20
Ǩ˃ǪʵǴ ² ǨǧǸǶǧǸˏǮ DZ˃Ǵʵ 86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] :::$67$1$$.6+$0<.= Ě ÒÆμ 28 ÍÁÔÒÜÍ 2 ÇÜÌ 6+$0<.= 2 ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü +36°..+34° +26°.. +24° ʤ˲˞˘೪˵ ˘೦˘˥ˮ ˙ഉ˲˧˭˧ˣ˞˧ ˢ˘˲ˬ೪˘˶˾ ೪˯˲೦˘˶˾ ˭˟˥˧˲˧˭˧ ˾˟˪˳˧ˣ ʤˬˬ˘ˮ೮ ೪˘ˬ˘˶˭˟ˮ˟ˮ ೪˘˳ˤ˟˵˵˧ ˀ˘˭˘ˣ˘ˮ ˘˥ˮ˘ ˞˘ ˪˟ˬ˧˱ ˢ˟˵˵˧˪ ˲˘ˮ ʶഉ˲˧˭ˮ˧೮ ʥ˘೪˘˲˘ ˳˲˟˳˧ˮ˧೮ ϭϴϱͲ˘˵ˮ˞˘ ˀ˘˭˘- ˣ˘ˮ ʹ ˘˞˘˭˞˘˲೦˘ ˵˶˲˘ ˢ˯ˬ ˮ˳೪˘˶˾ ˘೪ ˱˟ˮ ೪˘˲˘ˮ ˘˥˲˶˾ ˙˟˪˟˭ ˵˵ˮ˘˵ˮ ˢ˯ˬ˙˘˳˾ ˲˟˵˧ˮ˞˟ ˲˘ˮ ˵˳˧˲˧ˬ˟ ˙˘˳˵˘೦˘ˮ ˘˥. ˀ˘˭˘ˣ˘ˮ ˘˥ ˵˶೦˘ˮˮ ˪˲˛˟ˮ ˘˞˘˭ ˙˧˲˞˟ˮ ˯˲˘ˣ˘ ˳˵˘˥˵ˮ ˙˯ˬ- ˳ˮ. ʫ˛˟˲ ˙˧˲˟˶ˬ˟˲ ˘˶˲˶ ˙˯ˬ˱ ഉ˥˵˱˟˳˟ ˢ˯ˬ ˳˘˱˘˲˞˘ ˢ˲˳˟ ˯ˮ˞˘ ˙˘˳೪˘ ˪ˮ˞˟˲˞˟ ˵˟˳˧ˮ. ʤˬˬ˘ ˳˟ˮ˞˟˲˛˟ ˢ˟೮˧ˬ˞˧˪ ˙˯ˬ˶ˮ ೪˘ˬ˘˥˞ ˘˶˲ˬ೪ ˵˳˧˲˛˧˳˧ ˪˟ˬ˭˟˥˞˧ ˞˟˥˞˧ ʤˬˬ˘ ˵˘೦˘ˬ˘ ˭˙ഉ˲˘˪ ˘˥˞˘೦ ೪ˬ˾ˬ೪Ͳ೦ˤ˙˘˞˘˵˵˘˲˭ˣ˞ ೪˘˙ˬ ˤ˭˘ˮ˭ˣ˞ ˪ഉ˭˧ˬ ˟˵˳˧ˮ ìĂēĊćĔĔi ĂċĆĝď ČĂċĝĒĝ Б ұл айдағы әрбір ісіміздің сауабы, не зияны өзге уақыттарға қарағанда еселенетіні иісі мұсылман қауымына мәлім. Себебі, Рама- зан айын өзге айлардан құрметті қылып, сауабын өзім беремін деп Алланың өзі кәламында бізге баяндайды. Оның рахым- нұры жауатын, мысқалдай ізгі амалымызға таудай сауаптар жазылатын айда құлшылық- ғибадаттарымызды көбейтіп, сөзіміз бен ісімізді түзеп, ниетімізді тазартуымыз керек. Алла тағала қасиетті Құран кәрімнің «Бақара» сүресінің 183-аятында: «Әй, мүміндер! Күнәлардан сақтанып, тақуалыққа жетулерің үшін сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей, ора- за парыз етілді» дейді. Жалпы, момын мұсылмандарға бұйырылған аяттарда Алла тағала тек бұйыратын, оның сыры – Аллаға бой ұсынатындар мен теріс бұрылатындарды ажырату еді. Ал бұл аят- та оразаның не себепті бұйырылатынын айтады, яғни, «тақуалыққа жетулерің үшін» дейді. Алланы жүрекпен еске алу, тілмен зікір қылу, амалымен, өмірлік өлшемдерімен дәлелдеу. Есепсіз жасаған өткен қате-кемшіліктері, күнәлары үшін Алланың азабынан қорыққан күйде Оның рахымы мен мейірімінен үміт ете отырып, Оразаны өзіне қалқан қылу шынайы тақуа, момын жанның бейнесі. (Жалғасы 16-бетте) ʺ ˀʽʮʰʻ ljǜǯǬǷǣǝǜǥ ɆǜǢǷ ǎƼȽƼljɛLJǗ, ɅLjǀƽǩǷɎ ƼǭǮǜǩǜ ɆǜǧǜǭǷ ǝǪǥǷǩǴǜ ʔǦȂǧȂ mljɜǬ ƼǭǮǜǩǜ} ǪǬǮǜǧǷɆ ǨǡǴȂǮȂǩȂɎ ǝǜǭ ǤǨǜǨǷ ʮ˲˟˛˧ˮ˟ ˬ˘೦˘ˮ ˬ ˘˲˭˘ˮ ʮ˶˲ˮ˘ˬˤ˳˵˟˲ ʹ ˟ˬ˛˟ ˢ˘ˮ೦˘ˮ ˾˲˘೦˞˘ˮ ˏˮ˵˭˘೪ ˱˟ˮ ˙˧˲ˬ˧˪ ˵˧ˬ˟˱ ˙˘˲˾˘೦˘ ʽ˵ ˱˟ˮ ˳˶˞˘ ೪˘ˬ˘˭˾ ˳ˮ˘ˬ೦˘ˮ ʮ˶˲ˮ˘ˬˤ˳˵˟˲ ʹ ˙˘˲ ˳˘ˬ˘ˮ೮ ೪˲˘ˮ ˲˘ˮ˞˘˲˞೮ ˪ˣ˧ ഉ˲˪˟ˣ ೪˲˘೦ ʶ˟˭˾˧ˬ˧˪˵˧ ˯˥Ͳ˳˘ˮ˘˭˟ˮ ˵ˣ˟˵˧˱ ˘˾˘ˮ ˪˲˳˟೮ ೪˘ˬ˵ ˢ˧˙˟˲˭˟˥ ˵˲˘˞ ʮ˶˲ˮ˘ˬˤ˳˵˟˲ ʹ ˤˮˢ˟ˮ˟˲˧ ˘˞˘˭ˮ೮ ʥ˘˲ ˘ˬ೦˳˵ ˘˥˵˶ ˪˟˲˟˪ ˳˯೦˘ˮ ˭೮ ʮ˶˲ˮ˘ˬˤ˳˵˟˲ ʹ ˢ˘೮˘ˬ೪˵೮ ˢ˘˲˾Ͳ ˳ ʮ˶˲ˮ˘ˬˤ˳˵˟˲ ʹ ೪˯೮˲˘˶ ೪˯೦˘˭ˮ೮ ʯ˘˭˘ˮ˘೦˘ ˙˯ˬ˳˘ ˟˪˟ˮ ˞˟˱ ˳˘˥ ˙˛˧ˮ ʿ˘˾ ˟˵˟˞˧ ˟ˬ˞˧೮ ˪೮˧ˬ ˘˥˞ˮˮ ʮ˘˳˘ ˢ˘˳˘ ˢ˶˲ˮ˘ˬˤ˳˵˟˲ ೪˘˶˭ ʫˬ˧˭˧ˣ˞˧೮ ˘˳೪˘೪˵˘˵˘˲ ˘˥˙ˮˮ ʥ˘ˣ˘˲˙˟˪ ˃ಲʶʳʥʤʱ ನ˘ˣ˘ര˳˵˘ˮ ʮ˘ˣ˶˾ˬ˘˲ ˯˞˘ബˮഴ ˭ഺ˾˟˳˧ Бір уақытта мың жарымға жуық адам сәждеге жығыла алатын құлшылық үйі күллі мұсылман қауымына құрметті Рамазан айының қарсаңында, қадірлі жұма күнінде ашылып отыр. Қашанда ана есімін ардақтаған азаматтар құлшылық үйіне «Әлжан ана» атауын лайық көріпті. Жаңа мешітке арнайы ат басын бұрған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Мешіт елордамызға келетін қонақтар үшін қолайлы. Болашақта бұл мешіт тек ізгілік пен бірліктің құтты мекені болады деп сенемін» деп ізгі тілегін білдірді. Мешіттің ашылу салтанатына арнайы Алма- тыдан келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жұртшылықты құтты күнмен құттықтап: «Алланың қалауымен қасиетті ораза айының қарсаңында осынау зәулім мешіт бой көтерді. Бүгін ақ түйенің қарны жарылған қуанышты күн. Мүбәрак айдың алдында Астана жұртшылығына бұл үлкен сыйлық болды. Әлбетте, жер-жерде осындай мешіттеріміздің бой көтеруі ел тыныштығының арқасы» деді. Елорданың сегізінші жаңа мешітінің бас имамдығына дін саласында біраз жылдар еңбек еткен Ермек Мұқатай тағайындалды. 1 087 шаршы метр аумақты қамтитын мешіттің ішкі бөлме қабырғалары шығыс стиліндегі су- реттермен безендіріліп, еденіне керамогранит тақта төселген. Жайық НАҒЫМАШ mʃLJǂƼlj ƼljƼ} LjǁǔƲǎƲ ƼǔǗLJǀǗ ʶ˟˾˟ ʿ˲ˤ˛˯˲˯˞ˮ˥ ˵˲೦ˮ ˥ ˘ˬ˘˙ˮ˞˘೦ ʤ˲ˮ˘˳˘˥ ˪˾˟˳˧ ˭˟ˮ ˘˙˘ˮ˙˘˥ ˙˘˵˲ ˞˘೮೦ˬˮ೮ ˵˥˧˳˪˟ˮ ˵˳ˮ˞˘ ˢ˘೮˘ ˭˟˾˧˵ ˢ˘˭˘೦˘˵೪˘ ˟˳˧˛˧ˮ ˘˥೪˘˲˘ ˘˾˵. ƼɅǂNJLJǎƼDž ƼɅNjƼnjƼǎ

71 (3128) 2014-06-28

  • Upload
    -

  • View
    244

  • Download
    11

Embed Size (px)

DESCRIPTION

АСТАНА АҚШАМЫ №71 (3128) 28 маусым 2014

Citation preview

Page 1: 71 (3128) 2014-06-28

28 2 2

+36°..+34°+26°.. +24°

-

.

-.

.

i

Бұл айдағы әрбір ісіміздің сауабы, не зияны өзге уақыттарға қарағанда е с е л е н е т і н і и і с і м ұ с ы л м а н қауымына мәлім. Себебі, Рама-

зан айын өзге айлардан құрметті қылып, сауабын өзім беремін деп Алланың өзі кәламында бізге баяндайды. Оның рахым-нұры жауатын, мысқалдай ізгі амалымызға таудай сауаптар жазылатын айда құлшылық-ғибадаттарымызды көбейтіп, сөзіміз бен ісімізді түзеп, ниетімізді тазартуымыз керек.

Алла тағала қасиетті Құран кәрімнің «Бақара» сүресінің 183-аятында: «Әй, мүміндер! Күнәлардан сақтанып, тақуалыққа жетулерің үшін сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей, ора-за парыз етілді» дейді. Жалпы, момын мұсылмандарға бұйырылған аяттарда Алла тағала тек бұйыратын, оның сыры – Аллаға бой ұсынатындар мен теріс бұрылатындарды ажырату еді. Ал бұл аят-та оразаның не себепті бұйырылатынын

айтады, яғни, «тақуалыққа жетулерің үшін» дейді. Алланы жүрекпен еске алу, тілмен зікір қылу, амалымен, өмірлік өлшемдерімен дәлелдеу. Есепсіз жасаған өткен қате-кемшіліктері, күнәлары үшін Алланың азабынан қорыққан күйде Оның рахымы мен мейірімінен үміт ете отырып, Оразаны өзіне қалқан қылу шынайы тақуа, момын жанның бейнесі.

(Жалғасы 16-бетте)

,

Бір уақытта мың жарымға жуық адам сәждеге жығыла алатын құлшылық үйі күллі мұсылман қауымына құрметті Рамазан айының қарсаңында, қадірлі жұма күнінде ашылып отыр. Қашанда ана есімін ардақтаған азаматтар құлшылық үйіне «Әлжан ана» атауын лайық көріпті.

Жаңа мешітке арнайы ат басын бұрған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Мешіт елордамызға келетін қонақтар үшін қолайлы. Болашақта бұл мешіт тек ізгілік пен бірліктің құтты мекені болады деп сенемін» деп ізгі тілегін білдірді.

Мешіттің ашылу салтанатына арнайы Алма-тыдан келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жұртшылықты құтты

күнмен құттықтап: «Алланың қалауымен қасиетті ораза айының қарсаңында осынау зәулім мешіт бой көтерді. Бүгін ақ түйенің қарны жарылған қуанышты күн. Мүбәрак айдың алдында Астана жұртшылығына бұл үлкен сыйлық болды. Әлбетте, жер-жерде осындай мешіттеріміздің бой көтеруі ел тыныштығының арқасы» деді.

