20
М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі «Бастауыш педагогикасы» бөлімі «Отбасы және МЕН» (танымдық-тренинг) Топ жетекшісі : Нетбаева Н.О. Тобы : ББ-Б-14К

генограмма әдісі нетбаева н.о

  • Upload
    -

  • View
    53

  • Download
    4

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: генограмма әдісі нетбаева н.о

М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі

«Бастауыш педагогикасы» бөлімі

«Отбасы және МЕН»

(танымдық-тренинг)

Топ жетекшісі : Нетбаева Н.О.

Тобы : ББ-Б-14К

Қызылорда 2016 жыл

Page 2: генограмма әдісі нетбаева н.о

АЛҒЫ СӨЗ

Заманауи тәжірибеде педагогтар қызметінің бір бағыты

диагностикалық зерттеу жүргізу. 2016 жылы Әлемдік

өркениеттен алынған Озат тәжірибемен алмасу

мақсатында – «Стрестік және конфликтілік

жағдайлардағы коррекциялық әдістер» атты тақырыпта

германдық практик-психологтар Гернот Хесс, Доротея

Хесс Дибекер маман тәжірибелері «Отбасы және МЕН»

танымдық-тренингінде пайдаланылып, педагогтар (топ

жетекшілер) қауымына көмекші әдіс ретінде ұсынылды.

Page 3: генограмма әдісі нетбаева н.о

.Отбасы-ұлттың тірегі

Отбасы-белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің,

мұралардың сақтаушысы.

Отбасы ғасырлар бойы адам баласының тәрбиесінің

құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын

әлеуметтік орта. Отбасы тәрбиесі-бұл қоғамдық

тәрбиеснің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-аналардың

борышы.

Page 4: генограмма әдісі нетбаева н.о

Тобы: ББ-Б-14К

Күні : 21.05.2016 ж

Тақырыбы: «Отбасы және МЕН»

Формасы : Танымдық тренинг

Мақсаты: Отбасындағы әке мен ананың, баланың рөлін айқындау,ата-ананы сыйлауға

қадірлеуге, татулыққа тәрбиелеу.Отбасы тәжірибесін насихаттау,ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау.

Отбасы – Отанның бір бөлігі екендігін ұғындырып,балаларды ынтымақ пен бірлікке,татулық пен

ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Отбасы тәрбиесі құндылықтарын неміс психологтары ұсынған «Генограмма» (Отбасы ағашы)

әдісін пайдалана отырып тереңірек ұғыну. Отбасылық қарым-қатынас орнатудың негізі –

сүйіспеншілік, сыйластық, «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» көрсете отырып, қоршаған әлеммен

үндесу.

Ата-бабадан қалған тәжірибелерді жаңа ұрпақ буындарына насихаттау. Әдісте келтірілген

тірек-сызбалық ақпараттар бойынша Отбасылық жеті ұрпақтан тараған тұлғалардың өнегелік

үлгілерін оқушыға қазақтың халық ауыз әдебиеттерінен мысал келтіре отырып теңеу келтіру,

дәріптеу.

Барысы:

Мұғалім: - Құрметті,оқушылар бүгінгі біздің «Отбасы және МЕН» атты танымдық тренингімізге

қош келдіңіздер!

- Отбасы - белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала

алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын игереді. Сондықтан отбасылық өмір

– жеке адамның адамзат болып өсуінің негізі. Отбасы ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің

құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.

Отбасы – оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде

мектеппен тығыз байланысты.

Отбасы тәрбиесі – бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-аналардың

борышы. Отбасындағы басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру :

баланың тәртібі, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу-әрекеті, бос

уақытын ұйымдастыру.

- Енді осы тақырыптағы мақал-мәтелдерге кезек берейік. (оқушылар мақалдар айтып

жарысады)

Page 5: генограмма әдісі нетбаева н.о

- Осы ретте, «Отбасы ағашы» атты ГЕНОГРАММА жүргізіледі. (Арнайы шартты белгілер

бойынша әр оқушы өз отбасының мүшелерін және ата-анасының отбасын тірек-схемаға

түсіреді.)

"ГЕНОГРАММА" (ОТБАСЫ АҒАШЫ)

Мақсаты : Ата-ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін мейлінше арттыру,  ата –

анамен бірлесе отырып, бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аудару, жан-жақты

дамыған тұлғаны адамгершілік, рухани жағынан тәрбиелеу.

