9

Тurkic Weekly - twesco.orgtwesco.org/upload/medialibrary/Turkic Weekly - 8 - Kazakh.pdf · апталық ақпараттық-сараптамалық дайджест. ... ұзын

  • Upload
    others

  • View
    25

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Тurkic Weekly - twesco.orgtwesco.org/upload/medialibrary/Turkic Weekly - 8 - Kazakh.pdf · апталық ақпараттық-сараптамалық дайджест. ... ұзын
Page 2: Тurkic Weekly - twesco.orgtwesco.org/upload/medialibrary/Turkic Weekly - 8 - Kazakh.pdf · апталық ақпараттық-сараптамалық дайджест. ... ұзын

Тurkic Weekly 7 2015 (21-27 Желтоқсан)

Тurkic Weekly Түркі әлеміндегі ең маңызды оқиғалардың апталық шолуы.

Ол түркі тілдес мемлекеттердің ағымдағы өзекті мәселелері бойынша

объективті талдау жасайды.

Тurkic Weekly - Түркі академиясы Халықаралық ұйымы шығаратын

апталық ақпараттық-сараптамалық дайджест.

Page 3: Тurkic Weekly - twesco.orgtwesco.org/upload/medialibrary/Turkic Weekly - 8 - Kazakh.pdf · апталық ақпараттық-сараптамалық дайджест. ... ұзын

ЕАЭО ПЕРСПЕКТИВАСЫ

21 желтоқсанда Мәскеу қаласында Ресейдің төрағалығымен Армения, Беларусь, Қазақстан,

Қырғызстан және Ресей мемлекет басшыларының қатысуымен Жоғары Еуразиялық

экономикалық кеңестің отырысы өтті.

Кездесу жабық түрде болды. Бірақ негізгі тұжырымдар мен іс-шараның күнтәртібі Қазақстан

мен Ресей басшыларының кездесуінде айқындалды. Мәселен, 21 желтоқсанда Жоғары

Еуразиялық экономикалық кеңес қарсаңында Кремльде Н.Ә.Назарбаев пен В.В.Путиннің

кездесуі болды. Екі елдің көшбасшылары ЕАЭО аясында бірінші жылдың нәтижелерін

қорытындылады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күнтәртіптердің бірқатар мәселелерін

талқылады.

Қазақстан Президенті ЕАЭО өзінің алғашқы даму жылын аяқтады, бұл кезең оңай

болмағанын атап өтті. Сонымен қатар, Н.Назарбаев дағдарыстың күтілгенін, одан өту үшін

қажетті шаралардың қабылданғанын атап көрсетті. «Әрине, жалпы елдеріміздің ЖІӨ азайып,

тауар айналымы қысқарды. Алайда, ашық шекара мен тығыз байланыстар өздерінің тиісті

рөлін атқарады» - деді, Н.Ә.Назарбаев.

Өз кезегінде, В.В.Путин әлемдік экономикадағы қиындықтарға қарамастан, екі ел арасындағы

стратегиялық әріптестік тұрақты даму үстінде екендігін атап өтті.

Кейбір сарапшылардың пікірінше, ЕАЭО-тың іске асырылуы шекаралық ынтымақтастық пен

саудаға ықпал етті. Бұл екі елдің бірнеше өңірлерін қамтиды. Қазақ-орыс шекарасы әлемдегі ең

ұзын шекара болып саналады - 7 512.8 км.

Стратегиялық мақсат – ЕАЭО Жібек жолының экономикалық белдеуімен және одан әрі БҰҰ

Бас Ассамблеясында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев белгілерін айқындап берген Ұлы Еуразия мега-жобасымен байланыстыру болып табылады.

Беларусиядан ЕАЭО-ғы төрағалықты алған Қазақстан Президенті Н.Назарбаев келесі жылдың

күрделі болатынын, бірақ ЕАЭО толыққанды дамуына Астананың барлық күш-жігерді

салатынын жеткізді.

1

Page 4: Тurkic Weekly - twesco.orgtwesco.org/upload/medialibrary/Turkic Weekly - 8 - Kazakh.pdf · апталық ақпараттық-сараптамалық дайджест. ... ұзын

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕУРОПАЛЫҚ БАҒЫТЫ

21 желтоқсанда Астанада маңызды оқиға болды. Қазақстан мен Еуропалық Одақ өкілдері

кеңейтілген әріптестік туралы келісімге қол қойды. Бұл келісім соңғы 3 жыл бойы дайындалды.

ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың қатысуымен болған салтанатты отырыс

барысында ЕО Сыртқы саясат және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі жоғары өкілі Федерика

Могерини былайша атап көрсетті: " Қазақстан заманауи келісімді ЕО-мен жасаған Орталық

азия әріптестерінің алғашқысы болып табылады". Тараптардың пікірінше, жаңа келісім

Қазақстан мен ЕО арасындағы экономикалық және саяси байланыстардың дамуына елеулі

серпін бере алады.

Қол қойылған келісім Қазақстан үшін аса маңызды 29 сала бойынша өзара іс-қимылы

көздейді. Ол қауіпсіздік, қарусыздандыру, терроризмге қарсы күрес, сауда және инвестиция

салаларын қамтиды. Мысалы, ЕО-мен кеңейтілген ынтымақтастық туралы келісім Қазақстанда

білім беруді дамытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Е.Ыдырысовтың пікірі бойынша,

"Қазақстан мен ЕО өзара іс-қимылы білім беру бағдарламаларын, ғылыми-зерттеу қызметін

нығайтатын болады".

Әлемде қауіпсіздік мәселелері өршіп тұрғанда қазақстандық-еуропалық келісімде құқық

қорғау саласы жөніндегі өзара іс-қимылға ерекше назар аударылған.

Сауданың төмендеуіне қарамастан, Еуропалық Одақ Қазақстан үшін негізгі сауда әріптесі мен

инвестиция көзі ретінде қалып отыр. Соңғы статистикалық мәліметтер бойынша 2015 жылғы

қаңтар-қазанда ҚР мен ЕО арасындағы тауар айналымы $26,7 млрд. құрады. Бұл өткен

жылдың осы мерзімімен салыстырғанда айтарлықтай аз ($45,6 млрд.). Осыған қарамастан ЕО

Астананың ең ірі сыртқы сауда әріптесі болып отыр, оған тауар айналымының 41,2% келеді.

2

Page 5: Тurkic Weekly - twesco.orgtwesco.org/upload/medialibrary/Turkic Weekly - 8 - Kazakh.pdf · апталық ақпараттық-сараптамалық дайджест. ... ұзын

ӨЗБЕКСТАН ЖӘНЕ ТӘЖІКСТАН КЕҢЕСУЛЕРІ

Өзбекстан мен Тәжікстан мемлекет басшылары жүргізген дәйекті саясаттың нәтижесінде

тараптар екі жақты кеңесу тетіктерін қалпына келтірді. Атап айтқанда, 24-25 желтоқсанда

Душанбе қаласында сыртқы саяси ведомство өкілдерінің деңгейінде өзбек-тәжік саяси

консультациялары алғашқы рет өтті.

Бірінші кездесуде Өзбекстан делегациясын сыртқы істер министрінің орынбасары

С.Ниязходжаев бастап барды. Тәжік делегациясын СІМ орынбасары П.Давлатзода басқарды.

Кездесуде көптеген ауқымды мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, кездесу қорытындысы

бойынша белгілі болғандай, тараптар екі ел қарым-қатынастарының жай-күйі мен

перспективалық бағыттарын талқылады, өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір

алмасты.

Өзбек және тәжік дипломаттары сауда-экономикалық, көлік-коммуникациялық, мәдени-

гуманитарлық және басқа да салаларда өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін қарастырды. Ең

бастысы, тараптар мәдени-гуманитарлық, ғылыми және спорт байланыстарын одан әрі

кеңейтуге дайын екендігін жеткізді.

Маңызды тақырыптардың бірі ӨР мен ТР арасындағы ынтымақтастықты ШЫҰ аясында

дамыту. Мысалы, тәжік тарапы ШЫҰ әлеуетін нығайтуға бағытталған Өзбекстан жасаған

қадамдарды жоғары бағаласа, Өзбек тарапы осы ұйым аясындағы өзбек төрағалығына қолдау

көрсеткені үшін Тәжікстанға өзінің алғысын білдірді.

Іс-шара соңында тараптар күнделікті проблемаларды бірлесіп шешуге жағдай жасайтын

тұрақты саяси консультациялар өткізудің маңыздылығын атап өтті.

3

Page 6: Тurkic Weekly - twesco.orgtwesco.org/upload/medialibrary/Turkic Weekly - 8 - Kazakh.pdf · апталық ақпараттық-сараптамалық дайджест. ... ұзын

ӘЗЕРБАЙЖАН КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДЕ

Мұнай бағасының құлдырауы оны экспорттайтын елдер экономикасына келеңсіз әсер етуде.

Осыған байланысты 21 желтоқсанда Әзербайжан Орталық банкі манатты икемді бағамға

көшіру туралы шешім қабылдады. Бұл валюталық түсімдердің азаюына және валюталық

резервтері қорғауға бағытталған. Нәтижеде ұлттық валюта 47% құнсыздалды.

Дегенмен, девальвацияның арқасында Әзербайжан Мемлекеттік мұнай қоры (SOFAZ) 2016 ж.

шамамен $2 млрд. үнемделетін болады. Қазіргі уақытта SOFAZ осы жылға арналған

трансферттерді қоса алғанда бюджеттің барлық шығындарын жапты.

Былайша айтқанда, манаттың бағамын долларға қатаң байлау 2015 жылдың ақпан айында

тоқтатылған болатын.

SOFAZ ережесіне сәйкес, оның қаражаты стратегиялық маңызы бар инфрақұрылымдық

объектілерді салуға және қайта жаңғыртуға, сондай-ақ өзекті жалпыұлттық мәселелерді

шешуге пайдалануға болады.

Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің депутаты Руфат Гулиев айтқандай, Әзербайжанға әкелінетін

өнімдер бағасының өсуін болдырмау үшін мемлекет барлық шараларды қабылдайтын болады.

"Ең бастысы, халықтың әл-ауқатына қатты әсер ететін азық-түлік өнімдері, коммуналдық

қызметтер, көлік бағаларын ұстау қажет",- деді Р.Гулиев.

4

Page 7: Тurkic Weekly - twesco.orgtwesco.org/upload/medialibrary/Turkic Weekly - 8 - Kazakh.pdf · апталық ақпараттық-сараптамалық дайджест. ... ұзын

ТҮРКІ КЕҢЕСІНІҢ ЫСТАМБҰЛДАҒЫ КЕЗДЕСУЛЕРІ

Есепті кезеңде Ыстамбұл қаласында бірнеше маңызды кездесулер өтті. Атап айтқанда, Түркі

Кеңесінің жетекшілігімен түркі тілдес елдері ұлттық стратегиялық зерттеулер институттары

басшыларының кезекті кездесуі ұйымдастырылды. Бұрын Қазақстан мен Әзербайжанда осы

форматтағы екі кездесу болған еді.

Сонымен қатар, 25-26 желтоқсанда Түркі Кеңесі ақсақалдарының 10-шы кеңесі өткізілді. Кеңес

жұмысына Әділ Ахметов (Қазақстан), Фаттах Гайдаров (Әзербайжан), Бексұлтан Жакиев

(Қырғызстан) және Мұстафа Есен (Түркия), сондай-ақ Түркі Кеңесі хатшылығының, ТүркПА,

ТҮРКСОЙ, Түркі Академиясының өкілдері қатысты.

Талқылаудың алдында жиынға қатысушылар Әзербайжан және Түркия ақсақалдарын екі

бауырлас елде өткен парламенттік сайлау нәтижелері бойынша депутаттық мандат алуларымен

құттықтады.

Айта кететін жайт, Түркі Кеңесінің ақсақалдар кеңесі жылына 2 рет кездесу өткізеді. Бұл

кездесуде 2015 жылдың қорытындылары жасалынып, 2016 жылдың жоспары айқындалды.

Жоспар бойынша Ақсақалдар кеңесінің келесі отырысын Қазақстанда өткізу жоспарланып

отыр.

5

Page 8: Тurkic Weekly - twesco.orgtwesco.org/upload/medialibrary/Turkic Weekly - 8 - Kazakh.pdf · апталық ақпараттық-сараптамалық дайджест. ... ұзын

БАКУДЕГІ МАҢЫЗДЫ ІС-ШАРАЛАР

Түркі әлемінің рухани және білім әлеуетін нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды іс-

шаралар Бакуде өткізілді. Мысалы, 22 желтоқсанда Баку мемлекеттік университетінде Қазақ

хандығының 550 жылдығына және қазақтың көрнекті жазушысы Абай Құнанбаевтың 170-

жылдығына арналған халықаралық конференция ұйымдастырылды.

Осы іс-шара аясында "Қазақ хандығы: қайнар көзі, дәстүрі және мұрасы" атты ғылыми

жинақтың тұсаукесері болды. Оны Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшілігі мен

Түркі академиясы басып шығарды.

Келесі күні қазақстандық делегация ресми сапар аясында Бакуде бірқатар кездесулер өткізді.

Олардың қатарында Баку халықаралық мультимәдениет орталығы мен Ғылым академиясының

басшылары, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері бар.

Сол күні Әзербайжан Мемлекеттік экономикалық университет жанында Түркі әлемі

экономистер бірлестігінің құрылғандығы туралы хабарланды. Ол экономикалық зерттеулердің

жоғары стандарттарын құруға және ықпал етуге, Түркі әлемінің экономистері арасында тығыз

ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Халықаралық және ғылыми байланыстарды

қамтамасыз ету мәселелерінде Түркі Академиясы үйлестіруші рөлін орындайтын болады.

Әзербайжанның Қазақстандағы Елшілігі Түркі академиясының мұражайы мен кітапханасын

толықтыру аясында көптеген кітаптар мен мұражайлық экспонаттарды сыйға тартты.

6

Page 9: Тurkic Weekly - twesco.orgtwesco.org/upload/medialibrary/Turkic Weekly - 8 - Kazakh.pdf · апталық ақпараттық-сараптамалық дайджест. ... ұзын

Халықаралық Түркі академиясы 2010 жылы Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және

Түркия мемлекет басшыларының тарапынан құрылды. Ол көне дәуірден қазіргі заманға

дейінгі түркі әлемінің тілдерін, мәдениетін және тарихын толыққанды зерттеуді жүргізеді

және оны үйлестіретін халықаралық ұйым болып саналады. Түркі академиясы осы саладағы

ғылыми қызығушылық білдіретін әлемнің ғылыми-зерттеу және білім орталықтарының

арасында ынтымақтастық орнатуға ықпал етеді. www.twesco.org | 57-49-86

57 Тәүлсiздiл даңғылы, Бейбiтшiлiк және келiсiм сарайы

Astana, 010000 | Қазақстан

@intturkicacadem

https://www.facebook.com/International-Turkic-Academy-832484896847678/