12
І Адрестік категория 1-1 Мекеме атауы Астана қаласы әкімдігінің «Құрылыс – техникалық колледжі» МКҚК 1-2 Оқытушының аты-жөні Нургожина Назгуль Аманболгановна 1-3 Лауазымы Қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы 1-4 Күні 1-5 Мамандық, топ Газэлектрдәнекерлеуші 1-6 Оқу курсы 1 курс 1-7 Пән Қазақ тілі 1-8 Сабақтың тақырыбы Ортақ Отаным - Қазақстан 1-9 Сабақтың түрі Нәтиже сабақ 1-10 Сабақтың формасы Сайыс сабақ 1-11 Сабақты ұйымдастыру формасы мен әдістері Топпен жұмыс, жеке жұмыс Эвристикалық әдіс Іздену Ойландыру Әңгімелесу Сұрақ-жауап 1-12 Білім алушылардың қажетті білімдері мен біліктілігі Өз ойын жеткізе білу Отан туралы мақал – мәтелдерді білу Сөздік қорларын молайту Сөйлем, мәтін құрастыра білу Макетпен жұмыс істей білу Ойландыру, тест сауалдарына жауап беру ІІ Сабақтың мақсаты 2-1 Білімділік Білім алушылардың Отан, ел туралы түсініктерін молайту Білім алушылардың білімдерін тексеру, пысықтау 2-2 Дамытушылық Топта белсенді жұмыс танытып, қарым-қатынас

orleunursultan.kzorleunursultan.kz/wp-content/uploads/online/статьи... · Web viewІ Адрестік категория 1-1 Мекеме атауы Астана қаласы

  • Upload
    others

  • View
    4

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: orleunursultan.kzorleunursultan.kz/wp-content/uploads/online/статьи... · Web viewІ Адрестік категория 1-1 Мекеме атауы Астана қаласы

І Адрестік категория1-1 Мекеме атауы Астана қаласы әкімдігінің «Құрылыс – техникалық колледжі» МКҚК1-2 Оқытушының аты-жөні Нургожина Назгуль Аманболгановна1-3 Лауазымы Қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы1-4 Күні1-5 Мамандық, топ Газэлектрдәнекерлеуші1-6 Оқу курсы 1 курс1-7 Пән Қазақ тілі1-8 Сабақтың тақырыбы Ортақ Отаным - Қазақстан1-9 Сабақтың түрі Нәтиже сабақ1-10 Сабақтың формасы Сайыс сабақ1-11 Сабақты ұйымдастыру формасы мен әдістері Топпен жұмыс, жеке жұмыс

Эвристикалық әдіс Іздену Ойландыру Әңгімелесу Сұрақ-жауап

1-12 Білім алушылардың қажетті білімдері мен біліктілігі Өз ойын жеткізе білу Отан туралы мақал – мәтелдерді білу Сөздік қорларын молайту Сөйлем, мәтін құрастыра білу Макетпен жұмыс істей білу Ойландыру, тест сауалдарына жауап беру

ІІ Сабақтың мақсаты2-1 Білімділік Білім алушылардың Отан, ел туралы түсініктерін молайту

Білім алушылардың білімдерін тексеру, пысықтау2-2 Дамытушылық Топта белсенді жұмыс танытып, қарым-қатынас жасауға;

Интерактивті тақтадағы тапсырмаларды сауатты жазып, жылдамдықпен орындауға;

Жауабын анық, әрі айқын айтуға; Қазақ тілінде мәдениетті сөйлеуге, тілді құрметтеуге баулу.

2-3 Тәрбиелік Отанын, елін сүюге; Адамгершілікке, жақсылыққа;

ІІІ Сабақтың көрнекілігі3-1 Қолданылатын материалдар, оқу-әдістемелік құралдар, Компьютер

Page 2: orleunursultan.kzorleunursultan.kz/wp-content/uploads/online/статьи... · Web viewІ Адрестік категория 1-1 Мекеме атауы Астана қаласы

қажетті жабдықтар Интерактивті тақта Тестілеу құрылғысы Мақал-мәтелдер Қоржын Үлестірмелі қағаздар Киіз үй макеті Интернет жүйесі

ІV Сабақтың барысы№ Сабақ барысы Уақыт

(мин)Оқытушының

іс-әрекетіОқушының

іс-әрекетіКүтетін нәтиже

1 Ұйымдастыру кезеңі 2 әнұранды орындайды әнұранды орындайды

әнұранды білу

2 Білім алушылардың көңіл-күйін орнықтыру

3 Назарларын бейнефильмге аударады

Бақылайды, тыңдайды

Бейнефильмді көріп, ой түйіндеу

3 Мақсат қою 4 Мақсат қояды Тыңдап, ұғынады Қоржынды толтыру4 1-тапсырма:

Мақал-мәтелдерді тауып жазу5 Отан, туған жер

туралы мақал-мәтелдерді интернет жүйесі арқылы тауып алып, принтер арқылы шығаруға жағдай жасайды

Екі білім алушы орындайды

Мақал-мәтелдің мағынасын ұғыну

5 2-тапсырма«Артық сөзді тап» неге артық екенін дәлелдеу

3 Тапсырманың шартын түсіндіре отырып, артық сөздің мағынасын ашуға баулиды

Екі топ білім алушылары орындайды

Сөздерді жақсы меңгеру

6 3-тапсырма:«Бес жол» ойыны

3 Тапсырманың қалай орындалуын түсіндіре отырып, нұсқау береді

Интерактивті тақтада орындау

Грамматиканы меңгеру

7 4-тапсырма:Деңгейлік тапсырма

10 Сөздермен сөз тіркесін, сөз

Интерактивті тақтада орындау

Сөз тіркесін, сөйлемдерді бір-бірінен ажыратып,

Page 3: orleunursultan.kzorleunursultan.kz/wp-content/uploads/online/статьи... · Web viewІ Адрестік категория 1-1 Мекеме атауы Астана қаласы

тіркестерінен сөйлем, мәтінді толықтыру тапсырмаларын орындауға жұмылдырады

мәтінді мәнерлеп оқу

8 5-тапсырма:Грамматикалық тапсырмалар

10 Интерактивті тақта арқылы орындайтын тапсырмаларды орындауға бағыт береді

Интерактивті тақтада орындау

Септік, тәуелдік жалғауларын білу

9 6-тапсырма:«Адасқан әріптер». Дұрыс сөз құру

3 Әріптердің орнын ауыстыру арқылы дұрыс сөз құрау нұсқауын береді

Интерактивті тақтада орындау

Дұрыс сөз құрастыра білу

10 7-тапсырма:«Сен білесің бе?»«Рәміздерім-мақтанышым»

5 Компьютердегі тапсырманың шартын түсіндіріп, принтер арқылы шығаруына жағдай жасайды.

Компьютерде тапсырманы орындайды

Рәміздерді жетік білу

11 8-тапсырма: Тест сауалдарына жауап беру

7 Интерактивті тақтадағы тесті өткізіп, нәтижесін көрсетеді

Тест құрылғысымен жауап береді

Білімдерін шыңдау

12 9-тапсырма: «Отан» өлеңінің шумағын жаттау

5 Өлең шумағын мәнерлеп оқып береді

Хормен өлең жаттайды

Тілдерін дамыту

13 Рефлексия 5 Ой қозғау Ойларын ортаға салу

Сабақ туралы өз ойларын жеткізе білу

Бағалау 3 Тыңдап, қорытындылайды

Бір-бірін бағалайды

Сабақ барысы. Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіз бе, құрметті қонақтар, балалар! Бүгін бізде ашық сабақ,Жадырасып, жайғасайық.

Page 4: orleunursultan.kzorleunursultan.kz/wp-content/uploads/online/статьи... · Web viewІ Адрестік категория 1-1 Мекеме атауы Астана қаласы

Ерекше сабақ болғандықтан,Қызықты өткізуге ат салысайық! – дей келе сабағымызды бастайық!

Балалар, слайдқа назар аударайық! - Слайд не жөнінде? (Қазақстан халықтары)

Отан деген – атамекен,Отан деген – туған жер,Отан – ана,Отан – үлкен,Қазақстан – туған ел! Енді, балалар, тақтамызға назар аударайық!

«Қоржын» ойыны: Отан – сөзіне мәндес сөздерді қоржынға толтыру1. Біздің Отанымыз не?2. Көптеген ұлт өкілдері Қазақстанда қалай өмір сүріп жатыр?3. Қазақстан барлық ұлттарға ортақ па?

Сондықтан бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ортақ Отаным – Қазақстан. Дәптерлеріңізді ашып, бүгінгі күнді және тақырыбымызды жазып қойыңыздар!

Қазақ осы:Ашық жарқын қабағы.Қонақ келсе,Шабылып бір қалады.Байқа да тұр, Саған да ол кетердеАт мінгізіп,Жібек шапан жабады – деп, Қадыр Мырза-әлі ақынымыз айтқандай, қазақ халқы қонақжай, бауырмал халық.- Бұрын қазақ халқының баспанасы қандай болған? - Киіз үйде тұрған екен.- Бүгін балалар, сабақ барысында әр түрлі тапсырмаларды орындай отырып, біз де киіз үйді құруымыз

керек. Сіздерге арнап екі түрлі ою түрін жасап әкелдім (білім алушылар таңдайды). Соған орай «Атамекен», «Атақоныс» болып екі топқа бөлініңіздер. Әр топ өзара ақылдасып, топ басшысын сайлайсыздар, сол білім алушы сабақ соңында сіздерді бағалайды. Бағалау парағы компьютерлеріңізде берілген.

