16
86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] :::$67$1$$.6+$0<.= Ě 143 ÒÆÊÒÆμ 16 ÇÆÌÓÏĭÒÁÎ ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü -10°.. -8° -14°.. -12° ɹʼʞʛʜʧʛʼ ʝʜʢʩʥʨʖʤ o ʖʞʖʨʩʖʤ ɸʜʨʦʪʗʢʟʡʖʨʲʤʲ ɺʪʜʢʨʼʞʛʼʡ ʡʤʼ ʣʜʧʜʡʜʨʼʣʜʤ ʯʲʤ ʝʧʜʡʩʜʤ ʩʩʲʩʖʠʣʲʤ ʖʠ ʬʖʢʲ ʯʼʤ ʛʜ ʖʞʖʩʩʲʩʖʤ ʖʨʖʤ ʢʲ ʲʣ ʩʪʜʢʨʼʞʛʼʡʩʜʤ ʗʟʼʡ ʩʲʧʢʲ ʤʛʲʢʲ ʝʥ ɭʢʗʖʨʲʤʲ ʛʖʤʖ ʨʖʶʨʖʩʲʤʲ ʖʧʖʨʲʤʛʖ ʜʢʼʣʼʞ ʜʧʜʤ ʝʜʩʼʨʩʼʡʩʜʧʙʜ ʥʢ ʝʜʩʡʼʞʛʼ ɺʖʢʖʠ ʖʨʪʢʖʧʛʲ ʗʖʲʤʛʲʧʖʤ ʣʜʣʢʜʡʜʩʼʣʼʞʛʼ ʢʜʣ ʖʢʛʲʤʛʖʲ ʖʗʲʧʥʠʲ ʡʤ ʨʖʤʖʦ ʖʧʩʲʦ ʡʜʢʜʛʼ ɴʤʲ ʗʖʧʢʲʲ ʛʖ ʗʙʼʤʙʼ ʜʙʜʣʜʤʛʼʙʼʣʼʞʛʼ ʝʖʨʖʣʦʖʞ ʝʜʣʼʨʼ ɭʢʼʣʼʞʛʼ ʗʖʨ ʖʢʖʨʲ o ɧʨʩʖʤʖ ʯʼʤ ʗʢ ʣʜʧʜʡʜʤʼ ʣʤʼ ʛʜ ʣʖʲʞʲ ʛʖ ʞʥʧ ɹʜʗʜʗʼ ɭʢʗʖʨʲʤʲ ʩʢʩʪʲʤʛʲʨʲ ʜʢʥʧʛʖ o ʖʞʖʩʩʲʲʣʲʞʛʲ ʖʠʖʲ ɶʨʲʤʖʪ ʣʜʧʜʡʜ ʡʤʼ ʨʼʞʛʜʧʙʜ ʞʥʧ ʛʜʤʨʖʪʢʲ ʥʩʗʖʨʲʢʖʧʲʲʞʖ ʗʖ ʦʜʤ ʗʜʧʜʡʜ ʯʖʲʧʖʩʖʧʲʲʞʖ ʯʖʩʩʲ ʩʼʢʜʠʣʼʤ ʦʢʛʨʨʻ ʕʧʨʕʣʕʡʱʨʕʦ ʜʣʛ ʕʡʕ ʤʣʕʨʕʦʱ ʚʻʡʖʛʠ ɭɧɸʂɨɬɱɵɩ ɧʧʨʕʣʕ ʕʡʕʧʱʣʱ ʠʻʢʻ ʫˬ˙˘˳ ˘ˣ˘೪˳˵˘ˮ ˀ˟˳˱˶˙ˬˤ˪˘˳ˮ೮ ˃ഉ˶˟ˬ˳˧ˣ˞˧˪ ˪ˮ˧ˮ˟ ˘˲ˮ˘ˬ೦˘ˮ ˳˘ˬ˵˘ˮ˘˵˵ ˢˤˮ೦˘ ೪˘˵˳˵ ʺ˟˭ˬ˟˪˟˵ ˙˘˳˾˳ ˢˤˮ˘ˬ೦˘ˮ˞˘˲˞ ˭˟˲˟˪˟Ͳ ˭˟ˮ ೪˵˵೪˵˘˱ ˘ˣ˘೪˳˵˘ˮ ˙˛˧ˮ˞˟ ˣ ˵˘˲ˤ˺ˮ೮ ˵˘೦ ˙˧˲ ˙˟ˬ˟˳˧ˮ˟ ˳˟ˮ˧˭˞˧ ˵˲˞˟ ˵˪˟ˮ˧ˮ ˘˥˵˵ ʹ ˄˘೪˵ ˘೦˳ ˙˧ˣ˞˧ ˘ˣ˘೪˳˵˘ˮ ˀ˟˳˱˶˙ˬˤͲ ˪˘˳ ˵೮೦˾ ˲˟˵ ˣ˧ˮ ˵ഉ˶˟ˬ˳˧ˣ ˭˟˭ˬ˟˪˟˵ ˲˟˵˧ˮ˞˟ ˢ˘˲ˤˬ˘೦˘ˮ ϭϵϵϭ ˢˬ೦ ϭϲ ˢ˟ˬ˵˯೪˳˘ˮ˞˘೦ ˬ ˪ˮˮ˟ˮ ˵˟ˣ ˘ˬ˳˵˘˵˱ ˙˘˲˘˞ ˈ˘ˬ೪ ˢ˘˳˘೦˘ˮ ˵˘೮˞˘˶˞೮ ˳˘˲೪ˬ˭˘˳ ˵˘˲ˤ˺ˤ ˪˾˧ˮ ˙˧ˣ ˢˬ ˵˪˟ˮ ˳˘˥ˮ ˵˟˲˟೮ ˳˟ˣ˧ˮ˧˱ ˪˟ˬ˟˭˧ˣ ʽˬ ʹ ˟˲˪˧ˮ ˟˛˟˭˟ˮ ˟ˬ˞˟ ˵˘˵˶ˬ೪˵˘ ˙˧˲Ͳ˙˧˲˧ˮ˟ ˞˟˛˟ˮ ˳˟ˮ˧˭ ˢഉˮ˟ ˪˟ˬ˧˳˧˭˞˟ ˭˧˲ ˳˲˶ ˵˘೮˞˘˶ ˣ ˵˘೦˞˲ˮ ೪˘˾˘ˮ˞˘ ˣ˧ ˘˥೪ˮ˞˘˱ ˙˯ˬ˘˾˘೦ˮ ˢ˘˳˘˶ ʹ ˞˟˞˧ ˘ˣ˘೪˳˵˘ˮ ʿ˲˟ˣˤ˞˟ˮ˵˧ ;ʮ˘ˬബ˘˳ ϮͲ˙˟˵˵˟Ϳ

143 (3200) 2014-12-16

  • Upload
    -

  • View
    229

  • Download
    3

Embed Size (px)

DESCRIPTION

АСТАНА АҚШАМЫ №143 (3200) 16 желтоқсан

Citation preview

Page 1: 143 (3200) 2014-12-16

143 16

-10°.. -8°-14°.. -12°

Page 2: 143 (3200) 2014-12-16

AKORDA.KZ

2www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

К е ш е А с т а н а ә к і м і Әд і л б е к Жақсыбеков елорданың дамуына зор үлес қосқан тұлғаларға мемлекеттік наградалар табыс тады.

«Біз тәуелсіздігіміздің 23 жылында іргелі мемлекет құрып, экономиканы қалыпқа келтірдік. Қазақстанды дүниежүзіне танымал еттік. Әлеуметтік жағдай, білім беру, ғылым, өнерде көптеген жетістіктерге жеттік. Осының бәрін біздің халық жасады, бүгінгі жақсы өмір ел азаматтарының ерен еңбегінің арқасында. Сіздер бірлігімізді нығайтып, берекемізді арттыруға атсалысып келесіздер. Сондықтан бүгін өздеріңізге тапсырыла-тын мемлекеттік наградалардың маңызы өте зор» деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы бұл марапаттың ел дамуына үлес қосқан қазақстандықтардың еңбектеріне берілген мемлекеттің бағасы екенін атай келе, сыйлықты күллі Қазақстан бойын-ша марапатталып отырған мың жарым адамның бәріне өз қолымен тапсыра алмайтынын айтты.

Президент ең алдымен «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын елді әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы жетістіктері мен мәдениетті дамытудағы айрықша үлесі үшін Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаеваға тапсырды. Кейін «Отан» орденіне Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған бірнеше азамат ие болды.

Сонымен қатар, Елбасы І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Барыс», «Парасат» және І, ІІ дәрежелі «Достық» ордендерін де кезек-кезегімен табыстай отырып:

«Сіздер еліміздің бірлігіне сызат түсірмей, халықтың әл-ауқатын жақсартуға үлес қосып жүрсіздер. Бұл наградалар – сіздердің еңбектеріңізге берген мемлекеттің бағасы» деп сөзін түйіндеді.

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

(Басы 1-бетте)

Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты жаһандық сын-қатерлерге лайықты жауап болғанын атап өтті.

– Біріншіден, әлемдік алмағайып жағдайда инфрақұрылымдық дамуға ден қою – қазіргі әлемдегі табысты елдерге тән ортақ тренд. Екіншіден, сапалы жолдар мен коммуникациялар салу арқылы біз өңірлік және жаһандық экономикалық байланыстарға тереңірек

бойлаймыз. Үшіншіден, инфрақұрылым құрылысының ірі жобалары шетелдік инвестициялардың тұрақтылығын сақ-тайды. Олар ұзақмерзімді эконо микалық өсімді қамтамасыз етеді. Төртіншіден, бұл – лайықты еңбекпен қамтудың, еңбек өнімділігі мен халықтың әл-ауқатын арттырудың берік кепілі. Бесіншіден, «Нұрлы жол» – барлық өңірлер үшін жаңа мүмкіндіктер, - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен бірге, Қазақстан Президенті жаһандық экономика үшін күшейіп келе жатқан қатерлердің бар екеніне тоқталды.

– Бүгінде барлық елдерге қиын. Әлемдік нарықта көмірсутек, металл және басқа экспорттық өнімдердің бағасы құлдырауда. Бізге де қиын болады. Осыны қаперге алған жөн. Сондықтан бекітіліп қойған бюджеттің шығыс бөлігін бізге де қысқартуға тура келеді. Бірақ ол

әлеуметтік шығыстарға әсер етпейді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы өзінің тапсырма-сына сәйкес Үкіметке халық алдындағы барлық міндеттемелерді қамтамасыз етуі тиістігін еске салды. Сонымен қатар Қазақстан Президенті Үкімет пен Ұлттық банктің алдына маңызды-маңызды екі міндет қойды, ол – экономиканы дол-ларсыздандыру және инфляциялық таргеттеуге көшу. Бұлар «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының құрам-дауышына айналуы тиіс.

Елбасы қазақстандықтардың қазіргі буынының еңбегі ел тарихында айрықша орын алатынын айтты.

– Бұл – 1995 жылы наурызда Қазақстан халқы ассамблеясының құрылуы, 1995 жылы 30 тамызда ел Конституция-сын бүкілхалықтық қабылдау, 1998 жылы Астананы ел ордасы деп жа-риялау. Біздер, қазақстандықтардың қазіргі буыны, біртұтас халық ретінде болашақтың басты бағдарын ай-қындадық. Біз алдымен 2030 Страте-гиясын, сосын «Қазақстан-2050» Стратегиясын әзірлеу арқылы тарихта алғаш рет оқиғалардың соңынан ілеспей, алға озатын болдық, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы бірнеше маңызды даталар атап өтілетін алдағы жылдың ерекшелігіне тоқталды. Атап айтқанда, Қазақстан халқы ассамблеясы жылының

аясындағы іс-шаралар және Қазақстан Республикасы Конституциясының бүкіл халық тарапынан қабылдануының 20 жылдығы өтеді. Сонымен қатар ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің маңызды датасын – Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын атап өтетін боламыз.

Сондай-ақ Қазақстан ТМД елдерімен және бүкіл әлеммен бірге Ұлы Отан соғысындағы фашизмді жеңген жеңістің 70 жылдығын мерекелейді.

– Біз үшін соғысқа қатысқан буынның ерлігі туралы естелік әрқашан қасиетті. Біз – әрдайым өз өткеніне алғыс сезімімен және кешіріммен қарайтын халықпыз. Тарихи өткен шақты біз қашанда тұтас күйінде және оң көзқараспен қабылдауымыз керек. Ол барлық қазақстандықтарды бөлуге емес, біріктіруге тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз Қазақ-станның бүкіл тарихы тұтасу мен бірігуге негізделгенін айрықша атап өтті.

– Бірлікті сақтау және нығайту – ең игі іс. ХХI ғасырда тек бірлігі бекем, еңбегінен рахат тапқан, азаматтары тату ел ғана бақытты өмір сүреді. Біздер, қазақстандықтар оны жүрегімізбен сезіндік. Тәуелсіздік жылдары біз рухани тұрғыдан шынығып, шыңдалдық, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Мәңгілік Ел идея-сы мызғымас тұрақтылықтың символы бола отырып, ертеңгі күнге жол сілтейтін, болашаққа сенім білдіретін идея екеніне назар аударды.

Қазақстан Президенті қазіргі замандағы халықтың тағдырын айқындайтын екі басты қағидатты атады.

– Бұл – ұрпақ және құндылықтар сабақтастығы, сондай-ақ ұлттың ширақ-тығы, жастардың инновацияға бейімдігі. Біз өз тарихымызды батыл әрі лайықты түрде игеруге тиіспіз. Әрдайым бірлігіміз болса, біз бұдан да қуатты бола түсеміз. Біздің жалпыұлттық Мәңгілік Ел идея-мыздың, Мәңгілік Отанымыздың мән-маңызы осында, - деді Мемлекет басшысы.

Іс-шара соңынан Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерт болып, оны ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үкіметтерінің басшылары да тамашалады.

- Сіздер түрлі салаларда қызмет етесіздер. Сіздердің қызметтеріңіз әрқашан да мемлекет пен қоғамның игілігіне бағытталды. Мемлекеттің негізі сіздер сияқты адамдардың арқасында қаланады. Әрқашан да осылай болған, болады. Еліміз бен халқымызға одан әрі құрметпен қызмет ететіндеріңізге сенімдімін, - деп жүрекжарды лебізін арнаған қала басшысы басқарма басшы-ларына, білім және денсаулық сақтау са ла ларының көрнекті қайраткерлеріне наградаларды өз қолымен тапсырды. Жалпы саны 50 адам мемлекеттік сыйлық иегері атанды.

www.astana-akshamy.kz

Page 3: 143 (3200) 2014-12-16

3www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Е л і м і з Тәуелсіздік алған 23 жылда талай биікті бағынд ырып, көптеген жетістікке жетті, болашаққа сенімді қадамдар жасады, қазақ атымыз әлемге танылды. Айбынды қаламыз Астана – асқаралы асуларымыздың айғағы. Елімізде өткен халықаралық шаралар абы-ройымызды асырды.

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Тәуелсіздік күніне арналған сал-танатты жиында Тәуелсіздіктің ұлы рухы баршамызды жебейтінін, біріктіретінін, бойымызға қуат беріп, келешекке деген сенімімізді нығайтатынын тебіреніп айт-ты. Шын мәнінде біз бүгінде бейбітшілік бесігінде өмір сүріп келеміз. Құдайға шүкір, қазіргі кезеңде Қазақстанды бүкіл әлем танып-біліп отыр.

Ұлтымыздың көшбасшысы, мемле-кеттің қолбасшысы болып отырған Нұрсұлтан Әбішұлы Тәуелсіздік күні мерекесі әрбір қазақстандық азаматтың жүрегінде, әр шаңырақтың төрінде, қалалар мен ауылдарда салтанат құрады деп атап өткені жүрегіме майдай жақты. Ақиқаты сол – тәуелсіздік бұрынғы ата-бабаларымыздың орындалмай кеткен арманы еді. Ал бүгін біздің ұрпақ сол асыл арманды жүзеге асырып, бақытты заманды бастан кешіп отыр.

Елбасымыз Отанымыз – Қазақстанның көк байрағын нық ұстаймыз, асқақтатып желбірете береміз, бұл біздің мәңгілік ұстанымымыз деп айтты. Бұл сөз бар-шамызға бағытталған сөз деп түй сінемін. Демек, елдің бірлігі үшін, берекесі үшін бәріміз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып еңбек етейік. Тәуелсіздіктің бір талабы да осында жатса керек.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай деп тілеймін.

Өзім жырақта жүрсем де, елімдегі жаңа лықтарға елеңдеп құлағым түрік жүреді. Астана төрінде Елбасы Н.Назарбаевтың Тәуелсіздік күні мере-кесіне орай дүйім жұртқа толғана тіл қатуында ұлтты қайрайтын, қамшы-лайтын ащы шындық та жатқанын айта кеткім келеді.

«Тәуелсіздік біздің экономикамыздың өсімімен, әрбір жаңа өндіріс орнымен, ұлан-ғайыр Отанымызға салынған әрбір күре жолмен, дала төсінен өнген әрбір тонна алтын дәнмен нығаяды» деді. Яғни, еңбек – бәрін де жеңбек. Әр заманның өз күресі бар. Ертеректе аталарымыз елдің еркіндігі мен тұтастығын ақ найзаның

ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған болса, осы жолда қанын да, жанын да ая-май күрессе, бүгінгі күні жастар ақыл-ой, білім, сана қабілетімен, еңбегімен егемен-дікті қорғауға тиіс. Бұл – ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтып жүрген дей, барлық қазақстандықтардың, жер бе-тіндегі барлық қазақтың қасиетті борышы.

Сол борышты біз де жан-жүрегімізбен сезініп келеміз. Әрбір атқан таңнан Қазақ елімде жастар жігерлі, рухты, білімді бол-са екен, жат ағымдарға еріп, ата дінінен адасқандар қайта үйіріне қосылып, тура жолын тапса екен, әр шаңыраққа шапағат төгіліп, қалың қазақ бақуатты тірлік кешсе екен діп тілейтініміз де сондықтан.

Құрметті елорда тұрғындары мен

қонақтары! Астана қаласы мәслихаты депутаттарының атынан сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! 23 жыл бұрын өз егемендігін жариялаған Қазақстан Елбасы – ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жетекшілігімен экономикалық және қоғамдық-саяси дамуында елеулі жетістіктерге қол жеткізді және әлемдік қоғамдастықта лайықты орынға ие болды. Еліміздің қарқынды жаңаруының белгісі – Астана тағдырымызға етене еніп, қазіргі күнгі баршаға мәлім және құрмет тұтатын тарихи оқиғалар орталығына айналды. Осы атаулы күні сіздерге денсаулық, береке-бірлік пен сәттілік тілеймін.

Сансызбай ЕСІЛОВ, Астана қаласы

мәслихатының хатшысы

Құрметті астаналықтар мен қала қонақтары!

Сіздерді еліміздің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Тәуелсіздік – халқымыздың асқақ рухы, еркіндігі мен гүлденуінің басты нышаны. Бүгінде еліміз тұғыры биік тәуелсіздіктің арқасында ата-бабалар арманын ақиқатқа айналдырды, татулық пен бейбітшіліктің айқын үлгісін көрсетіп, көк туды көкке ілгізіп, кіл ғаламға құлақ түргізген, айбынды Елордасын әлемге танытты.Тәу еткен тәуелсіздігіміздің жиырма үшінші жылында Қазақстан тарихтан тағылым алып, келешекке сеніммен қарайтын мемле-кет деңгейіне жетті. Елбасы Н.Ә. Назарбаев өз Стратегиясында «Тәуелсіздік» ұғымына баса мән беріп, кейінгі ұрпақты Отанды сүюге, елдігімізді көркейтуге шақырады. Еліміздің әрбір азаматы Тәуелсіздігімізді қастерлеп, оны нығайтуға шексіз үлес қосуы қажет! Қолымыздағы тәуелсіздікті нығайтып, тұғырын бекітіп, мың жылдық «Мәңгілік ел» идея сына ұштастыруымыз керек. Құрметті қала тұрғындары мен қонақтар, айтулы мереке күні шаңырақтарыңызға құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілейміз! Егемен еліміздің гүлденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты болсын!

«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының

Саяси кеңесі

Тәуелсіздік күніне арналған салта-натты жиында Президент Нұрсұлтан Назарбаев маңызды, мәнді мәселелердің түйінін тарқатқандай болды. Ол елі-міздің даму жолдарын, қарқынды қа-дамдарын тағы бір саралап, алдағы жос парларымызды да тілге тиек етті, халық татулығының үлкен табыстарға жет кізетінін тағы да шегелей әңгімеледі.

«Бірлікті сақтау және нығайту – ең игі іс. ХХI ғасырда тек бірлігі бекем, еңбегінен рахат тапқан, азаматтары тату ел ғана бақытты өмір сүреді. Біздер, қазақстандықтар оны жүрегімізбен сезіндік. Тәуелсіздік жылдары біз руха-ни тұрғыдан шынығып, шыңдалдық» деген Президент сөзі залда отырған әр тыңдаушыға серпін беріп, рух сыйлады. Шындығында, қазақтың кең даласындағы түрлі ұлттар достығы әлемнің талай еліне үлгі болғанын мақтанышпен айтамыз. Біздің әлемдік аренадағы ұтар тұсымыз да, артықшы лығымыз да осы дер едім.

Е л б а с ы н ы ң төмендегі мына сөзі де көпшілікті қанаттандыра т ү с т і ж ә н е жарқын бола-ш а қ қ а д е г е н сенімдерін ны-ғайтты: «...Біз өз тарихымызды батыл әрі лайықты түрде игеруге тиіспіз. Әрдайым бірлігіміз болса, біз бұдан да қуатты бола түсеміз. Біздің жалпыұлттық Мәңгілік Ел идеямыздың, Мәңгілік Отанымыздың мән-маңызы осында».

Тәуелсіздік күні – қай қазақ үшін де ұлы той. Ал той – ас ішіп, аяқ босату емес, кешегіні зерделеп, бүгінді саралап, ертеңге бағдарлы жоспар жасау. Мем-лекет басшысының қатысуымен өткен алқалы жиын осы үдеден шықты деп білемін.

Елбасы кеше Тәуелсіздік кү ніне арна лған са лта-натты жиында сөйлеген сөзінде «Нұрлы жол» жаңа экономика л ық са ясат ы жай ғана бағдарлама емес, әлемдік сын-қатерлерге қарсы дайындалған қорғаныс құралы екенін ерекше атап өтті. Жаһандық экономикамен санаса отырып, байыппен жасалған бағдарлама елдегі

барлық өңірлер үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Елбасы келесі жылы үлкен деңгейде тойланатын мерейлі даталарға тоқталды. Соның ішінде Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығын ерекше атауға болады. Бұл тарихымыз түгенделетін, ұлттық болмысымыз ұлық-талатын, елдігіміздің іргесін н ы ғ а й т а т ы н м а ң ы з д ы

мереке болмақ. Біз – биік баспалдақтардан, тарихи өткелдерден өткен текті халықпыз. Сондықтан осын-дай ұлы тойды өткізуге дайын болуымыз керек, дәріптеуіміз керек, өзімізді өзгелерге дәлелдеуіміз керек. Елбасы нықтап тапсырмалар берді. Енді рухы жоғары еліміз мұндай күнді асқақтатып атап өтеді деп ойлаймын.

Қазақстанның бүгінгідей берік ел болуында ұлттар арасындағы ынтымақтың рөлі зор. Келер жылы Қазақстан х а л қ ы ассамблеясының 20 жылдығы тойланады. Бірлігіміз бекем болса, келе-шегіміз – кемел.

Page 4: 143 (3200) 2014-12-16

4www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

– Түркі дүниесімен бірлікте болу – біздің елдің сыртқы саясатының маңызды бағыттарының бірі. Түрік кеңесі, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шарала-ры кеңесі, Ислам конференция-сы, ТүрікПА, ТүркСОЙ сияқты халықаралық ұйымдар арқылы бір-бірімізбен сан-салалы байла-ныстамыз. Оның үстіне кеше ғана Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мен Премьер-министр, бұған дейін сыртқы саясат ведом-ствосына басшылық етіп келген Ахмет Дәуітоғлы Қазақстанға айрықша сенімді серіктес ретінде қарайды деп сенеміз. Бұл тұрғыда Түрік мемлекетінің жаңа сыртқы саясатындағы Қазақстанның ор-ны туралы өзіңіздің пікіріңізді білсек дейміз?

– Тағдырлы жолда табысқан, айырылып-қосылған бауырлардың бірі-біріне деген ыстық ықыласы ешқашан суымаса керек. Олай дей-тін себебім, Түркияның сыртқы саясатындағы Қазақстанға деген көзқарас біздің қазақ бауырлары-мыз алып империя құрсауынан босап, еркін тыныстай бастаған сәттен белгілі болған. Мирасқоры қазақтар болып табылатын Тұран ойпатын – атажұрт, Анадолы да-ласын – анажұрт деп қадірлейтін түрік тердің бағзыдан тартқан тарихи тамырластықты ұмытып, татулық жолынан жаңылатындай еш себебі жоқ, оған шүбәңіз болмасын.

Рас, биыл тамызда Түркияның жоғарғы саяси эшелонында айтулы өзгерістер болды. Президенттікке тарихта тұңғыш рет Парламенттің емес, бүкілхалықтық сайлаудың нә-тижесінде Режеп Тайып Ердоған келді. Ал, Премьер-министр – баш бакан лауазымына тағайындалған Ахмет Дәуітоғлы, өзіңіз айтқандай, сыртқы саясатқа өте сақ қарайтын салмақты мемлекетшіл тұлға екенін айта кеткім келеді.

– Осы орайда қоса кететін бір жәйт, Режеп Тайып Ердоған ел президенті ретінде Орта Азия мемлекеттеріне алғашқы ресми сапарын Түркіменстаннан баста-ды. Сондағы журналистердің на-зары ауып, қоғам тарапынан жылы қабылданған бір көріністі айтқым келеді. Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовпен төс қағыстырып, амандасар сәтте Режеп Тайып Ердоған тосыннан жерде бағыттаушы белгі есебінде жатқан қос елдің туын еңкейіп барып көтеріп қалтасына салғаны – бір жағы туған халқына, екінші түркітілдес мемлекеттерге үлкен құрметі деп қабылдадық.

– Иә, бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазған, жақсыға жорыған жаңалық болды ол.

– Яғни, достықтың туын кө-терген мемлекет қайраткері көп ұзамай Азиядағы әзелгі әріптесіне де ат басын бұрады деп білеміз бе?

– Құдай қаласа, Президентіміздің Қазақстанға ресми сапары келесі жылдың бірінші ширегіне жос пар-ланып отыр. Әлгінде айтқа ным-дай, Қазақстан – біз үшін маңызды

стратегиялық әріптес. Теңізге шы -ғатын тікелей жолы болма ған дық-тан Қазақстан мұнай-газ, ауыл ша -руашылық, басқа да саладағы өнім -дерін біз арқылы экспортқа шыға-рады. Қарт Каспийдің айлағынан артылған жүк Қара теңізді қақ жа-рып, Жерорта теңізіне жетеді. Сол секілді біз де сіздерге Азиядағы алып

дейінгі жетіс тіктерімізді сақтай оты-рып, әрмен қарай аясын кеңейту үшін түзілген нақты құжат болатын. Оның шең берінде қырық шақты бағытта бір лескен келісімдерге қол жеткіздік.

Ескере кететін бір жәйт, Қазақ-станға осынау мерзім ішінде мынан-ша инвестор келді, әлде керісінше Түркияға барды деп санамалап бере

проблемалар бар ма, жоқ па?» деген сауалыңызды шынымды айтсам бір түрлі қабылдай алмадым. Неге десе ңіз, бизнес бар жерде міндетті түрде мәселе туындайды. Егер ондай келіс пеушіліктер, әлдебір көзқарастар қай шылығы орын алмаса, арамыздағы іскерлік қарым-қатынас мардымсыз дегенді білдіреді. Астын сыза айта-

өткім келеді. Биыл 28 қыркүйек пен 3 қазан аралағында Қазақстанның қорғаныс министрінің орынбаса-ры Нұрлан Сауранбаев бастаған де легация Анкара мен Стамбулда «Аселсан», «ТАИ» сияқты әскери техника шығарушы компаниялардың өнімдерімен танысып, бірқатар ке-лісімдерге қол жеткізіп қайтқан еді.

ОРIПТЕСТIГIНIН БАУЫРЛАС ЕЛДЕР

ТYГЫРЫ БЕРIК

,

қақпамыз, қиыр шығысқа қиналмай жетуге дәнекер болатын әріптес ел ретінде ерекше маңыз артамыз. Екі жыл бұрын құрметті Н.Ә.Назарбаев Түркияға жасаған ресми сапарын-да Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі құрылып, онда таяу жылдары бірлесе дамы-татын бағыттардың ішінде энерге-тика мен көлік-логистика саласы айрықша аталған болатын. Бүгінде Қазақстан «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» трансқұрлықтық көлік дәлізінің өзіне тиесілі бөлігін аяқтап қалды. Кеше ғана жария етілген «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатында Нұрсұлтан Әбішұлы республикалық маңызы бар жол-көлік инфрақұрылымына алдағы он жылда еселі қаржыландыру болаты-нын айтқанда, екі жыл бұрынғы уағдаластық іс жүзінде жүзеге асататы-нына көзіміз жете түсті.

– С і з д і ң а й т ы п о т ы р ғ а н ы ң ы з 2012 жылы қазанда Қ Р П р е з и д е н т і Н . Н а з а р б а е в п е н Түркия Респуб ли ка-сының Президенті Абдолла Гүл қол қойып бекіткен «Жаңа си-нергия» бірлескен эко номикалық бағдарламасының іске асу мәселесі емес пе?

– Дұрыс аңғарып отырсыз.– Осы орайда Қазақстан мен

Түркия арасындағы сауда айналы-мы, инвестициялық ахуал туралы айта кетсеңіз...

– «Жаңа синергия» ортақ эконо -микалық бағдарламасы эконо мика-ның белгілі бір секторларына бай-ланбай, жалпылама түрде сауда, инвес тиция салаларындағы бұған

алмай отырған себебім, кез келген бизнесмен өзінің әр басқан қадамы туралы елшілікке есеп бермейді. Де-генмен, Қазақстан мен Түркияның арасында екіжақты инвестициялар-ды қорғау келіссөзіне қол қойылған болатын. Осы келіссөз аясында ин-весторлардың мүддесі барынша қамқорлыққа алынады.

– Ендеше, Қазақстанда жұмыс істеп жатқан Түркия ком пания-лары мен бірлескен кәсіп орын-дарының мүддесі өзіңіз айтқандай жеткілікті деңгейде қорғалып жатыр ма?

– Білесіз бе, Қазақстанда экономи-ка саласындағы бастамалардың баян-ды болатынына кепілдік беретіндей өте зәру заңдар қабылданып жатыр. Айталық, ұлттық кәсіпкерлер палата-

сы, кәсіпкерлікті қолдау, инвестиция, арнаулы экономикалық аймақтардың жұмыс регламенті, салықтық жеңіл-діктер туралы ірілі-ұсақты заңдардың арқасында Қазақстанда бизнеске оңтайлы ахуал қалыптасып келеді деп ойлаймын. Түркия тарапынан компаниялардың, жекелеген іскер азаматтардың Қазақстаннан бірлескен кәсіпорын ашуға құлшынысы да осы-мен түсіндіріледі. Ал, «түрік компа-ниялар мен бірлескен кәсіпорындар мүддесінің қорғалуына қатысты

рымыз, Қазақстанда бизнес қоғам-дастықтың ресми органдарға талап-тілегін жеткізіп, арадағы дау-дамайға арағайындық жасайтын омбудсмен институты жақсы дамып келеді.

Ал, нақты көрсеткіштерге келсек, Түркия мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы былтыр 4,2 млрд доллар болған. Алайда, биыл жыл соңы таяп қалса да, былтырғымен салыстырғанда біраз бәсеңсіді. Оған қос тараптың кінәсінен гөрі дүниежүзіндегі экономикалық дағ-дарыс, дүниенің басқа бұры шын-дағы геосаяси кикілжіңдер себеп болды деп ойлаймын. Қазіргі таңда Қазақстанда Түркияның 250-ден аса компаниясы жұмыс істеп жатыр. Инвестиция салу жағынан 15-орында тұрмыз. Алайда, егер бұл санаттан

мұнай-газ секторын алып тастай-тын болсақ, Түркия инвесторлар тізімінде үздік бестіктен көрінеді. Түркия Қазақстанда құрылыс, фар-мацевтика, денсаулық сақтау, білім беру, қонақ үй бизнесінде жетекші рөлге ие. Бірақ, бір қызығы, түрік компаниялары көбінесе құрылыс секторында басым деген теріс түсінік қалыптасқан. Соңғы жылдары Түркия Республикасының инвестиция са-лып жатқан салаларының қатарына қорғаныс саласы да қосылғанын атап

– Былтыр Астанада «Қазақстан Аселсан инжиниринг» бірлескен кәсіпорнының ашылуы – сол уағ-даластықтың алғашқы нәтижесі деп білеміз бе?

– Иә, оның тұсаукесер рәсіміне Н.Әбішұлының өзі қатысқан. Әскери оптикалық құрылғылар шығаруға маманданған зауыт келешекте аза-маттық салада қолданылатын элек-трондық платалар мен линзалар өнді-рісін іске қосады. Қорғаныс қана емес, қосалқы саланы да қамтыған мұндай ауқымды өндірістің болашағы зор.

Менің ойымша, Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық қарым-қатынас басқа елдермен са-лыстырғанда өте мықты платформа үстінде қалануда.

– Құрметті елші мырза! Олай болса, сізден сырт көз ретінде сыр суыртпақтайық. Қарашада П р е з и д е н т Н . Н а з а р б а е в «Нұрлы жол – болашаққа бас-тар жол» атты Жолдауын жа-риялап, таяу жылдардағы жаңа экономикалық саясаттың бағыт-бағдарын белгілеп берді. Жол-даумен таныстыңыз ба? Қалай қабылдадыңыз?

– Нұрсұлтан Назарбаев – өте көреген саясаткер. Бір нәрсемен бетпе-бет келерде күшін бағамдай алатын, күрестен, қиындықтан тай-салмайтын шын лидерлер ғана шыңға шығаратынын абыз тарих талай мәрте дәлелдеген. Қазақ елі үшін ұзақ мерзімді жол карталарын сызып дайындауынан осы қасиетін айқын танимын.

Менің түсінігімде «Нұрлы жол» бағдарламасы – «Қазақстан 2050» стратегиясының экономикалық мақсат-мұратын тарқатқан, нақты индикаторларын тізген құжат. Президент Жолдауында Қазақстан

Page 5: 143 (3200) 2014-12-16

5www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

дүниеде болып жатқан өзгерістер мен ықтимал жаһандық қатерлерге алдын ала қам жасауға шақырды. Сөзінің қаншалықты өзектілігін құлдырап бара жатқан мұнай баға-сына қарап бағамдай беріңіз. Өйт-кені, кез келген мұнайлы мемлекет ол үдерісті айналып өте алмасы анық. Сондықтан Қазақстанға эко-но микалық тұрғыдан өз позиция-сын нығайтып алу керек. Өйткені, жаһандағы жағдайлар бар лық мемле-кетке де әсерін тигізбей қоймайды. Мысалы, Украинадағы шие леніске байланысты Батыстың Ресейге са-лып отырған экономикалық санк-цияларының салқынын іргелес жат қан көрші елдер де сезеді. Сол себепті, Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлт тық қордан қаржылай транс-ферттер ұйымдастырып, экономи-каны мейлінше әртараптандыру үшін Үкіметке нақты тапсырмалар жүктегенін әлемдік қауымдастық жо ғ а р ы б а ғ а л а й т ы н ы н а б е к сенімдімін.

– Саясат пен экономика жөнінен үсті-үстіне сауал қойып, әңгіме барысын созып жібергендей бол майық. Сұрайын дегенім, сіздің түпкі мамандығыңыз гума-нитарияға қатысты ма? Өйткені, елші лік сайтындағы арнау сөзі-ңізді жарты жыл толғанып барып жазғаныңызға қарағанда мәр те-белі сөздің көлеңкесіне дейін мән беретін эстет көрінесіз...

– Өкінішке қарай, өнерге еш қа-тысым жоқ, ешқандай музыкалық аспапта ойнамаймын. Мамандығым – ағылшын филологиясы. Сондықтан шамаға соғып отырсыз. Әр адам ру-хани жағынан кемелдену үшін көп саладан хабардар болуы керек деп есептеймін. Өз басым археология, опера, балетке қызығамын.

– «Астана опера» театрына жиі барып тұратын шығарсыз ендеше?

– Бекзат өнердің сарайынан ұшы-растырып қалуыңыз ғажап емес.

– Түркияның опера және балет труппалары біздің елге келмеген сияқты...

– Ол рас. Театрдың бұрынғы бас-шысы Төлеген Мұхамеджановпен рухани тұрғыдан пікірлес жандар-мыз. Әңгіме орайы келгенде ол ой-ымды бипаздап жеткіздім де. Бірақ, «Астана опера» театры таяу жыл-дары алдымен Еуропа театрларымен шығармашылық байланыс орнатуды көздейтінін байқап қалдым да, орын-сыз қолқа салғандай болмайын дедім.

