22
Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы Нысан ПМУ ҰС Н 7.18.3/37 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Филология, журналистика және өнер факультеті Шетел филология кафедрасы 050119 – «Шет тілі: екі шет тілі» мамандық студенттеріне арналған «Шетел тілдерін оқытудың қазіргі әдістемесі» ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

tou.edu.kz · Web view050119 – «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығы күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған

  • Upload
    others

  • View
    21

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: tou.edu.kz · Web view050119 – «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығы күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus)

титулдық парағы

НысанПМУ ҰС Н 7.18.3/37

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Филология, журналистика және өнер факультетіШетел филология кафедрасы

050119 – «Шет тілі: екі шет тілі» мамандық студенттеріне арналған

«Шетел тілдерін оқытудың қазіргі әдістемесі»

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Page 2: tou.edu.kz · Web view050119 – «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығы күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған

Павлодар

Page 3: tou.edu.kz · Web view050119 – «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығы күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған

Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus)

бекіту парағы

НысанПМУ ҰС Н 7.18.3/38

БЕКІТЕМІНФЖжӨ факультетінің деканы___________ Сарбалаев Ж.Т. 20__ж. «___»____________

Құрастырушы: _____________ аға оқытушы Дуненкулова Р.Ғ.

Шетел филология кафедрасы

050119 – «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығы күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған

«Шетел тілдерін оқытудың қазіргі әдістемесі»пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)

Бағдарлама «___» _________20__ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.

200_ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама. Кафедра меңгерушісі ______________ Каирбаева А.К. 20__ж. «____» ________

Факультет оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған_____________________________ 200_ж. «_____»____________№____ хаттама

ОӘК төрағасы ________________ Жуманкулова Е.Н. 200_ж. «_____»___________

Page 4: tou.edu.kz · Web view050119 – «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығы күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған

1 Оқытушы туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары Дуненкулова Рымкеш Ғалымқызы Шетел филология кафедрасының аға оқытушысы[email protected]Шетел филология кафедрасы Ломов көш. 64 орналасқан оқу ғимаратында А-422 аудиториясында орналасқан. Байланыс телефоны 67-36-31, ішкі тел. 11-33.

2 Пән туралы мәліметтерБұл пән 5 семестрде оқытылады, пәнге 135 сағат берілген, оның ішінде тәжрибелік 45 сағат, СӨЖ 90 сағат. Қорытынды бақылау – 5 семестрдің соңында емтихан тест түрінде өтеді.

3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Сем

естр

Кре

дитт

ар

саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша қарым-қатынас сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат

саны Бақылау нысаныбарлы-

ғы Дәріс практи-ка

Зертха-налық

студия-лық жеке барлығы СРСП

5 3 - - - - - - - - емтБар-лығы

4 Пәннің мақсаты және тапсырмасы 4.1 Пәннің мақсаты – - Студенттерде зерттеу нысаны мен пәні, оның дамуын анықтайтын заңдылықтары мен заңдары, ұғымдық-категориялық аппараты мен ғылыми зерттеу әдіс- тәсілдері бар өз алдына жеке ғылым ретінде әдістеме туралы ғылыми көзқарас қалыптастыру - Студенттерді әдістемелік ғылымның қазіргі жағдайы және негізгі даму тенденциялармен таныстыру - Шетел тілдерін оқыту әдістемесі мен теориясына болашақта шетел тілін оқыту үшін қажет білім мен біліктіліктердің біртұтас жүйесі ретінде сипаттама бе - Болашақ кәсіби өмірде оқу тәрбие міндеттерін жүзеге асырудың тиімділігін арттыру мақсатында ғылыми ізденіс жұмыстары мен тәжірибелер нәтижелерін бүртұтастандырудың әдістемелік негіздерін қамтамасыз ету

4.2 Пәннің міндеттері – Студенттерде төмендегідей біліктіліктерді қалыптастыру:-Кәсіби әдістемелік міндеттерді шешу мақсатында шетел тілдерін оқыту әдістемесі мен оған негіз болатын ғылымдар: тіл білімі, психология, психолингвистика және педагогика бойынша ғылыми білімді енгізу

Page 5: tou.edu.kz · Web view050119 – «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығы күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған

-Шетел тілдерін оқыту барысында алдыңғы қатардағы педагогикалық, соның ішінде, компьютерлік технологияны тиімді және шығармашылық тұрғыдан қолдана білу-Прогрессивтік педагогикалық тәжірибені талдау және қорытындылау-Іздену-зерттеу жұмыстарын жүргізу

