6
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2015 жылы атқарылған жұмыстары бойынша халыққа есеп беру кездесуінде қойылған сауалдарға ағымдағы жылдың ІV –тоқсан қорытындысы бойынша ЖАУАПТАРЫ 1. Лесова Л.У.- Қабанбай батыр көшесі, №13 үй төрайымы Сұрақ: Қабанбай батыр көшесі, №13 үйдің ауласына балалар ойнайтын балалар алаңшасын осы жылдан қалдырмай орнатуыңызды сұранамын. Жауап: Әл-Фараби ауданы Қабанбай батыр көшесі, №13 көпқабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнату үшін «Мерей LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 2016 жылғы 26 қыркүйектегі №101 келісім-шарт түзілген. Жұмыс барысында аулада асфальт жабыны төселіп, ойын алаңшасының қоршауы, орындықтар мен ойын элементтері орнатылған. Бүгінгі таңда, келісім -шартқа сәйкес, аталған жұмыстар толығымен аяқталды. Сұрақ: Сонымен қатар, Қабанбай батыр көшесі, №13 үйдің ауласына түнгі жарықшам орнатып берсеңіздер. Жауап: 2016 жылы Әл-Фараби ауданы аумағындағы 70 көпқабатты тұрғын үй аулаларын жарықтандыру көзделген. Оның ішінде Қабанбай батыр көшесі, №13 үй ауласы енгізілген. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстары аяқталып, жарықшам көздері пайдалануға берілді. 2-3. Қалходжаев Яхия- «Тұран» шағын ауданының төрағасы, Кузеров Абдрахман- «Тұран» шағын ауданы, №68 учаске Сұрақ: Биыл «Тұран» шағын ауданына қоныстанғанымызға 10 жыл толады. Алайда, шағын ауданда су, газ, жарық жоқ. Халық наразылығын білдіріп жатыр. Әр түрлі себептер айтылады. Аудан әкімдері әрекет жасайды, қаражат бөлуге шамасы жоқ. Халық өз қаражатына ЖСҚ (ПСД) жасады, құжаттар сараптамада (экспертиза) жатыр. Осы тірлігімізге жәрдем сұраймыз. Жауап: «Тұран» шағын ауданын инфрақұрылым жүйелерімен (ауыз су, газ, электр жарығы, кәріз, байланыс және автомобиль жолдары) қамтамасыз ету мақсатында, жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу жұмыстары 2014 жылы басталған. 2015 жылы шағын ауданның егжей-тегжей жоспарлау жобасына (ПДП) өзгерістер енгізіліп, қазан айында

Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2015 жылы атқарылған жұмыстары бойынша халыққа есеп беру

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2015 жылы атқарылған жұмыстары бойынша халыққа есеп беру

Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың

2015 жылы атқарылған жұмыстары бойынша халыққа есеп беру кездесуінде қойылған сауалдарға ағымдағы

жылдың ІV –тоқсан қорытындысы бойынша

ЖАУАПТАРЫ

1. Лесова Л.У.- Қабанбай батыр көшесі, №13 үй төрайымы

Сұрақ: Қабанбай батыр көшесі, №13 үйдің ауласына балалар ойнайтын балалар алаңшасын осы жылдан

қалдырмай орнатуыңызды сұранамын.

Жауап: Әл-Фараби ауданы Қабанбай батыр көшесі, №13 көпқабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандыру және

балалар ойын алаңшасын орнату үшін «Мерей LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 2016 жылғы 26

қыркүйектегі №101 келісім-шарт түзілген. Жұмыс барысында аулада асфальт жабыны төселіп, ойын алаңшасының

қоршауы, орындықтар мен ойын элементтері орнатылған. Бүгінгі таңда, келісім-шартқа сәйкес, аталған жұмыстар

толығымен аяқталды.

Сұрақ: Сонымен қатар, Қабанбай батыр көшесі, №13 үйдің ауласына түнгі жарықшам орнатып берсеңіздер.

Жауап: 2016 жылы Әл-Фараби ауданы аумағындағы 70 көпқабатты тұрғын үй аулаларын жарықтандыру

көзделген. Оның ішінде Қабанбай батыр көшесі, №13 үй ауласы енгізілген. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстары

аяқталып, жарықшам көздері пайдалануға берілді.

2-3. Қалходжаев Яхия- «Тұран» шағын ауданының төрағасы,

Кузеров Абдрахман- «Тұран» шағын ауданы, №68 учаске

Сұрақ: Биыл «Тұран» шағын ауданына қоныстанғанымызға 10 жыл толады. Алайда, шағын ауданда су, газ,

жарық жоқ. Халық наразылығын білдіріп жатыр.

Әр түрлі себептер айтылады. Аудан әкімдері әрекет жасайды, қаражат бөлуге шамасы жоқ. Халық өз

қаражатына ЖСҚ (ПСД) жасады, құжаттар сараптамада (экспертиза) жатыр. Осы тірлігімізге жәрдем сұраймыз.