Бірақ былтыр ТүркСОЙ ұйым-дас тырған «композитор Мұқан Төлебаев жылы» аясында «Астана Опера» театры «Біржан-Сара» опе-расын түрік тілінде Ыстамбул, Бұрса, Ескішеһир, Анкарада сәтті сахналады. Сонымен қатар, Думан Рамазанның «Кенесары – Күнімжан» драмасын Қаллеки театры Анкарада түрік тілінде қойғанда көрермендер зор қошеметпен қабылдады. Астана күнінде, одан бөлек гастрольдік сапарлармен Түркиядан да өнер ұжымдары келіп тұрады. Осындай мәдени байланыстарымыз мейлінше көп болса екен деп тілеймін.

– Өзіңізге мәлім, биыл 15 қара-шада Қазақстан Республи касының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Түркі академиясын құру жөніндегі келісімді ратификациялау тура-лы» заңға қол қойды. Осы сәттен бастап Тү ркі академия сына ха лықаралық институт ретін-де түркі дүниесіндегі ғылыми ын ты мақтастыққа дәнекер болу, түркі мемлекеттерінің тарихы мен қазіргісін зерттеуді, туысқан халық тардың рухани-зерделік

тұрғы дан бір-біріне ж а қ ы н д а й т ү с у і -не ықпал ету міндеті қойылды. Осы орайда, сіздің де ойыңызды білгіміз келеді. Түркі ака де миясының ая-сында тағы да қандай ор тақ жобаларды жү-зеге асыруға болады?

– Өздеріңіз біле сіз-дер, біздің елдердің арасындағы достыққа дәнекер, ал-тын арқау боп отырған ұйымның үлкені – Түрік кеңесі. Аталмыш ұйым Нұрсұлтан Назарбаевты «түркі дүниесінің құрметті ақсақалы» деп тектен-текке ата ма ған шығар. Түркі дүниесінде ортақ тарихымызды, ортақ тілімізді, мәдениетімізді зерт-теу мақсатында Түркі академиясын құруға сол кісінің айрықша ынталы болғанын айта кетуіміз керек. Кеңес өкіметі үстемдік құрғанша түркі тілдес халықтар бір милләт бол-ды деуге келетіндей еді. Бертіндегі Түркістан Республикасы сол бұлың дәуреннің бұлдыры, үзіліп қалған алтын кісесі іспеттес. Біздің бұрын-соңды кедергісіз түсінісетін тіліміздің, интеллигенция арасындағы байла-нысымыздың солғындап, арасы алшақтап кеткені соңғы ғасырдың мұғдары ғой... Енді сол үзікті жалғап, бір-бірін жоғалтып алған жұрттың қайта қауышуы үшін тарихты зер-делеп, рухани туыстыққа мән беру миссиясын Түркі академиясы арқалап отыр. Жоғарыда аты аталған Түрік кеңесі, ТүркСОЙ, Түркі академиясы сынды ұйымдар біреулерге сырттай қарағанда паңтюркизмді насихаттай-тындай көрінер, бірақ мақсаты – ізгі. Өйткені, жаһандану деген үлкен үде рісті мен көптің азға жұтылуы деп емес, әуел баста ұрығы бір болғанмен,

шашырап кеткен шағын халықтардың арасындағы байланыстың қайтадан шарбыдай жалғануы деп білемін.

– Түркі академиясы ашылғалы бері ауқымды істерді тындыра бас-тады. Түркі жазуының күні бел-гіленді, мажарлық түркітанушы Қоңыр Иштван Мандокидің қол-жазбалары мен кітапханасын қорға қабылдап алды. «Шәкәрім» кітабы түрік тіліне аударылып «Бәңгі» («Мәңгі») баспасынан жарық көрді. Сол тақырыпқа орай ластырсақ, бір басқосуда Түр кияның Еуразия жазушы-лар ода ғының төрағасы Якуп Өміроғлы түркі тілдес халықтар арасындағы тәржімаға көп көңіл бөлу керектігін айтты. Сіз дің ойыңызша, ол қалай ұйым дас ты-рылу керек? Әзірге Түркі акаде-миясы жанынан альманах шығару қолға алынған сияқты.

– Түркі академиясы ұйымдас-тыратын көптеген құрылтай, жи-налыстарға ара-тұра қатысып тұ-рамын. Байқағаным, түркі тілдес елдерден келген ғалымдар, қоғам қайраткерлерінің қай-қайсысы да өз тілінде сөйлейді, ал ортақ жұмыс тілі ретінде көбінесе орыс тілін қолданады. Орта Азиядағы түркі тілдес мемлекеттер одақ құрамынан

шығып, тәуелсіздікке қол жеткізгеніне бар-жоғы жиырма жылдай ғана уақыт өтті. Тарих үшін күрмеуге келмейтін қысқа уақытта әлі рухани тұрғыдан ес жиып үлгермегені осыдан білініп қалады. Оның үстіне әліпби рефор-масы әр елде әрқалай кезеңде жүрді. Өзбекстан, Түркіменстан, Әзер бай-жан мемлекеттері латын әліп биіне бұрынырақ көшті. Ал, Қазақ стан белгілі бір себептерге байла нысты кейінге қалдырып отыр. Бірақ, менің ойымша, сіз айтып отыр ған тәржімалау ісі – екі асығыс, бір қар-баласта жасамай, байыппен жүзеге асыратын жұмыс.

– Латын әліпбиіне көшуге кел-генде тізгінді тартыңқырап отыр-ғанымызды айтып қалдыңыз. Үш ғасырдан бері әбден дендеп, ғылымымызды, бүкіл тұрмыс-тіршілігімізді қа лып тастыруға қатысқан орыс тілінен, кирилл әліппесінен бірден ат-құйрық үзісіп кету бір жағы саяси салқын-дыққа барып тірелсе, бір жағы зардабы зор үлкен процесс екені анық. Бізден бұрын латынға өткен өзбектер мен әзе рилер тілдік ре-формада бірқатар қателіктерге бой ал дырған сияқты. Ол да жаңағы асығыстықтан арандап қалушылыққа келіп тіреледі ғой. Бұл турасында не дейсіз?

– Кез келген мемлекет үшін тілдік реформа өте қолайсыз уақыт деп есептеледі. Әрине, оған бірден қо-йып кетпей, ұстамдылық танытып, ұтымды жолын қарастырып отырған Қазақстанның қарекеті құптарлық. Мысалы, ағылшын әдебиетіндегі алғашқы шығарма шамамен 800 жылы жазылды. Одан бері он үш ғасыр өтті, бірақ оны ағылшын тілін білетін кез келген көзі қарақты азамат мүдірмей оқи беретініне таңғаламын. Ал, мен өз басым 100 жыл бұрын жазылған түрік әдебиетінің шы-ғар масын оқығанда, кішкене кі бір-тік теп қаламын. Өйткені, ол о бас-та араб әліппесімен хатқа түскен. Яғни, мәдени тұрғыдан тілдік кедергі бәрібір болады. Латын әліпбиіне көшу заманға лайық шешім деп ой-лаймын. Өйткені, бүгінгі қолданылып отырған технологиялардың басым бөлігі Батыста өндіріледі, ғылымның тілі – ағылшын тілі. Яғни, мұның артықшылығы да, кемшілігі де бар. Қазақстан да алда-жалда алфавит ауыстырар болса, ондай кемшіліктер мен артықшылықтарын бастан өткерері сөзсіз.

– Әлгінде археологияға қы зы-ғамын деп қалдыңыз. Елші боп тағайындалғалы бері ата жұрттағы тарихи ескерткіштердің талай-

ы м е н т а н ы с қ а н шығарсыз?

– Қ а з а қ т ы ң же р і ұ л а н - ға й ы р. Сондықтан бәріне бірдей аяқ жетпеді. Түркістанда Ахмет Иассауи, Арыс тан баб кесенелеріне бардым. Отырарды көрдім. Анадолының орталық бөлігіндегі Боязкаледе Хет дәуі рінен қалған

Хатуша деген ескі елді мекен бар. 1986 жылы ЮНЕСКО-ның әлем мұрасы тізіміне енген. Отырардағы кішкентай мү жілген тастарды, топырақ астында жасырынған өркениет іздерін көрген кезде сол Хатушаға барғанымдай біртүрлі көңілім ала бұртып, есте жоқ ескі замандарға ойша саяхат жасадым. Жақында Астанадан шығысқа қарай 200 ша қырымдай жерде орналасқан балбалтастарды арнайы барып, суретке түсіріп қайттым. Ол жерде археолог Айман Досымбаева зерттеу жүргізіп жатыр. Ал, жобаны TIKA ұйымы қаржыландырып отыр.

– Сөз соңында Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесіне орай тіле-гіңізді білдірсеңіз...

– Ахмет Дәуітоғлының сыртқы істер министрі шенінде Қазақстанға жасаған сапарында айтқан сөзі есіме түсіп отыр. «Қазақстанның бү-гінге дейінгі барша жетістіктеріне Түркияның жетістігіндей қараймын» деген болатын баш баканымыз. Яғни, тәуелсіздік деген тәтті ұғым қазақ үшін қандай қастерлі болса, қуанышта қасынан табылған түріктер үшін де сондай салмағы бар. Бар-ша қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құт-тықтаймын!

Сұхбаттасқан: Әділбек ЖАПАҚ

Page 6: 143 (3200) 2014-12-16

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Қазақстан жеріндегі тұңғыш теміржол магистралі 1894 жылдың 25 қазанында Покров слободасы (қазіргі Ресейдің Саратов облысындағы Энгельс қаласы) – Орал тар табан-ды темір жол телімінің құрылысы аяқталғаннан кейін ашылды. Осы жолдың 130 шақырымы қазіргі Қазақстан жері арқылы өткен. Араға 4 жыл салып Урбах-Астрахань тар табанды темір жолы іске қосылып, оның да 77 шақырымы қазақ даласын басып өтті.

Ал Солтүстік Қазақстанның дамуы үшін 1891-1896 жылдары салынған Транссібір магистралінің, дәлірек айтқанда, оның «қазақстандық» 190 шақырымының маңызы біз үшін зор еді. Бұл жол қазақ пен орыс халқының экономикалық және мәдени жақындасуына үлкен ықпал етті.

С о н ы м е н қ а т а р , 1 9 0 1 - 1 9 0 6 жылдары Қазақстан жерінен 1660 шақырымы өтетін, Орта Азия мен Ресейдің орталығын қосатын Орын-бор-Ташкент темір жолы және 1914-1917 жылдары болашақ Түрксібтің бір бөлігі саналатын Жетісу жолының Арыс-Пішпек телімі салынды. 1915 жылы 166 шақырымы Қазақстан арқылы өтетін Челябинск-Троицк-Қостанай магистралі іске қосылса, 1915-1917 жылдары төселген Но-восибирск пен Семейдің арасын жақындатқан Алтай темір жолының 122 шақырымы Қазақстан жерінде созылып жатты. Бұдан бөлек, 1918 жылы 117 шақырымдық Екібастұз-Ермак тар табанды темір жолы да өз жұмысын бастады. Осы жылы Қазақстан аумағындағы шойын жолдың жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырымға жеткен еді.

Кеңес заманындағы алғашқы темір жол 1920-1922 жылдары салынған Петропавл-Көкшетау арасында болды. Қазақстанның түкпірдегі аймақтарын дамыту және астықты шығару қажеттілігіне байланысты 1926-1931 жылдары Бурабай курор-ты және Ақмола стансалары арқылы Қарағандыға дейін жалпы ұзындығы 700 шақырымнан асатын жол салын-ды. Ал Ембідегі мұнай кәсіпшілігінің дамуына 1926 жылы салынған Гурьев-Доссор тар табанды темір жолы зор ықпал етті.

1927-1930 жылдар аралығында с а л ы н ғ а н ұ з ы н д ы ғ ы 1 4 4 4 шақырымға созылған Түркістан-Сібір («Түрксіб») магистралінің аяқталуы үлкен уақиға еді. Ол Қазақстанды Сібірмен байланысты-рып, республиканың экономикалық дамуына және шөлді жерлердің игерілуіне оң әсерін тигізді.

1958 жылдың 1 шілдесінде КСРО-дағы ең ірі қазақ темір жолы құрылды. Ұзындығы 11 мың шақырымнан асатын ол 15 бөлімшеден құралды және Қазақстанды Сібір, Орал, Еділ жағалауы, Қырғызстан және Орта Азиямен қосып, барлық кеңістікті және меридионалды ма-гистральдарды біріктірді. Ал 1964 жылы Қазақстанда бірінші болып Целиноград-Қарағанды бағытындағы темір жол электрлендірілді.

Қ а з а қ с т а н т е м і р ж о л к ө л і г і тарихының елеулі уақиғаларының бірі 1986 жылдың 20 ақпанында болды. Яғни, әлемде бірінші болып жалпы салмағы 43,4 мың тонна және ұзындығы 6,5 шақырым болатын жыл-жымалы құрамға 440 вагон тіркеліп, Тың темір жолы арқылы өткізілді.

Қытай Халық Республикасына қатынайтын теміржолдың дамуына назар аударылып, 1956-1960 жылдары Қазақстан әрі Қытай жақтан екі елдің темір жолын қосатын магистральдың құрылысы жүргізілді. Бұл жұмыстар 1988 жылы КСРО-Қытай келісімінен кейін қайта жаңғырды. 1990 жылы қосылған темір жолдар қазақстандық Достық және қытайлық Алашань-коу стансаларын қосатын шека-ра өткелін жасады. Осы жылдан бастап онда жүк құрамдарының қозғалысы басталып, Трансазиялық теміржол магистралінің Солтүстік дәлізі іске қосылды. Сол кезеңде

Достық стансасының қайта тиеу және тасымалдау қуаты артты.

Ал еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан теміржол көлігінің өткен жолын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең – 1992-1996 жылдар аралығы. Осы уақытта теміржол саласы КСРО-ның аяқасты ыдырау себебінен туындаған қиындықтарға және мүлде жаңа экономикалық жағдайларға бейімделу жағдайын бастан өткерді.

1997-2001 жылдарды екінші кезең ретінде қарастырамыз. Бұл аралықта қазақстандық үш магистральді біріктіре алған әрі саланың әрі

қарай өсіп-өркендеуіне негіз салған отандық тұңғыш теміржол кәсіпорны – «Қазақстан темір жолы» құрылды.

2001 жылдан бүгінге дейінгі уақыт – үшінші кезең. Яғни, саланы қайта құрылымдау басталған шақ. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында үлкен реформалар жүзеге асырыла бастады.

Қазақстан темір жолы өзінің 100 жылдық мерейтойын 2004 жылы кең көлемде атап өтті. Сол жылы шойын жол тарихының маңызды кезеңдерінен сыр тарқатылып, жер-жерде темір жолды жаңғырту, әлеуметтік са-ланы, теміржолшылардың еңбек

жағдайын жақсарту шаралары мен ірі құрылыстар аяқталды.

Темір жолдың ғасырлық ме-рейтойына қатысқан Елбасы өз сөзінде Қазақстан экономикасының қ а л ы п т а с у ы н д а , м е м л е к е т тәуелсіздігін, елдің территориялық т ұ т а с т ы ғ ы н ж ә н е ә л е у м е т т і к тұрақтылығын нығайтудағы темір жолдың рөлін жоғары бағалады.

2004 жылдың 9 қарашасында Ақтау портынан Құлсары стансасы-на дейін үлкен көлемді, биіктігі төрт қабатты үйдей жүктерді тасымалдаған қазақстандық теміржолшылар әлемдік рекордты жаңартты. Бұл қазаққа тиесілі шойын жолдың халықаралық деңгейде абыройын асқақтатып, бе-дел биігіне көтерілуіне себеп болып

еді. Ал 30 қарашада ашылған Алтын-сарин-Хромтау жаңа темір жолы арқылы көршілес елдердің аумағына кірмей, ел іші арқылы жүргізілетін бағдар іске қосылды. Сол желі арқылы жылына 160 млн доллар көлемінде үнемділікке қол жеткізілді. Сонымен қатар, Қазақстанның ішкі жолда-рымен жүк тасымалдау қашықтығы 500-ден екі мың шақырымға дейін қысқарды. Осы жолмен жолаушылар тасымалдаудың жаңа кестесін 10 желтоқсанда Астана-Ақтөбе пойызы ашты. Жолаушыларды жолдың 15 сағатқа дейін қысқарғаны, билет бағасының екі есеге арзандағаны қуантты.

132 шақырымдық Павлодар-Екібастұз темір жол телімінде электрлендіру жұмысы ең ірі жобалардың бірі болып отыр. Павлодар-Екібастұз жобасының ж ү з е г е а с у ы т а с ы м а л д а у д ы ң үнемділігі және электровоздардың экологиялық тазалығын сақтауға мүмкіндік берді. Мәселен, бұл жо-баны іске қосу арқылы жылына 1,5 млрд теңге үнемделді және қоршаған ортаның ластанбауына ықпал етті.

Қазақстаннан Қытай бағытына 2004 жылы Достық стансасы арқылы 9,5 миллион тонна жүк тасылып, стансаның әлеуетін арттыруға 3,5 мил-лиард теңге бөлінді. Қаржы есебінен 300 метр жол, 64 көтергіш құрал, ва-гондар жаңартылды. Достық-Ақтоғай жол телімінде 102 шақырымдық жолдың үстіңгі қабаты жақсартылып, пойыздың жылдамдығы сағатына 80 шақырымға дейін жеткізілді. Сол жылы Достық стансасында теміржолшылар мен олардың отбасы мүшелеріне арнап 11 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұның бәрі – ғасырдан ұзақ жасаған Қазақстан теміржолы саласының

Page 7: 143 (3200) 2014-12-16

7www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

бүгінге дейінгі төккен тері мен еткен еңбегінің нәтижесі.

Қ а з а қ с т а н т е м і р ж о л ы о с ы уақытқа дейін ел экономикасы мен жолаушылардың сұранысын т о л ы ғ ы м е н қ а м т а м а с ы з е т і п жүр. Егемендік алған жылдары экономиканың құлдыраған шағында да темір жол саласы өзінің міндетін толықтай атқарды. Экономика тұрақтана бастаған 2000-2008 жыл-дары компания жылдық тасымалдау көрсеткішін жеті пайыздық өсім деңгейінде ұстады.

Бірақ қазіргі таңда компания 1991 жылдары жасақталған өндірістік активтердің тозығы жетуіне байла-нысты едәуір қиындықтарға ұрынып отыр. 2020 жылдарға қарай компа-ния паркіндегі жүк вагондарының 54 пайызының, магистральдық локомотивтердің 68 пайызының, маневрлік локомотивтердің 82 пайызының пайдалану уақыты аяқталады. Бұл темір жол саласы үшін ерекше сынақ болғалы тұр. Теміржол тасымалы – Қазақстанның көліктік инфрақұрылымының негізгі элементі болғандықтан аталған мәселені стратегиялық тұрғыда шешу компанияның ғана емес, мемлекеттік деңгейдегі маңызды проблема.

