16
˅Dzǹ ˅ǶǧǰȂ ǫ˃ǴǯǬǭǧǷȂʽ 86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] :::$67$1$$.6+$0<.= Ě90 ÂÆÊÒÆμ 14 ÓÁÍÜÈ ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü +21°..+19° +18°.. +16° Çæì âáĨüóü íæî çüìåáíåüĨü òïìóġòóĄë íò Ëġî ùüĨôü òáĨáó íéîôó Ëġî âáóôü òáĨáó íéîôó Ëġî ĪèáĬóüĨü òáĨáó íéîôó ÂĪì ëġîäĄ æĦ üòóüĬ áôá n& çüì ÆĦ òôüĬ óæíðæñáóôñá n& çüì ʤ˳˵˘ˮ˘˞˘ ˵˲೦ˮ ˥ˬ˟˲ ˭˟ˮ ഉˬ˟˶˭˟˵˵˧˪ ˮ˳˘ˮ˞˘˲ ˢˬ˵˶ ˭˘˶˳˭ˮ˘ ഉˣ˧˲ˬ˟ˮ˧˱ ˢ˘˵˲ ˘ˬ˘˞˘೦ ϮϭϮϬ ˥˞˧೮ ϭϵϵϰͲ˧ˮ˞˟ ˙˘˲ˬ೪ ˢ˭˳˵˘˲ ˘೪˵˘ˬ˞ ʤ˵˘˱ ˘˥˵೪˘ˮ˞˘ ˾˘˵˲ˬ˘˲೦˘ ˢˮ˞˟˶ ˢ˲˛˧ˣ˧ˬ˧˱ ˳˶˭˟ˮ ˢഉˮ˟ ˢˬ˶˭˟ˮ ˢ˘˙˞೪˵˘˶ ˢ˥˟˳˧ ˘˶˳˵˲ˬ˞ ˃˲೦ˮ ˥ˬ˟˲˛˟ ˟˳˟˱˵˟˛˧˾ ೪˲ˬ೦ˬ˘˲ ˵˛˟ˬ ೪˯˥ˬ˞ Жылыту маусымына дайындык калай? 3 ƼɅNJnjǀƼ NjnjǁǃDŽǀǁljǎ ǍǁljƲLj ƿnjƼLjNJǎƼLJƼnjǗlj ɅƼƽǗLJǀƼǀǗ ʽ˳ ˘˱˵˘˞˘ ʺ˟˭ˬ˟˪˟˵ ˙˘˳˾˳ ʻ˲˳ˬ˵˘ˮ ʻ˘ˣ˘˲˙˘˟˚೪˘ ˵˵˟ˮ˾˟ ˢഉˮ˟ ˪˧ˬ˟˵˵˧ ˟ˬ˾˧ˬ˟˲ ʹ ʺ˘ˬ˘˥ˣˤ˞˘ˮ ˈˤ˞˘˥˘˵ ʤ˙˞˶ˬ ˈ˘˭ˤ˞ ˑ˳˵˯ˮˤ ˀ˟˳˱˶˙ˬˤ˪˘˳ˮ˘ˮ ˔˘ˮ ˀ˟˥ˮ˺˯ˬ˞ ʸˤ˚ˤ˞˘ˮ ˁ˘ˬˤ˭ ʤ˙˞˶˲˘˺˭˘ˮ ഉˬͲˁ˶˟˥˵ˤ ʰ˲˘ˮ ʰ˳ˬ˘˭ ˀ˟˳˱˶˙ˬˤ˪˘˳ˮ˘ˮ ʺ˯ˢ˵˘˙˘ ʪ˘Ͳ ˭ˤ˲˽ˤˬ˶ ˃ഉˢ˧˪˳˵˘ˮˮ˘ˮ ʻ˘ˣˤ˲˭˘˞ ʤˬˤˣ˯˞˘ ʶ˘ˮ˘˞˘˞˘ˮ ˌ˯ˮ ˁ˵˘˥ˬ ˳˟ˮ˧˭ ˛˲˘˭˯˵˘ˬ˘˲ˮ ˵˘˱˳˲˞ ಉˣ ˪˟ˣ˟˛˧ˮ˞˟ ʿ˲˟ˣˤ˞˟ˮ˵ ˟ˬ˾˧ˬ˟˲˞˧ ˙˧ˣ˞˧೮ ˟ˬ˞˟˛˧ ˞ˤ˱ˬ˯˭˘˵ˤˬ೪ ೪ˣ˭˟˵˵˟˲˧ˮ˧೮ ˙˘˳˵˘ˬ˶˭˟ˮ ೪˵˵೪˵˘˱ ˢ˭˳˵˘˲ˮ˘ ˳ഉ˵˵˧ˬ˧˪ ˵˧ˬ˟˞˧ Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан аталмыш елдердің барлығымен маңызды серіктестік орнатқан. Мәселен, Тәжікстан экономикасына салынған қазақстандық инвестиция бүгінде 125 милли- он доллардан асады әрі бұл елде қазақстандық 40 шақты кәсіпорын жұмыс істейді. Президент алдағы уақытта өзара сауда көлемін ұлғайтып, ынтымақтастық аясын кеңейтуге күш салу қажеттігін де атап өтті. Ал, Қазақстанның Иранмен саяси-экономикалық байланыстары жылдан жылға нығайып келе жатқанын айтқанымыз жөн. «Биыл іске қосу жоспарланған Қазақстан –Түрікменстан - Иран жаңа теміржолы – соның айғағы. Бұл бағыт жалпы өңірдегі сауда- экономикалық ынтымақтастыққа серпін береді. Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі ахуалды тездетіп реттеу өңірдегі тыныштық пен ынтымақтастық үшін аса маңызды. (Жалғасы 2-бетте) ÃÜä èåäÛ×à ØåâĠ×äòä ġ×â×àãòä ǺҺȘșȣȕ ǮҹǸǺǩǨDZ ȎȈȏțȠȣҮȈȓȣȔ ½·¾ÊÏÒÂ·Ç Å»·ęÒ Ą ĞÂÉÉÒĚ ÇÊÌÉÒ ¸°Ç°ÁÉ°Ç¼É°Ä ĞęÒà Ô¼ÁÉÇÅÄ»ÒĚ ĘÁ°Ã»°Á 8-9 16 4

90 (3147) 2014-08-14

  • Upload
    -

  • View
    241

  • Download
    11

Embed Size (px)

DESCRIPTION

АСТАНА АҚШАМЫ №90 (3147) 14 тамыз 2014

Citation preview

Page 1: 90 (3147) 2014-08-14

90 14

+21°..+19°+18°.. +16°

Жылыту маусымына

дайындык калай?3

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан аталмыш елдердің барлығымен маңызды серіктестік орнатқан. Мәселен, Тәжікстан экономикасына салынған қазақстандық инвестиция бүгінде 125 милли-он доллардан асады әрі бұл елде қазақстандық 40 шақты кәсіпорын жұмыс істейді. Президент алдағы уақытта өзара сауда көлемін ұлғайтып, ынтымақтастық аясын кеңейтуге күш салу қажеттігін де атап өтті.

Ал, Қазақстанның Иранмен саяси-экономикалық байланыстары жылдан жылға нығайып келе жатқанын айтқанымыз жөн. «Биыл іске қосу жоспарланған Қазақстан –Түрікменстан - Иран жаңа теміржолы – соның айғағы. Бұл бағыт жалпы өңірдегі сауда-экономикалық ынтымақтастыққа серпін береді. Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі ахуалды тездетіп реттеу өңірдегі тыныштық пен ынтымақтастық үшін аса маңызды.

(Жалғасы 2-бетте)

8-9 164

Page 2: 90 (3147) 2014-08-14

2www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

(Басы 1-бетте)

Біз араағайын «алтылық» пен Иран арасындағы келіссөздердің екі раундын Алматыда өткізу арқылы бұл үдеріске өз үлесімізді қостық. Баршаны қанағаттандыратын ұзақ мерзімді келісімге таяу уақытта қол жеткізіледі деп үміттенеміз. Біз келесі айда президент Хасан Руханидың Қазақстанға тұңғыш ресми сапарын күтіп отырмыз. Бұл сапар екіжақты байланыстарды жаңа сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік береді» дейді Мемлекет басшысы.

Елбасыға сенім грамотасын тапсырған елдердің бірі – Малай-зия. Аталмыш ел – бүкіл мұсылман

әлеміндегі сенімді саяси әрі сау да серіктесіміз. Мемлекет басшысы премьер-министр Наджиб Ра зак-тың таяуда өткен ресми сапары эко номикалық ынтымақтастық аясын кеңейте түскенін алға тартты. Өйт кені, осы сапардың нәтижесінде жалпы құны 1 миллиард доллардан асатын келісімшарттар жасалған.

Мемлекет басшысы сонымен қатар Канада, Эстония және Ливия елдерімен де жан-жақты ынты мақ-тастықты дамыту Қазақ стан үшін маңызды екенін алға тартты.

– Біз әлемдегі ең дамыған 30 ел-дің қатарына кіруді көздеп отыр мыз және бұған қажетті барлық ша-раны қабылдаймыз. Бұл мақсатқа жету үшін қажетті басты бағдар

мен нақты міндеттер «Қазақ-стан-2050» стратегиясында ай-қын далды. Ол біздің еліміздің бар лық сыртқы саяси серіктес-те рі мен өзара тиімді байланыс-тарды нығайтуға бағытталған, - дей келе Елбасы елімізде шетелдік ин весторларға бірегей мүмкін дік-тер ұсынылатынын, 2017 жылы Ас танада «Болашақтың энер-гиясы» тақырыбына арналған халық аралық мамандандырылған «ЭКСПО» көрмесі өтетінін, сондай-ақ өңірлік және жаһандық деңгейдегі өзекті мәселелерді ше-шуге белсенді қатысуды көздей-тінін атап өтті.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Алматы ауданы тұрғындары арасында «Көңілді старт» жарысы өтті.

