21
АҚПАРАТТЫҚ ДАЙДЖЕСТ

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ мен ITE Educaon Services серіктестігі туралы меморандумды бекітті

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ мен ITE Educaon Services серіктестігі туралы меморандумды бекітті

АҚПАРАТТЫҚДАЙДЖЕСТ

Page 2: «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ мен ITE Educaon Services серіктестігі туралы меморандумды бекітті
Page 3: «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ мен ITE Educaon Services серіктестігі туралы меморандумды бекітті

Мазмұны

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ мен ITE Educa�on Services серіктестігі туралы меморандумды бекітті................................................................................................................................................4

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ. «Челябинск құбыр өңдеу зауыты» ҚАҚ, ««Kazenergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені бірлестігінің қауымдастығы» ЗТБ серіктестік туралы меморандумды бекітті.....................................................................................................................5

2016-2017 жылдар аралығында «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ білім беру бағдарламаларын енгізетін, колледж өкілдерінің қатысуымен өткізілген өңірлік семинарлар..............................6

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ өкілдерінің «Әрекетке негізделген оқу сабағын әзірлеу және өткізу» тақырыптағы оқу семинарына қатысуы.............................................................................7

«Кәсіптік білім мен бизнес: серіктестер диалогы» VII қалалық форумы.....................................8

«Қазақстанның экономикалық салалары үшін білікті мамндарды даярлаудың жаңа тәсілдері» халықарлық ғылыми-практикалық конференциясы......................................................................9

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ өкілдерінің Турин процесі 2016 төртінші кезеңінің аяқталуы бойынша іс-шараларға қатысуы.....................................................................................................10

Біліктілікті арттыру курстарының тиімділігін бағалау және мониторинг жүргізу.......................11

Инженер-педагог қызметкерлер мен ТжКБ беру ұйымдарының басшылары үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізуді аяқталуы............................................................................................12

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-ның Festo Didac�c серіктестігі.........................................................13

«Болашақтың инженерлері» жобасы............................................................................................14

Швецияның Гётеборг қаласында өтетін EuroSkills халықаралық чемпионатына Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамының қатысуы............................................................................15

Орталық Азияны дамыту үшін минералды ресурстары «Тау-кен өндірісі үшін кәсіби мамандарды тұрақты дамыту» мемлекеттік-дербес диалогтың өңірлік платформасының 8-ші сессиясы...........................................................................................................................................17

Колледждердің бизнес-қауымдастығымен қарым-қатынас сұрақтары бойынша дөңгелек үстел .................................................................................................................................................18

Техникалық және кәсіптік білім сапасы жұмыс сапасын білдіреді..............................................20

3

Page 4: «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ мен ITE Educaon Services серіктестігі туралы меморандумды бекітті

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ мен ITE Educa�on Services серіктестігі туралымеморандумды бекітті

2016 жылдың 9 қыркүйегінде «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ (бұдан әрі – Холдинг) және Сингупардағы Техникалық білім институтының жүз пайызды еншілес ұйымы Educa�on Services (ITEES) серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Мақсаты – Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білімді (ТжК Б) дамытудағы серіктест ік . Меморандум I T E E S кәс іпт ік

4

қызметтері қамтылатын, ТжКБ саласындағы тараптар арасындағы серіктестік үшін кең қызығушылық салаларын анықтайды және тараптар арасындағы ұзақ мерзімді өзара пайдалы серіктестікті бекітуге бағытталған. Меморандум шеңберінде ТжК Б жүйесін жаңғырту саласындағы серіктестікті, ТжКБ жүйесі басшыларының оқу әдістерін зерттеу, тәжірибемен және жаңа технологиялармен бөлісу, сонымен қатар оқытушылардың оқыту әдістемесін зерттеу жоспарлануда. Кездесу барысында тараптар аталған салада басшыларды дайындау және ТжКБ жүйесін жетілдіру және дамфыту жолдарының мүмкіндіктері туралы пікірлермен алмасты, сонымен қатар мамандарды даярлау деңгейін арттыруға қатысты өзекті сұрақтарды талқылады. Қазақстандағы ТжКБ жүйесінің басшылары мен оқытушыларының біліктілігін арттыру бойынша біріккен ұсыныстарын жүзеге асыру үшін тараптар меморандум мақсатына жетуге қолдау көрсету үшін ресми түрде байланысты ұстауға ұмтылады. Қазіргі таңда, ары қарайғы I T E тығыз байланыс курстарды (ТжК Б педагогикалық мамандарына немесе басшыларына арналған) таңдауына және локация таңдауына (Сингапур немесе Қазақстан) байланысты 30.000-нан 110.000 АҚШ долларына (USD) дейінгі белгілі бір қаржылық шығынды анықтайды. Бірақ, Холдинг және ITE арасындағы серіктестік туралы қол қойылған меморандум шеңберінде I T E серіктестік және Холдингтің 10 серіктес колледждерінде оқу жоспары мен бағдарламаларын жетілдіру бойынша болашақ жұмыстар жоспарлануда.