Темір жол саласының атқаратын қызметі мемлекет және қоғам үшін барынша қолайлы әрі қолжетімді болуы тиіс. Сондықтан осы саланы реформалаудағы корпоративтік мақсат пен міндет бір ғана мүддеге бағынышты.

«Компания қызметкерлері ба-рынша үнемділікке қол жеткізе оты-рып, инвестициялық ресурстарды өсіру маңызды екендігін ұғынуы тиіс. Осыған орай, пайдалану қызметінде сапалық көрсеткіштерді түбегейлі жақсарту, яғни, вагон, локомотив өнімділігі, іске аз тар-тылатын телімдерді оңтайландыру,

шикізатты және материалдарды жұмсау нормативін қайта қарау секілді жұмыстар қажет» дейді ком-пания басшысы Асқар Мәмин.

Компания өз алдына бірнеше стратегиялық мақсаттар қойып отыр. Олардың ішінде жаңа басқару жүйесі талаптарына сай корпоративтік оңтайлы құрылымдау, өндірісті және актив портфелін оңтайландыру, өндірісті жаңғырту және еңбек өнімділігін кешенді жақсарту, компания сұранысына сай маши-на құрастыру базасын жасақтау, инвестициялық бағдарламаны тиімді жүзеге асыру сияқты жоспарлар бар.

Қазақстанның көлік саласындағы ірі жобаларының бірі – Жетіген-Қ о р ғ а с т е м і р ж о л ж е л і с і н і ң

құрылысы. Стратегиялық маңызы бар осы магистраль іске қосылған кезде Қазақстан-Қытай арасындағы екінші темір жол өткелі ашылады.

Қазақстан Республикасының темір жол желісі ресми түрдегі бірнеше еуразиялық жер үсті дәліздеріне халықаралық көліктік бағдарларға шығады. Оның ішінде Шығыс-Батыс бағдарымен Ляньюн-ган теңіз портынан шығатын Қытай-Қазақстан көліктік дәлізіндегі орны ерекше. Достық-Алашанькоу шекаралық бекетінен басталып Қазақстаннан Ресейге көлбей өтеді.

Бұл көлік дәліздерінің темір жол инфрақұрылымын жетілдіруі Қазақстандағы көліктік кешеннің х а л ы қ а р а л ы қ к ө л і к б а ғ д а р ы ж е л і с і н д е г і б ә с е к е л е с т і г і н нығайтады.

Ж е т і г е н - Қ о р ғ а с т е м і р ж о л желісінің ұзындығы – 293 шақырым. Жоба бойынша 14 жол айырықтары а ш ы л д ы . Ж о л д ы ң қ ұ р ы л ы с ы Қытаймен еліміздің оңтүстік өңірін ғана жақындастырмайды, сонымен қатар, Орта Азия мемлекеттері мен Ақтау айлағына дейін жетеді. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде еліміздің экспорттық әлеуеті артып, жүктерді тасымалдау қашықтығы қысқарады. Жетіген-Қорғас жаңа темір жол желісі серпінді жоба ретінде Қазақстанның оңтүстік өңірін Корея, Қытай, Жапония, Орта Азия мемлекеттері және Иран, Кавказ елдерімен арадағы жүк тасымалының қашықтығын 500 шақырымға қысқартса, Парсы шығанағы елдері мен Қиыр Шығыс арасын Иран жүзеге асырып жатқан Бафк-Мешхед желісімен бірге 1300 шақырымды үнемдеуге сеп болады.

Сонымен қатар, биыл Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай және Қарағанды облыстары аумағынан өтетін 988 шақырымдық Жезқазған-Бейнеу және 214 шақырымдық Арқалық-Шұбаркөл темір жол то-раптары ашылды. Оның салтанат-

ты ашылуына Елбасы Нұрсұлтан Н а з а р б а е в т ы ң ө з і қ а т ы с ы п , магистральдің ашылуын жылдың ең маңызды әлеуметтік-экономикалық уақиғасы деп атады.

Жезқазған-Бейнеу және Арқалық-Шұбаркөл жолы бірнеше өңір мен бүкіл Республиканың тіршілігіне жан бітіріп, ондаған жылдарға алға жетелейді. Біз тәуелсіздіктің барлық кезеңінде теміржол құрылысын тоқтатпай, үдете түстік» деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы теміржол құрылысына 10 мыңнан астам адам тартылғанын, енді тағы 3 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылатынын айтты. Қазақстан темір жолының 110 жылдығына сәйкес келген уақиға тұралап қалған елді мекендерге қан жүгіртіп, әл-ауқатын арттыратыны сөзсіз.

Б е й н е у - Ж е з қ а з ғ а н ж е л і с і Маңғыстау облысындағы Бейнеу стансасынан Ақтөбе облысының Шалқар стансасы, Қызылорда облысының Сексеуіл стансасы арқылы Жезқазғанға барады.

« Қ а з а қ с т а н т е м і р ж о л ы » компаниясының басшысы Асқар М ә м и н н і ң а й т у ы н ш а , ж а л п ы ұзындығы 1200 шақырымнан аса-тын жаңа магистраль оңтүстік пен солтүстік және батыс пен шығыс бағыттарындағы жүк айналымын оңтайландырады.

Сондай-ақ, таяуда іске қосылған Өзен-Берекет-Гөрган халықаралық магистралінің ашылуы салтанатында сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назар-баев: «Қазақстан былтыр Иранға 1

миллион тонна бидай жеткізді, ал Парсы шығанағының қажеттілігі 9-10 миллион тоннаны құрайды. Біз болат, минералды тыңайтқыш ж ә н е б а с қ а д а қ а з а қ с т а н д ы қ өнімдерді жеткізгелі отырмыз. Тиісінше, Түркіменстан мен Иран-

нан қажетті тауар-лар аламыз» деді.

Ү ш е л а р а -с ы н ж а л ғ а й т ы н т е м і р ж о л о с ы с а л а д а ғ ы ү л к е н жобалардың бірі саналады. Иран мен Түркіменстан ү ш і н б і з д і ң е л а р қ ы л ы Р е с е й м е н Қ ы т а й ғ а қатынау оңайлана түссе, өзіміз үшін

оңтүстік мемлекеттермен арадағы импорт пен экспорт айналымы жеделдемек.

Қазіргі уақытта ҚТЖ үдемелі

индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында ауқымды жұмыстар атқарып жатыр.

2009 жылдан бері «General Electr ic» компаниясының за-м а н а у и т е х н о л о г и я л а р ы м е н құрастырылатын локомотивтер бұл күні әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнім саналады. Осының н ә т и ж е с і н д е о т а н д ы қ м а ш и -на құрастыру өнімдеріне басқа елдердің қызығушылығы артып отыр.

Жаңа машиналар сынақтың 19 түрінен өткізіледі. Оның ішіне электрлік және механикалық сынақ, тұтастай дизель-генераторлық

қондырғының жұмысын тексеру, корпус жіктерінің беріктігі, сондай-ақ, «ҚТЖ» ҰК» магистральді жолдарында өткізілетін жол жүру сынақтары кіреді.

Қазіргі заманғы кәсіпорынның конвейерлік жолынан, орташа есеппен алғанда, айына «ТЭ33А» маркалы 6-8 жүк тасу локомотивтері құрастырылып жатыр. Осындай көрсеткішті ұстап тұру мақсатында цех қызметкерлері 3 ауысымда жұмыс істейді, яғни зауытта жұмыс тәулік бойы тоқтамайды. Бұл күні зауыттың өндірістік қуаты – жылына 100 дана локомотив.

Бұдан бөлек, жылжымалы жүк құрамының жетіспеушілігін бол-дырмау мақсатында 2010 жылы «Таман» ЖШС негізінде жүк вагондарының өндірісі қолға алын-ды. Сол жылы 1-ші және 2-ші кешен-дер, ал 2011 жылдың шілде айында 3-ші кешен ашылды. Қазіргі уақытта өндірістік қуаттылық жылына 3000 данаға дейін жетіп отыр.

2010 жылы «Қазақстан темір жолы» ҰҚ және «Патентес Таль-го С.Л.» испаниялық компания арасында Астана қаласында жола-ушылар вагонын өндіру мен оларға техникалық қызмет көрсететін бірлескен кәсіпорын құру тура-лы шарт жасалды. Нәтижесінде 2011 жылдың желтоқсанында жолаушылардың заманауи жүрдек вагондарын шығаратын «Тальго» жаңа зауыты іске қосылды.

Кәсіпорын жылына 150 вагон шығарады. Өндірістің бастапқы кезеңдерінде жылына шамамен 140 вагон шығару жоспарланған. Вагондардың конструкциялық ж ы л д а м д ы ғ ы с а ғ а т ы н а 2 0 0 шақырымды көресетеді. Жобаны

жүзеге асыру мақсатында зауытта 366 жаңа жұмыс орны құрылды.

К е л е с і ж ы л ы ө н д і р і с т е г і қазақстандық үлестің көлемі 56 п а й ы з ғ а ж е т п е к ш і . Ө н д і р і с Қазақстанда жүрдек жолаушы та-сымалын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қосады. Бұл – облысаралық барлық бағыттарда пойыздардың жүру уақыты 2 есе қысқарады деген сөз. Ал 2012 жылдың 1 шілдесінен Астанада құрастырылған «Тальго» вагонда-рынан құралған алғашқы пойыз Ал-маты-Петропавл бағыты бойынша қатынай бастады.

Б ү г і н г і т а ң д а т е м і р ж о л к ө л і г і еліміздегі өндірістік и н ф р а қ ұ р ы л ы м н ы ң

м а ң ы з д ы б ө л ш е г і с а н а л а д ы . Қазақстанның географиялық о р н а л а с у ы , ш е к а р а с ы н ы ң кеңдігі, өндірістің шикізаттық т ә у е л д і л і г і , а в т о к ө л і к и н ф р а қ ұ р ы л ы м ы н ы ң а з д ы ғ ы темір жол көлігінің маңыздылығын күн өткен сайын арттыра түседі.

Экономиканың дамушы сек-торына айналған Қазақстанның теміржол саласы соңғы кездері өндірістік және техникалық әлеуеті жағынан едәуір өсіп-өркендеген. Дәл қазіргі уақытта 140 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, шалғай ауылдардың тұрғындары облыс орталықтарына тез жетудің жақсылығын теміржолдан көріп отыр.

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

Page 8: 143 (3200) 2014-12-16

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

//////////////////////////////

– Әнес аға, «тәуелсіздік» деген тек тамсанып айта берер тәтті сөз ғана емес екені белгілі. Ол, ең ал-дымен, үш жүз жылдай бодандық бұғауында бұлқынып, тәуменді хәл кешкен ұлтымыздың азат тұрмыс, бостан тірлікке жету жолындағы мігірсіз шайқасы мен қисапсыз құрбандығының өтеуі екенін жа-дымызда жаңғыртар өре, қастер тұтар құндылық деп ойлаймын. Ендеше, тарихи жадқа тірелгенде, елдікке талпынған ерлікке толы өткен кезеңдер шежіресі – отандық тарихнама беттеріндегі танымдық қыры мен тағлымдық сыры астасқан көрінеу деректерді де айналып өте алмаспыз...

– Әрине! Жалпы, адамзат тари-хында ұлт атаулының азаттық алып, мемлекеттік тәуелсіздікке жету ниеті оңайлықпен орындала қоймайтыны аян. Түсіңде көріп, өңіңде аңсағанмен тәуелсіздік игілігі салп етіп көктен түсе салмайды. Оған кәрі тарихтың өзі куә. Тіпті, «халықтар түрмесі» атанған кешегі кеңес билігі кезінде «осы Одақтан бөлініп шығармыз-ау, өз алдымызға егемен ел болып, дербес даму жолына түсерміз-ау» деп ойлаған да жоқпыз ғой.

Бірақ, тарих тегершігі бір орын-да тұрмайды, тулаған теңіздей сапырылысқан оның толқынында біреулер көкке самғай көтеріліп, біреулер тұңғиыққа шым батып кетіп жатады. Мәселен, 1380 жылы Куликов өзені бойында Алтын Орда беклербегі қият Мамайдың ауыр қолына қарсы шыққан Мәскеудің ұлы князі Дми-трий Донскойдың 400 мың әскері қынадай қырылып, Дмитрийдің өзі аттан құлап, бұта бұғып жасырынып жан сақтап қалса да, жеңіске жет-кен болып есептеледі, сол шайқастан кейін де жүз жылдай Алтын Ордаға алым-салық төлеп тұрғанымен, бытыраңқы кінәздіктерден құралған

орыс мемлекетінің тәуелсіздікке жет-кен сәті саналады. Міне, содан бері державалық астамшылық пен ұлы империялық үстемдік пиғылда дамып, жан-жағын жалмап келген отарлаушы ел бізді оңайлықпен уысынан шығара қоймас еді.

Адамзат қоғамының дамуында кездейсоқтыққа табан тіреп, белгілі бір заңдылыққа да мойын ұсынатын құбылыстар жетіп-артылады. Солардың бірі – ешкімге бет қаратпай, ендіктерді дара жайлаған ұлы империялардың өзі әрқилы себеп-салдармен іштен іріп, ақыры, күйреп тынатыны. Мысалы, тарихта Рим империясынан асқан алып та қуатты мемлекет болмаған шығар, сірә. Бүкіл батыс Еуропаны, Англиядан Солтүстік Египетке дейінгі кеңістікті, Алдыңғы Азияға дейінгі елдердің барлығын билеп-төстеген Рим империясы да біртіндеп ішінен бүлініп,

құлап тынды; ең әуелі, қиянаттан құралған қоғамды моральдық азғындық жайлап, тақ таласы күшейді. Билік басындағы ат төбеліндей аз ғана топ ел байлығын ешкіммен бөліспей, ба-уырына басып қалу үшін қырқысты. Алауыз, қырғи-қабақ қоғамды ұрлық-қарлық, жемқорлық, парақорлық дерті меңдеп, әбден әлсіреген Рим империясы ақыры құлап тынды. Бұл тықыр бір кездері Балтық жағалауына тізе батырып, Қырым түбегін, Қап тауы мен Орта Азия елдерін жаулап алған, енді Үнді жағалауына көз тіккен патшалық Ресей империясына да таяп келген еді. 1905 жылы әбден азғындаған орыс армиясының жапон-дармен соғыста тұңғыш рет тас-талқан болып жеңілгенін ресейлік тарихшылар айналып өтуге тырысып бағады.

– «Порт-Артур масқарасы» ғой?!. – Иә, Порт-Артур жеңілісі... Сол

соғыста алғаш рет маңдайы тасқа ти-гендей есеңгіреп, шатқаяқтап қалған Ресей империясын біржола құрдымға құлаудан 1917 жылғы әлеуметтік-саяси төңкеріс қана құтқарып қалды. Империялық озбырлыққа, отаршылдық езгіге қарсы бағытталған ел ішіндегі ашу-ызаның тегеурінін Ленин бастаған большевиктер тобы өз мүдделеріне оңтайлы пайдаланып кетті. Олар «жаңа сипаттағы мемлекет құрып, барлық билік тізгінін жұмысшылар мен шаруаларға ұстатамыз, олардан жаңа үкіметтің элитасын жасақтап, барша игілікті солардың қолына береміз» деген уағызбен бұқараны алдап соңына ертті. Сөйтіп, бұрынғы отар елдердің қағаз жүзінде «ерікті әрі тең құқылы» Одағын құруға ұйытқы болған Ресей елі патша заманынан келе жатқан бодандықтың бұғауын қыса түспесе, босата қойған жоқ. Әсіресе, ұжымдастыру науқанда дәстүрлі шаруашылық жүргізу қалыбынан еріксіз ажыратылған қазақтар жаппай ашаршылыққа ұрынып, бұрын-соңды

көз көріп, құлақ естімеген қырғынға ұшырады, халқының тең жартысынан айырылып қалды...

– Осы әңгімеңізге орай ойға келіп отыр, аға: кейбір жазбаларда «мемлекеттілік» және «тәуелсіздік» атауларын балама ретінде қолданып жүреді. КСРО кезінде шартты түрде Қазақ КСР ретінде мемлекеттілігіміз, оның негізгі нышандары – туы, әнұраны мен елтаңбасы, тіпті, территориялық автономиясы бол-ды. Бірақ, бәрібір, Орталықтың тоталитарлық, казармалық ырқына қамалып, дербес дами алмадық, яғни, тәуелсіздігіміз болмады. Сондықтан, сырт көзге егіздің сыңарындай көрінетін дилеммаға – осы екі саяси ұғымға нақты түсінік бере кетсеңіз.

– Иә, 1937 жылы одақтас респу-блика ретінде қайта құрылған Қазақ КСР сырттай мемлекеттілік сипа-

тын иеленді. Содан бір жыл бұрын қабылданған КСРО Конституциясы бойынша әр республикаға берілген же-келеген құқылар мен таңдау еркі қағаз бетінде қалып қойды. Атап айтқанда, Қазақ КСР-ның ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын өзі айқындап, қорғаныс, жер аумағы, шекара мәселелерін дербес шешуге құзіреті болған жоқ. Сондықтан, Қаз КСР – декоративті, жасанды мемле-кет еді. Сырт пішімі – мемлекеттілік қағидаттарына сай келгенімен, ішкі мазмұны оған қайшыласып жатты. Басқасын былай қойғанда, ұлттық мемлекет ретінде шетелдермен тікелей байланыс орната алмады. Өзің білесің, бізде сыртқы істер министрлігі кейін, 1973 жылы ашыл-ды, оның өзі де қызметтік міндеттері мен өкілеттіктері шектеулі, былайша айтқанда, «аты бар да заты жоқ» ме-кеме еді. Еш елмен дипломатиялық бай-ланыс орнатып, елші алмаса алмаған, өз бетінше сыртқы саясат жүргізу жөнінде тұжырымдамасы жасалмаған елді дербес, тәуелсіз мемлекет дей аламыз ба?!. Жоқ, әрине. Сондықтан, біздің кеңес билігі тұсындағы мемлекеттілігіміз федерациялық, асыра айтқанда конфедерациялық шектеулер деңгейінен әрі аса алмады; сөз жүзінде тең құқылы ұстыны әрі одақтасу еркі сақталғанымен, іс жүзінде Қазақ КСР Орталық пәрменіне – Мәскеу билігіне құлақкесті мойынұсынған тәуменділіктен арыла алмады, көп жағдайда ұлттық мүдде ескерілмеді.

– Б ә л к і м , м е м л е к е т т і л і к қағидаттарын ұлттық негіздерге сабақтастыра қарауымыз керек шығар. Мәселен, қазақы (еркін) тай-палардың басын құрап, ұлт ретінде ұйыстырған Қазақ хандығына, жалпы, еліміздің ерте және орта ғасырлық тарихына қатысты әр алуан пікірлер айтылып жүр. Біреулер қазақ мемлекеттілігінің

тарихын Сығанақты Астана етіп, «Алаш әскерін» құрған Орыс хан тұсындағы Ақ Ордадан бастайық д е с е , е н д і к е л е с і л е р і б а ғ з ы заманалардағы Сақ конфедерация-сынан бермен таратайық дейді. Ал, оның құрамында қазақтар емес, прототүркі тайпалар ғана төбе көрсетті ғой...

– Жалпы, кез келген мемлекеттің өзіне тән атрибуттары, тарихи-са-яси сипаттары болуы керек қой. Мәселен, заң шығару билігі, әкімшілік-аумақтық бөліністері мен тұрақты әскері, аумақтық билік жүргізу шегі, былайша айтқанда, шекарасы болуы шарт, сонда ғана мемлекеттік сипатын, яки, ел басқару, ішкі-сыртқы қарым-қатынастарын реттеп отыру мүмкіндігін иеленеді. Ал, егер де осылардың бірде-бірі болмаса, ол – толыққанды мемле-кет емес, тек қауымдық бірлестіктер,

дербес мемлекеттілікке барар жолдағы баспалдақтар ғана деп түсінген жөн. Біздің топырағымызға ту тіккен алғашқы толыққанды мемлекет – Ғұн тайпаларының одағы. Онда мемлекеттіліктің барлық атрибут-тары орнығып, заң қабылдау жүйесі қалыптасқан еді. Екіншісі, Көк түріктері қағандығы. Оның да мемлекетке тән барлық белгі-нышандары болды. Түркі тектес халықтардың, соның ішінде қазіргі қазақтардың материалдық және рухани құндылықтарының кезеңдік сатысы, этно-мәдени жүйенің қалыптасуындағы ландшафттық-тарихи тұрпат, ерекше құбылыс ретінде «Дала өркениеті» деп жүргеніміз осы көне түркі мемлекеті. Ежелгі түркі өркениетінің бірден-бір мираскері мына біз – қазақ халқы. Әрине, арғы тари-хымызда Үйсін, Қаңлы, Найман, Керей және т.б. ұлыстар дәурендеген, әйтсе де, біз мемлекет тарихын олардан бастай алмаймыз. Себебі: бұлардың бәрі жеке-дара, біркелкі тайпаның бірлестіктері, қазіргі қазақ халқының құрамына енген ұлыстардың барлығының басын біріктіріп, тізесін түйістіре алмағандықтан, әлгінде айтқанымдай, олар ру қауымдастықтары санатында қалған. Міне, оларды мемлекет дей алмайтынымыз сондықтан.

– Бірақ, аға, қытай жұрты өздерінің мемлекеттілік дәстүрін – бағзы Инь, яғни, Шань әулеті дәулет құрап, дәурен сүрген кезеңнен бастайды. Ал, ол дәуірде әлі бірегей ханзу (бізше – қытай, шың) ұлты да қалыптаспаған еді ғой... Тек.... Хань әулеті билік құрған кезден бастап отыз төрт ұлыстан құрылған халық өздерін «Ханзу», яки, «Хань патшалығының адамдары» атауға көшкен. Соған қарамастан, қазіргі тарихшылары мемлекет тарихын аңызға ғана арқау болған, ғылыми тұрғыдан дәлелденбеген, б.д.б. ХХІ ғасырда өмір сүріпті-міс дейтін Сия

патшалығынан таратуға тырысып жүр емес пе? Ол жөнінде танымдық фильмдер де түсірген...

– Әлемде ұлы империялар қатарынан ойып орын алатын Қытай мемлекеті арғы-бергі тарихында Мао Цзы Дунға шейін өзін-өзі басқарған емес. Оларды ерте ғасырлардан күні бүгінге дейін манчьжурлар, қидандар, моңғолдар әулеті билеп келді, сөйтіп, көз ашқалы өзгелердің қол астында күн кешті. Қазір, қарап отырсаң, бұлдыр-бұлдыр Сия патшалығы тұрмақ (киіз туырлықты, тал керегелі» көшпелілерді ұйыстырып, жарты әлемді дәргейіне жыққан Шыңғысхан, Құбылай туралы фильмдерді қаптатып жатыр. Оның түп-тамырында моңғол империясының тарихын, оның әлемді билеп, уысында ұстаған кезеңін өзіне қосып алып, Қытайды бағзыдан ұлы мемлекет, адамзат қоғамдастығының мызғымас

гегомоны етіп көрсету пиғылы бұғып жатыр. Иран да солай: сан ғасырлар бойы оларды да тегі парсы емес, өзге нәсіл өкілдері биледі.

– Х а з і р е т і Ғ а л и д ы с о ң ғ ы пайғамбар санап, діндестеріне, әсіресе, сүниттерге бітіспес майдан ашқан, қазақтар сәлдесіндегі он екі қызыл жолаққа бола «қызылбастар» атаған түркі текті Севефи әулеті ме?

– Тек севефилер емес... Ахмеди, Ғазнауи әулеті, Хорезм шаһы, Құлағу ильхандары басқарды. Ирандықтар да өз тарихын б.д.б. VІ-ІV ғасырларда патшалық құрған Ахеменидтерден бері таратқысы келеді. Ал, олардың шын мәнінде мемлекет құрған кезі елді қидандар басқарған тұсқа орайласады. Түркілер негізін сала тұра, олар мемле-кет тарихын өзі мен өзгенің билігіндегі кезеңдерге бөле-жармай, бір тұтастық аясында қарастырады. Біз осыған жете алмай жатырмыз әлі, оның объективті себептері де бар.

– Сонда не істеуіміз керек? – Ең алдымен, бір тудың астына жиы-

лып, қазақ атанғаннан бергі мемлекеттік қалыптастыру жолымызды – Қазақ хандығының және оны басқарған тұлғалардың тарихы мен ең негізгі уақиғалар тізбегін тиянақты зерттеп, байыпты бағалап алуымыз қажет. Ке-лер жылы атап өткелі отырған Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесі нақ осы игі мақсатты көздеген шара деп ойлаймын. Бұл өзіміздің тереңде жатқан түп-тамырымызға үңілудің – протоқазақ тайпалары із қалдырған ерте және орта ғасырлардағы түркілік тайпа одақтары мен бірлестіктерге қарай жылжуымыздың бастапқы қадамына айналуға тиіс. Кем дегенде, Көк түріктері қағандығы мен өркениетіне қатысты деректердің барын көгендеп, жоғын түгендеп алудың алғышарттары Керей мен Жәнібек сұлтан құрған ұлттық мемлекет тарихын жүйелеп, еліне қамқор жеріне қорған болған

хандары мен батыр-билерін ұлықтау арқылы қалыптасары сөзсіз... Тіпті, осы кезеңнің өзіне қатысты «ақ таңдақтар» мен албаты шатасулар көп. Мұны ұсақ-түйекке баламай, мүмкіндігінше, фактологиялық иірімдерін мұқият ізерлеп, мән-маңызын ескере білсек, дәстүрлі ел билеу мәдениетіндегі со-нау сақ, ғұн дәуірінен кешегі Бөкей ордасына дейін созылған сабақтастық тінін жалғап алар едік...

– Жалпы, тәуелсіздік константа-сына қатысты айтылар әңгіме ауа-нын саяси-абстрактылы ой-ағымдар өрісі деп жатамыз ғой кейде. Ал, оның баянды болып, бағы жануы қоғамдағы тұрақтылық пен тату-тәтті тірлікке байланысты екенін де көріп жүрміз. Нақты айтқанда, көп ұлтты, көп дінді елімізде «мемлекет құрушы халық» – қазақтардың рөлі қандай?

Page 9: 143 (3200) 2014-12-16

9www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

/////////////////////////////////////////////

– Біз ежелден еркіндікке ұмтылып, азаттықты аңсар еткен халықпыз. Енді, міне, көксегеніміз келіп, ойлағанымыз орындалған шақта тәуелсіз тірлік кеңістігінде тек қана қазақ болып құраласып, өз алдымызға тұтасып отырамыз деген дәмеден аулақ болғанымыз абзал. Иә, моноұлтты мемлекет құрау енді қолдан келмейтін нәрсе. Ол бұрындары да қолдан кел-меген. Себебі, қазақылық («еркіндік» сөзінің ежелгі баламасы) жолын таңдаған ата-бабаларымыздың бұрыннан көп ұлттылық ұстынымен өмір сүру тәжірибесі бар. Мәселен, Қазақ хандығы кезінде алаш туы астына жиналып, бір ұранға үн қосқандар оған дейінгі бір-бір мемлекеттік бірлестіктің – Үйсін, Қаңлы, Найман, Керей, Арғын, Ноғайлы және т.б. ұлыстарының өкілдері еді. «Бірікті» дегенмен де мал дың тісіне еріп, жайылым-өріске таласы қоса өріп жүретін бірнеше ба-улы руларды бірегейлендіру орталық билік иесі – хандардың оң жамбасына келе қоймады. Уақыт өте келе өз ру-ластары алдында беделі бар, сөзі уалы, аузы дуалы билерге әр тайпаны басқару, ел ішіне жік салар жер дауы – жесір дауын дәстүрлі құқықтық жосындар ұстынымен әділ шешіп, кесім айту уәкілетін берді. Мұндағы мақсат – алуан баулы, сан салалы тайпадан құралған халықты ұлт ретінде ұйыстырып, бірегейлендіру еді. Біз қазір ру ретінде қарастырып жүрген субстанция ол кезеңде бір-бір мемлекеттің гене-фонды өздерімен бірге ала келген ала-құла социум-тұғын, тіпті, бертінге дейін олардың сөз қолданыстары да, ән айтып, күй тарту мәнері де, кейбір салт-дәстүрі де бір-бірінен ерекшеленіп тұрған.

– Ондай ерекшеліктер әлі де бар ғой...

– Иә, бар, алайда, олар – баяғыдай айқын шалынар субэтникалық айырмашылықтар емес, елеусіздеу

өңірлік ерекшеліктер ғана. Әсіресе, дәстүрлі өнер саласында әртүрлі мек-тептер кейпінде ғана сақталып қалғаны рас...

Сонымен, дүние жүзі елдері бір-бірімен араласып-құраласып жатқан жаһандану заманында моноұлттық мемлекет құрып, түндікті тұмшалып, іргені қымтай отыру мүмкін емес. Біз де көп ұлтты, ғайри дінді қоғам дәстүріне байырқап, соның мәдениеті мен тәрбиесіне бой үйретіп, желсіз жерде шаң шығармас арсеналдарын уыста мығым ұстағанымыз жөн. Осы ретте Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы ассамблеясы өз міндетін мүлтіксіз атқарып келеді деп ойлаймын. Жа-сыратыны жоқ, алғашқы кезде оған скептиктің көзқарасымен қарап едім. Уақыт өте келе оның ел бірлігін, қоғам тыныштығын сақтауға септескен, ішкі саяси кикілжіңдер мен ұлтаралық қақтығыстардан қажыған талай елге үлгі тұтарлық ұйым екеніне көзім жетті.

– Виктор Гюго «Адамның ұлылығы бойымен өлшенбейтіні сияқты, халықтың ұлылығы да са-нымен өлшенбейді. Ақылдылық пен ерлік – міне, бір ғана өлшем. Кімде-кім ұлы өнеге көрсетсе, сол – ұлы» деген екен. Кезінде Президенттің жарлығымен консультативті-кеңесші орган ретінде құрылған Ас-самблея өзінің жиырма жылдық та-рихында халықтық дипломатияның – этносаралық тағаттылық пен қоғамдық келісімнің тың үлгісі ретінде халықаралық ұйымдар мен әлем елдерінің, соның ішінде, федеративті Ресей басшылығының д а қ ы з ы ғ у ш ы л ы ғ ы н о я т ы п отырғанын мақтан тұтамыз. Демек, қазақ халқының үлгі-өнегесі...

– Міне, көп ұлтты қоғамдағы «мемле-кет құраушы ұлт – қазақ халқының рөлі қандай?» деген әлгіндегі сауалыңның да жауабы осы ғой.

Осы өнегелі болмыстың да тарихи негізі бар: баяғы заманалардағы хан ордасына жиналатын билер кеңесі сияқты; оған хандық дәргейіндегі қарақалпақ ұлысынан – екі би, қырғыздардан – бір би, қазақтың үш жүзінен – үш би және әлеуметке әділ де ерлік істерімен жаққан батыр-бағландар қатысып, ел тағдыры, ұрпақ келешегіне қатысты келелі мәселелерді кеңесіп, ортақ мәмілеге жүгінген. Хан солардың, яки, халық өкілдерінің уәжіне құлақ түре отырып, шешім түйген, кесім шығарған...

«Сабыр түбі – сары алтын» деген атам қазақ сөзінің ақиқаттығын алысқа бармай-ақ, анау Украинаның асты-үстіне келтірген аласапыранның сал-дары мен зардабы дәлелдеп тұрған жоқ па?! Түбінде мемлекет құрушы халық саны бүкіл ел тұрғындарының басым бөлігіне жеткен кезде ұлттық мүдде – қазақылық жеңбей қоймайды. Иә, түбінде көздегеніне жетіп, діттегенін алады. Біз ылғи да албырттыққа ерік алдыратын, арман-мақсатымыздың тезірек орындала қалуын қалайтын максималистеу жұртпыз ғой. Оны да кейде түсінуге болады. Себебі, үш жүз жылдай жат жұрттың отарлық езгісінде болған қазақ халқының жаны жаралы, жады қаяу. Мына мен де сол жара тезірек жазылып, рухы шапшаң көтеріліп, күн астында қанатын кер-ген қырандай қайтадан самғаса екен деп алып ұшатын едім. Кейінгі кезде таяқтың екі ұшы барын, бірін абайла-май басып қалғанда екіншісі маңдайға тиерін пайымдап, «ештеңе етпес, жол ортада қалдырмай, жөпшеңдіге шалдырмай, елдігімізді бекемдеп, ертеңімізді айқындап алдық қой. Енді, ойға алғанымыз біртіндеп орындала жатар» деп ойлаймын. Елбасының жарасымды елдікке бастаған идеялары ұлт мұратын жұптап, барша халықты жа-сампаз ерлікке жігерлендіре

береріне шүбәм жоқ. – «Елдік» дегеннен шығады,

қуғаны – алда, қашқаны артта кетіп бара жатқандай алмағайып шақта әлемдегі кез келген мемлекеттің мызғымай жасап, келешек төрінде көсіліп отыруы үшін бірнеше: э к о н о м и к а л ы қ , а қ п а р а т т ы қ , әлеуметтік, демографиялық және т.б. қауіпсіздігін бекемдеуі шарт дейді білгіштер. Бұл, әдетте, ішкі-сыртқы факторларға байланысты нәрселер ғой. Ал, енді кезеңдік құбылыс тәрізді моральдық болмысымызға, құқықтық мәдениетімізге қатысты да қауіп ойлар кемшін тұстарымыз бар ма?

– Әлбетте! Әлгінде айтқан Рим империясы сияқты алып та айбын-ды мемлекеттердің түбіне жетіп, келтесінен қайырған сырттан шапқан жау, іштен өршіген дау ғана емес, ел билеуші топтың қара бас қамын дәулет мүддесін жоғары қоятын құлқынқұмарлығы, халық қазынасы мен өз қалтасын шатастырып ала беретін тоғышар қылығы – жемқорлығы еді.

Бұл – аса қауіпті дерт. Біз қаз басып, қадам жасағаннан ала жіп аттамаған, алысқа жол түсіп, сапар шегіп кеткенде де есігіне құлып салмаған, алдындағы асын да жасырынғандай жалғыз жеуге қымсынып, көрші-көлем, ағайынмен бөле ішіп, қанағатқа ғана қарын

тойдырған халық едік. Жетім-жесірін жылатпай, жабыла қамқорлыққа алған, «алдыңа келсе, атаңның да құнын кеш деп, жауына да жамандық жасамаған кешірімшіл, кеңпейіл жұрт едік. Дүние-мүлік, жойдасыз байлыққа құлқын жеңдірер құл болудан жерініп, «ма-лым – жанымның, жаным – арымның садағасы» деген қағидаға бас иіп, адалдық жолын ардақтаған арлы ұлт едік.

Сол қадыр-қасиетіміздің қайда кеткеніне таңғаламын. Халық бүлінді деп айтпаймын, әрине. «Жемқорлық» дегенде қара табан шаруа, күс алақан жұмысшы емес, ең алдымен, басын-да – шәпкесі, қолында пәпкесі бар лауазымды шенеуніктер еске түседі. Неге? Неге «мемлекеттік қызметші» аталатын басшылар жігі өзі қызмет етуге тиіс мемлекеттің қазынасына қол сұғады? Әлде әділдікпен ел басқарып, әлеуметке адалдықтың жолын сілтеп, жөнін ұқтыруға құзырлы кейбір басшыларымыздың болмысындағы тексіз қылық, теріс өнеге әлдебір жат идеологияның шалығы ма? Меніңше, нарықтық қарым-қатынастар қарғынымен қабаттаса келген «баю идеологиясы» іс басындағы отырған, материалдық игіліктер тұтқасын ұстаған басшылардың біразын тегіс жерде сүріндіріп, ашық күнде адастыра бастады-ау...

– Оның, аға, мынадай себебі де болуы мүмкін. Кеңес өкіметінің тұсында еңбек ету – қоғамдағы негізгі құндылыққа айналды. Кейін шаруашылық жүргізудің нарықтық

амалына көшкен кезде, мейлі қандай жолмен болса да, ақша,

тек ақша табу әрекеті абырой саналды. Алыпсатарлықпен, алаяқтықпен байып, дәулет жиған бәз біреулер Абайдың «Есектің артын жусаң да, мал тап» деген сөзін алға тар-тып, аққұла ақталғысы келді.

(Жалғасы 10-бетте)

Page 10: 143 (3200) 2014-12-16

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Алайда, Хәкім ақын қайткен күнде де ақша табуды емес, керісінше, кәсіптің кез келгенінен жирен-беуге, есектің артын жуса да аян-бай еңбектеніп, адал тірлікпен күн көруге, арамдықтан аулақ жүруге үндеді ғой...

– Бұл бұрыннан тамыр жайған нәрсе емес, кейінгі кездерде бой көрсете бастаған келеңсіздік қой. Болашақта оған біржола тосқауыл қойып, тый-ым салу тетігін таппасақ, әрине, мемлекеттілігіміздің тағдырына – сын, мұратына мін болары кәміл.

– «Баю идеологиясы» демекші, бізде мемлекеттік идеология жоқ дегенді аракідік айтып қалып жата-ды. Бұған не дер едіңіз?