«Хас са-нат» өнер галереясында «KazPopArt» көрмесі өтеді.Басталуы: сағат 10.00.

Тәуелсіздік сарайында «Ата өнері – ұрпаққа мұра» көрмесі өтеді.Басталуы: сағат 10.00.

Астанада биылғы алғашқы жартыжылдықта телефон байланысы қызметтерінен түскен табыс

1602,7 миллион теңгені құрады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конс титуциялық заңының 73-бабына сәйкес келіп түскен құжат тарды қарастырып, 14-бабының 5) тармақшасы негізінде, Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясы Астана қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына кандидаттар ретінде Қазақстан Респуб ликасының келесі азаматтарын тіркеді:

Жақсыбеков Серік Рыскелдіұлы – 1956 жылы туған, қазақ, «Корпорация Цесна» АҚ Директор-лар кеңесінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Астана қаласында тұрады.

Канафин Серік Боштайұлы – 1954 жылы туған, қазақ, «Столичный торговый Аутсорсинг» ЖШС Бас директоры, Астана қаласында тұрады.

Қаратаев Бейсембек Шоқтайұлы – 1962 жылы туған, қазақ, «Бей Дар К» ЖШС директоры, Астана қаласында тұрады.

Смородин Александр Викторович – 1959 жылы туған, орыс, «Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ Басқармасының төрағасы, Астана қаласында тұрады.

М. ӘУБӘКІРОВ,Қалалық сайлау комиссиясының төрағасы

«Бүгінгі таңда қозғалыс бел-сенділерінің саны 4 мың адамға жетті. Олардың ішінде бизнес, ғылым мен білім, денсаулық, отан-дық және шетелдік өндірістік кә сіпорындардың өкілдері, мемле-кеттік қызметкерлер бар. Жыл соңына дейін 10 мың адамнан асады деп ойлаймыз. Бұл үлкен жетістік болмақ» деді Д.Жұмин. «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы Елбасының идеясымен туындаған еді. Мемлекет «Бола-шақ» стипендиясының 20 жыл дық мерейтой форумына қатысу шы-ларына айтқан сөзінде: «Қазақ-стан-2050» Стратегиясы – бұл біздің ХХІ ға сыр дағы ұлттық идея-мыз. Ол біздің халық ұмтылатын ұлы істерге бастайды. Мен «Бо-лашақ» бағдарламасы негізінде «Қазақстан-2050» жалпы ұлттық қозғалысын құруды ұсы намын»

деген болатын. Жаңа ұйым қазақ-стандық мем лекеттіліктің негізінде жатқан құндылықтар – ұлттық бірлік, ұлтаралық және дінара лық келісім, азаматтық теңдік және үш тұғырлы тіл, толерант ты лық, сонымен қатар қазақ елінің бай дәстүрі мен тарихының баян-дылығын мақсат етеді.

Қазіргі күнде қозғалыстың күшімен «Қазақстан-2050» стра-тегиясының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған 16 жоба іске қосылып, оның төртеуі аяқ-талып, ал қалған 12 жоба әлі жүзеге асырылуда.

Айгүл УАЙСОВА

Page 3: 90 (3147) 2014-08-14

3www.astana-akshamy.kz

Осыған орай қалалық Жо-лаушылар көлігі және автомо-биль жолдары басқармасының басшысы Рашид Аманжолов баяндама жасады. Жолаушы-лар мен жүктерді автомобиль-мен тұрақты тасымалдаудағы кейбір мәселелерге тоқтала келе, басқарма басшысы соңғы алты жылда жанар-жағармай бағасының екі есеге дейін өсіп, автокөлікке техникалық қызмет көрсету құны қымбаттағанда, жолақы тарифі бір деңгейде тұрақты ұсталғанын, соның салдарынан қазіргі таңда та-сымалдаушылар шығындарын өтей алмай отырғанын жеткізді.

«Осы мәселені шешу үшін арнайы комиссия құрылды. Барлық қажетті үдерістер мен есептер жүргізілді. Нәти-жесінде қаладағы қоғамдық көлікте жол жүру құны ересек-терге 90 теңге және балаларға 40 теңге ретінде белгіленді» деді Р.Аманжолов.

Қазіргі уақытта жолаушы-лар тасымалымен қалалық 50 бағыттағы 8 компания айна-лысып келеді. Онда барлығы 890 автобус шоғырланған. Желіге жаңа автобустар шығару қажеттігі де туындап отыр. Бұл ретте «электронды билет» жаңа жүйесін енгізу жобасы әзірленуде.

Талқыланған мәселеге орай, депу таттар Н.Мещеряков, С.Жақсыбеков, Т.Оразақов, З.Шибкенов пікір білдірді. Қоғамдық көлік қызметінің қаладағы өзекті мәселелердің бірінен саналатынын тілге тиек

еткен Мирас Шекенов алдағы уақыт та жү ргізу шілерд ің жалақысын 20-30 пайызға арт-тыруды ұсынса, «Әділет» тұ-тынушылар құқығын қорғау қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қабыкен Закарьянов бұл са-лада кондукторларсыз жұмыс істеуге көшудің тиімділігін алға тартты. Қалалық мәслихаттың хатшысы Сансызбай Есілов болса елорда басқа өңірлерге барлық жағынан үлгі болуы үшін қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыру мақсатында жолақының қымбат тау ын қолдайтынын атап өтті.

Сонымен бірге сессия бары-сында Астана қаласы мәс ли-хатының 2013 жылғы 10 қыр-күйектегі «Астана қаласында жер учаскелерін беру жөніндегі комиссияның құрамы тура-лы» шешіміне өзгерістер енгізіліп, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алуға байланысты жер учаскелерін немесе жылжымайтын өзге мүліктерді сатып алу туралы шарт тардың жобалары келі-сілді. Сондай-ақ, Астана қала-сы әкімдігінің жанындағы Кәсіп керлік мәселелері жө-нін дегі сараптамалық кеңес пен Астана қаласының агро-өнер кәсіптік кешені субъек тісі ин вестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыс тары-ның бір бөлігінің орнын тол-тыру бойынша субсидиялау мәселелері жөніндегі комис-сияның құрамы өзгертілді.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Сараптаманы Қазақстан Респуб-ликасының аккредитация және рейтинг жөніндегі тәуелсіз агент тігі жүргізген. Онда Білім беру грант-тарының саны, «Алтын белгі» иегерлерінің, «ЖОО-ның ең үздік оқытушысы» мемлекеттік гранты-ның, ҚР ғылы мының дамуына үлес қосқаны үшін иеленген сыйлық және шәкірт ақы ның, ғылыми гранттың, патент пен өнертапқ ышт ың , Хирш индексі бойынша зерттеу-

лер жарияланған басылымдардың саны да (ISI Web of Knowledge, Thomson Reuters and Scopus) ескерілді. Іріктеу барысында төрт негізгі бағыт – студент тердің, оқытушылардың, зерт теушілердің сапалық құрамы, ака демиялық мобильдік байланыс, тү лек тердің сұранысқа ие болуы, ма мандық бойынша оқытушылардың, магис-трант тардың, докторанттардың ғылыми мақалаларының бәсекеге

қабілеттілігі назарға алынды. Нә т ижес інде рес пу бл ика л ық басы лымдарда тәуелсіз рейтинг анық таған үздік 20 ЖОО атта-ры жарияланды. Ең үздік үштікті Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бастап тұр. Одан кейінгі екінші орында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті болса, үшінші орынды Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті еншіледі.

– Қауіпті дерттен қазақ стан-дықтар қалай сақтана алады?

– Эбола геморрагиялық безгегін алдын алу мақсатында біздің депар-тамент Қазақстан Республикасы азаматтарын Батыс Африка еліне бармауға шақырады. Себебі, бұл – жұқтырған жағдайда жаппай өлім ге соқтыратын індет. Ауру адам нан айналасындағыларға түрлі бө ліністер немесе қан арқылы жұғады. Сондықтан Эбола таралған елдерге бара қалған жағдайда бет-

перделерді пайдаланып, дене қызуы жоғарылаған адамдарға жоламаған жөн. Адамдар көп жиналатын жер-лерге бармауға тырысқан абзал.

– Аурудың белгілері қандай?– Вирус ағзаға түскеннен кейін

21 тәулік ішінде қозады. Оның ал ғашқы белгілері 8-10 күн ара лы-ғын да бай қалады. Ауру өте жылдам, бір немесе бірнеше белгі лерден байқалады. Мәселен, бас ауырып, адам қан құ сады, үлкен дәретпен бірге қан шы ғады, бұлшық ет ауы-

рып, көзден, мұ рыннан, құлақтан қан аға бастайды. Дене қызуы 39-40 градусқа дейін көтеріледі.

– Дертті алдын алу үшін тағы қандай кеңес бересіз?

– Аурудың алдын алу үшін бөлмені жақсылап желдетіп, жеке бастың гигиенасын сақтау, тамақты кез келген жерден сатып алмау керек.

Батыс Африка елдерінен келген соң аурудың белгілері байқалса, же-дел түрде медициналық қызметке жүгінген жөн.

Бетт

і дай

ынд

аған

: Оры

нбек

ӨТЕ

МҰР

АТ. Д

ерек

көзд

ері:

www.

asta

na.k

z, ww

w.in

form

.kz,

baq.

kz, b

news

.kz

(Басы 1-бетте)

Мәселен, бір ғана Алматы ауда-нындағы 1035 көп пәтерлі тұрғын үйдің 1003-і бекітілген кестеге сай

жылыту маусымына толық дайын. 252 үйге жалпытұрғынүйлік жылу есептегіш құрылғысы орнатылды. Аталмыш жұмыстар «Астана Те-плотранзит» АҚ және «Астана

Су Арнасы» МҚК инвестициялық бағдарламасы аясында жүзеге асты.

