22
Астана қаласы. Көлік және коммуникация колледжінің химия пәнінің оқытушысы Қасымбекова Ақбота. Химия 10-сынып. Сабақтың тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары (асты сызылған курсив сөздердердің орнына оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады) Оң жақ бағандағы тапсырмалар ды құрастырушы мұғалімдерд ің есіне: І кезең. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін өткізеді; б) өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үйде аяқтап орындап келу дәрежесі тексеріледі; в) төмендегі «Көпір» тапсырмаларын тексереді (алдымен жеке тексеріп шығады, сосын фрондалды тексереді). «КӨПІР» тапсырмалар ы (оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді) Сұрақтарға жауап бер: 1)Бейорганикалық қосылыстардың неше класы бар? Жауабы: Бейорганикалық қосылыстардың төрт класы бар 2)Оксидтер дегенім не? Жауабы: Оксидтер- біреуі оттек болып келетін екі элементтен құралған бинарлы қосылыс 3)Қышқылдар дегеніміз не? Жауабы: Қышқылдар дегеніміз – құрамында металл атомдары мен орын алмасуға бейім сутек атомдарынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар 4)4.Негіздер дегеніміз не? Жауабы: Негіздер дегеніміз – құрамында бір немесе бірнеше гидроксо топтармен байланыскан металл атомы кіретін күрделі заттар. 5)Тұздар дегеніміз не? Жауабы: Тұздар дегеніміз – металл атомынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар. 6)6, Электролиттер дегеніміз не ? Жауабы: Электролиттер дегеніміз судағы ерітінділері

Web viewМұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін өткізеді; б) өткен тақырып бойынша

  • Upload
    vodan

  • View
    282

  • Download
    6

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Web viewМұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін өткізеді; б) өткен тақырып бойынша

Астана қаласы. Көлік және коммуникация колледжінің химия пәнінің оқытушысы Қасымбекова Ақбота.

Химия 10-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары(асты сызылған курсив сөздердердің орнына оқушы дәптерінде бос орын

қалдырылады)Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:

І кезең. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін өткізеді; б) өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үйде аяқтап орындап келу дәрежесі тексеріледі; в) төмендегі «Көпір» тапсырмаларын тексереді (алдымен жеке тексеріп шығады, сосын фрондалды тексереді).

«КӨПІР» тапсырмалары

(оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді)

Сұрақтарға жауап бер:

1) Бейорганикалық қосылыстардың неше класы бар? Жауабы: Бейорганикалық қосылыстардың төрт класы бар

2) Оксидтер дегенім не? Жауабы: Оксидтер- біреуі оттек болып келетін екі элементтен құралған бинарлы қосылыс

3) Қышқылдар дегеніміз не? Жауабы: Қышқылдар дегеніміз – құрамында металл атомдары мен орын алмасуға бейім сутек атомдарынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар

4) 4.Негіздер дегеніміз не? Жауабы: Негіздер дегеніміз – құрамында бір немесе бірнеше гидроксо топтармен байланыскан металл атомы кіретін күрделі заттар.

5) Тұздар дегеніміз не? Жауабы: Тұздар дегеніміз – металл атомынан және қышқыл қалдығынантұратын күрделі заттар.

6) 6, Электролиттер дегеніміз не ? Жауабы: Электролиттер дегеніміз судағы ерітінділері тоқ көзін өткізетін заттар.

7) Бейэлектролиттер дегеніміз не? Жауабы: Бейэлектролиттер дегеніміз – судағы ерітінділері тоқ көзін өткізбейтін заттар.

ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.

1-қадам: теория бойынша

1)Оксидтер неше топқа жіктеледі? Жауабы: Оксидтер үшке бөлінеді: қышқылдық, негіздік, екідайлы (амфотерлі).

2)Қышқылдарды қалай жіктеуге болады? Жауабы:

Page 2: Web viewМұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін өткізеді; б) өткен тақырып бойынша

«Білу» үшін тақырып мазмұнынан кім? Не?кімнің? кімге? кімді? кімде? кімнен?кіммен? Қандай? Қай? Қашан? Не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелінуі керек..

