. Ал Ақтөбе қаласы

мен қала маңының топырақтарында ол көрсеткіш 1,20; 1,41 және 1,18;

1,69% болды. Шикізат өндіретін ауданда ауыр металдар кескін бойында бір

деңгейде, тек хром топырақтың беткі және төменгі қабатында көп жинақ-

талған.

Page 35: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 35

Қарғалы елді мекені мен АХҚЗ топырақтарында (0-30 см) ауыр ме-

талдардың ішінде мырыштың мөлшері 63,22 және 96,75 мг/кг болса, хром-

ның шоғырлануы 711,7 және 2 230,8 мг/кг жоғарылаған.

Резюме

В окрестностях г.Хромтау содержание гумуса в почве на глубине 0-

30 см составило 2,20%, в нижнем (30-50 см) слое – 1,59%. В г. Актобе и в

окрестностях этот показатель составляет 1,20; 1,41 и 1,18; 1,69%. В районе

производства хромового сырья тяжелые металлы в почве содержатся на

одном уровне, только наблюдается увеличение хрома в верхней и нижней

слоях почвы.

В почвах населенного пункта Каргалы и АЗХС на глубине 0-30 см

среди тяжелых металлов содержание цинка составило 63,22 и 96,75 мг/кг и

хрома – 711,7 и 2 230,8 мг/кг.

Summary

In the vicinity of Khromtau humus content in the soil at a depth of 0-30 cm

was 2,20%, in the lower layer – 1,59%. In Aktobe and in the vicinity of the city is

an indicator of 1,20; 1,41 and 1,18; 1,65. In the area of production of raw chro-

mium heavy metals contained in the soil at same level, but there is an increase in

the chromium top and low levels of soil.

In the soil of the village and Kargaly and AZHS at a depth of 30 cm among

the heavy metal content of zinc was 63,22 and 96,75 mg/kg and chrome was

711,7 and 2 230,8 mg/kg.

ӘОЖ 68.35.53

ЖОҢҒАР ЖӘНЕ ІЛЕ АЛАТАУЫНДА ТАБИҒИ ӨСІП ЖАТҚАН ЖАБАЙЫ АЛМА АҒАШЫНЫҢ

ӨСІП-ДАМУЫН АНЫҚТАУ

Б.Т. МӘМБЕТОВ, а.ш.ғ.д., Б.Ж. МАЙСУПОВА, а.ш.ғ.к.,

Д.А. ДОСМАНБЕТОВ, магистр, Н.С. КЕЛГЕНБАЕВ, аспирант,

Ж.С. ДҮКЕНОВ, ғылыми қызметкер «Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорациялық

ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Алматы филиалы

e-mail: [email protected])

Түйінді сөздер: жабайы алма; Сиверс алмасы; тазқотыр ауруы; энтомозиян-кестер; популяция; тамыр қалемшелері.

Тянь-Шанның шығыс бөлігінде табиғи өсіп жатқан жабайы алма ор-

маны өзінің ауқымы, көркемділігі, генетикалық әлеуеті, ғылыми және тәжі-

Page 36: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 36

рибелік маңыздылығы бойынша жер жүзіндегі ең бағалы өсімдіктер қауым-

дастығының санатына жатуы мүмкін. Бірақ, ұшан-теңіз бағалылығына қара-

мастан, соңғы оншақты жыл көлемінде осы орманның тозып, алып жатқан

аумағының азаюы байқалуда. Осындай факторлар жабайы алма тектік қо-

рының жойылуына қауіп төндірумен қатар, орман қауымдастығының бөлін-

бес бөлігі боп саналатын көптеген өсімдік түрінің жоғалып кетуіне әкеліп

соғады.

Қазақстанның жабайы алма ағашы дүние жүзіндегі көптеген екпе ал-

ма сұрыпының «атасы» екендігін, сонымен қатар, селекцияға аса қажетті

жаңа сұрыптар үшін тек осы жерде ғана тектік қор қордаланғанын ескерсек,

осы ормандарды сақтау дүние жүзі бойынша атқарылатын маңызды шаруа

болып табылады.

Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, зерттелген аумақтағы алма ағашы

ормандары сын көтермейтін жағдайда тұр. Кейінгі жылдардың мәліметтері

бойынша, олардың ауданы Іле Алатауында 60-80%, Жоңғар Алатауында

28%-ға қысқарып кеткен. Олар қауіпті зиянкестер мен ауруларға шалды-

ғып, өсуі мен дамуы әлсіреген, кей жағдайда ағаштың қурап өлуіне соқтыр-

ған [1].

Табиғи өсіп жатқан алма ағаштарының көп жерінде жабық генетика-

лық эрозия орын алған, яғни олар бірге өсіп жатқан екпе алма ағаштарымен

тозаңданып, табиғи алқаағаштарда екпе ағаштардың белгілері мен төзімді-

лігі нашар қасиеттерін қайталайтын өсімдіктер мүмкін.

Табиғи ортада жабайы алма екі тәсілмен – ұрықпен және тамыр атпа-

сымен көбейеді. Сондықтан алма ағашы алқаағаштарында тұқымынан өсіп-

өнген де, вегетативті жолмен көбейген де ағаштар кездеседі.

Жабайы алманың мол жеміс беруі жыл сайын қайталана бермейді,

кейде оның орташа, кей жылдары бірен-саран болуы – заңды нәрсе. Бірақ,

алма ағашының мүлде жеміс бермей қалуы деген болмайды, тіпті жеміс

бермейтін жылдардың өзінде жекелеген учаскелерде кейбір бұтақтарда әде-

мі алмалар көз тартады [3].

Сиверс алмасының таралуының басты себептерінің бірі ретінде ХХ ғ.

30-жылдарынан бергі кезеңде Жоңғар Алатауындағы тау бағбандығының

кең көлемде әрі қарқынды түрде дамуын атауға болады. Сол кезден бастап

жабайы алманың бағалы қасиеттері ескерілмей, тек қана топырақ бекіткіш-

тігі ғана қарастырылған. Осы себептен ол аяусыз оталды. Еліміз егемендік-

ке қол жеткізгеннен кейін ғана жеміс ормандарының ашық қалған тұста-

рына алма көшеттерін отырғызу басталды. Дегенмен, білім мен тәжірибенің

аздығынан және технология мен бақылаудың жетіспеушілігі салдарынан

аталған жұмыс барысында жабайы алма түрлері қалыс қалып, мәдени және

жартылай мәдени сұрыптардың көшеттері көптеп отырғызылды. Бүгінде

жабайы алма мен мәдени алма араласып кеткендіктен, жабайы алма түрін

Page 37: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 37

генетикалық материал ретінде сақтап қалуға үлкен қауіп төніп тұр. Соны-

мен бірге, ағаш текті өсімдіктерді, бөтен дақылдарды жерсіндіру, мәдени

сұрыптарды телу, мал жаю, реттелмеген туризм мен демалыс орындарын

ұйымдастыру және т.б. әрекеттер жабайы алманың табиғи генетикалық қо-

рына қауіп төндіретінін есте ұстаған абзал.

Сонымен қатар, ағылшын ғалымдарының зерттеуінше, жабайы алма

ағашы бүкіл үй алмасы сұрыптарының атасы екені дәлелденді. Жабайы ал-

ма өте биікте өседі және 40°С ыстық пен суыққа да төзімді келеді. Оларды

өсіру Алматының экологиясын да жақсартады.

Қазіргі кезде Іле және Жоңғар Алатауы мен Тарбағатай тауларында-

ғы жабайы алма түрлерін сақтап қалу және көбейту мақсатында нақты ша-

ралардың қолға алынуына қозғау салуда. Сол алмалардың бастауында тұр-

ған Сиверс алмасы еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы

өңірлерде жиі кездеседі.

Алманың аталған түрі ұсақ топырақты, сирек қылқан жапырақты ор-

мандарда тау етектерін ала отырып, жоғарыдағы белдеулерге дейін өседі.

Жекелеген ағаштардан бастап шағын тоғайлар мен оқшауланған үлкен ал-

қаптарды құрайды. Тұқым арқылы және өскін арқылы көбейеді. Орташа

биіктігі – 8 м, он метрліктері сирек болса да кездеседі. Қабығы қоңыр-сұр,

жасыл желектері кең жайылған ағаш. Шамамен 12 жылда жеміс бере бас-

тайды. 150 жылға дейін тіршілік етеді.

Сиверс алмасының генеративті көбею жолдарын қарастырар болсақ,

гүлінің құрылысы бойынша ол гүл сағақтан, гүл тостағаншасынан, 5 күлте

жапырақшадан, бір аналықты айнала қоршаған тозаңқапты аталықтардан

тұрады. Гүлдерінің диаметрі 3,5-6 см-ге дейін, ақ немесе ақшыл қызғылт,

жемістері майда, диаметрі 2-5 см. Сәуір-мамыр айларында гүлдейді, тамыз-

қыркүйекте жеміс береді.

Ағаш гүлінің тозаңдануына ауа температурасы мен құрғақ жел әсер

етеді. Гүлдің генеративті мүшелері төменгі температураға өте сезімтал.

Егер ауа температурасы -3° немесе -4°С температураға дейін төмендесе,

гүлдері үсіп, өнім беру қабілетінен айырылады. Құрғақ жел әсерінен гүлдің

аналық аузының немесе аталық тозаңдардың кеуіп кетуі салдарынан, гүл-

дер тозаңданбай қалуы мүмкін.

Осындай бірнеше себепке байланысты, Жоңғар Алатауы мемлекеттік

ұлттық табиғи бағының 8 мың га жерін алып жатқан жабайы жемісті

Сиверс алмасы бірнеше жыл қатарынан өнім бермей келген болатын. Есесі-

не, 2014 ж. Сиверс алмасы 100% жаппай гүлдеп, үсіктен аман қалды. Бірақ,

жоғарыда айтылған себептерге байланысты 100% өнім береді деуге бол-

майды.

Page 38: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 38

Соңғы зерттеулер барысында жабайы алманың тектік белгілерінің қа-

зіргі кездегі мәдени дақылдардың сұрыптарында да кездесетіні анықталды.

Қазір Сиверс алмасы «Қызыл кітаптың» екінші санатына енгізілген.

2010 ж. тамыз айында «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи

бағы аумағында резерваттар ретінде белгіленген жабайы алма телімдерінің

шекарасы анықталып, орман карталарына түсірілді. Алдағы уақытта осы

жинақталған мәліметтер негізінде генетикалық резерваттардың төлқұжаты

дайындалмақ. Генетикалық резерват ретінде Сиверс алмасының өзіндік

тиісті көрсеткіштері бойынша аталған табиғи-климаттық ауданға тән әрі

бағалы тектік-селекциялық түрлері шоғырланған және дұрыс сақталған тау-

лы орманның телімдері таңдалған.

Сиверс алмасы Қазақстанның оңтүстік-шығысының таулы ауданда-

рында (Тарбағатайдың орталық бөлігі, Жоңғар, Іле, Қырғыз, Талас Алатауы

және Қаратау) табиғи өседі. Қазақстаннан тыс жерде – Орта Азия мен Ба-

тыс Қытайдың тауларында кездеседі.

Соңғы жылдарда Қазақ орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу инсти-

тутының Алматы филиалы Іле және Жоңғар Алатауы тауларындағы өсіп

жатқан Сиверс және Недзвецкий алмаларымен қоса, Шренк шыршасы мен

кәдімгі сары өрікті зерттеумен айналысуда. Оларға жыл мезгілдері бойын-

ша фенологиялық бақылаулар жүргізіліп, Сиверс алмасының даму барысын

сипаттайтын мәліметтер алынуда. 2014 жылдың мәліметтері бойынша, зерт-

телген таксондардың биологиялық үдерістері негізінен сол жердің эколо-

гиялық және ауа райы жағдайларына сәйкес келеді.

Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағына қарасты «Жаңа

Тассай» шатқалында соңғы жылдарда ерте көктемгі үсіктің әсерінен сары

өрік мүлдем жеміс салмайды және алманың жемістенуі де мардымсыз. Көк-

темдегі суық жаңбырмен қоса жауған бұршақ та Сиверс алмасының байла-

мын үзіп, сары өріктің байламын мүлдем жойып жіберген. Мұнда 2014 ж.

14 мамырда қалыңдығы 10 см-ге жететін қар түскен (түнде температура -

3°С, күндіз +2°С-ты құраған), ал 21 мамырда бұршақ аралас жаңбыр жауып,

күндіз қатты жел соққан. Дәл осы жағдай 9-10 шілдеде қайталанған, яғни

алғашқы күні қатты жел тұрып, келесі күні бұршақ жауып өткен.

Өсімдіктер жапырағының ашылу мерзімі 2015 ж. шамамен көпжыл-

дық көрсеткіштерге сәйкес келген, Сиверс алмасының гүлденуі жаппай бол-

ғанымен, жоғарыда айтылған себептерге байланысты байламы күткендегі-

ден аз болды.

Таудағы Недзвецкий және Сиверс алма ағаштары жемістерінің 70%-ы

тазқотыр ауруымен, жапырақтары 25-40% энтомозиянкестермен (жапырақ

жегісі), сары өріктің жапырағы жапырақ жегісімен, діңі саңырауқұлақ ау-

руымен және дің зиянкестерімен шамамен 45% зақымданған. Орман астары

итмұрын, қызыл бұта, тобылғы сияқты бұталардан тұрады, ағаштардың

Page 39: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 39

сирек өсуінен жер жамылғысы әр түрлі шөп түрлерімен 100% көмкерілген,

шымдануы қатты. Жоғарыда айтылған себептерге байланысты, тұқымынан

жаңару болмаған, өте сирек жағдайда 10-15 жастағы вегетативті жолмен

жаңарған алма ағаштары кездеседі. Жалпы ағаштардың орташа жасы 70-

75 жылды құрайды, сондықтан қазіргі уақытта жабайы алманың биология-

лық әртүрлілігін жоғалтпау үшін жасанды әдістермен көбейту керек.

Жабайы алма ағашының табиғи генотиптері жиынтығын құру, сон-

дай-ақ табиғи ормандарды өздеріне тән ішкі түрлерінің алуан түрлілігімен

іске асыру үшін көшет материалдарының талапқа сай келуі – заңды нәрсе.

Табиғи жағдайда жабайы алма ғасырлар бойы тамыр атпаларымен көбейіп

өсуде. Сондықтан осы түрлердің көшет материалдарын өсіру барысында

олардың табиғи биологиялық тәсілдеріне назар аудару керек. Дүниежүзілік

тәжірибеде төменде айтылатын тәсілдер қолданылуда.

Жабайы жеміс ағаштарының түрлерін тұқымынан көбейту тек алқа-

ағаштарда немесе топ ағаштарда рұқсат етіледі. Ол ағаштар екпе бақтардан

немесе қолдан еккен алқаағаштардан ара қашықтығы 2 км-ден кем болмауы

қажет. Бұл, әсіресе, кәдімгі сары өрікке қарағанда, Сиверс алмасына қатыс-

ты айтылған ереже. Өйткені, Сиверс алмасы түраралық будандастыруға көп

ұшырайды.

Тұқымнан шыққан тірі өсімдіктердің жиынтығын құру үшін төмен-

дегі негізгі талаптарды басшылыққа алуға болады:

1. Әрбір популяцияда 50 ағаштан тұқым үлгілері алынады. Популяция

саны көп болғаны дұрыс.

2. Популяцияның генетикалық тазалығын бағалау мақсатында таңдал-

ған ценопопуляциядан тұқым жинау үшін ол алдын ала морфологиялық,

биохимиялық, молекулярлық зерттеуден өтуі керек.

3. Тірі өсімдіктер жиынтығын құру үшін аналық ағаштарды таңдау

талаптары жоғарыда айтылды.

4. Табиғатта әр өсімдіктен жиналған тұқым үлгілері жеке-жеке себі-

леді. Одан алынған өсімдіктер көбею барысында аналық генотиптердің ба-

рынша үлкен сандарын қамтамасыз ету үшін өз нөмірлерімен тіркеледі. Со-

сын олар генетикалық резерваттың немесе орман алқаағаштарының жоспа-

рына түсіріледі.

5. Тұқым өндірісі үшін піскен және жақсы дамыған жемістер алы-

нады. Әдетте, тұқымдарды жеміс піскен кезде, сыртқы бояуына қарап, үзіп

алып жинайды. Кейде алманың жемісін тұқым қалыптаспай тұрып та жи-

найды. Мұндай жағдайда жемістерді 10-12 күндей 15-18°С температурада

тұқым піскенге дейін ұстайды. Тұқымды ағаштың жасыл желегінің ұшта-

рындағы бұтақтарынан жинаған дұрыс, өйткені сол жерде жарық жақсы тү-

сіп, дұрыс дамуына әсер етеді және толық тұқымдар болады.

Page 40: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 40

6. Тұқымды жемістерден әр түрлі тәсілмен алады. Алманың тұқымын

алу үшін, алдымен жемісті езіп, тұқымдарын біртіндеп алады, сосын тордан

өткізіп, бірден кептіруге қояды. Кептірген кезде тұқымды жұқалап жайып,

көлеңке жерде әрі жақсы желденетін орында кептіреді, аракідік араласты-

рып тұрады. Ал күннің астында кептірсе, қабығы бірден кеуіп кетеді де, жа-

рылып, тұқым өліп қалады. Кепкеннен кейін тұқымдар еленіп тазартылады,

алма үшін ішіндегі қоқым 4%-дан аспауы қажет. Тазартылған тұқымдарды

құрғақ желденетін бөлмелерде 15 кг-нан аспайтын қаптарда сақтайды. Тұ-

қымдардың өміршеңдігі анықталады, алмада тұқым қабығы жылтыр, тығыз,

қатты, аппақ дәнегінің дәмі ащылау болады. Тұқымның ылғалдылығы 15-

16%-дан жоғары болмауы қажет.

7. Жеміс ағаштарының тұқымдары тек тыныштық кезеңін өткеннен

кейін ғана шыға бастайды. Күзде себілген тұқымдар себу алдындағы да-

йындықты қажет етпейді. Көктем кезінде тұқымдарға стратификация жаса-

лады.

8. Себу жұмыстарында түрлі себу сызбалары қолданылады: бір жол-

ды кең қатарлы, екі жолды жолақты, үш жолды. Алманың тұқымын терең-

дігі 2-3 см етіп себеді. Жаңбырлатып немесе арықшамен суарады.

9. Алынған сеппелерді контейнерлерге отырғызып, соңынан тұрақты

орынға отырғызады [3].

Көшет материалдарын тамыр қалемшелерінен өсіру аналық өсімдік-

тің барлық генетикалық белгісін сақтаған көшеттерді алуға мүмкіндік туғы-

зады. Бұл тәсілді қолданғанда, аналық ағаштардан екінші және үшінші сұ-

рыптағы тамырлар дайындалады, олардың қыста ыңғайлы сақталуы үшін

кесінділерге бөлінеді. Көктемде тамырлар 10-15 см ұзындықта тамыр қа-

лемшелеріне бөлініп, арнайы орынға отырғызылады, олар сол жерден та-

мырланады да, өніп-өсу кезеңінің соңында біржылдық екпелер береді. Қа-

зіргі уақытта Қазақстанның ерекше қорғаудағы аймақтары жағдайында бұл

тәсіл бірден-бір аналық генотипін сақтайтын, барлық талапқа сай тәсіл боп

саналады [2]. Оны қолдану барысында клондық көшет материалдарын алуға

қол жеткізіледі.

Салыстырмалы түрде айтқанда, Сиверс алмасын жасыл қалемшелер-

мен тамырландыру 12%-ға, ал сары өріктікі 5%-ды құрады. Бұл тәсіл қазіргі

кезде өндірісте қолдануға ұсынылмайды. Бірақ, осындай зерттеулерді жал-

ғастыра отырып, дәл осы тәсілмен аталған жеміс ағаштары түрлерінен гене-

тикалық біртекті көшет материалдарын алуға болады.

Жылдамдатылған вегетативті көбею тәсілдерінің бірі болып табыла-

тын бұл әдіс зарарсыздандырылған жағдайда, арнайы қоректік қоспалары

бар түтік шыныларда, температуралық және жарық режимдері бақыланатын

биотехнологиялық зертханаларда жүргізіледі. Бастапқы материал ретінде

меристематикалық ұштары немесе өсімдіктің бүтіндей бүршіктері қолда-

Page 41: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Егіншілік. Агрохимия. Агроэкология. Су және орман шаруашылығы

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 41

нылады. Бұл тәсіл ағаш-бұталы өсімдіктердің генетикалық біртекті көшет-

терін алуға қолайлы. Мұндай жұмысты жүргізуге арнайы жабдықталған тұ-

қымбағы, реактивтер, жылыжай және т.б. қондырғылар, сондай-ақ арнайы

білімі бар мамандар қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Джангалиев А.Д. Формовой состав популяций яблонников и их се-

лекционно-генетическое значение. – Алма-Ата: Кайнар, 1969. – 92 с.

2. Заключительный отчет по генетической оценке сортообразцов

M. Siversii. Проект «Сохранение in situ горного агробиоразнообразия в Ка-

захстане». – Алматы, 2011.