5 Білімге, икемділікке және машықтарға қойылатын талаптар 5.1 Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер келесіні білуі керек:

5.2 Білуге тиіс:- Әдістеме ұғымы ;- Шетел тілдерінің мұғалімдерін кәсіби даярлау жүйесіндегі шетел тілдерін оқытудың әдістемесінің рөлі мен орнын- Шетел тілдерін оқыту әдістемесінің дамуының қысқаша тарихын- Шетел тілдерін оқыту әдістемесінің теориялық-әдіснамалық негіздерін- Шетел тілдеріне оқытудың әдістемелік негіздерін- Шетел тілінде тілдік қарым-қатынасқа үйретуді- Шетел тілінен білімді, іскерлік пен дағдыларды тексеруді және ескеруді- Шетел тілінде оқу процесін жоспарлауды және ұйымдастыруды

5.3 Игеру керек:

- Шетел тілдерін оқыту барысында алдыңғы қатардағы педагогикалық, соның ішінде, компьютерлік технологияны тиімді және шығармашылық тұрғыдан қолдана білуді.

- грессивтік педагогикалық тәжірибені талдауды және қорытындылауды.

- Іздену-зерттеу жұмыстарын жүргізуді.

6 ПререквизиттерОсы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар қажет: «Философия», «Педагогика», «Психология», «Социология», «Тіл біліміне кіріспе»;

7 Постреквизиттер Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: «Екінші шетел тілінің әдістемесі», «Арнайы бағытталған әдістеме», «Шетел тілдерін оқытудың тарихы», «Шетел тілдерін оқытудың психологиясы»

Page 6: tou.edu.kz · Web view050119 – «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығы күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған

8 Тақырыптық жоспар

ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫКүндізгі ЖОБ негізінде

№ п/п Тақырыптың атауы Сағат саны

5 семестр Дәріс

Зертханалық

СӨЖ

1 2 3 4 51 Шетел тілдерін оқыту

әдістемесінің теориялық-әдіснамалық негіздері

2 2 15

2 Шетел тілдеріне оқытудың әдістемелік негіздері

4 4 15

3 Шетел тілінде тілдік қарым-қатынасқа үйрету

6 6 15

4 Шетел тілінен білімді,іскерлік пен дағдыларды тексеру және ескеру

4 4 15

5 Шетел тілінен оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру

4 4 15

6 Мұғалімнің кәсіби іскерлігі-шетел тілін оқыту.

2,5 2,5 15

барлығы

5 семестр бойынша 22,5 22,5 90

9 Пәннің қысқаша сипаттамасы (5-8 сөйлем)Шетел тілдері мұғалімінің кәсіби іскерлігінің ерекшелігі одан тек шетел тілдерін оқыту саласындағы білім,дағдылар мен біліктіліктер жүйесін меңгеруді ғана талап етіп қоймайды, сонымен қатар жеке тұлғалық қасиеттерді- ақыл-ой ұшқырлығын, жүйелі ойлауды, белсенділікті, динамикалық түрде өзгеріп тұратын өмір және кәсіби өмір жағдйларына бейімделе білуді, кәсіби міндеттерді шешуге шығармашылық тұрғыдан қарауды,өзін-өзі үздіксіз жетілдіруге дайын болуды талап етеді. 1-ші тақырып. - Әдістеме ұғымы - Шетел тілдерінің мұғалімдерінің кәсіби даярлау жүйесіндегі шетел тілдерін оқытудың әдістемесінің рөлі мен орны - Шетел тілдерін оқыту әдістемесінің дамуына қысқаша тарихи шолу.2-ші тақырып. - Әдістеме ғылым ретінде. Әдістеменің нысаны мен пәні. Әдістеменің оған негіз болатын ғылымдармен байланысы.-Әдістемелік ғылымдағы ғылыми ізденістің әдістері.