Page 5: «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ мен ITE Educaon Services серіктестігі туралы меморандумды бекітті

2016 жылдың 26 қазанында «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ, «Челябинск құбыр өңдеу зауыты» ҚАҚ, ««Kazenergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені бірлестігінің қауымдастығы» ЗТБ арасында серіктестік туралы меморандумға (бұдан әрі - Меморандум) үшжақты қол қойылды. Кездесу барысында серіктестіктің төмендегі басты бағыттар анықталды: 1) практикалық-бағыттау полигонын жүзеге асыру;2) дуалды білім және оны ресейдің және қазақстанның колледждерінде жүзеге асыру бойынша табысты тәжірибесін талдау;3) мемлекеттік-дербес серіктестік саласында тәжірибемен алмасу;4) колледждің сала бойынша лидерлерімен мастер-класс өткізу;5) WorldSkills желісі бойынша практика мен қарым-қатынасты дамыту – металлургия және мұнай-газ мамандықтары бойынша Қазақстанның үздіктері болып саналатын колледждерді анықтау; 6) Қазақстан студенттерін тарту және жас мамандар үшін байқаулар және жақсы практика мақсатында корпоративтік және/немесе мемлекеттік чемпионаттарға қатысу. 2017 жылдың сәуірінде Ч Т П З қазақстан өкілдерінің қатысуымен корпоративтік чемпионатты өткізуді жоспарлауда. ЧТПЗ мамандықтары: мехатроника, мобильді робототехника, өндірістік автоматика, электромонтаж, дәнекерлеу технологиясы, Ч П У станоктарында токарь және фрезерлеу жұмыстары. Сонымен бірге ЧТПЗ Junior Skills дамыту бойынша жұмыстарды жүргізуде – мектептер/лицей пулын және қарым-қатынас бағытын анықтау.

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ, «Челябинск құбыр өңдеу зауыты» ҚАҚ,««Kazenergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені

бірлестігінің қауымдастығы» ЗТБ серіктестік туралы меморандумды бекітті

5

Page 6: «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ мен ITE Educaon Services серіктестігі туралы меморандумды бекітті

2016-2017 жылдар аралығында «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ білім беру бағдарламаларын енгізетін, колледж өкілдерінің қатысуымен

өткізілген өңірлік семинарлар

2016 ж. 27-28 қазан аралығында Шымкент аграрлық колледжінде (Шымкент қ.) 2016-2017 жылдар аралығында Холдингтің әзірлеген білім беру бағдарламаларын енгізетін, колледждер өкілдерінің қатысуымен өңірлік семинар өтті. Семинар мақсаты – холдингтің білім беру бағдарламларын оқу процесіне енгізу бойынша білім беру ұйымдарына кеңестік және әдістемелік қолдау көрсету.Семинарға облыстық білім басқармаларының өкілдері, Шымкент қ., Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарындағы колледждердің қызметкерлері және облыстық оқу-әдістемелік орталық сарапшылары қатысты (45 адам).

Семинар барысында Холдинг өкілдері қатысушыларға «Білім беру бағдарламларын әзірлеу және енгізу бойынша қызметтер» мемлекеттік тапсырмасы шеңберінде 4 әдістемелік нұсқаулықтар жобасын ұсынды, оған:– Тж К Б м а м а н д ы қ т а р ы б о й ы н ш а модульдік-құзыреттілік тәсіл негізінде жұмыс оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын әзірлеу және рәсімдеу;– модульдік оқу кезінде оқу сабақтарының кестесін құру;– ТжКБ беру ұйымдарында перспективалық-тақырыптық жоспарларды жобалау;– ТжКБ беру ұйымдарының оқу өндірісін дамыту жоспарын әзірлеу бойынша мәселелер енді. Сонымен қатар Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы қ. колледждер үшін Алматы қ. (85 адам) және Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының және Астана қ. колледждері үшін Көкшетау қ. (190 адам) 2 өңірлік семинар өткізілді. Семинар нәтижесінде ұсыныстар мен кеңестер жасалды. 2016 жылдың 28-29 қараша аралығында Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары және Атырау қ. колледждері үшін Атырау қ. (150 адамға арналған) 2 өңірлік семинар өткізілді. Семинар Холдингтің серіктес колледждерінің базасында өткізілді.