Әлеуметтік нысандарға келетін болсақ, елордадағы 71 мектеп ал-дағы жылыту маусымына сақадай-сай. Мектепке дейінгі білім беру мекемелері мен денсаулық сақтау нысандары да толығымен дайын деуге негіз бар.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың жылыту маусымында ыстық және суық су, жылу беру, электр қуатымен қамту бойынша барлық техникалық талаптар ойдағыдай орындалған болатын. Жылыту мау сымы кезінде қаладағы қуат көздерінен шамамен екі миллион тонна немесе 28 943 вагон көмір, 20 327 тонна немесе 376 цистерна мазут жұмсалған. Сонымен бірге, 1 426 млн.кВт электр қуаты мен 4328 мың Гкал жылу энергиясы өндірілген еді.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Page 4: 90 (3147) 2014-08-14

4www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Бетт

і дай

ынд

аған

: Әді

лбек

ЖАП

АҚ

-

--

-

-

-

-

,

*

,

*

Пу ш к и н кө ш е с і н де г і 1 5 -ү й д і ң т ұ р ғ ы н ы м ы н . Есігіміздің алдындағы шоқ теректі т ұттай жалаңаш қылып тастады. Егер жа-нашырлықпен жасаса, көк-темде, бүршік атар алдын-да бұтарлау керек еді ғой. Осыған да бағбандық білім керек пе? Оншақты жыл-дан бері өсіп-өнген терекке балта тигізіп, құр сүлдерін қалдырғанына тек мен ғана емес, біздің үйдің барлық тұрғындары наразы.

Алмас ӨТЕШЕВ

Өтініш 2 тамызда түсіп, 8 күнде жауап берілді.

Мемлекеттік нөмірі KZ 779 AZA деп келетін көлік иесін жауапкершілікке тартуыңызды сұраймын. Шатастырмасам, 8 тамыз күні, тапайдың тал түсінде ассенизатор көлік Б.Момышұлы мен Абылай хан даңғылының қиылысындағы құдыққа жеке

сектордан алып шыққан кәріз суы мен нәжісті қо-тарып жатқанының үстінен түстім. Қаланың қақ ортасында қолқаны қабатын сасық иістің жайылып кеткеніне қысылып тұрған ассенизатор ағай жоқ.

Қанат БОРАНҚҰЛОВ

Былтыр №4 емханадан үйім нің дәл қасындағы темір жол ау ру ха-

насының емханасына тіркелу үшін есептен шығару талонын алған едім.

Алайда, биыл наурызда әлдебір болмашы сырқатпен көрінбекші боп барғанымда, әлі №4 емханада екенім мәлім болды. Ал, шілде айында тіпті айдаладағы №10 ем-ханаға тап болғанымды білдім. Сонда мен Денсаулық сақтаудың қазіргі жүйесінің талаптарына орай медициналық мекемені таңдау құқымды пайдалана алмағаным ба?

Любовь СЕРГЕЕВНА

Неге №4 Ол импиа да л ық резервке мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі суда жүзу үйір-месіне ақылы түрде қабы л дай ды? Өз алдына бөлек бас сейн дері болмағандықтан ба? Же тек ші-лерінің айтуынша, бас тап қыда барлық балалар ақылы түрде қа тысады, тек ішінен ірік теліп, оқу-жаттығу тобына түс кен деріне ғана тегін екен. Осы дұрыс па?

Ирина

Ильинка тұрғын алабында Ма-лайсары батыр көшесінде тұра-мын. Айтпағым, көше жолының жан-жағы бітеу, кірме жолдар жасалмаған. Адамдар көліктерін жиекке қойып кетуге мәжбүр. Қан-шама адам үй соғып жатыр. Бірақ ең қарапайымы – жүк кө лігімен құрылыс материалдарын алып келгенде әудем жерден түсіріп, оны қайтадан қолдап үйге тасып әуре-сарсаңға түсеміз де қаламыз. Биыл ауа райы жайсыздау бол-ды. Арқаның жері жаңбыр жауса, балақтан батпақ түспейді. Әрі құ рылыс жүргізуге де қолайсыз болды, жаз болса бітіп қалды.

Екінші сұрағым, Ильинканың шығыс жақ беткейіндегі жеке меншік тұрғын үй құрылысына

арналған инженерлік желі қашан салынып бітеді? Электрмен, кәріз жүйесімен, сумен, жолмен көп ұзамай қамтамасыз ететініне сенім артсақ бола ма?

Нұрлан

Өтініш 28 шілдеде түсіп, 5 тамызда жауап берілді

Өтініш 8 тамызда түсіп, 3 күнде жауап берілді

-

Сауал 10 тамызда түсіп, 2 күнде жауап берілді

Page 5: 90 (3147) 2014-08-14

5

ТУБЕРКУЛЕЗТЕГiН ЕМДЕЛЕДi

,

– Қалалық туберкулезге қарсы диспансер қазіргі заман талабы-на сай қандай құрылғылармен жабдықталған?

– Бүгінгі таңда Астана қалалық тубер-кулезге қарсы диспансер «BACTEC», «Хайн-тест», «G-XPERT» сынды заманауи жаңа аппараттармен жұмыс істейді. Соңғы алынған «G-XPERT» аппаратының көмегімен екі сағаттың ішінде туберкулездің бар-жоқтығы анықталса, осыдан бір жыл бұрын са-тып алынған «Хайн-тест» екі күннің ішінде жауап беретін. Ал, америкалық « B A C T E C » а п п а р а т ы е к і - ү ш жұманың ішінде анықтайды. Бұл аппа-раттар болмаған кезде науқастардың диагнозы уақтылы анықталмайтын. Қазіргі заманауи аппараттар науқасқа дұрыс диагноз қоюды жылдам-датты. Көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін б і з д і ң д и с п а н с е р д е қ о с ы м ш а фтизиопедиатрлық және фтизиатрлық учаскелер ұйымдастырылды. Олар тұрғындарға кәсіптік медициналық көмек көрсетеді. Сонымен қатар, диспансерде туберкулезді емдеудің жоғары тиімділігін көрсету үшін плаз-моферез емінің процедурасы енгізілді, бұл туберкулездің өте ауыр түріне шалдыққан науқастың жазылуын екі есе тездетеді. Науқастарға хирургиялық көмек көрсету барысында эндоброн-хылы блокаторлар жақсы қолданылуда, бұл хирургиялық емдеудің тиімділігін жоғарылатады. Осылайша, аурухананың жаңа аппараттармен жарақтандырылуы нақты диагностика жасауға мүмкіндік беріп, соңғы кезде өлім-жітім екі есеге дейін, ал ауруға шалдығатындардың қатары 40 пайызға дейін азайды. Бұл ретте қала әкімдігі мен денсаулық сақтау басқармасы бізге үнемі қолдау көрсетіп келеді.

– Биыл менің балам бірінші сыныпқа барады. Туберкулез-ге қарсы егілуі қажет екен. Оны міндетті түрде алуымыз керек пе? Кері көрсетілімдер болмай ма?

– Туберкулезге қарсы алғаш рет егу перзентханада жүргізіледі. Содан соң жеті жылдан кейін қайталама вакцина-циясы, яғни, ревакцинация жүргізіледі. Ол қауіпсіз және туберкулезге қарсы иммунитет қалыптасуына көмектеседі.

– Жұмысқа тұру кезінде тубдис-пансерде есепте тұрмағаным туралы анықтама талап етті. Оны қалай және қай кезде алуға болады?

– Аталған анықтаманы алу үшін сіз туберкулезге қарсы диспансердің тіркеу бөлімшесіне келіп, жеке куәлігіңіз бен флюорографиялық түсіріліміңізді ұсынасыз. Ондағылар сізді учаскелік фтизиатрдың қабылдауына жібереді.

– Туберкулезбен ауырып жазылған адамдар қандай жағдайларда жұмысқа жіберілмейді?

– Егер азамат туберкулезбен ауырған болса, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің №218 бұйрығына сәйкес босану үйлерінде, ба-лалар ауруханасында, жаңадан туылған балалардың патологиясы бөлімшесінде, мектепке дейінгі мекемелерде және мектептің бастауыш сыныптарында жұмыс істеуге тыйым салынады. Басқа жағдайларда адам кәсіби қызметін жалғастыра алады.

– Туберкулездің төзімді түрі деген не және ол несімен қауіпті?

– Туберкулездің мультирезистентті түрі – ол микобактериялар төзімді болып кететін туберкулездің ерекше түрі, яғни, бірінші қатардағы анағұрлым нәтижелі туберкулезге қарсы дәрі-дәрмектермен – изониазид және ри-фампецинмен емдегенде жойылмайды және бұл жағдайда ем қиын өтеді. Ол қымбат дәрілерді, науқастың, оның туыстарының, медициналық және әлеуметтік қызметкерлердің ұзақ уақытқа дейін үлкен моральдық және физикалық күшін қажет етеді. Ал егер-де мультирезистентті туберкулезді емдеу кезінде үзілістерге жол берілсе, супертөзімді туберкулездің өрбуі мүмкін, оны емдеу анағұрлым қиынға соғады.

– Өздеріңіз жақсы білесіздер, елордамыз көз ілеспес шапшаңдықпен дамып келеді. Осыған байланысты туберкулезге қарсы диспансердің қазіргі ғимараты шаһардың ортасында қалып қойды. 2012 жылы 12 сәуірде Елбасы Қазақстан азаматтарымен кездесуінде қала әкімдігіне жеке тапсырма берген болатын. Соның негізінде қаланың сыртында, Қырқыншы стансада туберкулезге қарсы жаңа диспансердің құрылысы кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Ондағы палаталар бір немесе екі адамға арналған. Мұнда аурухана қызметкерлерінің жұмыс істеуіне және науқастардың емделуіне барлық жағдай жасалған. Әлемдік стандарттарға жауап беретін аппараттар сатып алынуда. Ғимарат келер жылдың ортасына таман пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

– Астана қаласының туберкулезге қарсы диспансерінде өкпелік-хирургиялық бөлімшесі бар. Онда торакопластика, туберкуломаларды алып тастау бойынша емдік оталары, омыртқа, буын туберкулезі кезіндегі және т.б. оталар жасалады.

