13
Таухид үшке бөліне ме? Ханифия форумы www.al-hanifyia.kz

Таухид үшке бөліне ме?

  • Upload
    -

  • View
    198

  • Download
    13

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Таухид үшке бөліне ме?

Таухид үшке

бөліне ме?

Ханифия форумы

www.al-hanifyia.kz

Page 2: Таухид үшке бөліне ме?

2

Таухид үшке бөліне ме?

(немесе “таухид бөлінбейді, таухид біртұтас ұғым, таухидті

бөлу –күпірлік”. – дейтін адамға.)

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

Оппонент*: Таухид сөзінің тілдік мағынасы бір, біреу, жалғыз деп

сипаттау.

** Иә, “таухид” сөзі «бірлеу, жалғыздау» деген мағыналарды береді. Яғни,

біз Аллаһ Тағаланы жалғыздауымыз, бірлеуіміз керек. Алайда, «Аллаһ не

нәрседе жалғыз? Не нәрседе бір?» деген сұрақтар туындайтыны заңды.

Себебі, Аллаһ бұл дүниеде жалғыз емес қой. Біз бармыз, жындар бар, тағы

да қаншама әлемдер бар. Яғни, мәселен, бар болуда Аллаһ жалғыз ба екен?

Жоқ, көп нәрселер бар. Оларды Аллаһ бар еткен соң бар. Онда Аллаһ не

нәрседе жалғыз? Қандай сипаттар тек Аллаһқа тән? Қандай істерге тек

Аллаһтың құдыреті жетеді?

Аллаһ Тағала: «Жарату мен әмір ету тек Оның қолында», - деді

(А`раф сүресі, 54-аят). Тағы да Ол былай айтты: «Олар еш нәрсесіз пайда

болды ма, немесе олардың өздері жаратушы ма? Әлде аспандар мен

жерді жаратқан олар ма? Жоқ, олар тек анық сенбейді. Әлде оларда

Раббыңның қазыналыры бар ма? Немесе олардың өздері иелік етуші

ме?» (Тур сүресі, 35-37-аяттар). Тағы да Аллаһ: «”Сендерді аспандар мен

жерден кім ризықтандырады?” - деп сұра да: “Аллаһ!” - деп айт», -

деді (Сәбә сүресі, 24-аят). Тағы да Аллаһ Тағала былай деді: «Міне осы –

Раббыларың Аллаһ. Иелiк Соған тән. Ал Одан өзге дұға етіп,

құлшылық қылғандарың құма дәнінің қабығына да ие емес» (Фатыр

сүресі, 13-аят).

Осы аяттар топтамасынан Аллаһ Тағаланың жаратуда, ризық беруде, иелік

етуде, басқаруда Жалғыз, Бір екенін, әрі басқа ешкім ондай сипаттарға тән

емес екенін білдік.

Page 3: Таухид үшке бөліне ме?

3

Аллаһ Тағала былай дейдi: «Тәңiрлерiң – бiр-ақ Тәңiр. Одан өзге

Тәңiр жоқ. Ол аса Қамқор, ерекше Мейiрiмдi» (Бақара сүресі, 163-аят).

Тағы да Аллаһ былай дейді: «Бұл өйткені, Ол Аллаһ – Шынайы (Хақ),

ал Одан басқа құлшылық етілетін нәрселер – жалған» (Хаж сүресі, 62-

аят). Тағы да Ол: «Аллаһтан басқа ешкімге құлшылық етпеңдер де,

дұға тілемеңдер», - деді (Жын сүресі, 18-аят). Тағы да Аллаһ Тағала

былай деді: «Біз әрбір халыққа: “Аллаһқа құлшылық етіңдер де,

тағуттан аулақ болыңдар”, - дейтін елші жібердік» (Нахл сүресі, 36-

аят). Тағы да Аллаһ Тағала: «Аллаһқа құлшылық етіңдер, әрі Оған

ешкімді серік қоспаңдар!», - деді (Ниса сүресі, 36-аят).

Аяттардың бұл топтамасынан Аллаһтың құлшылыққа лайықты, әрі осыда

Жалғыз, Бір екенін түсіндік. Одан басқа ешкімге ғибадат жасауға

болмайды, Одан өзге ешкімге дұға етуге болмайды, Одан өзге ешкім

құлшылыққа лайықты емес.