Қышқылдар құрамына қарай қарай оттекті және оттексіз болып, олардағы сутек атомдарының сандарына қарай бір және көп негізді болып, бөлінеді.

3)Қышқылдардың жалпы қасиеті оның ерітіндісінде қандай катион болуына байланысты? Жауабы: Оның ерітіндісінде сутегі катионының болуына байланысты.

4)Негіздер диссоциацияға ұшырағанда қандай анион түзіледі? Жауабы: Негіздер диссоциацияланғанда гидроксид анионы түзіледі.

5)Негіздер қалай жіктеледі? Жауабы: Негіздер суда еритіндері сілтілер- және суда ерімейтіндері-негіздер болып бөлінеді.

6)Тұздар диссициацияланғанда қандай иондар түзіледі? Жауабы: Тұздар диссициацияланғанда металл катионы мен қышқыл қалдығы анионы түзіледі.

7)Тұздар қалай жіктеледі? Тұздар орта, қышқыл және негіздік тұздар болып бөлінеді.

2-қадам: теорияны «Түсіну» үшін неге? неліктен? себебі? не үшін? Дәлелде, түсіндір сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады (оларды тереңдету үшін)

1) Оксидтер неліктен амфотерлі деп аталады? Жауабы: Өйткені олар қышқылдық та, негіздік те қасиет көрсетеді.

2) Неліктен күшті қышқыл деп жіктейміз? Өйткені күшті қышқыл диссоциацияланғанда иондарға толық ыдырайды.

3) Не үшін қанттың ерітіндісі тоқ өткізбейді? Жауабы: Себебі, қанттың судағы ерітіндісі бейэлектролиттерге жатады.

4) Неліктен электролиттерді үш топқа жіктейді? Жауабы: Себебі, элетр тоғын өткізу қабілетіне байланысты электролиттер әлсіз, орташа және күшті болып үш топқа бөлінеді.

3-қадам: теорияны «Талдау» үшін

1.Салыстыр,

2. Айырмашылығы неде?

Венн диаграммасын толтыр:Бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі

Page 3: Web viewМұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін өткізеді; б) өткен тақырып бойынша

3. Ұқсастығы неде?

4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.

Тақырыптың басты идеясы. Бейорганикалық қосылыстар төрт: оксид - ЭхОу; қышқыл-НхАу; Негіз- Э(ОН)х және тұздарКхАу класына жіктеледі. арқылы құрылған тірек-сызбаны толтыр.

4-қадам: теорияны «Жинақтау» үшін Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған

Жоғарыдағы айтылғандардан қорытынды шығарып, мазмұнды жүйеле

Біреуі оттек болып келетін бинарлы қосылыстарды оксидтер деп атаймыз

Құрамында металл атомы мен қышқыл қалдығынан тұратын күрделі қосылыстарды

қышқылдар деп атаймыз

Құрамында бір немесе бірнеше гидроксо топтан және металл атомынан тұратын күрделі

Page 4: Web viewМұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін өткізеді; б) өткен тақырып бойынша

жауабына қойылады.

қосылыстарды негіздер деп аталады.

Тоқ өткізетін заттар электролиттер

Тоқ өткізбейтін заттар бейэлектролиттер

Оқулықпен жұмыс (5 минут): төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға беруі» тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады . Нәтижесі ауызша марапатталады.

