10
№149 (28373) 2 ТАМЫЗ СЕНБІ 2014 ЖЫЛ Бїгінгі нґмірде: Ыќпалдастыќ – ынтымаќ ырысы 3-бет Жан жырлары – болмыс сырлары 5-бет Еѕбекке енжарлар кґбейіп барады 6-бет Ќайраѕда ќалєан ќўќыќ 7-бет – Абай аға, əйгілі Алматы апортын қайта өмірге əкелу жұмысы қалай басталды? – 2009 жылы Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Алматы апортын өмірге қайта əкелу жөнінде іргелі зерттеу жұмыстарына конкурс жариялаған еді. Біздің ғылыми институт апорт тұқымының генетикалық сапасын жоғалтпай іріктелген тұқымын табиғи жағдайға дағдыландыру-телу арқылы қайта өмірге келтіру жобасымен сол конкурсты жеңіп, ғылыми тұрғыдан өзін өзі дəлелдейтін ең тиімді жоба ретінде танылған болатын. Апорт тұқымын кешенді түрде зерттеу үшін жəне жобаның биотехнологиялық жұмыстарын тыңғылықты атқару үшін біздің институт отандық Өсімдік биологиясы жəне био- технологиясы институтының Ел тынысы: мың бір мысал Өсімдіктерді қорғау жəне карантинге алу ғылыми-зерттеу инсти- туты биылғы күзде ар- найы шыны құтыда өсірілген мыңнан аса екі жылдық апорт жемісінің жас өскінін Жетісу жеріне отырғызамыз деп жоспарлап отыр. 2015-2016 жылдары көлемі 10 гектар жер- ге отырғызылатын көшет жұмыстары еліміздегі тəжірибелік нұсқаның ең ауқымды мысалы болмақ. Əйгілі Алматы апортының өмірге қайта келер қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Абай САҒИТОВПЕН əңгімелескен едік. мамандарын жұмылдырып отыр. Бұл дегеніңіз, өзіміздің бұрынғы апортымыздың генетикалық ко- дын жоғалтпастан, ең үздік сортын микроклондық тəсіл арқылы қайта өмірге əкелу əдісі толыққанды ғылыми тұрғыда өз табиғатымызға сай жүргізіледі деген сөз. Аталмыш екі институттың бірлесе жұмыс істеуі нəтижесінде 2009-2011 жылдар аралығында «жаңа өскін» – əйнек құтыдағы апорт көшеті дүниеге келіп, ол жетілдіріліп жасанды жерде, яғни «контейнерлік мəдени» жолмен жылыжайға біртіндеп дағдыландыру тəсілі бойынша көшеттендірілді. – «Жаңа апорт» тұқымын аз уақыт аралығында өмірге келтіру оңай шаруа емес. Десек те, осы тарихи тəжірибелік жұмыстың кейбір құпияларын сөз етсеңіз? – «Жаңа апорт» тұқымын алу үшін біздің ғалымдар Іле жəне Жоң- ғар Алатауына арнайы экспедиция ұйымдастырып, жергілікті Сиверс тұқымды тау алмасынан будандас- тыру үшін 11 түрлі алма ағашы таңдап алынды. 2012 жылы əлгі 11 түп ағаштың аналық бұтақтары арнайы жылыжайға көшіріліп, олардың құнарлы сабақтарына микроклон əдісімен апорт тіндері енгізілді. Бұйыртса, биылғы күзде мыңнан аса екі жылдық апорт көшеті табиғи жағдайға көшіріліп, Жетісу жерінің тың топырағына отырғызылады. Атаќты Алматы апорты Оныѕ ґніп-ґсіп, бўрынєы даѕќына ие болатын кїн де таяу (Соңы 4-бетте). Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Ќазаќстан Республикасы Президентініѕ «Мемлекеттік ќызметтіѕ кадр резерві туралы» 2003 жылєы 4 желтоќсандаєы №1243 жəне «Мемлекеттік ќызметшілер лауазымдарыныѕ тізілімін бекіту туралы» 2013 жылєы 7 наурыздаєы №523 жарлыќтарына ґзгерістер мен толыќтырулар енгізу туралы Қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы №1243 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., №47, 524-құжат; 2004 ж., №21, 265-құжат; 2006 ж., №1, 1-құжат; 2007 ж., №43, 499-құжат; 2008 ж., №20, 182-құжат; №42, 465-құжат; 2013 ж., №19, 322-құжат; №68, 905-құжат): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы ережеде: 7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: «Осы Ереженің 8-1-тармағында аталған азаматтар «Б» корпусының кадр резервіне «А» корпусының кадр резервінде болу мерзіміне алы- нады.»; 8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) конкурстық іріктеуге қатысқан жəне конкурстық комиссия кадр резервіне алу үшін ұсыным берген;»; 8-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8-1. «А» корпусының кадр резервіне алынған азаматтар «Б» корпусының кадр резервіне «Б» корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымының тиісті санатына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сай болған жағдайда тестілеуден өтпей алынады.»; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12. Мемлекеттік органның конкурстық комиссиясының ұсынымы бойынша «Б» корпусының кадр резервіне алынған резервші конкурстық комиссиясы оны алуға ұсынған мемлекеттік органға ғана «Б» корпусының кадр резервінен конкурстан тыс тəртіпте тағайындалады. Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) немесе бірыңғай конкурстық комиссия құрылған жағдайда бірыңғай конкурстық комиссияның ұсынымы бойынша «Б» корпусының кадр резервіне алынған резервші «Б» корпусының кадр резервінен конкурстан тыс тəртіпте олар үшін осы қызмет немесе комиссия құрылған мемлекеттік органдарға тағайындалады. Резервшінің заңнамада белгіленген тəртіппен «Б» корпусының мемлекеттік əкімшілік қызметінің бос лауазымына орналасуға конкурсқа қатысу құқығы сақталады.»; 16, 17, 18 жəне 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «16. «Б» корпусының кадр резервіне алу үшін конкурстық комиссия ұсынған азаматтар «Б» корпусының кадр резервіне конкурс жарияланған лауазым санаты бойынша алынады. «Б» корпусының кадр резервіне алу туралы конкурстық комиссия ұсынымдары əрбір бос лауазым үшін бір кандидаттан артық болмай- тындай етіп шығарылады. Егер конкурстың нəтижесінде бос лауазымға орналасуға канди- дат анықталмаса, конкурсқа қатысушылардың ешқайсысына «Б» корпусының кадр резервіне алу үшін ұсыным берілмейді. 17. «Б» корпусының кадр резервіне алу туралы ұсыным үшін негіздер конкурсқа қатысушының бос лауазым үшін қойылатын біліктілік талап- тарына сəйкестігі, шекті мəнді қанағаттандыратын тестілеу көрсеткіштері мен конкурстық комиссия жүргізген əңгімелесудің нəтижелері болып табылады. 18. «Б» корпусының кадр резервіне алу үшін ұсыным жасау туралы шешімді конкурстық комиссия дауыс беру арқылы қабылдайды. 19. Конкурстық комиссияның шешімі, егер отырысқа оның кұрамының кемінде үштен екісі қатысқан жəне конкурстық комиссияның қатысып отырған мүшелерінің көпшілігі оны қолдап дауыс берген бол- са, заңды деп есептеледі. Конкурстық комиссия мүшелерінің қатысуы ауысу құқығынсыз жүзеге асады. Конкурстық комиссия мүшелерінің сырттай дауыс беруіне рұқсат етілмейді. Бірыңғай конкурстық комиссияның құрамына конкурс өтетін мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.»; 37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «37. Мемлекеттік орган бос мемлекеттік əкімшілік лауазымға резервшіні орналастыру туралы шешім кабылдау кезінде осы мемлекеттік органға конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша «Б» корпусының кадр резервіне бұрын алынған адамдардың кандидатура- ларын бірінші кезекте қарайды. Конкурстық комиссияның ұсынымы бойынша кадр резервіне алынған резервші бос мемлекеттік əкімшілік лауазымға мемлекеттік орган белгілеген біліктілік талаптарына сəйкес келген жағдайда, мемлекеттік орган осы резервшіні лауазымға қабылдауға міндетті. Егер «Б» корпусының кадр резервінде белгіленген біліктілік талап- тарына сəйкес келетін бір резервшіден көбірек адам тұрған жағдайда, əңгімелесу кезінде неғұрлым көп сұраққа жауап берген резервші лауазымға тағайындалады.»; 2) «Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту тура- лы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы №523 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №19, 320-құжат): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде: D санаттарының тобында: атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Облыстар, Астана, республикалық маңызы бар қала əкімдерінің аппараттары Облыстар Астана, республикалық маңызы бар қала мəслихаттарының аппараттары Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қала тексеру комиссияларының аппараттары Облыстар, астана, республикалық маңызы бар қаланың Қазақстан халқы Ассамблеясының аппараттары (хатшылықтары)»; D-2 санаты мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Қазақстан халқы Ассамблеясы аппаратының (хатшылығының) меңгерушісі». 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 28 шілде. № 869 АҚПАРАТТАР аєыны Қазақстанда өндірілген уран көлемі 5 650 тоннаға жет- ті. Жылдың бірінші жартыжыл- дығында «Қазатомөнеркəсіп» ҰАК» АҚ бағынышты «Үлбі металлургия зауыты» АҚ 476 тонна бериллий жəне 65 тонна тантал өнімдерін өндірді. Ал «Astana Solar» ЖШС екінші тоқсанда жиынтық қуаты 2,2 МВт энергияға тең 9 231 панель шығарған. Қазақстан ет экспортын есе- лей түсуге бағыт ұстап отыр. Бұл жұмыстарды үйлестіруші «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғановтың айтуынша, холдинг биылғы жыл басынан республика агроөнеркəсіптік кешенін қолдауға 101,6 млрд. теңге бөліп, оның 88,3 млрд. теңгесін несиелендіруге жұмсаған. Сондай-ақ, «ҚазАгроҚаржы» Ресей компанияларынан 126,2 млн. теңгеге 486 бас қазақы ақ бас жəне «Герефорд» тұқымды ірі қара малды сатып алуға қаражат қарастырған. Биыл Қазақстанда жаңа 2 теміржол бағыты қатарға қосы- лады. Олар Жезқазған – Бейнеу жəне Арқалық – Шұбаркөл аралық- тарын бір-бірімен жалғастырады. Бұлардың алғашқысы – 988, екіншісі 214 шақырым қашықтықтарды байла- ныстырады. Кеше Астанадағы ең биік жаңа мейманхана – «Astana Marriot Hotel» есігін айқара ашты. Елорданың сол жағалауындағы Достық көшесінде орналасқан 28 қабатты ғимарат 271 жа- тын бөлмеден, 6 əмбебап конференция залы мен 3 мейрамханадан, жарақты жаттығу залы мен жабық бассейні бар денсаулық клубынан тұрады. «Almaz tourizm» клиенттері үшін байланыс желісі ашылды. Туризм индустриясы комитеті қатарға қосқан бұл желі тəулік бойы қызмет көрсетеді. Шығыс Қазақстанда үдемелі инновациялық жоба бойынша 37 жоба жүзеге асырылды. Облыс əкімі Бердібек Сапарбаевтың айту- ынша, құны 201 млрд. теңге тұратын бұл жобалар аймақтың əлеуметтік- экономикалық ахуалын жақсар- туға серпін беруде. Жалпы, өңір- дің «Индустрияландыру картасы- на» инвестициялық құны 685 млрд. теңгеден астам қаржыға лайықтанған 61 жоба енгізілген. Ақмола облысындағы Ақкөл заманауи халықаралық курортты қалаға айналады. Мұнда ағылшын жəне неміс сəулетшілері жобалаған жаңартылған инфрақұрылымдар, жүргіншілер жолдары мен жағалаулар салынады. Қазір қалада стадионда, спорттық алаңдар мен өзге де дема- лыс нысандарында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, екі мейманхана мен басқа да əлеуметтік нысандардың құрылысы жүріп жатыр. Қызылорда облысы Жала- ғаш кентінде ветеринарлық лабо- ратория ашылатын күн жақын. Республикалық бюджет есебінен са- лынып жатқан зертхана жобасының құны – 115 млн. теңге. 2012 жылы басталған құрылыс тамыз айының ішінде аяқталып, пайдалануға беріледі. Алматыда 458 жұмысшының 50 млн. теңгеге жуық жалақы қарызы өтелді. Оңтүстік астананың Түрксіб аудандық прокуратурасы қызметкерлерінің араласуымен жүзеге асқан бұл жұмыс 7 мекемені қамтыды. Қостанайдағы қалалық ауруха- на өзінің корпустарына қайта көшті. Бұл аталмыш мекенжайларда күрделі жөндеу жұмыстары сапалы жүргізіліп шыққаннан кейін мүмкін болды. Өткен жылдың маусым айынан бері облыстық аурухананың бір мүйісінде орналасуға мəжбүр болған қалалық емдеу орнының персоналы осылай өз қоныстарына оралды. Хабарлар «ҚазАқпарат», Altaynews.kz, Egemen.kz, «Наша газета» агенттіктері мен облыстық əкімдіктер сайттарының деректері бойынша əзірленді. Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сай- тын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу мүмкін болып отыр. Ол үшін, құрметті оқырман, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз. Сонымен қатар, аталмыш желілер арқылы «Егемен Қазақстан» газетінің бай сурет қорымен танысуға да тікелей мүмкіндік алатындықтарыңызды естеріңізге сала кетпекпіз. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы 2014 жылғы 1 тамыз №12/237 Астана қаласы 2014 жылғы 1 қазанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын əзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары туралы Оќырман назарына! «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 1) тармақшасына сəйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау ко- миссиясы қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған 2014 жылғы 1 қазанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайла- уын əзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс- шаралардың күнтізбелік жоспары (бұдан əрі – Күнтізбелік жоспар) бекітілсін. 2. Күнтізбелік жоспар облыстық, Астана жəне Алматы қалалық сайлау комиссияларына сайлауды əзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін. 3. Күнтізбелік жоспар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.ТҰРҒАНҚҰЛОВ. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б.МЕЛДЕШОВ. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутат- тарының сайлауын əзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс- шаралардың күнтізбелік жоспарын 2-беттен оқисыздар.

Атаќты Алматы апорты - Egemenғылыми-зерттеу инсти-туты биылғы күзде ар-найы шыны құтыда өсірілген мыңнан

  • Upload
    others

  • View
    20

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Атаќты Алматы апорты - Egemenғылыми-зерттеу инсти-туты биылғы күзде ар-найы шыны құтыда өсірілген мыңнан

№149 (28373)2 ТАМЫЗ

СЕНБІ2014 ЖЫЛ

Бїгінгі нґмірде:

Ыќпалдастыќ – ынтымаќ ырысы

3-бетЖан жырлары – болмыс сырлары

5-бетЕѕбекке енжарлар кґбейіп барады

6-бетЌайраѕда ќалєан ќўќыќ

7-бет

– Абай аға, əйгілі Алматы апортын қайта өмірге əкелу жұмысы қалай басталды?

– 2009 жылы Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Алматы апортын өмірге қайта əкелу жөнінде іргелі зерттеу жұмыстарына конкурс жариялаған еді. Біздің ғылыми институт апорт тұқымының генетикалық сапасын жоғалтпай іріктелген тұқымын табиғи жағдайға дағдыландыру-телу арқылы қайта өмірге келтіру жобасымен сол конкурсты жеңіп, ғылыми тұрғыдан өзін өзі дəлелдейтін ең тиімді жоба ретінде танылған болатын. Апорт тұқымын кешенді түрде зерттеу үшін жəне жобаның биотехнологиялық жұмыстарын тыңғылықты атқару үшін біздің институт отандық Өсімдік биологиясы жəне био-технологиясы институтының

● Ел тынысы: мың бір мысал

Өсімдіктерді қорғау жəне карантинге алу ғылыми-зерттеу инсти-туты биылғы күзде ар-найы шыны құтыда өсірілген мыңнан аса екі жылдық апорт жемісінің жас өскінін Жетісу жеріне отырғызамыз деп жоспарлап отыр. 2015-2016 жылдары көлемі 10 гектар жер-ге отырғызылатын көшет жұмыстары еліміздегі тəжірибелік нұсқаның ең ауқымды мысалы болмақ. Əйгілі Алматы апортының өмірге қайта келер қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Абай САҒИТОВПЕН əңгімелескен едік.

мамандарын жұмылдырып отыр. Бұл дегеніңіз, өзіміздің бұрынғы апортымыздың генетикалық ко-дын жоғалтпастан, ең үздік сортын микроклондық тəсіл арқылы қайта өмірге əкелу əдісі толыққанды ғылыми тұрғыда өз табиғатымызға сай жүргізіледі деген сөз.

Аталмыш екі институттың бір лесе жұмыс істеуі нəтижесінде 2009-2011 жылдар аралығында «жа ңа өскін» – əйнек құтыдағы апорт кө шеті дүниеге келіп, ол жетіл ді рі ліп жасанды жерде, яғни «кон тей нерлік мəдени» жолмен жылы жайға біртіндеп дағдыландыру тəсілі бойынша көшеттендірілді.

– «Жаңа апорт» тұқымын аз уақыт аралығында өмірге келтіру оңай шаруа емес. Десек

те, осы тарихи тəжірибелік жұмыстың кейбір құпияларын сөз етсеңіз?

– «Жаңа апорт» тұқымын алу үшін біздің ғалымдар Іле жəне Жоң-ғар Алатауына арнайы экспедиция ұйымдастырып, жергілікті Сиверс тұқымды тау алмасынан будандас-тыру үшін 11 түрлі алма ағашы таңдап алынды. 2012 жылы əлгі 11 түп ағаштың аналық бұтақтары арнайы жылыжайға көшіріліп, олардың құнарлы сабақтарына микроклон əдісімен апорт тіндері енгізілді. Бұйыртса, биылғы күзде мыңнан аса екі жылдық апорт көшеті табиғи жағдайға көшіріліп, Жетісу жерінің тың топырағына отырғызылады.

Атаќты Алматы апортыОныѕ ґніп-ґсіп, бўрынєы даѕќына ие болатын кїн де таяу

(Соңы 4-бетте).

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Ќазаќстан Республикасы Президентініѕ «Мемлекеттік ќызметтіѕ кадр резерві туралы» 2003 жылєы 4 желтоќсандаєы №1243 жəне

«Мемлекеттік ќызметшілер лауазымдарыныѕ тізілімін бекіту туралы» 2013 жылєы

7 наурыздаєы №523 жарлыќтарына ґзгерістер мен толыќтырулар енгізу туралы

Қаулы етемін:1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына

өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:1) «Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы» Қазақстан

Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы №1243 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., №47, 524-құжат; 2004 ж., №21, 265-құжат; 2006 ж., №1, 1-құжат; 2007 ж., №43, 499-құжат; 2008 ж., №20, 182-құжат; №42, 465-құжат; 2013 ж., №19, 322-құжат; №68, 905-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы ережеде:

7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

«Осы Ереженің 8-1-тармағында аталған азаматтар «Б» корпусының кадр резервіне «А» корпусының кадр резервінде болу мерзіміне алы-нады.»;

8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:«1) конкурстық іріктеуге қатысқан жəне конкурстық комиссия кадр

резервіне алу үшін ұсыным берген;»;8-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«8-1. «А» корпусының кадр резервіне алынған азаматтар «Б»

корпусының кадр резервіне «Б» корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымының тиісті санатына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сай болған жағдайда тестілеуден өтпей алынады.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«12. Мемлекеттік органның конкурстық комиссиясының ұсынымы

бойынша «Б» корпусының кадр резервіне алынған резервші конкурстық комиссиясы оны алуға ұсынған мемлекеттік органға ғана «Б» корпусының кадр резервінен конкурстан тыс тəртіпте тағайындалады.

Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) немесе бірыңғай конкурстық комиссия құрылған жағдайда бірыңғай конкурстық комиссияның ұсынымы бойынша «Б» корпусының кадр резервіне алынған резервші «Б» корпусының кадр резервінен конкурстан тыс тəртіпте олар үшін осы қызмет немесе комиссия құрылған мемлекеттік органдарға тағайындалады.

Резервшінің заңнамада белгіленген тəртіппен «Б» корпусының мемлекеттік əкімшілік қызметінің бос лауазымына орналасуға конкурсқа қатысу құқығы сақталады.»;

16, 17, 18 жəне 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:«16. «Б» корпусының кадр резервіне алу үшін конкурстық комиссия

ұсынған азаматтар «Б» корпусының кадр резервіне конкурс жарияланған лауазым санаты бойынша алынады.

«Б» корпусының кадр резервіне алу туралы конкурстық комиссия ұсынымдары əрбір бос лауазым үшін бір кандидаттан артық болмай-тындай етіп шығарылады.

Егер конкурстың нəтижесінде бос лауазымға орналасуға канди-дат анықталмаса, конкурсқа қатысушылардың ешқайсысына «Б» корпусының кадр резервіне алу үшін ұсыным берілмейді.

17. «Б» корпусының кадр резервіне алу туралы ұсыным үшін негіздер конкурсқа қатысушының бос лауазым үшін қойылатын біліктілік талап-тарына сəйкестігі, шекті мəнді қанағаттандыратын тестілеу көрсеткіштері мен конкурстық комиссия жүргізген əңгімелесудің нəтижелері болып табылады.

18. «Б» корпусының кадр резервіне алу үшін ұсыным жасау туралы шешімді конкурстық комиссия дауыс беру арқылы қабылдайды.

19. Конкурстық комиссияның шешімі, егер отырысқа оның кұрамының кемінде үштен екісі қатысқан жəне конкурстық комиссияның қатысып отырған мүшелерінің көпшілігі оны қолдап дауыс берген бол-са, заңды деп есептеледі. Конкурстық комиссия мүшелерінің қатысуы ауысу құқығынсыз жүзеге асады.

Конкурстық комиссия мүшелерінің сырттай дауыс беруіне рұқсат етілмейді.

Бірыңғай конкурстық комиссияның құрамына конкурс өтетін мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.»;

37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«37. Мемлекеттік орган бос мемлекеттік əкімшілік лауазымға

резервшіні орналастыру туралы шешім кабылдау кезінде осы мемлекеттік органға конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша «Б» корпусының кадр резервіне бұрын алынған адамдардың кандидатура-ларын бірінші кезекте қарайды.

Конкурстық комиссияның ұсынымы бойынша кадр резервіне алынған резервші бос мемлекеттік əкімшілік лауазымға мемлекеттік орган белгілеген біліктілік талаптарына сəйкес келген жағдайда, мемлекеттік орган осы резервшіні лауазымға қабылдауға міндетті.

Егер «Б» корпусының кадр резервінде белгіленген біліктілік талап-тарына сəйкес келетін бір резервшіден көбірек адам тұрған жағдайда, əңгімелесу кезінде неғұрлым көп сұраққа жауап берген резервші лауазымға тағайындалады.»;

2) «Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту тура-лы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы №523 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №19, 320-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

D санаттарының тобында:атауы мынадай редакцияда жазылсын:«Облыстар, Астана, республикалық маңызы бар қала əкімдерінің

аппараттарыОблыстар Астана, республикалық маңызы бар қала мəслихаттарының

аппараттарыОблыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қала тексеру

комиссияларының аппараттарыОблыстар, астана, республикалық маңызы бар қаланың Қазақстанхалқы Ассамблеясының аппараттары (хатшылықтары)»;D-2 санаты мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:«Қазақстан халқы Ассамблеясы аппаратының (хатшылығының)

меңгерушісі».2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік

он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының ПрезидентіН.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2014 жылғы 28 шілде. № 869

АҚПАРАТТАРаєыны● Қазақстанда өндір ілген

у ран көлемі 5 650 тоннаға жет-ті. Жылдың бірінші жартыжыл-дығында «Қазатомөнеркəсіп» ҰАК» АҚ бағынышты «Үлбі металлургия зауыты» АҚ 476 тонна бериллий жəне 65 тонна тантал өнімдерін өндірді. Ал «Astana Solar» ЖШС екінші тоқсанда жиынтық қуаты 2,2 МВт энергияға тең 9 231 панель шығарған.

● Қазақстан ет экспортын есе-лей түсуге бағыт ұс тап отыр. Бұл жұмыстарды үйлес ті руші «ҚазАгро» ұлттық басқа рушы холдингі басқарма төра ға сының орынбасары Қайрат Ай туғановтың айтуынша, холдинг биылғы жыл басынан республика агроөнеркəсіптік кешенін қолдауға 101,6 млрд. теңге бөліп, оның 88,3 млрд. теңгесін несиелендіруге жұмсаған. Сондай-ақ, «ҚазАгроҚаржы» Ресей ком панияларынан 126,2 млн. теңгеге 486 бас қазақы ақ бас жəне «Герефорд» тұқымды ірі қара малды сатып алуға қаражат қарастырған.

● Биыл Қазақстанда жаңа 2 теміржол бағыты қатарға қосы-лады. Олар Жезқазған – Бей неу жəне Арқалық – Шұбар көл ара лық-тарын бір-бірімен жал ғас тырады. Бұлардың алғашқысы – 988, екіншісі 214 шақырым қа шықтықтарды байла-ныстырады.

● Кеше Астанадағы ең биік жаңа мейманхана – «Asta na Marriot Hotel» есігін айқа ра ашты. Елорданың сол жаға лау ын дағы Достық көшесінде орналасқан 28 қабатты ғимарат 271 жа-тын бөлмеден, 6 əмбебап конференция залы мен 3 мейрамханадан, жарақты жаттығу за лы мен жабық бассейні бар денсау лық клубынан тұрады.

● «Almaz tourizm» клиенттері үшін байланыс желісі ашылды. Туризм индустриясы комитеті қатарға қосқан бұл желі тəулік бойы қызмет көрсетеді.

● Шығыс Қазақстанда үде мелі инновациялық жоба бойын ша 37

жоба жүзеге асырылды. Облыс əкімі Бердібек Сапарбаевтың айту-ынша, құны 201 млрд. теңге тұратын бұл жобалар аймақтың əлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсар-туға серпін беруде. Жалпы, өңір-дің «Индустрияландыру картасы-на» инвестициялық құны 685 млрд. теңгеден астам қаржыға лайықтанған 61 жоба енгізілген.

● Ақмола облысындағы Ақкөл заманауи халықаралық курортты қалаға айнала ды. Мұнда ағылшын жəне неміс сəулетшілері жобалаған жаңар тылған инфрақұрылымдар, жүргіншілер жолдары мен жағалаулар салынады. Қазір қалада стадионда, спорттық алаңдар мен өзге де дема-лыс нысандарында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, екі мейманхана мен басқа да əлеуметтік нысандардың құрылысы жүріп жатыр.

● Қызылорда облысы Жала-ғаш кентінде ветери нар лық лабо-ратория ашылатын күн жа қын. Республикалық бюджет есебінен са-лынып жатқан зерт хана жобасының құны – 115 млн. теңге. 2012 жылы басталған құрылыс тамыз айының ішінде аяқталып, пайдалануға беріледі.

● Алматыда 458 жұмыс шының 50 млн. теңгеге жуық жалақы қарызы өтелді. Оңтүстік астананың Түрксіб аудандық прокуратурасы қызметкерлерінің араласуымен жүзеге асқан бұл жұмыс 7 мекемені қамтыды.

● Қостанайдағы қалалық ауруха-на өзінің корпустарына қайта көшті. Бұл аталмыш мекенжайларда күрделі жөндеу жұмыстары сапалы жүргізіліп шыққаннан кейін мүмкін болды. Өткен жылдың маусым айынан бері облыстық аурухананың бір мүйісінде орналасуға мəжбүр болған қалалық емдеу орнының персоналы осылай өз қоныстарына оралды.

Хабарлар «ҚазАқпарат», Altaynews.kz, Egemen.kz, «Наша

газета» агенттіктері мен облыстық əкімдіктер сайттарының деректері

бойынша əзірленді.

Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сай-тын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу мүмкін болып отыр. Ол үшін, құрметті оқырман, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз. Сонымен қатар, аталмыш желілер арқылы «Егемен Қазақстан» газетінің бай сурет қорымен танысуға да тікелей мүмкіндік алатындықтарыңызды естеріңізге сала кетпекпіз.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы2014 жылғы 1 тамыз №12/237 Астана қаласы

2014 жылғы 1 қазанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын əзірлеу мен өткізу

жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары туралы

Оќырман назарына!

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 1) тармақшасына сəйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау ко-миссиясы қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған 2014 жылғы 1 қазанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайла-уын əзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары (бұдан əрі – Күнтізбелік жоспар) бекітілсін.

2. Күнтізбелік жоспар облыстық, Астана жəне Алматы қалалық сайлау комиссияларына

сайлауды əзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.

3. Күнтізбелік жоспар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы

Қ.ТҰРҒАНҚҰЛОВ.Қазақстан Республикасы Орталық

сайлау комиссиясының хатшысы Б.МЕЛДЕШОВ.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депу та т-т арының сайлауын əзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жос парын 2-беттен оқисыздар.

Page 2: Атаќты Алматы апорты - Egemenғылыми-зерттеу инсти-туты биылғы күзде ар-найы шыны құтыда өсірілген мыңнан

2 тамыз 2014 жылwww.egemen.kz2ПАРЛАМЕНТПАРЛАМЕНТ

Жўртшылыќпен жїздесу жалєасуда

Парламент Сенаты Əлеу-меттік-мəдени даму жəне ғылым комитетінің төрағасы Ақан Бижанов депутаттардың аймақтарға сапары аясын-да Алматы қаласында еңбек ұжымдарымен жəне білім, ғылым, бизнес өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Кездесулерде индустриялық-инновациялық даму бағдар лама-сының іске асырылу нəтижелері мен көрсеткіштері жəне Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру міндеттері мен оның орындалуы барысы талқыланды.

«Келет» акционерлік қоға-мының ұжымымен, Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің Экономика инс ти-тутының жəне Ə.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы қызметкерлерімен кездесуінде Еура зиялық экономикалық одақ шеңбері аясындағы дамудың тиімділігі туралы айтқан сенатор Ақан Бижанов «Мемлекет бас-шысы атап көрсеткендей, ЕАЭО жаңа жаһандық инновация жəне трансұлттық бизнес орталығы болуға тиіс, сонда қазақстандық өнімдердің, капиталдың, жұмыс күштерінің еркін қозғалысы, бірлескен кəсіпорындар құру, сонымен қатар, байланыстар-ды күшейту мүмк ін бола -ды жəне осының барлығы ел

экономикасының дамуына оң ықпал етері анық», – деді.

Алматы қаласының ин дус-триялық-инновациялық да му бағ дарламасы жəне жұмыс пен қам ту мəселелері бойын ша қала-лық мəслихат депутат тары ның жəне əкімдік өкілдерінің қаты-суы мен кездесуде «Еліміздің индустриялық-инновациялық да-муын жүзеге асыру үшін оңтүстік астананың кəсіпорындары бел-сен ді жұмыстар атқарып отыр. Оған мегополистегі əлеуметтік-э к о н о м и к а л ы қ д а м у д ə л е л бола алады. Мəселен, өткен жылдың қорытындысы бойын-ша Алматы қаласының өнеркəсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 5,5 пайызға өсті, сырт қы сауда ай-налымы 4,1 пайызға өсті, шағын жəне орта бизнестің бел сенді субъектілерінің саны 16,8 пайызға дейін жетті, 20 мыңнан аса жаңа жұмыс орындары ашылды, тұрақты жұмыс орындарымен 2877 адам қамтамасыз етілді», – деді сенатор А.Бижанов.

Парламент Сенаты Қаржы жəне бюджет комитетінің төрағасы Рашит Ахметов пен Сенат депутаты Ерболат Мұқаев Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында болып, халықпен жүздесті.

Кездесу барысында Сенат депу таты Рашит Ахметов Еура-зия лық экономикалық одақта-ғы Қазақстанның іскерлік бел-сен ділігін арттыруда Ресеймен шека ралас жатқан Шыңғырлау ауда нының маңызды рөл атқару мүмкіндігі бар екендігін атап өтті.

«Экономикалық дамуымыз, өркенденуіміз, көп жағдай да біздің айналамыздағы əлем мен қаншалықты тиімді ынты мақ-тастық байланыста болуымызға бай ланысты екені анық. Еура-зия лық экономикалық одақ – осы мүмкіндікті жүзеге асыру меха-низмін қамтамасыз ететін, ортақ мүддеге қызмет ететін аумақтық экономикалық интеграциялық халықаралық ұйым.

Бұл орайда шекара маңындағы аумақтардағы шаруашылық жүргізуші субъектілер арасын-да өзара тиімді өңіраралық бай-ланыстарды орнату, өнеркəсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс жəне тағы басқа салаларға инвес-тиция тарту ерекше маңызды. Ресей шекарасына жақын жатқан Батыс Қазақстанның іскер ортасы

бизнесін осы аумаққа алып шыға бас таса, аймақтың дамуына үл кен үлес болары сөзсіз», – деді Р.Ах-ме тов.

