27
Студенттерге арналған пәнді оқыту бағдарламасының Ұйым стандарты құрылымдық сұлбасы ПМУ ҰС 7.18.2/07 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Филология, журналистика және өнер факультеті Психология және педагогика кафедрасы «Педагогика және психология» пәні бойынша 050203 Тарих, 5B040200 Аспаптық орындаушылық (музыка) студенттеріне арналан БАҒДАРЛАМА (САБ)

Кіріспеpsu.kz/arm/upload/umk/122688.doc · Web viewФилология, журналистика және өнер факультеті Психология және педагогика

  • Upload
    others

  • View
    27

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Кіріспеpsu.kz/arm/upload/umk/122688.doc · Web viewФилология, журналистика және өнер факультеті Психология және педагогика

Студенттерге арналған пәнді оқыту бағдарламасының Ұйым стандарты құрылымдық сұлбасы ПМУ ҰС 7.18.2/07

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Филология, журналистика және өнер факультеті

Психология және педагогика кафедрасы

«Педагогика және психология» пәні бойынша

050203 Тарих, 5B040200 Аспаптық орындаушылық (музыка) студенттеріне арналан

БАҒДАРЛАМА (САБ)

Павлодар

Page 2: Кіріспеpsu.kz/arm/upload/umk/122688.doc · Web viewФилология, журналистика және өнер факультеті Психология және педагогика

Студенттерге арналған пәнді оқыту бағдарламасының Ұйым стандарты құрылымдық сұлбасы ПМУ ҰС 7.18.2/07

БЕКІТЕМІН

ФЖжӨ факультетінің деканы___________Ж.Т.Сарбалаев«___»_________________200_ж.

Құрастырушы: _________ п.ғ.к., психология және педагогика кафедрасының доценті Галиева Б.Х.

Психология және педагогика кафедрасы

БАҒДАРЛАМА «Педагогика және психология» пәнін оқыту бойынша

050203 Тарих, 5B040200 Аспаптық орындаушылық (музыка) мамандығының күндізгі оқу формасында оқитын студенттеріне арналған

Бағдарлама 200_ ж. «____» _________ бекітілген оқу жұмыс бағдарламасы негізінде әзірленген

Кафедра отырысында ұсынылды «___»____________200_ ж. №_____ хаттама

Кафедра меңгерушісі ____________________ Е.И. Бурдина

Филология, журналистика және өнер факультетінің әдістемелік кеңесімен құпталды «_____»______________200_ ж. №____ хаттама

ӘК төрайымы ___________________________ Е.Н. Жуманкулова

КЕЛІСІЛДІ

Кафедра меңгерушісі ____________________ Е.И. Бурдина«_____»___________________200_ ж.

Page 3: Кіріспеpsu.kz/arm/upload/umk/122688.doc · Web viewФилология, журналистика және өнер факультеті Психология және педагогика

Оқытушы туралы мәлімет және байланысу жөніндегі ақпарат

Оқытушы – Галиева Бахыт Хасеновна, педагогика ғылымдарының кандидаты, психология және педагогика кафедрасының доценті .

Психология және педагогика кафедрасы Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64 мекенжайындағы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «А» корпусындағы 149-аудиторияда орналасқан, байланыс телефоны 8(7182)673685 (ішкі нөмір 139).

Пән туралы мәліметПәннің еңбек сыйымдылығы

Сем

естр

Нес

ие с

аны

Аудиториялық сабақтардың түрлері бойынша сағаттардың саны

Студенттің өздік жұмысы сағаттарының саны Бақылау

формасы

барлығыдәріс тәжірибелік

зертханалық

студиялық жеке барлығы СӨЖМ

4 3 135 30 15 90 15 емтихан

Курс компоненттеріКіріспеДамуында әртүрлі мәселелері бар балаларға кешенді көмек көрсетудің

бір жағы жалпы және арнайы білім беру жүйесін жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету болып табылады. Дамуы мен мінез-құлқында ауытқулар мен кемістіктер кездесетін балалардың санының өсуі, әлеуметтік депривацияға және мектептік дезадаптацияға ұшыраған жасөспірімдердің көбеюі, Қазақстан Республикасында инклюзивтік білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуы педагог-психологтарды даярлау жүйесіне «Арнайы психология және педагогика» оқу пәнін енгізу қажеттілігіне әкеліп соқты.

Арнайы психология және педагогика саласы мамандарын даярлау бағдарламасын іске асыру маңыздылығы бірқатар факторлармен шартталып отыр, оның ішінде ең бастылары мыналар: мектептердің осы саладағы жоғары білікті мамандарға сұранысы; даму ауытқұлары бар балаларды қалпына келтірудің және біріктірудің әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру; арнайы білім берудің өзгеріп тұратын әлеуметтік-экономикалық жағдай мен нақты аймақтың қажеттіліктеріне икемделе алу мүмкіндігі. Сонымен қатар, арнайы білім берудің қолданыстағы мазмұнының шеңберінде оқытуды ұйымдастырудың инновациялық және вариативті формаларын, әдістері мен құралдарын пысықтау және енгізу; даму ауытқулары бар балаларға әр түрлі жастық шақ кезеңдерінде көмек көрсету жүйесін жасау; жалпы тұрпаттағы мекемелерде даму кемістігі бар балаларды топтастырып біріктіру үшін

Page 4: Кіріспеpsu.kz/arm/upload/umk/122688.doc · Web viewФилология, журналистика және өнер факультеті Психология және педагогика

көрсеткіштерді анықтау тәрізді міндеттерді теориялық-әдіснамалық деңгейде шешуге қабілетті мамандарға деген сұраныс артуда.

Арнайы психология және педагогика курсы педагог-психологтың ой-өрісін кеңейтеді, оны орнын толтыру және түзету-дамыту сыныптарында ғана емес, сонымен қатар жалпы мектептің жалпы білім беру сыныптарында да оқитын ми қызметтерінің жеңіл тұрпаттағы ауытқуларымен, жеке психикалық процестердің толық дамымағандығымен, сөйлеу кемістіктерімен, эмоциялық-еріктік аясының жетілмегендігімен, соматикалық әлсіздігімен, қозғалыстық тежелудің шегіндірілуімен, қоршаған орта туралы елестер корларының шектелгендігімен, жұмыс қабілеттілігінің төмендігімен, оқу-танымдық іс-әрекетінің операциялық компоненттерінің қалыптаспағандығымен, сондай-ақ педагогикалық қараудан тыс қалуымен сипатталатын балалармен жұмыс істеуге даярлайды.

Пәннің мақсаты: болашақ педагог-психологтарды арнайы психология және педагогика саласында кәсіби іс-әрекет жүргізуге даярлау.

Пәннің міндеттері: арнайы және инклюзивтік білім беру саласындағы білім саясатының

теориялық негіздерін зерделеу; даму ауытқулары бар балаларды психологиялық-педагогикалық

зерттеу; даму ауытқулары бар балаларға арнайы көмек көрсету жүйесінің

психологиялық-педагогикалық негіздерін анықтау; арнайы және инклюзивті білім беру мекемелерінің іс-әрекетінде

тұлғалық келіс идеясын іске асыру шарттарын зерделеу; студенттердің даму ауытқулары бар балалармен диагностикалық,

психокоррекциялық, психореабилитациялық жұмыс жүргізу бағыттары туралы білімдерін қалыптастыру;

тұтас педагогикалық процесте даму ауытқулары бар балаларға айрықша қөзқараспен қарау түсінігін қалыптастыру;

осындай балаларды түзетушілік-дамытушылық оқытудың тәсілдерін тәжірибе жүзінде меңгеру.

Пәнді оқу нәтижесінде студенттер мыналарды білуі қажет: балалардың психофизикалық және тұлғалық дамуындағы бастапқы,

туынды және кешенді ауытқулардың пайда болуы мен дамуын; даму ауытқулары бар балалардың психофизикалық және тұлғалық

даму ерекшеліктерін; арнайы және инклюзивті білім беру жүйесі жағдайындағы оқу-

тәрбие үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктерін.Пәнді оқу нәтижесінде студенттер мыналарды істей білуі қажет: теориялық білімдерді тәжірибе жүзінде іске асыруды; даму ауытқулары бар балалармен диагностикалық, реабилитациялық

және түзету-дамыту жұмысын жүргізу біліктері мен дағдыларын меңгеруді; даму ауытқулары бар балаларға арнайы және инклюзивті білім беру

жағдайында психологиялық-педагогикалық жетекшілік етуді.Пререквизиттер:

Page 5: Кіріспеpsu.kz/arm/upload/umk/122688.doc · Web viewФилология, журналистика және өнер факультеті Психология және педагогика

Педагогикалық мамандыққа кіріспе, психологиялық мамандыққа кіріспе, жалпы психология, педагогика, даму психологиясы, әлеуметтік психология.

Page 6: Кіріспеpsu.kz/arm/upload/umk/122688.doc · Web viewФилология, журналистика және өнер факультеті Психология және педагогика

Пәннің тақырыптық 7.18.2/07 ПМУ ҰС Н жоспары нысаны

1. ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ1.1 ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

(ЖОБ негізінде күндізгі, 2008 ж. оқуға түскендер үшін)№ п/п Тақырыптардың атауы Сағат көлемі

Дәріс Тәж. СӨЖ1 2 3 4 61 Арнайы психология және педагогика ғылым

мен практиканың дербес салалары ретінде 11

4

2 Дамудың ауытқулары: жіктеу мәселелері, көріну ерекшелігі 1 4

3 Дамудың ауытқулары: сөйлеу. Психологиялық аспект 2 1 4

4 Дамудың ауытқулары: көру және есту. Психологиялық аспект 2 1 4

5 Дамудың ауытқулары: ақыл-ой кемістігі мен баяулаған психикалық даму (БПД). Психологиялық аспект

2 1 4

6 Дамудың ауытқулары: тіреу-қозғалу аппаратының бұзылуы. Психологиялық аспект

2 1 4

7 Дамудың ауытқулары: эмоциялық ауытқулар мен мінез-құлық ауытқулары (психопатиялар, гипербелсенділік, невроздар және т.б.). Психологиялық аспект

2 1 4

8 Дамудың ауытқулары: психикалық аурулардың бастапқы көріністері (шизофрения, эпилепсия, аутизм). Психологиялық аспект

2 1 4

9 Дамудың кешендік ауытқулары. Психологиялық аспект 1

1

4

10 Дамуында ауытқу бар балаларды диагностикалау әне оларға психологиялық-педагогикалық қызмет көрсетуді ұйымдастырудың негіздері

1 4

11 Арнайы педагогика теориясының жалпы мәселелері. Арнайы педагогиканың ғылыми негіздері

11

3

12 Арнайы білім беру қызметін көрсетудің заманауи жүйесі 1 3

13 Арнайы педагогиканың дидактикалық негіздері 2 1 4

Page 7: Кіріспеpsu.kz/arm/upload/umk/122688.doc · Web viewФилология, журналистика және өнер факультеті Психология және педагогика

14 Сөйлеу ауытқулары бар адамдарға білім берудің педагогикалық жүйелері 2 1 4

15 Көру және есту ауытқулары бар адамдарға білім берудің арнайы педагогикалық жүйелері

11

4

16 Ақыл-ойы кем және психикалық дамуы бөгелген адамдарға білім беру 1 4

17 Тіреу-қозғалу аппараты бұзылған адамдарға арнайы білім беру 1

1

4

18 Эмоциялық және мінез-құлық ауытқулары, психикалық аурулардың бастапқы көріністері бар адамдарды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері

1 4

19 Жалпы және арнайы білім беру: интеграция және дифференциация. Инклюзивті білім беру. Арнайы педагогика және гуманистік білім беру жүйелері.

