12
Білім беру саласы: «Таным», «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық» Бөлімі: «Экология», «Қоршаған ортамен таныстыру», «музыка», Тақырыбы: «Физикалық зертхана-тәжірибиелері» Мақсаты: Балалардың тәжірибие жасай білу біліктіктерін дамыту. Балалардың ойлау, есте сақтау, көру, сезіну қабілеттілігін қалыптастыру, сұрақтарға толық жауап бере білу, сөздік қорларын молайту. Танымдық тәжірибиесіне қортынды жасай білуге үйрету. Сөздік жұмыс: зертхана, физика, жылдамдық, заряд, магнит Көрнекі құралдар: слайд мониторда көрсетіледі, піскен жіне піспеген жұмыртқалар, шарлар, түрлі- түсті фламастерлер, фальга, салфетка, стакан, су, қалам, қалташық (салафан), сіріңке шиі, үлкен тақтайшалар Билингвалдық компонент: зертхана- лаборатория, су- вода, жұмыртқа – яйца. Балалар залға кіріп келеді, қонақтармен қазақ, орыс, ағылшын тілінде сәлемдеседі Шаттық шеңберге жақсы көңіл күймен қол ұстасып тұрып, бір- біріне қуаныш сыйлап, қонақтарға бас иіп, әдептілігін көрсетеді . Бәріміз енді тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық Жақсы – жақсы сөздерді, Қонақтарға сыйлайық! Табиғат біздің анамыз, Табиғатқа баламыз. Иіліп сәлем береміз, Біз әдепті баламыз. Тәрбиеші:

45minut€¦  · Web view2016-01-25 · Физика ғылым болғалы,Пайдасын елге тигізді: Машина, темір арбаны, Алысқа жылдам

  • Upload
    others

  • View
    6

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: 45minut€¦  · Web view2016-01-25 · Физика ғылым болғалы,Пайдасын елге тигізді: Машина, темір арбаны, Алысқа жылдам

Білім беру саласы: «Таным», «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық»

Бөлімі: «Экология», «Қоршаған ортамен таныстыру», «музыка»,

Тақырыбы: «Физикалық зертхана-тәжірибиелері»

Мақсаты: Балалардың тәжірибие жасай білу біліктіктерін дамыту.

Балалардың ойлау, есте сақтау, көру, сезіну қабілеттілігін

қалыптастыру, сұрақтарға толық жауап бере білу, сөздік қорларын молайту.

Танымдық тәжірибиесіне қортынды жасай білуге үйрету.

Сөздік жұмыс: зертхана, физика, жылдамдық, заряд, магнит

Көрнекі құралдар: слайд мониторда көрсетіледі, піскен жіне піспеген

жұмыртқалар, шарлар, түрлі- түсті фламастерлер, фальга, салфетка, стакан, су,

қалам, қалташық (салафан), сіріңке шиі, үлкен тақтайшалар

Билингвалдық компонент: зертхана- лаборатория, су- вода, жұмыртқа –

яйца.

Балалар залға кіріп келеді, қонақтармен қазақ, орыс, ағылшын тілінде

сәлемдеседі

Шаттық шеңберге жақсы көңіл күймен қол ұстасып тұрып, бір-біріне

қуаныш сыйлап, қонақтарға бас иіп, әдептілігін көрсетеді.

Бәріміз енді тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық

Жақсы – жақсы сөздерді,

Қонақтарға сыйлайық!

Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Иіліп сәлем береміз,

Біз әдепті баламыз.

Тәрбиеші:

Шаттық шеңбер жасадық көңіл күйімізді көтердік, енді мынау слайдқа

көңіл аударайық.

Балаларға мультимедиядан зертхананың сурет көріністерін көреді

Сұрақ –жауап:

Тәрбиеші:

- Балалар қараңдаршы мынау не сурет?

Балалар жауабы:

Page 2: 45minut€¦  · Web view2016-01-25 · Физика ғылым болғалы,Пайдасын елге тигізді: Машина, темір арбаны, Алысқа жылдам
Page 3: 45minut€¦  · Web view2016-01-25 · Физика ғылым болғалы,Пайдасын елге тигізді: Машина, темір арбаны, Алысқа жылдам

- Бұл зертхана.