Елорданың сегізінші жаңа мешітінің бас имамдығына дін саласында біраз жылдар еңбек еткен Ермек Мұқатай тағайындалды. 1 087 шаршы метр аумақты қамтитын мешіттің ішкі бөлме қабырғалары шығыс стиліндегі су-реттермен безендіріліп, еденіне керамогранит тақта төселген.

Жайық НАҒЫМАШ

.

Page 2: 71 (3128) 2014-06-28

2www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

.

.

-

.

.

.

-

. .

.

. .

.

Астаналықтар «Жастар» сарайының жазғы алаңында татар-башқұрт мәдени орталығының «Сабантой» мерекелік бағдарламасын тамашалайды.Басталуы: 10:00

«Конгресс холл» сарайын-да Қызылорда облысының Астанадағы күндері аясында «Сыр – алаштың анасы» концерті қойылды.

Қазіргі заманғы өнер мұражайында Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Қырым Алтынбековтің «Сақ өнері және қазіргі заман» сауда-көрмесі өтеді.Басталуы: 10:00

Елордада өткен бос орындар жәрмеңкесінде

1200 адам жұмысқа орналастырылды.

. - .

- .

.

Баяндамашы энергетика саласы – қала экономикасын дамытатын маңызды сала екенін айта келе, бұл жүйенің жұмысын тиімді үйлестіру бағытындағы шаруалар екі бағытта жүзеге асып жатқанын жеткізді. Бірінші бағыты – энергия өндіруші және тасымалдаушы кәсіпорындар мен тұтынушылардың мүддесін ескере отырып, өзара тиімді тариф құру болса, екіншісі – заманауи технологиялар-ды қолдана отырып, қала тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар құрылғыларын қайта жаңғыртуға ин-вестиция тарту.

Елордадағы коммуналдық қызмет төлемдерінің тарифына тоқталған әкімнің орынбасары мұндағы бағам республикадағы өзге қалаларға қарағанда арзан екендігін жеткізді. Мысалы, Астана жылу энергиясы тарифының төмендігі жағынан рес-публика бойынша төртінші орында екен. Айталық, тұрғын үй қоры бой-

ынша, коммуналдық төлемдердің бағасы жазғы мезгілде орта есеппен 6,5 мың теңгені құрайды. Электрмен қамтамасыз ету – 824 теңге болса, ыстық су – 805 теңге. Ал қыстың күні коммуналдық қызметтер төлемі орташа есеппен 12 390 теңге. Әр пәтердің тек жылу энергиясына төлейтін қаржысы орташа есеппен 5 мың теңгеден асады.

Астана қаласы халқының өсуіне бай-ланысты кейде жарық, жылу желілеріне де салмақ түсіп жатады. Сондықтан қала билігі ЖЭО– 1, ЖЭО–2 қазандықтарын жөндеу, қосымша турбиналар орнату сынды шаруаларды қолға алыпты. Жаңадан іске қосылатын ЖЭО-3-тің өзінде су жылытатын 4 бірдей қазандық құрылысын жүргізу жоспарланып отыр екен.

Астанада энергияны үнемдеу мақсатында да кешенді шаралар жоспа-ры жасалғанына тоқталған қала әкімінің орынбасары кәсіпорындарға 2020 жылға қарай электр қуатын тұтынуды

– 20 пайызға, суды – 22 пайызға, жанар-жағар майды – 20 пайызға үнемдеу міндеті жүктелгенін жеткізді.

Василий Крыловтың баяндамасы-нан кейін қала әкімінің орынбасары Ерсайын Нағаспаев елорданың да-муына елеулі үлесі бар Мемлекеттік сыйлықтың иегері, «Астана Опе-ра» театрының директоры Төлеген Мұхамеджанов және Қазіргі заман өнері мұражайының директоры Нел-ли Шивринаға «Астана қаласының құрметті азаматы» атағын беру жөніндегі ұсынысын депутаттарға жеткізді. Олар бірауыздан келісімін берді.

Сессияда Астана көшелерінің біріне генерал-майор Иван Панфиловтың есімін беру мәселесі де қозғалып, бұл да депутаттар тарапынан қолдауға ие болды.

Қымбат НҰРҒАЛИ

Астана қаласы мәслихатының атынан Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Бұқаралық ақпарат құралдары журналистері, фотографтары, операторлары, редакторлары, техникалық қызметкерлерінің еңбегі арқасында бізге тың жаңалықтар жетеді. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында Астана тұрғындары экономика, мәдениет, білім беру, өнер, спорттағы соңғы жаңалықтардан хабардар болады. Сіздер азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, адамгершілік құндылықтар, рухани өмірін дамытуға, патриотизмге тәрбиелеуде қомақты үлес қосасыздар.

Сіздерге денсаулық, игілік және елордамыз мен мемлекетіміздің даму жолындағы шығармашылық жолдарыңызға толағай табыс тілейміз!

Сансызбай ЕСІЛОВ,Астана қаласы мәслихатының хатшысы

Қоғамдық кеңестің мәжілісін ашқан Тілеген Қасқин халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапа-лы болуы ең басты міндет әрі талап болып қала беретінін жеткізіп, қазіргі кезде мемлекеттік органдардың жұмысы бағаланатынын, осы ретте, алдымен мекеме басшысы

жұмысының деңгейі анықталатынын айтып өтті. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің Астана қаласы бойынша Департаментінің к е ң е с ш і - и н с п е к т о р ы Т а л ғ а т Мұқанов Сәулет және қала құрылысы басқармасында, Жер қатынастары

-

.

.

басқармасында, Кедендік бақылау департаментінде мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі заңдылықтардың сақталуына жүргізілген тексерулердің нәтижесін баяндап берді. Сонымен қатар, жоғарыда аталған мемлекеттік органдардың өкілдері де жүргізіліп ж а т қ а н ж ұ м ы с т а р ы б о й ы н ш а мәліметтерін айтты.

Кеңес жұмысын қорытындылаған Тілеген Қаскин мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жетілдіру жөнінде бірқатар ұсыныстарын жеткізіп, оның ішінде қызмет көрсетудің процеду-ралары туралы бұқаралық ақпарат құралдары, интернет-ресурстар және таратылып берілетін материалдар арқылы түсіндірме жұмыстарын жан-дандыру қажеттілігін айтты.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Онда автордың жабайы табиғат, машина үлгілері, Еуропа қалаларын және Қазақстанды, әсіресе, Аста-ныны қылқаламына арқау ет-кен қырыққа жуық туындысы қойылыпты.

Күнделікті тұтынатын заттардың образы арқылы беретін абстрактілі экспрессионизмнің бір бағыты ретінде бейнелеу өнерінде өткен

ғасырдың 60-70 жылдары пайда болған поп-арт Еуропада кеңінен танымал. Бернд Луцтің осынау стильде салған суреттеріндегі Қазақстан – қонақжай, күн шырай-лы, қарқынды дамып келе жатқан ел ретінде көрініс табады. Көрме 9 шілдеге дейін жалғасады.

Айжан ҚАСЫМОВА

26 . - -

- .

Шара Астана қаласы ІІД есірткіге қарсы комитеті, ІІД-ң есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті мен Астана қаласының әкімшілігі және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.

«Жастар» сарайы алаңынан шыққан автошеру елорда көшелерімен жүріп, арнайы дыбыс зорайтқыш арқылы «Есірткісіз Қазақстанның болашағын бірге қалайық» деп, шаһар тұрғындарына үндеу тастады. «Біз мұны алты жыл-дан бері өткізіп келеміз. Егер, акцияға көбірек адам тартылатын болса, тоқсан сайын өткізіп тұру ниетіміз де жоқ емес», дейді шара ұйымдастырушысы Дмитрий Колокин.

Акция «Хан шатырдағы» концерттік бағдарламамен жалғасты.

Сапарғали ҚАНАТ

Page 3: 71 (3128) 2014-06-28

3www.astana-akshamy.kz

Бетт

і дай

ынд

аған

: Таң

атар

ТӨ

ЛЕУ

ҒАЛ

ИЕВ

. Дер

ек к

өзде

рі: w

ww

.ast

ana.

kz, w

ww.

info

rm.k

z, w

ww.

baq.

kz

Алдан СМАЙЫЛ, Парламент Мәжілісінің депутаты:

– Бұл туралы ілгеріде жазғанмын. Тағы да айтайын, Астананың архитектурасынан

әлемдік жетістіктердің жиынтығын көруге болады. Мәселен, Ақорда – ресми ғимарат.

Шығыс сәулеті басым, күмбезді сипаты бар, бұрынғы хан ордаларына ұқсайды, тәкаппарлық, биіктік байқалады, грек-рим архитектурасының ұшқыны білінеді.

Мына жағындағы «Бәйтерек» монументі – идеясы мен нобайын Елбасының өзі ұсынған. Төл тума аңызымыздан туған құрылыс. Самұрық құс бәйтеректің басына жұмыртқа салады, оны айдаһар жұтпақ бо-лады... Қазақ та арпалысты басынан көп өткерген халық қой. Енді сол самұрықтың жұмыртқасындай қамсыз, қауіпсіз, мәңгілік ғұмыр кешудеміз...

Көлік және коммуникация министрлігі отырған ғимараттың да бір кездері ТМД-да теңдесі жоқ еді. Ғимарат архитектурасының астарында ештеңе жоқ сияқты көрінеді. Бірақ, оның авторының «Мен бұл нысанды сызғанда тіршілік иелерінің ғарышқа ұмтылысын бейнелегім келген» деген сөзі есімде.

Енді Қорғаныс министрлігіне келейік, грек-рим сәулетінің негізінде салынған таза ресми сарай. Салмақты, айбынды, төзімді. Негізі, мұндай ғимараттар белгілі бір кеңістікпен үйлесім табуы керек. Қорғаныс министрлігі бұл талаптың үдесінен шыққан. Алдында «Бәйтерек» монументінің алаңы, басқа айналасында да ашықтық бар, тыныс бар.

Серік АҚШОЛАҚОВ, Республикалық нейрохирургия ғылыми

орталығының директоры:

– Бұрынырақта шет елдерге, тіпті,

қасымыздағы Мәскеуге барғанның өзінде ба-сымызды шайқап, таңдайымызды жиі қағатын

едік. Ал, қазір менің немерелерім Еуропаның қай мемлекетіне табан тіресе де, әдепкі қалпын сақтайды. Өйткені, олардың замандастарына қандай зәулім ғимарат та, сарай да таңсық емес. Олар Астанада өсті, жетілді, жаңа заманның көшіне ілесіп келеді.

Мен Астананы дамыған елдердің сәулетіне еліктеп салды дей алмаймын. Және бұлай айтатындарды неге сүйенетінін де түсінбеймін. Мәселен, «Хан шатыр» орталығын алайық, көшпелі дала халқына тән мұндай сарайдың заманауи келбетін ешбір елден кездестірген емеспін. «Астана-Опера» театрының архитектурасы мен сәулетіне көз салыңыз, жер бетінде теңдесі кем ұлттық бірегей салтанат. Талай жылдардан елорданың символына айналған «Бәйтерек» – сол бастапқы биігінен төмендеген жоқ. Онда Астананың рухы менмұндалап тұр. Осындай жетістіктерімізге қарап, қазақ әлем архитектурасына өз жетістігімен келді және үлесін қосты деймін.

Омар ЖӘЛЕЛ , Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы,

абайтанушы:

– Астананың бар кереметі Есілдің сол

жағалауында ғой. Бірақ, ұлттық сипатты Ақордадан, «Хан шатырдан», тағы бір-екі

нысаннан ғана байқаймыз. Көпшілігі еуропалық үлгіде бой көтерген. «Шабыт» сарайы кәдімгі таға

кейпінде. Бұл – ұлттық нышанымызды айшықтайды. Менің ойымша, елордаға әлі де ұлттық архитекторлардың идеяларын

енгізе түсу керек. Киіз үй тектес нысандарды көбейткеніміз жөн. Төрт бұрышты емес, дөңгелек ғимараттар қажет. Шаңырақ, уық, кереге сияқты ұлттық дүниелерді жаңғыртып, сәулетіміздің негізгі ұстындарына айналдырғанымыз абзал. Өйткені, қазақтың ойлау жүйесі дөңгелек философияға келеді. Этноауыл сияқты игі бастамаларды Астананың іргесіне әкелу керек сияқты.

Жазып алған Сәния СПАНДИЯР

Мемлекеттік хатшы еліміздің бар-ша БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелері, яғни Байланыс және ақпарат қыз-меткерлері күнімен құттықтап, отандық журналистиканың негізгі мақсаты күллі қазақстандықтардың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратындай ұйыса білу керектігін кеңінен насихаттау екенін айтты.

«Қазақс танд ық БА Қ өзінің қа лыптас у кезеңінен табысты өтті. Бірақ қазіргі заманғы түрлі жағдайлар олардың алдына соңғы әлемдік трендтерді ескеріп, сапа-лы жаңару сынды жаңа міндеттер қойып отыр. Ақпараттық техноло-гиялар, интернет және әлеуметтік желілер ақпарат жеткізудің қалыбын және жалпы журналистиканың

қоғамдағы рөлін өзгерту үстінде. Қазақстандық медиа-кеңістікке соңғы жаңалықтарды бақылап қана қоймай, шынайылық пен нақтылық сияқты негізге сүйеніп, кеңінен сараптамалық талдау жасаудың м а ң ы з ы з о р » д е д і Әд і л б е к Жақсыбеков.

