10
Сабақ №______ ________ Сыныбы__________________ Күні_____________ Туған елім – Қазақстаным Сабақтың тақырыбы: 1 қыркүйек. Білім күні. Қыркүйек қоңырауы. Сабақтың мақсаты: «1 қыркүйек. Білім күні» мәтәнін және «Қыркүйек қоңырауы» өлеңінің мағынасын аша отырып, негізгі ойды анықтауға көмектесу. 2) Тақырыпқа байланысты сұрақтар мен тапсырмаларды орындату арқылы есте сақтау, бай ланыстырып сөйлеу қабілеттерінің дамуына ықпал ету. 3) Оқу- білімге, ізденімпаздылыққа, еңбекқорлыққа баулу. Әдістері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушылары «Мектеп», «Кітап», «Білім» атты үш топқа бөлінеді. II Жаңа сабақ. 1. Әр топ өз аттарына сай мақал-мәтел айтады. 2. Топ аттарының өмірге қажеттілігін , өмірдегі орнын дәлелдейді. 3.Оқулықтағы «1 қыркүйек- Білім күні» мәтіні оқылып, оқушылар түсініксіз сөздерді белгілейді. 4. Сұрақтарға жауап, мәтіннің негізгі ойын анықтау.

2 сынып ал кітап үлгі

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: 2 сынып ал кітап үлгі

Сабақ №______ ________ Сыныбы__________________ Күні_____________

Туған елім – Қазақстаным

Сабақтың тақырыбы: 1 қыркүйек. Білім күні. Қыркүйек қоңырауы.

Сабақтың мақсаты: «1 қыркүйек. Білім күні» мәтәнін және «Қыркүйек

қоңырауы» өлеңінің мағынасын аша отырып, негізгі ойды анықтауға

көмектесу.

2) Тақырыпқа байланысты сұрақтар мен тапсырмаларды орындату арқылы

есте сақтау, бай ланыстырып сөйлеу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

3) Оқу- білімге, ізденімпаздылыққа, еңбекқорлыққа баулу.

Әдістері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Сынып оқушылары «Мектеп», «Кітап», «Білім» атты үш топқа бөлінеді.

II Жаңа сабақ.

1. Әр топ өз аттарына сай мақал-мәтел айтады.

2. Топ аттарының өмірге қажеттілігін , өмірдегі орнын дәлелдейді.

3. Оқулықтағы «1 қыркүйек- Білім күні» мәтіні оқылып, оқушылар

түсініксіз сөздерді белгілейді.

4. Сұрақтарға жауап, мәтіннің негізгі ойын анықтау.

5. «Қауышу», «Дидарласу», «Жігерлерін жану» сөздеріне сөздік жұмысы

жүргізіледі, оқушылар бір-бірімен пікір алмасады, топта талқылайды.

6. «Қыркүйек қоңырауы» өлеңі оқылып, ондағы негізгі ой анықталады.

7. Оқулықтағы сұрақтарға жауап береді, тапсырмаларды орындайды.

Әр топқа тапсырма:

1- топ. «Мектеп» тобы мәтіннің мазмұнын әңгімелейді.

2- топ. «Кітап » тобы мәтін, өлең мазмұнына сай мақал – мәтелдер

айтады.

3- топ. «Білім» тобы өлеңнің алғашқы шумағын жатқа айтады,

мағынасын түсіндіреді.

Page 2: 2 сынып ал кітап үлгі

III. Сабақты бекіту.

«Маған білім неге керек?» тақырыбында шағын әңгіме жаздырту.

IV. Бағалау.

V. Үйге тапсырма: 1) «1 қыркүйек »Білім күні» мәтінін және «Қыркүйек

қоңырауы» өлеңін мәнерлеп, түсініп оқып келу.

2) Алғашқы қоңырау туралы сурет салып келу.

Сабақты қорытындылау: __________________________________________

Бағалау:_________________________________________________________

Үйге тапсырма:____________________________________________________

Тексерілді: _______________________________________________________

Page 3: 2 сынып ал кітап үлгі

Сабақ №______ ________ Сыныбы__________________ Күні_____________

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі.

Сабақтың мақсаты: 1. Өлеңді оқып, мағынасын түсіндіру.

Өз тілінде көркем, шешен сөйлеуге үйрету.

2)Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту. Ана тіліне деген сүйіспеншілігін

арттыру.

3)Ана тілін қастерлеуге, бағалауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдістері: сұрақ-жауап, ой қозғау.

Көрнекілігі: кітап, авторлар портреті, шығармалар жинағы, нақыл сөздер,

мақал-мәтелдер.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

III. Өткен сабақты пысықтау.

IV. Жаңа сабақ.

Қызығушылығын аяту. «Ой қозғау» стратегиясы. Тақтада жазылған тіл

туралы мақал-мәтелдердің мағынасын ашу.

1. Өнер алды- қызыл тіл.

2.Тіл тас жарады,

Тас жармаса бас жарады.

3.Отыз тістен шыққан сөз,

Отыз рулы елге тарайды.

Сұрақтар:

1. Балалар, оыс мақалдардың мағынасын қалай түсінесіңдер?

2. Тіл не үшін керек?

3. Ана тілімізде қалай сөйлеу керекпіз?

Page 4: 2 сынып ал кітап үлгі

4. Басқа қай ұлттың тілін білесіңдер?

5. Орыс тілінің біздің елімізде қандай маңызы бар деп ойлайсыңдар?

6. Өлеңнің авторлары туралы түсінік беру.

7. а)«Үш бақытым» өлеңінін мәнерлеп оқып беру.

ә) Оқушыларға кезекпен оқыту, талдау.

- Ақын неліктен халықты, тілді, Отанды үш бақытқа теңеп отыр?

- «Тас жүректі тіліммен тілімдедім » деген өлең жолдарын қалай

түсінесіңдер?

б) «Ана тілім» өлеңін оқып беру. Оқушыларға кезекпен оқыту, талдау.

- Ақын неліктен «Ана тілі- арың бұл» деген?

«Ана тілі» деген тіркестерге сәйкес тіркестер табу.

халық тілі

бабам тілі

Ана тілі дана тілі

мемлекеттік тіл

- Ақын «өзге тілдің бәрін біл» дейді. Сендер басқа тілдерді білгілерің

келеді ме? Басқа тілді қалай үйренуге болады деп ойлайсыңдар? Өзге

тілді үйренудің керегі бар ма?

Ой толғау.

А) Үш бақытқа сендер нені жатқызар едіңдер?

Өлең жолына салып өлең құрастыру.

Б) «Ана тілі» өлеңін жалғастыру.

IV. Сабақты қорытындылау.

Сұрақ-жауап. Өлеңге қатысты сұрақтарға жауап беру.

VII. Бағалау.

VIII. Үйге тапсырма беру.

Өлеңді жаттап алу.

Page 5: 2 сынып ал кітап үлгі

«Ана тілім» тақырыбында жағын шығарма жазғызу.

Тексерілді: _______________________________________________________

Page 6: 2 сынып ал кітап үлгі

Сабақ №______ ________ Сыныбы__________________ Күні_____________

Сабақтың тақырыбы: Туған өлкем.

Мақсаты: 1. Оқушыларға өлеңді дауыстап, түсініп мәнерлеп оқыту арқылы

оқу дағдысын қалыптастыру.

2. Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлықтарын дамыта отырып, көркем

сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

3. Оқушыларды өз елін, жерін сүюге, құрметпен қарауға баулу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік.

Көрнекілігі: Қазақстан жайлы суреттер.

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II.Жаңа сабақ.

Кіріспе әңгіме. Қазақстан Республикасы, табиғаты, жерінің байлығы, ұлы

адамдар туралы оқушыларды қатыс тыпа отырып әңгімелесу.

1. Біз елімізді несімен мақтан етеміз?

2. ҚР мемлекеттік рәміздері туралы не білесің?

3. ҚР Президенті кім?

4. Туған жер дегенді қалай түсінесің? Т.б.

А) Ө. Тұрманжанов жайлы мағлұмат беру.

ә) Өлеңді мәнерлеп оқу.

Б) Оқушылардың іштей оқуы.

В) Сөздік жұмыс. Қиын сөздер мен тіркестерінің мағынасын ашу.

Г) Мәтінмен жұмыс.

- Өлеңде не туралы айтылған?

- Туған өлкеміздің табиғатын сипаттаған жерлерін тауып оқы.

- Еліміздің қандай байлығы туралы айтылған?

Page 7: 2 сынып ал кітап үлгі

II. Сабақты бекіту.

1. Өлеңді бірнеше рет мәнерлеп оқыту.

2. Өзің туған жерің туралы айту.

3. Қазақс тан Республикас, туған жер, ел туралы тағы қандай өлеңдер

білесіңдер?

IV.Үйге тапсырма беру.

Өлеңді мәнерлеп оқу. Өзеріне ұнаған шумақтарын жа ттап келу. Өлең

мазмұнына сәйкес сурет салу.

V. Бағалау.

Тексерілді: _______________________________________________________

Page 8: 2 сынып ал кітап үлгі