Сондай-ақ, Сенат депутатта ры өңірлік даму саясатының бас ты бағыттарының бірі – шека ра лық аймақтардың əлеуметтік-эконо-микалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету екендігіне, бұл бағытты жүзеге асыруда шекаралық аймақтардың жағдайын жақсарту, олардың өзекті мəселелерін шешу басты мін дет болып саналатынын баса айтты.

Бұл орайда соңғы жылдарда Шыңғырлау ауданында ауыз су, жол мəселесінің тиімді шешімін тапқанын, шағын жəне орта биз-нес нысандарының саны белсенді артып, өнеркəсіп өнімі көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда əжептəуір өскенін тілге тиек еткен халық қалаулылары аудан халқының Елбасы алға қойып отырған міндеттерді жүзеге асыруда биік нəтижелерге қол жеткізетініне сенім білдіріп, қа-жырлы еңбектеріне толымды та-быстар тіледі.

Парламент Мəжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партия-сы фракциясының мүшелері Ұласбек Сəдібеков, Шалатай Мырзахметов, Нұрғали Əшім Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданы мен Түркістан қаласында болды.

Депутаттар Отырар ауданына қарасты ауыл округі əкімдерімен, аудандық мəслихаттағы «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері жəне аудандық əкім-діктің активімен кездесті.

Кездесуге қалың жұртшылық жиналды. Кездесу барысында депутаттар жиналған қауымға бесінші сайланған Парламенттің үшінші сессиясында атқарылған жұмыстар, «Нұр Отан» партиясы-мен атқарылып жатқан игі істер, партияның алға қойған мақсаттары туралы баяндап берді.

– Қазақ елін өркениетті, де-мократиялық, зайырлы, ұлттық құндылықтарды жоғары қоятын мемлекетке айналдыру үшін сол жолда аянбай қызмет ету əрбір ұлтжанды, Отансүйгіш азаматтың борышы деп есептеймін, – деп өзінің баяндамасын Ұласбек Сə-дібеков қорытындылады.

Бұдан басқа, жарыссөз ге қатыс-қан азаматтардың бар лы ғы өздерін қызықтырып отыр ған сұрақтарға жауап алып, мəжі ліс мендерге өздерінің ризашылығын білдірді.

Кейіннен депутаттар Түркістан қаласына қарасты «Ақжол» ЖШС шаруа қожалығына барып, мал бордақылау жұмысымен танысты.

Аталған шаруа қожалығы өзі-нің жұмысын 6 ай бұрын ғана бас таған болатын. Қазіргі уақытта 110 гектар жер көлемінде орна-ласып, мал бордақылаумен жəне ауыл шаруашылығы өнімдерін өсірумен айналысады. Бүгінгі таңда шаруа қожалығында 120 ірі қара мал басы бар, 40 гектар

жерде жүгері өсіп келеді. Шаруа қожалығының басшысы мемле-кет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

Келесі күні депутаттар Орда-басы ауданы Бадам ауылында бол-ды. Мұнда олар «Агро V» ЖШС-нің кірпіш зауытының қызметімен танысты.

Бұл жоба Үдемелі индус-триялық-инновациялық даму мем-ле кеттік бағдарламасы аясында іске асырылуда. Индустриалды карта аясында заманауи үлгідегі озық өндірістік технологияларды орнатып, 2014 жылғы наурыз-дан бастап қыш зауыты өзінің жұмысын бастады.

«Агро V» қыш зауытының құ-рылысына «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 700 млн. теңгеден астам қаражат жұмсалған болатын.

– Біздің зауыт күніне 70 мың, ал жылына – 22 млн. керамикалық қыш шығарады. Бүгінгі таңда за-уытта 50 адам жұмыс жасайды. Зауыттың кейбір инновациялық ерекшеліктеріне келетін болсақ, олар – керамикалық қыштың үш түрін шығара аламыз, өндіріс қалдықтары болмайды, олар қай-тадан өңделіп, өндіріске шикізат ре тінде қайта қолданады, барлық тех но логиялық мəліметтер ком-пью тер дің бақылауында болады, – деді «Агро V» қыш зауытының ди ректоры М.Наумағамбетов.

Депутаттар бұл ұйымның қыз-ме ті не өздерінің оң бағаларын берді.

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды (бұдан əрі – Парламент Сенатының депутаттығына кандидат) ұсыну.

Облыстық, Астана жəне Алматы қалалық, аудандық, қалалық мəслихаттар жəне азаматтар өзін-өзі ұсыну тəртібімен.Сайлау тағайындалған күннен кейінгі келесі күні – 2 тамызда басталып, сайлау өткізілетін күнге бір ай қал ғанда – 31 тамызда аяқталады.

(71-бап 2-т.) 2. Бұқаралық ақпарат құралдарында облыстық, Астана

жəне Алматы қалалық сайлау комиссияларының құрамын жариялау.

Облыстық, Астана жəне Алматы қалалық сайлау комиссиялары. Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен – 11 та-мыздан кешіктірмей.

(13-бап 4-т.) 3. Парламент Сенаты депутаттығына кандидатты ұсыну

туралы шешімді кандидаттың назарына жеткізу, сондай-ақ шешімді кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен қоса облыстық, Астана жəне Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберу.

Облыстық, Астана жəне Алматы қалалық, аудандық, қалалық мəслихаттар.

(71-бап 4-т.) 4. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың

Қазақстан Республикасы Конституциясында жəне «Қазақ-стан Республикасындағы сайлау туралы» Консти туциялық заңында (бұдан əрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) оларға қойылатын талаптарға сəйкестігін анықтау.

Облыстық, Астана жəне Алматы қалалық сайлау комиссиялары. Үш күн ішінде.

(4-бап, 70-бап, 71-бап 6-т.)5. Парламент Сенатының депутаттығына кандидат тар-

дың сенім білдірілген адамдарын тіркеу жəне оларға тиісті куəліктер беру.

Облыстық, Астана жəне Алматы қалалық сайлау комис сиялары.Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың оған Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Сай лау туралы Конституциялық заңында қойылатын талап тарға сəйкестігі анықталған күннен бастап жəне сайлау науқаны аяқталғанға дейін.

(14-бап 5) т., 31-бап) 6. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарға

таңдаушылардың қолдарын жинау үшін қол қою парақ-тарын беру.

Облыстық, Астана жəне Алматы қалалық сайлау комиссиялары. Кандидаттың Қазақстан Республикасы Консти ту-циясында жəне Сайлау туралы Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сəйкестігін тексеру аяқталған күннен бастап үш күндік мерзім ішінде.

(71-бап 6-т.)7. Парламент Сенатының депутаттығына кандидатты

қолдап жиналған қолдардың растығын тексеру жəне тиісті хаттаманы ресімдеу.

Төлқұжат қызметінің қызметкерлерін тарта отырып, облыстық, Астана жəне Алматы қалалық сайлау комиссиялары. Облыстық, Астана жəне Алматы қалалық сайлау комиссияларына қол қою парақтарын тапсырғаннан кейін бес күндік мерзім ішінде.

(72-бап 6-т.)8. Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына

ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне табысы жəне мүлкі туралы декларациялар тапсыру.

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы). Кандидатты тiркеуге дейін – 1 тамызға.

(73-бап 2-т.)

9. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы жəне мүлкі туралы мəлiметтердiң дұрыстығын тексеру.

Салық қызметі органдары.Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішiнде.

(73-бап 2-т.)10. Парламент Сенатының депутаттығына канди дат-

тардың Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комис-сиясының (бұдан əрі - Ортсайлауком) шотына депозит ретінде заңнамада белгiленген ең төменгi жалақының он бес еселенген мөлшерiнде сайлау жарнасын енгізуі.

Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттар.Кандидат тіркелгенге дейін, оның Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Сайлау туралы Конституциялық заңда қойылатын талаптарға сəйкестігі тексерілгеннен, сондай-ақ оны қолдау үшін жиналған қолдар тексерілгеннен кейін.

(73-бап 2-т.)11. Парламент Сенатының депутаттығына кандидат-

тарды тіркеу жəне оларға тиісті куəліктер беру.Облыстық, Астана жəне Алматы қалалық сайлау комиссиялары.Барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін бастала-ды жəне сайлау күніне кемінде жиырма күн қалғанда – 11 қыркүйекте аяқталады.

(14-бап 5) т., 73-бап)12. Парламент Сенатының депутаттығына канди-

даттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Облыстық, Астана жəне Алматы қалалық сайлау комиссиялары.Кандидатты тіркегеннен кейін жетінші күннен кешіктірмей.

(14-бап 5) т., 73-бап 6-т. 2) т.)13. Парламент Сенатының депутаттығына канди дат-

тардың сайлау қорларын мемлекеттік тiркеу.Облыстық, Астана жəне Алматы қалалық сайлау ко-миссиялары Парламент Сенатының депутаттығына кандидат жазбаша өтінішпен жүгінген күннен бас-тап бір күнтізбелік күн ішінде.(ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2010 жылғы 19 тамыздағы № 7/8 қаулысы).

(34-бап 2-т.)14. «Қазақстанның Халық банкі» АҚ-да кандидаттардың

сайлау қорларының арнайы уақытша шоттарын ашу.Облыстық, Астана жəне Алматы қалалық сайлау комиссиялары.Парламент Сенатының депутаттығына кандидат тіркелгеннен кейін.

(34-бап 6-т.)15. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.

Кандидаттарды тiркеу мерзімі аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнi жергілiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.12 қыркүйекте басталып 29 қыркүйекте сағат 24-те аяқталады.

(27-бап 2 т.)16. Парламент Сенатының депутаттарын сайлау жөнін-

дегі таңдаушылардың тiзiмдерін жергiлiктi бұқаралық ақпа рат құралдарында жариялау жолымен танысуға ұсыну.

Облыстық, Астана жəне Алматы қалалық сайлау комиссиялары.Сайлауға дейiн кемiнде жетi күн бұрын – 23 қыр-күйектен кешіктірмей.

(26-бап 2-т.)17. Парламент Сенатының депутаттарын сайлау жө-

нінде дауыс беру уақытын айқындау. Облыстық, Астана жəне Алматы қалалық сайлау комис сиялары.

(38-бап 4-т.)

18. Дауыс беруге арналған пунктті ашу.Облыстық, Астана жəне Алматы қалалық сайлау комиссиялары.Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын.

(40-бап 2, 4-т.)19. Парламент Сенатының депутаттарын сайлау бой-

ынша дауыс беруді өткізу, дауыстарды санау жəне дауыс беру нəтижелерін жариялау.

Облыстық, Астана жəне Алматы қалалық сайлау комиссиялары.Бір күн ішінде.

(14-бап 5) т., 38-бап 4-т., 41-бап, 42-бап,43-бап, 77-бап, 78-бап)

20. Парламент Сенатының депутатын сайлау жөніндегі таңдаушылардың бірлескен отырысының хаттамасын жа-сау жəне оны тиісінше облыстық, Астана жəне Алматы қалалық сайлау комиссиясына тапсыру.

Облыстық, Астана жəне Алматы қалалық сай-лау ко мис сия ларының, аудандық, қалалық мəслихаттардың хат шылары.

(77-бап 7-т.)21. Парламент Сенатының депутаттарын сайлау бой-

ынша дауыстарды санау нəтижелері туралы хаттамаларды жасау жəне оларды Ортсайлаукомға ұсыну.

Облыстық, Астана жəне Алматы қалалық сайлау комиссиялары.Сайлау күнінен бастап екі күннен аспайтын мерзім ішінде – 2 қазаннан кешіктірмей.

(14-бап 5) т., 78-бап)22. Парламент Сенатының депутаттарын сайлау

қорытындыларын анықтау.Ортсайлауком.Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімнен – 7 қазаннан кешіктірмей.

(12 бап 10) т., 44-бап 1-т., 81-бап 1-т.)23. Парламент Сенатының депутаттарын сайлау қоры-

тындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құрал-дарында жариялау.

Ортсайлауком.Сайлау өткізілген күннен бастап он күннен - 10 қазаннан кешіктірмей.

(12 бап 10) т., 44-бап 4, 5-т.)24. Парламент Сенатының депутаттығына канди дат-

тардың тиiстi облыстық, Астана жəне Алматы қалалық сайлау комиссиясына өзiнiң сайлау қоры қаражатын пайдаланғаны туралы есеп беруі.

Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттар.Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін бес күннен - 12 қазаннан кешіктірмей.

(34-бап 9-т.)25. Кандидаттардың сайлау қорларына келiп түскен

ақшаның жалпы сомасы жəне оның көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Облыстық, Астана жəне Алматы қалалық сайлау комиссиялары.Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн он күн ішінде – 20 қазаннан кешіктірмей.

(34-бап 4-т.)26. Сайланған Парламент Сенатының депутаттарын

тіркеу, тиісті куəлiк пен белгiленген үлгiдегi омырауға тағатын белгiні тапсыру.

Ортсайлауком сайланған Сенат депутаттарынан жетi күн мерзiм iшiнде Конституцияға жəне Сайлау туралы Конституциялық заңға сəйкес Парламент Сенатының депутаты мəртебесiмен сыйыспайтын өз мiндеттерiн доғару туралы жазбаша өтiнiштерiн алғаннан кейiн.

(45-бап, 46-бап 2-т., 82-бап)Ескертпе: күнтізбелік жоспардың мəтінінде «Қа-

зақ стан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Рес пуб ликасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 1 тамыздағы № 12/237 қаулысымен бекітілген

2014 жылғы 1 қазанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын əзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан».

Қ.Тұрғанқұлов: «2008 жылдың 4 қазанында сайланған сенатор-лар өкілеттігінің конституциялық мерзімі ағымдағы жылдың 9 қаза-нында аяқталады. Осылайша, 1 қазанда еліміздің 16 өңірінде жо-ғарғы заң шығарушы органының жоғарғы палатасына бір депу-таттан сайлауымыз керек», деді. Содан соң бұл – кезектi сайлау екенін, ал Сенат депутаттарын сайлау жанама сайлау құқы-ғы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырыла-ты нын айтты. Ал жанама сайлау құқығына мəслихат депутаттары ғана ие болады. Қуандық Тұр-ғанқұлов жоғарғы палата де-путаттарын сайлаудың мұндай тəсілі əлемдік тəжiрибеде жиi кез-десетініне тоқталды. «Мəселен, бiздiң елiмiздегідей екi палатасы бар 77 мемлекеттiң 21-iнде жо-ғар ғы палата тiкелей сайлау арқы-лы, 18 елде тағайындау арқылы, ал 12 елде, мəселен, Франция, Австрия, Нидерланды сияқты мем ле кеттерде жанама сайлау ар қы лы құ рылады», – деді бұл тура сында ол.

Жалпы алғанда, қазақстандық Парламенттің жоғарғы палатасы депутаттарының өкілеттік мерзі мі 6 жылды құрайды. Əр 3 жыл сайын Сенат депутаттарының жартысы қайта сайланады. Кандидаттарды ұсыну мəслихаттар сессияла-рында, сондай-ақ, өзін-өзі ұсыну

тəртібімен жүзеге асырылады. Ел Конституциясына жəне заңнамаға сəйкес, жасы 30-ға толған, жоғары білімі бар жəне жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, сондай-ақ, соңғы 10 жыл бойы ел аумағында, соңғы 3 жыл бойы өзі дауысқа түсетін өңір аумағында тұрақты түрде тұратын Қазақстан азаматы Парламент Сенатының депутаты бола алады. Сенат депутаттығына кандидат ретінде тіркелу үшін əрбір үміткер тиісті аумақтық мəслихаттар депутаттарының кемінде 10 пайызының қолдауына ие болуы тиіс. Ол үшін қажетті қолдар санын жинауы қажет.

Брифинг барысында Сенат депутаттығына кандидат ретінде тіркеуге дейін жəне оның Конс-титуция мен Сайлау туралы заңда көрсетілген талаптарға сəйкестігі тексерілгеннен кейін, сондай-ақ, оны қолдауға жиналған қолдар тексерілгеннен соң сайлау жарна-сы енгізілетіні айтылды. Биылғы жылы жарна мөлшері 299 мың 490 теңгені құрайды екен. Бұған қоса, кандидат жəне оның зайы-бына тіркеуге дейін тұрғылықты жері бойынша салық органдарына табысы мен мүлкі туралы декла-рация тапсыру міндеттеледі. Ал сайлау заңнамасына сəйкес, Сенат депутаттарының сайлауы балама негізде өтеді. Яғни, дауыс беруге арналған бюллетеньдерге екі кан-дидаттан кем енгізілмеуі қажет.

Брифинг барысында «2014 жылғы 1 қазанға Қазақстан Рес-публикасы Парламенті Сенаты

депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жар-лығының ережелерін іске асыру мақсатында Орталық сайлау ко-миссиясы осы сайлауды əзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспа-рын бекіткендігі айтылды. Бұл жоспарға сəйкес, кандидаттар-ды биылғы жылдың 31 тамы-зына дейін, ал тіркеу 11 қыр-күйекке дейін жүргізіледі. Сай-лау алдындағы үгіт-насихат жұ-мыстары 12 қыркүйекте басталып, 29 қыркүйекке дейін жалғаспақ. Дауыс беруді, дауыстарды санау-ды жəне қорытындыларды жария-лауды облыстық, Астана жəне Алматы қалалық сайлау комиссия-лары бір күн ішінде – 1 қазанда жүр гізетін болады. Ал Орталық сай лау комиссиясы сайлаудың соң ғы қорытындыларын 7 қазан-нан кешіктірмей анықтауы қажет.

Сенат депутаттарының алдағы сайлау науқанын өз деңгейінде өткізу үшін республикалық бюд жет қоржынынан 136 млн. тең ге қаражат қарастырылған. Соны мен қатар, кандидаттардың

əрқайсысының жалпы қаражат мөлшері 13 млн. 976 мың 200 тең геден аспайтын сайлау қорын құруына мүмкіндігі бар екен.

Брифинг аясында Қуандық Тұрғанқұлов Сыртқы істер ми-нистрлігінің Орталық сайлау ко миссиясымен бірлесіп, халық-аралық байқау институтын аша-тынын, сайлау заңнамасына сəй кес, Орталық сайлау комис-сиясы Парламент Сенаты де-путаттарының сайлауын ұйым-дас тыруға жəне өткізуге басшы-лық жасайтынын, сайлау ды өткізуді облыстық, Астана жə не Алматы қалалық аумақтық сай-лау комиссиялары тікелей қамта-масыз ететінін, сондықтан, ұйым-дастырушылық, ақпараттық жəне үгіт-насихат жұмыстары өңір-лерде өткізілетінін де жеткізді. Оның айтуынша, биылғы жылы ха лық аралық байқаушылар кор-пусы 250-ге жуық адамға дейін жетпек.

Брифинг соңында журналис-тер комиссия мүшелеріне өзде-рін қызықтырған сауалдарын қойды. Мəселен, БАҚ өкілдері «Дауыс қалай саналады?»,

«Қорытындылары қалай жария-ланады?», «Мəслихат депу тат-тарының сайлауға келмей қалуы мүмкін бе?», «Сайлау заңды бо-луы үшін қанша депутат қатысуы керек?», «Қайта дауыс беру не-месе қайта сайлау болуы мүмкін бе?» деген сипаттағы сауалдар-ды қойып жатты. Мəселен, бұл сауалдарға жауап берген Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Лəззат Сүлеймен: «Сайлау заңды болуы үшін облыстағы барлық мəслихат депутаттарының 50 пай-ыздан астамы келуі тиіс. Сайлау рəсімдері ұсыну, тіркеу, үгіт-насихат жұмыстарының белгілі бір кезеңдері болғанымен, сай-лау бір күнде болады», деді. Ал Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов: «Қайта дауыс беру қандай мақсатта болуы мүмкін? Бұл сайлау күні сайлау бюллетеніне екі кандидаттан көп кандидат енгізілген жағдайда жəне осы кандидаттар 50 пайыз дауыс жинамаған жағдайда орын алуы мүмкін. Бірақ, сайлау кезінде ең көп дауыс жинаған үміткерлердің арасында қайта дауыс беру жүргізіледі. Ал алайда бұл жолы 50 пайыз дауыс жинаудың қажеті жоқ. Тек қана басқа кандидаттан көбірек дауыс жинаса, соның өзі жетіп жатыр. Ал қайтадан сайлау өткізу туралы айтатын болсақ, егер, бюллетеньге екі канди-дат енгізілген жағдайда, сол екі кандидаттың бір де бірі 50 пайыз дауыс жинамаса, онда қайта сай-лау болуы мүмкін», деді.

Брифинг соңында Қ.Тұр-ғанқұлов Орталық сайлау комис-сиясы жұртшылыққа алдағы маңызды сайлау науқанының ба-рысы туралы ақпаратты тұрақты жəне жүйелі түрде жеткізіп оты-ратынын жеткізді.

Сенат депутаттарын сайлауОл їстіміздегі жылєы 1 ќазанда ґтеді

Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуни-кациялар қызметінде Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың қатысуымен брифинг өтті. Онда Орталық сайлау комиссиясы төрағасы мен ко-миссия мүшелері алдағы сайлау науқанын өткізуге қатысты дайындық мəселелері туралы айтып берді.

Page 3: Атаќты Алматы апорты - Egemenғылыми-зерттеу инсти-туты биылғы күзде ар-найы шыны құтыда өсірілген мыңнан

2 тамыз 2014 жыл www.egemen.kz 3

ЫЌПАЛДАСТЫЌ – ЫНТЫМАЌ ЫРЫСЫ

Зарема ШƏУКЕНОВА, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясатта-ну жəне дінтану институтының директоры, ҰҒА корреспондент-мүшесі.

Еуразия екі басы ауытқып тұратын таразы тəрізді. Бірде Азияның салмағы басса, келесіде Еуропа ауыр тар-тады. Жаңа заманға дейін, дəлірек айтқанда, XVIII ғасырда Англиядағы өнеркəсіптік төңкеріске дейін техноло-гиялар мен прогрестің орталығы Азия болатын. Тауарлар алмасумен қатар, рухани ауыс-түйістер Ұлы Жібек жолы арқылы жүретін. Бүгінгі күні Азияға өзінің бұрынғы тарихи күш-қуатының қайта оралғанын аңғарғандаймыз. Бұл тұрғыдан алғанда, еуразиялық интеграция кіндік Еуразияның даму факторы ретінде бүкілəлемдік даму тепе-теңдігінің реттелуіне өз ықпалын тигізе алады. Еуропа Азияның ресурс-тарынсыз өмір сүре алмайды, сондай-ақ, Азия да Батысқа мұқтаж.

Сондықтан Еуразиялық экономи-калық интеграция идеясы өз бойына Қазақстанның тəуелсіздік таңы атқан тұста-ақ Президент Н.Ə.Назарбаевтың ұсынған игі бастамаларының бүкіл кешенін сіңіріп алған. Еліміздің қалыптасуы мен жаңа геосаяси бол-мыстың орнығуының барлық кезең-дерінде Елбасымыз Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) құру қажеттілігі туралы үнемі айтып келгені баршаға мəлім.

ЕАЭО туралы көзқарас тіс қаққан кəнігі саясаткерлердің көкжиегінен тысқа шығып кеткенін де айта кету керек. Одақ келешекте дамитын бо-лады, оған саясаткерлердің болашақ буыны да атсалысары сөзсіз. Бірақ бұл одақты бекітудің бақыты мен тари-хи миссиясы Қазақстанға, Ресей мен Беларуське бұйырды. Болашақта ол кейінгі кеңестік кеңістіктің шекарасы-нан асып түсе алады. Оның құрамына Қырғызстан мен Армения ғана емес, Түркия, Қытай мен Үндістан, сонымен қатар, бүгінгі күні АӨСШК, ШЫҰ, БРИКС шеңберіндегі интеграциялық блоктарды құрап отырған елдердің барлығы да кіруі мүмкін.

Кезінде Н.Ə.Назарбаев көтерген Азия мен Еуразия қауіпсіздігі жүйесі идеясы аймақтық экономикалық инте-гра цияның жаңа пішініне айналып шық ты. Бүгінгі таңда бұл одақтың қалай құ рыл ғанына бəріміз де куə болдық. 2014 жылдың 29 мамырын-да Астанада үлкен тарихи оқиға бол-ды – ЕАЭО құру тура лы шартқа қол қойылды. Ұзақ пікір та ластан кейін, сонымен бір мезетте, қыс қа ғана мерзімнің ішінде келісім қа былданды. Оның барысында шарт жо ба сының экономикалық қатынастар ау қы-мынан тысқа шығып кеткен көп те -ген компоненттері қабылданбай тас-талды.

Мұндай ұсыныстардың болу айғағы-ның өзі одақтың саяси пішіндегі мүддесі жоспарланғанын аңғартады. Соңғы ай-ларда кескілескен күрес жүрді десе де болады, ол күрес рəміздер төңірегіндегі пікірталастың қалқасында көрінбей қалуы да мүмкін, бірақ ақыр соңында Н.Назарбаевтың идеясы түпкілікті жеңіске жетті. Тек экономикалық одақ қалыптасты жəне оны Ресейдің, Бела русьтің, Қырғызстанның жəне Арменияның басшылары қолдап əрі құптап мойындады.

Экономикалық одақ құрудың бұл тайталасын Қазақстан тамаша өткізіп шықты. Оның үстіне, одақтың жаңа келешектері айқындалады. Көптеген мəселелер бойынша, біздің еліміз, Беларусь тəрізді, одаққа кіруден үмітті Армения мен Қырғызстан сияқты кейбір мəмілелерге келді. Одақ – ерікті лердің ісі, бірақ онда біз

бірқатар экономикалық шешімдерді қабылдауда дербестігімізді ұстанамыз. Бұл ымыраларды атап айтар болсақ, ЕАЭО бас атқарушы органының штаб-пəтері Мəскеу қаласында неме-се Еуразиялық сот Минск қаласында орналасатын болды.

Алайда, Қазақстан үшін маңызды шешім, бұл – одақтың басты қаржы-лық институты – Еуразиялық банктің біздің аумақта, яғни Алматыда жайласуы. Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің кездесуі ба-рысында Президент бұл мəселенің шешімін 2025 жылға дейін қалдырмай, Алматы қаласы осы сəттен бастап-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың қаржылық орталығы ретінде қалыптасуын қадап айтты. Осылайша, 1995 жылдың өзінде айтылған Алматы қаласының базасында аймақтық қаржылық орталық құру туралы идея қайта жанданды. Осындай орталық құрудың алғашқы мүмкіндігі 2006-2007 жылдары күткен нəтижені бер-меген еді. Соған қарамастан, қазір аталған бастаманың жүзеге асатыны-на күмəн қалмады.

Біріншіден, Азия күшейе түседі. 2014 жылдың сəуір айында Аста-нада өткен Азия даму банкінің Басқарушылары кеңесі Қазақстан мен Орталық Азияға деген азиялық инвесторлардың қызығушылығының қаншалықты өскенін көрсетіп берді. Қазақстан Республикасының Үкіметі АДБ-мен жəне ДҚХБ, ДҚЕБ сияқты басқа да халықаралық қаржылық институттардың бірқатарымен жүйе-құ раушы ауқымды келісімдерге отырды. Олардың қатысуымен і р і и н ф р а қ ұ р ы л ы м д ы қ ж ə н е индустриялық жобалар жүзеге аса-тын болады, Ұлттық қордан 1 трил-лион теңге бөлініп отырған шағын жəне орта бизнесті қолдау жобалары іске аспақшы.

Екіншіден, Ұлы Жібек жолын жаңғырту үдерісі жеделдей бастайды. Бұл – Еуропадан Қытайға жол тарта-тын құрлықтық маршруттарды салу-мен байланысты мегажобалар. ҚХР-да Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық районын қоса алғандағы батыс аймақтарға инвестиция мол бөлініп, ол қарқынды даму үстінде. Қытай Иранмен сауданы едəуір ұлғайтудың болашағын белгілеп отыр. Сонымен бір мезгілде, 400 млрд. долларға есеп-телген Қытай мен Ресей арасында ора-сан газ жобасы бекітілген. Қазақстан болса, Орталық Азия жəне Орталық Еуразияның ғана емес, Қытай, Ресей, Иран, Түркия, Үндістанды қоса алғанда, инвестициялық хабқа айна-лудан үмітті.

Үшіншіден, қазіргі Қазақстан көптеген жан-жақты байланыстардың тиімді нұсқасы ретінде көрінеді. Қазақстан ешқандай елмен қақтығыс-тық жағдайда емес, тек экономикамен ғана байланыстағы прагматикалық жəне ашық сыртқы саяси мақсаттарды көздейді. ВЕЭС-тің өткендегі сам-митін де Президент Н.Ə.Назарбаев тағы да өзін түрік əлемінің көшбасшысы ретінде де, еуразиялық идеяның қозғау-шысы ретінде де қатар көрсетіп, əлемдік ауқымдағы саясаткер қырын танытты.

Н.Ə.Назарбаев уақыт тезінен өткен тəжірибенің арқасында Еуразиялық экономикалық одақтың ақсақалы ретінде көзге түседі жəне сондықтан болар, Арменияның одаққа енуі тəрізді өте нəзік мəселені саяси өнерге тəн ептілікпен ілкімді шеше білді. Қазақстан Президенті Армения одаққа БҰҰ мойындаған шеңберде ғана ене алатындығы туралы мəселені алға тартты. Осылайша, Н.Ə. Назарбаев бір жағынан, Əзербайжан Президентінің өтінішін орындаса, екінші жағынан, 2013 жылдың күзінде Минскіде өткізілген саммитте осы мəселе бой-ынша көтерілген өзінің қағидалы ұстанымдарын тағы түйіндеді.

О с ы л а й ш а , қ а з а қ с т а н д ы қ қоғамдық сана бүгінгі күні ЕАЭО құрылуымен байланысты қалыптасқан жаңа əлеу м еттік болмыста дамитын болады. Ин те грациялық үдерістерге д е г е н қ а з а қ с т а н д ы қ т а р д ы ң қатынасы тақырыбы бойынша жүргізілген əлеуметтік сауалнама-лар көрсеткендей, респонденттердің 70%-ы қазірдің өзінде ЕАЭО елдің экономикасына жағымды ықпал етеді деп болжауда. Барлық факторлар жəне олардың салдарлары, негізінен алғанда, экономиканың жəне түптеп келгенде, əлеуметтік жүйелердің анағұрлым бəсекеге қабілеттілігін арттыруға бағдарланған.

АЛМАТЫ.

– Андрей Александрович, өзіңізге мəлім, Қазақстан, Ресей жəне Белоруссия елдері Еура зиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойды. Сарапшылар аталған құжаттың Қазақстанмен бірге Ресей, Белоруссия елдері үшін де тиімді болатынын айтуда. Сіз бұл қадамды қалай баға-лайсыз? Еуразиялық эко-номикалық одақ сіз жетек-шілік ететін зауыттың да-муына қан шалықты ықпал етпек?

– Əрине, Еуразиялық эконо-микалық одақтың құрылуын құптаймын. Себебі, бұл – Қазақ-стан мен одаққа мүше бола тын ел дер арасындағы қарым-қаты-насты дамыту үшін маңыз-ды қадам болып табылады. Еуразиялық экономикалық ин-теграция шеңберінде үш елдің жұмыс күші, қызмет көрсету, тау ар, қаржы айналымында еркін əрі бірыңғай нарық түзіледі. Одан өзге, аталған одаққа қатысу шы-лар құрамының кеңеюі күті-ліп отыр. Яғни қатысушылар қатарының артуы жаңа тұтыну нарығының пайда болуына алып келеді. Мұның бəрі еліміздегі кəсіпорындарға ашылатын тың мүмкіндіктер деп білемін.

– Бүгінге дейін Кеден одағы шеңберінде жұмыс істедіңіздер.

Ол зауытқа қаншалықты тиімді болды?

– 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап Кеден одағы жұмыс істей бастағаны белгілі. Осы арқылы Өскемен арматура зауытында өнімді өткізу нарығын кеңейтуге қолайлы жағдай қалыптасты. Əсіресе, кедендік ресімдеудің жəне өнімді шекаралық қадаға-лау дың алынып тасталуы өнімді қабылдап алушыларға дейінгі тасымалдау уақытын қысқартуға септігін тигізді.

– Еуразиялық экономика-лық одақ арқылы 150 мил-лион ға жуық ресейлік нарық қақпасын ашады. Осыған орай, үлкен нарықты игеру мəселесі туындайтыны рас. Бүгінде Өскеменде шығарылып жа-тқан өнімдер Ресей мен Бело-руссияға шығарыла ма?

– Əлбетте. Біздің кəсіпорын үшін үлкен нарық – Қазақстан. Алайда, Өскемен арматура зауытының өнімдері жақын ше-телдерге шығарылып жатқанына біршама уақыттың жүзі бол-ды. Оның ішінде Ресей нарығы да бар. Өнім тасымалдауды əртараптандыру кез келген өндірістің тұрақтылығын қам-тамасыз етуге кепілдік береді. Ресеймен жұмыс істеу бары-сында біз өзімізді сапалы өнім жеткізуші ретінде таныта білдік.

