97
1 ن الرحيم الرحم بسم1-бӛлім Жалпы үкімдер 1-Әйел адамның Ислам келуінен бұрынғы жағдайы. Исламнан бұрын деп жалпы жер бетіндегі адамдардың, атап айтқанда арабтардың ҿмір сүрген жҽһілет дҽуірін айтады. Сол кезде адамдар пайғамбарлардың келуі тоқтаған жҽне тура жолдың жоғалған кезеңінде еді. Аллаһ Тағала оларға қарап хадисте айтылғанындай олардың ішінен кітап иелерінің қалдықтарынан басқа арабтарды да, араб еместерін де жақтырмады. Сол уақытта ҽйел адам ҽсіресе араб елдерінде кҿбінше ҿте қиын кезеңде ҿмір сүрген еді. Арабтар қыз баланың дүниеге келуін жақтырмайтын, олардың кейбіреулері оны топырақ астында ҿлсін деп тірідей жерге кҿметін болған. Кейбіреулері оны Құранда айтылғанындай қорлық - зомбылық пен қиыншылық ҿміріне тастап қоятын еді. Аллаһ Тағала айтады: «Егер олардың біреуі қызбен сүйіншіленсе, (ҽйелінің қыз тапқанын естісе) оны ашу басып, беті қап-қара бола бастайды. Ӛзіне келген жаман хабардың салдарынан елден жасырынады. Оны қордыққа шыдап ұстау немесе топыраққа кӛміп тастау керек пе?-дейді. Олар нендей жаман үкім береді» 1 ; «Тірідей кӛмілген қыздың қандай күнасы үшін ӛлтірілгендігі сұралған кезде» 2 . Егер жаңадан туылған қыз тірідей топырақ астына кҿмілуден аман қалса, ол қор болып ҿмір сүретін еді. Оған ҿзінің бір туысы ҿлсе, егер сол туысының малы қандай кҿп болса да, жҽне ол қыз пақырлық пен мұқтаждықтан қандай қиналып жүрсе де, оған туысының малынан ешқандай мирас берілмейтін. Ҿйткені олар мирасты тек еркектерге беретін. Ал ҽйел, егер оның ері ҿлсе оны ерінің туыстары малды мирасқа бҿліп алғандай бҿліп алатын еді. Бір еркектің қол астында кҿптеген ҽйел ҿмір сүретін болған, ҿйткені еркектер ҽйелдердің сол себепті таршылық пен зұлымдықты тартып 1 Нахл. 58-59 2 Текуир. 8-9

Mumin ayelderge katusty

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: Mumin ayelderge katusty

1

بسم هللا الرحمن الرحيم

1-бӛлім

Жалпы үкімдер

1-Әйел адамның Ислам келуінен бұрынғы жағдайы.

Исламнан бұрын деп жалпы жер бетіндегі адамдардың, атап

айтқанда арабтардың ҿмір сүрген жҽһілет дҽуірін айтады. Сол кезде

адамдар пайғамбарлардың келуі тоқтаған жҽне тура жолдың

жоғалған кезеңінде еді. Аллаһ Тағала оларға қарап хадисте

айтылғанындай олардың ішінен кітап иелерінің қалдықтарынан

басқа арабтарды да, араб еместерін де жақтырмады. Сол уақытта

ҽйел адам ҽсіресе араб елдерінде кҿбінше ҿте қиын кезеңде ҿмір

сүрген еді. Арабтар қыз баланың дүниеге келуін жақтырмайтын,

олардың кейбіреулері оны топырақ астында ҿлсін деп тірідей жерге

кҿметін болған. Кейбіреулері оны Құранда айтылғанындай қорлық-

зомбылық пен қиыншылық ҿміріне тастап қоятын еді. Аллаһ Тағала

айтады:

«Егер олардың біреуі қызбен сүйіншіленсе, (ҽйелінің қыз

тапқанын естісе) оны ашу басып, беті қап-қара бола бастайды.

Ӛзіне келген жаман хабардың салдарынан елден жасырынады.

Оны қордыққа шыдап ұстау немесе топыраққа кӛміп тастау

керек пе?-дейді. Олар нендей жаман үкім береді»1;

«Тірідей кӛмілген қыздың қандай күнасы үшін

ӛлтірілгендігі сұралған кезде»2.

Егер жаңадан туылған қыз тірідей топырақ астына кҿмілуден

аман қалса, ол қор болып ҿмір сүретін еді. Оған ҿзінің бір туысы

ҿлсе, егер сол туысының малы қандай кҿп болса да, жҽне ол қыз

пақырлық пен мұқтаждықтан қандай қиналып жүрсе де, оған

туысының малынан ешқандай мирас берілмейтін. Ҿйткені олар

мирасты тек еркектерге беретін. Ал ҽйел, егер оның ері ҿлсе оны

ерінің туыстары малды мирасқа бҿліп алғандай бҿліп алатын еді. Бір

еркектің қол астында кҿптеген ҽйел ҿмір сүретін болған, ҿйткені

еркектер ҽйелдердің сол себепті таршылық пен зұлымдықты тартып

1 Нахл. 58-59

2 Текуир. 8-9

Page 2: Mumin ayelderge katusty

2

жатқандарына қарамастан сан шектемей ҽйелдерге үйлене беретін

еді.

2-Әйелдің Исламдағы дәрежесі.

Ислам келіп ҽйелді бұл зұлымдықтан құтқарды жҽне оған

адамзат есебіндегі құнын қайтарып берді. Аллаһ Құранда былай

дейді:

«Әй адамдар! Шындығында біз сендерді бір еркек және бір

әйелден жараттық»3.

Аллаһ Тағала ҽйелдің адамзаттың бастапқы жаратылуында

еркектің серігі екендігін айтты, сол сияқты ҽйел еркекке амалдағы

сауап пен жазада серік екенін баяндады:

«Ер немесе әйелден кім иман келтірген бойда ізгі амал

істесе, әлбетте оған жақсы ӛмір сүргіземіз, әрі олардың

сауаптарын істегендерінен жақсырақ қылып береміз»4;

«Аллаһ мұнафық еркектер мен мұнафық әйелдерді,

мүшрік еркектер мен мүшрік әйелдерді азаптауы үшін»5.

Аллаһ Тағала ҽйелді ҿлген ерінің мирасына жатқызуды арам

етіп былай деді: «Ей момындар, сендерге әйелдерді мәжбүрлеп

мирас етіп алуларың дұрыс емес»6.

Сҿйтіп Аллаһ Тағала ҽйелге жеке бас бостандығын беріп, оны

мирасқа берілетін емес, керісінше мирасқа ие болатын жҽне ҿз

туысқанының малынан мирас алуға ақылы қылды. Бұл жайында

Аллаһ Тағала былай дейді:

«Еркектерге ата-аналары мен жақын туыстары қалдырып

кеткен мирастан үлес бар. Әйелдер үшін де ата-аналары және

жақын-туыстары қалдырып кеткен мирастан үлес бар. Бұл

үлестер аз-кӛптігіне қарамастан, парыз етілген ақылардан»7;

3 Құжырат. 13 4 Нахл. 97 5 Ахзаб.73 6 Ниса. 19 7 Ниса. 7

Page 3: Mumin ayelderge katusty

3

«Аллаһ перзенттеріңе тиісті мирас турасында бір ұл үшін

екі қыз үлесі, не барабар мирас беруді әмір етеді. Егер, мирас

алушылар екіден артық қыз болса, оларға ата-аналары

қалдырған нәрсенің үштен екісі, егер жалғыз қыз болса, оған

мирастың жартысы тиеді»8.

Үйленуге келсек, Аллаһ оның жоғары шегін тҿртке шектеді

жҽне ҽйелдердің арасында шама келгенше ҽділдікті орнатуды шарт

етті. Сондай-ақ олармен жақсы қарым-қатынас жасауды бұйырып

былай деді: «Олармен жақсы қарым-қатынас қылып, тыныш-

тату жасаңдар»9.

Ислам ҽйелге мҽһірды алуға құқылы қылды жҽне оны ҽйелдің

шын кҿңілімен кешіргенінен басқасын толық беруге бұйырды:

«Әйелдердің мәһірін ықыласпен беріңдер. Сонда егер әйелдер

ӛздері кӛңілдерінен сендерге мәһірден бір нәрсені кеңшілік етсе,

онда оны адал және берекелі деп біліп жей беріңдер».10

Аллаһ Тағала ҽйелге күйеуінің үйіндегі жауапкершілікті

жүктеді, оны үйде бұйырушы, тыйым салушы жҽне балаларына

ҽмірші қылды. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм):

«Әйел өз күйеуінің үйіне жауапты және жауапкершілігінен

сұралушы» - деді. Күйеуіне ҽйелдің нафақасына, оның киім-

кешегіне дұрыс қарауды уҽжіп етті.

3-Ислам жаулары және олардың бүгінгі күндегі

кӛмекшілері әйелдің құн-қасиеттерін жоғалтуды әрі оны

ақысынан айыруды қалаулары.

Шындығында кҽпірлер мен мұнафықтардан жҽне

жүректерінде ауырулары болған Ислам жауларын, тіпті бүгінгі күні

бүкіл адамзаттың жауларын мұсылман ҽйелдің бұл құрмет пен ізетке

жеткендігі жҽне исламның қорғауына кіргендігі ҿте қатты

ашуландырды. Ҿйткені мұнафықтар мен кҽпірлерден болған Ислам

жаулары ҽйел затын бүлдіргіш ҽрі құрту құралы болуын жҽне

онымен ҿздерінің кернеген шаһуаттарын қандырғаннан кейін иманы

ҽлсіз, кҿңілдері бос адамдарды аулайтын ау болуын қалайды. Аллаһ

8 Ниса. 11 9 Ниса.19 10 Ниса. 4

Page 4: Mumin ayelderge katusty

4

Құранда былай дейді: «Шаһуаттарына берілгендер сендердің

(тура жолдан) мүлде ауып кетулеріңді қалайды».11

Сондай-ақ жүректерінде ауытқуы болған мұсылмандар ҽйелді

шаһуаттары мен шайтанның азғыруына ергендердің кҿрмесінде

арзан тауар болуын, олардың кҿз алдарында оның ҽдемілігіне қарап

лҽззат алатын ашық тауар болуын қалайды. Немесе одан да жаман

нҽрсеге жетеді. Міне осы үшін ҽйелді еркек пен қатараласып жұмыс

істеуі үшін оны үйінен шығаруға тырысады. Ҽйелді ауруханада

бҿтен еркекке қызмет қылуына, немесе ұшақтарда стюардесса

болуына, немесе еркектермен аралас оқу сыныптарында оқушы

немесе мұғалім, не циркте клоун немесе ҽнші болуына, не

теледидарда ҿзінің ашық-шашық түрімен жҽне дауысымен

фитналандырушы ҽр түрлі хабарларда жүргізуші болуына ҽрекет

қылады. Сол сияқты ҽр-түрлі кҿргенсіз порнографиялық журнал

иелері ҿздерінің журналдарын ҿткізу үшін оның бетіне жалаңаш

қыздардың суретін шығарады. Кейбір саудагерлер мен завод

фабрикалар ҿз тауарларын ҿткізу үшін шығарған заттарына сол

қыздардың суреттерін жабыстыратын болды. Міне осындай қатерлі

шаралар себебті ҽйел ҿзінің үйдегі негізгі қызметінен айырылып

қалды. Тіпті олардың күйеулері балаларын тҽрбиелеу үшін жҽне үй

жұмыстарын атқару үшін шеттен қызметші ҽйел жалдауға мҽжбүр

болды. Ал бұл нҽрсе кҿптеген фитналардың тууына себеп болып

кҿптеген жаманшылықтар ҽкелді.

4-Біз егер келесі шарттар орындалса әйелдің үйінен тыс

жерде жұмыс істеуін қайтармаймыз.

1-Ҽйелдің ол жұмысты істеуге мұқтаж болуы, немесе оны

атқаратын еркек болмағандықтан қоғам ҽйелдің сол жұмысты

атқаруына мұқтаж болуы.

2-Бұл жұмысты ҽйел ҿзінің үйдегі негізгі қызметтерін істеп

бітіргеннен кейін істеуі.

3-Бұл жұмыс тек ҽйелдер ортасында болуы, ҽйелдер медресесі

не ҽйелдер дҽрігері сияқты еркектерден алшақ жерде болуы.

11Ниса.27

Page 5: Mumin ayelderge katusty

5

4-Сол сияқты ҽйел ҿз дінін үйренуінен қайтарылмайды,

керісінше оны үйрену оған уҽжіп болады. Сондықтан ҽйел оны

білуге мұқтаж болған дін істерін үйренуінен қайтарылмайды. Бірақ

оның білім алуы ҽйелдер ортасында болуы керек.

Ҽйелге алғашқы ислам ҽйелдерінің білім алып оны басқаға

үйреткендеріне ҽрі мешітке келгендеріне сүйеніп жұмыс істеулеріне,

оқуларына жҽне мешітке келулерінде оқасы жоқ.

Page 6: Mumin ayelderge katusty

6

2-бӛлім

Әйелдің тұла бойын әдемілеуге байланысты үкімдер.

1-Әйелден оның ӛзіне қатысты және ӛзіне лайықты болған

туа біткен қасиеттерді істеу талап етіледі. Соның бірі тырнақ

қысқарту жҽне оның күтімі.

Ҿйткені тырнақ қысқарту білім иелерінің келісімі бойынша

сүннетке жатады жҽне ол хадисте келген туа біткен қасиеттерден.

Сондай-ақ тырнақ қысқарту – ол тазалық пен ҽдемілікке жатады. Ал

оны ұзын қылып ҿсіру – ол кейіпсіздік ҽрі жыртқыш аңдарға ұқсау

болып табылады, ҽрі оның астына кір жиналып ол кірдің астына су

тимейді. Кҽзіргі кезде кейбір мұсылман ҽйелдер тырнақтарын

ҿсірумен бҽлеленген, бұл олардың кҽпір ҽйелдерге еріп, сүннет

жайында надандық танытқандықтарынан.

Ҽйелге осы жайында келген хадистерге амал қылу жҽне ҽдемі

болу мақсатында қолтық жҽне астыңғы жүндерді кетіруі сүннет

болады. Оны ҽр аптада алып отыру жақсырақ, не болмаса қырық

күннен асырмай алу керек.

2-Әйелден оның шашы мен қасына байланысты талап

етілетін нәрселер және бояну үкімі.

А) Ҽйелден шашын ҿсіруі талап етіледі жҽне оны қыру харам

болады, тек оны алуға қажет болған жағдайда ғана алуға болады.

Сауд-Араб мемлекеттілік муфтиі Шейх Мухаммад Иброһим былай

дейді: «Ҽйелдің шашына келсек, оны қыруға болмайды. Ҿйткені

имам Насайи ҿзінің сунан кітабінда Ҽлиден (оған Аллаһ разы

болсын) жҽне Ҽл-Баззар Османнан (оған Аллаһ разы болсын) жҽне

Ибн Жҽрир Икримадан: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уҽ

сҽллҽм) әйелді шашын қырудан қайтарды» - дегенін риуаят етті.

Егер пайғамбарымыздан (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм)

қайтару келсе, оған қарама-қайшы нҽрсе келмейінше, ол оның харам

екенін білдіреді.

Сондай – ақ Мулла Ҽли Қорий «Мұрқат» - деген «Ҽл-

Мушкат» атты кітаптің шархында пайғамбарымыздың (саллаллаһу

алейһи уҽ сҽллҽм): «Әйелдің шашын қыруы» деген сҿзіне былай деп

түсіндірме берді: «Ҽйелдің шашын қыруға болмайтыны ҿйткені

Page 7: Mumin ayelderge katusty

7

ҽйелдің ҿрілген шашы кҿріністе жҽне ҽдемілікте еркектің сақалы

сияқты» - деді.

Ҽйелдің шашын қысқартуы егер ол ҽдемілік үшін емес бір

қажет үшін болса, шашқа қажетті керек заттарын таба амау сияқты,

не тым ұзын болып ҿсіп ҽйелге қиыншылық тудыратын болса, оны

қажетіне қарай қысқартуға болады. Ҿйткені пайғамбарымыздың

(саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) ҽйелдері ол кісі ҿлгеннен кейін

зейнетті тастағандықтарынан жҽне ұзын шаштың оларға қажет

болмағандықтан шаштарын қысқартатын еді.

Егер ҽйелдің шашын кесудегі мақсаты кҽпірлердің пасық

ҽйелдеріне немесе еркектерге ұқсау болса, бұның харам екендігінде

еш күмҽн жоқ. Себебі жалпы кҽпірлерге ұқсаудан жҽне ҽйелдердің

еркектерге ұқсаудан қайтару келген. Ал егер мақсат ҽдемілену

болса, бізге білінгені – бұл болмайды.

Ұстазымыз шейх Мұхаммад Ҽмин Шинқитий «Адуауль-

Баян» атты кітапта былай дейді: «Кҿптеген елдерде еліктеушілікке

айналған ҽйелдің шашының түбіне жақындатып кесу ғұрпы –

мұсылман ҽйелдеріне ҽрі Исламнан бұрыңғы араб ҽйелдерінің

ҽдетіне теріс европалықтардың ҽдеті. Сондай-ақ бұл діндегі ҽрі

мінез-құлықтағы жҽне одан да басқа жерлерде кең тараған

жалпы тура жолдан ауытқу түрлеріне жатады»-деді.

Кейін: ««Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм)

әйелдері шаштарын құлақ сырғалығына дейін қысқартатын»-

деген хадиске былай деп жауап берді: «Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) ҽйелдері шаштарын тек ол кісі

ҿлгеннен кейін қысқартты, ҿйткені олар пайғамбарымыздың

(саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) тірі кезінде ҽдеміленетін болған жҽне

олардың ең зейнетті жерлері шаштары еді. Бірақ пайғамбарымыз

(саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) дүниеден ҿткеннен кейін оның

ҽйелдерінің үкімі ерекше, олардың бұл үкіміне бүкіл жер бетіндегі

бір ҽйел де серік бола алмайды. Ол үкім — күйеуге шығу үміті

түбегейлі үзілуі. Жҽне осы олардың оған ешқандай күйеуге шығу

деген қалау араласуы мүмкін болмаған күдер үзулері. Сондықтан

олар пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) себепті ҿлімге

дейін күйеуге шығуға ақысы жоқ кезеңдегі қамаудағы

(тұтқындалған) ҽйелдер сияқты. Аллаһ Құранда былай дейді:

Page 8: Mumin ayelderge katusty

8

«Сендер үшін Аллаһтың пайғамбарына зиян қылу және оның

артынан әйелдеріне үйленулеріңе ешқашан болмайды. Ӛйткені

бұл – Аллаһтың алдында ұлы (күнә) болған іс»12

.

Күйеуге шығудан толық күдердің үзілуі — зейнеттің кейбір

нҽрселерін тастауға рұқсат етеді. Одан басқасы себепті ҽйелге

зейнеттің бір нҽрсесін де тастауға болмайды»13

-деді. Сҿз соңы.

Сондықтан ҽйел ҿз шашына ұқыпты қарап оны ұзын күйінде

сақтауы жҽне шашты ҿріп қоюы керек. Оны тҿбеге не қара-құсқа

түйіп қоюға болмайды.

Шейхуль-Ислам ибн Таймия былай дейді: «Кейбір

жезҿкшелерге ұқсап шашты бір ҿрім қылып екі иықтың арасынан

жіберіп қою сияқты»14

.

Сауд- Арабия мемлекетінің муфтиі Мухаммад ибн Иброхим

былай дейді: «Кҽзіргі заманда мұсылман ҽйелдері (европа

ҽйелдерінің істегендері сияқты) шашты бастың жанынан бҿліп

оны тҿбеге түйюлерін алсақ, оны істеуге болмайды. Ҿйткені бұл –

кҽпірлердің ҽйелдеріне ұқсау. Абу Һурайрадан (оған Аллаһ разы

болсын) келген хадисте пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уҽ

сҽллҽм) былай дейді: «Мен екі түрлі тозақтың адамдарын

көрмеймін, (яғни олар пайғамбарымыздың саллаллаһу алейһи уҽ

сҽллҽм ҿмір сүрген уақытында болмайды) олардың біреулері:

қолдарына сиырдың құйрығына ұқсаған қамшы ұстаған қауым,

онымен олар адамдарды ұрады. Екіншісі: киінген жалаңаш

әйелдер, олар еркектердің назарларын өздеріне тартады және

оларға өздерінің зейнеттерін көрсету арқылы олардың

жүректерін пасықтыққа бұрмалайды, (яғни еркектерді ҿздерімен

пасықтық істеуге шақырады) олардың бастары түйенің

теңселген өркеші сияқты. (Яғни бастарын орамалмен немесе

басқа нҽрсемен орап, оны түйенің ҿркеші сияқты қылып қояды)

Олар жаннатқа кірмейіді және оның иісін де сезбейді, расында

жаннаттың иісі пәленше пәленше қашықтықтан білінеді»15

.

12

Ахзаб.53 13 «Адуауль-Баян» (5/598-601). Егер ҽйелге күйеуі шашыңды қысқарт деп бұйырса не басқа да

зейнеттің бір түрін тастауды бұйырса, оған бойұсынуына болмайды. Ҿйткені жаратушыға күна

болатын істе жаралғанға бойұсыну жоқ. 14

Фатуалар жинағы (22-145) 15 Муслим.

Page 9: Mumin ayelderge katusty

9

Кейбір ғұламалар бұл хадистің мағынасы жайлы: «Олар

шаштарын жезҿкше ҽйелдердің шашындай қылып қояды жҽне

басқалардың шаштарын да сондай қылады» - деген. Ал шашты

бұлай етіп қою европа ҽйелдерінің жҽне оларға ерген кейбір

мұсылман ҽйелдерінің ісі»16

.

Ҽйел адамға шашын қажетсіз қысқартуы немесе қыруы тыйым

етілгендей оған басқа шаш қосуы немесе жалғауы да тыйым

салынады. Сахих Бухарий мен Мусимде келген хадисте:

«Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) шаш жалғаушыны

және жалғатушыны лағынетеді». Ҿйткені бұл – жалған, бояма

нҽрсе. Сол сияқты бояма шашқа кҽзіргі замандағы парик те кіреді.

Имам Бухарий мен Муслим жҽне басқалары Мұғауияның

Мединеге келгенде құтпа қылғанын риуаят етті. Сонда Мұғауия

(оған Аллаһ разы болсын) бір түйір иірілген немесе бір тұлым шаш

шығарды да: «Әйелдеріңе бастарына мына сияқты нәрселерді

тағып не болды? Мен пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уҽ

сҽллҽм): «Қандай да бір әйел басына басқа біреудің шашын тақса,

ол алдау болады» дегенін естігем»-деді. Сол сияқты парик та

адамның шашына ұқсайтын қолдан жасалған шаш, оны кию де

алдауға жатады.

Б) Мұсылман ҽйелге қасын немесе оның кейбір жерлерін алу

харам етіледі. Ол қандай жолмен болсын; қыру не кесу, немесе оны

кетіретін заттарды пайдалану жолдарымен болсын оны алу харам

болады. Ҿйткені бұл — пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уҽ

сҽллҽм) оны істегенді лағнеттеген «ҽн-намсқа» жатады. Ақиқатында

пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) ҽн-намисаны жҽне

ҽл-мутанаммисаны лағнеттеді.

Ҽн-намиса: ол ҿзінің ойынша ҽдемі болады деп қасын не оның

кейбірін терген ҽйел.

Ҽл-мутанаммиса: ол осыны ҿзіне істеуді талап ететін ҽйел. Ал

бұл шайтанның адам баласына соны істеуге бұйырамын деп уҽде

еткен Аллаһтың жаратылысын ҿзгертуге жатады. Аллаһ шайтанның

16 Шейхтің фатуалар жинағы (2/47).

Page 10: Mumin ayelderge katusty

10

былай дегенін айтты: «Мен оларға бұйырамын, сонда олар Аллаһ

жаратқан жаратылысты ӛзгертіп-бұзады».17

Сахих Бухариде Ибн Масғұдтан (оған Аллаһ разы болсын) ол

кісінің былай дегені риуаят етілді: «Аллаһ теріні шанышқылап, бояп

ҽшекейлеген18

жҽне соны ҽшекейлеп беретін ҽйелдерді жҽне

қастарын жұлатын жҽне оны жұлып беретін ҽйелді жҽне ҽдемілік

үшін тістерінің арасын ажырытқан, Аллаһтың жаратқанын

ҿзгерткен ҽйелдарді лағнеттеді». Сосын ол кісі: «Аллаһтың елшісі

(саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) лағнеттеген адамды лағнеттемеймін

бе, ол Аллаһтың кітабында бар ғой?!» - деді. Яғни Аллаһтың:

«Пайғамбар сендерге берген нәрсені алыңдар, ол сендерді

қайтарған нәрседен қайтыңдар»19

- деген сҿзі.

Ибн Кҽсир ҿзінің тҽһсірінде бұл жайында былай деді:

«Кҽзіргі күнде кҿптеген ҽйелдер бұл үлкен күнҽлҽрдан болған

қатерлі бҽлеге ұшыраған. Тіпті қасты жұлу күнделікті қажет

істеріне айналған. Ҽйелге егер ері осыған бұйырса, оған

бойұсынуына болмайды. Ҿйткені бұл күнҽ»20

.

В) Мұсылман ҽйелге ҽдемілік үшін тістерінің арасын ашуы –

харам етіледі. Ҽдемілікке қызығып тістерінің арасында кішкентай

соқылау пайда болу үшін оны егеумен егеу арқылы ашуы. Ал егер

тістері кейіпсіз болса жҽне соны кетіретін түзету операциялары

қажет болса, немесе тістері бұзылып онда кҿрнес сияқты нҽрселері

болып оны емдеуге қажет болса, ол болады. Ҿйткені бұл емдеу жҽне

кейіпсіздікті кетіру бабына жатады. Жҽне бұл арнайы дҽрігер

ҽйелдің қолымен болуы керек.

Г) Ҽйелге денесін шанышқылап бояу амалы харам етіледі.

Ҿйткені пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) Ҽл-

уашиманы жҽне ҽл-мустаушиманы лағнетеді.

Ҽл-уашима: ол қолды не бетті инемен шаншып кейін ол жерді

кухлмен21

немесе сиямен толтыратын ҽйел.

Ҽл-мустаушима: ол осыны ҿзіне істеп беруді талап ететін ҽйел.

17 Ниса. 119 18 Денеге наколка салу. 19 Хашр. 7. 20 Ибн Кҽсир тҽпсірі. (2/359). 21 Сүрме.

Page 11: Mumin ayelderge katusty

11

Бұл харам іс жҽне үлкен күнҽ. Ҿйткені пайғамбарымыз

(саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) оны істеген ҽйелді жҽне ҿзіне соны

істеткен ҽйелді де лағнеттеді. Ал лағнет тек үлкен күнҽларға болады.

Д) Ҽйелдің аяқ-қолдарын жҽне шашын бояу жҽне алтын тағып

ҽшекейлену үкімі.

1- Бояну жайында имам Науауий «Мажмуғ» кітабында былай

дейді: «Қолды жҽне аяқты хынамен бояу — тұрмыстағы ҽйелдер

үшін мустахаб. Ҿйткені бұл жайында кҿптеген хадистер келген...».

Сҿз соңы.

Ол кісі имам Абу Даудтың риуаят еткен мына хадисіне ишара

етіп айтты: «Бір ҽйел Айша анамыздан (оған Аллаһ разы болсын)

хынамен бояну жайында сұрады, сонда ол кісі: «Ештеңе етпейді,

бірақ мен оны жақсы көрмеймін, сүйіктім Аллаһтың елшісі

(саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) оның иісін жақтырмайтын еді» -

деп жауап берді». Жҽне имам Ҽн-Насай Айша анамыздың (оған

Аллаһ разы болсын) былай дегенін риуаят етті: «Бір ҽйел перденің

артынан пайғамбарымызға (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) ишара

етті; оның қолында кітап бар еді, сонда пайғамбарымыз

(саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) оның қолынан ұстады да:

«Білмеймін, бұл еркектің қолы ма, әлде әйелдің қолы ма?!» - деді.

Ол: «Ҽйелдің қолы»-деді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уҽ

сҽллҽм): «Егер әйел болсаң, тырнақтарыңды өзгертер едің» - деді

(яғни хинамен бояп)22

.

Бірақ тырнақтарын оның үстіне қатып қалып, дҽрет алуға

кедергі болатын нҽрселермен боямайды.23

2- Ҽйелдің шашын бояуына келсек, егер ол ҽйел кҽрі болса,

шашын қарадан басқа түске бояйды. Ҿйткені пайғамбарымыз

(саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) жалпы қара түске бояудан қайтарған.

Имам Науауй ҿзінің «Рияду – Солихин» атты кітабында (626):

«Еркекті және әйелді шаштарын қарамен бояудан қайтару

бабы»-деді, сондай – ақ «Мажмуғ» кітабында (1/324): «Қарамен 22 Имам Абу Дауд пен Ҽн-Насай риуаяты. 22 «Жасырған зейнеттері білінуі үшін аяқтарын (жерге) ұрмасын». Нұр. 31 23

Кҽзіргі кездегі лактар сияқты.

Page 12: Mumin ayelderge katusty

12

бояудан тыюда еркек пен ҽйелдің арасында ешқандай

айырмашылық жоқ»-деді. Сҿз соңы.

Ал ҽйелдің қара шашын басқа түске айналдыру үшін бояуы

болса, менің ойымша бұл дұрыс емес. Ҿйткені оған ешқандай қажет

жоқ жҽне шаш үшін қара түс ол ҽдемілік, оны ҿзгертуге қажет

дейтіндей кейіпсіздік емес. Сондай-ақ бұны істеуде кҽпір ҽйелдерге

ұқсаушылық бар.

3- Ҽйелге ҽдет бойынша алтын-күміспен ҽшекейлену рұқсат

етіледі. Бірақ оған ҿзінің ҽшекейленгендігін оған махрам емес

еркектерге кҿрсетуіне болмайды. Керісінше ҽшекейлігін жасырады,

ҽсіресе үйінен шығып еркектердің кҿз алдарына тап болған кезде.

Ҿйткені бұл – фитна, ақиқатында ҽйел киімінің астындағы аяғының

ҽшекейлерінің дауысын еркектерге естіртуден қайтарылған, ал

сыртқы ҽшекейлері қалай болмақ?!

Page 13: Mumin ayelderge katusty

13

3- бӛлім

Етеккір, ауыру және нифас қанына арналған үкімдер.

Бірінші: Етеккір

1 – Етеккірдің анықтамасы:

Етеккірдің тілдің мағынасы: ағу.

Ал шариғаттағы мағынасы: "Ҽйелдің жатырының түбінен

белгілі уақыттарда ауырусыз жҽне жарасыз шығатын қан". Бұл

Аллаһтың Адамның ҽлейһис-сҽлҽм қыздары үшін жаратқан нҽрсесі.

Аллаһ оны ҽйелдің аяғы ауыр болған уақытта баланың жатырдағы

азығы болуы үшін жаратты. Кейін бала дүниеге келгеннен кейін ол

сүтке айналады. Егер ҽйел ауыр-аяқ не омыраудағы баласы болмаса,

ол қанның кететін жері болмай қалады да, ҽдет немесе айлық

айналым деп танылып белгілі уақыттарда шығып тұрады. Ол ҽдет

немесе айлық айналыммен білінеді.

2 – Етеккір келетін жас.

Ҽйелдің етеккір болатын жасы кҿбінше, тоғыз жастан

басталып елу жасқа дейін болады. Аллаһ Тағала былай дейді:

«Әйелдердің арасындағы етеккір кӛруден үміт үзгендері, егер,

сендер (олардың иддалары24

қанша созылуы туралы)

күмәндансаңдар, онда (біліңіз) олардың иддалары үш ай және

(ҽлі) етеккір кӛрмеген әйелдердің иддалары да үш ай".25

Бұл аяттағы етеккір кҿруден үміт үзгендер дегені, олар елу

жасқа жеткен ҽйелдер, ал ҽлі етеккір кҿрмегендер дегені – олар

тоғыз жастан кіші қыздар.

