16
Мақсаты: Білімділік: балалардың бейнелі, ырғақты қимылдау дағдыларын жетілдіру . П.И.Чайковский шығармасымен таныстыра отырып, оның сипатын дұрыс анықтай білуге үйрету . Жыл мезгіліндегі өзгерістер туралы білімдерін толықтыру . Дала жануарларының қимылын қозғалыспен бейнелей білуге баулу .. Дaмытушылық: әуендік, динамикалық есту, ырғақ сезгіштік қабілеттерін дамыту . Музыка ырғағымен нақты қимылдар жасауға, ойнауға талпындыру . Тәрбиелік: балалардың туған жеріне, табиғатқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын ояту . “Балапан” бөбекжайы Бекшина Умит Советовна музыка жетекшісі Тақырып: «Орманда серуендейміз»

Умит Тақырып «Орманда серуендейміз»dar-uchitelya.ru/wp-content/uploads/2019/02/...Музыкалық аспаптар. Ендеше, осы шулы

  • Upload
    others

  • View
    43

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Мақсаты: Білімділік: балалардың бейнелі, ырғақты қимылдау дағдыларын жетілдіру. П.И.Чайковский шығармасымен таныстыра отырып, оның сипатын дұрыс анықтай білуге үйрету. Жыл мезгіліндегі өзгерістер туралы білімдерін толықтыру. Дала жануарларының қимылын қозғалыспен бейнелей білуге баулу.. Дaмытушылық: әуендік, динамикалық есту, ырғақ сезгіштік қабілеттерін дамыту. Музыка ырғағымен нақты қимылдар жасауға, ойнауға талпындыру. Тәрбиелік: балалардың туған жеріне, табиғатқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын ояту.

“Балапан” бөбекжайы

Бекшина Умит Советовна музыка жетекшісі

Тақырып:

«Орманда серуендейміз»

«Марш» Р.Шуман ойналады.

Балалар бүгін қысқы орманға серуенге шығамыз.

Шаңғы ,шана сайла

Конькиіңді байла.

Думандатып ойна,

Қыс қызығын тойла,

деп, орманға тез жету үшін шаңғы теуіп барайық.

Балалар , міне орманға да жеттік. Айналаға қараңдаршы,

аппақ қар, ақ жамылған ағаштар. Ауасы қандай таза. Осы

таза ауада тыныс алып көрейікші.

Балалар, тыңдаңдаршы, орман жақтан дыбыстар

естілетін сияқты

Қоянның жүгіріп келе жатқандағы музыкасы

(Үнтаспадан ойналады)

Түлкінің әуені орындалады

Қасқырдың әуені естіледі

Балалар, сендер шаршадыңдар, енді орнымызға отырып дем

алайық.

Бүгін біз сендермен орыстың ұлы композиторы

П.И.Чайковскийдің шығармасымен танысамыз.

Шығарманы тыңдамас бұрын

қыс мезгілінің ерекшеліктерін

атап өтейікші.

Қыс қандай?

- Күн суытады;

- Боран болады

- Айналаның бәрін аппақ қар

басады;.

-Адамдар жылы киінеді;

Музыкa тыңдaу: П.И.Чайковский «Қыс».

Әуен қалай орындалды?

Қатты ма, әлде ақырын ба?

Қандай аспапта орындалды?

Композитор қыс мезгілін қалай суреттеп тұр?

(Жылы, көңілді, жеңіл)

Саусақ жаттығуы: «Ақ боран» (Саусақ жаттығуы)

Ақ боран ау, ақ боран.

Алай, түлей соқ боран.

Ақ қар ұшып үйірілсін,

Ауламызға үйілсін.

Алдымен дауысымызды жаттықтырып алайық.

«Жоғары, төмен» жаттығуы.

«Қыс» жаттығуы.

Балалар, тыңдайықшы, бір дыбыс естілетін сияқты.

Ол не екен келе жатқан?

(Қардың сықыры естіледі, аю келеді, қолында себеті бар).

Аю : мен ұйықтап жатыр едім, әдемі ән естіп оянып кеттім.

Сендер екен ғой менің орманымда шулап жүрген.

-Біз, қысқы орманға серуенге келдік. Ән «Қыс қызығы» орындау.

-Осы қыстан кейін қандай жыл мезгілі келеді?

Иа. Барлық тіршілік әлемі ұйқысынан оянады. Ендеше

біз қазір осы «Көктем» мезгілі туралы ән үйренейік.

Ән «Көктем» орындау, балаларға үйрету. (Сұрақтар қою)

Аю: әнді жақсы айтады екенсіңдер. Менің сендерге әкелген

сиқырлы себетім бар.

-Қане көрейікші, балалар, аю бізге қандай сыйлық әкелді

екен?

Музыкалық аспаптар

Ендеше, осы шулы аспаптарда ойнап көрейік.

(аспаптарды балаларға таратады.)

«Янка» пьесасы.

Аю. Тағы да қандай өнерлерің бар?

- Біздің балалар, би де билей алады.

«Вальс» биін қайталау, келесі қимылды үйрету.

Балалар, аюмен бірге ойын ойнасақ қайтеді? Олай болса,

орман алаңында ізде ойынын ойнайық. (Ойын «Ізде».)

Аю: сендердің менің орманыма келгендерің қандай жақсы

болды. Көңілім көтеріліп қалды.

Музыка жетекшісі: енді біз кешікпей балабақшаға қайтайық.

Аю: Сау болыңдар. (музыка орындалады.)