7
«Балдырған» бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының тәрбиешісі Байжанова Қарлығаш Қойшыбайқызы СПОРТТЫҚ МЕРЕКЕ Тақырыбы: «Алақай,шана тебеміз!» спорттық мереке Мақсаты: Балаларға салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтырудың адам денсаулығына пайдасы туралы түсіндіру, дене шынықтырумен жиі айналысу. Таңертеңгі жаттығуды міндетті түрде орындауға жаттықтыру. Жарыс ойындарына қызығушылықтарын тудыру және бір-біріне деген достық қарым- қатынастарын орнату. Керекті құралдар: шана, шығыршықтар, межелер, құрсаулар,секіргіштер, қалақтар,кәрзеңкедегі сәбіздер. Командалар музыка әуенімен шығады. Тәрбиеші:Қайырлы күн,құрметті спортты серік еткен балақайлар! Бүгін «Алақай ,шана тебеміз» атты спорттық мерекеге қош келдіңіздер! Әрбірінің жігер-күші жалындап Жеңіс сәтін тағат таппай күткені. Спорт десе таза біздің арымыз, Жалындайды сайысқанда жанымыз. Сайысатын тобымызды бүгінгі, Қарсы алайық қошеметпен бәріміз. «Балдырған» бөбекжайының «Таңшолпан»тобынан құралған «Ақ қар» және «Аққала» тобын қарсы алайық. Екі топ өз топтарын таныстырады: «Аққала» тобы Бір топ бала далада, Қардан соқты аққала. Мұрны сәбіз үп-үшкір, Көзі көмір қап-қара. «Ақ қар» тобы Қыс келді,қыс келді

bilimaktobe.kzbilimaktobe.kz/images/word/Bayzhanova.docx · Web view4 «101 жұмбақ» қыс мезгілі туралы жұмбақтар 1.Аяз қысып,өрнек сызып,

  • Upload
    others

  • View
    6

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: bilimaktobe.kzbilimaktobe.kz/images/word/Bayzhanova.docx · Web view4 «101 жұмбақ» қыс мезгілі туралы жұмбақтар 1.Аяз қысып,өрнек сызып,

«Балдырған» бөбекжайымемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорныныңтәрбиешісі Байжанова Қарлығаш ҚойшыбайқызыСПОРТТЫҚ МЕРЕКЕ

Тақырыбы: «Алақай,шана тебеміз!» спорттық мереке

Мақсаты: Балаларға салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтырудың адам денсаулығына пайдасы туралы түсіндіру, дене шынықтырумен жиі айналысу. Таңертеңгі жаттығуды міндетті түрде орындауға жаттықтыру. Жарыс ойындарына қызығушылықтарын тудыру және бір-біріне деген достық қарым- қатынастарын орнату.

Керекті құралдар: шана, шығыршықтар, межелер, құрсаулар,секіргіштер, қалақтар,кәрзеңкедегі сәбіздер.

Командалар музыка әуенімен шығады.

Тәрбиеші:Қайырлы күн,құрметті спортты серік еткен балақайлар! Бүгін «Алақай ,шана тебеміз» атты спорттық мерекеге қош келдіңіздер!

Әрбірінің жігер-күші жалындапЖеңіс сәтін тағат таппай күткені.Спорт десе таза біздің арымыз,Жалындайды сайысқанда жанымыз.Сайысатын тобымызды бүгінгі,Қарсы алайық қошеметпен бәріміз.

«Балдырған» бөбекжайының «Таңшолпан»тобынан құралған «Ақ қар» және «Аққала» тобын қарсы алайық.

Екі топ өз топтарын таныстырады:

«Аққала» тобы Бір топ бала далада,Қардан соқты аққала.Мұрны сәбіз үп-үшкір,Көзі көмір қап-қара.«Ақ қар» тобыҚыс келді,қыс келдіАқтарып ақ қарды.Аралап қайтайық,Ақ күміс бақтарды.

Балалар ,біз таңертең тұрған бойда беті-қолымызды жуамыз содан соң не істейміз?

-Жаттығу жасаймыз.

-Дұрыс айтасыңдар,балалар жаттығуды не үшін жасаймыз?

Page 2: bilimaktobe.kzbilimaktobe.kz/images/word/Bayzhanova.docx · Web view4 «101 жұмбақ» қыс мезгілі туралы жұмбақтар 1.Аяз қысып,өрнек сызып,

-Денсаулығымыз мықты болу үшін,әдемі,сымбатты болып өсу үшін

-Ендеше балалар,мерекемізді бастамас бұрын денемізді шынықтырып алайық.

Ал балалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

ЖАТТЫҒУЛАР:

1.Шеңбер бойымен жай жүріс,жүгіріс.2.Дене қыздыру жаттығулары.

