292
УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында шығарылды А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Жауапты шығарушы: филология ғылымдарының докторы О.Жұбаева Сыздықова Рәбиға С 94 Тілдік норма және оның қалыптануы (кодификациясы). Көп- томдық шығармалар жинағы/ Рәбиға Сыздықова / Алматы: «Ел-шежіре», – 2014. ISBN 978-601-7317-88-1 Т. 8: – 292 бет. ISBN 978-601-7317-96-6 Бүгінде әлеуметтік қызметі арта түскен, жазба да, ауызша да кеңінен қолданыла бастаған қазақтың мемлекеттік ұлттық әдеби тілінің мәдениетін көтеру, зерттеу, насихаттау алға қойылып отыр. Тіл мәдениетінің өзекті мәселесінің бірі – норма. Бұл еңбек осы тілдік нормаларды танытуға, олардың түрлерін, негізін, қазіргі күй-қалпын көрсетуге арналған. Кітап тіл мәдениетін көтеруге қызмет ететін қалам қайраткерлері мен бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне, баспагерлерге, мектеп мұғалімдері мен тіл-әдебиет ұстаздарына, студенттер мен оқушыларға, сондай-ақ ана тілінің сындарлығын қалайтын қалың оқырман жұртшылыққа ұсынылып отыр. УДК 80/81 ББК 81.2 ISBN 978-601-7317-96-6 (Т.8) © Сыздықова Р. , 2014 ISBN 978-601-7317-88-1 © «Ел-шежіре» ҚҚ., 2014

УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

УДК 80/81ББК 81.2С 94

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетініңтапсырысы бойынша

«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»

аясында шығарылды

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

Жауапты шығарушы: филология ғылымдарының докторы О.Жұбаева

Сыздықова РәбиғаС 94 Тілдік норма және оның қалыптануы (кодификациясы). Көп-

томдық шығармалар жинағы/ Рәбиға Сыздықова / – Алматы:«Ел-шежіре», – 2014.

ISBN 978-601-7317-88-1Т. 8: – 292 бет.ISBN 978-601-7317-96-6

Бүгінде әлеуметтік қызметі арта түскен, жазба да, ауызша дакеңінен қолданыла бастаған қазақтың мемлекеттік ұлттық әдебитілінің мәдениетін көтеру, зерттеу, насихаттау алға қойылып отыр. Тілмәдениетінің өзекті мәселесінің бірі – норма. Бұл еңбек осы тілдікнормаларды танытуға, олардың түрлерін, негізін, қазіргі күй-қалпынкөрсетуге арналған.

Кітап тіл мәдениетін көтеруге қызмет ететін қалам қайраткерлерімен бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне, баспагерлерге,мектеп мұғалімдері мен тіл-әдебиет ұстаздарына, студенттер меноқушыларға, сондай-ақ ана тілінің сындарлығын қалайтын қалыңоқырман жұртшылыққа ұсынылып отыр.

УДК 80/81

ББК 81.2

ISBN 978-601-7317-96-6 (Т.8) © Сыздықова Р. , 2014ISBN 978-601-7317-88-1 © «Ел-шежіре» ҚҚ., 2014

Page 2: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

ТІЛДІК НОРМА ЖӘНЕ ОНЫҢҚАЛЫПТАНУЫ (КОДИФИКАЦИЯСЫ)

3

Page 3: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

АЛҒЫ СӨЗ

Қазақтың бүгінгі ұлттық жазба әдеби тілінің әлеуметтікқызмет өрісі кеңейе түсті, функционалдық стильдері сара-ланып,әрқайсысы өзінің белгілерімен айқындалды, қоғамға қызмететуінің ауызша да, жазбаша да түрі жанданды. Қазақ тілініңмемлекеттік тіл статусына ие болуы ұлттық сананы тәрбиелеуде,ұлттық намысты қорғауда, ұлттық мәдениетті көтеруде үлкенмәні бар факторға айналды. Осылардың барша-сы тілдің өзінеәлеумет назарын аудартып, оның дұрыс, жемісті қызмет етуінеқойылатын талаптарды күшейтті. Солардың бірі– «тіл мәдениеті» деген білім-ғылым тармағы дүниеге келді.Енді қазақ тілі әлеуметтік қызметті құр атқарып қана қоймай,дұрыс, сындарлы, мәдениетті түрде атқаруы күн тәртібінеқойылды. Бұл – кезең талабы, қоғамның мәдени-рухани сұра-ныстарының талабы.

Тіл мәдениетінің ең өзекті мәселесі – тілдік норма. Тілдікнорма және оның кодификациясы жеке зерттеу нысаны болыптұңғыш рет әңгіме етіліп отыр. Мұнда тілдік нормағаанықтама берілді, оның меже-белгілері, түрлері көрсетілді;қазақ әдеби тілінің нормативтік негіздері айқындалды,қалыпқа түскен нормалардың реттеліп, жинақталып хатқатүсуі (кодификаци-ясы), оның теориялық-практикалықнегіздері әңгіме болды. Тілдік нормадан уәжді-уәжсізауытқулар да тіл мәдениетіндегі күрделі де маңызды мәселедеп қаралып, оның түрлері мен себептері көрсетілді.

Жұмыс тек мамандарға арналған таза ғылыми моногра-фияемес, ана тілін пайдаланушы қалың жұртшылыққа, оның ішіндеоқу-ағарту саласындағы мұғалімдер мен өзге де ұстаз-дарға,бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне, сөз өнеріқайраткерлеріне арналған танымдық құрал ретінде ұсы-нылыпотыр. Мұнда лексикалық, грамматикалық, орфогра-фиялық,орфоэпиялық нормалар баптарға бөлініп, ереже түрін-

4

Page 4: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

де көрсетілмейді (ондай құралдар емле ережелері, сөз сазы(сөзді дұрыс айту) тәртіптері және әр алуан сөздіктер болыпжарық көріп келеді), тілдің әр қабатындағы әдеби нормалары-ның түрлері, қиын тұстары, назар аударатын сәттері сөз бола-ды.

Тіл мәдениеті мәселелерімен 25-30 жылдан бері үзбейайна-лысып, емле мен тыныс белгілеріне, сөзді дұрыс айту(дыбыс-тау) заңдылықтарына арналған бірнеше анықтамалыққұрал мен сөздіктер ұсынып, ондаған көлемді мақалажариялап келе жатқандықтан, біз бұл жұмыста бұдан бұрынжиналған ил-люстративтік материал-мысалдар мен айтылғанкейбір пікір-лерімізді ішінара пайдаланып отырдық. Норматақырыптарына қарай кейбір мысалдардың қайталаныпкететін сәттерін де ес-кертеміз.

Бұл шағын жұмыста қазіргі қазақ әдеби тілінің барлыққаттауында нормалануының жай-күйі, ондағы проблемалартолық баяндалды деп мәлімдеуден аулақпыз. Бұл саладағы із-деністер енді жандана бастады. Таза ғылыми ізденіс болған-дықтан, мұнда тіл білімінің көпшілік оқырманға бейтаныстаутерминдері мен шартты таңбалары кездесетіндігін ескерте-міз. Бұл материалдың осы кітаптағы «Орфографиялық нор-малар» деген тақырыпты терең түсінуге, емленің теориялықнегіздерімен кеңірек танысуға жәрдемдесері даусыз.

5

Page 5: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

КІРІСПЕҰлттық жазба әдеби тіл ретінде бірсыпыра дамыған,

функционалдық стильдерге тарамдалған, әр алуан нормала-рытұрақтала түскен, әлеуметтік қызмет өрісі кеңейген, мем-лекеттік тіл статусына ие болған бүгінгі қазақ тілінде «тілмәдениеті» деген ғылым-таным саласы дүниеге келді. Қазіргікездегі тілдің әлеуметтік базасының өзгеруі және соған орайтілге қатысты белгілі бір мақсат-мүдделі саясаттың жандануыда тілдің барлық қырына, оның ішінде дұрыс қолданылуынажұртшылық назарын арттырып отыр. Ал қоғам назарына ілік-кен құбылыс білім-ғылым нысанасы да болып шығады.

Тіл білімінің бір тармағы болып саналатын «тіл мәдениеті»көптеген ғылыми-практикалық проблемаларды қамтиды. Олтек тілдің қолданысындағы ағаттықтары мен жазудағы қате-лерді тауып, көрсетіп отыруды ғана көздемейді. Тіл қолда-нысындағы қателерді көрсету үшін олардың дұрыс болуғатиіс базасын тану қажет, демек, тілдік жүйені, ол жүйеге сайқалыптасқан нормаларды айқындап алуы шарт. Сондай-ақ тілтіршілігінде тек сөздер ғана емес, дыбыстар, ол дыбыстардыңайтылу сазы дегендердің мәні зор, бүгінгі тілдердің қызметіжазумен қоян-қолтық астарласып жатыр, бұл күнде тіл жа-зусыз қызмет ете алмайды, сондықтан емле мәселесі де«тілмәдениетін», яғни жазуда да дұрыстықты, жүйелілікті,қолайлылықты талап етуі – заңды.

Тіл – тек қатынас құралы емес, ол эстетикалықта құрал. Тіладамдарға бір-бірімен түсінісіп қою үшін ғана емес, әсемдікдүниені сезіну үшін де қажет, демек, тіл арқылы бір-біріміз-гежақсы әсер ету де көзделетіндіктен, экспрессиясы күшті сөздердітаңдау, сөйлемдерді әсерлі етіп құрастыру, яғни тілдік көріктеуқұралдарын танып дұрыс жұмсау да тіл мәдениетінің бірпұшпағын құрайды. Ал бұлардың барлығын әңгіме ету тілдіңлексикология, грамматика, фонетика, фонология салала-рыменастарласып жатады, жазу таңбалары – графикаға, жазутәртіптеріне (орфографияға) назар аудартады.

Тіл мәдениеті проблемалары отбасы тәрбиесімен, мектепте-гіоқу ісімен, жалпы әр алуан оқу-тәрбие орындарының нақтыжұмыстарымен тығыз байланысты болып келеді. Бұдан да

6

Page 6: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

биіктеу қарасақ, тіл мәдениеті ұлттық әдеби тілдің әлеуметтікбазасының өзгеріске ұшырауына, өзге тілдермен арақатына-сына да тікелей ұштасып жатады. Демек, тіл мәдениетінәңгіме-леуде (талдауда, зерттеуде) «мынау – дұрыс, мынау –бұрыс» деп қою мүлде жеткіліксіз, сол дұрыстық пенбұрыстықтың негізін табу керек, ол негіздердің бір-біріменсабақтастығын, алдыңғы кезеңдермен іліктестігін айқындаукерек. Қысқасы, ғылым әлеміне кештетіп келген «тілмәдениеті» дегеннің міндеті мен шаруасы көп, аумағы кең,шешімі қиын әрі күрделі екенін айтамыз.

Тіл мәдениетінің өзегі – норма туралы ұғым. Норма тілдіңжүйесі мен құрылымына иек артады. Тілдік жүйе дегеніміз– тілде бар үлгілердің, қолданыс типтерінің (түрлерінің) бел-гілібір тәртіппен келуі, ал тілдік құрылым дегеніміз – осы жүйеніңіске асқан (көрінген) материалдың мүмкіндіктері. Бұл екеуінбөлек- бөлек айырып қарап сөз ететін де, айырмай, бірініңорнына екіншісін атай беретін де зерттеушілер бар.Шындығында, тілдік құрылым – құлаққа естілетін, «отыз тіс-теншығатын» деректі ұғым атауы, ал тілдік жүйе – сол «затты»жасап тұрған дерексіз ұғым атауы деуге болады. Демек, тілдікнормалардың «табан тірер» жері – тілдік құрылым екен де, тіл-дік құрылымның «арқасүйері» – тілдік жүйе екен.

Тіл элементтері: дыбыс, сөз, сөйлем қолданыста тілдікқұрылымға иек артады, ал тілдік құрылым тілдік жүйеге не-гізделеді. Орыс тіл білімпаздары бұл ретте үш сатыны атайды,біріншісі – тілдік мүмкіндіктер жүйесі, екінші сатыда – осыжүйенің материалдық көрінісі, тілдің құрылымы, үшінші са-тыда – сол материалдың қолданысы. Осы жұмыстағы біздіңәңгімеміздің мазмұны тілдік норма теориясының осытанымы-нан шығады.

Тілдік норманы сөз ету үшін бұл саланың терминдеріненазар аударсақ. Алдымен, норма, нормалану (нормализация)және кодификация терминдерін білдіретін ұғымдар жөніндетүсінік берелік. Норма – негізінен тілдің өзі ұсынған тәртіп,нормалану – сол тәртіптерді тілдің өзінің қалыптастыруы.Тілдің нормалануы мен ол нормалардың кодификациясы – бірәрекет емес, соңғысы тіл процестеріне адамдардың араласуы,

7

Page 7: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

яғни тілдік нормаларды реттеу, сұрыптау, дұрысын беркіту,қалыптанғандарын хатқа тіркеу сияқты іс-әрекетті білдіреді.Кодификация – әдеби тілдің дамуына әлеумет тарапынан ықпалжасау. «Кодификация» терминінің қазақша баламасын табуқиынға соғып келеді, оны бірде «заңдастыру», тағы бір-де«қалыпқа түсіру, қалыптандыру», тіпті одан да ықшамдап«қалыптану» деп те жүрміз. Осы еңбектің өзінде тақырыптыбаяндау барысында бірде кодификация бірде қалыптандырылу,қалыптастырылу, тағы бір тұста заңдастырылып, хатқатүсірілуі деп әрқилы атадық. Сірә, ғылым тілі үшін дұрысы– «кодификация» деген интернационалдық терминді қалдыру(жұмсау), ал қалың жұртшылыққа түсініктірек болу үшін,ыңғайына қарай қазақшалап отырудың да жөні бар. Қайткенде деқазақша терминдік балама ұсыну қажет болса, «қалыптандыру»сөзі мағына жағынан дәлірек келер ме еді. Кодификация – тілдіңөзінің «әрекеті» емес, оны қолданушы, қолданысын реттеуші –біздің (адамдардың) қарекетіміз, сондықтан «норма және оныңқалыптануы» дегеннен гөрі «норма және оны қалыптандыру»деп атаған да дұрыс болатын сияқты. Кодификация терминініңмағынасы – дұрыс деп танылған тілдік нормаларды қалыпқатүсіріп, жинақтап көрсету, бұдан да гөрі дәлірек айтсақ, тілдікнормалардың қалыпқа түсіп, жаппай қолданыс тапқандарынорнықтыру, заңдастыру, тіркеу.

Кодификацияланған нормалардың қолданысы міндетті,сондықтан «заңдастырылуы» дегеніміз де – дәлелсіз емес.Нормаларды ұстанудың қалың көпшілік үшін міндеттілігі ко-дификацияны екі жағынан көрсетеді. Бір қарағанда, кодифика-ция тұрақтандырылған, қалыпқа келтірілген және міндеттел-геншара болғандықтан, онда біршама консерватизм сипаты болады,ал консерватизм қандай да болмасын дамуға, өзге-рістерге тұсауболады, нормалардың кодификациясы «ке-шегі күнге»қаратылған болып келеді, яғни бүгінге дейін қалыптасқан,орныққан, хатталған заңдылықтарды (норма-ларды) ұстанудыміндеттейді. Бұл – кодификацияның «кеже-гесі кейін тартыптұратын» жағы, ал жағымды, жақсы жағы– ол тілдің қолданысында жүйелі тәртіп орнатады, тілдікзаңдылықтарды тұрақтандырады, әдеби нормадан тысқары

8

Page 8: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

элементтерді тоғытып жіберуден сақтайды. Кодификацияныңосындай екі жағының екеуін де есептей отырып, орыс тілбілім-паздары айтқандай: «алды-артын байқаған»либерализмнің ор-тасынан шыққан дұрыс.

Кодификацияның беріктігі де шартты: қалыптанған норма-лардың императивтік (міндетті) түрлері мен диспозитивтік(таңдап алатын) түрлері болады. Қазақ әдеби тілінде, әсіреселексикалық нормалардың диспозитивтік түрлері баршылық(олар жөнінде мысалдарымен көрсетіліп, кең түрде келесі та-рауларда айтылады).

Тіл мәдениеті, норма дегендерге қатысы бар терминдердіңжәне бірі – узус. Орыс тіл білімінде бұған көбінесе «узус– қолданылып кеткен тілдік бірліктер» деген түсініктеме бе-реді,узустың қарама-қарсысында окказионалдық бірліктер, яғниәдеттегі (нормадағы) мағынадан бөлек, тек сол контек-стекелтірілген мағынада жұмсалған сөздер тұрады. Узус пенокказионализмдер – оппозитивтік (қарама-қарсы тұрған)дүниелер. Сірә, дұрыс қолданыстағы бірлікті (сөзді, тіркес-ті,сөйлемді) «узус» дейтін болсақ, оның «нормативтік бір-лік»дегеннен қандай айырмасы болады? Сондықтан біз узус дептілдік жүйеге қайшы келгенмен, тілдік дағдыға айналғанқолданысты атағанды дұрыс деп санаймыз. Бұған зерттеушіН.Уәлиев жақсы мысалдар келтіреді. Мысалы, қазақ тілініңжүйесі бойынша ер (атқа салатын) деген зат есімнен етістіктудырғанда ерле болуға тиіс, бірақ қолданыста ертте тұлғасыжиірек кездеседі, сол сияқты қозы сөзінен етістік қозылады депжасалуы керек, бірақ қазақ тілінде қоздады түрі қолданылады.Ал біздің байқауымызша, бұл күнде туды-туылды деген жа-рыспа қатардың қолданыстары пікір таласын тудырып келеді.«Пәленше пәлен жылы туды» деп айтылып келген сөйлемдітуылды деп жазу активтеніп барады. Егер тілдік жүйегесәйкестікті қуаласақ, туылды тұлғасы дұрыс: туатын – ана,туылатын – бала. Туылу – ырықсыз етіс. Бірақ қолданыста тудытұлғасының орнығуы – узустық көрініс. Узустық тұлғаныңтілден берік орын алғандығы сондай, ол – туған-туысқан (туылған-туысқан деудің орнына), туған ағасы (бір-ге туылған ағасы емес), туған жері (туылған жері деудің ор-

9

Page 9: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

нына), туып-өсу (туылып-өсу емес) сияқты қолданыстардықалыптастырған.

Узустық құбылыс мақал-мәтелдерде тіпті көбірек кезде-седі. Мысалы, ішкен асын жерге қояды деген мәтелде мағы-налық алогизм сезіледі, бұл мәтел «есі-дерті сонда болды,сон-шама қызықты» деген мағынаны береді, ондайда ішкен(ішіп болған) асты емес, енді ішейін деп отырған асын жергеқоюы (ұмытуы, ескермеуі) керек қой, бірақ мәтел дәл осытұлғада (ішкен асын) қалыптасқан. Бұл да – узустық құбылыс.

Тегінде, норма мен узусты айырып таныған жөн.Норматив-тік бірліктер де – қолданылып кеткендер, олайболса узус де-геніміз – әдеттегі тілдік жүйеге негізделгеннорма емес, тілдік дағды, тіпті узустың бір айырым белгісі –оның тілдік жүйеге қайшы келетіндігі деп танимыз.

Узустық қолданыстың барлығы бірдей белгілі бір жүйетүзетін бірліктер болып шықпайды. Айталық, әйел адамдар-ды азаматша, мұғалима, комсомолка, төрайым деп «женскийродқа» көшіріп бөлек атаушылық бар. Бұл – бір жағынан, орыстілінің ықпалы болса, екіншіден, араб тілінен енген мұғалимасияқты кейбір сөздердің, әсіресе адам аттарының жынысқа қарайажыратылатын үлгісі (ғазиз – ғазиза, Латип – Латипа, Фәрид –Фәрида), үшіншіден, қазақ тілінің өзінде аға-апа, әке-шеше, апа-жезде, аға-қарындас сияқты лексикалық корреля-тивтер әсер еткен болар, бірақ соңғылар морфологиялық емес,лексикалық қатарлар. Дегенмен бұл – қазақ тілінің жүйесі менқұрылымына қайшы қолданыстар: қазақ тілінде «род»( «жыныстық») категориясы жоқ: ақын десек ол ер адам да,әйел адам да болады, егер міндетті түрде әйел адам екенінатау ке-рек болса, ақын қыз, ақын әйел, ақын апа депаналитикалық жолмен атаймыз.

Сірә, азамат-азаматша, мұғалім-мұғалима сияқтықолданыстар етек алмайтын құбылыс. Біз бұрын жазған бірмақаламызда төрайым сөзінің де нормаға қайшы неологизмекенін көрсеткенбіз. Төраға сөзінің «әйел жынысты» сыңарытөрайым-ның қалың көпшілікке ұнап, жаппай қолданыла бас-тауына сөздің сонылығы, тосындығы, «әйел-еркек» деп бөліпкөрсету мүмкіндігі себеп болған. Төраға – орысша «предсе-

10

Page 10: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

датель» дегеннің баламасы, бұл сөздегі төр компоненті де,аға сөзі де денотаттық (лексикалық, негізгі) мағыналарынанажырап коннотаттық мағынада жұмсалып тұрғандықтан, ағасөзі жыныстық мағынасынан көшіп, «басшы, басқарушы» де-ген ауыспалы мағынаны білдіретін компонент болып тұр, ағасөзінің бұл қызметі қолаға, қолағалыщ (көне әскери термин-дер), отағасыі сияқты сөздерде де көрінеді. Демек, төрағасөзі ер адамды да, әйелді де атауы керек. Дегенмен төрайымсөзінің узус ретінде аға-қарындас, апа-жезде, ата-ана сияқтылексикалық қосақтар қатарынан орын алып кетуі мүмкін. Алморфологиялық көрсеткіштермен әйел жынысын атаудың (аза-мат-азаматша, комсомол-комсомолкатәрізді) тілдік жүйегесәйкеспейтіндігі бұл тәрізді коррелятив жұптарды әдебинормаға жібермейді деп санаймыз.

Біз әңгімелеп отырған проблемаға қатысты терминдердіңтағы бір тобы –кірме сөз,бөгде сөз, шет сөз, жаңа сөз (неоло-гизм), көне сөз (архаизм), тарихтық сөз (историзм) деген атау-лар. Олар да қазақша эквиваленттері бір тұлғада тиянақталып,терминдік дефинициялары анықталып бола қоймағандар.

Бөгде сөз, шет сөз (немесе шет тілдік сөз), кірме сөз деген-дермағына жағынан бір-біріне жақындау келгенімен, олардыңәрқайсысының терминдік анықтамасы бөлек-бөлек болуға тиіс.өйткені шет тілдік сөздердің бәрі «кірме сөз» статусына ие болаалмайды, ал «бөгде сөз» термині «кірме сөз» дегеннің оппозиттіксыңары болар: бір тілдегі кірме сөздер – сол тіл-ге сіңіскен,нормативтік құқық алған бірліктер болса, бөгде сөз – әлі сіңісеалмаған, жаттығы, бөгделілігі сезіліп тұратын бірліктер.Сондықтан бұл үш түрлі термин-тіркестердің бірінің орнынаекіншісін қолдана беруге болмайды. Бұларды бір-біріненажыратып жұмсау үшін, олардың дефинициялық мағыналарынбылайша айқындасақ деген пікірлер де жоқ емес: шет тілденкелген сөз қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтарынабағындырылып, «қазақыланып» жұмсалса, кірме сөз деп атал-сын, ал түптілдегі тұлғасында тұрса, ол бөгде сөз деп атал-сындеген пікірлер айтылды. Сонда самаурын, божы, шыт,сәтендегендер кірме сөздер болады да, президент, парламент,сессия, бюджет, акциз, компьютер дегендер бөгде сөздер то-

11

Page 11: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

бын құрайтын болады. Бұл танымның арқауы бостау: егер уни-верситет, институт дегендерді үніберситет, иніститөтдеп жазсақ, олар «кірме» болып шыға келе ме?

Белгілі бір тілдің төл (өз) сөзі және оның қарсысында тұратынкірме сөз деген қатарлардың танымдық белгілерін тек олардыңсыртқы тұлғалық суреті көрсетпейтіні мәлім, кірме сөз төл сөздіңоппозиті (қарама-қарсысы) болудан гөрі, «канди-даты», яғнитілдік лексика тобына қос^ілуға әрекеттенген кан-дидат бірліктердеуге болады. Кірме сөздер қолданылу әлеуеті (потенциалы),жиілігі (активтігі), өзге сөздермен синтаксистік, морфологиялыққатынастарға түсу мүмкіндігі, халық, қоғам тірлігіне енгенұғымдардың, заттардың, құбылыстардың ата-уын тек сол сөздіңғана білдіретін даралығы (вариантсыздығы) т.б. сияқты толыпжатқан белгілерімен санасқанда, кірме сөз қай тұлғадақабылданса да, қабылдаушы тілдің лексикалық қазынасыныңмүлкі болып саналады. қазіргі қазақ тіліндегі дыбыстық тұлғасыжағынан «сындырылған ~ сындырылмаған» мыңдаған сөздеркірме бірліктер (единицалар) статусына ие болады.

Ал көрсетілген белгілердің көбі бойынан табылмайтын,көбінесе белгілі бір мақсатпен қолданылатын бөгде тілдік сөздертобы және болады, олар макоронизмдер, бірқатар жар-гон сөздер,арготизмдер, окказионализмдер болып келуі мүмкін. Мысалы,Ғабит Мүсіреповтің «Оянған өлке» романындағы Байжанныңаузынан жиі естілетін сыболыш (сволочь) сөзі, жазушы қалиханЫсқақовтың «қара орман» романының Бес-кемпір атанған біркейіпкерінің аузынан жиі шығатын вот так вот деген орыссөздері «кірме сөз» деп атала алмайды. Көркем шығармалардыңкейіпкерлерінің аузына белгілі бір стильдік мақсатпен, әдейісалынатын шет тілдік сөздер де «бөгде тіл-дік» элемент болыпқала береді, олар да «кірме сөз» статусына ие бола алмайды. Бұлорайда «бөгде сөз» бен «шет тілдік сөз» дегендер – синонимдерболып танылады, өзге тілдерден алып жұмсалған сөздердібұлайша айырып танудың тілдік норма-ларды сөз етуде мәніайрықша.

Тіл мәдениетін, тілдік норманы сөз ету үстінде жиі

қолданылатын терминдердің бірі – бірліктер, орысша единица-

12

Page 12: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

лар. Бұл да бір сөзбен аталатын қазақша термині қалыптаспайкеле жатқан ұғым. Көпке (тіпті қазірге) дейін тіл білімінеқатысты ғылыми әдебиетте, диссертациялық жұмыстарда, мо-нографияларда, ғылыми тақырыптағы мақалаларда орысшатермин единица деген сөзді қолданып келдік, қолданып келеміз.Соңғы кезеңде ғана орыс сөздерінен жасалған терминдердіңәдетте қазақша баламасын іздеп табатын дәстүрімізбен еди-ницатерминін де қазақша атауға кірістік. Мұны бір ғалымдар тұлға-бірлік деп, енді біреулері тұлға деп, алғашқы кезде тіпті дүниелікдеп әрқилы атай бастадық та енді көпшілігіміз бірлік дегенкалькаға тоқтадық. Калька деген – әдетте амалсыздың күні,алғашқыда ол құлаққа өте жат естіледі. Единица деген өз сөзінеорыс тіл мамандары да алғашқы кезде тосырқап қараған болар,бірақ орыстың ғылыми әдебиетінде единица нағызлингвистикалық термин болып қалыптасып кетті. Біз әзірге осыжұмыста көзіміз үйреніп, құлағымыз жаттыққанша біресеединица (бірлік) деп, біресе бірлік (единица) деп жақша ішінене орысша, не қазақша баламасын қоса көрсетіп, екі тілдегіатауды да жұмсадық.

Тіл білімінде орысша мотив, мотивация деп ұсынылатынұғымның қолданылуы жиі кездеседі. Мұны да бұрын орысшатүрінде жұмсап келсек, енді уәж, уәждеме деген қазақшасәтті баламаларын ұсынып жатырмыз. Лексикалық нормалар-ды әңгіме еткенде әдеби нормаға өтуге оңтайлы, мүмкіндігібар сөздерді бұрын потенциалдық сөздер деп келіп едік, ендіоларды әлеуетті бірліктер деп қазақша жиі атаймыз. әлеует– «потенциал», әлеуеттілік – «потенциальность», әлеуетті –«потенциальный» дегендердің қазақша терминдік баламаларыекенін аңғартамыз.

Тақырыпқа қатысты терминдердің баршасының қазақша ба-ламасын іздеп табу мүмкін де емес, шарт та емес, сондықтаннорма, стиль, лексикология, лексикография, диалектология,фонетика, морфология, морфема, лексема, сема, фонема, фо-нология, фонетика сияқты халықаралық ғылыми терминдердіосылайша қабылданған түрінде пайдаланып отырмыз. Тер-мин жасау теориясы бойынша абстракт ғылыми атаулардымүмкіндігінше бір тілден екінші тілге аударып алуға болады,

13

Page 13: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

өйткені тілдердің қай-қайсысында да әр алуан ұғым аттарыбо-латыны белгілі, тек қиындық семантикалық үйлесімі бар,яғни мағынасы жуық келетін қазақ сөзін табуда және оғанжүйемен келетін жұрнақ түрін жалғауда болады.

Ғылымның қай саласы да бір елде, бір халықта жеке-дара,томаға-тұйық дамымайды, тіл жағынан қарым-қатысы күштікөрші халықтардағы, тіпті дүние жүзіндегі ғылым жетістік-терімен, негіздерімен, жаңалықтарымен білісіп, бөлісіп отыру– бүгінгі заманның талабы. Басқа тілдердегі, әсіресе Еуропаелдері мен орыс қоғамындағы ғылыми әдебиетті оқымай, біл-мей, бір ғана тілдегі (айталық, тек қазақ тіліндегі) әдебиетпенсусындап, ғылым салаларын дамыту мүмкін емес. Сондықтанкейбір терминдердің көптеген ұлт тілдеріне ортақ, таныс бо-лып келуінен қашқақтауға болмайды. Қазақ білімі де осындайшарттылықтан тыс тұра алмайды.

Лингвистикалық терминдер жайында бұлайша арнайы сөзқозғап отырғанымыздың уәжі бар. Алдымен, термин мәселесініңтілдің лексика саласындағы нормалану процесіне тікелей қатысыболғандықтан, олардың осы еңбекте кездесетіндерініңбірқатарының білдіретін мағынасын, яғни ғылыми дефиници-ясын айқындап алуды жөн көрдік, бұл әрекетіміз осы еңбектібірқыдыру түсініп оқуға жәрдемдесер дейміз. Бұл жұмыс тек тілмамандары үшін емес, тілді дұрыс пайдалануға ниеттен-генқалың көпшілікке, әсіресе бұқаралық ақпарат құралдарықызметкерлеріне, мектеп мұғалімдері мен студенттерге, баспақызметкерлері мен жазушы, журналист сияқты қалам иелерінеқарата жазылғандықтан, мұндағы ғылыми терминдердің мей-лінше түсінікті болуын көздедік, ал бұларды жиі қолданған се-бебіміз – бұл жұмыстың ғылыми – теориялықта, қолданбалы– тәжірибелікте сипаты болуы көзделді.

Екіншіден, қазақ тілінің нормалары жайында арнайытұңғыш рет жазылып отырған бұл кітапта қазақша еместерминдердің біршама көбірек қолданылған себебіміздідәлелдеуді де жөн көрдік.

Бұл жұмыстың «Кіріспесінде» сөз етуге болатын әңгімеқырлары көп, дегенмен солардың тақырыпқа қатысты екі-үшеуін ескертсек дейміз. «Тіл» дегеннің өзін ауызша сөз не-

14

Page 14: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

месе айтылған сөз, жазба сөз немесе жазылған сөз деп екітүрге бөліп қарастырамыз. Бұл жердегі «сөз» термині тілдіңқолданыстағы қалпы, орысша «речь» дегеннің баламасыретінде алынып тұр. Тілдік норманы әңгіме етуге келген-де«тіл» деген жалпы ұғымды бұлайша нақтылап алу және оныңқолданыстағы қалпын сөз ету – заңды, өйткені «норма»дегеніміз – тілдің дұрыстық-бұрыстық сәттері туралы ұғымболса, тіл заңдылықтарының дұрыстық-бұрыстығы қолданысүстінде көрінетіні белгілі.

Ауызша сөздің өзі ауызша әдеби тіл және ауызекі сөйлеутілі деп екіге бөлінеді де олардағы сөзқолданыстарындаайырмашылық болады.

Жазба сөз де біркелкі емес: бейтарап (нейтральный) тілдің,яғни ғылыми әдебиеттің, кеңсе-іс қағаздары тілінің,бұқаралық ақпарат құралдары тілінің қолданыста өзіне тәннормалары бо-лады. Бұлар әдетте ресми тіл, қатаң тіл, тұйықстильдер деп та-нылса, бұл тілдерден көркем әдебиеттің тілқолданысы мүлде бөлек тұрады, ол – ашық тіл, мұндастильдік тұйықтық жоқ, ол жазба тілдің өзге стильдерініңэлементтері түгіл, ауызекі сөйлеу тілінің бірліктерін дебойына сіңіре алады. Міне, тілдік нормаларды танып-танытуда осындай бөліністерді қатты еске-ру керек.

Тұтас алғанда, тілдік нормалар, әсіресе жазба сөз нормалары– мүлде өзгермейтін, «консервіленген» құбылыс емес. Уақытөткен сайын тілдің өзі сияқты, оның әр алуан тұстарындағынормалары да өзгеріп отырады, бірақ бұл өзгерістер түбегейліемес, яғни тілдің барлық нормасы түп-тамырымен өзгермейді,жеке сәттері өзгереді және олардың өзі – бір сәттік, кенет бо-латын өзгеріс емес, ұзақ уақытты алатын қозғалыс болады.Сондықтан тілдік норма мәселесін қарастырғанда, тіл дамуыныңбелгілі бір кезеңін алып, синхрондық тұрғысынан зерттеу (тану)керек. Әрине, ғылым үшін диахрондық аспектіде зерде-леугеболады, бірақ мұндай зерттеуде, біздің байқауымызша,тәжірибеде пайдалы нәтиже күтетін прагматикалық мақсаткөзделмейді, мұнда тілдің тарихи дамуының объективтікзаңдылықтарын ашу үшін әрбір тілдік құбылыстың іліктестігі,жалғастылық сипаты, өзгерістерінің негізі (себебі) сияқты із-

15

Page 15: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

деністер жүргізіледі. Диахрондық зерттеулердің тілдікнормаға келгенде ғылым үшін мәні зор болғанмен, қазіргітаңда біз-ге керек болып отырғаны – синхрондық сипаттағы,яғни дәл бүгінгі кезеңдегі қазақ әдеби тілі нормаларының күй-қалпын танып-білу және оны тек мамандарға таныту үшінемес, қазақ тілін пайдаланып отырған қалың жұртшылыққатаныту, сол арқылы тіл мәдениетін көтеру болып отыр.

Дегенмен бұл зерттеулердегі синхрондық үзік (синхрон-ный срез) дегеннің өзі тағы шартты деуге болады. әсіреселексика саласында тіл тіршілігі бірнеше онжылдық түгіл, бір-екі онжылдықтың барысында ешбір өзгеріссіз (синхрондық)қалыпта көрінбейді. Әсіресе біздің қоғамымызда соңғыонжылдықта (1990 жылдардан бермен қарай) болып жатқанәлеуметтік, саяси, тіпті мәдени өзгерістер мен дүмпулер тілдіде, оның сөздік қазынасын да айтарлықтай қозғалысқатүсіргенін көріп отырмыз. Демек, қазақ тілі дамуыныңсинхрондық үзігі деп отырған кезеңнің өзінде диахрондықфактілер орын алып жатыр. Бұған бірқатар орысша аталыпкелген терминдер мен жай сөздердің қазақша баламасынұсыну, жаңа тұлғаларды жа-сауда сөз біріктіру сияқты кейбірамалдардың жандануы, жаңа сөз жасаушы жұрнақтардыңалмасуы тәрізді факторлар себеп болып отыр.

Әдетте тілдің өзінде қалыптасқан нормалар ережелер-менұсынылған, кодификацияланған нормаларға қарағанда,әлдеқайда тұрақты, тиянақты болады. Ал ережемен реттел-ген, кейін ұсынылып хатқа түскендерін бұзу тәжірибеде азкездеспейді. Бұл – норма ауысу құбылысын тудырады. Әрине,тілдік норманың түгелімен ауысуы дейтін болмайды, ол күндетілдің өзі ауысып, басқа тіл болып кетуі керек қой, «нормаауы-суы» – шартты атау.

Қысқасы, ұсынылып отырған бұл жұмыста қазақ әдеби тілінормаларының синхрондық үзіктегі, атап айтқанда, соңғыонжылдықтардағы күй-қалпы, реттеліп, қалыпқа келуі, хатқатіркелуі сөз болады. Тілдік-стильдік нормалардың тарихы, яғниқозғалысы, даму (жетілу, өзгеру) кезеңдері, оған әлеуметтіңараласуы, ірі-ірі қайраткерлердің қызметі туралы зерттеулер – өзалдына жеке монографиялық ізденістер болмаққа керек. Бұл

16

Page 16: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

– әрі қарайғы міндеттердің бірі. Тілдік нормалардың қалыптасу,даму, жетілу (қалыптасу) тарихы – әдеби тілдің өзінің жалпытарихымен ұштасып жатады. Тілдік нормалардың эволюция-сында қоғамның әлеуметтік, саяси өмірінің қозғалысы үлкен рөлатқарады. Әсіресе тілдік нормалардың қалыптасуында тілдіңтабиғатынан тыс экстралингвистикалық факторлардың да үлесіболатындығын ескерсек, әлеуметтік, саяси, мәдени «қамшылар»мен «тоқпақтарды» ескеру қажеттігі даусыз. Қазақ тілінің бүгінгітағдырында халықтың сауаттылық деңгейінің көтерілуі,бұқаралық ақпарат каналдарының өріс алуы, әлеуметтік қызметөрісінің кеңеюі және «мемлекеттік тіл» ста-тусына ие болып,саяси құқығының көтерілуі үлкен мән алып, оның барлықжағынан дамуына, нормаларының қалыптаса түсуіне зорықпалын тигізіп отыр.

Әдеби тілдің нормативтік базаларын (негізін, көзін) анық-таудың да мәні зор. Өзге тілдер сияқты қазақ тілінің нормала-рының негізі – жалпы халықтық сөйлеу тілі. Тілдік нормалар солтілдің құрылымдық жүйесінен шығады, яғни тілдік жүйеге сайқұрылымдық тәртібі – тілдің табиғи (өзіндік) нормаларын түзеді.Бұл нормаларды ұрпақтан ұрпаққа ұластырып отыратынкумулятивтік қызметті ауызша сөйлеу тілі, ауыз әдебиеті, жазупайда болған кезеңдерден бастап жазба үлгілер атқарады.

Тіл дамуының кейінгі кезеңдерінде тілді пайдаланушы-лардың, зерттеушілердің, негізінен ғалымдардың өздері реттеп,көрсеткен, хатқа тіркеп, тұрақтандырған (кодификациялаған)нормалары да болады (олар жөнінде мысалдарымен дәлелденіп,келесі тарауларда сөз етіледі). Сан жағынан, тұрақтылығытұрғысынан, дұрыстығы жөнінен, әрине, табиғи нормалар ба-сым болады, олар өзгеріске көп түспейді. Жаңадан ұсынылатыннормалардың дұрыс-бұрыстығын табиғи тіл нормаларыныңпараметрімен өлшеп танимыз, яғни тілдік жүйеге (құрылымға)сәйкес келу-келмеуіне қарап, таңдаймыз.

Әдеби нормадан уәжді және уәжсіз ауытқу және олардыңорын алу себептері де – тіл мәдениетінің өзекті проблемасы.Бұлар жөнінде де жұмыстың өн бойында, әсіресе лексикалықнормалар, норма және варианттар, көркем әдебиет стилінің тіл-дік-стильдік нормалары туралы тарауларда нақты баяндалады.Кіріспеде тек уәжсіз ауытқудың түрлерін атап кетелік. Олар:

17

Page 17: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

1) әдеби баламасы бар жерде ешбір стильдік не өзге мақсаткөздемей диалектизмдерді, қарапайым сөздерді жұмсау, бұл– көбінесе тілге жауапсыздықтың немесе әдеби норма меннор-мадан тысқары тұратын бірліктерді айырабілмеушіліктердің салдарынан пайда болады;

2) қажетсіз тұста жаңа жасанды тұлға (сөз) ұсыну (мыса-лы, касса жұмыстады) және оның мағына жағынан сәтсізшығуы; 3) штампқа айналған ерғашқы тіркестерге үйірсектік

(май-талман тракторшы, биік тұғырдан, көріну, ырғақты жұмыст.т.);

4) сөз мағынасын, әсіресе көне, сирек сөздердің беретінұғымын дұрыс білмей жұмсау, бұл ауытқу көбінесе теледидармен радиода, газет-журнал беттері мен көркем әдебиетте кез-деседі (мысалы, теледидардан: Чилидің бұрынғы билеушісіПиночет туралы: 82 жасар Пиночет – жастағы болса керек,жасар – баланың жасына қатысты айтылады: бір жасар, бесжасар);

5) әдеби тіл нормасынан, тіпті жалпы сөйлеу тәжірибесіненшығып қалған араб, парсы сөздері мен морфологиялық эле-менттерді тықпалау (һәм, уа һәм, -и жұрнағын жандандыру:әйели, заңи);

6) ғасырлар бойы қалыптасқан тұрақты тіркестерді, мақал-мәтелдерді стильдік мақсат көздеп, өлең шарттарына жауап беруүшін емес, жай баяндауларда (көбінесе көркем әдебиет пенпублицистикада) компоненттерін ауыстырып жіберу (мысалы,«ағайынға қадірім жоқ – бетімді көреді, қатыныма қадірім жоқ –етімді көреді» деген мәтелді жазушы Қ.Ысқақов «ағайынғақадірім жоқ – аруағымды біледі, қатыныма қадірім жоқ – тәнімдікөреді» деп өзгертіп қолданған. Екінші мысал: «той тойғаұлассын» деген тілекті «той тойға жалғаса берсін» деп өзгертіпқолданғанда, әрине, ұласу мен жалғасу сөздері си-нонимдер болғандықтан, мағынасына нұқсан келмейді, бірақтілек-бата сөздерінің бір белгісі мейлінше ықшамдылығы,дыбыс гармониясы (о ~ ұ: той тойға ұлассын) бұзылып тұр.Мұндай ауытқулар жеке сөздер мен тіркестердің өз орнын-дадұрыс қолдану нормасын бұзады, екіншіден, стильдік-көркемдік нормадан шығып кетеді.

18

Page 18: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Мақал-мәтелдер – халықтың ғасырлар бойы түйген фило-софиясы, даналығы ғана емес, тіл маржандары, әбден ықшам-далған, әрбір сөзінде бірнеше қосалқы мағына бар әрі құлаққажағымды сазды ғаламат дүние екені мәлім. Олардың беретінмағынасын, кейде жұмбақ сияқты түйінін табу қиындау болыпкеледі. Сондықтан болар, кейбіреулерін дұрыс өз мағынасындақолданбаймыз. Кезінде газет бетінде «құлағына алтын сырға»деген нақыл сөздің мағынасы «бұл сөзді естімеген болсын,құлағына бұл айтылған сөзді емес, алтын сырғаны таққанболайық» дегенге меңзейді, ал бұл күнде мұны «осы айтылғансөзге құлақ салсын» деген мағынада жиі қолданады, «бұл –дұрыс емес» деген пікірлер айтылған болатын.

Демек, тілдің ғасырлар бойы сомдалған асыл бұйымдары:тұрақты бейнелі тіркестер мен мақал-мәтелдерді, нақылсөздерді, бата-тілектерді өз мағынасында және құрамынақиянат жасамай қолдану – тілдің бүгінгі мәдениетіне,сындарлығын сақтауда қойылатын талаптың бірі. Ғалымдармен әлеумет көңілін бұл сала да алаңдатады.

7) Қазақ тілінің орфоэпиялық (сөзді дұрыс айту, дұрысдыбыстау) нормаларын сақтамай, одан ауытқитын тұстары бар.Бұл ауытқулар ауызша сөйлеушілердің, әсіресе шаршы топалдына шыққандардың, теле-, радио дикторларының,комментаторларының, кейбір әншілер мен әртістердің тарапы-нан байқалады. Бұл – сөз сазы деп аталатын орфоэпиялық нор-маларды жақсы білмеушіліктің, оған мектептер мен жоғары оқуорындарында дұрыс үйретілмейтіндіктің және жалпыжұртшылықтың сөзді дұрыс айту дегенге өз дәрежесінде мәнбермеушіліктің салдарынан туып жатқан ауытқулар.

Әдеби нормадан уәжді және уәжсіз ауытқулар мысал-фак-тілерімен кітаптың барлық тарауларында көрсетіліп отырды.

Сөйтіп, бүгінгі таңда қазақ тілін зерттеушілердің де, анатілінің дұрыс дамуына мүдделі қалың жұртшылықтың да тіл-ге, тіл мәдениетіне, нормаларына қатысты назарын аударыпотырған мәселелер мынадай:

1) тілдің графикалық құралы, яғни ең қолайлы, қазақ тілініңдыбыстық жүйесіне сай келетін әліпби (алфавит) таңдау, бұлпроблема қазақ жұртшылығының жазу таңбасын өзгертіп, ки-

19

Page 19: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

риллицадан латынға көшу саясаты көтерілген кезеңде туып отыр;

2) емле мәселелері, қазіргі қолданып отырған жазуымызбойынша түзілген емлеміздің қырнайтын, толықтыратын,ықшамдайтын тұстары барына назар аудару және қазіргі емлеқағидаларының негізінде латын жазуына сәйкестендіріп жаса-латын емле ережелерін дұрыс түзу;

3) жазудың тілдік нормаларды қолдануға және олардықалыптастыруға қатысты оң және қолайсыз сәттері, яғниорфографиялық нормалар мен орфоэпиялық заңдылықтардыңбір-біріне қайшы тұстары, оларды реттеу жолдары;

4) ғылыми және басқа да терминология жайы; төл тілдікжәне кірме терминдердің арасалмағы; термин жасау принцип-терін тұрақтандыру; кірме терминдердің тұлғалануы(жазылуы мен айтылуы);

5) лексикалық қазынаны байыта түсу мақсатын жалау етіп,қазіргі қазақ тілін әдеби нормадан тысқары тұратын элемент-терді, оның ішінде әсіресе жергілікті сөздерді ешбір уәжсізқолданудан сақтандыру, көне, сирек сөздердің деқолданысына қатаң қарау, олардың мағынасын дәл біліп,орнымен жұмсауды, көпшілікке түсініктілігін талап ету;

6) тіл мәдениетін, тілдік нормаларды насихаттайтын,түсіндіретін, үйрететін ғылыми-практикалық, анықтамалыққұралдардың өте аздығы, барларының араларына 5-10 жыл са-лып келесі басылымдары әрең жарық көретіндігі;

7) мектептер мен жоғары оқу орындарының оқу кестесін-де тіл мәдениетіне арналған сағаттардың не жоқтығы, не жет-кіліксіздігі.

Бұл – жалпы түрде аталған проблемалар, олардың сыр-тында жеке мәселелерге қатысты танымдық та, ғылыми да,практикалық та іс-қарекеттер тұрғанын айтуға болады.

20

Page 20: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

ТІЛ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Бұл күнде қазақ әдеби тілінің жазба да, ауызша да түрлерініңлексикалық, грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық,орфоэпиялық, стильдік нормалары бірқыдыру (едәуір десе деболады) орнығып қалғандығын айта аламыз. Сондықтан дасоңғы 30-40 жылдың барысында тіл мәдениеті проблема-сыкөтеріліп, ол арнайы зерттеу саласына, яғни лингвистикағылымының бір тармағына айналды. Тіл мәдениетінің бас-ты-басты тарамдары (мәселелері) айқындалып, мазмұны менобъектісі, теориясы мен әдістері белгілене бастады. Дегенменбұл салада әлі қолға мықтап алынбаған істер мен шешілмегенпроблемалар аз емес: тіл (немесе сөз) мәдениетіне қатыстығылыми терминдерден бастап, жалпы теориясын жасауға, әсіресеұлттық тіл мәдениетінің ерекше сипаттарын ашуға дейінгіжұмыстар ізденушілері мен зерттеушілерін күтіп тұр.

Ең алдымен, тіл білімінің осы саласын қазақша қалай атағандұрыс: «тіл мәдениеті» ме, «сөз мәдениеті» ме, «сөйлеумәдениеті» ме? Орыс тілінде көбінесе «культура речи» дегентермин қолданылып жүр. Сонымен қатар оның синонимі ретін-де «культура языка» деген тіркесті де біраз уақытқа дейін (тіптіқазірдің өзінде де) қолданылғандығы байқалады. Орыс линг-вистикасында «язык» және «речь» деген терминдер – дербесатаулар: «язык» – тілдің өзі («таңбалар жүйесі») болса, «речь»– сол тілдің қолданыстағы күйі (көрінісі).

Тіл мәдениеті, яғни тілдік элементтердің дұрыс қолданысы,сол тілді жұмсау барысында талап етіледі, демек, бұған «куль-тура речи» деген термин дәлірек келеді. Ал қазақ тіл білімін-де«язык» пен «речь»-ті айырып атайтын терминдер әлі қалып-таспай келеді. «Язык» дегенді «тіл» делік, ал «речь»-ті қалайатауымыз керек. Оны «тіл», «сөз», «сөйлеу», «тіл қолданысы»,«қолданыс» деп әрқайсымыз әртүрлі беріп жүрміз. «Культураречи» деген сияқты білім-ғылымның жалпы бір саласын атаукерек болғанда «сөз мәдениеті» деп алған дұрыс сияқты, албаяндау барысында, контексте «қолданыс», «тіл қолданысы»,«сөйлеу» деген сөздер де «речь» мағынасын бере алады (мен өзеңбектерімде тығырықтан осылайша шығып жүрмін). Сірә,

21

Page 21: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

жалпы пәндік термин ретінде «сөз мәдениеті» дегендітаңдаған дұрыс болар. Өйткені бұл жерде әңгіме ойымыздыауызша да, жазбаша да дұрыс («мәдениетті») білдіру туралыболмақ. Ал «ой» дегеніміздің бір атауы – сөз.

Тегі, қазақ тілінде сөз өзінің семантикалық өрісікең: 1) сөз– лингвистикалық единицаны білдіретін термин («сөйлем бессөзден тұрады»; «сөйлемдегі әр сөздің қызметі бар»; «бұл сөз іліксептікте тұр» деген сияқты қолданыстарда); 2) айтылған ой,пікірді де қазақ сөз деп атайды («сенің сөзіңе қосыламын»;«оның сөзі дұрыс»); 3) топ алдында сөйлеген сөз, жасалған ба-яндама, оқылған лекцияларды да жалпы «сөз» деп атай береміз(«жиналыста пәленшенің сөзі дұрыс шықты»); 4) поэзияны да«сөз» деп атауды ұлы Абайдың өзінен табамыз («Сөз айт-тымӘзірет Әлі, айдаһарсыз», «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел»,«Кім біледі, жабырқаңқы жазған сөзім» т.т.), қысқасы, осысияқты толып жатқан мағыналарды білдіреді. Соның ішін-де«айтылған ой, пікір» деген мағынасы жиі кездесетіндігібайқалады. Мұны жылы сөз, тәтті сөз, бос сөз, жел сөз, сөзболу, сөз қайыру, сөз таппау сияқты тіркестердегі «сөз»-діңконнотаттық (ауыспалы, қосымша) мағыналарынан аңғарамыз.Біздіңше, тіпті қазақ тілінде «сөз» сөзінің денотаттық (тура,негізгі) мағынасы – «ой, пікір» сияқты, ал лексикалық бірлік-ті(единицаны) «сөз» деп атау – Ахмет Байтұрсынов ұсынғанлингвистикалық термин, демек, бұл – лексеманың коннотаттықмағынасы десек болар. Осы уәждерге сүйеніп, тілдің ойды біл-дірудегі көрінісі, қолданысы – «речь» дегенді «сөз» термині-менатап, қалыптастырсақ, сонда «сөз мәдениеті» деген тіркес«культура речи» дегеннің дәл баламасы болып шығар еді.

Ал «тіл мәдениеті» дегенді бірден ығыстырып тастауға тағыда болмайды, өйткені, біріншіден, ол – бұл күнде қазақ тіл білімізерттейтін қолданбалық мәні зор саланың атауы ретін-дебіршама қалыптасқан термин болса, екіншіден, ой-пікірді тіларқылы білдіруде сөздерді орнымен жұмсап, сөйлемдерді дұрысқұрастырудан өзге де сәттер бар екені, яғни түзулікті,дұрыстықты («мәдениетті»), жазудағы сауаттылықты, сөйлеуактісіндегі сөздерді дұрыс дыбыстай білу сияқты тұстарды қоса

22

Page 22: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

есептесек, жалпы «тіл мәдениеті» деген термин де оңтайлыкеледі. Әсіресе бұл атауға кеңірек ұғымды сыйғызып, бүгінгіәдеби тілдің нормаларын сөз еткен тұста қолдансақ,дұрысырақ болатын тәрізді.

Тіл мәдениеті – қазақ тіл білімінің зерттеу нысандарының(объектілерінің) ішінде кейінірек қолға алынған саласыныңбірі. Бұл саланың өзге нысандардан айырмасы – оның күнде-лікті өмірмен, тілді қолдану тәжірибесімен тікелей ұштасыпжататындығында. Сондықтан тіл мәдениетін ғылыми-прак-тикалық тұрғыдан сөз етуде зерттеу жұмыстарына динами-калық-тарихи қырынан келуден гөрі, статикалық тұрғыдақарастыру бірінші кезекте тұрады, яғни тіл мәдениетініңқалыптасу тарихы, әр кезеңдердегі сипаты дегеннен гөрі, дәлбүгінгі жай-күйі, проблемалары, даму бағыты, болашағы(пер-спективасы) деген мәселелерге алдымен көңілаударылады. Мұны тіл қолданысының өзі сұрайды, бұл –бүгінгі әлеуметтік сұраныс.

Тіл мәдениетінің өзге салалардан кешірек, кейінірек қолғаалынуының объективтік себептері бар. Тілдегі мәдениетдеген-ді әңгіме ету тілдік нормаларының, яғни қолданысзаңдылық-тарының қалыптасып, едәуір тұрақталған әдебитілдің бо-луына, оның жазбаша да, ауызша да түрін қалыңжұртшылық тұтас пайдалана бастаған кезіне тікелейбайланысты. Әсіресе көркем әдебиет пен баспасөздің, радиомен телевидениенің (теледидардың), ұлт театры менкиносының дамыған кезін-де тіл мәдениетіне, яғни тілдідұрыс, әдемі қолдануға, жазу сауаттылығына ерекше назараударылады. Сондықтан мәдениетін талап ететін құбылыстыңөзі әбден күшіне енген-ше, тіл туралы ғылым-танымның бұлтармағының кешеңдеп қолға алынуы – заңды да түсінікті.

Тіл мәдениетін зерттеушілер, әсіресе орыс тіл маманда-ры,бұл проблема жазба әдеби тіл кезеңінің сұранысы деген-діайтады. Мұның да қисыны бар. Тіл мәдениетінің өзегі тіл-дікнормалардың қалыптасуында, біршама тұрақталуында,заңдастырылып хатқа түсуінде (кодификациясында) жатса,бұлар бүгінгі ұлттық жазба тілдердің қам-қарекеттері.

23

Page 23: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Бізде тіл мәдениеті дегенге соңғы 30-35 жылдың барысындағана айтарлықтай көңіл аударылып, ол тіл білімінің бір сала-сынаайналды, ғылыми ізденістер мен практикалық жұмыстар дүниегекелді, атап айтқанда, Қазақстан Ғылым академиясыныңА.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында арнайыбөлім ашылып жұмыс істеді, сауатты жазу, сөздерді дұрыс ды-быстау, дұрыс қолдану сияқты салаларға арналған анықтағышқұралдар, сөздіктер, мақалалар мен жинақтар жарық көрді,диссертациялар қорғала бастады. Тіл мәдениетіне, оның ішін-деәсіресе терминология, емле мәселелеріне қатысты пікірлер менұсыныстар айтылды1. Тіл мәселелері жайында әлеуметтікпікірдің пайда болуына күнделікті баспасөз бен радио, теледи-дар, қысқасы, бұқаралық ақпарат құралдарының баршасы мей-лінше ат салысып келеді.

Тіл мәдениеті проблемасының теориялық негіздерінанықтау, талдау тәсілдерін іріктеу сияқты жұмыстардан бас-тап, таза ғылыми монографиялар жазу, күнделікті қолданысқақажет құралдар: анықтағыштар, сөздіктер, тіпті оқулықтарберу тәрізді қыруар практикалық жұмыстар алдымызда тұр.Өйткені күні бүгінге дейін бұл салада біраз ғылыми еңбектержазылып, практикалық шаруалар жасалғанымен, олардың әліде толықтыратын, нақтылайтын тұстары баршылық. Әсіресе

1 Балақаев М. Қазақ тіл мәдениетінің мәселелері. - 1-басылым. - Алматы, 1965

- 2-басылым. - Алматы, 1971; Балақаев М. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту. -Алматы, 1989; Сыздықова Р. Қазақ тілі жайыңда анықтағыш. 1-басылым. - Алматы,1960. - 2-басылым. - Алматы, 1974. - 3-басылым. - Алматы, 1996; Жинақтар: Сөз мәдениетіжәне баспасөз. - Алматы, 1972; Өрелі өнер (тіл мәдениеті туралы). - Алма-ты, 1976; Сөзөнері (тіл мәдениеті туралы). - Алматы, 1978; Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. - Алматы, 1984;Уәлиев Н. Фразеология және тілдік норма. - Алматы, 1998; Ұйықбаев И. Қазіргі қазақтіліндегі варианттар проблемасы. - Алматы, 1976; Уәлиев Н., Алда-шева А. Қазақорфографиясындағы қиыңдықтар. - Алматы, 1988; Бизақов С. Тілдік норма жәневарианттылық. - Алматы, 1997 сияқты еңбектерді және Қазақ тілінің үлкенорфографиялық сөздігі. - 1-басылым. - Алматы, 1963. - 2-басылым. - Алматы, 1978. - 3-басылым. - Алматы, 1988; Мектепке арналған орфографиялық сөздік. - Алма-ты, 1972,сондай-ақ М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, М.Әлімбаев, Т.Әлімқұлов, Д.Досжанов, А.Сейдімбеков,М.Ысқақбаев сияқты жазушылардың, Ә.Қарақұлов, М.Қарақұлов, І.Жарылғапов сияқтыжурналистердің және көптеген тіл мамандарының әртүрлі жинақтар мен мерзімді баспасөзбеттерінде сөз қолдану мәдениетіне, қ азақ жа-зуы емлесіне, терминология мәселелерінеарналған мақалаларын қараңыз (оларды Ш.Сарыбаев құрастырып жарыққа шығарып кележатқан «Қазақ тіл білімі әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші» атты кітаптардантабасыз. Олардың 1-томы 1965, 2-томы 1971, 3-томы 1982, 4-томы 1982, 5-томы 1987, 6-томы 1994 жылдары «Ғылым»баспасынан жарық көрді).

24

Page 24: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

тіл мәдениетіне қарата айтылған кейбір ұсыныстар жекеадамдардың «меніңше, былайшасы – дұрыс, былайшасы –бұрыс» деген сияқты ғылыми дәлелсіз, тек жеке бастарыныңтанымына (дәлірек айтсақ, талғамына) қарай айтылған пікір-лер түрінде көрініп келеді, яғни бұл жерде дилетанттық сипатта жоқ емес. Дилетанттық тұжырымдар әсіресе тіл маманыемес, жазушы, журналистердің аузынан (қаламынан) жиірекшығады. Дилетант деп өзінің мамандығынан, білім-танымы-нан аулақ тұрған саланың мәселелерімен әуестенушіні атай-мыз. Дилетант мәселеге арнайы дайындықсыз келіп, үстіртінпікір айтады. «өлеңге әркімнің де бар таласы» дегендей, тілгекелгенде де, әркімнің өз танымы, өз байламы, өз бағасы бола-ды. Мәселенің ғылыми негізін қаузап, арнайы зерттелмеген-діктен, дилетанттардың пікірлері субъективтік болыпшығады. Тіл мәселесіне, оның мәдениетіне, жұмсалунормаларының түзу-терістігіне қатысты дилетантизм менсубъектизмнің пай-дасы мен зиянын айыру қиынырақ соғады,кейде пайдасынан зияны көбірек болуы да мүмкін.

Сөйтіп, «тіл мәдениеті» деп нені танимыз? Мәдениет дегенсөздің семантикасында «дұрыстық», «түзулік», «тәртіптілік»,«жүйелілік», «реттілік», «қисындылық», «сәйкестік» дегенсияқты мағыналық реңктер (семалар) жататыны белгілі. Бірақәңгіме ненің дұрыстығы, немен сәйкестігі, қандай реттілік,қандай тәртіптілік, ненің қисыны деген сияқты сұрақтарға жауапіздегенде, «тіл мәдениеті» деген құбылыстың заттық, ұғымдықмәні күрделі екендігі байқалады.

Тіл мәдениеті, ең алдымен, әдеби норма дегенге тіке-лейқатысты. Жалпы тіл білімінде (шетелдік те, орыстық та,қазақтық та) біршама қалыптасқан тұжырымдарға иек артсақ,тіл мәдениеті дегеніміз – тілдік нормаларды, оның ішіндеәдеби тіл нормаларын дұрыс сақтау әрекеті болып табылады.Кейбір зерттеушілер бұл салаға кеңірек міндет артып, тілдіңкөріктеу құралдарын, яғни стилистикалық заңдылықтардыдұрыс пай-далануды да сөз мәдениетінің объектісі дептаниды2. Бұл пікір-ді біз де әбден қостаймыз.

2 Крысин Л.П., Скворцов Л.И., Шварцкопф Б.С. Проблемы культуры русской речи(обзор) //Известия АН СССР. - ОЛЯ. - 1961. - Т. 20. - Вып.5. - С. 428-429.

25

Page 25: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Сөйтіп, тіл мәдениеті дегеніміз – сөздерді дұрыс, орныменқолдану (лексикалық), дұрыс құрастыру (синтаксистік), дұрысқиюластыру (морфологиялық), дұрыс дыбыстау(орфоэпиялық), сауатты жазу (орфографиялық), тілді әсерліетіп жұмсау (лингвостилистикалық) нормаларын ұстану,орнықтыру, жетіл-діру. Осылардың бәрін қосып, «тілмәдениеті» деген ғылым-таным саласын «ортология» депатаушылық бар, яғни ортоло-гия – сөздің (тілдің) дұрыстығытуралы ілім. Бұл атауды біз де қисынды санаймыз.

Тіл мәдениеті атқаратын міндеттерінің бірі – қай қолданысбұл күнде норма болып табылады, қайсысы – жоқ дегенмәселелерді түбегейлі зерттеу. өйткені тілдің мәдениетін таны-татын шарт – тек жоғарыда салалап көрсетілген нормалардыұстанып қана қою емес, ол нормалардың өздерінің дұрыстығын,сындарлығын тап басып тану және дұрыс деп қабылдау.

Тілдік норманың өзі «дұрыс» деп бағалануы үшін ол тілдіңқұрылымдық заңдылықтарына сай келуі керек. Мысалы, бұлкүндерде қазақ тілі сөздігі тәлімгер, айтыскер, жүлдегер, иегер,саясаткер сияқты ондаған жаңа тұлғалармен толығуда және оларнормативтік элементтер ретінде әдеби тілден берік орын тебуде.Бұл неологизмдер сөзжасам жүйесінде бар нормаға сай келіп тұр:-гер – адамның кәсібін, мамандығын, бір нәрсеге қабілеттілігінбілдіретін жұрнақ: саудагер, жұмыскер,қызметкер т.т.

Тіл мәдениетін статикалық тұрғыдан, яғни қазіргі күй-қалпынәңгіме еткенде, тілдік норма дегеніміздің бір кезеңде ғанақалыптасып, әрі қарай өзгермей қатып қалатын құбылыс емесекендігін де қатты ескеру керек. Норма – тарихи-өзгермеліқұбылыс болғандықтан, тіл дамуының бір кезеңінде нормаретінде қабылданған (қолданылған) тілдік элемент екіншікезеңінде нормадан ығыстырылуы мүмкін және керісінше,өйткені тілдік норманы анықтауда әлеуметтік талғам негізгі рөлатқарады, ал әлеуметтік талғамды күнделікті өмір қажет-тігі,тілді пайдалану практикасы белгілейді. Осы себептен кейдетілдің құрылымдық заңдылығына сай келмейтін қолда-ныстардың да норма деп танылып, әдеби тілден орын алуымүмкін. Мысалы, -ыр/ір, -ар/-ер тұлғалы есімшеге -ман /-мен

26

Page 26: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

жұрнағы жалғанғанда, ол тұлға қазақ тілінің жалпы құрылым-дық нормасы (заңдылығы) бойынша алдымен, затты, құбыл-ысты емес, қимылды білдіреді, яғни етістік болып қалуы ке-рекжәне ол әлі орындалмаған, бірақ жүзеге асуға таяп тұрған, енді-енді орындалатын іс-әрекетті білдіруі тиіс. Мысалы, олжыларман болды дегенде, «ол адам әлі жыламаған, бірақжылауға тақау» деген ұғымды береді. «Көшерменде жұрт жаман,тастарманда қатын жаман» деген мәтелде көшермен тұлғасыауылдың әлі орнынан қозғалмаған, бірақ көшпелі шаруашылыққамымен тозған орынды ауыстырып, отты-сулы жаңа өңіргекөшу қажеттігі таянған қам-қарекетті білдіреді, ауыл әлі көшкенжоқ, бірақ енді-енді көтерілетін кезі туғанда, тозған жұрт«жаман» деген баға алады, тұздары жараспаған жұбайлар да –сондай, қазақтың бұрынғы (мәтел дүниеге келген кездегі)саясатында мұндай жұбайлар қазіргідей тепе-тең тұрыпсоттасып айырылыспайды, ері әйелін «тастайды»: төркінінеқайтарады, үстіне әйел алады немесе басына отау тігіп, алдынамал салып, бөлек шығарады. Қазақтың әдет-ғұрып заңы(«Обычное право казахов» деген заң) бойынша да, мұсылмандінінің шариғаты бойынша да бір күнде әйелін «тастай салу»,ажырап кету оңай болмаған, тастай алмай, бірақ қарым-қатыстары соған әбден жақындаған сәтті қазақ «тастарманда»деп бір тұлғамен білдірген. Қысқасы, -ар+-ман жұрнақтарыменжасалған тұлға қимыл, іс-әрекет семантикасын сақтаған. Албұдан 30-40 жылдай бұрын, яғни 60-жылдардың ішінде әдебитілімізде оқырман, көрермен, тыңдарман деген, біздіңкүндерімізде, 90-жылдардың соң кезінде оралман деген атауларпайда болды. Бұлар енді етістік емес, есім (зат есім) сөздер, әліорындалмаған, бірақ орындалуға таяу тұрған іс-әрекетті емес,сөз түбірі білдіретін қимылдың, іс-әрекеттің (оқу, көру, тыңдау,оралу сияқты) иесін, орындаушысын атайтын атау сөз, тіптітермин сөз болып тұр. Соңғы оралман тұлғасы морфологиялықнорманың шырқын мүлдем бұзып тұр, өйткені адамдардыңқимылына, іс-әрекетіне, кәсібіне т.т. қарап кел-мен, күлмен, жүрмен, ойнаман, жазман, сызман деп атамай-мыз ғой. Бұл – нормада жоқ, қазақ тілінің құрылымдық заңды-

лықтары мұндай норманы білмейді, оған жібермейді. Соған

27

Page 27: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

қарамастан, шет жұрттардан өз отанына қайтып келіп жатқан-дарды «оралман» деп атап, оны ресми терминге айналдырыпта алдық. Бұл сөздер тілдік нормаға сай емес, қайшы келетін-дігіне қарамастан, қазіргі әдеби тілімізге енді, оларды әсіресепублицистикалық стиль, яғни бұқаралық ақпарат құралдары:газет, журнал, радио, теледидар, сондай-ақ ресми құжаттар(кеңсе-іс қағаздар стилі) жиі қолданып, тез тұрақтандырып ке-леді.

Тілдік табиғи нормаға кереғар мұндай қолданыстардыңпайда болу себептері неде? Тұлға тілдің құрылымдық ішкінор-масына қайшы келетіндіктен, оның пайда болу уәжілингвис-тикалық сұраныстан шықпаған, ол – жүйелі құбылысемес. Де-мек, бұл жерде уәжді, яғни себебін, мотивін тілдің өззандары-нан тыс «экстралингвистикалық» деп аталатынсұраныстардан іздеу керек.

Бұл күнде оқырман деп атап отырған іс-қарекет иесін көпкедейін оқушы деп келдік. Соңғы оқушы деген тұлға мектептеоқитындарды атайтын терминді де білдіреді, ал ертеректе: өткенХІХ ғасырда, тіпті ХХ ғасырдың басында мектеп оқушыларынбірде шәкірт, бірде оқушы, бірде тіпті бала (Кел, балалар,оқылық – Ыбырай Алтынсарин) деп атағанымыз белгілі. Кейінкеле қазақ қауымында оқу-ағарту жүйесі жанданып, жолғақойылып, ондағы әрбір зат, іс-әрекет, дерексіз ұғым атауларынақты болуы, бір- бірімен араласып кетпеуі талап етіле баста-ды.Мысалы, оқушы сөзі «мектепте оқитын жас (адам)» дегендібілдіреді десек, енді ол сөзбен жалпы бір нәрсені оқитын адам-ды да атайтын болсақ, бір-бірінен мүлде бөлек әрекет иелерінажырата алмай, шатастыратын боламыз. Бұл ұғымдарды орыстіліндегі атауларымен көрсеткенде, «ученик» пен «читатель»сөздерін табамыз.

Оқушы ~ оқырман қатарының пайда болуына орыс тілі-ніңәсері, яғни аударма ісі, аударма әдебиет себепкер бол-ды дегенпікірлер де айтылып жүрді. Сырт қарағанда, солайкөрінгенмен, тілдегі мұндай жаңалықтардың, оның ішінде то-сын қолданыстар мен тұлғалардың сыры тереңдежатқандығын, яғни қоғамның әлеуметтік тіршілігінде, заманағымында, сол ағыммен ілесіп отыратын рухани-мәдени-заттық сұраныстарда жатқандығын айту керек.

28

Page 28: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

XX ғасырдың ІІ жартысында көптеген халықтардың, оныңішінде империялық құрсауда болып келген бұрынғы КСРОқұрамындағы үлкенді-кішілі ұлттар мен ұлыстардың жәнесолардың бірі – қазақ халқының әлеуметтік, экономикалық,саяси, мәдени, тіпті рухани өмірінде дүниежүзілік адамзаттіршілігінің жалпы даму тенденциясына біршама үндесетінөзгерістер, жаңалықтар пайда болды, ол әлі де жалғасуда. Бұлжаңалықтардың атаулары тілден орын алғанда, олардың көбіқазақ тілінің құрылымдық заңдылықтарына сәйкес келіп,норма ретінде орнығып жатқанын айтуға болады. Соныменқатар жаңа қолданыстардың да лексикалық нормаға айналуы,бір жағынан, қоғам өмірінің сыртқы сұраныстарына қатыстыболса, екінші жағынан, сол сұраныстармен санасқан қалыңжұртшылықтың «керегі – осы сөз, осы тұлға аталмақ ұғымдыдұрыс береді» деген сияқты талабы мен талғамы себепкер бо-лып тұр.

Сондай «заман талабының» бірі – әрбір заттың, ол заттағыәрбір бөлшектің (мысалы, техника детальдарының), әрбірұғымның өз алдына дербес, айқын түрде аталуы, өзге ұқсасдүниелермен шатастырылмауы болса, мұны жүзеге асыратын– тіл, оның лексика саласы. Айталық, XX ғасырда қазақ да-ласында аграрлық саясат, соған қатысты саланың бірі – егіншаруашылығы өріс алды, бұл – оны өндіруден бастап, барлық іс-шаралардың, өнімдердің атаулары нақтылана түсуін талап етті.Бір-екі мысал: егістік жер деген – жалпы атау, оны пайда-ланупроцесіндегі, мерзіміндегі түрлері егіншіліктің күрделенетүсуіне орай жеке-жеке атауларды қажет еткендіктен, ертере-ктегі қазақ шаруашылығында болмаған, айталық, пар дегентүрінің атауы пайда болды, ол – «белгілі бір мерзімде дақылдарегілмейтін, арамшөптерден тазартылып тұратын танап» (Танап– «егістік жер, егіс даласы, алаң»). Енді осы пар деп аталатынегістіктің өзіне қатысты пар танабы, пар бөлігі (паровое зве-но), парлы сына танап, алғы парлар деген сияқты«детальдап» көрсететін сөздер егіс даласының бұл түрін текпар деп атау қою аздық ететінін байқатады (фактілер«Егіншілік жөніндегі орысша-қазақша түсіндірме сөздіктен».- Алматы: Қайнар, 1984 алынды). Демек, бұл жерде тілөмірдің сұранысын өтеп тұр, яғни заман ағысына ілесіп тұр.

29

Page 29: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Тағы бір мысал: сан ғасыр мал шаруашылығын жақсыигерген қазақтардың тілі мал мен адамның анатомиясы менфизиологиясына қатысты атауларға бай екенін білеміз. Бірақбұл атаулардың ішінде ғылыми танымдарға қатыстылары жоқболып шығуы ғажап емес. Айталық, ішкі секреция бездеріненшығып, тікелей қанға және лимфаға қосылатын зат «гормон-дар» дегенді бұрын қазақ атаған емес, ол – медицина ғылымыүшін қажет термин, енді осы гормонның өзінің (өсу гормон-дары, жүрек гормоны т.б.) жеке-жеке атауға (терминге) иеболғанын көреміз. Бұл екі мысалдың екеуінде де қазақ тіліоңай «олжалы» болған: төл қазынадан сөз іздемей-ақ не жаңатұлға жасамай-ақ, пар, гормон деп орысша атауларды алдық,ол да – дәлелсіз емес: Қазақстанда егіншілікте орыстар («орыстілділер») қазақтан көп болмаса, аз қатысқан жоқ, сол парлар-ды жасайтын тың игеру сияқты науқандарда негізінен орысадамдары мен орыстілді өзгелер қызмет етті, сондықтан парсияқты сөздер орыс-қазақ баршасына түсінікті болды да қазақтіліне де «зып етіп» ене қойды. Ал гормон – ғылым үшінқажет атау, бізде ғылыми терминдердің басымы аударылмай,көбі халықаралық (интернационалдық) қордан алыныпотырғанын мойындаймыз.

Енді осы қатардағы бірер қазақ тілінен келтірілген фак-тілерге назар аударсақ. Мысалы, өткен XIX ғасыр мен XXғасырдың алғашқы онжылдықтарында пайда болып, бірте-бір-те етек жая бастаған қазақ газеттерінің тілінде мынақып депарабша аталған, ал XX ғасырдың 40-80 жылдарында некрологдеп орысша аталған ұғымды соңғы онжылдықтарда азанамадеп жаңа жасанды сөзбен беріп жүрміз. XIX ғасырдан бұрынондай «дүниеден қайтқан адамның өмірі мен қызметі туралыжазылған алғашқы естірту мақала» дегенді қазақ білмеген,оны білдіретін баспасөзі болмаған, демек, атауы да жоқболған. Бұл әрекетті естірту немесе аза тұту деп атай салуғаболмайды: олардың этнографизмдер ретінде тілде өзорындары бар, ал не-кролог – жай естірту емес, әлеуметтіксипаты бар әрі жиі болып тұратын әрекет («өмір бар жердеөлім бар»), сондықтан енді бұл қарекетті жеке-дара атау керекболды, сөйтіп, азанама не-ологизмі дүниеге келді.

30

Page 30: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Бұл айтқанымыздың барлығы – бүгінгі тіл қолдану тәжіри-бемізде жаңа атаулардың ондап-жүздеп пайда болып жатуы-ныңсебептерін көрсету. Баса айтуға болатын жайт – жаңа лек-сикалық бірліктердің дені (өзге тілдерден аудармай қабыл-данатындарын, яғни кірме сөздерді қоспағанда) қазақ тілініңқұрылымдық нормаларына сай жасалатындығы. Ал жоғарыдакөрсетілген, оқырман, көрермен, оралман сияқты сөздер тіл-діңқұрылымдық заңдылығына қайшы жасалғанмен, бүгінгілексикалық қазынадан нық орын алып отыр. Мұндай қай-шылықтар өте сирек кездеседі, көбінесе лексикалық нормати-втер тіл заңдылықтарымен үндесіп жатады. Сондықтан көпте-ген зерттеушілер әдеби нормаға белгілі кезенде әлеумет:баспасөз, көркем әдебиет, радио мен теледидар, шаршы топалдындағы ауызша сөйлеу үрдісі – қолданысқа қолайлы,көпшілікке ортақ деп қабылдаған сөздер мен грамматикалықтұлға-тәсілдер жатады деген пікірге ден қояды.

Тілдік норманың динамикалық теориясы бойынша, тілдамуының бір кезеңінде норма емес элементтер келесі кезеңінденормаға айналуы мүмкін. Мысалы, белгілі бір іс-әрекет атауы-нан абстракт есім тудыруда бір кезде -у, -ушылық, -ғандықсияқты жұрнақтар актив норма болса, бұл күнде оның эквива-ленті ретіндегі -ым/ -ім, -ыс/ -іс қосымшалы сөздердің әдебитілдегі қолданысы нормаға айналуда, мысалы, спектакльқойылымы, сұраным, оқылым (сессияда пәлен қаулы біріншіоқылымда қабылданды). Алдыңғы жұрнақтардың нормалық«белсенділігі» әлсірегені байқалады.

Тіл бірліктерін әдеби деп танытатын белгінің басты-сы –нормалылық («әдеби тілдік идеал») болса, оның негізгі қасиеті –консерватизм (қасандық, тұрақтылық) деп танитын көзқарастарда бар (мысалы, А.М.Пешковскийдің пікірлері). «Әдеби-тілдікидеалға» ден қою, яғни тұрақтылық, консерва-тизм теориясынжақтаушылар қазақ тілі тәжірибесінде де жоқ емес. «Ата, ағабуын аузында болған» немесе «ежелден келе жатқан»,«бабаларымыз солай қолданған» сөздер мен тұлға-тәсілдердібүгінгі ұлттық әдеби тіліміздің нормасы деп танудыұсынатындар аз емес. Мысалы, бабаларымыз қазақ сөздеріндеайтылмайтын ф, х, в, ч, ц сияқты дыбыстарды білмеген,

31

Page 31: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

сондықтан бүгінгі қолданысымыздағы кірме сөздерді айтудажәне жазуда осы дыбыстарды қатыстырмай, «бабаларымыздыңтіліне салып, пійзіке, пійнаныс, қылор, қиймыйа, бәгөн, белесе-пет, шек (чек), шемпійон, семент, сеқ (цех), сипыр (цифр) депайту керек және кириллицаны қолданып отырғанның өзіндеосылай жазу керек» деген пікірлер айтылып келеді.

Норманың консерватизмін қолданушылардың тістері көп батаалмайтын тұстар да бар, олар – лексикалық неологизмдер.Мысалы, «Қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстар» де-генатпен тіркеліп, жарияланып жатқан жүздеген сөзді неме-сеактивтенген жұрнақтарды «бұрынғы қазақ тілінде бұндай сөздернемесе жұрнақтардың активтігі болмаған, сондықтан қабылдамаукерек» деген пікірлер мүлде айтылмайды, өйткеніконсерваторлар тілдің бір қаттауында (фонетикада, орфоэпи-яда)консерватизмді жақтаса, екінші қаттауларында, айталық, лексикамен грамматикада шарасыздық көрсетеді, себебі тіл– тарихи құбылыс екенін мойындайды, тарихи құбылыстыңөзгеріп, жаңарып отыруы, сандық қана емес, сапалық та жаңасипаттарға ие болуы сияқты заңдылықты жоққа шығараалмайды. Ал тілдік нормалар – тілдің «перзенті», олар дажаңа сапалық өзгерістерге ұшырап отыратындығын жәненормалардың бір тарамы, айталық, фонетикалық-орфоэпиялық тәртіптері «қатып қалуға» – консерватизмгебейім болып, өзге тарамдары, әсіресе лексикалық қазынасыүнемі өзгеріп, байып отыратындығын мойындау – кереғарлықәрекет болып шығар еді.

Кейбір тіл мамандарының келгесін, барғасын, боп, кеп де-ген тұлғаларды бейнормалық деп тануы – бір жағынан, субъ-ективтік талғамның көрсеткіші болса, екінші жағынан, тілдікнормалардың эволюциясын мойындамаушылық, сайып кел-генде, бір кездерде келгеннен соң, барғаннан соң деп, одан келеықшамдалып барған соң, келген соң, одан барғансын, кел-генсін (қараңыз, Махамбетте: «Бақытым ауып басымнан Жа-панда жалғыз қалғансын, өкінгеннен не пайда Құдайым басқасалғансын?» деп қолданғанын оқимыз), ал бұл күндерде әріқарай келтеленіп, барғасын, келгесін болып жиірек қолданылуы– норманың қозғалысы, терминмен айтсақ, дамуы. Тіл дамуын-

32

Page 32: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

да тұлғаның ықшамдалу процесі орын алатындығын өзге мы-салдармен де көрсетуге болады. Тілдік нормалардың уақыт өткенсайын тілдің өзінің ішкі даму бағытына орай да, сыртқыэкстралингвистикалық факторлардың ықпалымен де, алмасып,өзгеріп отыратындығын, сондықтан консерватизм принципініңкүші мықты еместігін дәлелдейтін фактілер аз кездеспейді.

Ол өзгерістер – тек жалғау-жұрнақтардың қызметінде, сөзтұлғаларының ауысып отыруында ғана емес, тілдіңқұрылымдық қаттауларының барлығында да орын алады.Мысалы, өткен ғасырларда бойға жеткен, ерге жеткен,менің туралы, менің үшін, біздіңмен сияқты қолданыстар бұлкүнде бой жеткен, ер жеткен, мен туралы, мен үшін, бізбентұлғасында келетіндігі – норма. Шылау мен көмектес септікжалғауы деп саналатын менен ~ мен, есімшенің баратын ~баратұғын, шылаудың дағы ~ да сияқты жарыспа қатарлары да– ықшамдалу құбылысының нәтижесі, бұл – қазақ тілінің соңғыбір-екі ғасырлық даму барысында құрылымдық норма-сынаайналып отыр. Бірақ ықшамдалу процесіне ұшырағанэлементтердің қай стиль үшін әдеби қолданыстық норма,қайсылары үшін варианттың сыңары екенін айыру керек. Ме-нен~ мен, дағы ~ да, тұғын ~ тын қатарлары – көркем әдебиет үшіннормалық варианттар, ал публицистика, ғылыми стиль, кеңсе-ісқағаздары үшін ол қатардың ықшам сыңары – норма.

Менің туралы, менің үшін, бойға жеткен сияқты«толыққанды» тұлғалар – жалпы қазақ поэзиясы тіліне, тіптібүгінгі ақындар тіліне де жат емес, нормадағы қолданыстар.Осы қатардан өткен кезеңдердегі қазақ поэзиясы тілінен та-былатын атаңның тегі («Атаңның тегін сұрасаң, Арқарұранды жат едің» – Бұхар) – бұл күндегі ататегі>ататекболып ықшалған тұлғаның; сол сияқты өкпеменен қабыну ~өкпесі қабыну, өтіменен жарылу ~ өті жарылу («өкпеңмененқабынба, өтіңменен жарылма» – Бұхар), «қалай» дегенмағынадағы нешік («әр нешік күнің сол болар» – Бұхар жы-рау,XVIII ғ., Шамырқансам – тағы кетермін, Кетпей де нешік етермін– Махамбет, XIX ғ.) сияқты қолданыстардың бұл күнде ықшамтүрлері немесе басқа варианты жұмсалатындығын білеміз.Демек, тұлғалардың ықшамдалу бағыты (тенденция-

33

Page 33: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

сы) қазақ тілінің дамуында орын алып отырған құбылыс екен-дігін мойындасақ, тілдік норманың динамикалық сипатын датануға болады.

Тек ықшамдалуда ғана емес, өзге сәттерде де тілдікнормалардың алмасып отыратындығын көрсететін фактілер бар.Айталық, күні кешеге дейін тіпті Абай тілінің өзінде бұл күнгі-уға (-уге) жұрнақты тұлғаның орнына -ар+ға (-ерге)тұлғасының жұмсалғанын татар тілінің ықпалы деп жаңсақтанушылық та болып келді, ал, шындығында, бұл – күні ке-шегедейін қазақ әдеби тіліндегі, әсіресе поэзиясындағыморфологиялық нормалардың бірі болған. Мысалы, XV-XVIIғасырларда жырлап өткен ақын-жырауларды былай қойғанда,«күні кешегі» Бұхар жыраудың (XVIII ғ.): «Қайырсыз итке малбітсе, Аңқаң құрып келгенде, Саумал бермес ішерге...», «Қаттытамақ шайнарға Мен пақырда тіс бар ма?» деген жолдары,Махамбеттің (XIX ғ.): «Өлең айтып толғадым Көкірегімдібасарға...», «Қарадай отын жармадым, Тас қазаңды асарға» дегентармақтарын оқимыз. Демек, өкпеңменен, баратұғын,менің туралы, баланың турасында, қатты ас шайнарға (менпақырда тіс бар ма) сияқты тұлғалар кездесетін дүниелердіәдеби тіл үлгісі емес деп санауға бола ма (ондай пікірлержазылған ғылыми еңбектерді де білеміз)? Әрине, жоқ!

Менен ~ мен, баратұғын ~ баратын, мен туралы ~ меніңтуралы, шайнауға ~ шайнарға сияқты қатарлардың екеуі де– әдеби норма, айырмасы – алдыңғылары дәл бүгінгі күнде қазақтілі стильдерінің барлығында актив жұмсалмайды. Бұдан әдеби-тілдік элементтердің (бірліктердің) кез келгені барлық жерде(барлық стильдерде) бірдей қолданысқа қолайлы бола бермеуімүмкін, тілдің әр функционалдық стилінің өзіне тән немесеөзінде актив (жиі) қолданылатын тұлғалары оның нор-масыболып келеді деген қорытынды шығады.

Сөйтіп, «тіл мәдениеті» атты білім-ғылым саласының діт-тейтін міндеттерінің бірі – жалпы тілдік, құрылымдық нор-маларды айқындау, әдеби тілдік бүгінгі нормаларды бөлеккөрсету (екеуі әрдайым бірдей түсіп отырмайтынын таныту),олардың сақталу және бұзылу сәттерін қадағалау, қысқасы,бұл саладағы жұмыстарды ғылыми негізде жүргізу. Субъ-

34

Page 34: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

ективтік пікірлердің кейбіреулерін, сөз жоқ, ескеріп отыруқажет, бірақ тіл тәжірибесіндегі реттеуші әрекеттерді (рег-ламентацияны) жеке ғалымдардың немесе өзге де белгіліжазушы, журналистердің беделіне (айтқан пікіріне) қарайжүргізбей, ғылыми теориялардың негізінде, яғни ол нормаларқазақ тілінің құрылымдық заңдылықтарына сай келетін-кел-мейтіндігіне, жүйелік қатарын түзетін-түзбейтіндігіне қарайдәлелдеп барып реттеп отыру қажет. Демек, алдымызда қазақтіл мәдениетінің ғылыми базасын жасау міндеті тұр. Ол үшін,біздіңше, бірінші кезектегі ізденістеріміз бен ұсыныстарымызмынадай мәселелерді нысанаға алуды қажет етеді:

Бірінші. Лексикалық нормаларды таныту, яғни сөзқолданысрегламентациясында әр алуан варианттылық проблемасын шешу.Варианттылық, яғни жарыспа қатарлар – сөз мәдениетінің бастымәселесі. Тіл дамуының әр кезеңінде әртүрлі салада, әртүрлідәрежеде және әрқилы сипатта жарыспалылықтың орын алуы –табиғи құбылыс. Онсыз бірде-бір тіл өмір сүрмейді. Егержарыспалылық құбылыс болмаса, тілдің нор-малану процесі дежүрмес еді, тіл мәдениеті үшін күрес те күн тәртібінде тұрмаседі. Варианттылық тек лексикалық қана емес, қазақ тілініңқазіргі даму сатысында әр алуан лексика-семантикалық, ішінараграмматикалық, әсіресе синтаксистік, орфографиялық,орфоэпиялық, стильдік вариант қатарлары бар. Жарыспалыққұбылысын танытуда әдеби бірліктер (сөздер, морфологиялықтұлғалар, фонетикалық варианттар т.т.) мен жергілікті сөздерді,диалектілік элементтерді айырып тану, сол сияқты әдеби сөздермен қарапайым сөздерді, арготизмдер мен жаргонизмдердіажыратып алу қажет. Осы ізденістің барысын-да қазақ жазбаәдеби тіліндегі диалектизмдердің лексикалық, стильдік статусыайқындалады.

Лексика саласының нормалану процесін реттеуде бүгінгікүні пікірталас және ғылыми-практикалық ізденістер туғызыпотырған проблема – қазіргі сөздік қазынамызды толықтырукөздерін (каналдарын) іздестіру және айқындау, олканалдардың қайсысын немесе қайсыларын басты амалретінде ұстану. Айталық, біреулеріміз диалектілік (жергілік-ті) сөздерді молынан еркін пайдалануды ұстансақ, енді біре-

35

Page 35: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

улеріміз жаңадан жасанды тұлғалармен тоықтыруды дұрыс дептабамыз, ізденушілердің бір тобы өзге тілдерден терминқабылдауды және қабылданған терминдерді (бірен-саран жайсөздерді де) жатсынбау, қолданыстан аластатпауды жөн са-найды. Осылардың нәтижесінде бұл күнде диалектизмдерді,ауызекі сөйлеу тілі элементтерін: қарапайым сөздер менфонетикалық өзгеше тұлғаларды әдеби айналымға түсіру, яғниоларды көркем әдебиетте ғана емес (бұлар көркем шығармалардакейіпкер тілінде қолданыла беретін сөздер ғой), өзгефункционалдық стиль үлгілерінде, әсіресе публицистика-да орыналу тенденциясы бары байқалады. Жергілікті тұлғалар менқарапайым сөздерді активтендіру әуелі көркем әдебиетте, оныңішінде проза жанрында көзге түсіп отыр. Жазушылардыңбіреуінде сәтті қолданылған-ау деген сөзді екіншілері «қағыпалып» кететіндіктері сезіледі. Мысалы, пошым, бозымбай,бағамдау, сүркілу, кермалдасу, можантопай, усиқы, оңаза,мондыбас, құйынперен сияқты сөздердің біраз жазушылардыңтілінде, тіпті газет-журнал беттерінде жиірек көріне бастауыосыны дәлелдейді.

Норма регламентациясына келгенде жасанды тұлғалардыңда, оның ішінде тек аффиксация (жұрнақ жалғау) амалыменғана емес, сөздерді біріктіру тәсілімен де жасау әлдеқайдажан-дана түскеніне назар аудару және оларды реттеу(мағыналық жағынан дұрыс-бұрысын, жүйелілігін салмақтау)– «тіл мәдениеті» бойынша жүргізілетін шаралардың біріжәне жау-аптысы.

Екінші. Тіл мәдениеті міндеттерінің ішінде кезеккүттірмес маңызды шаруа о р ф о э п и я ғ а, яғни сөйлеуактісінде сөздерді дұрыс дыбыстай (айта) білуге қатысты. Бұлсалада жүзеге асырылған шаралар аз емес.

Қ.Неталиеваның «Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі» (1977жыл), М.Дүйсебаеваның «Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялықсөздігі (мектеп оқушыларына арналған, 1981 жыл)» сияқтысөздіктер ұсынылды, баспасөз беттерінде, радио мен теледи-дарда сөздерді дұрыс айту жайында мақалалар жарияланып,әңгімелер өткізіліп келеді. Сөзді дұрыс айту нормаларын ба-яндап, ережелерін ұсынған біздің «Сөз сазы» (1-басылымы –

36

Page 36: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

1983, 2-басылымы – 1995) атты құралымыз жарық көрді.Бірақ бұл іс-әрекеттер теңізге құйылған тамшыдай ғана. Бұлорай-да балабақшалардан, мектептерден бастап, мұғалімдермен журналистерді, сондай-ақ өнер адамдарын: театрактерлерін, әншілерді даярлайтын оқу орындарында сабақберіп, үйрететін практикалық жұмыстармен қоса, орфоэпияпроблемасының ғылыми-теориялық танымын арттыра түсетінзерттеулерді жүргізе түсуге мейлінше ден қою қажет.

Бұл орайда орфоэпия нормаларына жазудың тигізетінықпалын айрықша ескеруге тура келеді. Бұл күнде орфоэ-пиянормаларының жазудың құлдығына ұшырау қаупі бар. Дәлірекайтсақ, бір жағынан, орфоэпия ережелерінің нормала-нупроцесінің әлсіздігінен, екінші жағынан, жазу дәстүріміздіңкүшті дамуы салдарынан сөздер қалай жазылса, солай оқу (айту,дыбыстау) салты етек алып бара жатқаны да, сөз басындағы о, едыбыстарын айтуда орыс тілінің әсері байқалатындығы да тілмәдениетіне назар аударушыларды алаңдатады.

Үшінші. Радио, теледидар және баспасөз сияқты бұқаралықақпарат құралдарының тіліне арнайы көңіл аудару да тілмәдениеті шаруаларының бірінен саналады. Бұқаралық ақпаратқұралдарының тілі дегенде, олардың сөз таңдап жұмсауәрекеттерінен бастап, орфографиялық, орфоэпиялық нормалар-ды дұрыс қолдануларына назар аударылады. Бұлар өзгелерденекі есе көп жүк арқалайды: бірі – күнделікті газет-журналдар,сахна өнерпаздары, радио мен теледидар қызметкерлері тілмәдениеті проблемаларын көтеру, тілдік нормаларды беріксақтау сияқты мәселелерді өздерінің тікелей насихаттауы,түсіндіруі, пікірталастар ұйымдастыруы болса, екіншісі – сах-намен радио, теледидар қызметкерлері орфоэпиялық норма-лардықалың көпшілікке үйретуші ұстаз болуға міндетті, ал баспасөзқалың оқырман қауымының тілін ұстартып, жазу сауаттылығынкөтеруге мейлінше зор қызмет етуге міндетті.

Төртінші. Шаршы топ алдында сөйлеу мәдениеті деген про-блема да – жалпы тіл мәдениетінің бір пұшпағы, өйткені соңғы5-10 жылға дейін (тіпті 4-5 жылға десек те болар) шаршы топалдында қазақ тілінде сөйлеудің аясы тар болып келді. Съез-дерден бастап, мәслихат, мәжілістерде, жиын-жиналыстарда,

37

Page 37: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

тіпті торқалы тойлардың салтанаты мен топырақты өлімніңазаларында айтылатын сөздеріміз, көбінесе, орыс тілінде бо-лып келгені аян. Демек, соңғы 50-60 жыл барысында (еңкейін-гі 4-5 жылды қоспағанда) қазақ әдеби тілінде ауызшадұрыс, әсерлі, әдемі сөйлеу дәстүрін дамытатын «шаршы топбазасы» шағын болды, барларының өрісі тарыла берді.

Шаршы топ дегеніміз – көпке қарата сөз айтылатын жержәне ол сөз әлеуметтік мәні бар, қоғам мүддесіне арналғанәңгіме (тақырып) болуы керек. Бұл сөзді шешеннің сөзі неме-се «шешендік сөз» деп те атап жүр, бірақ бұлайша атағаннангөрі оны «шаршы топ алдындағы сөз» (орысша «публич-наяречь») немесе «көпшілікке арналып айтылар сөз» дегендұрысырақ болар, өйткені қазақ ұғымында «шешендік сөздер»деп бұрынғы дәуірлерде өткен билер мен ел, ру басыларының,қысқасы, от ауызды, орақ тілділердің сөйлеу үрдісі танылады.Бүгінгі жиналыстарда (онда қатысатындар – «шаршы топ»)шығып сөйлейтін қатардағы ұжым мүшесі мен, мейлі тіптібастықтар мен кешегі билердің сөздері, әрине, бірдей емес.Бұл жерде әңгіме сөйлеуші қозғаған тақырыпта да емес, шар-шы топтың үлкен-кішілігінде де емес, тыңдаушы топтың кім-дер екендігі мен сөйлеуші шешеннің өз сөзін ұсыну (жеткізу)мәнерінде, дағдысында, қабілетінде, сонымен қатар екі дәуіршешендері сөздерінің мақсаты мен әлеуметтік жүгінің әртүрліекендігінде.

Қысқасы, бұл жердегі айырмашылық бұрынғы бабалары-мыздың шешендік өресі биік болып, қазіргі замандастарымыз-дың ауызша сөйлеу қабілеті төмен екендігінде деп кесіп айтпа-сақ та, бұл күнде топ алдында дұрыс, түсінікті, тіпті шешенсөйлеуге әлі дағдыланып болғанымыз жоқ, замандастарымыздыңішінде бірен-саранымыз болмаса, көпшілігіміз топ алдындажазылып сөйлей алмаймыз. Бұл жерде айтпақ ойымызды дәлжеткізетін сөздерді тауып алудан бастап, ойды жинақы, әсерліетіп ұсыну, орфоэпиялық нормаларды сақтап, сөздерді бір-бірімен үндестіріп айту, ойымыздың логикалық желісін үзіпалмай, дұрыс құру сияқты толып жатқан шарттарды орындау-ғаәлі машықтанбай жатырмыз. Міне, бұл орайда да тіл мәде-ниетідіттейтін ғылыми да, практикалық та іс-қарекеттер баршылық.

