42
Жұмыстың мазмұны: Кіріспе............................................... ...................................................... ..............3 1. Delphi ортасымен танысу, Delphi ортасы туралы жалпы түсінік, Delphi не істей алады?................................................ ...................................................... 4 2. Delphi программалау ортасы................................................ ............................5 2.1. Мәзір пукттеріне енгізілген негізгі командаларды Орындайтын түймелер.............................................. ...........................................6 2.2. Проект. Форма. Қасиеттер. Объект инспекторы......................................7 2.3. Оқиғалар. Программалық код терезесі.............................................. ........8 2.4. Берілгендерді енгізу және шығару. InputBox функциясы. ShowMessage процедурасы. Типті түрлендіру функциясы...... 10 2.5. Берілгендерді формада енгізу және шығару...........................................13 2.6. Проектіні сақтау және ашу. Компиляциялау......................................... .14 2.7. Компоненттер палитрасы жөнінде............................................... ...........14 3. Жобалардың негізгі файлдары.............................................. .......................15 2

iuiu - asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/11/1138_Delphi_2.docx  · Web viewортасының мүмкіндіктері, бұл жүйенің құрамы, бағдарламалаудың

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: iuiu - asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/11/1138_Delphi_2.docx  · Web viewортасының мүмкіндіктері, бұл жүйенің құрамы, бағдарламалаудың

Жұмыстың мазмұны:

Кіріспе...................................................................................................................3

1. Delphi ортасымен танысу, Delphi ортасы туралы жалпы түсінік, Delphi не істей алады?......................................................................................................42. Delphi программалау ортасы............................................................................52.1. Мәзір пукттеріне енгізілген негізгі командалардыОрындайтын түймелер.........................................................................................62.2. Проект. Форма. Қасиеттер. Объект инспекторы......................................72.3. Оқиғалар. Программалық код терезесі......................................................82.4. Берілгендерді енгізу және шығару. InputBoxфункциясы. ShowMessage процедурасы. Типті түрлендіру функциясы...... 102.5. Берілгендерді формада енгізу және шығару...........................................132.6. Проектіні сақтау және ашу. Компиляциялау..........................................142.7. Компоненттер палитрасы жөнінде..........................................................143. Жобалардың негізгі файлдары.....................................................................154. Database Desktop- тың көмегімен кестелер құру.........................................165. Delphi ортасының графикалық мүмкіндіктері........................................... 216. Графикалық режимде баспаға шығару. Берілген форманы шығару........ 26Графикалық мәліметтерді баспаға шығару(TPrint объектісі)....................................................................................................27

Қорытынды........................................................................................................29

Әдебиеттер тізімі..................................................................................................30

2

Page 2: iuiu - asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/11/1138_Delphi_2.docx  · Web viewортасының мүмкіндіктері, бұл жүйенің құрамы, бағдарламалаудың

КІРІСПЕ

Бұл курстық жұмыста Delphi ортасының мүмкіндіктері, бұл жүйенің құрамы, бағдарламалаудың ерекшеліктері, Delphi жобаларының негізгі файлдары, Delphi кітапханасындағы компоненттердің жиі қолданылатын түрлері, Delphi-ді өңдеудің интегралданған ортасымен жұмыс істеу әдістемесін қарастырамын. Delphi ортасының қолайлы мүмкіндіктерін пайдалана отырып, көптеген танымдық және қызықты жұмыстар жасауға болады. Ол үшін ең алдымен Delphi программасы туралы қысқаша мәлімет берейік. Жоғарғы деңгейлі программалау процедуралық, логикалық және объектілі-бағдарлы болып үш түрге бөлінеді. Соңғы кездерде Windows ортасында жарыққа шыққан және объектілі – бағдарлы программалау (ОБП) негізінде құрылған программалау тілдері – Object Pascal, Microsoft Visual Basic, Borland, Borland C++ for Windows. Солардың ішінде Visual Basic тілі Qbasic программалау тілі негізінде, Delphi тілі Объектілі Паскаль (Object Pascal) тілі негізінде Windows операциялық жүйесін басшылыққа алып құрылған (Visual- көзбен көру). Әсіресе Delphi программалау тілі – кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл. Delphi ортасы – бағдарламаушының жоғары әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Ол визуалды түрде бір уақытта бірнеше ашылған терезелермен жұмыс атқарады. Терезелер экранда толық немесе бөлшектелген түрде бір- бірін жаба отырып жылжи алады. Қазіргі техникалық жетістіктердің арқасында Delphi программасының құрылымы күннен-күнге күрделіленуде. Delphi-дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып, кейінгі жылдары оның бірте-бірте кеңейтілген 2, 3, 4, 5, 6, 7 – нұсқалары жарық көрді. 5, 6 – нұсқаулардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуі де Windows 32 операциялық жүйесінің негізінде дайындалған. Delphi 6-да интернет үшін қосымшаларды дайындау мүмкіндігі кеңейтілген және мәліметтер қорымен жұмыс істеуде өзгешеліктер енгізілген. Бұл курстық жұмысты жазудағы мақсатым – Delphi-дің негізгі интерфейстік құрылымы бойынша сипаттама жүргізу. Оның барысында сіз бұл күрделі жүйемен таныса аласыз.

3

Page 3: iuiu - asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/11/1138_Delphi_2.docx  · Web viewортасының мүмкіндіктері, бұл жүйенің құрамы, бағдарламалаудың

Delphi ортасымен танысу. Delphi ортасы туралы жалпы түсінік

Жоғарғы деңгейлі программалау процедуралық, логикалық және объектілі-бағдарлы болып үш түрге бөлінеді. Соңғы кездерде Windows ортасында жарыққа шыққан және объектілі – бағдарлы программалау (ОБП) негізінде құрылған программалау тілдері – Object Pascal, Microsoft Visual Basic, Borland, Borland C++ for Windows. ОБП тілінде программаның жұмысы оқиғалар тізбегінен және түрлі объектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуальды түрлері – Visual Basic тілі Qbasic программалау тілі негізінде, Delphi тілі Объектілі Паскаль (Object Pascal) тілі негізінде Windows операциялық жүйесін басшылыққа алып құрылған (Visual- көзбен көру). Олар әсіресе Delphi программалау тілі – кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл. Delphi ортасы – бағдарламаушының жоғары әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Ол визуалды түрде бір уақытта бірнеше ашылған терезелермен жұмыс атқарады. Терезелер экранда толық немесе бөлшектелген түрде бір- бірін жаба отырып жылжи алады, бұл Word тексттік процессор немесе Exsel кестелік процессор ортасының «қатаңдығына» үйренген қолданушының дисккомфорт сезімін оятуы мүмкін. Delphi-дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып, кейінгі жылдары оның бірте-бірте кеңейтілген 2,3,4,5,6,7 – нұсқалары жарық көрді. 5,6 – нұсқаулардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуі де Windows 32 операциялық жүйесінің негізінде дайындалған. Delphi 6-да интернет үшін қосымшаларды дайындау мүмкіндігі кеңейтілген және берілгендер қорымен жұмыс істеуде өзгешеліктер енгізілген. Delphi-дің негізгі ерекшелігі – онда қосымша құруда компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылады. Компоненттік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр қосымша арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компоненттерден жинақталады. Ол жеткіліксіз болса, объектіні өңдеуге арналған үстеме бағдарлама құрылады. Компоненттер визуальды компоненттер кітапханасында (VCL – Visual Component Library) жинақталған. Компоненттер панелінде түрлі кластарға тиісті стандартты компоненттер өте көп. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны осы панельге қосуына да болады. Delphi-де программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедиа үрдістерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу жене т.б. іс-әрекеттерді орындауға болады. Delphi көптеген есептерді шешуге мүмкіндік береді, оның ішінде:- Әртүрлі бағыттағы аяқталған қосымшаларды Windows үшін құру;- Кез келген тілде кез келген қосымшалар үшін профессионалды көрінетін интерфейсті тез құру. Интерфейс Windows- тың барлық талаптарын

