227
Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 227 беттен ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ СМК 3 дәрежелік құжаты ОӘК ОӘК 042-14-5- 02.01.20- 28 -02- 2012 Оқытушыларға арналған оқу-жұмыс бағдарламасы «Экономика саласындағы қылмыстарды саралаудың мәселелері “ №1 басылым «_»_09__2013ж ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН «Экономика саласындағы қылмыстарды саралаудың мәселелері » «5В030100»- «Құқықтану» мамандықтарына арналған Оқытушыларға арналған оқу-жұмыс бағдарламасы

edu.semgu.kzedu.semgu.kz/ebook/umkd/fe48ae60-4247-11e4-973d...  · Web viewОсы курсты зерделеу барысында студенттер құқық ... мемлекет

Embed Size (px)

Citation preview

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СМК 3 дәрежелік құжаты ОӘК ОӘК 042-14-5-02.01.20- 28 -02-2012Оқытушыларға арналған оқу-

жұмыс бағдарламасы «Экономика саласындағы қылмыстарды саралаудың

мәселелері “ ”

№1 басылым«_»_09__2013ж

ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН«Экономика саласындағы қылмыстарды саралаудың мәселелері »

«5В030100»- «Құқықтану» мамандықтарына арналғанОқытушыларға арналған оқу-жұмыс бағдарламасы

Семей 2014

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен

ОӘК-042-14-5-02.01.20-28-02-2012 №1 басылым «_»_09__2012ж 16беттің 2 беті

Кіріспе1.ӘЗІРЛЕГЕН

Құрастырушы: Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Құқықтану»

кафедрасының аға оқытушысы Сарбасова А.К.2. ТАЛҚЫЛАҒАН2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Құқықтану» кафедрасының отырысында № 1 хаттама « » ____________ 2013ж. Кафедра меңгерушісі _____________ Елеманов С.Х. . 2.2. Гуманитарлық заң факультетінің оқу - әдістемелік бюросы отырысында № 1 хаттама «__» қыркүйек 2013 ж. Төраға ______________ Кеңесбаева Ш.С.2.3. Гуманитарлық заң факультетінің ғылыми кеңесі отырысында№ 1 хаттама «__» қыркүйек 2013 ж. 3. БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесі отырысында шығаруға мақұлданған және ұсынылған № 1 « » қыркүйек 2013 ж хаттама. ОӘК төрағасы, бірінші проректор ____________Искакова Г.К.

АЛҒАШ ЕНГІЗІЛДІ

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен

ОӘК-042-14-5-02.01.20-28-02-2012 №1 басылым «_»_09__2013ж 16беттің 3 беті

Мазмұны

1. Қолдану аумағы2. Нормативтік сілтемелер3. Жалпы ережелер4. 5.

Оқытушыларға арналған оқу жұмыс бағдарламасының мазмұныСтуденттерге арналған өздік жұмыс тақырыптарының тізімі

6. Пән бойынша оқу - әдістемелік карта7. Оқу - әдістемелік әдебиеттердің қамтамасыз етілу картасы8. Әдебиеттер

«Экономика саласындағы қылмыстарды саралаудың мәселелері» пәні экономикалық қылмыс құрамдарын талдаудың ғылыми, жүйеленген жағын зерделейді. Осы курсты зерделеу барысында студенттер құқық қолдану проблемаларымен, оның ерекшеліктерімен, қылмыстық заңнамадағы ақ таңдақтармен танысады. «Экономика саласындағы қылмыстарды саралаудың мәселелері» пәнін оқытудың мақсаттары – студенттерге экономикалық қылмыстарын саралау пәнінен тиянақты білім беру, осы тұрғыдағы құрамдардың жалпы ережелері мен қағидалары, оның негізгі ұғымдары мен институттары және т.б. толық түсінік береді.«Экономика саласындағы қылмыстарды саралаудың мәселелері –болашақ заңгерлер экономикалық қылмыстарын дұрыс саралауды, осы тұрғыдағы қылмыстардың нақты құрамының бар екендігін анықтауды терең біліп үйрену. Аталған курс: «Қылмыстық жазаны қолданудың теориясы мен тәжірибесі», «Кеден ісі саласындағы құқықбұзушылық үшін жауапкершілік» т.б. пәндермен қатар оқытылады.«Экономика саласындағы қылмыстарды саралаудың мәселелері» пәнін оқу негізінде студент:- экономикалық қылмыстарының тарихын және қазіргі Қазақстанның жүйесін көрсететін осы тұрғыдағы қылмыс құрамдарының теориялық және тәжірибелік жақтарының басты және өзекті аясын;- осы тұрғыдағы қылмыстық әрекеттерді саралау ережелерін және жеке қылмыс құрамдарының ерекшеліктерін;

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен- осы тұрғыдағы қылмыстық заңдарды қолданудың негізгі мәселелерін білуі керек;- танымның ғылыми әдістерін пайдалана алу;- экономикалық қылмыстарының негізгі категорияларын және тәжірибесін зерттеу және бағалауда ғылыми және өзіндік көзқарастарды қалыптастыру;- экономикалық қылмыс құрамдарын саралауда оның негізгі ағымдары мен өзекті мәселелерін көрсете білу;- талдау, дербес және сынап ойлау, тиімді құқықты қолдану қызметі үшін белгілі бір әдістемелік базаны меңгеруі керек.Пререквизиттер: қылмыстық құқық, қылмыстарды саралау, қылмыстық атқару құқығы.Постреквизиттер: лауазымды қылмыстармен күресу мәселелері

2.Курс құрылымы

№ Тақырып атаулары Апта бойынша бөлу

Дәрістер СОӨЖапта Сағат

көлеміапта Баллдар

1 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түсінігі.

1-2 2

2 Ақша несие саласындағы қылмыстарды саралау

3-4 2

3 Кәсіпкерлік қызмет саласындағы қылмыстарды саралау (өзекті тақырып)

5-6 2

4 Салық және бюджетке түсетін басқа да төлемдер саласындағы қылмыстарды саралау

7-8 2

5 Бағалы қағаздар саласындағы қылмыстарды саралау

9-10 2

6 Кеден ісі саласындағы қылмыстарды саралау (өзекті тақырып)

11-12 2

7 Компьютерлік ақпарат саласындағы қылмыстарды саралау

13,14,15 3

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен

(өзекті тақырып)Барлығы 30

5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі А) Нормативтік құқықтық актілер:

1.ҚР Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл өзгерістермен және толықтыруларымен.2.ҚР Қылмыстық кодексі 16 шілде 1997 жыл өзгерістермен және толықтыруларымен. 2012 жыл.3.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Қазақстан Республикасының Заңы 2 шілде 1998 жыл4.Контрабанда үшiн қылмыстық жауапкершiлiк жөнiндегi заңдарды қолдану тәжiрибесi туралы Қазақcтан Республикасы Жоғарғы Сотының 1997 жылғы 18 шiлде N 10 нормативтiк қаулысы5.Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды саралаудың кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 2 Нормативтiк қаулысы6.Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер жөнiндегi заңнаманы қолданудың кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 10 шiлдедегi N 2 Нормативтiк Қаулысы7.Қорқытып алушылық туралы iстер бойынша сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2006 жылғы 23 маусымдағы N 6 Нормативтiк қаулысы8.Бөтеннiң мүлкiн заңсыз иемдену жөнiндегi iстер бойынша сот тәжiрибесi туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шiлдедегi N 8 нормативтiк қаулысы

Арнайы әдебиеттер:А) Негізгі1.А.Н. Ағыбаев Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы. Жеті-Жарғы.2008 ж.2.Волженкин Б.В. Служебные преступления. - М., 2000.3.Егорова Н. Ответственность за преступления против интересов службы // Законность, 2000. № 1.4.Здравомыслов Б.В. Должностные преступления. Понятие и квалификации. – М.,1975. 5.Кириллов И.А., Ступина С.А. Уголовно-правовые средства противодействия коррупции // Меры противодействия коррупции: проблемы разработки и реализации. – Барнаул, 2009.

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен6.Ковалева Н.М. Должностное лицо и должностное преступление в законодательстве, теории и судебной практике России: монография. – М., 2006.7.Уголовное право. Общая часть. Под ред. А.Н.Агыбаева, И.И.Рогова, Г.И. Баймурзина. Алматы, 2005г.8.Каиржанов Е. И. Уголовное право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы 2006 г.9.Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан / Под ред. Б. Борчашвили. Алматы, 2007г.10. ҚР Қылмыстық кодексіне түсіндірме. Алматы. Жеті Жарғы.2010 жыл. Қосымша:1.Агыбаев. А.Н. Ответственность должностных лиц за служебные преступления- Алматы: Жеті Жаргы, 1997.- 304 с.2. Е.З. Тургумбаев Уголовная ответственность за превышение власти или должностных полномочий, Алматы Экономикс, 2004.3.Нукенов М.О. Коррупционные преступления: Криминологический и уголовно-правовой анализ.-Алматы: Международная академия права и рынка, 1999.4.Волженкин Б.В. Служебные преступления.-М.: Юрист, 2000 г.

Білімнің бақылау нысаны:СӨЖ:Қорытынды емтихан: емтихан сессиясы кезінде.

Жеке тапсырмалар:СӨЖ №1

Тақырыбы: Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түсінігі.Тақырып бойынша тапсырмалар:1. Ағымдағы ҚР ҚК және 22 шілде 1959ж. ҚазССР ҚК экономикалық қылмыстар бойынша салыстырмалы кесте құру.2. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар тарауындағы әрбір қылмыс түрімен қол сұғылатын объектілерді көрсете отырып кесте жасау 3. Келесідей тақырыптардың біріне рефераттар жазу: a. Экономикалық қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін қылмыстық заңдардың даму тарихы.b. Экономикалық қылмыстармен күресудің мемлекет үшін стратегиялық маңызы және қылмыстық құқықтық шаралары

СӨЖ №2Тақырыбы: Салық және бюджетке түсетін басқа да төлемдер саласындағы қылмыстарды саралау (өзекті тақырып)

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенТақырып бойынша тапсырмалар:Келесідей тақырыптардың біріне рефераттар жазу: 1.Салық төлеу тәртібі мен ережелерін сақтау;2.Салық төлеудегі декларацияның маңызы.3.Салықты төлеуден жалтарған жағдайда қолданылатын қылмыстық жауаптылықтар.4.Қылмыс белгісі мен қылмыс құрамдарына баға беру.

СӨЖ №3Тақырыбы: Кеден ісі саласындағы қылмыстарды саралау. Тақырып бойынша тапсырмалар:1 Келесідей тақырыптардың біріне рефераттар жазу: a. Кеден қызметіне қол сұғатын қылмыстардың жалпы сипаттамасыb. Экономикалық контрабанда қылмыс құрамын саралауc. Кеден төлемдерi мен алымдарын төлеуден жалтару қылмыс құрамын саралау2 Сәйкес қылмыс құрамы бойынша №№ 1-14; 46-50 бб. /5/ есептерді шешу3

СӨЖ №4Тақырыбы: Ақша несие саласындағы қылмыстарды саралауТақырып бойынша тапсырмалар:1 Банкілік қызмет аясындағы қылмыстарды талдай отырып әрбір қылмыстың қылмыс құрамының төрт элементін (объект, субъект, объективтік жақ, субъективтік жақ) көрсете отырып кесте жасау

СӨЖ №5Тақырыбы: Кәсіпкерлік қызмет саласындағы қылмыстарды саралау

Тақырып бойынша тапсырмалар:1 Келесідей тақырыптардың біріне рефераттар жазу:

a. Банкроттық жағдайындағы заңсыз iс-әрекеттерb. Әдейi банкроттықc. Төлем қабілетсіздігіне дейін жеткізуd. Жалған банкроттық

2 Сәйкес қылмыс құрамы бойынша №№ 1-14; 46-50 бб. /5/ есептерді шешу

СӨЖ №6Тақырыбы: Бағалы қағаздар саласындағы қылмыстарды саралау

Тақырып бойынша тапсырмалар:1 Келесідей тақырыптардың біріне рефераттар жазу: a. Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушыларының көрiнеу жалған мәлiметтер беруi Акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенережелерiн бұзу, акциздiк маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану b. Жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату c. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесін құрайтын құжаттар мен мәліметтерді жоғалту d. Бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу ережелерiн бұзу e. Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату2 Сәйкес қылмыс құрамы бойынша №№ 1-14; 46-50 бб. /5/ есептерді шешу

СӨЖ №7Тақырыбы: Компьютерлік ақпарат саласындағы қылмыстарды саралау

Тақырып бойынша тапсырмалар:1 Келесідей тақырыптардың біріне рефераттар жазу: a. Компьютерлiк ақпаратқа заңсыз кiру, ЭЕМ үшiн зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және таратуb. Ұялы байланыстың абоненттiк құрылғысының сәйкестендiру кодын, абоненттiң сәйкестендiру құрылғысын құқыққа сыйымсыз өзгерту, сондай-ақ абоненттiк құрылғының сәйкестендiру кодын өзгерту үшiн бағдарламаларды құқыққа сыйымсыз жасау, пайдалану, тарату2 Сәйкес қылмыс құрамы бойынша №№ 1-14; 46-50 бб. /5/ есептерді шешу

СӨЖ №8Тақырыбы: Қаржылық қызмет және валюталық реттеу аясындағы

қылмыстар

Тақырып бойынша тапсырмалар:1 Қаржылық қызмет және валюталық реттеу аясындағы қылмыстарды талдай отырып әрбір қылмыстың қылмыс құрамының төрт элементін (объект, субъект, объективтік жақ, субъективтік жақ) көрсете отырып кесте жасау

ПӘННІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТЫЖұмыстардың барлық түрін кӛрсетілген мерзімде жасап тапсыру керек.

Кезекті тапсырманы орындамаған, немесе 50% - дан кем балл алған студенттер бұл тапсырманы қосымша кесте бойынша қайта жасап, тапсыруына болады.

Орынды себептермен сабақтарға қатыспаған студенттер оқытушының рұқсатынан кейін лаборанттың қатысуымен қосымша уақытта тапсырмаларды орындауға болады. Тапсырмалардың барлық түрін ӛткізбеген студенттер емтиханға жіберілмейді

Бағалау кезінде студенттердің сабақтағы белсенділігі мен сабаққа қатысуы ескеріледі.

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен

Толерантты болыңыз, яғни ӛзгенің пікірін сыйлаңыз. Қарсылығыңызды әдепті күйде білдіріңіз. Плагиат және басқа да әділсіздіктерге тыйым салынады. СӨЖ, аралық бақылау және қорытынды емтихан тапсыру кезінде кӛшіру мен сыбырлауға, ӛзге біреу шығарған есептерді кӛшіруге, басқа студент үшін емтихан тапсыруға тыйым салынады. Курстың кез келген мәліметін бұрмалау, Интранетке рұқсатсыз кіру және кӛшірме қолдану үшін студент «F» қорытынды бағасын алады.

Өзіндік жұмысын (СӨЖ) орындау барысында, оның тапсыруы мен қорғауына қатысты, сонымен ӛткен тақырыптар бойынша қосымша мәлімет алу үшін және курс бойынша басқа да мәселелерді шешу үшін оқытушыны оның келесі офис-сағаттарында таба аласыз:

 1 Кіріспе.

 

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен

Қазақстан  Республикасындағы  қылмыстың өсу жағдайында  қоғамға азаматтарға  аса зор

материялдық  нұқсан келтіретін  экономикалық қылмыстардың  қауіптілігі ерекше .Кең мағынасында 

экономикалық қылмыстарға контрабанда  жалған ақшаларды  немесе бағалы қағаздарды  дайындап сату 

волюта  операцияларының ережелерін бұзу , мемлекеттік  және қоғамдық  мүліктерді ұрлау,  парақорлық

және т.б.  жатады.

Алайда нарықтық экономикалық  жағдайында  тікелей экономика аясында  жасалатын , сауда

ережесін бұзу , сапасыз өнімдерді і сату, жалған кәсіпкерлік , монополияға қарсы  заңдарды бұзу  және т. б 

қылмыстардың  қоғамдық қауіпі зор.

Экономика  аясындағы қылмыстардың  обьектісіне  нарықтық экономика жағдайларында , Қазақстан

Республикасы  саудасының  қоғам мен азаматтардың  мүдделері  жағдайларында  қалыптасатын  қоғамдық

қатынастар.

Экономика аясындағы  қылмыстардың  обьективтік жағы  қасақана , заңға қайшы белсенді  әрекеттер

мен  сиппаталады .

Экономика аясында  қылмыстардың  субьектісі  мемлекеттік  кәсіп орындарда , мекемелерде  және 

ұйымдарда  экономикалық , шаруашылық  міндеттерді  атқаратын , сондай-  жеке кәсіпорындарда  істейтін

16 жасқа  толған азаматтар болып табылады.Экономикалық  қылмыстардың  субьективтік жағы  қасақана

сипатта жасалады.Олардың қылмыстарының  себебі- материялдық  мүделілік.  Олар өз  игіліктерін

қоғамның,  азаматтардың  мүдделеріне  зия келтіру  есебінене пайда тауып , жасайды.

 

 

Экономикалық заңдар саласындағы  қылмыстар дың  қазіргі кезеңде көп орын алған олардың түрлері

де қылмыс саласында алып отырған орны ауқымды десек қателеспеймі себеббі бұл қылмыстар басқа

қалмыстарға қарағанда яғни адам мен азаматтарға қарсы қылмыстардан кейі келтірер зардабы  жоғары және

түрлері де көп бұл қылмыстар тікелей қасақаналық пен жасалады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ғасырлар тоғысында тәуелсіздік туын берік қадап, өз алдына

егемен ел атанған Қазақстан мемлекетінің даму бағытын басқаша саралап, жаңаша жолға түскеніне де он

жылдан асты. Еліміздің мызғымас ірге тасы қаланып, Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына

мүше болып енді, тәуелсіз мемлекет ретінде 120-дан астам елдер мойындады. Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің он жылдығына арналған салтанатты

жиналысында сөйлеген сөзінде «біз осы жылдар ішінде, сөз жоқ талай ондаған жылдарға татырлық жылдан

өттік, біз Конституция қабылдадақ, онда билік құрудың жаңа қағидаттарын бекітіп, азаматтардың негізгі

құқықтарын қорғауға алдық. Біздің басты жетістіктеріміз – 1995 ж. бүкіл халқымыз қабылдаған осы

Конституцияның жемісі»,- деді.

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен

Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасында көрсетілгеніндей қылмыстық

заңнамада заңмен қорғалатын әлеуметтік жоғары құндылықтар ретіндегі адам құқықтары мен

бостандықтарының бастылығы мен ажырамастығын тану негізге алынуға тиіс.

Бұл тұжырымдамада көзделген шараларды орындау Қазақстанда демократиялық, зайырлы,

әлеуметтік, құқықтық мемлекет құруға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестің 2000-2002 жж. Арналған түбегейлі

бағдарламасында әлеуметтік – экономикалық реформаларды және қоғамдық демократияландыруды одан

әрі  тереңдете түсу, құқықтық салалы реформаларды , қалыптасқан құқықты қолдану іс-тәжірибесінің

өзгеруіне, жаңа құқықтық институттардың құрылуына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастардың

заңнамалық реттелуін қалайды.

Міндеттері. Берілген зерттеу жұсысының алға қойған міндеттері – елімізде жиі кездесіп отыратын

экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды болдырмау, оның болуына жол бермеу болып табылады.

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілікті қарастыратын нормалар

қоғамдық қатынасты қорғауға, ел экономикасының еркін де бір қалыпты дамуын қамтамасыз етуге

бағытталған. ҚҚ-тің қарастырылып отырған тарауының маңыздылығы осында.

 

                                             ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.Экономикалық заңдардың мәні мен түрлері.

       Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар материалдық және басқа да құндылықтарды, халыққа

көрсетілетін қызметті бөлуге, айырбастауға және тұтынуға байланысты туындайтын, қоғамдық қатынасқа

зардабын тигізетін, қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті іс-әрекет. Экономикалық қызмет

саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілікті қарастыратын нормалар қоғамдық қатынасты қорғауға, ел

экономикасының еркін де бір қалыпты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. ҚҚ-тің қарастырылып

отырған тарауының маңыздылығы осында.

Экономикалық қызмет саласындағы кәсіпорындарда сол қызмет процесінде қалыптасқан бірыңғай

тектік қоғамдық қатынас болады.

Осы тарауға жататын бірқатар қылмыстардың міндетті түрдегі нышаны ондағы қылмыс заты болып

табылады. Мысалы, тауарлық белгі (ҚҚ-тің 199-бабы), коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын

мәліметтер (200-бап), бағалы қағаздар (202,205-баптар), жалған ақша (206-бап), төлем карточкаларымен өзге

төлем және есеп айырысу құжаттары (207-бап), акциздік алым маркалары (208-бап).

Қарастырылатын қылмыстардың көбісінің объективтік жағы қылмыстың жасалуымен сипатталады.

Кейбіреулері әрекетсіздік арқылы да жасалынады. Мысалы, несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару (ҚҚ-

тің 195-бабы), шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (213-бап), кеден төлемдері мен

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттеналымдарын төлеуден жалтару (214-бап), бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу (218-бап), салықтарды төлеуден

жалтару (221, 222-баптар).

Экономикалық қызмет саласындағы кейбір қылмыстардың міндетті түрдегі нышаны, ол – заңда

көзделген қоғамға қауіпті зардаптардың болуы. Оларда материалдық құрам болады. Мысалы, ҚҚ-тің 192-

194, 196-198, 203-205, 215-222 -баптарында көзделген қылмыстар.  

ҚҚ-тің осы, қарастырылып отырған тарауына кіретін бірқатар баптарда бланкеттік сипат бар.

Мысалы, ҚҚ-тің 197, 205, 218-баптары.

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың барлығы, субъективтік жағынан, өздерінің әдейі

қасақана жасалғандығымен сипатталады. Олардың кейбіреулерінің субъективтік жағының міндетті түрдегі

нышаны, оларда себеп пен мақсаттың болуы (ҚҚ-тің 192, 193, 198, 204-баптары).

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың субъектісі қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толған,

есі дұрыс адам бола алады. Ал, мұндай қылмыстардың кейбіреулерінің субъектісі тек лауазымды адамдар

(ҚҚ-тің 189, 225-баптары), банк қызметкерлері ғана (189, 225-баптар) болады.

Тікелей субъектісі бойынша экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды шартты түрде

мынандай түрлерге бөлуге болады:

1) кәсіпкерлік саладағы және экономикалық қызметтің басқа да саласындағы қылмыстар: заңды

кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау (ҚҚ-тің 189 бабы), заңсыз кәсіпкерлік (190-бап), заңсыз банктік қызмет

(191-бап), жалған кәсіпкерлік (192-бап), заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті

заңдастыру (193-бап), монополистік іс-әрекеттер және бәсекені шектеу (196-бап), көрінеу жалған жарнама

беру (198-бап), тауарлық

белгіні заңсыз пайдалану (199-бап), коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді

заңсыз алу мен жария ету (200-бап), кәсіптік спорт жарыстарының және ойын сауықтық коммерциялық

конкурстардың қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып лау (201-бап), банкроттық жағдайындағы

заңсыз іс-әрекеттер (215-бап), әдейі банкроттық (217-бап), бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу (218-бап),

табиғат пайдалану жөніндегі заңсыз мәмілелерді тіркеу (225-бап), мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас

тартуға мәжбүр ету (ҚК-тің 226 бабы);

 

2) ақша-несие саласындағы қылмыстар: несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану (ҚК-тің 194

бабы), несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару (195-бап), бағалы қағаздарды шығару (эмиссия) тәртібін

бұзу (202-бап), бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіміне көрінеу жалған мәліметтер енгізу (203-бап), бағалы

қағаздармен жүргізілетін операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер беру (204-бап), бағалы

қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу (205-бап), жалған төлем карточкалары мен өзге төлем

және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату (ҚК-тің 207 бабы);

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен

3) қаржылық қызмет саласындағы қылмыстар: акциздік алғы маркаларын қолдан жасау және

пайдалану (ҚК-тің 208 бабы), экономикалық контрабанда (209-бап), шетел валютасындағы қаражатты

шетелден қайтармау (213-бап), кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару (214-бап), банк

операциялары туралы көрінеу жалған мәліметтер беру (219-бап), банктің ақша қаражатын заңсыз пайдалану

(220-бап), азаматтың салық төлеуден жалтаруы (221-бап), ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару

(ҚК-тің 222 бабы);

4) сауда және халыққа кызмет көрсету саласындағы қылмыстар: көпшілік сауда-саттықтар мен

аукциондарды еткізудің белгіленген тәртібін әдейі бұзу (ҚК-тін 197 бабы), тұтынушыларды алдау (223-бап),

заңсыз сыйақы алу (ҚК-тін 224 бабы);

5) экономикалық қызмет саласындағы баска да қылмыстар: компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру. ЭЕМ

үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату (ҚК-тің 227 бабы).

 

2.2 Экономикалық заңдар саласындағы қылмыстардың түрлер.

Несиені  заңсыз  алу  және мақсатсыз  пайдалану

Бұл қылмыстың  негізгі  тікелей  объектісі – банктердің  және  басқа  несиелік  мекемелердің 

несиелік  қызметі  саласындағы  қоғамдық  қатынастар.

Қылмыстың  қосымша  объектісі – несие берушілердің  мүліктік  мүдделері.

Қылмыстың заты – несие, демеуқаржы не несиелеудің жеңілдікті шарттары.

Несие дегеніміз – ақша қаражаты немесе тауар түрінде берілген қарыз, оны қарыз алушы несие

берушіге қайтаруға тиіс.

Бұл қылмыстың объективтік жағы әрекет арқылы да, яғни несие, демеу қаржы не жеңілдікті шарттар

алу үшін маңызы бар, өзінің шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйі немесе кепілдік мүлкі не өзге де

мән-жайлар туралы кепе-көрінеу жалған мәліметтерді беру арқылы несие, демеуқаржы не жеңілдікті

шарттар алу жолымен, сонымен қатар әрекетсіздікпен де, яғни несиелеуді, демеуқаржы беруді тоқтатуға,

жеңілдікті алып тастауға не бөлінген несиенің немесе демеуқаржының мөлшерін шектеуге әкеп соғуы

мүмкін, кейін туындаған мән-жайларды банкке немесе басқа несие берушіге хабарламау арқылы да жүзеге

асырылады. Бұл қылмысты жасаудың тәсілі — несие, демеуқаржы не жеңілдікті шарттар алу үшін маңызы

бар, өзінің шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйі немесе кепілдік мүлкі не басқадай мән-жайлар

туралы көпе-көрінеу жалған мәлімет беру.

Қылмыстың құрамы — материалдық. Несиені заңсыз алу бұл іс-әрекет ірі зиян келтірген кезде аяқталады,

зиянның мөлшері ҚК-тің 189 бабына берілген ескертуде белгіленген.

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен

Бұл қылмысты алаяқтық түріндегі ұрлықтан бөлектеп алу қажет, себебі, бұл жағдайда айыпкер несие

берушіден мүлікті тегін алуды мақсат тұтпайды, келешекте оны қайтарамын деп ойлайды.

Қылмыстың субъективтік жағы — тікелей ниет түріндегі кінә. Жеке кәсіпкер немесе ұйымның

бастығы несие, демеу-қаржы не жеңілдікті шарттар алу үшін маңызы бар, өзінің шаруашылық жағдайы,

қаржылық жай-күйі немесе кепілдік мүлкі не басқадай мән-жайлар жөніндегі ақпаратты көпе-көрінеу

жалған беріп, не несиелерді, демеуқаржы бөлуді тоқтатуға, жеңілдіктерді жоюға, не бөлінген несиенің

немесе демеуқаржының мөлшерін шектеуге әкеп соғатын мән-жайлар туралы ақпаратты банкке немесе

басқа несие берушіге хабарламай несие, демеуқаржы нежеңілдікті шарттар алып отырғанын біледі және

соны қалайды.

Несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару

Бұл қылмыстың негізгі тікелей объектісі — банктердің және басқа несиелік мекемелердің несиелік

қызметі саласында қалыптасқан қоғамдық қатынастар.

Қылмыстың қосымша объектісі — несие берушілердің мүліктік мүдделері.

Қылмыс заты — несиелік берешек.

Несиелік берешек дегеніміз — несие берушіге белгілі бір мерзімде қайтарылуға тиісті, қарызға

алынған ақша қаражаты.

Қылмыстық, объективтік жағы ірі мөлшердегі несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару болып

табылады.

Несиелік берешекті өтеуден жалтару дегеніміз несиені шартта көрсетілген мерзімде қайтармау. Егер,

соттың тиісті шешімі күшіне кіргеннен кейін несие қайтарылмаса, ал несие алушының оны қайтаруға

мүмкіндігі болса, онда бұл несиелік берешекті етеуден әдейі жалтару деп танылады.

Айыпкердің іс-әрекетін осы бап бойынша саралау үшін несиелік берешек, осы бапқа берілген

ескертуге сай, азамат-қарызгер үшін жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын сома немесе ұйым-қарызгер

үшін екі мың бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын сома болуға тиіс.

Қылмыс құрамы — формальды. Бұл қылмысты аяқталды деп санау үшін тиісті сот шешімі заңды

күшіне енгеннен кейін, өтеуге мүмкіндік бола тұрып

ірі мөлшердегі несиені қайтармау фактісі анықталса жеткілікті.Бұл қарастырылып отырған қылмыстың

субъективтік жағы — тікелей ниет түріндегі кінә. Кінәлі адам ірі мөлшерден несиелік берешекті өтеу

жөніндегі заңды күшіне енген сот шешімін орындамай отырғанын біледі және өзінің несиелік

міндеттемелерін орындаудан жалтаруды қалайды.

Қылмыс субъектісі —16-ға толған азамат немесе ұйым басшысы.

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен 

Бағалы қағаздарды шығару (эмиссия) тәртібін бұзу

Мемлекет экономикасының маңызды салаларының бірі — бағалы қағаздар рыногы, ол Қазақстан

Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздан «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңымен, Қазақстан

Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен мәмілені

мемлекеттік тіркеу туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 сәуірдегі «Қазақстан

Республикасындағы вексельдік айналым туралы» Заңымен реттеледі. Бұл нормативтік актілер бағалы

қағаздарды шығару және айналымға жіберу, бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің қызметін жүзеге асыру

тәртібін белгілейді, бағалы қағаздар рыногының кәсіпкер қатысушыларының қызметін реттейді.

Бұл қылмыстың тікелей объектісі — бағалы қағаздардың эмиссиясына байланысты бағалы қағаздар

рыногында қалыптасатын қоғамдық қатынастар.

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңға сәйкес эмиссия дегеніміз — бағалы қағаздарды шығару және

орналастыру (2-бап). Эмиссия жарияланған жарғылық капиталды құрастыру және өз қызметін жүзеге асыру

үшін қаражат тарту мақсатында эмитент аркылы іске асырылады (өндіріледі), (13-бап). Эмиссияның

нәтижесінде мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздар шығарылады және орналастырылады (14

және 15-баптар). Эмиссия әртүрлі әрекеттерді қамтиды, оның ішінде эмиссия проспектісінде инвесторлар

үшін берілген ақпараттарды ашу және бағалы қағаздарды шығарудың және орналастырудың корытындысы

бойынша есеп ұсыну (15-б).

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бағалы қағазды белгіленген нысан мен міндетті

реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік

құқықтарды куәландыратын құжат деп анықтайды (129-баптың 1 бөлігі).

Қылмыс заты — эмиссия проспекті немесе бағалы қағаздар шығару жөніндегі есеп.

Эмиссия проспектісі дегеніміз — эмитент, оның қаржылық жай-күйі және шығарылатын бағалы

қағаздар жайындағы ақпараты бар құжаттар пакеті (заңның 2 бабы).

Бағалы қағаздарды шығару жөніндегі есеп дегеніміз — эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың

және орналастырудың қорытындысы туралы құжаттар пакеті, оны эмитент қағаздарды орналастыру кезінде

әрбір алты айдың қорытындысы бойынша (әр алты ай біткен соң бір ай ішінде), сондай-ақ орналастыру

біткен соң бір ай ішінде уәкілетті органға ұсынады (заңның 24- бабы).

Бұл қылмыстың объективтік жағы — көрінеу жалған ақпарат бар эмиссия проспектісін бекіту

түріндегі, не бағалы қағаздар шығару жөніндегі көрінеу жалған есепті бекіту түріндегі әрекет.

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңның 22 бабына сәйкес эмитет, сондай-ақ бағалы қағаздар

рыногының бағалы қағаздарды орналастыруды жүзеге асырушы кәсіпкер қатысушылары потенциалды

инвесторларға, олар бағалы қағаздарды сатып алғанға дейін, бағалы қағаздар эмиссиясының проспектісімен

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен(шығару шартымен), сондай-ақ эмитент қызметі туралы және ол эмитерлеген құнды қағаздар, мерзімі алты

айдан аспаған ақпаратпен танысуға мүмкіндік жасайды.

Бұл қылмысты жасағанда айыпкер осы қылмыстың жалған. Бұл қылмыстың құрамы — формальды, яғни

бағалы қағаз шығару жөніндегі көрінеу жалған есеп, не көрінеу жалған ақпарат бар эмиссия проспектісі

бекітілген кезден бастап қылмыс аяқталған болып саналады.

Бұл қылмыстың субъективтік жағы тікелей ниет түріндегі кінәмен сипатталады. Айыпты өзінің не

көрінеу жалған ақпарат бар эмиссия проспектісін, не бағалы қағаздар шығару жөніндегі көрінеу жалған

есепті бекіткенін біледі, соны қалайды. Қылмыс субъектісі — арнаулы — көрінеу жалған ақпарат бар

эмиссия проспектісін бекіткен ұйым — эмитент басшысы, немесе уәкілетті органның бағалы қағаздар

шығару жөніндегі көрінеу жалған есепті бекіткен лауазымды адамы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІШәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университететі

Құжат СМК 4 кезеңдегі ОӘК ПОӘК 042-18-20.1.64/03-

2013ж Қылмыстың саралау ғылыми негіздері пән

бойынша оқу-әдістемелік кешен атауы

Заңтану 5В030100

Баспа №1

Оқу-әдістемелік кешен

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен

Қылмыстың саралау ғылыми негіздері Заңтану мамандығына 5В030100

Семей 2013ж

Мазмұны

1 Глоссарий 42 Дәріс 43 Практикалық сабақ 44 Курсовой жұмыстарын тақырыбы 55 Студенттін өздік жұмыс 6

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен

1 Глоссарий

Саралау (квалификация) термины «gualis» - сапа, «facere» -істеу деген латынның екі сөзінен тұрады. Қылмыстық құқыққа қатысты бұл қоғамға қауіпті әрекетті аралас деликттерден айыруға мүмкіндік тудыратын сапалы баға беру деген мағынаны білдіреді.

Қылмысты саралау – тұлға жасаған қылмыстың нақты белгілерінің қылмыстық-құқықтық нормаларда көзделегн нақты қылмыс құрамының белгілеріне дәл келетіндігін анықтап, заң жүзінде тиянақтау болып табылады.

Қылмыс құрамы деп – қылмыстың заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтады.

Қылмыс объектісі дегеніміз қылмысты қол сұғушылықтан қылмыстық заң бойынша қорғалатын қоғамдық қатынастарды айтамыз.

Негізгі тікелей объект – қоғамдық мүдені қорғау үшін қылмыстық заң нормасы шығарылатын және осы басты белгі бойынша қылмыстық

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенКодекстің тиісті тарауына орналастыруға негіз болатын объектіні анықтау.

Қосысмша тікелей объект - қылмыстық заң бойынша қорғалып негізгі объектіге зиян келтірілгенде негізгі тікелей объектімен байланысты объектіні айтамыз.

Факультативтік тікелей объект – қылмыс жасаған кезде зиян келтіру қаупі туатын, бірақ қылмыс құрамының негізгі элементіне жатпайтын, қылмыстық заңмен қорғайтын қоғамдық қатынастарды айтамыз.

Қылмыс заты – осы қылмыс құрамының факультативті белгісі болып табылады.

Дәріс сабағыТақырып 1. Қылмыстарды саралаудын түсінігі мен манызы

Дәріс мақсаты: Қылмыстарды саралаудың түсінігін ашу, манызын анықтау

Сұрақтар:1. Қылмыстарды саралау түсінігі2. Қылмыстарды саралаудың маныздылығы

Қылмыстық жауапкершіліктің негізі- бұл тұлғаның іс әрекетінде заңмен көзделегн нақты қылмыс құрамының белгілерінің болуы. Яғни, ҚР ҚК Ерекше бөлімінің нормаларымен тұра көзделген іс әрекетті жасаған тұлға қылмыстық жаупкершілікке тартылады.

Қылмысты саралау процесі тек қылмыс құрамы негізінде ғана жүзеге асырылады, себебі, ол қажетті қылмыстық-құқықтық үлгі (эталон) болып саналады, оны мен салыстыру арқылы жасалған қылмыстын мазмұны мен сипатын толық және дәл көрсететін, тиісті қылмыстық-құқықтық норманы тандауға болады.

Саралау (квалификация) термины «gualis» - сапа, «facere» -істеу деген

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенлатынның екі сөзінен тұрады. Қылмыстық құқыққа қатысты бұл қоғамға қауіпті әрекетті аралас деликттерден айыруға мүмкіндік тудыратын сапалы баға беру деген мағынаны білдіреді.

Қылмысты саралау – тұлға жасаған қылмыстың нақты белгілерінің қылмыстық-құқықтық нормаларда көзделегн нақты қылмыс құрамының белгілеріне дәл келетіндігін анықтап, заң жүзінде тиянақтау болып табылады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:1. Қылмыстық жауапкершіліктін негізі не болады?2. Қылмысты саралау дегеніміз не?

Тақырып 2 Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы

Дәріс мақсаты: Қылмыс құрамынын түсінігін және құрылымын анықтау

Сұрақтар:1. Қылмыс құрамының түсінігі2. Қылмыс құрамының құрылымы және маңызы

Қылмыс құрамы деп – қылмыстың заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтады.

Қылмыс құрамы элементтері деп қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапқы компоненттерді айтамыз.

Қылмыс құрамының белгілеріне төрт элемент жатады. Олар;1. қылмыс объектісі2. қылмыстың объективтік жағы 3. қылмыс субъектісі4. қылмыстың субъективтік жағы.

1.Қылмыс құрамына мұқияттылықпен таңдап алынған түрлік белгілер кіреді.

Түрлік белгілер дегеніміз барлық қылмыстарға ортақ, олардың қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын білдіретін жиынтық.

Түрлік белгіге жатпайтын тек қана жекелеген қылмысқа тән белгілер қылмыс құрамына қосылмайды. Сондықтан, олар қылмыс құрамынан тысқары

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен

болсада, оның қылмысты саралау үшін маңызы болмайды.

Қылмыстық заңды дұрыс қолданудың маңызды шарттарының бірі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге заңды дұрыс қолданып, іс-әрекет пен әрекетсіздікке

қылмыстық заң нормасының талабына сай баға беріп саралау болып табылады. Саралау – адамға қоғамға істеген қауіпті іс-әрекетін қылмыс

құрамының белгісі бар бапқа дәлме – дәл жатқызу болып табылады.

Жалпы қылмыс құрамының маңыздылығы зор. Себебі, қылмыстың субъектісі, субъективтік жағының қылмыс құрамын қарап, дәрежесі, тәсілін

анықтау – сол арқылы жаза тағайындау маңыздылығы ерекше. Сондықтан да, қылмыс құрамын толық білмей қылмыстың қылмыстық құқықтың ерекше

бөліміндегі нақты қылмыстарды саралау мүмкін емес. 

2.Қылмыстық құрамдардың белгілері Қылмыстық кодекстің Жалпы және Ерекше бөлімі

нормаларының диспозицияларында қолданылатын белгілерге зер салсақ , олардың біркелкі сапада емес екндігін байқауға болады.   Қылмыс қрамдарының белгілері генесологиялық мағынада 1)обьективтік және

2)субьективтік деп екі топқа бөлінедіОбьективтік белгілер қылмыс құрамының обьектісі және

обьективтік жағын сипаттайтын белгілерді білдіреді. Субьективтік белгілер –қылмыс құрамының субьективтік жағын және субьектісін сипаттайтын белгілер болып табылады.

  Қылмыс құрамының қоғамға қауіптілік дәрежесін сипаттайтын белгілерді үш топқа бөлуге болады.

1)                    негізгі немесе конститутивтік2)                    ауырлататын  немесе  сараланған3)                    жеңілдететін

1.негізгі  немесе  конститутивтік белгілер деп қылмыстық құрамдардың негізгі немесе ауырлататын  құрамдарына , сондай-ақ жеңілдететін құрамдарына  да  тән белгілерді айтамыз.

2. Ауырлататын белгілер қылмыстың құрамында  тікелей келтірілген  ауырлататын жағдайларды білдіреді. Ол ауырлататын жағдайлар қылмыстық құраимды  сипаттайтын белгілердің түрлерінде кездеседі, яғни  зардаптың көлеміне , қылмысты жасау  орыны, уақыты, тәсілі жағдайы, құралына қарай және ниетімен мақсаттың , қылмыс субьектісінің түріне қарай ауырлатады.

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен

3. Қылмыстық құрамдар кінәні жеңілдететін қылмыс  түрі ретінде бағалануы үшін , ол жеңілдететін белгі құрамның мазмұнында келтіріледі. Мұндай   жағдай да ауырлататын құрамдардағы сияқты кінәні жеңілдететін белгі қылмыстық құрамының міндетті белгісі  ретінде норма дисплзициясында тікелей  көрсетіледі.  Жеңілдететін белгі  баптың  атауында немесе диспозициясында тікелей көрсетілгенде ғана құрамның міндетті белгісі  ретінде бағаланып, қылмыс осы белгісіне қарай  квалификацияланады.

Қылмыстық құрамның белгілері анықтау дәрежесіне қарай екіге бөлінеді:

1)                    анықталған2)                    бағаланатын

Анықталған белгінің мағынасын түсіну , қылмыс құрамын анықтайтын белгінің бар немесе жоқ екендігін анықтауда қиындық тудырмайды  және  мұндай белгілер заң  баптарының  өзінде келтіреді немесе оның түсінігі ашылады.

  Бағаланатын белгілердің түсінігі немесе оның анықталу дәрежесі  диспозицияда  келтірілмейді . Мұндай топқа жататын белгілерді практикада  квалификация жүргізуші субьектілер өз көз- қарасымен немесе  құқытық санамен анықтайды.

  Бағаланатын  ұғымдардың заңды өмір сүру себебі, әрекеттердің көріністері  әр түрлі  деңгейде болатындығына және көп түрлі мазмұнды иеленетіндігіне соған сәйкес әр жағдайдағы қауіптілік дәрежесін заңда бейнелеу мүмкін еместігіне және нақты қылмыстың сол кездегі  жағдайларына қарай анықтау қажеттілігіне  байланысты болып табылады.

  Қылмыс құрамдарының белгілері қылмыстық –құқыөтық маңыздылығына қарай:

1)                    позитивтік және негативтік деп екі топқа бөлінеді.

Қылмыс құрамдарында кездесетін белгілер мағынасы , маңыздылығы бойынша көбінесе растап тұрса , ал кейбіреулері теріс мағынада түсіндіру қызметін атқарады. Позитивтік белгілер –бұл қылмыс  құрамының бар екендігін ия деген мағынада білдіреді. Ал негитивтік белгілер қылмыс құрамының белгілеріне екінші белгілерді қарсы қойып түсіндіреді. Қылмыс құрамының жоқ екндігін білдіретін белгілер түрінде көрінеді. Қылмыс құрамының  жоқ екендігін білдіретін белгілер

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенЕрекше  бөлім  баптарының  ескертпелерінде кездеседі. Мысалы 251  баптағы қаруды , оқ-дәрілерді , жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды  заңсыз алу , беру, өткізу ,  сақтау, тасымалдау немесе алып жүру қылмысының ескертпесіндегі өз еркімен тапсырған адам  деген  белгіні  айтуға болады. Мұндай ескертпелер терроризм , кепілге алу, парақорлық , қылмысты жасыру , хабарламау қылмыстарында  кездеседі . Сонымен қатар негативтік белгілер Жалпы бөлімнің баптарының атауларында немесе диспозицияларында  да кездеседі.

  Негативтік белгілер Ерекше бөлім нормаларының диспозицияларында  да жеткілікті кездеседі. Қылмыстық құрамдардың белгілерін тұрақтылығына қарай:1) тұрақты

2)                    айнымалы деп бөлуге болады.Тұрақты белгілер ретінде қылмыстық заңның

қолданыстағы уақытында өзгермейтін құрам белгілері  алынады. Тұрақты белгілер Ерекше бөлім баптарының диспозицияларында ғана  емес, олар Жалпы бөөлім нормаларына  да тән болып келеді. Мұндай белгілерге нақты  қылмыс құрамдарын талдауда қолданылатын белгілермен қатар , көпшілік қылмыс түрлерін немесе кейбір  жағдай да барлығын сипаттауда қолданылатын белгілер де жатады.

Ал нақты қылмыс түрлеріндегі тұрақты белгілер бұрынғы заңдарда басқаша берілген болуы мүмкін, бірақ жаң қабылданған заң ол   белгіде басқаша  нұсқада беріп және ол занның  күшінде болу бүкіл уақытында сақталады.  Мысалы 1998 жылға дейінгі қылмыстық заң   бойынша өлтіру –бұл құқыққа қайшы түрде басқа адамды өмірінен  айыру болып анықталады. Ал 1998 жылдан бастап күшіне енген заң кісі өлтіруді «басқа  адамға құқыққа қарсы қасақан қаза келтіру» деп  анықтайды. Бұрынғы заң мен  қазіргі заңның бұл анықтамадағы басты айырмашылығы  кісі  өлтірудің  тек «қасақана » түрде жасала алатындығы  болып табылады.

  Тұрақты белгілер әдетте қылмыстық-құқықтық норманың өзінде келтіріледі, ал басқа нормативтік актілерде көрсетілгенде айнымалы сипатқа көше бастайды. Себебі әр түрлі шаруашылық, қауіпсіздік саласына арналып шығарылған өзге ведомствалық заңдар техникалық прогреске, талаптың күшеюіне , бұрын белгілі  болмаған  жайттар ашылуына т.б. байланысты жиі өзгерістерге ұшырайды. Қылмыс құрамының белгілері бланкетті болған жағдайд а өзге ведомстволардағы өзгерістер қылмыстық құрам белгісінің де өзгеруіне

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенсоқтырады. Мысалы нақты өндіріс салаларында қолданылатын техникалық қауіпсіздік ережелеріне өзгерістер негізілгенде , мұндай өзгерістерде  ауыр зардаптарға соқтырған  қауіпсіздік ережелерін сақтамау қылмыс ретінде  заңда қарастырылса, онда бұл өзгерілген белгілер айнымалық сипатты көрсетеді. Қылмыстық заңда мұндай бланкетті құрамдар қоғам қауіпсіздігіне ,  экология  қауіпсіздігіне , экономикалық қызметке қарсы бағытталған қылмыстарда көптеп кездеседі.

  Қылмыстық құрам белгілерін айнымалылыққа соқтыратын келесі жәйт, ол белгілі –бір қылмыс түрлері  бойынша Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларының қылмыс белгісін түсінуде жаңа ұсынысты көрсетуі болып табылады. Жоғарғы Сот қаулыларының жаңаша жетекші ұсыныстар көрсетуіне себеп  болатын жағдайлар, қылмыстық құқық ғылымының жетістіктерін қолдану ,  қате пайымдауларды түзету тағы басқа  бола  алады.

  

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:1. Қылмыс құрамынын түсінігі.2. Қылмыс құрамынын құрылымы.

Тақырып 3 Қылмыстың объектісі бойынша саралау

Дәріс мақсаты: Қылмыс объектісінін түсінігін, саралаудығы маңызын ашу

Сұрақтар:1. Қылмыстың объектісінің түсінігі және маңызы. 2. Қылмыстың объектілерінің түрлері бойынша саралау. 3. Қылмыстың заты бойынша саралау

Кез келген қылмысты ашу үшін қылмыстың объектісін анықтаудың маңызы ерекше.

Қылмыс объектісі дегеніміз қылмысты қол сұғушылықтан қылмыстық заң бойынша қорғалатын қоғамдық қатынастарды айтамыз. Әрбір істелген қылмыс белгілі бір жағдайда қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе келтіру қаупін туғызады.

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенҚоғамдық қатынастар қоғамдық қоғамдық экономикалық формацияларында байланысты пайда болады, дамиды, жетіледі.

Қылмыс объектісі

Топтық

Жалпы объект – заң нормасы арқылы қорғалатын қоғамдық қатынастар жиынты.

Толық объект – қылмыстық қол сұғушылықтан қылмыстық заң қорғайтын біртектес немесе өзара ұқсас қоғамдық қатынастардың белгілі бір бөлігі.

Тікелей объект – заң қорғайтын нақты қатынастарға бір немесе бірнеше қылмыстардың тура немесе тікелей бағытталуы.

Тікелей объект

Қосымша тікелей

объект

Негізгі тікелей объект – қоғамдық мүдені қорғау үшін қылмыстық заң нормасы шығарылатын және осы басты белгі бойынша қылмыстық Кодекстің тиісті тарауына орналастыруға негіз болатын объектіні анықтау.

Негізгі тікелей

объект

Факультативтік

тікелей объект

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен

Қоысмша тікелей объект - қылмыстық заң бойынша қорғалып негізгі объектіге зиян келтірілгенде негізгі тікелей объектімен байланысты объектіні айтамыз.

Факультативтік тікелей объект – қылмыс жасаған кезде зиян келтіру қаупі туатын, бірақ қылмыс құрамының негізгі элементіне жатпайтын, қылмыстық заңмен қорғайтын қоғамдық қатынастарды айтамыз.

Қылмыс заты – осы қылмыс құрамының факультативті белгісі болып табылады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:1. Қылмыс объектісі дегеніміз не?2. Қылмыс объектісінін манызы.

Тақырып 4 Қылмыстың объективтік жағы бойынша саралау

Дәріс мақсаты: Қылмыстын объективтік жағына түсініктеме беру, және оның маңызын анықтау

Сұрақтар:

1. Қылмыс құрамының объективтік жағының түсінігі және маңызы. 2. Қылмысты іс әрекет және саралау мәселелері. 3. Қылмысты зардаптың түрі және көлемі бойынша саралау.4. Себепті байланыс және оның қылмысты саралаудағы маңызы.5. Қылмыстың объективтік жағының қосымша белгілері бойынша

саралау

Қылмыстың объективті жағы қылмысты істеген адамның мінез құлқылық сыртқы көрінісін блдіреді.

Қылмыстық құқықтағы зиян қылмыстық объективтік жағының белгісі болып табылатын « Қоғамға қауіпті зардап» ұғымын білдіреді.

Қоғамға қауіпті іс-әрекет одан туындайтын зардаптың арасын байланыстыратын белгі себепті байланыс деп аталады.

Қылмыстың объективтік жағының белгілеріне:

- әрекет пен әрекетсіздік

- қылмыстық зардап

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен

- себепті байланыс

Жатса, ал, объективті жағынан факультативті белгілеріне:

- қылмыс тәсілі

- қылмыс құралы істелу жағдайы

- қылмыс орны

- уақыты жатады.

Іс - әрекет - адамның мінез – құлқының сыртқа шыққан шынайы көрінісі болса, қылмысты зардап – қылмыстық заңда көрсетілген қоғамдық қатынастарға әрект пен әрекетсіздік арқылы келтірілген зиян болып табылады.

Себепті байланыс – қоғамда қауіпті іс - әрекет одан туындайтын зардаптың арасын объективті түрде жалғастыратын себепті байланыс. Қылмысты объективтік жағының факультатвитік белгілеріне келсек, қылмыс тәсілі дегеніміз – кінәлі адамның іс-әректті істеудегі қолданылатын әртүрлі әдістері мен айлалары.

Қылмы істелу орыны 1-деп, қылмыс істеген кеңістікті, 2-деп, жер бетінің қай бөлігінде қылмыс істегенін анықтайды.

Жалпы, қылмыстың объективтік жағы болсын немесе объективтік жағының факультативтік белгілерінің негізінен үш түрлі маңызы бар:

1. бұл белгілер қылмыс құрамының міндетті, қажетті белгілері болуыкерек

2. белгілер қылмыс құрамының ауырлататын түрін белгілеуі мүмкін3. қылмысты саралауға әсер болмаса да жазаны жеңілдететін немесе

ауырлататын мән-жайлар ретінде қарастырылады.

Жалпы, қылмыстың объективтік жағының жауапкершілік пен жаза тағайындаудағы маңызы ерекше.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:1. Қылмыстын объективтік жағы дегеніміз не?2. Іс әрекет, зардап және екеуінін арасындағы себепті байланыс дегеніміз

не?

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен

Тақырып 5 Қылмыстың субъективтік жағы бойынша саралау

Дәріс мақсаты: Қылмыстын субъетівтік жағына түсініктеме беру, белгілерін, саралаудағы манызын ашу

Сұрақтар:1. Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және қылмыстық

құқықтағы маңызы. 2. Кінәнің нысандары бойынша қылмысты саралау. 3. Қылмыс құрамының субъективтік жағының қосымша белгілері

бойынша саралау. 4. Қате және оның түрлері бойынша саралау

Қылмыстың субъективтік жағы адамның психикалық іс-әрекетінің қылмыс істеуге байланысты жағының көрінісі болып табылады.

Субъективтік жақ қылмыстың ішкі мәнін, мазмұнын білдіреді. Сондықтан субъективтік және объективтік белгі өзара тығыз байланысты.

Қылмыстың субъективтік жағы

белгілерімен сипатталады.

Кінә – кез келген қылмыс құрамының субъективті жағының міндетті белгісі. Кінәсіз қылмыстың құрамы болмайды.

Кінә - адамның қасақаналықпен немесе абайсызда істейтін қоғамға қауіпті іс - әрекетіне, көзқарастың жиынтығы.

Кінә түрлері

Кінә

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен

Сонымен қатар, кінә психологиялық, әлеуметтік ұғымдар жиынтығы.

Зардап, қоғамға қауіптілік түсіну – кінәнің әлеуметтік мәнін құраса, сезіну мен еріктілік - психологиялық көзқарастарды құрайтын элементтер болып табылады.

Кінәнің қасақаналық түрінде адам өз істеген ісінің зардабын біледі, яғни соны тілейді.

Қасақаналық

болып екіге бөлінеді.