3. Сборник тезисов выступлений Международной научно-практичес-

кая конференция «Дикоплодовые леса Казахстана: вопросы сохранения и

рационального использования генофонда глобального значения». – Алматы,

23-24 февраля 2012 г.

Түйін

Мақалада жабайы жеміс түрлерінің, мысалы Сиверс алмасының ор-

маншылық-экологиялық бағалауы және оларды қалпына келтіру әдістері

көрсетілген.

Резюме

В этой статье дана лесоводственно-экологическая оценка дикоплодо-

вых видов на примере яблони Сиверса и предложены методы ее воспроиз-

водства.

Summary

This article specifies silvicultural-ecological assessment of wild fruit spe-

cies, the example of Malus Sieversii and development of methods of reproduc-

tion.

Page 42: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Өсімдік шаруашылығы. Селекция. Мал азығы өндірісі және жайылым

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 42

ӘОЖ 631.582:633.31:633.18

КҮРІШ АУЫСПАЛЫ ЕГІСІНДЕГІ ЖОҢЫШҚА АЛҚАБЫНЫҢ БУЛАНУ ДИНАМИКАСЫ

А.И. ПАРАМОНОВ, ауыл шаруашылығы ғылымдарының

кандидаты, С.М. ҚАЛДАРОВА, техника ғылымдарының

кандидаты, М.Б. ЦХАЙ, аға ғылыми қызметкер

«Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

е-mail: [email protected]

Түйінді сөздер: жоңышқа; күрішті суару жүйесі; танаптық әдіс; энергетика-

лық теңгерім; эвапотранспирация; даму фазалары.

Бұл еңбекте Іле өзенінің сағасындағы Ақдала массивінің күріштік

суару жүйесіндегі бірінші және екінші жылғы жақсы дамыған жоңышқа

алқабының энергетикалық теңгерімді құрайтын элементтерінің (Вт/м2) және

танаптан буланудың (мм) мәндері келтіріледі. Булануға жұмсалатын күн

энергиясының ағыны энергетикалық теңгерімнің негізгі шығыс бабын құ-

райды. Көктемгі және күзгі кезеңдерде оның мәні танапқа келетін күн ра-

диациясының 60-80%-ын құрайды, ал жазғы уақытта одан 10-20% асып

түседі. Конвективтік алмасудың энергия шығыны 20-25%, ал топырақтағы

энергия алмасу радиациялық теңгерімнің 6-8%-ын құрайды. Жоңышқа-

дан булану өсімдіктің бастапқы даму кезеңінде немесе орымнан кейін

1,0 мм/тәулігіне, орым алдындағы жаппай бүрлену фазасында 6,8 мм/тәу-

лігіне дейін өседі.

Жоңышқа ауадағы азотты сіңіріп, оны тамыр жүйесімен топырақ қа-

батында шоғырландыру қабілетінің арқасында бағалы малазықтық дақыл

болып саналады. Жоңышқа алқаптары көптеген ауыспалы егістегі (мал-

азықтық, мақта, күріш, көкөніс және т.б.) бас дақылдан кейінгі орынды ала-

ды. Сондықтан жоңышқаның эвапотранспирациясын бағалаудың ғылыми

және тәжірибелік маңызы зор. Сонымен қатар, бұл дақыл ФАО (ФАО –

БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы) әдістерімен стандартты

эвапотранспирацияны анықтау тұжырымдамасына толық сәйкес келеді,

яғни жоңышқа бүкіл өніп-өсу кезеңінде «судың жетіспеушілігін көрмейтін

шөпті өсімдіктер өсетін үлкен танаптың» эвапотранспирациясы мәнінің

сандық өлшемі болып табылады.

Зерттеу жұмыстары Іле өзені сағасында массивтерді игеру кезеңінде

Ақдала күріштік суару жүйесінде жүргізілді.

Page 43: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Өсімдік шаруашылығы. Селекция. Мал азығы өндірісі және жайылым

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 43

Ауыл шаруашылығы танаптарынан булануды анықтаудың ең объек-

тивті және негізделген әдістерінің бірі – энергетикалық тепе-теңдік әдісі.

Бұл әдіс фотосинтетикалық белсенді радиацияның келіп түсетін өлшемін

және өсімдіктермен пайдаланылатын тиімділігін анықтауға мүмкіндік бе-

реді.

Өлшемі 30×30 м болатын энергия теңгерімі алаңшасы жалпы ауданы

28 га ауыспалы егісті жоңышқаның алқабында орналастырылған. Бақылау-

ды жүргізу техникасы, материалдардың өңделуі және энергиялық теңге-

рімді құрайтын көрсеткіштердің есептелуі, нұсқаулықтар мен ережелерге

сәйкес орындалды [1-3]. Зерттеуге актинометриялық, градиенттік және тер-

мометрлік бақылаулар жатады, сонымен қатар түскен жауын-шашын есепке

алынып, топырақтың жоғарғы қабатының ылғалдылығы анықталады. Ба-

қылау жоңышқаны себуден бастап, оның алғашқы тіршілік жылындағы

өніп-өсу кезеңі аяқталғанша жүргізілді. Жоңышқаның 2-тіршілік жылында

да өніп-өсу басталғаннан аяқталғанға дейін бақылау жалғастырылды.

Өлшемдер тәулігіне алты рет, яғни жергілікті орташа күндік уақытта сағат

01:00; 07:00; 10:00; 13:00; 16:00 және 19:00-де жүргізілді.

Актинометриялық өлшемдер стационарлық жабдықтың, яғни акти-

нометрдің, баланс өлшегіштің, гальванометрлердің көмегімен өлшенді. Ауа

температурасы мен ылғалдылығының және жел жылдамдығының гра-

диенттік өлшемдері әрекетті бетінің деңгейінен 0,5 және 2,0 м биіктіктерде

жүргізілді. Жауын-шашын өлшемі топырақтық жаңбыр өлшегіштің көме-

гімен түзетулер енгізе отырып алынды. Алаңшада көлемдік жылу сы-

йымдылығын есептеу үшін топырақтың ылғалдылығы термостаттық-сал-

мақтық әдіспен әр 10 күн сайын 4 реттік қайталымда анықталды.

Жоңышқа алқабының жиынтық булануы жылу тепе-теңдігі теңде-

уінен анықталды [1, 2]:

BPLER ,

мұндағы R – әрекетті беттің радиациялық тепе-теңдігі, Вт/м2;

P – жылудың конвективтік (турбуленттік) ағыны, Вт/м2;

B – топырақтағы жылу энергиясының ағыны, Вт/м2;

LE – булануға кететін энергия ағыны, Вт/м2 (Е – булану, мм; L –

буланудың жасырын жылуы).

Жоғарыда көрсетілген мерзімде өлшенген энергетикалық тепе-тең-

дікті құрайтын көрсеткіштер бойынша орташа тәуліктік мәндер анықталып,

кейін олар он күндік уақыт аралықтары бойынша орташа мәнге келтірілді.

Жоңышқа алқабының энергетикалық режимі мен эвапотранспирация-

сының жүргізілген зерттеулері радиациялық ағынның қарқындылығы таңғы

мезгілде өсе бастайтынын көрсетті. Оның ең жоғарғы мәні тал түс шама-

сында, яғни күн ең жоғары биіктікке жеткен сәтте байқалады. Көктемгі

Page 44: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Өсімдік шаруашылығы. Селекция. Мал азығы өндірісі және жайылым

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 44

кезеңде оның ең жоғарғы мәндері 420 Вт/м2

, ал жазда – 570 Вт/м2 дейін

жетеді. Кейбір күндері оның мәні 700 Вт/м2 асады. Күн радиациясы ке-

луінің ең төменгі қарқындылығы 14-170 Вт/м2 аралығында өзгереді. Тәулік

бойынша орташа есеппен радиациялық ағын оң таңбалы, ал оның қар-

қындылығы жаз мезгілінде 182 Вт/м2 болады; көктемде және күзде оның

мәні төмендеп, 84-98 Вт/м2 дейін жетеді.

Булануға жұмсалған энергия ағынының тәуліктік өзгеруі радиация-

лық ағынның жүрісіне ілеседі. Таңертеңгілік сағаттарда оның қарқынды-

лығы көктем кезінде 7 Вт/м2-тан жазғы кезеңде 91 Вт/м

2-қа дейін өзгереді.

Тал түс шамасында буланудың энергия ағыны жоғарғы мәндерге ие болады,

яғни көктемде 31-34 Вт/м2, жазда 91-100 Вт/м

2 және күзде 56-60 Вт/м

2 же-

теді. Түнде оның мәні нөлге жақындайды немесе теріс таңбалы санға (көк-

тем мен күз) ие болады. Тәулік бойы орташа есеппен қоршаған ортаның

булануға жұмсалатын энергиямен алмасу қарқындылығы 35-тен 189 Вт/м2

дейін өзгереді, бұл көктемгі кезеңдегі радиация ағынының 30-40 пайызын

және жаз мезгілінде 70-80 пайызын құрайды.

Әрекетті бет пен атмосфераның жерге жақын қабатының арасындағы

конвективтік энергия ағыны энергетикалық тепе-теңдікті құрайтын көрсет-

кіштердің шығысы да, кірісі де болып табылады. Көктемде және күзде ол

оң таңбалы (күздізгі және түнгі уақытта) болып, оның қарқындылығы 28-

ден 210 Вт/м2 дейін өзгереді. Жазғы кезеңде оның атмосферадан жоңышқа

алқабының бетіне қарай бағыты басым, яғни мәні теріс таңбалы болады.

Күндіз конвективтік ағынның қарқындылығы 70-90 Вт/м2 жетеді, түнде 12-

16 Вт/м2 дейін азаяды да, тәулік бойы орташа есеппен көктем мезгілінде 40-

55 Вт/м2, жазда – 25-30 Вт/м

2 немесе радиациялық сәулелену қарқындылы-

ғының 15 және 30 пайызын құрайды.

Таңғы 07:00-ден сағат 16:00-19:00-ге дейін топырақтағы жылу энер-

гиясының ағыны жер бетінен атмосфераға қарай бағытталады, оның ең

жоғары қарқындылығы көктем мезгілінде 40-44 Вт/м2

және жазда – 108-

114 Вт/м2 құрайды. Күзде оның мәні 164-170 Вт/м

2 дейін өседі. Түнгі уа-

қытта, сонымен қатар таңертеңгі және кешкі сағаттарда топырақтағы жылу

энергиясының ағыны теріс таңбалы болады, ал оның қарқындылығы 14-тен

90 Вт/м2 дейін өзгереді. Жалпы тәулік бойы ол топырақ бетіне қарай ба-

ғытталады, ал оның қарқындылығы 7-14 Вт/м2 немесе радиация тепе-тең-

дігінің 6-8 пайызын құрайды.

Он күндік уақыт аралықтары бойынша жоңышқа алқабындағы энер-

гетикалық режимді құрайтын көрсеткіштердің бақылау нәтижелері өніп-

өсудің бастапқы кезеңінде (сәуір) булануға жұмсалатын жылу ағынының

қарқындылығы төмен болатынын және радиациялық сәулеленудің 30%-

ынан аспайтынын көрсетті. Түсетін радиациялық жылудың қалған бөлігі

негізінен жер бетіне жақын ауа қабатын жылытуға кетеді. Осы кезеңде кон-

Page 45: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Өсімдік шаруашылығы. Селекция. Мал азығы өндірісі және жайылым

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 45

вективтік жылу ағыны топырақ бетінен атмосфераға қарай бағытталады, ал

оның қарқындылығы 48-ден 68 Вт/м2 дейін өзгереді.

Жоңышқа өсіп, дамыған сайын, сонымен қатар атмосфераның радиа-

циялық шиеленуі артқан кезде қоршаған ортамен булану арқылы энергия

алмасу қарқындылығы артады да, мамырдың аяғы-маусымның басында 85-

89 Вт/м2 радиациялық сәулелену қарқындылығына жетіп, сосын одан да

асып түседі. Жаңбырдың салдарынан (сәуірдің ортасы және маусымның

басы) конвективтік жылу ағыны өз қарқындылығын нөлге дейін төменде-

теді де, суару жүргізілген соң теріс таңбалы мәнге ие болады.

Жаздың басында радиация тепе-теңдігі өскен сайын және өсімдік

дамуының ең қарқынды фазаларына аяқ басқанда булану нәтижесінде жылу

алмасу қарқындылығы күрт өседі. Екінші орымды жүргізген кезде (шіл-

денің І және ІІ онкүндігі) оның мәні күн радиациясының танапқа түсу қар-

қындылығынан 20-30% асады. Шілденің аяғында теріс таңбалы мәнге ие

болатын конвективтік энергия алмасу үнемі төмендеп, оның қарқындылығы

25-34 Вт/м2 дейін жетеді.

Булануға жұмсалған жылу энергиясы ағысының қарқындылығы тө-

мендеуі екінші орымның жүргізілуімен және жоңышқа алқабынан булану-

дың күрт төмендеуімен түсіндіріледі. Дегенмен, осы кезең, әдетте, ра-

диациялық сәулеленудің ең жоғары қарқындылығымен ерекшеленеді – 170-

180 Вт/м2. Конвективтік жылу ағынының қарқындылығы осы уақытта 27-

32 Вт/м2 құрайды, яғни 10 Вт/м

2 төмендейді.

Үшінші орым кезінде жылу ағынының 184-202 Вт/м2 жететін була-

нудың ең жоғары қарқындылығы байқалады, бұл жоңышқа танабына тү-

сетін күн энергиясының қарқындылығынан 20-30% асады. Мұндай жағдай

жоңышқаның эвапотранспирациясына ыза суының көтерілген деңгейі зор

ықпал ететіндігімен, сонымен қатар сәулелік энергияның танапқа ең жоға-

ры мәнде түсуімен түсіндіріледі, яғни оның қарқындылығы 165-175 Вт/м2

жетеді.

Төртінше орымның қалыптасуы келесі жағдайда өтеді: қыркүйекте

радиация ағынының қарқындылығы 130-140-тан 90-95 Вт/м2 дейін, ал бу-

лану нәтижесінде қоршаған ортамен энергия алмасуы 132-140-тан 55-

60 Вт/м2 дейін төмендейді. Қыркүйектің басындағы конвективтік жылу ағы-

ны, әдетте, атмосфераға қарай бағытталады, ал айдың аяғында оның қар-

қындылығы 37-40 Вт/м2 жетеді, яғни радиация ағыны қарқындылығының

50 пайызын құрайды. Жылулық режимді құрайтын көрсеткіштер өзгеруінің

осындай сипаты күзде жоңышқа танабына түсетін сәулелік энергияның әл-

сіреуіне, сонымен қатар деңгейінің төмендеуінен ыза суының эвапотран-

спирация мөлшеріне тигізетін ықпалының азаюына байланысты.

Өніп-өсу кезеңінде топырақтағы жылулық энергия ағыны айтарлық-

тай өзгермейді және радиациялық энергия ағынының 6-8% құрайды. Өніп-

Page 46: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Өсімдік шаруашылығы. Селекция. Мал азығы өндірісі және жайылым

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 46

өсу кезеңдері бойынша жоңышқа танабының альбедосы 18-ден 26%-ға

дейін өзгереді.

Жоңышқа танабының энергия теңгерімін құрайтын көрсеткіштер өз-

геруінің талдау нәтижелері осы көрсеткіштердің таралуы өніп-өсу кезең-

деріне, тәулік уақытына, өсімдіктердің даму фазаларына, топырақ ылғал-

дылығының режиміне, ауа райы жағдайына және ыза суы деңгейіне бай-

ланысты екендігін көрсетті. Жоңышқаның булануына жұмсалатын энергия

ағыны энергия теңгерімінің негізгі шығыс бабы болып табылады. Көктемгі

және күзгі кезеңдерде ол танапқа түсетін күн радиациясының 60-80%-ын

құрайды, ал жазғы уақытта одан 10-20% асып түседі. Конвективтік алмасу-

дың энергия шығыны 20-25%, ал топырақтағы энергия алмасуда радиа-

циялық тепе-теңдіктің 6-8%-ын құрайды.

1-кестеде энергия теңгерімі әдісімен анықталған бірінші және екінші

жылғы жоңышқаның нақты эвапотранспирациясының онкүндік мәндері

келтіріледі.

1. Жоңышқаның нақты эвапотранспирациясының онкүндік мәндері, мм

Жо

ңы

шқ

а

Сәуір Мамыр Маусым Шілде Тамыз Қыркү-

йек Қа

зан

Өніп-

өсу

кезеңі

бойын-

ша

барлы-

ғы, мм

1

2

3

жи

ын

ты

ғы

1

2

3

жи

ын

ты

ғы

1

2

3

жи

ын

ты

ғы

1

2

3

жи

ын

ты

ғы

1

2

3

жи

ын

ты

ғы

1

2

3

жи

ын

ты

ғы

1

1-ж

ыл

- 2,8

8,2

11

,0

6,2

9,3

14

,6

30

,1

17

,4

24

,3

19

,1

60

,8

32

,2

72

,3

51

,9

15

6,4

50

,6

91

,0

98

,1

23

9,7

68

,2

25

,4

15

,3

10

8,9

25

,4

63

2,3

2-ж

ыл

7,3

9,8

12

,2

29

,3

19

,5

24

,4

39

,1

83

,0

36

,6

48

,8

61

,0

14

6,4

69

,6

68

,7

65

,4

20

3,7

70

,0

57

,4

45

,9

17

3,3

47

,8

35

,9

27

,0

11

0,7

22

,0

76

8,4

Келтірілген материалдар бойынша, жоңышқа эвапотранспирация-

сының ең жоғары мөлшері жаз айларында байқалады, яғни оның онкүн-

діктегі орташа мәні 70-98 мм құрайды. Көктемгі және күзгі кезеңдерде

жоңышқа танабының онкүндіктегі булануы 10-22 мм-ге дейін жетті. Жалпы

өніп-өсу кезеңінде ылғал шығынының жиынтығы жоңышқаның бірінші

жылында 632,3 мм, екінші жылында 768,4 мм құрады.

Өніп-өсу кезеңінің ішіндегі жоңышқа танабының нақты булануы бо-

йынша мәліметтердің интерпретациясы эвапотранспирация режимінің

өсімдіктің даму фазаларына байланысты болатындығын көрсетеді, яғни

мұның биологиялық ұғымы бар (2-кесте).

Page 47: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Өсімдік шаруашылығы. Селекция. Мал азығы өндірісі және жайылым

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 47

2. Жоңышқа дамуының әр түрлі фазасындағы нақты эвапотранспирация (мм)

Даму фазасы Орым

нөмірі

Ұзақтығы,

тәулік

Нақты

эвапотранс-

пирация, мм

Эвапотранспира-

цияның

қарқындылығы,

мм/тәул

Бірінші жылғы жоңышқа

Себу – көктеу - 12 6,8 0,57

Көктеу – алғашқы

жапырақ - 15 10,4 0,69

Алғашқы-екінші

жапырақ - 8 7,1 0,89

Екінші-үшінші

жапырақ - 6 8,0 1,33

Үшінші жапырақ –

сабақтың қалыптасуы - 11 15,8 1,44

Сабақтануы –

бүрленуінің басы - 11 22,4 2,04

Бүрленуінің басы –

жаппай бүрленуі 1-ші 29 95,6 3,30

Өсуі – бүрленуінің басы - 27 142,8 5,29

Бүрленуінің басы –

жаппай бүрленуі 2-ші 26 177,3 6,82

Өсуі – вегетацияның

аяғы - 35 146,1 4,17

Өніп-өсу кезеңі бойы - 180 632,2 3,51

Екінші жылғы жоңышқа

Өсуі – бүрленуінің басы

1-ші 30 29,3 0,98

2-ші 20 85,4 4,27

3-ші 21 134,1 6,39

4- ші 21 93,7 4,46

Бүрленуінің басы –

жаппай бүрленуі

(гүлденуінің басы)

1- ші 31 83,4 2,69

2- ші 20 130,2 6,51

3- ші 20 127,4 6,37

4- ші 30 84,9 2,83

Өніп-өсу кезеңі бойы - 193 768,4 3,98

Сонымен, егер жоңышқа дамуының басты кезеңінде (көктегеннен

бастап екінші нақты жапырағы түзілгенге дейін) эвапотранспирация қар-

қындылығы 1 мм/тәул төмен болса, онда жаппай бүрленуі фазасында

бірінші орым қалыптасқан кезде оның мәні 3,3 мм/тәул дейін және екінші

орым қалыптасқанда 6,8 мм/тәул дейін өседі. Жоңышқаның екінші жылын-

Page 48: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Өсімдік шаруашылығы. Селекция. Мал азығы өндірісі және жайылым

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 48

да жоңышқа танабы булануының орташа тәуліктік қарқындылығы өсу

фазасында 1,0 мм-ге дейін, жаппай бүрлену фазасында 6,5 мм-ге дейін өз-

гереді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Наставление гидрометеорологическим станциям и постам. – Вып.3.