– Кейбір мерзімді басылым беттерінен, телехабарлардан сондай пікір барын байқап жүрмін. Ал, мен Президенттің 1997 жылғы «Барлық қазақстандықтардан өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының ар-туы» атты Жолдауында айтылған, ел дамуының орта және ұзақ мерзімді даму жоспарын қалыптастыруға негіз қалаған «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасын әр әрпіне аялдағандай мұқият оқып шыққан едім. Осы құжатты байыптай оқыған адам мемлекетіміздің идеологиялық мұраттарын айқын аңғарар еді. Со-дан кейін қабылданған «Қазақстан – 2050» стратегиясында да алдағы экономикалық, әлеуметтік-саяси міндеттер мен мәдени құндылықтар аясын саралай келе, біз тілге тиек етіп отырған қоғамдық дертке қатысты «Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс. Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады» деп атап көрсеткен. Егер мемлекеттің ұстанған саясаты мен мақсаттары қоғам мүшелерінің көкейін тап басып, ізгі болашақ, жарқын келе-шекке жетуге құлшындырып, ортақ мүдде, бірегей ниетке жұмылдырып жатса, ол – идеология емес, немене? «Идеология жоқ, оны жасау керек» деп жалаулатып жүргендер ел қамын қаузап, ұлт қадесіне жарарлық өз идея-ларын ұсына алды ма? Мәселе сонда...

« М е м л е к е т т і к и д е о л о г и я » дегеніміз ата тарихты әспеттеп, ана тілді ардақтау ғана емес, тәуелсіз тұрмыс, бостан тірлігімізді түбегейлі қамтамасыз етуге қатысты сан сала-лы, алуан қырлы шаруаның қыбын тауып, қарымын арттыру ғой. Ал, оны «жоқ» деп жұтатып, аузын қу шөппен сүртіп жүргендер ұлттық идеяның бір саласының, жеке тармағының жүгін көтеріп, мұрат-мұғдарын алға жыл-жыта алды ма екен. Меніңше, бізде мемлекеттік идеология да, ұлттық идея да бар, тіпті, сол идеологиялық мұраттардың үстінде тұрған мәртебелі бір міндет тұр. Идеологияның да идео-логиясы сол.

– Ол не сонда? – Ол – халықтың санын көбейтіп

қана қоймай, сапасын жақсартып, демографиялық қауіпсіздікті нығайту міндеті. Мен осыны көп ойлаймын. Себебі, дүние жүзінде қалыптасқан ө л ш е м б о й ы н ш а ө т е ш а ғ ы н мемлекетпіз. Халық саны жеріміздің аумағына сай емес. 17-18 млн тұрғын халықпен де бейқам отыра берер едік, егер біздің жеріміз Оңтүстік Қазақстан облысының аумағындай болса... Ал, біздің жердің жалпы аумағы одан он алты еседей үлкен... Сондықтан, бізге таяу жылдарда халық санын 30-50 млн-ға жеткізбейінше, көп жағынан – елдің әлеуметтік-саяси,

мәдени дамуына жол ашып, негіз қалар экономикалық өрлеу саласында да көп қиындықтар шеңберіне қамала береріміз хақ. Шетелдерде шашы-рап жүрген қандастарымызды елге қайтару ісі қожырап кетті. Осыған қайтадан мән беріп, жаңаша талап-тар тұрғысынан ұйымдастыра алсақ, жергілікті халық санын көбейтудің жолы болмақ; яғни, әулетті – жанға, дәулетті – малға толтырудың бір амалы осы – көші-қон мәселесіне мемлекетшілдік сезіммен қамқор болу деп ойлаймын. Екінші, жаяу-жалпы сан қуып, жалаң цифрды малданып отыр-май, сапаға көңіл бөлу маңызды. Қалың бұқараның қарасын көбейтіп, қатарын молықтырумен қатар қарым-қабілетін де жетілдіре түсуге – яғни, оның арасындағы оқып-тоқығандардың, білікті мамандардың үлесін арттыруға ден қойсақ, ұтылмаймыз. Біздің оқыту, білім беру үрдісіміз бір ыңғайда – гуманитариялық бағытта ғана келе жатқаны байқалады. Мұнымен алысқа ұзай алмаймыз. Елбасы елді индустрияландыру, инновациялы өндірісті дамыту міндетін алға қойып отыр, ал осынау ел тағдырын шешіп, есесін қайтарар осынау маңызды істің кілті – техникалық интеллиген-ция элитасын қалыптастырып, білікті әрі әмбебап жұмысшы кадрлар легін жасақтау ісінде. Ол үшін қазіргі кезде қаптап кеткен инсти-туттар мен университеттердің, түрлі колледждердің маман даярлау бейінін қайта құрып, заманауи техникалық-ғылыми жетістіктерді меңгерген жас ұрпақ, жеткіншек буын тәрбиелеуге бейімдеу қажет-ақ.

– Мұның да манадан бері сөз етіп отырған мемлекеттік идеология, ұлттық идея мұраттарына тікелей қатысы бар дейсіз ғой. Тоныкөк тасқа қашап жазып кеткен асыл аңсар – Мәңгі болу үшін не керек дегенге саяды ғой.

– Мәңгі ел идеясын Тоныкөк абызбен ақылдаса келе, Білге қаған шығарды: «Біз Өтүкенді қоныс етіп, Тағбаштың шекарасына жақындамай, керуен ғана жіберіп, қозғалмай отырсақ, Мәңгі ел боламыз» деді.

Мәңгілік өріне ұмтылған мына біздерге де, ең алдымен, сыртқы сая-сатты мығым жүргізіп, жан-жақтағы елдермен көз аларта қастасуды емес, құшақ толтыра достасуды ғана ойлаған тиімді. Иә, қазақ елінің бүгінгісі ба-янды, болашағы жарқын болуы үшін алыс-жақын шетелдерден тең дәрежелі, тату-тәтті қарым-қатынас орнатып, кем дегенде елу жыл бойы шаң көтеріп, қан төгетін жосықсыз жанжалдарға жолатпайтын жол – бейбітшілік салты-нан жазбауымыз керек. «Елу жылда – ел жаңа» демекші, тек байтағымыздың сырты – тыныш, іші тұтас болса ғана орта және ұзақ мерзімдерге арналған жоспарларымыз бен бағдарламалық міндеттерімізді абыроймен орын-дап, асқақ та асыл мұратымыз – Мәңгіліктің өріне көтерілеміз. Өзінің жыл сайынғы жолдаулары мен стратегиялық бағдарламаларында Президенттің сыртқы саясатымыздың тілін ширатып, көршілес Қытай, Ре-сей мемлекеттерімен, АҚШ, Еуро-па, мұсылман әлемі және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты тереңдете түсуге екпін беруі, сайып келгенде, сол асқақ мұратқа абырой-мен жету мүддесін көздейтіні анық...

– Е л б а с ы « Н ұ р л ы ж о л – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын-да көк түріктердің тасқа қашап жаздырған өсиетіндей Мәңгілік ел

аңсары – елдің біріктіруші күші, ХХІ ғасырдағы мемлекеттілігіміздің мызғымас тұғыры екенін атап көрсетіп, «...біздің жалпы ұлттық идеямыз мемлекетіміздің тамы-ры сияқты көне тарихтан бастау алады. Жалпы ұлттық идеяны өміршең ететін – Елдің бірлігі» дей келе, қашқан, алауыздығы асқан жерден ештеңе өнбейтінін ынтымағы айтады. Иә, оны тарих та растайды: б.з. 552-745 жылдары көк аспан-қара жер арасында ай-барлы қағанат құрып, дәуірлеген көк түріктері ағайын арасын ашар, бақ-береке қашар алауыздық пен өзара кикілжіңнің салдарынан тәуелсіздігін уыстан шығарып алғанын; Күлтегін, Білге қағандар өкініштен тас тырнап, «Басқалар үшін ісін, күшін берді. Қағанды халық еді, қағандығынан айырыл-

ды. Елді қаған еді, елдігінен айырыл-ды. Сөйтіп, Тағбаш қағанға бодан болдық» деп зар жылағанын да білеміз. Ендеше, ең басты қоғамдық құндылық – Ел бірлігі идеясын, Мәңгілік ел аңсарын күллі қазақ жұртының, бүгін ұрпақ буыны мен ғайри ұлт өкілдерінің бойына дарытып, ойына жұқтырудағы, яки, отаншылдық рухта тәрбиелеудегі тарих ғылымының, әсіресе, әр алуан қайнаркөз, түпнұсқаларды тінте өткен кезеңдер елесін тірілтіп, көнеліктің көкжиегін кеңейтіп жүрген Өзіңіз сынды танымпаз қаламгерлердің рөлі қандай болуға тиіс?

– Таным жоқ жерде, тағылым да жоқ. Көне тарихтың көмбесін ақтару ісі кез келген ұлтқа бүгінін бағамдап, келешегін айқындау үшін қажет деп жатады ғой. Тап осы шетін мәселенің түйінін тарқатып, жігін жымдастыра білудің мән-маңызын талай айттық, айта да беретін шығармыз, сірә. Өйткені, бірде арнаулы министрлікке барып: «Менің «Көнеліктер», «Ноғайлы» деген кітаптарымды шығарып беріп едіңіздер, бірақ таралы-мы аз болғандықтан, нақты сұранысты өтей алмады, жарық күнде шырақ алып іздеушілер маза бермей тұр» дегенімде, «аға, бір шығарған кітапты қайталап шығара алмаймыз ғой» дейді. Өзі жауап беретін саладағы ұсыныс пен сұраныстың жай-жапсарынан бей-хабар немесе оған ұсақ-түйек мәселе ретінде қарайтын маман қоғамдық ой-сананы қалыптастыратын тари-хи жад пен таным тағлымына мән береріне, кітап таралымы мен жазушы тағдырына жанашырлық танытарына күмәнім бар. Қаламгерлер қамын айта беруге де ұяламыз. Өз басымдағы жағдайға келсем, баспадан бір тиын қаламақы алмағаныма жиырма жыл болды. Тек осы тәуелсіздік жылда-рында әрқайсысы 50 баспа табақтай бес кітап жазыппын. «Инемен құдық қазғандай» еңбегім еш еленбесе де, шаншылып отырып, бас көтермей жаза беру әпенделікке ұқсас тірлік болып тұр.

– Әрине, солай ғой. – Әйтеуір, жүрекке қонақтап, санаға

із салған нәрсе жарыққа шығып, ел

қадесіне, ұрпақ тәрбиесіне жарасын, текке кетпесін деген ниет қой қолға қалам ұстататын...

Мемлекет басшысының «Мәңгілік е л » и д е я с ы ұ л т т ы ұ ш п а қ қ а шығарып, рухын шыңдауға септе-сер ұлық аңсар екені анық. Оны көк түріктері армандаған, бірақ, бірлігі қашқандықтан жүзеге асыра алмағанын әрдайым жадта ұстауға тиіспіз. Біз бойы қатып, ойы қасаң тартқан ерте буын – егде ұрпақтың ой-санасын, дүниетанымын өзгертеміз, таным арқылы тәрбиелейміз деп текке әуреленбей, иек артар келешегіміз – жас буын жеткіншектерді, бүгінгі бала-ларды ұлттық мұраттар мен халықтық құндылықтарды қадірлей білуге тәрбиелегеніміз дұрыс. Солар ата-баба аңсарын дамытып, іске асырса, көксегеніміздің келгені, көсегеміздің көгергені.

Қазіргі кезде қазақ мектептері мен балабақшаларының көптеп ашылып жатқаны көңіл тоғайтады. Өйткені, он жыл ана тілінде оқып, білім негіздерін бойына жиып, ата тарих тағлымын бойына дарытқан бала өскенде өзгенің жылтырына елігіп, өз қағынан жери алмайды.

Екіншіден, тәрбие беріп, тағлым дарытудың жолы алуан: білім теріп, ғылым қууға да, билікке ұмтылып, мансап иеленуге де, мақсатты қаракетке бел буып, дүниенің бір кетігіне кірпіш боп қалануға да, т.б. болады. Бірақ, осылардың барлығы маған өткінші, өмірзая нәрселер сияқты, бәрінің де тал бойында бір кемістік бар тәрізді сезіледі маған. Себебі, ең тұрлаулы, адастырмайтын жол – Ата жолы. Ата-бабаның салып кеткен дәстүрлі соқпағы – «Жеті Жарғыда» жүйеленген адамгершілік, ынсаптылық, кешірімпаздық, обал мен сауап, қыл аяғы, отбасылық қарым-қатынас туралы қағидаттарды бүгінгі қалыбымызға енген кон-тиненталды немесе ағылшындық-саксондық құқықтық жүйе постулат-тарына апарып жамамасақ та, дәстүрлі мәдениетіміздің діл мәйегі, ізгі мирасы ретінде кейінгі буынға жұқаналап жеткізе білгеніміз абзал.

– Өткен кезеңдердің іс ағзам амал-дары мен ізгілікті қағидаттарын жас ұрпақ санасына сіңіре берудің ұлағаты мол дейсіз ғой?..

– Иә, ата-бабаны қадыр тұту қалыбын идеологиямызға арқау ет-кеннен ұтылмаймыз. Қазіргі діни ой-санада ата-баба рухын қастерлеп, құрмет тұтуды Алла тағалаға серік қосқандай, күпірлікке балап, қарсылық білдіру шалығы байқалып қалады. Ол ортодоксалды ислам қағидасы екені белгілі...

– Бірақ, біздің дәстүрлі сенім жолымыз – Ханафи мазхабының әл-Матуриди ақиқасын ұстанушылар пәниден бақиға өткендерге Құран бағыштап, рухын (әруақты) уәсила ету – Аллаға серік қосу емес дейді ғой. Шәкәрім атамыздың «Үш анығында» хақ мүсілімдіктің шарты – ақиретті мойындау екенін айтады. Сонда ғана жұмыр басты, жұлын өзекті пенде атаулы артына ізгілікті

іс қалдыруға, Ар-ождан, Ынсап пен Мейірімді ғана тірлігіне таяныш етуге тырысады; сол сенім ғана оны обал мен сауаптың аражігін ажыратып, қандай шарғымен болса да қарын тойдырудан, яки, түстік өміріне кештік мал жиятын дүниеқоңыздық, құлқынқұмарлық пиғылдан, қазіргі тілмен айтқанда, жемқорлық, парақорлық сияқты тоғышар тірліктен аулақ жүреді. Өйткені, малдан саналы адам баласының басты айырмашылығы: төліне – ізін басар ұрпағына адал амал, ізгі істер үлгісін қалдыруға талпынады дейді ғой...

– Ал, сол ізгілік ғұрпы мен тағлымы терең түсініктер қалыбы айдамал науқан, айқай ұранмен тұрмысымызға орныға салмайтыны белгілі жәйт. Көз көрмегенге көңіл тоқтатпайтын әдетіміз де бар, сондықтан... Айтпақшы,

баяғыда көк түріктерінің де, ғұндардың да жылына бір рет тәу ететін, құрбандық шалатын «ата-баба үңгірі» дейтін болған. Әр тайпа өзі иемденген үңгір қабырғаларына, тау дерелеріне Тәңірінің, Бөрінің, Ұмай ананың бейнелерін бәдіздеп, табынған.

– Ондай үңгірлерді «үйек», «ұйық», «ыдық», «ызық» деп атағанын, бұл сөздердің көне түркілер тілінде «қасиетті»,

«киелі» ұғымын білдіретінін оқыған едім.

– Ұ й ы қ ү ң г і р л е р д і ң е к і н ш і жағындағы саңылаудан шығатын аяқ жол, сүрлеу соқпақ жазиралы жазық алқаптарға алып барған, Ергене қондай берекелі ендіктерге – ұйық жерлерге жетелеген. Осы ғұрыпты қайта жаңғыртып, ождан-сенімімізге арқау етпесек те, ежелден еркіндікке ұмтылып, азаттық аңсаған еліміздің тарихындағы рухани белес ретінде Қазақстанның әр жеріне белгі-ескерткіштер қойсақ, келіп-кетіп жа-татын туристерді айтпағанда, жастарға ерекше әсер етіп, дүниетанымдық өрісін кеңейте түсер еді.

Ә л і б а с п а х а н а б о я у ы к е у і п үлгермеген «Көк түріктері» атты кітабыма осыдан 3 мың жыл бұрын тастан қашалған Тәңірінің, Ұмай ана мен Жайық ананың мүсіні бейнелен-ген суреттерді осындай мақсатпен кіргізген едім.

Міне, соларды табиғаты әсем тау қойнаулары, дере сайлардың аңғарына этномәдени-тарихи көрініс ретінде сомдап, мүсіндеп қойса, қандай тамаша! Он баласын соңына ертіп, тар үңгірден жазиралы жазық – ұйық жерге шығып келе жатқан Бөрі ананың бейнесін жасауға көп қаражат жұмсалмайды, есесіне, «мың өліп, мың тірілген», қиын да қысталаң кезеңдерінің тар қапасынан еркіндікке жетіп, бүгіндер жаһан танып, әлем жұртшылығы Еуропада алғаш шаң берген абстракционизм үрдісінің атасы П.Пикассоның «Герникасы» түріктің жартас суреттеріне еліктеуден туған. Нақтырақ айтсақ, түріктің «Жартас живописі» Еуропада жаңа мектептің қалыптасуына мұрындық болды. Біз өз өнерімізден көз жазып, алыстап кеткендіктен, өз тамырымызды өзіміз танымай қалып отырған жайымыз бар. Монументалды сымбат өнерінде түріктің «Жартас живописі» өнерін қайта тірілтсек – өнердегі үлкен жаңалықтың бірі осы болар еді.

– Әңгімеңізге рахмет, аға!

Әңгімелескен: Мақсот ІЗІМҰЛЫ,

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Page 11: 143 (3200) 2014-12-16

11www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

. . .1986 жылы Алматы қала-сындағы Орбита-4 ықшам ауда-нында үй басқармасының бастығы болып қызмет істейтінмін. Бізді 16 желтоқсан күні аудандық атқару комитетінің төрағасы шақырып алды да: «Қаланы сел басу қаупі бар. Жиырма төрт сағат жұмыс орындарыңда болыңдар. ҰҚК, ІІБ, Бас прокуратура, тағы басқа да ірі мемлекеттік органдардан телефон соғып тексерсе, адамдар мәлімет сұраса, барынша нақты әрі тез жа-уап беруге тырысыңдар. Артық әңгіме болмайтын болсын» деген нұсқау берілді. Ол кез коммунистік партияның әлі бағы басынан тая қоймаған шағы болғандықтан, берілген тәртіп бұлжытпай орында-латын. Сондықтан, ас-ауқатымызды алып келіп, тапжылмай жұмыс орны-мызда отырдық. Бір қызығы, сол күні телефон, радио, телевизор айырып тасталды. Ойымызда ештеңе жоқ. «Барлығы кәрі Алатаудың қауіп

төндірген селі болар» деп жорамал-дап, отыра бердік.

Желтоқсанның 17-сі күні кешкі 18.00-дер шамасында қарамағымда шопыр болып істейтін Алматы об-лысы Ұзынағаш ауылының тумасы, өзімнің туған інімдей болып кеткен Борис келіп: «Оңбағандар, қазақ жастарын соққыға жығып, ойларына келгендерін істеп жатыр» деп қаны қайнап, ашуланып отырды.