2 4

20 Даму ауытқулары бар балаларды тәрбиелеп отыран отбасыларды психологиялық зерделеу

1 4

21 Дамуында ауытқулар бар балаларға психологиялық-педагогикалық жетекшілік ету жүйесіндегі психологиялық кеңес берудің мазмұны мен ұйымдастырылуы

2 1 4

БАРЛЫҒЫ: 135 сағат 30 15 90

2. Пән тақырыптарының мазмұны

1-тақырып. Арнайы психология және педагогика ғылым мен практиканың дербес салалары ретінде

Арнайы психология және педагогика пәні. Арнайы психологияның және педагогиканың ұғымдық-категориялық аппараты. Арнайы психология мен арнайы педагогиканың негізгі бағыттары. Арнайы психологияның және арнайы педагогиканың ғылым мен практиканың дербес салалары ретінде қалыптасуы мен дамуы.

2-тақырып. Дамудың ауытқулары: жіктеу мәселелері, көріну ерекшелігі

Бала ағзасының даму кезеңдері. Ауытқулар пайда болуының ықтимал себептері. Туа біткен ауытқулардың биологиялық себептері. Иеленген ауытқулардың биологиялық себептері. Қалыптан тыс дамудың әлеуметтік себептері. Субъективті факторлар. Депривация. Ауытқу типтері (В.В.Лебединский бойынша). Дамудағы ауытқулардың негізгі жіктемелері.

3-тақырып. Дамудың ауытқулары: сөйлеу. Психологиялық аспект

Page 8: Кіріспеpsu.kz/arm/upload/umk/122688.doc · Web viewФилология, журналистика және өнер факультеті Психология және педагогика

Сөйлеу тілді басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу мақсатында тәжірибеде қолдану үдерісі ретінде. Сөйлеудің анатомиялық-физиологиялық механизмдері. Сөйлеудің даму кезеңдері. Сөйлеудің ауытқулары. Сөйлеу ауытқуларының түрлері: дислалия, нарушения голоса, ринолалия, дизартрия, заикание, алалия, афазия. Сөйлеудің патогенетикалық негіздері. Оқу мен жазудың ауытқулары. Сөйлеу, жазу және оқу ауытқулары бар балалардың сипаттамасы. Ауызекі, жазбаша сөйлеудің және қарым-қатынастың тілдік құралдарының ауытқуларын жіктеу.

4-тақырып. Дамудың ауытқулары: көру және есту. Психологиялық аспект

Көрудің ауытқулары: зағиптар, көздері көрмей қалғандар, көздері нашар көретіндер. Ауытқу түрлері. Көру ауытқуларының патогенетикалық негіздері. Зағип балаларды сипаттау. Көздері нашар көретін балаларды сипаттау.

Естудің ауытқулары: саңыраулар, керең болып қалғандар, есту қабілеттері нашар адамдар. Есту ауытқуларының түрлері. Есту ауытқуларының патогенетикалық негіздері. Есту ауытқулары бар балаларды сипаттау. Есту ауытқуларын жіктеу.

5-тақырып. Дамудың ауытқулары: ақыл-ой кемістігі мен баяулаған психикалық даму (БПД). Психологиялық аспект

«Ақыл-ой кемістігі» ұғымы. Даму ауытқуының патогенетикалық негізі. Ақыл-ой кемістігінің түрлері: деменция және олигофрения. Олигофренияның көріну деңгейлері: дебилділік, имбецилділік, идиотия. Ақыл-ойы кем балаларды сипаттау. Олигфренияның формаларын жіктеу.

«Психикалық дамудың бөгелуі» ұғымы. Психикалық дамуы баяулаған балаларды сипаттау. БПД жіктеу. Психикалық дамудың бөгелуі мен ақыл-ой кемістігі арасындағы ұқсастық және айырмашылық.

6-тақырып. Дамудың ауытқулары: тіреу-қозғалу аппаратының бұзылуы. Психологиялық аспект

Тіреу-қозғалу аппараты бұзылуының түрлері. Бала ми жұлын параличі (БЦП). Бала ми жұлын параличінің патогенетикалық негіздері. Ми жұлын параличі бар балаларды сипаттау.

7-тақырып. Дамудың ауытқулары: эмоциялық ауытқулар мен мінез-құлық ауытқулары (психопатиялар, гипербелсенділік, невроздар және т.б.). Психологиялық аспект

Психопатиялар: критерийлері, пайда болу себептері. Психопатия түрлері: дисгармониялық психикалық инфантилділік, конституционалды психопатия, органикалық психопатия. Осындай ауытқуы бар балаларды сипаттау.

Невроздар: пайда болу себептері, даму алгоритмі. Невроздардың түрлері: неврастения, истериялық невроз (истерия), жалықтыратын жабысқақ күйлер неврозы.

Page 9: Кіріспеpsu.kz/arm/upload/umk/122688.doc · Web viewФилология, журналистика және өнер факультеті Психология және педагогика

Патологиялық реакциялар: пайда болу себептері мен критерийлері. Патохарактерологиялық реакциялардың түрлері: оппозициялық реакция, нигилистік реакция, имитациялық реакция, контримитациялық реакция, компенсация және гиперкомпенсация (орын толтыру және асыра орын толтыру) реакциясы.

Тұлғаның патологиялық қалыптасуы. Балалар мінез-құлқының типтері.Мінездің акцентуациялары мен оның типтері.

8-тақырып. Дамудың ауытқулары: психикалық аурулардың бастапқы көріністері (шизофрения, эпилепсия, аутизм). Психологиялық аспект

Шизофрения: пайда болу себептері. Шизофренияның клиникалық көрінулері: ойлау ауытқулары, эмоциялардың азаюы, еріктік сфераның бұзылуы. Шизофрениясы бар балаларды сипаттау.

Эпилепсия: пайда болу себептері мен даму нұсқалары. Эпилепсиясы бар балаларды сипаттау.

Аутизм: пайда болу себептері және көріну симптомдарының кешені. Аутизмге ұшыраған балаларды сипаттау.

9-тақырып. Дамуында ауытқу бар балаларды диагностикалау және оларға психологиялық-педагогикалық қызмет көрсетуді ұйымдастырудың негіздері

Балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия (ПМПК) арқылы психологиялық-педагогикалық тексеру. Психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның іс-әрекетін ұйымдастыру.

Балаларды педагогикалық тексерудің барысы. Балаларды ПМПК-да психологиялық тексеру. Ауытқуы бар балаларды диагностикалау принциптері. Психологиялық тексеру барысы.

Дамуы мен мінез-құлқының ауытқулары бар балалармен психологиялық-педагогикалық түзету жұмысын жүргізудің ерекшеліктері.

10-тақырып. Арнайы педагогика теориясының жалпы мәселелері. Арнайы педагогиканың ғылыми негіздері

Арнайы педагогиканың негізгі ұғымдары мен терминдері. Арнайы педагогиканың объекті, субъекті, пәні, мақсаты мен міндеттері. Арнайы педагогиканың жүйе кешені мен статистикасы. Қазіргі арнайы педагогиканың пәндік салалары.

Философия және арнайы педагогика. Арнайы білім берудің әлеуметтік-мәдени негіздері. Арнайы білім берудің экономикалық негіздері. Арнайы білім берудің құқықтық негіздері. Арнайы білім берудің клиникалық негіздері. Арнайы педагогиканың психологиялық негіздері. Арнайы білім берудің лингвистикалық және психолингвистикалық негіздері.

11-тақырып. Арнайы білім беру қызметін көрсетудің заманауи жүйесі

Page 10: Кіріспеpsu.kz/arm/upload/umk/122688.doc · Web viewФилология, журналистика және өнер факультеті Психология және педагогика

Медициналық-әлеуметтік-педагогикалық патронаж. Медициналық-әлеуметтік профилактика және ерте кешенді көмек. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға мектепке дейінгі білім беру. Арнайы білім берудің мектептік жүйесі. Еңбек қабілеттілігі шектеулі адамдарды кәсіби бағдарлау, оларға кәсіби білім беру және кәсіби бейімделуге көмектесу. Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету.

12-тақырып. Арнайы педагогиканың дидактикалық негіздері Айрықша білім беру қажеттілігі және арнайы білім берудің мазмұны.

Арнайы білім берудің принциптері. Арнайы білім берудің технологиялары мен әдістері. Арнайы оқытуды ұйымдастырудың формалары. Арнайы білім беру жүйесіндегі түзету-білімдендіру үдерісін қамтамасыз ету құралдары. Арнайы білім беру жүйесі педагогының тұлғасы мен кәсіби іс-әрекеті.

13-тақырып. Сөйлеу ауытқулары бар адамдарға білім берудің педагогикалық жүйелері

Логопедия пәні, оның білімнің интегративті саласы ретінде қалыптасуы. Сөйлеудің анатомиялық-физиологиялық механизмдері мен оның балада дамуының негізгі заңдылықтары. Сөйлеу ауытқуларының себептері. Сөйлеу ауытқуларының негізгі түрлері. Сөйлеу ауытқулары бар балаларды клиникалық-психологиялық-педагогикалық сипаттау. Сөйлеу ауытқулары бар балаларға арналғанарнайы мекемелер жүйесі.

14-тақырып. Көру және есту ауытқулары бар адамдарға білім берудің арнайы педагогикалық жүйелері

Сурдопедагогиканың пәні мен міндеттері. Естудің бұзылуының себептері, олардың диагностикасы мен медициналық реабилитациясы. Есту кемістігі бар адамдарды педагогикалық жіктеу. Сурдопедагогика тарихына қысқаша шолу жасау. Есту ауытқулары бар адамдарға арнайы білім берудің педагогикалық жүйелері. Естімейтіндерге арналған арнайы техникалық құралдар. Есту қабілеттері бұзылған адамдарға кәсіби білім беру және олардың әлеуметтік бейімделуі.

Тифлопедагогиканың пәні мен міндеттері. Тифлопедагогика тарихына шолу. Көру қабілеті бұзылуының себеп-салдарлары және олардың орнын толтыру амалдары. Көру қабілеті бұзылған балаларды мектепке дейін оқыту. Көру қабілеті бұзылған балаларды мектепте оқыту. Зағип және көру қабілеті төмен адамдарды кәсіби бағдарлау, оларға кәсіби білім беру және олардың еңбек іс-әрекеті.

15-тақырып. Ақыл-ойы кем және психикалық дамуы бөгелген адамдарға білім беру

Киындықпен оқытылатын (психикалық дамуы бөгелген) балаларға арнайы білім беру. Ақыл-ойы кем балаларға білім беру.

Page 11: Кіріспеpsu.kz/arm/upload/umk/122688.doc · Web viewФилология, журналистика және өнер факультеті Психология және педагогика

16-тақырып. Тіреу-қозғалу аппараты бұзылған адамдарға арнайы білім беру

Тіреу-қозғалу аппараты бұзылуының түрлері. БЦП-ның жалпы сипаттамасы. БЦП-дағы қозғалу ақаулығының құрылымы. БЦП-дағы психиканың бұзылуы. БЦП-дағы сөйлеу ауытқулары. БЦП-дағы коррекциялық жұмыс. Ми жұлын параличімен ауыратын балаларға арнаулы көмек көрсету жүйесі.

17-тақырып. Эмоциялық және мінез-құлық ауытқулары, психикалық аурулардың бастапқы көріністері бар адамдарды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері

Эмоциялық және мінез-құлық ауытқулары, психикалық аурулардың бастапқы көріністері бар адамдарды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің мүмкіндіктері. Аутизм кезінде коррекциялық-педагогикалық көмек көрсету.

18-тақырып. Жалпы және арнайы білім беру: интеграция және дифференциация. Инклюзивті білім беру. Арнайы педагогика және гуманистік білім беру жүйелері.

Интеграцияның қазіргі түсінігі. Қоғамдағы өмір әрекеті мүмкіндіктері шектеулі адам: қоғамдық санадағы модельдер. Интеграцияның тарихына шолу және біріктірілген оқыту модельдері. Интеграция мен дифференциация. Инклюзивті білім берудің мәні.

Мария Монтессоридің педагогикасы. Рудольф Штайнердің педагогикасы.

21-тақырып. Дамуында ауытқулар бар балаларға психологиялық-педагогикалық жетекшілік ету жүйесіндегі психологиялық кеңес берудің мазмұны мен ұйымдастырылуы

«Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» және «психологиялық кеңес беру» ұғымдарының мәні. Даму ауытқуы бар балаға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жүйесінде психологиялық кеңес берудің бағыттары. Кеңес берудің негізгі принциптері мен стратегиялары. Арнайы және инклюзивті білім беру жүйесінде мұғалімдерге кеңес беру. Основные принципы и стратегии консультирования. Консультирование учителей в системе специального и инклюзивного образования. Даму ауытқуы бар балалы отбасыларға кеңес беру.

3. Семинар-практикалық сабақтардын тақырыптары мен мазмұны

1-тақырып. Арнайы психология және педагогика ғылым мен практиканың дербес салалары ретінде. Дамудың ауытқулары: жіктеу мәселелері, көріну ерекшелігі

Арнайы психология мен арнайы педагогиканың объектілерінің бірлігі, пәні мен міндеттерінің ерекшелігі. Арнайы психология және педагогиканың басқа ғылымдармен пәнаралық байланыстары. Арнайы психологияның және

Page 12: Кіріспеpsu.kz/arm/upload/umk/122688.doc · Web viewФилология, журналистика және өнер факультеті Психология және педагогика

арнайы педагогиканың принциптері. Арнайы психология мен педагогикадағы зерттеу әдістері. Арнайы психологияның және арнайы педагогиканың қалыптасу тарихы. Қазіргі арнайы психологияның және арнайы педагогиканың құрылымы мен салалары.

Психикалық даму туралы түсінік. Психикалық дамудың қазіргі теориялары. Дизонтогенез анықтамалары. Бұзылған даму феноменінің мәні мен негізгі сипаттамалары.

Қазіргі адамтанудағы қалып (норма) және патология түсінігі. «Норма – патология» мәселесіне негізгі жеке келістер: интуитивті-эмпириялық, жиілілік, мәдени-релятивтік, адаптациялық, әлеуметтік нормалар келісі, гуманистік, деңгейлік.

Психиканың қалыпты қызмет етуінің табиғатын түсіну үшін бұзылған даму туралы білімдердің маңызы.

2-тақырып. Дамудың ауытқулары: сөйлеу. Психологиялық аспектЛогопедияның пәні, оның интегративті білім саласы ретінде

қалыптасуы. Сөйлеудің анатомиялық-физиологиялық механизмдері және оның балада дамуының негізгі заңдылықтары. Сөйлеу ауытқуларының себептері. Сөйлеу ауытқуларының негізгі түрлері және олардың сипаттамасы. Сөйлеу ауытқулары бар балаларды клиникалық-психологиялық-педагогикалық тұрғыдан сипаттау.

3-тақырып. Дамудың ауытқулары: көру және есту.

Психологиялық аспектТифлопсихологияның пәні, оның интегративті білім саласы ретінде

қалыптасуы. Көру ауытқулары бар балаларды психологиялық-педагогикалық тексеру. Көру ауытқулары бар балаларды психологиялық-педагогикалық тексерудің теориялық негіздері. Көру ауытқулары бар балаларға тексеру жүргізуге қойылатын талаптар. Көру ауытқулары бар балаларды әртүрлі жас кезеңінде психологиялық-педагогикалық тексерудің ерекшеліктері. Диагностикалық әдістемелерді көру ауытқулары бар балаларды әртүрлі жаста зерттеуге бейімдеу принциптері. Көру ауытқулары бар балалармен жұмыс істеуге бейімделген стандартталған диагностикалық әдістемелер.

Есту ауытқулары бар балаларды психологиялық-педагогикалық зерделеу.

4-тақырып. Дамудың ауытқулары: ақыл-ой кемістігі мен баяулаған психикалық даму (БПД). Психологиялық аспект

Олигофренопсихологияның пәні, оның интегративті білім саласы ретінде қалыптасуы. Олигофрениялық синдром. Олигофрениялық патопсихологиялық симптомдардың кешені: когнитивтік, эмоциялық, мотивациялық-қажеттілік сфералардың ерекшеліктері.

Ақыл-ойы кем және психикалық дамуы бөгелген балаларды психологиялық-педагогикалық зерделеу. Ақыл-ойы кем және психикалық дамуы бөгелген балаларды тексерудің теориялық негіздері.

Page 13: Кіріспеpsu.kz/arm/upload/umk/122688.doc · Web viewФилология, журналистика және өнер факультеті Психология және педагогика

5-тақырып. Дамудың ауытқулары: тіреу-қозғалу аппаратының

бұзылуы. Психологиялық аспектТіреу-қозғалу аппараты бұзылуының түрлері. БЦП-ның жалпы

сипаттамасы. БЦП-дағы қозғалу ақаулығының құрылымы. БЦП-дағы психиканың бұзылуы. БЦП-дағы сөйлеу ауытқулары. Тіреу-қозғалу аппараты бұзылған балаларды психологиялық-педагогикалық зерделеу.

6-тақырып. Дамудың ауытқулары: эмоциялық ауытқулар мен мінез-құлық ауытқулары (психопатиялар, гипербелсенділік, невроздар және т.б.). Психологиялық аспект

Эмоциялық сферадағы даму ауытқуларының биологиялық және әлеуметтік себептері. Ықыластың тапшылығы синдромы мен гипербелсенділік. Ауытқыған мінез-құлық мінез-құлықтық аномалия ретінде. Ауытқыған мінез-құлықтың биологиялық және әлеуметтік себептері. Ауытқыған мінез-құлық түрлері және олардың қысқаша сипаттамасы.

7-тақырып. Дамудың ауытқулары: психикалық аурулардың бастапқы көріністері (шизофрения, эпилепсия, аутизм). Психологиялық аспект

Шизофрениялық синдром. Шизофренияда танымдық процестердің бұзылуы. Шизофренияда эмоциялық және мотивациялық сфералардың бұзылуы.

Эмоциялық-еріктік сферасы ауытқыған (ерте балалық аутизмі бар) балаларды психологиялық-педагогикалық зерделеу. Аутизммен ауыратын балалардағы ауытқуларға жалпы сипаттама беру. Аутизммен ауыратын балаларды психологиялық-педагогикалық зерделеу процедурасы.

8-тақырып. Дамудың кешендік ауытқулары. Психологиялық аспект. Дамуында ауытқу бар балаларды диагностикалау әне оларға психологиялық-педагогикалық көрсетуді ұйымдастырудың негіздері

Дамудың күрделі (кешенді) ауытқуы туралы түсінік. Қабысқан ауытқулары бар балалардың негізгі топтары және оларды психологиялық-педагогикалық зерделеудің маңызы. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы күрделі және көптеген ауытқулары бар балаларды тәрбиелеу және оқыту.

Білім беру мекемелеріндегі психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумдар. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумдардың мақсаттары мен міндеттері. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумдардың іс-әрекетін ұйымдастыру. Психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиялар (ПМПК) мен консультациялар. Кеңес беру-диагностикалық жұмыс. ПМПК-да балаларды психологиялық-педагогикалық зерттеу әдістері. ПМПК-да балаларды эксперименттік-психологиялық зерттеу әдістері.

Page 14: Кіріспеpsu.kz/arm/upload/umk/122688.doc · Web viewФилология, журналистика және өнер факультеті Психология және педагогика

9-тақырып. Арнайы педагогика теориясының жалпы мәселелері. Арнайы педагогиканың ғылыми негіздері. Арнайы білім беру қызметін көрсетудің заманауи жүйесі

Айрықша білім беру қажеттілігі және арнайы білім берудің мазмұны. Арнайы білім берудің принциптері. Арнайы білім беру жүйесі педагогының тұлғасы мен кәсіби іс-әрекеті.

Қазақстан Республикасындағы арнайы білім беру жүйесі. Арнайы білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құжаттары.

Медициналық-әлеуметтік-педагогикалық патронаж. Медициналық-әлеуметтік профилактика және ерте кешенді көмек.

Мүмкіндіктері шектеулі балаларға мектепке дейінгі білім беру. Арнайы білім берудің мектептік жүйесі. Еңбек қабілеттілігі шектеулі адамдарды кәсіби бағдарлау, оларға кәсіби білім беру және кәсіби бейімделуге көмектесу. Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету.

10-тақырып. Арнайы педагогиканың дидактикалық негіздеріАрнайы педагогиканың технологиялары мен әдістері. Арнайы оқытуды

ұйымдастыру формалары. Арнайы білім жүйесінде түзету-білім беру үдерісін қамтамасыз ету құралдары.

Арнайы мектептегі сабақ. Арнайы мектептегі сабаққа қойылатын әдістемелік талаптар.

11-тақырып. Сөйлеу ауытқулары бар адамдарға білім берудің педагогикалық жүйелері

Логопедияның ұғымдық-категориялық аппараты. Логопедия пәні, оның білімнің интегративті саласы ретінде қалыптасуы.

Сөйлеу және оның дамуының негізгі заңдылықтары. Сөйлеу ауытқуларының себептері. Сөйлеу ауытқулары бар балаларға арналған арнайы мекемелер жүйесі. Сөйлеу ауытқуларын түзетудің қазіргі технологиялары.

12-тақырып. Көру және есту ауытқулары бар адамдарға білім берудің арнайы педагогикалық жүйелері Ақыл-ойы кем және психикалық дамуы бөгелген адамдарға білім беру

Сурдопедагогиканың пәні мен міндеттері. Естудің бұзылуының себептері. Есту ауытқулары бар балаларға арнайы білім берудің педагогикалық жүйелері. Естімейтіндерге арналған арнайы техникалық құралдар. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы есту қабілеттері бұзылған балаларды тәрбиелеу және оқыту.

Тифлопедагогиканың пәні мен міндеттері. Көру қабілеті бұзылуының себеп-салдарлары және олардың орнын толтыру амалдары. Көру қабілеті бұзылған балаларды мектепке дейін оқыту. Көру қабілеті бұзылған балаларды мектепте оқыту.

Page 15: Кіріспеpsu.kz/arm/upload/umk/122688.doc · Web viewФилология, журналистика және өнер факультеті Психология және педагогика

Психикалық дамуы бөгелген балаларға арнайы білім беру. Ақыл-ойы кем балаларға білім беру.

13-тақырып. Тіреу-қозғалу аппараты бұзылған адамдарға арнайы білім беру. Эмоциялық және мінез-құлық ауытқулары, психикалық аурулардың бастапқы көріністері бар адамдарды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері

Тіреу-қозғалу аппараты бұзылуының түрлері. БЦП-ның жалпы сипаттамасы. Тіреу-қозғалу аппараты бұзылған сәбилік және мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту. Ми жұлын параличімен ауыратын балаларға арнаулы көмек көрсету жүйесі.

Ықылас тапшылығы синдромымен және гипербелсенділікпен (ЫТСГ) сипатталатын балалар мен жасөспірімдерді оқытудың негізгі принциптері. ЫТСГ-сы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуді жекелендіру. Мектепке дейінгі балалар мекемесіндегі ЫТСГ-сы бар бала. ЫТСГ-мен сипатталатын оқушыларды мектепте оқыту ерекшілігі. Оқу мотивациясын арттыру. Танымдық сфераны дамыту. Олардың өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі жекелеу дағдыларын дамыту. Оқыту үдерісіне қатысты негативті эмоциялық көріністер деңгейін, мектептік қобалжушылық деңгейін төмендету.

Ерте балалық аутизм (ЕБА) және тұлғаның аутистік бітістері туралы түсінік. Эмоциялық дамуы бұзылған (ЭДБ) мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту. Эмоциялық дамуы бұзылған адамдарды дамыту, әлеуметтендіру, оларға білім беру мүмкіндіктері. Аутизммен ауыратын балаларға коррекциялық-педагогикалық көмек көрсету.

14-тақырып. Даму ауытқулары бар балаларды тәрбиелеп отыран отбасыларды психологиялық зерделеу

Отбасын зерделеу әдістері. Шағын формаландырылған әдістемелер. Формаландырылған әдістемелер. Баланың ата-анасы мен әлеуметке көзқарасын зерттейтін әдістемелер. Ата-ана тұлғасының ерекшеліктерін зерделеу әдістемелері. Ата-ана-бала қарым-қатынасын зерделеу әдістемелері. Отбасын психологиялық зерттеудің процедурасы.

15-тақырып. Дамуында ауытқулар бар балаларға психологиялық-педагогикалық жетекшілік ету жүйесіндегі психологиялық кеңес берудің мазмұны мен ұйымдастырылуы

Даму ауытқулары бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің мақсаттары мен міндеттері. Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жүйесіндегі психологиялық кеңес беру. Психологиялық кеңес беру әдістері. Психологиялық кеңес беру процедурасы. Психологиялық кеңес беру үдерісінде кездесетін қиындықтар. Даму ауытқулары бар балалы отбасыларға кеңес берудің міндеттері. Даму ауытқулары бар балаларға психологиялық кеңес беру.

Page 16: Кіріспеpsu.kz/arm/upload/umk/122688.doc · Web viewФилология, журналистика және өнер факультеті Психология және педагогика

4. Студенттердің өзіндік жұмысының мазмұны4.1 СӨЖ түрлерінің тізімі

(ЖОБ негізінде күндізгі)

№ СӨЖ түрі Есеп беру формасы

Бақылау түрі Көлемі сағатта

1 Дәрістерге дайындалу Сабақтағы жұмыс

15

2 Семинар сабақтарына дайындалу, үй тапсырмаларын орындау

Жұмыс дәптері, конспект

Сабақтағы жұмыс, есеп

30

3 Семестрлік тапсырмаларды орындау

Қорытынды реферат

Қорғау 6

4 Аудиториялық сабақтарға кірмеген материалды зерделеу

Әдістемелерді жинақтау, кроссворд, тест нысанындағы тапсырмаларды дайындау

Әдістемелерді жинағы, есеп

12

5 Бақылау шараларына дайындалу

МБ 1, МБ 2 6

Барлығы: 90

4.2 Студенттердің өзіндік зерделеуіне арналған тақырыптардың тізімі

1. Реабилитациялық педагогиканың мәні.2. Білім беру мекемесінің реабилитациялық-білімдендіру ортасы. 3. Арнайы білім беруде артпедагогика құралдарын қолдану. 4. Дамуында ауытқу бар балалармен жұмыс жүргізуде

психотерапияның алуан түрін пайдалану: ойын психотерапиясы, құм терапиясы, арттерапия, музыкотерапия, ертегі терапиясы және т.б.

5. Таяу және алыс шетелдегі инклюзивті білім беру.6. Арнайы білім беру мекемесі оқушыларының әлеуметтік-еңбектік

реабилитациясы.7. Арнайы білім беру мекемесі, отбасы және қоғамдық ұйымдардың

ынтымақтастығы.

4.3 Қорытынды рефераттардың тақырыптары1. Педагог-психологтың түзету-дамыту іс-әрекетінің психологиялық-

педагогикалық мәні және бағыттары. 2. Психикалық және тұлғалық дамудағы «норма» және «аномалия»

ұғымдары.

Page 17: Кіріспеpsu.kz/arm/upload/umk/122688.doc · Web viewФилология, журналистика және өнер факультеті Психология және педагогика

3. Балалардың психикалық және тұлғалық дамуында ауытқулар пайда болуының себептері. Бастпақы, туынды және кешенді ауытқу туралы түсінік.

4. Баланың дамуындағы ауытқулардың түрлері және оларды жіктеу.5. Баланың дамуындағы ауытқулардың диагностикасы.6. Баланың дамуындағы ерте түзетудің маңызы.7. Қөру ауытқулары бар балалардың жалпы сипаттамасы және олармен

коррекциялық-педагогикалық жұмыс жүргізу ерекшеліктері. 8. Есту ауытқулары бар балалардың жалпы сипаттамасы және олармен

коррекциялық-педагогикалық жұмыс жүргізу ерекшеліктері.9. Сөйлеу ауытқулары бар балалардың жалпы сипаттамасы және

олармен коррекциялық-педагогикалық жұмыс жүргізу ерекшеліктері.10. Мінез-құлық ауытқулары бар балалардың жалпы сипаттамасы

және олармен коррекциялық-педагогикалық жұмыс жүргізу ерекшеліктері.11. Ақыл-ой ауытқулары бар балалардың жалпы сипаттамасы және

олармен коррекциялық-педагогикалық жұмыс жүргізу ерекшеліктері.12. Психикалық дамуы бөгелген балалардың жалпы сипаттамасы

және олармен коррекциялық-педагогикалық жұмыс жүргізу ерекшеліктері.13. Психикалық дамуы бөгелген балаларды жалпы білім беру

мектептерінің теңгеру сыныптарында дамыту-коррекциялық оқыту.14. Ақыл-ойы кем балаларға психологиялық-педагогикалық

сипаттама беру. Ақыл-ой кемістігінің себептері.15. «Ақыл-ой кемістігі» үғымын анықтау, оны ұқсас кейіптерден

ажырату. Ақыл-ой кемістігін жүйелеу.16. Ақыл-ойы кем балалардың танымдық үдерістерін дамытудың

жалпы мәселелері. 17. Ақыл-ойы кем балалардың тұлғасын дамытудың жалпы

мәселелері. 18. Ақыл-ойы кем балаларды оқыту және тәрбиелеу.19. Бала ми жұлын параличі бар балалардың жалпы сипаттамасы

және олармен коррекциялық-педагогикалық жұмыс жүргізу ерекшеліктері. 20. Ерте балалық аутизмі бар балалардың жалпы сипаттамасы және

олармен коррекциялық-педагогикалық жұмыс жүргізу ерекшеліктері.21. Инклюзивті білім берудің мәні, оның Қазақстан

Республикасында, таяу және алыс шетелде қалыптасуы мен дамуы.22. Арнайы білім беру мекемесінде оқу-тәрбие үдерісін

ұйымдастыру ерекшеліктері. 23. Қоғамдық тәжірибені игеру тәсілдерін қалыптастыру ақыл-ойы

кем балаларды оқытудағы коррекциялық міндет ретінде. 24. Арнайы білім беру мекемесі оқушыларын кәсіби бағдарлау және

кәсіби оқыту.25. Арнайы білім беру мекемесі оқушыларының әлеуметтік-еңбектік

реабилитациясы.26. Дамуы мен мінез-құлқында ауытқулар бар балалар тәрбиесінің

ерекшеліктері.

Page 18: Кіріспеpsu.kz/arm/upload/umk/122688.doc · Web viewФилология, журналистика және өнер факультеті Психология және педагогика

27. Арнайы білім беру мекемесі, отбасы және қоғамдық ұйымдардың ынтымақтастығы.

28. Инклюзивті білім беру жағдайында даму және мінез-құлық ауытқулары бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мәселелері.

29. Дамуы мен мінез-құлқында ауытқулар бар балалармен жұмыс істейтін педагог-психологтың кәсіби-педагогикалық іс-әрекеті.

30. Психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия: құрылымы, міндеттері, іс-әрекет мазмұны.

31. Психофизикалық және тұлғалық-әлеуметтік дамуда кемістіктер пайда болу тәуекелінің әлеуметтік факторлары.

32. Дамуында кешенді ауытқулар бар балалар: коррекциялық-психологиялық және педагогикалық көмек көрсету.

33. Дамуы мен мінез-құлқында ауытқулар бар балаларға коррекциялық-педагогикалық көмек көрсету жүйесіндегі отбасының рөлі.

34. Реабилитациялық педагогиканың жалпы білім беру контекстіндегі мәні.

35. Білім беру мекемесінің реабилитациялық-білімдендіру ортасына сипаттама.

36. Арнайы білім беруде артпедагогика құралдарын қолдану37. Дамуында ауытқу бар балалармен жұмыс жүргізуде

психотерапияның алуан түрін пайдалану: ойын психотерапиясы, құм терапиясы, арттерапия, музыкотерапия, ертегі терапиясы және т.б.

Page 19: Кіріспеpsu.kz/arm/upload/umk/122688.doc · Web viewФилология, журналистика және өнер факультеті Психология және педагогика

Ұсынылатын әдебиеттер тізіміНегізгі1. Гиперактивные дети: психолого-педагогическая помощь.

Монография. — СПб.: Речь, 2007. — 186 с.2.Жигорева М.В. Дети с комплексными нарушениями в развитии:

педагогическая помощь: учебное пособие для студ. высш. учеб. заведений / М.В. Жигорева. – М.: Издательский центр «Академия», 2006. – 240 с.

3.Истратова О.Н. Практикум по детской психокоррекции: игры, упражнения, техники / О.Н.истратова. – Ростов н/Д: Феникс, 2007. – 349, [1] с. – (Психологический практикум).

4. Левченко И.Ю., Забрамная С.Д., Добровольская Т.А. Специальная психолого-педагогическая диагностика – М.: Академия, 2003. – 320 с.

5.Никуленко Т.Г. Коррекционная педагогика: Учебное пособие / Т.Г.Никуленко. – Ростов н/Д: Феникс, 2006. – 381 с. – Высшее образование.

6.Поваляева М.А. Коррекционная педагогика. Взаимодействие специалистов. Коллективная монография / Под общ. Ред. М.А.Поваляевой. Серия «Учебники, учебные пособия». – Ростов-на-Дону: «Феникс», 2002. – 352 с.

7.Саенко Ю.В. Специальная психология: Учебное пособие. – М.: Академический проект, 2006. – 182 с. – («Gaudeamus»).

8. Солдатова Е.Л., Лаврова Г.Н. Психология развития и возрастная психология. Онтогенез и дизонтогенез / Серия «Высшее образование». – Ростов н/Д: Феникс, 2004. – 384 с.

9. Сорокин В. М. Практикум по специальной психологии: Учеб. пособие / Под научн. ред. Л. М. Шипицыной. – СПб.: «Речь». 2004. – 216 с.

10.Сорокин В. М. Специальная психология: Учеб. пособие / Под научн. ред. Л. М. Шипицыной. – СПб.: «Речь». 2003. – 216 с.

11.Специальная психология: Учеб. пособие для студ. высш. пед. учеб. заведений / В.И.Лубовский, Т.В.Розанова, Л.И.Солнцева и др.; Под ред. В.И.Лубовского. – 2-е изд., испр. – М.: Издательский центр «Академия», 2005. — 464 с.

Қосымша12.Асмолов А.Г. Психология личности. – М., 1999.13. Гордеева А.В. Реабилитационная педагогика: Учебное пособие

для студентов педагогических вузов и колледжей. – М.: Академический проект; Королев: Парадигма, 2005. – 320 с. – («Gaudeamus»).

14. Некоторые вопросы обучения и воспитания учащихся специальных школ (из опыта работы). – Алма-Ата: «Мектеп», 1981. – 85 с.

Интернет көздері15.www.ikprao.ru – Институт коррекционной педагогики РАО16.www.almanah.ikprao.ru – альманах Института коррекционной

педагогики РАО17.www.wallenberg.ru – Институт Специальной Педагогики и

Психологии Международного Университета семьи и ребенка им.Рауля Валленберга