5-қадам: практика жүзінде «Қолдану» (оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым

Екідайлы оксидтер мен гидроксидтердің химиялық қасиеттеріндегі ортақ қасиеттерге мысал келтір. Сәйкес реакция теңдеуін жазып түсіндіріңдер. Жауабы:

ZnO+2HNO3= Zn(NO3)2 +H2OZnO+ 2NaOH= Na2ZnO2+H2O

Zn(OН)2+2HNO3= Zn(NO3)2 +2H2OZn(OН)2+ 2NaOH= Na2ZnO2+2 H 2O

Page 5: Web viewМұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін өткізеді; б) өткен тақырып бойынша

тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады6-қадам: : практика жүзінде «Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады

1) 1. Берілген заттардың атын ата. а) CaO б) Al2O3 в) Са(ОН)2 г) Н3 РО4 д) Са3(РО4)2 е) NaHSO4, ж) BaOHCl, және SO3 . Жауабы: а) CaO – кальций оксиді б) Al2O3 – алюминий оксиді; в) Са(ОН)2 - кальций гидроксиді; г)Н3 РО4

– фосфор қышқылы; д) Са3(РО4)2 – кальций фосфаты е)NaHSO4 – натрий гидросульфаты; ж) BaOHCl – барий гидроксохлориді және SO3 – күкірт(VІ) оксиді.

2) Берілген оксидтердің сумен әрекеттескендегі түзілуге сәйкес гидроксидтердің формулаларын жазыңдар.

Ж: H2SO4, Са(ОН)2, H2CrO4, CrO-сумен әрекеттеспейді.

ІІІ кезең: Деңгейлік тапсырмаларды орындап, балл жинау

ІІІ кезең (кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады. Қалған тапсырмаларлы үйде аяқтап келеді. Қорытынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.

І деңгей (5 балл)

1-қадам: теория бойынша «Білу»

1) Мына қосылыстарды H2SO4, NaOH, HCl Ba(OH)2

қышқылдар және негіздерге қалай ажыратасың? Жауабы:

Page 6: Web viewМұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін өткізеді; б) өткен тақырып бойынша

үшін тақырып мазмұнынан кім? Не?кімнің? кімге? кімді? кімде? кімнен?кіммен? Қандай? Қай? Қашан? Не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелінуі керек.

Қышқылдарға H2SO4, HCl және негіздерге NaOH, Ba(OH)2

2) Қышқылдық оксид сумен әрекеттесіп қандай зат түзеді? Мысал келтір. Жауабы: Кейбір қышқылдық оксидтер сумен әрекеттесіп қышқылдар түзеді:

Р2O5+ЗН2O=2Н3РO4, SO2+H2O=H2SO3

3) Белсенді металдар және олардың оксидтері сумен әрекеттесу нәтижесінде қандай заттар түзіледі? Мысал келтір. Жауабы: Екеуінде де негіз түзіледі.

2Li+2HOH=2LiOH+H2↑; 2LiO+HOH=2LiOH4) Хлордың +1,+3,+5,+7 тотығу дәрежесі болатын

құрамында оттегі бар қышқылдардың химиялық формулаларын жаз.Жауабы: НСlO; HClO2; HClO3 және HClO4.

2-қадам: практика жүзінде «Қолдану» (оқулықпен жұмыс.ІІ кезеңнің 5-қадамындағы қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады)

5) Бос орынға қажетті қосылыстардың химиялық формулалр мен сөздерді жаз:

1) Оксидтерге BaO, CaO, MgO бинарлы қосылыстар жатады.

2) Электролиттерге HCl; NaOH; H2SO4 жатады.3) Бейэлектролиттерге глицерин және қант ерітіндісі

жатады.

1-аралық нәтиже:Бірінші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік (білім, біліктілік) деңгейінің сапалық өлшемі (бірінші аралық өлшемі): – «дұрыс», «толық» деген білім сапасының түрлерімен сипатталады (Ю.К.Бабанский). Оқушының бұл алғашқы қадам нәтижесінің сандық өлшемі – бес балл = «сынақтан өтті» = «қанағаттандырарлық» білім деңгейінің өлшемі = «3» журналға қойылады, егер келесі деңгей тапсырмаларын меңгере алмаса.

ІІ деңгей: (5 балл + 4 балл = 9 балл)

3а-қадам: теорияны «Түсіну» үшін неге? неліктен? себебі? не үшін? Дәлелде, түсіндір

1. Келтірілген: MgO, Li2O, SO2, N2O4 оксидтер сумен әрекеттесе ме? Әрекеттессе қышқылдық оксидтердің аттарын теріп, жаз.

