12
EUR/KZT 351.46 USD/KZT 325 RUB/KZT 5.45 CNY/KZT 47.26 №23 (29004) 3 АҚПАН, ЖҰМА 2017 ЖЫЛ E-mail: [email protected] www.egemen.kz TWITTER.COM/EGEMENKZ FACEBOOK.COM/.EGEMEN.KZ 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ: Алматыда тіп жатқан XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың тртінші күні тбемізден алтын жауды. Мұндай нәтижеге Қазақстан құрамасы бұрын-соңды жетіп крмеген еді. Осыдан екі жыл бұрынғы студенттер сайысында біздің спортшы- ларымыз бар болғаны 5 алтын және 6 күміс медаль алған болатын. Тәңірі жарылқаған тртінші күні биатлоншы қыздарымыз Алина Райкова мен Галина Вишневская толайым табысқа қол жеткізіп, топ жарып шықты. Могул спортының мықтылары Дмитрий Рейхард пен Юлия Галышева қарсыластарынан қара үзіп, чемпион атанды. Сондай-ақ, жас шаңғышы Иван Люфт күтпеген жерден жерлестеріне тосынсый жасап, жеңіс тұғырының ең биік сатысына ктерілді. Бұған дейін Қазақстан құрамасының қоржынына биатлоншы Алина Райкова, фристайлда жұптасқан Жанбота Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбек алтыннан жүлде салған болатын. Сонымен, Универсиаданың тртінші күніндегі нәтижелер крсеткіші бойынша біздің ел спортшыларының еншісінде 6 алтын, 2 күміс және 7 қола медаль бар. ҚОҒАМ 9-бет ӘЛЕМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РУХАНИЯТ 8-бет ЭКОНОМИКА МАЛ ҰРЛЫҒЫ МАЗАНЫ АЛЫП ТҰР 6-бет АҚШ-ТЫҢ 45-ШІ ПРЕЗИДЕНТІ 7-бет ТІРЕК АУЫЛДАРДЫҢ «ТІРЕК» БОЛАР ТҮРІ БАР МА?.. Қазақстан халқына жəне Прези- дентіне Ұлттық банк төрағасы Д.Ақы- шев, Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы А.Смолин, Бас прокурор Ж.Асанов, «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры Ғ.Байжанов, сондай-ақ, Пре- зидент Əкімшілігінің басшылық лауа- зымдағы бірқатар тұлғалар, Үкімет мүшелері, облыстар мен Алматы қаласы- ның əкімдері салтанатты түрде ант берді. Қазақстан Президенті мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талап арта түсетінін атап өтті. – Бюджет қаражатын тиімсіз пай- далану жағдайлары жиі кездесіп жа- тады. Мемлекеттік қызметшілер тара- пынан болатын құқық бұзу жайттары мемлекеттік қызметтің ғана имиджіне емес, жалпы мемлекеттік басқару жүйесіне теріс əсерін тигізеді, – деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев жиналған мемлекеттік қызметшілердің бəріне алдағы цифрлық дəуір талабы жаңашыл шешімдерді, оларды тиімді іске асыра алатын жетекшілерді қажет ететінін айтты. Қазақстан Президенті ел дамуының жаңа кезеңінде маңызды орын алатын өңірлік кəсіпкерлікті дамыту мəселесіне тоқталды. – Бұл жұмысты атқару əкімдерге жүктелген. Оларға тиісті өкілеттіктер мен мүмкіндіктер берілді. Біз жұртты бизнеспен айналысуға үйретуге тиіспіз, – деді Елбасы. Мемлекет басшысы əлеуметтік сала- ның ұдайы назарда болатынын жеткізді. – Экономика мен əлеуметтік сала- дағы түбегейлі өзгерістер саяси жаң- ғырумен қатар жүреді. Алдағы уақыт- та билік тармақтары арасындағы өкі- леттіктерді қайта бөлу Парламенттің, Үкіметтің жəне жергілікті мемлекеттік органдардың рөлін арттыратын болады. Сондықтан кешіктірмей, мүлде жаңаша жұмыс жүргізе бастау қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Соңында Елбасы елдің басқарушы корпусы алдында тұрған міндеттердің ауқымдылығы мен күрделілігін, ол сая- си мемлекеттік қызметшілерден жоғары жауапкершілік талап ететінін атап өтті. – Сіздер халықтың мүддесіне мінсіз қызмет етіп, өз міндеттеріңізді абы- роймен атқарады деп сенемін. Біз тəуелсіздігімізді нығайту жолында жəне Қазақстанның жарқын болашағы үшін қолымыздан келгеннің бəрін жасауға тиіспіз, – деп түйіндеді сөзін Қазақстан Президенті. Сурет Президенттің баспасз қызметінен алынды Төртінші күні төбемізден алтын жауды! ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ЖАҢА МОДЕЛІ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ӨМІР СҮРУГЕ ДАЙЫНБЫЗ БА? МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ЛАЙЫҚТЫСЫҢ БА? 3-бет 7-бет 9-бет Сұңғат ЛІПБАЙ Александр ТАСБОЛАТОВ Гүлнар НАСИМОВА Жаңа дәуір талабы жоғары ––––––––––––––––––––––––– Елбасы саяси мемлекеттік қыз- метшілердің ант беру рәсіміне қатысты, деп хабарлады Прези- денттің баспасз қызметі. ––––––––––––––––––––––––– Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан» Алинадан кейін Галина салған алтын Бұл жолы тағы биатлоншы қыздарымыз ерледі, күткендей-ақ болды! Алина Райкова Универсиададағы ең алғашқы алтынды қанжығасына байлаған күні Галина Вишневская күміске құрық салып еді, естеріңізде болар! Міне, бүгін сол Галина Виш- невскаяның аты озды! Қазақстан қоржынына 3-ші алтын медаль түсті! Ентігін баспай тұрып журна- листерге сұхбат берген үшінші алтынның иесі Галина Вишневская əңгімені өткендегі 15 шақырымдық алғашқы «күміс-жарысты» еске алып бастады: – Сол күні кеткен есемді қайт- кенде де қайтарамын деп өзіме өзім уəде етіп едім. Бүгін мен үшін ауа райы да қолайлы болды, жанкүйерлер қолдауына да қатты ри- замын. Сондықтан да, бұл жеңісімді жаныма жылу, шуақ сыйлаған, күш- жігер берген барша жанкүйерлерге арнаймын! Бүгінгі 7,5 километрлік жарыс жолында мылтық ату кезінде бір рет «сүрінген» спортшы қызымыз қашықтықты 21 минут 43,1 секунд- та жүгіріп өтті. Галина шын мəнінде əріптестерін шаң қаптырып кетті. Украиналық Яна Бондарь (+22.8) күміс, ресейлік Анастасия Егорова (+36.7) қола медаль алды. Қазақ- стандық құраманың биатлоншылары Дарья Усанова 7-ші, Анна Кисталова 8-ші, қазақстандық алғашқы алтынның «авторы» Алина Райкова 12-ші, Анастасья Кондратьева 21-ші орын- мен қанағаттанды. (Соңы 10-бетте) Біздің спортшылар Универсиаданың 4-ші күні 6-шы алтын медальға қол жеткізді Г.Вишневская Ю.Галышева Д.Рейхард И.Люфт «ҚҰЛАНБАЕВТАР ДИНАСТИЯСЫНЫҢ» ДАРАСЫ

E-mail: info@ 3 А˛ПАН, 2017 · PDF fileСоңғы жылдары жүріп жатқан білім мазмұнын жаңарту, ... ең алдымен білім беру

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: E-mail: info@ 3 А˛ПАН, 2017 · PDF fileСоңғы жылдары жүріп жатқан білім мазмұнын жаңарту, ... ең алдымен білім беру

EUR/KZT 351.46 USD/KZT 325 RUB/KZT 5.45 CNY/KZT 47.26

№23 (29004) 3 АҚПАН, ЖҰМА 2017 ЖЫЛE-mail: [email protected] TWITTER.COM/EGEMENKZFACEBOOK.COM/.EGEMEN.KZ

1919 жылғы 17 желтоқсаннан

шыға бастады

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ

ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ:

Алматыда �тіп жатқан XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың т�ртінші күні т�бемізден алтын жауды. Мұндай нәтижеге Қазақстан құрамасы бұрын-соңды жетіп к�рмеген еді. Осыдан екі жыл бұрынғы студенттер сайысында біздің спортшы-ларымыз бар болғаны 5 алтын және 6 күміс медаль алған болатын.

Тәңірі жарылқаған т�ртінші күні биатлоншы қыздарымыз Алина Райкова мен Галина Вишневская толайым табысқа қол жеткізіп, топ жарып шықты. Могул спортының мықтылары Дмитрий Рейхард пен Юлия Галышева қарсыластарынан қара

үзіп, чемпион атанды. Сондай-ақ, жас шаңғышы Иван Люфт күтпеген жерден жерлестеріне тосынсый жасап, жеңіс тұғырының ең биік сатысына к�терілді.

Бұған дейін Қазақстан құрамасының қоржынына биат лоншы Алина Райкова, фристайлда жұптасқан Жан бота Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбек алтыннан жүлде салған болатын. Сонымен, Универсиаданың т�ртін ші кү ніндегі нәтижелер к�рсеткіші бо йынша біздің ел спортшы ларының еншісінде 6 алтын, 2 күміс және 7 қола медаль бар.

ҚОҒАМ

9-бет

ӘЛЕМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН

РУХАНИЯТ

8-бет

ЭКОНОМИКА

МАЛ ҰРЛЫҒЫ МАЗАНЫ АЛЫП ТҰР

6-бет

АҚШ-ТЫҢ 45-ШІ ПРЕЗИДЕНТІ

7-бет

ТІРЕК АУЫЛДАРДЫҢ «ТІРЕК» БОЛАР ТҮРІ БАР МА?..

Қазақстан халқына жəне Пре зи-дентіне Ұлттық банк төрағасы Д.Ақы-шев, Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы А.Смо лин, Бас прокурор Ж.Асанов, «Сыр бар» сыртқы барлау қызметінің ди ректоры Ғ.Байжанов, сондай-ақ, Пре-зидент Əкімшілігінің басшылық лауа-зымдағы бірқатар тұлғалар, Үкімет

мү шелері, облыстар мен Алматы қала сы-ның əкімдері салтанатты түрде ант берді.

Қазақстан Президенті мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талап арта түсетінін атап өтті.

– Бюджет қаражатын тиімсіз пай-далану жағдайлары жиі кездесіп жа-тады. Мемлекеттік қызметшілер тара-пынан болатын құқық бұзу жайттары мемлекеттік қызметтің ғана имиджіне емес, жалпы мемлекеттік басқару жүйесіне теріс əсерін тигізеді, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев

жиналған мемлекеттік қызметшілердің бəріне алдағы цифрлық дəуір талабы жаңашыл шешімдерді, оларды тиімді іске асыра алатын жетекшілерді қажет ететінін айтты.

Қазақстан Президенті ел дамуының жаңа кезеңінде маңызды орын алатын өңірлік кəсіпкерлікті дамыту мəселесіне тоқталды.

– Бұл жұмысты атқару əкімдерге жүктелген. Оларға тиісті өкілеттіктер мен мүмкіндіктер берілді. Біз жұртты бизнеспен айналысуға үйретуге тиіспіз, – деді Елбасы.

Мемлекет басшысы əлеуметтік са ла-ның ұдайы назарда болатынын жеткізді.

– Экономика мен əлеуметтік сала-дағы түбегейлі өзгерістер саяси жаң-ғырумен қатар жүреді. Алдағы уақыт-та билік тармақтары арасындағы өкі-лет тіктерді қайта бөлу Парламенттің, Үкі меттің жəне жергілікті мемлекеттік органдардың рөлін арттыратын болады. Сондықтан кешіктірмей, мүлде жаңаша жұмыс жүргізе бастау қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында Елбасы елдің басқарушы корпусы алдында тұрған міндеттердің

ауқымдылығы мен күрделілігін, ол сая-си мемлекеттік қызметшілерден жоғары жауапкершілік талап ететінін атап өтті.

– Сіздер халықтың мүддесіне мінсіз қызмет етіп, өз міндеттеріңізді абы-роймен атқарады деп сенемін. Біз тəуелсіздігімізді нығайту жолында жəне Қазақстанның жарқын болашағы үшін қолымыздан келгеннің бəрін жасауға тиіспіз, – деп түйіндеді сөзін Қазақстан Президенті.

Сурет Президенттің баспас�з қызметінен алынды

Төртінші күні төбемізден алтын жауды!

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ӨМІР СҮРУГЕ ДАЙЫНБЫЗ БА?

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ЛАЙЫҚТЫСЫҢ БА?

3-бет 7-бет 9-бет

Сұңғат�ЛІПБАЙ

Александр ТАСБОЛАТОВ

Гүлнар НАСИМОВА

Жаңа дәуір талабы жоғары

–––––––––––––––––––––––––Елбасы саяси мемлекеттік қыз-мет шілердің ант беру рәсіміне қатысты, деп хабарлады Прези-дент тің баспас�з қызметі.–––––––––––––––––––––––––

Талғат СҮЙІНБАЙ,«Егемен Қазақстан»

Алинадан кейін Галина салған алтынБұл жолы тағы биатлоншы

қыздарымыз ерледі, күткендей-ақ болды!

Алина Райкова Универ сиада дағы ең алғашқы алтынды қан жығасына байлаған күні Галина Вишневская

күміске құрық салып еді, естеріңізде болар! Міне, бүгін сол Галина Виш-невскаяның аты озды! Қазақстан қоржынына 3-ші алтын медаль түсті!

Ентігін баспай тұрып журна-листерге сұхбат берген үшінші алтынның иесі Галина Вишневская əңгімені өткендегі 15 шақырымдық ал ғашқы «күміс-жарысты» еске алып бастады:

– Сол күні кеткен есемді қайт-кенде де қайтарамын деп өзіме

өзім уəде етіп едім. Бүгін мен үшін ауа райы да қолайлы болды, жанкүйерлер қолдауына да қатты ри-замын. Сондықтан да, бұл жеңісімді жаныма жылу, шуақ сыйлаған, күш-жігер берген барша жанкүйерлерге арнаймын!

Бүгінгі 7,5 километрлік жарыс жолында мылтық ату кезінде бір рет «сүрінген» спортшы қызымыз қашықтықты 21 минут 43,1 секунд-та жүгіріп өтті. Галина шын мəнінде

əріптестерін шаң қаптырып кетті. Украиналық Яна Бондарь (+22.8) күміс, ресейлік Анастасия Егорова (+36.7) қола медаль алды. Қазақ-стандық құраманың биатлоншылары Дарья Усанова 7-ші, Анна Кисталова 8-ші, қазақстандық алғашқы алтынның «авторы» Алина Райкова 12-ші, Анастасья Кондратьева 21-ші орын-мен қанағат танды.

(Соңы 10-бетте)

Біздің спортшылар Универсиаданың 4-ші күні 6-шы алтын медальға қол жеткізді

Г.Вишневская Ю.ГалышеваД.Рейхард И.Люфт

«ҚҰЛАНБАЕВТАР ДИНАСТИЯСЫНЫҢ» ДАРАСЫ

Page 2: E-mail: info@ 3 А˛ПАН, 2017 · PDF fileСоңғы жылдары жүріп жатқан білім мазмұнын жаңарту, ... ең алдымен білім беру

2 3 ақпан 2017 жылЖаңғырту 3.0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бә­секеге қабілеттілік» атты Жолдауы өте маңыз ды стратегиялық сипат қа ие.

Әлемдік эконо ми­ка дағы және мемлекет ішін дегі күрделі жағдай ке зінде Елбасының осы Жолдауын жаһандық сын­қа тер лерге деген өзіндік жауап және «Қа зақ стан­2050» стратегиясының мақ саты мен міндеттерін жүзеге асы руға арналған жүйелі жоспар ретінде қарастыруға болады. Сон­дықтан да Қазақстанның жаңғы­рудың жаңа кезеңіне көшуі Жол­даудың негізгі мақсаты болып отыр.

Жолдауда Елбасы 5 негізгі ба­сым дықты айқындады. Атап айтсақ, бұл – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, биз­нес­ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, макроэкономикалық тұрақтылық, адами капитал сапа­сын жақсарту және институттық өзгерістер, қауіпсіздікке және сы­байлас жемқорлықпен күрес.

Осы басымдықтарға сәйкес, Жол­дауда ішкі әлеуеті әлі сарқылмаған және бәсекелік артықшылықтарға жетуге үлкен мүмкіндіктері бар жаңа «өсу нүктелеріне» және «қоз­ғау шы күштерге» ерекше көңіл бө­лінді. Оған қоса, Елбасы әлемдік экономикада болып жатқан жа­һандық технологиялық өзгерістерді есепке алу керектігіне, еліміздің әл­ау қатын одан әрі көтеру үшін барлық өндіріс және қызмет көрсе­ту салаларында тиімді иннова ция­лық механизмдерді қолдану қа­жеттілігіне баса назар аударды.

Яғни, өндіріс үдерістерінде авто­маттандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтер» алмасу, тағы басқа технологиялар­ды кеңінен қолдану қолға алынуға тиіс. Осыған байланысты Президент Үкіметке «Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы» деп атала­тын елді үшінші жаңғырту жөніндегі

2025 жылға дейінгі да му­дың стратегиялық жос­парын әзірлеуді тапсырды.

Бұл мақсатта жаң­ғырудың үшінші кезеңі аясында көлік­логистика саласын, агроөнеркәсіп кешенін дамыту мен бизнесті жүргізудің шарт­тарын жақсарту ар қылы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға

көп көңіл бөлінеді. Мәселен, көлік­логистика кешенін одан әрі дамы­ту және транзиттік тасымалдауды арттыру мақсатында көлік инфра­құрылымын басқаруға, қызмет көрсету деңгейін арттыруға және әкім шілік кедергілерді жоюға арнал­ған пәрменді шаралар жүргізу көзделіп отыр.

Қазірдің өзінде көлік инфра құ­рылымын жаңарту үшін «Нұрлы жол» бағдарламасы жүзеге асы­рылуда. Биыл осы бағдарлама ая­сында республикалық маңызы бар 4400 шақырым автожол салынады және жөнделеді. Сонымен бірге, ірі кәсіпорындарды белсенді түрде жекешелендіру арқылы мемлекеттің экономикаға араласуын төмендету және жеке сектор рөлінің өсу үде­ріс тері жалғасатын болады.

Осындай үлкен өзгерістер кезін­де экономика тұрақтылығының кү­шеюіне саяси жаңғырудың, яғни билік тармақтары арасында өкілет­тік тердің қайта бөлінуінің сайма­сай келуі де өз септігін тигізетіні сөзсіз.

Осылайша, жаңғырудың үшінші кезеңі аясында экономикада ау қым­ды құрылымдық өзгерістерді жүр­гізу арқылы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және оның ішкі және сыртқы сын­қатерлерге деген тұрақтылығын күшейтуге мүмкіндік туады.

Нәйля ӘЛМҰХАМЕДОВА, Президент жанындағы ҚСЗИ

экономикалық зерттеулер бөлімі жетекшісінің міндетін

атқарушы

Қазақстан Рес пуб­ликасының Пре зиденті Нұрсұлтан Назарбаев­тың 31 қаң тар күні Қа­зақстан хал қы на арнаған Жол дауын бұған дейін қабыл данған «Нұрлы жол» бағ дар ламасы не­месе «100 нақ ты қадам» Ұлт жос пары сынды стра те гиялық маңызды құ жат тардың заңды жал ғасы деп білемін.

Бүгінде Қазақстан өз тарихын да тамаша жетістіктерімен көрі нуде. Тәуелсіздігін нығайтқан, тер ри­ториясының тұтастығын сақтаған, өз қоғамындағы дінаралық және этносаралық келісімді қам та ма­сыз еткен Қазақстанның әлемдегі ең дамыған мемлекеттер қатарына қо сы латын уақыты жақындап келеді.

Соңғы кезде тех но­логиялық революция жөнінде көп айтылып жүр. Бұл орайда Қазақстанның күн тәртібінде «жасыл экономиканы» дамыту, бәсекеге қабілеттілікті арттыру мін деттері тұр. Осы мәселелерге қатыс­ты жаңа «Цифрлық Қазақ­стан» бағдарламасын жүзеге асыру идея сы,

сондай­ақ, аталған бағыт тағы «Қа­зақстанның Ұлттық техно ло гиялық бастамалары» атты жаңа даму жос­пары айрықша маңызға ие. Бұлар Қа зақстанның осы міндеттерді жүзе ге асыруына алғышарт болып табы лады.

Дарио ЧИТАТИ, «Еуразия» бағдарламасының

жетекшісі

Мемлекет бас­шысының Жол­дауы көпшілік ойлағандай, сая­си реформалар төңірегінде емес, жаңа жағдайда

сала­сала бойынша не істеп, не қою керектігін анықтайтын нақты әрі тың іс­қимылдар төңірегінде өрбіді. Сыртқы ортаның, ғалам дық жағдайдың күрт өзгеріп, әлемдегі экономикалық және геосаяси ахуалдың күрделенуіне қара мастан, Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына қосылу ниетінен ай­нымайды. Оны іске асырудың нақты жос пары бар. Бұл – экономикаға қан жүгіртетін, мемлекеттік аппаратқа пәрмен беретін және баршаны ортақ іске жұмылдыратын Жолдаудың ба­сты тезисі.

Жолдауда зор мәні бар бірқатар бағыттар аталды. Мәселен, көптен бері біздегі саяси және экономикалық ай­налымнан түсіп қалған адами капитал ұғымы жаңғыртылды. Шын мәнінде, кез келген жаңару мен жаңғыру са­палы әлеуметтік базаны талап етеді. Денсаулығы мықты, білімі мен білігі жоғары, мәдениеті мен азаматтық ұстанымы биік жаңа толқын болмаса, жаңғыру мен жаңару жоспарлары – тұл. Ұлттық адами капитал – тек білім беру ғана емес, әр адамның тұлға және маман ретінде қалыптасып, жетілуіне қатысы бар барлық салалардың тиімді жұмысынан құралатын ортақ нәтиже. Сондықтан, адами капиталды жақсарту – салааралық негіздегі жүйелі жұмысты талап ететін күрделі міндет. Оның басым бағыт ретінде аталып, қолға аланғаны құптарлық.

Осы ретте, білім берудің жаңа экономкалық модельдің өзегі болып танылуы заңды. Қазіргі білім берудің басты түйткілді мәселесі ретінде қала мен ауыл мектебі арасындағы білім сапасының алшақтығы ерекше айтыл­ды. Бұл да дөп басылған дерттің бірі. Соңғы жылдары жүріп жатқан білім мазмұнын жаңарту, зияткерлік мек­тептер тәжірибесін тарату жұмысы негізінен қаладағы ірі мектептерді қам тып, ауылдағы шағын мектеп­тер назардан тыс қалғаны рас. Бұл олқылықтың орнын толтыру да аса маңызды міндет.

Ақпараттық технологияларды да­мыту – алғаш рет жеке сала емес, жалпы экономикалық дамудың, елдік ілгерілеудің маңызды құрамдас бөлігі және алғышарты деңгейіне көтерілді. Бұл да төртінші индустриялық рево­люция аталған, ілгері дамыған әлемде жүріп жатқан өзгерістердің заңды жаңғырығы.

Жалпы, көпшіліктің технологиялық сауатын арттыру, электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызмет түр­лерін кеңейту, электронды білім беру, денсаулық сақтау жүйелерін дамыту, көлемді төл ақпараттық базалар қа­лыптастырып, оларды басқаруға дағ­дылану міндеттері қойылды. Осы жұ­мыстар атқарылса, бұл да елдің дамуы­на, ұлттық экономикаға септігі мол бас­тама болмақ. «Кибер қалқан» жүйесін құру міндеті қойылып, ақпараттық қауіпсіздік мәселесі да алғаш рет нақты іс­қимылға ұласпақшы.

Рауан КЕНЖЕХАНҰЛЫ, «Bilim Media Group» ЖШС

директоры

Қазақстан жастары конгресінің Қазақстан Республикасы

Президентінің халыққа арнаған Жолдауын қолдау жөніндегі

үндеуіБүгінгі күнде Қазақстан жастары

азаматтық қоғамның толық құқықты, талапты және жауапты субъектісіне айналған. Жастар үшін көптеген бағдарламалар іске асырылу­да. Жыл сайын мыңдаған жас маман – жоғары оқу орындары мен колледж түлектері ел ертеңін еңселендіруге үлес қосудың жаңа мүмкіндіктеріне ие болуда. Мұның барлығы – Елбасымыздың көреген саясатының жемісі.

Қазақстан жастарының конгресі Ел­басының «Қазақстанның Үшінші жаң ғы руы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жол дау­ындағы бастамаларын толықтай қолдайтыны туралы мәлімдейді.

25 жыл ішінде қарқынды әрі мақсатты дамыған Қазақстан әлем сахнасында беделді орынға ие болды. Бұл жетістік – алғашқы екі жаңғыру кезеңдерінің нәтижесі. Ол жылдар­да жастар еліміздің табыстарында маңызды рөл атқарды.

Президент өзінің Жолдауында еліміздің дамыған мемлекеттердің қатарына қосылуына мүмкіндік беретін мынадай маңызды бағыттарға екпін түсірді. Олар – экономиканы қарқынды түрде технологиялық жаңғырту; дәстүрлі негізгі салаларды дамыту; еңбек нарығын жаңғырту; макроэкономикалық тұрақтылық; адами капиталдың сапасын көтеру; институттық түрлендіру, қауіпсіздік, сыбайлас жемқорлықпен күрес.

Қазақстан жастарын біріктіруші жастар ұйымы ретінде біз Президент бастамалары қазіргі заман талаптарына сай деп санай­мыз. Еліміздің жас буыны үшін білім, еңбек нарығы, ақпараттық технологиялардың дамуы мәселелері ерекше маңызды. 2015 жылы Елбасымыз «Тегін кәсіби­техникалық білім» жобасын ұсынған болатын. Осы жылы аталған жоба өзінің жаппай іске асырылу са­тысына көтеріледі және көптеген студентке өз жолын табуына көмектеседі.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Әбішұлы ең алдымен білім беру жүйесінің рөлін өзгерту қажет екенін белгіледі. «Біздің міндетіміз – білім арқылы экономикалық өсу моделінің орталық түйінін қалыптастыру. Оқу бағдарламаларын сындарлы ойлау, өздігінен ақпарат іздеу дағдыларын дамытуға бағыттау қажет», деді өзінің Жолдауында Елбасы. Сондай­ақ, Президент ІТ­білім, қаржылық сауаттылықты қалыптастыру мен патриоттық тәрбиенің өзектілігін атап көрсетті. Мұның барлығы жастардың бойында мемлекетіміздің жаңа даму кезеңінде қажетті, өмір үшін маңызды жаңа дағдылар мен қабілеттерді қалыптастырады. Білім беру жүйесінде ІТ­саланың қарқынды дамуы және мұғалімдер біліктілігінің жоғарылауы қала мен ауыл мектептерінің арасындағы білім сапасының айырмашылығын азайтуға септігін тигізетіні айқын.

Жас қазақстандықтар үшін ең маңызды мәселе – жұмысқа орналасу мәселесі. Еңбек нарығын жаңғырту мақсатында Елбасымыз өз Жолдауында жұмыскерлердің жаңа за­ман салаларының мамандықтарына көшуі үшін қолайлы жағдайлар жасау міндетін қойды. Осыған орай, Президент еңбекпен қамтудың жаңа Жол картасын әзірлеу қажеттігін атап көрсетті. Мұндай жол карта­лары жұмыс берушілердің жұмыссыздарды қайта дайындауға және жаңадан жұмысқа орналастыруға міндеттейді.

Қазақстан жастарының атынан Елбасы Жолдауындағы бағыттарды толықтай қол­дайтынымыз туралы мәлімдейміз! Әлемнің жаһандануы бізден жаңа көзқарастар мен жаңа еңбек нарығын талап етеді.

Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы бізге «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясына жетуде серпінді қадам жасауға, экономикалық өсудің жаңа моделін қалыптастыруға, бәсекелестік қабілетімізді нығайтуға және 2030 жылы 30 дамыған елдер қатарына қосылуға зор ықпалын тигізетініне сенімдіміз.

Қазақстан жастарының конгресі

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ,«Егемен Қазақстан»

Форумда Президент Жолдауында айтылған, Қазақстандағы әлеуметтік­экономикалық және саяси жаңғыру­лар дың қисынды жалғасы болып табы латын жаңғыртудың үшінші қада мының негізгі басымдықтары мен елдің жаңа технологиялық өмір сал тына біртіндеп көшуі мәселесі талқы ланды.

Форум барысында «Парасат» жүйелі зерттеулер институтының ди­ректоры Нұрсұлтан Ахмедия жаһандық трансформация жағдайындағы адами капиталдың маңыздылығын және ол фактордың Қазақстан үшін жаңа сын­тегеуріндерге тигізетін ықпалын атап көрсетті.

«Әлемде болып жатқан өзгерістер адамзат алдында үлкен мүмкіндіктер аша отырып, жасампаздық бастауы ретінде көрініс табады. Мемлекет бас­шысы өзінің Жолдауында бір орын­да күтіп тұрып қалмай, болашақтан оза білген және сын­тегеуріндерге батыл қарсы шыққан халықтар ғана жеңімпаздар бола алады, деп атап көрсеткен деді ол.

Форум жұмысына Қазақстанның және бірқатар өзге де елдердің сарап­шылар қауымдастығының мүшелері – саясаттанушылар, әлеуметтанушылар,

құқықтанушылар, экономистер қа тыс­ты. Олар Жолдау шеңберінде белгі­ленген жаңғыртудың үшінші қада­мының негізгі басымдықтарын, жаңа экономикалық өсім моделінің ерек­шеліктерін талқылады.

«Жаңа модельдің қажеттілігіне әлемдік экономикадағы да, сол сияқ­ты, жаһандық дамудағы да қазіргі заманғы сын­тегеуріндер мен қатерлер алғышарт жасап отыр. Шикізат саласының үстемдігімен сипаттала­тын қазіргі жұмыс істеп тұрған өсім моделі бүгіннің өзінде қажетті өсу қарқынын қамтамасыз ете алмайды», деп атап өтті «Парасат» жүйелі зерт­теулер институтының сарапшысы Мәншүк Кәрімова.

Мемлекет басшысы бюджет шығындары тиімділігін түбегейлі арт­тыру жөніндегі міндеттерді белгілеп берді. Осылайша, тиімсіз мемлекеттік бағдарламалардың қаржыларын Үшінші жаңғыру м індеттер ін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін бағдарламаларға қайта бөлу жүзеге асырылатын болады.