Киіз үйдің керегелерін тұрғызу үшін екі топтан бір-бірден білім алушыны даярлайсыздар. Отан, ел туралы мақал – мәтелдерді интернет жүйесі арқылы тауып, мақал –мәтелдерді принтер арқылы шығарып оқып беру. Ол үшін

компьютер қасында отырған екі білім алушы - ................. дайындала берсін.

Page 5: orleunursultan.kzorleunursultan.kz/wp-content/uploads/online/статьи... · Web viewІ Адрестік категория 1-1 Мекеме атауы Астана қаласы

1. Отан – елдің анасы, ел – ердің анасы.2. Отанды сүю – от басынан басталады.3. Егілмеген жер жетім, Елінен айырылған ер жетім.Бұл екі білім алушы интернет жүйесі арқылы тапсырмаларын орындағанша, қалғандарыңызға мынандай тапсырма:

«Артық сөзді тап». Неге артық дәлелдеу. 1. Отан, ел, домбыра, туған жер.2. Бәйтерек, Пирамида, Ақорда, Алматы.3. Газэлектрдәнекерлеуші, құрылысшы, Қазақстан

Керегенің бір қанаты орнады,Керек етеді екінші жақ қанатынСол үшін қазір,біз, балалар,«Бес жол» ойынын ойнаймыз.

1. Зат есім – Отан2. Сын есім – кең-байтақ Отаным3. Етістік – Мен өз Отаным – Қазақстанды мақтан етемін4. Сезіну – мақтанышым, бостандығым, тәуелсіздігім, туған жерім.5. Синоним – туған жер, кіндік қан тамған жер, ел.Киіз үйдің керегесі орнығып,Тұр ғой босқа жалғызсырап,Сондықтан да қазір біз,Шаңырақты орналастырамыз. Ол үшін балалар келесі тапсырманы орындаймыз.

Деңгейлік тапсырмалар:1. Берілген сөздермен сөз тіркесін құрастыру.Егеменді, жас, тәуелсіз, жер, ел.2. Жазған сөз тіркестерінен сөйлем құрастыру3. Мәтінді толықтырып, мәнерлеп оқып беру.

Мен Қазақстан Республикасының ................(азаматымын). Қазақстан – менің ...... (Отаным), туған ...... (жерім). Қазақстан ....... (жері) ұлан-байтақ. Қазақстан жерінде Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі элементтердің ...... (бәрі) бар. .......... (Қазақстанның) экономикасы жылдан-

Page 6: orleunursultan.kzorleunursultan.kz/wp-content/uploads/online/статьи... · Web viewІ Адрестік категория 1-1 Мекеме атауы Астана қаласы

жылға дамуда. Қазақстанда көп ..... (ұлт) өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Қазақстан Республикасы ....... (тәуелсіз) мемлекет. Мемлекеттік тіл - ....... (қазақ тілі). Мен ...... (қазақ) тілін үйреніп жүрмін. Қазақстан туған жерім, ортақ ...... (Отаным) Мен өз Отаным - .......... (Қазақстанды) мақтан тұтамын.Шаңырағымызды орналастырдық.Керегесі тұр бекем,Шаңырақ пен керегені бекітетін,Не керек?Уық керек, әрине.

Уықтарды орналастыру үшін грамматикалық тапсырмаларды орындауымыз керек.Қоржындағы жалғауларды тиісті жерлерге орналастыру.

1. Сөздерді септеу. Атамекен. Атақоныс.2. Сөздерді тәуелде. Атақоныс. Атамекен.

Киіз үйдің уықтары бекіліп,Қаңқасы тұр, қарайып,Қаңыратып, қаңқасына қарамай,Ал, кәне тез жабайық!Ол үшін мына тапсырманы орындайық! Адасқан әріптер. Дұрыс сөз тіркесін құру

1. НЕКМАТЕА2. НҒТАУ РЕЖ3. ҚАТРО НАОТМЫ – НҚАҚАСЗТА4. ҚНТААОСЫ

Бәрекелді жараңдар,Керегені да жаптық,Енді бізде қалды уықУығымыз тұр қапталмайОл үшін келесі тапсырма «Рәміздерім-мақтанышым» тақырыбында болады.Компьютерлеріңізде рәміз суретіне сипаттама беріп, көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазып, принтер арқылы шығарып, оқып беру.

Елтаңбаға сипаттама:1. Елтаңбада бес бұрыш, шаңырақ, екі пырақ ат бейнеленген.2. Елтаңбаның түсі алтын және көгілдір түстес.3. Елтаңбаның төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар.4. «Қазақстан» деген жазу Елтаңбаның төменгі жағында орналасқан.

Page 7: orleunursultan.kzorleunursultan.kz/wp-content/uploads/online/статьи... · Web viewІ Адрестік категория 1-1 Мекеме атауы Астана қаласы

5. Елтаңбаның екі жағында қос пырақ бейнеленген

Туға сипаттама:6. Туда қыран, ою, күн бейнесі бейнеленген.7. Тудың түсі көгілдір, сары.8. Тудың ортасында күн мен қыран құс бейнеленген.9. Сап жағында ою-өрнек бар.10. Қыран құс – бостандықтың белгісі.

Мен, балалар, сіздерге арнап, Тест құрастырдым, толғана,Тез жауап беру үшін,Қолға алайық тест құрылғысын.

Тест сауалдары:1. Қазақстанның ТуыА. ЖасылВ. Көк2. Тудың көк түсі .....белгісіА. Адалдық, тазалықтыңВ. Қуаныштың, жеңістіңС. Жамандықтың, бейбітшіліктің3. Күн бейнесі......белгісі.А. ТатулықтыңВ. Байлық пен берекенің С. Достықтың 4. Қыран құс ..... белгісіА. ТатулықтыңВ. Байлық пен берекенің С. Бостандық5. Елтаңбада ..... бар.А. Шаңырақ, алтын жұлдызВ. Алтын жұлдыз, қыранС. Кереге, шаңырақ6. Шаңырақ мағынасыА. Ата-баба үйіВ. Қазақ халқының тұрмысы

Page 8: orleunursultan.kzorleunursultan.kz/wp-content/uploads/online/статьи... · Web viewІ Адрестік категория 1-1 Мекеме атауы Астана қаласы

С Елдің нышаны7. Ою-өрнек – .................. А. әдемілік, сұлулықВ. сән, стильС. қазақ халқының мәдениеті, өнері

Тест қорытындысын интерактивті тақтаға шығару.

«Ауылдың алты ауызы» ретінде Ермек Өтетілеуұлының «Отан» өлеңінен үзінді жаттайық!ОтандыЖас, кәріміз деТуған жер деп сүйеміз.Өйткені онда бәріміз деТуып, өмір сүреміз.

Рефлексия: Әр тұлғаның өз-өзін танудағы үш жолы бар:1. Өзге адам бағалайды, ой-пікірін айтады.2. Адам өзін басқа адаммен салыстырады.3. Адам өзін-өзі бағалайды

Адам біреумен амандасқанда, танысқанда не істейді? – қолын беріп, танысады, амандасады. Қол адамның ағзасымен тығыз байланысты. Қолдағы саусақтардың өз қызметі бар. Мысалға:

- кішкентай саусақ – ойлау үрдісімен тығыз байланысты- шынашақ саусақ – мақсатқа, мұратқа жету- орта саусақ – ішкі жан-дүние- сұқ саусақ - көмек, жәрдем, сілтеме, нұсқау. Қандай да бір нәрсені көрсеткен кезде, сұқ саусағымызбен көрсетеміз ғой.- бас бармақ – сергектік, денсаулық кепілі

Осыған орай, балалар өз-өздеріңді бағалау үшін осы «Бес саусақ» әдісін қолданайық! Алдарыңыздағы ақ параққа қолдарыңызды қойып, сызып шығыңыздар!

1. Бүгінгі сабақтан не алдың?2. Бүгінгі сабақта қандай жұмыстар жасадың?3. Бүгінгі сабақтағы көңіл - күйің қандай?4. Басқаға қандай көмек көрсеттің?5. Айтар тілегің?

Page 9: orleunursultan.kzorleunursultan.kz/wp-content/uploads/online/статьи... · Web viewІ Адрестік категория 1-1 Мекеме атауы Астана қаласы

Бағалау: Бағалау парағы

№ Білім алушының аты-жөні

1 тапсырма

2 тапсырма

3 тапсырма

4 тапсырма

5 тапсырма

6 тапсырма

7 тапсырма

8 тапсырма

Қорытындыбаға

123456789

Құрып, қазақтың баспанасын,Жеттік біз де сабақтың шебіне,Екі топ та беріспей, қалыспады. Бұл жарыста ешкім тыс қалмады.Сондықтан да жеңді бізде, бірлестік.

Үйге тапсырма: Отан, туған жер туралы мақал - мәтелдер жаттап келу.