Тәрбиеші:

- Жарайсыңдар балалар, ал зертханада кімдер жұмыс істейді?

Балалар жауабы:

Профессор, доктор ғылымдары, зертханашылар, білгіштер

Тәрбиеші:

- Зертхана деген сөзді орыс тілінде қалай аталады?

Балалар жауабы:

- лаборатория

Тәрбиеші:

Ендеше балалар, зертханада әр түрлі тәжірибиелер жасайды екен. Айтар

болсақ экологиялық, физикалық тәжірибие жасайды екен. Ал бүгін біз

зертханада физикалық тәжірибие жұмыстарымен танысамыз.

- Ал физика дегенміз не балалар білеміз бе?

Балалар жауабы:

- Физика дегеніміз табиғат

Тәрбиеші:

- Табиғат нені зерттейді?

Балалар жауабы:

- Табиғатта әр түрлі қозғалыс-құбылыстарды зерттейтін ғылым. Бұл

физикада күш, жылдамдық, салмақ, электро-заряд т.б. сияқты зерттеу

тәжірибиелер жасайтын ғылымдар.

Балалар тақпақтар физика жөнінде айтады:

Ғылымдардың нақтысы,

Жалқаулықты сүймейтін,

Оңайлықпен бас имейтін

Көп оқымасаң миыңа кірмейтін,

Жалпылауды білмейтін

Пәннің қиын да жақсысы!

Физика ғылым болғалы,

Пайдасын елге тигізді:

Page 4: 45minut€¦  · Web view2016-01-25 · Физика ғылым болғалы,Пайдасын елге тигізді: Машина, темір арбаны, Алысқа жылдам

Машина, темір арбаны,

Алысқа жылдам жүргізді.

Ғылымдар ғылымы

Заңдары нақты әрі ғұмырлы,

Жас досым мұны біз ұғайық.

Физика құрметтеуге лайық.

Физика – ғажайып әлемі

Көп онда қызықтар әдемі,

Физика қоршаған жан - жағың,

Бәрінен құр босқа қалмағын!

Тәрбиеші:

- Ал тәжірибие жасау үшін қандай қауіпсіздік ережесін білесіңдер?

(Шеңберге жиналып ережелер айтылады).

Балалардың жауабы:

- Терең ой керек;

- Шыдамдылықта қажет;

- Шуламау керек;

- Білмейтін заттарды ұстамау керек;

- Тәжірибие жасағанда ақ халат киіюді ұмытпау қажет;

- Тәжірибиені аяғына дейін жеткізу керек;

- Бастысы тәжірбиеден жалықпау қажет;

- Біздің білім туралы білмейтініміз әлі көп.

Тәрбиеші:

- Ал ендеше білгіштерім тәжірибие жасауға дайынсындар ма?

Балалар жауабы:

- Дайынбыз.

Тәрбиеші:

Олай болса білгіштерім ақ халат киіп тәжірибие жасауға кірісейік.

(Балалар ақ халаттар үстіне киіп, зертхана үстеліне жақындайды).

Page 5: 45minut€¦  · Web view2016-01-25 · Физика ғылым болғалы,Пайдасын елге тигізді: Машина, темір арбаны, Алысқа жылдам

1. Тәжірибие. «Піскен бе әлде шик ме?» Балалар ыдыста екі жұмыртқа тұр. Осы

жұмыртқаның піскенін немесе піспегенін ажыратып беріңдерші. Балалар екі

қолына алып көреді.

Балалар жауабы:

- Салмақ арқылы піскені ауыр және піспегені жеңіл болады.

Тәрбиеші:

- Басқа да қандай тәсіл білесіңдер?

Балалар жауабы:

- Шайқау арқылы, піспегені шайқалады.

Тәрбиеші:

Жарайсыңдар, олай болса балалар, піскен жұмыртқаны жарыңдар. ( үстел

бетіне жарып көреді).