Үкімет жұртшылықтың көңіл­күйіне неғұрлым оперативті түрде үнқатуы тиіс, деп есептейді белгілі саясаттанушы, «Астана» халықаралық қаржы орталығының атқарушы ди­ректоры Саясат Нұрбек. «2014 жылы «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық

саясат институтында жұмыс істей жүріп біз қандай ақпараттық топтама­лар неғұрлым теріс қоғамдық көңіл­күй тудырады деген тұрғыда өзіміз үшін үлкен талдау жасадық. Онда жол қозғалысы ережелеріндегі өзгерістер, девальвациялық алаңдаушылықтар, еуразиялық интеграция, тарифтердің өсуі, ірі іс­шараларды өткізудің қажеттілігі және басқа да мәселелер болды. Біз бәрін де өлшедік. Содан бері арада екі жыл өтті. Енді міне, 2017 жылғы қаңтардағы жағдай көз алдымызда. Тек бір айдың өзінде ғана қаншама ақпараттық тасқынның болғанын өздеріңіз көріп отырсыздар. Ақпараттар ағынының тығыздығы екі жыл ішінде ондаған есеге өсті. Ақпараттық тербелістер, қоғамдық алаңдаушылықтар барған сайын жиірек, тығызырақ бола түсуде, ал оларға жауап қатуға уақыт айтарлықтай азайып келеді», деді ол. Саясаттанушы атап өткендей, оқиғаларға шұғыл түрде үн қату өте маңызды. Сондай­ақ, С.Нұрбек әр жерлерде құрылған қоғамдық кеңес сияқты алаңдардың пікірлердің бүкіл ауқымын толықтай қамти алмайтынына да айрықша на­зар аударды.

APEX Consul t қадағалаушы кеңесінің төрағасы Данат Жумин қоғамдық петицияларды өмірге енгізу жөніндегі жобаны жүзеге асырудың қай сатыда тұрғаны жөнінде баянда­ды. Осы орайда бұл идеяның өткен жылы Данат Жумин «Қазақстан­2050» жалпыұлттық қозғалысына басшылық жасап тұрған кезде өмірге келгенін еске сала кету қажет. Авторлар он­лайн­петицияны заңдық тұрғыда

бекітуді ұсынып, осы тұжырымдама жобасының тұсауын кескен болатын.

«Өткен жылы біз қоғамдық пети­циялар институтына бастамашылық жасаған кезде, біз оны мемлекетті күшейту, оны қуаттырақ қылу мүмкіндігі ретінде ұсынған бо­латынбыз. Мақсат – Фейсбуктегі пікірсайысты позиция тұрғысынан пікір білдіріп, оны дәйектей алуға мүмкіндік туатындай қандай да бірқалыпты да сындарлы арнаға көшіру еді. Біз онда қоғамда бүгінде орын алып отырған, яғни елде бо­лып жатқан оқиғаларға қатысты өз көзқарастары қалыптасқан, ойларын айтуға, оны дәйектеуге дайын сын­дарлы күштерге алаң берейік, өз ой­ларын сол жерде жеткізетін болсын деген болатынбыз. Ал мемлекет болса, онымен тайталасқа түсудің орнына, халықтың ұсынғандарының ішінен жақсы дегендердің бәрін алып, оны мемлекеттік саясат деңгейінде жүзеге асыратын болсын. Егер ол қандай да бір жайтпен келіспейтін болса, онда өз пікірін дәлелдеп шығуы тиіс», деп атап өтті Жумин кеше «Жаңғырту 3.0: Қазақстанның экономикалық және саяси дамуының жаңа сатысы» тақырыбында өткен сарапшылық фо­румында сөйлеген сөзінде.

Форум барысында сарапшы­лар сонымен бірге, алда тұрған конституциялық реформа мәселесін де талқылады. Онда аталмыш өзгерістердің басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға және одан әрі де саяси трансформациялауға бағытталған жаңа шаралар болып та­былатынын атап көрсетті.

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Кеше Астанада «Парасат» жүйелі зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерт-теулер институтымен (ҚСЗИ) бірлесіп ұйымдастырған «Жаңғырту 3.0: Қазақстанның экономикалық және саяси дамуының жаңа сатысы» тақырыбында сарапшылық форум өтті. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Маңызды, өзекті әрі стратегиялық сипатқа ие

Әлемдегі өзгерістердің заңды жаңғырығы

Сырт көз – Сыншы

дамудың барлық алғышарттары бар

Басқару жүйесін жетілдірудің тың жолдарыОл елордада өткен сарапшылық форумда жан-жақты әңгіме арқауына айналды

Инфографиканы жасаған Амангелді ҚИяС, «Егемен Қазақстан»

Page 3: E-mail: info@ 3 А˛ПАН, 2017 · PDF fileСоңғы жылдары жүріп жатқан білім мазмұнын жаңарту, ... ең алдымен білім беру

3 ақпан 2017 жыл 3Жаңғырту 3.0

Гүлнар НАСИМОВА,саяси ғылымдар докторы

Экономикалық өсудің жаңа моделі

Қ а з а қ с т а н П р е з и д е н т і Н.Ә.Назарбаев тың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсе­кеге қабілеттілік» атты халыққа Жол дауы еліміздегі үшінші жаңғыр­туды жүзеге асыруға бағытталған. Осыған орай Елбасы Қазақстанның қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық дамудың жаңа моделін құрудың қажеттілігі тура­лы мәселе көтеріп отыр.

Президент негізгі басымдықтарды көрсетті, оның ойынша аталған басымдықтар экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге мүмкіндік беруі тиіс. Мұнда қамтылатын негізгі бағыттар экономиканың жеделдет ілген технологиялық жаңғыртылуы, биз-нес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, макроэкономикалық тұрақтылық, адам капиталы сапасын жақсарту, институттық өзгерістерге, қау іпс і зд ікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске басымдық беру болып табылады.

Бірінші кезекте цифрлы тех-нологияларды қолдану арқылы құрылатын индустрияны, басым са-лаларда бәсекеге қабілетті экспорттық өндірісті, кен металлургиясын және мұнай мен газ кешендерін дамы-ту қолға алынбақ. Елбасы ерекше назарды бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру қажеттілігіне, со-нымен қатар, министрліктер мен ве-домстволардың қаражатты игеруінің тиімділігін тексеруге аударады.

Елдің оңтайлы әлеуметтік-эко-но микалық дамуы бірінші кезекте жоғары дәрежелі кадрларды дайын-даудың сапасымен анықталады. Пре-зидент Нұрсұлтан Назарбаев негізгі міндеттердің бірі қазіргі заманғы экономикалық жағдайға бейімделе алатын білім беру жүйесінің әрі қарай жаңғыртылуы деп есептейді. Сондықтан, Мемлекет басшысы білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буыны-на айналдырудың маңыздылығын атап өтті. Бұл арада бүгінгі өзекті мәселелердің бірі болып табыла-тын үш тілде білім беруге өтудің маңыздылығы атап көрсетілді.

Мемлекет басшысы: «2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытатын боламыз», деп нақты айт-ты. Тұтастай алғанда, Елбасы білім беру жүйесінің мәселелерін анықтап беріп отыр. Ол – мектептердің және мұғалімдердің деңгейі, әсіресе, ауыл мен қалада оның әртүрлі бо-луы. Білікті педагогтардың жетіспеу мәселесі. Осынау аспектілерді ескере келгенде, Президенттің тапсырма-сына сәйкес, ағылшын тілін кезең-кезеңмен қолданысқа енгізуіміз өмір талабына айналуы тиіс.

Президент жоғары білім беру жүйесінің сапасына ерекше назар ау-дарды. Бұл жайт жаңа формациядағы мамандарды дайындау ісі оқытушы құрамның кәсіби біліктілігіне және олардың қызметтерін ұйымдастыру деңгейіне тікелей тәуелді дегенді білдіреді. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев жоғары оқу орындарының кадрлық құрамына, материалдық-техникалық жабдықталу деңгейіне, білім беру бағдарламаларына қатысты бақылау мен талаптың күшейтілуі қажеттілігін атап көрсетті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқу үдерістері, бітірушілердің біліктілігі мен дағдылары еңбек нарығында кез кел-ген өзгерістерге бейімделуге мүмкіндік беруде және олардың жоғары деңгейлі кәсіби маман мен бәсекеге қабілетті бо-луына бағытталған. Университетімізде әлемдік стандартқа сай келетін жаңа оқу бағдарламалары да жасалды.

Жолдауда Президент ұлттық қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударып, қауіпсіздік ахуалын қуатты және әрекет ете алатын мемлекеттің өлшемі ретінде қарастырады. Діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарын жүргізу, соның ішінде ғаламтор мен әлеуметтік желілер де назарға алынды. Ал ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық. Сыбайлас жемқорлық көп жағдайда көрсетілген стратегиялық жоспарларға кедергі жа-сайды. Сондықтан да оның себептері мен алғышарттарын анықтау бойын ша жұмыстардың күшейтіліп жүргізілуі мәселесі күн тәртібіне қойылды.

Елбасы өзінің халыққа Жол дау-ында елдің тек жетістігін ғана емес, сонымен қатар, жүйелік мәселелерді дер кезінде орнықты шешу жайына да кеңінен тоқталды. Сондықтан, Үкімет алдында тұрған міндеттерді тиімді жүзеге асыру өте маңызды шара бо-лып табылады.

АЛМАТЫ

Мира БАЙБЕК,«Егемен Қазақстан»

Дөңгелек үстелге елімізге белгілі ғалымдар , мемлекетт ік басқару органдарының өкілдері, сарапшылар, жоғары оқу орындары мен колледждер жетекшілері және білім беру саласының көрнекті өкілдері қатысты.

Елбасының Қазақстанның Үшінші жаңғыруының бес басымдығын іске асыру бойынша ғылыми жұршылық ал-дына қойған тапсырмасын орындау ая-сында ғалымдар қауымы экономиканың жеделдетілген технологиялық жаң-ғыртылуы, жаңа индустриялар құрумен қатар, дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беру, экономикалық өсімнің тұрақтылығы үшін елдің кен металлургиясы мен мұнай-газ кешендері өзінің стратегиялық маңызын сақтауы, аграрлық секторды экономиканың жаңа драйвері ретінде қарастыру, жаңа еуразиялық логистикалық

инфрақұрылымды дамыту сияқты мәселелерді шешу жолдарын жан-жақты талқылап, ойларын ортаға салды.

– Президенттің Қазақстан халқына

Жолдауында экономиканы құ ры лымдық түрде қайта құру мен ғалым дар рөлін күшейту туралы мәселе кө терілген, – деді Экономика институ тының ди-ректоры, ҚР ҰҒА академигі Әзім хан Сатыбалдин. – Биылғы Жолдаудың ерекшелігі, біріншіден, жазбаша түрде болғандығы еді. Бұл Қазақстан тари-хында алғаш рет орын алып отырған құбылыс. Конституцияда Жолдауды халыққа ауызша және жазбаша жеткізуге

рұқсат етілген. Президент өз құқығын пайдалана отырып, солай етті. Келесі ерекшелік – Жолдау Қазақстан экономи-касы ғана емес, бүкіл әлемдік экономика үлкен дағдарысқа ұшыраған уақытта жа-салып отыр. Елбасы мәлімдеген Жолдау бізге жаңа міндеттер жүктейді.

Сондай-ақ, ол Жолдаудың әлеу мет-тік-экономикалық бағыттарына да ай-рықша тоқталды. «Мәселе салаларды шикізаттық бағыттан жаңа өнімдер дай-ындап шығару бағытына бұруға қатысты экономиканың құрылымдық түрде қайта құрылуында болып отыр. Бұдан өзге, Президент Жолдауында экспорттық саясаттың өзгеруі мен экспорттық сая-сат жөніндегі кеңестің құрылуы ту-ралы айтылған. Ұлы Жібек жолының экономикалық аймағын игеру жайы тілге тиек етілген. Әдетте, Ұлы Жібек жолы дегенде, көбісі оны Түркиядан Қытайға дейінгі жол ғана деп түсінеді, бірақ Ұлы Жібек жолының Қытай арқылы Тынық мұхиты аймағына шығу, Түркия арқылы Жерорта теңізіне шығу, Ресей арқылы Еуропаға шығу, Өзбекстан, Түрікменстан арқылы Иранға, Каспий теңізі арқылы Парсы шығанағына шығу екенін сіз бен біз жақсы түсінеміз», деді ғалым.

АЛМАТЫ

Маңызды қадамды бірге талқылады

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қарағанды облысына Парламент Мәжілісінің депутаттары Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын түсіндіру мақсатымен келді. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан»

Еңбек жолы мен қызмет лауазымы білім саласымен бірге өрілген депутаттардың қарашаңырақ оқу ордасы-на ат басын бұру мақсаты – егемен елдің тұрақты даму-ын қамтитын, мемлекеттің барлық саласына серпін беретін, постиндустриялық қоғамды қалыптастыратын өнеркәсіптік-инновациялық даму бағдарламасының сая-са тын ұсынатын, жаңа тех-нологиялық-иннова ция лық да муды қолдайтын тарихи құжат жайлы толық әрі терең түсініктеме беріп, мазмұны мен маңызын ұжыммен бірге талқылау.

Елбасының стратегиялық жоспарларының алға ба суы-ның нәтижесінде екі қадам ды артқа тастап, үшінші жаң-ғыруға қадам басты. Мем-лекет басшысы мән беріп отырған басымдықтар мен ба ғыт тардың әрқайсысы х а л ы қ ү ш і н м а ң ы з д ы .

Ә.Бектұрғанов негізгі бес басым дықтың әрқайсына ж е к е т о қ т а л а т ұ р ы п , Жолдаудағы білім, тіл, тех-нологиялық даму мәселе-леріне қатысты ой-пікірін тарата айтты. Ғылым мен техниканың дамыған зама-нында елімізде өнеркәсіптің революциялық элементтерін енгізу қажет. Осыған орай жаңа инновациялық стар-таптарды меңгеру, ғылыми-техникалық әлеуетті дамы-ту, технологияның соңғы жаңалықтарынан хабар-дар болып, оған қол арту – Қазақстан жастары үшін ар-ман емес, күнделікті өмірде үйренуге, талпынуға тиіс қажеттілігі болуы керек.

Депутаттар баланы алты жасынан мектепке беру, он екі жылдық білім жүйесі, үштілділік мәселесіне орай қойылған сауалдарға нақты жауап беріп, түйіні әлі толық табылмаған түйткілді жайт-тармен сәт сайын бетпе-бет келіп, тығырыққа тіреліп жүрген ұстаздардың ұсы-нысын тыңдады. «Елбасы

1997 жылы жасаған алғашқы Жолдауынан кейін Қазақстан халқына арнап 21 рет Жолдау жасады. Әр Жолдаудың мәні де, орны да бөлек, ешқашан бірі екіншісін қайталаған емес, әр Жолдаудың өз жаңалығы бар. Жолдауда білім, оның ішінде жастарға кәсіптік-техникалық білім беру, осы салада мамандар даяр лау, ауыл мен қала мектеп терін теңестіру, жаңа мек тептер салу – өте маңызды жұмыс. Бұған білім саласы ның қызметкерлерін өте жауап-кершілікпен қарауға шақы-рамын. Жолдаудың түпкі мәні халық қамы болған дықтан, білім беру, денсау лық сақтау, ауыл шаруа шылығы саласы бойынша ай тылған бағыттар мен ілгері ректе қабылданған ілкімді бағ дарламалар бой-ынша істе летін жұмыс бір сәтке тоқ тамауы керек», – деді Гүлмира Исімбаева.

Депутаттар билік құры-лы мындағы өкілеттік бөлу мәселесіне орай туын даған конституциялық өзге ріске байланысты да дәйек т і түсініктеме жасады. Жа-һандану үрдісінен қалыспай, заманауи игіліктерді өз бой-ына біріктіріп, қоғаммен ұштастыра алатын жастар-ды жаңа тұрпатты кезеңге сай білім беріп, тәрбиелеу ұстаздар алдындағы ұлы жауапкершілік екенін еске салып, Жолдаудан туын-дайтын міндеттерді жүзеге асыруға бар күш-жігерді жұмылдырып, бірге атқаруға шақырды.

АЛМАТЫ

Елбасы Н.Ә.Назарбаев-тың «Қазақстанның Үшінші жаң ғыруы: жаһандық бәсе-кеге қабілеттілік» атты тақы-рыппен жарияланған 2017 жылғы Қазақстан халқына Жол дауымен таныса отырып, еліміздің кешегі, бүгінгі және болашақтағы даму жолдары туралы терең ақпарат аласыз.

Еуразия кеңістігіндегі өзі-нің тарихи орнын анықтап, небәрі 25 жыл ішінде даму мен тұрақтанудың ерекше үлгісін көрсеткен жас мем ле кетіміздің болашаққа жасаған нық қадамдары нәтижелі болды. Елі үшін туған Елбасы қаһарман халқын жасам-паздық пен жаңғыру жолында ерлікке, табысқа толы белестерге бастады.

Тарих тағылымына терең үңілетін болсақ, осыдан ширек ғасыр бұрын кеңес дәуірінің «құрсауынан» босап шыққан тұтас бір ұлттың, тұтас бір халықтың алдында жаңаша дамудың жолын таңдау міндеті тұрды. Бұл өте жауапты кезең еді.

Дегенмен, ел басқарған ерлеріміздің батыл әрекеттерінің, ұлтымыз бен халқымыздың бірлігі арқасында арман жолын адаспай тауып, ертеңгі жарқын болашағымызға деген берік сенімімізді ту етіп, намыс пен бақыт жолында жа-лын дап жанып, бүгін бүкіл әлем таны-ған іргелі мемлекеттің іргетасы берік қаланды.

Жаһандану жолы – тарих пен уа-қыт тың үлкен сыны. Ал егер таразы басын да бүтіндей бір ұлт пен тұтас халық тың тағдыры мен мемлекет болып қалыптасудың жаңаша жолын таң дау-дың кезеңі тұрса, мұнан үлкен жауап-кершілік, мұнан үлкен сын бола қоймас.

Біздің халқымыз ежелден ерек-ше жаратылған халық деп есептеймін. Ықы лым заманнан бері, «тар жол, тай ғақ кешу» дәуірлерінде, ғасырлар тоғы сында ыдырап кетпей, керісінше,

тағдыр «қазанында» құ рыш-тай қайнап, өздеріне ғана тән ұлылық пен іріліктің, бір-ліктің арқасында әр кезде Ақ тудың астында бас қосып, енді, міне, бүгінде тәуелсіздік туының желбіреген ақ таңына да аман-есен жеттік емес пе.

Елбасы Жолдауының әржолын толқымай отырып оқу, терең мазмұны мен баян-ды мағынасына қанықпай

қабылдау мүмкін емес.Өзінің тарихи ерекшеліктері бар

жаңғырудың бірінші кезеңін абырой-мен аяқтап, Елбасы батырлық пен ба-тылдықтың жаңа үлгісін танытып, жаңғырудың екінші кезеңін – «Қа зақ-стан-2030» стратегиялық бағдар ла масын жариялады.

Бұл кезеңде де сындардан сүрінбей, қаһарман халқы қоштап, Елбасы «Ас-тана» деп атаған елордамыздың са-лынуы арқылы мемлекетіміздің даму мен тұрақтану жолының қаншалықты айшықты екенін бүкіл әлемге паш етті.

Қазақстан Республикасының әлем жұртшылығы алдында халықаралық дәрежедегі беделі күннен-күнге артып, дамыған елдердің қатарынан өзінің тарихи орнын табу жолын тайсалмай таңдады. Бүгінгі тірлігімізге баға бермей, болашағымызды бағамдамай, жоспарлы шаралар ұйымдастырмай алға жылжу мүмкін емес.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспары нақты стратегиялық қадамдарды ай қын-дайтын, толағай жетістіктерге бастай тын тарихи құжат ретінде әділ баға ланады.

Қазақстан Республикасының әлем-дегі экономикасы дамыған 50 елдің қата рынан көрінуі – ерен еңбектің, халық тың мызғымас бірлігінің үлкен жеңі сі. Алдымызда мұнан да зор, мұнан да биік міндеттер тұр. Ол – дамы ған 30 елдің ортасынан өз орнымыз ды та-уып, өскелең ұрпақтың, ұлдарымыз

бен қыздарымыздың жарқын бола-ша ғына даңғыл жол ашу, ұлттық құн-дылықтарымызды жоғалтпай, со лар дың қолына даңқты эстафетамызды та быстау міндеті.

Аталған асқаралы арманға жетудің жолдары Елбасының туған халқына арналған Жолдауында анық көрсетілген, жете сараланған. Ел экономикасының әлеуетін арттыру, халқымыз үшін бай-лық пен молшылықтың сарқылмас қо-рын дайындаудың тетіктері, оларды жү-зеге асырудың бағыттары ай қын далды.

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік жо лында экономика саласындағы та-быстарымызбен қатар, еліміздің саяси, әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге де үлкен мән берілуде.

Қазіргі уақытта қоғамда Елбасының Қазақстан Республикасының Ата Заңы-на билік тармақтарының арасындағы өкілеттіктерді бөлу мәселелеріне қа-тысты өзгерістер енгізу туралы Үндеуі қызу талқылануда.

Республика Президентінің кейбір өкілеттіктерін қысқарта отырып, Пар ламент пен Үкіметтің өкілеттіктерін кеңейту арқылы мемлекетті басқарудың жаңа, тың жолдарын анықтауға батыл қадам жасау – демократия қағи дат тарына сай құрылған, анық құқықтық, зай ырлы мемлекетке тән тарихи бет бұрыс ретінде бағаланады.

Мемлекеттік биліктің дербес сала-сы – сот билігінің бүгінгі және ер теңгі даму жолдарын елдің, халықтың да му жолдарынан, тағдырынан бөлек қарас-тыру мүмкін емес. Қазақстан Респуб-ликасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты, заңдарда көрсетілген жолдармен қорғаудың кепілі ретінде құрылған тәуелсіз сот жүйесі, ең алдымен, тәуелсіздігіміздің жемісі.

Елбасы Жолдауында «Сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жеткізу қажет» деп анық айтылған. Отандық сот жүйесі соңғы жылдары аталған абыройлы міндетті орындау, Қазақстан

халқының сенімін ақтау жолын -да айтулы табыстарға қол жеткізді. Республикамыздың сот жүйесінің беделі халықаралық қатынастарда да тиісті дәрежеде бағаланып, өзіндік қолтаңбасы айқындалуда.

Қол жеткен табыстармен шектелуге болмайды. Өткен аптада Аста на қаласында болып өткен респуб лика сот жүйесінің 2016 жылғы жұмы сының қорытындысына арналған кеңей ті л ген кеңесте Жоғарғы сот төра ғасы Қ.Мәми саланың алдында тұр ған міндеттері мен мақсаттары тура-лы нақты тапсырмалар берді. Бірін ші кезекке сот билігіне халықтың қолже тім-ділігін, заңның үстемдігін қамтамасыз ету міндеттері қойылды. Сот жүйесінің заңдарда көрсетілген жолдармен қызмет атқаруы Елбасының бастама-сымен жүргізіліп жатқан реформалық процестердің орындалуына, табысты жүзеге асуына тікелей әсер етеді.

Сүйікті Отанымыз бен жасампаз халқымыз жаңғыру мен жаңарудың үшінші кезеңіне сеніммен аяқ басты. Біз тарихтың сындарынан сүрінбей өткен, байлық пен бақыттың қадір-қасиетін терең түсінетін, бірліктің баста-уынан сусындаған, жүректері елім деп соққан ерлердің қаһарман ерліктеріне сүйсінген, аталы сөздеріне тоқтаған, мәуелі бәйтеректің саясында мамыра-жай өмір сүруге жаралған халықтың ұрпағымыз.

Ұланымыз – намысты ұлдарымыз бен көрікті қыздарымыз, ұранымыз – Мәң-гілік Ел болу.

Сайын даламыздың самал желі біздің жігерімізге жігер қосады, бойы мызға күш-қуат береді, талабымызды ұштайды.

Жаңғыру жолындағы сәтті қадам-дары мыз жаһандық бәсекелестікке қабілет тілігімізді арттыратын айқын жол еке нін терең түсінеміз.

Жарияланған Жолдаудың жасам-паздығы халқымыздың ерен еңбегі мен мызғымас бірлігінің нәтижелері болуға тиіс.

Бағлан МАҚҰЛБЕКОВ,Қазақстан Республикасы Жоғарғы

Сотының судьясы

Жаһандану жолында

Жаңа міндеттер жүктейді––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Алматыдағы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті жанындағы Экономика институтында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға орайластырылған «Қазақстан экономикасының технологиялық жаңғыру мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Президенттің «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты кезекті Жолдауының басым бағыттарын түсіндіру және наси-хаттау мақсатында Парламент Мәжілісінің депутат-тары Гүлмира Исімбаева мен Әбдіманап Бектұрғанов және «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жұлдыз Омарбекова Абай атындағы ұлттық педагогикалық университеттің оқытушылық-профессорлар құрамымен, студенттер-мен кездесті. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Әр Жолдаудың өз жаңалығы бар

Мирас АСАН,«Егемен Қазақстан»

Халық қалаулылары – Заң-нама және сот-құқықтық рефор-ма комитетінің мүшесі Нұрлан Әбдіров пен «Нұр Отан» партия-сы фракциясының мүшесі Мей-рам Пішембаев «Maker» ЖШС-нің филиалы – «Қарағанды құю-машина жасау» зауытының жұ-мыскерлерімен кездесті. Әңгі ме Мемлекет басшысының Жол-дауында көрсетілген дамудың жаңа кезеңіне дайындық жа-сау жұмыстары, сонымен қатар, Елба сының билік өкілеттіктерін қайта бөлу жөніндегі Үндеуін талқылаудан бастау алды.

– Біз бүгін, Елбасымыздың Қазақстан дамуының жаңа бағыт-тарын белгілеп берген Жолдауына байланысты және сонымен бірге, қаңтардың аяғында жариялаған Үндеуіне қатысты Қарағанды шаһарына ат басын бұрдық. Осы екі үлкен мәселе бойынша өңір тұрғындарымен кездесіп, түсіндіру шараларын бастап кеттік. Басты байқағаным, аталған бастамаларды халық қолдап отыр. Өйткені, Қазақстан қоғамын да-мыту – негізгі мақсат екеніне көз жеткізуде, – деді Н.Әбдіров.

Депутаттар енді Шет ау-данына жолға шықпақ. Ел ба-сының «Қазақстан-2050» стра-те гиясында айқындаған үлкен

мақсат – әлемдегі ең дамыған мем лекеттердің озық отыз дығына ену. Осы жолда ауыл шаруа шы-лығы саласын алға шыға рып, ұсақ шаруаларды коопера тивке бірік-тіру жобасы аса маңызды екені белгілі. Ел сенімділері осы және басқа да қордалы мәселелерді ор-далы кеңесте ортаға салмақ.

Аталған іс-шараға қатысқан жұмыскерлердің ішінде зауыт-тағы инженер-технолог, маши-на жасау саласының жас мама-ны Шералы Бекболатов көре-ген Көшбасшының ұлтты бір мақ сатқа біріктіру кезеңіндегі кезекті Жолдауын бар ынта-ықы-ласымен оқып, танысқан ынталы маман екен. Ол: «Жақында ғана зауытымызға Чехиядан жаңа құрылғы әкелінді. Біз бұл зауытқа цифрлық-бағдарламалық заман ауи құрылғыларға бағдар лама жазу үшін маман ретінде қа был дандық. Осы сала бойынша Ресейде білім алдым. Өндірісті автоматтандыру өз кезегінде зауыттың өнімділігін ең жоғары деңгейге жеткізеді деп есептеймін. Елбасымыздың Жолдауы еліміздің қарыштап да-муына септігін тигізеді. Жастар артылған сенімді толық ақтайды деп сенім білдіремін», – деді.

Халық қалаулылары Қара ған-дының шалғайдағы елді мекен-дерін бір апта көлемінде араламақ.

ҚАРАҒАНДЫ

Page 4: E-mail: info@ 3 А˛ПАН, 2017 · PDF fileСоңғы жылдары жүріп жатқан білім мазмұнын жаңарту, ... ең алдымен білім беру

4 3 ақпан 2017 жылКонституциялық реформалар бағдарламасы

Анар ЖАЙЫЛҒАНОВА,Парламент Мәжілісінің депутаты, заң ғылымдарының кандидаты

Елбасы Н.Назарбаев өз Үндеуінде атап өткендей, бұл өзгерістерге бір ден-бір себеп – бүгінгі күннің сын-қатер лері. Мықты Президенттік билік осы уа қыт -қа дейін өзінің рөлін табысты атқа рып келді. Тәуелсіз Қазақстанның саяси, эко -но микалық, әлеуметтік және дүние жүзі -лік кеңістікте жеткен тегеурінді жеңіс -тері мен жетістіктерінің барлығы осы ның айқын көрінісі. Қазір қоғамдық катынас тар күрделене түсті, сондықтан оны рет тейтін Негізгі Заң да мемлекеттік билік тармақ-тарының қарым-қатынасын соған лайықтауы тиіс. Өйткені, Негізгі Заңды қоғам мен мемлекет арасындағы келісім деп түсінсек, Конституция мемле кетте орын алған қарым-қатынастардан асып та, кейін қалып та кетпеуі керек. Енді елімізде орын алған экономикалық және әлеуметтік жағдай, тұрғындарымыздың әл-ауқаты, мемлекеттік саяси институт тар дың соған сай болуын талап етеді. Қорытып айтқанда, бізге есеп беретін Үкімет, белсенді Парламент және заң үстемдігі мен әділдікті жоғары деңгейде қамтамасыз ететін Сот билігі қажет.

Елбасының Үндеуіне сәйкес 40-қа жуық Президент өкілеттіктері Парламент пен Үкіметке беріледі. Мысалы, «Үкімет республика Президентiнің келісімімен мемлекеттік бағдарламаларды бекіте-ді және олардың орындалуын қамтама-сыз етеді». Бұл өте өзекті және уақты лы түзету, өйткені, мемлекеттік бағда р лама-лардың орындалуы үшін Үкіметтің жауап-кершілігі Конституция деңгейіне көтеріліп отыр. Сондай-ақ, «мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдардың қызметкерлері үшін еңбекақы төлеуді қаржыландырудың бірың ғай жүйесін республика Прези дентiнің келісімімен жобаға сәйкес Үкі мет бекітетін болады».

Жобаға сәйкес Парламент өкілет тік-терін күшейту арқылы оның жауап кер-шілігі өседі. Мәселен, Прези дент Пар-ламент Мәжілісімен консуль та ция -лардан кейін Премьер-Министр ен-гізген ұсыныммен Үкіметтің құрылы-мын айқындайды, Президент дербес тағайындайтын және босататын Сыртқы істер және Қорғаныс министрлерінен басқа Үкімет мүшелерін қызметіне та-ға йын дайды және қызметінен боса-тады деген өзгеріс енгізілмек. Премьер-Министр тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде Парламент Мәжілісі мен консультациялардан кейін Үкiмет тiң құрылымы мен құрамы туралы рес пуб-лика Президентiне ұсыныстар ен гiзедi деген түзету де бар. Со ны мен қатар, палата депутаттары жал пы саны ның кемінде үштен бірінің бас тама сы бо-йынша республика Үкіметі мүше лері-нің өз қызметі мәселелері жөнін дегі есептерін тыңдауға хақылы. Есепті тың дау қорытындылары бойынша Үкімет мү ше-сі мемлекет заңдарын орындамаған жағ-дайда Палата депутаттары жалпы саны ның кемінде үштен екісінің көпшілік дауы сы-мен оны қызметтен босату туралы респуб-лика Президентіне өтініш жасауға қақылы. Мұндай жағдайда Президент Үкі мет мүшесін қызметінен босатады. Сон дай-ақ, Үкімет өзінің қызметінде Пре зи дент тің, Парламенттің алдында жауапты болады.

Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары

және оның маңызды шешiмдерi туралы Пре зидентке және Парламент Мәжі лісі не баяндайтын болады. Сонымен қатар, Үкімет жаңадан сайланған Пар ла мент Мәжілісінің алдында өз өкілеттігін доғарады.

