34
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 5-9 сыныптар Аcтана 2010

ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/lang.pdf · Ұлттық білім беру академиясы, ... тілдік жағдаятқа

  • Upload
    duongtu

  • View
    296

  • Download
    9

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/lang.pdf · Ұлттық білім беру академиясы, ... тілдік жағдаятқа

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

ҚАЗАҚ ТІЛІ

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

5-9 сыныптар

Аcтана

2010

Page 2: ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/lang.pdf · Ұлттық білім беру академиясы, ... тілдік жағдаятқа

2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

ҚАЗАҚ ТІЛІ

оқыту қазақ тілдерінде жүргізілетін жалпы білім беретін

мектептің 5-9 сыныптарына арналған

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Астана 2010

Page 3: ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/lang.pdf · Ұлттық білім беру академиясы, ... тілдік жағдаятқа

3

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2010

жылғы №367 бұйрығымен бекітілген

Бағдарлама авторлары: Қалиев Ғ.Қ., Исаев С.М., Қосымова Г.С.,

Түймебаев Ж.Қ., Дәулетбекова Ж.Т., Мадиева А.Т.

Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің

5-9 сыныптарына «Қазақ тілі» арналған оқу бағдарламаcы. – Астана, 2010. –

34 б.

© Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім беру академиясы, 2010

Page 4: ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/lang.pdf · Ұлттық білім беру академиясы, ... тілдік жағдаятқа

4

І. ТҮСІНІК ХАТ

«Қазақ тілі» пәні ана тілі ретіндегі мәнімен, қоғамдық-әлеуметтік

маңызымен, жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің қалыптасуының бастау көзі

ретінде атқаратын рөлімен ерекшеленеді. Тіл кез келген танымдық іс-

әрекеттердің құралы, ойлаудың формасы және оны дамытудың негізі болып

саналады. Сондықтан да болашақ қоғам иелерін тәрбиелейтін жалпы білім

беретін мектептерде оқылатын қазақ тілі пәнінің маңызы үлкен. Мектеп

жасындағы балалар «Қазақ тілі» пәні арқылы тілдің үш түрлі қызметін:

теориялық мәселелердің практикалық дағдының базасы болатынын

пайымдауға үйрететін білімдік қызметін; жалпы адамзат жинаған тарихи-

мәдени, рухани мұраларды тіл арқылы меңгеруге болатынын және өз ойын

жеткізудің, өзін-өзі тану мен өзгені танудың бірден-бір құралы тіл екендігіне

көз жеткізетін танымдық қызметін, алған білімді практикалық тұрғыда қалай

қолдану іскерліктерін жетілдіруге бағыттайтын коммуникативтік қызметін

таниды.

Мектептің негізгі деңгейіндегі (5-9 сынып) қазақ тілі пәнін оқытуда

оқушыға тілдің ғылыми негіздері жөнінде толық, аяқталған сипаттағы тұтас

білім беру және әдеби тіл нормасын меңгерту көзделеді. Тілдік білім

оқушының ойлау қабілетін дамыту арқылы дүниетанымын жетілдіреді.

Негізгі мектепте теориялық білімнің практикалық дағдыларға база

қалыптастыруына басымдылық беріледі. Олар әдеби тіл нормаларын

игертуге бағытталады. Әдеби тіл нормалары ауызша, жазбаша дұрыс сөйлеу

ережелерін қамтиды. Оқушының сөйлесім дағдыларын дамыту тіл білімі

салалары бойынша сатылап, олардың өзара сабақтастығына негізделіп

жүргізіледі. Сөйтіп, негізгі деңгейдегі оқушы білімі бастауышта меңгерген

сауаттылық дағдыларына табан тірейді де, бейіндік деңгейдегі сөз

мәдениетіне база қалыптастырады.

Ана тілі ретінде оқытылатын қазақ тілі пәні оқушының лексикалық

қорын байытады, сөз мағыналарын танытады, тіл дыбыстарының жасалу

жолдары мен қызметін білдіреді, сөздерді таптастырудың белгілерін

меңгертеді, сөзжасам тәсілдерін игертеді, сөздерді байланыстырудың

тәсілдері мен түрлерін білгізеді, сөйлемнің түрлері мен стиль түрлерін және

пунктуацияны меңгертеді. Оқушыға тіл туралы, оның қоғамдық маңызы мен

адам өміріндегі мәні, рөлі жайлы, танымдық қызметі жөнінде өзара сабақтас

түсінік қалыптастырады.

Сөйлесім компоненттерінің түрлері – оқылым, тыңдалым, айтылым,

жазылым бойынша қол жеткізілетін құзыреттіліктер оқушының ақпаратты

түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, өңдеу және өз ой-тұжырымдарын

қорытып шығару, бағалау әрекеттеріне сүйене отырып анықталады. Мысалы,

оқылым мен тыңдалым, айтылым мен жазылым әрекеттерінде оқушының өз

бетінше ізденуі, шығармашылық тұрғыда қолдануы, дара ойлауға ұмтылысы

негізінде туындайтын құзыреттіліктер қалыптастыруға мүмкіндік мол.

Мұнда түрлі өмір жағдаяттарында оқушының дұрыс жол табуы, сын сәттерде

Page 5: ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/lang.pdf · Ұлттық білім беру академиясы, ... тілдік жағдаятқа

5

өзіне тиімді шешім жасауы, өзіндік көзқарастарын сөз әдебін сақтап жеткізе

алу, ойын түсінікті әрі жүйелі айта алу қабілеттері шыңдалады. Оқушының

ауызша және жазбаша тілде ойын еркін және әдеби тіл нормаларының

талаптарына сай, стильдік ерекшеліктерді ескере отырып жеткізуі

біліктіліктің өлшемі болып саналады.

Білім мазмұнындағы тақырыптар тілдің коммуникативтік, танымдық,

экспрессивтік қызметтерін бірлікте меңгертеді. Тілдің ішкі заңдылықтары

мен өзара байланысын танытады және тілдік сезімін қалыптастырады.

Жалпы білім беретін мектептің негізгі деңгейінде «Қазақ тілі» пәні

барлық пәндермен байланысқа түседі. Қазақ тілінің лексика тарауында

барлық пәнге тән терминдер, кәсіби сөздер, жалпы халықтық қолданыстағы

сөздер қамтылады. Сөзжасамда биология, география, астрономия, физика,

химия пәндеріне қатысты ұғым атаулары меңгертіледі. Морфологияның сөз

таптары аясында математика, тарих, қоғамтану, өнер, технология,

валеология, т.б. пәндерге қатысты терминдердің табиғаты мен тұлғалық

ерекшеліктері танытылады. Синтаксис пен стиль салаларында мектептегі оқу

пәндерінің сөйлем жүйесі мен қолданылу ерекшеліктері игертіледі.

Білім беру жүйесінің негізгі деңгейіндегі «Қазақ тілі» пәнін оқытудың

мақсаты – ана тілінің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінген, әдеби тіл

нормаларын жетік қолдана білетін, сөйлесім әрекеті қалыптасқан, тілдің

қызметін жүйелі меңгерген дара тұлға қабілеттерінің дамуына мүмкіндік

жасау.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін «Қазақ тілі» пәні танымдық

және практикалық бағыттарда төмендегідей міндеттерді шешеді:

оқушының тіл туралы түсінігін кеңейту;

тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметін таныту;

сөйлесім компоненттері (оқылым, тыңдалым, жазылым,

айтылым) бойынша қатысымдық дағдыларын жетілдіру;

әдеби тілдің лексикалық, орфографиялық, орфоэпиялық,

сөзжасамдық, грамматикалық, стильдік, пунктуациялық

нормаларын меңгерту;

тілдік жағдаятқа сай қарым-қатынас жасауға дағдыландыру.

Бұл мақсатты орындау үшін танымдық және практикалық бағыттағы

бірнеше міндеттер қойылады.

Қазақ тілі сабағы оқушы үшін тек грамматикалық ережелер

жаттайтын, қызықсыз жаттығуларды құлықсыз орындататын пән қатарынан

шығып, баланың ой өрісін өсіріп, оған тілдің ұлттық мәдени мұра,

тіршіліктің өзегі, танымның көзі екендігін сезіндіру қажет. Бұл оқу

материалдарының, жалпы білім мазмұннының ішкі байланыстарынан

туындап, оқушының шығармашылық бағыттағы жұмыстарымен ұштасқанда

жүзеге асырылады. Шығармашылық баланың интуициясына, қиялына, таным

деңгейіне сүйеніп, оның өмірге, қоршаған ортаға деген қатынасын

қалыптастыруға себін тигізеді. Оқушының таным деңгейі оның сөйлеу

тіліне, сөздерді орынды қолданып, сөйлемді дұрыс құрастыру, ойын жеткізе

Page 6: ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/lang.pdf · Ұлттық білім беру академиясы, ... тілдік жағдаятқа

6

білу іскерлігіне тікелей тәуелді. Сондықтан жаңа бағдарламада оқушының

тілдік білімін кеңейтіп қана қоймай, олардың пәнге қызығуын, ынтасын

арттыратын әлеуметтік, танымдық мотивтердің қалыптасуына жол аша

отырып, алған білімдерін практикалық іскерлік –дағдыға айналдыру

көзделеді. Бұл міндеттердің жүзеге асырылуы тілдік білімнің әрі оқушының

лингвистикалық дүниетанымының қалыптасуына, әрі тілдік қабілеті және

сөйлесім құзіретінің базасы ретінде қызмет етуіне негіз қалайды. Пәнді

оқытуға тірек етіп алынған танымдық және практикалық бағыттардың

нақтылануы тіл арқылы баланың логикалық ойлауын дамытуға, тілдік-

эстетикалық талғамдарын жетілдіруге, қатысымдық іскерліктерінің

шыңдалуына ықпал етеді.

Негізгі мектепте оқытылатын тілдік материалдар мазмұны

оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай дидактикалық ұстанымдар негізінде

сұрыпталды. «Қазақ тілі» пәнінің білім мазмұнын таңдауда басшылыққа

алынған негізгі ұстанымдар:

түсініктілік, жүйелілік, ғылымилық, жас және психофизиологиялық

ерекшелікті ескеру, т.б. ұстанымдар;

білімді дара тұлғаға бағдарлау (бейімдеу, дамыту, психологиялық

үйлесімділік, өмірлік қажеттілік);

тілдік білімді функционалдық тұрғыдан сұрыптау;

этнолингвистикалық және этномәдени ерекшеліктерді ескеру;

оқушыны әлеуметтендіру ұстанымы;

пәнаралық байланысты сақтау;

әрекетшілдік-бағдарлылық ұстанымы (әрекетке үйрету, оқу

жағдаятындағы әрекеттен өмірлік жағдаяттық әрекетке көшу, оқу

танымдық әрекеттен оқушының өзіндік әрекетіне көшу, креативті

немесе шығармашылық пен біліктілікке мүдделілігінің негіздерін

қалыптастыру);

мәдени-бағдарлылық ұстанымы (әлемнің бейнесі, әлемге мәндік

көзқарас, білім мазмұнының тұтастығы, жүйелілігі; тілді, мәдениетті

ұлттық, адамзаттық құндылық ретінде таныту).

Қазақ тілінің бағдарламасы төмендегідей басты-басты функцияларды

атқару мүмкіндігіне жол ашады:

алынған білімді бекіту және өзін-өзі бақылау функциясы. Оның

мақсаты оқушылардың оқу материалын тиянақты игеруіне, алған

білімді ұқсас және жаңа жағдайда қолдана білуге үйрету.

Өздігінен білім алуға үйрету функциясы.

Үйлестіру функциясы. Оның мақсаты оқытудың өзге құралдарын

тиімді пайдалануға үйрету, әр түрлі білім көздерінен алынған

біліммен ұштастыра білу.

Жүйелеуші функциясы. Оның мақсаты оқушыларды әр салаға жататын

білімнің құрылымындағы ұқсастық пен айырмашылықты тауып,

пайдалана білуге үйрету.

Page 7: ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/lang.pdf · Ұлттық білім беру академиясы, ... тілдік жағдаятқа

7

Дамыту функциясы. Оның мақсаты оқушылардың жеке басына тән

интеллектуальды, жалпы және жеке оқу біліктерін қалыптастыру.

Пән бойынша оқу жүктемесі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті

білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес 5-9

сыныптардағы «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

5-сынып — аптасына 3 сағат, оқу жылында - 102 сағат;

6-сынып — аптасына 3 сағат, оқу жылында - 102 сағат;

7-сынып — аптасына 3 сағат, оқу жылында - 102 сағат;

8-сынып — аптасына 2 сағат, оқу жылында - 68 сағат;

9-сынып — аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат.

Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі

Пәнді оқытудың вариативті бөлігі оқушылардың білімдерін одан әрі

жетілдіре, тереңдете түсу мақсатында пайдаланылады. Білім алушылардың

тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың өз ойларын еркін және

дәлелді түрде ауызша да, жазбаша да сауатты жеткізе білуін жетілдіру

мақсатында оқушылардың сұранысына орай арнайы сабақтар ұйымдастыру

қажет. Мәселен: вариативті бөлімде қазақ тілінен ұсынылатын қосымша

мағлұматтар төмендегідей үлгі-тақырыптар негізінде оқытылады

5-6 сыныпта: «Сөз сыры», «Сөзжасамдық норма»;

7-8 сыныпта: «Сөз таптарының қолданысы», «Мәтін және сөйлем»;

9сыныпта: «Құрмалас сөйлемдер жүйесі», «Тіл тарихы», «Стиль және

сөз мағынасы».

Page 8: ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/lang.pdf · Ұлттық білім беру академиясы, ... тілдік жағдаятқа

8

ІІ. «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ПӘНІ БОЙЫНША БАЗАЛЫҚ БІЛІМ

МАЗМҰНЫ

5 – СЫНЫП

Ана тілінің қызметі (1сағат)

І. Әдеби тіл және мәтін (8 сағат)

Әдеби тілдің жазу мен сөйлеудегі мәні. Әдеби тілдің ауызша және

жазбаша түрі. Мәтіндер бойынша жазба әдеби тіл мен ауызша әдеби тілдің

ерекшеліктерін аңғарту. Мәтіннің түрлері. Ауызекі сөйлеуге қатысты

мәтіндер, ондағы тақырыптық ерекшеліктер. Оның берілу формалары,

сөйлем құрау жүйесі. Мәтіннің құрылысы.

Жазбаша мәтіндер. Тақырыбы, негізгі идеясы. Ойдың берілу тәсілдері:

әңгімелеу, баяндау, сипаттау, талқылау, мінездеу және т.б. мәтіннің

құрылысы. Абзац. Сөйлем. Сөйлемдердің байланысы. Әр абзацтағы, әр

сөйлемдегі тірек сөздер.

ІІ. Лексика (48 сағат)

Сөз және оның мағынасы (28сағат)

Сөз және оның мағынасы

Сөз мағыналары мен тіл байлығы – Лексиканың қарастыратын

мәселелері. Сөздің дыбыстық жалмығы мен ішкі мағыналық бірліктен

тұратыны. Сөздің негізі лексикалық мағына болып табылатындығы. Сөздің

бір мағыналы және көп мағыналы болатындығы. Сөздің негізгі қызметі –

атау, яғни зат, құбылыс, әрекетті, олардың белгілерін атап білдіруі. Сөздердің

сөйлемдегі өзара қатынасы грамматикалық мағына екендігі.

Сөздің тура мағынасы және ауыспалы мағынасы.

Сөздің атауыш мағынасы тура мағына деп аталатындығы.

Сөздің тура мағыналары толық мағыналы дербес сөздердің бәріне де

қатысты болатындығы. Бірнеше лексикалық мағынасы бар сөздердің

алғашқы, бастапқы мағыналары тура мағыналары болса, кейінгі мағыналары

ауыспалы мағыналары болып табылатындығы.

Ауыспалы мағына деген ұғымның екі түрлі ұғынылатындығы: жүре

келе пайда болған кейінгі атауфш мағынаны да білдіретіндігі және сөздің

көркемдеп қолданудан сөйлеу үстінде туатын «жаңа» мағынасын да

білдіретіндігі.

Сөздің ауыспалы мағынада қолданылуы көп мағыналы сөздердің

тууына себепші болатындығы.

Көп мағыналық. Көп мағыналы сөздердің екі я одан да көп мағынасы

болатындығы. Бұлардың әр сөз табына қатысты екендігі. Көп мағыналы

сөздердің бір негізден шығатындығы.

Сөздердің мағыналық топтары.

Омонимдер. Омоним сөздердің анықтамасы. Омоним сөздердің көп

мағыналы сөздермен ұқсастығы және айырмашылығы. Омонимдердің бір

сөз табынан да, әр түрлі сөз табынан да болатындығы, түбірлердің сөз

тудыруға ұйтқысы болатындығы. Омонимдер сөздігі.

Page 9: ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/lang.pdf · Ұлттық білім беру академиясы, ... тілдік жағдаятқа

9

Синонимдер. Синонимдердің анықтамасы. Синонимдердің тіл байлығы

мен сөз оралымдылығының көрсеткіші екендігі. Синонимдік қатар, ондағы

сөздердің мағыналық, реңктік ерекшеліктері, оларды мақсатқа сай талғап,

саралап қолданудың мәні. Синонимдердің мағыналық айырмашылығын

ажыратудың жолдары. Синноним сөздердің сөздердің бір ғана сөз табына

қатыстылығы. Синонимдер сөздігі.

Антонимдер. Антонимдердің қарсы мәндес сөздердің жұбынан

тұратындығы. Антонимдердің көп мағыналы сөздерге, синонимдерге,

омонимдерге қатысы. Антонимдердің ойды анықтап, көркемдеп, әсерлі

жеткізудегң мәні. Антонимдер сөздігі.

Табу. Эвфемизмдер мен дисфемизмдер. Табудың анықтамасы. Мұндай

сөздердің қазақ халқының өмірінде кең тарағандығы, қолданылу себептері.

Эвфемизмнің анықтамасы, оның табу сөздерден айырмашылығы. Қолданылу

жағдайлары. Дисфемизмнің анықтамасы, оның эвфемизмге қарама-қарсы

құбылыс екендігі. Қолданылу жағдайлары, әдеби тілге жатпайтындығы.

Фразеологизмдер (тұрақты тіркестер). Тұрақты тіркестердің өзіндік

ерекшеліктері:екі не одан да көп сөздерден құралатындығы, бір ғана мағына

білдіруі, құрамындағы сөздердің орын тәртібінің тұрақты болуы, даяр

қалпында жұмсалып, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқаратындығы.

Фразеологизмдердің ойды әсерлі берудегі мәні. Фразеологизмдердің

синониммен, антониммен байланыстылығы. Фразеологиялық сөздік.

Фразеологизмдердің емлесі.

Мақал-мәтелдер. Мақал-мәтелдердің халықтық рухани қазына екендігі,

олардың өзара ұқсастығы мен ерекшеліктері. Мақалдардың ғибраттық

өсиеттік мәні; мәтелдің ишара, меңзеу тұрғысында қолданылатындығы.

Мәтелдердің фразеологизмдермен ұқсастығы, өзгешелігі.

Тілдің сөздік құрамы (20 сағат).

Сөздік қор және сөздік құрам.

Тілдің сөз байлығын құрайтын сөздік қор және сөздік құрам жөнінде

түсінік. Сөздік құрамның қоғаммен бірге дамып, өзгеріп отыратындығы.

Сөздік құрамның тармақтары.

Қазақтың байырғы төл сөздері және басқа тілден енген сөздер.

Тілдің негізгі сөздік қорын байырғы сөздер құрайтындығы, оның тіл

дамуының қайнар көзі екендігі.

Басқа тілден енген сөздердің тілге сіңісу жолдары (сол қалпында,

дыбыстық өгеріске ұшырап енуі). Олардың сөздік құрамнан алатын орны.

Басқа тілден енген сөздердің емлесі, орфоэпиялық нормасы.

Көнерген сөздер мен жаңа сөздер. Көнерген сөздердің тарихи сөздер

және архаизмдер болып бөлінетіндігі. Тарихи сөздердің қоғамдық-әлеуметтік

атауларға, ал архаизмдердің халықтық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптық атауларға

қатыстылығы. Қазіргі қазақ тіліндегі көнерген сөздердің «жаңғыыру» үрдісі,

этнолингвистикалық атаулардың қайта жандауы.

Жаңа сөздердің жасалуы. Жаңа сөздердің ең әуелі баспасөз, ақпарат

құралдары арқылы таралып, тілге сіңісетіндігі, бірте-бірте жалпылама

лексикаға ауысатыны.

Page 10: ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/lang.pdf · Ұлттық білім беру академиясы, ... тілдік жағдаятқа

10

Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлері.

Жалпылама лексика. Жалпылама лексиканың сол тілде сөйлеушілердің

бәріне түсініеті болатындығы. Жалпы халықтық лексикаға қолдагылу

жағынан шек қоылмайтындығы, барлық стильге бірдей ортақ қызмет

атқаратындығы, жалпылама лексика әдеби тіл сөздігінің негізгі қоры болып

табылатындығы.

Диалект сөздер. Диалект сөздердің өзіндік белгілері. Диалектілердің

тарихпен, аймақтық ерекшеліктермен байланысы. Диалект сөздердің тіл

мәдениетімен қатысы. Диалектілердің қолданылу өрісі. Диалекталогиялық

сөздік.

Кәсіби сөздер және терминдер. Кәсіби сөздердің өзіндік белгілері:

белгілі бір кәсіпке байланысты қолдынылатындығы, сол кәсіппен

айналасатындарға ғана түсініктілігі. Кәсіби сөздердің термин сөздерге

жақындығы.

Термин сөздердің ғылым, техника саласымен байланыстылығы.

Терминнің қолдану аясының тарлығы, бір ғана ұғымды білдірнтіндігі. Тер-

миндердің жасалу жолдары.

III.Фонетика (28 сағат).

Фонетиканың қарастыратын мәселелері.

Тіл дыбыстары туралы жалпы ұғым. Тіл дыбыстары туралы

бастауышта алған білімдерін еске түсіру. Тіл дыбыстарының сөз

мағынасымен арақатынасы. Тіл дыбыстарының жасалуы.

Қазақ әліпбиі. Қазақ әліпбиінің құрамы мен ретін білудің мәні.

Дауысты дыбыстар. Дауысты дыбыстардың өзіндік белгілері: үннен

тұратындығы, созылып айтылатындығы, буын құрайтындығы.

Дауысты дыбыстардың жіктелуі: а) тіл қатынасына қарай: жуан,

жіңішке; ә) ерін қатынасы қарай: еріндік, езулік; б) жақ қатынасы қарай:

ашық, қысаң болып бөлінетіндігі.

Дауыссыз дыбыстар. Дауыссыз дыбыстардың өзіндік белгілері: үн мен

салдардан тұратындығы, созуға келмейтіндігі, буын құрай алмайтындығы.

Дауыссыз дыбыстардың үн мен салдардың қатынасына қарай жіктелуі: а)

қатаң дауыссыз дыбыстар; ә) ұяң дауыссыз дыбыстар; б) үнді дауыссыз

дыбыстар.

Үндестік заңы. Буын және дыбыс үндестігінің мәні.

Сингармонизм заңының қазақ тілінің халықтық сипатын

танытатындығын. Қазақ сөздерінде буын үнестігінің сақталуы тілдік

заңдылық екендігі. Сөз құрамындағы дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан

не жіңішке болып келетіндігі (мысалы: - балалар (балалер емес); үйлер

(үйлар емес). Еріндік, езулік дауыстылар арасындағы үндестік: о-ы, ө-і, ұ-ы,

ү-і әріптерінің емлесі

Басқа тілден енген сөздердің құрамындағы дауысты дыбыстардың

аралас келе беретіндігі, буын үндестігінің сақталмайтындығы.

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар, олардың емлесі.