Жауабы:Li2O + Н2О= 2 LiOН MgO + Н2О= Mg ( O Н) 2

N2O4+ Н2О= НNO2+ НNO3

Page 7: Web viewМұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін өткізеді; б) өткен тақырып бойынша

сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады (оларды тереңдету үшін)

SO2 + Н2О= Н2SO3

Н2SO3 –күкіртті қышқыл; НNO2 – азотты қышқыл; НNO3- азот қышқылы.

3б-қадам: теорияны «Талдау» үшін

1.Салыстыр,

2. Айырмашылығы неде?

3. Ұқсастығы неде?

4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. ІІ кезеңде Венн диаграммасы арқылы орындалған тапсырманы кесте түрінде беріп, баланың білімін тексеруге болады.

2. Сөзжұмбақты шеш:1) Бейорганикалық қосылыстар неше класқа бөлінеді?2) Негіз бен қышқыл әрекеттескенде түзілетін өнімдер?3) Қышқылдық та, негіздік те қасиет көрсетеді:4) Күрделі бір типті бейорганикалық қосылыстардың

арасында қандай байланыс бар?5) Э(OH)х бейорганикалық қосылыстардың қай

кластарына тән?

т ө р т

т ұ з д а р

о к с и д т е р

г е н е т и к ан е г і з д е р

4-қадам: практика жүзінде «Қолдану. ІІ-кезеңдегі қарапайым тапсырмаларының өзгертілген

3. Фосфордан ортофосфор қышқылын қалай алудың химиялық реакция теңдеулерін жаз.

a) 4Р + 5O2=2Р2O5 Р2O5 +3Н2О= 2Н3 РO4

b) Р + 5НNO3 = Н3 РO4+ 5NO2+ Н2О4. Есеп. 10 кг NaNO3-натрий селитрасына концентрлі

күкірт қышқылымен әсер еткенде қанша азот қышқылын алуға болады? Жауабы:

2NaNO3+ Н2SO4=Na2SO4+ 2НNO3

Page 8: Web viewМұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін өткізеді; б) өткен тақырып бойынша

жағдайдағы нұсқалары орындалады.

М(NaNO3) = 85г/моль; ᴠ(NaNO3) = 10000/85=117,65 моль;ᴠ(NaNO3) =117,5 моль;М(НNO3) = 63г/моль;m(НNO3) = ᴠ *М = 117,5 моль¿63г/моль=7412г.

2- аралық нәтиже: Екінші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік деңгейдің сапалық өлшемі (екінші аралық өлшемі): – оқушының бірінші деңгейдегі «дұрыстылық» пен «толықтылдық» деп аталатын білім сапасының түрлеріне «тереңділік» пен «әрекеттілік» сияқты түрлері қосылады. Білім, біліктілік сапасының сандық өлшемі – алғашқы жинаған бес баллға + 4 балл = 9 балл = «4» , яғни «жақсы» деген баға журналға қойылады, егер оқушы келесі деңгейді меңгере алмас

ІІІ деңгей: (5 балл + 4 балл + 3балл = 12 балл)

5-қадам: теорияны «Жинақтау» үшін Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады.

ІІ-кезең, 4-қадамда «жинақтауға»

1. Берілген оксидтердің Na2O, CaO, SiO2, Al2O3, P2O5, SO3, PbO, NO. ішінен қайсысы бір-бірімен әрекеттеседі.

Жауабы:оксид

Na2O CaO SiO2 Al2O3

P2O5 SO3 PbO NO

Na2OCaOSiO2

Al2O3

P2O5

SO3

PbONO

-++++--

-

++++--

++

+--+-

+++

++--

++-+

-+-

++-+-

+-

--+-++

-

-------

Na2O+ SiO2= Na2SiO3;Na2O+ Al2O3= 2NaAlO2;3Na2O+ P2O5= 2NaPO4;Na2O+ SO3= Na2SO4;Өйткені: қышқылдық оксид + негіздік оксид = тұз түзеді.