Сондай-ақ, мәслихаттың өкілеттігін мерзімі нен бұрын тоқтату туралы шешім-ді де республика Президенті Премьер-Министрмен және Парламент палата-ларының төрағаларымен консульта ция-лардан кейін ғана қабылдайды.

Тағы бір мынадай түзетуді ерекше атап өткім келеді: Президент адамның және азаматтың құқықтары мен бостан дық тарын қорғау, мемлекеттің ұлттық қауіп сіздігін, егемендігі мен тұтастығын қам тамасыз ету мүддесінде, күшіне енген заңның немесе өзге де құқықтық актінің Конституцияға сәйкестігіне қарап, қорытынды беруі үшін Конституциялық Кеңеске ұсыныстар жолдайды. Бұл толық тырудың маңызы өте зор, өйт кені, қолданыстағы Конституция нормалары на сай, күшіне енген заң және өзге де құқық тық актілер сот қарауы-ның шеңберіне түскенде ғана, 78-бап-тың тәртібінде Конс титуцияға сәйкестігі тексерілетін. Ал осы түзету қабылданған жағдайда, аза мат тарымыздың құқықтары мен бостан дықтарын қорғау жаңа жоғары деңгейге көтерілетіні сөзсіз. Осыған орай, Конс ти туциялық Кеңестің де құзыреті кеңейтіледі.

Сот билігіне байланысты өзгертулер де бар, мысалы, Жоғарғы соттың құзы-реті: азаматтық, қылмыстық істер, жер-гілікті және басқа да соттардың сот-тылығына жататын өзге де істер бо йын-ша жоғары сот органы болып табы лады, заңда көзделген жағдайларда оның сот-тылығына жататын сот істерін қарайды және сот практикасының мәселелерi бойынша түсiнiктемелер береді деп нақ-ты ланып отыр.

Тағы бір ерекше назар аударуды талап ететін түзету, Конституцияның 26-бабына байланысты, онда «егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, заңды жолмен алынған мүлікке меншік құқығын шектейтін немесе одан айыратын заңдарды және өзге де құқықтық актілерді қабылдауға жол берілмейді» делінген. Бұл мәселенің тари хына үңілер болсақ, Елбасы бес инс-титуттық реформаны алға тартқан кезде, оның ішінде, меншік құқығына кепілдік беретін заңның үстемдігін қамтамасыз ету қажеттігін баса айтқан болатын. Елбасы заңның үстемдігін адамның меншік құ-қығымен тікелей байланыстырып отыр. Неліктен?

Өйткені, адамның конституциялық құқықтарының ішінде адам үшін ең маңыздысы ол – жеке меншік құқығы. Бұл құқықтардың қазақстандық құқықтық жүйеге ғана емес, адамның бостандығы, оның межесі ретінде адамның құқығы, тек қана адам өндіріс құралдарына меншіктену құқығы болғанда ғана орын алып, жүзеге асырылады. Егер өндіріс құралдарына адамның жеке меншігі толығымен жоққа шығарылса, ол жерде бостандық пен құқықтың болуы мүмкін емес.

Жалпы алғанда, Негізгі Заңымызға енгізуге бағытталған бұл түзетулер біздің елімізде демократиялық үдерістердің жаңа қарқынын көрсетеді және Консти туция-мызда айқындалған Қазақстан Респуб-ликасы өзін демократиялық, зайыр лы, құқықтық және әлеуметтік мемле кет ретінде орнықтырады деген негізгі қағи-далардың мызғымастығын айқындайды.

Өзгерістердің өзектілігін дер кезінде көре білген

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 141 өкімімен бүкілхалықтық талқылауға ұсынылды. Бұл түзетулердің негізгі мәні мемлекеттік билік тармақтарының арасында өкілеттіктерді қайта бөлу.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Арнұр АСҚАР,«Егемен Қазақстан»

Мәжіліс депутаттары Гүлжан Қара -ғұсова мен Татьяна Яковлева кез десу барысында Президенттің билік тар-мақ тары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі Үндеуінің және «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жол-дауы ның мән-маңызын түсіндірді. Сондай-ақ, осы жиында «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының жобасы талқыланды.

Г.Қарағұсова өз сөзінде елімі здің басқару жүйесі елеулі өзгерістерге бағыт алғанын атап өтті. «Басқару өкілеттіктерінің бір бөлігін Парла-мент пен Үкіметке берудің арқасын-да билік тармақтарының өзара іс-қимылының жаңа үлгісі пайда бола-ды. Мәселе осы туралы болып отыр. Парламент пен Үкіметтің қоғам ал-дын дағы жауапкершілігін арттыру

жұмыс сапасына да оң ықпал етеді. Мәселен, бұрын осыған дейін Үкімет бағдарламаны әзірлеп, оны Президент бекітетін. Енді бағдарламалар дың орындалу жауапкершілігі, бөлінген қаражаттардың игерілуі, барлығы Үкіметтің жауапкершілігіне өтеді», – деді депутат.

Т.Яковлева медицина қызмет-кер леріне «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы жобасының жай-жапсары туралы баяндап берді. Оның айтуынша, бағдарламада баспа-наның қолжетімділігін арттырудың, құрылыс компанияларын тұрғын үй салуға ынталандырудың жолдары қарас тырылған.

Депутаттың сөзін Ұлттық эконо-мика министрлігі Құрылыс және тұр-ғын үй-коммуналдық шаруашылық іс тері комитеті төрағасының орын ба-сары Бақытжан Качаков толықтыр-ды. «Құрылыс жұмыстарын бастамас бұрын қай өңірде қанша үй салу керек,

оның бағасы қай шамада болуға тиіс деген мәселелерді жоспарлап алған жөн. Қандай категориядағы азамат-тар баспанаға өте зәру? Оны да анық-тап алмақпыз. Тұрғын үй нарығы на талдау жасай отырып, өңірлер дегі баспанаға деген сұраныс деңгейі не көз жеткізу қажет. Осы сауалдар дың бәріне әлеуметтік сауалдама жүргізу арқылы жауап алатын боламыз», – деді Б.Качаков.

Талқылау барысында Мәжіліс депутаттары, «Нұрлы жер» бағдарла-масының жобасын әзірлеуге қатыс-қан құзырлы орган өкілдері кездесуге келген адамдардың сұрақтарына ег-жей-тегжейлі жауап берді.

Айта кетейік, «Нұр Отан» партия-сының қалалық «Өркениет» филиалы Пре зиденттің билік тармақтары ара-сында өкілеттіктерді қайта бөлу мәсе-лелері жөніндегі Үндеуін, сонымен қатар, Мемлекет басшысының халыққа ар наған Жолдауын елордадағы меди-циналық еңбек ұжымдарына түсін-діру жұмыстарын жалғастыра беретін болды.

АСТАНА

Хамит ЕСАМАН,«Егемен Қазақстан»

Маңызды құжаттарда Елбасы мем лекет үшін аса құнды мақсаттар мен міндеттерді алға тартып, елдің келешек дамуы жолындағы өзінің ой-пікірлерін де мәлімдеген еді. Елбасы Үндеуі мен Жолдауын халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында Парламент депу-тат тарынан құралған ақпараттық-наси-хаттық топ Тараз қаласына келген еді.

Осыған орай, Жамбыл облысы әкімдігінде актив жиыны өтті. Жиынды облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков жүргізіп отыр-ды. Әуелі Парламент Мәжілісінің де-путаты Байділда Жылқышиев сөз алып, Елбасы Үндеуі жөнінде пікірін білдірді.

Өз сөзінде халық қалаулысы бұдан былай да елімізде президенттік басқару формасының сақталатынын айта келіп, ішкі және сыртқы саясат, қорғаныс мәселелері жөніндегі ойын жеткізді.

Әсіресе, Елбасының әлеуметтік-экономикалық салаға ерекше басымдық беріп отырғанын айтты. Сондай-ақ, мәжілісмендер Қожахан Жабағиев және Сәкен Қаныбеков Елбасы Жол-дауында айтылған мақсаттар мен міндеттерге тоқталды. Жолдауда айтыл ған білім беру, денсаулық сақтау, әлеумет, ауылшаруашылық салалары бойынша да әңгімеледі.

Бұдан кейін жарыссөзге «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыс-тық филиалы төрағасының орын-басары Шәбден Тілеумұрат, Тараз

инновациялық-гуманитарлық универ-ситетінің рек торы, облыстық мәслихат-тың депутаты Ерболат Саурықов және облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бас сарапшысы Лариса Лысова шығып, Елбасы Жолдауының жан-жақ тылығын, өз кезегінде аталған маңызды құжат ел өмірінде ірі оқиға болғанын атап өтті.

Парламент Мәжілісінің депу тат-тары жұмыс сапарын ақпан айы ның алғашқы онкүндігінде облыстың аудан дары мен ауылдарында жалғас-тыратын болады.

ТАРАЗ

Суретті түсірген Алтынбек ҚАРТАБАЙ

Қалаулылар – халық арасында

Дәрігерлерге арналған дәріс––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Парламент Мәжілісінің депутаттары елордадағы Ұлттық ғылыми кардиологиялық орталықта «Нұр Отан» партиясы қалалық «Өркениет» филиалының медициналық қызметкерлерімен кездесті. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан»

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Қазақстанның Үшінші жаң ғыруы – жаһандық бәсекеге қабілеттілік» ат-ты Жолдауында негізгі басымдықтар қатарында «жаңа еуразиялық логис-тикалық инфрақұрылымды дамыту-ды» атап өтумен қатар, Транска спий дәлізі бойынша тасымалдау көлемі нің үлкеюіне байланысты Құрық портын салудың екінші кезеңі – автомобиль өткелі құрылысын жүзеге асыруды тапсырды.

Теңіз жағалауында орналасқан Маңғыс тау өңірінде көлік-логисти-калық бағытта әңгіме қозғағанда тілдің алдымен теңізге келіп тірелетіні белгілі. Ақтаудағы «теңіз қақпасы» атанған халықаралық теңіз-сауда порты – бұл саладағы іргелі мекеме. Шет елдер-мен су жолы арқылы сауда-саттық, тасымал байланысын жол ға қойған және ол байланыстарды зама науи тұр-ғыда жетілдіре түсуді, жұ мыс қарқы-нын арттыруды қолға алған ұжымда жадырай айтар жаңалықтар жеткілікті.

Парламент депутаттары Ақтауға сапарларын «Ақтау халықаралық теңіз-сауда портына» барып, жұмыс барысымен, порттың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысудан бастады. Әрқайсысы «қаланған бір кірпіш» болып әр бөлімде еңбек етіп жүрген ұжым қызметкерлерімен кездесіп, Елбасының жуырдағы Үндеуі мен Жолдауын түсіндірді.

Мәжіліс депутаттары Ақтау-дағы Ш.Есенов атындағы КМТжИУ ғимаратының мәжіліс залында

Маң ғыстау облысы активімен, уни-вер ситет қызметкерлерімен және сту дент термен кездесті. «Біздің бар-лық игілік-жетістіктеріміз еліміз дің тәуелсіздігінен басталып тұр, тәуел-сіздік – біздің ең басты іргетасымыз. Біз, әсіресе, жастар еліміздің ер теңін жасау үшін алдымен, өткен тарихты терең түсініп, тәуелсіздікті қас тер леп, сезіне білуіміз қажет. Бүгін гі мүм-кіндіктердің қалай, қандай қиын дық-тармен келгендігін ұғынуы тиіс. Ел-басы ның биылғы Жолдауы – тәуел сіз -діктің 25 жылдығында жаса ған баян-да масының жалғасы деп айтар едім, өйткені, Жол дауда біздің халқымыздың бола шағы негізделіп отыр, алапат заман да, дүниежүзілік қайшылықтар зама нында біз болашағымызды қалай жасай мыз, көштен қалмау үшін бар-лық мүмкіндіктерді жасайтын адами капитал, адам санасы, адамның мүм -кіндігі, адамның білімі және қабі-лет-қарымы. Елбасы дүниежүзілік дең гейде бәсекеге қабілетті, лайық-ты болуымыз керектігін айтты. Оған тек біліммен ғана қол жеткізе ала-мыз. Қазақстанның бүгінгі халықара-лық беделін Елбасы тек білім-біліктің арқасында қалыптастыра алды», – деген Қ.Сұлтанов елді тәуелсіздіктің беріктігі үшін еңбек етуге, жастарды отансүйгіштікке және терең білім алуға шақырды.

Мәжілісмен М.Әшімбаев конс-титуциялық реформа мен Жолдау жайлы тереңірек баяндады. «Тәуел-сіздік алған 25 жыл ішінде бізде біраз реформа жүзеге асты. Сол рефор-малар негізінде нақты қағидат жатты деп айта аламыз. Ол, «біріншіден, экономика, екіншіден, саясат» деген

қағидат. Осы негізде біздің эконо ми-камыз реформаланды. 25 жыл ішін де ауыз толтырып айтатын біраз же тіс-тіктеріміз бар. Экономикамыз нарық-тық форматқа ауысып, бизнестің дамуына мүмкіндіктер жасалып, көптеген кәсіпорындар, өндірістер пайда болды. Әлеуметтік салаларда да көптеген реформалар жүзеге асты. Бұл – жоғарыда айтылған қағида аясында қол жеткен жетістіктеріміз, бірақ уақыт бір орнында тұрмайды, ішкі-сыртқы үрдістер үздіксіз алға жылжуда. Біз экономика мен саяси реформаларды теңестіретін кезеңге жеттік, яғни, мұны саяси жағынан да біраз өгерістерді жүзеге асыратын кез келді деп қабылдау қажет», деген Мәулен Сағатханұлы конституциялық реформа туралы жан-жақты түсіндірді.

Кездесу барысында сөз алған зей-нет кер Ж.Сәтенова білім беру саласы-на қатысты ұсыныстарын ортаға сал-са, 4-курс студенті С.Базарбаев мін-детті медициналық сақтандыру мен уақытша тіркеуге қатысты сауалдарын жолдады. Тұрғындар сауалына депутат С.Ахметов жауап берді.

Маңызды міндетті мақсат еткен мәжілісмендер Маңғыстауда қоғамдық қабылдаулар өткізіп, аудандарда және бірнеше еңбек ұжымында болды, халықпен кездесіп, Үндеу мен Жол-дау ды талқылап, түсіндірді. Тұ р ғын -дар тарапынан түскен ұсыныс-тілек-тер ді қабылдау үшін олар бір апта уақытын арнайтын болады.

Маңғыстау облысы

Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ

Экономика мен саяси реформаларды теңестіретін уақыт

–––––––––––––––––––––––––––Парламент Мәжілісінің депутат­тары Қ.Сұлтанов, С.Ахметов, М.Әшімбаев және Т.Хитуов сапармен Маңғыстау облысында жүр. Мемлекет басшысының кезек ті Жолдауын талқылау және түсіндіру, сондай­ақ, Елба­сы ның билік тармақтары ара­сын да өкілеттіктерді бөлу мәсе­ле лері жөніндегі Үндеуін талқы­лауды мақсат еткен сапар ба­рысында облыстағы бірқатар ұжымдарда болып, жұртшы­лықпен кездесулер өткізілуде. –––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––Жақында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілет­тіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуі жарияланып, қоғамнан қызу қолдау тапқан болатын. Сонымен қатар, артын ша Мемлекет басшысы «Қазақ станның Үшінші жаң­ғыруы: жаһандық бәсекеге қабі лет тілік» тақырыбында Қазақ стан хал қына Жолдауын жариялады.––––––––––––––––––––––––––

Page 5: E-mail: info@ 3 А˛ПАН, 2017 · PDF fileСоңғы жылдары жүріп жатқан білім мазмұнын жаңарту, ... ең алдымен білім беру

3 ақпан 2017 жыл 5Конституциялық реформалар бағдарламасы

Жауапкершілік артып,талап күшейеді

Е л б а с ы б и л і к т а р ­м а қ т а р ы а р а с ы н д а ғ ы өкілеттіктерді қайта бөлу м ә с е л е л е р і ж ө н і н д е г і Үнд еуінде жұртшылық назарына еліміз үшін аса маңызды, тағдырлы мә­селені ұсынып отыр ғанын атап көрсетті. Шынын да да,

бүгінгідей жаһандану үрдісінде заман дидары асқан жылдамдықпен өзгеріп, мемлекеттің басқару жүйесін жаңғырту мезгілі туғанын аңғартып отыр. Нұрсұлтан Әбішұлының бұл бастамасы бүгінде әлемнің дамыған отыз елінің қатарына ену стратегиясын батыл түрде қолға алған Қазақстан үшін жасалған тағы бір маңызды қадам десек, қателесе қоймас пыз. Президенттің бірқатар өкілеттігін Парла мент пен Үкіметке беру арқылы мемлекет тік басқарудың оңтайлылығын арттыру, бай тәжірибе өрісін кеңейту өркениетті елдерге тән.

Қуатты президенттік биліктің арқасында тар жол, тайғақ кешулерден қиналмай өтіп, қиындықтарды республика тұрғындары бірлесе еңсере білгені тәуелсіздігіміздің ширек ғасырлық мерейтойында паш етілді. Бейбітшілік пен тұрақтылық, ынтымақтастық пен келісім басты құндылығымыз ретінде ұлықталды. Оның нақты жемістерін сол­түстікқазақстандықтар да айқын сезініп отыр. Халық әлеуеті мен тұрмыс сапасын жақ сартуға, аграрлық және өнеркәсіптік салаларды, шағын және орта бизнесті өркендетуге бағытталған бағдарламалар дәйектілікпен орындалып келеді. Жолдарды қалпына келтіру, сапалы ауыз су мәселесін шешу секілді ауқымды жобалар бойынша да ілгерілеу бар. Экономикалық мәселелермен қатар, саяси шаралардың жүзеге асуы Үкімет пен Парламенттің пішімін өзгертіп, кәсіби біліктілігін қалыптастырды.

Енді еліміз мұнымен тоқталып қал мақ емес. Елбасы атап өткендей, мемлекет­тің басқару жүйесін жаңғыртатын мезгіл пісіп­жетілді. Бұл реформа екі бағытта іске асырылып, әлеуметтік­экономикалық үдеріс терді реттеудегі біршама өкілеттіктер Үкімет пен басқа да атқарушы органдарға тапсырылып, дербес жауапкершілікке қоса, биік талап та қойылатын болады. Екінші күрделі міндет – билік тармақтары арасындағы қарым­қатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді ету. Сонда реформа аясында Парламенттің рөлі де, атқарушы билікке бақылауы да нығаяды. Мұның бәрі, айналып келгенде, саяси жүйені одан әрі демо­кратияландыру үрдісін жалғастыруды, басқарудың неғұрлым тиімді тетігін қалып­тастыруды көздесе, сонымен бірге, болжап білмес сын­қатерлерді болдырмау, алдын алу жолдарын ойластырған дұрыс саяси шешім екені даусыз.

Президенттің бүкілхалықтық талқы­лауға ұсынған бұл қадамдары қабылдаған шешім дерге орай тактикалық, стратегиялық мәселелерді ұтымды жүзеге асырудың нақты мүмкіндіктерін береді. Мемлекеттік басқару мәселесінде партиялар, министрліктер мен жергілікті атқарушы органдар да басымдықтар иеленеді. Ал Парламентте жеңіске жеткен саяси ұйым Үкіметті жасақтауда шешуші дауыс алады. Бұл тұрғыдан алғанда, «Нұр Отан» партиясы қатарындағылар кәсіби білік­тілік көрсетуге әзір.

Билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу реформасы тиімді және жауапкер­шілікпен жұмыс істеу тепе­теңдігін құруымен де маңызды дер едік.

Артур МОЛДАҒҰЛОВ, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы

төрағасының бірінші орынбасары

Солтүстік Қазақстан облысы

Басқосуда ЕҰУ­дің ректоры, профессор Ерлан Сыдықов бі­рінші кезекте Ел басы Үндеуінің маңыз ды лы ғына тоқталып өтті.

– Елбасының ұста нымы бо­йынша мем ле кеттік басқару жүйе­сін жаңғырту екі бағытта өт пек. Біріншісі, Президенттің әлеу­м еттік­экономикалық процес­терді реттеудегі біршама өкі­леттігі Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға беріледі. Екіншіден, билік тармақтары арасындағы қарым­қатынасты Конституциялық деңгейде тең­геру – осы реформаның аясын­да Үкіметті жасақтаудағы Пар­ламенттің рөлін күшейту, – деген Е.Сыдықов келесі сөз кезегін қоғам қайраткерлері мен білім және ғылым саласындағы белгілі азаматтарға ұсынды.

Экономика ғылымдарының докторы, профессор Мырзагелді Кемел өз сөзінде Үндеуде қозғал­ған мәселелердің барысына тоқ­талып өтті.

– Біздің Конституциямыз 1995 жылы қабылданған. Содан бері 59 рет өзгеріс енген екен. Ел басы Үндеуінде 18 өзгеріс енгіз гелі отыр. Бұған дейін Ұлт­тық Қауіпсіздік комитеті, Қор­ғаныс министрі, Сыртқы істер министрі, Ішкі істер министрі Президентке бағынатын. Ішкі істер министрін Үкіметке беріп жатыр. Аталған министрлік­те 70 мыңдай адам қызмет етеді. Жергілікті полиция деген құрылған, бұл нағыз Үкіметтің жұмысы екені анық. Президент 40­қа жуық өкілеттілігінен бас тартып отырмын дейді. Елбасының бірқатар өкілеттігін Парламент пен Үкіметке беруі

олардың жауапкершілігін арт­тырады. Түрлі сала бойынша қабылданып жатқан мемлекеттік бағдарламаларды Үкімет дай­ындайтын, Үкімет орындайтын, бірақ Президент бекітетін еді. Енді бұл істер Үкіметтің мой­нына жүктеледі. Демек, Үкімет бағдарламаны жасағанда өз шама­шарқына қарай жасап, соған орайластыра орындайды, – деді ол.

Ұ Ғ А а к а д е м и г і С е й і т Қасқабасов қоғамның дамуына орай, бұл реформаның қажет екенін сөз етті.

– Министрліктер, әкімдік­тер «Президент тапсырмасы бойынша жұмыс істеп жатыр­мыз» деп салмақтың бәрін Елбасына сілтей беретін. Бұ дан кейін Елбасы елдегі әлеумет тік­экономикалық мәселелерге ара­ласпайды, Үкіметтің өзі шешеді. Парламентке де біраз құқық­тар берілді. Білім мен ғылым­ға арналған заң да Президент айтпаса жүзеге аспай жататын. Қоғам даму үстінде, мұндай реформалар біздің елімізге аса қажет, – деді ол.

Жиында сөз алған ғылыми кеңес мүшелері Тәуел сізді гі­міздің 25 жылдығында жет­кен табыс тары мен ұсыны лып отырған Үндеудің мәні мен маңызын кеңінен талқы лап, өз ойларын ор таға сала келіп, Ел­басы шешімін қолдайтын дарын білдірді.

Жұлдыз ТОЙБЕК,Л.Н.Гумилев атындағы

ЕҰУ-дің оқытушысы

АСТАНА

Тәуелсіздік тарихы көр сеткендей, жаңа мем лекеттің табысты құрылысы мен реформалары ең алдымен күш ті президенттік билікпен қамтамасыз етілген.

Мемлекет дамуының жаңа кезеңі Парламенттің, Үкі меттің және сот билігі нің ел ішіндегі жағдайға қа­тыс ты жауап кершілігін күшейту мақ сатын дағы мәселені алдымызға қойып отыр.

Қазіргі таңда Президент, Үкі­мет, Парламент және сот билік тері арасын дағы өкілеттіктерді қай та бөлу мәсе лесін қарастыратын уақыт келді.

Конс титуцияға сәйкес сот билігі азаматтық, қылмыстық және тағы басқа заңдармен бекітілген сот өн­діріс терінің нысандарымен жүзеге асырылады. Қылмыстық сот өңді­рісі заңдарда көрсетілген кейбір жағ дай ларда алқабилер сотының қатысуы мен жүзеге асырылады.

Бес институттық реформаны жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шегінде сот

жүйесі түбегейлі жаңартылуы тиіс. Осыған байланысты, сот жүйесінің көп сатылылығы жойылды, ол аза­маттар үшін тиімді және қолжетімді бола түсті, соттың бюрократия үшін жағдайлары алынып тас талды, әділ сот жедел және шынайы бола түсуде.

Судьяларға қойылатын талап күшейтілді. Сот корпусына дайын­дығы төмен адамдардың келу мүмкін­дігін алып тастау үшін жүйелі іс­шаралар қабылданды.

2016 жылы соттарды бағалау жү­йесі енгізілді, ол судьялардың кә сіп­қой лығының деңгейін анықтауға мүм­кінд ік береді.

Заңды күшіне енген сот шешім­дерінің орындалуына мән беріле бас­тады, жеке сот орындаушылар инсти­туты күшейтілуде, яғни сәйкесінше сотты ең басты құқық қорғаушы инс титут ретінде бекітуге мүмкіндік берілуде.

Қазіргі кезде соттар өздерінің жоғары және жауапкершілікті мін дет­терін орындау үшін бар лық құқық тық құралдар мен мүмкін діктерге ие.

Бұдан басқа, әділ соттың сапасын арттыру үшін соттарды әрі қарай мамандандыру жүргізілуде. Инвес­тициялық даулар бойынша сот өн­дірісіне жаңа сот буыны енгізілді.

Бес институттық реформаны жүзе ге асыру бойынша «100 нақ­ты қадам» Ұлт жоспары бағ дар ла­ма сына сәй кес «Астана» Халық­ара лық қаржы орталығы қалып­тасуда, онда Англия құқығы, соны­мен қатар, жетекші әлемдік қаржы орталықтарының стандарттары қолданылатын болады.

Орталық қатысушыларының а р а с ы н д а ғ ы д а у л а р д ы ш е ш у сот өнді рісі жүйесіне кірмейтін тәуелсіз сотпен және Халықаралық арбитраждық сот орталығымен жүргізіледі. Бірақ Конституция­ның 75­бабы 4­тармағына сәйкес: «Республиканың сот жүйесі рес­публика Конституциясымен және Конституциялық заңымен белгі­ленеді. Қандай да бір атаумен арнау­лы және төтенше соттарды құруға жол берілмейді». Сондықтан, еліміз

Конституциясының 75­бабының 3­тармағына біздің көзқарасымыз бойынша келесі редакциялық толық­тыру қажет: «Заңмен құрыл ған респуб лика ның Жоғарғы соты, рес­пуб ликаның жергілікті және басқа да соттары, сонымен қатар, «Астана» Халық аралық қаржы орталығының дауларды шешу бойынша тәуелсіз соты республика соттары болып та­былады».

Ел Конституциясына енгізілу ге ұсынылған толықтырулар мен өзгер­ту лер сот жүйесінің жұмысын оңтай­ландыруға және әділсоттылықтың демократиялық үлгілік стандарттары­мен жұмыстар жүргізуге мүмкіндіктер туғызады.

Қайрат ЕРНИШЕВ, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің

Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының

меңгерушісі

Жамбыл облысы

Қазақстандық демо­кратия үлгісі «кратос», яғ­ни, Президенттің билігін мойындайды, президенттік биліктегі Үкімет, Парламент және мәслихат «демосқа» толыққанды жауап береді.

Қазіргі таңдағы мықты Пре зи дент инс ти туты мем­лекеттің ұстан ған бағы тын өте жыл­дам әрі тиім ді бағдар лап келе ді. Әсіресе, біз оның тиім ділі гін қалып­тасу жыл дарында, яғни Жоғар ғы Кеңес тегі рефор м алар дың біртін­деп жыл жуы нан кейін гі уақыт та баға ладық, Мемлекет бас шы сы ның Жарлығынан соң тез арада оның шешімі табылды. Сол кездері мәсе­лені ұзақ талқылап жату ға уақыт тығыз болды, халық шұғыл нәтижеге куә болғысы келді.

Бүгінде демократия жағдайында белгілі бір даму жолын еңсеріп өткен қоғамда әр алуан әлеуметтік топтар мемлекеттік саясаттың қалыптасуына өзіндік септігін тигізіп, оған белсенді түрде атсалысқысы келетіні анық. Ұсы нылған реформалар шешім

қа был даудың жылдамдығын бір шама азайтқанымен, олар ­ға бұл құқық тарды Пар ла­мент тің өкілдігі атынан жүзе­ге асыруға мүмкіндік бере­ді. Екінші жағынан, қабыл­данған шешімдерді жүзеге асыру үшін келісіп әре кет етушілік кең етек жая ды.

Әр бір жаңа реформа рет­реті мен, бір тін деп жүреді, демек, қоғамдағы әр т үр лі ой­пікірлер есепке алынады деген сөз.

Ұсынылған реформалар ради­калды шешім емесі айқын. Сонымен қатар, ол біздің қоғамды еркіндікке жетелейтіні сөзсіз. Алдағы оң өзге­рістер саяси партиялардың дамуына жаңа серпіліс әкеледі, өз кезегінде біздің азаматтар арасындағы партия­лық бірегейлік күшейеді. Сондай­ақ, жергілікті өзін өзі басқарудың дамуына, әсіресе, оның орталық құрылымдары – жергілікті әкімдер, мәслихаттарға баса назар аударылған. Ендігі уақытта олардың қызметтерін реттеуге Қазақстан Республикасы Пар ламенті тартылады.

Өңірлер мен әлемде болып жатқан жағдайларды, әсіресе, жуырдағы бір неше жылдар аралығында бол­ған оқиғаларды ескерер болсақ, бізге қарапайым азаматтар үшін тұрақ тылық зор маңызға ие. Атал­мыш конституциялық рефор ма тұра қ тылықты толығымен қам­тама сыз етеді. Ол саяси құрылым­дар дың толығымен ауысуын көз­демейді, керісінше, оның негіз дерін нығайтуды мұрат етеді. Тек Конс­титуцияның 91­бабының 2­тар­мағында бекітілгендей, ешқашан өзертілуге жатпайтын, тіпті, Негізгі заңды қайта қарағанның өзінде, конституциялық құндылықтар тізі­мін толықтыру көзделген. Олардың қатары на біркелкілік, республиканың тер ри ториялық тұтастығымен қоса, оның басқару қалпы ретінде мем­лекеттің тәуелсіздігі ұсынылған.

Осы өзгерістерге қарамастан, Пре­зидент басқару үрдісін бақылауды одан әрі жалғастырады, билік тар­мақтары арасында төрелік етеді және елдің тұрақты дамуына кепіл болып қала береді. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ұжымы еліміздің Негізгі Заңына өзгерістер енгізуге бағытталған жобаны қолдайды.

Арын ӨРСАРИЕВ, C.Торайғыров атындағы

Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры

Қазақстандық демократияның өзіндік үлгісі қалыптасты

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Тәуелсіздік тарихында Қазақстан демократиялық қоғамды нығайту үшін саяси жүйені реформалаудың жүйелі саясатын жүргізіп келеді. Шындығында, әлемде демократиялық құрылымдардың қолданыстағы жалпыға бірдей қағидаларының әмбебап үлгісі жоқ. Әрбір мемлекет саяси тәжірибесін, мәдениеті мен тарихын ескере отырып, өзіндік үлгісін қалыптастырады. Тәуелсіз даму жылдарында бізде өзіндік қазақстандық демократияның ерекше үлгісі қалыптасты. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Мақсат – Ұлт жоспарын жүзеге асыру

Маңызы жоғары бастама

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі ғылыми кеңестің кезекті отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуі талқыланды. Оған университеттің профессор-оқытушылары, қоғам қайраткерлері қатысты.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Е л б а с ы Н ұ р с ұ л т а н Назарбаевтың әрбір баста­масы біріншіден, ел мүд десін көздейді. Сондай­ақ, мем­лекетіміздің одан әрі тұғыр­лы бола түсуін көксейді. Ең біріншіден Мемлекет басшысы еліміздің еңсесі тік, болашағы жарқын болуы үшін барлық тетіктерді тереңнен ойластырып келе­ді. Президенттің мемлекеттік би­лік тармақтары арасында өкілеттік­тер ді қайта бөлу мәселесі бойын­ша жариялаған Үндеуі алдыңғы ой­пікіріміздің басты дәлелінің бірі болып табылады.

Талас жоқ, бұл Үндеу еліміздің болашағы мен ашық демократиялық даму жолы үшін жасалған іргелі қадам. Өз басым Үндеу жолдары мен мәті нін дәл осылай қабылдадым. Мұнда ар­тық, шашау тұрған бір сөйлем түгілі, бір ауыз сөз жоқ. Әрбір тұжырым өз орнында. Түсініксіз ештеңе жоқ. Бәрі де тайға таңба басқандай анық, айқын айтылған.

Президент өз Үндеуінде атап көр сеткендей, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртатын кез келді. Әйтпесе, әлемдік даму көшінен кейін қалып қоюымыз мүмкін. Осы орайда мен Елбасының: Мен ел мүддесі мен заман талабын ескере келіп және келешек ұрпақ болашығын тереңнен толғай отырып, осындай байлам жасадым, деген жүрекжар­ды тілегін телеэкраннан естіген­де тебіреністі көңіл­күйді бас тан кештім. Елбасымыздың халық тан жасы ратын ештеңесі, ешқандай ойы мен сыры жоқ екеніне осы жолы тағы да айқын көз жеткізе түстім. Кешегі Үндеуінде де Елбасының өз халқына деген қамқорлығының белгісі айқын көрінеді.

Үндеудің маңыздылығы жауап­кершілік жүгі мен салмағын айқын сезінуге үндей білуінде. Еліміздегі әлеуметтік­экономикалық үдерістерді реттеп, жолға қою үшін бағыт­бағдар беруінде. Бұдан былай бұған дейін Перзиденттің қолында шоғырланып келген көптеген өкілеттіктер Үкімет­ке және өзге де жоғары атқару шы органдарға берілмек. Сондай­ақ,

Парламент жаңа Үк імет құрамын жасақтау үшін қо­сым ша өкілеттік алмақ. Осы арқылы аталған мемлекеттік құрылымдар өз өкілетті гін кеңейтіп, соған сай тиісті жауап кершілік арқалап, өз істеріне толықтай жауап беретін болады.

Бұл жай ғана қарадүр сінділікпен оп­оңай орын дала қалатын іс емес. Сон дықтан да Президент билік тар­мақтарын бөлісу үрдісі қазіргі қол­д аныстағы заңдарға тиісті өзгеріс ­тер мен толықтырулар енгізу арқы­лы орындалатынын жеткізді. Би­лік тармақтары арасындағы қарым­қаты нас тар өте шетін, домбыра­ның қос шегін дей қатты бұрасаң үзіліп кетуге шақ тұратындай нәзік мәселе. Сондықтан да мұны Мем ле­кет басшысы әрі тарт та, бері тарт демей, Конституциялық деңгейде теңгерімді ету мәселесін ұсынып отыр. Осы орайда Парламенттің ел мүд десі жолында атқаратын рөлі әлде­қай да күшейетінін түрлі деңгейдегі мәс ли хат депутаттарының да атынан жеткізгім келеді. Яғни, Парламент сайлауында жеңіске жеткен партия Үкімет құрамын анықтауға араласады деген ой бұған дейін дәл бүгінгідей деңгейде көтерілмеп еді.

Мемлекеттік басқарудың жаңа реформасы биліктің барлық тармақ­тарының жауапкершілігін нығайтуға ықпал жасай алады деп есептеймін. Мұндай қадам өз кезегінде еліміз­дегі саяси тұрақтылықты нығайтып, әлеумет тік­экономикалық тұрғыдан одан әрі өсіп­өркендеуімізге кепіл болары анық. Сондықтан да Елбасының еліміздің жарқын болашағы үшін жасап отырған бұл қадамын бір кісідей қолдаймыз. Осының бәрі еліміздің дамуы мен халқымыздың әл­ауқаты өсе түсуіне айтарлықтай әсер етеді деп сенемін.

Күлпаршын АЙДАРХАНОВА,«Ақбөбек» оңалту орталығының бас директоры, Ақтөбе қалалық

мәслихатының депутаты

АҚТӨБЕ

Елдің ертеңін ойлаған қадам

Page 6: E-mail: info@ 3 А˛ПАН, 2017 · PDF fileСоңғы жылдары жүріп жатқан білім мазмұнын жаңарту, ... ең алдымен білім беру

6 3 АҚПАН 2017 ЖЫЛӘЛЕМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН

ДОСТЫҚ ДӘНЕКЕРІ

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Құрмет грамота-сы неміс журналисі Биргит Вет цель ханымға тапсырыл-ды. Қазақстандық дипломат Б.Ветцельге елімізге деген кə сіби қызығушылығы жəне не міс оқырмандары тарапы-нан үлкен танымалдылыққа ие болған Қазақстан тура лы ре портаждар мен мақа ла лар ды сапалы дайындап, объ ек тив ті баға бергені үшін ри за шы-лығын білдірді.

Неміс депутаты Қазақстанбасшылығына өзі нің қыз-ме тін жоғары ба ға лағаны ү ш і н р а х м е т і н а й т ы п , мерейтойлық медаль алу өзі үшін екі ел арасындағы

ынты мақ тастықты тереңдету бойын ша жұмысын жалғас-ты руға үл кен ынталандырушы бо ла тынын жеткізді. А.Фишер Тəу елсіздіктің 25 жылында Қазақстан өз дамуында бү-кіл əлем де танылған орасан зор се кіріс жасағанын атап көр сет ті.

Б.Ветцель де өзінің сөзінде ма рапат үшін ризашылығын біл діріп, мемлекетіміздің сал-ма қты, бітімгершіл жəне кө-ре ген сыртқы саясатының ар қа сында əлемдік қо ғам дас-тықтың Қазақстанға деген қызығушылығы өсе түсіп отыр ғанын көлденең тартты, деп хабарлады Қазақстан Рес -публикасы Сыртқы істер ми-нистрлігінің баспасөз қызметі.

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Жақында Қазақстанның Германиядағы елшісі Болат Нүсіпов салтанатты жағдайда Германия Бундес та гы-ның депутаты, Еуропа Кеңесіндегі Еуропа халықтық пар тиясы фракциясының т рағасы Аксель Фишерге «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 25 жыл» мерейтойлық медалін тапсырды. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстан тарапының бас тамасымен Қазақстан Сыр т -қы істер министрінің бі рін ші орынбасары Мұхтар Тілеуберді мен Ресей Феде ра циясы Сыртқы істер ми нис-тр інің орынбасары – статс-ха т шы сы Григорий Карасин те ле фон арқылы с йлесті. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Берлиндегі марапат

Шарттарға негізделген келісім

ӘРІПТЕСТІК ӘЛЕУЕТІ

САРАПТАМА

–––––––––––––––––––– –––––––––––––––––––– ––––––––––Сыртқы істер министрі Қайрат �бдірахманов елде тіркелген дипломатиялық корпуспен кездесті. Кездесу барысында ол елшілерге Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың конституциялық реформалар бойынша негізгі ұсыныстары мен «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының негізгі қағидаларын таныстырды.–––––––––––––––––––– –––––––––––––––––––– ––––––––––

–––––––––––––––––––– –––––––––––––––––––– ––––––––––АҚШ-тағы президенттік сайлаудың нәтижесі жария етілген кез-де, біреулер алақайлап қуанды, екіншілері сең соққан балықтай есеңгіреп қалды. С йтіп, т рт жылда бір  тетін саяси бәсекеде Республикалық партиядан ұсынылған кандидат 70 жастағы Дональд Джон Трамп сайлаушы-таңдаушылардың басым дауысын иеленіп, АҚШ-тың 45-ші президенті болып сайланды. –––––––––––––––––––– –––––––––––––––––––– ––––––––––

Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан»

Министрдің айтуынша, сая-си жəне əлеуметтік-экономикалық салаларда Н.Ə.Назарбаев бастама еткен кең ауқымды реформалар Қазақстан дамуындағы жаңа про-гресті қамтамасыз етуге, ел ді одан əрі демократияландыруға, мем -лекеттік басқару жүйесін жəне ұлт -тық экономиканы ел дамуының за-манауи кезеңі мен өзекті геосая си жəне геоэкономикалық жағ дай ларға бейімдеуге бағыт тал ған.

«Бұл реформа елді қазіргі за-манға сай дамыту қағидатына не гіз-деле отырып жасалған, себебі, бұл жолмен əлемнің демократия жолын ұстанған тəжірибелі елде рі жүріп өтті. Ол, ең алдымен, ат қа рушы жүйенің тиімділігін жо ғарылатуға

негізделген. Оның өзе гінде қандай мəселе жатыр деген ге келсек, билік тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлу біз дің саяси жүйеміздің де-мократия ла нуына алып келері анық. Енді Үкімет пен Парламенттің рөлі мейлінше арта түспек. Бұл жер-де біз айрықша мəн беретін екі маңызды сала бар. Біріншіден, əлеу-меттік-экономикалық өкі лет тік-терді Президенттен атқарушы би-лікке берудің маңызы бар, ал билік өкілеттігін бұлайша бө лу заңға өзгеріс енгізуді талап ете ді. Екіншісі – анағұрлым қиын мін дет. Бұл – конституциялық дең гей де Үкімет, биліктің тармақтары ара сын дағы қарым-қатынасты тепе-тең дікте ұстау», – деді Сыртқы іс тер министрі.

Қайрат Əбдірахманов бұған қо -са, Парламенттің рөлін нығай ту дың маңызды екенін де атап өтті.

«Парламенттің рөлін күшейту – өте өзекті мəселе. Бұл Қазақстан Үкі метінің Парламент алдындағы жау ап кершілігін де кеңейте тү се-ді. Парламенттік сайлаулар да же-ңіске жеткен партия Үкіметті қа-лып тастыруда шешуші рөлге ие бо лады. Осы арқылы сайланған би-лік тің атқарушы биліктің үстінен ба қылауы күшейе түспек», – деді министр.

Сондай-ақ, еліміз сыртқы сая-сат ведомствосының басшысы Қазақстан Республикасының Кон-ституциясы мен заңдарына ұсы-нылудағы түзетулерді ел хал қы-мен кеңінен талқылауға мем ле-кет тің айрықша мəн беріп отыр-ға нын атап өтті. Осы орайда Қ.Əбдірахманов мұндай пікір та-лас тардың нəтижесінде елдің би-лік өкілеттіктерін бөлу жүйесін ке мелдендіру бойынша мазмұнды жə не сындарлы ұсыныстар туын-дайтындығына сенім білдірді.

Сыртқы істер министрі шетел-дік дипломаттардың назарын Қазақстанда инновациялық-тех-но логиялық өндірістерді дамы-ту үшін ба рынша жағымды жағ -д айлар жасау ды көздейтін б и ылғы

Жолдаудың басты ба ғыт тарына ау-дарып, елшілерді эко номикалық дип-ломатия шең беріне сəйкес, белсенді түрде өз елдерін Қазақстанмен өзара тиім ді ынтымақтастықтың жаңа перспективаларымен таныстыруға шақырды.

Бұған қоса, Қ.Əбдірахманов елі міздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе сін-дегі мүшелігі Қазақстанның ядро-лық қарудан азат əлем құру жө нін - д егі бас тамаларын, басқа да сы-рт қы саяси игі ұстанымдарын ал-ға жылжытуға жол ашатынын сөз етті. Сонымен қатар, ол Қазақстан Кеңестің тұрақты жə не тұ рақты емес мүшелерімен, БҰҰ-ға мүше барлық мемлекеттер мен тиімді өзара ықпалдастық орна ту ға жаңа мүмкіндіктер алатынын айт ты.

Шетелдік дипломатиялық кор-пус, сондай-ақ, 2017 жылдың 10 қаң тарында Нью-Йорк қаласында ұсы нылған Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың БҰҰ Қауіпсіздік Ке ңесінің мүшелеріне бағыттаған Саяс и үндеуінде көрініс тапқан қа-зақстандық дипломатияның негізгі ба сымдықтарымен де егжей-те г-жейлі таныстырылды.

Бұдан бөлек, жиын барысын-да Қазақстанның ЕҚЫҰ, ШЫҰ, АӨСШК, ИЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ сынды көпжақты құ ры лымдар шең беріндегі хал ық аралық əріп-тестермен ын ты мақ тас ты ғының мə селелері қоз ғал ды. Сырт қы істер ми нистрі шет елде р дің ЭКСПО-2017 ха лық ара лық мамандандырылған көр ме сі не қатысу мəселелеріне бө-лек тоқ та лып, бүгінге дейін көр меге 112 мем лекет мен 19 ха лық ара лық ұйым ның қатысуы нақ ты лан ға нын жет кізді.

Кездесу қорытындысы бойын-ша, күн тəртібіндегі халықаралық жəне аймақтық өзекті мəселелер бойынша пікір алмасылды жəне қазақстандық министр шетелдік дип ломатиялық корпусты қы зық-тыр ған сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді.

Еліміздің жолы талайға үлгі

АҚШ-тың 45-ші президенті

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Премьер-Министрдің орын басары ИманғалиТас мағамбетовтің т  ра ға лығымен ЭКСПО-2017 ха лықара лық маман дан ды ры л ған к рмесі аясында мә де ни бағ дар ла ма ны сапа-лы дайындау және  ткізу мә се ле лері ж нінде кеңес  тті.

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Осыдан бұрын берілген тап сырмаған сəйкес, Мəдениет жə не спорт министрлігі , Астана қа ла сының əкімдігі жəне «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ бірлесіп көрме өтетін кезеңдегі мəдени бағ-дарламаны жоғары деңгейде ұйым дастыру мəселелері жө-нін де гі үйлесімді жұмысты кү шейтті. Сонымен қатар, де легаттар мен қо нақтардың ке луі бойынша ұйым дас тыру м ə с елелері жіті бақылауға алын ды.

Осыған орай, кеңес ба ры-сын да ви це-премьер Ас та на қаласының əкім дігі ел ор да ның инженерлік-кө лік тік ин фра-құрылымын ег жей-тег жей лі зерделеуі қажет екеніне тоқ-талды. Атап айтқанда, жол-дағы жүктемені азайту мақ са-тында кө лік ағынын модель-деу бойынша қолайлы нұс қа-лар ды ескеру, қо нақ тардың ке луі жəне олардың қау іпсіз орна ласуына қатысты ұйым-дас тыру мəселелерін пы сық-тау, қонақ үй жəне басқа да мін д еттерге жұмылу үшін өте т ін ша раларды барынша қыс қартуға ба сымдық берілді. Сон дай-ақ, Қазақстанның мə-де ниет пен спорт тағы жетіс-тік терін таныту мақ сатында ше телдік жобаларды азайту жəне ұлттық брендті насихат-тау қа жеттігі айтылды.

«Ең маңыздысы, біз мін-дет ті түр де тұрғындардың əлеу меттік аз қамтылған то-бына тегін билет та рату мə се-лесін пысықтауымыз қа жет. Олар осынау ауқымды ша раға дайын далған көлемді əрі қы-зықты репертуарды тіке лей өз-дері тамашалап, көру мүм кін-ді г іне ие болуы тиіс. Міне, осы сұ рақты ерекше бақылауға

алуымыз шарт. Əсіресе, бұл қаланың жə не Мəдениет жə-не спорт ми ни стр лігінің ая-сын да өтетін шара лар да ес-ке рі луі керек», деді Пре мьер-Ми нистрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов.

Бүгінгі таңда Мəдениет жəне спорт министрліг і Астана қа ласы əкімдігімен жə не «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» ак цио нерлік қо ғамымен бір ле сіп мəдени-та нымдық жə не спорт тық шара лар-дың кешенді бағ дар ла ма сын

бекітті. Атап айтқанда, олар қазақ тың дəстүрлі өнерін көр-сету, театр лық-бұқаралық ша-ра лар, ха лықаралық жобалар, көр мелер, спорт тық жəне аға р - т ушылық-та қы рыптық ша-ра лар.

Сонымен қатар, осы ба ғыт-та ғы бар лық құры лым дарды тия нақты үй лестіру үшін штаб құ рылды. Ол Астана қаласы əкім дігінің кон вешн бюросы жə не «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ штабымен тығ ыз бай-ланыста болады.

Айта кетейік, ЭКСПО-2017 халықаралық маман дан ды-рыл ған көрмесі аясында де-меу шілік қара жат есебінен Ла Скала театрының гастро-лін, «Қытай императоры Цинь Ши Хуандидің терракот тан жасалған əскері мəде ни ес кер т -кішінің» көрмесін, Марина теа тры ның гастролін, «Пла-сидо Доминго опералиясы» Ха лық ара лық жас вокалис тер бай қауы ның финалын өтк-ізу, сон дай-ақ, Ежел гі Мысыр архео ло гия лық жə діг ер ле рі көрмесін ұйым дас ты ру жос-пар ланған.

Бұл туралы Премьер-Ми-нис тр дің ресми сайты ха бар-ла ды.

Көрме әлеуметтік аз қамтылғандар үшін қолжетімді болуы тиіс

�лисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,«Егемен Қазақстан»

Қазіргі кезде Дональд Трамптың президенттікке сайланғаннан кейінгі жəне оның ресми түрде қыз мет ке кіріскеннен бергі уақыттағы жұ -мысын, сондай-ақ, айтқан пі кір-лерін саясаткерлер мен сарап шылар таразыға салып, талдап жа тыр. Ол дұрыс та шығар. Өйт ке ні, Дональд Трамп əлемдегі ең қуатты мем лекет – Америка Құ ра ма Штат тарының президенті. Со ны мен...

Трамптың ұлықтау салтана-ты 20 қаңтар күні ел астанасы Вашингтонда өтті. Ұлықтау сал-та натында сөйлеген сөзінде ол өзі үшін ең маңызды басымдық Америка болатынын мəлімдеді. Сондай-ақ, барлық шешімдерін, оның ішінде сыртқы саясаттағы іс-қимылдарын осындай ұстанымға негіздейтінін атап өтті. Жұмыс орындарын ашып, шекараны нығайтуға да уəде берді. Бұрынғы одақтарды реформалап, жаңаларын құратынын ескертті. «Əрекет ететін мезгіл туды, бос əңгіменің зама-ны өтті», деді ол. Рəсім аяқталған соң қалыптасқан дəстүрге сəйкес, Конгресс ғимаратында өзі нің алғашқы жарлығы – Ақ үй үкі-метінің жаңа мүшелерін та ғай ын-дау туралы жарлыққа қол қойып, Сенаттың қарауына жіберді.

Дональд Трамптың бірер апта бұрын бірқатар беделді басылымға берген сұхбаты біраз елдің бас-шыларын едəуір алаңдатқаны рас. Сол сұхбатында ол: «НАТО-ның уа қыты өтті», «Үлкен Қытай» сая-сатын қайта талқылау керек» жəне «Германияның босқындарды қа-былдауы апатпен бірдей», деген пі-кір лер білдірген еді. Президенттің осы айтқандары аты аталған елдердің би лігіне өкпе-реніш білдіретіндей қатты əсер етті. «НАТО-ның уа қы-ты əлдеқашан өтіп кеткен, – деді Д.Трамп. – Меніңше, оның екі түрлі негізі бар. Біріншіден, бұл ұйым құрамына көп мемлекеттерді қосып алды. Екіншіден, құрылу мерзімі өте ұзақ».

НАТО Еуропа мен АҚШ ара-сында көпір болып тұрған маңызды халықаралық ұйым екенін жоққа шығара алмаймыз. Трамптың сол пікіріне алғашқы болып Литва президенті Далия Грибаускайте үн қосып, қарсылық білдірді. «Литва 1991 жылы Кеңес Одағынан бөлініп, 2004 жылы НАТО-ға мүше болды, – деді ол осыған байланысты. – Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Ұйым Еуропада бейбітшілікті қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің алғышарты болып келеді. Трампты АҚШ-тың НАТО-дағы міндеттерін дұрыс атқаруына шақырамын. Ол НАТО-дағы көшбасшылық қызметін мойнына алып, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауы тиіс».

АҚШ президент і беделд і басылымдарға берген сұхбатында, сондай-ақ Еуропалық одақты да «неміс тасымалдаушысы» деп сынға алған болатын. Ол Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығу ұмты лы-сын оң бағалады. Өзге де мүше ел-дер дің Одақтан шығатынына сенімді екенін жасырмады. Оның айту-ынша, мұндай бірлестік көпшілік ойлағандай тым оңай бола бермейді. Ал Германия канцлері Ангела Меркель: «Еуропалықтардың тағ-

ды ры өзіміздің қолымызда. Біз барлық жағдайда бірге боламыз деп айта аламыз», деген назын білдірді. Мұндай пікірлерден фран-цуз саясаткерлері де сырт қалмады.

Трамп «The Wall Street Journal» басылымында жарияланған сұхбаты барысында Қытайға байланысты «Үлкен Қытай» саясаты қайта талқыға салынатын болады» деген еді. Ресми Бейжің оның осы сө-зіне дереу ескерту жасады. Қытай СІМ-і оның осы сөзіне дереу «Бір Қытай» саясаты қайта талқыға са-лынбайтынын, Трамптың бұл пікірі 40 жылдан бергі АҚШ – Қытай қатынасына сызат салу болып та-былатынын мəлімдеді. Қытай ба-сылымдары «Трамп бұл мəселеде өзінің білімінің таяздығын танытып отыр» деген баға да берді.

Дональд Трамп президенттік қызметіне кіріскен екі аптаға жуық уақыт ішінде жиырмаға жуық жарлық пен өкім шығарған екен. Соның бірі – мұсылмандар ба-сым тұратын мемлекеттер аза мат-тарының АҚШ-қа келуіне уақытша тыйым салатын құжат. Ол ел-дер – Сирия, Йемен, Иран, Ирак, Судан, Ливия жəне Сомали. Осы мəселеге байланыст ы жасаған мə-лім демесінде АҚШ алдағы үш ай да иммиграциялық бақылау шара лары орнатылған соң, жеті ел азаматтарына қайтадан виза бере бастайтыны көрсетілген. «АҚШ иммигранттары басым ел

саналады жəне қысымшылықтан бас сауғалағандарға біздің əлі де жанымыз ашиды. Бірақ біз өзіміздің азаматтарымыз бен шекарамызды да қорғаймыз. Америка қашан да азат əрі батыл адамдардың отаны болған», – деп атап өтеді президент.

Оның сөзіне қарағанда, енгізілген бұл шаралар «мұсылмандарға тый-ым салу емес». Мұның дінге қатысы жоқ жəне ол елдің қауіпсіздігін қам тамасыз етуге арналған. Тыйым са латын осындай ереже қырықтан астам мұсылман еліне енгізілмеген. Пре зидент, сондай-ақ өзінің АҚШ-қа келетін мигранттар ағынын те-жеу жоспары аясында Сирияда бос қындарға арналған «қауіпсіз аймақ» құрмақ ниетте екенін де ашып айтты. Ол Еуропалық одақтың Сириядағы азамат соғысынан шыққан босқындар мəселесімен

күресін реттеу жəне саралау үшін қажет сияқты. АҚШ президенті Сирияда «қауіпсіздік аймағын» құруды мұсылман елдерінен шық қан босқындар мен басқа да иммигра нттардан төнетін терроризм қау піне қарсы тұру тəсілдерінің бірі деп есептейді. «Қауіпсіздік аймағы» туралы өкім миграциялық саясатты күшейтуге қатысты өзге де жарлықтармен бірге шығып қалуы мүмкін. Ал АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама мұндай ша-ралар АҚШ-ты Сириядағы соғысқа бұрынғыдан да киліктіреді жəне Сирияда əуе шабуылын жүргізіп жатқан Ресей əскерилерімен қақтығысқа ұрындыруы мүмкін де-ген қауіп айтады.

Дональд Трамп өзінің сай-лау науқаны барысындағы кез-де сулерінің бірінде АҚШ пен Мексика арасындағы шекараны бө ліп тұратын қабырға-дуал орна-ту жөнінде уəде берген болатын. Ол осы туралы жарлыққа да қол қойды. Құжатқа сəйкес, елдің Ішкі қауіпсіздік министрлігі құрылыс жұ мыстарын бірден бастайды. Мұ-ның алдында ол дуалдың АҚШ бюд -жетінен салынып, кейін құ ры лысқа кеткен қаражатты Мехико 100 пайыз қайтарады деген болатын. Деген-мен, құрылыс жұмыстарын Кон-гресс мақұлдауы қажет. Трамп тың айтуынша, бұл Құрама Штат тар-дың игілігі үшін салынады. Дуал миллиардтаған доллар үнемдеуге

жəне көптеген адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Əрі бұл трансшекаралық ұйым-дасқан қылмысты тоқтатады. Заңсыз көші-қонға бөгет болу үшін 3,2 мың шақырымдық қабырға са лу мəселесін Трамп былтыр-дан бері көтеріп келеді. Құрылыс жұмыстарына 12 миллиард доллар жұмсалатын сияқты. Дегенмен, мұнымен келіспейтіндер де бар. Олар құрылыс жұмыстарына кететін қаржы тым азайтылып көр -сетілгенін айтады. Сөз ретінде дуал салуға Мексика бас шы лы ғы ның үзілді-кесілді наразы екенін де ай-та кетейік.

АҚШ президенті елді Транс-Тынық мұхиты серіктестігінен шығару туралы жарлыққа да қол қойған. Сенат АҚШ-тың бұл се-рік тестікке кіруін сол күйі мақұл-да мағандықтан, Трамптың шешімі шарт ты ғана саналады. Трамп ке-лі сімнен бас тартуды «америкалық ең бекшілер үшін тамаша жаңалық» деп атап, Вашингтон серіктестікке мүше елдермен, оның ішінде Австралия, Мексика, Жапония, Малайзия жəне Жаңа Зеландиямен екі жақты келісімдер жасайтынын мəлімдеді. Ал Германия канцлерінің орынбасары Зигмар Габриэль: «АҚШ-тың Транс-Тынық мұхиты серіктестігінен бас тартуы Германия үшін жаңа мүмкіндіктерге жол аша-ды», деп мəлімдеді. «Трамп АҚШ экономикасының Германия эко-номикасынан айырмашылығы – бə-секеге əрқашан қабілетті бола бер-мей тінін мойындайды», деді ол осы жө нінде.

Ресей Мемлекеттік думасының қаржы нарығы комитетінің төрағасы Анатолий Аксаков Трамптың шешімі жақсы нышан екенін, бұл оның өзге елдерге қарсы емес, Америка халқының мүддесіне сай əрекет ететін прагматик екенін көрсететінін атады. АҚШ президенті, сондай-ақ Канадамен жəне Мексикамен Солтүстік Америка еркін сауда ай-ма ғы туралы келіссөзді қайтадан жүр гізетінін де мəлімдеді.

АҚШ президенті осы аралықта бірқатар маңызды тағайындаулар да жасады. Енді Трамп əкімшілігінің сыртқы саясатын (мемхатшы) Рекс Тиллерсон, қорғаныс министрлігін Джеймс Мэттис басқаратын бола-ды. Илон Маск президенттің эко-но микалық мəселелер жөніндегі ке ңесшісі, Рональд Витиелло АҚШ ше кара қызметінің басшысы қыз-ме тіне, Нейла Горсич жоғарғы сот фе дералды судьясы лауазымы на та ғайындалды. Сондай-ақ, пре зи-денттің тапсырма сын орын да ма-ғаны үшін бас про ку рор дың мін де-тін уақытша ат қа рушы Салли Йейсті қыз метінен бо сатты.

Атап өтуіміз керек, АҚШ пре-зи денті жылына 400 мың дол-лар еңбекақы алады екен. Бұдан Д.Трамп бас тартып отыр. Осы мəсе-ле ге байланысты сұраққа ол: «Бұған менің жауабым жоқ. Заң бойынша мен кемінде 1 доллар еңбекақы алу-ым керек. Енді мен 1 доллар еңбек-ақы алатын боламын», – деп жауап бер ген. Ал «Forbes» журналы оның бай лығын 3,7 миллиард долларға ба ғалайды.

Əңгімелесу барысында дип ломаттар Қазақстан-Ресей ын тымақтастығының жəне көп жақты формат аясындағы екі жақты ықпалдастықтың маңызды тұстарын талқылады. Өңірлік жəне халықаралық күн тəртібінде тұрған өзекті мəселелер бойынша пікір ал-масты.

Тараптар екіжақты əріп- тестік Қазақстан Рес пуб лика-

сы мен Ресей Фе де ра циясы арасындағы XXI ға сыр дағы тату көр ші лестік пен одақ-тастық тура лы шартқа жə-не Қазақстан Рес публикасы мен Ресей Фе де рациясының екі мемлекет арасындағы мем ле кеттік ше кара туралы шарты на не гізделгенін атап өтті.

«Егемен-ақпарат»

Page 7: E-mail: info@ 3 А˛ПАН, 2017 · PDF fileСоңғы жылдары жүріп жатқан білім мазмұнын жаңарту, ... ең алдымен білім беру

3 ақпан 2017 жыл 7ЭКОНОМИКА

Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан»

Үкіметтің 2013 жылғы 18 қыркүйекте бекітіп берген тізіміне алғашында өңірден 24 тірек ауыл енген-ді. Талапқа сәйкес, әр облыста әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары әрі орташа болып табыла-тын ауылдар ғана тірек ауылдар бола ала-ды. Экономика және бюджеттік жоспар-лау басқармасы бекітілген ортақ әдістеме аймақтық дамудың өзіндік ерекшеліктерін толық есепке алмаса керек. Сондықтан шикізаттық, инфрақұрылымдық, өнер-кәсіптік қуаты мен басқа да маңызды факторларын еске ала отырып, алғашқы тізімге өзгерту енгізіліп, Ақсу қаласына қарасты Евгеньевка, Қалқаман, Қызыл-жар ауылдары, Екібастұз қаласына қа-рас ты Ақкөл, Төртүй, Әлкей Марғұлан атындағы, Шиқылдақ ауылдары бар тағы 7 ауыл қосылыпты. Сөйтіп, өңірдегі тірек ауылдар саны 31-ге жеткен. Яғни, Үкіметтің тірек ауылдар мен аудан орталықтарын дамыту бағдарламасы алдағы уақытты өсу, даму әлеуеті бар ауыл дарды қалыптастыруға арналған. Тірек ауыл жаңғыртылған әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымы бар, жұ мыс орындары ашылатын орталыққа айна луы керек. Даму үдерістері басқа ауыл тұр ғын дарының сол жерлерге көшіп келуге ынтасын арттыратындай деңгейде болуы маңызды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бұл бағдарлама өңірде бес бағыт бо-йынша кешенді жоспар арқылы іске асырылуда деп отыр. Мысалы, екінші бағыт шеңберінде Ертіс, Қашыр, Май, Шарбақты аудандарында 24 бірлік ауылшаруашылық техникасы мен сау да жабдығы сатып алыныпты. Ал Ақтоғай, Қашыр, Май аудандарында суа ру жүйелері қалпына келтірілді. Ақсу және Екібастұз қалаларының ауылда-ры мен ауылдық аймақтарының шаруа қожалықтары 958 бас ірі қара мал са-тып алса, Лебяжі ауданының Шарбақты ауылында бақша дақылдары тұқымын өңдейтін цех ашылды. Үшінші бағыт бойынша Қашыр, Май және Успен аудан-дарында әлеуметтік нысандарға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүр-гізілді, Тереңкөл ауылында 3 сауда орны ашылды.