– Ч. 1. Метеорологические наблюдения на станциях. – Л.: Гидрометеоиздат,

1969. – 306 с.

2. Руководство по градиентным наблюдениям и определению состав-

ляющих теплового баланса. – Л.: Гидрометеоиздат, 1964. – 130 с.

3. Стернзат Н.С. Метеорологические приборы и измерения. – Л.:

Гидрометеоиздат, 1978. – 398 с.

Түйін

Танаптық зерттеу нәтижелері мен энергетикалық теңгерім әдісін

пайдаланып, Іле өзенінің сағасындағы Ақдала суару жүйесінде күріштің

басты ілеспелі дақылы – жоңышқаның бірінші және екінші тіршілік жы-

лындағы даму фазалары және өніп-өсу кезеңінің онкүндіктері бойынша

эвапотранспирациясының тәулігіне 1,0 мм-ден 6,8 мм дейін өзгеретін мән-

дері анықталды.

Резюме

Результатами полевых исследований с использованием метода энер-

гетического баланса установлены величины эвапотранспирации главной со-

путствующей рису культуры – люцерны – по фазам ее развития в первый и

во второй год жизни, и по декадам вегетационного периода на Акдалинской

оросительной системе в низовьях р.Иле, которые изменяются от менее

1,0 мм до 6,8 мм в сутки.

Summary

By results of field studies using method of the energy balance values of

evapotranspiration of the main culture accompanying rice – alfalfa on phases of

its development in the first and second life year and during decades of the

vegetative period on Akdala irrigation system in lower of the river Ile which

change from less than 1,0 mm to 6,8 mm per day are established.

Page 49: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Өсімдік шаруашылығы. Селекция. Мал азығы өндірісі және жайылым

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 49

ӘОЖ 631.521:633.2

ЖОҢЫШҚА МЕН ЕРКЕКШӨПТІҢ ЖАҢА СОРТТАРЫН СЫНАУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Б.Ә. ИСМАИЛОВ, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты

«Қазақ мал шаруашылығы және мал азығы өндірісі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

e-mail: givotnovodstvo@ mail.ru

Түйінді сөздер: жоңышқа; еркекшөп; сорт; сынау.

Шаруашылықтарда өнімділігі жоғары сорттарды пайдалану жемшөп

өндірісінің тиімділігін арттыруға оң ықпал етеді. Жаңадан шығарылған

сорттың қолданыстағыдан айтарлықтай артықшылықтары болуы керек.

Өйткені, жоғары өнімді жаңа сорт ескі сортқа қосымша өсірілу үшін емес,

оны толығымен алмастырып егу мақсатында пайдалануға ұсынылады. Бір

облыста немесе аймақта бірін-бірі толықтырып отыратын шаруашылықта

пайдаланылуы немесе биологиялық даму ерекшеліктері бірдей емес, пісіп-

жетілу мерзімінің ұзақтығы әр түрлі және топырақ құнары мен механика-

лық кұрамы өзгеше жерге арналған сорттарды өсіру өте қажет әрі мақсатқа

сай келеді.

Жаңа сорт шығару жұмысының нәтижелері ең соңында байқау көшет-

жайында кешенді бағаланады. Байқау сортсынағы селекциялық-тәжірибелік

мекемеде өткізіледі, онда бақылау көшетжайында іріктеп алынған сорттар

стандартпен салыстырыла отырып, өзара сыналады. Байқау көшетжайында

нөмірлер жан-жақты бағаланып, кешенді белгілері мен қасиеттері бойынша

стандарттан айтарлықтай басым түскендері мемлекеттік сортсынаққа тап-

сырылады. Байқау сортсынағы, әдетте, мемлекеттік сортсынақтың әдісте-

месі бойынша жүргізіледі [2].

Тәжірибелік зерттеу жұмыстары Алматы облысының Іле ауданында

шөл далалық аймақта жүргізілді. Жер телімінің топырағы сұрғылт түсті, ор-

таша саздауыт, аздап тұзданған. Орташа көпжылдық жауын-шашын мөл-

шері жылына 355 мм, +10ºС-тан жоғары температура сомасы 3359 құрайды.

Жаз айларында ылғал тапшылығы байқалады.

Байқау көшетжайлары бекітілген әдістемеге сәйкес төрт қайтала-

нымда, әр мөлдектің ауданы 25 м2 етіп салынды. Еркекшөптің стандарттық

сорты ретінде Талаптан, ал жоңышқада жергілікті Жетісу алынды. Өсім-

діктердің даму кезеңдерінде (қайта көктеу, масақтану, шанақтану, гүлдеу,

тұқым пісуі) фенологиялық байқаулар жүргізілді. Жоңышқаның көкбалауса

өнімділігі гүлдеу фазасының бас кезінде, ал еркекшөптікі жаппай масақта-

ну кезінде анықталды. Өсімдік биіктігі орым жүргізер алдында өлшенді.

Page 50: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Өсімдік шаруашылығы. Селекция. Мал азығы өндірісі және жайылым

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 50

Мәліметтерді статистикалық өңдеу Б.А. Доспехов әдістемесі бойынша

орындалды [1].

Алдыңғы кезеңдерде іріктеп алынған келешекті еркекшөп сорттары

байқау көшетжайында үшжылдық (2012-2014 жж.) сынақтан өтті (1-кесте).

1. Байқау сынағындағы еркекшөп сорттарының азықтық массасының өнімділігі

(орташа 2012-2014 жж.)

Сорт Өсімдік

биіктігі, см

Өнімділігі, ц/га Стандартқа %

есебімен көкбалауса пішен

Стандарт 69,8±1,6 95,1 21,3 100,0

ШКК 70,7±1,8 97,2 22,4 105,2

ТПУ 74,8±1,5 110,1 25,8 121,1

КБС 76,0±1,9 114,4 26,8 125,8

БЗХ 72,8±1,7 102,4 23,6 110,8

ЕЕА05 - 5,0 1,1 -

Тәлімі жағдайда, күзгі-қысқы және ерте көктемгі түскен ылғалды пай-

даланып, жазғы ыстық басталғанға дейін өсіп-жетіліп, қанағаттанарлық

азықтық масса өнімділігін қалыптастыра алуы еркекшөпті маңыздылығы

жөнінен көпжылдық шөптер арасында шөлейт-далалық аймақтарда бірінші

қатарға шығарады. Шындығында ол егістік көлемі жөнінен де алдыңғы

орында тұр. Сондықтан қуаңшылық жылдары мал азығының тұрлаулы қо-

рын қалыптастыру науқанында оның маңызы ерекше. Өйткені, табиғи

жайылым мен шабындықтардың пішен өнімділігі орташа алғанда 3-4 ц/га

құрайды (орманды-далалық аймақта – 4,5; шөлейтте – 1-3,5; шөлде – 0,5-

2,1 ц/га).

Сыналған төрт сорттың біреуінің (ШКК) көкбалауса мен пішен өнім-

ділігі стандарттан асқанымен, шынайы басымдылық танытпады. Өсімдік

биіктігі 70,7±1,8 см болып, стандартпен 69,8±1,6 см шамалас келді. Өнім-

ділік нәтижесі де осыған сәйкес болып шықты. Өсімдік биіктігінің өнімді-

лікпен тікелей байланыста болатындығы осы мысалдан анық байқалады.

БЗХ сорты өсімдіктерінің биіктігі 72,8±1,7 см құрап, 102,4 ц/га

көкбалауса, 23,6 ц/га пішен өнім беріп, стандарттан 10,8% басым түсті. Ал

ТПУ сортының шөп шүйгінінің биіктігі 74,8±1,5 см, көкбалаусасы

110,1 ц/га, пішені 25,8 ц/га болып, стандарттық Талаптан сортынан 21,1%

артық өнім берді.

Тәжірибеде ең жоғары өнімділік КБС сортында анықталды. Өсімдік

биіктігі 76,0±1,9 см құрап, стандарттан 6,2 см биіктігін көрсетті. Көкбалауса

өнімділігі 114,4 ц/га, пішені 26,8 ц/га құрады, стандарттан осы көрсет-

кіштері бойынша айқын басымдылық танытып, 25,8% асып түсті. Екі цикл

Page 51: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Өсімдік шаруашылығы. Селекция. Мал азығы өндірісі және жайылым

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 51

бойынша өнімділігі жөнінен стандарттан шынайы басым болған КБС сорты

мемлекеттік сортсынаққа өткізілді. Сынақтан ойдағыдай өткен жағдайда

бұл сорт республикамызда пайдалануға рұқсат етілген селекциялық же-

тістіктердің мемлекеттік тізбесіне енгізіліп, өндірісте қолдануға ұсыны-

лады.

Бұршақ тұқымдас шөптер ішінде көпжылдық жоңышқаның алатын

орыны оның егістік көлемінің жылдан-жылға артуымен, қоректілік құн-

дылығымен, топырақ құнарын арттырудағы және жел-су эрозиясының ал-

дын алуда атқаратын ролімен айқындалады. Бұл дақыл республиканың бар-

лық табиғи-экономикалық аймағында қатаң тәлімі және суармалы жерде,

таулы аудандар мен далалық белдеуде өсіріледі. Қазақстанның оңтүстігінде

5-7 орымда 500-600 ц/га көкбалауса, 150-180 ц/га пішен, ал солтүстігінде

тәлімі жағдайда 5-8 ц/га пішен өнімін береді.

Соңғы жылдары ауа райының күрт жылынуына, егістікке қажет су

тапшылығының артуына байланысты суарылмайтын тәлімі жерде өсіп, өнім

беретін дақылдардың маңыздылығы айрықша мәселеге айналып отыр.

Өйткені, суармалы жерде негізінен азық-түліктік дақылдар өсірілуге тиіс.

Тәлімі жер болса, малазықтық өсімдіктер еншісіне тиесілі. Осы жағдайға

байланысты атмосфералық жауын-шашынды пайдаланып, қанағаттанарлық

деңгейде жемшөп өнімін беретін дақылдардың түрлерін мал азығы қорын

нығайту мақсатында қолдану бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып

табылады. Демек, жоңышқаның тәлімі жағдайға бейімделген жоғары өнім-

ді, құрғақшылыққа, ауруларға төзімді сорттарын шығару суарылмайтын

жерді жемшөп өндіру мақсатында қолданудың тиімді жолы болып та-

былады.

Тәлімі жағдайда жоңышқа, әдетте, екі орым береді. Байқау көшетжа-

йында стандартпен салыстырылып сыналған төрт сорттың азықтық масса

өнімділігі 2-кестеде берілді.

Сынақтағы сорттардың шөп шүйгінінің биіктігі 83-86 см, ал стан-

дартта 80,2±1,5 см құрады. Стандарттық сорттың пішен өнімділігі 37,7 ц/га,

көкбалаусасы 162,9 ц/га болды. ИДА-64, КБИ-36, АСТ-7 сорттарының көк-

балауса өнімділігі 191-199,2 ц/га, ал пішен түсімі 46,7-47,2 ц/га аралығында

ауытқыды. Яғни, стандарттан 23,9-25,2% артық азықтық масса өнімін қа-

лыптастырды. Ең жоғары көкбалауса өнімі 212,3 ц/га және пішені 51,1 ц/га

БШБ-10 сортында байқалды. Өсімдік биіктігі 86,1±2,1 см құрап, стандарт-

тан малазықтық масса өнімділігі бойынша 35,5% асып түсті. Сыналған

жоңышқа сорттары өсімдік биіктігі мен көкбалауса, пішен өнімділігі жө-

нінен стандарттан шынайы басымдылық танытты.

Page 52: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Өсімдік шаруашылығы. Селекция. Мал азығы өндірісі және жайылым

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 52

2. Байқау сынағындағы жоңышқа сорттарының көкбалауса және пішен өнімділігі

(орташа 2012-2014 жж.)

Сорт Өсімдік

биіктігі, см

Өнімділігі, ц/га Стандартқа

% есебімен көкбалауса пішен

Стандарт 80,2±1,5 162,9 37,7 100,0

АСТ-7 83,2±1,8 199,2 47,2 125,2

БШБ-10 86,1±2,1 212,3 51,1 135,5

ИДА-64 84,8±1,4 191,0 46,7 123,9

КБИ-36 83,6±1,7 195,7 47,0 124,6

ЕЕА05 - 9,3 2,2 -

Байқау көшетжайнда жемшөп өнімділігі бойынша сәйкес стандарт-

тардан шынайы басым түскен жоңышқаның КБС және еркекшөптің БШБ-

10 сорттары одан ары зерттеу үшін мемлекеттік сортсынаққа тапсырылды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Доспехов Б.А. Методика полевого опыта. – М.: Колос, 1983. –

416 с.

2. Методика государственного сортоиспытания сельскохозяйствен-

ных культур Казахстана. – Астана, 2000. – 359 с.

Түйін

Мақалада жоңышқа мен еркекшөптің жаңа сорттарын байқау көшет-

жайында сынау нәтижелері баяндалады.

Резюме

В статье изложены результаты испытания новых сортов люцерны и

житняка в конкурсном питомнике.

Summary

The article provides the results of strain testing new varieties of alfalfa and

wheatgrass in the competitive nursecy.

Page 53: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 53

ӘОЖ 636.081.082

ЕТТІ ІРІ ҚАРА МАЛДЫҢ ИНДЕКСТІК БАҒАЛАУ ӘДІСТЕМЕСІН ЖЕТІЛДІРУ

А. Ә. ӘБУ, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты,

Қ.Ж. ЖҰМАНОВ, магистр, У.Ж. САДЫБАЕВ, ғылыми қызметкер,

И.Р. ДЖАНАБАЕВ, жетекші маман

«Қазақ мал шаруашылығы және мал азығы өндірісі ғылыми-зерттеу

институты» ЖШС

e-mail: [email protected]

Түйінді сөздер: селекция; генотип; фенотип; индекс; түзету коэффициенті;

пропотент; темперамент.

Елімізде ет өнімдерін өндіруде сиыр еті ерекше орын алады. Бұл

өнімді өндіруде мамандандырылған етті тұқым малын көбейту және жас

малды қолда күтіп семіртуді арттыру қажет. Бүгінгі күні ет бағытындағы ірі

қара малдың өнімділігін көтеруде селекциялық жұмыстарды жандандыру

басты міндет болып табылады. Селекциялық жұмыстарды жандандыруда

генетика мен селекция саласының бүкіл әлемдік және отандық жетістікте-

рін қолдану басты фактор ретінде қаралу керек. Ет бағытындағы ірі қара

малда селекциялық үдерісті дамыту үшін малдың асыл тұқымдылығын ба-

ғалау үлкен маңызға ие. Мұндай әдіс малды бағалауда басты селекциялық

белгілері болып табылатын қарқынды өсіруден басқа, оның сырт пішіні

ерекшеліктеріне, резистенттігіне, яғни малдың денсаулығы мен шаруашы-

лықта пайдалану мерзіміне байланысты. Осындай әдістердің ең бастысы

малды индекспен бағалау әдісі болып табылады [1-5].

Бұқаларды ұрпағының сапасымен бағалау және бір мезгілде бұқа-

шықтарды өз өнімділігімен сынақтан өткізу әдістемесін жасау мен прогрес-

сивті әдістерді етті тұқым малына қолдана отырып, асыл тұқымды құнды-

лығын индексті бағалау әдістемесін және алгоритмін жетілдіру ғылыми-

зерттеу жұмыстарының мақсаты болып табылады.

Мақалада бұқаларды ұрпағының сапасымен бағалау және бір мезгілде

бұқашықтарды өз өнімділігімен сынақтан өткізу индекстік әдістемесін жа-

сау үшін 2015 ж. жүргізілген зерттеу жұмыстары көрсетілген.

Ғылыми зерттеулер қазақтың ақ басты малын өсіретін Ақмола облы-

сындағы «Острогорский» ЖШС-те, Шығыс Қазақстан облысындағы «Ша-

лабай» ЖШС-де, Солтүстік Қазақстан облысындағы «Алабота» ЖШС-те

жас малдың өсуін және жетілуін зерттеу, кешенді класын анықтау, малдың

Page 54: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 54

тірілей салмағының асыл тұқымды құндылық индекстерін пайдалану арқы-

лы жүргізілді.

Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды жүргізу үшін қазақтың ақбас тұ-

қымды 847 бас бұқашығы мен 877 бас тайыншасынан топтар құрылды.

1. Базалық шаруашылықтарда туған 2015 жылғы жас мал

Шаруашылық Мал басы

бұқашықтар тайыншалар

«Острогорское» 231 237

«Шалабай» 286 290

«Алабота» 330 350

Қорытындысы 847 877

Атап өтетін жағдай, малдың төлдеу мерзімі әр түрлі, ал енесінен бөлу

бір күнде жүргізіледі. Сонда малдың жас мөлшерінде күнмен есептегенде

үлкен айырмашылық байқалады және бұл тірілей салмағына да қатысты.

Жоғарыда құрылған топтардағы малдың енесінен бөлген кездегі жас айыр-

машылығы шамамен 130-280 күнге тең болды. Бұл көрсеткіш популяция-

лық орта көрсеткіштердің бұрмалануына әкеп соқты. Соған байланысты,

осы топтағы малдың ішінен 6-8 ай жас арасындағы мал таңдап алынды.

Таңдап алынған 1 724 бас асыл тұқымды малдың 566 басы (288-і бұ-

қашық және 278-і тайынша) бақылауға алынып, сұрыптау жұмыстары жүр-

гізілді. Нәтижесінде, олардың жас айырмашылығы 160-250 күн аралығын

көрсетті.

Бақылаудағы малдың тірі салмағының кешенді класы 2-кестеде көр-

сетілген.

2. Тірі салмағының кешенді класы

Класы

Қазақтың ақбас тұқымды малы

бұқашық тайынша

бас % бас %

1 2 3 4 5

«Острогорское»

Элита-рекорд - - - -

Элита 1 1 1 1,5

I класс 51 51 45 70,5

II класс 47 47 18 28

Класқа жатпайды 1 1 - -

Қорытынды 100 100 64 100

Page 55: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 55

2-кестенің соңы

1 2 3 4 5

«Шалабай»

Элита-рекорд - - 20 17

Элита 27 24 15 13

I класс 17 15 24 21

II класс 68 61 36 32

Класқа жатпайды - - 19 17

Қорытынды 112 100 114 100

«Алабота»

Элита-рекорд - - - -

Элита - - 1 1

I класс 64 84 66 66

II класс 12 16 33 33

Класқа жатпайды - - - -

Қорытынды 76 100 100 100

Зерттеулер нәтижесінде асыл тұқымды мал тірі салмағы бойынша тө-

мендегідей кластарға жатқызылды: 48 пайыз бұқашық І класқа, 42,7 пайыз

бұқашық ІІ класқа, 8,3 пайызы элита класына; Ал 48,5 пайыз тайынша

І класс, 31,3 пайыз тайынша ІІ класс, 6,1 пайызы элита класы, 7,1 пайызы

элита-рекорд болды.

Алайда, шаруашылықта элита-рекорд класына жататын бір де бір бұ-

қашық болмады. Одан ары зерттеулерде жас малға олардың жасын бірдей

етіп стандарттау, яғни малдың жасын етті тұқым малын өсіретін дамыған

елдерде қабылданғандай, 210 күндік жасқа түзету жұмыстары жүргізілді.

Туғаннан енесінен бөлгенге дейінгі орташа салмақ қосуы төмендегі

формула бойынша есептелді:

мұндағы Во – енесінен бөлінер кездегі тірі салмағы;

Вр – туғандағы тірі салмағы;

Вд – енесінен бөлінген кездегі (күн);

Км – анасының жасына қарай түзету коэффициенті.

Жас малдың әр шаруашылықтан алынған 210 күндігіндегі түзету тірі

салмағы 3-кесте бойынша жүргізілді.

Кестеде көрсетілген зерттеу жұмыстары жүргізілген осы үш шаруа-

шылықтағы бұқашықтар мен тайыншалардың 210 күндегі тірі салмағы 190-

194 кг құрап, І класқа сәйкес келетіндігін көрсетті. Бұл класқа осы жастағы

тайыншалар сәйкес келеді.

Км, Вр Вд

Вр Во св

210 210

Page 56: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 56

Атап айтатын жағдай, тайыншалардың өсу қарқыны келешекте өнді-

рісте ұдайы өсіруде одан ары пайдаланғанда биологиялық дамумен сәйкес

келеді

3. Жас малдың түзету тірі салмағы және орташа көрсеткіштері

Бақылаудағы бағаланып отырған малдың ары қарай тірілей салмағы-

ның асыл тұқымды құндылығына баға беру индексі 100-ден жоғары малды

таңдауға мүкіндік бере алатын статистикалық модель әдісімен жүргізілді.

Жас малға индекстік баға берудің қорытындысы 4-кестеде көрсетіл-

ген.