3 – Етеккір үкімдері

А) Етеккір жағдайында ҽйелмен жыныс мүшесі арқылы

жыныстық қатынас жасау харам етіледі. Ҿйткені Аллаһ айтты:

"Сізден етеккір жайлы сұрайды. Айтыңыз: "Ол жиіркенішті,

24 Идда сҿзі арап тілінде санау деген мағынаны білідреді. Ал шариғаттағы мағынасы: ҽйел үшін

ажырасқаннан кейін белгіленген мерзімді айтады. Ҽйел сол уақыт аралығында күйеуге шықпай,

уақытының біткенін күтеді жҽне уақыты біткеннен кейін оған басқа күйеуге шығуына рұқсат

етіледі. 25 Талақ. 4

Page 14: Mumin ayelderge katusty

14

таза емес. Етеккір келген кезде әйелдеріңнен аулақ болыңдар

және тазарғанша оларға қосылмандар. Тазарғаннан соң, оларға

Аллаһ бұйырған жақтан келіндер. Әлбетте, Аллаһ кӛп тауба

етушілерді және әрдайым ӛздерін таза ұстағандары сүйеді"26

Бұл тыйым ҽйелден етеккір қанның шығуы тоқтап, жуынғанға

дейін жалғасады. Ҿйткені Аллаһ Тағала: "Жҽне тазарғанша оларға

қосылмандар. Тазарғаннан соң, оларға бұйырған жақтан келіңдер" –

деді.

Етеккір ҽйелдің еріне онымен жыныс мүшесі арқылы қатынас

қылмастан басқа дене мүшелерін пайдаланып, құшырлануына

рұқсат етіледі. Ҿйткені пайғамбарымз (саллаллаһу алейһи уҽ

сҽллҽм): "(Еттеккір көрген әйелмен) жыныс мүшесінен

қосылудан басқасының барлығын істей беріңдер"27

-деген.

Б) Етеккір уақытында ҽйел намаз оқымайды жҽне ораза

ұстамайды. Ол екеуін істеу етеккір ҽйелге харам етіледі, егер істесе

дұрыс деп есептелмейді. Ҿйткені пайғамбарымыз (саллаллаһу

алейһи уҽ сҽллҽм): "Әйел егер етеккір көрсе намаз оқымайды

және ораза тұтпайды емес пе?!" – деген.28

Етеккір біткеннен кейін ҽйел оразаның қазасын ҿтейді де

намаздың қазасын ҿтемейді. Ҿйткені Айша анамыз былай дейді:

"Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) кезінде

етеккір көретін едік, сонда оразаның қазасын өтеуге

бұйырылатын едік те намаздың қазасын өтеуге бұйырылмайтын

едік"29

.

Намазбен оразаның айырмашылығы – намаз қайталана береді

сондықтан оны ҿтеу қиын болғандықтан , қазасы ҿтелмейді,ал ораза

ондай емес

В) Етеккір кҿрген ҽйелге қолына еш нҽрсе киместен құранды

ұстау харам етіледі. Ҿйткені Аллаһ Тағала айтады: "Оны тек

(дәретті) тазалар ғана ұстайды" – деді.30

26 Бақара. 222 27 Муслим р-ты.

28 Бухарйи, Муслим р-ты.

29 Бухарйи, Муслим р-ты.

30 Уақиға. 79

Page 15: Mumin ayelderge katusty

15

Сондай-ақ пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм)

Амр Ибн Хазмға жазған кітабында: "Құранда тек дәретті адам

ұстайды"31

– деген. Бұл хадисті адамдардың қабылдаулары себепі

ол мутауатирге32

ұқсайды.

Шейхуль Ислам ибн Таиймия былай дейді:" Тҿрт имамның

мазхабы: "Құранда тек даретті адам ұстайды!"

Ал етеккір кҿрген ҽйелдің Құранды ұстамай оқуы – бұл білім

иелері арасындағы келіспеушілік мҽселесі. Ең жақсысы етеккір ҽйел

Құранды оқымайды, бірақ оқуға қажет болып тұрса, оны ұмытып

қою сияқты нҽрселерден қорқатын болса, оқуына болады. Аллаһ

Білушірек!

Г) Етеккір жағдайындағы ҽйелге Қағбаны тауаф ету харам

етіледі. Ҿйткені Айша анамыз қажылық кезінде етеккір болып

қалғанда, пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) оған:

"Хажы істейтін нәрселердің бәрін істе, бірақ тазарғаныңа дейін

Қағбаны тауаф етпе"33

– деді.

Д) Етеккір ҽйелге мешітте болуына болмайды. Ҿйткені

пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм):"Мешітті етеккір

мен жүніпке рұқсат етпеймін" – деген34

. Тағы бір хадисінде:

"Мешіт етеккір мен жүніпке рұқсат етілмейді"35

– деді.

Етеккір ҽйелге мешіттен кідіріп қалмай ҿтуіне болады.

Ҿйткені Айша анамыз айтты: "Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи

уҽ сҽллҽм):"Маған мешіттен шүперекті әперіп жібер" – деді.

Сонда мен оған: "Мен етеккірмін" - дегенде, ол: "Сенің етеккірің

қолында емес қой"36

– деді.

Сол сияқты ол ҽйелге шариғат зікірлерін айтуға, тҽкбір, тҽһліл,

тҽспих жҽне басқа дұғаларда айтуына болады. Сондай – ақ таңғы -

кешкі зікірлерді, ұйықтар жҽне оянғандағы зікірлерді айтуына

болады. Жҽне де тҽпсір, хадис, фиқһ сияқты білім кітаптарын

оқуына да еш кедергі жоқ.

31 Ҽн-Насаи жҽне т.б. 32 Мутауатир: бір жамағаттан кҿптеген жамағаттар риуаят еткен жҽне олардың кҿптігінен сол

хадистің ҿтірік екендігіне келісулері мүмкін болмаған хадис. 33 Бухарйи, Муслим р-ты. 34 Абу Дауд р-ты. 35 Ибн Мҽжжҽ р-ты. 36 Муслим, Абу Дауд, Тирмизйи, Ҽн-Насайи, Ибн Мҽжжҽ.

Page 16: Mumin ayelderge katusty

16

Ас – суфра және Әл – Кудраға байланысты үкімдер

Ас-суфра: сарғыштау келген, ірің сияқты нҽрсе. Ҽл-Кудра

қою кір судың түсі сияқты нҽрсе. Егер ҽйелге ҿзінің ҽдеттегі етеккір

келетін уақытында Ҽл-Кудра немесе Ҽс-Суфра келсе, оны етеккір

деп есептейді, жҽне олар жоғарыда айтылған етеккірдің үкімін

алады. Ал – егер олар ҽеттегі етеккір келмейтін уақытта келсе,

оларды етеккір деп есептемейді де, ҽйел ҿзін тазамын деп санайды.

Ҿйткені Умму Атия (оған Аллаһ разы болсын): "Етеккірден

тазарғаннан кейін суфра және кудрыны ешнәрсе емес деп

есептейтін едік"37

-деген. Имам Бухарйи бұны:"Тазарғаннан

кейін" - деген сҿзді айтпастан риуает етті. Хадис иелерінде бұл

"Рофғ" 38

үкімін алады. Ҿйткені бұл пайғамбарымыздың (саллаллаһу

алейһи уҽ сҽллҽм) осыны мойындауы деп есептеледі. Бұның түсінігі

– қудра мен суфра тазарудан бұрын етеккір болады жҽне соның

үкімін алады.

Пайдалы мәселе:

Сұрақ: Ҽйел ҿзінің етеккірінің біткенін қалай біледі?

Жауап: Оны қанның тоқтауымен біледі. Бұл екі белгімен

болады:

Біріншісі: Етеккір қанына еріп гипстың суына ұқсайтын ақ

судың келуі. Ол кейде ақтан басқа түс болып та келуі мүмкін, оның

түсі ҽйелдердің жағдайларының ҽр – түрлі болуымен ҿзгеруі мүмкін.

Екіншісі: Құрғақтық. Ол бір шүперек не мақтаны мүшесінің

ішіне кіргізіп, кейін оны құрғақ күйінде, қан не кудра немесе

суфраның еш қайсысы жағылмаған күйінде шығаруы.

4 – Әйелдің етеккірі біткеннен кейін істейтін нәрселері.

Етеккір біткенннен кейін ҽйелге ғусл алуы керек. Ол суды

бүкіл денесіне тазалану ниетімен құюы арқылы болады. Ҿйткені

пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) етеккір болған

37Абу Дауд р-ты. 38 Рофғ: "Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм)айтқан хадисі" деген үкімді

білдіреді.

Page 17: Mumin ayelderge katusty

17

ҽйелге : "Егер етеккірің келсе намазды қой, ал егер кетсе жуын

да намаз оқы"39

– деді:

Етеккірден ғусл алудың сипаты:

Намаз сияқты нҽрселерге дҽрет алуды не дҽретсіздікті кетіруді

ниет қылуы, кейін: "Бисмиллҽ" деуі, кейін барлық денесіне су құю,

шаштарыңның түбіне су жеткізіп тигізуі, егер шашы ҿрілген болса

оны шешудің қажеті жоқ, тек оны сулайды болды. Егер сидр40

, не

басқа нҽрселермен жуса жақсы. Жуынып біткеннен соң мақтаға

миск немесе басқа жақсы иісті нҽрсе жағып етеккір келген жерге

салып қоюы мустахаб болады. Ҿйткені пайғамбар (оған Аллаһтың

сҽлемі мен салауаты болсын) Асмаға (оған Аллаһ разы болсын)

соны бұйырған.

Маңызды ескерту:

Егер етеккір не нифас кҿрген ҽйел күн батудан бұран тазарса,

оған сол күннің зухрмен аср намазын оқуы керек. Егер олардың

біреуі таң атудан бұрын тазарса, оған сол түннің мағриб пен иша

намаздарын оқуы керек. Ҿйткені үзірлі жағдайда екінші намаздың

уақыты – бірінші намаздың уақыты болады.

Шейхуль ислам ибн Таймия ҿзінің фатауасында (22/434)

былай деді: "Осы үшін (Мҽлик, Шафиғи жҽне Ахмад сияқты)

жалпы ғұламалар – егер етеккір кҿрген ҽйел күннің ақырында

тазарса, зухр мен асрды қосып оқиды. Егер түннің ақырында

тазарса мағриб пен ишаның барлығын оқиды. Бұл Абду Рахман ибн

Ауф, Абу Һурайра жҽне Ибн Аббастан жетті. Ҿйткені үзірлі

жағдайда уақыт екі намаз арасында серіктес болады. Сондықтан

ҽйел егер күннің ақырында тазарса, зухрдың уақыты ҽлі қалған

болады да оны асрдан бұрын оқиды. Ал егер түннің ақырында

тазарса мағрибтің үзірлі жағдайдағы уақыты қалған болады да,

оны ишадан бұрын оқиды". Сҿз соңы.

Ал егер намаз уақыты кіргеннен кейін намаз оқудан бұрын

етеккір кҿрсе немесе нифас болып қалса, басымды сҿз бойынша:

оған намаздың ҽуелгі уақытына жетіп, оны оқудан бұрын етеккір не

нифас болып қалған намаздың қазасын ҿтемейді. 39 Бухарйи р-ты. 40 Сабын не шампунь сияқты нҽрселер.

Page 18: Mumin ayelderge katusty

18

Шейхуль ислам ибн Таймия фатауалар жинағанда (23/335)

бұл мҽселе жайында былай дейді: "Абу Ханифа мен Мҽлік

мазхабының анық дҽлелдерінде: "Ол ҽйелге ешнҽрсе

міндеттелмейді, ҿйткені қазаны ҿтеу жаңа бұйрық себепті уҽжіп

болады. Ал бұл жерде оған қазаны ҿтеуге міндеттейтін ешқандай

бұйрық жоқ. Жҽне бұл ҽйел намазды рұқсат бойынша кешіктірді,

сондықтан ол немқұрайлыларға жатпайды. Ал намаздан ұйықтап

қалған немесе ұмытқан адам болса, ол да егер немқұрайлы болмаса

да оның істейтіні (яғни ұйқыдан тұрып оқыған намазы) қаза ҿтеу

емес. Кірісінше бұл ұйқыдан оянған жҽне ұмытып есіне түсірген

адам үшін намаз уақыты болып есептеледі". Сҿз соңы.

Екінші: Истихада (ауыру қаны)

1 – Истихада үкімдері:

Истихада – ол қан құйылу жолдарымен "Азил" деген

тамырдан шығатын белгілі уақытыты жоқ кездердегі қанның ағуы.

Истихада кҿрген ҽйелдің жағдайы ол қанның етеккір қанына ұқсас

болған себепті күрделілеу.

Егер бұл қан жалғасты түрде немесе уақыттың кҿбінде келсе,

оның етеккір деп есептегендігінен де, истихада деп есептегендігінен

де ораза мен намазды тастамайды. Ҿйткені истихада кҿрген ҽйелдің

үкімі таза ҽйелдер үкімі саналады. Осыған сҽйкес истихада кҿрген

ҽйел үшін үш жағдай бар:

Біріншісі: Ол ҽйелдің истихада келуінен бұрын белгілі етеккір

келу ҽдеті болуы. Истихада келуінен бұрын бес не сегіз күн айдың

ортасында немесе басында етеккір кҿруіндей ҿзінің ҽдеттегі

уақытын білуі. Бұл ҽйел ҿзінің ҽдеттегі қанның келуіне сҽйкес намаз

бен оразаны қояды, жҽне бұл ҽдетін етеккір деп есептейді. Кейін

ҽдеттегі уақыты бітсе, жуынады да намазын оқиды жҽне қалған

қанды истихада деп есептейді. Ҿйткені пайғамбарымыз (саллаллаһу

алейһи уҽ сҽллҽм) Умму Хабибаға (оған Аллаһ разы болсын):

"Етеккірің тосатын мөлшердей кідір де, кейін жуынып намаз

оқы" - деді.41

Жҽне Фатима бинт Хубейшқа: "Бұл тек қана

41 Муслим.

Page 19: Mumin ayelderge katusty

19

тамырдан келген қан, ол етеккір емес, егер етеккірің келсе

намазды қой"-деді.42

Екіншісі: Ол ҽйелдің белгілі уақытта етеккір келетін ҽдетінің

болмауы. Бірақ, келген қаны ерекше белгілі, кейбірі қара түсті, қою,

жағымсыз иісті болып, етеккір қанының сипатындай болады. Ал

басқасы оған ұқсамайды, ол түсі қызыл, қою емес жҽне иісі жоқ

болады. Бұл жағдайда етеккірге ұқсаған қанды етеккір деп есптейді

де, намаз бен оразаны қояды. Одан басқасын истихада деп есептейді

де, етеккірге ұқсаған қанның тоқтауымен жуынып, намаз бен

оразаны жалғастырады да, ҿзін таза деп есептейді. Ҿйткені

пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) Аду Хубейштің қызы

Фатимаға: " Егер етеккір болса, ол қара түсті, белгілі болады,

онда намаздан тыйыл, егер қан одан басқа болса, дәрет ал

да,43

намазыңды оқи бер"44

- деді.

Бұл жерде истихада кҿрген ҽйел қанның түріне қарап, оны

етеккір мен басқа қандардан ажыратады.

Үшіншісі: Егер ол ҽйелдің белгілі уақытта етеккірі келетін

ҽдеті болмаса, ҽрі етеккір қанын басқа қандардан ажырататын

сипаты да болмаса, ол ҽйел қан келген кезде ҽр ай сайын ҽйелдерге

ең кҿп келетін 6-7 күн бойы ҿзін етеккір деп есептейді. Ҿйткені

ҽдеттегі ҽйелдердің етеккір болулары 6-7 күн. Пайғамбарымыз

(саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) Жахштың қызы Химнаға:" Бұл тек

шайтанның жүгіруі, сондықтан алты не жеті күнді етеккір деп

есептейсің, кейін жуынасың. Егер тазарсаң жиырма үш не

жиырма төрт күн намаз оқы, ораза тұт. Расында бұлай істеу

дұрыс болады, сол сияқты әйелдер қашан етеккір болса сен де

солар сияқты өзіңді етеккір деп есепте"-деді.45

42 Бухарйи, Муслим р-ты. 43 Дҽрет ал дегені: истихада қанның келгені үшін ғұсыл құйыну керек емес, тек ҽдеттегі дҽрет

алса жетеді. Хұсылды тек етеккір біткенде құйынады. 44 Абу Дауд пен Ҽн Насаи риуаяты жҽне бұны Ибн Хиббан мен Ҽл-Хаким сахих деді. 45 Муслим, Абу Дауд, Тирмизйи, Ҽн-Насаи, Ибн Мҽжжҽ р-ты. Имам Тирмизи бұл хадисті сахих

деді.

Page 20: Mumin ayelderge katusty

20

Жоғарыдағы айтылғаннан шыққан қорытынды:

- Ҿз ҽдетін білетін ҽйел истихада келген кезде ҽдетіне қарайды.

- Ажырата алатын ҽйел ажыратуымен анықтайды.

- Бұл екеуі де болмаған ҽйел қан келген кезде 6-7 күн бойы етеккір

болады.

Міне ҿстіп истихада жайындағы пайғамбарымыздан

(саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) келген үш сүннет арасы біріктіріледі.

Шеихуль Ислам Ибн Таимия былай деді:"Қанның истихада

екенін анықтайтын белгілер алтау делінген: ол не ҽдет болуы

мүмкін, ҿйткені ол белгілердің ең қуаттысы ҿйткені негіз —

етеккір орны, одан басқасы емес. Не ажырату болуы мүмкін,

ҿйткені қара қан жҽне жаман иісті ірің қызыл қаннан гҿрі етеккір

болуға жақынырақ. Не ҽйелдердің етеккір ҽдетінің кҿбіне қарап

есептеу. Ҿйткені ереже бойынша жеке нҽрсе кҿптік пен жалпы

нҽрсеге ергеседі. Міне осы үш нҽрсеге сүннет пен зерттеу дҽлел

етеді" – деді. Кейін қалған осы жайындағы айтылған белгілерді

айтты да, соңында:"Ең дұрыс сҿз: сүннетте келген белгілерді есепке

алып, басқасын тастау"-деді. Сҿз соңы.

2 - Дәретті адам үкімімнде болған жағдайдағы истиғада

кӛрген әйелдің істейтін нәрселері:

А - Жоғарыда баяндағанға қарап есептелінген етеккірдің

біткен кезінде ҽйелге ғұсл алуы уҽжіп болады.

Б – Ҽр намаз кезінде шыққан нҽрсені кетіру үшін мүшесін

жуады жҽне оған іштен шыққан нҽрсені қайтару үшін мақта сияқты

бір нҽрсені қояды да оны түсіп қалмау үшін бір нҽрсемен бекітіп

қояды. Кейін ҽр намаз уақыты кірген кезде дҽрет алады. Ҿйткені

пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) истихада болған

ҽйелге: " Хайз күндері намазды қояды, кейін жуынады да әр намаз

кезінде дәрет алады"46

-деді. Тағы бір хадисте пайғамбарымыз

(саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм):"Орынды мақтамен біте"-деді. Сол

сияқты кҽзіргі кездегі маталарды47

да қолдануға болады.

46 Абу Дауд, Ибн Мҽжжҽ, Тирмизи р-ты. Тирмизи бұл хадисті сахих деді. 47 Прокладкалар

Page 21: Mumin ayelderge katusty

21

Үшіншісі: Нифас.

А – Нифастың анықтамасы және созылатын уақыты:

Нифас: ҽйел бала босанғанда жҽне одан кейін келетін қан.

Ол — ҽйел жүкті кезінде жатырда тұрып қалатын қанның

қалдықтары. Ҽйел босанған кезде ол қан аз-аздап шығып отырады

жҽне ҽйелдің босануынан бұрынғы толғақпен бірге келетін қан да

нифасқа жатады. Бұл қанды фиқһ ғұламалары босанудан екі-үш күн

бұрын келеді деп шектеген. Бірақ кҿбінше оның басы босанумен

бірге болады. Босану кезеңі нҽрестенің жаратылысы анықтал-ғаннан

саналады. Нҽрестенің жаратылысы анықталатын мерзімнің ең азы 81

күн, ең кҿбі 3 ай. Сондықтан егер ҽйелден осы кезеңнен бұрын бір

нҽрсе түсіп, қан пайда болса, оған ешқандай кҿңіл бҿлмейді, ҽрі сол

үшін намаз бен оразасын тастамайды. Ҿйткені бұл құйылған жаман

қан, оның үкімі истихада үкімі болады.

Нифастың ең кҿп келетін уақыты кҿбінше 40 күнге созылады.

Ол жоғарыда айтылғандай босанудан 2-3 күн бұрын басталуы

мүмкін. Ҿйткені Умму Сҽлҽмҽ хадисте: "Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) кезінде нифас болған әйелдер 40

күнге дейін келген қанды нифас деп есептейтін еді"48

-деді. Міне

осыған Тирмизий жҽне тағы басқалары айтқанындай білім иелері

келіскен.

Ҽйелдің 40 күннен бұрын қаны тоқтап тазарса, ғұсыл алып

намаз оқи береді. Ҿйткені нифастың аз мерзімі шектелмеген.

Егер 40 күн болып, оның қаны тоқтамаса жҽне 40 күннен

кейінгі уақытқа (мысалы:41-42-43 күндерінде) етеккір келетін ҽдеті

тура келіп қалса, ол етеккір болады. Егер сол уақытта етеккір

келетін ҽдеті болмаса, бірақ қан келуі тоқтамаса, ол истихада болып

есептелінеді де, ол үшін 40 күннен кейін ғибадатты тастамайды.

Егер 40 күннен асса, жҽне ҽрі қарай жалғаспаса, ҽрі ҽдетіне

тура келмесе, бұл мҽселеде ғұламалар ҽр-түрлі сҿздер айтқан.

Б – Нифасқа байланысты үкімдер:

Нифас үкімдері тҿмендегі етеккір үкімдері сияқты:

48 Тирмизий р-ты.

Page 22: Mumin ayelderge katusty

22

Етеккір сияқты нифас болған ҽйелмен де жыныстық мүшесі

арқылы жақындасуға харам етіледі. Бірақ одан басқа жерлерімен

құшырлануына болады.

Нифас ҽйелге етеккірге сияқты намаз оқуға, ораза ұстауға

жҽне Қағбаны тауаф етуге харам етіледі.

Етеккірге харам етілгендей нифасқа да Құранды ұстау жҽне

оны оқу харам етіледі. Тек егер ұмытып қалуынан қауіптенсе,

құранды ұстамастан оқуына болады.

Нифасқа етеккірге сияқты нифас кезінде тастаған оразасының

қазасын ҿтеу уҽжіп болады.

Нифас кҿрген ҽйелге етеккірге уҽжіп болғанындай нифасының

біткен кезінде ғұсыл алуы уҽжіп болады.

Жоғарыда айтылған үкімдердің дәлелдері:

1) Умму Сҽлҽмҽ (оған Аллаһ разы болсын): «Пайғамбарымыз-

дың (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) заманында нифас болған

әйелдер 40 күн отыратын еді»49

-деді. Ҽл-Мажд ибн Таймия «Ҽл-

Мунтақо» атты кітапта (1/184): «Хадистің мағынасы: «Нифас

ҽйелдер 40 күнге дейін отыруға бұйырылатын еді, ҿйткені хабар

ҿтірік болмауы үшін барлық уақыттағы ҽйелдердің хайз немесе

нифас келетін ҽдеттерін бірдей қылу мумкін емес» - деді». Сҿз

соңы.

2) Умму Сҽлҽмҽ (оған Аллаһ разы болсын) былай деді:

«Пайғамбарымыздың әйелдерінің біреуі нифас кезінде 40 күн

отыратын еді, пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) оған

нифас кезінде тастаған намаздың қазасын өтеуге бұйырмайтын

еді».50

Пайдалы мәселе:

Егер нифас кҿрген ҽйелдің қаны 40-күннен бұрын тоқтаса, ол

ғұсыл алып намазын оқиды жҽне оразасын ұстай береді. Кейін оған

қайта қан келсе, дұрысырағы — оны нифас деп есептейді де, намаз

49 Яғни: қырық күнге дейін келген қанды нифас деп есептеп, намаз, оразаны тоқтататын еді

деген мағынада. 50 Абу Дауд.

Page 23: Mumin ayelderge katusty

23

бен оразасын тоқтатады. Сол қаны тоқтап, тазара қалған кездегі

тұтқан оразасы дұрыс болады, оны ҿтеудің қажеті жоқ. Бұл жайында

кеңірек білгісі кеген адам шейх Мухаммед ибн Ибрахимнің

фатауалар жинағын оқысын (2/102), жҽне шейх ибн Баздың

фатауаларын (1/44), ибн Қаймнің «Задуль Мустақниғ» атты кітапқа

жазған түсініктемесін (1/405) оқысын. Сондай-ақ Мухаммад ибн

Салих Усайминнің «Ҽйелдердің табиғи қандары» атты кітапшасын

(55-56 бет) жҽне Ҽс-Сағдия фатуаларын (137 бет) оқысын.

Маңызды мәселе:

Шейх Абдурахман ибн Сағди (оны Аллаһ рақым етсін) былай

дейді: «Жоғарыда айтылғаннан белгілі болғаны: Нифас — босану

себепті келген қан,истихада қаны — ауру жҽне тағы басқа

нҽрселер себепті келген қан. Ал етеккір — ол негізгі қан. Аллаһ

білушірек!»51

Дәрілер ішу

Егер ҽйелдің денсаулығына зиян болмаса, оған етеккірді

тоқтататын дҽрілер ішуіне болады. Дҽрі ішіп, етеккірді тоқтатса,

басқа таза ҽйелдер сияқты намаз оқып, ораза тұтуына жҽне Қағбаны

тауаф етуіне болады.

Аборт үкімі

Ҽй мұсылман қарындасым! Шындығында сен Аллаһ

жатырыңда жаратқан нҽрестеге жауаптысың. Сондықтан оны

жасырма. Аллаһ Құранда:

«Егер, Аллаһқа және ақірет күніне сенсе, оларға Аллаһ

жатырларында жаратқан (нәрестені) жасыру адал болмайды» -

деді52

.

Жатырыңдағы перзентті түсіруге жҽне одан құтылуға қандай

жолмен болса да тырыспа. Ҿйткені Аллаһ Тағала саған егер екі қабат

кезіңде қиналатын болсаң кҿптеген жеңілдіктер берді. Егер екі қабат

кезіңде ораза ұстау қиын болса, не жүктігіңе зиян тигізсе, аузыңды

ашуды рұқсат етті. Қазіргі кездегі кең таралған аборт операциялары

51 «Білім жҽне ақыл иелерінің нұсқаулары» атты кітапты қара. 52 Бақара.228

Page 24: Mumin ayelderge katusty

24

харам нҽрсе. Егер жатырыңдағы сҽбиге жан үрленіп қойса, кейін ол

аборт себепті ҿлетін болса — бұл Аллаһ харам еткен кінҽсҽз біреуді

ҿлтіру болып табылады. Бұл қылық қылмыстық жаупкершілікке

ҽкеліп соғады, ал ол жауапкершілік — дия тҿлеу53

. Жҽне кейбір

имамдардың айтуынша кҽфҽрҽт тҿлеу, ол — бір мүмін құлды азат

ету, егер оған шамасы келмесе екі ай қатарынан ораза тұту. Кейбір

ғұламалар бұл қылықты — жаңа туылған сҽбиді тірідей топырақ

астына кҿму деп атаған. Шейх Мухаммад ибн Ибрахим фатауалар

жинағында (11/151): «Жатырдағы сҽбидің ҿлгені анықталмайынша,

оны түсіруге ҽрекеттенуге болмайды, егер анықталса, болады» -

деді. Сҿз соңы.

Жоғары ғұламалар бірлестігі (140-сан, 20/06/1408х) тҿмендегі

нҽрселерге мынандай қаулы шығарды:

«Қандай кезеңде болса да жүктікті түсіруге болмайды, тек

шарғи дҽлел болса жҽне ҿте қиын, тар жағдайларда ғана болады.

Егер жатырдағы нҽресте жетілудің бастапқы кезеңінде болса

(яғни 40 күн) оны бала тҽрбиесінің қиыншылығынан

қорыққандықтан, не оның ҿмір сүруін, не оқуын қамтамасыз ете

алмаудан немесе олардың болашағынан қорыққандығынан түсіру

немесе ата-ананың бар балаларымен шектелгендігінен нҽрестені

түсіру — тыйым салынады.

Жүктік түйір қан немесе ет болса, оны сенімді дҽрігерлік

комитеті ҽйелдің жүкті болуы қатерлі, оны ҿлімге алып барады

деген қаулы қабылдағанға дейін жҽне сол қатерлерді кетіру үшін

барлық жолдарды толық қабылдағанға дейін оны түсіруге болмайды.

Сҽбидің жетілуінің үшінші кезеңінен кейін54

жҽне оған 4 ай

толғаннан кейін арнайы сенімді дҽрігерлер жиыны оның шешесінің

қарнында қалуы — шешесінің ҿліміне себеп болады деген қаулы

шығарғанға дейін оны түсіруге болмайды. Бұл нҽрсе оның ҿмірін

сақтап қалуға барлық жолдарды пайдаланғаннан кейін болады.

Сҽбидің түсіруіне қадам бастырған тек бұл шарттар: екі түрлі

зиянның үлкенін кетіру жҽне екі пайдалы нҽрсенің үлкенірегін істеу.

53 Дия деп: егер біреу біреуді ҿлтірсе не бір дене мүшесіне зиян тигізсе, зиян кҿрген адамға не

оның уҽлиіне тҿленетін малды айтады. Егер мұсылман адамды ҿлтірсе оған толық дия тҿлейді,

оның мҿлшері 100 түйе. 54 Балаға жан үрленгеннен кеін.

Page 25: Mumin ayelderge katusty

25

Ғұламалар мҽжілісі жоғарыдағы нҽрселерге қаулы шығарғанда

Аллаһқа тақуалық жҽне осы істе берік болуды ҿсиет етеді. Аллаһ

тауфиқ иесі, пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның жанұясына жҽне

сахабаларына Аллаһтың сҽлемі мен салауаты болсын!». Сҿз соңы.

Шейх Мухаммад ибн Усаймин «Әйелдердің табиғи

қандары» атты кітапшасында былай дейді: «Егер сҽбиді түсіруден

болған мақсат — оны құрту болса жҽне осы нҽрсе оған жан

үрленгеннен кейін болса, оның харам екендігінде еш күмҽн жоқ.

Ҿйткені бұл жазықсыз жанды ҿлтіруге жатады, ал оны ҿлтіру

Құран, сүннет жҽне ғұламалар келісімі бойынша харам етілген.

Имам ибн Жаузий «Ҽйелдер үкімі» атты кітаптың 108-109

беттерінде былай деді: «Некенің мақсаты перзент талап ету

болса, алайда ҽр судан бала бола бермейді, егер ол пайда болса,

мақсатқа жетіледі. Кейін оны ҽдейілеп түсіру некенің даналығына

қайшы келеді. Егер оны түсіру жүктіктің алғашқы, оған жан

үрленбеген кезеңде болса, ол үлкен күнҽ болады. Ҿйткені

жатырдағы нҽресте кҽміл, ҽрі толық болайын деп тұр. Егер жан

үрленгеннен кейін оны ҽдейілеп түсірсе, бұның күнҽсі алғашқыдан

да үлкенірек болады. Сондықтан егер жан үрленгеннен кейін оны

ҽдейілеп түсірсе, ол бір мүмін адамды ҿлтіргендей болады. Аллаһ

Тағала Құранда:

«Тірідей кӛмілген (әрбір) қыздың қандай күнасы үшін

ӛлтірілгендігі сұралғанда»55

- деді». Сҿз соңы.

Сондықтан, ҽй мұсылманның қыздары, Аллаһтан қорқыңдар!

Бұл қылмысты қылыққа қандай да бір мақсат үшін болса да қадам

баспаңдар! Содай-ақ ақыл-ойға не дінге сүйенбейтін ҿтірік

еліктеулер мен адастырушылардың шақыруларына алданбаңдар!

55 Текуир. 8-9

Page 26: Mumin ayelderge katusty

26

4-бӛлім

Киімдер мен хижжабқа байланысты үкімдер

Бірінші: Мұсылман әйелдің киімінің шариғатқа сай

сипаты.

1) Мұсылман ҽйелдің киімі денесін толық жабатын кең жҽне

ұзын болуы қажет. Ҽсіресе бҿтен ерлердің алдында, ал туыс

махрамдарының алдында ҽдет бойынша тек жүзін, алақанын жҽне

аяғын тобықтан тҿмен қарай ашса оқасы жоқ.