Бұл бір қарағанда, тірек ауылдарды қалыптастыру, дамыту бағдарламасынан бұрын, ауыл шаруашылығына арналған әкімдіктердің кезекті шаралары секілді. Мәселенің мәнісіне келсек, тірек ауыл-дарды дамытуға арналған нақты бір жос пар, жүйе байқалмайды. Айтпақшы,

Австриядан Максимилиан Федингер де-ген халықаралық сарапшыны шақырып өңірлік «Мемлекеттік қызметшілерді қай та даярлау және біліктілігін артты-ру» орталығында тірек ауылдардың әкім деріне арналған «Жобаларды бас-қару жөніндегі шеберлік сабақтары» да өткізілді. Федингер Түркия мен Косоводағы ауылды дамытудағы нақты мысалдар арқылы ауылдық кәсіпкерлікті дамытуға арналған шағын жобалар-ды қаржыландыру механизмінің қалай жұмыс істейтінін түсіндіріп айтып берді. Еуроодақ жасаған «Мемлекеттік қызметті реформалау және жаңғырту» жобасының негізгі сарапшысы, Австрия мемлекеттік университетінің директоры М.Федингер, тірек ауылдар жобасының әр элементі басқалармен өзара байла-нысты екеніне және мемлекеттік сектор

тарапынан қолдау көрсету шаруаларды өндіріс ашып, дамытуға ынталандыра-тынына сенімді. Қаржыландыру рәсімі конкурстық негізде жүзеге асырыла-ды, бұл әділ бәсекелестіктің болуына, салынған қаражаттың қайтуына кепілдік береді. Бастапқы деректері бірдей болғанда, табыс ты жобалар жаңадан ашыл ған өндірістер санын бірнеше есе арттырады, халықтың өздігінен жұмыс-пен қамтылуын еселейді.

– Түркияда шағын және орта биз-нес кәсіпорындарын дамыту мәселесіне аса көңіл бөлінеді. Алдымен жоба әзірлеу керек. Өйткені, нақты жобалар арқылы өзге елдерде жүзеге асқан үздік тәжірибелер ауыл, аудан әкімдерінің белсенділігі ауылдағы әлеуметтік маңыз-ды мәселелерді іске асыру жолында жаса-латын үлкен қадам екенін көрсетіп отыр, – деп кетті шетелдік сарапшы.

Бұл нақты жасалған жоспар, жоба-лар арқылы әр ауылдың өзіндік бағытын айқындау қажет деген сөз. Біздің бар ма, жоқ па деп іздеп, көргіміз келіп отырғаны да осы ауыл, аудан әкімдері жасаған жо-балар. 2012 «Павлодар облысының 2030 жылға дейінгі бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі стратегиясы» жасал-ды. Оны «Стратеджи Партнерс Групп»

халықаралық консалтингілік компа-ния әзірлепті. Маңызды құжатта 2030 жылға дейін өңірді дамытудың негізгі үш мақсаты белгіленген. Ендеше, қы руар қаражат кетіріп жасаған осы жаһан дық мақсаттарды далада қалдырмай құжат-тар дың бетін ашып үңілейік, ізденейік, ойланайық, жоба-жоспар жасайық.

Жалпы, тірек ауылдар қатарына ен-ген Майқайың да, Қалқаман да бұрыннан бері келе жатқан өндірісті кенттер. Тірек ауылға енгізілмеген өндірісті Солнечный кенті де бар. Бұл кенттерде бірнеше өндіріс орындары орналасқан. Майқайыңның өңірдегі басқа ауылдар-дан өзгешелігі сол, қала типтес кент, 9 мың тұрғыны бар. Бірақ, әлі де бір ба-сына жетерлік мәселесі аз емес. Былтыр жылусыз қала жаздады. Үйде отырған 176 балаға балабақша керек. Сондықтан,

Майқайың мен Қалқаманды тірек ауыл-дар қатарына алудан бұрын қала типтес өндірісті жұмысшылар кенті атын сақтап, өңірлік арнайы бағдарлама жасап қолға алса дұрыс болар еді.

Әлгі, алғашқы тізімге енбей, соңынан қосылған 7 ауылға келетін болсақ, бұл ауылдар өндірісті Ақсу мен Екібастұз қалаларына қарайды. Өкінішке қарай, қазір осы екі қалаға қарасты ауылдар не Ауылдарды дамыту бағдарламасына, не моноқалалар бағдарламасына енбей қалған, егер Үкімет қолдамаса, алдағы уақытта бұл ауылдардың күні не бола-ры белгісіз. Өйткені, Екібастұз бен Ақсу моноқала деп аталады да, енді тірек ауылдарға қосылды.

Облыстық әкімдік тапсырмасы-мен, «Өңірдегі ауылдық аумақтардың шекараларын қайта қарау жөнінде оңтайландыру» шарасы да қолға алынды. Жаңа өзгерістерге сәйкес, бір ауылдық аумақтағы халық саны 2 мың болуы ке-рек. Мысалы, облыстағы Ақсу қаласына қарасты Евгеньевка ауы лында 2156-дей адам тұрса, Екібастұз қаласына қарасты шалғайдағы Комсомол ауылдық аумағында 505 адам бар. Бұл жақтың халқы үдере көшіп қалаларға кетіп қалды. Қазір облыста тұратын ауыл халқының

саны 222 мыңдай ғана. Ауылдарда халық саны, мектептер оқушылар саны мүлде азайып барады. Туу көрсеткіштері төмен. Қайта оралман ағайындар келіп ауыл арасы біраз толып қалды. Қайбір жылы «болашағы жоқ ауы лдар» деген қара тізім жасалып, санатта тұрған көптеген ауыл жойылып кетті. Облыстағы Май ауданында 10 мыңға тарта халық бар десек, әр ауылдық аумаққа 2 мың тұр-ғын нан бөлгенде 5 ауылдық аумақ қа на келеді. Ақсу қаласына қарасты 15 ауыл-дық аумақтан оңтайландырудан соң 6 ауылдық аумақ қалдырды. Қызылжар, Сары шығанақ, Алғабас пен Айнакөл сияқты қаланың дәл түбінде отырған ауылдар қосылып, бір ауылдық аумақты құрайды. Өкінішке қарай, қалалардың дәл түбінде тұрғандарымен шалғайдағы ауылдармен күнкөрістері бірдей. Өңірдегі үш қалаға қарасты ауылдық аумақтарды дамытудың 2013-2015 жылдарға арнал-ған іс-шаралардың кешенді жоспары әзір-леніп жатыр деп еді. Нәтижесін көр медік. Облыс орталығына қарасты 5 ауыл ды дамыту үшін 3 жылда 17 млрд тең ге бөлінеді, тұрғындардың жұмыспен қам-ты луы негізгі міндеттердің бірі болмақ де лінді. Бұл да солай айтылды, қалды.

– Келесі жылы тірек ауыл Байқоныста ас тұзы өндіріледі. Қазіргі кезде бұл жобаға 375 миллион теңге құюға әзір ин-вестор бар. Ол ас тұзын өндіруге қажетті құны 75 миллион теңге тұратын құрал-жабдықтар сатып алуды бастап кетті, – дейді Қашыр ауданының әкімі Жанат Шұғаев.

Біз тірек ауылдарды дамытуға бюд -жеттен қаржы бөліп, олардың инфра-құрылымын жақсартумен айналысамыз. Бірақ, бұл шаралар негізгі жұмыстың тек 10 пайызын ғана құрайды. Ең ба-стысы, әр тірек ауылда тұрғындарды жұмыспен қамтып, бюджетке салық төлеуге қауқарлы кәсіпорын болуы керек, деген болатын облыс әкімі Б.Бақауов.

Ал тірек ауылдарда орта лық тан ды-рылған су жүйесін құру жұмыстарын бас тау үшін жобаларды республикалық бюд жеттен қаржыландыру қажет. Б.Бақауовтың айтуынша, алдағы үш жыл-дың ішінде облыстағы 31 тірек ауыл дың әрқайсысы қалпына келтірілуі тиіс. Ауыл-дың дамыған инфрақұрылымы жағынан тар тымды болуы, халқы жаңа жұмыс орын дарын құру есебінен жұмыспен қам тылуы керектігін, ал бұның жаңа өнд і рістер ашу, бизнестің қолданыстағы жо ба ларын кеңейту арқылы мүмкін бола-тынын айтады. Бұл үшін көптеген мем-лекеттік бағдарламалар бар, тек оларды дұрыс пайдаланып, халыққа ақпарат беру керек.

Біз жазған мәселелер бүгін ғана емес, талай жылдардан бері беті қарамай келе жатқан, айтылған, жазылған жайлар. Ниет пен пейіл болса ауылдар жайнап, баяғыда-ақ жолға түсер еді. Ауылдан ел кетпесін дейік. Мәселе осында.

Павлодар облысы

МәселеНің МәНісі

Тірек ауылдардың «тірек» болар түрі бар ма?..–––––––––––––––––––––––––Өңірдегі 31 ауыл «Тірек ауылдар мен аудан орталықтарын дамы-ту» бағдарламасына енгізілді. Өкінішке қарай, бұл ауылдардың тірек боларлықтай тыныс-тіршілігі әлі байқалмай отыр.–––––––––––––––––––––––––

Сонымен бәрін сырттан тасуға, шекараның арғы бетінен әкелуге үйреніп алдық. Бас кезінде «коммерсантпыз» деп ала дорба көтеріп, базаршылап қаладан ауылға тауар таситын әйел адамдар шығып еді . Енді қарасақ, базардың бәрі шет елдің киім-кешектері. Қазақстандық киім өнімдері не кен-саяқ. Бары бар енді, бірақ ба ғасы удай қымбат. Оның жар-намасы да әлсіз бе, әйтеуір, қал-та сы қалыңдар тұп-тура шет ел ден барып киінеді, қалтасы жұ қалар шет елден алынған тауар мен киінеді. Мәселен, Өскемен қаласының қарапайым тұр ғындары аптасына бір рет Семей базарларына келіп, киі-ніп жатады, өйткені, мұнда киім арзан. Иә, киім ғана емес, азық-түлік те арзан. Соңғы кез -дері мал шаруашылығы өнім -дерін делдалсыз тікелей сау-даға шығаратын «Солтүстік» ло гистикалық орталық сияқты бір неше базарлар ашылды. Ол Омбы-Майқапшағай авто жо-лы бойында орналасқан. Мұ-ның өзі де қарапайым қала тұр ғындарына біршама көмек бол ды. Көмек болғаннан бұрын, көр ші Ресейден келгендер ауыз-дарының суы құри мақтап-мақ-тап қазақ малының етін са тып алуда. Оларда мұндай эко-логиялық таза әрі сапалы, ба ға-сы да арзан өнім жоқ екен. Ет алу үшін Семейге жиі келетін бол ды ресейліктер. Бірақ сүт ала алмайды, табиғи өнім алыс жол ға шыдас бере ме?!

Міне, ойлап қарасақ, кез келген дүниені сырттан әкеле бермей өзімізде өндірсек, құнар-лы жеріміз де, техникамыз да, жұмыс күші де бар. Бірақ, бір нәрсе жетіспей отыр. Ол ниет. Өйт кені, еліміздегі қалталы аза маттар шет елден әкелген тауарын, азығын, шет елде оқи тын баласын насихаттайды. Одан да гөрі артық ақшаларына

жер алып, өңдеп, қарапайым халықты жұмыспен, азықпен, киім-кешекпен қамтыса ғой. Дамыған елдердің барлығын фермерлері, яғни ауылы асырап отыр, оларға ас-ауқат айдан түспейді ғой енді дайын күйде. Сондықтан олар да ауылды дамытуға айрықша көңіл бөледі. Елбасымыз аграрлық саланы дамытуға тапсырма беріп отыр. Шынын айту керек, бұрын ауылдарымыз «миллионер ауыл» атанып, өнімі көл-көсір та сып, қаланы асырап жататын. Қала ны емес, Мәскеуді тіке-лей асырайтын. Семейдің ет-консерві комбинатының өнім-дері, ет-шұжықтары сапалы өнім ретінде Мәскеу асып кете бара тын. Ет те, сүт те, көкөніс пен жеміс те ауылдан, қала ма -ңын дағы саяжайлардан то лас-сыз ағылатын.

– Сол көкөніс, жеміс-жидек беретін саяжайларды 90-ыншы жылдары оңтайландыру кезінде ауылдан үдере көшкен халық басып алды. Ал саяжайлар негізінде тек жеміс-жидек, көк-ө ніс, картоп өсіруге арналған жазғы мекен болғандықтан, қыста тұруға жарамсыз еді. Ал ауылдан келгендер, қыста бізде жарық жоқ, жылу жоқ деп әкімдікті жаз ғырады. Олар қабырғасы жұқа саяжай үйін жылыту үшін есік алдында өсіп тұрған жеміс-жидек ағаштарын аяусыз сындырып, отын ғып жағып жіберді. Оларға ештеңе дей алмайсың, себебі, арзан тұратындықтан саяжайды са-тып алды. Және мүлкін жа-рия лап, жекеменшіктеріне де айна лдырып алды, ал бізде осы-лай ша шаруашылықтың қаланы өнім мен қамтып тұрған бір са-ла сы тұралап қалды. Әрине, осы дан кейін алма, жидек, өрік, қауын-қарбыз және тағы бас-қа ларын сырттан тасымалдап жейсіз. Ал негізінде оның бәрі Семейде-ақ өсетін, табиғи таза

өнімдер еді, денсаулыққа да аса пайдалы, – дейді қаладағы қоғамдық кеңестің төрағасы Ни колай Исаев.

Сөйтіп, біз бүгінде аграрлы ел болсақ та азық-түлік, жеміс-жи дек, киім-кешекті өзі міз ден «дорбалап» тасымай, шека ра-ның арғы бетінен «арбалап» та сып, тәуір коммерсантқа ай-нал дық. Ауыл жастары да ауыл-да жұ мыс болмағаннан кейін қалаға ағылуда. Кейбір дерек тер бой ынша, соңғы 10-15 жылда қалаға көшiп кет кен ауыл дық-тардың саны 2 миллион ға же-тiп жығылады екен. Қаңтар айын да Парламент Мәжілісінің бір топ депутаты Семей қала -сына арнайы сапармен кел-ді. Халық қалаулылары қала -ның үкіметтік емес ұйым да-рымен, Қоғамдық кеңес өкіл-де рімен, құқық қорғау, сот, про куратура қызметкерлерімен, әс керилермен, қалалық мәс-ли хат депутаттарымен және қара пайым еңбек адамдарымен кез десулер өткізіп, «Нұр Отан» партиясының Семей қала лық филиалында қоғамдық қа был-даулар өткізді. Мәселен, де-путат Василий Олей никтің қа-был дауында болған қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі

Амангелді Жұманов былай деді:– Қазір ауылда жұмыс сыз-

дық. Қалаға жақын орна лас қан ауылда тұратын жас тар, қыс кезінде жұмыссыз бол ған дық-тан, Се мей ге келіп, уақытша бол сын жұмыс істейді. Соның бәрі отбасын асыраудың қамы ғой. Әсіресе, жас отбасылары-на қиын. Жастар да маған келіп ай тып жатыр, уақытша тіркеу мә селесі де олар үшін қиынға со ғайын деп тұр. Әсіресе, ауыл жастары алаңдаулы. Уақытша жұ мысқа келді делік, олар қай-да барып уақытша тіркеуге тұрады?

Ауыл халқы үшін мал өсіру маңызды. Сүт-айраныңды сатып алып жатпайсың. Бірақ, ауыл жастары онымен айналысу үшін жеңілдетілген несиеге мал алу керектігін кейде білсе, кейде білмей отырады. Бірақ, жемшөп қымбат, су мәселесі тағы бар. Сондықтан да бұрынғы Кеңес өкіметі тұсындағыдай бір лі-жарым малмен ауылда өмір сүре алмайсың. Не үлкен ша руашылық ашу керек, не жал данып жұ мыс істеу керек. Ал шаруа қожа-лықтары тұр ғындарды тек мау-сымдық жұ мыс тарға ғана алады екен. Осы лайша бүгінгі таңда ауылдық жерлерде мал өсіруге

онша мән берілмей отыр. Және бір айта кетер мәселе, мал бағу әдісі де өзгерген. Бұрындары Абай ауданы сияқты қазақ аудан -дарында малды ауыл сыр тына айдап жібереді, кешке тосып алады, болды. Мал өзі жайы-лып келетін. Ал одан да бұ ры-нырақ, ата-бабамыз малды жаз шықса жайлауға айдап, қыс түссе қыстақта ұстады, тіпті бертін шопан, малшы да осы тә-с ілді қолданды, отбасымен бір ге мал соңында көшіп жүрді. Осы-лайша жайылым жерлерді үнемі өзгертіп отыратын. Ал қа зір ауыл тұрғындары бір-екі сиыр, бес-алты ешкі, он шақты қойын айдап апарып жайып, қайта әкеледі. Бос жібергенге болмайды, мал біреудің жайқала өсіп тұрған шаруа қожалығындағы егістігіне түсіп кетуі мүмкін. Қожалық иесі айқай шығарады. Ұры-қары тағы бар. Осының бәрін есепке алғанда, қашан шіркін, дүниежүзілік деңгейде бәсекеге қабілетті аграрлы ел бола аламыз деп ойлайсың...

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,

журналист

СЕМЕЙ

КөКейКесті

Өгей өнімнемесе жақыннан «дорбалағаннан», алыстан «арбалаған» тиімді ме?

Қолма-қол ақшасыз өмір сүруге дайынбыз ба?

СұңғатӘЛІПБАЙ,«Егемен Қазақстан»

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қа­зақ станның үшінші жаңғыруы: жаһан дық бәсекеге қабілеттілік» ат­ты халыққа арнаған жаңа Жол дау­ында осы жаңғыруды жүргізудің бес не гізгі басымдығы ішінен бірінші ба сымдық ретінде экономиканың же делдетілген технологиялық жаң­ғы р тылуын атады. «Біз цифрлық тех нологияны қолдану арқылы құ­ры латын жаңа индустрияларды өр­кен детуге тиіспіз. Бұл – маңызды ке­шенді міндет», деді Президент.

Иә, жаңғырту үдерістері қазіргі күні бүкіл әлем елдерінің алдындағы маңызды міндетке айналып отыр. Мұны әрбір ел өз мүмкіндігі мен деңгейіне сәйкес жүзеге асыруда. Жаңғырту үдерістері жоғары технологиялы өн-дірістерден бастап, көптеген қызмет көр сету салаларын қамтыды. Осының ішін де банктер көрсететін қызметтер де бар. Бірқатар сарапшылардың ай-туы бойынша, қазіргі өмірдің же-дел өзгерістері сондай ақпараттық технологиялардың күрт дамуы көп өтпей-ақ банктердің қызметтері барын-ша дамытылғанымен олардың өздері құрылым ретінде өмірде бола ма, жоқ әлде болмай ма деген сұрақты да біздің алдымызға тосуы мүмкін.

Жан-жағымыздан керней бастаған өзгерістер әлемі қоғам ішінде көптеген жаңа идеяларды туындатуда. Мәселен, экономист Арман Байғанов Қазақстанда қолма-қол ақша айналымын толық жою жөнінде ұсыныс жасады. Бұл ұсыныс осыдан бір-екі күн бұрын Tengrinews.kz сайтында жарияланды.

Сарапшының айтуынша, қазіргі күні қолма-қол ақша айналымында жүрген қаражатты қамтамасыз ету үшін жылына біздің ішкі жалпы өні-міміздің 1 пайызындай шамада қар-жы жұмсалады екен. Әрине, бұл аз қар жы емес. «Бұл шығындардың бә-рі Монета сарайын, Банкнот сарайын, инкассациялық қызметті, күзет қыз метін және банктердегі кассалық қыз меттерді ұстап тұру және оларды қам та масыз ету үшін жұмсалады. Міне, осы шығынның өзі еліміздің қорғаныс са ласына кететін шығындармен шамалас», дейді эконо-мист.

Арман Байғанов бұл мәселеде вело-сипед ойлап тауып отырған жоқ. Ол өз ұсынысын қазіргі әлемдік тә жі ри-белерді негізге ала отырып біл дірген. Мә селен, қазіргі күні Швецияда қаржы опе рацияларының 97 пайызы қолма-қол есеп айырысуларсыз жүзеге асырыла-ды екен. Қолма-қол ақшадан бас тар-туды ойластырып жатқан елдердің ара-сында Оңтүстік Корея да бар көрінеді. Мұнда операциялардың 2 пайызы ғана қолма-қол ақшамен жүргізіледі. Ал осы көрсеткіш АҚШ-та 7 пайызды, Еуроодақта 9 пайызды құрайды.

Сарапшының айтуынша, қолма-қол ақшадан толық бас тартудың елі-мізге беретін пайдасы өте көп. Мұн дай жағдай салық жинауды 100 пайыз жү-зеге асыруға, сыбайлас жем қор лық ты жоюға, жалған кә сіпкерлікті та мырымен құртуға мүм кін дік береді. «Өй т кені, кез келген ше неунік параны қолма-қол ақшамен ала тындығы ай қын. Ал банктағы шот ар қылы алған жағдайда оны анықтау құ қық қорғау органдары-на өте жеңіл бо лар еді», дейді сарапшы.

Осыған орай, ол қолма-қол ақшаны жою үшін эквайрингтік жүйені бар-лық жерде дамыту қажеттігін еске сал-ған. Эквайрингтік жүйе дегеніміз тө-лемдердің барлық түрлерін төлем кар-талары арқылы жүзеге асыру болып та былады. Біз осы жағдайға дайынбыз ба? Міне, мәселе осында тұр.

Біздің ойымызша, қолма-қол ақша-ны жою техникалық тұрғыдан ал ған да соншама қиын міндет емес. Авто мат-тандырылған төлем жүйелерін жер-жерлерде жаппай енгізуге болады. Өйткені, бұл жүйе қазірдің өзінде біздің елімізде жақсы дамып келеді. Мәселе, осы жүйені қолдануға халықты түгелдей дайындау проблемасында тұр ған секілді. Әлемнің көптеген сарапшыла-ры дамудың қазіргі проблемалары жаңа технологияларды әзірлеп енгізуде емес, халықты сол технологияларға үйрету мәселесінде тұрғандығын айтып жар салуда.

Мәселен, Ресейдегі фин өнер кәсібі өкілдігі директорлар кеңесінің тө р-ағасы қызметін атқарған Фин лян дия-ның бұрынғы премьер-ми нистрі Эско Ахо Ресейдің атақты би з нес өкілдерімен пікірталасқа түс кен кезінде қазіргі күні әлемдегі смарт фон пайдаланушылардың 43 пай ызы оны ойын үшін, 20 пайызы әлеу мет тік желілерде хабарласу үшін, 10 пай ызы музыка тыңдау үшін қол-да на тындығын айтқан. «Егер, – дейді Ахо, – адамдардың барлығы бір дей қа зіргі технологиялардың әр кім ге ор-тақ осы жетістігін өздерінің ден сау-лық тарын түзеу, білімдерін же тілдіру мақ сатында пайдаланатын бол са, онда біз де цифрлық дәуір шын мә нінде ор-наған болар еді».

Ахоның бұл сөзіне алып-қосарымыз жоқ. Сол секілді бізде де қолма-қол ақ-ша ны толықтай жоюға болар еді, егер оған халқымыз жаппай дайын болса де мекпіз.

Page 8: E-mail: info@ 3 А˛ПАН, 2017 · PDF fileСоңғы жылдары жүріп жатқан білім мазмұнын жаңарту, ... ең алдымен білім беру

8 3 ақпан 2017 жыл

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан»

«Династия» деп аталатын да ра ларды таңдап барып, атадан балаға ауысып, ағадан бауырға жалғасқан бір кәсіптің айналасындағы сабақтастықтың әр әулеттің басына қонақтай бер мейтін кірпияз-кіділігі өз ал дына, өнердің өзге түрінде сирек те болса кездескенімен, актерлік мамандыққа келгенде сараңдығы ұстап, тіпті тартынып қалатыны бар. Мамандыққа деген махаббаттан туатын мұндай буын, қан қуалайтын жалғастық бүгінде таңсық болмауы мүмкін, бірақ сол кезең үшін шынымен шетін жағдай-тын. Бір үйден 12 театрал түлеген Чехов-Книп-перлер, бір шаңырақтан 11 ак тер шыққан Михалковтар, орыс өнеріне тоғыз артист сый-лаған Самойловтар қазақ от-басыларынан топ-тобымен шық-паса да, ұлттық театр және кино өнерінде «Құланбаевтар ди-настиясы» деген сөз құрметпен айтылады. Әрине, Алматы тү-біндегі бір колхоздың ұстасы болған Иманәлі қарияның Би-биза, Мәкіл, Ақыл деген үш ба ласы да өнер жолын қуып, театр мен кинодан орнын тапса, кейін бұлардың қатарын жездесі Файзолла Тұтқабаев пен Мәкіл ағаның жары Гүлшаһира Байжанбаева толықтырып, жұптары жазылмай қазақ өнеріне бірдей қызмет етті. Басқасы бір төбе де, «Құланбаевтар» дегенде алдымен еске Мәкіл ағамыздың түсетіні шындық және ол бір әулеттің емес, ұлттық театр-кино өнерінің ең талантты шоғырының қатарынан ойып орын алар бірегей тұлға болып қосылды.

Соғыс басталған тұста Мәс-кеуден өнер ошақтары көшіп келіп жатқанда, Мәкіл бала мектеп-интернатта оқиды екен. Бірде бұлардың мектебіне келген орыс әйелі жаңадан ашылып жатқан театр училищесіне ба-лалар іздеп жүргенін айтып, шағын этюд көрсетуін сұрайды. «Этюд» деген сөзді өмірі есті-меген, көздері жыпылықтап, үрпиген балаларға оның қалай жасалатынын түсіндіргеннен кейін бұйығы көрінген бойы ұзын Мәкіл орнынан тұрып, сәл ойланып алып, шыбын ұстауға кіріседі. Жоқ шыбынды көзіне елестетіп, ауада қолын әрі-бері сермеп, аңдып жүріп, ақыры ұстап алады. Ұстап алған шыбынымен қоса болашақ мамандығын да уысына түсіргенін Мәкіл бала, әрине, білген жоқ. Жүйрікті ша-бысынан, талантты талабынан жазбай танитын қағылез маман Мәкілді өнер әлеміне шақырады...

Биыл 71-маусымын ашқан Ғ.Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрының іргетасын қалаушылардың бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген

әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Мәкіл Құланбаев ортада жүрсе, тоқсанның төріне шыққан болар еді. Әріптестерінің ай-туынша, театр тарланы, саңлақ сахнагер Мәкіл Құланбаевтың өз кәсібіне адал болғаны соншалық, қырық жылдан астам қызметтік ғұмырында бірде-бір рет «басым ауырып тұр еді, бүгін ойнамай-ақ қойсам бола ма?», «шаруам шығып қалды, барып келсем деп едім» деген сияқты сексен сылтауы бар артық әңгімені атымен айтпаған екен. Мәкіл Құланбаевты еске алу кеші пішіні жағынан ұтымды ойластырылуымен ерек ше болды, жас буын актерлер кешегі театр тарландарын тү гелдей сахнаға қайта әкелді: Мәкіл Құланбаев – Қоңқайды («Ақан сері – Ақтоқты») бас кейіпкер етіп, Асқар Тоқпанов, Райымбек Сейітметов, Чапай Зұлқашев, Досхан

Ж о л ж а қ с ы н о в , М а м а н Байсеркенов, Асанәлі Әшімов, Есмұхан Обаевты «қатыстыра» отырып, спек такльге репетиция жасау барысынан көрініс көрсетті. Өзге еске алу кештеріндегідей сахнаға мерейтой иесінің суретін іліп қойып, жарыса естеліктер айтып, тез жа лықтырып жіберетін көп жауыр кештің бірі емес, құрмет көрсетіліп отырған қазақтың қадірлісін қайта тірілтіп, өзге әріптестерімен бірге жарасты әңгіме-дүкен құрғызып, сол кезеңді көз алдымызға әкелгені – ізденгіш режиссер еңбегінің нәтижесі. Даңғаза жеңіл өнер мен шуылдаған шоу-бизнестің қалтарысында ұмытылып бара жатқан шын асылдың сәулесі

жылтырағандай көрермен жылы-лық сезінді.

Әріптестерінің айтуынша, сонау 1948 жылы «Алтын сақа» спектакліндегі Алпамсаны ой-наған алғашқы рөлінен бастап, балалар аудиториясының қал-тарыс-бұлтарысын, қия-қат-парын жете меңгерген Құланбаев өзі де баладай аңғал қалпын сақтап, айнадай жарқыраған жан дүниесіне кір жұқтырмай өткен. «Менің атым Қожа» фильміндегі «бір үйге бір ер кек керек» дейтін Қаратай кім-кімнің де есінде болар. Балалық шақтың символындай бағаланатын Қожаның өзіндей мәңгі есте қалатын, ешқашан ескірмейтін бірегей образ. Анасын мотоциклге салып алып, екі күннің бірінде «айналайын, Милләтжан» деп үйіне келіп тұратын Қаратайды әкес і соғыстан қайтпаған Қожаның атарға оғы болмаушы еді ғой. Түзелуге уәде беріп, анасын

жайлауға аттандырып тұрып айтатын Қожаның: «Маматай, алтыным, бұл үйге еркектің керегі жоқ. Оңбаған Қаратайға күйеуге шықпашы. Ол неге біздің үйге келе береді? Ол неге ылғи сені мотоциклімен алып жүреді? Не себепті мен үйге кіріп келгенде, ол жым бола қалады?» деген сөзінде қаншама қасірет жатыр? Шынтуайтына келгенде, кинода Қаратайды жек көретіндей ол түк те оғаш қылық жасап жүрген жоқ. Бірақ Қаратайдың қойдан да жуас мүләйім кейпі, анасы қайда болса, сол жерден табылып, мұрнының астынан «Милләтжан» деп міңгірлейтіні «жақсылар өлген соғыстан жамандардың аман келіп» жесірге ауыз

салып, жетімнің жарасын одан ары тырнай түсетін шындығын айна-қатесіз көрсетеді. Ал, осы Қаратайды Мәкіл ағадан өзге кімге қиясың?