6

Page 7: «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ мен ITE Educaon Services серіктестігі туралы меморандумды бекітті

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ өкілдерінің «Әрекетке негізделген оқу сабағын әзірлеу және өткізу» тақырыптағы оқу семинарына қатысуы

2016 жылдың 14 қарашада Холдинг қызметкерлері «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастырған «Әрекетке негізделген оқу сабағын әзірлеу және өткізу» тақырыптағы оқу семинарына қатысты. Семинар Карлсруе қ. Технологиялық институтының (Германия) профессоры Карл-Отто Дёббер өткізілді. Келесі сұрақтар талқыланды:- ТжКБ беру ұйымдарындағы сапа менеджменті;- әрекетке бағытталған оқу сабағын жоспарлау;- оқуды жоспарлау құрылымы – оқу жоспарының (курикулум) берген параметрлерінен жоспарлау мен талдау мақсаттарын, қадамдарын (алгоритм), сабақ фрагментін жоспарлауға дейін;- сабақты жоспарлау үшін жеке қадамдарды бірге әзірлеу: макродеңгейден (оқу жоспары) микродеңгейге (сабақ барысын жоспарлау) дейін;- микродеңгейде сабақты жоспарлау моделін пайдалану;- сабақты жетілдіру үшін микродеңгейде оқыту тәсілдері;- кішігірім топтарда жұмыстың кооперативті-рефлексті үлгісінде әрекетке бағытталған сабақ концепциясын жасау;- әрекет жағдайынан оқу жағдайына және оқу фрагментіне дейін;- таңдап алынған сапа критериі бойынша сабақты қадағалау схемасы;- оқуды жоспарлау бойынша жұмыс рефлексиясы.

7

Page 8: «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ мен ITE Educaon Services серіктестігі туралы меморандумды бекітті

«Кәсіптік білім мен бизнес: серіктестер диалогы» VII қалалық форумы

2016 жылдың 16 қарашада Астана қ. кәсіптік-техникалық колледжінде «Кәсіптік білім мен бизнес: серіктестер диалогы» VII қалалық форумы өтті. Форум барысында жоғары білікті мамандарды даярлаудағы дуалды білім беруді жаңғырту сұрақтарын талқылады. Сонымен қатар колледждердің бизнес-қауымдастықтарымен серіктестігін дамыту туралы талқыланды. Кездесу нәтижесінде мамандарды даярлау бойынша колледж басшыларының бизнес-қауымдастықтары арасындағы меморандумға қол қойылды және салтанатты түрде сертификаттар берілді. Форум жұмысына Астана қаласы әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, колледждер басшылары мен олардың әлеуметтік серіктестері қатысты. Кездесу барысында еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар: «Туризм, қонақ үй шаруашылығын ұйымдастыру», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Интерьер дизайны, қайта өңдеу, азаматтық ғимараттарды қалпына келтіру», «Киім дизайны» және «Аударма ісі» бойынша көрме ұйымдастырылды. Тақырыптар бойынша баяндамаларды «Астана қаласының білім басқармасы» ММ басшысы Қасымхан Сенғазыев, Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғани Тасмағанбетов және білім беру ұйымдарының басшылары мен Холдинг өкілдері жасады.

8

Page 9: «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ мен ITE Educaon Services серіктестігі туралы меморандумды бекітті

«Қазақстанның экономикалық салалары үшін білікті мамандарды даярлаудың жаңа тәсілдері»

халықарлық ғылыми-практикалық конференциясы

2016 жылдың 17 қарашасында Холдинг ҚР Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік департаментімен бірге Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 25 жыл эгидасымен «Қазақстан экономикасының салалары үшін білікті мамандарды даярлаудағы жаңа тәсілдер» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Іс-шара мақсаты – Холдинг пен SAIT Polytechnic Оңтүстік Альберта Технологиялық институтының (Канада) біріккен жобасы, техникалық және кәсіптік білім саласында алдыңғы қатардағы дүниежүзілік тәжірибені тарату мақсатында құрылған «APEC PetroTechnic» Жоғары колледж (бұдан әрі – APEC PetroTechnic)» ЖШС қызметімен таныстыру. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиева, Атырау облысының әкімшілігінің, Холдинг пен APEC PetroTechnic өкілдері, Германия мен Канаданың шетелдік серіктестері, ТжКБ беру ұйымдарының және облыстық білім басқармаларының басшылары, сонымен қатар өңірлердің бизнес-құрылымы мен мұнай-газ компанияларының өкілдері қатысты. Конференция нәтижесінде APEC PetroTechnic және «Жігермұнайсервис» Ж Ш С , «Заманэнерго» Ж Ш С арасында әлеуметт ік серіктест ік туралы меморандумға қол қойылды.