Жүргізілу барысы :

Шартты белгілері :

Символ Сипаттамасы

Ер ;

Әйел;

Үйленбеген (азаматтық некеде тұрады);

Қайтыс болған

// ажырасқан

/ ажыраспаған, бірақ бөлек тұрады

отбасында шетінеген бала болатын болса

отбасында егіз бала болатын болса

Page 6: генограмма әдісі нетбаева н.о

ҮЙЛЕНГЕН, БАЛАЛАРЫ БАР

ҮЙЛЕНГЕН

ҮЙЛЕНГЕН, БАЛАСЫ ШЕТІНЕГЕН

ҮЙЛЕНГЕН, БАЛАЛАРЫ ЕГІЗ

ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ БІРІ ҚАЙТЫС БОЛҒАН

ҮЙЛЕНБЕГЕН, БІРАҚ БАЛАЛАРЫ БАР

АЖЫРАСПАҒАН, БІРАҚ БӨЛЕК ТҰРАДЫ

АЖЫРАСҚАН

Page 7: генограмма әдісі нетбаева н.о

«Отбасы ағашы» ГЕНОГРАММА әдісін орындау барысынан үзінді

ҚОСЫМША ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН АҚПАРАТТАР :

Психологиялық тренинг: «Қуанышты отбасы» тыныштық сәті.

«Ыңғайланып отырыңыздар,денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Қолды тізеге немесе үстелге қоюға

болады.Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Енді көз алдарыңызға өз отбасыларыңыздың

қуанышты сәтін елестетіңіздер.Сол қуанышты сәтте сіздердің қолдарыңызда өте әдемі айна барр.

Аббайлаңыз,абайсыз қимыл,асығыстық бұл әсемдікті бүлдіруі мүмкін.Отбасы арасындағы

бауырмалдық,сыйластық,қарым-қатынас сондай жұқа әрі нәзік. Олар

қамқорлықты,бауырмалдықты талап етеді.Сынған айнаны қайта қалпына келтіру өте қыйын,тіпті

мүмкін емес. Сондықтан отбасыларыңыздағы адамдарға мейірімділікпен,байыппен,сабырлықпен

қарап,көңілдерін қалдырмауға тырысуыңыз қажет.Отбасыңызды мақтан тұтып,өткен қуанышты

сәттеріңізді естен шығармаңыз.Сіздің балалық бақытыңыз өзіңізбен әрқашан бірге болсын!

Осындай қуанышты және тыныштық күйінде отыра тұрыңыз.Енді осы қуанышты сәтті

Page 8: генограмма әдісі нетбаева н.о

жүрегіңізге орналастырыңыз.Қуанышқа толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем

қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады!»

Психологиялық тренинг: «Мен отбасымды мақтан етемін» оқушылар

шығармашылықтары

Шарты: Оқушыларға сөздер жазылған карточкаларды үлестіре отырып,сол сөздерді қолданып

шағын эссе немесе тақпақ шығаруларын айтамыз.Қолданылатын сөздер «Отбасым», «Менің

жанұям», «Менің анам», «Менің әкем».

Мұғалім:

- Отбасы тәрбиесі туралы түрік ойшылы Жүсіп Баласағұн былай деді:

«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан ұядан-

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер-білім берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан.

Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,

Жақсы,жаман болса бала солардан».

Мұғалім: Отбасы-ұрпақтар сабақтастығын жалғастырушы, адам бойындағы асыл қасиеттерді

қалыптастырудың,рухани адамгершіліктің бастауы.

Психологиялық тренинг: «Тілек шамы» оқушылар тілегі

Шарты: Оқушыларға жүрек тәрізді шамдар таратып беріп,олардыңотбасыларына деген

тілектерін тыңдау.

Мұғалім: Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса,қоғамның діңгегі де берік

болады.

Page 9: генограмма әдісі нетбаева н.о

Мұғалім: Отбасында әуелі сенім мен сезім,сүйіспеншілік пен сыйластық болса,қандай жағдайда

болсын өмірдің ащысы мен тұщысын,суығы мен ыстығын,қайғысы мен қуанышын бірге бөлісіп

бақытқа жете алады.

Қорытынды: Оқушылардың тренингтен алған алған әсерлерімен бөлісу және «Мәуелі ағашқа»

стикерге жазылған кері әсерлерін жабыстыру.

Мұғалім: Құрметті оқушылар,бүгінгі «Отбасы және МЕН» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне

жетті.Барлықтарыңыздың отбастарыңызға бақыт,береке және бірлік тілеймін.

Page 10: генограмма әдісі нетбаева н.о

М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі

«Бастауыш педагогикасы» бөлімінің

0105000-"Бастауыш білім беру" мамандығының ББ-Б-14к оқу тобының топ жиналысының

ХАТТАМА

Күні: 22.05.2016ж

Қатысуға тиісті: 27 оқушы

Қатысқаны: 27 оқушы

Күн тәртібінде:

1)

2) Мамыр айының 22 жұлдызында ББ-Б-14К тобында «Отбасы және МЕН» атты танымдық тренинг

ұйымдастыруда әр оқушының ата-аналарымен қарым-қатынас орнатуда баланың отбасылық

құндылықтарды қаншалықты терең білетіні туралы, балаға деген жақындығын Генограмма

арқылы анықтау.