Мәкіл Құланбаевтың кино-дағы жарқын образдарының бірі – «Алпамыс мектепке барады» фильміндегі Алпамыстың атасы болып ойнағаны. Немересін мінгестіріп алып, тау-тасты ара-лап, өсімдіктер мен жа нуарлар әлемін жалықпай таныс тырып, дауысын мың құбылтып ертегі айтатын Мәкіл ағамызды на-ғыз ақсақал дерсің. Бұл дауыс кешегі Ерден ата мен Жұм бақбай атаның ертегілерін естіп өскен ұрпақтың әлі күнге құлағында болар . «Дауыс» демекші , Мәкіл Құланбаев ки нода 70-ке тарта рөль ойнап, 500-ден аса фильмге дубляж жасапты. Кеңес Одағының қа зақ тіліне аударылған тәржіма фильмдерінің барлығының дыбысталуына

Мәкіл ағамыз қатысқан десек, шындықтан ауытқи қоймаспыз. Кадр сыр тында тұрып сан түрлі бей нені сұлу дауысына салып сайратқан Мәкіл аға әр қазаққа сол үшін ыстық. Сағынышқа айналған сағым бейнесінің ұмытылмайтыны да сондықтан. Театрдағы Қоңқай, Найзағара, Науан Хазірет, Махамбет, Амантай, Көпей, Садық, Санжар секілді сом образдарынан бөлек, кинодағы қай рөлін алсаң да, әрқайсысы шымыр бейне. Шынайылықпен сомдалған сол биік бейнелері ғибратты, тұнық ғұмырының белгісі болып өмір сүре бермек.

АЛМАТЫ

Ержан БАЙТІЛЕС,«Егемен Қазақстан»

Ескі күндердің суреті көз ал -ды мызға елестейді. Жапан түздегі жалғыз үй. Шопанның ең жақын деген көршісінің өзі қозыкөш жерде тұрады. Бірінен бірі ай-нымайтын сыңар күндер. Кеше мен бүгіннің арасында ешқандай өзгешелік жоқ. Күн көтерілгеннен батқанға дейінгі аралықта атқары-латын шаруа да бір. Қойды қора-сынан шығарып, қос құлағы туған сәтінде үсіп кеткен күрең атына мініп, қисая жамбастап, ілбіп басып кетіп бара жатады. Содан түс әлетінде малды қораға жақын жерге қайырып, әлденіп алғасын, тағы да қойдың соңынан кетеді. Үй шаруасындағы әйелдің де өмірі бірқалыпты. Сиыр сауады, тамақ пісіреді, кір-қоңын жуады, ерте туған қозыларды жайғайды. «Қысқы каникулда ағаңа қолғабыс жаса», деп бізді қойлы ауылға жібергенде осындай көрініске куә болатын едік. Сонда уақыт тоқтап қалғандай әсер ететін. Бір аптаның ішінде әбден зерігіп, жынды адам секілді көк қасқа құнанмен далада бейберекет ерсілі-қарсылы шауып, оны әбден жауыр ғып, одан аға-мыздан ұрыс естіп тынатынбыз. Уақыттың өтіп жатқанын есіктің жақтауында ілініп тұрған қалың күнтізбе ғана куәлік қылатындай еді. Әр парағы жыртылған сайы н күннің өткенін, ауылға қайтар сәттің жақындағанын хабарлап тұратын.

Бұл неге еске түсті? Байқасаңыз, бүгінде баяғы тойған қозыдай топ-томпақ болып әр үйде тұратын күнтізбе шықпайды екен. Сағат, фотоаппарат, бейнекамера, қойын дәптер секілді күнделікті қажетті дүниелерді өзіне сіңіріп алған қалта телефоныңыз күнтізбені де жұтып қойыпты. Күнтізбесі қолында жүрген адам оны үйіне іліп не жыны бар дерсіз? Дегенмен, біз осы дүниенің қажеттілігін аңғардық. Және соны іздеп жүрген адамдарды да жолықтырдық. Алматы мен Астанадан, өзіміздің Қызылордадағы сауда орындары мен кеңсе тауарларын сататын дүкендерден іздеп көріп едік, таппадық. Жұмыс үстеліне, үйіңіздің қабырғасына ілінетін плакат түріндегі күнтізбелер толып тұр. Ал өзі қалың, әр бетін жыртып не қайырып қоятын түрі жоқ.

Әдетте жас ұрпақтың кітап оқымайтынын, сауатының кем екенін айтып, налып жатамыз ғой. Бізге осы күнтізбе баланы кітап оқуға тәрбиелейтін құрал секілді көрінеді. Адамның таным-түсінігін арттырып, көкжиегін кеңейтіп, білімін жетілдіріп, керекті ақпараттармен жан-жақты қаруландыратын зат секілді әсер етті. Қалай? Жаңадан Америка ашып немесе велосипед құрастырып жаңалық қылудың еш керегі жоқ. Күнтізбенің әр парағын қайырған адам күнде қызықты деректерді оқып, бүгінгі күннің маңызының қандай екенін білсе, артық па? Мысалы, 10 тамыз күнгі бетіне «Бүгін қазақтың

ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы дүниеге келді» деп жазып, артқы қабатына хәкімнің бірнеше өсиетін жазса, қатып кетпей ме? Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп секілді ойшылдар мен Әлихан, Ахмет, Міржақып сияқты Алаш арыстарының туған күнін белгілеп көрсетсек, пайдалы емес пе? 8 наурыз күніне қазақ қыздарына қатысты, 7 мамырға ерлік туралы, 30 тамызға заң-зәкөннің күш қуаты жайында, 1 желтоқсанға Елбасының ерек-ше сөздерін, 16 желтоқсанға Тәуелсіздік турасындағы адамға рух беретін өнегелі әңгімелерді басса, зиян ба? Бір жылда 365 күн бар. Яғни, күнтізбенің де соншама парағы болмақ. Со-ның барлығын тәрбиелік мәні бар нақылдармен, мақал-мәтел-дермен, жұмбақтармен, Алаш арыстарының елдік мұрат жөнінде айтқан асыл сөздерімен, қысқа ғана тарихи деректермен, ұлттың ұлы ойшылдарынан қалған пәл-сапалармен толтыруға болады ғой. Сонымен қатар, оның ішін имандылыққа, салт-дәстүрге, иба мен әдепке, тәлім мен тәрбиеге қатысты қаншама дерекпен қам-тыса да ешкім қой демейді. Қазақ тарихындағы елеулі күндерге ерек ше екпін беріп, халық сана-сында жаңғыртып отыруға, жас ұрпақтың миында жатталып қа-луына әсер етуге таптырмас тә-сіл дер едік. Жұртты жаппай та-рихи, қазақтың өмір салтына қа-тысты, әдеби, рухани-мәдени кітаптарды оқытуға мәжбүрлей алмаспыз. Бірақ, күнтізбенің әр бетін қайырған адам өзіне осындай мол әрі қысқа деректі алса, ертең оның өз таным-түсінігін кеңейту үшін бұдан да үлкен дүниелерді қолына алмасына кім кепіл?!

Осы тұрғыда бірнеше баспаға хабарласып көрдік. Мұндай күн-тізбелердің қажеттілігі жайында хабары жоқ. Оны шығару керек деп есептемейді. Біріншіден, бұл мехнатты жұмыс. Шаруасы шаш-етектен. Екіншіден, ұрпақ тәрбиелейік, елге ағартушылық қызмет қылайық дейтін баспа кем. Өйткені, барлығы нарыққа бейім-деліп алған. Әрине, қазір бас-басына баспа ашып алған заманда бәлкім, солардың біреуі күнтізбені аз ғана таралыммен шығарған да болар. Бірақ дүкен сөрелерінде мүлдем жоқ. Ал біз осындай күн тізбелер шығарса, оның сұранысы артатынына сенеміз. Себебі, ескінің көзін көрген, салт-санасын сіңірген адамдар мұндай дүниені әлі де қажет санайды. Айтпақшы, «ауылдағы академик» Асан Рүстембеков те осы күнтізбені таппай жүргенін айтқан. «Жиырма сегіз жылда күнтізбе қайталанады екен. Менде соның 27-сі бар. Соңғысын таппай жүрмін. Егер көзіңе шалынса, маған хабар берші», деп еді. Қоғамда Асан ақсақал секілді адамдар аз емес деп ойлаймыз. Бар тірлікті жинап қойып, осы іске өзіміз бел шеше кіріссек пе екен, әлде?..

Қызылорда облысы

Төрехан МАЙБАС,жазушы-этнограф

Аққыз...Ақәже...Мүгілсім...Бұлардың барлығы бір-ақ адам

– Мүгілсім Ахметқызы, күйші Аққыз...

Сол Аққыз есімі аталған жер-де есіме Дина да емес, Тәтекең де емес – қосбасарлар түседі.

Оның ішінде Қызқосбасар...Қосбасарлардың тұмасында

Тәттімбет тұр. Тәтекеңді сол қос ба сарларынан айыру деген бекер шілік. Содан да Тәтекең есімі өлмей келеді. Өлтірмей келе жатқан сол өзінің қосбасарлары.

Өзекті жан барда қосбасарлар өле қоймас. Өйткені, қосбасарлар сол өзектінің өмір сүру болмысы. Сол қосбасарларымыз үзіліп ба-рып, үзіліп барып жалғасын та-буда. Оның себебі де, салдары да жеткілікті.

Қосбасарды тыңдаған адам Құранды естіген мүсілім сынды қалт тұра қалады. Өзіне өзі сырт көзбен қарайтын сәтті бастан өткізеді. Сөйтіп, өзін таниды. Өз көзімен. Бір сәт болса да ол өзінің

пенделік қамытынан босайды. Ол өзінің адам екендігін көреді.

Тіршілік тауқыметінен өткен зіл жоқ. Енді оның тіршілік қамытын қайтып мойнына ілгісі жоқ. Мынау жалған ішіп-жеуден ғана тұр майды екен. Қарын қамынан басқа да қамдар баршылық екен. Мынау жарық дүниең жалғаншы екен. Ертеңіңнің не боларына көз жетпейді. Дегенмен, сынық сәуле бар. Бәрі қайтып оралады. Қалай? Кешегіңе оқ атсаң, ертеңіңнен зеңбірек болып оралып жүрмей ме?! Қосбасарлар дүниеге солай келген.

Сол қосбасарлар қазақ бала-сына қырын келді. Меншебек те, бәлшебек те ытырынды. Ақ та, қы зыл да ешкікөзденді. Қосба сар-лардың соңына шам салып түсті.

Ел өздерінің қосабасарларынан танды. Өздерінен бұрын өткен күйшілерге теліді.

Оның ішінде Тәтекеңе телінгені қаншама? Бір кездері барша қос-басарлар дың Тәтекең атынан шертілген заманы болған. Сол за-ман да келмеске кетті.

Ел қосбасар тартудан тартын ған.Қалақ біткеннің барлығы та-

мызыққа жаратылды. Ел ішінде есімдері білінген күйшілердің

барлығын «контр» деп жариялаған. Алды итжеккенге айдалған. Ел ішінде қалғандарының он саусағы төс пен балғаның арасына түскен.

Сонда да бұл қазақ күй «тарту-дан» тыйылмаған. Қалақтағы тың-қылды іштегі ыңылға айнал дырған.

Ел солайынша домбыра ұс-таудан қаш қан. Ән сүйемелсіз айтылатын жағ дайға келген. Дом-бырада ойнайтын он сау сақ шіркін енді санды шапаттаудан аспаған.

Саусақты бір-біріне ұрып та әуезді дыбыс, әуезді ырғақ алуға болады.

Қосбасарлар сөйтіп те «күн көрген».

Кейін мұртты көсем кеңшілік жасады. Батырларды жырлауға қосты. Ал жыраулар домбырасыз жыр толғай алмас еді. Айтыскерлер домбырасыз жындарын шақыра ал-мас еді.

Домбыралармен бірге қосба-сарлар да қайтып келген. Аузы күйіп қалған ел оларын ашық

түстеп айта алмады. Солайынша «Туған жер», «Сағыныш», «Аға-ларым» сынды бейкүнә күйлер пайда болды. Бұл күйлерді ешкім де «контр» дей алмады.

Шын мәнінде бұлар нағыз қаны тамып тұрған қосбасарлар еді.

Сағыныш...Бейкүнә сезім. Туған жерді

сағыну, бауырды сағыну, баланы сағыну, әке-шешені сағыну... Бұл сезімі үшін ешкім сотталмаған. Ешкім ешқайда айдалмаған.

Аққыз еді бұл «сағынышты» алып келген. Бәлкім, әке-шешесін, ет бауырларын, туған топырағын сағынған болар. Мұны қутақтай қарауылдары өздерінше қа был да-ған. Олардың да өз өлшемдері бар.

Аққыздың да өз өлшемі бар!Ол өзінше сағынған!Қыз күнін!Оның шертпесі –

Қызқосбасар болатын!Оның қосбасары –

Қызқосбасар болатын!

Бәрі де оралады!Туған жерің өз аяғынан келе

алмайды. Алайда өзің бара аласың ғой. Бауырың келмесе, өзің бар. Ал қыз күнің орала алмайды!

Қыз күнің оралмайды!Оң жақтағы қыздың жайы белгілі. Оның ішінде күйші болар ма?!Бүкіл ауыл – оның қорғанышы.

Бүкіл ауыл – оның тілеулесі.Расында да, солай еді!Мүгілсім десе, Мүгілсім.Атына заты сай болды.Кимешегі қандай ақ болса, оның

бол мысы солай ақ еді. Жүрген жү рі-сінде, киген киімінде, ішкен же мінде «әйкәпір» атанбады. Ол ақ еді!

Ол ақ қыз еді!Ол – Аққыз еді!Сол ақтық оның есіміне жа-

малды. Оң жақта отырып Аққыз атанды.

Тұрмысқа Аққыз болыпұзатылды!

Тұрмысында да Аққыз атанды!Тұрмыстан қалғанда да Аққыз

атынан ажырамады!Барған жері текті жер болатын.

Атақты Тобықты Қараменде бидің Серігінің Көпбайы еді. Отбасылық шуақты күндері ұзаққа бармады. Төтеннен келген ажал қосағын көкке алып ұшты. Сол қосағы бер-ген кеңшілікпен шерін тарқатты. Домбыраның екі шегіне емінді.

Сонан дүние дөңгелеп берсін. Иығына жамау түсірмегенімен, қартоны көнетоз тартқан. Ұлы мен қызын Моншақбай көкесіне тапсырып, Шаң атасының кең қолтық Иген деген азаматының етегінен ұстаған. Үлкендердің

батасын алмап еді, талайына қарсы келді. Барған жерінде сырқат жа-май берді.

Сөйтіп жүріп те дүниеге екі түсті бал панақтай сәби әкелген. Қосағы солар дың қызығын көре алмай кетті.

Ендігі дүниені тәрк еткен.Содан бастап қутақтай айны-

мас сері гіне айналды.Дүние теріс айналсын. Жарату-

шының сынағына ілінді.Жаратқан бәрінен айырды.

Ұйқыдан, күлкіден.Сол шемені күй болып шанақ-

тан төгілді. Біреу мақтады, біреу даттады. Дабырасы көп еді. Дом -бы рашы деді. Күйші деді. Дәу-лескер деді.

Бұл қосбасаршы еді!..Кімге ежіктеп отырсын. Бұл

қосбасар деп?!Қызқосбасар еді!Алғашқы екі жетімегіне тағы

екі жетімек жамап төркін жұртына оралды. Қызқосбасарымен. Ішкі әлемі әлемтапырақ еді. Қыздың қайтып кел гені хош көрінбеген заман ғой. О, құдірет, мұның қыз ғұмыры туған топырағында қалған екен ғой. Ешкім де оған тура да, сырттай да қар деп қы жыртпады.

Уақыт тоқтап қалған сынды. Қыз ғұмырында. Үлкені де, кішісі де Аққыз деп үзіліп тұр...

Бәрі оралды!Оралмағаны – қыз ғұмыры!Бұл ешқандай да сағыныш

емес еді!Бұл ешқандай да «Сағыныш»

емес еді!Бұл «Қызқосбасар» еді...

Жазылған Жайдың Жалғасы

Қызқосбасар––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––«Егеменде» белгілі өнертанушы Жанғали Жүзбаевтың Арқаның атақты күйшісі Аққыз Ахметқызы туралы «Арқалы Аққыз» атты танымдық мақаласы жарық көрді. Сөз жоқ, мақалада көптеген орынды мәселе көтерілген. Соның бірі, Аққыздың есімін мәңгілік қалдыру туралы. Әрине, Аққыз есімінің мәңгілігі Қарағандыдан не-месе елордадан көше беруге тіреліп тұрған жоқ. Алайда, бұл мына тірі жүрген біздерге сын. Қазақ руханиятын қайта тіктейміз десек, Аққыз есімімен еліміздегі кез келген оқу орнын атасақ та артықтық етпейді. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

есімі елдің есінде

«Құланбаевтар династиясының» дарасы

Қош, сонымен біз де мақаламыздың ұшығына жеткен сынды-мыз. Арқаның қосбасарлары өз алдына жатқан тұтастай бір мектеп. Сол мектебіміз де іштей бөлінеді. Соның бірі – қызқосбасар. Аққыз негіздеген мектеп...

ҚАрАғАНдЫ

ойласу

Күнтізбе шығару қиын ба?

РуХанИЯТ

Page 9: E-mail: info@ 3 А˛ПАН, 2017 · PDF fileСоңғы жылдары жүріп жатқан білім мазмұнын жаңарту, ... ең алдымен білім беру

3 ақпан 2017 жыл 9ҚОҒАМ

Александр ТАСБОЛАТОВ,«Егемен Қазақстан»

Бүгінде алға қойылған игі мақсат, мүдделердің бәрі біртіндеп жүзеге асу үстінде. Ең бастысы, тәуелсіз сарап-шылар пікіріне сүйенсек, қазіргі күні сыбайлас жемқорлыққа төзбейтін, пара бермейтін, пара алмайтын жас­тар қатары көбейіп келеді екен.

Мұндай жетістік оңайлықпен келе қоймағаны және белгілі. Кеңестік кезеңнің құрсауынан босаған елдер естерін жия алмай әрі сыбайластықпен күресерге дәрмен таба алмай жатқанда Елбасы Н.Назарбаев ТМД мемлекеттері арасында бірінші болып, сонау 1998 жылы-ақ, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңға қол қойды. Әрине, кейін бұл заңға біртіндеп өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Ал бүгінде әлем елдерінің де ал-дын да тұрған өзекті мәселенің бірі мем лекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық екен. Орасан зор салдары бар бұл әлеуметтік дерттен біздің Қазақстан қоғамы да түгелдей арылып болды деп айта алмаймыз. Сондықтан сыбайлас жемқорлық мәсе-лесі мемлекет пен қоғамның бүкіл саласына қатысты өткір сипат алып, бұрынғыдан бетер өзектене түсуімен назар аудартады. Себебі, жемқорлық дерті мемлекеттік қызметтегі пара ала-тын лауазымды тұлғалардың беделін түсіріп қана қоймай, билік жүйесінің, сонымен қоса бүкіл әлеуметтік жүйенің құлдырауына әкеліп соғуымен қауіпті.

Мемлекет басшысы халыққа ар-наған жолдауларында да сыбайлас жемқорлық проблемасына ерекше назар аударып келеді. Мәселен, «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жол-дауында Қазақстанның ал дағы он-ж ы л д ы қ т а р д а ғ ы б а с т ы м а қ с а -ты әлемнің 30 дамыған елінің қа-та рына қосылу екенін міндет етіп қой ды. Әрине, мұндайда сыбайлас жемқорлық еліміздің өркендеуіне қауіп төндіріп, кедергі келтіретіндігі даусыз. Сондықтан да, Елбасының міндеттеріне сәйкес, еліміз сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы тұруды, сондай-ақ, шағын және ор-та бизнесті қорғауды қолға алды. Сөй тіп, сыбайлас жемқорлықтың ұйымдасқан нысандарының жолын кесуге бағытталған жүйелі жұмыс тә-сіл дері жасалды.

Соған орай қазіргі таңда мемлекеттік органдар арқылы 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы іске асырылуда. Бұл бағдарламаның шеңберінде ұлттық заңнаманы жетілдіруге, мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, көлеңкелі эко-номиканың деңгейін төмендетуге ба-ғыт талған түрлі құқықтық шаралар көзделді. Елбасының Сыбайлас жем-қорлыққа қарсы стратегиясының жаңа тәсілдерін жасау туралы тапсыр-маларын орындау мақсатында Қазақ-стан Республикасының сыбайлас жем-қорлыққа қарсы саясатын жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жо-басына үнемі жаңа ұсыныстар енгізіліп келеді.

Жоғарыда айтқанымыздай, ТМД елдерінің арасында алғаш рет Қазақ-станда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғалы бері оның әлеуеті де, мәні мен маңызы да күнен-күнге артып келеді. Аталған заң азаматтардың құқықтары мен бос тан дықтарын қорғауға, сы бай-лас жемқорлық көрiнiстерiнен туын-дайтын қауiп-қатерден Қазақстан Рес-публикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қорғауға, сыбайлас жемқорлыққа бай-ланысты құқық бұзушылықтың алдын алу мен анықтауға және жолын кесу, ашу, зардаптарын жою мен кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ, оларға теңес-тiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге арналды. Осылайша барлық адамдардың заң мен сот ал-дындағы теңдiгi қамтамасыз етілді.

Тағы бір қуантатын жағдай, өт кен жылы Елбасы қол қойған «Қазақстан Респуб ликасындағы мемлекеттік қызмет жө ніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң оның іске асуы болып отыр. Осы заңның жаңа талаптарына сәйкес, енді құқық қорғау органдарына қызметке баратын азаматтар заңдарды білу мен жеке адамгершілік қасиеттері бойынша Мем лекеттік қызмет және сыбайлас жем қорлыққа қарсы күрес агенттігінде бағалаудан өтеді. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметке кімнің лайық не месе лайықсыз екенін алдын ала білуге мүмкіндік береді.

Ендеше, келешекте мемлекеттік қызметке елі мен халқына адал қызмет етуге дайын, сыбайластыққа жаны қас азаматтар іріктеліп келеді деп үміт-тенейік...

Ержан БАЙТІЛЕС,«Егемен Қазақстан»

Әңгімеміздің әлқиссасын әзіл ден бастайық. Әлдебір ауыл да бір баукеспе ұры қай-тыс болыпты дейді. Қылт ет-кен ді қалт жібермейтін, ас қан ептілікпен қорадағы малды жым қырып кететін кәнігі қарақ-шы екен әлгі. Содан жұрт шы лық жаңағының жаназасына жи-нала ды. Әдеттегі рәсім бойын -ша молда жиналған жама ғат-қа «Қандай адам еді?» деген сауал тастайды. Ешкім үн қат-пай ды. Содан екінші рет қай-та лай ды. Құдай-ау, тырс ет-кен адам болсайшы. Бар лы ғы тілін жұтып қойғандай, үн сіз. Болмағасын үшінші рет сұ-райды молдекең. Құлаққа ұр-ған танадай тыныштықтың ара-сы нан бір дауыс шығыпты да, былай депті: «Малға болмаса, адамға аса зияны жоқ еді ғой, жарықтықтың».

«Қысыр сөз күлмекке жақ-сы» ғой. Дегенмен, мынау күле-тін нәрсе емес еді. «Өкпеге қиса да, өлімге қимайтын» қазақы ғадеттің өзі осы арада ысы ры лып ыза мен ашуға орын беріп тұр. Абай атамыз айтатын «Қазақ-тың өлген кісі сінде жаманы жоқ» дейтін сөзі де мына жерде мәні мен маңызын жоғалт қан-дай ма, қалай? Өйткені, ға сыр-лар бо йына жалғасқан дәст үр бойын ша біздің жұрт өл ген адам туралы жа ман пікір айт пай тын. Бірақ тірі күнінде жұрт қа ты-ныш тық бер меген, өзгенің маң-дай тер, табан ақы сы мен жиған адал ма лын ұр лап, аядай ауыл-дың берекесін қашыр ған ұры тура лы ешкімнің бірауыз «жақ сы адам еді» деп айтуға тілі бар ма ға -нын түсінуге де болатын сияқты.

Мұны неге айналсоқтап отыр мыз? Соңғы кездері мал ұр лы ғы көбейді. Жылқыны үйі -рі мен қуып кетіп жатқан жағ дай жайын да, бетіне қарап отырған бірер қарасын түнде келіп ұры-лар дың көтеріп кеткені тура-сында, өрістегі сиырын сол жер де сойып алып, етін ба зар ға жөнелт кені хақында жиі ести тін болдық. Жоқ ізде ген бір адам. «Жау жағадан ал ған да, бөрі етектен тартады» дей тін дей, дағдарыс келген за ман да ұры-лар дың да қаптауы таңқа ларлық дүние емес тәрізді. Дей тұр ған-мен, бір теңгесін екі ете алмай, бір малының ба сын көбейте

алмай отырған қа ра ша халықтың обал-сауабы кімге? Мұны ой-лай тын ұры бар дейсіз бе? Мы-салы, 2015 жылы Қызылорда об лы сында 852 мал ұрлығы дерегі тіркеліпті. Бұл құқық қор ғау органдарына арызданған рес ми адамдардың ғана дерегі. Ал қазақылыққа салып, әне-міне табы ладымен жүріп, ақыр соңы күдерін үзіп, «Құдайы садақа» дей салған адамның нақты санын ешкім білмейді. Жыл дар бойына жал ғасып келе жатқан осы бір мінезді де түсі-не алмаймыз. Жо ғалған мал қалай садақа бо ла ды? Садақа, құр бан дық дегеннің өзіндік талап-тәр тіптері болмаушы ма еді? Әсілі, бұл да бейқамдық пен шара сыздықтың бір көрінісі шы ғар. Әйтпесе, баладан бетер мәпе леп, өсіріп, басын көбейтіп отыр ған дүниесі жоғалған адам «садақа» деп қарап отырар ма? Ал былтыр мал ұрлау дерегі ай тар лықтай қысқарыпты. 667 жағ дай ресми органдарға хабар-ла н ған. Қылмыстың ашы лу де-регі де 14 пайызға жақ сар ған. Біраз адамның жоғы табы лып, қолының сұғанағы бар лар жа за-сын алған. Құқық қор ғау орын -дарының нақты жұмы сы ның ар қасында мал ұрлығын кәсіп еткен 11 қыл мыстық топ тың

іс-әрекеті әшке реленіпті. Ал осы топтардың құрамында 41 адам болған. Жеңіл пайданы кә сіп ет-кендердің 74 мал ұрлы ғы қыл мы-сына қатысы бары анық тал ған. Ұйымдасқан қылмыстық топ тың қалай жұмыс істегенін осы дерек дәйектеп тұрған дай. Мал дан мал қоймаған ғой, құр ғырлар.

Өткен жылдың қазан айында Қазалы ауданы, Жалаңтөс Баһа-дүр ауылының тұрғыны түн мез-гілінде мал қорасынан екі бас қойын белгісіз біреулер ұрлап кеткені жөнінде арызданған. Шы ғын ның жалпы құны 50 000 тең ге деп есептелген. Со дан по ли ция жедел іздестіру жұ-мыс тары на кірісіп кетеді. Ұры-лар дың ізін суытпай, ұстайды. Со ның нәтижесінде төрт адам қо л ға түседі. Тексере келгенде бұ л ар дың бірінші рет ұрлық жа-сап отыр мағаны белгілі бо ла ды. Бірін ші рет дейміз-ау, ұр лық ты әб ден кәсіп қыл ған да ры анық-та лады. Ақырында әлгі төртеу аудан көлемінде 36 мәрте мал ұр ла ғандарын, оны қайдан алып, қай да сат қан дарын тәтпіштеп баян дай ды. Содан осы жағдайға бай ла ныс ты, Қылмыстық ко -декс тің 188-бабының 2-бө лігі 1,3-тар мақтары бойын ша қыл-мыс тық іс қозғалып, күдік тілер Қаза лы аудандық ішкі істер

бөлімі нің уақытша ұстау оқ шау -ла ғы шына қамалады. Тер геу жұ-мыс тары барысында күдік ті лер-ден жауап алынып, атал ған іске қа тысы бар басқа да аза мат т ар анық талды. Айғақ зат тар дәлел-де ме ретінде қосым ша тіркелген.

Бір ұрлықтың артынан қанша қыл мыс тың балалап шыққанын көріп отырсыз. Сондай-ақ, мұның барлығын бар-жоғы төрт-ақ адам жасаған. Әрине, кімнің үйінде қандай мал барын, күйі қандай екенін айтып отырған сыбайластары да болған. Ал негізгі тірлікті осы төртеу тын-дырып жүрген. Айналасына жаудай тиген баукеспелер өз-де рін өмірі ұсталмайтындай се-зінсе керек. Сондай сезім мен қанағатсыздық оларды ақыры түрмеге тоғытып тынды.

Шиелі ауданында мынандай жағдай болыпты. Осы қаңтар айының 22-сі күні түнде Еңбекші ауылының арғы жағында, Қара-таудың қапталында орналасқан «Жалғыз ағаш» жайылымындағы малшы қорасынан 2 бас қойын белгісіз біреулер ұрлап кеткені туралы арызданады. Жал пы құны 50 000 теңге шығын кел-тір генін көрсетеді. Аталған арыз негізінде жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәти-жесінде не болған деңіз? Әлгі

кісінің қойлары жайылымда дін-аман, қайта екеуі де төлдеп жатқан жерінен табылады. Солай ша, ешқандай ұрлықтың бол мағаны белгілі болды. Екі қой төлдеген 2 бас қозыларымен бірге иесіне қайтарылды. Біз мұ ны ұрылардан әбден запы бол ған, зәрезап жағдайға түс-кен, жүрегі шайлығып қалған адам ның үрей мен қорқынышқа толы күйі дер едік. Қорасынан бей сауыт уақытта шығып кеткен қой ларын ұрландыға санап, әбі-герленіп арыздануының өзі езуге күл кі үйіргенімен, шындығында ақ-адал дүниесінен қапыда айы-рылып қал майын деген ниетін ғана аңғарамыз. Өйт кені, көзі тай са, алдындағысын айдап кете тін анталаған ұрының ен дала да еркін жүргенін біледі ол. Сондықтан жемтік аңдыған құз -ғын секілді қарақшылардан ша -ма сы келгенше қорғануын қол -дау керек және содан өзгелер де үл гі алуға тиіс қой деп ой лаймыз.

Осы арада мына жайтты баян етпесек болмас. Аймақ бас шысы былтыр мал ұр лы-ғына қатысты нақты іс-ша ралар жоспарын бекіткен. Сол бо-йынша оған жауапты орын -дар, орындалу мерзімі және істелуге тиіс жұмыстар белгі-леніп, жалпы жағдайдың бары-сы ай сайын облыс әкімі орын-ба сары ның бақылауына алын ған болатын. Солайша, облыс тағы 66 ауылдық округ бақ ташы-лармен қамтамасыз еті ліп, 5 аудан орталықтарында мал сата-тын базарлар ашылды. Және барлық мал соятын жер лер ге бейнебақылау ка ме рала ры ор-натылды. Тұрақты түр де бақ -ташы мен қамтылған Шиелі ауда-ны Нар тай Бекежанов ауыл дық округінде соңғы 3 жылда бірде-бір мал ұрлығы бол ма ғанды ғы жиі мысал ретінде айты лып жүр.

Сонда да, ұрылар да заңның құрығы мен адамдардың обал-сауабына қарамай қарақшылық әрекеттерін тоқтатар емес. «Ет тәттілігін қоймаса, мен ұрлы-ғым ды тыймаймын» дейтін қас қыр дан да бетер дерсің. Сон-дық тан ұрлыққа қауым, ауыл бо-лып қарсы тұру керек. Әйт пе се, «Екі көзің Назарда, екі сиы рың базарда» деген жа зуды қора-ңыз ға жазып, қарқ-қарқ күлген ұрының күлкісі құла ғыңыздың түбінен естілуі бек мүмкін.