«Әй, саған не болды. Неге түті-гіп, «орыс, орыс» деп жамандап отырсың дегенімде:

«Ой, аға, менің ұлтым орыс бол ға нымен, қазақтың арасын-да өсіп, қазақ болып кеткенмін ғой. Жалпы, мен ұлтқа бөлінуге қарсымын. Қазақтардың кеңпейіл қонақжайлығы болмаса, біздер бұлай өмір сүрер ме едік? Елді, жерді сыйлау – ұлағат емес пе?!» деп ойын ірікпей айтып тастады. Сол кезде мен Борис інімді басқа қырынан танып, риза болдым.

Ол: «Жоғары жақ сізді кеңседе әдейі ұстап отыр. Олар көтерілістен қорқады. Өйткені, қазір қазақ жас-тары көшеге шығып, «Республиканы қазақ ұлтының өкілі басқарсын. Бізде ондай тұлғалар бар. Неге басшыны бізге басқа жақтан әкеледі?» деп талаптар қойып жатыр. Мен күндегі жаңалықты сізге толық жеткізуге тырысамын. Қазірден бастап сіздің қасыңызға жергілікті кәсіподақ комитеті мен партия ұйымының басшыларын ертіп келейін» деп шығып кетті.

Біраздан кейін, Борис айтқан адамдары мен тағы бірнеше арда-герді ертіп қайта оралды. Жа ңағы айтылған басшылар украин, беларусь және орыс ұлтынан болатын. Олар да алаңда болып жатқан оқи ғаны естігенде жағаларын ұстады. Партия ұйымының хатшысы маған қарап: «Бүгіннен бастап сіздің қасыңызда адамдар болады. Жал ғыз жүруге болмайды» деп ескертті. Әлсін-әлсін

алаңда не болып жатқаны туралы хабар алып тұрдық. 17 желтоқсан күні қараңғы түсе, жақын маңдағы апайымның үйіне барып кешкі ас ішіп келуге шыққанбыз. Көшенің бұрышын айнала бергініміз сол еді бес-алты еңгезердей арнаулы жасақ жігіттері тап берді. Оларға «қазақ көрсеңдер ұстап, қамаңдар» деп нұсқау берілген сияқты. Қолдарында әскери күрек пен резинка шоқпар. Бас-көз жоқ маған ұратын ыңғай танытып ұмтыла түсті. Қасымда ұлты орыс Борис болмағанда жағдайым не боларын бір құдай білсін. Соққыға жығуы әбден мүмкін еді. «Да, вы, что, это наше начальство. Мы идем по работе, по заданию партий и ру-ководства» деп бұл жолы да Борис ара түсті, қалғандары да оны қостап куәлік жасады.

Бір байқағаным, бұлар әдейі күні бұрын толық дайындықтан өткен, шаш ал десе, бас алатындар екен. Сол жолы өз жерімде, өз елімде, бодандық

қамытын киіп жүргеніме намыстан-дым. Айы рықша патриоттық сезімім оянғандай болды.

Соның әсері ме екен, 19 жел тоқсан күні түсте аудан басшылары Алатау аудандық атқару комитетіне жинап, қазақ ұлтшылдығы туралы әңгіме өрбіткенде шыдап отыра алмадым. Ұшып тұрып: «Товарищ Заяц (аты-жөнін ұмытып қалыппын), блогадаря казахскому народу, сидишь предсе-дателем исполнительного комитета Алатауского района г.Алма-Аты. То, что Вы говорили, это упущения партий и упущения идеологической работы, но не в коем случае не надо упрекать наш казахский народ, на это никто Вам право не дал, хаеть весь казахский народ» дедім де, демімді алған соң: «Мой прадед – Набиев Мади, во время царя, украл у генерал-губернатора родную дочь и диктовал свою правоту. В данное время – перестройка, я могу излагать свою правоту. Я не боюсь потерять свою работу, без работы не оста-

нусь, но хочу справедливости!» деп сөзімді аяқтадым. «Бұл кім?» деді төраға. «Біздің қызметкер» деді Ни-колай Асанов есімді татар бастығым. «Жөнге салыңыз» деді төраға.

Міне, содан 1991 жылға дейін көп қудалау көрдім. Жүрген ізім-ді аңдыған сәттер болды. «Үнде-местердің» бақылауына ілігіп қалдым. Дегенмен, тәуба деймін, елімізге тәуелсіздік таңы атқалы сол қиындықтар артта қалып, еркін өмір сүре бастадым.

Иә, Желтоқсан көтерілісінің сал-дарынан жастар көз жұмды, айық пас дертке ұшырады. Өткен нің өкініші санамызда осылай жаң ғырып тұрары заңдылық. Біз көргенімізді айтамыз, тиісті саба ғын қоғам салмақтауы тиіс. Бұндай кезең енді қайтып келмесін деп тілейік.

Болатбек ӘБДІКӘРІМ, «Семей-ЯП» қоғамдық қозғалысының төрағасы

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 2008 жылдың 27 мамырында бұқа-ралық ақпарат құралдарының бас-шыларымен кездесуінде ұлттың рухын көтеретін мәселелерге ерекше назар аударып: «Біздің алдымыздағы үлкен міндеттің бірі – Тәуелсіздіктің толыққанды шежіресін жазу» деген болатын.

Елбасының осы ойынан бастау алған аталмыш жинақ 2008 жылдан бері жарық көріп келеді. «Қазақстан Республикасы. Тәуелсіздік шежіресі» – тәуелсіз еліміздің жаңа тарихымен

бірге, Елбасының қоғамдағы, сая-сат пен экономикадағы, жаһандық ахуалды талдаудағы алатын орнын, халық алдындағы тарихи парызын терең сезіне білетін азаматтық жауап кершілігін, тұрақты даму мен ұлтаралық татулық идеясын Қазақстан аясында ғана жүзеге асырып қоймай, әлемдік деңгейге көтерген көрегендігін, қажырлы қайраткерлігін ашып көрсететін көп томдық еңбек. Онда егемен еліміздің жаңа тарихына тікелей қатысты ресми құжаттар рет-ретімен

«Тәуелсіздік шежіресі», «Елмен сырласу», «Елбасы жолдады – Елі қолдады», «Әлем Қазақстан ту-ралы, Әлем Президент туралы» деген бөлімдерде ұсынылған. Жоба ның жетекшісі – мемлекет және қоғам қайраткері Мырза-тай Жолдасбеков. Көп томдықты Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғалымдары дайындап, «Күлтегін» баспасынан жарық көрді.

Айгүл УАЙСОВА

Page 12: 143 (3200) 2014-12-16

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Қызыл империяның үстемдік сая-сатына қарсы алаңға шығып, ерлік пен өшпес рухтың үлгісін көрсеткен қазақ жастарының көбі қазір елуді еңсеріп қалды. Сол қылышынан қаны тамған қаһарлы кезеңде теңдік талап еткен, әділет іздеген жан дар хақында кейінгі өскелең ұрпақ кө-бірек біле түссе дейміз. Азат тық-тың ақ таңын аңсаған, еркіндіктің ал ғашқы қарлығаштары туралы тек Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ғана емес, жыл он екі ай бойы жазыл са да, артық болмайтын сияқты. Өйт ке ні, намысын жалаулатып, ас қақ ұран көтерген сол жандардың әп де ген де маңдайы тасқа соғылды, қу ғын-сүргін көрді. Көбі жазықсыз жаза -ланып, тар қапасқа қамалды. Бірақ, жасыған жоқ. Қайта қайтпас қай сар-лық танытып, шыңдала түсті. Олай болса, Желтоқсан қай рат кер лері жа йында сөз қозғау, әңгіме өр біту өт-кенге – тағзым, болашаққа – бағ дар, ұрпаққа – өнеге деп түсінген жөн.

1986 жылы желтоқсан көтерілісіне белсенді қатысушылардың бірі – Құрманғазы Айтмұрзаев. Сол үшін мемлекеттік қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің қолына түскен жас жігіт жазықсыз төрт жыл арқа-лап, жат өлкеге айдалды. Рас, тәуел -сіздіктің арқасында қазір әді леттілік орнап, Құрманғазы толық ақталды. Сондықтан, біз кезінде талай жа-зылған оның істі болуы туралы жай лардың бүге-шігесіне тоқталып жат қымыз келмейді. Есесіне, сол кезде жиырма үш жасар жігітті алып империяға қарсы көтерген қандай күш? Осыншама рух пен жүректілік оның бойына қайдан дарыды? Осы сауалдарға жауап іздегіміз келеді.

Құрманғазы Айтмұрзаевтың атала-ры қазақылықты бойларына сіңірген, намысшыл, текті адамдар болған. Өз атасы Қозыбағар деген кісі кешегі сталиндік зұлматта жергілікті шолақ белсенділердің әділетсіздіктерін

бетіне басып, шындықты айтқаны үшін қатты қуғын-сүргін көрген. Содан үнемі қысымға шыдай алмай түрікмен асқан. Осы оқиға туралы кейіпкеріміз былай деп еске алады:

- Атамыз Ақтөбеде бір ағайы-нының үйінде отырған кезде Тілеп деген милиция мен Сасырау деген жергілікті шолақ белсенді баса-көктеп кіріп келіп: «Мына байдың тұқымын тұтқындаймыз» деп тұра ұмтылғанда Қанипа деген шешеміз: «Үйге қыдырып келген қайным еді. Шаңырағымды сыйлашы!» деп, әлгі Сасыраудың аяғына жығылыпты.

Қазақтың салтында үйде қонақ болып отырған адамды бір төбе аспай ұстамайды. Осыны меңзеген Қанипа шешеміз әлгі шолақ белсенділер шығып кеткен бойда: «Қозбағар, айналай-ын! Бұлар саған енді тыныштық бермейді, басқа жаққа бой та-сала!» депті. Содан атамыз түн жамылып Темір стансасына жетіп, Әулиеата арқылы түрікмен асқан көрінеді. Мен сол елдің Ташауыз ауданына қарасты Тельман деген жерде дүниеге келіппін.

Қазақ – болмысынан бостандықты сүйетін, кең дала төсінде табиғатпен етене еркін өмір сүретін халық. Құр-манғазы да сәби күнінен қанатын кеңге жайып, құс қалықтайтын кеңес -тікте, кеудені кере терең тыныстай-тын жазира жазықтықта айтыл ған әңгімелерді көп естіп өсті. Кейін есейе келе оның сәби қиялы шы-найы өмірдегі көріністермен сәйкес-пейтінін байқаған сәттерде ол іштей наразылық білдіріп, қарсылық таны-татын. «Неге адамдар өз қалауын ша, еркін өмір сүре алмайды?» деген ой оны үнемі мазалайтын да жүретін.

Ол аз-кем ойланып отырып, тағы әңгіме тиегін ағытты.

- Аталарымыз өз еңбегімен дәулет жинаған, ауқатты жандар болған. Сол үшін қудаланып, кіндік қаны тамған атамекенінен безіп кетті. Жаяулап-жалпылап, арып-ашып жү ріп т ү рікмен ағайындарды пана лады. Сол кезде атамның жағ-дайын жақсы түсінген әскери ко-мис сариат тың басшысы түрік мен оны еш құжатсыз әс керге аттандырып жібереді. Содан соғыс басталып, Венгрия жерінде жүргенде, жақсылыққа – жақсылық дегендей, ол да қатты жараланған бір түрікменді от пен оқтың астынан алып шығып, өмірін сақтап қалыпты. Кейін соғыстан аман-есен оралған сол түрікмен

біздің отбасымен ағайын-бауырдай өле-өлгенше араласып тұрыпты.

Ол осы әңгімені айтып отырғанда менің ойыма белгілі заңгер-ғалым Сабыр Қасымовтың: «Бойлары-нан үрейді кейін ысырып тастап, еш қорықпастан бірінші болып қарсылық әрекеттерге шақырған Алматы театр-көркемсурет инс ти-тутының студенттері – Құрманғазы Айтмұрзаев, Бақытбек Иманғожаев, Үсіпхан Сейтімбетов, Аманбай Қанетов, Ертай Көпесбаев бол-ды. Олар 16 желтоқсан күнінің өзінде-ақ, жұмысшы және студент жатақханаларын аралап, жастар-ды алаңға шығуға үгіттеді» деген сөздері оралды.

Расында, тақыр жерге шөп өс-пейтіні сияқты негізсіз ешнәрсе де болмайды. Құрманғазының бо йын-дағы сол бір жастық жалын мен ерік-

жігер, ұлттық намыс пен қайсарлық тар заманда тағдырымен алысып, азулыға бас имеген атала рының текті тәрбиесі екені сөзсіз. Сол қанмен дарыған рух, тұла бойда бұлқынған бұла күш сын сағатта оны елдік үшін, бостандық пен ұлттық намыс үшін алаңға алып шықты.

«Өткен күнге еш өкініш жоқ. Қайта осындай өз қолымыз өз ау-зымызға жеткен дербес мемлекет болғанымызға, соны осыдан жиыр-ма сегіз жыл бұрын армандап, сол үлкен мақсаттардың бастауында тұр ғанымызға өзімізді бақытты сезініп, кеудені бір мақтаныш сезімі билейді. Тек, бір әттеген-айы жастардың сол жанар таудай бұл-қынған сілкіністері демократияға, еркіндікке жол ашқынымен, әлі өзінің саяси бағасын толық ала алмай келеді. Біз алаңға шыққанда нан сұрап

немесе әлеуметтік жағдайымызды айтып, шағымданған жоқпыз. Біздің талаптарымыз саяси талаптар бол-ды. Сондықтан, бұл саяси көтеріліс ретінде өз бағасын алуы керек еді» дейді ол әңгіме арасында.

Бүгінде Құрманғазы – үш пер-зент тәрбиелеп, одан бірнеше не-мере сүйіп отырған еліне елеулі, халқына қадірлі азамат. Онымен бірге жары Алма Ашықбаева да көп қиындық көрді. Тіпті, олардың екінші ұлдары Арытұр мордова жерінде дүниеге келді. Өйткені, Алма Құрманғазының артынан іздеп барып, сол жерде ері жазасын өтеп біткенше тұрған көрінеді.

Алаш идеясын ту етіп, азаттық аңсаған күрескер Құрманғазыдай қайсар ұлдары барда қазақ елінің ешқашан іргесі сөгілмесі анық. Ал, Желтоқсан көтерілісі қазақ тарихының асқақ кезеңі ретінде ұрпақ санасында мәңгілік жаңғыра берері сөзсіз.

Таңатар ТӨЛЕУҒАЛИЕВ

Аталмыш шара Алаш авто-номиясының құрылған күніне орайластырылып отыр. Астана қаласы Тілдерді дамыту бас-қармасының басшысы Ер-бол Тілешов: «1917 жылғы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қала сында Екінші жалпықазақ съезі өткен. Осы жылдың 12 желтоқсанында Ала-шорда үкіметі құрылып, Алаш автоно миясы жарияланған. Бүгінгі кештің өзектілігі осын-да» деп жиналғандарға XX

ғасырдың басындағы ұлт зиялы-лары туралы кеңінен мағлұмат берді. Сол кезеңнің тарихынан сыр шертетін бейнебаян көрсетілді. Алаш тақырыбын кеңінен зерттеп, насихаттап жүрген белгілі ғалым Дихан Қамзабекұлы өз ойын ортаға салды. «Елбасы Ұлы таудың төрінде

айтқандай, біздің жиі қозғайтын әңгімеміздің түп-төркіні тарихпен тілдесіп жату керек. Алаштың ұлт болам деген үлкен идеясы бүгін орындалды. Біз бос жерге келіп мемлекет құра салмадық. Бұл азаттық – мыңдаған жылдардың жемісі, елін сүйген ерлердің көз

жасы. Мемлекеттік қызметке келіп жатқан бүгінгі жас тар Алаш зиялы-лары сияқты ұлт алдындағы жауап-кершілікті, парыз бен қарызды сезіне білсе, еліміз әлі талай белестерді бағындырары анық» дейді ол.

Кеш барысында Ербол Алшын-бай, Құрманғазы Жұмағұлұлы, Саян

Есжан сынды жас ақын дар Алашқа, азаттыққа ар нал ған өлеңдерін оқыды. Алаш қай рат-кері Қош ке Кемең гер ұлының т уған шөбе ресі Қайыр бек Кемең герұлы арнайы дайын-дал ған слайд арқылы Алаш авто -номиясы тұсындағы бел сенді жастар ұйымдары туралы сөз қозғады. Танымал әнші Ерлан Рысқали Қапездің әнін шырқады. Оқушылар Алаш ақын дары ның өлеңдерін оқыды.

Бағлан ОРАЗАЛЫ

Page 13: 143 (3200) 2014-12-16

13www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры бағдарламаның бірінші-үшінші бағыттарын жүзеге асы-рудың қар жылық агенті болса, төртінші ба ғы тының операторы қызметін ат қарады. Өткен жұма күні қор қызметкерлері журна-листерге осы бағдарламаның игі лігін көріп отыр ған бірнеше кә сіпкерлік нысанды аралатты. Олардың қатарында қонақүй кешені, ортопедиялық орталық, шығармашылық студиясы мен ар-матура тор шығаратын цех болды.

2017 жылы Астанада әлемдік ірі уақиға – ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетіні белгілі. Сол кезде елордаға жүздеген елден миллиондаған ту рист ағылады. Қазірдің өзін-де осыншама қонақты жай-ғас тырудың қамын ойламаса, ертең кеш болып қалуы мүмкін. Және көрмеге қатысушылар тү се тін орындарды өзіміз үшін ұял майтындай етіп жабдықтау күн тәртібіндегі мәселелердің

– «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бастау алғалы бері бес мыңнан астам жоба мақұлданып, мемлекеттік қолдауға ие болып отыр. Бағдарлама шеңберінде 83 миллиардтан астам субсидия бөлініп, кәсіпкерлерге берілетін несиелердің пайыздық ставкасы төмендетілді. Кәсіпкер екінші деңгейлік банктен 14 пайызбен несие алып, соның 7 пайызын өзі төлеп, қалған 7 пайызын қайтарымсыз негізіндегі субсидия арқылы есеп айырысады. Қазіргі таңда бұл кәсіпкер үшін өте қолайлы және ең төменгі мөлшер болып отыр. Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауына байланысты қосымша бағдарламалар жүзеге асырылады деп жоспарлану үстінде. Оның бірі – өнімді қайта өндеу және басқа да дамытуды қажет ететін салаларға бөлінетін алты пайыздық несие.