Кінәнің абайсыздық түрі менмендікпен немқұрайлықпен (Қ.К. 21 бап. 1 тармағы) жүзеге асырады.

Немқұрайлық екі түрлі белгілермен сипатталады:

1. адам өз әрекетінің заңды зардаптарын болжауға тиіс болса,;

2. болжай алатын болса.

Бұл немқұрайлылықтың объективтік белгісі.

Менмендікпен істелетін іс - әрекеттің қауіпті екенін түсіну, зиянды зардаптың болуы мүмкін екенін алдын – ала білу немесе зардаптар болмас деп сену.

Қылмыстық ниет және мақсат

Қылмыстық ниет – белгілі бір қажеттіліктер мен мүдделердің іштей түрткі болуна байланысты адамның соларды басшылыққа ала отырып, саналы түрде қылмыс істеуге бел бууын айтамыз.

Абайсызда

Жанама

Тікелей

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенҚылмыстық мақсат – адамның қылмыс істеу арқылы болашаққа белгілі бір нәтижеге жетуін айтамыз.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:1. Қылмыстын субъектівтік жағына түсініктеме берініз2. Қылмыстың субъектівтік жағының қандай міндетті белгілері бар?3. Қылмыстң субъективтік жағының қандай қосымша белгілері бар?

Тақырып 6. Қылмыстың субъектісі бойынша саралау

Дәріс мақсаты: Қылмыстын субъектісіне түсініктеме беру, белгілерін, саралаудағы манызын ашу

Сұрақтар:

1. Қылмыстың субъектісінің ұғымы, белгілері және саралаудағы маңызы. 2. Қылмыстардың арнайы субъектілері бойынша саралау

Қылмыс субъектісі – қылмыстың жауаптылыққа қабілетті адам. Заңды тұлғалар – мекеме, ұйым, кәсіпорын қылмыстық субъектісі болып танылмайды.

Қылмыс субъектісі

арнаулы

жалпы

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенЕсі дұрыстық, заңда көрсетілген жасқа таяу және жеке адам болу – барлық қылмыстарға тән, ортақ белгілер. Бұл белгілер жалпы субъектінің түсінігі.

Осы жалпы белгіні қоса қылмыс құрамының ерекшелігіне қарай қосымша, арнаулы белгілерді қажет ететін адам қылмыстың арнаулы субъектісі борлып табылады.

Сонымен, қылмыс субъектісі дегеніміз есі құрыс, заңда көрсетілген жасқа толған, жеке адам – осы есі дұрыстық, жасқа толғандық, жеке адам субъектісінің белгілері де болып табылады.

Есі дұрыс емес адамдар қылмыс субъектісі бола алмайды, оларға қылмыс істеген жағдайда мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін

Есі дұрыс еместік

Қ.к 16 бабы

болып бөлінеді.

Медициналық белгіге төрт ауру түрі жатады: 1. Созылмалы психологиялық ауру.2. Психиканың уақытша бұзылуы.3. Кемақылдылық.4. Психиканың өзге де дертке ұшырауы.

Интелектуалдық

Заңдық белгі

Еріктілік екзең

болып бөлінеді.

Заңдық белгі (психологиялық)

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен

Қылмыстық жасқа толу – субъектінің негізгі белгісінің бірі. Яғни қылмыстық жауапқа тартудың ең негізгі шарттарының бірі – белгілі бір жасқа толғандық.

Жас балалар (9-13) қылмыс субъектісі бола алмайды.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:1. Қылмыстын субъектісіне түсініктеме берініз2. Қылмыстың субъектісінің қандай белгілері бар?3. Қылмыстық жауаптылық неше жастан көзделген?

Тақырып 7 ҚР Қылмыстық құқығында нормаларында көзделген қылмыс құрамының жағымсыз белгілері

Дәріс мақсаты: Қылмыс құрамының жағымсыз белгілерін анықтау

Сұрақтар:1. ҚР Қылмыстық құқығының бланкеттік нормаларының түсінігі

және маңыздылығы.2. ҚР ҚҚ бланкеттік нормаларың қолданудың мәселелері

ҚР ҚК жалпы бөлімінің нормаларында көзделген барлық қылмыс құрамдарының жағымсыз белгілерін 3 топқа бөлуге болады: қылмыстық құқыққа қайшылық бар кезіндегі, жасалған іс әрекеттін қоғамаға қауіптілігі жоқ кезіндегі қылмыс құрамын жоққа шығаратын белгілер және қарамақарсы; жасалған іс әрекеттін қоғамға қауіптілігі жоқ және қылмыстылығы жоқ кезіндегі қылмыс құрамын жоққа шығаратын белгілер; аяқталмаған қылмыс құрамын жоққа шығаратын белгілер.

Әр қайсысыда бір неше түрлерге бөлінеді.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:1. Қылмыс құрамының жағымсыз белгілері дегенді қалай түсінесіз?2. Оның қандай түрлері бар?

2 бөлім: Қылмыстарды саралау ережелерінің түсінігі мен түрлері

Глоссарий

Қылмыстарды саралудың ережелері – қылмыстық заңда, қылмыстық құқық

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттентеориясында, ҚР Жоғарғы Сот тәжірибесінен туындаған қылмыстық заңды қолданудын тәсілдерімен жолдары

Қылмыстарды саралаудың жалпы ережелері – бүкіл қылмыстарды саралау барысында қолданылатын ережелер

Қылмыстарды саралаудың жеке ережелері – қылмыстардың ұқсас түрлерін ажыратуда қолданылады

Қылмысқа қатысу – екі немесе одан да көп адамның қасақана қылмыстық әрекетті істеуі.

Ұйымдастырушы – қылмысты ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам, сонымен бірге ұйымдасқан қылмыстық топ құрған немесе қылмыстық қауымдастық (ұйым) құрған тікелей басшылық еткен адам.

Айдап салушы дегеніміз – басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен нмесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам.

Көмектесуші адам – кеңестерімен, нұсқауларымен , ақпарат, қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен инее қылмысты жасауға кедергілерді жоюмен қылмыстың жасалуына көмектескен адам.

Тақырып 8 Қылмыстарды саралаудың ережелерінің түсінігі және түрлері

Дәріс мақсаты: Қылмыстарды саралаудың ережелерінің түсінігін ашу, түрлерін анықтау

Сұрақтар:1. Қылмыстарды саралаудың ережелерінің түсінігі2. Қылмыстарды саралаудың ережелерінің түрлері

Қылмыстарды саралудың ережелері – қылмыстық заңда, қылмыстық құқық теориясында, ҚР Жоғарғы Сот тәжірибесінен туындаған қылмыстық заңды қолданудын тәсілдерімен жолдары

Қылмыстарды саралаудың жалпы ережелері – бүкіл қылмыстарды саралау барысында қолданылатын ережелер

Қылмыстарды саралаудың жеке ережелері – қылмыстардың ұқсас түрлерін ажыратуда қолданылады

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:1. Қылмысты саралаудың ережелері дегеніміз не?2. Оның қандай түрлері бар?

Тақырып 9 Қылмыстарды саралаудың жалпы ережелері

Дәріс мақсаты: Қылмыстарды саралаудың жалпы ережелеріне түсініктеме беру

Сұрақтар:1. ҚР ҚҚ белгіленген принциптар негізіндегі қылмыстарды саралаудың

жалпы ережелері2. ҚР ҚҚ белгіленген басқа да жалпы қағидаларының негізіндегі

қылмыстарды саралаудың жалпы ережелері

ҚР Конституциясы мен ҚК қағидаларында негізделген қылмыстарды саралаудың жалпы ережелері үш түрге бөлінеді.

Біріншісі- жасалған іс әрекет қылмыс ретінде қылмыстық заңда тұра көзделу керек. Бұл ереже ҚР ҚК-де көзделген заңдылық қағидасында негізделген. Екінші ережесі – жасалған іс әрекетте нақты қылмыс құрамының белгілері болу қажет. Үшінші ереже – қылмысты ресми түрде саралау ҚР ҚІЖК белгіленген ережелерде дәлелденген, нақты анықталған айғақтарда негізделген болу керек.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:1. Қылмысты саралаудың жалпы ережелері дегеніміз не?2. Оның қандай түрлері бар?

Тақырып 10 Қылмыстарды саралаудың жеке ережелері

Дәріс мақсаты: қылмыстарды саралаудың жеке ержелерінін мазмұның ашу.

Сұрақтар:1. Бір қылмыс құрамының шегінде қылмыстарды саралаудың жеке

ережелері2. Қылмыстардың көптілігін саралаудың жеке ережелері3. Қылмыстарды саралаудың өзгерүінің жеке ережелері

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенБір қылмыс құрам шегіндегі қылмыстарды саралаудың жеке ержелері келесі топтардан құрылады: 1) қылмыстың субъективтік белгілерінің ерекшеліктері бойынша; 2) жартылай аяқталмаған қылмыстық әрекет; 3) қылмысқа қатысушылық; 4) жалған қорғану. Осылардың әр қайсысы бір нешен топтарға, саралау ережелеріне бөлінеді.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:1. Қылмысты саралаудың жеке ережелері дегеніміз не?2. Оның қандай түрлері бар?

Тақырып 11 Қылмыстарды ажырату

Дәріс мақсаты: Қылмыстарды қылмыс құрамының элементтері бойынша ажыратуды түсіну

Сұрақтар:1. Объект бойынша қылмыстарды ажырату2. Объективтік жақ бойынша қылмыстарды ажырату3. Субъектвтік жақ бойынша қылмыстарды ажырату4. Субъект бойынша қылмыстарды ажырату

Қылмыс құрамы деп – қылмыстың заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтады.

Қылмыс құрамы элементтері деп қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапқы компоненттерді айтамыз.

Қылмыс құрамының белгілеріне төрт элемент жатады. Олар;5. қылмыс объектісі6. қылмыстың объективтік жағы 7. қылмыс субъектісі8. қылмыстың субъективтік жағы.

Қылмыс құрамына мұқияттылықпен таңдап алынған түрлік белгілер кіреді.

Түрлік белгілер дегеніміз барлық қылмыстарға ортақ, олардың қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын білдіретін жиынтық.

Түрлік белгіге жатпайтын тек қана жекелеген қылмысқа тән белгілер қылмыс

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенқұрамына қосылмайды. Сондықтан, олар қылмыс құрамынан тысқары болсада, оның қылмысты саралау үшін маңызы болмайды.

Қылмыстық заңды дұрыс қолданудың маңызды шарттарының бірі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге заңды дұрыс қолданып, іс-әрекет пен әрекетсіздікке қылмыстық заң нормасының талабына сай баға беріп саралау болып табылады. Саралау – адамға қоғамға істеген қауіпті іс-әрекетін қылмыс құрамының белгісі бар бапқа дәлме – дәл жатқызу болып табылады.

Жалпы қылмыс құрамының маңыздылығы зор. Себебі, қылмыстың субъектісі, субъективтік жағының қылмыс құрамын қарап, дәрежесі, тәсілін анықтау – сол арқылы жаза тағайындау маңыздылығы ерекше. Сондықтан да, қылмыс құрамын толық білмей қылмыстың қылмыстық құқықтың ерекше бөліміндегі нақты қылмыстарды саралау мүмкін емес.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:1. Қылмыстарды объект бойынша қалай ажыратамыз?2. Қылмыстарды объективтік жағы бойынша қалай ажыратамыз?3. Қылмыстарды субъективтік жағы және субъект бойынша қалай

ажыратамыз?

Тақырып 12 Қылмыстарды саралау процесі

Дәріс мақсаты: Қылмыстарды саралау процесімен танысу және оның ізділігін сақтау.

Сұрақтар:1. Қылмыстарды саралау процесінің түсінігі2. Қылмыстарды саралау процесінің жүйелілігі ( бірізділілігі)

Қылмысты саралау процесі дегеніміз – тұлғаның іс әрекетінде қай қылмыс құрамынын белгілері бар екендігін анықтау процесі.

Психология жағынан саралау процесі дегеніміз нақты міндетті шешу мен байланысты ойлау процесі. Логика жағынан логикалық ойладың заңдарына бағынышты ойлау құралдарынын жиынтығы. Осы ережелер қылмысты саралау процесін анықтау кезінде негізгі болып табылады және оны жалпы түрде сипаттайды.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1)Қылмыстарды саралау процесі қай кезде басталады?

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен2) Қылмыстарды саралау процесінің ізділігі дегеніміз не?

Тақырып 13 Аяқталмаған қылмыстарды саралау

Дәріс мақсаты: Аяқталмаған қылмыстарды квалификацияладың жалпы сипаттамасын беру және квалификация тәртібін қарастыру.

Сұрақтар:1. Аяқталмаған қылмыстардың жалпы сипаттамасы және жалпы тәртібі. 2. Қылмысқа дайындалу және квалификация тәртібі. 3. Қылмысқа оқталу және квалификация тәртібі.

Аяқталмаған қылмыстардың қатарына қылмыстық құқық қылмысқа даярлану мен оқталуды жатқызады. Қылмыстық заңның Ерекше бөліміндегі баптардың диспозицияларында тек аяқталған қылмыстардың белгілері келтірілген. Ал қылмыс кінәлінің еркіне байланысты емес жағдайларда аяғына дейін жеткізілмесе, онда аяқталмаған қылмысты әрекеттердің түрлері орын алып, іс әрекетті саралау аяқталған қылмыстармен салыстырғанда өзгеше жүргізіледі және жауаптылық тағайындауда да айырмашылық болады.

Аяқталмаған қылмыстардың ерекшелігін білдіретін белгілердің қатарына мыналар жатады:

1. Аяқталмаған қылмыстар тек қасақана, оның ішінде тікелей қасақана әрекеттермен жасалады.

2. Аяқталмаған қылмыстарда кінәлінің еркіне тәуелсіз себептерге байланысты орындалуы аяғына дейін жеткізілмейді.

3. Аяқталмаған қылмысты құрайтын әрекеттер қоғамға қауіпті деп бағаланады, себебі қылмысқа дайындалу немесе оқталу әрекеттерінде адамда кауіпті ой-ниет орын алады және ол аяғына дейін жеткізілілу мақсатын көздейді, сонымен қатар, заңмен қорғалатын мүдделерге нақты қауіп туындайды және қылмыстық мақстақа жету үшін осындай мүдделерге қарсы бағытталған әрекетттердің алғашқы сатысы көрініс алады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтар:1. Қылмысқа даярлану деген не, және оған қылмыстық жауаптылық

көзделеме?2. Қылмысқа оқталу деген не?3. Қылмысқа даярлану және оқталу кінәнің қандай түрімен жасалады?

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен

4. Тақырып 14 Қылмысқа қатысушылықпен жасалған іс әрекеттерді саралау

Дәріс мақсаты: Қылмысқа қатысудын түсінігін ашу, және қылмысқа қатысушылардың жауакершілігін анықтау

Сұрақтар:

1. Қылмысқа қатысушылықтың белгілері және қылмысты саралаудағы маңызы.

2. Қылмысқа қатысушылардың әрекетін қатысу нысандары бойынша саралау

3. Аяқталмаған қылмысқа қатусышылық және квалификация тәртібі. 4. Қылмысқа қатысушылық нысандары бойынша (экцесс) әрекеттерін

және арнайы субъектілердің қатысушылығын саралау

Қылмысқа қатысу 27,28,29,31 баптарда қаралған.

Қылмысқа қатысу – екі немесе одан да көп адамның қасақана қылмыстық әрекетті істеуі. Қылмысқа қатысудағы басты шарт – барлық қатысушыларға қылмысты орындаушының істейтін қылмысының мәнін сезе отырып, іртүрлі ниетпен соның болуын тілеп, қылмысты жүзеге асыру үшін өзгенің қылмыстық әрекеттерін біріктіру.

Қылмысқа қатысушылар

Қылмысты тікелей жасаған немесе оны жасауға басқа адамдарсен бірге тікелей қатысқан адам.

Ұйымдастырушы – қылмысты ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам, сонымен бірге ұйымдасқан қылмыстық топ құрған немесе қылмыстық қауымдастық (ұйым) құрған тікелей басшылық еткен

азғырушы

Көмектесуші

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенадам.

Айдап салушы дегеніміз – басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен нмесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам.

Көмектесуші адам – кеңестерімен, нұсқауларымен , ақпарат, қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен инее қылмысты жасауға кедергілерді жоюмен қылмыстың жасалуына көмектескен адам.

Қылмысқа қатысу заттай (материалдық) интелектуалдық көмектесу жолымен орын алуы мүмкін. Қалай болғанда да қылмыстық әрекетті жүзеге асыру, ізін жасыру осы көмектесуші адам арқылы жүзеге касады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:1. Қылмысқа қатысу дегеніміз не?2. Қылмысқа қатысушылардың түрлерің атаныз.

Тақырып 15 Жекелеген жаза тағайындаудың өзекті саралау мәселелері

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенДәріс мақсаты: қазіргі өзекті мәселелердің бірі – жекелеген жаза тағайындаудың саралау мәселелері.

Сұрақтар:

1) Жаза тағайындаудың жалпы негіздері 2) Жауаптылық пен жазаны жеңілдететін жағдайлар

Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әр түрлі ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрін кеңінен қолданады, сөйтіп қылмыстан сақтандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негізгі басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқ қарсы күресте шешуші мәселелер жоғарыда аталып өткен экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерінің белсенділігін, олардың құқылық сана-сезімін жетілдіру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, заңда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс істеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттің атқаратын функцияларының бірі ретінде қарастырылады. Әсіресе ауыр, өте ауыр қылмыс істегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық-құқылық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті болып табылады. Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан. Оларға тек қылмыстық құқылық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шаралар да жатады. Қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шараларының жеке бір түрі бола отырып, өз ерекшеліктерімен оқшауланады.Қылмыстық жаза кнәлі адамға мемлекет атынан белгіленеді, жеке немесе лауазымды адамдар сот тағайындаған жазадан ешкімді де босата алмайды, заңды күшіне енген сот үкімі мемлекеттік, жеке кәсіпорын, ұйым, мекеме, лауазымды және жай адамдардың орындауы үшін Республика аумағында індетті болып табылады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

3) Жауаптылық пен жазаны ауырлататын жағдайлар 4) Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен

1. Жекелеген жаза тағайындаудың өзекті саралау мәселелері дегеніміз не?

2. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау?

Семинарлық (тәжірибелік) сабақтардың тақырыптық жоспары

№Тақырыптың атауы Сағат саны

1 Қылмысты саралудың ұғымы. Саралаудың түрлері 1

2 Қылмыстарды саралаудың методологиялық-философиялық негіздері

2

3 Қылмыстарды саралаудың заңдық негіздері 1

4 Қылмыстарды объектісі бойынша саралау. Қылмыстарды объективтік жағыбойынша саралау. Қылмыстарды субъективтік жағы бойынша саралау.

2

5 Қылмыстарды субъектісі бойынша саралау 1

6 Нормалардың бәсекелстігінде қылмыстарды саралау 2

7 Қылмыстардың көптігі бойынша қылмыстарды саралау

2

8 Қылмысқа қатысу қылмыстарды саралау Жеке адамға қарсы қылмыстар бойынша қылмыстарды саралау

2

9 Конституциялық құрылыс негіздері мен мемлекет қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарды саралау

1

10 Меншікке қарсы қылмыстарды саралау 1

Барлығы 15

7.3. Студенттердің оқытушы жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмыстарының тақырыптық жоспары (СОӨЖ)

№ СОӨЖ арналған тапсырмалардың тақырыбы мен мазмұны

Өткізу түрлері

Сағат саны

1 Саралаудың ұғымы, оның негізі мен маңызы. Саралаудың түрлері, олардың ерекшеліктері.

ауызша 5

2 Қылмыстарды объектісі және объективтік жағы бойынша , субъектісі және субъективтік жағы бойынша саралау.

ауызша 5

3 Нормалардың бәсекелестігінің ұғымы, бәсекелестіктің түрлері және оларды саралаудың

ауызша 5

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен

проблемалық сұрақтарын ашу.4 Қылмыс сатылары, қылмыс коптігі, қылмысқа

қатысу институттары бойынша саралаудың ғылыми негіздері.

ауызша 5

5 Жеке адамға қарсы қылмыстарды саралаудағы проблемалық мәселелерді шешу. Ұқсас құрамды қылмыстарды саралаудың ерекшелігі.

ауызша 5

6 Пайдакүнемдікпен ұштасқан меншікке қарсы қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері. Пайдакүнемдікпен ұштаспаған меншікке қарсы қылмыстардан ажырату мәселелері.

ауызша 5

Барлығы 30

8. Студенттердің өзіндік жұмысының тапсырмалары8.1. Студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары

№ Тақырыптың атауы Сағат саны

1 Саралаудың ұғымы, оның негізі мен маңызы. Саралаудың түрлері, олардың ерекшеліктері.

5

2 Қылмыстарды объектісі және объективтік жағы бойынша , субъектісі және субъективтік жағы бойынша саралау.

5

3 Нормалардың бәсекелестігінің ұғымы, бәсекелестіктің түрлері және оларды саралаудың проблемалық сұрақтарын ашу.

5

4 Қылмыс сатылары, қылмыс коптігі, қылмысқа қатысу институттары бойынша саралаудың ғылыми негіздері.

5

5 Жеке адамға қарсы қылмыстарды саралаудағы проблемалық мәселелерді шешу. Ұқсас құрамды қылмыстарды саралаудың ерекшелігі.

5

6 Пайдакүнемдікпен ұштасқан меншікке қарсы қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері. Пайдакүнемдікпен ұштаспаған меншікке қарсы қылмыстардан ажырату мәселелері.

5

Барлығы 30

8.2. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың жоспары (СӨЖ)

№ СӨЖ арналған тапсырмалардың тақырыбы мен мазмұны

Әдебиеттер Ұсыныстар Бақылау түрі

Тапсыру мерзімдері (апта)

1 Есептерді Алауханов ҚР ауызша 1 апта

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен

(казуестерді) шығару Е.Ж., Рахметов С.М.ҚР Қылмыстық кодексіне түсініктеме Алматы, 2002 Апенов С.М: Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006

Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау

2 Есептерді (казуестерді) шығару

Апенов С.М: Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006 Алауханов Е.Ж., Рахметов С.М.ҚР Қылмыстық кодексіне түсініктеме Алматы, 2002

ҚР Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау

ауызша 2 апта

3 Есептерді (казуестерді) шығару

Куринов Б.А. Научные основы квалификации преступлений. М., 1984Апенов С.М: Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006

ҚР Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау

ауызша 3 апта

4 Есептерді (казуестерді) шығару

Ағыбаев А.Н. ҚР

ҚР Қылмыстық

ауызша 4 апта

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен

қылмыстық құқығы Алматы, 2004Апенов С.М: Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006

кодексімен жұмыс жасау

5 Есептерді (казуестерді) шығару

Ағыбаев А.Н. ҚР қылмыстық құқығы Алматы, 2004Апенов С.М: Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006

ҚР Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау

ауызша 5-6 апта

6 Бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарды саралаудың теориялық негіздері. Нормалардың бәсекелестігінің проблемасын зерделеу.

Апенов С.М: Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006 Ағыбаев А.Н. ҚР қылмыстық құқығы Алматы, 2004

ҚР Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау

жазбаша 7 апта

7 Мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарды саралау Есептерді (казуестерді) шығару

Куринов Б.А. Научные основы квалификации преступлений. М., 1984Апенов С.М: Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006

ҚР Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау

Ауызша жазбаша

8-9 апта

8 Экономикалық Апенов С.М: ҚР 10-11 апта

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен

қылмыстарды саралау Есептерді (казуестерді) шығару

Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006 Алауханов Е.Ж., Рахметов С.М.ҚР Қылмыстық кодексіне түсініктеме Алматы, 2002

Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау

Ауызша

9 Меншікке қарсы қылмыстарды саралау Есептерді (казуестерді) шығару

Апенов С.М: Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006 Куринов Б.А. Научные основы квалификации преступлений. М., 1984

ҚР Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау

ауызша12 апта

10 Қоғамдық тәртіпке және қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстарды саралау Есептерді (казуестерді) шығару

Апенов С.М: Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006 Ағыбаев А.Н. ҚР қылмыстық құқығы Алматы, 2004

ҚР Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау

жазбаша 13-14 апта

11 Халық денсаулығына және адамгершілкке қарсы қылмыстарды саралау Есептерді (казуестерді) шығару

Куринов Б.А. Научные основы квалификации преступлений. М., 1984Апенов С.М: Қылмыстарды

ҚР Қылмыстық кодексімен жұмыс жасау

ауызша 15 апта

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен

саралаудың ғылыми негіздері Алматы, 2006

ылмысты саралаудың түсінігі мен түрлері туралы қазақша реферат

         Қылмысты сарлау қылымыстық құқық теориясында ең маңызды түсінік. Бұл түсінік ғылым саласында да, тәрірибе тұрғысында да кеңінен қолданылады. Сарлау (латын тілінде quaIitas- сапа сапалы) деген мағынан білдіреді. Шын мәніне келгенде, саралау, яғни сапаны бағалау адамның тәжірибелік қызметінде қалыптасқан. Ендеше, біздің айналамызда бірімен-бірі байланысты және үнемі қозғалыста болатын әртүрлі заттар мен құбылыстар өмір сүреді. Әрбір зат немесе белгілі қимыл іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) құбылыс өзіне ғана тән ерекшеліктермен  сипатталады. Мысалы, қылмыс құрамының элементтері бір-бірінен өзгеше. Мұндай ерекшеліктер сапаны бағалау ерекшеліктер деп аталады. Заттың, құбылыстың сапасын адам өзінің тәжірибелік қызметінде ғана анықтай алады. Ал сапасын бағалау – кез келген заттың мөлшерін, өлшемін түрін, тобын анықтау болып табылады. Ол басқа заттар мен құбылыстар мен тікелей немесе аралық байланыста және қатынаста болады. Сондықтан оның осы қатынаста көрінетін көптеген сапасы бір. Сонымен қатар, заттар немесе құбылыстар бір-бірімен белгілі бір қатынаста бола отырып, бірінен-бірі мөлшер жағынан ерекшеленеді. Мысалы, қылмыстық жауаптылық мәселесін шешуде және жаза тағайындауда жазаның мөлшерін белгілеу ерекшеленеді. Сондықтан, заттар мен құбылыстардың, белгілі іс-әрекетінің (әрекет немесе әрекетсіздік) сапасын, мөлшерін,өлшемін айқындау өте маңызды.  Бұл арада, философия тарихында сапаны бағалауға, мөлшерге тұңғыш рет Аристотель айырықша көңіл бөлді, «Мен сапа деп заттың ненің арқасында осындай бола алатынын айтамын» [6,164б], «мөлшер дегеніміз құрамдас бөліктерге бөлініп, оның әрқайсысы екі немесе одан да көп болама, әйтеуір өзінің табиғаты жағынан бір және анықталған нәрсе. Кез келген мөлшерде есептелетін болса және өлшенетін болса шама делінеді», — деп көрсетті ол. Шынында да сапа объективті сипатта адам ойлауының жалпы түрлерінде, дүниені тану мен тәжірибелік өзгерудің сатыларында, адамның тәжірибелік қызметінің түбегейлі қағидалары болып табылады.

Біздің ойымызша, заттың сапасы мен мөлшері диалектикалық бірлікте болады. Затты тану, білу оның сапасын бағалаудан басталады, сонан кейін бірте-бірте оның мөлшерін тану, біту сатысына көтеріледі. Өйткені адам қоғам дамуының ең алғашқы сатысында заттың сапасын айқандаудың қайнар көзі түйсіну болған. Адам затты сапасынан бөлек алып қарай алмайды. Әрбір ғылымның және тәжірибелік іс-әрекеттің саласының өзінің ережесі,әдістері болады, өйткені белгілі бір әдісті қолданбайынша нақты ғылыми және тәжірибелік міндеттерді шешу мүмкін емес. Мұндай ережелер мен әдістерде сапаны бағалаудағы жинақталған тәжірибенің  нәтижелері қорытылған. Сондықтан да олардың артықшылықтары мен кемшіліктері ғылымның, адамның тәжірибелік еңбегінің даму дәрежесіне байланысты анықталып отырады. Жаңа дәуірде қоғамның одан әрі дамуына сәйкес сапаны қабылдаудың да әдістері өзгереді. Кейінірек адамның тәжірибелік қызметінің даму дәрежесіне сәйкес зат пен оның сапасының бірлігі бұзылып, сапа туралы жалпы түсінік қалыптасты. Адамның заттың маңызды және маңызды емес қасиеттерін ұғыну сапаны бағалаудағы қажетті саты. Ол өзінің тәжірибелік қызмет аясында жаңа затты қамти отырып, оның кейбір қасиеттері сол заттың өмір сүру үшін өте маңызды

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенекенін байқады. Демек, қасиет дегеніміз- заттар арасындағы қатынас, әрбір зат басқа заттармен қатынаста болатыны және байланысты екені белгілі. Осы қатынас пен байланыста ғана оның қасиеті көрінеді. Белгілі бір зат даму барысында өзінің өте маңызды қасиеттерін, яғни сапасын өзгерте отырып басқа затқа айналады. Осыған орай, заттың сапасын бағалауда заттың өлшемі туралы түсінік қалыптасады. Әртүрлі заттың әртүрлі сапасы бар. Тіпті бір заттың өзі көп сапалы. Ендеше сапа дегеніміз- заттың аса маңызды қасиеттерінің функциональдық бірлігі. Алайда, заттың сапасы туралы түсінікпен бірге оның мөлшері туралы түсінік те қалыптасты. Дегенмен, мөлшер туралы адам ұғымы оның тәжірибелік өзгертушілік қызметі барысында өмірге келді. Аристотель  заттың сапасын бағалау ұғымына тңғыш рет анықтама беріп, «Категориялар» және «Метофизика» атты еңбектерінде соларды зерттеді. Бұл арада біз Д. Локктың алғашқы (бірінші) және соңғы (екінші) сапалы туралы ілімді ашып, сапаны бағалауды одан әрі дамытуда, бірінші сапаларға – қозғалыс, тыныштық, тұлға, ал екінші сапаларға – түс, жарық, иіс, әрекет, дәм жатады деген пікіріне жүгінеміз. Біздің ойымызша, алғашқы сапалар объективті, өйткені олар бізден тыс өмір сүріп тұрған кеңістіктің, қозғалыстың, тыныштықтың, тұлғаның бейнелері, денеден ажырамайтын сапалар. Сол сияқты, сыртқы дүние заттарына тән емес, яғни субъектіге, түйсінуші адамға ғана қатысты. Қоғамдық тәжірибенің одан әрі дамуына сәйкес мұндай түсінік жеткіліксіз болады. Мәселен, Гегель философия тарихында өзінің «Логика ғылымы» атты еңбегінің  біріші бөлімінде алғаш рет сапаның мазмұнын абстрактілік, арақатынасы жасанды деп көрсетті. Әлбетте, заттың сапасын бағалау адамның тәжірибелік қызметінің жалпы шарттары. Материалистік негіздені диалектикалық әдістерді қолдана оытырп, К. Маркс пен Ф. Энгельс сапа, мөлшер, өлшем табиғаттың, қоғамның және ойлаудың , яғни заттың сапасын бағалау теңдесі жоқ жетістік екенін атып көрсетті. Осының нәтижесінде сапаға, мөлшер мен өлшемге  Гегель берген диалектикалық түсінікті мтаериалистік тұрғыдан қайта өңдеп, ғылым, мәдениет тәжірибе саласының талабына сай одан әрі дамыта отырып, оларға дәйекті материалистік сипат берді. Осыған орй объективтік ақиқаттың жалпы анықтамалары болуымен бірге сапа, мөлшер, өлшем сиықты түсініктер адамның дүниені тану мен меңгеруіне алғашқы құралдары екенін анықтады. Әрине, заңның сапалық-мөлшерлік анықтамаларын танып-білу оның сапасын танудан, бағалаудан басталады. Сапаны бағалауды қылмыстық заңға байланысты алсақ, бұл дегеніміз- қоғамға қауіпті іс-әрекетті аралас деликттерден айыруға мүмкіндік тудыратын, сапалы бағаны беру деген мағына, яғни кез келген заттың, құбылыстың, сапасына қандай бір сапалық категориясына, тобына, түріне мән беру болып табылады. сапасынң өзара саралауға ауыспалы заңы қылмыстық заңда үлкен әдістемелік және тәжірибелік рөл атқарады. Қылмыстық заңда саралау ұғымы сот, прокуратура, тергеу т.б. қызмет органдарының тәжірибелік қызметіне айқан көрінетін олардың іс-әрекетімен тығыз байланыста болатын түсінік. Саралау ұғымын түпкі мағынасын толық ашып қарастырған болсақ, қазіргі таңда кейбір оқулықтар мен ғылыми әдебиеттерде «саралау» ұғымы «дәрежелеу» ұғымымен алмастырып отыратынына куә болып жатамыз. Мәселен, саралау түсінігі белгілі іс-әрекеттің, құбылыстың, заттың сапасын анықтау, бағалауғ айқындау болса, дәрежелеу түсінігі орысша (степень, уровень) шегі, дәредесі деген мағына, яғни жоғарғы дәрежелі мамандық алу, жоғарғы дәрежелі қызметке тағайындалу деген түсінік береді. Саралау түсінігі орысша (квалификация) болып аударылады, демек бұл тура мағынасы, ал ауыспалы мағынада дәрежелеу деген дұрыс емес түсінік. Осыған орай, саралау мен дәрежелеу сөздері бір-бірімен баламалы, синонимдік мағынада көрініс таппайды. Біздің ойымызша, қылмыстық заңға байланысты қылмыстық құқық теориясында саралау түсінігінің  қолданылғаны дұрыс болып табылады, өйткені қылмыстық құқықтық нормаға сәйкес құқықтық баға беру, қылмыс құрамының белгілерін дұрыс анықтау қоғамға зиянды іс-әрекеттің сипаты мен дәрежесін белгілеу, қылмыстарды ажыратын жіктеу, оның қоғамға қауіптілігінің дәрежесін белгілеу, қылмыстың және қылмыскердің қауіптілік дәрежесін анықтау жазаның мөлшерін белгілеу,норма бәсекелестігін үйлестіру кезінде керекті норманы таңдап алу, сонымен

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенқатар қылмыстық жауаптылық мәселесін шешуде қылмысты саралау ретінде көрініс табады.

Айталық, Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығының қолдану шегінен әрекеттілігі үш түрлі мағынада көрініс табады.

1)    қылмыстық заңда қолданылады;

2)    қылмыстық-құқықтық нормада талқаланады;

3)    қылмысты саралау аясында қолданылады [7,14б].

Бұл үш түсініктің бағыты да, мағынасы, мазмұны да біртектес тығыз байланысты, бірақ қолдану шегіне орай мақсаттары әртүрлі. Шынында да, соңғы екі түсінік бірінші түрдегі түсінікті, яғни қылмыстық заңның дұрыс қолдану тәсілін айқындап, бейнелейді. Ал біздің нақты зерттейтін тақырыбымыз, қылмыс құқығының қолдану шегінің әрекеттілігінің үшінші түрі қылмысты саралау. Қылмыстық құқықтағы кез келген сұраққа жауап теория және тәжірибе жүзінде саралаудың қатысуымен шешіледі. Демек, қылмысты саралау мәселесі теория бойынша да, тәжірибе тұрғысынан алғанда да күрделі де маңызды мәселелердің бірі. Қылмыс жасаған адамның тағдыры жасалған іс-әрекетті (әрекет немесе әрекетсіздік) қалай сараланғандығына байланысты. Қылмысты саралауды қылмыстық құқық ғылымының институты ретінде танытқан ең тұңғыш докторлық диссертацияны профессор В.Н. Кудрявцев ұсынды. Оның пікірінше, қылмысты саралау дегеніміз-қылмыс белгісі бар іс-әрекетті  (әрекет немесе әрекетсіздік) Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі баптарына дәлме-дәл жатқызу арқылы белгілі қылмысқа құқықтық баға беру, [5,66] деп санады. Осы тұрғыда, А.А. герцензон «Қылмысты саралау қылмыстық заңда белгіленген қылмыс құрамының және нақты іс-әрекеттің (әрекет немесе әрекетсіздік) белгілерін көрсетілген баптың нормаларына сай келетіндігін анықтау»- десек, [8,4б] Б.А. Куринов қылмысты саралаудың ұғымын теория және тәжірибеде екі мағынада қолданылатындығын қарастырды. Біріншіден, қылмысты саралау деп- Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің нормаларында көрсетілген қылмыс құрамының белгілерін нақты қылмыс әрекет (әрекетсіздігінің) тепе-теңдік ұқсастық пен қатар қолдануын және белгілі бір логикалық процесте анқталуын айтады. Екіншіден, қоғамға қауіпті іс-әрекетке құқықтық анықталған, баға беруді айтады [9,7б]. Бұл  екі түсінік бір-бірімен тығыз байланысты, ендеше екеуі де қылмысты саралаудың ұғымын құрайды. Шын мәнене келгенде, Б.А. Куринов қылмысты саралаудың ұғымын толық ретте қылмыс процесінің кезеңдерінде ерекше сипат алатынын талқалып, сынға алған. Осыған орай, В.Н. Кудрявцевтің тағы бір жерінде қылмысты саралаудың мазмұнын екі түрлі мағынады бейнелегенін атап көрсетпеуге болмас. Олар: а) нақты бір немесе бірнеше қылмыс белгілерін проецесте анықтау, б) сот, прокуратру органдарының іс-әрекетінің қорытындысын белгілі құқықтық актіге сәйкес қалыптастырып бекіту [5,6б]. Жоғарыда айтылған қылмысты саралау ұғымы туралы ой-пікірлерді жинақтай келе былайша тұжырымдауға болады. Қылмысты саралау ұғымын бейнелеген әрбір бағыт маңызды. Бірі екіншісінен мәнді немесе керісінше деп санау күрделі ұғымының мазмұнының ерекшелігін көрсетеді. Бұл арадағы маңызды нәрсе жоғарыда аталған үш бағыттың мақсаты және қолдану аясын дұрыс анықтау болып табылады. Мсәелен, В.Н. Кудрявцев пен Б.А. Куриновтың соңғы көзқарасы өте орынды айтылған. Өйткені, бұл пікірде бастапқы түрімен соңғы түрі бір-бірімен үйлесе отырып, белгілі тәжірибелік мәліметтерге деректік жолмен анықтау барысында қорытынды айғақтарға негізделеді. Ғылыми теорияда ғалымдар әрқашанда сайып келгенде деректік жолмен анықталған шындық айғақтарға сүйенеді, оларды индукциялық жолмен қорыта отырып, жаңа заңдылықтар ашады. Қылмыстық құқық теориясында бір бағытта қылмысты саралаудың ұғымын

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенқұрайтын пікірлер жеткілікті. Атап айтсақ, В.И. Малыхин [10,5], С.А. тарарухин [11,11б], В.А. Бурчак (12,5б), В.А.Левицкий [13,144б], О.Ф. Шишовтың [14,11] монографияларында қамтылған. Алайда, қылмысты саралау ұғымы туралы ғалымдар арасында ешқандай қарама-қайшылықты ой-пікірлер орын алмайды, бірақ сан ғасырлар бойы орын алып келген қылмысты саралауға байланысты ғылыми негізде түсіндірме беру өте қиынға соқты.сондықтан да түсініксіз байланыстар, қайшылықтар туғызатын ұғымдар,тар өрісті ойдың ғана жемісі деп саналады. Пайымдап ойлап қарасақ, соңғы ғасырлардың өзінде қылмысты саралау мәселелерін зерттеуге ұмтылып, жүйелі еңбектер тануда тың білім игерген ғалымдар жеткілікті. Мәселен, В. Сергиевский мен С. Рахметов, Т.Г. Черненко, А.В. Наумов пен А.С. Новиченко т.б.  Бұл арада біз В. Сергиевский мен С. Рахметовтың қысқа да, нұсқа көзқарасына жүгінсек, қылмысты сарлау деп – қоғамға қауіпті іс-әрекеті (әрекет немесе әрекетсіздік)  қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының белгісі бар бапқа дәлме-дәл жатқызу деді [15,10б]. Ал, энциклопедиялық түсіндірме сөздікте, қылмысты саралау ұғымының мәнін толық ашуға тырысқан. Қылмыстық саралау қылмыстық заңда көрсетілген, қылмыс құрамының белгілі бір процесуалдық  актіге сәйкес қоғамға қауіпті, құқыққа қайшы іс-әрекеті (әрекет немесе әрекетсіздік) анықтау. Сонымен қатар қылмысты саралауды кезеңдерге бөліп көрсеткен.

-         қылмысты саралау қылмыскерге жаза тағайындауда негізгі, маңызды алғы шарт;

-         қылмысты саралау қылмыстық сот өндірісінде заңды басты талқылауға алуда негізгі басты алғы шарт;

-         қылмысты саралау нақты заңмен белгіленген заңдылық қағиданы бұлжытпай орындайтын алғы шарт; [16,562б].

Қылмыстық құқық оқулықтарында да қылмысты саралауға байланысты көптеген ой-пікірлер бар. Мәселен, А.А. Пионтковский, В.Д. Меньшагиннің пікіріне жүгінсек, құқықтық құжатта қылмысты саралау іске асырылған дайын түрде көрсетілген іс-әрекеті (әрекет немесе әрекетсіздік)  бағалау. Яғни, тергеу, прокуратура, т.б. сот органдарының іс -әрекетіне баға беру [17,32б]. Алайда, бұл арада В.Н. Загородников пен В.Ф. Кириченко «Қылмысты саралау қылмыстық заңның Ерекше бөлімінің баптарын қолдану» — деп қысқаша көзқарас танытты [18,11б]. Біздің ойымызша, жоғарыда аталған үш бағыт толық түрде қылмысты саралаудың ұғымын бейнелемейді,өйткені басқа да заңдардың қатаң талаптарына сыйыспай жатады. Аталмыш анықтамаларда толық түсінікпен құқықтық нақтылық жоқ, бірақ олардың айтылған мазмұны, сөйлемнің құрылысы әртүрлі болғанымен бағыт бір. Ғ. Сапарғалиевтің Заң терминдерінің түсіндірме сөздігінде «Қылмысты саралау деп- қылмыстық әрекетті (Әрекетсіздікті) Қылмыстық кодексте көрсетілген белгілі қылмыстық құрамға жатқызу, яғни қылмыстық заңның бабында белгіленген қылмыс құрамына істелген әрекеттерді тура келген және оған кінәлі адам қылмыстық жауапқа тартылады» — деп санайды [19,76б], осыған сәйкес, В.А. Сергиевский қылмысты саралау ұғымын бір-біріне байланысты маңызды екң мағынада көрсетеді. Олар: қылмыс құрамында көрсетілген тұлғаның іс-әрекетін (әрекет немесе әрекетсіздік) құқық қорғау органдары логикалық процесте қалыптастыру; қоғамға қауіпті және құқыққа қайшы іс-әрекеттің қорытыныдысын құқықтық бағалау [15,15б]. Көрсетілген мән-жайлардың тәжірибеде маңызы елеулі рөл атқарады.

Біздің пікірімізше, жоғарыда айтылған екі бағыттан қылмысты саралау ұғымының толық түрде ой- елегізінен өткізіп терең зерттелгенін көреміз. Еліміз тәуелсіз алғаннан кейін, тұңғыш рет ана – тілімізде басылып жарық көрген «Қылмыстық құқық» оқулығының Жалпы және Ерекше бөлімінде қылмысты саралау мәселесі кеңінен қарастырылған. Оқулықтың авторы профессор А.Н. Ағыбаевтің пікіріне жүгінсек, қылмысты саралау

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттендегеніміз- қоғамға қауіпті, қылмыстық заңға қайшы істелген іс-әрекетті нақты бір қылмыс құрамына жатқызу және осы әрекетке Қылмыстық кодекстің Жалпы және Ерекше бөліміндегі тиісті баптарға дәлме-дәл жатқызып, құқықтық баға беруді қылмыстық құқық теориясы қылмысты саралау деп атайды,- десек, қылмысты дұрыс саралау- заңдылық қағиданы бқлжытпай жүзеге асырудың шарты болып табылады, деді [20,11б],  Яғни, қоғамға қауіпті ір-әрекет қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс құрамымен қамтылса, онда ол дұрыс сараланған деп саналады. Сонымен, бұл арада біздің ұғатынымыз қылмысты саралауда ір-әрекеттің қылмыс құрамының тиісті баптары немесе оның бөліктеріне, тармақтарына сай келетіндігін дәлме-дәл көрсетуіміз қажет. Егер адамның ір-әрекетінде бірнеше қылмыстық құрамы болса, онда оның ір-әрекеті заңның бірнеш баптары немесе баптарының бірнеше бөліктері, тармақтары бойынша сараланады. Әрине, қандай түрде болса да қылмысты дұрыс сараламау, ол заңдылықты бұзуға, қылмысқа қарсы күрес жүргізетін органдардың беделіне нұқсан келтіру мен байланысты болады. Мұндай құбылысқа жол бермеу үшін қылмыстық заңды дұрыс қолданып істің мән-жайын терең зерттей білу, істелген іс-әрекетті дұрыс саралау қажет, сондай-ақ қылмысты қылмыс еместіліктен немесе соған ұқсас басқа қылмыстардан ажырататын белгілерді анықтау қажет.

Біздің ойымызша, соңғы пікір қылмысты саралау ұғымын толық түрде қыры мен сырын ақиқатын ашып, қылмыстық құқық теоиясында ғылым мен тәжірибе үшін ең маңызды мәселе екенін атап көрсетеді. Әрбір ғылымның өзіне тән зерттейтін пәні, мақсаты, шарттары, қағидалары болады. Сол сияқты қылмыстық құқық теориясында қылмысты саларауда үйлестік қолданыла ма ?, әлде тепе-теңдік орын ала ма? – деген сұрақ туады. «Үйлестік» пен «Тепе- теңдікті» талдамас бұрын оның ұғымдарына тоқталайық. Үйлестік (сәйкестік) деген не ? Үйлестік дегеніміз- әрбір объектінің өзіне-өзі немесе оның басқа заттар мен теңдігі, сәйкес келуі. Заттар арасында ұқсастық, үйлестік бар. Оған сәйкес заттарды, құбылыстарды топқа, тапқа бөлеміз. Мәселен, зат пен заттың салмағын, көлемін, ұзындығын салыстырып байқау үшін бөлігі мөлшерлік (килограмм, тонна немесе метр, километр) ұғымға жүгінеді. Сол сяиықты қозғалыстың жылдамдығын білу үшін белгілі бір қашықтықты қай мерзім ішінде игеретінін есептейді. Бұл арада біз үйлестік ұғымын философиялық тұрғыда талдадық, өйткені белгілі жай әрбір ғылым өзінің бастауын, түп-тамырын философиядан алады. Сонымен бұл әдіс өмірде әрдайым қолданылып келеді. Әрине, оған ешкім шек келтірмейді. Ұқсастық, сәйкестік ұғым осыдан туындайды. Бірақ сол сәйкестіктің өзі де нақтылай келсек абсолютті емес. Өйткені ол да белгілі бір шамаға жатады. Тіпті сәйкес, тепе-тең заттар арасында да әрқашан айырмашылықтар болады. Олай болса, формальды логикадағы «А» дегеніміз «А», ол екеуі тепе-тең деген ұғымда тек бір тұрғыдан алып қарағанда ғана солай, ал басқа тұрғыдан алып қарағанда, оның олай болмауы да мүмкін. Сөйтіп ұқсас заттар арасында қашан да айырмашылық болады. Сонда айырмашылық деген ұғым не ? Бұл заттардың арақатынастары тепе-тең емес, бірдй болмайтындығын көрсететін ұғым. Үйлестік, ұқсастық пен айырмашылық арасында белгілі бір диалектика бар. Олар елеулі не елеусіз болуы мүмкін. Негізінде айырмашылық заттардың қарама-қарсылығын не бастапқы, не соңғы кезі. Мәселен, қылмыстық ниеті мен мақсаты функциональдық «ұқсастық» байланысты жүзеге асады.  Қылмыстық ниет пен мақсат өзара тығыз байланысты ұғым. Қылмыс істеу арқылы адамның өзі  қалайтын, тілейтін болашақ нәтижесін елестетуі қылмыстың мақсаты болады. Мысалы, теорроризмнің ниеті қоғамдық қауіпсіздікке қарсы ниет болса, ал оның мақсаты қоғамның қауіпсіздігін бұзу болып табылады. ниет пен мақсат «ұқсастық» функцияны игере отырып қылмысты саралауда шешеуші рөл атқарады. Бұдан әрине, ұқсастықтың қылмысты саралаудағы рөлін көруімізге болады. Бұл арада И.И. Горелик, А.В. Наумов, А.С. Новиченконың көзқарастарына сүйенсек, қылмысты саралауда қылмыс құрамының белгілерінің арасында «үйлестік» функциясы орын алмайды, керісінше «тепе-теңдік» функциясы жүзеге асырылады, деген пікір

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттентанытты. А.В. Наумов пен А.С. Новиченко «үйлестік» функциясы тек философия, математика, биология, химия ғылым салаларында ғана бар, ал қылмыстық құқық теориясында қылмысты саралау процесінде қатысы жоқ деген кері пікір ұсынды [22,11б]. алайда, В.Т. Мещеряков, ұқсастық, үйлестік тек функциональдық байланысты философиялық трактатта ғана көрініс табады дедеі [21,23б].

Біздің пікірімізше, қылмысты саралауда «үйлестік» функциясы міндетті түрде қолданылады. Мәселен, үйлестіктің маңызы ұқсас қылмыстарды бір-бірінен ажыратуда, қылмысты қылмыс еместіліктен айыруға, қылмыстардың қоғамға қауіптілігінің дәрежесін белгілеуде маңызы  зор. Бұл тұрғыда Т.Г. Черненконың қылмысты саралауға қатысты ой танытқан тұжырымымен дәлелдеуге болады. Қылмысты саралау дегеніміз – істелген іс-әрекеттің арасындағы ұқсастықты нақты шындыққа бекіту нәтижесінде көрсетілген қылмыс құрамының белгілерін қылмыстық нормада және қылмыстық актіге заңдылық баға беру болып табылады [32,9б].  Қылмысты саралауда қоғамға қауіпті іс-әрекеттің және қылмыс құрамының белгілерінде қарама-қайшылық орын алады, бірақ қарама қайшылық қылмысты саралауда құқықтық бағалау ретінде маңызы жоқ. Қылмыстық жазаның, қылмыстық жауаптылықтың, қылмыстық құқықтық қатынастың ұғымына зер салып қарасақ, олардың айырмашылығына міндетті түрде зер саламыз. «Тепе-теңдік» пен «ұқсастықтың» арасында айырмашылық туындайды, ал айырмашылықтың ең терең деген шегі қарама қарсылық. Мұның да өзіндік диалектикасы бар, «үйлестік айырмашылыққа, ал айырмашылық қарама қарсылыққа өтеді».  Қарама қарсылық деген не? Қарама қарсылық ұғымын философиялық тұрғыда талдасақ ол табиғаттағы, қоғамдағы, адам санасындағы бірін-бірі жоққа шығаратын және соымен қатар бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтын заттар, құбылыстар, тенденциялар арасындағы қатынастар. Қандай да бір зат болмасын құбылыс болмасын, ол қарама қарсылықсыз өмір сүрмейді, мәселен әрекет пен әрекетсздік, дұрыс пен бұрыс, жалпылық пен жекелік, қарама қарсылық әрбір заттың өз ішінде де болады. Мәселен, қылмыстық құқық теориясындағы қылмыс құрамындағы объект пен субъект, қылмыс құрамының объективтік жағы мен субъективтік жағы, әрекет пен әрекетсіздік, өмір мен өлім т.б. Мысалы, қылмыстың объективтік жағы сыртқы белгілерін құраса, субъективтік жағы ішкі эмоциялық, яғни қылмыстың ішкі мәнінен көрініс табады, бірақ қарама қарсылық қылмысты саралауда рөл атқармайды. А.С. Новиченко мен А.В. Наумовтың пікіріне жүгінсек, қылмысты саралау онтологиялық (тәжірибелік қызмет әрекеті), гносеологиялық (ғылым, дүние тану), логикалық аспектілер болып бөлінеді,  — деді.

Онтологиялық аспектіде қылмысты саралауды ресмиленген қызмет органдары (тергеу, сот, прокуратура, анықтау) жүзеге асырады. Бұл жағдайда қылмысты саралаудың орны маңызды.   Гносеологиялық аспектіге қылмысты саралау белгілі болжамды нәтижеге байланысты болады, яғни қылмыс жасалған ба, қылмыс қандай мақсатпен жасалған деген сұрақтарға жауап береді.

Логикалық аспектіге қылмысты саралау ой тұжырымның желісінен өткізу болып табылады. осыған орай, В.Н. Кудрявцев жоғарғы аспектілерге байланысты қылмысты саралауды төмендегі кезеңдерге бөліп қарастырады.

1)    Саралау- ұзақ қамтылған процесс;

2)    Саралау- құқық қорғау органдарының іс-әрекетіне сай белгіленген, заңды

актіге ресмиленген қорытынды құжат.