Мемлекет басшысының сыйлығы «Жас қазақ» газетінің бас редак-торы С.Смайыл мен «Время» газетінің бас редакторы Л.Тараков сынды өз ісінің шеберлеріне берілсе, «КТК» телеарнасының Астанадағы тілшілер қосынының жетекшісі Я.Красиенко мен «Қазақстан» ұлттық телеарнасының тілшісі Ж.Төлемісоваға Президент гранты бұйырды. Сонымен қатар, Нұрсұлтан

Назарбаевтың алғыс хаты «Айғақ» телерадио компаниясының, «Қаз-контент» акционерлік қоғамының, «Коре ильбо» газетінің, «Мир» мемлекетаралық компаниясының Қазақстандағы ұлттық филиалының шығармашылық ұжымдарына та-бысталды. Президент сыйлығының лауреаттары 2 млн теңге, ал грант иегерлері 1 млн 700 мың теңге көлеміндегі ақшалай ынталандыруға ие болады.

Салтанатты рәсімнің соңында Мемлекеттік хатшы БАҚ өкілдеріне шығармашылық табыс тілеп, жур-налистік шеберлікті ұдайы жетіл-діре отырып, елде болып жат қан өзгерістерді назардан тыс қал дыр-мауға шақырды.

Бүгін Астана мәслихатында әкімдік әзірлеген қала аумағын дамыту, санитарлық күтіп ұстау, тазалауды ұйымдастыру мен тазалықты қамтамасыз ету ере жесіне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілді. Осы ережеге сәйкес, жоғарыда аталған нысандардың атаулары, маңдайша жазулары, сөрелер мен терезелердегі көрнекі ақпараттардың жазылуы міндетті түрде қалалық сәулет

және тілдерді дамыту басқармаларымен келісілуі керек, ал, бұл талап бұзылған жағдайда құқық бұзушыларға айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Сонымен қатар, елорданы одан әрі дамыту жөніндегі жыл сайынғы кеңестерде тұрғын үй кешендері, әкімшілік ғимараттар айналасындағы қоршаулар және ғимараттар мен құрылыстардағы маңдайша жазулар қаланың эстетикалық қалпын сақтауы керектігі үнемі айтылып жүр.

Бұдан бөлек, «Астана қаласының аумағын кешенді абаттандыру нормалары мен ережелеріне» сәйкес мемлекеттік басқару органдары, ұйымдардың кеңселері, көп қабатты тұрғын үйлердің аумақтарына қоршаулар орнатуға тыйым салынады. Құжат бойынша қоршау ор-нату және оның сәулеттік-көркемдік шешімі нысанның жобасы ұсынылатын Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы бас қармасымен келісілуі тиіс.

Жұма ҚАЗИЕВ

«Astana Ballet»– Елбасының ұсынысы бойын ша 2012 жылы ашылған, халықтық және заманауи хорео графияның классикалық дәс-түрлері мен ең соңғы үрдістерін шебер бі ріктіре білген өнер ордасы.

– Бір актілі балетті сахналауға бір жылдай дайындалдық. Біздің идеяларымызды жүзеге асыратын өзіндік қолтаңбасы бар хореографты іздеу ұзаққа созылды. Көркемдік басшылықтың таңдауы қазіргі заманғы ең тартымды балетмейстерлердің бірі, мәскеулік хореограф Никита Дмитриевскийге түсті. Бізге қазақ халқының өзіндік ерекшелігін айқындайтын заманауи би тілімен тілдесу маңызды. Аталмыш қойы-лымда жанның пайда болуы, оның аспаннан жер бетіндегі өмірге дейін қилы жолы әсерлі суреттеледі. Өнер тілімен айтқанда, өзін-өзі танытып үлгермеген болмыс, сырт келбетін

қалыптастыруға тырмысатын қуат көзі. Оның басты арманы – Махаббат отын тұтандыру. Ол– Әлем! - дейді «Astana Ballet» ұжымының атқарушы директоры Валерий Күзембаев.

Никита Дмитриевскийдің бұл хо-реографиясы өзекті әлемдік үрдістер және қазақ би мәдениетінің дәстүрлі әуенінің сезімтал синтезіне айналды-

ра білді. Мультимедия саласындағы ресейдің жетекші мамандарының бірі Леонид Басин спектакльдің бейнелік тұжырымын Қазақстанның бай мә-дениетінің ерекшеліктерін қаперге ала отырып жасаған. Әуенін этно-композитор Болат Ғафаров, либрет-тоны белгілі ақын Бақыт Қайырбеков жазған.

Page 4: 71 (3128) 2014-06-28

Автокөлiк жолдары саласы бой-ынша биыл 6 мың шақырым жолға жөндеу жұмыстарының барлық түрлерi жүргізілді. Әрине, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасы іске асырылып жатқан ең iрi жоба екендiгi белгiлi. Оның 1700 шақырымы ашылды. Биыл Жамбыл облысы аумағы арқылы және Шымкенттен Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі учаскелерде жол қозғалысын толығымен ашу жоспарлануда.

Астана қаласының жаңа темiр жол вокзалы кешенiне келетiн болсақ, жыл сайын Астана арқылы жолаушылар ағынының артып келе жатқанын байқап отырмыз. Қолданыстағы темiр жол вокзалы өзiнiң жобалық қуаттылығын 30%-ға артық атқарып жатыр. Сондықтан ҚТЖ жаңа вокзалдың құрылы сын қолға алып отыр. Оның жобалық

қуаттылығы – тәулiгiне 35 мың жолаушы. Бiз бұл жобаны 2017 жылға дейiн пайдалануға беремiз деп отырмыз. Ол – «ЭКСПО» көрмесi нысандарының бiрi.

Сонымен қатар, Жезқазған-Бейнеу, Арқалық-Шұбаркөл сынды ірi темiр жол жобалары қолға алынды Өткен жылы басты жолдарды тарту жұмыстары аяқталған болатын. Қазiргi уақытта стансалық жолдар салынып жатыр. Бiз жыл соңына дейiн, желтоқсан айында аталған учаскелерде жол қозғалысын ашуды жоспарлап отырмыз.

Келесi жылдан бастап, бiз Қызыл-орда және Шымкент арасын дағы жолда бiрiнші санаттағы ақылы қозға лыс ты енгiзбекпiз. Ал екiншi санат бой ынша жүк көлiктерiне Ат-басар-Астана жолындағы қозғалыс ақылы болмақ.

4www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Бүгінде елорданың азық-түлік белдеуін дамыту шеңберінде қа л аның

негізгі сауда орындарымен сау-да үстемесі мөлшерін қолдану және өнімдерді өткізу бойын-ша меморандум жасалған. Бұдан бөлек, 21850 тоннаға есептелген 5 көкөніс қоймасы жұмыс істейді. Жалпы қуаттылығы жылына 2500 тонна көкөніс өндіретін 2 жылы-жай кешені пайдалануға берілген. Тағы екі жобаның құ рылысы қолға алынуда. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойын ша тағам өндірісімен ай-налысатын бірнеше кәсіпорынға мемлекеттік қолдау көрсетіліп келеді . Қабыл данған мұндай шаралардың нәтижесінде азық-түлік белдеуі аймағына әлеуметтік маңызды өнімдер жеткізу көлемі ұлғайып, керісінше импорттық үлес төмендеді. Бұл өз кезегінде азық-түлік тауарлары инфляциясын төмендетуге мүмкіндік береді.

Қалалық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Далабаевтың айтуынша, соңғы жыл дары азық-т үлік бел деу і аймағынан әлеуметтік маңызды тағамдар – ет, сүт және көкөніс жеткізу көлемі 35%-ға дейін артқан. Бүгінде азық-түлік аймағынан жеткізілетін тағамдар есебінен елорданың: етке – 43%, (соның ішінде сиыр етіне – 53%), сүт және сүт өнімдеріне – 38%, тауық жұмыртқасына – 97%, картопқа – 77% және көкөніске – 32% қажеттілігі өтеледі.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

Жекешелендірудің 2014-2016 жыл-дарға арналған кешенді жос парын іске асыру үшін Үкімет бәсекелес ортаға берілуі тиіс квазимемлекеттік сектор субъектілерінің атаулы тізбесін бекітті. Жалпы бәсекелес ортаға квазимемлекеттік сектордың 782 ұйымы өтеді, 380 ұйым қайта ұйымдастырылады немесе тараты-латын болады. Республикалық меншік бойынша 29 ұйым және 3 нысан, комму-нал дық меншік бойынша 416 нысан жекешелендіріледі

Ұлттық холдингтер мен компания-лар бойынша бәсекелес ортаға 337 ак-тив беріледі. Оның ішінде «Самұрық-Қазына» қоры бойынша – 106 актив, «Бәйтерек» холдингі бойынша – 15, Қазагро – 32, «Парасат» – 8, «Зерде» – 2, ӘКК – 174.

Қазіргі уақытта жекешелендіру жөнін-дегі тұрақты комиссиялар құрылды. Жария лы лықты қамтамасыз ету мақса-тында жекешелендіру жөніндегі тұрақты комиссиялардың құрамына Ұлттық кәсіп-керлер палатасы және «Нұр Отан» партиясының өкілдері кіреді.

2014 жылы 278 нысанды сату жоспар-ланған, оның ішінде республи калық меншік бойынша – 19, коммуналдық меншік бойынша – 109, ӘКК бойынша – 75, холдингтер бойынша – 75 нысан.

Коммуналдық меншіктегі 6 нысанның төртеуі 85,6 млн теңгеге сатылады. Ал 34 нысан бойынша бағалау енді басталады.

-

-

Үкімет 2016 жылға қарай Дүниежүзілік

банктің «Doing Business» рейтингісі бойынша алғашқы 30 елдің қатарына кіру іс-шаралар жоспарын бекітті. Бұл жоспарды жүзеге асыру үшін заңнамаға екі түзету әзірленді. Бірінші түзетулерді маусымда Парламент қабылдады. Келесі түзетулерді Парламент қарауына 1 қыркүйекке дейін ұсынамыз. Бүгін Үкіметте осы заңнамаларға қатысты концептуалдық амалдар қаралып, мақұлданды.

Іс-шаралар нәтижесінде «Кәсіп-орын дар ашу» индикаторы бойынша 10-шы орынға, «Жеке меншікті тіркеу»

индикаторы бойынша 4-ші орынға, «Кредит алу» көрсеткіші бойынша 55-ші орынға, «Құрылысқа рұқсат алу» бойынша 30-шы орынға, «Электр энер-гиясымен жабдықтау желісіне қосылу» индикаторы бойынша 27-ші орынға, «Инвесторларды қорғау» көрсеткіші бойынша 10-шы орынға көтерілу жос-парланып отыр.

Бүгінгі уақытта үлестік құрылыс-тың екі тетігі қарастырылып отыр. Біріншісі бойынша, құрылысшы не-месе жобалаушы компания банк-тен несиелендіріледі. Бұл тұрғыда үлескерлердің қаржысын нөлдік цикл

кезеңінен ғана тартуға болады, яғни, құрылысшы үлескерлердің қаржы сын тартудың алдында жобаға өзінің жеке қаржысының 20-30 пайы зын салуы тиіс. Осыдан кейін ин жи нирингтік компаниямен келісім бекітіліп, бұл ком-пания қар жы ның мақсатты игерілуін қадаға лайды. Ал екінші тетікте банктік несие ескерілмеген. Бұл жағдайда та лаптар жоғары. Осы бағыт та үлескерлердің қаржысын нысан ның қаңқасы тұрғызылғаннан кейін ғана тартуға болады. Бұл тетік те де ин жи ни-рингтік компания қаржының мақсатты жұмсалуын қадағалайды.

Page 5: 71 (3128) 2014-06-28

5

Мұндайда көрнекті по-ляк жазушысы Бру-н о Я с е н с к и й д і ң : «Досыңнан қорықпа,

көп болса сатып кетер. Дұшпаныңнан қорықпа, көп болса өлтіріп кетер. Қорықсаң, немқұрайлы адамнан қорық. Өйткені, немқұрайлылықтың кесірінен өмірде сатып кету, өлтіріп

- .

кету бел алуда» дегені ойға еріксіз оралады.

Бәрімізге белгілі, тәуелсіздікке дейінгі жетпіс жылдан астам уақыт бойы ата дәстүріміз аяққа басы-лып, ұрпағымыз қасиетті ана тілінде ұлағатты сөз тыңдаудан қалды. Есесіне, түрлі ұлттардан тарих әлемінде бұрын-соңды кездеспеген ұлтсыз дүбәрә қоғам құруға ұмтылыс жасалды. Ол қоғамда өзінің ойын ашық айтқан адам «халық жауы» атанып, не атыл-ды, не абақтыға жабылды, не ақылы ауысқан адамдар үйінен бірақ шығып жатты. Нәтижесінде сол кездегі зиялы қауым өкілдері жалтаңкөз болып, сы-бырлай сөйлесуге дағдыланып алды. Ақиқатқа бір өзінің дара құқы бар жалғыз ғана партия билік жүргізген қоғамда «үндемеген үйдей пәледен құтылады» деген қағида берік орын алды.

Мінеки, осындай ахуал қалыптасқан қоғамнан шыққан біздер үшін де-мократия ұғымының, әсіресе сөз бостандығының маңызы ерекше екендігі туралы айтып жатудың өзі артық. Сондықтан да біз Ата заңымызға «Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тый-ым салынады. Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар» деп ашық жаздық. Сөйтіп, 1991 жылғы 28 мау-сымда Қазақстан Республикасының

«Баспасөз және басқа да бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңы қабылданып, ол құжат тәуелсіз еліміздің ең алғашқы қабылдаған заңдарының қатарынан табылды. Көптеген отандық мамандардың пікірінше, бұл заңның демократиялық нормалары қазақстандық баспасөздің күрт дамуына жол ашты.