Page 7: tou.edu.kz · Web view050119 – «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығы күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған

3-ші тақырып. - Әдістеменің негізгі категориялары- мақсаттар, мазмұн, принциптер, әдістер, оқыту құралдары мен оқыту жүйесі. - Шетел тіліне оқытуды ұйымдастырудың қазіргі әдістері. Жеке тұлғаға бағытталған әдіс.4-ші тақырып. - «Вербалдық» коммуникация және «мәдениет аралық» коммуникация ұғымдары.5-ші тақырып. Коммуникативтікке бағытталған оқыту - дыбыстарды айту - сөздің лексикалық жағы - сөздің құрылымдық жағы 6-ші тақырып. Ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасауға үйрету - тыңдап түсінуге үйрету -қарым-қатынастың диалогтық, монологтық және полилогтық формаларына үйрету - оқуға және жазуға үйрету 7-ші тақырып. -Тексерудің қызметтері.Тексерудің түрлері мен формалары. - Сөз әрекетінің түрлеріндегі тексерудің нысаны. - Шетел тілін оқытудағы тексерудің тесттік формалары. 8-ші тақырып. Шетел тілінен оқу прцесін жоспарлау және ұйымдастыру. - Оқу процесін ұйымдастырудағы жоспарлаудың рөлі. - Нормативтік оқу құжаттары. -Оқу жоспарларының түрлері. 9-ші тақырып. Мұғалімнің кәсіби іскерлігі-шетел тілін оқыту. Кәсіби маңызды біліктер мен сапалар. Шетел тілін үйрену процесі барысындағы мұғалім мен оқушының өзара әрекетінің ерекшелігі. Дәріс сабақтардың мазмұны және тізімі:

1-ші тақырып. Әдістеме ғылым ретінде.Әдістемелік ғылымның нысаны мен пәні. Шетел тілдерін оқыту

әдістемесіндегі ғылыми зерттеу жүргізу әдіснамасының ерекшелігі. Ғылыми ізденіс әдістер жүйесі – ғылыми теориялық деңгей әдістері (талдау, синтез, аналогия, моделдеу және т.б.), ғылыми эксперименттік деңгей әдістері (мақсатты бақылау, прогрессивтік педагогикалық тәжірибені зерттеу, эксперименттік және тәжірибелік оқыту), көмекші әдістер- сауалнама, тестілеу, әңгіме, сұхбат, хронометраж. Әдістемелік ғылымның заңдары мен заңдылықтары.

Page 8: tou.edu.kz · Web view050119 – «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығы күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған

2-ші тақырып. Әдістеменің басқа ғылымдармен байланысы. Әдістемеге негіз болатын ғылымдар және олардың шетел тілдеріне оқыту теориясы мен практиккасының дамуындағы рөлі.

Әдістеменің психологиямен байланысы.Сөз бен тілдің психологиялық сипаттамасы. Сөйлеудің түрлерінің

психологиялық типологиясы – ауызша сөз және жазба сөз, сыртқы сөз және ішкі сөз, рецептивтік және репродуктивтік- продуктивтік сөз. Сөздің коммуникативтік сипаты. «Білім», «тілдік дағды», «сөз дағдысы», «сөйлеу іскерлігі», «коммуникативтік біліктілік» ұғымдарының болмысы. Шетел тілдер оқыту барысында ойлау, есте сақтау елестету және тағы басқа когнитивтік (танымдық) процесстің қызметі мен даму заңдылықтарын қолдану. Шетел тілінде қарым-қатынас жасауды меңгерудегі мотивация факторы. Шетел тілдерін оқыту барысында мотивация түрлері.

Әдістеменің тіл білімімен байланысы.«Тіл» және «сөз» ұғымдарының анықтамалары. Бұл мәліметтердің

оқыту мазмұнының құрамдас бөліңтерін анқытау үшін және тіл бөлімдері мен оның бірліктерін және т.б. анықтау рөлі. Мәтін лингвистикалық категория және шетел тілдеріне оқыту категориясы. Мәтін (айтылым) құрылымының негізгі ішкі заңдылықтары.

Әдістеменің психолингвисткамен байланысы.«Сөз әрекеті» ұғымының болмысы. Сөз әрекетінің түрлері. Сөздің

жасалуы (ойлардың көрініс табуы) және сөзді түсінудің (қабылдау және түсіну) психолингвистика мәліметтерінің рөлі.

3-ші тақырып. Негізгі әдістемелік категориялар. Шетел тілдерін оқытудың мақсаты мен мазмұны.

Маңызды әлеуметтік категория ретінде шетел тіліне оқытудың мақсаттарының объективтік сипаты. Мақсаттың үш аспетісінің өзара байланысы мен өзара шарттастығы:

- прагматикалық (практикалық) аспект – мәдениетаралық қарым-қатынас ситуацияларына адектваттық өзара әрекетке дайындық және қабілеттілік ретінде коммуникативтік біліктілікті (компетенцияны) қалыптастру;

- когнитивтік аспект – шетел тілін басқа лингвомәдениетті тану құралы ретінде қолдану, басқаша айтқанда мәдениетаралық біліктілік ретінде қолдану;

- педагогикалық аспект – тіл үйренушінің жеке тұлғалық сапаларын қалыптастырумен байланысты (өз бетінше жұмыс істеу қабілеті, белсенділік, эмпатия және т.б.)

Шетел тілдеріне оқытудың мазмұны.Шетел тілдеріне оқытудың қазіргі теориясы мен практикасындағы

оқыту мазмұнының категориясының болмыс пен компоненттік құрамына қатысты әр түрлі көзқарастар. Оқыту мазмұнының басты компонеттері, салалары және сөйлеу тақырыптары, тіл үйренушінің коммуникативтік танымдық қызығушылығына қатысты жағдаяттар таңдау, функционалдық бағытқа сәйкес нақты түрде таңдап алынған тілдік және және сөйлеу, соның

Page 9: tou.edu.kz · Web view050119 – «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығы күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған

ішінде лингвоелтану жәен елтану материалдары, сөйлеу дағдылары, сөйлеу және коммуникативтік біліктілік, сонымен қатар танымдық оқу әркетінің мәдениетін қамтамасыз етуші жалпы оқу дағдылары мен біліктіліктері және арнайы дағдылар мен біліктіліктер.

Шетел тілдерін оқыту принциптері мен әдістері- «Оқыту принциптері» ұғымының болмысы. Әдістемелік

принциптер (жалпы және жекелеген). Жалпыдидактикалық және және әдістемелік принциптердің өзара әрекеті. Жалпыдидактикалық және және әдістемелік принциптердің болмысы мен құрамын анықтаудың әр түрлі әдістері.

- «Әдіс» ұғымының болмысы. Бұл терминнің әр түрлі мағынасы: 1) әдіс – оқытудың біртұтас жүйесі (стратегиясы). 2) әдс – мұғалім мен

оқушының өзара әрекетін жүзеге асыру тәсілі.Шетел тілдеріне оқыту әдістері: демонстрация (көрсету) әдісі,

түсіндіру, жаттығу. Жаттығу әдісі ең басты әдістерінің бірі. Шетел тілдеріне оқытудың қазіргі әдістемесіндегі жаттығудың типтері мен түрлеріне классификация жасау мәселесі.

Әдістің құрамдас компоненті- тәсіл. «Жаңа» (инновациялық) педагогикалық технологиялар » ұғымы және олардың жалпы сипаттамасы.

Шетел тілдеріне оқытудың құралдары. Оқытудың басты және көмекші құралдары. Оқулық- оқытудың басты

құралы. Жаңа ұрпақ оқулықтары мен оқу әдістемелік кешендеріне қойылатын талаптар. Электрондық оқулықтар. Шет елдерде басылып шыққан оқулықтарды бейімдеу мәселесі. Электрондық техникалық оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері (интернет, мультимедиялық құралдар, қашықтан оқыту).

«Оқыту жүйесі» және «амал» ұғымдары Оқыту жүйесі белгілі әдістемелік концепцияға сәйкес, оқытудың

мақсатын, мазмұнын, принциптерін, әдістерін, формалары мен құралдарын ұсынатын оқу процесінің жалпыға ортаұ үлгісі.

«Амал» ұғымы. Шетел тілдерін оқыту процесін ұйымдастырудың қазіргі әдістемедегі танымал амалдары- жүйелі-әрекеттік, жүйелі коммуникативтік- әрекеттік, әрекетті-коммуникативтік-когнитивтік, жеке тұлғаға бағытталған.

Жеке тұлғаға бағытталған амал- білім берудің жаңа философиясын жүзеге асыру.

4-ші тақырып. Мәдениетаралық қарым-қатынастың сипаттамасы.

Қарым-қатынастың түрлері – тура, жанама, ресми, іскерлік, бейресми (жеке). Сөз әрекетінің фразалары- мотивациялық, түрткі, бағытты ізденістік, орындаушылық. Тілдік жағдаяттар құрылысы. Тілдік жағдаяттардың түрлері – табиғи, оқытушы, мәселелік жағдаяттар және оларды оқыту барысында қолдану тәсілдері.

Page 10: tou.edu.kz · Web view050119 – «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығы күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған

5-ші тақырып.Шетел тілінде мәдениетаралық қарым-қатынасқа үйрету құралдары.

Дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету. Шетел тілінде қарым-қатынас жасау біліктілігін меңгерудегі есту-айту

және ритмикалық екпіндік дағдылардың рөлі. Есту-айту және ритмикалық екпіндік дағдыларды қалыптастыру маұсаттары мен міндеттері. Фонетикалық материалды сұрыптау және әдістемелік тұрғыдан ұйымдастыру. Дыбыстарды айту дағдыларын қалыптасуының басты этаптары.

Сөздің лексикалық жағына үйрету. Шетел тілінде қарым-қатынас жасай білудегі лексикалық дағдылардың рөлі. Шетел тілі лексикасын үйретудің басты мақсаты. Активтік , рецептивтік және потенциальдық сөздік ұғымдары. Активтік және рецептивтік минимум үшін лексикалық біліктерді сұрыптау принциптері. Лексикалық дағдыларды қалыптастыру этаптары. Лексикалық бірліктерді таныстыру мен семантизациялау әдістері мен тәсілдері. Потенциальдық сөздікті қалыптастыру тәсілдері. Грамматикалық тұрғыдан сөйлемдерді дұрыс құрап сөйлеуге үйрету.

Шетел тілінде қарым-қатынас жасауды меңгерудегі грамматиканың рөлі мен орны. Грамматикалық материалды коммуникативтік тұрғыдан сұрыптау. Қарым-қатынастың ауызша және жазбаша формалары үшін грамматикалық материалдарды сұрыптау принциптері. Шетел тілінің грамматикасын оқудың мақсаты. Грамматикалық дағдылардың қалыптасу этаптары. Грамматикалық дағдылардың қалыптасу деңгейін тексеру әдістері мен тәсілдері.

6-ші тақырып. Қарым-қатынастың ауызша формаларына үйрету. Тыңдап түсінуге үйрету. Тыңдап түсіну- сөз әрекетінің түрі. Тыңдап

түсінудің сөз әрекетінің басқа түрлерімен байланысы. Тыңдап түсіну- оқытудың әрі мақсаты, әрі құралы. Аудиомәтінмен жұмыс істеу әдістемесі.Тыңдап түсінуге үйретуге қолданылатын аудио-визуалдық құралдар.Тыңдап түсіну біліктілігін тексеру нысанасы, бағалау өлшемдері мен параметрлері.

Қарым-қатынастың диалогтық және полилогтық сөйлеу формаларына үйрету.

«Қарым-қатынастың диалогтық сөйлеу формасы» ұғымының болмысы. Диалогтық сөйлеудің лингвопсихологиялық сиппатамасы. Диалогтың құрылысы. Диалогтық тұтастық- диалог түрінде сөйлеуге үйрету бірлігі.Диалогтық тұтастықтың басты түрлері. Диалогтардың фунциональдық түрлері.

«Қарым-қатынастың полилогтық сөйлеу формасы» ұғымының болмысы. Полилогтың құрылысы. Қарым-қатынастың диалогтық және полилогтық түріне үйрету баоысында қолданылатын ойындар технологиясының рөлі мен түрлері. Тексеру нысаны мен тәсілдері.

Қарым-қатынастың монологтық формасына үйрету.

Page 11: tou.edu.kz · Web view050119 – «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығы күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған

Монолог түрлері (монолог-суреттеу, монолог-хабарлама, монолог-әңгіме, монолог-әңгімелеу, монолог-рассуждение). Монолог түрінде сөйлеудің психологиялық лингвистикалық сиппатамасы. Мәтін- монолог түрінде сөйлеуге үйретудің бірлігі. Қарым-қатынастың монологтық сөйлеу түріне үйретудің әдістемесі. Тексеру нысаны мен тәсілдері.

Қарым-қатынастың жанама түрі ретінде оқуға үйрету. Оқу – сөз әрекетінің бір түрі. Оқудың сөз әрекетінің басқы

түрлерімен байланысы. Оқудың екі жағы- 1. Техникалық жағы- көрінетін сигналдарды мағыналық бірліктерге айналдыру. 2. Мағыналық жағы- мәтінді аяқталған сөйлеу айтылымы ретінде түсіну.

Оқу техникасына үйрету. Оқу дағдыларын қалыптастыруға және жетілдіруге арналған жаттығулар. Оқу түрлерінің типологиясына қатысты әр түрлі көзқарас. Коммуникативтік әрекеттің бір түрі ретінде, оқудың ерекшеліктерін ескере отырып, оның түрлеріне жасалған жаңа классификация- танысу оқу, зерттей оқу, қарап шығу, іздене оқу.

Оқудың әр түріне арналған мәтіндерді сұрыптау өлшемдері. Оқудың әр түріне үйрету. Түсіну деңгейінің мәселесі. Оқу біліктілігінің қалыптасу деңгейін тексеру нысаны және бағалау өлшемдері мен параметрлері.

