14
НУРСЕИТОВА ЖАНАР АБДУЛЛАҚЫЗЫ Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы Т. Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясы ІІ деңгейлі сертификатталған бастауыш сынып мұғалімі «Тәуелсіз елдің ұланымыз» Мақсаты:Балаларға Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекесін таныстыру, өздерінің туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, өз елінің патриоты болуға, ел егемендігін сақтай білуге, елінің кірпіші болып қалануға баулу. Тәрбиелік мәні: Өз ұлтының тарихын, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін білу ұлтының намысын қорғай білетін, намысты қолдан бермейтін елінің адал ұлы болу. Барысы: Мұғалім сөзі: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар Бүгінгі 2А сынып оқушыларының дайындаған "Тәуелсіз елдің ұландары" атты тәрбие сағатына қош келіпсіздер. Биылғы жылы елімізде айрықша атап өткелі жатқан Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мерекесі екені баршаға аян. 1991 жылы 16-желтоқсанда Тәуелсіз Қазақстан болып жарияланды.Ия,Тәуелсіздік бізге 1 күнде келген жоқ және 1 күнге келген жоқ. Сондықтан да оны мәңгілікке сақтап қалу - Тәуелсіз елдің ұландары сендердің қолдарыңда. Кезекті келешектің тізгінін ұстар бүгінгі шәкірттеріме берейін. 1-жүргізуші: Армысыздар, бұл кештің қонақтары Халқымның әрқашанда қонақ – бағы Тәуелсіздікке арналған кешімізді

45minutkz.files.wordpress.com  · Web view«Тәуелсіз елдің ұланымыз» ... 25 жылдығы мерекесі екені баршаға аян. 1991 жылы

  • Upload
    others

  • View
    15

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view«Тәуелсіз елдің ұланымыз» ... 25 жылдығы мерекесі екені баршаға аян. 1991 жылы

НУРСЕИТОВА ЖАНАР АБДУЛЛАҚЫЗЫ

Оңтүстік Қазақстан облысыШардара ауданы

Т. Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясыІІ деңгейлі сертификатталған

бастауыш сынып мұғалімі

«Тәуелсіз елдің ұланымыз» 

Мақсаты:Балаларға Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекесін таныстыру, өздерінің туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, өз елінің патриоты болуға, ел егемендігін сақтай білуге, елінің кірпіші  болып қалануға баулу.Тәрбиелік мәні: Өз ұлтының тарихын, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін білуұлтының намысын қорғай білетін, намысты қолдан бермейтін елінің адал ұлы болу.

Барысы: Мұғалім сөзі: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушыларБүгінгі 2А сынып оқушыларының дайындаған "Тәуелсіз елдің ұландары" атты тәрбие сағатына қош келіпсіздер.

Биылғы жылы елімізде айрықша атап өткелі жатқан Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мерекесі екені баршаға аян. 1991 жылы 16-желтоқсанда Тәуелсіз Қазақстан болып жарияланды.Ия,Тәуелсіздік бізге 1 күнде келген жоқ және 1 күнге келген жоқ. Сондықтан да оны мәңгілікке сақтап қалу - Тәуелсіз елдің ұландары сендердің қолдарыңда. Кезекті келешектің тізгінін ұстар бүгінгі шәкірттеріме берейін.

1-жүргізуші:Армысыздар, бұл кештің қонақтарыХалқымның  әрқашанда  қонақ – бағыТәуелсіздікке арналған кешімізді Бүлдіршіндер  көруге шақырады.

2 – жүргізушіСәлем бердік, кешіміздің көрерменіҚазақтың, ол анық қой, өнер – кеніБүгінгі мерекеге қош келдіңіз,Алдарыңда болашақ өрендірі.

1-жүргізуші:Бүгін тәуелсіздікке қол жеткен егеменді елміз. Бұл бізге оңайлықпен келген жоқ. Тамыры тереңде жатқан тарихи оқиғалардың нәтижесінде қол жеткізіп

Page 2: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view«Тәуелсіз елдің ұланымыз» ... 25 жылдығы мерекесі екені баршаға аян. 1991 жылы

отырмыз. Ата – бабаларымыздың ұрпағын, елім, жерім, отаным деп кеткен арманына қол жеткізіп отырмыз. 

2-жүргізуші:Ол - өз елің, өзінің туған жерің, өз Отаның. Сондықтан біздің қазіргі жас ұрпақтарымыздың алдына қойған мақсаттары: елін сүю, елінің салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын сақтау өзінің кіндік қаны тамған жерін қадірлеу, құрметтеу.