2) Ҽйелдің киімі оның денесін жауып тұруы керек, яғни

денесінің түсін кҿрсететін жұқа болмауы шарт.

3) Дене тұлғасын білдіретін тар, жабысып тұрмау керек.

Имам Муслимнің «Сахих» атты кітабында келген хадисте

пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм): «Мен екі түрлі

тозақтың адамдарын көрмеймін, (яғни олар пайғамбарымыздың

саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм ҿмір сүрген уақытында болған жоқ)

олардың біреулері: қолдарына сиырдың құйрығына ұқсаған

қамшы ұстаған қауым, онымен олар адамдарды ұрады.

Екіншісі:киінген жалаңаш әйелдер, олар еркектердің назарларын

өздеріне тартады және оларға өздерінің зейнеттерін көрсету

арқылы олардың жүректерін пасықтыққа бұрмалайды, (яғни

еркектерді ҿздерімен пасықтық істеуге шақырады) олардың

бастары түйенің теңселген өркеші сияқты. (Яғни бастарын

орамалмен немесе басқа нҽрсемен орап, оны түйенің ҿркеші сияқты

қылып қояды) Олар жаннатқа кірмейіді және оның иісін де

сезбейді, расында жаннаттың иісі пәленше пәленше

қашықтықтан білінеді» - деді.

Шейхуль Ислам Ибн Таймия (оған Аллаһтың рақымдылығы

болсын) фатуалар жинағында (22/146) пайғамбарымыздың

(саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм): «Киінген жалаңаш әйелдер» деген

сҿзін былай деп тҽпсірледі: «Денелерін жаппайтын киім киюлері, ол

киінген ҽйел, бірақ ақиқатында ол жалаңаш. Оған мысал: дене

мүшесін кҿрсетіп тұратын жұқа киім кию немесе саны жҽне

білектері сияқты тұлғасын кҿрсетіп тұратын тар киім кию.

Page 27: Mumin ayelderge katusty

27

Ҽйелдің киімі денесін жауып тұрады, ол қалың жҽне кең

болғандықтан оның тұлғасын жҽне дене мүшелерін кҿрсетпейді».

Сҿз соңы.

4)Еркектердің киіміне ұқсамау.

Себебі Пайғамбар (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) ҽйелдердің

еркекке ұқсаушыларын жҽне еркектердің ҽйелге ұқсаушыларын

лағынеттеді. Ҽйелдің киінуде еркекке ұқсауы — ҽйелдің ҽр елдің

ғұрпына сҽйкес еркекке арналған киімнің түрін киюі.

Шейхуль Ислам Ибн Таймия (оған Аллаһтың рақымдылығы

болсын) фатуалар жинағында (22/148, 149,155) былай деді:

«Ерлермен ҽйелдер киімінің айырмасы, ҽр біріне шариғат бұйырған

кҿрініске (сипатқа) сҽйкес келумен болады. Ҽйел денесін ашпастан

жҽне кҿрсетпестен толық жауып жүруге жҽне жасырынуға

бұйырылған. Сондықтан оларға дауыс кҿтеріп азан немесе тҽлбия

айту, сафа – маруаға кҿтерілу, ихрам56

кезінде еркектер сияқты

жалаңаштану шариғатталмаған. Ал еркектер ихрам кезінде басын

ашып, ҽдеттегі киімдерді кимеуге бұйырылған. Денеге ҿлшеп

тігілген кҿйлек, шалбар немесе мҽсі сияқты киімдерді киуі мүмкін

емес...». Кейін айтты: «Ал ҽйелге барлық киімді кию рұқсат, ҿйткені

ҽйел жабылып жүруге бұйырылған. Сондықтан оған киімін шешу

шариғатталмаған. Бірақ ниқаб жҽне қолғап киюге болмайды.

Себебі олар денеге мҿлшерленіп жасалған ҽрі оның оған қажеті де

жоқ...»-деді. Жҽне ҽйел еркектерден жүзін ниқаптан басқа нҽрсемен

жабатынын айтты. Кейін сҿзінің ақырында: «Егер ер мен ҽйелдің

киімдерінің арасында еркекті ҽйелден ажырататын айырмашылық

міндетті түрде болу керектігі анықталса жҽне ҽйелдердің

киімдерінде жабылу мен жасырыну мақсатына жеткізетін нҽрсе

болса, онда осы баптың негізі білінеді. Жҽне егер бір киімді кҿбінесе

еркектер киетін болса, ҽйелдердің одан қайтарылатыны белгілі

болады»-деді. Кейін: «Егер киімде жабылу аз болса жҽне

еркектерге ұқсау болса, онда одан екі жақтан қайтарылады. Аллаһ

білушірек!»-деп сҿзін аяқтады.

56 Қажылық кезінде.

Page 28: Mumin ayelderge katusty

28

5) Киіміндегі зейнеттерін кҿрсетіп жүретін ҽйелдерге ұқса-

мауы үшін кҿшеге шыққанда назарға түсетін ҽшекейлері болмау

керек.

Екінші: Хижжабтың мағынасы, дәлелі және пайдалары:

Хижжабтың мағнасы:Ҽйелдің бҿтен еркектен денесін жабуы.

Алла Тағала Құранда былай дейді: «(Ҽй, Мұхаммед!) Мүмін

әйелдерге: «Үстеріндегі киімдерінен басқа жерлерін бӛгделерге

кӛрсетпесін және кӛкіректерін орамалдарымен жапсын!-де.

Зейнеттерін кӛрсетпесін, тек ерлеріне не ұлдарына не ерлерінің

ұлдарына не ӛздерінің аға-інілеріне, не олардың ұлдарына

немесе әпке-сіңілдерінің балаларына немесе ӛздері сияқты

әйелдерге, немесе қол астындағы күңдеріне немесе әйелдерден

қажетсіз болған қызметкер құлдарына, немесе әйелдердің

абыройларынан хабарсыз жас балаларға ғана кӛрсетулері

мүмкін»-де».;57

«Егер (пайғамбардың ҽйелдерінен) бір нәрсе сұрасаңдар,

хижабтың артынан тұрып сұраңдар!».58

Аяттағы «хижаб» сҿзінен мақсат — ҽйелді жабатын қабырға

немесе есік немесе киімді білдіреді. Аяттың сҿздері пайғамбар

ҽйелдеріне бағытталғанымен, үкімі жалпы мұсылман ҽйелдерді

қамтиды. Ҿйткені Аллаһ Тағала хижаптың мақсатын: «Бұл

сендердің де олардың да жүректері үшін тазарақ»59

-деп білдірді.

Міне осы жалпы себеп болып табылады. Демек себеп жалпы болса,

үкім де жалпы болады.

Тағы да Аллаһ Тағала: «Ей, пайғамбар! Жұбайларыңа,

қыздарыңа және мүмін әйелдерге: «Үстеріне жилбабтарын

орансын»-де»60

-деді.

Шейхуль Ислам Ибн Таймия (оған Аллаһтың рақымдылығы

болсын) фатуалар жинағында (22/110,111): «Жилбаб: ол жамылғы.

Ибн Масғуд (оған Аллаһ разы болсын) жҽне басқалары оны: «Рида»

деп атаған. Жалпы халық оны «Изар» деп атайды. Ол басты жҽне

дененің барлығын жауып тұратын үлкен жамылғы. Абу Убайда61

57 Нұр. 31

58 Ахзаб.53

59 Ахзаб.53

60 Ахзаб.59 61

Page 29: Mumin ayelderge katusty

29

жҽне басқалары оны: «Ҽйел оны басынан тҿмен түсіріп киеді,

сонда оның кҿздерінен басқа ешбір жері кҿрінбей қалады»-деп

сипаттаған. Ниқаб та осының бір түріне жатады»- деді. Сҿз

соңы.

Ҽйелдің бҿтен еркектен жүзін жабуы уҽжіп екеніне сүннеттен

дҽлел — Айша анамыздың хадисі: Айша (оған Аллаһ разы болсын!)

айтады: «Біз Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм)

қасында ихрамда болған кезімізде түйеге мінгендер қасымыздан

ҿтетін еді. Олар біздің қасымызға келгенде ҽйелдер жилбабын

басынан бетіне түсіретін еді, қашан еркектер қасымыздан ҿтіп

кетсе, бетімізді қайта ашатын едік»-дейді.62

Ҽйелдің жүзін жабуы уҽжіп болатынына Құран жҽне сүннетте

дҽлелдер ҿте кҿп. Мен саған, ҽй мұсылман қарындасым, осы

тақырыпта жазылған Шейхуль Ислам Ибн Тҽймияның «Әйелдің

хижабы және намаздағы киімі» атты кітапшасын оқуыңды насихат

етемін. Сондай-ақ Шейх Ибн Баздың «Әйелдің ашылу және хижаб

үкімі» атты кітапшасын жҽне Шейх Хамуд Ибн Абдулла

Туейжридің «Жалаңаштанумен фитналанғандарға қарсы

жылтыраған ӛткір қылыш» атты кітапшасын оқуыңды жҽне Шейх

Мухаммад Ибн Солих Усайминнің «Хижаб» кітапшасын оқуыңды

насихат етемін. Аталған кітапшалар бұл тақырыпқа байланысты

жеткілікті мҽліметтерді қамтыған.

Ей мұсылман қарындас! Расында жүзді ашуды мубах деген

ғұламалардың сҿздері ҽлсіз бола тұра олар бетті ашуды фитнадан

аман болумен шектеген. Ҽсіресе ерлер мен ҽйелдерде діні азайып,

ұят кеміп фитнаға үгіттеушілер кҿбейіп, ҽйелдер беттеріне фитнаға

шақыруға себеп болатын ҽр-түрлі зейнеттің түрлерін кҿбейткен

кезде фитнадан құтылу мүмкін емес. Сондықтан мұсылман

қарындас, бұның барлығынан сақ бол да Аллаһтың рұқсатымен

фитнадан сақтайтын хижабты мықтап ұстан!

Мұсылмандардың белгілі ғалымдарының ешбірі бұрын да

бүгін де сол фитналанған ҽйелдердің оған тап болғандарын мубах

деген емес.

Кейбір ҽйелдер хижжаб кигенде екіжүзділік амал істейді. Егер

хижаб киетін қоғамда болса оны киеді, ал хижаб кимейтін қоғамға

62 Ахмад, Абу дауд, Ибн Мҽжжҽ р-ты.

Page 30: Mumin ayelderge katusty

30

бара қалса, солар секілді ашылып жүреді. Енді бірі кҿпшілік

орындарда киініп, сауда – саттық орнына немесе аурухана, киім

тігетін орындарға кірсе жүздерін, білектерін күйеуінің немесе

туысының алдында тұрғандай аша береді. Осылай істеушілер

Аллаһтан қорықсын!

Ей мұсылман ҽйелі! Хижаб сені пасық адамның ауру

жүрегінен жҽне ит адамдардан пайда болған улы назарынан

сақтайды. Сондай – ақ хижаб сені дҽмеленушілердің жолын кеседі.

Сондықтан хижабты берік ұстан! Хижабқа қарсы күресетін, оның

дҽрежесін аяқасты қылатын құтырған теріс ұғымды пайымдайтын

пікірлерге кҿңіл бҿлме! Олар Алла Тағала: «Нәпсі-шаһуаттарына

берілгендер сендердің тура жолдан мүлдем ауытқуларыңды

қалайды»63

-дегеніндей саған тек жамандық қалайды!

63 Ниса.27

Page 31: Mumin ayelderge katusty

31

5-бӛлім

Мұсылман әйелдің намазына байланысты үкімдер

Ҽй мұсылман ҽйелі, намазыңды ҿз уақытында оқуға жҽне

оның шарттарын, рүкіндері мен уҽжіптерін толық орындауға тырыс.

Аллаһ тағала мүміндердің аналарына: «Намазды толық

орындаңдар, зекетті тиістілерге беріңдер және де барлық істерде

Аллаһ және оның елшісіне бойұсыныңдар!»64

-дейді.Бұл

мұсылман ҽйелдердің барлығына қатысты жалпы үкім.

Намаз Ислам рүкіндерінің екіншісі жҽне намаз исламның

негізгі тірегі болып табылады. Намазды тастаған адам кҽпір болады,

ҿйткені намазы болмаған ердің де ҽйелдің де діні жоқ. Намазды

уақытынан шарғи үзірсіз кешіктіру — оны жоғалтумен тең. Аллаһ

Құранда: «Сонан соң бұл пайғамбарлардан кейін орындарына

намазды жоғалтып, нәпсілеріне ергендер келді. Олар жақында

«ғойға» тасталады. Тек қана тәубе етіп, иман келтіріп және игі

амал қылғандар ғана азапқа жолықпайды. Олар жәннатқа

кіреді және оларға ешбір зұлымдық етілмейді»65

-дейді.

Ибн Касир тҽпсір ғұламаларынан аяттағы «намазды жоғалту»

сҿзінің мағынасын — оның уақыты шыққаннан кейін оқу себепті

намаздың уақытын жоғалту деп айтқан. «Ғой» сҿзін: «қайғы» жҽне

«тозақтағы бір шұңқыр» деген.

Намазда ҽйелдің ҿзіне арналған, еркектерден бҿлек жеке

үкімдері бар:

1) Ҽйел азан жҽне иқомат айтпайды, ҿйткені азан жоғары

дауыспен айтылады. Ҽйелдің дауыс кҿтеруі мүмкін емес. Ибн

Қудама «Муғни» кітабында (2/68): «Бұнда келіспеушілікті

білмейміз»-деген.

2) Намазда ҽйелдің барлық жері ҽурат. Тек жүзі, қолы жҽне

аяғының ҽурат екенінде ихтилаф66

бар. Бұл жағдай бҿтен еркек жоқ

жерде, ал егер бҿтен еркек кҿретін болса, түгел денесін жабу уҽжіп.

Сондай-ақ намаздан басқа кезде де бҿтен еркектерден жабылуы

уҽжіп болады. Сондықтан намазда басын, мойынын, басқа да дене

мүшелерін, тіпті аяғын жабу керек.

64 Ахзаб.33 65 Мҽриям.59-60 66 Келіспеушілік.

Page 32: Mumin ayelderge katusty

32

Пайғамбар (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм): «Аллаһ балағатқа

жеткен әйелдің намазын химарсыз қабылдамайды»67

-деген.

Умму Салама (оған Аллаһ разы болсын) Аллаһтың елшісінен

(саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм): «Ҽйел адам дирғ68

жҽне химар69

киіп

изарсыз70

намаз оқуына бола ма?»-деп сұрайды. Сонда ол: «Иә, егер

ұзын болып аяғының ұшына дейін жауып тұрса»71

- дейді.

Осы екі хадис намазда бас пен мойынды жабуға дҽлел болады,

Айша анамыздың хадисінде келгеніндей. Жҽне Умму Саламаның

хадисі бойынша намазда барлық жерін, тіпті аяғының ұшына дейін

жабу шарт етіледі. Егер бҿтен еркек кҿрмесе жүзді ашуға рұқсат.

Ҿйткені білім иелері осыға келіскен.

Шейхул Ислам ибн Таймия айтады: «Ҽйел жалғыз ҿзі намаз

оқыса ол химар киюге бұйырылған. Ал намаздан тыс уақытта ҿз

үйінде болғанда басын ашуына болады. Намазды зейнеттеніп оқу

Алланың ақысы. Осыған орай Қағбаны түнде жалғыз ҿзі болса да

киімсіз тауаф ету мүмкін емес. Сондай – ақ намазды жалғыз болса

да киімсіз оқымайды. Намазда ҽурет есептелген мүшелердің

назардағы ҽуретке байланысы жоқ. Сол сияқты назардағы

ҽуреттің намаздағы ҽурет болатын орынға еш қатысы жоқ».

Сҿз соңы. (Фатауалар жинағы:22/113-114)

Муғни кітабында (2/328): «Күң емес ҽйелдің72

басқа денелері

болса, оны намазда жабу уҽжіп болады. Егер оның денесінің бір

бҿлігі ашылып қалса, намазы дұрыс емес. Тек аз кҿлемде болса

ештеңе етпейді. Бұны имам Мҽлік, Аузағи жҽне Шафиғи айтқан»-

деді.

3) Муғни кітабында: «Ҽйел рукуғ жҽне сҽжде қылғанда

шынтақтарын денесінен ажыратпайды, бҽлкім жинақы болады.

Отырғанда тауаррук73

жҽне ифтирош74

қылудың орнына малдас

құрып немесе аяқтарын оң жағына қарай созып отырады.

67 Муслим, Абу Дауд, Ҽн-Насай, Тирмизи жҽне Ибн Мҽжжа р-ты. 68 Ҽйелдер киетін кҿйлек 69 Химар: бас пен мойынды жабатын орамал. 70 Изар:белден тҿмен оралатын мата. 71 Абу Дауд риуаят еткен жҽне бұл хадисті ғұламалар: дұрысы бұл Умму Сҽлҽманың сҿзі деген. 72

Күң емес ҽйел: яғни құлдықтағы емес басы бос ҽйел. 73 Тауаррук: Тҽшҽһһудте отырғанда оң аяқты қадап, жайылған сол аяқтың үстіне отырмастан

оны сҽл алдыға жіберіп жамбасты жерге тигізіп отыру. 74 Ифтирош:Тҽшҽһһудте оң аяқты тігінен қылып, сол аяқты жҽйіп соның үстіне отыру.

Page 33: Mumin ayelderge katusty

33

Имам Науауй «Мажмуғ» атты кітапта: «Имам Шафиғи

(оны Аллаһ рақым етсін) «Мухтасарда» былай дегенін айтқан:

«Намаз амалдарында еркек пен ҽйелдің арасында айырмашылық

жоқ. Тек ҽйелге намазда жинақы болуы жҽне сҽждеде шама

келгенше сандарын іштеріне жабыстырып жинақталуы мустахаб.

Бұны рукуғте ҽрі жалпы намаздарда істеуі ҿзіне жақсырақ

болады»-деген. Сҿз соңы.

4) Ҽйелдердің бірі имам болып жамағатпен намаз оқулары.

Бұл мҽселеде ғұламалардың арасында болады жҽне болмайды

деген келіспеушіліктер бар. Олардың кҿпшілігі оны болады дейді.

Себебі Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) Умму

Уароқаға үйінде имам болуға бұйырған. Кейбір ғұламалар бұны

мұстахаб емес десе, енді бірі мҽкруһ, ал кейбірі нҽфіл намазда ғана,

парыз намазда емес дейді. Мен ҿзім бұл мҽселеде олардың бірі имам

болулары мустахаб деген сҿз басымырақ-ау деймін. Қосымша

мҽлімет алу үшін «Муғни:2/202» жҽне имам Науауйдің

«Мажмуғ:4/84-85» кітаптарын қарап кҿріңіз.

Ҽйел адам егер бҿтен еркек естімесе, намазды дауыстап оқиды.

5) Ҽйелдерге еркектермен бірге намаз оқулары үшін үйлерінен

шығуларына болады. Ал олардың үйде оқыған намаздары ҿздері

үшін жақсырақ болады.

Имам Муслим ҿзінің «Сахих» атты кітабында пайғамбарымыз

(саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) «Аллаһтың құлы әйелдерді

Аллаһтың мешіттеріне барудан тыймаңдар»-деген хадисін

риуаят еткен. Тағы бір хадисте: «Әйелдерді мешітке шығудан

қайтармаңдар. Ал үйлері олар үшін жақсырақ»-деген.

Ҽйелдердің үйде қалулары жҽне олардың үйдегі намаздары

олардың кҿзге түспеулері үшін оларға жақсырақ болады.

Егер мешітке намазға шығатын болса, тҿмендегі ҽдептерге мҽн

беруі керек:

1-Кҿйлекпен жҽне хижабпен денесін толық жабуы.

Айша (оған Аллаһ разы болсын): «Ҽйелдер Аллаһтың

елшісімен бірге намаз оқитын еді. Кейін бастары мен денелерін

жабатын кҿйлектерімен оранған күйде үйлеріне қайтатын.

Оларды ешкім қараңғылықтан білмей қалатын еді»75

-деді.

75 Бухари, Муслим р-ты.

Page 34: Mumin ayelderge katusty

34

2-Иіс су қолданбай шығуы.

Пайғамбар (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) айтады: «Аллаһтың

әйел құлдарын Аллаһтың мешіттерінен қайтармаңдар. Олар

мешітке шықса иіс су себінбей шықсын»76

-деді.

Абу Хурайрадан (оған Аллаһ разы болсын) жеткен хадисте

пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) айтады: «Қандай бір

әйел әтір себінген болса, бізбен бірге ақырғы иша77

намазын

оқымасын»78

-деді.

Имам Муслим Ибн Масғудтың ҽйелі Зҽйнабтың

хадисінен:«Егер сендердің біреулерің (ҽйелдер) мешітке барсаңдар,

онда иіс су жағынбаңдар!»-дегенін риуаят еткен.

Имам Шаукани «Найлул Аутар» атты кітабында: «Бұл

хадисте ҽйелдердің мешіттерге шығулары тек фитна не фитнаны

қозғайтын ҽтір сияқты нҽрселердің болмаған жағдайда ғана

рұқсат етілетіндігіне дҽлел бар»-деді. Кейін: «Хадистерде

еркектердің ҽйелдеріне мешітке шығуларына рұқсат етулері – егер

олар фитнаға шақыратын иіс су сияқты, білезік, моншақ, не кез-

келген басқа зейнет түрлерін тағынбаса79

ғана болатыны

айтылды»-деді. Сзҿ соңы. (3/140141)

3-Зейнеттелген киім жҽне асыл тастар тағынбау.

Мүміндердің анасы Айша (оған Аллаһ разы болсын) айтты:

«Егер Алланың елшісі (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) ҽйелдерден біз

кҿргенді кҿргенде Исрайл ұрпақтары ҽйелдерін қайтарғандай

оларды мешіттен қайтаратын еді»80

-деді.

Имам Шаукани «Найлуль Аутар» кітабында Айша анамыздың

(оған Аллаһ разы болсын): «Біз көргенді көргенде» - деген сҿзін:

«Ҽдемі киім киюлері, иіс су себінулері, зейнеттелу жҽне ашық-

шашық болулары, ал пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уҽ

сҽллҽм) заманындағы ҽйелдер бастан киіліп баспен денені толық

жабатын қалың бұлдардан тігілген киімдерге оралып шығатын

еді»- деді.

76 Ахмад, Абу Дауд р-ты. 77 Ақырғы иша намазы: құптан намазы. 78 Ахмад, Муслим, Абу Дауд жҽне ҽн-Насай р-ты. 79 Оларды киюге болады, бірақ кҿрсетпеуі керек. 80 Бухари, Муслим р-ты.

Page 35: Mumin ayelderge katusty

35

Имам Ибн Ҽл-Жаузий (оған Аллаһтың рақымы болсын)

«Ҽйелдердің үкімі» кітабының 39-бетінде: «Ҽйел кісіге мүмкіндігі

болғанша сыртқа шығудан сақтанғаны дұрыс. Ҿйткені ҿзі

фитнадан аман қалса да, ҿзгерлер одан аман қалмайды. Егер

шығуға мҽжбүр болса, күйеуінің рұқсатымен қарапайым кҿріністе

шығады жҽне ҿзінің жолын кҿше, базарлардан ұзақ тұтып, адам аз

жерлермен жүреді. Жолдың қақ ортасымен емес, бҽлкім жолдың

шетімен жүріп, ҿзгеге даусын естіртуден сақтанады»-деді.

4-Егер ҽйел кісі жалғыз болса, ер кісілердің артына жеке сапқа

тұрады. Анас (оған Аллаһ разы болсын) Аллаһтың елшісімен

(саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) бірге намаз оқыған хадисінде: «Мен

жҽне жетім бала Пайғамбардың(саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм)

артында тұрдық, біздің артымызда кемпір тұрды»81

-деді.

Анастан (оған Аллаһ разы болсын) келген басқа хадисте: «Мен

жҽне жетім бала біздің үйде Пайғамбардың (саллаллаһу алейһи уҽ

сҽллҽм) артынан намаз оқыдық, анам Умму Сулайм біздің

артымызда тұрды»82

-деді.

Егер ҽйел кісілер бірден кҿп болса олар ер кісілердің артынан

бір немесе бірнеше сап түзеп тұрады. Ҿйткені Пайғамбар

(саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) ер кісілерді сосын жас балаларды,

олардың артынан ҽйелдерді қоятын еді. Имам Ахмад Абу

Һурайрадан (оған Аллаһ разы болсын) жеткізген хадисінде:

Пайғамбар (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм): «Еркектер саптарының

ең жақсысы әуелгісі, ең жаманы ақырғысы. Әйелдер саптарынын

ең жақсысы ақырғысы, ең жаманы әуелгісі»83

-деген. Осы екі

хадисте ҽйелдер ер кісілердің артында тұратынына дҽлел бар. Егер

ер кісілердің артында намаз оқитын болса, намаздарды жеке дара

оқымайды. Мейлі ол парыз намаз болсын немесе тарауих болсын.

5-Егер имам намазда жаңылып ұмытса, ҽйел кіс шапалақ

қағып ескерту береді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уҽ

сҽллҽм): «Егер намазда бір нәрсені байқасаңдар, еркектер

«субхана Алла» десін, ал әйелдер шапалақ ұрсын»84

-деді. Бұл

81 Бухари р-ты. 380 82 Бухари р-ты. 83 Имам Муслим, Абу Дауд, Тирмизи жҽне басқалары риуаят етті. 84 Ахмад.

Page 36: Mumin ayelderge katusty

36

шапалақ имамның намазда жаңылған кезінде ҽйелдер үшін рұқсат

етілді. Ҿйткені ҽйел кісінің дауысы еркектерге фитна. Сондықтан

сҿйлеместен шапалақ ұруға бұйырылды.

6-Егер имам намаздан кейін сҽлем берсе ҽйел кісілер мешіттен

шығуға асығады. Ал ерлер олармен араласпас үшін отыра тұрады.

Умму Салама риуаят еткен хадисте: «Ҽйелдер парыз намаздың

сҽлемінен кейін дереу тұрып кетер едік. Ал Аллаһтың елшісі

(саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) жҽне намаз оқыған еркектер біраз

уақыт отыратын. Егер Аллаһтың елшісі тұрса, басқа кісілер де

тұратын еді»85

-дейді.

Имам Ҽз-Зуһри: «Бұны — ҽйелдер мешіттен шығып

үлгерулері үшін істеген деп білеміз. Аллаһ білушірек!»86

-деген.

Имам Шаукани «Найлуль-Аутар» кітабында: «Хадисте

имамның жамағаттың ахуалдарына мҽн беріп, қайтарылған

істерге апару мүмкіндігі болған нҽрселерге ықтият болуы ҽрі күдік

тудыратын жерлерден ұзақ болудың мустахаб екеніне дҽлел бар.

Сондай-ақ хадис еркектердің ҽйелдермен үйді қойып жолдарда

араласулары мҽкруһ екеніне дҽлел болады»-деді. Сҿз соңы. (2/326)

Имам Науауи «Мажмуғ» кітабында (3/455): «Ҽйелдер

жамағат намазында ер кісілерден бірнеше істерде ерекшеленеді:

Жамағат намазы ҽйелдерге еркектерге қатаң бекітілгендей

бекітілмейді.

Имамдары орталарында тұрады, алға ҿтпейді.

Олардың бірі ер кісінің жанында емес, артында тұрады.

Егер еркектермен сапта тұрып намаз оқитын болса олар

үшін ақырғы саптары ҽуелгісінен абзал»-деді. Сҿз соңы.

Жоғарыда айтылғаннан ҽйел мен ердің араласуы харам екені

білінеді.

7- Ҽйелдердің айт намазына шығуы.

Умму Атия (оған Аллаһ разы болсын!) айтты: «Аллаһтың

елшісі(саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) бізге ораза мен құрбан айтта

жас қыздарды, хайз ҽйелді жҽне бойжеткен қызды шығаруды

бұйырды. Хайз ҽйел намаз оқымай, жақсылыққа жҽне

85 Бухари, Ҽн-Насай р-ты. 86 Бухари.

Page 37: Mumin ayelderge katusty

37

мұсылмандардың дұғасына куҽ болады»-деді. Тағы бір риуаятта

«Намаз оқитын жерден алшақтайды»87

деген.

Имам Шаукани: «Бұл хадис жҽне одан басқа да осы

мағынадағы хадистер ҽйелдердің екі айттта намаз оқитын жерге

шығулары шариғатталғандығын кҿрсетеді. Ол ҽйелдер қашан

идда кезінде болмаса, не оның сыртқа шығуында фитна не басқа да

үзірі болмаса, ер кҿрген не кҿрмеген, жас не кҽрі не етеккір

ҽйелдердің арасында айттарға шығуында айырма жоқ». Сҿз соңы.

(Найлуль-Аутар 3/306)

Шейхуль Ислам ибн Таймия «Фатуалар жинағында» (6/458-

459): «Расында пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм)

мүмін ҽйелдерге олардың үйдегі оқыған намаздары олар үшін жұма

мен жамағат намаздарына қатысуларынан кҿре жақсырақ екенін

айтты. Оларға тек айт намазына шығуларына бұйырды.

Аллаһ білушірек, пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уҽ

сҽллҽм) ҽйелдерді айтта шығуға бұйырғанында бірнеше себептер

болуы мүмкін:

Біріншіден: Айт намаз жылына екі-ақ рет, ал жұма мен

жамағат намазы ол сияқты емес.

Екіншіден: Айт намаздың орнына үйде оқитын намаз жоқ, ол

жұма жҽне жамағат намазынан басқаша, ҿйткені оның үйіндегі

жұма күнгі бесін намазы жұма болып есептеледі.

Үшіншіден: Айт намазы — Аллаһты зікір ету үшін қаланың

сыртындағы алаңға шығу. Сондықтан ол кейбір жағынан

қажылыққа ұқсайды. Сол үшін қажылық маусымында үлкен айт

қажыларға тура келеді»-деді. Сҿз соңы.

Шафиғалар айтқа шығатын ҽйелді ҽдемі болмауы керек деп

шектеген.

Имам Науауй «Мажмуғ» кітабында (5/13): «Шафиғи жҽне

оның серіктері: «Кҿрікті болмаған ҽйелдерге айт намазына

келулері мустахаб болады. Ал ҽдемі ҽйел болса, оларға айтқа

келулері мҽкруһ»-деген. Кейін айтты: «Ҽйелдер егер шығатын болса,

қарапайым киім киіп шығулары мустахаб жҽне ҿздерін кҿзге

түсіретін киім кимейді. Оларға жҽй сумен тазаланулары мустахаб

етіледі, ал ҽтір қолданулары мҽкруһ болады. Бұл айтылғандардың

87 Бухари, Мауслим.

Page 38: Mumin ayelderge katusty

38

барлығы қартайған, оларға ешкім қызықпайтын жҽне солардың

қатарына жататын ҽйелдерге қатысты. Ал енді жас жҽне ҽдемі

ҽрі оған қызығушылық туатын қыздарға айтқа келулері мҽкруһ

болады. Ҿйткені бұнда олардың ҿздеріне жҽне олар себепті

басқалардың фитнаға тап болу қаупі бар.

Егер бұл жоғарыда айтылған Умму Атияның хадисіне теріс

келеді делінсе, біз оған Айша анамыздың Бухарий мен Муслимде

келген хадисті айтамыз: «Егер Алланың елшісі ҽйелдердің қазіргі

істегендерін кҿргенде, оларды Исрайл ұрпақтары ҽйелдерін

қайтарғандай қайтарар еді». Ҿйткені бұл ғасырлардағы фитналар

жҽне жамандық себептері, ҽуелгі ғасырға қарағанда кҿбірек. Аллаһ

білушірек!»-деді. Сҿз соңы.

Ал біздің ғасырымызда одан да қаттырақ.

Имам ибн Жаузий «Ҽйелдер үкімі» кітабында88

: «Ҽйелдің

шығуы мубах екенін айттық. Бірақ егер олар себепті не олардың

ҿздеріне фитна қаупі тҿнсе, сыртқа шығудан тартыну абзал

болады. Ҿйткені ҽуелгі ғасырдың ҽйелдері қазіргі заман ҽйелдерінің

кҿрген тҽрбиесіндей емес еді. Еркектер де сол сияқты»-деді. Сҿз

соңы. Яғни бұрынғылар үлкен сақтық иелері еді.