Жазу және жазбаша сөзге үйрету. «Жазу» және «жазбаша сөз» ұғымдары.Жазудың психофизиологиялыұ

сипаттамасы. Графикалық және орфографиялық дағдыларды қалыптастыруға арналған жаттығулар, қарым-қатынастың жазбаша формасының түрлері. Қарым-қатынастың жазбаша формасына үйрету әдістемесі. Жазу және жазба сөзге үйретуде қолданылатын техникалық құралдар. Оқушылардың жазбаша жұмыстарындағы қателерді түзету әдістемесі. Жазу және жазба сөз біліктілігін тексерудің нысаны мен бағалау өлшемдері.

7-ші тақырып. Тексерудің қызметтері, түрлері және формалары.Шетел тілдерін оқыту процесін жетілдірудегі білімді, дағдылар мен

біліктерді тексеру мен есепке алудың рөлі. Тексерудің қызметтері, түрлері және формалары. Ағымдағы және қорытынды тексеруді ұйымдастыру. Тексерудің тесттік формасы. Тесттер классификациясы. Тексерудің тесттік формасының артықшылықтары мен кемшіліктері. Өзін-өзі тексерудің және өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру әдістемесі. Портфолио- өзін-өзі тексерудің құралы.

8-ші тақырып. Оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру.Оқу процесін ұйымдастырудағы жоспарлаудың маңызы. Жоспарлауға

қойылатын талаптар. Жоспарлар түрлері және оларды құрастыруға қойылатын талаптар. Мемлекеттік білім беру стандарты және шетел тілдерінің бағдармалары. Шетел тілі сабақтарының түрлері. Сабақ-шетел тілінен дәріс ұйымдастырудың басты формасы. Шетел тілі сабақтарына қойылатын талаптар. Сабақтар типологиясы мәселелері. Оқушылардың шетел тілінен өзіндік жұмысы.

9-ші тақырып.Шетел тілдері мұғалімінің маңызды кәсіби біліктілігі мен сапасы.

Page 12: tou.edu.kz · Web view050119 – «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығы күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған

Кәсіби шеберлік-мұғалімнің кәсіби білімі мен сабақ беру тәжірибесінің, оның шығармашылық және жеке тқлғалық сапаларының мөзара байланысы. Педагогикалық қарым-қатынастың стильдері. Қарым-қатынастың әр түрлі формалары- жеке тұлғалық (индивидуалдық), топтық, ұжымдық. Қазақстан Республикасының шетел тілдерінен білім беруді дамыту концепциясы- Қазақстан Республикасындағы шетел тілдерінен білім беруді жетілдірудің теориялық- әдістемелік және практикалық негізі.

Зертханалық сабақтардың мазмұны және тізімі: 1-ші тақырып.Шетел тілдерін оқыту әдістемесінің теориялық-әдіснамалық негіздері.Шетел тілі- мектепте пән ретінде. Шетел тілін оқытудағы қазіргі технологиялар. «Тілді оқу» және «тілді меңгеру» ұғымдары. 2-ші тақырып. Шетел тілдерін оқытудың әдістемелік негіздері. Шетел тілдерін оқытудың мақсаттары, мазмұны және құралдары. Оқытудың мазмұнының компоненттері. Шетел тілдері кабинеттері мен тілдік зертханалардың жабдықталуы. Шетел тілдерін оқытудың прнциптері. 3-ші тақырып. Шетел тілінде тілдік қарым-қатынасқа үйрету. Есту-айту, лексикалық, грамматикалық дағдыларын қалыптастыру. Есту-айту дағдыларын қалыптастыруға қойылатын негізгі талаптар, лексикалық және грамматикалық дағыдыларды қалыптастырудың әдістемесі. 4-ші тақырып. Шетел тілінен білімді, іскерлік пен дағдыларды тексеру және ескеру. Тексерудің қызметтері, түрлері және формалары. Тексерудің мақсаттары, функциялары және рөлі. Шетел тілдерін оқытудағы бақылау объектілері.Өзін-өзі тексеру және бақылаудың эталондары. 5-ші тақырып. Шетел тілі бойынша оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру. Ағымды және болашақты жоспарлау. Сабақ жоспары. Сабақты сараптау үлгісі. 6-ші тақырып. Мұғалімнің кәсіби іскерлігі- шетел тілін оқыту. Шетел тілдері оқытудағы мұғалімнің кәсіби шеберлігі. Шетел тілі мұғалімінің кәсіби маңызды ерекшеліктері. Шетел тілі мұғалімінің кәсіби шеберлігінің деңгейлері.