қатарына шығып отыр. Осы тұр ғыдан алсақ, Еуропалық стандарттарға сай са лынған төрт жұлдызды «Goldman Empire» қонақүй кешені үдеден шығады. Нысан иелері «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының шеңберінде субсидия алған ал-ғашқы кәсіпкерлердің қатарынан. Сервисті заманауи талаптарға

келтіру мақсатында бағдарламаның бір тармақшасы – халықаралық және шетелдік ұйым дармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін «Аға се-ньорлар» жобасына қатысып, Гар-ри Бошарт атты қонақүй бизнесінің білікті маманын мұхиттың арғы жағынан алдыртты. Шетелдік сарапшы Астанаға келіп, екі апта бойы қонақ үй қызметкерлерін

форт» ортопедиялық орталығы ғимаратты сатып алуға және оны жөндеуге «ForteBanк»-тен тиімді шарттар негізінде несие алған. «Орто педия – елімізде кенже да мыған салалардың бірі. Кейінгі жылдары ғана бұл ғылымға көңіл бөліне бастады. Соны ескеріп, әріп тестерімізбен бірге осындай орталықты ашуды ұйғардық. Тірек-қимыл аппаратының бұзылуы, май-табан, омыртқаның қисаюы секілді ауруларға диагностика жасаймыз, ем-шара жүргіземіз. Шетелдерге шығып, ондағы әріптес терімізбен тәжірибе алмасып тұрамыз» дей ді аға дәрігер Мираб Абхазов орта-лықтың жұ мысы жөнінде.

Елордада белгілі әнші атындағы «Қарақат» мектеп-студиясына бәсекелестік танытатын, бала-ларды шығармашылыққа баули-тын орын пайда болды. Жеке кәсіпкер Ләззат Хасенованың «Жан-L» аталатын мектебі осы Аманғали ҚАЛЖАНОВ

салады. Қызымыз Жәнелді де өнерге баулыдық. Қазір ол дом-быраны тәп-тәуір шертеді. Содан екеуміз ойлана келе өзгелердің балалары да өнер үйренсін деп, осындай шығармашылық студи-яны ашуды ұйғардық. Осының алдында түшпара жасайтын це-хымыз болды. Соның жұмысын тоқтатып, мына нысанды ашу жолында жүгірдік. Жиырма мил-лион теңгеміз болды, соған қоса «Даму» қоры арқылы 30 миллион теңге алып, мына пәтерді сатып алдық. Қазір осында жақсылы-жаманды жұмыс істеп отырмыз. Ісіміз жолға қойылғаннан кейін қайырымдылықпен айналысуды жоспарлап отырмыз. Мүгедек балаларды тегін оқытуды ойла-стырып қойдық» дейді Ләззат Хасенова.

Астанада құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Николай Моложанов есімді жас кәсіпкердің айтуынша, ол жұмыстарды арма-тура торсыз атқару мүмкін емес. Сол себептен ол 2008 жылдан бері аталмыш материалды жа-сап шығарумен айналысатын цех ашты. Өнімділікті арттыру үшін жақында «Бизнестің жол карта-сы-2020» бағдарламасы бойынша «Даму» қоры қызметкерлерінің консультациялық қызметіне жүгі-ніп, қолдауға ие болды. Қазірде қол астында 10 жұмысшы жұмыс істеп, күніне 3-4 тонна дайын бұйым шығарады. Болашақта өнімді өндіру қуаттылығын арттыруды да көздеп отыр.

оқытты, пайдалы кеңестерін де аямады.

«2010 жылы «Даму» қоры ар-қылы БТА банктен 14 пайыздық мөлшермен 120 миллион теңге со масындағы несие алдық. Оның 7 пайызын субсидия түрінде мем лекет төлеп берді. Берілген қаржыны 2016 жылы толығымен қайтарамыз деп отырмыз. Қазірде қонақүйімізге, негізінен әр елден Астанаға келген туристер мен шетелдік компаниялар өкілдері тоқ-тап жүр» дейді қонақүй кеше ні нің бас менеджері Айғаным Асылбек.

2011 жылдан бері жұмыс іс-теп келе жатқан «Экстра Ком-

жылдың ақпан айында ашылды. Онда аспапта ойнау (домбыра, гитара), вокалдық өнер (домбы-рамен ән айту, эстрадалық вокал), хореография (халық билері, зама-науи би) үйретіледі. Театр және бейнелеу өнері үйірмелері жұмыс істейді. Бағалары айына – 8-15 мың теңгенің арасында. Қазіргі таңда мұнда 35 бала тәлім алып жүр. Жеті бөлмеден тұратын шығармашылық студиясының штатында 6 адам бар. Олардан бөлек 16 оқытушы келіп-кетіп жұмыс істейді.

«Анам әнші еді . Ал, әкем домбыра шертіп, жанынан ән шығаратын. Осындай өнерді шын сүйетін отбасында өстім. Өнерге жақын кісінің жары атан-дым. Жұбайым суретті өте жақсы

Page 14: 143 (3200) 2014-12-16

14www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Осы уақытқа дейін Қазақ-станның мәдениет қайраткері, Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанған Ләззат Мейрам-хан қызының есімі жұртшылыққа кеңінен таныс. Ол – «Сыр мен мұң», «Өмірдің өзі новелла» атты кітаптардың авторы. Ал аталған сыйлық әріптесімізге телерадио саласында отбасы құн-дылықтарын, жарасымдылық пен татулықты, Отанды сүю, патрио-тизм тақырыптарын кеңінен насихаттайтын «Біз екеуміз», «Менің елім» сынды хабарлары

үшін табысталып отыр. «Бұл – менің ғана жетістігім

емес, барша қалам ұстаған әріптес-терімнің жетістігі, жеңісі. Жур-налистер қауымы күллі жақсы жаңа лықтардың, жағымды хабар-лардың, қажет болса, бірегей қасиеттердің жаршысы іспетті. Сондықтан да мамандығымды мақтан тұтамын, бұл абыройға да мамандығымның арқасында кенелгенім рас» деп ағынан жарылды «Құрмет» орденінің иегері Ләззат Қапышева.

Асхат РАЙҚҰЛ

Қ а з а қс тан Рес п у бл и к ас ы Президентінің Жарлығымен Қай-рат Жаңабаев, Әділ Әбді халықов және Кенжебек Уретов «Құрмет» орденімен марапатталды. Соны-мен қатар Тәуелсіздік мерекесіне орай мемлекеттік наградалар-мен марапаттау барысында Пар-ламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл жастарды отан дық патриотизмге тәрбиелеу бағытында қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып жүрген бірнеше азаматтарға құрмет көрсетті. Мерейлі марапатқа ие болғандардың қатарында біз-

дің әріптесіміз де болды. Атап айтқанда, «Астана ақшамы» газеті бас редакторының орын-басары Ға л ым Қожабеков «Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Қор-ғаныс министрі, Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы құрмет белгісі» төсбелгісімен ма-рапатталды.

Әріптесімізді құрметті наг ра-дасымен құттықтап, шығар машы-лық жұмысына табыс тілейміз.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

– Бүгін – шын мәнінде қуанышты күн. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ресми түрде ашылып жатқан орта-лыққа осы маңда ғана емес, тіпті бұл жерден сыртқарырақ орналасқан елдімекен балалары да келіп, түр-лі үйірмелерге қатысып, спорт түрлерімен айналысуда. Біздің болашақ өнерлі аматтарымыз да, спортшыларымыз да осында өсіп

келеді деп сенемін, - деді Б.Сағын.Орталықтың ашылуына мұрын-

дық болған азамат – қалалық мәс-лихаттың №25 округінен сайланған депутат, «Құлагер» құрылыс кор-порациясының басқарма төрағасы Төкен Егінбаев. «Ескендір» ке-ше ні нің тұрғындары бұл маңда жасөспірімдер мен балалардың бос уақыттарын өткізетін орынның

жоқтығын айтып бірнеше мәрте өтініш білдірген соң, халық қалау-лысы іске кіріседі. Сөйтіп, оның ұсынысы қалалық әкімдік тарапы-нан қолдау тауып, Жастар саясаты мәселелері басқармасының арала-суымен тұрғын үйдің 400 шаршы метр жертөлесіне күрделі жөндеу жасап, жарығы мен жылуын өткізіп, қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып, сайлаушыларының тілегі жүзеге асты.

Орталықтың жетекшісі Азамат Кәрімовтің айтуынша, бүгінгі таңда балалар мен жасөспірімдердің «Ар-мандастар» клубында алтыдан он алты жасқа дейінгі төрт жүзге жуық оқушы қазақша күрес, бокс, грек-рим күресі, еркін күрес, дзюдо, каратэ сынды спорт түрлерімен, ұлттық және қазіргі заман билерімен айналысып, домбыра, көркемсурет, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ үйір-мелеріне қатысып жүр. Мұнда ар-дагерлер бұрышы да жұмыс істейді. Онда осы маңда тұратын ақсақалдар мен зейнет жасындағы әжелердің бос уақыттарын тиімді өткізуге барлық жағдай жасалған.

Сол күні жиналғандардың қуаны-шында шек болған жоқ. Балалар ән айтып, би билеп, мереке көр-кін қыздырса, әжелер ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптеп, тұсау кесер рәсімінен үзінді көрсетті.

Салтанатты шара барысында тұр ғындар атынан сөз алған Интер-национальный тұрғын алабындағы ардагерлер бастауыш ұйымының төрайымы Майра Әлімханқызы, осы ауданның ақсақалы Қожантай Байкенов клубты ашуға себепкер болған азаматтарға алғысын білдірді.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Қала әкімі Білім басқармасына осы айдың соңына дейін орта мектептерде ү ш ау ысымдық оқуды жою туралы мәселенің шешімін ұсынуды тапсырды. Автобустардың жұмысындағы кемшіліктер туралы шағымдар көп болғандықтан, сонымен қатар, қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы-на орай Ә.Жақсыбеков тиісті құры лымдарға ЖҚЕ сақтауды бақы лауды қатаңдат уды, осы бағыт тағы алдын алу шараларын

күшейтуді тапсырды.- Автобус жүргізушілері ұдайы

жарыс ұйымдастырады, әсіресе, бір-бірін қайталайтын маршрут-тар. Бұл жерде мәселе тек ереже бұзуда ғана емес, бағдарларды ұйымдастыруда жатқан болар, - деді қала басшысы.

Құрылыс нысандарында жұмыс-керлерге еңбекақы төлемеу жағдай-ларының жиілеуіне байланысты Еңбек инспекциясы басқармасына субмердігерлік компаниялар та-рапынан еңбек міндеттемелерін

орындауға баса назар аудару тап-сырылды. Кеңес қорытындысы бойынша Ә.Жақсыбеков әкімнің орынбасарларына, ведомствоға қарасты барлық құрылымдар мен ұйымдардың басшыларына Мем-лекет басшысының елорданы да-мыту жөніндегі тапсырмаларын орындауды ерекше бақылауға алуды және Елбасы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауында алға қойған міндеттерді жүзеге асыру аясында жұмыс жасауды тапсырды.

Алдағы мереке күндеріне бай-ланысты Ә.Жақсыбеков барлық қалалық қызметтерді күшейтілген тәртіппен жұмыс істеуге, ал олар -дың басшыларын тәулік бой-ғы кезекшілік пен бақылауды ұйымдастыруға міндеттеді.

Page 15: 143 (3200) 2014-12-16

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

15

Құрметті астаналықтар және қала қонақтары!

Сіздерді Ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

1991 жылғы 16 желтоқсанда еліміздің тарихында жаңа кезең басталды – бұл демократия, тең құқықтық және серіктестік қағидаларына негізделген қазақстандық мемлекеттік қалыптасу кезеңі. Тәуелсіздік жылдары ішінде біздің еліміз, ұлттық мүдделерді, демократиялық құндылықтарды нығайту, барлық азаматтарымыздың әл-ауқатын ұлғайту жолына түсіп, халықаралық аренада лайықты беделге ие болды.

Осы ерекше күні Сіздерге және Сіздердің жақындарыңызға бейбітшілік, денсаулық, қайраттылық пен даналық, игілік пен алға қойған мақсаттарыңызға жетуіңізді тілейміз!

Ізгі тілектермен, «Қазақстан халық банкі» АҚ Астана аумақтық филиалы

11.12.2014

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Ұлы Отан соғы сының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 6, 8-баптарына, 9-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 2-бабына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Астана қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету ережесі бекітілсін.

2. Осы шешім алғашқы ресми жариялану күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласы мәслихатысессиясының төрағасы З. Шибкенов

Астана қаласы мәслихатының хатшысы С. Есілов

Осы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Астана қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді.

Астана қаласы мәслихатының2014 жылғы 11 қарашадағы

№ 311/45-V шешіміменбекітілген

1-бөлім. Жалпы ережелер1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай мұқтаж

азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - Әлеуметтік көмек) Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын азаматтарға көрсетіледі.

2. Астана қаласының бюджеті Әлеуметтік көмекті қаржыландыру көзі болып табылады.

3. Әлеуметтік көмек «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі әкімшісі болып табылатын (бұдан әрі - Әкімші) «Жергілікті өкілдік органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету» бюджеттік бағдарламасына

сәйкес және осы мақсаттарға қала бюджетінде көзделген қаражат шегінде ұсынылады.

2-бөлім. Әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі4. Ақшалай төлем түріндегі Әлеуметтік көмек азаматтардың

мынадай санаттарына ұсынылады:20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде - Ұлы Отан соғысының

қатысушылары мен мүгедектеріне;10 000 (он мың) теңге мөлшерінде:жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының

қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға - «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 6 және 8-баптарында мәртебесі белгіленген тұлғалар;

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен

және медальдерiмен наградталған тұлғаларға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскерде болған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталмаған тұлғаларға;

«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңы 9-бабының 1-тармағында мәртебесі белгіленген қаза тапқан әскери қызметшілер отбасыларының мүшелеріне.

5. Әлеуметтік көмек сомасын төлеу алушылардың жеке есеп шоттарына немесе картшоттарына ақшалай қаражат аудару жолы-мен Астана қаласындағы екінші деңгейдегі банктердің бөлімшелері арқылы жүргізіледі.

6. Әкімшінің лауазымды тұлғаларының Ереже шеңберіндегі іс-қимылына (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен арыздануға болады.

«Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі (010000, Астана қаласы, Бейбітшілік к-сі, 11, каб 613, анықтама телефоны: 8(7172) 55-75-98 2011 жылғы 19 мамырдағы кадастрлық нөмірі №21-318-093-916, жалпы ауданы 0,0805 Га, бақ шаруашылығы үшін ұсынылған Астана қаласы, «Алматы» ауданы, «Целинник» бақ шаруашылығы, Урожайная к-сі, 2 желі, №176 учаске мекенжайындағы жер учаскесін сатып алу (алып қою) туралы «Казэнергоинвест» ЖШС бас директорының өкілі И.Б.Жакеновтың атынан «Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ және азамат Цыбульский Владислав Петрович арасындағы шарттың түпнұсқасы жоғалуына байланысты жарамсыз деп саналсын.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!«Астанаэнергосбыт» ЖШС 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр және жылу қуатының орташа босату тарифінің өзгеруі жайлы хабарлайды.

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ТЕГІН КЕҢЕС БЕРІЛЕДІҚҰРМЕТТІ КӘСІПКЕРЛЕР!

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы және «Астана қаласының кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі Қауымдастығы» ЗТБ «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерліктің әлеуетін арттырудың» төртінші бағыты аясында кәсіпкерлік субъектілеріне сервистік қызмет көрсету бойынша жобаны жүзеге асыруды бастады.

Сіздерді маркетинг мәселелері бойынша күн сайын (дүйсенбі-жұма) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін тегін кеңес алуға шақырамыз.

Мекенжайымыз: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 3, 4 қабат, 404 офис (оң жағалау, бұрынғы Манас көшесі).Толық мағлұмат және кеңес алуға алдын ала жазылу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: +7 (7172) 360008, 360009.

Page 16: 143 (3200) 2014-12-16

16www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Алашқа аты мәлiм өнерпаз, КСРО және Қазақстанның халық әртiсi, Мемлекеттiк сыйлықтардың лауреаты Асанәлi Әшiмұлының күнделiктерi кезiнде «Алматы ақшамында» жарияланып, оқырмандардың сүйiспеншiлiгiне бөленген едi. Бұл күнделiктердiң iле-шала «Аrnа-b» баспасынан «Менiң жанрым – күнделiк» деген атпен жеке кiтап болып шыққаны мәлiм. Бұдан кейiн актердiң «Қазығұрт» баспасы-нан бес томдығы жарық көргенiнен оқырман хабардар. Ендi, мiне, араға бiраз жыл салып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң «Әдебиеттiң маңызды түрлерiн басып шығару» бағдарламасы бойынша «Аrnа-b» баспасынан ақтаңгер актердiң жетi томдық еңбектерi жарық көрдi. Жетi томда атақты өнерпаз өмiрiнiң әр кезеңi жан-жақты қамтылған. Әр том өзiнiң терең

парасат-пайымымен, қызық та күрделi тағдырымен, ешкiмге ұқсамайтын жанрлық ерекшелiгiмен баурайтынына сенiмiмiз мол.

Жылдың қорытынды жа-р ы с ы б а р ы с ы н д а 2 0 1 4 жылдың үздіктерін марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан бокс федерациясының таңдауы бой-ынша «Жылдың үздік бокс-шысы» сыйлығына биылғы Азия ойындарының жеңімпазы, ұлттық құраманың капитаны Да-нияр Елеусінов ие болды. «Үздік жас боксшы» сыйлығының иегері болып ІІ Бүкілдүние-ж ү з і л і к ж а с ө с п і р і м д е р Олимпиадасының чемпио-н ы а т а н ғ а н А б ы л а й х а н Жүсіпов, «Әйелдер боксының үздігі» атағын биылғы әлем біріншілігінде топ жарған қазақстандық тұңғыш әлем

чемпионы Назым Қызайбай иеленді. «Үздік бапкер» болып Қазақстан ұлттық құрамасының б а с ж а т т ы қ т ы р у ш ы с ы Мырзағали Айтжанов танылды.

Биыл Халықаралық бокс қ а у ы м д а с т ы ғ ы ( А И Б А ) басшылығы мүшелігіне бірнеше қ а з а қ с т а н д ы қ м а м а н д а р қабылданды. АИБА ұйғарымы бойынша жылдың үздік бокс-шысы болып Данияр Елеусінов танылса, үздік жаттықтырушы атағына Мырзағали Айтжанов ие болды. Қазақстанда 2013 жылы өткен әлем чемпионатына АИБА жоғары баға берді.

Міне, осы жеңістер мен ж е т і с т і к т е р Қ а з а қ с т а н

бокс федерациясының биік мәртебесін айғақтайды. Егемен ел атынан Олимпиада ойында-рында қатысқан қазақ боксшы-лары үздіксіз алтын медаль алып келеді. Әлем чемпионы атағын да көп алған былғары қолғап шеберлері болып отыр. Осының бәрі Қазақстан боксы әлем аренасында алдыңғы қатарда т ұ р ғ а н ы н б і л д і р е д і . О л а й болса, ұлттық спортымызға баланған Қазақстан боксы, қазақ боксшыларының бағы ешқашан бабынан таймаса деп тілейміз.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