Қызылорда облысы

ТОлҒАндырАр ТАҚырып

ЖАзылҒАн ЖАйдың ЖАңҒырыҒы

ӘлеуМеТТік ҚОрҒАудың ӘлеуеТі

ТАлАп ЖӘне ТӘрТіп

Мал ұрлығы мазаны алып тұр

Темір ҚҰСАЙЫН,«Егемен Қазақстан»

Хакім Абай жұмысы жоқ тық адам ба-ласын азды рып жіберетінін айтып кет ті емес пе?! Еш уақытта ескір мейтін, мәні мен маңызын жоғалт пайтын құнды сөз осындай-ақ болар. Бір ойды екінші бір ой қозғайды. Дүниеге періштедей пәк күйінде келген адам ке йін неге қылмыс жасайды? Оның басты себебінің бірі – жұмыс сыздық десек ақиқаттан аттамаймыз. Қылмыстың аты – қылмыс. Кім де болса жасаған қылмысының жеңіл, орта және ауыр делінетін түрлеріне қарай тиісті жазасын алмақ.

«Бидайдың баратын жері – диірмен» дегендей, қылмыс жасағандардың ба-ратын жері – қылмыстық атқару жүйесі болмақ. Биыл осындай орындарда жаза-сын өтеп жүргендердің бірқатар бөлігіне рақымшылық жасалды. Бостандыққа шық қан нан кейінгі олардың тағ ды ры қандай болмақ? Қайта дан қателікке ұрынып жүр мей ме? Бір нәрсе айқын. Бас бостандығынан айыру орын дарынан босатылғандар тиісті жұмыспен қамтылса, бұлайша алаңдауға негіз жоқ.

Сондықтан да оның өзекті лігін терең түйсіне білген Ақтөбе облыстық жұмыс-пен қамту және әлеуметтік бағ дар ламалар басқармасы рақым шылыққа іліккендерді жұмыспен қамту шараларын белгілеп жүзеге асыруда. Аталған басқарма бас-шысы Қайрат Отаровтың айтуынша, бұл қатардағы азаматтардың тізімдері Ақтөбе қаласындағы және облыс аудандарындағы жұмыспен қамту орталықтарына жолдан-ған. Көңілге медеу тұтарлық жәйт. Оларға қайта оқыту және жұмысқа орналасты-ру мүмкіндіктері ұсынылып отыр екен. Сірә, бәрекелді деген қоштау мен қостау

сезімі дәл осындай жағдайда білдірілетін шығар. Нақты деректер биылғы жылы мамандықтарын қайта даярлауға жолдана-тын 757 адамның арасында рақымшылыққа іліккендер де аз емес екенін көрсетеді.

Бұл өзі өте нәзік шетін мәселе деуге болады. Азаматтық тәртіп пен режімнен қол үзіп қалғандар ештеңеге селт етпей, қолын бір-ақ сілтеуі әбден мүмкін. Мұн-дайда олар мен ортақ мәмілеге келе ал саңыз жақ сы, ал егер бұлай болмаған жағ дайда ізгі ниет бірден аяққа тапталмасы на кім ке піл? Әрине, мұндай теріс көрініске жол бер меудің басты жолы өзара үнқатысу ғой. Мұн дай диалог, әсіресе, бас бостандығынан айыру орындарынан азап өмірге оралуға әзір леніп жатқандар үшін өте қажетті екені аян.

Осы орайда Ақтөбе аймағында биыл-ғы жылы қылмыстық атқару жүйесі депар-таменті, Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлі-мі бірлесіп ұйымдастырған белсенді іс-шаралар кешені нақты нәтиже бере бас-таға нын айту парыз. Осы орайда азамат-тық өмірге қайтадан аттанғалы отырған-дар мен сұрақ-жауап үлгісінде өткізілген

кез де сулердің пайдасы мол болғаны бай-қалады. Жыл басынан бері жұмыспен қамту орта лықтарына осы мәселе бойын-ша рақым шылыққа іліккендер мен жаза-сын толық өтегендер, сондай-ақ, пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар тиісті өтініштер білдіруі – алдыңғы пікіріміздің басты дәлелі.

Бүгінгі күні аталған санаттағы 172 адам жұмысқа орналастырылыпты. Ал 6 адам қайта даярлауға жіберілген. Тіпті, бос тандыққа шыққандардың арасында «Жұмыспен қамтудың-2020» бағдарламасы аясында шағын несие алып, өз кәсібін аш-қандар да бар болып шықты.

Қысқасы, қазір өңірде бас бостандығы-нан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған дар мемлекеттің тигізген шапағатын сезі ніп отыр дей аламыз. Бүгінгі күні оларға қа-тысты әлеуметтік оңалту бойынша жүр-гізіліп келген жұмыстар одан әрі жалғасуда. Ақтөбе өңірінде рақымшылыққа іліккендер жұмыссыз қалмайды деп нақты тұжырым жасауымыздың басты мәнісі де осында.

АҚТӨБЕ

Өте орынды болды

«Егемен Қазақстан» газетінің 2017 жылы қаңтардың 5 жұл-дызында жарық көрген «Әліппе неден айыпты болды?» мақаласы ойыма қозғау салды. Өзім мек-тепте орыс тілі пәнінің мұға лі-мімін. Әрине, Білім және ғы лым министр лігінің жаңа оқу бағ дар -лама сына жаңа реформа енгіз-ге ніне қарсы емеспіз, дамыған ел дер дің қатарына қосылу үшін бала лар дың жаңа заман талабына сай сапалы білім алғанын ұстаздар да, ата-аналар да қолдайды. Шыны керек, технологияның ғарыштап дамып жатқан заманында сауатсыз бала бар деп айта алмайсың.

Шындықты айту керек, әрбір ата-ана балаға планшет немесе смар т фон алып береді, бесіктен әлі белі шықпаған бала сол теле фон-ның қалай ашылатынын, қай жер-де қандай функциясы бар екенін жақсы біледі. Ол телефондардың ішіне қазақша сөздіктер, әріп терді, сандарды қайталайтын бағ дар-ламалар енгізілген. Кейбір балалар санауды, әріптерді жазуды содан үйренеді.

Дегенмен барлық бала бірдей емес. Мысалы, ата-аналар ұл-қыздарын балабақшаға береді, кейбірі ата-әжелерінің тәр биесінде болады. Осы жерде бала-бақшаға барған баламен, бармаған баланың арасында, аспан мен жердей айыр-машылық болады.

Барлық бала мектеп қабырға-сында 1-сыныптың табалдырығын аттайды, осы жерде теңдік пайда болады,мектеп табалдырығын ат та ған бүлдіршін әдеттегідей «Әліп пені» үйренеді, 42 әріпті үйренген бүлдіршін «Әліппемен» қоштасу салтанатты кешіне дайындалады, бұл бала үшін өміріндегі қызықты әрі қуаныш-ты сәттердің бірі. Сол үшін де 1-сыныпқа «Әліппе» оқу лы ғының қайта ен гізу өте орынды.

Сағындық ЖАҚСЫМБЕТОВ, Үстірт орта мектебінің

мұғалімі

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

Рақымшылыққа іліккендер жұмыссыз қалмайды

Мемлекеттік қызметке лайықтысың ба?

Бақытгүл БАБАШ,«Егемен Қазақстан»

Атырауда ана мен бала өлі міне себепші болған дәрігерлер жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы облыстық мәслихат сессиясында аймақтың бас дә-рігері Аманбек Жұмыров баян дады. Өткен жылдың жел тоқсан айында Индер ауданының 32 жастағы тұрғыны Гүлдана Же кенова об лыс орталығында нә рес-тесімен бірге қай тыс бол ған еді. Артында

жары мен үш баласы қалды. Қайғылы оқи ғадан кейін марқұмның от басы мен тума-туыстары ақ ха латтылардың үстінен ша ғым данды. Осы жағдай бой ын ша тәуелсіз сарапшылар жұ мыс жүргізіп, медицина қыз меткерлерінің тарапынан кемшіліктер болғанын көрсетті. Бұл мәселемен облыстық ішкі істер депар-таменті айналысып жатыр.

«Жылыой, Махамбет, Ин дер аудан-дарында бес ана өлімі тіркелді, – деді об-лыс тық денсаулық сақтау бас қармасының

басшысы А.Жұмыров. – Оның екеуі онко логиялық, үш жағдай инфек цияның ауыр түрі салдарынан болды. Қазір аймақтағы гинеколог, реаниматолог ма-мандар қайта оқытылып, біліктіліктерін көтеріп жатыр».

Жалпы, медицина саласының мате-риалдық-техникалық дамуына өткен жылы 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген еді. Аталған қаржыға жедел жәрдем көліктері жаңартылды. «Кезексіз емхана» жүйесі ен-гізілді. Дәрігерлік көмек көрсету сапасы жыл сайын жақсарып келе жатқанымен, проблемалық тұстар әлі де бар. Қазірдің өзінде облысқа 111 дәрігер қажет.

АТЫРАУ

Ана мен бала өліміне кінәлілер жауап береді

Page 10: E-mail: info@ 3 А˛ПАН, 2017 · PDF fileСоңғы жылдары жүріп жатқан білім мазмұнын жаңарту, ... ең алдымен білім беру

10 3 ақпан 2017 жылуниверсиада-2017

–––––––––––––––––––––––––––––––О ң т ү с т і к ж ұ р т ш ы л ы ғ ы X X V I I I Дүниежүзілік қысқы Универсиададан ол-жалы оралған ұл-қыздарын зор салтанат-пен күтіп алды. Шымкент әуежайында иін тірескен халық. Универсиаданың алтын, күміс, қола жүлделерін мойнындарына жарқырата ілген Жанбота Алдабергенова, Бағлан Іңкәрбек, Жібек Арапбаева және бесінші орын иегері Ақмаржан Қалмұрзаева ұшақтан бірге түсті. –––––––––––––––––––––––––––––––

Жеңісті жалғастыра беріңдер!Бұл жеңістің жөні бөлек, расында. Қысы

қарсыз өлкедегі өрендердің қысқы спорт-тан медаль біткенді күреп алғаны көпшілікті таңырқатып жатқаны рас. Мінекей, спортшылар-ды күтіп алған мезетте де Шымкентте бір түйір қар болмады...

Нөпір халық әуежайдан күтіп алғаннан кейін, спортшыларды облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қабылдап, құрмет көрсетті.

– Сіздер сенім үдесінен шығып, абыроймен оралдыңыздар. Қыздарымыз жарақаттан аман болса екен деп отырдық. Бүкіл ел қуанып жа-тыр. Жеңіске жеткен сәттеріңізде өзім де теле-фон арқылы сөйлесіп, құттықтадым. Алда әлі Олимпиада, әлем чемпионаттары бар. Сол жарыс­тарда да жақсы нәтиже көрсетесіздер деп сенемін. Міне, мұның барлығы спортқа жасалып жатқан қамқорлықтың арқасы. Ендігі кезекте облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшы лығына қамқорлықты күшейте беруді міндеттеймін. Жерлестерімізді осынау жарысқа дайындаған Мұрат Шахназарұлына алғысымды білдіремін. Осылай жеңісті жалғастыра беріңдер! – деді облыс әкімі құттықтау сөзінде.

Бұдан кейін өңір басшысы спортшыларға қаржылай сый­сияпат көрсетті. Алтын жүлде иегерлері Жанбота Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбеккке 3 миллион теңгенің, күміс жүлдегер Жібек Арап баеваға 2 миллион теңгенің, спортшы­лардың жаттықтырушысы Мұрат Аблятифовқа 2 миллион теңгенің сертификатын табыс етті.

Ендігі жоспар –

Олимпиада жолдамасыІс мұнымен тоқтамақ емес. Жоспар да

ауқымды. Мақсат та айқын. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшы-сы Әлібек Нұртаев енді келесі дүбірлі додаларда жүлде алуды жоспарлап отырғанын айтады. 2018 жылғы Олимпиада ойындары қыр астында тұр. Өсіп келе жатқан жас спортшыларымызға қолдау күшейе бермек. Әуелгі жоспар – жолдама алу.

– Көбіне жазғы олимпиадалық спорт түрлеріне басымдық беріліп келді. Дегенмен, біз сараптама жасай келе, қысқы Универсиада өтетінін ескеріп, осыдан бес­алты жыл бұрын өзіміздің акробатта-рымызды, батутта секірушілерді фристайл спор-тына бейімдедік. Жоспарлы түрде жұмыс істелді.

Мамандармен ақылдаса келе, осындай шешімге келіп, фристайл спортын дамытуға күш салдық. Осылайша, бірлесе атқарған жұмыс нәтиже берді, – дейді басқарма басшысы.

Спортшыларды аз­кем әңгімеге тарттық. Алматыға аттанған бес спортшының бәрі де Шым­кент қалалық №8 спорт мектебінің шәкірттері. Бәрі де халықаралық жарыстарда жүлде алып, тәжірибе жинақтаған шеберлер.

«Жарыс қиын болды. Бірінші күні алтыннан айырылып қалдым. Екінші күні ауа райы қолайсыз болса да, бапкерлердің ақыл­кеңесін тыңдап, жеңіске жеттік. Өзім спорттың бұл түрімен Жібек әпкем 2011 жылғы Азия ойындарында жеңіске жеткеннен кейін айналыса баста дым. Нәтиже де көп күттірген жоқ», – дейді Жанбота.

Жібек былай дейді: «Негізінен, үштікке ілінсем деген жоспарым бар еді. Құдай қолдап, екінші орын алдым. Спортшылар қалашығындағы дәрігерлер ем­дом жасап, қатарға қосты. Ол кісілерге деген алғысым зор. Бұған дейін спорт-ты қойсам ба деп жүргенмін. Кешегі жеңіс маған жаңа серпін берді. Алда Мәскеу, Минск қалаларына оқу­жаттығу жиындарына аттана-мыз. Енді Олимпиада ойындарына қатысу үшін рейтингтік ұпай жинауымыз керек. Үздік жиырма бестікке ілінсек, жолымыз түсер еді».

Ал Бағлан болса былайша ақтарылды: «Спорттық гимнастикамен жеті жасымнан бастап айналысып, спорт шебері нормативін орындадым. Ал фристайл өнерімен шұғылданып жүргеніме бес жылға жуықтады. Бұл спорт түріне алып келген жасы сексеннен асқан өзімнің атам. Ең әуелі осы кісіге, одан кейін бапкеріме рахметімді айтамын!».

«Ұрыста тұрыс жоқ» деген, Универсиада жүлде герлері 6 ақпан күні қайтадан жолға шыға­ды. Алдымен Кореядағы Әлем кубогы кезеңде­ріне қатысады. Одан кейін, наурызда Испания да өтетін әлем чемпионаты – үлкен сынның бірі.

Өзім де көкке ұшқандай күй кештім

Жанботаның анасы Гүлназ Досалиева қызына жанкүйерлік ету үшін Алматыға барып қайтты. Алты ба ланың анасы. Жанбота үшінші перзенті екен. Ана жүрегі қызының жеңіске жететінін сезіпті.

– Әрине, жүрегіміз аузымыздан шығып кете жаздап, қобалжып жүрдік. Жанында трибунада тұрып, қызым аспанға қарғығанда, өзім де көкке ұшқандай күй кештім. Құдайға шүкір, алтын бұйырыпты. Бұл – спорт. Бірде жеңіс, бірде өкініш дегендей. Мен оны әуелден білемін. Сол үшін тек қана бір Алладан жәрдем сұрадым. Шынымды айтсам, мұндай қуанышты сәтте ұйқы да келмейді екен. Жанботаның інілері мен сіңлілерін де ертіп барған едім. Жалпы, өзімнің де жарысқа бірінші рет баруым. Спорттың қандай екенін енді біліп жатырмын ғой, – дейді көңілі алып­ұшқан ана.

Спорттың құдіреті осы шығар. Немересін күтіп алуға келген 83 жастағы Ізтілеу қарияны да кездестірдік. Бағланды осы спорт түріне өзі жетектеп келген. Енді, міне, қуанышты сәттің куәсі болып жүр. Бұл да өмірдің бір есте қалар қуанышы емес пе?!

Тағабай ҚАСЫМ

ШЫМКЕНТ

Командалық есеп бойынша, қазір бірінші орында Ресей, екінші орында Қазақстан және үшінші орында Жапония құрамалары келеді.

Алдағы 10 ақпанда 23 жасқа толатын Галина Вишневская ең алдымен өзіне тамаша тарту жасады деуге болар. Жақында ғана өткен 15 шақырымдық жеке жарыста ол күміс медальды қанағат тұтқан еді. Сол кезде оның салғаннан көптен қара үзіп шығып, тек құлап қалғаны себепті ғана екінші келгені тура-лы жазғанбыз. Әйтпегенде бұл оның ел қоржынына салған екінші алтыны болар еді.

Семейдегі Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің соңғы курсында оқып жүрген ол – биатлоннан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Бұған дейінгі елеулі жетістіктеріне тоқталсақ: 2012 жылы өткен жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпия ойындарында және сол жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған. 2011 және 2014 жылдардағы Азия чемпионы. Жас спортшы алда Жапонияда өтетін Азия ойындары мен келесі жылы Оңтүстік Кореяда жалауын көтеретін қысқы Олимпия ойын-дарында да Қазақ елінің мерейін асырады деген үміттеміз!

Болатбек ӘШІМҰЛЫ

(Соңы. Басы 1-бетте)

Енді Г.Вишневская туралы аз­кем дерекке назар аударайық. Ол – Семей қаласында туған. Алматы Универсиадасы аяқтал­ғаннан кейін екі күннен соң 23 жасқа толған күнін тойлай­ды. Биатлоншы қыз 2008 жыл­ға дейін қыздар футболымен айналысқан екен. Қаладағы Шәкә рім атындағы мемлекеттік универ ситетті бітірген.

Г . В и ш н е в с к а я н ы ң о с ы жылдың басында Германияда (Оберхоф) өткен Әлем кубогы жарысында сенсация жасағанын спорт жанкүйерлері білуі тиіс. Сондағы жарыстың төртінші кезеңінде бір­ақ рет қателескен ол 12,5 шақырымдық масс­старт­ты 4­ші көрсеткішпен аяқтаған еді. Мамандар соңғы он жыл көлемінде Қазақстан биатлон-шы қыздары арасында мұндай көрсеткіш болмағанын масаттана айтып жүр.

Демек, Галинамыз елімізде өтетін бұл Универсиадаға тас­түйін дайындалып келген болып шықты. Еуропаны дүрліктіріп оралған сары қыз бүгін, міне, туған еліне саф алтын сыйлады.

Кешегі – ешбір медальсыз, сұрқай өткен күннің өтеуі қайтты.

Ендеше, бүгінгі үшінші алты­нымыздың жалғасы болғай! Дәл қазір Қазақстан құрамасы Вишневскаяның алтынының есебінен топтық көрсеткіш бой-ынша қайтадан екінші орынға көтерілді...

Жеңімпаз Юляны кім білмейді!?

Фристайл дегенде, оның ішінде могул түріне бейімделген спортшы қыздар арасында Юлия Галышеваның өз Отанында өтіп жатқан бұл Универсиадада ме­даль сыз қалмайтынын қазақ­стан дықтар да, шетелдіктер де шын жүрегімен сезгендей еді. Өйткені, бүгінге дейін де атақ­даңқы әлемге танылып қал­ған Юлия 2015 жылғы Әлем

чемпио натының қола жүлдегері. 2015 жылғы Универсиаданың алтыннан алқа таққан чемпи-оны. Жасөспірімдер арасын-да екі мәрте жеңімпаз атанған. Қысқы Азия ойындарының екі мәрте чемпионы. Финалдық ойынға іріктеу кезеңіне 67,0 балл жинап жеткен Ю.Галышева ақтық бәсекеде 73,80 балмен Универсиада­2017 ойындарының чемпионы атанды. Ресейлік Анастасия Первушина (62,13) күміс, австриялық Ката рина Рамзауэр (52,05) қола медаль алды.

Спорттық кейіпте сондай салқынқанды көрінген Юля қыз:

– Мен бүгін өзімді осы-дан алты жыл бұрын елімізде өткен Азия ойындарындағыдай сезіндім. Өйткені, өз еліңде, өз жанкүйерлерінің алдында күш­қуатың еселеп артатыны бар. Бақыттан басым айналып тұр, баршаңызға рахмет айтамын, – деді сабырлы қалпын сақтап.

Алтынға қиналмай­ақ қол жеткізгендей болған Юлия ның бүгінгі жеңісі өзге спортшы­ларымызға жұғысты болса екен деп іштей тілей бердік!

Төртінші күнгі 5-ші алтын медаль!XXVIII Дүниежүзілік қысқы

Универсиада тарихында 28 жастағы өскемендік фристайл­могулшы Дмитрий Рейхерд Қазақстанның медаль қорына 5­ші алтынды салды!

Қазақстандық спортшы финалдық жарыста 79,94 балл жинап Универсиада жеңімпазы атанды. Екінші қазақстандық спортшы Павел Колмаков 76.95 балмен қола медаль иеленді. Күміс медаль ресейлік Сергей Шимбуевқа (79.11 балл) бұйыр­ды. Алматыда өткен қысқы Азия ойындарында (2011 ж.) алтын, өткен Универсиадада (Гранада, 2015 ж.) күміс медаль таққан могулшыға туған жерінің қасиет­құдіреті көмектескен сияқты.

– Бұл менің ең соңғы универ­сиадалық жарысым, – деді Дмитрий Рейхерд. – Жеңіске деген құлшынысым зор болды. Бұдан екі жыл бұрын алтынды қолдан беріп едім, бүгін, міне, көптен күткен арманым орын-далды. Бұл медальдың мен үшін бағасы сол себепті де өте қымбат.

Сөйтіп, Қазақстан өзінің барлық командалар арасындағы екінші орнын нықтай түсті...

Бір құлағымыз шаңғышы­лардың «Солдат сайдағы» жары­сының шуында екенін де ескертіп қояйық. Универсиада баспасөз орталығындағы теледидар дис­плейінде шаңғышылардың классикалық стильдегі сприн­терлік жарысының финалына біздің үш жігітіміз – Александр Малышев, Олжас Климин шықса, ақтық мәреге баратын жарысқа «әупірімдеп» жүріп Иван Люфт ілінді, әйтеуір...

«Солдат сайдың» 6-шы алтынын айтсаңызшы!

Бүгін шын мәнінде аспаннан алтын жауған күн болды, ағайын!

Шаңғышы­спринтер Иван Люфт Қазақстан қоржынына 6­шы алтын медальды салды.

Универсиада тарихында қазақ спортшылары бұрын­соңды мұндай көрсеткішке көрсеткішке қол жеткізіп көрмеген. Өкініштісі сол, Олжасқа санаулы сантимет-рлер серік бола алмады, әттең! Ол – төртінші орында қалып қойды.

Қыздар арасында Анна Стоян қола медальға қол жет­кізді. Анна мыз қуаныштан көз жасын тыя алмады. «Мама, мен жеңдім, қола алдым!», дей береді... Шын қуаныштың, шы-найы жеңістің көз жасы осын-дай болады екен!

Бүгін Қазақстан барлығы 15 медальмен Универсиада күн тәрті бінде командалық 2­ші орынға мықтап тұрақтағанына ешкім нің дауы болмаса керек.

Бұл күні шын мәнінде Алма­тының аспанынан алтын жауды!

Алға, Қазақстан!

АЛМАТЫ

Оңтүстіктің оғландары ерледі

Вишневскаяның алтыны абыройымызды асырды

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Алматы Универсиадасында Қазақстан құрамасы кеше команадалық есепте қайтадан екінші орынға көтерілді. Ел мерейін үстем еткен – 7,5 шақырымға

спринттік жүгіруде өзгелерден оқ бойы озып келген биатлоншымыз Галина Вишневская. Сөйтіп, Қазақ елі бұған дейін өзін үшінші орынға ығыстырған Жапониямен қайтадан орын ауыстырды.

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Олжалы оралғандар

Төртінші күні төбемізден алтын жауды!Біздің спортшылар Универсиаданың 4-ші күні 6-шы алтын медальға қол жеткізді

prosport.kz

Page 11: E-mail: info@ 3 А˛ПАН, 2017 · PDF fileСоңғы жылдары жүріп жатқан білім мазмұнын жаңарту, ... ең алдымен білім беру

3 ақпан 2017 жыл 11аймақ

Егер сіз «Егемен Қазақстан»

газетіне жарнама бергіңіз келсе,

мына телефондарға хабарласыңыз:

Астана 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: [email protected]

Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: [email protected]

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Атырау облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Мал саны, одан өндірілген өнімдер көлемі артқанымен, шешуін күткен мәселелер әлі де бар. Қызылқоға ауданында облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен кеңесте мал шаруашылығы төңірегіндегі түйткілді жайттар айтылды.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазіргі таңда апатты мек тептердің жайы баршаны алаңдататыны белгілі. Еліміз жаңартылған білім беру маз мұнына көшіп отырған кезеңде білім беру жүйесіндегі түйткілді мәселелердің түйінін тарқату маңызды іс. Баланы болашағым деп ұққан әрбір ата-ана оның заман талабына сай білім алғанын әрі білім ошағының қауіпсіз болғанын қалайды. Елімізде апатты мектептерді жою және апатты мектептердің салдарынан туындайтын мәселелерді болдырмау мақсатында бірқатар жұмыстардың жүргізіліп жат-қаны белгілі. Ал Жамбыл өңірін дегі апатты білім ошақ тарының ахуалы бүгінде қандай деңгейде? Құрылысы қайта жүріп жатқан мектептер саны қанша?–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––Бұл хабарды осыдан екі ай бұрын естіген болатын-быз. Сол күннен бас тап ойын баласының тағдырына алаңдап жүре тінбіз. Мәселе былай бол ған. Өткен жылдың 30 қа ра шасында Атбасар қала сындағы 3 жасар сәби облыстық бала-лар аурухана сына өте ауыр халде жеткізілген еді. Үстіне қайнап тұрған бір тегене сорпаны төгіп алған Нұртас Қозыбекұлының денесі 80 пайыз күйікке шалдыққан екен. ––––––––––––––––––––

«Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – Серіктестік) (Атқарушы органының орналасқан

жері: Қарағанды обл., Қарағанды қ., Ленин көшесі, 12) Серіктестіктің Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша 2017 ж. 6 наурызда сағат 11.00-де Астана қ., Тұран даңғылы, 37, 13-қабат мекенжайында ашық нысанда Серіктестік қатысушыларының

кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – Жиналыс) болатындығы туралы өз қатысушыларына хабарлайды

Қатысушыларды тіркеу 2017 ж. 6 наурызда Жиналысты өткізу орны бойынша сағат 9.30-дан бастап сағат 10.45-ке дейін жүзеге асырылады.

Дауыс беруге қатысуға құқылы қатысушылардың тізімі 2017 жылғы 28 ақпанда 00 сағат 00 минуттағы жағдай бойынша жасалады.

Жиналыстың күн тәртібі: 1. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Жарғысына өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы;2. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Атқарушы органының қызметі туралы;3. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқару органдары туралы ережеге

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен

Серіктестіктің Атқарушы органы орналасқан жерде танысуға болады. Жиналыс «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар

серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң) және Серіктестіктің Жарғысымен айқындалған тәртіпте өткізіледі. Жиналыстың ашылуы алдында Серіктестіктің келген қатысушыларын (олардың өкілдерін) тіркеуден өткізу жүргізіледі. Қатысушылардың өкілдері Жиналысқа қатысуға және дауыс беруге өздерінің өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсынулары қажет. Тіркелмеген қатысушы (қатысушының өкілі) жиналымды анықтау кезінде есепке алынбайды және дауыс бе-руге қатысуға құқығы жоқ. Жиналым болуы жағдайында Жиналыс Серіктестіктің бірінші басшысы жариялаған уақытта ашылады. Жиналыста Жиналыстың төрағасын және хатшысын сайлау жүргізіледі. Жиналыстың күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылауға дейін жиналым белгілейтін болады. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс берудің ашық ныса-ны ұйғарылады. Серіктестіктің әрбір қатысушысы Жиналыста дауыс беру кезінде Серіктестіктің жарғылық капиталындағы өзінің үлесіне сәйкес дау-ыстар санына ие болады. Жиналыстың Хаттамасы Жиналысты өткізуден кейінгі он күн мерзімде ресімделетін болады. Жиналыстың Хаттамасына жиналыстың төрағасы, есеп комиссиясы және хатшысы қол қояды.

Егер де Жиналыс көрсетілген күні болмаса, Серіктестік қатысушыла-рының қайталама кезектен тыс жалпы жиналысы 2017 ж. 7 наурызда сағат 11.00-де мына мекенжайда өткізіледі: Астана қ., Тұран даңғылы, 37, 13-қабат.

Жиналыс Заңның 42-49-баптарына сәйкес өткізіледі.

Товарищество с ограниченной ответственностью «Корпорация Казахмыс» (далее – Товарищество) (местонахождение

Исполнительного органа: Карагандинская обл., г. Караганда, улица Ленина, 12) уведомляет своих участников, что по

инициативе Совета директоров Товарищества 6 марта 2017 г. в 11.00 ч. по адресу: г. Астана, проспект Туран, 37, 13-этаж, состоится

внеочередное общее собрание участников Товарищества в очной форме (далее – Собрание).

Регистрация участников будет осуществлена 6 марта 2017 г. по месту проведения Собрания с 9 часов 30 минут до 10 часов 45 минут.

Список участников, имеющих право принимать участие в голосовании составляется по состоянию на 00 часов 00 минут 28 февраля 2017 года.

Повестка дня Собрания:1. О внесении изменений и дополнений в Устав ТОО «Корпорация

Казахмыс»;2. О деятельности Исполнительного органа ТОО «Корпорация

Казахмыс»;3. О внесении изменений и дополнений в положения об органах управ-

ления ТОО «Корпорация Казахмыс».С материалами по вопросам повестки дня Собрания можно ознакомить-

ся по месту нахождения Исполнительного органа Товарищества.Собрание проводится в порядке, определенном Законом Республики

Казахстан «О товариществах с ограниченной и дополнительной ответ-ственностью» (далее – Закон) и Уставом Товарищества. Перед откры-тием Собрания будет проведена регистрация прибывших участников Товарищества (их представителей). Представители участников должны предъявить документы, подтверждающие их полномочия на участие и голосование на Собрании. Незарегистрировавшийся участник (предста-витель участника) не учитывается при определении кворума и не вправе принимать участие в голосовании. При наличии кворума Собрание будет открыто в объявленное время первым руководителем Товарищества. На Собрании будут проведены выборы председателя и секретаря Собрания. До обсуждения вопросов включенных в повестку дня Собрание будет констатировать кворум. Предполагается открытая форма голосования по вопросам повестки дня. Каждый участник Товарищества при голо-совании на Собрании имеет число голосов, соответствующее его доле в уставном капитале Товарищества. Протокол Собрания будет оформлен в десятидневный срок после проведения Собрания. Протокол Собрания подписывается председателем, счетной комиссией и секретарем Собрания.

Если Собрание не состоится в указанную дату, повторное внеочеред-ное общее собрание участников Товарищества состоится 7 марта 2017 г. в 11.00 ч. по адресу: г. Астана, проспект Туран, 37, 13-этаж.