Отандық медиа саланы одан әрі дамытуға, мемлекеттік емес БАҚ-тың пайда болуына, ірі ме-диа құрылымдарды орнықтыруға және күрт дамытуға 1999 жылғы 23 шілдеде қабылданған концептуалды тұрғыдағы жаңа заңның әсері молы-нан болды. Бұл заңды дайындауға халықаралық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдары және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері белсенді атсалысқандарын атап өткен жөн. 2001, 2007 және 2009 жылдары атал-мыш заңға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, ақпараттық кеңістіктегі барлық құрылымдар шира-тыла түсті. Қазір медиа-нарықтық даму қарқыны бойынша біз Орталық Азия мен Қап тауының көптеген елдерінен ілгері келе жатқан жағдайымыз бар.

Бүгін елімізде 2098 бұқаралық ақпарат құралдары қызмет жасап жатса, олардың 79 пайызы мемлекеттік емес ақпарат құралдары болып таныла-ды. Айталық, 1992 жылы Қазақстанда тек 10 республикалық мемлекеттік және 21 мемлекеттік емес басылымдар

ғана болғанын ескерсек, қазіргі қол жеткізіп отырған көрсеткіштер қоғам дамуының демократиялық сипат алып келе жатқанының куәсі іспетті. Көңіл аударарлық тағы бір мәселе мемлекеттік тілді БАҚ-қа саяды. Қазір тек қазақ тілінде 347 БАҚ ақпарат кеңістігінде өз жұмыстарын атқаруда. Мысалы, ел тарихында тұңғыш рет мемлекеттік басты телеарна «Қазақстан» өз ха-барларын жүз пайыз қазақ тілінде таратып отыр. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 1996 жылы небәрі 25 қазақтілді басылым болатын. Елімізде украин, неміс, кәріс, ұйғыр, өзбек және өзге де отызға жуық тілдерде ақпарат көздері шығарылатынын, оларға үкімет мемлекеттік тапсырыс есебінен қаржыландыру мүмкіндігін қарастыратынын, ал бұл кешегі кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі республикалардың бірде біреуінде де байқалмайтынын атап өткен жөн.

Аймақтық бұқаралық ақпараттық құралдары да серпінді даму үстінде. Мәселен, Семей қаласында «Байуақов ТВ-6» атты медиа-холдинг он жыл-дан астам уақыт ішінде өзгеге үлгі боларлықтай мол тәжірибе жинақтап үлгерді. Қазір мұнда бір телекомпа-ния, таралымдарының жалпы саны 50000 данадай болатын үш басылым, бір баспахана және жүзге жуық адам қамтылған қосалқы шаруашылық жұмыс істеуде.

Мемлекеттік қамқорлықтың тағы

да бір саласы – отандық БАҚ-тың контент сапасын көтеруге саяды. Осы ретте, мемлекеттік өкілеттік органның бастамасымен «Бала-пан», «Білім және Мәдениет», «24 kz», «Kazsport» тәрізді елімізде жаңа телеарналар іске кіріскенін және «Caspionet» телеарнасының « K a z a k h T V » б о л ы п а т а у ы н өзгерткенін айтқан жөн. Сондай-ақ, мемлекеттік телеарналардың хабар тарату кестелерінде отандық контенттің үлесінің үзбей өсіп келе жатқанын да атап өту ләзім. Нақтырақ айтқанда, қазір «Хабар» - 80 пайыз, «Қазақстан» - 71 пайыз, «24 kz» - 100 пайыз, «Kazsport» - 98 пайыз, «KazakhTV» - 95 пай-ыз телебағдарламаларын отандық өніммен жасақтайды. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан сандық спутниктік телехабарлар тарату қолға алынып отыр. Нәтижесінде, бүгін 407 мың абонент «Отау TV» сандық спутник телеарнасының көрерменіне айналды, әрі бұл бағытта жұмыстар өз жалғасын табуда. Технологиялық мешеулікті еңсеру бағытында да ілгерілеу байқалады. Соның бір жарқын көрінісі іспетті «Қазмедиа орталығы» теле-радиокешені өндірістік циклінің іске кіріскенін айтуға болады.

Күнделікті өмірге ақпараттар таратудың жаңаша бір саласы – ин-тернет дендеп еніп келеді. Қазақстан

Ре с публикасы Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша бүгін елімізде 11 миллионнан астам адам интернетпен жұмыс жасайды. Бұл – жүз адамның 67,3 пайызы интернетті пайдаланып отыр деген сөз. Яғни, медиа өрісі қатты өзгеріске түсіп, нақты журналистика виртуалды өңге айнала бастады. Бұл бір жағынан кең ақпарат алудың әрі таратудың тиімді тәсілі болғанымен, екінші жағынан кәсіби біліктілік пен жауапкершіліктің күрт төмендеуіне әкелуде.

Жасыратыны жоқ, қазір көптеген әріптестеріміз журналистік ізденістен гөрі өзіне керекті ақпаратты интер-неттен көшіріп ала салуға ден қоя бастады. Әлеуметтік желі түптеп келгенде өсек-аяңның, қысыр сөздің, мағынасыз ой мен пікірдің, мәнсіз әңгіменің өзегіне айналды. Ең сорақысы, қазақ тілі жапа шегуде. Ин-тернет пайдаланушылардың көпшілігі қазақ тіліне бейімделмеген компью-терлермен жұмыс істегендіктен, шұбар тілмен қазақша бірдеңелерді жазып жатады. Оларды оқығанда, қазақ тіліне деген қызығушылықтан гөрі одан шошынуға бейім тұрарың анық. Бұлай жалғаса беретін бол-са, біз ешқашан мемлекеттік тілдің мәртебесін көтере алмаймыз. Сондықтан, бұл тез арада тиісті орындардың назарына ілініп, өзінің дұрыс шешімін табуы тиіс.

Жауапкершілік мәселесі де күн тәртібінен түспеуі қажет. Өкініштісі сол, демократияның игі қадамдарын саяси саудаға салуға үйір болушылық аракідік болса да, бой көрсетіп қалып отыр. Әңгіме, өз арамыздағы қоғам мен жеке адам мүдделерін бір-біріне қарама-қарсы қоюға ұмтылатындар жайлы болып тұр. Әсіресе, олар болмашыға мін тағып, түймедейді түйедей қылып көрсетуге, тәуелсіздікті тәлкек, елдікті келеке етуге құмар. Мұндай қылықтарды, әсіресе, интернет беттерінен молынан кездестіруге болады. Осы ретте, мына бір ұлағатты әңгімені айта кетудің жөні бар сияқты.

«Әлем неден бастау алады» деген сұраққа ғұлама: «Сенің екі көзіңнен» деп жауап қатады. Иә, көздің негізгі міндеті – көру. Бірақ, оның нені және қалай көретіні үлкен пәлсапалық мәселе, өз алдына бір тылсым дүние. Біреу үшін, мәселен, от өмірдің шырағы ретінде танылса, басқаға ол ақырзаманның белгісі болып қабылдануы мүмкін. Бір нәрсе айқын – дүниеге, адамдарға, өмірге бір Алланың көзімен қарау керек. Бірақ, жаратушыны ешкім көрген жоқ, оны толық түйсінген де емес. Сондықтан, барлық нәрсеге тәңіріміздің адамға берген ұят көзімен қарауымыз қажет.

. .

Байқау материалдарын «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті Сауытбек Абдрахманов, жа-зушы, аудармашы Кеңес Юсуп, ҚР Пар-ламент Мәжілісі аппараты редакциялау және аударма бөлімінің меңгерушісі Дәуітәлі Омашұлы, «Қазақстан» телерадио корпорациясының басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова сынды қаламгерлер саралап, өз қорытындыларын жасады.

Қазылар алқасының төрағасы Сауыт бек Абдрахманов «Бұл байқаудың аясы жылдан-жылға кеңеюде. Біздің тілімізді тек ана тілінде ғана емес, орыс басылымдарында, орыстілді хабарларда насихаттау жағы жақсарып келеді. Бақ сынауға өтініш білдірген үміткерлер саны да көп. Олардың арасынан үздіктерді анықтау оңай болған жоқ. Ең алдымен айтар ойына, журналистік шеберліктеріне

мән беріп, көтерген мәселесінің өзектілігіне қарауға тырыстық» деп атап өтті.

Сонымен, «Үздік мақала» аталы-мы бойынша «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Нәзира Жәрімбетова мен «Түркістан» газетінің тілшісі Динара Мыңжасарова, «Үздік теле-арна бағдарламасы» номинациясында «Хабар» агенттігінің журналисі Гүлвира Биғалиева, «Үздік радио

бағдарламасы» аталымы бойынша «Қазақ радиосының» қызметкері Нұржамал Янгибаева, «Үздік сайт мақаласы» аталымында www.kasym.kz сайтының қызметкері Аян Азаматұлы жүзден жүйрік деп та-нылды. Қатысушылардың барлығына арнайы алғысхаттар мен қаржылай сыйлықтар тапсырылды.

Еркежан СӘТІМБЕК

Page 6: 71 (3128) 2014-06-28

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

y i i ”

- -

. -

.

- ...

.

.

– С а т и р и к - ж а з у ш ы болғандығыңыздан, сұрағымды т ө т е с і н е н т а р т с а м : « Х Х І ғасырдың жылан жылындағы қазақ әзіл-оспағының деңгейі қай дәрежеде?»

– Құдайға шүкір, әзіл-оспағымыз бар. «Қазақ әдебиеті» газетінде «Қалжың қалта», «Айқында» – «Жатыпатар», «Жас Алаш-та» – «Сүзеген сөз», «Егемен Қазақстанда» «Сөз сойыл» әзіл-қалжың отаулары шығып жатыр. Ал дәреже-деңгейіне келер болсақ, сапа жағы салмақсыздау, «әп, бәрекелді!» дегізер дүниелер некен-саяқ. Не жазса да «дүр» еткізетін Сейіт Кен-жеахмет ағамызды іздейтін болдық. Ал сатира-юморға бет бұрған жастар жоқтың қасы десек болады. Мұндайда академик Темірбек Қожекеевтің «Сатира – күштілер қаруы» де-ген қанатты сөзі еске түседі. Егде тарландарымыз өз уақытында өз үлестерін қосты. Ал қазір заман басқа, талап «қарақасқа» болып, са-тира сарбаздары тоқырау, тосырқау күй кешуде. Қостанайлық сати-рик Дәмер Әбіштің «Қатынымды жекешелендіріп алдым», «Инсти-тутымыз ұл тапты!» мен Сайлау Байбосынның «Асқазаныңыз ауыр-май ма?!» атты тәуір дүниелеріне «әп, бәрекелді» деп отырған жайы-мыз бар. Өзім де әзіл-оспақ отауын

шығарып отырғандықтан, оңым мен солыма алаңдап, тәуір дүние келе қалса екен деп елеңдеймін. «Сөз сойылды» үзіп алмай шығарып келе жатқаныма 18 жылдың жүзі болып-ты. Ал, «Ара» журналын жауып алғанымызға қынжыламыз...

– Сатира-юморға бет бұрған жастар жоқтың қасы, сатира сар-баздары тосырқау күй кешуде деп қалдыңыз?

– Тоқ етері, қазіргі қоғамға сынап-мінеу сияқты «ащы-тұщы әзілдер» керек болмай тұр. Кемшілігін көргісі келмейтін кердең қоғам үстемдік етіп тұрғанда сатира-юмор жазушылар тосырқамай қайтсын! Бірлі-жарым бұлтартпас дәйекпен фельетон жа-зылса – бұнысын әрісі қоғам болып көзге ілмейді, берісі шыбын шаққан құрлы көрмейді. Керісінше, жазған пенденің соңына шам алып түсіп, іліктен шілік шығарып, сотта отырып «салмақ салыстыратынын» қайтесің, қазіргі «берген жеңер» соттың ал-дын көрген жазғыш одан соң алдында атан түйені алып жығар дерек жатса да, бұл пәлекетке жолай қоймас.

Әңгімемізді әріге жіберіп көрсек – келмеске кеткен Кеңестік қоғамдағы сатира-юмордың беделі бесбатпан екен. Бұған дәлелді сатира жанрының жілігін шаққан Темірбек Қожекеевтің еңбектерінен табуға болады. Ол «Сатира – күштілер қаруы» атты

кітабында: «Партия мен үкіметіміз бұл қаруға деген үміт, ықыласын, сенім-нанымын ешқашан бәсеңсіткен емес. Ол сатира мен юморға, оның жауынгер жанрларына сонау жиыр-масыншы жылдары-ақ зор мән берді. Лениндік партияның 1924 жылы ма-мыр айының 23-31 күндері өткен XIII съезі «Баспасөз туралы» қарарында жергілікті ұлттардың баспасөзін дамытуды, оның түр саласын молай-туды міндеттеді.

Жастарды жауынгерлік рухта тәрбиелеу үшін большевизмнің оппортунизммен, өз іш індегі әрқилы уклондармен күресін кең көрсететін әдебиетке ерекше көңіл бөлуді талап етті» деп жазады. 1918 жылы В.И.Лениннің «Біздің газеттеріміздің сипаты туралы» мақаласы жарыққа шығып, онда «көсем» «сатира мен юморға зор маңыз беру» қажеттігін ескертіп, осы мәселеге қатысты арнайы нұсқау береді. Сондай-ақ, ол «Крокодил», «Правда», «Ленинград», «Звезда» сияқты басылымдарға жеке-жеке қаулылар шығарып, оларға кертарт-паларды фельетон арқылы сынап отыру қажеттігін ескертіп отырған екен. Яғни, пролетариат табының «көсемдері» елді бақылауда ұстауда сатираның таптырмас құрал екенін терең ұғынып, бұл қаруды оңтайлы пайдалана білген. Осылайша, қоғамда

болып жатқан өзгерістерді назарда ұстап, кемшіліктерді дер кезінде байқап отыру үшін үнемі сатираға қатысты қаулы-қарарлар шығарып отырған.