4. Асыл тұқымды жас малдың индексті градациясы

Индексті градация Бұқашықтар Тайыншалар

1 2 3

«Острогорское»

95-99 18 10

100 39 14

101-105 5 21

106-110 32 16

111-115 6 3

Қорытындысы 100 64

«Шалабай»

95-99 49 34

100 21 16

Шаруашылық

Бұқашықтар Туғаннан ене-

сінен бөлгенге

дейінгі орта-

ша салмақ

қосуы, г

n

Енесінен

бөлгенге

дейінгі

орташа

жасы, күн

Тірі салмағы, кг

Факті жүзінде 210 күн

M±m Cv M±m Cv

«Острогорское 100 200 185,9±1,9 10,3 194,0±0,8 4,2 858

«Шалабай» 112 211 191,1±1,0 5,8 190,0±0,8 4,2 780

«Алабота» 76 193 179,8±1,3 6,4 192,9±0,6 2,8 876

Орташа

қорытындысы 288 201 186,3±0,9 8,1 192,0±0,4 3,5 832

Тайыншалар

«Острогорское 64 200 171,0±1,6 7,5 178,8±0,8 3,7 780

«Шалабай» 114 208 174,7±1,0 6,6 176,7±0,7 4,5 683

«Алабота» 100 211 177,8±0,9 5,4 177,0±0,5 3,0 722

Орташа

қорытындысы 278 205 175,0±0,7 6,5 177±0,4 3,9 742

Page 57: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 57

4-кестенің соңы

1 2 3

101-105 38 40

106-110 4 20

111-115 4

Қорытындысы 112 114

«Алабота»

95-99 3 49

100 22 15

101-105 7 27

106-110 43 8

Қорытындысы 76 100

Барлығы 288 278

Осы малдан асыл тұқымды құндылық есебін жүргізу және тегі бо-

йынша сараптау арқылы 12 асыл тұқымды бұқаның ұрпағы болып келетін

126 бұқашық өз өнімділігін анықтау үшін таңдалып, оның ішінде «Остро-

горский» ЖШС-те 41 бас, «Шалабай» ЖШС-те 39 бас және «Алабота»

ЖШС-те 46 бас сынаққа қойылды (5-кесте).

5. Ұрпағының сапасы бойынша анықтау үшін сынаққа қойылған

өндіруші бұқалардың тізімі

Шаруашылық

Қазақтың ақбас тұқымды малы

өндіруші бұқа бұқашық

n M±m Cv б

«Острогорский»

6 537 10 205,6±1,2 1,7 3,6

6 749 11 204,6±0,9 1,4 3,0

6 279 10 207,4±1,9 2,1 4,4

6 377 10 205,6±0,8 1,2 2,6

Жалпы 4 41 205,8±0,6 1,7 3,6

«Шалабай»

1 005 13 199,3±0,7 2,6 1,3

2 131 11 192,0±0,8 2,7 1,4

2 081 8 193,6±0,8 2,4 1,2

2 015 7 191,0±0,3 2,6 0,4

Жалпы 4 39 194,5±0,7 4,2 2,1

«Алабота»

2 619 10 193,4±0,9 2,8 1,4

2 829 13 193,0±0,4 1,7 0,8

5 295 12 197,5±0,7 2,6 1,3

5 349 11 193,2±0,7 2,3 1,2

Жалпы 4 46 194,3±0,4 3,0 1,5

Қорытындысы 12 126 198,1±0,6 3,2 6,5

Page 58: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 58

Келесі жылдары осы жас малдың жасы 12 айға жеткеннен кейін ай са-

йынғы өсу қарқындылығы, сырт белгілерінің өзгерісі, темпераменті, 1 кг

салмаққа кеткен азық мөлшері, 15 айындағы тірі салмағы және еттілік піші-

ні анықталады. Өндіруші бұқаларды ұрпағының сапасы мен бұқашықтарды

өз өнімділігі бойынша бағалаудағы сынақ мерзімінің аяқталуы ресми рәсім-

делген нұсқау BLUP әдістерін тәжірбиеде қолдану арқылы жүргізіледі [4].

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Басовский Н.З., Шульга Л.П., Погорелова В.М., Кузнецов В.М.

Оценка быков в стадах с различным уровнем продуктивности и племенной

ценности // Бюл. ВНИИРГЖ. – 1975.

2. Зиновьева Н.А., Кленовицкий П.М., Гладырь Е.А., Никишов А.А. Со-

временные методы генетического контроля селекционных процессов и сер-

тификация племенного материала в животноводстве: Учебное пособие. –

М.: РУДН, 2008. – 329 с.

3. Кузнецов В.М, Суллер И.Л. Селекция быков по живой массе мето-

дом BLUP // Зоотехния. – 1994. – №11. – 2-4 с.

4. Тореханов А.А., Карымсаков Т.Н., Бегембеков К.Н., Баккожаев А.А.

Современные аспекты племенной работы в скотоводстве. – Астана, 2012. –

С. 7.

5. Эрнст Л.К. Стратегия генетического совершенствования крупного

рогатого скота России // Зоотехния. – 1997. – №11.

Түйін

Жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша, олар-

дың енесінен бөлген кездегі жасын стандарттау, жас малдың асыл тұқым-

дық құндылығының индексін есептеу, олардың ішінен ең жақсыларын таң-

дап, кешенді кластарын анықтау және бұқаларды ұрпағының сапасы мен

бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынаққа қоюға болатыны анықталды.

Резюме

Результаты проведенных исследований позволили установить возраст

молодняка при отъеме и стандартизировать, определить класс молодняка,

рассчитать индекс племенной ценности, отобрать лучших животных,

поставить бычков на испытание по собственной продуктивности и их отцов

по качеству потомства.

Page 59: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 59

Summary

Results of the research have allowed to establish age and the young at

weaning and standardize on a single, define a class of young, breeding values to

calculate the index, to select the best animals Byachkov put to the test on their

fathers on the quality of the offspring.

ӘОЖ 641.32/40.085

ЕДІЛБАЙ ЖӘНЕ ЕДІЛБАЙ ТИПТЕС ҚОЙ АНАЛЫҚТАРЫНЫҢ

ӨЗ ТӨЛІНЕН КӨБЕЮ ҚАБІЛЕТІ

Қ. ИРЗАҒАЛИЕВ, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы,

С. СҰЛТАНОВ, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты

Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты

e-mail: [email protected]

Түйінді сөздер: төлдегіштігі; нәсілдік; топ; ұрықтанғыш; табын.

Өз төлінен көбею қабілеті ауыл шаруашылығы малының маңызды

биологиялық қасиеттерінің біріне жатады. Қой шаруашылығының тиімділі-

гі, негізінен, аналықтардың төлшеңдігі мен төлдің сақталғыштық қасиетте-

рінің деңгейімен анықталады Аналықтардың төлшеңдігі қозының көп туы-

луын қамтамасыз етеді, яғни, жүргізілген селекцияның нәтижелілігін артты-

рады.

Төлшеңдік ең алдымен аналықтардың нәсілдік қасиеттерімен анықта-

лады, ал оның деңгейі малдың жасына, салмағына, азықтандыру деңгейіне,

күтіп-бағу жағдайларына және т.б. байланысты болады.

Атырау өңірінде өсірілетін еділбай және еділбай типтес қой аналық-

тарының көбею қабілеті мен олардан алынған төлдің сақталу қасиеттеріне

жүргізілген зерттеу нәтижелері 1-кестеде келтірілген.

Кесте деректері бұл биологиялық белгілер бойынша зерттеліп отыр-

ған топтарда елеулі айырмашылықтардың жоқ екендігін көрсетеді. Аналық-

тардың ұрықтанғыштық қабілеті тәжірибе топтары бойынша 96,6-97,0%,

төлшеңдігі 105,0-106,3%, сүт ему және енесінен бөлгеннен 12 айлығына де-

йінгі кезеңдердегі төлдің сақталғыштығы, тиісінше, 96,5-97,6 және 93,4-

93,7% аралығын құрады. Әйтсе де, ұрықтанғыштық қабілетінің және төлдің

сақталғыштығының ең жоғары деңгейімен сүйіндік зауыттық сүлесінің қой-

лары сипатталды: тиісінше, 97,0; 97,6 және 93,7%. Ең жоғары төлшілдік

көрсеткіші жаңадан шығарылып жатқан ақ жүнді еділбай типтес аналықтар-

ға тән болды – 106,3%.

Page 60: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 60

1. Еділбай және еділбай типтес қой аналықтарының көбею қабілеті және төлдің

сақталғыштығы

Көрсеткіш Өлшем

бірлігі

2011-

2012 жж.

2013-

2014 жж.

Орта

есеппен

2 жылда

Сүйіндік зауыттық сүлесі

Шағылысқан аналық саны бас 652 675 663

Төлдеген аналық саны бас 626 661 643

Ұрықтанғыштық қабілеті % 96,0 97,9 97,0

Алынған қозы бас 664 687 675

Төлшілдігі % 106,1 103,9 105,0

Туған кезінен енесінен бөлгенге

дейін сақталған қозы % 96,8 98,3 97,6

Енесінен бөлген кезден 12 айлы-

ғына дейін сақталған қозы % 93,9 93,8 93,7

«Мақаш» ТМЗ еділбай қойлары

Шағылысқан аналық саны бас 598 620 609

Төлдеген аналық саны бас 576 603 589

Ұрықтанғыштық қабілеті % 96,3 97,2 96,7

Алынған қозы бас 610 637 623

Төлшілдігі % 105,9 105,6 105,8

Туған кезінен енесінен бөлгенге

дейінгі сақталған қозы % 96,5 97,5 97,1

Енесінен бөлген кезден 12 айлы-

ғына дейін сақталған қозы % 93,7 93,2 93,4

Ақ жүнді еділбай типтес қойлар

Шағылысқан аналық саны бас 614 570 592

Төлдеген аналық саны бас 584 561 572

Ұрықтанғыштық қабілеті % 95,1 98,4 96,6

Алынған қозы бас 616 600 608

Төлшілдігі % 105,5 106,9 106,3

Туған кезінен енесінен бөлгенге

дейінгі сақталған қозы % 96,1 97,2 96,5

Енесінен бөлген кезден 12 айлы-

ғына дейін сақталған қозы % 93,6 93,2 93,4

Салыстырылып отырған белгілердің көбісі бойынша Құрманғазы

атындағы тұқыммал зауытындағы еділбай типтес және «Мақаш» тұқыммал

зауыты табынындағы еділбай қойы аналықтарының көрсеткіштері іс жүзін-

де бірдей деңгейімен сипатталады: ұрықтанғыштық қабілеті – 96,6-96,7%,

қозылардың сүт ему және күз-қыс кезеңдеріндегі сақталғыштығы, тиісінше,

96,5-97,1 және 93,4-93,4%.

Келтірілген деректер аналықтардың көбею қабілеттерін сипаттайтын

зерттеліп отырған белгілер және төлдің өміршеңдігін көрсететін олардың

Page 61: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 61

сақталғыштық деңгейі бойынша ақ жүнді еділбай типтес қойлардың еділбай

тұқымындағы тұстастарынан қалыспайтындығын көрсетеді.

Жалпы алғанда, Атырау өңірінің еділбай және еділбай типтес қой

аналықтарының төлшілдігі басқа да құйрықты етті-майлы қой тұқымдары

сияқты онша жоғары емес деңгейімен, ал төлі жеткілікті дәрежедегі жоғары

өміршеңдігімен сипатталады.

Селекциялық асылдандыру жұмыстарының нәтижелілігі белгілі бір

табын, тип немесе топ малы үшін анықталған генетикалық көрсеткіштерді

орынды қолдана білуге байланысты. Организмнің нәсілдік қасиеттерінің

ұрпаққа берілуі қоршаған орта факторларының тікелей әсер ету жағдайын-

да жүзеге асады. Селекционерге малмен жұмыс істегенде әрбір белгінің

жалпы фенотиптік дамуына нәсілдік және нәсілдік емес факторлардың әсер

ету деңгейін анықтау өте маңызды мәселе болып табылады.

Тұқым қуалау коэффициентін енесі-қызы өзара байланыс коэффи-

циентін (һ2=2rҚ/Е) немесе қыздарының енелері бойынша регрессия коэффи-

циенттерін (һ2=2RҚ/Е) екі еселеу және дисперсиялық талдау тәсілдері арқы-

лы есептейді. Аталған тәсілдердің ішіндегі барынша дәлі ретінде диспер-

сиялық талдау тәсілі саналады, себебі бұл тәсіл арқылы белгінің жалпы фе-

нотиптік дамуының түрлі факторларға байланыстылығын жеке-жеке есеп-

теу мүмкін болады.

Жүргізілген зерттеулердегі еділбай және еділбай типтес қойлардың

тірі салмағы мен жүн түсімінің тұқым қуалау коэффициенттері «енесі-қы-

зы» жұптарындағы корреляция және регрессия коэффициенттерін екі есе-

леу, сонымен қатар Е.К. Меркурьева ұсынған дисперсиялық талдау әдістері

бойынша есептеп шығарылды (2-кесте).

Келтірілген тұқым қуалау коэфициенттерінің мәндерінің еділбай қой-

ларына қарағанда еділбай типтес қойларда жоғарылау екендігі аңғарылды:

біріншісінде – 0,530; 0,462; 0,140 (тірі салмағы) және 0,586; 0,474; 0,202

(жүн түсімі), екіншісінде, тиісінше, 0,586; 0,474; 0,202 және 0,612; 0,506;

0,218.

Келтірілген мәліметтер тірі салмақ пен жүн түсімі өнімділіктерінің

жоғары деңгейдегі тұқым қуалау коэффициенттері бұл белгілер бойынша

малдың фенотипіне қарап іріктеу арқылы нәтижелі селекция жүргізуге бо-

латындығын көрсетеді. Тірі салмақ бойынша жүргізілген іріктеудің тиімді-

лігі, оның деңгейіне сыртқы факторлардың көбірек әсер етуіне байланысты,

шамалы төмендеу болады.

Зерттелген қой топтарындағы тірі салмақ бойынша әртүрлілік дәре-

жесінің онша жоғары еместігі (8,8-9,6% еділбай, 9,8-11,6% еділбай типтес

қойларда) көңіл аударады. Мұны, шамасы, табындарда ұзақ жыл бойы сал-

мағы жоғары мал алу үшін жүргізілген іріктеудің нәтижесі болар деп тұжы-

рымдауға болады.

Page 62: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 62

2. Еділбай және еділбай типтес қойлардың тірі салмағы мен жүн түсімінің

тұқым қуалау сипаты

«Енесі-қызы»

жұбының саны

Өнімділігі Тұқым қуалау

коэффициенті

енесі қыздары 2r Қ/Е

2R

Қ/Е Сх/Су

M±m, кг C,% M±m, кг C,%

Еділбай қойының сүйіндік зауыттық сүлесі

Тірі салмағы

69 56,2±0,56 8,8 57,4±0,62 9,6 0,530 0,462 0,140

Жүн түсімі

80 1,71±0,04 18,4 1,83±0,04 15,8 0,586 0,474 0,202

Еділбай типтес ақ жүнді қойлар

Тірі салмағы

64 52,7±0,54 9,8 54,2±0,58 11,6 0,562 0,480 0,162

Жүн түсімі

78 1,60±0,03 18,6 1,74±0,04 16,4 0,612 0,506 0,218

Малдың жаңа тұқымын, типтері мен желілерін шығару ісінде селек-

цияланатын белгілердің бір-бірімен байланыстарының сипатын зерттеудің

маңызы зор, өйткені бірнеше өнімділік белгі бойынша іріктеудің нәтижелі-

лігі көп жағдайда сол белгілердің байланыс заңдылықтарымен қамтамасыз

етіледі.

Жаңадан шығарылған «Аққарабас» сүлесі қой тұсақтарында жоғары-

да аталған белгілердің барлығы өзара оң байланыста екендігі анықталды.

Бұл жағдайды табында негізгі шаруашылыққа пайдалы белгілерді тиімді

ұштастырған ұнамды типті мал алуға бағытталған мақсатты селекцияның

нәтижесі деп толық санауға болады.

Жаңа типті қойларда тірі салмақ – жүн түсімі белгілерінің арасында

төмен дәрежедегі, бірақ дәйекті байланыстың (r=0,30±0,12; Р>0,95) пайда

болуын өте бағалы жетістік деп айтуға болады. Демек, жаңа еділбай типтес

қойлардың жүн түсімін көбейтуге бағытталған селекция бұл қойлардың ең

басты өнімділік белгісі – тірі салмағының біршама жоғарылауын қамтама-

сыз етеді [1-4].

Тірі салмақ бойынша қайталанғыштық коэффициенттерінің ең жоға-

ры деңгейі салыстырылып отырған барлық топ бойынша тоқтылардың ту-

ған кездегі және енесінен бөлгендегі жас кезеңдері аралығында байқалды:

олардың мәні аталған кезеңде r=0,40-0,46-ны құрады (Р>0,999). Орташа

деңгейден сәл төмен, бірақ барлық зерттеу тобы бойынша дәйекті қайталан-

ғыштық коэффициенттері ұрғашы тоқтылардың енесінен бөлгендегі және

18 айлығындағы жас кезеңдері аралығына тән болды: r=0,32-0,38 (Р>0,95-

0,99). Аталған көрсеткіштің мәні туғаннан бастап 18 айлығына дейінгі кезең

Page 63: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 63

аралығындағы өзара байланыстар арқылы зерттегенде біршама төмендеп

(0,24-0,28), сонымен бірге мақаш еділбайы төлінде дәйекті емес деңгейге

дейін бәсеңдейтіні анықталды. Қайталанғыштық коэффициенттерінің өзге-

ру сипатын тоқтылардың әр түрлі жас кезеңдеріндегі тірі салмағы деңгейіне

өсіру ортасының және ата-енесінің нәсілдік қасиеттерінің өзара байланыс

әсерімен түсіндіруге болады.

Зерттеу топтарындағы тірі салмақ көрсеткішінің ең жоғары қайталан-

ғыштық коэффициенті деңгейімен сүйіндік еділбайының ұрғашы тоқтыла-

ры (жас кезеңдеріне байланысты r=0,24-0,42 арасында, мақаш еділбайы тоқ-

тыларында – 0,24-0,40), әсіресе, ақ жүнді еділбай типтес қойлардың ұрғашы

тоқтылары ерекшеленді (r=0,28-0,46). Бұл айырмашылықтар зауыт табын-

дарында жүргізілген селекциялық асылдандыру жұмыстарының бағытымен

түсіндіріледі.

Тірі салмақ белгісінің қайталанғыштық коэффициенттерін анықтау

нәтижелері бұл көрсеткіш бойынша іріктеуді, негізінен, енесінен бөлгенде

жүргізген тиімді болады деп тұжырым жасауға негіз береді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Ирзағалиев Қ. Атырау өңірінің еділбай қойы: Оқулық. – Алма-

ты, 2012.

2. Ирзағалиев Қ., Қанапин К. Еділбай қойларының сүйіндік зауыттық

сүлесі малының өнімділік-пішін ерекшеліктері // Жаршы. – 1999. – №11-12.

– Б. 49-57.

3. Ирзагалиев К. Пути развития мясо-сального овцеводства в усло-

виях Атырауской области // Новости науки Казахстана. – Алматы. – 2008. – №1. – С. 46-49.

4. Қанапин Қ., Ирзағалиев Қ., Абдошев Е., Сұлтанов С. Атыраудың

ақ жүнді құйрықты қойлары // Батыс Қазақстанда халық шаруашылығын

дамытудың экономикалық аспектілері туралы / Халықаралық ғылыми-

практ. конф. матер. – Орал, 2007. – Б. 158-160.

Түйін

Мақалада еділбай және еділбай типтес қой аналықтарының өз төлінен

көбею қабілетін анықтау үшін жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесі

көрсетілген.

Резюме

В статье даны результаты исследования способности к росту за счет

приплода маточного поголовья едилбайской породы и едилбайского типа

овец.

Summary

The article gives an analysis of the increase due to the offspring of

breeding stock and breed Edilbay and Edilbay type sheep.

Page 64: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 64

ӘОЖ 636.933.2

ЖАЙЫП СЕМІРТУ КЕЗІНДЕГІ ҚАРАКӨЛ ТОҚТЫЛАРЫНЫҢ ТІРІЛЕЙ САЛМАҒЫНЫҢ ӨЗГЕРУІ

Ж.Ә. ПАРЖАНОВ, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы

«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

e-mail:[email protected]

Түйінді сөздер: қаракөл тоқтысы; тірілей салмақ; қосымша салмақ; жемшөп.

Қазіргі уақытта мал басының көпшілігі жеке шаруа қожалықтарында

жинақталуына байланысты, еркек тоқтыларды етке дайындаудың қолайлы

да тиімді жолын табу қаракөл шаруашылығы өнімдерін өндірудегі өзекті

мәселелердің бірі болып табылады.

Жас малды жайып семірту технологиясының жетілдірілмеуіне байла-

нысты, тоқтылар шаруашылықтарда бір жарым жасқа дейін босқа ұсталып,

олардан қосымша өнім өндірілмейтіндіктен, шаруашылықтардың экономи-

калық көрсеткіштеріне үлкен зиян тигізіліп келеді.

Сондықтан ғылыми-зерттеу жұмыстары Оңтүстік Қазақстан облысы

Отырар ауданы «Жомарт» шаруа қожалығында жүргізілді.