Курстық жұмыстардың үлгілік тақырыптары.

1) Жалпы білім беру мектептерінің бастауыш этаптарында (2-4 сыныптар) шетел тілін окытуды үйымдастырудың ерекшеліктері. 2) Әр түрлі этаптарда шетел тілі сабағын үйымдастырудың ерекшеліктері: а) бастауыш мектеп (2-4 сыныптар), ә) негізгі мектеп (5-9 сыныптар), б) профильді мектеп (10-11 сыныптар), одан әрі 11-12 сыныптар. 3) Видеофильм шетел тілін үйренуге қызығушылықты арттырудың құралы. 4) Тілдік материалды (фонетика, лексика, грамматика) үйретудегі ойын технологиялары. 5) Әлеуметтік-мәдени біліктілікті қалыптастыру әдістемесі 6) Коммуникативтік грамматикаға оқыту әдістемесі.

Page 13: tou.edu.kz · Web view050119 – «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығы күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған

7) Лексикалық аспектіні коммуникативтік бағытта оқыту. 8) Тыңдап түсінуге коммуникативтік әдістемемен үйрету. 9) Тыңдап түсінуге үйретуді жеделдету (әртүрлі этаптарда). 10) Полемикалық диалог түрінде сөйлеу іскерліктерін қалыптастыру. 11) Топтық әңгіме жүргізу іскерліктерін қалыптастыру. 12) Мәтін негізінде монолог түрінде сөйлеу іскерліктерін қалыптастыру. 1З) Шетел тілінде қарым - қатынас жасаудың полилог формасына үйрету. 14) Шетел тілінде қарым - қатынас жасаудың диалогтық және полилогтық формаларына үйретуде қолданылатын рөльдік ойындар. 15) Шетел тілі сабақтарындағы жоба әдісі. 16) Шетел тілі сабақтарында интернетті қолдану. 17) Ойын - шетел тілін үйренуде қызығушылықты арттырудың құралы. 18) Шетел тілін үйретуді интерактивтік режимде ұйымдастыру. 19) Мәдениетаралық компоненті бар аутенттік мәтіндермен жұмыс істеу әдістемесі. 20) Прагматикалык сипаттағы аутенттік мәтіндерді оқуға үйрету. 21) Шетел тілі сабақтарында шетелдік прессамен жұмыс істеуге үйрету. 22) Профильді бағытта оқыту этабында қолданылатын іскерлік ойындар. 23) Мәдениетаралық біліктілікті қалыптастыру әдістемесі. 10 СӨЖ тақырыптары

Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі1) Шетел тілдерінің мұғалімдерін кәсіби даярлау жүйесіндегі шетел

тілдерін оқытудың әдістемесінің рөлі мен орны. 2) Шетел тілін оқытудағы мотивация рөлі.3) Шетел тілін оқытудағы көмекші құралдар және олардың оқу

үрдісіндегі орны.4) Болашақ шет тілі мұғалімінің ғылыми-әдістемелік дайындығындағы

ОӘК сараптамасының орны.5) Шетел тілдері мұғалімінің кәсіби шеберлігінің деңгейлері.

Студенттің өздік жұмысының мазмұны

№ СӨЖ түрі

Есеп беру

формасы Бақылау

түрі Сағат көлем

і 1 2 3 4 5

1 Дәріс сабақтарына дайындық

Сабаққа қатысу 10

2 Зертханалық сабақтарға дайындық

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу 30

3 Курстық жұмыс Курстық Қорғау 20

Page 14: tou.edu.kz · Web view050119 – «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығы күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған

бойынша тапсырмаларды орындау

жұмыс

4 Аудиториялық сабақтан тыс материалды меңгеру

Конспект Коллоквиум 20

5 Бақылау шараларына дайындық

МБ1,МБ2,тесттер

10

Барлығы 90

ШТ-301 тобының күндізгі оқу нысанының студенттеріне арналған «Шетел тілдерін оқытудың қазіргі әдістемесі» пәнінің бақылау

шараларының күнтізбелік кестесі

1 рейтинг (5 семестр)Апталар Жо

ғары ұпай 1сабақта

1 2 3 4 5 6 7 8 Барлық ұпай

Бақылау түрі бойынша жоғары ұпай

7 8 12 13 7 18 27 8 100

Дәріс сабақтарына қатысу және дайындық.