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенСондықтан, қылмысты саралаудың әдістемелік негізгі материалистік түсінікте қараларды, яғни заң нормасының жалпы мағынасы мен нақты іс-әрекеттің құбылысының арасындағы байланыс. Заң нормасы бізге мәлім құбылыс ретінде жылпы, абстракты ұғымда жүзеге аысырылады. Жалпы алғанда, қылмысты саралау, яғни қылмыстық құқықтық саралау заңдылық саралаудың негізгі түрі. Қылмысты саралауда белгілі тұлға құқық бұзушылықтың қайсы түрін бұзуды, мінекей осы мәселені анықтап алуымыз қажет. Ал бізге белгілі жағдай, құқық бұзушылық бірнеше түрге бөлінеді. Олар: азаматтық құқық бұзушылық, әкімшілік құқық бұзушылық, қылмыстық құқық бұзушылық. Демек, қылмыстық саралау қылмыстық құқық бұзушылықта жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң жүктеген міндетті орындамау, заң тыйым салған әрекетті жасау, яғни құқық бұзғаны үшін кінәлі адам заң бойынша жауапқа тартылады. Құқық бұзушылықтың түрлері өзара қоғамға қауіптіліктің дәрежесіне, мөлшеріне байланысты. Шынында да, әкімшілік құқық бұзушылық қоғамдық ортада цензуралық (әдепті) балағат сөзсіз болып табылады. Бұл әрине қоғамға қауіпті қылмыстардың дәрежесінен төмне. Негізінен құқық бұзушылық заң бойынша екіге бөлінеді: 1) қылмыс; 2) теріс қылық. Қылмыс құқық бұзудың ең ауыр түрі. Қылмыс жасағаны үшін кінәлі адам қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Теріс қылық үшін жауаптылықтың үш түрі бар: әкімшілік жауаптылық (мысалыкөшеде жүру, автокөлік жүрізу тәртібін бұзғаны үшін); тәртіптік жауаптылық (еңбек етуге байланысты міндеттерін орындамағаны үшін); азаматтық құқықтық (мүліктік) жауаптылық. Заң бойынша қылмыстық құқық бұзушылыққа қылмыс құрамының төрт элементі түгел болғанда ғана тартылады. Олар: Объект, объективтік жа,ы. Субъект, субъективтік жағы. Егер аталған төрт жақтың біреуі болмаса, тұлға жауапқа тартылмайды. Төрт жағының түгел болуы қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартылған жағдайда қажет. Азаматтық құқық бұзушылыққа тұлға тікелеу кінәсі болмаса да келтірілген зиян үшін жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Мысалы, автокөліктің иесі оны жүргізуді басқа біреуге тапсырса, жүргізушінің біртұтас келтірілген зиянын көлік иесі төлейді. Мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары белгіленген болса, кінәсәздәк болжамы қолданылады. Тұлғаның кінәсі дәлелденбей, ол қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды [24,102-103б]. Әрине , қлмыс құқық бұзушылықтың жеке бір көрінісі болып табылады. осыған орай, қылмысты азаматтық құқық, әкімшілік және тәртіптік құқық бұзушылықтан және бейморальдық жат қылықтардан ажырата білудің маңызы ерекше. «Қылмыс пен басқа құқық бұзушылықтың өзара басты айырмашылығы құқыққа қайшылықтың мәніне байланысты»- деді А.Н. Ағыбаев [25,40,41б].  Шынында да , басқа құқық бұзушылық құқық саласының басқа нормаларына , заңдар мен нормативтік актілерге қайшы. Істелген қылмыстың зардабы болып мемлекеттің ең ауыр күштеу шарасы қылмыстық жаза және содан туындайтын сотталғандық атақ болып табылады. басқа құқық бұзушылықта мұндай жазалау шаралары жоқ, ол қолданылған ықпал ету шаралары сотталғандық атақ әкелмейді. Айталық, кейбір қылмыстар басқа құқық бұзушылықта орын алмайтын қоғамдық қатынастарға (адамның өмірі, мемлекеттің қауіпсіздігі) қол сұғуда. Мәселен, А.Н. Ағыбаев «Қылмыс пен басқа құқық бұзушылықты бір-бірінен қоғамға қауіптілік дәрежесінін көрсеткіші арқылы ажыратуға да болады» деп өз тұжырымын ұсынды. Алайда, жоғарыдағы тұжырымды  айқындап қарасақ, қылмысты қол сұғушылықтың объектісі бойынша айқындалатын қоғамға қауіптіліктің сипаты мұндай іс-әрекетті қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік береді. Яғни, мұндай жағдайда қылмысты басқа құқық бұзушылықтан ажыратудың еш қиындығы жоқ. Мәселен, кейбір реттерде құқық бұзушылықта да, қылмыста да бір объектіге қол сұғуы мүмкін.  Мысалы, көлік құралдарын жүргізуші адамдардың көлік құралдарының жүріс қауіпсіздігімен пайдалану ережелерін бұзу үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылық белгіленген. Мұндай аралас құқық бұзушылықта қоғамға қауіптілік дәрежесін дұрыс анықтаудың маңызы ерекше. Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің негізгі көрсеткіші келтірілген зиян мөлшері болып табылады. егер көлік құралдарын жүргізуші адамдардың көлік құралдарының жүріс қауіпсіздігімен паудалану ережелерін бұзуы, осының салдарынан

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенжәбірленушінің денесі орта немесе одан жоғары дәрежеде жарақатталса немесе ерәуір материалдық нұқсан келтірілсе іс-әрекет қылмыс қатарына, ал көрсетілгенен гөрі аз зиян келтірілсе, әкімшілік тәртіппен жазаланатын құқық бұзушылыққа жатады. Сонымен, келтірілген зиян мөлшері қылмысты басқадай құқық бұзушылықтан ажыратуға мүмкіндік беретін бірден-бір белгі болып табылады. мәселен, лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік қызметшінің лауазымды адамның өкілеттігін өз бетінше пайдаланып, заң қорғайтын мүдделерге елеулі зиян келтіретін қасақана әрекеті қылмыс [309-бап], ал елеулі зиян келтірмеген басқа әрекеті тәртіптік теріс қылық болып табылады. Өзінің нақты құқығын немесе басқа адам таласа алатын жорамалды құқығын, белгіленген тәртіптен тыс өз бетінше жүзеге асыру, бұл азаматтың құқығын елеулі түрде бұзылуына әкеп соқтырса , қылмыс ретінде сараланады. Ал егерде елеулі түрде бұзушылық жоқ болса, мұндай әреке әкімшілік жолмен жазаланатын құқық бұзушылыққа жатады.айталық, Қазақ КСР 1959 жылғы Қылмыстық кодексі бойынша көп жағдайларда бірінші ретістеген құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жазалау шаралары қолданылған адамның дәл сол іс-әрекеті қайталап жасауы  қылмысқа тартуға негіз болып табылатын. Мысалы, кәсіптік маңызы бар суларда рұқсатсыз немесе аулауға тыйым салынған кезде, я рұқсат етілмеген тұстарда балықаулау, су аңдарын аулау т.б. басқа жүргізілетін басқа бір кәсіппен айналысу, егер бұл әрекеттер бұрын да осындай әтртіп бұзғаны үшін әкімшілік жолмен айыппұл тартқаннан кейін істелген болса,ол қылмыстық жазаланатын әрекет болып табылатын. Ондай болмаған жағдайла іс-әрекет әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қарастырылады. Енді іс-әрекетке әкімшілік шарасы қолданылса, ол қайталану санына қарамастан қоғамға қауіптілік дәрежесіне ие болмайды, яғни қылмыс қатарына жатпайды. Қылмысты саралуда құқық бұзушылықтың түрлері де маңызы зор. Мысалы, қылмысты саралауда әскери қылмыстарды тәртәптәк теріс қылықтан ажыратуға көп жағдайда іс-әрекеттің ісетлген уақыты, жайдайы,орны үлкен әсер етеді. Мысалы, соғыс уақытында өз бетімен кетіп қалу- қылмыс, ал бейбітшілік уақытта істелген осы әрекет тәртіптік теріс әрекет болып табылады.  іс-әрекетті қылмыс немесе басқа құқық бұзушылық қатарына жатқызуға негіз болатын қоғамға қауіптіліктің дәрежесі қылмысты субъективтік белгілерге жататын кінәнің нысандарын, ниетпен мақсатты дұрыс анықтауға да байланысты. Мысалы, денені жеңіл түрде қасқана жарақаттау қылмыс, ал абайсызда денені жеңіл жарақаттау қылмысқа жатпайтын іс- теріс қылық, мұндай ретте келтірілген зиянды өтеу азаматтық құқық тәртібімен реттеледі. Егер лауазымды адам пайдақорлық немесе басқа бір зұлымдықниетпен құжаттарға жалғандық жасаса- қылмыс, ал ондай ниет болмаса,ол қылмыс болмайтын құқық бұзушылықтың түрі болып табылады. Б.А.Куриновтың пікіріне сүйенсек, құқық бұзушылықты айыру түрлерінің мәселелері құқықтық қатынас пен тығыз байланысты,- деді [9-14б]. Бұл арада құқықтық қатынастың маңызы неде ?

Ғ. Сапарғалиев құқықтық қатынасқа  төмендегі жүйелі ой-пікірін ұсынды, яғни құқықтық қатынас дегеніміз- қатысушылардың субъективтік құқықтары мен заңда көрсетілген міндеттері болатын құқық нормалары мен заңда көрсетілген айғақтарға сәйкес туындайтын, ерік-ықтиярды білдіретін қоғамдық қатынастар яғни құқықтық қатынастар қоғамдағы құқық тәртібінің негізі болып табылады. (24,83-84б).  Құқықтық қатынастар құқыққа байланысты құқық негізіндегі қатынастар. Құқықтық қатынастың бірінші белгісі — бұл қоғамдық қатынас, былайшы айтқанда адамдардың арасындағы қатынас және олардың іс-әрекетімен, мінез-құлқы мен тікелей байланысты. Осыған орай, қоғамдық қатынастар дегеніміз- адамдардың белгілі бір әлеуметтік қажеттілікке байланысты мінез құлықтары, іс-әрекеттері мен олардың өзара байланыстарының көріністерінің жиынтығы болып табылады. Әрине, қоғамдық қатынастар бұл өте күрдері және әртүрлі, жан-жақты әлеуметтік,өз бойынша бірнеше элементтердің жиынтығын қамтитын құрылым болып табылады. оған жататындар қатынастардың субъектісі (адамдар, мемлекет,ұйым әжне т.б.) матреиалдық заттар, игіліктер (заттар, құжаттар) қоғамдық қатынастың өзара байланысы олардың іс-әрекеті жағдайы т.б. Бұл элеменеттер өзара тығыз байланысты, осы

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенэлементтердің өзара бір тұтас бірлігі қоғамдық қатынастардың тұтастығын құрайды. Қылмыс жасаған адам осы қоғамдық қатынастардың белгілі бір элменеттеріне қол сұғады. Ол қол сұғушылық қоғамдық қатынастардың қатысушылардың біріне (заңды тұлға немесе жеке тұлға) белгілі бір қауіп келтірілуіне әсері арқылы көрінеді. Қоғамдық қатынастардың қылмысты саралаудағы маңыздылығы, оған келтірілген зиян мөлшері қылмысты саралау үшін сондай-ақ сол қылмыс үшін жазаның түрі мен мөлшерін белгілеу үшін де аса қажет. Қылмысты дұрыс саралауда іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің мәнін және дәрежесін, анықтау үлкен рөл атқарады. Сонымен, қоғамға қауіпті іс-әрекет бұл адамның құқыққа қайшы, саналы, белсенді немесе енжар түрде қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін мінез құлқының сыртқы көрінісі болып табылады. Кез келген іс әрекет объективтік тұрғыдан алғанда қоғамға қауіпті. Келесі ретте, қылмысты саралаудың түрлері туралы ой толғасақ, ең алғаш болып А.А. Герцензон, В.Н. Кудрявцев, А.В. Наумов пен А.С. Новиченко ой қозғады. Бұл орайда бұрын бұлжымас болып көрінетін күдіктер мен толғаныстар қалыптасып, айқандалды. Сонымен, қылмысты саралаудың қыры мен сырының тізбегі топшыланып екі түрге бөлінде.  Олар: легальдық саралау (ресмиленген) және доктринальдық саралау (ғылыми). Айталық, ресмиленген саралау- қылмыстық істің барлық сатысында жүргізіледі  (қылмыстық істі қозғаудан бастап бақылау тәртібіне дейін). Ресмиленген латын тілінен аударғанда LegaIis –заңды деген мағына білдіреді.

Доктриналдық саралау- ғылыми еңбектер, монографиялар, оқулықтар, ғылыми мақалар т.б. еңбектерде жүзеге асырылады. Ғылым- адамның мәндік күшінің, қбаілетінің көрінісі. Ол адам мақсатына қызмет етеді, өйткені дүниені қоағмдық мақсатқа сай өзгерту үшін оның заңдарын білуіміз керек. Ғылым бүкіл дүние жүзілік, т.б. мәселелерді шешуде үлкен рөл атқарады. Қазіргі кезде ғылым қоғамның өндіргіш күшіне айналып отыр. Ол қоғам өмірінің барлық жағына, әлеуметтік салаға, саясатқа, экономикаға, мәдениетке т.б. елеулі ықпал ажсауда. Мәселен, адамзат қоғамының қалыптасып, одан әрі өсіп өркендеуінде, тарихи сатылары мен ілгерлеуінде ғылымның атқаратын рөлі айырықша екені белгілі. Осыған орай, доктринальдық саралау- ғылыми тұрғыда оқиғаларды, құбылыстар мен афктілерді сипаттап қана қоймайды,сонымен қатар оларды түсіндіреді, ішкі табиғатын, мәнді жақтары мен маңызды байланыстарын ашып көрсетеді, яғни даму заңдылықтарын түйіндейді. Осы негізде ғылыми білім оқиғалардың , құбылыстардың бұдан былайға даму бағдарларына болжам жасайды. Ғылыми білім рухани дүниенің  құрамдас бөлігі есебінде қашанда жүйелілігі мен, логикалық тұрғыдан ұйымдасқандығымен және теориялық сипатымен ерекшеленді. Ғылыми білім ғылыми ізденістің, шығармашылық іс-әрекеттің барысында туындап, жинақталады. Доктриналь латын тілінен   Doctrina — оқыту деген мағына білдіреді. Шын мәнін келсек, қылмысты саралаудың түрлеріне байланысты ешқандай дау туған жоқ. Барлық ғалымдардың көзқарасы бір бағытта бейнеленді. Мәселен, Ф.Г. Бурчак, Г.А. Левицкий, В.И. Малыхин, Г.Т. Черненко т.б. ғалымдардың көзқарасы бір арнада біріктірілген. Бұл арада біз Г.А. Левицкийдің «ремиленген саралау мен доктринальдық саралау түптің тібінде айқындалған логикалық іс әрекет болып табылады, сонымен қатар қылмысты дұрыс сарлауды қылмыстың әлеуметтік- саясатын дұрыс қолдану арқылы құқықтық баға беруде саралаудың жоғарғы аталған екі түрінің атқаратын рөлі ерекше» деген пікіріне жүгінеміз [13,144б].

Біздің құқықтық мемлекетімізде бірде-бір адам, егер оның істеген іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болса, қылмыстық жауапқа тартылуға немесе жазалануға тиісті емес.  Алайда, адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту оның іс-әрекетінде белгілі, нақты бір немесе бірнеше қылмыс құрамының белгілері бар болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Ал қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау тәртібімен тыйым салынған қоғамға қауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана беріледі, қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстық құқықтық норманы бұзудың нәтиежсі, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады, қылмыс істелмесе қылмыстық

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенжауаптылық болмайды, яғни қылмысты саралау көрініс таппайды.  Мысалы, кісі өлтіру қылмыстық заңға қайшы істелген іс әрекетті нақты бір қылмыс құрамына жатқызу және осы іс әрекетке  Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптар бойынша құқықтық баға беруді қылмыстық құқық теориясы қылмысты саралау деп атайды.  Қылмысты дұрыс саралау құқық қорғау органдарының қызметті борышы, негізгі міндеті.

Біріншіден, қылмысты саралау заңды анықталған қылмыс құрамының қорытынды шешімі болып табылады, яғни қылмысты дұрыс саралау сот органдарының заңдылық қағиадны дұрыс, бұлжытпай орындауы.

Екіншіден, қылмыстық құқықтық саралау заңдылық саралауды жүзеге асырады, яғни қылмыстық заңды дұрыс қолданбау дұрыс емес саралауға жол ашады.

Үшіншіден, қылмыстық құқықтық норманы дұрыс қолдану. Мысалы, нақты бір іс-әрекетті [ұрлық, 175-бап] бір сот ұрлық, екіншісі тонау, үшіншісі қарақшылық деп сараласа, бұл заңдылық жөнінде конституциялық қағиадны өрескел бұзылғандығы болып табылады. Біздің ойымызша, қылмысты саралау өзінің біркелкі мақсатын құрайды. Осыған орай, қылмыстың қалай жасалғанын, заңдылық негізін дұрыс көрсету, қоғамға қауіпті қылмыстық заңға қайшы істелген іс-әрекетті нақты бір қылмыс құрамымен дұрыс анықтап қылмыстық жаза тағайындағанда жауаптылықты кінәлі қылмыскерге дұрыс қолдану. Келесі қарастыратын мәселеміз, қылмысты саралаудың басқа да аспектілері мен қарым қатынасы. Мәселен, психологтардың айтуынша қылмысты саралау ойлану процесінен туындайды деген пікір ұстанады. Қылмысты саралауда ойланудың яғни, логикалық процестің қандай қатысы бар? Ғылым мен тәжірибенің сан алуан мәселелерін нақты шешу үшін, олардың мәселелерін одан әрі зерттеп білу үшін  логикалық процестің маңызы зор. Қылмысты саралауда ой тұжырым арқылы біз бастапқы білімнен логикалық жолмен жаңа  білім аламыз. Қылмысты саралаудағы белгілі заңдылықпен байланыстыруға ой тұжырымның атқаратын рөлі ерекше. Ой тұжырымның, яғни логикалық  процестің арқасында құқық қорғау органдарының қызметкерлері немесе заңгер қылмысты саралауда көптеген процестерді байланыстырып, белгілі жүйеге шоғырлайды. Яғни, ойлау тәжірибелік қызметтің идеялық формасы (логикалық процесс туралы 1.3 тармақта толық ашып қарастармыз). Бұл арада Г.А. Левицкийдің пікіріне сүйенсек, қылмысты саралау ұғымын психологиялық және логикалық акспектіде түсіндіреді, яғни бұл екі аспектінің ойлану проецесінен туындайтынын атап көрсете отырып, екеуі бір-бірінен ажырамас бөлінбейтін жиынтық ретінде саралау ұғымын бейнелейді, деп тұжырымдайды [13,144б]. Әлбетте бұл  тұжырым логикалық аспектіде мақұлданатын ой тұжырымнан туындайтын сезімдік тәжірибенің мәліметтерінде расталады, бірақ та қылмысты саралау ұғымының анықтамасын бейнелемейді. Мәселен, әйгілі польшалық профессор И. Андреев өзінің «Қылмыстық белгілерін анықтау» оқулығында, қылмысты саралау логикалық ой тұжырым заңына сүйене отырып, заңдылық саралауды логикалық аспектіде саралаудың бір бөлігі деп, жоғарыдағы пікірді мақұлдайды. Теориялық қылмысты саралау мәселелерін оқып танысу барысында заңгерлер жеке адамдардың әрекетінде немесе әрекетсіздігінде қылмыстық нақты құрамын анықтауды, қылмыстық дұрыс саралауды, іс-әрекетте құқыққа қайшы және қоғамға зиянды мән-жайлардың бар немесе жоқ екендігін дұрыс белгілеуді, кінәліге жаза тағайындауды қолданып жүрген қылмыстық заңға сәйкес қолдануды, бұл арада іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің мәнін және дәрежесін, кінәлінің және тұлғасын, жауаптылығын жеңілдететін және ауырататын мән жайларды ескере отырып қолдануды, сол сияқты қылмыс құрамы белгілерін дұрыс талқылап айқындауда, қылмыстарды ажыратып жіктеуде, оның қоғамға қауіптілігінің дәрежесін, сонымен қатар адамды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың заңда көрсетілген негіздері мен шарттарын нақты, терең біліп үйренеді.

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенМәселен, Б.А. Куриновтың пікіріне сүйенетін болсақ, теоиялық қылмысты саралау мәселелерін төмендегі тақырыптарға бөліп қарастырады. Қылмысты саралаудың түсінігі, қылмысты дұрыс саралаудың маңызы, қылмысты сарлаудың әдістемелік негізі; қылмыстық заң қылмысты саралаудың құқықтық негізі; саралау және қылмыс құрамы; аяқталмаған қылмысты саралау, көптік қылмыстық бойынша саралаудың жалпы сұрақтары; Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің коллизиялық және арнайы нормалар және қылмысты саралау, қылмыстық процестің сатыларындағы қылмысты саралау мәселелерін айқындаған. Сол сияқты, П.И. Стучка атындағы Латвия Ұлттық университетінің  доценті М.И. Блум 1971 жылы жоғарыдағы әдістемелік нұсқаға ұқсас, өзінің әдістемелік кеңесін құрастырған. Б.И. Куриновтың тақырыптарына қоса, қылмыстық құқықтық нормаларды оыту және қылмысты саралау; қылмыстық заңның қолданыстағы шегі және қылмысыты саралау т.б. бөлімдерді біріктірген. Көптеген басқа да ғалымдардың жоғарғы арнайы курс бөліміне арналған қылмысты саралаудың теориялық мәселелері атты әдістемелік нұсқасы жеткілікті [9,3-19б].  Мәселен, В.Н. Кудрявцев, А.В. Наумов, В.И. Малыхин, Б.А. Куринов т.б. бір топ ғалымдардың оқулықтарда, монографияларда қамтылған әдістемелік кеңесін көруімізге болады. Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қылмыстық құқық және криминология кафедрасының меңгерушісі з.ғ.д., профессор А.Н. Ағыбаевтің жетекшілігімен жоғарғы Арнайы курс бөлімінде және магистранттарға арналған толықтырып құрастырылған жаңа әдістемелік нұсқа қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімінің тиісті сұрақтарына арналған, теориялық қылмысты саралау мәселесі атты нұсқаны бейнелейтін болсақ, бұл нұсқа: Кіріспе, қылмыстық құқықтық теоиялық мәселесін оқытудың мақсаты және қылмыстық құқықтың теориялық мәселесін оқытудың міндеті атты үш тақырыпшадан тұрады. Аталмыш арнайы курсқа арналған нұсқа төмендегі сұрақтарды қамтиды.

-         Қылмысты саралау мәселесінің ұғымы және маңызы.

-         Саралау түсінігі, маңызы және жалпы сұрақтар, қылмысты саралаудың түрлері.

-         Негізгі қылмыстық заң қылмыстың құрамы бойынша саралау мәселелері.

Қылмыстық  саралау заңның маңызы қылмысты саралау пайдаланатын қылмыстық заңсыз нормалар мәселесі, қылмыс құрамы қылмысты саралау үшін заңдылық үлгі.

-         Қылмыстық құқықтық нормалардың құрылысы және зиянды әрекеттердің

мәселелерін саралау.

-         Қылмысты объективтік жағының саралау мәселелері. Объектінің түсінігі,

түрлері және оның маңызы. Қос объектілік қылмыстар, қылмыстың заты, оның саралау мәселелері. Саралау барысында зияндылық әрекетті табу. Қылмыстық әрекетінен зиянды зардабын табу. Себепті байланыс және қылмысты саралау мәселелері. Объективті жағынан факультативтік белгілерінің қалай саралауға әсер етуі.

-         Қылмысты  субъективтік белгілер бойынша саралау мәселелері. Жалпы

ережелер субъекті бойынша қылмысты саралау мәселелері.  Қылмысты саралау барысында қылмыскердің жасын есепке алу. Ерекше субъектілер тарапынан жасалынған қылмыстарды саралау. Саралау барысында кінәнің нышандарын анықтау мәселелері. Ниет пен мақсат бойынша саралау мәселелері.

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен-         Аяқталмаған қылмысты саралау. Қылмысқа оқталуда оның түрлерін

анықтау. Қылмыстан өз еркімен бас тарту және оны саралау. Қылмысқа қатысушылықты саралау мәселелері, қылмысқа қатысушылықтың түрлері саралау. Қылмысқа қатысушылардың кейбіреуінің қылмыстан бас тартқан жағдайы оның саралауға әсері.

-         Көптік қылмыстық бойынша саралау мәселелері.

-         Қылмысты қайталау немесе кәсіп ретінде қылмыс жасау саралау әсері.

-         Қылмыстық құқықтық нормалардың бәсекелесуі және саралау мәселелері.

Жоғарыда көрсетілген әдістемелік нұсқада қылмыстық құқықтағы қылмысты саралау теориясының сұрақтары толық көлемде қамтылған. Сонымен қатар әдістемелік нұсқаның соңғы бетінде жоғарыда көрсетілген алты тақырыпқа қолданылатын әдебиеттердің тізімін толық және нақты құрастырған. Қылмыстық құқықтағы қылмысты саралау теориясы өте күрделі әрі маңызды құбылыс. Елімізде жоғарғы оқу орындарының заң факультетінде арнайы курс ретінде тереңдетілген салада ғылыми және тәжірибе тұрғысынан дәріс сабақтары өткізілуде.

Тарау І. Қылмысты саралаудың түсінігі және қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы маңызы 1. Қылмысты саралаудың түсінігі

Қылмыстық құқық теориясында қылмысты саралау құқық қорғау органдарының қылмыстық-құқылық нормаларды қолдануының бір сатысы ретінде қарастырылды. Ол тиісті лауазымды тұлғалармен алдын ала тергеуде, сот тергеуінде, аппеляциялық және бақылау өндірістерінде жүзеге асырылды. Б.А. Куриновтың есептеуінше қылмысты саралау құқық қолданушылық қызметінде ерекше орын алады, яғни құқықтық нормаларда қолданудың көптеген басқа түрлерін жүзеге асыру үшін алғы шарт болып табылады./1/ Мысалы, тек сотпен қылмысты саралау жүзеге асырылғаннан кейін ғана күдікті адамға бұлтаратпау шарасын алу, кінәлі адамға әлде қандай жазаның түрін, сотталған адамға түзету немесе тәрбиелеу колониясының белгілі бір режимін белгілеу, жазаның орындалысын кейінге қалдыру т.б. мәселелерді қойып және шешуге болады. В.Н. Кудрявцев қылмысты саралауды терең меңгерілуі барысында әділсоттылықты заңға қатаң сәйкестікте жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қылмыстық құқықтың жалпы мәселелердің қатарына жатқызады./2/ Оның пікірінше «кез келген қылмыс түрі үшін маңызды болып табылатын, нақты іс бойынша қолданылуға жататын қылмыстық заңның бабын таңдаудың негізі мен тәртібін айқындайтын саралаудың жалпы ережелері мен қағидалары» зерттелуі қажет. Қылмысты саралаудың әдістемелік негізіне жалпы ұғым (заң нормасы) мен жеке құбылыстың (нақты әрекет) арасындағы ара қатынастың материалистік түсінілуі жатады. Заң нормасы әрқашанда жалпылама, абстрактивті сипатқа ие екендігі белгілі. Іс-әрекет керісінше кез-келген ситуацияда нақты болып табылады. Құқықтық әдебиеттерде қылмысты саралауға анықтамалар берілген. Өзінің мәністері бойынша олардың барлығы бір ұғымды білдіреді. Алайда олардың арасында барынша қысқа және қылмысты саралаудың ұғымының өзін, оның мазмұнын нақтылап, маңызын

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенашып көрсететін көлемділері де кездеседі. Олардың алғышқысында мысал ретінде «Қылмысты саралау жасалған іс-әрекеттің белгілі бір қылмыс құрамы белгілерімен сәйкестігін анықтау»./3/ Құқықтық білімдердің энцоклопедиялық сөздігінде берілген анықтамада қылмысты саралау анықтамасы және оның түсіндірмесі барынша дәл және ақиқат болып табылады. Ол бойынша «Қылмысты саралау дегеніміз жасалған іс-әрекет белгілерінің қылмыстық заңда қарастырылған белгілі-бір қылмыс құрамына дәл сәйкестігін тиісті процессуалдық актіде анықтау және бекіту»./4/ Аталғандарды нақтыласақ а) қылмысты саралау кінәлі тұлғаға жаза мөлшерін тағайындау және жасалған қылмыстың өзге де құқықтық салдары үшін негіздеме. б) қылмысты саралау қылмыстық сот өндірісінде заңдылықтың сақталуы үшін үлкен маңызға ие болады; в)қылмысты саралау жасалған қылмыстың осы іс-әрекет үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын заңмен қатаң сәйкестікте саралануы тиістігін білдіреді. В.Н. Кудрявцевтің санауынша қылмысты саралау оған заңи баға беру осы қылмыстың белгілерін бекітетін қылмыстық-құқылық норманы көрсету болып табылады. Б.А. Куриновтың пікірінше «қылмысты саралау – бұл өмірдегі нақты жағдайдың – қылмыстың – қылмыстық заңның нормасында тұжырымдалған берілген қылмыс туралы ұғымымен ұқсастығы туралы қортынды жасау. Қылмысты саралау өмірдегі нақты жағдайға қылмыстық заңның нормасын таңдап алу және мағынасы бойынша заңи саралаулардың тек бір түрі ғана болып табылады»./5/ «Квалификация»- термині латын тілінен аударғанда әлде бір нәрсенің сапасын, бағасын, жарамдылық дәрежесін анықтау дегенді білдіреді. «Сараланған қылмыс» анықтамасы берілген қылмыстық іс-әрекет жауаптылықты ауырлататын мән-жайларда жасалғандығын және ауырырақ жазаға тартылатындығын білдіреді./6/ Яғни заңшығарушы оны өзіне ұқсастардың қатарынан барынша қоғамдық-қауіпті және зиянды ретінде бөліп көрсетеді. Қылмысты саралу ұғымына келетін болсақ мәселе сәл өзгешелеу болады. Ол (ұғым) екі мағынада қолданылады: 1) тұлғаның әрекетінде (әрекетсіздігінде) қылмыс құрамының бар екендігін құқық қорғау органдарының анықтауының логикалық процессі; 2) Осындай қызметтің нәтижесі – қылмыстың жазалануға тиісті іс-әрекетті оны әлеуметтік қауіптілік және жазалану қаталдығы бойынша бөліп көрсетпей құқықтық бағалау. Қысқаша айтқанда Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің диспозициясы мен санкциясында қарастырылғаны ғана бағаланады. Теорияда және практикада қылмысты саралаудың екі мағынасы өзара байланысты және өзара шартты ретінде қарастырылады. В.Н. Кудрявцев және Б.А. Куринов бұл жағдайды атап ғана қоймай, қылмысты саралау ұғымын анықтау барысында ескеруді ұсынады. Аталған жағдайды сақтамау немесе ескермеу яғни істің нақты мән-жайларына сәйкес емес қылмыстық заңды қолдану жасалған қылмыстың сипаты туралы түсінікті бұрмалайды, оған дұрыс баға бермейді және әділетсіз үкімнің шығуына әкеліп соқтырады. Бұндай жағдайда қылмысты саралау дұрыс емес. Ол қылмысты дұрыс саралау сияқты ресми сипатқа ие болады себебі сот-тергеу органдарымен беріледі. Саралау сонымен қатар ресми емес (доктриналды) болуы да мүмкін, ол құқыққа қарсы әрекетке (әрекетсіздікке) құқықтық баға беруді жекелеген ғалымдар және практикалық қызметкерлер түсіндірулерде, оқулықтарда, ғылыми жұмыстарда ұсынған кезде жүзеге асырылады. Алайда олардың заңи күші болмайды. Саралау дегеніміз – бұл жасалған іс-әрекеттің оқиғалық белгілерінің және Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің нормасында қарастырылған қылмыс құрамы белгілерінің толықтай сәйкестігін анықтау және заңи түрде бекіту болып табылады./7/ Қылмысты дұрыс сараламау үкімнің күшін жою немесе өзгерту үшін негіз болып табылады. Саралау барысында жіберілген қателік жазаның түрі мен мерзімінің дұрыс тағайындалмауын туындатып ғана қоймайды, сонымен қатар бірқатар басқа да құқықтық салдардың негізсіз туындауына алып келеді (сотталғандық, түзету мекемесінің түрін және түзету колониясының режимін анықтау, рақымшылық жасауды қолдану немесе қолданбау, мүлікті тәркілеу, кейбір азаматтық-құқылық салдар).

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенКінәлі адамға жазаның мөлшерін дұрыс анықтау іс-әрекетті дұрыс саралауға айта қаларлықтай тәуелді. Мысалы абайсыздықтан кісі өлтірген адамға әділетті, жасаған іс-әрекетіне сәйкес жаза тағайындау мүмкін емес, егер оның әрекеті қателіктің салдарынан қасақаналықпен адам өлтіру ретінде сараланатын болса. Себебі ҚК-тің 101 бабы бойынща яғни абайсызда кісі өлтіру үшін үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген, ал ҚК-тің 96 бабының 1 бөлімі бойынша алты жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы , ал 96 бабтың 2 бөлімі бойынша он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Осы мысалдың өзінен-ақ қылмысты дұрыс саралаудың қандай маңызға ие болатындығын байқауға болады. Қылмысты саралау процессі яғни оның жүзеге асырылуы, қылмыстық істі қозғаудан бастап қылмыстық процесстің барлық сатыларында орын алады. Атап айтқанда Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 63, 64, 66, 67, 190, 197 баптарында Қылмыстық істі қозғау, қылмысты ашу, және істі процессуалдық құжаттау міндеттері туралы айтылған. Қылмыс белгілері анықталған әрбір жағдайда прократура тергеу және анықтама органдары өздерінің өкілеттіктерінің шегінде қылмыстық іс қозғауға, қылмыс оқиғасын, оны жасауға кінәлі тұлғаларды және оларды жазалауға заңда қарастырылған барлық шараларды жүзеге асыруға міндетті. Қылмыстық істі қозғау туралы қаулыда оны қозғауға негіз болған мәліметтер, белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалған қылмыстық заңның бабы және қылмыстық іс тергеу өндірісі немесе сот тергеуін жүргізу үшін жіберілген орган көрсетілуі тиіс. Қылмыстық істі қозғау сатысы қылмыстық істі қозғау туралы қаулы шығарумен шектелмейді. Оның мазмұны болып а) қылмыстық істі қозғауға заңды себептер мен негіздердің болуын алдын ала тексеруі, б) қылмыстық істі қозғау туралы мәселенің тікелей шешуі табылады./8/ Сондықтан аталған қаулыны шығарғанға дейін сот өндірісінің тиісті органдары іс бойынша өндірісті бастау мүмкіндігінің шарттарын анықтайды, көп реттерде бұл үшін белгілі бір процессуалдық әрекеттерді орындайды және қылмыстық істі қозғау немесе қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Тіпті осы сәттен-ақ қылмысты алдын ала шартты түрде айтқанда, бағыттаушылық саралау жүзеге асырылуы мүмкін. В.Н. Кудрявцев дұрыс айтады: «қылмыстық процесстің әрбір сатысында (анықтама, алдын ала тергеу өндіріснің барысында, істі бірінші сатыдағы сотта қараған кезде, сонымен қатар жоғары сатыдағы соттарда қарау кезінде) құқықтық норманы қолданумен байланысты мәселелер соның ішінде қылмысты саралау мәселелері де дербес, көп жағдайда қайтадан шешіледі»./9/ Қылмыстық процесстің келесі сатыларында қылмысты саралау талданып нақтыланады. Бұл тұлғаны айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы негізделген қаулыны жасақтауда орын алады онда іс- әрекет сараланатын қылмыстық заңның бабы; айыптау қортындысында сотқа өткізу сатысында алдын ала таңдау барысында айыпталушыға тағылатын іс-әрекеттерге қылмыстық заңның қолданылуының дұрыстығы анықталады, жасалған іс-әрекеттің мемлекеттік бағалануы болып табылатын сот үкімі әрине, одан тыс қалмайды. «Соттық тергеу актілерінің жүйесінде – үкім маңыздылығы бойынша ерекше орын алады: онымен қылмыстық іс негізінен шешіледі және сотталушының өзі сотқа берілген қылмыс бойынша кінәлілігі туралы және оның кінәлілігінң дәрежесі жөніндегі мәселеге түпкілікті жауап беріледі»-деп жазған М.С. Строгович./10/ Аппеляциялық және бақылау өндірістеріне қатысты айтсақ қылмысты саралау мәселелері бұл жерде де үлкен маңызға ие болады. Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 414, 432, 434 және 459 баптарына сәйкес қылмыстық заңның дұрыс қолданылуы – аппеляциялық сатыда да бақылау тәртібінде де үкімнің күшін жоюдың немесе өзгертудің негіздерінің бірі болып табылады. Қылмыстық-құқылық норманы оның дәл мағынасына қайшы

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенкелетін түсіндірудің және қылмыстық заңды дұрыс қолданбаудың басқа жағдайларында: айыптау үкімін бақылау тәртібімен қайта қараған кезде, ауырырақ қылмыс туралы заңды қолдану қажеттілігімен байланысты сот шешімдері мен қаулыларын жазаның жеңілдігі немесе басқалай негіздер сонымен қатар ақтау үкімі немесе істі қысқарту туралы шешім немесе қаулылардың барысында орын алуы мүмкін. Осыдан туындайтын қортынды қылмыстық-процессуалдық заң, тиісті негіздер болған кезде қылмысты қайта саралаудың тиісті тәртіптерін бекітеді. «Мемлекеттік органдар қызметінің осы жақтарының заңмен айқын реттелуі қылмыстық істің тергелуінің жан-жақтылығы, қылмысты жасаған деп айыпталған адамға қорғау құқығының уақытында берілуінен әрбір қылмыстық істің әділетті шешілуіне кепілдік беретін басқа да көптеген сәттерге ақыр аяғында заңдылықтың қатаң сақталуы қажеттілігінен туындайды»./11/ Б.А. Куриновтың пікірінше қылмысты саралаудың жүргізілуінің өзі үш кезеңнен тұрады. «Бастапқыда іс-әрекеттің барынша жалпылама белгілері анықталады яғни , құқықтық қатынастың түрі анықталады». Екінші кезеңде «қылмыстық іс-әрекеттің топтық белгілерін анықтау жүзеге асырылады яғни қарастырылған қылмыстың қылмыстық кодекстің қандай тарауымен қамтылатындығы анықталды». Үшінші кезең «қылмыстың түрлік белгілерін айқындау және салыстырудан тұрады»./12/ «Қылмыстық құқық» оқулығының авторлары да қылмысты саралауды үш кезеңге бөледі, бірақ оларды басқаша түсіндіреді. Бірінші кезең жасалған іс-әрекеттің оқиғалық мән-жайларын толық және дұрыс анықтаудан тұрады. Екіншісі тиісті қылмыс құрамын сипаттайтын нақ сол қылмыстық-құқылық норманы анықтау. Үшіншісі нақты жасалған іс-әрекеттің құрамын таңдап алынған нормада сипатталып жазылған қылмыс құрамымен салыстыруды қамтиды. Қарастырылған кезеңдердің тек қарапайым кезегімен емес, біріккен түрде қылмысты саралаудың бірегей процессін құрайтын олардың логикалық мәнісінде берілетіндігін ескерте кетуіміз керек. Осыған байланысты екінші кезеңде жасалған әрекет үшін қылмыстық-құқылық норманы тек формалды түрде анықтау ғана жүзеге асырылмай оның айқындылығы кеңістіктегі және уақыттағы әрекеті, түсіндіруінің дәлдігі тексеріледі. Үшінші кезеңде іс-әрекет пен қылмыс құрамының белгілері салыстырылады. Олардың ұқсастығы анықталғанда қылмысты саралау аяқталады және бұдан шығатын қортынды «тұлғаның іс-әрекетінде қылмыс бар немесе тұлға қылмыс құрамын орындады ендеше, оны қылмыстық жауапкершілікке тартуға және тұлғаның бұл жауапкершілікті тартуына барлық негіз бар»./13/ Осыдан біз сілтеме жасаған оқулықтың авторларының түсінігінде нақты түрінде қылмысты саралау қылмыстық істі қозғаған сәттен басталады және үкім шығарумен түпкілікті аяқталады. Шын мәнінде бұл логикалық процесс тергеу мен қылмысты сот-тергеу органдарында тексеру барысында үздіксіз жүргізіледі. Қылмысты саралау теориясында саралау және объективті шындық мәселесі белгілі бір күрделілікті пайда қылады оның шешілуі әртүрлі пікірлердің туындауына себепші. Мәселенің мәнісі мында: қылмысты дұрыс саралау барысында обективті шындық анықталама? Тергеу және сот органдарымен жасалған іс-әрекеттің фактілік құрамын анықтау яғни, тек оқиғаны емес олардың құқықтық белгілерін анықтау қылмыстық заңды қолдануға негіз болады. Негізінде қылмысты дұрыс саралау қылмыстық істі тексеру барысында тергеу мен сот арқылы анықталатын обективтік шындықтың мазмұнына кіреді. Сот тергеу практикасында қылмысты дұрыс сараламаудың көптеген мысалдарын байқауға болады яғни, қылмыс жасаған тұлғаға ҚК-тің ауырырақ қылмыс түрі үшін жауап кершілік қарастырылған бабы таңылады. Мысалы ол ұрлық жасады (ҚК 175 бап) бірақ ерекше құнды заттарды ұрлағаны үшін (ҚК 180 бап) жауапкершілікке тартылады. Келтірілген мысалда қылмысты дұрыс сараламаудың түрлерінің бірі көрсетілген. Қылмысты дұрыс сараламаудың тағы бір түрі қылмыс жасаған тұлғаға қылмыстың жеңілдеу түрі үшін жауапкершілік көзделген баптың қолданылуы болып табылады. Мысалы, Қылмыстық

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенкодекстің 250 бабының орнына 209 бабын қолдану. Қылмысты дұрыс сараламаудың үшінші түрі қолданылуға тиісті баптың, тиісті емес бөлігін және тармақшасын қолданудан көрінеді. Мысалы кінәлі адамға ҚК-тің 178 бабының бірінші бөлімінің орнына, екінші бөлім қолданылады. Қылмысты дұрыс сараламаудың төртінші түрі қылмыстың бір түрін жасаған адамға ҚК-тің бірнеше бабын қолданудан көрініс табуы мүмкін. Мысалы бандитизім жасаған адамға 237 баппен қатар ҚК-тің 96, 179 баптарын қолдану. Қылмысты саралаудағы осындай қателіктерді әдебиетте басы артық саралау деп атау қалыптасқан. Қылмысты дұрыс сараламаудың келесі, бесінші түрі қылмыстың жиынтығын ҚК-тің бір бабымен немесе баптың бөлімімен саралау болып табылады. Мысалы атыс қаруын пайдаланып жасалған қарақшылық үшін ҚК-тің 179 бабының 2 бөлімінің 2 тармақшасы қолданылады дұрысында ҚК-тің 251 бабыда қолданылуы тиіс болатын. Саралаудың соңғы түрі іс-әрекетінде қандайда болмасын қылмыс құрамының белгісі жоқ адамға қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы болып табылады. Осындай жағдайда іс-әрекетте қылмыс құрамы жоқ деп танылады. Енднше қылмыс жасамаған кінәсіз тұлға негізсіз қылмыстық жауапкершілкке тартылады ол өз кезегінде Қазақстан Республикасның Конститутциясының 77 бабында бекітілген адамның конституциялық құқықтарын өрескел бұзу болып табылады. Нақты қылмыс құрамының белгілері жоқ әрекетті құқық қорғау органдарының ҚК-тің әлдеқандай бабымен дұрыс сараламаудың барысында осындай жағдай орын алуы мүмкін . Мысалы тұлға Қылмыстық кодекстің 162 бабымен жалдамалылық үшін жауапқа тартылады алайда оның материалдық сыйақы алу немесе өзге де бас пайдасы мақсатында іс-әрекет жасағандығы дәлелденбеген. Өкінішке орай, көп жағдайда анықтама және алдын-ала тергеу органдарында айта қаларлықтай жиі кездесетін қылмысты дұрыс сараламау оқиғалары белгілі болмай қалады, саралаудағы қателіктерге істі сотта қарауда да жол беріледі. Соның нәтижесінде анықтама және алдын ала тергеу органдарымен қылмыстың дұрыс сараланбауы сотта да қайталанып әділсотты емес үкімдердің шығуына жол беріледі. Кей реттерде қылмысты дұрыс сараламау оқиғаларының кінәсіз адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту деп атауға болады. Қылмысты дұрыс сараламаудың осындай оқиғалары барлық қылмыстық істер бойынша үкімдерге шағым немесе наразылықтар келтірілмеуіне байланысты жоғарғы сот сатыларында да әрқашан анықтала бермейді. Сондықтан үкімдердің басым бөлігі жоғарғы сот сатыларында тексеруден өтпестен күшіне енгізіледі және орындалады. Қазақстан Республикасының жаңа ҚІЖК-де қылмыстық заңды дұрыс қолданбауға байланысты қылмыстық іс қайта тергеуге жіберілетін, сот үкімі өзгерілетін немесе күшін жоятын нормалар қарастырылған. Олардың қатарына ҚІЖК-нің 303, 376, 416, 432, 436, 459 баптарын жатқызуға болады.

ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3

І ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫ САРАЛАУДАҒЫ МАҢЫЗЫ 4

1.1. Қылмыс құрамының түсінігі және белгілері 4

1.2. Қылмыс құрамының түрлерінің мазмұны 5

ІІ ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 7

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен2.1. Қылмыс объектінің ұғымы және түрлері 7

2.2. Қылмыс объективтік жағының түсінігі мен белгілері 9

ҚОРЫТЫНДЫ 12

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 13

Кіріспе

Қылмыс дегеніміз жаза мен қауіп төндіру арқылы тиым салынған қоғамға қатерлі

жасалған әрекет не әрекетсіздік. Бұл қылмыс анықтамасы көптеген Европа елдерінде

формальды түрде қолданылады. Ал отанымызда қылмыстық құқық материалды –

формальды анықтамаға ие, яғни формальды анықтамада әрекеттің құқыққа қарсы

екендігіне баса назар аударылса, ал материалды – формальды анықтамада әрекеттің

құқыққа қарсылығымен бірге оның қоғамға қауіптілігіне көңіл бөлінеді. Жоғарыда

айтылған сөздерден байқайтынымыз – қылмыстың өзіне тән міндетті бірнеше белгілерінің

бар екендігі. Оларға тоқталып кететін болсақ, қылмыс анықтамасының мәні ашылады.

Сонымен қылмыстың өзіне тән төрт белгісі бар: 1. қоғамға қатерлі әрекет; 2. құқыққа

қайшылық, яғни қылмыстық заңмен тиым салынған әрекеттер; 3. кінәлілік; 4. қылмыстық

жазалылық.

Қоғамдық қатер дегеніміз – қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға

шынайы түрде зиян келтіретін не сол зияндарды жоюға кедергі келтіретін әрекет не

әрекетсіздік. Жасалған әрекет не әрекетсіздікке жаза тағайындау үшін, оның қоғамға

қатері ақиқат екеніне тура көз жеткізуіміз керек.

Қоғамдық қатері бар әрекетті тек қана қылмыс деп тану қате көзқарас. Сонымен бірге ол

әкімшілік құқық бұзушылық болу да әбден мүмкін. Бұнда да тұлғаға, қоғамға немесе

мемлекетке зиян келеді. Бірақ олардың қоғамға қауіптілігінің мөлшері анағұрлым төмен

болады. Егер әрекет салдарынан тұлғаға, қоғамға ауыр не орташа ауыртпалықтағы

залалдар келтірілмесе, ол әрекетке әкімшілік тәртіпте жауапкершілік жүктеледі. Мысалы,

жол қозғалыс ережелерін бұзу салдарынан адам денсаулығына жеңіл түрдегі зиян

келтірілсе.

Қылмыстың екінші бір міндетті белгісі болып қылмыстық құқыққы қайшылық табылады.

Қайшылық – жоғарыда айтылғандай қылмыстың формальды белгісі. Қылмыс туралы тек

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттентиым қылмыстық заңмен бекітілген жағдайларда ғана сөз болуы керек. Басқа құқық

салаларына қайшы келген жағдайлар оларды қылмыс деп тануға негіз бола алмайды.

Мысалы, Қазақстан Республикасы территориясында шетел валютасымен шартқа отыруға

«валюталық реттеу заңымен» тиым салынған, бірақ қылмыстық құқықта бұндай

жағдайлар қарастырылмағандықтан, бұл әрекеттер қылмыс деп санамайды. Сонымен

қылмыс туралы қылмыстық заңда көрсетілмесе, өылмыс жоқ деп саналады.

Жоғарыда айтылған қылмыстық құқыққа қарсылық белгісімен өте тығыз байланысты екі

белгі – кінәлілік және жазалылық.

Қылмыстық кодекстің 19-бап 2-тармақшасына сәйкес қылмыстық жауапкершілік кінәсіз

келтірілген зияндар үшін жүктелмейді.

Кінәлілік құқыққа қайшылықтың міндетті шарттарының бірі болғандықтан, субъектінің

әрекетінде кінәнің жоқтығы оның әрекетін және қылмыстық құқыққа қайшылық белгісін

де жоққа шығарады.

Жазалылық – бұл атынан-ақ айтылып тұрғандай әрбір заңға қайшы, қоғамға, қауіпті

әрекет не әрекетсіздіктер заңмен міндетті түрде жазалануы тиіс. Кейбір жағдайларда

қоғамға қауіпті, заңмен тиым салынған әрекетті жасаушы кінәлі тұлға жазаға тартылмауы

да мүмкін, яғни қылмыстық жауапкершілікке тартуға ескіру мерзімі өтіп кетсе, амнистия,

рақымшылық және т.б. жағдайлармен, бәрақ бұдан жасалған әрекет не әрекетсіздік

қылмыс болып қоса береді.

Міне біз қылмыс белгілерімен танысып өттік. Енді осы қылмыстың құрамына,

квалификациялануына негізгі бөлімде қарастырып шығамыз.

І Қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы маңызы

1.1. Қылмыс құрамының түсінігі және белгілері

Қылмыс түсінігінің жалпы анықтамасы – заңдық абстракция, шын әрекетте

орын таппаған. Бұл түсінікте барлық қылмысқа тән белгілер мазмұндалады.

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенДегенмен қылмыс жасауға мүлдем болмайды, жасаған күннің өзінде

қылмыстық тәртіппен нақты қылмыстар жазаланады (кісі өлтіру, ұрлық,

тонау және с.с.). Бұл көрсетілген қылмыстар Қазақстан Республикасы

Қылмыстық Кодексінің ерекше бөлім баптарында орын алған.

Қылмыстық Кодекстің 3-бабында жазылғандай «қылмыстық

жауапкершіліктің негізгі болып қылмыстың жасалуы, яғни қылмыстық

заңмен көзделген қылмыс құрамының барлық белгісі болуы керек» —

делінген.

Қылмыс өздігінен танылмайды, ол қылмыс құрамы белгілерінің сәйкес

келуімен ғана қылмыс болады. Заң шығарушы қылмыстық–құқықтық

нормада қылмыс құрамының анықтамасын былай бекіткен.

Қылмыс ретінде нақты қауіпті әрекетті сипаттаушы қылмыстық заңмен

бекітілген объективті және субъективті белгілердің жиынтығын қылмыстық

құқықта қылмыс құрамы деп аталады.

Қылмыс пен қылмыс құрамы деп ұқсас, бірақ бірдей түсініктер емес[1].

Қылмыс бұл объективті шындықта нақты тұлғамен жасалған әрекет не

әрекетсіздік.

Ал қылмыс құрамы бұл белгілі бір қылмыстық әрекеттің белгілерін бекітуші

нормативтік категория. Егер қылмыс, яғни оның жасалуы қылмыстық

жауапкершіліктің фактілік негізгі болса, ол қылмыс құрамы оның заңдық

негізі. Бұл екі негіз бір-бірімен тығыз байланысты және бүтін бір бірлікті

құрайды: заңдық бекітілген қылмыс құрамынсыз қоғамдық қауіпті әрекет

қылмыс болып табылмайды, қылмыс құрамынсыз қылмыстық жауапкершілік

жүзеге аспайды. Сонымен қатар тек қылмыс құрамының негізінде ғана

қылмыстың сапалық дәрежесін анықтау процесі іске асады. Қылмыс

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенқұрамынан басқа жағдайлар қылмыстық жауаптылық негізгі бола алмайды.

Ал негізсіз қылмыстық жауаптылық туралы сөз болуы мүмкін емес. Ал егер

қылмыстық қудалау басталған күннің өзінде, қылмыс құрамының жоқ екені

анықталған сәтте, ол іс қысқартылып тасталады.

Заңдық әдебиеттерде дұрыс көрсетілген, яғни жасалған әрекет қылмыс

құрамының барлық белгісінен тұратын болса, бұл қылмыстық жауаптыққа

жеткілікті негіз болып табылады. Басқа барлық жағдайлар жүргізілген іске

қатысы бар болса, сот жаза тағайындағанда есепке алынады. Бұдан

түсінетініміз қылмыс құрамынсыз қылмыстық жауапкершілік іске аспайды.

Сонымен қатар қылмыс құрамы басқа да маңызды, аса қажетті міндеттерді

атқарады. Тек қылмыс құрамы негізінде қылмысты саралау процесі жүзеге

асады, яғни қылмыс құрамы құқық қолданушыға жасалған қылмыстың

мазмұнын толық және нақты белгілеп көрсететін ең қажетті қылмыстық –

құқықтық үлгі[2].

Қылмысты квалификациялау – қылмыстық құқықта өте күрделі және маңызы

зор мәселенің бірі. Бұл қылмысты квалификациялау процесі теория жүзінде

ғана емес, практика жүзінде де маңызы зор. Қылмыстық заңның тиімді

пайдалануы және осы заңға тәуелді адамның тағдыры – қылмыстық дұрыс

квалификациялануына байланысты шешіледі. «Квалификация» термині

латынның екі сөзінен құралған «gualis» — сапа және «facere» — істеу, яғни

сапалы істеу дегеннен шыққан. Қылмыстық құқық тілінен айтқанда – қоғамға

қауіпті әрекетке сапалы баға қою дегенді білдіреді. Басқа сөзбен қылмысты

квалификациялау – қылмыстық – құқықтық нормада қарастырылған нақты

фактілік белгілерге сәйкес қылмыс құрамын әрекеттердің заңды түрде

бағасын бекіту.

Қылмысты дұрыс квалификациялау – бұл қоғамға қауіпті әрекет қылмыс

құрамының барлық белгілеріне ие болған жағдайда ғана болуы мүмкін.

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенҚылмысты квалификациялау кезінде Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің

берілген әрекетке сәйкес қылмыс құрамы бар баптар не баптың бөлімдері

нақты көрсетілуі керек, ол аяқталмаған қылмыста, сыбайластықта,[3]

Қылмыстық құқықтың жалпы бөлімінің сәйкес баптарына сілтеме жасалады.

Қылмысты квалификациялау нәтижесі іс жүргізу құжаттарында сипатталады

(қылмыстық істі қорғау туралы қаулылар, айыпкер ретінде жазаға тарту

туралы қаулылар, үкімді және т.с.с.).

Қылмысты квалификациялаудың мәні – оның қылмыс құрамының барлық

белгілері бар қоғамға қауіпті жасалған әрекетті заңды түрде есепке алып,

кінәлі тұлғаға әділ жазасын беру болып табылады.

Осы айтылған сөздерден қылмысты дұрыс квалификациялау қоғамға қауіпті

әрекетке нақты әлеуметтік-құқықтық талдау жүргізуді қамтамасыз ететінін

аңғарамыз.

Әрекетті дұрыс квалификациялау үшін және қылмыстық заңды дұрыс

қолдану үшін істің фактілік жағдайларын, қылмыс құрамының барлық

белгілерін жақсы білуіміз керек.

Сонымен, құқық қолданушы органдар қылмысты қаншалықты дұрыс

квалификацияласа, қоғамдағы заңдылықтың жағдайы соншалықты әділетті

болады.