Page 11: ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/lang.pdf · Ұлттық білім беру академиясы, ... тілдік жағдаятқа

11

Дыбыс үндестігі – қазақ тілінің тұрақты сипаты. Сөз қолданысындағы

дауыссыз дыбыстардың өзара үндесетіндігі, дауысты дыбыстардың

дауыссыз дыбыстарға әсер ететіндігі.

Ілгерінді ықпал, оның ерекшелігі , қолданылатын орындары.

Кейінді ықпал, оның ерекшелігі, қолданылатын орындары.

Сөз құрамындағы, сөз тіркестеріндегі дыбыстардың үндестігін сақтап

айтудың тіл мәдениетімен байланысы.

Басқа тілден енген сөздердің жазылуы:

- б, в, г, д әріптерінің емлесі;

- қосарлы дауыссызға аяқталған сөздердің емлесі.

Орфоэпия және орфография. Сөздерді дұрыс айту мен дұрыс

жазудың нормалары. Олардың тіл мәдениетіне қатысы, қолданылатын

орындары. Орфоэпиялық және орфографиякалық нормалардың арнаулы

сөздіктерде берілуі.

Буын. Буынның анықтамасы. Буынның түрлері: ашық буын, тұйық

буын, бітеу буын.

Тасымал. Сөздерді тасымалдау тәсілдері.

Екпін. Қазақ тіліндегі екпіннің тиянақтылығы. Екпіннің түрлері: сөз

екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін, қолданылатын орындары.

Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәні. Олардың

тілдік этикетпен байланысты болатындығы. Сөздің дұрыс берілуіндегі

итонация мен дауыс кідірісінің, екпіннің атқаратын рөлі, сөйлеу мақсатымен

бірлігі.

Интонация және оның элементтері (сөз әуені, әуезі, тембрі, сөйлеу

мәнері).

IV. Сөзжасам (10 сағат).

Сөздердің лексикалық тәсіл арқылы жасылуы. Сөздердің

морфологиялық тәсіл арқылы жасалуы. Сөздердің синтаксистік тәсіл арқылы

жасалуы.

Қазақ тіліндегі негізгі сөздер түбір сөз және туынды сөз болып

бөлінетіндігі.

Түбір күйінде тұрып жаңа лексикалық мағынаға ие болған сөздер.

Олардың көп мағыналық пен омонимге қатыстылығы.

Туынды сөздер. Жұрнақтар арқылы жасалған туынды сөздер. Туынды

сөздер заттың атын, сынын, қимыл – қозғалысын білдіретін сөздер бабына

қатыстылығы.

Бірігу арқылы жасалған жаңа сөздер. Түбірлердің қосаолануы арқылы

жасалған жаңа сөздер. Түбірлердің тіркесуі арқылы жасалған жаңа сөздер.

Бірігу, қосарлану, тіркесу жолымен жасалған сөздердің де туынды сөздердің

қатарына жататындығы: мағыналық тұтастығы, сұрақтары ,қолданылуы.

V. Тіл мәдениеті (7 сағат).

Тіл мәдениеті екі үлкен саланы – ауызша сөйлеу мәдениеті мен жазба

тіл мәдениетін қамтитындығы танытатын жұмыстар жүргізу.

Page 12: ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/lang.pdf · Ұлттық білім беру академиясы, ... тілдік жағдаятқа

12

Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктерін мұғалімнің және оқушылардың

өзара сөйлесуіне көңіл бөлгізіп талдату. Ауызша сөйлеу және ауызекі сөйлеу

тілі болып бөлінетіндігіне мысал келтіру.

Оқушылардың айналасындағы адамдардың, үй-ішінің ауызекі

сөйлеуіндегі қателерді тапқызып, әдеби тілде сөйлеудің үлгісін келтіру.

Ауызша сөйлеу мәдениеті орфоэпия қағидаларын сақтап, мәнерлеп

сөйлеумен де байланысты екендігін түсіндіру мақсатында ауыз әдебиеті

үлгілерін, шешендік сөздерді әуезді, мәнерлі, құлаққа дағымды етіп айтқызу.

Әсіресе, дыбыстарды сындырып айтуға төселдіру.

Пластинка немесе үнтаспадан әртістер оқыған үзінділерді

тыңдатқызып, салыстыра талдау жасату.

Сөз қолдану мәдениеті, ең алдымен, сөздің емле ережесін сай

жазылуымен байланысты екендігіне бағытталған жазба жұмыстарын жүргізу.

Жазба жұмыстарында терминдердің, аң-құс, жан-жануар, өсімдік

атауларының, шаруашылық, тұрмыс, мәдениет, өнер салаларына қатысты

құрал-жабдық, ұғым атауларының, мамандық, кәсіп атауларының бірде

бөлек, бірде бірге жазылуына көңіл бөлгізу.

Жыл бойы өтілген тілдік тақырыптар мен пайдаланылған оқу

материалдары бойынша әр түрлі топқа жататын сөздердің мағыналық

реңктерін ескеріп, әңгімелеу, баян.дау, сипаттау, мінездеу, талқылау

бағытында мәтіндер құрату. Балалардың жас ерекшелігі, қызығушылығы мен

қабілетіне сәйкес мынадай тақырыптар ұсынылады: отбасы, сынып, дос-

жаран, табиғат, ауыл, қала тұрмысы, өнеғр, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, және

т.б.

6 СЫНЫП

I. Әдеби тіл және мәтін (10 сағат)

Қазақ тілінің әдеби тіл ретіндегі қызметі.

Әдеби тіл нормалары. Орфографиялық, орфоэпиялық нормалар. Әдеби

тілдің ауызша және жазбеше түрлерінде тіл нормаларын сақтаудың маңызы.

Мәтін. Ауызша әдеби тілге қатысты мәтіндердің үлгілері. Жазба әдеби

тілдік мәтіндер: түрлерлі, тақырыптары, идеясы, мазмұны, ой бөліктері.

Мәтіндерге тілдік талдау. Мәтіннің түрлерінде әдеби тіл

нормаларының сапқталу қалпы. Орфографиялық нормадан ауытқу

амалдары.

Орфоэпиялық нормалардың қолданылатывн орындары. Ән, өлең және

жыр шумақтарындағы, шешендік сөздер мен көкем образдар тіліндегі

орфоэпиялық нормалардың қолданысы.

II. Сөзжасам (10 сағат)

Түбір мен қосымша (2 сағат).

5-сыныпта өтілген сөздердің жасалу жолдарын: жұрнақ арқылы

жасалған сөздер жалаң сөздер, ал бірігіп, қосарланып, тіркесіп, қысқарып

жасалған сөздер күрделі сөздер болатынын еске түсіру.

Сөз тұлғасы және емлесі (8 сағат).

Page 13: ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/lang.pdf · Ұлттық білім беру академиясы, ... тілдік жағдаятқа

13

Дара және күрделі сөздер

Күрделі сөздердің түрлері. Біріккен сөздер: анықтамас ы, жасалу

жолдары. Негізгі түбір және туынды түбір. Бірігетін сөз таптары жіне

олардың жазылуы, емлесі. Қос сөздер:анықтамасы, жасалу жолдары.

Қосарланатын сөз таптары және олардың жазылу емлесі. Тіркескен күрделі

сөздер: анықтамасы, мағыналық тұтастығы, жасалу жолдары.

Тіркесіп күрделі сөз болатын сөз таптары және олардың жазылу емлесі.

Қысқарған сөздер: анықтамасы, жасалу жолдары. Қысқарған сөз болатын сөз

таптары және олардың жазылуы емлесі.

Көне түркі ескерткіштеріндегі сөзжасам тәсілдері. Сөз түрлері.

III. Морфология (72 сағат)

Сөздің түрлері (2 сағат).

Қазақ тіліндегі сөздердің мағынасы жағынан және тілдегі қызметі

жағынан негізгі (атауыш) сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер болып үшке

бөлінетіндігі.

Атауыш сөздер,анықтамасы, негізгі белгілері. Көмекші сөздер,

анықтамасы, негізгі белгілері.

Сөз таптары (58 сағат).

Зат есім. Дара және күрделі зат есімдер. Зат есімнің сұрақтары, зат есім

болатын сөздардің мағыналары. Деректі және дерексіз зат есімдер. Дара және

жинақтау зат есімдер. Зат есімдер атаулық жағынан жинақтау зат есім, дара

зат есім болатындығы, олардың өзіндік белгілері. Жалқы және жалпы есім.

Зат есімдер мағынасы мен атаулық жағынан жалқы есім және жалпы есім

болып жіктелетіндігі. Жалқы есім болатын атаулар. Жалпы есімге дара зат

есімдер мен жинақтау зат есімдердің жататындығы.

Сын есім. Дара және күрделі сын есімдер. Сын есімнің сұраулары.

Сапалық сын есімдер. Сапалық сын есім жасайтын сындық сапалық

қасиеттер (түсі, дәмі, көркі, көлемі және т.б.).

Қатыстық сын есімдер. Қатыстық сын есімдердің жасалу жолдары.

Сын есімдердің тек зат есімдермен байланыстылығы.

Сан есім. Сан есім заттың санын, мөлшерін, бөлшегін білдіретін сөз

табы екндігі. Сан есімнің сұрақтары. Дара және күрделі сан есімдер. Сан

есімнің зат есіммен байланыстылығы.

Сан есімнің түрлері.

Есептік сан есім. Дара есептік сан есімдер. Күрделі есептік сан есімдер.

Есептік сан есімдердің қолданылатын орындары.

Реттік сан есімдер. Реттік сан есімдердің жасалу жолдары. Реттік сан

есімдердің қолданылатын орындары, жазылу емлесі.

Жинақтық сан есімдер, олардың жасалу жолдары. Жинақтық сан

есімдердің қолданылатын орындары.

Топтық сан есімдер, олардың жасалу жолдары. Топтық сан есімдердің

қолданылатын орындары, емлесі.

Болжалдық сан есімдер. Болжалдық сан есімдердің жұрнақ арқылы

жасалуы. Болжалдық сан есімдердің қосарланып, тіркесіп жасалуы.

Болжалдық сан есімдердің қолданылатын орындары, жазылу емлесі.

Page 14: ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/lang.pdf · Ұлттық білім беру академиясы, ... тілдік жағдаятқа

14

Бөлшектік сан есімдер, олардың жасалу жолдары.Бөлшектік сан

есімдердің қолданылатын орындары.

Есімдік. Сөз табының есімді\к деп аталу себебі.Есімдіктің зат есім, сын

есімнің орнына жүретіндігі, қай сөз табының орнына журсе, сол сөз табының

сұрағына жауап беретіндігі.

Есімдіктің түрлері.

Жіктеу есімдіктері және олардың қолданылатын орындары, сұрақтары.

Сілтеу есімдіктері және олардың мағыналық ерекшеліктері,

қолданылатын орындары, сұрақтары.

Сұрау есімдіктері және олардың қолданылатын орындары.

Өздік есімдіктері және олардың қолданылатын орындары, сұрақтары.

Жалпылау есімдіктері және олардың қолданылатын орындары,

сұрақтары. Жалпылау есімдігінің сызықшамен жазылу.

Белгісіздік есімдіктері және олардың қолданылатын

орындары,сұрақтары. Белгісіздік есімдіктерінің жазылу емлесі.

Болымсыздық есімдіктер және олардың қолданылатын орындары,

сұрақтары. Болымсыз есімдіктердің жазылу емлесі.

Көне түркі ескерткіштеріндегі есімдіктер.

Етістік. Заттың қимылын, амалын, жай-күйін білдіретін сөздер етістік

деп аталадығы. Етістіктің мағыналық топтары: амал-әрекет етістіктері, ойлау

– сөйлеу етістіктері, өсу-өну етістіктері., бағыт-бағдар етістіктері,көңіл-күй

етістіктері, бейнелеу-еліктеу етістіктері. Етістіктің сұраулары. Дара және

күрделі етістіктер, олардың мағыналық бірлігі, жасалу жолдары.

Болымды және болымсыз етістіктер. Етістіктің түбірлері болатын және

болуға тиіс нақты іс-әрекетті білдіретіндігін мысалдармен дәлелдеу.