1 СҚ1

СҚ1

СҚ1

СҚ1

СҚ1

СҚ1

СҚ1

СҚ1

Зертханалық сабаққа қатысу, дайындық және топтағы жұмыс

3 СҚ6

СҚ6

СҚ6

СҚ6

СҚ6

СҚ6

СҚ6

СҚ6

Курстық жұмысты орындау

20 20

Материалды өздігінен меңгеру

5 5 5

Ағымдағы бақылау 5 5 5

2 рейтинг (5 семестр)Апталар Жо

ғары ұпай 1сабақта

9 10 11 12 13 14 15 Барлық ұпай

Page 15: tou.edu.kz · Web view050119 – «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығы күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған

Бақылау түрі бойынша жоғары ұпай

7 13 12 8 35 13 12 100

Дәріс сабақтарына қатысу және дайындық.

1 СҚ1

СҚ1

СҚ1

СҚ1

СҚ1

СҚ1

СҚ1

СҚ1

Зертханалық сабаққа қатысу, дайындық және топтағы жұмыс

3 СҚ6

СҚ6

СҚ6

СҚ6

СҚ6

СҚ6

СҚ6

СҚ6

Курстық жұмысты орындау

28 28

Материалды өздігінен меңгеру

5 5 5

Ағымдағы бақылау 5 5 5

Шартты белгілер: СҚ – сабаққа қатысу, Д – сабаққа дайындық, Қ – оқу үрдісіне қатысу, ӨОҮТ1 – материалды өздігінен оқуға №1 үй тапсырмасы;

Кафедра отырысында ұсынылған 20__ж. «___»________№_____ хаттама.Кафедра меңгерушісі __________ Каирбаева А.К. 20__ж. «___» ____________

11 Курс саясаты

Оқу процесіне қатысу дегеніміз – сабаққа қатысу, пікірталаста және топ жұмысында белсенділік көрсету, топтастарының оқуына әсер ету. Топ жұмысына қатысудың санына сапасы маңыздырақ. Сабаққа кешікпей келу қажет.

Студент әр сабаққа дайындалып келуге міндетті. Сабаққа дайындық бақылау жұмыстарымен, тест тапсырмаларымен, ауызша жауаптармен тексеріледі. Барлық тапсырмалар белгіленген мерзімде даяр болу қажет. Кешігіп жасалған тапсырма үшін 1 балл кемітіледі.

Аталмыш пән бойынша студент курстық жұмыс жазу керек. Курстық жұмыс бойынша 7-ші аптада КЖ 20% орындалуы керек, 13-ші аптада КЖ толық орындалу керек. Орындалу мерзіміне сай болса, жұмыс толық өз дәрежесінде, онда студент КЖ қорғауға рұқсат алады. Егер студент КЖ мерзімінде жазбай кешіктірсе, онда ол студенттің жұмыс бойынша мазмұнында да кемшіліктер болған жағдайда, оның баллдары кемітіледі.

Қойылған талаптар орындалмаса, жаза қолданылады. Сабаққа 100 пайыз қытасып, берілген тапсырмаларды уақытымен және дүрыс орындаса – ең жоғарғы ұпай 100 ұпай қойылады. Курста өту барысында төмендегідей марапаттау ұпайлары қойылады.

Page 16: tou.edu.kz · Web view050119 – «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығы күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған

«Шетел тілдерін оқытудың қазіргі әдістемесі» пәні бойынша емтихан өткізіледі. Қорытынды бақылау семестрдің соңында ауызша емтихан түрінде өткізіледі.

Сәттәлік тілейміз!

12 Әдебиеттер тізімі

Негізгі 1 Гальскова Н.Д. Современная методика обучения иностранным языкам.М.,20002 Концепция развития иноязычного образования Республики Казахстан.(Проект) -Алматы, 20043 Бабаянц А.В. Технология стимуляции реального общения на ИЯ.//ИЯШ.№3-2004.4 Зимняя И.А. Психология обучения иностранным языкам в школе.-М.,1991.5 Гальскова Н.Д., Никитенко З.Н. Теория и практика обучения ИЯ.Начальная школа. Методическое пособие.М.,2004г.6 Колкер Я.М., Устинова Е.С., Еналиева Г.М. Практическая методика обучения иностранному языку, М.,2000.Қосымша7 Кудрицкая М.И. Методика работы с видеоматериалами на занятиях по практике речи английского языка. АКД, Алматы 2001.8 Кунанбаева С.С. Современное иноязычное образование: методология и теории.- Алматы,2005.9 Иванова А.М. Обучение письменной речи на французском языке.- М.,1981.