4

Page 4: iuiu - asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/11/1138_Delphi_2.docx  · Web viewортасының мүмкіндіктері, бұл жүйенің құрамы, бағдарламалаудың

1

5

6

2

7

3

қанағаттандырады және қолданушы компьютерінде орнатылған жүйеге автоматты түрде ыңғайланады. Өйткені Windows- тың көптеген функцияларын, кітапханаларын қолданады;- Бағдарламалаудың басқа түрлерінде қолдануға болатын функция, форма, компоненттердің динамикалы біріктірілетін кітапханасын (DDL) құру;- Кез келген типтегі жергілікті және жойылған мәліметтер базасымен жұмыс істеудің қуатты жүйесін құру;- Кестелері, графиктері бар күрделі есеп берулерді құру және баспаға шығару;- Қосымшалардан Windows арқылы жұмыс істеуге болатын өз қосымшалары үшін анықтамалық жүйелерді (hlp файлдары) құру;- Windows- тың барлық талаптарын және спецификасын ескеретін Windows- тың қосымшалары үшін орнатудың профессионалды бағдарламаларын құру. Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты. Бірақ, мұнда прогаммалауды үйрену үшін объект, оқиға, қасиет, әдіс, класс ұғымдарымен еркін танысып, компоненттерді пайдалану және түрлі командалардың жазылу түрлерін білу қажет.

1-сурет. Delphi ортасы.

1. Delphi 5-тің негізгі терезесі.2. Форма (Form1). 3. Объект инспекторы терезесі (Object Inspecteor).4. Модуль терезесі (программалық код терезесі).5. Негізгі мәзір. 6. Аспаптар панелі.7. Компоненттер палитрасы.

Delphi-ді Windows арқылы іске қосу командасы:

4

5

Page 5: iuiu - asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/11/1138_Delphi_2.docx  · Web viewортасының мүмкіндіктері, бұл жүйенің құрамы, бағдарламалаудың

Іске қосу – Программалар – Borland Delphi 5 – Delphi 5.Экранда Delphi ортасының үш терезесі көрінеді (1-суретті қара). Delphi -дің негізгі терезесі құрамына негізгі мәзір (5), аспаптар панелі (6) және компоненттер палитрасы (7) енгізілген (1-суретті қара). Негізгі мәзір пункттеріне Delphi-де жұмыс істеу командалары, аспаптар панеліне мәзір пункттеріне енгізілген негізгі командаларды орындайтын түймелер орналастырылған. Ортада программа құруға арналған төртінші терезе – модуль терезесі (программалық код терезесі) де іске қосылады. Бұл модуль терезесі форма терезесінің астында орналасатындықтан, ол алғашқыда көрінбейді.

Мәзір пункттеріне енгізілген негізгі командалардыорындайтын түймелер Проект. Форма. Қасиеттер. Объект инспекторы терезесі

Бұл түймелер – пиктографикалық түймелер деп аталады. Пиктографикалық түймелер бас мәзірдің маңызды опцияларына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Пиктографикалық түймелер келесі командаларды жүзеге асырады:- Бағдарламаның алдында жасалынған жобаны ашады (File/Open опциясы);- Файлды ашады (File/OpenFile);- Жобаны дискіде сақтайды (File/Save Project);- Жаңа файлды жобаға қосады (File/SaveFile);- Жобадан файлды алып тастайды (File/AddFile);- Ағымдағы жобаға байланысты модульдер тізімінен модуль таңдайды (View/Units);- Бағдарламаның код терезесі және форма терезесі арасындағы белсенділігін алмастырады (View/Toggle Form/Unit);- Ағымдағы жобоға байланысты формалар тізімінен форма таңдайды (View/Forms);- Жаңа бас форма құрады және оны жобаға қосады (File/New Form);- Бағдарламаны орындайды (Run/Run);- Шақырылатын бағдарламаша жұмысын қадағалауды және бағдарламаның қадамдық із салуын жүзеге асырады (Run/Trace Into); және тағы басқалар. Delphi-де дайындалатын программа проект (жоба) деп аталады. Форма – программаны дайындау алдында ашылатын программаның сұхбаттық терезесі. Delphi алғашқы рет іске қосылған кезде форма Form1 атауымен (тақырыбымен) көрінеді. Проект құру үшін формаға компоненттер палитрасында орналасқан түрлі компоненттер орнатылады. Кей жағдайларда форма көрінбеуі мүмкін. Оны экранға шығару үшін View Forms командасын беру жеткіліті. Форманың және формаға енгізілетін компоненттердің түрлі қасиеттері бар. Қасиет (Сипаттама, параметр) – айнымалылардың ерекше

6

Page 6: iuiu - asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/11/1138_Delphi_2.docx  · Web viewортасының мүмкіндіктері, бұл жүйенің құрамы, бағдарламалаудың

түрі. Олар объектінің түрлі мүмкіндіктерін сипаттап, ағымдық күйін анықтайды. Мысалы, форма қасиеттерінің мәндері – форма тақырыбының мәтіні, өлшемі, экранда орналасуы, түсі т.б. Delphi іске қосылған кезде форма қасиеттеріне алғашқы сәйкес мәндер меншіктеліп қойылады. Программа құру форманы не онда орнатылған компоненттің кейбір қасиеттерінің мәндерін өзгертуден басталады. Объект инспекторы (Object Inspecteor) терезесіне енгізілген қасиеттер тізімін шығару үшін объектіні таңдап алу керек. Инспектор терезесінің жоғары қатарына таңдалған объект (нысан) атауы да жазылып қойылады. Мысалы, Delphi іске қосылған кезде форманың ашылған қасиеттер терезесі 1-суретте көрсетілген. Терезенің екі қосымша беті бар: Properties (Қасиеттер) және Events (Оқиғалар). Терезе ашылғанда екі бағанаға енгізіген жазулардан оның Properties бөлімі ашылулы тұрады (1-суретті қара). Бірінші бағанда көрінетіндер – қасиет атаулары, екінші бағанға сәйкес жазылғандар – олардың мәндері.

Форманың кейбір қасиеттері. Оқиғалар. Программалық код терезесі

– Name (Атау) – формаға берілген атау. Ол Delphi объектілерінің негізгі қасиеттерінің бірі. Программаның жұмыс істеуі барысында Delphi объектіні осы атау бойынша ажыратып таниды. Delphi-дің формаға автоматты түрде алғашқы рет меншіктеген атауын (Form1) өзгертіп, басқа атау беруге болады. Ол үшін қасиеттер терезесінен Name қасиеті таңдалып, жаңа атау клавиатурадан теріледі. – Font (Шрифт) – формаға шығарылатын мәтін шрифтінің қасиеті. Оны таңдап, оң жағында көрінген көп нүкте (…) түймесін шерткен кезде Windows-тың сұхбаттық Қаріпті таңдау терезесі көрінеді. Терезеден, әдеттегідей, қажетті қаріп типін, өлшемін таңдап (мысалы, Time Kaz, 10), OK түймесін шерту керек.– Caption (Тақырып) – форма терезесінің тақырыбына енгізілетін мәтін. Алғашқы кезде қасиеттер терезесінің Caption қасиетіне Form1 сөзі енгізіліп қойылады. Оның мәнін өзгерту Name қасиетіне мән меншіктеу сияқты. – Color(Түс) – форманың түсін орнату қасиеті. Ол таңдалған кезде оң жағында тілсызық түймесі көрінеді. Тілсызық түймесі – қасиет мәнінің бірнеше екенің белгісі. Тілсызық белгісін шерткен кезде мәндер (түстер) терезесі ашылады. Тізімде көрінген қалаған түс таңдалған соң форма сәйкес түске боялып қойылады.– Width (Ен), Height (Биіктік) – пиксель өлшем бірлігімен берілген форманың ені мен биіктігін орнату қасиеттері (бұл мәндер форманы қолдан кеңейту не сығу кезінде де автоматты түрде орнатылып қойылады). Экранда қасиеттер терезесі көрінбесе, оны шығару үшін View-Object Inspector командасын беру жеткілікті. Ол F11 клавиші басылған кезде де көрінеді. Delphi-де программалар түрлі оқиғалар арқылы басқарылады. Оқиға – программаның жұмыс істеу барысында объект жағдайының белгілі бір

7

Page 7: iuiu - asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/11/1138_Delphi_2.docx  · Web viewортасының мүмкіндіктері, бұл жүйенің құрамы, бағдарламалаудың

әрекетке жауап ретінде өзгеруі. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшін алдымен формаға компонент орнатуы, форманы не формада орналастырылған компонентті тышқан арқылы шертуі мүмкін. Оның іс-әрекеті оқиға шақырады. Delphi-де оқиғаға атау беріліп қойылған. Мысалы, компоненттер палитрасының Button түймесі арқылы формада орнатылған Button1 компонентін шерту Click (Шерту) оқиғасын шақырады. Әр объектіге байланысты оқиғалар көп. Мысалы, формаға байлансты оқиғалар саны – 35 (2-суретті қара).