Болымсыз етістіктердің жасалу жолдары. Болымды және болымсыз

етістіктерді салыстыра оқытып, мағыналық айырмашылығына көңіл бөлу.

Салт және сабақты етістіктер. Олардың субъекті мен объектіге қарым –

қатынасы.

Етістіктің түрлері

Етістер. Етістердің етістіктің өзге түрлерінен ерекшелейтін сипаттары.

Етістердің субъекті мен объектінің амалға қатысын, керісінше, амалдың

субъекті мен объектіге қатысын білдіретін грамматикалық сипаты. Етіс

жұрнақтарының мағыналары мен қызметіне қарай бірнеше түрге

бөлінетіндігі.

Ортақ етіс, жұрнақтары. Ортақ етіс жұрнақтарының беретін

грамматикалық мағынасы мен қызметі.

Өзгелік етіс, жұрнақтары. Өзгелік етіс жұрнақтарының беретін

мағынасы мен қызметі.

Ырықсыз етіс, жұрнақтары. Ырықсыз етіс жұрнақтарының беретін

мағынасы мен қызметі.

Өздік етіс, жұнақтары. Өздік етіс жұрнақтарының беретін мағынасы

мен қызметі.

Есімше. Есімшелердің етістіктен қосымшалар арқылы

жасалатындығы. Есімшенің етістікке де, сын есімге де қатыстьылығы

Page 15: ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/lang.pdf · Ұлттық білім беру академиясы, ... тілдік жағдаятқа

15

(ұқсастығы) жайында мағлұмат беру. Есімшенің түрлері, олардың беретін

мағыналары.

Көсемше. Көсемшенің жасалу жолдары. Көсемшенің түрлері олардың

беретін мағыналары.

Тұйық етістік. Тұйық етістіктің өзіндік ерекшеліктері.

Қимыл есімдерін жасайтын қосымшалар. Қимыл есімдерінің іс – қимыл

процесінің атауын білідіретінідігі. Тұйық етістіктің емлесі.

Әңгімедегі етістіктердің құрамына талдау жасатып жұрнақтардың

беретін мағыналары мен қызметтерін білгізу.

Үстеу. Үстеулердің мағына жағынан заттың қимылының, іс –

әрекетінің және заттың сынының әр алуан белгілерін білдіру үшін

қолданылытындығы. Үстеулердің сөйлемде етістікті сипаттайтындығы,

яғни істің, қимылдың мән – жайын, амалын, мезгілін, мекенін білідіретінідігі.

Үстеудің сұрақтары. Дара және күрделі үстеулердің құрылысы мен құрамы.

Үстеудің түрлері.

Үстеудің түрлері үстеу болатын сөздердің мағыналарынан келіп

шығады.

Мезгіл үстеулері және олардың мағыналары, сұрақтары. Мезгіл

үстеулердің қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.

Мекен үстеулері және олардың мағыналары, сұрақтары. Мекен

үстеулердің қолданылатын орындары.

Мөлшер үстеулері және олардың білдіретін мағыналары, сұүрақтары.

Мөлшер үстеулерінің қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.

Қимыл – сын үстеулері және олардың мағыналық ерекшеліктері,

сұрақтары. Қимыл – сын үстеулерінің қолданылатын орындары, қолданылу

мақсаты.

Қүшейту үстеулері және олардың білдіретін мағыналары, сұүрақтары.

Күшейту үстеулерінің қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.

Мақсат үстеулері және олардың білдіретін мағыналары, сұүрақтары.

Мақсат үстеулерінің қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.

Себеп – салдар үстеулері және олардың білдіретін мағыналары,

сұүрақтары. Себеп – салдар үстеулерінің қолданылатын орындары,

қолданылу мақсаты.

Топтау үстеулері және олардың мағыналық белгілері сұрақтары.

Топтау үстеулерінің қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.

Көне түркі ескерткішіндегі үстеулер.

Еліктеуіш сөз.

Еліктеуіш сөз жайында алғашқы ұғымдарды қалыптастыру. Еліктеуіш

сөздер деп аталатын атаудың мәні. Еліктеуіш сөздер табиғат

құбылыстарының дыбыстарына және айналажағы заттардың қозғалуына

байланысты белгілерге, түрлі хайуан, аң – құстардың дыбыстары мен

адамның сөйлеу аппаратынан шыққан дыбыстарна еліктеуден пайда

болатыны, мұнымен қоса, адамның, заттың сырқы тұлғасының, пішініңм

күйін көрсететіндігі. Сұрақтары. Еліктеуіш сздердің құрамы, жасалу

жолдары.

Page 16: ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/lang.pdf · Ұлттық білім беру академиясы, ... тілдік жағдаятқа

16

Еліктеуіш сөздердің түрлері.

Еліктеуіш сөздер және бейнелеуіш сөздер. Бұл екеуінің арасындағы

мағыналық жақындықтар мен айырмашылықтар.

Еліктеуіш сөздер мен бейнелеуіш сөздердің қолданылатын орындары,

қолданылу мақсаты. Еліктеу сөздердің сөйлемде көбінесе етістікпен тіркесіп

келетіндігі.

Одағай.

Одағайлардың басқа сөз таптары сияқты мағына жағынан ешбір

ұғымды білдірмейтіндігі.Олардың мағыналары адамның әр түрлі сезіміне,

көңіл- күйіне қатысты болатындығы.

Одағайдың түрлері.

Көңіл-күй одағайлары.Жағымды көңіл-күйді білдіретін

одағайлар.Жағымсыз көңіл-күйді білідіретін одағайлар.Көңіл-күй

одағайларының қолданылатын орындары,қолданылу мақсаты.

Ишарат одағайлары.Бұған адамға арнайы айтылатын мағыналары

бұйыру,жекіру,тыйым салу одағайлары жататындығы.ишарат

одағайларының қолдланылатын орындары, қолданылу мақсаты.

Шақыру одағайлары.Бұған төрт түлік малға, ит,мысық сияқты үй

хайуандарына арнап айтылатын одағайлар жататандығы.Шақыру

одағайларының қолданылатын

Орындары,қолданылу мақсаты.

Одағайлардың емлесі.

Көне түркі ескерткіштеріндегі одағайлар.

Көмекші сөздер(2 сағат)

Көмекші сөздердің тілдік табиғаты, олардың дербес толық мағынаға ие

бола алмайтындықтан,негізгі сөздердің шылауында тіркес.іп,көмекшілік

қызмет атқаратындығы.Көмекші сөздердеің түрлерінен мәлімет беру.

Көмекші есім. Көмекші есімдердің мағынасы.Көмекші есімдерінің зат

есімдермен тіркесіп,бір ұғым беретіндігі.

Көмекші етістік.Көмекші етістіктің түрлері .Көмекші етістіктің

сөйлемде негізгі етістікпен тіркесіп жұмсалатындығы.

Шылау.Шылаудың өз алдында сөз табы екендігі .Шылаудың

көмекшілік сипаты және басқа көмекші сөздеоден айырмашылығы мен

ұқсастығы,жалпы қызметі жайында түсінік қалыптастыру.Шылаудың

түрлері: жалғаудық шылау.Септеулік шылау.Демеулік шылау.Олардың

қызметі,емлесі.

Көне түркі ескерткіштеріндегі шылаулар.

lll.Тіл мәдениеті (10 сағат)

Сөйлеу мәдениеті. Көпшілік алдында сөйлеудің түрлері: мұғлімдердің,

оқушылардың, баяндамалардың, дикторлардың сөйлеу ерекшеліктері

ауызша тілдің жазба тілден айырмашылықтары. Ойды жеткізудің тілден тыс

көмекші құралдары (ым-ишара,дауыс ырғағы, күші,қимыл қозғалысы)

тақырыптың мазмұны мен астарласып ,соның мақсатын ашатындайқызмет

атқаруын талдату.

Page 17: ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/lang.pdf · Ұлттық білім беру академиясы, ... тілдік жағдаятқа

17

Көпшілік алдында айтылатын ауызша сөздің жазба сөзге қарағанда

құрылысы жағынан ықшам келетіндігі.Қаратпа,қыстырма, одағай сөздердің

жиі қолданылатындағы.Жазба тілде қойылатын тыныс белгілері.Ой айту

дауыс ырғағы, дауыс кідірісі арқылы берілетіндігін байқау.

Жазудың маңызы.Сөзді дұрыс жазу мәдениеті.Орфаграфиялық

нормадан ауытқуға болмайтындығы, оны сақтаудың міндеттілігі.Емле

ережесіндегі соңғы толықтырулар мен өзгерістер тіл фактілері негізінде

талқыланып, олардың дағдыға айналуы.

Жазудың адам ойын жүйелі, тиянақты, толық жеткізуге мүмкіндік

жасайтындығын ұсынылған тақырыптарға құрылған ауызша және жазбаша

мәтін үлгілерін салыстыру көз жеткізу.

Ұсынылатын тақырыптар: Қазақтың тұрмыс-салты, Әдет –

ғұрпы,өнері; Ауыл-қала тұрмысындағы айырмашылық; Табиғаттағы

өзгерістер; От басындағы қызығушылық, береке;Сынып мүддесі ,ұлттың

мақтанышы,көрнекті адамдардың өмірі жайлы сыр және т.б.

7-СЫНЫП

Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі, мемлекеттік тіл (1сағат)

I. Әдеби тілдің нормалары (5 сағат)

Орфографиялық және орфоэпиялық нормалардың сақталу

орындарын практикалық жұмыстар жүргізу арқылы қайталау.

Әдеби тілдің лексикалық нормалары. Жалпы халыққа бірдей

түсінікті, жиі қолданылатын сөздердің әдеби нормасына

жататығындығы.Әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайтын сөздер.

Дублет сөздер мен варианттардың мәні.

Мәтіндерге тілдік талдау. Мәтіндердің тақырыптық және идеялық

мәнін ашу, стильдік боянуына қарай мәтіндерге жұмсалатын сөздердің

мағыналарын ашу. Ұлттық белгілерді білдіретін, ғылыми түсінік беретін

және діни сипаттағы мәтіндермен жұмыс.

Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін әдеби тілдің орфографиялық

және орфоэпиялық нормалары тұрғысынан талдау.Орфографиялық және

орфоэпиялық сөздіктермен жұмыс істеу. Қосымшалардың орфаграфиялық

нормаға сәйкес жалғануын анықтау. Оқшау сөздердің орфаепиялық нормаға

сәйкес оқылуын қалыптастыру.

Мәтіндердегі сөз таптарының ара қатынасын ашу. Ауқымы басым

сөз табының сипатына қарай мәтіннің түрін-хабарлама,

суреттеме,баяндама,талқылама,әңгіме-айқындау.

II. Морфология (56 сағат).

Зат есімнің түрленуі.

Зат есімнің көптелуі. Көптік жалғауын қабылдайтын зат есімдер.

Көптік жалғауы жалғанбайтын зат есімдер. Көптелмейтін зат есімдерге

көптік жалғауы белгілі бір мақсатта қосылатындығы.

Зат есімнің тәуелденуі. Оңаша тәуелдеу ортақ тәуелдеу. Тәуелдік

жалғаулардың беретін граматикалық мағыналар қазметі.

Page 18: ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/lang.pdf · Ұлттық білім беру академиясы, ... тілдік жағдаятқа

18

Көне түркі ескерткішіндегі көптік немесе тәуелдік жалғаулар.

Септік жалғаулар.

Зат есімнің септелуі. Жай септеу. Тәуелдеулі септеу. Септік

жалғаулардың беретін мағыналары. Атау септіктің қызметі. Ілік септіктің

септіктің граматикалық мағынасы,қызметі. Барыс септіктің граматикалық

мағынасы, қызметі. Табыс септіктің граматикалық мағынасы, қызметі. Жатыс

септіктің граматикалық мағынасы, қызметі. Шығыс септіктің грамматикалық

мағынасы, қызметі. Көмектес септіктің граматикалық мағынасы, қызметі.

Көне түркі ескерткіштеріндегі септік жалғаулары.