– Сіз Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2299 «Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызмет көрсету шарттары мен ережелерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Астана қаласының туберкулезге қарсы диспансерінде келісімшартты түрде тексеріле аласыз.

– Астана қаласында амбулаториялық жағдайда демеуші фаза бойынша ту-беркулезге қарсы ем қабылдайтын науқастар ай сайын барлығы 15 кило-грамдай азық-түлік жиынтығын алады. Оның ішіне жармалардың барлық түрі, май, қойытылған сүт, бұқтырылған ет және т.б. азық-түліктер кіреді. Одан басқа, біздің амбулаториялық емделудегі барлық пациенттер қоғамдық көлікте жүру билеттерін алады.

– Әрине, егер ауру дер кезінде анықталып, науқас дәрігердің нұсқауларын уақтылы орындап, дәрі-дәрмекті үзбей ішіп отырса, туберкулез емделеді. Деген-мен, кейбіреулер өз денсаулығына жауапсыз қарап, емдеу курсын толығымен өтпейді. Кейін емделуді қайта бастағанда туберкулезге қарсы дәрі-дәрмектер әсер етпей жатады. Өйткені, ағзада туберкулез микобактерияларының мутаци-ясы орын алады. Содан кейін жаңа емдеу курсын, басқа дәрі-дәрмектермен, ұзақ мерзімге тағайындау қажет болады. Осыны науқасқа шалдыққандардың барлығы бірдей ескере бермейді. Уақытты өткізіп алмай, анықталған сәттен бастап емдесе, оның алдын алу оңайға соғады.

– Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне сәйкес, туберкулезге қарсы көмек Қазақстан Республикасының азаматтарына тегін көрсетіледі. Тубер-кулез ауруының алғашқы белгілері пайда болған кезде әрбір азамат тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаға қаралуы тиіс. Дәрігер диагностикалық алгоритм негізінде тексеру жүргізіп, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі белгілейтін құжаттарға сәйкес туберкулезге қарсы диспансерге толық тексерілуге және емделуге жібереді.

– Жаңа ғимарат салынып жатыр дегенді естідім. Бүгінгі таңда ондағы жұмыстар аяқталуға жақын ба?

– Туберкулезге шалдыққан науқастарға қалалық тубдиспансерде қандай оталар жасалады?

– Мен Ақтөбе облысынан көшіп келгенмін. Сіздің диспансерде тексерілуден өтуіме бола ма?

– Туберкулезбен ауырған науқастар-ға әлеуметтік көмек көрсетіле ме?

– Соңғы кезде сіңлімнің көңіл-күйі болмай жүр еді. Сөйтсем, бекер емес екен. Дәрігерлер туберкулезге шалдыққанын анықтап, ауруханаға жатқызды. Білейін дегенім: осы ауру емделе ме?

– Қаламызда туберкулезге тексерілу және емделу тегін бе әлде ақылы ма?

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Page 6: 90 (3147) 2014-08-14

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Сонда да болса, адам бала-сына жіберілген хақ дін – ислам екенін мұсылман жұрты жоққа шығармайды. Исл ам! Қол дан жаса лған, бұ рма ланған ислам емес. Кәд імгі адамзат игіл іг і үшін түсірілген Құрандағы ис-лам. Ата-бабаларымыздың сан ғасырдан бері ұстанып келген, өмірінің, тіршілік көзінің, бүкіл с а лт - с а нас ы м е н дә с т ү р і н і ң , мәдениетінің негізіне айналған ислам. Мұндай адамзат қоғамына п а й д а с ы т и м е с е, з и я н ы жо қ ізгі дінді, ізгілікті насихаттау-ш ы л а р Құ р а н а я т т а р ы м е н Пайғамбар (с.ғ.с.) хадистерінде уәде етілгендей үлкен сауапқа кенелед і . Жақсылықтың жар-шысына айна лғанға қоғам да қашаннан құрметпен қарайды.

Сондықтан, біз әуезді әнімен халықты ата дініне үндеп жүрген әншілерд ің бірқатарын сөзге тартып, дін тақырыбына қалай келгенін сұрап көрдік.

Кеше елордамыздағы «Астана» медресесінде жаңа оқу жылына шәкірттерді қабылдау емтиха-ны өткізілді. Мемлекеттік емтиханда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Шоқанов, Оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі

Жүзден аса әскерилердің қатысуымен өткен жиын барысында наиб имам бүгінгі таңда асыл діннің атын жамылып, бұзақының тірлігін жасап жүрген топтар жайлы кеңінен қозғап, бейбітшілікті ту еткен ислам дінін, етек-жеңін енді жиған халықтың тұнық санасын ластауға бейіл ағымдарды аластап, олармен ел болып бірігіп, жұрт болып жұмылып жұмыс жүргізу керектігін алға тартты.

«Қазақ халқының қайсар ұлы, батыр баба-мыз Бауыржан Момышұлы «Тәртіпсіз ел бол-майды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деп, мәні терең сөз қалдырды артына. Біз әлмисақтан мұсылман болған, тәртіпке бас иіп, «Тура биде – туғаны, туғанды биде – иманы жоқ» деген кешегі текті халықтың жалғасымыз. «Ислам» сөзінің мағынасына ой жүгірткен кез келген са-налы адам тыныштықты сақтаудың барлық жо-лын іздеуге тиісті. Бұл ретте бізге әрісі ардақты

пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) өмірі, берісі дана бабалар ғұмыры үлгі. Отанның тыныс-тіршілігін, бейбіт таңын күзеткен бүгінгі Қазақ елінің әскери қызметкерлері де асыл дініміздің бір уығын көтеріп тұр деп айта аламыз» деп, Нұрлан Бекболатұлы сарбаздарға, әскери қызметтегі барша азаматтарға алғысын білдірді.

Сөз соңында №5573 әскери бөлімінің командирі, полковник М.Қанағатов еліміздегі ислам дінінің көкжиегін кеңейтіп, қасиетті Құран аяттары мен пайғамбар өсиетін елге жеткізіп, Хақ жолында аянбай қызмет қылып келе жатқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешітіне, бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлына, дін жолындағы қызметкерлерге ыстық ықыласын білдіріп, алғыс хат табыстады.

ДІНИ ӘНДЕР ОРЫНДАУҒА ҚАНДАЙ СЕЗІМ ЖЕТЕЛЕДІ?

Айдар БАЙЖАНОВ, «Жігіттер» квартетінің әншісі:

P. S . К ө п т е г е н м ұ с ы л м а н елдерінде «Алла» деген сөз екі әннің бірінде қолданыла береді. Адам баласын дінге, тура жолға, Жаратқан Иеге құлшылық етуге үндейтін уағыз-әндердің орын-далуы ол ел дер үшін қалыпты жағдай. Бұрыннан бар және ән-ж ырының басым бөл іг ін осы сықыл ды д ін тақырыбындағы әуендер құрайды.

Қызыл империяның құрсауынан шығып, қолдан таңылған атеизм-нен енді ғана алыстап, ата дініне жақындай бастаған қазақта дін тақырыбын әнге қосқандар әлі де санаулы ғана. Сондықтан, көбі діни әндерге әлі аздап тосырқай қарайды. Әлдебір әнші әнімен Аллаға мадақ айтса, сенсация сияқтанады.

Бір шынд ық бар: ертедегі әдеби т у ындылардағы секіл д і Жаратқанға мадақ айтып, көпті қ ұ л ш ы л ы қ қ а , і з г і л і к ке ү н де у негізінен тарихта бар құбылыс. Қазақтың өткен ғасырлардағы жыршы-жырауларының да талай тол ғау ы о с ы н д а й тақ ы р ы п қ а негізделген. Ендеше, сөз жоқ , бүгінгі эстрада жұлдыздарының діни әндер айтуы да – қалыпты құбылыс. Ол ата дәстүрге, дінге, ежелгі өз са лтымызға бір уақ мойын бұрғандықтың ғана белгісі. Сондықтан, әнімен «Алланы» ауызға алғанға күдікпен қарап, жатсынудың да қисынсыз екені даусыз.

Гүлжаз ҚАРЫБЕКҚЫЗЫ

– Біздің дін тақырыбында орын-дап жүрген бір әніміз бар. Ол – «Дүние керуен» деп аталады. Әрине, бұл әнді халықтың санасына ықпал ету, оларды, әсіресе жастар-ды ізгілікке, қайырымдылыққа шақыру мақсатында орындадық.

А л д а ғ ы у а қ ы т т а д а о с ы

тақырыпта әндер айту ойымыз-да бар. Өйткені, әрбір мұсылман баласының Алладан қорқып, Оны үнемі еске алып, құлшылық жасап жүргенін іштей тілейміз. Өзіміз де шамамыз жеткенше Алланың бес парызын орындап, намаз оқып, ораза ұстауға ниет етіп жүрміз. «Алланы

сүй, Алланың хикметін сез. Не қызық бар өмірде одан басқа?» деп жырлады емес пе Абай хакім.

Эльмира ЖАҢАБЕРГЕНОВА, мәдениет қайраткері, жыршы:

– Х а қ д і н і м і з – И с л а м тақырыбында ән айту қай уақытта да артықтық етпейді. Өлеңді харам дейтіндер бар. Бірақ ол, меніңше, жаңсақ пікір. Жалған сөз. Неге десеңіз, ән-жыр дегеніміз, ол –

халықты тәрбиелеудің бірден-бір құралы ғой. Оны жеткізу – жыршы ретінде менің де тікелей міндетім.