Ленин өмірден озғаннан кейін де са-тира өз маңызын жоғалта қоймайды. 1927 жылғы сәуірде «Сатиралық юморлық журналдар туралы» қаулы шығады. Онда: «Сатиралық-юморлық журналдардың міндеттері – біздің құрылысымыздағы, ел өмірінің әрқилы саласындағы, тұрмысындағы буржуазиялық көзқарастарды, мещандық дәстүр мен әдеттерді, социалистік құрылыс міндеттері мен жалпы пролетарлық мүдделерге қайшы келетін әртүрлі топшылдықты, бюрократтық, ұлтшыл-шовинистік тенденцияларды, тап жаулары мен олардың саналы және санасыз түрдегі қостаушыларын сынау, әшкерелеу» деп келетін нақты нұсқаулар беріледі. Сатираның «мықтылар қаруына» айналуының мәні осында болса ке-рек. Сондай-ақ сатираны фашизмге қарсы күресте де пайдаланып, бұл өз кезегінде жауынгерлердің жігерін жануға көп септігін тигізген. Соғыс біткен соң, бұл қаруды қайтадан қоғам келеңсіздіктеріне бағыттаған. Партияның 1946 жылы қабылданған «Звезда», «Ленинград» журнал-дары туралы қаулысында «талғамы төмен журнал редакциялары мен бас-

па басшыларының кеңес шындығын бұрмалайтын, көркемдік қасиеті шамалы, идеялық деңгейі төмен сатиралық юморлық шығармаларға орын беріп жүргендігі» айтылып, сынға ұшыраған екен. Яғни, сати-ра ешқашан назардан тыс қалып қоймаған. Бұл өз кезегінде сатира-ны жауынгер жанрға, өткір жанрға айналдырған. Кеңестік дәуірде сати-ра «дәуренінің жүруі» – бұл жанрды тікелей биліктің өзі қадағалап, назар-да ұстауында десек, қателеспейміз.

Сатираның кемелденуіне әсер еткен екінші себеп ретінде фелье-тон жанрын қарастыруға болады. Темірбек Қожакеев: «Әдебиет пен баспасөз тәжірибесінде жамандыққа жаны қас, жақсылықты ғана іздейтін, азулы да айбынды бір жанр бар. Ол – фельетон. Фельетон жат мінез, жайсыз қылық, кемшілік-мінді көрсе-ақ айырын ала салып, оны түйрей қояды, жұрт алдына сүйреп шығарып, қағып-сілкіп, масқара етеді» дейді. Расында, сол кездері фельетон сатираның өтімді де, өткір жанры болған. Өкінішке қарай, бұл жанр бүгіндері мүлдем жоғалған.

Рас, кезінде «Ара» журналының ең өтімді жанры болған фельетон бүгіндері ұмытылған. Оспанхан Әубәкіров: «Ара» – ара бола-ды, шаққан жері жара болады» деп баға берген журнал бетіндегі

Page 7: 71 (3128) 2014-06-28

7www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

фельетонның «басты кейіпкерлері» жылы орындарынан айырылып, биліктің қатаң жазасына ұшырап отырған. Қоғамның талай мінін түзеген «Ара» журналы туралы көрнекті сатирик Ғаббас Қабышев: «Ол кезде «Ара» журналына есімі іліккен адам міндетті түрде тексеріліп, лайықты жазасын алып жататын. Журналда қызмет етіп жүргенімізде келеңсіздіктерді айтып, СОКП Орталық комитетіне дейін шыққанбыз. Сол кезде үш бірдей минис-трге кінәсін мойындатқызып, қызметінен де босатқанбыз» дейді. Ол сатираның бүгінгі күні әлсіз көрінуінің себебін «оның еленбеуі мен лайықты баға берілмей жүргендігінде» деп түсіндіреді. «Сатираның ең бір мықты жанры – фе-льетон болатын. Бұл жемқорлар мен парақорларға қарсы таптырмас құрал еді. Өкінішке қарай, фельетон әдебиет сахнасынан аластатылды. Қазір сыналған адам емес, сынаған адам сүйкімсіз болып жатады. Осылайша, фельетонға қақпақ қоюшылар пайда болып, сатириктер бұл жанрды жазуды қойды. Осы біз сатира-дан емес, фельетоннан айырылып қалдық десек, дұрыс болады-ау.

Мұхтар Әуезов: «Күлкі – өлмес елдің өшпес күші» дейді. Иә, ешқашан өшпейтін мұндай мықты жанрға дәл Кеңес өкіметі тұсындағыдай мән берілсе, сатира – ұлттық идеологияға, ортақ мүддеге қызмет ететін айбынды қаруға айналатын еді ғой, – деп жазған Сабина Зәкіржанқызының мақаласына алып-қосарымыз жоқ.

Осындай сатира-юморға аса мән бер-ген Кеңестік кезеңнің іс-шараларына тәнті боласың. Соның іс-әрекеті қазіргі қоғамға дарыса – сатириктеріміз тосырқауды сілкіп тастап, бір кездегідей белді буып буырқанар-ақ еді... Оларға қарап оң-солын таныған жас буыннан да әзіл-оспақтың әжептәуір жастары да шығар еді...

– « Т а м а ш а д а » р е -дактор болған екенсіз, «Тамашаның» қазіргі сатиралық театрлардан артықшылығы неде деп білесіз?

– Алғашқы әзіл-сықақ театры болды. Телевиде-ние аз, ол кезде оларды қазіргідей жетісіне гулетіп жататын әзіл-сықақ бұрышы атымен жоқ бо-латын. Ал, «Тамаша» мерекелерге орайлас тырылып, жылына 5-6 рет қана Рес публика сарайында қойылып барып теледидардан көрсетілетін. Оны қалың жұртшылық тайлы-тұяғымен қоймай тамашалайтын.

Негізгі ерекшелігі – «Тамашада» белгілі бір театрдың танымал артистері ойнайтын. Және де ондағы әртістер рөлді ойнағанды ғана білетін. Саусақпен санарлық скетчтер болмаса, оларға мате-риалды тауып беріп отыратын театрдың арнайы редакторлары болды. Бұған сол кездегі Оспанхан Әубәкіров, Шона Смаханұлы, Сейіт Кенжеахметов секілді белгілі сатириктер үзбей атсалысты.

– Қазіргі сатиралық театрлардың көбейгеніне қалай қарайсыз?

– Әзіл-сықақ театрының бастауы «Тамаша» болса, «Бауыржан шоу», «Терісқақпай», «Күлкі керуен», «Аққу-Гәкку», «Нысана» деп жеке отау тікті. Аймақтарда да құрылды. Өткенде «Хабардағы» «Ду-думаннан» «Қуандық пен Бақыт», «Беймарал», «Керемет» дегендерді өз басым бірінші рет естідім... Жарайды, көптік етпес. Осы жерде «сан сапаға әсер етеді» атты қағиданы еске алуға да болатын шығар. Мәселен, Мәскеуде 480-дей театр бар

деп жұбату айтамыз... Ал осы анау «Та-машадан» тартып қазір қай-қайсына да көрерменнің көңілі толмайды...

Мына парадоксты қараңыз, Ресейдің «Кривое зеркаласында» жиырмадай әртіс бір ұжымға топтасқан. Олардың әрқайсысының өзі жеке театр құруына бедел-қасиеттері жетіп артылса да бір ұжымда еңбек етеді. Неге? Ұжым – ұтады. Жетекшісі Евгений Петросян «ұтудың» оңды-солды жолын тапқан. Мәселен, скетч табуда Петросяндардың талғамы керек. Конкурсқа мың шақты материал келіп түседі екен. Себебі, таңдап алынғанға төленетін қаржы өте қомақты көрінеді. Және де Петросян автормен сұхбат жүргізіп, насихаттап отырады. Ал, «олардың менталитеті басқаша» деген пікірге келіспеймін. Өз басым ол театрдың әр қойылымын ыждағаттылықпен тамаша-лаймын. Үлгі боларлық театр-ақ...

– КВН-ның қарқыны қалай, оларға көңіліңіз тола ма?

– КТК – көңілді тапқырлар клу-бы – жастардың әзіл-сықақ отауы. Артықшылығы – қысқа-нұсқалығында. Яғни, анекдот пошымында айтылып, айтарын шолақ қайырады. Орындайтын да, көбіне тыңдарманы да жастар болып келеді. Өз басым осы салаға қатысым бол-маса да біздегі КВН-ды көре бермеймін. Өйткені мен үшін тұшымсыз, әлсіз. Ал оларлың әлсіз болатыны – эфирге жол-данарда талғамы жоғары редактордың сұрыптауынан өтпейтіндігі. Орыстарда сұрыптаудан өтіп, редакцияланып барып ұсынылады екен. Ал осы жерде айта кететін жағдай, КВН-нан тартып, жалпы анекдот айтқызып жүрген телебағдарламар – қазақ сатирасы емес, қазақ сатирасын олардың деңгейімен өлшеуге әсте болмайды.

– «Саяси сатира» атты айдар болушы еді бір кездерде? Фельетонның көзден бұлбұл ұшқанына не айтар едіңіз?

– Иә, өкінішке қарай, саяси тақырыптарға жазылған әзіл-оспақ, сын-сықақ қазір жоқтың қасы деуге болады. Бұл айдардың дүрілдеген дәуірі – социализм дәуірі еді ғой. Ол кезде империализм-капитализм сияқты «нақты» жауың бар болатын. Сол мықтының шаужайына жармасып, оңды-солды сілтеп, саясатты сарқып іше беруге болатын. Қазір қоғам басқа, алды-артты байқамасақ, күнде құбылып тұрған заманда бүгінгі жауың ертеңгі «үзеңгі дос» болып шыға келеді...

Ал ішкі саясаттан «сайрап» көрудің де қауқары шамалы. Сен сынап-мінеп міңгірлеп көр, оныңды шыбын шаққан құрлы көрмей жатқан қоғамыңа қарап, айта-айта қоясың.

Бір кездердегі фельетон жанрының қай басылымнан болса да көрінбей кеткендері рас. Өйткені, бұл жауынгер жанр нақты деректерге құрылып, мысқылмен сынай отырып әжуалауды мақсат тұтқандықтан, күрделі әрі күрмеуі қиындау күй кешіп қалды. Бұдан фельетон мүлдем жазыл-майды екен деген түсінік қалыптаспауы тиіс. Өйткені, «Фельетон» деп айдар тағылмасы да жарияланып жүрген аты шулы сын материалдар осы жанрдың міндет-мақсатын атқарып жүргені анық.

Асхат РАЙҚҰЛ

***

Қостанайдағы Дәмер ағамның үйінде оты-рып ол кісінің:

– Ж е ң г е ң д і жекешелендіріп алдым, – дегенін естігенде ішіп отырған тамағыма қақалып қалғаным бар.

– Бір сен емес, алғаш естігендердің бәрі осы кейіпті киген, – деп көкем мән-жайды түсіндірген болды. – Қолымнан келгені сол... бажайлап қарасам мына заман тек жекеменшіктен тұрады екен. Өз басыма жекешелендіретін бірде бір зат бұйырмапты. Ең аяғы үй, қора-қопсы, аз-маз малды «төріңізден көріңіз жақын» деген мәнде сөз айтқан соң қолдағы келін-балаға ба-сыбайлы өткізіп бергенбіз. Содан «бүйректен сирақ шығарып», басқа біреудің меншігіне өтіп кете ме деген қауіппен мына қара кемпірді жекешелендіріп алдым, – деп қарқылдап кеп күліп, оның мөр басылған, куәландырған қатырма қағаздарын алдыма жайып салды.

Көзім жұмылып, аузым аңқиған маған: «Баяғыда-ақ сөйтуім керек екен» деп алып жекешеленген жеңгемнің жай-жапсарын айтқанда кәдімгідей көзім ашылып, бірден мен де неге ғана сөйтпеске деген ой келді.

Сөйттім де мен де көкемнің жөн-жобасын тәптіштеп сұрап біліп, бірден меншіктеп беретін мекемеге тарттым.

Ондағылар: «Естімеген елде көп... деген, қатынын жекешелендіруге келген сізді көрдік» деп таң-тамаша б о л ғ а н ы м е н , р а й ы м н а н қайтпасымды білгендіктен: «Жеңгемізді жекешелендіру үшін ол кісіні дүниеге әкелген ә к е - ш е ш е с і н і ң ж а з б а ш а куәландырған рұқсаты керек» дегені.

Салып ұрып атам мен енеме келіп, мән-жайды айтып едім, екеуі де «Астапыралла!» деп жағаларын ұстап, маған аса мән бере бажайлай қарады, «ауру-сырқаудан» дін аман-есен екенімді біліп, енем көрші бөлменің есігін жауып алып қызымен телефонда сәл-пәл күбірлескен болып келіп:

– Ал балам, жекешелендіру үшін сен бізге... – деп алып, көки-сөкиді көктетсін келіп. Көки-сөкидің үлкені – мына отырған үйлеріне күрделі жөндеу өткізуім керек екен... Кенже баласының үйлену той-ын түп-түгел мойныма алуым керек екен...

... Ашуға булығып үйге кел-сем қатын:

– Не, жолың болмады ма!? – деп ыржияды.

– Атаңа нәлет, сен де табалап

отырмысың! – деп алая қарап едім:

– Оу, көкіме, көзіңді аш. Не, жекешелендіру оңай деп пе едің! Мүлік, зат емес, бақандай адамды жекешелендірмек бо-лады! Тағы да ашуланады, бақырып-шақырады! Тәубеңе кел! Менің құнымды білесің бе өзің!? Отасқан отыз жылдағы отыңмен кіріп, күліңмен шыққан маңдай терімді бағала! Бір емес, бақандай бес баланы тоғыз ай көтеріп толғатып, жеткізіп есейткендегі еңбегімді ескердің бе!.. – деп тереңнен тартып тебіренген кемпірді әзер деп тоқтаттым-ай!