9

Page 10: «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ мен ITE Educaon Services серіктестігі туралы меморандумды бекітті

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ өкілдерінің Турин процесі 2016 төртінші кезеңінің аяқталуы бойынша іс-шараларға қатысуы

2016 жылдың 18 қарашада Холдинг қызметкерлері ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-ы ұйымдастырған Турин процесі-2016 төртінші кезеңінің аяқталуы бойынша іс-шараға қатысты. Кездесу барысында мемлекеттік органдар, колледждер, халықаралық және ведомствалық ұйымдар өкілдерімен, Еуропа Білім Қоры сарапшыларымен Ұлттық баяндама нәтижелері және оған берген ұсыныстар талқыланды. Австрия (Курт Шмид) мен Румынияның (Александру Г.Раду) білім саласындағы ұлттық мекемелер өкілдері «Австрия мен Румынияның тегін ТжКБ және дуалды білім бойынша тәжірибесі» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

10

Page 11: «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ мен ITE Educaon Services серіктестігі туралы меморандумды бекітті

Біліктілікті арттыру курстарының тиімділігін бағалау және мониторинг жүргізу

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде 2016 жылдың 31 қазан және 11 қараша аралығында Холдингтің Кәсіптік білім орталығы 2015 жылы біліктілікті арттыру курстарынан өткен 10 базалық колледждердің 558 басшылары мен инженер-педагог қызметкерлерін оқыту курсының тиімділігіне бағалау мен мониторингті жүргізу ұйымдастырылды және өткізілді. Аталған колледждерді зерттеу нәтижесінде ТжКБ беру ұйымдарындағы қызметкерлерді тәуелсіз бағалау өзекті және қажетті деген қорытынды жасалды. Сондықтан жыл сайын біліктілікті арттыру курстарының нәтижелеріне тәуелсіз бағалау жүрг ізу қажет. Тартылған мамандардың ұсыныстарына сай, қызметкерлерді басқарудың біртұтас жүйесін әзірлеп, енгізу, оқу процесін белсенді жаңғырту және құзыреттіліктерді арттыру үшін кәсіптік даму бойынша инженер-педагог қызметкерлерімен жұмысты жүйелендіру қажет. Базалық колледждердің инженер-педагог қызметкерлерінің ұсыныстары айтылды – қысқа мамандықтар бойынша біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру, өңірлік өндіріс орындарында практикалық оқытуды өткізуді ұйымдастыру. Дистанционды оқытудың біліктілікті арттыру курстары және online режимінде өткізу ерекше аталып өтті.

11

Page 12: «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ мен ITE Educaon Services серіктестігі туралы меморандумды бекітті

Инженер-педагог қызметкерлер мен ТжКБ беру ұйымдарыныңбасшылары үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізуді аяқталуы

Холдингтің модульді-құзыреттілік тәсілі негізінде әзірленген, жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу әдістемесі бойынша біліктілікті арттыру курсының бірінші кезеңі Холдингтің штаттан тыс тренерлерімен және Орталық қызметкерлерімен 2016 жылдың 20 маусымы және 22 шілде аралығында өңірлік 46 ТжКБ беру ұйымдарының базасында 2 600 адам, оның ішінде: ТжКБ беру мемлекеттік ұйымдарының 300 басшысы мен 2 300 инженер-педагог қызметкерлері үшін өткізілді. Сонымен қатар аталған тақырыптар бойынша курсты ТжКБ мемлекеттік емес ұйымдарындарының 611 қызметкері, оның ішінде: 509 ИПҚ және 102 басшы өтті.Барлығы 2016 жылдың 20 маусымы және 22 шілде аралығында ТжК Б ұйымдарының 3 488 басшысы мен ИПҚ оқытылды. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде 105 колледж Холдингтің модульдік-құзыреттілік тәсіл негізінде әзірлеген 27 жаңа білім беру бағдарламалары бойынша жұмыс атқаруда. Біліктілікті арттыру курстарының бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша Орталық ағылшын тілін білу деңгейін, біліктілікті арттыру курсының екінші кезеңін жүргізу және мекемелері үшін оқытудың кредиттік технологиясын меңгеру үшін басшылар мен ИПҚ дайындық дейгейін анықтау үшін 2 600 тындаушыларға сауалнамалар мен тестілеу жүргізілді. 18 қарашада «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқытудың кредиттік технологиясына өтудің ұйымдастыру-әдістемелік аспектілері» және «Ағылшын тілінде арнайы пәндерді оқыту ерекшеліктері мен енгізу әдістемесі» бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курсының екінші кезеңі аяқталды. Курстар Астана, Алматы ққ. және 14 облыстың ТжКБ басшылары мен инженер-педагог қызметкерлері үшін жүргізілді. Соңында салтанатты түрде сертификат табысталды.