3) Топтың студенттерімен психологиялық тренингтер ойнатылып,мақал-мәтелден жарыс түрлерінің

ұйымдастырылуы.

Қаулы:

Оқушылар «Отбасы ағашы» арқылы оқушының әлеуметтік картасына толықтырулар енгізу.

Өндірістік тәжірибеде уақытында оқушыны зерттеу жұмысы бойынша толық жүргізу.

Ата-аналарды туысқандық қарым-қатынас түрлерін «Генограмма» әдісі бойынша түсірілген

кестемен таныстыру.

Студенттер жыл қорытындысы бойынша пәндерден өткізілетін білім бақылау формалары

(міндетті бақылау, сынақ) күнімен, Жадынамамен, ережелерімен, талаптарымен таныссын;

Модульдік технология негізінде ұйымдастырылып жатырған ағымдық емтихан түрлері арнайы

бағдаралама (АСУ) бағамен аяқтаған оқушылар шәкірт ақыға ұсынылсын;

Топ жетекшісі: Н.Нетбаева

Хатшы: А.Батырбек

Page 11: генограмма әдісі нетбаева н.о

. ММӘМЕТОВААТЫНДАҒЫҚЫЗЫЛОРДА ГУМАНИТАРЛЫҚ

КОЛЛЕДЖІ « »БАСТАУЫШПЕДАГОГИКАСЫ , - -14БӨЛІМІ ББ Б К

ОҚУ ТОБЫНДА « »ОТБАСЫЖӘНЕМЕН ДЕГЕН ТАҚЫРЫПТА

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАНТОПСАҒАТЫНАН ОҚУШЫЛАРДЫҢ АЛҒАН

ӘСЕРІ:

ББ-Б-14К оқу тобының оқушысы - Серікбай Айтолқын: Маған бұл тәрбие

. , , . сағаты ұнады Себебі қызықты тренингтер ойындар болды Біз

- .отбасы жайлы көптеген мақал мәтелдер үйрендік Студенттер

отбасының қоғамдағы орнының қаншалықты маңызды екенін

, .Генограмма әдісі бойынша айтып өз ойларын ашық жеткізе алды

« » . Маған Отбасы ағашы әдісі қатты ұнадыМен осы тәрбие сағатынан

« – » .Мектептің сенімді одақтасының бірі отбасы екенін ұғындым

ББ-Б-14К оқу тобының оқушысы - Қамбарова Айсана: Мен бұл тәрбие

. « » сағатынан ерекше әсер алдымМаған Отбасы ағашы атты

. генограмма қатты ұнадыБұл генограммада мен өз әулетімді . , - баршаға таныстырдым Ұйымдастырушы топ жетекші Нетбаева

.Нұргүл апайға алғысымды білдіремін

ББ-Б-14К оқу тобының оқушысы – Маханбетәлі Назерке: Мен бұл тәрбие

. , сағатынан ерекше әсер алдым Себебі жәй ғана бір қарағанда өз

отбасым жайлы барлық ақпараттарды білетін сияқтанып

, « » көрінгеніммен Отбасы ағашы атты генограммаға түсірер уақытта

. қателесіп жатқан тұстарым болды Сол уақытта шартты белгілерге

. .сүйеніп отбасымды толық түсіре алдым Маған қатты ұнады

Анамның және әкемнің барлық бауырларын сұрау кезінде олармен

, . тағы да байланыста болып түрлі қызықты оқиғалар ойға түсті Бұл

. генограммада мен өз әулетімді баршаға таныстырдым

Page 12: генограмма әдісі нетбаева н.о

Отан – отбасынан басталады

Қоғамның ең үлкен тірегінің бірі – Отбасы. Отбасы дегеніміз –

мемлекеттің бір мүшесі. «Отан – отбасынан басталады» деген қағида

бекер айтылмаған. Барлық адам үшін отбасылық ғұмыр теңдесі жоқ –

бақыт пен байлық. Дегенмен де, осындай бақыт отбасылық кез-келген

адамға бұйыра бермейді. Сол үшін, менің ойымша отбасылық татулықты

нәресте күніңнен ата-ана арқылы сезініп өсу бала үшін үлкен байлық.

