17
Айтенова Гулмира Разаковна ОҚО Шымкент қаласы №27 «Мәртөбе» жалпы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Туған жылы: 1970.01.01. Ұлты : Қазақ Бітірген оқу орны: ЖПУ және СЭХА Пед өтілі: 25 жыл. Санаты: І Баяндама тақырыбы: «Сабақ барысында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану». Мақсаты: Барлық жастағы оқушылардың кез келген мазмұнын түсінікке сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға сапалы шешім қабылдауға үйрету.Оқушылардың іс- әрекетін белсенді ету. Міндеті: СТО идеялар тексеріліп бағалағанда және дамып қолданылғанда іске асады.Есте сақтау-идеяларды түсіну- алғы шарт,шығармашылықпен көкейкесті ойлау,өзіндік

45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2015-02-01 · 3 – айналым «Жас математик ... Оқушы ақыл –ойының даму деңгейңн оның

  • Upload
    others

  • View
    10

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2015-02-01 · 3 – айналым «Жас математик ... Оқушы ақыл –ойының даму деңгейңн оның

Айтенова Гулмира РазаковнаОҚО Шымкент қаласы №27 «Мәртөбе» жалпы орта мектебі Бастауыш сынып мұғаліміТуған жылы: 1970.01.01.Ұлты : ҚазақБітірген оқу орны: ЖПУ және СЭХАПед өтілі: 25 жыл.Санаты: І

Баяндама тақырыбы: «Сабақ барысында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану».Мақсаты:Барлық жастағы оқушылардың кез келген мазмұнын түсінікке сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға сапалы шешім қабылдауға үйрету.Оқушылардың іс- әрекетін белсенді ету.Міндеті: СТО идеялар тексеріліп бағалағанда және дамып қолданылғанда іске асады.Есте сақтау-идеяларды түсіну-алғы шарт,шығармашылықпен көкейкесті ойлау,өзіндік жеке ойлау, тәуелсіз ойлау, шикізатты өңдеу, үйрету- түсінуіне көмектесу.Тақырыптың өзектелігі: Қазіргі кезде өмір сүру күрделенеді,біздің елімізде демократиялық құрылымдар пайда бола бастады.Бүгінгі мектеп оқушылары ертең өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін өздері шешуге, саналы шешім қабылдауға дайын болуды үйрететін жаңа технологиялардың бірі – «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту».

Page 2: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2015-02-01 · 3 – айналым «Жас математик ... Оқушы ақыл –ойының даму деңгейңн оның

СТО-ды дамыту бағдарамасы әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі.СТО – дегеніміз не нәрсенің анығына барып, оның себеп салдарына барып анықтау, бағалау одан шығатын салдарына көз жеткізе білу, қорытынды жасау. Джон Дьюидің айтуы бойынша мәселелерге ерекше көңіл аудару оқушының табиғи әуесқойлығын оятып, СТО-уға итермелейді.Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшеліктеріСын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір- түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген. Джини Л. Стил, Куртис, Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады. «Сын тұрғысынан ойлау » ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу,оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе –теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар. Белгілі ғалым Дайана Халперн «Сыни ойлау – ойлаған нітижеге жету үшін танымдық техникаларды пайдалану арқылы шығармашылықпен әрі қарай бағыттай ойлану». Сыни ойлау – белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды жинақтап оларды қайта ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі психологиялық үрдіс екенін атап көрсеткен.Сыни ойлау – адам өмірінің бір саласы. Себебі, бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақта, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын түрінде берілмеуі. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының бастауыш сыныптарында қолданудың тиімділігі. Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту» бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Бұл бағдарлама Қазақстан өоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже

Page 3: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2015-02-01 · 3 – айналым «Жас математик ... Оқушы ақыл –ойының даму деңгейңн оның

шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті. RWCT бағдарламасы –ағылшын тілінен аударғанда «Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың 60 түрлі стратегиясынан, әдістерінен тұрады.Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:

- Шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;

- Күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;

- Үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын,Үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы шарт:1) Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек.2) Оқушыларға ойланып- толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.3) Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.4) Кейбір оқушылартүсіп қалған қолайсыз жағдайлады әжуаға айналдырмау5) Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс—әрекетін қолдау,6) Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті

болуын талап ету,7) Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі.1 сызба,Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау технологиясында қолданатын әдіс- тәсілдер.Енді осы кезеңдердің мақсат – міндеттеріне толығырақ тоқталсық.1. Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі - бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақрапатпен толықтырады.Сондықтан да сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі,не айтатынын анықтаудан басталады.Осы арқылы ойды қозғау ,ояту ми қыртысына тітіреніш арқылы әсер ету арөылы жүзеге асады.2. Үйрену - енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі,тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады. Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі.