2-сурет Форма оқиғалары

Олар қасиеттер терезесінің Events қосымша бетіне енгізілген. Терезеде оқиғалар атауының алдына On префиксі (қосымшасы) тіркестіріліп жазылған. Ол – атаудың оқиға екендігін білдіретін белгі. Delphi ортасында жиі кездесетін оқиғалар:- OnClick – тышқан батырмасын бір рет басу; - OnDblClick – тышқан батырмасын екі рет басу;- OnKeyDown – пернені басу; - OnCreate – форманы екі рет шерту; т. б. Проект екі бөлімнен тұрады: автоматты түрде project1 атауы берілген проект файлы (негігі модуль) және unit1, pas атауы берілген модуль. Олар жеке терезелерде орналасқан. Модульге оқиғаларға сәйкес іс-әрекеттерді орындайтын программа мәтіні (процедуралар) енгізіледі. Программа мәтінін программалық код деп, ол енгізілетін терезені программалық код терезесі деп атайды.Формадан код терезесіне өту және код терезесінен формаға өту үшін F12 пернесін басу жеткілікті. 3-суретте форманы екі рет шерткен кезде программмалық код терезесіне енгізілген процедура дайындамасы көрсетілген.

8

Page 8: iuiu - asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/11/1138_Delphi_2.docx  · Web viewортасының мүмкіндіктері, бұл жүйенің құрамы, бағдарламалаудың

3-сурет Программмалық код терезесі

Код терезесі программа мәтінін құру үшін арналған. Бұл мәтін арнайы ережелермен құрастырылады және программа жұмысының алгоритімін сипаттайды. Мәтін жазу ережелерінің жиыны бағдарламалау тілі деп аталады. Delphi жүйесінде Borland корпорациясының Паскальдің кең тараған түрін құрайтын Object Pascal бағдарламалау тілі қолданылады. Бастапқы кезде код терезесі Windows терезесі ретінде нормальды бос форманың жұмысын қамтамасыз ететін минимальді нәтижелік мәтіннен тұрады. Жобада жұмыс жүргізу кезінде бағдарламалаушы программаға қажетті функционалдықты беру үшін қажетті толықтырулар енгізеді. Жай программа жасау үшін де программалық кодты жасау және өзгерту керек болады. Оқиғаға байланысты құрылатын процедура оқиғаны өңдеуіш не оқиғаны өңдеу процедурасы делінеді. Терезенің сол бөлігіндегі – браузер терезесі. Онда код терезесінде барлық жарияланулардың құрылымын көріп шығуға болады.

9

Page 9: iuiu - asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/11/1138_Delphi_2.docx  · Web viewортасының мүмкіндіктері, бұл жүйенің құрамы, бағдарламалаудың

Берілгендерді енгізу және шығару. InputBox функциясы.ShowMessage процедурасы. Типті түрлендіруфункциялары

Delphi-де айнымалы мәнін енгізу үшін меншіктеу командасын, енгізу терезесін немесе форманың Edit компонентті өрісін пайдалануға болады. Меншіктау командасының программада жазылуы әдеттегідей, мысалы, x:=4.7; Енгізу терезесі Delphi-дің стандартты InputBox функциясының терезесі. Программмада InputBox функциясын пайдалану командасының жазылу үлгісі:< айнымалы > := InputBox (‘< тақырып >’,’< түсініктеме >’,’< мән >’) мұндағы айнымалы – мәні функция терезесіне енгізілетін жолдық типті айнымалы; атауы (InputBox функциясының мәні әр кезде жолдық (String)) типті; Мән меншіктелетін айнымалы (х) программада x:string түрінде сипатталуы тиіс);тақырып – енгізу терезесінің тақырыбы ретінде жазылатын мәтін; түсініктеме – енгізу терезесінің ішінде жазылатын түсініктеме мәтін; мән – функция терезесі көрінген кезде оның енгізу өрісінде көрінетін мәтін. Әдетте оны бос етіп қалдырады. Мысалы, программада x:=4.7 меншіктеу командасын InputBox функциясын пайдаланып, мынадай түрде беруге болады: x:= InputBox (‘Аргумент мәні’,’x=’,‘ ’); Терезенің енгізу өрісіне 4,7 мәнін енгізіп, OK түймесін шерту керек. Ол меншіктелетін айнымалы (X) жолдық типті етіп қабылданатындықтан, стандартты типті түрлендіру функцияларын пайдаланып, оны сандық типті етіп түрлендіруге болады. Стандартты типті түрлендіру функцияларыФункция Орындайтын іс-әрекетіStrToFloat(x)-

FloatToStr(x)-FloadToStrF(x,f,s,o)-

StrToInt(x)-

IntToStr(x)-

Жолдық типті х айнымалысын нақты санға түрлендіру;х нақты санын жолдық типті етіп түрлендіру;х нақты санын форматты жолдық типке түрлендіру.Мұндағы f формат (кескіндеу форматы). Ол көбінесе ffGeneral не ffFixed түрінде жазылады; s-барлық цифрлар саны (дәлдік); o- ондық нүктеден соң жазылатын цифрлар саны (ондық дәлдік), мысалы, FloattostrF(x,ffFixed,7,3);Жолдық типті х айнымалысын бүтін санға түрлендіру;х бүтін санын жолдық типті етіп түрлендіру;

Кесте 1 Стандартты типті түрлендіру функциялары

10

Page 10: iuiu - asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/11/1138_Delphi_2.docx  · Web viewортасының мүмкіндіктері, бұл жүйенің құрамы, бағдарламалаудың

Delphi-де нәтижені ShowMessage прцедурасының терезесіне шығаруға болады. Процедураның жазылу түрі: ShowMessage(s); Мұндағы, s- жолдық типті өрнек. Егер ол сандық типті болса, оны жолдық типке түрлендіру үшін s аргументінің орнына типті түрлендірудің сәйкес функциясын енгізу керек. Мысалы, s нақты типті сан болса, оны шығару терезесінде көрсету операторының мынадай түрде жазылуы мүмкін: ShowMessage (FloatStr(s)) немесе ShowMessage (FloatToStrF(s, ffgeneral,7,3)); Жүйе соңғы операторды оқып шығып, жеті цифрдан тұратын нақты санды символдық типте ShowMessage терезесінде көрсетеді. 1-мысал. x=4.8 үшін y=3x+5/3 функциясының мәнін есептеу керек. X мәні InputBox терезесі арқылы енгізілсін, y мәні ShowMessage терезесінде көрсетілсін. 1. File-New Application командасын беріп, жаңа проект ашу. Form1терезесі көрінеді. 2. Форманы екі рет шерту. Unit1.pas атаулы модуль құрылады да, код терезесінде OnCreate оқиғасын өңдеуіш процедурасының дайындамасы көрінеді. TForm1.FormCreate форманы екі рет шерту оқиғасынан жауап ретінде құрылатын процедураның құрама атауы. Ол нүкте арқылы ажыратылған екі бөлімнен құралған: біріншісі – класс атауы (TForm1) (Delphi-де әрқайсысы ұқсас толық бір іс-әрекетті орындайтын программалар тобы не, басқаша айтқанда, әдістер немесе қасиеттер ортақтығымен сипатталатын объектілер жиынтығы класс деп, олардың біреуі класс данасы делінеді. Объект орындай алатын әрекет әдіс деп аталады); екіншісі процедураның өз аты.Олобъект және оқиға атауларының қосындысынан тұрады(оқиға атауының алдына On қосымшасы жазылмайды).Компоненттер палитрасына енгізілген әр компонент жеке класқа тиісті. Ол формаға кірістірілгенде сандық индекс қосылып, класс атауын алады. Барлық класс атауларын Т әрпінен бастап жазу келісілген. Мысалы, TForm1-TForm стандартты класының үлгісі бойынша құрылған класс атауы, 1-оның индексі. 3.Процедура дайындамасына процедура денесін жазу: Procedure Tform1.FormCreate ( sender:Tobject); Var x,y:real; x1:string; Begin X1:=InputBox(‘ ’,’x=’,’ ’); X:=StrToFloat (x1); y:=3*x+5/3; ShowMessage (FloatToStr(y)); End;Бұл форманы екі рет шерту (OnCreate) оқиғасына сәйкес жазылған оқиғаны өңдеу процедурасы.