38

Page 38: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Тек өзіміздің ғана емес, жалпы тіл білімінде, оның ішіндеЕуропа, орыс тілдерін зерттеушілердің танымы мен пікірлерібойынша да, жоғарыда айтылғандарды былайша түюге бола-ды:

«Тіл мәдениеті» – екі салада қолданылатын термин: бірі – осытіркес білдіріп тұрған жалпы мағынада, атап айтсақ, әдеби тілдіжазбаша және ауызша қолданғанда оның лексикалық,грамматикалық, орфоэпиялық, стильдік нормаларын сақтау;екіншісі – бұл терминмен тіл білімінің бір тармағы аталады, ол– тілді қатынас құралы мен ұлттық мәдениеттін қаруы ретіндедамыта түсу үшін, оның нормалануын ғылыми негізде зерт-тейтін саласы. Тіл мәдениетін жалпы мағынадаәңгімелегенде, алдымен, оның қолданыстағы нормаларын(орысша «рече-вые нормы») сөз дұрыстығы, яғни тілбірліктерін (сөздерді, тұлғаларды) дұрыс жұмсау және әсерлі,әсем етіп жұмсау деп бөліп қарастырылады. Тілдікнормаларды тек дұрыс қолданып қана қоймай, тіл құралдарынэстетикалық тұрғыдан да әсерлі етіп жұмсай білу адамныңжалпы кісілік мәдениетін, ой-парасатының дәрежесін, тілгедеген ықылас-құрметін таныта-ды.

«Тіл мәдениеті» дегенді ғылым тармағы ретінде сөз ет-кенде, әңгіме тіл мәдениеті проблемаларын теориялық негіз-дерге сүйеніп зерттеу болып табылады. Демек, тіл мәдениеті– ғылыми және практикалық іс-қарекеттерді қажет ететін сала,яғни ғылымның тәжірибемен тығыз ұштасып жататын тарма-ғы.Тілдің қолданылу барысындағы көріністер мен құбылыс-тароларды ғылыми тұрғыдан талдап-танытуды талап етсе, ғылымитүйіндер мен тұжырымдар қолданыс заңдылықтарын дәлелдеуге,дұрыс-бұрыстығын негіздеуге мүмкіндік береді. Тегі, тілмәдениеті саласындағы практикалық іс- әрекеттер ғылыминегіздемелерден біраз бұрын жүріп жатады да жеке бір құбылысретінде әлеумет назарына ілінуі оны ғылыми не-гізде зерттейбастаған кезбен тұстас келеді.

Ғылым объектісі болғаннан кейін «Тіл мәдениетінің» тео-риялары, теориялық арқаулары болады. Тіл мәдениеті тео-риясының ең бастысы – тілдік норманы тану, талдау, зертте-уге қатысты. Тіл білімінің тіл мәдениеті тармағы нормативтік

39

Page 39: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

грамматикамен, нормативтік фонетикамен және нормативтікстилистикамен ұштасып жатады, яғни қазіргі күнде норма дептанылған грамматикалық, фонетикалық заңдылықтар менолардың қолданыстағы көрінісінің ұштастығы және сәйкестігітілдік норма болып табылады.

Тіл мәдениеті теорияларының ішіне ұлттық әдеби тілге,көркем әдебиет тіліне қатысты ізденістер мен тұжырымдар дакіреді. Тіл мәдениетінің үлкен мәнге ие болып, қоғамның мәдениөмірінен орын алуы тіл дамуының барлық кезеңінде бірдей,біркелкі болмайды. Зерттеушілер дұрыс танығандай, тілмәдениеті ұлттық жазба тілдің едәуір қалыптаса бастаған кезіндекүн тәртібіне қойылады. Ұлттық тіл біршама дамығанкезеңдерінде де тіл мәдениеті проблемалары көтеріліп, көпшілікназарын өзіне аударатын тұстары да болады, ол – қоғамныңәлеуметтік, саяси, мәдени тіршілігінде ірі өзгерістер, толқуларпайда болған тұсқа тура келеді. Мұндай өзгерістерді әртүрліреволюциялық дүмпулер, демократилық қозғалыстың бел алуы,соғыстар, техниканың күрт дамуы сияқтылар туғызады.

Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің қалыптаса бастауыXIX ғасырдың соңғы ширегіне тұстас келгенмен, бұл кезеңдетіл мәдениетін сөз ететін қазақ қоғамының әлеуметтік, ағар-тушылық, ғылыми базасы болмады. XX ғасырдың алғашқыонжылдықтарында оқу-ағарту едәуір жанданып, баспа ісіжолға түскенімен, күнделікті баспасөздің ауқымы артатүскенімен, білім-ғылым салалары өмірге келгенімен, 60-70-жылдарға дейін «тіл мәдениеті» проблемасы таным-ғылымобъектісі бола алмай келді.

Қазақтың жазба әдеби тілі біршама бекіген, қоғамның ұлттықмүддесіне қызмет ету аясы едәуір кеңіген, функционалдық стильтармақтары саралана түскен, білім-ғылымы едәуір дамыған кезіXX ғасырдың 50-60-жылдары болды, осы кез-де «тіл мәдениеті»мәселелері көтеріліп, жұртшылық наза-рына ұсынылды:Академияның Тіл білімі институтында ар-найы бөлім ашылды,мұнда ғылыми зерттеулер басталды, пединституттар менуниверситеттердің филология факуль-теттерінде тіл мәдениетіпәні оқытыла бастады, сөздің дұрыс қолданылуыдиссертациялық жұмыс тақырыбына айналды,

40

Page 40: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктер жарық көрді, әртүрліанықтағыш құралдар ұсыныла бастады, тіл, сөз мәдениетінеарналған ғылыми-практикалық конференциялар өткізілді.

Ал 90-жылдардан бастап тіл мәдениеті проблемасынажұртшылық назары жаңа қарқынмен аударылғанын айта ала-мыз. Мұның объективті себебі – қазақ тілінің мемлекеттік тілстатусын алып, әлеуметтік қызмет өрісін кеңейту үшінкүрестің басталғаны болды. Соңғы жарты ғасыр ішінде қазақтілінің сөздік қазынасында орыс тілінің өз сөздері мен орыстілі арқылы еніп жатқан өзге тілдік сөздердің, оның ішіндеинтернационалдық терминдердің шамадан тыс көп орын алыпкеткені де жұртшылықты қатты алаңдата бастады. Бұл реттешет тілдік сөздердің өздері ғана емес, қазақ лексикасыныңтолығу көздері мен бағытының ұлттық тіліміздің даму тен-денциясына кері әсер ете бастағаны жұртшылық назарынаударды. Осы факторлар «тіл мәдениеті» проблемасының күрткөтерілуіне әкелді.

Жоғарыда айтылғандай, тіл мәдениетінің басты практикалықта, ғылыми да объектісі норма мәселесі болғандықтан, солнормалардың мейлінше тұрақтылығын – консерватизмдіжақтаушылар мен оған қарсылар болатыны белгілі. Осы орай-дапуризм құбылысының бар-жоқтығы көзге түседі. Пуризмдегеніміз – әдеби тілді, әсіресе оның сөздік қазынасын шет тілдіккірме сөздерден, тіпті жаңа жасанды тұлғалардан, ауы-зекісөйлеу элементтері болып саналатын жергілікті сөз-диа-лектілерден, қарапайым сөздерден тазарту дегенді қостайтынағым, күрес түрі. Қазақ әдеби тілінің алдыңғы кезеңдерінде, тіптіXX ғасырдың 20-30- жылдарының өзінде пуризм ағымы болғанжоқ дегенді айтады зерттеушілер. Шындығында да, тіпті ертеденқазақ тіліне әр алуан каналдармен: діни оқу, мұсылман дінінұстану, ортаазиялық түркі әдеби тілінің үлгісімен енген араб-парсы сөздерін, кейбір морфологиялық тұлғаларын (мы-салы,-қор, -паз, -гер, -и қосымшаларын) қолданыстан алас-татуәрекеттері болған жоқ, керісінше, арабизм, парсизмдерді жазбаәдеби тілде, сондай-ақ ауызекі сөйлеу тілінде де кеңінен қолдану,тіпті жазба үлгілерде төл тұлғасын сақтап жазу тәжірибесі XXғасырдың орта тұсына, 40-жылдарға дейін орын алып келді.

41

Page 41: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Орыс тілінің және орыс тілі арқылы Еуропа тілдері сөздерініңқазақ тіліне молынан еніп, кеңінен қолданылуы ұлы Отан соғысыжылдарында (1941-1945) басталып, соғыстан кейінгі«коммунизмге тура тартқан» жылдарда мүлде кең етек жай-ды.Таза пуристік ағым болмағанмен, жаңа ұғымдар мен жаңа зат-бұйымдарды атауда ана тіліміздің өз қазынасын барыншапайдаланудың нақты әрекеттері (мысалы, І.Жарылғаповтыңқазақша ұсынған аялдама, балмұздақ, көкайдын сияқты сөздері)1960 жылдардан басталды. 1990 жылдардан бастап қазақ тілін«орысшылдықтан құтқару » ағымы тікелей саяси бағытболмағанмен, күрес мазмұнына айналды, әлеуметтік пікір туабастады. Мұны да, сірә, пуризм ағымы деуге болмас, өйткеніқазақ тілін өзге тілдік элементтерден (сөздерден, тұлғалардан,тіпті грамматикалық бірен-саран тәсілдерден) тазарту науқаныжүрген болса, лексикалық қазынамыздағы жүздеген араб, пар-сысөздерін, мыңдаған орыс және шет тілдік сөздерді бүгіндеқолданып отырмас едік.

Сірә, бұл күндерде пуризмнің бел ала алмай отырғаны– тілдің тарихи-өзгермелі құбылыс екенін мойындайтындайбілім дәрежеміздің өскендігі болар, тілдің де заман ағымына,оның өзінде дүниежүзінде ғылыми-техникалық жаңалықтарқауырт пайда болып, дамып отырған осы күндердің ахуалы-наілесуі қажет екенін және бүгінгі сауатты, білімді адамдарғақызмет етіп отырған қазақ тілінің бұл ұлы майданнан шеттепқалмауы керек екендігін сезіп, түсініп отырғанымыз болар.Тіпті бүгінгі біздер түгіл, кешегі, 20-жылдарда қазақ тілі-неқызмет етіп өткен Халел Досмұхамедов сияқты ғалым-практиктер жат сөзсіз болмайтын заман туғандығын айтып:«Мәдениет қуған жұрттың алдымен тілі өзгермекші, білімгекірген жаңа сөздердің көбі шеттен кірген біліммен, әдетпен,заңмен жаңалықтарға ұғым беретін жаңа сөздер кірмекші,[олар] үлгіге алынған мәдениетті жұрттың сөздері болмақшы»– деп жазып, дұрыс көрсеткен болатын.

Пуризм – табиғатында жаман ағым емес, миллиондардың«мүлкі» – тілдің сындарлығын, тазалығын сақтау ниетінкөздейтін күрес амалы. Бұл күрес әсіресе қатар қолданысқатүскен тілдердің теңсіздігі байқалғанда, бірінің бел алып бара

42

Page 42: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

жатқан тұстарында жеңіліп келе жатқан тіл үшін пайдалықарекет екенін білеміз. Толыққанды үлкен пуризм болмағанмен,оның бірқатар белгілерінің бұл күнде орын алуын да жөнсіздеуге болмайды, тек ана тіліміздің тазалығын, сындарлығын,тұтастығын, көркемдігін қай сәтте, қай тұсында қалайша сақтаукеректігін айырып тануымыз керек. Пуризм әрекеті ұран, құрғақсөз түрінде емес, нақты жұмыстар түрінде жүргізілуін қалаймыз.Әрі қарай жеке тақырыптарды сөз ету үстінде пу-ристікпікірлердің түрлері мен оның жүзеге асырылу- асырыл-маумүмкіндіктері сөз болып отырады.

Тіл мәдениеті проблемаларына оның алдында тұрған бүгінгітаңдағы міндеттері немесе жүргізілуге тиіс іс-шаралар да жа-тады. Ең басты міндет – қазақ тілі мәдениетін көтеру, жетілді-ру,насихаттау. Ол үшін ана тіліміздің сөздік қазынасын жақсы,дұрыс пайдалану қажет. Бұл жерде әңгіме екі-үш тұрғыданайтылуға тиіс: бірі – ғасырлар бойы жасалып, сақталып кел-генлексикалық қорды жұтатпай сақтау, толықтыру, ол үшін көне,сирек, жергілікті сөздерді жинап, бүгінгі қолданысқа жа-рамдыдеп табылғандарын әдеби нормаға қосу. Әсіресе қазақ халқыныңұлттық салт-дәстүріне, шаруашылық түрлеріне, табиғаттануына,дүниетанымына, психологиясы мен халықтық философиясынақатысты сөздер мен тіркестерді, фразеоло-гизмдер мен мақал-мәтелдерді жинап, ұмыт болғандарын хатқа түсіріп,мағыналарын түсіндіріп отыру.

Бұл ретте жүзеге асырылып келген жұмыстар жоқ емес. «Анатілі», «Қазақ әдебиеті» газеттері 90-жылдардың ішінде «Төртқұбыламызды түгендейік», «Көзінің қарашығындай» де-генсияқты айдарлармен жоғарыда аталған салаларға жататынсөздерді, сөз тіркестерін тіркеп, олардың мағынасын түсіндіріп,қолданылатын тұстарын көрсетіп беру үрдісін қолға алды. Бұлретте Ә.Нұрмағамбетов, Ж.Бабалықұлы, Жәрдем Кейкин,Дәркембай Шоқпаров сияқты тілсүйер азаматтардың еңбегінатай отырып, осы үрдісті әрі қарай жалғастыра түссек. Бұл іскеәсіресе Монғолиядан, Қытайдан көшіп келген қаламгерлер:ақын, жазушы, мұғалім, журналист және тағы басқалары атсалысса, құба-құп болар еді, өйткені әр алуан себептермен біз-де,Қазақстанда, ұмыт болған немесе мүлде болмаған сөздер

43

Page 43: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

мен фразеологизмдер бұлардың қолданысында кездесетіндігінбайқаймыз, бірақ кейде олардың мағынасын тап басып айтаалмаймыз. Қазақ халқы – дүниежүзінің көптеген елдерінде ша-шылып жүрсе де, тілі, діні, ұлттық рухы бір халық, сондықтантіл қазынасын жинауда, толықтыруда әр қиырдағы қазақтардыңсөз мәдениеті, тіл тәжірибесі орасан зор табыс болмақ.

Сөз мәдениетін реттеуге қатысты міндеттеріміздің бірі –соңғы онжылдықтарда қазақ тілінде орасан мол түрде жұмсалыпкелген орыс тілінен енген сөздерді сұрыптау. Әңгіме бұл жердеорыс тілінің өз сөздері және интернационалдық деп аталатынғылыми және саяси-мәдени терминдер болып келетін сөздер депбөліп қарастырып, көбінесе күнделікті тұрмысқа қатыстыорысша жай атаулардың қазақша баламасын табу туралы болуғатиіс. Ал ғылыми, саяси-әлеуметтік, мәдени-ағартушылық тер-миндерге келгенде, оларды жаппай қазақшалаудың мүмкіндігіжоқ екені сөз мәдениеті проблемасының бір ұшы болып сана-лады.

Бүгінгі қазақ тілі мәдениетінің өзекті де әлеуметтік-ғылыми мәні зор мәселесі – терминология жайы. Бұл тұстаәңгіме – кір-ме терминдер, жасанды терминдер, сүйегі шеттілдік, бірақ «қазақыландырылған» терминдер туралы болмақ.Бұлардың да шешімі, сайып келгенде, норма проблемасынакеліп тіреледі. 90-жылдардан бермен қарай терминологиямәселелері баспасөз беттерінде жиі сөз болып, арнайышақырылған конференция-мәслихаттардың күн тәртібінеқойылып, кеңінен талқылана бастауы сөз нормасының бұлтармағына әлеумет назарына мықтап іліккенін білдіреді, бұлжөнінде әлеуметтік пікірлердің пайда болғаны – құптарлыққұбылыс, әрі қарай осы пікірсай-ыстарды сұрыптап,дұрыстарын пайдаланып, терминдерге қатысты сөзнормаларын реттеу – тіл мәдениеті шаруасының бір тарамы.

Тіл мәдениеті тек сөз таңдау, сөз жасау, сөйлемқұрастыруда ғана емес, сөйлеу актісінде сөздерді дұрыс айтунормала-рын сақтауға келгенде де айрықша мәнге ие болады,яғни орфоэпиялық заңдылықтарды көрсету, олардың сақталужәне бұзылу сәттерінің себептерін анықтау, ережелерін ұсынусияқты ғылыми-практикалық іс-әрекеттер де – тіл мәдениеті

44

Page 44: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

міндеттерінің бірі және өзге салаларға қарағанда, істелержұмысы көбірек, оларды жүзеге асыру – қиынырақ жүк. Бұлорайда іс тек орфоэпиялық заңдылықтарды ғылыми тұрғыданзерделеп, ережелерін түзіп берумен шектелмейді, ол ережелеркөрсеткен нормаларды қалың көпшілікке үйрету, насихаттаужұмыстары да алдымызға тартылады.

Емле, яғни сауатты жазу мәселесі – қай кезеңде де тіл-діжазба түрде пайдалану барысында дүниеге келетін талап,орфографиялық нормалар да – бүгінгі таңда қайта қарастырарсәттері бар және ол сәттер лексикалық, грамматикалық нор-малармен ұштасып жататын іс-қарекеттер. Латын жазуы-накөшу проблемасымен де астарласа қаралатын емле про-блемасы – бүгінгі таңдағы ғылыми, әсіресе практикалықжұмыстарымыздың маңыздыларының бірі.

Тіл мәдениетінің және бір проблемасы – шаршы топ ал-дында ауызша еркін, дұрыс, шешен сөйлеудің шарттарын,тәсілдерін айқындау, үлгілерін көрсету, белгілерін танытатынереже іспеттес құралдар ұсыну.

Міне, «тіл мәдениеті» деп аталатын ғылыми-практикалықүлкен жұмыстың проблемалары және сол проблемалартуғызатын міндеттері – қысқаша осындай. Әрі қарай бұлмәселелер жеке-жеке тақырып етіп, кеңірек баяндалады.

Міне, тіл мәдениеті туралы жалпы түсінік, оның нысанда-ры (объектілері) мен проблемалары, тәжірибе мен ғылымдағыанықтамасы (мазмұны), ғылыми-теориялық негіздері туралықысқаша мәлімет – осындай.

Әрі қарай тіл мәдениетінің қолданбалық та, ғылыми да объ-ектісі – норма болғандықтан, сол нормаларды «лексикалық»,«грамматикалық», «орфографиялық», «орфоэпиялық» дептарамдап, әрқайсысының мән-мағынасын, қазіргі жай-күйін,алдағы бағыт-бағдарын сипаттаймыз. Норма және оны коди-фикациялау ісінде өзекті мәселе – варианттылық құбылысыболғандықтан, бұл тақырып та өз алдына бөлек әңгімеленеді,лексикалық нормалануда бүгінгі терминология жайы айрықшаорын алатындықтан, ол да арнайы сөз болады.

45

Page 45: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

ТІЛДІК НОРМА ТУРАЛЫ ҰҒЫМ

Әдетте «норма» сөзін терминдік мағынада емес, қалыптыбейтарап сөз мәнінде жұмсасақ, белгілі бір «тәртіп, жүйелілік,дұрыстық» деп ұғынамыз. Ал тілге келгендегі бұл сөздіңұғымы «жалпы тәртіптілік» дегенмен қоса, терминдік мәнгеие болатындығы мәлім.

Норма – тілдің «туа біткен» қасиеттерінің бірі іспетті. Олбелгілі бір реттілік, жүйелілік құбылыс ретінде ауызекі сөйлеутіліне де («халықтық тілге» де), әдеби тілдің ауызшақолданысына да, жазба тілге де тән.

Тілдік норманың табиғаты екі түрлі: бірі – тілдің өзіндеқалыптасқан нормалар және ереже бойынша ұсынылған нор-малар. Соңғыларды «ереже бойынша» деп атауымыз шартты.Бұл жердегі «ереже» дегеніміз – грамматика оқулықтары менәр алуан сөздіктер, анықтағыштар т.т. Мысалы, қазақ тілін-дегі септеу, жіктеу парадигмалары, сын есім шырайлары,етістіктің етіс тұлғалары, шақтық мағыналары, жұрнақтарарқылы жаңа сөздің жасалуы сияқтылар «туа біткен» – яғниөте ертеден тілдің өзінде қалыптасқан, әбден орныққан, тілдіңөз табиғатына тән жүйеге айналған заңдылықтар. Ал мен (пен,бен) шылауын қосымша ретінде танытып, 7-көмектессептіктің көрсеткіші деп ұсыну, оны септік парадигмасыныңөзге жалғаулары сияқты сөзге қосып жазу нормасы – «қолданжасалған», яғни ережемен реттелген норма. Сол сияқты екітүбірдің ұзақ уақыт бойы бірігіп айтыла-айтыла, дыбыста-луыжағынан кірігіп (өзгеріп, қысқарып), бір мағынаны біл-діретінбір лексикалық тұтастық (бірлік) ретінде қалыптасуы– тіл табиғатының өзінде пайда болған норма; мысалы, бүгін(бұ+күн), биыл (бұ+йыл), әкел (алып+кел), түрегел (тұра+кел),қайтіп (қалай+етіп), сөйтіп (солай+етіп), белбеу (бел+бау) де-генсөздердің о баста екі түбірден бірігіп пайда болған сөздер екенінбірден сезе бермейміз, өйткені бұлар – тілдің «о бастан кележатқан» нормативті дүниелері, ал өнеркәсіп, кәсіподақ,ойталқы, жолсапар, гүлдесте, гүлшанақ сияқты тіркестердібіртұтастық деп тану – ереже арқылы ұсынылған нормалар,яғни бұларды біріккен сөз деп біріктіріп жазу бүгінгі лексика-семантикалық, орфографиялық нормалар болып шығады.

46

Page 46: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Әрине, «реттілік, жүйелілік» дегеннің өзі тіл қолданысыныңкөрсетілген түрлерінде болсын, тілдің әлеуметтік-тарихи қызметбарысында (тарихында) болсын, біркелкі, бір сипатта болмайды,оның үстіне нормалылықтың белгісі тілдің лекси-ка, грамматика,тіпті фонетика сияқты қаттауларының бірін-де «көрінеу»,«қатаң» болып тұрса, екіншілерінде «солқыл-дақтау», «босаңдау» болып келуі және заңды. Мысалы, ауы-зекі сөйлеу тіліндежалғаулық шылаулардың қолданылуы си-ректеу ұшырасады,олардың орнын интонация немесе син-таксистік құрылымсияқтылар басуы мүмкін: дәрі ішіп алдым– басым ауырып тұр, бұл – ауызекі сөйлеу актісінде, ал жалпыкодификацияланған ереже бойынша: дәрі ішіп алдым, өйткенібасым ауырып тұр немесе дәрі ішіп алдым, себебі басым ауы-рып тұрғаны деп құрылуы тиіс.

Сол сияқты сөз варианттарының еркіндеу қолданылуыауызекі сөйлеу тілінде де, шаршы топ алдындағы сөзде дежазба әдебиет тіліне қарағанда жиірек орын алады. Бұл жер-де лексикалық норманың «босандығының» ғана емес, стиль-дік талаптың да рөлі болады. Айталық, ауызекі сөйлеу тілін-де дөрекі, қарапайым, жергілікті сөздер және бөгде тілдік сөзқатары әлдеқайда еркін жұмсалса, жазба тілдің шаршы топалдындағы қолданысында немесе публицистикалық үлгілерде(газет-журнал беттерінде) бұлардың орын алуы мейліншешек-теулі, жоққа тән болуы керек, бірақ мұның барлығы да өзорын-дарында, өз салаларында норма болып табылады.

Жалпы әдеби тіл мен сол тілдің көркем әдебиетінің норма-лары да бір емес, соңғыда әдеби нормадан «ауытқу» сияқтыболып көрінетін сәттер аз кездеспейді, бірақ бұл «ауытқулар»көркем әдебиет тілі үшін норма болып саналады. Мысалы,шылау-жалғау болып қызмет ететін мен (пен, бен) тұлғасыныңменен (пенен, бенен) варианты, есімшенің -тын (-тін) де-генкөрсеткішінің -тұғын болып қолданылуы, едім, келіп,айтқанмын сияқты етістіктердің ем, кеп, айтқам болып кез-десуі – публицистикалық, ғылыми және кеңсе-іс қағаздарыстильдері үшін норма емес болса (оны М.Балақаевтың жал-пыәдеби тіл үшін бейнормалық санауы – жансақтық), көркемәдебиет, әсіресе поэзия тілі үшін – норма. Егер бұлар – әдеби

47

Page 47: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

тіл үшін бейнормалылық, ауытқушылық болса, ұлы Абайдыңөлендері мен қара сөздері әдеби тіл үлгісіне жатпаған болареді, өйткені көрсетілген тұлғалардың барлығы ақынның поэ-зиясы мен прозасының тілінде «тұнып тұр», оларды МұхтарӘуезовтің «Абай» эпопеясы сияқты көркем туындылары менкөркем публицистикасы тілінен де молынан кездестіреміз. Де-мек, әдеби тілдік нормаларды тілдің функционалдық стиль-деріне қарай ажырату қажет: бірінде қатаң болып келетін нор-ма екіншілерінде босандайды (ауытқу сияқты болыпкөрінеді). Бірақ қай-қайсысы да – өз саласында норма, яғниуәжді, орын-ды қолданыстар болып танылады.

Сөйтіп, жүйелілік, реттілік болып танылатын норма –тілдің барлық көрінісінде, яғни қолданысының барлықтүрінде орын алатын тілдік, әлеуметтік категория.

Тілдік норма дегеніміз – көпшіліктің қатынас құралыретін-дегі тілдің қолданысында оның әлдеқайда орныққан,дәстүрлі құралдары, амал-тәсілдері, тәртіптері; норма – тіл-тілдің қай-қайсысының да даму (қызмет ету) кезеңдерініңбаршасына тән құбылыс.

Норма деп тану үшін «әлеуметтік бағалау», яғни сол тіл-десөйлейтін қалың жұртшылықтың «дұрыс не дұрыс емес,жағымды, әсем не жағымсыз, орынды не орынсыз» дегентаны-мы, бағасы болуы керек. Нормалылық танымынатұрақтылық (стабильность), дәстүрлілік,көпшілікке біршамаортақтық бел-гілер де кіреді. Бұлар – тілдегі нормалылықтыңәлеуметтік ка-тегория ретіндегі белгісі.

Тілдік норма құбылысын зерттеушілердің айтуына қара-ғанда, норма мәселесіне тек сөздердің, грамматикалық амал-тәсілдердің, тілдік құрылымдардың жүйелі түрде, біршамаорныққан, көпшілік дұрыс, әсем деп тапқан қолданыстары ғанаемес, осындай қолданыстардың таңдалып алынуы мен қолданысбарысының тенденциясы, яғни бағыт - бағдары, өмір шеңдігі,уәжділігі, әлеуеті (потенциалдығы) деген мәселелер де кіреді.Сондықтан «қазақ тілі мәдениеті», оның «тілдік нормалары»деген проблемаларын сөз еткенде, бұл салаға қатысты зерттеулержүргізіп, мақалалар мен диссертациялар жазғанда, кітаптар менқұралдар ұсынғанда, бұларға байла-

48

Page 48: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

нысты мәселелердің тек бүгінгі күй-жайы, бары-жоғы туралығана емес, әрі қарайғы барысы мен бағыты да сөз болуы ке-рек.Тілдік нормалардың өзін ғана көрсетіп қою, яғни бүгінгілексикалық, грамматикалық, стильдік нормаларды атап, әр алу-ан ережелер жинағы мен сөздіктер түзу – жеткіліксіз. Бұлардыңәрі қарайғы қолданылу, қырналу, өзгеріс-жаңалықтарға ие болубағыты (тенденциясы) қандай деген пікірлер мен ұсыныстарболуы қажет. Әсіресе жазудың жаңа түріне – латын графика-сына көшуге дайындық барысында да, көшу процесінде де, олжазуды өмірде, тәжірибеде орнықтыру жұмыстарында да тілдікнорма мәселелері айрықша мәнге ие болары сөзсіз, бұл орайдаорфографиялық және орфоэпиялық нормаларды бірден дұрыскөрсетудің, оны қолданыста берік орнықтырудың тек тілдік емес,әлеуметтік маңызы өте зор болмақ.

Қазақ емлесі мен сөзді дұрыс дыбыстауға қатысты күнібүгінге дейін орын алып келген қиындықтардың түптөркіні1929 жылы араб жазуынан латынға, 1940 жылы латыннанкириллицаға көшкен кезде әрі қауырттықтан (екі сәттің де са-ясат тоқпағынан «от ала келгендей» тездікпен орындалғанынбілеміз), әрі сол кезде тіл, жазу, сөзді дұрыс айту мәдениетідегендердің ғылыми танымдары қалыптаса қоймағандығынантуған жайттарда жатқанын айту керек. Тіпті бұл күндердіңөзінде тіл мәдениетінің, оның өзекті проблемасы – нормадегеннің теориялық негіздері түгел қаланып, практикалықшешімдері түгел жүзеге асып болған дей алмаймыз.

Норманы сөз еткенде, әрдайым оның жалпы ұғымын, мән-мағынасын әңгімелеп қана қоймай, оны ажыратып (диф-ференциялап) қарастыру керек: әуелі ауызша тіл мен жазбатілдің нормалары, сондай-ақ функционалдық стильдердіңәрқайсысының нормалары дегендерді бөліп-бөліп алу қажет.Әрине, бұл нормаларды бір-бірімен астаспайтын, бірімен-бірібайланыспайтын оқшау-оқшау автономиялар деуден гөрі,түптамыры ортақ «үлкен үйден» өрген отаулар деп танығанжөн, өйткені әдеби норманың өзегі (ядро) – стильдік жағынанбейтарап, «көпшілік қолды» тіл элементтері болады. Барлығыжиылып келіп бүгінгі ұлттық әдеби тілдің, оның ауызша жәнежазбаша түрлерінің қолданылу жүйесін, тәртібін білдіреді.

49

Page 49: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Сондықтан, зерттеушілердің танымына қарағанда, тілдегінормалылық үш тағанға орналасады: бірі – қандай да бір нор-ма,негізінен, сол тілдің табиғатына, құрылымына сәйкес бо-луы,екіншісі – қатынас құралы ретінде көпшілікке ортақтығы,қайталанып келіп отыратындығы, үшінші таған – белгілі біркезеңдегі әлеуметтік талғамның сол қолданысты дұрыс дептануы. Соңғы таған ол нормаларды мақұл деп тануға,кодификациялауға алып келеді. Тілдің өзінде болатын табиғинорма мен кодификация – тепе-тең құбылыстар емес, коди-фикация дегеніміз – сөздерді орнымен қолдануды, сөзжасамтәртіптерін, сөз өзгерту жүйесін, сөздері тіркестіру мен сөйлемқұрастырудың ережелерін заңдастырып, қалыптастырып хатқатүсіру, басқаша айтқанда, қабылданған тілдік нормалардыңоқулықтарда, сөздіктерде, анықтағыштарда әр алуан ереже-лертүрінде ұсынылуы. Бірақ кодификация дегеннің өзі де – қатыпқалған зат емес: азды-көпті орын алып жататын өзгеріс-жаңалықтарға байланысты және экстралингвистикалық фак-торларға орай уақыт озған сайын кодификацияның да ішінарақырналып, өңделіп, толықтырылып отырылуы – заңды.

Тілдік нормалардың анықтала, тұрақтана түсуі және олардыңәлеумет тарапынан мақұлдануы, осылардың нәтижесіндеқалыптастырылып хатқа түсуінің – кодификациялануыныңбүгінгі қазақ тілі үшін мәні өте-мөте зор. Мемлекеттік мәрте-бегеие болып, әлеуметтік қызмет өрісі кеңейе түскен бүгінгітіліміздің лексика-фразеологиялық қазынасы молығуда; сөзжасаудың грамматикалық, семантикалық мүмкіндіктері күше-юде; функционалдық стильдердің белгілері анықтала түсуде;тілдің ауызша жұмсалу процесінде орфоэпиялық заңдылық-тарыайқындалуда; жазу мәдениетіне, яғни ғылыми негізде түзілгенорфографиялық нормаларды жүйелі сақтау талабы алғатартылуда – міне, осылардың баршасы тіліміздің лексикалық,грамматикалық, стильдік, орфографиялық, орфоэпиялық нор-маларының мақұлданған, зандастырылып хатқа түскен коди-фикациясын жақсы көрсетіп, дұрыс танытуды қажет етеді.

Жалпы тілдің өзінде қалыптасқан нормалар мен кодифи-кацияланған, оның ішінде ереже бойынша ұсынылған нор-малардың арасында айырма болады. Тілдің өз нормасы –әлдеқайда тұрақты, көбіне-көп ұзақ сақталатын құбылыс, ал

50

Page 50: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

кодификацияланған норманы бұзып қолдану тәжірибеде азкездеспейді.

Тілдік нормаларды тіркеп, реттеп жүйеге келтіріп отыру жәнеоларды кодификациялау – жазба әдеби тілдің шаруасы (бұлқағиданы орыс тіл білімпаздары баса айтады 3). Бұған қазақтілінің 1940 жылы кириллицаға көшкен кезінен бермен қарайалғашқы орфографиялық нормаларының екі рет: 1957 және 1983жылдары елеулі түзетулермен жаңғырғаны дәлел бола алады,соған сәйкес түзіліп, жарық көрген емле сөздіктерінің (оларды«Орфографиялық сөздік» деп ғылыми түрде атап ке-леміз): 1941, 1948, 1963, 1968, 1972, 1978, 1988 жылдарыжарық көрген басылымдарын жай көзбен салыстырыпқарағанның өзінде, оның ішінде толық түрде ресми басылымретінде алғашқысы 1963, екіншісі 1978, ең соңғысы 1988жылдар үш рет түзетіліп, толықтырылып басылған емлесөздіктеріндегі сөзтізбеде (реестрде) берілген сөздердіңтүрлері, ұяда берілген тіркестер, кейбір сөздерге қосымшажалғану үлгілері арасында айтарлықтай өзгерістер бар екеніде жоғарғы пікірдің айғағы болады.

Кодификацияланған нормалардың азды-көпті өзгеріскеұшырап отыруы – тәжірибе талабынан туған заңды құбылысболса, тілдің табиғи өзінен туындайтын құрылымдық модель-дерден ауытқушылық та орын алып жататындығын айтуға бо-лады. Мысалы, жіңішке сөзге немесе соңғы буыны жіңішкедауыстыға аяқталатын сөздерге қазақ тілі қосымшаларыныңда жіңішке түрде жалғануы – табиғи норма, құрылымдықмодель. Айталық, күнә – күнәлі, күнәсіз, куә – куәлік, Күләш– Күләштің. Ал кейбір қосымшалар, мысалы, барыс жал-ғауынемесе етістік тудыратын -ла/-ле, -да/ -де, -та/-те жұрнағыжуан түрде жалғануға бейім: күнәлау, Күләшқа, куәландыру.Мұндай ауытқуларға емле ережелерінің де тигі-зетін ықпалыбар, яғни күнәға, куәландыру деп жазу нормасы солайдыбыстауға дағдыландырады және оны орфоэпиялық нормаретіндетұрақтандыра түседі. Қазақ тілінің үндестікзаңдылығын бұзып ұсынылған нормалар әсіресе кірмесөздерге, кірме элементтерге (жұрнақтарға) қатысты болып

3 Костомаров В.Г. Культура языка и речи в свете языковой политики //Язык истиль. - М., 1965; Пешковский А.М. Объективная и нормативная точки зрения на язык// Избранные труды. - М., 1959.

51

Page 51: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

келеді. Мысалы, кірме -паз, -қор, -қой жұрнақтары жіңішкесөздерге де осы жуан түрінде жалғанады немесе -гер дегенжұрнақ жуан сөздерге де жіңішке жалғанады: өнерпаз, сәнқой,шайқор, саудагер. Сірә, бұл тәрізді сәйкессіздіктер, яғни қазақтілінің үндестік заңдарына бағынбай қолданылудың уәжінде(мотивациясында) тілдің өзіне тән кейбір модельдер жататынболуы керек. Айталық, -мен (-бен, -пен) көмектес жалғауының(оның түп-төркіні шылау екені мәлім), -нікі (-дікі, -тікі)қосымшасының жуан вариантының, -қой (сәнқой) сияқты бірен-саран жұрнақтардың жіңішке вариантының жоқтығы бұлардыңда қазақ тілінің фонетикалық нормасына сай келмей-тінінкөрсетеді. Ал бұларды сөзден ажыратылмайтын қосымша дептанып, біріктіріп жазу – кодификацияның жемісі.

Тілдің өзіне тән табиғи нормасы мен ереже арқылы ұсы-нылып кодификацияланған нормалардың айырмасы жазба тілдіңқолданыс тәжірибесінде едәуір байқалады. Мысалы, сөзсоңындағы қ, к, п сияқты қатаң дыбыстардың дауысты ды-быстан тұратын немесе дауыстыдан басталатын қосымшаларжалғанғанда ұяңдауы – қазақ тілінің табиғи нормасы, ал қазіргіжазба әдеби тілімізде: цех – цехы, шах – шахы, принцип – при-нципі, сап – сапында, тарих – тарихы, тип – типі, грипп – гри-пі (жұқты) болып айтылуы және солай жазылуы осы норма-ныбұзып тұр. Сірә, бұл ауытқулыққа бірнеше фактор себеп болсакерек: біріншіден, х дыбысының қазақ сөзінің соңындақолданылмайтындығы оны қ-ның қатарына жібермей, қатаңтүрінде сақтауға итермелейтін сияқты, екіншіден, тариғы, шағы,цегы, сабы, тибі, грибі деп дыбыстау бұл сөздердің (көбі кірмеэлементтердің) тұлғалық төркінін өзгертіп, мағынасын түсінугеқиындық келтіретін қаупі де туатын болу керек, үшіншіден,соңғы қатаң дауыстыларды ұяңдатпай жазу емлесі де қатаң түрдедыбыстауға, демек, осылайша нормаландыруға алып келгенсияқты. Араб жазуын, тіпті 1929-1940 жылдар ішінде латынжазуын пайдаланған кезде бұл сөздердің соңғы дыбысы ұяңдапайтылуы мен жазылуы орын алған болар.

Демек, уақыт озған сайын, әсіресе жазба тіл тәжірибесінде«норма ауысуы», «нормалар варианты» (немесе «варианттынормалар») деген құбылыстар пайда болатынын байқаймыз.Норма ауысу актісі, әрине, түбегейлі емес, жеке нормалардың

52

Page 52: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

өзгеруі түрінде болады және бір сәттік акт емес, ол ұзағырақуақытты алады. Мысалы, үстіміздегі ғасырдың бас кезінде-гіжазба әдеби тіліміздің өзінде дәреже, және, қазір, мағынасияқты сөздер қазіргіден басқаша түрде айтылып, жазылыпкелді: даража, жаңа, кәзір, мағана. Бұлардың айтылу, жа-зылу нормасы едәуір ұзақ уақытқа созылды. Мұның ізін кей-бір фонетикалық дублеттердің, лексикалық, орфографиялықварианттардың осы күнге дейін орын алып келе жатқанынанкөріп байқаймыз. Мысалы, адал – алал, зарар – залал, ақиқат– хақиқат, өмір – ғұмыр, бейіл – пейіл, ғаділет – әділет, ғазиз– әзіз, диірмен – тиірмен, нәсіп – несібе.

Әдетте жаңа норма әсіресе лексика саласында әдеби жазбатілдің өзінде емес, ауызша қолданыста пайда болады. Мысалы,бұл күнде қазақ жазушылары тілінде – көркем әдебиетте, тіптіішінара публицистикалық үлгілерде қолданыла бастаған по-шым, толайым, дей тұрғанмен сияқты сөздер немесе барадыемес пе (бармай ма деудің орнына) сияқты, сондай-ақбарғысы жоқ, айтқысы жоқ тәрізді грамматикалыққұрылымдар о бас-та ауызша сөйлеу тәжірибесінде орыналып, бірте-бірте жазба үлгілерге ауысқан. Бұл фактілержарыспа нормаларды таныта-ды.

Нормалардың ауысуы мен жарыспа түрлерінің пайда бо-луында тілдің өзі туғызған мотивтермен қатар, экстралин-гвистикалық факторлар себеп болады. Мысалы, араб, парсытілдерінен енген кейбір сөздердің варианттылығы тілдің өззаңдылықтарына сәйкес пайда болғандары мен жазба дәстүрдісақтау сияқты түпнұсқалық вариантын қолдану қатар жүріпкелді: есеп – қисап, хүкімет – үкімет, амал – ғамал, өмір– ғұмыр, ғашық – асық, әрекет – харекет. Бұл қатарға күнібүгінге дейін орын алып келе жатқан фонетикалық дублеттер-ді қосуға болады: бәле – пәле, бәлі – пәлі, пейіл – бейіл, бенде– пенде, гауһар – жауһар, ғашық – асық, дағуа – дауа.

Лексикалық та, фонетикалық та жарыспа тұлғалардың дені– кірме элементтер, оның ішінде де араб, парсы сөздері болыпкеледі. Дегенмен төл сөздердің арасынан да варианттылыққұбылысын кездестіре аламыз: дәнеңе – дәнеме, бірдеңе – бір-деме, бұндай – мұндай, бұнша – мұнша, едірею – ежірею,жәбір – зәбір, жұбану – уану т.т.

53

Page 53: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Бұл қатарлардың XIX ғасырдың II жартысы мен XX ғасыр-дың алғашқы онжылдықтарында кезектесе, бір мәтіннің ішін-де екеуі де қолданылғанын көрсек, бұл күндегі қолданыстақатар сыңарларының жеке-жеке лексикалық-семантикалықбірлікке (сөзге) айналуы, дәлірек айтсақ, айналдырылуы орыналып келе жатқанын айта аламыз. Бұлар жөнінде толығырақ«Варианттылық және норма» деген тарауда сөз болады. Нормапроблемасындағы варианттылық мәселесі осы жерден келіпшығады. Варианттылық – тіл мәдениетінің, яғни нормаланупроцесінің ең өзекті бөлігі.

Зерттеушілердің байқауынша, норманың күші, яғни қатаңсақталуға тиіс тұстары тілдің барлық қаттауында бірдей емес.Айталық, қазақ тілінде орфографиялық, грамматикалық,пунктуациялық нормалар (ережелер) қатаң сақталады, алсөздерді таңдауда, жұмсауда норма заңдылықтарына біршамаеркіндеу қараушылық байқалады. Лексика саласында, біздің-ше,қатаң ұстануды керек ететін тұс – сөздердің тіркесу тәртібі.Айталық, кейбір есім сөздер, етістіктер, көмекші есімдер текқана немесе көбінесе жағымсыз мағына беретін сәттерде, ендібіреулері жағымды мағына беруде тіркеседі: мысалы,арқасында деген көмекші есім тек жағымды мағынада айты-латын тұста келеді: табыстың арқасында, денсаулықтыңарқасында, байлықтың арқасында, ал кемшіліктің, шығын-ның,сәтсіздіктіңарқасында, науқастың арқасында, қайыршы-лықтың, кедейліктің, бейшаралықтың арқасында деп айтыл-майды. Тағы бір мысал: қазақ тілінде көптеген тіркестердіңетістік компоненті тек қана болымсыз түрде келеді: көз алмау,көз айырмау, ұйқы көрмеу, күн көрсетпеу, шаңын көрсетпеу.Бұлардың көз алу, көз айыру, ұйқы көру, күн көрсету, шаңынкөрсету деген қарама-қарсы оппозициялық қатарлары жоқ.Тас қараңғы деген консервіленген тіркес бар, оның тасжарық оппозитиві жоқ.

Орыс тілінде ең қатаң және бұзылғаны көзге ұрып тұратыны– сөздегі екпін нормасы болса, қазақ тілінде – сөздің үндестікзандарын сақтап айтылуы. Бұл тұста әсіресе қатаң /ұяң,еріндік /езулік дыбыс заңдарын бұзып айту – орфоэпиялықнормалардан ауытқу ретінде көзге түседі, құлаққа естіледі.Қалыптасқан тұрақты тіркестердің, мақал-мәтелдердің компо-

54

Page 54: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

ненттерін уәжсіз (себепсіз) ауыстырмай қолдану да – қазіргіқатаң сақталуға тиіс лексика-фразеологиялық нормалардыңбірі. Айталық, «жел тұрмаса, шөп басы қимылдамайды» де-ген мәтелді жел соқпаса... деп өзгертіп жұмсағанда, мәтелдіңмағынасында аз да болса логикалық сәйкессіздік байқалады:желдің тұруы мен соғуы дегенде жел екпіні екі түрлі беріледі:желдің тұруы – жалпы оның пайда болуы, соғуы – біршамақарқынмен келуі. Мәтел үшін желдің қарқынды соғуын емес,әйтеуір пайда болуын, сәл байқалуын айту керек, өйткені бұлмәтел «бір нәрсенің пайда болуында сәл болса да себебі, бел-гісі, негізі сезілуі керек» дегенді аңғартады.

Ал стилистикалық нормаларға келсек, бұл жерде олардысақтауда қатаңдықтан гөрі, стильдік мақсат көздейтін уәж-ділікбасым түсіп жатады. Мысалы, жазушы СейдахметБердіқұловтың спортшылар туралы жазған көркем шығар-масының бірінде «велосипедшілер құйысқан тістесіп бара жат-ты», тағы бір тұсында «екі велосипедші үзенгі қағыстырды»деген сөйлемдерді оқимыз. Егер фразеологияларды орныменқолдану нормасына келсек, үзеңгі қағыстыру да, құйысқантістесу тіркесі де салт атты адамдардың шабысына қатыстығана айтылуы керек, ал велосипедтерде құйысқан да, үзеңгі деболмайды, соған қарамастан, бұл жерде норманы берік ұстануемес, стильдік мақсат алға шығып тұр: жазушы бұл «қазақы»фразеологизмдерді қазіргі техника көлігіне жаңастыра қолдануыарқылы оқырман сезіміне оң әсер ететін образдар жасап тұр.Велосипедші қазақ жігіті – Тұйғынның жарыстағы күресі, күйі,психологиясы дегендерге «қазақы» үн берген, бұл жердегіұлттық бояу осы шығарманың тұтас өн бойындағы көркемдікстиліне сай келеді, яғни дәл осы қолданыс осы шығармадаұтымды, қолайлы деп танылған. Бұл жерде сти-листикатұрғысынан сөзқолданыстың нормаға сай дұрыстығы емес,қолайлылығы, ұтымдылығы көзделген.

Норма туралы түсініктің ішінде, яғни оны бағалауда«дұрысы/дұрыс емесі», «сәттісі/сәтсізі», «дәл/дәл емес» дегентанымдар жол алады.

Әдеби тілдік норма тілдің даму барысының әр кезеңінеқарай айқындалуы керек. Тілдің құрылымдық табиғи норма-лары негізінен қай кезеңде де тұрақты болып келеді. Бірақ

55

Page 55: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

ішінара тілдің құрылымдық заңдары да өзгеріске ұшырауымүмкін. Мысалы, қазақ тілінде туралы, үшін шылаулары біздіңкезеңімізге дейін, яғни XX ғасырдың 20-30-жылдарына дейін іліксептіктегі сөзбен меңгеріліп тұрды: менің үшін, оның ту-ралы, баланың үшін, баланың турасында>баланың туралы.Қазіргі норма бойынша мен үшін, мен туралы, бала үшін,бала туралы деп атау тұлғасындағы сөзбен қабысады. Демек,тілдік норманың қалыптасу, даму, өзгеру тарихын зерттеубарысында болмаса, жалпы сөз еткенде, нақты бір кезеңдіалып қарастыру керек болады. Мысалы, біз осы жұмыстақазақ әдеби тілінің қазіргі, яғни соңғы 70-80 жылдыңбарысындағы жай-күйін әңгімелеп отырмыз.

Сөйтіп, қорыта айтқанда, әдеби тілдің нормасы дегеніміз– қоғамның белгілі бір кезеңдегі әдеби тілді жазба және ауызшатүрде қолдану тәжірибесінде қалыптасқан, көпшілік қауымдұрыс деп таныған, жалпыға ортақ сөз қолдану, сөйлемқұрастыру, сөз жасау, сөзді дұрыс дыбыстау, сауатты жазузаңдылықтары, яғни тілдік амалдарды дұрыс жұмсаудың көрінісі.Тілдік норманың құрылымдық табиғи түрлері және ережебойынша ұсынылған түрлері болады. Олардың қай-қайсысы да,әсіресе соңғы түрлері – таңдаудың, сұрыптаудың және өңдеудіңжемісі. Тілдік нормалар, тілдің өзі сияқты – тари-хи-өзгермеліқұбылыс. Тілдің қолданылу тәжірибесінде әбден қалыптасып,біршама (яғни сол кезең үшін) тұрақтандырылған ереже-қағидаларды норманың эстетикалық және прагматика-лықтеориялары негізінде жүйелеп заңдастырылуы олардыңкодифиациясы деп аталады. Тілдік нормалардың кодифи-кациясымектеп оқулықтарында, әр алуан орфографиялық,терминологиялық, түсіндірме, екі тілдік, үш тілдік сөздіктерде,анықтағыш құралдарда баяндалып, хатқа түседі. Аталғансөздіктердің басым көпшілігі нормативтік сипатта түзіледі.Олардың сөзтізбесінде орын алатын нормативтік емес эле-менттерге «диалектизм», «жаргон», «қарапайым сөз», «арго»,«көне» деген сияқты белгілер қойылады.

Осы ұсынылып отырған кітап тіл мәдениетінің өзектімәселесі – қазақ тілінің әдеби нормаларын айқындап, оныңко-дификациясын көрсетуге арналады.

56

Page 56: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

НОРМАНЫҢ ӨЛШЕМ-ШАРТТАРЫ(КРИТЕРИЙЛЕРІ)

Тілдік норма деп тану үшін оған қойылатын шарттар(меже) болуы керек. Бұл шарттарды «норма» дегенді көтеріптұратын тағандар десек те болар.

Шарттардың бірі – норма сол тілдің табиғи, құрылымдықөзіндік (ішкі) заңдылықтарына сәйкес болуы керек, яғни тіл-діңграмматикалық құрылысының, сөзқолданысының, сөзжа-самының, мағына құбылтуының, сөз сазының табиғи заңдары-нақайшы келмейтін тұлға-тәсілдер норма болып санала-ды.Мысалы, бұл күнде жанданған (активтенген) бірқатар жұрнақтарарқылы жасалған сөздердің норма болып танылуы – осымодельдің тілдік жүйеде бұрыннан бар екендігіне қатысты.Айталық, адамның қызмет түрін, кәсібін, мамандығын біл-діруде-шы жұрнағы тек қазақ, араб, парсы сөздерінен емес, орыстілінен енген сөздерден де жаңа тұлғалар жасайды: трак-торшы, комбайншы, футболшы дегендерді былай қойғанда,бұл күнде гипнозшы, памфлетші, парашютші, саботажшы,парламентші, газетші сияқты ондаған туынды сөздің еркінжасалуына жалпы тілдік модель (үлгі) негіз болған, яғни бұлсөздерді қазақ тілі табиғатын бұзбайтын нормадағы тұлғалардеп табу керек.

Әрине, тек жаңа тұлғалардың жасалуында емес, тілдің өзіндеқалыптасқан табиғи нормалар да, кодификацияланған(ережелермен реттелген) жазба тіл нормалары да – барша-сы да– сол тілдің ішкі құрылымдық заңдарына сәйкес ке-луінормалылықтың бірінші шарты немесе айырым белгісіболғандықтан, көп ретте параллель модельдер болмайды. Мы-салы, қазақ тілінде септіктер парадигмасының екінші вариантыжоқ. Дегенмен тіл-тілдің қай-қайсысында да оның табиғатынақайшы келетін жеке бір қолданыстардың норма ретіндеқалыптасып кетуі немесе дұрыс деп табылып кодификацияла-нуфактілері кездесіп отырады. Айталық, -лар қосымшасы өзіжалғанған сөзге көптік ұғым беретіндігі – табиғи құрылымдықнорма, ал әкемдер келді дегенде, әкенің көптігін емес (адамныңәкесі біреу-ақ болады ғой), әкенің қасында өзгелердің

57

Page 57: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

болғандығын, яғни бір әкесі емес, оған қоса бірнеше (көп)адамның келгенін түсінеміз, демек, бұл жердегі -лар – тілдікмодельге сәйкеспейтін қолданыс: «нормаға қайшы келетін нор-ма», соған қарамастан хатқа тіркелген – кодификацияланғанқолданыс. Екінші мысал: сан есіммен келетін тіркестерде келесікомпоненттің көптік жалғауын қабылдамауы – тілдің ежелденқалыптасқан жүйелік нормасы: қорада он бес сиыр бар (он бессиырлар емес). Осыған қарамастан қазіргі баспасөз беттерінде,тіпті көркем шығармаларда, әсіресе радио мен те-ледидарда екі жүз оқушылар, он бес жоғары оқу орындарысияқты қолданыстарды кездестіреміз.

Тілдік нормаға сай келмейтін грамматикалық, орфоэпия-лық,сөзжасамдық құбылыстардың орын алу себептері де әр-түрліболып келеді. Олардың басым көпшілігі өзге тілдің әсері-ненпайда болатынын байқаймыз. Айталық, көптік жалғауыныңжалғанбайтын жерде келтірілуі – орыс тілінің, әсіресе орыстілінен аударылған үлгілердің әсері деуге болады. Ал оқырман,көрермен, сатарман, аларман, оралман деген жаңа сөздердіңжасалуына «қамшы болған» қазақ тіліне күні кеше ғана – XIXғасырдың II жартысында жүйені бұзып пайда болған атарман,шабарман сияқты бірді-екілі қолданыс сияқты. Дегенмен бұл екісөздің жағымсыз мәндік семасы (реңкі) кейінгі оқырман,көрермендерде сақталмайды. Демек, бұзылған жүйе әрі қарайбұзыла түскен. Мұндай негізі осал, яғни тілдік құрылымынасәйкеспейтін нормалар кодификацияланбай, бірақ жарысақолданылып жүре берулері әбден ықтимал. Тілдің табиғатынаншығып кететін нормалар тілдік бүкіл жүйені қамтымайды, жекетұстарының ғана «шырқын бұзады». Сондықтан норманың бастыбелгісі – тілдің құрылымдық табиғи заңдылықтарына сәйкескеліп отыруы деген қағида әрдайым күшін сақтайды.

Норманың екінші шарты (межесі) – тілдің қатынас құралыретінде қалың жұртшылықтың әрдайым қолданысындаболатындығы, яғни әлеумет дұрыс деп тауып, көпшілік болыпәрдайым қолданып отыратын сөздер, грамматикалық тұлға-тәсілдер, сауатты жазу, сөзді дұрыс дыбыстау үлгілері нормаболып табылады. Бұл жерде нормалылық құбылысы тілдіңөмір сүру кезеңіне байланысты қаралады. Мысалы, қазіргі

58

Page 58: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

әдеби тіліміздің нормалары – осы кезеңде (айталық, соңғы 60-70жыл ішінде) қолданылатындары. Айталық, бұл күнде көпшілікжалпы «әйел», одан соң «біреудің жұбайы, жары» де-генмағынаны білдіру үшін адамды жынысқа бөлгендегі атауы(«ұрғашы») ретінде әйел сөзін қолданады, бұл – осы күнгі әдебинорма, оның «қатын» деген синонимі – белгілі бір стильдікреңкпен (тұрпайылық, қарапайымдылық т.б.) ғана жұмсалатын«әдеби емес» сөз. Ал қатын сөзі күні кешеге дейін, Абайдыңөзінде әдеби норма болған, яғни бұдан 60-70 жыл бұрын қазақжұртшылығы қатын сөзінен тұрпайылық көрмеген. Бұл сөздіңтіпті ертеректе «ханның, императордың, ұлы әміршілердің некеліжары» деген титулдық мағынасы болғанын білеміз. Шыңғысханның төрт әйелі ғана «хатун» лауазымына ие болған,қалғандары кіші, құма сияқты атаулармен аталған, кіші сөзібабаларымыздың тілінде көне замандардан сақталған, ол«біреудің жұбайы, қосағы, жары» (орысша «жена») дегенді біл-дірген. «Абай» эпопеясында Бердіқожа (М.Әуезовтің ұлы ата-сы)Құнанбайға қызын «кішілікке бермеймін» дейді ғой, мұныбүгінгі оқырман «кіші» сөзінің мағынасынан шығарып, кішіәйелі ретінде, яғни тоқалдыққа бермеймін дегені деп ұғады, ал,дұрысында, кішілікке сөзін «әйелдікке» дегеннің баламасы дептүсіну керек, тіпті бәйбішені де бабаларымыз кіші деп атаған. Олдәуірлердегі тілімізде кіші, қатын сөздері норма болған бол-са,бұл күнде бірі көнеріп, мағынасы күңгірттеніп қолданыстанкеткен, екіншісі тұрпайы стиль элементіне ауысқан. Қазіргі қазақәдеби тілінде «біреудің әйелі, қосағы, жұбайы» мағынасы үшінде, жалпы «ұрғашы әйел заты» ұғымы үшін де жаппай, кеңқолданыстағы сөз – «әйел», демек, бұл – әдеби норма.

«Жаппай қолданыс» (употребляемость) дегенді жиі, активқолданыс дегенмен шатастырмаған жөн. Сирек қолданылатынсөздер де әдеби нормадағы элементтер болуы мүмкін. Айталық,көнерген сөздер, кейбір экспрессивті поэтизмдер, тар аумақтықкәсіби сөздер сияқтылар сирек жұмсалады, олардың өзге эк-виваленттері болмайды, сондықтан реті келіп жұмсала қалса,барлық жұрттың аузына түсетін, яғни жаппай қолданатын тіл-дікэлементтер болып саналады. Мысалы, көптеген көне сөздермақал- мәтелдердің, фразеологизмдердің құрамында сақталған,

59

Page 59: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

оларды бүгінгі қалың көпшілік түгел түсіне де бермеуі мүмкін,бірақ сол сақталған күйінде барлық жерде қолдана береді.Айталық, «әр ханның тұсында бір сұрқылтай», ереуіл атқа ерсалмай, өндірдей жас жігіт, қатуланып, қаттанып дегендерде-гі көрсетілген сөздерді мағыналарын анық білсін-білмесін,барша жұрт айта береді, бірақ оларды өте сирек (мысалы, Те-зек төре Сүйінбайға «болсайшы сен де менің сұрқылтайым»дейді) жұмсайды, олардың тіркесімдік қабілеті де шектеулібо-лады, осыларға қарамастан, олар да – әдеби нормадағысөздер болып саналады.

Нормалылықтың «көпшілік қолданатын» деген өлшемі«әдеби» және «әдеби емес» деген қатарларды анықтауда бастышарт болады. «Әдеби емес» параллельдердің түрлері әр алуан.Айталық, күні бүгінге дейін бірқатар сөздердің жуан не жіңішкеайтылатын қатарларының қайсысы әдеби норма екендігін бел-гілеу қиындық туғызып келеді: кәзір – қазыр, әулі – аула, заңғар– зеңгір, пара – пәре, кәйтіп – қайтіп. Мұндайда кодифика-ция арқылы, яғни мына варианты әдеби деп танылсын деген-ді сөздіктерде, әсіресе орфографиялық сөздікте, оқулықтардаәдейі көрсетіп, қолдан нормалауға тура келеді, бұған әдемі бірмысал келтіруге болады: бұл күнде және сөзінің осы тұлғадақалыптасып кеткендігі даусыз, тіпті соңғы ұрпақтар мұныңөзге варианты болғанын білмейді де, ал үстіміздегі ғасырдың40-жылдарына дейін арабша, латынша хат танып, жазып-сы-зып келгендер бұл шылаудың алғашқыда жана тұлғасын,бертін келе, 20-30-жылдардың ішінде, оған қосамжарлатыпжәне вариантын қолданғанын білеміз, оған сол кезеңдердіңуәкілі – өзіміз куәміз. Осы қатардан даража – дәреже, уағда– уәде, қазыр – кәзір, ары (тұр) – әрі тұр, әріп – қарып, аупы-рым – әупірім, бары – бәрі, ғазиз – әзіз, ғылым – ілім, доңғалақ– дөңгелек, ажыраю – ежірею, қисап – есеп, жадау – жүдеу, жай –жәй, жаудырау – жәудіреу, жаутаңдау – жәутеңдеу, залым– зәлім, заңғар зеңгір, қаны – кәні (қане – кәне), қария – кәрия,қоңырсу – көңірсу, шайы (көйлек) – шәйі (орамал), азар дегенде– әзер дегенде, ауаны – әуені сияқты параллельдерді көре ала-мыз. Бұлардың бір парасы ережемен реттеліп, бір ғана тұлғадакодификацияланды: және, дәреже, әріп, әзер (дегенде), аула

60

Page 60: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

дегендердің жана, даража, қарып, азар, әулі варианттары әдебиқолданыстан ығыстырылды, бірқатарының, әсіресе араб, парсыкірме сөздерінің екі (кейде тіпті үш) түрлі фонетикалық тұлғадақолданылғандарының екі варианты да «кәдеге асырыл-ды»:әрқайсысына жеке мағына телініп, яғни әрбірі қосымшасемаларға (қосымша, үстеме мағыналық реңктерге) ие болып,әдеби норма ретінде тіл «айналымына» түсті. Мысалы, ғылым –орысша «наука», ілім – «учение», доңғалақ – көбінесе арбаның,мәшиненің доңғалағы (бірақ бұл мағынада дөңгелек варианты дақолданылуы мүмкін), ал дөңгелек – пішін атауы: дөңгелек сызық,дөңгелек таңба; бірқатары қосарынан жұмсалып, қос сөзстатусын алды (есеп – қисап, жүдеп – жадау), ал көпшілігі әлікүнге дейін жарыса қолданылып, екеуі де әдеби тілде вари-анттар (балуан – палуан, пәле – бәле, шайтан – сайтан) қатарынтүзіп келеді, бұлар да, сөз жоқ, түптің түбінде не бөлек-бөлекмағыналық реңктер алып, екі сөз болып қалыптасады, не тір-кесімдік қабілетін (ретін, үйлесімін) түрлендіреді: айталық,«Түсіндірме сөздікте» жаудырау вариантының «көзі мөлдіреу,бейкүнә көзбен қарау» деген мағынасымен қатар «жарқырау»(жаудырап ағып жатқан бұлақ су), «жалтақтау, қия алмау»(ыстық мекені жаудырапартта қалды) мағыналары болса,жәудіреу параллелі көбінесе жәудіреген көз, жәудіреп қараудеген тіркестерде қолданылады (бірақ «Түсіндірме сөздік» бұлқатардың жіңішке вариантын әдеби норма емес, сөйлеу тілініңэлементі деп көрсеткен, біздіңше, екеуі де – әдеби нормадағысөз, тек қолданылу орындары, тіркесімдік сипаттары бөлек бо-лып келетін сияқты). Фонетикалық дублеттер (әлде вариант-тар)қатарын тек жуан-жіңішке параллельдер ғана емес, өзге де, ұяң-қатаң немесе с/ш, ө/ү, ұ/ы дыбыстары алмасып келетін сөздерқұрайды. Мысалы, диірмен – тиірмен, айғай – айқай, шама –сама (ішілген шайдың қалдығы), сопы – сұпы, тұну– тыну, тұнық – тынық, тозақ – дозақ, таба нан – тапа нан,тажал – дажал, саф (алтын) – сап (алтын), құбыла – қыбыла,жүзік – түзік, езгі – ізгі, былай – бұлай, мұнда – бұнда сияқтықатарлар мен й/г, й/ғ дыбыстар сәйкестігі сияқты тілдік өз да-муында пайда болған құбылыстың көне-жаңа варианттары да(киіз – кигіз, жейде – жегде, иесі – егесі) түпкі әдеби норманы

61

Page 61: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

анықтауда кейде оңай, кейде қиын шешімдер туғызып келеді.Бұлардың басым көпшілігі И.Ұйықбаев4, С.Бизақов5 сияқтығалымдардың арнайы жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде бір-шама жіктеліп (классификацияланып), нормативтік әлеуеттері(потенциалдары) айқындалып қалды. Ал енді бірқатарының әралуан сөздіктерде, оқулықтарда көрсетіліп, баспасөз беттеріндежиі қолданысы ескеріліп, әдеби норма деп танылуы – кодифи-кациялануы арқылы әдеби варианттары едәуір тұрақтана бас-тады дей аламыз. Мысалы, сопы, құбыла, жүзік, саф (алтын),тұнық (су), таба (ыдыс) тәрізді сөздердің екінші қатарларықолданыстан шығып барады дей аламыз. Ал енді айғай – айқай,диірмен – тиірмен, мұнда – бұнда (мұны – бұны, мұндай –бұндай т.т.), ізгі (ниет) – езгі сияқты қатарлардың екеуі де нор-ма ретінде сөздіктерден орын алып келеді. Әрине, күндердіңкүнінде бұлардың да біреуі тұрақтанып, екіншісіығыстырылуы сөзсіз. Сірә, мұндайда қайсысы жиірекқолданылатыны сияқты статистиканың да рөлі болатын боларнемесе сөздіктерде біре-уі ғана көрсетіліп, «күшпен»тұрақтандырылатын болар, тіп-ті мұндай кейбір қатарлардыңәрқайсысына қосымша мағына телініп, олар жеке-жеке сөзболып, «іске асып кетуі» және мүмкін.

Көпшілік қолданысына ие болу – нормалылықтың бір бел-гісідеп танылғанда, мұны тек жоғарыдағыдай лексика сала-сынанғана көріп қоймаймыз, семантикалық қолданыстардан да,грамматикалық амал-тәсілдерден де, стильдік қызмет түр-лерінен де, орфоэпиялық тәжірибеден де табамыз. Мысалы, біралуан сөздердің тек жағымсыз не жағымды мағынада ғана(реңкте) қолданылатындығы, сондықтан өзіне қатысты сөздердітаңдап жұмсалатындығы – әдеби норма. Айталық, арқасындасөзі жағымды мағынадағы тіркес құрайды: денсаулықтыңарқасында, байлықтың арқасында, таланттың арқасында, алаурушаңдықтың арқасында, жоқтықтың арқасында,дарынсыздықтың арқасында деп айтылмайды, ол әдеби норматүгіл, жалпы тілдік нормаға сыймайды. Жоғарыда да айттық,белшесінен батты, етек алды, тап болды деген фра-

4 Ұйықбаев И. Қазақ тіліңдегі варианттылық проблемасы. - Алматы: Ғылым, 1976 .

5 Бизақов С. Тілдік норма және варианттылық. - Алматы: Ғылым, 1997.

62

Page 62: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

зеологизмдер тек жағымсыз мағынаны білдіреді, сондықтанолар жағымды мағыналы сөздермен тіркеспейді. Мысалы,қамқорлық етек алды, қуанышқа тап болды, байлыққа бел-шесінен батты сияқты қолданыстар мүлде дұрыс емес (соңғымысалдар тіл қамқоршысы – Қабышевтың мақаласынаналынды). Сол сияқты көптеген етістіктер тек қана болымсызтұлғада жұмсалады, оларды болымды тұлғасы жоқ деуге бола-ды. Мысалы, бет қалмады ( «ұятты болды»), бет бақтырмады(«сөйлетпеді, жауап бергізбеді»), бет бұрдырмады(«мүмкіндік бермеді»), бетіне жан келтірмеді дегентіркестердің бет қалды, бет бақтырды, бет бұрдырды, бетінежан келтірді деген жағымды сынарлары жоқ.

Грамматика саласына келсек, бағындырушы мүше менбағынушы мүшенің орын тәртібі ежелден тілдің өзіндеқалып-тасқан: бастауыш баяндауыштан, анықтауыштолықтауыш, пысықтауыш өздеріне қатысты сөйлеммүшесінен, көбінесе баяндауыштан (не етістік түбіріненжасалған өзге мүшелер-ден), меңгерілетін сөз меңгерушіден(ақшаға бай, ақылға кенде деген сияқты) бұрын тұратындығы– норма. Бұл нор-ма ауызекі сөйлеу тілінде немесе белгілі бірстильдік мақсат көздеген тұстарда жазба тілде бұзылуы әбденмүмкін. Ал бүгінгі грамматикалық әдеби нормамыздың деніқазақ тілі-нің құрылымдық ішкі заңдылықтарына сайорнығып, кодифи-кацияланғанын баса айтуға болады.

Лексика, орфоэпия, орфография салаларына қарағанда, грам-матикада дұрыс деп (норма деп) танылған тұлға-тәсілдердіңкөпшіліктің жаппай қолданысында болуы, яғни нормалылық-тыңекінші шарты әлдеқайда басым. Солқылдақтау салалар– орфография мен орфоэпия. Әсіресе сөз сазы, яғни сөйлеу ак-тісінде сөздерді дұрыс дыбыстау (айту) нормалылықтың екіншібелгісіне келгенде әлсіздік танытады. Мұнда жергілікті ерек-шеліктерге қатысты алалық та (бір жерде, айталық, солтүстіктесөздерді жуан айту дағдысы болса, екінші өнірлерде,мысалы,оңтүстікте оны жінішке айтушылық) орын алады (пара – пәре)немесе ш/ч (шатақ – чатақ), к/ш (әпке – әпше), б/п (бәле –пәле, балуан – палуан, бұт – пұт) дыбыс алмасулары жергілік-тіерекшеліктерде орын алатыны белгілі. Тілдің өзге тарамда-

63

Page 63: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

рымен салыстырғанда, сөз сазындағы нормалылық әлдеқайдаауыр, кеш қалыптасып орнығады. Бұл заңдылық тіл-тілдіңқай-қайсысына да тән.

Бұл күнде орфоэпиялық нормалары кодификацияланып,ережелері айқын түзіліп, көптеген құралдары (орфоэпиялықсөздіктер, анықтағыштар, оқулықтар, нұсқаулар, әдістемелікқұралдыр т.т.) жарық көріп жатқан орыс қоғамының өзінде ор-фоэпия мәселесі тым кешеуілдеп қолға алынғанын ғалымдарыайтады. Атақшы сөздікші Д.Н.Ушаков 1928 жылы: «Мектеп-терімізде сөзді дұрыс айту (орфоэпия) теориясы деген әлі жоқ,мұғалімдердің көбі орфоэпия терминін білмейді», – депқынжылған болатын. Жалпы орфоэпиялық нормалар ұлттықәдеби тіл едәуір дамыған кезенде мықтап қолға алынады.

Әсіресе әдеби тілдің әлеуметтік қызмет өрісінің бірі – шар-шы топ алдында сөйлеу бел алған кезде, оның ішінде теледидармен радио, театр мен жалпы сахна өнерінің түрлері қарқындыжұмыс істей бастаған тұстарда сөйлеу актісінде сөздердіқиюластырып, үндестіріп, сазды етіп айтылуына үлкен мәнберіледі. Орфоэпиялық нормалардың да дені тілдің дыбыстықзандарына негізделеді, содан көп шықпауға ұмтылады. Бұл жер-де нормалылықтың бір шарты – «көпшіліктің солай қолдануы»дегеннің рөлі айрықша. Дегенмен өзге салаларға қарағанда,жалпы тілдік нормалардан ауытқушылық орфоэпияда көбіреккездеседі және оның объективтік те, субъективтік те себеп-терібар. Ол ауытқушылықтар туралы және оларды туғызып отырғанфакторлар жөнінде сөз сазына арналған тарауда нақтыфактілермен кеңірек айтылады.

Норма деп танудың үшінші шарты – оның әлеуметтік қолдаутабуы, яғни қалың жұртшылықтың белгілі бір сөздің, тіркестің,грамматикалық тұлғаның, жаңадан жасалған не өзге тілдер-дененген сөздердің осы мағынада қолданысы, осы тұлғада айтылуыдұрыс сөздердің сөйлеу үстінде осылайша дыбыс-талуы жөн депмақұлдауы. Әрине, бұл – тілдік норманың «көпшілік дауыспен»шешілуі емес. Сол тілде сөйлейтін қалың жұртшылықтың«дұрыс» деген бағасы дүниеге референдум-мен келмейді, бұлбағаны бергізетін – белгілі бір норманың тіл табиғатына сәйкескелетіндігі, әрдайым қолданыста

64

Page 64: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

болатындығы, яғни нормалылықтың алдыңғы екі шартысоңғы үшінші шартқа алып келеді, өйткені адамдарда тілдегітүзулікті, дұрыстықты сезетін қасиет болады, ол дұрыстықтытеория жүзінде талдап-танымай-ақ, «Неліктен осы қолданысдұрыс?» дегеннің дәлелін іздеп жатпай-ақ, адамныңинтуициясы – «пат-ша көңілі» сезіп отырады. Дегенменбірсыпыра заңдылықтарды, әсіресе лексикалық, оның ішіндетерминологиялық, сондай-ақ орфографиялық, орфоэпиялықнормаларды кодификация арқылы тұрақтандырып,көпшіліктің қолдауын қамтамасыз етуге тура келеді.

«Көпшіліктің қолдауы» дегеннің өзі біршама шартты: нор-ма ауысу кезеңінде жаңа тұлға-тәсілдерді, сөздерді, тіркес-терді көпшілік бірден қабылдай қоймайтыны жиі кездеседі.Көпшіліктің ішінде жеке қаламгерлер, ғалымдар, оқу-ағартуісіндегілердің бірқатар топтары жаңа нормаларды (дәлірекайтсақ, жаңа сөздер мен тәсілдерді) қабылдамайды, жатырқайқарайды, тіпті сынап жатады. Мысалы, парсының -и жұрнағыарқылы сын есім жасау нормасы тілімізде ХХ ғасырдың 50-60-жылдарынан бастап жанданды деуге болады. әуелде бұлараб, парсы тілдерінен енген сөздерге жалғанса (тарихи, сая-си, адами, дүнияуи, мәдени), кейін келе сыни, қоғами дегендейқазақы сөздерге де жалғана бастады. Мұхтар Әуезов, ҒабитМүсірепов сияқты ірі жазушылар көпке дейін бұл норманықабылдамай өтті. Публицистикалық стильде қолданылуғабейім бұл тәсіл-норманы екі жазушының екеуі де өздерініңочерк, мақалаларында мақұл көрмей, тарихтық, саясаттық,адамгершілік, адамдық деген варианттарын қолданды. 50-60-жылдарда пайда болған оқырман, көрермен сөздеріне де біразқаламгерлер көпке дейін тосырқай қарады. Әрине, бұл– жұрнақ арқылы жаңа сөз жасау тәсілін жатсыну емес (ол– тілдің о бастан «бойына біткен», қалың жұртшылық ешбіройланбастан қабылдайтын табиғи нормасы), не жұрнақтыңөзін (шет тілдік -и аффиксін) қабылдамау емес, я болмаса -р+ман қосынды жұрнақтың беретін мағынасына шек келті-руемес, осы тәсілдермен жаңадан жасалған сөздердің тілдің өззаңдылығына дәл келмеуін сезіну. Жоғарды айттық: келершақ есімшеге -ман жұрнағын жалғағанда, әлі орындалмаған,

65

Page 65: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

орындалуға тақап қалған іс-әрекет, қимылды білдіретін етістік-тіжасайды, сондықтан оқырман, көрермен деген сөздерді әліоқымаған, көрмеген, оқуға, көруге тақап қалған іс-қимыл етістікдеп қабылдаудан шыға алмағандары байқалады. Белгілі бір тілдікжаңа норманың көпшілік дұрыс деп танып, жаппай қолданыпкетулеріне ол норманың (сөздің, тәсілдің, айтылу сазының,жазылуының) ережемен беркітіліп, хатқа тіркелуі бірден-бір рөлатқарады, әсіресе баспасөз беттерінде, радио мен теледидардажиі жұмсалуы тіпті тіл табиғатына қайшы ке-летінқолданыстарды да көпшілік қауымның қабылдап кетуіне үлкенәсерін тигізеді. Жоғарыда аталған оқырман, көрермен,тыңдарман немесе оқулық, әдістемелік, анықтамалық дегенжаңа тұлғаларды қазіргі жас буын тіпті жасанды сөздер деп,бертінде дүниеге келген туындылар деп сезінбейді.

Көпшіліктің жиі қолданысы арқылы (демек, қабылдауымен)кейбір бейнорма құбылыстардың дағдыға айналып кететінфактілері бар. Мысалы, сөздер аралығында, көбінесе тіптібіріктіріліп жазылған сөздерде қ, к дыбыстарының ұяңдайтынтұстарын ескермей, қатаң түрде айту дағдыға айналып бара-ды: шегара, көгөнүс, қыргүйөк, қолғойұлды, күнүгеше, балагез-де деп айтылуға тиіс сөздерді жазылуынша шекара, көкөніс,қыркүйек, күнікеше, балакезде деп дыбыстағандарды жиі ес-тиміз.

Міне, тілдік норма деп тануға қойылатын шарттар (крите-рийлер), яғни норманың белгілері, межелері туралы бүгінгіғылым анықтаған тұжырым-түйіндер және ол шарттардыңтәжірибедегі көрінісі туралы ізденістер – осындай.

66

Page 66: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

ТІЛДІК НОРМА ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚСТИЛЬДЕР

Тілдік норманы сөз етуде орыс тіл білімінде «тілдік жүйе-нің қаттаулары» («разные ярусы системы») дегенді жиі атапкелді. Осы орайда «сөз айтылған жағдай» («ситуация речи»),«стиль жағынан орынды» болуы («стилистическаяуместность слова») дегендерді де кездестіреміз.

Біз жоғарыда тілдік норма туралы ұғымды түсіндіргеніміз-де,норманы тануға қойылатын шарттарды, яғни норманыңмежелерін (критерийлерін) баяндағанда және варианттылыққұбылысын нормамен байланыстыра сөз еткенімізде –барлығында да оларды «жалпы әдеби тілдің нормасы» дегенпланда алып қарадық. Оның өзінде де әдеби тілдің жазба түрдеқолданысы нысанаға алынды. Әйтпесе тілдік норма дегеніміз– тек жазба әдеби тілдің «мүлкі» емес, диалектілік сөздер де,қарапайым сөзқолданыстарының да нормасы болады, яғниауыекі сөйлеуде де белгілі бір «белгілердің» нормалардыңболатыны аян. Бірақ тілдік норманың жазба және ауызекіқолданыстағы бөліністері, чех ғалымы Б.Гавранектің дұрыстанығанындай, түп-тамырымен өзгеше болып келетіндігіндеемес, белгілі бір нормаларды қолдану міндетті түрде болатын-болмайтындығында, оның үстіне жазба әдеби тілдің нормала-рыкодификацияланады (хатталады, тұрақтандырылады), ал ауызекісөйлеу нормалары кодификацияланбайды, «еркіндік» молболады. А.М.Пешковский жазғандай, әдеби тілде сөйлеуші(жазушы) адам ойын әйтеуір айтып (жазып) беруді ғана емес,қалай айтып (жазып) беруді көздейді, тілдегі дұрыстықты (иде-алды) ұстауға тырысады, демек, әдеби тілдік нормада екі мақсатқатар көзделуі керек: ойды білдіру және оны мәдениетті түрде,яғни белгілі дұрыстық, көркемдік нормаларын сақтап білдіру.Әдеби тілдің нормалары «жалпақ жұртқа» (халыққа), барлықаймаққа тегіс міндетті, ортақ болатын болса, ауызекі сөйлеудежергілікті ерекшеліктерді қолдану дәстүрі адамдардың «мәдени»(сауаттылық, тілге деген ұқыптылық т.т.) дәрежесі сияқтыфакторларды, міндеттілікті қажет етпейді.

Оның үстіне қазіргі қазақ әдеби тілінің нормаларына кел-генде, олардың жалпыға ортақтығын, міндеттілігін айтуменқатар, функционалдық стильдерге бөліп қарау керектігі де

67

Page 67: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

назар аударады. «Қазіргі қазақ әдеби тілі» деп, кезеңге қарайәдейі атағанымыздың себебі – тілдік норма дегеніміз тілдің өзісияқты – динамикалық «тірі» құбылыс. Тілдің әр кезеңдегіішкі («құрылымдық») және сыртқы (экстралингвистикалық)дамуына қарай, нормалары да әлеуметтік өзіндік сипат алақалыптасады. Бұл жердегі әңгімеміз синхрондық жәнефункционалдық нормалар жайында болмақ.

Тілдік норманы міндетті түрде қолдану бар да, ыңғайынақарай қолдану бар. Айталық, орыс тіл мамандарының(Б.Н.Головник т.б.) тануынша, грамматикалық, орфоэпиялық,орфографиялық, пунктуациялық нормаларды қатаң, міндет-тітүрде сақтау керек, ал стилистикаға келгенде ыңғайына қарайбосаң нормаларға да иек артуға болады дейді. Тілдіңфункционалдық стильдерге қарай ажыратылатын нормаларыстилистикалық нормалар дегенмен бір емес. Соңғысы тіл-дідұрыс қолданудың үстіне әсем (искусная речь) қолданудыкөздесе, функционалдық стильдердің әрқайсысына тән(өзгелерінен ажыратылатын) азды-көпті нормалары дегеніміз– жалпы тілдік нормалар аясына кіреді.

Грамматика саласында: өткен шақ есімшенің жұрнағы - тын(-тін) және -тұғын болып екі вариантта кездеседі. Мұныңалдыңғысы – қатаң норма, ол – қазіргі нейтральдық норма, яғнифункционалдық стильдердің баршасында қолданылады, ал-тұғын варианты – негізінен көркем әдебиет, оның ішінде поэзияүшін норма, сол сияқты мен ~ менен деген шылау мен септікжалғауы -дай ~ -дайын тәрізді теңеу жұрнағын, да ~ дағышылауының алдыңғы сыңарын әдеби норма деп, екіншіқатардағы варианттарын бейнормалық деп танушылар бар. Бұл –әдеби норма деп тек публицистикалық, ғылыми, ресмистильдерді ғана көздеп айтылған таным. Ал көркем әдебиет тіліде – әдеби тілдің функционалдық стильдерінің бірі екен-дігінескерсек, бұлайша пайымдау дұрыс еместігі байқалады. Олкүнде XV ғасырлардан басталған ақын-жыраулар тілі, ке-шегіМахамбеттің, Бұхардың, Жамбылдың, тіпті ұлы Абайдың тілі деәдеби тіл үлгісі деп танылмас еді. Абайдың өзі өлеңнің өлшем,ұйқас сияқты шарттарына қарай, тіпті прозасының өзінде мен ~менен, -тын~-тұғын, да~дағы варианттарын ер-кін қолданғанынбілеміз: «Осы өлең оқитұғын дұғам менің...», «Арзан жалғанкүлмейтін шын күлерлік...», «Ақыл менен

68

Page 68: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

білімнен әбден үміт үзіппін...», «Саған құрбан мал мен бас...»,«Сүйтсе дағы елімді ұстай алмадым мығымдап...». Мұндаймысалдарды қазіргі қазақ поэзисы тілінен де молынан келтіру-геболады. Ал тілдің даму барысына үңілсек, -тұғын, менен, дағыварианттары тек сөйлеу тілі емес, күні кешеге дейінгі по-эзия,тіпті прозалық үлгілерінде әлдеқайда жиірек қолданылғаннормалық тұлғалар екенін дәлелдеуге болады. Мұны біз Абайтілін зерттеген, қазақ әдеби тілінің XV-XIX ғасырлардағы тари-хын баяндаған еңбектерімізде айқын көрсеткен болатынбыз6.

Синтаксис саласында да бағыныңқы сөйлемнің, әсіресебаяндауышы деп-ке аяқталатын түрлерінің басыңқыдан кейінкелетін үлгілері де көркем прозада да, тіпті публицистикалықүлгілерде де норма болғандығын дәлелдеп келеміз.

Лексика саласында: араб кірме сөздерінің екі, кейде үш фоне-тикалық вариантты болып келетіндерінің бірқатары көркемәдебиет стилінде қатар қолданыла береді. Мысалы, ұлы Абайөлеңдерінде ғашық ~ асық қатары өлең өлшеміне қарай бірін-бірі алмастыра алады. Сорлы асық сағынса да, сарғайса да –мұнда өлең жолы 11 буынды болу үшін қатар келген екісөздің аралығындағы екі дауыстының біреуі «жұтылып», үшбуынды болып айтылуы қажет: сорласық. Ақын бұл жердеғашық вари-антын қолдана алмаған, өйткені сорлы ғашықтіркесі 4 буын-ды болып кетеді. Ал ғашықақпын, еш күмәнсіздегенінде ақын кезеңінің өзінде-ақ жалпы тілдік ғашықвариантын алған, бұл жерде ғашық ~ асық жарыспалықатардың буын саны үшін айырмасы жоқ.

Тағы бір мысал: шайтан ~ сайтан варианттарының алдың-ғысының өзінің номинативтік мағынасында қолданылуы – жал-пы (барлық стильде) норма, ал сайтан варианты әрі фонетика-лық вариантқа айналып, әрі коннотаттық мағынаға («сиқырлы»)ие болып, тек көркем әдебиетте, көбінесе поэзияда орын алады.Бұл жерде әр функционалдық стильге тән белгілерді анықтаудаоларға қатысты тілдік нормалар дегенмен, бір жағынан, байла-ныстыра, екінші жағынан, ажырата қарау керек сияқты. Мыса-лы, біріншіден, екіншіден, әрине, қысқасы, сонымен, меніңше,біздіңше, пәленшенің айтуынша (пікірінше), ал деген сияқтықыстырма сөздер басқа стильдерге қарағанда, ғылыми стиль-

6 Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі. - Алматы, 1968. - 172-177-б.; Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. - Алматы, 1984.

69

Page 69: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

де, публицистикада жиі қолданылатыны – осы стильдерге тәнбелгілер. Бірақ бұларды өзге стильдерде қолданылмайдыдеуге болмайды, өзге, әсіресе көркем әдебиетте, оның поэзияжан-рында көрсетілген қыстырма сөздердің орын алуы сиреккез-деседі, ол – бұған белгі емес.

Немесе заң-сот материалдарында, ресми құжаттар тіліндесөздер негізінен номинатив (тура) мағынасында жұмсалады,бұл үлгілерде сөздердің сипаттаушы, суреттеуші, көріктеушіқатарлары қолданылмауға тиіс. Мысалы, ресми хабарлар-да,құжаттарда Президент деген сөз Елбасы деген суретте-месыңарымен ауыстырылмайды. Соңғы вариант көтеріңкі(пафостық) тонмен жазылған газет-журналдар тілінде, яғнипублицистикада, көркем әдебиетте, оның ішінде поэзиядақолданыла береді.

Ғылыми стильде ғылыми терминдердің мол қолданыла-тындығы, сөйлемдердің анық, түсінікті болуы – ғылыми жаз-балардың стильдік белгілері болса, мұнда да жалпы тілдік ортақнормалармен қатар, осы функционалдық стильдің әрі белгісі, әрінормалары болып келетін тілдік элементтер аз емес.

Әрине, тілдік нормалардың функционалдық стильдерге қарайазды-көпті айырмашылықтарын атағанда, көркем әдебиет стилінөзгелерінен бөлек алуға тура келеді. Жалпы тілдік бей-тарап(нейтрал) нормаларға жатпайтын бірқатар лексикалық жәнеграмматикалық тұлға-бірліктер көркем әдебиетте жұмсалаберетін, яғни нормативтік элементтер бола алады. Айталық,қарапайым сөздер, диалектизмдер, дөрекі сөздер, жаргондаржалпы әдеби тілдің лексикалық нормасынан тыс тұрады, оларресми публицистика, ғылым, кеңсе-іс қағаздары үлгілеріндеқолданыла қалса, бұл – нормадан уәжсіз (жөнсіз) ауытқу болмақ.Ал көркем проза мен драмалық шығармаларда бұлар көбінесекейіпкерлер тілінде, тіпті шығарманың жанрлық си-патына қарайавтордың өз баяндауында да қолданылуы норма болыптабылады.

Кейіпкердің қай өлке тұрғыны екенін көрсету үшін неме-сеоның мәдениеттілік, сауаттылық дәрежесін, мінез-құлқын(дөрекі, тәрбиесіз, жөнсіз қасиеттерін) аузынан шыққан сөзіарқылы бейнесін күшейте түсу үшін жазушы жалпы лексикалықәдеби норма шенберінен шығып кетеді, бірақ олардың

70

Page 70: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

қолданысы көркем әдебиет стилі үшін уәжді (дәлелді, орынды)болып тұрады. Бұған көптеген мысал келтіруге болады, мұнытіпті кез келген сауатты оқырман көркем шығарманы оқыпотырғанда өздері де көре алады. Мысалы, Қалихан Ысқақовтың«Ақсу – жер жаннаты» деген романының тіліне зер салсақ, үлкенбір юмормен жазылған дүние сияқты. Мұнда «маусымдық кәсіпқуған калымщиктерден басқа барлық жібі түзу де, жібі қисық та,қысқасы, «тайганың ақ жапалағындай шақырайып тас кереңотырған кесір шалына» дейін кейіпкерлерінің тілі қыршанқыболып келеді. Автор олардың аузына әкри, ләухи, шорту сияқтыодағай іспеттес ауызекі элементтерден бастап,бет-мордасы (бет-әлпеті дегеннің орнына), түйекөтен (по-мидор), қотқа жүрмейді («қағазсыз қара басыныз бұл күндеқотқа жүрмейді»), ассалау («ұрының кәсібі тілге зар емес,ассалауы не, атанның басы не») деген тәрізді әдеби нормадантыс тұрған элементтерді салады. Қарапайым сөз, тұрпайы сөз,макаронизмдер деп аталатын тұлғасын мейлінше өзгертіп, ке-кесінмен, мысқылмен қолданылған өзге тілдік сөздер мен сөзорамдары кейіпкерлерінің диалогтерінде де, автордың өз ба-яндауында да орын алған: «Бекет осымен біржола шоңқиған...Бекет начальникті таяқ туқылымен күситіп бір жібергісі кептұрды...», «қотанаяқ тракторист», бүпит (буфет), әрісдомкрат(аристократ), төріс (турист). Бұлар – әрине, стильдікмақсатпен қолданылған бейәдеби бірліктер.

Сөйтіп, көркем әдебиет үлгілері өзге стильдердің элемент-терін де, диалектизмдер, архаизмдер, кәсіби сөздер, қарапайымсөздер, дөрекі сөздер, жаргондар, ауызекі сөйлеу тілінің бел-гілері сияқты бейәдеби тұлға-бірліктерді де, архаизмдер, кәсібисөздер сияқты сирек қолданыстағы элементтерді де ер-кінжұмсай алады, өйткені көркем әдебиет тек коммуникатив-тікемес, эстетикалық функцияны да қоса арқалайтындықтан, өзгестиль үлгілерінен оқшау тұрады. Осы ерекшеліктерінен болар,кейбір зерттеушілер көркем әдебиетті функционалдық стильдерқатарына қоспайтын-ды. Көркем әдебиет туын-дыларында өзнормаларын қатаң сақтайтын тұйықтық жоқ, ол көп қырлы стильболып келеді. Қайталап айтсақ, көркем әдебиеттің барлықжанрлары, әсіресе поэзия тілі поэтикалық (эстетикалық-көркемдік) сөз өрнегіне жиірек барады, ал

71

Page 71: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

поэтикалық амалдар тіл құралдарын барлық кеңістіктен, яғнибарлық функционалдық стильдерден іздетеді. Өзгестильдердің элементтері де, әдеби нормадан тыс тұрған тілдіктұлғалар да көркем әдебиетте белгілі бір стильдік жүк арқалаптұрады, яғни олардың көркем шығармаларда орын алуыныңуәжі (мо-тиві, себебі, дәлелі) болады. Сондықтан бұлардаауызекі сөйлеу тілінің де, кітаби жазба тілдің де белгілерітоғысады. Көркем туындылар тілінің бұл қасиеті, кейбір қазақзерттеушілері атағандай, «кемістігі» емес ( «көркем әдебиеттеәдеби норма-дан тыс жөнді-жөнсіз ауытқулар көп ұшырайды,сондықтан басқа стильдер тіліне өнеге-үлгі бола бермейді» –М.Балақаев), ерекшелігі болып келеді.

Әр функционалдық стиль нормаларының әдеби тіл норма-ларына қатысы, алатын орны, даму әлеуеті деген мәселелергекелгенде, бұл проблеманы өз алдына бөлек, кеңінен сөз ету(зерттеу) қажеттігі байқалады.

Көркем әдебиет стилінің нормаларын тануда алдымен бұлстиль үлгілерінің өзін көркем проза, поэзия, драматургия,көркем публицистика, шаршы топ алдындағы ауызша көркемсөз (мұны ауызекі сөйлеумен шатастырмау керек) деп бөліп-бөліп қарап, әрқайсысына ең бір тән нормаларын сөз ету керекболады. Ал көркем прозаның өзін:

тұрмыстық оқиғаларды баяндайтын әңгіме, новеллалар; тарихи шығармалар; кең планды эпопея, романдар;фантастикалық шығармалар; көркем публицистика; сатиралық туындылар; философиялық эсселер.

деген сияқты тақырыптық, жанрлық түрлерге бөліп қарап,әрқайсысына тән тілдік-көркемдік нормаларды айқындауқажеттігін де баса айтамыз. Бұлардың стильдік белгілері ментілдік-көркемдік нормалары көбінесе тоғысып жатады жәнеол нормалар бейнелілік, әсерлілік сипат бере жазылған өзгестильдер үлгілерінде, мысалы, көпшілікке арналған жартылайғылыми-публицистикалық кітапшаларда, очерк-терде,мақалаларда, баспасөз беттеріндегі пафостық үні баринформациялық материалдарда ішінара қолданылуы мүмкін.

72

Page 72: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Бірақ бұл қолданыстар – көркем әдебиеттен басқа стильүлгілерінің нормасы емес, яғни негізгі стильдік белгілеріемес, стильаралық «ауыс-түйістер», «қолғабыстар» санатындатаны-лады.

Көркем шығармалардың әр түріне тән белгілер де барлы-ғынаортақ норма болып есептелмейді. Мысалы, тарихи ро-мандардажиі қолданылатын көнерген сөздер, этнографиз-мдер,морфологиялық көне тұлғалар, синтаксистік көне түзілімдеркөркем шығармалардың өзге түрлерінің бәріне тән емес.Мысалы, Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» деген тари-хироманының екі кітабында қолданған шортабегі, есікағасы,ғаскербасы, сипағсалар, аталық, қарашабек, құма, емелдес,тұтқауыл, ертауыл, маңдайсүбе сияқты көнерген сөздер,сондай-ақ Әбіш Кекілбаевтың «Үркер», «Елең-алаң» аттыдилогиясында кездесетін күлдірмамай, жекеауыз, бірауыз,қандыауыз, жездауыз, шиті, берен сияқты көне мылтық,қару-жарақ атаулары, жалаңқат, зере, кіреуке, дулыға, жағысияқты әскери сауыт-сайман аттары, даңғырашы, сайыскер,қылышкер, садақшы, айдауыл, торуыл, тосқауыл, қарауылтәрізді әскери топ аттары қазіргі заманды суреттейтін роман-дар мен әңгіме-повестерде мүлде кездеспеуі – заңды, яғникөне тұлға-тәсілдердің жиі қолданылуы – жалпы көркемәдебиетте норма емес болса, тарихи шығармаларда бұлар –нормадағы қолданыстар.

Сол сияқты жергілікті ерекшелік деп аталатын диалек-тизмдерді көбінесе кейіпкерлер аузына салғанда жазушыстильдік мақсатты діттейді: кейіпкердің белгілі бір өңірдіңтұрғыны екенін көрсеткісі келеді (мысалы, М.Әуезовтің«Білекке білек» әңгімесінің кейіпкері Мақпалдың ОңтүстікҚазақстанның тұрғыны екенін білдіреді), сол сияқты әдебинормадан тыс тұратын қарапайым сөздер, кейде тіпті дөрекісөздер, макаронизмдер деп аталатын бөгде тілдік элементтер– кейіпкер бейнесін айқындай түсетін тілдік құралдар болады(мысалы, Қалихан Ысқақовтың «Қара орман» романындағы«калымшіктердің» диалогтеріне назар аударыңыз).

Демек, жанр, тақырып түрлеріне қарай көп қырлы болып ке-летін көркем прозаның нормалары бір алуан болса, поэзияныңтілі, оның заңдылықтары (нормалары) – өз алдына бөлек сөзететін сала. Поэзия тілінің нормалары өлеңнің ырғақ, өлшем,

73

Page 73: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

дыбыс гармониясы – эвфония, поэтикалық синтаксис шартта-рына сай сөз таңдауда, сөйлем құрастыруда жалпы әдебитілдің лексикалық, грамматикалық нормалары шеңберіненшығып кететін қолданыстар болады. Мұнда да поэтикалықойды (образды) күшейту үшін бірқатар ақындар тосынсөздерді із-дейді, олар қарапайым сөз, жергілікті сөз, архаизм,сирек қолданылатын бөгде тілдік сөздер қатарларынантабылады. Мысалы, ақын Қуандық Шаңғытбаев «Қасымөлімін есіткен-де» деген өлеңінің:

Қатардың мен де сондай дүрі болсам, Құлшынған илхам ұлы, ірі болсам, –

деген екі тармағында дұр, илхам сияқты сирек қолданылатынсөздерді поэтикалық қуаты, яғни оқырманға беретін әсерікүшті құралдар ретінде таңдайды. Бұларды поэтикалықстильдің нор-масы, белгісі дегеннен гөрі, «стильдік бояу» дептапқан дұрыс, дегенмен бұл сияқты тосын, кәнігі емесқолданыстардың (сөздердің, тұлғалардың) көркем әдебиетте,оның ішінде өлең тілінде еркін, жиі кездесуі –функционалдық стильдердің нормаларын және стильдікбелгілерін де бір-бірінен айырып тұратын өлшем.

Қазақ тілінің функционалдық стильдерінің бір-бірінен айы-рым белгілері көрсетіліп келеді. Ол белгілерді қазақ тілін зерт-теушілер орыс тіл білімінің танымынан шығарып, яғни соғанорайластырып айтатынын мойындаймыз. Бұған, біріншіден, тіл-тілдегі функционалдық стильдер табиғатының, қызметініңуниверсалий (ұқсас, ортақ, бірдей) құбылыс екендігі не-гіз болса,екіншіден, ресми-іс қағаздарының, ресми ақпаратматериалдарының, тіпті ресми публицистиканың, ғылымиәдебиеттің, қазақ тілі мен әдебиетінен басқа пәндер бойыншажазылған мектеп оқулықтарының күні кешеге дейін көбінесеорыс тілінен аударылып ұсынылып келгені себепкер болды.Сондықтан публицистикалық стиль жалпы әдеби тіл нормасынқатаң сақтайды, әдеби нормадан тыс лексикалық тұлға-бірлік-терді – диалектілік, қарапайым, жаргон сөздерді пайдаланбай-ды,морфологилық тұлғалардың да бәсең нормаға жататын ва-рианттарын (мысалы, -тұғын, менен, дағы) қолданбайды, жал-пы синтаксистік нормаларды да қатаң сақтайды, яғни сөйлеммүшелерінің, құрмалас сөйлем компоненттерінің орын алма-

74

Page 74: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

сып келуі кездеспейді деген белгілер аталады. Бұл белгілер– осы стильдің тілдік нормасы болып та есептеледі.

Ғылыми стильде де нормадан тыс тұратын сөздер қолда-нылмайды, морфологиялық тұлғалардың да жалпы тілдік бей-тарап (нейтрал) варианттары жұмсалады, сөйлем құрылысыда тілдік қатаң тәртіпті сақтайды, сөздердің дәл (денотаттық)мағыналарын жұмсау үстем болады, баяндау барысында син-таксистік нормалардың да жалпы тілдік варианттарына жолберіледі. Бұл стильде ғылыми терминдердің, оның ішіндежалпы әдеби тілдік нормаға енбейтін, тар ауқымды мамандықтерминдері деп аталатындарының да еркін әрі жиі орыналуын ғылыми әдебиеттің стильдік белгісі де, нормасы дадеуге бо-лады.

Кеңсе-іс қағаздарының стильдік нормалары (әрі белгі-лері)өзгелерден мүлде ажыратылып көрінеді, мұнда шаб-лонқұрылымдар: сөйлем түрлері, сөз тіркесімдері, мәтінніңқұрылымы орын алады, лексикалық норма қатаң сақталады,сөздердің метафора, теңеу, эпитет сияқты көріктеуіш қызметтежұмсалуына, сөздің коннотаттық мағынада келуіне жолберілмейді. Әсіресе заң-закон, қаулы, ереже сияқты ресмиқұжаттардың тілдік нормасы берік әрі тұрақты болуы шарт.

Ал бұлардың барлығынан оқшау тұратын – көркем әдебиетстилінің нормалары. Әрине, бұл айтылғандардың барлығы –функционалдық стильдердің әрқайсысының тілдік сырттайбел-гілері және соларға орай нормалары туралы. Ал әрбірстильдің өз ішінен мазмұндық-жанрлық бөліністеріне қарайжәне функционалдығына (мақсатына) орай бөлшектеп,әрбіреуіне тән шағын белгілерін (детальдарын) көрсетерболсақ, сөз жоқ, функционалдық стильдер нормаларын жеке-жеке өз алдына ғылыми ізденіс объектісі етуге тура келеді.

Тақырып желісіне орай, алдымен, ұлттық көркем - әдебинормалар туралы сөз етіп алу керек. Ұлттық әдеби тіл нормасымен ұлттық көркем әдебиет нормалары дегендер – бір катего-рияемес. Әдеби нормалар – жалпы тілдік нормалар, ал көркем әдебинормалар – функционалдық көркем әдебиет стилінің нормалары.Стильдердің қай-қайсысының да тірегі, негізі, қазығы, қоймасы –ұлттық әдеби тіл, соның нормалары. Демек, көркем тілнормалары – тұтастың бөлшегі, жалпының тармағы ретіндетанылуға тиіс. Қазақ тілінің тілдік нормасы дегеніміз

75

Page 75: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

– алдымен, осы тілдің жүйесіне, яғни табиғи, тұрақталған,орныққан фонетикалық, лексикалық, грамматикалық заңды-лықтарына сәйкес келуі керек, екіншіден, дәстүрлі болуы шарт,үшіншіден, солай қолданылып кетуге, яғни тілдік узус дегенгеқатысты болуы керек. Демек, жалпы тілдік әдеби норма дегеніміз– белгілі бір кезең ішінде, мысалы, қазіргі кезеңде, көпшілікқабылдаған, тұрақталған қолданыстар, атап айтқанда: сөздердіңденотаттық та, коннотаттық та мағынасы, олардың бір қалыптағыкөбінесе вариантсыз фонетикалық-графикалық көрінісі(тұлғасы), сөз жасау және сөз өзгерту мо-дельдері, синтаксистікамал-құрылымдары. Бұл жерде «белгілі бір кезең ішінде» дегентүсінік әдейі айтылады, өйткені тілдік нормалар – бір уақыттапайда болып, ешбір өзгермей, қатып қалатын категория емес.Тілдің өзі сияқты оның нормалары да– «тірі», «жанды» құбылыс. Айталық, норма ретінде танылғанбелгілі бір қолданыс (сөз, емле тәртібі, грамматикалық амал т.т.),айталық, дәл сол кезеңде дұрыс деп көпшілік қабылдаған нормаболғанмен, тіл тәжірибесінде өзгеріп, «үлгілік» сипаты-нанайрыла бастауы мүмкін немесе «норма» деп көрсетілгенінеқарамастан, кейбір қолданыстар оған бағынбай, күнделіктібаспасөзде, радио мен теледидарда, шаршы топ алдындағышешендік сөздерде, тіпті ғылыми әдебиетте, әсіресе мектепоқулықтарында қолдау тауып, кеңінен жұмсала бастайды дабірте-бірте нормаға айналады. Мысалы, жалпы грамматикалықнорма бойынша етістіктің өткен шақ есімшелі сұраулы мәндіқұрылымы барған жоқ па, келген жоқ па деген модельде ке-луі тиіс.Бұл – жалпы тілдік норма. Соңғы жылдарда, әсіресепублицистикалық стильде осы модельдің орнына барды емеспе, келді емес пе деген құрылым жиі көріне бастады. Әрине,көп уақытқа дейін мұның екі варианты да жарыса қолданылабереді, бірақ соңғысын нормадан тыс қолданыс деп сызыптастай алмаймыз, өйткені оның грамматикалық мағынасы,қызметі, түсініктілігі алдыңғы вариантпен бірдей, жасалуындада тілдік жүйеден ауытқу жоқ.

Жалпы әдеби тілдік кейбір норманың өзгеріп, дәлірекайтсақ, бірте-бірте ығысып, жаңаларының әлеумет тарапынанқолдау табуы әсіресе сөзжасам саласында көзге түседі. Жаңасөз тудыру, яғни сөзжасам құбылысының активтенуі – бүгінгітіліміздің талабы, ал тіл ол талапты қазіргі өмірдің, қоғамның,

76

Page 76: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

мәдениет, ғылым, техниканың даму тоқпағы туғызып отыр.Бұған норма болып келген кейбір сөз тудырушы жұрнақтардың (-у, -ушы, -ыс т.т.) пассивтенуі, оның орнына бұрын сирекқолданылатын өзгелерінің (-ым, -л+ым т.б.) активтену неме-сеекі тұлғаны біріктіріп, жаңа семантикалық бірлік туғызу сияқтықұбылыстар мысал бола алады. Бұлардың барлығы – тілдіңқұрылымдық нормаларына қатысты әңгіме. Ал нормағакелгенде, жоғарыда айттық, құрылымдық жалпы тілдік әдебинормамен бірге, көркем әдеби нормалар жеке сөз болуға тиіс.

Алдымен, «қазақ әдеби тілінің ұлттық белгілері қандай?»дегенге назар аударсақ. Өзге халықтардың мейлінше дамығанұлттық тілдері сияқты, қазақ тілінің де әдеби тіл ретіндеқалыптасып, әрі қарай дамыған және жетіле түскен тілініңұлттық сипат алғаны – заңды құбылыс. Әр халықтың ұлттықтілі дегеннен кейін, олардың бір- бірінен азды-көпті айы-рымбелгілері, яғни өзіне тән заңдылықтары болмағы бел-гілі.Қазіргі қазақ тілінің ұлттық белгілері туралы бұрынды-соңдыешбір зерттеуші арнайы қарастырып әңгіме еткен емес. 1990жылдарда біз әдеби тіліміздің тарихына және көркемәдебиетіміздің тілін тануға арналған еңбектерімізде азын-аулақ сөз ете бастаған болатынбыз7. Мұнда шамамен мынадайбел-гілерді атадық:

1) қазақ әдеби тілі басын аса бай ауыз әдебиет тілі менауыз-ша туып, ауызша тараған ақын-жыраулар поэзиясы жәнеше-шендік қара сөз үлгілері тілінен алған ұзақ дәстүрлі,бірнеше ғасырлық тіл екендігі;

2) аса бейнелі (образды) көркем тіл екендігі, яғни бей-неліфразеологизмдердің, синонимдік қатарлардың молдығы,тілдік бірліктердің көріктеу құралдары болу әлеуетінің(потенциалының) күштілігі;

3) лексикалық қазынасы өте бай тіл екендігі;Сөз байлығы тек оның санымен өлшенбейтіндігі, лексика-лық

мүмкіндіктерінің молдығынан көрінетіндігі белгілі; қазақлексикасының тарихи бейтарап (нейтралдық) қабатының өзіақпараттың қай түрін беруде де мұқтаждықты өтей алатындәрежеде екендігі, бұған лексикалық топтардың стильдік қыз-метпен, ассоциациямен келетін қолданыстарына жиі иек артуысияқты амал-тәсілдер қосылғанда, ана тіліміздің атауыштық

7 Сыздық Р. Сөз құдіреті. - Алматы: Санат, 1997. - 191-192-б.

77

Page 77: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

қазынасының орасан зор байлығын, ол байлықтың көркемәдеби нормалардың ұлттық көрінісі болып танылатындығынайтуға болады. Халықтық терминология деп аталатын ата-улар топтары сол халықтың дүниетанымымен, табиғатпенқарым-қатынасымен, әр нәрсені, әр құбылысты бағалауыштықсезімталдығымен тығыз байланысты болып келеді. Қазақтар– табиғатты жақсы білген, табиғатпен етене өмір кешіп келгенхалық, ал табиғат адамды дәлдікке, қарама-қарсы полюстердідөп басуға, әр заттың, әр құбылыстың нәзік қырларын ажыра-тып отыруға мәжбүр етеді, осының нәтижесінде қазақ тіліндежеке атаулар молайған, синонимдер қатары көбейген, әсіресесындық таным аттары: сын есімдер мен үстеулердің жарыспақатарлары – синонимдер, қайшы қатарлары – омонимдер менболымды-болымсыз тұлғалар қазақ тілінің лексикалыққазынасының аса бай екендігін көрсетсе, ол байлық ұлттықбелгісінің бірі болып танылады.

4) Сөздік құрамды толықтыруда лексикалық-грамматикалықмүкіндіктері күшті дамыған тіл екендігі, яғни сөз жасаутәсілдерінің икемділігі, өзге тілдерден сөз қабылдау қабілетініңкүштілігі, семантикалық құрылымдарға бейімділігі – қазақ әдебитілінің ұлттық белгісінің бірінен саналады.

5) Қазақ халқы мекендеген ұлан-ғайыр территорияныңбарлық аймағына ортақтық сипатының күштілігі, яғнидиалек-тілік ерекшеліктердің әлсіз, аз болып келгендігі.

Қазақ көркем әдеби тілінің ұлттық сипаты негізінен осыкөрсетілген белгілерден шығады, оның нормалары осын-дайұлттық сипатына үндесе қалыптасқан. Әрине, мұндайбелгілердің бірқатары өзге тілдердің де ұлттық сипатын та-нытады, айталық, сөздік қазынаның байлығы, сөз құбылтуикемділігі, бейнелі бірліктердің молдығы, әдеби дәстүрдіңұзақтығы сияқты белгілер көптеген тілдердің ұлттық нышан-дары болып келеді. Қазақ көркем тіліне келсек, оның бастаукөздері диалектілік ерекшеліктерге бөлінуден жоғары тұруы,ауызша дамыған авторлы әдебиеттің, оның тек поэзия жанрығана емес, ауызша әңгімелеу, баяндау сияқты проза жанрының дабелгілі рөл атқарып келгендігі, көркем сөздің «шешен-дік сөз»деп аталатын авторсыз (фольклорлық) және авторлы түрінің деорасан зор ықпал етіп келгендігі – осылар, қазақ

78

Page 78: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

тілінің өзге тілдерден бөлекше келетін ұлттық белгілері.Аталған белгілердің толық еместігін және бұл – арнайы зерт-теген ізденістің тұжырымы еместігін ескертеміз. Ұсынылғанпікірдің жалпылық сипатын да мойындаймыз.

Тіліміздің жалпы құрылымдық нормаларымен қатар, көр-кемдік-эстетикалық заңдылықтарын (нормаларын) қалыптас-тыратын, беркітетін, әрі қарай ұластыратын, қалың жұртшы-лыққа ана тілінің байлығы мен әсемдігін танытатын, солбайлық пен әсемдікті дұрыс пайдалана білуге тәрбиелейтінқұралдың бірі – көркем әдебиет. Демек, қазақ тілі мәдениетінкөтеруде қазіргі кезеңдегі көркем әдебиет стилінің орны, рөлі,қызметі ерекше.

Көркем әдебиет – өнер туындысының бірі сөз өнерініңқұралы, шеберлік дүкені («дүкен» дегенді ұстахана, шеберхана,мастерская мағынасында жұмсап отырмыз). Көркем шығарма– өнер ескерткіші болғандықтан, бір жағынан, сол өнердісомдайтын ұстаның: жазушының, ақынның, публицистің,драматургтің шеберлігін сөз ету керек болса, екінші жағынан,көркемсөз иелері әдеби тіл нормаларын белгілеуші, жетіл-діруші, сақтаушы болғандықтан, олардың бұл нормалардыұстануы немесе олардан ауытқуы тұрғысынан да әңгімеболуы тиіс. Лингвостилистика және тіл мәдениеті дептанылатын бұл екі саланың екеуінің де зерттеу нәтижелерібелгілі кезеңдегі, айталық қазіргі, қазақ көркем әдебиеттілінің жалпы әдеби тілдің даму бағытымен, дамупринциптерімен өлшенетіндігін көрсетеді. Сондықтан бұлорайда қай тұрғыдан болса да, сөз болатын тіл мәселесі,сайып келгенде, тілдік нормаға барып тіреледі.

Қазақтың көркем әдебиеті стилінің жалпы нормаларын сөзетумен қатар, бұл әдебиеттің өз ішінен проза, поэзия, драма-тургия деп бөлінетінің де ескеріп, әрқайсысының стильдік бел-гілеріне орай тілдік нормаларын талдап-тану қажет. Айталық,көркем әдебиеттің проза жанры – өзгелеріне қарағанда,әлдеқайда кең ауқымды, яғни тілдің барлық функционалдықстильдерінің элементтерін пайдалана алады, онда «стильдіктұйықтылық» деген болмайды, ол – «көп қырлы» стиль. Поэ-зиятілі – көркемдіктің қоймасы болғандықтан, онда өзіне тән, тілдікқұралдарды таңдап жұмсау принциптері бар, өлең тілі

79

Page 79: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

– поэтикалық сөз өрнегіне, сол өрнекті жасайтын тәсілдергежиірек барады. Сөздің, грамматикалық тұлғаның, синтаксистікқұрылымның экспрессиясы күштілерін таңдайды. Бұл таңдаулартосын, жалпы тілдік нормаға сыя бермейтін элементтерді қажететеді. Поэтикалық норма өз алдына басқаша дүниелердентұрады. Драматургия дегеніміз – көбінесе адамдардың өзарасөйлесуінен жасалатындықтан, ауызекі сөйлеу тілінің норма-ларын ұстануға бейім келеді, демек, мұндағы көркем тілдікнормалар проза мен поэзия жанрынан өзгеше болып келеді.Сонымен қатар бұл үш жанрдың нормалары бір-біріне ауы-сып,ұласып та келетін тұстарын жоққа шығаруға болмайды. Мысалы,қазақ драматургиясында ақ өлеңмен немесе тіп-ті кәдімгі өлеңүлгісімен жазылған шығармалар баршылық. Мысалы, ҒабитМүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты», «Қозы Көрпеш-Баянсұлу»пьесалары, Мұхтар Әуезовтің «Қарагөзі», «ҚарақыпшақҚобыландысы», Тахауи Ахтановтың «Ант», ҚалиханБекхожиннің «Ұлан асу», Әбіш Кекілбаевтың «Абы-лай хан»,Софы Сыматаевтың драмаларының кейіпкерлерінің тілі –күнделікті ауызекі сөйлеу тілінің әдеби үлгісі емес, нағызпоэтикалық толғаныстар мен ерекше ұсынылған репликалар бо-лып келетіндігін білеміз. Демек, бұл драмалық шығармалардыңтілдік нормалары поэзияның нормаларымен үндесіп жатады. Солсияқты көркем прозадағы кейіпкерлердің тілінен ауызекі сөйлеутілінің нормаларын танимыз. Осылардың баршасы– көркем әдебиет стилінің тілдік-стильдік нормалары дегентұтас тақырыпты атауға мүмкіндік береді.

Тілдік нормаларды функционалдық стильдерге қарай ажыра-тып тануда олардың бір стиль шеңберінде тұйықталатын сипа-тыжоғын білу керек. Жоғарыда көрсетілгендей, нормалардың бірфункционалдық стильдің өз ішінде ғана емес, азды-көптістильаралық «ауыс-түйістер» де жүріп жатады. Мысалы, ғылымистильге жататын кейбір әдебиетте публицистикаға тән белгілер(нормалар) кездесуі мүмкін және керісінше. Ре-сми іс қағаздарымен құжаттар тілінде ғылыми стильге тән реттілік(санамалылық), нақпа- нақтықты көрсететін лексика-грамматикалық бірліктер норма үдесінен шығып тұруы әбденықтимал. Бұл фактілерді әрбір функционалдық стиль үлгілерінталдаған ғылыми-танымдық ізденістерден көруге болады.

80

Page 80: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

НОРМА ЖӘНЕ ВАРИАНТТЫЛЫҚ

Тіл біліміндегі вариант, варианттылық терминдерінің бе-ретін мағынасы «ұқсас тілдік бірліктердің (единицалардың)жа-рыспа қатарлары» деген жалпы ұғыммен ұштасыпжатқанымен, өзіндік ерекшеліктері бар. Әсіресе «тілмәдениеті», «әдеби норма» дегендерге қабыстырақолданғанда, вариант сөзін «жарыспа элемент (сөз, тұлға,олардың жазылуы, айтылуы)» деген жалпы мағынада дақолдануға болатындығын, сонымен қатар шектеулі (қатаң)терминдік мән беріп жұмсау керектігін де айтамыз.

Тілдік құбылыстарды зерттеуші маман-теоретиктердіңпайымдауынша, варианттылық жалпы тілге, тілдік жүйеге тәнқасиет (сипат), екінші сөзбен айтқанда, тілдік бірлік-тұлғалардың баршасы вариантты болып келеді. Мұны түсінуүшін, алдымен, вариант пен инвариант деген терминдердіңмағыналарын біліп алған жөн. Вариант деректі ұғымды атай-ды,ал инвариант сол ұғымды білдіретін дерексіз «дүние», бір-келкі,ұқсас объектілердің ұғымдық «түпатасы». Айталық, тфонемасының қолданыста бірнеше варианты бар: қатаң айты-латын (ат дегендегі), жіңішке айтылатын (ет дегендегі). Бұлжерде т фонемасы – инвариант , ал оның қолданыста жуан,жіңішке, келте, созылыңқы деген сияқты көріністері (айтылуы,естілуі) – варианттар. Вариант/инвариант деген танымдар обаста фонология атты тіл білімі саласында дүниеге келген-ді.Мұнда фонеманың (дыбыстың) өзін инвариант (ортақ түбі,түпатасы) деп, ал оның қолданыстағы түрлерін сол фонеманыңварианттары деп тану орнықты. Бұл таным бірте-бірте тілдіңграмматика, лексика сияқты өзге қаттауларына көшті. Фоноло-гияда: инвариант – «фонема», вариант – «аллофон, фон»; лек-сика саласында: инвариант – «лексема», варианттар – «лекса,аллолекса»; морфологияда: инвариант – «морфема»,вариант– «алломорф, морф» деген ғылыми терминдермен атала баста-ды. Демек, жалпы тілге қатысты қарағанда, варианттылық де-геніміз – тілдік жүйеге тән табиғи құбылыс болып танылады.

Варианттылық фонетика саласында фонемалардың жуан,жіңішке, қысаң, созылыңқы немесе өзге фонемаларға жуыққұбылып айтылуы (естілуі) сияқты жарыспалы қатарларды

81

Page 81: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

түзсе, грамматикада морфологиялық, синтаксистік амал-дардың қызметтеріне орай бірінің орнына екіншісінің ал-масып қолданылуы, дәлірек айтсақ, бір қызметтің әртүрліграмматикалық амалдар арқылы берілуі варианттар қатарынқұрайды, лексика саласындағы варианттар қатары тіпті көпекендігі мәлім. Ол қатарларды:

әдеби сөз бен диалектизмдер; сөздердің фонетикалық варианттары;төл сөз бен кірме сөздердің жарыспалы қатарлары; қазіргі қолданыстағы сөздер мен олардың көне вариантта-

ры; жаңа атаулардың бірнеше вариантта кездесуі;кірме сөздердің тұлғалық варианттары; туынды сөздердің тұлғалық қосарлары – қысқасы, осындай

жарыспалы топтар лексикалық варианттар әлемін көрсетеді. Демек, варианттылық тілдің барлық қаттауында орын ала-

ды екен, сондықтан оны:1) лексикалық немесе сөз варианттары;2) грамматикалық варианттар;3) лексика-фонетикалық варианттар деп бөліп-бөліп қарас-

тырған жөн.Сонымен қатар варианттылық құбылысын сөз еткенде

зерттеушілер (негізінен орыс тіл білімінде): варианттылықтытудыратын факторлар, оның ішінде тілден тыс тұратындары,варианттылықтың әлеуметтік лингвистика тұрғысынан қарағандатуындайтын проблемалары деген жайттарға көңіл аударудыұсынады. Бұлардан басқа: ситуативтік варианттар, әдеби тіл мендиалектілер тұрғысынан алғандағы варианттылық мәселелерідегендер де зерттеуші назарынан тыс қалмауы керек. Ең соңғысы– тілдік бірлік-тұлғалардың варианттылығын және нормамәселелерін зерттеу ұсынылады. Біздің бұл жұмыстағы негізгінысанымыз да осы – соңғы көрсетілген проблема.

Демек, вариант құбылысын әдеби норма қырынан қарас-тырар болсақ, алдымен тағы да кейбір терминдерді айқын-дапалу қажет. Ол: вариант және дублет терминдері. Зерт-теушілердің басым көпшілігі, оның ішінде орыс тіл білімін-деде бұл екі сөздің терминдік мәндері бірдей деп қарайды, яғнибірінің орнына екіншісін жұмсау жиі кездеседі. Тепе-тең

82

Page 82: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

мағыналас қатарлар болмағанмен, әбден ажыратылып, еке-уі екібөлек тұрақты термин болғанға дейін, осылайша алма-кезектепжұмсай беруге де болар. Тіл мәдениетіне қатысты бұрынырақжазған бір мақаламызда біз де дублет терминін «жазбаәдебиетімізде екі, кейде тіпті одан да көп вариантта қолданылыпжүрген жеке сөздер, тұлғалар» деген мағынада жұмсағанболатынбыз8. Қазақ тіліндегі варианттылық пробле-масынарнайы зерттеп, монографиялар жазған И.Ұйықбаев, С.Бизақовсияқты ғалымдар да бұл екі атаудың бір-біріне сино-ним болыпкелетінін айтады. Дегенмен оларды айырып жұмсау қажеттігінде ескертеді. И.Ұйықбаев: «Вариант сөзінің ауқымы кең жатады,өйткені ол барлық жарыспалы сөздерді қамтиды, ал дублеткөбінесе лексикалық-семантикалық дәлме-дәлдікті (аллолекса)білдіру үшін қолданылады» деген пікірді айтады9. ЗерттеушіС.Бизақов А.А.Реформатский, Н.М.Шанский, Ро-гожникова,И.А.Короленко сияқты зерттеушілердің вариант пен дублеттерминдерін орыс тіл білімінде ажыратып қолдану туралыпікірлерін келтіріп, бұл терминдер жайында бірсыпы-ратолығырақ мағлұмат береді де қазақ тіліндегі еңбектерде бұл екітерминнің ара-жігі ашылмай, қабат алынып келе жатқанынбілдіреді10. Бұл зерттеуші де «вариант» пен «дублет»құбылыстарын бір-бірінен ажыратып танытатын белгілерді атап,фонетикалық дублеттер мен сөздің дыбыстық вариантта-рынажеке-жеке сипаттама береді.

Ұсынылып отырған жұмыста біз варианттылық құбы-лысының зерттелу тарихын, таным деңгейін тәптіштеп толықбаяндауды мақсат етпей, қазақ тілінің бүгінгі әдеби нормасытұрғысынан келгенде, варианттар, дублеттер, қосар сөздер(И.Ұйықбаев ұсынған атаулардың бірі), жарыспа сөздер(тұлғалар) деп атап жүрген тілдік элементтерді қалайшатанып, жіктегеніміз жөн деген таным-талдауларымыздыұсынамыз (бұрынырақ жариялаған кейбір материалдарымызбен пікір-лерімізді де пайдаланғанымызды ескертеміз).

Әдеби норма дегенді сөз етуде де зерттеушілердің алдында

8 Сыздықова Р. Қазіргі қазақ әдеби тіліндегі дублеттер жөнінде //Тіл мәдениеті және баспасөз. - Алматы, 1968. - 28-б.

9 Ұйықбаев И. Қазіргі қазақ тіліндегі варианттылық проблемасы. - Алматы, 1976.- 14-б.

10 Бизақов С. Тілдік норма және варианттылық. - Алматы: Ғылым, 1997. -16-19-б.

83

Page 83: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

«қай қолданыс қазірде «әдеби» болып танылады, қайсысы та-нылмайды?» деген мәселе тұрса, мұның бір ұшы вариант, дуб-леттерді тануға, іріктеуге барып тіреледі.

Кейбір зерттеушілер тіпті варианттылық құбылысы болма-са, нормалану процесін сөз етуге тура келмес еді деген сияқтыпікірлерді де айтады. Мұның жөні де бар, өйткені норма де-геніміз – таңдау, ал тандау үшін ең кемінде екі варианттантұратын дүние (сөз, тұлға, дыбыс, тіркес, сөйлем түрі т.т.)болу керек. Таңдау тілдің қолданыс үстінде болады.Сондықтан қай жерде, функционалдық стиль үлгілерініңқайсысында, қай кезеңде, айталық, дәл бүгінгі тіліміздеболатын таңдаудың ере-кше мәні бар. өйткені тіл дамуыныңбір кезеңінде норма емес элемент келесі кезеңінде нормаретінде танылуы мүмкін және керісінше.

Әдеби норманы анықтауда әлеуметтік талғам, яғни қоғам-ның сол қолданысты дұрыс деп санауы негізгі рөл атқара-тындығы жоғарыда айтылды. Мысалы, сұраным, қойылым,оқылым, салым, салымшы сияқты сөздер бұрын тым жасан-дытұлғалар ретінде әдеби тілде қолданылмаған болса, бұл күндеолар – тіпті терминдік мағынаға ие болған сөздер. Сол сияқтыфункционалдық стильдердің бірінде нормадан тыс дептанылатын элементтер екіншісінде нормаға сай түсетінбірліктер (сөздер, құрылымдар, эстетикалық құралдар) болыпсаналуы әбден ықтимал (бұлар жөнінде кейінгі тараулардатолығырақ айтылады).

Жоғарыда айтылғандай, тіл мәдениетіне қатысты мәселелер-ді сөз еткенде, зерттеушілердің де, қалың жұртшылықтың дакөбірек назар аударатыны – жарыспа бірліктер (сөздер, тұлғалар,орфограммалар т.т.). Фонетикалық-орфографиялық норма-лары,сондай-ақ жеке сөздер мен грамматикалық амалдарды жұмсауыкөп сәттерде бір ізге түсіп, тұрақталу процесін басы-нан өткізіпжатқан қазіргі жазба әдеби тіліміздің мәдениетіне нұқсанкелтіріп отырған құбылыстың ең үлкені – кейбір сөздер ментұлғалардың әртүрлі вариантта жарыса қолданылып кележатқандығы. Бұл жерде вариант атаулының бәрі әдеби нормағанұқсан келтіреді деген тұжырымнан мүлде аулақ болу керек.Олардың дені тіл қолданысының белгілі сәттерінде өз орны бар,жұмсалу әлеуеті күшті элементтер болып келеді. Ендіварианттардың түрлерін жеке-жеке көрсетелік.

84

Page 84: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Лексикалық варианттар

Лексикалық, яғни жеке сөздердің варианттарын құрайтынтоптар мынадай:

1) қазақтың төл сөздерінің ішінде бірі – жұрнақсыз түбір сөз,екіншісі – жұрнақты туынды сөз болып қолданылып жүрген ва-рианттар қатары бар: нақты – нақтылы, ерек – ерекше, шабар– шабарман, ұры – ұрлықшы, диқан – диқаншы, аспаз – аспаз-шы, кіл – кілең, тоз – тозаң, мүкі – мүкіс, лайық – лайқат.Бұндай қатарлардың дублетті сипаты, яғни біреуі артық екен-дігіжақсы сезілгенімен, көпшілігінің екі варианты да қолданы-лыпжүр. Тек бірен- саранының, мысалы, диқан сөзінің диқан-шы,аспаз сөзінің аспазшы варианттарын қате деп тауып (яғни диқан,аспаз деген тұлғалардың өздері кәсіп немесе мамандық иесіекендігін білдіреді), жұрнақты сыңарларына сөздіктер-ден орынбермей жүрміз. Ал диқаншы тұлғасын қазақ сөзінің қассақшылары – Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтарқолданғанын білеміз. Соған қарағанда, халықтық қолданыста сөзтүбірінің, әсіресе кірме сөздер мен жұрнақтардың мағы-насынажеке-жеке үңілуден гөрі, мамандықты, кәсіпті таны-татынсөздердің біркелкі тұлғалануына, яғни көбінің -шы/-шіжұрнағымен жасалатындығына назар аударылған сәттеріболатындығын байқаймыз.

2) Қазіргі тіл жұмсау тәжірибемізде бірқатар сөздерге ІІІжақтық тәуелдік көрсеткішін екі рет қабаттастыра жалғапқолдану орын алып келеді: көбі – көбісі (көп+і+сі), бірі –бірісі (бір+і+сі), ақыры-ақырысы (ақыр+ы+сы) (бұларжөнінде толығырақ «Морфологиялық варианттар» дегентараушада ай-тылады).

3) Қазақтың төл сөздерінің ішінде бір түбірден екі түрліжұрнақ арқылы жасалып, бірдей мағынаны беретін сөздер деварианттар қатарын құрайды: намысшыл – намысқор –намысқой, кемдік – кемшілік, жаугерлік – жауынгершілік,бейәдеп – әдепсіз, бейхабар – хабарсыз, аласы – алажақ, бересі– бережек – берешек, себепкер – себепші, арызқой – арызқор– арызшыл, аспаз – аспазшы – асшы, шоқынды – шоқыншық,малсақ – малжанды, ұтымды – ұтықты, оқтын-оқтын –оқсын-оқсын т.т. Мұндай қатарлар сан жағынан едәуір. Нор-ма тұрғысынан қарағанда, бұлардың да көпшілігі – жарыса

85

Page 85: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

қолданыла беретін сөздер, тек бірен-саранының екінші вари-анттары жергілікті қолданыс (оқсын-оқсын, бережек) немесеауызекі сөйлеу тіліне тән (шоқыншық) деп саналады. Әрине,бұлардың алма-кезек қолданыла беретін себептерін дәлелдеуқиын, дегенмен әр жұрнақтың сөз мағынасына қосатын өзреңктері (семалық ерекшеліктері) бар екенін байқап, олардыңәрқайсысының қолданылатын орындарын біліп жұмсау ке-рек. Айталық, шоқынған адамды шоқынды десе, ол – ней-тралды жалпы атау, ал оны шоқыншық дегенде, жақтырмай,мұқатып атау реңкі сезіледі; сол сияқты білімді – бояусыз но-минатив, білімдар – көтеріңкі тон қосылған, эмоциялы атау;арызшыл – арыз жазғыш адамның нейтралды нақты атауы, алоны арызқой десек, «арыз жазуға әбден бейімделіп алған»деген сияқты қосымша мағыналық сема (реңк) үстелген деу-ге болады. Бейберекет пен берекетсіз, бейхабар мен хабарсызтәрізді жарыспалы қатарлардың екі сыңары да өзге сөздерментіркесу қабілеттеріне қарай немесе белгілі бір функционалдықстильге жататын үлгілерде қолданылу мүмкіндіктеріне қарай өзорындарында жұмсала алады: хабарсыз кету дегенді бейха-баркету деп алмастыруға болмайды, сондай-ақ мазан тиесілі ақшадегенді маған тиісті ақша деп ауыстыру жатық болмас еді;жолдасым мазан бүгін келуге тиісті дегенді тиесілі деп,берекетсіз адам дегенді бейберекет адам деп айту мүлде кел-мес еді. Сірә, бұл іспеттес қатарларды таза (тепе-тең) вариант-тар деп атауға болмайтын тәрізді. Тіпті жұмақ ~ ұшпақ, ұқсап ~құсап сияқты бірен-сарандарын әдеби варианттары алғашқысыдеп нормаға айналдырған күннің өзінде екінші сыңарлары әралуан қажеттілікке қарай әдеби тілде қолданыстан шығыпқалмайды: ұшпақ сөзінің мақал-мәтелдер құрамында сақталуы,ұқсап вариантының ұйқас, ырғақ сияқты өлең шарттарына қарайпоэзияда еркін қолданыла беретіндігі осыны дәлелдейді.

Демек, әдеби тіл нормасы талабынан келгенде, лексикалықварианттар қатарына мейлінше сақтықпен (дұрыс таныммен)қарау керек болады. Олардың ішінде бір сыңарын сөздіктерарқылы реттеп, қолданыстан ығыстыру әрекетін іске асыра бе-руге болмайды.

4) Лексикалық варианттардың бір тобын белгілі бір атаудыңкөпшілікке танымал, яғни біршама норма ретінде қалыптасыпқалған сөздің газет-журнал беттерінде жарыса жұмсалып

86

Page 86: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

жүрген қатарлары құрайды. Мысалы, қызылшаны Жетісуөнірі қазақтары қылша түрінде, сіріңкені батыс өлкедегілершырпы деп, енді бір аймақта оттық, күкірт, кеуірт депқолданылатындығын білеміз. Бұлар әдеби сөз бен жергіліктісөздердің қатарлары болғандықтан, сонғылары әдеби нормағаенбейді.

Норманы сөз еткен тұста әңгіме жазба тілде орын алыпжүрген «әдеби сөз – диалектизм» қатарлары туралы ғана болмақ,әйтпесе ауызекі сөйлеу тілінде кездесетін әдеби тілдік– диалектілік қатар құрайтын сөздер едәуір көп екендігімәлім. Әрине, ауызекі сөйлеуде де басы артық сөздердіқосамжарлап қолданбай, нормаға сай варианттарынжұмсасақ, нұр үстіне нұр болар еді ғой.

Әдеби - диалектілік деген қатарға әсіресе әр жерде әртүрліаталатын бір ғана өсімдіктін, аңның, құстың, құрт-құмырсқаныңекі-үш вариантта келген түрлері де жатады. Мысалы, бәрпі депаталатын өсімдік өзге өңірлерде уқорғасын, аюоты деп, бе-тегебоз деген өсімдік енді бір жерлерде тырса деп аталады екен.Ал бозбетеге дегеннің төрт түрлі варианты бар: селеу,садақбоз, көде; құс атауларынан суықторғай ~ бозшымшық,аңдардан саршұнақ ~ зорман, көдек ~ қодыға ~ қодық, қаракөз ~торта (балық), миғұрт ~ бәдік, айналма ~ тентек (орысша«вертячка» деп аталатын бір ғана мал ауруының әр жерде әртүрліаталуы), таңқурай ~ биемшек ( «малина» деген жидектін аты),жауынқұрт ~ шылаушын. Бұлардың мына варианты әдеби,қалғандары жергілікті деп танудың өзі қиын. Әзірге ботаника,зоология оқулықтарында жиірек қолданылғандарын немесетүсіндірме сөздіктерде анықтама берілген вариантын норма(әдеби) деп, қалғандарының түсіндірмесін соған сілтеме жасауарқылы тұрақтандыру әрекеті байқалады, яғни мұндайда нормаеместері бірте-бірте қолданыстан ығыстырылуы керек, өйткенібір зат (аң, құс, өсімдік) екі-үш түрлі аталмауға тиіс, ал мақал-мәтелдерде, фразеологизм құрамында сақталатындары норма-дан тыс болса да, өз орындарында айтыла беретіні түсінікті.

5) Лексикалық варианттар қатарын жаңа тұлғалар: бұрынқазақ ұғымында жоқ заттарды, ұғымдарды қазақша атаупроцесінде жарыса қолданылатын сөздер құрайды. Бұлардыңөзге топтардан өзгешелігі – біреуінің норма деп танылуы тезірекболады да, екінші, үшінші варианттары қолданыстан ығыс-

87

Page 87: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

тырылады немесе басқа мағынаға ие болып, жеке лексикалықбірлік ретінде әдеби тілдіе өмір сүреді. Мысалы, оңдаған,жүздеген адам түсетін, түнейтін, бірнеше сағаттан бірнешекүнге, айға дейін тұратын арнайы жай (орысша – «гостини-ца»,Еуропа тілдерінде – «отель») бұрын қазақтарда болмаған, бірақмұны қазақша атауға әбден болады, өйткені ол – ғылыми-техникалық термин емес немесе бұрын қазақ білмеген абстрактұғым атауы емес, оның үстіне қазақ қауымы жолаушылапшығатын адамдарды далаға түнетпей, үйге түсіріп «қонақ»,«мейман» деп атауды жақсы білген. Сондықтан «отель» қазақшамейманхана, қонақ үйі, қонақүй деп күні бүгінге дейін жарысааталып, арнайы ғимараттың төбесіне, маңдайшасына жазы-лыпкеледі. Мұның мейманхана вариантының жарыса жүруіне кейінпайда болған әр алуан әлеуметтік қызмет жайларының хана сөз-формантымен жасалу жүйесі де (кітапхана, асхана, аурухана,төлхана) себепкер болғанға ұқсайды. Мұндай жаңа атаулардыңалғашқы кезде варианттары көбірек болатын. Мы-салы, 1920-1960 жылдары тыңайтқыш ~ құнарландырғыш,қосымша құн ~ түсер құн, басылу ~ басылым, оқушы ~ оқырман,азамат созысы ~ азаматтық соғыс, жұмыскер ~ жұмысшы де-ген варианттар қатары болды. 1990 жылы жарық көрген «Қазақлексикасындағы жаңа қолданыстар» атты сөздікте шірінді ~қарашірік (гумус), айнамұз ~ мұзайдын ~ мұзойнақ ( «каток»),аяқжол ~ жаяу соқпақ (тротуар), балқайнатпа ~ қайнатпа ~тосап (варенье), жолақы билет ~ сапарлық билет («проезд-нойбилет»), жолқапшық ~ жолдорба ( «рюкзак»), көктат ~ көкөніс(овощ), қиғаштама ~ бұрыштама ( «виза»), қол күйме ~ бесікарба ( «коляска»), қорап ~ қау ( «кузов»), құлаққап ~ құлаққалқанқұлақтама, құлақілдік ~ құлақілдірік («наушник»), қызан ~қызанақ (помидор), анықтамалық ~ мағлұматнама(«справочник»), өлікхана ~ мәйітхана («морг»), тежеме ~тежегіш ( «тормоз»), жеңілгек ~ тиектүйме («запонки»),шыңылтыр ~ әйнекей ( «глазурь») деген ондаған жаңа сөзқатары тіркелген. Бұлар – қазақ өмірінде, оның мәдениетіндебұрын болмаған жаңа заттардың атаулары, көбінесе олар –тұрмыстық лексика деп аталатын сөздер, сондықтан олардыорысша атамай, қазақша баламасын жасау барысында екі-үш,кейде тіпті 3-4 (наушник дегеннің атауын қараңыз) жарыспажаңа тұлғалар пайда болғанын көреміз. Әрине, бір ғана нақты

88

Page 88: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

заттың аты болғандықтан, оны әркім әртүрлі атамай, бір ғанасөзбен беру – норма талабы, бірақ бұл талап көп ретте бірденорындала қоймайтындығы, ауызекі сөйлеу тілі былай тұрсын,жазба дүниеде, әсіресе баспасөз беттері мен радио, теледи-дарсияқты ақпарат каналдары тілінде бірсыпыра уақыт бойыварианттар болып түрліше аталып келетіндігін мойындауқажет. Тіл мәдениеті саласында істелуге тиіс шаралардың бірі– осындай жарыспа атаулардың бірін норма ретінде қалыптас-тыру. Бұған варианттардың бірінің жиірек қолданылуы,оқулықтар мен анықтамалық құралдарға біреуін енгізу, әр алу-аннормативтік сөздіктерге нормаға сай деп танылған біреуін берусияқты іс-әрекеттер дәнекер болады. Айталық, жоғарғыкөрсетілген варианттардың ішінде тыңайтқыш, қосымша құн,оқырман, мұзайдын, анықтамалық, бұрыштама, басылым,мәйітхана, көгөніс деген сыңарлары біршама орныға түскенсияқты. Ал енді бірқатарының дәл мына варианты норма бол-сын деп айта қою қиын. Мысалы, помидор-дың қызанақ неме-се қызан деген аударма варианттарынан гөрі қолданыста «по-мидор» сөзі жиірек кездесетіндігін көреміз.

6) Орыс сөздері мен олардың қазақшаланған варианттары-ның қатар қолданылуы алдыңғы көрсетілген топтан бөлек тал-данып, танытылады. Мысалы: скелет ~ қаңқа, артрит ~ шор-буын, атрофия ~ сему, реликт ~ қалдық, туберкулез ~ құрт аурусияқты қатарлардағы әсіресе медицина терминдері жазбатілімізде жарыса қолданылып жүр және сөздіктерде екі вариан-тын да норма деп беріп келеміз. Бұлардың санатында паспорт~ төлқұжат, космос ~ ғарыш, класс ~ сынып, телеграмма ~жеделхат сияқты көптеген тілдерге ортақ интернационалдыққорға жататын сөздерді екінші бір шет тілдің, көбінесе арабтілінің сөзімен алмастырудың уәжі қаншалықты күшті екенінайту қиын, сірә, бұл жерде әйтеуір «орысшылдықтан» қашуниеті рөл ойнаған болар, әйтпесе 70-80 жыл бойы қолданылыпкелген класс сөзін (мектеп кластары), мамандық дәрежесінбілдіретін класс арабша сынып (дұрысы синиф болуы ке-рек)баламасымен алмастырғанда, оның қазаққа түсініктілігі,дағдылығы жағынан ұтып тұрмағаны белгілі, космос терминінғарыш деп алмастырғанда, бұл арабизм «космос» дегенніңғылыми мағынасын бере ме: түпнұсқа тілдегі негізгі мағынасы(«тақ») мүлде жуыспайды, ал оның араб тіліндегі «көк аспан»

89

Page 89: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

деген коннотативтік мағынасы космос дегенді білдірмейді, кос-мос – жерден қарағандағы жай аспан немесе көк аспан емес.Оның үстінен космос түбірінен туындайтын космогония, космо-навтика, космизация, космография деген сияқты терминдердіғарышгония, ғарышнавтика, ғарышграфия, ғарсизация депатай алмаймыз, демек, космос сияқты сөздерді ғылымитермин етіп қалдыру керек, яғни мұндай сөздердің көбінесеғылыми әдебиетте жұмсалатын, барлық тілдеде жазатынғалымдарға таныс халықаралық варианттарын норма депқалдырсақ, қазақ тілінің байлығы ортаймайды. Бұл да қазіргікезде лексикалық норма проблемасының бір қырына барыптіреледі, яғни әңгіме бұл жерде космос, класс сияқты жекесөздердің қолданысқа ену-енбеуі туралы емес, терминологияпринциптерін жүйелеу жайында болмақ.

Ал ғарыш, Елбасы (Республика Президенті), халық қыз-метшісі (депутат), құрылтай (конференция, съезд, симпо-зиум, сессия, жиын, жиналыс) сияқты сөздер сипаттаушы,суреттеуші баламалар болып қолданыла алады.

Міне, қазіргі таңда әдеби норма статусында бір вариан-тыүзілді-кесілді тұрақталмаған сөз топтарының сипаттары– осындай. Бұл топтарды осылайша бөліп-бөліп таныстырыпөтуіміз қажет болды. Өйткені бірқатар тіл мамандары мен жа-зушы-журналистер жарыспалы варианттар мен синонимдерқатарын шатастырып жүрген ыңғайлары бар. Ал, дұрысында,фонетикалық, тұлғалық, мағыналық жақындығы жағынанжарыспа сөздер мен синонимдерді таза варианттық қатарлардеп қарауға болмайды. Бір заттың номинативтік атауы екеу (неүшеу) болса, олар – дублеттік варианттар болмақ, мыса-лы,иінағаш ~ күйенте дегендер – лексикалық варианттар, алзаттың сынын, қасиетін, қимылын, қимылдың амалын мағынажағынан жақын, бірақ түрлі сөздермен атаса, олар синоним-дер болады. Мысалы, есерсоқ, кеңкелес, әумесер сияқты сынесімдер адамның бір қасиетін түрлі сөзбен білдіреді, олардыңмағыналары жуық, бірақ сол мағына қосымша семантикалықреңктері (семалары) арқылы әр сөзді өз орнында қолданатынсинонимдер етіп танытады. Демек, мағыналас бірліктердің(сөздердің) бәрі лексикалық варианттар болып шықпайды.Варианттар – фонетикалық, морфологиялық, генетикалықжағынан түрленетін жарыспа сөздер, ал синонимдердің ста-

90

Page 90: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

тусы бұдан мүлде бөлек. Нормадан ауытқушылық көбінесесинонимдерді таңдауда байқалады. Мысалы, қайтыс бол-ды,қаза тапты, өлді деген синонимдердің әрқайсысыныңқолданылатын орындары бар (бұлардың келмеске кетті, одүниелік болды, көз жұмды деген сияқты ондаған бейнелітіркес қатарларын былай қойғанда, олар да орын тандап, кон-текст таңдап жұмсалатыны белгілі). Теледидардан Шешен-станда болып жатқан қақтығыстар жайында хабар жүргізушіжурналист: «пәлен жерде, пәлен күні болған айқаста феде-ралды үкімет әскерлері жағынанпәлен адам қайтыс болды»деп хабарлағанын естідік. Ұрыста адам қайтыс болмайды,қаза табады, шейіт болады,аварияда опат болады, аурудан,жарақаттан қайтыс болады.

Сол сияқты жылдың төрт мезгілінің келгенін білдіретін си-ноним сөздердің әрқайсысына дәл түсетін өз жыл мезгілдері бар:қыс түседі, жаз шығады, көктем туады, күз келеді. Жаз түсті,күз шықты, қыс туды деп қолданса, ол – лексикалық нормаданауытқу болар еді. Баспасөз беттері мен көркем әдебиетте әдебинормадан ауытқудың сөз тандауға қатысты түрі– ең жиі кездесетіні. Бұл ретте тек синонимдер қатарын тан-дауда емес, жалпы жоғарыда көрсетілген варианттар қатарынтандап қолдануда үлкен ағаттықтар, білместіктер,салақтықтар кездесіп келеді.

Фонетикалық-орфограммалық және лексика-фонетикалық варианттар

Әдеби норма тұрғысынан келгенде, біреуі нормативтік(нормаға сай), екіншісі (не екіншілері) нормаға үйлеспейтінқатарлар деп бөліп қарастыратын топтар бар. Бұндай жарыспаэлементтерді біз дублет деп атағанды жөн көреміз. Дублеттердіңең үлкен бірінші тобы – фонетикалық-орфограммалық(бұны лексикалық-фонетикалық деп те атап жүрміз) болыпкелетін тұлғалар, яғни дыбысталуы бір-бірінен өзгеше түсетін,бір инварианттан өрбіген вариант сөздер: зарар ~ залал, пен-де ~ бенде, кәрі ~ қары, тиірмен ~ диірмен, мұнда ~ бұнда т.т.Бұлардың өзін іштей топтастыру керек болады:

а) араб, парсы тілдерінен енген кірме сөздердіңфонетикалық орфограммалық жарыспа қатарлары;

91

Page 91: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

ә) қазақтың төл сөздерінің жарыспа тұлғалары; б) орыс тілінен және орыс тілі арқылы енген кірме сөздер

болып келетін жарыспалар; в) ауызша сөйлеу тілі мен жазбаәдебиетте түрліше

фонетикалық вариантта кездесетін қатарлар.Дыбыстық тұлғасы (айтылуы мен жазылуында) жағынан

дублет болып келетін бірліктердің басым көпшілігін араб, пар-сытілдерінен енген кірме сөздер құрайды: рұқсат ~ ұлықсат,уәде ~ уағда, зерек ~ зирек, зарар ~ залал, мехнат ~ михнат.Қазақ тіліне шығыс тілдерінен сөздердің енуі ертеректенбасталғаны мәлім. Олар негізінен оқу-ағарту, әдебиет, дін сияқтымәдениет каналымен келді. Басым көпшілігі халықтың сөйлеутілінен орын алып кетті, олар тұрпаты жағынан қазақ тілініңфонетикалық заңдарына бағынып, қазақша қалыптасты.Мысалы, араб тіліндегі ғайн деген дыбыстан басталатын сөздерқазақ тілі үшін алдыңғы жат дыбысты түсіріп, сөзді дауыстыданбастап айтуды қалыптастырды. Мысалы, ақыл, әділ, әдет, аза,азан, айт, айып, амал, ар, арыз, асы, аян, аяр, әзіз, әйел, әлемтұлғасында қолданылатын сөздердің басқы дыбысы – ғайн(ғақыл, ғәділ, ғәдет ...) болатын. Сол сияқты сөз басындағы һ,жіңішке х дыбыстары да қазақтың сөйлеу тілі үшін кәнігіболмағандықтан, һәйбәт , хәйлә, хейван, хәққ, хәқиқат, хәлуа,хәдір, һаким, хәл сөздері айла, қайла, айуан, ақ («аққа Құдайжақ»), ақиқат, алуа, әзір, әкім, әл болып халық тіліне «қазақы»тұлғада енді. Бірақ осы сөздердің бірқатары көп уақытқа дейінекі, кейде үш фонетикалық вариантта қолданылды. Мыса-лы: әдет ~ ғадет, әділ ~ ғәділ, асы ~ ғасы, әзіз ~ ғазиз, әлем ~ғалам, айла ~ қайла, айуан ~ хайуан, ақ ~ хақ, әкім ~ хәкім,ақиқат ~ хақиқат, әл ~ хәл сияқты қатарлар күні бүгінге дейінқосамжарланып келеді.

Тіл дамуы үшін сәтті орын алған бір құбылыс – бұлардыңбірсыпырасының екі сыңары екі түрлі мағыналық дербестікалып, екі лексикалық бірлік (сөз) болып қалыптасуы, олар– өкімет ~ үкімет , мәлімет ~ мағлұмат, хақ ~ ақ, ақиқат ~хақиқат, әкім ~ хәкім, әл ~ хәл сияқты тұлғалар. Демек,бұлардың енді фонетикалық дублеттер емес, жеке-жеке сөздерболып танылуы бел алып келеді. Араб, парсы кірме

92

Page 92: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

сөздерінің фонетикалық дублеттер құрайтын тобы, әрине, тексөз басындағы ғайн, һаш, ха дыбыстарымен келетіндер ғанаемес, өзге де көптеген тұлғалардан табылады. Мысалы,пәле ~ бәле, тәспиқ ~ тәспі ~ тәспих ~ тәсбиық, тағылым ~тәлім, қазір ~ әзір, разы ~ риза ~ ырза, рұқсат ~ ұлықсат ~ұрықсат ~ лұқсат, ризық ~ ырзық, сағадат ~ сәт, секілді ~сықылды, шайтан ~ сайтан, ауа ~ әуе, уәде ~ уағда, зерек ~ зи-рек деген қатарлардың қазақша тұлғалануындағыфонетикалық заңдылықтарды фонетист-мамандар дәлелдептанытар. Біздің бұл жердегі мақсатымыз – жарысақолданылып келген, қолданылып жүрген вариант тұлғалардыкөрсетіп, олардың әдеби нормаға қатысын айқындау.

Әдетте әдеби норма тұрғысынан келгенде, дублеттердіңбіреуі – нормативтік (нормалық), қалғандары – дәл солқолданыста нормадан тыс тұратын бейнормалық болып та-нылуы қажет. Бұл талап әсіресе емлеге (жазылуына) келген-де, қатаң сақталуға тиіс. Жоғарыда да айтылды, тілдің ішкідаму заңдылықтарының бірі – әр ұғымды жеке-жеке атау(номинация) заңы бұл варианттардың біразын дублеттердүниесінен ығыстырып жіберді, яғни дублеттік қатар түзіптұрған тұлғалардың әрқайсысына өзгеше семантикалық де-рбестік беріп, жеке сөз статусына көтерді немесе стильдікмақсатта қоланылатын стилемаға айналдырды. Мысалы, әкім– мемлекеттік құрылым жүйесінің лауазымдық термині (Алма-ты қаласының әкімі), хакім – «дана, философ, ойшыл» (хакімАбай); өмір – ұғымның жалпы атауы, ғұмыр – жеке адамныңөмірі (бұл даралану әлі тұрақталған жоқ деуге болады, бірақжалпы мағыналық жағынан осылайша ажырату бағыты бар),шайтан – «жын-шайтан», сайтан – «керемет сиқырлы» («Менқазақпын, қара көз сайтан қызбын» – Ж.Молдағалиев), ғашық –асық варианттары поэзияда өлен техникасы шартта-рын (тармақөлшемін) дұрыс сақтауда орын алады (мысалы, Абайпоэзиясында). Осы қатардан абырой ~ абиыр, ауа ~ әуе,тағылым ~ тәлім деген варианттарды көруге болады.

Демек, кірме сөздер болып келетін жарыспалы қатарлардың

фонетикалық варианттарының лексикалық корды толықтыруда

93

Page 93: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

белгілі қызмет атқаруы – тіл-тілдің қай-қайсысында орын ала-тын универсалий құбылыс болғанымен, қазақ тілінде оныңедәуір өнімді түрде жүріп жатқаны байқалады. Бұған және бірдәлел – тек кірме сөздер емес, қазақтың төл сөздерінің дефонетикалық дублет қатарларының семалық үстемені(мағыналық қосымша ренкті) пайдаланып, екі лексикалық еди-ница ретінде қолданылып келе жатқандары аз емес. Мысалы,адыраю ~ одыраю, дөңгелек ~ доңғалақ, жиналыс ~ жиылыс,жұбаныш ~ уаныш, жұбату ~ уату, суару ~ суғару, үлгеру ~үлгіру, бақ ~ бау т.б.

Кірме сөздердің енді бірқатары көбінесе діни әдебиетте,шығыс философиясы, мәдениеті, әдебиеті т.б. жайында жазыл-ған үлгілерде ғана қолданылатындар болып келеді, олар араб пенпарсы тілдеріндегі түпнұсқа тұлғаларын біршама сақтаппайдаланылады. Айталық, ихсан «1) жарылқаушылық,жақсылық, қайырымдылық; 2) қайыр, садақа» («Өнер өзі де –мал, өнерді үйренбек – өзі де ихсан» – Абай11); инсан «адам»,әһілислам «мұсылмандар, ислам дініндегілер», таби’ «1) бір-еугеерушілер, біреудің жолын қуушы, шәкірт, жәрдемші; 2) қоласты,қарасты, бағынушы» («Олай болмаса, сипаттар өз орталарындабірі – табиғ, бірі – мәтбуғ болады ғой» – Абай); садиқ «1) дұрыс,шын, 2) нағыз, ақиқат, 3) күшті, мықты», мұхтарам «қадірлі»;мазһаб «1) тәсіл, жол, 2) діни ілім (мектебі, ағымы), 3) қауым,секта, жік, тарам».

Бұл фактілерге, яғни қазірдің өзінде түпнұсқаға мейліншежуық айтылып, жазылып жүрген араб сөздерініңфонетикалық дублеттері жоққа жуық екендігіне көнілаударған бізден бұрынғы зерттеушілер де, біз де варианттықатарлардың пай-да болуының не болмауының бір себебі –олардың халықтың сөйлеу тіліне ену-енбеуіне де қатыстыболып келетіндігінде дейміз.

Дублеттік қатар құрайтын сөздер біраз уақытқа дейінқолданыста жүре береді: өмір ~ ғұмыр, мағына ~ мағана, дара-жа ~ дәреже, уағда ~ уәде, ғалым ~ әлім, молда ~ молла, Алда~ Алла т.т. Ал тек жазба әдебиетте, оның ішінде де көпшілікке

11 Фактілер, мысалдар Н.Оңдасынов құрастырған «Арабша-қазақша түсіндірмесөздіктен» (1- том. - Алматы, 1984; 2-том. - Алматы, 1989) алыңды.

94

Page 94: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

бейтаныс күнделікті өмірде көп қолданылмайтын араб, парсысөздері мүмкіндігінше түпнұсқа қалпында жазылып, айтылыпкеле жатқандығы байқалады, сондықтан бұл шағын топта жа-рыспалы қатарлар жоққа тән.

Сөйтіп, қазіргі қазақ әдеби тіл нормасы тұрғысынан қараған-да, фонетикалық жарыспа қатар – дублеттердіңүлкен тобын араб,парсы сөздері құрайды. Олардың бір тобы күні бүгінге дейінемле нормасының бұзылуына себепкер болып келеді. Мы-салы,қазақ тіліндегі кірме арабизмдердің түсіндірме сөздігінқұрастырған Н.Ондасыновтың көрсетуіне және келтіргенфактілеріне қарағанда, арабша иждиһат болып тұлғаланатынбір сөз иждаһат, иждағат, иждиһат, ыждағат, ыждаһат,іждаһат, іждіһат болып, жеті түрлі жазылып келіпті (сөздікавторы мысал-фактілерді жазба дүниелерден алған). Сол сияқтыарабтың хаққ сөзінен тараған ақы, хақ, хақы, қақ, қақы, һақтүрінде 5-6 тұлғада беріліп жүргендігін де осы сөздіктен табааламыз. «Қазақ әдебиеті» сияқты беделді, көпшілікқолдыгазетіміз 60-80-жылдары хикая («әңгіме, повесть, тарих») сөзінбірде һікая, бірде хекая деп жазып жүрді.

Осы көрсетілген қатарлардың емле сөздіктері мен мектепоқулықтарында біреуін тандап, сол вариантының жазылуынкөрсету арқылы бұл күнде дублеттер қатары азайып келеді.Мысалы, көп уақытқа дейін қауып, қауіп, хауіп, хауып, хауы-фдеп жазылып келген сөздің қазіргі әдеби нормадағы тұлғасы– қауіп деп көрсетіліп, осы тұлға орныға бастады. Сол сияқтыүстіміздегі ғасырдың алғашқы онжылдықтарында қалық ~халық, бахт ~ бақыт, даража ~ дәреже, мисал ~ мысал, қан ~ хан,патса ~ патша, хүкімет ~ үкімет, рахмет рахымет ~ рақмет ~рақымет ~ рахмат деген дублеттері орын алып кел-генсөздердің басым көпшілігі бұл күнде бір орфограммалық тұлғадатұрақталып қалды: халық, бақыт, дәреже, мысал, хан, патша,рақымет т.т. Енді бірқатарының бір сөз ретінде екі түрліжазылуын норма деп қалдыру фактілері де жоқ емес, бұл топта б- п дыбыс алмасуымен келген бес-он сөз: пейіл ~ бейіл, пәле ~бәле, палуан ~ балуан, пейіш ~ бейіш, пұл ~ бұл («баға»),парапар ~ барабар, рұқсат ~ лұқсат, бәлекет ~ пәлекет, пәлі ~бәлі, пенде ~ бенде, бесене ~ пешене, пітір ~ бітір (беру),

95

Page 95: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

тажал ~ дажал, сама ~ шама (шайдың самасы), хас ~ қас сияқтықатарларды емле сөздігінің норма деп алдыңғы сыңарларынкөрсеткеніне қарамастан, қолданыста екі вариантта жазылыпкеле жатқаны байқалады. Сірә, бұны жаңсақтық, салақтық дептабудан гөрі, себебін тілде орын алған аналогиялардан іздеугетура келеді. Айталық, қазақтың өз сөздерінің ішінде айғай ~айқай, даярлау ~ таярлау, тызылдау ~ дызылдау, пырт-пырт ~бырт-бырт, гүрілдеу ~ күрілдеу, дырыл ~ тырыл, шылдыр ~сылдыр, шытырлау ~ сатырлау, түлей ~ дүлей, жүз дүз, таяз ~саяз, қаржілік ~ кәржілік, башай ~ бақай, өзге ~ өңге сияқтықатарлардың орын алуы – кірме сөздердің де дыбыс алмасуарқылы дублеттерінің пайда болуына құқық («право») беретінсияқты.

Әрине, екеуі – екі мағынаға, не мағыналық реңкке ие дер-бес сөздер деп танылмаса, келе-келе олардың да біреуі ғананормаға айналдырылады, ал қазіргі таңда бұл типтегіжарыспа қатарлардың қолданыста орын алу фактісіне көніпотырған жайымыз бар. Бір жақсысы – бұндай фактілер аса көпемес, ондаған сөз шамасында болып келеді.

Лексика-семантикалық варианттар

Алдымен, фонетикалық бітімі жағынан бір-біріне өте ұқсас,сырт қарағанда, бір сөз сияқты болып көрінетін қатарлардың өзінсемантикалық, семалық табиғатына қарай ажыратып алу қажет.Норма тұрғысына келгенде, төл сөздердің ішінде фоне-тикалықтұлғасы жағынан бір сөз сияқты болып көрінетінсартылдау ~ сыртылдау, дызылдау ~ тызылдау, сарт-сарт ~сарт-сүрт, алақ-жалақ ~ алақ-жұлақ тәрізді қатарлардыңәрқайсысының семантикалық дербестігі бар варианттар екендігінайту керек. Мысалы, сартылдау ауқымы үлкен заттардың өзгезаттарға соғылғанда (үйкелгенде) шығаратын дыбысы: пойыздыңдонғалақтары сартылдайды, шоқпар сар-тылдан соғылады т.т.,ал сыртылдау ұсақтау, кішілеу денелердің (заттардың) өзгезаттарға соғылғанда шығаратын үздіксіз ды-бысы, мысалы,малдың тұяқтары сыртылдайды, саусақтар сыртылдайды.«Түсіндірме сөздік», өкінішке орай, мұндай

96

Page 96: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

семантикалық ренктерді көрсетпейді. Мұндағы түсіндірмелер:сартылдау – «сарт-сарт еткен дыбыс шығару, сатырлау», сыр-тылдау – «сырт-сырт ету, тырсылдау», ал қайткенде сарт-сартеткен дыбыс, қайткенде сырт-сырт еткен дыбыс шығатыныайтылмайды. Демек, дауысты дыбыстарының ашық (а), қысаң(ы, і немесе о-ұ, ү) болып құбылып келетін еліктеуіш сөздер(тарс ету ~ тырс ету, сарт ету ~ сырт ету, сырылдау ~ са-рылдау) мен етістіктер (дордию ~ дүрдию, дөңкию ~ дүңкию,батпию ~ бытпию, балшию ~ былшию, қоңырсу ~ көңірсу)сырт қарағанда, бір лексеманың инварианттары болыпкөрінгені-мен, шын мәнінде, семалық өзгешеліктері бар жеке-жеке сөз-бірліктер болып танылады, бұлар – дублеттер емес,сондықтан мұндай қатарлардың бірін әдеби нормаданығыстыруға мүлде болмайды.

Төл сөздердің ішінде лексика-фонетикалық варианттардыңүлкен бір тобын жуан – жіңішке болып дыбысталатын қатарларқұрайды. Олар: ажым ~ әжім, ажуа ~ әжуә, абдыра ~ әбдіре,ары (тұр) ~ әрі (тұр), аула ~ әулі, қария ~ кәрия, қары ~ кәрі,пісті ~ пысты, пара ~ пәре, жай ~ жәй, жайт ~ жәйт, шай ~шәй, жаңағы ~ жәңегі, және ~ жана, қайтіп ~ кәйтіп т.б.Бұл топтағы қатарлардың бірқатары жергілікті сөз машығына(говорлық, диалектілік қолданысқа) қатысты болып келеді.Диалектолог мамандардың зерттеулеріне қарағанда, Орта Азияреспубликалары мен соларға іргелес жатқан қоныстардыңқазақтары тілінде, Қазақстанның Орта Азиядан шалғай жатқантұрғындарында а дауыстысымен айтылатын сөздер ә дыбы-сымен айтылады: мәңләй ~ маңдай, шәм ~ шам, пәте ~ бата,мәс ~ мас, бәршә ~ барша.Диалектолог С.Омарбеков өзбекарасындағы және солармен іргелес қоныстардың қазағыныңтілінде көптеген араб, парсы кірме сөздері де жіңішкеайтылатындығын көрсетеді: әтіреп (атырап), шәрт (шарт),сәәт (сағат), кәсиет (қасиет), місәл (мысал) т.т. Сол сияқтыҚазақстанның қиыр шығысында, Алтай-Тарбағатайөнірлерінде, Монғолияның Баянөлгей аймағында тұратынқазақтардың тілінде де әдеби нормаға сай келмейтін а-ә ды-быс алмасулары байқалады: жәңе, жәңәлік, тәутеке, шәрші,жәуінгер, жәртілей.

97

Page 97: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Қазақ сөздеріндегі а-ә алмасулары кірме сөздерге де әсеретіп, бұлардың арасынан да жуанды-жщішкелі дублеттер барекендігін көрсетеді: әбзәл – абзал, бәсі – бағасы, әтірәп– атырап, әбзел – абзал, мәусім – маусым, нәзер – назар.Әрине, бұл параллельдер – әдеби норма мен жергілікті ерек-шеліктерден тұратын дублеттер. Ал көрсетілген құбылыстыңжалпыхалықтық тілде де бары байқалады. Оған кәрі – қары,жай – жәй, сәудегер – саудагер, әлдеқашан – алдақашан, бәлгер– балгер сияқты дублеттерді көрсетуге болады, бұлардың деніайтылуда сақталып келе жатқанымен, емле сөздіктері арқылыреттелуде, яғни әлдеқашан, жай, саудагер, балгер (бақсы-балгер) деп жазу керектігін көрсету арқылы осы тұлғаларнормаға енуде.

Әдеби норманың бүгінгі талабы – көрсетілген типтегідыбыстық-орфограммалық дублеттердің біреуін норма ретіндеқалыптастыру болса, бұл бірте-бірте жүзеге асырылып кележатқанын айтуға болады. Емле сөздіктерінде көрсетілген дублетқатарларының біреуі беріліп келеді және бұлардың сөздіктекөрсетілген варианттарының орфограммасы (жазы-луы) біршаманормаға түсті деуге болады. Төл сөздердің ішінде жуан-жіңішкеболып қатар түзетін бір топ тұлғалардың екеуі де – нормативтікдеп танылатындары бар. Мысалы, заңғар ~зеңгір, сықылды ~ секілді, орасан ~ ересен, қолбырау ~ көлбіреу,қоңырсу ~ көңірсу деген қатарлардың түбірі бір болғанмен,тіркесу орындары (қандай сөздермен тіркесетіндігі) біршамаажыратылған, яғни семалық ерекшеліктері еске алынатынжеке-жеке сөздер деп танылады да жоғарыда көрсетілгенмысалдардай бір сыңары нормадан (емле сөздіктерінен)ығыстырылмайды. Осы қатардан, сірә, пысылдау ~ пышыл-дау, бырсу ~ быршу, бақыраю ~ бажыраю, батпию ~ бытпию,бедірею ~ безірею, едірею ~ ежірею, бүкшеңдеу ~ бүкшіңдеу,тымық ~ тынық сияқты қосарлар да табылады деп санай-мыз. Бұлардағы әр сыңардың мағыналық реңктері (семалықерекшеліктері), тіркесімдік таңдауы, стильдік қызметтері барбірліктер, сондықтан әдеби нормадағы сөздер болмақ.

Төл сөздердің ішінде лексика-фонетикалық дублеттердіңкелесі тобын б ~ п, б ~ м, қ ~ ғ, т ~ с, т ~ д, ш ~ с, е ~ і, а ~ы, ұ ~ ы дыбыс алмасуымен келген қатарлар құрайды. Олар

98

Page 98: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

бірақ онша көп емес, бұл жерде сайқымазақ ~ шайқымазақ,тілмар ~ ділмар, дөңбекшу ~ төңбекшу, бәйге ~ бәйгі, бүлдірге~ бүлдіргі (қамшының бүлдіргесі), сүйінші ~ шүйінші, емешесіқұру ~ емесесі құру, таяз ~ саяз, барқын ~ барқан, қортпа ~құртпа, сопы ~ сұпы, алашақ ~ алажақ, құдағи ~ құдағай, бұлау~ былау, таба (нан) ~ тапа (нан), тоқаш ~ тоғаш, мақ-сат ~мақсұт, өйткені ~ үйткені, бекіре ~ мекіре, мұқыл ~ тұқыл,аңқаю ~ аңқию, міне ~ міні, әне ~ әні, айқара (құшақтау)~ айқыра сияқты қатарларды көрсетуге болады. Бұлар да емлесөздіктері арқылы реттеліп келеді, яғни сөздіктерде көрсетіл-гендублеттердің көбінесе біреуі ғана беріледі, демек, алдыңғысыңарлары норма ретінде тұрақтандырылды, тек айқай жәнеайғай, ділмар және тілмар, саяз және таяз сияқты бірен-сараны ғана екі вариантта қолданыла беретіндігі «және» дегенбелгімен қалдырылып отыр.

«Және» белгісімен бұл есімдігінің септік тұлғаларда бұның~ мұның, бұнда ~ мұнда, бұдан ~ мұнан, бұнымен ~ мұнымен,бұны ~ мұны болып келетін қатарлары да беріліп жүр.

Ал лексика-фонетикалық дублеттер болып көрінетін өзге ~өңге, нәрсе ~ нәсте, жұбату ~ уату, ыстық ~ ыссы, шырық(бұзу) ~ шырыш (бұзу), береке ~ берекет, дейін ~ шейін ~шекейін, әуелде ~ әзелде сияқты қатарлар сыңарларыныңәрқайсысы – тілде қолданылуға, оның ішінде әдеби нормағаенуге «құқықты» дүниелер, өйткені бұлардың пайда болусебептері таза фонетикалық қатарлардан өзгеше: кейбірі түркітілдерінің әртүрлі тобына жататын тұлғалардың көрінісіболса (өзге ~ өңге, жұбату ~ уату, нәрсе ~ нәсте), енді бір-сыпырасы түркі тілдеріндегі к ~ ш, қ ~ ш дыбыс алмасуқұбылысын көрсететін (шырық ~ шырыш, әпке ~ әпше),үшінші тобы – кірме сөздердің әртүрлі тұлғада қабылдануына(риза ~ разы – ырза, береке ~ берекет) қатысты пайда болғанқатарлар. Бұлар да бүгінде нормативті деп танылады, яғниретіне қарай екеуі де қолданылуға бейім сөздер болмақ.«Реті» деп отырғанымыз – бұлардың функционалдықстильдерде қолданылуы, әсіресе көркем әдебиет үлгілеріненорын алуы (айталық, стильдік мақсатпен авторлық баяндауданемесе кейіпкерлер тілінде) әбден мүмкін.

Көркем әдебиетте, әсіресе поэзия тілінде заман ~ замана,алқа-салқа ~ алқам-салқам, әрегідік ~ әредік, әлгінде ~ әлгіде,

99

Page 99: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

бәлкім ~ бәлки, бұғана – бұғанақ, бұзық ~ бұзақы, біруақ ~бірауық, біржолата ~ біротала, ғажайып ~ ғажап, досым ~ до-стым, едәуір ~ недәуір, ерегес егес, есіл-дерті ~ есі-дерті,жазғытұры ~ жазғытұрым, жиіркену ~ жирену, ишара ~ишарат, кәр ~ қаһар, көкейкесті ~ көкейтесті, қапыда ~ қапия-да, өңкей ~ өңшең, рең ~ реңк тәрізді қатарлардың да табиғатыфонетикалық таза дублеттерден өзгеше. Бұлардың ішінде за-ман ~ замана, қапы ~ қапия, Құдай ~ Құдайа дегендер – «поэ-тикалық сұраныстың» дүниелері. Сөз соңындағы а формантыншақыру септігінің көрсеткіші (звательный падеж) немесе во-катив деп танушылар бар, демек, бұлардың екі варианты да тілдеқолданыла алады, бұлар стильдік немесе контекстік ду-блеттер болмақ. Ал әрегідік ~ әредік, көмекей ~ көмей, уағда ~уәде, тағылым ~ тәлім, жиіркену ~ жирену деген қатардыңалғашқы сыңарларындағы ғ, г, қ (ғы, гі) дыбыстары су-сып,түсіп қалғаннан екінші қатары пайда болғанын көреміз. Бұлфонетикалық заңдылық қазақ тіліне тән екендігі мәлім(құлғақ ~ құлақ, кигіз ~ киіз). Сол сияқты ж дыбысының й ды-бысына айналуы орын алған сөздер қатары да бар. Мысалы:біржолата > бірйолата > біролата > біротала. Сөз соңына неортасына сынамаланып м, н, л сонорларының орын алуы алқа-салқа ~ алқам-салқам, бәлки ~ бәлкім, есі-дерті, есіл-дерті,жазғытұры ~ жазғытұрым, әлгіде ~ әлгінде, мынадай ~ мы-нандай, әлгідей ~ әлгіндейдеген қатарларда көрінеді. Бұл жердетүркі тілдерінде м, н, л дыбыстарының «жүрдек» («сусылдақ»)(біресе қосылып, біресе жойылып кетіп отыратын) қасиетінеқатысты, яғни түркі тілдерінің даму барысында орын алғанфонетикалық құбылыстардың қазақ тілінде «бой көрсеткен»тұстары деп танып, оларды да нормадан ығыстыруға болмай-дыдеп есептейміз. Емле сөздіктерінде кейбіреулерінің н сусы-малыдыбысынсыз варианты берілген: мынадай (мынандай вариантыжоқ) немесе көрсетілген қатарлардың біреуі ғана ұсынылған:есіл-дерті, бәлкім (есі-дерті, бәлки вариантта-ры тіркелмеген), ал енді бірсыпырасының екі варианты дасөзтізбеден (реестрден) орын алған: алқам-салқам ~ алқа-салқа, жазғытүры ~ жазғытүрым, әлгіде ~ әлгінде. Демек,бұларға келгенде қатаң нормативтік принцип ұстанылмаған.

100

Page 100: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

м, л, н сонорларының сөз соңында не ортасында орын алуынжәне оларсыз келген варианттар қатарының біреуін әдебинор-мада қалдырып, екіншісін ығыстыру процесінің әлі біржүйеге түспеуін оларды ығыстыру уәжі дәлелденбегенқұбылыс болғандықтан деп санаймыз да, бұлардың екеуін денормативті тұлғалар санатына қосамыз.

Кірме сөздердің ішіндегі артық дыбысты қосар тұлғаларғада (дос ~ дост, рең ~ реңк, ишара ~ ишарат) қолданылу рет-тері (тұстары, орындары) бар бірліктер (сөздер) деп қарағанжөн, мысалы, өлең текстерінде.

Қазақ тілінде м ~ н ~ ң сонор дыбыстарының, б ~ м дыбыс-тарының алмасуы да орын алған бірді-екілі фактіні таба ала-мыз: бірдеңе ~ бірдеме ~ бірдеңке, ештеме ~ ештеңе ~ ештеңке,дәнеме ~ дәнеңе, батыру ~ матыру, бас ~ мас. Бүгінгі қол-даныста бұл қатарлар да жеке-жеке таза фонетикалық дублет(яғни біреуі ығыстырылатын) ретінде емес, сөзтізбеде орныбар жеке-жеке тұлғалар деп танылып, нормативті бірліктерқатарына қойылады (бірдеңке, ештеңке сияқты бірен-сарандиалектілік тұлғалардан басқалары).

Лексикалық дублеттердің келесі тобын орыс тілінен ен-генсөздер құрайды. Олар: 1) дыбысталуы (фонетикалықтұлғалануы) мен жазылуы (орфограммасы) жағынан дуб-летболып келетіндері; 2) орысша-қазақша баламалары қатарқолданылып келген немесе келе жатқан дублеттер; 3) қазақтілінің әртүрлі қосымшаларымен келген кірме сөздердің жа-рыспалы қатарлары.

Орыс тілінен орыстың өз сөздері мен өзге шет тілдерсөздерінің қазақ тіліне енуі XX ғасырдан бұрынырақ бас-талғаны мәлім. Ену каналдары әртүрлі болды: күнделіктітұрмысқа, сауда-саттыққа, шаруашылық түрлеріне қатыстысөздер көбінесе ауызша сөйлеу тілі арқылы келіп, орын тепті.Самаурын, шәйнек, патынос, шәй, шекер (секер), шыт, сәтен,бөз (вязь), барқыт, шәлі, бақалшы (бакалейщик), пәкөс (поко-сы), іспірт, мұржа (труба), тұрба, божы (вожжи), жәмшік,пеш, бөрене (бревно), бөшке сияқты сөздер ауызекі сөйлеу тіліарқылы қалыптасқандықтан, олардың қазақтың фонетикалықжүйесіне бағындырылып, «қазақыланып» алынғанын көреміз.

101

Page 101: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Бұлар да о бастан бірден бір вариантта қалыптаспағандықтан,әр өлке қазақтар өздерінше «сындырғандықтан», тұрба ~мұржа, самауыр ~ самаурын, кереует ~ кірәуат, кір ~ гір (гиря),білте ~ пілте (фитиль), күпәйке ~ пупәйке, ләмпәси ~ мәмпәсисияқты қатарлар ауызекі сөйлеу тілінде күні бүгінге дейінжарыса қолданылып келеді. Бұлардың бір вариантын нор-мативтік деп таныту әрекеті соңғы 50-60-жылдарда бастал-ды,яғни емле сөздіктері мен мектеп оқулықтарында мұндайқосарлардың біреуі көрсетілуде.

XIX ғасырда Ресей империясының қазақ даласындағымемлекеттік-әкімшілік жүйесіне, сот істеріне, жаңа сауда-саттыққа, орысша оқу-ағарту саласына қатысты сөздер де енгенімәлім, олар да негізінен сөйлеу тілінде қалыптасты: бексел, за-детке, сома (сумма), мұнанай (меновой двор), жәрмеңке, кеңсе(канцелярия), шкөл, кінеге, содия, сот, болыс (волостной упра-витель), ауылнай, газет, минөт, пошты, шот (счет), доқтыр,штат, үйез (уезд), гүбірнә, земтемір (землемер), мүлиеншік(миллионер) т.б. Бұлардың бірқатары (мұнанай, ояз, үйез, болыс,ауылнай) бұл күнде тарихтық сөздер (историзмдер) қатарынакетіп, енді бірсыпырасы (задетке, кінеге, земтемір, мүлиеншік)қазақша баламасымен алмастырылып, әдеби нормадан шығыпқалды. Ал кеңсе, жәрмеңке, сот, газет, минут, почта, шотсияқтылары қазірде осылайша айтылып-жазылатын нормадағыбірліктер болып саналады, енді бір тобының (доктор, вексель,миллионер) жазылуы (демек, айтылуы да) өзгерді. Орыс тіліненауызша тіл нормасы бойынша енген сөздердің де нормативварианттарын тұрақтандыру әрекеті жүргізіліп келеді. Мыса-лы,сөздіктерде ауызша қалыптасқан самауыр, кереует, келі (кило)сөздерінің осылайша жазылуы норма деп ұсынылады(самаурын, кірауат, килә варианттары емес).

Орыс тіліне қатысты лексикалық варианттар қатарларыныңбір тобын бұрынырақ қазақша әртүрлі сөздермен беріліп кел-гендері құрайды. Мысалы, XIX ғасырда жарық көрген екі тілдіксөздіктерде көтерме сауда ~ көтерме сауда (аукцион),процент ~ өсім (процент), банкир ~ өсімші ~ сүтхор, төлеңгіт~ қызметші ~ қызметкер (слуга) деп тіркелген вариант қа-тарлары бар. Уақыт өте келе бұлардың да бір вариантын

102

Page 102: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

нормаға айналдыру процесі орын алды. XX ғасырдың 20-жыл-дарынан бастап жарық көрген екі тілдік сөздіктерде көбінесебіреуі беріледі. Мысалы, 1931 жылғы «Атаулар сөздігінде»:процент ~ процент, өсім, аукцион ~ аукцион, жарыс сауда,делегат ~ өкіл, делегат. Олар да кейін қайта қаралып, әрі екітілді сөздердің мағына жағынан дәл түсетін эквиваленттеріменалмастырылған, әрі варианттар қатарын азайтқан.

Орыс тілінен енген сөздердің дублеттік қатарларына қазақтілі жұрнақтарын жалғауда түбірлерінің түрліше болыпкелетіндері немесе қызметтес жұрнақтардың жарыса жал-ғанғандары да жатады. Мысалы, прогрестік ~ прогрессивтік,абсолют ~ абсолюттік, демократтық ~ демократиялық,педагогтік ~ педагогикалық, нормалық ~ нормативтік сияқтықатарлар ешбір уәжсіз бірінің орнына екіншісі жұмсалаберетінін байқаймыз. әрине, бұларды реттеу – лексиколог-мамандардың шаруасы, яғни әуелі орыс тіліндегі норма, нор-матив, прогресс, прогрессив деген тұлғалардың мағынасынайырып көрсету керек, содан соң осы түбірден жасалатынқазақша туынды тұлғалардың: нормалық немесенормативтік, прогрестік немесе прогрессивтік дегендердіңқайсысы дұрыс екенін дәлелдеп, жарыспа сөздердің біреуіннормативтік деп қалдырып, екіншісін ығыстырған жөн.

Сөздік деңгейіндегі дублеттік қатарлардың келесі тобын– жазба тіл мен ауызекі тілдегі дыбыстық өзгешеліктері барқосарлар құрайды, яғни бір сөздің жазба тұрпаты мен ауызшаайтылуында (дыбысталуында) сәл өзгешеліктері бар қатарларболып шығады. Бұл – тіл-тілдің қай-қайсысына да (немесебасым көпшілігіне) тән табиғи заңдылық. Әңгіме бұл жерде –сөздердің жазылуы мен қолданыстағы айтылуын қайткенде дебірдейлестіру туралы емес, ол мүмкін де емес, қажет те емес.Бұл құбылысты нормаға орайластыра сөз еткенде, керісінше,жазу мен дыбыстау немесе орфография мен орфоэпия нормала-рын ажыратып тану және ұстану мәселесі тұрады. Сондықтаносы жұмыстың келесі тараулары орфографиялық нормалар менорфоэпиялық нормаларға арналады. Ал бұл жерде көңілаударатын жайт – сонғы жылдары қазақ тілі мемлекеттік статусалып, өзіне орыс тілінің тигізіп келген ықпалын бірқыдыру те-

103

Page 103: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

жеу бағыты бел ала бастаған тұста «төл сөздерді де, кірмелерінде естілуінше (айтылуынша) жазу керек» деген пікірлердіңайтылуы. Төл сөздерге келгенде, ерін үндестігін сақтап жазу(орұн, күмүс, кұлдұрүп сөйлөдү), ілгерінді-кейінді, тоғыспалыүндестік заңдарын сақтап жазу (орынбасар дегенді орұмбасар,көнбеді дегенді көмбеді деп жазу дегендей), жуан ый, ұу ды-быстарын осылайша қос әріппен танбалау, жінішке ій, үу ды-быстарын да көрсетілген түрде жазу керек деген ұсыныстаржайында пікірсайыстар болды, әлі де бола бермек (ол жайындаорфография нормаларын сөз еткен тұста тағы айтылады).

Сөздің жазылуы мен айтылуы – кірме сөздерге, оныңішінен орыс тілінен (орыс тілі арқылы) енген сөздергеқатысты, дәлірек айтсақ, бұлардың емлесі мен дыбысталуын«қазақыландыру» керек деген ұсыныс-пікірлер бүгінгі нормамәселесінің даулы тұсының бірі.

Бұл жөнінде де келесі тарауларда сөз болатындықтан,әзірге мына жайттарды ғана анықтаумен шектелеміз.

Орыс тілінен және орыс тілі арқылы интернационалдыққордан ХХ ғасырдың өн бойында, әсіресе кириллицаға көш-кеннен кейінгі сонғы 60 жыл барысында қазақ тіліне жүздегенсөздер, сөз-терминдер енді. 1929-1940 жылдардағы латынжазуы кезінде бұл сөздердің емлесі қиын соқты: әуелі (1929жылғы қабылданған ережелер бойынша) орыс тілінен ен-генсөздердің көбін, әрине, интернационалдық ғылыми-техникалық терминдерді айтылуынша (естілуінше) жазуережесі қабылданды, нәтижесінде бір сөз бірнеше вариант-тажазылды. Проф. Құдайберген Жұбановтың ашына айтқансөзіне қарағанда, бір ғана коммунист сөзі 16 түрлі жазылып-ты. Сол кезеңдегі ең «киелі» сөздің бірегейі коммунист 16түрлі жазылса, өзге сөздерге не жорық! Демек, тығырықтаншығудың жолы ізделуге тиісті болды.

Латын жазуын пайдаланған 10 жылдың ішінде оныңграфикалық жүйесі мен емле ережелері екі-үш рет қырналды.Мұның ішінде, әрине, орыс тілінен енген сөздерді игеру –айтылуы мен жазылуын реттеу бірінші кезекте тұрды. 1940жылы қазақ қауымы «кириллица» деп аталатын «орыс» жа-зуын (әліпбиін, графикасын) қабылдағанда, орыс тілінен

104

Page 104: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

енген кірме сөздерді дұрыс жазудың жолы оп-оңай табыл-ды,яғни олардың бұрынырақ еніп, сөйлеу тілінде қазақшақалыптасқандарынан басқаларын, әсіресе ғылыми, әлеуметтік,саяси терминдер мен техника саласының атауларын орыстіліндегі түрінде жазу ұсынылды. Бұл орайда қазақ емлесі «екіжеп биге шықты» немесе бір оқпен екі қоянды атып алды:біріншіден, мыңдаған «орыс» кірме сөздерін таңбалауда ду-блетқатарлардан құтылды, екіншіден, «коммунизмге тезірекапаратын жол» – орыс тілін игеру, орыс мәдениетіне бауыр басусаясатына – Ресейдің империялық мүддесіне «мәдениетті түрде»қызмет етті. Ұлттық тілдің, ұлттық мәдениеттін, ұлттық руханидүниесінің даму барысын, бағытын саясатқа, идеоло-гияталабына мықтап бағындырудың басы осы жерден бастал-дыдеуге болады, яғни орыстар қолданып отырған кириллицағакөшу, орыс тілі арқылы еніп жатқан және әрі қарай да жүздеп-мындап ене беретін сөздерді орысша жазып, орысша игеруРесейдің империялық мүддесін көздеді, коммунистік идео-логияның талабын өтеді. Бұл процесс ондаған жылдарға со-зылды. Тіл дамуының бір заңы – дәстүрге айналу факторыжүзеге аса бастады. Дәстүрлілік факторын кері қайтару, яғнитілдегі дағдыға айналған құбылысты сол тілді қолданатынмиллиондаған адамдардан «қайтарып алу», керісінше, басқашадағдыландыру – онай еместігін бүгінгі қазақ тілі мәдениетісаласында жүргізіп жатқан іс-қарекетіміз, күресіміз, талас-тар-тысымыз көрсетіп отыр.

Сөйтіп, сөз варианттары және лексикалық норма мәселе-сіне келгенде, әдеби нормаларды ұстану және одан уәжді-уәжсіз ауытқу туралы әңгіме болуы – заңды. Алдымен, ва-рианттардың түрлерін айырып тану арқылы әдеби – әдебиемес қатарлардың соңғы сыңарларын әдеби тілде жазғанда несөйлегенде қатыстырмау қажет. Ол сыңарлар: диалектизмдер,фонетикалық-орфограммалық дублеттер, қарапайым, дөрекісөздер, варваризмдер. Мысалы, қолдан өсіріліп, адам, малазығы ететін дақылдың әдеби атауы – жүгері сөзі тұрғанда,оның борми, көмбеқонақ варианттары уәжсіз қолданылмауғатиіс. Егер кейіпкері Шығыс Қазақстан тұрғыны болып, оныжергілікті тілде сөйлеткісі келсе ғана жазушы борми вариан-

105

Page 105: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

тын жұмсай алады, бұл – уәжді қолданыс болмақ.Варианттар-ды тандауда көркем әдебиет стилінің басқафункционалдық стильдерден ерекше тұратындығы қаттыескеріледі. Ал ресми-іс қағаздары, ғылыми, публицистикалықстильдер варианттар қатарын пайдалануда жоғарыда берілгенталдауларға құлақ асуы – тіл мәдениетінің басты талабы.

Варианттардың нормалануы жөнінде және олардың әдебинормадан ауытқу көріністері кейінгі «Лексикалық нормала-ну», «Грамматикалық нормалану», «Орфографиялық нормала-ну», «Орфоэпиялық нормалану» деген тарауларда, сондай-ақ«Тілдік норма және функционалдық стильдер» деген тарауданақты сөз болады.

Грамматикалық варианттар

Қазақ тілінде грамматикалық тұлғалар мен амал-тәсілдерсаласында варианттар қатарын түзетіндері аса көп емес.Әдетте кейбір зерттеушілер шылау, үстеу сияқты сөз таптары-на жататын жеке сөздердің лексика-фонетикалық вариантта-рын морфологиялық тұлғалардың варианттары деп қарайды,оларға шейін ~ дейін, бірдеме ~ бірдеңе, мұндай ~ бұндай,меніңше ~ менімше, барайық ~ баралық, жасамыс ~ жасамыш,іскер ~ ісмер, жұқалтаң ~ жұқалаң, ұлы ~ ұлық, кіші ~ кішіксияқты қатарларды жатқызады12. Біздің байқауымызша, бұларда – лексика-фонетикалық варианттар, тек мұнда варианттықтұлғалардың пайда болу көздері әртүрлі. Мысалы, ұлы ~ұлық, кіші ~ кішік дегендердің соңғы сыңарлары көне түркілікқалдықтар болса, мұнша ~ бұнша-лардың жарыспалылығы– м ~ б дыбыс алмасуларының нәтижесі, қысқасы, бұлар –морфологиялық амалдың варианттары емес, фонетикалық ва-рианттар.

Морфологиялық, синтаксистік варианттар деп граммати-калық амалдардың жарыспа қатарларын айту керек болады.қазақ әдеби тілінің қазіргі қолданысында кейбір морфологи-ялық категориялардың тілдік көрінісінде варианттар қатарыбары байқалады. Оларды семантикалық-морфологиялықдеп атаған жөн, яғни мұнда вариант құрайтын негізгі объект

12 Бизақов С. Тілдік норма және варианттылық. - Алматы: Ғылым, 1997.- 73-75-б.

106

Page 106: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

морфологиялық категория ұғымының әртүрлі тұлғамен (жұр-нақпен) берілетіндігі көзделеді. Мысалы, бұйрық рай семан-тикасы екі-үш түрлі амалмен жүзеге асырылады: 1) етістіктіңII жақтық жекеше-көпше, анайы-сыпайы тұлғалары арқылы:кел, келіңдер, келіңіз, келіңіздер; 2) шартты райдың II жақтықтұлғасы арқылы: барсаң, барсаңыз, барсаңдар. Әрине, бұлварианттар қатары тепе-тең емес, қолданылар кеңістіктері дебөлек, мағыналарында да бір-бірінен ажыратылатын бұйрықмәндері (семалары) бар: бар, барыңыз – «таза» бұйрық болса,барсаң, барсаңыз – тілек мәнді, өтініш мәнді бұйрық.

Супин (мақсат) мәнді етістік тұлғаларының да вариант қа-тары бар: бару керек ~ бармақ керек.Күні кешеге дейін мұның-ар+ға жұрнақты варианты жарыса қолданылып келген:«Қарағайға қарсы бұтақ бітсейші Найзаға сап қыларға» (Ма-хамбет), «Мұңдасарға кісі жоқ сөзді ұғарлық» (Абай).

Тұйық етістіктің де екі түрлі тұлғалық варианты бар: -ужұрнақты, -мақ жұрнақты: бару, бармақ.Бұл вариант қатар-ларының бұл күнде -у варианты активтеніп, -мақ тұлғалысыорын таңдап, көбінесе поэзия тілінде қолданылуға ығысыпбара жатқан сияқты. Ал -мақ жұрнақты қатар XX ғасырдыңбасына дейін әлдеқайда актив тұлға болғанын Абай, Шәкәрімжәне бұлардан көп бұрын өткен ақын-жыраулар поэзиясы тілікөрсетеді.

Көптік категорияны, көптік мағынаны білдірудің де бірнешеморфологиялық амалдары (тұлғалары) бар; аффиксация ама-лы:-лар (-лер, -дар, -дер, -тар, -тер) жалғауымен келетін тұлғасы(балалар, кітаптар), көп, біраз, бірсыпыра, едәуірсияқты сөздермен тіркесіп келетін аналитикалық амалменберілетін тұлғасы: көп бала, көп кітап, бірсыпыра бала, біразкітап (алдым).

Етістіктің жақтық парадигмасында көптік мағынаның IIIжағының морфологиялық норматив көрсеткіші жоқ: олар келді(өзге бірқатар түркі тілдерінде бұл көрсеткіш барын білеміз:олар келділер), ал көптік семантиканы көбінесе көркемәдебиетте, оның өзінде де белгілі бір жазушылар қаламында,мысалы, Мұхтар Әуезовте, ортақ етіс тұлғасымен беру орыналады: «Қонақтар үйге кірісті»... Бұларды семантикалық-морфологиялық-стилистикалық варианттар деу керек болар.

107

Page 107: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Белгілі бір морфологиялық категория білдіретін ұғымның әртүрлі тұлғалармен (бірақ бір тәсілмен, айталық, аффикса-циятәсілі – жалғау, жұрнақтармен), кейде әр түрлі амалмен (айталық,біреуі – аффикс жалғау, екіншісі аналитикалық – сөз тіркестету)келетін варианттары аса көп болмағанмен, біразы бар екендігінкөрсетуге болады. Жоғарыдағы мысалдарға (фактілерге) қоса,мынадай семантикалық-морфологиялық, морфологиялық-стилистикалық варианттар бары байқалады:

1)қалау райлық мағына беретін барғым келеді ~ барғым бар,барғым келмейді ~ барғым жоқ қатарлары. Мұнда көмекшісөздер екі вариантта (келеді ~ бар, келмейді ~ жоқ) көрініптұр; екеуі де әдеби нормаға сыйымды, бірақ алдыңғысы –барлық аймаққа ортақ, көпшілік дұрыс деп қабылдаған,функционалдық стильдердің барлығында да қолданылаберетін, әсіресе ресми стильдер қатаң ұстанатын вариант,соңғысының жұмсалуында көбінесе стильдік қосымша реңкбар және ол – негізінен ауыз-ша сөйлеу актісіне тән вариант;

2) сұраулық мәнде қолданылатын етістік тіркестерініңшақтық көрсеткіштері мен көмекші сөздері екі түрлі берілгенварианттар: айтқан жоқпын ба? ~ айттым емес пе? Бұлардыңалғашқысы әдеби норма ретінде орныққан, бірақ екіншісыңары да қолданыла береді, ол көбінесе ауызекі сөйлеубарысында және көркем әдебиет тілінде жиірек жұмсалады;

3) демеулік шылаулар тілдік құрылымдық норма бойын-шаөздері тіркесетін сөзден кейін келеді де, негізгі сөзге жалғанатынқосымшалар шылаудан бұрын тұрады: қашықпын-ақ, бірақ бұлқұрылымның екінші варианты бар, мұнда шылау негізгі сөзгетікелей жалғанып, жіктік жалғауы содан кейін ке-луі мүмкін:ғашықақпын («ғашықақпын еш күмәнсіз» – Абай); «Күн туса –ондай сөзді айтарақпын» ( «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»жырынан). Бұл варианттардың екеуі де – әдеби норма, дегенменсоңғысы көбінесе көркем әдебиетке, поэзия тіліне, ауызекісөйлеу тіліне тән болып келеді.