Өскелең ұрпақ үшін шайырлардың сөздеріне өзім мақам жазам, оның ішінде, әрине, дін туралы да айтылған сөздер бар. Бірде Америкаға барғанда елімізден асырап алып кеткен сондағы балалармен кездесу өтті. Сонда жан-жүрегім езіліп, өзімнің ішкі толғанысымды мақаммен сыртқа шығарып, Қара сақал Ерімбеттің «Жадыңа неге алмайсың?» атты жырына мақам жаздым. Мақам мен

сөз үйлесімділік тауып, тіпті, бір адамдікіндей болып кетті. Мұнымен айтпағым, «Діңгегіміз – дін-ислам» деп өткен бабаларымыздың, шайырларымыздың өсиеттерін жалғай білсек, бірлігіміз нығайып, тірлігімізге Алла береке берері анық.

Иншалла, Жаратушы Иеміз баршамызға туралық нәсіп етсін, мұсылман үмметінің ынтымағы мен бірлігін нығайтып, халқымызды тура жолдан тайдырмасын деп тілеймін.

Құрмаш МАХАНОВ, әнші:– Исламға бет бұруыма өзімнің әпкем Мәдина ықпал еткен. Аллаға шүкір, содан бері

осы жолда ізденіп келемін. Талай діни кітаптарды ақтардым. Жұма намаздан қалған емеспін, 2007 жылдың желтоқсан айында қажылық парызымды орындап, Меккеге ба-рып келдім. Араб тілін үйрену үшін Мысырда да болдым. Араб тілі – діннің, Құранның, Пайғамбарымыздың тілі ғой. Сондықтан, мұсылман болып туғаннан кейін өз дінімді түсіну үшін де осы тілді игерген дұрыс деп санадым.

Бақтыбай Бейсенбаев бастаған білікті ұстаздар шәкірттердің білім деңгейлерін анықтады. Шәкірттермен сұхбат жүргізіп, түрлі сауалдар қойды. Бұған қоса, қазақ тілі және Қазақстан тарихы пәндері бойынша ЖОО оқытушы-профессорларының арнайы қатысуымен тест те жүргізілді.

Бүгінде дінге бет бұрып, құбыласын тани бастаған жастарымыздың кейбірі теріс пиғылды ағымдардың шырмауына ілігіп қалып жатады. Жаңылысқан жастарымыздың басым бөлігі орыс тілді жеткіншектер екенін бүгінде көз көріп, құлақ естіп жүр. Осы жайды жөнге салу мақсатында биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан орыс тілді уағыз-насихатты жанданды-ру мақсатында тың жобалар әзірленген болатын. Республикалық, жергілікті қазақ және орыс тілді ақпараттық-насихат топтары (РАНТ, ЖАНТ) құрылып, өңірлерде дін насихатын жүргізді. Биылғы медресе шаңырағында орыс тілді топтар да осы мақсатта ашылып, қабылдау емтиханында жалпы саны 52 шәкірт бақтарын сынап, 47-сі медресе шәкірті атанды. Оның 34-і қазақ тобына түссе, 13 бала орыс тобында үш жыл ілім игеруге мүмкіндік алды.

Бетті дайындаған: Жайық НАҒЫМАШ

Page 7: 90 (3147) 2014-08-14

7www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Бұл бір қарағанда жұмыс көрінгенімен, бақша тәрбиеленушілері мен ата-аналар арасындағы топ-топқа бөлінген байқау әрі жарыс түрінде өтті. Әр топтың өзіне белгіленген алаңы бар. Осы алаңға гүл, көшет отырғызу, әр түрлі қажетсіз заттардан көз тартатын бұйымдар жасау, көгалдандыру, бір сөзбен айтқанда бүлдіршіндер ойнағанда көңілденетіндей ертегі кейіпкерлерін орнату секілді жұмыстар атқару керек болатын. Біздің бақшаның кішкентай бүлдіршіндері де, ата-аналары да игі іске тосылып қалған жоқ. Бір кісідей жең түріп, бел буа кірісті. Нәтижесінде, автокөліктердің керексіз боп қалған доңғалақтары мен сусындардың босап қалған пластик құтыларынан әртүрлі ертегі кейіпкерлері дайын болады. Олардың арасынан көз тартатын

Күнікей қызды да, Ертөстікті де, орыс ертегісіндегі Маша мен аюды да, қолтырауындар мен қояндарды да кезіктіруге болады. Әр топ өз алаңдарын гүл дестелерімен көмкеріп, аққайың, қаратал, сирень, шырша ағаштарын отырғызды. Бұл ойын баласын табиғатты сүюге тәрбиелеп қана қоймай, айналасын, қоршаған ортаны тануға да көп септігін тигізері сөзсіз. «Таза қала, таза аула біздің қолымызда» атты сайысқа бақшамыздың меңгерушісі Эльмира Байсейітқызынан бастап тәрбиешілер қауымы да түгелдей атсалысты. Әдіскер Айнұр Тоқтархан шығармашылық жағынан көптеген кеңестер беріп, әр топтың тәрбиешілерін қанаттандырып, ынталан-

дырып отырды. Жалпы, сайысқа балабақшадағы 12 топ тайлы-таяғымен қатысты десек артық айтқандық емес. Осы сайыстың қорытындысы бой-ынша ең көркем, ең әсем безендірілген алаңдардың топтарына тиісті орындар белгіленді. І орынды Гуля Берікбайқызы жетекшілік ететін «Адырна» тобы иеленді. Бұл топтың алаңы жасыл желекке оранып, әртүрлі ертегі кейіпкерлерімен безендірілген. Ең ба-стысы, бұл топтың ата-аналар ұжымы тәрбиешімен етене араласып, қойың-қолтық жұмыс істеді. ІІ және III орындарды бір-бірімен иық тіресе тұрған, екі алаңның да әсемдігі көз тартатындай «Қоңырау» және «Сыбызғы» топтары өзара бөлісті. Бұл

топтар да тәрбиешілердің ата-аналармен тығыз жұмыс жасауының арқасында екі аққайың, үш шырша ағашын отырғызған, жалпы көгалдандыру жұмысын жақсы жүргізген. Жалпы айта келгенде балабақшада көгалдандыру жұмысының жүргізілуі өте маңызды. Осы көгалдандыру жұмыстары арқылы балалар қоршаған ортасын танып біледі, қазірдің өзінде балалар таңертең келісімен тәрбиеші апайларымен бірге гүлге су құюға қызығушылық танытып бірге еңбек етеді. Бұл өз кезегінде балалар-ды ұжымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеудің даңғыл жолы екені сөзсіз.

Айгүл РАХМЕТҚЫЗЫ, психолог

Page 8: 90 (3147) 2014-08-14

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

– «Адамды көпшіліктің көзінше мақтау оны бальзамдаудың басы» деп ой түйген Габриэль Гарсиа Мар кес өзінің бір сөзінде: «Біз қо лымыздан өзге ештеңе келме ген-дік тен жазушы боламыз және біздің ең бегіміз күнделікті етік тігіп оты-ратын етікшінің еңбегінен артық баға ланып, марапатқа ие болуға тиіс емес» деген екен. Яғни, Маркес қоғамға жазушының қажеттілігін етікшінің қажеттігімен бірдей көреді. Сіз осымен келісесіз бе?

– Жазушының бұл сөзіне толық қосыламын. Алайда, әр ұлттың жазушыға деген өзіндік көзқарасы бар. Мәселен, Ресей ойшылдары жазушыны жәй «жазушы» дегеннен жоғары бағалайды.

– Біз ше?– Біздің қазақта, оның ішінде

көшпелі тұқымда сөз өнері қашан да бірінші тұрған. Мынау кең кеңістіктің ортасындағы барлық байланыстар, тағдырлар, қозғалыстар, күрестер осы сөздің арқасында жүзеге асқан. Ел сөздің арқасында бірлікті ұйытып, сөздің арқасында намысын жанытып, сөздің арқасында бір шаңырақтың аясына топтасқан. «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш!» деген секілді көпті жұмылдырған, біріктірген ұран болса, сол ұранды ұстайтын – жырау, яғни жазушы. Біздің жыл қайырудан бұрынғы ІV ғасырдағы Геродот өз жазбасында да: «Көшпелілерді ұс тап тұрған олардың ерлік аңыз-дас тандары. Олар сол дастандарды ошақтың басында күнде ұзақ тың-дайды және соны өздерінің мем-лекеттік саясаты ретінде түсінеді» деуі де сондықтан. Ғылымда да: «Қай елде эпос болмаса, сол ел батырлық дәуренді басынан кешпеген» деген пікір бар. Бұл ретте, Құдайға шүкір, Қазақстанда батырлық дастандар, олардың сарындары бүгінге дейін сақталып келген.