Жайылым жағдайында іске асырылған тәжірибе жұмыстары, қара

түсті еркек тоқтыларды іріктеу мен отар ұйымдастыру олардың тірілей сал-

мағы мен денсаулығын ескере отырып, біркелкі топтарға бөлу тәсілімен

жүргізілді.

Қаракөл қой шаруашылығында қалыптасқандай, қозыларды енесінен

ажыратып алу олардың жасы 4 айға толған кезде жүргізілді. Енесінен ажы-

ратылғаннан кейін тәжірибе жүргізілетін еркек тоқтылар тәжірибе мақсаты-

на байланысты жеке тоқты бағатын отарларға топтастырылды. Осыған

орай, олардың жайылымда азықтандырылуы мен күтіп-бағу жағдайлары әр

түрлі деңгейде болды.

Еркек қаракөл тоқтыларын туған жылы жоғары қоңдылықпен етке да-

йындау технологиясын жасау барысында оларды азықтандыру деңгейіне

байланысты қосқан салмағы түрлі мөлшерде болатыны анықталды.

Етке дайындалған малдың пайдаланған мал азығын қосқан салмағы-

мен өтеу қабілеті олардың қоректік заттарды тиімді пайдалануының басты

көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Тәжірибедегі тоқтылардың азықты

салмағымен өтеуі туралы мәліметтер пайдаланылған жемшөп мөлшері мен

олардың қоректік құндылығын, сондай-ақ тоқтылардың қосқан салмағын

анықтау арқылы алынды.

Page 65: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 65

1-кестеде келтірілген мәліметтерде барлық топтағы тоқтылардың тірі-

лей салмағы төрт айлығында немесе енесінен ажыратылған кезде (тәжірибе

басында) 31,430,31 – 31,550,28 кг арасында болды.

1. Етке дайындау технологиясы мен жасына байланысты тоқтылардың тірілей

және орташа тәуліктік салмағының өзгеруі

Тоқты-

лардың

жасы,

ай

Салмақ көрсеткіші

Тәжірибе топтары

Бақылау тобы I тәжірибе тобы II тәжірибе

тобы

4 тірілей салмағы, кг 31,54±0,21 31,55±0,28 31,43±0,31

5

тірілей салмағы, кг 32,41±0,32 33,23±0,34 33,56±0,29

орташа тәуліктік

қосымша салмағы, г 30 56 71

6

тірілей салмағы, кг 34,25±0,35 36,63±0,36 37,87±0,20

орташа тәуліктік

қосымша салмағы, г 61 113 144

7

тірілей салмағы, кг 36,75±0,38 40,56±0,52 42,62±0,48

орташа тәуліктік

қосымша салмағы, г 83 131 158

бақылау тобына,

% есебімен 100,0 157,83 190,36

Жалпы қосымша салмағы, кг 5,21 9,01 11,19

Жалпы орташа тәуліктік қосымша

салмағы, г 58 100 124

Жайылым отына қосымша толық рационды құрама жемшөппен мөл-

шерлеп азықтандыру ІІ тәжірибе тобындағы 5 айлық еркек тоқтылардың

тірілей салмағы мен орташа тәуліктік қосымша салмағы 33,560,29 кг және

71 г, ал жайылым отына қосымша әр басына 0,2 кг жем берілген І тәжірибе

тобындағы тоқтылар мен бақылау тобын салыстырғанда, бұл көрсеткіштер,

сәйкесінше, 33,230,34 және 32,410,32 кг немесе 56 және 30 г құрады.

Тәжірибе топтарындағы жайылым отына қосымша тоқты басына

200 г жем берілген І тәжірибе тобындағы еркек тоқтылардың 6 және 7 ай-

лығындағы орташа тәуліктік қосымша салмағы 113 және 131 г, жайылым

отына қосымша толық рационды құрама жемшөппен мөлшерлеп азықтан-

дырылған ІІ тәжірибе тобында – 144 және 158 г, осы мерзімдерде бақылау

тобындағы тоқтылардың тәулігіне қосқан орташа салмағы 61 және 83 г ша-

масында болды. Бақылау тобындағы еркек тоқтыларға қарағанда, І мен

ІІ тәжірибе топтарындағы еркек тоқтылардың жалпы қосымша салмақ өсімі

9,01-11,19 кг, орташа тәуліктік қосымша салмағының өсімі 100-124 г құра-

Page 66: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 66

ды. Тәжірибе тобындағы еркек тоқтылар тірілей салмағы өсімінің салыс-

тырмалы көрсеткіші бақылау тобына қарағанда, сәйкесінше, 172,9 және

214,8% жоғары болды (Р<0,01).

Малдың жеке өсу үдерісінің (онтогенез) ерекшеліктерін білу оларды

дұрыс өсіру мен өнімділігін арттыру жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.

Д. Хэммонд [4], И.И. Шмальгаузен [6], К.Б. Свечин [3] және т.б. аса

маңызды биологиялық жұмыстарында малдың қарқынды өсуі олардың жеке

өсу кезеңінің алғашқы айларына, жас кезіне сәйкес келетіні дәлелденген.

Малдың өсуі өмірінің әр түрлі кезеңдерінде бірдей болмайтыны белгі-

лі. Мал организмінің туғаннан кейінгі кезеңдерде өсуі қоршаған орта фак-

торларына, оның ішінде негізінен азықтандыру және күтіп-бағу жағдайла-

рына тікелей байланысты.

П.Н. Кулешов [2], Н.П. Чирвинский [5], А.К. Карынбаев [1] малды

жас кезінде тиісті дәрежеде және қажетті бағытта азықтандыру арқылы

олардың дене пішінін, азықты өніммен өтеу қабілеттілігі мен келешектегі

өнімділігін қалыптастыруға болатынын көрсеткен.

Тәжірибедегі тоқтылардың өсуін зерттеуді толықтыру мақсатында

А. Майнот ұсынып, С. Броди [7] жетілдірген олардың түрлі жастар арасын-

дағы салыстырмалы өсу жылдамдығы анықталды (2-кесте).

2. Тәжірибе топтарындағы тоқтылардың салыстырмалы өсу жылдамдығы

Тоқтылардың

жас аралығы

Тәжірибе топтары

Бақылау тобы I тәжірибе тобы II тәжірибе тобы

4-5 ай арасындағы өсімі 2,72 5,19 6,56

4-6 ай арасындағы өсімі 8,24 14,90 18,59

4-7 ай арасындағы өсімі 15,25 25,00 30,22

5-6 ай арасындағы өсімі 2,76 9,73 12,07

5-7 ай арасындағы өсімі 12,55 19,87 23,79

6-7 ай арасындағы өсімі 7,04 10,18 11,80

2-кестеде көрінгендей, 4-5 айлық еркек тоқтылардың салыстырмалы

өсу жылдамдығы бақылау тобында 2,72%, ал І және ІІ тәжірибе топта-

рындағы еркек тоқтылардың көрсеткіштері, сәйкесінше, 5,19 және 6,56%

мөлшерінде болды. 4-6 ай арасындағы өсімі бақылау тобында 8,24%, І тә-

жірибе тобында 14,90; ІІ тәжірибе тобында 18,59% құраса, еркек тоқтылар-

дың 4-7 айлығына дейінгі өсімі, тиісінше, 15,25; 25,00 және 30,22% болды

(Р<0,001). 5-7 айлық еркек тоқтылардың салыстырмалы өсу жылдамдығы

бақылау тобында 12,55%, І мен ІІ тәжірибе топтарының еркек тоқтылары-

ның көрсеткіштері, сәйкесінше, 19,87 және 23,79%, ал 6-7 айлық арасында

бұл көрсеткіштер, сәйкесінше, 7,04; 10,18 және 11,80% болатыны анықтал-

ды.

Page 67: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Мал шаруашылығы. Мал дәрігерлігі

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 67

Қорыта келгенде, етке дайындалған еркек қаракөл тоқтыларын енесі-

нен ажыратқаннан кейін жайылым отына қосымша толық рационды құрама

жемшөппен 3 ай мөлшерлеп азықтандырып, тірілей салмағын 40-42 кило-

грамға жеткізіп, туған жылы етке өткізуге болады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Карынбаев А.К. Эффективность прогрессивной технологии подго-

товки каракульских овец на мясо: Автореф. … канд. с.-х. наук: 4.03.94. –

с. Мынбаево, 1994. – 22 с.

2. Кулешов П.И. Научные и практические основы подбора племенных

животных в овцеводстве. – М.: Колос, 1960. – С. 34.

3. Свечин К.Б. Индивидуальное развитие сельскохозяйственных жи-

вотных. – Киев, 1955. - 407 с.

4. Хэммонд Дж. Теория распределения питательных веществ в соот-

ветствии с патогенностью обменных процессов. – М.: Сельхозгиз, 1944. –

405 с.

5. Чирвинский Н.П. Избранные сочинения. – М.: Сельхозгиз, 1951. –

Т. II. – 409 с.

6. Шмальгаузен И.И. Организм как цель в индивидуальном и истори-

ческом развитии. – М.: Наука, 1982. – С. 229-242.

7. Brody S., Procter R. Relation between basal metabolism and mature

body weight in different species mammals and birds. Mo.Arg.Exs.Sta.Res.Bull. –

1932. – №166. – P. 80.

Түйін

Мақалада етке дайындалған еркек қаракөл тоқтыларын енесінен ажы-

ратқаннан кейін жайылым отына қосымша толық рационды құрама жем-

шөппен 3 ай мөлшерлеп азықтандырып, тірілей салмағын 40-42 кг дейін

жеткізуге болатыны баяндалған.

Резюме

В статье даны результаты проведения дополнительной 3-месячной

полнорационной комбинированной подкормки, в сочетании корма и травы

у баранчиков после их отбивки, при этом доказано, что живую массу

баранчиков можно довести до 40-42 кг.

Summary

In the article are given results of carrying out the additional 3-month full

ration combined top dressing, in a combination of a forage and a grass at adult

rams after their weaning, thus is proved that the live mass of adult rams can be

brought to 40-42 kilograms.

Page 68: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Құс, балық және ара шаруашылығы

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 68

ӘОЖ 338.242.2

ҚАЗАҚСТАНДА ТАУАРЛЫҚ БАЛЫҚ

ШАРУАШЫЛЫҒЫН АЙМАҚТЫҚ МАМАНДАНДЫРУ

СҰЛБАСЫН ЖАСАУ ҮШІН ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН

ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІ БАҒАЛАУ

К.К. САДВАКАСОВ, экономика ғылымдарының кандидаты,

Д.В. ЛИ, аға талдаушы, К.М. АЙТМАМБЕТ, жетекші талдаушы

«Агроөнеркәсіп кешеніндегі экономикалық саясатты

талдау орталығы» ЖШС

e-mail: [email protected]

Түйінді сөздер: тауарлық балық шаруашылығы; балық өсіруді мамандандыру

сұлбасы; экономикалық тиімділік.

«Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясаттың талдау орта-

лығы» ЖШС-тың 2015 ж. «Қазақстан Республикасында тауарлық балық ша-

руашылығының тиімді технологияларын әзірлеу» ғылыми-техникалық бағ-

дарламасы аясындағы «Балықтардың бағалы түрлерін өсірудің экономика-

лық және әлеуметтік тиімділігін бағалау» жобасы бойынша өткізген жұмы-

сында республикадағы тауарлық балық шаруашылығын өңірлік мамандан-

дыру сұлбасы әзірленген болатын.

Өңірлік мамандандырудың көрсетілген сұлбасын әзірлеген кезде

өңірде балық өсірудің техникалық мүмкіндігіне көрсететін табиғи-климат-

тық факторлар мен әр нақты өңірде бизнесті ұйымдастырудың экономика-

лық тиімділігін бағалайтын экономикалық факторлар ескерілді. Өңірлер

облыстардың аудандарына дейін дәлме-дәл анықталды.

Тауарлық балық шаруашылығын дамыту үшін ҚР өңірлерінің ұсыны-

латын мамандану сұлбасы шаруашылықтар мен технологиялардың келесі

түрлері үшін әзірленді:

1. Тұқы, сиг балықтары, бақтақ үшін көл-тауарлық балық шаруашы-

лығы (КТБШ);

2. Тау алды өңірлерде бақтақты өсіруге арналған бассейн шаруашы-

лықтары;

3. Бекіре үшін жер асты су көздерінде өндірістік балық шаруашылы-

ғы.

Page 69: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Құс, балық және ара шаруашылығы

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 69

Шаруашылықтардың көрсетілген типтерінің әрқайсысы үшін типтік

шаруашылықтардың экономикалық үлгілері құрылып, модельдер есептелді:

1. Табиғи-климаттық факторларға қарай әр түрлі балық өнімділігімен

100 га КТБШ;

2. Тау алды өңірлерде жылына 20 т бақтақ өсіруге арналған бассейн

шаруашылығы;

3. Тұщы судың жер асты көздерінде тұйық сумен қамтамасыз ету

қондырғыларын қолданатын, 50 т тауарлық бекірені және 3,2 т тамақ уыл-

дырығын өндіретін өндірістік балық шаруашылығы.

Орналасу өңірлеріне қарай кәсіпорын қызметі үшін, қажетті мақсатты

нарыққа, аудандардың алшақтығына, өңірдегі еңбекақы деңгейіне, ресурс-

тардың құнына тәуелді балық өсіретін кәсіпорындар қызметінің экономика-

лық факторлары едәуір өзгеретін болады. Кәсіпорындар қызметінің маңыз-

ды экономикалық факторларын анықтау үшін негізгі ресурстар құнының

маңыздылығы бағаланды. Шаруашылықтардың көрсетілген типтері үшін

ағымдағы шығынның негізгі баптарының жылдық көлемі мен олардың жал-

пы жиындағы үлестері 1-кестеде көрсетілген.

1. Қарастырылатын балық өсіру шаруашылықтарының ағымдағы шығынының

негізгі баптарының жылдық көлемі, млн тг

Ағымдағы

шығынның

негізгі

баптары

КТБШ, 100 га

Жылына 20 т балық

өндіретін бақтақ

шаруашылығы

50 т бекіре мен 3,2 т

уылдырық өндіретін

ТСҚ

мәні,

млн тг

жиыннан

%

мәні,

млн тг

жиыннан

%

мәні,

млн тг

жиыннан

%

Балық

отырғызатын

материал

1,3 59% 0,1 0% - 0%

Жем - 0% 22,0 75% 68,4 28%

ЕАТҚ 0,6 29% 1,1 4% 60,5 24%

ЖЖМ 0,3 13% - 0% - 0%

Электр қуаты - 0% 6,1 21% 113,3 46%

Жылу қуаты - 0% - 0% 3,2 1%

Сумен қамту

және суды бұру - 0% - 0% 2,3 1%

Ағымдағы

шығын жиыны 2,3 100% 29,3 100% 247,7 100%

Ескерту: бұл жерде базалық өңір – Алматы облысындағы типтік шаруашылықтардың

ағымдағы шығын көлемі көрсетілген

Page 70: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Құс, балық және ара шаруашылығы

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 70

1-кестеден балық өсіру шаруашылықтарының әр түрлі типтері үшін

басты ағымдағы шығын көрсетілген. Көрсетілген материалдардың кейбір

түрлеріне (мысалы: жем, балық отырғызатын материал, жанар-жағармай

материалдары) өңірге қарай баға қатты өзгермейді.

Сондай-ақ, бизнес-жобалардың экономикалық үлгілері үшін негізгі

инвестициялардың құны маңызды болып табылады. Шаруашылықтардың

қарастырылатын типтері үшін инвестиция көлемі 2-кестеде келтірілген.

Инвестициялар құнынан маңызды үлесті құрылыс құны алады, ол

өндірістік шаруашылықтарда 64%-ға дейін құрайды. Қазақстанда құрылыс

құнының өңірлік айырмашылықтары бар. Жабдықтың, негізінен импорттық

жабдықтың құны өңірге қарай айтарлықтай ерекшеленбейді, себебі әр өңір-

ге жеткізу құны жабдықтың өзінің құнымен салыстырғанда өте аз болады.

2. Балық өсіру шаруашылықтарының қарастырылатын типтерінің

инвестициялары, млн тг

Инвестиция

КТБШ, 100 га

Жылына 20 т

балық өндіретін

бақтақ

шаруашылығы

50 т бекіре мен 3,2 т

уылдырық өндіретін

ТСҚ

мәні,

млн тг

жиыннан

%

мәні,

млн тг

жиыннан

%

мәні,

млн тг

жиыннан

%

Жылжымайтын

мүлік - 0% 9,5 64% 2 141,9 64%

Жабдық 12,1 71% 5,2 36% 1 203,3 36%

Басқалары 5,0 29% - 0% - 0%

Жиыны 17,1 100% 14,7 100% 3 345,2 100%

Ескерту: бұл жерде базалық өңір – Алматы облысындағы типтік шаруашылықтардың

ағымдағы шығын көлемі көрсетілген

Сөйтіп, көлемі шаруашылықтың орналасу өңіріне қарай өзгеретін, қа-

растырылатын типтік балық өсіру шаруашылықтарының экономикалық нә-

тижесіне елеулі әсер ететін мынадай негізгі көрсеткіштер анықталды:

жылжымайтын мүлікке инвестиция құны;

еңбекақы төлеу қоры;

электр қуаты.

КТБШ өңірлік айырмашылығының маңызды факторы оның түсім

арқылы балық өсіруші кәсіпорындар қызметінің экономикалық тиімділігі-

нің көрсеткіштеріне әсер ететін балық өнімділігі болып табылатынын атап

өткен жөн.

Page 71: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Құс, балық және ара шаруашылығы

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 71

Экономикалық модельдерге құрылыс құнындағы айырмашылық жағ-

дайын енгізу үшін, Қазақстанның әр түрлі өңірінде орналасуына қарай не-

гізгі қорларды қайта бағалау үшін ғимараттар мен имараттардың қалпына

келтірілетін құнын есептеу әдістемесі бойынша есептелген құрылыс құны-

ның коэффициенттері пайдаланылды (әдебиет).

Құрылыс құнының коэффициенті сейсмикалық коэффициент, аумақ-

тық коэффициент, климаттық коэффициент ескеріліп, 1991 жылға құрылыс-

тың сметалық бағаларына келтірілген ҚР өңірлері бойынша құрылыстағы

бағалар индексі негізінде есептеледі (%). Көрсетілген коэффициенттер кө-

бейтіледі. Есептік экономикалық модельге енгізу үшін Алматы облысы-

нікіне ұқсас көрсеткішке тиісті облыстың құрылыс коэффициентін бөлу

арқылы есептелген, Алматы облысының базалық жағдайларына коэффи-

циентті келтіру индексі пайдаланылды. Модель үшін құрылыс құнының ин-

дексін есептеу 3-кестеде келтірілген.

3. Құрылыс құнының индексін есептеу

Об

лы

с

Кл

им

атты

қ а

уд

ан

Сей

сми

ка

лы

қ к

оэф

.

Ау

ма

қты

қ к

оэф

.

Ау

ма

қты

қ к

оэф

.

19

91

ж.

смет

ал

ық

ба

ға

ла

рға

20

15

ж.

та

мы

з б

аға

сын

ың

ин

дек

сі,

бір

жо

лм

ен *

Құ

ры

лы

ста

ғы

ба

ға

ны

қа

йта

есеп

теу

дің

қо

ры

-

ты

нд

ы к

оэф

.

Құ

ры

лы

с қ

ұн

ын

ың

ин

дек

сі

Ақмола 1 1,00 0,98 1,05 192,314 197,89 1,10

Ақтөбе 3 1,00 1,01 0,99 188,898 188,88 1,05

Алматы 3 1,05 1,03 0,99 167,646 179,50 1,00

Атырау 3 1,00 0,99 0,99 242,119 237,30 1,32

ШҚО 1 1,05 1,01 1,05 177,120 197,23 1,10

Жамбыл 3 1,05 1,01 0,99 153,532 161,19 0,90

БҚО 3 1,00 1,01 0,99 189,579 189,56 1,06

Қарағанды 1 1,00 1,06 1,05 203,583 226,59 1,26

Қостанай 1 1,00 1,01 1,05 206,308 218,79 1,22

Қызылорда 3 1,00 0,99 0,99 199,654 195,68 1,09

Маңғыстау 3 1,00 1,03 0,99 361,157 368,27 2,05

Павлодар 1 1,00 0,99 1,05 228,076 237,09 1,32

СҚО 1 1,00 0,97 1,05 193,654 197,24 1,10

ОҚО 4 1,05 1,01 1,00 216,029 229,10 1,28

Ескерту: * – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің деректері

бойынша

Page 72: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Құс, балық және ара шаруашылығы

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 72

Электр қуатының құны мен еңбекақы бойынша жағдайдың әр түрлі

болуының ұқсас коэффициенттері статистика комитетінің деректері бойын-

ша республиканың әр өңірі үшін есептелді (4-кесте).