11

Page 11: iuiu - asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/11/1138_Delphi_2.docx  · Web viewортасының мүмкіндіктері, бұл жүйенің құрамы, бағдарламалаудың

4.Іске қосу командасын беру. Ол Run мәзірінің Run пункті арқылы не F9 клавишін басу арқылы іске асырылады.5.Терезеге 4,8 мәнін енгізіп, OK түймесін шерту. Ішінде функцияның символдық мәні жазылған Project1 тақырыпты шығару терезесі көрінеді. Оның OK түймесі шертілсе, терезе жабылады.

Берілгендерді формада енгізу және шығару Проектіні сақтау және ашу. Компиляциялау

Delphi-де компоненттер панеліне формаға түрлі компоненттер орнатып, олардың оқиғаларын өңдеуіш процедураларын құру – визуальды программалаудың түйінді негізі. Мысалы, берілгендерді енгізу және шығару үшін компоненттер панелінің Standard қосымша бетіндегі мәтіндермен жұмыс істейтін TEdit (енгізу өрісі), TLabel (шығару өрісі) және TButton (командалық түйме) компоненттері жиі пайдаланылады. Мысалы, формада Edit1 өрісін орнатқан соң іске қосу командасын беріп және сәйкес өріске меңзерді енгізіп, пернелер тақтасы арқылы бір жолдық мәтін енгізуге және оны редакциялауға болады. Формада орнатылған TEdit, TLabel компоненттерінің Caption, Text қасиеттерінің мәндерін программа арқылы өзгертуге болады. Ол үшін сәйкес операторларға объект атауы жазылып, нүкте қойылады да, оның соңына қасиет атауы енгізіледі. Қасиетке мән меншіктеу тәсілі әдеттегідей. Мысалы: Label1.Color:=clGreen;//Green-жасыл түс Label1.Caption:= ’Біз студенттерміз’; Edit1өрісіне енгізілген қарапайым мәтінді (S) Label1 өрісіне шығаруға болады. Ол үшін процедура денесін мынадай етіп алу жеткілікті (Edit1.Text - Edit1 объектісінің Text қасиетін программа арқылы орнату әдісі): Var s:string; Begin S:=Edit1.Text; Label1.Caption :=s; End; Формаға TButton компонентін орнатып, оны программаны іске қосу түймесі ретінде пайдалану қиын емес.

Проектіні дайындап болған соң оны сақтау үшін File- Save All командасын беру керек. Егер проект алғаш рет сақталынып жатса, онда модульді сақтау үшін сұралатын Save Unit1.As атаулы терезе көрінеді. Проект сақталу үшін арнайы бума дайындалмаған болса, ол Projects (C:\Program Files\ Borland\ Delphi 5\Projects) бумасында сақталады. Бірақ пайдаланушы Сақтау терезесінде жаңа бума құрып, проектіні сонда

12

Page 12: iuiu - asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/11/1138_Delphi_2.docx  · Web viewортасының мүмкіндіктері, бұл жүйенің құрамы, бағдарламалаудың

сақтағаны жөн. Ол оны іздеп табуды жеңілдетеді. Терезенің Файл аты өрісіне модуль атауын енгізіп, Сақтау түймесін шерту керек. Модуль .pas кеңейтілуі бойынша сақталып қойылады да, экранда проект аты сұралатын терезе көрінеді. Файл аты өрісіне проект атын енгізіп, Сақтау түймесін шерту керек. Проект файлы .dpr кеңейтілуі бойынша сақталады да, негізгі модуль атауы осы атауға өзгертіледі. Ол программа атауы ретінде қабылданады.

4-сурет. Модульді сақтау терезесі

Компонеттер палитрасы жөнінде Delphi-де программа дайындау үшін компоненттік тәсіл пайдаланылған: пайдаланушы программаларының кітапханасы программалау ортасымен бірге ұсынылатын, бір іс-әрекетті орындайтын (дайын программалар үзінділерінен тұратын) компоненттерден жинақталады, ал олар форма терезесіне енгізіледі. Компоненттік тәсіл программалау технологиясында нағыз төңкеріс жасады деуге болады, себебі, компоненттерді пайдалану программа жұмысын күрделі түрде жеңілдетті. Компоненттер кітапханасын визуальды компоненттер кітапханасы ( Visual Component Library, VCL) деп атайды. Компонент дегеніміз – белгілі қасиеттерге ие функционалды элемент. Компоненттер арқылы бағдарламаның негізі қаланады. Компоненттер палитрасында келесі парақтар болады:

13

Page 13: iuiu - asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/11/1138_Delphi_2.docx  · Web viewортасының мүмкіндіктері, бұл жүйенің құрамы, бағдарламалаудың

- Standard – жиі қолданылатын құраушылардан тұратын стандартты парақ. Standard бетіне енгізілген кейбір компоненттер 1-кестеде көрсетілген.

Аталуы Іс-әрекетіMainMenuPopupMenu

Edit

LabelButton

ScroоlBar

Программа мәзірін құруТышқанның оң түймесін шерткен кезде экранға шығатын (контекстік) мәзір құруЖолдық мәнді енгізу, редакциялау (мәтіндік редактор).Бір жолдық мәтінді (жазбаны) шығаруКомандалық түйме. Оның OnClick оқиғасын өңдеуіш процедурасы бір іс- әрекетті орындайды.Басқару белдеушесі (Windows терезесіндегі сияқты)

1-кесте

- Additional (Қосымша) бетіне енгізілген компоненттер сұхбаттық терезелердің көрінісін түрлендіру үшін пайдаланылады. - Timer (Таймер) – нақты уақыт аралықтарын есептеу;- System (Жүйе) бетіне OLE (байланыстыру және орнату) течнологиясы бойынша берілгендерді түрлі программалар арасында алмастыратын және т.б. іс-әрекеттерді орындайтын компоненттер енгізілген. Мысалы,- PaintBox (Сурет қорабы) – графикалық кескіндер енгізілген төртбұрышты облыс құру;- OLEContainer (OLE контейнер) – байланыстыратын және орнатылатын объектілерді қабылдау контейнері;- MediaPlayer – Мультимедиалық құрылғылармен жұмысты басқару;- Win32-бетіне -32-разрядты операциялық жүйелермен жұмыс жасауға арналған компонентер енгізілген ;- Animate (жандандыру, қозғалыс әсерін ұйымдастыру)-қозғалыс әсерін ұйымдастырады. Компонент формаға орнатылған кезде соңына индекс қосылып, класс атауын алады.- Samples (Модель) бетіне енгізілген компоненттер: - ColorGrid (Түстер торы) –түстер кестесі. Ол 16 түстік палитрадан негізгі және фон түсін таңдау;- Calendar (Календарь) – ағымдық күн белгіленген ай календарын көрсету (жылдық календарды Win32 панелінің MonthCalendar компонентін формада орнату арқылы шығаруға болады), т.б.