Біздің зауыттың өнімі бүгінде маңызды стратегиялық ны-сандарда пайдаланылып жа-тыр. Оның ішінде «Шығыс Сібір – Тынық мұхиты» құбыр желісі жүйесі, «Запольяре – Пурпе» мұнай құбыры, Балтық құбыр желісі жүйесі, Беломорканал АЭС, Ростов АЭС, «Комсомольская», «Кро-поткинская», «Теңіз» мұнай құбырлары жүйесі бар.

– «Өскемен арматура за-уыты» АҚ қандай өнімдер шығарады? Оның өзге өнім-дер мен салыстырғанда сапасы мен бағамында қандай айыр-машылықтар бар?

– Біз – құбыр арматуралары өндірісіне мамандандырылған кəсіпорынбыз. Бұл мұнай мен газ, энергетика, атом, жылу энергетикасын тасымалдауға жəне мұнай кəсіпорындарына арналған арматуралар болып табылады. Жоғары бəсекелестік жағдайында көптеген өндіру-шілер үшін өнімнің сапасы басымдыққа ие. Сапа мен кəсібилік – сəттіліктің кепілі. Осы ұстанымға арқа сүйейтін кəсіпорнымыз шикізат түскен кезден бастап, дайын өнім ретінде қоймаға жөнелтілгенге дейінгі сапаны қадағалауға мүмкіндік беретін жоғары за-манауи құрал-жабдықтармен

жабдықталған. «Өскемен ар-матура зауыты» АҚ өнімдері сапасы мен беріктігі жағынан өзге өнімдерден көш ілгері. Яғни бəсекеге қабілеттілік жағынан артықшылықтары бар. Көптеген жылдар бойы кəсіпорын сапа менеджментінің халықаралық жүйесіне көңіл аударды. Біздің өнімдеріміз «Lloyd’s Register Quality Assurance» компаниясы-мен мақұлданып, ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001 талапта-рына сəйкес деп танылды. Бұл өндірістегі өнімнің жобалау-дан бастап, сынақтан өткізу, қаптау жəне тиеуге дейінгі барлық үдерісте халықаралық талаптарға жауап бере алатынын көрсетеді.

– Басқа елдерде өнімге сұра ныс бар ма?

– Зауыттың жылдық та уар айналымы орта есеппен 10-12 миллиард теңгені құрайды. Сондай-ақ, құрал-жабдықтардың басым бөлігі АРІ америкалық стандартына сəйкес келеді. Аталған сертификатқа ие болу кə сіпорын өнімдерін ТМД көле-мінде ғана емес, алыс шетел дерге экспорттауға да мүм кін дік береді. Дегенмен, зауыт өнімі бүгінде негізінен отан дық нарыққа бағытталған. Қазақстанның жағ-ра фиялық-транзиттік қолайлы ор на ласуы жəне еліміздегі энер-ге тикалық шикізаттың үлкен қоры, эконо ми каның үздіксіз өсуі көлік инфра құрылымы мен өнеркəсіп құ рылысындағы жобалардың қарышт ы дамуына жағдай жасады.

С о н д ы қ т а н , о т а н д ы қ өндіруші ретінде сапалы өнім жеткізуге тырысамыз. Бүгінде зауытта 830 адам жұмыс істейді. Олардың орташа еңбекақысы 126 мың теңгені құрайды. Ал Өскемен бойынша бұл көрсеткіш 113 мың, республикада 116200 теңгеге жетіп отыр.

– Мемлекет тарапынан қан дай көмек алып отырсыз-дар?

– Қазақстанның келешектегі стратегиялық маңызды өнер-кəсіп тік кəсіпорындарының бірі ретінде 2010-2014 жыл-дар ға ар нал ған үдемелі индус-трия лық-инно вациялық даму бағдарламасы шеңберінде бірқатар көмек алдық. Үкіметтік қолдаудың нəтижесінде жаңа құрал-жабдық сатып алуға жəне өндірісті жаңғыртуға төмен-детілген несие жүктемесі жəне суб сидиялау түрінде көмек көрсетілді.

Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы алға қарай н ы қ қ а д а м б а с у ғ а ж е т е -л е й т і н і н а й т қ ы м к е л е д і . Н а р ы қ т ы ң ұ л ғ а ю ы ө н і м сапа сының жоғарылауына, технологиялық тұрғыдан қайта жарақтандырылуға, өндірісті дамытудың индустриялық жо-лын əрі қарай жалғастыруға мүмкіндік береді.

Əңгімелескен Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

ӨСКЕМЕН.

Фарида БЫҚАЙ,«Егемен Қазақстан».

Алтай өлкесі мен біздің облыс арасын-дағы сауда-экономикалық байланыс Барнаулда маусым айында өткен екіжақты жиында айтылды. Екіжақты сауда-эко-номикалық, ғылыми-техникалық жəне мəдени шаралар туралы келісімшарттарға қол қойылды. Бірақ, бəрі жақсы деп жіпке тізіп айта бергенше, кейбір түйінді мəселелердің бар екенін де айтуымыз қажет. Қонақ аз отырып, көп сынайды. Мысалы, қайда барсаң да жыры бітпейтін жол. Өлкедегі 44 курорт пен емдеу орында-рына жылына 1 миллионнан астам турис тер келетін көрінеді. Бірақ, павлодарлық турис-терден бұрын, екі араға жүріп-тұратын жолаушылар үшін де Барнаулға алып ба-ратын жол бағытының ойлы-шұңқырлығы жақсы емес. Мəселенің басты мəнісі де сонда: екіжақты байланыс үшін əуелі жолдардың жөнделгені қажет. Облыс əкімі

Қанат Бозымбаев 2016 жылы Павлодар мен Барнаул арасына жаңа заман жолы – автобан төселіп, қолданысқа берілуі əбден мүмкін деп қалды. Егер де облыс əкімі мен губернатор шынайы түрде экономикалық-сауда байланысын жасағылары келсе жол жөндеу мəселесі де екі өңірге ортақ шаруа деген сөз. Халықаралық, трансшекаралық жол болған соң стратегиялық маңызы бар екені түсінікті. Тіпті, екі аралыққа ұшақ ұшыратын болып жоспарланды. Өйткені, Алтай өлкесінде 3 миллионға жуық халық тұрса, олардың арасында 10 мыңнан аса өзіміздің қандастарымыз бар. Əуе, теміржол, тасжол – бұл екіжақты байланыс, туыс-туған үшін аса қажет мəселе. Екіншіден, губернатор Александр Карлиннің айтуынша, Екібастұздың электр стансалары Барнаул үшін де қызмет көрсетеді. Металлургия өнімдері жеткізіледі, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС жəне «Каустик» АҚ ресейлік əріптестерімен

жақсы байланыста. Бұл ынтымақтастық аясында шекарадағы өңірлердің əлеуметтік-экономикалық əлеуетінің дами түсуі үшін қажет. Инновациялық-инвестициялық жобалардың жүзеге асуларына ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық салаларындағы қарым-қатынастар нығаю керек. Мысалы, об-лыс орталығындағы жұмысы кешеуілдеп тұрған «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы инвесторлардың бизнес ашуына мол мүмкіндік береді. Кəсіпкерлік, сауда жəне туризм басқармасының басшысы Александр Бабенконың айтуынша, инвес-торлар бірнеше жыл салық төлеуден боса-тылады əрі мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға құқылы. Мемлекет субсидиясы арқылы несиенің тек 1-3 пайызын ғана төлейсіз. Облыстық ауыл шаруашылығы бас қармасының мəліметтерінше, өт-кен жылы облыс шаруашылықтары алтайлықтарға 20 мың тонна картоп жіберіпті. Енді, 800 тонна ет өнімдері

жеткізілмекші екен. Алтай өлкесінде ауыл шаруашылығы өркенді, орманды жер болған соң, табиғи дəрі-дəрмектер көптеп өндіріледі. Яғни ауылшаруашылық өнімдерді, медициналық дəрі-дəрмектерді павлодарлықтар да тұтынады. Өткен жылы Алтай мемлекеттік педагогикалық академиясы жанынан «Қазақ тілі мен өнері» орталығы ашылды. Қаракөл қазақ орта мектебінің директоры Нұрғайша Баринованың айтуынша, Керей ауы-лында 75 қазақ отбасы тұрады, мектепте 39 оқушы, ал, Благовещенка ауданына қарасты Байғамұт ауылында 35 қазақ от-басы тұрса, қазақ мектебінде 21 оқушы білім алуда. Мектеп директоры Сапарбек Маусымбаевтың айтуынша, Байғамұт орта мектебін бітірген түлектер Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты-на құжаттар тапсырса, енді бір түлегі Алматыдағы Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясын бітіріп келіпті. Алтайдағы ауылдарда тұрып жатқан аздаған болсын отбасыларына, мектебіне қолдау, демеу көрсету біздің міндет.

Павлодар облысы.

Тасымалды əртараптандыруєа тыѕ мїмкіндік

«Өскемен арматура зауыты» АҚ бас директоры Андрей КАНДИНСКИЙ Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ нарықты кеңейтумен бірге бəсекелестіктің дамуына да даңғыл жол ашатынын айтады.

Жол – барыс-келісті арттырады

Таразы басы теѕелген шаќ

«Егемен Қазақстан».

Еуразиялыќ экономикалыќ одаќ: бїгін жəне ертеѕ

Page 4: Атаќты Алматы апорты - Egemenғылыми-зерттеу инсти-туты биылғы күзде ар-найы шыны құтыда өсірілген мыңнан

2 тамыз 2014 жылwww.egemen.kz4 Жемқорлық – індет, жою – міндет

Білім. Бағдарлама. Білік

Талап жəне тəртіп

– Дəулет Рымтайұлы, əдетте орын алған жемқорлық оқиғаларының үлкен-кішісі жоқ дейміз. Жемқорлар сыбайласа бюджет қаржысын жымқырады, халықтың несібесіне қол салады. Облыста соңғы уақытта жемқорлық азаятын түрі бар ма? Көрсеткіштер не дейді?

– Рас, жемқорлықтың аты ай-тып тұрғандай, ол алдымен əркімнің адамгершілігі мен мəдениетіне сын. Сыбайлас жемқорлық қолында орақ пен балғасы ғана бар еңбек торысына емес, негізінен мемлекет қаржысын қолына сеніп тапсырған шенеуніктерге тəн. Сондықтан оларда, ең алдымен, жауапкершілік болуы керек.

Ж ы л д а н - ж ы л ғ а ж е м қ о р л ы қ қылмыстарды ашу бағытында біздің департамент көрсеткіштері өсіп келеді. Ағымдағы жылдың 5 айы ішінде об-лыста жемқорлыққа байланысты 84 қылмыстық іс қозғалды, бұл істер бой-ынша 183,0 млн. теңге көлемінде мем-лекетке келтірілген шығын анықталды. Көрсеткіштерге қарасақ, облыс өңірінде жемқорлық өсіп жатқан секілді көрінер. Бірақ көрсеткіштің көптігі, жемқорлықтың меңдегені емес, оны департаменттің ыждағатты жұмысы деп түсінуіміз қажет. Жылдан-жылға департамент қызметкерлерінің кəсіптік деңгейі өсіп, тергеуді жүргізу мен қылмыстарды анықтаудың жаңа əдіс-тəсілдері енгізіліп келеді. Сондықтан біз көрсеткішті жемқорлық қылмыстардың жасалуы емес, олардың дер кезінде ашылуының өсуі деп нақты айта ала-мыз.

– Қаржы полициясы жыл ба-сында жемқорлар үшін «оңтайына келетін», «майшелпек» саналатын мемлекеттік сатып алуға сұраныс берген сəттен бастап мониторинг жүргізді. Жұмыстарыңыздың осы жаңа бағытының нəтижесі іле көрінді. Мемлекеттік мекемелер тауар бағасын аспандата көтерген оқиғаларын анықтадыңыздар. Мемлекеттік сатып алуға жауапты шенеуніктер мен олардың басшы-лары бағаның көрер-көзге аспан-дап жатқанын білмейді деп ойлай-сыз ба? Мұны бюджет қаржысын жымқырудың оңай жолы деп түйіндеуге бола ма?

– Мемлекеттік сатып алу кезінде бюджет қаржысын жымқыру тура-лы қылмыстық ой сол бюджетті құру кезінде-ақ қылаң береді. Сатып ала-тын тауарға, көрсетілетін қызметке жəне жұмыс ақысына төленетін қаржы көлемін бюджетке салғанда оны кеңірек уыстайды. Осыған бай-ланысты департаменттің ақпараттық-талдау бөлімі мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың сатып алу жоспарына мониторинг өткізіп, са-тып алу бағасының негізсіз көтерілге-нін анықтайды. Сұраныс беруші нің сатып алатын тауарға жариялаған бағасын біз нарық бағасымен салыс-тырамыз, егер бағаның негізсіз көте-ріл гені анықталған жағдайда, конкурс-ты тоқтату немесе бағаны төмендету жөнінде ұсыныс енгіземіз. Сөйтіп, кінəлілер жауапкершіліктен сытыла алмайды.

– Жаңа тəсілдің «жағымды» мы-салдарын келтіре кетсеңіз.

– Мысалы, 60 миллион теңге бюджет қаржысын мемлекеттік органдардың тиімсіз пайдалануынан қақпайлап, негізсіз көтерілген баға жөнінде 23 ұсыныс жібердік. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 2013 жылдың бірінші тоқсанында дəл осылай 3 ұсыныс жіберіп, 5 миллион теңгені қазынаға қайтарған едік. Енді, биыл көрсеткіш төрт есе өскен. Сатып алу бағасын əдейі өсіру деректерін, көбіне, азық-түлік түрлері мен жанар-жағар май ға, кеңсе техникаларына сұраныс болғанда анықтаймыз. Мысалы, биыл көктемде біздің ұсынысымызбен облыстық ту-беркулезге қарсы диспансер үшін алы-натын 14 тонна сиыр етін алатын кон-курсты тоқтатты. Онда ет 1 миллион 400 мың теңгеге бағаланыпты. Сонымен қатар Денисов аудандық əкімшілігі үшін алынатын 20 мың литр дизель отынын 500 мың теңгеге бағалаған конкурс та өткізілген жоқ. Мұндай мы-салдар жеткілікті. Осылай баға негізсіз көтеріле берсе бюджеттің жыртығы жамала ма? Қаржы полицейлері оған жол бермеуге тырысады. Əрине, кей-де мемлекеттік кəсіпорындар сатып алуға бөлінген қаржыны тезірек игеру-ге асығады.

– Бюджет дегеннен шығады,

ө ң і р д е р е с п у б л и к а л ы қ б ю д -жеттен қаржыландырылатын жы-лына бірнеше мемлекеттік бағ-дарламалар жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлардың осы бағдарламалардан «қол жалайтын-дары» бола ма?

– Болғанда қандай! Оған дəлел ретінде жыл басынан бергі алты айдың мысалын ғана келтірейін. Осы уақытта мемлекеттік бағдарламалар бойынша 13 лауазым иесіне қатысты 20 жемқорлық қылмыс анықталды. Мемлекетке олар жасаған 120,4 миллион теңге шығынның 91,2 миллион теңгесі, яғни 75,7 пайызы қазынаға қайтарылды. «Ақбұлақ» бағдарламасынан – 3, «Жұмыспен қамту-2020» – 3, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудан» – 2, «Моноқалаларды дамытудан» – 8, «Сыбағадан» – 2, «Денешынықтыру жəне спортты да-мытудан» 2 жемқорлық істі анықтап, қылмыстық іс қозғалды. Қарап отырсаңыз, осы бағдарламалардың барлығы да халықтың əлеуметтік жағдайын көтеруге арналған, мем-лекет қазынасынан миллиондап қаржыландырылған жұмыстар ғой. Жолай сыбайлас жемқорлар жармаса берсе, ауылдарға ауыз су қалай бара-ды, қалалар қалай өседі? Сыбайлас жемқорлықтан келетін қауіп те осы.

– Оныңыз рас. Əлеуметтік бағдар-ламаларды жүзеге асыруды сеніп тапсырған шенеуніктер жемқор бол-са, «қойды қасқырға бақтырғанның» кері келеді. Сыбайластықтың бір тамыры – «көлеңкелі» экономика. Облыс өңірінде жалған кəсіпкерлік, салықтан жалтару фактілерінің ауыздықталуы қалай?

– «Көлеңкелі» экономика біздің дамуымызды іштен шалатын қауіптің бірі екені рас. Статистика жөніндегі агенттіктің мəліметінше, Қазақстанда «көлеңкелі» экономика ішкі жалпы өнімнің кемінде 20 пайызын құрайды, ол жылына шамамен 5 трлн. теңге деген сөз. Яғни қаржы ағынының əжептəуір бөліг і мемлекет бақылауынсыз қалып отыр, мұның экономикалық қауіпсіздікке əкелер қатері де жоқ емес. Осы «көлеңкелі» экономиканың негізгі құрамдас бөліктеріне жалған кəсіпкерлік, салықтан жалтару, акциздік азық-түліктің заңсыз айналымы, заңсыз ойын бизнесі, интеллектуалдық меншік нысандарын заңсыз пайдала-ну, экономикалық контрабанда, жалған ақша жасау, тағы басқалар жатады. Соңғы алты айда облыс өңірінде 253 экономикалық қылмыс жасалды, сотқа 82 іс жіберілді. «Көлеңкелі» экономика-дан келген шығын 6,7 миллиард теңгені құрайды. Соның 4,6 миллиард теңгесі қазынаға қайта салынды.

Жалған кəсіпкерліктің келтіретін зияны орасан. Істі жалған кəсіпкер лік-тің бастапқы сатысында анықтау ды осы бағыттағы жұмыстардың мақсаты етіп қойғанбыз. Облыста алты айда оның 80 оқиғасы тіркеліп отыр, қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Ал өткен жылы облыста 104 экономикалық қылмыс анықталды, 140 жалған кəсіпорын құрып, ақшаны судай сапырған 4 қылмыстық топтың жолы кесілді. Осы екі жылда облыста жалған кəсіпкерлікпен айналысқан оннан астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, түрлі мерзімде жазасын алды. Екі жалған ақша жасайтын цех анықталды. Біреуін бұрын сотталған екі адам өздері жалға алған пəтерде құрса, екіншісін 19-20 жастағы жас жігіттер құрып, 2000 теңгелік купюраларды шығарып, өткізіп отырған. Мұндай қылмыстың жасалғаны да ойлантады. Мұның өзі жастардың арасында тəрбие жұмысын күшейту керектігін көрсетеді.

– Кез келген кеселдің алдын алмаса, ол меңдеп кетеді. Осы орайда экономикалық қылмыс пен жемқорлықтың алдын алу жұ-мыстары облыста қалай жүргізіледі?

– Жемқорлықтың алдын алу – жұмысымыздың басты бағытының бірі. Департаменттің ақпараттық-талдау бөлімі жемқорлық қылмысты бастапқы сатысында анықтап, ұсы-ныс енгізіп отырады. Осылайша, біз қылмыстың, ең алдымен, себебін анықтауға тырысамыз. Мұның өзі өңірдегі қаржылық, сыбайлас қылмыс жағдайының сиреуіне əсерін тигізеді. Жалпы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін түрлі бағыттағы жұмыстар қарастырылған. Біздің қызметкерлеріміз мемлекеттік органдардың бақылау-рұқсат беру өкілеттігіне ие немесе мемлекеттік қызмет көрсететін, бюд-жет қаржысының бөлінуіне тікелей қатысы бар қызметкерлерімен кездесу-лер өткізеді. Алдағы уақытта облыстағы барлық қадағалау-бақылау органдарын жəне мемлекеттік органдардың бас есепшілерін шақырып, кеңейтілген дөңгелек үстел мəжілісін өткізуді ой-ластырып отырмыз. Ондағы тақырып – мемлекеттік сатып алу ісі болмақ. Біз дұрыс жолдан тайғандарды көре алмай тұра алмайтынымызды шенеуніктерге түсіндіргіміз келеді.

Біздің тағы бірқатар жұмыстарымыз жастар аудиториясына бағытталған. Қызметкерлеріміз жоғары жəне орта оқу орындарында дəрістер оқып, кезде-сулер өткізеді. Жемқорлықпен күресті əркім өзінен бастауы тиіс. «Мешкей де-ген жақсы ат емес» деген ғой халқымыз. Қоғамда заң бұзушылықтың барлық көріністеріне де төзбеу əлі толық қалыптасты деп айта алмаймыз. Сыбайлас жемқорлық секілді аса қауіпті дертті мемлекеттің дара өзі жеңе алмай-ды. Сондықтан бұл мəселеде қоғамдағы күштер тізе қосуы тиіс .

– Əдетте, жемқорлық оқиға ла-рының орын алуы əртүрлі. Қолында қаржы, билік бар адамдардың жем-қорлыққа баруы «алтын көрсе періште жолдан таядының» кері ме, əлде олардың «біліп-білмеген күнə-ларынан», яғни заңдық білімдерінің нашарлығынан орын алады ма?

– Қылмысты жасаған мемлекеттік қызметкерлердің барлығы заңдарды білмейді деп айтуға аузым бармайды. Шынымен кейбір кезде мемлекеттік қызметкерлердің заңнан сүрінетін жағдайлары болады. Бірақ мемлекеттік қызметке, лауазымдық орынға тал-пыныс жасаған əр үміткер Қазақстан Республикасының заңдары бойын-ша тест тапсырады. Оның үстіне мемлекеттік қызметке кіріп, мемлекет саясатын жүргізуді, ел сенімін мой-нына алған адамның білімімен қатар, моральдық-адамгершілік деңгейі де жоғары болуы қажет. Парақорлыққа бару лауазым иесінің заңды білмеуінің емес, адамгершілігінің, ішкі мəдение-ті жұтаңдығының көрінісі екені жұрт-тың барлығына белгілі жай. Білімді шенеуніктердің парақорлыққа, жем-қорлыққа баруы аса қауіпті. Алайда, «көп асқанға бір тосқан» деген, соны байқау керек.

– Сыбайлас жемқорлық – бұл тек біздің елде ғана емес, дүниежүзі мемлекеттерінде өзекті болып отырған қоғамдық дерт. Облыстық департамент оған қарсы күресте сырт елдердегі қандай да бір озық əдістерді пайдаланады ма? Оның тиімділігі байқалады ма?

– Əрине, сырт елдердегі əріп-тестеріміздің нəтижелі тəжірибелерін біз де тəжірибемізге енгізіп жүрміз. Мысалы, сыбайлас жемқорлық жа йында хабарлаған немесе бұл құбылысқа қарсы күресте көмек көрсеткен адамдарды материалдық тұрғыда көтермелеу қағидалары жақ-сы нəтижесін көрсетті. Жылдан-жылға олардың саны артып келеді. Бұл қаржы полициясы қызметкерлеріне артып келе жатқан қоғамның сенімін жəне жемқорлыққа төзбеушілікті көрсетеді. Өткен жылы бұл бағдарлама бойынша біз 12 адамға 1,4 млн. теңге төлесек, ағымдағы жылдың 6 айында 6 адам 700 мың теңгеге жуық ақша алып, тағы бірнеше адамды сот үкімі заңды күшіне енгеннен соң көтермелейтін боламыз.

ƏңгімелескенНəзира ЖƏРІМБЕТОВА,

«Егемен Қазақстан».

ҚОСТАНАЙ.

Ќоєам індетіболып отырєан жемќорлыќ тізе ќосып ќимылдаєанда єана ауыздыќталады

Сыбайлас жемқорлық – қоғам індеті. Ал емі болмаса, кез келген дерттің дендеп кететін əдеті. Сол секілді сыбайлас жеқорлыққа да үздіксіз күрес жүргізілмесе, онан мемлекетке келетін зияны шаш-етектен. Қаупі де жоқ емес. Осы орайда қауіпті дертке қарсы күресте Қостанай облысында да аз жұмыс жүргізіліп отырған жоқ. Сондықтан Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Қостанай облысы бойынша департаменттің бастығы, қаржы полициясының полковнигі Дəулет АЙТЖАНОВТЫ əңгімеге тартқан едік.

Сексен жылдық тарихы бар Талғар политехникалық колледжі жеті түрлі ма-ман дайындайды. Оқушылар теориялық білімдерін жаңа технологиямен жаб дық-талған кабинеттер мен зертханаларда, шеберханаларда ұштайды. Нəтижесінде аспазшы мамандығы бойынша 1200 оқушының 85-і ерекше диплом алып шықты. Əріптестік пен серіктестік үрдісін дамыта отырып олар Талғар қаласындағы «Азия», «Тайқазан», «Достық», «Думан», «Санат-Сервис», «Нұрлан» секілді ас-ханаларында тəжірибеден өткен бо-латын. Автокөлік жөндеуші слесарь мамандығын алған 600 оқушы колледж арқылы Алматы, Талғар қалаларындағы «A Motors Auto», «Бастау», «Ассад-2030», «Санат ММ» ЖШС жəне басқа меке-мелермен келісімшарт жасасып, сол құрылымдарда қазір еңбек етуде. Ал «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 94 тыңдаушы өзінің таңдаған ма мандығына орай ау-дан, қала меке мелерінде жұмыс істеуде. Электр газдəнекерлеуші мамандығын алған 250 студент халықаралық талапқа сай жабдықталған Алматы қала сын дағы “DIM SERVIСE” ЖШС, «Ал тын Тас-құм» ЖШС, Талғар қала сындағы ПК «Марат» секіл ді мекемелерде оқу-тəжірибе жұмыс та ры нан қызығушылықпен өтіп, сол мекемелер-де еңбек жолын жалғауда. Электромон-тер маман дығын меңгер гендерге Талғар

қала сын дағы «Алатау жарық Ком па-ниясы», «Бастау» ЖШС, «Сатурн», «Талғар» автокөлік паркі меке мелері сұраныс беруде. Тігінші маман ды ғын алған 1500 түлегіміз Талғар қаласындағы «Глазман» ЖШС, «Texti-Line» ААҚ, Талғар тоқыма фабрикасында өздерінің тəжірибелерін шыңдап, сол мекемелерде озат жұмыскер атануда. ЭЕМ операто-ры, Компьютер құрылғыларына қызмет көрсетуші техник мамандары да арнайы компьютерлік кабинет пен зертханада дəріс алуда.

Он төрт жылдан бері күрделі жөн-деу көрмеген колледждің бұрынғы өндірістік шеберханасы құлайын деп

тұрған ескі ғимаратта орналасқан еді. Оның ішінде жылу жүйесі де болмаған. Сабақ өткізуге қолайсыздығы жəне бар. Соны күрделі жөндеуге Алматы облыстық білім басқармасы арқылы 120 млн. теңге бөлініп, 3 қабатты оқу ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілді.

Сөйтіп, кəсіптік білім беру ісіне түбегейлі реформа жасауды қолға алып, колледж Алматы облысының 70 колледжінің маңдай алды білім ұяларының қатарына қосылды.

Алматы қаласының 10 кəсіптік колледжімен, Алматы технологиялық Қазақ ұлттық аграрлық универси те т-терімен жəне Қазақстан Инженерлік ака-демиясымен оқу-методикалық, ғылыми тəжірибелік жұмыстарды бірлесіп жүргізуге шарт жасалды. Былтырғы жылғы түлектер бос жерлерге 150 түп алма ағашын отырғызса, биылғы түлектер 170-ке жеткізді. Кол леджде əр оқу жылының басында «Тіл мерекесі» апталығы өтеді. Осыдан үш жыл бұрын кəсіптік ли цейде 5 кəсіби мамандық түрі оқытылса қазір ол 8-ге жетті. Онда 250 студент білім алады. Биыл сұранысқа қарай тағы екі мамандық қоссақ деп отырмыз.

Жұмағали КЕБЕКБАЕВ,Талғар политехникалық колледжінің

директоры.

Алматы облысы.

Кəсіптік колледж келешегі

(Соңы. Басы 1-бетте).

Бұл жерде бір мəселеге аса назар аударғанымыз жөн. Жалпы, Алматы апортын қайта түлету жəне өмірге кел ті-ру мəселесі 2011 жылы Елбасы Нұрсұл-тан Назарбаевтың Алматы қаласын көркей ту жəне шаһарды жаңа деңгейге көте ру мəселесі жөнінде өткізген жиналы сы барысында қала əкімдігі мен еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігіне берген арнайы тапсырма-сынан кейін көктем айында осы саланың жұмысы қызу жүргізілді.

Сонымен, апорт тұқымына мик ро-клондық зерттеу жасау жəне тəжірибе қолдану нəтижесінде тауда өсетін алманың жабайы тұқымдары мен генетикалық жаңа сортты будандасты-ра отырып біз төрт түрлі жаңа тұқымды ажыратып алдық. Осы тұқымдар гене-тикалық коды жөнінен өзіміздің бағзы апор тымызға ең жақын сорттары еке ніне

ғылыми тұрғыда көз жеткіздік. Келе-шекте бұлардың тұқымын қайта телу əрі түлету арқылы əйгілі Алматы апортының түпнұсқасын алатын боламыз.

– Біршама күрделі жұмыс ат-қарылыпты. Ендігі жоспар қандай?

– Іле жəне Жоңғар Алатауына жа-салып отырған зерттеу экспедициясы əлі күнге жалғасып келеді. 2013 жылы ғалымдарымыз Северс алмасының тағы да 17 түрін сұрыптап, осы тамыз айын-да оларды жаңа жайға дағдыландыру жұмыстарын жүргізіп отыр. Алдағы 2015 жылдың күзінде олардан бір жылдық көшет аламыз деген жоспары-мыз бар.

Бір сөзбен айтқанда, 2009 жылы басталып осы күнге дейін тоқтау сыз жүргізіліп отырған ғылыми-зерттеу мен тəжірибелік жұмыстар өз нəтижесін беріп, халқымыз сағынышпен күткен əйгілі Алматы апортын қайта өмірге əкелу шарасы нақты ғылыми бір ізге

түсті. 2015-2016 жылдары көлемі 10 гектар аумаққа жаңарған, қайта түлеген апорт көшеттерін отырғызсақ, одан кейін тəжірибелік алма бағы үшін экологиялық жайлы нұсқа ретінде, яғни, теңіз деңгейінен 950-1250 метр биіктікке Алматы апортының жас көшеттерін отырғызу жұмыстарымен шұғылдануымыз керек.

Енді жоғарыда айтқан зор жұмыс пен мол нəтиженің одан əрі тыңғылықты жүзеге асуы үшін қысқа дейін аталған 10 гектар алмалы бақ аумағын аудар-май жырту арқылы гектарына 40-50 тонна көң төсеу жұмыстарын бастап кеткен жөн. Бұл жұмыстарды Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Алматы облысы қар жыландыра алады деп топ-шылаймыз.

ƏңгімелескенҚанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан».АЛМАТЫ.

Атаќты Алматы апорты

Динара БІТІКОВА,«Егемен Қазақстан».

Республикалық бюджеттің атқары-луын бақылау жөніндегі Есеп комитеті Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрлігінің жұмысына қанағаттанбай отыр. Бұл жөнінде Есеп комитетінің кезекті отырысынан соң жарияланған мəліметтерден белгілі болды.

Есеп комитетінің мəжілісінен соң оның қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімінің меңгерушісі Ерлан Исабеков журналистерге арнайы брифинг өткізіп, отырыста қаралған мəселелер жайында ақпараттармен бөлісті. Оның хабарла-уынша, Есеп комитеті Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрлігінің Стра тегиялық жоспарының 2009-2013 жыл дар кезеңіндегі іске асырылу тиім-ділігін бағалаудың, министрлікке жекеле ген бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген республикалық бюджет қаражатын пайдаланудың тиім-ділігін, сондай-ақ мемлекеттік қаржылық бақылаудың стандарттарының сақта луын бақылаудың қорытындысын шығар-ған. Қорытынды нəтижесінде страте-гиялық жоспарлау саласында міндет-тер мен функциялардың іске асырылу сапасының төмен деңгейі анықталып отыр. Министрліктің страте гиялық жəне операциялық жоспарларында қарас тырылған бірқатар нысаналы ин-дикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізілмегендігі жəне іс-шаралардың орындалмағандығы анықталған. Бюд-жет тің нақтылануына байланысты мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары 146 рет нақты деректер бой-ынша түзетілген. Бұл жоспардың тиімсіз орындалғанын жəне стратегиялық жоспарлау құжаттарына формальді көзқарас болғанын көрсетеді. Бақы-лаумен 23,4 млрд. теңге бюджет қара-жаты қамтылды, бұл ретте жалпы со-масы 11,8 млрд. теңгеге (қамтылған қаражаттың 50%-дан астамы) бюджет жəне өзге де заңнама бұзушылықтары анықталған, 8,8 млрд. теңге тиімсіз пайдаланылған. Сондай-ақ, бюджетті жоспарлау көп жағдайда сапасыз жүзеге асырылған, жекелеген шығыстарды болжау кезінде бюджеттік бағдарлама əкімшілерінің өтінімдері ескерілмеген.