1.2. Қылмыс құрамының түрлерінің мазмұны

Заңдық әдебиеттерде қылмыс құрамының жалпыға танылған, міндетті төрт элементі

көрсетілген: объект, объективтік жоқ; субъект, субъективтік жоқ. Қылмыс құрамының

элементтері бір-бірімен тығыз байланысты. Егер бұл элементтерінің біреуі жоқ болса,

онда қылмыс құрамынын жоқ болғаны, яғни қылмыстық жауапкершілікке негіз жоқ.

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенҚылмыс объектінің астарынан түсінетініміз – қылмыс арқылы зиян келтірілген заңмен

қорғалатын игілік, әлеуметтік құндылық[4]. Бұндай игілік ретінде отандық қылмыстық

құқық ғылым қылмыс заңымен қорғалатын қоғамдық қатынастарды таниды.

Адамның мінез – құқының сыртқы жағын сипаттаушы белгілердің жиынтығы қылмыстың

объективтік жағын құрайды. Бұл белгілерге тұлғаның қоғамдық қауіпті әрекеті (активті

мінез-құлық) не әрекетсіздік (пассивті мінез-құлық). Мысалы: ұрлық – біреудің мүлкін

жасырын ұрлау, қызметі бойынша әрекетсіздік. Кей жағдайларда қылмыс құрамының

объективті жағына әрекет не әрекетсіздіктен басқа қылмыстық салдарды, себепті

байланысты да жатқызады. Мысалы: ұрлықтың құрамы, осы әрекет арқылы меншік иесіне

зиян келуі. Бұдан басқа объективті жоқ қылмысты жасау жағдайы, орны, уақыт, тәсілі,

қаруы және құрал-жабдықтары жатады.

Қылмыс субъектісі болып қылмыс жасаған және қылмыстық заңмен қарастырылған

белгілерге ие физикалық тұлға табылады белгілері: есі дұрыс, анықталған жасқа толу

және кей жағдайларда арнайы белгілері болады (мамандығы, лауазымы және т.б.).

Қылмыстың субъективтік жағын адамның мінез-құлқының ішкі психикалық жағын

сипаттаушы белгілер құрайды: кінә, себеп және қылмыс мақсаты.

Теорияда қылмыс құрамының белгілерін екіге бөледі: негізгі және арнайы.

Негізгі белгілері (міндеттеуші не жалпы) – бұл әрбір қылмыс құрамында болатын

белгілер. Осы белгілердің білгілердің біреуінің болмауы қылмыс құрамының жоқ екенін

білдіреді. Негізгі белгілерге жататындар: қылмыс объектісінде – қылмыстық заңмен

қорғалатын қоғамдық қатынастар; қылмыс объективті жағында — әрекет не әрекетсіздік;

қылмыс субъектісінде физикалық тұлға, есі дұрыстық, жасы, қылмыстың субъективті

жағында – кінә.

Арнайы белгілер (факультативті, толықтырушы) – бұл белгілер заң шығарушының барлық

елес тек қана қылмыс құрамының бір бөлігін негізгі белгілерге толықтыру ретінде

пайдаланатын белгілері. Арнайы белгілері жататындар: қылмыстың объектісінде – оның

құрылымы, мазмұны және қылмыстың объектісінде – оның құрылымы, мазмұны және

қылмыс пәні, қылмыстық объективті жағында – салдар, себепті байланыс, қылмыс

жасаудағы жағдай, уақыт, орын әдіс, қару және құрал-жабдық;

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен

Қылмыс субъектісінде лауазымды не қызметтік жағдайы, соттылығы және т.б.;

қылмыстың субъективті жағына ол – себеп мақсат.

Қылмыс құрамының негізгі және арнайы болып бөлінуі тек қана теориялық мәнге ие, ең

бастысы қылмыстық–құқықты оқытқанда қолданылады. Практикада бұндай бөлу құқық

қолданушының нақты қылмыс құрамымен жұмыс істейтіндіктен, оларға қылмыстық-

құқықтық нормада көрсетілген белгілердің барлығы міндетті болғандықтан шартты

сипатқа ие болады. Мысалы: ұрлықта біреудің мүлкін жасырын ұрлау әдісі міндетті белгі

ретінде танылады.

Кейбір жағдайларда арнайы белгілер қылмысты квалификацияғанда есепке алынады. Егер

арнайы белгі қылмыс құрамына кірмесе, онда ол қылмысты квалификациялауға әсер

етпейді және жаза бекіткенде есепке алынады.

Қылмыс құрылымының жалпы түсінігі – қоғамға қауіпті әрекетінің қылмыс ретінде сипат

алуы, оны қылмыс не қылмыс емес екенін тану немесе оны дұрыс квалификациялауға

қажетті элементтер жиынтығы. Осы жоғарыда қараған жағдайларды практика жүзінде

қолданғандақылмыс құрамын жіктеудің маңызды зор, яғни қылмыс құрамын анықталған

түрлнрге бөлеміз. Қылмыс құрамын жіктеудің негізіне жататындар: әрекеттің қоғамдық

қауіптілігінің дәрежесі – заңдағы қылмыс құрамын сипаттау тәсіліне байланысты,

қылмыстың объективтік жағының жіктелуіне байланысты.

Әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің дәрежесіне байланысты қылмыс құрамы: а) негізгі; б)

квалификациялық (ауырлатушы); в) артықшылықты (жеңілдетуші) болып бөлінеді.

Негізгі қылмыс құрамы – бұл белгілі бір әрекеттің негізгі, тұрақты белгілерінің

жиынтығынан тұратын құрам. Толықтырушы белгілерді, яғни жасаған әрекеттің қоғамдық

қауіптігінің дәрежесін көтеруші, төмендетуші белгілерін қарастырмайды. Мысалы,

Қазақстан Республикасы Қылмыстық құқының 96-бап 1-тармақшасында қарастырылған

кісі өлтіру құрамы.

Егер қылмыс құрамында негізгі белгілерден басқа жауапкершілікті не жазаны

ауырлатушы жағдайлар болса, онда ол қылмыс құрамының квалификациялық түріне

жатады[5]. Бұндай квалификациялық белгілерге әр түрлі жағдайлар жатады: қылмыстың

қайталануы, әдісі (ерекше қатігездік, зорлау және т.б.), соттылығы, ұйымдасқан топ

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенболуы, қаскүнемдік пиғылы, мақсаты және тағы сол сияқтылар.

Квалификациялық қылмыс құрамы Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің баптарының

әртүрлі тармақтарында мазмұндалады. Мысалы, Қылмыстық Кодекстің 96-бап ІІ-

тармақшасындағы кісі өлтіру құрамы.

Егер қылмыс құрамында негізгі белгілерден басқа жеңілдетуші белгілер болса, онда ол

артықшылықты қылмыс құрамына жатады. Бұл белгілі қылмыс құрамының ерекше

бөлімінің бір бабының әр түрлі тармақтарында немесе жеке бапта болуы мүмкін. Мысалы,

артықшылығы бар кісі өлтіру құрамдары бар баптар: жаңа туған баласын анасының өлтіру

(96-бап);

аффект жағдайында кісі өлтіру (98-бап); қажетті қорғаныс шегінен шығып кісі өлтіру (99-

бап); қылмыс жасаған тұлғаны ұстау кезіндегі шараларды шегінен тыс қолдану (100-бап).

Заңдағы қылмыс құрамын сипаттау тәсіліне байланысты жай немесе күрделі болып

бөлінеді.

Жай қылмыс құрамы – бұл құрам элементтерінің қиындық жоқ құрал. Онда ерікті қылмыс

құрмайтын бір ғана әрекетті, тарауды не сатыны сипаттайды, яғни құрам элементтерінің

барлығы тек бір-біреуден тұрады.

Қандайда болсын құрам элементтерінің қиындығы бар болса, ол күрделі қылмыс құрамы.

Мысалы, қарақшылық (яғни бұнда меншікке және меншік иесіне зиян келеді); зорлау

(бірнеше әрекеттермен: психикалық не физикалық күш көрсету арқылы, не тұлғаның

дәрменсіз халін қолданып жыныстық әрекет жасау); кінәнің екі түрімен (адамның дене

мүшелерін трансплантация үшін не басқа жағдайларға пайдалануға мәжбүрлеп көндіру

салдарымен абайсызда кісі өліміне әкеп соқса).

Күрделі қылмыс құрамының әр түрлілігі альтернативті қылмыс құрамы деп аталады, онда

қылмыстық әрекеттің (әрекетсіздіктің) бәрнеше нұсқалары көзделеді, олардың әрқайсысы

өз алдына қылмыстық жауапкершілікке негіз бола алады, мысалы, заңдылық кәсіпкерлік

қызметке кедергі жасау, заңсыз кәсіпкерлік, тұтынушыларды алдау.

Қылмыстың объективті жағының жіктелуі практикада маңызды орын алады. Сондықтан

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенқылмыс құрамын объективтік жағына қарай үшке бөлеміз: материалды, формальды және

келтелік.

Салдарлар қылмыстың аяқталуының қажетті белгісі шығатын құрал материалдық қылмыс

құрамы деп аталады.

Егер жасаған әрекеттен салдарлар пайда болмаса, онда ол қылмыс деп танылмайды

(мысалы абайсыз әрекеттер) не қол сұғушылық не қылмысқа дайындық деп сараланады

(көздеген салдарлар туғызуға бағытталған қасақаналық әрекеттер).

Формальды қылмыс құрамы – бұл қылмыстық заңмен қарастырылған әрекеттіжасау

қылмыс аяқталды деп санауға жетерлік құрам. Бұл жерде салдарлар қылмыстық міндетті

белгісіне жетпейді. Мысалы, мемлекеттік сатқындық, зорлау. Егер қоғамға қауіпті салдар

тұтас болса, олар формальды құрам не квалификациялау белгілерінің қызметін атқарып,

жаза тағайындау кезінде есепке алынады. Мысалы, зорлау салдарынан жәбірленуші

венералогиялық аурулар жұқтырса.

Заң шығарушы көп жағдайларда қылмысты аяқтау қылмыстық әрекеттің алдын ала

сатысына, яғни дайындау не қастандыққа жатқызады. Бұндай қылмыстың аяқталуы үшін

қылмыстық салдардың да, әрекетті соңына дейін жеткізудің де қажеті жоқ. Бұндай

келтелік қылмыс құрамы деп аталады. Мысалы, қарақшылық, бандитизм.

ІІ қылмыс құрамының ерекшеліктері

2.1. Қылмыс объектінің ұғымы және түрлері

Объект құрамының міндетті элементтерінің бірі болып табылады. Сондықтан объектіміз

заңмен қарастырылған қылмыс ретінде қоғамдық қауіпті әрекет белгілі бір объектіге қол

сұғады. Қылмыстық қол сұғу кезінде осы объектіге мәнді зиян-залал келтіреді. Объектіні

дұрыс анықтау қылмыстық әрекеттің әлеуметтік және құқытық табиғатын, жасалған

қылмыс үшін қылмыстық жауапкершіліктің шегі мен үлгілерін түсінуге көмектеседі.

Қылмыстың объектісін белгілеу қылмыстың құрамының бір-бірімен ұқсастығын

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенажыратуға, қылмыстық әрекеттің қылмыстық емес әрекеттерден ажыратуға мүмкіндік

береді. Сонымен қатар қылмыс объектісінің белгісі бойынша заң шығарушы қылмыстық-

құқықтық нормаларды жүйелендіреді және кодификацияландырады.

Көптеген теоретик ғалымдардың ойы бойынша қылмыс объектісі болып қоғамдық

қатынастар шығады. Қоғамдық қатынастар – жалпы қатынастардың жан-жақты, күрделі

түрлерінің бірі. Қатынастар әдістемеде «барлық құбылыстардың қатынасқа түсу кезеңі»,

— деп түсіндіріледі[6].

Қоғамдық қатынастардың ерекше сипаты, онда әлеуметтік жол ретінде адамның танылуы.

Қоғамдық қатынастардың өзі сипаты бойынша да, құрылымы бойынша да өте күрделі

құбылыс болып табылады. Бірақ қоғамдық қатынастардың басты элементтері болып:

қоғам, мемлекет және олардың бекітулері, құрылулар және олардың өкілдері, адамдардың

бірлестіктері мен ұжымдары, жеке бөлек тұлғалар, материалдық әлемнің пәндерімен

әртүрлі үлгіде көрінетін қоғамдық қатынастардың арасындағы байланыстар табылады.

Барлық қоғамдық қатынастар ылмыстық заңмен қорғала бермейді. Тек қана заң

шығарушының көзқарасымен қарағандағы ең құнды деген қоғамдық қатынастарға ғана

қорғалады және олардың шеңбері әрқашанда қозғалыста болады. Бұл шеңбер бірқатар

жағдайларға байланысты өзгереді (ерекше тарихи шарттар, нақты жағдайлар, уақыт,

қоғамға қарсы әрекет не әрекетсіздіктің қауіптілік дәрежесі т.с.с.).

Қылмыстық заңда қылмыстық қол сұғушылықтан қорғанатын маңызды қоғамдық

қатынастар шеңбері қамтыған. Сондай-ақ Қазақ ССР-ң қылмыстық кодексінің 7-бабының

мазмұнында да қоғамдық қатынастардың қатары айқын көрсетіген, яғни онда «қылмыс

деп қоғамдық құрылысқа, саяси және экономикалық жүйеге, меншікке, жеке тұлғаға, жеке

тұлғаның саяси, еңбектік, мүліктік және басқа да құқықтары мен бостандықтарына,

сонымен бірге қоғамдағы құқықтық тәртіпке қарсы қоғамдық қауіпті әрекет не

әрекетсіздік» — делінген. Осы айтылған маңызды қоғамдық қатынастарды қорғау

қылмыстық заңның міндеті деп көрсетілген. Қазақстан Республикасының Қылмыстық

кодексінің 2-бабында былай деп бекітілген: «Осы кодекстің міндеттері: адам және

азаматтық құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін, меншігін қорғау,

ұйымдардың құқығын және заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қоршаған ортаның

қауіпсіздігін, конституциялық құрылысты және Қазақстан Республикасының

территориясының бүтіндігін қорғау, заңмен қорғалатын қоғам мен мемлекеттің мүддесін

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенқылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін

қамтамасыз ету және қылмысты ескерту». Осы норма мазмұнынан қылмысқа қол

сұғушылықтан қорғалатын объектілердің ауқымының кең екенін байқадық. Әрине,

болашақта қылмыстық кодексте қылмыстық құқықтың объектілері туралы өз алдына

бөлек норма шығарса жақсы болар еді. Мысалы: жеке тұлғаларды қорғау, ұжымдық,

қоғамдық, мемлекеттік және халықаралық мүдделерді қорғау туралы.

Қылмыс объектісін қылмыстық құқықтық реттеу объектісінен ажырата білу керек.

Қылмыстық құқық басқа құқық салалары секілді ең алдымен құқықтық реттеу объектісі

арқылы өз алдына сала болып танылады. Құқықтық реттеу объектісіне мемлекет атынан

қызмет ететін өкілетті органдар мен есі дұрыс белгілі жасқа толған азамат арасындағы

қылмыспен жазаланатын әрекет пайда болатын қоғамдық қатынастар жатады[7].

Қылмыс объектісі болып әртүрлі қоғамдық және мемлекеттік құрылыстарда, адамдардың

өндірістік, қоғамдық, ішкі және өмірлік процесінде құрылатын қоғамдық қатынастар

табылады.

Қылмыс объектісінің жалпы түсінігінің сипаты қылмыс объектісінің жіктеу мәселесіне

келіп тіреледі, яғни қылмыс объектісінің түрлеріне тоқталайық.

Қылмыстық құқық теориясындағы қылмыс объектісін үш түріге жіктеген: жалпы, топтық

және тікелей.

Жалпы объектіге қылмыстық заңмен қорғалатын барлық қоғамдық қатынастар жиынтығы

жатады. Қылмыстың жалпы объектісі қылмыстың әлеуметтік мазмұнын және оның

қоғамғажәне мемлекетке деген қоғамдық қауіптілігін сипаттайды.

Топтық объект бұл бір немесе барлық қылмысқа емес, тек қылмыстар тобына тән объект.

Топтық объект қылмыстар тобы қол сұғатын біртекті қоғамдық қатынастар. Мысалы,

топтық объектіге мыналар жатады: ұрлық, тонау, қарақшылық, яғни меншікке қарсы

қылмыстар; тұлғаның өміріне, денсаулығына бостандығына, ар-намысы мен абыройына

қарсы қылмыстар, яғни жеке тұлғаға қарсы қымыстар тобы болып табылады. Бұл топтық

объект қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің тарауларында орын алған.

Тікелей объект бұл бөлек бір қылмыстың нақты қоғамдық қатынасқа бағытталуы. Тікелей

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенобъект қылмысты саралап, жазасын анықтағанда, бір қылмыстан екінші қылмысты

ажыратқанда үлкен маңызға ие.

Қылмыстың тікелей объектісінде нақты қоғамдық қатынастың сипаты ретінде мүддені

алсақ қателесеміз.

Мүдде қоғамдық қатынас, бірақ оның нақты көрінуі, яғни субъектілердің арақатынасы

және мүддесі болмаса, қоғамдық қатынаста жоқ. Қоғамдық қатынастар қоғамдағы адамдар

арасындағы көп түрлі байланыстар жиынтығы. Бұл байланыстар материалды (өндірістік),

адамгершілікті, құқықтық және басқа да қатынастар болып келеді. Ол қатынастар

әлеуметтік топтар немесе белгілі бір адамдардың мүддесін бейнелейді. Мүдденің тұлғасы

ғана емес, сонымен бірге өз объектісі — әлеуметтік құнды игілігі де бар[8].

Қылмыстық құқық теориясында объектісінің негізгі, толықтырушы және факультативті

деп үшке бөледі.

Негізгі объектісі – бұл қылмыстық норманың қорғау үшін қалыптыстырылған объектісі.

Бұндай объект қылмыстық кодексінің ерекше бөлімдегі норманың орнын анықтау үшін

қажетті критерий болып табылады.

Толықтырушы объект – бұл негізгі объектіге қарсы бағытталған қылмысты жасау

жолында залалға ұшыраған объект. Мысалы, толықтырушы объект – нақты тұлғаның

денсаулығы.

Қылмыстың факультативті объектісі – бұл бір қылмыс мүмкін қатынастар. Мысалы,

бұзақылық негізінде тұлғаның мүддесіне зиян келеді. Бірақ негізгі объект қоғамдық тәртіп

болып табылады.

2.2. Қылмыс объективтік жағының түсінігі мен белгілері

Қылмыс құрамының келесі бір маңызды элементі болып қылмыстың қылмыстың

объективтік жағы табылады. Қылмыста осы объективтік жақтың белгілері жоқ болса, онда

қылмыс құрамы да жоқ деп саналады.

Қылмыс құрамының объективтік жағы қылмыстың құқық диспозициясында көрсетілген

құқықтық әрекеттің сыртқы белгілерінің жиынтығы, яғни қылмыстық объективтік жағы

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенадамның ішкі жан дүниесі, сезімі көңіл-күйінен емес, оның сыртқы салалы түрдегі іс-

қимылымен сипатталады.

Сонымен бірге қылмыстың объективтік жағы қоғамға қауіпті салдарды және әрекет

немесе әрекетсіздіктің себепті байланысында қамтиды.

Қылмыстың объективті жағын сипаттағанда, қоғамдық қауіптілігін, өзіндік

ерекшеліктерін, мәнін ашатын белгілерді бекіткен. Нақты қылмыс құрамының

объективтік жағы тек қана қылмыстық қарсы және қоғамдық қауіпті белгілерге ие.

Мысалы, ұрлықтың объективтік жағы-бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау, зорлық-

физикалық күш қолдану арқылы немесе дәрменсіз жағдайын қолданып, жәбірленушіні

жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу (120 б), бұзақылық-дөрекі түрде қоғамдық тәртіпті бұзу

(257 б) және т.б.

Қылмыстық объективтік жағына жататын белгілер: әрекет немесе әрекетсіздік, қоғамға

қауіпті салдар, әрекет не әрекетсіздік арасындағы себепті байланыс, уақыт, орын, жағдай,

әдіс-тәсіл, қылмыс жасау құралы.

Адамның әрекет немесе әрекетсіздігі кез келген қылмыс құрамының міндетті белгісі

болып табылады. Ал қоғамға қауіпті салдар, себепті байланыс, уақыт, орын, жағдай, әдіс-

тәсіл, қару және қылмыс жасау құралы қылмыс құрамының факультативті белгілері деп

аталады.

Егер осы аталған белгілер қылмыстық құқық нормасының диспозициясында атап

көрсетілмеген жағдайда, міндетті белгілер қатарына жатпайды.

Қылмыстық объективтік жағын жете түсінуіміз үшін осы жоғарыда аталған белгілерге

тоқталып өтейік.

1. Қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік.

Әрекет – бұл активті мінез-құлық. Қылмыстық кодексте қарастырылған қылмыстардың

басын көпшілігі тек қана әрекет арқылы жасалады.

Қылмыстық мінез-құлықтың нақты үлгісі әр түрлі болып келеді. Қылмыс құралының

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенбарлығы дерлік бір-бірімен қоғамдық қауіпті мінез-құлық үлгісі арқылы ажыратылады.

Мысалы, ұрлық біреудің мүлкін жасырын ұрлау; тонау-біреудің мүлкін ашық түрде ұрлау,

қарақшылық-тұлғаның өміріне және денсаулығына зиян келетін физикалық күш көрсету

арқылы меншігіне қол сұғу; алаяқтық-сенімге кіріп, біреудің мүлкін пайдалану.

Адам әрекеті оның сыртқы еркінің көрінісі. Сондықтан ол саналы және белгілі бір

мақсатқа жетуге бағытталған. Әрекетті ерікті мінез-құлық сипатында көру тұлғалы кінәсіз

деп тануға себеп емес.

Әрекетке адамның рефлекстік дене қозғалысы, сондай-ақ ауру адамның сандырақтау

жағдайындағы әрекеті немесе өз санасын бақылай алмайтын жағдайлары жатпайды.

Сонымен бірге адамның саналы мінез-құлқы, егер ол табиғаттың дүлей күшінің әсерінен

болатын болса, бұндай әрекеттер қылмыстық құқықтық мәнсіз келеді.

Әрекет немесе әрекетсіздік осы жоғарыда аталған жағдайда жасалса, бұл қылмыстар

қылмыс болып табылмайды. Сондықтан тұлғаның әрекет немесе әрекетсіздігі оның

еркінен тыс жасалған деп есептеледі.

Егер күш көрсету арқылы қоғамға қауіпті әрекет жасалғанда, күш көрсетілген тұлғаның

қарсылық білдіруге мүмкіндігі болмаған жағдайға ғана қылмыстық жауапкершілікке

тартылмайды.

Сондықтан тұлғаның қоғамға қауіпті әрекеттерді ұру арқылы жасауы қылмыстық

жауапкершілікті жоққа шығармайды, себебі бұл жерде тұлғаның өз бетімен әрекет ету

мүмкіндігін жоққа шығара алмайды.

Психикалық мәжбүрлеу басқаша мәнге ие. Әрекетті психикалық мәжбүрлеу арқылы жасау

жалпы түрде қылмыстық жауапкершілікті жоққа шығармайды. Психикалық мәжбүрлеу

анықталған жағдайларда қауіпті қажеттілік жағдайына ауысуы мүмкін. Мысалы, кассир

өзіне сеніп тапсырылған ақша сомаларын, өлтірумен қорқытып тұрған қарақшыға берген

жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды[9].

Қылмыстық әрекетсіздік – бұл тұлғаның міндетті және мүмкін болатын әрекеттерді

жасамауынан көрінетін пассивті мінез-құлық. Әрекетсіздікті қарастырушы қылмыстық

құрамы көп емес. Мысалы, қауіптілікке қалдыру, ауруға көмек көрсетпеу және т.б.

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен

Әрекетсіздіктің енді бір тобын аралас әрекетсіздіктер құрайды. Мысалы, қоймашы өзіне

сеніп тапсырылған мүлікке ұқыпсыз қарау салдарынан заттардың бұзылуы. Бұл жерде

қылмыс құрамы үшін тұлғаның әрекетсіздігінен зиянды салдарлар пайда болады, яғни

әрекетсіздік қылмыстық-құқықтық маңызға ие болады.

Активті әрекеттер жасауға міндеттейтін әр түрлі негіздер бар. Бұндай міндеттемелерді

бірқатар жағдайларды қылмыстық заң бекітеді. Мысалы, әскери міндетті тұлға әскери

комиссариатқа шақырылған уақытында баруға міндетті; жүргізуші жол көлік оқиғасынан

кейін жәбірлеушіге алғашқы дәрігерлік көмек беруге міндетті. Бұл міндеттер заңды

бұйрық немесе қызметтік ережемен негізделуі мүмкін. Мысалы, жолда жүру ережелерін

сақтау, жұмыскер бастығының айтқанын орындау және т.с.с.

Сонымен бірге кейбір әрекеттер келісім шартқа негізделуі мүмкін. Мысалы, бір тұлға

екінші тұлғаны тау асуларынан өткізуге міндеттеніп, қажет жағдайда көмек көрсетпесе,

міндеттерін орындамаған болып есептеледі.

Әрекетсіздікке жауапқа тарту үшін тұлғаның әрекет ету мүкіндігінің болған,

болмағандығын анықтау қажет. Көп жағдайда міндетті орындау белгілі бір сыртқы

жағдайларға тәуелді болады. Жекелеген жағдайларда заңды әрекет етуді шектейтін

жағдайлар бекітіледі. Сондай-ақ өмірге қауіпті жағдайда тұрған тұлғаға көмек көрсету

міндеті, осы міндетті орындау мүмкіндігімен тығыз байланысты.

Қылмыстық заң қылмыс құралын әрекетті немесе әрекетсіздік тікелей жасаумен

байланыстырады және осыдан белгілі бір қылмыстық салдар пайда болуыменде

байланыстырады.

Қылмыстық салдар деп қылмыс құрамының объективті белгілеріне жататын және тұлға

әрекетімен (әрекетсіздігімен) негізделген қоршаған ортадағы өзгерістерді айтамыз.

Әрбір қылмыстық әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстық заңмен қорғалатын тұлғалардың,

қоғамның, мемлекеттің мүдделеріне қол сұғады. Бірақ қол сұғу объектіге келтірілген зиян

материалды емес болуы мүмкін. Өйткені ол заттар әлеміне емес, адамдар арасындағы

қатынасқа жатады.

Қол сұғу объектісіне келтірілген зиян әр түрлі үлгіде көрінуі мүмкін. Мысалы,

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенматериалдық залал келтіру (біреудің мүлкін ұрлау, бүлдіру), физикалық зиян келтіру

(денсаулығына зиян келтіру).

Қылмыстық нәтиже материалдық емес сипатқа да ие болуы ықтимал. Мысалы, азаматтық

мүліктік емес субъективті құқықтарын бұзу (саяси, еңбектің және басқа да ұйымдар мен

мекемелердің қалыпты жұмысын бұзу).

Заң шығарушы зиянды салдарларды жазу кезінде әр түрлі техникалық тәсілдер

қолданады. Соның біреуін алатын болсақ, қылмыс құрамының қасақаналығы заңдағы

сипаты бойынша құрамның аяқталуына белгілі бір қылмыстық салдарлар пайда болуы

керек. Мысалы, қасақана кісі өлтіру, ұрлау және т.б. Заңда көрсетілген салдарлар жоқ

болса, қылмыс жасау үшін қастандық жасалған болып саналады.

Жекелеген қылмыс құралдарында ауыр қылмыс салдарының пайда болуы жасалған

әрекеттің қауіптілік дәрежесін көтереді, сәйкесінше жасалған қылмыстың

квалификациялануын өзгертеді (мысалы, заңсыз аборт өндірісі – Қ.К 117б).

3. Себепті байланыс.

Материалды қылмыс жасау кезінде тұлға әрекеті немесе әрекетсіздігімен зиянды

салдарлар пайда болуы арасындағы себепші байланыстың болуы арасындағы себепші

байланыстың болуы немесе болмауы сұрағы туындайды[10]. Қылмыстық құқық

теориясында себепті күрделі және даулы мәселелерінің бірі болып табылады.

Қазіргі қылмыстық құқықта зиянды салдар тұлғаға тек қана, егер оның әрекеті немесе

әрекетсіздігімен себепті байланыста ғана айыпталады.

Әрекет пен зиянды нәтиже арасындағы себепші байланыс егер әрекет нәтиженің пайда

болуынан бұрын болса ғана болады.

Қылмыстық құқықта көптеген ғалымдар себепті байланысты философиялық категория

негізінде қарастырады өмір арасындағы байланыс деп қарастырады.

Қылмыстық нәтиже адам әрекетінің кездейсоқ салдары. Мысалы, адам денсаулығына

жеңіл зиян келтірілсе, бірақ ол адам жараны таңу кезінде қанға инфекция түсіп қайтыс

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенболады. Бұл жағдайда әрекет пен пайда болған салдардың қажетті ішкі байланысы жоқ,

тек сыртқы кездейсоқ оқиғалардың ағымы.

Зиянды салдар тұлғаның әрекетсіздігінен де пайда болуы мүмкін. Тұлғаның әрекетсіздігі

пайда болуы нәтижесімен байланыста болуы керек. Ол тұлғаның өзінің арнайы

міндеттемелерін орындамаудың көрінеді.

4. Қылмыс құрамының объективті жағының факультативті белгілері.

Кез келген қылмыс белгілі бір уақытта, анықталған жағдайда және белгілі бір тәсілмен

жасалады. Кей жағдайларда қылмыс жасау уақыты, орны, жағдайы және тәсілінің

ерекшеліктері әрекеттің зияндығына мәнді әсер етеді.

Сондықтан заң бұл белгілерді қылмыс құрамының маңызды белгілеріне жатқызады:

1. Уақыт. Мысалы, қылмыстық кодекстің баптарында ерекше бекітілген әскери уақыт

әскери қылмыстардың зияны мен дәрежесін көтеретін жағдайлар (367-368 б.б, ІІІ-т.т.).

2. Кей жағдайларда қылмыс құралы белгілеріне қылмыс жасаған орын танылады.

Мысалы, қылмыстық кодекстің 385-бабы, тонаушылыққа қатаң жауапкершілік бекітілген,

онда өлген және жаралы тұлғаның заттарын алу көрсетілген.

3. Көп жағдайда қылмыстық нақты құрамының объективті жақ белгісі ретінде қылмыс

жасау әдісі танылады. Осылайша заң шығарушы меншікке қол сұғуды тәсілдеріне

байланысты бөледі (ұрлық, тонау, қарақшылық және т.б).

4. Кей кезде қылмыс жасау кезінде белгілі бір қаруды қолдану тәсілі қылмысты

ауырлатады. Мысалы, Қылмыстық Кодекстің 187-бап 2 тармақшасында қарастырылған

біреудің мүлкін өртеу арқылы немесе басқа да қоғамға қауіпті әдістерді қолданып

қасақана бүлдіру немесе жою.

Қорытынды

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенОсы «Қылмыс құрамы» туралы жазылған курстық жұмысымды қорытатын болсам.

Қылмыс құрамы – бұл өте өзекті, күрделі тақырып. Бұл курстық жұмысты жазу

барысында, қылмыс құрамын қылмысты саралаудағы маңызы мен ерекшеліктеріне және

оның жекелеген элементтеріне тоқтап өттім. Қылмыс құрамын анықтау қылмыскерге жаза

тағайындау кезінде аса маңызға ие. Қылмыс құрамының әрбір элементін анықтау, оның

дұрыстығына анық көз жеткізу әділ жазаның кепілі болып табылады. Кей жағдайларда

осы қылмыс құрамын дұрыс анықтау салдарынан кінәсіз тұлғалардың темір торға түсіп

жататындары бәрімізге мәлім. Әрине, қазіргі уақытта жоғарыда айтқан олқылықтар бірлі-

жарым. Әсіресе тәуелсіздігімізді алғанға дейін қаншама жастарымыз теріс саясаттың

құрбаны болып кетті. Бұл жерде менің меңзеп отырғаным – «Желтоқсан оқиғасы».

Көптеген қазақ жастары 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасында» әділеттікке жете алмай,

өмірімен қоштасты. Осы бәрі сол уақыттағы заң орындарының өз істеріне немқұрайдылы

қарауынан деп ойлаймын.

Бақытымызға орай, Қазақстан Республикасы егемендігін тәуелсіздігін алып,

конституциямен демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп

таныды.

Осыған байланысты кеш те болса «Желтоқсан оқиғасының» құрбандары қылмыс

құрамының жоқтығына байланысты заң жүзінде анықталып шыққаны бәрімізге мәлім.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Нормативтік құқықтық актілер

Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж. (өзгертулер мен толықтырулар

07.10.98ж.) Алматы: Жеті-Жарғы.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 16.07.1997ж. (өзгертулер мен

толықтырулар 1.06.2003 ж.) Алматы: Жеті-Жарғы, 1997.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар

енгізілген (31.05.2002 №327-11 және 9.08.2002 №327-11, 9.12.2004 № ). Алматы

Арнайы әдебиеттер

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенПоленов Г.Ф. Уголовное право Республики Казахстан, общая часть, «Әділет Пресс» 1997

Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық, ерекше бөлім. Алматы «Жеті — Жарғы», 2000

Уголовное право Республики Казахстан, учебник. Алматы «Жеті — Жарғы», 1998

Пионтковский А.А. Курс советского уголовного право. Т.2. Москва, 1970

Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Алматы «Жеті — Жарғы», 1999

Кузнецов Н. Ф Преступление преступника Москва 1969

Қылмыстық құқық Жалпы бөлім Москва Инфра. М-Норма 1997

Филиминов Понятия и цель наказния, новое уголовное право РФ, общая часть Москва

1995

Лейкина Н.С Личность преступленика и уголовная ответстветственность Ленинград 1968

Дагель П.С Учение о личности преступника в советском уголовном праве. Владивосток

1970.

Уголовное право Республики Казахстан. Особенная часть. Учебник / Под ред.

Н.Ш.Борчашвили и С.М.Рахметова. В 2-х частях. Часть 1. Алматы: Институт «Данекер»,

2000

Уголовное право Республики Казахстан. Особенная часть. Учебник / Под ред. д.ю.н. проф.

Н.И.Ветрова и д.ю.н. Ю.И.Лапунова – М: Новый Юрист, 1998

Баспа материалдары

Сот жаршысы Әділ іс ақталады №1 1996

Листюкин А.Б Государства и право Юридическая техника и правовые ошибки №11 2001

Заң газеті Дияров Н Тура билік тұғырында №9 2002

Қоғам және қылмыс Республикалық апталық газет №8 2001

Правовой вестник, Незаконные действие органов ведущих уго

Программа в данный момент не доступна

$$$ 1 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түрлеріЭкономика және демография Жариялаған: Bilimbar // 3-12-2013, 10:40 // Оқылды: 107) // Пікірлер: 0Несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану Бұл қылмыстың негізгі тікелей объектісі – банктердің және басқа несиелік мекемелердің несиелік қызметі саласындағы қоғамдық қатынастар.Қылмыстың қосымша объектісі – несие берушілердің мүліктік мүдделері.Қылмыстың заты – несие, демеуқаржы не несиелеудің жеңілдікті шарттары.

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенНесие дегеніміз – ақша қаражаты немесе тауар түрінде берілген қарыз, оны қарыз алушы несие берушіге қайтаруға тиіс.Бұл қылмыстың объективтік жағы әрекет арқылы да, яғни несие, демеу қаржы не жеңілдікті шарттар алу үшін маңызы бар, өзінің шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйі немесе кепілдік мүлкі не өзге де мән-жайлар туралы кепе-көрінеу жалған мәліметтерді беру арқылы несие, демеуқаржы не жеңілдікті шарттар алу жолымен, сонымен қатар әрекетсіздікпен де, яғни несиелеуді, демеуқаржы беруді тоқтатуға, жеңілдікті алып тастауға не бөлінген несиенің немесе демеуқаржының мөлшерін шектеуге әкеп соғуы мүмкін, кейін туындаған мән-жайларды банкке немесе басқа несие берушіге хабарламау арқылы да жүзеге асырылады. Бұл қылмысты жасаудың тәсілі — несие, демеуқаржы не жеңілдікті шарттар алу үшін маңызы бар, өзінің шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйі немесе кепілдік мүлкі не басқадай мән-жайлар туралы көпе-көрінеу жалған мәлімет беру.Қылмыстың құрамы — материалдық. Несиені заңсыз алу бұл іс-әрекет ірі зиян келтірген кезде аяқталады, зиянның мөлшері ҚК-тің 189 бабына берілген ескертуде белгіленген.Бұл қылмысты алаяқтық түріндегі ұрлықтан бөлектеп алу қажет, себебі, бұл жағдайда айыпкер несие берушіден мүлікті тегін алуды мақсат тұтпайды, келешекте оны қайтарамын деп ойлайды.Қылмыстың субъективтік жағы — тікелей ниет түріндегі кінә. Жеке кәсіпкер немесе ұйымның бастығы несие, демеу-қаржы не жеңілдікті шарттар алу үшін маңызы бар, өзінің шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйі немесе кепілдік мүлкі не басқадай мән-жайлар жөніндегі ақпаратты көпе-көрінеу жалған беріп, не несиелерді, демеуқаржы бөлуді тоқтатуға, жеңілдіктерді жоюға, не бөлінген несиенің немесе демеуқаржының мөлшерін шектеуге әкеп соғатын мән-жайлар туралы ақпаратты банкке немесе басқа несие берушіге хабарламай несие, демеуқаржы нежеңілдікті шарттар алып отырғанын біледі және соны қалайды.Несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтаруБұл қылмыстың негізгі тікелей объектісі — банктердің және басқа несиелік мекемелердің несиелік қызметі саласында қалыптасқан қоғамдық қатынастар.Қылмыстың қосымша объектісі — несие берушілердің мүліктік мүдделері.Қылмыс заты — несиелік берешек.Несиелік берешек дегеніміз — несие берушіге белгілі бір мерзімде қайтарылуға тиісті, қарызға алынған ақша қаражаты.Қылмыстық, объективтік жағы ірі мөлшердегі несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару болып табылады.Несиелік берешекті өтеуден жалтару дегеніміз несиені шартта көрсетілген мерзімде қайтармау. Егер, соттың тиісті шешімі күшіне кіргеннен кейін несие қайтарылмаса, ал несие алушының оны қайтаруға мүмкіндігі болса, онда бұл несиелік берешекті етеуден әдейі жалтару деп танылады.Айыпкердің іс-әрекетін осы бап бойынша саралау үшін несиелік берешек, осы бапқа берілген ескертуге сай, азамат-қарызгер үшін жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын сома немесе ұйым-қарызгер үшін екі мың бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын сома болуға тиіс.Қылмыс құрамы — формальды. Бұл қылмысты аяқталды деп санау үшін тиісті сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін, өтеуге мүмкіндік бола тұрып ірі мөлшердегі несиені қайтармау фактісі анықталса жеткілікті.Бұл қарастырылып отырған қылмыстың субъективтік жағы — тікелей ниет түріндегі кінә. Кінәлі адам ірі мөлшерден несиелік берешекті өтеу жөніндегі заңды күшіне енген сот шешімін орындамай отырғанын біледі және өзінің несиелік міндеттемелерін орындаудан жалтаруды қалайды.Қылмыс субъектісі —16-ға толған азамат немесе ұйым басшысы.

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенБағалы қағаздарды шығару (эмиссия) тәртібін бұзуМемлекет экономикасының маңызды салаларының бірі — бағалы қағаздар рыногы, ол Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздан «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен мәмілені мемлекеттік тіркеу туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналым туралы» Заңымен реттеледі. Бұл нормативтік актілер бағалы қағаздарды шығару және айналымға жіберу, бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің қызметін жүзеге асыру тәртібін белгілейді, бағалы қағаздар рыногының кәсіпкер қатысушыларының қызметін реттейді.Бұл қылмыстың тікелей объектісі — бағалы қағаздардың эмиссиясына байланысты бағалы қағаздар рыногында қалыптасатын қоғамдық қатынастар.«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңға сәйкес эмиссия дегеніміз — бағалы қағаздарды шығару және орналастыру (2-бап). Эмиссия жарияланған жарғылық капиталды құрастыру және өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында эмитент аркылы іске асырылады (өндіріледі), (13-бап). Эмиссияның нәтижесінде мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздар шығарылады және орналастырылады (14 және 15-баптар). Эмиссия әртүрлі әрекеттерді қамтиды, оның ішінде эмиссия проспектісінде инвесторлар үшін берілген ақпараттарды ашу және бағалы қағаздарды шығарудың және орналастырудың корытындысы бойынша есеп ұсыну (15-б).Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бағалы қағазды белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат деп анықтайды (129-баптың 1 бөлігі).Қылмыс заты — эмиссия проспекті немесе бағалы қағаздар шығару жөніндегі есеп.Эмиссия проспектісі дегеніміз — эмитент, оның қаржылық жай-күйі және шығарылатын бағалы қағаздар жайындағы ақпараты бар құжаттар пакеті (заңның 2 бабы).Бағалы қағаздарды шығару жөніндегі есеп дегеніміз — эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың және орналастырудың қорытындысы туралы құжаттар пакеті, оны эмитент қағаздарды орналастыру кезінде әрбір алты айдың қорытындысы бойынша (әр алты ай біткен соң бір ай ішінде), сондай-ақ орналастыру біткен соң бір ай ішінде уәкілетті органға ұсынады (заңның 24- бабы).Бұл қылмыстың объективтік жағы — көрінеу жалған ақпарат бар эмиссия проспектісін бекіту түріндегі, не бағалы қағаздар шығару жөніндегі көрінеу жалған есепті бекіту түріндегі әрекет.«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңның 22 бабына сәйкес эмитет, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногының бағалы қағаздарды орналастыруды жүзеге асырушы кәсіпкер қатысушылары потенциалды инвесторларға, олар бағалы қағаздарды сатып алғанға дейін, бағалы қағаздар эмиссиясының проспектісімен (шығару шартымен), сондай-ақ эмитент қызметі туралы және ол эмитерлеген құнды қағаздар, мерзімі алты айдан аспаған ақпаратпен танысуға мүмкіндік жасайды.Бұл қылмысты жасағанда айыпкер осы қылмыстың жалған. Бұл қылмыстың құрамы — формальды, яғни бағалы қағаз шығару жөніндегі көрінеу жалған есеп, не көрінеу жалған ақпарат бар эмиссия проспектісі бекітілген кезден бастап қылмыс аяқталған болып саналады.Бұл қылмыстың субъективтік жағы тікелей ниет түріндегі кінәмен сипатталады. Айыпты өзінің не көрінеу жалған ақпарат бар эмиссия проспектісін, не бағалы қағаздар шығару жөніндегі көрінеу жалған есепті бекіткенін біледі, соны қалайды. Қылмыс субъектісі — арнаулы — көрінеу жалған ақпарат бар эмиссия проспектісін бекіткен ұйым — эмитент басшысы, немесе уәкілетті органның бағалы қағаздар шығару жөніндегі көрінеу жалған есепті бекіткен лауазымды адамы.

Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенБағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзудың қоғамдық қауіптілігі мемлекет белгілеген ережелерді әдейі айналып өтуде жатыр, нәтижесінде мемлекеттік бюджет бұл операциялардан түсуге тиісті табысты алмайды, бағалы қағаздардың айналымын бақылау тәртібі және оларды тіркеу тәртібі бұзылады.Бұл қылмыстың объектісі мемлекеттің экономикалық приоритеті, Қазақстан Республикасының экономикасын ұғымды дамытудағы мемлекет пен инвесторлардың экономикалық мүдделері.Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзудың объективтік жағы сол жасалған әрекетте.Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 наурыздағы «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заң күші бар Жарлығы мемлекеттік емес бағалы қағаздарды шығаруға, олардың айналымына қатысты туындайтын қатынастарды, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеуді жүзеге асырудағы қатынастарды реттейді. Бұл Жарлықтың 4-бабында Қазақ-стан Республикасының аумағында айналымда жүрген бағалы қағаздардың түрлері анықталған.Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы «Бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу туралы» Заңына және оған енгізілген 1997 жылғы 11 шілдедегі өзгертулерге сәйкес барлық бағалы қағаздар міндетті түрде мемлекеттік комиссиядан өтуге тиіс.Қылмыстың құрамы тіркеу, есептерді бекіту, бағалы қағаздармен мәміле және сол мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздарды листингке қосу қор биржасы немесе басқадай бағалы қағаздар рыногында мәміле жасау заты болып табылатын бағалы қағаздарға рұқсат және оларды есепке алу сияқты бағалы қағаздарға байланысты әрекеттерді қамтиды. Бұл әрекеттердің барлығын қор биржасы орындалды, ол акционерлік қоғам нысанында жұмыс істейтін заңды тұлға болып табылады. Оның міндеті бағалы қағаздар рыногында бағалы қағаздар саудасын ұйымдастыру, олармен жасалған мәмілелерге кепілдік беру, бағалы қағаздардын. тиімді айналымын, қаржы ресурстарының қайта бөлінуі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету.Қылмыстық жауапкершілік болудың қажетті шарты — бағалы қағаздармен операция жүргізу ережелерінің бұзылуы, оған ірі зиянның келуі.Қылмыстың субъективтік жағы тікелей ниет түріндегі кінәдан көрініс табады. Айыпты өз әрекеттерінің заңдылығын білуге тиіс, өзінің лауазымдық, қызметтік міндеттері бойынша бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін білуі керек, қоғамға қауіпті зардаптың болуы мүмкін екендігін немесе қалайда болатының алдын ала көре білуі керек және матери-алдық пайда көздеп сол зардапты тілеуі тиіс.Бұл қылмыстың субъектісі заңда белгіленген жасқа толған, есі дұрыс адам. Мына жағдайда ол бағалы қағаздармен операцияны жүргізу міндеті жүктелген лауазымды адам.Қылмыстың сараланатын түрі — бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзуды бірнеше рет, оны алдын ала сөз байласқан адамдар тобының немесе ұйымдасқан топтың жасауы. Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сатуҚазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» заң күші бар Жарлығы Қазақстан Республикасының ақша бірлігі (ұлттық валюта) Қазақстан теңгесі деп белгіледі. Қазақстан Республикасының айналымдағы ақша белгілері банкноттардан және монеттерден тұрады. Қазақстан Республикасының аумағында ақша қаражатын шығару, олардың айналымын ұйымдастыру және оларды айналымнан алу ісін тек Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі банкноттар мен монеттерді қолма-қол емес эквивалентін алып банктерге сату түрінде жүзеге асырады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі банкноттар мен монеттердің қажетті санын анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, қолда бар қаражатын сақтау, жою және инкассациялау тәртібін белгіленді («Қазақстан Републикасының Ұлттық банкі туралы»

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенЗаңның 38, 40, 42-баптары).Жалған ақша немесе қағаздар жасау немесе сату әрекеті үшін жауаптылық осы бапта көзделген.Бұл қылмыстың тікелей объектісі — Қазақстан Республикасының ақша және несие жүйесі.Қылмыс заты — жалған ақша немесе құнды қағаздар.Ақша дегеніміз — Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің ақша бірлігі, ол банкноттар мен монеттерден тұрады.Бағалы қағаз белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат ретінде анықталады (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі 129-бабының 1 тармағы). Бағалы қағаздарға: облигация, банк сертификаты, коносамент, ақша және бағалы қағаздар туралы заң актілерімен немесе олар белгілеген тәртіпте бағалы қағаздар қатарына жатқызылған басқа құжаттар.Бағалы қағаздар Қазақстан Республикасының валютасында да, шетелдік валютада да бола алады.Бұл қылмыстың объективтік жағы үш балама әрекеттерді жасаумен сипатталады — жалған ақша мен құнды қағаздарды жасау, сақтау немесе сату.4Қылмыс құрамының осы элементінің міндетті нышаны — арнаулы мақсат — жалған ақша және бағалы қағаздар жасап және сақтап, оларды сату.Қылмыс субъектісі — жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам.Осы баптың 2 бөлігі мынадай саралаушы нышандарды көздейді, ірі мөлшерде жасау және жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасағаны немесе сатқаны үшін бұрын сотталған адамның жасауы.Заңда ірі мөлшердің сандық критерииі анықталмаған. Ол әрбір нақты жағдайда жасалған іс-әрекеттің мән-жайына байланысты белгіленеді.Адам жалған ақша және бағалы қағаз жасағаны, сақтағаны және сатқаны үшін бұрын сотталған деп танылады, егер сол қылмыс үшін бұрынғы соттылығы қылмыстық заңға сәйкес алынбаса және жойылмаса.Осы баптың 3 бөлігі көрсетілген әрекеттерді ұйымдасқан топтың жасағаны үшін жауаптылық көздейді.Қылмыстық Кодекстің 31 бабының 3 бөлігіне сәйкес ұйымдасқан топқа осы қылмысты жасау үшін алдын ала біріккен екі және одан көп адам жатады.

Қылмыс құрамының осы элементінің міндетті нышаны — арнаулы мақсат — жалған ақша және бағалы қағаздар жасап және сақтап, оларды сату.Қылмыс субъектісі — жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам.Осы баптың 2 бөлігі мынадай саралаушы нышандарды көздейді, ірі мөлшерде жасау және жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасағаны немесе сатқаны үшін бұрын сотталған адамның жасауы.Заңда ірі мөлшердің сандық критерииі анықталмаған. Ол әрбір нақты жағдайда жасалған іс-әрекеттің мән-жайына байланысты белгіленеді.Адам жалған ақша және бағалы қағаз жасағаны, сақтағаны және сатқаны үшін бұрын сотталған деп танылады, егер сол қылмыс үшін бұрынғы соттылығы қылмыстық заңға сәйкес алынбаса және жойылмаса.Осы баптың 3 бөлігі көрсетілген әрекеттерді ұйымдасқан топтың жасағаны үшін жауаптылық көздейді.Қылмыстық Кодекстің 31 бабының 3 бөлігіне сәйкес ұйымдасқан топқа осы қылмысты жасау үшін алдын ала біріккен екі және одан көп адам жатады.

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен

Рефераты на Stud24.ru

Войти Поиск Новые рефераты Задать вопрос На сайте 209615 рефератов

Список предметов Криминология $$$ 2 Қазақстанда қылмысты саралауДата добавления: 11 Октября 2011 в 18:05Автор: Пользователь скрыл имяТип работы: курсовая работа Скачать полностью (116.11 Кб)Работа содержит 1 файл Скачать  Открыть 

Раздел 2.01 кылмысты саралау.doc  —  483.00 Кб

КІРІСПЕ 

     Зерттеудің  өзектілігі. Елімізде XX ғасырдағы соңғы он жылдығында тарихта және саясатта жан-жақты елеулі өзгерістер болғанына куәгерміз. Демек, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен мемлекеттің егемендігі туралы деклорациясы 1990 жылы 25 қазанда қабылданды [1]. Бұл арада Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан халқының еркін білдіре отырып, республиканың барлық азаматтары үшін лайықты және тең тұрмыс жағдайын жасауға ұмтыла отырып, республикада тұратын халықтарды топтастыру мен олардың достығын нығайтуды бірінші дәрежелі міндет деп санай отырып, жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясын және ұлттардың өзін-өзі еркін билеу құқығын тани отырып, қазақ ұлтының тағдыры үшін жауапкершілікті  ұғына отырып, ізгілікті демократиялық құқықтық мемлекетті құруға бел байлауды негізге ала отырып, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігін жариялайды. Сонымен тарихи біршама уақыт бойы өмір сүрген тоталитарлық тәртіппен тәуелділіктен кейін Қазақ Мемлекетінің тарихында тұңғыш рет 1991 жылы желтоқсан айының 16- жұлдызында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  тәуелсіздігі туралы» маңызды заң қабылданғаны белгілі[2].

      1995 жылы тамыз айының 30- жұлдызында  референдум жолымен қабылданған  Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіз, егемен мемлекеттің  конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан акт болып табылады[3]. Осы Конституцияның 1-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады және оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі мен құқықтары, бостандықтарын құрметтеп қорғайды». Әрине, егемендік пен тәуелсіздікті іс жүзінде толықтай тиянақты орнату процесі оңайлыққа түспей отыр. Республикамызда болып жатқан өзгерістер, күндегі апталық жаңалықтар, ауқымды кең тараған процестер, белгілі өскелең талап- талғамға сай өмір сүруге

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенынталандырып отыр. Осы жоғарыда айтылған мақсатқа жету үшін халықтың әл-ауқатын, жағдайын көтеруді, әлеуметтік белсенділігімен қоғамдағы дәрежесін арттыруды, адамды өндіріске материалдық қызығушылық арқылы тартуды әр республика өз даму процесінде халықты құқықтық тұрғыдан қолдап қамтамасыз етуді басты бағдар етіп қойды. Қоғамдық қатынастарды реттеуші құралдардың бірі- заң саласы. Осы үлкен негізге саланың өзекті бір арнасы- қылмыстық заң бұл тұрғыдан алғанда көп іс-қимылды талап етеді.

      Қазақ КСР 1959 жылы қабылданған Қылмыстық  кодексінің нормалары өмірімізде орын алған саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге сай келмегендіктен, 1997 жылы шілде айының 16-жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылы қаңтар айының 1-жұлдызынан бастап заңды күшіне енеді[4]. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Жоғарғы заңды қорғауды қамтамасыз ете отырып, заңды сыйлайтын азаматтарды қылмыстан қорғауға жете мән берілсін және заңға қарама-қайшы іс-әрекет жасайтындарға билік пен заңның ең қатаң түрі қолданылсын», - деп атап өтті. Сол себептен қазіргі кезеңде негізінен республикамыздың мемлекеттік және қоғамдық өмірінің  құқықтық негізінің нығаюына, қылмыспен және заң бұзушылықпен күресті, күшейтуге қоғамымыздың әр мүшесінің құқықтары мен бостандықтарына қол сұғушылықтың алдын алуға басты назар аударуда. Осыған орай, елімізде қатарынан қабылданып жатқан құқықтық немесе ұйымдастыру шараларына қарамастан еліміздегі заң тәртібін бұзушылық қылмыстық ахуал күрделі күйінде қалып отыр. Республикада қауіпті мөлшерде өсіп келе жатқан қылмыстың ауқымы кеңінен таралуда. Мәселен, Қазақстан Республикасындағы қылмыс көрсеткіші соңғы он жыл ішінде күрделі жағдайда қалып отыр.