Осы айтылған сҿздерден шығатын қортынды:

Ей мұсылманның қыздары! Сенің айт намазға шығуың шарғи

түрде рұқсат. Бірақ шарттарды орындаумен, сипайлықпен, Аллаһқа

жақындауды үміт етіп жҽне мұсылмандардың дұғасына қатысу

үшін. Сондай-ақ Ислам амалдарын кҿрсету үшін болуы шарт. Бұдан

мақсат ҿзінің кҿркін ұсыну жҽне фитнаға топ болу емес. Осыны

ескер!

88 38-бет.

Page 39: Mumin ayelderge katusty

39

6-бӛлім

Жаназа бабындағы әйелге қатысты үкімдер

Аллаһ Тағала барлық адам баласына ҿлім жазды. Мҽңгілік

қалатын тек қана Аллаһ Тағала. Бұл жайында Аллаһ Тағала Құранда

былай дейді: «Ұлы дәрежеге ие әрі жомарт Раббыңның ӛзі

қалады».89

Адам баласының жаназалары, оны тірілерге орындауы уҽжіп

болатын үкімдермен ерекшеленген. Бұл бҿлімде жаназада ҽйелдерге

байланысты нҽрселерді атап ҿтеміз.90

1) Ӛлген әйелді әйелдер жуулары керек.

Оны ҿзінің күйеунен басқа еркектерге жууларына болмайды.

Бірақ еркекке ҿзінің ҽйелін жууына болады. Ҿлген еркекті еркектер

жуындырады. Оны ҿзінің ҽйелінен басқа ҽйелдердің жуындыруына

болмайды. Ҽйелге ҿзінің күйеуін жуындыруына болады. Себебі Али

(оған Аллаһ разы болсын) ҿзінің ҽйелі, Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) қызы Фатиманы жуған жҽне Умайс

қызы Айша (оларға Аллаһ разы болсын) ҿзінің күйеуі Абу Бакр

Сыддықты (оған Аллаһ разы болсын) жуған.

2) Әйел адамның бес ақ матаға кебінделуі абзал.

Олар: киетін изары,91

ҽйелдің басына жамылатын жамылғы,

кҿйлегі жҽне осылардың үстінен орайтын екі ақ мата. Ҿйткені Лҽйлҽ

Сақофия (оған Аллаһ разы болсын) риуаят еткен хадисте:

«Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) қызы Умму

Күльсумнің қайтыс болған кезінде оны жуушылардан болдым.

Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) бізге берген

89 Рахман. 27 90 Ҽйел адамға жаназа намазын оқығанда имам мҽйттің ортасында тұрады. Самурота ибн

Жундуб (оған Аллаһ разы болсын) айтады: «Аллаһтың елшісінің (саллалаһу алейһи уҽ сҽллҽм)

артында тұрып нифаста қайтыс болған ҽйелге жаназа намазын оқыдым, сонда ол оның

ортасында тұрды». Бухарий мен Муслим риуаяты. Егер бірнеше мҽйт жиналып қалса, онда

имамға ҽрқайсысына жеке–жеке жаназа оқуына болады, немесе барлығын жиып бір жаназа

оқуына болады. Егер мҽйттер бірі екек, бірі ҽйел жҽне бірі жас бала не сҽби (ұл) болса, онда имамның алдына бірінші еркек, кейін сҽби кейін ҽйел денесі қойылады. Демек еркек денесі

имамға жақын, ал ҽйел денесі қыблаға жақын болады да, сҽби араларында болады. Сонда имам

еркек пен сҽбидің бас жағында, ал ҽйелдің бел ортасында тұрып жаназа оқиды. 91 Изар: белден тҿмен қарай оралатын мата, оны қажылықта еркектер ихрамға кіргенде киеді,

сол сияқты ертеде араптардың киімі изар мен рида болған. Изармен белден тҿмен қарай

оралады, ридамен иықтан тҿмен қарай оралады.

Page 40: Mumin ayelderge katusty

40

нәрсенің алғашқысы хиқо (изар) кейін камзол, кейін жаулық,

кейінгісі мильхафа (жамылғы) еді. Сосын бұдан кейін оған басқа

көйлек оралды» - деді.

Имам Шауканий «Найлуль Аутар» атты кітабында(4/42):

«Хадис ҽйел адамның кебінінде шариғат бойынша: изар, камзол,

жаулық, милхафа (жамылғы) жҽне дурж92

болуы керектігін

кҿрсетеді» - деді. Сҿз соңы.

3) Ӛлген әйелдің шашына байланысты істер.

Қайтыс болған ҽйелдің шашы үш ҿрім қылынады да артына

тасталынады. Ҿйткені Умму Атия (оған Аллаһ разы болсын)

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) қызын жуу

сипаты жайындағы хадисінде: «Оның шашын үш өрім қылып өрдік

те, артына тастадық» - деді.

4) Әйелдердің жаназаға еру үкімі.

Умму Атия (оған Аллаһ разы болсын) былай деді: «Жаназаға

еруден қайтарылдық, және бізге бұл бүтіндей тыйым етілмеді»93

Бұл хадистегі ҽйелдерді жаназаға еруден қайтарудың сыртқы

кҿрінісі оның харам екендігін білдіреді жҽне Умму Атияның (оған

Аллаһ разы болсын): «Бізге бұл бүтіндей тыйым етілмеді»- деген

сҿзі жайында Шайхуль Ислам фатуалар жинағында (24/355) былай

деді: «Умму Атияның сҿзінен болған мақсаты — тыйым

қуатталмады деген болуы мүмкін. Бірақ бұл оның харамдығын

жоймайды. Умму Атия бұл қайтаруды харам болған қайтару емес

деп ойлаған болуы да мүмкін. Дегенмен дҽлел Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм)сҿзінде, басқа біреудің ойында емес».

5) Әйелдерге қабірлерді зиярат етудің харамдығы.

Абу Хурарйрадан:«Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уҽ

сҽллҽм) қабірлерді зиярат етуші әйелдерді лағанеттеді»94

- деген

хадис риуаят етілді.

92 Барлық матаның сыртынан орайтын бұл. 93 Бухарий, Муслим р-ты. 94 Ахмад, Ибн Мҽжжа жҽне Титмизий р-ты. Бұл хадисті Тирмизий сахих деді.

Page 41: Mumin ayelderge katusty

41

Шайхул Ислам Ибн Таймия: «Расында ҽйел үшін бұл есік

ашылатын болса, ҽйел затында ҽлсіздік пен шыдамсыздықтың

басым болғандығы себепті, сондай-ақ онда сабырдың кемдеу

болғандығы үшін қабірлерді зиярат ету — ҽйелді (қабірдің басында)

қайғыруға, ҿлікті жоқтауға жҽне жылап-сықтауға апаратыны

белгілі. Сондай-ақ ҽйелдің қабірдің басында жылауы — ҿліктің зиян

шегуіне ҽрі еркектердің оның даусын естіп жҽне түрін кҿрумен

фитналануына себеп болады. Ҿйткені басқа хадісте

пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм): «Расында сендер

еркектерді фитналандырасыңдар әрі өлікке аза келтіресіңдер» -

деген.

Қабірге бару жҽне ҿлік үшін дұға тілеу сауапты іске

жатады. Бітақ ол жерге барып ҿлікті жоқтап жылау жҽне

фитнаға тап болу одан да үлкен күна болып табылады. Сондықтан

бір сауапты іс істеймін деп одан да үлкен күнаға түспеу үшін

қабірлерге барудан қайтарылады.

Бҿгде ҽйелдің ішкі зейнетіне қарау фитна болғандығынан

оның харам етілуі сияқты, сондай-ақ онымен жеке қалудың

харамдығы жҽне тағы бұдан басқа да бҿгде ҽйелдерге кҿз тігу

харам етілгеніндей, харамға апаратын жолды тосу мақсатында

ҽйелдердің қабірлерді зиярат етулері харам етіледі.

Ҽйелдердің қабірлерді зиярат қылуында бұл зиянға қарсы

келетіндей бір пайда жоқ. Ҿйткені ҽйелдің қабірді зиярат етуінде

ҿлікке дұға қылуынан басқа еш нҽрсе жоқ. Ал дұғаны ҽйел үйінде де

сұрауына болады». Сҿз соңы. Фатуалар жинағы (24/355/356)

6) Мәйітті жоқтаудың харамдығы.

Мҽйітті жоқтаудың харам етілген түріне — ол үшін қайғырып

даусты кҿтеріп жылау, киімін жырту, бетін ұру, шашты жұлу, жүзін

қаралау жҽне оны тырнау жатады. Сондай-ақ қайғы тілеп дұға қылу

жҽне тағы сол сияқты бұдан ҿзге де Аллаһтың үкімі мен тағдырына

шыдамсыздық пен сабырсыздықтың жоқтығына дҽлел ететін істерді

істеу — мҽйітті жоқтаудың тыйым салынған түрі болып табылады.

Бұл істер харам етілген жҽне үлкен күнҽға жатады. Ҿйткені Имам

Бухарий мен Муслимнің «Сахих» атты кітаптарында риуаят

етілген хадисте Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм):

Page 42: Mumin ayelderge katusty

42

«Бетін ұрған, жағасын жыртқан және надандық дәүірінің

істерін істеген адам бізден емес» - деді.

Осы кітаптарда келген басқа хадисте Пайғамбарымыз

(саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм): «Қайғы кезінде даусын көтеретін,

шашын жұлатын және киімін жыртатын әйелден аулақпын» -

деген.

Сахих Муслимде «Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уҽ

сҽллҽм) жоқтау айтушы әйелді және оны тыңдаушы әйелді

лағынетттеді» - деген хадис риуаят етілген. Яғни: ҿлік жырын

тындауды мақсат еткен жҽне оны жақсы кҿретін ҽйел.95

Ҽй мұсылман ҽйелі, қайғыға жолыққан кезіңде саған бұл

харам істерден аулақ болу жҽне қиыншылыққа сабыр сақтап

Аллаһтан сауап үміт етуің уҽжіп болады! Ҿйткені сонда ғана қайғы-

қасірет сенің күналарыңды ҿшіреді жҽне жақсы амалдарыңды

кҿбейтеді.

Аллаһ Тағала айтады: «Әрине, сендерді қауіп-қатер,

ашаршылық және малдардан, жандардан сондай–ақ ӛнімдерден

кеміту арқылы сынаймыз. (Мұхаммед, сондай жағдайларда)

сабыр етушілерді қуандыр! Қашан оларға бір қайғы жетсе

олар: «Шын мәнінде біз Аллаһқа тәнбіз, әрі оған қайтушымыз» -

дейді. Міне соларға, Раббылары жақтан жарылқау және

марқамет бар. Әрі олар тура жолдағылар»96

.

Ҽрине, ҿлім кезінде жыласа болады. Бірақ жоқтау айтып

қайғыруға, харам істер істеуге жҽне Аллаһтың үкімі мен тағдырына

ашулануға болмайды. Ҿйткені жылау — мҽйітке деген мейірімділік

жҽне жүректің жұмсаруы жҽне жылауды адам қайтара алмайды.

Сондықтан ҿлім кезінде жылау мубах, кейде мустахаб та болуы

мүмкін.

95 Сонлай-ақ біреу дүниеден ҿтсе, ҽсіресе ҽйелдерге қара киім киюлері немесе бала-шағасының

тойларын тоқтату жҽне еркектердің шаштарын алмай қоюлары жҽне тағы басқа осыған ұқсас

істер шариғатта жоқ. Сондықтан бұндай істерден ұзақ болу керек. 96 Бақара. 155-157

Page 43: Mumin ayelderge katusty

43

7-бӛлім

Ораза бабындағы әйелге қатысты үкімдер

Рамазан айында ораза тұту ҽр мұсылман ер мен ҽйелге парыз.

Сондай-ақ ол исламның бір рүкіні жҽне оның ұлы негізі. Аллаһ

Құранда: «Әй мұміндер, сендерге ораза бұрынғыларға парыз

етілгендей парыз қылынды. Әрине сақсынарсыңдар»97

- деді.

Егер қыз бала балағат жасына жетсе, оған ораза тұту уҽжіп

болады. Оның балағатқа толғанын балағат белгілерінің бірінің пайда

болуымен білуге болады. Ол белгілердің бірі – қыздың етеккір кҿруі.

Ол етеккірді тоғыз жасында кҿруі мүмкін.

Кҿп қыздар етеккір келуімен оған ораза парыз болғанын

білмейді де, ҿзін кішкентаймын деп ойлап ораза тұтпайды. Жҽне

ата-анасы да оған ораза тұтуды бұйырмайды. Бұл ислам рүкіндерінің

бірін тастағандығы үшін ҿте үлкен кемшілікке жатады.

Кімде-кім осы жағдайға тап болса, оған етеккір басталғаннан

бастап тұтпаған оразаның қазасын ҿтеуі керек. Егер оны

тастағанына кҿп уақыт ҿтсе де, оны ҿтеу керек болады, ҿйткені ол

оның мойнындағы қарызы болып қалады98

.

Рамазанда ораза тұту кімге парыз?

Егер Рамазан айы келсе, ҽрбір балағатқа толған, денсаулығы

дұрыс, тұрғылықты99

мұсылман ер мен ҽйелге ораза тұту парыз

болады. Ал кім осы айда ауыру не сапарда болса, аузын ашады жҽне

сол аузын ашқан күндердің қазасың басқа күні ҿтейді. Аллаһ

Құранда: «Сендерден кім Рамазан айында болса, ораза тұтсын.

Ал біреу науқас немесе сапарда болса, басқа күндерде орнын

толтырсын» - деді100

. Сол сияқты кімде-кім Рамазан айы келгенде

ораза тұтуға шамасы келмейтін кҽрі шал, немесе алдағы уақыттарда

оның жазылуы үміт етілмейтін науқас ҽйел немесе ер болса, ол ораза

тұтпайды. Бірақ ҽр күнге бір міскінді тамақтандырады. Тамақ

мҿлшері ҿз елінің қоректенетін азығанан жарты соғ (1,125г) болуы

97

Бақара. 183 98

Оған оразаның қазасын ҿтеуімен қатар ҽр күн үшін бір міскінді тамақтаңдыруы керек.

Тамақтың мҿлшері жарты соғ, бір соғтың мҿлшері килограммен ҿлшегенде 2,25г-ға тең келеді.

Осыған орай бір міскінге берілетін тағам мҿлшері 1,125г болады. Берілетін тамақтың түрі

елдегі кҿп қоректенетін тамақ, яғни күріш, бидай т.б. сияқты. 99

Яғни, рамазанда сапар шекпеген, үйдегі адамдар. 100

Бақара. 185

Page 44: Mumin ayelderge katusty

44

керек. Аллаһ Құранда: «Ораза ұстауға қиналатындар бір міскін

азығы мӛлшеріндегі тағамды тӛлеп берулері қажет» - деді.101

Ибн Аббас (оған Аллаһ разы болсын): «Бұл аят – денсаулығының

түзелуі үміт етілмейтін кҽрі адам жайында түсірілді» - деді102

.

Ауыруының жазылуы үміт етілмейтін науқас адам — кҽрі

адам үкіміне жатады. Ол екеуіне мүмкіндіктері болмағандықта-

рынан, оларға оразаның қазасын ҿтеу қажет емес.

Ҽйел адам Рамазанда аузын ашуына рұқсат етілетін

үзірлермен ерекшеленеді. Ол сол үзірлер себепті аузын ашқан

күндердің қазасын басқа күндерде ҿтейді.

Үзірлер:

1) Етеккір және нифас:

Етеккір немесе нифас жағдайдағы ҽйелге ораза тұту тыйым

салынады, бірақ оған басқа күндері оның қазасын ҿтеуі керек. Айша

анамыздан (оған Аллаһ разы болсын) бір ҽйел: «Не үшін етеккір

болған ҽйел оразаның қазасын ҿтейді де намаздың қазасың

ҿтемейді?» - деп сұрады. Сонда ол: «Оразаның қазасын өтеуге

бұйырылатын едік те, намаздың қазасың өтеуге

бұйырылмайтын едік» - дейді.

Осы жерде Айша анамыз (оған Аллаһ разы болсын) ол ҽйелге

бұл ақыл жүгіртпестен, аят пен хадиске ергесетін істерге

жататындығын баяндады.

Бұның хикметі: Шейхуль Ислам ибн Таймия фатуалар

жинағында (25/251) былай деді: «Етеккір себебті шығатын қан

ҽйелдің бойынан қанды кетіреді. Ҽйелге бойынан қаны шықпайтын

уақыттарда ораза тұтуына болады. Сондықтан оның осы

жағдайда тұтқан оразасы түзу болады. Ҿйткені осы уақытта

оның денесінің қорегі болған ҽрі оны қуаттап тұратын қаны

шықпайды. Ал етекір кезде ораза тұту — оған қуат беріп тұратын

қанының шығуына ҽкеліп соғады. Сондай-ақ оның денесін

ҽлсіретеді жҽне оразасының тура болуына кедергі болады. Сол

үшін ҽйел адам етеккір болмаған уақыттарда ораза тұтуға

бұйырылды». Сҿз соңы.

101 Бақара. 84 102 Бухарий р-ты

Page 45: Mumin ayelderge katusty

45

2) Жүктілік пен бала емізу:

Ораза себепті жүкті болған ҽйелге немесе емшектегі баласына

немесе ол екеуіне бірдей зиян келетін болса, ол жүктілік немесе бала

емізген жағдайында ораза тұтпайды. Егер ол зиян тек балаға тиетін

болса, ҽйел тұтпаған оразасының қазасын ҿтейді де, ҽр күнге бір

міскінді тамақтандырады. Ал егер зиян ҽйелдің ҿзіне ғана тиетін

болса, оған тек тұтпаған оразаның қазасын ҿтеу жеткілікті. Ҿйткені

жүкті жҽне емшектегі баласы бар ҽйел Аллаһ Тағаланың: «Ораза

ұстауға қиналатындар бір міскін азығы мӛлшерінде тағамды

тӛлеп берулері қажет»102

- деген сҿзіне жатады.

Хафиз ибн Кҽсир ҿзінің тҽпсірінде (1/379) былай деді: «Егер

жүкті немесе бала емізуші ҽйелдер ҿздеріне немесе балаларына зиян

тиюінен қорықса, бұл аяттың мағынасына кіретіндерге жатады».

Сҿз соңы.

Шейхуль Ислам ибн Таймия: «Егер жүкті ҽйел құрсағындағы

нҽрестесі үшін қорқатын болса, ол оразада аузын ашады да, ҽр

күннің қазасын ҿтейді жҽне ҽр күн үшін бір ротль103

нанмен

міскінді тамақтандырады» – деді. Сҿз соңы. Фатуалар жинағы:

(25/318)

Ескертулер:

1 – Истихаза қанын кӛрген әйел.

Ол жоғарыда айтылғандай оған етеккірге жатпайтын қан

келген ҽйел. Оған ораза тұту парыз жҽне оған истихаза қаны себепті

ауызын ашуға болмайды.

Шейхуль Ислам ибн Таймия (оны Аллаһ рақым етсін!) етеккір

кҿрген ҽйелдің оразада аузын ашуы жайлы айтқан кезінде былай

деді: «Етеккір кҿрген ҽйел истихаза қанын кҿруші ҽйел сияқты

емемс. Ҿйткені истихаза қаны кез келген уақытта келеді, ондай

болса ол ҽйел үшін ораза тұтатын белгілі уақыты болмай қалады.

Сол үшін одан сақтану мүмкін емес. Ол құсу жҽне жарақат

себепті қанның шығуы, ұйқыда жүніп болу сияқты жҽне тағы

басқа одан сақтануға болатындай оның белгілі уақыты жоқ

нҽрселерге жатады. Сондықтан истихазада қанының белгісіз

102 Бақара. 184 103

Бір ротль: 449, 28 гр-ға тең келеді.

Page 46: Mumin ayelderge katusty

46

уақыттарда келуі етеккір қаны сияқты оразадан тыятын нҽрсе

қылынбады». Сҿз соңы. Фатуалар жинағы (25/251).

2 – Етеккір, жүкті және бала емізуші әйелдер егер рамазанда

ораза тұтпаса, оларға ораза тұтпаған күндерінің қазасын сол рамазан

мен келесі рамазан айының аралығында оның қазасын ҿтеулері

уҽжіп болады. Сондай-ақ оларға оны тезірек ҿтеп бітіруге

тырысулары абзал болады.

Егер алдағы рамазанға тек қана олардың ҿткен рамазанда

ауыздарын ашқан күндердің мҿлшелеріндей ғана уақыт қалса,

оларға алдағы рамазан келіп, олардың мойындарында ҿткен

рамазанның оразалары қалып қоймауы үшін, оны тұтып бітірулері

уҽжіп болады. Егер жаңа рамазан айы келіп, олардың мойындарында

ҿткен рамазанның қалған оразасы үзіріз ҿтелмей қалса, оларға оның

қазасын ҿтеу жҽне ҽр күн үшін бір міскінді тамақтандырулары

уҽжіп болады. Ал егер ол қалған оразаларды белгілі үзір себепті

ҿтемеген болса, тек қазасын ҿтейді, міскінді тамақтандырмайды.

Сол сияқты кімде науқас, немесе сапар үшін ауызын ашу

себепті қазасы болса, оның үкімі — жоғарыда баяндағанымызға

сҽйкес етеккір себепті аузын ашқан ҽйелдің үкімі сияқты.

3 - Егер әйелдің күйеуі қасында болса, әйелге тек күйеуінің

рұқсатымен нәпіл ораза тұтуына болады. Ҿйткені Имам Бухарий,

Муслим жҽне басқалары Абу Һурайрадан (оған Аллаһ разы болсын)

риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (саллаһу алейһй уа сҽллҽм):

«Әйелге күйеуі қасында болып тұрып оның рұқсатынсыз ораза

тұтуына болмайды» - деді. Имам Ахмад пен Абу Даудтың кейбір

риуаяттарында: «Тек рамазаннан басқасын» - делінген.

Егер оған күйеуі нҽпіл ораза тұтуға рұқсат берсе, немесе

күйеуі қасында болмаса, немесе оның күйеуі мүлдем болмаса, оған

нҽпіл ораза тұту мұстахаб болады. Ҽсіресе онда ораза тұту мұстахаб

күндерінде; екінші жҽне бесінші күндері сияқты104

, немесе ҽр айдағы

үш күн, немесе Шауаль айының алты күні, Зуль-Хижжаның он күні,

Арафа күні, немесе Ашура күніне бір күн бұрын, немесе бір күн

кейін қосып тұту сияқты. Бірақ оған ҿткен рамазанның қазасын

ҿтеместен нҽпіл ораза тұтуы жақсы емес. Аллаһ білушірек!

104 Дүйсенбі мен бейсенбі күндері.

Page 47: Mumin ayelderge katusty

47

4 – Егер етеккір кӛрген әйел рамазан күндерінің бірінде тазарып

қалса, ол сол күні кешке дейін рамазан күндерін кұрметтеп, ішіп-

жеуден тыйылады жҽне оны етеккір себепті аузын ашқан күндермен

бірге қазасын ҿтейді.105

105

Сондай-ақ ораза күндерінде таң намазынан бұрын-сҽресін ішу уақытында-тазарып қалса,

жуынуға уақыт кетірместен тамақ ішуіне жҽне пісіруіне болады. Кейін аузын бекіткеннен кейін

ғұсыл құйынып алады.

Page 48: Mumin ayelderge katusty

48

8-бҿлім

Қажылық пен ұмрадағы әйелге байланысты үкімдер

Аллаһтың үйі Ҽл-Харамға ҽр жылы қажылық қылу — Ислам

үмметіне парыз-кифая106

. Ал қажылықтың міндет болуының

шарттары толық болған ҽр мұсылман үшін ҿмірінде бір рет қажылық

қылу — оған парыз болады. Ал қажылық парызын ҿтегеннен кейін,

қалғаны нҽпіл болады.

Қажылық Ислам тіректерінің бірі, ҽрі ол мұсылман ҽйелдері

үшін Аллаһ жолында болған күрестен бір несібе. Ҿйткені Айша

анамыздан (оған Аллаһ разы болсын!) жеткен хадисте ол

пайғамбарымыздан (саллалаһу алейһи уҽ сҽллҽм): « Иҽ Аллаһтың

елшісі, ҽйелдер үшін жихад бар ма?» - деп сұрады. Сонда

пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уҽ сҽллҽм):«Иә, олар үшін онда

соғысы жоқ жихад бар, ол — қажылық пен ұмра»107

- деп жауап

берді.

Имам Бухарий риуаят еткен хадисте Айша анамыз (оған Аллаһ

разы болсын!) : «Иҽ, Аллаһтың елшісі, жихадты ең жақсы амал деп

білеміз, жихад қылмаймыз ба?» – деп сұрайды. Пайғамбарымыз

(саллалаһу алейһи уҽ сҽллҽм) : «Бірақ ең жақсы болған жихад —

қабыл болған қажылық» -дейді.

Қажылықтағы әйелдерге арналған үкімдер

1-Махрам:

Қажылықтың еркек пен ҽйелге байланысты жалпылай

шарттары бар, олар: Ислам, ақыл, бостандық, балағат жҽне қаражат

жағынан құдіретті болу. Ҽйел қажылықта онымен бірге сапар

қылатын махрамның болуымен ерекшеленеді. Махрамға ҿз ері

немесе нҽсҽб себепті мҽңгі харам етілген адамдар108

, олар:ҽкесі,

баласы, ағасы немесе мубах себептермен харам етілгендер, олар:

сүт-ағасы не шешесінің күйеуі, күйеуінің баласы сияқты адамдар.

Бұған дҽлел Ибн Аббастың (оған жҽне ҽкесіне Аллаһ разы

болсын!) риуаят еткен хадисі: ол пайғамбарымыздың (саллалаһу

алейһй уҽ сҽллҽм) хұтбада: «Еркек әйелмен оңаша қалмасын, тек

106 Парыз кифая деп: егер жамағаттың ішінен бірнеше адам оны орындаса басқаларынан күнасы

түседі. Ал ешкім орындамаса барлығына күна болады. 107 Ахмад жҽне ибн Мҽжжҽ сахих иснадпен риуаят етті. 108 Харам етілген дегені: аталған адамдардың ол ҽйелге үйленулері харам деген мағынада.

Page 49: Mumin ayelderge katusty

49

онымен махрамы болса ғана, және әйел тек махраммен бірге ғана

сапар қылсын»,-дегенін естіді. Сонда бір адам тұрып: «Иҽ

Аллаһтың елшісі, менің ҽйелім қажылыққа шығып кетті, ал мен

пҽленше, пҽленше ғазуаттарға жазылып қойдым»-деді.

Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уҽ сҽллҽм) : «Бар да, әйеліңмен

бірге қажылық қыл»-деді109

. Ибн Омардан (оған жҽне ҽкесіне Аллаһ

разы болсын!) риуаят етілген хадисте ол кісі пайғамбарымыздың

(саллалаһу алейһи уҽ сҽллҽм) былай дегенін айтты: «Әйел үш күндік

жерге тек онымен махрамы болған күйде ғана сапар қылсын».110

Ҽйел адамды қажылыққа не басқа жаққа махрамсыз сапар

қылудан қайтаратын хадистер ҿте кҿп. Ҿйткені ҽйел адам ҽлсіз

болғандықтан сапарда оны тек еркектер шеше алатын

қиыншылықтарға тап болады. Жҽне де ҽйел адам пасықтардың

дҽметкен нҽрселері. Сондықтан міндетті түрде ҽйелдің қасында оны

солардың зиянынан қорғайтын махрамы болуы қажет.

Қажылықта ҽйелдің қасында махрам болған адамға үш нҽрсе

шарт етіледі: ақыл ойы түзу, балағатқа жеткен жҽне ол адамның

мұсылман болуы. Ҿйткені кҽпірге ҽйелді тапсыруға болмайды, оған

сенім жоқ. Егер ҽйел махрам таба алмаса, ҿзінің орнына біреуді

жіберуі керек.

2 - Егер қажылық нәпіл болса, күйеуінен қажылыққа баруға

рұқсат алуы шарт етіледі. Ҿйткені ҽйелдің қажылыққа кетуі –

күйеуінің оған болған ақысының кетуі.

«Муғний» аты кітапта:( 3/240): «Ал нҽпіл қажылық болса,

күйеуіне ҽйелін оған барудан қайтаруына болады. Ибн Мунзир

былай дейді: «Мен олардан жаттап жүрген барлық білім иелері:

«Күйеуінің ҽйелін нҽпіл қажылыққа шығудан қайтаруына болады»-

дегенге келісті. Ҿйткені күйеуінің ақысы – уҽжіп, сондықтан ҽйелге

оны уҽжіп емес нҽрсе себепті кетіруіне болмайды, иесінің ҿз

құлымен сияқты»-деді. Сҿз соңы.

3 - Әйел қажылық пен ұмраны еркектің атынан істеуіне

болады. Шейхуль Ислам ибн Таймия фатауалар жинағанда (13/26)

былай деді: «Ҽйелге ғұламалардың келісімі бойынша басқа ҽйелдің

109 Бухарий мен Муслим р-ты. 110 Бухарий мен Муслим р-ты.

Page 50: Mumin ayelderge katusty

50

атынан қажылық қылуына болады, ол ҿзінің қызы не басқа біреу

болса да. Сол сияқты тҿрт имам жҽне жалпы ғұламалар да ҽйелге

еркектің атынан қажылық қылуына болады дейді.

Пайғамбарымызға (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) бір Хосғама

руының ҽйелі: «Иҽ Аллаһтың елшісі, Аллаһтың пендесіне болған

қажылық парызы ҽкеме кҽрі шал болғанда жетті» - деді. Сонда

пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) еркектің ихрамы

ҽйелдің ихрамынан толық болса да, оған ҽкесінің атынан қажылық

қылуын бұйырды». Сҿз соңы.

4 - Әйел егер қажылыққа бара жатқан жолында етеккір не

нифас болып қалса, жолында кете береді. Егер бұл нҽрселер оның

ихрамға кірер кезінде болса, ол басқа таза ҽйелдер сияқты ихрамға

кіре береді, ҿйткені ихрам үшін дҽрет шарт емес.

«Муғний» атты кітапта (3/293 – 294) былай деді: «Бұның

жалпыламасы: Ихрамға кірер кездегі ғұсл еркектерге сияқты

ҽйелдерге де шариғатталған. Ҿйткені ол— ғибадат. Жҽне ол

ҽр етеккір мен нифас кҿрген ҽйелдер үшін ҽлде қайда қуаттырақ

болады. Ҿйткені олар жайлы арнайы хабар келген. Жҽбир (оған

Аллаһ разы болсын) былай деді: «Зуль – Хулейфаға келгенімізде

Умейстің қызы Асма Абу Бакрдың ұлы Мұхаммедті туды. Кейін

пайғамбарымызға (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм): «Не істеймін?» -

деп сұратып жіберді. Сонда ол: «Жуын да, бір матамен қанды

тоқтат та, ихрамға кір» - деді.111

Ибн Аббастан (оған Аллаһ разы

болсын) риуаят етілген хадисте пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи

уҽ сҽллҽм): «Етеккір және нифас әйелдер ихрамға кіретін

уақытына келсе, олар ихрамға кіріп, қажылық ғибадаттардың

барлығын істейді, бірақ Қағбаны тауаф етпейді»112

- деді.

Сондай – ақ пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм)

Айша анамызға (оған Аллаһ разы болсын) ол етеккір болған кезінде

ихрамға кірерде ғұсыл алуға бұйырды». Сҿз соңы.

Етеккір мен нифас кҿрген ҽйелдердің ихрамға кіру үшін ғұсыл

алуларынан болған хикмет – ол тазалық жҽне оның ҽзерін кетіру

үшін жағымсыз иісті жоғалту жҽне нҽжҽсті жеңілдету. Егер олар

ихрамда болған кезде оларға етеккір не нифас қаны келсе, олардың

111 Бухарий мен Муслим р-ты. 112 Абу Дауд р-ты.

Page 51: Mumin ayelderge katusty

51

ихрамдарына ҽсер етпейді де, олар ихрамдағы тыйым салынатын

нҽрселерден сақтанады, етеккір немесе нифастан тазарып,

жауынғанға дейін қағбаны тауаф етпейді.

Егер арафа күні болса жҽне бұлар ҽлі тазармаса жҽне ұмрамен

қажылыққа мұтаматтиғ болып ихрамға кірсе, олар қажылыққа деп

ихрамданады да оны (қажылықты) умраға кіргізеді, сҿйтіп олар

қиранға айналады.

Бұған дҽлел: Айша анамыз умраға ихрамданған болады да

етеккір кҿреді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) кірсе,

ол жылап отырады. Сонда пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уҽ

сҽллҽм) оған:

— Сені не жылатты, бәлкім нифас болған шығарсың?