Бұл қатарда баратын шығармын деп құрылатын етістіктіңбарам (ын) шығар деген варианты тұрады. Мұнда да алғашқысыңарда жіктік жалғау көмекші сөзге жалғанған болса,екіншісінде негізгі сөзге (барамын) жалғанған. Бұл қатардың

108

Page 108: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

алыңғысы – әдеби норма, екіншісі – Қазақстанның батысаймақтарына тән диалектілік вариант.

4) III жақты тәуелдік көрсеткішінің екі рет жалғануын даморфологиялық варианттар қатарына жатқызуға бо-лар. Мысалы: көбі ~ көбісі (көп+і+сі), бәрі (бар>бәр+і+сі) ~бәрісі, ертеңіне (ертең+і+сі) ~ ертеңісі (не), уақытына(уақыт +ы+сы) ~ уақытысына т.б. Бұл құбылысты диалек-тологзерттеушілер Қазақстанның оңтүстік аймақтарының тіліне тәндеп табады. Шу бойы қазақтары ақыр+ы+сы, үй мүлк+і+сі депөйлейтіндіктерін көрсетеді13. Сірә, бұл құбылыс тек оңтүстікговорларында ғана емес, қазақ жерінің өзге өңірлерінде декездесетіндігін де өзге зерттеушілер айта-ды. Мысалы, Ұлытау,Жезқазған аудандарының тұрғындары дакөбісі, бәрісі, уақтысы, қамын, ойлау деудің орнына жүрудіңқамысын, ойлау деп айтады екен14. Бұл фактілерге қарағанда,тәуелдік жалғауды қосарлап (қабаттап) қолдану – қазақ тіліндебір кезде жаппай болмағанмен, бірқатар тұстарда кеңірек орыналған құбылыс болар, кейінгі дәуірлерде жергілікті ерекшелікболып сақталып қалғанға ұқсайды деген ойға келеміз. Күнібүгінгі әдеби нормамыздың өзінде көбі ~ көбісі, бірі ~ бірісі депбаспасөз беттері мен көркем шығармаларда (авторлық баяндау-да) қатар қолданылып келе жатқандығының бір себебі осыданболар. Бұл қатардың екеуі де әдеби деп танылғанымен, тілдіңқұрылымдық жүйесіне сай келетіні – тәуелдік көрсеткішінің бір-ақ рет берілген варианты: көбі, ақыры, уақыты т.т. Бейнормалықсипатына қарамастан, қосарланған қосымшалы варианттардыңәдеби үлгілерде жиі кездесетіндігі халықтың дағды – узустыңкөрінісі деуге болады.

5) Қатыстық сынды білдіру тұлғаларында да варианттарқатары бар: бірі – жұрнақ жалғау тәсілімен келсе (азаматтықсоғыс), екіншісі – тәуелдік жалғаулы тіркес-изафетпен келгенварианты (азамат соғысы). Бұл варианттардың аффиксацияжолымен жасалатындары жазба тілде бел ала бастаған тәрізді.Бір кездерде, XX ғасырдың алғашқы жартысында азаматсоғысы, коммунист партиясы, қала өндірісі, ауыл мектебі деп

13 Нақысбеков О. Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы. - Алматы: Ғылым, 1982. -55-б.14 Досқараев Ж. Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері. - II бөлім. - Алматы: Ғылым, 1955 .

109

Page 109: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

қолданылып келген тіркестер бұл күнде көбінесе азаматтықсоғыс, коммунистік партия, қалалық өндіріс, ауылдық мектепдеген варианттар әдеби норма ретінде жиірек қолданылыпкетті. Дегенмен бұл қатардың әр сыңарының семантикалықреңктері бар екенін білу керек: жұрнақты түрінде қатыстықмән, изафеттік түрінде тәуелдік, меншіктік мағына басым бо-лып келеді. Мысалы, мектеп оқушылары дегенді мектептікоқушылар деп атау қисынсыз көрінеді, өйткені мектеп – оқушыбала дегеннің қатыстық сыны емес, керісінше, «иесі», яғни бала(оқушы) – өзге орынның емес, мектептің «иелігінде»,«құзырында», «шаңырағының астында». Бұл морфологиялық-семантикалық вариант қатарының ішінде қалыптасып, узусқаайналып кеткен тіркестер аз емес. Мысалы, кітап сауда-сы, ауыл шаруашылығы, оқу орны сияқты варианттары жиіқолданылады.

Қазақ тіліндегі грамматикалық варианттарды норма тұрғы-сынан алып зерттеген арнайы еңбектер жоқ, әсіресе синтаксис-тік параллельдерді анық танытқан, олардың тілдік құрылым-дықжүйесіне сай келетін немесе оған сәйкеспейтін варианттарқатарын көрсеткен монографияларды кездестірмедік.

Сондықтан морфологиялық варианттар қатарын да біз осыжұмыста түгел көрсете алмаған болармыз.

Синтаксистік варианттарды әңгімелеуіміз бұдан да кел-терекболады. өйткені синтаксисте вариант түзетін бірліктер тазақұрылымдық-тілдік варианттар емес, стилистикалық - авторлықерекшеліктер ретінде танылуға бейім тұратын сияқты. Мысалы,құрмалас сөйлем компоненттерін жалғаулықтармен немесежалғаулықтарсыз құру, сырт қарағанда, сөйлем түрініңварианттары болып көрінгенмен, мұның стильдік, шеберлік,әсерлілік мақсатын көздеп жасалғандығы сезіледі. Мысалы:Елге мойнымды созам, – көрінбейді. Маңайға мойнымды со-зам, – дәнеңе жоқ (С.Мұқанов) деген сөйлемдердің екеуі дебірақ деген жалғаусыз құрылған. Бұларды жалғаулықты вари-антты: «Елге мойнымды созам, бірақ ел көрінбейді. Маңайғамойнымды созам, бірақ маңайда дәнеңе жоқ» түрінде құрылса,екеуінің қолданысында стильдік реңк айырмашылықтары бар:жалғаулықсыз вариантта амалсыздық, үмітсіздік реңкі бар,жалғаулықты варианты жай хабарлау болып танылады.

110

Page 110: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Бірыңғай мүшелердің әрқайсысы қайталама жалғаулықтар-мен құрылған сөйлем мен бірыңғай мүшелерді жалғаулықсызкелтіру де – сол сөйлемнің синтаксистік бір варианты болса,мұнда да стильдік мақсат көзделеді, демек, екеуі де – әдебинорма.

Бағыныңқы мүшелердің өзіне қатысты сөйлем мүшесіненбұрын орналасуы, құрмалас сөйлемнің бағыныңқы компонентібасыңқыдан бұрын туратындығы – тілдік құрылымдық нор-ма.Осы нормаға қарама-қарсы түзілген сөйлемдер не норма-данауытқу болады, не диалогтерде берілетін ауызекі сөйлесу тәртібіболып танылады, не белгілі стильдік мақсат көздеп келгенқұрылым болады. Мысалы, жазушы Сәбит Мұқанов кейдешартты бағыныңқы сөйлемді басыңқыдан бұрын келтіруді өзінетән қолтаңбасы ретінде қолданады. Мысалы:Ол шалқалап құлап түсетін еді, артынан біреу келіп қапсырақұшақтамаса деген сияқты сөйлемдер.

Сайып келгенде, бұл да – синтаксистік варианттың стилдікмақсатпен келген нормативтік түрі.

Сөйтіп, лексикалық және грамматикалық варианттылыққұбылысын қазақшалап «жарыспалылық» деп те атайотырып, вариант бірліктерді (тілдік единица: дыбыс, сөз, сөзтіркесі, сөйлем, көріктеуіш құралдарды) «жарыспалар» (әлде«жа-рыспалылар» ма?) деп «жарыстыра» қолданып, бұлқұбылыс пен оның объектілері туралы жоғарыдаайтқандарымызды тұйықтасақ:

1) варианттар – «ұқсас дүниелер», дүниеде, оның ішінде тілдеде «ұқсас» (мағыналас, қызметтес, үндес) бірліктер – единицаларбаршылық, бірақ баршасы тура мәніндегі вариант-тар болыптанылмайды. Мысалы, синонимдер де – бір-біріне ұқсас, яғнимағыналас сөздер. Оларды варианттар деп атау мүлде шартты,бұл жердегі «вариант» сөзі «қатар» сөзінің эквиваленті болмақ.Демек, біз жоғарыда норма тұрғысынан талдаған варианттар менсинонимдерді шатастырмау керек. Әрине, белгілі бір жарыспатұлғаларды вариант (дублет) деп тану немесе синонимдер депқарау кейде қиындау соғады.Мысалы, орыс тіл білімінде неграмотный ~ безграмотныйдеген қатарларды синонимдер деп қарайды, бұлайша танысақ,

111

Page 111: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

бейкүнә ~ күнәсіз, әдепсіз ~ бейәдепдеген жарыспа тұлғалардыбіз де варианттар дегеннен гөрі, жасалуы жағынан бір-бірінесиноним болып келетін сөздер деуімізге болады. Сірә, бұлайшатанымауға олардың тіркесімдік қабілеттерінің түрліше екендігіде себеп болатын сияқты: күнәсіз жазғыру, бейкүнә жан де-геннен гөрі күнәсіз жан, бейкүнә жазғыру деп айту – жатық,дұрыс, яғни норма.

2) Варианттарды «тегіне» қарай: әдеби тілдік және әдеби-диалектілік қатарлар, әдеби және ауызекі тілдік дублеттер, ау-ызша және жазбаша (орфоэпиялық-орфографиялық) вариант-тар, орфограммалық (графикалық) дублеттер деп бөліп-бөліпқарастырған жөн.

Тілдік-құрылымдық сипатына қарай варианттар фонети-калық – орфографиялық – морфологиялық – лексикалық болыпбөлінеді. Қазіргі қазақ тілінде ең көп кездесетіні – лексикалықжәне фонетикалық жарыспа қатарлар. Аталған жарыспа бір-ліктердің қай-қайсысы да нормаға қатысты қарастырғанда едәуірпікірлер қайшылығы мен әр алуан қиындықтар келтіріп жатқанымәлім. Тілдегі варианттар қатары неғұрлым көп бол-са, олардыңәдеби нормалануы толық жүріп болмағанын көрсе-теді.Варианттарды әдеби – әдеби емес, әдеби-стилистикалық (әдеби-функционалдық) деп ажыратуда, әсіресе фонетикалыққатарлардың емледе біреуін тандауда бірнеше факторларға иекарту керек болады. Мысалы, фонетикалық дублеттердің бірсынарының күнделікті баспасөзде қайсысы жиірек қол-данылыпкеле жатса, соны норма деп ұсынушылық орын алды. Мысалы,сонғы 50-60 жыл барысында баспасөзде патша(патса емес), дұшпан (дұспан емес), мысалы (мисалы емес),бәйге (бәйгі емес) тұлғалары жиірек қолданылғандықтан, текгазет-журналдарда емес, оқулықтар мен ғылыми әдебиетте,функционалдық стильдердің өзге салаларында олар әдебинор-ма ретінде ұсынылып отыр.

3) Әдеби және жергілікті деген оппозициялық қатарлардыңәдеби сыңарын тандау біз үшін аса қиынға соқпады, өйткеніқазақ тілінің тірек диалектісі айқын көрініп тұрмағанымен,қазақтың кен даласының көптеген аймақтарында қолданылатынварианттарын әдеби норма деп тануға мүмкіндік берді. Мы-салы,Қазақстанның батыс өлкесінде құдағай, сұпы, жарын, ақа, жар(газеті) деген сынарлары жиірек қолданылғанымен,

112

Page 112: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

қалған солтүстік, орталық, онтүстік, шығыс өлкелеріндеқұдағи, сопы, келер жылы, аға, қабырға (газеті) деп қолданы-латындықтан, осы көрсетілген тұлғалары сөздіктерде нормадеп ұсынылып жүр және солай қалыптасып қалды деуге бо-лады. Бұл іспеттес жарыспа қатарларының бір сынарын тан-дауда «күштеу» де жоқ емес, яғни бір тұлғасын норма ретіндебаспасөз жиі қолданса, емле сөздіктерінде «осылай жазыла-ды» деп ап-анық көрсетіп қойсақ, сөз жоқ, 10-15 жылданкейін қатардың сол варианты дағдыға айналады дадублеттіліктен арылады.

Әдеби-ауызекі тілдік қатарлардың, әрине, «әдеби» деп та-нылатын сыңарын тұрақтандыру керек, дегенмен бүгінгі тан-да, яғни сонғы 5-10 жылда ауызекі сөйлеу тілі элементтерінәдеби айналымға (қолданысқа) әдейі қатыстыру әрекетібайқалады. Мысалы, кәдуіскі, кәдуілгі (кәдімгі-нің ауызекісөйлеудегі сыңарлары), пошым, дей тұрғанмен сияқты бес-онсөз баспасөз беттерінде көркем әдебиеттегі авторлық баяндау-ды былай қойғанда, радио мен теледидарда жиірек қолданылабастады. Бұл құбылыс белгілі бағытқа (тенденцияға) айналса,дублет қатарын көбейтуі – даусыз, ал «басы артық» дублетсыңарларын әдеби нормадан ығыстыру әрекеті – бүгінгі тілмәдениетінің басты шарттарының біріне кері ықпалынтигізері де анық.

4) Варианттардың бір тобы өзіміз дублет деп бөліп қарағанжарыспаларға жатады, дублеттер тілдік норма тұрғысынанкелгенде, бір сынары «кәдеге асып», екінші сынары бірте-біртемүлде ығыстырылатын (мысалы, даража, дұспан, мағана,мағна, алдақашан, үйткені, кәйтіп сияқты орфограммалықсыңарлар) немесе өз алдына «отау тігіп» кететін, яғни дер-бес мағынаға ие болатын (үкімет ~ өкімет, ауа ~ әуе, заңғар~ зеңгір сияқты қатарлардың әрқайсысы бір-бір лексика-семантикалық единица болғаны сияқты) я болмаса қолданыстастильдік жүк арқалап, өмір сүре беретін (шайтан ~ сайтансияқты) сөздер болады. Ал синонимдер – керісінше, қатарытолыға түсетін, ешбірі қолданыстан ығыстырылмайтын сөзқатарлары. Синонимдер – тілдің икемділігінің, семантикалықбояуларға байлығының, бейнелігінің көрінісі. Синонимдерге байтіл – мықты тіл, қазыналы тіл.

113

Page 113: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

5) Варианттар қатарын түзетін бірліктердің, әсіресе лек-сикалық жарыспалардың барлығы жоғарыда көрсетілген ду-блеттер тобын құрамайды. Басқаша сөзбен айтқанда, норматұрғысынан келгенде варианттылықтың шегі деген ұғым (қағида)бар. Бұл – теориялық жағынан жеке зерттеу жұмысын-да(диссертацияларда, ғылыми монографияларда) сөз болатынүлкен тақырып. Ал біз мұнда осы кең тақырыптың бір пұшпағы– әдеби тілден орын алуға «құқықты» және «құқықсыз» вари-анттар қатарын қарастырдық.

6) Вариант құбылысының тілдің дамуы мен өзгерістерінетигізетін әсері, рөлі деген проблема да – дербес ғылымиізденістщ нысаны, сондықтан «Вариант және норма» атты бұлтарауда арнайы сөз етілмеді.

7) Ұсынылып отырған бұл жұмыста варианттардың пай-даболу негіздері мен себептері, уәждері, сөз тұлғаларыныңдыбыстық өзгеріске ұшырау жағдайлары, варианттылықтыңтарихы, реттеу тарихы, реттеу кезендері сияқты тақырыптарсөз болған жоқ. Бұларды да арнайы ғылыми ізденістердің объ-ектілері (нысандары) деп есептейміз және бұл тақырыптарзерттеуші С.Бизақовтың көрсетілген енбегінде едәуір жақсысөз болды.

8) Көрсетілген дублет жарыспаларды реттеу, яғни әдебитілдегі орфографиялық, лексикалық нормасы ретінде тұрақ-тандыру: бір сыңарын ығыстыру немесе екі дербес сөз етіпжұмсау – күні бүгінге дейін жүргізіліп келе жатқан және бір-шама жүзеге асып отырған іс-әрекет. Мұнда 50-60 жыл бойыұстанып отырған емле ережелеріміз, әр алуан сөздіктер, әсіре-се емле сөздіктері, мектеп оқулықтары басты рөл атқарыпкеле жатыр. Демек, тілдік нормаларды сұрыптау менорнықтыру ісі әлеуметтік саналы әрекет сипатын алыпотырғаны – қазақ әдеби тілінің даму бағыты мен барысыбірқыдыру ғылыми-теориялық негіздерге сүйеніп, жүйелітүрде өтіп жатқанын көрсетеді.

9) Дублеттердің, әсіресе фонетикалық-орфограммалық жа-рыспа бірліктердің толық реттелмеуі ең алдымен оқу-ағартуісінде, әсіресе мектептердегі оқу процесінде қиындық туғызыпкеледі. Сауатты жазу, әдеби тілде сөйлеу, мұғалімдердің

114

Page 114: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

сұрақтарына ауызша жауап беру сияқты тұстарда емледегі ала-құлалықтар, оқушының сөзқолданысындағы ақаулықтар, яғниәдеби нормадағы сөз бен олардың қарапайым, жергіліктіварианттарын ажырата білмеуі, төл тілдік сөз бен бөгде тілдікэквивалентін араластырып сөйлеулері т.т. оқушының, студенттіңбілім дәрежесін бағалауда, тіпті жоғары дәрежедегі аттестаттармен дипломды беру-бермеуде үлкен қиындық келтіріп, кейдеталастарға, дау-дамайға апаратыны да белгілі. Сондықтан тілмәдениетін көтерудегі басты жұмыстардың бірі – вариант-ду-блет проблемасына ерекше назар аудару міндеті күн тәртібінентүспейді. Бұл проблеманы шешуде емле ережелерінің едәуірқырналған жаңа редакциясын ұсыну, оны бұлжытпай қолда-нудыміндеттеу, соған сәйкес түзілген қазақ тілінің толықорфографиялық сөздігін жарыққа шығару, тіл мәдениеті кур-старын мектептің жоғарғы кластарында, колледждер мен гим-назияларда, сондай-ақ университет пен институттардың қазақтіліндегі барлық факультеттерінде оқыту кестесіне енгізуді Білімминистрлігі қолға алуы қажет деп санаймыз. Бүгінгі үлкенұлттық саясатымызда мемлекеттік тіліміздің тек әлеуметтікқызметін жолға қоюды ғана емес, оның дұрыс қолданылуын,мәдениетін көтеруді де қоса жүргізілетін күрес деп тану – текғалымдар мен мектеп мұғалімдерінің міндеті емес, алдыменжәне пәрменді іс-әрекет иесі – жоғары әкімшілік – басшылықоргандары екенін баса айтамыз.

115

Page 115: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

ЛЕКСИКАЛЫҚ НОРМАЛАР

Лексика саласындағы тілдік нормаларды үш салаға бөліпсөз ету керек: бірінде жалпы жазба әдеби тілдік сөз нормала-рын, екіншісінде ауызекі сөйлеу тілінің нормасын,үшіншісінде сөздердің қолданыстағы нормаларын талдап,таныту керек бо-лады.

Тіл-тілдің лексикалық қазынасы ғасырлар бойы қалыпт-асып, адамдардың қатынас және эстетикалық құралы болыпқызмет ететін, әлеуметтік талғамнан өткен сөздер тобы әдебинормасы болып танылады. Диалектизмдер, қарапайым сөздер,дөрекі элементтер, жаргон, арго сияқтылар әдеби лексикалыққұрамнан тыс тұрады, бірақ бұлар ауызекі сөйлеу нормасынанорын ала алады. Ал сөздердің әсерлі, орынды қолданысын бұлқолданыстың дұрыс-бұрысын таныту стилистикалық нормапроблемасының өзегі болып келеді.

Лексикалық норманы сөз еткенде, әңгіме жеке сөздердіңқолданысқа түскендегі дұрыс-бұрыстығы, оңды не сәтсіздігітуралы болмақ. Бұл – қиын шаруа, өйткені сөздердің барлығыбір қалыпқа түсіп, бір үлгімен жұмсалмайды. қолданысқа кел-генде, әр сөздің «бас бостандығы», әр сөздің «өз қылығы»(орыс тіл білімінде мұны «поведение слов в речи» дейді) бо-лады.

Тілдің сыртқы факторларға: қоғамның әлеуметтік ахуа-лына,идеологиясына, мәдениетіне, ғылым мен техникалық дамуынатікелей қатысты болатын саласы – лексикасы, яғни сөздер.Дұрыс не бұрыс деген бағаны жиірек алатын да – сөз нормасы.Жаңа сөздердің барлық әлеуметтік топтар тара-пынан бірденқабылдана қоймайтындығы, кейбір беделді қалам иелерініңбірқатар жаңа тұлғаларды «көзге ілмей» қоятындығы белгілі.Мысалы, Мұхтар Әуезов тарихи, адами, дүнияуи сияқты жатжұрттық жұрнақпен келген сын есімдерді публицистикалықтуындыларында (көркем шығармалары түгіл) қолданбағандығын,сондай-ақ Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, СәбитМұқановтар көпке дейін оқырман, көрермен сөздерін жатсыныпкелгендігін білеміз. Әрине, лексикалық нормалардыңқалыптасуы тек «беделділердің», ірі жазушылар менжурналистердің, «ақсақалдау» тіл мамандарының ғанаталғамына тәуелді емес, бұл ретте тілдің ішкі құрылымдық

116

Page 116: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

заңдылықтарының да (мысалы, сөз мағынасының тарылу некеңею құбылысы, сөздердің функционалдық стильдер-деқолданысына қарай жіктелуі т.т.), экстралингвистикалықфакторлардың да сұранысы үлкен рөл атқарады.

Тілдің өз ішкі дамуына қатысты емес, сыртқы экстралин-гвистикалық факторлар дегеніміз – жаңа атаулардың пайдаболуы, белгілі бір сөздердің не лексикалық топтардың ак-тивқолданылуы, мектеп оқулықтары мен әр алуан сөздіктерсияқты реттеуші каналдардың күші (қызметі) т.т.

Қысқасы, cөз әлемі – қыры мен сыры көп, күрделі де қиындүние, сондықтан оны жұмсаудың реттері, қисыны, жүйесі,түйіндеп айтсақ, нормалары туралы жеке әңгіме қозғау керекболады.

Сөз мағынасы және оны түсініп жұмсау

Алдымен, «сөз мағынасы дегеніміз не, оны тіл маманыемес өзге адамдар, қалың жұртшылық, оның ішінде жазатын,сөйлейтін ақын-жазушылар, журналистер, комментаторлар,лекторлар,мұғалімдер мен өзге де ұстаздар және т.б. «жазар-мандар» мен «сөйлермендер» сөз мағынасын түсініп қолданудеген талапқа қалай қараулары керек?» дегенді әңгімелесек.

Жалпы тілдік норма тұрғысынан алғанда, сөздің «лекси-калық мағынасы» деген болады, ол – сол сөз білдіретін негізгімағына, номинативтік мағына. Мысалы, күн деген сөздіңнегізгі лексикалық мағынасы (оны ғылым тілінде денотативмағынасы деп атайды) – «әлемге жарық, қызу беретін плане-та» («Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», 5-том, 311-бет). Бұлсөздің «Күн» планетасына қатысты туған «таңның атуы менкүннің батуы аралығындағы уақыт, күндіз» және «24 сағатқатең уақыт, тәулік» деген 2-3-мағыналарын да «лексикалықмағына» деуге болар әлде оны негізгі лексикалық мағынаданөрбіген «қосалқы лексикалық мағына» дейміз бе – қысқасы,ең түпкі мағынадан туындағандар.

Қазақ тілінде өзге де тілдердегі сияқты ай, күн, жер, бас, көз,қол сияқты көптеген сөздердің бірнеше мағынадажұмсалатындығы белгілі. Олардың біреуі негізгі лексикалық нежоғарыда көрсеткеніміздей, негізгіге жуық мағына бола-ды дақалғандары – не ауыспалы, не стильдік (контекстік), нетіркесімдік т.т. мағыналары болады. Айталық, күн сөзін «уақыт,

117

Page 117: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

мезгіл, дәуір, кез» мәнінде («Бұл күнге аман жеттім» дегендегісияқты) немесе «өмір, тіршілік» («Бұрынғы күнім күн бе еді?»дегендегідей), «ауа райы, табиғат құбылысы» («Бүгін күныстық дегенде») сияқты мағыналарда қолданғанда, күн дегенсөздің ауыспалы мағыналарын пайдаланамыз. Ал күн бат-тысияқты тіркесте күн сөзі «планета» деген өз мағынасындақолданылып тұрған тәрізді болғанмен, бұл тіркесте ол мағынамүлде жоқ, алдымен, күн планетасы батпайды, жер планетасыкүнді айналғанда, күн көрінбейтін кез туады, екіншіден,әңгіме бұл жерде тіпті күн планетасы туралы емес, қараңғышақтың түсе бастағаны, тәуліктің бір кезеңінен екіншісінекөшкені ту-ралы, демек, осы тіркесте күн сөзінің мағынасы«жіпсіз байла-нып тұр», тіркестің әр компоненті (күн, бату)өздерінің негізгі мағыналарынан айрылып, тек бір-бірінеқосақталған түрінде басқа бір мағына беріп тұр.

Тілдің лексикалық қазынасындағы сөздердің көпшілігініңнегізгі мағынасы айқын, баршаға түсінікті болып келеді.Оларды бейтарап (нейтралды) сөздер дейді. Ал енді біртоптарының мағыналары көпшілікке тегіс түсінікті болабермейді. Ол топтарға архаизм деп аталатын көне сөздер, тарихіздері бар, қазіргі қолданыста сирек кездесетін сөздер (исто-ризмдер), контекстік қолданыстарға жататын кейбір қарапайымсөздер, авторлық бір қолданар сөздер болып танылатын окка-зионализмдер, бірқатар жаңа сөздер – неологизмдер жатады.Осылардың әрқайсысын жұмсаудың норма талабынан келген-демақсатын, орнын, қажеттігін білу бірінші кезекте тұрады даолардың орынды-орынсыз қолданыстары көзге түседі. Енді осытоптардың сыр-сипатын жеке-жеке танытсақ.

Жаңа сөздер мен қолданыстар,

олардың нормалану процесі

Жаңа сөз дегендер тіл дамуының белгілі бір кезеңіне қарайтанылуы тиіс. Өйткені өткен кезеңдерде «жаңа сөз» болғанбірліктер келесі кезеңдерде «жаңа» деген белгісінен(анықтауышынан) айрылып қалады немесе олар тілден орынала алмай, ығысып кетеді, сондықтан бұл жерде қазақ әдебитілі даму барысының бүгінгі кезеңіндегі жаңа сөздерге көңілаударылады. Қазіргі күні тіліміздің лексикалық қазынасының

118

Page 118: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

толығу процесі әлі де жүріп жатыр. Бұл процесс кейдебаяулау, кейде белгілі экстралингвистикалық факторларғабайланысты едәуір қарқынмен өтіп келе жатқаны белгілі.

Сөздік қазынаны толықтыратын көздер бірнешеу, олар:ауызекі сөйлеу тілі, бұл канал арқылы әдеби тіл айналымы-надиалектизмдер мен қарапайым сөздер өте алады; ауызәдебиеті үлгілері, бұл бұлақтан әдеби тіл көне сөздермен,сирек сөздермен толығады; қарым-қатынасқа түскен өзгехалықтардың тілі (шет тілдер), бұл көздің қазіргі кезеңдегі еңүлкені – орыс тілі арқылы русизмдер мен халықаралықнемесе интернационалдық деп аталатын қор еніп отыр.

Лексикалық құрамның толығуына себепкер болатын фак-торлар да әр алуан: 1) тілдің өзіне тән ішкі даму заңдары: сөзмағынасының кеңеюі, әр затты, әр құбылысты, әр ұғымдыдаралап жеке - жеке атау қажетті; 2) экстралингвистиклықфакторлар: термин жасау процесі, аударма әдебиеттің дамуы,бұқаралық ақпарат құралдарының жаңа түрлерінің дамуы,қоғам өміріндегі саяси-мәдени өзгерістер, ғылыми-техникалық революция. Міне, осылардың баршасылексикалық нормалану процесіне тікелей әсер етеді.

Көрсетілген лексикалық топтардың әдеби тілдің сөздікқазынасына өтіп, тұрақтану, яғни нормалану процесі едәуірқиындықпен жүреді, атап айтқанда, сөздердің біршама орнығуыүшін, қолданыс жиілігі, варианттық қатарлардың тежелуі, нор-мативтік сөздіктерге енуі, күнделікті сөйлеу тәжірибесінен орыналуы уақытты және саналы түрде жүргізілетін жұмысты қажететеді. Сөздердің жаңа лексикалық бірліктер ретінде тілге енуіүшін әдеби норманың өлшем-межелеріне (кри-терийлеріне) сайкелуін күту керек болады, яғни бұларды көпшіліктің дұрыс дептануы, нормативтік сөздіктерге тірке-луі, жарыспалылықтанарылуы қажет. Сол себептен де 1985 жылы тұңғыш рет жиналып«Қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстар» деген атпенжарияланған сөздік «Жаңа сөздер» деп аталмай, «Жаңақолданыстар» деп аталуының мәні сөздікте берілгентұлғалардың барлығы бірдей «жаңа сөз» статусына ие болу-болмауы неғайбіл екендігінде. Ал бұлардың басым көпшілігі«жүз ойланып, мың толғанып барып» ұсынылған

119

Page 119: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

сөздер болғандықтан, әдеби нормаға еніп, тұрақтала түскенін,енді біреулері әлеумет сынынан өте алмай, яғни көпшілік дұрысдеп бағалап қабылдамай қалып қойғанын (мысалы: мүлікбасы –«товаровед», жүрісші – «пассажир», күлдеуіш – «пепельница»,амалшы – «иллюзионист» т.т.), келесі бір тобы екі- үш вари-анттаұзағырақ жүріп қалғанын (балқыма – қорытпа, қонақүй– мейманхана – қонақ үйі, тілдескіш – тілашар) сөздіктіңкейінгі (1990, 1992 жылғы) басылымдары көрсетеді.

Осы сөздіктін соңғы толықтырылған басылымдарында жаңақолданыстардың 6-7 жылдың барысында (1985-1992) бір-шамасұрыпталып, көбінің әдеби тілге еніп, нормаланып келе жатқаныбайқалады. Мысалы, сөздіктің 1990 жылғы алғашқы кітабындаайнамұз ( «каток») түріндегі жаңа тұлға көрсетілген болса,келесілерінде оның мұзойнақ варианты қалыптаса түсті депатайды. Дегенмен нормалану процесіне келгенде, олардың соңғыжылдардағы қолданыс жиілігіне қарап, аталған ұғымды дәлірекберетін мағынасын салмақтап, әдеби тілге ену әлеуеті(потенциалы) барларын бір бөлек, жарыса қолданылып кележатқандарын өз алдына, қолданысқа көп түспей, тілден шығыпқалғандарын және іріктеп көрсеткен тағы бір жұмыс керек. Солкүнде жаңа тұлғалардың нормалану процесі айқынырақ көрінереді. Ал әзірге біз «Жаңа қолданыстардың» үш басылымындахатқа түскен сөздердің нормалану процесін біршама талдапкөрсетелік. Сол арқылы әдеби тілге енген жаңа сөздер, олардытүсініп қолдану туралы жоғарғы әңгімемізді жалғастырамыз.

Алдымен, осы кітаптардың алғы сөзінде ескертілгендей,бұларда тіркелген тұлғалардың барлығы әдеби тіл нормасына сайкелетін жаңа сөз ретінде берілген жоқ. Олар – қазақ тілін-дегі әралуан жазба әдебиет үлгілерінде, әсіресе баспасөзде кез-дескенбірліктер. Бұлардың ішінде жеке жазушылардың, газет-журналредакцияларының не өзге де авторлардың бір-екі рет-тенқолданған «жаңа сөздері» де бар. Мысалы, иллюзионистті біржурнал амалшы деп, екіншісі сиқыршы деп қазақша атап, жаңасөз ұсынады. Әдебиетші ғалым Едіге Тұрсынов «Қазақ ауызәдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері» (1976) де-генеңбегінде бұрын көбінесе орысша атап жүрген терминдер менөзге де сөздердің қазақша баламасын ұсынады. Мысалы,

120

Page 120: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

таусыншық ( «реликт»), сірі («маска», мифтік дүниелер бей-несіндегі басқа киетін жапсырма); жазушы Д.Досжанов «Жі-бек жолы» романында зертас ( «мозаика»), қышкер ( «қышқұюшы»), жидашы ( «салық жинаушы»); Сәбетқазы Ақатаевқолданған аңсар («трактат») сияқты соны сөздерді авторлықне-ологизмдер деуге болар, олардың жалпықолданыстықнормаға енуі екіталай.

Жаңа қолданыстардың бірқатары өлеңде келетін поэтика-лық, стильдік мақсатқа қолданылған жаңа тұлғалар, мыса-лы,альпинист дегеннің асқарпаз, әлем (вселенная) дегенніңәлемиет, флагман дегеннің мағынасында жалаугер сөздері –өлең текстерінде ғана кездескен жаңа тұлғалар. Бұлардың дажалпыға ортақ әдеби тіл нормасына енуі екіталай.

Жаңа қолданыстар сөздігінде екі-үш, кейде тіпті төрт ва-риантта хатталған қатарлар біршама реттеліп, бір вариантытұрақтала, нормалана бастаса, қалғандары әлі де қосамжарланыпкеле жатыр. Олар – көбінесе ғылыми, саяси, мәдени термин-деремес, тұрмыстық зат атаулары, мысалы, күні кешеге, тіп-ті бүгінге дейін, варенье, печенье, кнопка, штепсель (вилка),простыня, значок, ванна, клюшка, наждак, наволочка сияқтыатаулар бұрынырақ не орысша түрінде, не суреттеме тіркестүрінде қолданылып келген болса, енді оларға қазақша бала-ма іздеп (жасап) табу әрекеті бел алды, жаңа қолданыстардыңедәуір басым бөлігі осы салаға кіреді. Бұлардың ішіндегі сәттібаламалардың әдеби лексика қорына ену мүмкіндіктері зор(ақжайма, бұлау, жастықтыс т.т.).

Жаңа қолданыстардың «Жаңа атаулар» деген атпен үшіншірет 1992 жылғы басылымы – алдыңғыларының (1985-1990)толықтырылып ұсынылғаны. Ең алдыңғы 1985 жылғы кітаптаосыған дейінгі 10-15 жылдың ішінде жазба әдебиетте орын алғанжаңа қолданыстар тіркелген. Алғашқы басылымдарда жаңаұғым, жаңа зат атауларымен қатар бұрын орысша айты-лыпкелген немесе дұрыс берілмеген атауларды қазақшалап нетүзетіп беруден туған жаңалықтар болса, соңғы басылымдардасолармен қатар қоғамымыздың өмірінде пайда болған жаңа зат,жаңа ұғымдардың атаулары да орын алғаны көрінеді.

«Жаңа қолданыстар» атты сөздіктерде, әрине, бүгінгі, дәлі-

рек айтсақ, соңғы ширек ғасыр барысындағы қазақ тіліндегі әр

121

Page 121: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

алуан әдебиет үлгілерінде көрінген жаңа бірліктердің баршасытүгел қамтылған жоқ, дегенмен газет-журнал беттерінде, де-мек,публицистикалық стильде, сондай-ақ кейбір ғылыми ен-бектермен оқулықтарда, демек, ғылыми стильде және көркем әдебиетстилінде, яғни прозалық шығармалар менөлендерде сөздікқұрастырушылардың көзіне түскен соны тұлғалар ғана хатталды.Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – тек лексикалық жаңалықтардыжинап, тіркеп, мағынасын түсіндіріп қою ғана емес, қалыңжұртшылықтың күнделікті баспасөзді, көпшілікке арналғанғылыми әдебиетті, көркем шығармаларды дұрыс түсініп,түйсініп оқуға көмектесу, жаңа ұғымдарды дәл атауға, олардыорнымен қолдана білуге септігін тигізу. Сонымен қатар сөздіктіңең басты көздегені – қазақ тілі лексикасының норма-ланупроцесін көрсететін материалды жинақтап, реттеп ұсыну,тіркелген сөздердің нормаға сай келгендерін тұрақтандыру, сайкелмейтіндеріне жаңа варианттар іздеу, жаңа сөздердің жасалумодельдерін жүйелеу, қолданыс жиілігін анықтау, сол арқылыәдеби тіл нормасына ену-енбеу мүмкіндіктерін көрсету сияқтытіл мәдениетіне қатысты мақсат, міндеттер болатын. Бұлізденістер әрі қарай да жүргізіле береді. Сол себептен осыбасылымдарда берілген жаңа қолданыстарды нормаланутұрғысынан біршама талдап, танытуды жөн көрдік.

Алдымен, жаңа қолданыстар дегеніміз – тілдің құрылымдықнормасына сәйкес келуін, көпшіліктің дұрыс деп бағалауынкөздеп ұсынылған сөздер болғандықтан, басым көпшілігі бел-гілімерзім ішінде, алды – 20-25 жыл, соңы – 5-10 жыл барысын-дажиі қолданылып, әдеби тілдің лексикасынан норматив бір-ліктерретінде орын алып кетті. Бұл күнде бұқаралық ақпаратқұралдарында, кеңсе-іс қағаздары мен ғылыми әдебиетте, тіптікөркем туындыларда да жиі қолданылып жүрген егемен, еге-менді, ақпарат, бағдарлама, құжат, ұжым, хатшы, төраға,зейнетақы, мерейтой, демеуші, айдар (рубрика), айыппұл, ар-дагер, әмбебап, балабақша, баспагер, бейнетаспа, жанкүйер,жарнама, зілзала, кешен, өркениет сияқты ондаған, тіп-ті жүздеген жаңа сөздер – әдеби тілден орын алған жаңалексикалық қазына. Сонымен қатар жиі қолданылып, нормағаене бастағандар да қомақты топ құрайды. Мысалы, ауысым

122

Page 122: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

(смена), ашылым (открытие), есімнама (персоналий), жүктеме(нагрузка), лездеме (летучка), уәждеме (мотивировка), балқыма(сплав), айтыскер тәрізді соны сөздер әрі қарайғы қолданысжиіліктеріне, нормативтік сөздіктерге тіркелуі сипатына қарайәдеби лексика қорына қосылады деуге болады. Бұлардың әдебитіл нормасының талаптарына жауап беретін белгілері бар. Атапайтқанда, бірінші белгісі – ұсынылған жаңа тұлғаның мағынасызатты не дерексіз ұғымды дұрыс білдіруі. Айталық, мерей-той, демеуші, айыппұл, зейнетақы, балабақша, жанкүйерсөздерінің семантикасы өздері атап тұрған затты не ұғымдыдәл береді. Бұл топтағы егемен, зілзала, әмбебап, төраға, ке-шен, ұжым, құжат сияқты сөздер – «ескінің жаңалары», бұлар– осы мағынада қазақтардың қолданысында бұрыннан болғансөздер, олардың ішіндегі егемен, ұжым сияқты бірен-сараны –жұмсалу өрісі шектеулі жергілікті сөздер болғанмен, жаңа сөзжасаудың бір каналы – ауызекі сөйлеу тіліне иек арту арқылыпайда болған неологизмдер. Ауысым, салым (вклад),салымшы, ашылым, қойылым, оқылым, есімнама, уәждеме,балқыма сөздерінің де нормативтік қатардан орын алу потен-циалы күшті: олардың түбір морфемасы осы сөздер білдіругетиіс ұғымды қамтитын болса ( ауыс (ым) – кезектің ауысуы, сал(ым) – ақша салу, балқы (ма) – металл балқыту т.т.), одан кейінгіқосымшалар тілдің морфологиялық нормасына жауап береді: -ым/-ім, -ыл+ым/-іл+ім, -қы+ма, -де+ме, -нама көрсеткіштері– туынды сөз жасайтын актив қосымшалар.

Жаңа сөздердің нормалану процесінде әлеуетті сөздердің(потенциальные слова) өтпелілік қызметі күшті екенін айтуғаболады: әлеуетті сөздер жаңа тұлғаларды нормативтік қорғажақындататын аралық топ.

Жаңа қолданыстардың үлкен тобын қазақ өміріне кейін кел-ген жаңа зат, бұйым, керек-жарақтардың атаулары құрайды. Оларкөбінесе тұрмыстық лексика қазынасына кіреді. Бұл ұғымдарбұрын көбінесе орыс сөздерімен не түсіндірме сөз тіркесіменаналитикалық амалмен берілетін. Солардың енді қазақшабаламасын іздеп, бір сөзбен атау талабы қолға алын-ды. Мысалы, значок, форточка, простыня, тесьма, оправа,грелка, коляска, календарь, компас, наушник сияқты қазақ

123

Page 123: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

тұрмысында бұрын болмаған зат, бұйымдарды, әрине, қазақшаатаудың қажеттігі – даусыз, оның үстіне бұлардың дені – орыссөздері, ал орыс сөздерін аударып қазақша атау дәстүрі белгілі.Зат, бұйым атауларын бірден таба қою қиынға соққанынбұлардың қазақша баламасының екі-үш, кейде тіпті төрт ва-риантта болып келгені көрсетеді. Мысалы, аталған сөздіктің үшбасылымында наушник-тің қазақша құлаққалқан, құлаққап,құлақілдік, құлақілдірік, құлақтама деген бес түрлі атауытіркеліпті, мәшиненің кузовын – қау және қорап деп қазақшалапкелеміз, варенье деген тәттінің мұраппа, қайнатпа, тосап де-ген қазақша варианттары тіркеліпті, сөздік балалардың коля-скасын – қолкүйме, күйме-бесік, бесік-арба деп қазақша ата-ғанның біреуін тандауды ұсынады.

Бұл жарыспа атаулардың біреуінің бірден нормаға айна-луына еркін жол бермейтін себептер бар: алдымен ұсынылғанбалама сөздің номинативтік мағынасы аталатын затты толықбере алмайды, айталық, қолкүйме, құлаққап, құлаққалқан де-ген күрделі атаулардың күйме, қап, қалқан деген екінші ком-поненттері атайтын заттың ұғымын бермейді: коляска – күймеемес (күйме – үлкен арбаның бір түрі), қап, қалқан дегендердіңде мағынасы құлаққа ілетін дыбыс тыңдайтын аппаратқа кел-мейді: наушникпен құлақты қаптамайды немесе наушник– құлаққа қалқан етіп қоятын зат емес.

Көзілдіріктің морфологиялық моделімен құлақілдірік не-месе құлақілдік варианты мағына жағынан дұрыстау келеді.Әрине, қап, қалқан сөздерінің де коннотатив (туынды, екінші)мағынасын пайдаланып, құлаққап, құлаққалқан сөздерін дежасауға болар. Сондықтан төрт вариант та қатар тіркеліп, нор-маүшін біреуін таңдау процесі жүріп жатқан жайы бар. Значоксөзінің сөздікте белгіше деген баламасы көрсетіліпті, соңғы кездеоның төсбелгі деген вариантын да ұшыраттық, мұнда белгі сөзімағына жағынан значок сөзін атауға қатысатын ком-понентретінде тілдік нормаға сай келеді, сірә, екеуінің бірі, әсіресесоңғысы әдеби тілге ену мүмкіндігі бар тұлға болар.

Сөздің номинатив мағынасына сүйеніп жасалған жаңа

қолданыстардың біразы әдеби тілге еніп, нормаланулары әбден

124

Page 124: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

мүмкін. Мысалы, ғазқағар (противогаз), гүлкесте (газон),гүлтәж (венок), жағажай (пляж), жастыққап (наволочка),жылытқы (грелка), қондырғы (установка, аппарат), құрылғы(устройство), тетік (механизм), себезгі (душ) дегендердіңқагу, гүл, кесте, тәж, жаға, қап, жылыту,қойдыру, құру, себудеген компоненттерінің түбірлері беретін мағынасы атайтынзаттар мен құрал-жабдықтардың мағынасына сай келеді.

Тұрмыста қолданылатын бұйым, зат, жабдық атаулары менкәсіп, жұмыс иелерін білдіретін адамдарды атайтын сөздердіңішінде қазақша баламасы сәтсіз шыққандары да баршылық.Мысалы: айырша (штепсельная вилка), аларман (покупатель),аспансерік (стюардесса), аяқжол және жаяусоқпақ (тротуар),домалақшы (анонимщик), жапсырма шеге (кнопка), желкөз(форточка), жүрісші (пассажир), қызықшы (конферансье жәнеклоун), сушарап (шампанское), тұсқағаз (обои), шақыру (ло-зунг), танымгер (мастер), шыртетпе (включатель) деген жаңақолданыстар «жаңа сөз» статусына ие болып, әдеби тілдің қатаңнормасына ене алмайды деуге болады, өйткені бұлардың далексикалық бірлік (сөз) ретінде танылатын белгісі осал, яғнимағынасы мен тұлғасының (в плане содержания и в плане вы-ражения) сай еместігі. Айталық, қала көшелерінде жаяу адамжүретін бөлігін жаяусоқпақ деп атағанда оның «далада түсетінжол» дегенді білдіретін соқпақ сыңары мағына жағынан кел-мейді, немесе қызықшы сөзінің түбірі қызық – концерттердеорындалатын өлең, күй, билердің атын, композиторын, сөзін,қоюшысын, орындаушысын атап, сахнаға шығатын адам –конферансьенің мағынасына тіпті жуыспайды, қалған мысал-дарда осы сипаттас.

Жаңа қолданыстар сөздігінен орын алған сөздердің ішіндеғылыми, өндірістік, техникалық терминдердің қазақша ба-ламалары аса көп емес деуге болады. Басқосулар (встречи),дүниеқоңыздық (вещизм), кеудемсоқтық (амбиция), мерейгер(лауреат), мүшелтой (юбилей), көземел (гипотеза), рәсім (це-ремония), салауаттық (трезвость), сарасана (самосознание)сияқты 5-10 жаңа қолданыс әлеуметтік, саяси, мәдени тер-миндерге жатады деуге болады, олардың қатарында жеңіскер(чемпион), желаяқ (бегун) сияқты бірді-екілі спорт термині

125

Page 125: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

де бар. Көрсетілген жаңа қолданыстардың терминдік топқұрауларынан гөрі, күнделікті мәдени өмірімізде жиі қолда-нылатын көпшілікқолды сөздер ретінде сезілуі басым. Сон-дықтан сөздік құрастырушылар, солардың бірі және сөздіктіңредакциясын басқарған мен де бұл сөздерді жай атаулар ретіндежинап, сөздіктің тұтас принципіне қайшы келмедік деп есеп-теген болармыз. Бірақ олардың да бірқатары (кеудесоқтық,мерейгер, сарасана сияқтылар) – тиянақталып, нормативтіксипатқа ие бола қоймаған бірліктер. Прописка сөзінің қазақшабаламасы ретінде біреулер мөртаңба, енді біреулер тіркелгі депжаңа сөздер ұсынса, бұлар да – сәтсіз. Әсіресе «робот-ты»көктемір деп, «интуицияны» көкейкөз деп, «обществе-ность»дегенді қауымкеш, «кафедраны» құжыра, «библи-ографты» ғұмырнамагер, «доносты» көрсетінді, «гипоте-за» дегенді көземел, «нигилизмді» көрсоқырлық, «лупаны»күнтартқыш деп қазақша ұсынылған баламалар тіпті сәтсізшыққан, бұлардың норма ретінде тұрақталмайтындығы – да-усыз, өйткені бұл жерде белгілі бір зат, ұғым атауларын дәлтабу принципі емес, әйтеуір «орысшасынан» қашу мақсатыалға қойылған, сондықтан бұлардың бірде-біреуінің мағынасыатап тұрған ұғымды (орысша көрсетілген) бере алмайды: ро-бот – темір ме екен және ол неге көк? Нигилизм дегеніміз –тек көрсоқырлық па екен? т.т.

Жаңа сөздер деп жүргеніміздің келесі бір шағын тобынғарыш, ғарышкер, ғаламшар (планета), ғарышнама (космо-логия), жанұя (отбасы, семья), сондай-ақ сөздікке кірмегенЕлбасы (Президент) сияқты қолданыстар құрайды. Бұлар– тілдік лексикалық бірлік емес, стильдік бірлік (сөз), яғникосмос, космонавт, космология, планета, отбасы, Прези-дент сияқты атаулардың көріктеуші, сипаттаушы, қосалқысыңарлары, олар белгілі бір көтеріңкі үнмен келген мәтіндердеқолданылатын поэтикалық элементтер деуге болады. Айталық,ресми құжаттарда, ресми материалдарда республика басшысытуралы әңгіме болса, Президент атауы, ал публицистикада,көтеріңкі үнмен келетін мәтіндерде бас әріппен Елбасы депқолданылып жүр. Сондай-ақ физика, астрономия салаларынақатысты ғылыми әдебиетте өзінің тура мағынасында келгенде,

126

Page 126: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

космос, космогония, астронавт, космонавт деп қолданылуғатиіс термин атаулар публицистикада, поэзиядағы ғарыш,ғарышкер деген «көркем, сәнді» қосалқы аттармен берілуімүмкін. Сондықтан оқулықтар мен ғылыми еңбектерде, ресмиқұжаттарда ғарыш, ғарышкер, жанұя деген варианттар – нормаемес, олар – «көріктеуші», «суреттеуші», «бағалаушы» сөздер.

Бүгінгі кезеңдегі әдеби тіліміздің лексикалық нормасын рет-теуде, оны дұрыс қолдануда жалпы тілдік норма мен стильдік,эстетикалық норманы шатастырмау керек. Бұл орайда ғарыш,жанұя, жеделхат, төлқұжат сияқты «көріктеуші» атаулар-дытерминдік, жалпы лексикалық норматив бірліктерге айнал-дыруәрекеті бар, бұл – әрі сөз табиғатын, сөздің терминдік ва-риантымен оның «сипаттауыш» (характериологический) вар-ианты даболатындығын және олардың әрқайсысының қолда-нылатынорны, мақсаты, уәжі болатындығын жете түсінбеу-шіліктентуындаған құбылыс. Осыны сезінген біраз редакция-лар үнқағаз(газет), көктемірлерге (компьютер) көп әуестенбей кележатқаны, енді біреулері әлі де «редакторды» сарапшы, «газетті»үнжария, «комментаторды» түсініктемеші, «па-спортты»төлқұжат , «телеграмманы» жеделхат деп термин-депнормаландыруға барынша күш салып жатқаны байқалады.

Қазақтың өз сөздік қазынасынан жасалсын, өзге туысқантүрік халықтары тәжірибесінен алынсын, жоғарыдағыдай си-паттауыш қызметі жоқ жаңа атауларды, әрине, норма ретіндеорнықтыруға болады. Мысалы, ақпарат, расытхана (обсер-ватория) деген 5-10 сөздің төркіні және көршілерден алынғанбау-бақша, егіншілікке, жер бедерінің атауларына қатыстыбірқатар сөздердің де қазақтың лексикалық қазынасынақосылып, нормаға айналып жатқанын мақұлдау керек. Деген-менкейбіреулерінің сәтсіз екендігін де айту керек. Мысалы, клоундегенді өзбек ағайындар масқарапаз десе, оны қазақ тілі үшінқабылдау – сәтсіз, өйткені қазақта масқара – жағымсызмағынадағы сөз, ал клоун ж– ағымсыз өнер иесі емес, сол сияқтыдом инвалидов дегенді мүсәпірхана деп қазақшалау да ыңғайсыз:қазақтар ұғымында мүсәпір адам – «нағыз сорлы, әбден титығыжеткен, айналасына мейлінше жалтаңкөз болған жан», алмүгедектер (инвалидтер), әсіресе соғыс мүгедектері

127

Page 127: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

– мүсәпірлер емес қой. Мұндайда хана, жай деген қосымшаіспеттес тұлғаларды (мүгедекхана) пайдалану қолайсыз болса,«мүгедектер үйі» дегендей аналитикалық (тіркестік) амалдыпайдалануға болады.

Жаңа сөздердің теріліп көрсетілуі олардың қолданысынажарамды болып, еніп кеткен және әрі қарай еніп кететін ва-рианттарды сұрыптауға мол мүмкіндік береді. Сондай-ақ жаңақолданыстарды тіркеген сөздіктер қазақ тілінің бүгінгікезеңдегі лексикалық құрамының статикалық та,динамикалық та тұрғыдан нормалану барысын, процесінқадағалауға, сөйтіп, саналы түрде әсер етуге көмектеседі.

Тілдің құрылымдық жүйесіне сай келмейтіндері, көпшілікқауымның талғамы дұрыс деп танылмағандары бір-екі жер-де(бірер авторда, бір газеттің бір-екі нөмірінде, бірер мақаланемесе көркем шығармада) ғана қолданылған жаңа сөздер әріқарай жалғаспай, әдеби тіл айналымына түспей шығыпқалады, мысалы, білдірме (сводка), безендірме (транспарант),бұйырман (заявка), домалақшы (анонимщик) дегендердіңорнына басқа варианттар іздестіріледі не шет тілдік сөздерқолданылады. Мердігерлік, қайта құру, мыңшылар, тоқырау(кезеңі), айлық (белгілі бір жұмысты, қоғамдық компанияныөткізу үшін бөлінген бір айлық уақыт, науқан, орысша ме-сячник) сияқты жаңа қолданыстардың көбі саяси-әлеуметтікәдебиетте, мерзімді баспасөз беттері мен теле, радиохабарлар-да орын алатындығы ескертіледі.

Ал көркем әдебиетте жаңа сөздер әлдеқайда сараң кезде-седі,оның өзінде де көбінесе стильдік мақсатпен, яғни жаңа ұғым атауқажеттігінен гөрі, бұрынғы бар атауларды сол кон-тексте ұтымдыдеп табылған өзгеше тұлғамен ауыстыру үшін дүниеге келгендерболады. Мысалы, «Жаңа қолданыстар» сөздігіне тіркелгенбазарман сөзіне келсек, бұл сөзді жазушы М.Мағауин XVI-XVIIғасырлардағы оқиғаларды суреттеу үстінде пайдаланған, солтұстағы қоғам тіршілігін баяндау-да сауда-саттықпен арнайыайналысатын әлеуметтік топтың болғандығын көрсету үшінбазарман сөзін әдейі қолданады немесе осы шығармасында авторбұл күнде барлаушы, тыңшы түрінде қалыптасқан нормативсөздердің орнына хабаргер сөзін

128

Page 128: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

жұмсаса, шығарма тілін тарихи стиль тезіне түсіру мақсатымен,яғни бұдан 2-3 ғасыр бұрынғы әскери тыңшыны қазіргіденайырып атау мақсатын көздеп, жаңа сөз ретінде ұсынып отыр.Көркем шығармаларда орын алатын стильдік немесе авторлықдеп те атауға болады, жаңа сөздер көпшілікке ортақ, жалпытілдік лексика қазынасының нормативтік бірліктері қатарынаенбейді. Бірақ олардың орын алуы көркем әдебиет стилініңқолданыс нормасына жауап береді.

Жаңа қолданыстардың нормалану-нормаланбау мәселесінеорай және бір ескертер жайт – соңғы 5-10 жылдың барысындаолардың көбейе түскендігі. «Жаңа атаулар» сөздігінің соңғысы1992 жылы жарияланған болса, содан бергі уақытта орынды-орынсыз ұсынылып жатқан жаңа сөзқолданыстар қаншама!Олардың дені – ғылыми-техникалық және саяси-әлеуметтіктерминдердің қазақша баламасы (немесе аудармасы) ретіндедүниеге келгендер. Бұлардың ішінде бұдан 15-20 жыл бұрынпайда болған жаңа сөздердің орнына дұрысырақ деп тапқан ва-рианттары да бар. Мысалы, осыған дейін вкладшы деп тіркел-ген экономика термині соңғы жылдары салымшы деп беріліпжүр. Осы қатарға нормаға жуықтау деген мынақып (некролог)сөзі қазір көбінесе азанама деп, бұрынғы ауданшық (мик-рорайон) сөзі мөлтек аудан деп ауыстырылды, әріптес сөзіқазірде бұрынғыдай «партнер» емес, «коллега» деген мағынадақалыптасып қалды (ал «партнердің» ойынсерік деген баламасы– дұрыстау). Императрица, царица ұғымдары ертеден қатынпатша, патшайым, патшаханым сияқты бірнеше варианттааталып келсе, әлі біреуі норма ретінде орныққан жоқ. Бұлкүнде едәуір нормаланып қалған жанкүйер деген спорттерминінің де сүйермен деген жарыспасы, 5-10 жыл бұрын«творчест-во» мағынасында өнернама деп қолданылабастаған сөздің кейінірек шығармашылық деген жарыспаварианты, спонсор ұғымын алдыңғы кезде қаражатшы депкелсек, енді демеуші варианты дүниеге келді.

Жаңа сөздерді ұсынуда байқалатын және бір құбылыс – біртұлғамен мағыналары бөлек екі-үш ұғымды білдіру және,керісінше, бір ұғымды екі-үш тұлғамен атау. Алдыңғысынафактілер келтірсек: жариялама деген тұлғамен «репортаж»

129

Page 129: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

және «объявление» деген ұғымдарды атап келіппіз. Жарияла-масөзі мағына жағынан соңғы ұғымға жақын келсе де (бірақ бұныңхабарлама деп қалыптасқан варианты тағы бар ғой), ре-портаждегенге мүлде жуыспайды. Сол сияқты әріптес деген сөзбен«партнер» және «коллега» ұғымдарын білдірушілік бар; киімгесалынатын тесьма деген зат атауы мен көзілдіріктің әйнеккигізетін «оправасын» білдіруге жиектеме деген бір жаңа сөзұсынылыпты, мағына жағынан бұл тұлға екі ұғымның екеуін деатауға жақын келеді, дегенмен тесьма мен оправаны қазақшабөлек-бөлек атағандары жөн; қойылым деген жасан-ды жаңасөзбен «постановка» (спектакльдің қойылымы) де-генді де,музейлерге қойылатын «экспозиция» дегенді де атау бар екен.Сірә, орыс сөзі постановка-ны аударған – дұрыс, ал«экспозиция» сияқты ұғымды, біздіңше, халықаралық терминретінде сол күйінде әдеби тіл нормасында қалдыруға болады.Екінші жайтқа, яғни бір ұғымның қазақша атауын екі, кейде үшвариантта ұсынушылыққа келсек, олар бұдан да көбірек:қаражатшы /демеуші ( «спонсор»), қайтарым /қайтарыс («отдача», экономика термині), дерекнама /деректеме («ис-точник»), дәйексөз /дәйектеме («цитата») т.т. (бұлар жөніндежоғарыда кенірек айтылды). Бұл екі түрлі фактінің екеуі делексикалық нормалану процесінде елеулі орын алады, яғниолардың біреуін норма ретінде ұсынуда талдау, дәлелдеусияқты реттеу жұмыстарын жүргізуге тура келеді.

Жаңа қолданыстардың әдеби тіл қорына көшіп, норма-ланупроцесі уақытты және тәжірибені қажет етеді, әсіресекөпшілік күнбе-күн пайдаланатын газет, журнал, радио, теле-дидар сияқты ақпарат құралдарында жиі қолданылуының мәніайрықша. Қолданылу жиілігі – нормаланудың ен пәрмендіфак-торы.

Кейбір сөздер өте жиі жұмсалғандықтан, тілдің құрылымдықнормасына да, мағыналық дәлдігіне де жауап бермейтіндігінеқарамастан, нормаға айналып, әдеби тіл қазынасынан орын алыпотыр не орын ала бастады. Мысалы, «трезвость» ұғымын беретінсалауаттылық сөзі, «отбасы» мағынасындағы жанұя дегеннағыз жасанды тұлғалар, «космос» ғылыми терминінің «ғарыш»аудармасы, космодром сөзінің ғарыш айлағы,

130

Page 130: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

аэродромның әуежай болып өте жиі қолданылуы – соңғыайтылған пікіріміздің айғағы.

Лексиканың толығуы немесе біршама сапалық өзгерісі –қоғамның әлеуметтік, саяси, мәдени, экономикалық дүмпулері,күрт өзгерістері кезінде болатыны белгілі. Соңғы онжылдық– қазақ қауымы үшін осындай өзгерістер, төңкерістер, алмасу-лар кезеңін бастан кешуде. Қоғам өмірінің әрбір сәтінің «жүрексоғысын» жедел көрсетіп отыратын тілдің лексика саласы зерт-теуші ғалымдар түгіл, жай көзге, қалың жұртшылыққа бірденсезіледі, нәтижесінде лексикалық жаңалықтарды қабылдау не-месе жатырқай қарау, кейде тіпті қабылдамай қою қарекеттеріорын алады: пікірсайыстар, таластар, ұсыныстар көбейеді.«Тілдің лексикалық нормалануы» деген проблемаға мұныңтікелей қатысы болатындығы белгілі. Және бұл – процестіңдұрыс нәтижесі, яғни жаңа сөздердің нормалануы, әдеби тіл-денорын алып тұрақтануы – қаулы-қарармен, үкім-жарлықпен,«көпшілік дауыспен» шешілмейтін кезенде тұрмыз, бұл – «тіл-дік норма және оның кодификациясы» деген проблемаға ғылымитұрғыдан қарауды қажет етеді, термин жасау саласы-нан бастап,қарапайым сөздерді де нормаға келтіруде мұқият ізденістердіталап етеді. Бұл ізденістер жаңа қолданыстарды теріпжинастыру, іріктеп, жүйелеу, дұрыс-бұрысын «меніңше былай»деген принциппен емес, тіл білімінің теориялық не-гіздерібойынша дәлелдеу, әр алуан сөздіктер, анықтағыштар, көмекшіқұралдар арқылы жариялап отыру сияқты іс-әрекеттер түріндежүргізілуге тиіс. Біздің бұл жұмысымыз (кітабымыз) сөздердіңнормалануына арналған осындай істерге бастама әрі бағдарламаіспеттес болса дейміз.

Терминология мәселелері және норма

Жазба әдеби тіл нормаларының ең бір өзекті тұсы термино-логия мәселелеріне келіп тіреледі. Қазақ тілінің терминологияпроблемасы – XX ғасырдың жемісі мен сұранысы. Бұл про-блема ана тіліміздің XX ғасырдың 20-ншы жылдарынан бер-менқарайғы даму кезендерінің қай-қайсысында да өзектілігінжоғалтқан емес, керісінше, күні бүгінге дейін пікірсайыстар,қиыншылықтар ешбір толастар емес.

131

Page 131: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Термин дегендерді экстралингвистикалық факторлар туғы-зады, яғни қоғамның саяси-әлеуметтік жағдайы, оқу-ағарту ісімен жалпы мәдениетінің дамуы, шаруашылық-экономикалыққұрылысының даму дәрежесі, дүниежүзілік ғылыми-техни-калық төңкерістерге ілесіп отыру, ғылым салаларының пайдаболуы, ол салаларда оқыту мен зерттеу жұмыстарының қолғаалынуы – осылардың баршасы лексикалық қазынаның тер-мин деп аталатын ерекше қорын дүниеге келтіреді. Термин-дер негізінен атау сөздер болып келеді. Терминнің атауыштыққасиеті (белгісі) үшін оның «дефинициялық» түсіндірмесіболуы керек, яғни бір нәрсенің не құбылыстың тек қана өзінетән ұғымдық анықтамасы ол сөзді термин етіп таны-тады.Терминдерді керек ететін әр алуан ғылым салаларыболғандықтан, сөздің дефинициясы сол ғылымның танымыүшін ұсынылады.

Термин жасауда байырғы сөздерге үстеме мағына арту бар,жұрнақ жалғану арқылы жаңа жасанды тұлға ұсыну бар, өзгетілдерден сөз алу бар, біздің күндерімізде туып жатқан ғылыммен техникаға қатысты жаңа зат, жаңа ұғым атауларынинтернационалдық қордан алу бар – қысқасы, бүгінгі қазақжазба әдеби тілінің терминологиялық қазынасын толықтырупроцесі – тек соңғы бес-он жылда басталып отырған жоқ,қазақ тілінің мемлекеттік деген дәрежеге ие болған кезденғана, тек сол дәрежеге сай ету үшін ғана жүргізіліп отырғанжұмыс емес, ұлттық әдеби тілдің қалыпты дамузаңдылыктарының көрінісі ретінде жүріп келе жатқанпроцесс. Әрине, бұл процестің соңғы жылдарда жүруқарқыны күшейе түсті, бұған қоғамның әлеуметтік күштерібелсенді араласа бастады, әлеуметтік пікір-лер жанданды.

Тіл дамуының осы бір заңды құбылысы – термин сөздердіұсыну процесінде жетістіктермен қатар сәтсіздіктер де орыналып отыр. Жоғарыда айттық, бүгінгі әдеби тілімізде кейбірсөздерді орысша-қазақша жарыстыра қолдану көзге түседі, яғнилексикалық варианттар қатары өсті, олардың нормалану процесіқоса жүре бастады: көбінесе қазақшасы бұқаралық ақпаратқұралдарында, тіпті оқу-ағарту әдебиетінде жиі қолданылып,әдеби норма ретінде қалыптасуға бет алды. Мыса-

132

Page 132: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

лы, бағдарлама, әдістеме, мәтін, шығармашылық, жекешелен-діру, құжат сияқты сөздердің орысша сыңарларықолданыстан ығыстырылды. Мұндай жаңа терминдер,біріншіден, қазақ тілінің құрылымдық нормасына сайжасалғандықтан, екінші-ден, ресми түрде мақұлданғандықтан(Терминком бекітіп) тез қабылданып кетті және бұндабұқаралық ақпарат құралдары айтарлықтай рөл атқарыпкеледі: газет-журнал беттері мен ра-дио, телехабарларда жиіқолдану жаңа терминдерге көпшіліктің құлақ-көзін үйретіп,оларды жатсынбайтын дәрежеге көтеріп келеді.

Тіл дамуының осындай оң құбылысын пайдаланып, көп-тегенғылыми терминдік атауларды, тіпті кейбір термин емес, бірақкүнделікті өмірде жиі қолданылатын, 70-80 жыл бойы қазақтілінде әбден орныққан жай сөздердің де бірқатарын қазақшалауәрекеті де басталды. Тілдің нормалану процесінде бұл екіәрекеттің екеуінің де оң да, теріс те сәттері бар. Қазақшағаалмастырылған сөз атап тұрған терминдік ұғымды дәл, толықбере алатындай болса, ол – орынды, норма тала-бын ақтайды. Алғылыми-терминдік атаулардың ішінде негізгі интернационалдыққор деп аталатын, көптеген мәдениетті, өркендеген елдердіңхалықтарына ортақ, түптамыры латын, грек тілдері болыпкелетін мыңдаған терминді де барынша қазақшалау бағыты(тенденциясы) бой көрсете бастағанына сын көзімен қарау керек.Мысалы, кейбір газеттердің бетінде жарияланған мақалаларда,тіпті редакциялардың өздерінің қолданысында депутатты«бек», кандидат дегенді «үміткер», парламент сөзін «ұлттыққұрылтай», министрді «уәзір», министрлікті «уәзірлік» депатауды ұсынғандар бар. Ғылыми абстракт ұғымдағы термин емесбірқатар сөздерді де қазақшаға өзгерту әрекеті бұдан дакүштірек: редакторды «сарашы»,стюардессаны «аспансерік», роботты «құлтемір», газетті«үнқағаз», дыбыс жазылған кассетаны «үнтаспа», радио-ны «үнсандық», альпинист дегенді «асқарпаз» деп қолданғанфактілері бар екенін жоғарыда да көрсеттік. Бұлардың бірқатарыбірер қолданыстан, бірер автор қаламынан аспайды.

Әңгіме бұл жерде – осы қазақшаланған атаулардың әдеби тіл

нормасына енетін-енбейтіндігі жайында емес, принципінде:

133

Page 133: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

«жаппай қазақша балама іздеу, табу, қолдану, әдеби нормағаенгізу принципін бұлжытпай ұстану керек пе әлде «өзге тілдік»терминдерге де орын қалдыру керек пе?» деген сауалдарда. Бұл –терминология саласындағы норма проблемасының өзегі жәнеоны тек практикалық тұрғыдан (аудару, жаңа термин жа-сау) ғанаемес, ең алдымен, теориялық негіздерін айқындау тұрғысынантермин жасаудың принциптерін, терминделетін ұғымдарды сала-салаға бөліп қарастыру керектігін термин жа-саушылар да,зерттеушілер де, оларды пайдаланатын қалың жұртшылық тадұрыс түсініп, жақсы білулері керек. Мұны мүлдем білмей деотырған жоқпыз. Сондықтан болар, Пре-зидент, парламент, сессия, депутат, экономика, бюджет,кредит, аудит, институт, университет, студент, академиядегендерден бастап жүздеген (әлде мыңдаған ба) сөзді осытүрінде қолданып келеміз.

Әдеби тіл нормасын көздей әңгімелесек, аударылып жүргентерминдердің тек «қазақтығына», «түркілігіне», «мұсылман-дығына» (араб сөзі екендігіне) қызықпай, әйтеуір «орысша-лығынан» құтылуды мақсат етпей, олардың мағыналық дәлдігін,қазақ тілінің құрылымдық жүйесі мен тұлғасының сәйкестігін,ғылым мен танымның қай саласына жататындығын қатты ескерукеректігі – жалпы тіл мәдениетінің талабы, нор-ма талабы.Сондықтан ұзақ жылдар қолданып келген «орыс» сөздерінарабша, парсыша, шағатайша, ұйғырша, осман түріктерінше«қазақшалаудың» жөнді-жөнсіздігін ойластырған абзал. Егерприватизация деген жаңа ұғымды жекешелендірудеп түсінікті, нағыз қазақ сөзімен беріп жатсақ, оның жөні –бір бөлек, дұрыс-ақ, ал класс-ты сынып, процент-ті пайыз,паспорт-ты төлқұжат деп бір шет тілдік атауды түсініксізекінші бір шет тілдік сөзбен алмастырғанда, мұнымыз тек«орысшылдықтан қашу» болып шығатын тәрізді. Ал бірқатарқазақыланған терминдер аударылып тұрған сөздің мағынасынмүлдем бермейтіндігі – өз алдына. Мысалы, «ресторан-ды»мейрамхана деп аудару мүлдем келмейді: ресторан – мейрам-дайтын, той тойлайтын орын емес, көпшілік тамақтанатынорын, сол сияқты «музыка» деген – саз емес. Космос, аэро-порт , аэродром, паспорт, ресторан, кафе дегендер – тіпті орыссөздері де емес, бұлар – көптеген тілдерде қолданылатын,тек дыбысталуында айырмашылық бар «халықаралық» сөздер.

134

Page 134: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Жаңа қолданыстар мен терминдердің реттеліп, нормала-нуынсөз еткенде, олар білдіретін ұғымдарды орысша атауы-менкөрсетіп отыруымызды ескертеміз. Оның себебі негізіненмынада: жаңа сөздердің бірқатары бұрын орысша айтылыпкелген атаулардың қазақша баламасын ұсынуға байланыстыпайда болды: документ, программа, протокол, коллектив, руб-рика, микрорайон, тротуар, коллега, значок, вклад, вкладшы,чемпион, проводник т.т. Бұлардың көбі – терминдер емес, зат,ұғым атаулары және бірсыпырасы орыс сөздері (значок, вклад,проводник, грелка, теплица, варенье, кузов, наушник, летучка,творчество, трезвость, болельщик (спортта), зачет, разговор-ник, прописка, включатель, выпуск т.б.). Орыс тілінің өзіненалып жұмсалып келген сөздердің қазақша баламасын тауып атаупринципі – қазақ тілі тәжірибесінде бұрыннан бар при-нципболатын, әңгіме – олардың қазақша баламаларының көпке дейінізделінбей келгендігінде, орысшасын қолдана салу қалыңкөпшілікке де түсінікті болатындығында, әсіресе тұрмыстықсөздердің күнделікті ауызекі сөйлеу тәжірибесінде қазақшасыніздеп жатпай-ақ орысшасын айта салудың жеңілдігінде және со-лай дағдыланып кеткендігімізде, қысқасы, осындай сан түрлі се-бептермен ондаған (тіпті жүздеген) қарапайым сөздер (ғылымитерминдердің әңгімесі бөлек тұрады) орысша жұмсалып кел-генін мойындаймыз. Соңғы ширек ғасырдың барысында «етек-жеңіміз біраз жиналып», «есіміз кіре бастағалы» олардыңқазақша баламасын іздеу әрекеті дүниеге келді, бұл қарекет әліде жалғаса бермек және оның салқыны (әсері, үрдісі) ғылыми,техникалық терминдерді де, әсіресе әлеуметтік, саяси, мәденитерминдерді де қазақшалау әрекетіне тиіп жатқан жайы да бар.Тіпті оларды жаппай қазақыландыру сияқты «ұлттық ұранды»көтерушілер де жоқ емес.

Бұл мысалдардың ішінде, әсіресе орыс сөздерімен кел-гендерінде, әрине, қазақша баламасы дұрыс табылатындары бар,олар едәуір қалыптасып та қалды. Сонымен қатар қазақ тілініңқазіргі даму сатысында ғылым мен техникаға қатыс-тыинтернационалдық (халықаралық) қор деп аталатын лекси-калыққабаттың болуы – заңды. Бұл қор – көптеген мәдениеттіхалықтардың, әсіресе Еуропа, Америка жұрттары мен орыс

135

Page 135: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

халқының тіліне де ортақ, көбінің түптөркіні – латын сөздері, біралуаны – ағылшын, неміс, француз сөздері болып келетінбірліктер. Олардың бәрін қазақшаға аударып, дәл балама-сынқазақша беру мүмкін де емес, қажет те емес. Терминжа-самтеориясы бойынша техника саласына жататын мәшине, аппарат,құрал-жабдық, олардың бөлшектері сияқты нақты зататауларының дені аударуға келмейтін, түбірі көптеген мәдениеттітілдерге ортақ, түсінікті сөздер болады, олар-ды қай тілден келсе(мысалы, қазақ тіліне орыс тілі арқылы келді) сол қалпындапайдаланған жөн, ал нақты зат емес, дерексіз (абстракт) ұғыматауларын қай тілде де өз сөздерімен білдіру мүмкіндігі зорболады. Дегенмен оның ішінде де интернационалдық қорсөздерінің қалыптасып кеткен факті-лері аз емес. Мысалы, қазақтілінде айсберг, альманах, альбом,аппарат, аспирант, студент, асфальт, бак, валюта, велоси-пед,вирус, витамин, газет, газ, галстук, гараж, гимназия, гор-мон сияқты жүздеген нақты зат атаулары қолданылып келеді.Ал аграрлық, академия, акт, актілеу, актив, пассив (экономи-катерминдері), акцепт , акционер, альянс, атом, валенттілік,вариант, бюджет, ген, генетикалық сияқты ұғым атаулары дашет сөздермен беріліп, әдеби тіл нормасын білдіріп отыр.

Міне, бүгінгі қазақ әдеби тілінің лексикалық нормалануыдегенде көңіл аударатын үлкен мәселенің бірі – жаңа қолда-ныстар мен терминдер және олардың әдеби тіл қорына ену-енбеуі, нормалану процесі, кодификациясы жөнінде зерттеушіретінде өзіміздің пікіріміз бойынша ұсынылған мағлұматтар –осындай.

Сирек қолданылатын лексикалық топтың нормалануы

Жоғарыда айтылды, көпшілікқолды күнделікті газет-жур-налдар мен теледидар, радио сияқты ақпарат көздерінде, яғнипублицистикалық стиль үлгілері тілінде, сондай-ақ көркемәдебиетте, оның ішінде әсіресе поэзияда оқырман ментындаушыға тек мағынасы түсінікті ғана емес, әсерлі, жағымдысөздерді іздеу – заңды, дұрыс әрекет. Ал әсерлі, әсем сөздерлекиканың тосын, сирек қолданылатын топтарынан табылады.

136

Page 136: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Осылардың лексикалық мағынасын дұрыс түсінбей, сондықтанжұмсалатын орындарын тап баспай қолдану нормаға қайшыкеледі. Мысалы, XX ғасырдың 60-70-жылдарында майтал-мансөзін жиі қолдану етек алды. Оны мадақтау эпитеті ретіндеадамдардың кез келген тобының атауына тіркестіріп,майталман тракторшы, майталман сауыншы, майталмангеолог, майталман құрылысшы деген қолданыстардан етекалып жүре алмай қалдық. Көбінесе осы тіркестерді жұмсағанжурналистер, комментаторлар майталман деген сөздің түпкімағынасын анық білмеген.

Майталман сөзі майталман жүйрік, майталман күйші,майталман шешен деп қалыптасқан тұрақты тірестерде келеді.Өткен ғасырда жарық көрген Н.И.Ильминскийдің,Л.З.Будаговтың, В.В.Радловтың қазақ-орыс сөздіктерінде бұлсөздің тек қана қазақ тілінде қолданылатындығы көрсетілген деол «самый красивый (человек, лошадь), прекрасный» депаударылған, бірақ қай сөздермен тіркесіп айтылатындығынамысалдар келтірілмеген. Соның өзі бұл сөздің өте сирекқолданылатындығын және сөз таңдап тіркесетіндігін байқа-тады.Сірә, жүйрік, күйші, шешен сөздерімен келетіндігіне қарағанда,майталман сөзінде «аттың жүрісі» (шабысы), «сөздің, күйдіңтөкпелілігі» сияқты қимылдың шапшаңдығына қатысты мағынабары байқалады. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» бұл сөздіңмағынасын «қажымайтын,талмайтын, қиыншылықтанмойымайтын» деп анықтайды. Бұл түсініктің осы кездегімайталман тракторшы, майталман сауыншыдеген жаңа қате тіркестерден шығарып ұсынылғаны көрініп тұр.Бұрынғы да, қазіргі де сөздіктер бұл сирек ұшырасатын сөздіңберетін ұғымын тап баспаған, өйткені «самый красивый,прекрасный» дегенді атайтын тұстың бәрінде, мейлі ол адам,жылқы болсын-ақ, майталман эпитетін қатыстыруға болмай-ды.Жүзі сұлу қызды майталман қыз деп, мүсіні әсем құлындымайталман құлын деп сөз танитын қазақ айтпайды. Бұл – сөзмағынасын түсінбей қолданып, жай бір-екі рет айтып қоймай, әріқарай жаңа тіркестермен жалғастырып, лексикалық норма-данауытқудың классикалық көрінісі. Құдай оңғарғанда, бұлқолданыс соңғы 15-20 жылда саябырлап, әйтеуір әрі қарай

137

Page 137: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

майталман бухгалтер, майталман етікші, майталман са-тушы деп жалғаспай, тоқтап тынды: оған бір емес, бірнешерет жазған біздің сын-ескертпелеріміз әсер етті ме әлде сөзмағынасын түсініп барып қолданатындар көбейді ме, сөзмәдениетінің арта түскен жалпы ахуалы себепкер болды ма –қайткенде де «Құдай сақтады».

Дәл осы қатарға саңлақ сөзінің де 60-70-жылдардағы қол-данысын қосуға болады. Жылқыға байланысты «сәйгүлік, асажүйрік, ұшқыр» ұғымын беретін саңлақ сөзі де – талғампазэпитет, ол көбінесе «ұшқыр, аса жүйрік» деген өз мағынасындапоэтикалық стильде қолданылады: «қазақы жылқыдан алу-ан түрлі саңлақ шыққан»... Ал саңлақ ұшақ, саңлақ мәшинетіркестерін сөз қадірін білетін ауыз айтпас болар.

Қазақ тілінде негізгі де, ауыспалы да мағынасына орай сөзтандап тіркесетін эпитет сөздер аз емес: асқар сөзінің түпкімағынасында «биіктік» ұғымы болғанмен, асқар үй, асқар адам,асқар мұнара деп айтылмайды, қазақ құлағына асқар тау тіркесіғана жағымды, дұрыс естіледі. «Өте нәзік, жіңішке» ұғымынбергенмен, қыпша сөзінен қыпша жіп, қыпша саусақдеген тіркестер құрастыруға болмайды, ол көбінесе қыпша белтіркесін ғана қалайды. Демек, лексикалық норманың бір талабы– сөз тандап тіркесетін поэтикалық эпитеттердің қолданылатынорнын жақсы білу, сондықтан олардың қалыпты тіркестердегімағынасын кез келген сөзбен тіркестіріп пайдалану нормаданауытқу, норманы бұзу болып шығады.

О бастағы лексикалық мағынасынан ажырап бара жатқансирек сөздердің бірі – үдере. Бұл – қазақ халқының көшпелікезеңінде баршаға әбден түсінікті, жиі қолданылатын сөзболған, ол көшу сөзімен ғана тіркесіп, үдере көшу депайтылған, мағынасы көштің кештетіп жүріп келіп, бір жер-геқонып, ертеңіне ертемен қайтадан ілгері қарай көшу, яғникөштің талтүсте аялдап тынығуы, өйткені талтүстегі ыстықтажүргеннен гөрі, таңертеңгі және кешкі салқынмен көшу –адамдарға да, көлікке де, айдап отыратын малға да қолайлы.Бұл сөздің дұрыс мағынасын өткен ғасырдағы қазақ тілісөздіктері анық, айқын, дұрыс берген болатын, өйткені ол кез-де қоғам қауымы жаз жайлауға, қыс қыстауға көшуді бастары-нан әлі өткізіп жататын.

138

Page 138: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Бұрын үдерім жер деген де өлшем болған, ол – 20-25 шақы-рымдық жер, яғни 20-25 шақырымның бір бөлігін кештетіп,қалғанын ертеңіне ертелетіп көшіп жететін қашықтық. Үдеру,үдерім сөздерінің түбірі – үд, бұл монғол тілінде «талтүс» де-генмағынаны білдіреді, осы түбірден жасалған үделе- етістігі Сібіртүркілерінің бірі – алтай тілінде де болғандығын, оның «көштіңкүндіз демалу үшін аялдауы, түскі тамақтарын ішуі» дегенмағынаны беретіндігін өткен ғасырда Л.Будагов көрсеткенболатын. Демек, үд түбірінен жасалған сөздер көшпелі тұрмыскешкен қазақ, алтай, монғол сияқты халықтардың тілдеріндекездесетіндігі осы халықтардың (өзге түркі халықтарыныңтілдерінің сөздіктерінен бұл сөзді кездестірмедік) мекендегенжерлерінің ландшафт және климат ынғайына қарай күндізгіыстықта аялдап, кешкі және ертеңгі салқында көшу тәртібіболғандығында деп түюге болады. Көшпенділік тұрмыстоқтағаннан кейінгі соңғы кезендерде бұл сөздердің мағынасыкүнгірттеніп, оны өз орнында қолданбау фактілері кездеседі.

Үдеру сөзін «жаппай қозғалу, жүру, аттану, бірінің артынанбірі жүру» деген мағынада қолданушылық та бар, бұны біліп,дұрыс жұмсау керек. Бұл да (үд-) – деген көне түркілік «жалпыжүру, бірінің артынан бірі жүру» мағына беретін етістік. Осыетістіктін үдере тарту, үдере шабу сияқты тіркестермен келуісөз мағынасын айқындай түседі. Үдеру етістігінің екі түрлімағынада жұмсалатын көне сөз екенін айырып, әрқайсысын өзорнында жұмсау нормаға сыйымды болады.

Мағынасын түсінбей қолданылатын сөздердің тағы бірі –сұрқылтай. Бұл да – көне этнографизм, сирек кездесетін сөз,түркі-монғол төркінді тұлға. Ол монғол тілінде – «хан, сұлтан,әмір сияқты билеушінің жанында болатын кеңесші міндетінатқаратын сановниктің лауазымы». Сөз түбірі – сірә, монғолдың«оқыту», «бір нәрсені үйрету», «тәрбиелеу» мағынасын беретінсурға (х) болу керек, сөз түбіріне жалғанған -тай – монғолтілінде сын есім тудыратын жұрнақ, демек, сурғаалтай, қазақшасұрқылтай «үйретуші, ақыл-кеңес беруші» деген сөз болыпшығады. Бұл сөздің «кеңесші, ақылшы» мағынасы «әр ханныңтұсында – бір сұрқылтай» деген мәтелде сақталған. Мәтелдіңмәнісі – «әр билеушінің өз кеңесшісі, өз ақылшысы болады,соған орай әр ханның ұстанатын саясаты, жүргізетін

139

Page 139: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

билігі әртүрлі болып келеді» дегенді танытады. Сұрқылтайсөзін өткен ғасырлардағы қазақ ақын-жыраулары меншешендері өз мағынасында, дұрыс қолданған. Мысалы, өткенғасырда Жетісуда Шыңғыс әулетінен төрелік еткен Тезек төреСүйінбаймен айтысында:

«Тұсында Абылайдың Бұхар жырау, Хан әділдің кезінде Түбек тұр-ау.«Әр заманның бар дейді сұрқылтайы», Сұрқылтайым менің де екен мынау», – дейді.

Бұдан сұрқылтай сөзі «ханның кеңесшісі, ақылшысы,идеологы, сөзін сөйлейтін ділмары, ақыны» мағынасындажұмсалғаны көрінеді, демек, Бұхар – Абылай ханның ақыл-шысы, сұрқылтайы, Тезек төренің айтуына қарағанда, әділханның сұрқылтайы – Түбек жырау болған. Әдебиеттанушығалым – Мырзатай Жолдасбеков: «Тезек төре Сүйінбайды да,Бөлтірікті де өзінің сұрқылтайы еткісі келген», – деп жазады. Сөзтүбірі – таза қазақтық емес әрі сұрқылтайлық институт хандарыбір кездерде Шыңғыс әулетінен болып келген қазақ қоғамындаұмыт болғаннан кейін, оны атайтын сөздердің де мағынасыкүңгірттеніп, көпшілікке түсініксіз сирек сөздер қорына ауысқан.Кейбір жазушылар осы сөздің мағынасын түсінбей қолданғантұстары бар. Мысалы, Сәкен Жүнісов: «Көп сұрқылтайдыкөрген көзі... тәжірибелі, арлан аттарды түр-түсіне дейін анықкөрді», – деп жазады. Бұл жазушы тағы бір-екі жерде сұрқылтайсөзін жылқыға қатысты қолданады. Енді бірқатар жазушыларсұрқылтай сөзін жағымсыз мағынада жұмсайды. Мысалы,Д.Досжановта: «сұрқылтай оқиға...», Қ.Ысқақовта: «Бұлсұрқылтайдың да жаны сірі екен... таңнан қара кешке дейін нәртатпай іздейтіні – ілік». Сірә, бұл жердесұрқылтай сөзінің сұрқия, сұрқиялылық сөздерімен сырттайдыбыстық ұқсастығына қарай топшылаған мағынасы болар.

Сирек кездесетін, оның ішінде көбінесе көне болып келетінсөздердің әдеби тілде қолданылуын шектеуге болмайды,дегенмен олардың көбіне-көп номинатив мағыналарындажұмсалуларынан гөрі, образ жасауда жиірек кездесетіндігін айтукерек. Ол үшін де сөз мағынасын дұрыс танудың мәні зор,өйткені образдың негізінде оны жасап тұрған сөздердің түпкісемантикасы немесе мағыналық ренктері (семалары)

140

Page 140: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

жатады. Мысалы, Махамбет ақын: «Мен қарақұстан туғанқалықпан» деп жауынгер ақын образын жасағанда қолданғанқалықпан сөзінің құстың атауы екенін білеміз, өйткені өлеңніңтағы бір жерінде қалықпандай қомданып дейді, сондықтан өзіқарақұстан туған болса, өзі қомданатын болса, құс емей, немене!Ал ақын бұл образға қыран атауын алуына да болар еді, қырансөзі – өз замандастарына да, кейінгі оқырмандары – біздерге деәбден түсінікті, батырлықтың, биік дәрежеге көтерілудің кәнігісимволы, үйреншікті образы. Бірақ ақын тыңдаушысын оттысөзімен шарпып өтетін тіл құралдарын іздейді, ол үшін қалыңжұртшылық құлағына таныс ескі образдарды да, бұрын көпестімеген сиректерін де табады. Бұл ізденіс архаизмге айналғанқалықпан сөзіне алып келген. Сөз түбірі – қалық, ол көне түркітілдерінде «көк, аспан» дегенді білдірген, сол аспанда биіктепұшатын құстың қалықпан атауы ата-бабаларымыздың тіліндеөзінің тура номинатив мағынасында қолданылып, келе-келетілден ығысқан да енді образ жасайтын элементтердің біріретінде поэзия тілінде, мүмкін мақал-мәтелдерде де сақталған.Ақын сөз мағынасын жақсы біліп, оны әсерлі образға пайда-ланған. Қазақтың өткен ғасырлардағы поэзиясында және фоль-клор мұраларында қалықпан сөзі сияқты тарпаң, тарлан, құлан,бұлан сөздері де актив қордан гөрі, қолданыс шеңбері тарылғанкөне поэтизмдер қатарында тұратынын бүгінгі жа-зушылар меноқырмандар жақсы білсе, мұндай сөздердің қолданысынданормадан ауытқушылықтары кемде-кем болмақ.

Сирек қолданылатын сөздердің келесі тобы – тарих іздерібар (тарихи, тарихтық, тарихаят сөздеп те аталып жүр),күні бүгінге дейін ғылыми әдебиетте орысшалап «историзм»деп келген атаулар. Көне сөз – архаизм мен тарих ізі бар сөз– историзм дегендер бір емес: архаизмдер актив қолданыстаншығып қалған, мағыналары күнгірттенген, яғни көнерген сөздер,ол атаулардың өздері көнергенмен, олар – білдіретін заттар,ұғымдар жойылмаған, өмірде әлі барлар, ал исто-ризмдер –тарихтың көбінесе бізге белгілі, «күні кешегі» бір кезеңіндеболған заттарды, оқиғаларды, адамдар тіршілігін т.т. білдіргенсөздер. Қоғам дамуының келесі кезендерінде бұл сөздербілдіретін объектілер тарих сахнасынан кетеді де бұлардыатайтын сөздердің мағыналары да бірте-бірте ұмытыла

141

Page 141: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

бастайды, екінің бірі дәл біле бермейтін сипатқа ие болады.Мысалы, сауын айту, қандақ, ереуіл ат, шоры сияқты сөздермен әскери, қару-жарақ атаулары болып келетін кертартар,көбе, қылшан, білтелі, саржан тәрізді сөздер, ертеректе қазақтілінде болған аталық, емелдес, бөкеуіл, ертеуіл деген атау-лар, шөншік, талыс тәрізді ыдыс аттары, кебенек, жалаңқат,сақсыр тәрізді киім-кешек атаулары, бүгінгі ата-әжелеріміз жиіқолданған еңбеккүн, социалистік жарыс, колхоздастыру,белсенді, тыңшы сияқты сөздер, күні кешегі ауылнай, елубасы,жүзбасы, шабарман, поштабай, атшабар дегендер – «исто-ризм» – тарихтық сөздер.

Тарихтық сөздердің де заман өткен сайын мағыналары түсі-ніксізденіп, әркім әрқалай ұғатындығына классикалық мысал-дың бірі – ереуіл ат дегендегі ереуіл сөзі. Оның ұмытыла бас-тағаны соншалық – тіпті тұлғалық кейпіне де таласып, біреулеререуіл, енді біреулер ереулі, ерулі, тіпті ерттеулі деп айтылуғатиіс деген де пікірсайыстарға барып қалды. Осы жұмыста(кітапта) оқушыларға түсініктілеу болу үшін ереуіл сөзініңтүптөркіні мен мағынасы туралы өзге зерттеушілердің жәнеөзіміздің талдауларымыз бен танымдарымызды баяндаған«Сөздер сөйлейді» деген еңбегіміздегі пікірімізді қайталапберелік: Махамбет Өтемісұлының (XIX ғасырдың I жарты-сы)атақты «Ереуіл атқа ер салмай» деп басталатын өлеңіндегі ереуілсөзі ақын жинақтары мен оқулықтарда көпке дейін «ерттеулі ат»деп түсіндіріліп келді. Бұл – әрине, мүлде қате. Бұл сөздіңтөркінін арнайы зерттеген Құлмат Өмірәлиев оны монғолдыңирэгулъ сөзінен шығарады, ол «қан майданда жек-пе-жеккешығатын батырлардың сайысы, одан барып сол ба-тырлармінетін ат дегенді білдірген» деп табады. Махамбеттің осыөлеңдері жарияланған 1910 жылғы «Шайыр» жинағынқұрастырушы Ғабдолла Мұштақ (Ғұмар Қарашев) мұны «мінбейсақталған ат» деп түсіндіреді. Біздің топшылауымыз-ша, монғол,қалмақ тілдерінде эрүұл, эрұл деген сөздер «дені сау», яғни«мықты, тың» деген мағынаны білдіреді. Ертерек-те үлкен, ұзақжорыққа шыққанда, астындағы атпен қоса және бір мықты ат алашығу дәстүрі түркі-монғол халықтарында орын алған. Ұрыста нежолда астындағы аты мертіксе, оққа ұшса не өліп қалса,жорықшы алып шыққан қосалқы атына ер

142

Page 142: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

салып мінетін болған. Махамбет айтқан ереуіл аты «мықты, тыңқосалқы ат» дегенді білдірген деп санаймыз. Ереуіл сөзінің бұлмағынасы қазақ тілі үшін күңгірттеніп, бір жағынан, бұл сөздімүлде қате түсінуге («ерттеулі ат» деп) алып келсе, екіншіжағынан, тұлғасының құбылып кетуіне (ереуіл, ереулі, ерулі) жолберген. Көне түркі, монғол сөздерін образ үшін пайдалану– қазақ көркем тілінің ең бір әсерлі, актив тәсілі.

Ереуіл сөзінің бүгінгі таныс мағынасы да бар: ереуілгешызу, ереуілдеу «белгілі бір іс-әрекетке алдын ала, өзгелерденбұрын шығу» деген мағынаны білдіреді. Осыдан «қарсылықкөрсету, наразы болу, көтеріле қозғалу» деген мағына туған.«Забастовка»-ны ереуіл деп терминдеуде осы мағынағасүйенген.

Ереуіл ат пен ереуілге шығу дегендердегі ереуіл – екеуі екібөлек сөздер, сірә, омонимдер деуге болар. Сондықтан орын-дарын шатастырып (алмастырып) қолдану – нормадан жөнсізауытқу болады.

Сірә, омонимдер (тұлғалары бірдей, мағыналары әр бөлексөздер) болып келетін ереуіл сөзінің екінші «қарсылықкөрсету, наразылық білдіру, көтеріле қозғалу» немесе«өзгелердің алдын ала, жұрттан бұрын» деген семалары(мағыналық қосалқы реңктері) бар «саяси-әлеуметтік күрес,жорық, ат-таныс» деген мағынасы – көнерген де емес,тарихтық сөз де емес, бүгінгі актив сөз, сондықтан ереуілсөзінің және одан туындаған ереуілдеу, ереуілді, ереуілші,ереуілшіл сөздерінің соңғы мағынасын көпшілік жақсы біліп,көбінесе орнымен қолданады, лексикалық норма бұзылмайды(«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» берілген түсініктемелермен мысалдар-ды қараңыз – ҚТТС, 3-том, 395-396 беттер).

Сауын айту дегендегі сауын сөзі де, жалпы тіркестің өзі– күні кешеге дейін қазақ қауымының тыным-тіршілігінде,тұрмыс-салтында орын алып келген этнографизм (белгілі бірхалықтың тұрмыс-салтына қатысты сөздер). Бүгінгі адам-дартіркестің мағынасын ертедегі өлең-жырлардағы, әсіресе ауызәдебиеті үлгілеріндегі, сондай-ақ тарихи роман, әңгіме,повестердегі, поэмалардағы қолданысына қарап жалпы-лайбіршама түсінеді, сауын айту берілетін үлкен астарға, үлкентойларға, жиындарға қарата айтылатындығын біледі,

143

Page 143: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

мағынасын «осы ас-тойларға шақыру» деп ұғады, бірақ сау-ынсөзінің жеке алғандағы семантикасын біле бермейді, оның түбірі– сауу етістігі деп топшылап, «асқа, тойға сауын-қымыз әкелудіхабарлау» деп түсінетіндер де бар, ал, шындығында, сауынсөзінің түбірі – саб/сап көне түркі тілдерінде «1) сөз, 2) сөйлеу, 3)хабар, хат, 4) мақал, мәтел, 5) баяндау, әңгіме, 6) сәуегейлік»деген 5-6 ұқсас, тақырыптас мағыналарды білдірген. Көнетүркілік 6-мағынасы қазақтың сәуегей сөзінде, алғашқы екімағына сөз саптау тіркесінде сақталған: сөз саптау– қазіргі «сөз сөйлеу» дегеннің варианты. Ал саб/сап түбірініңсау(ын), сәу(егей) тұлғасына айналуы – түркі тілдерінің «ды-быс алмасу» деп аталатын фонетикалық заңдылықтарыныңжемісі. Демек, «сөз айту, хабарлау» мағынасындағы көне эт-нографизм сауын айту сияқты бірліктер де – бұл күнде сиреккездесетін сөздер, оларды да түсініп барып жұмсау – әдеби тілнормасының талабы болмақ.

Көнерген, тарихтық сөздерген өзге де сирек қолданылатын,негізінен лексиканың пассив қорына жататын сөздердің келесітобын бір алуан сипаттама есімдер, жер бедерін білдіретінбірқатар сөздер, кейбір аң-құс, өсімдіктердің атаулары, кәсібисөздер құрайды. Айталық, бүгінгі кейбір ірі жазушылардыңшығармаларында кездесетін «жұлмыт елші», «мұғдарлыәсер», «марайма мінез», «тымсақ адам», «қойторы тірлік»,«қоймірет адам», «жөш қуаныш», «сарамжал қыз», «тотанақмезгіл» сияқты анықтауыш болып түрған сипаттама сөздер –сирек кездесетін бірліктер, бұлардың көбін диалектизмдердеуге де болмас немесе жазушылардың өздері жасап алғанавторлық неологизмдер деп тануға да болмайды, тілде,қолданыста (демек, өзгелерде де) бар әсерлі, экспрессиясыкүшті сөздер. Сірә, кейінгі өздері тіркесетін сөздеріне қара-ғанда, шығарма авторлары мағыналарын аңғарып барыпқолданған тәрізді. Ал енді осы тұлғаларды өзге авторлар,әсіресе қолдарына қаламды енді ала бастаған жастар жұмсайқалса, бұл бейтаныстау, сирек кездесетін дүниеліктердіәрқайсысы өзінше түсініп, өзінше келтіре салулары мүмкін,ол күнде лексикалық норма бұзылады.