14

Page 14: iuiu - asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/11/1138_Delphi_2.docx  · Web viewортасының мүмкіндіктері, бұл жүйенің құрамы, бағдарламалаудың

- Interfase – Borland Database Engine (BDE) және Active Data Objects арқылы (ADO) Interfase- пен тікелей байланыс;- Midas – паралель ағымдармен деректер базасының қосымшасын тұрғызу; - Internet Express – Internet Express қосымшаларын құру;- Internet – Internet- пен бірге жұмыс істейтін қосымшалар үшін арналған компоненттер;- FastNet – Internet- ке жетудің әртүрлі хаттамалары;- Decision Cube – мәліметтерді талдау;- Qreport – есеп берулерді жедел дайындау;- Dialogs – « Файлды ашу » типіндегі сұхбаттар, жүйелік сұхбаттар;- Win 3.1 – Windows 3.x стиліндегі компоненттер;- Samples – аяқталмаған құжаттық компоненттер үлгілері;- ActiveX – ActiveX- тің активті элементтері;- Servers – кең таралған COM серверлеріне арналған VCL қабықшалары;

Жобалардың негізгі файлдары Файлдардың келесі тобы компилятормен құрылады:

Delphi жобасы формалардан, модульдерден, жоба параметрлерінің қондырғыларынан, ресурстардан тұрады. Бұл ақпараттың барлығы файлда орналасады. Бұл файлдардың көбісі автоматты түрде Delphi- де жасалады. Сіз қосымшаны жобалаған кезде Delphi келесі файлдарды құрады :- Жоба файлы (.dpr) – бұл мәтіндік файл модульдер және формалар туралы ақпаратты сақтау үшін қолданылады. Онда ининциализациалау операторы және орындау үшін бағдарламаны іске қосу бар.- Модуль файлы (.pas) – сіз жасаған әрбір формаға код сақтау үшін қолданылатын модульдің тексттік файлы сәйкес келеді. Кейде сіз формамен байланысты емес модульдер құра аласыз. Delphi процедуралары мен функциялары модульдерде сақталады.- Форма файлы (.dfm)– сіздің формаларыңыз туралы ақпаратты сақтау үшін құрылады.- Файл жобаның параметрлері (.dfo) – бұл файлда жобаның параметрлерінің қондырғылары сақталады.- Пакеттер туралы ақпараттар файлы (.drf) – бұл бинарлы файл жоба пайдаланатын пиктограмма және басқа ресурстардан тұрады.- Файлдар тобының файлы (.bpg)– егер сіз жобалар тобымен жұмыс істесеңіз құрылатын файл.- Ресурстар файлы (.res)– бұл бинарлық файл пакеттерімен жұмыс істегенде қолданылады.- Пакет файлы (.dpk)– бұл пакеттің екілік файлы; - Резервті копиялар файлы (-.dp,-.df,-.pa)– модуль, форма, жоба файлдары үшін резервті копиялар файлы;

15

Page 15: iuiu - asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/11/1138_Delphi_2.docx  · Web viewортасының мүмкіндіктері, бұл жүйенің құрамы, бағдарламалаудың

- Терезе конфигурацияларының файлы (.dsk)– бұл файлда барлық терезелердің конфигурациялары сақталады. - Орындаушы файл (.exe)– сіздің қосымшаңыздың орындаушы файлы. Ол OCX, DLL кітапханасын, сондай-ақ орындалу уақытының пакетін қолданбасаңыз автономды түрде орындалатын файл;- Модульдің объектті файлы (.dcu) – нәтижелі орындалатын файлға өтетін (.pas) модулінің орындалған файлы; Динамикалық біріктірілетін кітапхана – сіздің өзіңіздің DLL жобалаған жағдайда құрылады.- Пакет мазмұнының файлы (.dcp) - файлдарының тізімінен және пакет атауынан тұрады;- Орындалу уақытының пакеттік файлы – орындалу уақытының пакеті - Delphi-дің арнайы спецификасы бар DLL кітапханасының файлы.

Datebase Desktop- тың көмегімен кестелер құру Datebase Desktop – бұл Paradox және Dbase жергілікті деректер базасы мен Interbase, Oracle, Informix, Sybase SQL- серверлік деректер базаларының әртүрлі форматтағы кестелермен интерактивтік жұмысы үшін Delphi- мен бірге қамсыздандырылатын және де Paradox- ке өте ұқсас утилита. Орындалатын утилиттер файлы DBD.EXE деп аталады және ол DBD директиясында орналасқан.

5-сурет Datebase Desktop- тың көмегімен кестелер құру

Datebase Desktop- ты іске қосу үшін оның иконын екі рет шертсе болғаны. Datebase Desktop іске қосылғаннан кейін жаңа кесте құру үшін File /New /Table менюіндегі командаларды таңдау керек. Сонда кесте типінің диалогтық терезесі шығады. Пішімнің әртүрлі нұсқаларын іске қоса отыра, сіз ұсынылған пішімдердің ішінен кез келгенін таңдауыңызға болады. Кесте типін таңдағаннан кейін Datebase Desktop сізге кестенің өрісін және оның типін анықтайтын және әр пішім үшін өз ерекшелігі бар диалогтық терезені көрсетеді ( 5-суретті қара).

16

Page 16: iuiu - asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/11/1138_Delphi_2.docx  · Web viewортасының мүмкіндіктері, бұл жүйенің құрамы, бағдарламалаудың

6-сурет Диалогтық терезе

Paradox пішімді кестедегі өріс аты жазылуы төмендегідей ережелерге бағынатын жолды көрсетеді:

- Аты 25 символдан аспау керек,- Аты бос орыннан басталмау керек; - Атының құрамында тік, жай фигуралық жақшалар [ ], ( ), { }, тире және символдар комбинациясы «тире» және «үлкен» (– >) болмау керек;- Мүмкін ол басқа симвлдардың атынын қатысып тұрса да , атының құрамында # символы болмау керек.

Өріс аты dBase пішімді кестесінде жазылуы Paradox- тан ерекшеленетін ережеге тәуелді болатын ережені көрсетеді:

- Аты бір симвлодан артық болмауы керек;- Атқа бос орындар жіберілмеуі керек.Сондықтан, көріп отырғанымыздай, dBase пішімінде өріс аты өте қатаң ережелерге бағынады. Енді Inter Base пішімінде өріс атының жазылуының тәуелді болатын ережелерін тізбектесек:

- Аты 31 символдан артық болмау керек;- Аты A-Z, a-z әріптерінен басталуы қажет;

17

Page 17: iuiu - asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/11/1138_Delphi_2.docx  · Web viewортасының мүмкіндіктері, бұл жүйенің құрамы, бағдарламалаудың

