16
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Алматы қаласы, №159 гимназия Мұхади Айсая Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктеріне әсері «биология» Ғылыми жетекшілері: биология ғылымдарының докторы, профессор м.а. М.С. Курманбаева Биология пәнінің мұғалімі Т.Р. Оспанбек

Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктеріне әсері

  • Upload
    -

  • View
    458

  • Download
    9

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктеріне әсері

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым МинистрлігіАлматы қаласы, №159 гимназия

  

Мұхади Айсая  

Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктеріне әсері

«биология»  

  Ғылыми жетекшілері: биология ғылымдарының докторы, профессор м.а. М.С. КурманбаеваБиология пәнінің мұғалімі Т.Р. Оспанбек

Алматы-2015

Page 2: Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктеріне әсері

ӨзектілігіСоя (май бұршақ) дүниежүзілік егін шаруашылығында ең кеңінен таралған, құнды, химиялық құрамы жағынан айрықша ерекшеленетін, өнеркәсіпте және ауылшаруашылығында жан-жақты пайдаланылатын дәнді бұршақ дақылы. Минералдық, органикалық, биологиялық белсенді заттарының бірегей құрамы, олардың функциялық қасиеттері дақылды көпқырлы және жан-жақты пайдалануын күшейтеді. Қазақстанда май бұршақ ақ уызын өндіру үшін шикізат алудың резервтері шектеусіз. Әсіресе республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарындағы суармалы жерлерде май бұршақ жоғары және тұрақты өнім береді.

Page 3: Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктеріне әсері

Зерттеу жұмысының мақсаты:: Соя Glycine max өсімдігінің морфогенез ерекшелігіне ауыр металл тұздарының әсерін зерттеу.

.

Қойылған міндеттер:

1. Зертханалық жағдайда өсірілген соя тұқымының өну қарқындылығы мен өсу жылдамдығын анықтау;

2. Егістік жағдайында өсірілген соя сорттарының морфогенез ерекшеліктерін зерттеу;

3. Ауыр металл тұздарының соя сорттарының анатомиялық құрылысына әсерін зерттеп, бағалау.

Жұмыстың мақсаты:

Page 4: Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктеріне әсері

Зерттеудің ғылыми жаңалығы

Алматы облысы жағдайында соя өсімдігі алғаш рет зерттеу микроучаскілерде өсіріліп морфогенез ерекшеліктері анықталды. Зертханалық жағдайда Жансая мен Эврика 357 соя сорттарының бірінші рет өну қарқындылығы айқындалды. Алғаш рет Жансая сорттына ауыр металл тұздарының әсеріне баға беру үшін анатомиялық ерекшеліктері бақылау вариантымен салыстырылып зерттелді.

Page 5: Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктеріне әсері

Зерттеу объектісі (нысанасы): Қазақстанның оңтүстік-

шығысында суғарудың әртүрлі тәсілдерімен өсірілген соя өсімдігінің

Жансая, Эврика сорттары.

Page 6: Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктеріне әсері

Зерттеу әдістеріӘдістері Өсімдіктің өсуіне және дамуына фенологиялық

бақылаулар тәжірибенің барлық варианттарында зертханалық және егістік жағдайында жүргізілді. Өсімдіктің өсуіне және дамуына фенологиялық бақылаулар тәжірибенің зертханалық жағдайында жүргізілді. Тұқымды еккен күннен өскіндер толық өніп шыққан кезге дейін зертханалық жағдайда фенобақылау жүргізілді. Зертханалық жағдайда және микробөлікте өсірілген соя сорты күнделікті морфологиялық көрсеткіштері өлшеніп, фотосуретке түсіріліп отырылды. Зертханалық жағдайда соя сорттары әртүрлі варианттарда өсірілді, 1-бақылау варианты болса, 2-вариант бойынша соя өсімдігі 2мл 0,05 % Zn қосылған жағдайда қарастырылды. Екі вариант салыстырылып, зерттелді. Анатомиялық зерттеулер үшін Страсбургер-Флемминг әдісі бойынша фиксация әрбір варианттан 15 өсімдікке жасалынды. Өлшемдер мен микрофотографиялар видео микроскоп Micros Австрия MCX100 камерасы 519 CU5.0M CMOS арқылы жасалынды. Уақытша препараттар глицеринде бекітілді. Анатомиялық кесінділер қалыңдығы 10-15 мкм. 100-ге жуық уақытша препараттар жасалынып, биометриялық талдау жүргізіліп микрофотографиялар жасалынды. Морфометрикалық талдауларға статистикалық өңдеу Лакин Г.Ф. бойынша жүргізілді

Page 7: Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктеріне әсері

ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕСІЗертханалық жағдайда өсірілген соя

тұқымының өну қарқындылығы мен өсу жылдамдығы

күнде фенобақылау жүргізілу арқылы зерттелді.

№ № 1 табақша

№2 табақша

№3 табақша

Тамырдың ұзындығы1 Тамыры

жоқ8 мм 9 мм

2 2 см Тамыры жоқ

2 см

3 2 см Тамыры жоқ

1 см

4 Тамыры жоқ

Тамыры жоқ

2,5 см

5 2,3 см 2,4 см 2,3 см6 2,3 см 2,6 2,5 см7 2,3 см 2 см 2,3см8 7 мм Тамыры

жоқ2 см

9 Тамыры жоқ

Тамыры жоқ

1 см

10

2,6 2 см Тамыры жоқ

Page 8: Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктеріне әсері

Ауыр металл тұздарының соя сорттарының анатомиялық

құрылысына әсері

Гипокотильдің көлденең кесіндісі, бақылау варианты

Ескерту: 1-эпидермис; 2-алғашқы қабық; 3- өзектік паренхима 4-флоэма; 5-ксилема

Гипокотильдің көлденең кесіндісі, Zn қосылған вариант

Ескерту: 1-эпидермис; 2-трихома; 3-алғашқы қабық; 4-өткізгіш шоқ; 5-өзектік паренхима

Page 9: Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктеріне әсері

Алғашқы қабық

орталық шеңбер Өткізгіш шоқ ксилема флоэма 0

500

1000

1500

2000

2500

3000

507.62

2161.26

454.12200.880000000001 185.95

303.82

2578

665465.12 365.65

Соя гипокотилінің анатомиялық көрсеткіштері, мкм

Бақылау варианты Zn қосылған вариант

Page 10: Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктеріне әсері

Соя өсімдігінің анатомиялық құрылысы

Эпикотильдің микроскопиялық фотосы,

бақылау вариантыЭпикотиль Zn қосылған жағдай

Page 11: Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктеріне әсері

2418

122.11

2113.83

485.34

153.1 318.06

Эпикотильдің анатомиялық құрылысы, бақылау варианты, мкм

Эпикотиль диаметріалғашқы қабықорталық шеңберөткізгіш шоқксилемафлоэма

Page 12: Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктеріне әсері

3286.06

164.78

3050.1

638295.15 289

Эпикотильдің анатомиялық көрсеткіштері, Zn қосылған вариант, мкм

эпикотиль диаметріАлғашқы қабық орталық шеңберөткізгіш шоқксилемафлоэма

Page 13: Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктеріне әсері

Жапырақтың ішкі құрылымы, бақылау

варианты

Жапырақтың ішкі құрылымы, Zn қосылған вариант

Page 14: Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктеріне әсері

Соя тамырының анатомиялық құрылысы, Zn қосылған жағдай

Соя тамырының анатомиялық құрылысы, бақылау варианты

Page 15: Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктеріне әсері

ҚОРЫТЫНДЫ

 Ауыр металл Zn қосылған жағдайда зерттелген Жансая сортының гипокотилінің анатомиялық құрылысын зерттеу барысында, гипокотиль эпидермисінде трихома дамығандығы бақыланды, эпидермис клеткалары қатты кутикулалы болып келген, алғашқы қабықта клеткалар аздап ыдыраған, белгісіз қара заттар айқын байқалды. Өткізгіш ұлпа біртұтас шоқсыз құрылысты, флоэмаға қарағанда ксилема жақсы дамыған. Өзек паренхималық клеткалары түссіз жұқа қабықшалы, клетка кабықшасында қара заттар бар. Ортаңғы бөлігі қуысқа айналған.

Соя өсімдігінің гипокотилін салыстырмалы зерттеу нәтижесінде, алғашқы қабық қалыңдығы бақылау вариантында жоғары көрсеткішке ие болса, цинк қосылған жағдайда керісінше орталық шеңбер ұлғайған. Өткізгіш шоқ көлемі Zn қосылған жағдайда артқан. Демек, ауыр металл қосылған жағдайда өткізгіш ұлпа ұлғаяды.

Бақылау вариантында, жапырақ түкті, жоғарғы эпидермис 93,72мкм, орталық жүйке қалыңдығы 1668,34 мкм, төменгі эпидермис қалыңдығы 71,22мкм, төменгі эпидермисте трихомалар жақсы дамыған.

Цинк қосылған жағдайда, жоғарғы эпидермис қалыңдығы 89,89 мкм, ірі өткізгіш шоқта 3 ксилема сәулесі әрқайсысында 2-3 түтіктен, орталық сәуледе ірі түтіктер дамыған. Флоэма төменгі эпидермиске бағытталған. Ксилема көлемі флоэмадан қарағанда екі есе артық, орталық жүйке қалыңдығы 1635,78 мкм, өткізгіш шоқ 286,36 мкм, ені 331,42 мкм, төменгі эпидермис қалыңдығы 61,02 мкм, жапырақ тақтасының қалыңдығы 693,66 мкм.

Соя тамырының Zn қосылған жағдайдағы тамырдың анатомиялық құрылысында ризодерма, алғашқы қабық, орталық шеңбер орналасқан. Орталық шеңберде ксилема тетраархты екендігі байқалды. Орталық шеңбер диаметрі-1465,39. Орта бөлігінде ірі ксилема түтіктері айқын байқалады. Ал,бақылау вариантында алғашқы қабық қалыңдығы 769,04мкм. Орташа шеңбер диаметрі 720,34мкм.

 

Page 16: Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктеріне әсері

НАЗАР ҚОЙЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА

ҮЛКЕН РАХМЕТ!