Көркем әдебиетте сирек қолданылатын тұлғалардың орыналуы – нормадағы құбылыс, өйткені олардың экспрессивтік

144

Page 144: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

бояулары қалың болады да оқырманға эмоциялық әсері күштісезіледі. Мысалы, Мүхтар Әуезов «Абай жолы» романын-да қозғалақтау, қымыңдау, қозғақ қағу деген сөздерді бірсөйлемде келтіреді: «Қасқа тілмаш Құнанбай мен майырға кезекжалтақтады. Жүгінген бойында құнысып қозғалақтай берді.Кейде жер шұқып қап, кейде қымыңдап, қозғақ қағады»(М.Әуезов, I том, 113-бет). Мұндағы көрсетілген сөздердіңмағыналары түсінікті, бірақ сирек жұмсалатын тұлғалар:қозғалақтау – тынымсыз қозғала беру, қымыңдау – жайсыз-дану,қозғақ қағу – қозғала түсу. Осы үш сөздің үшеуінің де қызметі,экспрессивтік жүгі – алдыңғы сөйлемдегі тілмаштың әкімдералдында жалтақтаған қылығын күшейте түсу. Демек, сирекқолданылатын сөздер болып танылатын қозғалақтау, қозғақ қағусияқты дағдылы емес тұлғалар стильдік мақсатта келгенде,нормадағы қолданыс болып шығады. Жазушы олардыңтүсініктілігін контекст арқылы қамтамасыз етеді.

Жалпы білдіретін мағынасы сөз түбіріндегі семантикасы-наннемесе контекстен біршама түсінікті сөздердің үлкен то-бынэкспрессиясы күшті сөздер құрайды, олар көбінесе сын есімдермен зат есімдер, сондай-ақ үстеулер болады. Әдеби нор-матұрғысынан келгенде, олардың да мағынасын жақсы біліп,орнымен жұмсау керектігін қазақтың мықты жазушыларыныңсөзқолданыстары көрсетеді. Мысалы, сарпылтаң, қырымпоз-дану, кеңкелесу, төмілжу, сүркіл, мұғдарлы, қотиын, аңқит-тау сияқты экспрессоидтарды (әдейі стильдік мақсатта қолда-нылатын әсерлі сөздерді) Ғ.Мүсіреповтің, О.Бөкеевтің, Д.Дос-жановтың көркем шығармаларынан кездестіреміз. Бұлардыңкөпшілігінің нормативтік сөздіктерде не мағынасы дұрыскөрсетілмеген, не диалектизм деп белгіленген (сүркіл),не тіптісөздікке енбей қалған (қотиын). Көрсетілген сөздердің барлығыда – лексикалық қорда бар бірліктер, бірақ орын тан-дап сирекжұмсалатын, көбінесе стильдік мақсатпен көркем әдебиеттілінде кездесетін сөздер. Әдеби норма мұндай тұлғалардымейлінше дұрыс тандап, белгілі экспресиялық жүк артып, дәлқажет жерінде қолдануды талап етеді. Экспрес-сиялылығынақызығып, оларды орынсыз жерде қолдану тек тілдік норманыемес, алдымен қолданыстық-стильдік норманы бұзушылықболады. Мысалы, қырымпоздану сөзін қазақ тілінің

145

Page 145: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

толық түсіндірме сөздігі «жинақы жүретін; сылан, кербез»мағынасындағы қырымпаз сөзінің ауызекі сөйлеу тіліндегі, де-мек, әдеби нормадан тыс тұратын сөз» деп көрсеткен (ҚТТС, 7-том, 18-бет). Ал Ғ.Мүсіреповтің: «Мұны да қырымпозданбай,қиқаңдамай істеді» («Оянған өлке», 1955, 2-том, 59-бет)дегенінде жаралы жалшы жігіт – Жабайға Игілік байдың еркежиені – Сейіттің қызмет еткенін, ол қызметін міндет етпей,қалтқысыз істегенін айтып отыр. Бұл жерде түсіндірме сөздіккөрсеткен «кербездену, сыландау» немесе «жинақы, әсем жүру»деген мағына емес, автор мұнда «сыр алыспаған жас жігіттіңжаралы жалшы жігіт – Жабайға әйелдер араласа алмай-тынкүтімдерге шейін риясыз көңілмен, жиіркенбей, іркілмейістегенін» қырымпозданбай, қиқаңдамай деген экспрессивтіетістіктермен әдемі суреттейді. Демек, осы екі сөз өз орында-рында, контекст сұранысында дәл жауап беріп тұр.

Әрбір сөзді тандап, талғап барып, өз орнында жұмсайтынҒабит Мүсірепов, Мұхтар Әуезов сияқты ұлы жазушылардыңтілінде кездесетін кәугөрік («...Осы елдің көп кәугөрік еркегіайтқанына түсінбейді» – Тандамалы шығармалар. - Алматы,1955. - 2-том. - 36-бет), құнезер («Тақымдарына бір-бір теміркүрек, сірі жан торсықтарын қанжығаларына тізіп алып онайкесіптін құнезерлері ойды-қырды ылғи шарлап жүреді» – сон-да,60-бет)). Бұл сөз дыбыстары алмасып ұшыраған, сондықтаноның құнерез варианты да бар. Сол сияқты ұлы МұхтарӘуезовтің «Абай жолы» эпопеясының тілінде кездесетін жо-шын («... Осы, ана Ысқақ бір жошын» – М.Әуезов Таңдамалышығармалар. - I том. - Алматы, 1955. - 17-бет), құж («Жаным-ау,қасқыр бала мынау ғой! –құж десеңші» – сонда, 19-бет), «молдасүрей кәрі» (146-бет), нор («қалың нөпір қара нор»– 189-бет), қыжал сияқты сөздерді де не жергілікті сөз, неавтордың өзі жасаған неологизм, не этнографизм, не тіптікөне сөз, тарихтық сөз деуге болмайды. Олар – сирекқолданылатын, көбі экспрессивті тұлғалар. Бірқатарысөздіктерге енбей қалған. Ал енгендерінің сөздіктекөрсетілген мағынасы жазу-шы қолданған мағынасынанбөлек. Мысалы, жошын сөзі – ҚТТС-да бар болғанмен,Әуезов қолданған мағынадағы тұлға емес, сүрей – бұл дасондай: М.Әуезовте сөздіктегі «есуас, делқұлы» дегенмағынада жұмсалып тұрған жоқ, нор – бұл да алдыңғылардай.

146

Page 146: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Демек, көркем әдебиетте болсын, публицистикада болсыноларда кездесетін сөздер мен сөз тұлғалары нормадан тыс эле-менттер болып танылмайды, керісінше, бұлардың жазушы, ақын,публицист сияқты қалам иелерінің тілінде жұмсалуы – белгілібір қолданыстық, стильдік мақсатпен келетін, нормаға сай тілдік(лексикалық) құралдар деп есептеледі.

Қолданыстағы жоғарыда көрсетілгендей номинативтік(негізгі лексикалық) мағыналары жеке алғанда қалың көпшіліккетүсініксіздеу сөздерді іріктеп жинап алып, олар-ды жергілікті сөз– диалектизмдерден, ұмытылып бара жатқан этнографизмдерден,әдеби нормадан тыс тұратын қарапайым не дөрекі сөздерден,мағыналары күңгірттенген архаизмдер мен тарихтық сөздерденажыратып қарап, әрқайсысының жал-пы тілдік те, контекстік те(қолданыстық та) мағыналарын көрсетіп беру – тілдінормалаудың үлкен бір шаруасы болуға тиіс. Алдағы уақыттардабұндай сөздердің сөздігі жасалып, түсіндіріліп берілсе, ол –көпшілік қауымның, қазақ тілін үйренушілер менпайдаланушылардың, оның ішінде жазу-шы қауым мен қалыңоқырмандардың тіл нормаларын игере түсулеріне көмектесернақты істердің бірі болмақ.

Құрылымдық нормаға да, қолданыстық-стильдік нормаға дажатпайтындай болып көрінетін сөздердің аса бір шағын тобы –окказионализм деп аталатын бір қолданар сөздер, яғни авторлықтүзілімдер (тұлғалар). Көркем әдебиетте, әсіресе өлең тіліндежазушы мен ақын айтпақ идеясын (ойын) әсерлеп, бейнелеп беруүшін қалыптан тыс, яғни семантикалық, морфологиялық, кейдесинтаксистік нормаға сәйкеспейтін жасанды тұлғаларды«окказионализмдер» деп атайды, кейбір сөздер өздеріне тәндағдылы мағынасынан басқа ұғымда жұмсалса, олар даокказионалдық құбылыс болып шығады. Мысалы, ақынКәкімбек Салықовтың: «Бір ақын бір ақыннан ақынырақ,өйткеніол жүрекке жақынырақ. Ел-жұртқа қалды десек қалай унап,Күшті ақын күрделі де жабайырақ. Қашанда мықты ақындарМахамбеттеу, Кемеңгер ойлы ақындар Абайырақ. Жақсы ақын –әлеуметтің жаңашыры, Даралау, ке-мел, дана Пушкинірек» дегенжолдарындағы ақынырақ, Ма-хамбеттеу, Абайырақ, Пушкинірек деген қолданыстары тілдің

құрылымдық нормасына мүлде қайшы, өйткені -рақ/-рек,

147

Page 147: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

-ырақ/ -ірек, -тау/- теу, -лау/ -леу жұрнақтары адам, жер-суаттары сияқты жалқы есімдерге жалғанбайды, олар – сын есімшырайларының жұрнақтары, яғни бала, жас сияқты сындықмәнді де қоса беретін сөздер болмаса, жалпы зат есімдерденграмматикалық мағына тудырмайтын қосымша. Мұндағы«бейнормалық» болып тұрған сөздер – өлең тілі үшін нормалы(норматив) қолданыс: олар – көріктеу құралдарының бірі – ок-казионализмдер. Мұнда Кәкімбек Салықов ақындарға сипат-тамабереді: «мықты ақындар Махамбет сияқты ақындардыңмықтысы, Абай сияқты кемеңгер, ойлы ақындардың, Пушкин-дей ең күштісі дара, кемел ақындардың асқаны» деп көп сөзбенайтылуға тиіс поэтикалық идеясын (ойын), жалпы тілдік норма-дан ауытқып, шырай жұрнақтарын жалқы есімдерге «заңсыз»жалғаған бір ғана сөзбен – окказионализммен беріп тұр.

Екінші бір мысал: окказинализм құбылысын арнайы зерт-теген Г.Мұратова өз жұмысында ақын Исрайыл Сапарбаевтың:«Сарқылған Балқаш – мынау, Арал – мынау, Жазымдас жәмижұрттың тағдырымен Жазылмас жанымда бір жара бар-ау» дегенжолдарындағы жазымдас сөзін окказионализм деп көрсетеді,бұл да – «заңсыз» жасалған авторлық неоло-гизм: жазым болу, жазым жасау, жазым қылу деген сияқтытіркестермен келетін «жазатайым болған сәтсіз оқиға» дегендібілдіретін жазым сөзі жолдас, құрдас, сыбайлас, еншілес, кур-стас сияқты сөздерді жасайтын -дас/-дес, -лас/-лес, -тас/-тесжұрнағын қабылдамауға тиіс, өйткені бұл сөздің семантикалықмағынасы оған жібермейді, өлімдес, тірілес, аурулас деп айтуғаболмайтыны сияқты, жазым «ортақтасу, еншілесу» мағынасынқабылдамайды, тіпті жазатайым болған сәтсіз оқиғаға, айта-лық,аяғын сындырып алуға біреу емес, бірнеше адам бірден ұшырасада, тілдік нормада жазымдас деп айтпайды. Ал ақын айтады,ақын үшін жазымдас деген норма шырқын бұзып, қолдан өзіжасаған тосын сөз бүгінгі замандағы қалың жұртшылықтың(жәми жұрттың) өмір тіршілігі, тағдыры тар-тылып бара жатқанБалқаш көлінің, тартылып қалған Арал теңізінің табиғаттың ба,адамдардың ба тарапынан «жаза-тайым», «күтпеген жерден»,күтпеген кезде жайсыз оқиғаға– суалып қалуына саясаттың ба, шаруашылықтың ба салда-рынан қоғам тарихында тап болған жоқшылық, берекесіздік,

148

Page 148: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

тәртіпсіздік тағдыры, жазымы ұқсас, бірдей: «жазымдас». Солсияқты Сұлтанмахмұттың «ойлау» мағынасында мыйлау сөзінжасап алуы, И.Сапарбаевтың Хиросима топонимінің, яғни атомбомбасының апатына ұшыраған қала атауының моделімен Же-росима сөзін тіл нормасын бұзып (- осима деген жұрнақ жоқ)авторлық меншікті сөз – окказионализмді пайдалануы – заңды,нормадағы қолданыс. Мұндай «бір қолданар» сөздер тілдіңқұрылымдық нормасына қайшы жасалғанымен, көркем әдебитілінің стильдік нормасына сай келеді. Бірақ бұл сияқты «нор-мабұзарлар» мың ойланып, жүз толғанып барып табылған, қайткенкүнде де өзінің сол жерде (тексте) қажеттігін, яғни стильдікжүгін дәлелдей алатын элемент болуға тиіс. Окказио-нализмдер– өте сирек кездесетін құбылыс.

Авторлық неологизмдер – қандай сөздер? Тілдегі бар сөздершығарманың тақырыбына, автордың айтпақ ойына, поэтикалықидеясына қатысты ұғымды дәл бере алмайды-ау деп санағантұста өздері жаңа сөз ұсынады, ол жаңалар не мағынасыауыстырылған байырғы сөз, не қолдан жасалған туынды сөз, немағынасы жаңғырған көне сөз, не әдеби тілге ену құқығы баржергілікті сөздер немесе ауызекі тілдік қарапайым сөздер бо-лыпкеледі. Бұлардың да мағынасы көпшілікке бірден түсініктіболмауы мүмкін, өйткені олар – әрі «жаңа», әрі «авторлық» деген«паспорты барлар», әрі өте сирек кездесетіндер. Соғанқарамастан, бұлар да тілдің құрылымдық нормасынан да, әсіресеқолданыстық-стильдік нормасынан толық орын ала-ды. Мысалы,Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке» романының әңгіме өзегі(тақырыбы) – қазақ жеріндегі алғашқы өндіріс, көмір өндірісі,техникалық жаңалықтар екенін білеміз. Мұнда «Қызылжаркапиталисі – Никон Ушаков қазақ даласын көкжал бөрідей кезіп,Сарыарқаның әр қырқасына бір қызық қағып, ...таңба бастырып, өз атына бекіттіріп алып, Жезқазған, Нілді,Ақбұйрат, Құлжұмыр, Сасық, Соран, Қарағанды сияқты кендішиырларды кесек-кесегімен қылғып келеді» (Ғ.Мүсірепов Тан-дамалы шаһығармалар, 2-том, 65-бет) деген сөйлемді оқимыз.Бұл жердегі шиыр сөзі – автордың «туындысы», өйткені жа-зушы кенді шиырлар деп қазіргі кен орындары, рудниктердеген сөздердің авторлық баламасын ұсынған, ал бұл сөздіңлексикалық мағынасы – «айқыш-ұйқыш, қым-қиғаш, шытыр-

149

Page 149: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

ман, шым-шытырық» (ҚТТС,10-том, 231-бет). Мүсірепов бұлсөзді «орын, мекен» деген мүлде жаңа мағына беріп қолданған(мүмкін, бұл сөздің «айқыш-ұйқыш», «әр тұстағы» деген сема-сын – қосымша мағыналық реңкін де пайдаланған болар).

Сол сияқты домна пешінде мыс қорытуда шығатын шлактыңбұрын қазақша терминдік атауы болмаған, оны осы күнге дейін«шлак» деп жүрміз. Осы өндірістік зат атауын жазушы боқатдеп, өзінше жаңа тұлғамен береді: «Карл Карлович біразасықтырмағанда үйіндіге кететін боқатты бұдан гөрі де қақтап,тазалап қалуға болатын еді» (Сонда, 76-бет).

Тегі, көркем шығармада мұндай авторлық жаңа сөздер өте азболады, олар да дәл сол жерде қолданылу қажеттігін дәлел-дейалатын заңды, нормаға сыйымды лексикалық бірліктер қатарынқұрайды. Әрине, авторлық неологизмдер – тек өнді-ріске,ғылымға, техникаға қатысты туынды атаулар ғана емес, өзге де«қарапайым» мағынадағы сөздер де болады. Бірқатардиалектизмдер мен сирек сөздерге жазушы жаңа мағына беріпқолдана алады. Мысалы, сөдегей деген жергілікті сөз –диалектологтардың көрсетуі бойынша, Қазақстанның шығысөлкелері мен Жетісу тұрғындарының тілінде «бейсауат, оқшау»және «тұрпайы, өрескел, жағымсыз» деген мағынаны білдіреді:сөдегей сөз, сөдегей нәрсе, ал солтүстік аудандарда «икемсіз,ебедейсіз, сөлекет» деген мағыналарда қолданылады, бұл тұстасөдегей-солпақ түрінде қос сөз құрамында да келеді(Ж.Досқараев Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері (лексика). -II бөлім. - Алматы, 1955. - 107-бет). Ал осы сөзді ұлы МұхтарӘуезов Қазақстан жерінде тың көтеріліп жатқан алғашқыжылдардың бірінде, сірә, газеттің сұрауы бойынша жазғанкішігірім мақаласында «Бұрын жер өгей, жел сөдегей еді» дегенсөйлемде келтіреді. «Біз бұрын естімеген сөдегей сөзін қаймағынада жұмсадыңыз, Мұхтар аға?» деп сұрағанымызда:«Босқа соғып жатқан» деген мәнде әрі өгей сөзіне ұйқастырыпалғаным ғой», – деген-ді. Бұл сөз Мұхаңа біршама бұрын датаныс болғанын оның 20-жылдарда жазылған бір мақаласынанкейін көрдік. Демек, жалпы әдеби тілде жоқ болғанымен, кейбіржергілікті сөздерді де жазушы реті келгенде не сол диалектілікмағынасында, не мағынасын ауыстырып өзге мәнде, көбінесестильдік мақсатта жұмсай алады.

150

Page 150: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Қарапайым сөздер, жаргондар және әдеби норма

Қарапайым сөздер деп аталатын лексикалық топ та, жар-гондеп аталатын шағын бірліктер де – әдеби нормадан тыс тұратынсөздер. Олар – негізінен ауызекі сөйлеу үрдісінің дүниелері.Қарапайым сөздердің жазба үлгілерде кездесуі шектеулі,көбінесе көркем әдебиетте, оның ішінде де прозалықшығармалар мен драмалық туындыларда қолданылады. Мұныңөзінде де жазушы, драматург оларды негізінен кейіпкерлердіңаузына салады. Демек, қарапайым, жаргон сөздер ауызекі сөйлеутілінің нормасы болады. Сонымен қатар оларды көркемсөзиелері стильдік мақсатта өз баяндауларында да қолдана алады.

Қарапайым элементтердің көркем әдебиетте қолданылаалатын құқығы бар тұсы, ол – адамның ішкі дүниесіне үңіліп,психологиялық күй-қалыпты шынайы беруді мақсат еткен жа-зушы айтпақ ойын (идеясын) кейіпкерлердің көзімен, дүние-танымымен беруге ұмтылады. Мысалы, Әбіш Кекілбаевтың «Құсқанаты» атты повесінде бірнеше диалектизм, қарапайым сөз, сөзтіркестері, тіпті ауызекі сөйлеу тіліне тән синтаксистікқұрылымдарды авторлық баяндау тілінде қолданады. По-вестьауылдан қалаға, баласының қолына келген «салпы етек, шұбалаңжаулық қара кемпірдің» психологиясымен баян-далады. Кемпір –оқымаған, сауаты жоқ, баяғының «өкілі». Сондықтан мұнда солкемпірдің аузына оралуға тиісті сөздер көбірек орын алған, бірақсөйлейтін – кемпірдің өзі емес, жазушы. Автордың баяндауындабозымбай (әдеби нормада– бозөкпе), шұқыншақ (еңбекқор), тасырайып отыру (шалқыпотыру), бұтқа толу (бәлдену), тортиып жүру (ренжу),жырқылдау (орынсыз күлу) сияқты қарапайым элемент-тержәне бөтеке (әдеби нормада – бүйрек), бойлы-сойлы (текті,жақсы) сияқты жергілікті қолданыстар да орын алған.Кемпірдің қалалық келіні «сидаңдаған қу сирақ, шүйке бас»болуы мүмкін, «бұл жақтың үкіметі» (қалалық кеңес) де-генсөздер де – автордікі, бірақ қара кемпірдің көңіл-күйімен,танымымен аталған сөздер. Үй ішіндегі әжетханадағы уни-таз – «тас келі». Соңғы мысалдардағы қу сирақ, шүйке бас,бұл жақтың үкіметі, тас келі деген сөздер – жеке алғанда,қарапайым бірліктер емес, олардың қарапайымдық статусы

151

Page 151: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

– контекстік, яғни бұлар – «шұбалаң жаулық» кемпірдің та-нымы, бірақ оларды айтып отырған – кемпір-кейіпкер емес,жазушының өзі. Соған қарамастан, бұл қарапайым элементтер– өз орнында қолданылған сөздер.

Бұл повестегі бейнорма деп саналатын элементтер: көрсе-тілген қарапайым сөздердің, диалектизмдердің, жүзіқара,итжегір, құрып қалғыр, пәтшағар, кәпір, бетпақ сияқтыдөрекі ұрыс-қарғыс сөздердің, тіпті бұзылып айтылған божа-лыста, бәбушке, кәзит, қуаз (квас), іздірәсти сияқты орыс сөз-дерінің – барлығының көркем шығармадан орын алып түрғануәжі (мотиві) бар: ол – шығарманың баяндау стилі, яғни кейіп-кердің көзімен, психологиясымен, демек, сөзімен баяндауқажеттігі. Мұндай фактілерді көп болмағанмен, сөзге (шығармастиліне) ден қоятын қалам иелерінен табуға әбден болады.Мысалы, жазушы Марат Қабанбайдың балалар өмірінен жаз-ылған әңгімелеріндегі көптеген қарапайым сөздерді автордың өзтілінен (баяндауынан) кездестірсек, олардың да қолданысы– уәжді, демек, сол шығарма тілі үшін норма.

Көркем әдебиет тілінде қарапайым сөздер әрдайым стильдікмақсатпен келмеуі де мүмкін. Ол күнде, әрине, бейнормалық,нормадан уәжсіз (жөнсіз) ауытқушылық болып шығады.

Демек, қарапайым, жаргон сөздердің көркем шығармалардабелгілі бір стильдік жүк арқалап қолданылуы – заңды, уәждіқұбылыс. Бүған мысалдарды өзге жазушылардан да табамыз.Жазушы Қалихан Ысқақов «Ақсу – жер жаннаты» атты рома-нында қарапайым сөздерді кейіпкерлерінің аузына да салады, өзбаяндауында да қолданады: «Бекет осымен біржола шоң-қиған...», «Ол қойт-қойттап қоймады...», «Қағазсыз қарабасыңыз қотқа жүрмейді...». Бұл қолданыстарды да жазу-шы өзтіліне тектен-тек қатыстырып отырған жоқ. Бұлардыңэкспрессиясы нормадағы әдеби варианттарынан (ұтылған,жеңілген, отырып қалған... айдап салуын қоймады... түккетүрмайды, кәдеге аспайды деген сияқты) әлдеқайда күшті,әсерлі. Жоғарыда бірінші келтірілген сөйлемді жазушы: «Бе-кет осымен біржола жеңілген» деп норматив сөзбен жазса,оның экспрессиялық әсері күшті сезілмес еді. Демек, бұлқолданыстар – әдеби тіл нормасынан уәжді (себепті)ауытқулар болып танылады. Оның үстіне автордыңбаяндауында сәл әжуа, мысқыл (сарказм, юмор) тоны сезіледі.

152

Page 152: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Қарапайым сөздердің мағыналары көпшілікке таныс бопкеледі, сондықтан ол келеке-сықақ жанрындағы немесе үнін-дегітуындыларда белгілі бір стильдік мақсатпен еркін қол-данылады.Бұларды да уәжді қолданыстар деп атау керек. Соны-мен қатартек көне, сирек сөздер емес, кейбір дағдылы, ұғымы айқынсөздердің де лексикалық та, стильдік те мағыналарына зерсалмай, кейде тіпті түсінбей не жаңсақ ұғынып уәжсізқолданушылық та әдеби тіл нормасына қайшы келеді. Мы-салы,жолшыбай жолдасы жоқ салт келе жатқан адамдыжалғызілікті жолаушы деу (жалғызілікті сөзі күнделікті«тұрмыста қолғабыс ететін, қарайласатын ешкімі жоқ» дегендібілдіреді және ол көбінесе үй шаруасымен, күнделікті тұрмысқарекеттерімен айналысатын әйелге қарата айтылуға бейім),жігерлене жұтыну, түн кескінінде (баласында деудің орнына),асықша ширатылу (үйірілу болса керек), көңілі қайысу (қалдыдеудің орнына), іші еріді (жылыды деу керек), төсекжаңарту (жаңғырту деудің орнына) деген қолданыстардажазушы-лар көрсетілген сөздердің мағыналарына үңілмеген(негізгі мағыналарын мүлде білмейді деуге болмас), бұлар –әдеби нор-мадан уәжсіз ауытқулар болып табылады.

Сөйтіп, көркем әдебиетте болсын, өзге функционалдықстильдерде болсын, жеке сөздерді қолдануда әдеби нормағақайшы келіп, ол нормадан уәжсіз ауытқуға себеп болатынфак-торлар бірнешеу болады. Олардың бірі – көне, сирек,жергілікті, сөздердің мағыналарын жете білмей қолдануболса, екінші бір сәттерде ұқыпсыздық, лексикалық нормағасалғырт қарау се-беп болады, үшіншіде функционалдықстильдердің өздеріне тән ерекшеліктерін араластырып жіберу(мысалы, ғылыми стильде диалектизмдерді, қарапайымсөздерді қолдану) сияқты ағаттықтар орын алады.

Әдеби тілдің ғылыми және ресми (кеңсе-іс қағаздары, қаулы-қарарлар, жоспарлар т.т.) стильдерінде қарапайым сөздер қол-данылмайды, олар мұнда нормадан тыс тұрады. Публицис-тикалық стильде қолданылуы да кемде-кем, стильдік мақсат-пен,көбінесе тырнақшаға алынып келтірілуі мүмкін. Мысалы, ішіп-жеп қою – сөйлеу тілінде жиі қолданылатын, ауыспалы мағынакелтірілген тіркес, «Жас Алаш» газеті информациялық мақалада«қайырымдылық шараларына арналған қаражатты

153

Page 153: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Бразилияның бұрынғы Президентінің жұбайы «ішіп-жеп»қойыпты» (ЖА, 20.05.2000) деп жазғанда, көрсетілген тір-кесті қарапайым элемент ретінде, хабарды жағымсыздық бо-яумен беріп тұр. Сірә, бұл іспеттес сөздер мен тіркестерді«контекстік қарапайым сөз статусына ие болғандар» деп танукерек, яғни бірліктердің өздері қарапайым лексика тобынажатпайды, бірақ келеке, мазақ үндерімен берілген сөйлемдер-де сол жағымсыз реңкті білдіретін тілдік элементтің біріретінде нормадағы сөздердің өзін қарапайымға айналды-рыпқолдана алады. Мысалы, «Жас Алаштың» көрсетілгеннөмірінің тағы бір жерінен: «Мәжіліс депутаты Ғ.Қасымовәріптестеріне ренжігені сондай, жеке партия құрып, «күреске»шығуға бел буыпты» деген сөйлемді оқимыз. Мұндағы күрессөзі өзінің номинативтік мағынасында емес, ол – нағыз күресемес, келеке етіп көрсетілген жағымсыз қарекет, сондықтансөз өзінің нормативтік мағынасынан ажырап, қарапайым сөзсияқты пәс (төмен) стиль элементіне айналып тұр.

Диалектизмдер және әдеби норма

Лексиканың нормалану процесін әңгімелеуде диалектілікбірліктердің қолданысына айрықша назар аударылады. Қазақәдеби тілінің бүгінгі даму кезеңінде мұның бірнеше себептерібар. Алдымен, «Қазақстанның әр өлкесінде тек өз шенберіндеқолданылатын, яғни таралу шегі бар жергілікті сөздердің бүгінгілексикалық, стилистикалық статустары қандай?Диалектизмдердің әдеби лексиканы байытудың негізгі көзіболып келді ме немесе әрі қарай бола ала ма?» дегенпроблемалардың бар екендігінде. Екіншіден, «диалек-тизмдердіңкөркем әдебиеттегі қолданысы мен өзге функцио-налдықстильдердегі орын алуындағы ерекшеліктерді дұрыс таныпжүрміз бе? Қазіргі қазақ әдеби тілінің тірек диалектісі болды ма,жоқ па? Болса – қай диалект негіз болып танылады?» дегентеориялық-танымдық проблемаларды былай қойғанда, жоғарыдакөрсетілген сауалдар «диалектизмдер және әдеби норма» дегентақырыпты алға тартады. Әрине, бұл тақырып– бір емес, бірнеше ғылыми монографиялардың нысаны(объектісі) екені даусыз. Сондықтан біз бұл жерде қазақ тіл

154

Page 154: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

білімінде біршама орныққан пікірлер мен диалектизмдердіңқолданысындағы уәжді- уәжсіз ауытқуларды қысқаша баян-даймыз.

Жергілікті сөздер – ауызекі сөйлеу тілінің элементтері. Алсөйлеу тілі – әдеби тілдің қайнар көзі. Сондықтан ұлттық жаз-ба әдеби тілдіңқалыптасып, сөздік қазынасыныңтолығуындадиалектизмдердің орны, рөлі бар екендігі даусыз.

Тілдің лексикалық қорының толығу заңдылықтарына сәйкес,диалектизмдер де аз-аздап әдеби айналымға түседі. Оған әралуан тілдік те, экстралингвистикалық та сұраныстар себепболады. Айталық, шаруашылықтың, кәсіптің бұрын қазақ да-ласына тегіс жайылмаған түрлері енді қоғам өмірінен орын алыпжатса, бұларға қатысты зат, құбылыс, ұғым атауларын жергіліктіқолданыстардан ауыстырып алу фактісі бар, бұл қазақ тілінде деорын алып келгендігін зерттеуші-диалек-тологтер көрсетіпкеледі. Мысалы, бау-бақшаның және егін-шіліктің басқа дакейбір түрлерінің балық өсірудің, балық аулаудың, бұғы, түйеөсірудің кейбір атаулары жергілікті қордан алынып отырғанынкөптеген мысалдармен дәлелдеуге болады. Айталық,диалектологтер бұл қатарға бағбан, мұрап, зембіл, гүлзар, атыз,жеңсе, жозы, дәліз, мәре, арықтың жан арық, бас арық, бау арық,желке арық, қол арық, оман арық, оң арық сияқты он шақтытүрінің атауын көрсетеді.

Диалектизм дегеніміз – әдетте әдеби баламасы бар бірліктер,сондықтан жалпыхалықтық баламалары жоқ жоғарыда көрсе-тілген сөздердің әдеби тіл нормасынан орын алуы – орынды.Диалектілік ерекшеліктер тек зат атаулары емес, қимыл, сынатауларынан да кездеседі. Қазіргі қалың көпшілікке едәуір танысболып қалған бағамдау, тәжікелесу, сейдін, албатысияқты сын есім, үстеу, етістіктердің де түптөркіні жергіліктіқолданыстар екенін екінің бірі біле бермейді. Бұлар – әдебибаламасы бар сөздердің синонимдік қатарлары ретінде әдебитіл айналымына түскендер. Соңғылардың әдеби нормаға енумүмкіндігін өзге сұраныстар туғызып отыр, олар: әр сөздіңмағыналық реңктерін пайдалану, экспрессиялық боя-уықалыңдау қатарларды іздеу, көркем шығармада стильдікмақсаттарды көздеу т.т.

155

Page 155: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Сірә, көркем әдебиетте кейбір жазушылардың диалектизм-дерге көбірек баруының бірнеше себебі бар, олардың бірі –«әркім өзі туып-өскен өлкеде қолданылатын тіл элементтерін,бала кезінен құлаққа сіңіп, үйреншікті болып кеткен сөздердіқимай, соны дұрыс деп есептейтіндіктері» (Ш.Сарыбаев),екіншісі – әсерлі, экспрессивті сөздерді іздеуі. Алғашқысы –көбінесе санадан тыс, оның үстіне әдеби нормадағы сөз-дермен нормадан тысқары тұратын сөздерді ажыратып таны-майтындықтан болып жатса, соңғысы – саналы түрде, бірақкейде сәтсіз (уәжсіз) шығатын әрекеттер болып кетеді.

Жалпы тіл білімінде диалектизация деген термин бар, ол– көркем әдебиетте (кейде тіпті тұтас әдеби тілде) жергіліктіерекшеліктерді еркін әрі молынан жұмсау әрекеті. Тілдердамуының белгілі бір кезеңінде бұл процесс орын алуы мүмкін.Қазақ тілінде диалектілендіру (диалектизация) құбылысы айқынжәне қарқынды түрде болмағанмен, XX ғасырдың 70-80-жыл-дарында қылаң беріп қалғанын айтуға болады. Көркемсөзшеберлерінің бірқатарының (Д.Досжанов, Т.Әлімқұлов т.б.)шығармаларында жергілікті тіл ерекшеліктерінің айтарлықтайорын алғанын Ғ.Мүсірепов сияқты аға жазушылар мен кейбір тілмамандары (Б.Қалиев) баяндамалары мен мақалаларында арнайыатағаны мәлім. Диалектизмдерді стилизация мақса-тындапайдалану айтарлықтай күш алып, әрі қарай дамыма-ғанымен,көркем дүниені диалектизмдермен өрнектеудің шама-шегін,амал-тәсілін, орын-кезеңін тап баса алмай, әдеби норма-даншығып кетіп жатқан фактілерді 80-жылдардағы туындылар-дантауып, жинап біз де көрсетіп едік. 1984 жылы жарияланған бірмақаламызда айтылған пікірлер мен келтірілген мы-салдардықайталасақ. Жазушы Бекділда Алдамжаровтың «Қара нөсер»атты кітабында ( «Жазушы», 1981) ояқ, анаяқ,іжқайда, ақ кеуіл, еге, мәттақым, ауыш, бәте (бата-ныңорнына), кәйтіп, дайра, керпіш, отқан (отырған-ның орны-на), ешек, пәт (бет), ыңғи, кәдірлі, бір күншідей сияқты диа-лектизмдер кейіпкерлерінің де аузында (мұны дұрыс-ақ делік,егер кейіпкерлердің белгілі бір өңірдің адамдары екендігінжазушы әдейі көрсеткісі келген болса), автордың өз баянда-уында да кездеседі. Бұл жергілікті ерекшеліктерді осы авторешбір стилизация мақсатын көздемей, тек өзінің сөз машығы

156

Page 156: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

бойынша қолданып тұр. Мұндай «тоғытып» жіберілген диа-лектизмдер ешбір мақсатсыз қолданылғанда, әдеби норма-данауытқушылық болып табылады. Бұл жерде диалектиза-цияқұбылысы емес, тілге, әдеби нормаға жауапсыздық (әлдебілместік, әлде салақтық) таныту деп бағаланады.

Диалектизм және әдеби норма мәселесінде «әдеби баламасыбар ұғым атауларына жарыстыра жергілікті сөздерді пайдаланужөн бе, жөнсіз бе?» деген мәселе де пікірталас тудырып кележатыр, соның бірі – әдеби баламасы бар, тіпті әдеби синонимдікқатары мол кейбір сын есім, үстеу, етістіктердің диалектілік ва-рианттарын оларға семантикалық реңк үстеп (дәлірек айтсақ,олардың семалық ренктерін пайдаланып) әдеби тіл нормасы-наауыстыруға болады. Өйткені етістік, сын есім, үстеу де-гендер –экспрессивтік бояуын қалындатып, құбылта түсуге бейімэлементтер. Біздіңше, лақса (әбден қартайған), бодау (өтесін,төлеу, қарым), бағамдау (пайымдау, анғару), мәуріт (шақ, мезгіл,кез), оңаза (ашқарақ), сейдін (сергек), мондыбас (жуас) дегенсөздердің көбінің «тұрағы» – белгілі бір өңірлер болар, бірақолардың жақша ішіндегі әдеби баламаларының барынақарамастан, оларды 60-90-жылдардағы әр авторданкездестіреміз, ол – бұлардың әдеби тілге енгенін танытады.

Диалектизмдерді әдеби тілге енгізуде у ә ж д і л і к (мотивация),шама - шарықтық (пропорция) және ұтымдылық принциптерінқатты ұстау керек. Әйтпесе, ауызекі сөйлеу тілі элементтерініңкөбінің экспрессиясының күштілігіне, сонылығына (көпшілік үшінтың, жаңа сөз болып көрінетіндігіне) қарап, оларды әдеби үлгідегіжазба дүниелерімізге тоғытып жіберсек, норма бұзылады. Мұныескермесек, әдеби тілді диалектілендіру қаупі тууы әбден мүмкін.Ал тілді диалектілендіру – көпшілікке ортақ, тұрақталған әдеби тілнормаларына нұқсан келтіру де-ген сөз, яғни әдеби үлгілер тілініңбарлық өнір тұрғындарына түсініктілігі, айқындығы, жүйелілігібұзылады деген сөз. Диалектизмдерді уәжсіз қолдану – нормаданауытқу, сондықтан кейбір жазушыларымызда кездесетін бөлтек-салтақ (бөлек-салақ), үпірмелі-шүпірмелі (үбірлі-шүбірлі), қападар(қапалы),

тоңқару (төңкеру), міселі қайту (меселі қайту), пәре (параберу) деген сөздерді жақша ішінде көрсетілген әдеби түрлерітұрғанда, ешбір уәжсіз қолданудың реті жоқ.

157

Page 157: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Қысқасы, әдеби норма тұрғысынан келгенде, диалектизм-дер сияқты мол қордың өзіне үлкен сақтықпен қарау керек.Оның лексикалық қазынаға қосар үлесі барын еске ала оты-рып, жазба тілге, әсіресе көркем әдебиеттен өзге стильдергеенгізу әрекетінде белгілі бір шек қойылғаны жөн.

Сөйтіп, жергілікті элементтердің әдеби нормаға қатысы,әдеби тілге ену әлеуеті (мүмкіндігі), көркем әдебиеттегі орны,қызметі туралы қысқаша қайырылған мағлұмат-танымдардықорытындыласақ:

1) қазақ тілінің қазіргі даму сатысында диалектизмдер депаталатын едәуір мол лексикалық топтар мен жергіліктіфонетикалық, грамматикалық бірліктер бар. Олар – негізінде,әдеби тіл нормасынан тыс тұратын элементтер.

2) Жергілікті тіл ерекшеліктері – ауызекі сөйлеу бірліктері,ал халықтың ауызекі сөйлеу үрдісі – жазба әдеби тілдітолықтыратын көздердің бірі, сондықтан баламасы жоқ затата-уларын, кәсіпке, әр алуан шаруашылық ұғымдарына, әрөлкеге тән ландшафтыға және тағы да басқаларына қатыстысөздерді жергілікті сөйлеу тәжірибесінен – диалектизмдерқұрамынан тандап алу процесін әлі де тоқтатуға болмайды.

3) Диалектизмдер көркем әдебиетте суреткерлік құралдыңбірі ретінде қолданылады. Олар тек кейіпкерлердің диалог,монологтерінде ғана емес, шығарманың стильдік тонынақарай автордың баяндауында да жұмсала алады, бірақ мұндақайткенде де бейәдеби сөздің қолданыс уәжі (мотиві, себебі,қажеттігі) болуы керек және ол уәж ғылыми тұрғыдандәлелденетіндей болуы шарт.

4) «Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі» сияқты құндыматериалдардың ішінен бүгінгі және ертеңгі жазба әдебитіліміздің лексикалық қазынасын байытуға қажет бірліктердііздестіру, іріктеу, тандап алу қарекетін жүргізе беру – алдағыміндеттеріміздің бірі ретінде саналады.

Сөйтіп, жаңа сөздер, көне сөздер, сирек қолданылатын лек-сикалық топтар, терминдер, диалектизмдер деп топтан бөліпалып, олардың әрқайсысының әдеби тілдегі орны, қызметі,қазіргі күйі, нормалану процесі жайында жасаған талдау-ларымыз бен білдірген пікірлеріміз мынадай қорытындығакелтіреді:

158

Page 158: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

1) қазіргі қазақ жазба әдеби тілінің лексика саласыайтарлықтай нормаланып, ол нормаларды қалыптастыру(кодификация) процесі жүргізілуде. Әдеби лексикалық норма-лардың негізгі базасы – халықтың сөйлеу тілі мен жазба тілүлгілері: көркем әдебиет, публицистика, ғылыми әдебиет бо-лыпсаналады, олар қазақ сөздерінің әдеби қазынасын таны-тады.Оларды норма ретінде тұрақтандырып, қалыптастыруда оқу-ағарту құралдарының, баспасөздің, әр алуан сөздіктердің, оныңішінде анықтағыш құралдардың қызметі айрықша.

2) Қазіргі күнде лексикалық нормалардың ішінде вариант-тар қатарын туғызып, пікірталастарға шақырып отырғандары– терминдерге қатыстылары, мұнда тек термин жасаупринцип-тері ғана емес, кірме терминдердің тұлғалануы,оларға қазақша қосымшалар жалғану ерекшеліктері туралы даәртүрлі пікірлер мен ұсыныстар айтылуда.

3) Әдеби нормадан тысқары тұратын лексикалық топтардыңішінде әдеби үлгілерде орнымен (уәжді) қолданылатын сәт-терімен қатар, нормадан ауытқитын қолданыстар да орын алуда.Әдеби норма шарттарына мұқият қарайтын, ғылыми ізденістердіталап ететін саланың бірі – бейәдеби элементтердіңқолданысы.

Қазақтың әдеби тілінің сөздік құрамын толықтыра түсу– әлі де жүріп жатқан процесс, сондықтан ауызекі сөйлеу бір-ліктерінен, әсіресе диалектизмдерден мүлде бас тарту әліерте. Оларды тек стильдік мақсатпен көбінесе көркемәдебиетте ғана қолданып қоймай, жаңа ұғымдарды атаудыңбір көзі ретінде қарау керек.

4) Лексикалық нормаланудың ең өзекті мәселесі – вариант-тары жайы. Оларды да айырып қарап, әдеби нормаға енетінқатарлар мен бір сыңарын әдеби норма ретінде тұрақтандырып,қалғандарын бірте-бірте қолданыстан ығыстыру әрекеті дұрысбағыт алып келе жатқандығын айтуға болады.

5) Лексика саласындағы әдеби нормаларға келгенде, көркемәдебиет стилі өзге функционалдық стильдерден бөлек тұрады.Сондықтан «көркем әдебиеттегі сөзқолданыс және әдеби нор-ма» деген тақырып өз алдына талдауды қажет етеді.

6) Әдеби нормадан жөнсіз ауытқуға апаратын тұстардыжинақтап көрсетсек, олар мыналар: қазақтың бүгінгі кең

159

Page 159: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

байтақ даласының түкпір-түкпіріне тегіс түсініксіз жергіліктісөздерді молынан не орынсыз келтіру, көне сөздердің мағы-насын дұрыс түсінбей жұмсау, қолданыстан шығып қалған«пассив» сөздерді «тықпалау», қажетсіз тұста жаңа сөз жа-сайқою не оның сәтсіз шығуы, «орысшылдықтан» орынды-орынсыз қашқақтау, яғни орыс тілі арқылы енген, едәуір орынтепкен, нормаға айналған халықаралық кірме сөздерді ауда-рып, қазақша балама «тауып беру» немесе сыртқы тұлғасынөзгертіп, «қазақыландырып» жұмсау, штамп элементтерге,жылтырауық «әдемі» сөздерге үйірсектік таныту, сөздердіңстильдік қызметін дұрыс танымау т.т.

Осы көрсетілген тұстардағы ағаттықтар мен кемшіліктердіболдырмау үшін жүргізілетін іс-әрекеттердің, ұсынылатынанықтағыш құралдардың, ғылыми ізденістердің мақсаты –қазақтың қазіргі ұлттық жазба әдеби тілінің нормаларынреттеу, айқындау, орнықтыру, қалыптастыру (кодификациялау)жолындағы үлкен әлеуметтік, тіпті саяси мәні бар шаруа. Тілмәдениетін көтеру қарекеті – мемлекеттік тілдің жетілген,сын-дарлы болуы үшін жүргізілетін күрес.

160

Page 160: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТЕГІ СӨЗҚОЛДАНЫСЖӘНЕ ӘДЕБИ ТІЛДІК НОРМА

Көркем әдебиет тілінің өзге функционалдық стильдерденайырмашылығы бар екендігі жалпы тіл білімінде бұрыннанайтылып келеді. Сондықтан да кейбір ғалымдар көркемәдебиет үлгілерін функционалдық стильдер қатарына қос-пауды ұсынады. Функционалдық стильдердің әрқайсысы:пуб-лицистикалық, ғылыми және кеңсе-іс қағаздары үлгілерібір-бірінен өзіне тән белгілерімен азды-көпті бөлініп тұратынбол-са, көркем әдебиетте мұндай стильдік тұйықтықболмайды, көркем шығармаларда барлық стильдердің де,ауызекі сөйлеу тілінің де элементтері орын ала алады. Жәнебұл – бейнормалық, нормадан ауытқушылық емес, көркемсөзнормасының өзіне тән белгілері болып саналады.

Қай тілдің болмасын көркем әдебиет стилі өзге халықтар-дыңкөркем дүниесінен өзінің ұлттық көркемсөз нормалары-мен(белгілерімен) ажыратылады. Көркем әдебиет, бір жа-ғынан,жалпы әдеби тілдің құрылымдық нормаларына, екінші жағынан,көркем сөздің ұлттық нормаларына иек артады. Ұлттықнормалар деп отырғанымыз – қазақтың көркем әдебиет негізінжалпыхалықтық тілден, ұзақ дәстүрлі ауыз әдебиеті тілі менауызша дамыған ақын- жыраулар тілінен алады, бұлар – бүгінгіқазақ жазба көркем әдебиетінің лексикалық қазынасы менкөріктеуіш құралдарының қайнар көзі. Жалпы қазақ әдебитілінің екінші ұлттық белгісі – оның аса бейнелі тіл екендігі,әсіресе синонимдер мен жалпы әдеби сипаттағы жарыспақатарлардың молдығы. Осы белгіні көркем әдебиет барыншапайдаланады. Үшінші белгісі – қазақ тілінде диалектілік ерек-шеліктердің аз байқалатындығы, бұл – көркем әдебиет тілінҚазақстанның барлық аймағына түсінікті тіл болып таны-луынамүмкіндік береді. Қысқасы, қазақтың жазба көркем әдебиетісанғасырлық жазба дәстүрге емес, өте ертеден келе жатқан асабай ауызша тараған көркемсөз дәстүріне иек артып, дамыды.Қазақ көркем сөзінің дамуында поэзия ерекше орын алды. Алкейінгі ғасырларда (XIX-XX) қазақ әдеби тілі, өзге тілдерсияқты, ұлттық жазба статусқа ие болып, оның өзге де

161

Page 161: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

функционалдық стильдері пайда болды, ол стильдер көркемәдебиеттің белгілерін айқындай, ажырата түсті.

Поэтикалық тіл теориясындағы тұжырымдарға қарағанда,көркем әдебиетте сөз, бір жағынан, жалпы ұлттық нормаға сайқолданылуы тиіс болса, екінші жағынан, көркем дүние жа-сауміндетін көздеуі керек. Осыған орай көркем шығарманыңлексикасын тілдік норма тұрғысынан екі бөліп қарау керек: бірі –сөзді жалпы дұрыс қолдану, екіншісі – әсем қолдану.Алдыңғысында сөздің жалпы нейтралдық, атауыштық қызметі,соңғыда көркемдік қызметі нысанаға алынады.

Тіл мәдениетінің негізгі қарастыратыны – әдеби норма, нор-малану процесі, ол нормалардың қалыптастырылуы (кодифи-кациясы). Қазақ көркем әдебиетіндегі бүгінгі лексикалық нор-маларды әңгімелегенде, жоғарыдағы тарауларда көрсетілгенмына мәселелерге назар аударылды: а) әр алуан жарыспақатарлардың сыңарларын таңдап, өз орнында жүмсау; ә) көне,жаңа, сирек, қарапайым, жергілікті сөздердің мағыналарынжақсы біліп, керек жерінде ғана дұрыс қолдану; б) өзге стиль-дердей емес, көркем әдебиетте жаңа сөз жасауға әуестенбеу; в)ғылыми-өндірістік терминдерді кемде-кем жұмсау; г) әдебинормадан тысқары тұратын сөздер тобын, әсіресе көне сөздермен диалектизмдерді, сирек қолданылатын сөздерді көбінесебелгілі бір стильдік мақсатпен, образ жасауда пайдалану; д)публицистика мен ресми құжаттар тілінде орын алатын штампсөздер мен стереотип тіркестерге бой алдырмау. Бұлар– норманы ұстануға қажет шарттар. Қазіргі қазақ көркемәдебиеті осы көрсетілген талаптарды біршама орындап отыр.

Соңғы онжылдықтардың барысында қазақ көркем әдебие-тінде тілдің сөздік байлығын мейлінше кең қамту бағытысезіледі. Ол үшін алдыңғы тарауларда көрсеткеніміздей,жұмсалу аймағы шектеулі диалектизмдерді де, мағынасы күң-гірттеу көне сөздерді де, мағынасы бейтаныстау сирек кез-десетін сөздерді де, тіпті кейбір қарапайым сөздерді де әдебитіл нормасына икемдеу фактілері бар. Бұл құбылыстың са-налы түрде, белгілі бір стильдік мақсатпен де, ешбір уәжсіз,білместікпен де жүріп жатқаны байқалады.

Бүгінгі қазақ жазба әдеби тілінің даму кезеңінде сөздікқұрамды толықтыра түсу, жауыр болған «терминмен» айтсақ,

162

Page 162: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

«сарқа пайдалану» – әлі де жүріп жатқан процесс. Бұл – теккөркем әдебиеттің ғана емес, публицистика мен ғылымиәдебиеттің, әсіресе соңғы стильдің басты мүддесі. Сөздіңсемантикалық реңктерін ажыратып атауда, бұрынғысөздердің, терминдердің мағынасын айқындап, дұрысынұсынуда жаңа зат, құбылыс, ұғымдарды білдіруде әдеби тілгекөптеген лексикалық жаңалықтар еніп жатыр. 80-90-жылдарда жаңа қолданыстардың бумы (қауырт көбеюі,тасқындауы) басталды деуге болады. Бұл процесте әдебитілдің сусындайтын көзі, бір жағынан, көне, сирек, жергіліктісөздер қоймасы болса, екін-ші көзі – жаңа тұлғаларды қолданжасау (аффиксация арқылы және мағына ауыстыру арқылы),үшінші каналы – шет тіл-дерден сөздерді, көбінесе ғылыми-техникалық терминдерді қабылдау.

Көркем әдебиет тілінде осылардың біріншісі, ішінара екін-шікөздері іске қосылды. Көне, сирек сөздерді не өз мағына-сында,нежаңа мағына үстеп жаңғыртып қолдануға тарихитақырыптарға жазылған шығармалар, мысалы, Ә.Кекілбаевтың,М.Мағауиннің, С.Сыматаевтың, І.Есенберлиннің, Д.Досжа-новтың, Қ.Жұмаділовтің романдары мен Т.Ахтановтың, Қ.Бек-хожиннің, С.Сыматаевтың, Ә.Кекілбаевтың драмалық шығар-малары себепкер болды. Демек, лексикалық қазынаның толығатүсуіне экстралингвистикалық факторлардың үлкен мәні барекені байқалды (мысалдарды, яғни фактілерді алдыңғы тарау-лардан оқып көруге болады).

Көркем әдебиет сөздік құрамға әдеби нормадан шет тұра-тынқарапайым сөз, жергілікті сөз сияқты элементтерді тек қанабелгілі бір стильдік мақсатпен енгізетіндігін және мұны қазіргібелгілі жазушылар саналы түрде, шеберлікпен жүргізіпотырғандығын баса айтуға болады. Мұны тарихи шығар-малардағы көне қару-жарақ, киім-кешек, әскери зат, ұғым, қимылатаулары, яғни алдыңғы тарауларда Ә.Кекілбаевтың,М.Мағауиннің, Т.Ахтановтың романдары мен драмалық шығар-маларынан келтірген фактілер дәлелдейді. Сол сияқты бір-қатарқарапайым сөздердің автордың тілінде (баяндауында)қолданылуы да белгілі бір стильдік жүк арқалап тұрса, олар– әдеби нормадан ауытқу болып табылмайды. Мысалы, жазу-

163

Page 163: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

шы Марат Қабанбаев «Бақбақ басы толған күн» деген шағынәңгімесін баланың көзімен ұсынады, сондықтан мұнда кейбіржеке сөздердің, теңеулердің, суреттеулердің баланың ауызекісөйлеуінде болатын қарапайым, кейде тіпті тұрпайылау вари-анттары қолданылған. Мысалы, бұл баяндауда автор – бала– кейіпкер қосылып кетеді, сол себептен автордың баяндаутілінде «адамдар ыстық күн астында тоңқаңдап шөмеле сала-ды», «дәрігер бостан-босқа сарнайды» («денсаулық жайындаәңгіме өткізеді» дегені), «еттің тұрамшалары жүдеу» («тымкішкентай, аузың толмайды» дегені баланың), «шешесі басынаеріксіз байлап жіберген орамал оңбаған...», «Оқас шалқасынантыраң құлайды», «класта қыздар өріп жүреді» («көп»), «баламықтап есінеп тастайды». Бұларда көрсетілген қарапайымнемесе мағыналары сай болмай қолданылған сөздер (мысалы,орамал оңбаған бола алмайды, есінеу тастап жіберілмейді), сыртқарағанда, яғни осы әңгіменің кімнің көзімен, танымымен,ойымен беріліп отырғаны ескерілмесе, әдеби нормаға қайшыэлементтер болып көрінуі мүмкін. Бірақ дәл осы шығармадаолардың қолданысы – уәжді. Мұндай қолданыстарды тілбілімінде «уәжді ауытқулар» деп атайды.

Тағы бір мысал келтірсек. Жазушы Дулат Исабековтің бірпьесасының аты – «Әпке». Бұл – бірге туған балалардыңкішілерінен үлкен қыз бала (орысша – «старшая сестра») де-генмағынада қолданылған атау. Әпке- диалектизм, әдеби вари-анты – апа, мұны апалы-сіңлілі, апалы-жезделі, апа-жездесі,апа-інісі деген оппозиттер арқылы дәлелдеуге болады. Бірақбұл сөз – қазақтың сөйлеу тілінде әр өлкеде әртүрлі қызметте(мағынада) жұмсалатын тұлға: Қазақстанның көп жерлеріндеапа – баланың шешесі, тіпті әжесі, бұл өңірлерде әдебинормадағы апа дегеннің әпке варианты бар. Жазушы осы ва-риантты тандаған, өйткені Қазақстанның барлық өңіріндеқойылатын бұл пьесаның атын «Апа» деп қойса, әңгіме кімтуралы, бірге туған баланың жасы үлкені ме әлде ол баланың(не балалардың) анасы ма, әжесі ме – бірден түсініксіз болареді. Міне, осы қолданысты да әдеби нормадан уәжді ауытқудеу керек. Ілгеріде жазылған бір мақаламызда зуза дегенжергілікті сөзді дұрыс қолданып, оны әдеби тілге енгізу

164

Page 164: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

мүмкіндігі бар тұлға деп таптық. Бұл – «өлікті қабір басынаалып баратын зембіл» дегенді білдіретін диалектизм, ал та-быт – өлікпен бірге көмілетін орысша «гроб» дегеннің бала-масы, зембіл – кәдімгі «носилки».

Бірақ ауызекі сөйлеу тілінен ауысып, әдеби тілге еніп,нормаға айналып жатқан сөздердің болу фактісін пайдаланып,еге (ие), бостекі (бос), нәжүйе (жүйесіз), ақырамаш (ақырғы),ұқшасатын (ұқсайтын), құсап (ұқсап), кермеқар (кереғар),ауыш (ауыс), еме-жемге келгенде (жеме-жемге келгенде) дегенсөздерді автордың өз тілінде бір емес, бірнеше рет және ешбірстильдік мақсат көзделмей, жақша ішіндегі әдеби вариант-тарының орнына тектен-тек ( «аузына түскендіктен», «ауылысолай айтатындықтан») қолдана беру – лексикалық та, стилис-тикалық та нормадан уәжсіз, жөнсіз, себепсіз ауытқу болады.

Көркем мәтіндегі әдеби нормадан уәжсіз ауытқу жөніндегіпікірлерімізді толық жалғастыра түсу үшін бұрын жазылғанкейбір талдауларымызды қайталап келтірелік.

Уәжсіз (жөнсіз) ауытқуларды да екі тұстан қарастыру керек:бірі – жалпы әдеби тіл нормасына қайшы келетін қолданыстар,екіншісі – көркем әдеби тіл нормасын бұзатын қолданыстар.

Лексикалық қолданыстарда жалпы әдеби тіл нормасына сайкелмейтін ауытқулар, біздіңше, мынадай сәттерде байқалады:

Сөзді өз орнында жұмсамау. Бұл көбінесе сөздің дербеслексикалық мағынасын дұрыс түсінбеуден туады. Мысалы,жазушы Т.Шадықұловтан бірнеше фактіні келтіруге бола-ды:«...Қазынаның елу мын ақшасын аман-сау қауыштырды»(«Соңғы тілек», 1985) деген сөйлемде қауыштырды етістігі-нің мағынасын автор дұрыс білмеген. Қауышу іс-әрекетіадамдарға байланысты айтылады, сондықтан қазынаға түгелқайтып оралған ақша қазынамен қауышпайды, қайтарылады,толтырылады, орнына салынады. Сол сияқты: «Ауылдағы екікөтерем шал әрі жұбатты, бері жұбатты» (Сонда) деген сөйлемдекөтерем сөзі өз орнында емес: бұл сөз малға қатысты айтылады,адам көтерем болмайды, жүдеу, арық болады.

Бірқатар жазушылар кейбір көне сөздер мен сирек қолда-нылатын сөздердің немесе этнографизмдердің мағынасынжете түсінбей, орынсыз жұмсайды. Мысалы, алдыңғы та-

165

Page 165: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

рауларда сұрқылтай деген көне сөзді бірқатар қалам иелеріжансақ жұмсағанын көрсеттік.

Сөз мағынасы түсініксізденіп, көпшілікке нақты белгісізболғандықтан, әр жазушы өзінше топшылап, өз түсінігінше,біреуі – зат есім, екіншісі – сын есім т.т. ретінде құбылтып,әртүрлі мағынада жұмсауы, әрине, нормалылыққа қайшы ке-леді:біріншіден, текстің түсініктілігіне нұқсан келтіреді, екін-шіден,сөздің, әсіресе көне, сирек сөздердің тұрақты мағынада қалуынакедергі келтіреді. Көне, сирек сөздер көбінесе образ жасауғажұмсалатындықтан, олардың белгілі бір мағынада орнығуы өтеқажет, өйткені көркем әдебиетте ұлттық образдар әлемін бұзу –көркемсөз нормасын бұзу болып табылады.

Тек көне, сирек сөздер емес, кейбір дағдылы сөздердің делексикалық мағынасын түсінбей қолдану – қазіргі қазақпроза-сында орын алып келеді деуге болады. Мысалы,жалғызілікті сөзі – «тұрмыста қолғабыс ететін, қарайласарешкімі жоқ» адамға қарата айтылатын сөз, сондықтан жазушыжалғыз бала-ны өсірген адам туралы: «Бәрінен де шиеттейбаланы далаға тастамай өсіріп адам қылғанын айтсайшы!»(Қ.Жұмаділов) деп қолданғанда, автор шиеттей сөзініңмағынасын тап баспаған: ол көп бала жайында сөз болғандаайтылуы керек, жалғыз бала шиеттей бола алмайды, өйткенішиеттей сөзі «көп, то-лып жатқан» деген ұғымды береді.Тағы бір жазушы: «Жігіт жігерлене жұтынды» (Шадықұлов)деп жазады. Мұндағы жі-герлене сөзі жұтынудың амалынбере алмайды, адам жігерлене сөйлеуі, жігерлене іске кірісуімүмкін, ал жұтыну үшін жігердің қажеті жоқ. «Үлкен кісіқанат жая (?) жарқылдап қарсы алды» (Шадықұлов),«Қызметші екі-үш жігіт қайта жосқындай (?) кірді»(Д.Досжанов) деген сөйлемдердегі сұрақ қойылған сөздердіңде мағынасын жазушы жақсы түсініп қолданған деу қиын.Келтірілген мысалдар көрсеткендей, қазіргі қазақ прозасындаәсіресе сипаттамалық қызметтегі сын есімдер мен үстеулердіңмағынасын шатастыру жиірек кездесетіні байқалады.

Әдеби тіл нормасынан ауытқудың ерекше, яғни уәжді депте, уәжсіз деп те тануға болатын және бір түрі бар. Жазушыәлдебір себеппен (мотивпен) тұрақты тіркестердің немесе

166

Page 166: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

мақал-мәтелдердің құрамындағы сөздерді өзгертіп пайда-лануы мүмкін. Бұл амалға апаратын себептер әртүрлі. Бірі –дыбыстар үнділігін (әуезділігін) көздеу, яғни аллитерациялы,ассонансты құрылым түзу. Осы себептен болу керек, О.Бөкеев«тасы тауеа домалаған жігіттің Құдаймен жұмысы қанша?»деген сөйлем ұсынады. Фразаның қалыпты түрі – «тасы өргедомалаған» болуы керек. Мұнда жазушы т - т - д (тасы-тауға-домалаған) дыбыстарынан басталатын аллитерациялыққатар түзу үшін өрге сөзін тауға деген мағынасы жуық сөзбеналмастырған.

Халық тілінде, оның әдеби түрінде қалыптасқан тіркес-терсөздердің өзара іштей семантикалық жымдасуы арқылы немесеаллитерациялық-ассонанстық әуезділік жолымен, я болмасағасырлар бойы солайша қалыптасқан дағдысымен тұрақтыболып келеді. Сондықтан олардың құрамын себепсіз өзгертуәрдайым орынды да, сәтті де бола бермейді. Мысалы, өтіріктісудай сапырып деген тіркестегі соңғы екі сөз аллите-рацияүдерісінен шығып тұр, оның үстіне судай сапыру деген образөзінің берекесіз іс-әрекетті білдіретін мәнімен экспрес-сивтік өналып тұр: өзі өтірік болса, сол өтірікті оңды-солды араластырып,үстемелеп көпке жаяр болса және суды қаншама сапырғанмен,берекелі еш нәрсе шықпайтыны сияқты, өтірікті де қаншақұбылтып, араластырып, үстемелегенмен, берекесіз әрекетболып шығатынын дәл әрі әсерлі етіп білдіру үшін тек осыөтірікті судай сапыру деген тұрақты тіркес қолайлы. Де-мек,мұны өтірікті судай араластырып деп берген (өзгерткен)жазушы еш нәрсе ұтып тұрған жоқ. Осы қатарға түн кескінінде(баласында деудің орнына), жаны ауырды (ашыды деудің ор-нына), асықша ширатылды (үйірілді деудің орнына – мысалдарӨ.Ахметовтен), менің көңілім қайысты (қалды немесе қайттыдеудің орнына), жүрегімді шымырқантты (тербеді деудіңорнына – Т.Тілеуханов), етті-жеңді толық адам (дұрысы: ет-жеңді болуы керек), іші еріді (жылыды деудің орнына),төсек жаңартты (жаңғыртты болса керек – М.Ысқақбаев)т.б. мысалдарды қосып көбейте беруге де болар еді. Бұл жер-де мақсатымыз – жеке бір жазушылардың қателіктерінкөрсету емес, нормадан осындай сипаттаауытқушылықтардың бар екенін айту.

167

Page 167: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Екінші – кейбір мақал-мәтелдерде сақталған дөрекіестілетін қарапайым сөздерді «әдептілеу, әдемілеу»вариантымен ал-мастырып қолдану қазір дәстүрге айналыпбарады. Мысалы, «иттің боғы дәрі болса, дарияға тышады»деген мақалда екі дөрекі сөз бар, халық тілінде бұлар осымақалда айтылмақ сентенцияны мейлінше өткір етіп жеткізуүшін келтірілген, ал осыны жазушы «иттің тезегі дәрі болса,дарияға көмеді» деп береді (Қ.Ысқақов «Қара орман»). Солсияқты «аузында тиек, артында орнық болсашы» дегенде деартында сөзі өзге дөрекілеу сөзді ауыстырып тұр; «жылапішіп, шыңғырып қыр астына жүгірген»дегенде соңғы сөздерішіп-ке ұйқасатын, дөрекі тышып сөзінің «кезекшісі» болыптұр. Мұндай ауыстырулардың ішінде сәтсіз шығатындары дааз емес. Мы-салы, бөрінің көмекейінше шулап деген қолданыссәтті емес, мұнда автор бөрінің көтінше дегенді сыпайыламақболып «әдепсіз» сөзге дұрыс эквивалент таба алмаған. Солсияқты «шілдің балапанынша (?) тоз- тоз болып шашырағанбірдеңе» (Қ.Ысқақов) деген сыпайылық та сәтсіз: шілдіңбалапаны ша-шырамайды, боғы шашыраса – бір жөн.

Мұндай әр алуан мақсатпен сөз құрамы өзгертілген фразе-ологизмдер мен мақал-мәтелдерді стильдік не өзге себептерсізқолдану – жөнсіз (мотивсіз) ауытқу болмақ. Қазіргі қазақпрозасында бұл да – көзге түсерлік дәрежеде етек алып баражатқан жағымсыз құбылыс. Мысалы, жанын шытқа түйген(Т.Жұртбаев), дұрысы – жанын шүберекке түю, ал ол шүберекшыт па, жібек пе – әңгіме онда емес, әйтеуір түйіп алуда, яғнижанын шүберекке түю – образ. Сондай-ақ көлеңкесінен қал-тыраған (қорыққан болса керек), қылтасы қалтырап (тізе-сіқалтырап деудің орнына), жүрегіне мұзды су құйыпжібергендей (жүрекке су құю деген образды қазақ айтпаса ке-рек), біреу қыз алып қашса, біреу босқа (қызығына болу ке-рек)қашады (Қ.Жұмаділов), мұрттарын балта кесер ме (бал-ташабар ма деудің орнына), аузынан азу тісі аршылғанша(түскенше болса керек, егер аршылу етістігі қолданылса, аузы-нан емес, аузы болуы керек, өйткені аршылатын – азу тіс емес,ауыз ғой, демек, бұл қолданыста бір ауытқу, бір грамматикалыққате бар), елмен (көппен болуы керек) көрген – ұлы той, абы-ройын айрандай ақтарып алған (Қажыбаев) (төгіп болса

168

Page 168: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

керек: ақтару – саналы түрде істелетін нәтижелі іс, ал төгу– абайсызда болатын шығынды іс, демек, бұл етістік атаула-ры бірін-бірі алмастыра алмайды), жібек шыттай үлбіреу(жібектей немесе жібек матадай болса керек, өйткені шыт– мақта матаның атауы, бір мата әрі жібек, әрі шыт деп атал-майды ғой), менің көңілім қайысты – қабырға қайысады, алкөңіл қалады, жабырқайды) т.т. Осылардың барлығы тұрақтықұрылымдарды уәжсіз құбылту болып шығады. Бұлар –норма-дан жөнсіз ауытқулар.

Мақал-мәтелдердің құрамындағы сөздерді себепсіз өзгертутіпті жиірек кездеседі. Мысалы, «жерден жеті теңге» (халыққоян деп айтады) тапқандай; қызғыштай қорғап (қорып болуыкерек); «қуырдақ (дұрысы: ет) тәттілігін қойса,мен ұрлығымды қояр ем»; «бір аязын екі етікке тығып»(С.Досанов); «алақанындағы аялысы» (аяулысы болар? –Тілеуханов); «хабарына кіріп шықпайды» (қаперіне болар? –Қ.Исабаев). Жазушының (Т.Жұртбаев) Ерегіскен ел болмасдеп келтірген мәтелі – сірә, Махамбет ақынның атақтыЕгескен жау ел болмас деген өлең жолының қайталанғанварианты бо-лар. Жазушы егер бұл әдемі сентенцияны орайыкеліп тұрғанда қолданғысы келген болса, сөздерін бұзбайалуы қажет еді, өйткені егесу етістігінің де, ерегісу сөзіндегісияқты «аразда-су», «жанжалдасу, дауласу» семантикасыболғанмен, бұл сен-тенция осы бір бейтаныстау, бірақ тілдебар тұлғаның (егесу сөзінің) қатысуымен әсерлі болып тұр.

Сөздерді өз орнында жұмсамау этнографиялық ұғымдарғабайланысты қалыптасқан қолданыстарды (сөз тіркестерін,күрделі етістіктерді, мақал-мәтелдерді т.б.) бұзып, олардыңқұрамын өзгертіп, компоненттерін мағыналас синонимдер-менауыстырып атауда көзге түседі. Мысалы, құйрық-бауыр жеу –этнографиялық рәсім атауы, ол құда түскендерге келісім берурәсімі, сондықтан бұл тіркес көбінесе құда бо-лып, құйрық-бауыр жесті түрінде қолданылады. Осы күрделі этнографизмдіқұйрық-бауыр асасып тарасты деп өзгертіп қолданғанда(У.Қалижанов) оны рәсім атауы ретінде емес, жай ғана тағам жеу,қонақ болу мағынасында деп түсінуі керек бо-лады. Сол сияқтыбел сөзі бел баласы, бел құда тіркестерінде келіп, біріншіде«әкесінің өз баласы, туған баласы» ұғымын

169

Page 169: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

береді, ал бел құдалар деген этнографиялық атау – тумай жа-тып ұл-қыздарын атастырған адамдардың атауы. Сондықтаннағашыммен бел құрдаспыз деген сөйлемде бел сөзі орынсызжұмсалған.

Қазіргі қазақ әдебиеті тілінде сипаттама сын есімдердің ішіндеде өте сирек қолданылатын не жергілікті, не көне, не жасандытұлғалары жиірек көріне бастады. Мысалы, Д.Досжановта:«жұлмыт жігіттер», «жұлмыт елші», «мұғдарлы күй»,«мұғдарлы әсер», «марайма мінез»; О.Бөкеевте: «мантырақой», «тымсақ адам», «қойторы тірлік», «қоймырет адам»,«жөн қуаныш»; Т.Әлімқұловта: «мондыбас біреу», «сарам-жалқыз»; С.Бердіқұловта: «тотанақ мезгіл» т.б. сияқты анықтауышсөздер кездеседі. Мұндай сөздердің бірқатарын бірнеше жазушыбірдей қолданып, тұрақтандыра бастағандары да байқалады.Мысалы, 20-40-жылдардағы қазақ прозасы тілінде көпұшыраспайтын можантопай (қыздар), ұлы жіңгір(той), мамырстан (заман), төрткұл (дүние), қүйын-перен(спортшы) сияқты сөздер О.Бөкеев, Ә.Кекілбаев, С.Жүнісов,С.Бердіқұлов т.б. жазушыларда жиі кездеседі. Бұл сөздердіңәдеби тілде әлі берік орын теуіп лексикалық нормаға еніпболмағандығын олардың әртүрлі жазылып, кейде тіпті әртүрлімағынада қолданылып жүргендігі танытады. Мысалы: можан-топай /мөжен топай /мөж топай; ұлы жіңгір /ұлы жәңгір;құйын-перен / құйын-перін деген орфографиялық дублеттертүрінде ұшырасады. Бұлардың мамырстан, төрткіл сияқтыбірен-сараны болмаса, көпшілігі не жергілікті сөйлеу тіліндеқолданылатын, не көнеріп, ұмыт болған ежелгі сөздер болыпкеледі. Қалам иелерінің бұл сияқты сипаттама сөздерді қолда-нуы – тіпті кейбіреулерін активтендіруі – принципінде құп-тарлық іс. Өйткені бұларды іздеттіріп, жұмсаттырып отырғансебеп, уәж бар, ол – бір нәрсені сипаттаудың ең дәл әрі әсерліатауын табу. Бірақ әңгіме – осындай сөздердің түсініктілігінқамтамасыз ете білуде. Көркем әдебиет дүниесіне қойылатыншарттардың бірі – тілінің қалың оқырманға түсінікті болуы,автордың айтпақ ойының оқырманға қиындықсыз әрі әсерлітүрде жеткізілуі. Сондықтан мағынасы қалың көпшіліккебейтаныстау немесе мүлде түсініксіз тұлғаларды белгілі бірзәрулікпен қолданған күнде, олардың оқушыға жетуін ойласты-

170

Page 170: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

ру керек. Бұлардың семантикасын жалпы контекстеншығатын етіп бере ме, өзге синонимдерін қатар келтіріпұсына ма, бет соңында сілтемеде түсіндіріп бере ме –қысқасы, әр алуан жол-ды пайдалану – жазушының өзшаруасы. Осы жағдайда ғана бейтаныс сипаттама сөздердіңқолданысын уәжді деп тануға болады.

Нормадан жөнімен немесе жөнсіз ауытқу қарапайым сөз-дердің қолданысында да байқалады. Қарапайым сөздер –ауыз-екі тілдік категория, олар әдеби тілден тысқары тұратындүниеліктер екені мәлім. Қарапайым сөздердің әдетте әдебитілдік эквиваленті болады. Жазба стильдердің ішінде қара-пайым сөздердің молынан пайдаланылатын орны – көркемәдебиет тілі. Оның ішінде әсіресе драмалық шығармалар менкөркем прозада қарапайым элементтер кейіпкерлер тілінде де,автордың өз баяндауында да еркінірек жұмсалады. Кейіпкер-лер тілінде келуі – сол кейіпкерлердің образын жасау үшінқажет болса, автор сөзінде келуі белгілі бір стильдік мақсаттыөтеу үшін қажет.

Халықтың ауызекі сөйлеу тіліндегі қарапайым сөздердіңэкспрессиясы күшті болып келеді. Сондықтан олар, ең ал-дымен,өмірде қолданылатын сәттерінде кейіпкерлер тілінде бұлжытпайберіледі. Мысалы, С.Жүнісов кейіпкерін: «Әкесінің бар малынкуди-суди ғып... (шашып болды)» деп сөйлеткенде, осындағыорыс тілінен алынған кудисуди (куда-сюда дегеннен) тұлғасыауызекі тілде «малды қалай болса солай бейбереркет шашу»ұғымын беруде ең бір әсерлі сөз болып танылады. Сол сияқтыҒ.Мүсіреповке жиен Сейіттің аузына: «Тырқиюыңа болайын!»деген сөздерді салғанда да ауызекі тілдің осы табиғатын сақтап,экспрессивтілігін көздеген.

Осы ретте бозымбай («Бұл неғып тап осынша бозымбайболды екен? – Ә.Кекілбаев), келгінбай («Тетеден қосылғанкелгінбайлар» – С.Жүнісов), оттаубай («Оспанның шығарыпжүрген оттаубайы» – О.Бөкеев) сияқты адамды мінездей атай-тын дөрекілеу сөздер мен помыштау («Мұны да мұжықтарменбірігіп, помыштап көтердік, қазақта да ұдықтасу деген болушыеді ғой» – С.Жүнісов), тырапай асу («баяғыда тырапай асареді»), сумақайлану («Бір көрген қызға қырындап, сумақайлана

171

Page 171: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

беру – қадетіне жат»), қотиын («Біз оның қотиын қылығынаөкпелеген жоқпыз»), аңқиттау («суырша аңқиттап...» –соңғы сөздердің бәрі де О.Бөкеев шығармаларында),құйтақандай («құйтақандай арманы боушы еді» –Д.Досжанов) сияқты қарапайым сөздердің кейіпкерлер тіліндеде, авторлық баянда-уларда да орынды, белгілі бір стильдікжүкпен қолданылғанын көрсетуге болады.

Ал аңқиттама, ботырама, аталақтама, оттама, не ман-тырап отырсың сияқты адамның мінез-қылығына қатыстыхалық тіліндегі «уытты» сөздер кейіпкерлер аузына орындысалынған.

Қазіргі көркем әдебиетте кейбір қарапайым сөздерді актив-тендіру нышаны байқалады. Мысалы, толайым сөзін лек-сикологтар әдетте қарапайым элемент қатарында санайды.Бұл тұлға М.Әуезов тілінде де бар, бірақ оны автор көбінесекейіпкерлердің диалогтерінде келтіреді: «Байсал:

– Соқпа! Сырттың соқпасы ма? Ішті жеген жегінің соқпасыма? Әйтеуір келді ғой толайым » ( «Абай жолы», I). Ал О.Бөкеевсияқты кейінгі жазушылар бұл сөзді өз тілінде де, кейіпкерлердиалогтерінде де жиірек жұмсайды: «Дүние толайымы аппақнұрға бөленді» ( «Өз отыңды өшірме»); Мамырлап басатынсаржағал бәйбіше... толайым баланы... («Мұзтау»). Бұл тұлғаарагідік өзге авторларда да қолданыла бастады. Осы замансаудасында орын алған «оптовая торговля» дегенді толайымсауда немесе толайым сату деп бере бастағанын да көреміз.Пошым сөзі де – түр, бейне сөздерінің қарапайым эквиваленті.Бұл сөзді де әдеби айналымға түсіру әрекеті жоқ емес. Мыса-лы,О.Бөкеевте: «Тек пошымы ғана сүлделенеді», «Алтайдың алыппошымы көріністене бастады...», «Үңілген пошымын танытады»т.б. әдетте ауызекі сөйлеу дағдысына тән болып саналатынжыны келді, ит жыны келді, жынына тиді деген сөздерді деавтор тілінде жиі келтіріп, әдеби нормаға айналды-ру ниеті бұданда күштірек сезіледі. Соңғы сөздер осы күнгі орта және жас буынпрозаиктердің бірқатарында жиі кездеседі деуге болады жәнеолар ешқандай стильдік жүк арқаламайды.

Тегінде, автор тілінде қарапайым элементтер экспрессияүдесінен шыққанда ғана жұмсалуға тиіс. Мысалы, Т.Ахтанов

172

Page 172: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

тырқылдақ катер деп анықтағыш сөздің қарапайым вариантын(тырқылдақ) алғанда, катердің «оңып тұрмағанын» мейліншеәсерлі етіп көрсететін тек қана осы сөз болғандығына қызыққан.Ал мұндай мақсат болмаса, қарапайым сөздерді автор баянда-уында талғаусыз қолдану – әдеби нормадан жөнсіз ауытқу бо-лады. Сондықтан қазіргі қазақ прозасы тілінде әйтеуір халықаузында барын желеу етіп, кейбір қарапайым сөздерді көркемдүние тіліне тықпалау, сол арқылы жарыспалы қатарлар то-бынмұқтажсыз көбейту – құптарлық әрекет емес. Айталық,ақырамаш, ілә, мүттәйім, тәмпішке сөздерін олардың әдебисыңарлары бар тұрғанда және оларға ешқандай стильдік жүкартылмай қолданылғанда, жазушы не ұтпақ?

Сөйтіп, қазіргі қазақ көркем әдебиеті тіліндегісөзқолданыс проблемасын жалпы әдеби тіл нормасынан да,көркем әдебиеттің ұлттық нормалары тұрғысынан дақарастырғанда, мәселе әдеби стандарт (қалып) және солқалыптан жөнді-жөнсіз ауытқушылық деп қойылады да сөзтаңдау проблема-сына барып тіреледі.

Сөз белгілі стильдік үн (бояу) алғанда, өзінің номинативтікмағынасынан, қалыпты қызметінен ауытқып қолданылуы –заңды. Сондықтан жалпы әдеби тілдің лексикалық нормасынасәйкеспейтін қолданыстардың барлығы бейнормалық құбылысболып табылмайды. Стильдік мақсатпен келген ауытқуларкөркем әдебиет тілінің нормасына сай келеді. Осы себептенкөркем әдебиеттін лексикасын норма тұрғысынан зерттеу-деауытқудың жөнімен-жөнсіз (уәжді-уәжсіз) түрлерін айы-ра білу –басты шарт. Жөнсіз ауытқу жалпы әдеби тіл талабы тұрғысынанда, көркем тіл заңдылықтары тұрғысынан да болуы мүмкін.Әсіресе, көркем тіл нормасына қайшы қолданыстың баршасыдерлік уәжсіз ауытқу болып шығады.

Жазушы жеке сөздің лексикалық (номинатив) мағынасындұрыс түсінбей, орынсыз (өз орнын таппай) қолданса, тұрақтытіркестердің, мақал-мәтелдердің компоненттерін ешбір стиль-дікмақсат көздемей өзгертіп жіберсе, әдеби тілдің сыртындатұратын диалектизм, жаргонизм, қарапайым сөз, жасанды сөзсияқтыларды ешбір зәруліксіз жұмсаса, бұлар жалпы ұлттықәдеби тіл нормасынан жөнсіз ауытқу болмақ.

Нормадан тысқары тұратын элементтердің уәжді қолда-ныстарының ішінде бірер рет, бірер авторда ғана емес кезде-

173

Page 173: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

сетіндері де, сол қызметте сол уәжділікпен сан рет қайталаныпжұмсалғандары да болады және соңғылары бір жазушыдан емес,бірнешеуінен табылады, демек, көне, сирек, жергілікті болыптабылатын бұл сөздерді әдеби тілге әкелу әрекеті бар деп танукерек, яғни бір жазушыда сәтті, орынды шыққан көпшіліккеәзірге бейтаныстау сөзді не сөздерді өзге жазу-шылар да қошкөріп, қабылдағаны деп білеміз. Мысалы, осы қатардан қазіргікүнде бірнеше автордың көркем туындыла-ры тілінен табылатын құянпұрыс, можан-топай, төрткілдүние, құсу (безу), лақса (әбден қартайған, көбінесе мал, ит-құсқа қарата айтылады: лақса төбет, лақса бие) сияқты сөздер– көркем әдебиет арқылы бірте-бірте әдеби тілге ене бастағанбірліктер деуге болады.

Жазушы әдетте образ іздейді, өйткені көркем әдебиет бірнәрсені, затты, құбылысты баяндамайды, суреттейді. Сурет-теуүшін оқырманға әсер ететін бейнелі сөздер керек. Ондайбірліктер, яғни экспрессивтік бояуы бар сөздер диалектизм-дерден, көне, сирек сөздерден, тіпті тосын жаңа тұлғалардантабылады. Әсіресе мұндай сөздер сын есім, үстеу, етістіктерболып келеді. Бұл – тіл-тілдің баршасына ортақ заңдылық.Қазақтың мықты жазушылары мен ақындары, драматургтері бұлзаңдылықты мүлт жібермейді. Бірақ бұл жерде әңгіме – бейнелісөздерді тауып, құр қолдана салуда емес, орнымен, дұрысқолдана білуде. Жазушының бейнорматив сөзді дәл сол жерде(контексте) неге қолданып отырғаны мейлінше заңды, дәлелдіболуға тиіс және әңгіме желісінен, мазмұнынан, алды-артындағысөздерден, яғни контекстен сол сөздің түсініктілігі, қажеттілігібайқалатын болуы керек. Алдыңғы тарауларда келтіргеніміздей,Мұхтар Әуезовтің жошын, О.Бөкеевтіңмантырап отыру, Д.Досжановтың кермалдасу, Т.Әлімқұлов-тың сейдін деп қолданған варианттары – осындай уәждіқолданыстар. Қысқасы, бүгінгі қазақ көркем сөзінде мұндайуәжді- уәжсіз қолданыстарды тіл мамандары да, оның ішіндебіз де, жазушы-журналистердің өздері де, әдебиеттанушығалымдар да жақсы байқап, сан рет әңгіме өзегі етіп келеді.Біздің бұл кітаптағы мақсатымыз – көркем әдебиет стиліндегібайқалған тілдік және стильдік жетістік-кемістіктерді түстеп,түгендеп беру емес, әдеби тіліміздің лексикалық нормасыныңжазба әдебиеттің осы саласында жай-күйін көрсету.

174

Page 174: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

ГРАММАТИКАЛЫҚ НОРМАЛАНУ

Қазақ тілінің грамматика саласындағы құрылымдықзаңдылықтары біздің кезеңімізден көп бұрын қалыптасып,едәуір нормаға түскен болатын. Сөздердің септелу, жіктелу,тәуелдену парадигмалары әбден қалыптасып, параллель (ва-риант) қатарларынсыз қолданылып келеді. Етістіктің етіс ка-тегориясы, сын есімнің шырай түрлері де бір тұлғада көріністапты.

Қазіргі әдеби тілімізге осы нормаларды жік-жікке таратып,хатқа түсіру (фиксация) үлесі тиді. Қай-қай тілдің де грамма-тикалық заңдылықтары лексикасына қарағанда, әлдеқайдатұрақты болатындығын зерттеушілер айтып келеді. Грамма-тика саласындағы нормалану процесінің айқынырақ көрінетінтұсы – синтаксистік құрылымында. Бұған, бір жағынан, жазбатілдің стандарттыққа бейімделе түсуі себеп болса, екіншіден,функционалдық стильдердің бір-бірінен ара-жігін аша түсіп,белгілерінің орныға беруі әсер етті.

Дегенмен соңғы XX ғасырдың барысында, әсіресе оныңекінші жартысында қазақ жазба әдеби тілінің морфологиясымен синтаксисінде нормаланудың динамикасын көрсететінфак-тілер жоқ емес. Бұл қозғалыс тілдің өзіндік дамунәтижесінде болатын эволюциялық та, сыртқы күштердіңәсерімен болатын экстралингвистикалық та сипатта жүрді.

Қазақ тілінің өзінің ішкі даму заңдылығы бойынша, кейбірморфологиялық көрсеткіштердің тұлғалық жағынан ықшам-далу процесі бел алғаны байқалады. Ауызекі сөйлеу тілі менкөркем әдебиет стилінен басқаларында -тын < -тұғын < тұр-ған; -ғасын < – ған соң < -ғаннан соң; да < дағы; мен < мененқатарларының ең алдыңғы көрсетілген ықшам варианттарынорма ретінде қалыптасты, бұлардың публицистика, ресми-ісқағаздары үлгілерінде вариантсыз жұмсалуы берік орын тепті.Тек жазба үлгілерде көркем әдебиетте, әсіресе оның поэзияжанрында -тұғын, -ған соң, -ғаннан соң, -менен деген толықтүрлері қолданыла береді. Көркем әдебиет стилі үшін бұлар да– норматив тұлғалар. Бұлардың қолданылатын орындарыжай-ында «Варианттар» деген тарауда кенірек айтылды.

175

Page 175: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Жалғаулық шылаулардыңактив қолданылуы да – соңғы XXғасырдың жемісі. Ауызекі сөйлеу тілінде жалғаулық шы-лаулардың қолданылуы сараң. Оның классикалық үлгілерінмақал-мәтелдерден, қарапайым сөздерден табамыз. Мысалы,Үйде батыр – жауда жоқ, үйде шешен – дауда жоқ деген мәтелдебірақ шылауы сұранып тұрады. Мақал-мәтелдердегі жалғаулықшылаулардың болмауы, ең алдымен, мақал, мәтел, қанатты сөзсияқты құрылымдардың мейлінше ықшам болу табиғаты-нан(нормасынан) туындап тұрса, екіншіден, бұлардың синтак-систікқұрылымы сөйлеу тілі заңдылықтарына бағынды-рылатынымәлім. Осы заңдылық жазба әдеби тілдің алдыңғы кезендеріне детән болады. Ал қазіргі кезенде функционалдық стильдердің қай-қайсысында да бірақ, ал, сондықтан, алайда, өйткені, да сияқтыжалғаулықтардың қолданылуы – норма та-лабы. әсіресепублицистикалық, ғылыми, ресми-іс қағаздары стильдеріндежалғаулық шылаулардың келуі – міндетті.

Бұл саладағы нормаланудың екінші түрі – жалғаулықтардың,оның ішінде демеуліктердің де көп вариантты болып келген-дігіне қатысты. Қарсылықты білдіретін бірақ шылауының сон-да да, сөйтсе де, алайда, дегенмен деген қатарлары, сондай-ақсоңғы жылдарда ауызекі сөйлеу тілінен алынған дей тұрғанменжәне ортаазиялық әдеби тіл дәстүрінен келген ләкин, уа ләкинварианттары бар. Мұның контекстік ыңғайына қарай ал, ал бірақсияқты қатары да қолданылады. Бұл күнде да варианты– норма, оның дағы варианты тек көркем стильде орын ала-ды.Туралы деген демеулік шылаудың осы тұлғада нормалануы– тіпті соңғы кезеңнің жемісі. Мұның турасында, жайында,жайлы, жөнінде, хақында, хұсасында варианттары да жаз-ба тілімізде орын алып келеді, дегенмен туралы варианты– әсіресе ресми-іс қағаздарында негізгі нормативтік қолданыс.Туралы шылауының хақында, хұсасында варианттары тіп-тісирек қолданылатын пассив элементке айналды. Өйткенішылауының себебі вариантының қолданылуы солғындау,сондықтан шылауының сол себептен, солай болғандықтантәрізді аналитикалық (тіркеспен келген) варианттары да – кон-текстік орын тандап қана қолданылатындар, ал сондықтантұлғасы – нормативтік деп ұсынылып жүр. Және жалғаулығы

176

Page 176: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

да – көп вариантты. Кітаби тілдік уа, һәм қатарлары қазақ жазбатілінде сирек қолданылады, қолданылған күнде де публицис-тика мен көркем әдебиетте стильдік мақсатпен келуі мүмкін.

Кейбір демеулік шылаулардың өзіне қатысты сөзбенмеңгерілу амалында да нормалану процесі байқалады. Мыса-лы, күні кешеге дейінгі жазбаларда менің туралы, менің үшін,соның үшін сияқты ілік жалғаулы сөзді меңгеріп тұрса, бұлкүнде мен туралы, мен үшін, сол үшін деген жалғаусыз(немесе атау тұлғалы) сөзбен жұмсалуы нормаға айналды.

Жазба әдеби тіліміздің ілгергі кезеңдерінде өткен шақесімшенің оғұздық -мыш жұрнағымен берілуі жиірек ұшы-расатын, осы дағды XX ғасырдың басында-ақ тежеліп, есім-шенің қазақтық (қыпшақтық) -ған жұрнағымен келуі нормаболды. Соңғы 30-40 жыл ішінде -мыш көрсеткішін қайтаданжандандыру әрекеті байқалды: аталмыш оқиға, бірақ бұл текайтылмыш, аталмыш деген сөздермен ғана және ол есімшетұлғаларының анықтауыштық қызметте келген сәтімен ғанажұмсалып жүр.

Тұйық етістік -у (бару, жүру, оқу) және -мақ (бармақ, жүр-мек, оқымақ) жұрнақтарымен келетіні белгілі, бірақ бұл вари-анттардың -у тұлғалы сыңары – қазіргі кезеңдегі әдеби тіл үшінжиі қолданылатын нейтралды варианты. Ал -мақ вариан-ты күнікешеге, тіпті Абай тілінің өзінде -у вариантымен тепе-теңқолданылған. Тұйық етістіктің керек сөзімен тіркескентұлғасында да өзгеріс бар: бұрынырақ, XV-XVIII ғасырлардағыақын-жыраулар шығармаларында, XIX ғасырдың өн бойын-дағыауызша, жазбаша үлгілерде, Абайдың тілінде бұл тіркес барыссептігімен келген: баруға керек, бармаққа керек, тіпті супиндік(мақсаттық) мәнде -арға керек (барарға керек) тұл-ғасымен деберіліп келген. Бұл күнде барлық стильге тән бо-лып -у керек (бару керек, келу керек) варианты норма болыпқалыптасты да, өлеңдерде, жалпы көркем әдебиетте - мақкерек (бармақ керек, келмек керек) варианты да қолданылуқұқығына ие болып қалды, ал -арға керек (барарға керек)жарыспасы нормадан мүлде ығысып қалды.

Морфология саласындағы нормалану жайын сөз еткендекейбір жұрнақтардың активтеніп, енді бірқатарының сөз жа-

177

Page 177: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

сау әлеуеті азайып бара жатқанын айтуға болады. Мысалы, -шы/-ші жұрнағының шет тілдік түбірлерге жалғануы орын алды:футболшы, гипнозшы, комбайншы, колхозшы, дегенмен адамныңкәсібін, мамандығын, бір нәрсеге икемдігін, қабілетін т.б.көрсететін -шы, -гер, -кеш жұрнақтары көптеген кірмесөздердегі -ист, -ор, -щик, -ант (-ент), -ург, -ер т.б. сияқты орыстілі қосымшаларын алмастыра алмай келеді. Мысалы,гастролер, акционер, монтер, гимназист, диктор, диктатор,конструктор, аспирант, комендант, металлург, анархист, со-циалист сияқты сөздер қазақ тілі үшін түбір мен жұрнақтантұратын морфемалар тіркесі ретінде емес, тұтас тұлға (сөз)ретінде қабылданды деуге болады.

Аталған мағынаны білдіруде бұл күнде -гер (баспагер,айтыскер, қаламгер, тәлімгер, танымгер (знаток), мерей-гер (дипломант), майдангер, иегер) жұрнағы активтенді. Солсияқты жаңа сөз жасауда -ым (қойылым, оқылым, сұраным),-ыс жұрнақтары да жиі кездесе бастады.

Қысқасы, бірқатар сөз тудырушы жұрнақтардың вариант-тар қатары ұлғая түскені байқалады. Ал, керісінше,жалғаулық-тардың кітаби тілдік (шағатайлық, арабтық,парсылық) жары-спа қатарлары тежеліп, қолданыстан, демек,әдеби нормадан ығыстырылғаны да байқалады.

Морфологиялық нормалардың бүгінгі күй-қалпын анықтауүшін, сөз жоқ, кешегі қалпымен салыстыра қарастыру керекболады, біздің жоғарыда көрсеткендеріміз – өзіміздің XV-XIXғасырлардағы қазақ әдеби тілін және жеке-дара Абайшығармаларының тілін зерттеу нәтижесінде көзге шалынғанфактілер. Грамматикалық тұлға-тәсілдердің бүгінгі әдебинормасы мектептің грамматикаға арналған оқулықтарында,қазақ тілінің жоғары оқу орындарына жазылған ғылыми кур-старында, академиялық грамматикасында баяндалады. Норма-ны сөз еткенде, осыларда көрсетілген заңдылықтардың бүгінгікүй-қалыпқа түскенге дейінгі эволюциясын танып-білу керекболады.

Синтаксис саласына келсек, мұндағы нормалану процесі деедәуір қарқынмен дамып келіп, бұл күнде көптеген амал-тәсілдері әбден орнықты деуге болады. Ол тәсілердің басты-бас-

178

Page 178: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

тылары: сөйлем мүшелерінің орналасу тәртібі, яғни бағыныңқымүшенің басыңқы мүшеден бұрын тұруы, құрмалас сөйлемтүрлерінің реттелуі, көркем әдебиет стилінде диалогтардыңберілу тәртібінің түрленуі, стильдік мақсатпен қолданылатынқайталама тәсілінің дамуы, парцелляцияның қолданылуы, ата-улы сөйлемдердің көрінуі т.т. осы сияқты синтаксистік-стиль-дікамал-тәсілдер бір жүйеге түсіп, әдеби нормаға айналды.Бұлардың да қазіргі нормативтік түрлері қазақ тілі оқулықтарымен ғылыми курстарында толық көрсетілген.

Синтаксис саласындағы нормалану процесінде бірнешефактордың үлкен рөлі барын айтуға болады, алдымен, мұндакүнделікті баспасөздің рөлі айрықша, әсіресе ресми стильдердіңсинтаксистік нормалары газет-журнал беттерінде қалыптасып,ғылыми және іс-қағаздары үлгілерінен орын алады. Екін-ші,әрбір функционалдық стильдің сөйлем құрылымында,түрлерінде бір- бірінен ажыратылатын тұстары болады. Мыса-лы, кеңсе-іс қағаздарының, оның ішінде қаулы-қарарларды, сотісі баптарының, әр алуан нұсқау, бағдарламалардың сөйлемдерімейлінше қысқа, түсінігі жеңіл, мазмұны (беретін информаци-ясы) айқын болып келуі керек. Кейбір іс қағаздарының сөйлемқұрылысы, баяндау стилі тіпті стереотип түрінде келеді.

Ал көркем әдебиеттегі синтаксистік құрылыстар менқұрылымдар сан түрлі болады, онда жарты беттік, ширек беттікбір сөйлемнің де, бір-екі сөзден тұратын атаулы сөйлемдер менпарцелляциялардың да кездесетіндігі белгілі. Тіпті стильдікмақсатпен синтаксистік құрылымдық нормалардың бүзылуы даәбден мүмкін. Мысалы, Ғабиден Мұстафиннің романда-рында«төңкеріліп жүрген», яғни бастауышы баяндауыштан соңорналасқан сөйлемдер кездеседі, оларды жазушы норма-ны бұзумақсатымен емес, белгілі бір стильдік жүк арқалатып қолданған.Сәбит Мұқановта кездесетін бағыныңқы сөйлемнің басыңқыдансоң келген құрылымдары да стильдік ерекшелік-тер қатарынансаналады.