Page 4: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2015-02-01 · 3 – айналым «Жас математик ... Оқушы ақыл –ойының даму деңгейңн оның

Мағынаны тану. Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында Ү – «білемін»,- «мен үшін түсініксіз»,+ - «мен үшін жаңа ақпарат» ,?- «мені таң қалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл –желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру - аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден бір кепілі. Үйретушілер білдіретін анықтап білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады.Тақырып туралы ой- толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқшының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой түйістіру, өзі үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы - ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр - жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.«Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» технологиясында жазудың орны ерекше. Оқушыларды жазуға қызықтырудың бірден-бір жолы қойын дәптер болып табылады.«Оқушы қандай да болмасын ақпаратты өздігінше игеріп, өз өміріне жарата алатын әмбебап тәсілдерді үйрену керек. Соның бір тәсілі – қойын дәптерге үзбей әрі үнемі жазу. Үнемі үзбей жазудың арқасында оқушылардың қойын дәптеріндегі жазуды бақылау барысында байқағаным, олардың көпшілігі тілек, қажетті үндер, оқу кестелері, нақыл сөздер және өздеріне ұнаған ақындардың өлеңдерінен үзінді жазған. Кейін келе өздерінің рұқсаттарымен бір-біріне ұсыныстар айтуына мүмкіндік жасадым. Айтылған ұсыныстардан кейін қойын дәптерлерін оқытып, өздеріне не ұнағанын айтқызып, бір-біріне ұсыныстар айтуына мүмкіндік жасадым. Айтылған ұсыныстардан кейін

Page 5: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2015-02-01 · 3 – айналым «Жас математик ... Оқушы ақыл –ойының даму деңгейңн оның

қойын дәптерге әр түрлі тақырыптар бойынша жазуға болатынын анықтадық және оның мынадай жобасын жасауға болады: - Ұнаған нақыл сөздерді жазу;- Бұрын соңды естімеген мақал – мәтел, сөз тіркестерін жазу;- Нақыл сөздерге өзіндік ой тұжырым жазу;- Ой салған сыртқы құбылыстарды түрліше формамен жазу;- Махаббат, сезімге байланысты қарапайым адамдардың өмірінен мысалдар жазу;- Өнер, білім тақырыптарында өзіңнің ұстазың немесе пір тұтқан адамдар жайлы жазу;- Ата-ананың түрлі қасиетін, шыққан тегін жазу;- Жүрек жарды жырларым (өз өлеңін жазу);- Досың, құрбың, замандасың туралы пікіріңді жазу; Осындай ойларды ортаға салғаннан кейін, олар қойын дәптерді бір сарында емес, әр түрлі тақырыпта, жүйелеп, саралап жазуды дағдыға айналдырды.Рефлексиялық әрекеттер барысында оқытудың жолдары талданады, өзіндік шешім қабылдауға жағдай туғызады. Сөйтіп, бала өзін-өзі дамыту, тәрбиелеу, өз әрекеттерін ұйымдастыру мүмкіндігін алады өз ерекшелігі мен деңгейін таниды.Міне, осы жолда қойын дәптерді жазудың маңыздылығы зор. Біздің жобаның ең басты мақсаты баршаға мәлім: ол-шәкірттерімізді ойлау білігін дамыту. Бұл ұмтылыс сонымен бірге оларда өзін-өзі тану дағдысын да қалыптастырады. Әр кезде оқушы өзіне құлақ салып, ішкі әлемін түсініп, оны түсіндіруге ұмтылғаны жөн. Сайып келгенде, бұл – адам өмірінің ең басты мақсаттарының бірі де шығар. Адамзат ұстаздарды, ғұламалар кезінде «Өзіңді таны!» деп бекер үндеу тастамаған емес пе? Көне қытай данасы Конфуций «Өзгені таныған адам - данышпан, ал өзін дербес, ешкімге де ұқсамайтын, оған ғана тән ойларын қағаз бетіне түсіру қызық болатын болса, оларды жолдастарына жеткізіп, құрбы-құрдастарының жағымды, позитивті пікірлерін естуге, қошеметіне бөлінуге асық болса, пікірлері мен ұсыныстарын қымбат бағалап, оларды осы тақырыптағы жазбасын кемелдендіруге және басқа, осының өзі оны әрқашан да жазуға ынталандырып отыратын шығар.Жазу дегеніміз жаңа нәрсе құрастыру, ол – консруктивтік әрекет, шығармашылық. Жазу деструкцияға, яғни қиратуға, жоюға, бұзуға, қарама-қарсы, ал конструктивизм мүмкін адамның ең басты адами қасиеті шығар. Жазғанда біз шығарушымыз, жаратушымыз, тудырушымыз. Жаңа нәрсені, туындыны дүниеге әкелу бақыты бізге жаратылымыздан берілген болар. Оның дәлелі ретінде осы әрекеттің ерекше бағаланатындығын келтірер едім. Шындығында да біз шығара білетін адамды қастерлейміз емес пе? Адам

Page 6: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2015-02-01 · 3 – айналым «Жас математик ... Оқушы ақыл –ойының даму деңгейңн оның

қолынан шыққан туындыға тамсанамыз, ол біздің эстетикалық сезімдерімізге мейлінше әсер етеді.Екіншіден, неліктен жазу формаларын, оның ішінде әңгімені неге түрлендірмеске. Мәселен, мен өз сабақтарымда сұрақтан басталып сұрақтан аяқталатын әңгімені жиі қолданамын. Алдымен оқушы берілген тақырып бойынша сұрақ құрастырады. Мен «Сұрақты кімге қоюға болады?» деп сұрағанымда, олар өзімізге, оқытушыға, бір-бірімізге деп жауап береді. Ең бастысы олар сұрақтың танымдық қасиеті жоғары екендігін мойындап, тіпті сұрақ қоюдың жауап беруден күрделілігінен көздерін жеткізгедей болады. Осыдан соң оқушы өзі айқындаған сұрақ төңірегінде ой қозғап, оны қағаз бетіне түсіріп, жазу соңында тағы да бір сұрақ келтіреді. Әңгіменің сұраққа негізделген басқа да түрін қолданамын. Алдымен оқушылар сабақ тақырыбы бойынша өздерін ерекше толғандырған мәселе бойынша бір немесе екі-үш сұрақ жазады. Содан кейін парақтар оң жақта отырған балаға ысырылады да олар жолдастарының сұрақтарына жауап жазады. Бұл жұмыс оқушылардың бір-бірінің мұқтаждарына деген ықылас қалыптастырып, бір-бірін тыңдауға жұмылдыратын сияқты. Бұдан басқа сабақтарда кубик көмегімен Блум таксономиясының таным мен ойлау деңгейлері тұрғысынан жазған да тиімді. Мысалы, тақырып туралы алдымен бір жарым екі минут уақытта «Проблеманы сипатта» деген тапсырма бойынша берілген тапсырмаларды жазбаша орындай беруге болады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. М.Жұмабаев «Педагогика» Алматы, «Ана тілі» 1992 жыл 2. «Бастауыш сыныптағы тарих. Талантты да дарынды балалармен жұмыс істеу» Сприн 2009 жыл 3. «Рефлексивтік практик: кәсіби іс-әрекетте қалайша ойланады?» Т.Смит 2008 жыл 4. Интернет материалдары

Page 7: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2015-02-01 · 3 – айналым «Жас математик ... Оқушы ақыл –ойының даму деңгейңн оның

Ашық сабақ тақырыбы: «Жыл бойы өткенді қайталап шығу және қорытындылау»Мақсаты:Бастауыш сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығын арттыру, жалпы оқу бағдарламасымен қатар, дүниетану және ойлау қабілетін ұштау, сонымен қатар ұлтымыздың тарихын, салт-дәстүрін, әдет –ғұрпын насихаттау. Оқушылардың ойлау қабілетін ,дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру. Жан-жақты, білімді, әскер, өзіндік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, дені сау, бәсекеге барынша қабілетті дарынды жастарды қалыптастыру.Міндеті: Оқушылардың білімдерін кеңейту, сөйлеу мәдениетін дамыту, өз ойларын нақты дәлелдеуге үйрету. Оқушылардың арасындағы сыйластықты топ жұмыс кезінде бекіту. Ең алдымен оқушыларды үш топқа конфет арқылы бөлеміз. 1 топ. «Алғырлар» 2 топ «Тапқырлар». 3топ «Ойшылдар» Ой шақыру стратегиясы1) Қазақстан Републикасының рәміздерін ата?2) Қазақсиан Республикасының Әнұранының авторлары?3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?4) Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қай күні атап өтеміз?5) Қазақтан Республикасының қай қала? «Зерде» интеллектуалды ойыныПсихологиялық дайындықМынау менің жүрегім,Бәрі осыдан жаралған, Мынау басым ақылды,Барлық істі басқарғанМынау менің оң қолым,Барлық істі атқарған Жоспар:1 айналым: «Білгенге маржан»2 айналым: «Кітаптар сөйлейді»3 айналым : «Жас математик»4 айналым: «Сиқырлы өлеңдер»5 айналым: «Сурет бойынша әңгіме»6 айналым: «Өзіндік жұмыс»Жаңа сабақ: 1 айналым: «Білгенге маржан»1топ:

Page 8: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2015-02-01 · 3 – айналым «Жас математик ... Оқушы ақыл –ойының даму деңгейңн оның

1) «Кел балалар оқылық» өлеңінің авторы кім?2) Қ.Р. Туының авторын ата3) Неше дауысты дыбыс бар?4) Заттың атын білдіретіндер қандай сұраққа жауап береді?5) Үш биді ата.2 топ :1) «Адам болам десеңіз..» өлеңінің авторы?2) Масса өлшем бірліктерін ата?3) Қ.Р.Көлемі жағынан әлемде нешіні орын алады?4) Төрт түлік малдың иесін ата5) Заттың сынын, сапасын, көлемін білдіретін сөздердің сұрағын айт.

3 топ:1) Сөйлем неден тұрады?2) Елтаңбаның авторын ата?3) Не істеді?, не қылды? Қайтті? Сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың

несін білдіреді?4) Қазақстан ғарышқа бірінші болып ұшқан кім?5) 22- наурыз қандай мереке?

2 –айналым. «Кітаптар сөйлейді»1 – кітап: А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба » өлеңіндегі 5 асыл істі ата.2 - Кітап: «»ҚҰлын мінген бала » мәтінінде кім туралы айтылған?3 - Кітап: Қандай мақал- мәтелдер білесің?4 - Кітап: Отан туралы 1 шумақ өлең айт.5 - Кітап: Ұзындық өлшем бірліктерін ата.6 - Кітап: Қандай сөздер бас әріппен жазылады?

3 – айналым «Жас математик»10+30= 40+10= 30+40=30-20= 60+20= 50-30=70+20= 40+50= 80-40= 90-30= 30-10= 70+30=

4 айналым: «Сиқырлы өлеңдер»Үш топқа орны ауысқан өлеңдер беріледі, оны оқушылар туралап жөндеп оқып береді.1 топ өлеңі:мақтанба.Ғылым таппай Баптанба, орын таппай шаттанба, Құмарланып күлуге босқа Ойнап қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Бес нәрсеге десеңіз, Адам болам.

Page 9: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2015-02-01 · 3 – айналым «Жас математик ... Оқушы ақыл –ойының даму деңгейңн оның

2 топ өлеңі: сиынып, Бір Аллаға Оқылық, Кел, балалар, көңілге Оқығанды тоқылық! Ықыласпен балалар, Оқысаңыз жағылар Шамнан шырақ алдыңнан Тілегенің табылар Іздемей-ақ3 топ өлеңі: нұрын төккен, Көгінде күн Жұпар сепкен Жерінде гүл Неткен көркем, сұлу неткен Туған өлкем Осы менің Даласы бар, Алтын дәнді Қаласы бар ,Алтын күмістей Неткен көркем, Неткен сұлу, Туған өлкем Осы менің5 айналым «Сурет бойнынша әңгіме құра»Оқушылардың алдына кесілген суреттерді беріп, оны құрастырып, сурет бойынша әңгіме құрайды. Өзіндік жұмысӨлеңді аяқтаЕңбекке де қолы епті ынтымақты дос қандай?

Оқушылардың өздері өз бетінше екі қатарын өздері ойлап тауып өлеңді аяқтайды.Сабақ соңында оқушылар мадақталып, бағаланады.

Баяндама тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда грамматикалық ұғымдарды таныту технологиясын жетілдіру» Оқыту технологиясын жетілдіруге қазіргі кезде ерекше мән берілуде, бұл- өмір талабынан туындап отырған мәселе. Бастауыш мектептерде грамматикалық ұғымдарды таныту технологиясын жетілдіру жолдары1)грамматикалық ұғымдарды танытуды дамыта оқыту, оқушыларды проблемалық шағын ізденіске баулу тұрғысынан ұйымдастыру.

Page 10: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2015-02-01 · 3 – айналым «Жас математик ... Оқушы ақыл –ойының даму деңгейңн оның

2) Әр түрлі тірек- сигналдық, шартты белгілерді сызбаларды, модельдерді қолдану арқылы оқушы ойын жүйелей білуге баулу.3)оқу барысында оқушылардың өзін жеке тұлға ретінде сезініп, еркін ұстап, ойын еркін де дәлелді баяндауын,әр нәрсеге көзқарасын ,ұлттық дүниетанымын, азаматтық болмысын қалыптастыру. Мұны оқу ісін демократияландыру деуге де болады.1. Дамыта оқытуды жүзеге асыру.Оқу әрекеті баланың ақыл-ойын дамыту жұмысымен тығыз байланысты.Қазақ тілін оқытуда оқушының тиісті бағдарламалық материалдар бойынша сапалы білім алуы олардың сол мақсаттағы ақыл-ой әрекетінің белсенділігімен саналылығына байланысты екені белгілі. Баланың ақыл-ой қабілетін тәрбиелеу оқыту жұмысының басты міндеттерінің бірі.Мұғалім бала ойының қалай болса солай дамуына жол бермей, дұрыс тәрбиелеп отыруға тиіс.Бұл үшін мына жайттар ескеріледі өз ойын дәлелдеп айта білуге ,үйретуде баланың ой тізбегінің дұрыс логикалық жолмен құрылуын қадағалау, баланың ой жұмысын тәртіпке салып отыру, баланың өзіндік ойлау қабілетін дамыту үшін сабақ үстінде оқушының белсенді ақыл –ойын жұмысын ұйымдастырып тапқырлығын қоштап отыру.Ұлы педагог К.Д, Ушинскийдің сөзімен айтқанда «Кімде –кім оқушының тіл қабілетін дамытқысы келсе ең алдымен оның ой қабілетін дамытуы тиіс»П.П.Блонскиидің айтуынша ақыл әрекеті ойдың дамуына негіз болады. Ал әр нәрсені ақылға салып шешу үшін бақылағыш болу керек, іс-әрекеттік тәжірбиесі мен білімі тіл байлығы болу керек. Мектеп оқушыларының негізгі кәсібі ой дүниесі арқылы ұғыну ,меңгеру,еске сақтау нені қалай еске сақтаужы және нені қашан еске түсіруді ойластыру.Ал Л.С. Выготскийдің пікірінше оқу психологисының негігі мәелесі ақыл-ой мүмкіндігінің жоғарғы сатысына көтерілу, еліктеудің көмегі баланың білетін іскеріліктері арқылы білмейтін іскрлікке көшуі, оқытудың дамытудағы бүкіл мәні маңызы соған негізделген жуық арадағы даму аймағы деген ұғымының мазмұны да осында.Оқытудың мәні баланың жаңаны оқып үйренуіне негізделеді. Сондықтан да баланың ақыл-ой дамуының жаңа сатыға көшу мүмкіндігін айқындайтын жуық арадағы даму аймағы оқу мен даму үшін мәнді болмақ. Педагогика бала дамуының кешегісі емес, ертеңгісін нысанға алу керек.К.Д.Ушинский мектепте грамматиканы оқыту оқушылардың сөйлеу тілін байқауы негізінде жүргізілу керек екендігі жөнінде. «Тіл грамматиканың нәтижесі емес, грамматика адамнң өз тлін байқауының нәтижесі болғандықтан грамматиканы оқытудың тиімді тәсілдері өзі қалай өйлейтініне баланың назарын аударып грамматикалық заңдылықтарды байқап отыруын басқару» деген сөз.Дамыта оқыту жоғарғы деңгейдегі ақыл-ой әрекетін қажет етеді.

Page 11: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2015-02-01 · 3 – айналым «Жас математик ... Оқушы ақыл –ойының даму деңгейңн оның

Шындығында,оқушы ақыл-ойдың даму дәрежесі өзара байланысты, өзара сабақтастығы бар бірін –бірі толықтырып тұратын ғылыми білім дағдыларының жүйесін меңгеруі мен оларды практикалық тұрғыда көрсете білу шеберлігінен көрінеді.Дамыта оқуда теориялықбілім жетекші орын алады.Олай болса оқушының жалпы интелектуальдық дамуын шешу мңндеттері олардың білімдерінің терең де тиянақты болу міндеттерімен тығыз байланысты. Сөйлем мүшелерін өткенде, олардың қай сөз табынан екенін ,морфологиялық белгілерін таныту орынды.Бұл оқушылардың бастауыштан соң қойылатын сызықша жқніндегі бастауышта, баяндауыш та зат есімнен болса, бастауыштан соң сызықша қойылады-деп түсінуін жеңілдетеді. Оқушылар бұл тақырыпқа дейін сөз таптары мен сөйлем мүшелері жөнінде ұғым түсініктер мен практикалық дағдылар қалыптасқан. Жоғары деңгейлі ой қызметін ұйымдастыру арқылы оқудың белсенділігін арттыруды қамтамасыз ете отырып,оқу материалын меңгергенде ғана оқушының ақыл-ойын дамытуға мүмкіндік туады.Оқушы ақыл –ойының даму деңгейңн оның тиісті фактілерге анализ ,синтез жасау қабілетінен байқауға болады. Қазақ тілін оқыту процесінде бала грамматикалық ұғымдар мен құбылыстардың ерекшеліктеріне талдау жасай отырып, олардың негізгі белгілерін ажыратады.Мәселен бастауыш сыныпта зат есім жөнінде алған мағұлмат бергенде, алдымен оқушыларға талдау үшін берілетін сөздердің кім? не? деген сұрақтарға жауап беретіндей және ол сөздердің шын мәнінде заттың ,нәрсенің аты болып келетіндей болуын яғни ол сөздердің грамматикалық формалары мен мазмұны мағынасына сай болып келетіндей болуын ескерту керек.Екінші кезекте талдауға ұсынылатын сөздердің абстракты ұғымдағы зат есім болып келу керек. Мысалы: Еңбек ер атандырады.Көп түкірсе көл.Бастауыш сынып оқушылары осы тәрізді абстракты ұғымдағы зат есімді табуда қиналады.Еңбек сөзін олар еңбек ету деген ұғымда түсінеді, ал көп жақсы деген сөздерді жақсы адам көл сөздерін сын есім деп таниды. Осындай кемшіліктер болмас үшін оқушыларға бұл сөздердің заттың ұғымда қолданылатындығы түсіндіріледі.Үлгі: Еңбек ер атандырады. Не ер атандырады? Еңбек бұл сөз не? деген сұраққа жауап беріп зат есім болып тұр. Асан еңбек етті деген сөйлемде еңбек етті деген сөз тіркесі Асанның іс әрекетін бейнелеп тұр.Асан еңбек етті деген Асан қайтті? Еңбек етті- етістік. Қазақ тілінің грамматикасын оқытуда осылайша әр алуан ой белсенділігін арттырады, білімнің сапалы тиянақты толық болуына әсер етеді.Баланың өзіндік ойлау дағдысын логикалық ойын жүйелеу, абстракциялау қабілетін тәрбиелейді.