Аллаһ Тағала былай дейдi: «Ең жақсы есімдер Аллаһқа тән. Оған сол

аттармен дұға етіңдер. Аллаһтың атында қиғаштық iстейтiндердi

қойып қойыңдар. Олар iстегендерiнiң сазайын тартады» (А`раф

сүресі, 180-аят). Тағы да Ол былай айтты: «Әрi көктер мен жердегi

жоғары сипат Оған тән. Ол өте Үстем, хикмет Иесi» (Рум сүресі, 27-

аят). Тағы да Аллаһ: «Оған ұқсас ешнәрсе жоқ. Ол – Естуші, Көруші», -

деп айтты (Шура сүресі, 11-аят).

Ал осы топтамадан Аллаһтың көркем есімдер мен жоғары сипаттарға ие

болуда Жалғыз, әрі Бір екенін көрдік.

Жоғарыда келтірілген аяттардың барлығында Аллаһтың жалғыздығы

баяндалған. Бірақ, қарап тұрсақ, Аллаһтың жалғыздығы кейде Оның

істерімен байланысты болады (жарату, билік ету, басқару, ризықтандыру

және т.б.), кейде құлдарының істерімен байланысты болады (ғибадат

жасау, дұға ету, тәуекел ету, құрбандық шалу, намаз оқу және т.б.), ал

кейде Оны есім-сипаттарымен байланысты болады. Міне, осы тұрғыдан

қарағанда және «Неге байланысты жалғыздық? Не нәрседе бір болу?»

деген сұрақтарға жауап бергенде, біз таухидті үшке бөліп қарастырамыз.

Өйткені, Мұхаммед пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) және одан бұрыңғы елшілердің заманында өмір сүрген

көпқұдайшылар Аллаһтың жаратуда, ризықтандыруда, өлтіру мен

тірілтуде жалғыз екенін мойындаған, бірақ құлшылық ету, дұға тілеу,

құрбандық шалу және т.б. басқа ғибадат түрлеріне келгенде олар

Раббымызға серік қосатын. Сол үшін кейбір ғалымдар таухидті үшке емес,

Page 4: Таухид үшке бөліне ме?

4

екі түрге бөлген: таухид әл-уәсиля (құрал болған таухид) және таухид әл-

ғоя (мақсат болған таухид). Себебі, Аллаһтың ғана Жаратушы, Басқарушы,

Иелік етуші, Өлтіруші және Тірілтуші, пайда мен зиян әкелуші екенін

түсінген адам, Оған ғана құлшылық ету керек, Одан ғана көмек сұрау

керек. Сонда Аллаһты істерінде жалғыздау (таухид әл-уәсиля), Аллаһты

құлшылықта жалғыздауға (таухид әл-ғоя) апарады екен. Сондықтан,

ешқандай пайғамбар өз қауымына: «Аллаһ бар! Аллаһ жаратушы,

ризықтандырушы екеніне сеніңдер», - деген жоқ. Аллаһ Тағала:

«Расында, әр үмметке: “Аллаһқа ғана құлшылық етіңдер және

тағуттан аулақ болыңдар”, - дейтін елші жібердік», - деп айтты (Нахл

сүресі, 36-аят).

Аллаһ Тағала былай деді: «Сенен бұрын қандай елші жіберсек те, оған:

“Менен басқа құлшылыққа лайықты тәңір жоқ, Маған құлшылық

етіңдер”, - деп уахи ететін едік» (Әнбия сүресі, 25-аят).

*: «Лә' иләһә' иллаллаһу Мұхаммадүр Расулұллаһ», мағынасы: «Аллаһтан

басқа тәңір жоқ, Мұхаммед (с.ғ.с.) Аллаһтың елшісі»

** «Лә иләһа илләл-Лаһ» сөзі «Аллаһтан басқа Құдай жоқ», «Аллаһтан

басқа Жаратушы жоқ», «Аллаһтан басқа Ризықтандырушы жоқ» деген

мағына бермейді. Өйткені бұл – тәухид әр-рубубия (яғни, Аллаһтың

Жаратушы, Басқарушы, Иелік етуші екенінде жалғыздау), әрі оны

көпқұдайшылар мойындаған. Сонда да, олар «Лә иләһа илләл-Лаһ» деп

айтудан бас тартушы еді. Аллаһ Тағала былай деді: «Расында, оларға “Лә

иләһа илләл-Лаһ” деп айтылса, менменсінетін еді де: “Біз

тәңірлерімізді жынды бір ақын үшін тастап қоямыз ба?!” - деді»

(Саффат сүресі, 35-36-аяттар). Тағы да оларға «Лә иләһа илләл-Лаһ» деп

айту ұсынылған кезде олар: «Тәңірлерді жалғыз тәңір етті ме? Шын

мәнінде, бұл таңқаларлық нәрсе», - деп айтты (Сад сүресі, 5-аят).