Біз осыдан екі жыл бұрын жыл қа-йыруымыздан бұрынғы Х ғасырдағы ел анасының толғауын жарияладық. Қытай жазбасында «бір ұзын ағашқа шек байлап, сонымен қосылып өзінің ұзақ өлеңін айтты» делінген екен. Яғни, домбыраны пайдаланған ғой. Ал сондағы өлең сөзін аударғанда «елім, жерім» деп толғағаны анықталды. Тура Күлтегіннің жазуымен, тура Қорқыттың жазбасымен, тура жы-раулардың «Еділдің бойы ен тоғай» деп келетін толғауларымен үндес. Бұл – біздің ұлтымыздың құлақ күйі. Күні кешеге дейін де осы Тәуел сіздіктің туы желбіреуіне жазу шылардың тікелей ықпалы болды. Осы азаттық идеясының ұйытқысы да қаламгерлер. Мен бұған өзім куә ретінде айта ала мын. Қанша қысым көрсе де, Алаш идеясын өшірмей, әрбір он бес-жиыр ма жылда мемлекет пен тарих сах насына шығарып отырған – жазу-шылар. Мысалы, жиыр масыншы жыл-дардан кейінгі үлкен алаштық идеяның қаулағаны – 28-30-шы жылдар. Содан кейін Ұлы Отан соғысы жылдарында Кенесарыдан бастап, Абылайдың ру-хына дейін көтеріп, соларды халықтың бойына сіңірген де осы – жазушылар. 53-ші жылы тұқыртып болып, ең соңғы топты қудалап, алдын ату жа-

засына кесіп, қалғанын жиырма бес жылға жер аударып болғаннан кейін қайтадан ұлттық идеяны тұтатқандар да жазушылар. Мысалы, бүкіл Кеңес одағын жаппай жазаға тартқан 1949-1953 жылдардағы майданнан кейін арада бір жыл өткен соң Әнуар Әлім-жанов ұлттық идея айтылған шығарма деп «Абай жолы» туралы мақала жазды. Арада он жыл өткеннен кейін Ілияс Есенберлин Хан Кене тура-лы роман жазды... Мұның барлығы да жазушылардың жанкештілігінің арқасында болды. Бүгін де біздің жа-зушылар сол алдыңғы қатарда тұр деп есептеймін. Елдік тұрғысынан алғанда өзінің рухтық сипатын бейнелеген шығармаларды да осы жазушылар жаз-ды. Сондықтан, өз басым өнер атаулы, оның ішінде жазушы қашан да ұлттық идеяның ту ұстары деп есептеймін.

Толстойдың сөзі бар: «Өз ұлтының мүддесін қозғамаған жазушы бұл атқа лайық емес. Оны рухани өмірден сызып тастау керек» деген. Кеңес одағының жазушылардан сескенгені де сол.

Жалпы Школовский де: «Кез кел-ген қоғамға, кез келген тиранға ең бас-ты жау – жазушы» деген. Біздің бүгін гі жазушыларымыз жалпы бір рухани топтасқан күшке айналмаған сияқ ты көрінгенімен, менің ойымша, олар бір-бірін анық сезінеді, бір-бірінің қасиетін біледі, бір-бірін түсінеді.

– Қоғам етікшінің қажетін күнде болмаса да, жиі сезінеді. Ал жазушының қажеттілігін өз орны-мен сезініп жүр ме?

– Кез келген мемлекеттік қоғам және сол қоғамның мүшелері, өзін ұлттың үрімімін деп санайтын адам, жалпы алдына белгілі бір мұрат-мақсат қойған адам қоғамдағы жазушының идеясын-сыз өмір сүруі мүмкін емес. Өйткені, қаншама ғұлама, білімді, зерделі, ел ге зек, дүниенің сырын біледі деп есеп тейтін мамандық иелері адамның жан дүниесіне жазушыдай жақын емес. Адам ның жан дүниесінің сусынын қандыратын мамандық – қаламгерлік. Сезімсіз адам ғана жазушыға мұқтаж болмауы мүмкін. Өйткені, адамның сезімі топастанса, ол адам адамдықтан қалады. Мына дүниеге келген сәбидің анасы оған бесік жырын айтса, міне, жазушы қажет деген сөз. Өйткені, бесік жыры – ұлы жазушының туын-дысы. Оны айтушы кез келген ана сол жазушының сезімін үйлестіріп пайдаланушы. Демек, қоғам мұқтаж.

Рас, қазір бесік жырын айтпайтын аналар көбейіп кетті. Бірақ, бәрібір ішінен сол бір сарынды сезінеді. Ал, бесік жырын тыңдамай, құлағына сіңбеген баланың қатігез болып өсетіні анық. Бұны жапон психо-логтары 60-шы жылдардың аяғында дәлелдеп қойған.

– Көркем шығарма Адам атау-лының өзімен бірге туған. Адам пайда болғалы көркем шығарма да жазылып келе жатқанына ешкім шүбә келтірмейді. Ал енді көркем әдебиет жазушылардың басын қо-сып, орта құрып, дәлірек айтсақ, ұйым құрып, біріктіргенде жемісті бола ма, әлде... қаламгерлер оқшау

жү ріп, оңашаланғанда өнімді бола ма?

– Бұл да қоғамның даму сатысы-на, адамдардың арасындағы қарым-қатынастың күнделікті тіршілікте жүзеге асуына тікелей байланысты. Бұрынғы заманда жазушылар одағы болған жоқ, ол рас. Бірақ, билер кеңесі болды ма? Хан кеңесі болды ма? Ал хандық жиналыстардың алдында, мәселен, Күлтегіннің заманындағы Тоныкөктей тұлғалар болды ғой? «Мен абыз едім, бастаушы едім, үгіттедім, қостадым» демей ме То-ныкөк? Абылайдың тұсында Бұқар жырау болған жоқ па?.. Бұл ұйым емес пе? ХІХ ғасырда да мұндай болған.

тартқан. Санадағы еркіндік, анархия еді бұл. Бұрын әдеби шығармаларда қоғамда әлеуметтік орны бар орта басым болса, енді сол қоғамдағы ең әлсіз орта алдыға шықты. Осы тұста Ресейде өте қатты шиеленіскен әдеби ағымдар пайда болды. Соның біреуін Максим Горький бастады. Екіншісін Серафимович бастады. Біріншісінде таза кедей мен жұмысшыны жырлау мақсат етілді. Басқа мүдде жоқ. Өзгені жырлау бір қорлық саналды. Осы екі ортада жұмысшы жазушылардың ассоциациясы пайда болды. Бізде де олардың ту ұстаушылары ретінде Сәбит Мұқанов, Сәкен Сейфуллин ерекше көзге түсті. Ал Жүсіпбек

Абайдың көзқарасына жат ұстаным әкеп таңылды. Онсыз Әуезов ұсталып кететін еді... Міне, осы үш талапты қалай да бір заңдылыққа біріктіру ке-рек болды. Сондықтан, шетелге кеткен Максми Горькийді шақырып алып, бар жазушыны біріктірейік деп, сол үшін «социалистік реализм» деген терминді шығарды. «Социалистік реализм» 1934 жылы осы съезде пайда болды.

– Ол не деген сөз? – Мазмұны – социалистік, түрі

– ұлт тық деген сөз. Яғни, алдын-да ай тыл ғандай, таптық тартысты пар тиялық көзқараспен беріп, ал көр кемдік шешімді міндетті түрде

Билер, төрелер алда отырған. Ал сөзді кім шешті? Пәленбай ақын жеңді, түгенбай ақын жеңілді дегенді кім шешіп, кім айтып отырды?.. Демек, олар дың да өз деңгейінде сөз қағысы болған.

- Ал Одақ құрылғалы әдеби әлемде қандай серпін болды?

- Жазушылық өнер кәсіпке ай-налған қазақ өміріндегі ХХ ғасырдың басынан әдебиет қоғамдық үгіт-насихат құралына айналып кетті. Яғни, мем лекеттік идеологияның қазығы ретінде пайдаланыла баста-ды. Ал кез келген идеология – сол мемлекеттің талап-тілегі.

- Жазушылар Одағын құру ту-ралы ұйымның пленумында Ілияс Жансүгіров қазақ кеңес әдебие ті-нің міндеттері туралы баяндама жа саған екен. Одақ құрылғанда қа лам герлер алдына нақты қандай мін деттеме қойылды?

- 1934 жылғы әуелі өлкелік рес-публикалық, содан кейін барып Одақтық Жазушылар одағы сол кеңестік қоғам тудырған аса қажет-ті ліктен дүниеге келген ұйым. Егер де бүкіл руханият дүниесіне ие бола алмаса, кеңестік идеология ешқашан да өзінің тамырын тереңге тартып, адамдардың рухын билей алмас еді. Бұл одақтың Кеңес өкіметі үшін құрылуының басты қажеттілігі – барлық өнер атаулыны бір бағытта қыз мет көрсетуге мәжбүрлеу болатын. Оған дейін, 1917-1924 жылдар ара-сында жалпылама жою деген мақсат ұсталып, бұрынғы қазақ – Абайдан, орыс Пушкин мен Толстойдан бас

Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Қошке Кемеңгеров, Даниял Ысқақов, Аб-долла Байтасов ол бағытқа қарсы бол ды. Осы айтыстың түпкі маңызы мы нада: пролетарлық әдебиет ең бі-рін ші таптың мүддесін көздеуі керек. Яғни, жұмысшы не кедей тап тағдыры көркем шығарманың негі зіне айналуы тиіс. Ән болса да, сурет болса да, музы-ка болса да солай. Ол тапқа деген көз-қарастың жалпы бағыты партиялық болуы керек. Мәселен, 1921-1927 жыл дар ара сында большевиктер пар тиясы 1916 жылғы көтерілісті со циалистік рево лю цияның басы деп ба ғалады. Сол тұста Мұхтар Әуезов «Қилы заманды», Жүсіпбек Аймау-ытов «Қарт қо жаны» жазып қалды. Ал 1927 жылдан бастап 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс «оған Алашорда араласқан, буржуазиялық көтеріліс» деп бағаланып, теріс көзқарас пайда болған кезде, жазушылар бұл тақы-рыпты қоя қойды. Жаза алмады. Тіпті, қарсы болды. Міне, осылай әдебиеттің таптығы, партиялылығы және интернационалдығы міндет етіп қойылды. Әдебиет дүниежүзілік про летарлық интернационализмге қызмет етуі керек болды. Мұның астарында не жатты? Қазақ дала-сы туралы жазылған кез келген көркем шығармада міндетті түрде өзге ұлттардың өкілі қатыстырылуы керек. Бұған қоса, кейіпкерлер ара-сында орыс ұлты жетекші идеолог болып көрінуі қажет. Өйткені, онда революциялық ой бар. Осының сал-дарынан үш кітаппен бітетін «Абай жолы» романы төрт кітапқа созылды.

