26
Саяси сана және идеология

саяси сана

  • Upload
    dan41k

  • View
    1.512

  • Download
    27

Embed Size (px)

DESCRIPTION

http://slaid-kz.ru/load/sajasattanu/sajasi_sana_zh_ne_ideologija_slajd_prezentacija/11-1-0-4

Citation preview

Page 1: саяси сана

Саяси сана және идеология

Page 2: саяси сана

Саяси сана - өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы. Яғни, адамдардың саяси өмірді түсініп, сезінуі. Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды, көзқарастарды, мақсат-мүдделерді ұғынуы, саяси билікке қатынасуы жатады. Олар адамның іс-әрекетіне, әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстауына тікелей әсер етеді.

САЯСИ САНА

Page 3: саяси сана
Page 4: саяси сана

Саяси сананың функциялары

Саяси сананың функциялары - саясаттың институтционалдық емес элементі ретінде келесі функцияларды орындайды: когнитивті, яғни, саяси субъектілер функцияларын орындау мен модификациялау үшін қоғамның әрдайым білімді жетілдіру мұқтаждықтарын көрсету; коммуникативтік, яғни, субъектілердің өзара және билік институттарыменсаналы өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету; идеялық, яғни, саяси әлемді өзінше түсінуге субъектілердің қызығушылық танытуын түсіндіруі.

Page 5: саяси сана
Page 6: саяси сана

Саяси сана деңгейлері

Саяси сана деңгейлері - қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана, саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады.

Қарапайым саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғүрып, дағды, дәстүрлі нанымдар, тағы сол сияқтылардың жиынтығы. Ол күн сайынғы саяси өмір тәжірибесін байқап, пайымдаудан пайда болады. Саясаттың тереңіне бойламай, себеп-салдарын сараламай, көбіне сыртқы белгілеріне байланысты қорытынды жасайды. Сондықтан ол саяси сананың төменгі сатысына жатады.

Теориялық саяси сана жағдайлардың мән-мағынасын анықтап, оларды айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялық түрғыдан жинақтап бейнелейді. Сондықтан ол тұжырымдамалар мен көзқарастардың жүйесі болып келеді. Теориялық саяси сана қарапайым саяси сананың негізінде пайда болады және олар бір-біріне ықпал етеді. Теориялық саяси сана стихиялық түрде туындамайды, оны арнайы дайындығы жоғары саяси сауаты бар теоретик адамдар қалыптастырады.

Page 7: саяси сана
Page 8: саяси сана

Саяси сана

Арнайланған

Саяси идеология

Бұқаралық

Саяси психология

Page 9: саяси сана
Page 10: саяси сана

Саяси идеологияСаяси идеология - саяси сананың құрамдас

бөлігі және өзегі. "Идеология" деген ұғым гректің идея - бейне және логос - білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға француз ғалымы А.Дестют де Траси (1754-1836) енгізген. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.

Page 11: саяси сана
Page 12: саяси сана

Саяси идеология

либерализм

консерватизм

комунизм

Page 13: саяси сана
Page 14: саяси сана

Либерализм - ең жоғарғы құндылық әрі басымдық ретінде жеке еркіндікті ұстанатын идеология. Либерализмнің әлеуметтік-саяси теориясы қоғамдық және мемлекеттік құрылымның демократиялық принциптеріне негізделеді, әлеуметтік, саяси, экономикалыққатынастардың зорлық-зомбылықсыз түрлерін ұстанады, тұлғаның еркін дамуын шектемейтін және әрбіріне мемлекеттік-құқықтық қорғау, адам құқы мен азамат бостандығын сақтау кепілдігін беретін қоғам құруды көздейді.

Page 15: саяси сана
Page 16: саяси сана

Қысқаша тарихы

Либерализм саяси ағым ретінде ХYI ғ. ортасында пайда болды, ағылшын вигилерінің бағдарламасы мен іс-әрекетімен, сондай-ақ мүдделер тепе-теңдігі мен әртүрлі құқынлықтардың сыйымдылығына негізделген келісім мен ымырашылдық саясатымен байланысты болды. Кейіннен ағылшын және француз ағартушылары әлеуметтік-философиялық, құқынлықты-дүниетанымдық, құқықтық және экономикалық либералдық идеяларды жасап, негіздеді. XIX ғ. ортасынды либерализм ғаламдық идеологияға айналып, бүкіл әлемде ықпалы артты.

Page 17: саяси сана

Консерватизм -французша соnservatisme, латынша Conservo - сақтаймын, қорғаймын] -бағдарлардың, ұстанымдардың, қоғамның мемлекеттік-саяси жүйелерінің өміріне қатысты, ондағы адамның орнын анықтауға байланысты құндылықтардың әлеуметтік-философиялық және идеологиялық тұжырымдар жиынтығы. Консерватизм оның жақтастарының қоғамда орнығып қалған дәстүрлер мен құндылықтарды сақтап, түбегейлі өзгерістерден бас тартатындығымен ерекшеленеді.

Page 18: саяси сана
Page 19: саяси сана

Консерватизм идеологиясы француз ағартушылығы мен 1789 жылғы Француз төңкерісінің идеялық ұстанымдарына жауап ретінде пай¬да болды. Консерватизм стерильді идеология емес, өйткені оның құрамында басқа доктриналардың элементтері бар. Консервативті идеологияның негізін қалаушы принциптер дәстүрлік, саяси реализм және скептицизм, абстрактылы теорияларды сынау, прагматизм және жағдайға ыңғайлану (оппортунизм). 1940-1960 жылынеоконсерватизм ағымы нығайды. Неоконсерватизмнің көрнекті өкілдері М. Новак, Г. Розмозер, Г.К.Кальтенбруннер және т.б. Оның жақтастары - АҚШ-та Рональд Рейган жәнеДжорж Буш, Ұлыбританияда Маргарет Тэтчер, Германияда Ф.И.Штраус, Гелмут Коль, JI. Шпет. 

Page 20: саяси сана
Page 22: саяси сана
Page 23: саяси сана
Page 24: саяси сана
Page 25: саяси сана
Page 26: саяси сана