Ал поэзияның синтаксисі – әдеби тілдің қай кезеңінде деөз алдына автономиялық дүние, онда стандарт кемде-кем, бірақынның әр өлеңінің синтаксистік құрылымы әртүрлі болыпберілуі – заңды құбылыс.

179

Page 179: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Синтаксистік нормалар – стилистикамен тығыз байланы-сып жататын сала. Бұл нормалардың қатаң сақталуы мен одануәжді (мотивпен) ауытқуы көбіне-көп стильдік мақсаттарғаорай орын алады. Оның үстіне, жоғарыда айтылғандай, әрбірфункционалдық стиль үлгілерінің қатаң ұстанатын немесетүрленіп келетін синтаксистік амал-тәсілдері болады,норманың да сипатын солар танытады.

Синтаксистік нормаларды ұстану өзге салалардың заңды-лықтарына қарағанда, әлдеқайда еркіндеу болып келеді.Синтаксис – автор стилінің көрінісі, айнасы, қолтаңбасы.Сондықтан синтаксистік нормалардың көп түрлілігі, құбылыпотыратындығы, уәжді ауытқуларға жиірек ұшырауы – тілдікнормалардың өзіне байланысты емес, шығарма жанры-на,авторына, автордың көркемдік идеалына қатысты бола-ды.Зерттеушілердің айтуынша, синтаксис – стиль, ал стильдегеніміз – автордың өзі. Демек, синтаксистік нормалардыңжалпы тілдік (ұлттық) сипатын көрсетумен қатар, әржазушының, ақынның, әр ғалымның – қысқасы, әр автордыңжазу мәнерін арнайы зерттеп талдау керек болады.

180

Page 180: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

ОРФОГРАФИЯЛЫҚ НОРМАЛАР

Бұл күнде адамдар айтайын деген ойын бір-біріне ауызша,жазба түрде де жеткізеді. Жазба түрде жеткізу үшін сол халықпайдаланып отырған жазу (жазу деген терминнің графика,әліпби деген балама синонимдері бар) түрімен қоса белгілі біржазу тәртібі, яғни нормалары болуы керек. Ол тәртіптер хатқатүсіп реттелген болуы да мүмкін, тіпті ереже түріндехатталмай-ақ, бірінен бірі оқып, көріп дегендей жаза беретінболуы да мүмкін. Дегенмен ұлттық жазба әдеби тілдің, яғнибүгінгі қазақ тілінің дұрыс сауатты жазу қағидалары түзіліп,хатқа түскен нормаларды көрсетуі – шарт. Ұлттық тілдің емленормалары көпшілікке ортақ әрі міндетті сипатта болуы жәнешарт.

Емле заңдылықтары да – тілдің өзі сияқты, өмірмен тығызбайланысты болып, әрдайым даму, жаңару үстінде көрінетінқұбылыс. Қазіргі таңдағы мәдени тіршілігіміздің басты тала-бы– жазу таңбаларының (графиканың) тілдің дыбыс жүйесіне сайтүсіп, көпшіліктің пайдалануына қолайлы болуы және солтаңбалармен сауатты жазу үшін емле ережелерінің дұрыс түзілуі.Ол емле қағидалары, әрине, белгілі бір принциптерді ұстанған,теориялық негіздерге сүйенген болуы және шарт. Бұлайтылғандар – баршаға аян жалпы әңгіме. Енді бүгінгі қазақемлесі жайында нақты әңгімеге көшсек.

Қазіргі емле ережелерінің қысқаша тарихына көз жіберсек,оның іргесі 1940 жылы кириллицаға (халық тілімен айтсақ,«орыс жазуына») көшкен кезде қаланды. Қазақ тілі емлесініңосы жазу бойынша түзілген қағидаларының 15-16 жылдықтәжірибеден кейін кем-кетігі ескеріліп, едәуір реттелген нұсқасы1957 жылы ұсынылып, заңдастырылды. «Заңдастырылды»дегеніміз ресми түрде үкімет қаулысымен бекітілді. Еуропаелдері мен қытай, үнді, жапон сияқты халықтардың, жүздеген,тіпті кейбіреуінде мыңдаған жылдарға созылған жазу үрдісі бархалықтардың дұрыс жазу қағидаларын Үкімет тарапынанбекітіп, көпшілікті соған бағынуға міндеттеу шарт та болмас.Бұларда дәстүр факторы өз-өзінен қызмет етіп жатады. Ал 1940жылға дейін бас-аяғы он бес-жиырма жылдың ішінде үш түрлі:Ахмет Байтұрсынов түзген қазақтың тұңғыш ұлттық жа-

181

Page 181: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

зуы – араб таңбаларын, одан кейін он шақты жыл (1929-1940)қолданған латын жазуын, 1940 жылдан бастап қабылданғанкириллицаны пайдалануға мәжбүр болған қазақ сияқтыхалықтың әр жазудың емлесінде дәстүрі қалыптасып,орнығып үлгермеді, сондықтан әркім бұрынғы жазудыңтәртібін сақтап, ала-құлалық туғызуы әбден ықтимал еді, солсебептен 1940 жылы жаңа «орыс» жазуына көшкендегі емлеережелері де, 1957 жылғы оның қырналған, біршаматүзетілген жаңа редак-циясы да ресми Үкімет тарапынанарнайы қаулымен бекітілген болатын.

Емле немесе сауатты жазу нормалары да ең бір «көпші-лікқолды», «талқыға түскіш» құбылыс болғандықтан, үнемітүзету, қырнау, толықтыру, қысқасы, неғұрлым жетілдіре түсупроцесін басынан кешіреді. Қазақ тілі емлесі де бұдан шетқалмады. Тағы да әрі қарай жазу тәжірибеміз көрсеткендей әріенді жазу мәдениетіне де көңіл бөліне бастағандықтан,сауаттылықтың тетігін ғылыми негізге сүйеніп табу әрекеті қолғаалына бастағандықтан, 1983 жылы қазақ емле ережелерікодексінің біраз түзетулер мен өзгерістер енгізілген жаңаредакциясы ұсынылды. Бұл соңғы нұсқа да заң жүзіндеқабылданды: 1983 жылы 23 тамызда Қазақ ССР Жоғарғы СоветіПрезидиумының Указымен (сол кездегі терминдер мен атау-ларды сақтап келтіріп отырмыз) бекітілді және бұл қаулыда:«Министрліктерге, мемлекеттік комитеттерге, ведомстволарға,газет-журнал редакцияларына, баспаларға, ғылыми-зерттеумекемелеріне, оқу орындарына қазақ тілі орфографиясының осынегізгі ережелері жарияланған күннен бастап оларды жазупрактикасында алу міндеттеледі», – деп жазылды.

Дәл бүгінге дейінгі қолданып отырған сауатты жазу әре-кетіміз осы қаулыға бағынып келе жатыр. Қоғам өмірінде небіркүрделі де зор әлеуметтік-саяси өзгерістер болып жатқанымен,сауатты жазуға қойылатын талаптар түбегейлі өзгеріскеұшырамауға тиіс болып келеді. Әңгіме тек ресми заң күшіндеемес, заң болсын-болмасын, қабылданған ережелерді (тәртіпті,заңдарды т.т.) орындап отыруға қалың жұртшылық өзін-өзіміндеттемесе, ол ережелерді әркім өзінше бұра тартып өзгешеқолданып жатса, ол – мәдениетті жұрттың, көзі ашық, жаппайсауатты елдің нышаны емес. Сондықтан да болар, күнделікті

182

Page 182: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

баспасөздің басым көпшілігі, оқу-ағарту орындары:мектептер мен институт, университеттер, ресми мекемелеркүнделікті жазу тәжірибесінде қазақ тілінің 1983 жылғысоңғы бекітілген емле ережелерін, негізінен, ұстанып отыр.

Әрине, қазақ емлесінің сан рет қырналған, түзетілген,толықтырылған ең соңғы нұсқасында ешбір ақау жоқ, ойла-натын тұстары мүлде аз деуге болмайды. Тілдің көмекшісі– жазу да – таңба талдаудан бастап, дұрыс жазу тәртіптерінедейін уақыт өткен сайын жаңарып, жақсарып отыруы –табиғи құбылыс. Жаңа графикаға көшкен 60 жылдың ішіндегідұрыс жазу заңдылықтары сөз болып отырған қазақ тілі түгіл,санғасырлық орыс емлесінің де бірнеше онжылдық өткен сай-ын кейде көп, кейде аз өзгерістер, түзетулер енгізіпотырғанын білеміз.

Орфографиялық нормалардың дұрыс көрсетілуі мен олар-дың берік орнығуына тек емле ережелерінің дұрыс-бұрысыемес, сол ережелер қамтитын тілдік құбылыстың дәл, анықтанылмауында, ғылыми негізде оның сыр-сипатының дәлел-денбеуінде. Мысалы, емле ережесі бойынша «Біріккен сөздербірге (немесе қосылып) жазылады» деген бап бар. Ережебабы айқын, анық айтылған. Ал бірақ бөлек және біргежазылатын сөздер – қазақ емлесіндегі ең бір қатесі көп,қайшылығы мол, қиын бөлік болып отыр. Бұл жерде «кінә» –емле ережесінде емес, сөз табиғатын танытатын лексикологмамандардың таным-түсінігінде, дәлірек айтсақ, сол таным-түсініктің саяздығында, дәлелсіздігінде.

Қазақ тілінде, өзге де түркі тілдері сияқты, күрделі сөздегендер болады. Олар екі, кейде одан көп сөзден құралып,бір мағынаны білдіреді. Мысалы, келе жатыр, көріп отыр,құлап қала жаздадым деген етістіктер – күрделі сөздер, бұлтіркестердің әрқайсысы бір-бір ұғымды береді, олардыңқұрамындағы екі сөз жеке екі ұғымды, үш сөз үш бөлек-бөлекүш ұғымды емес, бір-ақ ұғымды білдіретін күрделі сөздерболып танылады. Күрделі етістіктерді жазуға келгенде көпқателеспейміз, оларды тіркес ретінде әр компонентің бөлек-бөлек жазамыз.

Күрделі сөз категориясы басқа сөз таптарында да бар: затесімдер де (жан қалта, төс қалта, бет орамал, қол орамал,

183

Page 183: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

жақ сүйек),сын есімдер де (ақ сары, қара көк, қызыл күрең,ал қызыл; ұзын бойлы, ақ көңіл, қара ниетті),үстеулер де(таң ата, ат үсті), сан есімдер де (он бір, отыз бес, он бес)күрделі болып келе береді. Бірақ бұлар – бір мағынаны бер-генмен, біріккен сөздер емес, әр компоненті (құрамды бөлігі)бөлек-бөлек жазылатын күрделі сөздер дегенді мектептен ба-стап мықтап үйрете алмай келеміз немесе күрделі сөздердіңсемантикалық-тілдік табиғатын зерттейтін лексиколог ма-мандар көпшілік қауымға мұны айқын, анық етіп түсіндіріп,дәлелдеп бере алмай келе жатыр. Нәтижесінде біреулер қатеатүсті, алқызыл, таңата, онбір деп жазса, оған емле ережесі«кінәлы» болып шығады. Демек, кей сәттерде сөздерді қосып,не бөлек, не дефис арқылы жазылуын реттейтін емлеережесінің өзі емес, сол ережеге мысал болып келетін сөзтабиғатын дұрыс танытатын ғылым саласы болып шығады.

Фразеологизм деп аталатын сөз тіркестерін жазуда ережеанық: фразеологизм компоненттері бөлек-бөлек жазылады.Соған қарамастан, атсалысты деп қосып жазушылық жиіұшырасады, ал осыдан табиғаты жағынан өзгешелігі жоққұйрық тістесті, қамыт киді, қамшы жеді, шошқа таза-лады, үзеңгі қазысты деген тіркестерді бөлек жазамыз. Бұлкөрсетілген әрбір тіркес бір ғана ұғымды, ауыспалы, бейнеліұғымды білдіреді, фразеологизм дегеннің көп қасиетінің біріде – осында.

Тегі, кейбір екі компонентті тіркесті қосып жазып жіберугеолардың біреуінің не екеуінің де аз буынды сөздер болыпкелетіндігі болар деп топшылаймыз. Мысалы, ат салыстыдегенде бірінші сөз – бір буынды, ал үзеңгі қағысты дегендіқосуға екі сөздің де көп буындылығы кедергі жасай ма екен?Әрине, бұл – әлсіз топшылау. Ал, шындығында, атүсті, атса-лысты дегендерді бір кезде қосып жазып жіберіп, дағдыға ай-налу факторын жоққа шығаруға болмайды. Емле мәселесіндеқалың жұртшылықтың көзін үйрету, дағдыландыру дегеннің рөліөте зор, өйткені жазу процесі, ауызша сөйлеу сияқты, негізіненавтоматизм сипатында жүреді, яғни сауатты адам әрбір сөздіңжазылу ережесін есіне түсіріп ізденіп отырмайды, сөздер«өзінен-өзі» жазылып жатады.

184

Page 184: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Жазба дүниені көп оқитын адам сауатты жазады. Оларданатүсті, атсалысты, алқызыл деп жазылғандарды оқи-оқи,көз алдында бұл сөздердің осылайша қосылып жазылғантаңба-лары санадан тыс түрде сақталып отырады. Сондықтансау-атты жазуда кітап, газет, журнал сияқты дүниелердіңжауап-кершілігі, қызметі орасан зор болады. Емле ережелерінадам мектепте не өзге де оқу орындарында, олардың дафилология факультеттерінде бір-ақ рет оқиды, ол ережелердіңкөбі уақыт өткен сайын ересектердің есінде де қалмайды,бірақ қатесіз жазады, өйткені әрі қарай жазу дағдысы іскеқосылады, сол дағдының бір каналы – жазба дүниебеттеріндегі сөздердің «суреті».

Емле қағидаларын түзуде қиындық келтіріп, кейде пікір-таластарға соқтырып отыратын тұстар – жалғыз біріккен, бір-ікпеген сөздер емес, қазақ тілінің сингармонизм зандарынсақтап жазу не олардан ауытқу, кірме сөздерде түбір менқосым-шалардың жазылуындағы ерекшеліктерді ескерусияқты сәт-тер де қазіргі ұстанып отырған емлеережелерімізге корректив-тер енгізуді: қайта қарастыруды,түзетуді, реттеуді, бір жүйеге келтіруді қажет етеді. Бұлреттегі мәселенің ең үлкені – орыс тілінен енген сөздердіңқазақ жазуындағы танбалануы жай-ында. Жалпы қазақ тіліне,тіпті оның емле сияқты «қосалқы бөлшегіне» заманымыздың«құқайы» – саясаттың араласқан тұсының бірі – осында.

Орыс тілінен енген (әлде «келген, алынған» дейміз бе,өйткені енген сөз – кірме сөз, ал кірме сөздің статусы – өзалдына бөлек таным) сөздерді генетикалық, яғни төркініжағынан екі топқа бөліп әңгімелеу керек. Орыс тілінің өз сөздеріжәне өзге тілдік, негізінен интернационалдық, халықаралық депаталатын, ғылым, мәдениет, техника салаларына жататын сөздерқоры. Алдыңғысы сан жағынан соңғы топқа қарағанда әлдеқайдааз және көбі – қарапайым сөздер, интернационалдық сөздернегізінен терминдер болып келеді, олар қазіргі қазақ тілініңжазба дүниесінде бірнеше есе көп. Оған нақты мысал ретіндемынадай статистикалық мәліметті келтіруге болады. Бұдан 7-8жыл бұрын бір мақала жазу үстінде мынадай фактілерді жинапалдық: «Егемен Қазақстан» сияқты саяси-әлеуметтік беделдігазеттің 1992 жылдың 21 қаңтарындағы бір нөмірінде орыс

185

Page 185: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

тілінен (тілі арқылы деуге де болады) алынып, газет бетінетүскен 862 сөз бар екен. Олардың 12-сі қазақша тұлғаланған:газет, облыс, сот, сома, пойыз, нөмір, жеребе, минөт, килә,рөл, зауыт, тауар. Бұл сөздердің қайталап келуімен қоса есеп-тегенде, «қазақыланған» кірме сөздердің барлығы – 34 екен.Демек, 862 «орыс» сөзінің қалған 828-і орысша тұлғасында жа-зылыпты. Сол кезде шығып тұрған «Халық кеңесі», «Алматыақшамы» газеттерінен де жинаған фактілер де осы шамадағыарасалмақты көрсетті. Әр сөздің қайталанғанын есептемей, жеке-жеке бір сөз деп санағанымызда, бұл үш газеттің бес нөміріндебарлығы 521 сөз орыс тілінен алынып орысша тұлғада, олардыңтек 14-і ғана «қазақы» тұлғада жазылыпты. Сірә, қазіргі кездегіфактілердің де осыдан көп айырмасы жоқ болар. Мұның сыры,себебі неде?

Шеттен кіретін сөздердің қабылдаушы тілдің фонетикалықзаңдылықтарына бағындырылып, «сындырылып» қолданылуы– көптеген тілдерге ортақ құбылыс. Мысалы, орыс тілініңөзіндегі мыңдаған кірме сөздер «орысшаланып» алынған жәнетүптілдегіден өзгеше, орысша жазылады. Бұл – тіл-тілдің ішкізаңдылығы. Осы заңдылықтың бұзылған фактілері де барекен, бұған қазақ тілі және орыс графикасын қабылдаған біразтүркі тілдері мысал бола алады.

Қазақ тіліне орыс тілінен сөз ауысу процесі ертеректенбасталғаны мәлім. Бодандықтың, сауда-саттықтың, қазақ жерінеорыс шаруаларын, әскери адамдарын қоныстандырудыңнәтижесінде қазақтың сөйлеу тіліне бірқатар тұрмыс-салттықсөздер мен әкімшілікке қатысты атаулар кіре бастады. Оларауызекі тіл арқылы енді, сондықтан шәй, самауыр, бәтес, сәтен,шыт, пәуеске, құнт (қазақша қамшы сөзі барына қарамастан,орыстың кнут сөзін қабылдаудың да дәлелі бар шығар: салт аттыадамның қолындағы қамшы мен арбаға, шанаға жегілген малдыайдайтын қамшылардың айырмасын көрсеткісі келді ме екен),пәкөс (бұрын шөп шауып, жинап алуды көп білмеген қазаққаорыстың шабылған шөпті покос деп атайтыны ұнап кеткенболар), кір (сауда-саттықпен көп айналыспаған қазекем қолынабезбеннің гиря деп аталатын бөлігін білмегендіктен, орыстанқазақшалап кір деп «жымқыра» қойған ғой), бертін келе XIXғасырда орыс империясының ел билеу, сот, әкімшілік,

186

Page 186: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

оқу, ағарту, мәдениет жүйесіне қатысты ояз, жандарал, бо-лыс, сот, содия, ыстатия, закон, газет, кінеге, үшкөл, зауытсияқты сөздері де қазақы түрде еніп, қалыптасты. Бұларқазіргі қазақ тілінің орфографиялық та, орфоэпиялық танормасын-да сол қалыптасқан тұлғаларын сақтап жазылады,айтылады. Емленің бұл ережесіне қазір ешкім таласпайды.

Талас туғызып отырған – осы топтан бірнеше ондаған есе көпболып келетін «орыс» сөздері туралы. Олардың бірен-сараныболмаса, басымы – интернационалдық сөздер, олардың да дені –латын, грек тілдерінен дүние жүзіне ертеден тараған ғылымитерминдер, кейінгі кезеңдерде, әсіресе XX ғасырдың IIжартысында күрт дамыған техника, космология, космо-навтика,аэронавтика, биология салалары әкелген ағылшын, неміс,франуз, орыс тілдерінен (спутник, совет сияқты бес-он сөз)пайда болған терминдік атаулар. «Осыларды қазақ тілі қалайигеріп, қалайша жазып, қалайша дыбыстауы тиіс?» де-генсауалдың көтерілуі – заңды. Өйткені соңғы аталған топ бүгіндеорыс тіліндегі қалпынша жазылып, тіпті орысша ай-тылып(дыбысталып) келеді. Және бұл тәртіп – соңғы бес-он жылдыңжемісі емес, алпыс жылдан бері қолданылып келе жатқантәжірибе. Оның объективті себебі бар. Бұл себепті қазақ тілініңішкі құрылымдық даму заңдылығынан іздемей, сыртқыэкстралингвистикалық факторлардан іздеу керек. Олфакторлардың бірі – орыс (кириллица) жазуына көшуіміз бол-са,екіншісі – орыс тілін «екінші ана тіліміз» деп қоса меңгеруқажеттігін мойындатқан саясат, империялық саясаттың тепкіні.

Орыс тілін жақсы білу талап етілген соң, оны тез, дұрысмеңгеруді жеңілдететін жолдың бірі – осы тілден алынғансөздердің тұлғасын бұзбай айту, бұзбай жазу болып келді. Өмірмен саясат осыған мойынсұндырды. Үшінші фактор және бар.Интернационалдық терминдер қазақ жазба тіліне 30-жылдардыңөзінде-ақ молынан енебастаған-ды. 1929 жылы да саясаттыңтепкінімен араб әліпбиіне негізделген қазақтың тұңғыш ұлттықжазуы – Байтұрсынов жазуын тәрк етіп, латынға көшкендеқабылданған емле ережелеріміз бойынша «бөгде тілдік» сөздердіқазақша естілуінше, айтылуынша жазу тәртібі ұсынылды. Осыкітаптың өзінде бірнеше жерде айтып көрсеткеніміздей, 1929-1940 жылдарда латынша жазу кезінде

187

Page 187: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

орыс тілінен келген сөздердің әрқайсысы бірнеше варианттажазылды. Проф. Құдайберген Жұбанов көрсеткендей, бір ғанакоммунист деген сөз 16 түрлі болып жазылып жүріпті.

Орыстардың өздері қолданып отырған графикадан өзгежазу түрлерін пайдаланған кезде, әрине, ол сөздерді дәл орыстіліндегідей етіп бұлжытпай жазу мүмкін емес. Әсіресе я, ю,э, ё, ъ, ь, ц, ч, щ таңбаларымен келетін сөздер дәл орыс-шатұлғасында жазылмайды. Ал кириллицаны қабылдағанда бұлсөздердің жазылуында тығырықтан шығатын тәсілтабылғандай болды: оларды орысша тұлғасында жазуережесін қабылдап, әрі ала-құлалықтан құтылуға, әрі орыстіліне «бауыр баса түсуге» мүмкіндік туған сияқты болды.

Бұл күндерде Ресейдің империялық өктемдік, билеушілікықпалынан босанып, аз жылдың ішінде тәуелсіздікке,дербестікке жедел жеткенімізбен, бұл жеделдікті тілге кел-гендежүргізе алмайтын жайымыз бар: бас-аяғы 9-10 жылдың ішіндебір, бір жарым ғасырлап енген сөздерді кейбіреулер та-лапеткендей түгел аударып, қазақша баламасын тауып беру,аударылмағандарын, тіпті соңғы жарты ғасырда молынан енгенинтернационалдық ғылыми-техникалық терминдерді түгел қазақтілінің фонетикалық заңдарына икемдеп, өзгертіп, қазақшатұлғада жазу – қиын шаруа екенін өмір көрсетіп келеді. Қиындық– тек дәстүрдің бұзылуында емес (үйреніп қалғаннан көз жазаалмай отырғаннан емес), бұл орайда біраз нәрсені ескеру керекболады. Алдымен, ана тілімізге қатысты соңғы он шақтыжылдың барысындағы іс-шаралардың ең негізгісі – қазақ тілінмемлекеттік тіл статусына көтеру, тіпті дәлірек айтсақ,әлеуметтік қызмет аясы тарылып, тарих төрінен ығыса бастағанқазақ тілін сақтап қалу үшін күрес. Ол– көп күшті, нақты жүргізілетін қыруар іс-қарекеттерді қажететіп отырған майдан. Екіншіден, кірме сөздердің фонетикалықтұлғасын қазақшалап жазуды жаппай жүргізу үшін бүкіл ба-спаісін жаңғырту, газет- журналдарды, оқулықтарды, бүкілтерминологиялық сөздіктерді, екі-үш тілдік сөздіктерді,анықтағыш құралдарды, жылма-жыл шығып отыратын өзге деәдебиет түрлерін, қайта басылатын немесе баспаға ұсынылғанкітаптарды, құралдарды, жарнамаларды, қала, көше аттарын –қысқасы, есебі жоқ жазбаларды жаңаша басып шығару үшін

188

Page 188: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

көп қаражат керек екендігі де ескерілуі керек. Мұндай жазбадүниенің жартысын бұрынғыша, жартысын жаңаша емлеменұсынуға мүлде болмайды. Осы кезге дейін шығыпкелгендеріне дауа жоқ, ал енді баспа жүзін көретіндер бірізді,бір сипатты болуы шарт. Үшіншіден, кириллицаныпайдаланып отырған кезеңде орыс тілінен келген кірмесөздерді фонетикалық тұлғасын өзгертіп қазақшалаудыңқажеті бар ма? Оның үстіне «күні ертең жазу графикамыздылатынға ауыстырғалы отырғанда, алдағы 5-10 жыл үшінқазақшасы шала, сауаты мәз емес халқымызды уақытшақайтадан жазу үрдісін өзгертіп қиналудың пайдасы мен зиянықандай?» деген пікір-ой туады. Бұл пікірлер айтылып,жазылып келеді. Сірә, дұрысы – осы бо-лар.

Сөйтіп, кірме сөздер қай тілден келсе де, қазақ тілінің табиғидыбыс заңдарына бағындырыла айтылсын және сол бағынғантүрінде жазылсын деген идея – теориялық тұрғыдан дұрыс.Бірақ сол идеяны жүзеге асыратын негіздермен санасуға бүгінгіқоғам өмірінің шындығы мәжбүр етіп отырғанын дәлелдедік.

Ал жаңа латын жазуына көшкен кезде кірме сөздерді қазақтілінің өз заңдарына икемдеп айту және жазу идеясының жүзегеасатыны – даусыз. Бірақ ол енді 1-рет қолданылған латынкезіндегідей әркім өз естуінше, өз айтуынша жазыл-май, белгіліемле ережесі бойынша таңбаланатын болады, өйткені бір тілдіңсөздері өзге тілде айтылғанда белгілі бір фонетикалықзаңдылықтарға негізделеді және ол заңдылықтар жүйелі түрдекеледі. Жаңа латын жазуының емлесі бірден ғылыми-теориялықнегізде түзілетін болады. Бұл талап кірме сөздердіңорфограммасында да берік сақталады.

Орфографиялық нормаларды, дәлірек айтсақ, дұрыс жазуережелерін тұрақтандырып, нормаға айналдыруда ғылымипікірталастар да жоқ емес. Бірқатар фонетист мамандар қазіргіемле ережелеріміз қазақ тілінің үндестік заңдарын бұзып ба-рады, яғни екінші, үшінші буындарда езулік і, ы әріптерін жазу(құлып, күміс) тілімізге тән ерін үндестігін жойып келеді,сондықтан түбір сөздің өз ішінде де, қосымшаларда да ерінүндестігін сақтап құлұн, құлұнұм, күмүс, күмүстү деп жазукерек, сондай-ақ қазақ тілінің буын үндестігі деп аталатынфонетикалық нормасын жазуда да сақтау керек, ол үшін төл

189

Page 189: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

сөздерді де, кірме сөздерді де тұтас не жуан, не жіңішке дауы-стылармен таңбалау керек (кітәп, қызмат, тәкәппәр, көзәйім,атпан келдік, қаламман жаздық, ауылдықы, қаланықы) дегенпікірлер айта бастады.

Қысқасы, сөздің дыбысталуы мен жазылуын бірдейлестіруарқылы қазақ тілінің фонетикалық табиғатын сақтау керек де-генидея ұсынады. Әрине, қай-қай тілдің де ұлттық сипатының бірі,әсіресе өзге туыс тілдерден ажыратып тұратын белгісі –дыбыстық ерекшеліктерін сақтау – игілікті идея. Бірақ кез кел-ген дұрыс идеяны жүзеге асыруда көлденең тұратын объективтіфакторлар бары және аян. Айталық, қазақ тілі ешбір кірмеэлементтерсіз жалаң өз сөздерінен ғана құралған болса, бір сәрі(онда да ойланатын тұстар көп), ал кірме сөз, кірме жұрнақдегендер қазақ тіліне тән фонетикалық варианттарсыз болыпкеледі. Мысалы, -қор, -паз, -қой жұрнақтарының жіңішкеварианттары да, басқы дауыссыздарының қатаң-ұяң болыпқұбылатын варианттары да жоқ. Оларды жіңішке сөздерге қалайжалғаймыз: сәнқой, әсемпаз, өнерпаз, әуесқой деген сөздердіқалай айту керек: санқой, асампаз, онарпаз, ауасқойдеп айту мүмкін бе?

Кірме сөздердің ішінде буындары жуан-жіңішке болыпара-ласып келетін мыңдаған бірліктер бар, оларды қалайжазуымыз керек: құрмат (құрмет), қытап (кітап), парламант(парламент), декләрәциә (декларация), көнгірес (конгрес) депжазу қазақ тілінің буын үндестігін сақтауға септігін тигізер мееді? Тіпті қазақтың өз бірліктерінің де не тек жуан, көбінесетек жіңішке болып келетіндері бар: көмектес септігі текжіңішке (мен, бен, пен),тәуелдік жұрнағы да сондай (-нікі,-дікі, -тікі), бір дауыс ырғағымен айтылатын қос сөздердің,біріккен сөздердің ішінде бірі – жуан, екіншісі – жіңішкебуынды сөздер аз емес: аз-кем, Айгүл, Гүлзайша, бұлардықалай біркелкі жуан, не жіңішке ай-туымыз және жазуымызкерек: әз-кем, әйгүл, Гүлгәйшә ма әлде басқаша ма?

Әрине, тіл – тарихи құбылмалы, аса күрделі, үнемі дамушықұбылыс, сондықтан ол өзгеріссіз болмайды, кейбір тұстарысетінеп де жатуы мүмкін. Аралас буынды кірме элементтердіңмол болуы және көбінің күнделікті қолданыста жиі келетіндігібір кездегі буын үндестігін әлсірете бастаған тәрізді. Сірә,

190

Page 190: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

кейбір араб, парсы сөздерін аралас буынды етіп жазуды өзімізжасағанға ұқсаймыз, өйткені мұғалім, қадір, қазір, қауіп,қатесияқты сөздер күні кешеге дейін, әсіресе араб, латын жазуыкезінде мұғалым, қадыр, қазыр немесе кәзір, қауып, қата ва-риантында жазылып келді. Буын үндестігін қазіргі кезде, ор-фоэпияда (сөзді дыбыстауда) біршама ұстануға болар, ал ор-фографияда кірме сөздердің басым көпшілігін жазуда буынүндестігіне сәйкестендіру мүмкін емес тәрізді.

Емле нормаларын реттеуде көніл аударатын және бір тұсы –біріккен сөздердің ара-жігіндегі қ, к қатаң дыбыстарын сөздіңайтылу нормасына сай ұяндатып айту және жазылуын соғансәйкестендіру мәселесі. Мысалы, қазіргі емле ережеміз бойын-ша шекара, қыркүйек, көкөніс, қылқалам түрінде жазып жүргенсөздер айтылуда шегара, қыргүйек, көгөніс, қылғалам түріндекеледі, емле ережелерінің латын жазулы жаңа кодексінде (тіптіоған дейін де) бұл тәрізді коррективтер болуы мүмкін.

Сөйтіп, бүгінгі жазу мәдениетіміздің бірнеше онжылдықтәжірибесінде ойласатын, пікір алысатын, әрі қарай ғылыминегізде зерттеп, дәлелдейтін, жаңа ұсыныстар жасайтын тұстарыбаршылығына қарамастан, қазақ тілінің орфографиялық нор-малары біршама айқындалып, көбі тұрақталып, қызмет етіпотыр. Олар емле ережелері ретінде көрсетіліп, сол ережелербойынша орфографиялық сөздіктер ұсынылып келеді.

Орфографиялық ережелер белгілі принциптер негізіндетүзіледі. Көптеген тілдердің емле зандарына екі-үш, кейдеүш-төрт түрлі принцип негіз болады. Олар: фонематикалық,фонетикалық, морфологиялық, тарихи-дәстүрлік т.б.

Морфологиялық принцип бойынша, сөз бөлшектерінің (мор-фемалардың) түбір тұлғалары сақталып жазылады, фонема-тикалық принцип бойынша жазуда дыбыстардың бір сөз ішіндегінемесе сөз аралықтарындағы бір-біріне тигізетін әсер-леріескерілмей, олардың негізгі фонемалық түрі сақталады.Фонетикалық принцип бойынша, сөз бөлшектерінің дыбыстықөзгеріске ұшыраюы есепке алынып, олар айтылуынша жа-зылады, ал тарихи - дәстүрлік принцип бойынша жазу сөзбөлшектерінің түбір тұлғасын сақтау ережесіне де, естілуіншежазу ережесіне де сай келмейді, мұнда сөздердің бір кездегіқалыптасып, үйреншікті болып кеткен жазылу түрі сақталады.

191

Page 191: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Қазақ орфографиясының негізгі принциптері морфоло-гиялық, фонематикалық және фонетикалық, сонымен қатартарихи-дәстүрлік принцип те орын алады. Бұл принциптердіңәрқайсысының қолданылатын тұстары жайында қысқашамәлімет берсек.

Морфологиялық принцип сөз бөлшектерінің, яғни түбір,жұрнақ, жалғауларының түбір тұлғаларының сақталып жазы-луын талап етеді. Мысалы, жұмыс, іс, аш деген түбірлерге-шы, -шең, -са деген қосымшалар жалғанғанда, олардағыаралық дыбыстар бір-біріне әсер етіп, сөздер жұмұшшы,ішшең, ашша болып айтылады және солай естіледі, бірақсөздердің түбірлері мен жалғанған қосымшалар өз тұлғаларынсақтап, жұмысшы, ісшең, ашса болып жазылады.

Фонематикалық принцип бойынша, жазуда бір сөз ішіндедыбыстардың (фонемалардың) қосалқы реңкі (варианты)ескерілмейді, сөз бөлшектеріндегі фонемалардың негізгі реңкі(инварианты) сақталады. Мысалы, қашанғы, түнгі, күнге депжазылған сөздер қашаңғы, түңгү, күңгө болып айтылады,естіледі. Қазақ орфографиясында морфологиялық принцип пенфонематикалық принциптердің тоғысып келетін сәттері жиікездеседі. Сондықтан қазақ емле нормаларының негізі –морфологиялық-фонематикалық деп ұластырылып (қосақтап)атауға болады. Мысалы, біріккен сөздер мен қос сөздердің,негізінен, әр құрамды бөлігінің жеке тұлғасы сақталынып жазы-лады, ол компоненттердің аралығындағы дыбыстардың айты-луда бір-біріне ететін әсері ескерілмейді. Айталық, қара+күйе(құрт), қара+құйрық (жануар), жар+қабақ, орын+басар,шек+ара, алма+кезек, көзбе+көз, қиян+кескі деген сөздербіріккенде не қосарланғанда, айтылуы қарагүйө, қарақұйрұқ,жарғабақ, орұмбасар, шегара, алмагезек, көзбөгөз, қыйаңгескіболып естіледі, бірақ морфологиялық- фонематикалық прин-циппен әр компоненттің түбір тұлғасы сақталып, қаракүйе,қарақұйрық, жарқабақ, орынбасар, шекара, алма-кезек, көзбе-көз, қиян-кескі болып жазылады.

Қазақ орфографиясында фонетикалық принцип те кеңіненқолданылады. Ол принципке а) септік, көптік, тәуелдік, жіктікжалғауларының, сондай-ақ жұрнақтардың көпшілігінің сөздіңсоңғы буынының жуан-жіңішке әуеніне қарай және

192

Page 192: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

ең соңғы дыбысына қарай түрленіп келетіндігі (-лар / -лер,-тар / -тер, -дар /-дер; -шы /-ші; -дың /-дің, -тың/-тің, -ның/-нің т.т.); ә) сөз соңындағы қатаң қ, к, п дыбыстарының да-уыстыдан басталатын қосымшалар жалғанғанда, ұяңдап ғ, г, бболып өзгеретіндігі; б) бірқатар кірігіп кеткен біріккенсөздердің компоненттерінің айтылуынша жазылуы (бүгін,биыл, қолғабыс, қолғап, белбеу, екіншігәрі); в) бірқатар кірмесөздердің қазақ фонетиасына икемделген түрінде жазылуы(пәуеске, самауыр, божы, шөген, әділ, пайда, ақпар, пәнсі, ауа)сияқты тұстары бағынады.

Тарихи-дәстүрлік принцип бойынша жазу үрдісі бізде түріжағынан аса үлкен емес. Оған шартты түрде орыс тілінен енгенсөздердің орысша тұлғасын сақтап жазылуын және бірқатарараб, парсы сөздерінің х, һ әріптерімен жазылуын (халық, ха-бар, хат, Ахмет, Гауһар, жиһан, Хамит) жатқызып жүрміз,яғни осылай жазылсын деп 1940 жылы ұйғарып, содан берідәстүрге айналған жазуымыз. Бұл принципті «тарихи» депатау да – шартты. Қазіргі емлеміздің тарихы жарты ғасырданасар-аспас болған соң, жазуда сіріленген тарихы бар сәттержоқ де-уге болады.

Бұл кітапта емле ережелерін жеке-жеке көрсетіп баян-дапберу мақсаты көзделген жоқ, емле қағидалары «Қазақ тіліорфографиясының негізгі ережелері» атты кодексте (ол«Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінің» 1988 жылғыкітабында берілді) орын алды және біздің 1960 жылы баспақызметкерлері мен мұғалімдерге арналған қазақ тілі емлесімен тыныс белгілері ережелерінің тұңғыш анықтағышыныңәр ба-сылымында баптарға таратылып, кеңінен баяндалғанболатын. Қазақ емлесінің нақты ережелерін білгісі келгендер,әсіресе ба-спа қызметкерлері мен мұғалімдер, оқушылар,студенттер осы аталған құралдарды пайдаланып отыр.

Біз бұл енбекте қазақ тілінің орфографиялық нормалануы-ның тарихын да сөз етпедік, ол – жеке ғылыми ізденіс нысаныболмаққа керек. Қазіргі қазақ жазба әдеби тілінің қай саласыныңнормалануын сөз етсек те, зерттеу нысанымыздың бір жүйеде,бір мақсатта баяндалуын көздедік, сондықтан әр саланың нор-малану тарихы, жеке-жеке қағидалары (ережелері), олардыңкелешегін болжау сияқты мақсат қойылған жоқ.

193

Page 193: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

ОРФОЭПИЯЛЫҚ НОРМАЛАНУ

Қазақтың бүгінгі ұлттық әдеби тілі жазбаша және ауызшатүрде қызмет етеді. Жазба әдеби тіл жазба әдебиеттің өмір сүруімен дамуына қатысты болғандықтан, ол көркем әдебиет пенбаспасөзде, ғылыми әдебиет пен оқу-тәрбие кітаптарын-да,ресми құжаттар мен кеңсе-іс қағаздары беттерінде көріністабады. Аты айтып тұрғандай, жазба әдеби тіл – жазылғандүниелердің тілі, ал әдеби тілдің ауызша түрдегі қызметінің мәнібүгінгі қазақ қоғамының тіршілік-тынысында жазба тіл-ден кемемес. «Ауызша әдеби тіл» деген термин мен «ауызекі сөйлеутілі» деген категориялар – бір емес, соңғыда адамдар бір-біріментаза әдеби тілде емес, күнделікті тұрмыстағы өзара сөйлесумәнерінде қарым-қатынас жасайды, ол – әлдеқайда еркіндеу,өзіне тән ерекшеліктері бар тіл үрдісі, бұл ерек-шеліктер сөйлемқұрастырудан бастап, сөз тандауға дейінгі өрісті қамтиды,мұндайда адамдар бөгде тілдік элементтерді (көбінесе орыссөздерін) қосып жіберу, қарапайым сөздерді, «паразит» сөздердіараластыру, одағай сияқты «көңіл күйі» сөздеріне салмақ салудегендерге барады. Ауызекі сөйлеу тілі – адамдардың үй ішінде,үйден, жұмыстан тыс кездескен жерде, ресми емес орындарда(айталық, отырыстарда, қонақта) өзара қарым-қатынас жасайтынтұрмыстық тіл, қарапайым тіл.

Ал ауызша әдеби тіл – әдеби тілдің бір түрі. Оныңжұмсалатын орындары тұрмыстағы сәттерден өзгеше, олар: әралуан көп не аз адам қатысатын жиын-жиналыстар, мәжіліс-мәслихаттар, саясат, ғылым, өнер, шаруашылық тақырыптарынаарналып көпшілік алдында айтылатын сөздер, әңгімелер,лекциялар, ақыл-кеңестер, нұсқаулар, балабақшалардан бастапмектеп, жоғарғы оқу орындарына дейінгі оқу-тәрбие жұмыстары,ра-дио мен теледидардан берілетін хабарлар, бұларда сөйленетінсөздер, театрлар мен өзге де өнер сахналарынан айтылатын жәнешырқалатын ән сөздері. Бұларда айтылатын, естілетін тіл ауызшаәдеби тіл деген дәрежеге ие. Демек, оның нормалары жазбаәдеби тілден де, ауызекі сөйлеу тілінен де өзгеше болуға тиіс.Ауызша әдеби тілге қойылатын басты талап – сөйлеу ак-тісіндесөздерді дұрыс дыбыстау, дұрыс айту. Бұл нормаларды

194

Page 194: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

ғылымда орфоэпиялық нормалартдеп атайды, ал біз осы нор-маларды қалың жұртшылыққа ереже түрінде талдап баяндағанкөмекші құрал ретіндегі еңбегімізде мұны қарапайым халыққатүсінікті болу үшін «Сөз сазы» деп атадық (Р.Сыздықова. Сөзсазы. Алматы: Санат, 1995. 2-басылым). Сөз сазын талап ететінжер – шаршы топ алдында ауызша сөйлеу сәттері. «Шаршы топ»дегеніміз – көпке арналып сөз айтылатын жер, яғни сол сөздітыңдайтын адамдар тобы. Шаршы топ алдындағы сөз (орысша«публичная речь») аз болсын, көп болсын әлеуметтік мәні бар,яғни жұртшылық назарына ұсынылған, қоғам мүддесінеарналған әңгіме болуы керек. «Шаршы топ алдындағы сөз» депұзындау сөз тіркесімен атап отырған категорияны тер-миндепатаудың да қажеттігі байқалады. 20- жылдардағы ғалымдарымызпублицистика терминін көсемсөз деп атапты. Тегі, көсемсөзтермині публицистикадан гөрі, «шаршы топ алдындағы сөз»дегенге мағына жағынан жақындау келетін сияқты, өйткенікөсемдік сөз, әдетте ақыл-насихат сөзі ғой, көсем – халықты«идеология» жағынан басқаратын, ол үшін ақыл сөзін айтатынадам ғой, яғни көсем – рухани басшы, ал ондай басшының «бесқаруы» – тілі және жай тіл емес, ақылды, логикалы, әсерлі,құлаққа жағымды, ойға қонымды, көпшілік қауымға арналатынтіл болмаққа керек.

Ондай тілмен ұсынылатын сөзді қазақ «шешендік сөз» депте атайды. Бұл тұрғыдан келгенде, шаршы топ алдындағысөзді «шешендік сөз» деп атауға да болар. Бірақ бұныңқисыны кел-мейтін себептері бар: біріншіден, бұл терминніңбұрыннан қалыптасқан ұғымы бар, ол – «шешендер» депаталатын би, рубасы, елағасы сияқты әлеуметтік топтың сөзүрдісі, дәлірек айтсақ, әр алуан дауларды қазақтың әдет-ғұрып заңы бойын-ша (бұл заңды орыс тіліндегі ғылымиәдебиетте «обычное право казахов» деп атап жүр) шешіп,үкім айтатын билер ай-тысы, әрқилы дауға барған жақтардыңөзара айтыстары, ел қорғауға шақыратын жиындардағыхандар мен батырлардың сөздері, ас-тойларда көпке қаратыпайтылатын ру-тайпа, ауыл-ел ағаларының (басыларының)сөздері, киелі ауыз иелерінің көпке арналған ақыл-кеңестері,тілек-баталары, қысқасы, өлең-толғаумен емес, қара сөзбенайтылатын сөздері «шешен-дік сөздер» деп аталған.

195

Page 195: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Ал біздің заманымыздағы шаршы топ алдындағы «шешен-дік сөздердің» айтылатын орындары да, сипаты да (мазмұны,тақырыбы да), тыңдаушылардың топтары да мүлде басқашаекендігі белгілі. Сондықтан бүгінгі шаршы топ алдындағысөздің бәрі, мысалы мұғалімнің сабақ түсіндіруі, ұжым жина-лыстарында жұмыс жөнінде пікір айту сияқтылар «шешен»деген анықтамаға (эпитетке) сай келмейді, олар да, әрине,дұрыс құрылған, түсінікті, дұрыс дыбысталған болуы ке-рек,бірақ мұнда қазақтың «шешендік сөз» деп аталатын сөзүрдісінің атрибуттары табылмайды. Осы себептен не «шар-шы топ алдындағы сөз» деп тіркеспен атауды қалдырған, не«көсемсөз» деп «ығыстырып» алған термин дұрыс болар дептопшылаймыз.

Қайткенде де бүгінгі қазақ тілінің жұмсалу тәжірибесіндеауызша әдеби тілде сөйлеудің осы түрінің бары анық және оныңәрі қарай дами түсері де даусыз. Өйткені бұл күнде қазақ тілін-дегі «шаршы топ» аясы, түрлері көбейіп отыр. Әсіресе «шаршытоптағы» сөздің ең жиі, ең «көпшілік қолдысы» – теледидар менрадиодан ауызша «табан аузында» айтылатын сөздер жиі естілебастады. «Орыс тілді» бастық (әкім) қазақтарды бір-бірсөйлеммен болса да, қазақша сөйлетуді теледидар дағдыға ай-налдырып келеді. Сірә, бұл – үлкен істің барлық іс-әкімшіліктұтқасын ұстап отырған адамдар мемлекеттік тілде сөйлейалатын, жаза алатын болуға міндетті болуы үшін күрестің (іс-шаралардың) бастамасы шығар деп танимыз. Біздің бұл жер-дегіайтпағымыз – бүгінгі шаршы топ алдындағы сөздердің, жалпышешендік сөздің тарихы, түрлері, қолданылатын орын-дары,маңызы жайындағы ой-толғамдарымыз емес, сол сөздің біршарты – сөйлеу актісіндегі сөздердің дұрыс айтылуы, ды-бысталуы жайындағы пікірлеріміз, талдауларымыз, яғни орфо-эпия проблемасы.

Бұл проблема да – ғылымның, оның ішінде тіл білімінің ны-саны (объектісі), бірақ ең кенжелеп дүниеге келетін, кеш қолғаалынатын және қалың бұқара онша көп мән бере қоймайтын са-ласы. Бұл – халықтардың қай-қайсысының да мәдени, ғылымидүниесінде өзге салалардан гөрі қолға кейінірек алынатын сала.Атап айтқанда, орфоэпия мәселелері әдеби тілдің ұлттық

196

Page 196: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

сипатқа ие болғаннан кейін, оның лексикалық, грамматикалық,стилистикалық нормалары едәуір қалыптасып, орныққаннан соң,яғни әдеби тілді пайдалану жалпыхалықтық, баршаға ортақтықдәрежеге жеткеннен кейін, оның өзінде де жалпы ауызша сөйлеу,оның ішінде шаршы топ алдында сөйлеу өрісі кеңейген соң,қысқасы, «тіл мәдениеті» мықтап назарға ілік-кенде пайдаболады, ғылым-таным объектісіне айналады.

Қазақ тілінің орфоэпиялық заңдылықтарын танып-білу мензерделеп-таныту, нормаларын әңгіме ету – соңғыонжылдықтардың жемісі. Тіл білімінің бұл тармағы 60-жылдардың ішінде қауырт қолға алынып, едәуір жұмыстар даістелді: орфоэпиялық сөздіктер жарық көрді; орфоэпиялықережелер ұсынылды; ондаған мақала жарияланды. Бірақбұлардың барлығы да – үлкен істің беташары ғана болып ке-леді.Орфоэпиялық нормаларды қазіргі аппараттарды пайдала-наотырып, ғылыми негізде зерттеу, орфоэпия ережелерін де, емлеережелері сияқты, дұрыс пайдалануды қалың көпшіліккеміндеттеу, ол үшін орфоэпиялық жаңа құралдар, ережелер ко-дексі, сөздік, анықтағыштар шығару жұмыстары тұр.

Біз бұл жұмыста орфоэпиялық нормалардың өзін жеке-жекеталдап көрсетуді мақсат етпейміз (олар «Сөз сазы» атты екі ретжарық көрген көмекші құралда жақсы, толық көрсетілді).

Орфография мен орфоэпияның бір-біріне ұқсас жақтары бар:екеуі де – практикалық - қолданбалы сала, ережелер-ге сүйенеді,жалпыға ортақ болады, міндетті болады. Сөйте тұра үлкенайырмасы да бар. Сөздерді дұрыс жазуға арналғанорфографиялық ережелерді өзіміз жасаймыз, ол жазу таңбасыөзгерген сайын жаңадан түзіліп, оның өзі уақыт озған сайынжетілдіре түсу мақсатымен өңделіп, қырналып, толықтырылыпотырады. Ал сөздерді дұрыс дыбыстау нормаларын біз жаса-маймыз, ол – қазақ тілін қолданушылардың ұрпақтан ұрпаққакөшіп, жалғасып отыратын ежелгі тәртібі, тілдің табиғиқұбылысы. Ол нормаларды, емле ережелері сияқты, әлсін-әлсінөзгерте алмаймыз. Орфография нормалары, оның көрінетін жері– тілге сырттай қабыстырылған нәрсе, бұл күні кеше пайдаболуы да мүмкін (мысалы, қазіргі жазуымыз бен оның емлесініңтарихына бар-жоғы 50-60 жыл ғана өтті), ал қазақ тілініңорфоэпиялық нормалары – тіліміздің өзімен бірге ежел-ден кележатқан табиғи заңдылықтар.

197

Page 197: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Тілдің жазудағы нормалары мен дыбысталудағы нормала-рынбір-бірінен мүмкіндігінше алшақтатпау әрекеті қашанда да орыналып келеді. Дегенмен өзге де көптеген мәдениетті жазу дәстүріұзақ Еуропа халықтары, оның ішнде орыстардағы сияқты,сөздерді жазу мен оларды дұрыс дыбыстауда бір-біріне сайкелмейтін тұстар қазақ тәжірибесінде де бар. Бұл да – заңдықұбылыс. Мысалы, көптеген сәттерде қатаң қ, к, п әріптеріменжазылатын сөздер айтуда ұяңдап ғ, г, б болып естілетіндігі(дыбысталатындығы) жиі кездеседі. Мысалы, орфографиялықнорма бойынша өнеркәсіп, Қазақстан, келе қалды, келе-келе, алакөбеден деп жазылған сөздер өнөргәсіп, Қазағыстан, келеғалды,келегеле, алагөбөден болып айтылуы– орфоэпиялық норма талабы.

Орфоэпиялық нормаларды сөз еткенде, бүгінде бізді алаң-дататын жайттар бар. Олар:

1) жазу мен сөзді дыбыстаудың бір-біріне қатысы, әсері;2) орфоэпияға әлеуметтік көзқарастың қалыптаспай келе

жатқандығы;3) орфоэпия нормаларын үйрету, сақтау, насихаттау

жұмыс-тарының әлсіздігі;4) қазақ орфоэпиясы бойынша ғылыми зерттеулердің

енді-енді, яғни кеш басталып келе жатқандығы. Осылардыңәрқайсысының сыр-сипатын танып көрелік.

1) Жазу – адам баласының мәдени-рухани тірлігінде тапқанорасан зор табысы. Қатынас құралы ретіндегі тілдің осықызметін түрлендіре түскен, күшейте түскен ғажайып дүние.Бірақ медаль сияқты оның екі жағы бары байқалды: бірі –халықты тегіс сауаттылыққа көтерді, екіншісі – тілдің табиғидыбысталу заңдылықтарына ықпал етті. Бұл құбылыс тек қазақтілі емес, өзге тілдерде де байқалғанын білеміз. Атақты орысғалымы акад. Л.В.Щерба: «тілді жазудың бұғауынанқұтқарып (эмансипация от письменного языка), жанды тілгебет бұратын кез келді», – деген болатын XX ғасырдың 20-жылдарының өзінде-ақ. «Жанды тіл» деп отырғаны – табиғизаңдылықтарымен қолданған тіл, оның сөйлеу актісіндегікөрінісі.

Қазақ тілінің сөздерді сөйлеу актісінде дұрыс дыбыстауғаоның жазба түрінің ықпалы соңғы кезендерде едәуір болып

198

Page 198: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

келе жатқаны байқалады. Сөздерді жазылған түрінде айту (оқу)етек алды. Мектеп балалары түгіл, институт, универси-теттердіңфилология, журналистика факультеттерін бітірген мамандардыңөзі мәтінді оқып тұрғанда былай тұрсын, айтпақ ойын қағазсызауызша білдіріп тұрғанда да сөздерді үндестік зандарынабағындырып, қиюластырмай, олардың жазудағы көрінісін көзалдарына келтіріп, жазылған түріндегідей айта-тындықтарыныңкуәсіміз. Мұны әсіресе радио мен теледидар-дан хабаржүргізетін дикторлар мен журналист- тілшілердің, ауызшаинтервью берушілердің, сөзге тартқан адамдардың сөздеріненжиі кездестіреміз. Теледидардан әр алуан хабар жүргізетіндикторлардың шекара, қыркүйек, қол қойды деп қы-қылаптұрмай, шегара,қыргүйөк, қолғойдұ деп дұрыс айтатын-дарыкемде-кем.

Жазудың ықпалын күшті қабылдайтындар лекция оқитын-дардың, тіпті мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орында-рыоқытушыларының, кейбір әншілердің, драма актерлерініңарасынан да табылады. Бұл сияқты жазудың ықпалыментілдің табиғи заңдылықтарының бұзылуының бірнеше себебібар: алдымен, орфоэпиялық нормалар мектепте дұрысүйретілмей-ді, дәлірек айтсақ, бұған көңіл бөлінбейді,баланың білімін бағалауда сөзді дұрыс-бұрыс айтып тұрғаныешбір есепке алынбайды; жоғары оқу орындарының қазақбөлімдерінде, тіпті олардың филология, журналистикафакультеттерінде тіл мәдениеті пәні, оның ішінде тілдікнормалар дегендер, сірә, мүлдем жүргізілмейтін болу керек,сабақ кестесінде бұл пәндер бар болса да, оған мән беріп,дұрыс жүргізетін маман-дар да жоқ болар.

Екінші фактор – сөздерді нақпа-нақтап, қалай жазыл-са,солай оқып (айтып) берсем, тыңдаушыларға анығырақ,түсініктірек шығады деген жансақ ой да орын алуы мүмкін.Әр сөзді жазылғанынша айтқанда олар анық, түсінікті шығуымүмкін, бірақ есесіне сөздер сіресіп естіледі, тілдің үнді сазыжоғалады, бояуы солғындайды.

Сөйтіп, жазу және дыбыстау дегендерді айырып таныту,әрқайсысының тіл мәдениеті үшін мәнін білу, бірінекіншісінің құрбандығына шалмау керектігін білетін кез тудыдеуіміз ке-рек.

199

Page 199: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

2) Кезінде сөздерді дұрыс қолдану, сөйлемді дұрыс құрас-тыра білу, сауатты жаза білу сияқты лексикалық, грамматика-лық, орфографиялық нормаларды үйретуге, насихаттауға үлкенмән берілді, талап етілді, ал осындай қажет нормалардың тағыбірі – орфоэпиялық сауаттылық бізде әлі әлеумет назарынаілікпей келеді, қалың жүртшылық сөзді дұрыс дыбыстаудыңтәртібі, заңдылығы болады дегенді тіпті білмейді де. Қалыңкөпшілік түгіл, көптеген мектеп мұғалімдерінің де бұл сала-дағытаным-білімі аз ба деп қалдық. Жақында мектеп оқулық-тарыншығарып жатқан баспа редакторларының бірі маған мынадайадам нанғысыз бір әңгімені айтты: «Оқулықтың бір авторы:Сөзді дұрыс айту нормасы деген не? Оны ғалымдар шығарыпжүр. Мектеп үшін керегі жоқ» дегенде қатты шошы-дым».Әрине, бұл – тек шошитын емес, тіпті айтып жеткізугеболмайтын сауатсыздық, өресіздік. «Егер оқулық жазып жүргенмұғалім «тілдік норма» дегендерді осылай танитын болса,ағартушыларға әбден жарыған екенбіз, мектеп мұғалімдері тіптіеш нәрсе оқымайтыны ғой, бір кезде училищеде не инсти-туттарда шала-шарпы алған білімімен қалып қояды екен ғой»деген ой келді маған. Әрине, барлық мұғалім дәл мұндай бол-мас, дегенмен ең мықты деп оқулық жазуға сенген маманныңсөзі жоғарыдағыдай болса, тіл, оның мәдениеті, тілдік норма-лар,олардың түрлері, бұл нормаларды мектепте оқыту, үйретудегендер мүлде қалып келе жатқан майдан деуге болады. Де-мек,сөйлеу үстінде сөздерді бір- бірімен дыбысталуы жағынанүндестіріп, «сындырып», құлаққа жағымды, тілге ыңғайлы етіпайту туралы нормаларға көпшілік назарын аудартуды, әсіресебалабақшадан бастап, мектептерде, жоғары оқу орын-дарындамықтап қолға алу керектігі – қазақ тілі мәдениетін көтерудіңбасты міндеттерінің бірі.

3) Орфоэпиялық нормаларға баулу, ол нормаларды арнайыүйрету жұмыстары – өз дәрежесінде емес.

Баланың тілі, ең алдымен, үй ішінде, отбасында шығады,баланы тілге үйрететін тұңғыш ұстазы – ата-анасы мен үйішіндегі өзге де үлкендер болады. Сөйлеу үстінде сөздерді бір-бірімен үндестіре айта білуге баулуда балаға ертегі, әңгімелерайтып (оқып) берудің мәні зор. Мұнда орфоэпиялық норма-ларды сақтауға үлкендер мейлінше көңіл қоюға тиісті. Балаға

200

Page 200: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

ертегі, әңгімелердің мазмұны ғана емес, оның тіліндегі үнніңмузыкалылығы қатты әсер етеді, ұйқасы мен ырғағы әсем болыпкелген өлен шумақтарын, қызықты, әсем тілді ертегі-лердіжаттап алуға құштар болады. Бізде, қазақ қоғамында, отбасылықтәрбиеде де орны толмай жатқан жайттар баршылық.

Жас бүлдіршіндердің ана тілін жақсы меңгеруіне, оныңәсіресе дыбыстық заңдылықтарын бұзбай, дұрыс қолдануынатәрбиелейтін бастапқы орын – балабақшалар. Мұндағы тәр-биешілер тек баланы бағып-күтушілер емес, тәлім-тәрбиеніңөзге түрлерімен қатар тіл үйрететін, тілдің дұрыстығына бау-литын нағыз ұстаздар болмаққа керек. Әзірге азын-аулақ болсада, бүлдіршіндерге арналған өлең, тақпақ, ертегілерді дұрысжаттатқызу, дыбыс үйлесімін келтіріп айтқызу – тәрбиешініңпедагогтік бірінші міндеті. Әрі қарай, әрине, бұл жұмыстымектеп жалғастырады. Мектепте, біздің байқауымызша жәнебағдарламалармен, оқулықтармен танысқанымызға қарап,орфоэпиялық заңдылықтарды оқыту өз дәрежесінде емес дептабамыз. Бастауыш кластардан бастап қазақ тілі сабақтарында,кейінірек грамматика бағдарламасы бойынша қазақ тілініңүндестік зандарын өтеді, баптарға таратып жаттайды, оқушыереженің өзін жап-жақсы айтып береді, бірақ оны іс жүзіндеқолдануды білмейді. Сөздерді дұрыс айтуға мектепте тек қазақтілі сабағында ғана емес, барлық пәндердің сабақтарында даүйрете беруді, қате айтса, түзетіп отыруды қолға алса, бұл са-ладан бүгінгі кездесіп келе жатқан кемшіліктер кеми түсер еді.

Орфоэпиялық нормаларды үйренудің ерекшелігі сонда – оларнегізінен «теория жүзінде» білу, яғни оқу, жаттау арқылы емес,құлақпен тыңдап үйрену арқылы игереді. Бұл ретте күндетыңдайтын радионың, күнде қарайтын теледидардың жәнесахнадан естілетін сөздер мен әндердің рөлі айрықша. Сөздідұрыс айтуға баулитындар нағыз осылар: радио, теледи-дарқызметкерлері, сахна қайраткерлері. Дыбыстар гармония-сынсақтау – сахна мен радио, теледидар сөздеріне мамандықтұрғысынан қойылатын талаптар. Актерлер мен әншілерді,жалпы сахна қайраткерлерін дайындайтын оқу орындарында датіл мәдениеті, сауатты жазу, сөзді дұрыс дыбыстау норма-ларыдеген пәндерді міндетті түрде енгізуді талап етер едік. Текактерлер емес, режиссерлер де, көркемдік жетекшілер де

201

Page 201: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

өз мамандықтарының тетіктерін жақсы білумен қатар, қазақтілінің де сөз сазын дұрыс сақтауды естен шығармаса.

4) Орфоэпия тақырыбының тәжірибедегі күй-қалпын,заңдылықтарын танудың өзі кешеңдеп қолға алынғандықтан,оның жеке мәселелерін ғылым нысаны (объектісі) ретіндезерттеу жұмыстары да кенжелеп келеді. Бұл іске ғылымиқызметкерлермен қатар, мектеп мұғалімдері, баспа ісіндегілер,баспасөзде қызмет ететіндер де нақты ұсыныстарымен,күнделікті тәжірибеде байқалған жетістік-кемістіктердікөрсетуімен араласса, тіпті орынды болар еді. Бірақ, өкінішкеорай, жазудың (емленің) тауқыметін тартып отырған осы топ,әсіресе қазақ мұғалімдері, тіл нормаларын сөз етуге мүлде ен-жар, ынтасыз, дағдыланбаған. Ал тіл – тек тіл мамандарыныңғана «мүлкі» емес, қалың жұртшылықтың, оның ішінде тікелейтілмен жұмыс істейтіндердің құзырындағы нәрсе. Рас, «Қазақәдебиеті», «Ана тілі», ара-тұра «Жас алаш» сияқты газетбеттерінде, бір кезде араб жазуымен шығып тұратын «Шалқар»газеттерінің беттерінде сөзді дұрыс қолдану, әсіресе бұлорайдағы кемшіліктер, орфография мен орфоэпиятақырыптарына жазылған мақалалар жарияланып тұрды, ав-торлары – тіл мамандарын былай қойғанда, көбінесе жазушы,журналистер мен өзге де мамандық иелері, бірқатары қазақсөзінің табиғатын, сыр-сипатын жақсы білетін зейнеткерлер.Бірақ осылардың ішінде сөз сазы туралы мақала-пікірлер мүлдеаз (біздің әр кезде әр газетте жарияланған 5-6 мақаламыз бол-маса, мүлде жоқ деуге болады). Бұл, сірә, көпшілігіміздің орфо-эпия проблемасына не тісіміз батпай жатқанын, не сөзді дұрысдыбыстау дегенге немқұрайды қарап келе жатқанымыздыкөрсететін сияқты.

Бұл айтылғандардан шығатын бір түйін – қазір қазақ орфо-эпиясы нормаларын реттеп баяндау, ережелерін түзу сияқтыатқарылған істер бар, бірақ бұл нормалардың кодификация-сыәлі жоқ, яғни ол заңдылықтар зандастырылып (оқытылып,міндеттеліп, тіпті емле ережелері сияқты ресми түрде бекіті-ліп) түрақтандырылған жоқ. Сол себептен орфоэпия мәселе-леріне мамандар болып және қалың жұртшылық болып назараударсақ, тілдің бұл қырының да барынша реттеліп, нормала-ры орнығып, тіл мәдениетіміздің де, сол арқылы жалпыұлттық мәдениетіміздің де көтеріле түсуі хақ.

202

Page 202: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

СӨЗ САЗЫ

Сөзді дұрыс айту нормалары

Белгілі бір тілде сөйлеу үстінде сөздерді дұрыс дыбыстау заң-дылықтарын айқындап, оларды қалың жұртшылыққа, әсіресежастарға үйретуде оқу орындарымен қатар, радио мен теледи-дардың және сахна өнерінің, сондай-ақ баласын ана тілінде тәрбие-лейтін әрбір ата-ана мен отбасындағы өзге де ересектердің рөлі өтезор. Қазақ тілінде сөз қағидаларын жақсы білу мұғалімдер менлекторларға, дикторлар мен актерлерге өте-мөте қажет. Бұл құралосы қажеттікті өтеу тұрғысында сөздерді қазақша дұрыс дыбыстаузаңдылықтарын түсіндіреді. Сонымен қатар мұнда сөз сазыныңкөркем әдебиет пен өнердегі маңызы, қазақша сөзді дұрыс айтунормаларының қазіргі қолданыстағы жай -күйі ғылыми негізде әрітәжірибелік мақсатта кеңінен сөз болады.

Бұл еңбек мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындарыныңстуденттеріне, сахна қайраткерлері мен радио, теледидардиктор-ларына және ана тілінің сөйлеу мәдениетіне көңілаударатын қалың көпшілікке арналады.

203

Page 203: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ АУЫЗША ТҮРІЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ ӨРІСІ

Бұл күнде қазақ тілі білім мен ғылымның, әдебиет пенмәдениеттің, әлеуметтік-саяси өмір мен өндірістік-шаруа-шылық тірліктің, күнделікті тұрмыс-тіршіліктің барлық сала-сына қызмет ететін жоғары сатыда дамыған әдеби тілге айна-лып отыр. Ол – мемлекеттік дәреже (статус) алған ұлттық тіл.Ұлттық әдеби тіл болғандықтан, қазіргі қазақ тілі – қоғамныңбарлық мүшелеріне бірдей және Қазақстан жерінің бүкілаймағында біркелкі қолданылатын, сондай-ақ қазақ жерінентыс өлкелерді мекендеген қазақтар үшін де дағдылы тіл, яғнибаршаға ортақ жазу, сөйлеу тәжірибесі бар тіл.

Мемлекеттік тіл дәрежесі қазақ әдеби тілінің бүгінгіқоғамға қызмет ету өрісін кеңейте түсті: бұл күнде қазақ тілі –ең ал-дымен, оқу-ағарту, тәрбие құралы,одан соң сан салададамып, жоғары деңгейге көтерілген ұлттық көркем әдебиеттіңтілі, мазмұны мен мақсаты түрлене түскен баспасөздің тілі,енді өрістей түскен ғылым тілі, республика қолданатын заңдармен ресми іс қағаздары тілі, театрлар мен радионың тілі, киномен теледидардың тілі.

Сонымен қатар, әрине, қазіргі қазақ тілі – бүгінгі адамдар-дың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде өзара ұғынысатын ауыз-ша сөйлеу тілі мен ауызекі сөйлесу тілі. Қысқасы, қазақ тілі– бұл күнде республикамыздағы 7-8 миллионға жуық, ал жал-пы дүниежүзіндегі 10 миллионнан асатын қазақ халқының анатілі.

Әдетте ұлттық әдеби тілдер қоғамға жазба және ауызша түрдеқызмет етеді. Жазба әдеби тіл жазба әдебиеттің өмір сүруі мендамуына, оның түрлері мен өрісіне байланысты болғандықтан,ол көркем сөз (көркем әдебиет) пен баспасөзде, ғылым сөзі меноқу-тәрбие сөзінде, ресми құжаттар мен кеңсе-іс қағаздарытілінде көрініс табады. Қазіргі күнде бұлардың кеңінен өріс алабастауы жазба тілдің әр саладағы (стильдегі) заңдылықтарынорнықтырып, оның әлеуметтік қызмет ету пәрменін күшейтіпотыр. Бұдан біз жазба әдеби тілдің қоғам өміріндегі рөлі менмаңызы зор екенін аңғарамыз.

Ал әдеби тілдің ауызша түрдегі қызметі бүгінгі қазаққоғамының тіршілік-тынысы үшін бұдан еш кем емес деп

204

Page 204: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

тану керек. Өйткені мұның да қолданылар өрісі кеңейе ба-стады.Қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесіне ие болуы әр алуанжиын, жиналыс, мәслихаттардың қазақ тілінде жүргізілуіне жолашты; саясат, ғылым, өнер, шаруашылық т.б. тақырыптарынаарналған лекция-әңгімелердің қазақ тілінде кеңірек өткізілуінкүн тәртібіне қойды; балабақшаларда қазақ бүлдіршіндерін анатілінде тәрбиелеуді қолға алуға мүмкіндік берді; қазақмектептерінің көбейіп, оларда оқу-тәрбие жұмыстарын анатілінде жүргізуге, жоғары оқу орындарының барлықфакультеттерінде дерлік (әзірге тіпті түгел болмай, көпшілігінде-ақ болсын) қазақ бөлімдері ашылып, оларда білім-ғылымныңкөптеген салаларынан қазақ тілінде лекция-лар оқылып, сабақжүргізілуіне кеңінен жол ашты; радио мен теледидардан қазақтілінде берілетін хабарлар сағаты көбейіп, бұл каналдарбойынша қазақша сөйлейтіндердің жиірек көріне бастауын,ұлттық сахна өнерінің түр-түрінің даму-ын қамтамасыз етті.Осылардың баршасы қазақ тілінің ауыз-ша түрін, яғни ауызшақолданылуын, айтылмақ ойды ауызша түрде білдіру тәжірибесінжандандырды.

Бұлардың ішінде радио, теледидар, театр, киноның орын-дары айрықша, өйткені бұлар ең кемі жүздеген, әйтпесе мың-даған, кейде тіпті жүз мыңдаған адамдарды қамтиды.Сахнадан айтылатын сөзді бір спектакльдің өзінде жүздегенадам естиді, бір концертте айтылған ән мен көркем сөзді дежүздеген, кей-де мыңдаған адам тыңдайды. Ал радио ментеледидардан және қазақша дыбысталған кинодан ауызшаайтылған сөзді мыңдаған, жүз мыңдаған адамдар есітіп,тамашалайды. Демек, жазба тіл сияқты, ауызша тілдің деқоғамдағы орны зор екенін өмірдің өзі көрсетіп отыр.

Мемлекеттік ұлттық тілдің баршаға ортақтығы осы тілдіқолдануда белгілі бір зандылықтардың, яғни нормалардың бо-луын талап етеді. Тілдік нормалар оның барлық қаттауында:сөздік саласында (лексикасында), грамматикасында, дыбыстаржүйесінде, стильдік-көркемдік тәсілдерінде болуы – шарт. Нормасондай-ақ тілдің қолданылу түрлерінде де, яғни жазба жәнеауызша түрде қызмет ету барысында да орын алуы қажет.Сондықтан ана тіліміздің жазба түрімен қатар, ауызша түрінеқойылатын талаптардың да күшейе түсуі – заңды.

205

Page 205: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Демек, қазақ әдеби тілінің барша заңдылықтарын, оныңішінде ауызша сөйлеу, әсіресе шаршы топ алдында сөз айтунормаларын бұзбай, дұрыс пайдалануда, тек пайдалану ғанаемес, ол нормаларды көпшілікке үйретіп, таратуда, орнық-тырып, бекітуде балабақша тәрбиешілерінен бастап, мектепмұғалімдерінің, институт, университет оқытушыларыменқатар, қазақ сахна қайраткерлерінің, радио, теледидар дик-торлары мен хабар жүргізушілерінің, әншілер мен эстрадашеберлерінің міндеттері мен қызметтері орасан зор екенінайту керек. Әрине, ана тілін игеру, оны дұрыс жұмсай білу от-басынан, баланың ата-анасы мен айналасындағы үлкендерденбасталуы керек екендігі – даусыз ақиқат.

Тәрбиешілер мен мұғалімдер – жасөспірімдерді тек тәр-биелеп, білім берушілер ғана емес, сонымен қатар тіл үйре-тушілер, тілдің байлығы мен әсемдігін бала бойына сіңіру-шілер. Ал актерлар мен әншілер – халыққа тек өнер көрсетіп,эстетикалық ләззат берушілер ғана емес, сонымен қатар анатілінің құдіретін танытушылар. Дикторлар мен комментатор-лар – радио мен теледидардан тек әр алуан хабар берушілерғана емес, сонымен қатар сөзді дұрыс айта білуді, дұрыс ды-быстай білуді үйрететін ұстаздар болуға тиіс. Демек, бұлтоптардың әрқайсысының төл қызметтерімен қатар, тілгеқатысты міндеттерінің де әлеуметтік мәні бар екенін жеке-же-ке баса айту қажет.

Бұл жұмыстағы негізгі тақырып қазақ сөзін дұрыс айтузаңдылықтары жайында болғандықтан, аталған топтардыңжалпы тілге қатысты оны үйрету, сөздік байлығын молықтыру,грамматикалық тұлға-тәсілдерді дұрыс қолдана білуге бау-лу, анатіліміздің көркемдік-бейнелеуіш құралдарын игерту сияқтымәселелерін емес, тек қана қазақша сөйлегенде (не дауыстапоқығанда) сөздерді табиғи түрде дұрыс дыбыстай білуге қатыстыжайттарға ғана назар аударамыз.

Ең алдымен, баланың тілі үй ішінде, отбасында шығады,демек, баланы ана тіліне баулуда, оның ішінде сөздерді дұрысдыбыстай білуге үйрететін тұңғыш ұстазы – ата-анасы жәнеүй ішіндегі өзге де үлкендер екені мәлім. Сөйлеу үстіндесөздерді бір-бірімен жымдастыра, үйлестіре айта білуге, қазақтілінің өзіне тән дыбыс заңдылықтарын сақтап сөйлеуге ба-

206

Page 206: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

улуда балаға ертегі, әңгімелер айтудың мәні зор. Үлкендер ертегі,әңгімелерді баппен мәнерлеп, яғни үндестік заңдарын сақтап,сөздерді қиюластырып айтуға мейлінше көңіл қоюлары қажет.Сірә, өсіп келе жатқан баланың таным-білімдік талабы менпсихологиясына әңгіме, ертегілердің мазмұны ғана емес, оныңтіліндегі үннің құлаққа жағымды, музыкалылығы да қатты әсерететін сияқты. Баланың өлең сөзге кұштарлығының сырыосында жатады. Үн (дыбыс) гармониясы – адамның жан дүниесіқажет ететін заңдылықтардың бірі. Сондықтан жас балаға текпрозамен ұсынылған әңгіме, ертегілерді емес, өздеріне арналғанөлеңдерді оқып беруге ұмтылу керек. Ол өлеңдерді балаларжатқа айтқанда, сөздерін дұрыс дыбыстау-ына назар аударып,қате тұстарын түзетіп отыруды қазақ ата-аналары мен өзгеүлкендері де дағдыға айналдырса. Шынына келсек, отбасылықтәрбиенің осы түрі бізде айтарлықтай емес екенін мектептабалдырығын жаңа аттаған балалардың сөйлеу тәжірибесіненаңғарамыз. Сірә, үй ішінде баланың сөзді қалай айтуына зерсалып, түзетіп отыру машығы бізде жоққа тән.

Айталық, бала өзінің құрбысын «қалқан құлақ» деп мазақ-тағанда, әр сөздің жеке-жеке күйіндегіше екінші сөзді қдыбы-сынан бастап, алдыңғы сөзді н дыбысына аяқтап,қалқанқұлақ, қалқанқұлақ деп жатса, «Жоқ, балам, сен онықұлағы үшін мазақтама, ал мазақтайды екенсің, ондақалқанқұлақ деме, бұл сөзді сен қалқаңғұлақ деп айт» дегенсияқты түзету жасап жат-пайтын тәріздіміз.

Әрине, ол үшін қазақ тіліндегі сөздердің дыбыстары бір-бірімен қиюласып, үндесіп айтылатын заңдылықтарын алды-мен ересектердің, ата-аналардың өздері жақсы білулері керек(бұл құрал сондықтан осы мақсатты өтеуге арналады).

Осы талаптар балабақша тәрбиешілеріне де қойылады.Олардың «Мәнерлеп оқу» сияқты тәрбие сағаттарында көңілдітек оқып беруге ғана аудармай, сол оқыған мәтіндегі сөздердіңдұрыс айтылуына зер қою абзал. Бүлдіршіндерге өлең-тақпақайтқызғанда, олардың тек тілі келмейтін дыбыстарын түзетуемес, ең алдымен, сөздерді қиюластырмай, бөлек-бөлек айту-лары сияқты қателіктеріне де көңіл аудару қажет. Бүгінгі қалабалалары әр нәрсеге үйренуді отбасынан гөрі балабақшалар-данбастайды, өйткені ата-аналардың көбі жұмыс істейді,

207

Page 207: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

олардың кешкі екі-үш сағат баламен бірге болған уақыттары күнұзаққа балабақшада өткізген тәрбие-сабақпен теңесе ал-майды.Оның үстіне, жоғарыда айттық, әзірге біздің жас ата-аналарымыздың, оның ішінде әсіресе қала тұрғындарыныңөздері қазақ тілінің сөзді дұрыс айту нормаларын, ғылыми тіл-мен айтқанда, орфоэпиялық ережелерін жақсы білмейтіндік-терін ескеру қажет. Сол себептен ана тілімізді үйретуде алғашқыүлкен жүк балабақша тәрбиешілеріне түседі.

Бұл орайда балабақша тәрбиесіне ұсынылатын оқу-мето-дикалық құралдарда қазақ тілінің орфоэпиялық заңдылық-тарына арнайы назар аударылса, тіпті бүлдіршіндерге арнал-ған кейбір өлеңдердің дұрыс айтылу (оқылу) үлгісін қосакөрсетіп отырсақ, артық болмас еді. Мысалы, балабақшалардаоқуға арналған бір жинақта («Оқып, ойнап, ән шырқайық»,1983) берілген «Бұл қалай?» деген 8 жолдық өлеңнің мәтінімынау:

Аппақ гүлден Қызыл алма өседі.Қара бұлттан От шығады деседі. Аппақ гүлденАқ бұлт неге өнбейді? Бұлт ішінде От қалайша сөнбейді?

Жазуда осылай берілген бұл өлеңді тәрбиеші балаларға бы-лайша оқып беруі керек:

Әппақ гүлден Қызыл алма өсөді.Қара бұлттан От шығады деседі.Әппақ гүлдөнАқ бұлт неге өмбөйді? Бұлт ішінде От қалайша сөмбөйді?

Осылайша оқығанда ғана өлең құлаққа жағымды, тілге(айтуға) жеңіл болып шығады. Мұны бүлдіршіндер жаттапалғанда, жазылуынша емес, осылайша оқылуынша жаттауға тиіс.Бұл мәтінде еріндік дыбыстардың үндесуіне және б дыбы-

Page 208: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

208

Page 209: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

сынан бұрын тұрған н дыбысының м болып айтылатындығына(өсөді, өмбөйді, сөмбөйді) көңіл бөлінеді.

Тағы бір мысал. 5-6 жастағы балаларға арнап, ТұманбайМолдағалиевтың «Көл» деген шағын өлеңі ұсынылған, оныба-лалар былайша айтып жаттаса:

Жатыр әсем көл тұнұп, Көзүндей жас ботаның. Құшақтаймын толқұнын, Құуанышқа батамын. Жағадағы тал ғұрақ Өзүн содан көрөді.Қозұлардай жамырап, Құстар ұшұп келеді. Күлүмсүреп күн гүндүз, Көг аспанды шолады.Кешке ғарай көб жұлдұзКеудесіне қонады. Әлдилейді майда жел, Таң нұрланыб атады. Тербетіліп айна гөл Жерде аунап жатады.

Мұнда тұнып, көзіндей, тал құрақ, өзін, көреді,қозылардай, ұшып, күлімсіреп, күн күндіз, көк аспанды, кешкеқарай, көп жұлдыз, нұрланып атады, айна көл деп жазылғансөздердің өлең тексінде келгендегі дұрыс айтылуы (оқылуы)көрсетілді. Егер тәрбиеші өлеңнің осы көрсетілген тұстарынжазылған түрінде оқыса, ол сөз сазынан үлкен қате жібереді,өйткені мұнда еріндік дыбыстар үндестігін де, қатаңдыбыстардың ұяңдайтын сәттерін де ескеру қажет.

Балаларға жасы өсіңкіреген кезде (5-6 жастарында),әсіресе мектеп жасында Абайдың табиғат туралы немесе«Аттың сыны» сияқты өлеңдерінен үзінділер оқып, жаттатудыдағдыға айналдыру қажет, өйткені Абай өлеңдері әуенді(музыкалы) бо-лып келеді, ол әуенді бұзбас үшін, өлеңсөздерінің бір-біріне үндесетін сазын сақтап айту керек.Мысалы, «Жаз» деген өлеңінен мына бір үзіндіні былайшаоқыған дұрыс (бір деммен айтылатын сөздерді қосыпжібердік, ал жазуда бұлар түбірлері сақталып, бөлек-бөлекжазылады, мысалы, көшіп ауыл, ұшып тұрса т.т.):

209

Page 210: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Жаздыгүн шілде болғанда, Көгорай шалғын, бәйшешек Ұзарыбөсүп толғанда. Күркүрөб жатқан өзеңге Көшүбауыл коңғанда. Шұрқұраб жатқан жылқыныңШалғыннан жонұ қылтылдап.Атайғырлар, бійелер Бүйүрү шығып, ыңқылдап, Сұуда тұрұп, шыбындап, Құйрұғұмен шылпылдап. Арасында кұлұнтай Айнала шауұп бұлтұлдап. Жоғары төмөн үйрекқаз Ұшұптұрса сылпылдап.

Бұл үзікте еріндік үндесуімен келген сөздердің шоғырла-нып келуі өлеңнің бірыңғай дыбыс үнін сақтауды, сол арқылыбелгілі бір әуезбен айтылуын қажет етіп тұр. Бұл әуендісақтамасақ, өлеңнің музыкалық бояуы жоғалып, құлаққа түр-підей тиер еді. Міне, осы жайттарды мектепке дейінгі балатәр-биесімен айналысатындар ата-аналар мен балабақшатәрбие-шілерінен бастап, даярлық кластардың мұғалімдері,тіпті 1, 2-кластарда сабақ беретіндер, оларға арнап оқу-методика-лық құралдар ұсынатын авторлар жақсы біліп,ескеріп, көңіл аударулары өте-мөте қажет.

Мектепке дейінгі бала тәрбиесінің ана тілімізде жүргізілуіенді ғана қолға алына бастағандықтан, әлі көп нәрсе жоқ екендігімәлім. Бүлдіршіндерге қазақ тілінде оқитын өлеңдердің, ай-татын ертегілердің өте аз екендігі, кейбіреулері баланың жасына,танымына, психологиясына сай еместігі, дидактика-лықматериалдардың, методикалық құралдардың кемшіні –осылардың барлығы – сөз жоқ, баланы ана тілімізде тәрбиелеудесалқынын тигізетін жайттар. Дегенмен баланы қазақ тіліне ба-улуда бірнеше міндетті қатар атқаруға тура келеді. Солардың біріжәне бүгінгі күнде ақсап жатқан саласы – сөзді дұрыс айтуболса, ауызша сөйлеу барысында сөздерді дұрыс дыбыстауғаүйретуді бір сәт көңілден шығаруға болмайды.

Адамның тіл үйренудегі, ана тілін жақсы игерудегі келесібаспалдағы – мектеп.Мектептің алдыңғы сатыдан үлкен айыр-

210

Page 211: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

масы – мұнда тілді игеруде тек үлгі көрсетіп, ауызша түзетіпотырмайды, сонымен қатар тіл заңдарын оқытып үйретеді. Олзаңдардың ішінде, әрине, сөзді дұрыс айту қағидалары да бар.Үндестік заңдары деп аталатын құбылыстың мектепте төменгікластардан бастап оқылатыны мәлім. Бірақ тағы да, өкінішкеорай, ережені оқытып жаттатуымыз бар да оқушылардың сөйлеуүстінде оларды қалай сақтайтынын қадағалап отыру бар. Міне,осыған көңіл бөлушілік шамалы тәрізді. Қай пәннен болса да,оқушы тақырыптың мазмұнын толық, бұзбай айтып берсе, бағакөбінесе осы дәрежеге қарап қойылады, ал сол тақырыптыбаяндау барысында сөздерді қалай дыбыстап тұрғаны көбінесеескерілмейтіндігі байқалады. Оған он жыл-дық қазақ мектебін,төрт-бес жылдық институттар мен универ-ситеттердің қазақбөлімдерін бітірген диктор, комментатор, журналистердіңкөпшілігінің үндестік заңдарын сақтамай,бір қатар, бұл күнде, қол қойды, Жез қазған деп қа-қақалаптұратындары куә.

Қазақ мектептерінде әлі күнге дейін тіл мәдениеті де-генпроблемаға жеткілікті мән берілмей келеді. Қазақ тілін оқытубағдарламасында бір кездерде «Тіл мәдениеті» деген тақырыпенгізілгенмен, кейін ол алынып тасталыныпты, яғни бұғанарнайы сағат бөлінбей, оның міндеті «Тіл ұстарту» де-генбағдарламаға жүктелген сияқты. Бірақ оқулықтардағы «Тілұстарту» дегенге берілген материалдар бірер беттік қана екі-үштапсырмадан тұрады (мысалы, 8-класс оқулығын қараңыз),түсіндіру деген жоқ. Сонда оқушы тіл ұстартатын, яғни тілмәдениетіне баулитын бұл тапсырмаларды (онда да бұлармақсатқа сай келіп жатса) қалайша орындайды? «Тіл ұстарту»бөлігінің бағдарламада көрсетілген міндеті дұрыс-ақ:«Мектептегі қазақ тілінің жүйелі курсы негізінде жүргізілетін тілдамыту жұмыстарында оқушының сөздік қорын, сөз байлығынтолықтыру, ой өрісін кеңейту, дамыту және өз ойын анық, дұрысетіп ауызша, жазбаша жеткізе білу жолдарына баулу мақсатыкөзделеді» дегенді оқимыз. Бірақ әңгіме – осы мақсаттыңорындалу сапасында, амалдары мен әдістерінің әлсіздігінде, тілмәдениетіне баулудың нақты көрнекі, матери-алды негіздежүргізілмейтіндігінде және осы шараның тек тіл дамытуғаарналған сабақтарда ғана емес, 10-11 жылдық оқу

211

Page 212: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

процесінің бүкіл барысында, барлық пәндерді оқыту үстіндеүзбей қолданылмайтындығында.

«Сөз мәдениеті», «дұрыс сөйлеу мәдениеті», «сауатты жазудағдысы» дегендерді тек бөлінген сағаттың бойында ғанаүйреніп шығуға болмайды. Тіл мәдениетін, сөзді дұрыс қол-данып, дұрыс дыбыстап, дұрыс жазу дағдысын мектеп табал-дырығын аттаған күннен бастап, оны бітіргенге дейін (тіпті оданкейін де) үзбестен игертуді тек тіл мен әдебиет пәні мұғалімдеріғана емес, барлық пәннен сабақ берушілер сезініп, күшжұмсағанда ғана ана тіліміздің табиғи қасиетін, ғасырлар бойыжиналған мол қазынасын, бабалар қалдырған көркемдікқұдіретін сақтай аламыз. Әсіресе бүгінгі осал тұсымыз – сөйлеуүстінде сөздерді дұрыс айтпау, яғни орфоэпиялық нор-малардыбілмеу, оған мән бермеу сияқты кеселдерден арылуға ең алдыменмектеп күш салуы керек. Ол үшін сөзді сазына келтіріп айтабілуді мұғалімдердің өздері жақсы меңгерулері қажет болса,әзірге бұл саладан олардың қолдарында арнаулы құралдар дашамалы. Ұсынылып отырған құрал мұғалімдердің осықажеттігін өтейтін орфоэпиялық анықтағыш болмақ. Бұлережелер – тек қазақ тілі пәнін оқытатындар үшін ғана емес,барлық пәндердің мұғалімдері үшін де қолдан түсірмескүнделікті көмекші құралы болуы тиіс.

Адам орфоэпиялық нормаларды, олар жөніндегі ережелердінегізінен жаттау арқылы емес, құлақпен тыңдап, үйрену арқылыигереді. Бұл ретте күнде тыңдайтын радионың, теле-дидар үнініңжәне сахнадан естілер сөздер мен әндерд і ң орны айрықша.Бұлар сөйлеу барысында сөздерді дұрыс айтуға үйрететін нағызұстаздар болуға тиіс. Сахна қайраткерлері мен радио, теледидарқызметкерлеріне тілге келгенде қойылатын талап – айтылмақсөздің (бұл жердегі «сөз» деп отырғанымыз жеке сөздер емес,жалпы айтылмақ ой, хабар т.т.) анық және әсем болуы.Анықтықты актерлер, әншілер, дикторлар, негі-зінен, сөйлеутехникасын жетілдіру мен сөз логикасына көңіл қою амалдарыарқылы қамтамасыз етсе, әсемдік пен әсерлілік, негізінен, сөздідұрыс әрі көркемдеп айту арқылы жүзеге асы-рылады. Алқұлаққа естілер сөздің көркем айтылуы дегеніміз– оның үнді, әуезділігі (музыкалылығы). Үнділік сөйлеу үстінде

дыбыстардың бір-бірімен үндесіп, тілдің табиғи дыбыс

212

Page 213: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

заңдарына бағынып айтылуы арқылы пайда болады. Дыбыстарәуезін (гармониясын) сақтау – сахна сөзі мен радио, теледидарсөздеріне мамандық тұрғыдан қойылатын талаптардың бірі.

Тіл жайындағы әңгіме бүгінгідей арнайы көтерілмегенкүннің өзінде де қазақ сахна өнері мен радиосының өміргекелген алғашқы кезендерінде қазақ сөзі бұларда негізінендұрыс, көркем түрде айтылып келді. Қазақ сахнашеберлерінің алғашқы буындары өз мамандықтары бойыншабілім-ғылым-ның теориялық жағын оқып білмесе де, қазақтілінің ана сүтімен кірген нормаларын іштей түсініп, тілдіңтабиғи үйлесімін бұзбай айта білген, сөз арқылы жететінөнерді көрерменге (тыңдаушыға) жақсы ұсына білген. Алсоңғы кезеңдерде бұл орайда бірнеше объективті-субъективтісебеп-термен тыңдаушыларды да, педагог, режиссерлерді де,әсіресе тіл мәдениетін қадағалаушы ғалымдарды да алаңдатаржайттар пайда бола бастады. Олар:

1) драма актерлері мен опера және эстрада әншілерінің, сон-дай-ақ радио мен теледидар дикторларының, комментатор-ларының, жергілікті тілшілерінің, кинодубляж жасаушылардыңқазақ тіліндегі дауысты, дауыссыз дыбыстардың үндестікзаңдары – сингармонизм заңдылықтары деп аталатын табиғигармониясын (үйлесімін) сақтамай, бұзып айтулары;

2) сөйлеу үстінде болатын логикалық паузалар, яғни ой ек-піні түскен сөздерді сәл кідіріп, бөліп айтуды немесе сөздер-діңмағыналық топтарына қарай қажет жерінде оларды айрық-шабөліп я болмаса ұластыра қосып айту сәттерін біле бермеу;

3) «қос қанаттың сыңары» деп келген орыс тілінің әсерінебайланысты кейбір қазақ тілі дауыстыларын сәл өзгертіп(орыс тіліндегіше) айту фактісі;

4) әрбір сөйлемнің мағыналық интонациясын тап басаалмағандықтан, оның ішіндегі сөздерді дұрыс айта алмау-шылық;

5) қазақ сөздеріндегі жіңішке дауысты дыбыстарды кейбірәншілердің жуандатып (айтеуыр, саулем, саулем, саулемсың)немесе, керісінше, жуан сөздерді жіңішкертіп айтулары (мені сүйген бір әдәм бар) т.т.

Әрине, бұл көрсетілген кемшіліктер мен ағаттықтардың орын алу себептері – біреу емес, бірнешеу. Ең алдымен,

213

Page 214: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

жоғарыда айтылған проблема алдымыздан тағы шығады, яғникүні бүгінге дейін қазақша тіл мәдениетіне, орфоэпиялықнорма дегендерге, логикалық екпін, логикалық паузалардыдұрыс сақтай білуге отбасы мен балабақшадан бастап, тіптіинститут, университеттерге дейін жеткілікті мән берілмейкеле жатқандығының салдары сахна, радио, теледидарданайтыла-тын сөзге де кері әсерін тигізіп отыр.

Екіншіден, қазіргі барша шаруамыз жазу арқылы жүретінімәлім. Актерлар пьесадағы рөлдерін жазылған текст бойын-шаигеріп, жаттайды, әншілер де шырқайтын өлең текстерімен қағазарқылы танысады, дикторлар да жазылған тексті алда-рынақойып немесе көз алдында жылжып өтіп жатқан лен-тадан оқыпотырады, радио хабарлары да көбінесе жазылған дүние бойыншаайтылады (оқылады). Осыдан барып ауызша айтылған текстежазба дүниенің ізі сайрап тұрады. Бұдан кейбір адамдардыңорфоэпиялық ережелерді қаншама жақсы біліп тұрса да, оныңкөз жадында сөздердің жазылған түрі мықты сақталып, солқалпында айтуға бейімдеу болатыны байқалады. Оның үстінеәрбір айтушы (актер, әнші, диктор т.б.) аузынан шығатын сөзінтындаушыға неғұрлым анық, айқын, түсінікті етіп жеткізугетырысады. Мұндайда әдеттегі ауызша сөйлеуге тән интуитивтіавтоматизмге, яғни сөздің дыбысталуының дұрыс-бұрысынойламастан, сөйлеу дағдысы бойынша өзінен-өзі дұрыс шығуына(айтылуына) емес, керісінше, осылай айтсам, сөзім тыңдаушығаанығырақ, түсініктірек жетеді-ау деген ойға жол беріледі.Осыдан барып, әрбір сөзді жеке айт-қандағы қалпыншадыбыстап, колғойұлды, бірғатар, Алма-тығаласы, күңгүркүрөп, жаңбыр жауұп тұр деудің орнынақол қойылды, бірқатар, Алматы қаласы, күн күркіреп,жаңбыр жауып тұр деп жазылуынша айтатын, оқитындикторларды күн сайын тыңдаймыз.

Сахна қайраткерлерінің орфоэпиялық нормаларды сақтау-ында жүк олардың өздерімен қатар, актерлер дайындайтын оқуорындарының педагогтеріне, театрлардың режиссерлеріне,эстрада нөмірлерін даярлайтын көркемдік жетекшілерге ар-тылады. Драма театрларының режиссерлері тек спектакльқоюшылар ғана емес, сол пьесадағы сөздің, яғни ойдың, идеяныңтыңдаушыға дұрыс, айқын жетуін көздеуші де болула-

214

Page 215: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

ры тиіс, өйткені драма театрының негізгі мақсаты –спектакльдің ұсынбақ идеясын сөз арқылы да жеткізу.Сондықтан сах-на сөзінің анықтығы, құлаққа жағымды тиюі –актерлер мен режиссерлерге қойылатын басты талап, негізгішарт. Бұл та-лап, әрине, эстрада әншілеріне де кинодасөйлейтіндерге де қойылады. Өйткені ән тек мелодиясыныңәсемдігімен ғана емес, жүрекке жылы тиетін сөзімен деқымбат. Бұларға сол сөзді анық, бұзбай жеткізетін тамашадауысты әнші қосылса, ол ән, ол ария миллиондардыңжүрегіне жол табады. Мысалы, кезінде атақты әнші РозаБағланованы сүйсіне тыңдағандар тек сирек кездесетін әсемүніне ғана емес, қазақ өлеңінің әрбір сөзін анық етіп, дұрысдыбыстап айтқаны үшін де мейлінше тәнті болатын.

Бүгінгі қазақ сахна тілінің мәдениетін көтеруде, ең ал-дымен, сахна қайраткерлерін дайындайтын оқу орындары ментеатрларда жұмыс істейтін өнер иелерінің қазақ тілініңорфоэпиялық нормаларын жақсы игерулеріне күш салуміндетін арқалайды. Ол үшін актерлік, режиссерлік, әншілікмамандықтарына оқыту, үйрету процесінде қазақ әдебитілінің заңдылықтарын, әр алуан нормалық ережелерінарнайы пән ретінде де, факультатив курстар ретінде деоқытуды мықтап қолға алу қажет. Әрине, бұл үшін арнаулыоқу құралдары, методикалық нұсқаулар мен практикалықжаттығу жұмыстары ұсынылуға тиіс. Біздің бұл құралымызосындай қажеттіктердің бірін өтеуге арналады.

Сөйтіп, ауызша сөйлеудің өзі екі түрлі болады, бірі – күнделіктітұрмыста қолданылатын ауызекі сөйлесу тілі, екіншісі– топ алдында ауызша сөйлеу (орысша «публичная речь»).Жоғарыда көрсетілген салалардың барлығы үлкенді-кішілітоп алдындағы сөйлеуге жатады, яғни жиын-жиналыстарғақатысушылар да, мектеп кластары мен студенттер аудитори-ялары да, мың-мыңдаған радио тыңдаушылар мен теледидартамашалаушылар да, сахна өнерін қызықтаушы көрермендерде – барлығы да «шаршы топ» (публика). Топ алдына ауыз-шатүрде шығатын сөз қалай болса солай, бейберекет айтыласалмауы керек әрі құлаққа жағымды болуы шарт. Басқашаайтқанда, шаршы топқа ауызша ұсынылатын сөздің нәрі(мағынасы) мен сазы (жағымды, табиғи үні) болуға тиіс.