1-жүргізуші:-Аружан кезекті достарымызға берсек, келісесің бе?

2-жүргізуші:-Әрине, Мұхтархан, олардың да Тәуелсіздік мерекесіне деген өз ойлары бар шығар, тыңдап көрелік.

1.Аян:Біз қазақ мал баққан елмізЕшкімге соқтықпай жай жатқан елміз, Елімізден құт береке қашпасын депЖеріміздің шетін жау баспасын деп,Найзамыздың ұшына үкі таққан елміз.Жау аяғына басылмаған елміз,Адалдықты әрқашан жасырмаған елмізЕркіндікті ежелден аңсаған елміз.

2.Асылжан:Кең байтақ көз жетпейтін менің жерімТаулы орман жасыл жайлау көлім меніңБүгін де бар әлемге даңқы жеткенТәуелсіздік Қазақстан менің елім.

3.Аянат:Тыныш менің, Отаным Ырыс менің, ОтанымАрдақтайтын ОтанынМен Отаншыл баламын.

4.Мөлдір Есен:Ақ ниетті – алтын күн Асқақ арман – қыраныЖалауы бұл - халқымныңМәртебесі, мақтаныТәуелсіздік жолындаТалай – талай тер төккен

Page 3: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view«Тәуелсіз елдің ұланымыз» ... 25 жылдығы мерекесі екені баршаға аян. 1991 жылы

Билігім өз қолымдаЕркіндігім – Елтаңбам

5.Мұхтархан: Көк туымыз желбірепҚалықтады аспандаӘнұранымыз шырқалыпШарықтады әр таңда.Бәйтерегі орналасқан төріндеАқ ордам, арайлы АстанамҚазағымды бар әлемге танытқанДара тұлға Елбасыммен мақтанам!

Әнұран орындалады.

Көрініс: "Әжесі мен немересі"-Еліміздің әдемі әнұраны орындалғанда жүрегім елжіреп, сонау қиындық заман есіме еріксіз түсіп, осы күнге шүкіршілік айтып, Тәубе деймін!-Әже, әже, маған ертегі айтып беріңізші.-Е, балам, ертегіні күнде тыңдап жүрсің. Мен саған тарих болған жәйттен айтып берейін.--Ия, әже, кәне айтып беріңізші.-Балам, құлақ қойып тыңда, ендеше. Біз қазақ деген халық момын, қонақжай, намысшыл, ержүрек халықпыз ғой. Бірақ бір көтерілсе, қайтпайтын қайсар, өр халықпыз, шырағым.

Талай жылдардан ата-бабаларымыз еркіндікті, әділдікті аңсап келді. Дархан даламызға, кең-байтақ жерімізге көз тіккендерге қарсы шабуыл жасап, еліміз үшін қан төгіп, жерімізді сақтап келген.

Біз 70 жыл уақыт өзге ұлттың бодандығында көніп келдік. Бірақ "Шыдамның да шегі бар" демей ме дана халқымыз. Елімізді басқаруға өзге ұлт өкілін тағайындамақ болған шешімге түбейлі қарсылық білдірген қазақ жастары ереуілге шықты. Бұл -1986 жылдың желтоқсаны еді.

Қаһарлы күннің суығына қарамастан, жас студенттер алаңға жиналды. Олардың ішінен ерекше болып танылған Қайрат Рысқұлбеков еді. Ол ешбір қиындықтан қорықпай, абақтыда небір азаптарға шыдап бақты:-Күнәдан таза басым бар 21-де жасым бар.Қасқалдақтай қаным барБозторғайдай жаным бар.Алам десең алыңдарҚайрат деген атым барҚазақ деген затым барЕркек тоқты құрбандық

Page 4: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view«Тәуелсіз елдің ұланымыз» ... 25 жылдығы мерекесі екені баршаға аян. 1991 жылы

Атамын десең атыңдар! -

деп, өзінің намысшыл қазақ баласы екенін дәлелдеп, қазақ жастарының патриоттық сезімін оятып кетті. Одан басқа да жас өрендеріміз көрмеген азапты көрді. Алаңдағы жастарды жуан таяқпен соққыға жықты, қыздардың шашынан сүйреп, тепкілеп, аяусыз қиындықты көрген Ләззат Асанова, Ербол Спатаев , Сабира Мұхамеджанова сынды жастарымыз еді. -Е,е, балам, ( күңіреніп) биыл Қайратжан тірі болғанда 50-ге толған, ел ағасы болар еді. Не шара, Тәуелсіздік , еркіндік деп басын үлкен қатерге тікті. Қайрат ағаларыңның ерлігі еліміздің ұландарына үлгі болып қала берді. -Әже, қамықпаңыз, мен де Қайрат ағам сияқты елге жанашыр боламын, деп сөз беремін.-Е, балам, (күлімсіреп) ақылыңнан сенің. Ел үшін бәріне дайын болғаныңнан айналдым. Ондай азапты күндер қайта келмесін. Енді міне, сол жастардың ержүректілігі арқасында еліміз 1991 жылы 16-желтоқсанда әлемге танылған "Тәуелсіз Қазақстан" атанды. Уақыт шіркін, зымырап барады, еркіндік алған күнге де 25 жыл толыпты.Осы жылдар аралығында тұрақтылық пен жасампаздылықты мықтап ұстап келген Елбасымыздың арқасы. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында еліміз қарыштап дамып келеді. Күні ертең сол "Тұңғыш Президент" күнін тойламақпыз.Қазағымның жері Мерекеге, берекеге толы болсын!- Әже, сол мерекеге мен де дайынмын, Тыңдаңыз. 6.Ермахан:Бақыттысың бодандықтан азатсыңПеріштесің дәл еліңдей ғажапсыңСол еліңнің ертеңіне намыстыСебебі сен ер мінезді қазақсың-Міне, менің құлыным, қазақтың нағыз патриоты болады! Еліңді сүй, қорған бол, ботам! Желтоқсан құрбандарын еске алайық: 1 минуттық үнсіздік.

7.Диана:Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер,Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел.

Page 5: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view«Тәуелсіз елдің ұланымыз» ... 25 жылдығы мерекесі екені баршаға аян. 1991 жылы

Бұл жер қалқам асқақ рух жарылысы өткен жерҚайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер.Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер.Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер.

8.Ділназ:Бостандығым тұңғыш ретАқ қанатын қаққан күнӘже әлдилеп немересінБасы айналған бақтан күн.

Тәуелсіздік ұлы күнімТұрсын жайнап төбемдеСен жасай бер мәңгі бақиҚуанышқа кенел де.

Тәуелсіздік мен білсемТай мейрамнан басқалауЕл мен жердің байлығынТөгіп шашып ластамау.

9.Толғанай:Он алтыншы желтоқсанТәуелсіздік алған күн.Мереке боп мәңгілікЕл жанында қалған күн.

10.Мөлдір О:Бұзып шығып бодандықтың торынан,Тәуелсіздік шуағына шомылған.Нар қазағым тілейтінім өзінеКөгілдір ту құламасын қолыңнан.

11.Әділет:Тәуелсіздік- бабалардың ұраны,Бейуақытта бойға таққан тұмағы.Тәуелсіздік- түнектерде тұншығыпЫзғар ұрып жанбай қалған шырағы.

12.Ақнұр: Тәуелсіздік - арқамды сүйегімБейбітшілік, тыныштық - тілегенім.Жаңа ғасыр көгіне жайып қанат,Жайнап өсіп, жаңарып түледі елім.

Page 6: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view«Тәуелсіз елдің ұланымыз» ... 25 жылдығы мерекесі екені баршаға аян. 1991 жылы

13.Бейбарыс:Тәуелсіздік сан жылғы ұлы арманынШапағаты айрықша сыйы алланыңЕркін жазып қанатты еркін самғапҚасиеті қолына ту алғаның.

14.Алина:Еркіндігім. Қасиетім. Қастерлім.Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!Кеше сенің ккелбетіңді арман ғып,Боданына бұғауландық басқа елдің.

Ән.Толғанай. "Тәуелсіз Қазақстан"

Мұғалім: Білімімізді сынап көрейік.1. Елбасымыз кім?2. Елордамыз қай қала?3.Тәуелсіздік қай жылы жарияланды?4. Тәуелсіздік монументі қай қалада?5. Бәйтерек қай қалада?6. "Қазақ елі"монументінің биіктігі қанша метр?7. Тудағы күннің суретінде неше күн шуағы бар?8. Жастар 1986 жылы алаңға неге шықты?9. Тұңғыш президент күні қай күн? 10. Отансыз адам......