— Иә.

— Бұл Аллаһтың Адам қыздарына жазған нәрсесі,

қажының істейтінін барлығын істе, бірақ қағбаны

тауаф етпе.

Имам Бухарий мен Муслим риуаят еткен Жҽбирдің (оған

Аллаһ разы болсын) хадисінде: «Кейін пайғамбар (саллаллаһу

алейһи уҽ сҽллҽм) Айша анамызға кіреді де, оны жылап отырғанын

кҿріп, оған:

— Саған не болды?

— Етеккір болдым, адамдар ихрамнан шықты, мен

шықпадым, әрі үйді де тауаф етпедім, ал адамдар қазір

қажылыққа кетіп жатыр.

— Бұл – ақиқатында оны Аллаһ Адам қыздарына жазған

нәрсесі, жуып да, кейін ниет ет.

Сонда Айша анамыз (оған Аллаһ разы болсын) соны істеді

жҽне барлық жерлерде болды. Жҽне тазарған кезінде Қағба мен

Сафа-Маруаны тауаф етті. Кейін пайғамбар (саллаллаһу алейһи уҽ

сҽллҽм) оған: «Қажылығыңды да ұмраңды да барлығын бітірдің» -

деді».

Ибн Қайм «Ҽт–Тҽһзибу Ҽс-сунан» атты кітапта (2/303) айтты:

«Айша анамыз бірінші ұмраға ихрамданғандығы жайындағы, кейін

етеккір кҿргеннен кейін пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уҽ

сҽллҽм) оған қажылыққа ихрамдануды бұйырып, сонымен ол

Page 52: Mumin ayelderge katusty

52

қоринға113

айналғандығы жайлы сахих хадистер анық. Сол үшін

пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) оған: «Қағба мен

Сафа-Маруа арасындағы тауафың қажыңа да умраңа да

жетерлі» - деді». Сҿз соңы.

5 - Әйел ихрамға кірердегі істейтін нәрселері:

Ҽйел ихрамға кірерде еркек жуынғанындай жуынады жҽне

оны алуға қажетті болған шаш пен тырнақты алады жҽне жағымсыз

иістерді кетіріп тазаланады. Ҿйткені ихрамға кіргеннен кейін

оларды алуға болмайды, сол үшін егер қажет болса, оларды

ихрамнан бұрын алады. Ал қажет болмаса, керек емес. Сол сияқты

ҽйел денесіне иісі қатты білінбейтін ҽтірлер жағуына да болады114

.

Ҿйткені Айша анамыз: «Аллаһтың елшісімен бірге шығатын едік

және маңдайымызға миск жағып алатын едік, сонда біреуміз

терлесек ол оның бетіне ағатын және соны пайғамбар

(саллаллаһу алейһи уә сәлләм) көретін де, бізді одан

қайтармайтын еді»-деді.115

Имам Шауканий «Найлуль-Аутар» атты кітапта (5/12) осы

жайлы былай деді: «Пайғамбардың (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм)

үндемеуі – оның рұқсат екендігіне дҽлел болады, ҿйткені ол қате

нҽрсеге үндемей қоймайды». Сҿз соңы.

6 - Әйел егер ихрамнан бұрын ниқап пен буркуғты киіп

жүрген болса, ихрам кезінде оларды шешеді. Ниқаб пен бурқуғ

деп бетті жабатын нҽрселерді айтады, онда ҽйел одан қарайтын

кҿздің тұсында екі тесіктері болады.

Олардың шешетін себебі — пайғамбарымыз (саллаллаһу

алейһи уҽ сҽллҽм): «Ихрамдағы әйел ниқаб кимейді»-деген116

.

Бурқуғ ниқабтан кҿре мықтырақ болады.

Егер ихрамнан бұрын қолдарына қолғап киген болса, оларды

да шешеді.

113 Қиран деп қажылық пен ұмраны бірге ниет етіп ихрамға кіруду айтады. Ихрамның бұл түрін

ниет еткен адам Меккеге жеткенде Қағбаны тауаф етеді (тауаф қудум) жҽне Сафа-Маруа арасында сағи қылады, кейін ихрамнан шықпай Нахр күніне дейін (яғни құрбандық шалатын

күн) ихрамда жүреді. Құрбан шалатын күні қашан шайтанға тас атса жҽне шашын алса

ихрамнан шығады. Қиранды ниет еткен адам таматтуғ сияқты қой сояды. 114 Яғни, крем сияқты сыртқа қатты иісі білінбейтін нҽрселер. 115 Абу Дауд р-ты. 116 Бухарий р-ты.

Page 53: Mumin ayelderge katusty

53

Ихрам кезінде ҽйел ҿзіне махрам емес, бҿтен еркектерді

кҿрген кездерінде бетін ниқаб пен бурқуғтан басқа бір шыт немесе

кҿйлекпен жабады. Сол-сияқты бҿтен адамдардан қолдарын да

қолғаптан басқа; кҿйлек жеңімен жабады. Ҿйткені бет пен қол

ауратқа жатады, оларды ихрам кезінде де, басқа кезде де

еркектерден жауып жүру қажет.

Шейхуль Ислам Ибн Тҽймия айтады: «Ҽйел болса, ол ҽурат.

Сол үшін оған ҿзін жабатын киім киюге жҽне қолшатырмен117

кҿлеңкеленуіне рұқсат етіледі. Бірақ пайғамбар (саллаллаһу алейһи

уҽ сҽллҽм) оны ниқаб, не қолғап киюден қайтарды. Егер де ҽйел

бетін оған тимейтін нҽрсемен жапса, ғұламалардың келісімі

бойынша ол рұқсат, егер ол бетіне тиіп тұратын болса да,

дұрысы: ол рұқсат етіледі. Сондықтан ҽйелге бетін жабатын

шүберегі бетіне тимеуі үшін арасына шыбық не қолы сиқяты еш

нҽрсе қоюы керек емес. Ҿйткені пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи

уҽ сҽллҽм) оның қолы мен бетін бірдей қылды, екеуі де еркектің

денесі сияқты, басы сияқты емес. Жҽне пайғамбардың ҽйелдері

(саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) шүберектері бетіне тиіп тұруына

қарамастан беттерін жауып жүретін еді. Білім иелерінің бірде-

бірі пайғамбардың (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм): «Әйелдін ихрамы

бетінде» - деген хадис бар деген жоқ. Бҽлкім бұл кейбір

ғұламалардың сҿзі». Сҿз соңы.

Ибн Қоим «Тҽһзибус-Суннҽн» кітабында (2/350):

«Пайғамбардан (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) ихрам кезінде ҽйелдің

бетін ашуы уҽжіп екендігі жайында бірде-бір ҽмір келмеді. Тек

ниқаптан қайтарды» - деді.

Кейін айтты: «Асма (оған Аллаһ разы болсын) ихрамда болған

уақытында бетін жабқандығы риуаят етілді. Жҽне Айша анамыз

(оған Аллаһ разы болсын): «Біз пайғамбармен (саллаллаһу алейһи

уә сәлләм) бірге ихрамда болғанымызда жолаушылар біздің

алдымыздан өтетін еді, егер олар бізбен қатарласып қалса

әйелдер жилбәбін басынан бетіне түсіретін. Егер өтіп кетсе

оны ашатынбыз»118

- деді». Сҿз соңы.

Ҽй ихрамдағы мұсылман ҽйел, расында саған бетіңмен

қолыңды олар үшін арнайы тігілген нҽрсемен жабуға болмайды.

117 Зонтик. 118 Абу Дауд р-ты.

Page 54: Mumin ayelderge katusty

54

Бірақ, жүзінді жҽне қолыңды махрам емес (бҿтен) еркектерден

орамал жҽне кҿйлек сияқты нҽрсемен жабу уҽжіп. Бірақ бетіңді

жабатын шүберегің бетіңе тимеуі үшін оны шыбықпен не

басқасымен болса да кҿтеруге ешқандай негіз жоқ.

7 - Әйелге ихрамды кезінде әйел киімнің қалағанын

киуіне болады, бірақ ол сҽнді жҽне ер адамнын киіміне ұқсамауы

керек. Сондай-ақ дене мүшелерді бейнелеп тұратындай тар немесе

оны кҿрсетіп тұратын жұқа болмауы керек. Жҽне аяғы не қолы

ашылып қалатын қысқа болмасын. Бҽлкім қалыңдау, кең ҽрі ұзын

болсын.

Ибн Мунзир айтты: «Білім иелері ихрамдағы ҽйелге кҿйлектер

жҽне кҿйлекшелер жҽне шалбар119

жҽне орамалдар жҽне аяқ

киімдер киюге болатындығына келіскен» - деді. Сҿз соңы. (Муғний

3/328).

Оған киімнің арнайы түрін; жасыл сияқты арнайы бір түсті

киім кию міндет емес, бірақта ҽйелдерге арналған қызыл не жасыл

не қара түстерден қалағанын киеді жҽне егер қаласа оны

ауыстыруына болады.

8 - Әйелге ихрамға кіргеннен кейін ӛзі еститіндей дәрежеде

тәльбия120

айтуы сүннет.

Ибн Абдуь Бар: «Ғұламалар ҽйел адамға дауысын кҿтермеуі

сүннет екеніне келісті. Оған ҿзі еститіндей болса болды. Ҽйел

дауысын кҿтеруі себепті фитна қаупі болғандықтан, оған даусын

кҿтеруі мҽкруһ болады. Сол үшін ҽйелге азан жҽне қомат айту

сүннет емес. Сол сияқты оған намазда тұрғанда егер имам

қателесіп оны ескертпекші болса, таспих айтпай, қолымен

шапалақтау сүннет болады»-деді. Сҿз соңы. (Муғний 2/330,331)

9 - Әйелге тауаф қылған кезінде толық жабылуы және

дауысын кӛтермеуі әрі кӛздерін тӛмен түсіруі уәжіп болады.

Сондай-ақ еректермен қыстырылысып тауаф қылуларына болмайды.

Ҽсіресе қара тас немесе Иемен бұрышы жанында болғанда.

119 Кҿйлекшелер мен шалбарлар ұзын кең жҽне қалың хижабтың ішінен киіледі. 120 Тҽльбия деп қажылық кезінде айтылатын «Лҽббҽйка Аллаһумма лҽббҽйк...» сҿздерін айтады.

Page 55: Mumin ayelderge katusty

55

Ҽйелдің адамдармен сығылыспастан қағбадан ұзағырақ тауаф

етуі — сығылысып Қағбаның түбінде тауаф қылуынан артық.

Ҿйткені онда фитна болғандықтан адамдармен сығылысу харам

болады. Ал қағбаға жақын жүру жҽне қара тасты сүю болса, олар

егер жеңіл болса сүннет болады. Сүннеті орындаймын деп хармды

істеуге болмайды. Тіпті бұл жағдайда ҽйелге бұл сүннет емес.

Ҿйткені бұл жағдайда ҽйелге қара тастың қатарына келгенде оған

ишарат етуі сүннет болады.

Имам Науауий «Мажмуғ» кітабында (8/37): «Ғалымдарымыз:

«Ҽйелдерге сағылысып ҿздеріне жҽне ҿзгелерге зиян

тигізетіндіктен оларға қара тасты сүю жҽне оны ұстаулары

жақсы емес. Тек тауаф орны бос кезде, түн немесе басқа уақытта

оны сүюлеріне болады»-деді». Сҿз соңы.

Муғниде (3/331): «Ҽйелге түнде тауаф қылуы мустахаб

болады. Ҿйткені түн оған жасырынырақ жҽне сығылысуы да

азырақ. Сондықтан Қағбаға жақын келіп қара тасты ұстауына

мүмкіншілік болады» – деді. Сҿз соңы.

10 - Муғниде (3/394): «Әйелдердің тауафы және сағиы

барлығы жәй жүрумен болады-деді.

Ибн Мунзир: «Білім иелері ҽйелдерге Қағбаның айналасында

жҽне Сафа-Маруаның арасында рамл121

қылып жүрулеріне жҽне

еркектер сияқты оң иықтарын ашып жүрулеріне болмайды.

Ҿйткені бұлардағы мақсат күш-жігерлікті кҿрсету. Ал бұл ҽйелдер

ақысында мақсат етілмейді. Ҿйткені ҽйелдердегі мақсат

жасырыну. Ал рамл жҽне иықты ашу — олардың ашылып

қалуларына ҽкеліп соғады» – деді. Сҿз соңы.

11 - Етеккір болған әйелдің хаж амалдарынан қылатын

және тазарғанға дейін қылмайтын істері:

Етеккір ҽйел ихрамнан бастап Арафада тұру жҽне

Муздалифада түнеу жҽне жамаратқа тас ату сияқты хаж

амалдарының барлығын орындайды жҽне тазарғанға дейін Қағбаны

тауаф етпейді. Ҿйткені Пайғмбарымыз (саллаллаһу алейһи уҽ

сҽллҽм) Айша анамызға (оған Аллаһ разы болсын) хайз кҿрген

кезінде былай деді: «Қажылар істейтін амалдарды істе бірақ

121 Рамл деп қысқа қадамдармен тез-тез жүруді айтады.

Page 56: Mumin ayelderge katusty

56

тазарғанға дейін Қағбаны тауаф етпе»122

. Муслимнің риуаятында:

«Қажылар өтейтін амалдардың барлығын өте, бірақ жуынғанға

дейін Қағбаны тауаф етпе»-деген.

Имам Шаукани «Найлуль Аутар» кітабында (5/49): «Хадисте

хайз ҽйелдің қаны тоқтап тазарғанға дейін тауаф қылуынан

қайтарылғаны анық. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уҽ

сҽллҽм) бұл қайтаруы — ол істің дұрыс емес екеніне дҽлел,

сондықтан хайз ҽйелдің тауаф етуі дұрыс болмайды. Бұл жалпы

ғұламалардың сҿзі»-деді. Сҿз соңы.

Етеккір ҽйел Сафа-Маруа арасында сағи қылмайды. Ҿйткені

сағиды қажының тауафынан бұрын істеу дұрыс болмайды ҿйткені

пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) тауафтан бұрын сағи

қылмаған.

Имам Науауий «Мажмуғ» кітабында (8/82) былай деді:«Егер

тауафтан бұрын сағи қылса, оның сағиы біздің айтуымызша

дұрыс болмайды. Жалпы ғұламалар да осылай дейді. Жоғарыда

Мауардий ғұламалардың осыған келіскендігін айтқанын атап

ҿттік. Жҽне бұл имам Малик, Абу Ханифа жҽне имам Ахмадтың

мазғабы.

Ибн Мунзир Атоның жҽне кейбір хадис ғалымдарының

сағидың тауафтан бұрын істеуге болатындығын айтты жҽне

біздің ғалымдарымыз осыны Атодан жҽне Даудтан жеткізді.

Біздің дҽлеліміз: Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уҽ

сҽллҽм) тауафтан кейін сағи қылған жҽне пайғамбарымыз

(саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм): « Менен хажы амалдарын үйреніп

алыңдар»- деген. Ал сахаби ибн Шариктің (оған Аллаһ разы болсын)

хадисіне келетін болсақ, ол кісі айтты: «Аллаһтың елшісімен

(саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) бірге хажылыққа шықтым, сонда

адамдар оған келетін еді, олардың бірі: «Иҽ Аллаһтың елшісі,

тауаф қылуымнан алдын сағи қылып қойсам, немесе бір нҽрсені

кешіктіріп қойсам, не бір нҽрсені алдын істеп қойсам не болады?» -

деп сұрайтын еді. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уҽ

сҽллҽм): «Ештеңе етпейді, тек қана кім бір мұсылманның

абыройын зұлымдық қылып кеміткен болса, міне сол

жамандыққа тап болған болады»-деді.

122 Бухарий мен Муслим р-ты.

Page 57: Mumin ayelderge katusty

57

Бұл хадисті Абу Дауд сахих иснадпен риуаят еткен. Бұл

хадис Хаттаби жҽне одан ҿзгелер сілтеген нҽрсені кҿрсетіп тұр,

ол: «Тауаф қылудан алдын сағи қылдым» - деген сҿзі, яғни тауаф-

қудумнан кейін тауаф-ифададан бұрын сағи қылдым дегені». Сҿз

сҿңы.

Ұзтазымыз шейх Мухаммед Амин Шинқитий (оны Аллаһ рахым

етсін) ҿзінің «Адуауль-Баян» атты тҽпсірінде (5/252): «Біл,

кҿптеген ғұламалар сағидың тауафтан кейін ғана дұрыс

болатындығын айтады, ал егерде тауафтан бұрын сағи қылса,

дұрыс болмайды деген. Бұл ғұламалардың, олардың ішінде тҿрт

имамның да сҿзі. Мауардий жҽне одан ҿзгелер ғұламалардың осыған

келіскендігін айтты»-деді. Кейін жоғарыда айтылған Науауийдің

сҿзін жҽне оның Ибн Шариктің хадисіне берген жауабын келтірді.

Сосын былай деді: ««Тауафтан алдын»-деген сҿзі, рүкн болған

тауаф-ифададан бұрын тауаф қылдым дегенді білдіреді. Бұл оның

рүкн болмаған тауаф-қудумнан кейін сағи қылғандығына қарсы

келмейді»-деді. Сҿз соңы.

Муғниде (5/240): «Сағи тауафқа еріп келеді, оның тауафтан

бұрын болуы дұрыс емес. Ал егер тауафтан алдын сағи қылса дұрыс

болмайды. Осыны имам Малик жҽне Шафиғий жҽне басқа

ғалымдар айтты. Имам Ато (оны Аллаһ рақым етсін): «Рұқсат

етіледі»-деді. Имам Ахмад: «Егер ұмытып кетсе рұқсат, ал егер

біле тұра істесе рұқсат етілмейді» – деді. Ҿйткені

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) естен шығару

немесе білместікпен кешіктіру, немесе алдын қылу жайында

сұралған кезде: «Ештеңе етпейді»-деді. Біріншіден:

«Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) тауафтан кейін

сағи қылған жҽне «Менен қажылық амалдарыңды үйреніп

алыңдар» - деген»-деді. Сҿз соңы.

Жоғарыда айтылғаннан белгілі болғаны: сағидың тауафтан алдын

дұрыс болады деп айтатындардың дҽлел ретінде осы хадисті дҽлел

ретінде келтіруі дұрыс емес. Хадис оған дҽлел болмайды. Ҿйткені

ол екі істің біріне жатады:

1 - Ол не тауаф-ифададан алдын сағи қылған кісі жайында,

ҿйткені ол сағиді тауаф-қудум үшін қылған болады да, оның бұл

сағиы тауафтан кейін орындалған болады.123

123

Яғни, ол адамның істеген сағиі тауаф-қудумнан кейін болған болады.

Page 58: Mumin ayelderge katusty

58

2 - Немесе ол ҽдейі істемей, ұмытып немесе білмей істеген

адам жайлы болуы мүмкін.

Бұл мҽселеде кҿп тоқталған себебім: бүгінгі күнде жалпы сағиды

тауафтан алдын орындауға болады деп фҽтуа берушілер кҿп

байқалды.

Ескерту:

Егерде ҽйел адам тауаф аяқталғаннан кейін етеккір кҿретін

болса, ол бұндай жағдайда сағи қыла береді. Ҿйткені сағиға дҽрет

шарт емес.

Муғниде (5/246): «Білім иелерінің кҿпшілігі Сафа мен

Маруаның арасында сағи ету үшін дҽрет шарт емес деп біледі.

Осыны айтқандардан: Ато, Малик, Шафиғий, Абу Саур, жҽне

Ханафи ғұламалары»-деді. Кейін: «Абу Дауд имам Ахмадтың :

«Егер ҽйел адам Кағбаны тауаф қылса, сосын етеккірі келетін

болса, сафа-маруаны сағи қылады да кетеді»- дегенін естідім»-

деді. Ҽл-Асрам Айша анамыздан жҽне Умму Саламадан (оларға

Аллаһ разы болсын): «Егер ҽйел адам Қағбаны тауаф қылып жҽне

екі ракағат намаз оқыса сосын етеккір кҿретін болса, сафа-

маруаның арасын сағи қылсын»- дегенін риуаят етті»-деді. Сҿз

соңы.

12 - Әйелдерге сығылысудан қорыққандықтан айдың

кӛзден ғайып болғанынан кейін әлсіздермен бірге

Муздалифадан кете берулеріне және Минаға жеткен кезде

жамаратуль-Ақабаға тас атуларына болады.

Ҽл-Муаффақ Муғниде (5/286) : «Ҽйелдермен ҽлсіздердің

Муздалифадан басқалардан алдын кетулеріне ештеңе етпейді.

Абдурахман ибн Ауф жҽне Айша (оларға Аллаһ разы болсын)

ҿздерінің ҽлсіз туысқандарын алдын ала Муздалифадан

қайтаратын еді. Осыны Ато, Сҽурий, Шафиғий, жҽне Абу Сҽур

жҽне басқа ғалымдар айтты. Бұған қарсы келген біреуді білмейміз.

Ҿйткені бұл — олар үшін мейірімділік жҽне оларды сығылысу

ауыртпалығынан сақтау ҽрі Пайғамбарға (саллаллаһу алейһи уҽ

сҽллҽм) ілесу»-деді. Сҿз соңы.

Page 59: Mumin ayelderge katusty

59

Имам Шауканий «Найлуль Аутар» атты кітапта (5/70) :

«Дҽлелдерден белгілі болғаны: Муздалифадан түннің ортасынан

кетуге рұқсат етілмегендерге тас ату уақыты — күн шыққанан

кейін. Ал рұқсат етілгендерге; ҽйелдер жҽне ҽлсіздер сияқтыларға

тас ату — күн шығудан бұрын рұқсат етіледі» - деді. Сҿз соңы.

Имам Науауий «Мажмуғ» кітабында (8/125): «Шафиғий жҽне

басқа ғалымдар: «Ҽйелдерді жҽне басқа ҽлсіз адамдарды түннің

жарымынан кейін күн шығудан алдын, адамдар сығылыспай тұрып

Жамаратқа тас ату үшін Минаға қайтару — сүннет» - деді. Кейін

осыған дҽлел болатын хадистерді айтты.

13 - Әйел қажылықта және ұмрада шашын саусақ

ұшындай қысқартады. Оған шашын қырып тастауға болмайды.

Муғниде (5/310): «Ҽйелге шашын қыру емес, қысқарту

шариғат етілген. Бұнда келіспеушілік жоқ. Ибн Мунзир: «Білім

иелері осыған келіскен, ҿйткені ҽйелдер үшін шашын қыру —

қорлауға жатады»-деді. Ибн Аббас (оған Аллаһ разы болсын):

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм):«Әйелдерге шашын

қыру емес қысқарту керек»124

– дегенін риуаят етті. Имам

Тирмизий Алидің (оған Аллаһ разы болсын): «Пайғамбарымыз

(саллаллаһу алейһи уә сәлләм) әйелдерді шаштарын қырудан

қайтарды» - дегенін риуаят етті. Имам Ахмад былай дейтін еді:

«Ҽйел шашының ҽр ҿрімінен саусақтың ұшындай қысқартады». Бұл

Ибн Омардың, Шафиғийдің жҽне Исхақ пен Абу Сҽурдің сҿзі. Абу

Дауд: «Ахмадтың ҽйел басының барлық жерінен қысқартуынан

сұралғанын естідім, сонда ол кісі: «Иҽ, шашын басының алдыңғы

жағына жинайды да оның ұшынан саусақтың ұшындай алады»-

деді». Сҿз соңы.

Имам Науауий «Мажмуғ» кітабында (8/150,154): «Ғұламалар

ҽйелдің шашын қыруға бұйырылмайтындығына, керісінше оның

міндеті шашын қысқарту екендігіне келісті. Ҿйткені ол ҽйелдерге

бидағат жҽне онда қорлау бар»-деді.

124 Абу Дауд.

Page 60: Mumin ayelderge katusty

60

14 – Етеккір кӛрген әйел егерде жамаратуль-Ақабада тас

атса және шаш қысқартса, ол ихрамнан шығады да оған ихрам

себепті тыйым салынған нҽрселердің барлығы рұқсат етіледі, тек

қана күйеуі оған жақындасуына болмайды. Сондықтан оған тауаф-

ифаданы істеп біткенше күйеуне ҿзімен жакындасуға мүнкіншілік

бермеуі керек. Егер осы уақыт аралығында (тауаф ифаданы

істегенге дейін) күйеуі ҽйеліне қосылып қойса, оған фидия тҿлеу

керек болады. Ол фидия Меккеде бір қой сойып, оны Мекке

міскіндеріне тарату125

. Ҿйткені бұл қосылу бірінші ихрамнан

шыққаннан кейін болды.

15 - Егерде әйел тауаф-ифададан кейін етеккір кӛрсе, ол

қалаған уақытта сапар қыла береді де оған тауаф-уадағты істеу

жүктелмейді. Ҿйткені Айша анамыз (оған Аллаһ разы болсын):

«Хуяйдің қызы София тауаф-ифада істегеннен кейін еттеккір кҿрді.

Мен соны Пайғамбарымызға (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) айттым,

сонда ол: «Ол бізді ұстап қалады ма?» - деді. Мен: Ҽй Аллаһтың

елшісі, ол тауаф-ифаданы қылып, содан кейін еттеккір кҿрді дедім.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм): «Ондай болса, кете

берсін»126

- деп айтты»-деді. Имам Бухарий мен Муслим ибн

Аббастан: «Адамдар олардың қажылықтағы ең ақырғы амалдары

тауаф-уадағ болуына бұйырылды. Тек қана ол еттекір кҿрген

ҽйелдерден жеңілдетілді» - дегенін риуаят етті. Имам Ахмад Ибн

Аббастан пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм):«Етеккір

көрген әйелге егер ол тауаф-ифаданы істеген болса, тауаф-

уадағды істемей-ақ кете берулеріне рұқсат еткенін» риуаят етті.

Имам Науауий «Мажмуғ» кітабында (8/281) былай деді: «Ибн

Мунзир: Осыны жалпы білім иелері айтты, олардан: Малик,

Ҽузағий, Саурий, Ахмад, Исхақ, Абу Саур, Абу Ханифа жҽне

басқалар»-деді. Сҿз соңы.

Муғниде (3/461):«Бұл осы елдердегі жалпы фиқһ ғұламалары-

ның сҿзі»-деді. Жҽне «Нифас кҿрген ҽйелдердің үкімдері — етеккір

кҿрген ҽйелдердің үкімдерімен бірдей. Ҿйткені нифас жағдайдағы

125 Қойды Меккеден басқа жерде сойып таратуға болмайды. 126 Бухарий, Муслим р-ты.

Page 61: Mumin ayelderge katusty

61

оған уҽжіп болатын жҽне уҽжіп болмайтын үкімдері – етеккір

жағдайдағы ҽйелдің үкімі сияқты» – деді. Сҿз соңы.

16 - Әйел адамға намаз оқу үшін әрі дұға қылу үшін

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) мешітіне

баруы мустахаб болады. Бірақ оған Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) қабірін зиярат етуге болмайды.

Ҿйткені ҽйел адам қабірлерді зиярат етуден қайтарылған.

Сауд Арабия мемлекетінің муфтиі шейх Мухаммад Ибн

Ибрахим Ҽлі-Шейх ҿзінің фатуалар жинағында (3/239): «Бұл

мҽселеде дұрысы: оларды Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи

уҽ сҽллҽм) қабірін зиярат етуден қайтару. Бұның екі себебі бар:

Біріншіден: жалпылай ҽйелдерді қабірлерді зиярат етуден

қайтаратын дҽлелдердің келгендігі. Егер тыйым салу жалпы келген

болса, ешкімге дҽлелсіз оны арнайы етуіне болмайды. Кейін бұл

жерде тыйым етілудің себептері бар....».127

Сҿз соңы.

Шейх Абдулазиз ибн Баз (оны Аллаһ рақым етсін) ҿзінің

қажылық туралы жазған кітабында пайғамбарымыздың (саллаллаһу

алейһи уҽ сҽллҽм) мешітін зиярат етушілерге оның қабірін зиярат

ету жайында айтқан кезде былай деді: «Бұл зиярат тек еркектерге

шариғат етілген. Ал ҽйелдер үшін қабірлердің еш бірін зиярат

етулеріне болмайды. Ҿйткені пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи

уҽ сҽллҽм) қабірлерді зиярат етуші ҽйелдерді жҽне оның үстіне

мешіттер құрып, шырақтар жағушыларды лағнеттеді.

Ал пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм)

мешітінде намаз оқуды, онда дұға қылуды мақсат етіп Мединеге

бару, тағы сол сияқты шариғат етілген істерді істеу үшін ҿзге

мешіттерге бару128

— баршаға шариғат етілген». Сҿз соңы.

127 Яғни, сол үшін ҽйелдерді қабірлерді зиярат етуден тыятын себеб бар. 128 Мединеде зиярат етілетін жерлер тек пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм)

мешіті жҽне пайғамбарымыз бен (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) Абу Бакр, Омардың қабірлері,

Құба мешіті жҽне Бақиғ, сондай-ақ Ухуд соғысының шаһидтерінің қабірі. Осы бес жерден

басқасына зиярат етуге ешқандай дҽлел келмеген. Бұл еркектерге қатысты, ал ҽйелдерге

қабірлерді зиярат етуге тыйым салынғандықтан олраға қабірлерге баруларына болмайды,

басқаларына барады.

Page 62: Mumin ayelderge katusty

62

9-бӛлім.

Үйлену және ажырасу үкімдері

Аллаһ Тағала Құранда: «Сендерге, оған тұрақтауларың

үшін ӛз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа

сүйіспеншілік, мейірімділік пайда қылғандығы да оның

белгілерінен. Сӛз жоқ осыларда ойланған елге белгілер бар»129

;

«Араларыңдағы бойдақтарды сондай-ақ қолдарыңдағы

құл, күндердің дұрыстарын үйлендіріңдер. Егер олар кедей

болса да, Аллаһ ӛз кеңшілігімен оларды байытады. Аллаһ аса

кеңшілік иесі, толық білуші»130

– деді.

Ибн Кҽсир (оны Аллаһ рақым етсін) : «Бұл үйленуге бұйрық.

Ғұламалардың бір тобы: «Үйлену — шамасы келген ҽрбір адамға

уҽжіб»-деген. Олар пайғамбарымыздың (саллалаһу алейһи уҽ

сҽллҽм): «Ей жастар кімде – кімнің мүмкіндігі болса үйленсін.

Сол арқылы көздеріңмен жыныс мушелеріңді харамнан

сақтайсыңдар! Ал кімнің шамасы жетпесе, ораза ұстасын.

Себебі, ораза нәпсі қалауын тізгіндейді»131

- деген айқын сҿзімен

дҽлел келтірді»-деді.

Кейін: ««Егер олар кедей болса, Аллаһ оларды ӛз

кеңшілігімен байытады» - деген аятты дҽлелге ала отыра: «Үйлену

— байюдың себебі»- деді.

Жҽне Абу Бакр Сыддық (оған Аллаһ разы болсын):

«Аллаһтың неке қылуға бұйырғанынана бойұсыныңдар, сонда ол

сендерді «байытамын» деген уҽдесін жүзеге асырады. Аллаһ Тағала

былай деді: «Егер олар кедей болса, Аллаһ оларды ӛз

кеңшілігімен байытады»» -дегенін айтты.

Ибн Жҽрир Ибн Масғудттың (оған Аллаһ разы болсын) былай

дегенін риуаят етті: «Байлықты некелесуден іздеңдер, ҿйткені Аллаһ

Тағала: «Егер олар кедей болса, Аллаһ оларды ӛз кеңшілігімен

байытады»-деді». Имам Бағауий да Омардан (оған Аллаһ разы

болсын) тура осындай сҿз келтірді»-деді.132

Сҿз соңы.

Шейхуль Ислам Ибн Таймия фатуалар жинағында (32/90):

«Аллаһ Тағала мүміндерге үйленуді, ажырасуды жҽне сол

129 Рум. 21 130 Нур. 32 131 Бухарий, Муслим р-ты. 132 Ибн Касир тҽпсірі (5/94,95).

Page 63: Mumin ayelderge katusty

63

ажырасқан ҽйел басқаға некелесіп, одан қайта ажырасса, оған

қайта үйленуіне рұқсат етті. Христиандар олардың бір-бірлеріне

некелесуді тыйым салады, ал кімге үйленуді рұқсат етсе, оған

ажырасуға рұқсат етпейді.