– Қойдым кемпір! Бүйткен жекешелендіру бар болсын, – деп сабырға шақырып едім:

– Қоймаймын! Осыны біліп, Дәмер қайын ағадан естіп, мен де әрекет жасап... сені мен жекешелендіріп алғанмын... әке-шешеңді ертерек жұтып қойған өзіңнен көр. Ондағылар сенің әке-шешеңнің қайтыс б о л ғ а н д ы ғ ы ж ө н і н д е г і анықтаманы талап етіп, апара қалып едім, сені маған басы бүтін жекешелендіріп берді... – дейді.

Сасқан үйрек артымен жүзеді деуші еді:

– Әп, бәрекелді! Бізді біреулер жекешелендіріп ал-май тұрғанда мұнымыз жөн болған, – деппін.

Пы қ ы п з е й н е т -керлікке шыққан алғашқы айында к е м п і р і н о б л ы с

орталығында тұратын қызына жіберді де, өзі көзді жұмып Астанадағы ұлына тартып кетті.

Түпкірдегі тау арасындағы е л д і м е к е н н е н а т т а п шықпағанына да он жылдың жүзі болыпты.

Өзгерген заман, құлпырған қала...

Несін айтасың, Пықекең қалаға табан тірегеннен таң-тамаша. «Көзі жұмылып, ауызы ашылып келе жатып, аялдамадағы бір өрімдей қыздың өзімен-өзі сөйлесіп тұрғанын көріп... «бейшара, уыздай жас, қайтсын» деп жападан-жалғыз өзімен-өзі күбірлесіп сөйлесіп тұрғанына жаны ашыды... Әй, заман-ай, қарашы бұғанасы енді-енді бекіген бүлдіршінді «өзімен өзін» сөйлестіріп қойғанын. Сірә, бастан кеткен пәлекет-ау... Бажайлап қарап еді, ара-арасында ыржалаңдап күліп те қояды.

Көпшілік көлікте келе жа-тып алдындағы ересектеу пенденің өзінен-өзі біреуге тиісіп, балағаттап, қол сермей

сөйлегенін көріп көзі шарасы-нан шықты деуге болады...

Ұлының үйіне жеткенше әлгілердің тағы да екі-үшеуін көріп... қалаң «қуып кеткен» екен деген тұжырымға келді.

Қ у ы р д а қ т ы ң к ө к е с і н е ұлының үйінде тап келіп...

Келіні ас үйде өзімен-өзі өзеуреп... бұларға тамақ тасып жүріп те өзінен-өзі сөйлеп...

Әйтеуір, ол «аурудан» ұлы аман екен, есеңгіреп отырып:

– К е л і н н і ң « к е т і п » қалғанына көп болып па еді?!. – деп еді, баласы ышқына күліп алды да:

– Көке, ол – заманның жетістігі. Анау құлағындағы қара түйірді көрдіңіз бе?!. Сол аппарат қалтасындағы теле-фонмен жалғасқан. Сол арқылы үнсіз-дымсыз сөйлесе береді... – деп алып, бұған жұмбақ «құбыжықтың» қыр-сырын түсіндірсін келіп.

– Естімеген елде көп... он жыл ауылдан аттап баспай-мын деп... көп дүниеден қараң қылған екен-ау.

Б а л а с ы к е т е р і н д е ә л г і «құлаққағар құбыжықтың» біреуін әперіп, құлағына тығындатып қоймасы бар ма. Онысының радиосы да

бар екен, басында біртүрлі болғанмен, еті үйреніп, еріксе-зеріксе өзі-ақ қосып-іліп ың-шыңсыз ырылдатады да қояды.

Бала да бір, кәртайған қария да бір демекші, әлгісін құлағынан алмай ауылға жет-кенше «өзімен өзі» болып-ты. Әзіл-қалжыңдарды естіп ыржиямын деп, оқыс күліп төңірегіндегі ел-жұртын өзіне қаратқанын біледі... Екі-үш мәрте баласы хабарласып, хал-жағдайын баяндағаны да бар... Ығы-жығы көлікте бұл кімге мән-жайды түсіндіріп жатсын, өзімен өзі, рахат!

Үйіне келіп дарбазаны ашып еді, кемпірі бұдан бұрын келіп алған екен, орта тұстағы отырғышқа ары қарап отырған, алдында ас мәзірі, қолында пышақ, бірнәрсе турап отыр, бұған мән бермек түгіл, да-рылдап ашылып-жабылған дарбазаңа құлақ түрер емес... Жақындап барып байқады, оның да құлағы «тығындалған» екен...

Ертесінде естіді, ел-жұрты: «Пықып пен кемпірі қалаға ба-рып келіп жынданып кетіпті» деп гулетіп жүрген көрінеді.

Берік САДЫР

.

- . .

Page 8: 71 (3128) 2014-06-28

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

– Соңғы жылдары «Түркі» сөзі брендке айналғандай. Осы тақырыпта жүздеген ғылыми кон-ференциялар мен түрлі еңбек-тер жарық көрді. Сіз қызмет етіп отырған мұражай да түркі жұртының тарихынан көп сыр шертеді. Осының барлығы біздің ұлттық танымымызға қанша лықты әсер етіп жатыр?

– Жасалып жатқан жұмыстың барлығы «біз кімбіз, қайдан келдік, қайда барамыз?» деген мәңгілік сұраққа жауап іздеудің бір форма-сы ғана. Түркі дегеннен гөрі Түрік халықтары деу ләзім болмақ. Оқу орнымызға келген әрбір қонақ Жазу тарихы мұражайына бас сұқпай кете алмайды. Себебі, Күлтегін ескерткіші бас ғимараттың көрнекі орнын-да менмұндалап тұр. Мұражайда біз экскурсия жүргіземіз, сонда қонақтар тарапынан сан-алуан сауал-дар қойылады. Ал сол сұрақтар бізді үлкен ізденіске алып келеді.

– Жақында Тыва еліне ісса-пармен барып келдіңіз. Осы ел сізді несімен қызықтырды?

– 1992 жылы ғой деймін, Ресей төңірегінде өмір сүріп жатқан ұлттардан өз тілдерін қаншалықты білетін-білмейтіндері жөнінде са-уалдама жүргізіледі. Сонда тывалықтардың 98 пайызы ана тілінде сөйлейтіндігі белгілі болады. Осы статистика мені қатты таңғалдырды. Кейіннен мұражайға қызметке орналасқан соң тывалықтар туралы тың деректер жинақтай бас-тадым. Жуықта ғана Тываға жолым түсіп, көптеген сұрақтарыма жауап алып қайттым. Асыл дінімізде «өзің білмеген нәрсеге пәтуа айтпа» деген қағида бар. Осы ұзақ сапар дан келген соң, «тывалықтар ойрат тар ғой, қазақты қырған» деген кейбір зиялы деген кісілердің түсі нік тері мені қайран қалдырды. Бұған жауабым дайын, тыва халқы бізге бауырлас, қандас ел, мені үл кен қонақжайлықпен қарсы алды. Сондай-ақ, «Эдегей» фольклорлық сән ансамблінің жетекшісі модельер Кима Донгактың идеясымен әрі автор лық бағдарламасы бойынша жасалған «Алтын бұлақ» демалыс кешені ерекше әсер берді. Алдыма қой ған асы – қуырдақ, шелпек, кеспе көже, кәдімгі ши бауырсақ, талқан, сүт, айран, қаймақ, тілдері Алтай тобына жататын көне түрік тілі, аудармашы-сыз сөйлестім. Ал, бұған не дейсіз?

– Демек, тарихтан сыр шертетін түрік халықтарының бір бөлшегі, балбал тастары сөйлейтін тарихи отаны Тывада жатыр дейсіз бе?

– Иә, дәл солай. Бізде Тәуелсіздіктен кейін Моңғолия жері көбіне көп зерттеу нысанына айналды. Моң-ғолиямен шектесіп жатқан Тыва жерінде де түрік халқының тастағы жазу ескерткіштері мол. Негізі, тас жазуы ескерткішінің 60 пайызы Тывада сақталған. Мен кәсіби тарих-шы емеспін, көзбен көріп, көңілге түйгенімді айтып отырмын, менің алғашқы мамандығым – қобызшы-музыкант. Осы тұрғыда айтар болсам, Тывадан қазақтың ұмытылып кеткен

.

-

.

- -

.

көне аспабы бозаншыны алып келдім. Бұл – білген кісіге үлкен олжа. Тарихи уақиғаларға байланысты жоғалып кеткен осы бір киелі аспаптың жалғыз үлгісі қазір Қазақ музыка аспаптар музейінде сақтаулы. Сәтін салып бозаншы менің де қолыма түсті. Тәуелсіздіктің арқасында ұлтымыздың өшкені жанып, жоғалғаны табы-лып жатқан тұста бозаншыны ел жатырқамас деп ойлаймын, аспапты кеңінен елге таныстырып, табыстыру міндеті тұр алдымызда.

– «Қазақ энциклопедиясын-да» «Бозаншы – қазақ х а л қ ы н ы ң е ж е л г і саз аспабы. Ша нағы шөміш тәрізді, мой-ны ұзынша, жіңіш ке, пернесі жоқ, 4 қыл ішекті, ұзындығы 1 м 20 см, ысқымен ойна-лады. Ел арасын дағы «боздап қал ғыр бозан-шы» дейтін мәтел бұл аспаптың үнінен хабар береді» делі ніпті. Ша м а н д ы қ д ә у і рд е н а қ п а р беретіндей, сіз қалай ойлайсыз?

– Бозаншыда көмей әндері жақсы орындалады, тывалықтардың мық-ты лығы сонда, көмей әндерін әлемдік брендке жеткізді. Өнерге ерекше ықыласпен қарайтын ел. Көмей әндерін орындауда Игорь Көш-кендей, Радик Төлеш, Алдар Тандын алдына жан салар емес, олардың дарындылығы сонда, өздері ойнай-тын аспапты өз қолдарымен жасай-ды. Ал, бізде тек аспапта ойнауды

ғана үйретеді. Музыканттары қолынан өнер тамған шебер болып

келеді. Тывалықтардың мақтанышы – бүгінде Ресейдің қорғаныс саласын дөңгелетіп отырған Сергей Шой-гу, тываша есімі – Сергек Шойғы. Мәдениеттанушы Аибек Соскал «Сергек маадыр», яғни, Сергек ба-тыр деген жыр арнай келе, Шойгуді осы заманның батыры, Күшілік ханның ұрпағы деп жазады. Сергей Шойгу батыр десе дегендей-ақ екен, Тываның тарихы мен мәдениетіне қатысты кітаптардың жарық көруіне осы Шойғының тікелей сеп болып жатқанын байқадық. Тывалықтардың жартысы будда дініне сенеді,

жартысы христиандар, десек те, тәңіршілдіктен кетпеген. Осы сапа-рымда тывалықтардың ең жоғарғы құрметті шаманы Кенин Лапсанның қабылдауында болдым. Тоқсан жасқа таяған қарияға көмекшілері менің іздеп барғанымды жеткізіпті, көп кісіні қабылдай қой майтын ақсақал мені шақырып, «дүниені ешбір кедергісіз шарла» деген батасын берді. Тывалықтардың бірде-біреуінен дінге соншалықты берілген фанатизм байқалмайды. Сөйлеген сөздері са-бырлы, әйел дерінің дауысы нәзік, сы-пайы сөй леседі кісімен, киім киістері

заманауи қалыпта. Бір байқағанымыз, Тыва зиялыларының Ислам дініне деген ықыластары ерекше. Қолында билігі бар тывалықтардың айтуынша, мешіт салынса, халық жаппай барар еді, осыдан бірер уақыт бұрын Түрік ағайындар келіп, түрік-тува лицейін ашпақ болыпты. Бірақ, орыс жағы рұқсат бермепті.

– 1990 жылы Ресей Федерациясы құрамындағы Тыва (Тува) Рес-публикасы болып жарияланғаны белгілі. Бүгінде даму жағынан қай деңгейде екен?

– Республика аумағы Сібір мен Орта Азияның қиылысқан жерінде орналасқан. Жерінің 82%-ын Батыс

Саян таулары алып жатыр. Тываның табиғаты тамаша. Б і р ж а ғ ы қ а р ы бораған Тайга болса, бір жағы Енисей тау-лары. Осы сапарым-да өзімді ертегінің к е й і п к е р і н д е й сезіндім. Ар ман-

даған жерге жеті дарияны, тоғыз асуды, қырық бұлақты өтіп жеттім де-генге дәл келеді. Обь өзені, ары қарай Енисей дариясының үстінен жер асты туннельдері арқылы Абақаннан ары өткенде Саян тау ларын, Красноярдың бір шетін жанап өтіп, сол таудағы туннельдер арқылы Тыва Астанасы – Қызылға жол тарттық. Таудың ұшар басында өтіп бара жатыр екенбіз, сол жағыма қарасам, ну орман, таулар тым төменде көрінеді. Саян батыр тауына жақындағанда жүргізуші жылдамдықты бәсеңдетіп, оның себебін түсіндіргендей, «бұл тауда

Саян батыр ұйықтап жатыр» деді. Де-мек, оларда да аңыз-әпсана, дәстүрді сақтау, бабалар рухына тағзым ету бар.

– Тывада қазақтарды кездестіре алдыңыз ба?

