16
«Ұлы жеңіске – 70 жыл!» Тақырыбы: «Ұлы жеңіске-70 жыл!» (тәрбие сағаты) Мақсаты: Балаларға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, гүлдер, шарлар, батырлардың суреттері, Ұлы Отан соғыс кезіндегі техникалар. Өтілу барысы: Топ ішін безендіру. Музыка ойнап тұрады. Әнұран» Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс

Uskz.Orguskz.org/_ld/19/1964_m77.docx · Web viewМомышұлы Бауыржан (1910 - 1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері,

  • Upload
    others

  • View
    23

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Uskz.Orguskz.org/_ld/19/1964_m77.docx · Web viewМомышұлы Бауыржан (1910 - 1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері,

«Ұлы жеңіске – 70 жыл!»Тақырыбы: «Ұлы жеңіске-70 жыл!» (тәрбие сағаты)

Мақсаты: Балаларға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, гүлдер, шарлар, батырлардың суреттері, Ұлы Отан соғыс кезіндегі техникалар.

Өтілу барысы: Топ ішін безендіру. Музыка ойнап тұрады.

Әнұран»

Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «Ұлы жеңіске -70жыл» атты ашық тәрбие сағатымыз Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады.

Page 2: Uskz.Orguskz.org/_ld/19/1964_m77.docx · Web viewМомышұлы Бауыржан (1910 - 1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері,

«Батыр бала Болатбек» әні орындалады.

1-жүргізуші: Төрт жыл бойғы қанды қырғыннан кейін, қырық бестің көктемінде дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Ерлік пен еңбек жеңіп шықты. «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады. Осынау сөздер соғыстан қаза тапқандар ескерткішіне де қашалып жазылған.

2-жүргізуші:

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Page 3: Uskz.Orguskz.org/_ld/19/1964_m77.docx · Web viewМомышұлы Бауыржан (1910 - 1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері,

1-жүргізуші

Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетінің батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес.

2-жүргізуші

Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22 - де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 - мамырда бұл соғысты да Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 70 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы.

Үнтаспадан тыңдау:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 1941 жылы 22 - маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын - қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.

1-жүргізуші: Соғыстың алғашқы күндерінен бастап - ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір ауыл, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.

Page 4: Uskz.Orguskz.org/_ld/19/1964_m77.docx · Web viewМомышұлы Бауыржан (1910 - 1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері,

1-оқушы Жаннұр

Соғыс жалмап аға - іні бауырды,

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

Жалғызынан айырыпты ананы,

Әкесінен айырыпты баланы.

2-жүргізуші:

Осы соғыста Кеңес одағының басқа республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында 1 млн 870 мың қазақстандықтар болған.

1-жүргізуші

Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты.

2-жүргізуші

- Иә, кеудесін оққа төсеген қазақтың қарапайым қызы Мәншүк қас дұшпанынан елін қорғаған еді.

1-жүргізуші

Момышұлы Бауыржан (1910 - 1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері - Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.

2-жүргізуші

Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады.

Мұғалім: Батырлар туралы тақпақтарды кім біледі?

Page 5: Uskz.Orguskz.org/_ld/19/1964_m77.docx · Web viewМомышұлы Бауыржан (1910 - 1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері,

2-оқушы Назым

Әлияны бұл күнде

Барлық бала біледі

Әлия атты көңілде

Әпкеміз деп жүреді.

Аты аңыз, жыр қылып,

Елдің батыр түлегі.

Әр жүректе тұр күліп,

Әлия атты батыр қыз.

3-оқушы Қымбат

Мәншүк апай батыр қыз

Ардақтаймыз атын біз!

Ұқсап Мәншүк апайға

Өсіп келе жатырмыз!

4-оқушы Мади

Қайтпаған жауыннан

Қаһарман Бауыржан

Қан ішер фашисті

Қырды ол мыңдаған.

Ерлігі әрқашан

Есімде сақталады

Ұрпағы ұмытпайды.

Өмірінен үлгі алады.