Ал сайыскер топтар,

Ешкімнің жоқ алалар.

«Жеңімпаз болу» үлкен сын,

Оны әділқазың бағалар.

Ашық жарқын жүзді,

Әділқазылар біздің

Таңдап баға беруге ,

Шақырайық төрге-деп әділқазылар алқасын сайлау және таныстыру.

1. Бөбекжай меңгерушісі : А.Шүленбаева

2.Бөбекжай әдіскері: А.Дәуселбаева

3. Медбике : С. Құдабаева

Жарыстың түрлерімен таныстыру.Ойын 5 турдан тұрады:

1 «Кім жылдам?» жерде жатқан қарды,қалақтың көмегімен жинау.

Қысқы орман тіршілігі,аңдардың жүрісін салу.« Қоян» туралы тақпақ

2 «Көңілді қояндар» 1 себеттегі сәбізді,қоянша секіріп әр топ өз кәрзеңкесіне жинау.

Сергіту сәті:

Қозғап барлық денеңдіҚолды қатты соқ енді.Тақылдатпай таяқтыАқырын бас аяқты.

Иықты артқа ысырып,Басты төмен саламыз.

Page 3: bilimaktobe.kzbilimaktobe.kz/images/word/Bayzhanova.docx · Web view4 «101 жұмбақ» қыс мезгілі туралы жұмбақтар 1.Аяз қысып,өрнек сызып,

Жаттығу жасап осылай,Біз шынығып аламы

3 «Қырықаяқ» Әр топ өз ойыншыларының белдерінен ұстап белгіленген жалаушадан айналады,қай топ ағытылмай мәре сызығынан бірінші өтсе сол топ жеңіске жетеді.

4 «101 жұмбақ» қыс мезгілі туралы жұмбақтар

1.Аяз қысып,өрнек сызып, Терезені торлайды. Қарға омбығып,бет домбығып, Сырғанап балалар ойнайды. (Қыс)

2.Қыста ғана болады, Ұстасаң қолың тоңады.(Қар)

3.Тісі жоқ тістеп алады, Қолы жоқ,сурет салады.(Аяз)

4.Шелек қалпақ басында, Сәбіз екен танауы. Қыста қардан туатын, Тауып көрші сен оны.( Аққала)

5.Мінсем,төменге зу етем. Өрлесем,оны өзім сүйретем.(Шана)

Тоңса егер қолымыз,Қолғап киіп аламыз.Шықсақ егер далаға,Етік киіп аламыз.Тоңса егер денеміз,Тонды киіп аламыз.Зу-зу-зу Зырлайды шанамыз

5 «Алақай,шана тебеміз!» кедергі шығыршықтармен секіріп өтіп,шанамен межені айналып өту.

6 «Епті де,жүйрік» шығыршықты екі қолмен тең ұстау арқылы, жыланша жүгіріп өтеді, осылай барлық топ мүшелері тапсырманы орындап шығады.

7. «Арқан» тартыс

Міне, бүгінгі жарысымыз осындай турлардан тұрады.Ендеше,жарысқа қатысушы жас спортшылар барлығыңызға сәттілік тілеймін!

Ал,құрметті спорт сүйер қауым,бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздары да анықтайтын сәтте келді.

Page 4: bilimaktobe.kzbilimaktobe.kz/images/word/Bayzhanova.docx · Web view4 «101 жұмбақ» қыс мезгілі туралы жұмбақтар 1.Аяз қысып,өрнек сызып,

Қорытынды бөлімі:

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің бірліктері кәміл мықты.

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Жеңсек біз жеңдік деп тасымаймыз ,

Жеңілсек, жеңілдік деп жасымаймыз.

Жығылсаң жер көтерер деген екен ,

Реніш өкпелеуге қосылмаймыз-деп сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Жарыс соңында әділқазылар алқасы жеңіске жеткен топты анықтап, марапаттап,мақтау қағазы мен сыйлықтар табыс етті. Медбике барлық жарысқа қатысушыларға денсаулық тілеп, дәрумендер таратты. Жарыс өз мәресіне жетті.

Жүргізуші:

Бүгін міне оң болып,әр ісіміз,

Жоғары боп күш-жігер,намысымыз

Осылайша қуанышпен думандатып,

Аяқталды халайық жарысымыз!

Page 5: bilimaktobe.kzbilimaktobe.kz/images/word/Bayzhanova.docx · Web view4 «101 жұмбақ» қыс мезгілі туралы жұмбақтар 1.Аяз қысып,өрнек сызып,
Page 6: bilimaktobe.kzbilimaktobe.kz/images/word/Bayzhanova.docx · Web view4 «101 жұмбақ» қыс мезгілі туралы жұмбақтар 1.Аяз қысып,өрнек сызып,