11
ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ТУҒАН ӨЛКЕМ ҚАЗАҚСТАН

1 мамыр қазақстан халықтарының бірлігі күні

  • Upload
    gotov-kz

  • View
    1.354

  • Download
    11

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: 1 мамыр қазақстан халықтарының бірлігі күні

ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ТУҒАН ӨЛКЕМ ҚАЗАҚСТАН

Page 2: 1 мамыр қазақстан халықтарының бірлігі күні

ҚАЗАҚСТАН – көп ұлтты мемлекет

«Көп ұлтты болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз...

Тату елге тыныштық орнайды, бейбiт елде ғана береке болады...»

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

Page 3: 1 мамыр қазақстан халықтарының бірлігі күні

Осыдан төрт жыл бұрын болып өткен халық

санағының қортындысы бойынша Қазақстанда 140

ұлттың өкілі тұрып, өмір сүріп жатқаны есепке енді.

Page 4: 1 мамыр қазақстан халықтарының бірлігі күні

ҚР Статистика агенттiгiнiң мәліметіне қарағанда, Қазақстан халқының ішінде қазақ ұлтының үлесi 63,6 пайызды, орыстар – 23,3, өзбектер – 2,9, украиндер – 2, ұйғырлар – 1,4,

татарлар – 1,2, немiстер – 1,1, басқа ұлыстар 4,5 пайызды құрады.

Page 5: 1 мамыр қазақстан халықтарының бірлігі күні

Қазақстан халқы ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді. Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Осының бәрі Елбасының қоғамдағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін жасай білуінің арқасында мүмкін болуда.

Page 6: 1 мамыр қазақстан халықтарының бірлігі күні
Page 7: 1 мамыр қазақстан халықтарының бірлігі күні

Бірлік бар жерде - тірлік бар

Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

Ортақ бізге бір Отан,

Еңбек ортақ, жыр ортақ.

Ортақ бізге барлығы,

Байлықтың ең үлкені — халықтар

достығы.

Page 8: 1 мамыр қазақстан халықтарының бірлігі күні

1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні

Мереке 1996 жылдан

бастап тойланады. 1995

жылдың 18 қазанында

Қазақстан президенті

Нұрсұлтан Әбішұлы

Назарбаевтің жарлығы

бойынша 1 мамыр

Қазақстан халықтарының

бірлігі күні деп

жарияланды.

Page 9: 1 мамыр қазақстан халықтарының бірлігі күні

Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.

1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні

Page 10: 1 мамыр қазақстан халықтарының бірлігі күні

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын

жүректен құттықтаймыз! Бір шаңырақтың астындағы

халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі

жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік

болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!

Page 11: 1 мамыр қазақстан халықтарының бірлігі күні