- Өріс аты құрамына әріптер (A-Z, a-z), сандар, $ таңбасы және астын сызу символы ( _ ) кіруі мүмкін; - Атқа бос орындар жіберілмейді;- Кесте аты үшін Inter Base- ке қатысты сөздерді қолдануға тыйым салынады. Келесі қадам өріс типінің тапсырмасынан тұрады. Кесте пішіміне байланысты өріс типтері өте үлкен дәрежеде ерекшеленеді. Өрістер типінің тізімін алу үшін «Type» бағанына көшіп, содан кейін бос орынды басып немесе тышқанның оң батырмасын шерту керек. Paradox, dBase және Inter Base пішімдері үшін қажетті өріс типінің тізбегін келтірейік. Сонымен Paradox пішімінің кесте өрісі келесідей типтерді қабылдауы мүмкін: Paradox пішімінің өрістер типі.- Alpha – кез келген басылатын символдан тұратын, ұзындығы 1-255 байттық жол;- Number – мағынасы оң және теріс болуы мүмкін, ұзындығы 8 байттық сандық өріс. Сандар диапазоны – 10−308- нен 10308 - ге дейін; - $ Money - мағынасы оң және теріс болуы мүмкін сандық өріс. Ондық нүкте мен ақша белгісін бейнелеу үшін келісім бойынша пішімделген болып табылады.- Short – тек қана - 32768- ден 32767- ге дейінгі диапазонындағы бүтін сандардан тұратын, ұзындығы 2 байттық сандық өріс. - Long Integer – -2147483648- ден 2147483648- ге дейінгі диапазоныдағы бүтін сандардан тұратын және ұзындығы 4 байт болатын сандық өріс.- # BCD – BCD (Binary Coded Decimal) пішімінің деректерінен тұратын сандық өріс. Басқа сандық өрістерге қарағанда есептеу жылдамдығы аз, бірақ нақтылығы жоғары. Ондық нүктеден кейін 0 мен 32 сандарының аралығындағы сандарды қабылдауы мүмкін. - Date – біздің заманымызға дейінгі 9999- шы жылдың 1- ші қаңтарынан біздің заманымыздың 9999- шы жылының 31- ші желтоқсанына дейінгі даталардан тұратын , ұзындығы төрт байттық даталар өрісі. - Time – миллисекундтан түнжарымына дейінгі уақыттан тұратын және де 24 сағатпен шектелген, ұзындығы төрт байттық уақыт өрісі.- @ Timestamp – уақыт пен даталардан тұратын, ұзындығы 8 байттық жалпылама даталар өрісі.- Memo – ұзындықтарының қосындысы 255 байттан аспайтын және де символдарды сақтау үшін қолданылатын өріс. Бұл өріс кез келген ұзындықты қабылдауы мүмкін. Кесте құру кезінде көрсетілетін өлшемдер кестеде сақталынған барлық символдардың санын қайтарады, ал қалғандары MB. кеңейтілуіндегі жеке файлдарда сақталады. - Formatted Memo – бұл Memo- ға өте ұқсас өріс. Өрістің Memo- дан бір артықшылығы – мәтіннің қарібін беру мүмкіндігі.- Binary – кез келген екілік мәліметтерден тұратын өріс. Бұл өріс кез келген ұзындықты қабылдауы мүмкін. Кесте құру кезінде көрсетілетін

18

Page 18: iuiu - asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/11/1138_Delphi_2.docx  · Web viewортасының мүмкіндіктері, бұл жүйенің құрамы, бағдарламалаудың

өлшемдер кестеде сақталынған барлық символдардың санын қайтарады, ал қалғандары MB. кеңейтілуіндегі жеке файлдарда сақталады. Бұл өріс Inter Base- тегі BLOb өрісіне өте ұқсайды.- Bytes – кез келген деректерден тұратын, ұзындығы 1-255 байттық сандар жолы.dBase пішімінің кестелер өрісі келесідей өрістерді қабылдауы мүмкін:- Character (Alpha) – кез келген баспалық символдардан тұратын, ұзындығы 1-254 байттық жол;- Float (Numeric) – мәндері оң және теріс болуы мүмкін пішімдегі өлшемі 1-120 байттық сандық өріс. Бұл өте үлкен шамалардан тұрады. Сондықтан бұл өрістермен жұмыс жасаған кезде шамаларды дөңгелектеудің салдарынан болатын қателерді қадағалап отыру керек. Ондық нүктелерден кейінгі цифрлардың саны бүкіл өрістің өлшеміне қарағанда 2-ге кем болу керек;- Number (BCD) – BCD пішіміндегі деректерден тұратын өлшемі 1-20 байттық сандық өріс. Сандық өлшемдерге қарағанда бұл өрістің есептеу жылдамдығы бірнеше төмен болғанымен, нақтылығы біршама жоғары. Ондық нүктелерден кейінгі сандардың саны бүкіл өрістің өлшеміне қарағанда 2-ге кем болу керек;- Date – ұзындығы 8 байттық даталар өрісі. Келісім бойынша қысқа даталар пішімі қолданылады (Short Date Format);- Memo – ұзындықтарының жалпы қосындысы 255 байттан аспайтын және символдарды сақтау үшін қажетті өріс. Өріс кез келген ұзындықты қабылдауы мүмкін. Бұл өріс жеке файлдарда сақталады. DateBase Desktop-тың деректерді Memo типті өріске қоюға мүмкіндігі жоқ;- OLE - өзінің өңделуі кезінде өзін құраған қолданбаларды шақыратын дыбыс, бейне, құжаттардан, яғни OLE деректерінен тұратын (Object Linking and Embedding) тұратын өріс. Бұл өріс те жеке файлдарда сақталады және кез келген ұзындықты қабылдауы мүмкін;- Binary – кез келген екілік мәліметтерден тұратын өріс. Берілген өріс DBT кеңейтілуіндегі жеке файлдарда сақталады және кез келген ұзындықты қабылдауы мүмкін. Бұл InterBase-тегі Blob өрісінің толық аналогы; - InterBase пішімінің кестелер өрісі төмендегідей типтерді қабылдауы мүмкін:- Short – тек қана -32768-ден 32767-ге дейінгі диапазонындағы бүтін сандардан тұратын ұзындығы 4 байттық сандар өрісі;- Long – -2147483648-ден 2147483648-ге дейінгі диапазонындағы бүтін сандардан тұратын, ұзындығы 4 байттық сандар өрісі;- Float – мәндері оң және теріс болуы мүмкін, ұзындығы 4 байттық сандар өрісі. Сандар диапазоны 3.4*10−38-нен 1.7*1038 -не дейінгі мәні 7 символдық сандарды қамтиды; - Double – мәндері оң және теріс болуы мүмкін, ұзындығы 8 байттық сандар өрісі. Бұл өрістің ұзындығы пиктограммаға байланысты және

19

Page 19: iuiu - asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/11/1138_Delphi_2.docx  · Web viewортасының мүмкіндіктері, бұл жүйенің құрамы, бағдарламалаудың

сандар диапазоны 1.7*10−308-нен 1.7*10308 -не дейінгі мәні 15 символдық сандарды қамтиды; - Array – деректер жиымдарынан тұратын өріс. InterBase 16-лық өлшемдегі жиымдарды анықтауға мүмкіндік береді. Өріс кез келген ұзындықты қабылдауы мүмкін. DateBase Desktop-тың Array типті өрістерді редакциялауға, сонымен қатар оларды құруға да мүмкіншілігі жоқ; - TextBlob – тек қана мәтіндік мәліметтерден тұратын Blob өрісінің бағыныңқы типті өрісі. Өріс кез келген ұзындықты қабылдауы мүмкін. DateBase Desktop-тың TextBlob типті өрісті редакциялауға мүмкіншілігі бар.Сонымен, Delphi үшін «туысқан» болып табылатын өрістердің барлық типтерімен таныстық. Ал, кестені құрып болғаннан кейін, оны кесте пішіміне байланысты болатын тізімдер қасиеттерімен байланыстыруға болады. Сондықтан Paradox пішімді кесте үшін келесідей тапсырма беруге болады:- Validity Checks (дұрыстықты тексеру) – бұл жазбалар өрісіне қатысты болады және минимал, максимал мәндерін, сонымен қатар келісім бойынша алынған мәндерді анықтайды;- Table bookup (қадағалау кестесі) кестеге басқа кестеге енгізіліп қойылған мәндерді пайдаланып, мәліметтерді енгізуге мүмкіндік береді;- Secondary Indexes (екілік индекстер) бірлік кілтпен жөн сілтелінген реттегі деректерге қатынауға мүмкіндік береді;- Referential Integrity (сілтемелік тұтастық) кестелер арасындағы байланысқа тапсырма беруге және осы ядро деңгейіндегі байланыстарды қолдауға мүмкіндік береді;- Table language (кестелер тілі) кестенің тілдік драйверлері үшін тапсырма беруге мүмкіндік беру;dBase кестелерінде бірлік кілттер болмайды. Сондықтан бұл жағдайдан бірегей ( Unique) және көтермелеу (Maintained) индекстерді (Indexes) анықтау жолы арқылы шығуға болады. Одан басқа dBase кестесі үшін және тілдер кестесі үшін (Table Language) символдық деректер көрінісін және сұрыптауын басқаратын тілдік драйверлерді анықтауға болады. Барлық пішімдегі кестелердің қосымша қасиеттерін анықтау үшін терезенің оң жақ жоғарғы бұрышында (Table Properties) орналасқан «Define» түймесін басу керек. InterBase үшін берілген түйме «Define Index» деп аталады және бірлік кілттерді емес, тек қана индекстерді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әрекеттердің барлығы тек қана кесте құру үшін ғана емес, сонымен қатар құрылып қойылған кестелер үшін де орындалады. Бұл үшін Table /Restructure Table (дәл сол уақыт мезетінде ашық тұрған кестелер үшін) және Utilities/ Restructure (кестелерді таңдау мүмкіншілігімен бірге) командалары қолданылады.Егер де сіз дәл сол уақыт мезетінде басқа да қолданбаларды пайдаланып отырған кестелердің құрылымын өзгерткіңіз келсе немесе ол кестеге басқа да жаңа қасиеттер енгізгіңіз келсе, берілген іс- әрекет кестеге қаншалықты дара өрістік қатынауды талап еткенімен, DateBase Desktop сізге келісім