Зат есімнің жіктелуі.жіктелген зат есімдер тобы. Зат есімге

жалғанған жіктік жалғаудың қызметі. Зат есімнің сөйлемдегі қызметі.

Сын есімнің түрленуі.

Сын есімнің шырай формаларына енуі. Салыстырмалы шырай, жасалу

жолдары. Күшейтпелі шырай, жасалу жолдары.

Сын есімнің сөйлемдегі қызметі.

Сын есімнің заттануы.Заттанған сын есімнің

көптелуі,септелуі,жіктелуі.

Сан есімнің түрленуі. Сан есімнің мағыналық топтарын қайталау. Сан

есімдердің ішінде зат есім орнына жүретіні жинақтау сан есім

екендігі.Жинақтау сан есімнің септелуі, ішінара тәуелденуі жіктелуі

Сан есімнің сөйлемдегі қызметі.

Есімдіктің түрленуі. Зат есім орнына жүретін есімдіктер. Жіктеу

есімдіктерінің түрленуі Сілтеу есімдіктерінің түрленуі. Сұрау есімдіктерінің

түрленуі. Өздік есімдіктерінің түрленуі. Белгісіздік есімдіктерінің түрленуі.

Көне түркі ескерткіштеріндегі жіктеу,сілтеу,сұрау, өздік есімдіктерінің

түрленуі. Есімдік сөйлемдегі қызметі.

Етістіктің түрленуі.

Етістіктің шақтары. Шақтың мазмұны соған лайық формалары мен

қызметтері. Шақтық мезгіл ұғымдарымен байланысты екендігі. Шақ

жасаудағы есімше мен көсемшенің қызметі.

Осы шақ, мазмұны. Осы шақтың түрлері мен жасалу жолдары.

Көне түркі ескерткішіндегі осы шақ.

Өткен шақ, мазмұны. Өткен шақтың түрлері және жасалу жолдары.

Көне түркі ескерткішіндегі өткен шақ.

Келер шақ, мазмұны келер шақтың түрлері жасалу жолдары. Көне

түркі ескерткішіндегі келер шақ.

Етістіктің райлары. Ашық рай. Ашық райдың мағынасы. Ашық райдың

жасалу жолдары.

Бұйрық рай. Бұйрық райдың мағынасы. Бұйрық райдың мағынасының

1,2,3 жақтардың бәріне қатыстылығы. Бұйрық райдың етістіктің жалаң я

күрделі түрлері арқылы.

Шартты рай. Шартты райдың мағынасы. Шартты райдың жасалу

жолдары.

Қалау рай. Қалау райдың мағынасы. Қалау райдың жасалу жолдары.

Page 19: ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/lang.pdf · Ұлттық білім беру академиясы, ... тілдік жағдаятқа

19

Етістіктің жіктелуі. Отыр,тұр,жүр,жатыр етістіктерінің жіктелуі. Жедел

өткен шақ пен шартты рай формалы етістіктің жіктелуі. Бұйрық рай

формалары етістіктердің жіктелуі.

Есімшенің түрленуі. Есімшенің көптелуі, тәуелденуі,септелуі,жіктелуі.

Есімшелердің сөйлемдегі қызметі.

Көсемшенің түрленуі. Көсемшенің жіктелуі. Көсемшенің сөйлемдегі

қызметі.

Тұйық етістіктің түрленуі:Көптелуі,септелуі, тәуелденуі.

Етістіктің сөйлемдегі қызметі.

III Синтаксис (3 сағат)

Синтаксис туралы түсінік.

Синтаксистің қарастыратыны сөз тіркесі, оның сипаттамасы,сөздер

сөйлем құраудың материялы болатыедығы. Көмекші сөздер негізгі сөздің

жетегінде болып, сөз тіркесінің құрамында енетіндігіне.

Сөздердің граматикалық байланысы.

Сөздеодің байланысу тәсілдері

Қиысу анықтамасы. Қиысудың байланысу тәсілдері. Интоноция және

жіктік жалғауы арқылы қиыса байланысатын сөз таптары.

Матасу анықтамасы. Матасудың байланыс тәсілі. Ілік септігі мен

тәуелдік жалғауы арқылы матаса байланысатын сөз таптары.

Меңгеру анықтамасы. Меңгерудің байланыс тәсілі. Септік жалғаулары

арқылы меңггнріле байланысатын сөз таптары.

Қабысу анықтамасы. Қабысудың байланыс тәсілі. Орын тәртібі арқылы

қабыса байланысатын сөз таптары.

Жанасу анықтамасы. Жанасудың байланыс тәсілдері. Жанасудың

қабысудан айырмашылығы. Жанаса байланысатын сөз таптары. Көне түркі

ескерткіштеріндегі сөздердің байланысу түрлері.

Сөз тіркесі. Сөз тіркесі туралы түсінік. Сөз тіркесі және күрделі сөздер

мен тұрақты тіркестер арасындағы белгілер мен айырмашылықтар.

Сөз тіркесінің түрленуі. Сөз тіркесінің құрылысы. 1.Матасу. 2.Меңгеру.

3.Қабысу. 4.Жанасу.

Сөз тіркесін білдіретін синтаксистік қатынастар.

1.Анықтауыштық қатынас. 2.Толықтауыштық қатынас.

3.Пысықтауыштық қатынас.

IV Тіл мәдениеті (10 сағат)

Тіл мәдениеті халықтың әдет – ғұрпы мен өнерінде. Сөз мағынасы-

тауып сөйлеудің кілті. Сөйлеудің түрлері: диолог,монолог. Тіл мәдениеті

және шығармашылық жазу жұмыстары. Қосымшалардың тіл мәденитіне

қатысы. Қосымшалардың сөзге жалғану шегі, сөзді таңдап талғап барып

жазуы. Қосымшаларды қолданулардағы нормалардан ауытқулар.

Қосымшаларды дұрыс жалғау дағдысын жетілдіру. Іс қағаздары

үлгілері мен публицистикалық сипаттағы мәтіндерді талдау.Баспасөз бетінде

Қосымшаларды қолданудағы нормадан ауытқыған жағдайлар.Сөйлем

мүшелерінің орын алмасуымен сөздердің тіркесіп жұмсалуда нормадан

ауытқитын жағдайларды тапқызу.

Page 20: ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/lang.pdf · Ұлттық білім беру академиясы, ... тілдік жағдаятқа

20

8-СЫНЫП

Қазақ тілі-ұлттық мәдени, рухани асыл мұра - 1 сағат.

І.Әдеби тілдің грамматикалық нормалары - 4 сағат

Әдеби тілде қосымшаларды дұрыс қолданудың мәні.

Сөздердің тіркесу қабілеті,олардың мағыналық үйлесімі мен

грамматикалық сипатының өзара сәйкестігіне сүйенетіндігі.

Мәтіндерге тілдік талдау

Қоғам,ұлт,өнер,махаббат тақырыбындағы мәтіндердің ой түйіндерін

анықтату.Ойдың желісін сақтап, қайта әңгімелету. Жаңа сөздердің

қолданысына түсінік бергізу. Ауыспалы мағынадағы сөздер мен

фразеологизмдердің мақал-мәтелдердің қолданылу мақсатын айқындау.

Лексикалық тіркестер мен граматикалық тіркестердің,сондай-ақ жаңа

тіркестердің тіркесімдік мүмкіндіктеріне талдау жасау.

II. Синтаксис

Сөйлем - 5 сағат

Сөйлем туралы түсінік. Сөйлемге тән белгілер. Сөйлемнің сөз

тіркесінен құралатындығы. Сөйлем болудың шарттары. Сөйлемдердің

мазмұнына,айтылу сазына және құрылысына қарай іштей бөлінетіндігі.

Сөйлемнің түрлері

Хабарлы сөйлем,оның мазмұны. Хабарлы сөйлемнің баяндауыш

формалары.

Сұраулы сөйлем, оның жасалу жолдары,мағыналары. Лепті

сөйлемдердің жасалу жолдары.Бұйрықты сөйлем,оның мағыналары.

Бұйрықты сөйлемдердің жасалу жолдары.Көне түркі жазбаларындағы

сөйлем түрлері.

Сөйлемнің құрамы - 19сағат

Сөйлем мүшелері Сөйлем мүшелерінің құрамына қарай дара,күрделі

және үйірлі мүше болып бөлінетіндігі.

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Бастауыш пен баяндауыштың тұрлаулы болатын себептері. Бастауыш,

бастауыш болатын сөз таптары. Дара бастауыш. Күрделі және үйірлі

бастауыш. Бастауыштың сұрақтары, сөйлемдегі орны.

Баяндауыш, баяндауыш болатын сөз таптары. Дара баяндауыш.

Күрделі баяндауыш. Үйірлі баяндауыш. Баяндауыштың сұрақтары,

сөйлемдегі орны.

Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша.

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері

Толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыштардың тұрлаусыз аталу

себептері.

Толықтауыш, оның түрлері:тура толықтауыш, жанама толықтауыш.

Толықтауыш болатын сөз таптары. Дара және күрделі толықтауыш. Үйірлі

толықтауыш. Толықтауышпен байланысты сөйлем мүшесі баяндауыш

екендігі.Толықтауыштың сұрақтары, жұмсалу ерекшеліктер, мағынасы .

Page 21: ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/lang.pdf · Ұлттық білім беру академиясы, ... тілдік жағдаятқа

21

Анықтауыш. Анықтауыш болатын сөз таптары. Дара күрделі және

үйірлі анықтауыштар. Анықтауышпен байланысатын сөйлем мүшелері

бастауыш пен толықтауыш болатыны. Анықтауыштын сұрақтары,

мағыналары.

Пысықтауыш. Пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер. Дара және

күрделі, үйірлі пысықтауыштар.

Пысықтауыштын мағыналық түрлері: мезгіл пысықтауыш, мақсат

пысықтауыш, мекен пысықтауыш, амал пысықтауыш, себеп пысықтауыш,

мөлшер пысықтауыш. Пысықтауышпен байланысқа түсетін сөйлем мүшесі

баяндауыш екендігі.

Пысықтауыштың сұрақтары, мағыналары.

Сөйлемнің айқындауыш мүшелері, оның анықтауыштан

айырмашылығы. Айқындауыштың түрлері, қызметі, тыныс белгілері.

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

Бірыңғай мүше болудың шарттары: бір сөз табынан болатындығы,

бірдей сұраққа жауап беретіндігі, бір сөйлем мүшесінің қызметін

атқаратындығы. Бірыңғайлана байланысатын сөйлем мүшелері. Бірыңғай

мүшелі сөйлемдегі жалпылауыш сөздер. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің

тыныс белгілері.

Көне түркі жазбаларындағы сөйлем мүшелері.

Сөйлем мүшесі болмайтын сөздер тобы

Оқшау сөздер жайында алдыңғы кезеңде алған түсініктерін жинақтап,

күрделендіре дамыту. Оқшау сөздерге тән ортақ белгілер. Оқшау сөздердін

түрлері.

Қаратпа сөз. Қаратпа қызметінде жұмсалатын сөздер. Қаратпа сөздің

сөйлемдегі мәні, орны, тыныс белгілері.

Қыстырма сөздер. Қыстырма қызметінде жұмсалатын сөздер мен сөз

тіркестері. Қыстырма сөздердін беретін мағыналары. Қыстырма сөздің

сөйлемдегі орны, тыныс белгілері.

Одағай сөздер. Одағайдың мағыналық топтары. Одағайдың сөйлемдегі

мәні, орны, тыныс белгілері.

Көне түркі ескерткіштеріндегі оқшау сөздер.

Жай сөйлемнің түрлері -7 сағат.

Сөйлемдер құрамына қарай, сөйле мүшелерінің қатысына қарай жақты,

жақсыз, жалаң, жайылма, толымды, толымсыз болып бөлінетіндігі.

Жақты, жақсыз сөйлемдер, олардың сипаттамасы, жасалу жолдары.

Жалаң және жайылма сөйлемдер, олардың анықтамасы, стильдік

қызметі.

Атаулы сөйлем, оның стильдік мәні.

Көне түркі жазбаларындағы жай сөйлемдердің түрлері.