– Әуежайда Сахалин аралынан жұмыс жасап келе жатқан қырғыз-дармен кездестім, жолшыбай Абақан-нан Туваға бірге бардым. Сахалинде сауда жасаймыз дейді. Қазақтар бар ма Қызылда деп едім, «ой, Қызыл деген, толтыра қазақ» деді. Мен уақыттың тығыздығына байланысты ондағы қазақтармен кездесе алмадым. Алыс та болса жақын, жақын да болса алыс болып отырған осы тывалықтар мені өте қатты қызықтырды. Ел экономи-касы негізінен ауыл шаруашылығы мен шикізат шығарудан тұрады. Ауыл шаруашылығына жер аумағының 23%-ы ғана жарамды. Басты сала – мал шаруашылығы, оның ішінде қой мен ірі қара өсіру. Егін шаруашылығы біршама дамыған. Тау-кен өнеркәсібі жоғары деңгейде, түсті металдар,

тас көмір, алтын өндіріледі. Жеңіл өнеркәсіп пен құрылыс материалда-рын шығару да жақсы жолға қойылған.

– Тывалықтардың игі жақсы-ларымен тілдесе алдыңыз ба?

– ТувГУ, яғни Тува мемлекеттік у ниверситетіне барып, тари х кафедра сының жетекшісі Анна Оюнов на деген кісімен сұхбаттас болдым. Түркі тектес халықтардың мұра жайын жасап жатыр екен, біз-бен байланыс жасағысы келетінін айтты. Тываның білім министрі Би-чельдеймен жолықтым. Заңгер Лео-нид Кара-оол үйіне арнайы қонаққа шақырды. Сол үйде дастархан басын-да Тыва Республикасының басшысы Кара-оол Шолбан Валерьевич-пен сәлемдестім. Екеуі ағалы-інілі. Сондай-ақ, Жазушылар одағының төрағасы, драматург, ақын Эдуард Мижит бірнеше шығармаларын сыйға тартты. Непалдан келген орыс тілін жетік білетін монахпен тілдесу бұйырды. Қазақстан туралы көп сауалдар қойды, елдің осындай деңгейде дамуы Елбасымыздың арқасы екенін біліп отыр. Мені университет жіберіп отырғанын естігенде қатты таңғалды, олардың оқу орындарында біздегідей емес, қызметкерлерді іссапарға жібе-ріп отырудың қиындықтары бар екендігін байқадым. Маған Тыва жерінің топырағын басып, игі жақсы ларымен тілдесуге, ел көріп, жер тануға мүмкіндік берген уни-верситет басшылығына алғысым шексіз.

– Әңгімеңізге рахмет.Сұхбаттасқан

Құндыз ЕРАЛЫ

-

. -

-

.

Page 9: 71 (3128) 2014-06-28

9www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

( ) ( )

28.06.2014 1 3:21 5:01 13:19 18:55 21:39 23:14 29.06.2014 2 3:21 5:01 13:19 18:55 21:39 23:14

30.06.2014 3 3:22 5:02 13:19 18:55 21:39 23:14

01.07.2014 4 3:23 5:03 13:19 18:55 21:39 23:14

02.07.2014 5 3:23 5:03 13:20 18:54 21:38 23:13

03.07.2014 6 3:24 5:04 13:20 18:54 21:38 23:13

04.07.2014 7 3:25 5:05 13:20 18:54 21:38 23:13

05.07.2014 8 3:26 5:06 13:20 18:54 21:38 23:13

06.07.2014 9 3:27 5:07 13:20 18:54 21:37 23:12

07.07.2014 10 3:28 5:08 13:20 18:54 21:36 23:11

08.07.2014 11 3:29 5:09 13:21 18:53 21:35 23:10

09.07.2014 12 3:30 5:10 13:21 18:53 21:35 23:10

10.07.2014 13 3:31 5:11 13:21 18:53 21:34 23:09

11.07.2014 14 3:32 5:12 13:21 18:52 21:33 23:08

12.07.2014 15 3:33 5:13 13:21 18:52 21:32 23:07

13.07.2014 16 3:34 5:14 13:21 18:52 21:31 23:06

14.07.2014 17 3:35 5:15 13:21 18:51 21:31 23:06

15.07.2014 18 3:36 5:16 13:21 18:51 21:30 23:05

16.07.2014 19 3:37 5:17 13:22 18:50 21:29 23:04

17.07.2014 20 3:38 5:18 13:22 18:50 21:28 23:03

18.07.2014 21 3:39 5:19 13:22 18:49 21:27 23:02

19.07.2014 22 3:40 5:20 13:22 18:49 21:25 23:00

20.07.2014 23 3:41 5:21 13:22 18:49 21:25 23:00

21.07.2014 24 3:42 5:22 13:22 18:47 21:23 22:58

22.07.2014 25 3:44 5:24 13:22 18:47 21:22 22:57

23.07.2014 26 3:46 5:26 13:22 18:46 21:21 22:56

24.07.2014 27 3:47 5:27 13:22 18:45 21:19 22:54

25.07.2014 28 3:49 5:29 13:22 18:44 21:18 22:53

26.07.2014 29 3:50 5:30 13:22 18:44 21:17 22:52

27.07.2014 30 3:52 5:32 13:22 18:43 21:15 22:50

[2] .

[4] - - – .

[7] 07:00-

(Басы 1-бетте)Әз елші Мұхаммед (с.ғ.с.) «Ережеп – Алланың айы,

шағбан – менің айым, рамазан – үмметімнің айы» деп, мұсылман үмметі үшін қасиетті уақыттарды айқындап берген. Осы сипаттағы тағы бір хадисте ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Иә Алла! Ережеп және Шағбан айын қайырлы әрі мүбарак еткей, бізді Рамазан айына аман-есен қауыштыр» деп Раббысынан сұрап, дұға ететін. Пайғамбар тілеген жақсылыққа, мейірім мен рахым айына, кешірім мен береке айына оның үмметі – мына сіз бен біз Алланың амандығында жетіп отырмыз, ағайын. Хақ елші құрметтеген айларға да құрметіміз жоғары болса, Алланың алдындағы дәрежеміз де соған сай болмақ. Оразаның мұсылмандарға парыз болу хикметі жайында Бұхариден жеткен хадисте «Егер адам өтірік айту мен күнәлі істерін тастамаса, Алла ол адамның тағам мен судан тыйылғанына мұқтаж емес» деп сипатталып, оразаның мән-мағынасы тереңде екенін байқатады.

Бұл хадистен ұғатынымыз Аллаға шын иман келтіріп, мойынсұнған момын жан үшін ораза дегеніміз тек қана тәннің оразасы болмаса керек. Бұл – күнәға түсер көздің, ғайбатқа икем тілдің, өсек, қаңқу сөз бен жалаға жақын құлақтың, бүкіл он екі мүшеміздің оразасы болса керек. Мүміннің бо-йында болуға тиісті емес әрекеттерінен тыйылмаған адамның оразасы жөнінде ардақты елші «Оның оразасынан аштықтан өзге ешнәрсе бұйырмауы мүмкін» деп сипаттайды.

Міне, қадірменді ағайын, оразаның мұсылман қауымына парыз болуының мәні тек ішіп-жеуден тыйылу ғана емес екен. Тәніміз бен рухымыздың толық үйлесім тапқан оразасы ғана кәміл ораза қатарына жататынын жете ұғынуға тырысайық.

Қасиетті Құран кәрімнің «Хужурат» сүресінің 10-12 аяттарында айтылғандай, Алла тағала бір қауым екінші бір қауымды мазақ етуден, лақап атпен атау және көп күмәнданудан тыйылу ту-ралы бұйырады. Себебі, көп күмәннің бірі нағыз күнә болуын мүмкін екенін ескертеді Раббымыз. Ақырет күніне дейін ешбір құндылығы жойылмай-тын Құран бұйрықтары бүгінгі тәуелсіз Қазақ елі азаматтары үшін де маңызды. Зайырлы қоғамдағы демократиялы ел шаңырағында әртүрлі ұлттар мен ұлыстар, өзге де дін өкілдерінің өмір сүруі – өмір заңдылығы. Анығында, сабырдың ең төменгі шегіне жеткен мұсылманның өзі өзгеге пайдасы тимесе де, зиянын тигізбеуі шарт.

Бұл айдағы Алланың сансыз сауаптарынан үмітті адам сабыр мен төзімділіктің үлгісі бола білуі тиіс. Тіптен, ораза кезінде айыптап, сөге сөйлеген кісінің өзіне де шыдамдылық танытып, пайғамбар өсиетінде айтылғандай «Мен оразамын» деп жауап беруі шарт. Пайғамбар бұйырған осы сөздің өзі көп адамға ескерту болары анық.

Дана қазақ аталарымыз айтқандай, «мұсылманшылық әсте-әсте» дамып, өркендейді. Ислам тарихына көз жүгіртер болсақ, Алланың х а қ діні де жиырма үш жылдық пайғамбар

мойына жүктелген аманат арқылы жер жүзіне тарады. Сабырдың нақ өзін көрсете білген алғашқы мұсылмандардың өмірлері, Хақ

2014

жолында көрген сынақтары кімнің де болсын көзіне жас үйірмей қоймайды. Небір сын сағаттарын бастан кешірген сахабалардың қиын-қыстау сәттеріне байланысты Алла тағала «Сендер иман келтіргендіктеріміз үшін сыналмаймыз деп ойлайсыңдар ма?» («Анкабут» сүресі, 2-аят) деген аятын түсіреді. Осы уақиғаларды еске алған бүгінгі күннің мұсылмандары Алланың сансыз нығметтеріне шексіз шүкірлер айтып, сын-сынақтарға кезіккенде тарихта алтын әріппен аты қалған сахабалар өмірін еске ала отырып, бұл дүниенің сынағын сабырмен қарсы алса, иншаАлла, ақыреттегі егіні мол болмақ. Жыл он екі айдың бір айында ғана келетін сансыз сауаптар, нығметтер берілетін Рамазан айына деген ыстық ықыласымыз бізді екі дүние бақытына жетуге сеп болады.

Ілгеріде өткен ізгі мұсылмандар Рамазанның қуаты мен шуағына шомылып, оразадан кейінгі алты айда Алланың нығметіне деген қуаныштан айыға алмайтын, ендігі алты айы қалғанда «Раббым, бізді Рамазанмен қауыштыра көр» деп асыға күтетін болған. Себебі, бұл айда жасалар құлшылықтар, ғибадаттар мен ізгі амалдардың сауабы мың айға татырлық қасиетті қадір түні бар. Сансыз сауаптардың есігі айқара ашылып, шайтандар шын-жырланып байланатын мүбәрак айдың күндерін алаңсыз, түндерін қаперсіз өткізуден сақ болайық, қадірлі мұсылман қауым!

Құдси-хадистердің бірінде Алла тағала: «Аузы берік адам ішіп-жеуін мен үшін доғарды. Ора-за – Мені мен құлымның арасындағы ғибадат. Оған берілетін сыйды Мен ғана өлшеп, Мен ғана беремін. Аузы берік құлымның аштық пен шөлдегенде шығатын аузының исі мен үшін мисктен де артық» дейді. Бұл дүниедегі оңай олжа табу жолдарының жеңіл болып, ал еңбекпен тапқан табыстың көзі қиыншылық пен адалдық жібін аттамағанда ғана берекелі болатыны әмбеге аян. Бір Алланың разылығы, дүние ақыретіміздің жарық болуы үшін ұстаған оразада кездескен қиыншылықтар мұсылман баласын жасытпайды деп білеміз. Күні ұзаққа ораза болған жанның ауыз қуысынан шыққан иістің өзін әлемдердің Раббысы жұпар иіс мисктен жоғары бағалап, құлының сыйын бір Өзі өлшеп, бір Өзі берер болса, момын мұсылман үшін бұдан асқан нендей нығмет керек болар? Әсте, өзгені қаламас едік.

Қадірменді ағайын, сабыр мен тақуалықтың, шынайы иманның дәмін сезіндіретін шілденің шіліңгіріне сәйкес келген Рамазан айында Алланың нығметтерінен құр қалмайық.

Салман Фарси (р.а.) айтады: «Расулалла (с.ғ.с.) Шағбан айының соңында бізге: «Өте ұлы әрі берекелі Рамазан айы келе жатыр. Бұл айда мың айдан артық бір түн бар. Хақ Тағала Рамазан айының оразасын парыз етіп, түнгі намазды сауап алғанға себеп етті. Бұл айда ізгі амал істеумен Алла тағалаға жақындаған адам, Рамазан айынан тыс уақытта парыз амалын істеген болады. Рамазан айында парыз амалын орындаған адам басқа айда орындаған жетпіс парыз амалдың сауабын алады. Бұл – сабыр айы. Ал сабырлықтың сыйы – жәннат. Бұл – қайырымдылық, яғни, аштықты сезініп, кембағалдарға жанашырлық ету айы. Бұл айда мүміннің ризығы молаяды. Біреу ораза ұстағанды тамақтандырса, оның күнәлары кешіріліп, тозақ отынан азат етілуіне септігін тигізеді. Әрі ол ора-за ұстағанның сауабындай сауап алып, одан ораза ұстаушының сауабы кемітілмейді» деді. Сонда са-хабалар: «Уа, Расулалла! Біздің әрбіріміздің ора-за ұстағанды тамақтандырғанға шамамыз

жете бермейді», – дегенде, ол: «Алла тағала тіпті бір құрма, бір ұрттам су немесе сүттің себебімен де сауабын береді. Бұл айдың бірінші бөлігі – Хақ тағаланың рахметі, екінші бөлігі – кешірімі, үшінші бөлігі – тозақтан азат болу. Хақ тағала Рамазан айында құлына кеңшілік еткен, яғни, қызметін жеңілдеткен адамның күнәсін кешіріп, оны тозақтан азат етеді. Рамазанда төрт істі көбейтіңдер. Оның екеуімен Раббыларыңды разы етсеңдер, екеуін істеу міндетті. Раббыларыңды разы ететін екі іс, ол: «Хақ тағаладан өзге тәңір жоқ» деп куәлік ету және көп истиғфар айту. Істелуі міндетті болған екі амал, ол: Хақ тағаладан жәннатқа кіргізуін сұрап, тозақтан пана тілеу. Ораза ұстауға су бергенді Хақ Тағала Қиямет күні менің хаузымнан сусындатады. Кейін ол жәннатқа кіргенге дейін шөлдемейді», – деді».