20

Page 20: iuiu - asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/11/1138_Delphi_2.docx  · Web viewортасының мүмкіндіктері, бұл жүйенің құрамы, бағдарламалаудың

бермейді. Бірақ та барлық туындылар өзгерту құрылымында жедел түрде жұмыс істей бастайды. Егер сіз бірнеше кестелердің сілтемелік тұтастығын анықтасаңыз, онда бастапқы кестеде жоқ деректерді туынды кестеге қою әркетін орындағанда Delphi- де ерекше жағдай пайда болады.

Delphi ортасының графикалық мүмкіндіктері. Сурет салу. Сурет салу аумағы

Delphi ортасының графикалық мүмкіндіктерін пайдалану үшін Windows- тың графикалық құралдарымен жұмыс атқаруды айтарлықтай жеңілдететін келесі кластар қолданылады. TPaintBox – кез келген бейнені салуға лайықты және арқаумен қамтылған терезе, TCanvas – суретті салуға лайықты аумақ- арқау, TPen – қалам, TBrush – бояу жаққыш, TPicture – бейненің контейнері, TGrafic – графикалық объектінің, бейненің негізі, TBitmap – растрлық бейне, TIcon – пиктограмма, TMetafile – метафайл және т.с.с. Қарапайым геометриялық фигураларды сызу үшін Additional парағының Shape компоненті қолданылады. Осы компонент арқылы бейнелеу әрекеттерін орындау - графикалық редакторда жұмыс атқарумен бірдей болып келеді. Shape- пен анықталатын фигураның түрі компоненттің Shape қасиеті арқылы анықталады және оның қабылдайтын мәндері келесі:- StCircle – шеңбер;- StEllipse – эллипс;- StRectangle – төрт бұрыш;- StRoundRect – жұмырланған төрт бұрыш;- StRoundSquare – жұмырланған квадрат;- StSquare – квадрат; Delphi ортасындағы Windows- тың TCanvas (арқау- сурет салуға лайықты аумақ), TFont (қаріп), TPen (қалам), TBrush (бояу жаққыш) құралдары арқылы программаларда графиканың мүмкіндіктерін қолдануға, яғни әртүрлі бейнелерді программаның орындалу барысында форманың бетіне орналастыруға, сызуға болады. Осы сәтте графикалық бейне қарапайым фигуралар жиынынан (нүкте, шеңбер ,төрт бұрыш немесе мәтіннен) құрылады. Сурет салу үшін TCanvas класының туындысы Canvas компоненті қолданылады. Осы компоненттің бетіне бейнесін сызу мүмкіндігімен қамтылған басқа объектілер салынады. Стандартты басқару терезелері (мысалы, Memo немесе List) арқауды қажет етпейді, себебі олар Windows арқылы сызылады. Canvas объекті келесі қасиеттер, оқиғалар және әдістермен қамтылған:- Қаріп, қалам, бояу жаққышты қолдану арқылы бейнелерді сызу;- Фигура және сызықтарды салу және оларды бояу;- Мәтінді шығару;

21

Page 21: iuiu - asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/11/1138_Delphi_2.docx  · Web viewортасының мүмкіндіктері, бұл жүйенің құрамы, бағдарламалаудың

- Графикалық бейнелерді шығару;- Ағымдағы бейнелердің өзгеруіне сәйкес сезіндіру үзіндісін бағдарламалау. Canvas объектісінің қасиеттерін және әдістерін қолдану арқылы әртүррлі суреттерді, көпбұрыштыларды және мәтінді шығаруға болады, бірақ бағдарлама құрамында арқаудың OnPaint – оқиғасын өңдеуші үзіндісі міндетті түрде болуы керек. - Canvas объектісінің TBrush түрінің Brush қасиетті келесі параметрлерімен анықталады: - Bitmap (түрі – Tbitmap) – мөлшері 8*8 сурет, осы суретпен экрандағы аумақ толтырылады немесе боялады;- Color (түрі – Tcolor) – бояудың түсін анықтайды;- Handle (түрі - Tbrush) – Windows-тың API процедураларын тікелей шақырғандағы бояу жаққышты қолдануға мүмкіндік береді;- Style (түрі – TbrushStyle) – бояудың түрін анықтайды. Бұл параметр Bitmap қасиетімен бәсекелеседі: екеуінің қайсысы соңғы болып анықталса, бояудың түрін сол қасиет анықтайды. - ClipRect (түрі – Trect) қасиеті – тек қана оқуға тағайындалған. Ол графикалық бейнені шығаруға арналған төртбұрышты анықтайды. - CopyMode (түрі – Tcopy Mode) қасиеті арқылы көшірменің түрін, яғни өзгеріссіз немесе екі есе үлкейту, бейненің түсін инверсия арқылы көшіру және т.с.с анықтайды. - Font (түрі – Tfont) Canvas бетіне шығарылатын мәтіннің қарібін анықтайды. Осы параметрдің келесі қасиеттерін ажыратады:- Color (Tcolor) – мәтіннің түсін анықтайды;- Height (Integer) – қаріп мөлшерін пиксель өлшемінде анықтайды;- Name (TfontName) - қаріптің атын анықтайды (мысалы, Ariel, Times New Roman т.с.с.); - Size (түрі Integer) – қаріп мөлшерін пункт (1 пункт- 1/72 дюйм) өлшемінде анықтайды; Бұл параметр Height қасиетімен тікелей байланысқан: екеуінің біреуі өзгергенде екіншісі автоматты түрде өзгеріп отырады; - Style (түрі - TfontStyle) – қаріптің түрін анықтайды (курсив, жуандылығын, асты сызылған және т.с.с.).1-мысал: k3 +1 функциясының диаграммасын құру керек:

unit Unit1;

interface

uses Windows, Messages, SysUtils, Variants, Classes, Graphics, Controls, Forms, Dialogs, StdCtrls, TeEngine, Series, ExtCtrls, TeeProcs, Chart;

type

22

Page 22: iuiu - asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/11/1138_Delphi_2.docx  · Web viewортасының мүмкіндіктері, бұл жүйенің құрамы, бағдарламалаудың

TForm1 = class(TForm) Chart1: TChart; Series1: TBarSeries; Button1: TButton; procedure Button1Click(Sender: TObject); private { Private declarations } public { Public declarations } end;

var Form1: TForm1;

implementation

{$R *.dfm}

procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);var k:integer;beginfor k:=-5 to 5 doif k>0 then beginchart1.SeriesList [0].AddXY(k,(k*k*k+1));

end;end;

end.

23

Page 23: iuiu - asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/11/1138_Delphi_2.docx  · Web viewортасының мүмкіндіктері, бұл жүйенің құрамы, бағдарламалаудың

7-сурет k3 +1 функциясының диаграммасы

2-мысал: Бұл есеп бойынша арқауда көпбұрыштың, паралеллограммның, үйдің бейнелері салынады.