Яхудилер ажырасуды рұқсат етеді. Егер ажырасқан ҽйел

басқаға некелесіп, одан ажырасса, оған қайта үйленуге рұқсат

етпейді. Христиандарда ажырасуға болмайды, яхудилерде

ажырасқан ҽйел басқаға некесіп, одан ажырасса, оған қайта

қосылуына болмайды. Аллаһ Тағала мүміндерге мұны да оны да

рұқсат етті»-деді. Сҿз соңы.

Ибн Қойм (оған Аллаһтың рақымдылығы болсын) «Һади Ҽн-

Нҽбауи»133

атты кітапта (3/149) үйлену мақсаттарының бірі болған,

жыныстық қарым-қатынастың пайдаларын баян етіп былай деді:

«Негізінде жыныстық қатынас үш нҽрсе үшін зандастырылған.

Осылар оның негізгі мақсаттары болып табылады:

1. Текті сақтау жҽне осы ҽлемге келетін адамның

тағдырланған санағының толық болуы.

2. Бойда жиналып қалған денеге зиян беретін ұрықты

шығару.

3. Шаһуатты қанағаттандыру, лҽзҽттану ҽрі нығметке

бҿлену». Сҿз соңы.

Үйленуде кӛптеген пайдалар бар, олардың ең маңыздысы:

1-Зинадан сақтану жҽне харамға қараудан тыйылу.

2-Ұрпақ пайда қылу жҽне текті сақтау.

3-Ерлі зайыптылардың арасында тыныштықтың орын алып

рухани тұрақтылықтың болуы.

4-Мұсылман жамағатының іргетасын құрайтын ізгі жанұя

құруға ерлі зайыптылардың бір-біріне жҽрдемдесуі.

5-Ердің ҽйелді ҿз кепілдігіне жҽне қорғауына алуы.

133 Задуль-Мағад.

Page 64: Mumin ayelderge katusty

64

6-Ҽйелдің үй шаруашылығын орындауы, яғни, осы ҿмірдегі

ҽйелдің ҿзіне лайықты міндетін ҿтеуі.

Ҽйелдің ҽрі қоғамның дұшпандарының: «Ҽйел үйден тыс

істерде ермен тең» -дегендеріндей емес. Олар осы сҿздерімен ҽйелді

үйінен шығарып оны ҿзіне лайықты міндетінен ажыратып, оған

ҿзгенің ісін тапсырды да, ҿзгеге оның ісін жүктеп қойды. Нҽтижеде

жанұя жұйесі бұзылды, ерлі зайыптылар арасында түсінбеушілік

орын алды. Осы нҽрсе кҿбінше олардың ажырасуына немесе

сҽтсіздікке ұшырап, зардап шегулеріне себеп болды.

Ұстазымыз шейх Мухаммад Ҽмин Шынқытий «Адуауль-

Баян» атты тҽпсірінде (3/422): «Аллаһ Тағала мені де сені де ҿзінің

разы болатын ҽрі жақсы кҿретін істеріне бастасын! Бір нҽрсені

біліп ал: Бұл барша орындармен үкімдерде ҽйелді ермен теңестіру

пікірі — қате, бұзық, күпірлік пікір. Ол ақыл мен түйсікке, кҿктен

түскен уахиге ҽрі жаратушының шариғатына қайшы. Мұнда тек

Аллаһ кҿр еткен адамдардан баска ешкімге жасырын қалмайтын

адамзат қоғамы үшін зияндар мен нұқсандар бар. Ҿйткені Аллаһ

Тағала ҽйелді адамзат қоғамының құрылуына серіктес болуы үшін

ҽйелдің ҿзінің арнайы сипатына сҽйкес жарамды қылды. Бұл

нҽрселерге тек қана ҽйел жарамды, оған ҽйелден басқа ешкім

жарамды емес. Олар: жүкті болу, босану, емізу, бала тҽрбиелеу, үй

шаруалары жҽне ас ҽзірлеу, қамыр илеу, үй сыпыру жҽне ҿзге де

тұрмыс істерін орындау сияқты. Бұл қоғам үшін атқарылатын

қызметтерді ҽйел бҿтен кҿзден тыс үйінің ішінде, инабаттылық

пен қамқорлықта, абырой-беделін жҽне адамгершілігін сақтаған

күйде орындайды. Ҽйелдің атқаратын осы қызметтері ердің

істеген кҽсібінен еш кем түспейді. Демек кҽпірлермен соларға ерген

ақымақ надандардың ойынша: ҽйелдер еркек сияқты үйден

тысқары қызметтерді істеуге ақысы бар деулері бекер. Ҿйткені

куҽ болып жургеніміздей, ҽйелдің жүкті немесе кеудеде баласы

болуы жҽне нифас қанын кҿруі кезінде, онда кез келген қиыншылығы

болған қандай да бір істі ҿтеуге шамасы келмейді. Егер ҽйел

күйеуімен бірге үйден тысқарыға шығып кететін болса, жас

балаларға қарау, еміздік жасындағыны емізу, ері жұмысынан келсе

сусын-тағамын ҽзірлеу сияқты үй қызыметтерінің барлығы азып-

тозып заяа кетеді. Ал егер ҽйелдің орнын басатын адам

жалдайтын болса, ол адам ҿзінің қоғамдағы орнынан қалай

Page 65: Mumin ayelderge katusty

65

бағанағы ҽйел ҿз орнынан қашып, одан босаған болса, ол да солай

босайды. Сҿйтіп нҽтижеде іс кері кетеді. Ҽйелдің тысқа

шығуында жҽне салғырттығанда адамгершілік пен дінді жоғалту

бар» - деді. Сҿз соңы.

Ҽй, мұсылман қарындас, Аллаһтан қорық! Пайдақорлардың сені

діннен ұзақтатуды кҿздеген үгіт насихаттарына алданып қалма!

Осыған алданып қалып жатқан ҽйелдердің уақиғасы — олардың

бұзғындық пен сҽтсіздікке ұшырап жатқандығына куҽлік етеді жҽне

бұған тҽжірбие айқын дҽлел. Талапқа сай, жас болып тұрған

шағыңда тұрмыс құруға асық. Тұрмыс кұруды оқуды немесе

қызметті жалғастыру үшін кешіктірме. Ҿйткені сҽтті тұрмыс құру —

ҿзіңнің тыныштығың ҽрі бақытың. Ол барлық оқудың да, қызметтің

де орнын басады, ал оқу немесе қызмет қандай жетістікке жетсе де

тұрмыс құрудың орнын баса алмайды. Үй шаруашылығы мен бала

тҽрбиесін атқар, міне осы — ҿмірдегі негізгі жемісті ісің жҽне оны

алмастыратын нҽрсе іздеме, ҿйткені оған еш нҽрсе тең келмейді. Ізгі

адаммен тұрмыс құруды қолыңнан жіберіп алма. Ҿйткені

пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уҽ сҽллҽм): «Егер сендерге

дінімен мінез-құлқына көңілдерің толатын адам қыздарыңның

қолын сұрап келсе, қыздарыңды оған тұрмысқа беріңдер, ал олай

қылмасаңдар, жер бетінде бүлік пен бұзақшылық болады»134

-

деді.

Әйелді тұрмысқа бергенде оның ойымен санасу

Тұрмысқа берілетін ҽйел үш жағдайдан шықпайды: не

кішкентай қыз болуы, немесе ұяты кетпеген, ер кҿрмеген балағат

жастағы қыз болу. Немесе жесір ҽйел болу. Осының ҽрбіріне арнайы

үкімдер бар.

1- Кішкентай қызға келсек, ҽкесіне қыздың рұқсатынсыз оны

тұрмысқа беруіне болатындығына еш тартыс жоқ. Ҿйткені

кішкіентай қыздан рұқсат сұралмайды жҽне Ҽбу Бҽкр Сыдық

«Қызы Айшаны (оған Аллаһ разы болсын) Пайғамбарға (саллалаһу

алейһи уҽ сҽллҽм) тұрмысқа бергенде ол алты жаста еді,

пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уҽ сҽллҽм) оған қосылғанда, ол

тоғыз жаста еді».135

134 Тирмизий р-ты. 135 Бухарий, Муслим р-ты.

Page 66: Mumin ayelderge katusty

66

Имам Шаукҽний «Найлуль Аутар» атты кітапта (6/128,129):

«Бұл хадисте ҽкенің қызын балағатқа толмай тұрып күйеуге

беруіне болатындығына дҽлел бар жҽне жас қызды үлкен адамға

күйеуге беруге болатындығына дҽлел бар. Имам Бухарий (ҿзінің

«Сахих» атты кітабында) бұған арнап жеке бап тағайындап

жазды жҽне онда Айшаның хадисін келтірді. Имам Ибн Хажар

«Фатхуль-Барий» атты кітапта ғалымдардың осыған келіскендігін

атап ҿтті» - деді. Сҿз соңы.

Мұғнида (6/487) былай деді: «Ибн Мунзир: «Біз олардан

жаттап жүрген ғалымдарымыздың барлығы: ҽкенің жас қызын

егер оны теңіне тұрмысқа беретін болса, некелестіруге

болатындығына келіскендігін айтты» -деді». Сҿз соңы.

Ҽбу Бҽкрдің Айшаны (оларға Аллаһ разы болсын) алты жасар

қыз бола тұра Пайғамбарымызға (саллалаһу алейһи уҽ сҽллҽм)

тұрмысқа беруінде, жас қызды ересек адамға некелестіруді

қайтаратындарға жҽне осыны оңбағандық, жағымсыздық деп

есептейтіндерге қарсы қатты тойтарыс бар. Осыны олар тек надан

білімсіздіктерінен немесе бұның артынан белгілі мақсат

тұтқандарынан айтады.

2 - Ұяты кетпеген, ер кҿрмеген балағат жастағы қызға келсек,

ол тек ҿзінің рұқсатымен ғана тұрмысқа беріледі. Оның рұқсаты —

үндемеуі. Ҿйткені пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уҽ сҽллҽм):

«Ұяты кетпеген, ер көрмеген қыз, одан рұқсат алынбайынша

ұзатылмайды» - деді. Сонда сахабалар: «Әй, Аллаһтың елшісі,

оның рұқсат етуі қалай болады?» - дегенде, Пайғамбарымыз

(саллалаһу алейһи уҽ сҽллҽм): «Оның үндемеуі»136

- деді.

Сондықтан міндетті түрде қыздың рұқсаты болуы керек.

Ғұламалардың сҿздерінің ең дұрысына сҽйкес, егер қызды

ұзатушы ҽкесі болса да, міндетті түрде қыздың рұқсаты керек.

Ибн Қойм «Һҽдий»137

атты кітапта (5/96): «Бұл — алдыңғы ҿткен

ғалымдардың жҽне Абу Ханифа мазхабының, кейбір

риуаяттардағы Ахмматтың да сҿзі. Бұл — біз онымен Аллаһқа бой

ұсынатын сҿз, одан ҿзге деп иланбаймыз. Бұл Пайғамбарымыздың

(саллалаһу алейһи уҽ сҽллҽм) үкімдері жҽне бұйрықтары мен

тыйымдарына сҽйкес сҿз»-деді. Сҿз соңы.

136 Бухарий, Муслим р-ты. 137 Задуль-Мағад.

Page 67: Mumin ayelderge katusty

67

3 - Ал жесір ҽйелге келсек, ол тек ҿзінің рұқсатымен тұрмысқа

беріледі. Оның рұқсаты — ер кҿрмеген қызға қарағанда сҿйлеуімен

болады, ҿйткені қыздың рұқсаты — үндемеуі.

Муғнида (6/493): «Жесір ҽйел разылығын тілмен айтып

хабарлауында ғұламалардың арасында еш келіспеушілікті

білмейміз. Ҿйткені, тіл жүректегі нҽрсені жеткізуші. Рұқсат

беретін барлық жағдайда, оның тілімен айтуы есепке алынады» -

деді. Сҿз соңы.

Шейхуль Ислам Ибн Таймия фатауалар жинағында (32/39, 40):

«Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уҽ сҽллҽм) бұйырғандай, ҽйел

адамды оның рұқсатынсыз ешкімге ұзатуға болмайды, егер некеге

отыруды ұнатпаса, оны мҽжбүрлеуге болмайды. Тек кішкентай

қызды ғана ҽкесі одан рұқсат сұрамай тұрмысқа бере алады. Ал

балағат жастағы жесір ҽйелді алсақ, мұсылмандардың келісімі

бойынша ҽйелдің рұқсатынсыз; ҽкесінің немесе ҿзгенің де оны

тұрмысқа беруіне болмайды. Сол сияқты балағат жастағы қызды

мұсылмандардың келісімі бойынша, ҽке мен атадан басқаларына

қыздың рұқсатынсыз оны тұрмысқа беруілеріне болмайды. Ал ҽке

мен ата қызды ұзататын болса, оларға қыздың келісімін алу керек

болады.

Ғұламалар қызды күйеуге беруде оның келісімін алу — ол

уҽжіп пе, немесе мұстахаб па? - деп тартысқан. Дұрысы — ол

уҽжіп. Ал қызды тұрмысқа беріп жатқан қамқоршысына Аллаһқа

тақуалық қылып, оны кімге тұрмысқа беріп жатқандығына, ҽрі

қыздың болашақ күйеуі қызға тең келе ме, келмей ме? – осының

барлығына қарауы керек. Ҿйткені ол қызды тек қыздың игілігі үшін

тұрмысқа береді, ҿзінің игілігі үшін бермейді»-деді. Сҿз соңы.

Әйелді тұрмысқа беруде қамқоршының шарт етілуі және

осының даналығы.

Ҽйелге ҿзіне лайықты күйеу таңдаудың құқығын беріп қою дегені,

онда туыстарымен жанұясына зиян тисе де қалағанына ерге тиюге

толық тізгінді беріп қою деген емес. Бҽлкім ҽйел ҿзінің таңдауын

бақылап ҽрі оған турасын кҿрсететін, ҽрі неке қиюына бас кҿз

болатын уҽлиге байланысты. Сондықтан ҽйел ҿз-ҿзінің некесін

қиюына болмайды. Егер қиса ол некесі дұрыс болмайды. Ҿйткені

сунанда Айша анамыздан (оған Аллаһ разы болсын) келген хадисте

Page 68: Mumin ayelderge katusty

68

пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уҽ сҽллҽм) : «Қандай да бір әйел

өзінің уәлиінің рұқсатынсыз өзінің некесін қиятын болса, оның

некесі дұрыс емес, оның некесі дұрыс емес, оның некесі дұрыс

емес»138

-деген. Тағы да тҿрт сунанда: «Неке тек уәлимен

қиылады»-деген хадис келген. Міне бұл екі хадис жҽне оның

мағыналары неке тек уҽлимен болса ғана дұрыс болатынына дҽлел

етеді. Ҿйткені қайтарудағы негіз — оның дұрыстығын қайтару

болып табылады.

Имам Тимизи айтады: «Білім иелері осыған сҽйкес амал етуде,

олардан: Ұмар, Али, Ибн Аббас, Абу Һурайра (оларға Аллаһ разы

болсын) жҽне тағы басқалары. Сондай-ақ табиғиндердің

ғұламаларынан да: "Неке тек уҽлимен қиылады"-дегендері риуаят

етілген. Бұл Имам Шафиғий, Ахмад жҽне Исхақтың сҿздері».

(Муғний:6/449)

Некені жариялау үшін әйелдердің дуф139

ұру үкімі

Ҽйелдерге некені білдіру жҽне жариялау үшін дуф ұрулары

мустахаб етіледі. Жҽне бұл жеке ҽйелдердің арасында болады. Оған

музыка жҽне басқа да музыкалық аспаттарды, сондай-ақ қоздырушы,

желіктірушу дауыстарды қосуға болмайды.

Бұл жағдайға байланысты ҽйелдердің еркектер естімейтіндей

етіп тақпақ айтуларына болады. Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи

уҽ сҽллҽм): «Харам мен халалдың арасын ажырататын нәрсе —

некеде тамбур ұру және тақпақтар айту»140

-деген. Имам

Шауканий Найлуль-Аутар кітабінда (6/200) айтады: «Бұл хадисте

ҽйелдерге некеде тамбур ұрып, мысалы: "Біз сендерге келдік, біз

сендерге келдік» - деген сияқты аздаған сҿздерден тұратын

тақпақтар айтуларына рұқсат екеніне дҽлел бар. Бірақ ол

жамандықты үйрететін жҽне ҽйелдің ҽдемілігі мен арсыздығын

сипаттайтын, сондай-ақ оның арақ ішкіштігін сипаттайтын

музыкамен бірге болмайды. Ҿйткені бұл нҽрселер басқасында харам

етілгендей некеде де харам етіледі. Сол сияқты басқа да музыкалық

аспаптар харам етіледі». Сҿз соңы.

Ҽй мұсылман қыздар! Үйленуге байланысты киімдер мен

ҽшекейлер сатып алуда ысырап етпеңдер! Ҿйткені бұл Аллаһ оны

138 Бұл хадисті Тирмизий хасан деген. 139 Тамбур. 140 Абу Даудтан басқа бесеуі р-т еткен, Тирмизи хасан деген.

Page 69: Mumin ayelderge katusty

69

қайтарған жҽне оны істегендерді жақсы кҿрмейтіндігін хабарлаған

іске жатады. Аллаһ Тағала айтады: «Ысырап қылмаңдар, расында

Аллаһ ысырапшыларды жақсы кӛрмейді»-деді141

. Сондықтан

заттар алғанда біреудің алдында мақтанбастан қаражатты орынды

жұмсау керек.

Әйелдің күйеуіне бойұсынудың уәжіптігі және оған қарсы

келуінің харамдығы.

Ҽй мұсылман ҽйел, саған ҿз күйеуіңе жақсылықта

бойұсынуың уҽжіп болады. Абу Һурайрадан (оған Аллаһ разы

болсын) келген хадисте пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уҽ

сҽллҽм): «Егер әйел бес уақыт намазын оқыса, рамазан айының

оразсын тұтса, абыройын сақтаса және күйеуіне бағынса,

жәннәттің қай есігінен қаласа кіреді»142

-деді.

Абу Һурайрадан (оған Аллаһ разы болсын) келген тағы бір

хадисте пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уҽ сҽллҽм): "Әйелге

өзінің күйеуі қасында болса, оның рұқсатынсыз ораза тұтуына

болмайды және күйеуінің үйіне біреуді тек оның рұқсатымен

ғана кіргізеді"143

-деген.

Тағы бір хадисте пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уҽ

сҽллҽм) айтады: "Егер күйеуі әйелін төсекке шақырғанда келмесе,

сөйтіп ол әйеліне ашуланған күйінде түнесе, ол әйелді таңға

дейін періштелер лағнеттейді"144

-дейді.

Бухарий мен Муслимнің риуаятында пайғамбарымыз

(саллалаһу алейһи уҽ сҽллҽм) айтады: "Менің жаным оның

қолында болған Аллаһпен ант етемін! Қандай да бір еркек өз

әйелін төсекке шақырғанда одан бас тартса, аспандағы (Аллаһ)

күйеуі оған разы болғанға дейін ол әйелге ашулануда болады".

Күйеуінің ҽйеліне болған ақыларына — ҽйелдің үйге

жауаптылығы жҽне үйден тек ерінің рұқсатымен шығуы жатады.

Аллаһтың елшісі (саллалаһу алейһи уҽ сҽллҽм) айтады:"Әйел өз

күйеуінің үйіне қараушы және қарамағына жауапты"145

-дейді.

141 Анғам.141 142 Ибн Хиббан «Сахих»-кітабында р-т еткен. 143Бухари мен Муслим р-ты. 144Бухари, Муслим жҽн т.б. 145 Бухари, Муслим.

Page 70: Mumin ayelderge katusty

70

Ерінің жұбайына деген ақысына — ҽйелдің үй шаруасын

атқаруы жҽне күйеуін үйге қызметші ҽйел жалдауға қажетті

қылмауы. Ҿйткені қызметші ҽйел еріне қиындық туғызады, ҽрі сол

себепті ері ҿзін жҽне балаларын қатерге тіккен болады.

Шейхуль Ислам Ибн Тҽймия айтады: «Аяттағы:

«Ғибадатшыл, бойұсынушы және ерлері жоқта Аллаһтың

сақтауымен ерлерінің мал-мүліктерін және ӛз абыройларын

сақтаушы әйелдер — жақсы әйелдер»-дегені: Ҽйелдің ҿз еріне

толық қызмет етуін, онымен бірге сапарда болу, оған бағыну жҽне

басқасында пайғамбарымыздың (саллалаһу алейһи уҽ сҽллҽм)

сүннеті кҿрсеткеніндей толық бойұсынуын талап етеді»- деді. Сҿз

соңы.

Ибн Қойм "Һади" атты кітабында (5/188,189): «Ҽйелдің

қызмет етуін уҽжіп дегендер расында Аллаһ оларға сҿз жҿнелткен

сахабаларда осы нҽрсе белгілі болғандығымен дҽлел келтіреді. Ал

енді ҽйелдің рахатта, мол күтімде болып, еркектің оған қызмет

етуі, үй сыпыруы, бидай тартып нан илеуі, кір жуып, тҿсек салып

үй қызметін атқаруы болса, ол қайтарылған іске жатады. Аллаһ

Тағала айтады: «Әйелдердің ерлеріне құқықтары болғандай,

ерлердің де оларға құқықтары бар».146

Тағы бір аятта:

«Еркектер әйелдері үстінен бастық»147

-дейді. Егер ҽйел еркекке

қызмет етпесе, керісінше еркек ҽйелге қызмет ететін болса, онда

ҽйелі еркекке бастық болған болады»-деді.

Кейін айтты: «Аллаһ Тағала еркекке ҽйеліне нафақа етуді, оны

киім-кешек жҽне үймен қамтамасыз етуді —ҽйелін пайдалану, оның

күйеуіне қызмет етуінің орнына парыз етті. Кейін, арадағы жалпы

қарым-қатынастар ҽдет-ғұрыпқа байланысты. Ал ҽдетте ҽйел

еркекке қызмет етеді жҽне үйдің ішкі жұмыстарын атқарады»-

деді. Тағы айтты: «Шарапатты мен қарапайым ҽйелдің, бай мен

кедей ҽйелдің арасын ажыратуға болмайды. Бұл ҽлемдегі ең

шарапатты болған ҽйел (пайғамбарымыздың саллалаһу алейһй уҽ

сҽллҽм қызы Фатима) ҿзінің күйеуіне қызмет ететін еді. Бірде ол

Аллаһтың елшісіне (саллалаһу алейһй уҽ сҽллҽм) келіп жұмыстың

қиындығын айтып арызданғанда, сонда пайғамбарымыз (саллалаһу

алейһй уҽ сҽллҽм) оның шағымын қабылдамады»-деді. Сҿз соны.

146 Бақара.228 147 Ниса.34

Page 71: Mumin ayelderge katusty

71

Егер әйел ӛзінің күйеуінің оған қызықпағанын кӛрсе,

бірақ әйелдің ӛзі онымен бірге қалуды қаласа не істейді?

Жауап: Аллаһ Тағала айтады: «Егер бір әйел ері жағынан

кӛңілсіздік немесе бет-бұрып кету пайда болуынан қорықса, ол

екеуі ӛзара бір келісімге келулері зиян емес. Келісім (ажырасып

кетуден) жақсырақ».148

Ибн Кҽсир айтады: «Егер ҽйел ерінің оған кҿңілсіздік

білдіруінен немесе одан бет бұрып кетуінен қорықса, оған ҽйелдің

еріне болған ақыларының барлығын, не кейбір ақыларын; нафақа,

киім, түнеу сияқты не одан да басқаларын түсіруіне болады. Еріне

де ҽйелінен осы шарттарды қабылдауына рұқсат етіледі. Ҽйелге

оларды еріне беруінде жҽне еріне оны қабылдауында еш күнҽ жоқ.

Міне сол үшін Аллаһ Тағала : «Ол екеуі ӛзара бір келісімге

келулері зиян емес. Келісім (ажырасып кетуден) жақсырақ»-

деді.

Кейін Саудату бинт Замғаның оқиғасын айтты. Ол ҽйел

қартайып қалғанда пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уҽ сҽллҽм)

онымен ажырасуға ниет етеді. Сол кезде ол пайғамбармен

(саллалаһу алейһи уҽ сҽллҽм) оны ҿзінде қалтыруға жҽне ҿз күнін

Айшаға беруге келісім шартқа отырады. Сҿйтіп пайғамбарымыз

(саллалаһу алейһи уҽ сҽллҽм) оны қабылдайды да, ол ҽйелді ҿзінде

қалтырады. 149

Егер әйел күйеуіне жақпаса, әрі әйел онымен қалуды

қаламаса не істейді?

Жауап: Аллаһ Тағала айтады: «Егер ерлі-зайыптылардың

Аллаһтың заңдарын орындай алмауларынан қорықсаңдар, онда

әйелдің (ерінен ажырасуы үшін) оған бодау ретінде тӛлем

бергенінде олар үшін күнә жоқ».150

Инб Кҽсир тҽпсірінде айтады (1/483): «Егер ерлі-зайыптылар

ҿзара келісе алмай, аралары бұзылса жҽне ҽйелі еркектің ақысын

ақтамаса, оны ашуландырса, ҽрі ҽйел ол еркекпен тұрмысты

жалғастыруға шамасы келмесе, онда ҽйелге күйеуі оған (мҽһір

ретінде) берген нҽрсесін оған қайтару арқылы ҿзін босатып алуына

148 Ниса.128 149 Ибн кҽсир тҽпсірі:2/406. 150 Бақара.229

Page 72: Mumin ayelderge katusty

72

болады. Ҽйелге ол тҿлемді беруінде, сондай-ақ күйеуіне оны

қабылдауында ешқандай айып жоқ»-деді. Сҿз соңы.

Міне осы «Хулғ»-деп аталады.

Егер зайыбы ерінен ешқандай үзірсіз ажырасуды талап

етсе, онда оған қандай қауіп бар?

Жауап: Сҽубаннан (оған Аллаһ разы болсын) жеткен хадисте

пайғамбарымыз (саллалаһу алейһй уҽ сҽллҽм): «Қайсы бір әйел өз

ерінен ешбір себепсіз ажырасуды сұраса, онда ол әйелге

жәннәттың иісі харам болады»151

-деді.

Бұның себебі: Ҿйткені талақ — Аллаһқа ең жақпайтың халал

нҽрсе болып табылады. Сондықтан оған тек қажет болған жағдайда

ғана қадам басуға болады. Ал қажетсіз болса, одан ҽркімге белгілі

кҿптеген зардаптардың туындайтындығынан ол мҽкруһ болады. Ал

ҽйелдің талақты талап етуіне апаратын қажеті — ол күйеуінің ҿзіне

міндет болған ҽйелінің ақысын ҿтеуден тартынуы. Жҽне ҽйелдің сол

себепті онымен қалудан зиян шегуі. Аллаһ Тағала айтады: «Әйелді

игілікпен сақтау немесе жақсылықпен ажырасу керек»152

-дейді.

Басқа аятта айтады: «Әйелдеріне жақындамауға ант ішкендерге

тӛрт ай мерзімінде күтулері керек. Егер осы уақыт ішінде

әйелдеріне қайтса, ол рұқсат етіледі. Ӛйткені Аллаһ ӛте

жарылқаушы, рақымды. Егер талақ етуді ниет еткен болса,

расында Аллаһ ӛте естуші, білуші»153

-деді.

Некенің аяқталғанында154

әйелге уәжіп болған нәрселері.

Ерлі-зайыптылардың бір-бірінен ажыраулары екі түрлі

болады:

1.Ҿмірдегі ажырасу155

.

2.Ҿлім себепті ажырасу.

Екі жағдайда да ҽйелге «идда» уҽжіп болады. Идда деп

шариғатта белгіленген күту мерзімін айтады. Ондағы хикмет: идда

неке толық болғаннан кейін оның біткендігін білдіретін шегі болып

151 Абу Дауд пен Тирмизи риуаяты. Ибн Хиббан ҿзінің «Сахих» атты кітабында хадисті сахих деді. 152 Бақара.229 153 Бақара 226-227. 154 Яғни ажырасқанда. 155 Талақ беру екі жағдайдың бірінде болады:1-Ҽйел етеккірі біткеннен кейін ері оған қосылмай

тұрып талақ беруі. 2-Ҽйел жүкті болғанда талақ беруі.

Page 73: Mumin ayelderge katusty

73

табылады,156

сондай-ақ ол ҽйелдің жатырының тазаруы. Ҿйткені егер

жатырдың тазаруынан бұрын ҽйел басқа біреуге тұрмысқа шықса,

онда ҽйелдің жатырында алдыңғы ажырасқан ерінің ұрығы мен

жаңадан тұрмыс құрған ерінің ұрықтары араласу себепті болашақ

нҽрестенің кімнен екендігіне күмҽн туады, ҽрі сол себепті ұрпақ

жоғалады.

Сондай-ақ иддандан болған хикметтерден: алдыңғы некені

құрметтеу ҽрі ажырасқан ерінің ақысын құрметтеу. Сонымен қатар

ҽйелдің ерімен ажырасқандығына ҽсерленгендігін білдіруі идданың

хикметі болып табылады.

Идда тҿрт түрлі болады:

Біріншісі:Екі қабат ҽйелдің иддасы.

Оның иддасы толық босанумен болады. Егер ол ажырасу талақ

байн157

немесе рожғи158

болса да, немесе тірі кезде ажырасу не ері

156 Яғни некенің толық біткендігі — ҽйел ерінен ажырағаннан кейін күтетін иддасы бітуімен

болады. Сондықтан ҽйел ажырасқаннан кейін иддасы бітпестен бірден басқа ерге тұрмысқа

шығуына болмайды, міндетті түрде идданың бітуін күтуі керек. 157 Талақ бҽйн дегеніміз: ол күйеуі ҽйелін талақ қылғаннан кейін оны қайта қайтара алмайтын

талақтың түрі. Талақ бҽйн екі түрлі болады:

1)Кіші талақ бҽйн. 2)Үлкен талақ бҽйн.

1)Кіші талақ бҽйн дегеніміз:ол ері ҽйелін талақ еткеннен кейін оны қайта қайтарамын десе тек жаңадан мҽһр беру арқылы ғана оны ҿзіне қайтара алады.

2) Үлкен талақ бҽйн дегеніміз:ол ері талақ еткен ҽйелін идда кезінде болсын не идда біткеннен

кейін де қайтаруы мүмкін емес талақтың түрі. Тек тҿмендегі шарттар орындалса ғана ол ҽйелге

үйленуіне болады:

1.Ол ҽйел басқа біреуге тұрмысқа шықса.

2.Жаңадан құрған тұрмысындағы ері оған қосылса.

3.Жаңадан үйленген ері оны ҿз қалауымен талақ етсе, не қайтыс болса.

4.Жаңадан үйленген ерінен ажырағаннан кейінгі ҽйелдің идда мерзімі бітуі.

Осы айтылған шарттар орындалған жағдайда ғана бірінші ері ол ҽйелге жаңадан некеге отырып

жҽне жаңадан мҽһр атап қана үйленуі рұқсат етіледі.

Кіші талақ бҽйн жҽне үлкен талақ бҽйн қай кездерде болады? Жауап: Кіші талақ бҽйн үш түрлі жағдайда болады:

1)Үйленгеннен кейін ҽйеліне қосылмай тұрып талақ етсе. Аллаһ Тағала айтады: «Ей момындар,

қашан сендер момын әйелдеріңді некелеріңе алсаңдар, сосын оларға қосылудан бұрын

оларды талақ етсеңдер, онда сендер үшін олардың мойынында саналатын идда (басқа

күйеуге шығуға дейін ұсталуға тиіс) мерзім болмайды. Сонда сендер оларды (азды-кӛп

сыйлықпен) несібелі етіп кӛркем түрде шығарып салыңдар!». (Ахзап.49)

Аят қосылудан бұрын талақ берілген ҽйелге идда күту керек емес екеніне дҽлел болады. Күйеуі

де оны қайта қайтара алмайды, тек жаңадан неке құрып қана қайтарады жҽне бұл рожғи талақ

емес, талақ бҽйн болады.

2)Егер ҽйел еріне ҿзін босатуы үшін оған белгілі кҿлемдегі тҿлемін тҿлесе, ҽйелдің басы бос

болады. Бұл жоғарыда айтқанымыздай «Хулғ» деп аталады ҽрі осы жағдайда бұл кіші бҽйн

болады. 3)Ерлі зайыптылардың кейбір себептермен ажырасатын жағдайларында кіші талақ бҽйн болады.