15. Жарқын:Ен даласын егін жапқан, Бар баласы бақыт тапқанМенің жерім, туған елім –Күн сәулелі Қазақстан

16.Асылай:Тәуелсіздігім - тәтті сыйТәңірден келген ағайын!Бар қазағым бақыттың25-ші жылын тойласын!

17.Бекнұр:Туған жерім тірегімСенде өстім түледім.Бір сен деп үнеміСоғады менің жүрегім.

18.Аружан:

Page 7: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view«Тәуелсіз елдің ұланымыз» ... 25 жылдығы мерекесі екені баршаға аян. 1991 жылы

Қазақстан тәуелсіздікті аңсап келдіТелегей теңіз аңсаған мансап келді.Қазақтың бойтұмары ана тілінТу етіп айғақ етіп жар сап келді

19. Майра: Тәуелсіздік- жарқырап атқан таңымҚуанғаның, күлгенің, шаттанғаның.Болашаққа үмітті ұялатып,Әр жүрекке сәулелі жаққан шамың.

Ән. Диана "НұрОтан" .

20.Сабыр :Көк аспандай туларыңЖелбірейтін күні бұл.Елім деген ұлдардыңЕлжірейтін күні бұл

21.Сымбат:Атамекен -ақ үйдіңАзат болған күні бұл. Құндақтағы сәбидіңҚазақ болған күні бұл.

22.Мақсат: Жұпар шашқан гүлімніңЖаңа ашылған күні бұл.Менің Ана тілімніңБағы ашылған күні бұл.

23.Альбина:Алты алаштың баласыҚауымдасқан күні бұл.Бір-бірімен жарасыпБауырласқан күні бұл.

Дүбірлетсін өңірдіДүрілдетсін дүлділіҚазақ деген елімніңҚұтты болсын бұл күні.

24. Нұрсұлтан:Тәуелсіздік төріңде

Page 8: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view«Тәуелсіз елдің ұланымыз» ... 25 жылдығы мерекесі екені баршаға аян. 1991 жылы

Нұр құяды көңілге.О, жас, ұлан еліңніңЕртеңі үшін ерінбе!

1-жүргізуші:

-Ия, Аружан, Тәуелсіздік бұл арман, Тәуелсіздік бұл - тарих.Біз тек бұл күнді қуанышпен мақтана айта аламыз.

2-жүргізуші:-Дұрыс айтасың, Мұхтархан, Тәуелсіздік бұл -бақыт, Тәуелсіздік бұл -мереке.Біздегі ендігі арман сол Тәуелсіздікті мәңгіге сақтап қалу. Ол үшін бізге татулық, бірлік керек.Барлығы бірге:Болашағымыз - бірлікте!

Бірге: -Ән мен күйді әуелеткен ұл-қызыҚазақ елін біледі әлем жер жүзі.Біз еркіндеп, біз Тәуелсіз алған күн Желтоқсанның он алтыншы жұлдызы.

Ән. "Атамекен" Тұрсынбай Сабыр.

1-жүргізуші:Аспан ашық, елі тыныш, Тәуелсіз Қазақстан жасай берсін!

2-жүргізуші:Ақ шашты аналар, әзиз әкелер аман болсын!

Page 9: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view«Тәуелсіз елдің ұланымыз» ... 25 жылдығы мерекесі екені баршаға аян. 1991 жылы

1-жүргізуші:Әрқашан сәбилердің шат күлкісі үзілмесін!

2-жүргізуші:Біз Қазақстанда тұрамыз. Біздің Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан.

1-жүргізуші:Құрметті қонақтар, Бүгінгі Тәуелсіздік мерекесіне арналған тәрбие сағатымыз осымен аяғына жетті.

2-жүргізуші:Көңіл қойып тыңдағындарыңызға рақмет!

Тәрбие сағатынан көріністер:

Оқушылар Тәуелсіздікке 25 жылдығына өлең шумақтар айтты.

Page 10: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view«Тәуелсіз елдің ұланымыз» ... 25 жылдығы мерекесі екені баршаға аян. 1991 жылы

Желтоқсан оқиғасы туралы әңгімелеу үстінде.

Полатбекқызы Диана "Нұр Отан" әнімен.

Темірәлі Толғанай "Тәуелсіз Қазақстан" әнімен.

Page 11: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view«Тәуелсіз елдің ұланымыз» ... 25 жылдығы мерекесі екені баршаға аян. 1991 жылы

Тұрсынбай Сабыр "Атамекен" әнімен тәрбие сағатын аяқтады.

Тәрбие сағатынан соң: Жиренова Жәмила, Нурсеитова Жанар.