215

Page 216: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

СӨЗ САЗЫ, ЯҒНИ СӨЗДІ ДҰРЫС АЙТУ(ДЫБЫСТАУ) ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ

Сөз сазыдегеніміз – сөйлеу үстінде (актісінде) сөздердіңдұрыс айтылып, құлаққа жағымды естілуі. Ал сөздерді дұрысайту дегеніміз – тілдің табиғи дыбыс заңдылықтарын сақтауболып табылады.

Қазақ тілінің, өзге де ұлттық әдеби тілдер сияқты, ек-шеліп,қырланған, тұрақталған, жалпыға ортақ заңдылықтары, яғнинормалары бар. Ол заңдылықтардың бір бөлігі сөздерді дұрыстаңдап, орнымен жұмсауға қатысты болып келеді, онылексикалық нормалар деп. атаймыз, енді бір саласы сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөйлемдерді құрастыра білугеқатысты болып келеді, оны грамматикалық нормалар дейміз.Дұрыс жазу заңдылықтарын орфографиялық нормалар, ал дұрысайту (дыбыстау) заңдылықтарын орфоэпиялық нор-малар депатаймыз. Бұлар – ғылымдағы атаулар.

Соңғы орфоэпиялық нормалар деп отырғанымыз –жоғарыда айтылған «сөз сазы» деген ұғымға қатысты. Бұлнормалардың барлығының да тіл үшін бір-бірінен артық-кеміжоқ, маңызы бірдей. Сауатты, мәдениетті адам үшін дұрыссөйлеп, қатесіз жазу – қандай міндет болса, сөздерді дұрысайтуы (дыбыста-уы) – сондай шарт. Бұл нормаларды беріксақтап, іс жүзінде ұстана білу «тіл мәдениеті» деген үлкен бірәлеуметтік мәні бар құбылысқа, талапқа барып тіреледі.Осыдан барып «тіл мәдениеті» дегеннің ішінен «ауызшасөйлеу мәдениеті» деген саланы бөліп әңгіме етуге болады.

Алдымен, ауызша сөйлеу мәдениеті мен сөйлеу техни-касыдегендер – бір нәрсе емес екенін ескеру қажет. Сөйлеутехникасы сөйлеушінің, яғни актердің, диктордың, мінбеденсөйлейтін шешеннің, кафедрадан сөйлейтін мұғалімнің өздаусын меңгеруіне байланысты сөз болады. Адамның өз дау-сын меңгеруі оның тынысына, сөйлеу мүшелерінің қызметіне,интонацияға, сөйлеу шапшаңдығына (темпоритмге), паузаға,дикцияға байланысты болады. Біздің әңгімеміздің өзегі –сөйлеу техникасы емес, сөз сазы, яғни сөйлеу мәдениеті.

Сөйлеу мәдениеті дегеніміз – ауызша сөйлеудің жалпы тілмәдениетіне қойылатын талаптармен қатар, өзіне тән нор-

216

Page 217: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

маларды сақтауы болып табылады. Бұл нормаларға сөйлеуүстінде сөздерді дұрыс дыбыстау, сөздің сазын келтіріп айтутәртібі жатады.

Сөздің сазын келтіріп айту әсіресе шаршы топ алдынашыққандарға қойылады. Шаршы топ алдында сөйлеушілердіңөзі біркелкі болмайды. Жиналыстарда ойын ауызша білдіретін-дер мен жазып алып оқып беретіндер, спектакльдерде ойнайтынактерлар мен табан аузында репортаж жүргізетін журналистер,комментаторлар, дикторлар мен интервью берушілер – әрине,бірдей емес. Бірқатары – жазылғанды оқитындар болса, ендібірқатары – табан аузында ауызша сөйлейтіндер. Бірақ барлығыда – топ алдында шығатындар болғандықтан, олардың ауызшасөйлеу нормаларын, оның ішінде орфоэпиялық заңдылықтардысақтаулары қатаң талап етіледі.

Әдетте актер жазылған пьесаның сөздерін айтады, дикторжазылған материалды оқиды, лекторлар көбінесе жазылғантекске қарап сөйлейді. Демек, олар – әдеби тілде дайындалғансөзді ауызша айтып жеткізушілер ғана сияқты. Сыртқарағанда, бұларға тіл мәдениеті жөнінен көп салмақтүспейтін тәрізді болып көрінеді. Ал, шындығында, тілгеқатысты ең үлкен талаптың бірі осыларға қойылады. Өйткенісөйлеу мәдениетінің бір шарты – жазылған материалдынемесе айтылмақ ойды да-уыс ырғағын дұрыс келтіріп,табиғи түрде оқып немесе айтып беру, яғни сөз сазын келтіріпдыбыстау болса, бұлардан сол та-лап етіледі.

Сөздің жеке тұрғандағы дыбысталуы мен сөйлеу үстіндегіайтылуы әрдайым бірдей болып келмейді. Сол сияқтысөздердің жазылған түрі мен оның оқылуы да үнемі бірдейтүсе бермей-ді. Сөйлеу үстінде немесе жазылғанды оқып берупроцесінде сөздер бір-бірімен «тіл табысып», үндесіп,үйлесіп жатады. Сол үйлесімдік үшін сөздердің кейбіреулерібір-екі дыбысын «сындыруға», өзгертуге, кейде тіптіжоғалтуға дейін барады. Мұндай үйлесімдік – қазақ тілініңғасырлар бойы қалыптасқан табиғи заңдылықтары.

Әрбір тілдің өзіне ғана тән дыбысталу ерекшеліктері– сол тілді өзге туыс тілдерден бөлек дербес тіл етіп тұратынбелгілердің бірі. Ол ерекшеліктер сақталмаса, сол тілдің

217

Page 218: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

табиғатына нұқсан келді деген сөз. Мысалы, алдыңғы сөз а, е, ы,і сияқты дауысты дыбыстарға аяқталып тұрса немесе р, л, з, й,үнді у (тау, бау деген сөздердегі) дыбыстарына аяқталған болса,дауыс ырғағы жағынан сол сөзбен тұтасып айтылатын келесісөздің басқы қ, к дыбыстары ұяңдап, ғ, г дыбыстарынаалмасады. Мысалы, бала кезде, келе қалды, күні кеше, кез кел-ген, бұл күндері, қол қойды, қаз-қатар, ай қабақ деп жазылғансөздер балагезде, келеғалды, күнүгеше, кезгелген, бұлгүндөрі,қолғойдұ, қазғатар, айғабақ болып айтылуға тиіс.

Біріккен сөздердің ішінде де аралық дыбыстары жоғары-дағы көрсетілген түрде келгендері осылайша «сындырылып»,яғни қ, к дыбыстары ұяңдап айтылады. Сондықтан Меңді-қыз, Талдықорған, Жезқазған, Жаңақорған, өнеркәсіп, бірқа-тар, қылқалам түрінде жазылатын біріккен сөздер Меңді-ғыз, Талдығорған, Жезғазған, Жаңағорған, өнөркәсіп, бірға-тар,қылғалам болып айтылуы керек.

Сөздер аралығындағы бұл дыбыстар керісінше орналасқанжағдайда да, яғни алғашқы сөз қ, к, п дыбыстарына аяқталып,бір ырғақпен айтылатын келесі сөз дауысты дыбыстардан бас-талса, бұл дауыстылар алдыңғы қатаң дыбыстарды «сынды-рып», жұмсартады, яғни ұяндатып жібереді. Мысалы, шекара,көк ала, көкөніс, қарап отыр, сатып алдым сияқты сөздер ше-гара, көгала, көгөнүс, қаработұр, сатыбалдым болып айты-луы – заңдылық.

Мектепте қазақ тілі бағдарламасының фонетика, грамматикасалаларынан «Қазақ тілінің үндестік заңдары» деген тақырыпөтіледі. Тіл білімінде «үндестік заңы» дегеннің баламасы ретін-де «сингармонизм» деген термин қолданылады. Әдетте дауыс-тыдыбыстың жуан-жіңішкелігі жағынан қосымшаларды өзінеүйлестіруін «сингармонизм» деп атап келдік. Ал, шындығында,сингармонизм – тек дауыстылардың үндесуі емес, сөзді құраптұрған барлық дыбыстардың біркелкі не жуан, не жіңішке бо-

лып үндесуі екенін соңғы кездердегі зерттеулер баса айтады11.Оның үстіне бұл үндестік қазақтың төл сөздеріне және ерте-ректе енген кірме сөздерге, олардың бір буынды түрлеріне де,

1 Строй казахского языка. Фонетика. - Алматы: Наука, 1991. - С. 70.

218

Page 219: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

көп буындыларына да тән екендігі көрсетіледі22, яғни сөздіңқалай таңбаланғанына қарамастан, ішінде жуан-жіңішке да-уысты дыбыс әріптері жазылғанмен, тұтасымен не жуан, нежіңішке дыбысталуы тиіс деп танылуы қажет. Мысалы,кітап, күмән, кінә деп жазылған сөздердегі дыбыстар кітәп,күмән, кінә түрінде үндессе, біраз, бірақ, қауіп, қазір сияқтысөздер тұтасымен жуан айтылып, олардағы дыбыстар быраз,бырақ, қауып, қазыр (немесе кәзір) болып үндеседі.

Міне, осы сияқты сингармонизм заңы жазудың ыңғайымен,яғни бір сөз ішінде жуан да, жіңішке де дауыстылардыңжазылғанына қарай, өзінің табиғи түрде айтылуын бұзып жі-беретін фактісі байқалады. Мұндайда дыбыстау автоматизмі-ненгөрі, сөзді «ойланып» айту жүзеге асады: қа+зір, бір+аз,бі+рақ.

Қазақ тіліндегі сөздер сингармониялық тембріне қарай жал-пы төрт түрде үндеседі: олар жуан, жіңішке, еріндік, езулік.Жоғарыда көрсеткеніміз – жуан-жіңішкелікке қарай үндесу, алеріндік-езулік дыбыстардың бір-біріне ықпалына қарай бола-тынгармония «ерін үндестігі» деп аталады. Сөз басында не-месесөздің бірінші буынында келген о, о, ұ, ү еріндік дауыс-тыларысол сөздің ішіндегі өзінен кейінгі буындарда жазылған ы, і, едауыстыларын өздеріне үндес етіп айтқызады. Мыса-лы: күмүс (жазылуы: күміс), кұлұн (жазылуы: құлын), үйрөнүу(жазылуы: үйрену).Үндесудің бұл түрі де жазудың әсеріменбұзылып, еріндік, езулік дауысты дыбыстар аралас айтылатынфактілері бар. Айталық, құрұқ, күлүмгөз, өлөң, өнөр, өсүм депдыбысталуға тиісті сөздерді құрық, күлімкөз, өлэң немесеөлең, өнэр, өнер, өсім деп айту жиі кездеседі.

Тек үндестік заңдары бойынша емес, қазақ тілінің орфоэ-пиялық заңдылықтары өзге сәттерде де орын алады. Мыса-лы,бір әуенмен (ырғақпен) айтылатын екі сөздің арасындағы(алдыңғы сөздің соңғы дыбысы мен келесі сөздің басқа ды-бысы) дауыстылардың бірі «жұтылып» кетеді, дәлірек айтсақ,соңғысы алдыңғысын «жұтып» қояды. Мысалы, Сары арқа де-ген екі сөз бір әуенмен, яғни қосылып айтылуға тиіс, сондықтаноның дұрыс дыбысталуы – Сарарқа. Сол сияқты келе алма-

2 Сонда, 73-б.

219

Page 220: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

ды деген күрделі етістік те бір әуенмен айтылатын сөздердентұрады, оның да орфоэпиялық суреті – келалмады болу керек.Бұлардың екеуінде де алдыңғы сөздің соңғы дауыстысы«түсіп қалып», аралық тұста соңғы сөздің алғашқыдауыстысымен екі сөз қосылып айтылады.

Сөздердің жазылған түрі мен (графемамен) дыбысталу (ай-тылу) сазы бірдей бола бермейтіндігі и әрпімен келген сөздердеде көзге түседі. Анығында, бұл бір таңбамен ый, ій деген ды-быстар қосындысы (тіркесі) таңбаланады: сипат – айтылуда:сыйпат, сиыр – айтылуда: сыйыр, шикі – айтылуда: шіикі, ақтиін – айтылуда: ақ тійін. Жеке айтқанда и таңбасын жіңішкедыбыстаймыз. Екі-үш (көп) буынды сөздерде келген (жазылған)и әрпін жуан не жіңішке дыбыстау оңай, ол сол сөздегі өзгедауыстылардың ыңғайымен айтылады. Мысалы, бір тиын (ақша)дегенде, и-ді сөз ішіндегі ы-ға қарай жуан айтамыз: тыйын, ақтиін дегенде келесі буындағы і жіңішке дауыстыға қарай ій етіпайтамыз: тійін. Ал бір буынды сөздерде жазылғани әрпін айтуда қиындық тууы мүмкін. Мысалы, ми деп жазылғансөз мый ма әлде мій ме? Мұндайда осы сөзге іштей қосымшажалғап көріп, егер ол жуан жалғанса («мыйы+ма қонбайды»,«мый+ы жоқ» дегендер сияқты) мый деп айту керек болады.Сондықтан жазылуына қарап, и дыбысының жіңішкелігін ескеалып, мій деп айтуға болмайды. Сол сияқты бидай депжазылған сөздің алғашқы буынын жіңішке (бій), соңғысын жуан(дай) дыбыстау қазақ тілінің дыбыс әуеніне қайшы ке-леді, бұлсөздегі би буыны – таза бый да емес, сондықтан бо-лар,айтылуда бұл сөз көбінесе бұйдай түрінде келеді. Әрине, қазіргіжазуымызда бір әріппен әрі жуан, әрі жіңішке дыбыстарқосындысын таңбалау ұтымды болмай шықты. Әсіресе сөздібуындауда, соған қарай дұрыс тасымалдауда қиындық пайдаболып отыр. Қазақ тілінің буындау тәртібі (заңы) бойыншаекінші, үшінші буындар еш уақыт дауысты дыбыстан бастал-мауы керек, тек дауыссыздан немесе үнді (сонор) у, й дыбыс-тарынан басталуы тиіс: қа-ла-лық (қал-ал-ық емес), та-уық(тау-ық емес), қа-йық (қай-ық емес). Мұны бұдан 80-90 жыл

бұрын Ахмет Байтұрсынов жақсы көрсетіп, айтып берген-ді31.3 А. Байтұрсынов Тіл тағлымы. - Алматы: Ана тілі, 1992.

220

Page 221: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Ал қазіргі емлеміз бойынша, сиыр, қиыр, тиын, тиін, тиіс де-ген сөздерді қалай буындаймыз? Дұрыс буындалуы: сы-йыр,қы-йыр, ты-йын, ті-йін болуы керек. Ол үшін сыйыр, қыйыр,тыйын, тійін деп жазылуы керек еді. и дыбысының бір буын-дысөздерде жуан не жіңішке айтылуының (яғни бұл әріптің ыйнемесе ій деген дыбыстар қосындысын таңбалауының) сөзмағынасын айыруда үлкен мәні бар. Сол себептен қазіргі емлеережелерімізде ескерту (ауытқу) ретінде тый/ти, сый/си де-генсөздерді осы көрсетілген түрінде жазылады деп көрсетіп келеміз.Қалған тұлғалардың бәрінде и әрпі жуан дыбыстың да, жіңішкедыбыстың да таңбасы болып жазылатындықтан, бұл әріппенкелген сөздерді дұрыс айтуда ұқыптылық қажет.

Сөз сазына келгенде, мәселе тек үндестік заңдарымен не-месе дыбыстар кірігуі (жұтылуы) сияқты құбылыстарменшектелмейді. Ғылыми тұрғыдан келгенде, шешіліп (зерт-теліп) жатқан, әлі де қарастырыла түсуге тиісті мәселелер аземес. Әсіресе тіл-тілдің дыбыстар жүйесін мәшинеге салып,бақылау барысында оны құлақпен есітіп қана талдау әдісі то-лымсыз екендігі айқындалып отыр. Мамандардың айтуынақарағанда, эксперименттік-фонетикалық әдіс дыбыстаудыңқұлаққа естілмейтін нәзік сәттерін тануға мүмкіндік береді,осының нәтижесінде құлақпен тыңдағанда тұтас дүние болыпестілетін кейбір дыбыстар артикуляция (айтылуы) жағынанбір-неше элементтен тұратындығы байқалады екен41. Сөздіңжеке тұрғандағы дыбыстық құрылымы мен фразадағықұрылымында айтарлықтай өзгешелік бар екендігі тек қазақтілі бойынша емес, өзге тілдердің материалдары бойынша дадәлелденуде. Зерттеуші Мұхаметжан Исаев қазақ тіліндесөздердің сөйлем ішінде орналасуы (айналасы) олардағыдауыстылардың айты-луына әсер етеді дейді52.

Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін зерттеуде дифтонгоидтықдеп аталатын құбылысқа ерекше назар аударылады. Бұл – е, о,ө сияқты дауыстылардың алдында й, у деген қосамжардыбыстардың айтылуы (естілуі). Әдетте мектеп оқулықтарымен орфоэпиялық ережелерімізде е, о, ө дауыстыларының

4 Зиндер Р.Л.Общая фонетика. - Л., 1961. - С. 70.5 Исаев М.К. Фразовые модификации гласных в структуре казахского слова //

Вопросы казахской фонетики и фонологии. - Алма-Ата, 1979. - С. 92-97.

221

Page 222: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

қосарланып дыбысталуы, яғни олардың алдында й, у қосамжарэлементтерінің айқын байқалатын жері сөздің басында ке-луі депайтылып жүр. Ал қазақ фонетикасын эксперименттік әдіспензерттеуші маман – Ә.Жүнісбековтың көрсетуі бойын-ша едыбысынын дифтонгоидтық сипаты дауыссыздан кейін тұрғандаедәуір әлсірейтіндігімен, мүлде жойылып кетпейді екен63 , яғнибес, бет, бер сияқты сөздердің айтылуында да е дыбысы э-гежуықтап емес, алдынан сәл й қосамжар элемен-тіқатысатындығы мәшиненің (эксперименттің) көрсетуінен ғанабайқалмайды, тіпті ауызша айту мен құлақпен естуде дебайқалады. Мысалы, орыс тіліндегі бес (жын, сиқыршы) сөзі менқазақ тіліндегі бес (сан) сөзін әр тілдің өз орфоэпиялық заңымендұрыс айтып көріңіз. Зерттеушілер аталған дыбыстыңдифтонгоидтық сипаты орыс тіліне қарағанда, әлдеқайда күштіболғандықтан, қазақ тіліндегі е дыбысымен келген кейбір есім-дерді орысша таңбалауда оның естілуіндегі дифтонгоидтық сазы(йе болып айтылуы) әсер етіп, е-мен жазылуға тиісті тұстарындаи әрпі жазылып кеткенін көрсетеді. Мысалы, Ал-матымаңындағы үстіне тау құлап, жоғалып кеткен Есік көлін Иссыкдеп, Шелек деген жер атауын Чилик деп жазылып жүргенінбілеміз71.

Қосамжар дыбыстар көрінісі, яғни протеза құбылысы ы, іқысаң дауыстыларының жазылу-жазылмау, соған орай айтылу-айтылмау мәселесін де қамтиды. Бұл мәселеге арнайы назараударған зерттеушілер (Ш.Сарыбаев, Б.Қалиев, І.Кеңесбаев,И.Ұйықбаев т.б.) қолданылып жүрген емле ережелерімізде сөзішінде және сөз басында ы, і әріптерінің жазылу-жазылма-уындақайшылықтар бар екенін айтады. Шынында да, солай. Әрине,сөздің жазылуы, яғни орфография ережелері – өз ал-дына бөлекдүние, бірақ біз әңгіме өзегі етіп отырған сөз сазы-на, яғниорфоэпияға қатысы зор, әсері бар мәселе. Сондықтан емлезаңдылықтарының бірізді болып келуі сөздерді дұрысдыбыстауға жәрдемін тигізеді. Дегенмен сөз сазының, яғниграфема мен фонеманың әрдайым үйлес келе бермейтіндігі бел-гілі, сондықтан қалай жазылса, солай оқу мүмкін емес болады.

6Джунисбеков А. Заметки о фонеме (е) в казахском языке //Вопросы казахскойфонетики и фонологии. - Алма-Ата, 1979, с. 90.

7Сонда, 90-бет.

222

Page 223: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Қазіргі емле ережесі бойынша сахна, рахмет, ресми сияқты бес-он сөздің екі буынының ортасына ы, і әріптерін кірістірмейжазып жүрміз. Сондай-ақ ерін, орын, халық, ауыл, әріп, көрік,құлық сияқты сөздерге -ым, -ың, -ы (-ім, -ің, -і) деген тәуелдікжалғаулары жалғанғанда, екінші буындағы ы, і дыбыстары«сусып түсіп қалады» деп, олардың таңбаларын жазбаймыз:орным, орның, орны, халқы, халқымыз, аулым, аулың, әрпі,көркі, құлқы (мінез-құлқы) т.т. Ал осыған ұқсас екінші буыны ы,і дыбыстарымен келетін сөздердің енді бір тобында тәуелдікжалғаулары жалғанғанда, ы, і әріптерін түсірмей жазып жүрміз:дауыл – дауылы, қайыс – қайысы, бауыр – бауыры, ойын – ойы-ны, құйын – құйыны. Екінші буыны ы, і дыбыстарымен келетінсөздер қ, к сияқты қатаң дыбыстарға аяқталған болса жәнетәуелдік жалғаулары жалғанғанда, бұл қатаң дыбыстар ұяндапкететін болса, ол күнде ы, і дыбыстары түсірілмейтіндігі тіптідаусыз: қайық – қайығы, түлік – түлігі, қорық – қорығы, көрік– ұстаның көрігі, қалып (форма) – қалыбы. Мұндай сөздергетәуелдік жалғаулары жалғанғанда, олардың соңғы қатаңдыбы-сы ұяңдамаса, ы, і әріптерін түсіріп жазамыз: «әдеміжүз, шы-рай» мағынасындағы көрік сөзі тәуелденгенде,көркім, көркің, көркі болады, «мінез-құлық» дегендегі құлықсөзі кұлқы болып тәуелденеді де құлақтың құлығы дегендегіқұлық сөзі құлығы болып өзгереді.

Дауысты дыбыстарға аяқталатын сөздерге дауыстыдантұратын немесе дауыстыдан басталатын қосымшалар жалған-ғанда я болмаса дауыстыдан басталатын сөз тіркес құрайұласа айтылғанда, қысаң ұ, і дыбыстары айтуда да, кейдежазуда да түсіп қалады: жеті+еу – жетеу, қара+ағаш –қарағаш, сары+алтын – саралтын (айтылуы).

Осы реггегі қысаң ы, і дыбыстары түсіріліп не сақталыпжазылатын сөздердің қай-қайсысын айтуда да біздің «сусыптүсіп қалады» деп жүрген құбылысымыз – абсолюттік емес,яғни сөздің айтылуында ы, і дыбыстары мүлде «ғайып» бол-майды, олардың сарқыншағы сақталады. Атап айтсақ, ерні,халқы, ауру, уақтылы, қаупі, ойна деп жазылған сөздер (ай-тылар-айтылмас, естілер-естілмес ілеспе-протезалық ы, і ды-быстарын жақша ішіне алып таңбаласақ) ер[і]ні, хал[ы]қы,

223

Page 224: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

ау[ы]ру, уақ[ы]тылы, қау[ы]пы, ой[ы]на болып айтылады.Тіпті Сарағаш, Сарөзек, саралтын сияқты ы дыбысы мүлде«жұтылып» кететін сөздердің өзін дыбыстауда да оның«ілеспе» түрі (орысша: призвук) сақталады: Сар[ы]өзек,Сар[ы]ағаш, сар[ы]алтын. Егер (бұл сөздерде ы, і қысаңдыбыстары мүлде «жұтылып» (сусып, жоғалып) кеткен болса,ер//ні (осылайша екі бөліп айтып көріңіз), хал/ /қы, Сар//ағаш,сар//алтын деп айтылуға тиіс болар еді.

л, р әріптерінен басталып жазылып жүрген сөздердегі сөзбасындағы ілеспе (немесе қосамжар) ы, і дыбыстары да на-зар аударады. Бұл күнде лақ, рет, рас, ру, лас, лек деп жазыпжүрген сөздеріміз бір кездерде ылақ, ірет, ырыс, ұру, ылас,ілек түрінде жазылып жүрді. Бұлайша жазудың, шынында да,қисыны бар еді, өйткені осы сөздердің алдында айтылуда ілес-пе ы, і дыбыстарының бары – даусыз.

Мамандардың зерттеулеріне қарағанда, р дыбысы түркісөздерінің басында келмейді. Көне түркі ескерткіштері тіліндекездесетін р-дан басталатын 50 шақты сөздің бәрі араб, пар-сы,санскрит тілдерінен енген кірме сөздер екендігі көрінеді81. Қазақтілінің орфографиялық сөздігінде (3-басылым, 1988) және«Анықтағышта» ұсынылған орфографиялық сөздікте р әрпіненбасталып жазылып берілген сөздердің барлығы дерлік– кірме тұлғалар, басым көпшілігі – радар, радио, ракета, ре-визор, рельс сияқты орыс тілі арқылы енген сөздер, қалғандары– разы, рақым, рақат, рәсуа, рия сияқты араб, парсы сөздері,тек ру, рет, рас, рай тәрізді 5-6 тұлға ғана – ұру, ірет, ырас,ырай деген төл сөздердің жоғарғы топқа қолдан жетелеп әкепқосылғандары.

Бұлардың барлығында, тіпті орыс тілі арқылы енген радио,рельс, роман сияқты сөздердің өзін қазақша сөйлеу актісіндеайтуда сөз басындағы р дыбысының алдында ілеспе ы, і ды-быстары орын алады. л -дан бастап жазып жүрген сөздерімізде – осы сияқты: көбі – кірме сөздер (лаборант, лазер, лек-сика), ал араб, парсы тілдерінен еніп, «қазақыланып кеткен»немесе қазақтың төл сөзі деп табылатын тұлғалардың да жа-

8 Талипов Т. Т. К истории употребления фонемы (р) в тюрских языках // Вопросыказахской фонетики и фонологии. - Алма-Ата, 1979. - С. 158.

224

Page 225: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

зылуы қолдан жасалынды, сондықтан айтылуда ылай, ылақ,ылау болып айтылады. Бұл топтағы лүп, лүпіл, лық (толы),лып-лып сияқты ү, ы, і дыбыстарымен буын құрайтынсөздердің басындағы ілеспе дауыстылардың айтылу (естілу)сапасы (күші) алдыңғы топтан төмендеу екенін жай құлақпенде байқаймыз.

Сөздің жазылуы мен айтылуына келгенде, қайшылығыкөрініп, біраз пікір таласын туғызып келе жатқан тұстың бірі– ж, ш дыбыстарынан кейінгі а, ә дыбыстарының орфограм-масы мен орфоэпиясы. Тек қазақ тілі емес, жалпы түркі тіл-дерінзерттеген мамандар сөз басындағы ш, ж (дж) мен йдыбыстарының ортасында келген а дыбысы жіңішке айты-латындығын көрсетеді91. Қазақ тілінде де солай: шай, жай жәнежай буынынан басталатын көп буынды жайғасу, жайдақ,жайдарлы, жайнақы, жайнаң т.б. сияқты сөздер шәй, жәй,жәйдақ, жәйдарлы...болып айтылады, ал шай, жай деген бірбуынды сөздерге қосымша жуан жалғанады: шәй+ға кел(шәй+ге кел емес), жәй+ы+ң+а қара (жәйіңе қара емес). Жайдегеннен басталатын көп буынды сөздердің барлығы да –жуан сөздер, яғни екінші, үшінші... буындары а, ы жуандауыстыла-рымен келеді. Осы зандылықты ескеріп, емлесөздігінде шай, жай деген бір буынды сөздерді жуан а дыбысәрпімен жазу ұсынылған. Соған қарамастан, айтылу (естілу)заңдылығына қарай осы сөздер жеке бір буынды болыптұрғанда, кейде тіпті оларға жуан қосымшалар жалғаныптұрған күннің өзінде шәй, жәй, жәйдан-жәй, жәйғасу депжазу жиі кездеседі. Сингар-монизм заңы бойынша, сөз тұтасне жуан, не жіңішке айтылуға тиіс болса, қазақ тіліндемұндай үндестік қатардың көрнекті түрде бұзылатын тұсы –осы жерде тәрізді. Мысалы, жайдақ шам деп жазылғандыжәйдақ шам деп айтамыз, ал үндестік заңы бойынша, бұл сөзне жайдақ, не жәйдек болып дыбыста-луы қажет қой.

Қазақ сөздерінде сөз басында немесе ішінде келген ждыбысының айтылуында да ескеретін жайт бар. Эксперимент-тікбайқау қазақ әдеби тіл нормасында ж дыбысының таза аффрикатдж түрінде айтылмағанымен, ж-ның алдында өте

9 Щербак А.М.Сравнительная грамматика тюрских языков. - Л., 1970.

225

Page 226: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

әлсіз ілеспе д жаңғырығының барын айтады. Таза аффрикатдж қазақ тілінде диалектілік ерекшелік ретінде көрсетіледі.Бұл жөнінде кеңінен талданған еңбектер бар102. Мысалы,қарақалпақтар арасында тұратын қазақтар сөз басында келгенж дыбысын дж деп айтатындығын (джоқ, джігіт, джантақ)көрсетеді. Бұл ерекшелік Қазақстанның оңтүстігіндегі кейбіраудандардағы қазақтар тілінде де ұшырайтындығы тіркелген.Мысалы, зерттеуші О.Нақысбеков Шу ауданындағы қазақтартілінде дж аффрикат джайлау, джауын, джүлде сияқтысөздердің басында айтылса, олжа, болджау сияқты сөздердіңортасында қолданылатынын көрсетеді. Бұл құбылыс Сары-суауданы тұрғындарында (С.Омарбеков), Жамбыл, ШығысҚазақстан облыстары мен Шымкент, Семей облыстарыныңкейбір аудандарындағы, Монғолиядағы қазақтар тілінде дебайқалады (Ж.Досқараев). Ал әдеби тіліміздің орфоэпиялықнормасы бойынша, сөздің басындағы да, ортасындағы да жды-бысы таза, айқын дыбысталатын дж аффрикаты болыпемес, жалаң ж (тіпті алдында өте әлсіз д жаңғырығы болғанкүннің өзінде де) дыбысы болып айтылуға тиіс, яғни ж-ныңалдынан жоғарыда көрсетілген жергілікті жердегідей дқосалқы дыбы-сы айқын айтылмайды.

Қазақ тіліндегі ш дыбысынан басталатын сөздердің ч-менайтылуы (чал, чатақ, чырақ) да – осы іспеттес: ол да – диалек-тілік ерекшелік. Сөз басында ч дыбысын айту Қазақстанныңшығыс, оңтүстік-шығыс өңірі мен Монғолия, Шыңжанөлкелеріндегі қазақтардың сөйлеу тілінде орын алады. Ал әдебитіл нормасы бойынша, қазақ сөздері тек ш дыбысыменайтылады: шал, шатақ, шырақ. Сөз ортасында және соңындакелген ш дыбысының осы түрінде айтылуында тіпті дау жоқ:ақша (ақча емес), қанша (қанча емес), қалаш (қалач емес), күш(күч емес). Бұл заңдылық тіпті жергілікті жерлерде сөз басын-да ч-мен сөйлейтіндердің тіліне де тән.

Сөз сазын, орфоэпиялық норманы әңгіме еткенде, қазақтың өзтілінің дыбыстық жүйесіне тән емес, тек кірме сөздерде жа-зылатын в, ф, х, һ, ц таңбаларын дыбыстау жайына тоқтауға

10 Жүнісбеков Ә., Нұрмағамбетов Ә. Қазақ сөйленістеріндегі «дж»аффрикатының қолданылуы //Вопросы казахской фонетики и фонологии. - Алма-Ата,1979. - С. 232-237.

226

Page 227: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

тура келеді. Бұлардың ішінде һ таңбасы тек араб, парсы тіл-дерінен енген сөздерде ғана, ал х, ф әріптері араб, парсы тіл-дерімен орыс тілі арқылы енген сөздерде жазылып жүрсе, в, ч, ц, щ-мен тек орыс тілі арқылы енген халықаралық сөздер менорыстың өз сөздерінде жазылады. Бұл сөздерді, әсіресе орыс тіліарқылы енгендерді қазақ тілінде негізінен сол әріптер бел-гілептұрған дыбыстарды өзгертпей айтқан жөн: вагон (бәгөнемес), факультет (пәкүлтет емес), химия (қимия емес), гауһар(гауқар немесе гаухар емес), цирк (сирк емес): щ әрпімен келгенсөз қай тілдің сөзі болса да ш дыбысымен айтылады: училиш-ше (училище), ашшы (ащы), тұшшы (тұщы).Сөйлеу үстіндеһ, х дыбыстарымен келген араб, парсы сөздері қазақша қ ды-бысына жуық айтылу фактісі жиірек кездеседі, бұл да – қатеемес, біріншіден, оның себебі бұл дауыссыздардың қазақ тілінетән емес екендігінде болса, екіншіден, һ, х дыбысты көптегенараб, парсы сөздерінің ертеректе енген не қ-мен айтылып кет-кендігіне немесе олардың түсіп қалу дәстүріне байланысты.Мысалы, хаким сөзі әкім болып, һәр сөзі әр, һәм шылауы әм,рахим сөзі рақым, Зухра жалқы есім Зура (Зәуре), Зере түріндеқалыптасқаны бұл күнде тарихи дәстүрмен Ахмет, Мұхит,сахна деп жазып жүрген сөздерді Ақымет, Мұқыйт, сақынадеп айтуға ерік береді.

Демек, сөздің жазылуы мен айтылуы үнемі бірдей түсе бер-мейді екен, яғни сөз қалай таңбаланса, сол таңбаларды ғанасақтап айту – әрдайым шарт та емес, мүмкін де емес. Әрине,қазақ тілінде жазылуы бойынша айтылатын сөздер де аз емес.Мысалы, ара, ала, алау, аламан, алмақ, алғы, алғашқыдеген сияқты сөздердің жеке тұрғандағы айтылуы олардыңтаңбалауымен бірдей.

Міне, қазақ тіліндегі сөз сазының басты-басты құбылыс-тарыжайында жалпы таныстыруды осымен аяқтауға бола-ды. Әрине,бұл жерде біз қазақ орфоэпиялық заңдылықтарын бастан-аяқтүгел баяндап отырған жоқпыз, өйткені бұл заңдылықтардыңнорма ретіндегі көрінісі осы кітапта ереже-лер түрінде түгелгежуық ұсынылады. Мұнда көзделген мақсат– тілдің сөздік қазынасы (лексикасы), грамматикасы, дыбыстық

жүйесі (фонетикасы), жазу жүйесі (орфографиясы) салала-

227

Page 228: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

рында өздеріне тән заңдылықтары болатыны сияқты, сөздердідұрыс айтудың да, дұрыс дыбыстаудың да (орфоэпияның да)табиғи тәртібі, нормалары болатындығына назар аударту.

Өзге салаларға қарағанда, орфоэпия мәселелері назарғакешеңдеп ілініп отыр. Оның да себептері бар. Тіл-тілдің қай-қайсысында да орфоэпиялық нормаларды арнайы сөз ету, яғниоларды көрсету, зерттеу, реттеу кешеңдеп қолға алы-нады,өйткені ұлттық әдеби тіл әбден қалыптасып, барлық адамдарға,тіл қолданысының барлық саласында, сол ұлт ме-кендегенбарлық өлкеге ортақ, бірдей болған күнде ғана сол тілде ауызшадұрыс сөйлеудің нормасы, оның ішінде орфо-эпия тәртіптерібаршаға түгел міндетті сипат алады. Қазақ тілінің сөз сазыныңорфоэпиялық жүйесін арнайы сөз ету кейін, үстіміздегі ғасырдың60-70-жылдарынан бастап қолға алынды. А.Байтұрсынұлыатындағы Тіл білімі институты 60-жылдардың соңғы кезінде«Тіл мәдениеті» деген бөлім ашып, белгілі ғалым М.Балақаевқазақ тілінің сөз мәдениетін, ор-фографиясы мен орфоэпиясынзерттеуге басшылық етті, өзі де «Қазақ тілінің мәдениеті» (1971),«Қазақ әдеби тілі және оның нормалары» (1984) атты еңбектердіжарыққа шығарды, бөлім қызметкері Қ.Неталиева «Қазақ тілініңорфоэпиялық сөздігін» құрастырып, ол 1977 жылы жұртшылыққолына тиді. М.Дүйсебаева «Қазақ әдеби тілі орфоэпиясыныңкей-бір мәселелері» атты еңбегін 1973 жылы ұсынды, мектепкеарналған «Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігі» (1981)шықты. 1983 жылы және 1995 жылы біз «Сөз сазы» (сөзді дұрысайту нормалары) атты арнайы кітапша шығарып, оны мектепмұғалімдері мен жоғары оқу орындарының студенттері-не, сахнақайраткерлері мен радио, теледидар дикторларына, комментатормен журналистерге нақты құрал ретінде ұсындық. Онда тұңғышрет қазақ тілінің орфоэпиялық ережелері берілді. Бұл ережелерқолданбалылық (практикалық) мақсатта түзілді, сондықтанкөрсетілген қағидаларды жаттықтыратын мысалдар ментапсырмалар беріліп отырды.

228

Page 229: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

СӨЗ САЗЫНЬІҢ КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ ПЕНӨНЕРДЕГІ МАҢЫЗЫ

Сөз сазы дегеніміз – сөйлеу актісінде сөз ішіндегі немесе сөзаралығындағы дыбыстардың бір-біріне әсер етіп, бірін-бірі өзыңғайына иіп айтылуы болса, ол, бір жағынан, сөйлеумүшелерінің жұмысын жеңілдетуге, әр алуан кедергіні кемітугеұмтылуын көздейді, екінші жағынан, сөз сазы айтылған сөздіңтыңдаушы құлағына жұмсақ тиіп, сөзге әуенді үн береді.

Тілдің мұндай үйлесімді үндестігін және құлаққа жағымдыәуенділігін өлең тілі шебер пайдаланады. Мысалы, өлеңжолдарындағы сөздердің буындарын жеке-жеке санағанда, солөлеңге тиісті өлшемнен артық шығуы мүмкін, бірақ айтылудадыбыстар үндестігіне сай, өлеңнің әр жолының (тармағының)дәл 7-8 немесе 11 буын болып шығатыны еске алынады, я бол-маса, керісінше, кейбір сөздерге артық буын қосылып айтыла-тыны ескеріледі. Айталық, Біржан салдың «Жанбота» дегенөлеңі 11 буынды өлшеммен құрылған. Оның:

Жанбота, осы ма еді өлген жерім, Көкшетау боқтығына көмген жерің –

деген жолдарындағы сөздерді жеке-жеке алып1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12

буындап санасақ: Жан-бо-та о-сы ма е-ді өл-ген же-рім бо-лып 12 буын шығады. Ал айтылуда ортадағы сөздер осымедіболып ма деген буынның соңғы дауыстысы мен одан кейінкелген еді сөзінің басқы дауыстысы кірігіп, ма-е-ді деген үшбуынның орнына ме-ді болып, екі буын айтылғандықтан, осыөлеңнің өлшеміне сай 11 буын шығады. Бір ырғақпен айтыла-тын сөздердің аралығындағы екі дауыстының бірі«жұтылып», өлең өлшемі дәл шығатын мұндай мысалдардыкөптеп келтіру-ге болады. Мысалы, Абайдың:

Аласы аз, қара көзі айнадайын, Жүрекке ыстық тиіп салған сайын, –

деген өлең жолдарының алғашқысы жазуда 12 буын болғанмен,алдыңғы сөздің соңғы ы дыбысы мен келесі сөздің басқы адыбысы кірігіп, аласаз болып айтылады да өлең өлшемі дұрысшығады, Өлең жолдарындағы бір ырғақты сөздердің

229

Page 230: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

арасындағы екі дауыстының бірі әрдайым «жұтыла» бермей-ді: егер буын саны дәл келсе, мұндай екі сөз бірінің соңы,екіншісінің басындағы дауыстыны кіріктірмей, олар сақталыпайтылады. Мысалы, Абайдың:

Жаздың көркі енеді жыл құсымен Жайраңдасып жас күлер құрбысымен, –

деген өлең жолдарындағы көркі енеді деген сөздер қатартұрғанмен бірінші (көркі) сөздің соңғы дауыстысы да, екін-ші(енеді) сөздің басқы дауыстысы да жеке-жеке айтылады,өйткені өлеңнің бұл тармағы осы тұрысында 11 буынды, олар-ды кіріктіріп айтса, 10 буын болып, өлеңнің өлшемі де,ырғағы да бұзылады.

Кейде өлшемге қажет буын саны жетпей тұрса, «жеделжәрдемге» ы, і дыбыстары «шақырылады». Мысалы:

Баянауыл басынан бұлт кетпес, Қиядағы түлкіге құсым жетпес, –

деген өлеңдегі бірінші тармақтың жолдарын жазылуы бойын-ша санасақ – 10 буын, сондықтан бұл өлең айтылуда: ба-йа-на-уыл ба-сы- нан бұ-лыт кет-пес болып, бұлт сөзі бұлыт бо-лып дыбысталады. Бұл – алдыңғы екі дауыстының біреуінің«жұтылып» кетуіне қатысты құбылысқа қарағанда, әлдеқайдасиректеу кездеседі, дегенмен қазақ өлеңінің сазында орынала-тынын айтуға болады.

Қазақ поэзиясы ассонанс пен аллитерация деп аталатындыбыстар біркелкілігінен туатын құбылысты да стильдікмақсатпен кеңінен пайдаланады. Өлең жолдарында немесеқатар келген сөздердің басында, мақал-мәтелдерде, тұрақтытіркестерде, монологтерде, мақала, кітап т.б. аттарында, га-зет-журналдардың айдарларында немесе тақырып аттарында,қысқасы, текст ішіндегі сөздер біркелкі немесе бір-бірінежуық (мысалы: т-д, б-п, с-з сияқты дыбыстар)дауыссыздардан бас-талып келсе, ол аллитерация депаталады. Мысалы, Мұқағали Мақатаевтың «Жастық» аттыөлеңінің мына шумағына назар аударалық:

Жастық менің жаныма жыр байлады, Жастық мені жалтартпай, шыңға айдады,Жастық мені шыңдады, шынықтырды, Жастық шіркін өмірді шын ұқтырды.

230

Page 231: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Мұнда ж және ш дыбыстарынан басталатын бірқатар сөз шоғырланған. Екінші мысал Қуандық Шаңғытбаевтан:

Кімде жоқ кірбің көңіл, күрсін арман, Кейде мен шығай маңып, үн шығарман. Кей уақыт көңіл шіркін көкке шалқып, Күндер көп күмбірлетіп, күй шығарған –

деп алынған өлең жолдары к және ш дауыссыз дыбыстарынанбасталатын сөздерді қатыстыру арқылы жасалған. Мұнда осышумақтың әр тармағы к дыбысынан басталатын сөздермен кел-ген. Өлеңнің жеке шумақтарының немесе кейбір шағын өлеңніңбірінші сөзі тұтасымен бір дыбыстан басталатын сөздерденқұралатынына Абайдың інісі – Оспанның өліміне шығарған«Жайнаған туың жығылмай» деп басталатын шағын өлеңінкелтіруге болады. Бұл өлеңнің 16 тармағы (жолы) түгелімен ждыбысымен келген сөздерден басталады:

Жайнаған туың жығылмай, Жасқанып жаудан тығылмай, Жасаулы жаудан бұрылмай, Жаужүрек жомарт құбылмай, Жақсы өмірің бұзылмай, Жас қуатың тозылмай, Жалын жүрек суынбай, Жан біткеннен түңілмей, Жағалай жайлау дәулетің, Жасыл шөбі қуармай, Жарқырап жатқан өзенің Жайдақ тартып суалмай, Жайдары жүзің жабылмай, Жайдақтап қашып сабылмай, Жан біткенге жалынбай, Жақсы өліпсің, япырмай!

Мұнда ж дыбысы тек жол басындағы сөздерде ғана емес, тармақ ішіндегі сөздерде де келіп отырады: жайнаған туыңжығылмай, жасқанып жаудан тығылмай, жасаулы жаудан бұрылмай т.т.

Аллитерацияның құлаққа жағымды саздық қызметін мақал-

мәтелдер де жақсы пайдаланады. Мысалы, «Құлан құдыққа құла-

231

Page 232: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

са, құлағында құрбақа ойнар» деген мақал қ дыбысынан ба-сталатын сөздерді шоғырлап, белгілі әсер беріп тұр. «Көппенкөрген ұлы той» деген мәтелді елмен көрген, жұртпенкөрген, халықпен көрген деп ауыстырып айтуға болмайды,өйткені мұнда көппен көрген деген сөздер аллитерацияныпайдаланғандықтан, құлаққа жағымды, айтуға жеңіл, ескесақтауға қолайлы мәтел болып тұр.

Қазақтың атақты билерінің сөздері көбінесе аллитерация-лы болып келеді. Мысалы, «Төле би айтыпты» дегенсөздерден: «Батыр деген – барақ ит, екі долы қатынның бірітабады, би деген – бір бұлақ, қатынның ілуде бірі табады»деген шешендікте батыр, би деген сөздеріне б дыбысынанбастала-тын барақ, бұлақ деген теңеулер алынған.

Осы құбылыс дауысты дыбыстарға қатысты болып келсе,ассонанс деп аталады. Бұл да қазақ тілінде орын алады. Бұғанклассикалық мысал ретінде Махамбеттің атақты «Ереуіл атқаер салмай» деп басталатын өлеңін келтіруге болады. Мұндаөлеңнің әрбір тармағы е дыбысынан басталатын сөзбен келеді.Сондай-ақ ақындар өлеңнің бір жолында біркелкі дауыстыданбасталатын сөздерді алу арқылы да ассонанс тәсілінқолданады. Мысалы, Фариза Оңғарсынованың:

Айналайын, ауылдың адамдары-ай, Сендер барда бұзылар заман қалай? –

деген өлең жолдарында а дауысты дыбысымен ассонанс жаса-лып тұр.

Аллитерация мен ассонанс құбылыстары тек үн сазынкелті-ру үшін ғана емес, айтылмақ ойға екпін түсіру, ақынныңкөңіл күйін білдіру сияқты стильдік қызмет те атқарады.Мысалы, Жамбылдың Алғадай деген баласы Ұлы Отансоғысында қаза тапқанын естігенде:

Алатауды айналсам Алғадайым табам ба?! Сарыарқаны сандалсам Саңлағымды табам ба?! –

деп күңірену үстінде Алатауды айналсам, Алғадайым... Сары-арқаны сандалсам, саңлағымды...деп ассонанс пен аллите-рация жасап, Алғадай, саңлақ сөздеріне екпін түсіріп, әке

232

Page 233: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

зарын мейлінше әсерлі етіп беріп тұр. Біркелкі дыбыстар-дыне буындарды таңдап, қатар тұрған сөздердің басында неортасында келтіру айтылмақ ойға әсерлі оң беріп, образжасауға да қатысады. Мысалы, Мұхтар Әуезов «Еңлік-Кебек»пьесасындағы Абызды сөйлеткенде: «Сыбдыр сөзбен шыға-рып сап, сынайын деп к епсің ғой, көлгір сөзбен көлденеңболғың кепті ғой», – деп, с, к дыбыстарын ойнатады. Демек,бұл рөлді ойнаушы актер аллитерация жасап тұрғандыбыстар-ды ерекше мәнерлеп айтса, құба-құп болар еді.Екінші мысал: «Қарагөз» пьесасындағы Сырымның сүйгенжары жынданып кеткен сәттегі ышқына күйінген образынберу үшін, оның монологіне с, з дыбыстары бар сөздердішоғырлап келтіреді: «Өсер.., өсер.., не өсер?. Тек зұлымдықөсер нөсер болып се-нен. Сор өсер, ар өшер! Өскенде тек зарөсер сенің лағынет табаның астында!». Мұнда дадыбыстардың айтылуы ерекше калыптасып, жай сөйлеунормасынан өзгеше болуы керек, яғни с, з дыбыстарын өзгедыбыстардан бөліңкіреп айтқан аб-зал, сонда ыза, қайғы, зарбуған кейіпкердің образы айқындала түседі.

Сөйтіп, көркем әдебиет пен сахна өнері сөз сазы-на,сөздердің дыбысталу сипатына бейтарап емес екендігібайқалады. Сондықтан бұл жайтқа көркем әдебиетті оқытыпүйрететін мектеп мұғалімдері мен сахна шеберлерін: актер-лер мен әншілерді, көркем сөз айтушыларды тәрбиелейтін оқуорындарының ұстаздары мен режиссерлер назар аударуларышарт.

233

Page 234: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

СӨЗ САЗЫ НОРМАЛАРЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЖАЙЫ

Сөзді дыбыстау, яғни дұрыс айту нормалары – барлықсәттерде бірдей, ешбір бұлжымайтын нәрсе емес. Жалпы ау-ызша сөйлеудің, яғни сөзді ауызша жеткізудің екі типі бар: бірі –сөздерді толық әуенмен (ғылымда ол «толық стиль» деп аталады)айту, екіншісі – әдеттегі сөйлесу әуенінде айту. Сөздерді толықәуенмен айтқанда, оларды нақпа-нақтап, бір-бірімен асажымдастырмай, кейде сөз аяғын созып, әр сөзді тыңдаушығамейлінше анық етіп жеткіземіз. Бұл әуен ми-тинг сияқты аса көпжұрт жиналған жерлерде қолданылады, өйткені митингілердемыңдаған адамға қарата айтылатын сөз өте маңыздыболғандықтан, ол сөздің барша тыңдаушыға ба-рынша түсініктіболып, мейлінше анық естілуі көзделеді. Сондай-ақ айтылмақсөзді (ойды) тілі жаңа шығып келе жатқан сәбиге немесе солтілді әлі әбден меңгермеген өзге ұлт өкіліне түсінікті етіп білдіруүшін де толық айту мәнерін қолданамыз. Бірақ өмірде сөздердітолық айту мәнерінен гөрі сөйлесу әуені әлдеқайда жиіқолданылады. Бұл мәнерде сөздер аса шапшаң емес, бірқыдырубаяулата, бірақ дауыс ырғағы жағынан топ-тастырыла, бір-бірімен қиюластырыла айтылады. Театрларда, радио ментеледидарда, топ алдына айтылатын (оқылатын) лекция-баяндамаларда сөз айтудың осы әуені пайдаланылады.

Сөйлесу мәнерінің өзі де біркелкі емес. Оның көтеріңкі,салтанатты үнмен және жай үнмен айтылуы бар. Салтанаттыүнде кейбір сөздерді әдейі бөліп айту немесе созып айту, кейдетіпті толық әуенмен айтқандай, әрбір сөзді нақпа-нақтап дыбы-стау орын алады. Мысалы, радио мен теледидардан берілетінмемлекеттік, халықаралық манызы аса зор ресми хабарларкөбінесе салтанатты әуенмен беріледі. Пьесаларда да белгілі біржағдайға (ситуацияға) орай кейбір монологтер немесе тіпті бір-екі ауыз сөз де көтеріңкі үнмен айтылуы мүмкін. Бірақ қай-қайсысында да тыңдаушыға түсінікті болып шығатынайқындықпен қатар, сөздердің сөйлеу актісіндегі бір-бірінеететін әсері, дыбыстардың бір-бірінің ыңғайына қарай үндесіп,үйлесіп айтылуы қатаң сақталуға тиіс. Бұл талап әншілер менактерлерге, дикторлар мен комментаторларға, мұғалімдер

234

Page 235: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

мен лекторларға және жиын-жиналыстарда сөйлеушілерге,баяндамашыларға қойылады.

Сөздердің бір-бірімен үндесетін дыбыстық заңдарының күшібарлық жерде: күнделікті сөйлеу тәжірибесінде, мектепоқушылары мен студенттердің сабақ үстіндегі сөйлегендерінде,беретін жауаптарында, драма, комедия, трагедия сияқты пье-саларда ойнағанда, тақпақ айтқанда, кинода, радио мен теле-хабарларда, жиналыстар мен митингілерде сөйлегенде бірдейболғанмен, әр жанрдың, тіпті бір жанрдағы әр шығарма түрінің,әр жағдайдағы сөйленген сөздің айтылу мәнеріндеайырмашылықтар болады. Мысалы, сөз дыбыстарын «ойна-тып»әрі белгілі бір өлшеммен жазылған, мақал, мәтел, фразе-ологизмдерге бай «Еңлік-Кебек», «Қарақыпшақ Қобыланды»,«Айман-Шолпан», «Қарагөз» пьесалары (бәрі де – МұхтарӘуезовтікі), Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты», «ҚозыКөрпеш-Баян сұлу» пьесалары, Қалижан Бекхожиннің «Ұланасуы», Тахауи Ахтановтың «Ант» драмасы, С. Сыматаевтың «Зарзаман» пьесаларының сөздерін айту мен біздің күндеріміздіңтақырыптарына арналған пьесалардың сөздерін айтудыңарасында айтарлықтай айырмашылықтар бар. Алдыңғылардыңтілі дыбыстар гармониясын (сазын) көбірек талап етеді, сөздіңмузыкалығын, әуезді болуын қалайды. Олардағы ырғақтық-мелодикалық топтардың өзі тілімізде әбден қалыптасқан, сөздерібір-бірімен ұйқас, өлшем дегендер-мен «цементтелген», яғнижымдасқан, үндескен болып келеді. Мысалы, «Еңлік-Кебектегі»Көбей мен Еспембеттің айтысын алайық. Мұндағы курсивпентеріліп көрсетілген сөздердің ай-тылуына назар аударыңыз(жазуда бүкіл тексті мүмкіндігінше транскрипциялап көрсетугетырыстық, дегенмен сөздердің сөйлеу актісіндегі дыбысталуынтаңбалармен білдіру өте қиын, яғни транскрипцияда сөздіңжазылуы мен айтылуы айна-қатесіз дәлме-дәл түсе бермейді):

Еспембет. Тобұқтұ / шайалығығыңды ғылдыңба / білегіжұуандығыңды ғылдыңба / алалы жылқы / ақтылы ғойұн /жосұлтұб алдың // ата ғонұсұнан / іргесін аудардың / ай деража / қой дер қожа / болған жоқ // жетіботұрған жесірімді/ бір тентегің/ат сауұрұна салыб әкетіб отұр // ағайын //ұзұнда өштү / қысқада кектімессің // бітім сұрап / кісі салсам/ бақайыңнан гелтірмейсің //.

235

Page 236: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Көбей. Еспембет / кеден недем болт / кедергі недем болт /деб отұрсұң ... қой асығын / қолұңап / қолайыңа жақса / сақағой // саптайаққа / ас құйұп / сабынан /қарауұл ғарайтынболсаң / мем бійлік айтпайым//.

Бұл үздіктердегі тұрақты тіркестер (фразеологизмдер) менмақал-мәтелдер курсивпен көрсетілді. Бұлар текстің белгілібір өлшеммен, ырғақпен айтылуына жәрдемдесіп, айтысушыби-лер сөзін құлаққа жағымды сазбен жеткізеді.

Тұтасынан өлеңмен, оның ішінде ақ өлеңмен де (ақ өлеңдегеніміз – ұйқасты, ырғақты сөз орайымен берілген мәтін)жазылған пьесалар тілінің музыкалылығы тіпті күшті болады.Ал жай диалогтермен берілген, яғни кейіпкерлерін әдеттегіауызекі тілмен сөйлеткен пьесаларда бұл кейіпкерлер, сөзжоқ, Еспембетше, Абызша, Көбейше немесе Ақан сері менАқтоқтыша сөйлемейді. Әрине, қалыптағы тұрмысқа сайсөйлегенде де, мақал-мәтелдер мен айшықты сөз тіркестерінқолданамыз, бұл – пьесаларда да орын алады. ДегенменЕспем-беттің сөзі мен қазіргі бір инженердің немесе «қаладанкелген қылжақпастың» сөзі ішінде мақал-мәтел, ырғақтытіркестер болғанмен, олардың сөздері дыбысталуы мен сазыжағынан бірдей айтылмайды.

Бұдан «өткен замандардағы кейіпкерлердің сөзін айту қиын,қазіргі адамдардың сөзін айту оңай» деген тұжырым шықпайды:әңгіме – кейіпкердің қай кездің адамы екендігін-де емес,пьесаның жанрлық ерекшелігінде, қай стильде ұсы-нылғандығында. Романтикалық стиль көбінесе көтеріңкі саз-бен,белгілі бір ырғақпен айтуды қалайды. Ал бүгінгі күнделікті өміртақырыбына жазылған пьесалардағы кейіпкерлердің деніәдеттегі сөйлеу үнін ұстанады. Әрине, қазіргі сөйлеу тілімізде дебелгілі нақышқа келтіре ерекше айтатын тұстар аз емес.

Қысқасы, бұл айтылғандардан, актерлер сахна сөзінде өз-дері ойнайтын әр пьесаның жанрлық-стильдік сипатын, кейіп-кердің образын қатты ескерулері қажет. Қай заманды суретте-ген шығарма болмасын, қай тақырыпқа жазылған пьесаболма-сын, қай жанрдағы өлең мен мәтін (тақпақ, терме т.т.)болма-сын – барлығы да қазақ сахнасы мен киносынан,радиосы мен теледидарынан көркем сөздің құлаққа жағымдыкеліп, табиғи түрде айтылуы (дыбысталуы) талап етіледі.

236

Page 237: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Сөзді дұрыс жазу (орфография) сияқты, дұрыс айту да (ор-фоэпия да) – әдеби тілдің бір қыры. Екеуінің де міндеті – тілдіәркім өз қалауынша, өз білгенінше жұмсамай, оныңкөпшілікке ортақ барша заңдылықтарын сақтап пайдалануболып та-былады. Ондай ортақтық пен ыңғайлылық үшінбелгілі бір орфоэпиялық нормалардың болуы – заңды да,міндетті де. Ол нормаларды қатаң сақтау, жетілдіру,орнықтыру – қазақ тілінде сөйлейтін барша жұрттың (әрадамның) борышы. Әсіресе бұл абыройлы міндет мұғалімдермен мәдениет қызметкерлерінің, сахна қайраткерлері менәншілердің, жиналыс, жиындар-да шығып сөйлеушілердің,дикторлар мен жалпы радио-дан, теледидардансөйлеушілердің алдында тұрады. Бұлар тіл мәдениетінің бірұшы – сөзді дұрыс айту заңдылықтарын (ережелерін) берікұстанып, оларды қалың жұртшылыққа жаю-шылар,орфоэпиялық нормалардың жоқтаушылары болулары тиіс.

Өкінішке орай, бүгінгі таңда бұл талап толық орындалыпотырған жоқ. Сөзді (ойды) ауызша айтуда әрқилы себептерденболып жатқан қателіктер мен жайсыздықтар орын алып келеді.Солардың ішінде ең жиі кездесетіні – қазақ тілінің дыбысжүйесінің табиғи тәртібі болып саналатын үндестік заңдарынсақтамай, сөздерді қалай жазылса, солай оқу (айту) немесесөздің жеке тұрғандағы тұлғасы қандай болса, сол күйінде айтуқателігі. Мысалы, қ, к, п сияқты қатаң дыбыстарды қажетжерінде ұяңдатпай айту жиі ұшырасады. Соның салдарынанкүңгөрүу, негерек, аздаңгейін, құрғол, ағала болып айтылуға тиіссөздерді жазылуынша күнкөру, некерек, азданкейін, құрқол,ақала түрінде айтушылық етек алып барады (бұл сөздер бірырғақпен айтылатын топтар болғандықтан, біріктіріп жаздық,әйтпесе олардың жазылуда күн көру, не керек, аздан кейін, құрқол, ақ ала болып, бөлек-бөлек таңбаланатыны аян). Сондай-ақ бәлгер, сәудегер, шәй, Жәмилә деп дыбысталуға тиіссөздерді жазылуынша балгер, саудагер, шай, Жәмила депайтушылық та жоқ емес.

Бұл күнде сөз сазына қатысты қиындықтың көзге түсетінжәне бір тұсы – о, ө, е дауысты дыбыстарының қазақ сөзініңбасында келгендегі айтылуы. Қазақ сөздерінің басындағы осыдыбыстардың алдында қосамжар у, й дыбыстары айтылуы

237

Page 238: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

керек болса, бұл заңдылықты сақтамай, сөздерді «орысша»айту байқалады: отан сөзінің қазақша айтылуы уотан болуыкерек, ел сөзі орысша айтсак, эль, қазақша дұрыс айтарболсақ, йел. Сол сияқты сөз басында немесе бірінші буындакелген о, ө, ұ, ү еріндік дыбыстарының келесі буындардағы ы,і, е де-ген езулік дауыстыларын өздеріне ұқсатыпайтқызатыны да ескерілмей, сөздердің жазылуынша оқылуыорын алып келеді. Мысалы, құрұқ, күлүмгөз, күмүс депайтылуға тиіс сөздерді құрық, күлімкөз, күміс деп айту әсіресежастардың тілінде жиі кездеседі.

Дикторлар мен хабар, концерт жүргізушілердің, оқушыжастардың сөз сазындағы тағы бір қатесі – сөздердің ешбірдыбысын түсірмей, әр сөзді немесе біріккен сөз, қос сөздердіңәр бөлігін (компонентін) бөліп-бөліп айтатын тұстарындакөзге түседі (дәлірек айтсақ, құлаққа шалынады). Мыса-лы, Құрман ғазының күйі Сары арқа, Ықыластың күйі Керітолғау, Мұхиттың әні Кіші айдай деп, ән-күй аттарын(білдіріп тұрған екі сөздің әрқайсысын бөлек-бөлек айтатынконференсьелер мен дикторлар жоқ емес. Әрине, олардың бұләрекеттегі ниеттері адал, өйткені бұл орайда шығарма аттарынтыңдаушыға анық етіп жеткізсем дегенді көздейтін болар. Бірақсөздің түсінікті, анықтығы әр сөздің жеке-жеке айтылуынаншықпайды. Сондықтан жоғарғы ән-күй аттары қазақ құлағыкәнігі түрде қабылдайтын Сарарқа, Кертолғау, Кішайдайдеген әуенде, яғни екі сөздің аралығындағы дауыстылардыңбірінің «жұтылып» кеткен түрінде айтылуға тиіс, себебіСарарқа атауы сары және арқа деген сөздердің жеке-жекемағыналарынан хабар бермейді, екеуін қосып (тіркестіріп)айтудан жаңа сөз – жер атын білдіретін жалқы есім болыптұрғанын нысанаға алу қажет.

Қазақ тілінің орфоэпиялық нормаларының бұзылуына се-беп болатын факторлардың және бірі – сөзді ауызша айтудағыжазба тілдің, жазудың ықпалы, яғни сөзді жазылуынша оқудәстүрі.

Әдеби тілді дамытуда, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуде,лексика-грамматикалық және орфографиялық нормаларынқалыптастырып, көпшілікке жаюда жазудың рөлі зор екенімәлім. Жазу – бұл күнде әдебиеттің барлық түрін таратудың

238

Page 239: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

басты құралы. Осындай орны ерекше жазудың сөзді дұрыс айтусаласына келгенде, ескеретін бір жайы бар. Ол – сөздің жазылуыоның дыбысталуымен, әсіресе сөйлеу актісінде ай-тылуыменәрдайым сайма-сай келе бермейтіндігі. Сөзді дұрыс жазу бар дадұрыс айту бар, яғни сөздің орфографиялық норма-лары бар даорфоэпиялық нормалары бар. Бұл екеуінің дәлме-дәл түсетінсәттері де аз емес. Мысалы, сөздердің қалай жа-зылса, солайоқылатын жерлері болады. Айталық, кіндігімнің жас қанытамған жері – аулым деген өлең жолының бірер сөзінен (аулым– ауұлұм) басқасы осы жазылған түрінде ай-тылады. Мұндадыбыстары бір-біріне әсер етіп, бірін-бірі сәл өзгертетін орындаржоқ. Ал көптеген жағдайда сөздер жазылу-ынша айтылмайды(оқылмайды). Мысалы, Абайдың:

Жарқ етпес қара көңілім не қылса да, Аспанда ай мен күн шағылса да, –

деген өлең жолдарын дәл осылай жазылғанынша оқу (айту)– өрескел қате болар еді, яғни «тілге жеңіл, жүрекке жылытиюдің» орнына құлақты кесіп, түрпідей тиер еді. Мұндадыбыстардың айтылуда бірін-бірі өз ыңғайына көндіргенсәттері бар, сондықтан:

Жарқетпес / қарагөңүлүм/ неғылсада //Аспанда / айменеңгүн / шағылсада // –

түрінде оқылып, жазылуы мен айтылуында айырмашылық бо-лады. Бұл жерде сөздерді соңғы көрсетілгендей айтылуыншажазу қандай қате болса, жазылуынша оқу (айту) сондай қатеболып шығады.

Сөздерді жазылуынша оқудың өзі де – себепсіз емес. Оны текжауапсыздықтан немесе білместіктен деуге болмас. Радио ментеледидар тыңдаушыларына, оқушылар мен студенттерге, жиын-жиналыстарға қатысушылар сияқты қалың көпшілікке қаратаайтылған сөздің неғұрлым түсінікті, айқын болуын діттейміз, алсөздерді нақпа-нақтап жеке-жеке айтқанда, олар анығырақестіледі де түсініктірек болып шығады. Анығы – анық, бірақбірді іздеп, екіншіні жоғалтып аламыз: анықтық бар, сөз сазыжоқ. Мұндайда ой болады және ол ойды білдіріп тұрған сөздержеке-жеке түсінікті, анық болады, бірақ олардың бір-біріменқиюласқан үйлесімі жоқ болып шығады. Бұл – сөздерді қазақшаайту емес, қазақша тізбектеп өту болып

239

Page 240: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

шығады. Алдымызда тілдің өзі емес, фотосуреті көрсетілген-дей әсер етеді, өйткені ғалымдардың біреуінің тауып айтқа-нындай, жазу – тілдің фотосуреті іспетті, ал нағыз тілдің өзі –оның сөйлеу барысындағы көрінісі.

Кейбіреулер актер мен әншілердің, дикторлардың, оқушы-лардың және жалпы көпшіліктің ауызша тіліндегі жоғары-дағыдай қателіктерінің басты себебін қазақ тілінің жергіліктіерекшеліктеріне байланыстырып, содан іздейтін сияқты. Бұл –дұрыс емес.

Сөз жоқ, қазақ тілінің кейбір дыбыстарының айтылуынақатысты жер-жерге қарай ажыратылатын айырмашылықтарыбар. Мысалы, әдеби тіліміздегі сөз басында келетін ш дыбы-сын ч етіп айту (чатақ, чын, чырақ), сөз ортасында келген нддыбыстарының орнына ңл дыбыстарын айту (маңлай,таңлай, аңлау), сол сияқты сөз ішіндегі л дыбысын түсіріпайту (бол-майды деудің орнына бомайды, келген жоқ деудіңорнына кеген жоқ деу), сөзге р дыбысын қосып жіберу(жоңыршқа, меруерт), ж дыбысының орнына й дыбысынайту (ойақ- бұяқ– ол жақ, бұл жақ деудің орнына) т.т. осы тәрізді құбылыстар– Қазақстанның белгілі бір өлкесі тұрғындарының сөйлеу тіліндекездесетін ерекшеліктері. Жергілікті ерекшеліктерге қарай екітүрлі дыбысталатын едәуір сөздердің әдеби варианты бұл күндебірқыдыру тұрақталып, нормаға айналды. Мысалы,маңдай (маңлай емес), таңдай (таңлай емес), ие (еге емес).Бұл көрсетілгендердің жақша ішіндегі варианттарын жазушыөз кейіпкерлерінің тіліне әдейі келтіргенде ғана солай айтып,өзге жағдайда әдеби нормасымен айту қажет.

Бір жақсысы – актерлер мен әншілердің, дикторлардыңсөз-дерінде әркімнің өз ортасында (отбасында, аулында)сөйлеп үйренген дағдысына тартып, әдеби нормаданауытқушылық аса көп байқалмайды, тіпті жоққа тән. Мұндайауытқушылық көбінесе қарапайым адамдардың өзарасөйлескендегі күнде-лікті тәжірибесінде байқалады.

Сірә, сөздерді дыбыстауға келгенде, көпшілік алдындасөйленетін тұстарда диалектілік ерекшеліктердің көп байқал-майотырғаны жазуға байланысты болар: әдетте жазба дүние әдебинорманы сақтайды. Демек, таңдай, жоңышқа, бұ жақ, о жақдеп жазылған дүниені осы түрінде айту – сөзді жоғарыда өзімізқате деп көрсеткен жазылуынша оқу дегеннің көрінісі.

240

Page 241: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Бұл жерде жазылуынша оқудың зияны емес, пайдасы тиіп тұр.Бірақ, әрине, оған қарап, сөздерді жазылуынша оқу пайдалыдеген қорытынды шығаруға болмайды: жергілікті сөздер әдебинормадағы сөздердің ішінде теңіздегі тамшыдай ғана, теңізгезиянды нәрсені тамшыға тигізетін пайда басып кетпейді.

Қазіргі кезде кездесетін орфоэпиялық қателер – осылар ғанаемес, өзге тұстарда да бары даусыз. Сөзді дұрыс дыбы-стаудабұл сияқты бұрыстықтардың орын алу себебі неде деп іздесек,олардың бірнешеу екенін көреміз. Ең бастысы және ең қауіптісі,әдетке айналғаны – тілге, оның қолданылу мәдениетіне дегенжауапсыздық, немқұрайдылық көзқарастың орын алыпотырғандығы, екіншісі – қалың жұртшылыққа тіл нормаларынүйретудің, тіл мәдениетіне баулудың әлсіз, жүйесіз болыпкелгендігі. Әсіресе қазақша сөйлеу үстінде сөздерді дұрысқиюластырып, ана тіліміздің табиғи дыбыс заңдарынабағындырып айту нормаларын үйрету сияқты іс-әрекеттердіңмектептерден бастап, барлық ортада, оның ішінде радио, теле-дидар, театр, сахна өнері сияқты ауызша тілді кеңінен пайдала-натын жерлерде мардымсыз жүргізіліп жатқандығы. Бұл реттеорфоэпиялық анықтама құралдардың: сөз сазы ережелерінің,орфоэпиялық сөздіктердің және өзге де толып жатқан көмекшіматериалдардың өте аздығы, бірді-екілі мұндай құралдардың бірбасылымынан екіншісіне дейін ондаған жылдардың өтіпжатқандығын баса айтуға болады. Мысалы, А.Байтұрсыноватындағы Тіл білімі институты тарапынан ұсынылған «Қазақтілінің орфоэпиялық сөздігі» (авторы – Қ.Неталиева, жауаптыредакторы – М.Балақаев) 1977 жылы бір-ақ рет жарық көрді.М.Дүйсебаеваның мектеп оқушыларына арналған «Қазақ тілініңқысқаша орфоэпиялық сөздігі» 1981 жылы шықты. Сөзді дұрысайту ережелері берілген құрал («Сөз сазы», авторы– Р.Сыздықова) «Ғылым» баспасынан 1983, 1995 жылдары бар-жоғы 1000 дана болып жарияланды. Демек, бұл құралдардыңшыққанына он жылдан астам уақыт өтіп бара жатқаны – сөз,сөйлеу мәдениетімізді көтеруге сеп болып отырған жоқ.

Ана тіліміздің ауызша қызмет ету өрісі кеңейіп, оған үлкенәлеуметтік мән беріліп жатқан бұл күндерде сөз сазы-наарналған мұндай анықтама құралдардың түрлерін көбейтужәне мол тиражбен жиі-жиі жарыққа шығару қажеттігі туыпотыр. Осы кітап – сол қажетгікті өтеудің бір ғана құралы.

241

Page 242: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

СӨЗ САЗЫ ЕРЕЖЕЛЕРІН ИГЕРУДЕ ЕСКЕРІЛЕТІНЖАЙТТАР

Қазақ тілінде сөздерді дұрыс айтудың (дыбыстаудың) не-гізгі-негізгі заңдылықтарын, яғни сөз сазы ережелерін саралапкөрсетпес бұрын, осы қағидаларды жақсы түсініп, дұрыс иге-руге қатысты бірқатар жайттарды әңгімелеу қажет. Олардыңбірі – сөйлеу үстінде сөздердің екіден-үштен топтасып, бір де-ммен айтылатындығы.

Сөйлеу актісінде айтылуы жағынан сөздердің бір-бірінеететін ықпалы, дыбыстық өзгерістері бір деммен топтасқансөздердің111 ара-жігінде және өн бойларында пайда болады.Сондықтан, ең алдымен, «бір деммен топтасқан сөздер»дегеніміз не, яғни сөздер қандай жағдайда бір деммен, бірырғақпен, бір ритмикаға топтасып айтылатындығын біліпалған жөн. Өйткені сөйлеу барысында қатар айтылатын кезкелген сөздер бір-біріне әсер етіп, дыбыстық өзгерістергеұшыратпайды, белгілі бір тіл заңдылығымен ғана топтасатынсөздердің аралығында немесе өн бойларында фонетикалыққұбылулар пайда болады.

Қазақ тілінде сөйлем ішіндегі сөздер дауыс ырғағы жағынанәрқайсысы бөлек-бөлек айтыла бермейді, көбінесе екі-екіденнемесе екі-үштен бір ырғақты топ құрап, бір деммен үндесіп,үйлесіп айтылады. Мысалы, анықтауыш пен анықталатын сөздербір ырғақпен жымдасып, дыбыстары бір-біріне ықпалын тигізіпайтылады: айдыңгөл (жазылуы: айдын көл), сұлұуғыз (сұлу қыз),қарөлең (қара өлең), ағайдын (ақ айдын), саратан(сары атан). Сол сияқты екі сөзден тұратын күрделі етістік-тер де бір ырғақты топ құрайды: келеғалды(жазылуы: келеқалды), алалмады (ала алмады), жетіппарды (жетіп барды),қолғойдұ (қол қойды). Бұл айтылғандарға мәтін арқылы мысалберелік. Мысалды жазуда әр топтың жігін бір тік сызықшамен,сөйлем аяқталып, толық тыныс (пауза) болған жерді қос тіксызықшамен (ажыратып көрсеттік, демек, бір тік сызықшаныңішінде тұрған сөздер ырғақты бір топ болып саналады. Топқұрайтын сөздер шартты түрде қосылып жазылып, дыбысталуқалпы транскрипцияланып көрсетілді. Мысалы:

11 «Сөз сазы» орфоэпиялық ережелерді ұсынған («Ғылым» баспасы, 1983)анықтағыш құралда бұларды «ритмикалык топ » деп « орысшалау» атағанболатынбыз. Енді «қазақшалап» «ырғақтык топ» деп атағанды жөн таптық.

242

Page 243: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Құйрұғұжоқ / жалыжоқ/ Құлаңғайтып / күңгөрөр // Айағыжоқ /қолұжоқ/ Жылаң ғайтып / күңгөрөр //

«Асанқайғы толғауынан» деп айтылып жүрген бұл сөздердің жазылуы:

Құйрығы жоқ, жалы жоқҚұлан қайтіп күн көрер. Аяғы жоқ, қолы жоқ Жылан қайтіп күн көрер.

Прозаға қарағанда, өлең тіркестеріндегі сөздердің топта-рын ажырату оңайырақ, өйткені өлеңнің өзі ырғаққа құрыла-тындықтан, ондағы сөздердің топтасуы өз-өзінен шығыптұрады, оның үстіне бұған әр тармақтың ара-жігі, ұйқасдеген-дер де көмектеседі.

Қара сөзбен келген текстерде де сөздер топтарға жіктеліпайтылады. Мысалы, «Қарагөз» драмасындағы Сырымныңмына монологіндегі сөздер былайша топтасады:

Қырықкүн // қаралығайғымен / жылаумен /кырықкүнөттү // алдағашан / өлөрмін / итөмүрден /кетермін / дебедім // әлігүнгө / менарсыз / тірімін //кімдігүтөм / нені / медеуғылам / нетілеймін //.

Бұл текстің жазудағы түрі: Қырық күн! Қаралы қайғымен,жылаумен қырық күн өтті. Әлдеқашан өлермін, ит өмірденкетермін деп едім. Әлі күнге мен арсыз тірімін! Кімді күтем,нені медеу қылам, не тілеймін ?

Ырғақтық-мелодикалық топтардың ара-жігінде әрдайымайқын сезінерліктей дауыс кідірісі (пауза) бола бермейді, анықпауза көбінесе сөйлемнің соңында, бірыңғай мүшелердіңарасында, оңашаланған не айқындалған мүшелердің айтылу-ында, тағы сол сияқты синтаксистік жіктердің аралығындаболады. Мысалы, жоғарғы тексті терең паузаларға қарайажыратсақ, былайша белгіленер еді! (бұл жерде паузалардыңара-жігіне үш тік сызықша қойылды): Қырықкүн /// қаралықайғымен /// жылаумен қырықкүн өттү /// алдағашан өлөрмін ///ит өмүрден кетермін дебемім /// әлігүнгө /// менарсыз /// тірімін/// кімдігүтөм /// нені медеуғылым /// нетілеймін ///.

Мұндағы бірінші пауза (қырық күн дегеннен дейінгі) – өзалдына сөйлем іспетті. Сырым бұл монологінде «қырық

243

Page 244: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

күн» деп бөліп айту арқылы Қарагөздің қазасын, ол қазаныңхалық дәстүрі бойынша белгілі бір меже-мерзімі өткенін (қырқыөткенін) білдіреді де сол уақыттың ішіндегі өзінің жан күйінішінбаяндайды. Қаралы қайғымен, жылаумен деген-дердіңарасындағы пауза бірыңғай мүшелерді ажыратады. Қырық, күнөтті дегеннен кейінгі пауза сөйлемнің соңындағы дауыс үзілісінтанытады. Келесі екі пауза тағы да бірыңғай мүшелердіажыратады да деп едім дегеннен кейін сөйлем аяқ-талады. Алмен арсыз дегеннің екі жағынан паузаның болуы оның орныауысқан, логикалық екпін түскен бастауыш екеніне байланысты.Тірімін, кімді күтем, нені медеу қылам,не тілеймін дегендердің арасындағы пауза олардың бірыңғайбаяндауыштар екендігіне байланысты.

Міне, сөйлем ішінде осы тәріздес ырғақтық топтардың ара-жігінен өзге тұстарда да паузалар болады екен. Бұлпаузалардың басым көпшілігі ырғақтық топтардың жігіне сайкеледі.

Сөйлеу үстінде сөздер мынадай сәттерде бір ырғақпен ай-тылып, топ құрайды.

1.Анықтауыш пен анықталатын сөздер бір деммен айты-лады да бір топқа енеді. Мысалы, қалқан құлақ, шегір көз,қара қарындаш, ақ ерке, тас жол, аямас жау, алты ай, қарааспан, ақ орамал, екі қап дегендердің алдыңғы сөздері (қалқан,шегір т.б.) – заттың түрін, түсін, сипатын, қасиетін, тегінбілдіретін анықтауыштар, соңғылары – анықталып тұрғансөздер. Мұндай бір ырғақты сөз топтарының компоненттері(құрамды бөлшектері) бір-біріне ықпалын тигізеді, сондық-тан олардың жазылуы мен айтылуы бірдей түсе бермейді.Жоғарғы сөздердің дұрыс

Жазылуы: Айтылуы

қалқан құлақ қалқаңғұлақшегір көз шегіргөзқара қарындаш қарағарындашақ ерке ағеркетас жол ташшолаямас жау айамашшауалты ай алтайқара аспан қараспан

244

Page 245: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Бұл айтылғанға мысал ретінде Абайдың мына бір шумақ өлеңінің дұрыс оқылуын (айтылуын) көрсетейік:

Аласаз / қарагөзү / айнадайын // Жүрөкке / ыстықтійіп / салған сайын //Үлбүрөген / ағетті / ашығжүзді // Тісәдемі // көрүппең / кыздыңжайын //.

Анықтауыш пен анықталғыштан тұратын топтардыңбарлығының бірдей айтылуы мен жазылуы бұлайша алшақтанабермейді. Мысалы, алтын сағат, ағаш қасық, бұран бел, жо-март адам, арық кой деген топтар қалай жазылса, солайайты-лады, өйткені бұлардағы сөздердің бір-біріне тигізетінәсерінде дыбыстық өзгерістер болатын сәттер жоқ.

2. Толықтауыш пен баяндауыш, бастауыш пен баяндауыш,пысықтауыш пен баяндауыш араларына сөз түсірмей қатаркелсе, жай хабарлау ретіндегі сөйлемдерде олар бір деммен ай-тылады. Мысалы, Біз үйге кеттік деген сөйлем Біз/үйгөгеттікболып айтылады. Сол сияқты Жолаушы тез келді дегенді Жо-лаушы / тезгелді деп айту керек. Мұндағы үйге, тез дегенсөздер – толықтауыш, пысықтауыштар да кетті, келді деген-дер – баяндауыштар. Сондықтан тезгелді, үйгөгеттік болыпүндесіп айтылады.

Кейде баяндауышқа логикалық екпін түсіру керек болады.Ондайда баяндауыш дауыс ырғағы жағынан дара айтылады даалдыңғы сөзбен үндеспейді. Мысалы, «Еңлік-Кебек» пъесасын-да Кебек елден пана таба алмай, тау кезіп, тас кешіп кететінінбілдіріп: «Ал / біз / кеттік!» дейді. Мұнда кеттік сөзіне ойекпіні түсу керек, сондықтан бастауыш, баяндауыштар қатартұрғанмен, кеттік сөзі ырғақтық топқа кірмейді, демек, басқыдыбысы ұяңдамайды. Тағы бір мысалға мына екі сөйлемдісалыстырайық: Меңгөрдім / ұзұнғайың / құлағанын // (Абай).Мен қазақпын / мың өліп / мың тірілген // (Ж.Молдағалиев).Алғашқы өлең жолында бастауыш пен баяндауыш үндесіпайтылады (меңгөрдім), өйткені мұнда көрдім сөзіне ой екпінітүсіп тұрған жоқ, ал соңғы өлең жолында мен / қазақпын дегенбастауыш пен баяндауыш екі бөлікте айтылуға тиіс, өйткені ойекпіні өзге ұлт емес, қазақпын дегенге түсіп тұр, сондықтанмеңғазақпын деп үндестірмей, мен қазақпын деп оқыған дұрыс.

245

Page 246: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

3. Қазақ тілінде фраза мен идиом деп аталатынқалыптасқан тұрақты тіркестер бар, олардың көпшілігі екі-үшсөзден тұрады. Бұлар да бір деммен дыбысталатын тұтастықкұрап, жымдасып, кірігіп айтылады. Мысалы:

Жазылуы: Айтылуы:

ашық ауыз ашығауұзкөз көрім (жер) көзгөрүмқарға адым қарғадымқас пен көздің арасында қаспеңгөздүң арасындақырғи қабақ қырғиғабақ

Әрине, тұрақты тіркестердің барлығы айтылуда бұлайшадыбыстық өзгеріске ұшырай бермейді. Мысалы, ат ізін салмады,таң сыз берді, ауа жайылды деген сияқтылар жазылған күйіншеайтылады, өйткені бұларда да компонентгер арасындағыдыбыстық ықпал өзгеріс туғызбайды.

4. Екі-үш сөзден құралып, бір ғана іс-әрекет атауынбілдіретін күрделі етістік дегендер болады, олар да бірырғақпен айтыла-ды.

Жазылуы: Айтылуы:ала келді алагелдікеле алмады келалмадыбармап па еді бармаппедіайтып берді айтыппердіоқып отыр оқыботұр

Күрделі етістіктердің басым көпшілігі бір деммен айтыл-ғандарымен, дыбыстық өзгеріске ұшырамайды, өйткені бұ-лардың сөз аралығында үндестік заңдарына қарай дыбысикемделуі жоқ. Мысалы, келе жатыр, бара бер, айтып қой де-ген сияқты күрделі сөздер жазылған түрінше айтылады.

Күрделі етістіктердің екінші бір тобы пайда көрді, қолқойды, жүрек жалғады, көз көрген, доп ойнады, асық атты,еске алды, қайқаң қақты сияқты есім мен етістіктен тұратын-дарболып келеді. Олар да топ құрап, бір ырғақпен айтылады.Жоғарғы мысалдардың айтылуы былайша болады: пайдагөрдү,қолғойдұ, жүрөгжалғады, көзгөргөн, добойнады, асығатты,ескалды, қайқаңғақты.

246

Page 247: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

5. Ол, бұл, сол, не деген есімдіктерменкелген тіркестер деырғағы жағынан біртұтас болып айтылады. Мысалы: солгез-де, бұлгүндері, бүлғалада, олғыз, негерек, негеремет,неғылсаң оғыл. Бұлардың жазылуы: сол кезде, бұл күндері, бұлқалада, ол қыз, не керек, не керемет, не қылсаң о қыл.

6. О, а, я, е сияқты одағайларменкелген қаратпа сөздер бірдауыс ырғағымен айтылады да, қаратпа сөз қ, к дыбыстарынанбасталып тұрса, бұл дыбыстар ғ, г болып айтылады. Мысалы:

Жазылуы: Айтылуы:а Құдай ағұдайо керемет огереметя қызым йағызым

7. Біріккен создер де бір ырғақтық топ құрайды. Олар қалайжазылған күнде де (түбірлерін сақтап немесе сақтамай) бір-біріне үйлесіп, үндестік заңдарына бағына айтылады. Мысалы:

Жазылуы: Айтылуы:шекара шегаракүздігүні күздүгүнүЖезқазған ЖезғазғанСарыарқа Сарарқаөнеркәсіп өнергәсіпкәсіподақ кәсібодақжанкүйерлер жангүйөрлерорынбасар орұмбасардүйсенбі дүйсөмбіөгізшағала өгүшшағалаақиық (қыран) ағыйық

8. Қос сөздердің сыңарлары да бір деммен үйлесе, үндесеайтылады. Олар көбінесе түбірі сақталып, дефиспен жазыла-ды.

Жазылуы: Айтылуы:астан-кестен астаңгестенкөзбе-көз көзбөгөзқолма-қол қолмағолкеле-келе келегелеқилы-қилы қыйлығыйлықоян-қолтық қойаңғолтұққұда-анда құдандаазды-көпті аздыгөптү

247

Page 248: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

9. Күн күркіреу, қой қоздау, аяқ аттау, жүрек жалғау, көзікүлімдеу сияқты бір сыңары – зат есім, екіншісі – етістік бо-лып келетін тіркестер де бір-бірімен үндесіп, бір тыныспенайтылады: күңгүркүрөу, қойғоздау, айағаттау, жүрөгжалғау,көзгүлүмдеу. Ауа райын хабарлайтын дикторлар «бүгүн пәленжерде жаңбыр жауұп күңгүркүрөйт» деп айтулары керек (күнкүркірейді емес).

10. Бала кезі, жаз күндері, жан құштары, Алматықаласы, Байқал көлі, аяк алысы, көңіл қошы, күннің көзісияқты бір сыңары тәуелдік жалғаулы сөз болып келгентіркестер де бір ырғақпен үндесіп айтылады: балагезі,жазгүндөрі,жаңғұштары, Алматығаласы, Байқалгөлү, айағалысы, көңүл-ғошұ, күннүңғөзү.

11 Негізгі сөз бен соған қатысты шылау сездер, көмекшіесімдер (қасында, ішінде, үстінде т.б.) бір ырғақпен айтыла-ды.Шылаулардың басым көпшілігі (соң, шейін, дейін, туралы,шақты, сайын, басқа, бөтен, тым, таман, ма/ме, ша/ше т.б.)алдыңғы сөзбен бір топ құрағанымен, араларында дыбыстықөзгерістер болмайды: аздан соң, үйге дейін, саясат туралы, оншақты, барған сайын, бала ма, қыз ба. Дыбыстық өзгеріс қ,к дыбыстарынан басталатын шылаулар және көмекші есімдермен дауысты дыбысқа немесе з, л, р, н, м, у, й, ң дыбыстары-нааяқталған сөздердің арасында болады. Ол шылаулар: қарай,кейін, қарсы, қасында. Мысалы, жазылуы: кешке қарай,түстен кейін, жазға қарсы, үйдің қасында, айтылуы:кешкеғарай, түстеңгейін, жазғағарсы, үйдүңғасында.

12. Әр, кей, бір, еш деген сөздермен келген тіркестер неме-се біріккен тұлғалар бір деммен кірігіп айтылады. Мысалы:әрғашан, әрғалай, әргүнү, әрғайдан, кейгүнү, кейгезде, біргез-де, біргүнү, ешпір. Бұлардың жазылуы: әрқашан, әрқалай, әркүні, әр қайдан, кей күні, кей кезде, кей күні, бір кезде, біркүні, ешбір.

13. Кім, не, қайда, қай, қалай, қайсы сияқты сұрау есімдікте р і өздеріне қатысты (өздерінен кейін тұрған) сөздермен біртоп құрайды: қайдагеттің / баламау //. Жазуда: қайда кеттің,баламау? Нездейсін / көңлүм / нездейсің //. Жазуда: Неіздейсің, көңілім, не іздейсің?

248

Page 249: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Кім, не есімдіктерінің септеулі түрлері де (кімнің, кімге,кімді, кімнен, кіммен, ненің, неге, нені, неден, немен) өзіненкейінгі сөзбен бір ырғақты топ құрап айтылады. Мысалы: Бұл/ кімніңғолү? Жазуда: Бұл – кімнің қолы? Немеңгелдің?Жазуда: Немен келдің?

Кім, не, қайсы, қалай сияқты сөздер мынау, ол, бұл дегенесімдіктерден кейін келіп тіркескенде де, бір ырғақпен ай-тылады: мынауыңгім, мыналаргім, бұлғайсың, мұнұңғалай,бұлғалай т.т. Бұлардың жазылуы: мынау кім, мынауың кім,бұл қайсың, мұның қалай, бұл қалай.

14. Екі-үш сөзден құралып, бір ғана түсті білдіретін күрделісын есімдер және екі сөзден құралып бір санды білдіретінкүрделі сан есімдер бір ырғақтық топ құрайды: ал қызыл (ай-тылуы: алғызыл), ал күрең (алгүрөң), қара ала (қарала), қара көк(қарагөк), қара күрең (қарагүрөң), он бір (омбір), жиырма алты(жермалты), он бес (омбес), қырық алты (қырығалты).Бұл жерде біз мысалға дыбыстық өзгеріске ұшырап айтыла-тындарын ғана келтірдік, ал күрделі сын есімдер мен күрделісан есімдердің басым көпшілігі бір ырғақтық топ құрапайтылғандығымен, сөз аралығында дыбыстық өзгеріс болмай-тындары қалай жазылса, солай оқылады. Мысалы: ақ сары,қызыл ала, ақ құба, құла жирен, он екі, он алты, қырық төрт,елу бес дегендер осы жазылған түрінше айтылады.

15. Екі сөзден құралып, бір заттың, бір құбылыстың, бір іс-қимылдың атын білдіретін (атайтын) күрделі атаулар бірырғақпен айтылады: Мысалы: ортан қол (айтылуы: ортаңғол),асық жілік (асығжілік), тоқішек (тоғішек), қой қора(қойғора), қонақ үй (қонағүй), ақ жауын (ағжауұн), тас жол(ташшол), тоқым қағар (тоқұмғағар).

Сөйтіп, ырғақтық топ құрайтындар жеке жай тіркестер бо-лып та (қалқан құлақ, тас жол, Байқал көлі, оқып отыр, көкала), фраза, идиомдар сияқты тұрақты тіркестер болып та(ашық ауыз, құр қол, қас пен көздің арасында), біріккен сөздерболып та (кәсіподақ, шекара, Жаңақорған), қос сөздер болып та(қолма-қол, қилы-қилы), мәнді сөз бен шылау, одағайлар тіркесіболып та (о керемет, үйге қарай, желге қарсы) келе береді.

Сөздерді дұрыс дыбыстаудың киын жерлері (қате кетеді-аудейтін тұстар) тек жоғарыда көрсетілгендей, екі (кейде үш)

249

Page 250: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

сөздің аралығында ғана емес, бір сөздің ішінде де жиі кездеседі.Олар сөз түбіріне әр түрлі қосымшалар жалғаған тұстардабайқалады. Мысалы: түн+гі, қашан+ғы, түн+ге, қашан+ға,орыс+ша, жаз+са, жұмыс+шы, көн+бе+ді, көр+ін+ген дегенсөздер айтылуда түңгү, қашаңғы, түңгө, қашаңға, орұшша,жасса, жұмұшшы, көмбөді, көрүнген болып дыбысталады.

Дыбыстардың бір-біріне тигізетін ықпалы әсіресе біріккенсөздер (бірігіп жазылатын) мен қос сөздердің (дефис арқылыжазылатын) аясында өте-мөте сезіледі, өйткені біріккен сөздерәрдайым бір ырғақпен айтылады. Мысалы, мына сөздер: шекара, алма-кезек, қара күйе деп бөлек-бөлек айтылмайды, шега-ра, алмагезек, қарагүйө болып бір ғана тыныспен (ырғақпен),бір деммен айтылады. Осы себептен де біріккен сөздер менқос сөздерді айтуда кететін қателіктер бірден көзге түсіптұрады (дәлірек айтсақ, құлаққа жайсыз естіліп тұрады).

Қазақ тілінде кісі аттары, жер-су аттары, аң-құс, құрт-құмырсқа, бақа-шаян, өсімдік атаулары және термин сөздеркөбінесе біріккен сөз болып келеді. Мысалы:

Кісі аттар. Жазылуы: Досжан, Сәтбай, Құланбай, Болат-бек, Маржанқыз. Айтылуы: Дошшаи, Сәтпай, Құламбай, Бо-латпек, Маржаңғыз. Қазақ тілінің ең соңғы редакцияланған(түзетілген) емле ережелері бойынша кісі аттарының көп-шілігі кіріккен күйінде естілуінше жазылады. Мысалы,Саты-балды (Сатыпалды емес), Дәметкен (Дәмееткен емес), Ұлбосын(Ұлболсын емес), Айғыз (Айқыз емес) Нұрғожа (Нұрқожа емес),Амангелді (Аманкелді емес), Қарагөз (Қаракөземес).

Жер-су аттары. Жазылуы: Жезқазған, Талдықорған, Еңбек-шіқазақ, Жаманқала, Ешкіөлмес, Қараөткел, Қараой,Жылыой. Айтылуы: Жезғазған, Талдығорған, Еңбекшіғазақ,Жамаңғала, Ешкөлмес, Қарой, Жылой.

Аң-құс, жәндік, өсімдік атаулары. Жазылуы: қарақұрт,кәріқыз (өсімдік), алақоржын (тышқан), ақиық (қыран), бірқазан(құс), өгізшағала (құс), қозықұйрық (өсімдік), қарақұс(құс), жыланқияқ (өсімдік) т.т. Бұлардың айтылуы: қарағұрт,кәріғыз, алағоржұн, ағыйық, бірғазан, өгүшшағала,қозғұйрұқ, қарағұс, жылаңғыйақ.

Терминдер.Жазылуы: өнеркәсіп, кәсіподақ, қолөнер, үш-бұрыш, төртбұрыш т.б. Олардың айтылуы: өнергәсіп, кәсіб-

250

Page 251: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

одақ, қолөнөр, ұшпұрұш, төртпұрұш (бұл мысалдар – текқана айтылуда дыбыстық өзгерістерге ұшырайтын сөздер, албіріккен сөзден тұратын адам, жер-су аттары, өсімдік, аң-құсатаулары мен терминдердің ішінде жазылуынша айтылатын,яғни үндестік заңдарына сай өзгеріс болмайтындары өте көп.Мәселен: Ақтай, Ұлдай, Қызылорда, аққу, бұзаубас (құрт),қолжазба т.т.

Қос сөздер де әрдайым бір ырғақпен, бір деммен айтылады даондағы сыңарлар бір-біріне үндесіп, қиюласып жатады. Мы-салы, айтылуда: алмагезек, қолмағол, көзбөгөз, қойаңғолтұқ,келдігетті, істүссүз, құбағұп, қыйлығыйлы, күмбөгүн т.т.Бұлардың жазылуы: алма- кезек, қолма-қол, көзбе-көз, қоян-қолтық., келді-кетті, іс-түссіз, құба- құп, қилы-қилы, күнбе-күн. Әсіресе қ, к дыбыстарынан басталатын сөздің арала-рына ба/бе, ма/ме, па/пе дәнекерін салып қайталап жасала-тын түрлерінің (қолма-қол, көзбе-көз, қарама-қарсы), екіншікомпоненті (сыңары) ұяңдап айтылатынын (қолмағол,көзбөгөз, қарама- ғарсы) қатты ескеру керек.

Сөздерді дұрыс айтуда көңіл аударатын келесі үлкен мәселе –орыс тілінен және орыс тілі арқылы өзге тілдерден енгенсөздердің қазақша дыбысталу жайы. Мектептен бастап үйретіліпкелген қағида бойынша, орыс тілінен енген кірме сөздер қазақшасөйлеуде екі топқа бөлініп айтылуға тиіс: бірін-ші топқаертеректе еніп, қазақ тілінің дыбыстық заңдарына сәйкес өзгеріпқалыптасқан сөздер, сол «қазақыланған» қалпынша айтылатынсөздер кіреді. Мысалы, шай, самау-рын, сиса, сәтен, бәтес, бақал, жәрмеңке, жәшік сияқты«тұрмыстық» зат атаулары мен облыс, болыс, шен, кеңсе, сот,газет сияқты дерексіз есімдер орыс тіліндегідей чай, само-вар, ситец, сатин, батист, бакалея, ярмарка, ящик, канце-лярия, суд, газета болып айтылмай, жоғарыда жазылып көр-сетілгеніндей, қазақша түрінде айтылады. Бұл сөздер – санжағынан аса көп емес, сондықтан олардың емле сөздіктеріндеұсынылған қалыптарынша айту іс жүзінде көп қайшылықкелтіріп келе жатқан жоқ.