Page 6: 45minut€¦  · Web view2016-01-25 · Физика ғылым болғалы,Пайдасын елге тигізді: Машина, темір арбаны, Алысқа жылдам

2. Тәжірибие.«Кемпірқосақ жасайық» . балалар сумен фламастер арқылы кемпірқосақ

жасаймыз. Ол үшін салфетканы алып фламастермен нүктелер жасаймыз.

Салфетканың бір бұрышын ыдыстағы суға саламыз, екінші бұрышын ыдыстың

сыртында тұру керек. Кемпірқосақ болу үшін 1-ден 10-ға дейін санайық.

Тәрбиеші:

- Құрғақ жағынан ұстап маған көрсетіңдер. Балалар көрсетеді.

- Қалай ойлайсыңдар кемпірқосақ қалай пайда болды?

Балалар жауабы:

- Суға салдық, фламастер пайдаландық, салфетка бойына суды тез сіңіріп алды,

содан кемпірқосақ пайда болды.

Сергіту сәті музыканың әуенімен сүйемелдеумен «білгіштер» қимыл-қозғалыстар

жасайды.

3. Тәжірибие.

Page 7: 45minut€¦  · Web view2016-01-25 · Физика ғылым болғалы,Пайдасын елге тигізді: Машина, темір арбаны, Алысқа жылдам

«Магниті шарлар». Шағын үрленген шарды қолымызға алып,

басымыздағы шаштарымызға үқалаңыз осы кезде шар салфеткаға жабыса

бастағанын көреміз. Сосын фальга қағазға жақындатсақ «билей» бастайды.

Тәрбиеші:

- Қалай ойлайсындар қалай пайда болды?

Балалар жауабы:

- Бұл дегеніміз олар бір-біріне оң және теріс электро зарядтарын таратады.

Салфетканы жапсырғанда оң заряд, ал фальга билегенде теріс заряд болды.

4. Тәжірибие.«Сиқырлы қаламдар» балалар бос қалташыққа (салафан пакет) су толтырып

қаламмен екі жағынан тесіп көреді. Сонда қалташықтан су төгілмейді.

Тәрбиеші:

- Балалар бұл неге төгілмеді?

Балалар жауабы:

- Өйткені қалташықта ауа қысымы жоқ блғандықтан. Ал қаламды алсақ тесік

болып ауа кіреді.

Page 8: 45minut€¦  · Web view2016-01-25 · Физика ғылым болғалы,Пайдасын елге тигізді: Машина, темір арбаны, Алысқа жылдам

5. Тәжірибие. «Сырғанау» екі тақтай үстінен кубикті сырғанатады. Бірінші тақтайша

тегіс болады, ал екінші тақтайшады мата оралған.

Тәрбиеші:

- Балалар қай тақтайшадан жылдам кубик түседі және де неліктен жай

түсті?

Балалар жауабы:

- Бірінші тақтайша тегіс болғандықтан, екінші кедергі болып түрғандықтан жай

түсті.

Қорытынды:

Page 9: 45minut€¦  · Web view2016-01-25 · Физика ғылым болғалы,Пайдасын елге тигізді: Машина, темір арбаны, Алысқа жылдам

Балаларды шеңберге шақырып, балалар міне біздің зертханалық

жұмысымызда аяқталды.

- Маған бүгін сендердің зертханада тәжірибие жасаған жұмыстарын

ұнады, ал сендерге ұнады ма, және де несімен ұнады.

Балалар өз ойларын сұрақ–жауап арқылы өз пікірлерін айтады, өз

ойларымен қорытынды жасайды.

Тәрбиеші:

Балалар сендерге рақмет зертханада әр түрлі тәжірибие жұмысын

жасадыңдар, сол үшін мен сендерге сиқырлы шарлар сыйлаймын. Ал сиқырлы

шарларды қонақтарға үрлеп жіберейік, олар біздің сиқырлы шарларымызды

ұстай ала ма екен.

Балалар қонақтармен қоштасады.

Page 10: 45minut€¦  · Web view2016-01-25 · Физика ғылым болғалы,Пайдасын елге тигізді: Машина, темір арбаны, Алысқа жылдам

Балабақша№17

«Физикалық зертхана-тәжірибиелері»

Тәрбиеші: Досымжаноба С.Д.