Кейбір жағдайда бюджеттік өтінімдерді жасау жөніндегі талаптар сақталмаған. Бюджет кірістерінің құрылымындағы болған өзгерістердің себеп-салдарлық байланыстарына талдау жасалмаған. Ал бұл теңгерімді салық саясатын іске асыру үшін қажетті шарт болып сана-лады. Бюджеттік есеп-қисаптарда ең төменгі есептік көрсеткішті қолдануға негіздемелер болмаған. Мемлекеттік қызметкерлерді ұстауға арналған шығыстардың нормативтері, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың жалпы санына шаққандағы басшы қызметкерлер санының нормативтері бекітілмеген. Бюджеттік субсидиялардың бөлінуіне жəне игерілуіне түпкі алушылар бөлінісінде мониторинг жүргізілмеген. Министрліктің бір өзі инвестициялық жəне концессиялық жобаларды іріктеп, олардың техникалық-экономикалық негіздемелерін əзірлеу, қаржыландыруға экономикалық сараптаманы жүргізіп, оны бөлу кезінде мүдделер қақтығысы орын алған. Бұл ретте бюджеттік инвестициялардың жекелеген кезеңдер аралығында іске асырылуына монито-ринг пен бағалау жүргізілмеген.

Мемлекеттік органдар бюджет қа-ража тының айтарлықтай бөлініп оты-ра тындығына қарамастан, квази мем ле-кеттік сектор субъектілерінің еншілес жəне тəуелді ұйымдарын ескере отырып, олардың саны бойынша мониторинг жүргізбеген.

Сонымен қатар, отырыста 2007-2014 жылдары мемлекеттік жоспар-лау ақпараттық жүйесін жасауға жəне дамытуға 1,6 млрд. теңге жұмсалғанымен, аталған жүйе пайдалануға енгізілмегені айтылды. Бюджеттік жоспарлау қол режімінде жүзеге асырылады, басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен ықпалдасу жəне деректер алмасу қамтамасыз етілмеген.

Ғылыми қызметтің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру тəртібі сақталмаған, бірқатар ғылыми-зерт-теу жұмыстарын министрлікт ің белгіленген тəртіппен аккредиттелме-ген ведомстволық бағынысты ұйымдары жүзеге асырған. Зерттеуді жүргізуге арналған өтінімдерді іріктеу процесінің ашық еместігі, зерттеу нəтижелерін іс жүзінде қолдану деңгейінің төмендігі

байқалады. Сараптама барысында «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-тың екі зерттеу жұмысында плагиат фактілері анықталғандығы да айтылып отыр. Еуропа қайта құру жəне даму банкі еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне «жасыл экономикаға» өту бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасын 1 млн. еуроға əзірлеуді жүзеге асырған. Алайда, аталған жұмыс министрліктің тікелей функциясына жатады. Бұл ретте министрлік шетелдік ұйым дайындаған заң жобасын қарауды ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды ғана орындаған. Министрліктің ішкі бақылау қызметі бақылау іс-шараларын жоспарлау жəне жүргізу кезінде мемлекеттік қаржылық бақылаудың «тəуелсіздік», «жоспарлау», «қадағалау», «құжаттама» жəне «басқару» сияқты стандарттарын сақтамаған. Орталық мемлекеттік органдардың жəне Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің арасын-да жүргізілген сауалнаманың нəтижесі бойынша министрліктің қызметі көп жағдайда жабық сипатқа ие деді маман-дар. Сауалнамаға қатысқандардың 58%-дан астамы министрліктің қызметіне қанағаттанбаған, оның жұмысының нəтижелерін байқамайды не оның стратегиялық жоспарларының іске асы-рылу барысы жөнінде хабары жоқ.

Қаржылық есептілік жөніндегі құжаттардың, сомасы бірнеше милли-ард теңгені құрайтын мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың, сондай-ақ олар бойынша көрсетілген қызмет актілерінің нашар күйінде əрі бейімделмеген үй-жайларда сақталғаны анықталған.

Мəжіліс қорытындысында Есеп ко-митеті Үкіметке бюджеттік инвести-ция ларды жоспарлау жөніндегі өкілет-тік тердің аражігін айқындау, Бюджет кодексінде министрліктің сапасыз жос-парлағаны үшін оның жауапкершілігін айқын дау, «салық əлеуеті» ұғымын енгізу жəне оны анықтаудың əдістемесін əзірлеу жөнінде ұсыныстар берген. Сондай-ақ,Экономика жəне бюджеттік жоспар-лау, Қаржы жəне Сыртқы істер ми-нистрліктеріне анықталған кемшіліктерді жою, қолданыстағы заңнаманы бұзуға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды, сондай-ақ басқа да бірқатар тапсырмалар берілді.

Бюджетте жґнсіздікке жол берілмеуі тиіс

Page 5: Атаќты Алматы апорты - Egemenғылыми-зерттеу инсти-туты биылғы күзде ар-найы шыны құтыда өсірілген мыңнан

2 тамыз 2014 жыл www.egemen.kz 5

Гүлнəр Салықбайдың «Кешіріңдер келгенімді өмірге» атты жинағын жақында қолға алғанда, бірден

оқуға жүрегім дауаламай, біраз уақыт мүдір дім. «Өмірге келгеніне өзі себепкер емес қой, кешірім сұрағаны қалай?!.» деген сұрақтың жауабы беташар өлеңінде айты-лыпты:

Кешіріңдер кең пейілді пішінде:жүргенімді осы байтақ өңірде!Кешіріңдердəл осылай болғандығым үшін де,келгенімді өмірге..., –деп, басталып, өмір-тағдырын оймен

шолып, таразылаған лирикалық кейіпкер – ақынның бұлайша кешірім өтінуі – əншейін сыпайысынуы емес, «əттегенайлары» мен қапияда қалдырар жолтоспа жон-кедер-гі лерге бөгеліп ұтылғаны үшін ақталу да емес, өмірін – өзін таразылауы, танытуы, болмысқа өз қадір-қасиетімен, кемші-ліктерімен де келгені үшін қымсынуы,

ұяла отырып, өзін өзі қайрауы, тағдырын, табиғатын танытуы...

Қ а р а п а й ы м б а с т а л ғ а н ш у м а қ келесі орамда бірден өмір драмала-рын – сапы рылысқан айлар мен жыл-д а р қ а й ш ы л ы қ т а р ы н б е й н е л е й д і . Жаңылғанына үңілу, өзін өзі іштей жеп, қыстығу, өмір – болмысқа иелік етіп, əмір беруге əлеуеті аз, амалы кем тағ дыр шіркін маңдайға жазылғанға мойынұсы нып, пе-шенеге бағына ма, əлде көндіге де, иліге де алмай, жүрегіне ағылған көз жа сын жұтып, өзімен өзі аласұрып, арпалыса ма?..

Кешіріңдеркүткенімді үгіліп,Кездерімді жаңылған.Көз жасымды – шыға алмаған тығылып,жүрегіме ағылған...Əр жолында тауқымет пе, тақсырет пе,

əлде қай-қайсысына да бергісіз құпиялар ма, таңбаланып айтылмаса да, əркім өзі іштей сезер жұмбақтар тасаланғанын, тұмшаланғанын түйсінесіз. Құлыптаулы жатқан жылдардың батпаны балғын үміттің үнемі, үздіксіз қалықтауына мұрша бермегеніне «аһ» ұрып қайғыланбайды, күресуге шамасы жетпегеніне қысылады да көздері боталап, баршаға қимастықпен қарайды. Өмір өлкесінің тарам-тарам жолда-рына лирикалық кейіпкерге айналған автор сабырмен қарайды, сараптайды:

Кешіріңдержазылмаған сөзімді,өзімді де əлі аман.Кешіріңдер менің ғашық көзімді –өздеріңе қараған...Келтірілген мысалдар – лирикалық

кейіпкердің жан дүниесіндегі құбылыс тар-дың, көңіл күйінің моделі ғана емес, соны-мен бірге өзіндік ақындық мəнердің де куəсі. Автор – ақын оқырманды тəнті еткісі келіп, тың теңеу, метафора, т.б. бейнелік байлық іздеп, бұрын айтылмаған жаңа ой, идея іздеп жанталасып, шаршамайды. Оқырман – сізбен сырласады. Сыр ашады – сізге сенгендіктен, қадірлегендіктен.

Əдетте қай ақынның да жетістігі, еңбегі, ізденісі ретінде бағаланатын, бүгінгі өлең байлығы мен парасатын көрсететін көркем, көрнекті, үздік мысалдар бұл жинақта қыруар. Алайда назар аударылуға, арнайы айтылуға, соған сəйкес лайықты бағалануға тиіс айырмашылық – Гүлнəр Салықбай өлеңдерінің көп жырлардан ерекшелігі – қандай тың бейнелік жаңалықтары жұл-дыздардай самсап тұрса да, сондай бейнелік олжаларды іздеп, көз сүзіп, қызыққан тəжірибелі оқырманның өзі ақынның сти-хиясына – өлең стихиясына беріліп, шомып кетуге «мəжбүр». «Па, шіркін! Қандай əдемі,

əсерлі, жаңа образ, образдылық, метафора», деп тамсанып, таңдай қағуға, құрметтеп, бас изеуге тылсым – өлең мүмкіндік бермейді! Лирикалық кейіпкер қандай күй кешсе, сол күй, сол сезіну өлеңдегі рух музыкасына айналады. Алды-артыңызды орап, əлгіндей жаңа ой, тартымды образ, тағы-тағысына жекелеп бұрылып, біртіндеп тамсанып талдауға уақыт қалдырмайды.

Осылайша жеке бөлшек – жеке өрнектер – көркемдік компоненттер кешені түзілген өлең əлемі ансамбль немесе көркемдік гар-мониясы секілді. Бөліп айту – бөлшектеуге ұласып, үндестік тұтастығына, сұлулық сыры мен сынына сызат түсіреді. Осы ны сезінбейінше, Гүлнəр Салықбай поэзия-сының көркемдік өрісін шарлау да, шама-лау да мүмкін емес. Жəне мұндай көркемдік сипатты қазақ өлеңінің өзіндік үлгісі, сезіну мен бейнелеудің тың талаптары деп бағаласақ, шындықтың байыбына барудың бір белгісі болар.

Көп өлеңдерде көрнекті көрінетін өрнекті, бейнелік жаңалықтар, көп жырлардың көзірі ретінде мадақталатын өзекті ойлар Гүлнəр поэзиясында да жарысып жатса, «менмұндалап» «кеуде соқпайды», омырау-лап озып, өлеңдегі өзіндік «артықшылыққа», өзгеден «айырмашылыққа» айналмай-ды. Қай-қайсысы да өлең гармониясының сыбызғы əуезіндей, қайталанбас қуатындай жарасумен бірге əр компонент – бөлшек – бейнелік сурет-сезім өлеңнің ішіндегі өлеңге ұқсап жатады. Сондай олжалар жиынтығы Гүлнəр ақынның жан дүниесінің – ешкімге ұқсамайтын, бүгінге дейінгі қазақ өлеңінде сыңары да, салыстырары да жоқ, өзіндік көркемдік əлемінің – сезіну əлемінің ауа-дай қажет, асылдай ардақты «кірпіштеріне» айналады.

Басқаны айтпағанның өзінде, ырғағы мен бейнелілігіндегі сонылықтары бірден көзге түсіп тұрған «Тамшыларда» да лирика-лық кейіпкер – ондай олжа – жаңалық – образдылықты тізбектеп, жинап алған желі емес, оның байқауы – сөзі – құйылып тұрған жан сыры – жан жыры. Гүлнəр өлеңдерінің ең басты ерекшелігі де осы жан жырларының жаңалыққа, эстетикалық-психологиялық қайталанбас əлемге ұласуы.

Тамшылар, тамшылар...Тамшылар əн шығараспанның жүрегінен тамып тұрған?!Тамшылар, тамшылар...Тамшылар жан шығарбиікте тұра беру жалықтырған?!

Тамшылар, тамшылар...Тамшылар шу шығарсытырлап қара түнмен айтысатын?!Тамшылар, тамшылар...Тамшылар бу шығарқызыл күн бір қараса, қайта ұшатын?!.

Өлеңді дағдылы көркемдік талдау тəсілі-мен безбендеп, дыбыстық қайталаулар арқылы жасалған əуезділікті, əр шумақ сай-ын келіп, қосылып, толығып отыратын, «əн шығар, жан шығар, шу шығар, бу шығар», т.б. тəрізді баламаларды жіпке тізгендей түгендесек, кəдуілгі сыни-ғылыми талдау болып шығады. Ырғағының еркіндігі мен кібіртіксіз мөлдіреп құйылуын, көріктеу, бейнелеу амалдарының қитықсыз, «қысым, күштеусіз» еркін, шебер пайдаланылу-ын, баламалардың жарыса, салыстырыла, сабақтастырыла келіп, түйін – ойға бағына қызмет етуін, ойды жеткізуге, айқын, өткірірек сезінуге «үлес қосуын» айту – ақын шеберлігін дəлелдеу, сөз – мəтіннің сипаттарын саралау.

Осылайша талдауға ешкім «қой» дей ал-майды, қарсы дау да айта алмайды. Өйткені

дəлел – мəтін – көркем сөз алдымызда. Бірақ нақ осылай тізіп, дəлелдеп кетсек, нағыз Гүлнəр ақынды – шын көркемдік əлемін сезіне де, «көре» де алмай, айналсоқтап жүріп-жүріп, босқа əуреленіп қайтамыз. Гүлнəрдің құпиясы да, қуаты да – əлгі аталған көркемдік сипат, қасиеттердің бар-лығы, айналып келгенде, оның жан əлемі-не жетелейтін, өзі сеніп, сіз үшін, сізге арнап, жүрек əмірімен, жан медеуімен жа-сап ұсынған сезіну баспалдақтарында, тар-тынбай тарту еткен, ешкімге ұқсасы жоқ көркемдік сезіну дүниесінде. Əр өлеңі – ақын тұңғиығын тануға жетелейтін тарау-тарау жолдар тəрізді.

Шағын лебізімізде өлеңдерінің əрқайсы-сының көркемдік-концептуалдық əлемін бипаздап, асықпай бажайлап отыруға орын аз, мұрша да жоқ. Сол себепті осы аталған сипат – Гүлнəр ақынның болмысты көркемдік түйсінуі мен бейнелеуі – қазақ поэзиясына қосылған жаңа сөз, лайықты

үлес екенін ерекшелеп айту – парыз.М ы с а л ғ а к е л т і р і л г е н ө л е ң і н

түйіндеудег і тəс іл Гүлнəрдің өзге өлеңдерінде де басқаша белгісімен кездеседі. Тəсіл дегенде, əлгіндей ба-ламалар, теңеулер, т.б. баспалдақтап келе жатқанда, əдеттегі көп өлеңдегідей қорытатын шығар немесе осылай болар деп күткен жеріңізден шықпай, тосын, күтпеген түйінмен аяқталуы алдында өзіңізге таныс болып қалған мазмұнды іштей қайта парықтап, қайта байыптауға шақырады. Мəселен, аталған жинағы:

Қаншама рет кезіктің қарсы алдымнан,Талай сені танымай кеткем өтіп.Біреулерге өзіңсің əн салдырған,Біреулерді өлердей өкпелетіп.

Еліктіріп, елестей жоқ боласың,Күндей шыға келесің қайдан күліп?Бір жоласаң, шүпірлеп көп қонасың,Біреулердің бастарын айналдырып... –деген шумақтарды оқып келе жатқанда,

бізді оқырман ретінде қызықтырып, жетелейтін – мазмұн. «Нені айтып неме-се кімді мегзеп отыр?» Содан кейін: «Не айтқысы келеді немесе кімді айтып келе жатыр?» деген таңсық сұрақ тапжылмай тұрып алады. Өлеңнің ең соңғы сөзі – «Бақыт!».Өлеңді түсінудің кілтіне айна-лады.

Сол сияқты жинақтағы «жастығы өзгеге кеткен», «көктемнің көздерін аңсаған» лирикалық кейіпкерді «соғыста өлген сар-баздай келмедің бірақ» деуге мəжбүр еткен, «бүгін мүлдем басқа болған», əлде «тұманды түнде адасып, жоқ болған ба» – деген сауал-құпия ларды ойға алуына не себеп, солардың қазы ғы қайда, сұрақтың жауабы кімде? Жауап – өлеңнің соңғы тармағындағы соңғы сөзде:

Жауабы əсем жастықтың желігі кетті,Қалыңдар жұқа жанымды соғады күнде.Өзіңе жетем деуменен өмірім өтті –Барыңа сенген кездердің обалы кімге,Əділет?!Ерте ме, кеш пе, тіршіліктің телегейіне

түскен кім-кімнің де күндердің күнінде əйтеуір бір тосылары хақ. Қара бұлттар жөңкіле көшіп, нажағайы шатырлаған жан өлкесінде адамға да, заманға да айтар арыз-арманына барабар, салмағы зор са-уал жарқылдайды. Ол туралы айту – бөлек талдау-əңгімеге тиесілі. Ақын осындай аса толғақты, философиялық-жинақтаушылық мағынасы терең түйін, сауалдарды өзі де таразылайды, өзгенің де алдына көлденең тартады. Өлең мазмұны ұшар биігіндегі «жұлдыз-түйіні» басына шыққанша айқын көрінбейтін, түстеп танылмайтын мұнара секілді...

Мəселен, қар туралы, оның түр-түсі, т.б. қатысты өлеңдер қазақ поэзиясында көп те емес, аз да емес. Гүлнəрдің жырларындағы қар мүлдем өзгеше, бүгінге дейінгі қазақ өлеңінен өзіндік эстетикалық жүйе ретінде көрінбеген. Мысалдарды жаппай жыпыр-латпай, кейіне көз салайық:

Бар болғаным қандай жақсы!Сені көріп кетем.Қар болғаным қандай жақсы –Еріп кетем.

Бар болғаным қандай жақсы,Жолыңда өлмеймін.Қар болғаным қандай жақсы,Соңын көрмеймін...Өлең ырғағы жүгіртіп, «дігідіктетіп»

оқуға ырық бермейді. Лекіп кетіп, тоқтайды да, кідіртеді. Осы процесс қайталана береді. Əр шумақтың əрбір алғашқы тармағы салдар-жұмбақ болса, келесі жол – соның шешуі, себебі. Өлең не туралы?!.

Қанатты қиял қалай шарласа, солай аралауға мүмкіндік те, қисын да жеткілікті. Анықтап, нақпа-нақ айтып, дəлдеп көрсетіп, таңба басып, тапжылтпай айтуға Гүлнəр құлшынбайды, перделеп, пернелеп же-телеуге, емеурінмен мегзеуге, шарамен сезіндіруге жақын. Ишара, ишараны ұға алмаған бейшара деген сөз тіркесі оянып, көзін ашады. Үзінді оқиық:

Жүректің сөзі – сөз емес,Өлі керуен!Менің де көзім – көз емес,Сені көрген!

Сезімнің ұлы түптеріМенде де өлсін,Сен-дағыҰмытып мені,Жөнделерсің...Жан əлеміндегі қарама-қарсылықтар ма,

қайшылықтар ма, бір суып, бір ысынған, сергелдеңге түсірген сезім сапырылысы ма? Қай жобаның да «жолы» күрделі. Өкініштен өкпесі молырақ, жаны ашу – аяушылығы сезілетін кекесіннің де белгісі бедерлен-ген, наздан гөрі назасы мен наласы көбірек көңіл таразысының екі басында екеу – бұл жəне ол. Бұл олдан жоғары, оны да, өзін де биіктен көрінетін сабырмен салқын сараптап тұр. Жүректің сөзі асық сөз болса керек еді. Бірақ бұл – салқын. Илікпейді. Илікпеген соң, именбейді: ағытылып өткен сөзді «өлі керуен» деп тұжыруға қиналмайды. Ендеше, бұл өткеніне, сол арқылы бейтарап өзгенің – Өмірдің көзімен, сын көзбен қарауға əлеуеті жеткілікті.

Сол жеткілікті болған соң ғой, іркіл-мей өзін қамшылайды, аяп жатпайды. «Сезімнің ұлы түптері менде де өлсін» деп, шамырқанысы мен ширығуы қабаттас шешімін үкім сияқты естіртеді. Түбі, түбірі «өлген сезім» қайта көктемейтінін Бұл біледі, біле тұра қобалжымай, белгісіз, жұмбақ ертеңнен сескенбей, шиеленген шырғалаңның ұйысын бірден таратып жіберуден тайқымай, бір-ақ кеседі. Мұндай тəуекелсіз əлгіндей шешім жоқ. Дағдарыстан шығудың амалын іздегенде, толғана келіп, тоқтаған тұжырымы қуаттанып, шешімге айналды. «Олдың» əлпеті көп күйзеліске шомылдырмайтынын іші сезетін секілді. «Жөнделудің» бəлкім, шарты болар, бəлкім мысқылы болар – «ұмыту».

Бір қарағанда, Бұл мен олдың ара-сын дағы қарапайым өмірлік қарым-қаты нас, мың-сан рет қайталана беретін «үйреншікті», көзтаныс жəйт-мысал Гүлнəр ақын əкелген лирикалық кейіпкердің сөз-толғанысы арқылы сезім мен сезіну хи-каясына, психологиялық драмаға айна-лады. Г.Салықбайдың жырларындағы ең айқын көрінетін, ақын ретінде басқалардан айрықшалайтын қуат – айрықшалық – психологиялық драмалардың молдығы мен шынайылығы. Мұндай деңгей шын мəніндегі толысқан, кемеліне кел-ген дарынға тəн. Ендеше, Г.Салықбай жырларының қазақ лирикасындағы ай дидарлы, айрықша үлесі – қазақ өлеңіне қосылған қымбат қазына.

Бекен ЫБЫРАЙЫМ,филология ғылымдарының докторы,

профессор.

АЛМАТЫ.

Пойыз автобуспен соќтыєыстыБангладеште пойыз автобуспен соқтығысып, салдары-нан 10 адам қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы Үндістан шекарасына таяу жерде Баробазар қаласында орын алған.Кемінде он адам қаза тауып, 57 адам жарақат алған, деп хабар-

лайды Франс Пресс агенттігі полицияға сілтеме жасай отырып. Автобуспен соқтығысқаннан кейін де пойыз толық тоқтағанға дейін екпінімен 500 метр жер жүрген. Полицияның мəліметіне қарағанда, оқиға реттелмейтін теміржол өтпесінде орын алған. Осы учаскеге жа-уапты теміржол қызметшісі қамауға алынған. Апат болған теміржол бойындағы қозғалыс уақытша тоқтатылған көрінеді.

Жаѕа баллистикалыќ зымыран жасамаќҚХР жаңа континентаралық баллистикалық зымы-ран жасау жұмыстарын жүргізуде. Жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында елдің бір əскери қызметкері АҚШ-тың зымыранға қарсы жүйені дамытуы жағдайында үшінші буындағы баллистикалық зымыранды жасау қажеттілік екенін атап көрсеткен.

ҚХР-дың жаңа буындағы «Дунфэн-41» континентаралық баллистикалық зымыранды жасап жатқаны туралы Синьхуа агенттігі жұма күні хабарлаған. Агенттіктің хабарына қарағанда, Шэньси провинциясының қоршаған ортаға бақылау жасау жөніндегі орталық стансасының ресми сайтында құжаттың

суреті жарияланып, онда ҚХР-дың бір ғылыми-зерттеу институтының бас бөлігі бөлінетін баллистикалық зымыран жасау жұмыстарын жүргізіп жатқаны айтылған.

Газада їш кїндік бітім орнадыИзраиль үкіметінің басшысы Биньямин Нетаньяхудың кеңсесі Израильдің АҚШ-пен БҰҰ ұсынған 72 сағаттық «гуманитарлық үзіліс» жариялағаны туралы ресми хабарлады. Бұған дейін бітімге өз келісімін бергенін ХАМАС өкілі де растаған болатын.Екі тараптың дау-жанжалда «гуманитарлық үзіліс» жариялау ту-

ралы келісіп, сонымен бір мезгілде Каирде Египет үкіметі арқылы ұзақ мерзімді реттеу туралы келіссөздерге отыруы жөнінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мəлімдеген еді. Айта кету керек, ұрыс жүріп жатқан 23 күнде 1440 адам қаза тауып, 8295 адам түрлі жарақаттар алған. Израиль тарапынан 53 əскери қызметші мен 3 бейбіт тұрғын қаза тапқан.

Дауыл аралдаєы елдерге ќауіп тґндірудеКариб теңізіндегі тропикалық «Берта» дауылы Барба-дос пен Доминикаға қатер төндіруде. Қазіргі уақытта дауылдың ошағы Барбадос жағалауының оңтүстік-шығысына қарай 445 шақырымда орналасқан. Ол сағатына 30 шақырым жылдамдықпен солтүстік-батысқа қарай жылжып келеді.Дауылдың жақындай түсуіне байланысты Барбадос, Доминика

жəне Сент-Люси сияқты арал мемлекеттерде дауылдан сақтану жөнінде ескерту жарияланған. Желдің жылдамдығы сағатына 62 шақырымға жеткен кезде əдетте тропикалық дауылдарға дербес атау беріледі. «Берта» Атлантикадағы биылғы дауылдар маусымында дер-бес атау алған екінші дауыл болып отыр. Атлантикада ресми түрде дауылдар маусымы 1 маусымда басталып, 30 қарашада аяқталады.

Филиппинде болєан жол апатыОтызға тарта жолаушы алып келе жатқан автомобиль белгісіз себеппен Рисаль провинциясының Антиполо қаласындағы жағармай құю стансасының қабырғасына соғылған. Соның салдарынан Филиппиннің 2 тұрғыны қаза тауып, 24 адам дене жарақаттарын алған.Полиция орын алған оқиғаны тергеуге кірісті. Филиппинде

мұндай оқиғалар жиі болып тұратын көрінеді. Мамыр айының ба-сында, небəрі бір аптаның ішінде елдің түрлі бөліктерінде болған үш жол-көлік оқиғасы салдарынан 7 адам қаза болып, 35 адам жарақат алған. Осы елдегі ең ірі апат 2010 жылдың тамызында орын алып, автобустың құзға құлауы салдарынан 40 адам қаза тапқан болатын.

Палестиналыќ жетімдерге ќамќорлыќ жасалмаќВенесуэла президенті Николас Мадуро Біздің Америка халықтары үшін Боливар альянсы елдерінде ата-аналары бомбалаулар мен басқа да əскери іс-қимылдарда қаза тапқан палестиналық жетімдер үшін Уго

Чавес атындағы баспана құру туралы ұсыныс жасады.Мадуро көп ұзамай палестиналық жетімдердің Венесуэлаға

жеткізілетіндігіне, олардың осы елде сүйіспеншілік пен қамқорлыққа бөленетініне уəде берді. Сондай-ақ, президент таяудағы сенбіде Венесуэланың барлық қалаларында Палестина халқына қатысты Израиль басқыншылығына қарсы наразылық маршы өтетінін де ха-барлады.

Ќытай ґз азаматтарын Ливиядан əкетудеҚытай елшілігі өткен бейсенбі күні өз елінің 221 азаматын Ливиядан алып шықты, деп хабарлады Синьхуа агенттігі. Олардың бір бөлігі Тунис мемлекетіне өтсе, екінші бөлігі теңіз арқылы Грекияға жетпек.Осы жылдың мамырына дейін Ливияда 2,1 мыңдай Қытай аза-

маты тұрған болса, олардың біртіндеп елден кетуі нəтижесінде 30 шілдеге қарасты Ливияда 1,1 мыңға жуық Қытай азамат-тары қалған. Айта кету керек, Ливия 2011 жылы елдің көсемі Муамар Каддафи тақтан құлатылып, өлтірілгеннен бері саяси тұрақтылыққа қол жеткізуге ұмтылуда. Соған қарамастан, соңғы уақыттары елде түрлі қарулы топтар арасындағы қақтығыстар барған сайын өрши түсуде.

Ирак їстінен ўшу ќауіпті ме?АҚШ-тың федералдық азаматтық авиация басқармасы америкалық əуе компанияларының ұшақтарына Ирак аумағы үстінен 30 мың футтан (10 км) төмен биіктікте ұшып өтуге тыйым салды.Оған қарулы қақтығыстар туындатқан ықтимал қауіпті ахуал-

дар себеп ретінде аталып отыр. Бұған дейін америкалық азаматтық ұшақтарға Ирак аумағы үстінен 6,5 мың шақырымнан төмен биіктікте ұшуға тыйым салынған болатын. Сонымен бірге, АҚШ-тың авиациялық билігі америкалық азаматтық əуе лайнерлерінің Ирактың Эрбиль жəне Сулеймания сияқты халықаралық əуежайларына ұшуына да тыйым салды.

Интернет материалдары негізінде əзірленді.

ШАРАЙНАƏлем жаѕалыќтары

Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған

Жан жырлары – болмыс сырлары

Əбдіқадыр ƏБДІРАЙЫМҰЛЫ,Қостанай педколледжінің қызметкері.

1963 жылы «Жаңауыл» орта мектебін бітіргеннен кейін ол сыныптастарымен бірге комсо-мол-жастар бригадасын құрып, Торғай өзені жағасында кірпіш күйдірді. А.Иманов атындағы кеңшар осы кірпіштермен жерасты қоймаларының ішкі қабырғаларын қаптағанын ұмытпаймын. Мен ол кезде 13 жасар баламын. Екі өгіз жеккен арбамен сол кірпіштерді қажет жерге тасымалдаймын. Сол қоймалар кешегі 90-шы жылдардың

аяғына дейін ел игілігіне жарады. Жұрт сапасына таңғалып жүретін. Содан Шөкең тың көтерілген жылдары, Амангелд і ауда -ны орталығынан 190 шақырым жердегі «Жыланшық» – «Родник»- те механизатор-жүргізуші болып жұмыс істеді. Жазда құрылыспен айналысып, қоғамдық малға жем-шөп дайындаса, алты ай қыста шөп тасып, кеңшар жылқысын бақты. Заманында өз қатарының белсенді ұйымдастырушысы бол-ды. Комсомол, партия, кеңес, кəсіподақ, əкімдік жүйелердің бəрінде қызмет істеп, үлкен шыңдалудан өтті.

Бүгінде ел ағасы – нағыз ұста атан ған сегіз қырлы, бір сырлы азамат. Қолөнер шебері, ағаштан түйін түйеді, ою ойып, өр нек са-лады. Кешегі 90-шы жыл дарғы дағдарыста қолдан ұзатылған қ ы з д а р д ы ң ү й ж и һ а з д а р ы н құрастырды, сақина соғып, төсек, үстел, сандық жасады. Торғай еліне ұзатылған менің қызымның үйі бүгінде Шөптібайдың қолынан шыққан зерлі-əшекейлі жиһаздарға толып тұр.

Ш ө п т і б а й к ө п т е н б е р і қазақтың ою-өрнегінің көпке беймəлім түрлері мен оның ғажа-йып құпияларын ашу жолдарын

зерт теу мен айналысып жүр. Шебер-дің басқалардан бір ерекшелігі – ол оюдың түрлерін халық өнері мен қағидалары негізінде өзі ойлап табады жəне өз қолымен жасай-ды. Оюшы шебердің 1500-ден аса ою-өрнектері екі кітап болып басылып шығып, халық игілігіне жаратылуда. Ою-өрнектері бірте-бірте өндіріске кеңінен еніп келеді. Өзіміздің елдің адамдары Шөптібайдың ою-өрнек үлгілерін жазбай таниды. Жобалардың алды таяуда қабырғаларға жап-сырылатын тұсқағаз үлгілеріне де енгізілді. Республикалық, əсіресе, өзіміздің Қостанай облыстық теледидар, бұқаралық ақпарат құралдары, кітапханалар жүйелері мен мұражайлар Ш.Байділдиннің шығармашылығын өте жақсы насихаттап, елге таратты. Өлке тарихын зерттеп жүрген Ш.Бай-діл диннің жергілікті өлке ту-р а л ы ж а з ғ а н , ж и н а қ т а ғ а н

дəйекті-құжаттамалық матери-алдары бағалы құнды лығымен тиісті орындардың лайықты бағасын алды. Олар аудан-дар мен ауылдардың кітапхана қорларын толықтырғанын көруге болады. Ол 2009 жылы Қостанай облыстық меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының иегері атанса, өткен жылы Арқалық қаласының «Құрметті азаматы» атағына ие болды. Білімі терең тарихшы-шежіреші соңғы үш-төрт жылда республика бойынша өтіп жатқан қазақ хандары мен олардың тарихына арналған іс-шаралардың белсенді қатысушысы жəне құрметті қонағы. Өткен жылғы Көкшетау өңіріндегі Абылай хан бабамыздың 300 жылдығына арналған шараға басы-нан аяғына дейін қатысты. Барған жерлеріне өзінің ою-өрнектерін арқалап апарып, жылжымалы көрмелер ұйымдастырып жүретін оның шығармашылығы қашан да кейінгі ұрпаққа өнеге болып та-былады. Менің елімнің тамаша азаматтарының бірі, міне, осындай көркем жан.