Құрмалас сөйлем - 20 сағат.

Құрмалас сөйлемге тән белгілер. Оның жай сөйлемнен өзгешілігі.

Құрмаластағы жай сөйлемдердін байланысуы тәсілдері: салаласа, сабақтаса

аралас байланысуы.

Көне түркі жазбаларындағы құрмалас сөйлемдердің берілу жайы.

Page 22: ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/lang.pdf · Ұлттық білім беру академиясы, ... тілдік жағдаятқа

22

Құрмалас сөйлемнің түрлері.

Құрмалас сөйлем жайында түсінік. Құрмалас сөйлем құрамындағы

жай сөйлемдердің салаласа, сабақтаса және араласа құрмаласуы арқылы

берілетіндігі.

Салалас құрмалас сөйлем. Оның жасалу жолдары туралы түсінік.

Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері.

Ыңғайлас салалас. Мағынасы, сұрақтары. Құрамындағы жай

сөйлемдердің бір-бірімен мезгілдес, бағыттас ыңғайлас мәнде қарым-

қатынаста болуы. Ыңғайлас салалас құрмаластың құрамындағы жай

сөйлемдердің жалғаулық шылаулар арқылы, шылаусыз іргелес тұрып

байланысуы.

Себеп-салдар салалас. Мағынасы, сұрақтары. Себеп-салдарлық

қатынастың салалалас құрмалас арқылы берілуі. Салаласа құрмаласудың

тәсілдері:жалғаулықты шылаусыз, іргелесе құрмаласу. Жалғаулықты

шылаулар арқылы құрмаласуы. Тыныс белгілері.

Қарсылықты салалас. Мағынасы, сұрақтары.

Қарсы мағынаның салалас құрмалас арқылы берілуі.Салаласа

құрмаласудың тәсілдері:жалғаулықсыз құрмаласу;жалғаулықты шылаулар

арқылы құрмаласу.

Қарсылықты салаластың тыныс белгілері.

Түсіндірмелі салалас. Мағыналық қарым-қатынасы.Түсіндірмелі

салалас. Мағыналық қарым-қатынасы. Түсіндірмелі салалас құрмаластың

жасалу жолдары, тыныс белгілері.

Толғауы салалас. Мағыналық қарым-қатынастары. Толғаулы салалас

құрмаластың жасалу жолдары, тыныс белгілері.

Кезекті салалас. Мағыналық қарым-қатынастары. Кезекті салалас

құрмаластың жасалу жолдары,тыныс белгілері.

Сабақтас құрмалас сөйлем. Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу

жолдары туралы түсінік. Көп бағынынқылы сабақтас.

Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері.

Шартты бағыныңқы сабақтас. Құрамындағы жай сөйлемдердің

мағыналық қарым қатынасы. Шартты бағыныңқы сабақтастың жасалу

жолдары.

Қарсылықты бағынынқыны сабақтас. Құрамындағы жай сөйлемдердің

мағыналық қарым-қатынасы. Қарсылықты бағыныңқыны сабақтастын

жасалу жолдары.

Мезгіл бағыныңқы сабақтас. Құрамындағы жай сөйлемдердін

мағыналы қарым- қатынасы. Мезгіл бағыныңқы сабақтастың жасалу

жолдары.

Себеп бағыныңқы сабақтас. Құрамында жай сөйлемдердің мағыналық

қарым-қатынасы.

Қимыл-сын бағынынқы сабақтас. Құрамындағы жай сөйлемдердің

мағыналық қарым-қатынасы. Қимыл-ісін бағыныңқы сабақтасты жасалу

жолдары.

Page 23: ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/lang.pdf · Ұлттық білім беру академиясы, ... тілдік жағдаятқа

23

Мақсат бағыныңқы сабақтас. Құрамындағы жай сөйлемдердің

мағыналық қарым-қатынасы. Мақсат бағыныңқы сабақтың жасалу жолдары.

Аралас құрмалас сөйлем. Құрамындағы жай сөйлемдерінін әрі

салаласып, әрі сабақтасып байланысатындығы. Құрамындағы жай

сөйлемдердің мағыналық қарым-қатынасы. Аралас құрмалыс сөйлемнің

жасалу жолдары.

Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері. Салалас құрмаластардың

тыныс белгілері. Сабақтас құрмаластардың тыныс белгілірі. Аралас

құрмаластың тыныс белгілері.

Орхон-Енисей жазбаларындағы құрмалас сөйлемнің түрлері.

Төл сөзбен төлеу сөз - 4 сағат.

Төл сөзбен төлеу сөз туралы түсінік. Төл сөзбен төлеу сөздің

айырмашылығы. Төл сөзбен автор сөзінің байланысы. Төл сөздің орналасу

тәртібі. Төл сөздің тыныс белгілері. Төлеу сөз. Төл сөзді төлеу сөзге

айналдыру жолдары: төл сөздің баяндаушы болып тұрған етістіктегі жіктік

жалғауы түсіріліп, табыс жалғаулы есімшеге айналуы, не табыс жалғаулы

тұйық рай түрінде келуі , не болмаса, екен, керек сөздерінін қосылып

айтылуы.

Көне түркі ескерткіштер тіліндегі төл сөздің берілуі жайында қосымша

мәлімет.

III. Тіл мәдениеті ( 8 сағат)

Дұрыс сөйлей, дұрыс жаза білудің шарттары. Сөз қолданудын негізгі

принциптері.

Сөз әдебі сөз иесінің сөзді сыпайы қолдану мәдениетімен байланысты

екенінін, сөйлеушінің, жазушының әр сөзі мәдениетті де сыпайы, ізетті

болуын талап ету керектігін мысалдармен түсіндеру. « Жақсы сөз – жарым

ырыс» деген мақалдың мәнін ашқызу. Бір ауыз жақсы сөз адамды

жадыратып, көңілін көтеретіндігін: қуат беріп, шабыттандыратынын мәтін

арқылы дәлелдету.

Сөз құдіретін танытатын мақалдар мен даналық сөздерді талдату.

Тілдегі сөйлеу этикетіне жататын сөздер тізбегін жасаттыру. Халқымыздың

жақсы дәттүрлерін сақтап келген шешендік сөз үлгілерін әрі қарай дамытып ,

оны оқушылардың сөйлеу дағдысына сіңіру бағытындағы жұмыс түрлерін

жүргізу.

Халықтың салт-дәстүріне байланысты айтылатын табу сөздер мен

дөрекі сөзді жұмасартып жеткізу мақсатындағы эвфемизмдердің тіл

мәдениетіндегі орнын түсіндіру, олардың сөз әдебімен байланысын ашқызу,

көркем мәтіндерден осындай тілдік құбылыстарды теріп жаздырту.

Өркениетті елдер мен Қазақстанда болып жатқан оқиғаларға баға

бергізіп, ауызша және жазбаша сөйлеу тілін жетілдіру, сауаттылықты

меңгерту.

Page 24: ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/lang.pdf · Ұлттық білім беру академиясы, ... тілдік жағдаятқа

24

9-СЫНЫП

I. Қазақ тілінің қоғамдық мәні (1сағат)

Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық әдеби тілі. Қазақстан

Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі

қызметі, қолданылатын орындары.

Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі (2 сағат)

Қазақ тілінің тарихи бастауы көне түркі екендігі. Көне түркі тілінен

тараған түбі бір түркі тілдері қазақ, қарақалпақ, ноғай, башқұрт тілдері.

Ұйғыр, өзбек тілдері. Түркі халықтарына ортақ ескерткіштер мен әдеби

мұралар жайында түсінік.

II. Стилистика және тіл мәдениеті (15 сағат)

Сөздердің стильдік байланысты түрлері (3 сағат)

Сөйлеу тілінің лексикасы, оның түрлері. Стиларалық бейтарап лексика.

Экспрессивтік – эмоционалды лексика. Қазіргі кітаби туралы түсінік. Қазақ

әдеби тілінің стильдері (12 сағат)

Стиль ұғымының сөйлеу және оның формаларымен байланысты

қаралатындығы, стилдердің негізгі арқауы сөйлеудің ауызша және жазбаша

формалары екендігі.

Сөйлеу стилі. Ауызекі сөйлеу стилінің тікелей қатынас жасауда

көрінетіндігі. Оның ауызша және жазбаша түрлері. Сөйлеу стилінің

қолданылатын орны, диалог лексикасы. Ауызекі сөйлеу стилінің

қолданылатын формалары: жарыссөз, лекция, консультатция, баяндама,

әңгімелесу. Сөйлеу стилінің ерекшеліктері.

Көркем әдебиет стилі. Көркем әдебиет стилі сөз арқылы өрнектелетіні.

Мұнда сөздердің, сөз тіркестерінің, сөйлемнің бейнелі қолданылатындығы.

Тілдің эстетикалық қызметі көркем әдебиет стилінде ерекше көрінетіндігі.

Көркем әдебиет стиліне көп мағыналық, бейнелік сипаттардың тән

болатындығы. Мақал-мәтелдер мен фразеологизмдердің кеңінен

қолданылатындығы. Көркем әдебиет стилінің басқа да ерекшеліктері.

Ресми іс – қағаздар стилі (Кеңсе стилі). Өтініш, сенімхат, арыз, қатынас

қағаз, мінездеме, хабарландыру, мәжілісхат, өмірбаян, мәлімдеме және ресми

құжаттар:заң ережелері, өкімет қаулылары, халықаралық шарт т.б. Ресми іс –

қағаздарының айырықша қарым – қатынас жасау құралы болып

саналатындығы. Іс – қағаздарды стилінің ерекшеліктері, лексикасы.

Публицискалық стиль. Публицистикалық стильде қоғамдық-саяси

мәселердің көріндігі. Қоғамдық-саяси мәселердің бұл стильде ауызша және

жазбаша түрде қалыптастырылатындығы. Публицистикалық стильдің

жұмсалу формалары (әдістері): газет-журнал, радио-теледидар.

Публицистикалық стильде шушендік өнердің қажеттігі. Публикалық стилдің

ерекшілігі ресми стильге және көркем әдебиет стильдеріне жақындығы. Сөз

саптаудын баспа сөз айдарына байланыстығы.

Ғылыми стиль. Бұған әр салада жазылған ғылыми мәтіндер

жататындығы. Ғылыми мәтіндерде мазмұн анықтама, сипаттама, баяндама

немесе талқылама түрінде берілетіндігі.Ғылыми стильдін ерекшелігі

Page 25: ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/lang.pdf · Ұлттық білім беру академиясы, ... тілдік жағдаятқа

25

сөздердін негізгі мағынасында жұмсалатындығы,термин сөздердін молдығы,

көп мағыналы,образды сөздердің,ойдың күрделілігі.т.б.

ІІІ. Тіл мәдиниеті және пунктуация (14 сағат)

Пунктуацияның тіл мәдиниетіне қатысы. Тыныс белгілердін стиль

түрлерінде атқаратын рөлі.Тыныс белгілердін сөйлем ішінде келетін және

сөйлем соңынында келетін деп бөлетіндігі.

Сөйлем ішінде келетің тыныс белгілірге үтір, сызықша, қоснүкте,

нүктелі үтірлер жататындығы.

Тыныс белгілірінің қолданылатын орындары. Қос нүктенің

қолданылатын орындары. Нүктелі үтірдің қолданылатың орындары.

Нүктенің қолданылатың орындары. Сүрау белгісінің қолданылатың

орындары леп белгілерінің қолданылатың орындары. Көп нүктенің

қолданылатын орындары.

Қайталау (2 сағат)

Page 26: ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/lang.pdf · Ұлттық білім беру академиясы, ... тілдік жағдаятқа

26

III. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН

ТАЛАПТАР

5-6 сынып оқушылары:

Фонетика, лексика және грамматика саласында тілдік білімдерін

меңгеруі тиіс:

сөздің мағыналарын айыра біледі, оларды сөйлеу тілінде еркін

қолданады;

сөздік құрам түрлерін меңгереді, контекстегі қолданылу

ерекшеліктерін талдайды, ауызша және жазбаша жанрларда

шығармашылықпен қолданады;

жаңа сөз тудырудың тәсілдерін біледі, оларды бір-бірінен

ажырата алады;

тілдік ұғымдардың мәнін ашатын диаграммалар, кестелер

құрастырады, оны таратып түсіндіреді.