      Оның  ішінде қылмыс дәрежесінің аса көп  өсуі 1992-1994 жылдар аралығында келсе, 1995-1999 жылдарда қылмыстың бәсеңсуі, ал 2000-2001 жылдары қылмыстың күрт өзгеріп  өсуі соңғы 2002 жылы сәт төмендеуі  байқалып отыр. Бұл көрсеткіштер қылмыспен күрес жүргізу шараларын одан әрі жетілдіру қажеттілгін көрсетеді. Қылмысты алдын ала тергеу кезінде дұрыс ашу және кінәлінің  әшкерлеп қылмысқа қарсы күрес жүргізудің тиімділігін арттыратыны сөзсіз.

      Жалпы қылмыстық құқықта қылмысты саралау мәселелерінің теориялық және тәжірибелік тұрғысы да өз кезегінде көкейтестілігін жойған емес.  Белгілі бір әрекетті қылмыс деп табуда,  жауапкершілікке тартуда, жаза тағайындауда, оны өтеуде, жауапкершілік пен жазадан босатуда тағы басқа мәселелерді шешуде қылмысты саралаудың маңыздылығы ерекше. Қылмысты саралау заңдылық қағиданың талабына орай, «арнайы заңда көрсетілмейінше қылмыста, жаза да жоқ» деген тұжырымға негізделіп қылмысты тергеу кезінде дұрыс ашу, кінәліні әшкерлеп, әділеттілікті қалпына келтірудің тиімділігін арттырады.

      Жалпы алғанда, біздің ойымызша қылмыс туралы сөз болғанда оның бастапқы сатысынан  орын алатын негізгі мәселе қылмысты саралау, сонымен

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенқатар бұл қылмыс пен күрестегі негізгі профилактикалық қызметті жүзеге асыру болып табылады. Қылмысты саралаудың теориялық мәселелеріне байланысты әр қырынан өзіндік ғылыми әр қосушылар болғанымен, қоғамымызда қылмысты саралудың әдістемелік, философиялық, логикалық негіздерінің түбегейлі шешілмеген тұстары бар, сонымен қатар норма бәсекелестігіне байланысты ғалымдардың біркелкі көзқарасқа келе алмауынан, әр түрлі пікірлердің жаппай қабылданып жатқан тұстары да жетерлік.

      Сонау Кеңес Үкіметі  орнаған бетте-ақ Марксизм- Ленинизм идеясы бойынша  қылмысты саралаудың диалектикалық  аспектілері әртүрлі көзқарас ретінде орын алған. Қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге заңды дұрыс қолданып, қылмыс құрамының элементтерін дұрыс анықтап, әділ соттылықты жүзеге асыру қылмысты саралаудың ең негізгі бастауы болып табылады. Қылмысты саралудың ұғымын беруде толық ғылыми пікірлер, нәтижелер болса да, оның түп бастауын, әдістемесінен әлсін-әлсін ауытқып кетіп жүргеніміз қылмысты саралаудың теориялық негіздерін анықтағанда бой көтерері байқалады. Жоғарыда айтылғанды ескерер болсақ, қылмысты саралау қоғамға қауіпті іс әрекеттерді тез арада ашуға, бағытталған үздіксіз де тұрақты зерттеуді қажет етеді. Сондай-ақ саралау процесінде қылмыстық заң баптарының санкциясы мен жазаның қандай түрлерін қолдану да өз шешімін таппай отыр. Осыларға байланысты біздің зерттеулеріміз де қылмыстық саралаудың ұғымы мен мәні, түрлері, әдістемелік (танымдық-бағалау процесі, объективтік шындық, жеке, жалпы, ерекше қатысу, логикалық форма) және құқықтық негіз, қылмыстық заңның даму ерекшелігі, қылмыс құрамының элементтерін құрайтын белгілер философиялық, ғылыми тұрғыда кеңінен талданады. Сол секілді бұрынғы заңдардың дәурен сүріп тұрған шағында сүрлеуі жасалған істерді жаңа қылмыстық заңға сәйкес жаңғырту мәселесі де, яғни қылмысты салараудың теориялық негізін анықтау бір төбе өте өзекті маңызды мәселе, зерттеу тақырыбының өзектілігі де осыған келіп тіреледі.

     Зерттеудің  мақсаты мен мәселелері. Дипломдық  жұмыстың негізгі мәселесі – қылмыстық  құқықтағы қылмысты саралаудың әдістемелік, теориялық негіздерін белгілей отырып, қылмысты саралауға қатысты жаңа ұстыныстарды талдап, қылмысты саралауда құқық қорғау органдарының тәжірибелік қызметінде әділсоттылықты жүзеге асырудың маңыздылығын арттыру болып табылады.

      Осы аталған мақсатқа жету үшін мынадай  міндеттер туындайды: қылмысты саралау ұғымын әдістемелік, әлеуметтік- саяси, қылмыстық

құқықтық тұрғыда зерттеп білу қылмысты саралаудың логикалық нысанын жалпы диалектикалық

ғылыми тұрғыда талдау жүргізу қылмыстық заңның талаптарында қылмысты саралаудың бағыттарын

белгілеу қылмыстық заңның даму тарихының ерекшелігін анықтап білу және

қылмысты заң диспозициясын қылмысты саралауда мәнін ашу

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен

қылмыс құрамының түсінігін беріп, белгілерін айқандау жаза тағайындау мәселесінде қылмысты саралауға тың мазмұн беріп,

маңыздылығын анықтау жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлдарда

қылмысты саралаудың  орны мен тәжірибелік мәнін көрсету теория мен сот тәжірибесіндегі кейбір қылмысты саралаудағы

«олқылықтарды» жою жолдарын іздеу және сол тараптағы ұсыныстарды енгізу.

     Зерттеудің  объектісі. Зертетудің объектісі ретінде қылмыстық құқықтық жалпы бөлімінің институттарының ішіндегі қылмыстық заңдардың міндеттері жөнінде іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын жоятын мән-жайлар туралы, қылмыстың нақты құрамының барын анықтау, іс-әрекетте құқыққа қайшы, қоғамға зиянды мән-жайлардың бар немесе жоқ екендігін белгілеуде, кінәліге жаза тағайындауда, кінәлінің жеке тұлғасын анықтауда қылмысты дұрыс саралаулы жүзеге асыру болып табылады.

  Зерттеудің пәні. Қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге заңды дұрыс қолданып, қылмыс құрамының элементтерін дұрыс анықтап, әділ соттылықты жүзеге асыру қылмысты саралаудың пәні болып табылады.

     Зерттеудің  әдістері. Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізгі жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындау жолында зерттеу диалектикалық материалистік заңдарын,таным әдістерін басшылыққа алып, криминогендік мазмұндағы құқықтық деректерді ашу болып табылады. Сонымен қатар осы жұмысты жазу барысында салыстырмалы құқықтық, нақты- әлеуметті, логикалық әдістерді қолданып, кейбір жағдайда барлық саланың бастауы, түп атасы философия ғылымына сүйендік.

     Зерттеудің  ғылыми жаңалығы. Қазіргі кезде қоғамымызда қауіпті құбылысқа айналып отырған қылмыстар жеткілікті, оларды сот, тергеу, прокуратура органдарында анықтау әрине, қиындық тудыратыны сөзсіз. Қылмысты саралау жеке қылмыстардың  түрлеріне байланысты жеткілікті зерттелген десек күмән туғызбас, ал қылмысты саралаудың, әдістемелік, теориялық негіздеріне байланысты түбегейлі зерттеу мәселесі әлі өз шешімін толық тапқан жоқ. Осы мәселеге байланысты алғаш профессор  А.А. Герцензонның, профессор В.Н.Кудрявцевтің еңбектері жарық көрді. Кейінірек бұл істі Б.А.Куринов, Г.А. Левицкий, А.В. Наумов пен А.С. Новиченко монографиялар мен ғылыми мақалар жариялап жалғастырды. Тікелей біздің тақырыбымызға қатысты қалам тартқандардың бірі- В.А. Малыхин, Ф.Г. Бурчак, Г.А. Тарарухин, О.Ф. Шишов, Т.Г. Черненко, Н.М. Свидлов, осы тақырыпқа арналған ғылыми еңбектерді жалғастырған Қазақстандық ғалымдар; атап айтсақ – А.Н. Ағыбаев, Е.О. Алауханов, З.О. Ашитов, А.А. Исаев, Ғ.Ы. Баймурзин, Ү.С. Жекебаев, Е.І. Қайржанов, Д. Кішібеков, Г.С. Мауленов, А.Ж. Машабаев, Р.Ш. Мырзабеков, С.С. Сартаев, М.С. Нәрікбаев, Б.А. Нурғалиев, С.М. Рахметов, Д.С. Чукмаитов, Е. Оңғарбаев, Б.Ж. Жүнісов, Р.Т. нуртаев, И.И. Рогов, Н. Дулатбеков, Р.О.

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенОрымбаев т.б. аталған тақырыпқа байланысты жазылған монографиялар мен ғылыми мақаларды ақпарат беттерінен көре аламыз.

     Зерттеудің  құрылымы. Пәннің анықтамасынан және құрастырылған міндеттерден бұл  жұмыстың құрылымы шығады. Ол кіріспеден, қорытындыдан, екі бөлімнен, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

     Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу әдісі, пәні, ғылыми жаңалығы және құрылымы көрсетілген.

     Бірінші бөлім қылмысты саралаудың  түсінігі мен түрлері, қылмысты дұрыс саралаудың маңызы, қылмысты саралаудың философиялық, логикалық негіздері мен объективтік кезеңдері айқындалады. Қылмысты саралау процесінің кезеңдері мен қылмысты норма бәсекелестігі жағдайында саралау мәселесі туралы көрсетілген.

     Екінші  бөлім  қылмыстық заң- қылмысты саралудың құқықтық негізі және қылмыс құрамы- қылмысты саралаудың заңдылық үлгісіне арналған.  Қылмыстық құқық нормаларының құрылысы бойынша саралауға зерттелген.       

1 ҚЫЛМЫСТЫ  САРАЛАУДЫҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ 

1.1 Қылмысты саралаудың  түсінігі мен түрлері 

      Қылмысты  сарлау қылымыстық құқық теориясында ең маңызды түсінік.

Бұл түсінік ғылым саласында да, тәрірибе тұрғысында да кеңінен

қолданылады. Сарлау (латын тілінде quaIitas- сапа сапалы) деген мағынан

білдіреді. Шын мәніне келгенде, саралау, яғни сапаны бағалау адамның

тәжірибелік қызметінде қалыптасқан. Ендеше, біздің айналамызда бірімен-

бірі байланысты және үнемі қозғалыста болатын әртүрлі заттар мен

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенқұбылыстар өмір сүреді. Әрбір зат немесе белгілі қимыл іс-әрекет (әрекет

немесе әрекетсіздік) құбылыс өзіне ғана тән ерекшеліктермен  сипатталады.

Мысалы, қылмыс құрамының элементтері бір-бірінен өзгеше. Мұндай

ерекшеліктер сапаны бағалау ерекшеліктер деп аталады. Заттың,

құбылыстың сапасын адам өзінің тәжірибелік қызметінде ғана анықтай

алады. Ал сапасын бағалау – кез келген заттың мөлшерін, өлшемін түрін,

тобын анықтау болып табылады. Ол басқа заттар мен құбылыстар мен

тікелей немесе аралық байланыста және қатынаста болады. Сондықтан оның

осы қатынаста көрінетін көптеген сапасы бір. Сонымен қатар, заттар немесе

құбылыстар бір-бірімен белгілі бір қатынаста бола отырып, бірінен-бірі

мөлшер жағынан ерекшеленеді. Мысалы, қылмыстық жауаптылық мәселесін

шешуде және жаза тағайындауда жазаның мөлшерін белгілеу ерекшеленеді.

Сондықтан, заттар мен құбылыстардың, белгілі іс-әрекетінің (әрекет немесе

әрекетсіздік) сапасын, мөлшерін,өлшемін айқындау өте маңызды.  Бұл арада,

философия тарихында сапаны бағалауға, мөлшерге тұңғыш рет Аристотель

айырықша көңіл бөлді, «Мен сапа деп заттың ненің арқасында осындай бола

алатынын айтамын» [6,164б], «мөлшер дегеніміз құрамдас бөліктерге

бөлініп, оның әрқайсысы екі немесе одан да көп болама, әйтеуір өзінің

табиғаты жағынан бір және анықталған нәрсе. Кез келген мөлшерде

есептелетін болса және өлшенетін болса шама делінеді», - деп көрсетті ол.

Шынында да сапа объективті сипатта адам ойлауының жалпы түрлерінде,

дүниені тану мен тәжірибелік өзгерудің сатыларында, адамның тәжірибелік

қызметінің түбегейлі қағидалары болып табылады.

      Біздің  ойымызша, заттың сапасы мен мөлшері  диалектикалық бірлікте

болады. Затты  тану, білу оның сапасын бағалаудан басталады, сонан кейін

бірте-бірте оның мөлшерін тану, біту сатысына көтеріледі. Өйткені адам

қоғам дамуының ең алғашқы сатысында заттың сапасын айқандаудың қайнар

көзі түйсіну болған. Адам затты сапасынан бөлек алып қарай алмайды. Әрбір

ғылымның және тәжірибелік іс-әрекеттің саласының өзінің ережесі,әдістері

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенболады, өйткені белгілі бір әдісті қолданбайынша нақты ғылыми және

тәжірибелік міндеттерді шешу мүмкін емес. Мұндай ережелер мен әдістерде

сапаны бағалаудағы жинақталған тәжірибенің нәтижелері қорытылған.

Сондықтан да олардың артықшылықтары мен кемшіліктері ғылымның,

адамның тәжірибелік еңбегінің даму дәрежесіне байланысты анықталып

отырады. Жаңа дәуірде қоғамның одан әрі дамуына сәйкес сапаны

қабылдаудың да әдістері өзгереді. Кейінірек адамның тәжірибелік қызметінің

даму дәрежесіне сәйкес зат пен оның сапасының бірлігі бұзылып, сапа

туралы жалпы түсінік қалыптасты. Адамның заттың маңызды және маңызды

емес қасиеттерін ұғыну сапаны бағалаудағы қажетті саты. Ол өзінің

тәжірибелік қызмет аясында жаңа затты қамти отырып, оның кейбір

қасиеттері сол заттың өмір сүру үшін өте маңызды екенін байқады. Демек,

қасиет дегеніміз- заттар арасындағы қатынас, әрбір зат басқа заттармен

қатынаста болатыны және байланысты екені белгілі. Осы қатынас пен

байланыста ғана оның қасиеті көрінеді. Белгілі бір зат даму барысында өзінің

өте маңызды қасиеттерін, яғни сапасын өзгерте отырып басқа затқа

айналады. Осыған орай, заттың сапасын бағалауда заттың өлшемі туралы

түсінік қалыптасады. Әртүрлі заттың әртүрлі сапасы бар. Тіпті бір заттың өзі

көп сапалы. Ендеше сапа дегеніміз- заттың аса маңызды қасиеттерінің

функциональдық бірлігі. Алайда, заттың сапасы туралы түсінікпен бірге

оның мөлшері туралы түсінік те қалыптасты. Дегенмен, мөлшер туралы адам

ұғымы оның тәжірибелік өзгертушілік қызметі барысында өмірге келді.

Аристотель  заттың сапасын бағалау ұғымына тңғыш рет анықтама беріп,

«Категориялар» және «Метофизика» атты еңбектерінде соларды зерттеді. Бұл

арада біз Д. Локктың алғашқы (бірінші) және соңғы (екінші) сапалы туралы

ілімді ашып, сапаны бағалауды одан әрі дамытуда, бірінші сапаларға –

қозғалыс, тыныштық, тұлға, ал екінші сапаларға – түс, жарық, иіс, әрекет,

дәм жатады деген пікіріне жүгінеміз. Біздің ойымызша, алғашқы сапалар

объективті, өйткені олар бізден тыс өмір сүріп тұрған кеңістіктің,

қозғалыстың, тыныштықтың, тұлғаның бейнелері, денеден ажырамайтын

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенсапалар. Сол сияқты, сыртқы дүние заттарына тән емес, яғни субъектіге,

түйсінуші адамға ғана қатысты. Қоғамдық тәжірибенің одан әрі дамуына

сәйкес мұндай түсінік жеткіліксіз болады. Мәселен, Гегель философия

тарихында өзінің «Логика ғылымы» атты еңбегінің  біріші бөлімінде алғаш

рет сапаның мазмұнын абстрактілік, арақатынасы жасанды деп көрсетті.

Әлбетте, заттың сапасын бағалау адамның тәжірибелік қызметінің жалпы

шарттары. Материалистік негіздені диалектикалық әдістерді қолдана

оытырп, К. Маркс пен Ф. Энгельс сапа, мөлшер, өлшем табиғаттың,

қоғамның және ойлаудың , яғни заттың сапасын бағалау теңдесі жоқ жетістік

екенін атып көрсетті. Осының нәтижесінде сапаға, мөлшер мен өлшемге 

Гегель берген диалектикалық түсінікті мтаериалистік тұрғыдан қайта өңдеп,

ғылым, мәдениет тәжірибе саласының талабына сай одан әрі дамыта отырып,

оларға дәйекті материалистік сипат берді. Осыған орй объективтік ақиқаттың

жалпы анықтамалары болуымен бірге сапа, мөлшер, өлшем сиықты

түсініктер адамның дүниені тану мен меңгеруіне алғашқы құралдары екенін

анықтады. Әрине, заңның сапалық-мөлшерлік анықтамаларын танып-білу

оның сапасын танудан, бағалаудан басталады. Сапаны бағалауды қылмыстық

заңға байланысты алсақ, бұл дегеніміз- қоғамға қауіпті іс-әрекетті аралас

деликттерден айыруға мүмкіндік тудыратын, сапалы бағаны беру деген

мағына, яғни кез келген заттың, құбылыстың, сапасына қандай бір сапалық

категориясына, тобына, түріне мән беру болып табылады. сапасынң өзара

саралауға ауыспалы заңы қылмыстық заңда үлкен әдістемелік және

тәжірибелік рөл атқарады. Қылмыстық заңда саралау ұғымы сот,

прокуратура, тергеу т.б. қызмет органдарының тәжірибелік қызметіне айқан

көрінетін олардың іс-әрекетімен тығыз байланыста болатын түсінік. Саралау

ұғымын түпкі мағынасын толық ашып қарастырған болсақ, қазіргі таңда

кейбір оқулықтар мен ғылыми әдебиеттерде «саралау» ұғымы «дәрежелеу»

ұғымымен алмастырып отыратынына куә болып жатамыз. Мәселен, саралау

түсінігі белгілі іс-әрекеттің, құбылыстың, заттың сапасын анықтау, бағалауғ

айқындау болса, дәрежелеу түсінігі орысша (степень, уровень) шегі, дәредесі

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттендеген мағына, яғни жоғарғы дәрежелі мамандық алу, жоғарғы дәрежелі

қызметке тағайындалу деген түсінік береді. Саралау түсінігі орысша

(квалификация) болып аударылады, демек бұл тура мағынасы, ал ауыспалы

мағынада дәрежелеу деген дұрыс емес түсінік. Осыған орай, саралау мен

дәрежелеу сөздері бір-бірімен баламалы, синонимдік мағынада көрініс

таппайды. Біздің ойымызша, қылмыстық заңға байланысты қылмыстық

құқық теориясында саралау түсінігінің қолданылғаны дұрыс болып

табылады, өйткені қылмыстық құқықтық нормаға сәйкес құқықтық баға беру,

қылмыс құрамының белгілерін дұрыс анықтау қоғамға зиянды іс-әрекеттің

сипаты мен дәрежесін белгілеу, қылмыстарды ажыратын жіктеу, оның

қоғамға қауіптілігінің дәрежесін белгілеу, қылмыстың және қылмыскердің

қауіптілік дәрежесін анықтау жазаның мөлшерін белгілеу,норма

бәсекелестігін үйлестіру кезінде керекті норманы таңдап алу, сонымен қатар

қылмыстық жауаптылық мәселесін шешуде қылмысты саралау ретінде

көрініс табады.

      Айталық, Қазақстан Республикасы қылмыстық 

құқығының қолдану шегінен әрекеттілігі үш түрлі мағынада көрініс табады.

1. қылмыстық заңда қолданылады;

2. қылмыстық-құқықтық нормада талқаланады;

3. қылмысты саралау аясында қолданылады [7,14б].

Бұл үш түсініктің бағыты да, мағынасы, мазмұны  да

біртектес тығыз байланысты, бірақ  қолдану шегіне орай мақсаттары әртүрлі.

Шынында да, соңғы екі түсінік  бірінші түрдегі түсінікті, яғни қылмыстық

заңның дұрыс қолдану тәсілін айқындап, бейнелейді. Ал біздің нақты

зерттейтін тақырыбымыз, қылмыс құқығының қолдану шегінің

әрекеттілігінің үшінші түрі қылмысты саралау. Қылмыстық құқықтағы кез

келген сұраққа жауап теория және тәжірибе жүзінде саралаудың қатысуымен

шешіледі. Демек, қылмысты саралау мәселесі теория бойынша да, тәжірибе

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттентұрғысынан алғанда да күрделі де маңызды мәселелердің бірі. Қылмыс

жасаған адамның тағдыры жасалған іс-әрекетті (әрекет немесе әрекетсіздік)

қалай сараланғандығына байланысты. Қылмысты саралауды қылмыстық

құқық ғылымының институты ретінде танытқан ең тұңғыш докторлық

диссертацияны профессор В.Н. Кудрявцев ұсынды. Оның пікірінше,

қылмысты саралау дегеніміз-қылмыс белгісі бар іс-әрекетті (әрекет немесе

әрекетсіздік) Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі баптарына дәлме-дәл

жатқызу арқылы белгілі қылмысқа құқықтық баға беру, [5,66] деп санады.

Осы тұрғыда, А.А. герцензон «Қылмысты саралау қылмыстық заңда

белгіленген қылмыс құрамының және нақты іс-әрекеттің (әрекет немесе

әрекетсіздік) белгілерін көрсетілген баптың нормаларына сай келетіндігін

анықтау»- десек, [8,4б] Б.А. Куринов қылмысты саралаудың ұғымын теория

және тәжірибеде екі мағынада қолданылатындығын қарастырды. Біріншіден,

қылмысты саралау деп- Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің

нормаларында көрсетілген қылмыс құрамының белгілерін нақты қылмыс

әрекет (әрекетсіздігінің) тепе-теңдік ұқсастық пен қатар қолдануын және

белгілі бір логикалық процесте анқталуын айтады. Екіншіден, қоғамға қауіпті

іс-әрекетке құқықтық анықталған, баға беруді айтады [9,7б]. Бұл екі түсінік

бір-бірімен тығыз байланысты, ендеше екеуі де қылмысты саралаудың

ұғымын құрайды. Шын мәнене келгенде, Б.А. Куринов қылмысты

саралаудың ұғымын толық ретте қылмыс процесінің кезеңдерінде ерекше

сипат алатынын талқалып, сынға алған. Осыған орай, В.Н. Кудрявцевтің тағы

бір жерінде қылмысты саралаудың мазмұнын екі түрлі мағынады

бейнелегенін атап көрсетпеуге болмас. Олар: а) нақты бір немесе бірнеше

қылмыс белгілерін проецесте анықтау, б) сот, прокуратру органдарының іс-

әрекетінің қорытындысын белгілі құқықтық актіге сәйкес қалыптастырып

бекіту [5,6б]. Жоғарыда айтылған қылмысты саралау ұғымы туралы ой-

пікірлерді жинақтай келе былайша тұжырымдауға болады. Қылмысты

саралау ұғымын бейнелеген әрбір бағыт маңызды. Бірі екіншісінен мәнді

немесе керісінше деп санау күрделі ұғымының мазмұнының ерекшелігін

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенкөрсетеді. Бұл арадағы маңызды нәрсе жоғарыда аталған үш бағыттың

мақсаты және қолдану аясын дұрыс анықтау болып табылады. Мсәелен, В.Н.

Кудрявцев пен Б.А. Куриновтың соңғы көзқарасы өте орынды айтылған.

Өйткені, бұл пікірде бастапқы түрімен соңғы түрі бір-бірімен үйлесе отырып,

белгілі тәжірибелік мәліметтерге деректік жолмен анықтау барысында

қорытынды айғақтарға негізделеді. Ғылыми теорияда ғалымдар әрқашанда

сайып келгенде деректік жолмен анықталған шындық айғақтарға сүйенеді,

оларды индукциялық жолмен қорыта отырып, жаңа заңдылықтар ашады.

Қылмыстық құқық теориясында бір бағытта қылмысты саралаудың ұғымын

құрайтын пікірлер жеткілікті. Атап айтсақ, В.И. Малыхин [10,5], С.А.

тарарухин [11,11б], В.А. Бурчак (12,5б), В.А.Левицкий [13,144б], О.Ф.

Шишовтың [14,11] монографияларында қамтылған. Алайда, қылмысты

саралау ұғымы туралы ғалымдар арасында ешқандай қарама-қайшылықты

ой-пікірлер орын алмайды, бірақ сан ғасырлар бойы орын алып келген

қылмысты саралауға байланысты ғылыми негізде түсіндірме беру өте қиынға

соқты.сондықтан да түсініксіз байланыстар, қайшылықтар туғызатын

ұғымдар,тар өрісті ойдың ғана жемісі деп саналады. Пайымдап ойлап

қарасақ, соңғы ғасырлардың өзінде қылмысты саралау мәселелерін зерттеуге

ұмтылып, жүйелі еңбектер тануда тың білім игерген ғалымдар жеткілікті.

Мәселен, В. Сергиевский мен С. Рахметов, Т.Г. Черненко, А.В. Наумов пен

А.С. Новиченко т.б.  Бұл арада біз В. Сергиевский мен С. Рахметовтың қысқа

да, нұсқа көзқарасына жүгінсек, қылмысты сарлау деп – қоғамға қауіпті іс-

әрекеті (әрекет немесе әрекетсіздік)  қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс

құрамының белгісі бар бапқа дәлме-дәл жатқызу деді [15,10б]. Ал,

энциклопедиялық түсіндірме сөздікте, қылмысты саралау ұғымының мәнін

толық ашуға тырысқан. Қылмыстық саралау қылмыстық заңда көрсетілген,

қылмыс құрамының белгілі бір процесуалдық  актіге сәйкес қоғамға қауіпті,

құқыққа қайшы іс-әрекеті (әрекет немесе әрекетсіздік) анықтау. Сонымен

қатар қылмысты саралауды кезеңдерге бөліп көрсеткен.

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен қылмысты саралау қылмыскерге жаза тағайындауда негізгі, маңызды

алғы шарт;

қылмысты саралау қылмыстық сот өндірісінде заңды басты талқылауға

алуда негізгі басты алғы шарт;

қылмысты саралау нақты заңмен белгіленген заңдылық қағиданы

бұлжытпай орындайтын алғы шарт; [16,562б].

Қылмыстық құқық оқулықтарында да қылмысты саралауға байланысты

көптеген ой-пікірлер бар. Мәселен, А.А. Пионтковский, В.Д. Меньшагиннің

пікіріне жүгінсек, құқықтық құжатта  қылмысты саралау іске асырылған

дайын түрде көрсетілген іс-әрекеті (әрекет немесе әрекетсіздік)  бағалау.

Яғни, тергеу, прокуратура, т.б. сот органдарының іс -әрекетіне баға беру

[17,32б]. Алайда, бұл арада В.Н. Загородников пен В.Ф. Кириченко

«Қылмысты саралау қылмыстық заңның Ерекше бөлімінің баптарын

қолдану» - деп қысқаша көзқарас танытты [18,11б]. Біздің ойымызша,

жоғарыда аталған үш бағыт толық түрде қылмысты саралаудың ұғымын

бейнелемейді,өйткені басқа да заңдардың қатаң талаптарына сыйыспай

жатады. Аталмыш анықтамаларда толық түсінікпен құқықтық нақтылық жоқ,

бірақ олардың айтылған мазмұны, сөйлемнің құрылысы әртүрлі болғанымен

бағыт бір. Ғ. Сапарғалиевтің Заң терминдерінің түсіндірме сөздігінде

«Қылмысты саралау деп- қылмыстық әрекетті (Әрекетсіздікті) Қылмыстық

кодексте көрсетілген белгілі қылмыстық құрамға жатқызу, яғни қылмыстық

заңның бабында белгіленген қылмыс құрамына істелген әрекеттерді тура

келген және оған кінәлі адам қылмыстық жауапқа тартылады» - деп санайды

[19,76б], осыған сәйкес, В.А. Сергиевский қылмысты саралау ұғымын бір-

біріне байланысты маңызды екң мағынада көрсетеді. Олар: қылмыс

құрамында көрсетілген тұлғаның іс-әрекетін (әрекет немесе әрекетсіздік)

құқық қорғау органдары логикалық процесте қалыптастыру; қоғамға қауіпті

және құқыққа қайшы іс-әрекеттің қорытыныдысын құқықтық бағалау

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен[15,15б]. Көрсетілген мән-жайлардың тәжірибеде маңызы елеулі рөл

атқарады.

      Біздің  пікірімізше, жоғарыда айтылған екі  бағыттан қылмысты

саралау ұғымының толық түрде ой- елегізінен өткізіп  терең зерттелгенін

көреміз. Еліміз тәуелсіз алғаннан кейін, тұңғыш рет ана – тілімізде басылып

жарық көрген «Қылмыстық құқық» оқулығының Жалпы және Ерекше

бөлімінде қылмысты саралау мәселесі кеңінен қарастырылған. Оқулықтың

авторы профессор А.Н. Ағыбаевтің пікіріне жүгінсек, қылмысты саралау

дегеніміз- қоғамға қауіпті, қылмыстық заңға қайшы істелген іс-әрекетті

нақты бір қылмыс құрамына жатқызу және осы әрекетке Қылмыстық

кодекстің Жалпы және Ерекше бөліміндегі тиісті баптарға дәлме-дәл

жатқызып, құқықтық баға беруді қылмыстық құқық теориясы қылмысты

саралау деп атайды,- десек, қылмысты дұрыс саралау- заңдылық қағиданы

бқлжытпай жүзеге асырудың шарты болып табылады, деді [20,11б],  Яғни,

қоғамға қауіпті ір-әрекет қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс

құрамымен қамтылса, онда ол дұрыс сараланған деп саналады. Сонымен, бұл

арада біздің ұғатынымыз қылмысты саралауда ір-әрекеттің қылмыс

құрамының тиісті баптары немесе оның бөліктеріне, тармақтарына сай

келетіндігін дәлме-дәл көрсетуіміз қажет. Егер адамның ір-әрекетінде

бірнеше қылмыстық құрамы болса, онда оның ір-әрекеті заңның бірнеш

баптары немесе баптарының бірнеше бөліктері, тармақтары бойынша

сараланады. Әрине, қандай түрде болса да қылмысты дұрыс сараламау, ол

заңдылықты бұзуға, қылмысқа қарсы күрес жүргізетін органдардың беделіне

нұқсан келтіру мен байланысты болады. Мұндай құбылысқа жол бермеу

үшін қылмыстық заңды дұрыс қолданып істің мән-жайын терең зерттей білу,

істелген іс-әрекетті дұрыс саралау қажет, сондай-ақ қылмысты қылмыс

еместіліктен немесе соған ұқсас басқа қылмыстардан ажырататын белгілерді

анықтау қажет.

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен      Біздің  ойымызша, соңғы пікір қылмысты саралау  ұғымын

толық түрде қыры мен сырын  ақиқатын ашып,

қылмыстық құқық теоиясында ғылым мен тәжірибе үшін ең маңызды  мәселе

екенін атап көрсетеді. Әрбір  ғылымның өзіне тән зерттейтін пәні, мақсаты,

шарттары, қағидалары болады. Сол сияқты қылмыстық құқық теориясында

қылмысты саларауда үйлестік қолданыла ма ?, әлде тепе-теңдік орын ала ма?

– деген сұрақ туады. «Үйлестік» пен «Тепе- теңдікті» талдамас бұрын оның

ұғымдарына тоқталайық. Үйлестік (сәйкестік) деген не ? Үйлестік дегеніміз-

әрбір объектінің өзіне-өзі немесе оның басқа заттар мен теңдігі, сәйкес келуі.

Заттар арасында ұқсастық, үйлестік бар. Оған сәйкес заттарды,

құбылыстарды топқа, тапқа бөлеміз. Мәселен, зат пен заттың салмағын,

көлемін, ұзындығын салыстырып байқау үшін бөлігі мөлшерлік (килограмм,

тонна немесе метр, километр) ұғымға жүгінеді. Сол сяиықты қозғалыстың

жылдамдығын білу үшін белгілі бір қашықтықты қай мерзім ішінде

игеретінін есептейді. Бұл арада біз үйлестік ұғымын философиялық тұрғыда

талдадық, өйткені белгілі жай әрбір ғылым өзінің бастауын, түп-тамырын

философиядан алады. Сонымен бұл әдіс өмірде әрдайым қолданылып келеді.

Әрине, оған ешкім шек келтірмейді. Ұқсастық, сәйкестік ұғым осыдан

туындайды. Бірақ сол сәйкестіктің өзі де нақтылай келсек абсолютті емес.

Өйткені ол да белгілі бір шамаға жатады. Тіпті сәйкес, тепе-тең заттар

арасында да әрқашан айырмашылықтар болады. Олай болса, формальды

логикадағы «А» дегеніміз «А», ол екеуі тепе-тең деген ұғымда тек бір

тұрғыдан алып қарағанда ғана солай, ал басқа тұрғыдан алып қарағанда,

оның олай болмауы да мүмкін. Сөйтіп ұқсас заттар арасында қашан да

айырмашылық болады. Сонда айырмашылық деген ұғым не ? Бұл заттардың

арақатынастары тепе-тең емес, бірдй болмайтындығын көрсететін ұғым.

Үйлестік, ұқсастық пен айырмашылық арасында белгілі бір диалектика бар.

Олар елеулі не елеусіз болуы мүмкін. Негізінде айырмашылық заттардың

қарама-қарсылығын не бастапқы, не соңғы кезі. Мәселен, қылмыстық ниеті

мен мақсаты функциональдық «ұқсастық» байланысты жүзеге асады. 

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенҚылмыстық ниет пен мақсат өзара тығыз байланысты ұғым. Қылмыс істеу

арқылы адамның өзі  қалайтын, тілейтін болашақ нәтижесін елестетуі

қылмыстың мақсаты болады. Мысалы, теорроризмнің ниеті қоғамдық

қауіпсіздікке қарсы ниет болса, ал оның мақсаты қоғамның қауіпсіздігін бұзу

болып табылады. ниет пен мақсат «ұқсастық» функцияны игере отырып

қылмысты саралауда шешеуші рөл атқарады. Бұдан әрине, ұқсастықтың

қылмысты саралаудағы рөлін көруімізге болады. Бұл арада И.И. Горелик,

А.В. Наумов, А.С. Новиченконың көзқарастарына сүйенсек, қылмысты

саралауда қылмыс құрамының белгілерінің арасында «үйлестік» функциясы

орын алмайды, керісінше «тепе-теңдік» функциясы жүзеге асырылады, деген

пікір танытты. А.В. Наумов пен А.С. Новиченко «үйлестік» функциясы тек

философия, математика, биология, химия ғылым салаларында ғана бар, ал

қылмыстық құқық теориясында қылмысты саралау процесінде қатысы жоқ

деген кері пікір ұсынды [22,11б]. алайда, В.Т. Мещеряков, ұқсастық, үйлестік

тек функциональдық байланысты философиялық трактатта ғана көрініс

табады дедеі [21,23б].

      Біздің  пікірімізше, қылмысты саралауда «үйлестік» функциясы міндетті

түрде қолданылады. Мәселен, үйлестіктің маңызы ұқсас  қылмыстарды бір-

бірінен ажыратуда, қылмысты қылмыс еместіліктен айыруға, қылмыстардың

қоғамға қауіптілігінің дәрежесін белгілеуде маңызы  зор. Бұл тұрғыда Т.Г.

Черненконың қылмысты саралауға қатысты ой танытқан тұжырымымен

дәлелдеуге болады. Қылмысты саралау дегеніміз – істелген іс-әрекеттің

арасындағы ұқсастықты нақты шындыққа бекіту нәтижесінде көрсетілген

қылмыс құрамының белгілерін қылмыстық нормада және қылмыстық актіге

заңдылық баға беру болып табылады [32,9б].  Қылмысты саралауда қоғамға

қауіпті іс-әрекеттің және қылмыс құрамының белгілерінде қарама-қайшылық

орын алады, бірақ қарама қайшылық қылмысты саралауда құқықтық бағалау

ретінде маңызы жоқ. Қылмыстық жазаның, қылмыстық жауаптылықтың,

қылмыстық құқықтық қатынастың ұғымына зер салып қарасақ, олардың

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенайырмашылығына міндетті түрде зер саламыз. «Тепе-теңдік» пен

«ұқсастықтың» арасында айырмашылық туындайды, ал айырмашылықтың ең

терең деген шегі қарама қарсылық. Мұның да өзіндік диалектикасы бар,

«үйлестік айырмашылыққа, ал айырмашылық қарама қарсылыққа өтеді». 

Қарама қарсылық деген не? Қарама қарсылық ұғымын философиялық

тұрғыда талдасақ ол табиғаттағы, қоғамдағы, адам санасындағы бірін-бірі

жоққа шығаратын және соымен қатар бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтын

заттар, құбылыстар, тенденциялар арасындағы қатынастар. Қандай да бір зат

болмасын құбылыс болмасын, ол қарама қарсылықсыз өмір сүрмейді,

мәселен әрекет пен әрекетсздік, дұрыс пен бұрыс, жалпылық пен жекелік,

қарама қарсылық әрбір заттың өз ішінде де болады. Мәселен, қылмыстық

құқық теориясындағы қылмыс құрамындағы объект пен субъект, қылмыс

құрамының объективтік жағы мен субъективтік жағы, әрекет пен

әрекетсіздік, өмір мен өлім т.б. Мысалы, қылмыстың объективтік жағы

сыртқы белгілерін құраса, субъективтік жағы ішкі эмоциялық, яғни

қылмыстың ішкі мәнінен көрініс табады, бірақ қарама қарсылық қылмысты

саралауда рөл атқармайды. А.С. Новиченко мен А.В. Наумовтың пікіріне

жүгінсек, қылмысты саралау онтологиялық (тәжірибелік қызмет әрекеті),

гносеологиялық (ғылым, дүние тану), логикалық аспектілер болып бөлінеді, 

- деді.

      Онтологиялық  аспектіде қылмысты саралауды ресмиленген қызмет

органдары (тергеу, сот, прокуратура, анықтау) жүзеге асырады. Бұл жағдайда

қылмысты саралаудың орны маңызды.   Гносеологиялық аспектіге қылмысты

саралау белгілі болжамды нәтижеге байланысты болады, яғни қылмыс

жасалған ба, қылмыс қандай мақсатпен жасалған деген сұрақтарға жауап

береді.

      Логикалық аспектіге қылмысты саралау ой тұжырымның желісінен өткізу

болып табылады. осыған орай, В.Н. Кудрявцев жоғарғы  аспектілерге

байланысты қылмысты саралауды  төмендегі кезеңдерге бөліп қарастырады.

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен1. Саралау- ұзақ қамтылған процесс;

2. Саралау- құқық қорғау органдарының іс-әрекетіне сай белгіленген,

заңды

актіге  ресмиленген қорытынды құжат.

     Сондықтан, қылмысты саралаудың әдістемелік негізгі материалистік

түсінікте қараларды, яғни заң нормасының жалпы мағынасы мен нақты іс-

әрекеттің құбылысының арасындағы байланыс. Заң нормасы бізге мәлім

құбылыс ретінде жылпы, абстракты ұғымда жүзеге аысырылады. Жалпы

алғанда, қылмысты саралау, яғни қылмыстық құқықтық саралау заңдылық

саралаудың негізгі түрі. Қылмысты саралауда белгілі тұлға құқық

бұзушылықтың қайсы түрін бұзуды, мінекей осы мәселені анықтап алуымыз

қажет. Ал бізге белгілі жағдай, құқық бұзушылық бірнеше түрге бөлінеді.

Олар: азаматтық құқық бұзушылық, әкімшілік құқық бұзушылық,

қылмыстық құқық бұзушылық. Демек, қылмыстық саралау қылмыстық

құқық бұзушылықта жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң жүктеген

міндетті орындамау, заң тыйым салған әрекетті жасау, яғни құқық бұзғаны

үшін кінәлі адам заң бойынша жауапқа тартылады. Құқық бұзушылықтың

түрлері өзара қоғамға қауіптіліктің дәрежесіне, мөлшеріне байланысты.

Шынында да, әкімшілік құқық бұзушылық қоғамдық ортада цензуралық

(әдепті) балағат сөзсіз болып табылады. Бұл әрине қоғамға қауіпті

қылмыстардың дәрежесінен төмне. Негізінен құқық бұзушылық заң бойынша

екіге бөлінеді: 1) қылмыс; 2) теріс қылық. Қылмыс құқық бұзудың ең ауыр

түрі. Қылмыс жасағаны үшін кінәлі адам қылмыстық жауаптылыққа

тартылады. Теріс қылық үшін жауаптылықтың үш түрі бар: әкімшілік

жауаптылық (мысалыкөшеде жүру, автокөлік жүрізу тәртібін бұзғаны үшін);

тәртіптік жауаптылық (еңбек етуге байланысты міндеттерін орындамағаны

үшін); азаматтық құқықтық (мүліктік) жауаптылық. Заң бойынша қылмыстық

құқық бұзушылыққа қылмыс құрамының төрт элементі түгел болғанда ғана

тартылады. Олар: Объект, объективтік жа,ы. Субъект, субъективтік жағы.

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенЕгер аталған төрт жақтың біреуі болмаса, тұлға жауапқа тартылмайды. Төрт

жағының түгел болуы қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартылған

жағдайда қажет. Азаматтық құқық бұзушылыққа тұлға тікелеу кінәсі болмаса

да келтірілген зиян үшін жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Мысалы,

автокөліктің иесі оны жүргізуді басқа біреуге тапсырса, жүргізушінің

біртұтас келтірілген зиянын көлік иесі төлейді. Мемлекеттік мәжбүрлеу

шаралары белгіленген болса, кінәсәздәк болжамы қолданылады. Тұлғаның

кінәсі дәлелденбей, ол қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа

тартылмайды [24,102-103б]. Әрине , қлмыс құқық бұзушылықтың жеке бір

көрінісі болып табылады. осыған орай, қылмысты азаматтық құқық,

әкімшілік және тәртіптік құқық бұзушылықтан және бейморальдық жат

қылықтардан ажырата білудің маңызы ерекше. «Қылмыс пен басқа құқық

бұзушылықтың өзара басты айырмашылығы құқыққа қайшылықтың мәніне

байланысты»- деді А.Н. Ағыбаев [25,40,41б]. Шынында да , басқа құқық

бұзушылық құқық саласының басқа нормаларына , заңдар мен нормативтік

актілерге қайшы. Істелген қылмыстың зардабы болып мемлекеттің ең ауыр

күштеу шарасы қылмыстық жаза және содан туындайтын сотталғандық атақ

болып табылады. басқа құқық бұзушылықта мұндай жазалау шаралары жоқ,

ол қолданылған ықпал ету шаралары сотталғандық атақ әкелмейді. Айталық,

кейбір қылмыстар басқа құқық бұзушылықта орын алмайтын қоғамдық

қатынастарға (адамның өмірі, мемлекеттің қауіпсіздігі) қол сұғуда. Мәселен,

А.Н. Ағыбаев «Қылмыс пен басқа құқық бұзушылықты бір-бірінен қоғамға

қауіптілік дәрежесінін көрсеткіші арқылы ажыратуға да болады» деп өз

тұжырымын ұсынды. Алайда, жоғарыдағы тұжырымды айқындап қарасақ,

қылмысты қол сұғушылықтың объектісі бойынша айқындалатын қоғамға

қауіптіліктің сипаты мұндай іс-әрекетті қылмыс қатарына жатқызуға

мүмкіндік береді. Яғни, мұндай жағдайда қылмысты басқа құқық

бұзушылықтан ажыратудың еш қиындығы жоқ. Мәселен, кейбір реттерде

құқық бұзушылықта да, қылмыста да бір объектіге қол сұғуы мүмкін. 

Мысалы, көлік құралдарын жүргізуші адамдардың көлік құралдарының

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенжүріс қауіпсіздігімен пайдалану ережелерін бұзу үшін қылмыстық және

әкімшілік жауаптылық белгіленген. Мұндай аралас құқық бұзушылықта

қоғамға қауіптілік дәрежесін дұрыс анықтаудың маңызы ерекше. Іс-әрекеттің

қоғамға қауіптілігінің негізгі көрсеткіші келтірілген зиян мөлшері болып

табылады. егер көлік құралдарын жүргізуші адамдардың көлік құралдарының

жүріс қауіпсіздігімен паудалану ережелерін бұзуы, осының салдарынан

жәбірленушінің денесі орта немесе одан жоғары дәрежеде жарақатталса

немесе ерәуір материалдық нұқсан келтірілсе іс-әрекет қылмыс қатарына, ал

көрсетілгенен гөрі аз зиян келтірілсе, әкімшілік тәртіппен жазаланатын

құқық бұзушылыққа жатады. Сонымен, келтірілген зиян мөлшері қылмысты

басқадай құқық бұзушылықтан ажыратуға мүмкіндік беретін бірден-бір белгі

болып табылады. мәселен, лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік

қызметшінің лауазымды адамның өкілеттігін өз бетінше пайдаланып, заң

қорғайтын мүдделерге елеулі зиян келтіретін қасақана әрекеті қылмыс [309-

бап], ал елеулі зиян келтірмеген басқа әрекеті тәртіптік теріс қылық болып

табылады. Өзінің нақты құқығын немесе басқа адам таласа алатын

жорамалды құқығын, белгіленген тәртіптен тыс өз бетінше жүзеге асыру, бұл

азаматтың құқығын елеулі түрде бұзылуына әкеп соқтырса , қылмыс ретінде

сараланады. Ал егерде елеулі түрде бұзушылық жоқ болса, мұндай әреке

әкімшілік жолмен жазаланатын құқық бұзушылыққа жатады.айталық, Қазақ

КСР 1959 жылғы Қылмыстық кодексі бойынша көп жағдайларда бірінші

ретістеген құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жазалау шаралары

қолданылған адамның дәл сол іс-әрекеті қайталап жасауы  қылмысқа тартуға

негіз болып табылатын. Мысалы, кәсіптік маңызы бар суларда рұқсатсыз

немесе аулауға тыйым салынған кезде, я рұқсат етілмеген тұстарда

балықаулау, су аңдарын аулау т.б. басқа жүргізілетін басқа бір кәсіппен

айналысу, егер бұл әрекеттер бұрын да осындай әтртіп бұзғаны үшін

әкімшілік жолмен айыппұл тартқаннан кейін істелген болса,ол қылмыстық

жазаланатын әрекет болып табылатын. Ондай болмаған жағдайла іс-әрекет

әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қарастырылады. Енді іс-әрекетке

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенәкімшілік шарасы қолданылса, ол қайталану санына қарамастан қоғамға

қауіптілік дәрежесіне ие болмайды, яғни қылмыс қатарына жатпайды.

Қылмысты саралуда құқық бұзушылықтың түрлері де маңызы зор. Мысалы,

қылмысты саралауда әскери қылмыстарды тәртәптәк теріс қылықтан

ажыратуға көп жағдайда іс-әрекеттің ісетлген уақыты, жайдайы,орны үлкен

әсер етеді. Мысалы, соғыс уақытында өз бетімен кетіп қалу- қылмыс, ал

бейбітшілік уақытта істелген осы әрекет тәртіптік теріс әрекет болып

табылады. іс-әрекетті қылмыс немесе басқа құқық бұзушылық қатарына

жатқызуға негіз болатын қоғамға қауіптіліктің дәрежесі қылмысты

субъективтік белгілерге жататын кінәнің нысандарын, ниетпен мақсатты

дұрыс анықтауға да байланысты. Мысалы, денені жеңіл түрде қасқана

жарақаттау қылмыс, ал абайсызда денені жеңіл жарақаттау қылмысқа

жатпайтын іс- теріс қылық, мұндай ретте келтірілген зиянды өтеу азаматтық

құқық тәртібімен реттеледі. Егер лауазымды адам пайдақорлық немесе басқа

бір зұлымдықниетпен құжаттарға жалғандық жасаса- қылмыс, ал ондай ниет

болмаса,ол қылмыс болмайтын құқық бұзушылықтың түрі болып табылады.

Б.А.Куриновтың пікіріне сүйенсек, құқық бұзушылықты айыру түрлерінің

мәселелері құқықтық қатынас пен тығыз байланысты,- деді [9-14б]. Бұл арада

құқықтық қатынастың маңызы неде ?

      Ғ. Сапарғалиев құқықтық қатынасқа  төмендегі жүйелі ой-пікірін ұсынды,

яғни құқықтық қатынас дегеніміз- қатысушылардың субъективтік

құқықтары мен заңда  көрсетілген міндеттері болатын 

құқық нормалары мен заңда  көрсетілген айғақтарға сәйкес туындайтын,

ерік-ықтиярды білдіретін қоғамдық қатынастар яғни құқықтық қатынастар

қоғамдағы құқық тәртібінің негізі болып табылады. (24,83-84б).  Құқықтық

қатынастар құқыққа байланысты құқық негізіндегі қатынастар. Құқықтық

қатынастың бірінші белгісі - бұл қоғамдық қатынас, былайшы айтқанда

адамдардың арасындағы қатынас және олардың іс-әрекетімен, мінез-құлқы

мен тікелей байланысты. Осыған орай, қоғамдық қатынастар дегеніміз-

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенадамдардың белгілі бір әлеуметтік қажеттілікке байланысты мінез

құлықтары, іс-әрекеттері мен олардың өзара байланыстарының көріністерінің

жиынтығы болып табылады. Әрине, қоғамдық қатынастар бұл өте күрдері

және әртүрлі, жан-жақты әлеуметтік,өз бойынша бірнеше элементтердің

жиынтығын қамтитын құрылым болып табылады. оған жататындар

қатынастардың субъектісі (адамдар, мемлекет,ұйым әжне т.б.) матреиалдық

заттар, игіліктер (заттар, құжаттар) қоғамдық қатынастың өзара байланысы

олардың іс-әрекеті жағдайы т.б. Бұл элеменеттер өзара тығыз байланысты,

осы элементтердің өзара бір тұтас бірлігі қоғамдық қатынастардың

тұтастығын құрайды. Қылмыс жасаған адам осы қоғамдық қатынастардың

белгілі бір элменеттеріне қол сұғады. Ол қол сұғушылық қоғамдық

қатынастардың қатысушылардың біріне (заңды тұлға немесе жеке тұлға)

белгілі бір қауіп келтірілуіне әсері арқылы көрінеді. Қоғамдық

қатынастардың қылмысты саралаудағы маңыздылығы, оған келтірілген зиян

мөлшері қылмысты саралау үшін сондай-ақ сол қылмыс үшін жазаның түрі

мен мөлшерін белгілеу үшін де аса қажет. Қылмысты дұрыс саралауда іс-

әрекеттің қоғамға қауіптілігінің мәнін және дәрежесін, анықтау үлкен рөл

атқарады. Сонымен, қоғамға қауіпті іс-әрекет бұл адамның құқыққа қайшы,

саналы, белсенді немесе енжар түрде қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін

мінез құлқының сыртқы көрінісі болып табылады. Кез келген іс әрекет

объективтік тұрғыдан алғанда қоғамға қауіпті. Келесі ретте, қылмысты

саралаудың түрлері туралы ой толғасақ, ең алғаш болып А.А. Герцензон,

В.Н. Кудрявцев, А.В. Наумов пен А.С. Новиченко ой қозғады. Бұл орайда

бұрын бұлжымас болып көрінетін күдіктер мен толғаныстар қалыптасып,

айқандалды. Сонымен, қылмысты саралаудың қыры мен сырының тізбегі

топшыланып екі түрге бөлінде.  Олар: легальдық саралау (ресмиленген) және

доктринальдық саралау (ғылыми). Айталық, ресмиленген саралау-

қылмыстық істің барлық сатысында жүргізіледі (қылмыстық істі қозғаудан

бастап бақылау тәртібіне дейін). Ресмиленген латын тілінен аударғанда

LegaIis –заңды деген мағына білдіреді.

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен      Доктриналдық  саралау- ғылыми еңбектер, монографиялар, оқулықтар,

ғылыми мақалар т.б. еңбектерде жүзеге асырылады. Ғылым- адамның мәндік

күшінің, қбаілетінің көрінісі. Ол адам мақсатына қызмет етеді, өйткені

дүниені қоағмдық мақсатқа сай өзгерту үшін оның заңдарын білуіміз керек.

Ғылым бүкіл дүние жүзілік, т.б. мәселелерді шешуде үлкен рөл атқарады.

Қазіргі кезде ғылым қоғамның өндіргіш күшіне айналып отыр. Ол қоғам

өмірінің барлық жағына, әлеуметтік салаға, саясатқа, экономикаға,

мәдениетке т.б. елеулі ықпал ажсауда. Мәселен, адамзат қоғамының

қалыптасып, одан әрі өсіп өркендеуінде, тарихи сатылары мен ілгерлеуінде

ғылымның атқаратын рөлі айырықша екені белгілі. Осыған орай,

доктринальдық саралау- ғылыми тұрғыда оқиғаларды, құбылыстар мен

афктілерді сипаттап қана қоймайды,сонымен қатар оларды түсіндіреді, ішкі

табиғатын, мәнді жақтары мен маңызды байланыстарын ашып көрсетеді,

яғни даму заңдылықтарын түйіндейді. Осы негізде ғылыми білім

оқиғалардың , құбылыстардың бұдан былайға даму бағдарларына болжам

жасайды. Ғылыми білім рухани дүниенің  құрамдас бөлігі есебінде қашанда

жүйелілігі мен, логикалық тұрғыдан ұйымдасқандығымен және теориялық

сипатымен ерекшеленді. Ғылыми білім ғылыми ізденістің, шығармашылық

іс-әрекеттің барысында туындап, жинақталады. Доктриналь латын тілінен  

Doctrina - оқыту деген мағына білдіреді. Шын мәнін келсек, қылмысты

саралаудың түрлеріне байланысты ешқандай дау туған жоқ. Барлық

ғалымдардың көзқарасы бір бағытта бейнеленді. Мәселен, Ф.Г. Бурчак, Г.А.