12

Page 13: «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ мен ITE Educaon Services серіктестігі туралы меморандумды бекітті

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-ның Festo Didac�c серіктестігі

2016 жылғы 23 қарашада «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Басқарма Төрағасы (бұдан әрі – Холдинг) Н.Р. Аршабековтың Festo Didac�c өкілдерімен кездесуі өтті. Festo – өндірістік автоматиканың басты өндірісі болып табылатын инновациялық неміс компанияларының тобы. 1925 жылы құрылған Festo өндірістік электропривод, электроника, тиекті-реттеуші арматура және пневмоавтоматика бағыттары бойынша 33 000 стандартты компоненттерді ұсынады. Жинаған тәжірибе мен ұсынылған өнімдердің кең түріне байланысты неміс компанияляр тобының тапсырыс берушілеріне 33 000 астам өндірістік кәсіпорындар жатады. Оларға Nasa, Basf, Volkswagen, Mercedes, Coca-Cola және тағы басқалар жатады. Сонымен бірге 50 жылдан астам Festo неміс концерні оқу жабдықтары мен оқу жүйелерін ұсынатын және өндіретін ірі кәсіпорын мен мердігер болып табылады. Festo «Робототехника» және «Мехатроника» бойынша Worldskills ірі серіктесінің бірі, сонымен қатар Қазақстандағы Worldskills демеуші-серіктесі болып саналады. Festo Қазақстанда 12 жылдан астам жұмыс атқарады. Компания Қазақстанның өндірістік кәсіпорындарымен, әртүрлі тау-кен металлургия компанияларымен, сонымен қатар химиялық және мұнай-газ химиялық компанияларымен белсенді жұмыс атқарады. Сонымен бірге Festo әртүрлі бағыттар бойынша Германияның колледждері мен жоғары оқу орындарына оқу жабдықтарын ұсынады. Кездесу барысында Холдинг пен Festo Didac�c арасындағы серіктестіктің табысты бағыттарын талқылады. Festo өкілдері ТжКБ мамандықтары бойынша білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге және оны Қазақстан Республикасының ТжКБ беру ұйымдарының білім беру қызметіне енгізуге көмектерін көрсетуге дайындығын көрсетті. Сонымен қатар еңбек нарығының талаптарына сай жаңа білім беру бағдарламаларына халықаралық сараптамаларды ұйымдастыруға қатысты сұрақтарды талқылады. Холдинг Festo-мен ТжКБ беру ұйымдарының стандартты оқу стендтары-жаттығу жабдықтарын жабдықтау бойынша тығыз серіктестікті орнатуды жоспарлауда. Кездесу барысында оқу құралдарын әкелу, сонымен қатар жеке колледждерге лизинг схемасы бойынша әкелу мүмкіндіктері қарастырылды. Сонымен бірге мамандарды даярлау жүйесіне өзгерістер енгізу мақсатында Festo компаниясынан мамандарды тарту жоспарлануда. Холдингтің 10 базалық колледждерінде «Мехатроника» мамандығын дамыту бойынша біріккен жоспарды құру және жүзеге асыру көзделуде. Didem Özkan-Lüers, Festo өңірлік менеджері, ТжКБ беру ұййымдарына көмек көрсету шеңберінде Холдингтің 10 базалық колледждерінде «Мехатроника» және «Робототехника» бағыттары бойынша ресурс орталықтарын құру ықыласын білдірді.

13

Page 14: «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ мен ITE Educaon Services серіктестігі туралы меморандумды бекітті

«Болашақтың инженерлері» жобасы

Қазақстан Республикасының білімін 2011-2020 жылдар аралығында дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ «Синергия» ғылыми-білім қоры» Қоғамдық Қорымен (SYNERGY) бірге «Болашатың инженерлері» жобасын сәтті іске қосты. «Болашақтың инженерлері» жобасы – бұл өсіп келе жатқан ұрпақты алдыңғы қатардағы инженерлік технологияға оқыту және оларды оқытудың бастапқы кезеңінде техникалық салаға тарту. Білім алушылар оқу процесі мен қосымша білім алу шеңберінде инженерлік істі меңгереді. Бағдарламаны РТС (АҚШ) корпорциясы әзірледі, бағдарлама дүниежүзі бойынша қолданылады. Жоба мақсаты экономиканың техникалық мамандарға деген қажеттілік проблемасын шешу үшін инженерлік мамандықтарға үздіксіз оқыту жүйесін құра отырып, Қазақстанда техникалық білім сапасы мен инженер кәсібінің мәртебесін арттыру болып табылады. Бағдарлама оқушыларды алдыңғы қатардағы технологияларға – 3D жобалау мен моделдеуге оқытуды қарастырады. Жоба шеңберінде «Синегерия» ҒБҚ» Қоғамдық Қоры 10 базалық колледжге және «APEC Petrotechnic» жоғары колледж» Ж Ш С-не 3D моделдеу бойынша С А П Р Сгео 2.0 лицензиялық бағдарламасын тегін берді. Ол өз кезегінде жастар мен білім алушылардың кәсіби дамуына септігін тигізеді, сонымен қатар тұрғындардың жалпы технологиялық сауаттылығын арттырады. Лицензиялы бағдарламалық қамтамасыз етуді алған колледждердің арнайы пән оқытушылары, дербес дамуға арналған пайдалы сілтемелерге және оқыту видео-роликтері бар «Болашақтың инженерлері» жобасын пайдалануға рұқсат алды.