ҚОСТАНАЙ.

Нўр шашќан ґрнектер1500-ден аса ою-ґрнек авторыныѕ туындыларын бїгінде тўсќаєаздан тамашалайсыз

Менің туған елімде де көпшілік сыйлайтын, ал жастар жағы өте қатты үлгі-өнеге тұтатын азаматтар өте көп. Солардың бірі – қасиетті Торғай елінің тумасы, қазіргі атақты жазушы-ғалым Қойшығара Салғараұлы мен жазушы-этнограф, марқұм Сейіт Кежеахметұлы ағаларымыздың соңдарынан еріп өскен, бүгінгі таңда өзінің өте ғажап ою өнерімен жəне қолөнері шеберлігімен Торғай мен Қос та-найдың, ал соңғы бес-алты жылда Ақмола, Қарағанды, Көкшетау, Қарқаралы, Түркістан, Ереймен-тау, Жезқазғанның бірқатар елді мекендері жұртшылығына өзінің сирек кездесетін өнерімен кеңі нен танылған Шөптібай Байділдин туралы еліміздің бас газеті арқылы аздап əңгіме-сыр шерткім келеді.

Өнер

Page 6: Атаќты Алматы апорты - Egemenғылыми-зерттеу инсти-туты биылғы күзде ар-найы шыны құтыда өсірілген мыңнан

2 тамыз 2014 жылwww.egemen.kz6

Нұрымбек ЖАПАҚОВ, журналист.

Бұл мəселені соңғы жылдары ша-руа қожалықтарының жетекшілері жиі көтеріп жүр. Мəселен, «Əлем» ШҚ жетекшісі Ескендір Елемесовтің бұрнағы жылы жұмыс сұрап ау-дан əкіміне шағынып тұрған бір шоғыр жандардың легін көріп: «Осы кісілерді мал бағуға, сиыр саууға жұмысқа шақырып келтіре алмаймыз, келгендерінің өзі бірер айға шыдай ал-май кетіп қалады. Енді келіп, «жұмыс жоқ» деп қолын қусырады», деп ренжіп айтқан сөзі жадымызда қалыпты. Аудандық жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жанар Қошанова да оның уəжін жөн санайды. Оның айтуынша, аудан көлеміндегі «Əлем», «Ұлан», «Дидар», «Ержан» шаруа қожалықтары жыл сайын мал бағуға, бие, түйе, сиыр саууға ұдайы кісі сұрайтын көрінеді.

– Қазір көбінесе əйелдер жағы жұмыссыз отырады, – дейді Жанар Диясқызы. – Оларды жұмыссыз жүр ғой деп аяушылық білдіріп, аталған шаруашылықтарға бие, түйе саууға барыңыз, жалақысы көтеріңкі – 50 мың теңге дейміз. Алайда, олар онда электр жарығының, теледидардың жоқтығын сылтау қылып, бар-жоғы 2-3 айлық маусымдық жұмыстарға барудан бас тартады. Бүгінгі таңда мал бағуға ниет білдіретін ер адамдар да тым аз. Мысалы, Күйгенкөл, Ұзынкөл, Тау ау-ылдарында əлі күнге дейін жекенің ма-лын бағатын бақташылар табылмауда.

Ол, ол ма, аталмыш бөлім басшы-сының бізге берген мəліметіне сүйеніп айтар болсақ, адамдарды жалқаулыққа үйрететін атаулы əлеуметтік көмек көзінен біржолата арылту мақсатын көздеп, отбасында жұмыс істейтін ешкімі жоқ жандарды əртүрлі жеңіл жұмыстарға жұмсағанда да бармайды. Мəселен, қайсыбір бос отырған əйелдер тырбанып тірлік қылсын деген ниетпен аталған бөлім қызметкерлері оларға иелері қызметте болғанда үйден сəбиін бағып-күтетін жұмысты ұсынғанда бұдан бас тартатындар да баршылық. Тағы бірде «Бос отырсыздар ғой, бүгін пəленше-түгенше мерейтой немесе баласының үйлену тойын өткізейін деп жатыр, соған көмек сұрайды. Дастарқан əзірлеу, ыдыс жуу пəлендей қиын жұмыс емес, бір-екі сағатқа барып көмектесіп

қайтыңдаршы, ақысын төлейді», деп хабарласқанда əлгі əйелдер неше түрлі сылтаулар айтып, сытылып кетуге əзір тұрады екен. Осы арада Жанар Диясқызы Ақоба ауылына іссапармен барып, аталмыш ауыл тұрғыны Мұрат Мұхамбетқалиевпен осы мəселе жөнінде сөйлескенде оның мына пікірін мысалға келтірді: «Ауылдық жерде адамдардың жұмыссыз бос жүретіні миыма қонбайды. Жастардың жаз болса тентіреп, ауданнан тыс жерлер-ден жұмыс іздейтініне түсінбей-ақ қойдым. Ауылда мал ұстап, ел қатарлы тұрмыс кешіп отыруға мүмкіндік əбден бар. Ауылдағы кей шаруа қожа-лықтарының қарамағында жұмыс істейтін жандардың үйіне түстікке бара қалсаң, қатықсыз қара шай ішіп отыра-ды. Дастарқанда кілегей, қаймақ, май, сүзбе тəрізді нəрлі тағамдар болмайды. Дəмнен кейін ас қорытатын айранның болмауы да ата-салтымызға кереғар нəрсе», депті аузы дуалы ақсақал. Бір ойды бір ой қозғайды. Жанар Диясқызы ақсақалдың бұл пікіріне сəйкестендіріп тағы бір пайымның шет-пұшпағын шығарды. Бұрын мал ұстаса да кейін жеке кəсібін дамыту арқылы тұрмысына жал бітіп, атакəсіпті менсінбейтін кей кəсіпкер де пайда болыпты. Ондайлар мүмкіндігі бола тұра, мал ұстамақ түгілі малдың иіс-қоңысынан жиіркенетіндей «дəрежеге» жеткен. Бейнебір туғаннан қалада тұрып келе жатқандай «Малдың жанында өне-бойы болғаннан жағымсыз иіс шығады, мал жайлап, сауып келген соң душқа түсетін боларсың», деп өзінің «көшелі көрегендігін» айтатын көрінеді.

– Осындай біржақты, сыңарезу пікір таратып, онсыз да мал ұстауға ықылас танытпайтын қайсыбір жастар-ды одан əрі атакəсіптен бездіруге бейім тұратындардың қатары там-тұмдап болса да кездесетіні кейісті. Ауылда тұратын болған соң мал ұстау керек. «Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған əйелдің бір ісі артық» деп ата-бабаларымыз босқа айтпаған, жете үңіліп, əбден өлшеп, шегіп айтқан. Мал ұстамаса ауылда не бітіріп отырады?.. «Мал ұстамасаң, үйдегі ыдыс-аяқ босап қалады», деген бұрынғылардың аталы сөзін əрдайым есте сақтаған жөн, – дейді Жанар Қошанова өз сөзінде. Оның ауылда отырғасын мал ұстау керек де-ген сөзінен шығады, аудан орталығын былай қойғанда, жайылымы кең, жері

отты, шөбі шүйгін маңда тұрып, ауласы-на көпе-көрінеу мал ұстамайтындарды көргенде бойыңда лажсыз таңданыс пайда болады. Жақын ауылдарда тұратын кейбір бауырларымыздың Жəнібекке базарлап келіп, сүт, қаймақ сатып алып жататыны жанымызға бата-ды, əрине. Мұның өзі қазақ баласының ұғымымен еш қабыспайтын жат нəрсе деп айтсақ мейлінше қисынды.

Жалақысы 50 мың теңге болса да бие, түйе сауатындардың табылмауы көзі жіті тұрғындарды, əсіресе, жасы үлкен жандарды қатты қынжылтады. Мəселен, Жəнібек ауылының байырғы тұрғыны Бəтима Азаматова ау-дан орталығында өткен бос орын-дар жəрмеңкесіне қатыспағанымен, əлгіндей мəліметті облыстық, аудандық газеттен оқып, хабардар болған екен.

– Қол-аяғы балғадай қыз-келін шек-тердің бұл қылығы ыңғайсыз енді, – дейді жасы жетпісті еңсерген кейуана кейіп. – Жаратушы менен 20 жылды кейін шегеріп тастаса, бұл жұмысқа қуана-қуана барар едім. Əттең, соңғы жылдары аяғым ауырып, беймаза бо-лып жүрмін, онан басқа сауыншылыққа қазір де тартып отырар едім.

Айтса айтқандай-ақ, егер еңбекке енжар қалпымызды қоймасақ, ау-ылда отырып бие, түйе, сиыр саууға еріншектік танытсақ, ертең дүкен сөре лерінен қымыз, шұбат, айран тап-пай дағдаруымыз əбден кəдік. Ақылы қоғамдық жұмысқа, соның ішінде жалғызбасты, мүгедек жандарға көмек-тесуге кейде адам таппай қалатынымыз анау, бақташы бол, мал бақ,түйе, бие сау десең, сан сылтауларды сапыратындар мынау, шынында да, ауылда екі қолға бір күрек таппай сенделетіндердің саны азайғаны ма, немене?!

Жуырда Оралға барғанымызда ба-зарды жағалай арба сүйреп жүрген қазақ жігіттерін жиі кездестірдік. Арбасына кəкір-шүкір бірдеңелерді тиеп алып, бетпе-бет келген жанға көп назар аудар-май зымырап бара жатқан ауылдың қара баласын тоқтатып алып: «Неге дарылда-тып арба сүйреп жүрсің, одан да ауылға барып, туысқандарыңа демеу болып, қол ұшын бермейсің бе?» дегенімізде ол əртүрлі сылтауларды желеу қылып тұрмай бірден: «Ауылда істейтін жұмыс бар ма?» деді де жөнеп берді.

Батыс Қазақстан облысы,Жəнібек ауданы.

– Олжас Қобыландыұлы, жұмыс -пен қамту орталықтары «Жұмыс -пен қамтудың жол картасы-2020» бағ дарламасын жүзеге асыру мақ-са тында 2011 жылы жер-жерлерде ашыл ғанын білеміз. Бұл – жергілікті əкімдік тердің жұмыспен қамту жəне əлеу меттік бағдарламалар басқарма-ларынан бөлек, қосымша меке-мелер. Яғни осындай орталықтар ашыл ғаннан əкімдіктің жұмыспен қамту басқармалары «жұмыссыз» қалмаған болар, жұмыспен қамту са-ласында сіздердің олардан бөлек нақты бағыттарыңыз бар ғой?

– Иə, əрине. Өздеріңіз білетіндей, «Жұмыспен қамтудың жол карта-сы-2020» бағдарламасы үш басты бағыт-ты іске асырады. Бірінші бағыт – инфра-құрылымды жəне тұрғын үй-комму-налдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету. Атал ған бағыт əлеуметтік-мəдени ны-сан дарды жөндеу бойынша инфра құры-лымдық жобаларды іске асыру жолымен халықты жұмыспен қамтуға жəрдемдесуді көздейді. Атап айтар болсақ, ағымдағы жылы Астана қаласында жоспарланған 33 жоба бойынша 1125 жұмыс орында-ры құрылатын болады. Қазіргі кезде 27 жобаның іске асырылуы басталып, 608 жұмыс орындары ашылуда. Екінші бағыт – кəсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру жəне тірек ауылдарды дамыту. Бұл бағыт жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту арқылы кəсіпкерлікті ынталандыруды жəне экономикалық белсенділікті арттыруды, тірек ауылдық елді мекендерді кешенді дамытуды көздейді. Астана қаласында бұл бағыттың іске асырылуы қарастырылмаған. Үшінші бағыт – жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту жəне қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жəрдемдесу. Бұл бағыт жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде еңбек əлеуетін дамыту, жұмысқа орналасуға жəрдемдесу жəне еңбек ресурстарының кəсіптік жəне аумақтық ұтқырлығын арттыру жолымен халықты жұмыспен тұрақты жəне нəтижелі қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған. Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығы осы үш бағытқа да қатысады. Сонымен, бағдарламаның бірінші, екін ші бағыттарын Жұмыспен қамту орта лығы іске асырады, ал үшінші ба ғыттың бір құрауышы жартылай Жұмыс пен қам ту жəне əлеуметтік бағдар ламалар басқар-масында. Осы бағыттарды жүзеге асыру үшін оқыту жəне қайта даярлау курста ры біздің орталықтар арқы лы жүзеге аса ды. Бағдарламаға қатысу шылардың кəсіп-тік оқытуы Жұмыс пен қамту орталы-ғы мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде ұйымдастырылады.

– Оқу курстары ұзақ бола ма?– Мазмұнына байланысты мерзімі

əртүрлі болады. Мəселен, кəсіптік даяр-лау кезінде он екі айдан көп емес, қайта даярлау кезінде алты айдан көп емес, біліктілігін арттыру кезінде үш айдан көп емес уақыт оқытылады.

– Оқу барысында қандай да бір тө-лем ақы, шəкіртақы дегендер төлене ме?

– Əлбетте, кəсіптік оқыту кезінде бағдарламаға қатысушыларға шəкіртақы төленеді. Сонымен қатар, Астана қаласының Жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасы аумақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде шəкіртақы төленбейтін

кəсіптік оқытуды ұйымдастыратынын атап өту қажет.

– Бұл оқу курстары тек жұмыссыз адамдарға ғана арналған ғой?

– Тегін мемлекеттік қолдау шара ла-рының барлығы жұмыссыз азаматтарға арналғандықтан, жұмыссыз ретінде тіркелу қажет. Айтпақшы, осы жерде бір ес керетін мəселе, Жұмыспен қамту орта-лығы жұмыссыздарды есепке алып, олар-дың санын есептейтін орган емес, біздің міндетіміз оларды жұмысқа орналастыру.

– Яғни жұмыссыздарды оқытып, сосын оларға жұмыс іздейсіздер ғой. Сонда бос орындар жайлы ақпаратты қайдан аласыздар?

– Жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілермен əртүрлі анықтамалар көмегімен немесе телефон соғып, ғаламтор-ресурстары арқылы жұмыс істейді. Нəтижесінде бос жұмыс орында-ры жайында ақпарат жиналады. Мысалы, 2014 жылғы 1 тамыздағы жағ дай бой-ынша Астана қаласында бос жұмыс орын дардың саны – 1579, түйінде ме-лердің саны 3843-ті құрайды. Оған қоса айтып өтсек, жұмыс берушілерге ақы сыз түрде қажетті кəсіби кадрлар-ды іздеуге жəрдемдесу ұсынылады. Бір ескеретіні, əр жұмыс беруші «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңға сəйкес, бос жұмыс орындар (бос лауазымдар) туралы мəліметті пайда болған үш күн аралығында уəкілетті органға жолдауға міндетті. Онымен қоса, біз арнайы курс-ты бастар алдында белгілі бір компания-лардан тапсырыс алуымыз да мүмкін. Мысалы, екі айдан соң осынша сылақшы, не басқа да құрылыс маманы керек де-гендей тапсырыстар болып жатады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жұмыссыз адамдарды жұмысқа орна-ластыру, заңмен бекітілген тəртіпке сəйкес бар жұмыс орындар туралы ақпарат берген жұмыс берушілерге жол-дама беру арқылы жүргізіледі. Алайда, Еңбек кодексінің 23-бабына сəйкес жұмыссыздарды жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігі сонымен қатар, қызметкерлермен еңбек шартын жасауға, өзгертуге, толықтыруға жəне бұзу құқығы жұмыс берушінің өзінде қалады.

– Қазір Астана қаласында жұмыс-сыздық деңгейі қандай?

– Жұмыссыздық деңгейі 2014 жылғы 1-тоқсан ішінде 5,3 пайызды құрады жəне 2013 жылдың сəйкес кезеңімен салыстырғанда 0,3 пайыздық тармаққа төмендеді. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жастар жұмыссыздығы 7,0 пайызды құрады, ал бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 1,3 пайызға төмен. Жұмыссыздық деңгейі жұмыспен

қамтудың белсенді саясаты – əлеуметтік көмек көрсетудің кешенді шараларын жүргізу арқылы төмендеді дей аламыз. Айталық, бағдарламаны іске асыру ба-рысында біздің орталықтан 5582 адам жұмысқа орналастырылған.

– Ал астаналық жұмыссыздардың қанша пайызы жоғары білімді , керісінше, қаншасы орта білімді екенін айта аласыз ба?

– Орталыққа хабарласқан азамат тарға талдау жүргізген кезде, бағдар ламаға қатысушылардың 60 пайызы жоғары білімді, 30 пайызы – арнайы орта жəне 10 пайызы орта білімі бар екендігі анықталды. Əрине, Астанадағы жұмыссыздардың ба-сым көпшілігі жоғары білімді болып келеді. Себебі, мұнда жоғары оқу орын-дары да жеткілікті, түлектердің көбі осы қалада қалғысы келеді. Алайда, елордамыздың жұмыс берушілері еңбек нарығында сұранысқа ие жəне де жұмыс өтілі бар қажетті мамандарды сұрайды. Ал жылда жоғары оқу орындарын заңгер, есепші, қаржыгер мамандықтарымен бітіріп жатқан азаматтарымыздың көбісі жұмысқа орналаса алмайды. Оған себеп, жұмыс тəжірибесінің жоқтығы немесе ұсынылған жұмыс орны жалақысының аздығы. Оған қоса қазіргі бос орындарға басқа өңірлерден жұмыс күші ағылып келіп жатыр. Осы жерде тағы бір айта кетерлігі, біз қазір жоғары білімді азаматтарды басқа да сұранысқа ие мамандықтарға қайта оқыту, яғни за-ман талабына сай жұмылғыш болуға бағыттау жұмыстарын атқарудамыз. Атап айтар болсақ, бізде жұмыссыздар қатарында тіркелген жəне басқа санаттағы азаматтар өзінің мамандығы бойынша жұмыс таба алмай, яғни еңбек нарығында мамандығы сұранысқа ие емес болған жағдайда, жаңа мамандықты меңгеру мақсатында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша қайта даярлау тегін курстарынан өтуін ұсынамыз. Сонымен қатар, анағұрлым жоғары разряд (сынып, санат) алу, озық техника мен технологияны зерттеу жəне игеру мақсатында өндірістік қажеттілікке қарай, кəсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында біліктілігін арттыру курста-рын ұйымдастырамыз.

Ал жоғары оқу орнын жаңа бітір ген түлектер үшін бізде арнайы «Жас тар тəжірибесі» қолға алынды. Мұнда жастар алған мамандығы бойынша тəжі рибеден өтіп, нақты ішкі өндірістік қарым-қатынас туралы білуге жəне өзінің білімінің, дағдысының деңгейін бағалауға мүмкіндік алады. Қабылданған мемлекеттік қолдау шаралары тəжірибеден өткен жастардың жұмысқа орналасуын жеңілдетеді. Бұл мемлекеттік қолдау шарасы алған мамандығы бойынша бұрын жұмыс істемеген 29 жасқа дейінгі жастарға арналған. Өту мерзімі 6 айды құрайды, еңбекақысы – 27 700 теңге. Мұның өзі жұмыссыздықтың алдын алуға зор əсерін тигізіп отыр дей аламыз.

Жалпы, əңгімемізді түйіндей келе, ел азаматтарына еңбек нарығында өзіне лайық мамандық бойынша орнын табуы-на жұмыспен қамту орталықтары барын-ша көмек көрсететінін сеніммен айтқым келеді. Сондықтан қызметімізге зəру кез келген азаматқа есігіміз əрқашан ашық.

Əңгімелескен Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,«Егемен Қазақстан».

Алатау баурайында күн кенет күрт ысыды. Мұздықтар тез еріп, Талғар тауында табиғи жолмен пайда болған көлшік ернеуінен асты. Долы тасқын жағаны жарып, төменге лап қойды.

«17 шілде күні 14 сағатта Талғар қаласының қақ ортасы-нан ағып өтетін Талғар өзенінің ж о ғ а р ы а р н а с ы М а р а л с а й шатқалы нан секундына 42 тек-ше метр жылдамдықпен 300 мың текше метр сел тасқыны жүрді. Су тасқынынан талғарлықтарды бөгет сақтап қалды. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ», деді Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас-шысы Сəбит Битаев.

Десе де, су тасқынынан жа-ғалауда жайылып жүрген бірер ірі қара өліп, бірнеше автокө-лік жəне жағалауға жақын тұр-ған ғимараттар зардап шекті. Маралсай шатқалындағы жол

бұзылып, Талғар қаласының тұр ғындарын ауыз сумен қам-тамасыз етіп отырған су құбыр-лары мен шатқалдағы дема-лыс орындарына жарық беретін бірнеше электр бағаналары суға ағып, байланыс желілері істен шықты. «Спутник» сауықтыру лагеріндегі балалар мен мүгедек жандарды құтқару шаралары қолға алынды.

Табиғаттың тосын апатының зардаптарын жою мəселесін Алматы облысының əкімі Аңсар Мұсаханов бақылауға алып, ар-найы жасақталған комиссияны оқиға орнына жіберді. Талғар қаласы мен Қызылқайрат , Белбұлақ селолық округтеріне қарасты елді мекендерді ауызсу-мен толықтай қамтамасыз ету, қираған жолды аршып, тазалау, бау-бақшаға су беретін тоған көзін тазалап, іске қосу, тасқын су шайып кеткен Жаңашар бөгетін қалпына келтіруге жете мəн берілді. Маралсай шатқалындағы су тасқыны Оң Талғар өзенінде

орын алып, соның салдарынан 12 шақырымдық су құбыры ның 9 шақырымы бұзылған. Тал-ғар қаласы мен Қызылқайрат, Бірлік, Талдыбұлақ, Алмалық, Алмабақ сынды елді мекендердің тұрғындары ауыз сусыз қалып, қиындық көруде. Осыған орай, облыс бюджетінен су құбырларын қалпына келтіруге 30 млн. теңге, жолды жөндеуге 60 млн. теңге, ауылшаруашылық мақсатына пайдаланылатын тоғандарды тазартуға 164 млн. теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстарын екі апта аралығында аяқтау тапсы-рылды. Дəл бүгінгі күні электр бағаналары орнатылып, жарық іске қосылды. Сол Талғар өзенін Оң Талғар өзеніне қосатын ұзындығы 700 метрлік су құбыры жасалуда. Сол Талғар өзеніндегі бас су қоймасына бірнеше тех-ника мен адамдар тартылып, өзеннің құм-тасын тұндырып, тазарту жұмыстары атқарылуда. Қазіргі күні Талғар қаласы мен елді мекен тұрғындарын ауыз

сумен толықтай қамтамасыз е т у м а қ с а т ы м е н к ө р ш і л е с Еңбекшіқазақ, Қарасай, Іле ау-дандарынан көмекке су тасымал-дайтын көліктер алынды. Төтенше жағдайдан шығу мақсатында Рысқұлов ауылы маңайындағы жерасты су көздерінен құбыр желісі тартыла бастады. Бұл жердегі 10 ұңғыманың мүмкіндігі Талғар қаласын ғана емес, оның айналасындағы топтық су құбыры жүйесіне кіретін елді мекендерді де ауыз сумен толық жабдықтай алады.

Талғар ауданының 12 елді мекенін ауызсумен қамтамасыз ету үшін «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында топтық су құбыры салынған. Селдің салдарынан судың лай болуы себепті аталған су құбырын пайдалану əзірге мүмкін болмай отыр. Қазіргі кез-де ауыз суды сүзгіден өткізетін станса осы су құбырымен қосылған. Лай су тұнып, аз да болса тазаланған кезде Талғар қаласы мен оның айналасындағы

елді мекендер тұрғындары осы су құбыры арқылы ауыз су-мен қамтамасыз етіледі. Қазіргі белгіленген кесте бойынша таңғы 8-ден түнгі сағат 12-ге дейін əр ау-ланы аралап жүріп су таратылуда.

Талғар өзені 1993 жылы арна-сынан асқан еді. Содан кейін сел-ден қорғану мақсатында Талғар бөгеті салынып, 2007 жылы іске қосылды. Шынын айтқанда, тау-дан тасыған су мен сол ағынмен домалаған тастарды да ұстап қалған осы бөгет.

Халықтың «лай судан түрлі жұқпалы ауру тарай ма?» деген қаупіне еш негіз жоқ. Оны ма-мандар зерттеуден өткізіп, бакте-риядан таза екендігін анықтаған. Судың лайлануы биыл ғана емес, жыл сайын жаздың орта шенінде болатын қалыпты жағдай екендігін талғарлықтар жақсы біледі. Тамыздың орта тұсынан əрі қарай Талғар суы тұп-тұнық боп тазарып шыға келеді. Кеңестік кезеңде 13 шақырымдық су құбыры жасалған болатын. Қазір соның жұмысын аяқтап, 10 ұңғыманы, яғни сумен жабдықтаудың резервтік жүйесін іске қосу жоспарлануда.

Алматы облысы,Талғар ауданы.

Сел сергелдеѕі сейілді

Толғандырар тақырып Əлеуметтік қорғаудың əлеуеті

Еѕбекке енжарлар кґбейіп барады

Бұлай жазуымызға мына жағдай түрткі болды. Биыл мамыр айының аяғында аудандық жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімі бос жұмыс орындары бойынша жəрмеңке ұйымдастыр ғанда, беташарында сөз сөйлеген аудан əкімі еңбекақысы 50 мың теңгеге дейін бола тұрса да шаруа қожалықтарында бие, түйе сауатын жандардың табыл-май отырғандығын тілге тиек еткен-ді.

Жўмыспен ќамту орталыќтары жўмыссыздарєа кґмек кґрсете ала ма?Астана ќаласы əкімдігініѕ «Жўмыспен ќамту орталыєы» КММ директоры Олжас ОМАРМЕН əѕгіме

Сақтансаң – сақтайды

Page 7: Атаќты Алматы апорты - Egemenғылыми-зерттеу инсти-туты биылғы күзде ар-найы шыны құтыда өсірілген мыңнан

2 тамыз 2014 жыл www.egemen.kz 7Ќазаншыныѕ еркі бар...

«Мен мемлекеттік əкімшілік саланың төменгі буынындағы қызметкермін. Не жоғары жақта, не аудандық деңгейде бірде-бір туысым жоқ, тек ардақты Елбасының командасындағы адаммын деп өзімді жұбатамын. Мемлекеттік қызметшілер өздерінің лауа зы мын еліміздің Конституциясы мен «Мем лекет тік қызмет туралы» заң жəне басқа да құқықтық актілерге сəйкес жүзеге асыратын қоғамның ең бетке ұстар зиялылары болып табыла-ды. Сондықтан олар қашанда қоғамның көз алдында жəне қызметтері халыққа үлгі болып табылуға тиісті деп саналады. Бұл туралы Елбасы да үнемі айтып келеді. Бірақ Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауда-нында өткен мына жағдай халық сенетін бар үміттің бəрін жоққа шығарғалы тұр. Бұл – еліміз тəуелсіздігінің 22 жылы ішінде кездесіп отырған алғашқы жағдай де-сек, қателеспеспіз. Дегенмен, сенсеңіз де, сенбесеңіз де мен сіздерге осы бір өрескел жағдайды баяндағалы келдім».

...Иə, солай, Алматы облысы, Еңбек-шіқазақ ауданы, Есік қаласының тұрғыны Жангелді Барсаевтың айтып отырғаны да өзінің жанайқайы. Ол басына түскен жағдайдан кейін өзін біреу мүлде өзге бір өмірдің ортасына лақтырып тастағандай көрінді. Заңдар бар, мүйізі қарағайдай мекемелер бар, соған сай адам құқы тап-тала қоймайды, тапталса қорғалады деп есептейтін. Сенетін. Сөйтсе, əділдік жоқ деме – əлің келмес, адалдық бар деме – арың жетпес дегендей, сөзі де, құқы да ештеңеге жарамайтын болғанда қатардан лақтырылып тасталғандығын бір-ақ біліпті. Мұндай жағдайда ол бірқатар халыққа қызмет етуге тиіс қызметтің тоқырауға ұшырағанын мемлекет қаншалықты бүркемелегісі келгенімен, басымдылық біртіндеп сыбайластардың қолына көшіп бара жатқанын да жасыра алмайсыз дейді. Осы шындықтың ашылғаны үшін талай адамды жазғыруға, жазалауға да болатын шығар. Бірақ бірнеше мыңдаған адамға та-рап кеткен бұл шындыққа енді қақпақ бола да алмайсыз. Мысалы, тап осы мəселені қанша жасыруға тырысқанмен оның жұртшылыққа кеңінен мəлім болғаны да рас. Ол елдің 60-қа жуық басылы-мында жарияланып үлгерген. Жəне ол мақала, сұхбат, хабарлардың бəрінде де бір ғана мəселе: Жангелді Барсаев секілді адамдардың кінəсіздігі айтылады. Сол себепті, Жангелді Барсаевтың жанайқайын көптеген адам жанына жақын тұтып тұр. Өйткені, олардың да дені шенеуніктердің əділетсіз іс-əрекеттерінен жаны түңілгендер ме деп ойлайсыз. Жəне оны бəрі біледі. Бірақ содан нəтиже бар ма?

Теріс жайдыѕ сырыАл кемшілікке қақпақ болғанша оны

тудырған себеп пен салдарды іздеу керек. Оған себеп қайда дейсіз ғой? Жангелді Барсаев Есік қалалық əкімдігі аппара-тында бас маман əрі заң кеңесшісі болып қызмет істеп жүргенде басшылықпен арада кикілжің туындап, оның соңы жəбірленушінің қудалануына əкеп соқтырды. Оның айтуына қарағанда, кезінде қала əкімі Алмабеков қарауындағы біраз қызметкерді қызметтен шығарған көрінеді. Əрине, басшы адамның қыз-меткерін тиісті заң талаптарына сай жұ-мыстан шығаруына қақысы бар екені анық. Бірақ қалалық «Есік» газетінде жазылғандай, ол əуелі əкімдіктің бұрынғы қызметкері Бейсенғұловты еркінен тыс шығарған секілді. Сондықтан оның ары-зы бойынша алғашқыда арнайы комис-сия да келіп тексерген. Бірақ ешқандай шара қабылданбаған. Осыдай кейін-ақ, Ж.Барсаев та қуғынға ұшырапты.

Əкім оны екі рет ескерту мен сөгіс беру арқылы тəртіптік жазаға тартқан. Біздің заңдарымыз бойынша əкім қарауындағы қызметкер заңды бұзса, не қызметін атқара алмаса, яки тəртіпсіздік жасаса, онда өз міндеттік құзыреті шеңберінде тиісті бір заңды шара қолдануға құқылы. Соған орай Алмабеков Ж.Барсаевқа қатысты жоғарыдай тəртіптік шешім шығарған соң, ол сотқа жүгінеді. Мен жазықсызбын дейді. Бұл арада құқық қорғау органдарының көзімен қарасақ, екінің бірі емес, адамның бəрі жазықсызбын дейтін көрінеді. Сондықтан құқық қорғау органының міндеті, қалайда емес, əйтеуір жазықтыны табу. Ал жазықты екінің бірі екені сөзсіз дейді. Біздің еліміздегі жүйеленіп кеткен осы қағидатқа сүйенген əкім, өзгелер де солай есептейді деп, заңды белден басып жіберген сыңайлы. Ақыры Барсаев жүйе мəшинесінің астында қалса, жазықты бол-маса да жазалана беретіндігін біліп, жан-таласа жан-жаққа қолын созды.

