15
Ғылыми жұмыстың тақырыбы: Қазіргі қазақ тіліне аударылған сөздер қаншалықты түсінікті? Шахтинск қаласы №16 лицей-мектебі 2 «Г» сынып оқушысы Қарасарт Нұрғиса Жетекшісі:Абдыкаримова А.К

Қазіргі қазақ тіліне аударылған сөздер қаншалықты түсінікті?

  • Upload
    -

  • View
    505

  • Download
    12

Embed Size (px)

Citation preview

Ғылыми жұмыстың тақырыбы:Қазіргі қазақ тіліне аударылған сөздер

қаншалықты түсінікті? 

Шахтинск қаласы №16 лицей-мектебі

2 «Г» сынып оқушысыҚарасарт Нұрғиса

Жетекшісі:Абдыкаримова А.К

«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде»

Н.Назарбаев

Мазмұны.• І. Кіріспе.•ІІ. Зерттеу бөлімі.• 2.1. Қазақ тілінің аударма тарихына шолу• 2.2. Қазіргі қазақ тілінің аудармасы •ІІІ. Қорытынды.•ІV. Пайдаланылған ақпарат көздері•V.Қосымшалар:•2.1.Дистограмма•2.2.Буклет.•2.3 Презентация.

Кіріспе.Аударма – халық пен халықты, тіл мен тілді, әдебиет пен әдебиетті

қауыштырушы дәнекер.Аударма - бір тілдегі ойды (ауызша, жазбаша) екінші тілге беру Қарым-қатынастың құралы ретінде әр түрлі тіл пайда болғанда, бір тілде сөйлейтіндердің екінші тілде сөйлейтіндермен түсінісу, сөйлесу қажеттілігінен туған, тіпті оның шығуын ғалымдардың пайымдауынша адамзат қауымының алғашқы даму дәуірімен, яғни тілдің шығуымен байланыстырады.

Қазақ тіліндегі аударма саласы — қоғамдық ғылымдар арасында салыстырмалы түрде кенжелеу қалған.Қазіргі кезде Терминология саласында мағынасыз сөздер ,орашолақ аудармасымақтар тым көбейіп барады. Бірақ тиісті орындар тарапынан мұның қалай дейтін, оны түзететін жан жоқ. Соның салдарынан әркім әр салада өз білгендерін істеп жатыр. Басқасы басқа, қайран тілді бұлай мазақ етуге болмайды ғой!Мен өз басым кейбір аударма сөздерді естимін де таң қаламын...Ата-әжемнен,әке-шешемнен сұраймын,түсіндірулерін талап етемін ,бірақ ,өкінішке орай олар да түсінбейтін болып шығады. Сондықтан болар , менің қызығушылығым оянып кейбір жаңа сөздерді зерттеуге кірістім,сауалнама жасадым,ақпарат көздерінен іздедім,ғаламтордан іздедім әр түрлі пікірлерге кездестім...

• Мағынасын ашу үшін, зерттеуге бес сөз алдым.

• балкон –   қылтима                (самалдық)

• фонтан –  шаптырма            ( субұрқақ)

• газет – үнқағаз

• телефонды –сымтетік

• барабан –қағыран

Балкон-бұл Еуропадан келген сөз ( balcus — бөрене) — ғимарат қабырғасының сыртынан немесе ішінен жапсарластырыла, көтеріңкі салынған алаң тәрізді конструкциялық бөлшекАудармасы-қылтима. Жалпы, «қылтима» деген сөз қандай мағынаны білдіреді? Бір сөздікте «қылтима» өкпелегіш немесе «кілт ете қалу» адамға қатысты қолданылатыны айтылған,екінші бір мағынасы көктемде бәйшешек қылтиып өсіп келеді дегендейҚылтимаға «самалдық» дейтін балама бар.Осының қайсысы дұрыс?

Субұрқақ, фонтан, шаптырма...латынша fontana «бұлақ», «бастау», «көз», «қайнар» деген мағынада - табиғи немесе жасанды жолмен 

шығарылған судың атқылау құбылысы екен

Меніңше субұрқақ дегеніміз мыналар

Өрт сөндіретін субұрқақ

Көгал суаратын субұрқақ.

Газет- үнқағаз

Барабан –қағыран

Сонау 1870-1882 жылдар аралығында дүниеге келген «Түркістан уалаятының газетінен бастау алып келе жатқан газеттеріміз неге үнқағаз деп аударылып кетті?Газет сөзі кімге түсініксіз?

Бұл аспаптың тарихы тым тереңде жатыр.Егер мен дүкеннен ойыншық барабан алғым келіп,қағыран беріңізші десем,сөзімді түсіне қояр ма?

телефон-сымтетік

Телефон(Сымтетік)- (гректің. (теле) — ұзақ (фон) — дыбыс, дауыс) Дыбысты қабылдау және ұзаққа жіберу құрылғысы

Осы жөнінде қала тұрғындарынан ,мектеп оқушыларынан сауалнама алдым.

Зерттеу нәтижесінде төмендегідей

көрсеткіштерге келіп тірелдім:

Қорыта айтқанда, кейбір аудармалар мағынасы, қолданысы, ұғымы тұрғысынан еш қисынға келмегенімен, айтыла- айтыла құлаққа сіңісті болып, күнделікті пайдаланысқа еніп кетуі ғажап емес. Ал оның шығу тегін зерттеген келер ұрпақ кейін күліп жүрсе қайтеміз. Тіл де тірі организм секілді үнемі даму, өсу үстінде болады. Ал, қазақ тілінің жайына келетін болсақ, Қазақстан Республикасының Президенті өз сөзінде «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп бекер айтпаса керек.

Ұсыныс:

•Егер де қазіргі қазақ тіліндегі сөздер баршаға бірдей түсінікті етіп аударылса, мен бұл мәселені көтермес едім. Жоғарыда отырған аудармашы ағаларымыз бен апаларымыз осындай сөздерді аудармас бұрын сол сөздің нақты түбірі мен мағынасына көңіл бөлсе екен. Сонда ғана тіліміз шұбарланбай түсінікті болар деген сенімдемін.

Назарларыңызға рахмет