Жауап: «Тұран» шағын ауданын инфрақұрылым жүйелерімен (ауыз су, газ, электр жарығы, кәріз, байланыс және

автомобиль жолдары) қамтамасыз ету мақсатында, жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу жұмыстары 2014 жылы

басталған. 2015 жылы шағын ауданның егжей-тегжей жоспарлау жобасына (ПДП) өзгерістер енгізіліп, қазан айында

Page 2: Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2015 жылы атқарылған жұмыстары бойынша халыққа есеп беру

бекітілген. Осыған сәйкес, 2015 жылы жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары уақытша тоқтатылған.

Шағын ауданның инженерлік жүйелеріне жобалау жұмыстарын жалғастыру үшін 2017 жылға бюджеттен қаражат

бөлініп, ІІІ тоқсанында мемлекеттік сараптама қорытындысын алу күтілуде.

Сонымен қатар, шағын аудан тұрғындарының өз қаражаты есебінен орталық көшемен жүргізілетін ауыз су

құбырының жұмыс жобасы мемлекеттік сараптама қарауынан өтіп, қорытынды алынды. 2017 жылы құрылыс

жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджеттен қаржы қаралған.

4. Мендекеева К.А.- Қошқар ата-Таң нұры көшелерінің төрайымы

Сұрақ: Әл-Фараби ауданының Қошқарата көшесінде ирригациялық арық қарастырылмаған, сол себепті

жоғарыда орналасқан Әлімқұлов, Төле би көшелерінен аққан жауын-шашын сулары Қошқарата көшесіне жиналып,

лай, батпақ болып, тұрғындардың жүріп-тұруына қолайсыздықтар тудыруда. Әлімқұлов, Қошқарата көшелеріне

қашан ирригациялық арық орнатылады?

№19 мектепке баратын балаларымыз тас жолмен жүруге мәжбүр. Осыған байланысты, Қошқарата көшесін

асфальттап беруіңізді сұранамын.

Жауап: 2015 жылы қалалық Тұрғын үй коммуналдық - шаруашылық бөлімі тарапынан Әлімқұлов және Қошқар

ата көшелерінің қиылысына ирригациялық лоток жүргізу жұмыстарының сметалық құжаттамалары әзірленіп, бекітілген.

Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстары аяқталды.

Қошқарата көшесіне ирригациялық жүйелердің құрылысын жүргізуге жобалық сметалық құжаттамалар

әзірленуде. Жобалық сметалық құжаттамалар әзірленген соң 2017 жылы құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін

қаржы бөлуге бюджеттік өтінім берілетін болады.

Қошқарата көшесінде ирригациялық жүйелер салынған соң, 2017 жылы жолды жөндеу жұмыстары

қарастырылатын болады.

Page 3: Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2015 жылы атқарылған жұмыстары бойынша халыққа есеп беру

5. Сафаров Ж.М.- «Ынтымак» шағын ауданының төрағасы

Сұрақ: Біздің жас балаларымыз мектепке 4 шақырым аралығында жүріп өтеді, емханамыз да алыс, қалаға,

жұмысқа баруымыз, Темірлан тас жолына шығуымыз 4-5 шақырым алыста. Бізге №115 маршрут жүргізушілері

келісімін беріп тұр. Ауыл ақсақалдары атынан және көп балалы ата-аналар атынан өтініш сұраймыз.

Жауап: «Ынтымақ» шағын ауданына №55 бағытының қозғалыс сызбасы ұзартылып, жолаушыларға тасымалдау

қызметі ұйымдастырылған болатын. Алайда, жолаушылар ағыны төмен болуына байланысты, аталған бағыт өз

қызметтерін тоқтатуға мәжбүр болды. Сонымен қатар, жолаушылар ағынының төмен болуына байланысты 115 шағын

автобус бағыты да жұмысын тоқтатты.

Шымкент қаласының даму концепциясына сәйкес, автобус паркін ашу жоспарланған. Жаңадан ашылатын

автобус паркіне сығымдалған (метан) газда жүретін автобустар алынып, әлеуметтік маңызы бар автобус бағыттар

бойынша жолаушыларға тасымалдау қызметін көрсетеді және бағыттардың шығындары бюджет есебінен өтелетін

болады. Әлеуметтік маңызы бар бағыттардың жұмысы қаланың шалғай, жолаушылар ағыны төмен шағынаудандары

арқылы ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда, «Шымкент bus» ЖШС-гі ашылып, 10 әлеуметтік маңызы бар бағыттардың

қозғалыс сызбалары дайындалып, бекітілді. Сол бағыттардың бірін «Ынтымақ» шағынауданына жүргізу жоспарлануда.

6. Таңатаров Есенбай- «СТК» төрағасы

Сұрақ: Абай ауданы «Жаңаталап» елдімекені арқылы өтетін облыстық маңызы бар жолдың бойына 14 аялдама

қойылды, рахмет. Дегенмен, осы жолдың жөндеу көрмегеніне 10-15 жыл болған. Осы жолды жөндеуге ықпал

етсеңіздер.

Жауап: «Жанаталап» тұрғын алабы орталығымен өтетін облыстық манызы бар КХ-106 жолын (бұрынғы

Ахунбабаев көшесі – қазіргі Жиделі Байсын көшесі) орташа жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен тиісті

қаражаттар бөлінген. ОҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырмасы бойынша

аталған жолға орташа жөндеу жұмыстарын мердігер мекеме «АлемТрансЖол» ЖШС-гі тарапынан 2016 жылы

жүргізілді. Қазіргі таңда, жұмыстар толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.

Page 4: Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2015 жылы атқарылған жұмыстары бойынша халыққа есеп беру

7. Абдуллаева Ұлжалғас Тұрсынбайқызы- 3-ші Бадам көшесі

Сұрақ: Біз 3-ші Бадам көшесінің тұрғындарымыз. Біздің көшемен айналып өтетін автобус жүргізіп берулеріңізді

өтінеміз.

Жауап: Шымкент қаласының даму концепциясына сәйкес, автобус паркін ашу жоспарланған. Жаңадан ашылатын

автобус паркіне сығымдалған (метан) газда жүретін автобустар алынып, әлеуметтік маңызы бар автобус бағыттар

бойынша жолаушыларға тасымалдау қызметін көрсетеді және бағыттардың шығындары бюджет есебінен өтелетін

болады. Әлеуметтік маңызы бар бағыттардың жұмысы қаланың шалғай, жолаушылар ағыны төмен шағынаудандары

арқылы ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда, «Шымкент bus» ЖШС-гі ашылып, 10 әлеуметтік маңызы бар бағыттардың

қозғалыс сызбалары дайындалып, бекітілді. Сол бағыттардың бірін 3-ші Бадам көшесі маңына (бұрынғы К.Маркс шағын

ауданына) жүргізу жоспарлануда.

8. Әлсерке И. - «Самал-1» шағын ауданы, Мырзаев көшесі, №58 үй.

Сұрақ: «Самал» базарының алдында жаяу адамдар жүретін жолдар (тротуар) салынбаған, сондықтан ол

жерлерді көлік тұрақтарына айналдырып жіберген. 2009 жылдан бері қаланың, ауданның әкімдері бірнеше рет уәде

беріп, бірақ орындамай келе жатыр.

Қаражатқа қарайламай-ақ, жол салынғанға дейін, Т.Рысқұлов көшесінің бойындағы «Самал» базарының

алдындағы су ағатын астаулардың (лотоктар) бетіндегі арматуралардан жасалған темір көпірлерді алып тастаса,

базардың алдындағы көлік тұрақтарына көліктер өте алмайды. Сондықтан жаяу адамдар жүретін жолдар ашылып,

ыңғайлы болады. «Самал» базарының алдында бүгінгі таңға дейін бірнеше адамдарды автобустар, жеңіл

автокөліктер қағып, өлтіріп, мүгедек етіп кеткенін естіп, көріп жүрміз.

Жаяу адамдар кез-келген жерден өтіп кетпес үшін, Т.Рысқұлов көшесінің ортасынан темір шарбақтармен

жауып тастау керек.

Жауап: Т.Рысқұлов көшесінде орналасқан «Самал» базардың алдында аяқ жол салу мәселесі бойынша Шымкент

қаласының тұрғын үй коммуналдық - шаруашылық бөлімімен әкімшілік полиция басқармасымен бірлесе, аяқ жол салу

орындарына зерттеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде, қажетті орындарға аяқ жол салу жұмыстарына сметалық

есептер әзірленіп, құрылысына 2017 жылдың бюджетінен қаржы қарастыруға ұсыныс енгізілетін болады.

Page 5: Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2015 жылы атқарылған жұмыстары бойынша халыққа есеп беру

Бүгінгі таңда жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Т.Рысқұлов көшесіндегі «Самал»

базары маңында жол ортасына 500 метр темір қоршау орнатылды. 2017 жылы аталған көше бойында базар маңында

жерасты өткелін салу жұмыстары атқарылатын болады.

9. Әжіханова Фарида Ермаханқызы - Сайрам көшесі, №1/3 үй комитетінің төрайымы

Сұрақ: Еңбекші ауданының басқа аулалары сияқты біз тұратын «Цементшілер» шағынауданының аулаларына

да абаттандыру жұмыстарын жүргізулеріңізді сұранамыз.

Жауап: Сайрам көшесі №№1/1, 1/3 көпқабатты үй аулаларына абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын

орнату жұмыстары жүргізіліп, аяқталды. Жұмыстарды жүргізген мердігер мекеме «Жедел құрылыс» ЖШС-і.

10. Ғазиев Ергеш – «Қатын көпір» шағынауданының қоғамдық кеңесінің төрағасы және ауыл биі.

Сұрақ: Қошқар ата өзенінің аяқ жағында тұрамыз. Темірлан тас жолынан Өтегенов, Арғынбеков көшелеріне

дейін өзен өтеді, ол биікте орналасқан, ал елді мекендер төменде орналасқан. Атап айтатын болсақ Тельман, Ленин,

Куйбышев, «Солтүстік батыс», «Самал-3» елді мекендердің бәрі төменде орналасқан. Қар мен жауынның кезінде

резінке етік киіп, су кешіп жүреміз. Темірлан тас жолынан Арғынбеков көшесіне дейінгі 6,7 шақырым жерге лоток

қойғызып берсеңіздер.

Жауап: Қошқар ата өзені арнасын (Әл-Фараби көшесінен Арғынбеков көшесі бойындағы №87 мектепке дейін)

бетондау жұмыстарына ЖСҚ әзірлеуге қажетті қаржы 2017 жылы бөлу жөнінде бюджеттік комиссияға ұсыныс енгізілді.

Бюджеттен қаржы қаралған жағдайда жобалау құжаттары әзірленеді.

11. «Қаратөбе» тұрғын алабының төбе биі.

Сұрақ: Біз өзіміз қалаға 2014 жылдан бері өттік, бірақ ішетін суымыз Сайрам ауданына қарайды. Бұл өте

қиындық туындатып отыр, соны қаланың балансына өткізіп беруді сұраймын.

Жауап: Сайрам ауданынан қала аумағына өткен елді мекендерден бүгінгі таңда 6 елді мекеннің нысандары

бойынша құжаттары қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміне қабылданған. Ал, қалған елді мекендер

бойынша, оның ішінде Қаратөбе тұрғын алабының, құжаттары болмауына байланысты қала теңгеріміне өткізілмеген.

Page 6: Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2015 жылы атқарылған жұмыстары бойынша халыққа есеп беру

Осыған сәйкес, Сайрам аудандық әкімдігіне және қызмет көрсетуші «Сайрам Тазалық» ЖШС-не техникалық

құжаттарын әзірлеп, Шымкент қаласының коммуналдық меншігіне тапсыру туралы хат жолданған. Қажетті құжаттар

(мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі, техникалық құжаттары, ОҚО Әділет басқармасында тіркелгені жөнінде

анықтамасы) ұсынылғаннан кейін ауыз су жүйесі қаланың коммуналдық меншігіне қабылданады.

12. Камалова Жеңіскүл - Әуезов көшесі, №3 үй төрайымы

Сұрақ: Абай ауданы «Жаңаталап» аумағындағы 21 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына балалар ойын

алаңшаларын орнату мәселесін шешіп берсеңіз.

Жауап: 2016 жылы Абай ауданы әкімдігі тарапынан Жаңаталап аумағындағы 13 аулаға «Жұмыспен қамту-2020»

бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен көпқабатты тұрғын үй аулалары абаттандырылып, балалар ойын

алаңшалары орнатылды. Оның ішінде Жаңаталап аумағындағы Әуезов көшесі №1, 2, 3, 4, 5 көпқабатты тұрғын үй

аулалары абаттандырылған.

13. «Ақтас» елді мекенінің тұрғыны

Сұрақ: «Ақтас» елді мекеніндегі №61 мектепке баратын жолымыз топырақ жол, соны асфальттап, жаяу жол

салып, жарықтандырып берсеңіздер.

Жауап: 2016 жылы «Ақтас» тұрғын алабындағы №61 мектепке баратын көшеге, жаяу жүргіншілер жолын салумен

қоса (Мешіттен мектепке дейін бөлігіне) күрделі жөндеу жұмыстары атқарылды.

Жарықтандыру жұмыстары 2017- 2018 жылдарда атқарылатын болады.

Сұрақ: Бізде Ташкент жолынан екі жерде жерасты өткелін қалдырған, ол ауылдың сыртында іші тола су, қазір

жол ашылған, балаларымызды сол жерден алып өтіп жатырмыз, өте қиын, не деген қиямет машиналар өтіп

жатыр. Сол жерге жаяу жүргіншілерге арналған жолақ сызып берсе.

Жауап: Аталған мәселе бойынша «ҚазАвтоЖол» АҚ-на хат жолданған. Бүгінгі таңда, «ҚазАвтоЖол» АҚ

тарапынан жерасты өткелдері судан тазартылды және Ташкент тас жолына (Ақтас тұрғын алабы маңында) қосымша

жаяу жүргіншілерге арналған жолақ сызылды.