Левицкий, В.И. Малыхин, Г.Т. Черненко т.б. ғалымдардың көзқарасы бір

арнада біріктірілген. Бұл арада біз Г.А. Левицкийдің «ремиленген саралау

мен доктринальдық саралау түптің тібінде айқындалған логикалық іс әрекет

болып табылады, сонымен қатар қылмысты дұрыс сарлауды қылмыстың

әлеуметтік- саясатын дұрыс қолдану арқылы құқықтық баға беруде

саралаудың жоғарғы аталған екі түрінің атқаратын рөлі ерекше» деген

пікіріне жүгінеміз [13,144б].

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен      Біздің  құқықтық мемлекетімізде бірде-бір  адам, егер оның істеген іс-

әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болса, қылмыстық 

жауапқа тартылуға немесе жазалануға тиісті емес.  Алайда, адамды

қылмыстық жауаптылыққа тарту оның іс-әрекетінде белгілі, нақты бір

немесе бірнеше қылмыс құрамының белгілері бар болған жағдайда ғана

жүзеге асырылады. Ал қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң шығарушы

органы арқылы қылмыстық жазалау тәртібімен тыйым салынған қоғамға

қауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана беріледі, қылмыстық

жауаптылық бұл қылмыстық құқықтық норманы бұзудың нәтиежсі, қоғамға

қауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады, қылмыс істелмесе қылмыстық

жауаптылық болмайды, яғни қылмысты саралау көрініс таппайды.  Мысалы,

кісі өлтіру қылмыстық заңға қайшы істелген іс әрекетті нақты бір қылмыс

құрамына жатқызу және осы іс әрекетке  Қылмыстық кодекстің Ерекше

бөліміндегі тиісті баптар бойынша құқықтық баға беруді қылмыстық құқық

теориясы қылмысты саралау деп атайды.  Қылмысты дұрыс саралау құқық

қорғау органдарының қызметті борышы, негізгі міндеті.

      Біріншіден, қылмысты саралау заңды анықталған қылмыс

құрамының қорытынды шешімі болып табылады, яғни қылмысты дұрыс 

саралау сот органдарының заңдылық қағиадны дұрыс, бұлжытпай орындауы.

      Екіншіден, қылмыстық құқықтық саралау заңдылық саралауды жүзеге

асырады, яғни қылмыстық  заңды дұрыс қолданбау дұрыс  емес

саралауға жол ашады.

      Үшіншіден, қылмыстық құқықтық норманы дұрыс  қолдану. Мысалы,

нақты бір іс-әрекетті [ұрлық, 175-бап] бір сот ұрлық, екіншісі тонау, үшіншісі

қарақшылық деп сараласа, бұл заңдылық жөнінде конституциялық қағиадны

өрескел бұзылғандығы болып табылады. Біздің ойымызша, қылмысты

саралау өзінің біркелкі мақсатын құрайды. Осыған орай, қылмыстың қалай

жасалғанын, заңдылық негізін дұрыс көрсету, қоғамға қауіпті қылмыстық

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттензаңға қайшы істелген іс-әрекетті нақты бір қылмыс құрамымен дұрыс

анықтап қылмыстық жаза тағайындағанда жауаптылықты кінәлі

қылмыскерге дұрыс қолдану. Келесі қарастыратын мәселеміз, қылмысты

саралаудың басқа да аспектілері мен қарым қатынасы. Мәселен,

психологтардың айтуынша қылмысты саралау ойлану процесінен туындайды

деген пікір ұстанады. Қылмысты саралауда ойланудың яғни, логикалық

процестің қандай қатысы бар? Ғылым мен тәжірибенің сан алуан мәселелерін

нақты шешу үшін, олардың мәселелерін одан әрі зерттеп білу үшін

логикалық процестің маңызы зор. Қылмысты саралауда ой тұжырым арқылы

біз бастапқы білімнен логикалық жолмен жаңа  білім аламыз. Қылмысты

саралаудағы белгілі заңдылықпен байланыстыруға ой тұжырымның

атқаратын рөлі ерекше. Ой тұжырымның, яғни логикалық процестің

арқасында құқық қорғау органдарының қызметкерлері немесе заңгер

қылмысты саралауда көптеген процестерді байланыстырып, белгілі жүйеге

шоғырлайды. Яғни, ойлау тәжірибелік қызметтің идеялық формасы

(логикалық процесс туралы 1.3 тармақта толық ашып қарастармыз). Бұл

арада Г.А. Левицкийдің пікіріне сүйенсек, қылмысты саралау ұғымын

психологиялық және логикалық акспектіде түсіндіреді, яғни бұл екі

аспектінің ойлану проецесінен туындайтынын атап көрсете отырып, екеуі

бір-бірінен ажырамас бөлінбейтін жиынтық ретінде саралау ұғымын

бейнелейді, деп тұжырымдайды [13,144б]. Әлбетте бұл тұжырым логикалық

аспектіде мақұлданатын ой тұжырымнан туындайтын сезімдік тәжірибенің

мәліметтерінде расталады, бірақ та қылмысты саралау ұғымының

анықтамасын бейнелемейді. Мәселен, әйгілі польшалық профессор И.

Андреев өзінің «Қылмыстық белгілерін анықтау» оқулығында, қылмысты

саралау логикалық ой тұжырым заңына сүйене отырып, заңдылық саралауды

логикалық аспектіде саралаудың бір бөлігі деп, жоғарыдағы пікірді

мақұлдайды. Теориялық қылмысты саралау мәселелерін оқып танысу

барысында заңгерлер жеке адамдардың әрекетінде немесе әрекетсіздігінде

қылмыстық нақты құрамын анықтауды, қылмыстық дұрыс саралауды, іс-

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенәрекетте құқыққа қайшы және қоғамға зиянды мән-жайлардың бар немесе

жоқ екендігін дұрыс белгілеуді, кінәліге жаза тағайындауды қолданып

жүрген қылмыстық заңға сәйкес қолдануды, бұл арада іс-әрекеттің қоғамға

қауіптілігінің мәнін және дәрежесін, кінәлінің және тұлғасын, жауаптылығын

жеңілдететін және ауырататын мән жайларды ескере отырып қолдануды, сол

сияқты қылмыс құрамы белгілерін дұрыс талқылап айқындауда,

қылмыстарды ажыратып жіктеуде, оның қоғамға қауіптілігінің дәрежесін,

сонымен қатар адамды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың

заңда көрсетілген негіздері мен шарттарын нақты, терең біліп үйренеді.

      Мәселен, Б.А. Куриновтың пікіріне сүйенетін болсақ, теоиялық

қылмысты саралау мәселелерін төмендегі тақырыптарға бөліп қарастырады.

Қылмысты саралаудың түсінігі, қылмысты дұрыс саралаудың маңызы,

қылмысты сарлаудың әдістемелік негізі; қылмыстық заң қылмысты

саралаудың құқықтық негізі; саралау және қылмыс құрамы; аяқталмаған

қылмысты саралау, көптік қылмыстық бойынша саралаудың жалпы

сұрақтары; Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің коллизиялық және

арнайы нормалар және қылмысты саралау, қылмыстық процестің

сатыларындағы қылмысты саралау мәселелерін айқындаған. Сол сияқты,

П.И. Стучка атындағы Латвия Ұлттық университетінің  доценті М.И. Блум

1971 жылы жоғарыдағы әдістемелік нұсқаға ұқсас, өзінің әдістемелік кеңесін

құрастырған. Б.И. Куриновтың тақырыптарына қоса, қылмыстық құқықтық

нормаларды оыту және қылмысты саралау; қылмыстық заңның

қолданыстағы шегі және қылмысыты саралау т.б. бөлімдерді біріктірген.

Көптеген басқа да ғалымдардың жоғарғы арнайы курс бөліміне арналған

қылмысты саралаудың теориялық мәселелері атты әдістемелік нұсқасы

жеткілікті [9,3-19б].  Мәселен, В.Н. Кудрявцев, А.В. Наумов, В.И. Малыхин,

Б.А. Куринов т.б. бір топ ғалымдардың оқулықтарда, монографияларда

қамтылған әдістемелік кеңесін көруімізге болады. Әл- Фараби атындағы

Қазақ ұлттық университетінің қылмыстық құқық және криминология

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенкафедрасының меңгерушісі з.ғ.д., профессор А.Н. Ағыбаевтің жетекшілігімен

жоғарғы Арнайы курс бөлімінде және магистранттарға арналған толықтырып

құрастырылған жаңа әдістемелік нұсқа қылмыстық құқықтың Жалпы және

Ерекше бөлімінің тиісті сұрақтарына арналған, теориялық қылмысты саралау

мәселесі атты нұсқаны бейнелейтін болсақ, бұл нұсқа: Кіріспе, қылмыстық

құқықтық теоиялық мәселесін оқытудың мақсаты және қылмыстық

құқықтың теориялық мәселесін оқытудың міндеті атты үш тақырыпшадан

тұрады. Аталмыш арнайы курсқа арналған нұсқа төмендегі сұрақтарды

қамтиды.

Қылмысты саралау мәселесінің ұғымы және маңызы.

Саралау түсінігі, маңызы және жалпы сұрақтар, қылмысты саралаудың

түрлері.

Негізгі қылмыстық заң қылмыстың құрамы бойынша саралау

мәселелері.

Қылмыстық саралау заңның маңызы қылмысты саралау пайдаланатын

қылмыстық заңсыз нормалар мәселесі, қылмыс құрамы қылмысты саралау

үшін заңдылық үлгі.

Қылмыстық құқықтық нормалардың құрылысы және зиянды

әрекеттердің

мәселелерін саралау.

Қылмысты объективтік жағының саралау мәселелері. Объектінің

түсінігі,

түрлері және оның маңызы. Қос объектілік қылмыстар, қылмыстың заты,

оның саралау мәселелері. Саралау барысында зияндылық  әрекетті табу.

Қылмыстық әрекетінен зиянды зардабын табу. Себепті байланыс және

қылмысты саралау мәселелері. Объективті жағынан факультативтік

белгілерінің қалай саралауға әсер етуі.

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен Қылмысты  субъективтік белгілер бойынша саралау мәселелері. Жалпы

ережелер  субъекті бойынша қылмысты саралау мәселелері.  Қылмысты

саралау барысында қылмыскердің жасын есепке алу. Ерекше субъектілер

тарапынан жасалынған қылмыстарды саралау. Саралау барысында кінәнің

нышандарын анықтау мәселелері. Ниет пен мақсат бойынша саралау

мәселелері.

Аяқталмаған қылмысты саралау. Қылмысқа оқталуда оның түрлерін

анықтау. Қылмыстан өз еркімен бас тарту  және оны саралау. Қылмысқа

қатысушылықты  саралау мәселелері, қылмысқа қатысушылықтың

түрлері саралау. Қылмысқа қатысушылардың кейбіреуінің

қылмыстан бас тартқан жағдайы оның саралауға әсері.

Көптік қылмыстық бойынша саралау мәселелері.

Қылмысты қайталау немесе кәсіп ретінде қылмыс жасау саралау әсері.

Қылмыстық құқықтық нормалардың бәсекелесуі және саралау

мәселелері.

     Жоғарыда  көрсетілген әдістемелік нұсқада  қылмыстық құқықтағы

қылмысты саралау теориясының сұрақтары толық көлемде қамтылған.

Сонымен қатар әдістемелік нұсқаның соңғы бетінде жоғарыда көрсетілген

алты тақырыпқа қолданылатын әдебиеттердің тізімін толық және нақты

құрастырған. Қылмыстық құқықтағы қылмысты саралау теориясы өте

күрделі әрі маңызды құбылыс. Елімізде жоғарғы оқу орындарының заң

факультетінде арнайы курс ретінде тереңдетілген салада ғылыми және

тәжірибе тұрғысынан дәріс сабақтары өткізілуде. 

 

 

 1.2 Қылмысты  дұрыс саралаудың маңызы 

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен      Әділсоттылықты, заңдылықты жүзеге асыруда қылмыстық  құқықтың Ерекше бөлімінің маңызы үлкен  рөл атқарады. Қылмыстық заңның 19- бабының 3-тармағында көрсетілгендей қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған  адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады. Қылмыстық заңның осы нормасының өзі адамды қылмыстық жауапқа тарту үшін немесе оны қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тану үшін оның жасағн іс-әрекетінде белгілі бір қылмыс құрамының белгілері болуы керек екендігін қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-әрекетті істеу қылмыстық жауаптылықтың бірден бір негізі болып табылатынын айқандайды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабында көрсетілген. Осыған ұқсас нормалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық істер жүргізу кодексінің көптеген нормаларында да бірнеше рет көрсетілген. Іс-әрекетінде қылмыстың белгілері жоқ адамдар жауапқа және жазаға тартылмайды. Адамды қылмыстық жауапқа тарту оның іс-әрекетінде белгілі, нақты немесе бірнеше қылмыс құрамының белгілері бар болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Мысалы, кісі өлтіру, бұзақылық, әйелді зорлау т.б. қылмыстар. Қылмысты дұрыс саралауға арналған анықтамалар осы уақытқа дейін қылмыстық құқықтық теорияда жеткілікті анықталған. Ғылыми еңбектерде бір автордың өзінің қылмысты дұрыс саралау түсінігі туралы қарама-қайшы пікірлер айтқан жағдайлары да кездеседі. Қылмысты дұрыс саралауға қатысты көптеген авторлар өз пікірін ұсынды. Қылмысты дұрыс саралау - мемлекеттің жаза мәселесін қолдану саласындағы қызметінің дұрыс жүзеге асырылуының алғашқы шарты болып табылады. қылмысты дұрыс саралау қылмыстың жағдайын, деңгейін,құрылысын,қозғалысын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. Ал, қылмысты дұрыс сараламау нәтижесінде қылмысты іс-әрекетті жасаған кінәлі адамға жөнсіз жеңіл немесе ауыр жаза қолданылуы мүмкін, қылмысты дұрыс сараламаудың өзі қылмыстық құқықтың алға қойған басты мақсаттарының бірі жасалған іс-әрекеттерге дұрыс, әділ жаза тағайындау қағидасына қайшы келеді. Жасалған қылмыстың статистикалық есебін нақты белгілемейінше, ол құбылыспен тиімді күрес жүргізу мүмкін емес. Сол себепті де қылмыспен тиімді күрес жүргізу үшін оның жағдайын, сандық,сапалық көрсеткіштерін жасаған қылмыстардың мәнін, қылмыскердің тұлғасын толық ашу керек. Бұл мәселелерді анықтамай тұрып, қылмыспен күрес жүргізу өзінің оңды нәтижелерін бермейді. Мәселен, бұл арада мысал келтіретін болсақ, Жоғарғы Соттың қадағалау алқасынан, жәбірленушінің өлімі абайсыздықта болғандықтан қылмыстық әрекет ҚК 96-бабы 1-бөлігінен 103-баптың 3-бөлігіне ауыстырылып қылмыс дұрыс сараланды. О. 2000 жылы шілде айының 13 күні мас күйінде ерегес үстінде өзінің мектепте оқып жүрген кезінде 3-4 жыл айналысқан күрес тәсілдерін білетінін пайдаланып жәбірленуші Ә. Мойын тұсынан қапсыра құшақтап жамбасқа салып екі рет лақтырып, жерге құлатқан. Сонымен оның мойын омыртқасын сындырып қасақана өлтіргені үшін кінәлі деп танылған. Бірақ, бұл арада О. жәбірленушіні өлтіру ниеті болды деген сот тұжырымымен келісуге болмайды, өйткені екеуінің арасында келіспеушілік, қастандық болмаған. О. жәбірленушінің өліп кететінін болжамаған, ғяни О. күрес тәсілдерін қолданып, оны екі рет жерге жыққан кезде , өзінің әрекеттерінің жәбірленуші үшін қауіпті екенін біле тұра және оның ауыр дене жарақатын

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттеналатындығын болжай тұра, бұл зардаптың болуына саналы түрде жол берген [26,3б]. сондықтан, қылмысты дұрыс саралау сот төрелігін әділ жүзеге асырудың кепілі және заңдылық, әділеттілік қағидаларының іске асырылуының басты шарты болып табылады. құқық қорғау органдары беделінің мәртебесінің биік болуы да істелген іс-әрекетке дұрыс, заңды баға беруне де тікелей байланыста. Заңға негізделген әділ үкім сот органдарының беделін нығайтады. Қылмысты дұрыс саралау жеке адамдардың Қазақстан Республикасы Конституциясында, басқа да заңдарда көрсетілген құқықтарын қорғаудың кепілі болып табылады. қылмысты дұрыс сараламаудың сотталған адамға тигізетін зардабы да өте зор. Яғни, кінәлінің әрекетін дұрыс сараламау, оның заң қорғайтын мүддесіне келтірілген зор кесел болып табылады.Іс-әрекетті дұрыс сараламау салдарынан адамға заңға негізделмеген жаза тағайындалып қанақоймайды, ол оның тағдырына байланысты көптеген зардаптарға әкеліп соғады. Мысалы, қылмысты дұрыс сараламаған жағдайда, оған көп немесе аз жаза тағайындалуы мүмкін. Қылмысты дұрыс сараламау оған белгіленген түзеу колониясының түріне де, сондай-ақ кінәләні мерзімінен бұрын шартты жазамен босату немесе босатпауға да әсер етеді. Қылмысты дұрыс саралаудың маңызы ерекше. Қылмысты дұрыс саралау құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметті борышы, негізгі міндеті. В.Н. Кудрявцев қылмысты дұрыс саралау негіздерін үш топқа бөдліп тұжырымдайды.

1. Қылмысты дұрыс саралау- заңдылық және сяаси мағынада маңызды рөл атқарады;

2. Қылмысты дұрыс саралау- әділсоттылықты заңға сәйкес жүзеге асырады.3. Қылмысты дұрыс саралау- заңды қатаң сақтауды талап ету мақсатында

нақты көрсетеді [27,17-20б].

Қылмысты  дұрыс саралау , яғни қылмыстың жеке түрлеріне заңдылық баға беріп, істелген қылмысы үшін заңда белгіленген  жазаны әділ қолданып, қылмыс құрамының  белгілерін дұрыс ашу болып табылады. Б.А. Куринов, «Қылмысты дұрыс саралау- қоғамға қауіпті іс-әрекетке нақты және толық қылмыстық заңды қолдану»,- деп өз ойын қорытындылайды. [9,21-23б]. Г.А. Левицкий: «Қылмысты дұрыс саралау- қоғамдық саяси негізде құқықтық мақсаттарды әділ, заңды орындау»,- [13,144б] десе, Т.Г. Черненко, қылмысты дұрыс саралау негіздерін төмендегі сатылар мен айқындайды.

Қылмысты дұрыс саралау құқық қорғау органдарының маңызды іс-әрекеті;

Қылмысты дұрыс саралау- заңдылық қағианы дұрыс орындап кінәлінің заң жүзінде жауап беруі;

Қылмысты дұрыс саралау- жазаның түрін, мөлшерін,жауаптылыққа тартудың, одан босатудың, кешірім жасау, яғни қылмыскердің қылмысынкешіру, соттылығын өтеу, жою, дұрыс баға беру;

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен

Қылмысты дұрыс саралау- анықталған іс жүргізу салдарынан  пайда болатын алдын ала тергеу жүргізу, қылмыстық істердің соттылығын айқындау;

Қылмысты дұрыс саралау- яғни құқық қорғау органдарының беделінің, мәртебесінің биік болуында істелген әрекетке, дұрыс заңды баға беру;

Қылмысты дұрыс саралау- заңды сыйлау, құрметтеу, кінәләләк және шындылық қағидасын жүзеге асыру;

Қылмысты дұрыс саралау- қылмыстық статистиканың объективтік жағына көмектеседі, яғни қылмыспен қарсы күресу бағдарламасын қылмыстан сақтандыруды жүзеге асырады. [23,23-33б].

     Біздің  ойымызша, жоғарыда көрсетілген әрбір  бағыт өз алдына маңызды. Бірі екіншісінен  мәнді немесе керісінше деп санау қате. Өйткені әрбір бағыт, қылмысты дұрыс саралау күрделі ұғымның мазмұнының ерекшелігін көрсетеді. Бұл жердегі маңызды нәрсе алты бағыттың мақсаты және қолдану аясын дұрыс анықтау болып табылады. Қылмысты саралау мәселесіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мәжілісінің көптеген қаулылары арналған. Жоғарғы Сот мәжілісінің қаулыларында соттардың заң талабы дәлме-дәл сөзсіз орындай отырып, жасалған іс-әрекетке заң нормаларының талабына сай баға беріп, кінәлінің іс әрекетінде қылмыс құрамының белгілері бар ма, жоқ па, осы жағына ерекше мән беріп, заңдылық қағидамен еш уақытта да  ауытқушылыққа жол берілмеуі керек деп ескертті. Бұл арада, қылмыстық істер жөніндегі алқадан үзінді келтірсек, сотталушы қажетті қорғану шегінен шығып кетіп, кісі өлтіргендіктен оның әрекеті тиісті заң бабымен қайтадан сараланады. А. мал бағып жүріп, қамшы сапқа бұралып қолдан жасалған пышақ тауып алған. Пышақты суық қару екенін біле тұра заңсыз алып, сақтаған. Түнгі саған 01 шамасында қонақтарын шығарып салып, келе жатқан А.жәбірленуші Р.жолда кездестірген, бірақ танымағансып тезірек үйіне кете берген. Артынан қуып жеткен Р. бұрынғы бас арыздықтардың салдарынан жанжал, төбелес шығарған. Осы төбелестің нәтижесінде А. кісі өлтіру- яғни құқыққа қарсы басқа адамға қасақана қаза келтіру мақсатымен, жоғарыда аталған суық қарумен Р. он бір рет пышақпен дене жарақатын салған. Осы пышақпен салынған дене жарақаттарының салдарынан Р. оқиға болған жерден қаза тапқан. А. жәбірленуші Р. өлтіргендігін тез арада мойындап, ол оны өзін қорғау кеізде болғанын айтады, сонымен қатьар суық қару, пышақты алып жүргендігін мойындайды. Арыздары анықтала келе, Р. кінәл А.осы оқиғаға дейін ұрып, соққыға жыққандығы расталады. Р. куәлардың берген жауабына қарай, өте бұзық  ауылдың «атаманы», - деген атқа ие болған.  Аталмыш іс әрекет Қазақстан Республикасы ҚК 96-бабының 1-бөлігінен осы кодекстің 99-бабына ауыстырылып дұрыс сараланды. Осы баппен оған екі жыл бас бостандығынан айыруға жазалады. [28,7-10б]. Біздің ойымызша, қылмысты дұрыс саралау дегеніміз- қоғамға қауіпті іс-әрекет қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс құрамымен қамтылуын айтамыз. Демек, қылмысты саралуда іс әрекеттің қылмыс құрамының тиісті баптары немесе оның бөліктеріне, тармақтарына сай келетін дәлме-дәл көрсету қажет. Егер адамның іс-әрекетінде бірнеше қылмыстың құрамы болса,онда оның іс-әрекеті бірнеше баптары немесе

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенбаптардың бірнеше бөліктері, тармақтары бойынша сараланады. Қандай түрде болса да қылмысты дұрыс сараламау ол заңдылықты бұзуға, қылмысқа қарсы күрес жүргізетін органдардың беделі нұсқан келтірумен байланысты болады. Мұндай құбылысқа жол бермеу ішін қылмыстық заңды дұрыс қолданып, істің мән-жайын терең зерттей білу, істелген іс-әрекетті дұрыс саралау қажет, сондай-ақ қылмысты қылмыс еместілктен немесе соған ұқсас қылмыстардан ажыратып белгілерді айқандау ерек. Міне, бұл жерде қылмыс құрамының оның белгілерінің қылмысты саралаудағы заңдылықты сақтаудағы маңыздылығы ерекше болып отыр. Біздің құқықтық мемлекетімізде бірде бір, адам егер оның істеген іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болса, қымыстық жауаптылыққа тартылуға немесе жазлануға тиісті емес. Өйткені, жаңа Қылмыстық кодекстің негізгі талабы қылмыстық жауапқа және заңда көрсетілген, қоғамға қауіпті іс-әрекетті қасақана немесе абайсыздықтан істеген кінәлі адамды ғана тарту болып табылады. Қылмысты дұрыс саралау төмендегі белгілерден көруге болады.

      Бірінші, нақты норманы қолдану үшін Ерекше бөлімнің саяси- әлеуметтік маңызын айқындау қажет,яғни озбырлық жасаудың қосымша объектісін анықтап алу қажет.

      Екінші, жасалған қылмыстың белгілері нақты  және толық болуы қажет.

      Үшіншіден, кінәліге жазаны қолдануды дұрыс  әрі әділ жеке қолдануды қамтамасыз ету қажет, яғни қылмысты дұрыс саралау  кінәлінің құқығын айқындайтын  маңызды құрал болып табылады. 

1.3 Қылмысты саралаудың философиялық, логикалық негіздері мен объективтік кезеңдері. 

      Қылмысты  саралау негізгі өзінің бастауын, түп тамырын философия ғылымынан  алады, қылмыстық құқықта өз бетінше  қалыптасқан саралау ұғымы жоқ. Демек, қылмысты саралау өзінің тұратын орнына, заңдылық тұжырымына, құқықтық теориясында өңделгеніне негізделеді. Бұл жағдай өз кезегінде белгілі әдістемелік шартынан басталмайды. Жалпы философия ғылымы тереңдетілген ғылыми негізде заңдылық норманы дұрыс қолдануды қамтамасыз етеді. Ол топтық-тарихи дәлелденген әлеуметтік заңдылық тәртіпті ұсынады. Философиялық катеогрияда нақты жағдайда құқықтық норманы қолдануда гносеологиялық табиғи процесінде сипатталған. Сондықтан, жекелей және жалпылай,нақтылық, абстрактылык, сонымен қатар абсалюттік мағынада белгілі объективтік шындыққа қатысты философиялық тұрғыда саралау ерекше рөл атқарады [5,43-45б].  Бұл мақсатты біріншіден философиялық тұрғыдан қарастыратын болсақ, ғылым мен философия тарихында жалпылық және жекелік туралы сөз етілгенде заттар мн құбылыстардың, қоғамдық қатынастарының сыртқы белгілерінің бір тектілігі, сытқы ұқсастығы негізге алынады. Нақтырақ айтсақ, біздіңше жалпылау дегеніміз- ұқсас нәрселерді бір нәрсе деп қарау. Өйткені ұқсас нәрселердің

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенортақ белгісіне бір атау беріледі. Яғни, бұл шын мәнінде объективті шындықтың, объективті дүниенің бірлігі емес, сезімдік әсерлердің белгілі бір жағынан алғандағы бірлігі. Мысалы, қылмысты саралауда қылмыстың сыртқы белгілері, яғни объективті жағынан бір-біріне онша ұқсамайды, бірақ олардың жалпы табиғаты бір нәрсе; қоғамға қауіптілігімен анықталады. Біздің пікірімізше , нақты жалпылықты тек даму тұрғысынан қарағанда ғана түсінуге болады. Даму ерекшелігіне сәйкес тарихи жалпылық қана өзіндік жеке, қайталанбас ерекше құбылыстарына өтіп жатпайды, керісінше, бастапқы шыққан кезінде ол әлі де жеке қайталанбас құбылыс түрінде болуы мүмкін.  Тек ұзақ дамудың нәтижесінде ғана оның өрісі кеңейіп, өзіндік ерекшелігі бар басқа бір түрлерін туғызады, сонан соң барып ол жекелік жалпылыққа жетеді, яғни ол өзінің қарама-қарсы түрлеріне дейін көтеріледі [29,194б]. жалпы және жеке қатысудағы категория іс жүзінде нақты шындықты қажет етеді. Яғни, жекеленген категория заттың, құбылыстың сапасын айқындауда көрініс табады. Жекеленген құбылыспен құқық аясында күнделікті соқтығысамыз.  Мәселен, биографиялық мәліметтер, сыртқы пішінін, істелген іс-әрекетке байланысты қылмыстың зардабы, қылмыстың тәсілі, орны, уақыты, ниеті, себебі, пәні, заты т.б.  жекелеген категориясында нақты қылмыстардың белгілері қылмыстық істің белгілі шегінде қалып қояды. Осыған орай үйлестіре отырып,қылмыстың жеке қатысудағы философиялық негізге саралауын төрт бөлікке бөлеміз.

іс әрекеттің (әрекет немесе әрекетсіздік) «толық, барлық» белгілері; қылмыстық істі шешу, тергеу кезіндегі мәні зор белгілер; қылмыстық құқықтық мағына беретін белгілер; қылмыстық істі саралауда маңызы ерекше қылмыс құрамының белгілері

[5,44б].

философиялық  негізде көрсетілген белгілер қылмысты саралауда жеткіліксіз болады. Қылмыстық  құқықтық теория бойынша, істелген қылмыстың  белгілері Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлім нормаларына сай келе ма әлде жоқ па қылмыстық заң дұрыс қолданылды ма, біздіңше осы жәйтті ескерген жөн. Қылмыстық норманы, философиялық негізде жалпы мазмұнмен қарастырсақ, жалпы объективтік қайталанғыш құрал жекеленген заттың белгісі объективтік іс-әрекеттің көрінісі ретінде олардың ара қатынасының ұқсастығын айтуымызға болады. Яғни, жалпы түсінік философиялық негізде абстрактылық мағынаға ие болады. Қылмысты құқықтық норма нақты қылмыстың белгілерінің массасын қамтамасыз етпейді. Әлеуметтік қоғамға қауіпті нысанда адамдардың мінез-құлқы ережесін қылмыстық құқықтық нормад белгілейді. Сондықтан қылмыс жасаған адамның объективтік құбылысын заң ғана бағындыра алады. Логикалық және философиялық негіздер қылмыстық заңның қолданылуымен қатар оны бұзған адамдарға қолданылатын жазаның қылмыстық құқықтық нормадан көрініс алуына мүмкіндік туғызады. Осыған орай, қылмыстық құқықтық нормалар мазмұнына қарай екі түрлі қызметті  жүзеге асырады. Оның біріншісі- қылмыстық құқықтың Жалпы ережесін,қағидасын, институттарын белгілеу арқылы негізгі екі ұғым қылмыс пен жазаны анықтайды. Бұл нормалар қылмыстық заңның Жалпы бөлімінің мазмұнын құрайды. Екінші бір нормалар қоғамға қаупті іс-әрекеттің (әрекет

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттеннемесе әрекетсіздік) қылмыс қатарына жататын белгілерін, шеңберін және оны істеген үшін тағайындайтын жазаның түрлері мен мөлшерін белгілейді. Ал мұндай нормалар қылмыстық заңның Ерекше бөлімінің мазмұнын құрайды. Сонымен жалпылық, жекелеген категорияның қылмыстық саралаудағы орнын қорыта айтсақ мынадай қысқаша тұжырымдарға келуімізге болады.

      Философия ғылымы жалпы мен жеке қатынасты  толық айқындап, жекелеген категорияны  философиялық негізде қылмыстық  құқықтық нормада бейнелейтін болсақ, философиялық және логикалық тұрғыда  өз алдына абстракциялау дәрежесін қамтамасыз етеді. Мысалы, [175-бап ұрлық] біреудің  мүлкін көрсетпей жымқырту – ол абстракцияланған дәрежеде көрініс табады. Еегер де жалпы мен жекеленген дербес құқықты бір-бірімен байланысты емес деп қарастырсақ , құқықтық қорытындының негізгі шешімін шығара аламыз.  Философиялық және логикалық негізде саралау процесінің мазмұнын айқындасақ ол нақты абстракцияланған салыстырмаға ие болады, ал жалпы мен жеке категория стің мән жайы мен белгілі құқықтық нормада қорытындыға шоғырланса құқықтық норма кез келген іс-әрекеттің (әрекет немесе әрекетсіздік)  нақты мәселесін көрсете алады. Олай болса, материяның белгілі бір нысанына жататын құбылыстар сан алуан болғанымен олардың бәрінің түпкі мәні бар. Сондықтан жалпылық, жекелік- құбылыс қатынатарының тағы бір негзгі қырларының бірі. Бір тектен өрбіген сансыз көп құбылыстарды тұтас етіп тұратын нәрсе бар екендігін адамдар өз тәжірибесінің ең қарапайым дәрежесінде байқаған. Уақыт өте келе ол түсініктердің де мазмұны толығымен өзгере береді; бірмәнділік, біртектілік түрінде де, біркелкілік түрінде де көрініп адамдар санасында байқалады.

      Біздіңше, мән мен құбылыс арақатынасының күрделі екендігін осы жалпылықтың, жекеліктің ішкі және сыртқы түрлерінен де көруге болатынын ескерген жөн. Нақтырақ айсақ, абстрактілік жалпылық және оның жекелікке қатынасы алуан түрлі құбылыстардың іс-әрекеті (әрекет немесе әрекетсіздік) ашылатын ең алғашқы, ең сыртқы түрі ол қылмыстың бір-біріне ұқсастығы, біркелкілігі. Дәлірек айтсақ, сыртқы белгілерінің біркелкілігі сыртқы ұқсастық.

      Қылмысты  саралаудың логикалық негізіне тоқталсақ, саралаудың логикалық негізіне зерттеу жүргізу үшін, ең алдымен қылмысты саралаудағы таным, яғни танырлық баға беру процесін талдауымыз қажет. Яғни, логикалық негіздің әуелгі басынан талдауды бастасақ, алғашқы мәселе таным төңірегінде өрбиді. Таным мәселес философия мазмұнында түбегейлі орын алатын үлкен мәнді иеленетін, материализмен идеализм арасындағы шиеленіскен күрестің арқауына айналған мәселе. Оның басты себебі танымның қайшылыққа толы күрделі процесс екендігінде.

      Бірақ, қылмысты саралауда эмпиризмдік  таным өзіне спецификалық тәсілді, арнайы құрамды жүзеге асырмайды, құқықтық норманы қолдану кез келген сатыда әдістемелік танымды жүзеге асырады. Қылмысты саралаудың заңдылық

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттентәсілі формальды-догматикалық әдісі тану құқығын құрайды.  Қылмыстық заңды қолдану эмпиризмдік дәреже абсолютті фактіде істің мән-жайында маңызы ерекше зор.

Қылмысты саралау танымды бағалау процесі болып табылады; Құқықтық бағанң объективтік құрылымда қалыптасуы іс-әрекеттің

саралауында айқындалады және қылмыстық құқықтық норма қоғамға қауіпті іс-әрекеттің саралауын анықтайды;

Қылмысты саралаудың танымдық әрекеті тәжірибелік іс-әрекетте байқалады. Сондықтан қылмысты саралаудың әдістемелік негізі танмдық бағалау процесінде жүзеге асырылады.

Танымдық қылмысты саралау процесінде спецификалық таным процесін жүзеге асырады [22,40б].

     Біздіңше, эмпиризмдік жағдайда таным тәсілі міндетті түрде теориялық тануды бейнелейді. Эмпирикалық таным тек  бір ғана сезімдік қабылдауға келіп  тірелмейді. Объектілерді байқағанда және олар мен эскперимент жасағанда зерттеушілер белгілі бір ойларды басшылыққа алады. Екінші жағынан теориялық таным тек абстракцияларды пайдаланумен ғана шектелмейді. Ғылыми теориялар туғыза отырып, қылмысты саралауда эмпириялық жолмен анықталған шындық негізге сүйенеді. Біздің пікірімізше, қазіргі жағдайда таным теориясы ретінде қылмысты саралауда материалистік диалектиканың тәжіриблік рөлі және теориялық рөлі арта түскеніін көріп біліп отырамыз. Логикалық тұрғыдан қарағанда, кез келген заңгер істің алғашқы саралау кезеңін бастағанда тікелей логика нысанымен жүзеге асырады. Ал, құқықтық гипотеза нормасы әрқашанда логикалық тұрғыдан диспозициямен, санкциямен байланысты. Барлық құқықтық нормалар логикалық тұрғыдан тиянақты, сөзсіз, болжамсыз және шартты саралауды жүзеге асырады. А.А. Старченко: «Қазіргі жаңа ғасырдағы құқықтық әдебиеттерде деонтикалық, логикалық, норманы мазмұны ұқсастық деонтикалық операторлар арқылы «міндетті», «тыйым салынған», сыныптарды анықтайды» - деді. Сондықтан сынып нормасы белгілі бұйрық арқылы бұйрық техникалық, грамматикалық норманы бекітеді. Логикалық тұрғыдан қылмысты дұрыс саралауда онтологиялық, гаосеологиялық, логикалық мағынасы бір-бірімен тығыз байланыста болады [30,43б]. Жоғарыдағы көрсетілген пікірлердің мазмұны жағынан әр түрлі болғанымен, бағыттары бір мағынаны көрсетеді. Біздің пікірімізше, логикалық, философиялық қылмысты саралау өз алдында дедуктивтік және индуктивтік шартты жүзеге асырады, сонымен қатар қылмысты саралау динамикалық аспектіде силлогизмді бенелейді. Мәселен, сот, прокуратура, жауап алу, тергеу органдарында логика нысанына мән бермеудің белгілі қасиеттер диалектикалық таным тәсіліне мән бермегендіктен пайда болады. Бұл көбінесе қылмыс құрамының белгілерін дұрыс анықтамаудан кездеседі.

           Қылмысты саралау және объективтік кезеңі. Қылмысты саралаудағы объективтік шындыққа байланысты үлкен дау туады. Объективтік шындық сот өндірісінде бар болса, біріншіден (философиялық түсінікте)

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен

қайсы бағытта сипатталады (салыстырмалы, абсолютті, объективтік). Екіншіден адамзат ойының, яғни заңгердің (танымдық баға беру) шындығы сот үкімінде көрсетіледі ме? Деген қарама қайшылықтар орын алады. Заңгерлердің бір тобы «шындық» тек философиялық категорияда ғана орын алады, - десе, екінші тобы қоғамда адамның тәжірибелік қызметінде қалыптасып, дамиды деген пікірді жоққа шығарады. Сонда олардың тұжырымдауы бойынша,сот істі қараған кезде, «шындықсыз» кінәнә анық мәлімдемейді. Әрин, бұл пікір ұғымды, дұрыс айтылған пікірлермен сыйыса алмайды. Тергеу, прокуратура, сот органдарының әрекеті белгілі объективтік шындықты қажет етеді. Объективтік шындықсыз сот ешқандай істі өз мақсатында жүзеге асыра алмайды. Сонда, қылмысты саралауда объектитвік шындықтың қажеті бар ма, әлде жоқ па? Бұл тұрғыда, объективтік шындыққа диалектикалық тұрғыдан қарау керек. Ендеше диалектиканың заңы бойынша шындықтың ілгері басуы оның өз бойынша іштей пісіп-жетіліп объективке айнала бастауынан туындайды. Әйтпесе шындықтың өзінде қайшылас пайда болып қылмысты саралауда іштей өзгерістерге ұрындыруы мүмкін. Бұл арада біз М.С. Строговичтің, «Материалдық шындықтың түсінігі белгілі қылмыстық істің негізінеқатысты қалыптасып айқындайды, бірақ қылмысты саралау мәселесінде құқықтық баға бере алмайды» деген пікіріне жүгінеміз [31,64б]. Осы пікірге ұқсас пікірді басқа да ғалымдар сынға алды. Жоғарыдағы пікірмен В.Н. Кудрявцев келіспейтінін білдіре отырып, төмендегі тұжырымға келеді. Заңгер біріншіден, қылмыстық заңды дұрыс қолдануды пайымдайды. Тергеу, прокуратура, сот органының объективтік шындықты бағалау жүйесі үш түрлі элементтен түрады:

     а) істің мән-жайы белгісі шындыққа,  ақиқатқа негізделеді;

     б) қылмыстық құқықтық норманың мазмұны  көрсетіледі;

     в) қарастырылған қылмыстық құқықтық норманың белгілері іс-әрекеттің  шындыққа негізделген белгілернің арақатынасы көрсетіледі, «а» және «б» элементтері  қылмысты саралауда маңызы зор. Кез келген заңгердің шындыққа негізделген іс-әрекетінің мәні диалектикалық қайшылыққа тап болып күреске бейім тұрады. Осыған орай, шындыққа негізделген істің мән-жайы нағыз объективтік шындықтың төңірегінде өрбиді. Сондықтан бұл мәселен шешу үшін объективті шындықтың болашағы қандай жолдар мен белестерден өтеді, оның дамуы қалай қалыптасады деген ойға келіп тіреледі. Бұл жерде объективтік шындық, адамдардың тәжірибелік іс-әрекетінің  негізінде түсіндіріледі [27,51б]. Бұл шешім дескриптивтік деп аталады (дескриптивтік деп- пікір айтуды айтамыз). Шынында да сан ғасырлар бойы орын алып келген объективтік шындықтың пайда болу негізін толық дәлелдейді. Мысалы, дескриптивтік: «А. қасақана мылтық пен атып адамды өлтіреді» бұл арады дескриптивтіке «шындықты нақты дәлме дәл жеткізіп айту».

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен

Алайда «заңгерлер жеке адамдардың әрекетінде немесе әрекетсіздігінде қылмыстың нақты құрамының барын анықтауды, қылмысты дұрыс саралауды, іс әрекетте құқыққа қайшы және қоғамға зиянды мән-жайлардың бар екендігін дұрыс белгілеуді, т.б. негіздерді қараған кезде объективтік ақиқатты басшылыққа алуы қажет». Шынында да, іс әрекетті пайымдап ойлап, объективтік шындыққа негіздеп диалектиканың заңына байланыстырып, қоғамдық тәжірибелік өмірімен ұштастыра отырып, тереңінен ашып көрсету түптің түбінде жетістікке әкеледі. Сот тергеуінің ерекшілігі расында да , белгілі гнеосологиялық талапты елемеу материалдық құқықтық және процесуалдық заңда көзделетін ықтимал құбылыс. Процесуалдық құжатта объективтік шындықтың  жүзеге асырылуын бейнелейтін болсақ, ендеше қылмысты саралау қылмыстық құқықтық нормалармен белгілі мән-жайдың байналысын бейнелеумен сипатталады. Алайды, философиялық тұрғыда норма мен белгілі шындық, ақиқаттың байланысы жалпы мен жеке категория ұқсас. Яғни, норма мен шындық қылмысты саралауда бір-бірімен қатысты, байланысты ішкі, сыртқы белгілерінің ұқсастықтары арқылы эмпирикалық логикаға енеді. Норманы бағалау және олардың объективтік белгісі анықталса, дұрыс масштабы бағалау шындығы тәуелсіз бағалаусыз объектіде жүзеге асырылады. Бұл көзқарас философиялық тұрғыда орнын табады. Ал құқықтық мағынады шындыққа негізделген норманың байланысы құқықтық қатынаста қалыптасады. Зерттеліп отырған қатынасты жан-жақты даму үстінде қарастыру үшін дескриптивтік әдіс қолданылады. Мысалы, «А. тікелей қасақаналықпен құқыққа қарсы Б. өмірінен айырады, демек ҚК көзделген баппен адам өлтіреді».  Жоғарыда айтылғандай, толық ілгіріде шындық немесе жалған категориясы пікір алмасуда. Ғылыми теорияда және тәжірибеде жүйелі құрылымдық әдісінің қылмысты саралауда шындыққа негізделу, заңдалақтардың даму, мән-мағынасын ашу маңызы зор. Мәселен, «шындық» құқықтық аймақтарда адамдардың құқық бұзушылығын өзара қамтамасыз етеді және шындық философия, логика, психология сияқты ғылым салаларымен тығыз байланысты. Алайда, В.Н. Кудрявцев өз пікірін орынды ұсынды. «Құқықтық бағасыз шындыққа негізделген қылмысты саралауда, заң талаптары бұлжытпай орындалады», - дейді. Біздің пікірімізше,объективтік шындық білім іс-әрекеттің ішінде пайда болып, жаңа жағдайда қалыптасып, өсіп жетіледі. Егер шындықты пайда болып, қалыптасқан күйінде, бүгінгі жағдайда зерттесек, оның қандай әдістерден туындағанын, қазіргі мәнін айқындаймыз. Сонау көне замандағы философиядан бастап, ойшылдар өмір шындығының осы жағына ерекше назар аударып, талдау жасады, оның мәнін ашуға ұмтылды. Сондықтан да бұл мәселені шешу объективтік шындықтың қандай жолдар мен белестерден өтеді, оның дамуы қалай қалыптасады деген диалектикалық ойға келіп тіреледі. Бұл жерде шындық тергеу, сот, прокуратура қызметкерлерінің тәжірибелік іс-әрекетінің де негізінде түсіндіріледі. Тек қана адамдардың тәжірибесі арқылы мәні ашылып, жүзеге асуына жағдай жасайды. Сондай-ақ сот өндірісінде қылмысты саралау процесінде

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен

адамдардың өндірістік материалдық қызметіне сүйене отырып, қоғамдағы қылмыстарды алдын ала анықтап, объективтік шындықты ғылыми негізде айландыруымыз керек, яғни шындықты материалистік диалектиканың басқа да категорияларын бүгінгі қоғамдық дамудың өзекті мәселелері мен тығыз байланыстырып, дүниетанымның теориялық құралы ретінде пайдалануымыз қажет. Бұл арада біз А.В. Наумов пен А.С. Новиченконың шығарған қорытындысына жүгінеміз. Бірінші, соттың қылмысты саралаудағы қорытындысы шындықтың бөлшегін құрайды. Екіншіден, қылмыстық әрекетті дұрыс құқықтық бағалау объективтік шындық көрінісі болып табылады. қылмыстық саралаудағы шындық объективтік және субъективтік шындықты сипаттайды. Кез келген қылмысты саралау «болжамдылыққа» танымдық ретінде айқандалады. Сонымен қатар, қылмысты саралаудағы «шындық» механикалық топтастыруда объективтік, абсолюттік, салыстырмалы, диалектикалық шындықты айқындайды [22,58-59б]. 

Рефераты на Stud24.ru

Войти Поиск Новые рефераты Задать вопрос На сайте 209615 рефератов

Список предметов Криминология $$$ 3 Қазақстанда қылмысты саралауДата добавления: 11 Октября 2011 в 18:05Автор: Пользователь скрыл имяТип работы: курсовая работа Скачать полностью (116.11 Кб)Работа содержит 1 файл Скачать  Открыть 

Раздел 3.01 кылмысты саралау.doc  —  483.00 Кб

1.4 Қылмысты саралау процесінің кезеңдері 

        Қылмысты саралау процесі іс-әрекеттің  күрделі логикалық заңына бағынатын  және қылмыстық іс қозғау процесінің  барлық кезеңдерінде орын алатын  саралау көрінісі. Қылмысты саралау теориясында ғалымдар саралаудың қылмыстық іс қозғаудың кезеңдеріне байланысты көптеген пікірлерін ұсынды. Мәселен, В.Н. кудрявцев: «Қылмысты саралау процесі қылмыстық іс қозғаудың сатыладында ең маңызды негізгі орынға ие», [5,209б]- десе. Б.А. Куринов, қылмысты саралау процесін үш топқа бөліп қарастырды, біріншіден, жасалған іс-әрекеттің қылмысқа және құқық бұзушылыққа қатысы бар ма, жоқ па соны анықтау қажет; екіншіден, қылмыстық іс-әрекеттің түрлік белгірерін анықтау керек, ал үшіншіден, қылмыстық іс-әрекеттің қосымша белгілерін сәйкестендіру қажет, - [9,55б] дейді. Қылмыстық құқықтық нормасын айқындамай қылмыстық іс-әрекетті қылмыс деп айта алмаймыз.

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен      А.В. Наумов пен А.С. Новиченконың пікіріне жүгінсек, қылмысты саралау процесін қылмыстық іс қозғау сатыларына байланысты үш кезеңге бөліп көрсетеді. Біріншіден, белгілі іс-әрекеттің мән жайын фактіге негіздеп, қылмыстың құрамының объективтік және субъективтік, объектісін және субъектісін талдау қажет және осы айтылған қылмыс құрамының элменеттерін құрайтын белгілердің жиынтығын айқындау қажет. Екіншіден, қоғамға қауіпті жасалған іс-әрекеттің қылмыстық кодекстің нормаларына негізделуін анықтау қажет. Үшіншіден, құқыққа қайшы және қоғамға қауіпті іс-әрекеттің қауіптілігінің мөлшерін және қылмыс құрамының белгілерінің ұқсастығын анықтауымыз керек. Жоғарыда айтылған пікірлерге қарама-қайшылықты жағдайларда кездеседі. Қылмыстық құқық саласында осы уақытқа дейін қылмысты саралау процесінің мазмұны туралы дәлме-дәл анықтама орын алған жоқ [22,31-36б].

      Біздің  ойымызша, Б.А. Куриновтың тұжырымымен үзілді-кесілді келісу қиынға соғады, өйткені қылмысты саралау процесінің үш тобына бөлу түсінігі нақты бір көрініске немесе іс-әрекетке қарап заңсыз ұғым беру мәнсіз дегені дұрыс сияқты. Осыған орай, А.В. Наумов пен А.С. Новиченконың қылмысты саралау процесін кезеңдерге бөліп қарастырған тұрпаты дұрыс, бірақ-та ол ұғымдардың кейбір тұстары қылмыстық кодекстің немесе басқазаңдардың қатаң талаптарына сыйыспай жатады. Толық түсінік пен құқықтық нақтылық жоқ. Саралау процесі ғылым саласында және тәжірибе тұрғысында да бастапқы негізден қорытынды негізге ауысып отырады. Бастапқы негіз дегеніміз – ғылым саласынан көрініс табатын іс-әрекеттің белгілерінен қорытындылап талдау жасау арқылы қылмыстыққұқықтық нормамен дәлме-дәл сәйкестендіру болып табылады. қорытынды негіз дегеніміз – қылмысты саралаудың өзі, ең соңғы кезеңі,яғни қылмыскердің іс-әрекетті бағалап жаза мөлшерін тағайындап, үкім шығару. Бастапқы негіз бен қорытынды негіз логикалық аспектіде жүзеге асырылуы маңызды орынға ие. Қылмысты саралау процесі – қылмысты іс жүргізу кезеңінің барлық сатысында қолданылады. Қылмыстық іс жүргізудегі қылмысты саралау қылмыстық іс қозғаудан бастап соттың шешіміне дейін жүргізілетін әрекеттер болып табылады. қылмысты саралаудың маңызы логикалық  проецтің қорытындысымен жинақталатын әрекеттер. Қылмысты саралаудың ұқсастық, яғни құқық бұзушылықтардың (азаматтық,әкімшілік, тәртіптік) құқықтық қатынастар мен тығыз байланысты. Қылмысты саралаудың қылмысты іс жүргізудегі қорытынды негізгі қоғамға қауіпті іс әрекеттерді қылмыстық құқықтық Ерекше бөліміне кейбір жайдайларды Жалпы бөліміне сілтеме жасауы болып табылады. қарастырып отырған тақырыбымызға тікелей қатысы бар қылмыстық іс жүргізудің негізгі бөлімі болып саналатын қылмыстық іс қозғау сатысын ипаттауға тырысайық. Қылмыстық іс жүргізудің бастапқы сатысы, қылмыстық іс қозғауды бастау үшін ең алдымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 177-бабында көрсетілген қылмыстық іс жүргізу себептерінің бірі болуы қажет. Яғни, қылмыстық іс қозғауға мыналар себеп болады:

1. азаматтардың арыздары; [ҚІЖК 178-бап]2. кінәсін мойындап келу; [ҚІЖК 179-бап]

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен

3. мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару қызметін атқарып отырған адамның хабарламасы; [ҚІЖК 180-бап]

4. бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар; [ҚІЖК 181-бап]5. лауазымды адамдардың және қылмыстық іс қозғауға құқық берілген

органдардың қылмыс туралы мәліметтерді тікелей анықтау. [ҚІЖК 182-бап] Қылмыстық іс қозғауға қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән жайлар болмай, қылмыс белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болуы негіз болып табылады. Қылмыстық іс қозғаудың себептері ҚР ҚІЖК 183-185 баптарында берілген танымдық жағдайларды ескеретін қылмыстық іс жүргізудің бастапқы сатысының негізі болып табылады. Сөйтіп, қылмыстық і қозғау сбептерінің болуы, іс жүргізудің осы сатысын жүргізуге заңды негіз бар екенін де көрсетеді. Қылмыстық іс қозғау қылмыстық іс жүргізудің дербес сатысы болғандық, ол қылмыстық іс бойынша міндетті түрде болуы тиіс. Қылмыстық іс жүргізу кезеңдегі қылмыстық іс қозғау тәртібі [ҚІЖК 186-бап], яғни жоғарыда көрсетілген себептер мен негіздер болған кезде анықтаушы,анықтау органы, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, прокурор қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шығарады. Қаулыда: оның шығарылған уақыты мен орны, оны кім жасағаны, іс қозғаудың себептері мен негіздері, ол кімге қатысты қозғалып отырғаны, белгілер бойынша іс қозғалып отырған қылмыстық заңның бабы, сондай-ақ істің бұрын былайғы бағыты көрсетіледі. Қылмыстық іс қозғау туралы қаулының көшірмесі жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорға жіберіледі. Қабылданған шешім туралы арыз берушіге және өзіне қатысты іс қозғалып отырған адамға оғын қылмыстық ізге түсудің басталуына байланысты құқықтар мен міндеттерді түсіндіре отырып хабарланады. Егер қылмыс жасаудан шеккен адам белгілі болса, қылмыстық іс қозғаумен бір уақытта ол жәбірленуші деп танылады, ал егер қылмыс жасалғаны туралы хабармен бірге азаматтық талап қойылса, онда бұл адам сонымен қатар азаматтық талапкер деп танылады. Қылмыстық іс қозғауға негіздер болмаған кезде қылмыстық ізге түсу органы қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады. Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулының көшірмесі жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорға және арыз берушіге жіберіледі. Бұл ретте арыз берушіге  құқықтары мен қаулыға шағымдан туралы түсіндірілуге тиіс [ҚІЖК 187-бабы].  Қылмыстық ізге түсу органының қылмыстық іс қозғалғаннын кейінгі іс әрекеті [ҚІЖК 189-бап] прокурор істі алдын ала тергеу мен анықтау жүргізу үшін тергеушіге немесе анықтау органына жібереді, тергеуші алдын ала тергеу жүргізуге кіріседі, алдын ала тергеу жүргізу міндетті болып табылатын істер бойынша анықтау органы шұғыл тергеу іс-әрекеттерін орындағаннан кейін істі алдын ала тергеу ісін жүргізуге жібереді. [ҚІЖК 285-бабында] аталған қылмыстар туралы істер бойынша анықтау жүргізеді. Прокурор қылмыстық іс қозғаудың заңды болуын қадағалай отырып: біріншіден, анықтау органының немесе тергеушінің қылмыстық іс қозғау туралы қаулысының күшін жоюға және қылмыстық істі қозғаудан бас тартуға; екіншіден, анықтаушының, анықтау органының немесе тергеушінің қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулысының күшін жоюға және қылмыстық істі қозғауға; үшіншіден, анықтаушының, анықтау

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенорганының немесе тергеушінің қылмыстық іс қозғау туралы қаулысының күшін жоюға және қылмыстық іс бойынша тергеу іс-әрекеттері жасалған болса, оны тоқтатуға құқылы. [ҚІЖК 190-бап] Қылмыстық істер жөніндегі алқадан мысал келтіретін болсақ, іске қатысты нақты мән-жайлар объективті түрде зерттелмей сотталушыға ҚР ҚК 96-бабы, 2-бөлігінің «и» тармағымен ақтау үкімі асығыс шығарылған. Сот үкімі бойынша Б. 2001 жылы 31 желтоқсанда Жаңатас қаласында топтасқан төбелеске араласып, бұзақылық жасап, өзіне таныс емес Н. Себепсіз ұрып, оған жеңіл дәрежедегі дене жарақатын түсірген. Аппеляциялық наразылықта сотталғанның кінәсі тергеудегі айыбын мойындаған жауаптарымен, басқа дәлелдермен толық негізделген деп көрсете келе, үкімді өзгертіп, оның әрекеттерін ҚК 103- бабының 3-бөлігімен дәрежелеп, түпкілікті жазаны ҚР ҚК 58- бабының 3-бөлігімен тағайындауды сұраған. Аппеляциялық шағымында жәбірленушінің қорғаушысы сот істі бір жақты қарап, сотталғанның тергеуде шешесі мен адвокаттың берген жауаптарына сотта өткізілген сараптамаға дұрыс баға бермей, Б. ҚР ҚК 96- бабымен негізсіз ақталған деп үкімді бұзып, істі қайтадан сот қарауына жіберуді сұраған. Сонымен Жоғарғы Соттың Қылмыстық істер жөніндегі алқасы сот үкімі төмендегі жағдайға байланысты бұзылуға жатады деп шешті. ҚР ҚІЖК 24-бабының 4- бөлігінің талабы бойынша айыпталушының әшкерелейтін де, ақтайтын да сондай-ақ  оның жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар іс бойынша анықталуға жатады. Іс бойынша көптеген деректер тексерілмей,  анықталмаған мәселер болғандықтан, Б. ҚР ҚК 96-бабы 2- бөлігінің «и» тармағы мен ақтау үкімі асығыс шығарылған [32,7-8б].