Осыдан түсінетініміз, «Лә иләһа илләл-Лаһ» куәлігінің мағынасы

«Аллаһтан басқа Жаратушы, Ризықтандырушы жоқ» емес. Өйткені,

көпқұдайшылар оны мойындаған, растаған. Аллаһ Тағала былай айтты:

«“Аспан мен жерден сендерді кім ризықтандырады? Есту, көру

қабілеттеріңе кім иелік етеді? Өліден тіріні және тіріден өліні кім

Page 5: Таухид үшке бөліне ме?

5

шығарады? Әрі істермен басқаратын кім?” - деп сұра. Олар: “Аллаһ!”

- деп жауап береді. “Неліктен қорықпайсыңдар?!” - деп айт» (Юнус

сүресі, 31-аят).

«Лә иләһа илләл-Лаһ»:

«Лә» - «жоқ» (“лә нәфия лил-жинс” (бүкіл жынысты, түрді теріске

шығаратын лә));

«Иләһ» - махаббатпен, қорқумен және үмітпен құлшылық етілетін объект;

«Иллә» - басқа;

«Аллаһ» - Аллаһтың ең ұлы, ең басты есімі. Сонымен, куәліктің

аудармасы: «Аллаһтан басқа құлшылық етілетін ешнәрсе жоқ».

Алайда, бұл аударма да дұрыс емес екен. Өйткені, Аллаһтан басқа

құлшылық етілетін ешнәрсе жоқ деген ұғым қате ғой! Аллаһтан өзге

адамдар қаншама нәрселерге құлшылық етеді, неше түрлі нәрселерді тәңір

тұтып алды. Аллаһтың Өзі олардың құлшылық етілетін заттарын

«тәңірлер» деп атаған: «Раббыңның әмірі келген сәтте, олардың

Аллаһтан өзге сиынған тәңірлері ештеңемен көмектесе алмады» (Һуд

сүресі, 101-аят). Демек, Аллаһтан басқа да тәңірлер бар, Аллаһтан басқа да

құлшылық етілетін объектілер бар. Онда барлық пайғамбарлардың өз

халықтарына айтқан мына сөздерін қалай түсінуге болады екен: «Аллаһқа

құлшылық етіңдер, Одан басқа тәңірлерің жоқ» (А`раф сүресі, 59-аят)?

Бұған жауап келесідей: «Лә иләһа илләл-Лаһ» куәлігінің мағынасы

«Аллаһтан басқа құлшылық етілетін ешнәрсе жоқ» емес, бірақ «Аллаһтан

басқа құлшылыққа лайықты ешнәрсе (немесе: шынайы тәңір) жоқ».

Сондықтан, Аллаһтан өзге тәңірлер бар деген күнде де, біз олардың

жалған, құлшылыққа лайықты емес екенін атап жүруіміз қажет. Бұған

Аллаһтың келесі сөздері дәлел:

«Бұл өйткені Аллаһ – шынайы. Ал Одан өзге құлшылық ететін

нәрселері жалған. Әрі өйткені, Аллаһ – Жоғары, Үлкен» (Хаж сүресі,

62-аят).

«Сендер Ләт пен `Уззаны және үшіншісі қор болған Мәнәтты

көрдіңдер ме? Сендерге ер жыныстылар, ал Оған әйел жыныстылар

ма? Бұл әділетсіз бөлісу болар еді. Олар – тек сендердің және

аталарыңның берген есімдерің ғана. Олар туралы Аллаһ еш дәлел

түсірмеген» (Нәжм сүресі, 19-23-аяттар).

«Одан өзге сендер, өздерің және аталарың атаған есімдерге ғана

құлшылық етесіңдер. Ол туралы Аллаһ еш дәлел түсірмеген» (Юсуф

сүресі, 40-аят).

Page 6: Таухид үшке бөліне ме?

6

Қорыта келгенде, «Лә иләһа илләл-Лаһ» куәлігінің мағынасы былай

аударылса ғана дұрыс болады: «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты

ешнәрсе жоқ».