Мысалы: Бір айып үшін немесе бір зиян немесе еркектің ҽйеліне қосылмауына ант ішкен

жағдайларындағы ажырасу кіші талақ бҽйнге жатады.

Үлкен талақ бҽйн қай кездерде болады?

Жауап: Егер үш талақ берілсе үлкен талақ бҽйн болады. Аллаһ Тағала айтады: «Талақ екі рет

(яғни еркекке әйелін қайтару мүмкіндігі берілетін талақ екі рет) одан кейін жанұяны

Page 74: Mumin ayelderge katusty

74

қайтыс болу себепті ажырасса да. Аллаһ Тағала Құранда айтады:

«Жүкті әйелдердің иддалары — босанулары»159

.

Екінші түрі: Етеккір кҿретін ҽйелдің иддасы.

Оның идда мерзімі үш рет еттеккір кҿруі. Аллаһ Тағала

айтады: «Талақ етілген әйелдер үш етеккір мүддетін күтеді».160

Үшінші түрі: Етеккір кҿрмейтін ҽйелдер, олар екіге бҿлінеді.

1.Жасы кіші етеккір кҿрмейтін қыз.

2.Етеккір кҿру жасынан асып кеткен үлкен ҽйел.

игілікпен сақтау немесе жақсылықпен ажырасу керек. Ал егер оны (үшінші) рет талақ

етсе, ол әйел басқа еркекпен тұрмыс құрып (одан ажырағанға)дейін әуелгі еріне адал

болмайды». (Бақара.229-230) 158 Талақ рожғи (қайтару талағы) дегеніміз: Ол күйеуі ҽйеліне талақ бергеннен кейін идда

кезінде ҽйелін қайта ҿзіне жаңадан некеге отырусыз қайтарып алуы рұқсат етілген талақтың

түрі. Талақтың бұл түрінде ері ҽйелін ҿзіне қайтаруына ҽйелдің разылығы шарт етілмейді. Жҽне

бұл қайтару бірінші жҽне екінші талақтан кейін ҽйелдің иддасы бітуінен бұрын болады. Егер

ҽйелдің иддасы түгеген болса, онда талақ бҽйнге айналады да ері ҽйелін ҿзіне қайтара алмайды.

Талақ рожғидың хикметтері:

1) Ері егер ҽйелін талақ қылғаннан кейін соған ҿкінсе, жҽне жанұяны қайтадан орнына

қалыптастыруды ниет етсе, оған оны жүзеге асыруына мұрсат беру.

2) Ері ҽйелін қайтарып алуы екі түрлі болады:

1. Сҿзбен.

2. Іспен. 1. Сҿзбен болатыны: Егер: «ҽйелімді қайтарып алдым», немесе осы мағынадағы сҿздердің бірін

айтып білдірсе.

2. Іспен болатыны: Егер ҽйеліне жоғарыда айтылған талақ бергенінен кейін ҽйелін қайтару

ниетімен оған жақындасса. (қосылса)

3) Талақ рожғи берілген ҽйел иддасы бітпейінше ерінің зайыбы болып саналады. Ері ол ҽйелге

нафақасын беруі, ішіп-жеумен, үймен қамтамасіз етуі керек. Ол ҽйелге ерінің басқа ҽйелдері

сияқты үйінде отыруы керек, ері үшін ҽшекейленуіне жҽне еріне онымен жеке қалуына ҽрі

қосылуына болады. Сондай-ақ екеуінің бірі қайтыс болған жағдайда бір-бірінің мирасына ие

бола алады.

4) Талақтың бұл түрінде ері ҽйелін қайтарып алуы үшін оған ҽйелдің не оның уҽлиінің

разылығы қажет емес. Ҿйткені Аллаһ Тағала айтады: «Егер ерлері араларын түзетіп,

жанұяны қалыптастыруды қаласа, сол уақыт ішінде әйелдерін қайтарып алуларына

ақтырақ».(Бақара.228)

5)Ердің ҽйелін қайтару мерзімі ҽйелдің иддасының аяқталу мерзімімен бітеді. Ҽйелдің иддасы:

ол оның үш етеккір кҿруі, егер үшінші етеккірден тазарғанға дейін ері оны қайтармаса, (ол талақ

бҽйн болады) онда ол ҽйел одан ажырайды да, ері оны тек жаңадан некеге отырумен ҽрі оның

шарттарын орындау арқылы ғана оны қайтара алады. Некенің шарттары: 1)Уҽлидің болуы.

2)Екі ҽділ куҽгердің болуы.

6) Рожғи талақ берілген ҽйел жҽне рожғи талақтың мерзімі ҿткенінен кейін (яғни талақ бҽйн

болғаннан кейін) ҿзінің бұрынғы күйеуіне жаңа некеге отырып тұрмысқа шыққан ҽйелдер талақ

санын жаңадан бастамайды. Бҽлкім осы талаққа дейін нешеу болса содан бастап санайды.

Мысалы: ері ҽйеліне екі талақ беріп кейін ҽйелін қайта қайтарып алса, онда қайта қосылғаннан

кейін талақты бірден бастап санап ҽлі үш талақ бар демейді. Бҽлкім екі талақ ҿтіп кетті, енді үшіншісі қалды деп есептейді. Егер үшінші талақ берілсе онда ҽйел күйеуінен түбегейлі

ажырайды. Ал егер ері сол ҽйеліне қайта үйленемін десе, онда ҽйелі басқа ерге күйеуге шығып,

ол ері оған қосылғаннан кейін оны талақ етсе, не қайтыс болу себепті ҽйел одан ажырасса ғана

оған үйлене алады. 159 Талақ.4 160 Бақара 228.

Page 75: Mumin ayelderge katusty

75

Бұл екеуінің иддаларын Аллаһ Құранда былай баяндаған:

«Әйелдердің арасындағы (қартайып қалғандығы себепті)

етеккір кӛруден үміт үзгендері, егер сендер (олардың иддалары

қанша ұзаруы туралы) күмәндансаңдар, онда (біліңдер) олардың

иддалары үш ай және әлі етеккір кӛрмеген әйелдердің иддалары

да үш ай».161

Тҿртінші түрі: Ері қайтыс болған ҽйел.

Аллаһ ҿзінің кітабында олардың иддаларын былай деп баян

етті: «Сендерден қайтыс болғандар әйелдерін қалтырған болса,

ол әйелдер тӛрт ай он күн ӛздері идда күтеді».162

Идданың бұл түрі

ері оған қосылған жҽне қосылмаған, кіші жҽне үлкен ҽйелдердің

барлығына қатысты. Тек жүкті ҽйелге ғана қатысты емес. Ҿйткені:

«Жүкті әйелдердің иддалары босанулары»163

Сҿз соңы. (Һҽди Ҽн-

Нҽбҽуий/ Ибн Қойм 5/594-595)

Идда мерзіміндегі әйелдерге қатысты тыйым салынған

істер.

1- Оларға құда түсу үкімі:

А) Рожғи талақ иддасы кезіндегі ҽйел:

Оған ашық айтып құда түсуге де, ашық айтпастан құда түсу

ниетін ымдап білдіруге де болмайды. Ҿйткені ол ҽйел ҿз ерінің ҽйелі

үкімінде. Сондықтан оған ешкімнің құда түсуіне болмайды.

Б) Рожғи талақ емес идда кезіндегі ҽйел:

Оған ашық айтып құда түсу харам етіледі, бірақ оған үйлену

ниеті бар екенін ашық айтпастан ымдап білдіруге болады. Ҿйткені

Аллаһ Тағала айтады: «Ерлері ӛліп идда сақтап жүрген әйелдерге

құда түсуді ымдап білдірулеріңде еш күнә жоқ».164

Оған үйленуді ашық айту, мысалы: «Саған үйленгім келеді»-

деу сияқты. Идда кезіндегі ҽйелге былай айтуға болмайтын себебі,

ҿйткені ҽйел оған күйеуге шығуға асыққандығынан иддасы бітпей

тұрып оны бітті деп хабарлау қаупі болғандығынан. Ал енді турасын

айтпастан оған үйлену ниеті бар екенін жҽй ымдап білдіру, бұл оған

анық үйленемін деген сҿз емес, сондықтан бұнда ондай қауіп жоқ.

161 Талақ 4. 162 Бақара 234 163 Талақ 4. 164 Бақара 235.

Page 76: Mumin ayelderge katusty

76

Сондай-ақ аяттың мағынасы да бұның рұқсат екенін білдіреді.

Үйлену ниетін анық айпастан ымдап білдірудің мысалы, егер: «Сен

сияқты ҽйелге үйленуді қалаймын, не қызығамын»-деп айтса. Талақ

рожғи емес иддасындағы ҽйелге бұл сияқты ымдауға жҽне ол да

оған ымдаумен жауап беруіне болады. Бірақ анық айтқанға жауап

беруіне болмайды. Ал рожғи талақ иддасындағы ҽйелге ҿзіне құда

түскендердің ешқайсысына жауап беруіне болмайды. Анық айтып

та, ымдап та жауап беруіне болмайды.

2- Басқа ерден ажырап идда күткен әйелге неке қию харам

етіледі.

Ҿйткені Аллаһ Тағала айтады: «Бұйырылған идда мерзімі

біткенге дейін (идда күткен әйелдерге) неке қиюды ниет

етпеңдер».165

Ибн Кҽсир ҿзінің тҽпсірінде: «Яғни олармен иддалары

біткенге дейін некеге отырмаңдар. Расында ғұламалар идда

кезіндегі неке қию дұрыс емес екендігіне келіскен»- деді.(1/509)

Пайдалы мәселелер.

Күйеуге тйген ҽйелді егер ері оған қосылудан бұрын талақ

етсе, ол ҽйел идда күтпейді. Ҿйткені Аллаһ Тағала айтады: «Ей

иман келтіргендер, егер мүмін әйелдерді некелеріңе алсаңдар,

кейін оларға қосылудан бұрын оларды талақ етсеңдер, онда

сендер үшін олардың мойнында саналатын идда жоқ».166

Ибн

Кҽсір ҿзінің тҽпсірінде: «Бұл ғұламалардың оған келіскен істері,

егер ҽйел оған ері қосылудан бұрын оны талақ етсе, ол ҽйел идда

күтпейді, егер қаласа бірден басқа ерге күйеуге тиеді»-деді. (5/479)

Мҽһірі аталған ҽйелді ері оған қосылудан бұрын талақ етсе, ол

ҽйел аталған мҽһрдің жартысын алады. Ал егер мҽһірі аталмаған

ҽйелді ері қосылуынан бұрын талақ етсе, ол ҽйел мҽһір алмайды.

Оған тек шамаға қарай киім-кешек не басқа тағы сол сияқты

заттарды сыйлайды.167

165 Бақара 235 166 Ахзаб 49. 167 Неке уақытында ҽйелдің мҽһірі аталмаса жҽне ері оған қосылудан бұрын қайтыс болса, ҽйел

мҽһір ала ма? Оған жауап: Ибн Масғұд (оған Аллаһ разы болсын) осы жайлы сұралғанда: «Ол

ҽйелге басқа ҽйелдерге сияқты еш кемітусіз жҽне арттырусыз толық мҽһір беріледі жҽне ол ҽйел

идда күтеді жҽне мирасқа да ие болады»-дейді, сонда бір адам тұрып: «Аллаһтың елшісі

(саллалаһу алейһи уҽ сҽллҽм) біздің рудың Бируаға бинт Уашиқ деген ҽйелге тура сенің

айтқаныңдай үкім берген»-дейді. Сонда Ибн Масғұд (оған Аллаһ разы болсын) бұны естіп

Page 77: Mumin ayelderge katusty

77

Егер ҽйел ері оған қосылғаннан кейін талақ етілсе, оған мҽһірі

беріледі. Аллаһ Тағала айтады: «Егер әйелдеріңді оларға

жақындаспастан немесе мәһір белгілемей тұрып талақ етсеңдер

сендер үшін күнә жоқ. Ондай жағдайда оларды жағдай

барларың молынан, жоқтарың әлдеріңе қарай ӛздеріңдегі

игіліктерден пайдаландырыңдар! Бұл үкім игілік істеушілерге

міндет етіледі. Егер мәһрді белгілеп қойып, жақындасудан

бұрын оларды талақ етсеңдер, оларға белгіленген мәһрдің

жартысын берулерің керек»168

-дейді.

Яғни еркектерге ҽйелдеріне қосылмай тұрып жҽне мҽһрді

атаудан бұрын оларды талақ етулерінде еш күнҽ жоқ. Бұл ҽйелдің

кҿңіліне ауыр тигенімен, ҽйелге ҽдет-ғұрыпқа сай ҽрбір еркек ҿз

шамасына қарай оған ҽр түрлі заттар сыйлауы оның орнын басады.

Бұны айтқаннан кейін Аллаһ Тағала мҽһірі аталған ҽйелдерді айтып,

оларға ажырасқанда мҽһірдің жартысы берілетінін баяндады.

Ибн Кҽсір ҿзінің тҽпсірінде айтады: «Бұндай жағдайда

мҽһірді жартыға бҿлу— ғұламалардың арасындағы келісілген, ол

жайында ешқандай қарама-қайшылығы жоқ іс болып табылады».

Сҿз соңы. (1/512)

3-Ері қайтыс болған әйелге идда кезінде бес түрлі нәрсе

харам етіледі.

1- Иіс судың барлық түрін қолдану.

Оны денесіне не киіміне жағуына болмайды. Сондай-ақ иіс

судан басқа да кез келген ҽтірлендіретін заттарды

қолданбайды. Ҿйткені пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уҽ

сҽллҽм) сахих хадисте: «Ері қайтыс боған әйелге әтір

жағуына болмайды»169

-деген.

қуанады. Бұл хадисті имам Ахмад (7/175), Абу Дауд, Насайи, Тирмизйи жҽне Ибн Мҽжжҽ

риуаят еткен, жҽне Имам Тирмизий жҽне Ибн Жаруд, Ибн Хиббан жҽне Хаким жҽне шейх

Албаний сахих деген. 168 Бақара 236-237. 169 Бухари, Муслим.

Page 78: Mumin ayelderge katusty

78

2- Денесін зейнеттеу.

Ол ҽйелге зейнеттелудің барлық түрі: кҿздеріне сүрме

жағу, теріге пайдаланатын хынаның түрлері сияқты

зейнеттелудің түрлері харам етіледі. Тек егер емделу үшін

кҿздеріне сүрме жағуға мұқтаж болса, оны зейнет үшін емес

емделу үшін жағуына болады. Оны түнде жағып күндіз сүртіп

тастайды. Сондай-ақ кҿздерін сүрмеден басқа зейнетке

жатпайтын заттармен емдеуіне болады.

3- Зейнет үшін арналып тігілген кҿйлектерді киіп

ҽшекейленуі харам етіледі.

Сондықтан зейнетке жатпайтын қарапайым кҿйлектерді

киеді. Жҽне ҽдетте киетін киім киеді де арнайы бір түсті

таңдамайды.170

4- Ҽшкейлі тастардан, не алтын, күміс сияқты пайдалы

қазбалардан жасалған зеб-зейнеттер, тіпті жүзік болса да

тағуына болмайды.

5- Ҽйелге онда тұратын жҽне ері онда қайтыс болған үйден

басқа үйде түнеуі харам етіледі.

Ол үйден ҽйелге тек шарғи үзірмен ғана басқа жерге ауысуына

болады. Ол ҽйелге ауырған науқастың кҿңілін сұрау үшін, немесе

достары мен туыстарын зиярат ету үшін де үйінен шығуына

болмайды. Оған күндіз ҿзіне керекті қажет заттары үшін шығуына

болады. Осы айтылған бес нҽрседен басқа Аллаһтың халал еткен

істерінен қайтарылмайды.

Ибн Қойм: «Ері қайтыс болып идда күткен ҽйел тырнақ

алудан, қолтықтың жҽне басқа да оны қыруы мустахаб болған

жерлерді қырудан, сидрмен жуынудан жҽне онымен шашын

тараудан қайтарылмайды»-деді. Сҿз соңы. (Һҽди Ҽн-Нҽбауй 5/507)

Шейхуль Ислам Ибн Тҽймия «Фатауалар жинағында»: «Ол

ҽйелге кҿкҿніс, ет сияқты Аллаһ мубах еткен балық нҽрселерді

жеуіне, сондай-ақ барлық рұқсат етілген сусындарды ішуіне

болады»-деді. Кейін: «Оған ҽйелдер істейтін кҿйлек тігу, оны

170

Сондай-ақ еркектерге де біреу қайтыс болса соған арнап белгілі киімдер киюлеріне

болмайды, мысалы: еркектердің белдерін буулары сияқты.

Page 79: Mumin ayelderge katusty

79

ҽшекейлеу жҽне жіп иіру сияқты жұмыстарды істеу харам

етілмейді. Сондай-ақ оған идда кезінен тыс уақытта мубах етілген

істер рұқсат етіледі. Мысалы: егер бір еркекке сҿз қатуға мұқтаж

болса, оранған күйінде оған қажетін айтуға болады, сондай-ақ

бұдан басқа да істер.

Міне осы айтқаным ол ерлері қайтыс болғандағы сахаби

ҽйелдердің істеген пайғамбарымыздың (саллалаһу алейһи уҽ сҽллҽм)

сүннеті»-деді. Сҿз соңы (34/27-28)

Ал енді адамдардың: «Ол бетін айға кҿрсетпей жабады, үйдің

тҿбесіне шықпайды, еркектерге сҿйлемейді, бетін ҿзіне махрам

болатын туыстарына кҿрсетпейді»-деген жҽне тағы басқа да

сҿздеріне ешқандай дҽлел жоқ. Аллаһ білушірек!

Page 80: Mumin ayelderge katusty

80

10 - бӛлім

Әйелдің құрметі мен абыройын сақтайтын үкімдер

1-Әйел еркек адам сияқты кӛзін тӛмен түсіруге және

абыройын сақтауға бұйырылған.

Аллаһ Құранда: (Мұхаммед саллалаһу алейһи уҽ сҽллҽм)

«Мүміндерге айт: Кӛздерін (бӛгде әйелдерге қараудан) тоссын

және абыройларын (харамнан) сақтасын! Міне, осы — олар

үшін ең таза (жол). Әлбетте, Аллаһ олар істеп жатқан істерден

хабардар. Момын әйелдерге де айт: кӛздерін (бӛгде ерлерге

тігуден) тоссын және абыройларын (харамнан) сақтасын!» .171

Ұстазымыз Мұхаммад Ҽмин Шинқитий ҿзінің «Адуауль-

Баян» атты тҽпсірінде (6/186,187) осы аят жайында былай деді:

«Аллаһ Тағала осы аятта мүмін ерлер мен ҽйелдерге кҿздерін

арамнан тыюды ҽрі жыныс мүшелерін сақтауды бұйырды. Жыныс

мүшелерін сақтауға: оны зинадан, гомосексуализмнан жҽне

трибадизмнан, адамдарға оны кҿрсетуден, оларды ашылып

қалуынан сақтау жатады»-деді. Кейін былай деп жалғастырды:

«Осы аятта Аллаһ Тағала ҿзінің ҽміріне мойынсынған ерлер мен

ҽйелдерді, егер олар осымен қатар Ахзап сүресінде айтылған

ерекшеліктерді қоса орындаған болса, оларды кешіруді жҽне оларға

ҿте үлкен сауапты уҽде еткедігін айтты. Аллаһ Тағала былай

дейді: «Сӛз жоқ, мұсылман ерлер және мұсылман әйелдер, мүмін

ерлер және мүмін әйелдер, бой ұсынушы ерлер және бой

ұсынушы әйелдер, шыншыл ерлер және шыншыл әйелдер,

сабырлы ерлер және сабырлы әйелдер, ықыласты ерлер және

ықыласты әйелдер, садақа беруші ерлер және садақа беруші

әйелдер, ораза ұстаушы ерлер және ораза ұстаушы әйелдер,

ұятты жерлерін қорғаушы ерлер және әйелдер, Аллаһты кӛп

зікір етуші ерлер және әйелдер, Аллаһ Тағала бұлар үшін

жарылқау және ірі сыйлық әзірледі».172

Сҿз соңы.

Трибадизм деген сҿзінен мақсат, трибадизм: ол ҽйелдің

ҽйелмен аймаласып қатынасуы. Бұл ҿте үлкен қылмыс болып

табылады, бұны істеген екі ҽйел де ҿте қатаң жазаға лайықты.

171 Нұр. 30-31 172 Ахзаб. 35

Page 81: Mumin ayelderge katusty

81

Муғниде (8/198): «Екі ҽйел бір – бірімен аймаласса, екеуі де

лағнеттелген жҽне зинақор болып саналады. Ҿйткені

Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уҽ сҽллҽм) былай деді: «Егер

әйел әйелмен қатынасса, ол екеуі де зинашы». Ол екеуін де қатаң

жазалау уҽжіп болады, ҿйткені ол оған шарғи хад жоқ зина»173

-

деді. Сҿз соңы.174

Мұсылман ҽйел, ҽсіресе бойжеткендер бұл жаман, жеркенішті

істен сақ болуы керек.

Ал кҿзді харамнан тыю турасында Имам Ибн Қайим «Ҽл-Жауаб

Ҽл-Кафий» кітабында (129,130) былай деді: «Назар салу сҽттері

шаһуатты қоздырушы ҽрі оның елшісі болып табылады. Кҿзді

сақтау — жыныс мүшелерін сақтаудың негізі. Ал кімде-кім назарын

еркіне жіберсе, ол ҿз нҽпсісін құрдымға тастаған болады.

Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уҽ сҽллҽм): «Ей Али, бір

қарағаныңа екінші рет назар салма, кенеттен көріп қалған

назарда сен үшін күна жоқ» – деді. Бұдан мақсат: арнайы

мақсатсыз, кенеттен кҿріп қалу.

Имам Ахмад Муснадында Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи

уҽ сҽллҽм) :«Көз жүгірту – Ібліс шайтанның жебелерінің уланған

бір жебесі» - деді. Жҽне назар салу – Адам баласы оған тап

болатын барлық зина оқиғасының негізі. Ҿйткені назар салу адам

кҿңілінде ой туғызады, кейін кҿңілдегі ой пікірді туғызады, сосын

пікір шаһуат тудырады, кейін шаһуат қалауды тудырады, содан

кейін қалауы күшейеді де, ол нақты шешімге айналады.

Нҽтижесінде егер одан тосатын қайтарушы болмаса, міндетті

түрде іс жүзеге асады175

. Сондықтан мынандай сҿз бар: «Кҿзді

173 Шарғи хад жоқ зина дегені:трибадизм зинаға жатады, бірақ оны істеген ҽйелге бҿтен еркек

пен ҽйелдің ҿздеріне харам етілген жыныстық қатынас істегені себепті дүре соғылмайды немесе

рожм (таспен ұру) қылынбайды. Рожм жҽне дүре соғу шариғаттың зина қылған еркекпен

ҽйелге қолданылатын жазасы. Бірақ бұл жаза трибадизмді қамтымайды. Демек «хад» сҿзі арап

тілінде жаза мағынасын білдіреді. Егер зина қылғандар үйленген болса, яғни күйеуі не ҽйелі

бола тұра басқа біреумен зина қылса немесе үйленіп ажырасқан болса, сҿйтіп біреумен зина

қылса оған шариғаттың белгілі шарттары орындалғаннан кейін рожм қылынады. Ал егер зина

қылғандар үйленбеген болса, онда оларға дүре соғылады. Бұл жазаны басшы не оның орынбасарлары іске асырады жҽне солар оған жауап береді, ал кез-келген адамдар бұны істеуіне

ақылары жоқ. 174 Шейхуль Ислам Ибн Таймия фатауалар жинағында (15/321) былай деді: «Осыған

байланысты трибатизм қылған ҽйел, хадисте айтылғандай: «ҽйелдердің зинасы — бір-бірімен

аймаласуы» дегеніндей, зинақор болады». 175 Яғни адам зина жасайды.

Page 82: Mumin ayelderge katusty

82

тыюға сабыр қылу, одан кейінгі болатын қиындыққа сабыр қылудан

жеңілірек»176

. Сҿз соңы.

Сондықтан, ҽй мұсылман ҽпке-қарындастар, сіздерге ерлерге

қараудан кҿздерді тыю уҽжіп болады. Сондай-ақ, кейбір журналдар

мен телевизорларда, немесе видиоларда кҿрінетін фитналы

суреттерге қараудан тыйылу уҽжіп болады. Сонда ғана

ақырларыңыз жақсы болып, жаман нҽтижеден аман қаласыздар.

От кішкентай ұшқындардан құралады дегендей, қанша-қанша

харамға назар салулар адамға ҿкініш ҽкелген.

2 - Абыройды зинадан сақтау себебтерінің бірі — музыка

және музыкалық аспаптарды тыңдаудан ұзақ болу.

Имам Ибн Қайм ҿзінің «Иғосату Ҽл-лаһафан» атты кітабында

(1/242, 248, 264, 265): «Шайтанның білімі мен ақылы жҽне діні аз

адамдарға құрған қастығының бірі жҽне надандардың жүректерін

аулаған айлаларының бірі — харам музыкалық аспаптармен болған

ҿлеңдер, шапалақ жҽне ысқыруларды тыңдау. Олар адамдардың

жүректерін Құран тыңдаудан тосады, оларды пасықтыққа жҽне

күнҽға батырады, ҿйткені музыка — ол шайтанның құраны жҽне

адамды Рахманнан тосатын қалың перде.

Музыка зиқорлыққа жҽне гомосексуализмге құмарландырады

жҽне сол себебі жаман ойлы пасық адамдар ҿздерінің ұнатқан

ҽйелдеріне ҿте оңай қолдарын жеткізеді...»- деді. Кейін: «Ал оны

ҽйел немесе ҽйелдер сияқты кҿңілдері бос, жҽне ҽйелдерге ұқсаған

жас балалардан тыңдау – ҿте үлкен харам нҽрселерден жҽне дінді

ҿте қатты бұзатын істерге жатады» - деді. Кейін: «Ҽрбір ҿзінің

жанұясын қызғанатын, оларды харамнан қорғайтын адам, оларды

осы музыкаларды тыңдаудан алшақтататынына еш кумҽн жоқ.

Сол сияқты оларды жүрекке күмҽн кіргізетін себебтерден де ұзақ

ұстайды»-деді.

Тағы былай деді: «Адамдар арасындағы белгілі нҽрсе, егер

еркекке ҽйелдің кҿңілін ҿзіне аудару қиындаса, ол оған музыканы

тыңдатуға тырысады, сол кезде ҽйел жұмсарады. Ҿйткені ҽйелдің

кҿңілі ҽдемі дауыстарға тез босайды. Ал егер дауыс музыкамен

бірге болса, оның кҿңілінің босауы екі есе болады: дауыс жағынан,

176 Яғни зина қылғаны себепті жазаға тартылудан жҽне егер дүниеде жазаланбаса қияметтегі

азаптан жеңілірек.

Page 83: Mumin ayelderge katusty

83

жҽне мағынасы жағынан. Ал егерде осыған тағы тамбур,177

жастық шақ жҽне елжіреп таханнуспен178

билеу қосылса, ҽйел

музыка себебті еқі қабат болатын болса, дҽл осы музыкадан

болады. Аллаһпен ант етемін! Қаншама ҽйелдер осы музыкалар

себебті жезҿкшеге айналған?!». Сҿз соңы.

Ей, мұсылманның қыздары, Аллаһтаң қорқыңдар да мінез-

құлықты бұзатын қатерлі аурудан сақтаныңдар! Ол ауру —

мұсылмандардың арасында ҽр түрлі жолдармен тарап кеткен

ҿлеңдерді тыңдау. Ҿлеңдердің таралуы соншалықты, кҿптеген надан

қыздар ол ҿлеңдердің түп нүсқаларын талап етеді жҽне оны

ҿздерінің арасында бір-біріне сыйға тартады.

3-Абыройды зинадан сақтау себептерінің бірі — әйелді

пасық, әзілқой адамдардан қорғайтын махрамы болмаса, оған

сапарға шығуына тыйым салу.

Ҽйелді махрамсыз сапар шегуден тыю жайында кҿптеген

сахих хадистер келген. Олардың бірі: Ибн Омар (оған Аллаһ разы

болсын) риуят еткен хадисте Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уҽ

сҽллҽм): «Әйел кісіге өзінің махрамысыз үш күндік сапаға

шығуына болмайды»179

- деді. Абу Сағид Ҽл-Худриден (оған Аллаһ

разы болсын) келген хадисте: «Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи

уҽ сҽллҽм) әйелді екі күн, немесе екі түн күйеусіз немесе

махрамсыз сапар шегуінен қайтарды»180

- деді. Абу Һурайрадан

(оған Аллаһ разы болсын) келген хадисте Пайғамбарымыз

(саллалаһу алейһи уҽ сҽллҽм): «Аллаһқа және ақірет күніне иман

келтірген әйелге өзінің махрамысыз бір тәуліктік қашықтыққа

сапар шегуі рұқсат етілмейді»181

- деді.

Бұл хадистердегі үш күндік, екі күндік, жҽне бір тҽуліктік

мҿлшерден болған мақсат — жаяу жҽне сол уақыттағы кҿлік

түрлерімен аталған уақыттағы кесіп ҿтілетін қашықтық.

Хадистердегі сапардың мҿлшері «үш күн», «екі күн», «бір тҽулік»,

«не одан да аз» - деп ҽр-түрлі болғандығына ғұламалар былай деп

жауап берді: «Хадистен болған мақсат — оның сыртқы түсінігі

177 Барабан сиякты музыкалық аспап. 178 Ҽйелдерге ұқсау. 179 Бухарий, Муслим р-ты. 180 Бухарий, Муслим р-ты. 181Бухарий, Муслим р-ты.

Page 84: Mumin ayelderge katusty

84

емес, керісінше бұған сапар деп аталатын нҽрсенің барлығы кіреді.

Сондықтан ҽйел солардың барлығынан қайтарылған».

Имам Науауий Сахих Муслимнің шархында (9/103) былай

деді : «Белгілі болғаны, ҽйел күйеусіз жҽне махрамсыз сапар деп

аталатын нҽрсенің барлығынан қайтарылған, мейлі, ол үш күн не

екі не бір күн немесе одан да аз қашықтық болсын. Ҿйткені ибн

Аббастан (оған Аллаһ разы болсын) : «Әйел кісі тек қана

махраммен сапар шегеді»- деген жалпы риуаят келді, ол

жоғарыда айтылған Муслимнің ақырғы риуаяты. Бұл хадис сапар

деп аталатын нҽрсенің барлығын ҿзі ішіне алады. Аллаһ білушірек!»

Сҿз соңы.

Ал ҽйелге парыз қажылыққа ҽйелдер жамағатымен бірге сапар

шегуіне рұқсат бергендер болса, олардың сҿздері сүннетке қайшы

келеді. Имам Хаттаби «Мағалиму Сунан» атты кітапта (2/276,277)

былай деді: «Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уҽ сҽллҽм) ҽйелді

махрамсыз сапар шегуден тыйды. Ал оған Пайгамбарымыз

(саллалаһу алейһи уҽ сҽллҽм) қойған шартты орындаусыз

қажылыққа сапар шегуіне рұқсат ету — сүннетке қарама-қайшы.

Егер оның махрамсыз шығуы күнҽ болатын болса, оған қажылықты

парыз қылуға болмайды. Бұл — күнаға алып баратын итағат

болып табылады». Сҿз соңы.

Мен былай деймін: Олар ҽйелге бүтіндей махрамсыз сапар

шегуін рұқсат етпеді, тек қана парыз қажылығына ғана сапар шегуін

рұқсат етті.

Имам Науауий «Мажмуғ» кітабында (8/249): «Ҽйелге нҽпіл

қажылыққа, сауда жҽне зиярат сияқты сапарларға махрамсыз

шығуына болмайды» - деді. Сҿз соңы.

Ал қазіргі кезде ҽйелдің барлық сапарына махрамсыз сапар

шегуіне жеңіл қарайтындарға сҿздері алынатын ғұламалардың еш

бірі келіспейді. Сол жеңіл қарайтындар: «Ҽйелдің махрамы оны

самолѐтке мінгізіп жібереді де, оны ҽйелдің қалаған еліне

жеткенінде, оны басқа махрамы күтіп алады. Ҿйткені олардың

ойларынша самолѐтте ер-ҽйел жолаушылардың кҿп болғандығынан

ол сенімді болады» – дейді.

Біз оларға былай дейміз: «Жоқ, олай емес. Ҿйткені самолѐт

басқасынан кҿре қатерлірек, себебі онда жолаушылар бір-бірімен

араласады, кейде ҽйел еркектің қасына отырып қалады, немесе кейде

Page 85: Mumin ayelderge katusty

85

самолѐт басқа жаққа бет алуға мҽжбүр болады да, оны күтіп алатын

ешкімі болмай, ол қатерлерге тап болады. Сонда ол ҿзі білмейтін ҽрі

махрамы болмаған елде не істемек?182

4 – Абыройды зинадан сақтайтын себебтердің бірі —

әйелді оған махрам емес бӛтен ер кісімен оңаша қалудан тыю.

Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уҽ сҽллҽм) :«Кімде-кім Аллаһқа

және ақырет күніне иман келтірсе, махрамы болмаған әйел

кісімен оңаша қалмасын, өйткені олардың үшіншісі шайтан

болады» - деді. Амр Ибн Рабиғадан (оған Аллаһ разы болсын)

келген хадисте Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уҽ сҽллҽм): «Ер

кісі өзіне халал болмайтын әйел кісімен жеке қалмасын,

өйткені олардын үшіншісі шайтан, тек әйелдің махрамы болса

ғана рұқсат»- деді.

Ҽл-Мҽжд (оны Аллаһ рақым етсін) «Мунтақо» деген кітапта:

«Бұл екі хадисті имам Ахмад риуаят еткен»-деді. Оның мағынасы

жоғарыда Ибн Аббастың Бухарий мен Муслим риуаят еткен

хадисінде айтылып ҿтті183

.

Имам Шауканий «Найлуль Аутар» атты кітапта (6/120): «Ибн

Хажар «Фатхуь Бари» атты кітапта айтқанындай, бҿтен

ҽйелмен жеке қалудың харамдығына ғалымдар бір ауыздан келіскен.

Хадистегі бҿтен ҽйелмен оңаша қалудың харам болған себебі —

шайтан олардың үшіншісі болғандығынан жҽне шайтанның сол

жерде болуы — ол екеуін күнҽға жолықтырады. Ал егер ҽйел кісінің

махрамы болса, онымен жеке қалу рұқсат етіледі. Ҿйткені ҽйелдің

махрамының болуы, ол екеуін күнҽға түсуден тосады» - деді. Сҿз

соңы.

182 Ҽйелді махрамсыз сапар шегуіне болмайтындығына кескінді дҽлелдердің бірі — Ибн Аббас

(оған Аллаһ разы болсын) айтады: Аллаһтың елшісі (саллалаһу алейһи уҽ сҽллҽм) хұтба

қылғанын естідім, сонда ол: «Еркек ҿзіне бҿтен ҽйелмен жеке қалмасын, тек оның махрамы

болса ғана, жҽне ҽйел тек ҿзінің махрамымен ғана сапар шексін»-деді. Сонда бір адам тұрып: Иҽ

Аллаһтың елшісі (саллалаһу алейһи уҽ сҽллҽм), менің ҽйелім қажылыққа кеткен еді, ал мен

пҽленше пҽленше ғазуаттарға жазылып қойдым деді. Сонда Аллаһтың елшісі (саллалаһу алейһи

уҽ сҽллҽм) оған: «Бар да ҽйеліңмен бірге қажылық қыл» - деді. (Бухарий мен Муслим р-ты.)

Ғұламалар бұл хадистің шархында: Ол ҽйел сахаби ҽйел еді, жҽне онымен бірге сапар шеккендер де барлығы сахабилер еді, олардан артық қандай жамағат бар? Бірақ сонда да

Аллаһтың елшісі (саллалаһу алейһи уҽ сҽллҽм) ол ҽйелдің ҿзі жалғыз махрамсыз сапарға

шығуын рұқсат етпеді-дейді. 183 48-бетті қараңыз.

Page 86: Mumin ayelderge katusty

86

Кейбір әйелдер және оларға жауапты адамдар әйелдердің

бӛтен ермен жеке қалуының бірнеше түріне немқұрайлы

қарайды, солардың бірінен:

1 – Әйелдің күйеунің туыстарымен оңаша қалуы және

оның алдында бетін ашып жүруі.

Ҽйелдің күйеунің туыстарымен оңаша қалуы басқадан кҿре

ҿте қатерлі болып табылады. Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уҽ

сҽллҽм): «Сендер әйелдерге кіруден сақ болыңдар!» - деді.

Ансарлардың біреуі: «Иҽ Аллаһтың елшісі! Егер қайындары болса

ше?» - деді. Сонда Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уҽ сҽллҽм)

«Қайын — өлім»184

- деді.

Бұл хадисте айтылған «қайындары» (ҽл-хаму) сҿзінің

мағынасы — ол күйеунің бауыры делінген. Ол ол ҽйелмен жеке

қалуды жақтырмағандай болды.

Хафиз Ибн Хажар «Фатхуль Барий» атты кітапта (9/331)

былай деді: «Имам Науауий: «Араб тілі ғұламалары «қайын» (ҽл-

хаму) сҿзі ҽйелдің күйеуінің ҽкесі, ҽкесінің ағайындары, ҿзінің

ағайындары, ағайындарының балалары жҽне ҽкесінің

ағайындарының балалары сияқты туыстары екеніне келіскен. Ал

хадистегі мақсат қылынғаны ол күйеуінің ҽкесі мен күйеуінің басқа

ҽйелдерінен болған балаларынан басқа туыстары. Ҿйткені олар

(яғни күйеуінің ҽкесі мен балалары) ҽйелге махрам болады жҽне

олармен жеке қалуына рұқсат етіледі, сондай-ақ олар ҿлім деп

сипатталмайды.

Інісі ҿз жеңгесімен оңаша қалуы ҽдетке айналып, адамдар

оған жеңілдік білдіргендіктен, ол ҿлімге ұқсатылды жҽне бұл оған

тыйым салуға басқасынан кҿре ҽуелірек деді» - деді. Сҿз соңы.

Имам Шауканий «Найлуль Аутар» атты кітапта (6/122) былай

деді: «Қайын — ҿлім дегені, яғни ҿлім басқасынан кҿре

қорқыныштырақ болғанындай, қайынның жеңгесімен оңаша

қалуынан қорқу да басқасынан кҿре кҿбірек болады». Сҿз соңы.

Ей, мұсылманның қыздары, Аллаһтан қорқыңдар! Егер

адамдар бұл іске немқұрайлы қараса да, сендер оған немқұрайлы

қарамаңдар! Ҿйткені амалдар адамдар ҽдетімен емес, шариғат

үкімімен таразыланады.

184 Имам Ахмад, Бухарий жҽне Тирмизий р-ты. Бұл хадисті Имам Тирмизий сахих деген.

Page 87: Mumin ayelderge katusty

87

2 – Кейбір әйелдер және оларға жауапты адамдар ол

харам болса да, әйелдің жалғыз ӛзі махрамсыз машинаға оның

жүргізушісімен бірге мінуіне немқұрайлы карайды.

Сауд араб мемлекетінің муфтиі Мухаммад ибн Ибрахим Ҽлі-

Шейх (Аллаһ оны рақым етсін) фатаулар жинағанда (10/52): «Қазіргі

күнде бҿтен ҽйелдің қасында жүретін махрамысыз машинаның

жүргізушісімен жекеленіп машинаға мінуі – айқын тыйым

салынған іс екендігінде еш кумҽн қалмады. Бұл істе оған

немқұрайлы қарауға болмайтын бірнеше жамандықтар бар. Мейлі

ол ҽйел ұятты, мадениетті немесе ұятсыз, ерлермен сҿйлекіш ҽйел

болса да, онда айырмашылық жоқ.

Махрамдарының185

осы ісіне разы болған еркек — діні ҽлсіз,

еркектік намысы кем, ҽйеліне деген қызғанышы аз адам болып

саналады. Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уҽ сҽллҽм) : «Ер кісі

бөтен әйелмен ешқашан оңаша қалмасын, ондай болса олардың

үшіншісі шайтан болады» – деді.

Ҽйелдің бҿтен еркекпен жекешеленіп кҿлікке мінуі — олардың

үйде не басқа жерде оңаша қалуынан кҿре жаманырақ. Ҿйткені

кҿлікке міну — еркекке ол ҽйелді (оған ҽйел разы болса да, болмаса

да) ҿзінің қалаған жеріне, не қаланың сыртына алып кетуіне

мүмкіндік береді. Міне осының жамандығы жҽй ғана жеке қалудың

жамандығынан кҿре ҽлдеқайда кҿбірек болады» - деді. Сҿз сҿңы.

Ҽйелдің қасында жүретін махрамы ересек кісі болу керек, жас

баланың болуы жетпейді. Кейбір ҽйелдердің: «Егер қасыма жас

баланы ертіп алсам, оңашада болмаймын» - деген ойлары қателік.

Имам Науауий (9/109): «Ал егер ердің бҿтен ҽйелмен үшінші

адамсыз оңаша қалуы болса, ол ғұламалардың келісімі бойынша

харам іс. Сол сияқты олардың қасында одан кішкентайлығы үшін

ұялмайтын жас бала болса, сол себебті харам болған оңашалану

жойылмайды» - деді.

3 – Кейбір әйелдер және оларға жауыпты адамдар: «Әйел

емделуге мұқтаж» деген сылтаумен оның (жалғыз ӛзі) дәрігерге

кіруіне жеңіл қарайды. Бұл ҿте қатты қайтарылған қатерлі іс. Бұны

мақұлдауға жҽне оған үндемеуге болмайды.

185 Ердің ҽйелі, қарындасы, апайын жҽне шешесі сияқты.

Page 88: Mumin ayelderge katusty

88

Шейх Мухаммад Ибн Ибраһим (оны Аллаһ рақым етсін)

фатуалар жинағында (10/13) былай деді: «Қандай жағдайда

болмасын, ердің бҿтен ҽйелмен оңаша қалуы шариғатта харам

қылынған. Егер де ол оны емдейтін дҽрігер болса да, оған бҿтен

ҽйелмен оңаша қалуына болмайды. Ҿйткені пайғамбарымыз

(саллалаһу алейһи уҽ сҽллҽм): «Ер кісі бөтен әйелмен ешқашан

оңаша қалмасын, ондай болса олардың үшіншісі шайтан болады»

- деді.

Ҽйелдің дҽрігерге кіруі үшін, міндетті түрде онымен бірге

бір адам болуы керек. Ол адам ҽйелдің күйеуі немесе оның

махрамдарынан болған бір еркек болса да рұқсат етіледі. Егер

ҽйелдің махрамдарынан ер адам келе алмаса, жоқ дегенде оның

туыстарынан бір ҽйел болуы керек. Егер жоғарыда

айтылғандардың еш бірі табылмаса, жҽне ауыру қатерлі болып,

оны емдеуді кешіктіруге мүмкіндік болмаса, тыйым салынған

оңашаланудан сақтану мақсатында кем дегенде медбике сияқты

біреудің болуы керек». Сҿз соңы.

Сол сияқты дҽрігердің бҿтен ҽйелмен, егер ол оның серіктесі

немесе медбикесі болса да, онымен жеке қалуына болмайды.

Сондай-ақ мұғалім, ол соқыр немесе басқа болса да, оқушы қызбен

оңаша қалуына, стюардессаның да бҿтен ермен оңаша қалуына

болмайды.

Міне осы істе кҿптеген адамдар қазіргі кездегі жасанды,

жалған мҽдениет ҽрі кҽпірлерге соқыр ергесу атымен жҽне шариғат

үкімдеріне кҿңіл бҿлмегендіктері себепті жеңілдік білдіреді. Ҿте

үстем ҽрі ұлы Аллаһтан басқа ешкімде күш қуат жоқ!

Адамға ҿзінін үйінде қызмет ететін қызметші ҽйелмен оңаша

қалуы, сол сияқты үй иесі болған ҽйелдің де үйіндегі қызметші

ермен оңаша қалуына болмайды. Қызметшілердің проблемасы

қазіргі заманда ҽйелдердің оқу жҽне үйден тысқары жұмыстармен

шұғылданып қалулары себепті кҿптеген адамдардың онымен

бҽлеленген қатерлі проблемасы. Осы нҽрсе мүмін ерлер мен

ҽйелдерді одан ҿте сақ болуларын жҽне одан ықтият болу

амалдарын қолдануды міндет етеді. Сол сияқты оларға жаман

ҽдеттерден ұзақ болулары уҽжіп болады.

Page 89: Mumin ayelderge katusty

89

Толықтастыру:

Ҽйелге ҿзіне махрам емес еркектермен қол алыса

амандасуына болмайды. Сауд Арабия елінің білім жҽне фатуа,

дағуат жҽне ҿсиет бҿлімінің бастығы шейх Абдул Азиз ибн Баз (оны

Аллаһ рақым етсін) ҿзінің фатауасында былай деді: «Ҽйелге ҿзіне

махрам емес еркектермен ешқашан қол алысып амандасуына

болмайды, қол алысатын адам егер жас қыз немесе кҽрі апа болса

да, не жас жігіт не кҽрі шал болса да. Ҿйткені бұнда олардың

ҽрқайсысы үшін фитна қатерлігі бар.

Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уҽ сҽллҽм) хадисінде: «Мен

әйелдермен қол алыспаймын» - деді. Айша анамыз (оған Аллаһ

разы болсын): «Аллаһтың елшісінің қолы ешқашан әйелдің

қолына тиген емес, олар Пайғамбарымызға (саллалаһу алейһи уә

сәлләм) тек сөзбен байғат беретін еді» - деді.

Жалпы дҽлелдер үшін жҽне фитнаға алып келетін жолдарды

тосу үшін, ҽйелдің бҿтен еркектермен қолына бір нҽрсе киіп немесе

кимей қол алысып амандасуында еш айырма жоқ». Сҿз соңы.

Шейх Мухаммад Ҽмин Шинкитий ҿзінің «Адуауль Баян» атты

тҽпсірінде (6/602, 603) былай деді: «Біліп қой, расында еркекке ҿзіне

бҿтен ҽйелмен қол беріп амандасуына болмайды. Сол сияқты оның

денесінің бір нҽрсесі де бҿтен ҽйелдің денесіне тиюіне болмайды.

Бұған тҿмендегі нҽрселер дҽлел болады:

1) Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уҽ сҽллҽм) «Мен

әйелдермен қол алыспаймын» - деді. Аллаһ Құранда: «Расында

сендер үшін Аллаһтың елшісінде кӛркем үлгі - ӛнеге бар»186

-

деді. Бұл аят бізден Пайғамбарымызға (саллалаһу алейһи уҽ

сҽллҽм) ергендіктен ҽйелдермен қол алыспауымызды талап етеді.

Тҿбеде айтылған хадисті Хаж сүресінде еркек адамға ихрам кезінде

жҽне одан басқа уақытта жібектен тігілген киімді киюге

болмайтындығы жайындағы сҿзімізде анықтап айтып ҿттік.

Сондай-ақ оны осы Ахзаб сүресіндегі хижаб аятында да айтып

ҿттік.

Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уҽ сҽллҽм) байғат кезінде

ҽйелдермен қол алыспауы – еркектің бҿтен ҽйелмен қол алысуына

болмайтындығына анық дҽлел болады. Сол сияқты еркектің

186 Ахзаб. 21

Page 90: Mumin ayelderge katusty

90

денесінің еш бір жері бҿтен ҽйелдің денесінің еш бір жеріне тиюіне

болмайды. Ҿйткені дененің денеге тиюінің ең жеңіл түрі – қол

алысу. Егер Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уҽ сҽллҽм) талап

етіліп тұрған кезде (байғат кезінде) ҽйелдермен қол алыспаса, бұл

оның рұқсат емес екендігіне дҽлел болады. Ал Пайғамбарымызға

(саллалаһу алейһи уҽ сҽллҽм) қайшы келу ешкімге рұқсат етілмеген.

Ҿйткені үммет үшін сҿзімен, ісімен жҽне келісуімен істі

шариғаттайтын — ол Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уҽ

сҽллҽм).

2) Бұл, жоғарыда ҽйел түгелдей аурат екендігін жҽне оған

жабылып жүруі уҽжіп екендігін, сондай-ақ оның фитнаға

жолығуынан қорыққандығы үшін кҿздерін тҿмен түсіріп жүруіне

бұйырылғандығын айтып ҿттік. Ал дененің денеғе тиюі – табиғи

сезімнің қозуына жҽне ҽйелге кҿзбен қараудан кҿре күштірек ҽсер

ететінінде еш күмҽн жоқ. Бұның дұрыстығын ҽр ҽділ сыншы

біледі.

3) Ҽйелдің бҿтен еркекпен қол алып амандасуы – ҽйелдің ол

еркекпен лҽзаттануға апаратын жолы болып табылады. Ҿйткені

қазіргі заманда адамдардың тақуалығы аз ҽрі аманат жоғалған,

сондай-ақ адамдар қауіптен қорқықпайды. Кейбір күйеулер ҿзінің

ҽйелінің сіңілдерімен ерінін ерініне тигізіп сүйісетіні жайлы жҽне

олар бұл сүйісуді «сҽлем» деп атайтыны жайлы кҿп рет естідік.

Олар: «Ҽйелдің сіңіліне сҽлем бер» десе, яғни оны сүй дегені.

Онда еш күмҽні жоқ ақиқат — бұл фитналармен қауіптерден

жҽне олардың себептерінің барлығынан ұзақ болу. Бұлардың ең

жаманы — еркектің бҿтен ҽйелдің денесінің бір жеріне қолын

тигізуі. Харамға апаратын жолдардың барлығын тосу — уҽжіп

болады...». Сҿз соңы.

Кітап соңы.

Ей мүмін ерлер мен мүмін ҽйелдер! Аллаһтың сіздерге

жолдаған ҿсиетін естеріңе түсіремін:

«(Мұхаммед саллалаһу алейһи уҽ сҽллҽм), Момындарға айтыңыз,

кӛздерін (бӛгде әйелдерге қараудан) тоссын және абыройларын

(харамнан) сақтасын! Міне осы — олар үшін ең таза (жол).

Әлбетте Аллаһ олар істеп жатқан істерден хабардар. Момын

әйелдерге де айтыңыз: кӛздерін (бӛгде ерлерге тігуден) тоссын

Page 91: Mumin ayelderge katusty

91

және абыройларын (харамнан) сақтасын! Және де кӛрініп

тұрғаннан басқа зайнеттерін (яғни, үстеріндегі киімдерінен

басқа зеб-зейнеттерін бӛгделерге) кӛрсетпесін және кӛкіректерін

орамалдарымен тоссын! Олар зейнеттерін кӛрсетпесін, тек

ерлеріне, немесе әкелеріне, немесе ерлерінің әкелеріне, немесе

ұлдарына, немесе ерлерінің ұлдарына, немесе ӛздерінің аға-

інілеріне, немесе аға-інілерінің ұлдарына, немесе әпке-

сіңілдерінің ұлдарына, немесе ӛздері сияқты әйелдерге, немесе

қол астындағы күндеріне, немесе (әйелдерден) қажетсіз болған

(яғни, ӛте қартайып қалған, немесе ақылсыз) еркек қызметкер

құлдарға, немесе әйелдердің абыройларынан хабарсыз

балаларға ғана (зеб-зейнеттерін кӛрсетулері мүмкін) және

жасырған зейнеттері білінуі үшін аяқтарын (жерге) ұрмасын!

Барлықтарың Аллаһқа тәубе етіңдер, ей мүміндер! Әрине

(сонда) құтыларсыңдар»187

.

Барлық мақтау бүкіл ҽлемдердің Раббысы Аллаһқа тҽн,

пайғамбарымыз Мухаммедке, оның жан ұясына ҽрі сахабаларына

Аллаһтың сҽлемі мен салауаты болсын!

187 Нұр. 30-31

Page 92: Mumin ayelderge katusty

92

Мазмұны

Бірінші бӛлім...............................................................................................................1

Жалпы үкімдер.............................................................................................................1

1-Ҽйел адамның Ислам келуінен бұрынғы жағдайы................................................1

2-Ҽйелдің Исламдағы дҽрежесі..................................................................................2

3-Ислам жаулары жҽне олардың бүгінгі күндегі кҿмекшілері

ҽйелдің құн-қасиеттерін жоғалтуды ҽрі оны ақысынан

айыруды қалаулары......................................................................................................3

4-Біз егер келесі шарттар орындалса ҽйелдің үйінен

тыс жерде жұмыс істеуін қайтармаймыз...................................................................4

Екінші бӛлім................................................................................................................6

Ҽйелдің тұла бойын ҽдемілеуге байланысты үкімдер.............................................6

1-Ҽйелден оның ҿзіне қатысты жҽне ҿзіне лайықты

болған туа біткен қасиеттерді істеу талап етіледі....................................................6

2-Ҽйелден оның шашы мен қасына байланысты талап етілетін

нҽрселер жҽне бояну үкімі..........................................................................................6

Үшінші бӛлім............................................................................................................ 13

Етеккір, ауыру жҽне нифас қанына арналған үкімдер............................................13

Бірінші: Етеккір..........................................................................................................13

1-Етеккірдің анықтамасы.......................................................................................... 13

2 -Етеккір келетін жас............................................................................................... 13

3-Етеккір үкімдері......................................................................................................13

Ас – суфра жҽне Ҽл – Кудраға байланысты үкімдер..............................................16

Пайдалы мҽселе..........................................................................................................16

4-Ҽйелдің етеккірі біткеннен кейін істейтін нҽрселері..........................................16

Етеккірден ғусл алудың сипаты................................................................................17

Маңызды ескерту.......................................................................................................17

Екінші: Истихада (ауыру қаны)................................................................................18

1-Истихада үкімдері...................................................................................................18

2-Дҽретті адам үкімімнде болған жағдайдағы истиғада кҿрген ҽйелдің

істейтін нҽрселері.......................................................................................................20

Үшіншісі: Нифас........................................................................................................21

А – Нифастың анықтамасы жҽне созылатын уақыты.............................................21

Б – Нифасқа байланысты үкімдер.............................................................................21

Жоғарыда айтылған үкімдердің дҽлелдері..............................................................22

Page 93: Mumin ayelderge katusty

93

Пайдалы мҽселе..........................................................................................................22

Маңызды мҽселе.........................................................................................................23

Дҽрілер ішу.................................................................................................................23

Аборт үкімі..................................................................................................................23

Тӛртінші бӛлім..........................................................................................................26

Киімдер мен хижжабқа байланысты үкімдер.........................................................26

Мұсылман ҽйелдің киімінің шариғатқа сай сипаты..............................................26

Хижжабтың мағынасы, дҽлелі жҽне пайдалары....................................................28

Бесінші бӛлім.......................................................................................................... 31

Мұсылман ҽйелдің намазына байланысты үкімдер.............................................31

Намазда ҽйелдің ҿзіне арналған, еркектерден бҿлек жеке үкімдері бар............31

1-Ҽйел азан жҽне иқомат айтпайды.......................................................................31

2-Намазда ҽйелдің барлық жері ҽурат....................................................................31

3-Ҽйел рукуғ жҽне сҽжде қылғанда

шынтақтарын денесінен ажыратпайды....................................................................32

4-Ҽйелдердің бірі имам болып

жамағатпен намаз оқулары........................................................................................33

5-Ҽйелдерге еркектермен бірге намаз оқулары үшін

үйлерінен шығуларына болады................................................................................33

Егер мешітке намазға шығатын болса, тҿмендегі ҽдептерге мҽн беруі керек:

1-Кҿйлекпен жҽне хижабпен денесін толық жабуы.............................................33

2-Иіс су қолданбай шығуы......................................................................................34

3-Зейнеттелген киім жҽне асыл тастар тағынбау..................................................34

4-Егер ҽйел кісі жалғыз болса, ер кісілердің

артына жеке сапқа тұрады.......................................................................................35

5-Егер имам намазда жаңылып ұмытса, ҽйел кіс шапалақ

қағып ескерту береді.................................................................................................35

6-Егер имам намаздан кейін сҽлем берсе ҽйел кісілер

мешіттен шығуға асығады........................................................................................36

7- Ҽйелдердің айт намазына шығуы.......................................................................36

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм) ҽйелдерді

айтта шығуға бұйырғанында бірнеше себептер болуы мүмкін............................37

Алтыншы бӛлім.......................................................................................................39

Жаназа бабындағы ҽйелге қатысты үкімдер...........................................................39

1-Ҿлген ҽйелді ҽйелдер жуулары керек..................................................................39

2-Ҽйел адамның бес ақ матаға кебінделуі абзал....................................................39

Page 94: Mumin ayelderge katusty

94

3-Ҿлген ҽйелдің шашына байланысты істер..........................................................40

4-Ҽйелдердің жаназаға еру үкімі..............................................................................40

5-Ҽйелдерге қабірлерді зиярат етудің харамдығы..................................................40

6-Мҽйітті жоқтаудың харамдығы.............................................................................41

Жетінші бӛлім...........................................................................................................43

Ораза бабындағы ҽйелге қатысты үкімдер..............................................................43

Рамазанда ораза тұту кімге парыз?.........................................................................43

Үзірлер:

1-Етеккір жҽне нифас................................................................................................44

2-Жүктілік пен бала емізу.......................................................................................45

Ескертулер:

1-Истихаза қанын кҿрген ҽйел................................................................................ 45

2-Етеккір, жүкті жҽне бала емізуші ҽйелдер..........................................................46

3-Егер ҽйелдің күйеуі қасында болса, ҽйелге тек

күйеуінің рұқсатымен нҽпіл ораза тұтуына болады...............................................46

4-Егер етеккір кҿрген ҽйел

рамазан күндерінің бірінде тазарып қалса..............................................................47

Сегізінші бӛлім.........................................................................................................48

Қажылық пен ұмрадағы ҽйелге байланысты үкімдер.............................................48

Қажылықтағы ҽйелдерге арналған үкімдер.............................................................48

1-Махрам.....................................................................................................................48

2-Егер қажылық нҽпіл болса.....................................................................................49

3-Ҽйел қажылық пен ұмраны еркектің атынан істеуіне болады...........................49

4-Ҽйел егер қажылыққа бара жатқан жолында етеккір не нифас болып қалса,

жолында кете береді...................................................................................................50

5-Ҽйел ихрамға кірердегі істейтін нҽрселері...........................................................52

6-Ҽйел егер ихрамнан бұрын ниқап пен буркуғты киіп жүрген болса,

ихрам кезінде оларды шешеді...................................................................................52

7-Ҽйелге ихрамды кезінде ҽйел киімнің қалағанын киуіне болады.....................54

8-Ҽйелге ихрамға кіргеннен кейін ҿзі

еститіндей дҽрежеде тҽльбия айтуы сүннет............................................................54

9-Ҽйелге тауаф қылған кезінде толық жабылуы жҽне дауысын кҿтермеуі

ҽрі кҿздерін тҿмен түсіруі уҽжіп болады................................................................54

10-Ҽйелдердің тауафы жҽне сағиы

барлығы жҽй жүрумен болады..................................................................................55

11-Етеккір болған ҽйелдің хаж амалдарына қылатын жҽне тазарғанға дейін

қылмайтын істері.....................................................................................................55

Ескерту........................................................................................................................58

Page 95: Mumin ayelderge katusty

95

12-Ҽйелдерге сығылысудан қорыққандықтан айдың кҿзден ғайып болғанынан

кейін ҽлсіздермен бірге Муздалифадан кете берулеріне жҽне Минаға жеткен

кезде жамаратуль-Ақабаға тас атуларына болады..................................................58

13-Ҽйел қажылықта жҽне ұмрада шашын саусақ ұшындай қысқартады............59

14-Етеккір кҿрген ҽйел егерде жамаратуль-Ақабада

тас атса жҽне шаш қысқартса...................................................................................60

15-Егерде ҽйел тауаф-ифададан кейін етеккір кҿрсе..............................................60

16-Ҽйел адамға намаз оқу үшін ҽрі дұға қылу үшін

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уҽ сҽллҽм)

мешітіне баруы мустахаб болады.............................................................................61

Тоғызыншы бӛлім....................................................................................................62

Үйлену жҽне ажырасу үкімдері................................................................................62

Үйленуде кҿптеген пайдалар бар, олардың ең маңыздысы...................................63

Ҽйелді тұрмысқа бергенде оның ойымен санасу....................................................65

Ҽйелді тұрмысқа беруде қамқоршының шарт

етілуі жҽне осының даналығы...................................................................................67

Некені жариялау үшін ҽйелдердің дуф ұру үкімі....................................................68

Ҽйелдің күйеуіне бойұсынудың уҽжіптігі жҽне

оған қарсы келуінің харамдығы................................................................................69

Егер ҽйел ҿзінің күйеуінің оған қызықпағанын кҿрсе,

бірақ ҽйелдің ҿзі онымен бірге қалуды қаласа не істейді?.....................................70

Егер ҽйел күйеуіне жақпаса, ҽрі ҽйел

онымен қалуды қаламаса не істейді?.......................................................................71

Егер зайыбы ерінен ешқандай үзірсіз ажырасуды талап етсе,

онда оған қандай қауіп бар?......................................................................................72

Некенің аяқталғанында ҽйелге уҽжіп болған нҽрселері.........................................72

1-Екі қабат ҽйелдің иддасы.......................................................................................73

Талақ байн жҽне талақ рожғи...................................................................................73

2-Етеккір кҿретін ҽйелдің иддасы............................................................................74

3-Етеккір кҿрмейтін ҽйелдер....................................................................................74

4-Ері қайтыс болған ҽйел..........................................................................................75

Идда мерзіміндегі ҽйелдерге қатысты тыйым салынған істер:

1-Оларға құда түсу үкімі:

Рожғи талақ иддасы кезіндегі ҽйел..........................................................................75

Рожғи талақ емес идда кезіндегі ҽйел......................................................................75

2- Басқа ерден ажырап идда күткен ҽйелге неке қию харам етіледі.....................76

Пайдалы мҽселелер:............,,,,,,,,,,,,,,,.......................................................................76

3-Ері қайтыс болған ҽйелге идда кезінде бес түрлі нҽрсе харам етіледі:

1-Иіс судың барлық түрін қолдану...........................................................................77

2-Денесін зейнеттеу...................................................................................................78

Page 96: Mumin ayelderge katusty

96

3-Зейнет үшін арналып тігілген кҿйлектерді киіп

ҽшекейленуі харам етіледі.......................................................................................78

4-Ҽшкейлі тастардан, не алтын, күміс сияқты пайдалы

қазбалардан жасалған зеб-зейнеттер, тіпті

жүзік болса да тағуына болмайды..........................................................................78

5-Ҽйелге онда тұратын жҽне ері онда қайтыс болған

үйден басқа үйде түнеуі харам етіледі...................................................................78

Оныншы бӛлім.........................................................................................................80

Ҽйелдің құрметі мен абыройын сақтайтын үкімдер.............................................. 80

1-Ҽйел еркек адам сияқты кҿзін тҿмен түсіруге

жҽне абыройын сақтауға бұйырылған.....................................................................80

2-Абыройды зинадан сақтау себебтерінің бірі — музыка жҽне музыкалық

аспаптарды тыңдаудан ұзақ болу.............................................................................82

3-Абыройды зинадан сақтау себептерінің бірі — ҽйелді

пасық, ҽзілқой адамдардан қорғайтын

махрамы болмаса, оған сапарға шығуына тыйым салу..........................................83

4-Абыройды зинада сақтайтын себебтердің бірі — ҽйелді оған

махрам емес бҿтен ер кісімен оңаша қалудан тыю.................................................85

Кейбір ҽйелдер жҽне оларға жауапты адамдар ҽйелдердің бҿтен ермен жеке

қалуының бірнеше түріне немқұрайлы қарайды:

1-Ҽйелдің күйеунің туыстарымен оңаша қалуы жҽне

оның алдында бетін ашып жүруі..............................................................................86

2-Кейбір ҽйелдер жҽне оларға жауапты адамдар

ол харам болса да, ҽйелдің жалғыз ҿзі

махрамсыз машинаға оның жүргізушісімен

бірге мінуіне немқұрайлы карайды..........................................................................87

3-Кейбір ҽйелдер жҽне оларға жауыпты адамдар

«Ҽйел емделуге мұқтаж» деген сылтаумен

оның (жалғыз ҿзі) дҽрігерге кіруіне жеңіл қарайды....................................... 87

Толықтастыру.............................................................................................................89

Кітап соңы...................................................................................................................90

Мазмұны......................................................................................................................92

Page 97: Mumin ayelderge katusty

97