Сол татулық арқылы кішкентай балада отбасылық сыйластықты көріп,

біліп,жақсы қалыптасып өседі. Отбасы дегеніміз – ата-ана, бала

барлығының біртұтас әлемі. Осындай біртұтас әлемнің қаймағы

бұзылмай тату болса, мемлекетіміз үшін де үлкен құндылық. Отбасы

тәрбиесі – үлкен жауапкершілікті жүктейді. Әсіресе, қыз балаға мән

беріп, ибалы, инабатты етіп өсіруге ат салысқан. Мен өз отбасымды

тату-тәтті, біртұтас отбасы деп бағалаймын. Отбасымда әрқайсымыз өз

орнымызбен тіршілік жасаймыз. Осының өзі мені ерекше қуанышқа

бөлейді. Отбасымда қымбатты әкем, сүйікті анам және бауырмал ағам

бар. Барлық отбасына тату-тәтті, жарасымды ғұмыр болғаны қандай

тамаша.

Тобы: ББ-Б-14К

Студент: Ахметова Нұрай

Page 13: генограмма әдісі нетбаева н.о

Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі

Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім, ата-ананың орны бөлек.

Олай дейтін себебіміз, бала бір жақты тірбие алуы мүмкін емес. Тәлім-

тәрбиедегі жарасымдылық бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана

үйлесімділік табады. Бала қоғамды мәдени орындарға, кітапханаларға

барып рухани сусындауы қажет. Мұнда ата-ананың атқарар қызметі

ерекше болуы тиіс. Бала ата-ананың игі істерін жалғастырушы

болашағы. Жас шыбық қандай иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға

да, жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім.

Халық келер ұрпағын өзіне дейінгі қоғамдық қолы жеткен тәрбиелік

жақсы дәстүр атаулының барлығын жинақтап пайдалана отырып,

шынайы адамгершілік қасиеттерге баулып тәрбиелеуді мақсат еткен.

Тобы: ББ-Б-14К

Студент: Маханбетәлі Назерке

Page 14: генограмма әдісі нетбаева н.о

М.МӘМЕТОВА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ГУМАНИТАРЛЫҚ

КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРДЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ

ОРЫНБАСАРЫ Е.ҚАЛЫМБЕТОВТІҢ «БАСТАУЫШ

ПЕДАГОГИКАСЫ» БӨЛІМІ, ББ-Б-14К ОҚУ ТОБЫНДА

«ОТБАСЫ ЖӘНЕ МЕН» ДЕГЕН ТАҚЫРЫПТА

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ТОП САҒАТЫНА

ПІКІРІ

- Бүгінгі таңда, бала тәрбиесі кең ауқымды мәселе болып отыр. Білім беру

ұйымдары өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие жүйесіндегі шешуші буын.

Еліміздің жастары білім беру ұйымдары арқылы өмірге жолдама алады.

Тәрбие жүйесінде, әсіресе жеке адамның жоғары моральдық қасиеттерін

қалыптастыруда, адамгершілік сезімін, эстетикалық талғамын дамытуда

қоғамдық тәрбие институттарының алатын орны ерекше.

Балалар құқығын қорғау туралы конвенцияны ( 2002 жылғы 8

тамыз №345-ІІ ҚР Заңы) басшылыққа алсақ, «Балаларды қоғамдағы

толымды өмірге даярлау, олардың қоғамдық мәні бар және шығармашылық

белсенділігін дамыту, әлемдік өркениеттің жалпы адамзатқа тән

құндылықтары негізінде оларды жоғары имандылық қасиеттерге,

елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-

сезімді қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйеніп, баланың ҚР-

ның Конституциясында кепілдік берілген негізгі құқықтары мен мүдделерін

іске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді».

Отбасы – бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-

аналардың борышы. Сондықтан, бүгінгі ұйымдастырылып отырған іс-шара

өзекті мәселені қозғап, нәтижелі қорытынды шығара алды деп есептеймін.

Отбасындағы басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік әрекетін

ұйымдастыру : баланың тәртібі, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй

еңбегіне қатысуы, оқу-әрекеті, бос уақытын ұйымдастыру.

Page 15: генограмма әдісі нетбаева н.о

«Отбасы ағашы» Генограмма атты әдіс орынды қолданылды. Неліктен

десеңіз, бұл тұста қазіргі жастардың жалпы психологиясы ауыспалы. Сезімге

берілгіш, ортасына бейімделуі созылмалы. Сондықтан, Мұнда оқушылар арнайы

шартты белгілер бойынша, әр баланың өз отбасындағы

басты құндылықтарды айқындап өзара қарым-қатынас түрлерін схемаға түсірді.

Бұл студенттерге қатты ұнаған секілді.Бұл тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтті.

Жалпы бұл тәрбие сағатының басты мақсаты - балаларды ынтымақ пен

бірлікке,татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу және отбасы – Отанның бір бөлігі

екендігін ұғындыру еді.Осындай керемет сәттерде жолыға берейік!

Page 16: генограмма әдісі нетбаева н.о