Обалы не керек, алғашқыда Еңбекші-қазақ соты арызды қарап жібереді де расында да Ж.Барсаевтың еш кінəсі жоқ тығын, яғни оның заңсыз жазалан-ға нын анықтап берген. Бірақ мұны əкім місе тұтпайды. Өйткені, ол əкім ғой. Ал əкім-қараның айтқаны, ойлап қара ңыз-даршы, неге орындалмауы тиіс? Сон-дықтан айтқанынан қайтпау үшін бір амал тауып, яғни Барсаевтың жұмыста жоқтығын пайдаланып, акт жасатады. Сөйтсе, бұл акт та заңға қарама-қайшы көрінеді. Өйткені, бұл кезде Ж.Барсаев емделуде, яғни уақытша еңбекке жа-рамсыз парағын алып, ем-дом қабылдап жатқан екен. Бұдан ештеңе шықпаған соң Алмабеков 2010 жылдың 1 қарашасынан бастап, Барсаевтың қызмет лауазымын қысқартқан. Лауазымы қысқарған соң Ж.Барсаев далада қалса да бірде-бір құзырлы орган мұның оларға тікелей жазған арыздағы жағдайына сай мəселені жеріне жеткізіп талқылап, зерделеп көрмейді. Тек əбүйір болғанда БАҚ-та шыққан «Өз өтініші бойынша» деген мақалаға сəйкес Еңбекшіқазақ аудандық прокуратурасы Алматы облыстық прокуратурасының тапсырмасына орай «Есік қаласы əкімінің

аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмысында Еңбек кодексінің жəне өзге де нормативтік-құқықтық актілердің орында-лу заңдылығына тексеру жүргізеді. Тексеру қорытындысы бойынша, Есік қаласының əкімі А.Алмабеков қызметкерлердің штат санын қысқарту кезінде Ата Заңымыздың 24-бабында айтылғандай, яғни əркімнің еңбек ету бостандығына құқын, əркімнің жұмыссыздықтан əлеуметтік қорғалуға құқын жəне басқа да заңдар мен қаулылардағы талаптарды бұзғандығын анықтағандығын келтіреді. Одан əрі про-куратура тексерісі «Есік қаласы əкімінің

штат кестесіндегі бас маман-заңгер лауа-зым қызметі қысқартылуға жатпайды» деп түйіндейді. Сөйтіп, Еңбекшіқазақ ауданының прокуроры, əділет кеңесшісі Ш.Құтелов: «Есік қаласының əкімі А.Алмабеков бас маман-заңгер Ж.Бар-саевты екі рет заңсыз тəртіптік жауап-кер шілікке тартқандығы үшін жəне оны қызметінен заңсыз қысқартып, конс-титуциялық еңбек ету құқығын бұзып, бұқаралық ақпарат құралдарына жəне жоғары органдарға арыздануына жол бергендіктен қатаң тəртіптік жауапкер-шілікке тартылсын» деп ұсыныс енгізеді.

Міне, байқадыңыз ба, Еңбекшіқазақ ауданының прокуроры «бұқаралық ақ-парат құралдарына...» деп арнайы тоқталып өткен. Тоқталмасқа амал жоқ еді, өйткені, бұл жайт БАҚ-тардың бірінен соң бірінде көтеріліп жатқан. Əйтсе де, қалалық əкімнің заңсыздығы қадам аттаған сай-ын əшкереленіп жатса да, оған жоғары тұрған мемлекеттік органдар еш назар аудара қоймайды. Тіпті, Алмабековке қатысты Еңбекшіқазақ ауданы ішкі істер басқармасының тергеушісі А.Құлбаев осы іс бойынша айыпталушы Асхат Алма-бековке еліміздің Қылмыстық кодек сінде көрсетілген 148-баптың 1-бөлімі бойынша қылмыс жасады деп кінə тағып, айыпқа тар-ту қажет деген қаулы шығарған. Бірақ, осы аты дардай, заты зордай болып көрінетін қылмыстық істердің қауқары тек Барсаевты ақтауға жеткенімен, кінəліні соттауға жəне жəбірленушінің жазықсыз қудаланған күндерінің залалын өтетуге дəрмені жетпеді. Дəрмені жетпеді емес, тиісті жоғары тұрған органдар жете мəн бермеген көрінеді. Өйткені, жазылған заң бар, бірақ оны орындау керек. Сөйтіп, кінəсі қанша жер-ден нақты дəлелденсе де, не құдіреті бар екені белгісіз, əкім бар-жоғы сөгіс алу-мен тынады. Ал құқық қорғау органдары бұдан артыққа қам жасамай ды. Сөйтіп, құқық қорғайды деген қай ран құқықтың өзі қайраңда қалып қойған.

Заѕ їстемдігін кґздейтіндер кґп емес

Бұл орайда, редакция қоржынына түсіп жатқан хат та, ауызша шағым айта келушілер қатары да көп. Бірақ олардың барлығын тек тырнақ астынан кір іздеген арызқойлар ғана деп есептесек, шын мəнінде ауруды жасырғанымыз болады. Арыз айтқан əрбір хатты мұқият қарасаңыз біздің елдің қазіргі жетістігін жоққа шығармайды. Қайта сол жетістіктің бəрі Тұңғыш Президентіміз бен оның сындар-лы саясатын қолдаған, ел мен жер үшін жанын салатын қалың жұртшылықтың арқасында туған нəтиже екендігін айғақ-тайды. Тек осы жетістіктердің жемісін ел тұрғындары бірдей көру керек екендігі мəселесінде қолында билігі бар бірқатар шенеуніктердің ала қойды бөле қырқып, заңнан да, адалдықтан да, ар-иманнан да аттап өтетіндігін наз қылып айтады.

Бұған құқық қорғау органдарының қызметінде кездесетін кемшіліктер се-беп дейді. Оның тамыры тереңде. Мəсе-лен, құқық қорғау билігі сотқа келген

қос тараптың бірі міндетті түрде сот шешіміне риза еместігін немесе қанағат-танбағандығын білдіреді деп өздерінің іс-əрекетін ақтағысы келеді. Алайда, мəселе біреуді міндетті түрде ақтау не-месе міндетті түрде тұқыртып, екіншісіне жеңіп беру емес қой. Мəселе ақиқатты паш ету! Мұндай қаны сорғалаған шындық сотқа дейін ашылуы тиіс. О баста істі тер-геген қудалау органдары ақиқатты айтып, шындықты ашса, ешкімге бұлтақтамай ақты – ақ, қараны – қара десе, сотқа жет-кенде қос тараптың айыптысы даудың бітімгершілікпен аяқталуын сұрар еді.

Ал Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауда-ны, Есік қаласы тұрғыны Жангелді Барсаев, мүмкін мына жағдай өз басынан өтпегенде, қарапайым халық арасындағы ахуалға жетік бойлап, оның астарында не болып, не қойып жатқанынан бейхабар қалар ма еді. Əкімдік саласында жұмыс істейтін заңгер маман биліктегілер «қазаншының еркі бар...» дегендей, заңның өзін бұрмалаған кезде, таңғалғанын жасырмайды. Қалайша?! Өмірде солай. Қарапайым адам түгіл, заңгер маманның өзін қудалап жатқанда, оған жəне жоғары тұрған əкімдік немесе Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік ара түспей тұрғанда, өзгелерден не қайыр? Бұл бір ғана мысал ғой. Ал өмірдің барлық саласынан осындай кез келген ащы жайтты көптеп мысалға келтіруге болды. Ж.Барсаевтың өзі айтады: «Ата Заңымыздың 88-бабының 4-тармағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік жəне өзіндік басқару туралы» заңының 37-бабының 8-тармағы бойынша əкім актілерінің күші жоғары тұрған əкімдікпен немесе əкім арқылы жой-ылады. Сол сияқты «Мемлекеттік қызмет туралы» заңына да байланысты жоғарыда айтылған агенттік те қолданыстағы заңдар талабын бұзып, қабылданған мемлекеттік органдар шешімдерін тоқтатуға ұсыным шығара алады». Алайда, бұлай деп қанша жерден айтылғанмен, Ж.Барсаевтың ары-зы бойынша тіпті, қызметтік тексеріс те жүргізілмеген көрінеді. Міне, қарапайым адамдардың күнде көретін қамыт азабының дəмін əкімшілік қызметте істеген қызметші басына іс түскенде ғана татып, бір білгені осы болды.

Бұдан кейін де Барсаев жазықсыз қудаланғанын айтып, жоғары тұрған тиісті мекемелерге арыздана берді. Əкім шын мəнінде айыпты деп танылса, оны жазалауды жəне өзінің бұрынғы қызметіне орналасуын сұрайды. Сотқа жүгінеді. Қайтадан қарбалас шақ басталады. Дəлелдеу, айтыс. Бірақ бұл бассыздықты жеріне жеткізе қарайтын жергілікті сот бар ма? Еңбекшіқазақ аудандық соты, одан кейінгі Алматы облыстық апелляциялық, кассациялық соты талап арызды өзгеріссіз қалдырады, яғни жəбірленушіні жəбірлеушіге жығып берді. Қара қылды қақ жарады деген еліміздің сенім артқан аудандық, облыстық соттары əкімдіктен соры қайнап, сорға құлаған жанға қол ұшын бермеді. Бұдан кейін расында Ж.Барсаевтікі қате, ал мұны қызметтен шеттеткен əкімдікі дұрыс екен деп ойла-рымыз хақ. Көп адам дауласудың осын-дай одан арғы машақатынан қашып, істі тоқтатып тастары да белгілі. Тіпті, кейбір адамдар өздерінің жазықсыз екенін анық біліп тұрса да, соған соттың көзін жеткізе алмаған соң, қолды бір сілтеп, əділдік жоқ деп баз кешіп кетері де рас. Бірақ Ж.Барсаев олай істемеді. Өйткені, оның өзі заңгер. Сондықтан алғашқы соттың, тіпті облыстық екі ірі, яғни апелляциялық жəне кассациялық алқалардың шығарған шешімдерімен келіспеді. Келіспейтін жөні бар екен. Бұл аталған соттар осы заңгердің білгенін білмей немесе əдейі бұрмалап қате шешім шығарды деуге де ауыз бармайды. Олай демейік де-сек, бұл қарапайым істі қарап жіберген Жоғарғы Соттың азаматтық жəне əкімшілік істер жөніндегі қадағалау алқасы алдыңғы аталған соттар мынандай заң бұзушылықтар жіберген, ол дұрыс емес, қате, сондықтан

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ аудандық сотының 2011 жылғы 25 ақпандағы шешімінің, 2011 жылғы 4 мамырдағы Алматы облыстық апелляциялық сот алқасы қаулысының, Алматы облыстық сотының 2011 жылғы 7 шілдедегі кассациялық сот алқасы қаулысының күші жойылсын деп тайға таңба басқандай қылып, қаулы шығарып берді. Осы қаулыда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы əкімінің Ж.Барсаевқа қатысты шығарған өкімдерінің заңсыз екенін нақты айқындап, атап көрсетіпті. Сосын осыншама уақыт бойы биліктің заңсыз қудалануына ұшыраған

жəбірленушіні қайтадан бұрынғы қызметіне орналастырылуы қажеттігін атапты. Сөйтіп, заң үстемдігін паш ете отырып, бұл шешім тез арада орындалсын жəне Ж.Барсаевтың талабы қанағаттандырылсын деп нүкте қойыпты.

Билік айту оѕай, біліп айту ќиын

Расында, Елбасы айтқандай, құқық қорғау қызметкерлеріне билік айта салу оңай шығар. Ал біліп айту қиынға түсетіні өкінішті болып тұр. Сол судьялар біліп айта алмай, қате шешім шығарғандықтан да та-лай адамдар жан-жаққа арыз жазады. Əр арыздың артында бірнеше адам тағдыры тұрғандығын тағы ескермес ке болмайды. «Бидайдың барар жері диірмен» дегендей, бір соттың қатесін келесі бір адал сот тауып, түзетіп жатса жақсы ғой. Алайда, осы білікті, адал, ары таза, елінің болашағын шын мəнінде қалайтын елдік намысы бар судья табылғанша жəбірленушінің сағы да сынып, төзімі де таусылатыны анық. Сөйтіп, дау күшейе түседі. Судьяның шығарған шешімі сенімді, нанымды бо-лып тұрса, екінші тарап оған неліктен дау келтіруі тиіс? Судьяның шешіміне қанағат білдіріп, туралыққа бас иіп жатқан талай адамды көрдік. Дауласушы жақ соттың шешімі дұрыс болса, біртіндеп бəсеңсиді. Ал жоғарыдағыдай жағдайда, Барсаевтың орнында болған кез келген жан шындық үшін шырылдайтыны рас.

Соншама теперіш көрген Ж.Барсаев биліктің теріс əрекетінен негізсіз қараланып қудаланса да, жанталаса жүріп ақыры ақталды. Мəселен, Еңбекшіқазақ аудандық прокуратурасы Ж.Барсаевтың қызметтен заңсыз қуылғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сыни мақалаларға назар аударды. Əрине, бұл бір жағынан ыңғайсыздық тудыратын жайт қой. Егер бұқаралық ақпарат құралдары əділетсіздік орнады деп улап-шулап жат-са, бірақ оған жергілікті, яки жоғары жақтағы билік орындары назар аудар-май түк болмағандай тым-тырыс отырса, демократиялық елміз деген атымызға сын емес пе. Оның үстіне бұл мəселе Интернет басылымдарда да қоғамның назарын өзіне аудара бастаған көрінеді. Сөйтіп, аталған прокуратура бұқаралық ақпарат құралдарындағы осы сыни мақалаларға тексеріс жүргізген.

Бір сөзбен айтқанда, прокуратура бұрынғы əкім А.Алмабековтің жəбір-ленуші Ж.Барсаевқа қатысты қолданған тəртіптік шараларының бəрі заңсыз екендігін қолдаған. Сөйтіп, жəбірлену-шінің бұзылған құқықтарын қайта қалпына келтіру үшін аудандық əкім атына ұсыныс жіберген. Сондай-ақ, аудандық прокура-тура Ж.Барсаевтың Премьер-Министрдің атына жазған арызына да тоқталады. Премьер-Министр дің атына жазылған арыз туралы аудандық əкімдік білгенімен, атүсті ғана жауап беріпті. Ал Ж.Барсаев болса, Премьер-Министрдің блогына тек өзі ғана биліктің атынан қуғынға ұшырағанын емес, онда ол қалалық əкімдік осындай заңсыз əрекеттері арқылы мемлекеттік қызметтің беделін түсіріп, қоғам алдында атқарушы биліктің мүддесіне де залал келтіргенін жазған. Бірақ мұны қараған аудандық

əкімдіктің тиісті лауа зымды қызметкерлері қалалық əкімнің осы бір теріс іс-əрекетіне кезінде дұрыс баға бере алмаған. Осылайша, ұсынысты қорытындылай келген аудандық құзырлы орган өкілі Есік қаласы əкімінің əрекеті Ж.Барсаевтың конституциялық құқын бұзғандығын жəне осының салда-рынан ұзаққа созылған қиямет салдары бұқаралық ақпарат құралдарында жария-ланып, мемлекеттік биліктің беделіне айтарлықтай нұқсан келтірген дейді. Оның үстіне енді Ж.Барсаев Есік қаласы əкімінің заңсыз əрекетінен қызметтен шығып, бос жүрген күндеріне моральдық шығын та-

лап етер болса, онда мемлекет бюджетіне қомақты зиян келетініне де назар аударады.

Аға əділет кеңесшісінің бұл жазған-дарына қосылмасқа шара жоқ. Сөз жоқ, бір адамның заңсыз əрекетінен жəне соған жол берген көптеген лауазымды тұлғалардың немқұрайлылығынан биліктің атына да кір келді жəне қазынаға да нұқсан келетін түрі бар. Жарайды, əкім қателесті дейік, заңды бұрмалауға жол берді дейік. Бірақ осы заң бұзушылықты шырыл-дап жəбірленушінің өзі де, əділеттілік пен арамдықты айыра алатын бұқаралық ақпарат құралдары көрсетті ғой. Міне, осы кезде тиісті мемлекеттік органдар неліктен мəселені ушықтырмай «Ау, мы-нау заңсыздық қой!» деп қателікті түзетіп жібермеді? Мұндай қателіктерді түзетуге болатындығы туралы Конституциямызда, басқа да заңдарымызда жазылғандығын, жəне оны дер кезінде түзетуге тиісті ар-найы мемлекеттік органдар бар екенін де атадық. Оларға сол үшін де билік берілді ғой. Əділдік танытыңдар, заңға сай билік етіңдер деп қолдарына үлкен пəрмен, сенім жүктелді ғой. Бірақ, амал не, бірде-бір орган шырылдаған жəбірленушіге нақты қол ұшын беруге жарамаған. Бəрі де əкім дұрыс істемеген, сондықтан ол жазалануға тиіс дегеннен аса алмаған. Кейін тіпті Барсаевқа сенікі дұрыс емес, неменеге билікке қарсы шаба бересің, болмайды, деп барлық арыз-талабын қайтарып тастады. Тек ақыр аяғында жəбірленуші сол кездегі Жоғарғы Соттың Төрағасы болып тұрған Бектас Бекназаровтың жеке қабылдауына кіріп, жазықсыз тартқан азабы мен мұңын шағып, болған оқиғаның бар шындығын бас-аяғына дейін жайып салған соң ғана, кетеуі кеткен істің беті бері қарай баста-ды. Жəбірленуші бұрынғы қызметіне қайта алынды. Енді осымен елімізде əйтеуір əділдіктің орнайтындығына, шындыққа жете алатынымызға үміт артуға сенуге болатын секілді көрінеді. Бірақ Барсаев өзінің құқы толықтай қорғалмағандығын айтады. Ол осы өзінің жазықсыздығын дəлелдеу үшін шығын шығарып жүгірген уақытындағы шеккен азабы мен зардабын да қайтарғысы келеді. Егер бұл кінəсіз бол-са, əкімдік айыпты болса, онда неге мұның жұмыссыз қудаланып жүрген уақытындағы шеккен залалы қайтарылмайды? Неге осы мəселеде Барсаев тағы да жүйенің алынбас қамалына маңдай ұрады. Енді ол қамалды алу Барсаев үшін арман болып тұр. Арман болып та қала бермек секілді. Өйткені, мұндай мысалдар елімізде өте көп. Солардың бəрінің бірдей арманы орындала бермесі жəне анық.

Ќўќыќты кім ќорєайды?Құқық қорғау органдары халықтың

құқын қорғайды дейді. Конституция, басқа да заңдарымыз бойынша солай болуға тиіс. Билік те халыққа қызмет етеді деп сенім артамыз. Бұған ешкім де шүбə келтірмеуге тиіс. Ал халықтан түсіп жатқан арыздарды жəне жұрттың наразылығын құқық қорғау немесе биліктің ісіне риза болмағандар өкпесі ғой деп елемейміз. Олардың неліктен риза болмайтындығын есептеген адам бар ма? Бар болса олардың сөзінде шындық жоқ па? Жоғарыда айтылған Ж.Барсаев кімнен қудалау көрді? Не үшін? Биліктің оны

заңсыз қудалағанын ақыры сол биліктің өзі де мойындады ғой. Бірақ жоғары тұрған билік Барсаев секілділерді ақтай беруге тиіс пе? Онда істі қараған алғашқы қудалау органы, оның басшылығы, прокуратура, алғашқы сот сатылары неге біліксіздік танытқан деген сұрақтар алдан шықпай ма? Оған кім жауап беруге тиіс? Талай адам қызметте салғырттық танытқаны үшін деп жұмыстан қуылуы қажет. Тіпті, осы үдерістердің бəрі жүру үшін мемлекеттен қаншама қаржы бөлінді! Егер осыншама қаржы жұмсалып басталған мұндай істер, жоғары сатыға келгенде бұзылып жатса, оның қайтадан бастау алуы үшін соншама тағы қаржы бөлінетін болса, онда мұндай құқық қорғау органдарының қажеті қанша деген сұрақ туындамай ма? Міне, «қарға қарғаның көзін шұқымайды» деген сөз осындайдан шықса керек. Демек, мұны мемлекетке қажетсіз іс деп санауға бола ма? Əрине, болмайды.

Өйткені, егер Ата Заңымызда жазыл-ғандай, елімізде бір адам болса да ақталып жатса, жазықсыздығы анықталса ол, ең ал-дымен, мемлекет беделі емес пе? Мемлекет өз адамының жазықсыз қудаланып бара жатқаны дер уақтылы анықталып, жаза-дан аман қалғаны үшін рахмет білдіруі тиіс емес пе? Жоғары сатыдағы биліктің де міндеті төменгі сатыдағы жіберілген кемшіліктерді ашып, дұрысты дұрыс, бұрысты бұрыс деу үшін адал қызмет ететін, соңғы үмітті ақтайтын шешуші орган ретінде қызмет етпей ме? Міне, бар мəселе осы. Ақты – ақ, қараны – қара десе болды. Сонда осындай жəбір көріп жатқан Ж.Барсаев секілді жандар көп болар ма еді. Мəселен, Маңғыстау облы-сы, Ақтау қаласының тұрғыны Сырғалай Жұмағазина редакциямызға ашына хат жазады. Онда ол биліктен 14 жыл бойы əділдік іздеп жүргенін, бірақ əлі сол бірде-бір мемлекеттік мекеме, орган есігі түгілі тесігінен сығалатпайтынын айтады. Оның арызына ешкім құлақ түре қоймағандықтан əбден ашынған секілді. «Мен Жұмағазина Сырғалай, Ақтау қалалық əкімдік қызмет -керлерінің салғырттығынан азаматтық құқығым бұзылып, кəсібім мен барлық қаражатымнан айырылып, далада қалдым. Осыған байланысты 14 жыл бойы əділдік іздеп бармаған жерім, шықпаған тау-ым қалмады, бірақ еш нəтиже жоқ. Сондықтан басқа амалым қалмағандықтан ел азаматтығынан бас тартып, шетелдегі əлемдік дəрежесі бар халықаралық ұйымдардан көмек сұрауға мəжбүр болып отырмын», деп ашына жазады.

Бұған енді не дейсіз? Адам өзі тектен-текке ашынбайды ғой. Сол сияқты, мəселен, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жаңадария ауылының тұрғыны зейнеткер əрі мүгедек А. Мұрынбаев: «2013 жылдың 30 желтоқсанында аудандық ішкі істер бөліміне менің үстімнен жала жабылып, арыз түсті. Маған жала жапқан адамның жаласын дəлелдеп сотқа арыз жаздым. Мен жалақордың жала сөздері үшін сотта жау-ап беруін сұрап, оның арызы мен түсінігін тіркеп, аудандық сотқа жеке айыптау арызын өткіздім. Денсаулық жағдайыма байланыс-ты істі менің қатысуымсыз қарауды сұрап, дəрігер анықтамасын тіркедім. Алайда, судья менің өтінішімді, денсаулық жағдайымды ескермей істі қысқартты. «Алдыңғы доңғалақ қайда болса, соңғы доңғалақ та сонда» деген-дей, кейінгі апелляциялық жəне кассациялық соттар аудандық сот шешімін қайталап, жəбірленушінің, яғни менің сөзіме назар ау-дармады», дейді.

Ал Батыс Қазақстан облысының Орал қаласынан арызданушы Қамария Дүйсенова шешімді биліктен емес, ре-дакциядан сұрайтындығын айтады. Оның жазуына қарағанда, даулы іс осыдан жеті жыл бұрын басталған. Тоқетерін айтқанда екі үйдің құжаты бір болып шыққан. Сондықтан оның көршісі енді мұның үйін өзіне сатып ал деп отырған көрінеді. Бұл қалай? «Енді бұл құжат ортақ екі үйдікі болып шықты. Осыны қалай аударып жіберді, ол үйдің құжаты қалай ортақ болып шықты мен білмеймін. Бірнеше жыл бойы осының шешімін табамын деп аттамаған табалдырық жоқ шығар. Сізден сұрайтыным маған осының шешімін табуға көмектессеңіз» дейді. Осы даудың шешімін жергілікті билік өкілдері таба алмаса, жеті жылдан бері шиеленіскен жағдайға төрелік етіп нүкте қоя алмаса, не істеу керек? Олар не үшін, кім үшін қызмет тетеді?!

Ал «Қорғансыздың күні» деп тақырып қойып редакцияға жіберген арыз хатында журналист Е.Ертаев: «Астанаға Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданынан кел-ген көпбалалы ана Рахия Ысқақованың еңірегенде етегі жасқа толады. Ең кенже ұлы Мейрамбек Нəжім динұлы Асановтың тағдыры қатты алаң датады. Шындық іздеп шырылдап бармаған жері, баспаған тауы жоқ. Қы зылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған аудан-аралық сотының 2013 жылғы 10 желтоқ-сандағы үкіміне күмəн келтіреді. Шын-дығында сот үкімін шығарар кезде əділ-дік тің ақ туына ақау түскені сыншы көзге бірден байқалады», деп хат жазыпты.

Əрине, айта берсе дау көп. «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» дегендей, əу баста ақиқат ашылып, шындық бет-ке айтылмаған соң дауға айналған істің төрелігіне жете қою қиын. Бірақ о бастағы ақиқатты ашу қашанда оңай емес, оның көптеген себебі бар, соның бірін ғана біз тілге тиек еттік. Мұның бəрі өмір көрінісі: біреу бай, біреу кедей, біреу басшы, біреу қосшы. Ал бұлар ешуақытта таразының бір басына тартылмайтынын біліңіз, екі басына тартылса тең түспейтінін жəне де біліңіз. Осыдан кейін кімнің жаман, кімнің жақсы екенін айыра беріңіз. «Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін» де-ген. Бірақ біздің елдің билігі мен құқық қорғау органдары қашанда жақсылыққа қарай қадам баса беретіні анық. Сондықтан қайраңда қалған құқықтың тез арада құқын қорғап, емін-еркін тəуелсіз жүзер айдыны-на шығарарына бек сенімдіміз.

Көзқарас

Ќайраѕда ќалєан ќўќыќ

Александр ТАСБОЛАТОВ,«Егемен Қазақстан».

Page 8: Атаќты Алматы апорты - Egemenғылыми-зерттеу инсти-туты биылғы күзде ар-найы шыны құтыда өсірілген мыңнан

2 тамыз 2014 жылwww.egemen.kz8

Сатыбалды СƏУІРБАЙ,«Егемен Қазақстан»,Аманқос ОРЫНҒАЛИЕВ,журналист.

Туып-өскен бір перзенті «Ел дің шетінде, желдің өтінде, Жабасағым!» десе дегендей, бұл өлкенің жер мойыны қашық. Арғы жағы Торғай, Нұра, Мамытпен шектеседі. Алыстан шақырылған қонақтарды асхана, мейрамхана-сы, қонақ үйі жоқ ауыл жағдайында күту, құрмет көрсету жеңіл жұмыс болды дей алмаймыз. Осындай жағдайда бұл жердің таңдалуын, осы шараның өтуіне бастама-шы болған, жыраудың тікелей ұрпағы Ағыбай Бердімұратов: «Бал қы Базардың ұрпақтары негі зінен осы Жабасақ ауылдық округінде тұрады. Рас, бабамызды үлкендер жағы жақсы біледі. Ал бүгінгі қылқандай жастар тани-ды, шығармасын оқиды деп айту қиын, əрине. Ас ауылдың ішінде өтсе, солардың есінде қалар еді деп ойладық», – деп түсіндірді.

Көпті көрген ағаның уəжі құлаққа қонады. Дұрысында мұндай шараның мақсаты – ішіп-жеп кету емес, ұрпақ тəрбиесіне ықпал ету ғой. Осы тұрғыдан алғанда, асқа жиналғандардың, қонақтардың көптігіне байланысты азды-көпті қысылып-қымты рылу болғанмен, көзделген шара ойдан шықты. Ауылға тойдан бір күн бұрын кел-ген қонақтарға жабасақтықтар дас-тарқанын жайып, қонақасы беріп, тік тұрып қызмет көрсетті.

Балқы Базар бабаларына ас беруге ұйғарған ауылда қазіргі талғамға жауап беретін үш-ақ ғи марат бар. Өткен жылы пайда-лануға берілген екі қабатты орта мектеп, сосын тоқсаныншы жыл-дардың аяғында тұрғызылған үлкен клуб үйі. Ол да екі қабатты. Үшіншісі 1996 жылы ашылған Самырат мешіті. Ауылдық округ аумағында мың жарымдай адам тұрады. Тұрғындарды алаң-датып отырған жай – Жабасақ – Құмқұдық автокөлік жолының қиқы-шойқы күйге түсуі. Аудан əкімінің қолдауы жəне облыстық мəслихаттың депутаты Александр Чемодановтың демеушілігімен жолды жөндеуге сметалық жоба жасалуы көңілге үміт ұялатқандай.

Той ертең болады деген күні кеште клуб үйінде аудан, ауыл өнерпаздарының концерті болды. Концерттің соңы термешілердің сайысына ұласты. Қазылар алқа-сының төрағасы «Шамшырақ-Ақтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, белгілі ақын Мейірхан Ақдəулетұлы

уақыттың тарлығын ескертіп, жыраулардың өнеріне «теңіздің дəмі-тамшыдан» өлшемімен баға берілетінін жеткізді. Жер тарпыған жүйріктей тыпыршыған жырау-лар негізінен Базар жыраудың термелерін төгілтті. Термешілердің сайысын ақтөбеліктерге көптен та-ныс Мырзағұл жыршы бастады. Алқалы топты талай сүйсіндірген маңғыстаулық Сəрсенбай жыршы пысынаған көпшілікті бір серпілтіп тастады. Əйгілі сыр сүлейлерінің ұрпағы Майра қыз құлаққа таныс сазды əуенге салғанда, тыңдаушы қауым қиқуға басты. Бердіғали Рафбек, Демеубай Жолымбетов, Төлеубай Қобдабаев, Ғалым Əбдірахман, Заманбек Жəмиев сынды ақтөбелік жыраулар да дүрмекті біраз қыздырды. Кезек Наурызбек жыраудың шəкірті маңғыстаулық Өсербай жыршыға келгенде, тыңдармандар «қас жүйрік шапқан сайын өршеленер» деген жолдардың сырына тағы бір көз жеткізгендей күй кешті. Ақтөбелік Жетес жыршы Балқы Базардың термелерін сар желдіріп домбырамен де, төбе құйқаны шымырлатып қобызбен де орын-дады. Осы жерде шын жүйрік, нағыз өнер иесі екенін тағы да бір дəлелдеді. Термешілердің соңын ала домбыра ұстап шыққан Жарқынбек Кеңесбаев ақсақал сахнаға ілінген суреттегі Базар жыраудан түрі аумайтындай көрінді бізге. Ол термешілердің тізімінде жоқ екен.

– Жасым сексенге келіп қалса да, атамыздың тойында дүрмекке қосылмауды жөн санамадым. Ұлы адамды ұлықтау шараларын өткізіп отырған ұйымдастырушыларға рахмет», – деді де, Базар жыраудың термелерін сар желдіріп əдемі орындап шықты.

– Мен мынадай əдемі, «əртіс-тікке жатпайтын», одан гөрі жоға-рыда тұрған, бір кездері біздің қазақтың кез келген ауылында болған өнерді көріп өкініш пен қуаныштың ортасында тұрмын. Киіз үйді тіктіріп, соның ішінде елдің мейірі қанғанша айттыруы-мыз керек еді. Бірақ, оған уақыт тар болды. Біз өзіміздің өнерімізді өзіміз менсінбейтініміз болма-са, өнердің төресі – осы, – деді Мейірхан Ақдəулетұлы.

Ол жыршылардың сайысын-да ерекше көзге түскен қы зыл-ордалық термеші қыз Май ра Сəрсенбаеваның, жасы ұлғай-ғанына қарамай, дуда қызып тəп-тəуір өнер көрсеткен Жар-қынбек ақсақалдың, əйтеке билік жас термеші Заманбек Жəмиевтің өнерлерін айрықша атап, оларға

арнаулы жүлде тапсырылатынын айтты.

Базар жырауды ұлықтаудың себебімен, ауыл клубында осы өңірдің тарихын баяндайтын көрме залы жасақталды. Мұны шағын мұражай десе де бола-ды. Қабырғаға «Елім деп соққан жүрегі» деген тақырыппен осы өңірден шыққан Темірбек Жүргеновтің суреттері , ірі тұлғаның өмірі мен қызметін баяндайтын құжаттар ілінген. Анасының, зайыбының, қоғам қайраткерімен тағдырлас болған басқа да адамдардың сирек ұшырасатын суреттерін де осы жерден көруге болады.

«Тағылымы мол тарих» тара-уы Самырат (Шахмұрат) Алмат-ұлының, Алматұлы Төремұраттың еліміз тəуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда мəлім бола бастаған деректерін баяндайды.

Көрме залындағы «Саңлақ сүлей – Базар жырау» бөлімі бабамыздың тұлғасын əр қырынан ашып көрсететін деректерге толы. Балқы Базар Оңдасұлы 1842 жылы қазіргі Қызылорда облысының Қармақшы ауданында дүниеге келіп, 1911 жылы Өзбекстанда Бұқара облысының Тамдыбұлақ ауданында Жалпақтау деген жер-де бақилық болған. Көкірегіндегі келісті ойларын кестелі сөзбен көмкерген жыраудың 1926 жылы Ташкент қаласында «Терме» жи-нағы, 1931 жылы «Қазақ əдебиеті нұсқалары» еңбегі баспадан шық қан. Жырлары беріректе «Үш ғасыр жырлайды», «Поэты Казахстана», «Бес ғасыр жыр-лайды» жəне басқа кітаптарға енгізілген. Сыр бойының жырау-шайырлары Базарды бар кезінде-ақ «Көзі тірі сүлей» деп бағалаған.

Бұқар жыраудың табаны ти-ген бұл өлкенің бұрынғы жəне қазіргі тарихы көрме залында молынан қамтылған. Жабасақ жерінен Төлеумұрат Кішкентаев, Əбдібек Мəмбетовтей Социалистік Еңбек Ерлері шыққанын, Ұлы Отан соғысына қатысқан Алеукие Құ-беков Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылып, əлде бір се-беппен берілмей қалғанын да осы көрмедегі жəдігерлерден аңғардық.