Өз бетімен оқи білуі, түсінуі және түрлі мәтіндерді талдай білуі

тиіс. Қажетті ақпаратты ала білуі және оқығандарына баға бере

білуі тиіс:

мәтіннен өзіне қажетті ақпаратты іріктейді, оларды тілдік

қатынаста мақсатқа сай саралап, еркін қолданады;

мәтіннің құрылымын ажыратады, мәтіннің жанрлық белгілерін

анықтайды;

оқыған мәтіндеріне сапалық жағынан талдау жасап, өзінің берген

бағасын дәйектеп айтады, тақырыпқа сәйкес жоба-жоспар жасап,

мәтін құрайды.

Сөйлеу мәдениетінің нормаларын жеткізе білуі, сөз таңдау және

ұжымдық қатынас деңгейінде білуі тиіс:

сөйлеу мәдениетін қалыптастыратын үлгілерді талдайды;

мәтін құрауда әдеби тілдің орфографиялық, грамматикалық,

стильдік нормаларын қолданады;

сөздердің синонимдік, антонимдік, омонимдік, көпмағыналылық

сипатын жанр түрлеріне қарай айырып, таңдап қолданады;

әдеби нормамен монолог, диалог түрінде пікірлеседі.

Мәтіндерді талдауда оқу алгоритімін қолдана білуі тиіс:

шығармадағы тірек ұғымдарды білдіретін сөздерді ажыратады;

мәтіндерге кешенді тілдік талдау жасайды, мәтіндегі сөздердің

стильдік бояуын мәтін ерекшелігімен байланыстырып

түсіндіреді;

мәтіндегі сөздердің тізбекті, параллельді байланысын анықтайды;

мәтіннің құрылысын, тақырыбын, идеясын т.б. дәйектейді.

Тілдің социо-мәдениет контексіндегі ерекшеліктерін білуі және

ауызша жазбаша жанрларды түрлі қатынас жағдаяттарына

шығармашылықпен қолдана білуі тиіс:

Page 27: ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/lang.pdf · Ұлттық білім беру академиясы, ... тілдік жағдаятқа

27

тілдің қызметін, қолданылатын орындарын біледі, стиль

түрлерінің ерекшеліктерін ажыратады;

әлеуметтік – тұрмыстық, іскерлік, ғылыми-көпшілік сипаттағы

ауызша және жазбаша қатынас жағдайында шығармашылықпен

жұмыс істейді.

ғылыми-көпшілік сипаттағы мәтіннен өзіне қажетті ақпараттарды

табады, өңдейді;

алынған ақпараттарды диалог пен монологта өз мақсатына сай

еркін қолданады;

сипаттау, суреттеу және түсіндіру мәтіндерін құрауда сөзжасам

мен морфологиядан алған білімдерін еркін пайдаланады;

сөзжасамдық, морфологиялық (сөз таптарының мағыналық

түрлеріне қатысты қолданысы бойынша) нормалардың сөйлеу

мәдениетімен бірлігін таниды;

мәтіндердің тіліне, мазмұнына байланысты өз ойын жеткізуде

сөзжасамға және сөз таптарының мағыналық түрлеріне қатысты

ұғымдарды қолданады;

сөз таптарының мағыналық топтарын жанр түрлеріне қарай

айырып, таңдап қолданады, монолог, диалог, полилог түріндегі

тілдесімдерде сөзжасамдық, морфологиялық нормаларды

сақтайды;

мәтіндерге кешенді тілдік талдау жасауда туынды сөздер мен сөз

таптарының ерекшелігін бөліп көрсетеді;

оқу-танымдық материалдар бойынша дискурсқа (диалог, сұхбат,

әңгіме, инсценировка, пікіралмасу, т.б.) қажетті .дағдыларды

меңгереді;

әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы қарым-қатынаста сөз тұлғасы

мен сөз құрамынан алған білімдерін шығармашылықпен

қолданады.

7-сынып оқушылары:

Әдеби тіл және мәтін:

мәтінде әдеби тілдің сөзжасамдық нормалары меңгертіліп, сөз

таптарының қолданылу жиілігі түсіндіріледі;

мәтіннің түрлері бойынша тілдік нормадан ауытқу жағдайларын

талдайды;

ғылыми-көпшілік және көркем әдебиеттен алынған мәтіндерге

тілдік талдау жасайды.

o Морфология:

сөздердің түрлену заңдылықтарын ажыратады, әр сөз табының

түрлену ерекшелігі мен олардың сөйлеу тіліндегі мәнін түсінеді;

Page 28: ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/lang.pdf · Ұлттық білім беру академиясы, ... тілдік жағдаятқа

28

қосымша түрлерінің әр сөз табына қатысын көрсететін

диаграммалар, кестелер, сызбалар құрастырады, оны дәлелдеп

түсіндіреді;

морфологияға қатысты тілдік ұғымдардың мәнін анықтайды;

түрленетін және түрленбейтін сөздер тобын мәтін ішінде өзіндік

белгілеріне қарай талдайды және жанр түрлеріне қарай

шығармашылықпен қолданады.

сөз тіркесі мен жай сөйлем түрлерін меңгереді, оларды мәтін

ішінде өзіндік белгілеріне қарай талдайды, жанр түрлеріне қарай

шығармашылықпен қолданады.

алынған ақпараттарды тілдік жағдаяттарда өз мақсатына сай

еркін қолданады;

мәтіндегі есім және етістік сөз таптарының түрлену жолдарын

ажыратады;

мәтіннің жанрлық түріне сәйкес қосымшалардың қолданылу

ерекшелігін анықтайды;

мәтін құрауда сөз таптарының түрлену жүйесінен алған

білімдерін пайдаланады.

сөз таптарының түрлену заңдылықтарының сөз мәдениетімен

бірлігін таниды;

мәтіндердің тіліне талдау жасауда, мәтін мазмұнына байланысты

өз ойын жеткізуде қосымшалардың беретін грамматикалық

мағыналарын пайдаланады;

мәтін құрауда әдеби тілдің морфологиялық нормасын

лексикалық нормамен сабақтастықта қолданады;

сөз таптарының түрлену жүйесін жанр түрлеріне қарай айырып,

таңдап қолданады;

синоним, антоним, омоним, көпмағыналы сөздердің түрлену

жүйесіндегі ерекшеліктерді дәйектейді.

монологтік, диалогтік тілдесімдерде қосымшалардың қызметін,

сөз таптарының сөйлемдегі орнын, түрлену ерекшеліктерін

сақтайды;

ұсынылған мәтіндегі авторлық идеяның, тақырып пен мазмұнның

берілуіндегі сөз таптарының қызметін түсіндіреді.

мәтіндегі тірек сөздерді құрамы мен лексика-грамматикалық

мағынасына қарай ажыратады;

мәтіндерге кешенді тілдік талдау жасауда сөз таптарының

түрлену ерекшелігін дәлелдейді;

мәтінді құрайтын сөздер тобының әр сөз табына қатысты

стильдік бояуын ажыратады;

мәтіндегі сөздердің байланысын анықтауда есім сөздер мен

етістік формаларының қызметін түсіндіреді.

Page 29: ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/lang.pdf · Ұлттық білім беру академиясы, ... тілдік жағдаятқа

29

8-сынып оқушылары:

Әдеби тіл және мәтін:

әдеби тілде қосымшаларды дұрыс қолданудың мәнін түсінеді;

әр тұрлі жанрдағы мәтіндерге мазмұндық-құрылымдық талдау

жасайды;

мәтіндерді сөзжасамдық норма тұрғысынан талдайды;

Синтаксис

сөйлемдегі сөздердің тіркесу қабілетін анықтайды;

сөз таптарын меңгерудің тәсілдері арқылы байланыстырады;

сөйлемнің сөз тіркестерінен тұратынын дәйектейді;

хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдердің жасалу

жолдарын меңгереді, контекстегі қолданылу ерекшеліктерін

талдайды, ауызша және жазбаша жанрларда шығармашылықпен

қолданады;

сөйлемнің құрамын меңгереді, мәтіндегі сөйлем мүшелерінің

қандай сөз таптарынан жасалдығын талдайды;

сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерінің жасалу

жолдарын ажыратады, оларды жанр түрлеріне қарай

шығармашылықпен қолданады;

сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің қызметін біледі, оларды

сөйлесім әрекетінде талғап қолданады;

сөйлем мүшесі болмайтын сөздер тобын ажыратады, тыныс

белгілерінің қойылу себептерін түсіндіреді;

мәтіннен жай сөйлем білдіретін ойды табады, олардың тілдік

қатынастағы мақсатын саралайды;

мәтін ішіндегі сөздердің байланысу тәсілдерін ажыратады;

мәтін мазмұнын құрайтын жай сөйлем түрлерінің қолданылу

мақсатын айқындап, өзінің көзқарасын дәйектейді;

тақырыпқа сәйкес жоба-жоспар жасауда сөз тіркесін талғап

қолданады;

айқындауыш мүше мен бірыңғай сөйлем мүшелерінің қолданылу

мақсатын айқындайды;

сөйлеу мәдениетін қалыптастыратын жай сөйлем түрлерінің

дұрыс қолданған үлгілерін талдайды;

сөз тіркесу нормаларының сөйлеу мәдениетіндегі рөлін

анықтайды;

көркем шығармалардың тіліне, мазмұнына байланысты өз ойын

жай сөйлем түрлерімен дәл жеткізеді;

мәтін құрауда әдеби тілдің грамматикалық нормаларын

қолданады;

бірыңғай сөйлем мүшелерінің синонимдік сипатын жанр

түрлеріне қарай айырып, таңдап қолданады;

Page 30: ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/lang.pdf · Ұлттық білім беру академиясы, ... тілдік жағдаятқа

30

жай сөйлемнің түрлерін қатыстырып, монолог, диалог түрінде

пікірлеседі;

оқшау сөздерді пайдаланып ұсынылған мәтін сипаты жайлы

өзгелермен пікір бөліседі.

шығармадағы тірек ұғымдарды білдіретін сөздердің басқа

сөздермен байланысын ажыратады;

мәтіндерге синтаксистік кешенді тілдік талдау жасайды;

мәтіндегі сөз тіркестері мен сөйлемдердің стильдік бояуын

жанрлық ерекшелікпен байланыстырып түсіндіреді;

мәтіндегі тірек сөздердің басқа сөздермен байланысу жолдарын

анықтайды;

мәтіннің тақырыбын, идеясын ашып тұрған сөйлем мүшелерін

салыстыра талдайды;

тірек сөздерді публицистикалық және ғылыми мақала

жанрларында түрлендіріп қолданады;

жай сөйлемнің қызметін, қолданылатын орындарын көркем

шығарма тілі мен ауызекі сөйлеу тілінде ажыратады;

жанр түрлері бойынша тілдік жағдаяттарда жай сөйлем

түрлерімен мәтін құрайды;

тарихи, ғылыми-көпшілік сипаттағы ауызша және жазбаша мәтін

құрауда жай сөйлемнің түрлерін шығармашылықпен қолданады.

9-сынып оқушылары:

Әдеби тіл және мәтін:

мәтін ішінде әдеби тілдің грамматикалық нормаларын талдайды;

әр түрлі мазмұндық-тақырыптық мәтіндердің құрылымдық

бөліктерін ажыратады.