Бағдарлама:

unit Unit1;

interface

uses Windows, Messages, SysUtils, Classes, Graphics, Controls, Forms, Dialogs, StdCtrls;

type TForm1 = class(TForm) Button1: TButton;

24

Page 24: iuiu - asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/11/1138_Delphi_2.docx  · Web viewортасының мүмкіндіктері, бұл жүйенің құрамы, бағдарламалаудың

procedure Button1Click(Sender: TObject); private { Private declarations } public { Public declarations } end;

var Form1: TForm1;

implementation

{$R *.DFM}

procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);varp:array[1..9] of TPoint;beginwith canvas dobeginbrush.color:=clred;brush.style:=bsDiagCross;pen.color:=clblack;Polygon([Point(50,40),point(100,40),point(130,70),point(130,100),point(100,130),point(50,130),point(20,100),point(20,70)]);beginBrush.color:=clyellow;pen.color:=clblue;Polygon([Point(230,40),point(350,40),point(310,130),point(190,130),point(230,40)]);polygon([point(230,40),point(310,130)]);polygon([point(350,40),point(190,130)]);end;beginBrush.Style:=BsSolid;polygon([point(430,40),point(400,40),point(400,170),point(550,170),point(550,40),point(520,40)]);beginBrush.Style:=BsSolid;Brush.color:=clgreen;Polygon([point(400,70),point(475,10),point(550,70),point(400,70)]);beginBrush.color:=clred;Polygon([point(435,90),point(515,90),point(515,140),point(435,140),point(435,90)]);

25

Page 25: iuiu - asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/11/1138_Delphi_2.docx  · Web viewортасының мүмкіндіктері, бұл жүйенің құрамы, бағдарламалаудың

Polygon([point(435,110),point(515,110)]);Polygon([point(475,90),point(475,140)]);end; end; end;end;end;

end.

8-сурет Арқауда салынған көпбұрыштың, паралеллограммның, үйдің бейнелері

Мәтіндік режимде баспаға шығаруБерілген форманы баспаға шығару

Егер сізге баспа құрылғысында мәтіндік режимдегі құжатты баспаға шығару керек болса, онда ол келесі үлгі бойынша іске асырылады. Баспа құрылғысымен жұмыс жасаған кезде мәтіндік файлдардағы сияқты қарапайым түрде жұмыс жасай беруге болады, тек AssignFile процедурасының орнына AssignPrn процедурасы қолданылады. Мысал ретінде баспа құрылғысынан мынадай бір мәтіндік жол шығарылсын:

26

Page 26: iuiu - asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/11/1138_Delphi_2.docx  · Web viewортасының мүмкіндіктері, бұл жүйенің құрамы, бағдарламалаудың

Бұл жерде бір айта кететін жәйт, BP.7.0- мен салыстырғанда Delphi- де System модулінің кейбір процедуралары мен айнымалылары өзгерген:- Assign-ның орнына AssignFile;- Close- дің орнына CloseFile;- Text- тің орнына TextFile;

Кейде программада экрандық пішіннің көшірмесін алу талап етіледі. Ал бұл, Delphi- де TForm объектісінде керек кезде шақыруға болатын Print әдісі арқылы жүзеге асырылады.

Графикалық мәліметтерді баспаға шығару (TPrint объектісі)

Delphi программасында жасалынған графикалық мәліметтерді баспаға қалай шығаруға болады? Ол үшін Tprinter класының Printer деп аталатын арнайы объектісі бар. Егер де программаға Printers модулі қосылған болса ( яғни Uses бөлімінде модуль аты қосылған болса), бұл объект іске қосылады. Бұл объектілердің арқасында графикалық мәліметтерді баспаға шығару осы мәліметтерді экранға шығару сияқты қиынға түспейді. Ең

27

Page 27: iuiu - asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/11/1138_Delphi_2.docx  · Web viewортасының мүмкіндіктері, бұл жүйенің құрамы, бағдарламалаудың

негізгісі, Printer құрастырушыға Canvas-тың қасиетін және баспа құрылғысында канваның мазмұнын шығаратын әдісті ұсынады. Printer объектісінің әдістері мен оның қасиеттерін толығырақ қарастырайық. Printer қасиеті:- Aborted – бұл пайдаланушының Abort әдісі арқылы баспа құрылғысымен жұмысын үзгенін не болмаса үзбегенін көрсетіп отырады; - Canvas – графиктерді шығару үшін қолданылатын орын;- Fonts – іске қосу қаріптерінің тізімі;- Handle – Windows API- ді тікелей шақыру кезінде қолданылады;- Orientation – беттерді вертикальді және горизонтальді бағдарлау;- Page Width, Page Height, Page Number – беттің ені, биіктігі және номері;- Printers – баспа құрылғысы жүйесіндегі барлық орнатылғандарды санап шығады;- PrinterIndex – сол орнатылғандардың қайсысы ағымдық екенін көрсетеді;- Printing – BeginDoc әдісі арқылы баспаға шығарудың басталған басталмағанын көрсетеді;- Title – желілік баспа құрылғысындағы шығарылғандардың алдыңғы тақырыптары үшін және Print Manager үшін арналған тақырып;

Printer әдісі:- Abort - BeginDoc әдісімен баспаға шығаруды тоқтатады;- BeginDoc – канвада сурет салуды қалай бастау керектің алдында шақырылады;- EndDoc – керектілердің барлығы канвада салынып, енді баспа құрылғысы өз жұмысын осы әдістен кейін бастауға дайын тұрған кезде шақырылады; - NewPage – келесі жаңа бетке көшу;

Сонымен графикалық мәліметтерді баспаға шығару тізімі келесі түрде болады:

- BeginDoc әдісі орындалады;- Канвада (Canvas) не керек соның бәрін саламыз;- Мәліметтерді бірнеше беттерге орналастыру қажеттілігінде NewPage әдісін шақырамыз;- EndDoc әдісін орындай отыра, салынғандардың барлығын баспа құрылғысына жібереміз;

Төмендегі мысалда жоғарыда жазылып кеткен барлық үш жағдай көрсетілген (8-суретті қара):

28

Page 28: iuiu - asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/11/1138_Delphi_2.docx  · Web viewортасының мүмкіндіктері, бұл жүйенің құрамы, бағдарламалаудың

9-сурет TPrint объектісі

Қорытынды Қорыта келгенде, мен осы курстық жұмысымды орындау барысында бағдарламалау әлемінде үздік жетістіктерге қол жеткізіп отырған, қызықты

29

Page 29: iuiu - asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/11/1138_Delphi_2.docx  · Web viewортасының мүмкіндіктері, бұл жүйенің құрамы, бағдарламалаудың

да күрделі программа – Delphi ортасы туралы бірталай мәлімет ала отыра, бұл тілдің басқа программалау тілдерінің ішіндегі ең жүйрігі, озық технологиялар жетістіктерінің талаптарына сай өз ерекшеліктерімен қатар өз мүмкіншіліктері де бар озығы екеніне көз жеткіздім. Delphi - де программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедиа үрдістерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және т.б. іс- әрекеттерді орындауға болады. Delphi көптеген есептерді шешуге, кестелері, графиктері бар күрделі есеп берулерді құру және баспаға шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ғаламның түкпір- түкпіріндегі бұрышында болып жатқан барлық жаңалықтарды, білім, мәдениет, саясат салаларында болып жатқан жетістіктерді, яғни барлық мәліметтерді бүкіл дүниежүзілік компьютер желісі – Интернет арқылы білетін болсақ, осы мүмкіндіктерге одан да әрі қарай қол жеткізуге Delphi программасы да өз үлесін қоса алады. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтатын болсам, Delphi ортасының мүмкіндігі өте зор және қазіргі уақытта кең тараған күрделі жүйелік программа болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

30

Page 30: iuiu - asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/11/1138_Delphi_2.docx  · Web viewортасының мүмкіндіктері, бұл жүйенің құрамы, бағдарламалаудың

1.Александровский А.Д «Delphi 5 разработка корпоративных

приложений»

2. «Программирование в среде Delphi 7.0» С.В. Глушанов А.Л. Кливцов

3. «Delphi 3. Учебный курс. » Фарманов В.В.

4. «Delphi 3.Учебный курс» Бодровский С. Изд. Дом ПИТЕР, 2001

5. «Delphi 6.Программирование на Object Pascal» Культин Н.Б. Изд.: БХВ Санкт – Петербург, 2002 6. «Delphi 5. Справочное пособие» Архангельский А.Я. М.: ЗАО Изд. БИНОМ, 2001

31