Собрание проводится в соответствии со статьями 42-49 Закона.

«Альта ССС» ЖШС-ның таратылуына байланысты шағымдар хабар-ландыру жарияланған күннен бастап 2 ай ішінде мына телефон арқылы қабылданады: 8 775 723 17 75

В связи с ликвидации ТОО «Альта ССС» претензии принимаются в течении 2-х месяцев со дня опубликования объявлении по телефону: 8 775 723 17 75.

В связи с утерей диплома с приложением Социально-гуманитарный кол-ледж при ЦАУ (КОБ-0210052 №401 от 05.07.2008 г.) на имя Мусиной Жибек Ерухамбетовны считать недействительным.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі аппаратының қызметкерлері па-лата аппаратының қызметкері Рәбиға Нұғмановаға анасы

Қайнижамал Әбенқызы МҰСТАФИНАНЫҢқайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстан Республикасындағы Атқару дирекциясының ұжымы дирекция директорының бұрынғы орынбасары

Жанұзақ Максимұлы ТАҢЖАРЫҚОВТЫҢқайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ басшылығы мен ұжымы «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Дәулетжан Кеңесұлы Хасановқа

АНАСЫНЫҢқайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің ректоры Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармация академиясының ұйымдастыру-экономикалық жұмысы жөніндегі проректоры, профессор Бауыржан Қалжанұлы Махатовқа

ӘКЕСІНІҢөмірден өтуіне байланысты ауыр қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

«Медицина» АҚ Шыңғыс Жұмабекұлы Мұқанға әкесі Жұмабек СЕЙІЛБЕКҰЛЫНЫҢ

қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Күйік шалған бала аман қалды

Биыл қар қалың түседі деп кім ойлаған? Өткен жылдары жауған қардың мөлшеріне есеп-телген техниканың дайындығы көңілден шықпады. Қаңтар айы нан соң ақпан да ашулы мінез танытып тұр. Шығыстың бет қаратпас үскірік аязы мен қалың қары қаланы да, даланы да әуре-сарсаңға салды. Мамандар биылғы қар бұған дейінгі жыл-дармен салыстырғанда әлденеше есе артық түскен дейді. Қазір қалың қардың кесірінен көлік кептелістерінің алдын алу шара-лары бірінші кезекке қойылды. Десек те, қалалық автомобиль жолдары және көлік қатынасы бөлімінің бастығы Юрий Пазына омбы қардың әлегі оңай еместігін жеткізді . Бүгінге дейін үш мердігер мекеменің күшімен қала аумағынан 70 мың текше метр қар шығарылған. Қала ішіндегі жол-дарды тазалауға кеткен қаржы айына 60 млн теңгені құрайды. Алайда, жолда кісі бойындай қар әлі үйіліп жатыр. Жеке тұрғын үй секторы да біршама пробле-ма туғызып отыр. Олар ауладағы қарды көшеге үйіп қойғанға үйреніп алған. Бұл өз кезегінде

жол бойындағы көлік қатынасына кедергі келтіруде. Осының бәрі көктемде ерісе не болмақ?..

– Жеке секторда үйі бар тұрғындарға ескерткіміз келеді, – дейді Юрий Пазына, – өзара бірлесіп, қарды қаланың сыртына шығаруға тырысыңыздар. Көшеге үйіп тастамаңыздар. «Семейді көгалдандыру және абаттандыру»

кәсіпорны 1 текше метріне 2,5 мың теңгеден сіздерге қажетті техника қызметін ұсына ала-ды. Ал мүгедектер мен жағдайы төмен отбасыларға, зейнеткерлер-ге тегін көмектесеміз.

Қар тазалау жұмыстары дұрыс жолға қойылмаса, ақпан айының соңында жергілікті полиция айыппұл салуды бастамақ. Бұл

– кәсіпкерлік нысандарға иелік ететін шағын және орта бизнес өкілдеріне де қатысты шешім. Дегенмен, қала тұрғындарының қар тазалау жұмыстарына көңіл-дері толмай отыр. Қалың түскен қар, мұзтайғақ... Әр түн сайын жол тазалауға 30 техника, 100-ге жуық жұмыс күші жұмыл ды-рылса да, жағдай мәз емес.

– Біздің қала үшін 30 техни-ка өте аз, – деді Юрий Пазына, – соңғы бес жыл ішінде қалаға қар тазалайтын техника мүлде алынбаған. Қолданыстағы техни-калардың тозығы жетті. Біз қала әкіміне жаңа техника сатып алу үшін қызметтік хат жаздық. Қарды толық тазалауға қажетті техниканы сатып алуға 500 млн теңге көлемінде қаржы бөлуді сұрап отырмыз.

Ал әу баста дұрыс тазар тыл-маған қар қатып, енді көк тайғақ мұзға айналды. Жаяу жүргінші де, автокөлік иелері де мезі бо-лып отыр.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,журналист

СЕМЕЙ

«Банк ЦентрКредит» АҚ «GIG Перспектива» тәуекелдік инвестициялаудың жабық инвестициялық пай қорының (бұдан әрі мәтін бойынша – Қор) жұмысын тоқтату рәсімдері жүргізілетіні ту-ралы хабарлайды және Қордың ережесінде белгіленген талаптарға және тәртіпке сәйкес осы ақпарат қордың ұстаушыларына жеткізілген деп есептеуді сұрайды.

Қор кредиторларының шағымдары осы хабарлама жарияланған күннен бастап отыз күн ішінде 050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Медеу ауданы, әл-Фараби даңғылы, 38, 413-кабинет мекенжайы бойынша қабылданады.

Хамит ЕСАМАН,«Егемен Қазақстан»

Ағымдағы жылдың алғашқы мәжілісінде өңір басшысы Кәрім Көкірекбаев «2017 жылы апатты деген сөзден арылуымыз керек», деген болатын. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, бүгінде апатты жағдайда 9 мек-теп бар. Басқарма басшысы Сұлушаш Құрманбекова он-дай мектептерді жою жөнінде тиісті жұмыстардың жүргізіліп жатқанын айтады. Өткен жы-лы еліміздің Ұлттық қоры есе-бінен Тараз қаласындағы «Сал-танат» шағын ауданындағы 1000 орындық орта мектептің, жергілікті бюджет есебінен

Сарысу ауданы Досбол ауы-лын дағы 50 орындық орта мек-теп пен Талас ауданы Қараой ауылындағы 50 орындық орта мектеп құрылысы басталды. Бұл нысандар биыл аяқталады деп күтілуде.

Жергілікті бюджет есебінен 2017 жылға 4 мектептің құры-лысына 802,429 миллион теңге бөлінді. Оның ішінде Меркі ау-даны Арал-Қыстақ ауылындағы 50 орындық бастауыш мек-теп, Қордай ауданы Соғанды мен Көктөбе ауылдарындағы әрқайсысы 50 орындық негізгі мектептер және Талас ауда-ны Қасқабұлақ ауылындағы 120 орындық орта мектеп бар. Қалған 2 мектептің мәселесі

2018-2019 жылдары кезең-кезе-ңімен шешіледі деп жоспарлану-да. Ал бүгінде облыста үш ауы-сымда 5 мектеп жұмыс істейді.

Сондай-ақ, өткен жылы Ұлттық қор есебінен басталған Меркі ауданы Сарымолдаев ауы лындағы 600 орындық орта мек тептің құрылысы биыл аяқ-талады. Ал Тараз қаласындағы №24 орта мектептің 300 орындық қосымша ғимаратының, Шөл-дала массивіндегі 900 орындық орта мектептің және Байзақ ауданы Байзақ ауылындағы 300 орындық орта мектептің құрылысына Ұлттық қор есе-бінен биыл 1 миллиард 887 мил лион 308 мың теңге бөлінді. Қалған 1 мектептің мәселесі 2018 жылы жергілікті бюджет есе бі нен шешіледі деп жоспар-лануда.

Мектеп – білім мен тәрбиенің қайнар көзі. Сондықтан білім ошағының талапқа сай болуы талантты шәкірттерді көптеп тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Бұл тұрғыда Жамбыл облысы да апатты жағдайдағы мектептерге ерекше көңіл бөліп отыр.

ТАРАЗ

Темір ҚҰСАЙЫН,«Егемен Қазақстан»

«Өткеннің бәрі жасық емес, бүгінгінің бәрі асыл емес». Ке-ңестік кезеңде республи камыз-дың барлық аудандарында типтік үлгідегі автобекет тер болушы еді. Еліміз жаңа меншік қатынастарына көшкен кезде оның бәрі жойы-лып кетті. Бірқатарының қызмет түрі жекешелендірілгеннен кейін өзгерсе, тағы бірі иесіз қалды. Бүгінгінің биігі нен көз тастағанда аудан орта лық тары мен елді мекен-дерде автобекеттердің қажеттілігі айқын байқалып отыр. Өйткені, тұр ғындар тарапынан бағасы қолжетімді автобус қызметін пай далануға деген сұраныс бұ-рын ғы деңгейден өсе түс песе, бір мысқал кемімегені байқалады. Өйткені, жұрттың бәрі бірдей так-симен немесе жеке автокөлігімен жүрмейтіні бесенеден белгілі.

Сондықтан қазіргі кезде әр-түрлі жағдайларға байланыс ты жойылып кеткен авто бекет терді

қайтадан қалпына кел тіру қажет-тілігі туындап отыр. Мысалы, Ақтөбе айма ғында жалғыз ғана автобекет жұмыс істейтініне көз жеткіздік. Оның өзі облыс орталығында орналасқан. Ал ау-дан орталықтарында жібі түзу авто бекет жоқ екенін немен тү-сін діруге болады? Қазіргі нарық -тық қарым-қатынастар жағ -дайында оны орнықтыру мен қай та жаңғыртудың жолдары қандай болмақ?

Ашығын айтқанда, бүгінде ірі елді мекендерде болуға тиісті автобекеттердің орнын касса нүктелері атқарып тұр. Мұнымен іс оңғарыла ма? Экономист мамандардың мәлімдеуінше, авто-бекет үл гісіндегі құрылымдар мен-шік иелеріне тек пайда, тиім ділік әкелетін нысандар қата рына кіреді. Ендеше, осы мүм кіндікті жіберіп алмаудың жолдарын іздестіру жөн болмас па? Тіпті, алысқа бармай-ақ, аталған мәселені жо-лаушы тасымалдаушылардың есебінен де шешуге болатыны

талас туғыз байды. Сондай-ақ, жер гілікті өкілетті органдар биз-нес өкілдерімен ор тақ ұйғарымға келу арқылы автобекет нысан-дарын тұрғыза ала тынына шәк келтірмейміз. Бұл ара да бар гәп – ізденісте, істің кө зін таба білуде болса керек.

Тұрғындарға көрсетілетін қандай қызмет түрі болмасын, бүгінгі күн талаптарынан кейін қал мауы, әсіресе, сер вистік қызмет деңгейі жоға ры болуы қажет. Ал ел ішін де баяғы кеңестік кезеңде жиі пайдаланылған сары түсті, салоны құрқылтайдың ұясындай тар «пазиктердің» түтіні будақ-тап, әлі жүргеніне қалайша қын-жылмассың. Ақтөбе өңірінде де мұндай көріністер кездесіп қалады. Яғни меншік иелері әртүрлі жауап кершілігі шектеулі серік тестіктер мен акционерлік қо ғам дардың автобус парктерін жаң ғыртуға немқұрайлы, селқос қарайтынын көрсетеді.

АҚТӨБЕ

Бәрекелді!

алаңдатарлық ахуал

тосын таБиғат

айтайын дегенім...

Өңір Өмірі

Бақытгүл БАБАШ,«Егемен Қазақстан»

Шыны керек, алыстағы ауыл халқы мемлекеттік бағ-дар ламалардың игілігі мен қолжетімділігі жайында біле бермейді. «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары бойынша Исатай, Құрманғазы, Мақат аудандары мен Атырау қаласы мал сатып алу жоспарын

орындамаған. Мұны өңір бас-шысы насихат пен ақпараттың аздығымен байланыстырады.

Қызылқоға ауданы ауыл шаруашылығын өрістетуге қолайлы мекен. Алайда, төрт түлік мал арасында жұқпалы дерттің азаймай отырғаны алаң даушылық туғызады. Өт кен жылы «Жасқайрат» ж а у а п к е р ш і л і г і ш е к т е у л і серік тестігінде 635 бас қой

пастереллез ауруынан өлді. Тайсойған ауылында бруцел-лезге шалдыққан 47 бас ірі қара, 507 бас қой-ешкі малы түгелдей жойылды. Аудан әкімі Мақсот Мұқанов мал басының өсуіне бруцеллез індетінің кері әсер етіп отырғанын жасырмады. «Жыл сайын мыңға жуық мал жұқ палы дертке шалдығады. Аурудың алдын алу жұмыстары әлі нәтиже бермей келеді», деді ол.

Мал ауруына байланысты тағы бір дерек, өткен жылы мұ найлы аймақта 6 912 бас ірі қара нодулярлы дерматит дертіне шалдыққан еді. Бұрын-соңды елімізде кездеспеген

індеттен 1150 бас мал өлді. Бұл дерттің себебін мамандар ауа райының ыстық болуына орай қан сорғыш жәндіктердің тым көбеюімен түсіндірді. Әлі күнге дейін аталған аурумен ауырып шыққан жануарлардың вирус тасымалдау шы ретіндегі қаупі ашық мәселе болып тұр.

Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Нұр-бай Әбдірахмановтың айтуынша, ауруға шалдыққан жануарларды емдеу үшін 5 млн теңгеге жуық қаржы бөлінген. Сондай-ақ, 785 адамға өлген малдары үшін өтемақы төленді. Ал наурыз айы-нан бастап ірі қара малға ауруға қарсы екпе жүргізіледі.

Ақтөбеде автобекеттер аз

Апатты мектептер алаңдатады

Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан»

Дәрігерлер өлім аузындағы баланы ажалдан арашалап қалу үшін барын салды. Кәсіби біліктілігі мен тәжірибесі мол ақ халатты абзал жандар қиялға сыймас ерлік жасады. Баланың денесіне теріні алмастырып салуға байланысты оннан астам пластикалық ота жасалды. Соның нәтижесінде, кішкентай баланың өмірін сақтап қалды. Емдеуші дәрігер Петр Редкозубовтың айтуынша, қазір Нұртастың жағдайы бірқалыпты, кешенді оңалту шаралары оң нәтижесін беруде. Ол жақын күндері үйіне шығатын болады.

Біз Нұртастың анасы Ырыс-гүлмен аурухана ауласында тілдескен едік.

– Біз ұлымыздың өмірін сақтап қалған Ақмола облыстық балалар ауруханасының барлық дәрігерлері мен медбикелеріне шын жүректен алғысымызды айтамыз. Көзімізден бұл-бұл ұша жаздаған бақытымыз қайта оралды. Отбасымыз қуаныш құшағында. Дәрігерлердің жанқиярлық ерлік еңбегі, ши-палы қолдары мен мейірім-шапағатына дән ризамыз. Олар барша балалардың жарқын болашағын қамтамасыз етушілер ретінде қандай құрметке де лайықты, – дейді бақытты ана.

Ақмола облысы

Мал ауруы белең алып тұр

Қар құрсауындағы қала

Page 12: E-mail: info@ 3 А˛ПАН, 2017 · PDF fileСоңғы жылдары жүріп жатқан білім мазмұнын жаңарту, ... ең алдымен білім беру

12 3 АҚПАН 2017 ЖЫЛДИДАР

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Кең дәлізге қойылған к�рменің кермесінен жылқы к�рдім. «Ат жақсысы – кермеде, сурет жақсысы – к�рмеде». «Сәйгүлік семантикасы» сериясы топтамасындағы сурет-тер с�йлеп қоя берді. Майлы бояумен салынған суреттерде түрлі образға толы тұлпарларды к�руге болады. «Қондыгер» картинасында жылқы мен бала бастарын түйістіріп, үнсіз ұғынысқан. «Бұла мен бұлдырық», «Қыркүйек», «Күдер», «Жасырынбақ», «Қаражал толқыны», «Қыз алып қашу» картиналары сыр сандық сияқты. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Ұлттық академиялық кітапханада «�міре Парижде» атты кітаптың тұсаукесері �тті . Қазақтың та-нымал дәстүрлі әншісі �міре Қашаубайұлының �мірі мен шығармашылығына арналған тарихи-биографиялық очерктің авторы – қырық жылдан аса уақыт бойы әншіні зерттеп келе жатқан музыкатану-шы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жарқын Шәкәрім.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Жалпыұлттық республикалық газет. 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады.

Меншік иесі:«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамыБасқарма төрағасыДархан ҚЫДЫРƏЛІБасқарма төрағасының орынбасарыАйбын ШАҒАЛАҚОВБас редакторАмантай ШƏРІП

Газет мына қалалардағы:Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «Ernur» Медиа холдингі» ЖШС,Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дəуір» РПБК ЖШС,Қарағанды қ., Сəтбаев к-сі, 15, «Типография Арко» ЖШС,Қостанай қ., Мəуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС,Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС,Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,Шымкент қ., Т.Əлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС,Талдықорған қ., Алматы қаласы, Мұқанов к-сі, 223 В, «Алматы-Болашақ» АҚ,Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШСбаспаханаларында басылып шықты.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады.«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 202 360 дана

Нөмірдің кезекші редакторыАлександр ТАСБОЛАТОВ

Mекенжайымыз: 010008 АСТАНА, «Егемен Қазақстан» газеті көшесі, 5/13 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58аАнықтама үшін:Астанада: АТС 37-65-27, факс 8 (7172) 37-19-87; Электронды пошта: [email protected] Интернет-редакция: [email protected] Алматыда: 8 (727) 273-07-87, факс 8 (727) 273-07-87; Электронды пошта: [email protected] Жарнама-ақпарат бөлімі: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, 37-64-48, [email protected]Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, [email protected]А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.Газеттің жеткізілуіне қатысты сұрақтар үшін байланыстелефоны: 1499 («Қазпошта» АҚ)

Меншікті тілшілер:Астана – 8 (717-2) 37-54-21;Ақтау – 8 (701) 593-64-78;Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75;Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70;Атырау – 8 (712-2) 31-74-13;Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91;Қарағанды – 8 (701) 3757434;Қостанай – 8 (714-2) 21-01-42;Қызылорда – 8 (701) 772-70-74;Орал – 8 (775) 336-47-57;Өскемен – 8 (778) 454-86-11;Павлодар – 8 (718-2) 54-31-56;Тараз – 8 (726-2) 43-37-33;Шымкент – 8 (701) 362-63-76;Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан»

Аягөз деген аядай бұлақ деседі,Жұрттарда қалған жұмбақты

кімдер шешеді.Аягөз болып ғасырлар

алға көшеді,Аягөз – Ая, арулар елі кешегі...Ақиық ақын Мұқағали Мақа-

таевты тебіренткен арулар елі, ақындар елі Аягөзде тарихтан сыр шертетін ескерткіштер аз емес. Қос ғашықтың құрметіне бой көтерген бір ғана «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мазарының өзі неге тұрады?! Ғашық демекші, Аягөз қаласының өзінде жастар жиі бас қосатын, талай бойжеткен мен боз-баланы таныстырған, табыстырған

əдемі бір жер бар. Бұл – шағын ғана шаһардың «7 квартал» ай мағында орналасқан 60 жылдық тарихы бар алтыбақан.

Қала тұрғындарының сағы-нысып бас қосатын шуақты меке ніне айналған алтыбақанды кімдердің орнатқаны белгісіз. Белгілісі, бұл жерден адам арылмайды. Қысы-жазы. Бəлкім, егде жандар жалын-ды жастық шағын, бұла күндері мен құла түндерін сағынатын, іздейтін болар осы жерден. Ал жас тар аягөздіктерді 60 жыл бойы тербетіп келе жатқан алтыбақанның тарихы-на тамсанады.

– Бұл алтыбақан біздер үшін тым ыстық. Мен 1960 жылы Ая гөз қаласында дүниеге келдім. Балалық, жастық шағымыз осы алтыбақанның

маңайында өтті. Алтыбақан кейін Ташкент қаласында əскери боры-шымды өтеп, жоғары оқу орнында білім алып жүрген кездерімде де жадымнан бір сəт өшпеді. Енді қазір менің балаларым мен немерелерім осы жерге жиі келеді. Бұл алты-бақанды жастық дəуренімнің менімен бірге тербелген шақтары деп білемін, – дейді осында туып-өскен Бейсен Елубаев есімді азамат.

P.S: Қазақтың қабырғалы қаламгері Қабдеш Жұмаділовтің

«Соңғы көш» романының бір тұсын-да «Қайран, Алтыбақан! Театры, операсы, филармониясы жоқ көш-пелі елдің көңіл ашары болған Ал-тыбақан! Кең даланы əнмен жаң-ғыртып, жас жүректерді махаббат бесігінде тербеткен Алтыбақан!» деп төгіл діре жазатыны бар. Аягөздегі алтыбақан осы жолдар-ды еріксіз еске түсірді.

Суретті түсірген Берікхан ТАЙЖІГІТ

Суреттерді түсірген Ерболат ШАДРАХОВ

АТАМЕКЕН

Баянауыл

Айгүл СЕЙІЛОВА,«Егемен Қазақстан»

Суреттегі бұйымдар мемлекет қайрат-кері, «Алаш» партиясы мен «Алашорда» қозғалысы жетекшілерінің бірі, қазақтың тұңғыш математигі, профессор, ғұлама ғалым, қазақ тіліндегі тұңғыш «Жоғарғы математика курсы» оқулығының иесі Əлімхан Ермековке тиесілі. Көзілдірік, кварцты қол сағат жəне органикалық əйнектен үлкейткіш əйнегімен қоса жасалған сызғыш ғұламаның көзіндей болып Ұлттық музейдің Тарих залын-да тұр. Оны Қарағанды қаласының тұрғыны Қ.Өскенбаев 2007 жылы сая-си қуғын-сүргін жəне тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» музей-мемо-риалды кешеніне тапсырған. Ал Ұлттық музейдің қорына 2014 жылы түсіпті.

«1917 жылы Алаш автономиясы құрыл-ғанда Əлімхан Ермеков 26 жаста болған. Сол жаста Үкіметтің премьер-министрінің орынбасары əрі ел шаруашылығын жос-парлау комитетінің төрағасы болып тағайындалған. 1935 жылы мал дəрі-герлік институтта кафедра басқарып жүріп, институттың ғылыми кеңесінің ұйға рымымен тұңғыш рет математика саласы нан профессор атағын алады. Кеңес өкіметіне, коммунистік-репрессиялық жүйеге қарсы қызметі, «Алаш» пар-тиясын құрысып, Алашорда үкіметіне мүше болғаны үшін 1930 жылдың 22 қыркүйегінде істі болып, М.Əуезовпен бірге түрмеде отырып, үздіксіз тергеуде болған», – дейді Ұлттық музейдің ғылыми қызметкері Лаура Түменова.

Жалпы, 37-нің қара бұлты Ə.Ерме ковтің де басына үйіріліп, сонда ұстал ғаннан ара-арасында бостандыққа шығып тұрғанымен, үлкен тұлға 1955 жылы ғана түрмемен қоштасады. 1957 жылы 26 қарашада толық ақталады. Одан кейінгі жылдары Қарағанды тау-кен институтында математикадан дəріс оқиды. 1970 жылы қайтыс болған.

Саз өнеріне арналған «Əуен» топтамасында суретші Жеңіс Кəкенұлы сыбызғы мен қобыз тартып отырған қазақ қызының жан дүниесін ашып көрсеткен. Ұлттық киімде, тоқпақ тай бұрым-ды қазақ қызы арқылы салт-дəстүрімізді, өне рімізді наси хат-таған. «Махаббат мүйісі» – айлы түнде сырласқан қыз бен жігіттің сұлбасын бейнелеу арқылы роман-тикаға толы жастық шақ тың жара-сымды шақтарын əсем бейнелейді.

Белгілі суретші Жеңіс Кə-кен ұлының шығармашылық кешін ұйымдастырған Л.Н.Гу-милев атындағы Еуразия ұлт-тық университетінің «Кəу сар» мəдени-танымдық бірлес тігінің жетекшісі Кенжеғали Мыржық-баев көрме ұйымдастырып қана қоймай кешті сұхбат-диалог ретінде жалғастырды.

Абай атындағы ҚазПИ-дің көркемсурет, графика факуль тетін бітіріп, ауылына ат басын бұрғалы тұрған Жеңісті поэзия падишасы Фариза Оңғар сынова дарынын

бағалап, өзі редакторлық еткен «Пионер» (Ақжелкен) журналы-на жұ мысқа шақырады. Жеңіс Кəкен ұлының алғашқы еңбек жолы, жемісті жылдары əйгілі ақын апасының шапағатынан бас тау алыпты. 1988 жылдан бері еліміздегі көрмелерге, Түркия, АҚШ, Германия көрмелеріне қатысқан. Америка елінен «Қала көріністері» аталымы бойынша «Алтын қыран» медаліне ие бол-ды. Жеңіс Кəкенұлы суретшілер туралы жазылған «Ақ зер» кітабының авторы.

Кеш иесінің «өнер мен үшін тұтас. Сурет салғанда əн мен күйді жаныма серік етемін. Күн сайын теріңді төкпесең, қолың кете бас-тайды» деп айт қан сөздері кездесу-ге келген жастарға үлкен ой салды.

Қылқаламына Қамбар ата төлін арқау еткен Жеңіс жыл-қының қадір қасиетіне терең тоқ талып, «Қазақ жылқыға қа-рыздар» дейді.

Жұлдыз ТОЙБЕК

Айгүл СЕЙІЛОВА,«Егемен Қазақстан»

Дəстүрлі əннің майтал-маны Əміре туралы кітаптың тұсаукесерінде Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы кітапқа қатысты да, Əміреге қатысты да өз пікір-лерімен бөлісті. «Біз кеңес дəуірін де Əміре туралы көп де ре-ктерді білген жоқпыз. Көбі міз ол тек қана Парижге барған деп ой-лап жүрдік. Бірақ шын мə нінде ол Еуропаның бірнеше қала ларында болған екен. Кітаптың ішінде

сол деректер бар. Сондай-ақ, тағы бір айтатын нəрсе, əншінің екі суреті сақталған. Бірінде тымақпен, екіншісінде костюм-мен түскен. Біз көп жылдан бері тек тымақпен түскен суретін ғана жариялап жүрдік» – деген министр Əміре Қашаубайұлы туралы америкалық компания-мен бірлесіп көркем фильм тү-сі ріліп жатқанын жария етті. Фильм мау сым айында жарыққа шықпақ.

Əнші Əміренің рөліне та-лантты жас актер Санжар Мə-диев таңдап алынған. «Біз көр кем

фильмді дүниежүзілік прокатқа дайындап жатырмыз. Əмірені əр қазаққа дəріптей білуі міз ке-рек. Сондай-ақ, дүние жүзіне де осындай даңқ ты адам туралы көрсетуіміз керек. Ол сырт келбеті, жүріс-тұрысы, болмысы көркем адам болған. Фильм ағылшын тілінде түсірілді. Қазақша дубля-жы жасалуда. Фильмге Қазақ-стан бюджетінен 400 милли-он теңге бөлінді. Ал шетелдік ком пания тарапынан одан да

қомақты қаражат жұмсалды», деді А.Мұхамедиұлы. Ол жиын ба-рысында əншінің Парижде алған күміс медалінің елге жеткізілгенін айтып, медальдің Ұлттық музейге тапсырылатынын хабарлады.

«Əміре Парижде» атты кітап орыс тілінде жарық көрді. Жа ңа басылымға Жарқын Шə кəрім-ұлының ертеректе шық қан кітап тары мен бұрын-соңды еш жер де жарияланбаған деректер топ тастырылған.

Əміре Қашаубаевтың 1925 жылы Парижде өткен ЕХРО ая-сындағы əлемдік əн бай қауында тамаша өнер көрсетуі, оны сол уақытта өмір сүрген Париж зия лыларының бағалауы, Мұс-тафа Шоқаймен кездесуі, сол оқиғадан соң кеңестік жүйе та-рапынан тағдырының тал қыға түсуі қамтылған. Яғни, оның тек қана Парижде емес, Гер-манияда да өнер көрсеткені, Ұлыбританияға шақырылғаны туралы мұрағат құжаттарына сүйенген материалдар бар. Па-рижде күміс медальға ие бол-ған əншіні Еуропада аты аңызға айналған Энрике Карузомен теңес тіріп, оның өнеріне Но бель сыйлығының лауреаты Ро мен Ролланның баға беруі де əн шінің абыройын асырып тұрғандай.

Сондай-ақ, кітапқа Əміренің орындауындағы СD дискідегі əндері мен қолжазбалары қоса ұсынылып отыр.

Суретті түсіргенОрынбай БАЛМҰРАТ,

«Егемен Қазақстан»

Оралхан Д�УІТ,«Егемен Қазақстан»

Биді билесе Үнді елінің ұл-қыздары билесін... Кез кел-ген киносында күліп тұрса да, жылап тұрса да мың бұралып жұртты үйіріп ала жөнеледі. Əйтеуір, осынау ыстық елдің биге деген ықыласы, құрметі тым ерекше. Кезінде «Биле, биле» деген кино шығарып, жастарды жаппай билетіп жіберген де осы ел ғой.

Ендеше, биден бəйге бермейтін Үндістанға барып біздің ұл-қыздар өнерімен таңғалдыра алуы мүмкін бе? Мүмкін екен. Нағыз талант-тар қайда жүрсе де топ жара-ды ғой. Жамбыл облысындағы «Ақ кербез» ансамблінің 8 бишісі жақында Үндістанның Нью-Дели, Ченнай, Калькутта, Гувахати, Шиллонг жəне Порт-Блэр қалаларында өнер көрсетіп қайтты.

– Ол жақтағы жұрт би өнеріне шынында өте қатты мəн береді екен, – дейді ансамбльдің хореографы Айжан Қонарбаева.

– Əйтеуір, қайда барсаң да зал, алаң толы көрер мен. Алты би биледік. Əр бидің арасында Қазақстан туралы, қазақтардың салт-дəстүрі туралы ролик-тер көрсетіліп тұрды. Порт-Блэр қаласына барғанымызда ұйымдастырушылар лэд-экран таппай, концерт екі сағатқа кешігіп басталды. Бірақ бірде-бір көрермен қолын сілтеп кетіп қалған жоқ. Қорытынды концертіміз Нью-Дели қала-сында өтті. Бізбен бірге басқа да шет мемлекеттерден жəне

Үндістанның өзінен келген бірқатар би ұжымдары өнер-лерін көрсетті. Қазақтың би өнерін мойындағаны болар қорытынды концертті қазақ бишілері ашты. Оларға, əсіресе, «Қаражорға» биі мен ұлттық киімдеріміз қатты ұнады.

Əрине, «Ақ кербез» шағын ғана өнер ұжымы ғой. Бірақ жат жерде қазақтың жақсы атын əйгілеп, өнерін мойын-датып, алғысын алған осы-нау ұл-қыздардан айналып кетпейсің бе!

КІТАП КӨКЖИЕГІ ЖӘДІГЕР

КӨРМЕ ӨНЕР

МИРАС

Әміренің ән әлемі

«Қазақ жылқыға қарыздар...»

Билесе, «Ақ кербез» билесін

Алаш тұлғасы тұтынған бұйымдар

60 жылдық тарихы бар алтыбақан