Синтаксис:

құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін таниды;

жай сөйлемдердің құрмаласу тәсілдерін ажыратады,

баяндауыштарының жасалу жолдарын меңгереді;

құрмалас сөйлем сыңарларын байланыстыратын жалғаулық

шылауларды айырады, оларды сөйлеу тілінде еркін қолданады;

салаласа, сабақтаса байланысатын құрмаластың түрлерін

меңгереді, оларды қатыстырып мәтін құрайды;

аралас құрмаластың жасалу жолдарын түсіндіреді, мәтін ішінде

талдайды, тілдік қарым-қатынаста қолданады;

сабақтаса құрмаласқан сөйлемдерді салаласқа, саласты

сабақтасқа айналдыру жолдарын меңгереді, контекстегі

қолданылу ерекшеліктерін талдайды, ауызша және жазбаша

жанрларда шығармашылықпен қолданады;

Page 31: ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/lang.pdf · Ұлттық білім беру академиясы, ... тілдік жағдаятқа

31

төл сөз бен төлеу сөздің ерекшеліктерін дәлелдейді,төл сөздің

орналасу тәртібін біледі, тыныс белгілерінің қойылу себебін

түсіндіреді;

төл сөзді төлеу сөзге, төлеу сөзді төл сөзге айналдырудың

жолдарын меңгередіі, оларды мәтін ішінде өзіндік белгілеріне

қарай талдайды, жанр түрлеріне қарай шығармашылықпен

қолданады.

тарихи, қоғамдық-әлеуметтік, әдеби мазмұндағы мәтіндерден

қажетті ақпаратты іріктейді, ақпараттарды құрайтын құрмалас

сөйлемдердің қолданылу мақсатын саралайды;

әлеуметтік-мәдени тақырыпқа сәйкес жоба-жоспар жасап, төл

сөз бен төлеу сөзді қатыстырып мәтін құрайды;

көркем мәтін тіліндегі мазмұнға байланысты қолданылған мақал-

мәтелдер мен даналық сөздердің мәнін ашады;

тарихи, әдеби, қоғамдық мазмұндағы мәтіндердің тақырыптық-

лексикалық ерекшеліктерін бағалайды.

мәтін абзацтарындағы мазмұнына тірек болып тұрған сөйлем

түрлерін ажыратады;

мәтіндердегі құрмалас сөйлемдерге кешенді тілдік талдау

жасайды;

мәтіннің мазмұнындағы авторлық көзқарасты білдіретін

синтаксистік тілдік құралдарды дәйектейді;

құрмалас сөйлемдердің сөйлесім әрекетіндегі қызметін,

қолданылатын орындарын біледі;

жанр түрлері бойынша құрмалас сөйлемдерді түрлі мақсатта

жұмсап, әр алуан тілдік жағдаяттарда мәтін құрайды;

баяндау, суреттеу, сипаттау, талдау сипатындағы мәтін құрауда

құрмалас сөйлемдер мен төл сөзді шығармашылықпен

қолданады;

ауызша және жазбаша қарым-қатынастарда дұрыс сөйлеп, дұрыс

жаза білудің шарттарын меңгереді.

Page 32: ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/lang.pdf · Ұлттық білім беру академиясы, ... тілдік жағдаятқа

32

IV. «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазақ тілі пәнінің ерекшелігі тілдің қызметінен көрінеді. Тілдің

танымдық, білімдік, эстетикалық, коммуникативтік қызметтері оқушыны

жан-жақты дамытады, Тұлға етіп қалыптастырады. Тілдің қызметін әр

сабақта нәтижелі оқыту көн нәрсеге қол жеткізеді. Қазақ тілін пән ретінде

оқытудың тиімділігі сабақта қолданылатын оқыту формалары мен әдіс-

тәсілдеріне және жаңа технологияларды тиімді қолдануға байланысты

болмақ. Технологияларды іріктеу жоспарланған нәтижелердің сипатына және

«Қазақ тілі» оқу пәні мазмұнының ерекшеліктеріне сәйкес болуы тиіс.

Негізігі мектептегі «Қазақ тілі» сабақтарында қолданылатын оқыту

әдістемесінде төмендегідей ортақ ұстанымдар басшылыққа алынады:

5-6-сыныптарда оқушыларға лексикалық, фонетикалық, сөзжасамдық,

морфологиялық нормаларды меңгертуге, сөздік қорын молайтуға, сөз

байлығын жетілдіруге және тілдік жағдаяттарда сөздерді мағыналарына

сәйкес пайдалануға үйрету көзделеді. Бұл сыныптарда оқытудың мақсаты

оқушының теориялық және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға

бағытталады. Сол арқылы оқушының ойлау және сөйлесім әрекетінің

белсенділігін арттыратын проблемалық оқыту әдістеріне сәйкес сын

тұрғысынан ойлауын дамытуды және оқушының болашақтағы даму

мүмкіндіктерін ескеріледі. Мұнда қазақ тілінің тіл туралы мағлұматтары

алдын-ала берілетін тірек сызбаларды қолдану арқылы іске асырылады,

оқушының қабылдау, қиялдау, елестету, есте сақтау қабілеттері дамытылады.

Іс-әрекет барысында шынайы қарым-қатынасқа жақын жағдаяттар

туғызуға мүмкіндік беретін алуан түрлі дидактикалық материалдар

(сөзжұмбақтар, ребустар, карталар, кестелер, диаграммалар) кеңінен

қолданылатын ойын түрлері оқушының оқу-танымдық әрекетін басқаруға

мүмкіндік береді. Пәндік, пәнаралық сипаттағы дидактикалық және

сюжеттік, рөлдік ойындар оқушыға өзін танытуға, жолдастарының пікірімен

санасуға, қарым-қатынас әдебін үйренуге, өз білімін көрсетуге жол ашады.

Ойындардың көмегімен оқушылардың коммуникативтік дағдыларын

қалыптастыратын оқу міндеттері шешіледі. Ойын арқылы тілдік

жағдаяттарда оқушыны қарым-қатынас мәдениетіне төселдіру көзделеді.

7-8-сыныптарда оқушыларға сөз таптарын, олардың түрлену жүйесін,

сөздің тіркесу қабілетін, жай сөйлемнің ойды жеткізудегі ерекшелігін

меңгерте отырып, сөйлесім әрекеттерін дамытуға басымдылық беріледі. Бұл

сыныптарда проблемалық оқыту әдісімен қатар ізденістік-зерттеу әдістері

арқылы тілдік жағдаяттарда оқушының таным белсенділігін арттыруға, өз

бетімен зерттеу жүргізуге, шешім шығаруға төселдіріледі.

Онда оқушының танымдық белсенділігін арттыру; пәнге

қызығушылығын ояту; өзіндік көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру;

зерттеуге икемділігін дамыту; сөйлесім әрекеті белсенділігін арттыру

ұстанымдары басшылыққа алынады.

Осы сыныптарда топтық, ұжымдық әрекетке баулуға айрықша көңіл

Page 33: ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/lang.pdf · Ұлттық білім беру академиясы, ... тілдік жағдаятқа

33

бөлінеді. Онда әр баланың қабілетін, дарынын дамытуға, ұжымдағы әрбір

мүшенің өз таланты мен әркімге және бір-біріне көмегіне,

ынтымақтастығына, мұғалім мен оқушы әрекетінің алмасып келіп отыруына

басымдылық беріледі. Мұғалімнің қызметін ұжымның атқаруы, яғни оқу

әрекетін ұйымдастыруда, бір-бірінің жұмыстарын саралауда, бағалауда,

талдауда оқушының өздерінің жетекшілік етуі, ал мұғалімнің

ұйымдастырушы, кеңесші қызметін атқаруы оқыту үдерісінде белсенділік

сипат алады.

9-10-сыныптарда оқушыларды құрмалас сөйлемнің түрлерін, олардың

қолданыс ерекшеліктерін меңгертуге, стиль түрлері мен пунктуация

заңдылықтарын сөйлесім әрекеттерінің мақсаты мен ерекшеліктеріне қарай

тиімді пайдалана білуге төселдіру көзделеді. Бұл сыныптарда оқушының

шығармашылық- зерттеушілік қабілетін жетілдіру, оқушылардың өз бетімен

білім алу дағдыларын қалыптастыру, олардың бойында әрекеттік, танымдық,

креативтік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін оқыту технологиялары

қолданылады. Оқыту үдерісінде оқушының өздігінен білім алуына, болжам

жасауына, өз бетінше ізденуіне жол ашу мақсатындағы жұмыс түрлері

ұйымдастырылады. Онда оқығандары бойынша ойталқының жүргізілуіне,

оқушының өзіндік әрекетіне, тілдік бірліктерді салыстыру, жинақтау,

саралау, топтау және тілдік құбылыстардың заңдылықтарын тануына мән

беріледі.

Негізгі мектептің барлық сыныптардағы қазақ тілін оқыту үдерісінде

деңгейлеп оқыту басшылыққа алынады. Бұл әр оқушыға өз деңгейін өзі

айқындау арқылы өзін-өзі дамытуына, бағалауына мүмкіндік туғызады.

Мұнда оқушының тілдік қабілеттері, тапсырманы орындау мүмкіндіктері,

осыған дейін меңгерген білім деңгейлері ескеріледі. Оқушының жеке бас

қабілеті мен психологиялық ерекшеліктері негізге алынады. Оқушының

қалауы бойынша орындауды талап ететін деңгейлік тапсырмалар оқушының

өзін-өзі бағалауына да жол ашады. Бірінші деңгейде (оқушылық деңгейде)

оқушы жаңа материалдың тақырыбын түсінуге арналған тапсырмаларды

орындайды. Тапсырмалар оқушы есінде ұзақ сақтау мақсатында жасалады.

Мұнда тақырыпты оқушының қабылдап және оны саналы түрде қайталап

беруі талап етіледі. Екінші деңгейде (алгоритмдік деңгейде) алғашқы

деңгейдегі білім мазмұны тереңірек алынады, тапсырмалардың құрылыс мен

мазмұны күрделенеді. Мұнда тапсырмалар бір-бірімен тығыз байланыста

болып, жүйелі түрде алғашқысынан кейігісі дамытылған түрде, кейінгісінен

соңғысы тереңдетілген түрде беріледі. Үшінші деңгейде (ізденімдік

деңгейде) жаңа материал бойынша меңгерген алғашқы білімдері

жетілдіріліп, тереңдетіліп өз ізденісінің нәтижесінде жаңа білім алады.

Мұнда оқушы өзін шағын зерттеу жұмыстарымен шұғылданатын ізденуші

ретінде сезінеді, жаңа материалдың қыр-сырын өз бетімен таниды. Төртінші

деңгейде (шығармашылық деңгейде) оқушы шығармашылық жұмыспен

айналысады, жаңа материал туралы түсінігін, оның негізгі белгілерін,

қолданылу аясын, кеңейтілген білімін шығармашылық жұмыстарда

қолданады. Шығармашылық деңгейде оқушының интеллектуальдық ойлау

Page 34: ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫoukaraz.n-varsh.obr55.ru/docs/etnos/lang.pdf · Ұлттық білім беру академиясы, ... тілдік жағдаятқа

34

дәрежесінің өскендігін дәлеледейді. Деңгейлеп оқыту тапсырмалары арқылы

тілдесім әрекеті дамытылады, сөйлеудің функционалдық стильдері

меңгертіледі.

Сонымен қатар бұл сыныптарда қолданылатын модуль арқылы оқыту

түпкі нәтижеге сатылай отырып жетуді көздейді. Қазақ тілінің ғылыми

негізін толық әрі біртұтас аяқталған білім негізінде игертуді көздейтін негізгі

сатыда тіл білімі салалары модульдік негізде тиянақталып беріледі.

Лексикадан басталған бұл жүйе фонетикаға, сөзжасамға, грамматикаға,

стилистикаға, пунктуацияға қарай күрделендіріліп, өзара сабақтастықта

жалғасып отырады. Тіл салалары өз ішінде де нақты тақырыптарға

шоғырландырылады. Нәтижесінде оқушының тіл туралы лингвистикалық

дүниетанымы қалыптастырылады.

Сабақтарда бейнероликтерді, интернет материалдарын,

мультимедиалық құралдарды, үн және бейне таспалар, ақпараттық

технология ресурстары, электронды оқулықтар, компьютерлер, лингафондық

аппараттар кеңінен қолданылады. Компьютерлік оқыту нәтижесінде

оқушының қазақ тілінен тілдік білімдерін орфографиялық, орфоэпиялық,

лексикалық, грамматикалық, пунктуациялық ережелер бағдарламаларының

көмегімен меңгертуге қол жеткізіледі.