4. Электр қуатының құны мен еңбекақыны есептеу индексі

Өңір

2014 ж. соңына электр

қуатын бөлу қызметі

ескерілген, сағатына

мың кВт электр қуатын

өндіру бағасы, тг

Өңір бойынша бір

қызметкердің орташа

айлық номиналды

еңбекақысы, тг

(2015 ж. 2 тоқсаны)

Мәні Индекс Мәні Индекс

Ақмола 11 888 1,38 90 457 0,97

Ақтөбе 9 620 1,12 108 007 1,16

Алматы 8 621 1,00 93 017 1,00

Атырау 8 691 1,01 210 183 2,26

Шығыс Қазақстан 6 828 0,79 101 822 1,09

Жамбыл 11 482 1,33 85 206 0,92

Батыс Қазақстан 7 592 0,88 111 956 1,20

Қарағанды 8 111 0,94 111 678 1,20

Қостанай 9 439 1,09 91 909 0,99

Қызылорда 7 867 0,91 106 866 1,15

Маңғыстау 3 734 0,43 217 327 2,34

Павлодар 7 047 0,82 105 199 1,13

Солтүстік Қазақстан 8 212 0,95 85 360 0,92

Оңтүстік Қазақстан 8 136 0,94 89 352 0,96

Ескерту: ҚРҰлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің деректері бойынша

құрылған

Есептелген индекстер өңірлік айырмашылықтарға қарай қарастыры-

латын кәсіпорындардың экономикалық тиімділігінің көрсеткіштерін анық-

тау мақсатында типтік балық өсіру шаруашылықтарының әзірленген эко-

номикалық модельдеріне енгізілді. Сөйтіп, 10 жылға NPV (Net present va-

lue – таза келтірілген құн), жоба өтелімділігінің қарапайым және дисконт-

талған мерзімдері сияқты экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері бо-

йынша деректер алынды. КТБШ көрсеткіштері 5-кестеде, бассейндік бақтақ

шаруашылығынікі 6-кестеде, бекіре ТСҚ көрсеткіштері 7-кестеде келтіріл-

ген.

Page 73: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Құс, балық және ара шаруашылығы

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 73

5. ҚР өңірлері бойынша КТБШ экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері

Өңір

Нормативтік

балық

өнімділігі,

кг/га

Еңбекақы

индексі

Жобаның

NPV

(10 жыл),

мың тг

Өтелімді-

ліктің

қарапа-

йым мер-

зімі, жыл

Жоба өтелім-

ділігінің

дисконт-

талған

мерзімі,

жыл

Ақмола 70,0 1,0 6 780,4 5 6

Ақтөбе 70,0 1,2 6 059,1 5 6

Ақтөбе 80,0 1,2 9 372,5 4 5

Алматы 90,0 1,0 13 478,3 4 5

Алматы 70,0 1,0 6 675,2 5 6

Атырау 90,0 2,3 7 287,0 5 6

ШҚО 70,0 1,1 6 313,3 5 6

ШҚО 80,0 1,1 9 663,0 4 5

ШҚО 90,0 1,1 13 013,1 4 5

Жамбыл 100,0 0,9 17 338,3 3 4

Жамбыл 90,0 0,9 13 891,1 4 4

БҚО 80,0 1,2 9 187,0 4 5

БҚО 90,0 1,2 12 477,6 4 5

Қарағанды 70,0 1,2 5 908,2 5 6

Қарағанды 80,0 1,2 9 200,0 4 5

Қостанай 70,0 1,0 6 720,7 5 6

Қостанай 80,0 1,0 10 128,6 4 5

Қызылорда 100,0 1,1 16 066,6 4 4

Қызылорда 120,0 1,1 22 707,1 3 3

Павлодар 70,0 1,1 6 174,5 5 6

СҚО 70,0 0,9 6 989,9 5 6

ОҚО 120,0 1,0 23 941,1 3 3

ОҚО 100,0 1,0 17 094,9 3 4

ОҚО 90,0 1,0 13 672,0 4 4

Page 74: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Құс, балық және ара шаруашылығы

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 74

6. ҚР өңірлері бойынша бассейндік бекіре шаруашылықтарының экономикалық

тиімділігінің көрсеткіштері

Өңір Қ

ұр

ыл

ыс

құ

ны

ны

ң

ин

дек

сі

Эл

ектр

қу

аты

құ

ны

ны

ң

ин

дек

сі

Ең

бек

ақ

ы

ин

дек

сі

Жо

ба

ны

ң

NP

V (

10

жы

л),

мл

н т

г

Өтел

імд

ілік

тің

қа

ра

па

йы

м

мер

зім

і, ж

ыл

Жо

ба ө

тел

ім-

діл

ігін

ің д

ис-

ко

нтта

лға

н

мер

зім

і, ж

ыл

Алматы 1,0 1,0 1,0 47,3 2 2

ШҚО 1,1 0,8 1,1 53,8 2 2

Жамбыл 0,9 1,3 0,9 36,0 2 2

ОҚО 1,3 0,9 1,0 47,1 2 2

7. ҚР өңірлері бойынша бекіре ТСҚ экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері

Өңір

Құры-

лыс

құны-

ның

ин-

дексі

Электр

қуаты

құны-

ның

индексі

Еңбекақы

индексі

Жобаның

NPV

(10 жыл),

млн тг

Өтелімділіктің

қарапайым

мерзімі, жыл

Жоба

өтелімділігінің

дисконтталған

мерзімі, жыл

Ақмола 1,1 1,4 1,0 78,3 7 10

Ақтөбе 1,1 1,1 1,2 363,0 7 10

Алматы 1,0 1,0 1,0 553,0 7 9

Атырау 1,3 1,0 2,3 - 142,2 7 11

ШҚО 1,1 0,8 1,1 481,5 7 10

Жамбыл 0,9 1,3 0,9 547,9 7 9

БҚО 1,1 0,9 1,2 513,3 7 9

Қарағанды 1,3 0,9 1,2 30,9 7 10

Қостанай 1,2 1,1 1,0 20,2 7 10

Қызылорда 1,1 0,9 1,1 418,8 7 10

Маңғыстау 2,1 0,4 2,3 - 1 317,8 8 14

Павлодар 1,3 0,8 1,1 - 11,2 7 11

СҚО 1,1 1,0 0,9 373,3 7 10

ОҚО 1,3 0,9 1,0 - 1,0 7 11

Жұмыс нәтижесінде өңірлік жағдайларға қарай типтік балық өсіру

шаруашылықтарының экономикалық тиімділігі көрсеткіштері туралы алын-

ған деректер негізінде облыс орталығынан облыстың әр ауданының немесе

Page 75: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Құс, балық және ара шаруашылығы

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 75

өнімді өткізетін ірі ұқсас нарықтың орналасу күйі мен табиғи-климаттық

факторлар әсер ететін шектеулер ескеріліп, Қазақстан Республикасы өңір-

лерін балық шаруашылығына мамандандырудың ұсынылатын сұлбасы жа-

салды.

Пайдаланылған әдебиет

Негізгі қорларды қайта бағалау үшін ғимараттар мен имараттардың

қалпына келтіру құнының нығайтылған көрсеткіштерінің жинақтары.

Жалпы бөлім. Құрылыс істері жөніндегі КСРО Министрлер кеңесінің ме-

млекеттік комитеті 1970 ж. 14 шілдеде бекіткен / КСРО Мемқұрылыс. – М.:

Құрылыс баспасы, 1970. – 32 б.

Түйін

Мақалада Қазақстан Республикасында тауарлық балық шаруашы-

лығына өңірлік мамандандыру сұлбасын аудандастыру әдістемесі сипат-

талған. Балық өсіру шаруашылықтарын орналастыру бойынша қорытын-

дылар мен нақты ұсынымдар үшін пайдаланылған негізгі есептік эконо-

микалық көрсеткіштер берілген.

Резюме

В статье указаны экономические подходы, использованные для раз-

работки схемы региональной специализации товарного рыбоводства в Рес-

публике Казахстан. Указаны основные расчетные параметры, использован-

ные для выводов и конкретных рекомендаций по размещению рыбоводных

хозяйств.

Summary

The article contains the economic approaches used to develop schemes of

aquacultural regional specialization in the Republic of Kazakhstan. It shows basic

design parameters used to draw conclusions and propose the recommendations

for placement of fish farms.

Page 76: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және ұқсату

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 76

ӘОЖ 664.723.047:633.085

ЗЫҒЫР ЖӘНЕ РАПС ТҰҚЫМДАРЫНЫҢ

КЕПТІРУДЕН КЕЙІНГІ ЕГІНДІК САПАСЫНЫҢ

САҚТАЛУЫН ЗЕРТТЕУ

М.Ж. СҰЛТАНОВА, П.Р. ШАЙМЕРДЕНОВА, ғылыми қызметкерлер,

Ж.М. ЧАКАНОВА, зертхана меңгерушісі, Х.А. АБДРАХМАНОВ,

аға ғылыми қызметкер, А.Ю. БОРОВСКИЙ, кіші ғылыми қызметкер

«Қазақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу ғылыми-зерттеу

институты» ЖШС

e-mail: [email protected]

Түйінді сөздер: зәйтүн дақылдары; кептіру; зығыр; рапс.

Зәйтүн дақылдары негізінде топан қабықтан тұрады, дәні ауа қаба-

тынан кейін орналасады. Бұл қабат дәнді тез қызудан сақтайды және жылу-

дан қорғайды. Қауыз жасушасы жансыз болғандықтан, жоғары температу-

радан қорықпайды. Майлы дақылдарда көп мөлшерде болатын өсімдік ма-

йы да қыздыруға тұрақты болып келеді. Сондықтан осы дәндерді қатты

қыздырған кезде май алу технологиялық үдерісі жақсарады және май са-

пасы жоғарылайды. Алайда, жылдам қыздырған кезде қауыз астында су

буы жиналғандықтан, қауыз шытынап кетуі мүмкін. Бұл кейбір қауыздары

қалың сұрыптарға тән 2.

2015 ж. Қазақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ҒЗИ-да

«Астық жинаудан кейінгі өңдеу және сақтау технологиясын жетілдіру негі-

зінде дәнді, бұршақ және майлы дақылдардың сақталуын қамтамасыз ету»

тақырыбы бойынша үшжылдық зерттеу жұмыстары басталып, одан төмен-

дегі нәтижелер алынды.

Ақмола облысы дән өңдеу кәсіпорнындағы «Целинная-30» дән кеп-

тіргішінде қайта айналу әдісімен және ДСП-32 дән кептіргішінде тік ағын-

ды әдісімен зығыр дәнін кептіру жұмыстары жүргізілді.

Солтүстік Қазақстан облысындағы екі дән өңдеу кәсіпорнында «Це-

линная-30» дән кептіргішінде қайта айналу әдісімен және ДСП-32 дән кеп-

тіргішінде тік ағынды әдіспен рапс дәнін кептіру жұмыстары жүргізілді.

Page 77: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және ұқсату

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 77

Кәсіпорынға келіп түскен зығыр дәнінің ылғалдылығы 9,2%-дан 12%-

ға дейін, рапс дәнінің ылғалдылығы 15,0%-дан 17,6%-ға дейінгілері талдау-

ға алынды.

Дән кептіргіш агрегаттардың жарамсыздығын табу және оларды жою

үшін ғылыми-тәжірибелік зерттеу жұмыстарын жүргізу алдында агрегаттар

мен барлық бақылау-өлшеу аппаратурасы тексерілді.

Зерттеу жұмыстары кезеңінде барлық дән кептіргіш тәулік бойы жұ-

мыс істеді. Рапс және зығыр дәндері дән кептіргіштерге түсер алдында ал-

дын ала дән тазартқышта тазалаудан өтті. Рапс тұқымының ылғалдылығы

төмендегенін анықтау үшін, сонымен қатар кептірудің сапасына әсерін бай-

қау үшін, кептірудің алдында және кептіруден кейін сынамалар алынып

отырды. Сынамалар 3 сағат аралығында, берілген тәртіптеме бойынша әр-

бір 30 минут сайын алынды. Алынған сынамалардан әр тәртіптемеге сай

орташа үлгілер алынды.

Сынамалардан тұқымның өнгіштігі, ылғалдылығы және қышқыл са-

нының деңгейіне талдау жүргізілді.

Зерттеу жұмыстары жүргізілген уақытта 100 тонна зығыр тұқымы жә-

не 180 тонна рапс кептірілді. Зерттеулер жүргізілген уақытта сыртқы ауа-

ның температурасы 15-19°С болды, тұқымдардың температурасы кептіруге

дейін 13°С-тан 18°С-қа дейін ауытқып тұрды.

Тұқымды қыздыру температурасы қайта айналу әдісін қолданған кез-

де 50°С-тан 60°С-қа дейін және тік ағынды әдісін қолданғанда 40°С-тан

50°С-қа дейін өзгертіліп отырды.

Кептіру агентінің температурасы өзгеруінің көрсеткіштері:

қайта айналу әдісі үшін 200°С-тан 250°С-қа дейін;

тік ағынды әдісі үшін 90°С-тан 140°С-қа дейін болды.

Кептіру нәтижесінде зығыр тұқымының ылғалдылығы қайта айналу

әдісімен кептірген кезде 9,5%-ға дейін және тік ағынды әдіспен кептірген

кезде 9,0%-ға дейін төмендеді. Рапс екі дән кептіргіште 8,0%-ға дейін кепті-

рілді (1 және 2-кестелер).

1. Зығыр және рапс тұқымдарын қайта айналу әдісімен кептіру нәтижелері

Көрсеткіш Орта нұсқалар

зығыр рапс

1 2 3 4

Ылғалдылығы, % кептіргенге дейін 11,9 16,0

кептіргеннен кейін 9,5 8,0

Температура, °С кептіру агенті 200-250 200-250

дәнді қыздыру 50-60 50-60

Page 78: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және ұқсату

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 78

1-кестенің соңы

1 2 3 4

Қоқым қоспалар, % кептіргенге дейін 7,0 5,0

кептіргеннен кейін 6,8 4,9

Тұқымдардың өнгіш-

тігі, %

кептіргенге дейін 82 83

кептіргеннен кейін 75 76

Майдың қышқыл саны,

мг КОН/г

кептіргенге дейін 2,65 1,95

кептіргеннен кейін 2,61 1,93

Барлық нәтижеде қоқым қоспалардың төмендегені байқалады, бұл

қыздыру камерасында қоқым қоспалардың құрамында болатын жеңіл фрак-

цияларды шығару үшін қолайлы жағдайлар жасалатынымен байланысты.

Тұқымның өнгіштігі және өсіп шығу көрсеткіштерін талдау көрсет-

кіштері тұқымды 50°С-қа дейін қыздырса да көп өзгермейді (2-кесте). Қыз-

дыру параметрлері жоғары болған кезде тұқымдардың өнгіштігі мен өсіп

шығу энергиясы төмендейді.

2. Зығыр және рапс тұқымдарын тік ағынды әдіспен кептіру нәтижелері

Көрсеткіш Орта нұсқалар

зығыр рапс

Ылғалдылығы, % кептіргенге дейін 11,93 17,0

кептіргеннен кейін 9,0 8,0

Температура, °С кептіру агенті 90-140 90-140

дәнді қыздыру 40-50 40-50

Қоқым қоспалар, % кептіргенге дейін 8,0 6,0

кептіргеннен кейін 7,8 5,9

Тұқымдардың өнгіштігі,

%

кептіргенге дейін 82 83

кептіргеннен кейін 80 81

Майдың қышқыл саны,

мг КОН/г

кептіргенге дейін 2,62 1,94

кептіргеннен кейін 2,61 1,95

Алайда, 60°С-қа дейін қыздырса да, тұқымның толық өнгіштігі жо-

ғалмайды. Кептірілгеннен кейін рапс тұқымының температурасы барлық

нәтиже бойынша сыртқы ауа температурасынан 8°С-тан артық болған жоқ.

Зәйтүн тұқымдарының ең маңызды көрсеткіші – тұқымның қышқыл

саны, бұл көрсеткіштің өзгеруі бойынша кептірудің әсерінен май сапасы өз-

геретінін байқауға болады 1. Бұл көрсеткіштің өзгеруі тұқымның алғашқы

ылғалдылығына, кептіру агентінің температурасына және тұқымды қыз-

Page 79: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және ұқсату

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 79

дыру температурасына байланысты болады. Кептіру үдерісінде зығыр мен

рапс тұқымдарында қышқыл саны төмендеуін де және көтерілуін де байқау-

ға болады. Тұқымды 60°С-қа дейін қыздырған кезде майдың қышқыл саны

төмендейді (зығыр үшін 1,5% және рапс үшін 1,02%-ға дейін), бұл төмен

молекулалық майлы қышқылды бумен айыруға байланысты болады. Ал

тұқымды 50°С-қа дейін қыздырған кезде майдың қышқыл саны көтеріледі

(рапс үшін 0,52%-ға дейін), ол осы температура аралығында липаза фермен-

тінің белсенділігі жоғарылауына байланысты.

Зерттеулер қорытындысы бойынша, зығыр және рапс тұқымдарын

жұмсақ кептіру режимінде тік ағынды астық кептіргіште кептірсе, тұқым-

ның егістік сапасының сақталуы жоғарылайды.

Ал астық кептіргіште қайта айналу әдісімен тез қыздыру қатаң ре-

жимде болса, онда тұқымның жалпы сапасының көрсеткіші – қышқыл саны

жақсарады, бірақ бұл әдісте жоғары температуралық жылу тасығышты

қолданса, өрт қаупінің деңгейі біршама жоғарылайды.

Сонымен қатар, барлық әдісте белгілі тәртіптемелер қолданылған кез-

де тұқымның сапасы сақталады және шикізатты қауіпсіз сақтау көрсет-

кіштеріне жеткізеді. Тұқымдық материалды кептіру үшін тік ағынды астық

кептіргіш қолайлы, ал көп топтамалылардың ылғалдылық айырмашылығы

едәуір болса, онда дән кептіргіште қайта айналу әдісімен кептірген қо-

лайлы.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Сергеева А.Г. Өсімдіктің майы және майларды қайта өңдеу мен алу

технологиясына нұсқаулық. – Л: ВНИИЖ, 1975. – Т. 1. Кітап 1. – 725 б.

2. Скакун А.С., Бурда И.В., Брауэр Д. Рапс – майлы дақыл. – Минск,

1994. – 67-70 б.

Түйін

Мақалада кептіру әдісіне байланысты түрлі кептіру температурасын

қолдана отырып, тұқымның егіндік сапасын сақтауға болатыны көрсетіл-

ген.

Резюме

В статье показано, что от применяемых методов сушки, используя

разную температуру сушки, можно сохранить посевные качества семян.

Page 80: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және ұқсату

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 80

Summary

The article shows that the applied methods of drying using different drying

temperature to preserve the quality of seeds sown.

ӘОЖ 543.5.547.458.61

НАТИВТІ ЖӘНЕ ТОТЫҚҚАН КРАХМАЛДАРДЫҢ

ФИЗИКАЛЫҚ-ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН

САЛЫСТЫРУ

А.Ө. БАЙКЕНОВ, кіші ғылыми қызметкер, О.В. ПОЛУБОТЬКО,

жетекші ғылыми қызметкер, Г.Х. ОСПАНКУЛОВА, биология

ғылымдарының кандидаты

«Қазақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ғылыми-зерттеу

институты» ЖШС

e-mail: [email protected]

Түйінді сөздер: крахмал; тотықтырғыш; түрлендірілген крахмал.

Тұтынушылардың көпшілігі үшін өндірілетін өнімдердің көрсеткіш-

тері мен құрылымдарын қалыптастырғанда қолданылатын нативті крахмал-

дардың химиялық құрылысының ерекшеліктері өте маңызды. Нативті крах-

малдардың физикалық-химиялық қасиеттері көбінесе крахмал құрамды ши-

кізаттың ерекшеліктеріне байланысты және әрдайым тұтынушының талап-

тарына сәйкес болмауы мүмкін. Сондықтан соңғы жылдары крахмалды жә-

не оның туындыларын әр түрлі өнеркәсіп салаларында қолданудың жалпы

көлемі күрт жоғарылап кетті. Бұл үрдіс түрлендірілген крахмалдардың өсуі-

не байланысты. Негізінде ғылыми зерттеулерге сүйенетін түрлендірілген

крахмалдардың тиімді технологиялары, соның ішінде тотыққан крахмалды

алу заманауи ғылымның басты мәселелерінің бірі болып саналады [1].

Тотыққан крахмалдардың нативті крахмалдарға қарағанда айырма-

шылығы, олардың тұтқырлығы аздау, тұнық және клейстерлері бірқалыпты

болып келеді. Түрлендірілген крахмалдар, соның ішінде тотыққан крахмал-

дар кондитерлікте, наубайханада, сүт, ет және қағаз, тоқыма, дәрі-дәрмек

жасау, металлургия өнеркәсіптерінде, тұрмыста және т.б. көптеген жерде

кеңінен қолданыс тапқан [2].

Page 81: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және ұқсату

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 81

Зерттеу материалдарына нативті және тотыққан жүгері крахмалдары

алынды.