Қадірменді ағайын, тәуелсіз елдің көк байрағының астында бірлікте тірлік қылып, ауызбіршілік пен ынтымақта ғұмыр кешейік. Ел ертеңі мен баянды болашақ үшін қызмет қылып жүрген ел азаматтарының амандығын тілейік Жаратқаннан. Дұғалар кері қайтарылмайтын қасиетті айларда ел мен жердің тыныштығы үшін көптен көп дұға-тілектер жасайық.

Мүбәрак айдағы ізгі амалдарыңызға Алла сансыз сауаптар жазып, екі дүние бақытына бөлесін. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмметіне лайықты жандардың қатарынан болуымызды Алла нәсіп еткей! Қасиетті Рамазан айы баршамызға құтты, берекелі, күллі мұсылман жұртшылығына қайырлы болсын! Оразаларыңыз қабыл болғай, әлеумет!

Page 10: 71 (3128) 2014-06-28

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

- -

- -

-

-

1-

2-

1 2 3 4 5 6 7

(

Page 11: 71 (3128) 2014-06-28

11www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

- -

- -

1 2 3 4 5 6 7

(

1 2 3 4 5 6 7

(

- -

Page 12: 71 (3128) 2014-06-28

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

-

-

1-

2-

- -

- -

1 2 3 4 5 6 7

)

Page 13: 71 (3128) 2014-06-28

13www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

1-

2-

-

-

-

-

Page 14: 71 (3128) 2014-06-28

14www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

- -

- -

-

1 2 3 4

- -

1 2 3 4

Page 15: 71 (3128) 2014-06-28

15www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

-

- -

-

-

1-

2-

1-

- -

1 2 3 4 5

Page 16: 71 (3128) 2014-06-28

16www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

- -

-

-

2-

1-

- -

1 2 3 4 5

Page 17: 71 (3128) 2014-06-28

17www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

- -

-

-

2-

1-

-

-

1 2 3 4

Page 18: 71 (3128) 2014-06-28

18www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

2-

-

- -

«

2012 6 2 4-

10. ,

Атап айтқанда, 2012 жылдың 2 шіл-де сінен бастап ҚР Бас прокура-тура сының Құқықтық статис тика

және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті «Айқын» инновациялык жобасын іске қосты. Бұл жоба алдымен орталық мемлекеттік ор-гандарына енгізілген болатын. Облыстардың, Астана мен Алматы қалалары әкімдігінің аппараттарына өткен жылдың 1 сәуірінен, ал 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қалалық әкімдіктерге, облыстық мәслихаттар мен облыстық мемлекеттік органдарға енгізілген. Бүгінгі таңда қалалық әкімдіктер, облыстық мәслихаттар және облыстық деңгейдегі мемлекеттік органдар тарапынан 96 мыңнан астам талон берілді. Астана қаласы бойын-ша соның 12514 талоны беріліп отыр. 2015 жылың 1 қаңтарынан бастап қалалық және аудандық деңгейдегі мемлекеттік органдарға енгізілмек.

Берілген талон жөніндегі ақпаратты Комитет сайтынан қалай алуға болады?

«Айқын» жобасын жүзеге асыру механизмі күнделікті кездесетін қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану негізінде іске асырылады. Өтінішті мемлекеттік органға өз қолымен берген жағдайда өтініш иесі өтініш қабылдаған кеңсе қызметкерінен 18 таңбалы бірегей нөмірі бар талон алады. Талонның бірегей нөмірін пайдалана отырып, өтініштің қаралу барысы және нәтижелері туралы ақпаратты мынандай жолдармен ала аласыз:

Бірінші - 8 800-080-7777 (стационарлық), 1414 (ұялы) телефон нөмірлеріне коңырау шаласыз және операторға талон нөмірін айтып жеткізесіз;

Екінші - 1012 нөміріне талон нөмірі көрсетілген SМS - хабарлама жібересіз.

Үшінші - ҚР Бас прокуратурасының htt p://service.pravstat.kz сайтына кіріп, «Мемлекеттік органдарға өтініш» бөлімінде талон нөмірін теру арқылы алуға болады.

Егер өтініш иесі тиісті ақпаратты біле алмаған немесе жауап жіберілмеген жағдайда, өтініштің қарау нәтижесіне қанағаттанбағанда, 115 нөмірі арқылы ҚР Бас прокуратурасының Саll-орталығына жүгінуіне болады. Саll-орталығының операторы өтініш бойын-ша қажет мәліметті береді, сонымен қатар, шағымды тіркеу бойынша шаралар қабылдайды.

Бұл шаралардың бәрі мемлекеттік органдарға келіп түскен өтініштердің дер кезінде тіркеліп, уақытында шешім қабылдануына үлкен септігін тигізеді.

Осылайша, «Айқын» жобасы азаматтардан түсетін өтініш-шағымдардың дер кезінде қаралуына, олардың мемлекеттік органдарға қайталап түспеуін болдырмауға, өтініштерінің қаралу барысын бақылап отыруына мүмкіндік туғызады. Аталмыш жобаның ерекшелігі – аза-маттар мен ұйымдарға өтініштерінің қаралу барысын интернет желісі арқылы бақылап отыруына мүмкіндік береді.

Түптеп айтқанда, «Айқын» жобасы ел азаматтары үшін жасалып отырған игі жұмыс десе болады. Ең бастысы бұл жоба екі жаққа да тиімділігін көрсетіп отыр.

Н.АЯЗОВ,ҚР БП Құқықтық статистика және

арнайы есеп Комитетінің Астана қаласы бойынша басқармасының прокуроры

.

II.

III.

IV. -

V. .

: www.mcppz.kz E-mail: [email protected]

.

.

.

« » – 1953 , .

Page 19: 71 (3128) 2014-06-28

19www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Атап айтқанда, мектепалды даярлық тобындағы көп балалы ата-аналарға көмек көрсетіліп, қолдау мақсатында олардың ба-лаларына мектепке қажетті оқулықтар мен құрал-жабдықтар табысталды. Өз кезегінде ата-аналар қайырымдылық көрсеткен бала бақша ұжымына шексіз алғыстарын жеткізді.

Мектепалды даярлық топтарында «Қош бол, балабақшам!», «Бақытты балалық шақ» атты тақырыптарда ертеңгіліктер, сурет көрмесі өткізіліп, балдырғандар балабақшамен қоштасты.

Бүлдіршіндер арасында өлең-жырларды мәнерлеп оқудан жарыс өтті. «Біз бақытты баламыз» атты тақырыпта өткен мерекелік концертте әуезді ән орындалып, әсем билер қойылды. Көрермендер балдырғандардың өнерін тамашалап, қуанышқа бөленіп, көңілдерін көтерді.

Балабақша ауласында асфальтқа сурет салу жарысы да қызықты өтті.

Акция аясында ұйымдастырылған шараларға қатысып. Жүлделі орыннан көріңген балалардың бәріне сыйлықтар берілді.

15100Ò

Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐÄ Á Ð ÎÐ ÁÀÑÀÐ

ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐÄ ÎÐ ÁÀÑÀÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

-

ÎÒÎÒ

Ò

-

-

-

-

15100Ò

ÀÑÒÀÍÀ À À

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐÄ Á Ð Í ÎÐ ÍÁÀÑÀÐ

ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐÄ ÎÐ ÍÁÀÑÀÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

-

ÎÒÎÒ

Ò

-

-

-

«Көлік және коммуникация колледжі» МКҚК ұжымы өндірістік оқыту шебері Қожахметов Қайреден Қиясиденұлына анасы

Үміт Камишевнаныңқайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

«Астана қаласы мәслихатының аппараты»

ММ Астана қаласы мәс-ли хаты аппаратының

мемлекет тік қызметшілері сыбайлас жемқор лық қа қарсы күрес заңнамасын, «Мем ле-кет тік қызмет туралы»

Қазақ стан Республикасының Заңы мен Ар-намыс кодексі нормаларын бұзу мәселелері

бойынша хабарлау үшін сенім телефоны нөмірін хабарлайды: 55-66-35

Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту

орталығы» КМК-ге хабарласыңыз! Мекенжайы:

Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3, Бизнес-орталық

ғимаратының 2-қабаты. 104,5,14,34 автобустарымен

келуге болады. Анықтама алу телефоны:

57-88-88.

Астана қалалық ардагерлер кеңесі Ұлы Отан соғысы ардагері Кенжин Жүнісбекті (01.07.1924 ж.) 90 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтайды. Зор денсаулық, жанұяңызға тыныштық тілейді.

Page 20: 71 (3128) 2014-06-28

20www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Те а т р д ы ң к ө р к е м д і к жетекшісі Хұсейн Әмір-Темірдің айтуынша, күні ке ш е Қ . Қу а н ы ш б а е в

атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық драма театрында Жабал Ерғалиевтің «Құлпытастың көз жасы» психологиялық драмасы қойылды.

Онда кешегі кеңестік кезеңнің ащы ақиқаты айтылса, енді бірде бүгінгі қоғамда қорқау қоңыздарға жем болған қорғансыз жастардың мұңлы трагедиясы драма арқауына айналған. Драматург өткен мен бүгінгінің шыңғырған шындығын ашу барысында билік пен байлыққа ие болған тоғышарлардың тоңмойын қылықтарына әлсіз, бейкүнә жан-дардың жанкешті күрестерін қарсы қояды. Ақыр аяғында махаббат пен ізгіліктің салтанат құруымен түйінделеді. Көрерменнің көз ал-дында өрбіген ситуация дами келе драмалық тартыстардың ошағына айналып кете барады.

Ал, 28 маусым күні Оқушылар сарайында өнерсүйер қауымға Иран-Ғайыптың екі бөлімді «Қорқыт» дра-масы ұсынылмақ. Биыл ғана тұсауы кесілген туындының негізгі кейіпкері – тәңірге табынушы түркі әлемінің абыз-бақсысы Қорқыт. Қойылымда Қорқытты ажалдан құтқаратын қобыз сарыны ғана. Ол қолына қобызын алды дегенше гөй-гөйлеп қоя береді-ау жарықтық. Қорқыттың қолынан шыққан қара қобыз аңызға айналып, бізге жетті.

Сонымен қатар, 29 маусым күні Ерсайын Төлеубайдың «Абай» трагедиясы көрерменге жол тартады.

Қызылорда театры

.

- « »

« » « » -

.

Қонақта –

Аталмыш қойылым Абай туралы қазақ сахнасында 1940 жылдан бері қойылып келе жатқан жаттанды үлгіден мүлде бөлек. Жаңа көріністе ұлы ақынның алпысқа қараған шағында өз ортасынан орын таппай, ауыр ой арқалап, іштей егілген кезі суреттеледі.

Ұлы ақын өмірінің соңғы кезеңі. Оның тағдыры тым ауыр жағдайларға толы болды. Араларына алты айдан салып, балалары көз жұмады. Мағауия қайтыс болғаннан кейін тура 40 күн өткенде өзі өмірден озған. Осылай дүркіреген әулеттің тас-талқаны шықты. Неге олай болды? Қойылымда «Соқтықпалы соқпақсыз жерде өсіп, мыңмен жалғыз алысқан» жанның тереңдегі жұмбағы, Абай азабының айтылмай келген тылсым бейнесі көрсетіледі.

« Бү г і н де е л і ш і дү рл і г ул і . Жұртты ұрлық пен алыпсатарлық, жемқорлық пен өтірік-өсек жай-лауда. Өз тілін өзі қор санап, тілмаш атанып, жат тілмен жан баққандардың саны артып, ел ішін ірітуде. Тілінен, дінінен айырылған елдің күні қараң. Қазақтың сұрап отырғаны – өз жері, өз суы, өз тілі, өз мекені, өз діні. Халық атынан жа-уап күтуші Ибраһим Құнанбайұлы Өскенбаев».

Бұл Ерсайын Төлеу байд ың пьесасындағы Абайдың патша ағзамға жазған хатынан алынған. Пьеса бойынша қойылған спектакль – өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, тіліміз бен дінімізді берік ұстауға тәрбиелейді.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

11.00-12.0011.00-17.0011.00-20.0011.00-13.0011.00-18.0012.00-13.0012.00-13.0012.00-13.0013.00-15.0015.00-16.0017.00-18.0018.00-19.0019.00-20.0019.00-20.0021.00-22.30

11.00-12.0011.00-17.0011.00-20.0011.00-13.0011.00-18.0012.00-13.0012.00-13.0012.00-13.0013.00-15.0015.00-17.3015.00-16.0016.00-17.0016.00-17.3019.00-20.0017.30-21.0021.00-22.30

11.00-17.00

11.00-20.0011.00-13.0011.00-18.0011.00-13.0012.00-13.0012.00-13.0013.00-15.0015.00-17.3015.00-16.0016.00-17.0016.00-17.0017.00-18.0019.00-20.0018.00-21.0021.00-22.30

11.00-17.00

11.00-20.00 11.00-13.0011.00-18.0011.00-12.0012.00-13.0013.00-14.0013.00-15.0015.00-16.00

17.00-18.00

19.00-21.00

« »