      Қазіргі қылмыстық іс жүргізу туралы заң  әдебиеттерінде қылмыстық іс қозғау сатысының қылмыстық іс жүргізудің дербес және бастапқы сатысы екендігіне ешкім дау айтпайды. Алайда оның аралық шегі әлі де болса нақты  анықталған жоқ, тіпті жалпы қылмыстық  іс жүргізу қызметінде оның бастапқы кезеңі төңірегінде кереғарлықтар байқалады. Мұндай ұйғарымдарда сөз жоқ, егер ҚР ҚІЖК 184- бабының негізінде жүзеге асырылатын жұмыс қылмыстық іс жүргізудің шеңберінен шығып кететін жағдайда қылмыстық іс қозғау сатысында қандай процесуалдық емес әрекет жасалады деген сұрақ туындайды.

      Сотқа келіп түскен қылмыстық іс бойынша  соттың төрағасы немесе оның тапсыруы бойынша басқа судья істі сотта  іс жүргізуге қабылдау туралы мәселен  шешеді. Судья келіп түскен іс бойынша: басты сот талқылауын тағайындау туралы, істі қосымша тергеуге қайтару туралы, іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы, істі сотталуы бойынша жіберу туралы, істі тоқтату туралы, қылмыстық істерді біріктіру туралы шешімдердің бірін қабылдайды. Шешім іс сотқа келіп түскен сәттен бастап, бес тәуліктен кешіктірілмей қабылдануға тиіс. [ҚІЖК 299-бап] ҚІЖК 368- бабына сәйкес,  Қазақстан Республикасындағы соттар Қазақстан Республикасы атынан үкім шығарады. ҚІЖК 369- бабына сәйкес, шығарылған үкім заңды және негізді болуға тиіс, егер үкім заңның барлық талаптары сақтала отырып және заң негізінде шығарылса, ол заңды болып танылады. Егер үкім сот отырысында сотқа ұсынылған дәлеледемелерді жан-жақты және объективті зерттеу негізінде

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттеншығарылса, ол негізді деп танылады. Қылмысты дұрыс саралаудың  ең маңызды орны қылмысты іс жүргізу сатысының ең соңғы кезеңі сот үкімінде айқын көрінеді. Өйткені жаза мөлшерін кінәліге тағайындауда  қылмысты саралауда атқартын рөлі ерекше. Сот үкім шығару кезінде төмендегідей мәселелерді шешеді: жасалуына сотталшы айыпталып отырған әрекеттің орын алғаны дәлелденді ме, бұл әрекет қылмыс болып таныла ма және ол нақ қандай қылмыстық заңда көзделген (бабы, бөлігі, тармағы),соталушының бұл әрекетті жасағаны дәлелденді ме; сотталушы бұл қылмыстың жасалуына кінәл ме; оның жауаптылығы мен айыбын жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар бар ма; сотталушы жасаған қылмысы үшін жазаға тартылуға тиіс пе; сотталушыға қандай жаза тағайындалуға тиіс; жаза тағайындамай үкім шығару үшіннемесе жазадан босатуға не қылмыстық жазаны өтеуді Қазақстан Республикасының Қымыстық кодексі 72- бабында және 74- бабының 2-бөлігінде көзделген жағдайларда кейінге қалдыру туралы негіздер бар ма; бас бостандығынан айыруға сотталушы түзеу немесе тәрбие беру мекемесінің  қандай түрі мен режимдегсінде жазасын өтуге тиіс; азаматтық талап арыз қанағаттандыруға жата ма, кімнің пайдасына және қандай мөлшерде, сондай-ақ егер азаматтық талап берілмесе, мүліктік зиян өтелуге жата ма; азаматтық талап арызды немесе ықтимал тәркілеуді қамтамасыз ету үшін тыйым салынған мүлікті не істеу керек; заттай дәлелдемелерді не істеу керек, т.б. мәселелер көзделген [ҚІЖК 371-бап]. Сонымен қатар ҚІЖК 434,446,459,476 т.б. баптары қылмысты саралауда ерекше көрініс табады. Қылмысты саралауда қылмысты іс жүргізу заңын дұрыс қолданбау қылмыскерге қылмыстық жауаптылық мәселелерін шешуде және қоғамда қауіпті құқыққа қайшы іс-әрекеттің сипатын белгілеуде, жаза мөлшерін анықтауда кері әсер етеді. Қылмыстық заңды дұрыс қолданбау [ҚІЖК 436- бабында көрсетілген] Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Жалпы бөлімінің талаптарын бұзса; Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің қолдануға тиіс болған бабынан басқасын немесе бөлігін (тармағын) қолданса; Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабының санкциясы мен көзделген жаза мен салыстырғанда неғұрлым қатаң жаза тағайындау қылмыстық заңды дұрыс қолданбау жолсыздықтары болып табылады. Істі қарау нәтижесінде жасалған әрекетке заң тұрғысынан баға дұрыс берілмеген деп танып, аппеляциялық сатыдағы сот қылмыстық сыныбын неғұрлым жеңіл қылмыстық жауаптылықта қарастыратын қылмыстық заңның бабына өзгертуге құқылы. Аппеляциялық сатыдағысот бұл негіздер бойынша айыптаушы және жеке айыптаушы, жәбірленуші, олардың өкілдері шағым (наразылық) берген жағдайда, бірақ тағылған айып шегінде ғана қаралған істің нәтиежелі бойынша неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға немесе неғұрлым қатаң жаза тағайындауға құқылы. ҚР Жоғарғы Соттың қадағалау алқасынан үзінді келтіретін болсақ, сотталушының әрекеті ҚР ҚК 52- бабында көрсетілген талаптарға сай келмейтіндіктен тағайындалған жаза мөлшері азайтылды. Сот үкімі бойынша Ж. (бірнеше рет сотталған) ҚР ҚК 24-бабы 3- бөлігі арқылы 120-баптың 3- бөлігінің «в» тармағымен 10 жылға бас бостандығынан айыруға, жазаны түзеу коллониясының ерекше режимінде өтеуге сотталған. Үкім бойынша Ж. 1997 жылы 16 шілдеде сағат 15-тер шамасында мас күйінде 11-жасар жас өспірім қызды зорлауға оқталғаны үшін

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенкінәлі деп танылған. Сотта сұралған жәбірленуші Ж. Үйге кіріп келіп, бірден мойнынан қылқындырып, айқайлаған кезде аузын басып, футболкасын көтеріп іш киімін шеше бастаған. Екеуі алысып жатқанда шешесі кіріп келіп, қызын құтқарған. Сотталған Ж. Қылмыстық әрекеттері, яғни өте жас қызды зорлауға оқталғаны сот барысында толықанықталып, өз дәлелін тапқан. Бұл тұрғыда оның қылмысы материалдық заңмен дұрыс дәрежеленген. Жәбірленуші жас қыз бен оның шешесі жала жауып тұр дейтін іс бойынша деректер жоқ, керісінше олардың жауаптары біркелкі, іс материалына басқа да деректерге қайшы келмейді. Сонымен қатар, қадағалау алқасы сотталған Ж. жаза тағайындағанда шамадан тыс қатал, ҚК 52-бабында көрсетілгенталаптарға сай емес деген пікірге келеді. Себебі, қылмыс ақырына дейін жеткізілмей, ауыр зардапқа соқтырылмаған. Бұл арада біз, қылмысты саралаудың қылмыс процесінің барлық сатысында көрініс табатынын білеміз [34,4-5б].

      Қылмыстық құқық теориясында қылмысты саралаудың кезеңдері үш топқа бөлінеді. Бірінші  кезең – қылмыс құрамының жалпы  белгілерін көрсете отырып міндеттейді. Екінші кезең – қылмыс құрамының  топтық белгілерін белгілеу. Үшінші кезең – қылмыс құрамының түрлік белгілерін айқандау болып табылады. сонымен қорыта келе, қылмысты саралаудың қылмыстық іс жүргізу сатысында атқаратын рөлі маңызды.   

1.5 Қылмысты  норма бәсекелестігі жағдайында саралау мәселесі 

     Қылмысты  саралау мәселесі теория бойынша да, тәжірибе тұрғысынана алғанда да, күрделі де маңызды мәселелердің бірі, себебі қылмыстық заңның тиімділігі де, бұл заң қолданылған адамның тағдыры да жасалған әрекеттің қалай сараланғандығына байланысты. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің нормаларын қолдануда заңсыздыққа жол бермеуіміз, маңызды мәслелелердің бірі. Мұндай жат қылықтарға, кемшіліктерге жол бермеу үшін сот тергеу материалдарына терең талдау жүргізіп, осы тұрғыдан әр түрлі теориялық пікірлерге толық, жан-жақты ғылыми талдау жасап, осы қылмыстан сақтандыруға негіз болатын ғылыми ұсыныстар жасау біздің  міндетіміз болып табылады.  Нормалардың мазмұнына көз жүгіртсек, жекеленген қылмыс құрамының ерекшеліктерін анықтау,яғни қылмыс құрамына заңдылық талдау жасау болып табылады. Тәжірибе саласында біртектес норманың екі немесе одан да көп қылмыста кездесетіні ақиқат.  Осыған орай қылмысты саралу қиындыққа келіп тіреледі оның анықтаудың қаншалықты маңызды екені өзінен өзі түсінікті. Норма бәсекелестігінде саралау мәселесін дұрыс анықтаудың өте маңызды  тәжірибелік, теориялық мәні бар (35,47б). Біріншіден, қылмыстық құқық норма бәсекелестігінің мазмұнына тоқталсақ, көптеген ғалымдардың тұжырымдары, пікірлері, ұсыныстары бар. Мәселен, В.Н. Кудрявцев, Б.А. Куринов, Н.М. Свидлов, В.И. Малыхин, А.А. Герцезтон, т.б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелген. И.Ш. Борчашвили, В.А. Сергиевский, С.М. Рахметов қылмыстық

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенқұқық норма бәсекелестігінің мазмұына қарай, толық анықтама берген. В.А. Сергиевскийдің пікіріне сүйенсек: «Қылмыстық құқықтық норма бәсекелестігі дегеніміз – белгілі бір жасалған бір қылмыстың белгілері Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің екі немесе одан да көп баптарының нормаларына сай келсе, яғни қылмыстың бір уақытта диспозициясының бірнеше қолданыстағы нормаларын қамтуын айтамыз»- деп дұрыс пікір айтқан. Б.А. Куринов: «Қылмыстық құқық теориясында қылмыстық құқықтың норма бәсекелестігі деп- бір ғана қылмыстың бір уақытта Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің әртүрлі баптарын қамтуы болып табылады» - [9,176б.] десе, В.И. Малыхин: «Нормалардың бәскелестігі деп- қоғамға қауіпті жасалған іс әрекеттің белгілерінің бірнеше қылмыстық құқықтық нормаларға сай келуі»- [10,35б] деді. Сол сияқты А.А. Герцензон: «Қылмыстық заңның екі немесе одан көп баптарының нормаларына жасалған қылмыс белгілерінің бар болуын норма бәсекелестігі дейміз», - деген тоқтамға келген. В.Н. Кудрявцевтің анықтамасына сүйенсек, қылмыстық құқықтық нормалардың бәсекелестігі деп- белгілі бір ғана қылмыс жасаған кезде (қылмыстың жиынтығынан, қайталанғанынан өзгеше), қылмыстық құқықтың нормалардың екі немесе одан да көп белгілеріне сай келуін айтамыз. Алайда, қылмыстық құқықтық теорияда қылмыстық құқық норма бәсекелестігінің мазмұнын құрайтын анықтамалар жөнінде әр түрлі пікірлер бар.  Жоғарыда көрсетілген әр бағыт өз алдына маңызды.

     Біздің  пікірімізше, қылмыстық құқықтық норма  бәсекелестігі белгілі жасалған бір ғана қылмыс белгілерінің ҚР ҚК Ерекше бөлімінің екі немесе одан да көп баптары диспозициясының  нормаларының сай келуін айтамыз.  Сот және прокуротур, құқық қорғау органдарының тәжірибесінде қылмысты саралау норма бәсекелестігі мен тығыз байланысты.  Сонымен  қатар, норма бәсекелестігіндегі саралауды айтуымыз үшін, норма бәсекелестігінің түрлерін толық қарастыруымыз керек. Қылмыстық заңның норма бәсекелестігі теориялық және тәжірибелік құқықта өзара жекеленген институт болып табылады. осыған орай, нормалар арасындағы басты мәселе бір қылмыстың бірнеше ұқсас нормаларға жатқызылуы. Бұл жерде олардың қайталанғыштығын көруімізге болады. Сонымен қатар өзгешеліктері де кездеседі, ал оларды айқындау біздің міндетіміз. Төмендегі мысалынан норма бәсекелестігін көре аламыз. Мысалы, К. деген ет комбинатының  бастығы басқа азаматпен мәміле жасайды. Мәміледе К. 459т. дайындалмаған етті артығымен жазып жібереді. Осыған орай, районның жоспар беруі 32 пайызға өседі, яғни К. өз қызметін, өкілеттігін қызмет мүдделеріне кереғар пайдаланады, оның бұл әрекеті пайда күнемдікпен және өзінің жеке басының мүддесі үшін жасалынып отыр, сонымен бірге құжатқа көрінеу жалған мәліметтер енгізіп отыр [5,243-252б].

     ҚР  ҚК төменде көрсетілген қызметтік жалғандық жасау және [314 бап], қызмет өкілеттігін теріс пайдалану [307 бап], яғни өзінің жеке мүддесі үшін мемлекетке зиян келтірді. Тергеушінің міндеті қылмыстық құқықтық норма бәсекелестігінің біреуін таңдау. Осы орайда, норма бәсекелестігінде саралау қызметі жүзеге асырылады. Қылмыстық құқықтық нормалардың  бәсекелестігі

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттеннормативтік құбылыс ретінде өте күрделі құрылым болып табылады. ол нормалар тығыз байланысты құрайды, сонымен қатар олардың бір бірінен айырмашылықтары да бар. Екіншіден, қылмыстық құқықтық нормалардың бәсекелестігінің түрлеріне келсек, қылмыстық құқық теориясында көптеген ғалымдардың пікірлері, ұсыныстары бар. Мысалы, В.Н. Кудрявцев норма бәсекелестігін мзмұны мен көлеміне байланысты екі түрге бөледі: 1) жалпы норма және арнайы норма; 2) бөлшек және толық нормалар. Ал, Б.А. куринов үшке бөліп қарастырады. Олар: 1) жалпы және арнайы; 2) арнайы норма; 3) толық және бөлшек норма. В.П. Малков қылмыстық-құқықтық норма бәсекелестігінің түрлерін алтыға бөледі: 1) жалпы және арнайы норма; 2) арнайы норма; 3) республикалық және одақтық мағынада; 4) әртүрлі одақтық республикадағы нормалар; 5) шет мемлекеттің қылмыстық заң нормасымен ұлттық қылмыстық заңның нормасы; 6) ұлттық қылмыстық заң нормасымен халықаралық құқық нормасы. Н.М. Свидлов норма бәсекелестігінің екі түрін көрсетеді: 1) жалпы және арнайы норма; 2) толық және бөлшек норма; В.И. Малыхин норма бәсекелестігінің жеті түрін көрсетеді. В.И. Малыхин профессор В.П. Малковтың пікірін құптайды және өзінің жетекші норма бәсекелестігінің түрін ұсынады: 1) жалпы және арнайы норма; 2) арнайы норма; 3) толық және бөлшек норма;  4) әртүрлі одақтық республикадағы нормалар; 5) шет мемлекеттің қылмыстық заң нормасымен ұлттық қылмыстық заңның нормасы; 6) ұлттық қылмыстық заң нормасы; 7) жалпы одақтық заңдар нормасы және  республикалық норма. Біздің ойымызша, В.Н. Кудрявцевтің ұсынған пікірі дұрыс. Үшінші түрі арнайы норманы бөліп қарастырмасақ болады, өйткені норма бәсекелестігінің көлеміне қарай жалпы және арнайы норма өздігінен болады. Мысалы: Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-бап)- жалпы норма болып есептелінеді. Мәселен, түсінігі толықмағынада көрсетіліп тұр, ал [314 бап] қызметтік жалғандық жасау- арнайы норма, тек қана қызметтік жалғандық жасаудың белгілері ғана көрсетіледі. В.И. кудрявцев, логикалық тұрғыда қылмыстық-құқықтық норма бәсекелестігінің бірінші түрі арнайы және жалпы норма логикалық қарым қатынасқа бағынады. Бұл қарым қатынастар күнделікті сөзімізде көп кездеседі. Мысалы, заңгер тергеуші- заңгер, бірақ кез келген заңгер-тергеуші емес, яғни бұл мысалдан логикалық тұрғыны көруімізге болады. Нормаларға олардың мазмұны бойынша бәсекелестікке [қарақшылық, 179-бап] пен [қасақана денсаулыққа зиян келтіру, 103-бап] нормаларын мысалыға келтіруімізге болады. Қарақшылық бабы бойынша белгілі норма мазмұнын толық қамтыса, қасақана денсаулыққа зиян келтіруде норма оныңкішкене бөлшегін қамтиды. Мәселен, жоғарыдағы мысалды жалғастырсақ, менің танысым тергеуші бұл толық, ал оның «жауап алуға құқығы бар» - оның бөлшегі. Ал Малыхин  жалпы және арнайы норманың бәскелестігінің әр түрлігін төртке бөліп айқындайды: а) [қарақшылық, 179-бап], яғни бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшырған адамның өмірі мен денсаулығына күш көрсетсе , екіншісі [103-бап] денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірсе- бірінші [179-бап] қылмыстық құқықтық норма өз мазмұнын толық қамтиды, екінші қылмыстық құқықтық норма тек қана белгілі бір бөлшегін қамтиды, алғашқы жалпы сипатта, соңғысы арнайы сипатта. б) белгілі бір көрсетілген баптың тармақтарына байланысты норма бәсекелестігі сараланады. Мәселен,

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен[ұрлық 175-бап], ұрлықтың екінші бөлігінің, бірінші тармақшасы адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша. Бірінші бөлігінде ұрлықтың негізгі құрамы көрсетілген, яғни жалпы норма екінші бөлігінің тармақшасында құрамның саралануы көрсетілген, яғни арнайы норма, в) әр түрлі бапта көрсетілген белгілі қылмыс құрамының сараланған және олардың бір-бірімен негізгі бәсекелестігі, мәселен [96-бап] адам өлтірудің негізгі құрамы қамтылады, яғни жалпы норма, ал [97-бап] жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі, арнайы норма, г) негізгі құрам бәсекелестігі ауырлататын жағдайдағы мән-жайлар құрамының бәсекелестігі. Мәселен, жалпы норма 96-бап, арнайы норма 96- баптық 2- бөлігінің 13- тармағы. Ал, екінші түрі арнайы норма бәсекелестігін Малыхин екі түрге бөліп қарастырады, сонымен қатар саралану ережесін айқандайды: сараланған екі құрамның бір-бірінің бәсекелестігі, ауырлататын мән-жайда ауыртпалықтың әр түрлігі. Жасалған қылмыстың барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі әділ зерттеу жөніндегі заң талаптарын дұрыс орындау норма бәсекелестігінің ерекше көрінісі болып табылады. Сараланған екі құрамның бәсекелестігін төмендегі мысалдан көруімізге болады. Мысалы: ұрлық 175-бап 2-бөлігінің а-тармағы бойынша, осы баптың в-тармағы тұрғын қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қойма заңсыз кірумен жасалған ұрлық.  Қылмысқа келетін зардап, ал 103-баптың 2-бөлігі а-тармағы денсаулыққа қасақана зиян келтіру, екі немесе одан да көп адамға қатысты, өлімге әкеп соқса. Сараланған екі құрамының бір-бірінің бәсекелестігін ауырлататын және жеңлдететін мән-жайлар болса, олардың ауыртпалығының  жеңілдігінің әр түрлігі сипатталады. Қылмыстық құқықтық теорияда және сот тәжірибесінде қылмыстық құқықтық норманың арнайы бәсекелестігі төмендегі категориядан тұрады: қылмыстық іс-әрекет қылмыстық құқықтық нормада жеңілдетілген мән-жайлар мен саралануы керек. Оның пікірін 1924-1977 қабылданған Жоғарғы Соттың мәжілісінің қаулы жинағы мақұлдайды. Қылмыстық құқық нормалардың коллоизиясын айқындайтын болсақ коллизия, яғни қарама-қарсы күштердің, талаптардың немесе мүдделердің қақтығысуы.

Рефераты на Stud24.ru

Войти Поиск Новые рефераты Задать вопрос На сайте 209615 рефератов

Список предметов Криминология $$$ 4 Қазақстанда қылмысты саралауДата добавления: 11 Октября 2011 в 18:05Автор: Пользователь скрыл имяТип работы: курсовая работа Скачать полностью (116.11 Кб)Работа содержит 1 файл Скачать  Открыть 

Раздел 4.01 кылмысты саралау.doc  —  483.00 Кб

     Коллизия  –екі немесе одан да көп нормаға  тәуелді түрде, нақты ресмиленген  факті болып табылады. коллизия норма арасындағы

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенолардың келісімінсіз тұрпаты. Нормалар бәсекелестігінде коллизия ұғымы кездеседі. Бұл тұрғыда бір норма- екінші нормаға ұқсас емес, тіпті үшінші нормаға да ұқсамайтын әрекетін саралау. Нақты заң бойынша жалпы нормалар мен арнайы нормалар арасында дұрысын тандай, ескерілмеген. Сондықтан, бұл жерде оны қалай таңдау керек деген сұрақ туады. Әрине теория көмекке келеді. Яғни біз арнайы норманы қолданамыз. Жалпы норма коллизияда теріс салдары үшін резервте тұрады. Тәжірибе тұрғысында арнайы норманы қолдану барлық уақытта өзін-өзі ақтайды. Егерде арнайы нормалар өзара бәсекеленсе онда өкілеттік жеңілірек жаза көрсетуші нормаға көбірек көңіл бөлінеді, яғни ізгілік қағидасымен айқандалады [36,55б]. Қазіргі норма қарау барысында көбінесе ауырлататын мән-жайлар мен жеңілдететін мән-жайлар өзара бәсекеге түседі. Мысалы, адамды аффект кезінде өлтіру (98-бап) болса, бұл кезде 96-баптың 2- бөлігінің 2-тармағы да ауырлататын мән-жайлар ретінде көрсетіліп қойған.  Немесе 99-бапқа сай қажетті қорғану шегінен шығу кезінде адам өлтіру және ауырлататын мән-жайлар болса, онда 96-баптың 2-бөлігінің 2-тармағы ауырлататын мән-жайлар ретінде көрініс табады.   

     2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ САРАЛАУДЫҢ  ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ 

     2.1 Қылмыстық заң- қылмыстық саралаудың  негізі 

     Қылмыстық құқық нормалардың бәсекелестігінде саралау, яғни нормаларды дұрыс саралау келесі қағидаларды ұстанғанда ғана жүзеге асырылады;

іс әрекетті тезара зерттеу мен белгілерін анықтау; ҚР ҚК Жалпы және Ерекше бөлімді қолдана білу; іс-әрекет етуші заңды түгелдей, толық түсіну.

     Жалпы және арнайы норма. Қылмыс құрамы бір ғана қылмыстық құқықтық нормада-бір бапта көрсетілуі мүмкін. Мысалы: [314-бап] қызмет жөніндегі жалғандық. Басқа жағдайларда ҚК бір бабында қылмыс құрамының бір немесе бірнеше түрі қарастырылады. Мысалы, ҚК 308-бабында қылмыстың қауіптілік дәрежесіне қарай билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланудың үш құрамы көрсетілген баптың бірінші бөлімінде осы қылмыстың жай түрі ал екінші, үшінші бөлігінде осы қылмыстың ауыр немесе өте ауыр түрлері көрсетілген. Тарихи тұрпатына сүйенсек, арнайы норма лауазымды тұлғаларды көрінеді. ҚК он үшінші тарауы Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстар арнайы норма болып табылады. ҚР ҚК Ерекше бөлімінің тиісті баптарының диспозицияларында жекеленген қылмыс құрамдары көрсетілген. Қылмыстық құқықтық қылмыстық осы нақты құрамдарына қарсы іс-әрекет істеуді құқыққа қайшылық деп атау қалыптасқан. 1960 жылға дейін қолданылған ҚК ұқсастығы бойынша, яғни, қылмыстық заң нормасында әдейі көрсетілген іс-әрекеттерге де сонда көрсетілген соған ұқсас жақын нормаларды қолдануға жол берілген еді. Бұның өзі заңды бұзуға және осы мәселеде бейберекетсіздікке кетушілікке әкеп соғады. ҚР 1995 жылғы жаңа Конституциясында, осыған орай жаңа ҚК қылмыстық заңды ұқсастығы

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенбойынша қолдануға жол берілмейді делінген.  Адамның қылмыстық құқықтық норма тыйым салған іс-әрекеттерді істеуін қылмыстық құқыққа қайшылық деп атаймыз. Құқыққа қайшылықта нормабәсекелестігі,яғни жалпы және арнайы норма түрінде қолданылады. А.Н. Трайниннің пікіріне жүгінсек : «Арнайы құрам былайша айтқанда, қылмыстың түрлік белгісінен алынады». А.Н. Ағыбаевтың пікіріне сүйенсек, қылмыстың түрлік белгілері дегеніміз- барлық қылмыстарға ортақ, олардың қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын білдіретін жиынтығының көрінісі болады. Түрлік белгіге жатпайтын тек қана жекеленген қылмысқа тән белгілер қылмыс құрамына қосылмайды. Сондықтан да олар қылмыс құрамынан тысқары болады да, осыған байланысты оның қылмысты саралау үшін маңызы болмайды. Мысалы, біреудің мүлкін ұрлағанда (ақша, зат, құжат т.б.) немесе ол ұрлықтың қашан болғаны қылмысты саралауға әсер етпейді. Түрлік белгі сол немесе басқа қылмыстың міндетті белгілері болып табылады. Осы түрлік белгілердің біреуі жоқ болса, онда қылмыс құрамы болмайды. Мысалы, басқа біреудің мүлкін ұрлаудың түрлік белгісі- оны жасырын ұрлау. Егер басқа біреудің мүлкін алу жасырын түрде емес, ашық түрде жүзеге асырылса, онда ұрлық емес, басқа қылмыс құрамы- тонау болады. Қылмыс құрамы бір ғана қылмыстық құқықтық нормада көрсетіледі. Бұл жерде норма бәсекелестігі болмайды. Толық және бөлшек нормалардың бәсекелестігі қылмыс элементтерінде қаралады. Олар объектісі, объективтік жағы, субъектісі, субъективтік жағы. Қылмыстың объектісі бойынша, мысалы абайсызда адам өлтіру [101 бап] 1997 жылғы ҚР ҚК бойынша абайсыздықта адам өлтіріп алу адам өлтірудің түсінігіне жатпайды, ол өз алдына жеке қылмыс болып табылады. Мұның адам өлтіруден негізгі айырмашылығыөлімнің болуына қатысты кінә нысанының өзгешелігінде. Екінші, еңбекті қорғау ережелерін бұзу [152-бап] осы баптың 2-бөлігі абайсызда адам өлтіруге әкеп соққан әрекет болса, яғни екінші норма арнайы болып табылады, осы ретте бәсекелестік кезінде көрсетілген баптарды 152-бабы қолданады. Қылмыстың объективтік жағы бойынша көптеген нормалар бәсекелеседі. Мәселен, қарақшылықтың [179-бап] объективтік жағы- адамның өмірі мен денсаулығына қауіп күш көрсетумен немесе тікелей осындай күш қолдану мен қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау арқылы белгіленеді. Осыған орай қарақшылықтың объектвитік жағы негізінен екі әрекет арқылы: шабуыл жасау және күш көрсету арқылы жүзеге асырылады. Тонау [178-бап] объективтік жағынан белсенді әрекет күйінде бөтеннің мүлкін ашықтан- ашық талан-таражға салу арқылы жүзеге асырылады. Объективтік жақтың белсенділігін В.Н. Кудрявцев үшке бөліп қарастырады.

іс-әрекетте тек ғана олардың біреуінен көрініс, яғни екі немесе оданда көп нормалардың бірлестігінен;

қылмыстық зардап, белгілі бір нормадан көрініс тапса; белгілі бір норма,қарама-қайшылықты іс-әрекеттен көрінсе.

     Ал  субъектісі және субъектитвік жағы бойынша қылмыстың субъектісінің толық және бөлшек норма бәсекелестігі жалпы және арнайы норма бәсекелестігіне толық ұқсас болады. Мысалы, төмендегі норма бәсекелестігін ұсынамыз: пара алу және осы баптың 3-бөлігі жауапты мемлекеттік лауазымды атқарушы адам жасаған әрекеттер, әскери қылмыстар [366-бап] және [369-бап]

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенбастыққа қарсы күш қолдану әрекеттері. Осы келтірілген мысалдардың субъектісі арнайы субъект. Қылмыстың субъектісінің өзі жалпы және арнайы болып бөлінеді. Есі дұрыстық заңда белгіленген жасқа толу және жеке адам болуы сияқты белгілер барлық қылмыстарға тән, ортақ белгілер. Бұл белгілер жалпы субъектінің түсінігін береді. Жалпы субъектінің осы белгілері мен қатар жекеленген қылмыстың құрамының ерекшелігіне қарай қосымша, арнаулы белгілерді қажет ететін адам қылмыстың арнаулы субъектісі болып табылады. Мысалы, мемлекеттің қызмет мүддесіне қарсы қылмыстың барлығы дерлік арнаулы мемлекеттік қызметшілер арқылы істеледі. Бұл жерде мемлекеттік қызметші арнаулы субъект болып табылады. Әскери қылмыстарды тек әскери қызметшілер істейді, сондықтан әскери қызметшілер де қылмыстың арнаулы субъектісі болып табылады.

     Субъективтік  жағының норма бәсекелестігі  қылмыстық-құқықтық теорияда өте аз зерттелген. Қылмыстың субъективтік жағының негізінен адамның психикалық іс-әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағының көрінісі болып табылады. қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын мынадай заңдылық белгілері: кінә, қылмыстық ниет, мақсат құрайды. Осы белгілердің жиынтығы қылмыс істеген, яғни қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның жан дүниесінде орын алған ішкі өзгерістер, оның санасымен еркінің өзара байланысы бейнелеп береді. Осы аталған белгілердің қылмыстық құқықтық норма бәсекелестігінде тигізетін маңызы өте зор. Сонымен норма бәсекелестігінде қылмысты саралауды қорыта келсек, біріншіден, норма бәсекелестігі- нақты бейне. Қылмысты дұрыс саралауда тигізетін пайдасы өте көп, сонымен қатар қылмыстық құқықтық норма бәсекелестігінде саралауда төмедегідей талаптар орындалуы тиіс: Бірінші талап – жасалған қылмыстардың белгілерін ресмилендірген жағдайда толық, терең зерттеу қажет. Екінші талап- қылмыстық заңның нормаларын дұрыс қолданып қолданыстағы қылмыстық құқықтық нормалардың жүйесін терең талдау қажет. Норма бәсекелестігінде көптеген қателіктер қылмыстық құқықтың жүйесін білуден жіберіледі. Іс-әрекеттің дұрыс саралау үшін норма бәсекелестігінің көлемі, мазмұны жағынан толық, норманы қолдануымыз қажет. Ал санкцияның балама рөлі қылмыс құрамымен салыстырғанда норма бәсекелестігінің жалпы және арнайы нормасынан айқындалады. Мәселен, [314-бап] қызметтік жалғандық жасау ең көп жауапкершілікке екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, ал [327-бап] өзінші билік ету үшін немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, ал ауырлататын жағдайда жеті жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Санкция норма бәсекелестігінің сұрағы шешілгеннен кейін беріледі. Іс-әрекетті дұрыс саралау үшн, қылмыстық заңды дұрыс қолдану үшін істің нақты мән-жайын, сондай-ақ қылмысты қылмыс емес әрекеттен, бір қылмысты екінші қылмыстан айыруға мүмкіндік беретін құрам нышандарын жақсы білуіміз қажет. Қылмыстық норма бәсекелестігі саралауда маңызы ерекше рөл атқарады. Қалай болған күнде де әрекетті неғұрлым толықтай әрі дәл сипаттай алатын норманың қолданылатыны заң.

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен

                                                                                                                                                                                                                             

     2.2 Қылмыс құрамы- қылмысты саралаудың заңдылық үлгісі 

     Қылмыстық- құқықтық теорияда қылмыс құрамы толық  көлемде зерттелген. Қылмыстың құрамы толық танырлықтай жинақтап қорыту негізінде қылмыстық заң дұрыс  қолданылады, оның нышаны қылмысты дұрыс  саралауға жетелейді, яғни қылмысты дұрыс саралаудың қаншалықты маңызды екенін, жасалған қоғамға қауіпті әрекеттің нышандарын әлеуметтік заң тұрғысынан дәл таңдау арқылы қамтамасыз етілетін түсінік. Біріншіден, қылмыстың құрамының түсінігі, маңызына тоқталсақ, ғалымдардың бұл салаға қатысты пікір-таластар жеткілікті. Мәселен, А.Н. Трайнин, В.Н. Кудрявцев, Н.Д. Дурманов, В.М. Чхиквадзе, А.А. Пионтковский, А.И. Санталов, А.А. Герцензон, М.Н. Меркушев, М.И. Ковалев т.б. Я.М. Брайнин: «Қоғамға қауіпті іс-әрекеттің айқындалған белгілерінің қылмыстық заңда бекітілген жиынтығы қылмыстың құрамы болып табылады», - деді [50,80-91б] А.А. Пионтковский, қылмыстың құрамы дегеніміз- жекелеген, жеткілікті қылмыстың көрсетпесі, яғни жасалған қылмыстың белгілерінің заңды түрде айқындалуы. Осыған орай, қылмыстық құқықтық азаматтардың заң алдындағы теңдік қағидасы пайда болған, деген пікір ұсынды [51,106б]. А.Н. Трайниннің пікіріне жүгінсек, Қылмыстық заңның Ерекше бөлімі жүйесінде қылмыстық құқықтық норма түзіледі, қылмыстық құқықтың нормалары диспозициясымен қылмыстың құрамының бірлігі туралы, бірде-бр тұжырым жоқ, осыған орай қылмыс құрамының белгілері қылмыстық құқықтық түсінікте заңға жүгіне отырып Ерекше бөлімнің норма диспозицицсын құрайды [58,83б]. Осыған орай, Я.М. Брайнин пікіріне сүйенсек, «Қылмыстық заңның диспозициясы барлық жағдайда қылмыстың белгілерінен көрініс таппайды» [54,93-94б].  Шынында, Қылмыстық заңның Ерекше бөлімі мен Жалпы бөлім диспозициялары әр түрлі айқындалған, мәселен жай диспозицияға қарағанда қылмыс құрамын айқындайтын сипаттамалы диспозицияның  артықшылығында дау жоқ. Жай диспозицияда қылмыстың нақты белгілері ашылмайды, тек атын ғана атап қояды, ал сипаттамалы диспозиция қылмыстың барлық белгілерін заңның өзінде нақтылап көрсетеді. В.Н. Кудрявцевтің пікіріне жүгінсек, «Қылмыс құрамы белгілі ережеге сәйкес диспозицияның көлемінен ауқымдырақ» деген қорытындыға келеді [27,76б]. А.А. Пионтковский «Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың белгілерінің жиынтығы реттелетін қоғамға қауіпті іс-әрекеттің көрінісі қылмыс құрамын құрайды», - деген тұжырымның қорытындылады [55,89б]. Қазақстан Республикасы қылмыстық құқық теориясында, оқулықтарда қылмыс құрамының жалпы түсініктері кеңінен қолданылады. Мәселен, Е. Алаухановтің пікірінше, қылмыс құрамы деген ұғым нақты қылмыс, құрамдарының нышанын анықтау және жинақтап қорыту негізінде пайда болады, яғни қылмыс құрамы болмаса қылмыстық жауаптылық жүзеге аспайды [56,23,28б]. А.Н. Ағыбаевтің пікіріне сүйенсек, «Қылмыс құрамы деп- қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстың объективтік

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенжәне субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз деп көрсетеді».

     Біздің  ойымызша соңғы пікірлер қылмыс құрамының  анықтамасын толық береді, өйткені  қылмыс құрамының белгілері және элементтері өз жиынтығында қылмыс деп аталатын нақтылы қоғамға қауіпті іс-әрекетті көрсетеді. Әрбір қылмыстық іс-әрекет адамның жүріс-тұрысының объективтік және субъективтік қасиеттерінің бірлігін көрсетеді. Екіншіден, қылмыс пен қылмыс құрамының байланысына олардың өзара мазмұнына, бағытына тоқталсақ, қылмыс пен қылмыс құрамы өзара тығыз байланысты. Қылмыс пен қылмыс құрамы өзара тығыз, бірақ бір-біріне ұқсамайтын қылмыстық құқықтық түсініктер өйткені олардың бағыты әр түрлі, өзара мазмұны да әртүрлі. Жоғарыдағы пікірге қарсы тұжырымдар қылмыстық құқық теориясында жеткілікті. Мәселен: А.А. Пионтковский қылмыс пен қылмыс құрамын мазмұны жағынан да, бағыты жағынан да құқықтық мағыналар бір-бірімен тығыз байланысты, сондықтан оларды даралауға болмайды бір жағынан ұғымы ұқсас емес, оларды араластыруға болмайды. Қылмыстың өзіне де құрамына да саяси сипаттама деген баға береді, ол оның құқықтық түсінігі құрамымен айқындалады,- деген қорытындыға келеді.

     Біздің  ойымызша бұл пікір қате, өйткені қылмыс пен қылмыс құрамы өзара ұқсас болғанымен, бірдей ұғым емес. Мәселен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 9-бабында қылмыстың ұғымы берілген. Осы баптағы анықтамадан көрінгендей, қылмыс дегеніміз – адамның әлеуметтік құқықтық, қоғамға қауіпті және құқыққа қайшы секілді міндетті белгілерінің жиынтығынан туатын ерекше іс-әрекет болып табылады. Қылмыстың негізгі сапалық белгісі оның қоғамға қауіптілігі болып табылады, бұл белгі қылмыстың материалдық мәнін білдірумен бірге не себепті осы немесе басқадай іс-әрекеттер қылмыс болып түсіндіріледі, яғни қоғамға қауіптілік белгісінің болуының өзі іс-әрекеттің қоғамдық қатынастарға зиян келтіруін немесе зиян келтіру қауіпін туғызатынын білдіру. Қоғамға қауіптіліктің дәрежесі қылмыстық заңда көрсетілген санкция бойынша анықталады [55,24б]. Қоғамға қауіптілік қылмыстың объективтік белгісі, осыған орай қылмыстың объективтік жағын қарастырғанда толық түсінік береміз. Адамның қылмыстық құқықтық норма тыйым салған іс-әрекеттерді істеуін қылмыстық құқыққа қайшылық деп атаймыз. Қылмыстың тағы бір міндетті белгілерінің бірі қылмыстық кінәлілік және жазаланушылық. Кінәсіз қылмыс та, жаза да жоқ. Кінәнің белгілі түрі болмаса, ол қылмыста жауаптылық та, жазаланушылық та болмайды. Кінәлілік белгісін төменгі тарауларда толық танырлықтай ашамыз. ҚР ҚК өмірімізде, қоғамда орын алған елеулі әлеуметтік-экономикалықсаяси өзгерістерге сәйкес, қылмыстың жаңа ұғымы берілген. Жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамға қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады. Өмірде қылмыстық құбылыстар әс түрлі нысанда көрініс тауып отыр немесе түрлі түрде болатындықтан қылмыстық заң қылмыстың жалпы түсінігі мен бірге нақты қылмыстардың да түсінігін қарастырған. Қылмыстың жалпы түсінігі барлық қылмыстарға тән, оның белгілері Қазақстан Республикасы

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенҚылмыстық кодексінде көрсетілген жеке қылмыстартүрінде нақтыланып, өзінің дамуын табады. Қылмыс пен қылмыс құрамының байланысына қатысты көптеген пікірлер бар. Мәселен Ю. Юшков, қылмыс пен қылмыс құрамының өзара байланысы толық және бөлшек философиялық санаттарының байланысы ретінде көрініс табады, деген қорытындыға келеді [57,6б]. Н.Ф. Кузнецованың пікіріне жүгінсек, «Қылмыстың субъектісі қылмысқа да және қылмыс құрамына да міндетті белгі болып табылады, осыған орай өзара байланыстары айқындалады», деген тұжырымға келеді [58,41б]. А.Н. Трайнин мен Я.М. Брайниннің пікірлері бойынша бір тұжырымға келеді «Қылмыс құрамының элементтері мен қылмыстық заңда сипатталған қылмыстық құқықтық мағына беретін заңның Ерекше бөлім диспозициясы нормалары да көрініс табады» [53,94б]. Соңғы пікірде қылмыс пен қылмыс құрамының өзара байланысы толық көрсетілмеген, яғни қылмыс нақты адамның іс жүзінде жасаған нақты әрекеті немесе әрекетсіздігі, ол көптеген өзіне тән белгілерімен сипатталады, ал қылмыс құрамы қандай да бір қылмыстық әрекеттің өзіне тән белгілерін ғана сипаттайтын, анықтайтын нормативтік санат. Біздің ойымызша, қандай да бір жасалған әрекетте қылмыс құрамының бар-жоғы туралы мәселені шешу үшін сол әрекетті жасаған адамды қылмыстық жауапқа тартуға негіз болатын мән-жайлардың белгілі бір жиынтығын анықтау керек. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 3- бабына сәйкес «Осы кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып табылады».  Жасалған әрекетті қылмыс деп тану үшін оны қылмыстық заң, нормаларында бекітілген тиісті қылмыс құрамдары мен салыстыру қажет.  Егер қылмысты жасау қылмыстық жауаптылыққа тартуға іс-жүзінде негіздеме бола алса, қылмыс құрамы оның заң жүзіндегі негіздемесі. Бұл екі негіздеме өзара тығыз байланысты, екеуі бір бүтінді құрайды:  Қылмыс құрамы заң бойынша анықталмаса қоғамға қауіпті әрекет қылмыс болып саналмайды, қандай да бір қылмыс құрамының нышандарының болуы, егер жасалған әрекетте осы нышандар болмаса, қылмыстық жауапқа тарту негіз бола алмайды. Сондықтан да, жалпы Қылмыстық кодекстің 3-бабына сәйкес, заң шығарушы да, теория да, тәжірибе де қылмыстық заңда қарастырылған қылмыс құрамының барлық нышандары бар қоғамға қауіпті әрекетті ғана бірден-бір қылмыстық жауаптылық деп қарастырады. Бұл дегеніміз, қандай да бір басқа мән-жайлар (сол субъектінің жеке басын сипаттайтын деректер, жасалған әрекеттің саяси маңызы, т.б.) қылмыстық жауаптылыққа негіздеме бола алмайды, мұндай негіздеме болмаса қылмыстық жауаптылық жайында сөзсіз болуға тиіс емес, егер адам, өзінің жасалған әрекетінде қылмыс құрамы болмаса да қудалауға түссе, қылмыс құрамының жоқ екендігі қай кезде анықталса, сол уақыттан бастап қудалау мүлде тоқтатылуға тиіс. Қылмыс құрамының барлық нышандары бар, әрекеттерді жасау қылмыстық жауаптылық үшін бірден бір және жеткілікті негіздеме деп заң әдебиеттерінде дұрыс көрсетілген. Бұл негіздеме қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органға адамдыжауапқа тарту үшін оның жасаған әрекетінде қылмыс құрамының бар екендігін анықтағаны жеткілікті.  Қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселесін шешу үшін басқадай мән-жайларды анықтаудың қажеті жоқ. Бұл, әрине, қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органның басқа ешқандай мән-жайды анықтауы

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттентиіс емес деген түсінік бермейді. Мысалы, қылмыс жасаған адамның сол қылмысқа дейінгі мінез-құлқын, жүріс-тұрысын сипаттайтын деректер. Бұлардың ісі үшін өте маңызы зор, оларды үкім шығарғанда сот ескереді, бірақ олар қылмыстық жауаптылыққа негіз бола алмайды. Сонымен қылмыс құрамы болмаса қылмыстық жауаптылық жүзеге аспайды. Осындай маңызды, өзекті рөлімен қатар қылмыс құрамы басқа да «қызметтік» деп аталатын өте қажетті міндеттерді атқарады.

     Қылмыстық істер жөніндегі алқадан мысалы келтіретін болсақ, сотталғанның қылмыстық  ісінің әрекеттерінде қылмыс құрамы болмағандықтан ҚР ҚК 347-бабының 2-бөлігі қысқартылды. Сотталған Т. мен И. АІБ-де тергеуші және аға тергеуші, яғни олар лауазымды адамдар бола тұра, билікті және қызметтік өкілеттілікті асыра пайдаланған. Өздерінің құқықтары мен өкілеттілігі шегінен көрінеу асып, кететін әрекеттер жасап жәбірленуші А. құқықтары мен заңды мүдделерін елеулі түрде бұзып, топ болып, оған күш қолданып, жеңіл түрдегі дене жарақатын түсірген. Сонымен қатар сотталған Т. сезікті ретінде жәбірленуші С. 14-15 мамыр аралығында кезекші бөлмесіне отырғызып, заңсыз ұтағаны үшін кінәлі деп танылған. Бірақ сотталған Т. мен И. бұл іс-әрекетті мойындамады. Атап айтқанда, С. Алдын ала сот тергеуінде сотталғандардың өзін ұрып-соғып, жасамаған қылмысты мойында деп қиянат көрсетіп, оны заңсыз қамап, ұстағандықтарын көрсеткен. Бұған дәлел сот дәрігерлік сараптаманың қорытындысымен толық бекітілген. Ал ҚК 347- бабы бойынша тек қылмыстық істі қозғаған және өз өндірісіне қабылдаған күдіктіні, айыпталған адамды, жәбірленушіні, куәгерді, жауап беруге, қорқыту, бопсалау немесе өзге де заңсыз іс-әрекеттер қолдану жолымен мәжбүр еткен тергеуші немесе анықтауды жүргізетін адам ғана қылмыстық жауапқа тартылады. Демек, сотталған И. мен Т. ҚК 347-бабында көрсетілген қылмыстың субъектісі болып табылмайды [59,13-14б].  Екінші бір жерінде, қылмыстық істер жөніндегі алқадан мысал келтірсек, сотталғандардың әрекеттерінде ҚР ҚК 187- бабының 2-бөлігінің «а» тармағына жататын қылмыс құрамы болғандықтан, сот үкімінің бұл бөлігі қысқартылған. Сот үкімі бойынша Н. мен Д. қылмыстық топ құрып, мас күйлерінде бөтеннің мүлкін тартып алу мақсатында, жәбірленуші Р. үйіннен шақырып алып, бір бөтелке арақ талап еткен. Сондан соң Н.мен Д. Қылмыс әрекеттерін ары қарай жалғастырып, жәбірленуші жасөспірім М. Үйіне басып кіріп,ауыр дене жарақатынсалып, қасақана зиян келтірген. Сонымен бірге, сот алқасы жәбіренуші М. Жиырма мың теңге болатын мүлкін өртеп, оған елеулі зиян келтірілді деп ҚК 187- бабы, 2-бөлігінің «а» тармағымен саралағаны заңсыз. Себебі,  ҚР ҚК 187- бабының ескертілуі бойынша айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асып түсетін зиын мөлшері елеулі зиян деп табылады [58-13-14б]. Қылмыс пен қылмыс құрамы өзара тығыз байланысты, ал өзара бағыты, мазмұны, әр түрлі деген түсінікті А.А. Герцензонның ойынша дұрыс айтылған. Мәселен, қылмыстың түсінігінде барлық қылмыстарға тән белгілер қоғамға қауіптілік, құқыққа қайшылық, кінәлілік, жазаланушылық аталған болса, ал қылмыс құрамында іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін білдіретін нақты қылмыстардың міндетті белгілерінің жиынтығы есепке алынады. Қоғамға қауіптілік қылмыс құрамының емес, қылмыстың белгісі болып табылады. осы

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенекі қылмыстың құқықтық түсініктерінің бағыты да әр-түрлі нақты қылмыстың құрамы қылмыстық жауаптылықтың негізі болса, ал қылмыстың жалпы түсінігі нақты қылмыстың құрамының заңдылық базасын жасаудың, қылмыстық құқықта оның құқықтық әлеуметтік-саяси табиғатын түсіндіру қажеттілігінен туындайды. Үшіншіден нақты және жалпы қылмыс құрамының түсінігіне тоқталсақ, қылмыстық құқық теориясында оқулықтарда қылмыс құрамының жалпы түсініктері кеңінен қолданылады. Д. Шаргородский нақты қылмыс құрамы дегеніміз қылмыстың айқындалған белгілерінің жиынтығы болып табылады. Нақты қылмыс құрамы төрт белгіден құралады, олар: объект, яғни қоғамға қауіптілігі, объективтік жағы, яғни адамның сыртқы көрінісінің іс әрекеті, субъект қылмыс жасаған тұлға, және субъективтік жағы,- деген қорытындыға келді [38,250б]. А.А. Пионтковский, егер нақты қылмыстың құрамы белгілермен анықталса, онда жалпы қылмыс құрамы олардың мазмұнын теориялық негізде ашумен негізделеді деген тұжырым ұсынады [50,251б]. А.Н. Трайнин өз пікірін ұсынды: «Жалпы қылмыс құрамы қылмыстық жауаптылықты өз мойнына алмайды, егер нақты қылмыс құрамы қоғамға қауіпті іс-әрекетпен айқындалса, онда жалпы қылмыс құрамы нақты тұлғаға нақты қылмыстық жауаптылық тағайындалмайды деген қорытындыға келген».  Жалпы және нақты қылмыстың құрамының түсінігі жалпы қылмыс түсінігіне қарағанда заңдылық ұғымы емес, ғылыми ұғым болып табылады. бұл ұғым теорияда нақты қылмыстардың түсінігінен, қылмыстың нақты құрамының жинақталған белгілері арқылы анықталады және өз бойында жалпылама барлық қылмыс құрамдарының белгілері мен элементтерін сипаттап көрсетеді. Жоғарыда нақты қылмыстың құрамы жайлы көптеген қарама-қарсы пікірлерді атап көрсеттік. А.Н. Ағыбаевтің пікіріне сүйенсек, нақты қылмыстың құрамы нақты қылмысқа тән белгілерді көрсетеді, әрбір қылмыс құрамында барлық қылмыстардың құрамына тән, жиынтығында қылмыс құрамының жалпы түсінігін құрайтын яғни кез келген қылмыстар құрамының жалпы белгілерін белгілейтін белгілердің бар екендігін атап көрсетеді. Осыған орай, біздің пікірімізше кез-келген қылмыстың құрамы төрт түрлі элементтерге бөлінеді. Әрбір қылмыс құрамында оның объектісін, объектвитік, субъективтік жақтарын субъектіні бейнелейтін белгілі міндетті белгілер болады. Осы элементтерді Н.Д. Дурманов, қылмыстық құрамдас бөліктері. А.А. Пионтковский элементтердің біреуі жоқ болса қылмыс құрамының мүлде және қылмыстық жауаптылыққа негіздің де жоқ екендігін көрсетеді. Яғни, қылмыс құрамының жалпы түсінігі барлық қылмыс құрамын тән осы төрт түрлі элементтермен сипатталады. Қылмыстың осы немесе басқа элементтерін сипаттау деп айтамыз. Қайсы бір қылмыс құрамдары үшін жауаптылыққа осы жалпы белгілерден бөтен қосымша белгілер болғанда ғана жол берілуі мүмкін [50,70-78б]. Төртіншіден қылмыс белгілеріне тоқталсақ, қылмыстық құқық теориясында қылмыс белгілері кеңінен зерттелген. Кейбір оқулықтар мен ғылыми әдебиеттерде «қылмыс құрамының элементтері» және «қылмыс құрамының белгілері» деген ұғымдар бірін-бірі алмастырып отыратындығына куә болып жатамыз. Ол дұрыс емес. Қылмыс құрамының элементі дегеніміз, заң бойынша қылмыс болып табылатын қоғамға қауіпті іс-әрекеттің әртүрлі жақтарына тиесілі топтық белгілерді құрайтын қылмыс құрамының құрылымдық бөлігі. Қылмыс құрамының элементтері

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенқылмыстың әртүрлі жақтарына тиесілі: қылмыстың объектісіне, объективтік жағына, субъективтік жағына, субъектісіне. Қылмыс құрамының субъектісі дп- қылмыстың неғұрлым маңызды қасиеттерін нақтылы заңдық сипаттамасын айтамыз. Қылмыс құрамының белгілері төрт топқа бөлінеді және оның төрт элменеттері сәйкес келеді. Ал мағынасы бойынша екі түрге бөлінеді. Қылмыс құрамының негізгі белгілері: 1) қылмыстың объектісін сипаттайтын белгілер: қылмыстық қол сұқпаушылықтан қылмыстық заң бойынша қорғалатын қоғамдық қатынас; 2) қылмыстың объективтік жағын сипаттайтын белгілер: объектіге зиян тигізетін немесе зиян тигізу қауіпін тудыратын қоғамға қауіпті іс-әрекет; 3) қылмыстың субъективтік жағын сипаттайтын белгілер: кінә, қасақаналық, абайсыздық; 4) қылмыстың субъектісін сипаттайтын белгілер: жеке тұлға, есі дұрыстық, қылмыстық жауаптылық жасы, арнаулы субъект.  Қылмыс құрамының осы негізгі белгілері кез келген қылмыс құрамында болады және олардың біреуінің болмауы қылмыс құрамының жоқтығын көрсетеді. Жоғарыда аталған қылмыстың объектісін және объективтк жағын сипаттайтын белгілер құбылыстың объективтік ақиқаттылығын көрсетеді, сол себепті қылмыс құрамының объективтік белгілері деп аталады. Қылмыстың объектісі- қылмыстық қол сұғушылықтан зиян келетін немесе зиян келуі мүмкін қоғамдық қатынастар. Біздің ойымызша, кейбір заң әдебиеттерінде көрсетілген, «Қылмыстың объектісі дегеніміз- сол қылмыстық әрекеттің неге бағытталғанын айтамыз» деген көзарастармен келісуімізге болмайды. Өйткені, «бағытталған» деген термин абайсызда жасалатын қылмыстың объектісін анықтауға болмайды. Тіпті қасақана жасалатын қылмыстардың өзіне кінәлінің қылмыстық жүріс-тұрысының бағытталуы нақтылы қол сұғушылықпен үйлесе бермейді. Кез-келген қылмыс материалдық игіліктерге емес (заттар, ақшы) т.б. қоғамдық қатынастарға қол сұғады. Ол қоғамдық қатынастар әрекет етуші қылмыстық заңмен қорғалу қажет [ҚР ҚК 2- бабы].  Қылмыскермен  қол сұғылатын қоғамдық қатынастың сипатына қарай, қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты анықталады. Қоғам үшін қылмыстың объектісі неғұрлым құнды болса, соғұрлым жасалатын қылмыстың ауырлығы да көп болады. Сайып келгенде, қылмыстың объектісі дегеніміз – кінәлімен қылмыстық қол сұғушылықтан жасалатын, қылмыстың заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар болып табылады. қылмыстың объективтік жағы қылмысты істеген адамның мінез-құлқының сыртқы көрінісін білдіреді. Объективтік жақ ең алдымен қоғамға қауіпті мінез-құлық актісінің сыртқы көрінісі, ол адамдардың әрекеті немесе әрекетсіздігі арқылы көрініс табады. Қоғамқа қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік нысандары мен түрлері қылмыстың заң тұжырымдарында әр-түрлі және жан-жақты. Бірқатар қылмыстың объективтік жағын сипаттауда оны міндетті белгілеріне уақыт, орын, жағдай, қылмысты жасау тәсілдері де жатады. Қылмыстарды ажыратын жіктеуде, оның қоғамға қауіптілігінің дәрежесін белгілеуде, қылмысты саралауда объективтік жақтың осы белгілерінің маңызы өте зор. Қылмыстың субъективтік жағын және субъектісін сипаттайтын белгілер қылмыс жасаған адамның субъективті ерекшелігін көрсететіндіктен қылмыс құрамының субъективтік белгілері деп аталады. Субъективтік жақ қылмыстың  ішкі жағын, мәнін және мазмұнын сипаттайды. Қылмыс жасаған адамның ішкі дүниесінде, оның еркімен санасына өтетін психологиялық процестің көрінісі. 

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенДемек, қылмыстың субъективтік жағы бұл негізінен адамның психикалық іс-әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағынан көрінісі болып табылады. субъективтік жақтың белгілеріне кінә, ниет және мақсат жатады. Кінә кез келген қылмыс құрамында болғандықтан, ол қылмысты саралаумен тығыз байланысты. Ал кейбір қылмыс құрамының субъективтік жағының белгілеріне қылмыстық ниеті мен мақсаты жатады. Қылмыстың субъектісі дегеніміз, қоғамға қауіпті іс-әрекетті  жасаған және заңға сәйкес ол үшін мемлекеттің алдында қылмыстық жауаптылықты көруге қабілеті бар адамды айтамыз. Қылмыс субъектісін сипаттайтын белгілерге жеке тұлға,есі дұрыстық, қылмыстық жауаптылық жасына жету, яғни 16 жасқа толу жатады (кейбір қылмыстар үшін 14,18 жасқа жету міндетті). Көрсетілген белгілер мен қатар, арнайлы белгілерді қажет ететін адам, қылмыстың арнаулы субъектісі болып табылады. қылмыс құрамының элементтері әрбір кезге сәйкес тән белгілері болады. Кейбір ғалымдар мұндай белгіні «түрлік белгі» деп атайды. Қылмыс құрамына мұқияттылықпен таңдап алынған түрлік белгілері ғана қосылады. Түрлік белгілер дегеніміз-  барлық қылмыстарға ортақ, олардың қоғамға қауіптілігі және құқыққа қайшылығын білдіретін жиынтығының көрінісі болады. Түрлік белгіге жатпайтын тек қана жекеленген қылмысқа тән белгілер қылмыс құрамына қосылмайды. Сондықтан олар қылмыс құрамынан тысқары болады да, осыған байланысты оның қылмысты саралау үшін маңызы болмайды. Мысалы, біреудің мүлкін ұрлағанда (ақшы, зат, құжат т.б.) немесе ол ұрлықтың қашан болғаны қылмысты саралауға әсер етпейді. Түрлік белгі сол немесе басқа қылмыстың міндетті белгілері болып табылады. осы түрлік белгінің біреуі жоқ болса, онда қылмыс құрамыда болмайды. Қылмыс құрылымының арнаулы (факультативті) белгілері. Бұл белгілер бір құрылымдар үшін міндетті, екіншілері үшін міндетті емес болып табылады, яғни бұл заң шығарушының кейбір қылмыс құрамдарын сипаттау үшін қолданылатын белгілер. Оған: қылмыстың зардабы, ауқыты, орны, қылмыс істеу тәсілі, құралы, қылмыстық ниет, мақсат,қылмыстың заты, қылмыстың арнаулы субъектісі жатады. Бұл белгілер қылмыс құрамында аталып көрсетілсе, онда олар сол құрамның қажетті белгілері болып табылады. Қылмыс құрамында көрсетілмеген жағдайда, олар қылмысты саралуда әсер етпейді, тек қана жаза тағайындалғанда есепке алынады. Кейбір авторлар жоғарыда көрсетілген екі топтан басқа, үшінші топты, яғни қылмысты сипаттайтын бірақ қылмыс құрамынан тыс жатқан белгілерді ажыратады. Бұл белгілердің қоғамға қауіпті іс-әрекеттің дәрежесіне әсер етпейтін соншалықты, оның қоғамдағы қауіптілігін жойып, қылмыс қатарынан шығарып жібереді. Оған мәселен қылмыс құрамынан тыс жатқан кінәлінің жеке тұлғасын жақсы жағынан сипаттайтын белгілер жатқызылады. Біздің ойымызша бұл көзқараспен келісуге болмайды. Қылмыскердің жеке тұлғасын сипаттап, қылмыс құрамынан тыс жатқан белгілер қылмыстың бар не жоқтығы туралы сұрақты шеше алмайды. Қылмысты саралауда қылмыстық заң мен белгіленген қылмыс құрамы жататын (оған субъектінің жеке тұлғасын сипаттайтын белгілер де қосылады) белгілерді ғана ескеру қажет.  Қылмыс құрамына жатпайтын барлық басқа белгілер жазаның түрімен мөлшерін анықтағанда ескертуі тиіс. Аталған белгілер бүтіндей алғанда қылмыстылықтың бағасын өзгерте алмайды, өйткені белгілі

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенбір іс-әрекетті қылмыс қатарына жатқызу немесе жатқызбау тек қана заңшығарушылықпен белгіленіп қылмыстық құқық нормасында көрсетіледі. Жұмысты жазу мақсатында зереттелетін 206-дан астам қылмыстық істің құжаттарында жеке тұлғаны сипаттап және қылмыс құрамынан тыс жатқан белгілер бары яболмаса жоқтығы туралы шешім берген жөнінде ешқандай мәліметті кездестірген жоқпыз. Жоғарыда атап өткендей қылмыс құрылымның белгілі қылмыстық заңд көзделеді. Бірақ ҚР ҚК тиісті баптарының диспозицияларында барлық белгілер міндетті түрде көрсетіле бермейді. Осы арада В.Н. Кудрявцевтің пікірімен толықтай келісуге болады. «Заң шығарушы қылмыс құрамын емес, қылмыс құрамының белгілерін толықтай сипаттайтын қылмыстық құқықтық нормасын құрайды». Бұл белгілердің өзі адам санасынан тыс объективтік түрде өмір сүреді және олар шын мәнісінде нақты қылмысқа тиесілі болады. Қылмыстық құқықтағы саралауды зерттеу барысында, кейбір авторлар қылмыс құрамының бірнеше нысандарын ажыратып және сол нысандарды әр түрлі негіздер бойынша саралағанын көреміз. Сонымен қылмыс белгілері қылмысты саралауда маңызыды орын алады. Мәселен, қылмыстың объектісін оны сипаттайтын қылмыс құрамының белгілерін дұрыс анықтаудың қоғамға зиянды іс-әрекеттің сипаты мен дәрежесін белгілеу үшін және оны саралау үшін маңызы ерекше. Қылмыстарды ажыратып жіктеуде оның қоғамға қауіптілігінің дәрежесін белгілеуде қылмысты саралуда объективтік жақтың осы белгілерінің маңызы зор. Қылмыс құрамының субъективтік жағының белгілерін анықтау, қылмысты саралуда қылмыстың және қылмыскердің қауіптілік дәрежесін анықтау үшін және жаза мөлшерін белгілеу үшін аса маңызды болып табылады. Сол сияқты, қылмыс субъектісін белгілейтін белгілердің қылмысты саралау үшін, қылмыстық жауаптылық мәселелерін шешуде және жаза мөлшерін белгілеуде маңызы зор. Қылмысты дұрыс саралауға байланысты факультативік белгісі қылмыс құрамына енгізілмесе онда ол қылмысты саралауға әсер етпейді. Тек қана қылмыстық құқықтық жаза белгілегенде есепке алынады. Қылмысты дұрыс саралау үшін, нақты қылмыс құрамдарының белгілерін тиісінше дұрыс түсіну қажет. Осындай әдіс қылмыс құрамының жалпы белгілерін білуге жәрдемдеседі. Ал қылмыс құрамының жалпы түсінігі нақты қылмыс құрамын қатесіз табудың аса қажетті сатысы болып табылады. қылмыс құрамының түрлеріне тоқталсақ, жекелеген қылмыс құрамының мазмұнын терең ашу, олардың белгілерін анықтауды жеңілдету және нақты істелген іс-әрекетті дұрыс саралау мақсатымен қылмыс құрамының түрлері нақты белгілер бойынша өзара бөлінуі мүмкін.  Қылмыстық құқық ғылымында мұндай- бөлінудің негіздері болып: біріншіден, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің дәрежесі,  екіншіден, қылмыс құрамының сипатталу тәсілі, үшіншіден қылмыс құрамының құрылысы есепке алынады. Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің дәрежесі мен мәніне қарай құрамдар негізгі жауаптылықты ауырлататын қылмыс құрамдары және жауаптылықты жеңілдететін қылмыс құрамдары болып бөлінеді [5,267б]. Негізгі қылмыс құрамы деп- іс-әрекеттің белгілі түрі бойынша, онда негізгі тұрақты белгілердің болуын айтамыз.  Негізгі қылмыс құрамында қылмысты ауырлататын немесе жеңілдететін жағдайлар көрсетілмеген. Егер қылмыс құрамында іс-әрекеттің негізгі белгілерінен басқа жауаптылықты жеңілдететін жағдайлар көрсетсе, онда ондай қылмыс құрамын

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенжауаптылықты жеңілдететін қылмыс құрамы деп атаймыз. Негізгі белгілер мен бірге жауаптылықты ауырлататын жағдайлар көрсетілген қылмыс құрамы сараланған қылмыс құрамы жауаптылықты аурлататын құрам деп аталады. А.Н. Трайнин қылмыс құрамының сипатталу тәсіліне қарай 1) жай құрам, 2) күрделі құрам, 3) балама құрам деп үш түрге бөледі. Жай құрам дегеніміз- қылмыс құрамының белгілерінің біркелкі болуы, яғни оның бір ғана объектісі, бір ғана объективтік жағы ғана болуы. Мысалы, Қыдмыстық кодекстің 125- баптың 1- бөлігінде көрсетілген адамды ұрлау жатады. Күрделі қылмыс құрамы деп- қылмыс құрамы элементтерінің бірінің күрделенуін айтамыз (объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы). Мысалы: екі объектіге бірдей қол сұғуын [179-бап, қарақшылық]. Кінәнің екі түрлі нысаны болатын қылмыстар 103- бар, 2-бөлігі және т.б.  Балама құрам деп- қылмыстық кодекстің бабындағы диспозицияда көрсетілген әрекеттердің біреуін істегендікті айтамыз. Мысалы, 259- бап есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заңсыз дайындау сатып алы, сақтау, таымалдау, жөнелту немесе сату. Қылмыс құрамының құрылысына қарай үш түрге бөлінеді, яғни бөлудің тәжірибелік маңызы ерекше. Осы белгі бойынша қылмыс құрамы материалдық, формальдық, келте қылмыс құрамы болып бөлінеді. Материалдық қылмыс құрамы деп- іс-әрекеттің нәтижесінен болатын зардаптың қылмыс құрамында көрсетуі.  Формальдық қылмыс құрамы деп – зардабы болмайтын қылмысты айтамыз, егер де қоғамға қауіпті зардап іс жүзінде туындаса, онда ол формальды құрамда не саралаушы белгілер рөлін (мысалы, зорлау нәтижесінде соз ауруын жұқтыру) атқарады, не жаза тағайындағанда ескеріледі. Кейде заң шығарушы қылмыстың аяталған уақытын алдын ала қылмысты әрекет сатысына көшіреді. Мұндай құрылымда қылмыс құрамын келте құрам деп атаймыз.  Қорыта келсек, қылмыс құрамының қылмысты саралауда маңызы өте зор. Мәселен қылмыстың түрлері, яғни қоғамға қауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын элменеттер жиынтығы қылмыс құрамының жалпы түсінігін береді, ол жасалған әрекетті қылмыстық немесе қылмыстық емес деп тануға және қылмысты дұрыс саралауға негіз болады. Қылмыс құрамдарының белгілері тек Ерекше бөлімнің диспозицияларына ғана емес Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің тиісті баптарында да баяндалған.  Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің баптарында әр түрлі қылмыс құрамы белгілерінің басым көпшілігі баяндалған. Барлық қылмыстар үшін немесе қылмыстардың жекелеген топтары үшін ортақ белгілер әдетте Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің баптарында аталады (кінә түрі, қылмыстық жауаптылықтың қай жастан басталатындығы, қылмыстық әрекеттің аяқталмай қалуы т.б.) Қылмысты саралағанда сол әрекетке сәйкес келетін қылмыс құрамы бар Жалпы бөлімнің бабы немесе оның бөлігі дәл көрсетілуге тиіс. Сонымен қылмыс құрамы қылмысты саралаудың заңдылық негізі болып табылады. осыған орай қылмысты дұрыс саралау үшін нақты қылмыс құрамдарының белгілерінің тиісінше дұрыс түсіну қажет. Егер адамның іс әрекетінде бірнеше қылмыстың құрамы болса, онда оның іс әрекеті заңның бірнеше баптары немесе баптардың бірнеше бөліктері тармақтары бойнша сараланады. Міне бұл жерде қылмыс құрамының, оның белгілерінің қылмысты саралаудағы, заңдылықты сақтаудан маңыздылығы ерекше болып отыр.    

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен

Рефераты на Stud24.ru

Войти Поиск Новые рефераты Задать вопрос На сайте 209615 рефератов

Список предметов Криминология $$$ 5 Қазақстанда қылмысты саралауДата добавления: 11 Октября 2011 в 18:05Автор: Пользователь скрыл имяТип работы: курсовая работа Скачать полностью (116.11 Кб)Работа содержит 1 файл Скачать  Открыть 

Раздел 5.01 кылмысты саралау.doc  —  483.00 Кб

2.3 Қылмыстық  құқық нормаларының құрылысы бойынша саралау 

  Жалпы алғанда, қылмыстық құқық нормалардың құрылысын зерттеу үшін, ең алдымен қылмыстық құқық нормасының жалпы ережесіне, құрылымына, маңызына, қолдануына тоқталуымыз қажет. Қылмыстық құқықтық нормадан бұрын қылмыстық норманың түсінігіне қысқаша тоқталсақ, Ғ. Сапарғалиевтің пікірі бойынша, «құқықтық норма заңда ресмилендірген нормативтік нұсқау ол- жалпыға міндетті, мемлеекттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік».  Оған мына белгілер тән. құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді. Құқықтық нормада қоғам, тұлға үшін пайдалы қажетті қатынастар мен қатар, зиянды әрекеттер, қатынастар да бейнеленеді. Құқықтық норма осындай іс-әрекеттерді де қамтиды. Құқықтық норманың екінші белгісі ол реттелетін қоғамдық қатынастардың үлгісі болып саналады. Үлгі оң және теріс мінез-құлықтың бейнесі болуы мүмкін. Тұлға өзіне жүктелген міндетті қалтызсыз орындаса, ол оң үлгіге жатады. Егер адам заң бұзса, ол теріс үлгіге жатады.  Қылмыстық нормада нақтылы, жеке субъектілер көрсетілмейді,ол реттейтін қоғамдық қатынастарға қатынастардың барлығы құқықтық норманың талабына бағынуы қажет [24,79б]. Қылмыстық және құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. Оның біріншісі қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу қызметі болып табылады. Екіншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тыйы салынған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі. Үшіншіден, қылмыстық құқық қылмыстық құқық нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтіргенде олардың одан қорғауға байланысты қатынастарын ретке келтіреді. Яғни, бұл мәселелердің барлығы тек қылмыстық құқықтық норма арқылы реттеледі.  Қылмыстық құқықтық нормалар қылмыстық құқық ғылымында зерттеледі. Профессор Н.Д. Дурманов, қылмыстық құқықтық нормалар қылмыстық заңмен қамтамасыз етіледі. Заң күшіндегі актілер қажетті жағдайда қылмыстық құқытық нормалардың

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенмазмұныны айқындайды. Қылмыстық құқықтық нормалар мәндік ерекшеліктер мен айрықшаланады. Бұл мәндік ерекшеліктерге қылмыстық құқық теориясында қарама-қарсы талас пікір тудыратын көзқарастар жеткілікті. Мәселен, неміс ғалымдары К. Биндинг, Р. Хиппель, Р. Маурах, орыс ғалымдары С.П. Мокринский, С.В. Познышев, Н.Д. Сергиевский, П.Е. Недбайло, С.П. Томашевский, А.Н. Трайнин, И. Ребане, Я.М. Брайнин, В.Г. Смирнов, О.Э. Лейст т.б. ғалымдар.

      XIX ғасырдың екінші жартысында неміс криминалисті К. Биндингтің  пікіріне сүйенсек, қылмыстық құқық нормасы туынды және дербес сипатпен айқындалады, қылмыстық заңда норма болмайды, норма қылмыстық заңның басқа құқықтың басқа саласының заңдаыранда орын алады, қысқа түрде, норма қарама-қайшылықтан пайда болады, ал звң қылмыстық іс-әрекеттен туындайды,- деді [40,94-96б.]. К. Биндинг: «қылмыстық құқықтық нормалар сақтандыру функциясы арқылы санкция көрсетілген жазаны кінәліге тағайындау әрекетін атқарады»- дейді. [43,99б.] Н.А. Стручковтың пікіріне сүйенсек, қылмыстық құқықтық нормалар материалдық құрамнын тұрады. Қылмыстық құқық нормалар қоғамдық қатынастарды реттеу,жолға салу және қорғау үшін жасалады. Қоғамдық қатынастарды реттеу үшін оған қатысушыларға ерік берудің өзі-ақ жеткілікті. Кейде қоғамдық қатынастарды реттеу үшін, оларды зиянды іс-әрекеттерден қорғау керек. Мысалы, адамның өмірін, меншігін қол сұғудан қорғамаса, жеке адамға да, қоғамға да зиян келтіреді. Ал қайсыбір жағдайда қоғамдық қатынастарды реттеу үшін тұлғаларға міндеттер жүктеуге тура келеді. Мысалы, ішкі істер органдарының міндеті қоғамдық тәртіпті сақтау, қорғау. Бұл нормалар белгілі көтермелеу мақсатында көздейді.  Мысалы, заң нормалары қоғам үшін адал еңбек еткендерге құрметті атақтар беріледі. Б.А. Куринов: жалпы құқықтық теорияда, құқықтық норманы үшке бөліп көрсетеді. Олар: гипотеза, диспозиция, санкция [9,44б]. Бірқатар авторлар жоғарыда көрсетілген құрамды бөлшектерден трпатына келіседі. (Мәселен, Н.Д. Дурманов, М.И. Блум т.б.) Біздің ойымызша да, әрбір құқықтық норманың ішкі құрылысы бар. Олар: гипотеза (болжам,диспозиция, мінез-құлық ережесі) және санкция (жаза, шара). Құқықтық норманың мұндай құрылысын логикалық құрылым деп атаймыз. Құқықтық норманың гипотезасы құқықтық норманы қолдану (немесе қолданбау) үшін қажетті өмірдегі мән жайлардың бар екенін көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Гипотезаның көмегімен мен мінез-құлықты қиялдағы варианты нақтылы өмірдегі жағдайлармен белгілі адаммен, мерзіммен және орынмен байланыстырады. Демек, гипотеза құқықтық норманы тірілтеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзу керек. Егер осындай іс-әрекеттер жасаса, заңды бұзушы тиісті жауапқа тартылады. Егер гипотезада бір ғана мән-жай көрсетіліп, сол жағдайда құқықтық норма қолданылатын болса, онда жай гипотеза деп атаймыз [24,81б]. Мысалы, егер бала туғанда ата-анасы ҚР азаматтары болса, бала да ҚР азаматы болып саналады. Егер құқықтық норманы қолдану үшін екі, одан да көп мән-жай қажет болса, ондай гипотезаны күрделі дейді. Егер құқықтық норманың қолданылуы бірнеше мән-жайдың біреуіне байланысты болса, оны балама

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенгипотеза деп атаймыз.  Құқықтық норманың диспозициясы құқықтық қатынастарға қатысушылардың мінез-құлқы қандай болу керек екенін анықтайтын құқықтық норманың бөлшегі. Диспозиция құқықтық норманың ұйтқысы, мазмұны, өзегі. Бірақ құқықтық норма тек қана диспозициядан тұрмайды. Гипотеза және санкциямен бір байланыста болғанда ғана диспозиция өзінің реттеушісі қызмет атқра алады. Диспозиция мінез-құлықтың үлгісі. Диспозиция үш түрлі болады: а) жай диспозиция, егер мінез-құлықтың мазмұны ашылмаса; ә) бейнеленген диспозиция, егер мінез-құлықтың мазмұны барлық мәнді белгілері анықталса; б) сілтеме диспозиция- егер құқықтық норма димпозициясы анықталған басқа құқықтық нормаға сілтесе. Үшінші бөлігі туралы бір топ ғалымдар былай дейді. «Құқықтық норма құрылысының үшінші элементі-санкция ғана Қылмыстық заңның Жалпы бөлімінің ережелеріне сәйкес істелген қылмыс үшін жауаптылық қаралған Ерекше бөлімнің тиісті баптарында көрсетілген шектен шықпай жаза тағайындайды»[36.59,31б]. Ал, кейбір авторлар қылмыстық құқықтық нормада диспозициямен санкция болуы қажет, гипотеза бұл жерде артық деген пікірін ұсынды. Мәселен: Я.М. Брайнин, В.Г. Смирнов, В.П. Малков. Мәселен, Қылмыстық кодекс заңды бірнеше баптар,тармақтардан тұрады. Ал заңның бабаы бір немесе бірнеше құқықтық нормадаын тұруы мүмкін. Егер заңның бабында бір норма болса,бап пен норма сәйкес келеді бапта екі норма болуы мүмкін,онда, әрине баптың мазмұны норманың мазмұнынан кең болады. Мысалы, ҚР Конституциясының 34-бабы екі құқықтық нормадан тұрады. 1) Әркім ҚР Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бастандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге міндетті. 2) Әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті. Кейде бір құқықтық норма бірнеше баптан тұруы мүмкін.  Заңның бабы біріншіден, құқықтық норма мен заң бабының үйлесуі, екіншіден, заңның бір бабында бірнеше құқықтық нормалардың болуы, үшіншіден, бір құқықтық норманың бірнеше баптан тұруы. Құқықтық нормамен құқықтық қатынас арасында бұлтартпастық байланыс бар, өмірде тек қана құқықтық нормада көрсетілген құқықтық қатынас пайда болады. Ал қылмыстық құқықтық норманы қолдану сатыларына келсек, С.С. Алексеевтің үшке бөлген топтастыруынан көруімізге болады олар: фактілік мән-жайын дәлелдеу; құқықтық нормаларды талдау; құқықтық актіні қолданып істі шешуде көрсеті; қылмыстық сот өндірісінде осы топтастыруда модификациялауды талқылап қылмыстық құқықтың талдауын үш саытға бөлеміз: істің нақты фактілі мән-жайына зерттеу, дәлелдеу жүргізу; қылмыстық құқықтық норманы бекіту; қылмыстық құқықтық норманы жүзеге асыру. В.Н. Кудрявцевтің пікіріне жүгінсек, қылмысты саралау қылмыстық құқықтық норманы қолдануда негізгі кезеңнен тұрады. Ал құқықтық норманы, істелген қылмыстың қылмыстық құқықтық нормасын екі бағытта айқындаймыз. Олар: мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар заңмен қызмет істеуі; азаматтар, олардың бірлестіктері және ұйымдастықтары өз іс-әрекеттерімен құқықты жүзеге асыруы. Құқықты жүзеге асырудың ерекше тәсілдері бар. Олар:

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттена)  Құқықты  сақтау. Тыйым салатын нормалар арқылы жүзеге асырылады. Бұл тәсілдің мәні тыйым салынған әрекетті жасаудан бой  тарту болып табылады;

б) Құқықты  орындау. Құқықты орындаудың мәні жүктелген  міндетті жүзеге асыру үшін белсенді әрекеттер жасау;

в)  Құқықты  пайдалану. Белгілі тұлға өзіне  берілген құқықтар мен бостандықтарды пайдалана ма, жоқ па өз еркі, егер оларды пайдаланғысы келсе, белсенді немесе енжар әрекет жасау арқылы құқықтық норманы жүзеге асырады;

г) Құқықты қолдану. Бұл билік қызметін жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Мысалы: сот, прокуратура, тергеу органдары қолданады [5,18б.]. Қолданудың өзі екі түрлі жолмен жүзеге асырылады: бірінші түрі- билік жүргізетін қызмет арқылы, екінші түрі- нақтылы істі шешу арқылы. Құқықты қолдану бірнеше сатыдан тұрады: істің нақтылығы мән-жайларын анықтау; сітің заңи негізін анықтау; құқықтық норманы қолдану арқылы шешім қабылдау: шешімді жүзеге асыру.  Сонымен қылмыстық құқықтық норма бір мезгілде тыйым салушы және міндеттеуші нормалар болып табылады. бұл нормалардың тағы да сақтандырушылық және тәрбиелік мәні бар. Қылмыстық құқықтық норманың сақтандырушылық функциясы- қылмысты саралауда маңызы ерекше зор. Яғни істелген іс- әрекеті үшін тиісті баптардың санкциясында көрсетілген жазаны кінәлі адамға тағайындау мүмкіндігі арқылы көрініс табады, осы арқылы азаматтарды қылмыс істеуден күні бұрын сақтандыру арқылы тәрбиелік ықпал ету шарасын; жүзеге асырады. Қылмыстық құқықтық норма, сонымен бірге кез келген азаматтарды заңды бұлжытпай орындау тәрбиелеумен бірге оларды қылмыс істегендермен ымырасыз күрес жүргізу рухына баулиды. Қылмыстық құқықтық норманы қодану процесінде қылмыстық сараудың орны ерекше. Ол тек қоғамдық қатынастарды қорғап қана қоймайды, ол сонымен бірге мұндай қатынастарды ретке келтіреді. Қылмыстық құқықтық нормалар өзінің реттелушілік ықпалы мен, кез-келген азаматтарды қылмысты құбылысқа төзімсіз болуға, олармен ымырасыз күрес жүргізуге баулу арқылы іске асырылады. Заңға диспозиция қылмыстық құқықтық норманың қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтайды. Тектік және түрлік заңды саралаудың нақты шешімі белгілі іс-әрекет қылмыстың белгілерінен құрамды және қылмыс жасағалы тұрған адам екінші кезекке сөзсіз өтеді. Мысалы, қылмысты саралау сатысы, қылмыстың заң нормасының белгілі іс-әрекетінің қамтылуын өндіреді. Ең соңғы кезеңі, қылмысты саралау процесі белгілі міндетті іске қорытынды шығарады, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің белгілі бабына сілтеме жасайды, кейбір жағдайларда Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің бабына сілтеме жасайды. Заңгердің күнделікті тәжірибеде қолданып келген іс-әрекеті бойынша қылмысты саралау жоғарыдағы екі түрге бөлінеді, атап айтсақ,  бірінші кезең заңды логикалық саралау, екінші кезең саралау процесі. Қылмыстық құқықтық нормаларды, қолдануға прокурор, сот, тергеуші, жауап алу қызметінің әрекеті құқыққа сәйкес бастау сәті болады. Бұл кезең дайындалу

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенсипаттамасын жүзеге асырмаса да өте маңызды рөл атқарады. Заңды негізде қылмыстық құқық нормасының бекітілуі, қолданылуы құқыққа сәйкес процестің басшы орталығын атқарады. Бұл кезеңнің құқықтық нормасы формальды ғана емес, норманың тексеру қызметін, яғни кеңестіктегі, уақыттағы іс-әрекеті оның түсіндірілуін қамтамасыз етеді. В.Н. Кудрявцев, қылмысты саралау қылмыстық құқықтың нормаларымен тығыз байланысты және ең соңғы кезеңі құқық нормасын қолдану- шешімін шығару, акт шығары, осы шешімде бекітіледі. Құқықтық норманы қолдану кезеңі қылмыстық процестің кезеңі мен сәйкес келмейді, өйткені белгілі субъектінің ресми мән-жайға құқыққа назар аударуы болып табылады. Логикалық құқық қолдану әрекеті (әрекетсіздігі) анықталған кезеңнен және сатыдан құралады.  Логикалық құқық қолдану сатысы мен құқық процесс сатысының бір-бірінен ерекшелігі мен өзгешеленеді [5,18б.]. Қылмыстық құқық нормасын қолдану қылмыстық құқықтың Ерекше бөлім нормасымен шектелмейді, сонымен қатар міндетті түрде жалпы бөлімнің нормаларын қамтамасыз етеді. Б.А. Куриновтың пікіріне сүйенсек: Қылмысты саралау қылмыстық құқықтың нормасымен бірге жүретін «ұқсастық»- деп көрсетті. Қылмысты саралауда дұрыс саралаудың атқаратын рөлі ерекше. Мысалы: ҚР ҚК 96-бап адам өлтіру. 101-бап абайсызда адам өлтірумен ауыстырып қылмысты дұрыс сараламаған жағдайда құқық нормасы бұзылады, жаза тағайындалғанда көптеген кемшіліктерге жол бермеу адамның (қылмыскердің) өміріне үлкен келеңсіз жайдайлар туғызады. Егер, қылмысты бірнеше адам орындайтын болып олар бірнеше адам алдын-ала жобалап және өзара атқаратын міндетін бөлісіп, әрқайсысы басқа адамды қатыстырмай бір адамнан ғана өлтірсе олардың әрқайсысының әрекеті ҚК 96-бабы 2-бөлігінің «а» тармағы бойынша саралануға жатады. Егер, екі немесе одан да көп адамды өлтіру әр уақытта болып, бұл әрекеттер айыпкердіңбір жақты ойы мен жүзеге асырылмаса, онда бұл қылмыстар ҚК 96-бабы 2-бөлігінің «н» тармағы бойынша бірнеше рет адам өлтіру ретінде сараланады. Бір уақытта бір адамды өлтірген және екінші адамды абайламай өлтірген айыптының әрекетінде бұл қарастырып отырылған қылмыстың құрамы жоқ, ол екі қылмыстың жиынтығы; адам өлтіру және абайсызда кісі өлтіру қылмыстары ретінде сараланады [60,179б]. Құқықты қолданудың бірінші сатысындағы заңи айғақтар және заңи құрам анықталуы керек. Олар басты айғақ немесе басты айғақты анықтайтындар. Осы айғақтар заңи істер тиісті түрде, заңи жолмен шешуге жеткілікті болуы қажет. Кейде анықталатын мән-жайлардың көлемі заңда белгіленеді. Мысалы, қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша сотта қылмыстық істі қарағанада мына жағдайлар дәлелденуі қажет: қылмыс оқиғасы, уақыты, орны, жасалу әдістері, айыпкердің кінәсі, қылмыстың себебі, айыпкердің жауапкершілігіне әсер ететін мән-жайлар қылмыс арқылы келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері, қылмысты жасауға түрткі болған мән-жайлар. Екінші сатыда істің заңи негізі анықталуы керек, қолдануға қажетті құқықтық норманы табу. Оның мәтінің дұрыстығын тексеру, норманың түп нұсқасы екендігін анықтау, оның кеңестіктегі, мерзімдегі (уақыттағы) күшін және субъектілерге қатыстығын анықтау, норманың мазмұнын айқындау. Осы айтылған әрекеттердің барлығы заңдылықты құқықтық тәртіпті нығайту үшін қызмет істеді. Кейде заңи мәні бар әрекет жасалса да, оны шешуге арналған құқықтық норма болмауы мүмкін.  Мұны

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттензаңдағы олқылық деп атайды. Үшінші сатысы- қаралған іс бойынша құқық қолдану актісін қабылдау.  Мұндай акт істің тағдырын шешеді. Сондықтан бұл жұмысқа жауаптылықпен қарау керек. Осы актілер заңға негізделіп, заң бойынша жасалуы қажет. Бұл акт құқық нормалары бойынша соның негізінде қабылданады, заңдық күшіне ие болады және құқықтық қатынастарды туындатады, өзгертеді, тоқтатады. Құқық қолдану актісінде ұқнның нормасы болмайды.

      Біздің  ойымызша, қылмыстық құқықтық нормалардың  маңызы қылмыстық заңда ерекше орын алады. Мәселен, Қазақстан Республикасында  қылмыс пен күрес жүргізу Қылмыстық  атқару кодексімен реттеледі, кейбір реттерде жекеленген жазалардың орындалуы басқадай, арнайы заңдылық актімен де белгіленуі мүмкін, ал зиянды әрекеттердің мәселелерін саралау қылмыстық құқықтық теорияда да,сот тәжірибесінде де алатын орны ерекше.                            

ҚОРЫТЫНДЫ 

        Жалпы тәуелсіздікке қолы жеткен  ел даму бағытында алдыңғы  қатарлы дамыған елдердің тәжірибелерінің елеулі дәмін татып көріп, сосын іске асыратыны табиғи заңдылық. Осындай көлемді қадамға сәйкес экономикалық бағдарламалар мен заң жобалары жасалып, оған өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп жатады. Осыған байланысты, еліміз үшін аса маңызды мәселелердің

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттеннегізгі көзі болып табылатын экономикалық дағдарыстан қиналмай өту, әлеуметтік оңтайландырылған тиімді де өнімді нарықтық механизм құру үшін қоғамдағы қылмыспен қарсы күрес жүргізу үшін құқық қорғау органдарының алатын орны ерекше. Бұл арада қылмыс заңдылықтарының орындылығын қарау мәселесі қылмысты саралауда айқын көрініс табады.

      Дипломдық жұмыста әдебиеттерді талдау мен  Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық  кодексі басқа да нормативтік актілер мен қылмыстық заңдар негізге алынып, қылмысты саралаудың мазмұнын, маңызын, әдістемелік және теориялық негізін олардың бағыттары мен қағидалары, түрлері, қылмыстық саралаудағы объективтік шындықтың орын алуы, жеке, жалпы және ерекше қатысудағы қылмысты саралаудың олқылықтары, қылмыстық заңның даму ерекшелігі мен құқықтық негізі, қылмыс құрамының элементтерін құрайтын белгілердің жиынтығы (ниет пен мақсат, кінәнің аралас түрі, тұлғаның жасқа толу белгісі, жаза тағайындау мөлшері, нормалардың бәсекеге түсуі, зат пен құрал)  жүйелендірілген мазмұны ұсынылады. Зерттеудің барлық шеңбері басты міндет- қылмысты саралаудың әдістемелік логикалық формасына және қылмысты саралауда қылмыстық  заңдылықтың тиімді әрі мақсатты түрде айқындалуын шешуге бағытталған.

        Мемлекеттік әлеуметтік- экономикалық  сипаттағы құқықтағы және ұйымдастырушылық шараларын қамтамасыз етудегі белгілі бір жетіспей жатқан кемшіліктер қылмысты дұрыс сараламаудың орын алуына жағдай туғызады. Сонымен қылмысты саралау ұғымы дегеніміз- қоғамға қауіпті құқыққа қайшы қылмыстық заңға кері бағытталған іс-әрекетті Қылмыстық кодекстің  Ерекше бөлімінің баптарына нормаларды дәлме-дәл жатқызу. Екіншіден, қылмысты дұрыс саралау еліміздегі қылмыстылықтың жағдайын, құрылысын, деңгейін қозғалысын дұрыс анықтауға мүмкіндік туғызады. Қылмысты дұрыс сараламаудың нәтижесіндеқылмысты іс-әрекетті жасаған кінәлі адамға жөнісіз жеңіл және ауыр жаза тағайындалады, яғни әділ жаза тағайындау қағидасына қайшы келеді. Қылмысты дұрыс тәжірибе тұрғысынан сот төрелігін жүзеге асырудың кепілі және заңдылық,  әділеттік қағидаларының жүзеге асырылуының басты шарты болып табылады. Сонымен қылмысты дұрыс саралау құқық қорғау органдары беделінің мәртебесінің биік болуына келіп тіреледі. Қылмыстық заңға негізделген әдейі үкім шығару сот органдарының беделін,мәртебесін нығайтады.

      Қылмысты  саралаудағы «үйлестік функциясы» ұқсас қылмыстарды бір-бірінен  ажыратуда қылмысты қылмыстылық  еместіліктен айыруға, қылмыстың қоғамға  қауіптілігінің дәрежесін белгілеуде маңызы зор, яғни жасалған іс-әрекеттің арасындағы ұқсастықты нақты шындыққа бекіту болып табылады. бұл тұрғыда қылмысты саралау дегеніміз- қоғамға қауіпті, құқыққа қайшы істелген іс-әрекеттің арасындағы ұқсастықты шындыққа бекіту нәтижесінде көрсетілген қылмыс құрамының белгілерін қылмыстық нормада және қылмыстық актіге сай заңдылық баға беру.

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен      Қылмысты  саралауда антологиялық, гнесологикалық және логикалық аспектілер қылмыстық  құқықтық теорияда жүзеге асырылады. Гнесологикалық аспекті – қылмысты саралау болжамды нәтижеге байланысты, яғни қылмыстың қандай мақсатпен жасалғандығы көрініс табады, ал антологиялық және логикалық аспекті қылмысты саралауда ой-тұжырымнан өткізу желісі болып табылады. сонымен қылмысты саралаудың әдістемелік түсінігі материалистік ұғымда қаралады.

      Қылмысты саралаудың түрлеріне тоқталсақ, қылмыстық құқықтық еторияда легальдық (ресмиленген), докриналдық (ғылыми) саралау болып екі түрде көрініс табады. Доктринальдық саралау адамның мәндік күшінің қоғамдық қалыптасып өркендеуіне, тарихи сатыларымен ілгерілеуіне оқиғалардың, құбылыстардың одан әрі даму бағдарларына, бағыттарына болжам жасайды. Доктринальдық саралау ғылыми білімнің, рухани  дүниенің құрамдас бөлігі есебінде әр қашанда жүйелілігімен, логикалық тұрғыдан ұйымдасқандығымен, қылмыстық құқықтық теориялық сипатымен ерекшелінеді. Ресмиленген саралау құқық қорғау органдарының іс-әрекеттерінде көрініс табады.

      Философиялық  негізде қылмысты саралаудың мәселесі тереңдетілген зерттеу жүргізу арқылы,нақты, жалпылық, ерекше, жеке қатысудағы саралау қылмыстық құқықтық теорияда орын алады. Бұл арада қылмысты саралаудың ұғымы әлеуметтік қоғамға қауіпті тұрғыда жасалған іс-әрекетті анықтау арқылы адамдардың мінез-құлқы ережесін қылмыстық заңның нормасында белгілейді. Сонымен, қылмыс жасаған адамның мінез-құлқы ережесін тек заң ғана бағындырады.

      Қылмысты  саралаудың норма бәсекелестігіне  тоқталсақ, теория бойынша да, тәжірибе тұрғысынан алғанда да күрделі, маңызды  мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, қылмыстық құқықтық теориядағы коллизияның (норма арасындағы келісімінсіз тұрпаты),  жалпы және арнайы норманың қарастырылуы, әрине қиындық туғызады. Бұл тұрғыда нормалар бәсекелестігі деп қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің екі (не одан да көп) баптарының блгілеріне сәйкес келетін жағдай түсінілед, яғни ол (қылмыс) бір уақытта бірнеше норманың диспозициясында қамтылады. Мәселен, егер жалпы мен арнайы норма бәсекелессе- арнайы норма, ал бүтін мен бөлшек бәсекелессе, жасалған әрекеттің белгілерін неғұрлым толығымен қамтитын бүтін норма қолданылады. Бұл тұрпатта, қылмысты саралағанда өзара ұқсас белгілер салыстырса, келесі жағының логикалық ұғымына қарай «жалпы мен бүтін» қатынасындағы белгілер бәсекеге түседі. Көрініп отырғандай, қылмысты саралау үстінде, толық сәйкестік орнату кезінде, біріншіден, бір баптың бөліктері, екіншіден, әр түрлі баптар назарға алынады.

     Логикалық, философиялық негіздер қылмыстық заңның қолдануымен қатар оны бұзған адамдарға қолданылатын жазаның  қылмыстық құқықтық нормада көрініс  алуына мүмкіндік туғызады.. философиялық және логикалық негізде саралау процесінің мазмұны, нақты абстракцияланған салыстырмаға ие болады. Бұл арадағы таным мәселесі- философия мазмұнында мүбегейлі орын алатын үлкен мәнді иеленетін,

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттенматериализмнен идеализм арасындағы шиеленіскен күрестің арқауына айналған мәселе. Философиялық қылмысты саралау өз алдына дедуктивтік және индуктивтік шартты жүзеге асырады. Сонымен қатар қылмысты саралау динамикалық аспектіде силлогизмді бейнелейді.

      Сонымен қорыта келе, дипломдық зерттеу жұмысында  ғылыми әдістемелік жолмен қамтамасыз ету бойынша саралау сұрақтарына өз ұсыныстарымызды негіздедік. Әсіресе, қылмыстық іс жүргізу сатысының бастапқы сатысында тергеушілердің кездестіріп қалатын қиыншылықтарын, алдын ала тергеу жүргізудің мерзімін, бағыттарын, айырма шектерін, соттарға байланысты үкім шығару кезінде жаза тағайындау негіздерінде кездесетін қиындықтарды қылмысты саралауда ашу мен толық мәлімдеуге байланысты әдістемелік процессуалдық аспектілері қарастырылды. Қылмысты саралау мәселесі туралы қылмыстық істер жөніндегі алқадан қылмысты қадағалау алқасынан қылмысты саралаудың қарастырылған істердегі ерекшеліктері мен міндеттерін анықтайды.                   

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1. Қазақстан Республикасы. Конституция: респ. Референдумда қабылданған 30 тамыз 1995 ж // ҚР Парламентінің

ведомісі. – 1996, №4. 217 б. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан-2030.

2. Лейст О.Э. Санкция и ответственность по советскому уголовному праву. – М., 1962. – С. 123.

3. Дютртейн Э.  Философия и право. – М., 1966. – С. 103. 

4. Таганцев Н.С. Русское уголовное право. – М., 1984. – Т 1 – С. 156-162.

5. Сергеевский Н.Д. Уголовнае право // Часть общая. Издательство-2-ое. СПб., 1915. – С. 260.

6. Брайнин Я.М. Советское уголовное право. Общая часть. Издательство Киевского государственного университета им.

Шевченко, 1955.  – выпуск. 1. – С. 190-202.

7. Зогородников Н.И. О пределах уголовной ответсвенности. // Советское уголовное право. – М., 1963 - № 117. – С. 326. 

8. Лейкина Н.С. Личность преступника и уголовная ответственность. – М., 1968. – С. 420.

9. Стручков Н.А. Основы теории исправительно-трудового право. – М., 1967. – С. 610.

10. Багрий-Шахматов Л.В.  Уголовная ответственность и наказание. – Минск., 1976. – С. 26-27.

11.   Санталов А.Н. Теоретические вопросы уголовной ответственности. – Л., 1982. – С. 62.

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен

12. Санталов А.Н. Состав преступления и некоторые вопросы Общей части уголовного права «Правоведение». - 1960. -

№ 1. – С. 88.

13. Карпушин М.П., Курляндский В.И. Уголовная ответственность и состав преступления. – М., 1974. – С. 21.

14. Санталов А.Н. Теоретические вопросы уголовной ответственности. – Л., 1982. -  С. 170.

15. Демидов Ю.А. Социальная ценность и оценка в уголовном праве. – М., 1975. – С. 156.

16. Осипов П.П. Теоретические основы построения и применения уголовно-пправовых санкций Л., 1976. – С. 51.

17. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсінік. – А., ЖСШ Баспа  2001. – 9. бап.

18. Лейст О.Э. Санкции и ответственность по советскому праву. – М., 1962. – С. 109.

19. Сенцов А.С. Проблемы реализации уголовной ответственности и правогого статуса ее субъектов на предварительном

следствии. – Волгоград., 1995. – С. 131-132.

20.Лейкина Н.С. Личность преступника и уголовная ответственность.  – М., 1968. – С. 36.

21. Стручков Н.А. Уголовная ответственность и ее реализация в борьбе с преступлением. – М., 1968. – С. 170.

22. Санталов А.И. Теоретические вопросы уголовной ответственност. – Л., 1982 – С. 81.

23.Багрий-Шахматов Л.В. Уголовная ответственность и наказание. – Минск., 1976. – С. 98.

24.Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсінік. – А., ЖСШ Баспа. – 2001. – 16. бап.

25. Багрий-Шахматов Л.В. Уголовная ответственность и наказание. – Минск.,  1976. – С. 67. 

26.Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсінік. – А., ЖСШ Баспа. – 2001. – 14. бап.

27.Қазақстан Республикасы Конституциясына түсіндірме. – А., 1995. – 77. бап.

28.Елеонский В.А. Проблемы позитива и ответственность в советском уголовном праве. – Рязань., 1979. – С. 82.

29.Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсінік. – А., ЖСШ Баспа. – 2001. – 14. бап.

30.Кудрявцев Н.В. О противоправности преступления // Правоведения. – 1959. - С. 74.

31.Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсінік. – А., ЖСШ Баспа. – 2001. – 3. бап.

32. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсінік. – А., ЖСШ Баспа. – 2001. – 34. бап.

33. Қазақстан Республикасының  Конституциясына түсіндірме. – А., 2000..

34.Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсінік. – А., ЖСШ Баспа. - 2001. – 75. бап.

35.Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсінік. – А., ЖСШ Баспа. – 2001. – 102. бап.

36.Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсінік. – А., ЖСШ Баспа. – 2001. – 373. бап.

37.Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсінік. – А., ЖСШ Баспа. - 2001. – 169. бап.

38.Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсінік. – А., ЖСШ Баспа. - 2001. – 177. бап.

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен

39. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсінік. – А., ЖСШ Баспа. – 2001. – 20-21. бап.

40.Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсінік. – А., ЖСШ Баспа. – 2001. – 15. бап.

41. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсінік. – А., ЖСШ Баспа. – 2001. – 16. бап.

42.Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсінік. – А., ЖСШ Баспа. – 2001. – 38. бап.

43. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсінік. – А., ЖСШ Баспа. – 2001. – 39. бап.

44.Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсінік. – А., ЖСШ Баспа. – 2001. – 16. бап. – 33-35. бб.

45. Кругликов Л.Л. Смягчающие и отягчающие обстоятельства в советском    уголовном праве. – Ярославль., 1977. – С. 59.

46.Кругликов Л.Л. К вопросу об исчерпывающем характере перечня отягчающих ответственность обстоятельств. / Гарантии прав личности в социологическом уголовном праве и процессе. – Ярославль.: ЯрГУ., 1986. – С. 107.

47.Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсінік. – А., ЖСШ Баспа. – 2001. – 28. бап. – 62-66. бб.

48.Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсінік. – А., ЖСШ Баспа. – 2001. – 141. бап. – 254. б.

49. Андреева Л.А. Состав преступления износилования в советскому уголовном праве: Автореф. дис. ... канд. наук. – Л., 1962. – С. 9.

50.Қазақстан Республикасы Жоғары Соты Пленумы. Әйелді зорлағаны үшін жауапкершілікті белгілейтін заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы.  // Егемен Қазақстан. – 1993. – 23 сәуір.

51. Гаскин С.С. Отягчающие обстоятельства и их значение индивидуализации уголовной ответственности и наказания: автореф. дисс. канд. юр. наук: 00.12.08. – М., 1981. – С. 59.

52. Лейкина Н.С. Личность преступника и уголовная ответственность. – М.,  1968. – С. 254.

53.Орымбаев Р. Специальный субъект преступления // Изд. «Наука». – Каз. ССР. – А., 1977. – С. 4.

54.Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсінік. – А., ЖСШ Баспа. – 2001. – 59. бап. – 122-123. бб.

55.Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсінік. – А., ЖСШ Баспа. – 2001. – 53. бап. – 109-111. бб.

56.Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсінік. – А., ЖСШ Баспа. – 2001. – 56. бап. – 117-118. бб.

57. Дагель П.С. Личность преступника. – Казань., 1972. – С. 12-15.   58. Қазақстан Республикасы Жоғары Соты Қаулы. Жаза

тағайындағанда соттардың заңдылықты сақтауы // Егемен Қазақстан. – 1993. - 24 маусым. – 23-33. бб.                                           

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен

59.Пионтковский А.А. Учение о преступлений по советскому уголовному праву. – М., 1961. – С. 45.

60.Бапанов Т.Ә., Әбләзов Е.Т. Қылмыстық құқық альбом үлгісі. – А., 2000. – 12. б.

61. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық   жалпы бөлім. – А., 2000. – 27-30. бб.

62. Утевский Б.С.  Вина в уголовном советском праве монография. – М., 1948. - С. 143.

63.Котов Л.И. Развитие нравственных убеждений и привычек. – М., 1961. – С. 31.

64.Дагель П.С. Установление уголовной наказуемости с учетам субъективной стороны общественно опасных деяний // Основные направления борьбы с преступностью. – М., 1975. – С. 125.

65.Рубинштейн С.Л. Бытие и сознание // изд. АН СССР.  – 1957. – С. 279.

66.Волков Б.С. Проблема воли и уголовная ответственность // изд. Казанского университета. – 1965. – С. 78.

67.Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты. Қаулы Адамның өміріне, денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауаптылықты реттейтін заңдардан соттарда қолдануы туралы // Егемен Қазақстан. – 1994. - 23 желтоқсан. - №7.

68.Кудрявцев В.Н. Взаимосвязь элементов преступления // Вопросы борьбы с преступностью. - М., - 1976. - Выпуск 25. – С. 29.

69.Кузнецова Н.Ф. Преступления и преступность. – М., 1969. – С. 67. 70.Кригер Г.А. Дифференциация оснований и пределов уголовной

ответственности // Совершенствование мер борьбы с преступностью в условиях научно-технической революции. – М., 1980. – С. 124.

71.Орымбаев Р. Специальный субъект преступления. – Алма-Ата., 1977. – С. 145.

72. Шаргородский М.Д.  Наказание по советскому уголовному праву. – М., - 1957. – С. 115.

73.Орымбаев Р. Специальный субъект преступления. – Алма-Ата., 1977. – С. 141.

74.Куринов Б.А. Научные основы квалификации преступлений. – М., 1976. – С. 103.

75.Ағыбаев А.Н.  Қылмыстық құқық //  Жалпы бөлім. – А., 2000. – 65. б.

76.Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. – А., 2000.  – 16. бап.

77.Заң терминдері сөздігі. – А., 2000. – 7.б.

 

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен

                 

 Страницы:← предыдущая 1 2 3 4 5 6 7 8 Информация о работе Қазақстанда қылмысты саралау Описание работыҚазақ КСР 1959 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің нормалары өмірімізде орын алған саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге сай келмегендіктен, 1997 жылы шілде айының 16-жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылы қаңтар айының 1-жұлдызынан бастап заңды күшіне енеді[4]Содержаниесодержание отсутствует© 2009 — 2013 Stud 24. ru — тысячи рефератов, курсовых и дипломных работ

Предметы Новые рефераты Задать вопрос

Регистрация нового пользователя Зарегистрируйтесь сейчас!Просмотр и скачивание документов docx, doc, xlsx, xsl, ppt, pptx, rtf, odt, pdf и т.д. доступно только для зарегистрированных пользователей Введите E-mail и пароль, которые будете использовать для входа на сайт:

E-mail:

Пароль:

Заведение учетной записи необходимо для дальнейшего доступа к сайту с любого компьютера! Отмена Зарегистрироваться

Оқу-әдістемелік кешені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1- бет 155 беттен

Согласен с условиями оферты