Page 6: Uskz.Orguskz.org/_ld/19/1964_m77.docx · Web viewМомышұлы Бауыржан (1910 - 1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері,

Мұғалім:

- Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте берді, күте берді.

5-оқушы Жақсылық

Жеңіс келді далама,

Жеңіс келді қалама,

Жеңіс келді әке боп

Елдегі көп балаға.

1-жүргізуші

Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті.

Мұғалім:

Арылтып жаудан жеріңді

Табанға жаншып өлімді

Жеңіспен желпіп өмірді

Оралды ерлер көңілді

Десеңдер бұл қай күні ?

Тоғызыншы мамыр күні!

Міне осы күннің құрметіне біз қыздар мен жігіттерді катюша биін орындауға ортаға шақырамыз.

Page 7: Uskz.Orguskz.org/_ld/19/1964_m77.docx · Web viewМомышұлы Бауыржан (1910 - 1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері,

 2-жүргізуші

- Балалар, жеңіс туралы тақпақтар айтайық.

6-оқушы Ақбота

Жеңіс келді ән болып,

Келді ауылға сән көрік

Жеңіс келді алақай,

Ұмытылмас мәңгілік.

7-оқушы Иманжүсіп

Жүйрік озар әйгілі

Күні бүгін бәйгенің

Ура, Ура балалар!

Тоғызыншы май бүгін.

1-жүргізуші

Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т. б. өз жерлестеріміз: Тулақбаев Арон ата, Аяпбергенов Қамеш ата.....

Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. 1 минут еске алу. (әуен ойнайды.)

Page 8: Uskz.Orguskz.org/_ld/19/1964_m77.docx · Web viewМомышұлы Бауыржан (1910 - 1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері,

Мұғалім:. Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақтың өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік. Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, мектепте алаңсыз білім алып жатқанымыз, шаттана күлгеніміз,

жайраңдап күлгеніміз - бәрі де сол Ұлы Отан соғысы Жеңісінің жемісі. Әрине, соғыс болмасын! Біздер соғысқа қатысып батыр болмайық. Біз бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық. Ел үшін аянбай еңбек етіп, білім алып, өз жеріміздің патриоттары болуға мүмкіндіктер бар

Мұғалім: Балалар, біздің шекараны кім қорғайды? (солдаттар)

8-оқушысы Әдемі

Шекарада солдат тұр.

Ел бақытын қорғап тұр.

Көңілденсін ағалар,

Амандық хат жолдап тұр.

2-жүргізуші

«Жасырын суреттер» - деген ойынымызды тамашалаңыздар. Бұл жерде оқушыларға жылдамдық керек.

Ортаға: Нұрмұхаммед және Иманжүсіпті шақырамыз.

Айбек және Адиді шақырамыз

Page 9: Uskz.Orguskz.org/_ld/19/1964_m77.docx · Web viewМомышұлы Бауыржан (1910 - 1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері,

2-жүргізуші

Қазақ жастары Би

1-жүргізуші

Хор: «Атамекен»

Мұғалім: Осымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ұлы жеңіске – 70 жыл!» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

Page 10: Uskz.Orguskz.org/_ld/19/1964_m77.docx · Web viewМомышұлы Бауыржан (1910 - 1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері,
Page 11: Uskz.Orguskz.org/_ld/19/1964_m77.docx · Web viewМомышұлы Бауыржан (1910 - 1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері,
Page 12: Uskz.Orguskz.org/_ld/19/1964_m77.docx · Web viewМомышұлы Бауыржан (1910 - 1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері,

«Мұрагер» үш тілді арнаулы дарынды балалар мектебі

Ашық тәрбие сағаты

Сыныбы: 1 «К» Тақырыбы: Ұлы жеңіс- жасасын ! Сынып жетекшісі: Аманова Н.Б

Қызылорда 2014-2015 оқу жылы

Page 13: Uskz.Orguskz.org/_ld/19/1964_m77.docx · Web viewМомышұлы Бауыржан (1910 - 1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері,