34
Сабақ жоспары: Пән аты: Қазақ тілі Сыныбы: 5 Сабақтың тақырыбы: Мәтін І.Сабақтың мақсаты: 1)Білімділік: Оқушыларға мәтіннің бөліктері туралы түсінік беріп, дұрыс құрылмаған мәтінді қайта құру арқылы сөйлемдердің байланысын көрсету. Мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтау. 2)Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту. 3)Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа, көше

Мәтін ашық сабақ.pptx

  • Upload
    aidik

  • View
    142

  • Download
    15

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Мәтін ашық сабақ.pptx

Сабақ жоспары:Пән аты: Қазақ тіліСыныбы: 5 Сабақтың тақырыбы: МәтінІ.Сабақтың мақсаты: 1)Білімділік: Оқушыларға мәтіннің бөліктері туралы түсінік беріп, дұрыс құрылмаған мәтінді қайта құру арқылы сөйлемдердің байланысын көрсету. Мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтау.2)Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.3)Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа, көше тәртібін сақтауға тәрбиелеу.

Page 2: Мәтін ашық сабақ.pptx

ІІ.Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту

ІІІ.Сабақтың әдісі: Талдау, жинақтау, жұптық жұмыс, сұрақ-жауап.

ІV.Көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулық, кеспе қағаздар.

V.Пән аралық байланыс: Әдебиет, дүниетану

Page 3: Мәтін ашық сабақ.pptx

VI.Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

1) Ізденіс кезеңі

2) Жаңа білімді игерту кезеңі

3) Практикалық дағды кезеңі

Page 4: Мәтін ашық сабақ.pptx

Ізденіс кезеңі

Page 5: Мәтін ашық сабақ.pptx

Әдеби тіл дегеніміз не? Әдеби тіл неше түрлі формада өмір сүреді? Мұғалімнің

сабақты түсіндірген сөзі, оқушының сабақта берген жауабы, радио,

теледидардан сөйлеген сөздер қандай тіл болады? Ал, кітапта, газет-журналдарда

жазылғандар қандай тіл болып есептеледі?

Page 6: Мәтін ашық сабақ.pptx

Үйге берілген 6-жаттығуда Ш.Айтматов пен К.Д.Ушинскийдің пікірінде қандай

ортақ ой бар?

Ана тілі... Бұл туралы қаншама айтылып келеді. Ал ана тілінің құдіретін қанша айтсақ та түгесу мүмкін емес. Бала кезіңде балдай сорып, ана сүтімен бойға сіңген қасиеттер туған тілдің арқасында ғана дариды.

Туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезден басталмаса, кейін қиынға соғады. Айналаңдағы адамдарға, өзің өскен ортаның табиғаты мен халқыңның мәдениетіне, дәстүріне деген көзқарас та туған тіліңді білуден басталады.

(Ш.Айтматов)

Page 7: Мәтін ашық сабақ.pptx

- Не оқыдық? (мәтін)

- Мәтін екенін қайдан білдіңдер?

(Сөйлемдер бір - бірімен мағыналық жағынан байланысып тұр.)

Page 8: Мәтін ашық сабақ.pptx

Жаңа білімді игеру кезеңі

Page 9: Мәтін ашық сабақ.pptx

Нәтімегденен?

5,2,3,4,1,7,8,6,9,10,12,11,13

Page 10: Мәтін ашық сабақ.pptx

Бақытжан мен Қазбек әңгімелесіп отыр еді. Бір кезде түтіннің иісін сезді. Орындарынан тұрып жан-жағына қарады. Көрші үйдің қорасы, өртене бастағанын көрді. Екеуі солай қарай жүгірді. Өртке кінәлі кішкентай балалар болып шықты. Екі бала өртті сөндіруге кірісті. Екі баланың ісіне ел риза болды.

Page 11: Мәтін ашық сабақ.pptx

1. Бұл тыңдағандарың не?2. Мәтінде неше сөйлем бар?3. Әр бөлік неден басталған?4. Сөйлемдер бір - бірімен байланысып тұр ма?5. Мәтінге қандай ат қоюға болады?6. Мәтіндегі негізгі ой қандай?

Page 12: Мәтін ашық сабақ.pptx

Мәтіннің үш бөлімі болады:

Басы

Негізгі бөлімі

Соңы

Page 13: Мәтін ашық сабақ.pptx

Басы. Әлиханның анасы – мұғалима. Ол да Әлихан тәрізді оқиды, жазады. Әрине, Әлихан үй тапсырмасын күндіз орындап қояды. Ал анасы жазу үстеліне кешкісін отырады.

Page 14: Мәтін ашық сабақ.pptx

Негізгі бөлімі. Әлихан түнде оянып кетті. Қарсы бөлменің шамы жанып тұр. Қараса анасы дәптерлерді тексеріп отыр. Сірә, шаршаған. Көзі кіртиіп кетіпті. Маңдайын уқалап қояды.

Page 15: Мәтін ашық сабақ.pptx

Соңы. «Туу, демалыс тезірек келсе екен, анам демалар еді», - деп ойлады Әлихан.

Page 16: Мәтін ашық сабақ.pptx

Мәтін – мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады. Мәтінге ат қоюға болады.

Page 17: Мәтін ашық сабақ.pptx

Мәтін – «байланысу, бірігу» деген мағынаны білдіретін сөз. Ол сөйлегенде,жазғанда пайда болады да, қажетті бір тұтас ойды аяқтайды. Мәтіннің тақырыбы болады. Мәтін сөздерден, сөйлемдерден, абзацтардан тұрады. Мәтін әр түрлі мазмұнға құралады. Онда оқиғалар хабарланады, сипатталады, дәлелденеді. Мәтінге газет-журнал материалдары, өлең шумақтары, оқулықтағы ережелер және әр түрлі тақырыптағы әңгімелер мен сөйлесулер жатады.Мәтін ғылыми мәтін, көркем әдебиет мәтіні, ауызекі сөйлеу мәтіні деп ажыратылады.

Page 18: Мәтін ашық сабақ.pptx

Ғылыми мәтінҚазақ халқында жеті, тоғыз, он екі, қырық сандары қасиетті, киелі деп есептелген. Мысалы, орта ғасыр алхимиктері мен астрологтерінің жеті күнге жеті жұлдыздың атын қойып, жеті металдың (алтын, күміс, темір, сынап, қалайы, мыс, қорғасын) пайда болған күн деп, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі,жұма, сенбі күндеріне ат берген. (С.Қалиев)

Page 19: Мәтін ашық сабақ.pptx

Көркем әдебиет мәтіні Қоян жылы. Тамыз айының басы. Күн жылы, тымық. Қарағайлы, бұлақты әсем Ереймен тайының бауыры белуардан келген қалың шөп. Шыққа малынып, бусанып тұнып тұр. Таңғы ұйқыдан оянған құс атаулы кең даланың әр тұсында – өз мекенінде, өз көлінде масайрап, бір-біріне дыбыс бере бастаған. Қаңқ еткен қаз даусы, сызылған аққу, шаңқ еткен өгіз шағала,, қызғыш, барылдаған үйрек үні таза ауада анық естіледі.

Page 20: Мәтін ашық сабақ.pptx

Адасқан сөйлемдер (Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құра)

Қанаты ұзын және сүйір. Көзі дөп - дөңгелек, қап-қара. Лашын – жыртқыш құс. Оның арқасы көк-сұр. Мәтін не туралы. Оған ат қой. Мәтінді көшіріп жаз. Бұл әңгімелеу мәтіні ме, әлде сипаттау мәтіні ме?

Page 21: Мәтін ашық сабақ.pptx

Практикалық дағды кезеңі

Page 22: Мәтін ашық сабақ.pptx

18-жаттығуМәтін қанша абзацтан тұратынын айтып, әр

абзацтағы айтылған ойға түсінік беріңдер.

Page 23: Мәтін ашық сабақ.pptx

18-жаттығу Тропиктік аймақ Глобусқа қарашы. Дәл ортасында солтүстік және оңтүстік жарты шарларға бөліп тұрған белдеу сызықты көріп тұрсың ба? Ол-экватор. Ал экватордың жоғарғы және төменгі жағында нүкте сызықтар белгіленген тағы екі белдеу бар. Олар -Жердің тропикалық белдеуінің шекарасы. Ең ыстық жер - осы. Онда ормансыз жазықтар саванна да, қуаң дала да бар. Тропикалық нөсерден кейін саванналар қаулап өскен қалың шөптің астында қалады. Мұнда биіктігі кісі бойындай қатқал піл шөбі өседі. Әр жерде ағаш та кездеседі. Ыстық жақта таңғажайып тропикалық ормандар бар. Орман іші қапырық, ыстық. Төбеңді тұтасқан қалың ағаш бүркеп тұрғандықтан, онда күндіздің өзінде қараңғы болады.

Page 24: Мәтін ашық сабақ.pptx

21-жаттығуОған Сәбиттің мейірімі өте ерекше. Лақ кішкентай иесін танып, еркелей секіре жөнелді. Ол Сәбитті бір көргеннен оған үйірсек болып алды. Көзі қарақаттай мөлдіреген ақ лақ тым сүйкімді еді. Қазір екеуі өте жақсы дос болып кетті.

Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құра.

Page 25: Мәтін ашық сабақ.pptx

Мәтінде берілген сипаттамаларға сүйеніп,

өз көңіл күйлеріңді білдіретін осындай мәтін

құраңдар.

Page 26: Мәтін ашық сабақ.pptx

Мәтіннің үш түрі болады:

Әңгімелеу ( не істеді?)Сипаттау ( қандай?)

Пайымдау ( неліктен?)

Page 27: Мәтін ашық сабақ.pptx

25-жаттығу

Төменде берілген өлең жолдарынан ойдың байланысына қарай шумақтарды қайта

құрыңдар. Мәтінге ат қойыңдар.

Page 28: Мәтін ашық сабақ.pptx

25-жаттығу – Құп, атажан, жүгіріп,Қарайын да санайын,Қозыларға барайын.Күркесіне иіріп,Атасы мәз боп тұр күліп,Деді, кетті, жүгіріп,Қызыл арай кешкі шақ.Байғасқаны ертіп ап. ( Ө.Тұрманжанов )

Page 29: Мәтін ашық сабақ.pptx

19-жаттығу (Шоқан мен әжесіәдеби тілдің қай

формасында әңгімелесті? Мәтіннің түрін ажыратып

айтыңдар)

Page 30: Мәтін ашық сабақ.pptx

19-жаттығу Шоқан мен әжесі Шоқанды аса қызықтырған Жәми ақынның «Ескендірнамасы» болды.Ескендір Зұлқарнайын туралы Шығыс елдері аузындағы аңыз әңгімелермен қатар, Жәми жырлаған дастан да сондай қызықты екен.Жас Ескендірді анасының үлкен данышпан ғалымға беріп оқытқаны Айғаным әжесінің «білім – оқуда» деген насихат сөзіне ұштасып жатты. Осыны оқығаннан кейін Шоқан бір күні әжесіне келгенде: - Әже,сіз Жәми ақынның «Ескендірнамасын» оқыған ба едіңіз? – деді.- Қарағым, оны неге сұрадың?

Page 31: Мәтін ашық сабақ.pptx

Шоқан жымиып:- Әже, Ескендірдің шешесі ақылды болған екен. Ескендірді ең данышпан ғалымның қолына беріп оқытыпты. Сол оқу-білімнің арқасында бар әлемді билемек болып, үлкен жорық жасапты,- деп Шоқан әжесінің өңіне қарады.- Қарағым, ол дастанды мен оқығам. Сен де жақсы түсініпсің. Білімділік жақсы, мансапқорлық жаман емес пе?! Ол әлемді аузыма қаратам деген озбырлықтан апатқа ұшырады ғой,-деп әжесі сөзін аяқтады. Шоқан ойланып қалды. ( С.Бегалин )

Page 32: Мәтін ашық сабақ.pptx

Шығармашылық жұмыс

Page 33: Мәтін ашық сабақ.pptx

Аталған тақырып және тірек сөздерді пайдаланып мәтін құра.Тақырып: Көше тәртібіТірек сөздер: көше қиылысы, көлік, бағдаршам, оң жақ, сол жақ, жаяулар жүретін жол.

Жол тәртібін білейік,Аман-есен жүрейік!

Page 34: Мәтін ашық сабақ.pptx

27-жаттығу (Өз ана тілің, оның сөз байлығы

туралы ойланып, өз пікірлеріңді айтып

беріңдер)