интер на цио налистік орыстың ілгері рухын, же текшілігін үлгі тұтуға, соның арқасында өмір сүріп отырсың деген-ге әкеп тірей отырып қазақ тілінде жазуға болады. Осындай заңдылықтар 1934 жылғы Жазушылар одағының съезінде заңдастырылды. Ендігі та-лап нақты болды. Тартыс болсын, көркемдігі мықты болсын деп талап қойылды. Бұл белгілі бір дәрежеде алдыңғы бейберекет таластан гөрі әдеби арнаны бір ағымға салды. Бірақ уақыт өте келе әдебиет көркемдік шешімі анық, тартыс белгілі, жаттан-ды сюжет пен жаттанды көркемдік шешімге келіп тірелді. Сондықтан да, 1978 жылдан бастап Кеңестер одағында сыншы атаулыға жағымсыз кейіпкерлер әлеуметтік тұрғыда тал-данбасын деген нұсқау берілді.

– Сіз де сол кезде сын бөлімінде қызмет еттіңіз ғой?

– Иә, мен сын бөлімінде он бес жыл істедім. Мәскеуде КПСС Ор-талық комитетінде, Жазушылар одағында үш айда, бес айда бір рет арнайы семинар өткізіліп тұратын. Жаңағы пленумға қатысқанда біз жағымсыз кейіпкер сыналмасын де-ген нұсқау алып қайттық. Ондағысы жазушылар жалған тартыстан әбден қажығандықтан енді айтайын деген ойын жағымсыз кейіпкерлердің ау-зына салатын болды. Ал сол заманда қалыптасқан заңдылық бойынша, барлық шығармада жағымды кейіпкер жеңіске жететін болғандықтан, шы-ғарманың негізгі түйіні, автордың негізгі айтпағы жағымсыз кейіпкермен арадағы шиеленіскен тұстардан қа-

– yЛТТЫк РУХТЫ БЖАЗУШЫЛ

Page 9: 90 (3147) 2014-08-14

9www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

шықпаған адам қазақ кеңес әдебиетінің өкілі емес. Ондай мүмкіндік берілген жоқ. Тек 60-жылдары ғана шағын прозада жаңаша рух көрініс берді.

Ал, орыс қаламгерлері мұндай мәселеде барынша батыл болды. Мысалы, Шолоховтың «Көтерілген тыңындағы» қасіретті оқиғалар, қақ тығыстар ешқандай қазақтың шы ғар масында жазылған жоқ. Сәкен Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үйінде» шалдың бейнесі, Оралхан Бө кеевтің «Өз отыңды өшірме» деген ро манында бай қашқын Оспанның: «Мынау қазақ даласына салынып жатқан темір жол ол қазақтың мой-нына тағылған темір тұзақ, түбінде қылғындырып өлтіреді» дейтіні бар. Осындай саусақпен санарлық тың ұстаным болмаса, қалғанының бар -лығында, барлық қазақ кеңес әде-биетіндегі туындыларда Сәбит Мұ-қановтың «Ботагөзіндегі» көркем дік шешім. Қаншама жағымсыз ке йіпкер күрессе де, жеңіліп тынады. Тартыс та біреу: бай мен кедей. Әрине, фор-малық жағынан, тағы басқа өзге шелік жасағысы келгендер болды, бірақ айтатын идея анық болатын. «Алға, коммунизм!» Басқа жол жоқ.

– Кеңестік қоғамның талаптары мен заңдылықтарынан ешкім асып кете алған жоқ деп отырсыз. Сол жағдайда қазақ қаламгерлері қазақ қоғамы алдындағы, ұлт алдындағы міндетін өтей алды ма?

– Мен бұл сұраққа жауап беріп кеттім ғой деп ойлаймын. Толығымен өтеді. Және сол жазушылардың иде-ясы ұлттық идеяның бүгінге дейін өмір сүруінің кепілі болды. Мысалы, Сәбит Мұқанов, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов т ұрған кезде Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшылары олармен есептесетін. Біз, жас жазу-шылар солардың ұстанған бағытын ұстайтынбыз. Көркемдік талаптан шығуға тырыстық. Сол секілді, қазақ тілі туралы талаптар маңызды бол-ды. Мысалы, Сәбит Мұқанов қазақ тілі мен қазақ мектебі үшін ашық күрескен адам, ешкімнен қорыққан жоқ. Өйткені, ол – жазушы. Жазушы-ны сынға тарту халықты сынға тарту

Менің ойымша, жазушы, әнші, күйші, суретші – жалпы өнер иелерінің барлығы мемлекеттік идеология дан саналы түрде шеттетілген. Бұл – анық. Бұрын қаламы сыйлы жазушы өз саласындағы билікке тікелей кіріп, ұсынысын айтып, дәлелдеп, есеп-тестіре алатын. Қазір олай емес. Кері-сінше, сәл сөзі өтсе, қағып тастап отыр.

– Осындай жағдайға қарамай, қаламгерлер неге жазып жүр? Неге қаламын тастамайды?

– Абайдың сөзі бар: «Кірлеген жүрек өзі үшін тұра алмас әсте жу-ынбай» дейді. Егер жазу қабілеті, өнер адамның бойына қонғаны рас болса, оның көркем ойлау жүйесі, түйсігі, санасы жас кезінен қалыптасса, жазу, көркем шындықпен бейнелеу

араласқаны ықпалды. Тыйым салу, бақылау бағытында қазір қайта дінді қадағалап отыр. Ал өзге шығар ма-шылық одақтар «тұрымтай тұ сымен, балапан басымен» кеткен.

– Осындай жағдайда қазақ қалам-герлері өздігінен қоғам саналы-лығын арттыруға өздігінен ықпал етіп кете ала ма? Жалпы, әрі қарай қалай болуы мүмкін деп ойлайсыз?

– Қаламгер, жазушы дегенде мен бүгінде елуден асқан қалам ұста ған-дарды ғана айтып отырған сияқ ты-мын. Бүгінгі күні қай ақын көр кемдік талап үшін, көзқарас үшін күресіп, жазып жүр? Одаққа деген қан дай жанашырлық бар? Алу үшін бе? Белгілі бір шығармасын шығарар кезде ме? Марапатқа ұсынылатын тұста ма? Пәтердің ыңғайына байланысты ма? Өзі не беріп, көпті ұйытатындай қан дай шығарма беріп, күрескерлік танытып жүр? Мүмкін мен қазір ығы сыңқырап жүрген соң аңғара бер мейтін шығармын. Бірақ мен дегендерді білгім келеді.

Осыдан бір-екі ай бұрын қа зақтың аса көрнекті ақыны деп бір атты атап, жапатармағай мақтап жатыр екен. Мен басында үндеген жоқпын. Расында, білмеуім мүмкін ғой. Бірақ шын жақсы шығармасы болса тым болмаса естуім керек еді ғой. Одан кейін де бір ақын жігітпен кездесіп қалдым. Танымай-ды екем. «Мені біл месеңіз, қайтіп өмір сүріп жүрсіз?» деді. Кейін әдейі шығармаларын іздеп, оқып көрдім. «Мен азулы арыстанмын, қасқырмын, талаймын, жеймін, тісім өткір» де-геннен басқа, қарғанып-сіленгеннен

басқа бір өлеңін көрген жоқпын. «Мен, мен, мен». Кілең қар ғанудан тұрады. Одан басқа ештеңе таба ал-мадым. Көптің әлгіндей ұлы ақын деп жүргені де сол шамада. Әй, қарағым-ау, арыстан да азуына бір деме түсіру үшін ақырады. Жәйдан-жәй ақырмайды. Ақырғанда бірдеме ілінеді оған. Ал құр бос ақыра беріп, құры ғы на ештеңе түсірмеген арыстанды, аң патшасы болса да, үйірінен қуып жібе реді... Ал енді осындайда «ұлы» деп баға беріп жүргендер кімдер?.. Көр кемдік талғамның жойылуы деген осы.

– Рас, қазір идеялық бірлік жоқ. Бүгінгі қаламгерлер ұстанған ортақ мұрат көпке айқын емес. Енді осын-дай жағдайда Жазушылар одағы өзінің сексен жылдығын тойлай ма, әлде өткенін жоқтай ма?

– Жазушылар одағы қандай түрлі фор мада болмасын, Қазақстанға, оның ішінде қазаққа керек. Өте бір бақытты тұстарын да, өте бір қиянкесті тұс-тарын да, дана тұстарын да, жұтаң тұстарын да көрген шығармыз. Бірақ қандай да болмасын Жазушылар одағы қазақ мәдениетіне, рухания-тына керек. Қаламгер үшін белгілі бір ұйымға мүше екенін сезінудің өзі де үлкен бір жауапкершілік деп ойлаймын. Шын Жазушылар одағын құрметтеген, сезінген адам осылай түсінеді деп сенемін. Ал оның жұ-мы сын ұйымдастыру, жандандыру – екінші мәселе. Жазушылар одағы – жалпы ұлттық сипатты, ұлттық рух ты біріктіретін ұғым. Мен сондай болғанын қалаймын.

Әңгімелескен: Нәзира БАЙЫРБЕК

растырылып, жағымсыз кейіпкерлер басты назар аударатын. Осындай қа-саң талаптар келе-келе кеңес әдебие-ті нің, соның ішінде қазақ әдебиетінің іштей тоқырауына алып келді.

– Кеңес дәуіріндегі міндетте-ме лердің бірі қазаққа отарлық сананы сіңдіру болғаны анық. Жаңа өзіңіз де айттыңыз, «қазақ қаламгері «қазаққа осы күнге сен орыстың арқасында жетіп отыр сың» дегенді көрсетуге мін-дет телді» деп. Ендеше, қазаққа құл дық психологияны сіңдіруге қа лам герлеріміз де үлес қосты ма?