14

Page 15: «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ мен ITE Educaon Services серіктестігі туралы меморандумды бекітті

Швецияның Гётеборг қаласында өтетін EuroSkills халықаралық чемпионатына Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамының қатысуы

WorldSkil ls – бұл дүниежүзінің 76 м е м л е к е т і қ а т ы с а т ы н х а л ы қ а р а л ы қ қозғалыс. Оның басты мақсаты - жұмысшы мамандықтарының дәрежесін арттыру және дәріптеу болып саналады. WorldSki l l s қозғалысы, сонымен қатар EuroSk i l l s жастарды жұмысшы мамандығын меңгеруге тартады және әлемдік аренада еліміздің

мамандарына алған кәсіптік дағдылары мен құзіреттіліктерін көрсетуге мүмкіндік береді. 2016 жылдың 12-15 қыркүйек аралығында «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ және ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірігіп ұйымдастырған WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионаты өткізілді. 2016 жылы Қазақстан Республикасы халықаралық чемпионатының мүшесі болды және Швецияның Гётеборг қаласында өтетін EuroSkills чемпионатына жолдама алды. Аталған іс-шара Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жұмысшы мәртебесін арттыру және жалпы еңбек қоғамын құру бойынша тапсырмасын орындау мақсатындағы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру шеңберінде жүргізілді. 2014 жылы Қазақстан WorldSkills Ассоциациясының 70-ші қатысушы-мемлекеті болып тіркелді. 2015 жылы Қазақстанда WorldSkil ls Kazakhstan Ұлттық чемпионаты өткізілді 2016 жылғы Ұлттық чемпионат нәтижесінде құрылған Ұлттық құрам мүшелері EuroSkills халықаралық чемпионатына «кірпіш қалау», «құрғақ құрылыс пен сылақ жұмыстары», «плиткамен қаптау», «дәнекерлеу жұмыстары», «электр монтаждау жұмыстары» 5 құзыреттілік бойынша қатысты.Қатысушыларды EuroSkills халықаралық чемпионатына дайындау шеңберінде ҚР Ұлттық құрамының кандидаттары үшін қазақстандық тренинг лагері ұйымдастырылды. Қазақстан Ұлттық құрамын әлемдік аренада WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатының жеңімпаздары 5 құзыреттіліктер бойынша танытты: Үшкемпіров Жақсылық Маратұлы ("Қарағанды техникалық-құрылыс колледжі" ҚМУ, Қарағанды обл.) – «Кірпіш қалау» құзыреттілігі;Матаев Алмаз Қалымтайұлы ("Тұран-Профи" қала шаруашылығы колледжі, Астана) – «Дәнекерлеу жұмыстары» құзыреттілігі;

15

Page 16: «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ мен ITE Educaon Services серіктестігі туралы меморандумды бекітті

Хабатай Айбек Әубәкірұлы ("Құрылыс колледжі" КМҚК, ШҚО) – компетенция «Кірпіш қалау» құзыреттілігі; Смирнов Евгений (Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі, СҚО) – «Құрғақ құрылыс пен сылақ жұмыстары» құзыреттілігі;Орынбай Саламат Сәрсенғалиұлы («Алматы энергетика және электрондық технологиялық мемлекеттік колледжі» КМҚК, Алматы) - «Электрмонтаждау жұмыстары» құзіреттілігі. EuroSkills байқауына 28 мемлекеттен келген 500 қатысушы қатысты. Қатысушылар WorldSkills 6 бағыты: ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, шығармашылық және дизайн, қызмет көрсету саласындағы мамандар, азаматтық көлікке қызмет көрсету салаларының 35 құзыреттіліктері бойынша өнер көрсетті. 40 000 адам, оның ішінде 29 000 мектеп оқушылары EuroSkills халықаралық чемпионатына қатысты. 9 презентациялық құзыреттілік көрсетілді. Іс-шараның қонақтары 7 мемлекет: Канада, Үндістан, БАӘ, Қытай, Жапония, Гонконг, Корея болды. Байқау барысын бақылауға 48 техникалық қадағалаушылар шақырылды. EuroSkills халықаралық чемпионат нәтидесінде Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенті Смирнов Евгений «Best of Na�on» номинациясы бойынша медаль алды және өз құзыреттілігі бойынша жоғары дағды мен икемділікті көрсетіп V орынға ие болды. Барлық сарыпшылар мен қатысушылар байқау қорытындысы бойынша қатысқаны үшін сертификаттар алды.

16

Page 17: «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ мен ITE Educaon Services серіктестігі туралы меморандумды бекітті

Орталық Азияны дамыту үшін минералды ресурстары «Тау-кен өндірісі үшін кәсіби мамандарды тұрақты дамыту»

мемлекеттік-дербес диалогтың өңірлік платформасының 8-ші сессиясы

2016 жылдың 6-7 желтоқсан аралығында Астана Астана қ. Хилтон қонақ үйінде «Тау-кен өндірісі үшін кәсіби мамандарды тұрақты дамыту» мемлекеттік-дербес диалогтың өңірлік платформасының 8-ші сессиясы өтті.«ТжКБ мүмкіндіктері мен тапсырмалары және дуалды оқыту» панелді пікір-талас модераторы «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Басқарма Төрағасы Н.Р. Аршабеков болды. Аталған сессияның спикерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Халықаралық серіктестік бойынша герман қоғамының (GIZ) өкілдері, Германияның еңбек нарығы және кәсіптік білім мәселелері бойынша кеңесші Михаель Гудер, Тәжікстан Республикасының «Соцсервис» ақпараттық-зерттеу орталығының директоры Джамшед Кудусов, Қырғыз Республикасының Тау-кен – металлургия орталық комитетінің еңбек техникалық инспекторы Назар Джаналиев, Германияның K+S AG кәсіптік дайындық және білім бөлімінің жетекшісі Свен Генцель болды. Панелді пікір-талас нәтижесі бойынша қорытынды және ары қарай жұмыс үшін ұсыныстар әзірленді.

17

Page 18: «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ мен ITE Educaon Services серіктестігі туралы меморандумды бекітті

Колледждердің бизнес-қауымдастығымен қарым-қатынас сұрақтары бойынша дөңгелек үстел

2016 жылдың 7 желтоқсанында Астана қ. Политехникалық колледжі базасында бизнес-қауымдастығымен өзара қарым-қатынас сұрақтары бойынша дөңгелек үстел жүргізілді. Іс-шара «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ, «Челябинский трубопрокатный завод» Қоғамдық акционерлік қоғамы (ЧТПЗ) және «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені бірлестігінің қауымдастығы» ЗТБ өзара серіктестік туралы үш жақты меморандум шеңберінде ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел ұйымдастырушысы «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ болды. Іс-шараға Первоуральск жаңа құбыр зауытының білім беру орталығының (РФ), Первоуральск металлургия колледжінің (РФ), «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені бірлестігінің қауымдастығы» ЗТБ-нің, «Apec Petrotechnic жоғары колледж» ЖШС-нің, Көкшетау қ. жоғары колледжінің, Атырау мұнай және газ технологиялық колледжінің, Қарағанды политехникалық колледжінің, Қарағанды индустриалды университеті жанындағы техникалық-экономикалық колледжінің өкілдері қатысты. Холдингтің базалық колледждерің қатысуын ұйымдастыру үшін ұйымдастырушылар дөңгелек үстелді Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжіне, Ақтөбе политехникалық колледжіне, Батыс Қазақстан индустриалдық колледжіне, Теміртау политехникалық колледжіне, Қостанай политехникалық колледжіне, Жамбыл политехникалық колледжіне, Шымкент аграрлық-техникалық колледжіне, И.Абдукаримов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық колледжіне, Маңғыстау политехникалық колледжіне тікелей көрсетті. «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ қызметкерлері алғаш рет Facebook әлеуметтік желісінде іс-шараны онлайн жүргізді. Осыдан келе, қатысушылардың пікір алмасуға максималды ашықтығы және дөңгелек үстелдің ақпараттық материалдарына қолжетімділ ік барлық қызығушылық артқандарға қызығушылық артқан сұрақтарды қоюға және онлайн іс-шараға қатысуға мүмкіндік береді. Кездесу материалдық-техникалық базамен және Астана қ. Политехникалық колледжінің инновациялық құрастырулармен таныстырудан басталды колледж директорлары әлеуметтік серіктестермен жұмыс туралы айтты. Политехникалық колледж әлеуметтік серіктестермен белсенді серіктестік құруда. Колледж базасында студенттерге арналған шынайы жұмысты көрсететін шеберханалар мен зертханалары бар «Knauf» ресурс орталығы қызмет етуде, мысалы, «Автокөліктерге диагностика жасау», «Электр құралдары» зертханалары, «Электр дәнекерлеу жұмыстары» цехы.

18

Page 19: «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ мен ITE Educaon Services серіктестігі туралы меморандумды бекітті

TKR компаниясының директоры Шанькин А. 3D-зертханалар мен жаттықтыру-симуляторларға презентация жасады. TKR компаниясы – «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ әлеуметтік серіктесі – шынайы уақыт режимінде технологиялық жабдықтар мен әртүрлі бағыттағы кәсіптерді көрсететін инновациялық шешімдерді құрастыру және енгізумен айналысады. Қатысушылар бизнес-қауымдастығымен өзара қарым-қатынас бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті, презентациялар жасады және оған іс-шара қонақтары қызығушылығын танытты. Қатысушылардың ерекше назарын Ресей және Apec Petrotechnic тәжірибесі алды. 2017-2018 жылдарға арналған «РОСТ-ӨРЛЕУ» Ресей және Қазақстан өндірістік колледждер ассоциациясы шеңберінде Жұмыс жоспарын, сонымен қатар WorldSkills өңірлікаралық және ұлттық чемпионаттарына қатысу сұрақтарын талқылады. Дөңгелек үстелдің пленарлы бөлімінің соңында оқу процесін ұйымдастыру және білім алушыларды оқытудың алдыңғы қатардағы тәжірибесімен алмасу бойынша, ақ металлургия, мұнай-газ бағыттары бойынша жұмыстарды жүргізу шешімі қабылданды. Бұл мақсатта ресейлік және қазақстан тарапынан жауапты адамдар анықталды. Біріккен жұмыстар қорытындысын ай сайын жүргізу жоспарлануда. Іс-шараның екінші жартысында қатысушылар әлеуметтік серіктестер-компанияларына және Политехникалық колледж студенттерінің практикадан өту орындарына барды. "A S T E K-A U TO" Ж Ш С және "Б А З И С-А" құрылыс компаниясының қызметкерлері колледждермен қалай өзара қарым-қатынас жасайтынын хабарлады. Практика кезінде нұсқаушылар ретінде аталған компанияларда жұмыс жасайтын Политехникалық колледж түлектерін анықтайды. Нұсқаушылар әрбір практикадан өтушіге тіркеледі және атқарылатын жұмыс сапасын бақылайды.

19

Page 20: «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ мен ITE Educaon Services серіктестігі туралы меморандумды бекітті

Техникалық және кәсіптік білім сапасы жұмыс сапасын білдіреді

Валенсия қаласында 2016 жылдың 26-29 қазан аралығында өткен Техникалық және кәсіптік білім сұрақтары бойынша Еуропалық форум конференциясының 25-ші мерейтойында, Кәсіптік білімді дамыту бойынша Еуропалық орталық (Cedefop) директоры Джеймс Кальеха ТжКБ сапасын қамтамасыз ету еңбек нарығындағы жұмыс орнын анықтайтын болады деген. Өз баяндамасында Кальеха «еңбек жағдайы мен оқу сапасына негізделе отырып, жұмыспен қамту мен білім беру саласының арасында белсенді диалогтың» қажеттілігін атап өтті. Ол жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдарының инновациялар, технологиялар мен жаңа білімдерге ұмтылысын атап өтті. Сондықтан, жалданған жұмыскерлер инновацияларға және үнемі өзгерісте болатын жұмыс орнының талаптарына сай болу керек. Бірақ көбі өмір бойы білім алуды (lifelong learning) қамтамасыз ету үшін мамандарды және жұмыс орнын даярлау процесінде атқарылуы тиіс. Кәсіптік даярлау және жұмыспен қамту сапасының, немесе оның болмауы проблемасы кәсіптік білімге деген қызығушылыққа маңызды кедергі болып табылады, және техникалық білім жүйесін мүлдем қызықсыз етеді. «Сапа сенімділікті тудырады, бұл сенімділік ТжКБ барлық деңгейіндегі үздік тәжірибе мәдениетін құрады және жұмысқа бірсарынды ауысады», - деп атап өтті Кальеха. Еуропалық орталықтың кәсіптік білімді дамыту бойынша мәліметтеріне сүйенсек, көптеген мемлекеттер педагогикалық қызметкерлер, оқытушылар мен нұсқаушылардың кәсіптік дамуын үнемі арттырумен айналысады, бірақ кәсіптік дайындық оқыту жылдарында ғана жүргізіп қана қоймай, уақыт бойынша өте қысқа, үздікті болмауы тиіс. Кальеха айтуы бойынша, «ТжКБ қамтамасыз етпес бұрын оқытушының кәсіптік дайындығы болуы керек, яғни ол оқытуға деген ынтасы жұмысқа кіріспей тұрып қалыптасуы керек».

Халықаралық жаңалықтар

20

Page 21: «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ мен ITE Educaon Services серіктестігі туралы меморандумды бекітті

ИНФОРМАЦИОННЫЙДАЙДЖЕСТ

"Кəсіпқор" холдингі» КЕАҚАстана қ., Түркістан 2тел.: 8 (7172) 79 45 00e-mail: [email protected]

https://www.facebook.com/Kasipkor

https://www.instagram.com/kasipkor/

https://vk.com/h.kasipkor