Нативті жүгері крахмалының сапа көрсеткіштері ГОСТ Р 51985-2002

«Жүгері крахмалы. Жалпы техникалық шарттары» талаптарына сай анық-

талды.

«Қантты крахмал өнімдерін өндіру, қадағалау технологиясы» әдісте-

мелік нұсқасы бойынша ылғалдың массалық үлесі, тұтқырлығы және құра-

мындағы май мөлшері анықталды [2].

ГОCТ 7698-93 «Крахмал. Қабылдау ережелері және талдау әдістері»

бойынша күлділігі, қышқылдығы, қоспалардың мөлшері зерттелді.

Тотыққан крахмалдың шартты тұтқырлығы BY 190239501.780-2010

«Тотыққан крахмалдар. Техникалық шарттары» стандарты бойынша анық-

талды. Әдістің мәні ВЗ-246 вискозиметрінде 9% крахмал клейстерінің қан-

дай уақытта ағып өтуімен анықталады.

Кез келген өнімнің органолептикалық, физикалық-химиялық көрсет-

кіштері және қауіпсіздік ережелері кешенді бағаланады. Сол мақсатта на-

тивті жүгері крахмалының екі үлгісінің, №1 және №2 сапа көрсеткіштері

(1-кестеде) зерттелді.

Зерттеу нәтижесінде, жүгері крахмалдарының №1 және №2 үлгілері-

нің сыртқы түрлері біркелкі, ақ түсті ұнтақ болды, олардың иісі мен дәмі

крахмалға тән.

Зерттелген үлгілердің ылғалдылығы 12% (№1 үлгіде) және 13% (№2

үлгіде), мұндай көрсеткіш олардың құрғақ екендігін білдіреді. Нативті жү-

гері крахмалының күлділігі №1 үлгіде 0,09%, №2 үлгіде 0,13% құрады.

Зерттелген крахмалдардың жоғары сұрыпқа сәйкес екендігі анықталды.

Қышқылдық крахмалдың жаңалығын және тазалығын сипаттайды, ол

тағы басқа да көрсеткіштермен қоса, крахмалдың кандай сұрыпқа жататы-

нын көрсетеді. 1-кестеде берілгендей, жүгері крахмалының №1 үлгісіндегі

қышқылдық 18,6 см3, ал №2 үлгідегі 19,0 см

3 құрады, олар жоғары сұрыпқа

ұсынылған талаптарға сай келеді.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, жүгері крахмалының №1 үлгісі жо-

ғары сұрыпқа қойылатын талаптарға сай келді, оның құрамындағы ақуыз-

дың мөлшері 0,51%, ал №2 үлгіде ақуыздың мөлшері 1,0% болғандықтан,

1-сұрыпқа жатқызылды. Су клейстерлерінің шартты тұтқырлығы №1 үлгіде

32 секунд, ал №2 үлгіде 30 секундты құрады, сондай-ақ №1 және №2 үлгі-

леріндегі шартты тұтқырлықтары бірдей екендігі анықталды. Нативті крах-

мал құрамындағы ақуыздың мөлшері тотығу реакциясын баяулатады, сон-

дықтан ары қарай түрлендіру үшін №1 үлгі алынды.

Page 82: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және ұқсату

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 82

1. Жүгері крахмалы. Жалпы техникалық шарттары

Көрсеткіштің

атауы

Талабы ГОСТ Р 51985-2002

крахмал үшін №1 үлгі №2 үлгі

жоғары

сұрып

бірінші

сұрып

амилопек-

тинді

Сыртқы түрі Біркелкі ұнтақ Сәйкес

Түсі Ақ, сарғыш түсті реңдеріне беріледі Сәйкес

Иісі Крахмалға тән, бөтен иісі жоқ Сәйкес

Ылғалдылықтың масса-

лық үлесі, %, артық

емес

14 14 16 12±0,5* 13±0,5*

Құрғақ затқа қайта есеп-

тегенде күлдің масса-

лық үлесі (%), артық

емес

0,20 0,30 0,30 0,09±0,05* 0,13±0,05*

Қышқылдық – қышқыл-

дарды және тұз қышқыл-

дарын бейтараптанды-

руға қолданған натрий

су тотығы ерітіндісінің

концентрациясы

0,1 моль/дм3 (0,1н), 100 г

крахмалдың құрамын-

дағы құрғақ заттар (см3),

артық емес

20 25 25 18,6,0±0,05* 19,0±0,05*

Құрғақ затқа айналдыр-

ғанда протеиннің масса-

лық үлесі (%), артық

емес

0,8 1,0 1,0 0,51±0,02* 1,0±0,02*

Құралсыз, көзбен қара-

ғанда 1 дм2 тегіс беттегі

дақ саны, дана

300 500 500 - -

Ескерту: *екі қайтара өлшемнің орташасы ± стандарттық ауытқу

Жүгері нативті крахмалын тотықтыру үшін әр түрлі уақытта, рН орта-

сында үлгілерді сутегінің асқын тотығымен, натрий гипохлоридімен тотық-

тырғанда, зерттеу барысында берілген көрсеткіштер – крахмалдардың тұт-

қырлығы мен ерігіштігінің өзгеруіне әкелді.

Әзірленген тотыққан крахмал үлгілерінің сапасы BY 190239501.780-

2010 талаптарына сәйкес анықталып, түрлендірілген крахмалдардың орга-

нолептикалық көрсеткіштері талаптарға сай болып шықты (2-кесте).

Page 83: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және ұқсату

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 83

2. Тотыққан крахмалдардың органолептикалық көрсеткіштерін бағалау

Көрсеткіштің

атауы Көрсеткіші

Зерттеу

әдісі

Сутегінің

асқын

тотығымен

тотыққан

крахмал

Натрий

гипохлоридімен

тотыққан

крахмал Сыртқы түрі Біркелкі ұнтақ ГОСТ 7698

бойынша

Түсі Ақ, ақшыл сары

реңк рұқсат етіледі

ГОСТ 7698

бойынша Сәйкес келеді Сәйкес келеді

Иісі

Крахмалға тән,

бөтен иіс болмауға

тиіс

ГОСТ 7698

бойынша Сәйкес келеді Сәйкес келеді

Дәмі

Крахмалға тән,

бөтен дәмі болмауға

тиіс

ГОСТ 7698

бойынша Сәйкес келеді Сәйкес келеді

3. Тотыққан крахмалдардың физикалық-химиялық көрсеткіштері

Көрсеткіштің

атауы

Мәндері

Зерттеу

әдісі

Н2О2

тотыққан

крахмал

NaСlO

тотыққан

крахмал

А

мар-

касы

Б

мар-

касы

В

мар-

касы

Г

мар-

касы

Ылғалдылықтың

массалық үлесі

(%), артық емес

20

ГОСТ

7698

бойынша

17,5 18,6

Күлдің массалық

үлесі (%),артық

емес

0,3 0,5 1,0 1,0

ГОСТ

7698

бойынша

0,3 0,8

Қышқылдықты

бейтараптандыруға

қолданған натрий

гидрооксиді ерітін-

дісінің қанықпасы

және мөлшері

0,1 моль/дм3 (0,1н),

100 г крахмалдың

құрамындағы

құрғақ заттарға

(см3), артық емес

20 -

ГОСТ

7698

бойынша

17 -

Су клейстерінің

шартты тұтқырлы-

ғының массалық

үлесі, 9% артық

емес, 60ºС

35 15

ГОСТ

7698

бойынша

23 14

Page 84: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және ұқсату

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 84

Крахмалдың технологиялық қасиеттері және крахмалды мақсатты

қолдану крахмал клейстерлерінің тұтқырлығына байланысты болғандық-

тан, оның тәжірибелік маңызы зор. Алынған тотыққан крахмалдардың фи-

зикалық-химиялық қасиеттерін анықтағанда, сутегінің асқын тотығымен то-

тыққан крахмалдың күл көрсеткішінің массалық үлесі 0,3% және шартты

тұтқырлығы 23 секундты көрсетті, сондықтан ол «А маркасына» жатқызыл-

ды (3-кесте). Сапа көрсеткіштері бойынша, сутегінің асқын тотығымен то-

тыққан крахмалдарды тамақ өндіру мақсатында қолдануға болатыны ай-

қындалды.

Натрий гипохлоридімен тотыққан жүгері крахмалының тұтқырлығы

14 секундты құрады, берілген крахмал Г маркасына қойылатын шарттарға

сай келетіні және оны техникалық мақсаттарда пайдалануға болатыны бел-

гілі болды.

Сутегінің асқын тотығымен және натрий гипохлоридімен тотыққан

крахмал сілікпелерінің ұю қасиеті зерттелді (сурет).

Сутегінің асқын тотығымен және натрий гипохлоридімен тотыққан крахмалдардың

ұю қасиеттері

Зерттеу нәтижесінде, крахмалдың ең төмен сілікпе беріктігі сутегінің

асқын тотығы мен натрий гипохлоридінің рН 2 және рН 6 орталарында түзі-

луі анықталды, қалған рН орталарында крахмал сілікпелері пішінін сақтай-

тыны белгілі болды. рН орталарын зерттеу барысында олардың консистен-

циясы тығыз, беті тегіс, күңгірт ақ түсті екені айқындалды.

Сутегінің асқын тотығымен және натрий гипохлоридімен тотыққан

нативті крахмалдар тұтқырлығы төмен және сілікпеге қабілеттілігі сияқты

технологиялық қасиеттерге ие болды.

Page 85: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және ұқсату

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 85

Әр түрлі тотықтырғыштар крахмалдардың физикалық-химиялық

қасиеттеріне әрқалай әсер ететіндіктен, ол түрлендіргіштерді азықтық неме-

се техникалық мақсаттарда қолдануға болады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Литвяк В.В., Оспанкулова Г.Х. Особенности получения химически

модифицированных катионных крахмалов при помощи катионосодержа-

щего реагента N-(3-хлоро-гидроксилпропил)-N, N, N – триметиламмоний

хлорида: Матер. Международной научно-практической конференции «Им-

портозамещение продуктов глубокой переработки зерна и картофеля». – М.,

2014. – С. 212-127.

2. Ловкис З.В., Литвяк В.В., Петюшев Н.Н. Технология крахмала и

крахмалопродуктов. – М., 2007. – 176 с.

Түйін

Жүгері крахмалын сутегінің асқын тотығымен (Н2О2) және натрий ги-

похлоридімен (NaСlO) әр түрлі кезендерде (уақыт, рН нұсқасы) түрлендіру

зерттелді, нативті және тотыққан крахмалдардың органолептикалық және

физикалық-химиялық қасиеттері салыстырылды.

Резюме

Проведена сравнительная оценка органолептических и физико-хими-

ческих показателей нативного и окисленных перекисью водорода (Н2О2) и

гипохлоритом натрия (NaСlO) при различных вариантах времени и рН сре-

ды кукурузных крахмалов.

Summary

A comparative evaluation of the organoleptic and physico-chemical para-

meters of native and oxidized with hydrogen peroxide (Н2О2) and sodium hypo-

chlorite (NaСlO) in different types of time and pH cornstarch.

Page 86: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және ұқсату

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 86

ӘОЖ 665.3

ӨСІМДІК МАЙЫН ФРАКЦИЯЛАУДЫҢ

ТИІМДІ ӘДІСІ

И.Ж. ТЕМИРОВА, ғылыми қызметкер,

Б.А. САКЕНОВА, зертхана меңгерушісі,

Г.Б. ТУРСЫНБАЕВА, кіші ғылыми қызметкер

«Қазақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ғылыми-зерттеу

институты» ЖШС

е-mail: [email protected]

Түйінді сөздер: фракция; фракциялау; кристалдау; еріткіш.

Өсімдік майының физикалық-химиялық көрсеткіштерін және ауыт-

қымалы балқуын өзгертетін негізгі модификация әдістеріне гидрогениза-

ция, қайта этерификациялау және фракциялау жатады. Қажетті құрылым-

ды-механикалық қасиеттері бар май алуға мүмкіндік беретіндіктен, соңғы

кездері май мен тоң майды фракциялау үлкен маңызға ие. Фракциялаудың

құрғақ (балқытылған), детергентті (жоғарғы белсенді заттардың сулы ері-

тіндісі қолданылған) және сольвентті (еріткіш пайдалану) секілді әр түрлі

технологиялары бар. Бірегей қасиеттері бар май өнімдерін өнеркәсіпте өнді-

ру еріткішпен фракциялау технологиясын пайдаланудың негізгі мақсатына

жатады. Араласқан ерітіндіде кристалды фракциялау әдісі еріткіш қолда-

нылмайтын фракциялауға қарағанда шығымы жоғары, сапалы таза өнімді аз

уақытта өңдеп, тиімді ажыратуға мүмкіндік береді. Бірегей функционалдық

сипаттамасы бар өнімдер қатарын еріткішпен фракциялау технологиясын

қолдану арқылы өндіріп алады (Кузнецова Л.Н., 2012).

Еріткішпен фракциялау әдісін қолданған кезде май қышқылдары мен

үшглицеридтердің балқу температурасын кең дифференциялау арқылы

ажырау тиімділігін жақсартатын спирт, гексан, ацетон және т.б. органика-

лық еріткіштер қолданылуы мүмкін. Осы секілді еріткішті қолдану арқылы

май шикізатының тұтқырлығын төмендетіп, тиімді селективті кристалдап,

ажыраған кездегі көрсеткішті жақсартып, сол арқылы шығымды жоғарыла-

ту негізінде фракциялау үдерісін аз уақытта жүргізуге болады. Кристал мен

сұйық қалыпты ажыратқан кезде, кристалдар еріткішпен шайылып, крис-

талдың тазалық деңгейін жақсарады. Еріткішпен фракциялау үдерісі құрғақ

фракциялаудың кемшіліктерін жойғанымен, өндіріс көлемінің артуы құрал-

жабдыққа кететін шығынды жоғарылатып, гександы пайдаланған кезде жа-

рылу қаупін тудыруы мүмкін. Сондықтан бұл адам денсаулығына зияны

Page 87: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және ұқсату

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 87

жоқ еріткіштерді қолданып, өсімдік майы фракцияларын алу кезінде энер-

гияны аз пайдаланатын, арзан және экологиялық таза технологияларды

іздеуге себеп болады. Тағам өнімі саналатын әрі майдың еруі температураға

айтарлықтай байланысты емес екені байқалатын этил спирті (этанол) еріт-

кіші осындай еріткішке жатады.

Жоғарыда аталып өткен мәселелерге байланысты, осы жұмыстың

мақсаты – өсімдік майын этил спирті ерітіндісінде сольвентті фракциялау

үдерісін негіздеп, майдың кристалдануы үшін қажет оңтайлы температура

тәртібін анықтау.

Зерттеуді өткізу әдістемесі мен шарттары

Әр түрлі қатынасты 5 нұсқада (1:0; 1:1; 1:2; 1:3; 1:4) этанол ерітінді-

сінде және ерітіндісіз кристалдаумен гидрогенизирленген күнбағыс майы

мен гидрогенизирленген қытай бұршағы майына екі сатылы фракциялау

жүргізілді.

1. Гидрогенизирленген күнбағыс майы фракциясының сипаттамасы

Май:этанол

қатынасы

Ерігіштігі жоғары Орташа Ерігіштігі төмен

балқу

темпе-

ратура-

сы, 0С

фрак-

ция

шығы-

мы, %

балқу

темпе-

ратура-

сы, 0С

фрак-

ция

шығы-

мы, %

балқу

темпе-

ратура-

сы, 0С

фрак-

ция

шығы-

мы, %

1:0 52,5 25,3 43,0 5,5 19.5 49,0

1:1 55,0 18,0 40,0 23,0 15,0 33,0

1:2 56,6 18,5 40,8 22,2 15,3 35,0

1:3 57,2 22,0 38,0 27,2 17.0 37,0

1:4 55,3 23.0 39,0 29,0 15.9 39,0

Орташа

көрсеткіш 55.32 21,36 40,56 21,38 16,94 38,6

ҚР СТ 2181-2011

көрсеткіші 44-56 - 32-40,5 - 13-16 -

Май:этанол әр түрлі қатынасын еріткішпен араластыру арқылы 4 нұс-

қада (1:1; 1:2; 1:3; 1:4) этанолмен гидрогенизирленген күнбағыс майы мен

гидрогенизирленген қытай бұршағы майына екі мәрте екі сатылы фракция-

лау жүргізілді. Бірінші сатыда араласқан ерітіндіні реакторда келесі экспо-

зициялы жүйеге дейін 10оС-тан 25

оС

температураға дейін 60 минуттан 2 са-

ғатқа дейін, екінші сатыда 0оС пен 10

оС температура аралығында майдың

кристалдануына дейін 3-5 сағатқа дейін үздіксіз араластырады, кейін 30 ми-

Page 88: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және ұқсату

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 88

нут центрифугада фракцияларға бөледі. Кристал санын көбейту және тұрақ-

тандыру мақсатында экспозиция кезінде жүйеде тепе-теңдік орнатылды.

Кристалдау үдерісі қажетті деңгейге жеткен кезде қатты қалыпты жинау

үшін, сұйық қалып қатты қалыптан ажыратылды. Гидрогенизирленген күн-

бағыс майы мен гидрогенизирленген қытай бұршағы майының құрғақ фрак-

циялау әдісінде майды орташа деңгейде бірен-саран кристалдар пайда бол-

ғанша араластыра отырып, 60оС-қа дейін қыздырады, 19

оС-қа дейін темпе-

ратураны төмендетеді және кейін қатты қалыпты сұйық қалыптан механи-

калық жолмен ажыратады. Алынған гидрогенизирленген күнбағыс майы

мен гидрогенизирленген қытай бұршағы майы фракциясының балқу темпе-

ратурасы мен фракция шығымы есептелді (1 және 2-кестелер).

2. Гидрогенизирленген қытай бұршағы майы фракциясының сипаттамасы

Май:этанол

қатынасы

Ерігіштігі жоғары Орташа Ерігіштігі төмен

балқу

темпе-

ратура-

сы, 0С

фрак-

ция

шығы-

мы, %

балқу

темпе-

ратура-

сы, 0С

фрак-

ция

шығы-

мы, %

балқу

темпе-

ратура-

сы, 0С

фрак-

ция

шығы-

мы, %

1:0 53,0 26,5 43,0 5,8 18,7 50,0

1:1 54,5 19,5 41, 25,4 14,5 34,0

1:2 55,8 20,0 41.6 24,7 14,7 36,0

1:3 55,0 21,3 39,0 27,5 16,2 37,5

1:4 55,5 22,5 38,8 28,0 15,8 38,0

Орташа

көрсеткіш 56,76 21,96 39,2 22,28 16,22 39,1

ҚР СТ 2181-2011

көрсеткіші 44-56 - 32-40,5 - 13-16 -

Зерттеу нәтижелері

Нәтижесінде фракциялаудың оңтайлы технологиялық шарттары

анықталып, гидрогенизирленген күнбағыс майының ерігіштігі жоғары

фракциясының жоғары шығымы 23%, ал гидрогенизирленген қытай бұр-

шағы майынікі 22,4%, кристалдану ұзақтығы 0,30-1,5 сағ., май:этанол

қатынасы 1:4, кристалдану температурасы 29,5оС, ал гидрогенизирлен-

ген қытай бұршағы майының кристалдану температурасы 29оС, гидрогени-

зирленген күнбағыс майының кристалдау сатысының салқындату жыл-

дамдығы 0,22-0,25оС/мин, гидрогенизирленген қытай бұршағы майының

кристалдану сатысының салқындату жылдамдығы 0,22-тен 0,28оС/мин де-

йін белгіленді.

Page 89: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және ұқсату

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 89

Сапалы кристалдау үшін, температураны ұзақ уақыт бойы біртіндеп

төмендету қажет, себебі майды біртіндеп салқындатқанда, сұйық қалыптан

оңай сүзілетін тұрақты b- b/ кристалдар құралады.

Қорытынды

Сонымен, зерттеу мақсатына сәйкес, гидрогенизирленген күнбағыс

майын қолдану арқылы өнім сапасын жоғарылатып, оның құнын арзан-

дататын қажетті май өнімдерін алу мақсатында технологиялық үдерістерді

әзірлеген жағдайда этанол ерітіндісінде майды кристалды фракциялау үде-

рісі пайдалы болады.

Түйін

Фракциялау технологиясында қауіпсіз еріткіш ретінде этил спиртін

қолданудың мақсатқа сәйкестігі расталды. Қажетті май өнімдерін алу мақ-

сатында технологиялық үдерістерді әзірлеген жағдайда этанол ерітіндісінде

майды кристалды фракциялау үдерісі пайдалы болатыны анықталды.

Резюме

Подтверждена целесообразность использования в технологии фрак-

ционирования безопасного растворителя – этилового спирта. Установлено,

что фракционирование масел кристаллизацией из раствора в этаноле станет

полезной при разработке технологических процессов для получения необ-

ходимых жировых продуктов.

Summary

Confirmed the feasibility of using in the technology of safe fractionation of

solvent – ethyl alcohol. It is established that the fractionation of oils by crystalli-

zation from a solution in ethanol will be useful for development of technological

processes for obtaining the necessary fat products.

Page 90: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және ұқсату

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 90

ӘОЖ 664.798.3:664.64

ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫНЫҢ АЗЫҚТЫҚ ЖӘНЕ

БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

А.А. АМАНТАЕВА, зертхана меңгерушісі, К.Т. ШАУЛИЕВА,

ғылыми қызметкер, К.Н. ФАЗЫЛОВА, аға ғылыми қызметкер

«Қазақ өнеркәсіпті қайта өңдеу және азықтық ғылыми-зерттеу

институты» ЖШС

e-mail: [email protected]

Түйінді сөздер: топинамбур; соя; цидоний; дәрумендер; минерал қышқыл-

дары; ақуыз.

Қазіргі кезде нан пісіруде жақсартқыш ретінде әр түрлі биологиялық

белсенді заттар қолданылады. Жақсартқыштарды қолдану технологиялық

үдерісті тиімді құралдармен реттеу, қажетті қамырды алу, нан сапасын

жақсарту мен сақтау мерзімін ұзартуға қол жеткізеді.

Нанның сапасын жақсарту нан құрамына қосылатын шикізатарға,

соның ішінде өсімдік шикізаты өнімдерінің құрамы мен құрылымына

байланысты.

Өсімдік шикізаты ағзада тапшы қоректік компоненттердің, биоло-

гиялық белсенді заттардың аса маңызды қайнар көзі болып табылады.

Оларды өте аз мөлшерде қолданғанның өзінде сауықтырушы және қор-

ғаушы әсер етеді, мысалы, ағзаға сыртқы және ішкі орталардың жағымсыз

факторларының теріс зардабын төмендетеді. Өсімдік шикізаты – жеміс-

жидектер тамаққа пайдалы қосындыны құрайды. Құрамында дәрумендер,

микро- және макроэлементтер, органикалық, хош иісті және тамақтану

сапасы жоғалғанда адамның денсаулығын сақтау мен жұмысқа қабілет-

тілігін арттыру үшін бағалы резерв болып табылатын басқа да бағалы

заттар болуына байланысты, ол синтетикалық тамақ қосындыларына

қарағанда анағұрлым пайдалы [2].

Адамның ағзасына шамамен 60 шақты эфир қышқылы, осынша

амин және май қышқылдары, әр түрлі көмірсулар, минералдар, дәрумендер,

балластық заттар кіреді. Алайда, тағам өнімдерінің бір де біреуінің құ-

рамында адам ағзасына керекті осы заттардың барлық түрі болмайды.

Сондықтан адамның физиологиялық қажеттіліктерін толық қанағаттандыру

үшін, оның тағамы алуан түрлі болғаны жөн. Адамның ағзасына керекті

өсімдік шикізатының бір күндік қажеттілігінің үштен бірі, өмірлік қуа-

Page 91: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және ұқсату

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 91

тының 30-50 пайызы және В тобындағы дәрумендерге қажеттіліктің 50-

60 пайызы нақ осы нан өнімдеріне қосылатын қоспалар арқылы өтеліп

отырады [1].

Соңғы жылдары экологиялық жағдайдың қиындауына байланысты,

елімізде қант сусамыры, асқазанның ойық жарасы, гастрит, жүрек-тамыр

аурулары, қан аздық және т.б. ауру түрлері көбейді. Ағзаның сыртқы ор-

таның жағымсыз факторлары әсеріне қарсы тұруын арттыру және еліміздің

тектік қорын сақтау үшін ұтымды және емдік тамақтануды ұйымдастыруға,

ағзаның қартаюын тежейтін, ағзадағы зиянды заттарды байлап, зарар-

сыздандырып, сыртқа шығаратын, аурулардың дамуына тосқауыл қоятын

тамақ өнімдерінің жаңа буынын жасауға үлкен көңіл бөлінуге тиіс. Қазіргі

жағдайда ұтымды тамақтану функционалдық тамақ өнімдерімен тығыз

байланысты. Осындай өнімдерді жасау көздері қоректік өсімдік шикіза-

тының әр алуан түрі болуы мүмкін. Әлемнің көптеген елінде тамақтану

бағдарламалары әзірленген, оларда биологиялық құндылығы жоғары

өсімдік шикізатын пайдалану негізінде қажетті компоненттермен байы-

тылған өнімдерді жасау көзделген. Ал біздің елімізде функционалдық және

емдеудің алдын алу мақсатындағы азық-түлік өнімдері көп емес [3].

Көптеген өсімдік тектес қоректік ресурстар ішінде топинамбур,

цидоний, соя алдыңғы қатарда. Олардың құрамында дәрумендердің, био-

логиялық белсенді заттардың көп болуына байланысты, оларды дәрі-

дәрмекке, тамаққа және жем өнімдеріне қолданудың маңызы өте зор.

Рецептуралық ингредиенттердің жаңа түрлерін әзірлеу, ауруды

емдеу-алдын үшін нан және кондитерлік өнімдердің топтамасын кеңейту

Қазақстан Республикасының қайта өңдеу ғылыми-тәжірибелік қызметінің

негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Топинамбур (жер алмұрты, кульбаба, түйнекті күнбағыс) астралар

отбасына, Солтүстік Американың табиғат флорасына жатады. Бұл –

көпжылдық, түйнекті, биіктігі 2 метрден асатын өсімдік, сабағы біржылдық,

түзу. 1 000 дәнінің салмағы 7-9 кг, жапырақтануы жоғары, 49,2-50,5%.

Тамыр жүйесі өзекті, қатты тарамдалған, мықтылығы бойынша басқа дала

дақылдарының арасында оған тең келетіні жоқ (басты тамыры топыраққа

2 м тереңдікте бойлайды), құрғақшылыққа төзімді. 0-20 см қабатта түйнек-

тері пайда болады, олар топырақта қыстап шығуға қабілетті және 40°С-қа

дейінгі аязда үсімейді, -3-5°С-қа дейін мұздауға шыдайды.

Тамыз айында мұздау ерте түсетін, жазы құрғақ болатын қысқа өніп-

өсу кезеңі жағдайында топинамбур жасыл конвейерді қазанға дейін созуға

мүмкіндік береді.

Page 92: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және ұқсату

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 92

Топинамбурдың 100 кг жасыл массасының қоректік құндылығы

орташа алғанда 20-25 жем бірлігін құрайды, құрамында протеин мен жалпы

жемдік құндылығы болуына қарай, бұл дақыл жүгері мен күнбағыстан

асып түседі.

Өсімдік шикізатын емдік құрал ретінде пайдаланады, олардың дә-

румендік әсері өте тиімді.

Цидоний жемісінің құрамында ақуыз, көмірсу, клетчатка,органикалық

(алма, лимон, шарап) қышқылдар және эфир майлары бар. Ол С дәруменіне,

пектинді заттарға өте бай. Құрамында пектинді заттардың көптігіне байла-

нысты, цидоний жемістердің арасында ерекше орын алады. Орташа есеп-

пен, алмаға қарағанда цидонийдің құрамындағы пектинді заттар 1,5-2 есе

асып түседі.

Сояның құрамы: 40% ақуыз, 20% май және көмірсу, 10% су, 5% клет-

чатка және 5% күл. Оның құрамында гармонға тәуелді ісік ауруының да-

муына кері әсер ететін экстрогенмен сыбайлас изофлавоноидтар бар. Құ-

рамында бастапқы сатыдағы жүрек ақаулары ауруы мен ісік ауруларын

тоқтататын генестеин, ісік ауруын төмендететін фитинді қышқыл болады.

Соя майының құрамында лецитин, холин, балық липидтеріне жақын компо-

ненттер, Е және В тобының дәрумендері, түрлі макро-, микроэлементтер

бар.

Соя лецитині мен оның құрамындағы холин ми және жүйке жүйесі

жасушаларын қалпына келтіру үшін керек. Бұл заттар ойлау жүйесіне, есте

сақтау қабілетіне, қандағы холестеринге және май метаболизмін жақсартуға

көмектеседі. Соя лецитинін күнделікті қолданысқа енгізу адам ағзасының

жасаруына көп әсерін тигізеді және көптеген аурудың алдын алуға кө-

мектеседі.

Өсімдік шикізатының азықтық және биологиялық құндылығы

Атауы Топинамбур Цидоний Соя

1 2 3 4

Азықтық құндылығы, мг/100 г

Ақуыз 2,17 0,6 48,9

Май 0,13 0,5 1,0

Көмірсулар 12,94 9,6 21,7

Су 78,86 84 9

Күлділігі 1,40 0,8 5,3

Энергетикалық құндылығы,

ккал/100 г 62 48 291

Page 93: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және ұқсату

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 93

Кестенің соңы

1 2 3 4

Минералды заттар

Макроэлемент, мг

Калий 203 144 1 600

Кальций 21 23 212

Магний 13 14 145

Микроэлемент, мкг

Темір 409 3 9,2

Мырыш 297 0,8 2,0

Дәрумен, мг/100 г

β-каротин, мкг 126 0,4 0,02

Е, мг 0,23 0,4 1

РР, мг 1,31 0,2 12,7

В1, мг 0,07 0,02 0,8

В2, мг 0,05 0,04 0,3

С, мг 6,7 23 0,2

Кестеде көрсетілгендей, өсімдік шикізатының азықтық және биоло-

гиялық құндылығы биологиялық тағамдық қоспалар алу үшін ең жоғарғы

көрсеткішті береді. Оның құрамында қажетті заттар өте көп: магний –

145 мг, калий – 203 мг, темір – 409 мг, кальций – 212 мг, β- каротин – 126,

С дәрумені – 23мг.

Өсімдік шикізатындағы құрғақ заттар көмірсулармен байытылған. Ең

жоғары көмірсу көрсеткіші сояда 21,7%, топинамбурда 12,94%, цидонийде

9,6%.

β каротин дәрумені топинамбурда 126 мг/100 г С.В., С дәрумені ци-

донийде 23 мг/100 г С.В., никотин қышқылы сояда 12,7 мг/100 г С.В., В1

және В2 дәрумені бірдей мөлшерде. Осыдан өсімдік шикізатының химиялық

құрамы алмастырылмайтын амин қышқылдарына, дәрумендерге және ми-

нерал қышқылдарына бай екендігін көруге болады.

Ғылыми тәжірибе жүзінде алынған көрсеткіштерден өсімдік шикіза-

тын биологиялық белсенді қоспа ретінде адам ағзасына жоғары концентр-

ленген сапалы шикізат ретінде нан-тоқаш өнімдері мен кондитерлік өнім-

дерге қолдануға болатынын байқауға болады.

Page 94: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және ұқсату

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 94

Осы көрсеткіштерді пайдалана отырып, биологиялық белсенді қоспа

жасап, емдік қасиеті бар диеталық нан-тоқаш өнімдерінің шығарылуын

ұйымдастыру ұсынылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Ауэрман Л.Я. Технология хлебопекарного производства. – СПб.:

Профессия, 2002. – 415 с.

2. Пучкова Л.И., Поландова Р.Д., Матвеева И.В. Технология хлеба,

кондитерских и макаронных изделий. – Ч.1 . Технология хлеба. – СПб.:

Гиорд, 2005. – 559 с.

3. Рахымжанова А.А. Шаулиева К.Т. Өсімдік шикізаты – ұннан жа-

салған кондитерлік өнімдер өндірудегі микронутриенттер көзі // Алматы:

Жаршы, 2010.

Түйін

Өсімдік шикізатының (топинамбур, цидоний және соя) азықтық және

биологиялық құндылығы зерттеліп, одан биологиялық тағамдық қоспалар

алу қарастырылған.

Резюме

Исследована биологическая ценность растениеводческого сырья

(топинамбур, цидоний и соя) и получения от него биологических пищевых

добавок.

Summary

Vegetable raw materials (Jerusalem, cіdonіy and soy) feed to explore more

of the value of biodiversity and biological food additives.

Page 95: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Ғалым мерейі

Жаршы, №1-2 – 2016 __________________________________________________________ 95

АЙТЖАНОВ БАТЫРБЕК ДОСХОЖАҰЛЫ 60 жаста

ҚР АШМ «Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталығы» Алматы филиалының директоры, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Айтжанов Батырбек Досхожаұлы биыл 60 жасқа толды.

Батырбек Досхожаұлы 1956 ж. 13 ақпанда Оңтүстік Қазақ-стан облысы Мақтаарал ауданы Ворошилов ауылында дүниеге келді. 1978 ж. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институ-тын бітірген.

Еңбек жолын 1981-1984 жж. аралығында Қазақ ғылыми-зерттеу малдәрігерлік институтының аспирантурасынан бас-тап, 1989-1993 жж. аралығында Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын-да ассистент, аға мұғалім, доцент қызметтерін атқарды. 1994-2003 жж. Еңбек Қы-зыл Ту орденді Алматы биокомбинатында ғылыми-өндірістік мәселелер жөніндегі директордың орынбасары, соңынан осы кәсіпорынның бас директоры болып қыз-мет жасады. Кейіннен Степногорск қаласындағы биотехнологиялық өнімдер өн-діретін «Технопарк» ғылыми-өндірістік бірлестігінің вице-президенті болып қыз-мет істеді. 2003 ж. қыркүйек айынан бастап Қазақ Ұлттық аграрлық университетіне қайта оралады.

Ғалым 2006 ж. қазақ тілінде тұңғыш рет мал дәрігері мамандығы үшін «Фарма-кология» оқулығын жазды, 2006-2009 жж. аралығында авторлармен бірлесе жазған 3 оқулығына ҚР Білім және ғылым министрлігінің грифі берілді.

2009 ж. «Топалаңның алдын алу және балау мақсатында өндірілетін биопрепа-раттардың нәтижелілігін жетілдіру жолдары» тақырыбында докторлық диссерта-циясын қорғады.

Айтжанов Б.Д. 2003-2013 жж. бойы Қазақ Ұлттық аграрлық университеті вете-ринария факультетінде доцент, профессор, кафедра меңгерушісі қызметтерін ат-қарды. 2014 ж. басынан бастап ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің «Ветеринария бойынша Ұлттық референттік орталығы» Алматы фи-лиалының директоры болып қызмет істейді.

Батырбек Досхожаұлы аграрлық ғылым саласы бойынша жоғары санатты ма-ман, биология, ветеринария саласына зор үлес қосқан ғалым, іскер ұйымдасты-рушы ретінде танылды. Қай жерде жұмыс істесе де, ол өз ісіне берілген еңбексүй-гіштігімен, парасаттылығымен, келелі мәселелерді іскерлікпен шешуімен басқалар-ға үлгі-өнеге көрсете білді, сол қасиеттері арқасында шәкірттері мен әріптестерінің арасында айрықша құрметке, лайықты беделге ие болып жүр.

Батырбек Досхожаұлы – 150-ден аса ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 3 нормативтік-техникалық құжат, 20 оқулық пен оқу құралы, 20-дан астам патент, алдын ала патенттің иегері. «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағы, ғалымдар мен ма-мандарға арналған Мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері атанды.

Профессор Б.Д. Айтжанов ұстаздық жұмыс пен ғылыми зерттеулерді шебер ұш-тастырып келеді, оның республикалық ветеринариялық оқу-ағарту ісіне қосқан үле-сі зор. Ерен еңбегі пен талмай ізденуі нәтижесінде ұлағатты ұстаз, танымал ғалым деңгейіне көтерілген ол 4 ғылым магистрін дайындап шығарды, 1 магистрантқа ғы-лыми жетекшілік етеді. Бірнеше ғылыми жобаның жетекшісі және орындаушысы болды. 2001 ж. ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» мара-патталды.

Б.Д. Айтжанов қазақ тілінің өркендеуіне, оның мемлекеттік тіл ретінде өз тұғы-рына көтерілуіне өзіндік үлес қосып, ЖОО-да студенттерді ана тілінде оқыту мәсе-лесіне көп үлес қосты. Университетте жұмыс істеген жылдары факультеттің «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы болды.

Жұбайы Индира екеуі бір ұл, бір қыз және немере тәрбиелеп отыр. Батырбек Досхожаұлын 60 жасқа толған мерейтойымен құттықтай отырып, зор

денсаулық, ұзақ өмір, шығармашылық табыс, қажымас қайрат, отбасына бірлік, дастарханына Алла береке берсін деп тілейміз!

ҚР БҒМ Ғылым комитеті «Зоология институты» РМК

бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары М.Ж. Сүлейменов

Page 96: Қазақстан Республикасы - nasec.kznasec.kz/sites/default/files/2018-08/ZHarshy-N1-2-2016.pdf · қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары

Ғалым мерейі

__________________________________________________________ Жаршы, №1-2 – 2016 96

ЕРБОСЫН АТАМҚҰЛҰЛЫ 70 жаста

Ербосын Атамқұлұлы 1946 жылдың 2 наурызында Ал-маты облысы Райымбек ауданы Райымбек ауылында дүниеге келген. 1962 ж. Райымбек орта мектебінің 8 сыныптық білімі-мен Талдықорғандағы мал дәрігерлік техникумын үздік баға-мен бітіріп шықты. Иниституттың жолдамасымен 1973 ж. Мәскеудің К.А. Тимирязев атындағы ауыл шаруашылығы ака-демиясының аспирантурасына түседі. Онда өзінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ауыл шаруашылығы ғылымы саласын-дағы атақты ғалымдар, ауыл шаруашылығы ғалымдарының докторлары профессор Е.Я. Борисенко мен В.А. Эктовтің же-

текшілігімен жүргізеді. Аспирантураны ойдағыдай аяқтаған ол 1978 ж. 06.02.01 зоотехния мамандығы бойынша диссертация қорғап, ауыл шаруашылығы ғылым-дарының кандидаты дәрежесіне ие болып, елге оралды.

Ғылым жолын Ербосын Атамқұлұлы «Қазақтың мал шаруашылығы технология-сы ғылыми-зерттеу институтында» аға ғалым, зоотехниктен бастап, жетекші ғылы-ми қызметкер, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары, тәжірибелік шаруа-шылықтың директоры болып қызмет атқарды, мамандығын жоғары деңгейде игер-генін көрсете білді. Өндірістік тәжірибе шаруашылығында директордың қызметін атқара жүріп, ғылым мен өндірісті ұштастыра білді. Ғылыми жұмыстары жоғары дәрежеде бағаланып, түрлі дәрежедегі дипломдарға ие болды. Іздену жұмыстары-ның нәтижесінде ірі қара малының тұқымішілік Жетісу типі авторларының бірі атанды (2000 ж.).

2008 жылдан бері бөлім меңгерушісі, одан кейін жетекші ғылыми қызметкер болып қызмет атқарды. Ербосын Атамқұлұлы сүтті ірі қара тұқымын асылданды-руда және өсіруде ғылыми жұмыстарға да жетекшілік етті. Ғылыми топтың жетек-шісі бола жүріп ол Павлодар мен ШҚО-да өсірілетін симментал сүтті ірі қара ма-лын жетілдіру арқылы жаңа қызыл-ала Ертіс сүлесін шығарып, сиырдың сүттілігін көтеруге қол жеткізді.

Сүтті және етті ірі қара мал бағытындағы шаруашылықтарда әр жылдары малды асылдандыру және сұрыптау жүргізу жөнінде облыстық семинарларға қатысып, ха-лықаралық республикалық деңгейдегі конференцияларда ғылыми баяндамалар жа-сады. 100-ден аса ғылыми еңбегі, оның ішінде 9 ұсыныс жарық көрді. 2000 ж. етті ірі қара малына сұрыптау жүргізу нұсқаулығы және 2014 ж. сүтті симментал тұқы-мының қызыл-ала сүлесі сиырларының дене құрылысын бағалау ережесін жасады.

Ғалымның ғылыми жетекшілігімен 2 ғылым кандидаты диссертация қорғап шықты. Ербосын Атамқұлұлы өзінің еңбекқорлығы мен іскерлігі, қарапайымдығы мен адамгершілік қасиеттері арқасында қызметтестері мен достарының арасында лайықты сый-құрметке ие.

Ербосын Атамқұлұлы жұбайы Тәжиева Шолпанмен бірге 2 ұл, 2 қыз және 7 не-мере тәрбиелеп отыр. Ұлы Асқат – әке жолын қуған ғалым. Ол магистратураны Назарбаев степендианты болып аяқтады.

Қадірлі Ербосын Атамқұлұлы! Сізді 70 жасқа келген мерейтойыңызбен құттық-тап, мықты денсаулық, отбасыңызға таусылмас бақыт, ұзақ өмір тілейміз. Елімізде ауыл шаруашылығының өркендеуіне одан әрі үлес қосып, ортамызда жүре беріңіз!

Жетпіс деген бойда әлі жалын бар, Алға ұмтылып, қуат берер, жалындар. Сарқылмасын жігер, қайрат, күшіңіз! – Деп тілейді сізге әріптес ғалымдар.

Ізгі ниетпен, «ҚазМШЖӨҒЗИ» ЖШС етті ірі қара малын өсіру,

асылдандыру және ірі қара малының тектік қоры бөлімдерінің қызметкерлері