Араб тілінің граммтикасына жүгінсек те, осы аудармамыздың дұрыстығы

айғақталады. Куәліктегі «Лә» сөзінің баяндауышы (хобәр) міндетті түрде

болу керек екен. Бірақ «Лә иләһа илләл-Лаһ» сөйлемінде оның

баяндауышын таппаймыз. Неге? Өйткені, ол баяндауыш (хобәр)

жасырылған. Араб грамматикасының ең беделді ғалымдарының бірі Ибн

Мәлик өзінің атақты кітабы «Әлфияда» былай дейді: “Егер баяндауыш

(хобәр) оны жасырған соң түсінікті, анық болып тұрса, оны жасыруға

болады”. Ал «лә» сөзінің жасырылған баяндауышы – бұл біз жоғарыда

түсіндіріп берген «лайықты» немесе «шынайы» сөздері.

*: «Лисанүл-араб» кітабында былай түсінік берген: «Таухид» дегеніміз,

Оның ешқандай серігі жоқ, жалғыз жеке-дара Аллаһқа иман келтіру. Бұл

«Таухидтің» алтын негізінің ең қысқа-оқшауланған түсініктемесі. Демек,

«Таухид» дегеніміз ең алдымен Аллаһтың ешқандай серігі жоқ, Ол өзі

ешқандай серіксіз, ешқандай серікті қажет етпейтін, өзалдына жалғыз да,

жеке-дара Илаһ - Тәңір (Құдай) екендігін түсінуіміз, сөйтіп осы

ұстанымды өзімізге ту етуімізден тұрады. Аллаһтың жалғыз жеке-дара

Тәңір екендігі туралы «Лисанүл-араб» кітабында былай деген:Әлбетте, сөз

жоқ, ешбір күдіксіз Аллаһ тағала жеке – жалғыз. Ол жеке болу

тұрғысынан бірегей үзілді-кесілді (обсалюттық) түрдегі жекеліктің Иесі

(Одан басқа ешкім, ешнәрсе мұндай тұрғыдағы жекелікке ие емес).

** Аллаһтың Жалғыз, Бір екені және Оның ешбір серігі жоқ екені

түсінікті. Бұл мәселеде ешкім таласып жатқан жоқ. Алайда, Ол не

нәрсесінде Бір? Аллаһ не нәрсесінде Жалғыз? Біреу: «Осы сауалдарды

қоюдың қажеттілігі қанша?», - деп сұрауы мүмкін. Біз оған былай жауап

береміз: «Аллаһтың, мәселен, жаратуда, ризық беруде, аспаннан жаңбыр

ағызуда, өлтіру мен тірілтуде жалғыз екенін пайғамбарымыздың (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезіндегі пұтқа табынушылар

мойындаған. Сонда, оларды серік қосушы деуге болмай ма екен? Олар

Аллаһтың бірлігін мойындап жатыр ғой!». Олар туралы Құранда былай

Page 7: Таухид үшке бөліне ме?

7

айтылған: «“Аспан мен жерден сендерді кім ризықтандырады? Есту,

көру қабілеттеріңе кім иелік етеді? Өліден тіріні және тіріден өліні кім

шығарады? Әрі істермен басқаратын кім?” - деп сұра! Олар:

“Аллаһ!” - деп жауап береді. “Неліктен қорықпайсыңдар?!” - деп айт»

(Юнус сүресі, 31-аят);

«”Егер білсеңдер, жер мен оның үстіндегі барлық нәрсе кімдікі?” - деп

сұра. Олар: “Аллаһтікі”, - деп жауап береді. “Неліктен

ойланбайсыңдар?!” - деп айт! Олардан: “Жеті көктің және ұлы

`Арштың Раббысы кім?” - деп сұра! Олар: “Аллаһ!” - дейді. “Неліктен

қорықпайсыңдар?!” - де!» (Муминун сүресі, 84-87-аяттар)

Осы аяттардан көріп тұрғанымыздай, көпқұдайшылар да жалғыз Аллаһ –

Жаратушы, Ризық беруші, Өлтіруші және Тірілтуші екенін мойындаған.

Сонда заңды бір сұрақ туады: Онда не үшін олар мұсылман болмады? Не

үшін олар серік қосушы болып қала берді? Не үшін олар “Лә иләһә илләл-

Лаһ” сөздерін айтудан бас тартты?

Жауабы анық: Өйткені, олар Аллаһтан өзгеге құлшылықтарын арнаған.

Аллаһтан өзгеден медет тілеген, Аллаһтан өзгеге құрбандықтарын шалған

және т.б.

Көрдіңіз бе, осы жерде сіз: «Олар Аллаһты жарату мен ризықтандыруда,

өлтіру мен тірілтуде жалғыздағанымен, құлшылық етуде, жәрдем тілеуде,

құрбандық шалуда және т.б. Оны Бір деп білмеді. Одан басқа біреулерге

де сиынған», - деп түсіндіргіңіз келмейді ме? Олай болса, таухидті

біркелкі қарастыру дұрыс емес. Аллаһтың не нәрседе жалғыз екенін

білуіміз керек, әрі мұсылман болу үшін, серік қосушы болып қала бермеу

үшін Аллаһтың не нәрседе Бір екенін үйреніп алуымыз міндетті.

*: Таухид бөлінбейді, себебі ол ешқандай бөлінуге жатпайтын абсолюттік

тұрғыдағы бір бүтін ұғым. Таухид дегениміз «Лә' илә'һә иллаллаһ» -

мұның мағынасы: «Аллаһтан басқа тәңір жоқ, сондай-ақ Ол ешқандай

бөлектерге бөлінбейтін бір бүтін тәңір» дегенді аңғартады. Бұған

«Лисанүл-араб» кітабынан мынадай түсінік келтіруге болады: «Таухид»

дегеніміз, Оның ешқандай серігі жоқ, жалғыз жеке-дара Аллаһқа иман

келтіру, яғни Аллаһ тағаланы ешқандай серігі жоқ және Ол өзі жалғыз

жеке-дара Тәңір деген сенімді ұстануымыз. Ендеше, Аллаһтың серігі

болмағаннан соң Ол бөліну деген мағынаны мүлдем қабылдамайды.

Page 8: Таухид үшке бөліне ме?

8

** Бұл сөздердің авторы «таухидтің түрлері» мен «Тәңірдің түрлері»

немесе «таухид бөлінеді» және «Тәңір бөлінеді» деген ұғымдарды анық

шатастырып отыр. Әйтпесе, «Аллаһ Тағала, біріншіден істерінде,

екіншіден, біздің құлшылықтарымызға лайық болуда, үшіншіден есімдері

мен сипаттарында Жалғыз, Бір» деген сөздемірімізден «Аллаһтың серігі

бар, Ол жалғыз емес» деген ой туа ма?! Әрине, жоқ! Қараңыз, ол кісі:

«Ендеше, Аллаһтың серігі болмағаннан соң Ол бөліну деген мағынаны

мүлдем қабылдамайды», - деп Аллаһ туралы айтып жатыр, ал біз Ол

туралы бөлінеді деген ба едік? Біз Оның не нәрседе жалғыз екенін жете

талқыладық, сол тұрғыдан жалғыз болудың неше түрі бар екенін анықтап,

жинақты түрде ұсындық. Ал Аллаһтың бөлінуі мен түрлері болуы

жайында ешқандай сөз қозғамадық. Аллаһ ондай жаман ойлардан Өзі

сақтасын!

*: Әлбетте, сөз жоқ, ешбір күдіксіз Аллаһ тағала жеке – жалғыз. Ол жеке

болу тұрғысынан бірегей үзілді-кесілді (обсалюттік) түрдегі жекеліктің

Иесі (Одан басқа ешкім, ешнәрсе мұндай тұрғыдағы жекелікке ие емес).

Сондықтан, Аллаһ тағаланың таухидін бөлінеді деп түсінік беру күпірлік

болып табылады.

** Бұл сөздердің авторы «таухидтің түрлері» деген ұғымды дұрыс

түсінбеді. Оның ойы бойынша, таухидті үшке бөлсек: Аллаһ істерінде

жалғыз (таухид әр-рубубия), Аллаһ құлшылықта жалғыз (таухид әл-

улюһия) және Аллаһ есім-сипаттарында жалғыз (таухид әл-әсма-и уәс-

сыфат), онда Аллаһты бөліп жатқандай болады екенбіз. Осындай қате

түсініктің себебімен, ол кісі таухидтің түрлері жайында айтқан әһлус-

Сунна уәл-жама`а ғалымдарын күпірлікте айыптады. Ал ғалымдарды

күпірлікте айыптаудың күнәсы зор екені біреуге жасырын ба еді? Оған

қоса, бұл кісі ғалымдар үйреткен нәрсені теріске шығаратын кім? Әлде ол

Құран мен Сүннетті ғалымдарсыз түсіне ме? Немесе таухидтің не екенін,

қандай болатынын, иісі мен дәмін ғалымдардан артық меңгерген бе?

Имам Ахмад былай деген: “Әрбір заманда адасқандардан қиыншылықтар

көрсе де, оларды тура жолға шақыратын білім иелерін елшілердің

Page 9: Таухид үшке бөліне ме?

9

мұрагерлері еткен Аллаһ Тағалаға мадақтар болсын! Олар Аллаһтың

Кітабы арқылы өлі жүректерді тірілтіп, Аллаһтың нұры арқылы

соқырларды тура жолға бастайды. Олар қаншама Ібілістен жеңілген

адамдарды тірілтіп, қаншама адасқандарды тура жолға бағыттады

десеңші?! Олардың адамдар арасында қалдырған ізі нендей керемет, ал

оларға қарсы сөйлеп, тіл тигізгендердің адамдар арасында қалдырған ізі

нендей жаман! Олар шектен шығушылардың бұрмалауларынан,

адасқандардың негізсіз пікірлері мен бид`а туын жоғары көтеріп,

бүліктерді шырмауынан босатқан надандардың түсіндірмелерінен

Аллаһтың Кітабын тазартады" (Қараңыз: “әр-Радду ‘алә әз-занәдиқа

уәл-жәһмия” 6).

Шейхул-Ислам Ибн Тәймия былай деген: “Мұсылман ғалымдарын

күпірлікте айыптайтын надандардың опасыздығы туралы айтатын

болсақ, бұл – айыпты істердін ең ұлысы болып табылады. Сонымен

қатар, осыны ең алғаш бастағандар - өз болжамдарына сүйене отырып,

мұсылман имамдарын кәпір деп, дінде еш қате жібермедік деп

есептейтін хауариждер мен рафидилер” (Қараңыз: “Мәжму’ул-фәтәуә”

35/100).

*: Ал енді, кейбіреулердің Аллаһтың таухиді «Таухид улуһия», «Таухид

рубубия», «Таухид бил-амал» болып үшке бөлінеді деген ұстанымы

туралы айтар болсақ, бұл ижтиһади қателіктің нәтижесі.

** Ол «кейбіреулер» - пайғамбарлардың мирасқорлары, Аллаһты шынайы

қорқумен қорқатын құлдары, білім мен түсінікке ие ғалымдар! Ал бұл

сөздердің авторы кім? Беделді ғұламаларымызды, Әһлус-Сунна уәл-

жама`а ұстанушыларын «кейбіреулер» деп атайтын бұл кісі кім? Кімге

ерген дұрыс: ұлы имамдар мен ғалымдардың артынан ба, әлде XXI-ші

ғасырда пайда болған кейбіреулердің (!) артынан ба? Расында, ақыл иелері

ғана үгіт алады!

Біреу былай деп айтуы мүмкін: «Таухидтің үш түрі бар екенін бірінші

болып мәлімдеген Ибн Тәймия мен Ибн әл-Қайим. Олардан бұры ешкім

ондайды айтпаған». Бірақ, бұл сөздер – өтірік. Шейхул-Ислам Ибн Тәймия

мен оның шәкірті шейх Ибн әл-Қайим таухидтің түрлері жайында айтқан

Page 10: Таухид үшке бөліне ме?

10

алғашкі кісілер емес еді. Олар бұл мәселеде әуелгі ғалымдардың сөздерін

ғана қайталады.

Мысалы, Ибн Тәймияға дейін 400 жыл бұрын өмір сүрген имам Ибн Бәтта

былай деген: “Аллаһқа иман келтіру үшін, жаратылыстар ұстану керек

болған иманның негізінде үш нәрсе жатыр:

Біріншісі, құл Аллаһтың рубубиясына иман келтіру керек. Сол арқылы, ол

Жаратушының бар екенін теріске шығарып, оған сенбейтіндерден аулақ

болады.

Екіншісі, ол Оның жалғыздығына иман келтіру керек. Сол арқылы, ол

Жаратушының бар екенін мойындап, бірақ құлшылықта Оған серік

қосатындардан аулақ болады.

Үшіншісі, ол Аллаһтың онсыз бар болу мүмкін емес болған білім, күш-

құдырет, даналық сияқты және Құранда аталған басқа да сипаттарға

иман келтіру керек.

Көргеніміздей, Аллаһ Тағала өз құлдарын осы негіздердің әрқайсысына

иман келтіруге шақырды” (Қараңыз: “әл-Ибәна” 1/693-694).

Имам Ибн Бәтта осы сөздерінде, таухидтің үшке бөлінетінін, әрі сол

шарттардың біріеуінсіз таухидті ұстану дұрыс болып есептелмейтініне

нұсқады.

Ал Ибн Бәттадан бұрын, таухидтің түрлері жайында ханафи мазһабының

ұлы мухаддис-ғалымы имам әт-Тахауи, өзінің әйгілі ақида кітабының

кіріспесінде: “Біз Аллаһтың бірлігі жайында, оған анық сеніп былай

айтамыз: Расында, Аллаһ – Бір, әрі Оның серігі жоқ. Оған ұқсас ешнәрсе

жоқ. Оған мүмкін емес болған ештеңе жоқ. Сондай-ақ, Одан басқа

құлшылыққа лайықты ешкім жоқ!” - деді.

Әт-Тахауидің “Аллаһ – Бір, әрі Оның серігі жоқ” сөздері таухидтің үш

түрін де қамтып алған.

Оның “Оған ұқсас ешнәрсе жоқ” сөздері есімдер мен сипаттардағы

жалғыздыққа (таухид әл-әсма уәс-сыфат) қатысты.

Оның “Оған мүмкін емес болған ештеңе жоқ” сөздері Аллаһтың

істеріндегі жалғыздығына (таухид әр-рубубия) қатысты.

Оның “Одан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ!” сөздері бір

Аллаһқа ғана құлшлық етуге байланысты жалғыздыққа (таухид әл-

улюһия) қатысты.

Ал әт-Тахауиден бұрын таухидтің бұл түрлері туралы Ибн Мандаһ "әт-

Таухидте" 3/304-306, имам-муфаәсир Ибн Жәрир әт-Табәри өзінің

тәфсирінде 11/317-318. Сондай-ақ, бұл жөнінде имам Ибн Хиббән өзінің

Page 11: Таухид үшке бөліне ме?

11

"Раудәтул-'уқаля" кітабының кіріспесінде айтты. Ал содан кейін ғана бұл

нәрсені Ибн Тәймия, Ибн әл-Қайим және басқалар бекітіп, растады.

Таухидтің осы түрлері жайында, олар: таухид әр-рубубия, таухид әл-

улюһия және таухид әл-әсма уәс-сыфат, Аллаһ Тағаланың Өзі аяттардың

бірінде айтады: «Аспандар мен жердің, әрі олардың

арасындағылардың Раббысы! Оған құлшылық ет және Оған

құлшылық етуде шыдамды бол. Онымен аттас біреуді білесің бе?»

(Мәриям сүресі, 65-аят).

1. «Аспандар мен жердің, әрі олардың арасындағылардың Раббысы!»

- таухид әр-рубубия!

2. «Оған құлшылық ет және Оған құлшылық етуде шыдамды бол» -

таухид әл-улюһия!

3. «Онымен аттас біреуді білесің бе?» - таухид әл-әсма уәс-сыфат!

*: Мұндай қателікке Исаның (а.с.) қауымы жол беріп «Троица» яғни

«Отец, сын и светой дух» деген ұғымды ойдан шығарып дұрыс жолдан

адасқан болатын. Міне енді Аллаһтың ешқандай бөлінуге жатпайтын

таухидін «Таухид улуһия», «Таухид рубубия», «Таухид бил-амал» деп

үшке бөлетіндер шығып, дәл Исаның (а.с.) қауымы жол берген қателік

сияқты қателікті қайталады.

** «Троица» («Үштік») ұғымы мен таухидтің үш түрінің арасында еш

байланыс жоқ. Егер біреу: «Жарату, өлтіру, тірілту, ризықтандыру –

Аллаһқа тән. Құлышлыққа лайықты болу - `Исаға тән. Көркем есімдер мен

жоғары сипаттар – Киелі Рухқа тән», - деп мәлімдесе (Ә`узу билляһ!), міне

сол күпірлік жасаған болады. Ал енді, «Аллаһ – Жаратушы (таухид әр-

рубубия), Аллаһ – құлшылыққа лайықты шынай тәңір (таухид әл-улюһия),

Аллаһ – көркем есімдер мен жоғары сипаттарға Ие (таухид әл-әсма уәс-

сыфат)», - деген адам қалайша имансыздық танытқан болып есептеледі?!

*: Негізінде мұндай қателік күпірлікке жатады, бірақ мұндай ұстанымды

ұстанушылар ижтиһад үстінде қателескендіктеріне байланысты оларды

«кәпір» демейміз. Өйткені, ижтиһадта кәтелескенге күнә

Page 12: Таухид үшке бөліне ме?

12

таңылмайтындығы туралы ғұламалардың арасында ихтилаф жоқ, бірақ

қате ұстанымнан сақтандыру бар. Яғни, Аллаһ тағаланың таухиді бөлінеді

деген ұстанымнан өзімізді аулақ ұстауымыз қажет.

** Осы сөздердің авторы, шынымен-ақ, ғалымдарды күпірлікте

айыптағаны анық болды. Себебі, ол: «ижтиһад үстінде қателескенге күнә

таңылмайтындығы туралы ғұламалардың арасында ихтилаф жоқ», - деп

айтты, ал бұл сөздер ғалымдарға қатысты екенін білеміз. Пайғамбарымыз

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Егер хаким (үкім

шығаратын адам) ижтиһад жасап, бір үкім шығарса, әрі (шешімі)

шындыққа сай келсе, ол екі сауап алады. Ал егер ол ижтиһәд жасап,

қателессе, онда бір ғана сауап алады» (әл-Бухари 7352, Муслим 1716).

Қадый `Ийәд былай деді: “Білім иелері: «Бұл хадис ижтиһад жасауға

рұқсаты бар ғалым-қазыға қатысты екенінде еш қандай қарама-

қайшылықтар мен күдіктер жоқ. Ал жәһил (надан) туралы айтар болсақ,

онда ол кез-келген жағдайда да жасаған ижитиһады үшін күнә алады», -

деген” (Қараңыз: “Икмәл әл-му’лим” 5/572).

Имам Әбул-`Аббас әл-Қуртуби былай айтқан: “Осы хадистен алынатын

ұлы пайдаларының бірі – ол қазы міндетті түрде ижтиһад жасай

алатындардың қатарынан болу керек. Егер ол сондай болса (яғни

мужтәһидтердің қатарынан), әрі бір үкім шығарса, онда міндетті түрде

сауап алады. Дұрыс шешім үшін екі сауап, ал қателескені үшін бір сауап

алады. Алайда, егер бұл жәһил (надан) немесе толық муджтәһид емес

біреу болса, онда ол шығарған әрбір үкімі үшін, қабылдаған әрбір шешімі

үшін күнәһар болады. Жәһил туралы айтар болсақ, онда ол бұған

жауапты болмағандығы үшін сондай болады. Ал толықтай мужтәһид

дәрежесіне жетпеген біреу болса, иджтиһад шарттарының

орындалмағаны үшін күнә алады. Осы екі адам да, Аллаһтың

түсіргенімен үкім етпейді. Бұған қоса, олар өтірікке негізделіп үкім

еткен адамдар!” (Қараңыз: “Әл-Муфһим” 5/168).

Имам ән-Нәуәуи былай деген: “Ғалымдар: «Бұл хадисте, ижтиһад жасай

алатын ғалым-қазы туралы айтылып жатқанында мұсылмандардың

барлығы бір аузыздан келіскен. Ал енді оларға қатысы жоқ адамдар

жайында айтар болсақ, онда оған үкім шығару рұқсат етілмейді, ал егер

ол үкім шығаратын болса, онда ол ешқандай сауап алмайтыны аздай,

дұрыс айтса да, қателессе де шешімі қабылданбайтын күнаһар боп

Page 13: Таухид үшке бөліне ме?

13

саналады!, - деп айтатын” (Қараңыз: “Шарх Сахих Муслим” 12/378).

* Оппонент - мұнда жалған ұғымдағы, адасқан адам меңзеліп тұр.

** - жалған ұғымды жоққа шығарып, ақиқатты түсіндіру.( Құранға,

сүннетке және ізгі саляфтар мен ұлы имамдардың сөздеріне сүйене

отрырып түсініктеме беру)

Аллаһ жақсырақ біледі!

Дерек көзі: http://goo.gl/38Gus