Екінші топқа қазақ тіліне соңғы 50-60 жылда жүздеп-мыңдапенген, көбінесе ғылыми терминдер болып келетін сөздер жатады.Емле ережелерінде бұларды сол орыс тіліндегі

251

Page 252: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

қалпынша жазу ұсынылды да олар қазақша сөйлеу актісіндежазылған түрінде айтылатын болды. Бұл ереже түрінде қатаңескертілмесе де, сөйлеу тәжірибемізде біршама орнығып,қалыптасты. Бұған радио мен теледидар дикторларыныңсөздері, мектеп пен жоғарғы оку орындарындағы мұғалімдермен шәкірттердің сөйлеу мәнері дәлел.

Көптеген тілдердің тәжірибесінде шеттен енетін сөздер солсөздерді қабылдаған тілдің фонетикалық заңдарына икемделіп,өзгеріп айтылады және сол өзгерген түрінде жазылады. Бұл– тіл табиғатына тән ортақ заңдылықтардың бірі. Осығанқарамастан, 1940 жылдардан бастап орыс жазуы – кириллица-ны қабылдаған бірқатар түркі халықтарының тілдерінде орыстілінен соңғы кезеңдерде енген сөздерді сол тілдегі қалпыншажазып, жазылған түрінше айту тәжірибесі орын алды. Бұған,сөз жоқ, кейде жұқалап, кейде ашық жүргізілген орыстанды-ру саясаты басты себепкер болды, яғни орыс графикасынакөшуіміз де, міндетті түрде орыс тілін екінші тіл ретінде мек-тептен бастап үйрену қажеттігі де, жоғары оқу орындарын-дабілім алудың негізі орыс тілінде жүргізілуі де – баршасы орыстілінен енген сөздерді «бас-аяғы бүтін» күйінде орысшатұлғалауға, орысша айтуға итермеледі. Тіл табиғатына қайшыкелетін бұл тәртіп нормаға айналды.

Орыс тілін де едәуір жақсы меңгерген бүгінгі орта және жасбуын қазақтарды бұл құбылыс көп қинамайтыны белгілі, де-генмен соңғы жылдарда шет тілдік сөздерді ана тіліміздің ды-быс заңдарына үйлестірмей айту мен жазудың тіл табиғатынақайшы келіп тұрғаны жайында әңгіме жиі көтеріле бастады, тіптібес-он сөзді қазақша сындырып жазып, сол жазу арқылы олардықазақша дұрыс айтудың үлгілері деп көрсетіле баста-ды. Мысалы: завод, машина, станция, кило деп жазылып, осыжазылуы бойынша айтылып келген он шақты сөз зауыт, ма-шине, станса (бұл сөзді қазақша дұрыс жазсақ және дұрысайтсақ, ыстанса болуы керек), килә/келі / кілә деген тұлғалардакөрінді. Әрине, бұл сөздерді «қазақшалау» қиынға түспейді,өйткені бұлар – ғылыми термин емес, зат атаулары және оларкүнделікті өмірде ауызша сөйлеу тілінде де жиі қолданылатынсөздер, сондықтан олар бұрынғы қамыт, доға, қарындаш,сіріңке сияқты сөздердің қатарында сап түзей салады.

252

Page 253: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Қазіргі жаппай сауатты, орыс тілін де меңгерген қазақтарсөйлеу актісінде завод, машина, станция, кило деп айтуларыжиірек кездесуі мүмкін болса да, бұларды «қазақы» тұлғадаұсыну осы принципті дұрыс деп санаудың үлгісі ретінде орыналып отыр деуге болады.

Бірақ, сөз жоқ, кірме сөздердің қазақы тұлғасында қолданы-лу принципінің дұрыстығына, оны әлеуметтік пікірдің қолдапотырғанына қарамастан, жүздеген, мындаған кірме сөздер меншетжұрттық жалқы есімдердің (адам аты-жөндері мен жер-суатауларының) басым көпшілігі әлі де орысша тұлғасындажазылып, айтылып отыр. Мұның да еркімізден тыс бірнешеобъективті себептері бар. Ол себептердің бірі – соңғы жар-тығасыр бойы қалыптасқан тілдік тәжірибемізді, яғни лек-сикалық,емлелік, орфоэпиялық нормаларды күрт бұзу – шым-шытырық,бейберекеттікке, сауатсыздыққа ұшырататын қаупі болса,екіншісі – ғылым салаларының басым көпшілігінің орыстіліндегі әдебиетпен байланысты екендігінде және әлі де көпуақыт бұл іліктестік үзіле қоймайтындығында, сондықтанматематика, физика, химия, астрономия, геология сияқтыкөптеген салалардың мамандарына орыс, қазақ тілдеріндебіртектес (тұлғалас) терминдерді пайдалану қолайлы екендігінескеру қажет сияқты.

Бұл екі себептің ішінде әсіресе дәстүр факторыүлкен рөлатқарады: тіл тәжірибесінде ұзақ уақыт бойы әлеуметтікқолданыста болған сөз немесе жазу үлгісі я болмаса сөзді айтудағдысы келе-келе бұрыс болса да, нормаға айналады да одантеп-тез ажырау мүмкін болмай қалады. Айталық, араққа қарсыкүрес науқаны жанданған кезде орысша «трезвость» дегенұғымның қазақша салауаттылық деген баламасы дәл де, сәтті деемес болғанымен, әдеттегі дәстүріміз бойынша, осы ұғымдасалауаттылық сөзін күнделікті баспасөз беттерінде үзбестенқайталап жаза берген соң, радио мен теледидардан ауыз жап-пайайта берген соң, ол дағдыға айналды. Екінші мысал. Адам аты-жөндеріне келгенде, оларды екі дауыссыз дыбыстан бастап жазуатақты жазушы Ғабдол Сылановтың фамилиясын Сланов депжазудан басталып, бұл күнде Смаханов, Смайылов, Спа-

253

Page 254: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

таев деп жазу етек алып кетті, дағдыға айналып бара жатыр,бірақ ол дағды нормаға ауыспауға тиіс, өйткені емле ережесімұны мүлде көтермейді.

Үшінші мысал. Әр түрлі себептермен сөздерді жазылуын-шанемесе жеке тұрғандағы тұлғасынша айтудың дағдыға ай-налуқаупі туып отыр. Бұл өте қате дағдыны нормаға айнал-дырмауүшін күрес – осы құралдың басты мақсаты. Демек, тілтәжірибесіндегі дағдымен күресудің оңай еместігін байқаймыз.Әрине, дағдылардың баршасы теріс, қатеден бола бермейді. Осысебептен ондаған жылдар бойы кірме сөздерді орысша жа-зып,орысша айту көпшілік дағдысына айналғандықтан және ол дағдыресми норма ретінде қалыптастырылғандықтан, мұны бір сәттеөзгерту мүмкін еместігін сеземіз. Сондықтан тұлғасыөзгертілмей енген кірме сөздер орысша тұлғаланғанмен,орфоэпиялық нормаға келгенде оларды тек қана орыстіліндегідей етіп айту шарт емес деуге болады, яғни химия, фи-зика, электр, автобус, академия, ассоциация, брокер, валюта,глобус деген сөздерді орысша дыбыстауынша айтуға да бола-ды, қазақыландырып, кыймыйа, еліктір, әкедемие, бірөкер,гылобұс деп айтсаңыз да еркіңіз, қайткенде де бұларды сөйлеуактісінде не таза орысша түрінде айту керек, не барлығынқазақыландырып айту керек деген орфоэпиялық қағидаұсынбаймыз. Егер қазақ жазуы өзгеріп (айталық, латын жазу-ын қабылдап), кірме сөздердің жазудағы тұлғасы өзгертіліп,ұсынылып жатса, сол өзгеріп жазылған түрінде немесе соғанжақындатылып дыбыстау норма болмақ. Ал «орыс жазуын»қолданып отырған қазіргі күндерімізде орыс тілінен енгенорыстың өз сөздері мен халықаралық термин сөздерді орыстілі орфоэпиялық нормасы бойынша да, қазақша «сындырып»та айтуға (дыбыстауға) болады деген «екіұдай» қағидаұсынуға тура келеді.

254

Page 255: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

ОРФОЭПИЯЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРНЕМЕСЕ

СӨЗ САЗЫН КЕЛТІРУ ҚАҒИДАЛАРЫ

Орфоэпиялық ережелерді ұсынбас бұрын олардың берілутәртібі жайында бірер ескертпе айтуға тура келеді.

Орфоэпиялық қағидалардың ұсынылу қалпы (тәртібі, әдісі,стилі) емле ережелерінің берілу тәртібінен біраз өзгешелеуболады. Бұл құрал, бір жағынан, мектеп мұғалімдері менбалабақша тәрбиешілеріне, мектеп оқушылары мен студенттер-ге ұсынылғандықтан, осы ережелерді жақсы игертулері жәнеигерулері үшін, олар кеңірек дәлелденіп, түсіндірілді. Мысал-дарда көбірек келтірілді. Оның үстіне үйренушілер жаттыға түсулеріүшін бұл ережелерге сөйлеу тәжірибесінде тапсырма-лар беріліпотырды. Ол тапсырмаларды тек сөз сазын үйретуші мұғалімдер,консультанттар т.т. ғана емес, орфоэпия ереже-лерін өз бетіменигеремін деген жеке адамдар да орындаулары-на болады, өйткенімұндай жаттығулар ережені іс-жүзінде иге-ре түсуге әбденкөмектеседі. Ережені теория жүзінде біліп алу бар да оны ісжүзінде пайдалана білу бар ғой. Сөзді дұрыс жазу мен сөздідұрыс айтуға келгенде, жалаң теорияны, яғни ереже-лерді білуғана емес, тәжірибенің де, яғни жазу мен сөйлеудің мәні зор.

Екінші бір ескертетін нәрсе – әрбір бапта (параграфта)ұсынылған ереженің жалғасы ретінде ережеге қатысты айты-латын қосымша түсіндірулер, дәлелдемелер беріледі. Олардыда ереже бөлігі деп тану қажет.

Сөзді дұрыс айту ережелерін, олардың түсіндірмелерін,дәлелдемелерін ұсыну үстінде сөздердің жазылуы да жиікөрсетіліп отырылады, оның себебі, бір жағынан, қазақ тілін-де сөздің жазылуы мен айтылуы әрдайым бірдей түсіп отыр-майтындығын ескертуде болса, екінші жағынан, жазуға қарапоқып (айтып, дыбыстап), оқуға (айтуға, дыбыстауға) қарапжазып шатасу қаупінен сақтандыруда болып отыр.

Сөз сазы ережелері, емле ережелері сияқты баптарға (пара-графтарға) ажыратылып берілді. Алды-артындағы түсіндірме-лер мен жаттығу материалдарынан бөліп көрсету үшін,ереженің өзі жалпы текстен сәл шегіндіріліп терілді.

255

Page 256: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

§ 1. Қазақ тілінде дыбыстардың бір-біріне әсер етіп, өзараүйлесетін, үндесетін тұстарының бірі – қатаң дыбыстардыңұяңдайтын жерлері.

Ырғақтық топ құрайтын сөздердің алғашқысы дауысты а,е, ы, і, у (ұу, үу), и (ый, ій) дыбыстарының біріне аяқталса,екінші сөз қ, к дыбыстарынан басталса, соңғылар ұяңдап, ғ, гболып айтылады.

Мысалдар: 1) Сөйлеу үстінде ырғақтық топ құрайтынанық-тауыш пен анықталғыштардың қатаң қ, кдыбыстарының ұяңдауы:

Жазылуы: Айтылуы:бала кезде балагездеала көлеңке алагөлеңкеата қоныс атағонысжаңа қала жаңағалаескі киім ескігійімқысқы киім қысқыгійімқыли көз қылигөз

Мәтінмен келтірілген мысалдың айтылуы (оқылуы): Білектей / арқасында / өргенбұрұм / Шолпұсұ / сылдырғағып / жүрсақырын // Кәмшәтбөрүк / ақтамақ / қарағасты / Сұлұуғыздың /көрүппең / мұндайтүрүн //

(Абай)Мұнда өрген бұрым, кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,

сұлу қыз, мұндай түр деген сөздер – анықтауышты тіркестер,бұлар бір ырғақпен айтылады. Осылардың ішінде жоғарғыережеге мысал болатындары сұлуғыз, қарағасты болып айты-лады.

2) Қатар келіп ырғақтық топ құрайтын толықтауыш пенбаяндауыш, пысықтауыш пен баяндауыш, бастауыш пенбаяндауыштардың араларындағы қатаң дыбыстар ұяңдапайтылады. Мысалы: мен киноға бармай, үйге келдім; ол кі-тапоқығанды жақсы көреді; ол шақыртпай өзі келді де-генсөйлемдердегі курсивпен көрсетілген сөйлем мүшелері бірырғақтық топ құрайды, сондықтан олар үйгөгелдім,жақсыгөрөд, өзүгелд(і) болып айтылады.

256

Page 257: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

3) Біріккен сөздердің бөліктері (компоненттері) де бірырғақпен айтылады, сондықтан бұлардың екінші бөлігініңбасындағы қ, к дыбыстары алдыңғы компоненттің соңы дау-ысты дыбыстарға аяқталып тұрса, ұяңдап айтылады:

Жазылуы: Айтылуы:Талдықорған Талдығорғанқаракүйе қарагүйөқарақұрт қарағұрталакөз (құс атауы) алагөзМеңдіқыз МендіғызСарыкөл Сарыгөл

4) Қос сөздердіңсыңарлары да осы заңға бағынады:Жазылуы: Айтылуы:баса-көктеп басагөктепқара-құра қарағұракеле-келе келегелеқора-қопсық қорағопсұ

5) Сөйлем ішінде сөз дауысты дыбыстарға аяқгалып, оғанқатысты шылаулар қ дыбысынан басталса, шылаудың басқыдыбысы ұяң айтылады:

Жазылуы: Айтылуы:желге қарсы желгеғарсыүйге қарай үйгөғарайелу қаралы елүуғаралыекі қайтара екіғайтара немесе

екқайтараүй қасында үйғасында

1-баптағы (параграфтағы) ережеге қарап, мына өлең шума-ғының дұрыс айтылуын (оқылуын) көрсетіндер; ол үшін,әрине, мұндағы сөздерді ырғақтық топтарға бөліңдер; бұлмәтінде ырғақтық топтардың қайсысының айтылуы берілгенережеге қатысты екенін айтыңдар.

Ат қайда Ақбақайдай шаппай желген, Қыз қайда құдашадай көзі күлген? Алыстан ат арытып келгенімде, Шақыртпай еш адамға, өзі келген.§ 2. Ырғақтық топ құрайтын екі сөздің алдыңғысы з, ж, р,

л, м, н, ң, й, үнді у (тау, бау деген сөздердегі) дыбыстарына

257

Page 258: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

аяқталса, келесі сөздің басындағы қ, к дыбыстары ұяңдап, ғ, гболып айтылады.

Ырғақтық Жазылуы: Айтылуы:топтар:жез қазған Жезқазған Жезғазғанөнер кәсіп өнеркәсіп өнөргәсіпбал қаймақ бал қаймақ балғаймақтай келтір Тайкелтір Тайгелтіраман келді Амангелді Амаңгелдіқаз қатар қаз-қатар қазғатаразан қазан азан-қазан азаңғазанжылан көз жылан көз жылаңгөзсонымен қатар сонымен қатар сонұмеңғатарқатар қой көз қойгөзқой көз қай-қайдағы қайғайдағықай қайдағы

Бұл ережеге мысал ретінде мына үзінділердің дұрыс айтылу түріне назар аударыңыз:

Қарағым / айналайын / келдіңғайдан // Алүйрек / алмамойұн / ұшарсайдан // Ейғалқа / мекеніңді / айтыпқойшұ // Адамның / жатполмағы / осұндайдан //

(Халық өлеңі)Мына шумақтарды ырғақтық топтарға ажыратып, дұрыс

айтылуын көрсетіңдер, жоғарғы ережеге сай келетін сөздердітабыңдар:

Салмасам, Айнамкөзге ән болмайды, Кимесем, екі бешпент сән болмайды, Ойнасаң, өзің теңдес жаспен ойна, О дағы алғаныңнан кем болмайды. Айнамкөз, сен қайдағы, мен қайдағы, Біреудің мен де өзіңдей боз тайлағы. Есіме, беу қарағым, сен түскенде, Қайнайды зығырданым қай-қайдағы.

(Мұхит)§ 3. Ырғақтық топқа енетін сөздердің бірінші сыңары қ, к,

п деген қатаң дыбыстарға аяқталса, келесі сөз дауыстыдыбыстардың біреуінен немесе ж, з сияқты ұяң дыбыстар-

258

Page 259: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

дан және р, л, м, н, й, у деген сонорлардан басталып тұрса,алдыңғы қатаң дауыссыздар ұяңдап, ғ, г, б болып айтылады.Мысалы, шекара, сатып алды, қонақ үйі, кәсіподақ, келіп еді,қашық жер, бекзат, көк орамал деген сөздер айтылуда: шега-ра, сатыбалды, қонағұйү, кәсібодақ, келібеді, қашығжер, бег-зат, көгорамал болып дыбысталады.

Бұл ережеге мысал ретінде мына шумақтардың дұрысоқылуына назар аударыңыздар және жазылуын көрсетіңіздер:

Атеді / бұләнімнің / Жонұбалды // Алғандай / сұлужонұп / ерімталды // Жасымнан / сүйібайтқан / ән болған соң // Жаңылмай / әлігүнге / естеғалды // Жанедім / әсемәнді / сүйүбайтқан // Жағымды / көпкебірдей / жұрт ұнатқан // Келетін / нақысына / жүзғұбұлүп // Кейдөрлеп кейдешалқып / баяулатқан //

(Біржан)§ 4. Бір ырғақпен айтылатын сөздердің алдыңғы сыңары с,

ш дыбыстарына аяқталса, келесі сөз ж, ш дыбыстарынан ба-сталса, екі сөз аралығында қос шш дыбысы айтылады. Мыса-лы, Досжан, сөзшең, бос шылбыр, жас жаным деген сөздердіңайтылуы: Дошшан, сөшшең, бошшылбыр, жашшаным. Солсияқты алдыңғы сыңар з дыбысына аяқталса, келесі сыңар ждыбысынан басталса, қос жж айтылады. Мысалы, ғазиз жан,тоғыз жерде дегендердің айтылуы: ғазижжан, тоғұжжерде.

Осы ережеге байланыстырып, «Абай» операсындағы Абаймен Ажардың арияларынан алынған мына шумақтардыңорфо-эпиясын талдап көрелік:

Жазылуы:Бауырым жара, сөзім нала, Дертпен келем мен бүгін. Аямас жау мені айнала Салды салмақ сұмдығын. Қараңғыда жалғыз жарық Әлсіз қолда өшер ме? Айдарым жоқ, жеке қалып,Зұлмат жаншып өтер ме?

Айтылуы:Бауұрұмжара / сөзүмнала/ Дертпеңгелем / мембүгүн/ Айамашшау / менайнала // Салдысалмақ / сұмдұғұн // Қараңғыда / жалғыжжарық/Әлсізғолда / өшерме // Айдарымжоқ / жекеғалып Зұлматжаншып / өтөрме //

Бұл заң екі сөздің аралығында ғана емес, түбір мен қосым-шаның түйіскен жерінде де болады. Мысалы, жұмысшы,

259

Page 260: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

қосшы, басшы деген сөздер айтылуда жұмұшшы, қошшұ, баш-шы болып естіледі.

Осы ережені ескеріп, мына сөздердің дұрыс айтылуын жа-зып және оқып көрсетіңдер.

ҚызЖібек, Бозжігіт, ауызша, орысша, көзсіз (батыр), құшсаң,көшсін, қас жақсы, қас жаман, жас жарым, Көзжақсым, ешжұмысы (жоқ), бес жылдық (оқу), үш жылдық жоспар, қазша(мамырлаған), қасша (дұшпанша), жазшы, тас жер.

§ 5. Бір ырғақпен айтылатын сөздердің алғашқысы з де-генұяң дыбысқа аяқталса, келесі сөз с деген қатаң дыбыстанбасталса, айтылуда қос сс болып естіледі. Бұл заң түбір менқосымшаның аралығына да тән. Мысалдар: жүз сом, жаз сай-ын, сөзсіз, бұлардың айтылуы: жүссом, жассайын, сөссүз.

Бұл ережеге жаттығу ретінде «Айман-Шолпан»пьесасынан Жарастың мына сөзін келтірейік:

Жазылуы: Айтылуы:Құдаға кел, жамағат, көз Құдағагел / жамағат / көс-салайық, салайық /Жарасқан сән-тұрманын Жарасқан / сәнтұрманын /біз санайық. біссанайық //Маржаны құмалақтан, Маржаны / құмалақтан /

құрымжелек, құрұмжелекҚамшыны жібек бауға Қамшыны / жібекпауға /

шамалайық. шамалайық //

§ 6. Бір ырғақпен айтылатын сөздердің алдыңғы сыңары ндыбысына аяқталса, келесі сыңары қ, к, ғ, г дыбыстарыныңбірінен басталса, н өзгеріп, ң болып айтылады. Мысалы:Аман+келді, айтылуы Амаңгелді (бұл жерде ілгерінді-кейіндіықпал болып тұр: ілгергі н дыбысы кейінгі к дыбысын г дыбы-сына айналдырса, г дыбысы н дыбысын ң-ға айналдырып тұр).Осы сияқты бөкен қабақ, жан қалқа, Айманкүл, Боранғали де-ген сөздердің айтылуы: бөкеңғабақ, жаңғалқа, Аймаңгүл (бұлАймаңкүл болып та айтылады), Бораңғали.

Бұл ереже түбір мен қосымшаның арасындағы дыбыстарөзгерісіне де жатады. Мысалы: қашанғы (қашан+ғы), түнгі(түн+гі), зиянкес (зиян+кес), құйынға (құйын+ға) сияқты

260

Page 261: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

қосымшалы сөздер қашаңғы, түңгі, зыйаңкес, құйұңға болып айтылады.

Мына мәтінді дұрыс оқып көрелік:Жазылуы:Ішім өлген, сыртым сау, Көрінгенге деймін- ау. Бүгінгі дос – ертең жау, Мен не қылдым, япырмау?!Жан қысылса, жайтаңдап, Жанды еріткен жайдары-ау.Жан жай тапса, сен неге Жат мінезсің, жабырқау.

Айтылуы:Ішімөлген/сыртымсау/ Көрүңгеңге / деймінау // Бүгүңгүдос / ертеңжау // Меннеғылдым / йапырмау //Жаңғысылса / жайтаңдап / Жандеріткен / жайдарау // Жанжайтапса сеннеге // Жатмінессің / жабырқау //

(Абай)Бірінші сөз н дыбысына аяқталып, келесі сөз қ, к, ғ, г ды-

быстарынан басталып тұрған сәттің кез келгенінде мүндайөзгеріс бола бермейді, яғни олар бір топқа енбей, екі белектопта тұрса, бір-біріне әсер етпейді. Мысалы, «ҚарақыпшақҚобыланды» пьесасынан Қобыландының мына бір сөзініңдұрыс айтылуын көрелік:

Жазылуы АйтылуыҰлын құл ғып, қызын күң, Ұлын / құлғып / қызын / күң/Қақсатып болған қызылбас. Қақсатыпполған / қызылбас//

Мұнда н – қ, н – к дыбыстары қатар келгенмен, бір-бірінеәсер етпейді, өйткені қатар тұрған сөздер екі бөлек ырғақтатұр, сондықтан бұл жерде қ дыбысы ғ-ға, н дыбысы ң-ға ай-налмайды.

Осы ережеге сай етіп, әрі алдыңғы қағидаларды ескеріп,мына мәтіндерді дұрыс айтып көріңдер. Ол үшін топтарғабөліп алыңдар.

Анталаған жауың көп Қас қамауда біз қалсақ,Жан көке, кімге тапсырдың? Тоғай толған жылқың бар, Қора толған қойың бар, Жан көке, кімге тапсырдың?

(М. Әуезов)Жаңа жыл мың тоғыз жүз қырық бесінші,

Құйшы, дос! Қыран көңіл, бір желпінші!

261

Page 262: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Қан қырғын, қызыл соқта толастар ма? Жаңа жыл, айт та маған, ал сүйінші!

(Қ. Аманжолов)§ 7. Бір ырғақты топқа енетін сыңарлардың алдыңғысы н

дыбысына аяқталса, келесісі б, п дыбыстарынан басталса, ндыбысы м болып айтылады. Бұл заң түбір мен қосымшаныңаралығында да болады.

Мысалы, сен бе едің, Құрманбек, Дүйсенбай, Жанпейіс,күнбатыс, күнбағар, жылан бауыр (трактор) деген сөздерсембедің, Құрмамбек, Дүйсембай, Жампейіс, күмбатыс,күмбағар, жыламбауыр болып айтылады. Кейбір адам аттарыайтылуынша жазылып жүр: Жампейіс, Бейсембай.

§ 8. Бір ырғақтық топтағы компоненттердің алғашқысы с, т, қ,к, п, ш деген қатаң дауыссыз дыбыстарға аяқталса, келесісіб дыбысынан басталса, б дыбысы қатаң п-ға жуықтау болыпайтылады: тас бұлақ (айтылуы: таспұлақ), Сәтбай (Сәтпай),ақ берен (ақперен), айтып берді (айтыпперді), кеш бойы(кешпойұ).

Осы ережені және алдыңғыларын ескеріп, мына халықөлеңдерін дұрыс айтып көріңдер. Ырғақтық топтарға бөліңдержәне дыбыстары өзгеріп айтылған сөздерді көрсетіңдер.

Ат қайда Ақбақайдай шаппай желген, Қыз қайда құдашадай көзі күлген? Алыстан ат арытып келгеніңде, Шақыртпай еш адамға, өзі келген.

Баянауыл басында балалы құр, Бір сөз айтам, қалқатай, мойныңды бұр. Аулыңның тұсынан аттанғанда, Ақ боз үйге сүйеніп қара да тұр.§ 9. Орыс тілінен енген сөздердің соңында келетін ұяң б, в,

г, д дыбыстары айтылуда қатаң п, ф, к, т болып естіледі.Фами-лия соңындағы -ов, -ев жұрнақтары да оф, еф, ыф, іфболып айтылады.

Мысалы: клуп (клуб), педагок (педагог), устаф (устав),Иваноф (Иванов), Жұмашыф (Жұмашев). Бұл сөздердің ды-быстары қатаң естілетін болғандықтан, қатаң дауыссыздан ба-сталатын қосымшалар жалғанады. Мысалы: наградтау (айты-

262

Page 263: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

луы: награттау), клубқа (клупқа), Ивановтар (Иванофтар).Араб, парсы тілдерінен енген жад, араб тәрізді бірен-сарансөздер де жат, арап болып айтылады, бұларға да қатаң дыбы-стан басталатын қосымшалар жалғанады: жадқа айтты (жа-зылуы да, айтылуы да: жатқа), арабтар (айтылуда: араптар).

§10. Сөздің басындағы немесе бірінші ашық буындағы ұ, ү, о,ө дыбыстары және екі дауыстының ортасында келген у дыбысы(тауық, бауыр сияқты сөздерде) келесі буындағы ы, ідыбыстарын өзгертіп, ұ, ү-лерге жуықтатып естіртеді (ашықбуын дегеніміз – құ-, кү-, қо-, бұ, бү- сияқты дауысты дыбысқабітетін буындар). Мысалы, құ-лын, бү-гін, о-рын, кү-ліп, ө-мірдеген сөздер кұлұн, бүгүн, орұн, күлүп, өмүр болып айтыла-ды. Еріндік дыбыстардың ықпалы үшінші, төртінші буындар-да біртіндеп әлсірей береді. Мысалы, күмістің деген сөздіңекінші буыны ү-ге ұқсап, соған жуық айтылса, үшінші буындаі-ге жуықтау айтылады: күмүстің.

Сол сияқты сөздің басындағы немесе бірінші ашықбуындағы ө, ү дыбыстары келесі буындағы е дыбысын өзінежуықтатыңқырап естіртеді, бұл әсердің де күші үшінші,төртінші буындарда әлсірей түседі. Мысалы: өнер, кө-ре-ді,ө-сер, кө-бе-лек, жү-рек, кү-рек деген сөздер өнөр, көрөді,көбөлек, жүрөк, күрөк болып айтылады.

Қазіргі кезде бұл сияқты ерін үндестігі байқалатынсөздерді жазылуынша оқу орын алып барады, әсіресе екіншібуындағы е дыбысын э етіп, өнэр, үлэс, өрэн түріндеайтушылық байқалады, бұл – әрине, қате.

Осы ережеге сай етіп, мына шумақтарды дұрыс айтыпкөрелік:

Жігітке / өлеңдөнөр / өнөрдөнөр // Шынжүйрүк / өргөшапса / өршөлөнер //

(Халық өлеңі)Қазақтың / өзгөжұрттан / сөзү / ұзұн / Бірінің / бірішапшаң / ұқпассөзүн // Көздүңжасы / жүрөктің/ қаныменен / Ерітуге / болмайды / ішкімұзұн //

(Абай)Бірінші буын бітеу не тұйық болса (бітеу буын дауысты

мен дауыссыздан тұрады: өр, ұр, ұл, үс, өс деген сияқты, ал

263

Page 264: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

тұйық буынның алды-арты бірдей дауыссызға бітеді: қол, көр,көз, түн дегендей) келесі буындағы ы, і, е дыбыстарының ұ, ү,ө-ге қарай бейімделуі сәл бәсеңдеу болады, дегенмен тазаөздерінің дыбысталуын да сақтамайды. Мысалы, қолтық,қойдыр, құлдық, көркем, көзде, бөрте сияқты сөздердің екіншібуындарындағы ы, і, е дыбыстарының езулік болып айтылуысәл солғындау (күмүс, өнөр дегендерге қарағанда).

Осы ережелерге және бұдан басқа көрсетілгендеріне орайетіп, мына үзінділерді дұрыс оқып және жазып көріңдер.Соңғы ережеге сай дыбыстары үндесіп айтылатын сөздердіңастын сызыңдар не атаңдар.

...Өсер...өсер...не өсер? Тек зұлымдық өсер нөсер болып се-нен!

Сор өсер, ар өшер!... Өскенде тек зар өсер сенің лағынеттабаның астында! (М. Әуезов).

Қ а р а б а й. Құтылдым ба, құтылмадым ба? Көзім көрмес,қолым жетпес жерге кеттің бе, кетпедің бе?! Қараң батып бол-ды ма, болмады ма? Уа, қайда әлгі қатын-баласы? Жық үйді,арт жүкті! Айдат жылқыны! (Ғ.Мүсірепов).

Бүгін сүйсем, сені алсам – ертең жалқып, Суып қайтар көнілім желше шалқып, Қуантып, қайғыменен суалтамын Біреудің қызыл гүлін тұрған балқып, Құдайдың толып жатыр күні бүгін, Жігіттің тани алмай кемшілігін.Бір алып қадірлемей, тастап кеткен Тартып жүр қиянатшыл ер күйігін.

(Абай)§11. Қазіргі қазақ орфографиясы бойынша, жіңішке бу-

ыннан басталатын сөздердің екінші, үшінші буындарындаә әрпі сирек жазылады. Сірә, ірә, кінә, күнә, куә, жүдә, шүбәдеген сияқты бірқатар сөздерде болмаса, қалған сөздерде ә естілгенмен, а әрпі жазылады. Мысалы: ләззат, тәкаппар,рәсуа, діндар, Сәбира, Жәмила. Мұндай сөздерде алдыңғы жіңішке буынның әсерімен келесі буындар да жіңішке айтыла-ды: ләззәт, тәкәппар, рәсуә, діндәр, Сәбирә, Жәмилә.

Бірақ бұл сөздердің алдыңғы тобына да (екінші буынын-да ә жазылатын), соңғы тобына да қосымшалар жуан түрде

264

Page 265: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

жалғанады: күнәға (күнәге емес), Күләшқа (Күләшке емес), Жәмиләға (Жәмилеге емес), діндарлық (діндәрлік емес). Айты-луда да қосымша жуан айтылады.

Осы ережеге сай етіп және өзге ережелерді де ескере оты-рып, мына үзінділерді дұрыс айтып (оқып) көріңдер:

Талақ етіп бұл ғаламды Болды мәлім кеткенің. Кінәсы жоқ жас адамды Қатты соққан не еткенің...Ғашық-ақпын еш күмәнсыз,Ырыс емес, сор үшін. Көрісуге шыдамаспыз, Айрылалық сол үшін.,.

(Абай)§12. Қазақ тілінде жай, шай сияқты сөздер қосымшасыз

тұрғанда, жіңішке айтылады: жәй, жәйт, шәй. Бірақ бұлсөздерге де қосымша жуан болып жалғанады да сөз тұтасыменжуан болып айтылады. Мысалы: жайсыз (жәйсіз емес), шайғакел (шәйге кел емес). Бірінші буыны жай, шай болып ке-летінөзге сөздер де – осындай. Қысқасы, ж, ш дыбысы мен йдыбысының ортасында келген а дыбысы сәл жіңішке айты-лады. Мысалы, жайылым, жайлау, жайнау, шайпау, шайлығу,шайы (жібек) сөздері жәйылым, жәйлау, жәйнау, шәйпау,шәйлығу, шәйы болып айтылады.

Ж, ш дыбыстары мен өзге дауыссыздардың ортасын-дакелген а дыбысы жуан болып айтылады (және а жазыла-ды): жарғақ (жәрғақ емес), жануар (жәнуар емес), жақтау(жәқтау емес) т.т.

Осы ережеге сай етіп айтсақ, Абайдың «Оспанға» дегенөлеңі былай оқылар еді:

Жәйнағантұуұң / жығылмай / Жасқаныбжаудан / тығылмай/ Жасаулұжаудан / бұрұлмай / Жаужүрөк / жомарт / құбұлмай / Жақсөмүрүң / бұзұлмай / Жасқұуатың / тозұлмай / Жалынжүрек / сұуұмай / Жамбіткеннен / түңүлмөй /

Жағалайжәйлау / дәулетің / Жарқырабжатқан /өзөнің / Жасылшөбү / құуармай / Жайдақтартып / сұуалмай / Жәйдарыжүзүң / жабылмай / Жәйдақтапқашып /сабылмай/ Жақсөлүпсің / йапырмай //

265

Page 266: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Бұл өлеңнің барлық жолы жа деген дыбыс тіркесіненбаста-лады және барлығы да а әрпі арқылы жазылады, алайтылуда бірінші буыны жіңішке естілетін сөздер: жәйнаған,жәйдақ, жәйдары, жәйдақтап, өйткені бұларда а дыбысы жмен й дыбыстарының ортасында келген.

Өздеріңіз мына үзіндінің дұрыс оқылуын жазып көрсе-тіңдер.

Жан қысылса / жайтаңдап /, Жанды еріткен / жайдары-ау. Жан жай тапса, / сен неге / Жат мінезсің / жабырқау?

(Абай)Ойландым да / толғандым, Ойландым / ойға толмадым. Жанды қидым / жалындым, Жайланып, сірә, қоймадым.

(Бернияз Күлеев)§13. Кейбір екі буынды сөздерге тәуелдік жалғаулары

жалғанған кезде, екінші буындағы ы, і дыбыстары сусып түсіпқалады. Бұл құбылыс сөздердің айтылуында да, жазылуында даескеріліп, түсіп қалған дыбыс түсіріліп айтылады және со-лай жазылады. Мысалы, халық, ерін, ауыл, нарық, бөрік дегенсөздерге I, II, III жақтық тәуелдік жалғауларын жалғағанда,екінші буындағы ы, і дыбыстары сусып түсіп қалады: халқы(халықы емес), халқым, халқың, халқымыз, ернім, аулым,нарқы, бөркі. Мұндайда қ, к дыбыстары ұяңдамайды: бөркі(бөрігі емес).

Ал жалпы заңдылық бойынша қ, к дыбыстарына аяқталғансөздерге дауысты дыбыстардан басталатын қосымшаларжалғанғанда, олар ұяңдауға тиісті: балық+ы – балығы,күрек+ім – күрегім.

Кейбір сөздерде ы, і дыбыстарының түсу-түспеуі сөзмағынасын ажыратуға қатысады. Мысалы, жоғарғы көрік сөзіекі түрлі мағынаға ие, егер «адамның көркі» болса, тәуелдікжалғауы жалғанғанда, і дыбысы түсіп қалады (көркім, көркің,көркі), ал ұстаның темір балқытатын көрігі болса, түспейді десоңғы к дыбысы ұяңдап кетеді. Сол сияқты «көпшілік, қауым,жұрт» мағынасындағы халық сөзі тәуелденгенде, халқым,

266

Page 267: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

халқың, халқы, халқымыз болып, соңғы к дыбысыұяңдамайды, ал Халық сөзі жалқы есім болса, СәрсенбайдыңХалығы болып, ұяңдап айтылады.

Соңғы буынындағы қысаң ы, і дыбыстары сусып қалатынсөздер кейде өлең ішінде буын санына орай түсірілмей айты-луы да мүмкін.

Тіпті о баста құрамында ы, і дыбыстары жоқ бұлт, кілт,жалт сияқты сөздер де өлеңде буын саны жетпей тұрса,бұлұт , кіліт, жалыт болып айтыла береді. Мысалы, ауыл,бауыр сөздері тәуелдік жалғаулармен құбылған кезде, мынашумақтардың біреуінде қысаң дыбыстарын түсіріп,екіншісінде түсірмей айтылады:

Аулұмғоңған / Сырымбет / саласына – 11 буын Болдұмғашық / ақсұңқар / баласына – 11 буын Егер мұнда ауұлұм болып айтылса, өлең жолы бір буынға

артып кетер еді. Ал мына өлеңде буын саны 11 болу үшін, керісінше, ы, і дыбыстары түсірілмей айтылуға тиіс болып тұр:

Атымның / қақтұрады / сауұрұна – 11 буын Қостепкі / салыпкелем / бауұрұна – 11 буын Қолұнан / шәйғұйдұрұп / ішейіндеп – 11 буын Келемін / Айтпайсұлұу / ауұлұна – 11 буынОсы ережені сақтай отырып және берілген басқа да

ережелерді еске алып, мына үзінділерді дұрыс айтып көріңдер(кей сөздерде емле ережесі әдейі бұзылып жазылды, олардыкөрсетіңдер). Өлеңнің буын санын көрсетіп, түсіріліп айтыла-тын дыбыстарды түсіріп, түсірілмейтіндерін қосып жазыңдар.

Созады Біржан дауысын қоңыр қаздай, Басқаға бір өзіңнен жүрмін жазбай. Жиылысы жандаралдың болады деп, Жанбота, тынышымды алдың ала жаздай.

(Біржан) Қамшы бастым асыға буырылтайға, Өткел бермей тоқтатқан терең сай ма?Жұрт жаңғыртып орынынан бір күн түндеҚалқатайдың ауылы кетті қайда?

(Біржан)Қонады бір күн жас бұлыт Жастастың төсін құшақтап.

267

Page 268: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Жөнелді ертең, қалды ұмыт Көк жүзіне ойнақтап.

(Абай) Суырып кокте қылышын Нөсерлі қара төнді бұлыт. Тарылтып жердін тынысын Тапа-тал түс болды ымырыт.Өрістен қашты төрт түлік, Асыға үйге енді жұрыт. Салатындай бір бүлік. Ақырды бейне долы бұлыт.

(Қасым Аманжолов)§14. Қысаң ы, і дыбыстары көптеген үш буынды сөздердің

ортаңғы буындарында көмескілеу естіледі, бірақ олардыңтүсірілмей сақталып айтылғаны жөн (емледе де көбінесе ы, іәріптері сақталып жазылады). Мысалы: ықылас, жапырақ,топырақ, тебіренді, күңіренді.

Ал өлеңдерде буын санына қарай мұндай сөздерде дыбы-старды түсіріп те айтуға болады. Мысалы:

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай, Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай, Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп. Жапырағынан айырылған ағаш, қурай, –

деген Абайдың шумағында соңғы тармақтағы жапырақ,айырылған сөздері жапрағынан, айрылған болып айтылуы ке-рек, өйткені өлең жолы 11 буынды болу үшін жап-ра-ғы-нан 4буын болып, ай-рыл-ған 3 буын, а-ғаш, қу-рай 4 буын болыпайтылуы қажет.

Мына өлең шумақтарындағы курсивпен терілген сөздер-дің дұрыс оқылуын (айтылуын) көрсетіңдер және себебінайтыңдар.

Қалдың ағаш жапырағы Сыбырласып өзді-өзі. Көрінбей жердің топырағы, Құлпырған жасыл жер жүзі.

(Абай)Уа дариға, алтын бесік – туған жер,Қадіріңді келсем білмей, кеше гор.

268

Page 269: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей Ақын болмай, тасың болсам мен егер.

(Қасым Аманжолов) Әлі есімде бұлтсыз әлем аспаны, Арман бізді алға апарып тастады.Қара шашың мойныма оралып, Жерге тамған мөлдір көздің жастары.

(Н.Әлімқұлов)§15. Бір ырғақтық топта айтылатын сөздердің алдыңғысы

дауысты дыбысқа аяқталса, екіншісі дауысты дыбыстан ба-сталса, қатар келген екі дауыстының біреуі (алдыңғысы)«жұтылып» кетеді де бір ғана дауысты айтылады. Мысалы,торы ат, қара ала, келе алмадым, барып па еді, Қараадыр,Сарыөзек, айта-айта сияқты сөздер торат, қарала, келалма-дым, барыппедің, қарадыр, сарөзек, айтайта деп айтылады.Бұл заңға біріккен сөздер де, жеке сөздер де, сөз беншылаулар да, қос сөздер де бағынады.

Қазақ тілінің бұл орфоэпиялық заңдылығын ақындар шеберпайдаланады, яғни жазуда буын саны артық шықса да, айту-да(оқуда) дәл шығатын болғандықтан, сөздерді ақындар еркінқолданады. Мысалы:

3 4 4Бі-лек-тей / ар-қа-сын-да / өр-ген-бұ-рұм /3 4 4Шол-пұ-сұ / сыл-дыр-ға-ғып / жүр-са-қы-рын /4 3 4Кәм-шәт-бө-рүк / ақ-та-мақ / қа-ра-қас-ты /4 3 4Сұ-лүу-ғыз-дың / кө-рүп-пең / мұн-дай-тү-рүн // Мұнда жүрсе ақырын, көріп пе ең деген сөздері бар жолдар

жазылуда 12 буын болғанмен, айтылуда жүрсақырын,көріппең болып кірігетіндіктен, өлең өлшеміне ешбір нұқсанкелтірмей тұр.

Қатар тұрған сөздердің кез келгенінің екі аралығындағыдауыстылар бірін-бірі «жұта» бермейді. Егер ондай екі сөз екіырғақтық топта тұрса, аралық дауыстылар өз орындарындаанық айтылады:

Аласыз / қара гөзү / айнадайын /

Жүрекке / ыстықтійіп / салғансайын /

269

Page 270: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Үлбүрөген / ағетті / ашығжүздү / Тісәдемі / көріппең / қыздыңжайын //

(Абай)Мұнда көзі айнадайын, жүрекке ыстық, етті ашық деген

сөздер қатар тұрғанмен, екі аралықтарындағы дауыстыларкірікпейді, өйткені бұлар әр бөлек ырғақтық топта тұр.

Осы ережені ескеріп, мына өлең шумақтарын ырғақтықтоптарға бөліп, дұрыс айтып көріңдер. Дауысты дыбыстардыңкірігетін және кірікпейтін жерлерін дәлелдеңдер.

Жас қыз бен жас бәйтерек – бәрі бірдей, Жапырағы тұра ма жылда өзгермей? Менен гөрі сөзіңді жақсы ұғушы Кетер деме ер жігіт бір кез келмей.

(Абай)Жас дәурен, қызығыңа тоя алмаспын, Ән мен күй, өлең, сені қоя алмаспын. Тірлікте тербелейін, тебіренейін, Бір күні кетсем ұйықтап, оянбаспын.

(Қ. Аманжолов) Жел желпиді кейде есіп, Көк жайлауда жатырмын. Жұлдыздармен сөйлесіп, Астында аспан-шатырдың.

(С. Мәуленов) Ұшады аққу көлден байпаңдаған, Қалқаға бір сөзім бар айта алмаған. Су құйып сырлы аяққа тұндырғандай, Көзіңнен айналайын жаутаңдаған.

(Халық өлеңі)§16. Қазақ тілінің қазіргі емле ережелері бойынша қосар ый,

ій әріптерінің орнына бір ғана и әрпі жазылады. Мысалы: ки(дұрысында кій болу керек), қи (қый болу керек), сол сияқты:би (бій), биыл (быйыл), жиі (жійі), жиналыс (жыйналыс), ти(тій), тиын (ақша, тыйын), тиін (аң, тійін) т. т.

Ал и әрпі – жіңішке дыбыстың таңбасы, бірақ жазуда жуаный дыбысын да таңбалайтын болғандықтан, оны жіңішке де,жуан да етіп айтуға тура келеді. Ішінде а, ы, ұ, о сияқты жуандауысты дыбыстары бар сөздерде и таңбасын ый деп

270

Page 271: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

жуан айту керек. Мысалы: жыйналыс (жазылуы: жиналыс),қыйыңғыстау (қиын-қыстау), быйыл (биыл), сый –сыйапат(сый-сияпат).

Сөз ішіндегі и дыбысының жуан не жіңішке екенін ондағыөзге дауыстыларға қарап айыруға болады. Мысалы, дидар,миғұла, мизам, бидай, мирас, миық, мия, қыдию, қалқию дегенсөздерде и – жуан, өйткені бұлардағы өзге дауыстылар – жуан,сондықтан айтылуда бұлар дыйдар, мыйғұла, мыйзам, быйдай,мыйрас, мыйық, мыйа, қыдыйу, қалқыйу болуы керек. Ал ми,жи, қи үш-төрт сөздің жуан айтылуға (мый, жый, қый) тиісекенін есте ұстау кажет, өйткені бұл сөздерге жалғау-жұрнақтаржуан вариантта жалғанады: миы ашыды (мийі емес), мисыз(мисіз емес), жина (жине емес), қиды (қиді емес).

Есте оңай сақтауға болатын ереже, ол – қ, ғ дыбыста-рыбар сөздердегі и дыбысының әрдайым ый болып жуанайтылатындығы:

Жазылуы: Айтылуы:қырғи қабақ қырғыйғабаққилы-қилы қыйлығыйлықалқиған қалқыйғанқыли (көз) қылый (гөз)шиқ етті шыйқеттішиқан шыйқанжан қиярлық жаңғыйарлыққағида қағыйда

Мұндай сөздердің ішінде сый, тый деген екі сөз түбіркүйінде де, әр алуан қосымшалар жалғанған тұлғасында дажалаң и әрпімен емес, қосар ый-мен естілуінше жазылып жүр.Оның себебі осы буындардың жіңішке варианттарындаайтылатын сөздермен (ти, си) мағынасын шатастырмауға бай-ланысты. Алдыңғыларын айтқанда, үнемі жуан ый етіп айтукерек: тый, сый. Бұлардың туынды, қосымшалы түрлері деәрдайым жуан айтылады: сыйлау, сыйлық, сыйды, сыймады,сый-құрмет, сыйымсыз, сыйысу, тыйғызу, тыйылу, тыйым-сыз. Бұл сөздер осы тұлғада ый арқылы жазылады.

с мен т-дан басталатын және осылардан кейінгі дыбысы иболып келетін сөздердің қалғаңдарында жалаң и жазылады,бірақ сөз жуан болса, и әрпін жуан ый етіп айту керек. Мы-

271

Page 272: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

салы: сияқты (айтылуы: сыйақты), сидаң қағу (айтылуы:сыйдаңғағу), сидиды (айтылуы: сыйдыйды), сиқыр (айтылуы:сыйқыр), сипақтау (айтылуы: сыйпақтау), сипаң-сипаң (ай-тылуы: сыйпаңсыйпаң), сипат (айтылуы: сыйпат), бұл сөздіңсыпат түрі де айтылады, әйтеуір сійпат деп бірінші буыннанжіңішке айтпау керек, сипау (айтылуы: сыйпау), сирақ (айты-луы: сыйрақ), сиыр (айтылуы: сыйыр), сия (айтылуы: сыйа),сиыну (айтылуы: сыйыну), типыл (айтылуы: тыйпыл), тиын(айтылуы: тыйын), тиянақ (айтылуы: тыйанақ).

и дыбысының жуан не жіңішке айтылуы өзінің алдындағыдауыссыз дыбыстың айтылуына үлкен әсер етеді. Мысалы, тижәне тый деген сөздерді айтып көріңдер: алғашқысында тдыбысын айтқанда, тілдің ұшы тіске тиіп, едәуір ілгері со-зылады да соңғы жуан сөзде т дыбысын айтқанда, тіл сәл артқақарай тартыңқы болады. Өзге дауыссыздар да осындай азын-аулақ өзгеріспен айтылады. Ол үшін жиі және жиын, би жәнебыйыл, тиін және тыйын, шикі және шыйқыл деген сөздердіайтып көріңіздер де басқы дыбыстардың айтылуындағыерекшеліктерді аңғарыңыздар.

Қазіргі кездегі орфоэпиялық қателіктердің көзге түсетінтұстарының бірі – жуан сөздердегі и дыбысын жазылуыншажіңішке айту (оқу). Мысалы, жиналыс, ми, дидар сөздерінжійналыс, мій, дійдар түрінде жіңішке айтушылық кездеседі.Бұл – дұрыс емес.

Кейбір үш-төрт буынды создерде и дыбысынан басқа әріжуан, әрі жіңішке дауыстылар аралас келеді. Ол сөздер көбінесеараб, парсы, орыс және интернационалдық сөздер бо-лып келеді. Мысалы: қасиет , қиямет (қыйамет), Сәлима, ан-титеза, архипелаг, дебитор, артезиан. Мұндайда араб, парсысөздеріндегі и дыбысы іле-шала қ дауыссызынан кейін тұрса,ый болып айтылады: қыйамет, қыйсап (есеп-қисап), алқалған жағдайда жіңішке айтылады: Сәліймә, қасійет.

Осы ережені сақтап және өзге қағидаларды да ескеріп мынаүзіңділерді дұрыс айтып көріңдер, ол үшін транскрипциялапжазып көріңдер, яғни естілуінше (айтылуынша) жазыңдар.

1) Зым-зия, зымиян, тиянақ, жария, биялай, тиесілі, қияқ,Сұлуқия, қиқар, киім-кешек, қоқиланды, қомпиды, қария, зи-янкес, Зікірия, Рәшида, Рахила, Рахима, Бәлия, Қапия,Халима, Кәрима, Бәтима, Фәтима, Қали, Ғали, Уәли.

272

Page 273: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

2) Бас-басына би болған өңкей қиқым, Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын. Өздеріңді түзелер дей алмаймын, Өз қолыңнан кетпесе, енді өз ырқың.

(Абай)3) Біз бұлбұл қызыл гүлге тартқан сада, Нәркес көз, қалам қасты лағыл бала. Иранның Құсни-зия тотысындай, Гәухардан шыққан нәсіл тудың зада. Топ көрсе, қырындайтын біз бір тұлпар, Бұлбұл құс қызыл гүлге болып іңкәр. Сіздерді неге ұмытсын көрген сұңқар.

(Ақан сері)4) Сүйе алмадық, қия алмадық, қимадық,Неге біздер от құшаққа сыймадық? Екеуміз де екі айрылған өзендей, Махаббатты басқа жанға сыйладық.

(Т. Молдағалиев)§17. Қазіргі емле ережелеріміз бойынша, қосар ұу, үу

әріптерінің орнына жалаң у әрпі жазылады. Бұл дыбыстың даайтылуының жуан-жіңішке екендігін (ұу немесе үу екендігін)сөз ішіндегі өзге дауыстыларға қарап айыру керек. Екі, үш неодан да көп буынды сөздерде өзге дауыстылар жуан (а, о, ы)болса, ұ әрпімен келген тұс ұу болып, ал жіңішке (е, ә, ө, ү, і)болса, үу болып айтылады.

Ал бір буынды сөздерді (олар сан жағынан өте аз) сөйлемніңмағынасына қарай қай сөз екенін ажыратып, жуан не жіңішкеайтуға тура келеді. Мысалы, Үйдің төбесінде ту желбірейдідеген сөйлемде ту сөзі жуан тұу болып айтылады. Ту деген-де түкірігі жерге түспейді деген сөйлемде ту сөзі жіңішкеболғандықтан, түу деп айту керек. Сол сияқты: Шу, жану-ар,шу деді дегенде шу сөзін жіңішке шүу деп айту керек те,Көшеде айғай-шу естілді дегенде шу сөзінің жуан екенін,сондықтан шұу деп жуан айту керек екенін контекстен, яғнисөйлемнің мазмұнына қарап ажырату керек.

Тәжірибеде у дыбысын жуан не жіңішке айтуда қиындықбайқалмайды, сондықтан орфоэпиялық қателіктер де бұлретте онша сезілмейді, дегенмен ту және түу, шу және шүу,

273

Page 274: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

гүугууледі (жазылуы: гу-гуледі) және гудок, су және сүурет (жа-зылуы: сурет) сияқты бес-он сөздің жуан-жіңішкеайтылуынан жаңылыспаған абзал.

Осы айтылғандарға сәйкес Абайдың мына жолдарын дұрысоқып көріңдер. и дыбысы жуан және жіңішке айтылатынсөздерді ый, ій арқылы жазып көрсетіңдер.

Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей, Сыртын танып, іс бітпес, сырын көрмей. Шу дегенде құлағың тосаңсиды, Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей.

(Абай)Түйе боздап, қой қоздап, қорада шу, Көбелек пен құстар да сайда ду-ду. Гүл мен ағаш майысып қарағанда, Сыбдыр қағып бұраңдап ағады су.

(Абай)§18. Бірқатар сөздер мен қосымшалар жазылуда түбірі

сақталатындықтан, аралас буынды болып келеді, яғни жуансөзге жуан варианты жоқ -кер, -гер, -кент сияқты жұрнақтаржалғанады немесе жіңішке түбірлі сөзге жіңішке вариантта-ры жоқ -қой, -паз, -қор сияқты жұрнақтар жалғанады. Мы-салы: сауда+гер, Шым+кент , бал+гер, Таш+кент, әсем+паз,сән+қой, шәй+қор (жазылуы: шайқор) т.б.

Осылардың ішінде -кер, -гер, -кент жұрнақтары жалғанғанкейбір жуан сөздер айтылуда осы жұрнақтардың әсеріментұтасынан жіңішке айтылады. Мысалы: сәудегер, Шімкент,Тәшкент. Бірақ бұл жұрнақтар жалғанған кез келген жуантүбірлі сөз жіңішке айтыла бермейді. Мысалы: қаламгер, жа-уапкер, айыпкер, Құмкент сияқты сөздер жазылған түріншеайтылады. Ал жуан жұрнақтар жіңішке түбірді жуандата ал-майды, сондықтан олар жуанды-жіңішкелі аралас буынды бо-лып, жазылған түрінше айтылады. Мысалы: әсемпаз, өнерпаз,сәнқой, әзілқой.

§19. Соңы к, г деген жіңішке дауыссыздарға аяқталатын кірмесөздерге жалғанған ІІІ жақтағы тәуелдік жалғауын жіңішкеайтқан дұрыс. Мысалы: педагог – педагогі, ток – тогі,монолог – монологі т.б.

Тегі, сөз соңындағы к, г дыбыстарының қазақ тіліндежіңішке айтылуының әсері күшті, сондықтан айтуда көбінесе

274

Page 275: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

қазақ қосымшаларын жіңішке жалғауға бейім тұрады. Мыса-лы: педагокке, педагоктік, участокке, участогтер, участогі,рояльдің т.б. Өйткені қазақтың өз сөздерінде к, г дыбыстары ешуақыт жуан а, ы, о дыбыстарымен келмейді (айтылмайды).

§20. Қазақ тілінде сөз соңында екі дауыссыз қатар келетінсөздер бар. Бірақ кез келген дауыссыздар сөз соңында қатаркеле бермейді. Тек алғашқысы л, р, м, н, ң деген сонор ды-быстар, соңғысы т, с, п, ш, қ, к деген қатаң дыбыстар болыптіркесіп келеді. Мысалы: жалт, қалт-құлт, қарт, қант, ант,қарс (қарс айрылды дегендегі), күмп (суға күмп берді), қарш-қарш, дүңк (дүңк етті), қарқ-қарқ (қарқ- қарқ күлді) т.б.Мұндай сөздердің басым көпшілігі жалт-жұлт, қарқ-қарқ,күңк (етті) сияқты еліктеуіш сөздерде екі дауыссыз қатарайтылып, қатар жазылады.

Бұл сөздерді айтуда сөз соңындағы екі дауыссыз күрт, шұ-ғыл дыбысталады, яғни араларына ы, і сияқты дауыстылардысалмайды: жалт (жалыт емес), күрт-күрт (күріт-күрітемес), жалт-жұлт (жалыт-жұлыт емес) т.т.

Қазақ тілінде сөздің үш дауыссызға аяқталуы – мүлде жоққұбылыс. Сондай-ақ жоғарыда көрсетілгендей, сонорлар менқатаңдардың қабаттасуынан өзге дауыссыздардың қатар ке-луі де – орын алмайтын құбылыс. Қазақ тіліне енген орысжәне интернационалдық сөздер, әсіресе жер-су, қала аттарықатарынан бірнеше дауыссыз дыбысқа аяқталып келе бер-мейді. Мысалы: пункт, Омск, фонд, митинг, штамп, шланг,факт, рецепт, экспромт, киоск, лифт. Бұл сөздер қазақ тілін-де жеке айтылғанда, соңғы қатар келген екі-үш дауыссыздыңне сондарынан, не орталарында ы, і дәнекер дыбыстар салыпайтылады: пункіт, Омскі, фонды, митингі, штампы, шлаңгі,факті, рецепті, экспромты, киоскі, лифті. Бұлардың ішіндеқатаң дыбыста (факт, рецепт , киоск, лифт), сонор мен қатаңда (шланг, штамп, экспромт), сонор мен ұяң дыбыс та (фонд,митинг), тіпті үш дыбыс та (алдыңғысы сонор, қалған екеуіқатаң – пункт) қатар келген.

Қазақ тілі үшін үйреншікті емес (яғни фонетикалықжүйесіне сай келмейтін) дыбыстарға аяқталатын мұндайсөздердің бірқатарына, атап айтқанда: нд, мп, кт, нк, нг, мб,ск, фт, пт, мт дыбыстарына аяқталатындарына қазақ тілінің

275

Page 276: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

қосымшалары жалғанғанда, сөз бен қосымшаның аралығынадәнекер ы, і дыбыстары қосылып айтылады және солай жа-зылады. Мысалы: киоск+ке – киоск+і+ге (киоскке емес),бұл жерде дәнекер ы, і болғандықтан, қосымшалар ұяңдапкетеді (-ке емес, -ге, -тар/-тер емес, -лар/ -лер деген сияқты),митинг+тер – митинг+і+лер (митингтер емес), Омск+тен –Омск- +і+ден (Омсктен емес), сол сияқты фактілер, фактіге,фактісі (факттер, фактке, факті емес), штампылар, штам-пыны, штампысы, штампыға (штамптар, штампты, штам-пы, штампқа емес), объектілер, объектіге, объектісі (объ-ектер, объектке, объекті емес). Үш дауыссызға аяқталғансөздер қазақ қосымшаларын дәнекер ы, і дыбыстарынсызқабылдайды, өйткені айтуда алдыңғы дауыссыз бір буынғакетеді де соңғы екі дауыссыз айтуда өздері бір буын болыпайтылады: пунк(і)т, пункітке, пункіттер, пункіті (пунктіге,пунктілер, пунктісі емес), сфинкіс, сфинкістер, сфинкістің(сфинксілер, сфинкісінің емес). Ал бұлардың жазылуы: пункт,пунктке, пункттер, сфинкс, сфинкске, сфинкстің.

Ал тр, зм, рг, рд, лк, кс, дж, фр, рв, кт, дз, фм сияқты дау-ыссыз дыбыстар тіркесіне аяқталған кірме сөздерде айтылудасоңғы екі дауыссыздың арасына ы, і дыбыстары қосылып ай-тылады: метір, оркестір, альпинизім, колледіж.

Соңғы екі-үш дауыссыздың біреуі к, г дыбыстары бо-лыпкелсе, ол сөзге қазақ қосымшалары тек қана жіңішкежалғанып, жіңішке айтылады (түбірдегі дауысты мейлі жуанболсын, мейлі жіңішке болсын). Мысалы: пунктке (айтылуы:пунктке), паркке, парктер, паркі (айтылуы: парікке, паріктер,паркі), митингіге, митингілер, киоскінің, киоскілер. Ал к, гдыбыстары жоқ жерде қосымша сөз түбірінің немесе түбірдіңсоңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанып, солжалғанған түрінде айтылады. Мысалы: лифтілер, лифтісі,лифтіге (мұнда қосымша жіңішке, өйткені түбірдің дауыстыдыбысы и – жіңішке), штампыға, штампылар, штампысы(мұнда түбірдегі дауысты а жуан болғандықтан, қосымша дажуан жалғанып тұр).

Осы ережеге сай етіп мына сөздерге қазақша қосымшалар(септік, тәуелдік, көптік жалғауларын) жалғап көріңдер дедұрыс айтып беріңдер:

276

Page 277: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Антракт, металлург, анонс, бланк, контракт, бумеранг, по-чтамт, дифирамб, интеллект, катафалк, комплекс, комплект,конспект, кзендз, лаборант, ландшафт, логарифм, манускрипт,медпункт, моллюск, пакт, прейскурант, раунд, рецепт, рислинг,такт, экспромт, цифр.

§21. Кірме сөздердің ішінде ст, сть, зд, кст, вт, сс, лл, мм, тт, ппдыбыстарына аяқталғандарына қазақ тілінің қосымшаларыжалғанғанда, ең соңғы дауыссыздар түсіріліп айтылады және солайжазылады. Мысалы: коммунист+тер – коммунистер(коммунисттер емес), коммунист +ке – коммуниске (комму-нисткеемес), коммунист+тік – коммунистік (коммунисттік емес),съезд+ге – съезге (съездге емес), съезд+дің – съездің (съезддің емес),съезд +і – съезі (съезді емес), ведомостъ+қа– ведомосқа (ведомостьқа емес), металл +дар – металдар (ме-таллдар емес), терапевт+ке – терапевке (терапевтке емес).

Осы ережені ескеріп, мына сөздерге қосымшалар жалғапайтыңдар және жазыңдар.

Кросс, грамм, гимнаст, грипп, киловатт, эхинококк, хлоро-филл, фармацевт, авиапост.

§22. Орыс тілі жұрнақтары жалғанғанда, жіңішкелікбелгісі (ь) жазылатын және л дыбысына аяқталатын сөздергеқазақ тілі жұрнақтары жалғанғанда, жіңішкелік белгісіжазылмайды жэне л дыбысы жуан айтылады. Мысалы:

Орысша Қазақша жазылуыжазылуы: әрі айтылуы:материальный материалдық (материальдық емес)феодальный феодалдық (феодальдық емес)коммунальный коммуналдық (коммунальдық емес)

Ал жұрнақтар жалғанбай-ақ түбірдің өзінде л дыбысыжіңішке сөздерде (яғни түбірдің өзінде жіңішкелік белгісіжазылатын сөздерде) ь таңбасы сақталып жазылады және лдыбысы жіңішке айтылады: моральный – моральдық (сөзтүбірі – мораль), артельный – артельдік (сөз түбірі – артель).Мұндайда көбінесе сөздердің қазақша айтылуы жазылуынасай келеді: ь тұрса, л дыбысын жіңішке айту керек те, ь жоқболса жуан айту керек.

Осы ережені ескеріп, мына сөздерді дұрыс айтып көріңдер.

277

Page 278: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Патриархалдық, акварельді, спектакльдік, артельдік, номи-налдық, вассалдық, вокальды.

§23. Қазақ тілінде қ, к, п деген қатаң дауыссыз дыбыстарғааяқталған сөздерге дауысты дыбыстан басталатын қосымшаларжалғанған кезде, сөз соңындағы қатаң дыбыстар ұяңдап, ғ, г, б(кейде у) дыбыстарына айналатыны мәлім. Бұл өзгеріс жазу-дада, айтуда да секеріледі. Мысалы: тарақ+ым – тарағым,күрек+і – күрегі, доп+ы- мыз – добымыз, тап+ып – тауып,кеп+у – кебу, кеп+іп – кеуіп т.б.

Бұл ережеге орыс тілі арқылы енген сөздердің де бірқатарыбағынады: ток – тогы (айтуда: тогі), блок – блогы (айтуда:блогі). Ал п, х дыбыстарына аяқталатын бірқатар кірме сөздербұл ережеге бағынбай, соңғы қатаң дыбыс ұяңдамай айты-ладыжәне солай жазылады. Мысалы: принцип+і – принципі(принцибі емес), грипп+і – грипі («оның грипі жұқты», грибіемес), тип+і – типі (тибі емес), кинескоп+ы – кинескопы (ки-нескобы емес), цех+ы – цехы (цеғы емес), шейх+ы – шейхы(шейығы емес), шах+ы – шахы (шағы емес).

§24. Жіңішкелік белгісіне аяқталатын көп буынды кірмесөздерге қазақ тілі қосымшалары буын үндестігі бойыншажалғанады, яғни сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбысжіңішке болса, қосымша да жіңішке, жуан дауысты дыбыс бол-са, қосымша да жуан болып айтылады және солай жазылады, льдыбысына аяқталған кірме сөздерге тек қана тәуелдіктінІІІ жағында жіңішке қосымша жалғанып, жіңішке айтыла-ды. Мысалы: фестиваль+ға – фестивальға, бірақ фестивалі,календарь+ға – календарьға, календары.

кль, брь, бль тәрізді дауыссыз дыбыстар мен жіңішкелікбелгісіне аяқталған сөздерге және жіңішкелік белгісіне аяқтал-ған бір буынды сөздерге қазақ тілі қосымшалары әрдайымжіңішке жалғанады, яғни сөздің соңғы буыны тұтас өзі жуанболса да, қосымша буын үндестік заңына бағынбай жалғанадыжәне жіңішке айтылады (әрі солай жазылады). Ансамбілге(жазылуы: ансамбльге), ансамбілдер (жазылуы: ансамбльдер),ансамбілі (жазылуы: ансамблі, мұнда сөз түгелімен жуан, тексоңғы дауыссызы жіңішке ль), бинокльдің (айтылуы:бинокілдің), биноклім (айтылуы: бинокілім), бинокльдер (ай-тылуы: бинокілдер). Мұнда сөздің соңғы буыны нокль – жуан.

278

Page 279: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Тюль, тюльдің (айтылуы: тюлдің), тюльге, тюлі (сөз бір бу-ынды, бірақ жіңішке ль дыбысына аяқталған), князьдің,князьдер, князі (сөз зь дыбысына аяқталған және бір буындыболғандықтан, қосымша жіңішке жалғанып тұр).

Бұл сияқты дауыссыз дыбыстары, әсіресе сөз соңындағыдауыссызы орыс тілінде жіңішке айтылатын сөздердің қазақшадыбысталуында дауыстылардың ыңғайы (жуан-жіңішкелігі)емес, дауыссыздардың айтылу ыңғайы шешуші рөл атқарады.

Осы ережені ескеріп, мына сөздерге қазақша қосымшажалғап, дұрыс айтып көріңдер.

Капсюль, бандероль, ноябрь, верфь, автомобиль, акрополь,бронь, водевиль, виолончель, вестибюль, вымпель, госпиталь.

§25. Соңғы буынында е, э, ю дыбыстары бар кірме сөздергеқазақ тілі қосымшалары әрдайым жіңішке жалғанып, солайайтылады әрі жазылады. Мысалы: актерлер, актерге, актері,дирижерлер, дирижері, Петрге, Петрден, дуэтке, дуэті, по-люске, полюстер, парашютке, парашюті, дуэльге, дуэлі,велюрдің, велюрі, дебютке, дебюті.

§26. Ер адамның фамилиясы -ов, -ев, -ин жұрнақтары арқы-лы жасалған болса, -ов, -ев жұрнақты фамилияларға қазақтілінің қосымшалары түбірдің соңғы буынының жуан-жіңіш-келігіне қарай жуан не жіңішке түрде жалғанып айтылады (жәнесолай жазылады). Мысалы: Омаровтың, Омаровқа (сөз түбірі –О-мар, соңғы мар буыны – жуан), Әуезовтің, Әуезовке(сөз түбірі – Ә-уез, соңғы уез буыны – жіңішке), Мұсаевқа,Мұсаевтан (сөз түбірі – Мұ-са, соңғы буыны – жуан), Құдай-бердиевке, Құдайбердиевтен (сөздің соңғы буыны ді – жіңіш-ке). Ал -ин жұрнағымен жасалған фамилияларға қазақ тіліқосымшалары әрдайым жіңішке жалғанып, жіңішке айтылады:Оразалинге, Дербісалинге, Сембинге.

§27. Кейбір өлшем атаулары жазылуда шартты түрдеқысқартылып беріледі. Ал қысқартулар не әріптерден, не ар-найы алынған өзгеше белгілерден тұрады. Мысалы: 10 см, 5га, 3 мм, 10°, 40м, 100%, 220v, 70w. Бұларды ауызша айтқандақысқартылып берілген әріптерді емес, сол әріптер білдіріптұрған сөзді толық айту керек: он сантиметр, бес гектар,үш миллиметр, он градус жылы, қырық метр, жүз пайыз, екіжүз жиырма вольт, жетпіс ватт. Бұларға жалғанып

279

Page 280: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

тұрған қосымшаларды (олар дефис арқылы жазылып беріледі)оқығанда, белгілерге тіркеп емес, тұтас сөзге тіркеп айту ке-рек. Мысалы: көйлегімнің етегін 5 эсэмге немесе сымығаұзарттым деп емес, бес сантиметрге ұзарттым деп айту ке-рек. Сол сияқты: мәшине сағатына 60 км-ден жүріп отырдыдеп жазылғанды алпыс километрден (алпыс ка-эмнен немесеалпыс км-нен емес) жүріп отырды, комбайыншы 400 гектар-дай (га-дай емес) жердің егінін орды деп айту керек.

§28. Жекеше II жақтағы жіктік жалғауы тек қана -сың/-сіңтүрінде (яғни соңғы дыбысы ң болып) айтылады және солайжазылады. Мысалы: есімдерге жалғанған жіктік жалғаулары(жекеше түрі):

І жақ мен мұғаліммін, диктормынІІ жақ сен мұғалімсің, дикторсыңІІІ жақ ол мұғалім, диктор Етістікке жалғанған жіктікжалғаулары (жекеше түрі):І жақ мен білемін, айтамын, барғанмын, барармынІІ жақ сен білесің, айтасың, барғансың, барасың,ІІІ жақ ол біледі, айтады, барған, барар.Кейде ауызекі сөйлеу тілінде бұл жалғау -сын/-сін түрінде

(сен мұғалімсін, дикторсын) де келеді және солай жазылып такетуі мүмкін. Бірақ әдеби нормада сөйлегенде, тек -сың/-сіңтүрінде дыбыстау керек. Ал -сын/-сін қосымшасы етістіктің IIIжақтағы – бұйрық қалау рай деген түрін білдіреді. Мысалы:

І жақ мен барайын, біз барайық ІІ жақ сен бар, сендер барыңдарІІІ жақ ол барсын, олар барсын.Сондықтан әр түрлі қызмет атқаратын қосымшалардың

тұлғаларын да шатастырмай, бірін -сың түрінде, екіншісін-сын түрінде айту керек. Бұл екеуін айыру қиын емес: егержіктік жалғаулы сөз сен деген есімдікпен айтылуға тиіс болса,-сың түрі, ол деген есімдікпен айтылуға тиіс болса, -сын түріжалғанады: сен барасың, ол барсын.

Мына шумақтардағы үш нүкте қойылған сөздерге мағы-насына қарай -сың немесе -сын қосымшасының қайсысыжалғанып айтылатынын көрсетіңдер:

Адамзат – бүгін адам, ертең топырақ,

Бүгінгі өмір жарқылдап, алдар бірақ.

280

Page 281: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Ертең өзің қайда..., білемі..., Өлмек үшін туған..., ойла, шырақ.

(Абай)Досты қайдан табар...Кеңесерге адам жоқ. Әрлі-берлі шабар...Жалғыздықтан жаман жоқ.

(Абай)Өзгеге, көңілім, тояр...Өлеңді қайтіп қояр...Оны айтқанда толғанып, Іштегі дертті жояр...Сайра да зарла, қызыл тіл, Қара көңілім оян...Жыла..., көзден жас ақ...Омырауым боял...Тыңдамаса еш адам Өз жүрегім толған...Әр сөзіне қара...Іштегі дертім қозғал...

(Абай) Баса... аяғыңды ырғаң-ырғаң, Сылдырап шашбауың мен алтын сырғаң. Жай жүріп шаттана... әсерленіп, Әсем... жүйрік аттай мойның бұрып.

(Халық өлеңі)§29. Кейбір шылаулардың дыбыстық қатарлары болады, яғни

өзіне қатысты алдыңғы сөздің аяқталар дыбысының әуенінеқарай шылау сөздің басқы дыбысы да не ұяң, не қатаң болыпқұбылып айтылады (және солай жазылады). Мысалы: Ол өлеңайтып қана қоймады, домбыра да тартты. Жақып қана жаңакелді, өзгелер әлдеқашан келген-ді. Тек қана бір тілегім бардеген мысалдарда шылау қатаң к дыбысынан басталады жәнесолай жазылады, өйткені шылаудың алдындағы сөздер (айтып,Жақып, тек) п, к деген қатаң дыбыстарға аяқталып тұр. Алмына сөйлемдерде шылау ғана түрінде айтылады (жәнежазылады): жалғыз ғана тілегім бар; жаңа ғана келдім; ол ради-одан ғана сөйледі. Бұларда шылаулардың алдындағы сөздер не

281

Page 282: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

дауысты дыбысқа (жаңа), не ұяң, сонор дыбыстарға (жалғыз,радиодан) аяқталып тұр.

Осы сияқты мен, бен, пен (домбыра мен қобыз, қобыз бендомбыра, дауыс пен үн), да/де, та/те (барса да, барып такелді), дағы, тағы (барса дағы, айтып тағы үлгерді), ғой, қой(айттың ғой, хат қой менің күткенім), құрлы, ғұрлы (жат құрлы,бала ғүрлы) деген шылаулар да өздерінің алдындағы сөздіңсоңғы дыбысына қарай бірде ұяң, бірде қатаң дыбыстарменайтыла береді (және солай жазылады). Сондықтан бала құрлыақылың жоқ, айтарың осы қана ма, келіп де үлгердің бе дегенсияқты етіп айтуға, дыбыстауға болмайды. (Бала ғұрлы, келіпте деп айтылуы керек).

§30. Кейбір сөздердің дыбыстық екі вариантының қатарайтыла беруі әдеби тіліміздің орфоэпиясына қайшы келмейді.Бірақ мұндай сөздер онша көп емес. Мысалы: мұның – бұның,мұнда – бұнда, шейін – дейін, нажағай – найзағай, уану –жұбану, разы – риза, жаздың күні – жаздыгүні. Бұл сөздердіңварианттылығының басты себебі – орфоэпияға байланыстыемес, өзгеде.

Сол сияқты шайтан ~ сайтан, үкімет ~ өкімет, айқай ~айғай, Құдай ~ Құдая, заман ~ замана, ашық ~ ғашық сияқтыбірқатар сөздер де екі вариантта қолданылады. Бұлардың ор-фоэпиясы жазылған түрінде болуы керек. Өйткені бұлсөздерді екі түрлі етіп қолдануда қазіргі тіліміз белгілі бірмақсатты көздейді. Мысалы, өкімет пен үкімет (екеуініңтүбірі – бір сөз) деген сөздердің алғашқысы «государство»дегеннің бала-масы ретінде қалыптасты; шайтан ~ сайтансөздерін ақын-жазушылар көбінесе стильдік мақсаттаажыратып қолданады: шайтаны «кәдімгі жын-шайтанды»білдірсе, сайтаны көбінесе «өжет, өзгені билеп алатын сиқырқылықты» деген жақсы мәнде жұмсалады. Мысалы, ЖұбанМолдағалиевтің мына жолдарына назар аударыңыз, мұндасайтан сөзі «жын-шайтан» мәнінде емес, жақсы мәнде:

Мен қазақпын, қара көз сайтан қызбын, Сөйлей қалсам, тілімнен бал тамғыздым. Сүйе қалсам, өмірдей өле сүйдім, Қас батырмен айқасқам балтам жүзін.Ашық (асық) – ғашық, Құдай – Құдая, заман – замана

282

Page 283: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

сияқты параллельдерді ақындар буын санының артық-кеміқажет болған сәттерде кезек таңдап қолдана береді. Олар солқолданылған түрінде айтылады (дыбысталады). Мысалы,Абай:

Сорлы асық сарғайса да, сағынса да, Жар тайып, жақсы сөзден жаңылса да, –

дегенінде асық вариантын алады, өйткені дауыстыдан бастал-ған асық сөзі алдындағы сөздің соңғы буынымен кірігіп, сор-ла-сық түрінде үш буын құрайды, егер ғашық вариантын алсасор-лы ға- шық болып 4 буын болып кетер еді де 11 буын-дытармақтың өлең өлшемі дұрыс шықпас еді. Ал өзге сәттердеАбай «ғашықтың тілі – тілсіз тіл» немесе «сен шошыдыңғашығыңнан» деп ғашық вариантын жұмсайды. Міне, бұлтәрізді бір сөздің белгілі бір мақсатпен әдейі қолданылған еківариантының екеуі де әдеби нормаға жататындықтан,олардың айтылуы да екі түрлі (яғни қалай берілсе, солтүрінде) болуы керек.

§31. Бір сөздің екі түрлі дыбысталып айтылатындарыныңішінде жергілікті ерекшеліктеріне (диалектизмдерге) қатысты-ларын жоғарғы көрсетілген вариантты сөздермен шатастырмаукерек. Яғни көптеген сөздердің әр жерде әр түрлі дыбыстықөзгерісі болғанмен, әдеби тілдегі түрінше айту – орфоэпиялықнорма болады. Мысалы: маңдай – маңлай, шаңырақ – шаңғырақ,киіз – кигіз, ие – еге (үйдің иесі), шатақ – чатақ, сияқты –сиықты, аула – әулі, жоңышқа – жоңырышқа, қабырға –қабыртқа, жоқ – джоқ, масқара – машқара, бес тиын – бештиын, ас пісті – ас пысты, мысық – мышық, ба-лалар – баладар сияқты параллель сөздердің алдыңғы сыңар-лары әдеби норма да екіншілері – жергілікті (диалектілік) ва-рианттары. Бұлардың айтылуында әдеби нормадағы тұлғасынұстау қажет. Олай дейтін себебіміз – кейде автордың не кітап,журнал шығарушылардың салақтығынан я болмасабілместігінен кейбір сөздердің әдеби варианты емес, жергіліктіқолданыстағы тұлғасы жазылып кетеді. Мұндайда сөзді түзетіпоқыған (айтқан) абзал. Ал пьесаларда немесе фелье-тон, сықақәңгімелерде автор сөздің жергілікті не қарапайым сөйлеутіліндегі варианттарын әдейі берсе, оларды, әрине, сол берілгентұлғасында айту (оқу) керек екендігі белгілі.

283

Page 284: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

§32. Қазақ тілінде одағай сөздер де дыбыстық, тұлғалықварианттары бар сөздер тобына жатады. Бірақ бұлардыңбарлығында қалай берілсе (жазылса), солай айтуға (оқуға) бо-лады. Мысалы: япырау – япырмау – ойпырмау – ойпырмай –ойпырым; ойбой – ойбай, ах – аһ – еһ – ех, аһ-аһ – еһ-еһ, аха-қа– еһе-һе, уа -уау -уай, па – паһ, бәлі – пәләй, әй – ей,астапырал-ла – астағыпыралла т.б.

Жалпы одағай дегендер – дыбысталуы жағынан өте құбыл-малы тұлғалар. Сондықтан жазушы өзінің қалауынша біродағайды бірнеше түрлі құбылтып, қатарлап, дыбыстарын со-зып бере береді. Мысалы: Ә-ә, солай де! Ой-қой, дүние-ай!Бәрекелді-і, жігіт-ақ екен! Паһ-паһ-паһ, мына сұлудың кербезін-ай! Осы сөйлемдерді: Е, солай-де! Ой, дүние-ай! Бәрекелді,жігіт-ақ екен! Паһ, мына сұлудың кербезін-ай! деп те беруімүмкін.

Одағайлар адамның түрлі сезім дүниесін білдіретін иша-раттар болғандықтан, актер немесе фельетон оқушы пьесалар-дағы, сықақ- фельетондардағы одағайларды өзгертіп, бірініңорнына екіншісін айтпағанмен, образдың ыңғайына қарай,ды-быстарын созып немесе келте қайырып, бір одағайды екі-үш рет кайталап немесе бір-ақ рет айтып дегендей,құбылтуына болады. Мысалы, пьесадағы снтуацияға қарай:жә, болды! түрінде де, жә-жә-жә, болды! түрінде деайтылуы мүмкін. Алғашқысында өктем бұйырып, тұжыртыптастау реңкі болса, одағайды екі-үш қайталап айтуда сәлөзгеше реңк пайда бола-ды.

§33. Кейбір етістіктердің толық және ықшам варианттары,сондай-ақ олардың қосымшалы, шылаулы қолданыстарының датүрлері жарыса келе береді. Олар сол қолданылған түрінде,ықшам да, толық та айтылады. Мысалы, келіп қалды, болыпотыр деген тұлғалар кеп қалды, боп отыр түрінде келуі мүмкін.

Сондай-ақ барамын, келемін, айтамын деген тұлғаларбарам, келем, айтам түрінде айтыла береді. Барғаннан соң,келгеннен соң деген тұлғалар қысқарып, барған соң, келген соңтүрінде, тіпті одан ары ықшамдалып, барғасын, келгесінтүрінде де айтылуы жиі ұшырайды. Немесе барғанмын,келгенмін дегендерді ақын, жазушы не драматург барғамын,келгемін тұлғасында қолдануы да әбден ықтимал. Едім, едіңдеген етістік тұлғалары ем, ең түрінде, бармаймын, алмай-

284

Page 285: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

мын деген тұлғалар барман, алман түрінде ықшамдалып келебереді. Ықшам тұлғалар әсіресе поэзияда көбірек ұшырасады.Мұндайда тұлғаларды қалай берілсе (ықшам не толық), солайайту керек. Кеп, барам, барғасын, барғамын деп жазылғандыкеліп, барамын, барғаннан соң, барғанмын деп айтуға (оқуға)болмайды немесе керісінше, толық түрінде беріліп тұрса, онықысқартып айтуға болмайды.

Осы ережеге байланысты сөздерді тауып, мына үзіндішумақтарды дұрыс оқып (айтып) көріңдер.

Талай сөз бұдан бұрын көп айтқамын, Түбін ойлап уайым жеп айтқамын. Ақылдылар арланып, ұялған соң, Ойланып, түзеле ме деп айтқамын.

(Абай) Сен үшін әлі босқа жанам, күйем,Көңіліңе қайырым салсын мейірімді ием, Өзің біл танам десең уағдадан, Өмірімше ұмытпаймын, мен шын сүйем.

(Бернияз Күлеев)Сенің алма бағыңа Шыбық шаншып кетіп ем.Алдағы өмір бағына Соныбелгі етіп ем. Келдім қайтып майданнан, Таптым іздеп сені алғаш. Сол шыбықтан жайқалған Өсіпті бір алма ағаш.Тұр жайқалып бағыңда, Қызығамын, тамсанам. Өзің де бұл шағыңда Кем емессің дәл сонан. Неткенжақсы жер еді Жас шыбығым жайқалған! Бір сөз айтқым келеді, Тіл жетпейді, айта алман.

(Қасым Аманжолов) Ей, халайық, барым ең сен,Зарыңа зар қосып ем.

Жатың емес, досың ем мен,

285

Page 286: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Дос бейілін тосып ем! Бауырым жара, сөзім нала, Дертпен келем мен бүгін. Аямас жау мені айнала Салды салмақ сұмдығын! Алдыңа кеп жар саламын, Тап жауымды жабылып. Өш аламын, өш аламын Қанды кекті жамылып!

(Мұхтар Әуезов)§34. Әдетте грамматикалық норма бойынша етістіктің ау-

ыспалы шағының ІІІ жақтағы жалғауы -ды/-ді түрінде келеді.Өлең тілінде, кейде қара сөзде де өлең өлшемі, ұйқасы сияқтышарттарға орай бұл жалғау ықшамдалып, жалаң -д түріндеқолданылуы мүмкін. Мұндай тұлғалар тіпті т дыбысымен деайтылады. Мысалы, Әсет ақынның «Iнжу-маржан» дегенөлеңінің бірінші шумағы:

Әуелетіп ән салса әнші Әсет, Аққуменен аспанда жер тілдесет. Дауылдатып тұнықтан шыққан даусы Жүрегінен күңіреніп желдей есет –

деп келеді. Мұндағы етістіктер әрі ұйқас үшін (бірінші жолдағы Әсет сөзімен ұйқасу үшін), әрі өлшем үшін (өлең жолдары 11буыннан аспауы керек) тілдесед, есед (тілдеседі, еседі деудің орнына) болып қолданылып тұр.

Екінші мысалға «Ақан сері-Ақтоқты» драмасынан Ақтоқ-тының сөзін алуға болады:

Саған көнсем, сүйгенім бе ед? Көңілім құлағанын қашан көріп ең?Ақаннан безсем, шыным ба еді? Жүрегімді жерге төсеп, Әрең айтпап па ем «ие» деп?Ақан жаққан от бар да,Сен қатырған мұз бар...Отым қашан сөніп ед, Мұзым қашан еріп ед!...

Осы жолдардың дұрыс айтылуы: Сағаң көнсөм / сүйгөнүмбет /Көңүлүм / құлағанын / қашаң гөрүбең //

286

Page 287: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

Ақаннанбессем / шынымбет//Жүрөгүмді / жергетөсеп / Әрең / айтпаппем / иедеп / Ақан жаққан / отбарда / Сеңғатырған / мұзбар / Отұмғашан / сөнүбет / Мұзұмғашан / ерібет //

§35. Қазақ тіліне өзге тілдерден енген сөздердің дұрыс ай-тылуы жөнінде мына жайттарды ескерген жөн:

1) Қазақ тіліне енген араб, парсы сөздері сол тілдердің ды-бысталуын сақтамай, «қазақшаланған», яғни қазақ тілініңдыбыстық жүйесіне бейімделіп қалыптасқан тұлғада ай-тылады.Олардың кейбіреулерінің күні бүгінге дейін бір тұлғадаорнықпай, екі-үш түрлі болып айтылып (және жа-зылып)жүргені байқалады. Мысалы: үрдің қызы – хордың қызы – һүрдіңқызы; ыждағат – еждиғат, бихабар – бейха-бар; үкімет –өкімет, ақиқат – хақиқат, есеп – қисап, уәде – уағда; шәр –шаһар; әрдайым – әрдәйім, мәлімет – мағлұмат, мақұлық –мақлұқ, мәліғұн – мәлғұн, несіп – нәсіп т.т. Бұндай жарыспалытұлғалардың бірсыпырасы «бас-басына отау тігіп», екеуі екімағынадағы сөздің баламасы ретінде қолданылып жүр. Мысалы:үкімет – «правительство», өкімет – «власть», мәлімет –«сообщение, справка», мағлұмат – «сведение», есеп –«счет»,қисапсыз, қисабы жоқ дегендерде қисап тұлғасы «өте көп, мол»дегенді білдіреді. Ал енді бірқатарының бір ғана тұлғасыорфографиялық және өзге де сөздіктерде әдеби норма ретіндеұсынылып жүр. Мысалы, болымсыздықты білдіретін бей- (би-)элементімен келген сөздерді бей-мен жазуды (және айтуды) жөндеп табамыз: бейкүнә, беймаза, бейтарап, бейуақ, беймезгіл т.т.Сол сияқты мақлұқ ~ мақұлық, мәлғұн ~ мәліғұн,мәкрүк ~ мәкүрік деген параллельдердің екі буынды тұлғасы(мақлұқ, мәлғұн, мәкрүк) әдеби норма деп ұсынылады. Бірақайтуда бұларды мақұлұқ, мәліғұн, мәкүрүк деп үш буынды етіпайту керек. Әрдайым, тәкаппар, дүдамал сияқты 2-3 буында-ры жуан жазылатын араб, парсы сөздерін де айтуда алғашқыжіңіщке буынның әуенімен тәкәппар, әрдәйім, дүдәмал депайту керек болады.

2) Орыс тілінен енген орыс сөздері мен интернационалдықсөздер, негізінен, орыс тіліндегі дыбысталуынша айтылу

287

Page 288: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

дағдыға айналды, яғни сөздің орыс тілінде айтылудағы екпінтұрған орнын сақтап, қазақ тілінде жоқ в, ч, щ, ц, э сияқтыдыбыстарын сақтап айтылады. Мысалы: вице-президент (бит-се емес), республика (респөблике емес), парламент (пәрламентемес), экономика (економике емес). Тек, ертеректе еніп,«қазақша» қалыптасқан самауыр, қамыт, доға, жәшік, сіреңке(сырянка), білте (фитиль), пәтер (квартира) сияқты сөздер ғанасол қалыптасқан тұлғасында айтылады. Кейінгі дәуірде енгенсөздерден газет (газета-ның орнына), цифр (орысша цифрадегеннің орнына), минут (минута-ның орнына) сияқты

5-10 сөздің соңғы дауысты дыбысы түсіріліп қолданылады(солай айтылады әрі жазылады).

§36. Кейбір дыбыстарды дұрыс айту жөнінде мына жайт-тарға көңіл аудару кажет:

1) Қазақ сөздерінің басында келген е дыбысы йе түріндеайтылады. Мысалы, ер, елек, екі, ет деген сөздердің дұрыс ай-тылуы: йер, йелек, йекі, йет. Әрине, бұл жерде й (йот) дыбы-сы толық и түрінде емес, «жартылай» (болар-болмас) естілугетиіс. Егер бұл сөздерді йот элементінсіз айтсақ, эр, элек, экі,эт түрінде айтылар еді. Бұл заңдылықты анығырақ байқауүшін орыс тіліндегі ель (ағаш) сөзі мен қазақша ел (жұрт)сөзіндегі е дыбысының айтылуына назар аударыңыз: орыссөзі эль түрінде, қазақ сөзі йел түрінде дыбысталады.

2) Сөз басында келген о, ө дыбыстарының алдынан да удыбысының элементі естіледі: уотан (жазылуы: отан), уорак(орақ), уөрүк (өрік). Бұл жердегі у да толық емес, «сәл-пәл»айтылуы керек.

3) Сөз басында келген р, л дыбыстарының алдынан ы, і, ұ,ү (сөздің жуан-жіңікелігіне қарап) дыбыстары қосылыпайтыла-ды. Жазуда ы, і әріптері жазылмайды. Мысалы:

Жазылуы: Айтылуы:рет іретрас ырасрай ырайру ұрұурұқсат ұрұқсатлеген ілегенлаж ылажлақ ылақлайық ылайық

288

Page 289: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

4) Қазақтың төл сөздерінде ч, дж дыбыстары айтылмай-ды. Қазақстанның кейбір өлкелерінде жергілікті ерекшеліккебайланысты ауызекі сөйлеу тілінде ш, ж дыбыстары келетінсөздерді ч, дж дыбыстарымен айту дәстүрі бар. Мысалы:чатақ, чырақ, малчы, джақсы, джоқ. Бірақ әдеби тіліміздіңорфоэпиялық нормасы бойынша, қазақ сөздерін тек ш, ждыбыстарымен айту керек болады. Ескертетін нәрсе дыбысжүйесін зерттеушілер ж дыбысының қазақ сөздерінде, әсіресесөз басында айтылуына сәл-сәл д элементі қатысатынынайтады.

5) X әрпімен жазылатын араб, парсы сөздерінде ауызекі тіл-дебұл дыбыс қазақша қ дыбысына жуықтаңқырап айтылады.Мысалы: қабар (хабар дегеннен гөрі), қат (хат дегеннен гөрі),Ақымет (Ахмет дегеннен гөрі), Қадыйша (Хадиша дегенненгөрі), тарыйқ (тарих дегеннен гөрі), қалық (халық дегенненгөрі).

6) һ әрпі жазылған сөздерде осы дыбыстың өзінің айты-луын сақтау қажет. Мысалы: гәуһар (гәуқар емес), қаһарман(қахарман емес), жиһан (жиқан немесе жихан емес), аһ-аһ,еһе.

7) Екі дауыстының ортасында келген б дыбысы қазақсөздерінде жеке тұрғандағы айтылуынан сәл өзгешелеу болыпестіледі. Мысалы, Абай, таба, көбелек сөздеріндегі б дыбысынайтқанда, екі еріп бір-біріне тиіп қатты жуыспайды (осы ды-бысты жеке айтқандағыдай немесе орысша дыбыстағандай).Мұны байқау үшін Абай деген сөзді орысша (орыс тіліндесөйлеп тұрғандай) және қазақша айтып көріңдер. Не болмасабаба деген орыс сөзі мен баба («ата» мағынасындағы) дегенқазақ сөзін айтып, екінші буындағы б дыбысының естілуіндегі(айтылуындағы) айырмашылығына назар аударыңдар.

Орыс тілін жақсы білетін қазіргі жастардың қазақшасөйлеу тәжірибесінде қазақ сөздеріндегі б дыбысын орыстіліндегі-дей етіп, екі ерінді бір-біріне қатты жабыстырыпайтушылық байқалады. Бұл қазақ тілінің орфоэпиялықнормасына қайшы келеді.

8) Қазақ фамилияларында келетін в дыбысын ф деп, ал, -ев, -ов жұрнағын -ыф, -іф, -ева, -ова жұрнағын -ыва, -іва деп

289

Page 290: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

айтқан жөн. Мысалы: Кұнанбайыф, Ілекеріф, Құнанбайыва,Ілекеріва, Шәрійпыф. Өзге ұлт өкілдерінің аты-жөндерінжазылған түріне жуықтау етіп айтқан абзал. Өйткені қазақшаБолат болып келетін жалқы есім өзбекше Пулат, Пулад депберілсе, оны қазақшаламаған жен. Ал орыс адамдарының аты-жөндерін орыс тіліндегіше дыбыстау керек. Мысалы: Ника-лай (жазылуынша Николай емес), Канстантин (Константинемес), Лэф Талстой.

Шетелдік адамдардың аты-жөндері мен қазақша жер-суаттарынан өзге географиялық атаулар негізінен орыс тілінде-гіайтылуынша дыбысталғаны жөн. Мысалы: Вильям Шекс-пир,Моцарт, Лондон. Олардың ішінде тілімізге ертеден еніп,қазақша қалыптасқандарын сол дәстүрлі түрінде айту қажет.Мысалы: Қырым (Крым емес), Мысыр (Миср емес), Бағдат(Багдад емес).

290

Page 291: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

МАЗМҰНЫ

Тілдік норма және оның қалыптануы (кодификациясы)...3Алғы сөз.....................................................................................4Кіріспе..........................................................................................6Тіл мәдениеті және оның проблемалары..........................21Тілдік норма туралы ұғым....................................................46Норманың өлшем-шарттары (критерийлері)...................57Тілдік норма және функционалдық стильдер 67Норма және варианттылық..................................................81Лексикалық нормалар..........................................................116

Сөз мағынасы және оны түсініп жұмсау 117Жаңа сөздер мен қолданыстар, олардың нормаланупроцесі...............................................................................118Терминология мәселелері және норма......................131Сирек қолданылатын лексикалық топтардыңнормалануы......................................................................136Қарапайым сөздер, жаргондар және әдеби норма. .151Диалектизмдер және әдеби норма..............................154

Көркем әдебиеттегі сөзқолданыс және әдеби тілдікнорма........................................................................................161Грамматикалық нормалану................................................175Орфографиялық нормалар................................................181Орфоэпиялық нормалар......................................................194

Сөз сазы.............................................................................................203Қазақ әдеби тілінің ауызша түрі және оның қолданылуөрісі..........................................................................................204Сөз сазы, яғни сөзді дұрыс айту (дыбыстау)заңдылықтары.......................................................................216Сөз сазыньің көркем әдебиет пен өнердегімаңызы....................................................................................229Сөз сазы нормаларының қолданылу жайы....................234Сөз сазы ережелерін игеруде ескерілетін жайттар......242Орфоэпиялық ережелер немесе сөз сазын келтіруқағидалары.............................................................................255

Page 292: УДК 80/81 ББК 81.2 С 94 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси

РәбиғаСЫЗДЫҚОВА

Көптомдық шығармалар жинағы

Сегізінші том

ТІЛДІК НОРМА ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЛЫПТАНУЫ(КОДИФИКАЦИЯСЫ)

СӨЗ САЗЫ(Сөзді дұрыс айту нормалары)

Редакторы: Әділ ӘбсаттарТехникалық редакторы: Ниязбай Оразымбет

Корректоры: Ермұхамет МаралбекКомпьютерде беттеген: Жәмила Айдос

ИБ № 164Теруге 01.12.2014 ж. берілді. Басуға 05.12.2014 ж. қол қойылды.

Пішімі 84х1081/32. Қаріп түрі «Times New Roman». Басылымы офсеттік. Шартты баспа табағы 15,3.

Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №

«Ел-шежіре» қайырымдылық қоры» қоғамдық қоры. 050009. Алматы қаласы.Абай даңғ. 143, 413 бөлме

«Полиграфкомбинат» ЖШС

Алматы қ., Мақатаев көшесі, 41