2. Есеп. 15,5г фосфордан қанша ортофосфор қышқылын алуға болады? Жауабы:

4Р + 5O2=2Р2O5 Р2O5 +3Н2О= 2Н3 РO4

Р + 5НNO3 = Н3 РO4+ 5NO2+ Н2О15,5 г фосфор 15,5:31= 0,5 моль болса, осыған сәйкес 0,5 моль ортофосфор қышқылын аламыз, m(Н3 РO4) =98*0,5 =49 г.

Page 9: Web viewМұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін өткізеді; б) өткен тақырып бойынша

берілген тапсырма басқа формада беріліп, баланың білім деңгейі бағаланады.

6-қадам: : практика жүзінде «Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмаларды орындату арқылы оқушының жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге қолдана алу дәрежесі бағаланады.

Сен қалай шешесің?

Жауабы:1) 2Na+Cl2=2NaCl;

ЭЛЕКТРОЛИЗ

2) 2NaCl 2Na+Cl2;3) 2Na+ 2Н2О = 2 NaOH + Н2

4) 2Na+О2= Na2O2;5) Na2O2+2Na= 2Na2O;6) Na2O+ Н2О= 2NaOH.

3-нәтиже:Үшінші деңгейдің нәтижесі (түбегейлі көзделген нәтиже): алғашқы екі деңгейде жинаған 9 баллға + 3 балл =12 балл = «5» журналға қойылады. Оқушының білім сапасы білім стандарты көлемінде «дұрыс», «толық», «әрекеттілік» пен «тереңділік»-ке «жүйелілік» пен «саналылық» қосылып, барлығының жиынтығы «берік» білім болып саналады (Ю.К. Бабанский).

Na →1 NaCl →2 Na

↓4 ↓3

Page 10: Web viewМұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін өткізеді; б) өткен тақырып бойынша

Сабақтың тақырыбы: «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары жөніндегі мағлұматтарды қорытындылау».

Сабақтың мақсаты: «Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары бойынша оқушылардың алған білімдерін бекіту. Заттардың құрамын, қасиеттерін салыстыра білуге, заттарды жіктеп, олардың арасындағы генетикалық байланыс туралы білімдерін қорытындылауға үйрету, ізденіс ахуалын қалыптастыру арқылы әрбір оқушының табысқа жетуіне мүмкіндік беру». Химиялық формула, теңдеу құру дағдыларын, есеп шығару білімдерін дамыту. Пәнге қызығуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Өздігімен жұмыс жасау.

Көрнекілігі: Дидактикалық таратпалар, химиялық реактивтер, сынауықтар т.б. көрнекіліктер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі (1 мин).

а) Оқушылармен сәлемдесу.

ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.

2. «Мимен жұмыс» ойынын ұйымдастыру (3 мин).

3. Оқушыларға ауызша сұрақ қою (3 мин).

4.«Ойлан, тап» ойыны (5 мин).

Page 11: Web viewМұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін өткізеді; б) өткен тақырып бойынша

5. Деңгейлік тапсырмалар орындау (10 мин).

6. Генетикалық байланысқа байланыстьы зерханалық жұмыстарды орындау (10 мин).

7. Есеп шығарту (10 мин)

8. Сабақты қорытындылау (1 мин).

9. Оқушыларды бағалау (1 мин).

10. Үйге тапсырма беру (1 мин).

Сабақтың мазмұны: Оқушылармен сәлемдесіп назарларын сабаққа аудару. Сабақтың негізгі мақсатымен оқушыларды таныстырып өту.

1 тапсырма. «Мимен жұмыс» тақтада мынадай кесте сызылған.

Оксидтер Негіздер Қышқылдар Тұздар

Негіздік Қышқылдық Сілтілі Ерімейтін Орта Қышқыл

Төрт оқушыны шақырып химиялық формулалар жазылған карточканы үлестіру. Әркім өз тобын тауып алып, формуланы сәйкес келген бағанға жазады.