Астың негізгі бағдарламасы өткен күні ауыл адамдары мен қонақтарға қызықты тамаша-лап үлгерудің өзі оңайға түспе-гендей. Ауыл мешітіне барып, құран бағыштап, аруақтарды еске алды. «Балқы Базар жы-рау шығармашылығының өмір-шеңдігі» тақырыбында өткен ғылыми практикалық конферен-цияда Əйтеке би ауданының əкімі

Аманғали Бердалин құттықтау сөз сөйлеп, Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мем-лекеттік университетінің прорек-торы, тарих ғылымдарының док-торы Рахым Бекназаров, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина универ-ситетінің кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының док-торы Алтай Тайжанов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мем-лекеттік университеті жанын-дағы «Қорқыттану жəне өлке тарихы» ғылыми-зерттеу инс-титутының директоры, фило-логия ғылымдарының докторы Бағдат Кəрібозұлы, Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ка-федра меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Күлзат Садирова жəне басқалар терең мазмұнды баяндамалар жасап, жырау шығармашылығының алуан қырларын əңгіме өзегіне айналдырды. Бұл баяндамалар Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінен алдын ала кітап болып басылып шыққан екен. Осы кітапша жəне «Арыс» бас-пасынан биылғы жылы басылып шыққан жыраудың жаңа кітабы асқа қатысушыларға тегін тара-тылды. Алыстан келген қонақтарға қонақасы орта мектептің асхана-сында ұйымдастырылса, Балқы Базарға арналған ас ауылдың іргесінде далаға орнатылған ша-тырда берілді. Оның жанында он екі қанат екі киіз үй тігілді. Ас беру аясында қазақтың салт- дəстүрлерінен, əдет-ғұрыптарынан конкурстар өткізілді. Қымыз мұрындық ұймдастырылып, 500 литр қымыз тегін таратылды.

А с т а н с о ң ш а р а ғ а қ а -ты сушылар бəйгені, балуан-дар күресін қызықтады. Бас жүлде Əйтеке би ауданының өз жүйрігіне бұйырды. Жиын соңында бəйгеден озып кел-ген шабандоздарды, көзге түс-кен жырауларды марапаттау рəсімі өтті. Осы шараны ұйым-дастыруға бастамашы болған Ағыбай Бердімұратов пен Игілік Сағиевтер əйгілі жырауға ас беріп, ұлықтауға қал-қадерінше үлес қосқан азаматтардың барлығына алғыс айтты. «Жауынмен жер көгерер, алғыспен ер көгерер» деп бекер айтылмаған болар деп, той-шы қауым мұны құптады. Балқы Базар жырау бабамыздың тойы осылай дүркіреп өтті.

Ақтөбе облысы, Əйтеке би ауданы.

Берікбай ҚАДЫҚОВ,журналист.

«Мойынқұм жастарының вальсі» 1966 жылы «Лениншіл жас» газетінде нотасымен жа-рия ланса, Несіпжамал Байбол-таеваның орындауындағы «Ана-ма» əні Қазақ радиосының «алтын қорында» сақтаулы.

Иə, Қазақстан композитор-лар одағының мүшесі, Мəде-ниет қайраткері, Мойынқұм ауда-нының құрметті азаматы Са-дық Құнанбаевтың өмір жолына үңілсек, ғұмыр бойы еңбектенген, ізденген, алға ұмтылған, қиын-дықтан ықпаған, əр ісін де нық-таған, ауырлықтан қашпаған, жамандыққа баспаған қайсар жанның бет-бейнесін көресіз. Бірақ, қолына баянын алғанда, болмаса күйсандыққа отырғанда

əлі күнге дейін бойын бір селдей жөңкіген сезім билеп, баладай елпілдеп, желпілдеп кететіні бар... Мұны да бір музыканың құдіреті деуге болар.

Ана сүтімен дарыған қасиет пе, əлде, жас жанын бесіктей тербетіп əлдилеген құм желінің əуені ме, кім білсін, Садық кішкентайынан-ақ өте сезімтал, сергек болып өсті. Мектептегі көркемөнерпаздар үйірмесінің белсенді, белді мүшесі атанды, əнін тыңдап риза болған ауылдың ақсақалдарынан бата алды. Сол кезде-ақ Абайдың «Сегіз аяқ», Кененнің «Бозторғайын» үзіліп кетердей жіңішке үнімен шырқайтын. Өзі аздап түртіп те қоятын, яғни, тіл ұшында өз-өзінен бір сөз тіркестері тізіліп, онысын өлең деп өзінше мəз бо-латын. Кейбір сəттілеу шыққаны аудандық «Қызыл ту» газетінде жарияланып та жататын. Осы өлеңге деген ынтазарлық ыстық ықылас кейін оны біраз биігіне де шығарғандай, тіпті, бірқатар та-нымал əндерінің сөзін өзі жазды.

1958 жылы Садық жетіжылдық Карл Маркс мектебін бітіріп, екі-үш жыл ауылда жұмыс істеген соң, аудан орталығы Бірлік ауылындағы кəсіптік-техникалық механизатор-лар училищесіне түсті. Дəл осын-да, иə, дəл осында түбіт мұртты бозбаланың алдағы өміріне күрт өзгеріс əкелген жағдай болды. Ол аудандық мəдениет үйінің дирек-торы Таубай Əбешбаевпен таны-суы еді. Таудай талабы мен талмас талпынысын анық аңғарған Таубай ағасы бір кішкене қара сырнайын өзіне беріп қойды, ол қолынан мүлдем түспейтін болды, күндіз-түні, ертелі-кеш тартады да жата-ды. Таубайдың соңында жүріп та-лай концерттерге қатысып, малды ауылды, қырманды аралады.

– Маған Жамбылға барып оқуға кеңес берген де Таубай ағам еді, – дейді Сəкең. – Ақыры, 1966 жылы Жамбыл мəдени-ағарту училищесін бітірдім ғой.

...1965 жылы құрылған Мо-йынқұм жаңа ауданын Айтбай

Назарбеков деген тамаша адам басқарды. Өзі Ұлы Отан соғы-сында от кешіп келген дарқан жүректі, парасат-пайымы мол, əрі, өнерді өте құрметтейтін жарық-тық. Жиырма жылға жуық ол ау-данды басқарғанда шалғайдағы Мойынқұмда өнер көрсетпеген, ат-басын тіремеген тұлға кемде-кем. Оларды Айтекең өзі шақыратын, ондағы ойы – жас ауданның атын шығару, құм төсін қызу іске толтырған еңбек адамдарын дəріптеу, яғни жарқын істерді паш етіп, жақсылықты көрсету. Сөйтіп, осы өлке туралы талай тамаша өлең, жыр, поэмалар, хикаяттар дүниеге келді. Атақты Əзілхан Нұршайықов, тіпті, Айтекең тура-лы «Райком хатшысы» деген роман жазуды бастағанын біреу білсе, біреу білмес... Классик жазушы-мыз, сөз зергері Ғабит Мүсірепов

болса жиде тоғайының ішіне қазақ үй тіккізіп аң аулайтын. Ал, Шəмші Қалдаяқовтың «Мойынқұмда» əні мен Оралхан Бөкеевтің «Құм мінезі» хикаятының өзі неге тұрады!

Талантты жастардың басын қосқан «Мойынқұм» əн-би ан-самблінің құрылғаны да осы тұс. 1978 жылы мойынқұмдықтардың Мəскеуге жолы түсіп, орталық Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесі алаңында өнер көрсетті. Сонда Садықтың «Сенің бейнең», «Жүгеріші қарындас» əндері орындалып, ВДНХ-ның қола медалін кеудесіне тақты. Бір қы-зығы, əлгі медальдің реттік саны 1000-шы екен, мұны Сəкең де, əріптестері де сол кезде жақ-сы лыққа жорыған. Сонда ғой «Правда» газетінде «Поют дом-бры» атты көлемді мақаланың жарияланғаны.

1979 жылы «Мойынқұм» ансамблі енді алыстағы мұхит жағалауындағы Португалиядан бір-ақ шығып, айға жуық шетел аспанында қазақтың əсем əуенін қалықтатты, əдемі биімен там-сантты. Ол жақта да Сəкең əндері орындалды. Бəрін де марқұм, күміс көмей əнші Зинакүл Қаймақова шырқаған-ды. Мұны «Правда» газеті «Браво, Мойынкум!» деп айқайлата жазды.

– Ол да бір керемет күндер еді-ау, – дейді Садық аға сағынышпен. – Бəріміз де жаспыз ғой, екі үлкен сапарға да қызу əзірлендік. Дайындыққа Алматыдан арнайы маман алдырылды. Айтекеңнің өзі бір жақтан, аупарткомның үшінші хатшысы, бүгінде жасы сексенге келген Жұмабек Орынбаев екін-ші жақтан, обкомның идеология жөніндегі хатшысы, қазақтың аяулы қыздарының бірі, бүгінде Алматыда тұратын Ғайникамал Бибатырова үшінші тараптан қадағалап отырды.

Сəкеңнің тағы бір қасиеті, үйрен сем, білсем, жетсем деуден ешқашан жалыққан емес. Оған 1976 жылы Алматыдағы П.Чайковский атындағы музыка училищесін,

1986 жылы Құрманғазы атындағы консерваторияны бітіргені айқын дəлел.

Өмірін өнерге арнаған ол бү-гінге дейін 150 əн жазған, жəне жеті аспаптық шығарманың, екі кітаптың авторы. Жоғарыда айтқанымыздай, көбіне əн мəті-нін автор өзі жазады. Мысалы, «Мойынқұм таңы», «Бетпақдала – бай дала», «Сенің бей нең», «Жү-геріші қарындас», «Көк терегім», «Ақ аралдың аруы», «Батыр ата – Бауыржан», «Жазыл бек ту-ралы жыр», «Тəуелсіздік – ұлы күн» т.с.с.

Садықтың бірталай əндерін Нұрғали Нүсіпжанов өз репертуа-рына енгізген. Сол сияқты Ғазиза Жұмакенова, Талғат Күзембаев

жəне Ермек Əбілдаев сияқты əншілер де жиі шырқайды.

«Қос жұлдыздың жарығы», «Биназар», «Асылдың сынығы», «Қарадан шыққан қарагер» деп аталатын шағын дастандары-нан оның жазу шеберлігі бірден білінеді.

Тағы бір қызығы, Сəкең қай-да жұмыс істемеген десеңші. Мəселен, Алматыдағы музы-ка училищесін тəмамдаған соң, Торғай облысы оқу бөлімінің шақыруымен Арқалық аудандық музыка училищесінде төрт жыл-дай ұстаздық еткен. Содан Тал-дықорған өңіріндегі атақты Нұр-молда Алдабергеновтің колхозы-нан бір-ақ шығып, жаңадан му-зыка мектебін ашуға атсалыса-ды. Мұнан кейін Күрті ауданы басшыларының сұрауымен сон-дағы музыка мектебін бас қар ды. Ал бүгінде Алатау бау райын дағы оңтүстік астанада тұрады.

Сəкең Мойынқұмның сонау Бетпақдаламен түйісіп, құшақ айқастырған жерінде орын теп-кен Ұланбел ауылының қызы Сəуле Тілеубаевамен 46 жылдан бері бір шаңырақ астында. Талай тамаша əннің шығуына себепкер болған оның өзі де əнді тəп-тəуір орындайды.

– Құдайға шүкір, – дейді енді Сəкең толғана сөйлеп, – екеуміз бес бала тəрбиелеп өсірдік. Үлкен қызымыз Ардақ Алматыда, бел-гілі əнші, кіші қызымыз Айжан Таразда, үй шаруасында. Үш ұлымыз да Астанада, əскери қызметте. Серік подполковник, Берік майор, Ерік лейтенант. 13 немере сүйіп отырмыз. Ендеше, біз бақытты емей, кім бақытты!

«Туған жердей Отан жоқ, түйе жүндей шапан жоқ», деп тəмсілдейтін Садық ағамыз бəріміз сияқты өзінің туған жерін өте сүйеді. Алайда, ол сүйіп қана қоймаған, мұны өзінің əсем əндеріне алтын арқау, өлеңдеріне өзек еткен. Тіпті, бір кітабы «Менің Мойынқұмым» деп аталады.

АЛМАТЫ.

Зерде Өнеге

«Атасы бґлек болєанмен, жамиєи ќазаќ бір туєан»

«Атасы бөлек болғанмен, жамиғи қазақ бір туған» деп артына кестелі сөз қалдырған Балқы Базар жыраудың ойының ақиқаттығы Жабасақ ауылында болған жырауға ас беру кезінде тағы да көрінді. Ұлағатты шараға Ақтөбеден, Əйтеке би ауданының өзінен, көршілес Ырғыз, Шалқар аудандарынан адамдар көптеп қатысты. Қызылордадан, Атыраудан, Маңғыстаудан, Жамбылдан, Қостанайдан, Орынбордан, еліміздің өзге де шет аймақтарынан ат сабылтып қонақтар жетті. Ғалымдар, көрермендерге есімдері кеңінен таныс жыраулар, өнер иелері жиналды. Сөйтіп, бұл ас исі қазақтың тойына, қуанышына айналды.

Ұлы Отан соғысында ха-барсыз кеткен жауынгер Қабен Құсайыновтың рухы туған елге қайта оралып, оның денесін жерлеу рəсімі өткізілді. Зеренді ауылының ор-талығындағы Кеңес Ода ғының Батыры Мəлік Ғабдуллин атын-дағы алаңдағы қаралы жиынға ауданнан тысқары өңірлерден де жұртшылық көптеп жи-налып, жерлес жауын-герге құрмет көрсетті.Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Ақмола облысы əкімінің орын басары Дəурен Əділбеков жиналғандарға қаратып айтқан сөзінде Қабен Құсайынов жауын-герлік жолдан өткен 106-шы Ақмола атты əскер дивизиясы негі зінен біздің жерлестерімізден құралғанын атап өтті. Мұнда көптеген батырларымыз басқыншы

жауға қарсы өшпес ерлік өнегесін көрсетті. Ауыр шайқастарға қатысқан боздақтарымыздың көбісі майдан шептерінде қайтыс болды, біршамасының дерегі бүгінгі күнге дайін беймəлім бо-лып келді.

Қабен Құсайынов əскер қатарына соғыстың алғашқы

күндерінде шақырылған бо-латын. Артында еңкейген ата-анасы, келіншегі мен кішкентай ұлы қалған еді . «Орнында бар оңалар» дегендей, Қабен ағамыздың ұрпағы өсіп-өніп, жауынгер шаңырағының ша-мын маздатып отыр. Бүгін о р т а м ы з ғ а р у х ы о р а л ғ а н

Қ.Құсайынов Ұлы Отан соғы-сында ерлік танытқан 6000 зере нділік жауынгердің бірі еді. Ол 1942 жылдың тамы-зын дағы кескілескен шайқаста, Смоленскіні жаудан босату ке -зінде хабарсыз кеткен екен. Мі-не, араға 72 жыл салып, жауын-гер жерлесіміздің майдан ше-бінде қайтыс болып, сонда жер-ленгендігі анықталып отыр.

– Біз атамызды үнемі іздеу-демен, тиісті орындарға хабар салумен болдық, – дейді май-дангердің немересі Теміржан Құ-сайынов. Үмітіміз ақталып, Со-моленск облысындағы «Надеж да» іздестіру отрядынан қуанышты хабар алдық. Биылғы мамыр ай-ында бауырластар зиратынан ата-мыз туралы капсула табылыпты. Аудан əкімі Мəлгаждар Таткеевке бізге жан-жақты көмек көрсеткені үшін алғысымызды айтамыз.

Ақмола облысы,Зеренді ауданы.–––––––––––

Суретте: жауынгер рухына тағзым шарасынан көрініс.

Балќы БАЗАР:

Тағзым

Жауынгер рухы туєан елге оралды

Мойынќўм əуендеріКомпозитор Садық Құнанбаевтың алғаш шығарған екі əні де кезінде тез арада ел аузынан түспей кең та-ралды, жүрекке жылы тиіп, көңілдің көркін келтірді. Себебі, титтей кезінен əкесіз қалып, жетімдік көрген жас жігітке айрықша қымбат жарық дүние сый-лап, аялап өсірген анасы Жəмила еді. Сексеуілі се-рейген, төбесінде ыстық күні шақырайған, табанын оттай құмы қарыған туған жері де ерекше қадірлі, қастерлі-тін еді. Жанын əлдилеген əдемі əндердің туғаны да содан болар.

Page 9: Атаќты Алматы апорты - Egemenғылыми-зерттеу инсти-туты биылғы күзде ар-найы шыны құтыда өсірілген мыңнан

2 тамыз 2014 жыл www.egemen.kz 9 Есімі елдің есінде

Еліміз тəуелсіздік алғаннан бері «Еліне еңбегі сіңген» деген айдармен көптеген азаматтардың кітаптары, естелік, мақалалары шығып жатыр. Ол игі шаралар өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, адалдыққа, əділет-тілікке, еңбекқорлыққа баулуға үлес қосады деп білемін. Көптеген естелік иелері, кезінде қызметтес болған азаматтар Тұрекеңнің өмірі мен қызмет жолдарындағы кездескен нақтылы жəне күрделі мəселелерді шешудегі іскерлігіне тоқтай келіп, оның қарапайымдылығын, кішіпейілділігін, сауаттылығын, ақылының тереңдігін, жалпы азаматтық тұлғасының биіктігін ерекше атап айтады.

Халық ағарту жұмысы Маң-ғыстау өңірінде кеңестік билік орнағаннан кейін, 1920-жылдардың басынан қолға алынды. Оған дейін Форт-Александровск қаласындағы орыс-түзем мектебіне екінің бірі қабылдана бермеді. Оның үстіне ұлттық кадрлар да жетіспеді. Ал ауылдық жерлерде балалар діни са-уат ашу мектептерінде оқитын.

Тұрар Жалғасбайұлы 1914 жылы Маңғыстау ауданының 15-ауылын-да дүниеге келген. Білім алуы 1925 жылы араб əліпбиін үйренуден бас-талып, А.Байтұрсынұлының төте жазуын үйрететін мұсылмандық мектепті бітіреді. 1928 жылы немере ағасы, Адай округтік халық сотының бірінші судьясы Қалым Қожықұлы Кетіктегі «Көк школда» бастауыш білім алуына мүмкіндік жасайды.

1930 жылдың басында мек-теп латын алфавитіне көшеді. Сол жылдың жазында он бестен енді ғана асқан жасөспірім Тұрар Жанұзақ маңынан ашылған латынша сау-аттандыру мектебінде 40 ересек адамды оқытып шығарады. Бұл оның халық ағартушыларының қатарына қосылуының басы еді. Осыдан бастап оның саналы ғұмыры тұтасымен Маңғыстаудың жаңа білім жүйесін ұйымдастыру, құру жəне оны дамытуға арналды, яғни Тұрекеңнің бұдан арғы өмір жолы мен қызметін бүкіл еліміздің, соның ішінде Маңғыстау өңірінің ағарту саласының тарихи кезеңдерінен бөліп алуға келмейді.

1930 жылғы 14 тамызда Қазақ Орталық Атқару Комитеті жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқуды енгізу туралы қаулы алды. Осыған сəйкес Кетік (Форт-Шевченко) қаласында мұғалімдер даярлайтын бес айлық курс ұйымдастырылады. Бітірушілер жəне басқа да сауатты азаматтар 8-15 жастағыларды оқыту жəне халықты сауаттандыру үшін ауылдық кеңес орталықтары мен елді мекендерге жіберілген болатын. Сол кезеңнің «бастауыш білім берудің алғашқы қарлығаштарының» бірі Тұрар Жалғасбайұлының 60 жыл-дан астам тарихы бар ұстаздық еңбек эпопеясы осылай басталған еді. Осы мерзімде Т.Жалғасбайұлы Маңғыстау түбегінің бұрын мек-теп болмаған көптеген елді мекен-деріндегі қазіргі заманғы білім ошақ тарының бірінші рет ашылуын əрі ұйымдастырушы, əрі басшы, əрі мұғалімі болды.

Атап айтқанда, 1931-34 жылда-ры Жанұзақ-Қоңырорпа (Қызан), Шебір, Жармыш елді мекендерінде жаңа бастауыш мектептерді ашуды ұйымдастырып, сол мектептердің меңгерушісі əрі мұғалімі болып қызмет атқарды. 1935-37 жылдары сол кездегі Маңғыстау ауданының орталығы Форт-Шевченко қала-сындағы С.Киров атындағы орта мектепте оқытушы болып жаса-ды. Кеңес Одағында жаппай орта-лау білім міндеттілігі енгізілгенде, Т.Жалғасбайұлы 1937-39 жыл-дары Маңғыстау ауданы бойын-ша алғашқы Ауыздыбас орталау (жеті жылдық) мектебінің ашылуын ұйым дастырып, сол мектептің ди-ректоры қызметін атқарды. 1939-42 жылдары Шевченко аудандық оқу

бөлімінде мектеп инспекторы болған кезінде оның ұйымдастырушылық, басқарушылық тəжірибесі аудан көлеміндегі мектептердің оқу-тəрбие жұмысын жетілдіру мен жақсарту ісіне пайдаланылды. Табан ды қызметі мен өз бетімен білімін көтеруінің нəтижесінде мек-теп басқару жұмыстарына жоға-рылатылады. 1942-1946 жылдары Маңғыстаудағы ең ірі оқу ордасы – С.Киров атындағы орта мектептің директорлығы қызметін абырой-лы атқаруы Тұрекеңнің жұмысына берілген əділ баға əрі үлкен сенім еді.

Бұдан кейінгі еңбек жəне қо-ғамдық қызмет жолы жаңадан енші алған Маңғыстау ауданының білім жүйесімен тығыз байланыс-ты болды. 1946-50 жылдары осы ауданның Тұщықұдық мектебінде директор қызметін оны Шайыр мектебінің басшысы (1950 жылдан) етіп тағайындағанға дейін атқарды. Барлық қиыншылықтарға қарамастан Шайыр ауылында орталау мектеп пен қоғамдық интернат ашылуына, кейін 1969 жылдан бастап 10 жылдық мек-теп ашуға көптен-көп еңбек сіңірген ардагер азамат.

Тұрар ағай өндірістен қол үзбей жүріп, 1948 жылы мұғалімдер инсти-тутын бітіріп, Гурьев педагогикалық институтының физика-математика факультетін аяқтады. Маңғыстауда сол кезде Тұрекеңнен оқып, тəрбие алмаған азаматтар кемде-кем болар.

Мен ауданның 4-5 мектебінде 20 жылдан астам үзіліссіз мек-теп директоры болып істедім. Сол барған мектептерімнің көпшілігінде бұрын əртүрлі мерзімдерде Тұрекең басшылық жасаған болып шықты. Қандай басшы болсын, əуелі сол мектептің іс қағаздарымен таны сады. Менен бұрын Тұрекең басшылық еткен мектептердегі іс қағаздары – педагогикалық кеңес хаттамалары, өндірістік жоспар, жоғарғы халық ағарту органдарына жолданған əртүрлі ақпарлар, мұғалімдер мен оқушылардың жеке істерін жүргізу, т.б. құжаттар өте сауатты, тұжырымды дайындалғаны бірден көзге шалынатын. Сондықтан мен көбінесе сол Тұрекең жүргізген іс қағаздарын қараушы едім. 1971-1974 жылдары осы ағамен Шайыр орта мектебінде жұмыстас болу-ды тағдыр жазды. Менің өзімнің жұмыс тəжірибемде əуелі бұрын мектеп басқарған ұстаздарды жеке қабылдап, олардың қандай ұсы-ныстары мен іске аспаған жос-парлары болды, жұмысты қалай ұйымдастырғанды жөн деп са-найды, мектеп жұмысына тиімді қандай ұсыныстары бар жəне басқа да мəселелер жөнінде кеңесіп, іс тəжірибелерін зерттейтінмін. Сондай кеңесу кезінде Тұрекең жұмысыма сəттілік тілей отырып, оқушылардың білім сапасына мықты бақылау орна-ту, олардың білімін бағалағанда пай-ыз қумау, ұстаздардың жұртшылық алдындағы беделін көтеру, олар-дың материалдық-тұрмыстық жағдайларына үнемі назар ауда-рып, қиын тұстарына жергілікті шаруашылық орындары арқылы көмек етуді ұйымдастыру, ауылдың жағдайын толық зерттеу, қандай істе де мектеп басшысының үлгі болуы, т.б. жөнінде ақыл-кеңестерін айтты. Мектепте математика пəнінен сабақ беретін Т.Жалғасбайұлы өзгелерге үнемі сабаққа үлкен дайындықпен келетіндігімен, қандай болсын бар көрнекілікті (əртүрлі сызба-лар, күрделі есептерді құрастыруға бағытталған нұсқаулықтар, білімін карточкамен тексеру, жылжыма-лы тақтаны пайдалану, т.б.) іске асыру арқылы замана ағымына орай жұмыс істейтіндігімен, сабақ-қа үнемі ерте келіп, сабақ аяқтал-ғаннан кейін де мектептен кеш кете тіндігімен, сыпайы мінезімен, балаға да, мұғалімдерге де дауыс көтермейтіндігімен, өзге де озық қырларымен үлгі болды.

ҰОС ардагері, республикалық дəрежедегі зейнеткер, марқұм Бисенбі Əріпұлы «Тұщықұдық мектебін оқып бітіргендердің ішінде үлкен ғалым болған, ел басқарған азаматтар жеткілікті. Облысқа, ауданға белгілі Тұрар Жалғасбайұлы кешегі өткен ауыр жылдарда осы мектептің негізін қалаған басты ұйымдастырушысы да, ұстазы да болды. Сол кезде оқып жүрген оқушылар да, қатардағы мұғалімдер де, ауыл халқы да Тұрар ағай сабақ бергенде құлағыңа құяды, оны одан əрі бүкіл дене мүшелеріңе дейін жеткізіп, сіңіріп жібереді. Өмір бойы естен кетпестей етеді деп айтатын еді» деп жазса, бүгінде өзі де арда-гер ұстаз атанған Н.Арықбайұлы «Т.Жалғасбайұлы 1950 жылы Шайыр мектебіне директор болып келгенде мен 6-сыныпта оқитын едім. Тұрекең математикадан дəріс

берді. Сол кездің өзінде ол қазіргі озық педагогикалық технология əдістерін пайдаланады екен. «Қиын əрі күрделі пəн» деп есептелетін математикаға оқушылардың ын-тасын арттырып тəрбиелеуде ол балалардың жеке ерекшеліктері мен икем-қабілетін есепке ала отырып оқыту əдісін сол кезде-ақ іске асыра алған екен. Оқушыларды өз еңбегінің нəтижесіне ықыластандыру үшін оларды жарыстыра отырып, сабақ ұйымдастыратын. Əдетте мате-матикадан бақылау жұмысының жүргізілуіне оқушылар аса құлшына қоймайды ғой. Себебі, қорқыныш басымдау болады. Ал біз Тұрекең ағай беретін математикадан бо-латын бақылауды ықыласпен күтетінбіз. Ол бақылауды тез, дұрыс орындаған оқушыны еңбегіне сəйкес марапаттаудың түрлі тəсілдерін қолданатын» дейді.

Ол кездердегі аға буын ұстаз-дардың барлығы да жан-жақты болатын. Сонау мұғалімдердің жетіспеген кездерінде мұғалім математикадан да, қоғамдық пəндерден де, тіпті орыс тілінен де сабақ беретін. Сондықтан олар өз білімдерін осыған сəйкес үнемі көтеріп отыруға мəжбүр болатын-ды. Сол сияқты Тұрар аға да жан-жақты, əмбебап ұстаз болды. «Тол-қыннан толқын туады» дегендей, Тұрекең ұстаздардың ұстазы еді.

Заманының нағыз жалынды на-сихатшысы болды. Өзі ұзақ жыл қызмет еткен Шайыр ауылындағы «Правда» атындағы колхозда 1958 жылдан бастап 1964 жылға дейін бас-тауыш партия ұйымының хатшысы сияқты жауапты қоғамдық жұмыстар атқарды.

Еліміздің тəуелсіздік алған ал ғашқы жылдарында 80 жасқа қараған ардагер ұстаз өз бетімен мектеп оқушыларына араб əліпбиін үйрету мақсатымен ақысыз үйірме ұйымдастырып, олардың бой-ында имандылық, адамгершілік, отансүйгіштік қасиет қалыптасуына айрықша көңіл бөлді. Əуесқой шəкірттер арабша аты-жөндерін жазумен қатар мақалаларды оқи алатын дəрежеге жетті. Өмірінің соңына дейін көзі көреген, қоғамдық белсенділігі жоғары қалпында өтті. Республикалық, облыстық жəне аудандық ақпарат құралдарында тарихи, танымдық, өмірлік тəжірибе тақырыптарында, өлкеміздің та-рихы, жер-су аттары, білім беру жүйесінің даму кезеңдері, алғашқы сауат ашу кезіндегі ұстаздардың өмір деректері туралы, 1930-1937 жылдары репрессияның өлкеміздегі қасіреті жəне жастар тəрбиесі тура-лы терең ойлы мақалалар жазды.

Ол еліміздің болашағы білімді ұрпақта екендігін, ал оларды дай-ындау өзі сияқты мұғалімдердің иығындағы ауыр да ардақты боры-шы екенін жете түсінді. Сондықтан да Маңғыстаудағы оқу-ағарту сала-сында кездескен қиыншылықтарды қайыспай көтерді жəне жеңе білді. Сонау сауатсыздық жайлаған за-манда Маңғыстаудың ойындағы елдің еңсесін көтеріп, сауат ашу мектептерінен бастап қызмет еткен Тұрекең сияқты абыз ағалардың халық алдындағы еңбегін болашақ ұрпақ ұмытуға тиісті емес.

Биыл шайырлық ақсақалдар Шайырдағы мектепке Т.Жалғас-байұлы есімін беру керек деген мəселе көтерді. Жергілікті қа-уымдастық пен басқару орган-дарының қаулылары облыстық она мастикалық комиссиясын-да қаралған соң оң шешім алын-ды. Қазір барлық тиісті құжаттар респуб ликалық құзырлы органдарға жі берілген. Бұл ұстаздардың ұста-зы на жасалған лайықты құрмет болмақ.

Қойлыбай ҚАРАЖАНҰЛЫ,халық ағарту ісінің үздігі.

АҚТАУ.

Казақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жыл-ғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген, Жеке шелендiру нысандарын сату қағидасымен республикалық меншіктегі нысандарды сатудың орын-далуын сəйкестендіреді.

Сауда-саттықтың голланд əдісімен электрондық аукционға республикалық меншіктің мына нысан-дары қойылады:

1. Газ-31105 120 автокөлігі, м/н Р 538 СВ, 2004 ж.ш. Баланс ұстаушы – Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 100/1 мекенжайындағы «Қостанай облыстық сотының кеңсесі» ММ. Бастапқы бағасы (алғашқы) – 5 920 000 теңге, ең төменгі бағасы – 225860 теңге, алғашқы бағасы – 592 000 теңге, кепілді жарна – 88 800 теңге, алғашқы баға – 638 000 теңге, кепілді жарна – 95 700 теңге.

2. Ваз-21053 автокөлігі, м/н Р 021 NS, 2000 ж.ш. Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 77. Баланс ұстаушы – ҚР ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті. Бастапқы бағасы (алғашқы) – 2 810 000 теңге, ең төменгі бағасы – 107207 теңге, алғашқы бағасы – 281 000 теңге, кепілді жарна – 42 150 теңге.

3. Паз-3205 автокөлігі, м/н Р 026 NS, 1993 ж.ш. Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 77. Баланс ұстаушы – ҚР ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті. Бастапқы бағасы (алғашқы) – 14 290 000 теңге, ең төменгі бағасы – 545193 теңге, алғашқы бағасы – 1 429 000 теңге, кепілді жарна – 214 350 теңге.

4. Ваз-21213 автокөлігі, м/н Р 030 NS, 1999 ж.ш. Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 77. Баланс ұстаушы – ҚР ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті. Бастапқы бағасы (алғашқы) – 4 730 000 теңге, ең төменгі бағасы – 247 543 теңге, алғашқы бағасы – 473 000 теңге, кепілді жарна – 70 950 теңге.

5. Ваз-21065 автокөлігі, м/н Р 045 NS, 2001 ж.ш. Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 77. Баланс ұстаушы – ҚР ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті. Бастапқы бағасы (алғашқы) – 3 860 000 теңге, ең төменгі бағасы – 147267 теңге, алғашқы бағасы – 386 000 теңге, кепілді жарна – 57 900 теңге.

6. Газ-3110 автокөлігі, м/н Р 052 NS, 2003 ж.ш. Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 77. Баланс ұстаушы – ҚР ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті. Бастапқы бағасы (алғашқы) – 3 260 000 теңге, ең төменгі бағасы – 124376 теңге, алғашқы бағасы – 326 000 теңге, кепілді жарна – 48 900 теңге.

7. Газ-3110 411 автокөлігі, м/н Р 056 NS, 2002 ж.ш. Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 77. Баланс ұстаушы – ҚР ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті. Бастапқы бағасы (алғашқы) – 3 110 000 теңге, ең төменгі бағасы – 118653 теңге, алғашқы бағасы – 311 000 теңге, кепілді жарна – 46 650 теңге.

8. ГАЗ-31102-121 автокөлігі, м/н Р 050 РК, 2006 ж.ш. Қостанай қаласы, Толстой көшесі, 57. Баланс ұстаушы – «Қостанай облысының прокуратурасы» ММ. Бастапқы бағасы (алғашқы) – 7 530 000 теңге, ең төменгі бағасы – 287285 теңге, алғашқы бағасы – 753 000 теңге, кепілді жарна – 112 950 теңге .

9. ГАЗ-31105-120 автокөлігі, м/н 011 РК 10, 2005 ж.ш.

Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі, 118 А. Баланс ұстаушы – «Қостанай облысының прокуратурасы» ММ. Бастапқы бағасы (алғашқы) – 5 060 000 теңге, ең төменгі бағасы – 1930494 теңге, алғашқы бағасы – 506 000 теңге, кепілді жарна – 75 900 теңге.

10. Ғимарат, жалпы алаңы 97,7 ш.м. 1973 жылы салынған, Федоров ауданы, Федоровка ауылы, К.Либкнехт көшесі, 15. Баланс ұстаушы – «Қостанай облысы бойын-ша жылжымайтын мүлік орталығы» РМКҚ. Бастапқы бағасы – 30 790 000 теңге, ең төменгі бағасы – 693649 теңге, алғашқы бағасы – 3079000 теңге, кепілді жарна – 461850 теңге.

11.Ғимарат, жалпы алаңы 109,4 ш.м. Денисов ауда-ны, Денисов кенті, Дорожная көшесі, 1. Баланс ұстаушы – АШМ АӨКМИК «Қостанай облыстық аумақтық ин-спекциясы» ММ. Бастапқы бағасы – 10 800 000 теңге, ең төменгі бағасы – 243307 теңге, алғашқы бағасы – 1 080 000 теңге, кепілді жарна – 162 000 теңге.

Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне 2014 жылы 19 тамызда сағат 10.00-де аяқталады.

Кепілді жарналар Қостанай мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің мына депозиттік шо-тына төленеді: № КZ350705012170174006, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті, БИК KKMFKZ2A, банк коды 070, БИН 120240011849, КБЕ 11, төлем белгіленген код 171.

Назар аударыңыз! Қатысушының хабарламада көрсетiлген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сатушының шотына сауда-саттықты өткiзу туралы хабарламада көрсетiлген кепiлдiк жарнаның аукцион басталуға дейiн жетпіс екі сағат бұрын түспеуі Тізілім веб-порталында өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табы-лады.

Аукционға қатысу үшiн мыналарды:1) жеке тұлғалар үшiн: жеке сəйкестендiру нөмiрiн

(бұдан əрi – ЖСН), тегiн, атын, əкесiнiң атын (бар болған жағдайда);

2) заңды тұлғалар үшiн: бизнес сəйкестендiру нөмiрiн (бұдан əрi – БСН), толық атауын, бiрiншi басшының тегiн, атын, əкесiнiң атын (бар болған жағдайда);

3) кепiлдi жарнаны қайтару үшiн екiншi деңгейдегi банктегi есеп-айырысу шотының деректемелерiн;4) байланыс деректерiн (пошталық мекенжайы, телефо-ны, факс, е-mail);

5) ұлттық куəландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның жарамдылығы мерзiмiн көрсете отырып, Тiзiлiмнiң веб-порталында алдын ала тiркелу қажет.

Жоғарыда көрсетiлген деректер өзгерген кезде қатысушы бiр жұмыс күнi iшiнде Тiзiлiмнiң веб-порталына енгiзiлген деректердi өзгертедi.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қаты-сушының ЭЦҚ қойылған аукционға қатысуға өтінімді (бұдан əрi – өтiнiм) Тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

Аукционға қатысушылар аукцион басталуға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру

нысанының бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу тура-лы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.

Сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша аукцион ережесі:

1) егер аукцион басталған сəттен бастап бес ми-нут iшiнде қатысушылардың бiрде-бiреуi аукционда жекешелендiру нысанын сатып алу ниетiн растамайтын болса, жекешелендiру нысанының бастапқы бағасы осы Қағидаға сəйкес белгiленген қадамға азаяды;

2) егер баға азайғаннан кейiн бес минут iшiнде қатысушылардың бiрде-бiреуi жекешелендiру нысанын сатып алуға ниетiн растамайтын болса, жекешелендiру нысанының соңғы жарияланған бағасы белгiленген қадаммен азаяды.

Жарияланған баға бойынша жекешелендiру нысанын сатып алуға ниетiн бiрiншi болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голланд əдiсi бойынша аукцион жеңiмпазы болып танылады жəне осы жекешелендiру нысаны бойынша аукцион өткiзiлген болып танылады;

3) егер жекешелендiру нысанының бағасы белгiленген ең төменгi мөлшерге жетсе жəне қаты-сушылардың бiрде-бiреуi жекешелендiру нысанын сатып алу ниетiн растамаса, онда аукцион өткiзiлмеген болып танылады.

Əрбір сатылған жекешелендіру нысаны бойын-ша аукцион нəтижелері аукцион нəтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, аукцион аяқталғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде Тізілімнің веб-порталында қол қояды.

Аукцион нəтижелері туралы хаттама аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз бен сатушының жеке-шелендіру нысанын сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75, 115-бөлме мекенжайында жеңімпазбен сатып алу-сату шартына аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады.Бұл ретте, аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстыру үшін мынадай құжаттардың:

1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не анықтаманың;

2) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариалды куəландырылған көшірмелерін ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.

Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан жəне 8 (7142) 501-511 телефоны арқылы алуға болады.

Алєашќы мўєалімМаѕєыстау ґѕіріндегі ўстаздардыѕ ўстазы атанєан Тўрар ЖАЛЄАСБАЙЎЛЫ туралы

Жақсы адам жайында жазсаң, жаның жадырап, ойың тазарып, бір жоғың түгелгендей күй кешесің. Қазақта «азамат» деген ұғым бар. Тұрар Жалғасбайұлы кезінде елге сіңген еңбегімен қадірлі болып, əкелік парызын абыроймен өтеп, жолдас-жораларының алдында өлшеусіз беделге ие болып, азаматтық қыруар еңбегінің жемісін татып, қоғамға сыйлы, əулетіне қадірлі бола білген жан еді. Елдің экономикалық дамуына, оқу-ағарту саласына өзіндік үлес қосқан Тұрекеңді тарихтан хабары бар маңғыстаулықтар түгел таниды.

«KAZGOR» жобалау академиясы «Мемсараптама» РМК бас директоры Асқар Сұлтанұлы Сманқұловқа əкесі

Сұлтан Сманқұлұлы СМАНҚҰЛОВТЫҢқайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

«Қазконтракт» компаниясының ұжымы «Қызмет» компаниясының бас бухгалтері

Құрманбай ЧҮЙКЕЕВТІҢмезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына орны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

«Қызмет» компаниясының ұжымы компанияның бас бухгалтері Құрманбай ЧҮЙКЕЕВТІҢ

мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына орны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

«Атырау МӨЗ» ЖШС басқармасы мен кəсіподақ ұйымы «ОКЖС-Қазақстан» ЖШС бас директоры Данияр Шəріпұлы Амангелдинге əкесі

Шəріп АЙТПАЙҰЛЫНЫҢөмірден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Құрметті Тараз жəне Қызылорда қаласының JET абоненттері!

«АЛТЕЛ» АҚ 2014 жылдың 15 тамызынан бастап JET желісі қызметінің тоқтатылатыны туралы ақпараттандырады.

• Абоненттерге жеңілдік талаптарымен ALTEL4G:GSM желісіне ауысу ұсынылады!

• Ауысу бағдарламасына сəйкес ағымдағы ALTEL 4G: 3GB, 5GB, 7GB, лимитсіз 4G интернет тарифтеріне қосылғанда жабдықтарға 80%-ға дейін жеңілдік беріледі.

Ауысу кезіндегі 4G құрылғысының құныҚұрылғы Стандартты бағасы JET 3G-ден ауысу кезіндегі құны

4G USB-модем 8 500 теңге 550 теңге

4G Mi-Fi роутер 15 500 теңге 1 690 теңге

«НГСК КазСтройСервис» АҚ Осы арқылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-пен 2006 ж. 20 наурыздағы № KS 01-06-20 кредиттік желі беру туралы келісім

бойынша ірі мəмілеге өзгерісті бекіту туралы шешімді қоғамның Директорлар кеңесі қабылдағаны жөнінде барлық мүдделі тұлғалардың назарына жеткізеді.

Астана, Алматы, Талдықорған, Қарағанды, Шымкент, Ақтөбе, Семей, Өскемен, Тараз, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Орал қалаларындағы физика-математика жəне химия-биология бағыттарындағы Назарбаев Зияткерлік мектептеріне 7, 8 тамыз аралығында жалпы білім беру пəндері бойынша мұғалімдерді іріктеу конкурсы өткізіледі. Толығырақ www.nis.edu.kz сайтындағы «Мұғалімдерге» бөлімінде.

Астана Халықаралық мектебіне 4, 5 тамыз аралығында жалпы білім беру пəндері бойынша мұғалімдерді іріктеу конкурсы өткізіледі.Толығырақ www.nis.edu.kz сайтындағы «Мұғалімдерге» бөлімінде.

Акционерное общество «Дорожно-строительное управление №13», 040400, Республика Казахстан, Алматинская область, Енбекшиказахский район, г. Есик, ул. Космонавтов, д.9, РНН 091200002663, проводит годовое общее собрание ак-ционеров 29 августа 2014 года в 12 часов 00 минут по адресу: АО «ДСУ-13», г. Есик, ул. Космонавтов, д.9, тел.: 8 (72775)76589, начало регистрации участников 11 часов 00 минут. Повторное общее собрание акционеров состоится 30 августа 2014 года в 12 часов 00 минут. Список акционеров, имеющих право на участие в годовом общем собрании акционеров составлен на 27 июля 2014 года. Повестка дня годового общего собрания акционеров: 1) определение аудиторской органи-зации для аудита финансовой отчетности на 2014 год; 2) утверждение годовой финансовой отчетности за 2013 год; 3) распределение чистого дохода; 4) при-нятие решения о выплате или невыплате дивидендов на одну простую акцию за 2013 год; 5) выплата вознаграждений членам совета директоров за 2013 год; 6) утверждение состава совета директоров.

В связи с кончиной Айпеисова Мухамедкали, 21.01.2011 г., наследникам обращаться к нотариусу Өмірзақ Сауле Өмірзаққызы, по адресу: г. Кызылорда, ул. Коркыт ата, 7/16, тел: 8 (7242) 275878.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМАҚостанай мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2014 жылғы 20 тамызда сағат 10.00-ден бастап www.gosreestr.kz Мемлекеттік

мүлік Тізілімінің веб-порталында республикалық меншіктегі нысандарды сату жөнінде аукцион өткізу туралы хабарлайды

Дастан КЕНЖАЛИН,«Егемен Қазақстан».

Қарағандының «Шахтер» клубы «Хайдукті» ұтып, ма-ңызды жеңіске жетті. Енді Хор-ватияда отандастарымызға тең ойнаса да болады. Егер екін ші кездесуде алаң иелері 1:0 есе-бімен жеңсе де қазақстандық клуб төртінші кезеңге жолдама алады. Бұл сы нақ тан Қарағанды командасы сүрінбей өтетініне сенеміз. Кешегі командалардың алғашқы ойынына қарап осылай деуге негіз бар. Бұл кездесу толығымен алаң иелерінің ба-сым дығымен өтті. Матчта бірін-ші болып та есепті алаң иелері ашты. Ойынның 10-минутында Михрет Топчагич қонақтардың қателігін пайдаланып, допты торға тулатты. Осыдан кейін қар сы ластар есепті теңестіруге тырысып, айналасы 9 минуттың ішінде «Шахтердің» қақпасына қауіпті жағдайлар жасады. Соның нəтижесінде Сандро Готаль есепті теңестіріп кет-ті. Бірақ, қонақтардың бұл қуа-ны шы ұзаққа созылмады. Екі минут өтер өтпесте «Шахтердің»

капитаны Андрей Финонченко қарсыластарға екінші доп соқты. Ойынның бірінші жартысы осылайша алаң иелерінің пай-дасына шешіліп аяқталды.

Екінші таймда да «Шахтер» қамшыны басып, тағы да гол соғуға асықты. Қарағандылықтар қарсыластар қақпасын 25 минут бойы нысанаға алып, ақы ры үшінші рет Стипицаның қақпа-сын дəл көздеді. Бұл голдың ав-торы Алдин Джидич атанды.

Осы голдан кейін «Хайдуктің» ойын шылары да оңайлықпен бері се қоймайтынын көрсетіп, ар ада 7 минут өткеннен кейін есеп ті бір допқа қысқартты. Гол-ды пенальтиден Мийо Цакташ соқты. «Шахтер» кездесу соңын-да төреші қосқан төрт минутта тағы да гол соғуға мүмкіндік алды. Бұл допты қақпаға Тоқ тар Жаңғылышбай есімді «Шах тер-дің» құрамына жаңа қосылған жас ойыншы өзіне жазды.

Енді келесі матч 7 тамызда Хорватияда өтеді.

Еуропа лигасының үшінші кезеңіне қатысып жатқан «Ас-тана» ко мандасы болса, қар -с ы ласымен тең ойнап, жағ-да йын қиындатып алды. Кез-десуде командалар осыған дейін бір-бірімен ешқашан ойна маса да «Астана-Аренада» ежел гі қарсыластар сияқты жан күйер-лерге тартысты жə не қы зықты ойын өрнегін көрсетті. Онда командалар бірінші минуттан бастап бір-біріне қауіпті жағ-дай лар жасап отырды. Деген-мен, бірінші голды алаң иелері жіберіп алды. Бұл допты «Ас-та на ның» қақпасына матч-тың 9-минутында Бауи деген грекиялық клубтың ойыншысы соқты. Оның қатты соққан до-бын Эрич қайтара алмады. Осы-дан кейін «Астана» жеңіске де-ген жігерін көрсетіп, бірінші тайм аяқталмай жатып, есепті теңестірді. Ойын ның 42-ми ну-тын да Таңат Нөсербаевтың соқ-қысы шынымен де əдемі шықты.

Екінші таймда біздің жігіт-тердің тағы да гол соғуға ба-рын ша тырысқанымен табло-да ғы нəтиже өзгермеді. Бұл кез десу «Астана» коман дасы-ның басымдығымен өтті. Ста-тистикаға қарасақ, матч бары-сында «Астана» 62 пайыз допқа иелік етсе, қарсыластар 38 пайыз ғана допқа иелік еткен екен.

Енді Грекияда өтетін келесі кез-десуде ойын нəтижесі қандай бо-ла тынын уақыт көрсетеді. Ке шегі матчқа қарап, «Астана» ко ман-дасының Еуропа лига сының төр-тінші кезеңге шығуға мүмкіндігі əлі де бар деген ойдамыз.

Спорт

«Шахтер» маѕызды жеѕіске жетті

Бейсенбі күні «Астана» мен Қарағандының «Шахтер» командалары Еуропа лигасының үшінші кезеңінің алғашқы матчтарын өткізді. Онда «Шахтер» Қарағандыда Хорватияның «Хайдук» клубын қабылдап, 4:2 есебімен жеңіске жетсе, «Астана» өз алаңында Грекияның АИК командасымен кездесіп, 1:1 есебімен тең түсті.

Page 10: Атаќты Алматы апорты - Egemenғылыми-зерттеу инсти-туты биылғы күзде ар-найы шыны құтыда өсірілген мыңнан

2 тамыз 2014 жылwww.egemen.kz10 www.egemen.kz10

Меншік иесі:“Егемен Қазақстан”

республикалық газеті”акционерлік қоғамы

ПрезидентСауытбек АБДРАХМАНОВ

Вице-президент – бас редакторЖанболат АУПБАЕВ

Вице-президентЕркін ҚЫДЫР

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А.

АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kzАлматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – [email protected]

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР:Астана – (717-2) 37-61-21;Ақтау – 8 (701) 593-64-78;Ақтөбе – (713-2) 56-01-75;Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70;Атырау – (712-2) 31-74-13;

Көкшетау – (716-2) 25-76-91;Қарағанды – (721-2) 43-94-72;Қостанай – (714-2) 39-12-15;Қызылорда – (724-2) 27-00-85Орал – (711-2) 28-80-35;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11;Павлодар – (718-2) 68-59-85;Тараз – (726-2) 43-37-33;Шымкент – 8 (701) 747-63-01;Петропавл – (715-2) 50-72-50.

ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, [email protected] Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, [email protected]

Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.А

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы

5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мəдениет жəне

ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009

Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы201 715 дана.

Нөмірдің кезекші редакторы

Айдар ӨРІСБАЕВ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 5 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921

Газет мына қалалардағы:010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС,050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС,100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС,110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС,120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС,130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС,030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ,080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС,040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы,070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №365 ek

Ақмола облыстық өлке тарихы мұражайында күрделі жөндеу арқылы қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды.

Мол экспонаты бар мўражай

Бақберген АМАЛБЕК,«Егемен Қазақстан».

Тоқсан жылдан астам тарихы бар мұражай респуб ли ка мыздағы ең көне мəдени ме ке мелердің бірі. Ол 1904 жы лы салынған тарихи-сəулет ғи маратында орналасқан. Зама на лық талаптарға сай қай-та жа рақ тандырылған жəді гер-ха на ның іші-сырты жай нап тұр. Мұ ра жайдың басты байлығы – тəлім шашарлық 77 мыңнан астам қымбат мүліктер деуіміз керек.

Мұражайдың құрылыс жұ-мыстары мен жабдық-жа сауына облыстық бюджеттен 330 миллион теңге қаржы жұмсалды. Мұндағы экспонаттардан толық мағлұмат беретін сенсорлы киоскілер жұртшылық назарын аударуда. Аталған жаңашыл тəсіл Тұңғыш Президент мұра жайында, Теміртау мен Пав лодар музейлерінде ғана бар еді.

Көз танымастай өзгерген мұра жайда «Ежелгі тарих жəне ор та ғасыр», «Қазақ халқының этномəдениеті мен тұрмысы», «Ор та ғасырлар кезеңіндегі Есіл бойы», «Абылай хан əлемі», «ХІХ жəне ХХІ ғасыр тарихы», «Қазіргі кезең» сияқты негізгі бөлімдер жұмыс істейді. Салтанатты шара-ның алғашқы қонағы ретінде оған Шыңғыс хан атындағы Бүкіл дү-ниежүзілік академиясының құр мет-ті ака демигі Ғизат Табылдин өзі нің бірнеше кітабын сыйға тартты.

Ақмола облысы.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ,«Егемен Қазақстан».

Танымал туындыларды мемле-кеттік тілде ұсыну идеясы алдымен «Көліктер» фильмін тəржімалаудан басталғаны белгілі, ал 2011 жылдың жазында кішкентай бүлдіршіндердің жүрегіне «Көліктер-2» анимациялық фильмі ана тілдің уызымен жет-кізілді. Шынын айту керек, бұл адам үйінде отбасымен бірге дұрыс тап отырып теледидар көре алмайтын жағдайға жеткен кейінгі жылдарғы келеңсіздіктің жолын кескен шара болды десек, екіншіден, ол қазақ тіліне дубляждалған ең алғашқы голливудтық туынды болып санала-ды. Еліміздегі қазақ тілді көрерменнің рухани қажетін қанағаттандыра бастаған бұл бастама бүгінде үлкен халықаралық жобаға айналып отыр. Олай деуіміздің себебі, «Disney/Pixar» компаниясының фильмін қазақ тіліне дубляждау үшін отандық мамандардан басқа, оған Англия, АҚШ жəне Ресейдің кəсіби маманда-ры үлестерін қосты. Əлем бойынша қырыққа жуық тілге дыбысталған «Көліктер-2» фильмінің қазақ тіліндегі нұсқасына кезінде шетел-дік жұлдыздар өздерінің жоғары бағаларын берген болатын.

Одан кейін «Қара киімділер-3» туындысы қазақшаланып, көрер-менге жол тартты. Мұнда əрине, Уилл Смит сияқты сөйлеу мəнері ерекше адамның экрандық бейнесіне сай актерді табу оңай соқпаған еді. Оның соңынан іле-шала «Батыл жүрек» мультфильмі қазақ тілін-де прокатқа шықты. Тың жоба балаларды кейіпкерлерінің үнімен баурап алып қана қоймай, сонымен қатар, мұнда орындалатын əндер де қазақ тілді көрерменнің жүрегін тез баурап əкетті. «Disney/Pixar» компаниясы əзірлеген фильмдегі əн қазіргі қазақ эстрадасының жас өкілі Мақпал Исабекова дыбыс-тауымен аса əсерлі шықты. Өндір сананы өзіне тартқан келесі бір өнім «Жаңа Өрмекші адам» деп аталады. Сондай-ақ, 2013 жылы

Голливудтың екі туындысы қазақ тіліне аударылды. Оның алғашқысы – «Монстрлар Университеті» анима-циялық фильмінің басты ерекшелігі, қазақ тіліндегі нұсқасына кəсіби актер лер ғана емес, мысалы, Бағана-шыл кентіндегі балалар үйінің тəрбиеленушілері қатысып, өздері-нің сүйікті кейіпкерлерін қазақ тілінде сөйлетті. Еліміздегі аударма өнімдер арасында ол көп актер қатысқан бірден-бір жоба болып табылады. Бір анимациялық фильм-де 200-ге жуық адамның дауы сын қамту киноиндустрия тари хында өте сирек кездесетін жағдай.

Өткен жылы мұнан кейін Джонни Депп ойнаған «Жалғыз рейнд жер» фильмі мемлекеттік тілге аударылды. Бұл «Самұрық-Қазына» қорының қаржылай көмегі мен «Болашақ» қауым дас тығы мен «MARWIN» ком пания сы қазақ тіліне дыбыстаған алтыншы фильм болатын. Фильмді дубляждауға 38 актер атсалысса, олардың бəрі дерлік мұндай мүм-кін дікке «Disney» студиясы маман-дарының келісімімен қол жеткізді. Мысалы, қазақ кино өнерінің қа-зір гі жарық жұлдыздарының бірі Берік Айтжановтың дауысын атақ-ты Джонни Депптің өзі тыңдап, келісімін беруі аударма өнімдердің де бүгінде орасан зор рөл атқарып жатқанын аңғартады. Биыл «Жаңа өрмекші адам: Кернеген қуат» ат-ты фантастикалық картина 3D фор-матында қазақ тілді көрерменмен қауышса, ендігі бір жоба жұртшы-лықты атақты Анджелина Джо ли -дің қатысуымен баурады. «Мале фи-сента» деп аталатын бұл туындыда оны қазақ актрисасы Гүлнəз Əуес-баева дыбыстады.

Елордалық көрермен тамаша-ла ған «Галактика сақшылары» кино картинасына келсек, бұл қазақ тілінде дыбысталған голливудтық таңдаулы фильмнің бірі болып табылады. Дубляж режиссері Тимур Балымбетов БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында: «Ұлыбританияның астанасы Лондонда түсірілген фильмнің негізгі кадрлардан тыс

кейбір үзінділері Америкада, тағы басқа да жерлерде дүниеге келді. Қиял-ғажайып, шытырман оқиғалы, комедия жанрындағы кинолентаның кейіпкерлерінің бəрі бастапқыда қарақшы бейнесінде көрінеді. Бірақ, оқиға барысында олар дұрыс шешім қабылдап, жағымды кейіпкер ретінде танылады. Жастар үшін тəрбиелік мəні өте зор фильм. Мұндағы бес кейіпкердің əрқайсысымен актер-лер тығыз байланыста жұмыс істеді», деп атқарған жұмыс тарына көңілдері толатынын айтты.

«Жалпы, əлемдік студиялар ешқашан да сапасыз өнім шығар-майды жəне сапаның төмендеуіне жол бермейді. Оларды көрерменнің пікірінен басқа ештеңе қызықтыр-майды. Сол себепті, біз бəрі ойдағы-дай жүзеге асуы үшін əуелі «Disney» студиясының дубляж бөліміндегі бір маманды Қазақстанға жіберіп, дубляж техникаларын үйретуді сұрадық. Олар өтінішімізді қабыл-дап, бір адамын жіберді. Ол бір ай бойы Қазақстанда жұмыс іс-теп, ак терлерімізге дубляжды дұ -рыс жасау жолдарын үйретті.Бірін ші ден, қазақ тілінде дыбыста-латын əр фильмге қырыққа жуық актер қатысады. Оның үстіне екінші, үшінші «пландағы» актерлердің дауысы бір-бірін қайталамауы керек, тіпті, жəй кейіпкердің өзінің жеке дауысы болуы керек деген талап қойылады. Екіншіден, қазақ тіліндегі сөйлемдер орыс тіліндегі сөйлемдерге қарағанда екі есе, ал ағылшын тіліндегі сөйлемдерден үш есе ұзақ болатыны мəлім. «Қара киімділер-3» фильмін қа зақ тіліне дыбыстау кезінде Уилл Смитті дубляждайтын актер тап пай қинал-дық. Себебі, оның жылдам дығына кез келген актердің ілесуі мүмкін емес еді. Тек Азамат Қанапия ғана оның ырғағына ілесе кетті. Енді, ойлап қараңыз, осыншама адам-ның ішінен Уилл Смиттен қалмай сөй лейтін бір-ақ адам табыл ды. Егер, оны таппағанда, фильмді дубляж дау мүмкін болмай тын еді. Ал қазір жағдай мүлде басқа. Бұл бағытта режиссерлер де, актерлер де айтарлықтай табыс қа қол жеткізе бастады», – деген «Меломан» ком-паниясының бас директоры Вадим Голенко сөзімен толықтай келісуге болады. Өйткені, тоғызыншы картина қазақ актерлерінің дыбыстау өнеріне əжептəуір төселіп қалғанын көрсетті. «Walt Disney Studios Sony Pictures Releasing»-дің Бас дирек-торы Антон Сиренко: «Негізгі проб лема Голливуд студиясының талап тарына сай келетін режиссерді табуда жəне актердің кəсіби міндетін өз дəрежесінде атқаруында. Ал Американың үлкен өнімін, яғни сапалы əрі қымбат картинаны дубляж жасау оңай шаруа емес. Өзге тіл де дубляж жасау дегеніміз кейде сол фильмді қайта түсірумен тең. Сондықтан дубляж студиясы мен фильм авторлары арасындағы өзара шығармашылық түсіністік орнықпайынша, жоғары нəтижеге қол жеткізу өте қиын», деген ойды алға тарта отырып, картинаны жасау-шылар, яғни режиссер, продюсер, актер түпнұсқадағы мəн-мағына өзге тілдегі нұсқада бұрмаланбай, дұрыс сақталған жағдайда ғана өздерінің келісімін беретінін айтты.

АСТАНА.

Сатыбалды СƏУІРБАЙ,«Егемен Қазақстан».

Өмірде не болмай жатыр. Тіпті, осы бір бейбіт, тыныш заманда да небір қатыгездіктің белең алып отырғаны жасырын емес. Жақында жаңа туған шаранасын сатып, байлыққа ке-нелмек болған анасы мен қызының қылығын естігенде халық жағасын ұстады. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, үстіміздегі жылғы 29 шілдеде Ақтөбе облысы ІІБ ҰҚҚКБ қызметкерлері жаңа туған баласын жеке күнкөріс мақсатында сатпақшы болған 24 жастағы келіншек пен оның 48 жастағы анасын қолға түсірді. Келіп түскен жедел ақпарат бойынша, келісімді қыздың анасы жүргізген. Қызының босануы

алдында, яғни үстіміздегі жылдың мамырынан бастап болашақ баланы алатын адам іздеген жəне өтемақы ретінде Ақтөбе қаласынан екі бөлмелі пəтер талап еткен.

Бірнеше кездесуден жəне телефон арқылы сөйлескеннен кейін бала сатылуға келісілген. 27 шілдеде 24 жастағы əйел Ақтөбе қаласындағы медициналық жедел жəрдем ауруханасының бөлімшесінде босанып, сəбиді дүниеге əкелген. Одан кейін қыздың анасы баланы ау-руханадан шығарған кезде алушыдан ақшаны бірден беруді талап еткен. 29 шілдеде аталған қылмыстың кейіпкерлері баланы жəне 8 800 АҚШ долларын беріп жатқан жерінде қолға түсті. Санкцияланған тінту барысында ақша жəне босанған əйелдің атына берілген құжат тəркіленді. Қазіргі таңда ювенальдық полиция

қызметкерлерімен бірлесіп жаңа туған сəбиді «Үміт» балалар үйіне орналстыру мəселесі шешілуде. Күдіктілерге қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, ҚР ҚК 133-бабы 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Қанша жерден қиындық болса да ақтауға келмейтін іс бұл. Жетімін жылатпаған халқымыздың қасиетті ұлағатты ұстанымын ұрпақтарының ұмыта бастағаны қалай? Бауырындағы балапанын құс екеш құс та қызғыштай қорымай ма? Айдың-күннің ама-нында сəбиін сатпақ болған безбүйрек келіншек пен анасының қылығы дүйім елді дүрліктірді. Біз өзі не болып барамыз? Қатыгез қоғам ба, əлде адам ба? Осының бəрі сайып келгенде ұлттық тəрбиеден қол үзіп, обал-сауапты ұмыта бастағанымыздың басы болмағай.

Ақтөбе облысы.

Өңір өмірі Бəрекелді! Туған тілдің толғағы

Тіліне їѕіл де, тїрінен тїѕілме

2011 жылдан бері Голливуд өнімдері қазақ тіліне тəржімаланып, кино өнері ана тілдің қолданысын кеңейтуге айтарлықтай үлес қосуда. Жақында киносүйер қауым «Нұр Отан» партиясы қолдауымен «Болашақ» қауымдастығы, «MARWIN» компаниясы мен «Алтын Қыран» қоры жəне «Самұрық-Қазына» Ұлттық əл-ауқат қоры бірлесіп дубляждаған тоғызыншы фильмнің – «Галактика сақшылары» атты шытырман оқиғалы комедияның алғашқы көрсетілімін тамашалады.

Апыр-ай!..

Сəбиін сатќан ана

Бақберген АМАЛБЕК,«Егемен Қазақстан».

Ақмола полицейлері Степногор қаласының 1975 жылы туған тұрғынынан 35 кило «аммонит» жарылғыш затын тəркіледі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлау-ынша, өткен дүйсенбі күні ұйымдасқан қылмыспен

күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында, «Степногор-Азат» жолының бойында «Фольксваген-Пассат» автокөлігін тоқтатқан. Көлікті тінту кезінде екі полиэтилен қабы табылды. Оның бірінде 12 бума сарғылт түсті жəне түтікше түрінде оралған 19 зат бар болып шықты. Сот-химиялық сараптама бұлардың жарылғыш зат екендігін анықтады.

Мəссаған!

35 кило жарылєыш зат тəркіленді

Талбесік

Ерейментау

Сур

етте

рді т

үсір

ген

Ерла

н О

МА

РОВ.

Думан АНАШ,«Егемен Қазақстан».

Семей қаласының 14 жасар оқушысы Ванесса Безродная Голливудтағы əлемдік өнер чемпионатында топ жарды. Лос-Анджелес қаласында «World championship of performing arts» атты халықаралық өнер байқауында поп жəне рок-вокал аталымында бас жүлдені жеңіп алған Ванесса 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында сынға түскен болатын. Семейлік қаршадай қызбен бірге бұл

дəрежеде əлемнің 42 елінен келген өнерпаз бақ сынапты. Жалпы, аталған біріншілікке 7 жастан 45 жасқа дейінгі əртістер қатысқан.

Өнерлі қыз мұхиттың арғы жағынан Қазақстанға 4 алтын медаль əкелді. Сонымен бірге, ол продюсерлерден түскен ұсыныстар жөнінен де көш бас-тады.

– Біз үшін бұл чемпионат өте сəтті өтті. 18 жылдың ішінде тұңғыш рет Қазақстанның өкілі вокал санаты бойынша финалға жолдама алып, поп жəне рок-вокал аталымдарында абсолютті чемпион атанды. Ванесса фи-налға вокалмен бірге модель бизнесі бойынша да қатысты, – деді жеңімпаз қыздың анасы Ирина Безродная.

Ванесса осыған дейін «Жа ңа толқын» байқауының финалы мен «Еуровидение музыкалық академиясы» жоба сының қаты-су шысы атан ған болатын.

– Мен бұл біріншілікте екі санат бойынша финалға шығып, төрт алтын медаль алдым. Алтын медальдарды финалда, сондай-ақ поп, рок жəне ұлттық əндерді орындау бойынша жеңіп алдым, – деді Ванесса.

СЕМЕЙ.

Голливуд əлемдік ґнер чемпионатынан тґрт алтын медаль алып келді