– Қазақ кеңес әдебиетіне қатысқан азаматтардың барлығы да жаңағы үш талаптан шыққандар. Ол үшеуінен

сияқты болды. Кейін Ғабит Мүсірепов тіл туралы арнайы пленум өткізді. Бүкіл жазушылар сонда сөйледі. Тіл туралы қазіргі айтылып жүрген мәсе-ленің барлығы сонда қозғалды. Жазу-шы ең соңғы өсиетінде де «тіл, тіл жә-не тіл» деп кетті. Өкінішке қарай, біз қазір Ғабит Мүсіреповтің сол өсиетін тыңдап, есімізде сақтаушы ғана болып қалдық. Жазушылар одағында бүгін тіл мә селесін көтеріп жүрген кім бар? Тілімізді мемлекеттік дәрежесіне алып келген Шона Смаханұлы бастаған үлкен топтың екпіні қайда? Рас, әр-әр тұста өз кезегінде тіл ту-ралы айтып жүргендер бар. Мұхтар Ша ханов, Қабдеш Жұмаділов, Мұхтар Мағауин, Дулат Исабеков, тағы басқа азаматтар тіл үшін шы-рылдайды. Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалиннің өзі де тіл мәселесінің өзек тілігін жоққа шығармайды. Бірақ, осы Нұрлан Оразалин, Алдан Смайыл секілді қаламгерлер арасынан шыққан екі депутатты Жазушылар одағы қолдап отыр ма? Жазушылар одағы күш біріктіріп, Парламенттегі екі азама-тына «айтсаң да айтасың, айтпасаң да айтасың, артыңда біз тұрмыз» деп, тірек болуға жарап тұр ма? Ол күш қайда? Неге Мұхтар Шахановтың тіл туралы қозғалысына біреуіміз қатысып, біреуіміз қатыспаймыз? Неге соны сыртынан сынап-мінеп, мұрнымызды шүйіреміз? Шаханов жетіскеннен жүр ме? Әлде сол тіл Шахановқа ғана керек пе? Ал тіл жоқ болса, онда біздің, жазушылардың не керегіміз бар?

рухының қажеттілігі болса, онда ол қаламды неге қояды? Рас, жазуды кей біреулер пайданың көзіне айналды-рып жіберді. Ал шын таланттар олай болмаған. Мысалы, Пушкинді орыс қоғамы тірі әулие деп есептеді. Оның кітабы күнкөріс көзі болатын. Бірақ кітабы 500, әрі кетсе 2000 данамен шығады. Соның өзі өтпей, қарыздан қарызға кіре береді. Пушкиннің өмірі қарыздан тұрады. Ал сол заманда 12-ші жылғы соғысқа қатысқан, Ресейдің батыры атанған Булганин өзінің кі-табын он мың, жиырма мың данамен шығарған. Кітабы өте өтімді болған. Бірақ тарихта қайсысы қалды?.. Біз өнерді, шынайы көркем шындықты сауданың көзіне айналдырсақ, біз өзіміздің жүрегімізді өзіміз сатып, со-дан пайда тауып күн көргенмен бірдей боламыз. Тіпті, жүрегің екеу болса да, бірін сатып, бірін өзіңде қалдырсаң, мүгедек боласың. Бізде бірақ екібетті өмір сүріп жүрген қаламгерлер бар.

– Жазушылар одағы қазір мемле-кеттен қаржы алмайды, иә?

– Жоқ. Жазушылар одағы өз-өзімен, Одақ ғимаратын жалға беру-мен күн көріп отыр.

– Сонда бұл Одақ мемлекетке қажет болмай қалды деген сөз бе?

– Солай.– Неге қажет болмай қалды? Мем-

лекетке, оның гүлденіп, дамуына үлес қосарлық әлеуеті жоқ па?

– Мен жоғарыда айтып өттім, біздегі руханият саласы тура дін саласы сияқты мемлекеттен толық ажыратылған. Қайта шығармашылық одақтардан гөрі мемлекеттің дінге

ушы, әнші, ер иелерініңеологиядан . Бұл – анық.жазушы өз келей кіріп, лдеп, есеп-

й емес. Кері-тастап отыр.а қарамай,

п жүр? Неге

«Кірлегенмас әсте жу-уузу қабілеті,

қонғаны раслау жүйесі, қалыптасса,

ен бейнелеу

БiРiКТiРЕТiН yгЫМЛАР ОДАгЫ

Page 10: 90 (3147) 2014-08-14

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

13.08.2014

/

( )1. 2,2236 )2. 1,0978

3. 4,2657

4. 2,4515

Page 11: 90 (3147) 2014-08-14

11www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

___________________________

_________________________________

15 ()

15 ( )

15 ( )3 ( )

)

-

- - --

- - .

______________________________

1

1

3

Page 12: 90 (3147) 2014-08-14

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

1 2 3 4 5

Page 13: 90 (3147) 2014-08-14

13www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

17. 280

18.

19. 220

20.

21.

22. 200

90 80

2 280

27.80

28.

29.

280

120

120

180

110

70

100

100

80

100

110

110

90

100

100

80

70. 80

71. 70

72. 100

100

77.

78.

79.

80.

81.

82.

80

280

87.

88. 280

89.

90.

91.

92.

70

70

97. 20

98. 281

99.

100. 120 0

101. 280

102.

100

107.

108.

109. 177

110.

Page 14: 90 (3147) 2014-08-14

14www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен

қамту орталығы» КМК-ге хабарласыңыз!

Мекенжайы: Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3, Бизнес-

орталық ғимаратының 2-қабаты. 104,5,14,34

автобустарымен келуге болады. Анықтама алу

телефоны: 57-88-88.

111.

113.

116.

131.

-

133. -

136.

8,42

17,64

15,11

3,35

Page 15: 90 (3147) 2014-08-14

15www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

Ò

Т.А.Ж Кезекке қою күні Санаты

433

434

436

437

438

439

442

443

444

446

447

448

449

462

463

464

466

467

468

469

472

473

474

476

477

478

479

482

483

484

486

487

488

489

492

493

494

496

497

498

499

622

623

624

626

627

628

629

632

633

634

636

637

638

639

(Жалғасы. Басы газетіміздің №89 (3146) санында)

Page 16: 90 (3147) 2014-08-14

16www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Ша р а н ы ұ й ы м д а с -тырушы – Нагаса-к и қ а л а с ы н д а ғ ы

бейбітшілік жөніндегі Ұлттық мемориалды кешенінің ди-ректоры Масанобу Читаның мәлімдеуінше, Қазақстан да Жа-пония секілді ядролық қарудан зардап шеккен ел. Сондықтан осы тұрғыдан алғанда екі мемлекеттің тағдыры ұқсас. Қырық жылдан астам уақыт Семей полигонында 450-ден астам сынақ жүргізілгені белгілі. Осыны атап өткен Чита мырза қос ел радиациялық медици-на саласында ынтамақтастық орнатқанын жеткізді.

Көрменің ашылуында Хиро-сима қаласының мэрі Кадзуми Мацуи мен оның Нагасакидағы әріптесі Томихиса Тауэнің үндеулері оқылды. Қасіретті өз көзімен көріп, жүрегінен өткізген Цуики Сеухеи есімді қария өз естеліктерімен бөлісті. Нагасаки қаласына атом бомба-сы тасталғанда бұл кісі 18 жаста болған екен. Ол 1945 жылдың тамызында жапон халқының басына түскен қайғылы күндерді жаңғыртты.

Ж а п о н и я н ы ң қ о с қаласындағы жарылыс кезінде 350 мың халқы бар Хиросимада 140 мыңдайы, Нагасакидағы 240 мың тұрғынның 74 мыңы атом құрбанына айналды. Көрмеге келгендер суреттер арқылы осы қалалардағы жан түршіктірер көріністерді көріп, қуаттылығы мен ядролық құрамы әртүрлі болған екі бомбаның қандай екеніне көз жеткізді. Хироси-мада жұмыс істеген Нагасаки тұрғыны Ямагучи Цутоманың фотосуретін көрген жұрт оның тағдырына қанықты. Ямагучи жұмысында жүргенде бомба тасталып, ол жараланып қалады. Алайда, осындай халде поыйзға үлгеріп, үйіне қайтады. Же-

тер жеріне келген соң, екінші жарылысқа тап болады. Су ішерлігі бар болып шығып, ажал тырнағына ілікпей өмір сүреді.

О л а р д а н б ө л е к к ө р м е н і ұйымдастырушылар ескі аңызды жаңғыртып, оригами тәсілімен жасалған қағаз тырналарды халықтың назарына шығарды. Ақ қан ауруына шалдығып, го-

спитальде жатқан оқушы қыз қағаздан мың тырнаны жасаса, өлімнен аман қалатыны ту-ралы аңызды естиді. Осыған сеніп, іске кіріседі. Алайда, 999 тырнаны ғана жасап үлгеріп, бұл жалғанмен қоштасады. Кейіннен қазақ ақыны Серік Ақсұңқарұлы осы оқиғаны өлеңге айналдырған.

Айта кетейік, аталған көрме 2005 жылдан бері түрлі елдерде өткізіліп келеді. Алғашқы екі көрме АҚШ-та ұйымдастырылса, одан кейін Ресейде, Испа-нияда және басқа да елдерде өтті. Қазақстан - бұл көрмені қабылдап отырған оныншы ел.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

999 қағаз тырнаны,Жасады жапон баласы-Ажал Құрбаны.

Өлер шағында, Көз нұры сөнер шағында,Жатты сол жазған: «Түсім-бұл-Өңім емес!»-деп,1000 тырна көзіне елестеп,Жасалмай қалған бір тырна көзіне елестеп:«...Өлім емес!...»-деп...

Сандырақтап жатқан шығар сол Ажал Құрбаны?!ХХ ғасыр –Атомның тажал тырнағы!Ескерткіш қоям мен Саған, қоладан құйып,999 Қағаз Тырнаны!

Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