2 тапсырма. Қалған оқушылар ауызша сұраққа жауап береді:

- Оксид дегеніміз не, қалай жіктеледі? Мысал келтір.

- Көмір қышқыл газы суда ерігенде қандай зат түзіледі?

- Қышқыл дегеніміз не, қалай жіктеледі?

- Негіз дегеніміз не, қалай жіктеледі?

- Гидрооксотоптың валенттілігі нешеге тең?

- Қышқыл қалдығының валенттілігін қалай анықтауға болады?

- Тұздар дегеніміз не, қалай жіктеледі?

3 тапсырма. «Ойлан тап» ойыны ойнатылады. Тақтаға көрсетіліп қойған реакция теңдеулеріндегі белгісіз затты табу керек.

+ +

Page 12: Web viewМұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін өткізеді; б) өткен тақырып бойынша

+ +

Оқушылар тақтада берілегн реакция теңдеулерін аяқтап, теңістіріп, аттарын жазу керек.

а) Ca + O2

HNO3 + Ca (OH)2

AI (OH)3

H3 PO4 + Na CI

ә) AI2 O3 + H2 SO4

Ca (OH)2

HCI + Na 3 PO4

AI (OH)3 + HNO3

б) P2 O5 + H2 O

CO2 + Ca O

H2 SO4 + AI PO4

Ba (OH)2 + HNO3

4 тапсырма. Оқушылардың деңгейлік көрсеткішіне байланысты тапсырмалар беру. Әр таратылатын карточкалардың жанына деңгейлік көрсеткішін көрсететін белгілер қойылады.

Тапсырма №1

Мына қосылыстардың ішінен бір негізді қышқылдарды теріп жаз:

H2 SO4, Na2 O, HCI, H3 PO4, HBr.

Тапсырма №2

Көмір қышқылына сәйкес келетін оксидтің формуласын жаз. Екі негізді қышқылдарды жазып шық.

Тапсырма №3

Фосфор оксидінен фосфор қышқылын қалай алады. Реакция теңдеуін жаз.

Page 13: Web viewМұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін өткізеді; б) өткен тақырып бойынша

Тапсырма №4

Ренакция теңдеуін жаз.

а) Mg + HCI

б) AI + H2 SO4

Тапсырма №5

0,2 моль магний тұз қышқылымен әрекеттессе, нәтижесінде бөлінетін сутектің мөлшері қанша болады?

Тапсырма №6

200 гр ісзбес тас ыдырағанда түзілетін көмір қышқыл газдың көлемі қандай

5 тапсырма. Генетикалық байланысқа алған теориялық білімдерін практикалық ұштастыру мақсатында берілген реактивтерді пайдалана отырып өзгерістерді жүзеге асыруға тапсырма беру. Әр партаға керекті реактивтерді қоямыз.

Cu O Cu CI2 Cu (OH)2

6 тапсырма. Оқушылардың өздігімен есеп шартын құра білуге үйрету үшін мынандай тапсырма беріледі.

3,7 гр Х гр

Ca (OH)2 + CO2 Ca CO3 + H2 O

Х гр 16,4 гр

Ca O + 2HNO3 Ca (NO3 )2 + H2 O

Осы берілген реакция теңдеулерінен есеп шартын құрып, шығарады.

7 тапсырма. Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар «білемін, білгім келеді, үйрендім» карточкасын толтырады.

Page 14: Web viewМұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін өткізеді; б) өткен тақырып бойынша

Сабақтың тақырыбы: «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары» тарауын қайталау. 

Білімдік мақсаты: Оқушылардың осы тарау бойынша алған білімдерін тексеру, оны толықтырып саралау, жеке тұлғаны дамыту. 

Тәрбиелік мәні: Оқушыларды адамгершілікке, табиғатты қорғауға, кәсіптік бағдар беруге, әділдікке, сауаттылыққа тәрбиелеу. 

Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін, таным қабілетін, өз бетімен жұмысын, пәнге қызығушылығын дамыту. 

Әдісі: аралас сабақ, сұрақ-жауап, сауалнама, тәжірибе демонстарциялау. 

Көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек сызбасы, құрал-жабдықтар, реактивтер т.б. 

Пәнаралық байланыс: математика, физика, биология. 

Сабақтың жүрісі: 

Page 15: Web viewМұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін өткізеді; б) өткен тақырып бойынша

І. Ұйымдастыру. 1-2 мин. 

ІІ. Үй тапсырмасы: Тұздар құрамы, химиялық қасиеттері. Алынуы. 5-7 мин. 

ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру. (тест, карточка түрінде) 

ІV. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау. а) сынып оқушыларын түгендеу. ә) сыныптың назарын тақтаға аудару. б) құралдарын тексеру. 

V. Жаңа білімді меңгерту 13-15 мин. 

VI. Жаңа сабақ: «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары» тарауын қайталау. 

І. «Болашаққа тек қана біліммен ...» айдарымен тарауды қорыту сабағын бастаймыз. 

ІІ. «Химия сенің қызығың Өмір бойғы азығың» Берілген оксидтерді жіктелуі бойынша жаз. Na2 O, SO2, MgO, Al2O3, NO, ZnO, P2O5 

қышқылдық негіздік екідайлы 

ІІІ. «Білгенге маржан» Берілген қышқылдарды ата, жіктелуі бойынша кестеге орналастыр. H2SO4, HCl, H3PO4, HNO3, H2CO3, HF 

оттекті оттексіз бір негізді екі негізді көп негізді 

ІV. «Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру» Лакмус индикаторын пайдаланып, қышқыл мен негізді ажырат. 

V. «Білімді мыңды жығар» Өзгерістердегі айналуларды жүзеге асыратын реакция теңдеуін жаз: 

Page 16: Web viewМұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін өткізеді; б) өткен тақырып бойынша

а) C →CO2 →H2CO3 →CaCO3 ә) Mg →MgO→Mg(OH)2 →MgSO4 

VI. Көп нүктенің орнына тиісті формуланы жаз: P2O5 + … = H3PO4 CaO + … = CaSiO3 Na2O + … = NaOH … + H2SO4 = MgSO4 + H2 ↑ K2O + … = KCl + H2O … + HCl = NaCl + H2O 

VII. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл». Берілген қосылысқа жеті түрлі атау беру. а) NaCl –натрий хлор, формула, күрделі зат, молекула, натрий хлориді, тұз, ас тұзы. ә) NaOH – натрий – О – аш, формула, күрделі зат, молекула, натрий гидроксиді, негіз, сілті. 

VIII. «Үшіншісі артық». Әр жолдағы басқа класқа жататын заттың формуласын сызып таста. а) BaO, CO2, CaO ә) HNO3, HCl, NaOH б) Na2SO4, H2SO4, BaCl2 в) Cu(OH)2, Al(OH)3, ZnSO4 

ІX. № 7 есеп. 124-бет. 

X. VII. Қорыту Химия-жыр әніміз, шаттанамыз Табысын пайдаланып мақтанамыз. Кең байтақ кенге толы Қазақстан Қойнауы алтын-күміс жатқан аңыз. Химия-ел ырысы, ғасыр үні Ғылымға қазіргі зор басын иді Талай жыл адамзатқа жұмбақ болған Ашылды табиғаттың жасырыны Тыңайтқыш молайған соң ауылымда Дән өсті туған өлке сауырында Ішсең-ас, кисең-киім, үй-жиһазы Химия дәру болған сауығуға. 

VIII. Үйге тапсырма: § 48, § 49. №8. 131-бет. 

IX. Бағалау. Белсенді оқушыларды марапаттау. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары» тарауын қайталау.

Page 17: Web viewМұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін өткізеді; б) өткен тақырып бойынша

можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы: